Файл қосу

Салықтық жеңілдіктер



3 дәрістің 3ші, 5 дәріс, 6 дәрістің 3ші, 9 дәрістің 2ші,  10  дәрістің  3ші,
12 дәріс, 13 дәріс, 14 дәрістің  2ші


1-дәріс. Мемлекеттің салық қызметі.
Мақсаты:   Бұл  семинар  тақырыбы  дәріс   сабағында   қарастырылды,   дәріс
сабағында мемлекеттің салық  қызметіне  жалпы  түсінік  берілді.  Студенттер
семинар сабағында мемлекеттің салық қызметінің, салық  салудың  қағидаларын,
мемлекеттің салық саясатын жүзеге асыруы туралы мәселелерді  қарастырғандары
жөн.

Мазмұны:
1.  Салық салу қағидалары.
2.  Салықтар қызметтері.
3.  Мемлекеттің салық саясаты, мәні.
      1. Салық принциптерінің, жалпы салық салу теориясының негізін  қалаушы
болып  шотландық  экономист,  әрі  философ  Адам  Смит  табылады.  А.Смиттің
классикалық принциптері төмендегідей:
1.  салық  салық  төлеушінің  әрқайсысының  табысына  сәйкес   алынуы   тиіс
(әділеттілік принципі);
2. салықтың мөлшері мен оны төлеу  мерзімі  алдын  ала  және  дәл  анықталуы
керек (анықтылық принципі);
3. әрбір салық салық төлеуші үшін  неғұрлым  қолайлы  уақытта  және  әдіспен
алынуы тиіс. (қолайлылық принципі);
4. салықтан жиналған түсімнен оны жинауға кеткен шығын аз болуға тиіс  (үнем
принципі);
      Бұл принциптерді пайдалану салық салуда зорлық-зомбылықты азайтты, бұл
процеске  реттемелеуді  енгізді.  Салық  салудың  кейінгі   даму   барысында
принциптердің тұжырымдамалары дәлелденді, толықтырылды.
      Салық салудың қазіргі халықаралық принциптері мыналар:
      1. Қарапайымдылық принципі. Салық  механизмі салық төлеушіге түсінікті
болуы тиіс, ол айқын әрі жеңіл болуы керек. Ол үшін мына  шарттар  орындалуы
қажет:
- салық түрлері өте көп болмай, нақты да дәлелді болуы керек;
- бір салық түріне бірыңғай салық ставкасын белгілеу қажет;
- салық салуобъектісін, салық салынатын  табысты  немесе  айналымды  анықтау
әдісі барынша жеңіл, қарапайым, қолдануға  ыңғайлы  және  түсінікті  болғаны
дұрыс;
- салық жеңілдіктері не үшін  беріледі,  оған  қандай  негіздер  бар  екенін
дәлелді болуы керек. Салық жеңілдіктерінің мейлінше аз болғаны дұрыс;
- салық төлеуде,  салықты  табыс  көзінен,  яғни  төлем  жүргізілген  көзден
төлеген ыңғайлы.
      2. Әділеттілік принципі.  Салық жүйесінде әділеттілік принципі тікелей
және көлденең екі бағытта сақталуы тиіс.
Тікелей әділеттілік принципі – салық төлеушілердің табыстарына тең  жағдайда
біркелкі салық салынады;
Көлденең әділеттілік принципі – тиісті  жағдайда  бірыңғай  салық  төлеушіге
бірдей талап, бірдей шарт қойылуы керек. Салық төлеушілер белгілі бір  табыс
не қызмет түрінен, мүлкінен бірдей ставкамен салық төлеуі тиіс.
      3. Салыстыру принципі. Бұл принцип бойынша салық ставкаларын  бекіткен
кезде, олардың мөлшері басқа елдерде қолданылып жүрген  салық  ставкаларымен
салыстырылып отырылуы қажет.
      4.  Салықтардың  анықтылығы  –  алдын  ала  белгіленген  шарттар   мен
талаптардың мызғымас теңдігі елдің барлық аумағында және  барлық  шаруашылық
жүргізуші субъектілер үшін түсіндіру мен қолданудың біркелкілігі.
      5.  Жеңілдіктердің  ең  аз  саны.  Жеңілдіктер   құндық   үйлесімдерді
бұрмалайды және салық салу субъектілерін тең емес жағдайларға әдейі қояды.
      6. Салық  салудың  экономикалық  бейтараптығы.  Салықтар  экономиканың
жұмыс істеуін  жақсартуға  және  инвестициялардың  өсуіне  кедергі  жасамауы
тиіс.
      Қазақстанның салық заңнамасында  сонымен  бірге  салық  және  бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық  салудың
айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы  және  салық  заңдарының
жариялылығы принциптері негізделеді.
      Салық төлеуші  салық  заңына  сәйкес  салықтық  міндеттемелерін  толық
көлемде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.
      Салықтар мен бюджетке  төленетін  басқа  да  міндетті  төлемдер  айқын
болуға  тиіс.  Салық   салудың   айқындылығы   салық   төлеушінің   салықтық
міндеттемелерінің  туындауының,  орындалуының  және   тоқтатылуының   барлық
негіздері мен тәртібін салық заңында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.
Еліміздің салық салу жалпыға  бірдей  және  міндетті  болып  табылады.  Жеке
сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тиым салынады.
      Қазақстанның  салық  жүйесі  оның   бүкіл   аумағында   барлық   салық
төлеушілерге қатысты бірыңғай болып табылады.
      Салық салу мәселелерін реттейтін  нормативтік-құқықтық  актілер  ресми
басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.

2. Салықтар негізгі мынадай қызметтері (функциялары) бар:
1. реттеушілік;
2. фискалдық;
3. қайта бөлу.
      Жоғарыда   көрсетілген   негізгі   функциялармен   қатар   салықтардың
ынталандыру, бақылау функцияларын атап кетуге болады. Реттеушілік қызметі  –
салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына  өз
ықпалын тигізеді, яғни салықтар реттеу жүзеге асырылады. Салықтық  реттеудің
ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету.  Салық  түрлері,салық  салу
әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып саналады.  Жоғарыда  көрсетілген
салықтық  реттеудің  тетіктері  тек  қана  өндірістің  дамуын  реттеп   қана
қоймайды. Сонымен қатар  ақша  және  баға  саясаты,  шетелдік  инвесторларды
ынталандыру,  шағын  және  кіші  кәсіпкерлікті  дамыту   жұмыстарын   жүзеге
асырады.  Әрине,  салықтық  реттеу  тетіктері  тиімді  қызмет  атқару  үшін,
олардың басқа да экономикалық  тетіктермен  тығыз  байланыста  болуы  қажет.
Салықтық реттеуде салық ставкалары мен салық  жеңілдіктерінің  алатын  орыны
ерекше. Себебі ғылыми негізделмеген, шектен тыс  жоғары  қойылған  стафкалар
кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндірістің төмендеуіне  және  мемлекеттік
бюджет   кірісінің   азайуына   әкеліп   соқтырады.   Осы    сияқты    салық
жеңілдіктерінің де теңсіз жағы және бар. Дамыған  елдердің  тарихынан  салық
ставкалары жөнінде мынаны байқауға болады:
-егер төленетін салық мөлшері салық төлеуші табысының  50  процентінен  асып
кетсе, онда ол өндірістің тоқтап қалуына соқтырады;
-егер салық  мөлшері  салық  төлеуші  табысының  45-50  проценті  аралығында
болса, онда жай, ұдайы өндіріске әкеледі;
-егер  салық  мөлшері,  салық  төлеуші  табысының  35-40  проценті   мөлшері
аралығында болса, онда ұлғамайлы ұдайы өндіріске әкеледі.
      Салықтардың екінші қызметі – фискалдық немесе бюджеттік  қызметі.  Бұл
қызметі (функциясы)  арқылы  мемлекеттік  бюджеттік  кіріс  бөлімі  құрылып,
салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік  бюджеттің
кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери  –  қорғаныс,  тағы  басқа  да
шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді.  Қайта  бөлу  қызметі  арқылы  түрлі
субъектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына  өтеді.  Бұл  қызметтің
іс - әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді  салықтардың  алатын  үлес  салмағы
арқылы   анықтайды.   Соңғы   жылдардағы   мәліметтер   бойынша    Қазақстан
Республикасының  ішкі  өнімдегі  салықтардың  үлес  салмағы  40   проценттен
көбірек  болып  отыр.  Бұл  экономикасы  дамыған  басқа  елдерден  әлдеқайда
жоғары. Еліміздегі мемлекет мүддесі үшін  қаржы  көздерін  орталықтандырудың
бір айғағы осы. Мемлекет  мына  жоғарыда  көрсетілген  салықтардың  қызметін
(функциясын)  пайдалана  отырып  елдің  салық   жүйесін   анықтайды.   Салық
механизмінің қызмет ету жолдарын  белгілейді,  жалпы  экономикалық  саясатты
негізге ала отырып салық саясатын анықтайды.
      Салықтардың әлеуметтік – экономикалық мәнімен  мазмұны  олар  қарайтын
функциаларда толық ашыла түседі. Кәзіргі кезде салықтар фискалдық,  реттеуші
және қайта бөлу сияқты негізгі үш функияны орындайды. Олардың әр  қайсысы  –
осы қаржы санаттың ішкі  қасиетін,  белгілерімен  ерекшеліктерін  білдіреді.
Фискалдық функция барлық мемлекеттерге тән негізгі функция.  Оның  көмегімен
бюджеттік  қор  қалыптасады.  Мұның  өзі  салықтардың  қоғамдық  міндеттерін
арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік  бюджеттің  кірістерін  толтыра
отырып,  экономиканы,  әлеуметтік  –   мәдени   шараларды   жүзеге   асыруды
қамтамасыз етеді.
      Салықтардың реттеуші  функциясы  мемлекеттің  экономикалық  қызметінің
ұлғаюымен  байланысты  пайда  болады.  Ол   халық   шаруашылығының   дамуына
қабылдаған  бағдарламаларға  сәйкес  ықпал  етеді.  Бұл  кезде   салықтардың
нысандарын таңдау ставкаларының  алу  әдістерінің  өзгеруі,  жеңілдіктерімен
шегермелер  пайдаланады.   Бұл   реттегіштер   қоғамдық   ұдайы   өндірістің
құрылымына, қордалану мен тұтыну ауқыбына ықпал етеді.
      Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі  субъектілер  табысының  бір  бөлігі
мемлекет қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің  көлемі  ішкі  жалпы
өнімде  салықтардың  алатын   үлесі   арқылы   анықталады.   Соңғы   жылдары
Қазахстанда ішкі жалпы өнімдегі салықтар үлесінің төмендеу тенденциясы  орын
алып отыр. Егер 1997  жылы  ішкі  жалпы  өнімдегі  олардың  үлесі  19,7пайыз
болса, 1998 жылы ол 16,6  пайызға,2000  жылы-22,6  пайыз,2001  жылы  -  22,2
пайыз болды (салыстыру үшін: Украинада – 29 пайыз, Ресейде  –  33,3  пайыз).
Салық салу объектілерін есепке алу және  оларды  бағалау  тәсілдеріне  қарай
салық алудың мынадай төрт әдісі қолданылады: кадастырлык,  салық  төлеушінің
декларациясы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік негізде.
      3. Салық саясаты — мемлекеттің  экономикалық  саясатының  бір  бөлігі.
Салық  негізін,  мөлшерлемесін,  жеңілдіктерін  және  шегерімдерін   өзгерту
жолымен іске  асырылады.  Салық  саясаты  экономикаға  мемлекеттің  араласуы
нәтижесінде мемлекеттік бюджетті қалыптастырады және  жалпы  ұлттық  өнімнің
(ЖҰӨ) ауқымымен, экономиканың  жеке  секторларына  салық  шараларын  қолдану
дәрежесімен айқындалады.  Мәселен,  жеңілдіктер  мен  шегерімдердің  болмашы
көлемімен ұштастырылатын кең ауқымды салық  негізі  салық  салудың  біркелкі
мөлшерде болуын қамтамасыз етіп, экономиканың жекеше  секторына  ресурстарды
орналастыру  үдерісіне  мемлекеттің  араласуы  ауқымын  төмендетеді.   Салық
саясаты дискрециялық  (лауазымды  адамның  қайсыбір  мәселені  өз  қалауынша
шешуі) және бейдискрециялық негіздерге сүйенуі  мүмкін.  Дискрециялық  негіз
өзгеріп отыратын экономикалық жағдайға сәйкес  салық  заңнамасына  түзетулер
енгізуді:  салық  мөлшерлемесін  өзгертуді,  салық  жеңілдіктерін   енгізуді
немесе  алып  тастауды,  т.б.  шараларды  көздейді.  Ол  мемлекетке   реттеу
құралдарын кең көлемде таңдау мүмкіндігін  береді.  Алайда  бұл  мемлекеттің
экономикалық үдерісті  немесе  жағдаятты  танып-білуіне,  шешім  қабылдауына
және ықпал етуіне  теріс  әсерін  тигізеді.  Бейдискрециялық  салық  саясаты
негізінен  орта   мерзімдік   циклді   кезеңділікті   реттеуге   бағытталған
реттеуіштер элементтері болып табылады. Саясаттың бұл түрінің негізі —  жеке
табыс салығында және корпорациялардың пайдасына  салынатын  салықта  үдемелі
табыс   салығын   салу:   экономикалық   өрлеу   кезеңінде   —    шаруашылық
субъектілерінің  табысынан  бюджетке  алу  нормасын  арттыру,  дағдарыс  пен
тұралау кезеңінде — осы норманы төмендету. Сөйтіп, өрлеу  кезеңінде  жиынтық
сұранымның мөлшеріне тиісінше ықпал ету есебінен экономикалық  өсу  тежеледі
және дағдарыс кезеңінде ынталандырылады.  Бейдискрециялық  салық  саясатында
жоғарыда аталған кешеуілдеулер болмайды,  бірақ  мұнда  мемлекеттің  қолында
реттеуші құралдардың саны аз болады.  Түрлі  елдердің  салық  саясаты  түрлі
элементтердің  ұштастырылуымен  сипатталады:  тікелей   салықтар   бөлігінде
табыстарды  өздігінен  реттеу  жағдайларын  жасау  үшін   үдемелі   шекілдер
пайдаланылады,  жанама  салықтар  бөлігінде  дискрец.  саясат   қолданылады.
Инфляциялық үдерістер кезінде бейдискрециялық салық саясатының  пәрменділігі
төмен: табыстың ұдайы өсуіне қарай инфляция салдарынан  салық  салу  нормасы
да ұдайы жоғарылап отырады.  Қазақстанда  жаңа  салық  жүйесі  қатаң  саяси,
экономикалық  және  құрылымдық  өзгерістер  жағдайында   қалыптасты.   Салық
жүйесінің өзгертілуі Салық кодексінде қарастырылған, ол,  жалпы  мемлекеттік
мүдде  мен  жеке  меншік  мүдделерінің  теңдестірілуін  қамтамасыз   ететін,
кәсіпкерлікті  дамытуға,  инвестициялық  қызметті  жандандыруға,   еліміздің
ұлттық байлығын  молайтуға,  азаматтардың  әл-ауқатын  жақсартуға,  салықтың
санын азайтуға және жалпы салық  ауыртпалығын  азайтуға  септігін  тигізетін
ұтымды салық жүйесін құру міндетін шешуге бағытталған

