Файл қосу

Психология тарихына кіріспе
















                        ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
          «Қазіргі психологияның тарихы, жағдайы және тенденциясы»
            мамандық үшін 6М010300 - «Педагогика және психология»



                     МАГИСТРАНТТАР ҮШІН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ
























                                    Семей
                                    2014
                                  Алғы сөз

1 ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН
Құрастырушы: ___________ 30.08.2014 ж. Джумажанова Г.К., псх.ғ.к.,  доценті,
кафедра «Педагогикалық психология»

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 Кафедра мәжілісінде «Педагогикалық психология»
Хаттама № 1 «03» 09. 2014 ж.
Кафедра меңгерушісі _______________ Джумажанова Г.К.

2.2   Факультеттің   педагогика   оқу-әдістемелік    бюросының    отырысында
қарастырылды
Хаттама № 1 «05» 09. 2014 ж.

Төрайымы _________________ Ахметова Т.Ш.



3 БЕКІТІЛГЕН
Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып, баспаға ұсынылды
Хаттама № 1 «11»  09. 2014 ж.

Төрайымы ________________ Искакова Г.К.

4 №2 БАСПА 11.09.2014 ж. БАСПА №1 05.09.2013 жылғы ОРНЫНА











































                                   Мазмұны

   1. Жалпы ережелер
   2. Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарын бөлу
   3. Пәнді оқу бойынша  әдістемелік ұсыныстар
   4. Пәннің форматы
   5. Пәннің саясаты
   6. Баға қою саясаты
   7. Әдебиеттер


















































































      1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


      1.1. Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер
      Джумажанова Гульжанар Какимжановна, психология ғылымдарының кандидаты,
доцент
      Кафедра «Педагогикалық психология»
      Байланыс ақпарат – тел: 30-43-41, оқу ғимараты №2, кабинет №302
      Сабақ өткізу орны – дәрісхана №302
      Пән бойынша кредит саны аталуы – 3
      1.2 Пәннің мазмұнының қысқаша сипаты:
      Қазақстан Республикасында жүріп жатқан реформалау  процесі,  оның  тек
экономикалық  саласын  ғана  қамтып  қоймай,   сонымен   қатар   әлеуметтік-
гуманитарлық салада да  үлкен  өзгерістер  жасалуда.  Қазіргі  психологияның
тарихы,  жағдайы  және  тенденциясы  курсы  бүгінгі  күннің   талабына   сай
психология  мамандығы  магистранттары  үшін  негізгі   базалық   пән   болып
есептеледі. Бұл курста жалпы психология ғылымынығ даму  мәселелері,  әсіресе
ғылыми психологиялық зерттеу проблемасы  және  тұлғаның  тұлғалық,  сапалары
жөніндегі ғылыми-қолданбалы ақпарат осы заманғы психология  тарихының  дамуы
теориялар негізінде беріледі.
      1.3. Пәнді оқытудың мақсаты:
      Курстың  мақсаты  болашақ  мамандардың  аталған  ғылым  саласын  оқып-
зерттеуге бағытталған кәсіптік білім  негіздерін  қалыптастыруды  әрі  қарай
жалғастыру.
      1.4 Пәнді оқытудың міндеттері:

                 Қазіргі психологияның тарихы, жағдайы және тенденциясы пәні
           ғылымының  категориялық құрылымын ашу;

