Файл қосу
Балалардың мектепке даярлығы
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ | |ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ | |СМЖ 3 - деңгейдегі құжаты |ПОӘК | | | | |УМКД 042- 1830-2013 | |«Коррекциялық педагогика» | | | |пәнінің оқу-әдістемелік |№3 – басылым | | |кешені | | | |(оқу әдістемелік | | | |материалдар) | | | КОРРЕКЦИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИКА ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Cемей – 2013 1.ӘЗІРЛЕГЕН: Құрастырушы: 28.08.2013 педагогика кафедрасының доцент м.а., п.ғ.к. Тұрғанбаева Б.Ш. 2.ТАЛҚЫЛАНДЫ: 2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Педагогика кафедрасының мәжілісінде қаралды. Хаттама № 1 04.09.2013ж. Кафедра меңгерушісі: ______________ /Джанбубекова М.З./ 2.2. Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында. Хаттама № 1 «05» 09.2013ж. Төрағасы: ________________ /Ахметова Т.Ш./ 3. БЕКІТІЛДІ: Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданған және басып шығаруға ұсынылды. Хаттама №1 18.09.2013ж. ОӘК төрағасы: ____________ /с.ғ.д. Искакова Г.К./ 4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН (Хаттама №1, 18.09.2013ж. басылымның орнына) МАЗМҰНЫ 1. Коррекциялық педагогика пәні бойынша негізгі түсініктер (глоссарий). 2. Коррекциялық педагогика пәні бойынша дәрістер кешені. 3. Коррекциялық педагогика пәні бойынша семинар тапсырмалары. 4. Студенттердің өздік жұмыстары. Коррекциялық педагогика пәні бойынша негізгі түсініктер (глоссарий). 5. Авторитарлық қарым-қатынас - мұғалімнің оқушылар пікірімен санаспай,қызығушылықтарын ескермей шешім қабылдауы,тек өзінің айтқанын орындауға бағытталуы. Аксиалды қарым-қатынас - ақпаратты бір адамнан екінші бір адамға жеткізу процесі (мұғалім және жеке бір оқушы арасындағы қатынас). Аксиология (грек тілінің «ахіа» - құндылық және «logos»-ілім) - құндылықтардың табиғаты жайлы және дүниедегі құндылықтар жүйесі туралы философиялық ілім. Антипатия - адамда басқа бір адам туралы теріс көзқарастың қалыптасуы,оны жақтырмауы. Әлеуметтік фрустрация-адамдардың болашақтың белгісіздігіне алаңдаушылығы,мақсатқа жете алмауындағы торығып күйзелуі,жеке тұлғаның өзін дәрменсіз,ешкімге қажетсіз сезінуі,балалар мен ересектердің әлеуметтік қорғаныссыздығынан абыржуы,уайымға салыну сияқты психологиялық жағдайы. Вербальды қарым-қатынас - бір адамнан екінші адамға не болмаса бір топ адамдар арасындағы сөз арқылы ақпараттармен алмасу процессі. Вербальсыз қарым-қатынас - мимика,ым-ишара,пантомима (дене қозғалысы,қол қимылдары) арқылы жасалатын сөзсіз қарым қатынас. Гуманизм - адам тұлғасын ең жоғарғы құндылық ретінде қабылдауға негізделген көзқарастар жиынтығы;тұлғаның құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған жане тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуын қарастыратын ілім.Гуманизм-адамның өмірлік ұстанымы,ол адамның адами қасиеттерін сақтап қалуға,тек жағымды,жақсы істерге бағыттайды. Даралылық - адамды басқа адамдардан ерекшеліндіріп тұратын айрықша қасиеттері,ешкімге ұқсамастығы,оның қайталанбастығы. Демократиалық қарым-қатынас - оқушы білімді іздестіруде қарым- қатынаста тең құқылы субьект ретінде қарастырылады.Оқушылар мен мұғалім ынтымастық қарым-қатынаста болады. Жеке тұлға - индивидтің әлеуметтік маңызды сапалар жүйесі,оның әлеуметтік құндылықтарды меңгеруі және сол құндылықтарды меңгеруі және сол құндылықтарды іске асыру қабілеттері.Жеке тұлға ретінде адам өзінің санасының даму деңгейімен,өз санасын қоғамдық санамен сәйкестендіруімен сипатталады.Жеке тұлға-қоғамдық мәні бар адам.Кез келген адам өмірге индивид болып келіп,тек саналы қоғамдық және еңбек іс-әрекеттері арқылы ғана жеке тұлғаға айналады. Индивид - адамды адамзат тұқымының жеке бір өкілі ретінде,биологиялық тіршілік иесі ретінде қарастыратын ұғым. Индивид-жекелік,яғни көп адамдардың біреуі. Педагогика – адам тәрбиесі жайлы ғылым. Педагогикалық үрдіс- оқу мен тәрбие бірлігі арқасында орындалатын білімдену мақсатынан оның нәтижесіне қарай болған іс-әрекет,ілгері қозғалыс. Құндылық – кез келген индивид, топ, ұжым, этнос, т.б. үшін өмірлік маңызы жоғары материалдық немесе рухани нысаналар. Өзін-өзі тәрбиелеу - өзіндік адамгершілік сапаларды қалыптастыру бойынша тұлғаның саналы іс-әрекеті,бір мақсатқа сәйкес адамның өз тұлғасын өзі қалыптастыруы. Шығармашылық – жаңа сапалы материалдық және рухани құндылықтарды жасаудағы адамның іс-әрекеті. Профессиограмма – маманның кәсіби даярлығына қойылатын талаптар жүйесі; мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің, педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі. Педагогикалық парадигма дегеніміз нақты педагогикалық міндеттерді шешудегі үлгі,стандарт,модель ретінде ұстанатын, негізгі қалыптасып қалған ғылыми жетістіктер,әдістер,теориялар,көзқарастар жүйесі. Педагогикалық іс-әрекет - педагогикалық процесте жас ұрпақты оқытып,тәрбиелеп,дамытуға,өздерін өздері іске асыруға және еркін шығармашылық тұрғыдан өздерін таныта алуларына қолайлы жағдай жасауға бағытталған кәсіби іс-әрекет. Рефлексия – адамның өзін-өзі зерттеуі, түсінуі, өзін басқалардың қалай қабылдайтаны жайлы өзін бағалауы. Симпатия – бір адамның екінші адамға оң,жағымды көзқарасының қалыптасуы. Эмпатия – мұғалімнің оқушылардың психикалық жағдайын, көңіл- күйлерін түсінуі, өзін басқа адамның орнына қоя алуы. Перцептивті қарым қатынас – басқа адамның ішкі жан дүниесін сезіне алу (perceptio – қабылдау,сезіну). Ретиалды қарым қатынас – ақпаратты бір адамнан бір топ адамға жеткізу процесі (мұғалім және сынып оқушылары арасындағы қатынас). Интерактивті қарым қатынас – адамдардың өзара тығыз әрекетте болуларын, тығыз байланыста,көпшілік ішінде жұмыс істей алуға бейімделуіне бағытталған қарым-қатынас. Қарым-қатынас - өзара іс-әрекеттер қажеттіліктернен туындайтын және ақпараттармен алмасу,адамды адам қабылдау,түсінудіқамтитын адамдар арасындағы байланыстарды орнату және дамытудың күрделі процесі. Құзірет - тұлғаның табысты іс-әрекетке даярлығы, қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін ішкі және сыртқы ресурстарын тиімді жұмсай алу қабілеті. Құзіреттілік- оқушылардың әр-түрлі іс-әрекеттер түрлерін меңгеруімен анықталатын білім беру нәтижесі. Діл (менталитет) - тұлғаның, адамдар тобының немесе белгілі бір социум дүниетанымның, дүниеге деген көзкарастарының және мінез-құлықтарының терең жатқан негіздері болып табылатын мәдениеттің мазмұны. Мәдениеттану және философиялық әдебиеттерде діл белгілі бір кезеңдегі, географиялық аймақтағы және әлеуметтік ортадағы адамдар қауымы көзқарастарының, сезімдерінің жиынтығы, тарихи және әлеуметтік үрдістерге ықпал ететін қоғамның ерекше психологиялық салты ретінде түсіндіріледі. Діл - рухани кұбылыс. Педагогикалық жүйе- жеке, дара тұлғаны жетілдіруге, қалыптастыруға бағыттау мен белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өзара байланысқан әдістердің, құралдарының жиынтығы. Білім беру процессі - мұғалімнен, оқытушыдан балаға, студентке ақпаратты жеткізу. Педагогикалық шығармашылық - мұғалімнің, өз ісін сүйіп, оған барлық ынта-ықыласымен кірісіп, әр шәкіртінің жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына неғұрлым тиімді, қолайлы жағымды жағдай жасай алуы. Профессиограмма - мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің, педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі. Әміршіл-әкімшіл(авторитарная) педагогика - көзсіз бағыну тәрбиесін алға тартқан педагогика. Ізгілікті (гуманистическая) педагогика – шәкіртті педагогикалық үрдістің субъекті ретінде танып, адам менмдам арасындағы қатынасты ұлықтай білген педагогика. Дарынды балалар – жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет салуға,техникаға т.б.) байқатқан балалар. Оқу – оқушының алдағы іс-әрекеті үшін білім, білік, дағдыларды мақсатты түрде меңгеру процесі. Коррекциялық педагогика – психофизикалық дамуында түрлі ауытқушылықтары бар балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесімен айналысатын педагогиканың ерекше бір саласы. Коррекциялық педагогика мінез- құлқында, психикалық дамуында ауытқушылығы бар жасөспірімдер мен балаларды тәрбиелеу және психологиялық-педагогикалық тұрғыдан білім беру мен оқыту заңдылықтарыy қарастырады. Шынайы үрей – қауіп – қатерге және сыртқы өмірдің шынайы қаупіне эмоционалды жауап(мысалы: балаға үлкен ит, ал жеткіншекке – мектептегі сыныптан сыныпқа көшу емтиханы); шынайы үрей өз - өзін қорғауды қамтамасыз етуге көмектеседі және жойылады. Жүйкелік үрей – бұл белгілі инстинкттер нақты болу қауіпіне эмоционалды жауап. Ол, бала инстинктінің туындауын бақылай алмай, артынан ауыр салдары болу мүмкіндігінен қорқумен аңықталады. Жүйкелік үрей көбіне шынайы үрей сияқты әсер етеді, өйткені жазалау сыртқы көздерден шығады, содан соң ғана инстинкттік импульстар өзін - өзі басқарудан өту қаупі болады, жүйкелік үрей пайда болады. Рухани үрей – төменгі инстинкттер әдепсіз ойлар мен іс - әрекеттер формасында белсенді көрінгенде, ал баланы ұят, өзін - өзі алдау, өзін кінәлі сезіну сезімдері билегенде үнемі пайда болады. Үрей өткен немесе қазіргі күнәларын өтеуді тосу мен өлім қорқынышына өседі. Базалық үрей – жағыздық сезімі мен өшпенділік әлемінде оқшаулану. Базалық өшпенділік – баланың, яғни оған теріс айналғандар (ата - ана) немесе онымен жаман сөйлескендерге байланысты ашу,ыза сезімдері. Абулия (гр. a-болымсыздық жұрнағы, bule-ерік) әрекеттерді психикалықреттеудің потологиялық бұзылуы. Аграфия (гр. a-болымсыздық жұрнағы, grako-жазамын) сөйлеудің әр түрлі жағдайында пайда болатын жазудың бұзылуы не жазу қабілетін толық жоғалтудан немесе сөздерді өрескел бұрмалаудан, буындар мен әріптерді тастап кетуден, әріптер мен буындарды сөз етіп қосуға қабілетсіздіктен т.б. көрінеді. Аграмматизм аурудың салдарынан сөздерді байланыстыра алмауы. Аменция туа пайда болатын жан ауырулары Аномалия қалыпты жағдайдан және жалпы заңдылықтан ауытқу, бұрыстық. Аномалды балалар (гр. anomalio-ауытқу, дұрыс еместік) қалыпты физикалық дамудан ауытқуға душар болған, сол себепті дамудың жеткіліксіздігін коррекциялауды және оның орнын толтырудың қамтамасыз ететін арнайы жағдайларда тәрбиелеу мен оқытуды қажетсінетін балалар. Астения (гр. astheneia-дәрменсіздік, әлсіздік) өте қатты шаршап шалдығу, жадап-жүдеу т.б. байқалатын жүйкелік – психологиялық әлсіздік. Аутизм (гр. autos - өзім) - адамның сырткы дүниеден оқшауланып, өзімен- өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл күйі. Бұл терминді 1912 жылы Э. Блейлер адамның ішкі эмоциялық кажеттіліктерімен реттелетін және шынайы әрекеттерге тәуелділігі шамалы аффективтік саланың айрықша түрін белгілеу үшін енгізген. Афазия (гр.аударғанда пайда болу) жүйке жүйелерінің кейбір бөліктерінің зақымдануынан адамның сөйлеу қабілетінің жартылай немесе толық жоғалуы. Аффект «жан толқуы» деген латын сөзі. Бұл адамның психологиялық күйініш, сүйініш сезімдері үстіндегі көңіл-күйінің айқын көрінісі. Бұрқ етіп бір сәтті сананың бақылауынан шығып кететін күй. Балалар кірпіияздығы (капризі детей) баланың ересектерді тындамай өз әректін ғана жөн көретін еркелігі. Дактиология (гр.daktylos-саусақ, .... ғылым, ілім) керең – мылқаулардың бір немесе екі қолының саусақтары арқылы сөйлеуі. Девиация қайсы бір нормадан ауытқу. Қарым-қатынас, мінез-құлық, әдетте ауытқуы. Деменция (лат.ессіздік) жоғарғы психикалық функциялардың жете дамуының немесе семуінің салдары болып табылатын кемақылдық.(жүре пайда болады) Дефектология (лат. Кемпейілділік) аномалиялы балалардың дамуның психологиялық физиологиялық ерекшеліктері, оларды оқыту мен тәрбиелеу заңдылықтары туралы ғылым. Импульсивтілік адам мінез-құлқының ерекшелігі сыртқы ықпалдың әсерінен немесе эмоцияның әсерінен әрекет ету. Коррекция нормадан тыс балалардың физикалық және психикалық дамуындағы кемшіліктерді зерттейтін арнайы тәсілдер мен шаралар жүйесі бар педагогиканың көмегімен түзету деп анықталған. Психоз жеке адамды тоқыраушылыққа ұшырайтын психикалық қызметінің ауытқушылығы немесе психикалықс науқастық. Психоәлеуметтік дағдарыс индивидуум өміріндегі физиологиялық даму және әлеуметтік талаптармен негізделетін дағдарыс кезеңі; позитивті де, негативті де аяқталуы ықтимал. Психологиялық коррекция бұл адам психологиясы мен мінез-қылығы кемшіліктерді мақсат қоя отырып түзетуге бағытталған іс-шаралар жүйесі. 1. Коррекциялық педагогика пәні бойынша дәрістер кешені. Дәріс 1. Коррекциялық педагогика пәні, міндеттері 1. Оқыту мәселесінің тұжырымдамалық негізі. 2. В.П. Кащенко – коррекциялық педагогиканың негізін салушы. 3. Бала дамуы бұзылуының түрлері. 4. Психикалық дамуы тежелген, тірек- қимыл аппараты және есту қабілеті бұзылған балаларды түзете отырып дамыту жұмыстарының ерекшеліктері 5. Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған тренинг жаттығулар 6. Дамуында түрлі ауытқушылықтары бар балалардың танымдық процестерін дамытуға арналған ойындар Оқыту мәселесінің тұжырымдамалық негізі. Коррекциялық педагогика – психофизикалық дамуында түрлі ауытқушылықтары бар балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесімен айналысатын педагогиканың ерекше бір саласы. Коррекциялық педагогика мінез- құлқында, психикалық дамуында ауытқушылығы бар жасөспірімдер мен балаларды тәрбиелеу және психологиялық-педагогикалық тұрғыдан білім беру мен оқыту заңдылықтарыy қарастырады. Ауытқушылығы бар балалар категориясына оқу бағдарламаларын меңгеруде қиындық тудыратын түрлі биологиялық, әлеуметтік себептерден ақыл-ойында (интеллектісінде), естуінде, көру қабілетінде және қозғалыс сферасында бұзылуы бар балалар жатады. Бұл категориядағы балалардың орталық жүйке жүйесінің қызметінде сәл ауытқушылығы бар болуы, сондай-ақ олар мектептік және әлеуметтік бейімделу кезінде жағымсыз әсер қалдырулары мүмкін. Сол себептен осындай категориядағы балаларды дамыту, тәрбиелеу, оқыту мақсатында, бұл балаларды оқыту ,тәрбиелеу мен дамытуды барынша жекелендіріп, уақытында мінез-құлқындағы және дамуындағы бұзылуларды анықтайтын, алдын алатын және олармен күресетін арнайы тиімді әдіс-тәсілдер мен құралдар жасап, қамтамасыз етіп отыру қажет. Коррекциялық педагогиканың пәні тәрбиеленушілердің(оқушыларды) жағымсыз мінез-құлықтарын тәрбиелеуге көмектесетін, ата-аналар мен педагогтардың алдын-ала ойластырған іс-әрекеттері болып табылады. Коррекциялық педагогиканың төмендегідей атқаратын міндеттері бар: 1. Балалар мен жасөспірімдердің дамуындағы кемшіліктерді, мінез- құлықтарындағы түрлі ауытқушылықтарды, сондай- ақ олардың пайда болу себептері мен шарттарын анықтау; 2. Коррекциялық педагогикалық іс- әрекеттердің даму деңгейін бақылап отыру; 3. Балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқында, дамуында көрінетін ауытқушылықтар мен бұзылуларды түзету және алдын-алу бағдарламаларын жасау; 4. Баланың психофизикалық дамуында байқалатын әлеуметтік педагогикалық факторларды айқындау; 5. Ауытқуы бар балалар категориясына жататын баланың тұлғасына коррекциялық - педагогикалық әсер ететін түрлі әдіс-тәсілдер мен құралдар жасау; 6. Ауытқуы бар балалармен жұмыс жасайтын педагогтарға коррекциялық- педагогикалық жұмыс бойынша оқыту әдістемесін құру; 7. Тәрбиеленушілер тарапынан түрлі жағдайлардың тууына жүйелі бақылау жүргізіп отыру; 8. Балардың жеке тұлғасын және мінез- құлқын зерттеуге арналған арнайы әдістемелерді таңдау; 9. Түрлі деңгейдегі тұйық, қиын типтегі агрессивті балалар мен жасөспірімдердің себебін анықтап, олардың жан дүниесін түсіне білу; В.П. Кащенко – коррекциялық педагогиканың негізін салушы. Әйгілі орыс дәрігері, әрі педагог В.П. Кащенко өткен ғасырдың 20 - жылдары жеке адамның даму барысындағы кемшіліктердің коррекциясы - үлкен әлеуметтік маңызды мәселе және оны мемлекеттік саясат дәрежесінде қарастыру керек деп айтқан. Бұл үндеу бүгінгі күнге дейін маңызын жоғалтқан жоқ. В.П. Кащенко кеңестік дефектологияның негізін салушылардың бірі. В.П.Кащенко 1909 жылы Мәскеуде жалға алынған үйде дефектісі бар балаларға мектеп – санаторий ашқан. Мұндай балаларға арналған мекеме педагогикалық, емдеу және зерттеу функциясын атқарған, өзінің мақсаты мен міндетіне орай, мұндай мекеме Ресейде ғана емес, бүкіл әлемде алғашқы болды. Бұл мекемеде орталық жүйке жүйесінде бұзылуы бар және дамуы артта қалған балалар оқып, тәрбиеленген. Кащенко өзінің практикалық және ғылыми жұмысында оқыту – тәрбиелеу үрдісінің әдістемелік жағына көп көңіл бөлген. Ол тәрбиелеу жүйесіне және оқыту бағдарламасына бала емес, керісінше олар балаға бейімделу қажет деген. Осыған орай, мектеп мүмкіндігінше оқушының жекелей ерекшеліктерін ескеру қажет деген талап пайда болды. Талапты орындамаған жағдайда мектеп оқушыға шамасы келмейтін талаптар қойып,оның қабілеттері мен мүмкіншіліктерін толық пайдаланбай, дамытпай, оқушыны жалықтырып жіберуі мүмкін. Осыдан барып әрбір оқушының ерекшеліктерін толық зерттеу қажеттілігі пайда болды. 1918 жылы Кащенконың мектеп – санаторийі Наркомпросса жүйесіне енді. Ол зерттеу үйіне айналды. Медициналық - педагогикалық кеңес берулер барысында педагогикалық клиника дамыды. Мұндай клиника алғаш қолданыста болды. 1920 жылы І Бүкілресейлік балалар дефектісімен күрес съезді өтті. Сол жылы Кащенко балалар дефектологиясының педагогикалық институтын ашты. 1924 жылдан бастап ІІ Мәскеу мемлекеттік университетінің педагогика факультетінде дефектология бөлімі ашылды. В.П. Кащенко басқарған институтта келесі бөлімдер жұмыс жасады: • Интеллектуалды дефективтік; • Қиын тәрбиеленетін балалармен жұмыс; • Сурдопедагогика (есту қабілетінде кемшілігі бар, естімейтін не болмаса мүлде естімейтін балаларды оқыту мен тәрбиелеу); • Тифлопедагогика (көруінде кемістігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу); • Баланы әлеуметтік заң жүзінде қорғау. Бұл жоғары оқу орындарымен бір уақытта Петроград қаласында қалыпты және дефекивті бала педагогикалық институты ашылды. Бұл екі жоғары білімді педагог- дефектолог мамандарын даярлауға негіз болды. 1928 – 1932 жылы В.П.Кащенко мен Н.А.Семашко профессор Каннабихпен бірге «ашуланшақ бала, жалғыз бала» тақырыбында топтық, көпшілікке арналған клубтар мен радио көмегімен лекция өткізді. 1928 жылдан бастап «Дефектология сұрақтары» журналы жарық көрді. В.П. Кащенконың мектеп- санаторийы дефектологияның кеңестік ғылымның жеке психологиялық- педагогикалық бағыты ретінде мемлекеттік ұйымдастырылуына көп септігін тигізді. Бала дамуы бұзылуының түрлері. Адамның даму үрдісі бүкіл өмір барысында жүріп отырады. Әсіресе, ол балалық шағында қарқынды дамиды. Міне, сондықтан қазіргі уақытта «балалық шақ» қоғамның рухани байлығы болып саналады және осы жас шамасындағыларға әр түрлі ғылым мамандары көп көңіл бөледі. Бала кезінде адамның қоршаған ортаны тануға деген ұмтылысы белсенді болады. Даму әрқашанда дәл және баяу жүрмейді. Ол жылдам темппен, мақсатқа жетушілікпен мазмұндалуы мүмкін. Л.С.Выготский бала дамуының дөңгелек кезеңі деген атауды бөліп көрсетті: • Нәрестелік дағдарыс; • Бір жас дағдарысы; Үш жас дағдарысы; • Жеті жас дағдарысы; • Он үш жас дағдарысы. Қазіргі уақытта балалардың дамуының бұзылуы көп жағдайда өмірдегі, елдегі, отбасындағы тұрақсыздықпен байланысты. Инфекциялық аурулармен ауыратын және орталық жүйке жүйесі ауруларымен ауыратын балалар саны көбейіп келеді. Отбасындағы экономикалық жағдай төмендейді, рухани және мәдени құндылықтарға әрқашан бағдарлана бермейді. Ата – аналардың өз балаларына қамқор болуы уақыттары жетпеуіне байланысты төмендейді. Олар ең алдымен нан табуға тырысады. Баланың денсаулығы мен дамуы мәселесін кеінші орынға ысырып тастайды. Сондықтан дағдарыс шағындағы балаларға аса көңіл бөлу керек, көп ата – аналар әр түрлі себептермен көңіл бөле бермейді.Көптеген зерттеушілер бала дамуының және бұзылуының түрлерін былайша топтастырады: • Құлағы естімейтін, көзі көрмейтін, сөйлей алмайтын, тірек қимыл аппаратында ауытқуы бар балалар; • Психикалық дамуы тежелген балалар; • Астеникалық жағдайдағы және конфликтілі қайғыруы бар балалар; • Психопатиялық мінез-құлық формасы бар балалар; • Ақыл-ойында ауытқушылығы бар балалар(деблиьдік, имбецильдік, идиотия дәрежелеріндегі олигофрендер); • Психикалық аурлардың бастапқы көрінуі бар балалар. О. Н. Усанова ауытқушылықтың басқа классификациясын ұсынады: • Ағзалық бұзылуларға байланысты дамуында ауытқушылығы бар балалар; • Функционалды жетілмеушілікпен байланыс салдарынан туындаған ауытқушылығы бар балалар; • Психикалық аурулар әсерінен дамуында ауытқуы бар балалар. В.А. Лапшин және Б.П. Пузанов дамуында ауытқушылығы бар балалар тобын төмендегідей бөліп көрсетеді: • Сенсорлық бұзылуы бар балалар (есту және көру қабілеті бұзылған); • Интеллектуалдық бұзылулары бар балалар (ақыл-есі кем және психикалық дамуы артта қалған балалар); • Тіл кемістігі бар балалар; • Тірек-қимыл аппаратында кемістігі бар балалар; • Дамуында кешенді дефектісі бар балалар; • Дисгармондық дамуы бар балалар; В.П. Кащенко барлық дамуында бұзылуы бар балаларды үлкен екі топқа бөлді: 1. Мінез- құлқында кемшілігі бар, ерекше эмоционалды сипаттағы балалар: • тұрақсыздық, қайшылықтылық; • ашуланшақтық, аффектіге бейімділік; • адамдарды ұнатушылық пен жек көрушіліктің жітілігі; • әрекет қылығының импульсивтілігі; • ызақорлық; • қорқақтық; • ақ көңілділік, енжарлық; • енжарлық және шектен тыс көңілді болу; • педантизм; • аса қызығушылықпен оқу. 2. Мінезінде кемшілігі бар, белсенді-еріктік сәттерге негізделген балалар: • интенсивті езбелік; • үнемі рахаттануға құмартушылық; • нақты мақсаттың жоқтығы; • тұрақсыздық; • алаңғасарлық; • мақсатсыз өтірік; • мағынасыз ұрлық; • жан-жануарларды азаптау; • қоршаған адамдарға қиянат көрсету; • негативизм; • диспотизм; • шектен тыс салақтық; • тұйықтық; • кезбелік, қаңғыбастық; Балалардың дамуына баланың құрсақта дамуы кезінде, туғаннан кейін және туғанда әр түрлі факторлар әсер етуі мүмкін. Оларға генетикалық ауытқушылықтар, жүкті ананың ішімдік, есірткі қолдануы, жүйелі шылым шегуі, психикалық және физикалық түрлі жарақаттар алуы, жұқпалы немесе созылмалы аурулармен ауруы, тұрмысы жағдайынының нашар болуы жатады. Бала дамуының бұзылуы ми ауруларына, бас сүйегінің зақымдануына, жүйке жүйесінің ауытқуына әкеп соқтыруы мүмкін. Баланың өсіп, дамуына тамақтану режимінің бұзылуы, анасының ұйқысының дұрыс қанбауы, отбасындағы түрлі жағымсыз атмосфералар (күнделікті ұрсыс керістер, айғай-шулар) кедергі келтіреді. Балалар мен жасөспірімдердің дамуына әсер ететін жағымсыз әрекеттердің көрінуі ата- аналардың, үлкендердің тарапынан көңіл бөлмеушіліктерінің салдарынан болады. Мысалы: - балаға жүйелі түрде бақылау жасамау; - дәрігерлердің нұсқаулары мен кеңестеріне жүгінбеу; - моральдық сапаларды қалыптастырмау; - эмоционалды еріктік сфераны дамытпау; - балаларға рухани және физикалық қиындықтар туындату; - баланың жеке мәселесіне көңіл бөлмеу; - тіл кемістігі бар балалармен арнайы жұмыстар жүргізбеуі жатады[1,20]. Сол себептен бала дамуындағы бұзылуларды ерте кезден анықтап, оның пайда болу себебін бейтараптандыру қажет.Сонымен қатар күнделікті өмірде «қиын бала» ұғымы да кеңінен таралған. «Қиын» оқушылар классификациясын Ростов мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті А.И. Белов ұсынған болатын. Оның жүйесі «қиындық» түсінігін түсінуге және де педагогикалық коррекцияның адекватты формасын таңдауға аса көп негізделген. Схема 1 А.Е.Белов бойынша бейімделе алмайтын балалар классификациясы Қазіргі таңда педагогикалық әдебиеттерде «нормадан ауытқыған мінез- құлықты балалар» (девиантты мінез- құлықты балалар) термині әр түрлі түсіндірілуде. Оны В.П. Баженов, Г.П. Давыдов, Г.П Медведев «педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балалар», ал М.А Алемаскин, А.И. Кочетов «қиын тәрбиеленуші жасөспірімдер» деп түсіндірсе, Э.Г. Костяжкин, А.Ф. Никитин «қиын бала» деп түсіндірді. 1.4 Психикалық дамуы тежелген, тірек- қимыл аппараты және есту қабілеті бұзылған балаларды түзете отырып дамыту жұмыстарының ерекшеліктері Бүгiнгi таңда жалпы бiлiм беретiн орта мектеп жаңа қоғам мектебi, болашақ мектебi, яғни саналы халықтық мәдениетке бағытталған, баланың жеке басының дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай жасайтын, бәсекеге қабiлеттi, елдiң ертеңi болатын жас ұрпақты өсiрiп, дамытатын мектеп болуы тиiс. Қазақстан Республикасының Бiлiм туралы заңында: «Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндеттерiне: бiлiм бағдарламаларын меңгеру үшiн жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке басының дамуы үшiн жағдай жасау арқылы парасатты байыту» деп атап көрсеткен. Осыған байланысты қоғам алдына оқушының жеке басын үйлесiмдi дамытуға бағыттайтын мiндеттер қойылып отыр. Отанымыздың әрбiр болашақ азаматын жан- жақты тәрбиелеп, бiлiм беру арқылы дамыту ең жауапты iс. Жалпы орта бiлiм беретiн мектепте үлгерiмi төмен балалар тобында елу пайыз психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар кездеседi. Психикалық дамудың тежелуi - бұл баланың интеллектуалды қабiлетiнiң жасына сәйкес келмеуi. Психикалық дамудың негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгi жетi-сегiз жастан анық байқалады. Оның негiзгi белгiлерi: сабаққа белсендiлiгi байқалмайды, берiлген тапсырмаларды үлкендердiң көмегiнсiз дұрыс орындай алмайды, сыныптастарымен аз араласады, өз ойын ашық айта алмайды, оқу мен жазу, есептеулерде көп қателер жiбередi, тез шаршағыш, зейiнi тұрақсыз болады. Психикалық дамуы тежелген балалардың тiл байлығы әдеттегi қалыпты балаларға қарағанда 20-30% төмен деңгейде. Сондықтан зерттеу нәтижелерi бойынша ойлау, сөйлеу тiлiнде және шығарманың мазмұнынын айтуда қиындықтар кездесетiнi, сонымен қатар есте сақтау қабiлетiнiң артта қалғаны да анықталады. Осы себептерден баланың тапсырманы орындауында көп қиындықтар кездеседi [5,48]. Психикасының дамуы тежелген, тірек- қимыл қозғалыстары бұзылған және есту қабілеті бұзылған балалармен жүргiзiлетiн психологиялық түзету, дамыту жұмыстарының түрлерi көп. Психологиялық түзету жұмыстарын жүргiзудiң принциптерi төмендегiдей [6,323]: - Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерiн анықтау; - Шаршап кетпеуiн қадағалау; - Оқу әрекетiн ойын түрiнде ұйымдастыру, кеңiстiктi бағдарлауын дамыту; - Сыныптан тыс тәрбие сағаттарына қатыстыру; - Ойын дағдыларын оқу әрекетiне аудару; - Арнайы әдiстемелермен оқытуды ұйымдастыру; - Жылдық диагностикалық даму деңгейiн салыстыру. Мамандардың оқыту, түзету процесiнде әдiстемелiк нұсқауларды дұрыс және жоғары деңгейде ұйымдастыруына байланысты психикалық дамуы тежелген балаларды өз жасындағы балалардың даму деңгейiне жеткiзуге болады. Бiлiм беру мекемесiнде оқитын психикасының дамуы тежелген балалар әр уақытта нәтижеге жету үшiн бақылаудан тыс қалмауы қажет. Психолог, сынып жетекшiсi, ата - ана тығыз байланыста болған жағдайда баламен жүргiзiлетiн жұмыс нәтижелi болады, яғни баланың өз-өзiне деген сенiмдiлiгiн арттыру арқылы түзете отырып дамыту жұмыстарын жүргiзу тиiмдi. Қорыта келгенде психикалық дамуы тежелген, тірек- қимыл аппараты бұзылған, есту қабілеті бұзылған баланы дамыту барысында жұмыс нәтижелi болу үшiн, әр баланың физиологиялық, психологиялық жас ерекшiлiктерiн ескере отырып, жеке тұлғаны дамыту жұмыстарын дұрыс және тиiмдi ұйымдастыру болып табылады. Түзете дамыту жұмыстарында төмендегi мәселелерге көңiл бөлген жөн: - Баланың қоршаған ортаға бейiмделуi; - Мiнез - құлық ерекшелiктерi; - Өз- өзiн төмен бағалауы; - Қоршаған ортаға сенбеушiлiкпен қарауы; - Өз күшiне деген сенiмсiздiгi; - Белсендiлiгi төмен. Баланы оқуға қызықтыру және дамыту мақсатында сабақ алдында, ашықтық, сенiмдiлiк деңгейiн, эмоционалдық еркiндiктi дамытатын, топта бiрауыздылық орнатуға жағдай жасайтын психологиялық жаттығулар өткiзу керек. Адамдардың бiр бiрiмен қарым - қатынасы өте күрделi процесс. Қоршаған адамдармен қарым - қатынас жасауда қиындық көретiн балалар, бiрiншiден ұжымға бейiмделуiнде, бiлiмдi меңгеруiне кедергi болады. Сол себептен танысу, қарым - қатынас орнатуға арналған төмендегідей тренингтерді өткізу ұсынылады. Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған тренинг жаттығулар Тірек- қимыл аппарты бұзылған балаларға арналған психологиялық тренингтер Сөз арқылы жаттығулар Бірінші нұсқа Тренингке қатысушылар дөңгеленіп тұрады. Олардың дәл ортасында жүргізуші доппен тұрады. Жүргізуші кез келген қатысушыға допты лақтыра отырып бір сөздің бастапқы буынын айтады. Ал допты тосып алушы допты тосып алып, лезде сөзді ары қарай аяқтауы қажет. Екінші нұсқа Тренингке қатысушылар дөңгелек жасап тұрады, жүргізуші – дөңгелектің ортасында. Ол кез келген қатысушыға лақтырып, алфавиттің бірінші әрпін айтады. Допты жүргізушіге қайтара отырып қатысушы екінші әріпті атайды. Ал жүргізуші үшінші әріпті атай отырып келесі қатысушыға допты лақтырады. Допты тосып алушы төртінші әріпті, тағы сол сияқты жалғаса береді. Егерде кімде кім шатасып қалса, ол айыптық ұпай алады. Берілген әріпке сөз құрау Жүргізуші ойын кубигін лақтырып неше деген сан түскенін бақылайды. Мысалға, 2 саны түсті. Онда ол «Бір, екі» деп санайды да, мәселен, «жануарлар әлемі» тақырыбын хабарлайды. Қатысушылар осы тақырыпқа сәйкес б,е әріптерінен бсталатын екі сөз атаулары қажет. Мысалы: бұғы, есек. Содан кейін жүргізуші қайтадан кубикті лақтырып, түскен санға байланысты басқадай тақырыпқа сөз құрастыртады. Берілген тақырыпқа толықтай сөз ойластырып айта алмаған тренингке қатысушы жүргзуші орнына ауысады. Қозғалыс жаттығулары «МҰРЫН – ҚҰЛАҚ – МҰРЫН» Жүргізуші оқушыларға қарап: «Сұқ саусақтарыды мұрындарына тақата отырып, «Мұрын» деп айтыңдар. Тағыда қайталаймыз, тағыда. Жүргізуші де дәл солай қайталап отырады. Егерде мен мысалға, маңдай десем сендер тез арада маңдайды ұстау қажетсіңдер. Түсіндіңдер ме? Онда бастадық. Мұрын- мұрын- мұрын- құлақ!» (осы кезде жүргізуші саусағымен иегін көрсетуі мүмкін, сол кезде ойыншылар шатасып иектерін ұстайды). Ойын бірнеше рет қайталанады. Егер ойыншылардың бірі шаталасып кетсе айыппұл төлеуіне тура келеді. Зейінділік, байқампаздық және жылдамдылық өте қажет [7]. Есту қабілеті ауытқыған балаларға арналған тренинг жаттығулар СӨЗ АРҚЫЛЫ ЖАТТЫҒУЛАР «Алфавит біздің айналамызда» жаттығуы Жүргізуші тренингке қатысушыларға алфавит қатары бойынша 5-10 минут ішінде бөлмедегі заттарды жазуды тапсырады. Бір әріпті пайдаланып бірнеше заттарды жазуға болады. Ең қиындығы – алфавиттің барлық әріпіне сай заттарды табу. Кімнің тізімі ең ұзын болған ойыншы жеңіске жетеді. «Алфавит бойынша» жаттығуы Үстелдің үстінде алфавит әріптері жазылған карточкалар тұрады. Қатысушылар оларды бір- бірден алады да, жүргізуші белгі берген ойыншылар алфавит реті бойынша тұра қалулары қажет. Егерде қатысушылар толық болмаса, онда алфавиттің тек бір бөлшегін пайдалануға болады. «Баспалдақ» жаттығуы Тренингке қатысушыларға кез келген әріп ұсынылады, мысалға, «А» әрпі. Осы берілген әріпке басталатын екі әріптен тұратын сөз жазу керек, ары қарай үш, төрт,бес.......әріптен құралған сөздер құрастыру арқылы баспалдақ орнату керек. Ең ұзын «баспалдақ» құрастырған ойыншы жеңіске жетеді. Мыалы: А Ат Ана Алма Алғыс Алаша Арыстан Алшалғыш Адыраспан ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС АРҚЫЛЫ ЖАТТЫҒУЛАР «Тиын» жаттығуы Тренингке қатысушылардың бірін аңшы қылып тағайындайды. Ал қалған қатысушылардың барлығы – «тиындар». Аңшы оларды тек жерде жүргенде ғана аулайды. Егерде тиын ағаштың үстінде жүрсе, яғни кез келген ағаштан жасалған заттың үстінде ( орындықты, үстелді ұстаса) жүрсе оларды ұстауға болмайды. Аңшы ұстап алған «тиын» аңшының орнымен алмасады. «Айна» жаттығуы Балалар қолдарынан ұстап дөңгеленіп тұрады. Жүргізуші дөңгелектің ішінде тұрып қандай да бір қимыл көрсетеді (отырады, бір аяқпен тұру, суда тұрып орынында жүгіру, т.б.). Балалар қолдарын жіберіп жүргізушінің істеген әрекетін қайталаулары қажет [7]. Дамуында түрлі ауытқушылықтары бар балалардың танымдық процестерін дамытуға арналған ойындар Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар [pic] Төрт құбылыс Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» - десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса ойыннан шығарылады. [pic] Көңілді шеңбер Балалар шеңбер жасап отырады. Бір-біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік т.с.с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады. [pic] Орныңды тап Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан-жағына тарап кетеді (белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді. өз орынын таппаған балалар ойыннан шығарылады. [pic] Ойыншықты сипатта Жүргізуші балаларға қолындағы ойыншықты мұқият қарап алуға ұсынады (1 минут). Алынатын ойыншықтар түрлі-түсті және бөліктері бірнешеу болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргендегі түр-түсі, көлемі, пішіні, дене бөліктерін есінде сақтағанын сипаттап беруді талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрі қарай жалғастырады. [pic] Сөзді есіңде сақта Жүргізуші балаларға 7 қосарлы сөздерді оқиды. Балаларға мұқият тыңдау ұсынылады. Бірінші сөзді жүргізуші айтады, балалар келесі сөзді есінде сақтап қайталайды. Осылайша қалған сөздерді түгел айтып шығу керек. [pic] көктем – жаңбыр [pic] жаз – күн шықты [pic] аспан – бұлт [pic] жер – шөп Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар [pic] Мен жеңімпазбын Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны балалар санынан 1 санға кем болуы керек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, мен жеңімпазбын деп айтуы керек. [pic] Құлақ-мұрын Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: құлақ – деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып атайды. [pic] Өз орныңды тап Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. Ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады. [pic] Дайын бол Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс-қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян – секіреді, құс – ұшады т.с.с. [pic] Зейінді бол Балалар шеңберде тұрады. Жүргізуші әр түрлі қимыл-қозғалысты көрсетеді. Балалар қайталап тұрады. Жүргізуші ескерткен қозғалысты, мысалы: қос аяқпен секіру қозғалысын қайталамайды. Қайталаған бала ойыннан шығарылып, жеңімпаз жүргізуші болады. [pic] Ойлауды дамытуға арналған ойындар Матадағы менің орным Жердегі жатқан мата үстіне балалар белгі берген уақытта тұрып қалуы тиіс. Матаның өлшемін мұғалім кішірейте отырып ойынды жалғастырады. Бірақ ойында балалар мата бетінен шығып кетпеулері керек. Ойлан да аяқта - лимон қышқыл, ал қант...(тәтті) - егер үстел орындықтан биік болса, онда орындық... - екі, бірден көп, ал бір... -пышақ та, әйнек те...(өткір) Ойлан да аяқта - Ат шабады, ал қарлығаш... - Ит үреді, ал қарға... - Жылан жорғалайды, балық... Қарама-қарсы сөзді ата Балалар шеңберге тұрады. Жүргізуші доппен балалардың арасында тұрады. Жүргізуші балаларға кезекпен допты лақтырып, бір сөзді айтады. Балалар сол сөзге қарама-қарсы сөзді айтулары тиіс. Қара – Күн – Аласа – Ойын: «Суреттерді құрастыр» Мақсаты:ойлау қабілетін дамыту. Психолог балаларға 3-4 бөлікке бөлінген суретті береді.Балалар үлгінің көмегінсіз суретті құрастырады. Ойын: «Кім тығылды?» Мақсаты: көзбен қабылдауын дамыту. Психолог балаларға жануарлар бейнеленген суреттерді көрсетіп, суретте қандай жануар жасырынғанын сұрайды. Балалар алдымен атын атап, содан соң суретті бояйды. Ойын : «Не артық?» Мақсаты:суреттерді салыстыру арқылы ойлау қабілетін дамыту. Психолог балаларға үш қатар суреттері бар бетшелерді ұсынады.Әр қатардағы бейнеленген заттарды сипатына қарай мұқият қарап ,басқаларынан өзгеше біреуін табуын өтінеді.Осылайша әр қатардағы заттардан бала артығын табады. Ойын: «Не жетіспейді?» Мақсаты: көзбен қабылдау және ойлау қабілетін дамыту. Психолог балаларға бірнеше заттардың суреті бар бетшелерді ұсынады.Суретті мұқият қарап,әр заттың жетіспейтін бөлшегін табуын сұрайды. Бекітуге арналған сұрақтары: 1. Коррекциялық педагогика дегеніміз не? 2. Коррекциялық педагогика пәні мен міндеттері? 3. В.П. Кащенконың коррекциялық педагогика пәнінің дамуына қосқан үлесі қандай? 4. О.Н. Усанова ұсынған ауытқушылығы бар балалар классификациясын атаңыз? 5. Бала дамуының бұзылуына қандай факторлар әсер етеді? 6. Ауытқушылығы бар балаларға қолданылатын қандай жаттығу тренингтер бар? Дәріс 2. Мектепке дейінгі педагогикалық коррекция 1. Баланың мінез-құлқындағы агрессивтіліктің себебі және одан арылу жолдары 2. Жанұя тәрбиесінің кейбір кемшіліктерінің коррекциясы 3. Мектепке дейінгі жастағы балалармен әңгімелесу сұрақтары 4. Мектепке дейінгі балаларға арналған ойындар Баланың мінез-құлқындағы агрессивтіліктің себебі және одан арылу жолдары Баланың агрессивті іс - әрекетін ерте балалық шақтан байқауға болады. Өмірінің алғашқы жылдарында олар импульсивті көрінеді. Бұл қырсықтық, ашуланшақтықпен қоса айғаймен, жылаумен, тістенумен,төбелесумен де бірге жүреді. Әдетте, егер 1 жастағы бала анасына қолын сілтеп ұрса, онда анасының жағымсыз іс-әрекетіне баланың қалыпты реакциясы деп есептеледі. Өмірінің 2-ші жылдарында баланың белсенді дамуы мен өсуі кезінде іс- әрекетіндегі тәуелсіздік пайда болады. Ол өзінің өзбеттілігін үлкендердің қажеттілігіне және тілектеріне қарсы тұруымен көрсетеді. Бала үш жасында қырсықтығын таныта түседі. Кикілжіңдер, әдеттегідей ойыншық үшін туындайды. Ата – аналарының жауап қайтару реакциясы да салмақты болатын уақыт келеді. Егер бұрын қырсықтық, еркелікке ата – аналары көніп, еркелікпен жауап қайтарса, енді баланың іс-әрекетіне шыдамсыздық танытып, ашық агрессияға әкеледі. Нәтижесінде оның психикасына әсер ететін белгілік агрессия формалары пайда болуы мүмкін. Зерттеушілер бала өскен сайын көптеген тыйым салулармен кездеседі. Оның қызығушылықтары мен ата–аналарының «болмайды» деген сөздерінен конфликттік жағдайлар пайда болады. Баланың қызығушылығына ата – аналарының қарсы тұруы балада жағымсыз агрессивті жағдайлар туғызады. Балада өкпе мен ашудың пайда болуына әсер етеді. Егер жағдайды баланың қорғансыздығын түсіну жағынан, оның қоршаған ортаны қабылдай алмауынан, оған көмек көрсету жағынан қарастырса, ата – аналар мен ересектер баланы тыныштандырудың әдістерін табуы мүмкін. Осыдан кейін ғана бала үлкендер талап ететін өнегелі мінез – құлық нормалары жайлы түсініктерін тыңдай алады. Ересек пен баланың арасындағы конфликттілік жағдай, әрине үлкендердің пайдасына шешіледі. Жасына байланысты үлкен балаға өзінің қысымымен талаптарды орындатуға тырысады. Ал бала ше? Ол тәуелсіз болғысы келеді, үлкендер сияқты өз қалауларын қанағаттандырғысы келеді, соған тырысады, бірақ үлкендер тарапынан белсенді қарсыласуға тап болады. Балада өзін қорғау үшін, қарсы тұру үшін күші де, тәжірибесі де жоқ. Үрей сезімі де өседі. Зигмунд Фрейдтің пікірінше, үрейдің үш түрін айыруға болады: • Шынайы үрей – қауіп – қатерге және сыртқы өмірдің шынайы қаупіне эмоционалды жауап(мысалы: балаға үлкен ит, ал жеткіншекке – мектептегі сыныптан сыныпқа көшу емтиханы); шынайы үрей өз - өзін қорғауды қамтамасыз етуге көмектеседі және жойылады. • Жүйкелік үрей – бұл белгілі инстинкттер нақты болу қауіпіне эмоционалды жауап. Ол, бала инстинктінің туындауын бақылай алмай, артынан ауыр салдары болу мүмкіндігінен қорқумен аңықталады. Жүйкелік үрей көбіне шынайы үрей сияқты әсер етеді, өйткені жазалау сыртқы көздерден шығады, содан соң ғана инстинкттік импульстар өзін - өзі басқарудан өту қаупі болады, жүйкелік үрей пайда болады. • Рухани үрей – төменгі инстинкттер әдепсіз ойлар мен іс - әрекеттер формасында белсенді көрінгенде, ал баланы ұят, өзін - өзі алдау, өзін кінәлі сезіну сезімдері билегенде үнемі пайда болады. Үрей өткен немесе қазіргі күнәларын өтеуді тосу мен өлім қорқынышына өседі. Хорнидың пікірінше, балалық шақ үшін 2 қажеттілік тән: қанағаттану және қауіпсіздікке қажеттіліктері. Қанағаттану барлық негізгі биологиялық қажеттіліктерді қамтиды – тамақ, ұйқы. Жылу және т.б. Бірақ сонда да негізгісі қауіпсіздікке деген қажеттілік. Бұл қажеттілкті қанағаттандыруда бала түгелдей өз ата –анасына тәуелді. Егер ата- ана балаға деген қарым – қатынасында шынайы махабаты мен жылуын білдірсе, оның қауіпсіздікке деген қажеттілігі қанағаттанып, сонымен бірге дені сау жеке тұлға қалыптасады. Ал, керісінше болған жағдайда, Хорнидың пікірінше, жеке тұлғаның потологиялық дамуы да мүмкін. Көп уақытта ата – аналардың іс - әрекеті баланың қауіпсіздікке деген қажеттілігін фрустрациялауы мүмкін, яғни тұрақсыз іс - әрекеттері, мысқыл, орындалмаған уәделер, шамадан тыс қамқорлық , сонымен қатар оның ағалары мен апайларының аңық қалауларының әсер етуі. Бірақ ата – ана тарапынан осындай жаман, жат үндеулеріңің негізгі нәтижесі балада базалық өшпенділік пен базалық үрей сезімдерінің қалыптасуы болып табылады. Базалық үрей – жағыздық сезімі мен өшпенділік әлемінде оқшаулану. Базалық өшпенділік – баланың, яғни оған теріс айналғандар (ата - ана) немесе онымен жаман сөйлескендерге байланысты ашу,ыза сезімдері. Бала екі оттың ортасында қалады: ол ата – анасына тәуелді сонымен қатар оларға деген реніш пен наразылық сезімдерін сезінеді. Агрессия әрине, кенеттен пайда болмайды. Ол жеке адамдар арасындағы әртүрлі қарым – қатынастан, қорытып үркітуден пайда болады. Адамның түскен ортасының ерекшелігі агресситі әрекеттің жоғары немесе төмен болуына әсерін тигізеді. Мысалы, ауасы тар, темекінің иісі бар бөлмедегі агрессивті әрекет, ауасы таза бөлмедегілерге қарағанда күштірек болады. Адамның жеке басының тәртібіне қатысты болады? Айталық, «дұрыс» адамдардың арасында басқаларға қарағанда ашуланшақ, өзін - өзі ұстай алмайтындар агрессивті көрінеді. Психолог – ғалымдар агрессияны бірнеше түрге бөледі. Э.Фромм екі түрлі бар дейді: «зиянды», «зиянсыз». Зиянсыз агрессия: қауіп төнген кезде ғана пайда болып (қорғану мақсатында) артынан басылады. Зиянды агрессия: қатігездік пен қауіпке толы болады. Ал, З.Фрейд пен К.Лоренц адам баласы агрессияны бағындыра алмайды, сондықтан оны керек бағытқа бұру керек деген. Агрессияның бұл түрі барлық жастағы адамдарға тән, ал кейде ерте кезеңнен басталады. Агрессия ми бөліктерінің әр түрлі ауруға шалдығуына немесе әлеуметтік жағдайларға байланысты болуы мүмкін. Бүгінгі кино, бейнефльмдердегі қатыгездік, күш көрсету көріністері көрермендердің агрессивті деңгейін арттыруға себеп болатындығын қазір ғылыми ізденістер дәлелдеді. Егер қандай да бір агрессивті қылық көрсеткені үшін ата-ана баланы қатаң жазаласа, ол өз ыза-ашуын ата-ана алдында көрсетпей, ішіне сақтауға үйренеді, бірақ бұл оның басқа жағдайда агрессивті қылық көрсетпейтіндігіне кепіл бола алмайды. Балалар көп жағдайда барлық назарды өзіне аударту үшін де агрессивті қылық көрсетеді. Ата – ананың көнгіштігі, шешім қабылдаудағы сенімсіздігі, мінез жұмсақтығы баланың бойында «айтқанымды істеймін » деген агрессивті әрекет туғызады. Сондықтан, агрессивті балалардың мінез-құлқын тәртіпке келтіруде мына бағыттарда жұмыс істеу қажет: I. Ашу – ызаны қолдануға болатын жағдайларға үйрету. II. Балаларды әртүрлі жағдайларда өзін - өзі ұстау, өзін - өзі басқару әдістеріне үйрету. III. Шиеленіскен жағдаяттарда сөйлесу дағдыларын қалыптастыру. IV. Адамдарға сену, жаны ашу сияқты қасиеттерді қалыптастыру. Агрессивті балалармен жұмыс істеу ережелері: 1.Баланың сұранысы мен қажеттілігіне мұқият болу; 2. Агрессивті емес мінез – құлықтың үлгісін көрсету; 3.Баланы жазалауда бірізді болу, тек нақты іс - әрекеті үшін жазалау керек; 4. Жазалау баланың абыройына нұқсан келтірмеуі шарт; 5. Ашу – ыза кезінде оны тарқата білу тәсілдерін үйрету; 6. Белгілі бір себепті жағдайдан кейін балаға өз ашу – ызасын білдіруге мүмкіндік беру; 7.Айналасындағы адамдардың және өзінің жеке басының эмоционалдық жағдайын танып білуге үйрету; 8. Эмпатияға деген қабілеттілігін дамыту; 9. Баланың міңез – құлқы аясын кеңейту; 10. Дау – жанжалды жағдайларда өзін ұстай білу дағдыларын пысықтау; 11. Өзіне деген жауапкершілікті сезіне білуге үйрету; Жанұя тәрбиесінің кейбір кемшіліктерінің коррекциясы Ата-ана мен тәрбиешілердің негізгі міндеттері - бұл баланы өзінің жақындары мен үлкендерді сыйлап-құрметтеуге тәрбиелеу. Егер балада осы қасиет қалыптаспаса онда ол болашақта үлкендердің талаптарына бағынбайды. Тәрбиесінде кемістіктері бар балалар басқа балалар ішінен байқалып, көрініп тұрады. Ол дөрекі, ешкімді тыңдамайды, ерке және айналасындағы адамдарды сыйламайды. Әрине, сыйластыққа үйретудің ең алғашқы қадамдары отбасынан басталады. Әкесі мен анасы мінез-құлықтың және қоршаған ортамен қарым- қатынастың үлгісі ретінде болады. Отбасының түріне, жағдайына байланысты балада қоршаған ортаға деген ішкі көзқарасы пайда болады. Себебі, 6-7 жастағы бала іс-әрекетті түсінумен бірге ненің жақсы, ненің жаман екенін біледі, сонымен бірге көп жағдайларда олар жаман мінез- құлыққа қарсы тұра алмайды, әсіресе олар жақын адамдарынан шыққан іс- әрекет болса. Баланың үлкендерді сыйламауының себептері: келісе алмаушылық, балаға қатаң талап қою, үлкендер арасында түсініспеушілік, олардың өзін-өзі ұстай алмауы және ұрыс-керістердің болуы. Мысалы: 6 жасар ұл баланың анасы : «Біз өкінішке орай өз ұлымызға өзіміз үлгі көрсетеміз. Себебі біз баланың көзінше ұрысып, түсініспеушіліктерді жасыра алмайсыз. Бір жағынан әжесі, бір жағынан біз балаға қатты қысым жасаймыз!» - деп жазған. Қазіргі уақытта балаға тәрбие беру қиыншылықтары,көбінесе, отбасы құрылымына байланысты болады. Ол бір бала және екі-үш үлкен адамдардан тұрады. Бұндай отбасының өмір сүру іс-әрекетінде тең емес жағдайлар болады. Көп ата-аналар өзінің баласын түсінбейді және оның мүмкіншіліктерін бағаламайды, әсіресе оның адамгершілік қасиетінің дамуын. Осыдан мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына қойылатын талаптар бұзылады. Көптеген ата-аналар тәрбиенің негізгі әдісі деп үлкендерді сыйлап, сезімдеріне әсер ету, баланың санасына байланысты деп есептейді. Мысалы: -Біз ұлымызға түсіндіруге тырысып сәйкес келетін мысалдарды келтіреміз. - Біз оны сендіреміз, оған түсіндіреміз. -Жақсы нәрсе істеуге итермелеп, бұның қаншалықты маңызды екенін түсіндіреміз. -Егер әңгімелесу мен түсіндіру көмектеспесе – сәйкес келетін әңгіме, ертегі оқымыз немесе қандайда бір тәрбиелік жайтты мысал қылып келтіреміз. Адамгершілік тәрбие - шыныменде баланың дамуында қажет әдіс-тәсіл. Ата- аналар, бала-бақша тәрбиешісі, мұғалімдер үнемі оқуға мәліметтерді іріктеп алуы керек. Қоғамда, ұжымда, отбасындағы өмірдің ережелерін талқылап отыруы керек. Мектепте ата-аналар, мұғалімдер жағдайға сәйкес келетін әңгімелер, өлеңдерді қолданатын болса, олар баланың қате іс- әрекеттерінің алдын ала алады. Отбасында баланы тәрбиелеу мен даму кезіндегі қателіктердің бірі – ол баланың өзіндік іс-әрекетін бағаламау. Көптеген отбасыларда баланың еңбексүйгіштігін, қамқорлығын тәрбиелеу мақсатында, қандай да бір тапсырмаларды орындатуға тырысады. Бірақ бұны жүйелі түрде емес жағдайдан жағдайға қарай орындайды, нәтижесінде ата-аналар өздерінің күткен нәтижелеріне жете алмайды. Тәрбиелеу кезінде балалардың өздерінің қызығушылықтары, өздерінің өмірлері бар екенін ескеріп, оны құрметтеу керек. Баланың не ұнататындығын, не қызықтыратынын, немен өмір сүретіндігін және нені ұнатпайтындығын, кімдермен ойнайтындығы, достарының кім екендігін білуіміз керек. Балалар бұндай қамқорлықты, қарым-қатынасты бағалайды және бұл үшін өзінің ата- анасын сыйлайтын болады. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Қоғамның алғашқы ұйтқысы отбасында бала үлкендермен араласады. Баланың қоғамдық әлеуметтік дамуы жанұяда өз орнын алуынан басталады. Қазақта «Баланың бас ұстазы – ата-анасы» деген сөз бар. Ата-аналар балаларының оқу үлгеріміне күнделікті назар аударып , қадағалап отыруы керек. Өкінішке орай, кейбір ата – аналар бұған жетткілікті мән бермейді. Тіпті, кейде баласының қай сыныпта оқитының, сабақтарын, жетекшісін де білмей жататын үлкендер бар. Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді. Кейбір ата – аналар балаларына өте қымбат заттар алып беріп жатады. Ондай балалар өсе келе көрсеқызар, дүниеқұмар, өзімшіл, кекшіл болатының өмір көрсетіп келеді. Бүгінгі оқушы мемлекетіміздің ертенгі үлкен азаматы, кәсіп иесі. Сондықтан да бала тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен қарап, жас ұрпақты назардан тыс қалдырмаған жөн. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Өстіп баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу,зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді.Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ.. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шеше үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартқандар бар. Мектепке дейінгі жастағы балалармен әңгімелесу сұрақтары 3 – 4 жасарларға арналған сұрақтар. 1.Сенің атың кім? Сені кім деп еркелетеді? 2.Сен қандай ойындар ойнағанды ұнатасың? 3.Сенің балабақшадағы досың кім? 4.Жиі жылайсың ба? Сені біреулер ренжіте ме? 5.Таңертеңгі, түскі, кешкі тамақты түгел ішесің бе? 6.Сен біреуден немесе бір нәрседен қорқасың ба? 7.Сенің жақсы көретін ойыншығың бар ма? Қандай? 8.Саған балабақшаға келу ұнайды ма? 9.Сен балабақшаға келе жатқанда нелерді көресің? Үйге қайтқанда ше? 4 – 5 жасарларға арналған сұрақтар. 1.Сен балабақшаға келерде өзің жиналасың ба, әлде саған біреулер көмектесе ме? 2.Сенің кіммен ойнағың келеді? 3.Саған қай сабақтар ұнайды? 4.Сені біреулер ренжіте ме? Сен ше? 5.Сен басқа балаларға өз ойыншықтарыңды бересің бе? Кімге бересің? неге? 6.Балалармен төбелесіп қалатын кездерің болады ма? 7.Саған балалармен ойнаған ұнайды ма, әлде жеке ме? 8.Қатты ашуланғанда не істейсің? 9.Сен біреу ренжіткенде не істейсің? 10.Балабақшада таңертең болған ұнайды ма, әлде кешке ме? 5 – 6 жасарларға арналған сұрақтар. 1.Сен не істей аласың: оқу, жазу, санау? 2. Қалай ойлайсың, сенің мінезің қандай (жетекші сұрақ қою: көңілді, жабырқау, бір беткей т.б.)? 3.Сен біреулерден қорқасың ба (немесе бір нәрседен)? 4.Сен кіммен жиі ойнайсың? Неге? 5.Сен кіммен жиі ренжісесің? Неге? 6.Саған балабақшада не ұнайды? 7.Мектепке барғың келе ме ? Неге? 8.Сен қалай ойлайсың сенің тәрбиешің қатал ма, әлде мейірімді ме? 9.Сен нені көп армандайсың? 10Сен кімге көп ренжисің? 6 - 7 жасарларға арналған сұрақтар. 1.Балабақшада 10 жасқа дейін болғың келе ме? Неге? 2.Қалай ойлайсың үлкен болған жақсы ма? Неге? 3.Үлкендер саған жиі ұрыса ма, әлде мақтайды ма? 4.Сен қалай ойлайсың, балалар көбенесе не үшін ренжиді? 5.Сен қалай ойлайсың, балаларға не үшін ұрысуға болмайды? 6.Неге балалар кейде алдайды? 7.Қай кезде көңіл – күйің болмайды? 8.Егер сенің ғажайып таяқшаң болса, сен барлық адамдар үшін онымен қандай ғажайыптар жасаушы едің? 9.Сен қандай адамдармен дос болмас едің? 10.Сені көбінесе не қуантады? Егер бала әңгіме барысында мазасызданып, тепкілене бастаса, бұл – ұялшақтық. Сіз диагностика барысында баланың сөйлескісі келмеу себебін түсінесіз: невроз, тілінің дамуындағы проблемалар. Егер бала қорқыныш, үлкендермен қарым – қатынас жасаудағы проблемалар, тамақтанағысы, ұйықтағысы, ойнағысы келмеу сияқты жағдайлар кездессе, міндетті түрде тәрбиеші мен ата – анаға ескерту керек. Әңгіме барысында сізде шағын психологиялық портрет (нақтырақ айтқанда, сипаттау) қалыптасады. Мектепке дейінгі балаларға арналған ойындар «Ат қою» Мақсаты: вербальды агрессиядан арылту, балаларға қолданбалы түрде өз ашу-ызаларын шығара білуге көмектесу. Балаларға келесі сөздерді айтыңыз: «Балалар, мына допты бір-біріміздің қолымызға шеңбер бойымен бере отырып, бір-бірімізді ренжітпейтіндей сөздермен айтайық (балалар шарт бойынша қандай сөздермен атайтындарын алдын ала келіседі. Ол жеміс-жидектер, жиһаздар, т.б. болуы мүмкін). Әрбір қаратпа сөз былай басталуы керек: Ал сен, ...сәбізсің!» Бұл ойын, сондықтан бір-біріңе ренжудің қажеті жоқ екенін естерінде ұстандар. Қорытынды айналымда міндетті түрде өз көршіңе жағымды сқз айту шарт, мысалы: «Алсен,... күнімсін!» Ойын тек агрессивті балаларға ғана емес, сондай-ақ тез ренжігіш балалар үшін де пайдалы. Бұл бар болғаны ойын және бір-біріне ренжуге болмайтынын ескерте отырып, ойынды жылдам қарқынмен өткізу керек. «Екі қошқар» Мақсаты: вербальды агрессиядан арылту, балаларға өз ашу-ызаларын жариялы түрде шығара білуге мүмкіндік беру, шамадан тыс эмоционалдық және бұлшық еттердің шиеленісінен арылу, баланың энергиясын қажетті арнаға бағыттау. Тәрбиеші балаларды жұп-жұпқа бөліп, оларға мына әңгімені оқиды: «таңертен ерте екі қошқар бір-бірімен көпір үстінде кездесіп қалады. Олар бір-біріне жол белгілері келмейді». Ойынға қатысушылар бір-біріне қарама-қарсы тұрады да аяқтарының арасын ашып, алақандары және маңдайларын бір-біріне тіреп итереді. Ойынның тапсырмасы – балалар орындарынан қозғалмастан бір-біріне мейлінше ұзағырақ қарсылық көрсету. «Бе-е-е-е» дыбысын дауыстап шығаруға да болады. Ескере кететін жағдай, бұл ойында «қауіпсіздік ережесін» сақтаған жөн. Бекітуге арналған сұрақтар: 1. Баланың агрессивті іс- әрекетін қай кезде байқауға болады? 2. Балада қай уақытта жағымсыз агрессивті жағдай туады? 3. Зиянсыз агрессия дегеніміз не? 4. Зиянды агрессия дегеніміз не? 5. З. Фрейд үрейдің неше түрін бөліп көрсеткен? 6. Бала тәрбиесіндегі басты тұлға кім? 7. Қазіргі уақытта балаға тәрбие беруде қандай қиыншылықтар кездеседі? 8. Балалар көп жағдайда не үшін агрессивті қылық көрсетеді? Дәріс 3. Мария Монтессори жасаған мектепке дейінгі балалардың қалыптасуы мен тәрбие жүйесі 1. М.Монтессоридің концепциясының мазмұны 2. Балалар іс-әрекетіндегі қабылдау мүшелерін дамыту 3. М.Монтессори жасаған жүйе бойынша балаларды оқуға және жазуға үйрету 4. Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған тренингтер М. Монтессоридің концепциясының мазмұны Баланы түсінетін – тек басқа бала. М.Монтессори [pic]Мария Монтессори (1870-1952) – балабақшадағы балалардың және бастауыш мектеп оқушыларының ерте дамуы мен еркін тәрбиелеу идеясын алға тартқан итальян педагогы. 3-7 жас аралығындағы балалардың психикалық дамуы мен тәрбиелеуімен жүйелі түрде Мария Монтессори айналысқан. Ол осы жасты ең маңызды кезең деп көрсетті. М.Монтессори өз жұмысын ең алғаш жан ауруларын емдейтін клиникада бастады. Оның балалар үйінің мақсаты – бала дамуына жағдай жасап,олардың табиғи қабілеттерін дамытуға бағытталған. Монтессори тек ақыл-ой кем балалармен ғана емес, қалыпты балалармен де жұмыс жасады. Ол өзінің тәжірибесі мен бақылауын “Балалар үйіндегі балалар тәрбиесіне ғылыми педагогикалық әдістерді қолдану” деген кітабына жазып отырған. М.Монтессоридің «Балалар үйінің» мақсаты - балалар қабілеттерінің дамуына жағымды жағдай жасауға бағытталған. Қиындықтарды жеңу мен тынымсыз еңбек М.Монтессоридің бүкіл өмірін қамтыды. Ата-анасының сүйкімді қызы бола тұра, ол сол кезде университте оқи алу құқығы үшін күресті. Дегенмен, Римде әйелдерге оқуға жол берілсе де, бұл қадам қыз үшін жат болып есептелді. Бірақ соңында М.Монтессори ата-анасының келісімімен университетті жақсы аяқтап, медицина докторы атағын алды. Ол Римдегі жоғары дәреже алған ең алғашқы әйел болып есептелді. Лондонда және Парижде М.Монтессори адамның жүйке жүйесі мен миының жұмысын теория жүзінде ғана емес, тәжірибеде де зерттеуді жалғастырды. Дамуында ауытқулары бар балалармен жұмыс істей отырып, М.Монтессори көптеген француз ғалымдарының еңбектерін оқыды, алдымен аударып жазған, кейін каллиграфиялық түрде, әрбір сөздің мағынасын саралап, автордың жан дүниесін түсіну үшін уақыт үнемдеу мақсатымен көшіріп жазған. Тек 1 томдық еңбегінің өзінде 600 бет болған. «Ақыл-ойы кем және жүйке жүйесі тозған балалардың дамуы» сияқты қарапайым әйел үшін ауыр және қайырымсыз жұмысты өз мойнына алған медицина ғылымының докторы М.Монтессори ғажайып нәрсеге тап болды: «өлі болып көрінген есуастың санасы - қайта тірілген». Т.Л.Сухотинаның айтуы бойынша «Монтессори әдістемесі бойынша тәрбиеленген ақыл-ой кем, дамуында артта қалған болып есептелген бала, басқа қарапайым балаларға қарағанда қалалық мектепке емтиханды өте жеңіл және еркін түрде төзіп шыққан». Мұндай ғажайып нәрселер кейіннен қарапайым құбылыс сияқты қайталана бастады. М.Монтессори ақыл-ойы жағынан кем және психикалық дамуы жағынан артта қалған балалармен ғана емес, сонымен қатар қарапайым, дені сау балалармен де жұмыс істеді. Ол өзінің тәжірибелері мен бақылауларын «Балалар үйіндегі балалар тәрбиесіне қолданылған ғылыми педагогикалық әдістер» атты еңбегінде жазған. Балалардың тәрбиесі мен дамуы жүйесін құрған оның ойлары қарапайым және әйгілі болып келеді. Олар: бостандық, білім (ғылым), махаббат. Бұлар Л.Г.Песталоций теориясында, Л.Н.Толстойдың мектебінде қолданылған. Уақыт өте келе адамдар бұл үш түсінікке басқаша мағына берген және олар сенімсіздік тудыра бастады. Бірақ осы түсініктердің өзі тәрбие жүйесінің негізі болып табылады. Тәрбиелеу, білім беру мекемелерінде зорлық- зомбылыққа жол берілмейді. Бала – Монтессоридің айтуынша, өздігінен дамиды. Дамуға кедергі жасауға, оны тоқтатуға болады. Мәжбүрлеу – дамуды кідіртеді, осы үрдістерді тоқтатады және тәрбиешіге қажетсіз күйлердің: агрессия, өшпенділіктің пайда болуына мүмкіндік береді. Егер адам тек өзіне тән ерекшеліктер мен тұлғалық қасиеттерімен дүниеге келсе, тәрбиешілер мен ата- аналар оны жойып жібермей керісінше дамыту керек. М.Монтессоридің ойынша, бала тұлғасына, оның мінез ерекшеліктеріне «аса күтімділікпен» қарау қажет. Бала оның пікірінше, тамақтанғандықтан, тыныс алғандықтан, қажетті эргономиялық жағдайларда болғандықтан емес, өмірге деген құлшынысы оянғандықтан өсе бастайды. Сондықтан педагогтың міндеті – «баладағы кейде мызғыған өмірді ояту және өзінің жеке жақтарын өзіне дамытуға еркіндік бере отырып, бағыттау болып табылады». Монтессори бойынша өзін-өзі тәрбиелеу - баланың жеке тұлғасының дамуына кілт болып табылады. Өз бетімен, тәуелсіз болу балаға бостандық береді. Педагог әлсіз балаларға өмір сүре алу шарты ретінде тәуелсіздікке өзінің қайталанбас сапарын салуға көмектесу қажет. Т.Л.Сухотина әлзіз балаларға көрсетілетін көмектің түрлерін бөліп көрсеткен, олар: ешкімнің көмегінсіз жүруге, жүгіруге, жерге түсіп қалған заттарды көтеруге, киінуне және шешінуге, жуынуға, баспалдақтан көтеріліп-түсуге, анық сөйлеуге көмектесу. Психиканың даму деңгейінен артта қалған және сау балалармен жұмыс істеудің бірінші этапы – ерте балалық шақтан бастап барлық сезім мүшелерін дамыту. Көбінесе сезім мүшелері 3-7 жас аралығындағы балаларда жақсы дамиды. Білім беру мекемелеріндегі қарапайым оқыту әдістемесі келесіден тұрады: «Біз ... алдымен бізді қызықтыратын зат жайында айтамыз, - деп жазады М.Монтессори, - оқушы түсінген кезде, біз осы затқа қатысты жұмысты орындауға мәжбүрлейміз. Оқушы оның мәнін түсінгенмен, ол өзінен талап етілетін жұмысты орындауда үлкен қиындықтарды басынан кешіреді. Себебі, тәрбиелеуде бірінші маңыздылық факторы – түйсіктердің кемелденуінің болмауы». М.