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Мемлекеттің салық қызметі, салықтарды белгілеу қалай жүзеге асырылады?
2. Салықты белгілеудің тәртібіне сипаттама беріңіз.
3. ҚР-сында салықтарды қандай орган белгілейді?
4. Салық салудың қағидаларын ата.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1.  Найманбаев С.М. «Салықтық құқық» Алматы, Жеті Жарғы 2005ж.
2.  Найманбаев С.М. «Финансовое право РК» Алматы: Демеу, 1994г.
3.  Химичева Н.И. «Финансовое право» М. БЕК,1995г.

2-дәріс.  Салық ұғымы, элементтері және белгілері.
Мақсаты:   Бұл  семинар  тақырыбы  дәріс  сабағында   қарастырылған,   дәріс
сабағында  салық,  оның  белгілері,  элементтері  мен  түрлеріне   жан-жақты
сипаттама берілді. Студенттер семинар сабағында  салықтарды  есептеу,  төлеу
және салық тӛлеудегі жеңілдіктер туралы мәселелерді қарастырғандары жөн.
Мазмұны:
1.  Салықтарды есептеу және төлеу тәртібі.
2.  Салықтық жеңілдіктер.
3.  Инвестициялық салық преференциясы.
      1. Салықтық есептеу – бюджетпен және бюджеттен тыс  қорлармен  ұйымның
салықтық міндеттемелері бойынша есеп айырысу ахуалын  шұғыл  түрде  бақылау.
Құжат  айналымы  (салық  регистрларын  әзірлеу)  тұрғысынан  оңтайлы   болып
табылатын салықтық есепті ұйымдастыру сіздің бюджеттің  және  бюджеттен  тыс
қорлардың алдындағы қарызыңызды тиімді басқаруға,  салықтық  тәуекелдер  мен
қажетсіз  қаржылық  салдардан  құтылуыңызға  мүмкіндік  береді.  Кәсіпорында
салықтық есепті орнықтыру терең кәсіби білім мен тәжірибені талап етеді.
      Салықтық есепті ұйымдастыруды  мамандарға  сеніп  тапсыру  арқылы  сіз
бюджетпен және бюджеттен тыс қорлармен есеп айырысу  ахуалы  туралы  ақпарат
алуға кететін уақытты өнемдеп қаласыз,  уақытылы  дұрыс  басқарушылық  шешім
қабылдай аласыз. Сонымен қатар,  сіздің  ұйымыңыздың  салықтық  тәуекелі  ең
төменгі деңгейге келтіріледі. Біз өз клиенттерімізге бланктерді сатып  алуға
кететін, салық есептілігін тапсыру барысында салық комитетінде кезекке  тұру
және бланк толтыруға кететін уақыт пен ақшаны үнемдеуге  мүмкіндік  береміз,
себебі   клиенттің   электрондық   крипто-кілті   болған   жағдайда   біздің
есептілікті электронды түрде толтырып, жіберу мүмкіндігіміз бар.
      Салық төлеу тәртібі  –  белгіленген  мерзімде  салықты  төлеген  кезде
алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу  керек  екенін,  яғни  төлеу  кезінде
белгілі бір дәйектілікті белгілейді.
      Жеке тұлғалар үшiн бюджетке салық төлеу  мерзiмi  салық  кезеңiнiң  31
желтоқсанынан кешiктiрiлмейтiн күн болып табылады
      Салықты  төлеу  салық  салу  объектiсiнiң   тiркелген   орны   бойынша
жүргiзiледi.
      Көлiк  құралдарын  тiркеуден,  қайта  тiркеуден   немесе   мемлекеттiк
техникалық  байқаудан   өткiзген   жағдайда,   жеке   тұлғалар   көрсетiлген
әрекеттердi жасағанға  дейiн  осы  Кодексте  белгiленген  тәртiппен  салықты
есептейдi және бюджетке төлеудi жүргiзедi
      Көлiк құралының меншiк иесi атынан  иелiктен  шығару  құқығымен  көлiк
құралын  басқаруға  арналған  сенiмхат  негiзiнде  сенiм  бiлдiрiлген  болып
табылатын жеке тұлғаның салық кезеңi үшiн  көлiк  құралдарына  салық  төлеуi
көлiк құралы меншiк  иесiнiң  осы  салық  кезеңi  үшiн  салық  мiндеттемесiн
орындауы болып табылады.
      2.  Салық  жеңілдіктері  дегеніміз,  заңға  сәйкес   салық   төлеушіні
біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату. Салық жеңілдіктеріне  салықтан
босатылатын,  салық  салынбайтын  минимум,   шегерістер,   салық   ставкасын
төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту жатады.
      Салықтық жеңілдіктер
      Мемлекет  мүгедектерге,  сонымен  қатар  мүгедектер   жұмыс   істейтін
ұйымдарға салық жеңілдіктерін қарастырған
      ҚР СК 133 -б. 1-т. 2-тармақшасына сәйкес салық төлеуші салық салынатын
табыстарды  мүгедектер  еңбегін  төлеуге  шыққан  шығыстар  бойынша  2   есе
мөлшерге және мүгедектердің жалақысы мен оларға төленетін өзге  төлемдерінен
есептелген әлеуметтік салық сомасын 50 пайызға азайтуға құқығы бар.
      Қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыпушы ұйымдардың табыстарына, егер
тегін алынған мүлік пен депозит  бойынша  сыйақы  түріндегі  табысты  ескере
отырып, мұндай қызметтен  түскен  табыс  осындай  ұйымдардың  (бұл  қызметін
балаларды, қарт  адамдарды  және  мүгедектер  саны  салық  мерзімінде  жалпы
жұмысшылар санының кемінде 51 пайызын  құрайтын  мүгедектер  жұмыс  істейтін
ұйымдарды әлеуметтік қорғау және әлеуметтік  қамсыздандыру  ұйымдары;  салық
жылында мүгедектерге төленетін еңбек ақы бойынша ұйымдардың шығыстары  еңбек
ақы  төлеуге  шыққан  жалпы  шығыс  сомасының  51  пайызын  (  есту,  сөйлеу
қабілетін жоғалтқан мүгедек жандар, сонымен қатар көз жанарынан  айрылғандар
жұмыс істейтін мамандандырылған  ұйымдарда  -  кемінде  35  пайыз)  құрайды)
жылдық жиынтық табысы кемінде 90 пайызды құрайтын  болса,  салық  салынбайды
(ҚР СК 135-б.).
      I  және  II  топтағы  мүгедектердің  45  есе  аз  жалақы  шеңберіндегі
табыстарына,  ал  III  топтағы  мүгедектердің  республикалық  бюджет  туралы
заңмен  (ҚР  СК  156-б.  1-т.  13-14  тармақшасымен)  тиісті  қаржы   жылына
белгіленген  жалақысы  жылына  27есе  аз  шеңберіндегі   табыстарына   салық
салынбайды,
      Егер мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері,  сонымен  қатар  өндірістік
ұйымдары  мына  шарттарға  сай  келетін  болса,  яғни   мүгедектер   осындай
өндірістік ұйымдар-дың жалпы санының  кемінде  51  пайызын  құрайтын  болса,
онда олардың тауар-ларды/жұмыстарды/қызмет көрсетулерді іске  асыру  бойынша
айналымдары (сауда-делдалдық қызмет  бойынша  тауарларды/  жұмыстарды/қызмет
көрсетулерді іске асыру айналымдарынан және  акцизделген  тауарларды  өндіру
және қызмет түрлерін сату  айналымдарынан  басқасы)  қосымша  құн  салығынан
босатылады; мүгедектер еңбек ақысын төлеуге шыққан шығыстар  жалпы  еңбекақы
шығысы сомасының  кемінде  51  пайызын  (есту,  сөйлеу  қабілетін  жоғалтқан
мүгедек жандар, сонымен  қатар  көз  жанарынан  айрылғандар  жұмыс  істейтін
мамандандырылған ұйымдарда - кемінде 35 пайыз)  құрайды  (ҚР  СК  248-б.,13-
тармақша);
      Сүйеніш-қозғалу аппараты зақымдалған,  есту,  сөйлеу,  көру  қабілетін
жоғалтқан мүгедектер жұмыс істейтін  мамандандырылған  ұйымдар  мөлшерлемесі
4,5 пайыз бойынша әлеуметтік салық төлейді, ал өзге ұйымдар мөлшерлемесі  11
пайыз бойынша әлеуметтік салық төлейді (ҚР СК 358-б., 3-т.).
      Мүгедектер, сонымен  қатар  мүмкіндіктері  шектеулі  жеке  кәсіпкерлер
біраз мемлекеттік баж алымын және өзге де алымдарды төлеуден босатылған:
      Мүгедектер ҚР СК 457-б., 1,2,3-  тармақшаларына  сәйкес  мынадай  алым
түрлерінен:
      -  жеке  кәсіпкерлердің  мемлекеттік  тіркелгені  үшін   (заңи   тұлға
құрмастан  кәсіпкерлік  қызметпен  айналысатын  I,  II  және   III   топтағы
мүгедектерге қатысты);
      - жылжымайтын мүлікке құқығын мемлекеттік тіркеуге алғаны және олармен
мәміле жасағаны үшін;
      - жылжитын мүлік кепілзатын, кеме  ипотекасын  немесе  салынып  жатқан
кемені мемлекеттік тіркеуге алғаны үшін;
      - туынды құқығын және аралас  құқық  нысандарын  мемлекеттік  тіркеуге
алған  кезде,  туындылар  мен  нысандарды  пайдалануға  арналған  лицензиялы
шарттарды мемлекеттік тіркеуге алған кездегі алымдардан босатылған;
      ҚР  СК  541-б.,12  және  17  тармақшаларына  сәйкес   мүгедектер   мен
мүгедектердің  қоғамдық  бірлестіктері  және  (немесе)  есту,  сөйлеу,  көру
қабілетін жоғалтқан мүгедектердің кемінде  35  пайызы  жұмыс  істейтін  олар
құрған ұйымдар – өз мүдделері үшін сотқа  арыз-шағым  беретін  кезде,  сотта
мемлекеттік баж алымын төлеуден босатылады.
      542- баптың 4-тармақшасына  сәйкес  мүгедектер  нотариалдық  әрекеттер
жасаған кезде, мемлекеттік баж алымын төлеуден босатылады.
      3. Инвестициялық салық преференциялары - қызмет түрлерін жүзеге  асыру
кезінде  пайдалануға  арналған  өндірістік   арналымының   үймереттері   мен
ғимараттары,  мәшинелер  мен   жабдықтар   құнының   шегерімдеріне   жатқызу
жөніндегі Қазақстан Республикасы  заңи  тұлғаларының  құқығы.  Инвестициялық
салық префиренциялары  карастырылған  Преференциялар  стандарттау  жөніндегі
уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен экономикалық  қызмет  түрлерінің  жалпы
классификаторының секциясы қарастырған кызмет түрлері бойынша беріледі;
       салық салынбайтын ең төменгі мөлшер (минимум) - салық  салудан  толық
босатылатын салық объектінің ең аз бөлігі:
       табыстың  есептелген  сомасынан  шегерілетін  шегерімдер  (асыраудағы
жандарға, мүгедектерге - халықтан алынатын  табыс  салығы  бойынша;  күрделі
каржыларға,  әлеуметтік  объектілерді  ұстауға,  табиғат  қорғау  шараларына
жұмсалатын шығындардың сомасынан -  пайдаға  салынатын  салық  бойынша  және
т.б.);
       салық салынатын  табыстың  цүрамына  кіріктірілмейтін  сома  (мысалы,
босату кезіндегі үііға  рымды  жәрдемақы,  халықтан  алынатын  табыс  салығы
бойынша өтемақы төлемдерінің сомасы);
       салық салудың жеке  субъектілері  мен  төлеушілердің  санаттары  үшін
салық мөлшерлемесін төмендету.  Салық  жеңілдіктеріне  сонымен  бірге  төлеу
мерзімін ұзарту  және  сальіқ  бойынша  бересіні  есептеп  шығаруда  жатады.
Жеңілдік кезеңі - салықтар бойынша  заңмен  белгіленген  жеңілдіктердің  іс-
әрекет ететін уақыты. Салық төлеушілер мен салық органдарының қүқықтары  мен
міндеттілік-  тері  -  билікпен  басқару  органдарының  салық   заңнамасымен
реттеледі.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.  Салық ұғымы, белгілері?
2.  Салық элементтері, түрлері?
3.  Өз еркімен беру және мәжбүрлі түрде өндіріп алу?
4.  Салықтарды төлеуде қандай жеңілдіктер болуы мүмкін.