         – Пәнге қызығушылықтарын қалыптастыру;
         – Курс бойынша  білімдер  жүйесін  тәжірибеде  қолдану  дағдыларын
           дамыту.
      1.5 Оқытудың нәтижелері:
      Пәнді оқу нәтижесінде білімалушы міндетті:
      білу:
    – «Қазіргі  психологияның  тарихы,  жағдайы  және  тенденциясы»  пәнінің
      ғылыми-теориялық негіздерін, әдістерді және олардың  түрлері,  сонымен
      қатар сапаларын бағалау талаптарын;
    – «Қазіргі  психологияның  тарихы,  жағдайы  және  тенденциясы»  пәнінің
      зерттеу жұмысының мазмұнын;
    – «Қазіргі психологияның тарихы, жағдайы және тенденциясы» пәнінің
      мақсаты мен міндеттерін;
    – «Қазіргі  психологияның  тарихы,  жағдайы  және  тенденциясы»  пәнінің
      формаларын.
      игеру:
    – «Қазіргі  психологияның  тарихы,  жағдайы  және  тенденциясы»  пәнінің
      негізгі бағыттары мен принциптерін;
    – «Қазіргі  психологияның  тарихы,  жағдайы  және  тенденциясы»  пәнінің
      ерекшеліктерін оқып, үйренуді;
    – «Қазіргі  психологияның  тарихы,  жағдайы  және  тенденциясы»  пәнінің
      ғылыми-теориялық негізі;
    – «Қазіргі  психологияның  тарихы,  жағдайы  және  тенденциясы»  пәнінің
      ерекшеліктерін бағалау жолдары мен тәсілдерін.
      ұғып алу:
    – «Қазіргі  психологияның  тарихы,  жағдайы  және  тенденциясы»  пәнінің
      әдістемелерін;
    – дарынды балалармен жұмыс істеу дағдыларын;
    – педагогикалық қарым-қатынас дағдыларын.
      түсіну:
    – «Қазіргі  психологияның  тарихы,  жағдайы  және  тенденциясы»  пәнінің
      саласындағы теориялық және қолданбалы зерттеулерді;
    – «Қазіргі  психологияның  тарихы,  жағдайы  және  тенденциясы»  пәнінің
      негіздерінің негізгі түсініктерін, категорияларын, механизмдерін;
    – «Қазіргі психологияның тарихы, жағдайы және тенденциясы» пәнінің  даму
      және қалыптасуы тарихын
      1.6. Пән пререквизиттері:
      1.6.1 Жалпы психология,
      1.6.2 Психология тарихы пәндері бойынша алған білімдеріне негізделеді
      1.7. Пән постреквизиттері:
      1.7.1 Жеке айырмашылықтардағы қазіргі психология
      1.7.2 Магистрлік жұмыстар.