Монтессоридің әдістемесі бойынша сезім мүшелерінің дамуы үшін баланың өзі таңдайтын, өзінің ішкі келісімі бойынша, өз еркімен қатыса алатын іс-әрекет түрлерін табу керек болады. Монтессори мектебінде бұларға итермелеуші күш ретінде баланың өзіндік дамуына ықпал ететін әртүрлі ойындар, тапсырмалар, арнайы дидактикалық материалдар қызмет атқарды. М.Монтессори мектебіндегі педагогтар әр баланың жекелік ерекшелігін сақтай отырып, сонымен қатар олардың өзіндік дамуларын аса байқампаздықпен бағыттай отырып көбіне балаларды бақылаған. Балаларды оқытуға қозғалмалы үстел мен орындық қолданылған. Бұларды қолданудың мәні бала оларды алып өзіне отыруға қай жер ыңғайлы, қай жерге отырғысы келеді, сол жерге қояды. Баланың орындықты құлатып алған кезідері де болған. Ол өзінің икемсіздігін түзеу үшін, бірден орындықты көтеріп орнына қойған. М.Монтессоридің айтуы бойынша мұндай жағдайда бала орындықпен қайда баратындығын, қай жерге қоятындығын өзі таңдап, өзінің икемсіздігін, өзін- өзі түзеуге үйренген. Ал егер бала орындықтардың арасынан оларға сүйенбей өтуді үйренсе, онда бұл баланың жүруге үйренгендігін білдіреді. Ауыр және қозғалмайтын парталар баланың қозғалысын тежейді, ал партада бірнеше сағат бойы отыру балалардың табиғи дамуына кедергі жасайды. Қазіргі уақытта да омыртқаның қисаюына байланысты омыртқа аурулары медицина ғылымының докторлары айтқанның дәлелі болып табылады. М.Монтессори мектептік тәрбиені таратуды дәлелдейтін мысал келтіреді. Оның жазуы бойынша, алғашқы қауымдағы адамның омыртқасы жабайы аңдармен шайқаста, тастарды қазып алуда, темір майыстырғанда, жер қазғанда және т.с.с ауыр жұмыстарды орындауда қарсы тұра алды. Бірақ бұл омыртқа бала партада отырғанда шыдамай, қисаяды. М.Монтессори әдістемесі бойынша бала өз орнында отырғысы келмесе сол мезетте ол еденге немесе кілемшеге отыра, жата алады. Жанама әрекеттер тежелуі мен өзгенің еркіне қарсы әрекеттерден аулақ болу қажет. Баланың өзіндік тәрбиелеуі жүретін жол біздің байлауға бейім жолымыздан өзгеше. Біздің тарапымыздан оның бейімділіктері жетелейтін сол жолдан тайдыру қателік. Тәрбиешілер ата-аналар сияқты балалар үшін кейбір іс-әрекеттерді орындауға тырысады. Олар серуенге шығарда бәтеңкесінің бауын байлап береді, киіндіреді, шарфін байлайды және т.б. Осылайша балаға өмірден өздігінен сабақ алуға, үйренуге мүмкіндік бермейді. Монтессори қиындықтан, кедергілерден өтуге тырысқан 2,5 жасар баланы және жағдаяттың мәнін түсінбеген тәрбиешінің әрекеттерін бақылаған. Бала бір топ баланың жанына келіп, олардың қатарына қосылмақ болды. Бірақ ол іске аспады. Содан кейін бала көзімен бір орындықты таңдап, оны балалардың жанына апарып соған шықпақшы болады. Ол орындыққа жақындай бергенде тәрбиеші оның ойын түсініп, кенеттен баланы үйіліп тұрған балалардың үстіне көтеріп, суы бар легенді көрсетеді. М.Монтессоридің байқауынша, бала судағы қалқып жүрген ойыншықтарды көріп мәз бола қойған жоқ. Оның ойынша тәрбиеші балаға өзін- өзі тәрбиелеуге кедергі жасады, бала жеңімпаз болып сезіну үшін бара жатқан, бірақ ол тәрбиешінің қолында тұтқын болып қалды. М.Монтессори тәртіп мәселесіне ерекше назар аударған. Оның ойынша тәртіпке тәрбиелеу үшін жамандық пен жақсылық жайлы түсінік болу керек. Сол себептен де баланы енжарлыққа, әлсіздікке, бағынуға тәрбиелемей, керісінше жұмысқа, іс-әрекетке, жақсылыққа тәрбиелеу керек. Тәрбиелеу мәселесі мадақтау мен жазалау тәсілдерімен тығыз байланысты. Монтессори оларды өз әдістемесіне қажет емес деген оймен енгізген жоқ. Монтессоридің айтуы бойынша, егер бала қайсыбір іс-әрекетті өзі таңдауы, ол бала үшін сыйлық болып табылады. Сыйлықтың дәл осындай түсінігі М.Монтессори мектебінде болды. Зорлық, ұпай, марапаттау баланың табиғи дамуымен сәйкес келмейді. Олар тұлғаны басып-жаншу ретінде бағаланып, М.Монтессори мектептерінде қолданылған жоқ. Ол былай жазған: «Қалыпты адам үшін нағыз жазалау – өзінің күшінің жоғалтқандығын сезіну болып табылады. Адам өзін ешқашан алдамайтын нағыз, жалғыз жүлдені сезіне бастайды: өзінің күш-жігерінің өсуі және өзінің ішкі өмірінің еркіндігі». Монтессори мектебінде мұғалімнің мақтауы мен мадақтауына жол беріледі. Ал жалғыз сыртқы жазалау бұл – өзгелерге кедергі жасайтын оқушыны басқа оқушылардан алшақтау, бірақ оларды көретіндей отырғызу. Мұндайда оқушы өзіне ұнайтын заттарды ала алады. Жазалаудың бұл түрі Т.Л.Сухотинаның айтуынша әрдайым балаларды тыныштандыратын. Ол балаларды, олардың әрекеттерін, мұғалімді көріп, қобалжымайтын. Бұзақы осылайша достарының ортасында болу артықшылығын түсінуге және сезінуге үйренеді. Бұл балада басқа балалардың әрекеттерін орындау тілегінің туындауына ықпал етті. М.Монтессори – қыздар мен ұл балаларды біріктіріп оқыту және тәрбиелеудің жақтаушысы. Оның «Балалар үйі», «Балалар бақшасы және жазуға, оқуға, санауға үйрететін мектеп» типі бойынша құрылған. Монтессори өз жұмысындағы басты мәселе – қабылдау мүшелерін дамыту деп білетін. Монтессори баланың сезімін тәрбиелеу мақсатында 40-қа жуық құралдар жасап шығарған. Монтессори балаларды тәрбиелеу мен дамытуда олардың жоғары қабылдағыштығы мен сезімталдық кезеңдеріне көп бағытталған(сензитивті кезеңдер). Егер оларды баланы тәрбиелеу мен оқытуда қолданбаса, олар мүлдем жоғалып кетеді. Бірақ сензитивті кезеңдер жеке болып табылады. Олар әртүрлі балаларда, әр кезде жүреді. М.Монтессори әртүрлі сензитивті кезеңдердің шегін көрсетуге тырысқан. Олардың әрқайсысының өтуі өте баяу бастаумен, жоғары интенсивтілік этапымен және әрдайым сезімталдықтың төмендігімен сипатталады. Олардың қатарына мыналар жатады: - сөйлеудің даму кезеңі (туғаннан 6 жасқа дейін); - тәртіпті қабылдау кезеңі (туғаннан 3 жасқа дейін); - сенсорлық даму кезеңі (туғаннан 5,5 жасқа дейін); - кішкентай заттарды қабылдау кезеңі (1,5 жастан 2,5 жасқа дейін); - қозғалыс пен әрекеттің даму кезеңі (1 жастан 4 жасқа дейін); - әлеуметтік дағдының даму кезеңі (2,5 жастан 6 жасқа дейін). Бала өміріндегі сензитивтік кезеңдермен қатар Монтессори жасерекшелік бойынша дамуды атап көрсеткен. Олар мыналар: - туғаннан 3 жасқа дейін – заттық-сезімдік бағдар; - 3 жастан 6 жасқа дейін – сөйлеуге деген сензитивтілік, тілді меңгеру, көрнекі-бейнелі ойлау; - 6 жастан 9 жасқа дейін – абстрактілі әрекеттерді меңгеру; - 9 жастан 12 жасқа дейін – оқытудың бастапқы кезеңінің аяқталуы; - 12 жастан 18 жасқа дейін – жоғары және гимназиялық деңгей. М.Монтессори бала-бақша мен мектептегі іс-әрекеттің негізгі түрі етіп «еркін жұмысты» есептеген. Онда арнайы оқу бағдарламасы болған емес. Ұжымдық оқыту формасы – сабақты, ол қосалқы деп санады. Сабақтың негізгі өзіне тән сипаттары, Мария Монтессоридің пікірінше, қысқа сөйлеу, қарапайымдылық және обьектівтілік. Мұғалім қысқа сөйлеуі керек және осы айтылған сөздері қарапайым болуы керек. Мұғалімнің өзінің тұлғасы жойылуы тиіс. Балалар педагог зейін аудартқысы келетін пәнді тереңірек оқулары тиіс. Қысқа әрі қарапайым сабақ, пәнді түсіндірудің көп бөлігі ретінде қызмет атқарады. М.Монтессори әдістемесі бойынша жұмыс істейтін мектептерде күн шеңберден басталады. Осыдан кейін барлығы таңдаған пәндермен(математикамен, ән-күймен, әдебиетпен, химиямен ...) айналысуға кіріседі. Жұмыс аяқталғаннан кейін әрқайсысы мұғалімге қандай жұмыспен айналысқандығын көрсетеді. Бұл өздік жұмыстың нәтижелері бірге талқыланады. Балаларды тақтаға сабақ сұрауға шығармайды, оларға үй тапсырмалары берілмейді. Жұмыс күнінің ортасына қарай қандай да бір пән бойынша 10-20 минуттық ортақ сабақ болады. Осы ұжымдық сабақта балалардың білімі жүйеге келтіріледі, оларға жаңа дидактикалық материал беріледі және жаңа терминологиямен таныстырады. Мұғалім оқу дәптерлерінде сабақ материалын өздік, логикалық ретпен құрылған жаттығулар көмегімен бала үйреніп жаттығуы үшін құрастырады және сипаттайды. Оқушыларда 3 пәннен дәптерлері болады. Олар:ана тілі, математика, ғарыштық тәрбиелеу. М.Монтессори адам – жануарлар, өсімдіктер сияқты әлемдік ғарыштық дамуға сәйкес құрылған және әрекет етеді деп есептеген. Сондықтан ол өзінің құрушы қызметін атқара отырып, өзінің ғарыштық міндетін түсінуі қажет. Дәптерлерде тек потенциалды мүмкіндіктерді жүзеге асыруға көмектесетін тапсырмалар болуы тиіс. Көптеген балалар зұлымдық көріністерін, агрессияларын, қызғаныштық, өзімшілдік, қатыгездік танытады. Осындай ауытқу мінез-құлқының пайда болудың негізгі себебін М.Монитессори ақыл-ой үшін жетімсіз тағамда деп біледі. Сондықтан 3 және 6 жас аралығындағы балаларға өздерінің таңдауы бойынша материалдармен еркін жұмыс, оларда зейіннің шоғырлануын дамытады. Олар сыртқы әсерлерге көңіл бөлмей, тағңдалған әрекетепн шұғылданады. Зейіннің мұндай концентрациясы Монтессоридің ойынша балада үлкен өзгерістердің бастамасын, яғни мінез-құлықтың қалпына келуін білдіреді. Демек, балада біртіндеп шоғырлана алу дағдысы, өз бетімен жұмыс атқару, басқа балаларға достық таныту, тәртіптік, көмекке дайындық дамиды деген сөз. [pic] Балалар іс-әрекетіндегі қабылдау мүшелерін дамыту Бала “өзінің қолдарымен” заттарды тануға үйренеді. Мысалыға, оларға сырты тегіс емес немесе бұдыр-бұдыр нәрселермен қапталған заттарды тану жатады. Балалар үш түрлі ереже арқылы қолмен қандай заттарды сезінгенін түсіну қажет: ← Тақтайшаның үстін сипап отырып, балалар мұғалімге сол затты атау керек; ← Мұғалімнің басшылығымен тақтайшалардың үстіндегі әр түрлі бейнелерді тауып көрсету; ← Оқытушының негізгі сұрағы бойынша балалар тақтайшалардың үстін анықтау керек. ❖ Әр түрлі түстерді ажыратуға үйрету үшін түрлі түсті жіптер оралған катушка пайдаланылған. Ең алдымен балаларға қарама-қарсы түстерді таңдатады. Сонымен бірге осы жіптерді жақсылап қарайды, ұстап түстерін ажыратады. Кейін балаларды бірдей түсті жіптермен таныстырады. Мысалы, екі катушка қызыл жіппен, тағы екеуін көк және бір сары түсті бар катушкалар таңдалады. Ең алдымен балаларға түсті атап көрсетеді, кейіннен түстері бірдей катушкаларды көрсетеді. Бекітуден кейін осы бес катушкаларды араластырады да оқытушының сұрауымен атап отырады. Қызықты құбылыс, түстерді тануды оқытудан кейін оларды жекелей жұмыс істеуі үшін жалғыз қалдырады. Көп жылдық тәжірибеден кейін М.Монтессори балаларға катушкамен жұмыс істеген ұнағанын байқайды. Соған байланысты сегіз түрлі түсті катушкаларды екі данадан жасады. ❖ Балалардың жылу мен суықты түйсіну үшін олардың саусақтарын ыдыстағы әр түрлі температурадағы суға салады. ❖ Ауырлылықты түйсіну үшін бірдей өлшемді, бірақ әр түрлі тақтайшаларды пайдаланған. Ұлдар мен қыздар тақтайшаларды қолына алып тұрып, ауырлылықты сезінумен қатар қандай ағаштан жасалғанын атауы қажет. Естуін дамыту үшін “үндемес” ойынын қолданады. Бұл баланың зейінін де дамытады. Терезедегі перделер жабылады. Балалар көзін жұмып бастарын қолына қояды. Осы уақытта оқытушы алыстағы бұрышқа тұрып, сыбырлап қана балалардың есімдерін атайды. Өз есімдерін естіген балалар мұғалімге қарай барлығынан бұрын жетуі тиіс. естімей қалған балаларға қаттырақ тағы бір қайталап айтылуы керек. Осы ойын арқылы М.Монтессоридің бақылауы бойынша оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынас арта түседі. М.Монтессори жасаған жүйе бойынша балаларды оқуға және жазуға үйрету Монтессори мектебінде оқу мен жазу жазуды үйретуге аса көп көңіл бөлген. Оның ойынша, баланы ерте жастан оқып және жазу жазуды үйретудің қажеті жоқ. Ең қолайлы уақыт 6 жас деп есептеген. Бірақ кей жағдайда Монтессори, бұл ережені бұзып, балаға 4 жастан әріп танытып, 5 жастан оқытуды үйреткен. Монтессори балалардың сыртынан бақылап, жазудағы ең қиын элемент ол таяқша салу деп есептеген. Сондықтан бұны, бала өзі дайын болмағанша үйретудің қажжеті жоқ деп есептеген. Дайындық кезеңі. Бұл кезеңде балаларға әріп үйретіледі. Бұл үшін тегіс қолданылады, үстіне тегіс емес әріптің графикалық түріне келтірілген қағаз қойылады. Қағаз бетін сипап, бала әріптің графикалық түрін елестетеді. Егер бала қай әріп екекнін айта алмаса, онда бала саусақтарымен сипап әріптерді таниды. Әріптерді үйретудің үш тәсілін қолдануға болады: • Әріптерді таныстыру, мұғалімнің көмегімен бала әріптерді саусақтарымен сипап жүргізеді. • Мұғалім балаға әріп бейнеленген әріп көрсетіледі. Егер бала қателессе, онда баламен жұмыс тоқтатылады. Себебі, бала қабылдауға әлі дайын емес. • Мұғалім алфавит ішінен әріп таңдайды, ал бала оны тануы қажет. М.Монтессори болашақта баланың жазуын дамыту үшін, баланың қолына бор берген. Бормен жұмыс балаларға жағымды әсер ететін. Алдымен бір бала, артынан барлық балалар әріп жазуды үйреніп, олардың қызығушылығына айналған. Қорыта айтқанда, өз беттілік пен тәуелсіздік балаға еркіндік береді. Монтессоридің балабақшасында ойыншықтар ең басты емес. Олардың орнын кубиктер, пластинкалар, моншақтар, жіптер сияқты әр түрлі нәрселер ауыстырады. Бұндағы ең басты міндет – қол моторикасын, тактильді есте сақтау іскерліктерін оқыту. Мектепке дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті ойын емес, “еркін жұмыс”, заттармен өзбетімен жұмыс істеу болып табылады. Педагог әлсіз енді ғана өмір жолына тұрып келе жатқан балаларға өз беттілікке, өзіндік жауапкершілікке тәрбиелеуі тиіс. Соған сәйкес, бала өзін-өзі дамытады. Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған тренингтер Үрейді жеңуге байланысты тренингтер Мақсаты: үрей сезімімен танысып, үрей кейіпінің мимика және пантомимика арқылы бейнелеу және үрейді жеңу. №1. "Сәлем, қоян!". Жүргізуші: " Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін бізге қонаққа жаңа кейіпкеріміз келді, бірақ ол қорқақ екен. Қорыққаны соншалқты тіпті тығылып қалды. Қазір мен, сендерге сол кейіпкердің түрін келтіремін сендер табуларың керек, жарай ма?" Жүргізуші қоянның түрін келтіреді. Балалар кейіпкерді таниды, ал жүргізуші, қоянның қалай секіретінін, қалай сәбізді жейтінін, қалай қорқатынын (құйрықтары мен алдыңғы аяқтарын дірілдетіп) балаларға келтіруін сұрайды. №2. "Қорқақ қоян". Жүргізуші сұрайды: "Қоян неден қорқады ?" Бір күні қоян алғаш рет қарды көргенде, оны ұстағысы келіп кетеді, бірақ ол одан қорықты. Қорқақ қарды қалай ұстап көреді? Балалар ақырын ғана "қарды" (ақ қағаздан жасалған ұсақтатылған қағаздарды) ұстап көреді: қолдарын созып, қайта тартып алады. №3. "Өжет қоян". Қоян қорқудан шаршап кетті. Алға бір қадам аттап "Қасқырдан қорықпаймын! Түлкіден қорықпаймын (тағы бір адам)! Қардан да қорықпаймын!" №4. "Мейірімді мысық, ызалы мысық". Енді мен қолыма сиқырлы қоңырауды аламын. Ол сыңғырлаған кезде, біз мысыққа айналып кетеміз. Қол-аяғымызбен жерге тұрып, мысықты келтіреміз. Ең алдымен мейірімді мысықты, содан кейін ызалы мысықты келтіреміз. Жаттығуды бірнеше рез қайталауға болады. №5. "Үрей туралы ертегі". Қағаз бен қарындашты дайындаймыз. Жүргізуші ертегіні баяндайды: " Ерте, ерте, ертеде – үрей өмір сүріпті. Барлығы одан қорқып, ешкім онымен ойнағысы келмепті. Іші пысып, жалғыз қалған үрей , достарды іздеуге аттанады. Бірақ, ешкімді кездестірмейді. Өйткені, барлығы одан қорқатын. Ал енді үрейді салып көрейік. Ол қандай? Балалар үрейдің суретін салып, бір-біріне көрсетеді. Жүргізуші ары қарай жалғастырады: үрей, барлығын қорқытудан жалығып кетіпті де, күлкілі, қуанышты болып кетіпті. Сонда үрей не істеді? Балалар өз жауап нұсқаларын айтады. |1 |[pic] |«Түрпіленге|Ойын қораптан|2 |Мақсаты: қолымен| | | |н қосарлы |және 10 |жастан|ұстап | | | |бейнелер» |түрпіленген |– 5 |көрсетілген | | | | |бейнелері бар|жасқа |суретті, түсін | | | | |карточкадан |дейін |атап, оның | | | | |тұрады.Олар | |екінші жұп | | | | |қосарланған | |суретін табу. | | | | |бірдей | |Ойынның қызметі | | | | |түстен, әр | |әр түрлі. | | | | |түрлі | | | | | | |құрылымнан, | | | | | | |бірақ қалпы | | | | | | |ұқсас болып | | | | | | |келеді. | | | | | | |Карточкаларды| | | | | | |ң өлшемі | | | | | | |12смx12см | | | |2 |[pic] |Түрпіленген|Ойын 33 |3 |Нақты мақсаты: | | | |алфавит |түрпіленген |жастан|· Әріптер| | | | |әріптен |– 7 |ді атап | | | | |тұратын, |жасқа |қызығушылығын | | | | |ағаштан |дейін |дамыту. | | | | |жасалған | |· | | | | |карточкаларды| |Оқытуға үйрету. | | | | |құрайды. | |· | | | | |Әріптер ашық | |Сөйлеуді дамыту.| | | | |көк түсті | |Жанама мақсаты: | | | | |және қызыл | |· ұсақ | | | | |түстермен | |моториканы | | | | |боялған. Ашық| |дамыту. | | | | |көк түсті | | | | | | |әріптер | | | | | | |дауыссыз | | | | | | |дыбыстарды, | | | | | | |ал қызыл | | | | | | |түсті әріптер| | | | | | |дауысты | | | | | | |дыбыстарды | | | | | | |білдіреді.Аға| | | | | | |ш | | | | | | |карточкаларды| | | | | | |ң өлшемі | | | | | | |9смx9см. | | | | | | | | | | |3 |[pic] |Бүлдіршін |Ойын үш |1,5 |Мақсаты: кітапта| | | |– кітап |нұсқалы |жастан|салынған | | | | |ағаштан |– 3 |бейнелерді | | | | |жасалған |жасқа |қарап, оларды | | | | |кітапшалардан|дейін |бір сөзбен айту.| | | | |тұрады: | |Бейнелер бойынша| | | | |«ойыншықтар»,| |шағын әңгіме | | | | |«жеміс пен | |құрау. | | | | |көкөністер», | | | | | | |«аңдар». Ағаш| | | | | | |тақташалары | | | | | | |баумен | | | | | | |бекітілген. | | | | | | |Көлемі | | | | | | |12смx12см. | | | | |[pic] |Математикал|Көлемі |4 |Мақсаты: онға | | | |ық қорапша |15смx15смx10с|жастан|дейінгі сандарды| | 4| | |м, ағаш |– 7 |үйрету. Яғни, | | | | |қорапшадан |жасқа |шариктерді | | | | |тұрады. |дейін |қорапшаның | | | | |Қорапша екі | |қақпағына қойып | | | | |бөлімге | |лезде тартып | | | | |бөлінген(қызы| |ашып қалу керек.| | | | |л және көк) | |Шариктер екі | | | | |және 10 ағаш | |нұсқаға бөлініп | | | | |шариктерден, | |шашылады(мысалы:| | | | |жылжытып | |2және8),соны | | | | |ашатын | |санап бірнеше | | | | |қақпағынан | |рет қайталау | | | | |тұрады. | |керек. | | | | |Қақпағы тез | | | | | | |ашылу үшін | | | | | | |тұтқасы да | | | | | | |бар. | | | |5 |[pic] |«Неден |Түрлі бояумен|3 |Мақсаты: | | | |құралған?» |боялған ағаш |жастан|логикалық | | | | |тақтайшалар |– 7 |ойлауын дамыту, | | | | |ойыны. Олар |жасқа |сарғыш түстермен| | | | |көк түсті |дейін |танысу, көру | | | | |және төртке | |жеделдігін | | | | |бөлінген. | |дамыту | | | | |Тақтайшада | | | | | | |сурет бақаның| | | | | | |кішкенесінен | | | | | | |ересегіне | | | | | | |дейін | | | | | | |бейнеленген. | | | | | | |Соларды | | | | | | |құрастыру | | | | | | |қажет. | | | Бекітуге арналған сұрақтар: 1. М.Монтессори идеясы бойынша психикалық дамуында ауытқушылығы бар балалардың даму жүйесінің негізі неде? 2. Монтессоридің әдістемесін қазіргі кездегі балалардың қабылдауы мен сезгіштігін дамытуға қолдануға бола ма? 3. Монтессори балалардың еркіндік пен тәуелсіз болуды дамытуға қандай тәсілдер қолданылады? 4. М.Монтессори бөлген жас ерекшеліктер неше кезеңнен тұрады? 5. М.Монтессоридің еңбектері қалай аталады? 6. Түйсікті дамытуда балалардың іс-әрекеті қалай сипатталады? Дәріс 4. Бастауыш мектептегі педагогикалық коррекция 1. Балалардың мектепке даярлығы 2. Педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балалар 3. Бастауыш сынып оқушыларында қорқыныш пен үрейдің көрініс беруі 4. Оқушылардың педагогикалық тәрбиеден босаңсуының алдын алу 5. Коррекциялық бағдарлама үлгісі 6. Бастауыш сынып оқушыларына арналған ойындар Балалардың мектепке даярлығы Бала мектепке келгенде физиологиялық және әлеуметтік жағынан жетілген, ақыл-ой және эмоционалдық-еріктік дамуы белгілі бір дәрежеге жеткен болуы керек. Оқу іс-әрекеті қоршаған орта туралы белгілі бір білімнің болуын, қарапайым түсініктердің қалыптасқандығын талап етеді. Балада ойлау операциялары болуы керек, қоршаған орта заттары мен құбылыстарын жалпылай және жекелей білуі керек, өз іс-әрекетін жоспарлап, өзін-өзі басқара білуі керек. Баланың оқуға деген жағымды қатынасы, мінез-құлқын өзі реттеуі және берілген тапсырманы шешуде ерік күшін көрсете білу қабілеті маңызды болып келеді. Сонымен қатар вербальды қарым-қатынас жасау іскерлігі, қол моторикаларының дамуы да маңызды болып келеді. Сондықтан «баланың мектепке даярлығы» деген түсінік – кешенді, кең ауқымды және бала өмірінің барлық сферасын қамтиды. Баланың оқуға даярлығының мәнін, құрылымын және компоненттерін түсінуге байланысты оның негізгі критерилері мен параметрлері анықталады. Бірақ мектепке келген балалардың әрқайсысының қабілеттері мен даму деңгейлері әр түрлі, бұл дегеніміз мектепте оқуға дайын балалармен қатар мектепте оқуға әлі де дайын емес балалар да келеді. Олар өз іс-әрекеттерін жоспарлай және бақылай алмайды, оқу мотивациясы төмен, басқа адамды тыңдай алмайды және ұғым формасындағы логикалық операцияларды орындай алмайды. Көп жағдайларда мұндай мектепке дайын болмау педагогикалық босаңсуға әкеліп соғады да, мұғалімдерге олармен жұмыс істеу қиынға соғады. Мектеп табалдырығын аттау – бала өміріндегі дағдарысты кезең. Оқушының басты ерекшелігі оның оқуы - міндетті және қоғамдық маңызы бар іс-әрекет. Оқушының өмірі қатаң, әрі барлық оқушылар үшін бірдей ережелер жүйесіне бағынышты. Оның негізгі құрылымы білімді игеру болып табылады. Жаңа қарым- қатынас типі, яғни оқушы мен оқытушы арасындағы қарым-қатынас жүйесі қалыптасады. Баланың сабақ барысында алған бағасы мұғалімнің оқушыға деген тұлғалық қатынасы емес, оның білімінің объективті өлшемі болып табылады. Сыныптағы балалардың қарым-қатынасы ойын барысында қалыптасатын қарым- қатынастан өзгеше болады. Мұғалімнің қойған бағасы мен оқудағы жетістіктерді негізгі өлшем ретінде қабылдайды. Сонымен қоса, міндетті іс- әрекетке бірлесіп қатысу жалпы жауапкершілікке негізделген қарым-қатынас типін туғызады. Бірінші сынып оқушыларының қол моторикасын дамыту үшін «көркем жазу» дәптері пайдаланылады. Бала әріптерді жазуды үйренбестен бұрын әр түрлі өрнек сызықтарды жазып үйренеді. Мысалы өрнек жазулар мынадай формада болуы мүмкін: [pic] [pic] Балалардың мектепте алатын білімі ғылыми сипатта болады. Егер бұрындары бастауыш сыныптағы оқыту - ғылымдарды жүйелік меңгеруге дайындық сатысы ретінде болса, қазір бірінші сыныптан бастап ғылымды меңгерудің негізі болып саналады. Балалардың оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ. Сабақ барысында барлық оқушылар басқа іспен айналыспай, мұғалімнің айтқанын орындауы керек. Бұл талаптар тұлғаның жан-жақты дамуына, психикалық қасиеттеріне, білімдері мен іскерліктеріне қатысты. Оқулары жемісті болу үшін балаларда ең бастысы танымдық қызығушылық болуы керек. Баланың мектепке психологиялық даярлығын тексеруде баланың ерік сапаларының даму деңгейіне басты назар аударылады. Алты-жеті жасар балалар өз мінез-құлықтарын басқара алып, мектеп пен мұғалім қойған талаптар жүйесін қабылдауы керек. Сонымен қатар баланың ақыл-ой даму деңгейін тексеру де маңызды болып келеді. Балада қоршаған дүние туралы белгілі бір білім қоры болуы тиіс: заттар мен олардың қасиеттер, тірі және өлі табиғат құбылыстары, адамдар және олардың еңбегі мен басқа да қоғамдық өмір туралы. Мектепке даярлықта баланың тұлғалық қасиеттері де ерекше орын алады, яғни баланың сынып ұжымына еніп, өз орнын табуы, бірлескен іс-әрекетке қосылуы. Педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балалар Бастауыш сыныпта педагогикалық тәрбиеден босаңсуға мектептік факторлар өз әсерін тигізеді: талаптардың қатаңдығы, оқу тапсырмаларының көп берілуі, оқу нәтижесін төмен бағалау. Бұдан келіп дидактикалық босаңсу туындайды. Педагогикалық тәрбиеден босаңсыған бала тұлғасына мынадай сипаттама беруге болады: қарым-қатынас, іс-әрекет және өзіндік сана субъектісі ретінде толық дамымау және қоршағандармен өзара әрекеттестікте адекватты емес белсенділік таныту. Бастауыш сыныптағы педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балалардың өзіндік бағалауы әдетте адекватты емес болып келеді – тым жоғары, немесе тым төмен. Олар әлеуметтік бейімделуінің нашарлығымен, тым өкпешілдігімен, сенімсіздігімен, тұлға аралық қарым-қатынастағы әлсіз интуициямен ерекшеленеді және олардың мінез-құлқында жағымсыздық, қырсықтық, эгоцентризм жиі көрініс береді. Педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балалар сәтсіздіктерге тез жауап қайтарады, өздеріне сенімсіз, көңіл-күйлері тұрақсыз, жаңа жағдайларға бейімделулері күрделі. Ересектермен қарым-қатынас барысында мұндай балалар қорқытуға сезімтал, ұялшақ, жасқаншақ келеді. Педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балалар өз жағдайларын агрессивтілік арқылы түзетуге тырысады, өзіне назар аударту мақсатында қауіпті әрекеттер де жасауы мүмкін. Бастауыш сыныптағы педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балалар қоршағандардың қарым-қатынасына сезімтал болады, өздеріне деген ересектердің қарым-қатынасын олар ең алдымен мұғалімнің бағалаушы әрекетімен («жаман оқушы», «үлгерімі төмен», «қабілетсіз», «нашар оқиды») байланыстырады. Әдетте балалар жаңа іс- әрекетін, яғни оқуларын ересектердің жағымды бағалауына («жарайсың», «ақылды») бағдарланады. Педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балалар өздерін ақылсыз, нашар оқушы, қоршағандарға жағымсыз, сүйкімсіз сезінеді. Бұл сезімдер баландағы үрейді күшейтеді, оларды әлеуметтік жасқаншақ етеді және жетістікке деген ұмтылысын төмендетеді. Мектептік үрей барлық бастауыш сынып оқушыларына тән болғанымен, ол әркімде әртүрлі көрініс беруі мүмкін. Бастауыш сынып оқушыларында мектептік дезадаптацияның көрініс беруі Кесте №1 |Дезадаптациялар формасы |Себептері |Коррекциялық іс-шаралар | |Оқу іс-әрекетінің пәндік |Балада интеллектуалдық |Балалармен арнайы | |жағына бейімделмеушілік |және психомоторлық дамудың|әңгімелесу әдісін | | |жетіспеуі, ата-аналар мен |жүргізіп, оқу | | |ұстаздар тұрғысынан |дағдыларының бұзылу | | |көмектің болмауы |себептерін анықтап, | | | |ата-аналарға нұсқаулар | | | |беру | |өз мінез-құлқын басқаруға |Отбаснда тәрбиенің дұрыс |Отбасымен жұмыс; | |қабілетсіздік |болмауы (сыртқы |мұғалімнің дұрыс емес | | |нормалардың, шектеудің |іс-әрекеттің алдын алу | | |болмауы) |мақсатындағы өз | | | |мінез-құлқын талдауы | |Мектептік өмір темпін |Отбасында тәрбиенің дұрыс |Отбасымен жұмыс, балаға | |қабылдауға қабілетсіздік |болмауы немесе балалардың |оптималды қысым режимін | |(соматикалық әлсіз, |жеке бас ерекшеліктеріне |анықтау | |дамуында кешеуілдеуі бар, |ересектердің көңіл бөлмеуі| | |жүйке жүйесінің типі әлсіз | | | |балаларда жиі кездеседі) | | | |Мектептік невроз немесе |Бала отбасылық қоғамның |Мектеп психологына | |«мектеп фобиясы», мектептік|шекарасынан шыға алмайды –|жүгіну – отбасылық | |және отбасылық «біздің» |отбасы оны босатпайды ( |терапия немесе балаларға| |арасындағы |бұл әсіресе ата-аналары |арналған топтық | |қарама-қайшылықты шеше |бейсаналық түрде өз |жұмыстарды ата-аналарға | |алмау |мәселелерін шешуде |арналған топтық | | |балаларын пайдаланатын |жұмыстармен біріктіру | | |отбасыларда кездеседі) | | Психологиялық-педагогикалық алдын алу – бала дамуындағы қандай да бір кемшіліктерді тудыратын сыртқы себептер, факторлар мен шарттарды жоюмен байланысты алдын алу шараларының жүйесі. Психологиялық-педагогикалық коррекция – бұл педагогикалық тәрбиеден босаңсыған бала тұлғасына оны қарым-қатынас, іс-әрекет және өзіндік сана субъектісі ретінде қалпына келтіру мақсатында жүргізілетін психологиялық- педагогикалық әсер ету тәсілдерінің жиынтығы. Бала мектеп табалдырығын аттаған кезден бастап мектепке бейімделуіне кешенді көмек көрсетілсе баланың педагогикалық тәрбиеден босаңсуының алдын алуға болады деген тұжырымдар да аз емес. Бірінші сынып оқушыларының мектепке тез бейімделіп кетуіне мына ойын септігін тигізеді: «Танысу» Мақсат: Балаларды бір-бірімен таныстыру. «Мен» деген белгімен таныстыру және практикада қолдану. Материалдар: Қоңырау, карточкалар, қарындаштар, «Мен» белгісі. - Сәлеметсіңдер ме балалар! Менің ата-жөнім ...Бүгін біз бірінші рет кездестік және де ешкім бір-бірін танымайды. Енді бізге не «істеу керек? - Дұрыс. Бізге танысу керек. Мен 1-2-3 сандардан кейін әркім өз атын айтады, ал егер мен «тыныш» деген сөзді айтсам бәріміз ауыздарымызды алақанмен жауып қоямыз. - Сендерге барлық аттар естілді ме? Неліктен? (барлығы шулады) - Ал енді бізге не істеу керек? Біз қалай танысамыз? (бір-бірден) - Барлық балалар өз атарын бір-бірден айтады. Кім бастайды? Сендер қазір үндемей кім бірінші болады таңдап аласыз. (Пантомима.) (мұғалім балалардың артынан жүріп, ақырындап бір баланы көрсетеді. Бұл баланың атын кім есте сақтады, сол қолды көтеріп айтады және де сол жақта және оң жақта тұрған көршелердің аттарын айтады.. Барлық балалар хормен қайталайды.) Педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балаларға алдын алу және коррекциялық жұмыстар жүргізудің жалпы принциптері: - диагностикаға, алдын алу жұмыстарына және коррекцияға кешенді және жүйелі көзқарас; - баланың тұлғалық, жас ерекшеліктерін және оның дамуының педагогикалық жағдайдағы спецификасын есепке алу; - кәсіби компетенттілік және қызметтерді бөлу; - бала тұлғасындағы жағымды қасиеттерге сүйеніп, оны дамытудың гормонизациясына бағыт-бағдар; - педагогикалық және психологиялық әдістердің бірізділігі және бірін бірі толықтырып тұруы; - дифференциалданған бағыт. Тәрбиеден босаңсудың алдын алу білім беру процесінің сапасымен тығыз байланысты болғандықтан, жалпы педагогикалық сипатта болады. Баланың жасына байланысты алдын алу әдістері мынадай топтарға бөлінеді: 1. оқу-танымдық ойын іс-әрекеті мотивациясы мен қалыптасуына байланысты: - ойынның таным сипаты; - эмоционалдық қайғыру жағдайын тудыру; - шұғылданушылық; - өмірлік тәжірибеге сүйену; - оқу-танымдық іс-әрекеттегі жетістік жағдайлары. 