Әдебиеттер:
1.  Найманбаев С.М. «Салықтық құқық» Алматы, Жеті Жарғы 2005
2.  Худяков А.И. «Налоговое право РК» Алматы, 1998г.
3.  Найманбаев С.М. «Финансовое право РК» Алматы: Демеу, 1994г.
4.  Химичева Н.И. «Финансовое право» М. БЕК,1995г.

3-дәріс.  Салықтық құқық құқықтық құрылым ретінде.
Мақсаты:   Бұл  семинар  тақырыбы  дәріс  сабағында   қарастырылған,   дәріс
сабағында салық құқығы ұғымы, пәні, жүйесі мен бастаулары  туралы  сипаттама
берілді.  Студенттер  семинар  сабағында  салық  құқығының  құқық  жүйесінде
алатын  орны  мен  қазіргі  таңда  салық  заңнамасының  жетілдірілуі,  салық
қызметімен байланысты халықаралық шарттардың қолданылуы  туралы  мәселелерді
қарастырғандары жөн.

Мазмұны:
1.  Салық құқығының құқық жүйесінде алатын орны.
2.  Салық туралы заңнаманың даму тарихы.
3.  Халықаралық шарттар салықтық құқықтың қайнар көзі ретінде.
      1.  Әлеуметтік-экономикалық   саясаттың   негізгі   элементтерініңбірі
салық саясаты болып табылады. Салық саясатының негізгі  мақсаты  мемлекеттік
бюджеттің шығындар бөлігінің көлемін және қүрылымын  анықтайды,  салықтарды,
олардың  ставкаларын,  жеңілдіктерді  нақтылайды   және   белгілейді,   жаңа
төлемдер енгізеді, тиімсіздерін алып  тастайды.  Салық  саясаты  мемлекеттің
әлеуметтік, саяси,  экономикалық  бағдарламаларын  жүзеге  асыру  мақсатында
мемлекеттік бюджетке ақшалай қаражаттардың түсімін қамтамасыз етеді.
      Мемлекет тиімді салық саясатын жүргізбей әрекет ете алмайды Қазақастан
Республикасында  тиімді  салық  саясатының  дамуы  мемлекетіміздің   негізгі
мәселелерінің бірі. Сондықтан, мемлекет өз бюджетін  барынша  көп  толтыруға
тырысады.
      Мемлекеттің салық саясатын жүргізуге қатысуы салық  ставкалары,  салық
жеңілдіктері, салық базасы сияқты салық қүралдары көмегімен  жүзеге  асады.
Мемлекет жүргізген  салық  саясатының  нәтижелеріне  экономикалық  саясатқа
қандай өзгерістер енгізу қажеттілігі тәуелді болады.
      Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан салық саясаты  түбегейлі  нарықтық
өзгерістердің басымды бағыттарының бірі болып табылады. Күнен  күнге  салық
саясаты мәселелері айқын көрінерліктей саяси  әлеуметтік  сипатқа  ие.  Осы
салық саясаты мәселелерін өз уақытында және дүрыс шешу саяси  түрақтылықтың
сақталуына, мемелекеттің егемендігі мен  тәуелсіздігінің  тереңдей  түсуіне
әсер етеді.
      2.  1991  жылға  дейін,  яғни  КСРО  ыдырағанға  дейін  елде  көбінесе
экономиканы   басқарудың   әміршіл-әкімшіл   жүйесіне,    бағаларға    қатаң
мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін  салық  жүйесі  қызмет  етті.  Бюджеттің
басты кіріс көздерінің бірі болған айналым  салығы  тіркелген  бөлшек  сауда
және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік  реттеп  отыруға
бағытталған болатын. Қазақстан  егемендікке  ие  болғаннан  кейін  1991-1995
жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық  жүйесі
қалыптасты.
      1991 жылдың 25  желтоқсанынан  бастап  біздің  елімізде  тұңғыш  салық
жүйесі қызмет ете бастады.  Ол  «Қазақстан  Республикасындағы  салық  жүйесі
туралы» заңға  негізделді.  Бұл  заң  салық  жүйесін  құрудың  принциптерін,
салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін  белгілеген
алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы  қаңтардың  1-нен
бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар  мен  алымдар,  11
жалпыға міндетті жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.
      Дегенмен,   өмірге   келген   әрбір    жаңа    құбылыста    кездесетін
ерекшеліктермен қатар кемшіліктер  де  бұл  заңда  да  орын  алды,  яғни  ҚР
алғашқы салық жүйесінде бірқатар  шешімін  таппаған  мәселелер  болды.  Атап
айтсақ, біз  салық  жүйесін  құрғанда  елемізде  жиынтықталған  ғылыми  және
практикалық тәжірибе болған жоқ.  Салық  қызметі  де,  салық  төлеушілер  де
мұндай жаңа бастамаға психологиялық жағынан дайын  еместігі  көрінді.  Салық
жүйесінде дүниежүзілік тәжірибеде қолданылып келген салық  салу  принциптері
сақталмады. Сондықтан бұл салық жүйесінің  нарықтық  қатынастардың  талабына
толығымен жауап беруге  мүмкіндігі  болмады.  Ең  бастысы,  салық  жүйесінің
өндірісті дамытуға еш ықпал етпеуі, бюджет кірісін құрудағы  өз  ролін  жете
атқара алмауы, яғни салық көзі табыс не пайда емес, керісінше тұтыну болды.
      Салық санының  көптігі,  айналымды  анықтаудың  қиындығы,  шектен  тыс
дәлелсіз берілген салық жеңілдіктері, салық  ставкаларының  бір  салық  түрі
бойынша бірнеше түрлі болуы, халықаралық салық салу негіздерінің  тыс  қалуы
және т.б.  кемшіліктер  салық  жүйесін  одан  әрі  реформалаудың  қажеттігін
көрсетті.
      ҚР Үкіметі  1995  жылдың  басында  салық  реформасының  ұзақ  мерзімді
тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен заңнамасын бірте  –
бірте халықаралық салық салу принциптеріне  сәйкестендіру  көзделді.  Осыған
байланысты  «Салық  және  бюджетке  төленетін  басқа  да  міндетті  төлемдер
туралы» 1995 жылғы сәуірдің 24-нде ҚР Президентінің  заң  күші  бар  жарлығы
шықты. Ендібұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың  саны
11 болып қалды. ҚР Президентінің 1999  жылғы  шілденің  16-сындағы  №  440-I
заңына  сәйкес  заң  мәртебесін  алды.  Осы  уақыт  аралықтарында  Президент
жарлықтарымен және ҚР  заңдарымен  бұл  заңға  өзгерістер  мен  толықтырулар
енгізілді. Осы уақыт аралығында Президент жарлықтарымен және  ҚР  заңдарымен
бұл заңға бірнеше рет өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізілді.  2002  жылға
дейін мемлекеттік бюджеттің кірістерін негізінен 17 салықтар  мен  басқа  да
міндетті төлемдер құрады.
      Бұл  заңда  қамтылған  барлық  базалық  принциптер  1995-1999   жылдар
аралығында жүзеге асырылды. Бұл әлеуметтік салыққа,  амортизация  саясатына,
айналымнан  алынатын  салықты   жоюға,   ҚҚС-ты   халықаралық   принциптерге
сәйкестендіруге  қатысты  еді.  Осы  уақыт  ішінде  экономика,  экономикалық
қатынастар құрылымы, мемлекет пен салық төлеушілердің өзара  қарым-қатынасы,
тіпті  адамдардың  ділі  (менталитеті)  де  айтарлықтай  өзгеріске  ұшырады.
Мемлекет, бір жағынан,  салық  саясатының  мақсатын,  міндеті  мен  қызметін
терең түсінді, екінші жағынан, экономикалық қатынастардың  көптеген  тұстары
қолданыстағы  салық  заңдылығында  қамтылмай  қалды.  Осы   және   Қазақстан
экономикасында болып жатқан оң өзгерістер жаңа салық заңын талап етті.
      3. Салық құқығының қайнар көздері:


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.  Салықтық құқық ұғымы, әдістері?
2.  Салықтық құрылым, салықтық жүйе және салықтық міндет дегеніміз не?
3.  Республикамыздың салық заңдарына сипаттама?
4.  Салық құқығының құқық жүйесінде алатын орны қандай?

Әдебиеттер:
1.  Найманбаев С.М. «Салықтық құқық» Алматы, Жеті Жарғы 2005
2.  Найманбаев С.М. «Финансовое право РК» Алматы: Демеу, 1994г.
3.  Химичева Н.И. «Финансовое право» М. БЕК,1995г.

4-дәріс.  Салықтық – құқықтық нормалар.
Мақсаты  :   Бұл  семинар  тақырыбы  дәріс  сабағында  қарастырылған,  дәріс
сабағында  салықтық-құқықтық  нормалар  белгілері,  құрылымы  мен  түрлеріне
сипаттама  берілді.   Студенттер   семинар   сабағында   салықтық   құқықтың
негізгіжәнетуынды нормалары туралы мәселелерді қарастырғандары жөн.
Мазмұны:
1.  Материалдық және ұйымдастырушылық нормалар.
2.  Салықтық құқықтың негізгі және туынды нормалары.
      1. Материалдық  құқық  —  қоғамдық  қатынастардағы  түрлі  мәселелерді
тікелей реттеуге бағытталған  нормалар  жиынтығы.  М.  қ.  нормалары  меншік
түрлерін,  тұлғалар  мен  мүліктің  құқықтық  жай-күйін  белгілейді,   мемл.
органдардың құрылу тәртібі мен құрылымын  анықтайды,  азаматтардың  құқықтық
мәртебесін, құқық бұзушыны жауапқа тарту негіздері мен жауаптылық  мөлшерін,
т.б. бекітеді
      2. Қазіргі  салықтық  құқықтық  қатынастар  теориясы  мен  практикалық
мәселелері бүгінгі қоғам дамуының және Өркениетті салық салудың  талаптарына
сай салықтық  құқықтық  қатынастар  жүйесін  жаңадан  құрудың  экономикалық-
құқықтық үлгісін айқындап, әрі ғылыми негіздей отырып оны тиісті  заңнамалық
актілер жүзінде бекітудің қажеттілігін мақсаттап, нысаналауда.
      Материалдық салықтық құқықтық қатынастардың бюджет жүйесі деңгейлеріне
тигізетін  мүліктік-заттай  ықпалы  мемлекеттік  билік  органдарының   өзара
байланысы жүйесіндегі құзыреті шегінде және бюджеттік құрылыс ішінде  жүзеге
асырылады. Егеменді Қазақстан Республикасының биылғы қаржылық қауқары  «2007
жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан  Республикасы  Заңының
1-бабында бекітілген республикалық бюджет кірісі 1436 156  251  мың  теңгені
құрағаны көпшілікке мәлім. Оның ішінде салықтық түсімдерден 1  958  638  496
мың теңге түседі деп көзделген.  Материалдық  салықтық  құқықтық  қатынастар
әлеуеті осындай жағдайда ұтымды әрі айқын көрініс тапқан сияқты.
      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 47, 48 және 49-баптарының  1-
тармағының 1) тармақшаларында облыстық бюджетке,  республикалық  маңызы  бар
қала, астана, сондай-ақ аудан (облыстық маңызы бар қала)  бюджетіне  түсетін
салықтық түсімдер ретінде:
      а) облыстық бюджетке: 1. облыстық мәслихат белгілеген кірістерді  бөлу
нормативтері бойынша жеке табыс  салығы;  2.  облыстық  мәслихат  белгілеген
кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салық;  3.  қоршаған  ортаны
ластағаны үшін төленетін төлем; 4. облыстық  маңызы  бар  ақылы  мемлекеттік
автокөлік жолдары арқылы  жүріп  өткені  үшін  алынатын  алым;  5.  Облыстық
маңызы бар жалпы  пайдаланудағы  автокөлік  жолдарының  бөлінген  белдеуінде
сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырғаны үшін төленетін төлем;  6.  жер  үсті
су көздерінің  ресурстарын  пайдаланғаны  үшін  төленетін  төлем;  7.орманды
пайдаланғаны  үшін  төленетін  төлем;  8.  жергілікті  маңызы   бар   ерекше
қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төленетін төлем белгіленген.
      ә) республикалық маңызы бар қала,  астана  бюджетіне:  1.  жеке  табыс
салығы; 2. әлеуметтік салық; 3. жеке тұлғалардың, жеке  кәсіпкерлердің  және
заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салық; 4. жер салығы;  5.  Бірыңғай  жер
салығы; 6. жеке және заңды тұлғалардың көлік  құралдарына  салынатын  салық,
сондай-ақ нақты акциздер, төлемдер және алымдар белгіленген.
      б) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне:  1.  облыстық  мәслихат
белгілеген кірістерді  бөлу  нормативтері  бойынша  жеке  табыс  салығы;  2.
облыстық  мәслихат   белгілеген   кірістерді   бөлу   нормативтері   бойынша
әлеуметтік  салық;  3.  жеке  тұлғалардың,  жеке   кәсіпкерлер   мен   заңды
тұлғалардың мүлкіне салынатын салық; 4. жер салығы; 5. бірыңғай жер  салығы;
6. жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық,  сондай-ақ
нақты акциздер, төлемдер және алымдар белгіленген.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.  Салықтық-құқықтық нормалар дегеніміз не?
2.  Салықтық-құқықтық нормалардың белгілерін атаңыз.
3.  Оларды қалай топтастыруға болады?
4.  Салықтық-құқықтық нормалардың құрылымына сипаттама беріңіз.