2 ПӘН МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫҢ РЕТТЕЛУІ


                                                                     1 кесте

|№  |Тақырыптың атауы        |Сағаттар                          |Әдебиеттер   |
|р/с|                        |                                  |             |
|   |                        |Дәріс |Лаб.  |Прак.с|БОӨЖ    |БӨЖ   |             |
|   |                        |      |сағат |ағат  |        |      |             |
|1  |2                       |3     |4     |5     |6       |7     |8            |
|1  |Психологиялық білімнің  |1     |      |2     |2       |5     |4.1.,4.2.,4.4|
|   |құрылымдық бейнесі      |      |      |      |        |      |.,4.7.       |
|   |тарихи психология       |      |      |      |        |      |             |
|   |ретінде                 |      |      |      |        |      |             |
|   |Психология тарихына     |      |      |      |        |      |             |
|   |кіріспе                 |      |      |      |        |      |             |
|2  |Психология тарихындағы  |1     |      |2     |2       |5     |4.1.,4.3.,4.4|
|   |ғылыми таным әдістеріне |      |      |      |        |      |.,4.7., 4.12.|
|   |талаптар және оның      |      |      |      |        |      |             |
|   |таралуы                 |      |      |      |        |      |             |
|   |Антикалық ойшылдардың   |      |      |      |        |      |             |
|   |психологиялық идеялары  |      |      |      |        |      |             |
|3  |Эксперимент және ғылыми |1     |      |2     |2       |5     |4.1.,4.4.,4.5|
|   |психологияның қалыптасуы|      |      |      |        |      |.,4.7., 4.10.|
|   |                        |      |      |      |        |      |             |
|   |Психологияның қолданбалы|      |      |      |        |      |             |
|   |салалары.               |      |      |      |        |      |             |
|4  |Психологияның дербес    |1     |      |3     |2       |5     |4.1.,4.4.,4.7|
|   |ғылым ретіндегі         |      |      |      |        |      |., 4.11.     |
|   |қалыптасуы.             |      |      |      |        |      |             |
|   |Ежелгі шығыс            |      |      |      |        |      |             |
|   |ойшылдарының            |      |      |      |        |      |             |
|   |психологиялық идеялары  |      |      |      |        |      |             |
|5  |Орта ғасыр мен Қайта    |1     |      |2     |2       |5     |4.1.,4.6.,4.4|
|   |өркендеу                |      |      |      |        |      |.,4.7.,4.9.  |
|   |дәуіріндегі психология. |      |      |      |        |      |             |
|   |Бихевиоризмдегі ғылыми  |      |      |      |        |      |             |
|   |зерттеулердің бастауы   |      |      |      |        |      |             |
|   |мен дамуы               |      |      |      |        |      |             |
|6  |XVII ғасырдағы Европалық|1     |      |2     |2       |5     |4.1.,4.11.,4.|
|   |психология              |      |      |      |        |      |4.,          |
|   |К.Левин еңбектеріндегі  |      |      |      |        |      |4.7.         |
|   |тұтастылық идеясының    |      |      |      |        |      |             |
|   |дамуы                   |      |      |      |        |      |             |
|7  |Психологияның дамуында  |1     |      |2     |2       |5     |4.1.,4.6.4.3.|
|   |психоанализ практикаға  |      |      |      |        |      |,4.7., 4.8.  |
|   |бағытталған саласы      |      |      |      |        |      |             |
|   |ретінде                 |      |      |      |        |      |             |
|   |Гештальтпсихологияның   |      |      |      |        |      |             |
|   |басталуы мен дамуы.     |      |      |      |        |      |             |
|8  |Когнитивті психологияның|2     |      |2     |2       |3     |4.1.,4.6.4.3.|
|   |даму тенденциясы,       |      |      |      |        |      |,4.7.,       |
|   |жағдайы, тарихы.        |      |      |      |        |      |4.5.         |
|   |И.М.Сеченов және оның   |      |      |      |        |      |             |
|   |психологиядағы идеялары |      |      |      |        |      |             |
|   |және эксперименттік     |      |      |      |        |      |             |
|   |психологияның бастауы   |      |      |      |        |      |             |
|9  |Психологиядағы ХІХ – ХХ |1     |      |2     |2       |4     |4.2.,4.3.,4.7|
|   |ғасыр шебіндегі         |      |      |      |        |      |.,           |
|   |теориялық               |      |      |      |        |      |4.12.        |
|   |тұжырымдамалар          |      |      |      |        |      |             |
|   |Іс-әрекеттік тұрғының   |      |      |      |        |      |             |
|   |жаңа                    |      |      |      |        |      |             |
|   |түсіндіруші             |      |      |      |        |      |             |
|   |мүмкіндіктері           |      |      |      |        |      |             |
|10 |Психологиядағы          |1     |      |2     |1       |5     |4.2.,4.3.,4.7|
|   |жүйелік-іс-әрекеттік    |      |      |      |        |      |., 4.11.     |
|   |тұрғының тарихи         |      |      |      |        |      |             |
|   |және гносеологиялық     |      |      |      |        |      |             |
|   |алғышарттары            |      |      |      |        |      |             |
|   |Іс-әрекеттің жалпы      |      |      |      |        |      |             |
|   |психологиялық           |      |      |      |        |      |             |
|   |тұжырымдамасының дамуы  |      |      |      |        |      |             |
|11 |Сана мен тұлғаның       |1     |      |2     |1       |5     |4.2.,4.3.,4.7|
|   |іс-әрекеттік            |      |      |      |        |      |.,           |
|   |тұжырымдамасының дамуы  |      |      |      |        |      |4.10.        |
|   |Танымдық процестерді    |      |      |      |        |      |             |
|   |жүйелік-іс-әрекеттік    |      |      |      |        |      |             |
|   |талдау мәселелері       |      |      |      |        |      |             |
|12 |Психология тарихындағы  |1     |      |3     |1       |5     |4.2.,4.3.,4.7|
|   |ойлау мәселелері        |      |      |      |        |      |.,4.8.       |
|   |Р.Декарт, Дж.Локк және  |      |      |      |        |      |             |
|   |Б.Спинозаның            |      |      |      |        |      |             |
|   |психологиялық ілімдері  |      |      |      |        |      |             |
|13 |Тұлғаның қазіргі        |1     |      |2     |1       |5     |4.2.,4.3.,4.7|
|   |психологиялық           |      |      |      |        |      |.,4.9.       |
|   |концепциялары.          |      |      |      |        |      |             |
|   |ХХ ғасыр                |      |      |      |        |      |             |
|   |психологиясындағы  Л.С. |      |      |      |        |      |             |
|   |Выготскидің идеяларының |      |      |      |        |      |             |
|   |дамуы                   |      |      |      |        |      |             |
|14 |Қазақ психологиясы      |1     |      |2     |1       |5     |4.3.,4.11.,4.|
|   |тарихының елеулі        |      |      |      |        |      |6.,4.7       |
|   |кезеңдері және          |      |      |      |        |      |             |
|   |Қазақстандағы           |      |      |      |        |      |             |
|   |психологияның бүгінгі   |      |      |      |        |      |             |
|   |жағдайы                 |      |      |      |        |      |             |
|   |Барлығы:                |15    |-     |30    |23      |67    |             |