2. балаларды тәрбиелеу ұжымының өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыруға байланысты: - тұлғалық және топтық перспектива жағдайын тудыру; - ұжымдық ойындар; - ұжымдық бірдей талаптар қою; - ұжымдық сайыстар; - ұжымдық өз-өзіне қызмет көрсету. 3. әр түрлі жағдайлардағы қарым-қатынас және өзара әрекетке байланысты: - сынау; - педагогикалық талап қоюшылық; - педагогикалық алдын алу; - қайғыға ортақтасу; - сендіру; - сыйлау; - тартысты жағдайларды шешу; - әрекетті талдау; - түсіністік; - сенім. 4. психологиялық –педагогикалық әсер етуге және балада белсенділікті қалыптастыруға байланысты: - қуанышты күту; - сүйіспеншілікке, аяушылыққа, ар-ұятқа, әдемілік сезіміне бетбұрыс; - өзін жақсы көруге, өзін сыйлауға бетбұрыс; - үлгі, түсіндіру; - сендіру; - талап қою; - қысымды басу. Бастауыш сынып оқушыларындағы педагогикалық тәрбиеден босаңсуды психологиялық-педагогикалық коррекциялау жүйесі Кесте №2 |Тұлға |Коррекциялау пәні |Педагогикалық |Психологиялық әдістер | |структурасы | |тәсілдер | | |1 |2 |3 |4 | |Тұлғаның |Даму дисгормониясы. |Түсіну, аяушылық |Қимыл-әрекет сферасының | |жекелей-типологи|Жүйке жүйесінің |білдіру және қысымды |ырықтылығын дамыту. | |ялық |тұрақсыздылығы және |басу. Оқыту-тәрбиелеу|Танымдық сферадағы | |ерекшеліктері |ригидтілігі. |процесінің |ырықтылықты дамыту. | | |Құрдастарымен |рационализациясы. |Эмоционалдық | | |салыстырғанда |Балалардың мәдени-оқу|сферасындағы ырықтылықты| | |психикалық |мүмкіндіктерін |дамыту. | | |процестерінің толық |қалыпқа келтіру. |Қарым-қатынастағы және | | |дамымауы |Тұлғалық перспектива.|мінез-құлықтағы | | | | |ырықтылықты дамыту. | | | | |Когнитивтік жаттығулар. | | | | |Жүйелік | | | | |десинсибилизация. | | | | |өнерлік тәсілдермен | | | | |терапиялық жұмыстар. | |Қарым-қатынас |Жоғары үрей. Әлсіз |Бала тұлғасына |Мінез-құлықты топта ойын| |субъектісінің |әлеуметтік рефлексия.|сеніммен қарау. |арқылы коррекциялау. | |қасиеттері |Қарым-қатынас |Шынайылыққа сәйкес |Жағымды қарым-қатынасты | | |қиындықтары. |мінез-құлық |дамыту. Рольдік үйрету. | | |Адекватты емес |мотивтерін |Коммуникативтік ойындар | | |мінез-құлық. Төмен |қалыптастыру. |мен | | |әлеуметтік мәртебе. |Тартысты жағдайларға |жаттығулар.Балалардың | | | |талдау. Балаларға |мәртебелік ауысуы. | | | |қатысты педагогтың | | | | |үлгісі. Баланың | | | | |құрдастарымен | | | | |қарым-қатынасына | | | | |педагог тұлғасының | | | | |жағымды иррадиациясы.| | |Іс-әрекет |Оқу мотивтерінің |Іс-әрекеттегі бала |Мұғалімнің маңыздылығын | |субъектісінің |дисгормониясы. |жетістігінің |басу. Оқушының ішкі | |қасиеттері |Мектептік үрей. Төмен|акцептуациясы. |көзқарастарымен | | |оқу-танымдық |Нәтижелерін парциалды|байланысты қажеттіліктер| | |белсенділік. Негізгі |бағалау. Оқытуда |күшін басу. Бағалауға | | |оқу іскерлігінің |көрнекілікке сүйену. |деген десенсибилизация. | | |қалыптаспауы. Нашар |Оқыту жағдайларын |Оқу жетістіктерін өзі | | |үлгерім. |жаңашылдық, |адекватты бағалауын | | | |шұғылданушылық, |қалыптастыру. | | | |балалардың өмірлік | | | | |тәжірибесіне сүйену | | | | |элементтерін | | | | |пайдалана отырып | | | | |тудыру. Ақыл-ой | | | | |ірекеттерін кезеңдеп | | | | |қалыптастыру. Қиын | | | | |тақырыптар бойынша | | | | |алдын ала кеңес беру.| | | | |Оқуда жеңілдік жасау.| | |Өзіндік сана |«Мен» бейнесінің |Баланы ешбір шартсыз |Психологиялық массаж. | |субъектісінің |бұзылуы. Адекватты |қабылдау. Жағымсыз |Идентификация. Баланың | |қасиеттері |емес өзіндік бағалау.|мінез-құлқын жою. |әмбебаптығын мақұлдау. | | |Мойындауға |Баланы эмоционалды |Басқылырды жағымды | | |қанағаттанбаушылық. |«сипау». Ертеңгі |қабылдауын дамыту. | | |Өзін кем сезіну |қуанышты күту. |Өзін-өзі сендіру («мен | | |комплексі. | |қалаймын», «мен істей | | | | |аламын», «мен істеймін»)| Барлық бастауыш сынып оқушылары бағаға сезімтал болып келеді. Төмен бағалау баланың мұғалімге деген қатынасын өзгертуі мүмкін. Мұғалім оқушы үшін баға ең алдымен эмоционалды маңызды екенін естен шығармауы керек. Жағымсыз эмоциялар оқуға деген қызығушылықты қалыптастырмай, керісінше, оларды тежейді. Оқушы-оқытушы қарым-қатынасында отбасындағы қарым- қатынастағы сияқты ересек адамда баланың көзқарасын өзгертуге деген қызығушылық байқалуы тиіс. Бастауыш сынып оқушыларында қорқыныш пен үрейдің көрініс беруі. Баланың мектеп табалдырығын аттауы тұлғалық жаңашылдықтың – оқушының ішкі көзқарастың пайда болуымен байланысты. Ішкі көзқарас – бұл баланың оқуға бағыттылығын, оның мектепке деген жағымды эмоционалдық қатынасын, жақсы оқушы үлгісіне сай болуға талпынысын қамтамсыз ететін мотивациялық орталық. Баланың оқушы ретіндегі ішікі позициясын бейнелейтін қажеттіліктері қанағаттандырылмаған жағдайда ол эмоционалды жағымсыз қайғыруларды бастан кешіруі мүмкін: үнемі мектептегі сәтсіздіктерді тосу, педагогтар мен сыныптастарының оған деген жағымсыз қарым-қатынасы, мектептен қорқу, барғысы келмеу. Қорқыныш – адам санасында белгілі бір төнген қауіптің бейнеленуі; ал үрей – төніп тұрған қауіпті эмоционалды сезіну. Қорқыныштан үрейдің айырмашылығы – ол әрқашан тек жағымсыз емес, кейде қуанышты толқу түрінде де болуы мүмкін. Балада тұлғасының психикалық структурасына, өмірлік тәжірибесіне, ата-анасымен және құрдастарымен қарым-қатынасына байланысты үрей де, қорқыныш та болуы мүмкін. Қорқыныш та, үрей де алаңдаушылық сезімінен бастау алады. Оны баланың сұрақ қойған кезде қобалжып, жауап таба алмауынан, сөйлегенде дауысы дірілдегеннен немесе мүлде үндемеген жағдайларда көруге болады. Сұраққа жауап беріп тұрған оқушы көп артық қимылдар жасайды немесе мүлде қозғалмайды. Мұндай белгілер ағзаның психофизиологиялық қызметіне артық күш түскендігін көрсетеді. Қорқыныш жас ерекшелігіне байланысты және невротикалық болады. Жас ерекшелігіне байланысты қорқыныштар эмоционалды сезімтал балаларда олардың психикалық және тұлғалық дамуының ерекшелігі ретінде көрініс береді. Олардың пайда болуына мынадай факторлар әсер етеді: ата-анасында қорқыныштың болуы; баламен қарым-қатынастағы үрей, баланы қауіптен қорғау мақсатындағы шамадан тыс қамқорлық және құрдастарымен қарым-қатынастан оқшаулау; ата-анасы тарапынан тым көп тыйым салу; отбасындағы ересектер тарапынан қоқан лоқы; ата-анасының арасындағы тартысты қарым-қатынастың болуы; шошыну түріндегі психикалық жарақаттар: құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынас барысында қорқынышты психологиялық «жұқтыру». Невротикалық қорқыныштар жоғары эмоционалдық интенсивтілікпен, ұзақ уақыттылықпен немесе тұрақтылықпен, мінездің және тұлғаның қалыптасуына жағымсыз әсер етумен, т.б сипатталады. Невротикалық қорқыныштар ұзақ уақыт жалғасқан және шешімі жоқ қайғырулардың салдары болуы мүмкін. Бұндай қорқыныш түрі ата-анасымен қарым- қатынасында эмоционалдық қиындықтары бар, сезімтал балаларда кездеседі. Бұл балалар ересектерге қауіпсіздік, үлгі, сүйіспеншіліктің қайнар көзі ретінде сенім арта алмайды. Әр түрлі себептерге байланысты оқу тапсырмаларын орындауға шамасы келмейтін бірінші сынып оқушылары уақыт өткен сайын үлгермеушілер қатарына жатқызылып, невроздар, мектептен қорқу пайда болады. Мектепке дейін ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынаста тәжірибе жинақтамаған балалар өздеріне сенімсіз, мектеп ұжымына бейімделулері күрделі болады. Олар қателесуден, ағаттық қылық жасаудан және мазаққа қалудан қорқады. Мектептен қорқу сезімін құрдастарымен арадағы тартысыты жағдай, олардың тарапынан физикалық агрессияның болуы тудыруы мүмкін. Бұл белгілер социомәдени және педагогикалық тәрбиеден босаңсыған эмоционалды сезімтал балаларға тән. Мұндай қорқыныштардың сипаты жасы өскен сайын өзгеріп отырады, кейде тіпті жоғалып кетеді. Бастауыш сынып оқушыларының қорқыныштарын аяқталмаған сөйлемдер мен бала суреттерін зерттеу әдістерімен анықтауға болады. Аяқталмаған сөйлемдер әдісі оқушы қарым-қатынасының және іс-әрекетінің әртүрлі аймағындағы қорқыныштарды зерттеу үшін колданылады: Мен мектеп туралы ойласам... Мен мектепке келе жатқанда... Қоңырау соғылған сәтте... Мен мұғалімді көрсем... Бізде бақылау болғанда... Сабақ аяқталғанда... Тақтада жауап бергенде мен... Мен екі алғанда... Мұғалім сұрақ қойғанда, мен... Берілген сөйлемдердің аяқталуында баланың, мұғалім білуге тиісті өте маңызды эмоционалдық көңіл-күйі көрініс береді. Суреттерді зерттеу баланың қызығушылықтарын, әуестіктерін, темпераменттерінің ерекшеліктерін, көңіл-күйін және ішкі әлемін жақсы тусінуге мүмкіндік береді. Мысалы, суреттегі сұр түстердің көптігі және қара түстің басымдығы өмірге құштарлықтың жоқтығын, көңіл-күйдің төмендігін, баланың өзінің шамасы келмейтін қорқыныштардың көптігін білдіреді. Керісінше, ашық, қанық, көзге жағымды түстер белсенді өмір тонусын және оптимизмді көрсетеді. Бояумен салғандағы көлемділік, алғашқы сюжетті өзгертетін алдын-ала және соңынан кескіндеуі жоқ сурет сенімділікті және нық шешімділікті білдіреді. Жоғары қозушылық және әсіресе шектен тыс белсенділік суреттің тұрақсыздығынан, көмескілігінен немесе сызықтардың нақты, бірақ бір-бірімен қиылысып жатқандығынан байқалады. Тежелуі және мазасыздығы бар балалар суретті аз салады, оған қарағанда басқа іс-әрекет түрлерін қалайды. Әрбір сабаққа тақырыбы кезекпен ұсынылатын топта сурет салу ерекше бағалы: "Мектепте", "Аулада, көшеде", "Отбасы", "Маған түсіме қорқынышты не кіреді немесе мен күндіз неден қорқамын?", "Менде қандай жақсылық немесе жамандық болды?", "Менің кім болғым келеді?". Сурет сала бастағанда түрлі-түсті қарындаштармен салған дұрыс. Сурет салардан бір ай бұрын балаларға үйде сурет салуға тапсырма беруге болады, ол кейіннен үйде белсенді сурет салуға қызығушылықты тудыру үшін қажет. Оның болмауы психикалық дамуды жүдетеді және қандайда бір қиыншылықтың барлығын білдіреді. Алғашқы екі сабақта балалар суреттің тақырыбын өздері таңдайды. Ол үй, көлік, ағаш, қонжык, ит, кұс, адам және т.б. болуы мүмкін. Балалар үстел басында кіммен отыратындарын өздері тандайды, бұл олардың симпатиясын және антипатиясын көрсетеді. Дайындалу сабақтарынан кейін тақырыптық сурет салу сабақтарына көшуге болады. Бір немесе екі тақырыпқа арналған 30 минуттан аспайтын сабақтар аптасына 2 рет жүргізіледі. Егер балалардың біреуі сурет салудан бас тартса, оған көп мән беруге, басқалардың жетістігін де баса айтуға болмайды. Мұндай сабақтарды оқудан тыс уақытта жүргізген жөн. Тақырыбы "Мектепте" деп аталатын суреттерде сурет авторы мен құрбыларының бейнелерінің өзара орналасуының маңызы бар. Истерикалық мінез- құлық сипаты бар балалар өзінің нақты қоғамдағы орнына қарамастан, әдетте өздерін топтың ортасында бейнелейді. Невротикалық реакциясы бар балалардың суреттерінде құрбыларының саны аз немесе олар мүлдем жоқ, бұл олармен өзара қарым-қатынаста туындайтын мәселелерді бейнелейді. Бұл "Аулада, көшеде" тақырыбына арналған суреттерге де қатысты. Мұның барлығы достық, сенімді қатынастарды орнатудағы қиындықтарды және отбасындағы шектен тыс аялауды көрсетеді. Мектептегі үрейлену - бұл баланың эмоционалдық жайсыздығының ең жеңіл көріністері. Ол тынышсызданудан, оқу жағдайындағы, сыныптағы қатты мазасызданудан, өзіне деген нашар қатынасты күтуден, педагогтар, құрбылары жағынан кері бағалауды күтуден байқалады. Бала өзінің басқаларға тең емес екендігін, толымсыздығын сезінеді, өзінің мінез-құлқы мен шешімдерінің дұрыстығына сенімді емес. Педагогтар мен ата-аналар әдетте баланың мұндай ерекшеліктерін былай деп атайды: "бәрінен қорқады", "сезімтал", "күмәншіл", "тым сезімтал", "кез келген нәрсеге тым салмақты қарайды" және т.б. Әйтсе де бұл әдетте үлкендер тарапынан қатты мазасыздануды тудырмайды. Ал негізінде үрейлену, оның ішінде мектептегі де, невроздың алғашқы белгілері және оны жою жолы - невроздың алдын-алу жұмысы болып табылады. Мектептегі үрейленудің жоғары деңгейі - өзін-өзі бағалаудың төмендеуі мектепке келу мен оқудың алғашкы айлары кезеңіне тән. Алайда бір айдан үш айға дейін созылатын бейімделу кезеңінен кейін ахуал өзгереді: эмоционалдық көңіл-күйі және өзін-өзі бағалауы тұрақтайды. Содан кейін ғана арнайы сынақтың көмегімен шындығында да мектептегі үрейленуі бар балаларды анықтауға болады (Р.Тэммл, М.Дорки, В.Амен). Сынақ көпшілік балалардың жағдайға байланысты үрейленуі тарқайтын бірінші тоқсан аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Психологтар балалар үрейленуін жеңудің екі тәсілін көрсетеді: 1) қиын жағдайға түскен баланың конструктивтік мінез-құлық тәсілдерін қалыптастыру, сондай-ақ шектен тыс мазасыздануды, үрейленуді жеңетін әдістерді игеру; 2) өзіне-өзі сенімділігін нығайту, өзіндік баға мен өзі туралы ойын дамыту, адамның "тұлғалық өсуіне" қамқорлық ету. Үрей – баланың эмоционалды жағымсыз жағдайының көрініс беруінің жеңіл формасы. Бала өзі адекватты емес, кемтар сезінеді, өзінің іс-әрекеттері мен шешімінің дұрыстығына сенімсіз болады. Бастауыш сынып оқушыларындағы мектептік үрейді жеңу үшін: - оқушының ішкі көзқарасымен байланысты қажеттіліктер күшін төмендету, жеңілдету керек; - қарым-қатынас пен іс-әрекеттің оперативті дағдыларын дамыту, байыту керек. Себебі жаңа жоғары деңгейдегі дағдылар балаға дұрыс қалыптаспаған мотивтерді жүзеге асыру әдістерінен бас тартуға көмектеседі. - Үрейдің тұлғалық білім берудегі конфронтациялық сипатын есепке ала отырып, білім берудегі бәсекелестікті барынша күшейту керек; - Мектеп жағдайларындағы шамадан тыс қысымды басуға бағытталған жұмыстар атқыру керек. Оқушылардың педагогикалық тәрбиеден босаңсуының алдын алу Педагогикалық тәрбиеден босаңсудың алдын алу үшін мұғалім ата- аналармен педагогикалық бірлестікте жұмыс атқаруы керек. Алдын алу жұмыстарын ата-аналар, педагогтар мен психологтар бірлесіп атқарады. Мектеп психологының жұмысы ең алдымен педагогикалық үрдістің гуманизациясына, қарым-қатынас мәдениеті мен «оқушы-оқытушы», «оқушы-оқушы», «оқушы-қоғам», «оқушы-ата-аналар» жүйелеріндегі эмпатиялық түсіністікті қалыптастыруға бағытталуы керек. Педагогикалық тәрбиеден босаңсу отбасындағы, мектептегі және бала бақшадағы тәрбиенің жетіспеушілігіне негізделгендіктен, онымен күресу олардың өзара бірлескен іс-әрекетіне байланысты. Отбасы, бала бақша және педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балалардың өзара бірлесіп әрекет етуінің негізгі жолдары мынадай: - ата-аналардың педагогикалық мәдениет деңгейін, қарастырылып жатқан мәселе бойынша педагогтардың ғылыми-әдістемелік деңгейін жоғарылатуға бағытталған жұмыс; - алдын алу жұмысының құрылымын бірлесіп бағдарламалау; - педагогикалық тәрбиеден босаңсудың алдын алуға арналған бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған бірлескен практикалық іс-әрекеттер; - оның нәтижелерін бірлесіп талдау. Мұндай өзара әрекеттестіктің мақсаты – педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балаларға қатысты отбасылық тәрбие және бала бақша мен мектептегі білім беру жұмыстарын қайта құру. Тәрбиеден босаңсудың алдын алуға арналған жұмыстар екі бағытта жүзеге асырылады. Біріншіден, оның пайда болуының алдын алу, яғни баланы осындай жағдайға әкелетін сыртқы себептерді жою, жағымды қасиеттерді қалыптастыру. Екіншіден, оның дамуының алдын алу, яғни бала дамуындағы кедергілерді жою, мінез-құлқын, іс-әрекетін және қарым-қатынасын коррекциялау, баланың жағымсыз эмоционалды жағдайын түзету. Бастауыш сынып мұғалімдеріне мынадай үш бағыт бойынша педагогикалық тәрбиеден босаңсудың алдын алуға арналған жекелей жүргізілетін жұмыс бағдарламаларының үлгісін ұсынуға болады: 1. Баланың отбасылық тәрбие жағдайларын өзгерту: - ата-аналардың психологиялық-педагогикалық сауаттылығын және өзара қарым-қатынас мәдениетін көтеру; - отбасында тәрбиелік жағдайлар туғызу, тәрбелеу үрдісіне ата-аналарды белсенді араластыру; - балалардың бойында жағымды қасиеттерді тәрбиелеп, жағымсызын жоюға ата- аналарға көмектесу, жекелей кеңестер беру; - бала өмірі мен іс-әрекетінің қалыпты ұйымдастырылуын қадағалау; - баланың ақыл-ой іс-әрекетін (ойын, еңбек, шығармашылық, қоршаған ортаны тану), отбасындағы қарым-қатынасын ұйымдастыруға көмектесу; - отбасындағы тәрбиенің бұзылуын жоюға, отбасының тәрбиелік потенциалын қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар. 2. Сыныппен оқыту-тәрбиелеу жұмыстарын жетілдіру: - педагогтың балаға деген қатынасын түзету, онымен жұмыс істеу әдістеріне нұсқау беру; - балалар ұжымындағы тұлға аралық қарым-қатынасты гуманизациялау, сыныпта жағымды психологиялық микроклимат орнату; - сыныптағы оқыту-тәрбиелеу үрдісінің рационализациясы; - оқыту-тәрбиелеу үрдісіндегі педагогтар мен ата-аналардың бірлескен іс- әрекеті. 3. Баланың тұлғалық өсуіне көмек көрсету: - баланы психологиялық тексеруден өткізуді ұйымдастыру және қажет психологиялық көмек көрсету; - интеллектуалдық, адамгершілік, эмоционалды-еріктік сфераларындағы кемшіліктерді жоюға бағытталған жекелей жұмыстар; - жағымды қызығушылықтары мен бейімділіктерін пайдалану негізінде баланы белсенді әрекетке араластыру; - жағымсыз оқу мотивациясын жою; - баланың мектеп бағдарламасын меңгеруде жетістікке жетуін ұйымдастыру; - баланың құрдастарымен жағымды тұлғалық қасиеттеріне сүйене отырып қарым-қатынас жасауын басқару; - жетістікке жету мотивациясын қалыптастыруға бағытталған жұмыстар. Коррекциялық бағдарлама үлгісі 1. Мақсаты: 7-9 жастағы балалардың өзіне сенімділігін дамыту. 2. Міндеттері: - өзіне сенімділікті тәрбиелеу, үрей мен қорқынышты басу; - өзбеттілікті дамыту; - өз көзқарасын дәлелдеу іскерлігін қалыптастыру; - есін дамыту; - ырықты зейінін дамыту; - өшпенділікті басу. 3. Коррекциялық топқа іріктеу критерилері. Ата-аналар мен педагогтар беретін баланың ерекшеліктері туралы эксперттік баға көмегімен (мысалы, ересектер баланың есінің, зейінінің, ойлауының даму деңгейін баллмен бағалайды). Топқа педагогтар педагогикалық тәрбиеден босаңсыған бала деп ұйғарған балалар алынады. Олар алдын ала тестілеуден өткізіледі. 4. коррекциялық жұмыс бағыттары және бағдарлама кезеңдері. Өзіне сенімділікті қалыптастыруда – алдымен, белсенді қорқыныш пен үрейді басу, содан кейін – қоршағандарға деген жағымды қатынасты қалыптастыру. 5. Сабақтарды ұйымдастыру. Сабақ саны, қатысушылардың жасы мен саны. Бағдарлама барлық оқу жылына жасалады. 7-9 жастағы, яғни бастауыш сынып оқушыларына бағдарланады. Топтағы балалар саны – 8 адамнан артық емес. 6. Сабақ типі. Топтық сабақтар бір сағатқа дейін, аптасына үш реттен өткізіледі; ал жекелей сабақтар қажет болған жағдайларда жүргізіледі. 7. Ойындар мен жаттығулар тізімі. Әрбір кезеңде қолданылатын ойындар мен жаттығуларды өзгертуге және толықтыруға болады. Бастысы, олар коррекциялық бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келуі керек. Шешілетін мәселеге байланысты бірнеше ойындар мен жаттығулар типтері қолданылады. 1. Өзіне сенімділікті тәрбиелеу және үрей мен қорқынышты басу. Шешілетін міндеттер: - өзіне сенімділікті тәрбиелеу; - эмоционалдық қысымды басу; - қорқынышты басуға көмектесу; - үрейді басу; - жағымсыз қайғыруларды жеңуге көмектесу. Жаттығулар: - спираль тәрізді сызықтармен сурет салу. Мақсаты: қол маторикасын дамыту. - екі затты бір сызықпен қосу. Мақсаты: қолдың сенімділігін және іскерлігін қалыптастыру. - интенсивті оқыту бойынша «Клавиатура» ойыны. Мақсаты: бір жол бойымен әр түрлі геометриялық фигуралар мен заттарды салуда жаттығу. - қорқынышты коррекциялау сабақтарының сериясы. Мақсаты: қорықпайтынның белсенді көзқарасын қалыптастыру. Ескерту: қорқынышты коррекциялау сабақтары бала «енді қорықпаймын» деп айтқанынша жүргізілуі керек. - ермексазбен кескіндеме. Мақсаты: қол қимылын-қозғалысын жетілдіру және өзіне сенімділікті тәрбиелеу. - өз көңіл-күйін бейнелеу. Мақсаты: балалардың өз көңіл-күйін жеткізе білу қабілетін дамыту. - «Хан мен қызметшілер» ертегісі. 2. Қоршағандарға тәуелділікті коррекциялау. Шешілетін міндеттер: - баланы жаңа қарым-қатынас формаларына (ересек-бала) үйрету; - өзін өзіне сенімді адам ретінде сезінуіне мүмкіндік беру; - өз бетінше шешім қабылдауға үйрету. Жаттығулар: - пуантилизм – саусақтық кесіндеме. Мақсаты: өз бетінше бейне жасауға үйрету. - кляксография. Мақсаты: бейнелерді көру іскерлігін, бейне жасауда өзбеттілігін және шығармашылығын көрсетуін дамыту. - интенсивті оқыту бойынша ойындар. Мақсаты: балаларға заттарды белгілермен, таңбалармен белгілеуді үйрету, коммуникативтік дағдыларын дамыту, қысымды басу. - сюрреалистикалық ойын («қар үйіндісі» әдісі»). Мақсаты: бейнелік ойлауын дамыту, жағдаяттарды моделдеу. 3. Есті дамыту. - Есті дамытуға арналған ойындар: «жетіспейтін суреттер», «жұп сөздер» әдісінің нұсқасы, «тыңшылар». Мақсаты: моторлық-есту есін дамыту; қимыл-қозғалыс тежелісін және жағымсыздықты басу. Сабақтың тақырыбы: «Ес қандай болады?» 4. Зейінін дамыту. Ойындар: «барлығын белгілеу», «тоқтамай ізде», «ретін есте сақта», «түймелер», «кішкентай маймылдар». Сабақтың тақырыбы: «Кім ең зейінді?» Ертегілер: «Білім сақшылары», «Екі құрбының саяхаты». 5. Өшпенділікті басу. Шешілетін міндеттер: - мінез-құлықтың адекватты формаларын қалыптастыру; - өзінің іс-әрекетін эмоционалды сезіну; - ұжымдағы мінез-құлқын реттеу. Жаттығулар: - өзінің суретін салу. Мақсаты: өзін-өзі жетілдіруге деген талпынысын қалыптастыру. - «Әдемі және ұсқынсыз» тақырыбына сурет салу. Мақсаты: қоршаған өмірден және адамдардың өзара қарым-қатынасынан көргендерін түсінуге және жеткізе білуге үйрету. - интенсивті оқыту бойынша «Эмоция түстері» ойыны. Мақсаты: әр түрлі эмоцияларды мимкамен жеткізуге үйрету. - сыйқыршы туралы ертегі. Бекіту үшін ұсынылады: - «Айналар дүкенінде» ойыны. Мақсаты: бақылампаздықты, зейінді, есті дамыту,сенімділікке жатықтыру. - «Доспен кездесу» этюды. Мақсаты: басқа адамның эмоционалдық жағдайын түсінуге және өзінікін адекватты жеткізе білу қабілетін дамыту. 8. Бағдарламаның тиімділік критерилері. Бұл кезеңде қайталап диагностика жүргізіледі. Ол коррекциялық жұмыс алдында жүргізілген диагностикалық әдістер көмегімен жүргізілуі тиіс. Даму деңгейінің қайсысы жеткілікті, ал қайсысы бағдарламаны қайта жүргізуді қажет ететінін шешіп алу қажет. Бастауыш сынып оқушыларына арналған ойындар 1. «Бәріміз бірге». Мақсаты: балалардың бір-бірімен байланыс орнатуға үйрету, серіктесінің қозғалыс темпіне ыңғайлану. Жаттығудың жүргізілуі: балалар жұппен тұрып допты бірге ұстайды(әр бала допты екі қолымен ұстауы тиіс). Жетекшінің белгісінен кейін балалар бір уақытта отыруға допты қолдарынан түсіріп алмай бөлме ішінде жүруі, секіруі қажет. Ең бастысы, бірге әрекет жасап допты түсіріп алмау. 2. «Керісіншелер елі». Мақсаты: Ойша әрекет ету қабілетін жаттықтыру. Жаттығудың жүргізілуі: балалар шеңбер бойына отырады. Жетекші үш әріптен тұратын сөзді айтып, допты лақтырады. Допты ұстаған ойыншы әріптерді кері атайды (күн-нүк, көз-зөк, сан-нас). Аударылған сөздердің мағынасы болмауы мүмкін. Ойынның күрделенуі сөздің ұзақтығына байланысты. 3. «Ормандағы ағаштар» ойыны. Мақсаты: Балаларға қозғалуға, демалуға мүмкіндік беру. Музыка ойналады. Мәтін: Сендер ағашқа айналуға дайынсыңдар ма? Бір-біріңнің артына тұрыңдар. Орманда күн шығып барлық ағаштар оған жапырақтарын жайып қарап тұрды. Күнге әрбір жапырағы жылыну үшін жоғары- жоғары созылды. Саусақ-жапырақтар күннің астында билеп тұрды. Кенеттен қатты жел тұрып, талдарды жан-жаққа шайқай бастады. Бірақ талдың тамырлары тереңге кеткен, олар жәй ғана тербеледі. Желдің артынан жаңбыр жауып, талдар алғашқы жауын тамшыларын сезінді. Алдыңғы тұрған ттұрған баланың арқасын саусақтарыңмен жауын тамшыларындай тырсылдат. Кәдімгі майда жаңбыр жауып жауып тұрғандай қимыл жеңіл болу қажет. Жауын одан әрі күшейіп қатты жауа бастады... Талдар бір-біріне жанашырлық білдіріп жаңбырдың қатты соққысынан қорғапр, сипалай бастады. Көп ұзамай көкжиектен күн көрініп, талдар қуанды, олар өздеріндегі артық жауын тамшыларын сілкіп тастады. Өздерін сенімді, сергек, тап-таза сезініп қалады. 4. "Ондай болуы мүмкін емес" Қазақ халқының салт-дәстүрінде өтірікшілер сайысы кең тараған шығармашылықтың түрі болған. Сол өнердің элементтерін бастауыш сынып оқушыларының қиялын дамытуға кеңінен пайдалануға болады. Топтағы оқушылардың біреуі ешқандай болуы мүмкін емес өтірік нәрсені айтады: ақиқатта болмайтын заттар, олармен болған оқиғаларды,болуы мүмкін емес табиғат құбылыстары мен ол жағдайдағы өзінің әрекеттері,табиғатта кездеспейтін жануарлар және олардың хикаялары туралы оқиғаларды айтып береді. Бес өтірік сюжетті қатарынан қисынын келтіріп айтып берген кезде ешкім "ондай болуы мүмкін емес" деп айтпаса, сол ұтады. Олардың барлығы мараппатталады. 5. "Егер осылай болса..." Балалардың біреуі фантастикалық жағдайды ойлап табады, ал басқалары оның шешімін табуы керек. Мысалы: - егер әр адам труғаннан бастап барлық басқа адамдардың ойлаған ойларын оқуға қабілеті болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді? - егер жер бетіндегі адамдардың әрқайсысы өзіне ғана түсінікті тілде ғанасөйлейтін болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді? - егер жануарлар тілін адамдар түсіне алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді? - егер адамдар құс сияқты ұша алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді? - егер оймен барлық өсімдіктер өмірін басқаруға болатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді? - егер адамдар жер астында өмір сүре алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді? - егер адамдар су астында өмір сүре алатын болса, онда Жердегі өмір қалай өзгерер еді? т.с.с. Фантазиялық әңгімелерге үлесін қосқандардың барлығы марапатталынады. "Сиқырлы қалам" Жаттығуды жүргізу үшін қалам мен қағаз керек. Жүргізуші барлық қатысушыларға жаттығуды орындау шартын түсіндіреді. Ойынға қатысушы қаламды қолына алмастан, оны төрт түрлі бұйрық беріп ("Жоғары!", "Төмен!", "Оңға!", "Солға!" деген бұйрықтар беріледі.) қашықтықтан басқарып отырады. Бұйрық бойынша қалам қағаз бетімен жоғары, төмен, оңға, солға жылжып, сынық сызықтар ретінде із қалдырады. Қаламның барлық қадымдары бірдей болуы керек. Жаттығуды орындаудың бастапқы кезеңінде ойынға қатысушылар кезекпен бұйрық береді, ал жүргізуші қаламға ол бұйрықтарды орындауға "көмектеседі". барлық қатысушылар ойын ережесін меңгергеніне жүргізушінің көзі жеткеннен соң балаларға тапсырманы қиялымен орындау тапсырылады. Өздерінің ойындағы қаламдарымен көз алдына елестеткен қағазға жорамалдағы сызықтарды түсіру үшін қатысушылар бірінен кейін бірі қаламға бұйрық беріп отырады. Ең бірінші қарапайым фигуралар (квадрат,үшбұрыш т.с.с.) салынады. Кімнің бұйрық беретіні отырған ретімен шеңбер бойынша анықталады. Ешкім ешкіммен қандай фигура салатыны туралы алдын ала келіспейтіні туралы жүргізуші ойынға қатысып отырған балаларға түсіндіріп береді. Сондықтан қатысушылардың барлығы өзінен бұрынғылардың бұйрықтарын зейін салып тыңдап отыруы керек. Біртіндеп салған фигуралары күрделі бола бастайды. Бекітуге арналған сұрақтар 1. Мектепте оқуға даярлық деген не? 2. Мектеп табалдырығын енді аттаған балаларда қандай қиындықтар болады? 3. Баланың мектепке даярлығын қалай тексереміз? 4. Бастауыш сыныпта педагогикалық тәрбиеден босаңсуға қандай факторлар әсет етеді? 5. Педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балаға сипаттама беріңіз. 6. Психологиялық-педагогикалық алдын алу және психологиялық- педагогикалық коррекция ұғымдарына анықтама беріңіз. 7. Педагогикалық тәрбиеден босаңсыған балаларға алдын алу және коррекциялық жұмыстар жүргізудің жалпы принциптері қандай? 8. Баланың жасына байланысты алдын алу әдістері қандай топтарға бөлінеді? 9. Қорқыныш пен үрейдің айырмашылығы неде? 10. Жас ерешелігіне байланысты қорқыныштар дегеніміз не? 11. Невротикалық қорқыныштарға сипаттама беріңіз. 12. Бастауыш сынып оқушыларындағы мектептік үрейді жеңу үшін қандай жұмыстар атқаруға болады? 13. Педагогикалық тәрбиеден босаңсудың алдын алу мақсатында қандай іс- шаралар жүргізіледі? 14. Педагогикалық тәрбиеден босаңсудың алдын алу жұмыстар қандай бағыттар бойынша жүргізіледі? Дәріс 5. 5-сынып оқушыларының жағымсыз эмоционалды жағдайын түзету және жағымды оқу мотивациясын қалыптастыру 1. 5-сынып оқушыларының бейімделу ерекшеліктері 2. 5-сынып оқушыларына мұғалімдер және ата-аналар тарапынан көмек көрсету мәселелері 3. 5-сынып оқушыларын бейімдеуге арналған тренинг 4. 5- сынып оқушыларының сынып ішілік қарым-қатынасын жақсартуға арналған тренинг 5. Бекітуге арналған сұрақтар 6. 5-сынып оқушыларыныңжағымсыз эмоционалды жағдайын түзету және жағымды оқу мотивациясын қалыптастыру тақырыбы бойынша тест 5-сынып оқушыларының бейімделу ерекшеліктері Балалық шақтан орта сыныптарға (5-6 сынып) өткен кездегі мектеп оқушыларының психикалық және жеке дамуында көптеген психологиялық өзгерістер болатындығы анық . Сондай-ақ 5-сыныпқа көшу - оқыту кезеңінің «ересек» түрінде әділ бағаланып, сабаққа деген өзіндік қатынастың қалыптасуын жеңілдетеді, алайда балалардың барлығы бірдей оған дайын еместігі байқалады. Яғни бұрынғы ұсыныстарды балалар мойындамайды, ал жаңа ұсыныстар әлі пайда болмағандығымен сипатталады. Сондықтан 5-сынып оқушыларын 4-сыныппен салыстырғанда, олардың көпшілігі «оқу саған ұнайды ма?» деген сұраққа «білмеймін» деп жауап береді. Бұл «ауыспалы» кезеңде өзін-өзі бағалау дағдарысының пайда болуы туралы айтуға болады. 