Әдебиеттер:
1.  Найманбаев С.М. «Салықтық құқық» Алматы, Жеті Жарғы 2005
2.  Худяков А.И. «Налоговое право РК» Алматы, 1998г.
3.  Найманбаев С.М. «Финансовое право РК» Алматы: Демеу, 1994г.

5-дәріс.  Салықтық – құқықтық қатынастар.
Мақсаты:   Бұл  семинар  тақырыбы  дәріс  сабағында   қарастырылған,   дәріс
сабағында салықтық-құқықтық  қатынастар  түсінігі,  құрылымы  мен  түрлеріне
берілді.   Студенттер   семинар   сабағында   салықтарды   салықтық-құқықтық
қатынастардың  салық   заңнамасын   дамытудағы   рӛлі   туралы   мәселелерді
қарастырғандары жөн.

Мазмұны:
1.  Салықтық-құқықтық қатынастар мәні.
2.  Материалдық және ұйымдастырушылық салықтық қатынастар.
3.  Салықтық-құқықтық қатынастардың салық заңнамасын дамытудағы рөлі.
      1.
      2.
      3.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Салықтық-құқықтық қатынастар дегеніміз не?
2. Салықтық-құқықтық қатынастардың белгілерін және түрлерін атаңыз.
3. Материалдық және ұйымдастырушылық салықтық қатынастарға сипаттама
беріңіз.
Әдебиеттер:
1.  Найманбаев С.М. «Салықтық құқық» Алматы, Жеті Жарғы 2005
2.  Худяков А.И. «Налоговое право РК» Алматы, 1998г.
3.  Химичева Н.И. «Финансовое право» М. БЕК,1995г.

6-дәріс.  Салықтық міндеттеме.
Мақсаты:   Бұл  семинар  тақырыбы  дәріс  сабағында   қарастырылған,   дәріс
сабағында  салықтық   міндеттеме   туралы   жалпылама   сипаттама   берілді.
Студенттер  семинар  сабағында  міндеттемені   орындау   салдары,   салықтық
міндеттемені тоқтату негіздері туралы мәселелерді қарастырғандары жӛн.

Мазмұны:
1.Мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің атқарылуын  қамтамасыз  ету
тәсілдері.
2.Салықтық міндеттеменің тоқтату негіздері.
3.Салық салу аясындағы мемлекеттік басқару.
      1.   Салық   төлеушінің   (салық   агентінің)   белгіленген   мерзімде
орындалмаған салық міндеттемесін орындау мынадай:
       1)  төленбеген  салық  және  бюджетке  төленетін  басқа  да  міндетті
төлемдер, оның ішінде олар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы  төлемдер
сомасына өсімпұлды есепке жазу;
       2)  салық  төлеушінің  (салық  агентінің)  –  заңды  тұлғаның,  заңды
тұлғаның  құрылымдық  бөлімшесінің,   Қазақстан   Республикасында   қызметін
тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент  емес  заңды  тұлғаның,  дара
кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке  сот  орындаушысының  және  адвокаттың
банк  шоттары   бойынша   (корреспонденттiк   шоттарын   қоспағанда)   шығыс
операцияларын тоқтата тұру;
       3)  салық  төлеушінің  (салық  агентінің)  –  заңды  тұлғаның,  заңды
тұлғаның  құрылымдық  бөлімшесінің,   Қазақстан   Республикасында   қызметін
тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент  емес  заңды  тұлғаның,  дара
кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке  сот  орындаушысының  және  адвокаттың
кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
       4)  салық  төлеушінің  (салық  агентінің)  –  заңды  тұлғаның,  заңды
тұлғаның  құрылымдық  бөлімшесінің,   Қазақстан   Республикасында   қызметін
тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент  емес  заңды  тұлғаның,  дара
кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке  сот  орындаушысының  және  адвокаттың
мүлікке билік етуін шектеу тәсілдерімен қамтамасыз етілуі мүмкін.
        1-1. Егер салық міндеттемелерін орындау осы Кодекстің 308-1-бабы  3-
тармағының 2)  тармақшасына  сәйкес  операторға  жүктелсе,  онда  мерзімінде
орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз етудің:
        осы  баптың  1-тармағының  1)  тармақшасында  көрсетілген  тәсілдері
операторға қатысты қолданылады;
       осы баптың 1-тармағының 2) – 4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдері
бір  мезгілде  операторға  және  жай  серіктестіктің  (консорциумның)  әрбір
қатысушысына қатысты қолданылады.
       2. Осы баптың 1-тармағының 2)-4) тармақшаларында көрсетілген мерзімде
орындалмаған салық міндеттемесін  орындауды  қамтамасыз  ету  тәсілдері  осы
Кодекстің  611-613-баптарында  белгіленген  мерзімдерде   қолданылады.   Осы
баптың 1-тармағының 2)-4) тармақшаларында
      көрсетілген  мерзімде  орындалмаған  салық   міндеттемесін   орындауды
қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануды бастағанға дейін салық төлеушіге  (салық
агентіне) осы Кодекстің 84-тарауына сәйкес хабарлама жіберіледі.
       3. Салық берешегі өтелмеген  жағдайда,  осы  баптың  1-тармағының  1)
тармақшасында көрсетілген тәсілді қоспағанда, мерзімінде орындалмаған  салық
міндеттемесін  орындауды  қамтамасыз  ету  тәсілдері  республикалық   бюджет
туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1  қаңтарында  қолданыста
болған 6 еселенген айлық есептік көрсеткіштен  аз  мөлшерде  салық  берешегі
бар салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қолданылмайды.
       3-1. Осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мерзімінде орындалмаған  салық
міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері мынадай:
       1) салық төлеушіні сот банкрот  деп  таныған  жағдайда  -  банкроттық
туралы іс бойынша іс қозғалған кезден бастап;
       2) салық төлеушіге  қатысты  оңалту  рәсімі  қолданылған  жағдайда  –
соттың оңалту рәсімін қолдану  туралы  шешімі  күшіне  енген  күннен  бастап
қолданылмайды.
       Бұл ретте Қазақстан Республикасының  банкроттық  туралы  заңнамасында
белгіленген  тәртіппен,  сондай-ақ  Қазақстан   Республикасының   банкроттық
туралы  заңнамасында  көзделген  жағдайда  сомасы  кредиторлар  талаптарының
тізіліміне   енгізілмеген   салық   міндеттемесі   бойынша   осындай   салық
төлеушілерге  қатысты  мұндай  міндеттеменің   орындалуын   қамтамасыз   ету
тәсілдері қолданылады.
       3) мыналарды мәжбүрлеп таратқан жағдайда:
       банктерді, жинақтаушы зейнетақы қорларын -  мәжбүрлеп  тарату  туралы
сот іс қозғаған күннен бастап;
       сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын - мәжбүрлеп тарату туралы сот
шешімі заңды күшіне енген күннен бастап қолданылмайды.
       4. Салықтық  тексеру  нәтижелері  туралы  хабарламаға  және  (немесе)
хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған  салық
қызметі органының шешіміне шағым жасалған жағдайда, осы баптың  1-тармағының
4) тармақшасында көрсетілген  тәсілді  қоспағанда,  мерзімінде  орындалмаған
салық міндеттемесін орындауды  қамтамасыз  ету  тәсілдерін  қолдану  шағымды
қарау нәтижелері бойынша шешім шыққанға дейін тоқтатыла тұрады.
       5. Cалық төлеуші (салық агенті) айыппұлдар сомасын төлемеген жағдайда
осы  баптың  1-тармағының   2)-4)   тармақшаларында   көрсетілген   мерзімде
орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері  айыппұл
сомаларын мәжбүрлеп  өндіріп  алу  туралы  сот  қаулысының  негізінде  салық
төлеушіні (салық агентін) хабарландырмай-ақ қолданылады.
       6. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінде банк  шоттары  болмаған  не
заңды тұлғаның  құрылымдық  бөлімшесінің  банк  шоттарында  және  кассасында
салық  берешегін  өтеу  үшін  ақша  болмаған   немесе   жеткіліксіз   болған
жағдайларда,  салық  органы  осы   баптың   1-тармағы   2),   3)   және   4)
тармақшаларында  көрсетілген  мерзімде  орындалмаған   салық   міндеттемесін
орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін осы құрылымдық  бөлімшені  құрған  салық
төлеуші заңды тұлғаға қолданады.
       Заңды тұлғада біреуден көп құрылымдық  бөлімше  болған  кезде,  заңды
тұлғаға осы тармақтың бірінші  бөлігінде  көрсетілген  тәртіппен  мерзімінде
орындалмаған  салық  міндеттемесін  орындауды   қамтамасыз   ету   тәсілдері
қолданылғаннан кейін оның құрылымдық бөлімшесінің салық  берешегі  өтелмеген
жағдайда, салық органы осы  баптың  1-тармағы  2)  және  3)  тармақшаларында
көрсетілген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін  орындауды  қамтамасыз
ету тәсілдерін мұндай заңды тұлғаның  барлық  құрылымдық  бөлімшелеріне  бір
мезгілде қолданады.
       7. Осы тараудың мақсаты үшін бюджеттің  атқарылуы  жөніндегі  орталық
уәкілетті мемлекеттік органда ашылған мемлекеттік мекемелердің шоттары  банк
шоттарына теңестіріледі, ал бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық  уәкілетті
мемлекеттік орган банк операцияларының жекелеген  түрлерін  жүзеге  асыратын
ұйымға теңестіріледі.


      2. 1. Жеке тұлғаның салық міндеттемесі:
       1) қайтыс болғанда;
        2)  күшіне  енген  сот  шешімі  негізінде  оны  қайтыс   болды   деп
жариялағанда тоқтатылады.
       2.  Дара  кәсіпкердің  салық  міндеттемесі  дара  кәсіпкер  Қазақстан
Республикасының заңнамасында  белгіленген  тәртіппен  қызметін  тоқтатқаннан
кейін тоқтатылады.
       3. Заңды тұлғаның салық міндеттемесі:
       1) таратылғаннан кейін;
       2) қосылу  (қосылған  заңды  тұлғаға  қатысты),  бірігу  және  бөліну
жолымен қайта ұйымдастырылғаннан кейін тоқтатылады.
      3.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.  Салықтық міндеттеме дегеніміз не?
2.  Салықтық міндеттемені орындау уақыты дегеніміз не?
3.  Салықтық міндеттемені орындау тәсілдерін атаңыз.
4.  Салықтық міндеттеменің тоқтатылу негіздері?

Әдебиеттер:
1.  Найманбаев С.М. «Салықтық құқық» Алматы, Жеті Жарғы 2005
2.  Худяков А.И. «Налоговое право РК» Алматы, 1998г.
3.  Найманбаев С.М. «Финансовое право РК» Алматы: Демеу, 1994г.
4.  Химичева Н.И. «Финансовое право» М. БЕК,1995г.

7-дәріс.  Салықтық бақылау.
Мақсаты  :   Бұл  семинар  тақырыбы  дәріс  сабағында  қарастырылған,  дәріс
сабағында қаржылық бақылаудың бір  түрі  болып  табылатын  салықтық  бақылау
туралы мағлұмат  берілді.  Студенттер  семинар  сабағында  салықтық  тексеру
нәтижелеріне шағымдану тәртібі, салықтық тексеру  актісі  және  оның  маңызы
жӛніндегі мәселелерді қарастырғандары жӛн.
Мазмұны:
1.  Салықтық   тексеру   нәтижелеріне   және   салық   органдары   лауазымды
адамдарының іс-әрекеттеріне шағымдану тәртібі.
2.  Салық төлеушілер мониторингі.
3.  Салықтық тексеру актісі, оның мазмұны және құқықтық маңызы.

      1. Салық төлеушінің (салық  агентінің)  уәкілетті  органның  лауазымды
адамдары жүргізген салықтық тексеру нәтижелері  туралы  хабарламаға  шағымын
қарауды  осы  Кодекстің  667-675-баптарында  белгіленген  тәртіппен  тікелей
уәкілетті орган жүргізеді.
3.  Салық  төлеуші  (салық  агенті)  салықтық  тексеру   нәтижелері   туралы
хабарламаға сотқа шағым жасауға құқылы.
 