      3. ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
      Магистрант аталған курс бойынша  мынадай  теориялық  және  практикалық
мәселелерді игеруі керек. Оқу жоспарының көшірмесінде  бөлініп  берілген  әр
сабақ түрлері сағатқа  шағылған,  пәннің  қысқаша  мазмұны,  мақсаттары  мен
міндеттері көрсетілген. ОӘК оқу  пәнін  меңгерудің  барлық  талаптарына  сай
келеді.  Негізгі  және  қосымша  әдебиеттер  тізімі  бар.   Оқытушылар   мен
магистранттарға арналған жұмыс бағдарламасы берілген. Магистрантқа  арналған
жүмыс бағдарламасында оқылуға тиісті тақырыптар мен жүмыс түрлерінің  тізімі
әдебиеттердің көрсетілуімен айқындалған. Әр  дәріс  сабағы  бойынша  қысқаша
мәлімет берілген. Тәжірибелік  сабақтардың  тақырыптары  және  әр  тақырыпта
қарастырылатын   мәселелер   жоспар   түрінде   нақты    көрсетілген.    БӨЖ
тапсырмаларын өткізудің  мерзімі,  тақырыптары  және  әдебиеттері  жазылған.
Магистранттардың білімін бағалау әдістемесі бар.
      Дәрісті тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар.
      Мақсаты:  магистранттарды  курс  бойынша  тиісті  теориялық   біліммен
қаруландыру.
      Міндеттері:
      - әр тақырыпты меңгерту мақсатымен жүйелі білім беру;
      - әр тақырып бойынша негізгі түсініктермен таныстыру және меңгерту;
      - пәнге қызығушылығын тудыру және  ары  қарай  өздігінен  жұмыс  істей
білуге үйрету;
      - курс  бойынша  тиісті  білімді  меңгеру  үшін  қажетті  жағдайлармен
қамтамасыз ету.
      Жоғары оқу орындарында  оқытуды  ұйымдастырудың  негізгі  формаларының
бірі - дәріс болып табылады. Ол магистранттарға олар үшін күрделі және  жаңа
ақпараттарды  беруге  тиімді.  Дәріс   магистранттарда   пәнге   қызығушылық
тудырады,  алынған  білімді   практикалық   міндеттерді   шешуде   қолдануға
көмектеседі, тақырыптың  және  қарастырылып  отырған  материалдың  теориялық
жақтарын ашып көрсетеді.
      Дәріс – магистранттарда өздігінен терең білім алуға ізденіс  туғызады.
Дәрісті тыңдау – бұл  өзара  бір-бірімен  байланысқан  танымдық  үрдістердің
(зейін, түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау) бірлігі.
      Сіздің курс бойынша жан-жақты білім  алуыңыз  дәріс  сабақтарын  толық
тыңдауыңызға  байланысты   екенін   еш   ұмытпаңыз.   Сондықтан   бағдарлама
мазмұнында берілген дәріс сабақтарын алдын-ала  қарастырып  жүріңіз.  Сіздің
білімініңізің деңгейі  тек  өзіңіздің  жауапкершілігіңіз  және  өздігіңізден
жұмыс жасау қабілетіңізге тікелей байланысты болады.
      Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық:  сабаққа  кешікпеңіз;  дәріс
дәптеріңіз және қаламыңызды ұмытпаңыз; дәріс барысында мәтінді қалмай  жазып
отыруға талпыныңыз, ол тәжірибелік сабақтарға, өздік  жұмыстарға  даярлануда
негіз болады.
        Білім алушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын  орындауға
                            әдістемелік нұсқаулар
      Мақсаты: магистранттардың дәріс және  тәжірибелік  сабақтарында  алған
білімдері негізінде өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру.
      Міндеттері:
      - дәріс  және тәжірибелік сабақтарында алған білімдерін тереңдету;
      - теорияны практикамен байланыстыру;
      - библиографиямен жұмыс істеу іскерлігі мен дағдыларын жетілдіру;
      - алынған білімі негізінде мәселелік сұрақтарды өздігінен шешу;
      -   психологиялық-педагогикалық   бақылау    жүргізудің    практикалық
дағдыларын жетілдіру;
      - зерттеушілік, ізденушілік іскерліктерін жетілдіру;
      - өздігінен жұмыс істеу іскерліктері мен дағдыларын дамыту;
      - ойын еркін жеткізе білуге және оны қорғай білуге үйрету.
      Өздігіңізден орындайтын өздік жұмысыңыз Сіздің курс бойынша меңгеретін
біліміңізге және  рейтинг  бойынша  жинайтын  ұпайыңызға  айтарлықтай  ықпал
жасайтынын ұмытпаңыз, сол себепті   әрбір  өздік  жұмыс  тапсырмасын  өзіңіз
дербес орындаңыз, тапсырманы орындауға мұқият қараңыз, әрі жауапты  болыңыз.
Өздік жұмыс тапсырмаларын орындау  барысында  басқадан  көшіргеніңіз  немесе
басқаға көшірткеніңіз үшін  жұмысыңыз  мүлдем  есептелінбеуі  немесе  бағасы
төмендетілуі мүмкін.
      Өздік  жұмысын  орындау  формалары  әр  түрлі:  кесте,  таблица  құру,
реферат,  коллоквиум,  сөзжұмбақ,  пікірталас,  конспект   бойынша   талдау,
аннотация жазу және  т.б.  Оларды  орындау  үшін  оқу  әдістемелік  кешеннің