4-5-сыныпта өзін-өзі жағымсыз жағынан бағалау көлемі ұлғаяды, өзін жағымсыз және жағымды бағалау арасындағы тепе- теңдік алғашқысының басымдылығымен жойылады. Өзіне-өзі көңілі толмауы бұл кезеңде олардың өмір әрекетінің жаңа аумағына ғана емес , сонымен қатар, оқу әрекетіне де , тіпті игерілген аймаққа да әсерін тигізеді. Диагностикалық зерттеулер қорытындысы 4-5-сынып аралығы оқушылардың оқуға, мектепке деген қызығушылығының төменделуімен сипатталады. Бұл бағытты түзету, орайына қарай дұрыс тәрбиелеп, бағыт беру мұғалім және психологтар міндеті екендгі анықталады. Мектеп педагог - психологы бастауыш мектеп оқушыларының орта мектепке ауысуына қаншалықты дәрежеде дайын екендігін қандай көрсеткіштер арқылы білетіндігіне тоқталайық. Орта мектеп буынында оқуға дайындықты келесі түсініктер арқылы көрсетуге болады: 1. Оқу әрекетінің негізгі компоненттерінің қалыптасқандығы, бағдарламалық материалдың сапалы меңгерілуі; 2. Кіші мектеп жасының жаңа құрылымы, ырықтылық, рефлексия, ұғым бойынша ойлау; 3. Мұғалімдермен және сыныптастарымен қарым-қатынастың сапасының ересектеу типі. Мектеп психологы бұл жастағы балалармен жұмыс барысында олардың психикалық дамуының жалпы заңдылықтарын ғана емес, сонымен қатар мектепке қатысты әлеуметтік – педагогикалық ерекшеліктерді де есінде сақтауы керек. Бастауыш мектеп оқушыларының орта буынға ауысуындағы жиі кездесетін мәселелердің бірі – ол бесінші сыныптардың жаңа мұғалімдерге деген бейімделуіндегі қиындықтар. Олар оқушы мен мұғалімнің бірін-бірі түсінбейтін жағдайды және жанжалдар туғызулары мүмкін. Алайда, мұндай қиындықтар балалармен ғана емес, сонымен бірге ата-аналар, мұғалімдер арасында да пайда болуы мүмкін. Бастауыш мектепке қарағанда енді 5-сыныпта ата-ана өз баласы туралы мәліметтерді түрлі мұғалімдерден алады, сондықтан оларда балаларының оқуындағы жетістіктерін, әр түрлі сабақтардағы олардың мінез-құлқының қандай екенін салыстыруға мүмкіндік туады. Олар балаларының жетістіктері мен сәтсіздіктерін бұрынғыларымен салыстырып, қорытынды жасай алады. Егер нашар жаққа өзгерсе, ол мұғалімдер мен мектеп психологының бұрыс қатынасымен түсіндіріледі. Бұл жағдайда психологтың басты міндеті – тек балалармен ғана емес, сонымен қатар бастауыш және орта буын мұғалімдерімен жұмыс істеп, әсіресе болашақ сынып жетекшілерінің балалардың жаңа қарым-қатынас типін ауыр қабылдамауына үлес қосу. Көптеген оқушылар мектептегі орта буынға оқу үрдісіндегі және адамдармен қарым-қатынастағы әлі де шешіле қоймаған мәселелермен келеді. Әр «мәселелі» бала өзінің ерекшеліктері мен қиындықтарының сипаты бойынша жекеленеді.Сондықтан, диагностикалық бағдарлама баланың психикалық дамуының түрлі жақтарын анықтауға бағытталуы тиіс. 5-сынып оқушыларына мұғалімдер және ата-аналар тарапынан көмек көрсету мәселелері Жаңа оқу жылының басталуы бесінші сынып оқушыларымен қатар ұстаздары мен ата-аналары үшін де аса маңызды, қиын кезең. Бұл қиындықтар тек оқу барысымен ғана байланысты емес, сонымен қатар мектеп ішілік кезеңге де байланысты. Бесінші сынып оқушыларының айтуы бойынша, мынадай қиындықтарға тап келеді: • сан қилы ұстаздар қауымы; • дағдыланбаған сабақ кестесі; • беймәлім орналасқан жат іс-бөлмелері; • жаңа сынып жетекшісі; • жоғарғы сынып оқушыларымен шиелініскен мәселелер және т.б. Әрине, қоғамдық қатынастар мен мектептің міндетті нормалар жүйесіне тез және оңай енетін балалар да бар, бірақ 5-сынып оқушыларының көбісі диагностика көрсеткіштері бойынша дезадаптацияға ұшыраған, яғни бала ұқыпсыз, жауапкершіліксіз болады, өзіне қойылған жоғарғы талаптарды орындамай, жаңа сыныптастарына және бейтаныс мұғаламдерге жағымсыз қылық танытады әрі сенімсіздік пайда болады. Сонымен қатар, баланың психологиялық қасиеттері, олардың икемділігі және ерекшеліктері оқылатын пәнге қатысты нақты білімді мұғалімнің талаптарына қаншалықты сай келуі де аса маңызды. Психологтардың мәліметтері бойынша, көп жағдайда бесінші сынып оқушыларының оқуға бейімделу жағдайларында мектеп жағдайларына қатысты және өз жеке өмірлерінде уайымдау, сонымен бірге аз ғана қорқыныш сезімі пайда болады. Мысалы, қорқыныш ңәтижесінде қоршаған адамдардың күткен нәтижелері сәйкес келмеуі, яғни өзіндік көрсеткіш бойынша бала қорқыныш салдарынан өз сөзінде тұтығады. Және бұл қалыпты жағдай болып табылады. Барлық бесінші сынып оқушыларының үш-үш жарымы мұғаліммен қарым- қатынас кезіндегі қорқыныш жағдайын сезінеді. Өз кезегінде, ата-аналар баланы мектептегі өз күшіне сенімсіздік танытатын балалармен байланыстыра, төмен баға алып қалу қаупін ескере отырып, бағаға жұмыс істеуге соншалықты итермелейді. Бұл факт әсіресе бесінші сыныптықтардың мектеп өміріне бейімделу кезеңінде, яғни баланың барлық мектеп талаптарын жақсы орындауға, өзін жақсы жағынан көрсетіп, белсенділік танытуға деген ықыласы кезеңінде белең алады. Бесінші сынып оқушылары үшін жаңа сынып жетекшісімен ара қатынасы аса маңызды. Себебі оқушылар төменгі сынып оқушыларының орта буынға ауысу кезінде сабақ үстінде және сабақтан тыс кездерде мұғаліммен талапқа сай қатынасты қажет етеді. Мектеп және сынып ішілік әлеуметтік және этикалық нормаларды қабылдау мен ұстану алдымен сынып жетекшісі арқылы жүзеге асады. Дағдылану мәселелері балаларда бастапқы, сондай-ақ ортаңғы және жоғарғы сыныптардағыдай оқу барысында туындайды. Әрбір осындай ауыспалы кезең өз ерекшелігіне ие. Барлық осы психологиялық ерекшеліктер 10-11 жас шамаларында орта мектепке ауысу кезінде біртіндеп біліне бастайды. Сондықтан да бейімделу үдерісі бұл жаста соншалықты оңай болмауы мумкін: үдеріске ұстаздың араласуы өте қажет. Және бұл біздің көзқарасымыз бойынша әртүрлі болуы мүмкін. Мұғалімдер және ата-аналар балалардың сабақты қаншалықты дәрежеде меңгергенін, өткен материалды оқушының түсінгенін қадағалап отырулары аса маңызды және көп көңіл бөлулері қажет. Ол үшін баланың тапсырмаларды түсіну және қабылдауына қатысты (қадағалау, тыңдау, визуалдық, кинестетикалық - тактикалық) сараптамаларды жақсы білу керек. Мұғалім сыныптағы оқушылардың тұлғалық қарым-қатынастарына көп көңіл бөлу керек, көш басшы және қабілетті балаларды тауып олармен атқарылатын жұмыстарды жақсы жолға қоюға тиіс. Балалар ұжымына көмекті шиелініспеген жағдайда жетілдіріп отыру және оларды шиеленіспеген қарым-қатынастқа үйретуі тиіс. Мұғалімдер мен ата-аналар бір-бірімен тығыз байланыс орнатып, оқу барысындағы қиындықтарды бірігіп шешулері керек және де қиындық туғызған мәселерді анықтап, алдын алуға тиіс. Мұғалім өз бақылауында, әсіресе, мектеп ортасына бейімделу сипатындағы тәртіп пен әрекет жағдайларына ерекше көңіл бөлуі қажет. Пән мұғалімдері сыныптағы жағдайға қиындық туғызбайтындай сауалнама өткізуіне болады.. Оқушыларды шақырғанда аты және тегімен атағаны дұрыс. Оқушы дұрыс жауап бермегенде сыныптың алдында оны ұялтпай, жекірмей, ренжітпей дұрыс жауабын түсіндруге тырысуы тиіс. Сыныптағы күйзелістік жағдайды әзілмен жуып - шайып отыру жақсы көмек көрсетеді. Жемісті еңбекті қажетті түрде қолдап отыру қажет. Әрбір оқушыға аса маңызды болып келетін қызығушылықты арттырып отыру қажет. Ұсыныстар: • Сəтсіздікке ұшыраудан қорықпау; • Өздерінің қалай оқитындықтары туралы жоғары дəрежеде хабардар болу; • Өз мойындарына жауапкершілікті алу жəне өз оқулары бойынша белсенді жұмыс жүргізу; • Өздерінің жеке мақсаттарын көп қолдану; • Өздерінің ойларын сенімді айту, басқа адамдардың ойларын тыңдау жəне сыйлау; • Өздерінің жеке жетістіктері мен сыныптастарының жетістіктерін қарастыру жəне қалай жетілу керектігін жақсы түсіну; • Ақпараттық жəне коммуникациялық технологиялар мүмкіндігін өздерінің білімі мен дағдыларын кеңейту үшін пайдалану. Әрбір ата-ана бала бойындағы жасқаншақтық пен ұялшақтық мінезге ұсақ-түйек мәселе деп қарамауы шарт.Баласының бұл мінезін есейе келе қалатын уақытша құбылысқа балап, елең қылмаса, бұл мінез-құлық баланың бойына тереңдей еніп, есейе келе одан арылу үшін қиындық туғызады. Жасқаншақтық мінез бала әлденеден жасқанған жағдайда пайда болуы мүмкін. Сондықтан ата-ана баласының жасқаншақтық мінезін сезген сәттен бастап, оған көмек қолын ұсынғаны жөн. Баланың сәл-пәл атқарған жақсы істерін қолдап, бойында өзіне деген берік сенімді орнықтырып,қолға алса, кез келген істі атқара алатынына, басқалардан ешқандай кемістігі жоқ екендігіне көзін жеткізуі керек. Баланың өтпелі кезеңде, одан кейін де талай қиындықтарға килігетініне көзін жеткізіп, өмірдің бірыңғай жақсылықтан тұрмайтынына, сонымен қатар кемшілік атаулының барлық адамның бойында болатынына көзін жеткізуге тырысқаны абзал. 5- сынып оқушыларын бейімдеуге арналған тренинг Сабақ барысы 1 саты – танысу. Психолог (сыныпқа қарап): Балалар сендер бастауыш сыныпты тамамдадыңдар.Сендер бір жылға есейдіңдер. Бесінші сыныпта сендер көп жаңа нәрселермен кездестіңдер және әлі де кездесесіңдер. Бастауыш сыныптарда болмаған жаңа нәрселерден не естеріңде қалды? Балалар:жаңа мұғалімдер, пәндер. Педагог:Айналадағы жабдықтарға қарап өздеріңнің қалай өзгергендеріңді көріп отырсыңдар, себебі енді сендер бесінші сыныпқа көштіңдер.Сендермен жақсы танысу үшін біз бесінші сыныптағылар әлеміне саяхатқа шығамыз.Ол үшін біз ең алдымен билеттер сатып алуға тиіспіз. (Люшердің топтық тесті алынады.Балаларға карточкаларының ішінен өзін көретіндей түсті таңдау ұсынылады). 2 саты – саяхат. 1 бекет – «Танысу». Танысу үшін «Сыныптасың туралы айт» ойыны қолданылады. Педагог:Балалар сендер бір-біріңді жақсы білесіңдер ме? Айтыңдаршы сыныптарыңа жаңадан келген оқушылар бар ма? (Балалар жаңадан келген оқушыларды айтады) Ойынның жалғасы: сынып жетекшісі бір баланы сипаттайды, қалғандары кімді айтып тұрғанын табады.Тек жақсы нәрселерді айтуы керек.Мысалы, «Ол мейірімді, жақсы бірақ үзілісте жүгіреді және сабаққа кешігіп келеді» Педагог:Ал енді қайсыларың өз сыныптастарың туралы оның атын айтпай, сипаттап бергілерің келеді? Құрдастарыңды ренжітіп алмайтындай етіп сипаттауға тырысыңдар.Кім сипаттап көреді? 3 саты – Қағазбен жұмыс. Сабақ барысында барлық балаларға шақпақ қос беттер таратылады. 2 бекет – «Мен нені жақсы көремін?» Балалар екі бөліктен тұратын жүректі толтырады. [pic] Педагог:Менің берген белгім бойынша, жүректі толтырыңдар.Мысалы, мен оқығанды жақсы көремін, пиязды жақсы көрмеймін. 3 бекет – «Талқылау» Оқушылар қағаздағы «Аяқталмаған сөйлем» анкетасын толтырады: - бастауыш мектепте маған бәрінен бұрын ұнағаны... - бесінші сыныпта маған бәрінен бұрын ұнағаны... - бастауыш мектепте маған ұнамағаны... - егер мен директор болсам, мектепте бұдан да жақсы болу үшін мынаны істер едім... - егер мен сынып жетекшісі болсам, сыныпта қызықты болу үшін мынаны істер едім... 4 бекет – ойындық. «Хайуанаттар бағы» ойыны. Балалар шеңбер болып отырады.Қазір балалар, әрбіреуіңе хайуанаттар аттары жазылған карточкалар таратылады. Менің нұсқауым бойынша, сендер қағаздарыңда жазылған хайуан бейнесін жесттер мен дыбыстар көмегімен көрсетесіңдер. Әр қатысушының міндеті – сыныптастарың қай хайуанды сомдап тұрғанын табу.Ойын барысында сөйлеуге тыйым салынады. Сосын балалар жұп болып екі қатарға тұрулары тиіс; бірінші қатардағы балаларға жануардың аты жазылған карточкалар беріледі және балалар оны сомдайды, ал екінші қатар хайуанның атын табады.Нәтижесінде тұтас сынып ондағы оқушылар санына байланысты 4-5 адамнан топтарға бөлінеді. Осындай құрамда балалар партаға отырып келесі бекетке сапар шегеді. 5 бекет – «Нағыз бесінші сыныптағы оқушы» 1 тапсырма. Өзіне ат таңдау. 2 тапсырма. Сұрақтарға жауап беру - сендерге сабақ беретін мұғалімдерді алдымен жазып сосын атап беру; - нағыз бесінші сынып оқушысының 5 қасиетін атау; 6 бекет – «Ақырғы». «Қарым-қатынастың түрлі-түсті тесті» әдістемесі қолданылады. Қос беттің соңғы бетінде төрт шаршы салынған. Педагог:Балалар шаршыларды өздерің мыналарды қалай деп көресің, сол түстермен бояп шығыңдар: - мұғалім; - ана; - сыныптасың; - мектеп; Бекітуші саты: «Менің жанұям» атты суретті тест жүргізіледі. Сабақ нәтижесін шығару:балалар сендерге сабақта не ұнады және не ұнамай қалды? Қоштасу. 5-сынып оқушыларының сынып ішілік қарым-қатынасын жақсартуға арналған тренинг «Біз және біздің сынып» Мақсаты: сынып ішілік қарым-қатынасты жақсарту Сабақ барысы. 1. Ең алдымен оқушыларға ұсынылады: оң жағында отырған көршісіне, сол жақтағы көршісіне қарап күлімсіреп, қолынан қысып, СӘЛЕМ деулері керек. 2. Сынып жетекшісі барлығы бір уақытта айғайлап, өз мекен-жайларын айтуларын өтінеді. Кейіннен кез келген оқушыдан басқа оқушының мекен-жайын сұрап, не себепті ақпаратты дұрыс түсінбегендіктерінің себептерін айтып, қарым-қатынастың ережелерін енгізеді: • Басқа біреудің сөзін бөлуге болмайды! • Сені басқа біреудің тыңдағанын қаласаң, өзің тыңдап үйрен! 3. Сынып жетекшісі дискуссия ұйымдастырады, аяқталмағын сөйлемдерді оқиды, ал оқушылар соған сәйкес сыныптастарының атын мен тегін айтады. • Біздің сыныпта өз бетінше жұмыс істейтін оқушы… • Мені жиі таңқалдыратын оқушы... • Өмір деген қиын нәрсе, бірақ біздің сыныпта қиындыққа төзе білетін оқушы... • Бұзақыға қиын соғады, егер ол біздің ... кезіктірсе. • Біздің сыныптағы ең дарынды тұлға ... • Сыныпта бәрінен де жақсы тыңдай білетін, түсінетін, қолдау көрсете білетін... • Егер сыныпта көңілсіз болса, демек сыныпта... жоқ. • Маған …тақтада жауап бергені қызықты. • Жақын арада…үздік оқушы атануы мүмкін. • Менің түсіме жиі кіретін оқушы… • Тапқырлық…тән. • Сыныптық кештердің сәні… • Сыныптағы ең мейірімді оқушы деп …айта аламын. • Саясатқа қызығатын оқушы… • Біздің сыныптағы жомарт оқушы … • Қарапайымдылығы ерешелеп тұратын оқушы… • Сыныпта …келгенде көңілдірек. 4. Оқушыларға оқу жылындағы ең басты жетістіктері туралы айтып беру ұсынылады. Әрбір айтылған жетістікке қалған барлық оқушылар хормен «Тамаша!» деп айғайлап, бас бармақтарын жоғары көтереді. 5. Сергіту жаттығуы Өзіңді келесі категорияға жатқызатын болсаң, қолыңды шапалақта: • Барлығымыз шапалақтаймыз; • Тек қана қыздар; • Дәмді тамақтанғанды ұнататындар; • Сабаққа кешігетіндер ғана; • Жақсы оқитындар ғана; • Жазғы демалысты жақсы көрмейтіндер ғана; • Тәттіні жақсы көретіндер ғана; • Футбол ойнағанды жақсы көретіндер ғана; • Көңіл-күйі көтеріңкілер ғана. 6. «Менің бейнем күн сәулесімен шағылысуда» жаттығуы Әрбір оқушыға парақ таратылады. Парақтың дәл ортасында шеңбер ішінде «Менің шамам келеді!» деп жазылған. Оқушылар күннің шашып тұрған сәулесін салып, әрбір сызыққа өздерінің басқа біреу үшін не істей алатындарын жазады. Жазбалардың кейбіреулері оқылады. 7. Оқушыларға алты бұрышты формадағы қағаз, түрлі түсті қарындаштар таратылады. Әрқайсысына өзінің елтаңбасын салу тапсырмасы беріледі және ол елтаңбада міндетті түрде аты және бір жағымды қасиеті жазылу керек екенін ескертеді. Елтаңба әдемі безендірілуі керек. Кейіннен оқушылар үлкен алты бұрышты формадағы ортақ шаблонға өз елтаңбаларын жабыстырады. Елтаңбалалар бір-біріне тығыз жанасып тұратындай етіп жабыстырылуы керек. Шаблонда кейінірек «БІЗ» деп жазу үшін орын қалтырылуы керек. Ватманға алдын алты бұрышты фигура салынып, ілінеді. Әрбір оқушы тақтаға келіп осы алты бұрышқа өз елтаңбасын жапсырады. Мұғалім олардың ортақ елтаңбасының араның ұясына ұқсайтындығына назарларын аударады. Аралар өте еңбекқор келеді және олар бірігіп берік үй құрастырады. Оқушыларға әрбір «МЕН» жиналып келіп «БІЗ»ді құрайтындығын түсіндіру керек. «БІЗ» сөзі бос орынға жазылады. Қорытындыда «БІЗ»дің «МЕН»сіз бола алмайтындығы туралы айтылады. Барлық оқушылар хормен «Біз бәріміз» деп айтады да, бір бала әрбір елтаңбадағы жағымды қасиеттерді оқиды. Мысалы, біз бәріміз әдеміміз, ақылдымыз. 8. Рефлексия. Оқушыларға қағаз ұялы телефон арқылы бүгінгі тренинг қалай өтендігі жайлы хабарлап досына SMS-хат жолдау тапсырмасы беріледі Бекітуге арналған сұрақтар: 1. Орта мектеп буынында оқуға дайындықты қандай түсініктер арқылы көрсетуге болады? 2. Бастауыш мектеп оқушылары орта буынға ауысуында қандай қиыншылықтар кездеседі? 3. Орта буынға бейімделдің қандай ерекшеліктері бар? 4. 5-сынып оқушыларына ата-аналар мен мұғалімдер қандай көмек көрсете алады? 5. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін қандай ұсыныстар беріледі? 6. 5-сынып оқушыларына қандай тренинг жаттығулар жүргізуге болады? Дәріс 6. Ақыл-ой кемістігі бар балаларды үйрету 1. Шет елдердегі ХХ ғасырдың ортасына дейінгі ақыл-ой кемістігінің көрінуіне байланысты әдістердің өңделуі. 2. Шетелдегі ақыл-ойы кем балаларды зерттеудің заманауи жағдайы. 3. Ақыл-ой дамуында артта қалған балаларға психология-педагогикалық сипаттама. 4. Ақыл-ой кемістігі бар балаларға жүргізілетін коррекциялық жұмыс 5. Мүмкіндігі шектеулі, ақыл-есі кем оқушылардың танымдық қызығулығын ойын арқылы арттыру. 6. Үйден оқытылатын психикалық дамуы тежелген балалардың сауаттылығын арттыру 7. Ойлау қабілеті мен танымдық белсенділігі төмен оқушылармен тренинг сабақ Шет елдердегі ХХ ғасырдың ортасына дейінгі ақыл-ой кемістігінің көрінуіне байланысты әдістерлің өңделуі. Психологиялық толық жетілмеу туралы сұрақтармен ең алғаш психиатр- дәрігерлер айналыса бастады. Француз дәрігерлері Ж.Э.Д.Эскироль (1772-1840) мен Э.Сегеннің (1812-1880) ақыл-ойы кемдерге жүргізген алғаш зерттеулеріне кейбір дифференциялды-диагностикалық критерилер беріледі. Ж.Э.Д. Эскироль интеллектуалды дамудың көрсеткіші сөйлеу жағдайына байланысты деп есептеді. Және бұл кейін жүргізілген тестілеудің тілдік сипаттамасына әсер етті. Э.Сеген сенсорлық және еріктік үрдістерің жағдайына көп мән берді. ХІХ ғасырдың ортасына дейін ақыл-ойдың төмендігі медицинаның маңызды мәселесі болып келді. Көптеген мемлекеттерде қарапайым мектептерде оқуға шамасы келмейтін балаларды анықтаудың тәжірибелік қажеттілігі туды. Сондықтан ХІХ ғасырдың 60-жылдарында алғаш рет ақыл-ойы кем балаларға арналған арнайы мектептер мен көмекші сыныптар ашыла бастады. Көмекші сыныптарға үлгермейтін, себепсіз үлгермеушілікті тудыратын балаларды да жіберіп тұрды. Ақыл-ойы кемдікті қалыптастыру психологиялық-педагогикалық мәселеге айналды. Психологтар балаларды зерттеуде әмбебеп, объективті жене компактті жолдары іздестіре бастады. Кейбір психологтар ақыл-ойдың кемістігінің мәнін дұрыс түсінбей, оны бала тұлғасының дамуындағы сандық артта қалушылық ретінде қарастырды. Олардың зерттеулері диагностикада белгілі қателіктерге әкелетін зерттелушінің «сандақ ақылын» өлшеумен бекітілді. Алғаш тестілеуді жүргізгендердің бірі ағылшын биологы Ф. Гальтон (1822- 1911) болды. Ол жекелей айырмашылықтарды зерттеуге оңай тәжірибелерді сұрыптады. Осыған орай ол ақыл-ой қабілетінің басты көрсеткішін адамның сенсорлық қызметінің жағдайы деп есептеді: есту мен көру өткірлігі, психикалық реакция жылдамдығы және т.б. Гальтон Бине ұсынған тест ұғымын алі қолданбаған болатын. Физикалық және ақыл-ой қабілеттерін тест әдісімен зерттеу американдық психолог М. Кеттелдің еңбектерінде өзіндік шешімін тапты. Оның есімімен психологиялық әдебиеттерде кездесетін «интеллектуалдық тест» терминінің пайда болуы тығыз байланысты. Кеттел жекелей айырмашылықтарды құру үшін қарапайым қызметтерді, психикалық реакциялардың жылдамдығын анықтауға бағытталған тесттік зерттеулердің серияларын дайындады. Э. Крепелин (1856-1926) – күрделі психикалық үрдістерді (қабылдау, ес т.б) анықтауға және бағалауға мүмкіндік беретін тесттік зерттеулірдің серияларын дайындаған неміс психологы. Ол психикалық ауру адамдарға зерттеу жүргізді және өзіндік психикалық тестілеудің алғышартын енгізгендердің бірі болды. Француз психологы А. Бине (1857-1911) « естің өлшемдік жартасын», яғни баланы зерттеу үшін оның «ақыл-ойының жасы» есепке алынады деп есептеген. Сонымен қоса Бине алдына жоғарғы психикалық үрдістерді (ойлау, ес, қиял т.б.) зерттейтін тесттерді шығару мақсатын қойды. Т.Симонмен бірге Бине «Метрическая скала умственных способностей» деп аталатын тесттердің нақты жүйесін құрды. «Метрическая скала умственных способностей» тестінің алғашқы нұсқасы 1905 жылы жарияланды. Ол қиындығына байланысты өсіп отыратын 30 тестен құралды. Тесттер балалардың сөз құрылымдарын түсінулерін, естерінің түрлерін т.б. анықтауға бағытталды. Бұл тест нұсқасында жасерекшелік көрсеткіштер болмады. 1908 жылы «Метрическая скала умственных способностей» тестінің екінші нұсқасы жарық көрді. Онда тестілер 3 пен 13 жас аралығындағындағы балаларды зерттеу үшін топтастырылған. Әрбір жасқа 3-тен 8-ге дейін теттер даярланған. Үшінші нұсқасы 1911 жылы шығарылды. Онда А. Бине мен Т. Симон 3-тен 16 жасқа дейігі балаларды зерттеуді ұсынды. Тесттер қиындығына байланысты топтастырылды, әрбір жасқа 5 тапсырмадын. «Өлшемдік жартастың» кемшілігі, онда тестің 80 пайызы сөздік түрде болды. Ол тілінде ақауы бар балаларды зерттеуде қиындықтар туғызды. Бине мен Симонның әдісі көбіне шетелдерде қолданылған. 60-тай авторлар Бине-Симон шкаласын жергілікті жағдайларға бейімдеу мақсатында өзгертулер енгізді: О. Декорля (1910), Бельгия;Декедр, Швейцария;В. Штерн, Э. Мейман (1915, 1917), Германия; Х. Годдард, Л. Термен (1910, 1916), АҚШ. 1916 жылы АҚШ-та Л. Термонның Стенфорд университетінде дайындаған Бине- Симон шкаласының нұсқасы, психологтардың пікірінше, ең «жарамдысы» болды. Жүйені модернизациялау кезінде табылған тендендияның бірі – сөздік тестердің азайып, тесттік (вербалды емес) әрекеттердің жоғарылауы. Термон алғаш болып Штерн енгізген «интеллектуалдық коэффицент» терминін қолданған (ІQ): ІQ = [pic] Шетелдегі ақыл-ойы кем балаларды зерттеудің заманауи жағдайы Соңғы жартыжылдықта ақыл-ойы кем болудың мәнін, сондай-ақ ғылыми жетістіктермен байланысты әдістерді қолдануды анықтау үшін жаңа тенденциялар белгіленді. ХХІІІ Халықаралық конференцияның мәліметтері ақыл- ой дамуы артта қалған оқушыларға арнайы мектептердің әр түрлі ұйымдастырылған формада екендігін көрсетеді. Көптеген елдерде іріктеу сұрақтарымен жеке мұғалімдер немесе дәрігерлер, не психологтар емес, ал аталған мамандардың біріккен топтары айналысады. Мысылы, АҚШ-та ақыл-ойы кем балаларды іріктеу құрамына дәрігерлер, мектеп психологтары, дефектолог-мұғалімдер, медбикелер, сөйлеу мен есту жұмыстарының мамандары, мектеп әкімшілігінің өкілдері кіретін қабылдау комиссиясы арқылы өткізіледі. Олар әр түрлі сауалнамалар мен проективті әдістемелер қолданды. Ақыл-ой кемістігінің негізгі көрсеткіші интеллектуалды коэффицент (ІQ) пен әлеуметтік коэффиценттің (SQ) көлемі деп есептелді. SQ ұғымына баланың тұрақтала алу қабілеті, коммуникативтілігінің деңгейі кіреді. ІQ зерттеу кезінде, яғни оқуға деген қабілетін тексеруде: - Оқи алу деңгейі - Санай алу деңгейі - Сурет салуының дамуы зерттеледі. Англияда 5 жастан бастап барлық балалар қарапайым мектептерге жіберіледі. Егер олар 1,5-2 жыл ішінде бағдарламаны меңгере алмаса, мұғалімнің арнайы мінездемесі арқылы психоневропатологқа жіберіліп, психолог тексеруінен өтеді. Үлгермеушіліктің себебін баланың 7 жасқа дейін санап үйренбегендігі деп есептейді. Психологтар баланы тесттің көмегімен зерттейді. Егер балада 6 жасында ақыл-ой кемістігінің белгілері анық байқалатын болса, онда оны арнайы мектептерге жібереді. АҚШ-тағы секілді Англияда да ақыл-ой кемістігінің өзіндік түсініктері тараған. Оның қатарына нашар дамыған, психофизикалық нашар дамыған, педагогикалық босаңсыған т.б. оқушыларды жатқызады. Ақыл-ой кемістігінің негізгі көрсеткіші ІQ көлемі болып табылады. Осыған орай бала құрдастарынан 20%-ға қалып отырса, оны арнайы сыныптар немесе көмекші мектепте оқыту мүмкін деп есептейді. Егер ол 50%-дан жоғары үлгермесе, онда оны оқытуға келмейтін деп есептейді және әлеуметтік қамтамасыздандыру арқылы арнайы интернаттарға орналастырады. 1908-1910 жылдары энтуизист-дәрігерлер (Е.В. Герье, В.П. Кащенко, М.П. Чехов және т.б.) мен педагог топтары үлгермеушілігі интеллектуалды жетіспеушіліктен болған Мәскеу мектептерінде оқитын балалардың үлгермеушілік себептерін анықтауға топтық зерттеу жүргізді. Зерттеу бала туралы анкеталық берілулер, педагогикалық мінездемелерді қарау арқылы, үйдегі тәрбие жағдайы және дәрігерлік зерттеудің нәтижелерін жинақтау жолы арқылы жүргізілді. Г.И. Россолимо (1860-1928) ресейлік ірі невропатолог, психологиядағы экспериментальды зерттеулердің жақтауышысы, тесттік әдістерді қолдаған. Ол зейін мен ерікті, көріп қабылдаудың дәлдігі мен мықтылығын, ассоциативті үрдістерді зерттеген. А.Н Шуберт (ХХ ғасырдың 20 жылдары) 1923 жылы Бине-Симон тестін орыс тіліне аударды. Ол психиканың басты ақауын ұзақ уақыт жоспарлы бақылау кезінде ғана анықтауға болады деген. Сол себепті қалыпты және қалыпты емес балаларды зерттеудің клиникалық және психологиялық салыстыру мәліметтері ерекше маңызды. Л.С Выготскиий бала тұлғасының дамуына тәрбие, оқыту және қоршаған орта әсер етеді деп қарастырған. Ғалым 1931 жылы бала психикасын зерттеудің келесі нұсқасын ұсынды: • Баланың өзінің, ата-анасының, оқу орны тәрбиешісінің шағымдарының жиынтығы; • Бала дамуының тарихы; • Педагогикалық диагноз; • Бала дамуының сипаттамасының болжамы; • Педагогикалық және емдік-педагогикалық бекітулер; Ақыл-ой дамуында артта қалған балаларға психологиялық-педагогикалық сипаттама. Ақыл-ойдың артта қалуын тек олигофренопедагогика емес, сонымен қатар психологтар, невропатологтар, психиатрлар, генетиктер және эмбриологтар зерттейді. Бүкіл әлемдік санақ бойынша, бұндай аномалиясы бар адамдар саны азаяр емес. Осыған орай, дамуында ауытқуы бар балаларды коррекциялау проблемасының өзектілігі пайда болды. А.С.Выготский, А.Р. Лурия, К.С. Лебединская, В.И. Лубовский, М.С.Певзнер, Г.Е.Сухареваның және басқа ғалымдардың зерттеулері ақыл-ойының дамуы артта қалған деп тек, «ақыл-ойдың аз болуы емес», бұл психиканың сапалық өзгеруі, жеке адамның толық өзгеруін айтқан. Ақыл- ойының дамуы артта қалған балаларда шартты рефлекстің өзгеруі, қозу мен тежелу үрдісінің тепе-теңдігінің болмауы, сигналдық жүйенің өзара әрекеттестігінің бұзылуы байқалады. Баланың психикалық дамуының аномалиясы келесілерді біріктіреді: • Танымдық үрдістердің артта қалуы, соның ішінде – қабылдау бөліп көрсетіледі; • Ойлаудың жүйесіздігі. Бұнда заттардың ерекше көзге көрінетіндері бөлінеді, заттар арасындағы ортақ байланыс орнатылмайды; • Естің бұзылуы; • Қабылданған образдарды қайта жаңғырту кезіндегі қиындықтар; • Сөйлеу дефектісі (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық), дыбыс- әріптік анализ бен синтездің тежелуі, сөйлеуді қабылдау мен түсінудің бұзылуы, сөйлеудің қарым-қатынаста қажеттілігінің төмендеуі; • Зейіннің жетіспеушілігі; • Эмоционалдық еріктік аймақтың ауытқуы Балалардың бұндай ерекшеліктері тұрақты сипатқа ие, себебі әр түрлі даму кезеңіндегі органикалық бұзылулардың нәтижесі ретінде саналады (генетикалық, босану кезендері т.