667-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беру тәртібі
1. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң)  салықтық  тексеру  нәтижелерi  туралы
хабарламаға шағымы салық қызметiнiң жоғары тұрған органына  салық  төлеушiге
(салық агентiне) хабарламаны тапсырған күннен бастап отыз жұмыс күнi  iшiнде
берiледi.
Бұл ретте салық төлеушi (салық агентi) шағымның көшiрмесiн салықтық  тексеру
жүргiзген салық органына жiберуге тиiс.
Салық қызметi органына шағым беру күнi оны беру тәсiлiне қарай:
1) өзi келу тәртiбiмен – салық қызметi органдары шағымды алған күн;
2) почтамен – почтаның немесе өзге  де  байланыс  ұйымының  қабылдау  туралы
белгiсi қойылған күн болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген  мерзімді  дәлелді  себеппен  өткізіп
алған жағдайда шағым  беруші  салық  төлеушінің  (салық  агентінің)  өтініші
бойынша шағымды қараушы жоғары тұрған  салық  қызметі  органы  бұл  мерзімді
қалпына келтіруі мүмкін.
3. Жоғары тұрған салық қызметі органы  өткізіп  алған  шағым  беру  мерзімін
қалпына келтіру мақсатында оған қатысты салықтық  тексеру  жүргізілген  жеке
тұлғаның, сондай-ақ  салық  төлеушінің  (салық  агентінің)  басшысының  және
(немесе) бас бухгалтерінің (ол болған жағдайда) науқастанып  қалуын  дәлелді
себеп ретінде таниды.
Осы  тармақтың  ережесі  оған  қатысты  салықтық  тексеру  жүргізілген  жеке
тұлғаларға,  сондай-ақ  ұйымдық  құрылымы  жоғарыда   көрсетілген   тұлғалар
болмаған кезде олардың  орнын  ауыстыратын  тұлғалардың  болуын  көздемейтін
салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қолданылады.
Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) шағым берудің өткізіп алған  мерзімін
қалпына келтіру туралы өтінішке осы тармақтың бірінші бөлігінде  көрсетілген
тұлғалардың науқастанып қалу фактісін растайтын құжатты және  осындай  салық
төлеушінің (салық агентінің)  ұйымдық  құрылымын  белгілейтін  құжатты  қоса
беруге тиіс.
4. Өткізіп алған шағым беру мерзімін жоғары тұрған салық  қызметі  органының
қалпына келтіруі туралы салық төлеушінің  (салық  агентінің)  өтініші  салық
төлеуші  (салық  агенті)  шағым  мен  өтінішті   осы   баптың   3-тармағында
көрсетілген тұлғалар науқасынан жазылған  күннен  бастап  он  жұмыс  күнінен
кешіктірмей берілген жағдайда ғана қанағаттандырылады.
5. Жоғары тұрған салық қызметі органына шағым берген  салық  төлеуші  (салық
агенті) осы шағым бойынша  шешім  қабылданғанға  дейін  оны  өзінің  жазбаша
өтініші  негізінде  кері  қайтарып  ала  алады.  Салық   төлеушінің   (салық
агентінің) шағымды кері қайтарып алуы осы  баптың  1-тармағында  белгіленген
мерзім сақталған жағдайда оны қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.
 
668-бап. Салық төлеуші (салық агенті) шағымының нысаны мен  мазмұны
1. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы жазбаша нысанда беріледі.
2. Шағымда:
1) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) шағымға қол қойған күнi;
2) шағым берілетін жоғары тұрған салық қызметі органының атауы;
3) шағым беретін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол  болған  жағдайда)  не
толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);
4) сәйкестендіру нөмірі;
5) салықтық тексеру жүргізген салық органының атауы;
6) шағым беруші тұлға өз талаптарын негіздейтін  мән-жайлар  және  осы  мән-
жайларды растайтын дәлелдер;
7) қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
3. Шағымда дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін.
4. Шағымға салық төлеуші (салық агенті) не оның өкілі болып  табылатын  адам
қол қояды.
5. Шағымға:
1) акті мен хабарламаның көшірмелері;
2) салық төлеуші  (салық  агенті)  өз  талаптарын  негіздейтін  мән-жайларды
растайтын құжаттар;
3) іске қатысы бар өзге де құжаттар қоса тіркеледі.

      2. Ірі салық төлеушілер мониторингі (бұдан әрі – осы тараудың  мақсаты
үшін - мониторинг) ірі салық төлеушілердің  нақты  салық  салынатын  базасын
анықтау,  Қазақстан  Республикасының  салық  заңнамасының   сақталуын   және
трансферттік  баға  белгілеу  кезінде  бақылауды  жүзеге  асыру   мақсатында
қолданылатын  нарықтық  бағаларды  бақылау  мақсатында   олардың   қаржылық-
шаруашылық қызметін талдау жолымен жүзеге асырылады.
  2.  Егер  осы  тармақта  өзгеше  белгіленбесе,  осы  Кодекстің  99-бабында
көзделген түзету есепке алынбағанда жылдық жиынтық табысы неғұрлым көп,  бір
мезгілде мына талаптарға сай келетін:
 1)  барлық  активтерінің  баланстық  құнының  сомасы  республикалық  бюджет
туралы  заңда  белгіленген  және  мониторинг  жүргізуге  жататын  ірі  салық
төлеушілердің тізбесі бекітілуге жататын жылдың  соңында  қолданыста  болған
айлық есептік көрсеткіштің кемінде 325 000 еселенген мөлшерін құрайтын;
 2) қызметкерлерінің саны кемінде 250 адамды құрайтын ірі  салық  төлеушілер
мониторинг жүргізілуге жатады.
 Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыретті орган мен  жер  қойнауын
пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1  қаңтарға  дейін  жасалған  және  міндетті
салық сараптамасынан өткен  өнімді  бөлу  туралы  келісімде  (келісімшартта)
көрсетілген, осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетуді  есепке  алмағанда,
жылдық жиынтық табысы неғұрлым көп сенім білдірілген  адам  (оператор)  және
(немесе) жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын  пайдаланушылар)  ірі  салық
төлеушілердің  мониторинг  жүргізілуіне  жатқызылады  және   осы   тармақтың
бірінші  бөлігінің  1)  және  2)  тармақшаларында   белгіленген   шарттардың
сақталуына қарамастан ірі салық төлеушілер тізбесіне енгізіледі.
 Осы баптың мақсатында:
 1) осы  Кодекстің  99-бабында  көзделген  түзету  есепке  алынбаған  жылдық
жиынтық табыс, мониторинг жүргізілуге жататын ірі салық  төлеушілер  тізбесі
бекітуге жататын жылдың  алдындағы  салық  кезеңіндегі  корпоративтік  табыс
салығы бойынша декларация деректері негізінде айқындалады;
 2) активтердің баланстық құны  мониторинг  жүргізілуге  жататын  ірі  салық
төлеушілер  тізбесі  бекітуге  жататын  жылдың  алдындағы   жылдағы   жылдық
қаржылық есептілік деректері негізінде айқындалады;
  3)  қызметкерлердің  саны  мониторинг  жүргізілуге   жататын   ірі   салық
төлеушілер  тізбесі  бекітуге  жататын  жылдың  бірінші   тоқсанының   соңғы
айындағы жеке табыс салығы және әлеуметтік  салық  бойынша  декларациялардың
деректері негізінде айқындалады.
 Осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетуді есепке алмағанда, осы  тармақта
белгіленген шарттарға сәйкес келетін ірі салық төлеушілердің  ішінен  жылдық
жиынтық табысы неғұрлым көп алғашқы үш  жүз  ірі  салық  төлеуші  мониторинг
жүргізілуге жататын ірі салық төлеушілер тізбесіне енгізіледі.
  3.  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  мониторингке  жататын  ірі  салық
төлеушілер тізбесін аталған тізбе қолданысқа  енгізілетін  жылдың  алдындағы
жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді.
 Егер мониторингке  жататын  ірі  салық  төлеушілердің  тізбесін  қолданысқа
енгізер жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша осы баптың 2-
тармағында  белгіленген  талаптарға  сай  келетін  салық  төлеуші   таратылу
алдында тұрса, мұндай салық төлеуші бұл тізбеге енгізілуге жатпайды.
  Мониторингке  жататын  ірі  салық  төлеушілердің  бекітілген  тізбесі  оны
бекіткен жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кейін қолданысқа енгізіледі.
 Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің бекітілген тізбесі  қолданысқа
енгізілген күннен бастап екі жыл бойына қолданыста  болады  және  осы  кезең
ішінде қайта қаралуға жатады
 4. Мониторингке жататын ірі салық төлеуші  қайта  ұйымдастырылған  жағдайда
оның құқық мирасқоры (құқық мирасқорлары)  мониторингке  жататын  ірі  салық
төлеушілердің келесі  тізбесі  қолданысқа  енгізілгенге  дейін  мониторингке
жатады.
 5. Мониторингке жататын ірі салық төлеуші  таратылған  жағдайда,  сондай-ақ
оны банкрот деп тану туралы  сот  шешімі  күшіне  енгізілген  күннен  бастап
аталған салық төлеуші мониторингке жататын ірі салық  төлеушілер  тізбесінен
шығарып тасталған деп танылады.

      3. 1. Салық төлеушiге (салық агентiне)  нұсқама  берiлген  күн  немесе
салық төлеушінің (салық агентінің) нұсқамаға қол қоюдан  бас  тартуы  туралы
акт жасалған күн салықтық тексеру жүргiзудiң басталуы болып есептеледi.
      2.  Салық  қызметі  органының  салықтық  тексеру  жүргiзушi  лауазымды
адамдары салық төлеушiге (салық агентiне) өзінің қызмет  куәлiгiн  көрсетуге
мiндеттi. Z0
      3.  Салық  қызметі  органының  салықтық  тексеру  жүргізуші  лауазымды
адамы, мынадай: салық  органдарында  тіркеу  есебіне  қою;  бақылау-кассалық
машиналардың болуы; акциздік  және  есепке  алу-бақылау  маркаларының  болуы
және түпнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың,  патенттің,
осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы  мәселелері
бойынша  тақырыптық  тексерулерді   қоспағанда,   салық   төлеушіге   (салық
агентіне) нұсқаманың түпнұсқасын  тапсырады.  Нұсқаманың  көшiрмесiне  салық
төлеушiнің (салық агентiнің) нұсқамамен танысқаны  және  оны  алғаны  туралы
қолы, нұсқаманы алған күні мен уақыты қойылады.
      4. Мынадай: салық органдарында тіркеу  есебіне  қою;  бақылау-кассалық
машиналардың болуы; акциздік  және  есепке  алу-бақылау  маркаларының  болуы
және түпнұсқалығы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың,  патенттің,
осы Кодекстің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы  мәселелері
бойынша тақырыптық тексерулер жүргізілген кезде салық төлеушіге немесе  оның
тауарларды өткізуді жүзеге  асыратын  және  қызмет  көрсететін  қызметкеріне
танысу  үшін  нұсқаманың  түпнұсқасы   көрсетіледі   және   оның   көшірмесі
тапсырылады. Түпнұсқаға салық төлеушінің  немесе  оның  тауарларды  өткізуді
жүзеге   асыратын   және   қызмет   көрсететін   қызметкерінің    нұсқамамен
таныстырылғаны және оның көшiрмесiн алғаны, күні және нұқсаманың  көшірмесін
алған уақыты туралы  қолы,  нұсқаманың  көшірмесін  алған  күні  мен  уақыты
қойылады.
      5. Салық төлеушi (салық  агенті)  салық  қызметі  органы  нұсқамасының
данасына қол қоюдан бас тартқан жағдайда тексеру  жүргізетін  салық  қызметі
органының қызметкері  куәгерлерді  (екеуден  кем  емес)  тарта  отырып,  қол
қоюдан бас тарту туралы акті толтырады.  Бұл  ретте  қол  қоюдан  бас  тарту
туралы актіде:
      1) толтырылған орны мен күні;
      2) акт жасаған салық қызметі органы лауазымды адамының тегі, аты  және
әкесінің аты (ол болған жағдайда);
      3) тартылған куәгерлердің тегі,  аты  және  әкесінің  аты  (ол  болған
жағдайда), жеке куәлігінің нөмірі, тұрғылықты жерінің мекен-жайы;
      4) нұсқаманың нөмірі, күні, салық төлеушінің (салық агентінің)  атауы,
оның сәйкестендіру нөмірі;
      5) нұсқамаға қол қоюдан бас тартудың мән-жайлары көрсетіледі.
      6. Салық төлеушiнiң (салық  агентiнiң)  нұсқаманы  алудан  бас  тартуы
салықтық тексеру жүргiзудің күшiн жоюға негiз болып табылмайды.
      7. Салық төлеушінің салық қызметі  органы  нұсқамасының  данасына  қол
қоюдан бас тартуы, салық қызметі органдарының лауазымды  адамдарын  салықтық
тексеруге жібермеуді білдіреді.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.  Салықтық бақылау дегеніміз не?
2.  Салықтық бақылаудың түрлерін атаңыз.
3.  Ішкі және сыртқы, алдын-ала, ағынды және кезекті бақылауға сипаттама
беріңіз.
4.  Салықтық тексеру нәтижесіне шағымдану тәртібі?
Әдебиеттер:
1.  Найманбаев С.М. «Салықтық құқық» Алматы, Жеті Жарғы 2005
2.  Худяков А.И. «Налоговое право РК» Алматы, 1998г.
3.  Найманбаев С.М. «Финансовое право РК» Алматы: Демеу, 1994г.
4.  Химичева Н.И. «Финансовое право» М. БЕК,1995г.

8-дәріс.  Корпорациялық табыс салығы. Жеке табыс салығы. Қосылған
құн салығы.

Мақсаты:  Бұл семинар тақырыбы  дәріс  сабағында  қарастырылған.  Студенттер
семинар сабағында аталған  салықтардың  түрлеріне  барынша  толық  сипаттама
беріп, олардың маңызын ашады.

Мазмұны:
1.  Корпорациялық табыс салығы салынатын табысты анықтау тәртібі.
2.  Табыс салығы бойынша жеңілдіктер.
3.  Қосылған құн салығының ставкалары.