мазмұнында жалпы әдістемелік нұсқаулар берілген.
      Білім алушылардың өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер:
   1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға
      (іштей жылдам  оқи  білу,  библиографиялық  дағдылар,  түрлі  анықтама
      әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып  алу  т.б.  )  ие  болу
      керек.
   2. Біліммен нәтижелі шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт,  орын,  тиісті
      әдебиеттер  мен  құралдардың  болуы  т.б.)  керек  етеді,  ең   дұрысы
      кітапханаларда, оқу залдарында даялануға дағдылану.
   3. Өздігінен білім алатын адам  нені  оқитынын  анық  біліп,  ол  жұмысты
      белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
   4.  Алғашқы  кезде  оқытушылардан,  тәжірибелі  оқытушылардан,  кітапхана
      қызметкерлерінен ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
   5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
   6. Оқыған материалды мұқият  ұғатындай  етіп  ұғып,  түсінбеген  жерлерді
      қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
   7.  Анықтама  әдебиеттерді,  энциклопедияларды,  түрлі  сөздіктерді  қоса
      пайдаланып отыру керек.
      Өздік  жұмыс  түрлері:  ауызша;   жазбаша;   практикалық;   теориялық;
шығармашылық.
      Өздік жұмысты орындау барысында  ерік  қалыптасады,  жұмысқа  қабілет,
зейін, оқу еңбегі, тәртібі тәрбиеленеді.
      Өздік жұмыс формалары: реферат орындау; конспектілеу; аннотация  жазу;
тезис орындау; ғылыми баяндамалар жазу және т.б.
      Конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау.
      Берілген тақырыпты конспектілеуге қойылатын негізгі талаптар:
   1.  Жазып  отырған  тақырыптан  алшақтамай,  оның  мазмұнын  нақты  ашуға
      талпыну.
   2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.
   3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын  жоспарға  сай  рет-
      ретімен жүйелі баяндауы қажет.
   4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс.
   5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.
      Сілтеме  –  бұл  белгілі  бір  автордың  ой-пікірін   өз   жұмысымызда
пайдалансақ,  онда  оған  сілтеме  келтіреді,  яғни  ол  әдебиеттің  тізімін
пайдаланғаны бойынша ретімен жазу.
      Тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау.
      Цитаталау - мәтінді сөзбе сөз  көшіру.  Міндетті  түрде  автор,  кітап
(жұмыс) аты, баспасы, шыққан жылы, беттері көрсетіледі.
      Аннотация - мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау.
      Рецензиялау - оқу материалы, кітап (жұмыс) туралы өз ойын қысқа жазу.
      Ғылыми  баяндамалар  –  аудиторияда  оқылатын  немесе  мақала  ретінде
жарияланатын ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік –эксперимент жұмысының  мазмұнын
баяндайтын ғылыми құжат.
      Эссе  дегеніміз  -  философиялық,  әдеби,   тарихи,   публицистикалық,
әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми  емес,  автордың  жеке
көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Эссе жазу  барысында  сақталынуы  тиіс
талаптар:
    • Жеке көзқарастың көрінісі;
    • Фактілі дәлелдер (аргументтер);  
    • Теоретикалық негіздеме;  
    • Цитаталарды келтіру;
    • Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;
    • Логикалық заңдылықтың сақталынуы;
    • Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;
    • Сауаттылыққа мән беру.
      Әдебиеттермен жұмыс істеу әдістемесі
      Кітаппен (негізгі әдебиетпен  жұмыс  жасағанда)  жұмыс  жасауда  басты
назар аударылады:
      1. Кітаптың сыртқы мұқабасымен танысу (кітаптың аталуы, авторы, шыққан
жылы, баспаның аты, кітаптың редакторы, алғы сөздің  немесе  кіріспе  сөздің
авторы); оның тұтастай көлеміне;
      2. Мазмұны  арқылы  кітаптың  жоспарымен  (бөлім,  тарауларымен)  және
қандай жүйеде жазылғанымен танысу;
      3. Кітаптың алғы сөзімен, кіріспесімен мазмұнын, мақсатын түсіну  үшін
үстірт танысып шығу;
      4.  Негізгі  мәтіннің  құрылымымен  (жеке  тарауларға;  мәтіннің  жеке
бөліктерге бөлінуіне (тақырыптарға, параграфтарға) танысу;
      5. Безендірілу сипатына;
      6. Қайталауға берілген сұрақтарға;
      7. Қолданылған әдебиеттер тізіміне және т.б.
      Келесі кезекте назарды қосымша әдебиеттерге аударған дұрыс.


4 ПӘННІҢ ТҮРІ (ФОРМАТЫ)
      Семинарға дайындық кезінде магистрант мұғалімнің дәрісін назарға ұстай
отырып,  біршама  ізденіс  жұмыстарын  жасау  қажет.  Ғылыми  мақалалар  мен
монографиялар, сондай-ақ интернет желісінен алынған материалдардағы  керекті
деректер  конспектіленіп  алынады.  Семинар  магистранттың  ізденіс   жұмысы
болғандықтан,  бір  емес  бірнеше  дереккөздерді  пайдалануға  тиісті.  Курс
бойынша  білуге  тиісті  терминдер  мен  шартты  ұғымдарды  оқытушы  қамтып,
түсіндіреді. БӨЖ тақырыптары берілген сұрақтарды қамти отырып, жазбаша  және
ауызша жұмыс түрінде орындалады.  БӨЖ-ді  конспект  түрінде  дәптерге  жазып
өткізу қажет. Сабақ барысында магистранттың теориялық білімі,  белсенділігі,
ынтасы және шығармашылық шешім таба білу дағдысы бағаланады.


5 ПӘН САЯСАТЫ
      Курсты оқу барысында алынған ұпай жинақталып, жалпы  саны  шығарылады.
Жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырманы орындауы, сабаққа  қатысуы,  БӨЖ
тапсырмаларын,  тиісті  жаттығу   жұмыстарын   орындағаны   жөніндегі   ұпай
жиынтығы, кезеңдік, қорытынды  бақылау  нәтижелері  т.б.  түгел  ескеріледі.
Курсты  оқу  барысында  алынған  барлық   ұпайлар   жинақталып,   бір-біріне
қосылады. Осы курстан алған жиынтық бағаны шығару үшін әрбір  тапсырама  мен
рейтинг  бақылауынан  алынған  баға  және  емтихан  бағаларының  қорытындысы
бойынша орташа балл есептеледі. Барлық тапсырмаларды  көрсетілген  уақытында
өткізу қажет. Барлық тапсырмаларды қабылдап алу  емтиханға  7  күн  қалғанда
аяқталады.   Барлық   тапсырманы    өткізбеген    магистранттар    емтиханға
кіргізілмейді. Жұмысты кеш тапсырсаңыз: қосымша тапсырма беру  арқылы  жұмыс
көлемін ұлғайтылады; Тапсырмалар оқытушы тағайындаған  уақытта  қабылданады.
Емтиханға келмесеңіз: орынды себеп болса,  бұрынғы  орындалған  жұмыстарыңыз
есепке алынады; орынсыз себеп болса, тапсырманы орындауыңыз қажет  және  осы
мәселеге  қатысты  университет  саясаты  есепке  алынады.  Әрбір   тақырыпты
қайталау және өтеу міндетті. Өтілген материалды меңгеру деңгейі тест  арқылы
тексеріледі. Тест алдын ала ескертілмей өткізіледі. Аудиториялық  сабақтарды
босатпау,   кешікпеу   міндетті.   Себепсіз   сабақтан   қалсаңыз:   қосымша
шығармашылылық  жұмыс  беріледі  (реферат,  көркем  мәтінге  талдау   т.б.);
Сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақ босатылғанға теңгеріледі. Оқу  үрдісіне
белсенді түрде қатысу қажет.


6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ
      Апта  және  бақылау  түрлері  бойынша  баллдардың   реттелуі   кестеде
келтірілген
      «Қазіргі психологияның тарихы, жағдайы және тенденциясы»  пән  бойынша
баллдардың реттелуі
                                                                     2 кесте


      |Апта    |Бақылау түрі                         |Жалпы балл   |Ескерту         |
|1       |2                                    |3            |4               |
|        |1-7 апта арасында дәрісханалық       |30           |                |
|        |сабақтарға қатысу                    |             |                |
|        |Семинар                              |30           |                |
|3       |                                     |             |                |
|        |БӨЖ                                  |20           |                |
|4       |Семинар                              |10           |                |
|5       |Семинар                              |30           |                |
|        |БӨЖ                                  |30           |                |
|        |Семинар                              |30           |                |
|6       |                                     |             |                |
|        |БӨЖ                                  |30           |                |
|7       |Семинар                              |0            |                |
|        |Межелік бақылау 1                    |90           |                |
|1-7 апта оқу нәтижесі бойынша жалпы балл      |300          |                |
|11   |8-15 апта арасында дәрісханалық         |30           |                |
|     |сабақтарға қатысу                       |             |                |
|     |Семинар                                 |30           |                |
|9    |                                        |             |                |
|     |БӨЖ                                     |20           |                |
|     |Семинар                                 |30           |                |
|11   |                                        |             |                |
|     |БӨЖ                                     |30           |                |
|13   |Семинар                                 |40           |                |
|     |БӨЖ                                     |30           |                |
|15   |Межелік бақылау 2                       |90           |                |
|8-15 апта оқу нәтижесі бойынша жалпы балл     |300          |                |
|Емтихан үшін жалпы балл                       |400          |                |
|Академиялық кезең бойынша жалпы балл          |1000         |                |


7 ӘДЕБИЕТТЕР
      7.1 Негізгі әдебиеттер:
      7.1.1. Ждан А.Н. История психологии:  от античности  к  современности:
Учебник. - М.,  1999
      7.1.2 Марциновская  Т.Д. История психологии: учебное пособие для студ.
вузов 4-е изд., стереот. - М.: Академия, 2004
      7.1.3. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии: В
2т.: Для студентов ВУЗов. - Р. н/Д., 1996
      7.1.4. Шульц Д.П., Шульц С.Э. История современной психологии  –  СПб.,
1998
      7.1.5. Изучение традиций и научных школ в истории советской психологии
/ под ред. А.Н. Ждан – М., 1992
      7.1.6. Жалпы психология /Богословский В.В.  -  Алматы,  1980Намазбаева
Ж.И. Психология. Оқулық - Алматы,  2005, 2006
      7.1.7. Немов Р.С. Психология: Учебник для вузов в 3-х  т.-  Т.1.  -М.,
2001


      7.2 Қосымша әдебиеттер:
      7.2.1. Жарықпаев, Калиев Қазақ тәлім-тәрбиесі – А., Санат, 1995
      7.2.2. Донских О.А., Кочеркин А.Н.  Античная  философия.  Мифология  в
зеркале рефлексии – М., 1993
      7.2.3. Петровский  А.В.  История  советской  психологии.  Формирование
основ психологической науки. - М., 1997
      7.2.4. Якунин В.Я. История психологии – М., 2001





Пәндер