б). Ақыл-ойдың артта қалуы мен соған ұқсас қалыптарды ажырата білуіміз қажет: • Мектептегі үлгермеушілік ақыл-ойдың артта қалуының адекватты еместігі, өйткені мектептегі үлгермеушіліктің көп таралған себебі – балалардың мектепте оқуға дайын еместігі; • Отбасында өмір сүру жағдайының болмауы, бұл да үлгермеушіліктің себебі болуы мүмкін; • Баланың астеникалық күйі, тез шаршауы, ес пен қабылдаудың нашарлауына әкеледі; • Психикалық дамудың тежелуі, бұл да мектептегі алғашқы жылдарда үлгермеушілікке әкелуі мүмкін; • Анализатор әрекеттерінің бұзылуы балалардың танымдық әрекетінде қиындық тудырады. Соның арқасында үлгермеушілік пайда болады (көру, есту дефектсі, дальтонизм). Ақыл-ойдың артта қалуын нақты анықтау қиындығы мынада, көз көрмеуі мен құлақ естімеуімен салыстырғанда, ақыл-ойдың артта қалуының абсолютті- объективті критерий жоқ, яғни оны қандай да бір шкаламен өлшей алмайсың. Ақыл-ой кемістігі бар балаларға жүргізілетін коррекциялық жұмыс. Балалармен жүргізілетін әдістер мен жұмыс мазмұны арнайы маманмен анықталады. Ол баланың жекелей ерекшеліктерін және оның жасын міндетті түрде ескереді. Баланың жоғарғы психикалық функциясын дамыту үшін, келесі түрдегі жұмыстар жүргізілуі қажет. • Баланың қимыл-қозғалысын дамыту: қол бұлшық еттерін, қол саусағының моторикасын шынықтыру; резеңке допты қысу, ермексаз бен кыштан жапсырмалар жасау; түйіншектерді шешу; құмыраларды ашып-жабу, қатты қағазды нүктелер және пунктир сызығы арқылы тесу; контур және трафарет үстімен сызу; бояу; қию; қағазды бүктеу; саусақтармен жаттығулар; • Кеңістіктегі бағдарлануды дамыту: өзінде, айнадағы бейнесінде және суретте оң және сол жақты анықтау; балаға қатысты заттардың координаталарын анықтау; жазық қағаз бетінде бағыттану (сол жағында, оң жағында, үстінде, астында, ортасында); заттарды симметриялы бояу; таяқшалардан фигураларды, сызықтарды үлгі көмегімен және есінде сақтау арқылы құрау. • Есті жақсарту үшін келесідей ойындар пайдаланылады: өрнекті есте сақтауы бойынша салу; сөздерді және сандарды қайталау; алдын-ала есте сақтауды жаттықтыру; • Ойлаудың барлық түрін дамыту үшін сурет салу, жапсырмалар жасау, аппликациялар қолданылады. Бұл жаттығулар баланың сенсорлық қабілетін дамытады және танымдық қабілетін арттырады. Барлық жаттығулар барысында балалардың сөйлеуін коорекциялау қажет. Коррекциялық жұмыс жекелеген психикалық процестерді емес, жеке адамға толық бағытталуы қажет. Коррекциялық жұмыс топтық, жекелей формада болуы мүмкін және келесідей әдістерден тұрады: ➢ Интеллект дамыту ➢ Адекватты темпте дамыту ➢ Еңбек әрекетін және дағдыны дамыту ➢ Коррекциялық жұмыс өткізілген бағдарламамен дамыту ➢ Интеллект дамытатын әр түрлі әрекеттерге қызықтырып, тарту (ойын) ➢ Құрдастары арасында өздерін жайсыз сезінуді жою ➢ Материалдарды қызықты түрде түсіндіру ➢ Толық отбасында тәрбиелеу (басқа балалармен) ➢ Стандартты емес түрдегі оқыту. Жеке түзету-тәрбиелеу жұмысы. Дефектолог мұғалім ақыл-ой артта қалған мектеп жасына дейінгі балалармен түзету-тәрбиелеу жұмысы кешенін жеке сабақтардың маңызы зор. Оңалту орталығына балалар аптасына 2-3 рет дефектологтың сабақтарына қатысады. Сабақтарда қатысады. Сабақтарда дефектолог әрбір баланың жеке ерекшеліктерін есепке алады, психикалық дамуындағы тек оған тиісті спецификалық ауытқуларды көреді, оларды максимальді түрде жеңу және бәсеңдету үшін әдістемелік тәсілдерді таңдайды; жеке түзету-тәрбиелеу жұмыстарының тиімділігін айтуға және бағалылығы мен қажеттілігін мойындауға болады. Ақыл ойы артта қалған мектеп жасына дейінгі балалармен жеке жұмыстар күтілетін нәтижелерді беруі үшін, жалпы сабақтарда оқыту барысында байқалған спецификалық қиындықтарды жеңу мен бәсеңдетуге мүмкіндік тудыруы үшін ол міндетті түрде балалардың даму ерекшеліктерін мұқият және жан жақты зерттеу негізінде жасалуы керек. Мұндай зерттеу баладағы олигофренияның этиологиясын ашатын клиникалықт диагнозды қаратыру тұрғысынан сияқты мұқият психологиялық педагогикалықзерттеу негізінде жүргізіледі. Ақыл-ойы артта қалған мектеп жасына дейінгі баламен жеке жұмысты ұйымдастыру мен өткізудің бастапқы кезеңі оны жан-жақты психологиялық- педагогикалық зерттеу. Ол бала оңалту орталығына түсетін кезде өткізіледі, зерттеу оның маңызды әрекет түрлерін меңгеру, қабылдауының дамуы, қарапайым операцияларды орындай алу деңгейін анықтауға бағытталған. Баланың сөйлеу тілінің дамуын талдауға, оның деңгейін табуға, мүмкін болатын сөйлеу мүкістерін анықтауға басты назар аудару керек. Зерттеу барысында дефектолог ақыл-ойы артта қалған баланың мінез- құлқын талдайды, үлкендермен және құрдастарымен байланыс орнату мүмкіндіктерін, мақұлдау мен кінәлауға реакйиясын, қиындықтарға қарым- қатынасын, көрсетілген көмекті пайдалана алу ептілігін, әрекеттің бір түрінен келесі түріне ауысу қабілетін бағалайды. Педагог ақыл-ойы артта қалған балаға арналған түрлі тапсырмалар ұсына отырып және олардың орындалу барысын бақылай отырып, басты назарды нәтижеге емес, баланың әрекет ету әдістеріне ( орындады-орындамады) аударады. Бір тапсырманы шешуге бала мақсатты байқау, көру арқылы бейімделу сияқты айтарлықтай «жоғары» әдістермен әрекет етуі, немесе қимыл және бейберекет әрекеттер деңгейіне дейін түсуі мүмкін. Баланың тапсырмаларды орындау әдістерін бағалай отырып, дефектоглог психикалық дамудың жас ерекшелік талаптарына сай олардың арақатынасын белгілеу керек, осыған сәцкес ондағы тану әрекетінің белгілі жақтарының қалыптасуы туралы қорытынды жасауы керек. Ақыл-ойы артта қалған баланың психикалық дамуының шынайы деңгейін анықтау үшін оның даму деңгейін ғана емес, таяу арадағы даму аймағын, яғни тапсырманы үлкен адаммен бірге орындауын есепке алу маңызды талап болып табылады. Дефектолог зерттеу барысында бала үйренуге белгілі мүмкіндіктерді көрсете алатын жағдайларды жасағанда ғана оның психикалық дамуының нақты деңгейі анықталатынын атап өту керек. Л. С. Выготскийдің дамудың екі зонасы туралы ережесіне сүйену арқылы ақыл-ойы артта қалған мектеп жасына дейінгі баланың бүгінгі жетістіктерін анықтаумен қатар, болашағын көруге мүмкін болып отыр. Мүмкіндігі шектеулі, ақыл-ойы кем оқушылардың танымдық қызығулығын ойын арқылы арттыру. Нәтижеге бағдарланған білім моделінде «Мұғалім оқытуды ұйымдастыру шарты ретінде оқыту процесін шығармашылық қарастыруға жауапты» - деп көрсетіледі, яғни оқу процесін ұйымдастыруда «оқушыны қалай оқыту емес» оқушыны оқуға қалай үйрету қажеттілігін ойластыруды талап етеді. «Ұстаз оқушының танымдық іс-әрекетін жақсы ұйымдастырушы, баланың табысына қатты ынта қоятын, олардың рухани өсуіне мүдделі, ықиятты да қамқор адам». Көптеген зерттеулер бойынша танымдық қызметтің толық жетіспейтіндігі қосалқы мектеп оқушыларына тән қасиет екендігі дәлелденген. Дәннің өсіп жетілуі топырағына, күтіміне байланысты болытыны сияқты, бала ақыл-есінің қалыптасуы да өскен ортасына, алған тәрбиесіне, білім алған мектебіне байланысты. Ақыл-есі кем дамыған балаларға білім беру, оларға қарапайым түсініктерді жеткізу оңай шаруа емес. Оларды оқытып қана қоймай, көкейіне тоқыту үшін көп тер төгуге тура келеді. Кейбір ата-аналар баласының кемістігін бетіне басып, ұрысып, кекетіп, кемсітіп ұрып соғады. Бұл әрине дұрыс емес. Бұл баланың психологиясына кері әсер ететіндігін түсінбейді. Ақыл-ойы кем балаларға таныту, үйрету машақаттың машақаты, оған шыдамды төзім, оқушыларға деген махаббат, азаматтық парыз, имандылық, парасаттылық керек. Ақыл-ойы кем балалардың түсіну ұғыну, есінде сақтау, ойлау қабілетінің және тілінің бұзылғандығы оларды ақыл-ойы жетілген балалардан айырып тұрады. Жетістікке қол жеткізу үшін мұғалім алдында отырған шәкірттерінің мінез-құлқын, сана сезімін, жетілу дәрежесін, танымдық процестерінің (қабылдау, зейңн, қиял, ес, ойлау) дұрыс қалыптасқандығын қадағалап отыру керек. Көрнекті педагог В.А. Сухомлинский: «Сабақ жасөспіріпдердің интеллектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болуы керек. Осыған қол жеткенде ғана «мектеп – жасөспірімдер үшін рухани өмірдіңтілеген ошағын, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына, кітап – мәдениеттің баға жетпес қазынасына айналады» - деген екен. Сондықтан, ақыл-ойы кем балалармен өткізілетін әрбір сабақты балалар өз күштеріне сенімділігін сезінетіндей етіп, олардың оқуға деген ықыластарын оятып, қызықтыратындай етіп ұйымдастыру қажет. Шәкірттерге әсер ету жолдары түрліше. Ұстаз ізденісі әр баланың жан- дүниесіне үңілуден бастайды. Өзі оқытып жүрген шәкірттерінің өзіндік ерекшеліктерін жете зерттеп, біліп алған соң, әдіс тәсілдерді деңгейіне қарай іріктеп талдап қолданады. «Өзгерегн қай әріп?» ойыны оқушыларға дыбыстар мен әріптердің айтылу мен жазылу ерекшеліктерін меңгерту үшін қолданады. Ойын барысында сөз ішіндегі әріптерді дұрыс жазылуына, бір әріптің өзгеруінен сөздің басқа мағынаға ауысып кететіндігіне оқушылардың назарын аударуға болады. Бер – жер Тақта – мақта Бала – шала Көл – шөл Көз – бөз Жас – тас «Ойлан тап» ойыны арқалы сөздердің мағынасын ажыратқызуға болады. Ойын тәртібі: Оқушылар «мұғалімдер» және «оқушылар» болып екіге бөлінеді. «Мұғалімдер» әр түрлі мағынасы бар сөздерді айтады, ал «оқушылар» осы сөздердің мағынасын түсіндіреді. «Мұғалімдер» мен «оқушылар» өз рөлдерін ауыстырады. Мысалы: Қой – жануар Үй – зат Түс – зат Қой – қимыл Үй – қимыл Түс – қимыл. «Қай сөздерді жоғалттым?». Бұл ойын сөз және сөйлем тақырыптарын өткен кезде жүргізіледі. Мысылы: ... еріді. ... жылынды. Гүл ... Бұлбұл ... Ол ... оқыды. Құстар ... келді. «Көрші – көрші» ойыны. Ойынның мақсаты: 10 көлеміндегі сандардың ретін меңгерту. Ойынның мазмұны: Мұғалім бір санды атайды, мысалы: 7 дейді. Жеті саны тағылған бала ілгері шығып, тақтаның алдына тұрады. Мұғалім: бұл санның көршілері қатарға тұрыңдар. 6,7,8 сандарын құрады. Одан соң 6 және 7 сандарын салыстырады. 6-ның 7- ден біреуі кем, 6-ға бірді қоссаң 7 болады. «Топтай біл» ойынын алатын болсақ, бұл оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, заттарды белгілі бір тақырып бойынша топтай білуге, олардың не үшін қажеттігін ажыратуға дағдыланады. Мысалы: сәбіз, қияр, алма, түйе, жылқы, жүзім, картоп, сиыр, түлкі, қасқыр, алша, т.б. Оқушылар бұл сөздердң топтап жазады. Түйе, жылқы, сиыр – үй жануарлары. Бастауыш сынып оқушыларының білімге деген ынтасын, мүмкіншіліктерін толық пайдаланып, алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін әр түрлі психологиялық жаттығулар, суретті кесетелр, танымдық ойын түрлерін пайдалану ақал-есі кем балалардың ой-өрісін, дүниетанымын, зейінін, есте сақтау, қабылдау, қиялдауын дамытумен бірге танымдық қабілеттерін дамытуға да көмектеседі. Үйден оқытылатын психикалық дамуы тежелген балалардың сауаттылығын арттыру Қазіргі уақытта ортамызда болып жатқан әлеуметтік мәселелері: отбасылық, экологиялық, экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, психологиялық ауытқулары бар әр түрлі жастағы балалардың көбеюіне әкеліп соқтырды. Қазақстанда кемтер болып туылатын нәрестелердің саны жыл сайын көбеюде. Біздің міндетіміз - түрлі ауытқулары бар балалардың сауаттылыған арттыру және әр алуан психокоррекциялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып ойлау процесін дамыту. Ресейдегі дамуы кенже қалған балалардың диагностикасы мен коррекциясын алғаш зерттегн П.Я. Трошин дені сау бала мен дамуы кенже балаларды салыстыра сараптап: «Негізінде дені сау бала мен дамуы кенже балалардың арасында еш айырмашылық жоқ, ол да бұл да адам, ол да бұл да бала, оның да бұның да дамуы бір заңдылықпен жүреді. Айырмашылығы даму тәсілінде ғана», - деп жазды. Психикалық дамуы тежелген, яғни үйден оқытылатын баланың сауаттылығынарттыру мен ойлауын қалыптастыруда психолог – маман мен пән мұғалімдері бірлесе әрекет еткенде ғана нәтиже болады. Пәндерден алған білімін одан әрі бекіту үшін психокоррекциялық жұмыстардың пайдасы зор. Төмендегі кестеде балаларға психокоррекциялық жұмыстар мен пәндер бойынша сауаттылығын арттыруда біршама әдіс-тәсілдердің үлгісі жинақталған Жоғарыда атап өткен балалардың ойлау процесінің дамуы көрнекілік бейнелер: сурет салу, лабиринттен өту өту арқылы ғана жүрмейді, сонымен қоса сөздік нұсқау өзіндік әрекет арқылы жүзеге асады, онда ол құрастырудың объектісін ойлап табады, содан кейін өз бетінше іске асырады. Психикалық дамуы тежелген балалардың психокоррекциялық жұмысында ерекше қызығушылық туғызып жүрген әдіс-тәсілдердің бірі А.Р. Лурия мен оның шәкірттері ойлап тапқан құрастыру әдісі. Бұл әдістің мәні мынада: балаға ақ қағазға жапсырылған үлгі-өрнектер беріледі, енді бала құрастыру үшін алдымен үлгі өрнектерді зерттейді, қажетті бөлшектерді таңдайды, яғни үлгі- өрнектер балаға белгілі бір тапсырманы ұсынады, бірақ оның шешілу әдісін көрсетпейді. |Әдіс-тәсілде|Мазмұны |Сенсорлық |Ойлау |Пәнаралық | |рі | |процестер |процестері |байланыс | |1.Балада |Балаға тапсырмалар|«Үстінде», |Заттардың |Ана тілі | |заттардың |беріп, «кітапты |«астында», |өзара |пәніне әңгіме| |орналасу |үстелдің үстіне |«жанында», «сол |байланысын |құрастырғанда| |ретін |(астына, жанына, |жағында», |түсіндіру |заттарды | |анықтауға: |тартпасына) қой, |түсініктерін |(заттардыорн|дұрыс | |«Грамматикал|«аюдың оң (сол, |қалыптастыру, сол|аластыру) |орналастыра | |ық жүйені |артына, алдына |сияқты заттарды | |білуді | |қалыптастыру|жанына) қоянды |салыстыра білуге | |үйренеді. | |» ойыны. |орналыстыр», т.б. |үйрету: | | | |(ойын | |«үлкен-кіші», | | | |түріндегі) | |«жуан-жіңішке», | | | | | |«ауыр-жеңіл», | | | | | |т.б. | | | |2.Сандарды |Сырғанақта 8 бала |Тапсырма арқыла 8|Балада қосса|Ойын | |бір-біріне |ойнап жатыр еді, 3|баланың |көбейеді, |элементтерін | |қостыра |бала үйларіне |сұлбасынан 3 |алса азаяды |пайдаланып | |отырып, ойын|кетті. Сырғанақта |баланың сұлбасын |түсінігінқал|есепті де | |элементтерін|неше бала қалды? |алып, қалған |ыптастыру. |шештіру, жыл | |пайдаланып, |(көрнекіліктерді |балаларды | |мезгілдері | |баланың жыл |міндетті түрде |санату.Сол арқылы| |туралы | |мезгілдері |пайдалану) Балалар|есепті шығарту, | |түсінік беріп| |жөніндегі |қай мезгілде |қыс мезгілдерін | |өту. | |білімін |сырғанақ тебеді? |жаттату (сол | | | |пысықтау. |Қыз мезгілінің |сияқты басқа жыл | | | |(сұрақ-жауап|айларын ата: |мезгілдері туралы| | | |түріндегі) |желтоқсан, қаңтар,|да білімін | | | | |ақпан. |бекітуге есептер | | | | | |үлгісін ойлап | | | | | |табуға болады) | | | |3.Ертегі |«Шалқан» ертегісін|Әңгімелесуде |Ертегі |Ертегі | |айтқызу |айтып беру, |төмендегі |терапия |мәтінін оқу | |арқылы |-Ата не |жаттығуларды да |арқалы |арқылы | |сөздерді |отырғызды? |пайдалануға |баланы |түсінігін | |байланыстыру|– ата шалқан |болады: |еңбекке |айтқан бала, | |және сөздік |отырғызды. |-үлкендер оқыған |баулу, |ана тілі | |қорын |–шалқан деген не? |әңгімені немесе |күнделікті |сабағында | |молайту. |– жерде өсетін |ертегіні айтып |тұрмысқа |кез-келген | |(әңгімелесу |өнім. |беру; |қажетті |мәтіннен | |түрінде). |–шалқан қандай |-көрген |заттарды |түсінігін | | |болып өсті? |мультфильмді |адам өз |айта біледі. | | |–шалқан үлкен |айтып беру; |еңбегімен | | | |болып өсті, т.с.с.|-өткен күндердің |табуы тиіс | | | | |әңгімесін |екенін | | | | |әңгімелеу; |түсіндіру. | | | | |-экскурсия, | | | | | |қызықты | | | | | |серуендерді | | | | | |әңгімелеу; | | | | | |-үлкендердің | | | | | |бастаған | | | | | |әңгімесін аяқтау | | | | | |(содан соң не | | | | | |болуы мүмкін); | | | | | |-соңы біткен | | | | | |әңгіменің басын | | | | | |бастау (одан | | | | | |бұрын не болуы | | | | | |мүмкін) және т.б.| | | Психокоррекциялық сабақтарды алдына қойылған тапсырмаларына сәйкес жеке, сол сияқты топпен де өткізуге болады. Мысалы, «Сөйлемді құра» ойыны. Мақсаты – балада әр алуан, ал кейде мүлде кездейсоқ қабілеттерді тез айқындау, күнделікті заттардың өзара байланысынан, жекелеген дара элементтерлен жаңа тұтас шығармашылық түрде бейнедлерді құрастыру. Балаға байланысы жоқ үш сөзді айтуды тапсырамыз,, мысалы, «көл», «қалам», «аю». Осы үш сөзді кірістіріп көбірек сөйлем құрауы қажет. Жауаптары жүйесіз ( «Аю көлге қаламын түсіріп алды»), жаңа объектілерді кіргізіп және ситуацияладың шегінен шыққан күрделі ( «Балақалам алып, көлге шомылып жатқан аюдың суретін салды») және осы заттардың стандартсыз байланысы ( «Қаламдай жұқа бала көлдің жағасында тұрып аю сияқты ақырды») болуы мүмкін. Тиімді жұмыс атқару үшін маман өзінің беретін пәнін, ір түрлі әдіс- тәсілдерді жетік білуі қажет. Көмекші құрал ретінде қолданылатын ойындар арқылы түзету жұмыстарының алатын орны ерекше екені сөзсіз. Дегенмен, психолог маманның алдында жалпы білім беретін пәндер мен оқу дағдарысын еңбек пәнімен байланыстыра қолдану аса тиімді. Ойлау қабілеті мен танымдық белсенділігі төмен оқушылармен тренинг сабақ Мектеп психологының сөзі: Сәлеметсіздер ме, Құрметті қонақтар! Құрметті оқушылар! Бүгінгі біздің сабағымыздың І бөлімі психодиагностикадан басталады. ІІ бөлімі психокоррекциялық жұмыстарға арналады. І. Танысу тренингі: Мақсаты: оқушылар арасында жағымды есте сақтау қабілетін орнату. Нұсқау: Қазір, балалар, сіздер 1-ші (партадағы) оқушыдан бастап өз есімдеріңе жақсы сөзбен мақтау немесе мадақтау (сөзін қосып танысу аяқталғанша алдындағы қағаздарына жазып) айтып шығамыз. 1-ші оқушы «Менің есімім .............» деп бастап, 2-ші оқушы жалғастырады, әрі қарай танысу аяқталғанша жалғастырады. Сонымен, танысып болған соң, есімдері жазылған парақты алдына қояды. Не өзгерді? Мақсаты: баланың танымдық белменділігін ояту, зейінін және ес процесін дамыту. Құралы: бірнеше ойыншық Нұсқау: Үстелдің үстіне бірнеше ойыншық қойылады. Балаға үстелде тұрған ойыншықтарды есіне сақтау ұсынылады. Содан кейін «Көзіңді жұм! Деп нұсқау беріледі. Осы кезде жүргізуші 1 ойыншықты алып қояды. Жоғалғанын табу ұсынылады. Сандарды есіңе сақта Мақсаты: баланың есту арқылы қысқа мерзімде есте сақтауының көлемін анықтауға арналған. Нұсқау: қазір мен саған сандарды айтамын, ал сен, жүйелі түрде сандарды жоғарыдан төменқарй оқуың керек (2 секунд ішінде). 9,4,6,5,9,3,8,3 3,9,4,2,1,3,7,5 2,1,7,0,1,8,9,5 Сөздерді жаттап ал Мақсаты: жаттап алу прцесінің динамикасы анықталады. Нұсқау: балаға 12 сөзден тұратын қатарды жаттап алу және қатесіз еске түсіру тапсырмасы беріледі. Сөздер: ағаш, қуыршақ, гүл, құс, шаш, сурет, адам, кітап, қалам, киім, алма. Жүргізуші сөзді бірінен соң бірін 3 рет оқиды. Әрбір қатарды еске түсіріп қағаз бетіне түсіреді. Содан соң оқытылып тыңдалады. Мен жақсы көремін ойыны Ойын шарты: Дөңгеленіп тұрып, бір-бірімізге доп лақтырамыз. Доп кімнің қолына түссе, сол оқушы кімді жақсы көретінін айтады. Мысалы, мен анамды жақсы көремін. Өйткені, ол менің ең жақын адамым. Немесе мен Айнұрды жақсы көремін. Өйткені ол сыпайы және т.б. ойынның соңында доп жүргізушінің қолына тиеді. Сәлемдесу Ойын шарты: екі оқушы ортаға шығып, бірі інісі, бірі ағасы болып бір- бірімен сәлемдесуі қажет. Інісі ағасына қандай жақсы сөздер айтуы мүмкін? Ағасы інісіне қандай жақсы сөздер айтуы мүмкін? Бір-бірінің жақсы қылықтарын айтып, мадақтау Ойын шарты: Балалар дөңгеленіп отырады. Жүргізуші «Сиқырлы таяқшаны! Отырған оқушылардың біріне ұсынады. Ол жанында отырған баланың жақсы жақтарын айтып мадақтайды ды, таяқшаны оған береді. Ол таяқшаны осы тәртіппен келесі балаға ұсынады. Ойын осылай жалғаса береді. Айтылған жағымды сөздер мынадай болуы мүмкін: Айгүл сенің дауысың қандай көркем! Гүлнар сенің жүзің сондай мейірімді көрінеді! Марат маған сенің ақкөңілділігің ұнайды және т.б. соңында балалар бір-біріне рақмет айтысып ойынды аяқтайды. Психолог қорытындысы Біріншіден, мұндай ойындар балалардың қызығушылығын тудырып, оқу іс- әрекетіне танымдық ынтасын арттырады. Екіншіден, баланың қабілеттерін дамытады (зейінін бір жерге шоғырландыру, зейінді болуға керекті жерде қажетті нәрсені есте сақтау мен ойлап табуға үйренеді). Бекітуге арналған сұрақтар 1. Интеллектуалдық дамудың көрсеткіші сөйлеу жағдайына байланысты деп кім есептеген? 2. Ақыл-ой қабылдауының басты көрсеткіші адамның сенсорлық қызметінің жағдайы деп айтқан және алғаш тестілеуді жүргізген ағылшын биологы? 3. Т. Симон және А. Бине қандай тесттің нақты жүйесін құрды? 4. «Өлшемдік жартас» тестінің кемшілігі неде? 5. АҚШ-та ақыл-ойы кем балаларды іріктеуге арналған комиссия құрамына қандай мамандар кіреді? Дәріс 7. Жасөспірім және жеткіншек жастағы тәрбиелеу мен оқыту мәселелері 1. Педагогикалық қолдау - объективті шындық ретінде. 2. Жеткіншектердің мінез-құлқының кері жақтары. 3. Жеткіншектердің адекватты емес мінез-құлқының алдын алу мен түзету. 4. Жеткіншектерді қайта тәрбиелеу ерекшелігі. Педагогикалық қолдау – объективті шындық ретінде Педагогикалық қолдау – бұл уақыт талабы болып табылады. Сондықтан да педагогика ғылымы мен практикасының тапсырмасы –педагогикалық қолдауды енгізу. Бұндай енгізулер дамып келе жатқан жеке тұлға маңызы үлкен. Педагогикалық қолдаумен қамтамассыз ету принциптерін О.С. Газман мен Т.В.Анохин былай жіктеп көрсетті: - Көмек көрсету мен қолдауға баланың келісімі; - Потенциалды жеке мүмкіндіктері мен нақты күшіне тірек болу; - Мүмкіндіктерге деген сенімділік; - Бірлесіп,қызметтесіп көмек көрсету; - Конфиденциалдық (анонимдік); - Мейірімділік, бағаламау; - Қауіпсіздік, денсаулық сақтау, адами құндылықтарының құқықтары; - «Зиян келтірмеу» реализациялық пікірі; - Рефлексивті – аналитикалық үйлесім процесінің нәтижесі. Жеткіншектердің тәрбие, оқу және оның жетістікке жету жолындығы олардың дамуына кедергі жасау қиындықты болдармау үшін педагогикалық қолдаудың мақсатын құру қажет. Т.В. Анохин қиындықтың (әлеуметтік, субъективті, материалдық) түрлері мен оның шығу тарихын былай бөліп көрсетті. Педагогикалық қолдаудың келесі түрлері: • Диагностикалық – баланың немесе жеткіншектердің мәселелері қалыптастырылады. • Ізденушілік – мәселенің себебін педагогпен бірлесіп қарастыру. • Іскерлік – баламен және үлкендердің арасындағы қарым-қатынас арасындағы мәселенің шешімі бойынша «қорытындыға» келісім жасау. • Іс-әрекетті – баланың өзіндік қалыптасуы мен іс-әрекетін үлкендер тарапынан ынталандыру. • Рефлексивті – тәрбиеленуші мен үлкендердің өмірлік іс-әрекетіндегі мәселелерді шешу фактісін қолдану. Педагогикалық қолдану қазіргі кезде өте кең қолданыс тапқан жоқ. Ғалымдармен педагог-практиканттардың қарастыратын ең басты мәселесі болып оқушлардың оқудағы қиындықтары. Педагогикалық қолдауды іске асыру мынадай төмендегі жағдайларға байланысты деп қарастырды А.Асмалов. - Оқушының қарым-қатынасын және өзіндік пікірін қолдау, - Баланың жекелей өсуіне қолдау көрсету. Жеткіншектердің мінез-құлқының кері жақтары Балалық шақтан ересектікке өту кезеңі дене, ақыл –ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарынан негізгі өзара тән ерекшеліктері болып табылады, барлық бағыттарда жаңа құрылымдар қалыптасып организмнің, сана- сезімнің үлкендермен, жолдастарымен қарым-қатынастары олармен әлеументтік іс-әрекеті,әдістері мүдделердің танымдық және оқу іс-әрекетінің мінез- құлқына іс-әрекеттері қарым қатынасқа арқау болатын моральдық, этикалық нормалар мазмұнының нәтижесесінде ересектік элементтер пайда болады. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның моральдық және әлеуметтік негіздерді қолдану және қалыптастыру болып табылады. Жеткіншектік –қиын және сыналатын кезең деп саналады. Осы уақыттың сапалық өзгерістеріне байланысты бұл өзгерістер бұрынғы ерекшеліктері мүдделі қарым-қатынас түбірінен өзгеретін сипатта болады. Мұның өзі біршама қысқа мерзімде болуы мүмкін көбінесе күтпеген жерден болады. Осы кезеңіндегі өзгерістер бір жағынан жеткіншектің өзінде әр түрлі елеулі субъектілердің болуымен қалыптасады, ал екінші жағынан тәрбиелеудегі қиыншылықтармен байланысты. Жеткіншек үлкендердің ықпалына көнбейді, тіл алмау, қарсылық пен наразылықтардың әртүрлі формалары кездеседі : тентектік, дөрекілік,тұйықтық. Мысалы: «Маған өмір сүру қиын,-деп он бес жастағы қыз бала айтады.- Ата -анам құрбыларыммен бірге жүргенге рұқсат етпейді»,- Ал енді тағы бір қыз «Мен киноға,не би кешіне бармаймын», өйткені менің ата-анам ешқайда босатпайды. Мен темір торда өмір сүріп жатқандаймын,-дейді».Сондықтан да осындай жағдайда үлкендер тарапынан өзара қарым-қатынасқа түсу басты роль атқарады. Баланың қиындықтарының көбісі оның жекелей ерекшелігінің қалыптасуынан туындайды. 1) Өзгенің өзіне деген сенімінің болмауы; 2) Не нәрсені жүрегіне жақын қабылдау; 3) Құрбыларымен тіл табыса алмау. Осындай тіл табыса алмау негізінде жеткіншек отбасыдан, мектептен тыс қарым-қатынас формаларын іздейді. Өкінішке орай қазіргі жағдайда жеткіншектер мен жасөспірімдердің мінез-құлқы кері әсер етуші факторлардың әсерінен алуан түрлі өзгеріп жатады. Оларға әсер ететін факторлар: • Отбасындағы келіспеушілік; • Шамадан тыс еркелету; • Ата-аналар тарапынан бақылаудың болмауы; • Отбасындаға баланың орны; • Талап қоюдың жиілігі мен дәйектілігінің болмауы; • Қоршаған ортаның теріс ықпалы; • Әлеуметтік-психологиялық қараусыздық. Жеткіншектер мен үлкендер арасындағы позиция типтері: Авторитарлық позиция. Бұл позиция бойынша жеткіншекке қатаң талап қойылады. Оған барлғына рұхсат етілмейді. Жеткіншектердің пікірі ескерілмейді, шешімді үлкендер қабылдайды Демократиялық позиция –тең дәрежедегі үлкендер мен жеткіншектер қарым-қатынасы. Либералды позиция – бұнда таңдау құқығына жеткіншектер ие болады. Осы позиция бойынша жеткіншектер шешемді әрдайым өздері қабылдайды ал үлкендер өздерінің көзқарастарын білдіреді. Ысырып тастау позициясы –бұл типте жеткіншектер өмірінде үлкендердің болмауы. Жеткіншектердің адекватты емес мінез-құлқының алдын алу мен түзету Жеткіншектер мен балаларды тәрбиелеуде ата-ананың, тәрбиешінің, мұғалімнің, сынып жетекшінің атқаратын жұмыстары басты роль атқарады. Жеткіншекті тәрбиелеуде мұғалімдер, тәрбиеші, сынып жетекшілер тарапынан әр түрлі тәрбие сағаттарын,ашық сабақтар,ойын сабақтарын, тренинг сабақтарын жүргізу маңызды. Мінезі ауыр балаларды қиын бала деп атайды. Қиын балалармен жұмыс жүргізу кезінде қатаң талап қойылады. А.С.Макаренко тәрбиеленушінің өзіне деген қатынасын құрмет көрсетумен байланыстырды. Үлкендердің талабын жеткіншектер жүзеге асыру үшін, төмендегідей қағидаларды орындауы керек. - Талаптарды орындау сатысында, өзінің жекелей ерекшеліктерін жетілдіру; - Мейірімділік, сыпайылық көрсету; - Қосымша аргументтік талаптар; - Уақытты дұрыс пайдалану; - Талаптың қиындауы; - Орындауға бақылау жасау. Бала мінез-құлқы қиындығының себептерін жалпы мынадай топтарға жатқызуға болады: * Әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалу, бұл арада бала өзінің тәрбиесінің жетімсіздігінен өзін дұрыс көрсете алмайды; * Отбасындағы психологиялық жағдайдың терістігі, топтағы құрбы- құрдастарымен өзара қатынасының жараспауы, балаға ата-ана, тәрбиеші, оөытушы тарапынан әділетсіз қатынас жасалуы салдарынан көрінеді; * Қараусыздық, қоршаған ортаның теріс ықпалы. Жеткіншекті қайта тәрбиелеу ерекшелігі Баланың тәртібінен қарсы іс-қимыл жасауынан өзіне назар аударту үшін, кек қайтару үшін, билік, сәтсіздіктен байқауға болады. Демек, бала ата-анасымен қарым-қатынасқа зәру, ата-анасына жақын болғысы келеді,яғни жан азабынан қорғанады. Баланы үнемі сынап отырса, ол жек көріп өседі, егер кінәлап отырса, ол өзін кінәлі сезініп өседі, мысқылдап отырса, тұйықталады. Еш уақытта баланы басқа баламен салыстырмаңыз! Егер бала байсалды, сабырлы болып өссін десеңіз, оған үнемі көңіл бөліңіз, жақсы қылығы үшін мақтап, қиын жағдайда көмек көрсетіп, әр табысын көрсетіп, мақтап отырыңыз. Тәрбиедегі ауытқушылық отбасында көрініс береді және оның себептері отбасы құрылымында болады, сондай-ақ ата-ананың балаға қарым-қатынасынан туындайды. Отбасы жағдайындағы кейбір мәселелер бала мінез-құлқының бұзылуына, олардың тууына себепші болатындығын көрсетеді. Егер ата-аналар өз жеке проблемаларын дер кезінде шешіп отырса, бала психологиясының бұзылуына жол бермейді. Қиын балалардың көпшілігі мейірім,жылылықты жиі сезінбейді. Сондыттан осындай жеткіншектермен жұмыс жүргізетін мұғалімдер мынадай сөздерді жиі қолданулары керек: - Қолдау ( « Өте жақсы», «Осы қалпыңнан тайынба!»). - Мадақтау («Сен бүгін жақсы жұмыс жасадың!»). - Қарым-қатынас барысында мейірімділік көрсету, көңіл бөлу.(«Мына оқулықтарды балаларға беріп жіберші»). - Сенім көрсету(«Мен кілтті саған сеніп тапсырдым»). - Баланың өзіне деген сенімін қалыптастыру. Дәріс 8. Жеткіншектердің қауіпті әрекеттері 1. Жеткіншектердің қауіпті әрекеттері. 2. Жасөспірімдердің топтағы қарым-қатынасын қалыптастыруға арналған тренингтер 3. Жеткіншектерге арналған сабақ жоспарының үлгісі Адамдардың өмірінде шарықтау сәті бар, ол оны қолынан шығарып алады, бұдан кейінгі күні «тар жол, тайғақ кешумен ұласады» деп ұлы ойшыл Шекспир айтпақшы адамға шыншыл да, ең қымбатты – ол оның мәні де, сәнді өмірі. Ал, осы өмірінің мәні де, сәнді өтуіне оның басты байлығы – денсаулығы тікелей әсер етеді. «Денсаулық – зор байлық», «Дені саудың – жаны сау» деп халқымыз бекер айтпаса керек еді. Өкінішке орай, адамзатпен XXIғасырға аузын арандай ашқан аждахадай сұм ажалдың төресі «нашақорлық», «ішімдік», «темекі», бірге аяқ басты.Анашаның Қазақстанда және бақа елдерде таралғаны баршамызға мәлім. Анашаның тарихы бұдан 15 жыл бұрын адам баласы анашаны білген.XX-XXI ғасырда қатерлі, улы өсімдіктерді аузына салып шайнап көрген,темекі түрінде тартқан.1975 жылы клиникалық норкология емханасы ашылды. Бір рет тартқаннан- ақ,басы ауырып,жүйке - жүйесін уландырады, бұлшық еттері шаншиды. Анашаны қолданған адам мида сақтау қабілеті тежеледі, соның салдарынан адам тез көріксізденеді ағзаның дамуы тоқталады. Алкоголь ол есірткі. Адам ағзасын улап қана қоймайды, ол қоғамға да тигізер зияны өте көп. Сондықтан әр түрлі қоғамда жат қылықтар болып жатады. Мысалы: қазір жеткіншектер теледидардан әр түрлі кино фильмдер ұрлық, зорлық, тонау, кісі өлтіру сияқты нәрселерді көріп, сана сезімдері уланады. Екіншіден, үйде болатын ата анасының ұрыс жанжалы баланың тәрбиесіне кері әсерін тигізіп қана қоймай оның келешек өмірінің дамып жетілуіне балта шабады. Бала үйден алатын жылылықты көшеден іздейді. Соның әсерінен әр түрлі жағыдайларға тап болады. Үшіншіден қасындағы достарына еліктеуі мүмкін.Қаншама бейкүнә адамдар осылардың құрығына түсіп, дүние салып, талай ауруларға ұшырады. Сондықтан да, елімізге салауатты өмір сүруге дабыл қағып, әртүрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев « Халық денсаулығы » атты мемілекеттік бағдарлама халықтың денсаулығын атап көрсеткені баршамызға белгілі. Бағдарламаның басты мұрты – халық. Денсаулығын сақтау, демографиялық ахуалын жақсарту. Шығыстың әйгілі данышпаны Әл – Фараби « Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып беремін, » - деген екен. Нашақорлық – есірткілердің мемлекеттік тізіміне енгізілген, адамды психикалық, кейде физикалық тәуелділікке және өздеріне деген төзімділікке, сонымен қатар медициналық - әлеуметтік зардаптарға алып келетін заттарды құтұнудан туындалған аурулар. Бүгінде нашақорлықтың бүкіл әлем бойынша кең жайылып, талай жанның, әсіресе жас буынның өмірін тым ерте қиып жатқандығы баршаға мәлім. Бұл қасірет біздің елімізді де жай қалтырған жоқ. Сондықтан осы мақаланы жазудағы мақсат – адам санасын улайтын бұл дерттен жастарымыздың бойын аулақ ұстауына жәрдемдесу. Ал «дұшпанды» жеңе білу үшін ол туралы мағлұматтың неғұрлым мол болғаны жақсы. Сонымен адам нашақорлыққа қалай ұрынады? Есірткіге тәуелділіктің қалыптасу механизмдері. Нашақорлықтың пайда болуы және қалыптасуы бас миының эмоциялық – позитивті орталықтарына есірткінің әсер етуіне байланысты. Есірткілік заттың әсерінен пайда болған көңіл – күйдегі ауытқулар өз кезегінде « рефлекстік мақсаттарды», яғни адам іс - әрекетінің кезекті рет жағымды көңіл – күйді іздеу ркфлексін, туындатады. Демек, оның дәмін татып көрген жанның алғашында көңіл – күйі керемет көтеріліп, «рахат» сезімге бөленеді де осы сезімді тағы да бастан кешіргісі келіп, нашаны қайдан тапсам екен деп аласұра бастайды. Осы мақсатта қол жеткізген сайын, яғни есірткі жиі тұтынған сайын адам тұрақты паталогиялық жағыдайға ауысады., басқаша айтқанда оның есірткіге тәуелділігі арта түседі. Нашақорлық клиникасы. Психикалық тәуелділік – физикалық тәуелділік – есірткіге төзімділік. Психикалық тәуелділік – үнемі немесе ара - тұра есірткі қабылдауға ұмтылу. Бұл кезеңде адамды есірткі туралы ойлар мазалайды, оны тұтынғанда көңіл – күйдің көтерілуі, есірткі болмағанда көңіл – күйдің күрт төмендеуі байқалады. Физикалық тәуелділік дегеніміз ағзаның бүкіл қызметтерінің қайта құрылуы кезіндегі жағыдай. Есірткі әсері тоқтаған кезде дөрекі психикалық және соматикалық бұзылыстар туындайды. Абстинентті синдорм пайда болады, ол кезекті есірткі қабылдаған соң жеңілдейді немесе тоқтайды. Апиын нашақорлығы. Бұл топтағы нашақорларға көкнәрдан алынатын заттарды тұтынатын адамдар жатқызылады. Апин және оның түрлері: 1. Морфий – ақ түсті кристалл ұнтақ, түймедақ түрінде және ампулалар шығарылады. 