      1. Корпорациялық табыс салығы.
 ҚР корпорациялық табыс салығы салықтардың ішіндегі ең күрделісі және  салық
сомасы жағынан ең ауқымдысы. Корпорациялық табыс салығы бюджет  түсімдерінің
27,2 пайызын құрайды.
 Корпорациялық табыс салығын төлеушілер:
 1. ҚР резидент заңды түлғалары;
 2. ҚР қызметін тұрақты  мекеме  арқылы  жүзеге  асыратын  немесе  Қазақстан
Республикасындағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды түлғалар.
 Корпорациялық табыс салығы бойынша салық салу обьектілеріне:
 • Салық салынатын табыс
 • Төлем көзінен салық салынатын табыс
 • Резидент емес заңды түлғаның таза табысы.
 Корпорациялық табыс салығының ставкалары
 Сақтандыру ұйымы сақтандыру шарттары бойынша тіркелген  аударымдар  түрінде
корпорациялық табыс салығын мынадай мөлшерде төлейді:
 1. жинақтаушы сақтандыру бойынша –  алынуға  жататын  сақтандыру  сыйақылар
сомасынан 2 пайыз.
 2. жинақтаушы емес сақтандыру бойынша алынуға жататын сақтандыру  сыйақылар
сомасынан 4 пайыз
 Сақтандыру ұйымдары салық  кезеңі  ішінде  алуға  жататын  табыстарынан  30
пайыздық ставка бойынша корпорациялық табыс салығы салынуға тиіс.
 Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация
 1. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі.
 2. Салық кезеңі.
 3. Салық төлеушінің атауы.
 4. ЭҚЖЖ Үлес салмағы.
 5. Декларация түрі.
 6. Хабарламаның нөмірі мен күні.
 7. Валюта коды.


      2. Жеке табыс салығы бойынша қаражаттардың түсімі (2001 жылға дейін  -
жеке  тұлғалардан  алынатын  табыс  салығы)  мемлекеттік  бюджеттің   барлық
кірістерінің 6,6%-на жуығын алады.
      Салық объектілері бар жеке  тұлғалар  жеке  табыс  салығын  төлеушілер
болып есептеледі. Салық салу объектілері төлем көзінен салық  салынатын  та-
быстар және төлем көзінен салық  салынбайтын  табыстар  түріндегі  табыстары
болып табылады.
       Салық салу объектілері Салықтық кодексте көзделген түзетулер ескеріле
отырып, салық салуға жататын табыстар  мен  онда  көзделген  тәртіппен  және
мөлшердегі  жағдайларда  салық   шегерімдері   арасындағы   айырма   ретінде
анықталады. Салық салынатын объект болып табылатын табыстардың сомасы  салық
салынуға жатпайтын табыстардың сомасына кемітіледі.
       Cалық төлеушінің төлем көзінен салық  салынатын  табыстарына  мыналар
жатады:  жұмыскердің  табысы;  жеке  тұлғалардың  салық  агентінен   түсетін
табыстары; жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақылық  төлемдер;
дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі  табыс;  стипендиялар;  жинақтаушы
сақтандыру келісімшарттары бойынша табыс.
       Жеке  табыс  салығын  есептеуді  салық  агенті  төлем  көзінен  салық
салынатын  табыстар  бойынша,салық  салуға  жататын  табысты  есебіне   жазу
кезінде жүргізеді,ал табыс салығын ұстауды  төлем  көзінен  салық  салынатын
табысты төлеу күнінен кешіктірмей жүргізеді.  Салық  агенті  салық  төленген
табыстар бойынша салықты аударуды телем айынан кейінгі  айдың  25-іне  дейін
өзі орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.  Салықтық  кодексте  көрсетілген
қызмет  түрлері  бойынша   арнаулы   салық   режімдерін   қолданатын   салық
агенттерінің  жеке   табыс   салығын   төлеудің   тәртібі   мен   мерзімдері
белгіленген.
       Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынбайтын табыстарына мүліктік
табыс, дара кәсіпкердің табысы, адвокаттар мен жекеше нотариустардың  табысы
және басқадай табыстар жатады.  Төлем  көзінен  салық  салынбайтын  табыстар
бойынша жеке табыс салығын есептеуді салық төлеуші салық кезеңі  үшін  төлем
көзінен салық салынбайтын табыс сомасына  белгіленген  мөлшерлемені  колдану
жолымен дербес жүргізеді. 2006 жылдың ортасына дейін  жеке  табыс  салығының
мөлшерлемесі  баспалдақты  үдеме   бойынша   жылдық   есептік   көрсеткішпен
анықталатын  табыстың  мөлшеріне  қарай  5   пайыздан   20   пайызға   дейін
белгіленген мөлшерлеме жұмыс істеді.
       2007 жылдың 1  қаңтарынан  бастап  салық  төлеушінің  табыстарына  10
пайыздық мөлшерлеме белгіленген. Қазақстан Республикасындағы көздерден  және
одан тысқары жерлергі көздерден алынған дивидендтер түріндегі  табыстарға  5
пайыздық  мөлшерлеме  бойынша   салық   салынады.2006   жылдан   Қазақстанда
қолданылып  келе  жатқан  практика  жеке  табыс  салығын  үйлесімді   салуға
жеткізді.
      3. Қосылған құн салығының ставкалары.
      Қосылған құн салығы-тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өндіру
және олардың айналасы  процесінде  қосылған,  оларды  өткізу  бойынша  салық
салынатын  айналым  құныңын  бір  бөлігін   бюджетке   аударуды,   сондай-ақ
Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты  кезіндегі  аударымды
білдіреді.  Салық  салынатын  айналым  бойынша  бюджетке   төленуге   тиісті
қосылған  құн  салығы  сатылған  тауарлар  үшін  есептелген   қосылған   құн
салығының сомасымен алынған тауарлар   үшін  төленуге  тиісті  қосылған  құн
салығының  сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
       Қосылған құн салығының ставкасы 15 процентке тең  болады  және  салық
салынатын айналым мөлшеріне қолданылады
       Экспортық айналым бойынша тауарлардың өткізу айналымына қосылған  құн
салығы нөлдік ставка бойынша салынады.
       Салық салынатын импорт бойынша қосылған құн салығының ставкасы  салық
салынатын импорт мөлшерінің 15 процентіне тең болады.
        Жеке тұлғаның оңайлатылған тәртіппен  өткізілетін  тауарлар  импорты
кезін-де қосылған құн салығын жиынтық кедендік төлем құрамында төлей  алады,
оның мөлшері Қазақстан республикасының кеден заңдарына сәйкес айқында-лады.
      Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған  құн
салығын қайтару.
      Нөлдік  ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн
салығын қайтару салық органы  қосылған  құн  салығын  төлеушінің  уәкілеттиі
мемлекеттік орган белгілеген нысан тбойынша салықты  қайтару  туралы  өтініш
алған кезден бастап алпыс жұмыс  күні  ішінде  және  салық  кезені  ішіндегі
қосылған құн салығы туралы декларация,  тауарлардың  экспортың  растау  үшін
қажет  құжаттар,  салық  органы  жүргізген  салық  тексеру  актісіне  сәйкес
қайтаруға   ұсынылған   салық   сомасының   дұрыстығын   растау    негізінде
жүргізіледі.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.  Корпорациялық табыс салығы дегеніміз не?
2.  Жеке табыс салығы қандай табыстарға салынады?
3.  Қосылған құн салығының шығу тарихына сипаттама беріңіз.
4.  Аталған салықтардың обьектілері және субьектілері кімдер?

Әдебиеттер:
1.  Найманбаев С.М. «Салықтық құқық» Алматы, Жеті Жарғы 2005
2.  Худяков А.И. «Налоговое право РК» Алматы, 1998г.
3.  Найманбаев С.М. «Финансовое право РК» Алматы: Демеу, 1994г.
4.  Химичева Н.И. «Финансовое право» М. БЕК,1995г.

9-дәріс. Акциздер. Жер  койнауын  пайдаланушыларға  салық  салу.  Әлеуметтік
салық
Мақсаты:  Бұл семинар тақырыбы  дәріс  сабағында  қарастырылған.  Студенттер
семинар сабағында аталған  салықтардың  түрлеріне  барынша  толық  сипаттама
беріп, олардың маңызын ашады.

Мазмұны:
1. Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы.
2.  Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі.
3.  Әлеуметтік салықты есетеу және төлеу тәртібі.


      1. Экспортталатын шикі мұнай  мен  газ  конденсатына  салынатын  рента
салығын шартты түрде салықтық сипаты бар табиғат ресурстары  үшін  төленетін
төлемдердің қатарына жатқызуға болады.
      Салық заңнамасында көрсетілген  келісімшарттың  шеңберінде  өндірілген
шикі   мұнай,газ   конденсаты    көлемін    экспорттайтын    жер    койнауын
пайдаланушыларды  коспағанда,  шикі  мұнайды,   газ   конденсатын,   көмірді
экспортқа  өткізетін  жеке  және  заңи  тұлғалар  экспортқа  рента   салығын
төлеушілер болып табылады.
      Рента салығын салу объекті экспортка өткізілетін  шикі  мұнайдың,  газ
конденсатының,көмірдің көлемі болып табылады.  Экспортка  накты  өткізілетін
шикі мұнай,газ конденсаты бойынша шикі мұнайдың,  газ  конденсатының  көлемі
және  салық  заңнамасында  белгіленген  тәртіппен  есептелген  әлемдік  баға
негізінде есептелген экпортталатын шикі  мұнайдың,  газ  конденсатының  құны
экспортқа рента салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.
      Экспортқа іс жүзінде өткізілетін көмірдің көлемін негізге  ала  отырып
есептелген  экспортталатын  көмірдің  құны  көмір  бойынша  экспортқа  рента
салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.
      Экспортқа салынатын рента салығын төлеудің  ақшалай  нысаны  Қазақстан
Республикасы Үкіметінің шикі мұнай, газ конденсаты жөніндегі  шешімі  бойын-
ша уәкілетті мемлекеттік орган мен салық төлеуші арасында  жасасқан  косымша
келісіммен белгіленген тәртіппен натуралдық нысанға ауыстырылуы мүмкін.
      Рента салығының мөлшерлемелері  бұл  өнімнің  әлемдік  бағасына  карай
0%дан (бір баррель үшін 20 АҚШ долларынан төмен баға кезінде)  32%-ға  дейін
(бір баррель үшін 200 және одан жоғары баға кезінде) белгіленеді  -  барлығы
19 сараланған мөлшерлемелер.  Күнтізбелік  тоқсан  экспортқа  рента  салығын
төлеу бойынша салық кезеңі болып табылады. Салық төлеуші  бюджетке  салықтың
есептелген сомасын салық кезеңінен кейінгі екінші айдын 25-інен  кешіктірмей
төлейді.
      Экспортқа рента салығы бойынша мағлұмдама төлеушінің  орналасқан  жері
бойынша  салық  органына  салық  кезеңінен  келесі  екінші   айдың   15-інен
кешіктірілмей табыс етіледі.


      2.


      3. Әлеуметтік салық өзімен салық салудьң маңызды түрін  керсетеді.  Ол
өзімен бюджеттен тысқары 3 төлемді:
Әлеуметтік сақтандыру;
Медициналық мідетті сақтандыру;
Елдімекен жұмыс  бастылығын  айырбастап,  бухгалтерлерге  салыкты  есептеуге
және осыған орай келісілген есепттілікті есептеуді жеңілдетіп,  салық  орган
қызметтерінің салықты дұрыс және  уақытылы  төлеудің  бақылауын  жеңілдетті.
Шаруа  және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық  режимiн  қолданатын  дара
кәсiпкерлер  үшін  әлеуметтiк  салық  ставкалары:   Бiрыңғай   жер   салығын
төлеушiлер  әрбiр  қызметкер,  сондай-ақ  шаруа  немесе  фермер  қожалығының
басшысы мен кәмелетке толған мүшелерi  үшiн  тиісті  қаржы  жылына  арналған
республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептiк көрсеткiштiң  20
процент   ставкасы  бойынша  әлеуметтiк  салық  сомасын  ай  сайын   есептеп
отырады.  Шаруа  немесе  фермер  қожалығының  кәмелетке  толған  мүшелерiнiң
әлеуметтiк  салықты  есептеу  мен  төлеу   жөнiндегi   мiндеттемелерi   олар
кәмелетке  толған  жылдан  кейiнгi   күнтiзбелiк   жылдың   басынан   бастап
туындайды.
      Әлеуметтiк салықтың есептелген сомасы «Мiндеттi әлеуметтiк  сақтандыру
туралы»   Қазақстан  Республикасының  Заңына  сәйкес  есептелген  әлеуметтiк
аударымдар сомасына азайтылуға жатады.
       Әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан  асып  түскен
кезде, әлеуметтiк салықтың сомасы нөлге тең болады.
       Әлеуметтік салықтың сомасы «Міндетті  әлеуметтік  сақтандыру  туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына  сәйкес  есептелген  әлеуметтік  аударымдар
сомасына азайтылуға жатады.
       Әлеуметтiк салықты төлеу салық  төлеушiнiң  орналасқан  жерi  бойынша
есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 25-нен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
      Мемлекеттік мекемелердің есепті айға есептеген әлеуметтік салық сомасы
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша  қабілетсіздігі
бойынша  төленген  әлеуметтік   жәрдемақы   сомасына   азайтылады.Құрылымдық
бөлiмшелер  бойынша  төленуге  жататын  әлеуметтiк   салықтың   сомасы   осы
құрылымдық бөлiмше қызметкерлерiнiң табыстары бойынша есептелген  әлеуметтiк
салықтың негiзінде есептеледi.
      Төлеушiлер құрылымдық бөлiмшелер үшiн  тиiстi  бюджеттерге  әлеуметтiк
салық төлеудi құрылымдық бөлімшенің орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.
       Күнтізбелік ай әлеуметтік салықты есептеу  үшін  салық  кезеңі  болып
табылады.
      Төлеушілер  жеке  табыс  салығы   мен   әлеуметтік   салық   жөніндегі
декларацияны орналасқан жері  бойынша  салық  органдарына  есепті  тоқсаннан
кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей тоқсан сайын табыс етеді.
       Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша  декларацияға  қосымша
жыл қорытындысы бойынша жасалады  және  есепті  жылдың  төртінші  тоқсанының
декларациясымен бірге табыс етіледі. Құрылымдық бөлiмшелерi  бар  төлеушiлер
құрылымдық бөлімше бойынша жеке табыс салығы мен  әлеуметтiк  салық  бойынша
декларацияны құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері  бойынша  салық  органына
табыс етеді.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.  Рента салығы не үшін салынады?
2.  Әлеуметтік салықты тӛлеушілер.
3.  Роялти дегеніміз не?
4.  Әлеуметтік салық дегеніміз не?

Әдебиеттер:
1.  Найманбаев С.М. «Салықтық құқық» Алматы, Жеті Жарғы 2005
2.  Худяков А.И. «Налоговое право РК» Алматы, 1998г.
3.  Найманбаев С.М. «Финансовое право РК» Алматы: Демеу, 1994г.
4.  Химичева Н.И. «Финансовое право» М. БЕК,1995г.

10-дәріс.  Жер салығы. Кӛлік құралдары салығы. Мүлік салығы.
Мақсаты:  Бұл семинар тақырыбы дәріс сабағында
қарастырылған. Студенттер семинар сабағында  аталған  салықтардың  түрлеріне
барынша толық сипаттама беріп, олардың маңызын ашады.
Мазмұны:
1.  Жер салығын төлеу мерзімдері.
2.  Көлік құралдарына салынатын салықты есептеу.
3.  Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық.

      1. Жер салығы
 Жер салығы 1992 жылы енгізілді.
 Жер салығын енгізу мынандай мақсаттарды көздейді:
 • Экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалану;
 • Тұлғаларды жерге орналастыру;
 • Жердің құнарлығын арттыру;
 • Жерді қорғау жөніндегі шараларды енгізу үшін төлемдер төлеу;
 • Аумақтың әлеуметтік- мәдени дамуы үшін бюджет кірістерін қалыптастыру.
 Жер салығы – жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган ір жылдың  1
қаңтарындағы  жағдай  бойынша  берген  жерлердің  мемлекеттік  сандық   және
сапалық есебінің деректері негізінде меншік құқығын, тұрақты  жер  пайдалану
құқығын, өтеусіз уақытша  жер  пайдалану  құқығын  куәландыратын  құжаттарға
сәйкес есептеледі.
 Жер салығын төлеушілер:
 1. жеке меншік құқығындағы салық  салу  обьектілері  бар  жеке  және  заңды
тұлғалар;
 2. тұрақты жер пайдалану құқығындағы салық салу обьектілері бар  жеке  және
заңды тұлғалар;
  3.  бастапқы  өтеусіз  уақытша  жер  пайдалану  құқығындағы   салық   салу
обьектілері бар жеке және заңды тұлғалар;
 4. заңды тұлғалардың  жоғары  да  белгіленген  құқықтарда  салық  салынатын
обьектілері бар құрылымдық бөлімшелер.
 Жер салығын төлеу барлық  жер  иелері,  жер  пайдаланушылар,  соның  ішінде
жалгерлер мен жер иелері үшін міндетті болып саналады.
 Жер салығын есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі  –  күнтізбелік  жыл  болып
табылады.  Жеке  тұлғалар  төлеуге  жататын  жер  салығын  есептеуді   салық
органдары тиісті салық ставкалары мен салық базасын негізге  ала  отырып,  1
тамыздан кешіктірілмейтін мерзімде жүргізеді.
 Жердің мынадай санаттарына салық салынбайды:
 • ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері
 • орман қорының жерлері
 • су қорының жерлері
 • запастағы жерлер


      2.  Көлік  құралдарына  салынатын  салық   туралы   қазақша   реферат.
Мемлеқеттік  есепте  тұрған  меншік   және   меншікті   сенімді   басқаруға,
шаруашылықты жүргізуге алғандар және  жеке тұлғалар салық  төлеушілер  болып
табылады.
      Көлік құралдарына салынатын салық жыл сайын  төленеді  жене  Қазақстан
Республикасы зандарымен белгіленген кезінде төлем жасалады және  олар  көлік
құралдары қуатының әр киловатынан алынатын айлық есептеу көрссткіші  бойынша
алынады.
      Бонустар. Жер қойнауын пайдаланушылардың  белгіленген төлемдері  болып
табылады  және  жерді   пайдалануға   жасаған   келісім-шартта   белгіленген
мөлшерлемесі  мен  тәртіп  бойынша  ақша  түрінде  төленеді.  Жер   қойнауын
пайдалануды жүргізудің жеке шарттарын негізге ала отырып,  бонустардың  мына
төмендегі түрлерін төлейді: қол кою бонусы; коммерциялык табу бонусы.
      Кол  қою  бонусы  жер  койнауын  пайдаланушылардың  заңда  белгіленген
тәртіпке сай келісім-шарт жасау кезінде  жер  қойнауын  пайдалану  жөніндегі
қызметін жүзеге асыру  құқығын  беру  үшін  бір  жолғы  тіркелген  (тұрақты)
төлемі болып табылады. Қол  қою  бонустарының  бастапкы  мөлшерін  Қазақстан
Республикасының  Үкіметі  немесе  Өкілетті  органдары  белгілейді,не  тендер
өткізудің   шарттары  бойынша  белгіленеді.  Қол  кою  бонусының  түпкілікті
мөлшері жер қойнауын пайдалану үшін берілетін кен орындарының  (аумақтардың)
экономикалық құндылығына карай келісім-шарт негізінде белгіленеді.  Кол  кою
бонусын  төлеу  мерзімі  тараптардың  келісім-шартымен  немесе   келісімімен
белгіленеді, бірақ ол келісім-шарт жасалған күннен бастап  отыз  күнтізбелік
күннен кешіктірілмеуі керек.
      Коммерцияық табу  бонусы  тіркелген  төлем  болып  табылады  және  оны
келісім-шарт аумағындағы әрбір коммерциялық табыс  табу  үшін  жер  қойнауын
пайдаланушылар  төлейді.  Коммерциялық  табу  бонусы  бұдан  былайғы  өндіру
процесі көзделмеген пайдалы казбалардың кен  орындарына  барлауды  жүргізуге
арналған келісім-шарттары  бойынша  төленбейді.  Коммерциялық  табу  бонусын
есептеу тәртібін Қазакстан Республикасының Үкіметі белгілейді.  Коммерциялык
табу бонусынын мөлшері  салық  салынатын  объектісінің  төлем  есептелінетін
базасының және мөлшерлемесінің негізінде аныкталады.
        Мемлекеттік  органдарының  осы  мақсат  үшін  өкілеттілігі  бекәткен
пайдалы қазбалардың орнынан алынатын көлемі   Алынатын  пайдалы  қазбалардың
бекітілген көлемінің  құны.  Төлем  жүзеге  асатын  күніне  сәйкес  алынатын
запастардың биржалық бағасынан шығатын  құны   Коммерциялық  табы  бонусының
мөлшерлемесі алынатын запастардың құнына  сәйкес,  пайыздық  мөлшерлемесінде
белгіленеді, бірақ олардың 0,1% кем болмауы тиіс.
      Роялти.  Роялтиді  жер  қойнауын  пайдаланушылар  пайдалы  қазбалардың
барлық түрлері бойынша жеке-жеке төлейді. Жер қойнауын пайдалануға  жасалған
келісім-шарттарда  роялтиді,  әдетте,  ақшалай  түрде   төлеу   белгіленеді.
Келісім-шарттар  бойынша  қызметті  жүзеге  асыру   барысында,   тараптардың
қосымша  келісім  негізінде  роялтиді  төлеудің  ақшалай  түрі   белгіленген
мерзімде  ақшалай  түріне  балама  төлем  жасауына,  яғни  заттай  нысанында
телеуіне болады, бірақ ол уақытша сипатта болады.
      Пайдалы казбаларды жүзеге асырып жатқан  және  жер  қойнауынан  апатты
минералды қоспаларын алушылар да салық  толеуші  болып  табылады.  Роялтидің
деңгейі салық салынатын  объектісіңе,  салық  базасына  жөне  мөлшерлемесіне
байланысты аныкталады.
      Роялти  көмірқышқылы   қалкып   жүретін   шкаласы   бойынша   пайыздық
мөлшерлемесі   белгіленеді,   яғни   өндірілетін   өнім   көлеміне   тәуелді
анықталады, ал ол кезде мына екі әдістің бірін пайдаланады:
-контрактіде    қаралған    қызметінің    барлық    кезеңінде    өндірілетін
көмірқышкылдық көлемінен алынады;
-контракт бойынша әрбір жылда өндірілетін өнімнің көлемінен алынады.  Алтын,
қола, күміс т.б. кымбат металлдар  мен  тастарды  ондірген  кезде  роялтидің
тұракты мөлшерлемесі  алынады.  Жер  астындағы  суларға  роялти  төленбейді.
Өнімді бөлу туралы контрактісі. Бүл жерде мынадай шарттар каралады:
- бөлуге жататын енімніңжалпы көлемі;
-  Қазакстан  Республикасының  үлесі  және  жер  қойнауын  пайдаланушылардың
пайдалы (табыс әкелетін) өнімін анықтау;
- пайдалы өнімді бөлудің нысаны (акшалай, заттай);
-  контракті  бойынша  орындалған  жүмыска  кеткен  шығынды  өтеу  үшін  жер
қойнауын пайдаланушыларға меншігі ретінде берілетін өнімнің үлесін аныктау;
-  алынған  үлестің  ақшалай  эквивалентіне  өнімнің  кұнын   және   бағасын
белгілеу.  Жер  қойнауын  пайдаланушылардын  үлесі  жалпы  өндірілген  қазба
байлыктың 80%-тен аспауы керек.
-контракт күшіне енгеннен  кейін  жер  қойнауын  пайдаланушылардын  жұмсаған
шығындары  жатқызыла  бастайды,  бұл  осы  контракт   мерзімінің   аяқталған
уакытына дейін созылады.
   Компенсациондық өнімнің есебінен өтелмейтін шығындардың қатарына:
    • жер койнауын пайдаланушылардың құқын алу мақсатында конкурска  қатысуы
      үшін төленген жарнасы;
    • геологиялық ақпараттарды алуға кеткен шығындары;
    • жер қойнауын пайдаланушылардың   компенсациясы  ретінде  алған  өнімді
      сатумен байланысты шығыстары;
    • шаруашылық-қаржылық қызметін аудит жасаумен байланысты шығыстары;
    • экскурсияға және саяхат жасауға кеткен шығындары;
    • соттың ісін қарауымен байланысты шығындары;
    • қарыз қаражаттарын пайдаланғаны үшін төленетің пайыздық төлемдері;
    • кез келген мемлекеттік пайдаланушылардан алынатын айыппұл мен өсімдер;
   3.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.  Жер салығы дегеніміз не?
2.  Кӛлік құралдарына салынатын салық қалай есептеледі?
3.  Мүлік салығы дегеніміз не?
4.  Салықтарды есептеу және тӛлеу тәртібіне сипаттама беріңіз.

Әдебиеттер:
1.  Найманбаев С.М. «Салықтық құқық» Алматы, Жеті Жарғы 2005
2.  Худяков А.И. «Налоговое право РК» Алматы, 1998г.
3.  Найманбаев С.М. «Финансовое право РК» Алматы: Демеу, 1994г.
4.  Химичева Н.И. «Финансовое право» М. БЕК,1995г.

11-дәріс.  Алымдар мен төлемдер. Мемлекеттік баж.
Мақсаты:  Бұл семинар тақырыбы  дәріс  сабағында  қарастырылған.  Студенттер
семинар сабағында алымдар мен тӛлемдер, кедендік төлемдер  туралы  жан-жақты
мағлұмат беріп, баж тӛлеудегі жеңілдіктер тәртібін қарастырады.

Мазмұны:
1.  Төлемақылар түрлері.
2.  Кедендік төлемдер түрлері.
3.  Мемлекеттік баж төлеудегі көзделетін жеңілдіктер.


      1.Төлемақы – жер телімдерін, жер бетіндегі көздердің  су  ресурстарын,
жануарлар  дүниесін,   орманды,   ерекше   қорғалатын   табиғи   аумақтарды,
радиожиілік секторын, кеме қатынайтын  су  жолдарын  пайдаланғаны,  қоршаған
ортаны ластағаны, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны  үшін  төленетін
ақшалай өтем .
Төлемақылар (ағылш. payments; rents; charges) Төлемакылар:
1. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.
2. Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төле-мақы.
3. Қоршаған ортаныласғаны үшін төлемақы.
4. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.
5. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.
6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.
7. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы.
7-1. Калааралық, және (немесе) халыкаралық телефон байланысын  бергені  үшін
төлемақы.
8. Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін телемақы.
9. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемакы


      2. Кедендік төлемдер мен салықтар (нем. Zollzahlungen unci Steuern pi)
- Қазақстан Республикасында қолданылатын кедендік төлемдер:
1) кедендік баж;
2) кедендік алымдар;
3) алымдар;
4) алдың ала шешім үшін төлемақы.
      Кеден органдары демпингке қарсы, қоргау және өтемдік баждары Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген  тәртіппен  және  жағдайларда  алады.
Төлеушілер, салықтарды есептеу және төлеу тәртібі Қазақстан  Республикасының
салық заңдарына сәйкес айқындалады. Жеке  тұлғалар  тауарларды  оңайлатылған
тәртіппен  өткізу  кезінде  кедендік   төлемдер   мен   салықтар   Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілеген жиынтық кедендік  төлем  түрінде  төленуі
мүмкін
113-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар
1. Кедендік төлемдер мен салықтарға:
1) кедендік әкелу бажы;
2) кедендік әкету бажы;
3) Қазақстан Республикасының  кедендік  аумағына  тауарларды  әкелу  кезінде
өндіріп алынатын қосылған құн салығы;
4)  кеден  одағының  кедендік  аумағына  тауарларды  әкелу  кезінде  өндіріп
алынатын акциз (акциздер);
5) кедендік алымдар (тауарларды кедендік декларациялау үшін, алып жүру  үшін
кедендік алымдар, алдын ала шешім үшін төлем) жатады.
2.  Төлеушiлер,  кедендiк  баждарды  есептеу  тәртібі  және  төлеу,  қайтару
(есепке жатқызу) және өндіріп алу, есепке жазу мерзімдері, сондай-ақ  оларды
төлеу бойынша жеңілдіктер  Қазақстан  Республикасының  халықаралық  шартында
және (немесе) кеден заңнамасында айқындалады.
3. Төлеушілер, кеден  органдары  өндіріп  алатын  қосылған  құн  салықтарын,
акциздерді  есептеу  тәртібі  және  төлеу,  қайтару  (есепке  жатқызу)  және
өндіріп  алу,  есепке  жазу  мерзімдері,  сондай-ақ  оларды  төлеу   бойынша
жеңілдіктер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының  салық  заңнамасында
айқындалады.
4. Төлеушiлер, кедендiк  алымдарды  төлеу,  қайтару  (есепке  жатқызу)  және
өндiрiп  алу  тәртібі  мен  мерзімдері,  сондай-ақ  оларды  төлеу  жөніндегі
жеңілдіктер осы Кодексте айқындалады.
5. Кеден органдары  алатын  арнайы,  демпингке  қарсы  және  өтемдік  баждар
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында  және  (немесе)  Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленеді  және,  егер  осы  Кодексте  өзгеше
белгіленбесе, кедендік  әкелу  баждарын  алу  үшін  осы  Кодексте  көзделген
тәртіппен алынады.
6. Жеке тұлғалар жеке  мақсаттары  үшін  өткізетін  тауарларға  қатысты  осы
бөлім осы Кодекстің 56-тарауына және Қазақстан  Республикасының  халықаралық
шарттарына сәйкес белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.

      3.  Мемлекеттік  баж  –  уәкілетті  мемлекеттік   органдардың   немесе
лауазымды  адамдардың  заңдық  мәні  бар  іс-әрекеттер  жасағаны  үшін  және
(немесе) құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.  Алымдар дегеніміз не? Түрлерін атаңыз.
2.  Төлемақылардың басқа міндетті төлемдерден айырмашылығы қандай?
3.  Мемлекеттік баж дегеніміз не?
4.  Кедендік төлемдер дегеніміз не? Қандай түрлерін білесіз?

Әдебиеттер:
1.  Найманбаев С.М. «Салықтық құқық» Алматы, Жеті Жарғы 2005
2.  Худяков А.И. «Налоговое право РК» Алматы, 1998г.
3.  Найманбаев С.М. «Финансовое право РК» Алматы: Демеу, 1994г.
4.  Химичева Н.И. «Финансовое право» М. БЕК,1995г.

12-дәріс.  Салықтық құқық бұзушылықтар.
Мақсаты:  Бұл семинар тақырыбы  дәріс  сабағында  қарастырылған.  Студенттер
семинар сабағында салықтық құқық бұзушылықтардың өзінік ерекшеліктерін  және
салық салу саласындағы мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының шеңберін,  тәртібін
қарастырады.

Мазмұны:
1.  Салықтық қылмыс.
2.  Салық салу аясындағы мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Салықтық құқық бұзушылық дегеніміз не?
2. Қандай түрлері бар?
3. Салықтық құқық бұзушылықтың обьектілері мен субьектілеріне сипаттама
беріңіз.
Әдебиеттер:
1.  Найманбаев С.М. «Салықтық құқық» Алматы, Жеті Жарғы 2005
2.  Худяков А.И. «Налоговое право РК» Алматы, 1998г.
3.  Найманбаев С.М. «Финансовое право РК» Алматы: Демеу, 1994г.
4.  Химичева Н.И. «Финансовое право» М. БЕК,1995г.

13-дәріс.   Салық  заңнамасын  бұзғандығы  үшін  қаржылық,  әкімшілік   және
қылмыстық жауапкершілік.
Мақсаты:  Бұл семинар тақырыбы  дәріс  сабағында  қарастырылған.  Студенттер
семинар сабағында салық  заңнамасын  бұзғандығы  үшін  әкімшілік,  қылмыстық
жауапкершіліктер шегін және оларды қолдану тәртібін қарастырады.

Мазмұны:
1.  Әкімшілік жауапкершілікті жетілдіру проблемалары.
2.  Қылмыстық жауапкершілік негізі және тарту тәртібі.
3.  Қаржылық-құқықтық жауапкершіліктің өзіне тән белгілері.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.  Қаржылық жауапкершілік қандай салықтық құқық бұзушылықтарға
қолданылуы мүмкін?
2.  Қылмыстық жауаптылыққа қандай қылмыстар үшін тартылады?
3. Салықтық заңнаманың бұзылғандығы  үшін  әкімшілік  жауапкершілікке  тарту
ерекшеліктері қандай?

Әдебиеттер:
1.  Найманбаев С.М. «Салықтық құқық» Алматы, Жеті Жарғы 2005
2.  Худяков А.И. «Налоговое право РК» Алматы, 1998г.
3.  Найманбаев С.М. «Финансовое право РК» Алматы: Демеу, 1994г.
4.  Химичева Н.И. «Финансовое право» М. БЕК,1995г.
14-дәріс.  Салықтық жоспарлаудың құқықтық негіздері.
Мақсаты:   Семинар  тақырыбы  дәріс  сабағында   қарастырылған.   Студенттер
семинар    сабағында    салықтық    жоспарлаудың    мемлекеттік    бюджеттің
қалыптасуындағы маңызын ашады және оның кезеңдеріне сипаттама береді.
Мазмұны:
1.  Салықтық жоспарлау кезеңдері.
2.  Салықтық жоспарлау шегі.

      1. Салықты жоспарлау – ең аз шығынмен  ең  жоғарғы  қаржылық  нәтижеге
жету  үшін  салық  салу  жүйесін  ұйымдастыру.  Кешенді  салықты   жоспарлау
кәсіпорындағы қаржыны жоспарлаудың бір бөлігі болып табылады.
      Салықты жоспарлау жалпы  алғанда  салық  салуды  тиімді  етуді,  салық
төлемдерін   кемелдендірудің   жағдайлы    схемаларын    әзірлеуді,    түрлі
басқарушылық  шешімдердің  салықтық  салдарын  уақытылы  талдау  үшін  салық
салуды ұйымдастыруды білдіреді. Салықты жоспарлау аясында  салық  төлемдерін
жоспарлау кәсіпорынға қолда бар ресурстарын  тиімдірек  басқаруға  мүмкіндік
береді.
      Салықты жоспарлаудың негізгі қағидалары мыналар:
    ✓  салық  салуды  кемелдендірудің  барлық  тәсілдері   мен   әдістерінің
      заңдылығы;
    ✓ салық салуды кемелдендіру схемаларын ендірудің үнемділігі;
    ✓ нақты бір салық төлеушінің қызметіне және ерекшеліктеріне  деген  жеке
      қарастыру, әдіс (қатынас);
    ✓ әзірленген салық салу схемалары мен әдістерін  қолданудың  кешенділігі
      мен көп варианттылығы.
      Салықты жоспарлауды ұйымдастыру төмендегілерден құралады:
    ▪ ұйымның қаржы-шаруашылық қызметтерін алдын-ала талдаудан
    ▪  салықты  жоспарлаудың  біршама  перспективалы   бағыттарын   айқындау
      мақсатында әрекеттегі заңнаманы зерттеуден, нақты бір салық төлеушінің
      салық проблемаларын зерттеуден және талдаудан
    ▪ нақты бір қызмет түрлеріндегі  серіктестер  мен  бәсекелестерге  салық
      салуды  кемелдендіру  схемаларын  зерттеуден,  және   сонымен   қатар,
      кәсіпорындағы ең тиімді салық салу тәсілдерін қолданудан.
   Кәсіпорынға салық салуды кемелдендіру, нақты бір  қызмет  түріне  қатысты
немесе  белгілі  бір  ұйымдастыру-құқықтық  формасына   қатысты   салықтарды
азайтудың  жекелеген  схемаларын   әзірлеу   салық   төлемдерін   қысқартуға
мүмкіндік береді.
   Үнемделіп қалған қаражатты сіз  өз  бизнесіңізді  дамытуға  қоса  аласыз.
Салықты жоспарлау бизнесті ұйымдастыру  сатысында  тиімдірек  болып  келеді,
себебі, ұйымдастыру-құқықтық формасын, кәсіпорынды  тіркеу  орнын  таңдауға,
кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымын  әзірлеуге  алдын-ала  өте  ақыл  тоқтата
отырып  кіріскен  тиімді  болады.  Біз   сіздің   кәсіпорыныңыздың   салықты
жоспарлау процесін ұйымдастыруды ұсынамыз.  Ол  сіздің  ісіңіздің  гүлденіп,
дамуына септігін тигізеді.
Осы қызмет аясында біз мыналарды жүзеге асырамыз:
    ✓ салықты реттеу және бизнестің экономикалық  қауіпсіздігі  критериялары
      бойынша кәсіпорынның диагностикасы
    ✓  дара  тұжырымдама  мен  бизнес-жобалардың  экономикалық  қауіпсіздігі
      бойынша іс-шаралардың жоспарларын әзірлеу
    ✓ басқарушылық шешімдерді қабылдауға көмектесу
    ✓ мәмілелер немесе шаруашылық қызметтің салықтық жоспарлауы
    ✓ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру  барысында  бюджетпен  есеп  айырысу
      режимін таңдауға көмектесу
    ✓ бизнесті  мемлекеттік  органдарда  тіркеу  және  қайта  тіркеу  (заңды
      тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді)
   Салықтық есеп – бюджетпен және бюджеттен тыс қорлармен  ұйымның  салықтық
міндеттемелері бойынша есеп  айырысу  ахуалын  шұғыл  түрде  бақылау.  Құжат
айналымы (салық регистрларын әзірлеу)  тұрғысынан  оңтайлы  болып  табылатын
салықтық есепті ұйымдастыру сіздің бюджеттің және  бюджеттен  тыс  қорлардың
алдындағы қарызыңызды тиімді басқаруға,  салықтық  тәуекелдер  мен  қажетсіз
қаржылық  салдардан  құтылуыңызға  мүмкіндік  береді.  Кәсіпорында  салықтық
есепті орнықтыру терең кәсіби білім мен тәжірибені талап етеді.
   Салықтық  есепті  ұйымдастыруды  мамандарға  сеніп  тапсыру  арқылы   сіз
бюджетпен және бюджеттен тыс қорлармен есеп айырысу  ахуалы  туралы  ақпарат
алуға кететін уақытты өнемдеп қаласыз,  уақытылы  дұрыс  басқарушылық  шешім
қабылдай аласыз. Сонымен қатар,  сіздің  ұйымыңыздың  салықтық  тәуекелі  ең
төменгі деңгейге келтіріледі. Біз өз клиенттерімізге бланктерді сатып  алуға
кететін, салық есептілігін тапсыру барысында салық комитетінде кезекке  тұру
және бланк толтыруға кететін уақыт пен ақшаны үнемдеуге  мүмкіндік  береміз,
себебі   клиенттің   электрондық   крипто-кілті   болған   жағдайда   біздің
есептілікті электронды түрде толтырып, жіберу мүмкіндігіміз бар.
Осы қызмет аясында төмендегілерді жүзеге асырамыз:
    ✓ клиенттің сенімхаты бойынша крипто-кілтті алу
    ✓ салық есептілігін электронды түрде  толтыру  және  жіберу,  есептердің
      қабылданғандығы туралы хабарлама алу
    ✓  салық  есептілігін  «Кепілді  түрде  жеткізу  жүйесі»   бағдарламалық
      қамсыздандыруын  орнату  және  сүйемелдеу,  сонымен  қатар,  клиенттің
      қызметкерлерін оқыту
    ✓ салық есептілігін толтыру бойынша консультация беру
Біз салық салу сұрақтарын біздің клиенттерімізге пайда алып келетіндей  етіп
шешуге көмек береміз. Біз әзірлеген рекомендациялар  адамгершілік  нормалары
мен әрекеттегі заңнамаға қайшы келмейді.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.  Салықтық жоспарлау дегеніміз не?
2.  Салықтан заңды түрде жалтару деген не?
3.  Салық тӛлеуден жалтарудың заңсыз түріне сипаттама беріңіз.
4.  Салықтық жоспарлаудың кезеңдеріне сипаттама бер.

Әдебиеттер:
1.  Найманбаев С.М. «Салықтық құқық» Алматы, Жеті Жарғы 2005
2.  Худяков А.И. «Налоговое право РК» Алматы, 1998г.
3.  Найманбаев С.М. «Финансовое право РК» Алматы: Демеу, 1994г.
4.  Химичева Н.И. «Финансовое право» М. БЕК,1995г.
Пәндер