2. Кодеин – тұтқырлығы әр түрлі қарақошқыл түсті сұйықтық, капсула және түймедақ түрінде өндіріледі. 3. Героин – түсті ақтан бастап қоңыр түске дейін ауытқитын ұнтақ. 4. Омнопон – апиын анальгетигі, ампуладағы ертінді. Осы топқа сонымен бірге дионин, тебаин жатқызылады. Морфиннің аз ғана мөлшері психикалық үдерістер ағымында өзгерістер тудырады. Шалықтау ( эйфория ) пайда болады, қиял жандана түседі, қабылдау артады, жеңіл ой және дене еңбегі жеңілдік иллюзиясын тудырады, бірақ зейін қою қиындайды, қандайда бір қызметке деген қажеттілік төмендейді, еңбек өнімділігі, көлемі мен қимыл белсенділігі төмендейді. Опиаттарға деген тәуелділік тез дамиды. 2-3 рет қабылдаған соң – ақ психикалық тәуелділік туындайды. Есірткі туралы ойлар адамды жаулап алып, бір сәт те босатпайды. Дене тәуелділігі де тез дамиды. Морфий абстиненциясы ахуалы бұлшық еттердің, ішкі ағзалардың жанға бата ауыруымен, қан аралас нәжіспен, жүрек – қан тамыры қызметінің төмендеуімен, жүрек соғысы және тыныс алу бұзылысымен, буындардың, аяқ - қолдың ауыруымен, көздің жасасаурауымен, тұмаумен, түшкіркмен, жөтелмен, есінеумен қатар жүркді. Абстиненция құбылыстары 5 – 6 күнде азаяды, алайда науқас бір айдан кейін және ем басталған соң ұйқының бұзылуына шағымданады. Амфетаминдік тип нашақорлығы. Амфетаминдер қоздырғыш құралдарға, психостимуляторлар тобына жатады. Ең белгілі амфетаминдер – амфетамин, фенамин, ритали, экстази. Оларды ішеді және тамырға егеді. Амфетаминдердің жіті улану белгілері: көңіл - күйдің көтерілуі, дене сергектігі, ойлаудың жылдамдауы, жағымды психикалық сергектік. Амфетаминдерді жүйелі түрде қабылдаған жағыдайда абстиненцияның ауыр көріністері байқалмайды. Психикалық және физикалық шаршаудан, организмнің жүдеп жадауынан науқас адам есірткілік заттардың мөлшерін көбейтеді. Көру және есту елестері, сөйлеу қозғыштығы, сандырақ идеялар, т.б. пайда болады.Әсіресе белсенді қозғалыс мысалы, билегенде экстази қабылдау организмнің шапшаң сусыздануына және естен тануға алып келеді. Нашақорлық адам өмірі үшін де, қоғам үшін де аса қауіпті проблема екендігі белгілі.Нашақорлық залалсыздандырылмаған және ортақ пісектерді қолданатындықтан оларды В.С гепатиттері, ЛИТВ/ЖИТС , тіндердің өлеттенуі сепсис дамиды. Тазартылмаған героиын, қоюлығы жоғары есірткі қабылдаған жағыдайда адам өлімге душар болады, сондай ақ есірткі мөлшері шамалап артық болғанда қалшылдап, қомаға ұшырайды немесе өледі. Нашақорлық – емделуі өте қиын қауіпті дерт. Алаңғасар, сенгіш жастардың өз ортасына біреудің жетегіне еріп, жаман жолға түсіп кетуі оп - оңай. Сондықтан ата – ананың, ұстаздардың, туыстардың сақтығы аса қажет.Өйткені есірткінің дәмін татып көрген адамның одан бас тартып кетуі аса қиын. Сонымен бірге бүгінгі заманда нашақорлықтың неекендігін білу әр азаматтың міндеті десек артық айтқандық емес. Темекі тарту Жеткіншектер көбісі темекі тартуды есейіп, ақылдары артқанынын дәлелдейді, нағыз өмірге қадам басқандай көреді. «Ересек өмірге өту» мектеп дәретханаларының бірінде, қалтарыс – қуыстарда жүзеге асатыны жасырын жайт емес. Мектеп оқушыларының зиянды әдетке бой ұруларының алдын алу үшін мектептегі тәрбие сағаттарына осы негіздегі тақырыптар тереңінен талданып, пікір алысулар өткізіліп тұру қажет. Жасөспірімдер арасында есірткіге бейімделу себептерін 4 топқа бөліп қарастыруға болады. • Әлеуметтік • Әлеуметтік – психологиялық • Отбасылық • Жеке басына байланысты 7. Үйреншікті әдет иірімі Уақыт өте келе көптеген жандар үшін темекі тарту жылдардан желі тартқан ескі әдетке айналады. Темекінің түтінін құшырлана бір сұрмаса, өзін қоярға жер таппай қиналатындарды сондай беймазалыққа түсіретін қандай күш? Ащы темекі түтінінің дәмі ме? Осындай сұрақ ойландырған ғалымдар тәжірибе жасап та көрген екен. Темекі түтініне тұншыққан бөлмеде темекімен «ұзақ жылдық достығы бар» шылымқорларды біраз отырғызғаннан кейін – ақ олардың бастары айналып, әлсіреп, жүректері айныған. Кейбірі тіпті есіне танып қалған. 8. Темекі түтінінің құрамы қандай Бұл – 400- ға жуық түрлі химиялық заттардан – Менделеев кестесінің элементтерінен, және күрделі қосындылардан тұратын улы қоспа. Бірнешеуін ғана атар болсақ: аммоний, бензол, ацетон, бензин, никотин, қорғасын, никель, марганец, сынап, хром... Қатерлі тізім осылай жалғасып кете береді. Улы қойыртпақтың құрамында кремнийден, кальцийден, титан, стронций, полонийден бөлінетін радиоактивті заттар да бар. Осындай улы заттардан құралатын темекі түтінін құштарлана жұту арқылы шылымқор өз ағзасын өндірістік қалдықтарды қайта қорытатын зауытқа айналдыратынын білеме екен? Нақты дәйекке сүйенсек, бір қорап темекі тарту арқылы шылымқор 0,0012 г.синиль қышқылын, 0,0013 г.күкірт сутегін, 0,18г. Никотин, 0,64 г.аммиак, 0,92 г. Иісті газ, темекі қарамайының түрлі шоғырының қосылымының грамын қабылдайды екен. Ал, темекі қарамайының таза құрамының 1 грамы жылқыны да сұлатып салатыны анықталғаны қашан. Адам үшін темекі қарамайы қатерлі ісік жасушаларының өршіп - өсуіне әсер ететіндігімен қауіпті. Темекі тартудан әсіресе, тыныс мүшелері және жүрек - қан тамырларжүйесі аса зардап шегеді. Созылмалы бронхит, өкпе, тамақтың қатерлі ісігі, яғни «жаман ауру», атерросклероз, жүрек аурулары – темекінің «ерінбей еңбектенгенінің» нәтижесі. Темекі тартудан шаш талшықтары да зардап шегеді.Өйткені,никотиннің күшімен қан айналымының бұзылуынан түбірлері толық қоректенбейді.Содан шаш түсе бастайды.Шылымқорлар темекі түтінін өздері жұтумен бірге,сол түтінмен дем алған айналасындағы адамдардың да денсаулығына зиян келтіреді. Алкагольді ішімдіктер өте ерте замандарда пайда болған екен.Ал кейбір халықтарда арақ шарап өндірумен тұтыну ұлттық салтының ажырамас бөлшегіне айналған. Балалардың көбі жеткіншектік кезеңде ересектік өмірге тезірек өтуге жанталаса ұмтылады.Егер кемелдену шағында балаңыз оғаш қылықтар танныта бастаса,танданбаңыз.Басбостандығын алуға арпалыс, жора жолдастарынан шеттеп қалмау,мектептегі, үйдегі іш пыстырар тәрбиелік әңгімелерден құтылып,өз өмірінің қожайынына айналу,үлкендер орнатқан ережелерге қарсылық көрсету, кей баланың өзін үлкен сезінуге тырысудағы әрекеттері.Әрине, жеткіншектер темекі тартып,ішімдіктің дәмін татуға 20- 30жыл,жарты ғасыр бұрында ұмтылған. Жеткіншектер мен жасөспірімдердің тәрбиелеу және оқыту мәселелері ең алдымен отбасы жағдайына байланысты. Отбасы жағдайындағы кейбір мәселелер бала мінез-құлқының бұзылуына, олардың тууына себепші болатындығын көреміз. Егер де осындай жағдайлар барысында ата-аналар, тәрбиешілер, мұғалімдер өзжеке мәселелерін дер кезінде шешіп отырса, бала психологиясының бұзылуына жол берілмейді. Жасөспірімдердің топтағы қарым-қатынасын қалыптастыруға арналған тренингтер №1 Жаттығу: «Бұдан да жылдамырақ бола ма?»(15минут). Мақсаты: Аз уақыттын ішінде топтың есімдерін есте сақтау. 1. Ойыншылар көздерін жауып, бөлмеде ақырындап жүре бастайды. (бір-бірінің аяқтарын баспай, қолдарын сермемей, қатты итеріспей, мұқият болуларын сұрау). Топта барлығы жақсы араласқан соң, «Тоқта» дейсіз. 2. Бәрі көздерін жұмып тұрады. Сіз өзіңіз ойынды бастайсыз, бір ойыншының есімін атап, иығынан жанап өтесіз. Ол көзін ашып, біреуге қолын тигізіп, оның есімін атайды, және т.с.с. ойынға тартылмай және барлығының есімі аталмай қалмауын қадағалаңыз. Енді топқа: «сіз уақытты белгілеп қойдыңыз, белгіленген уақыттан да жылдам ойнаңыздар» деп айтыңыз. 3. Ол үшін ойыншыларға мынадй кеңес беру керек: есімі аталған ойыншы тізерлеп отырады. Бұл – оның есімі аталып кетті деген сөз. Сөйтіп ойын қыза түседі және есімдер қайталана бермейді. 4. Ойынның әр рауындынан кейін қорытындысын жасаңыз: осы раунд үшін ойыншыларға қанша уақыт қажет екенін айту керек, ол уақытты алдағы қорытындымен салыстырамыз да рекордтық мерзімін айтыңыз. Нұсқаулар: ойыншының біреуі басқасының есімін атаған соң, оның қолын алу керек. Әрі қарай оларға үшінші, төртінші және т.с.с ойыншылар қосылады. Ойынның артықшылығы сонда, есімі аталмағандар бірден көзге түседі. Ойыншылардың барлығы қолдарын алып біткен соң ғана ойын аяқталады. Талдау: • Жаттығу ұнады ма? • Қандай әсер алдыңыздар? №2Жаттығу. «Біздің даусымыз біз». Мақсаты: Топ мүшелерін ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Жүргізуші: Бірнеше минуттың ішінде біздің топтан бірнеше кезең арқылы ынтымақты қауым құрайық. Бірінші кезең: бәріміз тұрамыз да, бір үлкен шеңбер жасаймыз (қатысушылар көп болса, онда бір шеңбердің ішінен екінші шеңбер жасауға болады). Шеңбер бойымен тұрудың өзі біздің топтың бірігуіне ықпалын тигізеді, бәрінің иықтары иықтарымен тиісіп тұрады \бірліктің болуына әкеледі\, ортада тұрған адамға, яғни маған, соқтыңысқан (қатысқан) дұрыс... Енді шеңбердегі орындарды ауыстырамыз, бәрі ұл-қыз «арқылы» тұратын болады. Келесі адам – өз арамыздағы қашықтықты азайту. Бір-бірімізге өте жақын тұрамыз және қолдау көрсетеміз. Әркім өзіне ыңғайлы болатындай, қолдарынан,иықтарынан, белдерінен ұстайды. Әрі қарай қауымдастығымызды сезініп көрейік, Аздап тербеліп, бірге қозғалайық. Біздің шеңберіміз тағы не істеуге болады? Мен аздап әндетуді ұсынамын, оның бір шарты-сөзін бәрі білу керек. Қандай өлеңді білеміз? (топ өлең таңдайды). Сонымен бастайық.... Соңында қолымызды ажыратпай тұрып, барлық өзіміздің шеңберімізбен ортақ би билеп көрейік. Талдау: ынтымақтастықтың әр кезеңінен соң талдау өткізіледі. Қазір өзімізді қалай сезінудеміз? Сіздерге «жылырақ» болды ма? Біздің қауымды аз да болса біз осы жаттығуды орындаған соң не өзгерді? Енді не сезінеміз? Үлкен шеңберде жүргізуші топты 5-10 адамнан тағы топқа бөледі. Шеңберде қала отырып, әр топ бір уақытта өлең айтады. Соңында ортақ өлең айтылады. №3.Жаттығу « Алфавит » 20 минут Мақсаты: Өзінің және өзгенің даралығын бақылауға, өзін-өзі құрметтеуге мүмкінддік туғызу, ынтымақтастықты нығайту. Есімдерді есте сақтау үшін көптеген ойындар бар. Ұсынылатын ойындар үрдісінде топқа тапсырмалар шешуге тура келеді. Олар « команда сезімін » жасауға және зейінді дамытуға ықпал етеді. Топтың көпшілігі тапсырманы тез шешеді. Командалық шешім қабылдау үшін топқа тапсырма дайындағаныңызды хабарлыңыз. Ол тапсырма қатысушыларды бір-бірімен танысуларына көмектеседі. Бірінші адам әркім өз есімін дауыстап және анық айтады. Жүргізуші: есімдеріңізді қатты, нақты, мақтаныш сезіммен айтуға тырысыңыздар. Егер кімде-кім біреудің есімін ести алмай қалса, онда: «Тағы да қайталағызшы» деу керек. Әркімнің есімі нақты естілуі өте маңызды. Бәрі есімдерін атап болған соң тапсырманы айтыңыз. Барлығы алфавит бойынша бір қатарға, келесі ережені сақтап тұруы қажет: есімдері алфавиттегі әріптердің орны бойынша, яғни есімі алфавиттегі бірінші әріптен басталса, бірінші орынға, екінші әріптен басталса, екінші орынға, соңғы әріптен басталса, соңғы орынға тұру керек. Қатарға тұру кезіндегі сөйлеуге, жазуға, есімдерінің әріптерін ыммен көрсетуге немесе ауада салуға болмайды. Есіміңіз жазылған ешқандай құжаттарды көрсетуге болмайды. Қатысушылардың кейбіреуіне ғана өз орындарынан тұру үшін орындарын ауыстыруға белгі беруге болады. Жаттығудың мақсаты, тапсырманы өте жылдам орындау екенін қатысушыларға айтыңыз. Тапсырма орындалып болған соң тексеру жүргізіледі, барлығы өзінің есімдерін қатты дауыстап айтады. Егер орындарына дұрыс ретпен тұрмаса, бәрі қайта қайталанады. Қатысушылардың бәрі араласып, алфавит бойынша қайта тұруға тырысады. Жаңылыспай алфавит бойынша бір қатарға тұру үшін топқа неше рет әрекет жасау керек? Талдау: Тапсырма ұнады ма? Қазір өзімізді қалай сеземіз? Топ бірлігін біз сезе алдық па? №4.Жаттығу: « Рулетка » 10 минут Мақсаты: Топ мүшелерінің бір-бірлерінің есімін есте сақтауын дамыту. Бұл жаттығу топ мүшелерінің бір-бірлерінің есімін қаншалықты жақсы білетіндіктерін білуге мүмкіндік береді. Ойынға қызығу екі команданың арасында жарыс туғызады. Топты екі командаға бөлу. Олар екі шеңбер құрып бір-бірлерінің жанына арқаларын беріп тұрады ( топта 16 адамнан болған лазым, өйтпегенде ойын қарқынды түрде өтпейді). Шеңбердің дұрыс болғаны маңызды, себебі, дөңгелене отыра айналу керек және бір-біріне өте жақын, қиылыспағаны абзал. Ойыншылар дұрыс шеңберді ұстап тұру үшін бір-бірінің қолдарын алады. Ойынды бастау туралы сіз белгі берген соң, екі шеңбер айнала бастайды, біреуі-сағат тілімен, екіншісі-сағат тіліне қарсы. Екі команда алдын-ала , қай бағытта қозғалатынын шешіп алсын. « Тоқта » дегенде орнында қатып қалады. Әр командада шеңберлердің жанасу нүктесінде тұрған бір ойыншы болады. Олар бір-біріне арқа жақтаын беріп тұруы керек, ал сіз олардың бір-біріне қарамауын қадағалаңыз. Сіз «Толық айналыңдар!» дегенде, осы жанасу нүктесінде тұрған екеулері 180 градусқа бұрылып бір-бірлеріне қарайды. Қайсысы бір-бірінің есімін бұрын атаса, сол оны өз шеңберіне алады және ойын жалғасады. Талдау: Жаттығу ұнады ма? Не қиындық келтірді? Қандай әсер алдыңыздар? №5.Жаттығу: « орынынды иемдену ». Мақсаты: көңіл-күйді көтеру. Ортада тұрған ойыншы бос орындыққа отыра алмауы үшін, қатысушылар шеңбер бойымен орындықтан-орындыққа орын ауыстырады. Нұсқау: Ортадағы ойыншы өзі орын алу үшін, отырғандарды өзінің бұйрығы бойынша орындарынан ауыстырады (Қолында сағаты барлар орындарын ауыстырады, кім түнде қорылдайды орындарын ауыстырады және т.б.). Талдау: Не ұнады? Алған әсерлеріңіз қандай? №6.Жаттығу: «Жіп». Мақсаты: Қатысушылардың көңіл-күйіне ұнамды әсер ету. Нұсқау: Екі қатысушы алынады. Олар 1-5 м, қашықтықта, бір-бірлеріне арқаларын беріп отырады. Жүргізуші еденге бір қатысушыдан екіншісіне қарай жіп тартып қояды. Жіптің ұштары екі орындық аяқтарының ортасына жату керек. Кім бірінші болып жүргізушінің бұйрығы бойынша жіпті өзіне таотып алса, сол жеңімпаз атанады. Талдау: жаттығу ұнады ма? Өзімізді қалай сезінуіміз керек? №7.Жаттығу: «Жыпылықтату» Мақсаты: Оқушылар арасында жағымды сезім тудыру. Қатысушылар жұптарымен шеңбер бойымен орналасады. Жұптың біреуі орындықта отырады, екіншісі орындықтың артында тұрады. Тағы бір ойыншы бос орындықпен тұрады да, отырғандарға білдіртпей кім-кімге жымиып белгі береді. Сол адам оның орындығына келіп отыруы керек. Ал оның артында тұрған ойыншы өз жұбының орнынан тұруына кедергі жасайды. Жұбынан айырылып қалса, бос орындықпен қалған ойыншы жүргізуші болады. Талдау: Не ұнады? Не ұнамады? Қандай қиындықтарға тап болдың? Қазір не сезіп тұрсын? №8.Жаттығу: «Допты шеңберден шығару». Мақсаты: Қатысушылардың көңіл-күйіне ұнамды әсер ету. Ойыншылар қолдарын тізелеріне қойып, шеңбер бойымен бір-біріне өте жақын тұрады. Ортада – жүргізуші. Оның міндеті- допты шеңберден шығару. Допты аяқпен созуға және допты соққанға дейін тізеден қолды алуға тыйым салынады. Допты өткізіп жіберген ойыншы жүргізуші болады. Егер доп қатысушылардың арасынан өтіп кетсе, онда оң жақтағы ойыншы жүргізуші болады. Жеткіншектерге арналған сабақ жоспарының үлгісі 1.Тақырыбы: Жеткіншектердің қиын әрекеттер 2. Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру 3. Міндеттері: 1) Нашақорлық,алкоголь, темекі шегудің фиологиялық салдары жайлы ақпарат беріп, бейнелеу; 2) Зиянды әрекетте жайлы теріс пікір қалыптастырып, дұрыс шешім қабылдауға баулу; 3)Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. 4.Сабақтың түрі: Лекция 5. Сабақтың әдісі: ой қозғау, әңгімелеу,түсіндіру ойын ойнату, сұрақ жауап. 6. Көрнекілік: кесте, схема, суреттер. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу; 2. Түгелдеу. 7. Ми шабуыл Ассоциоция ойыны Енді сол темекі деген сөзді естігенде сіздерде қандай ассоциация пайда болады. Жағдаяттарды шешу: Студенттерді үш топқа бөліп,Ситуациялық карточкалар ұсынылады, студенттер ұсынылған ситуацияларды талқылайды,өз араларынан көшбасшы сайлайды,ол топтың жауабын хабарлайды. 1. Сен құрбыларыңмен туған күнге шақырылдың,сенің досың анашаны шегуді ұсынды, сенің іс әрекеттің қандай болады? 2. Сен досыңның темекі шегетінін немесе есірткі қолданатынын білдің, сенің іс әрекетің? 3. Сенің достарың дискотекада саған алкогольдік ішімдік ұсынды, не істейсің? Ішімдікке уақытым жоқ деп айта аласыңба?Сенің іс әрекетің? Студентерден төмендегі сұрақтарға жауап алынып,сабаққа қорытынды жасалады. 1 Уақытты босқа өткізбеу дегенді қалай түсінесіздер? 2 Өмірде өкінбеу үшін не істеу керек? 3 Сіздердің қазір алып жатқан білімдеріңізге, таңдаған мақсаттарыңызға көңілдеріңіз толады ма? 4 Салауатты өмір не үшін қажет? 5 Бүгінгі сабақтан нендей ой түйдіңіздер. Жағдаяттарды шешу: Қорытынды сөз. Дәл қазір, біздің жас кезімізде болашақ түрлі түсті кемпір қосақ болып көінеді,сондықтан біз өмірде күтіп тұрған қауіпті ұмытамыз.Кейде зиянды әрекеттерді үгіт жүргізу өте немқұрайлы сипатта болады.Мысалы: Бір тамшы никотин бір жылқыны өлтіреді –деген сөз тіркесіне Мен жылқы емеспін ғой –деп қыңыр жауап береді.Бұлда адам психикасы қасиеттерінің бірі,бір жағынан бәріне белгілі ақпараттымеңгеруге қабілеттсіз, екінші жағынынан ол қайғы қасірет мені айналып өтеді деп ойлайды.Міне осындай немқұрайлық бағасы болашақта қымбат болуы мүмкін.Әрине, барлық мәселелердің шешімі оңай табыла кетпейді.Бірақ,біз сіздерден алған білімдеріңізді өмір жағдайларында қолданып,зиянды әрекеттерден аулақ болып, салауатты өмір сүруді насихаттайды деген үміттеміз. Бекітуге арналған сұрақтар: 1. Педагогикалық қолдаудың маңыздылығы қандай? 2. Жеткіншектерді тәрбие мен оқытудың кері жақтары? 3. Жеткіншектермен жасөспірімдерге қандай түзету жұмыстары жүргізіледі? 4. Жеткіншектерді қайта тәрбиелеудің ерекшеліктері? 5. Жеткіншектердің қауіпті әрекеттерін ата? Дәріс 9. Қиын балаларды тәрбиелеудегі дәстүрлі емес әдістер Жоспар: 1. Қиын балаларға жалпы сипаттама 2. Қиын балалармен жұмыс жасау ерекшеліктері 3. «Гайденс» эксперименті 4. Қиын балалардың мінез-құлқын түзертудің мәселелері 5. Жасөспірімдердің сыныптастарымен қарым-қатынасын жақсартуға арналған тренингтер 6. Ата – аналар мен балалар арасындағы қарым – қатынасты жақсарту мақсатында қолданылатын ойындар Қиын балаларға жалпы сипаттама Мектепте жұмыс істейтін педагогтар, тәрбиешілер балаларды оқытып- тәрбиелеу барысында, сабақтан көп қалатын, тәртібі нашар, білім деңгейі төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын, ашуланшақ, бұзақылықтар жасайтын балаларды жиі кездестіреді. Психолог мамандар мұндай оқушыларды «Қиын балалар», «Мінез-құлқында ауытқуы бар оқушылар», «Қиын тәрбиеленуші» қатарына жатқызады. Қиын бала деген кім? Қиын баланың пайда болуына не немесе кім ықпал етеді? деген сұрақтар амалсыздан туындайды. Қиын балалар және мінез-құлықтағы қиындық ұғымы 1920-30 жылдары П.П. Блонскийдің еңбектерінде пайда бола бастады. Оның зерттеулерінде қиын балалардың мінез-құлық тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып көрсетеді. Ол қиын балаларға мұғалімнің қатынасы арқылы қиын оқушы терминін нақтылауды жөн көреді. Бұл балаларға былайша мінездеме береді: обьективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы –мынадай, ол мұғалімнің жұмысының жемісті еместігіне байланысты. Субьективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы – мынадай, онымен мұғалімге жұмыс істеу өте қиын, мұғалімнен көп жұмыс істеуді талап ететін оқушы. Істі бүлдіруші оқушыларға толыққанды мінездеме бере отырып, П.П. Блонский өз жұмыстарында мектепті, сыныпты ұйымдастыруға баса көңіл бөледі. Блонскийдің пікірі бойынша қайта тәрбиелеудің нағыз тура жолы, тәртіп бұзушыларды мәдениетсіз ортадан мәдениетті балалар ұжымына біртіндеп әкелу болып табылады. Қиын бала мәселесі бойынша ең алғаш зерттеу жүргізген П.П. Бельский кәмелетке жасы толмаған мінез-құлқындағы қиындығы бар балалардың ішкі дүниесін қарастырды. В.В. Трифонов зерттеулерінде «қиын оқушы анықтамасы – бұл күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнің ерік-жігерін, күшін, қажырлы педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы. Г.А. Фортунатовтың зерттеулерінде «қиын балаларға » үлгермеушілер мен тәрбие ықпалына көнбейтін балаларды және психикалық бұзылудан жапа шеккендерді жатқызады. Қазіргі кезде психологияда қиын бала түсінігінің бірыңғай анықтамасы жоқ. Бұл шексіз ұғым, ол жеке адамның өзгеру құбылысын жинақтаушы. Осы категориядағы балалардың жалпы адамдық және өзге ешкімде қайталанбайтын қасиеттері, әлеуметтік және биологиялық факторлардың ықпалымен қамтамасыз етіледі. Ағылшын психологы Хевитта және Дженкинс қиын балаларды екі үлкен категорияға бөлген : 1. Әлеуметтік формадағы антиқоғамдық мінез-құлқы тән балалар. 2. Әлеуметтік емес антиқоғамдық агрессивті мінез-құлықты балалар. Бұл балалардың жанұясымен, қатарластарымен қарым-қатынасы жаман, эмоциялары бұзылған, агрессивті, қатыгез әрі кекшіл балалар. Ғалымдардың бірқатары қиын балалардың пайда болуын өмірдің қолайсыз және әлеуметтік-биологиялық факторлармен байланыстырды. Ал И.А. Невский қиын баланың пайда болуы отбасындағы, мектептегі жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының жеткіліксіздігінен деп түсіндірді. Яғни, ата-ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылулық сезінбеген, мейірімділік көрмеген оқушы өмірде өзінің ешкімге қажетсізбін деп есептеп, ашуланшақ, агрессивті, қатыгез болып өседі. Қиын оқушының пайда болу себептерін анықтағанда, біріншіден отбасындағы тәрбиеге, ал екіншіден мектептегі оқу-тәрбие мәселесіне аса көңіл бөлеміз. Өйткені, көптеген психолог ғалымдардың зерттеулеріне жүгінетін болсақ, оқушылардың мінез- құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептерін отбасындағы дұрыс тәрбие бермеудің салдарынан болатындығын анықтады: 1) отбасының әлеуметтік және экономикалық жағдайы; 2) ата-ананың баласына немқұрайлы қарауы; 3) қараусыз қалған бала немесе шектен тыс қамқорлық. Қазіргі кездегі жас ата-аналар өсіп келе жатқан баласын аса тым еркелетіп өсіріп жатыр десек те қателеспейтін шығармыз. Аса тым артық мадақтау мен шектен тыс мәпелеуде өскен бала ешқандай күш жұмсамайақ көзге түскісі келеді, егер мұғалім ескерту айтатын жағдайда жылай салатын әлсіз, өздігінен еш нәрсеге қол жеткізе алмайтын, ерке болып, өзбеттілігі қалыптаспаған бала болып өседі. Сонымен бірге «Үйлену оңай, отбасын құру қиын» деп ата-бабамыз айтқандай қазіргі жастарымыздың отбасылық өмірге дайын еместігінен, немқұрайлы қарағандықтан қара көзді балалар толық емес отбасында немесе жетім балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр. Не анасының жылылығын, не әкесінің мейірімділігін, тәрбиесін көрмей өскен баланың психикасы жарақатталып, қиын балалар санының қатарына қосылады. Қиын оқушылардың пайда болуына себепті факторлар. Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы ұрыс – талас, дау-жанжал, баланың табиғи психологиялық ерекшеліктерін ескермеу, ата – ананың біреуінің болмауы, т. б. Жағдайлар себепті болады. Қоғамдық ұйымдар мен жұртшылықпен жүргізілетін жұмыстың әсіресе, оқушылар тұратын микроаудандарда күрт төмендеуі. Қиын балалардың пайда болуына бірден – бір себепті болатын және жағымсыз жағдай туғызатын – отбасы тәрбиесі. Оның басшылары: баланың күнделікті жүріс – тұрыстарын қадағаламау; оның көзінше арақ – шарап ішу, дау – жанжал, ұрыс – керіс туғызу. Екіншіден, тәрбиенің көзі, баланы киіндіру, тамақтандыру, мұң – мұқтаждын қамтамасыз етуідеп санаушылық. Жастайынан еңбектену әдет – дағдыларынқалыптастырмау, баланың жан дүниесіне көңіл аудармау, отбасындағы ажырау және жаңа адамның отбасы мүшесі болып етуіне себеп болады. Мысалы: зерттеулердің қорытындысы дәлелденгендей тәртібі нашарлаған оқушылардың көбі ата аналардың моральға жат қылықтарымен өз балаларына теріс әсерлер жасаған. Баланың тәрбиесіне кері әсер ететін келеңсіз жағдайларда (ұрыс – керіс, дау – жанжал), бірін – бірі сыйлау сияқты қасиеттердің сезбейтіндігі аян. Мінез-құлқында қиыншылығы бар оқушыларды әдетте екі топқа бөліп қарастырады: 1. Тән кемтарлығы және жан жарақаты бар оқушылар; 2. Отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруда сыртқы кері факторлардың, әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспаған оқушылар. Балалардың тәртіптерінің нашарлауын 3 топқа бөліп қарастырамыз: І-топқа күнделікті мектеп тәртібін бұзатын, оқығысы келмейтін, кішігірім ұрлық жасап, анда-санда темекі тартып, шарап ішетін оқушылар жатады. ІІ-ші топқа осындай кемшіліктермен қатар қоғамдық орындарда бұзақылық жасап, үлкендерді сыйламайтын оқушылар жатқызылады. ІІІ-ші топқа денсаулығы нашар, ақыл-ойы өз жасына сәйкес дамымаған, жүйке жүйесі әр-түрлі ауруларға ұшыраған жасөспірімдер жатады. Осылардың барлығы қазақ тілінде шыққан педагогикалық әдебиеттерде «қиын» балалар деп аталады. Ал, негізінде, І-топтағы оқушыларды «тәртібі төмендеген оқушылар», ал ІІ-ші топтағы оқушыларды «тәртібі нашар оқушылар» деп атап, 3ші топтағы оқушыларды «тәрбиеленуі қиын оқушылар» деп атаған орынды. Біз осы оқушылардың бәрін де бір топқа жатқызып қателесудеміз. Себебі І-ші және ІІ- ші топтағы оқушыларды ғылыми негізде ұйымдастырылған оқу-тәрбие процесінде 1-2 жылда қайтадан тәрбиелеуге болса, ІІІ-топтағы оқушылардың сырқаты болғандықтан ұзақ тәрбие жұмыстарын жүргізіп, қажет болғанда емдеу әдіс ұйымдастырылады.Сондықтанда зерттеушілер осы топтағы оқушыларды ғана «тәрбиеленуі қиын оқушылар» деп аталынуы керек деп кеңес береді. Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктерін теориялық тұрғыда Л.С. Выготский еңбектерінде талқыланды, сондай-ақ А.С. Макаренко тәжірибелерінен де үлкен орын алды. Бірқатар қазақстандық педагог зерттеушілер В.Г. Баженов, А. Жұмабаев, К.А. Жүкенова, А.М. Карабаева, И.Ф. Назаров, В.А. Парфенов, В.А. Трифонов, В.П. Шевченко, Л.В. Лысенко, Л.К. Керимов және т.б еңбектерінде қиын балалардың қиқарлық сияқты жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік- педагогикалық факторлардың әсер ететіндігін зерттеді. Бастауыш мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің асоциальды мінез-құлықтарын, спорт, өзіндік және жеке жұмыстарды ұйымдастыру, мектепке деген ықпалды күшейту, отбасындағы белсенділікті арттыру, ұжымдағы әрекеттерге балаларды қатыстыру арқылы жеңудің әртүрлі жолдарын көрсетті. Бала мектепке келген кезден бастап оқушы - мұғалім және оқушы-оқушы арасында қарым-қатынас қалыптаса бастайды. Бұндай қарым-қатынасты орындау оқушыға бастапқыда қиын соғады. Жалпы мектептегі мұғалімнің барлық балаларға қойылатын талаптары да көзқарастары да бірдей болуы керек. Дегенмен де кейбір мұғалімдердің өзінің сүйіктілері және сүйікті емес оқушылары да (гадкий утенок) болады. Бұл мұғалімнің оқушылармен қарым- қатынас орнатуын аса қиындатады. Өйткен мұғалім өзінің сүйіктілеріне жақсы баға қойып, қолдап отырады, ал қалған балалар қаншама тырысқанмен шет жақта қалып «Мен қанша тырысып айтқанмен де төмен баға қояды» деген пікірлер қалыптасып, оқушылардың оқу мотивациясының төмендеуіне әкеледі. Қиын балалармен жұмыс жасау ерекшеліктері. Қиын балалармен жұмыс істеудің негізгі шарттары: 1) Әрбір қиын баланы жан – жақты зерттеп, мінез – құлықтарының бағыт – бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік типтегі қасиетін іріктеп алу. 2) Әрбір оқушының адамгершілік сынды тәжірибелерін құра біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге көзқарасты, ұжымдық қарым – қатынас дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру. 3)Әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және шығармашылық талап – тілектеріне орай, қабілеті мен икемдектерін дамыту, қоғам жұмыстарына қатыстыру. 4) Кейбір қиын оқушылардың оқу – тәрбие процесінде ұжымдық өмір қарым – қатынастарында ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, дер кезінде одан сақтандыру, оны туғызатын әрекеттерді жою.Әңгімелесу оқу – тәрбие үрдісінде ең қажетті құрал. Оқушының жеке басына түскен жағдай, оны ортаға салуға болмайтындай болса, онда мұғалім, тәжірибелі педагог баламен жеке сырласу арқылы көздерін жеткізеді. Қиын балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізу кезінде талаптар қойылуы қажет. Одан педагогикалық тәжірибелерге сүйене отырып, баланың бейім қабілетіне, мінез – құлқына сай онды шығармашылық қасиеттерін ұйымдастырып отыру қажет. Қиын балалармен жұмыс істеудің тағы бір әдісі – олардың көшедегі жолдастарымен жағымсыз байланыстарын үзу. Осы әдісті іске асырудың бірнеше жолы бар. Соның бірі тұрақты мектебін ауыстыру, мектебін алмастыру, сондай–ақ ата- ана, мектеп инспекторы қызметкерлерінің күшін біріктіре отырып, көшедегі жолдастарының теріс ықпалдарынан бөліп әкету қажет. Сонымен бірге қиын баланы тәрбиелеуде моральдық тұрғыдан әсер ету керек.. Қиын баланың әрбір теріс қылығын, істерін, тәртіпсіздігін т.б. Оқушының арына тигізбей айыптаса, бұл істер өз нәтижесін береді. Тағы бір әдіс – қиын баланың бағдарын, мақсаты мен міндетін қайта құру. Бұл әдістің құндылық мәні – оқушы қателігін түсінеді, өзін - өзі тәрбиелейді. Мектептегі нерв жүйесі нашарлаған қиын балалармен тәрбие жұмысын жүргізу көптеген қиындықтар туғызады. Өйткені, әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктері мен қатар, сырқаттарына байланысты өзгешіліктері бар. Ескеретін мәселелердің, бірі қиын оқушыларды тәрбиелеу процесіндегі әдіс–тәсілдерді әдістемелік жағынан қолданудағы тәрбиелеу жүйесінің кезеңдері: - дайындық кезеңі; - қиын баланың тәртібінің төмендеуіне себепті болған жағдайларды аңықтау; - екінші кезең – қиын оқушылар мен көшедегі жора – жолдастары арасындағы байланыстырудың дәрежесінің тереңдігін аңықтау. - үшінші кезең өзгеріс кезеңі. Көптеген қиын оқушылардың ішкі жан дүниесінде өзгерістер байқала бастайды. Жеткіншіліктердің мінезіндегі теріс қылықтар, әдет дағдылар мен қалыптаса бастаған жаңа адамгершілік сапалардың арасында күрес басталады. - соңғы кезең бекіту кезеңі, әрбір қиын оқушы мінез-құлқындағы адамгершілік мәнді өзгерсітер болған сайын, өзін-өзі тәрбиелеуге талаптанып, оңды қасиеттерді дамытады. Қиын балаларды қайта тәрбиелеу, алдын ала олармен бірге атқарылатын іс-шараларын мектеп ұжымдары нақты анықтап, оларды дұрыс жолға түсіре отырып, соңына дейін күрес жүргізулері керек. Қазақ халқы - ғажап тәлімгер. Халқымыздың рухани мұраларының бірі-салт- дәстүр. Сол арқылы ұрпаққа адалдық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, отбасы тәрбиесіне байланысты тәлім-тәрбие беретіні ежелден белгілі. Жасөспірімдерді, нашақорлықтан, ұрлықтан арашалауда, олардың санасына адамгершілік қасиеттің рухын ұялатуға берері көп. Ата-бабаларымыз әдептілігімен, өнерпаздығымен, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген өзара достық қарым-қатынасымен, ерең еңбегімен балаларына үлгі өнеге көрсеткен. Тілі енді шығып келе жатқан нәрестенің ана тілінде дұрыс сөйлеуіне де зор мән берілген, әртүрлі жаңылтпаш, мақал-мәтелдер үйрететін,ертегілеп айтып беретін ата-аналарының «Бала біздің болашағымыз» деп қарауы болашақ ел ұрпағының жақсы адамзат болып өсуіне зор ықпалы тигізері анық. «Елдің көркі тіл десек, тілдің көркі сәби ме деп қаласың», -деп Қ. Мырзалиев тегін айтпаған. Сондықтан отбасы мүшелері арасында жақсы қарым- қатыныс қалыптасқан болса.олар өз ана тілінде сөйлесе, ол жанұяда мәдениетті азамат өсіп шығатыны сөзсіз. Кейбіреулер: "Жазалау — бұрынғы көне педагогиканың тәрбиелеу шарасы, ол бiздiң әдебімізге сай келмейдi" — десе, ендi бiреулерi: "жазалаусыз — тәрбие iсiн жүргiзудiң өзi мүмкiн емес", — дегендi айтады. Кiмдiкi дұрыс? Бұл сауалға А.С.Макаренко толымды да сенiмдi жауап берген. «Менiң мынаған анық көзiм жеттi», — деп жазады ұлы педагог, — жазалайтын жерiнде педагогтың жазаламай қалуға хақысы жоқ. Жазалау — бұл тек құқық ғана емес, сонымен қатар міндет те. Жазалау да басқа шаралар тәрізді табиғи, қарапайым және логикалық орынды шара ретінде хабарлануы тиіс. Алайда "қиын балалармен" жұмыс істегенде, жазалау шарасын аса сақтықпен қолдану керек. Олардың ақыл-кеңестің қай түріне де құлағы үйреніп қалғанын және бойында оны қабылдауға қарсы өзінше бір иммунитет пайда болғанын есте ұстаған дұрыс. Сондықтан бұл салада жан-жақты ойластырылған кешенді тәрбие қажет. "Қиын" оқушыларды тәрбиелеу үшін берік қалыптасқан, ұйымшыл да тату ұжым керек. Осы ретте педагогтар мен "қиын" оқушылардың арасындағы қарым- қатынасты дұрыс қалыптастыру — ең қажетті шарт. Білікті ұстаз қандай "бұзылған" баламен де тіл тауып сөйлесе алады. "Қиын" оқушының қоршаған ортамен байланысын кеңейту, осы мектептің қоғамдық өміріне тарату — қайта тәрбиелеудің ең тиімді жолы. Сондықтан әрбір "қиын" оқушыға қандай да болсын қоғамдық тапсырма жүктеу қажет. Ал, мектеп тәжірибесінде қоғамдық жұмыстарға тек оқу озаттарын, тәртібі жақсы оқушыларды ғана тарту әдетке айналған. "Қиындықтар" мен нашар үлгеретіндер қоғамдық тапсырмалардан сырт қалады, оларға сенбейді. Міне, бұл — педагогикалық қателік. «Гайденс» эксперименті. 2000 жылы Ресейдегі Шахта қаласындағы №31 орта мектепте коррекциялық жұмыстың жағдаяттық сатысы негізінде «гайденс»-эксперименті жүзеге асырыла бастады. Оқушылардың тұлғасын зерттеудің құралы ретіндегі «гайденс» жүйесінің тарихы ХХ ғасырдың басында үлкен қалаларда мамандық таңдауға байланысты кеңес беру орталықтары құрылған америкалық мектептерден бастау алады. Бұл кезеңде «гайденс» оқушыларға мамандық таңдауға бағыт-бағдар беруге негізделді. З.Фрейдтің психоанализ туралы ілімі және гештальт- психологиялық әдістер мен технологиялардың танылуы, сонымен қатар Д.Дьюидің тұлғаның қоршаған ортаға бейімделуі туралы теориясы «гайденстің» зерттеу аумағын кеңейтті. Бұл аумақ көптеген мәселелерді (эмоционалдық, мінез- құлықтық, оқыту) шешуге көмек ретінде қарастырылды. Х.Петерс пен Б.Шертцердің пікірінше «гайденстің» мектептегі жалпы мақсаты тұлғаға толық қанды дамуға көмектесу болып табылады. №31 орта мектептегі «гайденс»-экспериментінің құрамы мынадай болды: ғылыми-әдістемелік жұмыс бойынша мектеп директорының орынбасары психолог, 9- 10 сыныптардың сынып жетекшілері (кеңесшілер). «Гайденс»-қызметтің жалпы міндеттері мыналар болып келеді: - Бейімдеушілік: оқушыға өзінің мықты және әлсіз жақтарын, басқалардың оны қалай қабылдайтынын анықтауға көмектесу; - Коммуникативтік: оқушыны басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуге үйрету; адамдардың мінез-құлық ерекшеліктерімен,ашулану себептерімен, өз көңіл-күйін басқару тәсілдерімен таныстыру, әлеуметтік ортаның мәні туралы түсіндіру; - Когнитивтік-креативтілік: оқушыға білім алуға көмектесу, яғни оқу және шығармашылық жұмыстардың әдістерімен қаруландыру; қосымша білім бағдарламасын оқушының жеке бас ерекшеліктеріне қарай таңдауға көмектесу; оқу жетістіктері қанағаттанарлықсыз болған жағдайда қолдау көрсету және көмектесу; - Мотивациялық-зерттеушілік: оқушыға өзінің қызығушылықтарын, бейімділіктерін, қабілеттерін анықтауға көмектесу; еңбек іс-әрекетінде оларды дұрыс пайдалана білуге үйрету. «Гайденстің» аумағы үш базалық бірліктен тұрады: оқыту, оқушыларға кәсіптік бағдар және тұлғалық басқару. «Гайденстің» әрбір құрамдас бөлігін жеке қарастырайық. 1. Оқушыларды оқыту: - Мектеппен таныстыру; - Оқушыларға мектептің жұмысы туралы толық ақпарат беру; - Қосымша білім беру бағдарламасын таңдау; - Оқушылардың еңбегін ғылыми ұйымдастыруды жарнамалау арқылы оқу дағдыларын тиімді қалыптастыру. «Гайденстің» осы базалық бірлігінде кеңесшілер еңбекті ғылыми ұйымдастыруға байланысты мектеп бойынша экскурсия, жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу, дәрістер өткізеді. 2. Оқушыларға кәсіптік бағдар: - Жалпы еңбек әлемімен таныстыру; - Нақты мамандықтар бойынша арнайы ақпарат беру; - Тұлғалық ерекшеліктеріне сәйкес кәсіптік мотивациясын анықтау мақсатында диагностика жүргізу; - Оқушылардың еңбек іс-әрекетінің дағдыларын тиімді қалыптастыру. «Гайденстің» осы базалық бірлігі бойынша кеңесшілер ЖОО және арнайы кәсіптік білім беру мекемелеріне экскурсия ,жоғарғы және арнайы кәсіптік білім беру мекемелерінің оқытушыларымен кездесу ұйымдастырады. 3. Оқушы тұлғасын басқару: - Тұлғалық қасиеттерін (қызығушылықтары мен мотивтері, қоғамдық бейімделу қабілеті) зерттеу; - Жекелей және топтық кеңес беру; - Тәжірибелік жұмыстар жүргізу. «Гайденстің» осы базалық бірлігінің негізінде тұлғалық қасиеттерді зерттеу үшін тесттер, бағалау шкалалары, тексеру тізімдері, ассоциациялар техникасы, таңдау техникасы, социометрикалық әдістер қолданылады. Қиын балалардың мінез-құлқын түзертудің мәселелері Өнегелі отбасында өнегелі ұрпақ тәрбиеленетіні сөзсіз. Қиындықты шешудің негізгі жолы-отбасында жағымды қарым-қатынастарды орнату. В.Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды. Ол баланың сабақ үлгерімінің жақсаруымен қоса денсаулығының мықты болуына ,ой- өрісінің кеңеюіне көңіл бөлді және балалардың 3-4 сыныптарға деиін бірқалыпты ,тәртіпті болып келіп, 4-сыныптан кейін бастайтындығын түсіндірді. Ересек кезең – бала тәрбиелеудегі ең қиын кезең екендігін айта келіп, ата-аналарды балалармен сырласуға шақырады. Отбасының қоғам мен мемлекет, тіпті күллі адамзат алдындағы атқаратын қажеті сан қырлы. «Отан отбасынан басталады» десек, адам тәрбиесі –Отанды сүю, өмірге құштарлық , сұлулықты тану бала кезден жанұяда басталатыны баршаға аян. А.С. Макаренко: «Тәрбие – баламен сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді.Тәрбие-тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі -өнеге көрсетуінде»,-деген ғой.Баланы жас кезінен бастап сыйлап, қадір-қасиетін, ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал. Баланың айтайын деген өтінішін, ақылдасқысы келген мәселесін ата-анасы тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек. Ата-ана отбасындағы үлкендерді сыйлап, құрметтесе, кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады.Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол екені белгілі. Л. Керімов қиын балалар тәрбиесі мәселесіне арналған зерттеулерінеде «қиын» оқушыны зерттеуді, ең алдымен ,отбасынлағы тәрбие жағдайын білуден бастауды ұсынады.Баланың жетіліп, қалыптасуында отбасының орны ерекше екенін түсіндіре келе, оқушыға қиын атануға алып келетін ата-аналардың балалармен, мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасындағы бірнеше кемшіліктерді көрсетіп берген. Бұл қиындықты шешудің негізгі бірден-бір жолы - отбасындағы ізгілікті қарым-қатынастарды орнату. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін отбасы қоғаммен тығыз байланыста болуы керек. Ғалым-педагог И.Гребенников отбасы қызметін 5 топқа бөледі: - ұрпақ жалғастырушылық, - экономикалық, - тәрбиелік, - қарым-қатынастық және бос уақытты, - демалуды ұйымдастыру. Демек, отбасында ата-ана осы қасиеттерді барынша бірігіп, жақсы ұйымдастыра білсе және педагогикалық жағынан білімді ,психологиялық әдіс- тәсілден хабардар болса, отбасындағы ахуал ерекше болмақ. М.Жұмабаев «Педагогика» ғылыми еңбегінде «жас бала –жас бір шыбық, жас кезінде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ» деп түйін жасайды. «Қиын» оқушыларда адамгершілік қатынасты қалыптастыру бағытында ұйымдастырылатын тәрбиелік істерге адам санасының адамдық мәдениетінің бір бөлігі мораль туралы түсінікті қалыптастыру соның негізінде оқушыларда адамгершілік ой пікірлер мен сенімдерді тәрбиелеу жатады. Осы бағытта этнопедагогикалық құралдарын пайдалану арқылы «қиын оқушылармен» ұйымдастырылатын жұмыс жоспарын білуге болады. Тәрбиелік істерді ұйымдастыруға қойылатын педагогикалық талаптар: «қиын оқушыларға» адамгершілік тәрбие беруде этнопедагогика құндылықтарының алатын орны және атқаратын рөлін сапалы олардың білімділік дамытушылық және танымдық мүмкіндіктерін жүзеге асыру, тәрбиелік іс-әрекетте қолдану аясын көрсету. Ғылым педагогикалық, психологиялық фольклорлық құндылықтардың алатын орнымен озат мұғалімдердің іс-тәжірибесін жинақтау, талдау ауыз әдебиетімен оқып үйрену, баланың адамгершілік саналарының қалыптасуына ықылас жасайтынын көруге мүмкіндік береді. Бізге белгілі деректерге қарағанда мектептегі қиын балалардың салдарынан қылмыс жасау фактілері, темекі шегу, алькаголдік ішімдіктерді пайдалану, сонымен қатар нашақорлық бұрынғыға қарағанда біршама көбейген. Ал бала мұндай әрекеттерге мұғалім мен ата-ана бақылауынан шет қалған кезде баратыны белгілі. Алдымен бала тәрбиесіндегі ата –ананың рөліне келсек көз алдымызға көптеген міндеттермен жауапкершіліктер келетіні анық. Өйткені бала тәрбиесімен бірге ата-ана балаларының дүние тамақтануы мен бүтін өз замандастарынан кейін қалдырмауға т.б. осы сияқты мәселелерге тікелей жауапты. Баланың тәрбиелі білімді болып өсуіне де ата-ананың қосар үлесі орасан. Ата –аналарынан мектеп қабырғасында жылылық сезінбеген жас өспірім өмірде «мен ешкімге қажетсізбін»,- деп санап уайымға жиі саналады. Осындай іс-әрекеттің салдарынан мінез құлқы күрт өзгере бастайды. Бұл құбылыс кәзіргі таңда қала балаларында көптеп кездесіп жүр. Ата-аналар жас өспірімдердің мінезіндегі ауытқуларға назар аудару олардың психикалық әр- түрлі ауыр жағдайларға шалдығуына себепші болып отыр. Сондықтан да бастауыш сынып оқушысының арасында мінез құлқында қиындықтары бар оқушылар бүгіндері көптеп кездесіп жүр. Мектеп те мұндай оқушыларды мінез – құлқында ауытқулары бар оқушылар қиын тәрбиеленуші қиын балалар деп әр түрлі атпен атайды. 8.5 Жасөспірімдердің сыныптастарымен қарым-қатынасын жақсартуға арналған тренингтер Тренинг №1 Тақырыбы: «Періште ойыны» Мақсаты: Оқушыларды достық қарым-қатынасқа, бір-бірін сыйлауға, қамқор болуларына, қиналғанда қол ұшын беруге, бірлікпен пен татулыққа баулу мақсатпен жүргізілетін ойын түрі. Құрал –жабдық: қағаз, қалам Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу. Көңіл-күйлерін сұрау. Ойын ережесі - бір-бірін тыңдау - уақыт үнемдеу - белсенділік таныту - достық қарым-қатынас - жағымды эмоция тудыру Барлық оқушылар дөңгеленіп отырады. Оқушылар өз аттарын және өзіне тән мінез ерекшелігін айтып шығады Барысы: Ойынға барлық оқушы қатысады. Кішкентай қағаздарға оқушылардың атын жазып, бүктеп жасырамыз, бүктеген қағаздарды әр оқушы бір- бірден алады және оны ешкімге айтпай, құпия ұстауы керек. Өйткені ол сол адамның періштесі болады, ойын оқу жылының аяғына дейін жүреді, сол аралықта құпия періште таңдаған қағазындағы адамды әр қашан қорғап, оған жақсы көңіл-күй сыйлап, қиналғанда қол ұшын беріп, сыйлықта сыйлап тұруға болады. Қорытынды: Оқушылар бір-бірлерінің қолдарынан ұстап, бір-бірлеріне жақсы көңілдерін, тілектерін білдіріп, сабақты аяқтаймыз. Тренинг №2 Тақырыбы: «Өзімізді тану, бір-бірімізге қуаныш сыйлау, өзімізге дос іздеу» Мақсаты: Оқушыларды достық қарым-қатынасқа, бір-бірін жақыннан танып- білуге, сыйлауға, көмектесуге шақыру, достық сезімдерін ояту мақсатымен жүргізіледі. Құрал –жабдық: қағаз, қалам Ойын ережесі Ең алдымен оқушыларды сабақтың ережесімен таңыстыру: - бір-бірін тыңдау - уақыт үнемдеу - белсенділік таныту - достық қарым-қатынас - жағымды эмоция тудыру Барлық оқушылар дөңгеленіп отырады. Оқушылар өз аттарын және өзінің өмірлік ұстанымдарын айтады. Мысалы: - «Өмірдің ағымынан қалмау» - «Ешқашанда білмеймін демеу» - «Қасымдағыларға көмектесу, қуаныш сыйлау» - «Биік шыңға ұмтылу» Аутоагентті жаттығу. Тренингке барлық оқушы қатысады. Оқушыларға мінез туралы ақпарат беру Оқушылар жұпта жұмыс жасайды (бір-бірлерінің жағымды әрі жағымсыз мінез ерекшелігін айтады) Ойынның шарты оқушыларға бір парақ ақ қағаздар таратылады. Таратылған ақ қағазды оқушылар скочтың көмегімен арқаларына жапсырады. Арқаларындағы жапсырылған ақ қағазға бір-бірлерінің бойындағы жағымды және жағымсыз мінез ерекшелігін және ыстық тілектерін жазады. Барлығы жазып болғаннан кейін, қайтадан дөнгеленіп отырып, арқаларындағы қағазды алып оқиды. Қағазды жыртпай, өздеріне естелікке қалдырады. Оқушыларды IV-топқа бөлеміз. (күн, ай, жұлдыз, аспан болып 4-ке бөлінеді) және топпен столға отырады. I-жаттығу: «Ойға шабуыл» әдісі.Оқушыларға сұрақ: «Дос» сөзін қалай түсінесің? (Оқушылар пікірі) Жүргізуші: -Сонымен достар! Біз досқа сенеміз,досты сатпаймыз ,көмктесуге, көңіл білдіруге әрқашан дайынбыз. Біз досымызға өз құпиямызды сене аламыз. Өздерің ойлап көрдіңдер ме? «Дос»-деген мағынаға ие бола аласың ба? Сіз қалай ойлайсыз? Сізді сенімді дос деп санайды ма? ІI. Тақырып бойынша жұмыс: Оқушыларға аяқталмаған сөйлемді жалғастыру ұсынылады.(парақ таратылады) Тақтада сөйлемнің басы жазылған: Ашық айтқанда, маған әлі қиын... Ашық айтқанда, мен үшін өте қымбат... Ашық айтқанда, маған ұнамайды... Ашық айтқанда, мен қуанамын... Жүргізуші: -Біз бәрінебіз барлық адамға ойымызды ашық айта аламыз ба? -Қолдарыңды көтріңдер, кімде сенімді дос бар? ІІI.Хабарландыру «Дос іздеу». Жүргізуші: -Әр адамға әрқашанда дос керек. Достары болмағанда ,онда адам оларды табуға тырысады. Қазір көптеген газет-журналдарда хабарландырулар басылып, өзіне дос немесе бірге болатын адам табуға тырысады. Біз де барынша сіздермен қосылып, хабарландыру жазамыз. Оның аты «Дос іздеу». -Сіз өзіңіз жөнінде мәлімет бере аласыз өзіңіз немен айналысатыныңызды жазуға болады. Хабарландыру жиналып алынады, одан кейін оқылады.Оқушылар хабарландыруды кім жазғанын табады. Егер оны тапса, онда қосымша автордың жақсы жақтарын көрсетеді. ІV. Талдау.- өз ойын ашық айту оңай ма? - Өзің туралы жазу оңай ма? Қорытынды: Оқушылар өз бойларындағы жақсы қасиеттерін мақтан тұтып, жаман қасиеттерін жоямыз деп бір-бірлеріне уәде береді және тілеген тілектеріміз орындалсын. Оушылар бүгінгі сабақ жайлы өз ойларын айтып, қолдарынан ұстап тілек айтып сабақты аяқтаймыз. Ата – аналар мен балалар арасындағы қарым – қатынасты жақсарту мақсатында қолданылатын ойындар Коллаж «Менің қазіргі отбасым» және «Менің болашақтағы отбасым» Отбасының барлық мүшелері қатысады. Оларға осы тақырыптарда екі коллаж жасау ұсынылады немесе қалаулары бойынша бір тақырыпты таңдайды. Коллажбен жұмыс жасау үшін бір көлемдегі қатты қағаз, түрлі-түсті қағаздар, ескі кітаптар, газет, журналдар қажет. Коллаж жасап болғаннан кейін жанұя мүшелері өз жұмыстары туралы әңгімелейді. «Пілдің аяғы» жаттығуы. Мақсаты: ата-аналармен және балалардың дене деңгейінде өзара әрекеттесу; өзара әркеттесудің дағдыланған тәсілдерін сезіну, қажет болған жағдайда қарым-қатынасты жүзеге асыру үшін ыңғайлы жағдайларды іздестіру; негізгі мүмкіндіктерді ашу; күрделі жағдайларды шешуде одан шығу жолдарын игеру; ішкі мазасыздануларды көрсету, әсіресе қоғамда қабылданған мінез- құлыққа сәйкессіздіктен туындаған мазасыздануларды, яғни түрлі қарсылықтарды көрсету. Топ қатысушылары жұптарға бөлінеді (ата-ана- бала). Олардың біреуі өзін пілдің аяғы ретінде көрсетеді және осы рөльде өз көзқарасы бойынша сәйкес әрекеттер жасайды. Екіншісіне «Аяқты» кез-келген тәсілмен қозғалту ұсынылады. Әрі қарай жұптағы рөлдер алмастырылады. Менің және анамның қолы. Мақсаты: Ең алдымен дене және эмоционалды есте сақтауға сүйене отырып, қатысушылардың дене сызбасы туралы түсініктерін нығайту; сол жұпта дене деңгейіндегі өзара қарым-қатынасқа әсерлену, қайта жасау; ата-аналардың осы тәжірибені сезіну. Бала-ата-ана жұптарына бір-бірлеріне қарама-қарсы тұрып және жүргізушінің айтқанын орындау ұсынылады. Жүргізуші тізбекті түрде келесілерді ұсынады: 1. Бір-бірлерімен сұқ саусақтарымен «Сәлемдесу» 2. Шынтақтарымен бір-бірлерінің шынтақтарын сипалау. 3. Ортаңғы саусақтар көмегімен күш сынасу. 4. Серіктестің біреуі алақанымен екінші қатысушының бармағын ұстап тұру қажет. Содан кейін орындарын ауыстыру 5. Бір-бірлерімен шынтақпен қоштасу. Сабақта жаттығу тек сол қолмен орындалады. Үй тапсырмасы ретінде қатысушыларға тура осыны қарама-қарсы саусақтармен жасау ұсынылады. «Көліктер» ойыны Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы физикалық контактіні реттеу, тактильді түйсіктерді дамыту. Жаттығу жұппен жүргізіледі: ата-ана және бала. Бала «көлік» рөлінде болады- ата-ана «көлікті жуушы». «Жуушының» көздері жабық немесе байланған. Бес минут ішінде «көлікті» ретке келтіреді: барлық әрекеттерін айта отырып жуады, сүртеді, мүмкіндігінше мейірімді сөздер көбірек қолданылады. Содан кейін ата-аналар мен балалар орындарымен алмасады. «Бірлесіп сурет салу» ойыны. Мақсаты: Ата-аналар мен балалар арасында жақындық сезімдерін, бір- бірлерін қабылдауларын қалыптастыру, қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Қатысушыларға жұпта бір қаламмен сурет салу ұсынылады, бірақ өзара сөйлесіп, келісім жүргізуге болмайды. Аяқтап болғаннан кейін әр жұп өз шығармасы туралы әңгімелейді: сурет қалай салынды. Қатысушылар сурет салудың түрлі кезеңдеріндегі өзара қарым- қатынас ерекшеліктерін көрсете алады: бірлескен, бір қатысушының екінші қатысушыны басынуы, бәсекелестік, келісім, серіктес қызығушылықтарына бағдарлану. Бекітуге арналған сұрақтар: 1. «Қиын бала» дегеніміз кім? 2. «Қиын балалар» және «мінез-құлықтағы қиындық» ұғымдары 1920-30 жылдары кімнің еңбегінде көрініс берді? 3. Қиын бала мәселесі бойынша ең алғаш зерттеу жүргізген П.П. Бельский қандай мәселелерді қарастырды? 4. Жасөспірімдердің мінез-құлқының бұзылуына қандай себебптер әсер етеді? 5. Ағылшын психологы Хевитта және Дженкинс қиын балаларды қандай категорияларға бөліп қарастырды? 6. Балалардың тәртіптерінің нашарлауының үш тобын атап беріңіз. 7. Қиын балалармен жұмыс істеудің негізгі шарттары қандай? 8. «Гайденстің» экспериментінің аумағы неше базалық бірліктен тұрады және олар қандай? 9. Жасөспірімдердің сыныптастарымен қарым-қатынасын жақсартуға арналған қандай тренингтер бар? 10. Ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту мақсатында қолданылатын ойын түрлерін атаңыз. 3. Коррекциялық педагогика пәні бойынша семинар тапсырмалары. Тақырып 1. Коррекциялық педагогика пәні, міндеттері. 2сағ. Дәріс жоспары: 1. В.П. Кащенко – коррекциялық педагогиканың негізін салушы. 2. Бала дамуының бұзылуының түрлері. 3. Отбасында баланың қолайсыздық тудыруы. Тақырып 2. Мектепке дейінгі коррекциялық педагогика. 2сағ. Дәріс жоспары: 1. Балалардың қолының қимыл – қозғалысының коррекциясы. 2. Психикалық дамудың коррекциялық бөгелісі. 3. Нашар оқитын балаларды мектепке оқуға даярлау жүйесі. Тақырып 3. Мария Монтессори жасаған мектепке дейінгі балалардың қалыптасуы мен тәрбие жүйесі. 2сағ. Дәріс жоспары: 1. Мария Монтессоридың концепциясының мазмұны. 2. Балалар іс - әрекетіндегі қабылдауды дамыту. 3. Мария Монтессори жасаған жүйесіндегі балаларды оқуға және жазуға үйрету. Тақырып 4. Бастауыш мектептегі педагогикалық коррекция. 3сағ. Дәріс жоспары: 1. Бастауыш мектептегі ойын және оқу. 2. Тәрбиеге мұқтаж балалардың алдын алу. Тақырып 5. Оқушылардың оқу іс-әрекетінен артта қалу мәселесі. 3сағ. Дәріс жоспары: 1. «Үлгермейтін оқушы» түсінігі 2. Оқуға үлгермеушіліктің психологиялық себептері Тақырып 6. 5 – сынып оқушыларының жағымсыз эмоционалдық жағдайын түзету және жағымды оқыту мотивациясының құрылуы. 3сағ. Дәріс жоспары: 1. 5 – сынып оқушыларына жүргізілетін бейімділік тренингі. 2. Коррекциялық сабақтардың мазмұны. Тақырып 7. Балалардың сөйлеу қабілетінің бұзылуы. 3сағ Дәріс жоспары: 1. Балалардың сөйлеу қабілетінің бұзылуының деңгейі. 2. Дыбыстарды қате айтатын балалар тобы. 3. Сақаулық және мүлдем сөйлеу системасы дамымаған балалар тобы. 4. Дыбыстарды қате айтатын балалармен логопед жұмысы. Тақырып 8. Ақыл – ой кемістігі бар балаларды үйрету. 3сағ. Дәріс жоспары: 1. Шет елдердегі 20-ғасырдың ортасына дейінгі ақыл – ой кемістігінің көрінуіне байланысты әдістердің өңделуі. 2. Шет елдердегі ақыл – ой кемістігі бар балалардың қазіргі жағдайын меңгеру. 3. Ресейдегі ақыл – ой кемістігі бар балаларды зерттеудегі әдістердің өңделуі. Тақырып 9. Жасөспірім және жеткіншек жастағы тәрбие мен оқыту мәселелері. 3сағ. Дәріс жоспары: 1. Педагогикалық қолдау объективті шындық ретінде. 2. Жеткіншектердің адекватты емес қылықтарының профилактикасы мен коррекциясы. Тақырып 10. Жеткіншектердің қауіпті әрекеттері. 3сағ Дәріс жоспары: 1. Наркоманияның әртүрлілігі. 2. Наркоманияның заңды аспктісі. 3. Алкогализмнің профилактикасы. 4. Шылым шегудің профилактикасы. Тақырып 11. Қиын балаларды тәрбиелеудегі дәстүрлі емес әрекеттер. 3сағ. Дәріс жоспары: 1. Зодиакальды ықшамдау негізінде тәрбие жұмысын жоспарлау. 2. «Гайденс» - эксперимент. 4. Студенттердің өздік жұмыстары. СӨЖ №1 Коллоквиум: Мектепке дейінгі коррекциялық педагогика. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай саналады. Бұл тақырып бойынша білімнің бағалануы болады. 1. Мектепке дейінгі коррекциялық педагогика пәні, міндеттері, салалары, зерттеу объектісі. 2. Зигмунд Фрейд үрейдің неше типін ажыратып көрсеткен. 3. Француз оқымыстысы М.Буржуаның зерттеуі бойынша қандай балаларда және қандай жағдайда психикалық қобалжу пайда болады. 4. Коррекциялық даму қандай негізгі бағыттар бойынша жүргізіледі. 5. Көбінесе қандай дыбыстарға коррекция жүргізіледі? СӨЖ №2 Кесте талдау: Мария Монтессори жасаған мектепке дейінгі балалардың қалыптасуы мен тәрбие жүйесі. |Қабылдау мүшелерін | Жаттығуларға сипаттама | |дамыту | | |Сезімін дамыту | | |Салмақ ажырату | | |Сезімі | | |Ыстық пен суықты | | |ажырату | | |Ұзындықты бөлуге | | |үйретеді | | |Есту қабілетін | | |Дамыту | | |Қол күшін анықтауға | | |Оқытуды үйрету | | |Жазуға үйрету | | СӨЖ №3 Бақылау тест: «Бастауыш мектептегі педагогикалық коррекция» 1. «Адаптация» деген қандай ұғымды білдіреді? А) икемделу Б) бейімделу В) жақындау Г) талпыну 2. «Артта қалу» дегеніміз не? А) берілген жұмысты орындау Б) тапсырманы мұғалімнің көмегімен орындау В) қадағалаудың өзінде жұмысты орындауды айтады Г) тапсырманы орташа орындау 3. Үлгерімсіздік неше терминға бөлінеді? А) 3 Б) 4 В) 2 Г) 5 4.Педагог Н.А.Румеганың «орыс тілін үйркту» бағдарламасы қалалық аттестациядан қай жылдары өтті? А) 1999 – 2000 жж. Б) 1995 – 1998 жж. В) 1994 – 1997 жж. Г) 1994 – 1999 жж. 5. Эмоционалдық депривацияның пайда болу себептері? А) ата-ананың көңіл бөлмеуі Б) ата-ананың балаға деген дұрыс емес көзқарасынан В) баланың қоршаған ортамен қарым – қатынасынан Г) балаға эмоционалдық қарым – қатынастың жетіспеушілігімен 6. Оқушының сабақта алған бағасы: А) оқушының мінез-құлқының сипаты Б) оқушы білімінің объективті өлшемі В) оқушының белсенділігі Г) оқушының дербес ерекшклігі 7. Тәрбиеден босаңсыған балалар: А) зейіні нашар, тез жалығады Б) сабақты зейін қойып тыңдайды В) қоғамдық жұмыстарға қатысады Г) дұрыс жауабы жоқ 8. Адам санасында оның өмірі үшін нақты қауіптіліктің көрініс табуы? А) үрей Б) ызалану В) қорқыныш Г) сескену 9. Қорқыныш, кек, үрейді қосатын бастау қандай сезім? А) сүйсіну Б) жасқану В) алаңдаушылық Г) қорқу 10. «Адамға өз атының дыбыстары өмірдегі ең тәтті және ең маңызды дыбыс болып табылады» деген сөзді кім айтқан? А) Л.С. Выготский Б) Д. Карнеги В) Н.А. Румега Г) Н. Леонтьев СӨЖ №4 «5 – сынып оқушыларының жағымсыз эмоционалдық жағдайын түзету жіне жағымды оқыту мотивациясын құру» Педагогикалық мәдениеттіліктің негіздерін меңгеруде аудиториядан тыс өзіндік бағдарлама құрастыру. Студенттерге тақырыпты оқып, зерттегеннен кейін мұғалімнің кәсіптік мәнді сапалары туралы түсінігі болуы керек. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында» жазылған мұғалімге қойылатыг талаптар, оның құқықтары мен міндеттерін білуі керек. Мұғалімнің педагогикалық үрдістегі жетекшілігінің функцияларын білу керек. СӨЖ №5 Бақылау тест Ақыл – ой кемістігі бар балаларды үйрету 1. ХІХ ғ. 60 – жылдарында қандай мектептер ашыла бастады? А) көмекші және арнайы Б) жалпы және арнайы В) орта және арнайы Г) жалпы және орта 2. Метрлік таяқтың неше нұсқасы бар? А) бір нұсқасы Б) екі нұсқасы В) үш нұсқасы Г) төрт нұсқасы 3. «Ақыл-ойдың метрлік таяғын» кім ұсынды? А) М. Кеттель Б) Ж.Э.Д.Эскироль В) Ф. Гальтон Г) А. Бине 4. «Метрлік таяқтың» бірінші нұсқасы қай жылы шықты? А) 1903 ж. Б) 1905 ж. В) 1907 ж. Г) 1910 ж. 5. Психологиялық әдебиетке «интеллектуалдық тест» деген ұғымды кім енгізді? А) А. Бине Б) Э. Крепелин В) М. Кеттель Г) Ф. Гальтон 6. «Метрлік таяқтың» екінші нұсқасы қай жылы шықты? А) 1908 ж. Б) 1910 ж. В) 1915 ж. Г) 1920 ж. 7. Г.И. Россомемоның жұмысының толық нұсқасы неше тапсырмадан және неше тесттен тұрды? А) 3 тапсырма 10 тест Б) 5 тапсырма 15 тест В) 7 тапсырма 20 тест Г) 10 тапсырма 26 тест 8. «Метрлік таяқтың» үшінші нұсқасы қай жылы шықты? А) 1908 ж. Б) 1911 ж. В) 1905 ж. Г) 1903 ж. 9. Мақсатты бақылаулардың әдістемесін бірінші болып кім ұсынды? А) А. Бине Б) А.Ш. Шуберт В) Л.С. Выготский Г) А.Р. Лазурский 10. Бине – Симон тесттерін қай жылы орысшаға аударды? А) 1923 ж. Б) 1925 ж. В) 1930 ж. Г) 1940 ж. СӨЖ №6 Пікірталас: «Жасөспірім және жеткіншек жастағы тәрбие мен оқыту мәселелері» 1.Жасөспірімдер мен жеткіншектердің дұрыс тәрбие алу үшін не істеуіміз керек? 2. Жеткіншектердің «қиын» балаға айналмауына қандай шаралар қолдануға болады? 3. Жасөспірім шақтағы баланың достары мен құрбыларын ата-ананың таңдауы дұрыс па? 4. Жасөспірімдер мен жеткіншектердің «қиын» бала болуына себеп болтын ата- ана ма, әлде айналасындағылар ма? 5. Бір ана мынандай кеңес береді: «мен баламды ешқашан қолмен ұрмаймын. Тек гигиеналық құрал-белдікпен ұрсаң болғаны, бала ауырғандықты сезіп, қатесін түсінеді деген. Сіз бұны дұрыс деп ойлайсыз ба?» ----------------------- Қиын балалар Мінез-құлқындағы қиындықтар Оқудағы қиындықтар Әлсіз балалар Психикалық қасиеттері дұрыс жетілмеген балалар Ақыл – ой дамуындағы кедергісі бар балалар Ашушаң балалар Дене бітімі дұрыс жетілмеген балалар Астеникалық балалар Инфантильді балалар Психопатикалық балалар Нашар еститін балалар Нашар көретін балалар Тіл кемістігі бар балалар Ақыл – ойы дамымаған балалар Дебильді балалар Имбецильді балалар идиоттар Девиатты мінез-құлықты балалар Деликвентті мінез құлықты балалар мінез-құлқы қауіпсіз балалар Асоциольды мінез- құлықты балалар Криминалды мінез – құлықты балалар Қараусыз қалған балалар Дене бітімінің дамуы артта қалған балалар Танымдық қызығуды қалыптастырудың үш түрі: 1.Оқытудың мазмұны, оның берілу түрі, жаңалығы, ғылым мен техниканың соңғы табыстары; 2.Оқушының таным әрекетін ұйымдастыру формалары, құралдырын және әдістерін жетілдіру; 3.Мұғалім мен оқушы, оқушы мен мұғалім арастындағы қарым-қатынасы, сыйластық, ізеттілік орнытып, жүрек жылуының болуын қамтамасыз ету.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz