Файл қосу
Сот алқасынның этикасы
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ | |ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3 деңгейлі СМЖ құжаты |ОӘК |ПОӘК042-14-5-02.01.20.37.03-20| | | |12 | |«Заңгердің кәсіптік | | | |этикасы» пәнінің |№1 басылы | | |оқу-әдістемелік кешені |.09.2012ж | | «Заңгердің кәсіптік этикасы» пәні бойынша «5В030100 – «Құқықтану» мамандығына арналған ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ СЕМЕЙ 2012 Мазмұны 1. Глоссарий 2. Дәрістер 3. Практикалық сабақтар 4. Студенттердің өздік жұмысы 1. Глоссарий Мораль-теоретикалық абстракция мәселесі. Өнегелік қатынастарының негізгі құрылымдық элементі болып адамдардың қылықтары мен жүріс – тұрыстары табылады. Мораль сезімдер адамның оның өмірі мен қызметінің әр түрлі салаларында шығармашылық күштерді белсендіреді. Адамгшершілік сезімдер -адамның өз-өзін бекітудің, оның ішкі дүниедегі байлықты, жан-жақты дамуын анықтаудың тәсілі болып саналады. Әрбір адамда мораль сезімдерінің қалыптасуы мораль тәрбиелеудің маңызды міндетті болып саналады. Жақсылық -ұғымында адамдар өзінің мораль, құштауды талап ететін және қоғамда мораль нормаларға жауап беретін көріністерін білдіреді. Зұлымдық -этиканың санаты. Өзінің мазмұны бойынша игілік пен жақсылыққа қарама-қарсы тұрады. Ұят -адамдардың қатынас саласын қамтитын күрделі этикалық санаттарының бірі ар-ұят болып табылады. Ар мен намыс -кәсіби этиканың жоғарғы санаттары. Олардың мазмұны адамның өз-өзіне және қоғамның оған деген қатынасын ашады. Кәсіби ар -ұжымның және тығыздылықтың ізгілік негізі. Біз кәсіби ардың негізгі компоненттерін бөлуге болады. Жауапкершілік -жеке тұлғаның мораль талаптарын орындау тұрғысында сипаттайтын, оның мораль қызметінің ізгілік борышына сәйкестігін тұлғаның мүмкіншілік тұрғысынан сипаттайтын этика категориясы. Борыш -этиканың негізгі санаттарының бірі. Борыштың мораль бағасың тұлғаның қоғамға немесе басқа адамдарға деген қатынасы бойынша мендетті ретінде анықтауға болады. Адам әрқашан да қоршаған адамдарға, жанұяға, ұжымға, қоғамға «қарыз» болады. Борыш – адамның қоршаған әлеуметтік айналадан тәуелділігі. Ерік -тіленетін нәтижеге жетуге бағытталған, тәртіп актісінің саналы реттеуінің психикалық процессі, яғни жеке тұлғаның өз әрекеті мен құқықтарының саналы реттелуі, мақсатқа жету кезіндегі қйыншылықтарды жеңе алу. Ізгілік жауапкершілігі -деп өз қызметінің нәтижелерін терең көру қабілеттілігі мен ұжым және қоғамның мүддесіне сәйкес әрекет етуді түсіну керек. Жауапкершілік-тұлға қызметінің борыш талабымен сәйкестігі. Ізгілік жауапкершілігінің пайда болу «механизмін» зерттесек, ол былай болады: мүмкін болатын нәтижені саналы түрде түсіну және қылықтардың кезектілегі; дәл осылай әрекет ету қажеттілегін түсіну, шешімді жүзеге асыру бойынша ізгілікті ерікті жағдай. Дұрыс шешімді қабылдап, оны жүзеге асыра алу қабілетті – ізгілік жауапкершілігінің айнасы. Абырой -бұл этика санаты, адамның өзіне деген ерекше моральдік қарым қатынасты білдіреді, яғни қоғамнан, қоршаға ортадан, адамды тұлға ретінде қабылдауға негіз болады. Намыс -этиканың дәрежесі ретінде адамның өзіне деген моральдік қарым- қатынасы, әсіресе адамдардың еңбектері моральдік құндылықтармен байланыста болғанда. Гуманизм -адамның жоғарғы құндылықтарды тануы. Альтуризм -адамзатқа, қоғамға, мемлекетке пайда табу мақсатынсыз қызмет ету, көмекті қажет ететін әрбір адамға қайырымдылықпен көмек көрсетуге дайын болуы. Коллективизм -+жалпы игілікке саналы түрде қол жеткізуге ықпал ету, жекешелеуден бас тарту-жеке тұлғаның қоғамға қарсы тұруы. Эгоизм -өз мүддесін көпшіліктің мүддесінен басым қоюы. 2. Дәрістер Дәріс сабағының құрылымы Тақырып 1.Кәсіптік этиканың теориялық-методолгиялық негіздері Этика ұғымы және оның заты Жоспар: 1.Этика ұғымы, шығуы 2.Этика кезеңдері 1.Этика (грек тілінен аударғанда -әдет ғұрып.ETHIKE) –сөзінен шыққан. Этика мына салалармен байланысты; 1. Ғылым, моральдық зертеу, этикалық система және логикалық структура түсінгін моральдық феномендік түсіндіру болып табылады. 2. Арнайы қоршаған ортада немесе кәсіптік топта қабылданған; актау принципі және тәртіптік нормасы (мысалы. Құқықтық этика). Заңгердің мамандырылған этикасы оқу пәнінде жалпы моральдық норманы қолдану ретінде табылады. Тәртіптің тұп нұсқасын түсінуге және жекелер көрсету, ол басты негіз болып табылады, қылмыстық және азаматтық іс- жүргізулерде моральдық тәртіп ерекше роль атқарады, себебі іс –жүргізуде ол тікелей мәдеиеттілікті қамтамасыз етеді, соттық тексерулерде осының барлығын ескереді, заңгердңі моральдық шешмімі тиянақты шешім болып табылады. Категориялық этиканың жалпы түсінгі ол заңгер маманның этикасы қажеттілікті және білімнің практикалықұ жүйесін қадағалайды және басқада облыстардың заң заңгерлік тәртіптілігін қадағалайды. Мысалы қылмыстық құқық процесінде өзіндік тарихи іс жүргізуде сітн мазмұынын тексеріледі, соттың тұп-нұсқалы қортындысы ерекше үкім істің мазмұыны тексеріледі, соттың тұп нұсқалы қортындысы ерекш үкім болып табылады.Істің қалай жүргізгені туралы өз көз қарасын білдірген заңгерге ешқандай моральдық заңға қайшы келмейді. Мамандардың этикалық білім міндетті түрде жоғарғы білімді қажет,себебі қылмыстық құқық процесте, азаматтық құқық процесте, криминалистикада , криминалогияда, тарихи құқықта және мемлекеттік конституцияда, еңбек жүргізілу құқығында жауаптылықты сезінеді. Заңгердің ортақ біліктілігі барлық облыста тең құқылы. өмірде заңгерлердіңғ өзіндік тәртіптілігі және адамгершлігі бағаланады және де басқа да мамандар мен өзіндік көз қарастарын бір біріне түсіндіріледі және курста жүргізіледі, конституциялық құқықта, философияда теориялық құқығы, тарихи саяси әдістемелік облыстарда міндетті түрде үлгеріледі ақ ойыдың болуы қажет. 2.Этика ар-ұят әр түрлі көрінстерде шатасқан түрінде көрінетін феномен.Этикалық әденбиеттерде бұл сұрақтарға әртүрлі жауап береді.Сенеканың пірінше, өз этикаылқ қасиеттермізге орай біздің қылықтармызды сынайтын немесе қоғайтын ішкі дауыс ар ұяттты білдіреді. Сократ философиясы оны өзіндік сақтанумен байланыстырады. Діни философияда ар-ұят құдайдың адамға жіберген ақыл ойының заңдылығы.Фихтеніні айтуынша, ар ұят адамдардың қоғамдқы жағдайына байлыансыт емес, ол ішік Менін дауысы және моральдың нағыз беделі болып табылады. К. МАркс бойынша ол ішікі қарай бағытталған ашу ыза. Ж.П. Сартр ар-ұят адамға қоғам тарапынан қойылатын сыртқы талаптар мен тыйымдарға қарсы тұратын ішікі тұлғалық әрекеттің аралы деп жариялайды. Ар-ұят адамгершілік сананың моральдық-психологиялық тетігі ретінде қоғамдағы моральдың императивті, байлануыстырушы күшіне ұқсас . Ол қоғамдық қатынастарда, мәдениетте, әлеуметтік субьектілер әрекеті мен өмір сүру тәртібінде обьективтік бекітілген адамгершілік құндылықтардың белңглі бір жүйесін рухани ішкі әлемінде қорғайды. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Этика түсінігі және ұғымы 2. Этика оның шығуы 3. Этика адамның ар ұяты Тақырып 2.Заңгердің кәсіби этикасының заты, міндеті, ерекшелігі. Жоспар: 1.Кәсіби этиканың қайнар көздері 2.Заңгердің кәсіби этикасының әдістері 1.Борыш катеогриясы-этикадағы маңызды категориялардың бірі. Ал кәсіби этикадағы алатын орны тіпті ерекше. Мораль саласын жеткілікті негізбен міндеттліктер саласы деп те атайды: қайырымды бол, адал, әділ бол. Борышта ьасқа категорияларға қарағанда міндетті себепті жақ әлдеқайда жоғары дамыған. Ол тек идеяға нақты анықтама беріп қоймайды, сонымен қатар, оған бұйрықты сипат береді: шақырады,талап етеді, онңы жүзеге асуын қалайды. Борышты адам болу –онңы мәнін талаптарын білу ғана емес, осы талаптарды тәжірбиеде сақтауда. Борыш категорясы кең қолдауды тапқан сала болып ежелден бері әскери жәнен құқық қорғау қызметтері саналады.Осы саларда шынайы да, жалған да борыш адамдараға әсер етуші негізігі күш ретінде қолданылып келген және әлі де қооданылуда. Сол себепті де, мансапқорлықы мақсаттарға жетуде осы категорияны пайдалану жиі кездесіп жатады.Мұндай борыш шынайы ма, жалған ба- оныанықтау өте қиын. Құқық қорғау органдарының қызметкерінің кәсіби борышы қоғамдық құрамдас бөлігі бола тұра, өзінің обьективтік және субьективтік көрінісі бойынша адамгершілік сипатқа ие, Борыштың обьективтік мазмұнына моральдық құндылығы оның ең жоғарғы және әділ міндетті шешуге бағытталуымен тығызз байлансыты. Бұл міндетті-тұлғаның құқытары мен бостандықтарын қорғау, өз мемлкетінің қауіпсіздігін қамтамсыз етуге құқықтық тәртіпті нығайтуға . Алайда, әскери борыштың шынайы мүмкіндікьері субьектитвік адамгершлікі қатынаспен толықтырлығанда ғана айқын көрінеді. Себебі, адам қоғамдық міндеттерід өзінің жеке міндетттеріндей қабылдап, сезінгенде ғана, өз қызметіне бар жан тәнімен берілгенде ғана борыш туралы сөз қозғауға болады. 2.Құқық қорғау орнадары қызметкерінің борышы- тұлғаны қоғамды және мемлекетті қорғаудың обьектитвтік қажетіктерінен туындайтын, мемлекетік –құққытық талапптармен және адамгершілік ішкі сезімдерімен толықтыралатын ерекше міндет. Негізігі тілек пен борыштың сәйкес келуі адамгершілік үшін ерекше бір мәселе. Борыш пен тілектің обьективтік талаптарының сәйкес келуін түрлі ғалымдар түрлінше түсіндіреді. Кейбір ғалымдардың ойынша міндетті нәрсе мен қалаулы нәрсенін арасында ешқандай қарам қайшылықтар жоқ.Алайда, кез келген адам эмпирикалық жол ароқылы басқашаш қортындыға келе алады. .Әриние қоғамдық міндетіллік өзіндік талап ретінде түсіну міндетттілкпен қалаушлықтың арасын біршама қысқартады. Мүндай жақындастыққа күмән жоқ, бірақ ешқашан абсолюттік сипатқа ие бола алмайды. Өзін өзі бақылау сұрақтары: 1.Кәсіби этикаынң міндеті 2.Кәсіби этиканың басқа пәндермен байланысы 3.Кәсіби этиканы реттейтін норматитвік құқықтық актілер Тақырып3. Құқық қорғау органдары қызметкерінің кәсіптік қызметінің категориялары. Жоспар: 1.Этикалық категориялардың ұғымы. 1.Борыш пен тілек бірін бірі жоймайтын қарам қайшылықтар.Олар бір біріне жақындасуы немсе бір бірінен алшақтауы мүмкін, бірақ іс жүзінде бірін бірі ешқашан жоймадыБұл жерде ерекше атап өтетін бір жайт ақыр аяғында борыш белгілі бір тілеке жетуге негіз болып табылады, ал тілекті дұрыс түсіну борышты нәтижелі орындауға алып келеді. Борыш сезімі жоғарғы дамыған тұлға әрқашан өзінің субьекттвік талаптары мен құштарлықтарынан жоғарғы тұра алады, және өзін борыштың талаптарына бағындыра алады. Құқық қорғау органдары қызметін ұйымдастырудың ерекшелігіне қарай олардағы адамгершілік қатынастар азаматтық өмірдің басқа салаларына қарағанда құқықтық нормалармен әлдекайда жан-жақты реттелген. Сол сбепті де, борыш тілек емес, ол ең алдымен мемлекет пен қоғамның талабы және бұл талаптытың орныдаулын міндетті сипатқа ие.Борыштың адамгершліік мазмұны заң күшіне ие құқықтық талаптармен біріктіреледі. Борыштың адамгершілік сезімі мен көптеген жоғарғы қасиеттерге жетеді. Олар саналы ынта, қайрат, абырой, қоғамдық міндеттерге деген белсенді қасиет. Кәсіби борышты тікелей көрсететні және бекітетін қатныстардың барлығы адамгершлікі құқықтық беделге ие.Моральдық нормаларды бұзу көп жағдайда заң нормаларын бұзуды да білдіреді. Антта, жарғыларда нұсқауларда көрініс табатын заңды рәсімделген борыш талаптарынада моральдық бағалау мен құқықтық норма бірдей орын алған,кәсәби борыш саласында моральдық күші жоқ заңды талаптар болмай»тыны секелді құқықтық белсенділігі жоқ адамгершілік нормалары да болмайды. Алайда, құқық қорғау органдарында қызметңін ретйтін құқықтқ актілерді қоғамдық талаптардың бұл екі өзара әсері әлдеқайда тығыз әрі тереңірек .Құқықтық және адамгершілік нормалар ұйымдастырушлық, нақтылық пен тәртіптің жоғарғы деңгейін қамтамасыз етеді. Кәсіби борыш белсенді күшке ие, ол қызметкердің істері мен ойларын жұмысты нақты және мерзімінде орындауға, барлық күшін қойылған мақсаттарғва жетуге бағытталған ұмтылыспен толықтырады. Кәсәби борышта құқықтық және адамгершілік талаптарды нақты бөліп қарастыруға болмайды. Борыштың құқықтық жағынан ерекше қасиеті болып табылатын жоғарғы бақылауды болуы, әкімшлікі санкцияны қолдану иүмкіндігі және ережелерді орындамаудағы жазалаудың оырн алуды табылады. Өзін өзі бақылау сұрақтары: 1.Этиканың құқық қорғау қызметінде маңызы 2.Этика категориялары Тақырып 4. Мораль. Мораль функциялары, оның құрылымы және элементтері. Жоспар: 1.Мораль түсінгі және мәні 2.Мораль функциялары 1 .Моральдың түсмнгі және мәні .Мораль элементерінің құырылысынң негізіг элементтері.Моральдың функциялары. Моральдық нормалардың түснігі және белгілері және олардың иерархиясы. Морльдық қызмет.Моральдық сана. Құқық қорғау органдарында жұмыс жасайтын қызметкерлердің моральық принциптері.Құқықтық мемлекетің дамуындағы моральыдқ ролі Моральдiк этикаға жалпы түсiнiктеме. Системалық тәртiптiлiктiң пәннiң түсiнiгi. Моральдiк түсiнiктiн шықан әсерi. Моральдiк ойдың түсiнiгi. Моральдiк қарым-қатынас. Ортақ тiлде әнгiмелесiуi. Моральдiк структура. Моральдiк норма. Моральдiк принцип. Ортақ идеалы. Моральдiк құқықтың iс-әрекетшiлiгiнiң қарым-катынасының жалпы ерекшелiгi. Моральдiк системалық фактордың құқықтық көрсеткiшi. Этикалық моральдiн бiлiмi. Жалпы этикалық категорияның мазмұны. Курстық қарым-катынас «Жоғары бiлiмдi заңгердiң этикасы» және басқа да заңгердiң тәртiптiлiгi. Жоғары бiлiмдi заңгердiң жалпы мiнездiлiгiнiң түсiнiгi. Өзін өзі бақылау сұрақтары: 1 Мораль түсінігі ұғымы Тақырып 5. Мораль ізгілікті қызметті анықтатйын әлеуметтік факторлар жүйесін құрайтындардың бірі ретінде. Жоспар: 1. Табиғи құқық және мораль 2. Мораль және ар ұят 1. Ежелгі гректер табиғи құқығы адамның табиғатымен, оның өмір сүруге құқығымен өзінің табиғи қажеттілігін қанағатандырумен ләзат алу құқығымен сонымен қатар жеке бас бостандық құқығымен байластырған.Өмір салты ретінде де белгілі бір шаттылық үлесі бар этнос ретінде де табиғи құқық ретінде қаылптасқан. Жолдағы табынатын негізгі құндылықтардың қатраына ізденіспен өз мақсатына жетуді жатқызуға болады.Жол бұл әртүрлі әлемдерді байланыстыратын және жаңа әлемдердің қайнар көзі болып табылады. Ерекше тәжірбие. Табиғи құқықтың ескермейтінін ескерген жөнОлар заңдылық мәртебесін иелене отырып, жартылай мемлекеттің құқыққа еніп кетеді, жартылай мораль құқық құндылықтар саласында қалып қояды, сөйтіп қоғамның жекелеген салаларында өмір сүре береді, жартылай өзгертілген күйде сақталып қалады. 2. Ар –ұят өмірдің әр түрлі көріністерінде шатасқан түрінде көрінетін феномен. Ар –ұят түрлері мазмұнын айырмашылықтары бар ма? Тарихтың бүкіл өн бойында қарама – қайшы қондылырғыларды ұстанатын адамдар өз « ар – ұятымыз бойынша» әрекет еттік деп есептеді: Конфуций мен Сократ, Заратуштра мен Платон, Иса мен Мұхаммед адамдарды руханилыққа, ар – ұят пен ар – ождан үніне құлап түруге шақырса, инквизиторлар мен ксенофобтар, басқыншылар мен тирандар, фашизм мен большивизм фанатиктер де өз ар – ұяттары бойынша әрекет еттік деп санады. Этикалық әдебиеттер бұл сұрақтарға әр түрлі жауап береді. Сенеканың пікірінше, өз этикалық қасеттерімізге орай біздің қылықтарымызды сынайтын немесе қорғайтын ішкі дауыс ар – ұятты білдіреді. Стоиктік философия оны өзіндік сақтанумен ( адамның өз - өзіне қамқорлығымен ) байланыстырады. Діни философияда ар – ұят құдайдың адамға жіберген ақыл – ойының заңдылығы. Фихтенің айтуынша, ар – ұят адамдардың қоғамдық жағдайыншабайланысты емес, ол ішкі « Менің » дауысы және моральдың нағыз беделі болып табылады. К. Маркс бойынша ол ішке қарай бағытталған ауызша. Ж. П. Сартр ар – ұятты адамға қоғам тарапынан қойылатын сыртқы талаптар мен тыйымдарға қарсы тұратын ішкі тұлғалық әрекеттің аралы деп жариялайды. Ар – ұят адамгершілік сананың моральдық – психологиялық тетігі ретінде қоғамдағы моральдың императивті ( бұйрықты ), байланыстырушы күшіне ұқсас. Ол қоғамдық қатынастарда, мәдениетте, әлеуметтік субъектілер әрекеті мен өмір сүру тәртібінде объективті бекітілген адамгершілік құндылықтардың белгілібір жүйесін тұлғаның рухани ішкі әлемінде қорғайды. Ар – ұяттың адамгершілік – психологиялық ерекшелігі, адамның психикалық өмірінің ең алуан түрлі элементтерін органикалық тұрғыда өз құрамына біріктіретін бүтіндей механизм ретінде көрінуімен сипатталады. Ол барлық психика қабаттарының өзара әрекеті нәтижесінде қалыптасады: рационалдылықтың, интуитивтіліктің, ойлаудың салқын есебі ғана емес, өмірлік тәжірибе бейнеленетін субъективизімдер даналығына, моральдық интуицияға сүйенеді. Ар – ұяттың өзгешелігі қатарына оның тылсылымдылығы, бүркемеленуі және таңдамалылығы жатады. Ар – ұят – бүкіл ішкі монолог, кейде онда диалог, тіпті көп дауысты дискуссия да жүзеге асып жатады. Латыш даналығы былай дейді: « Ар – ұят дегенің мыңдаған куәгерлер ». « Адам бойында мәңгі оппонент пен мәңгі қорғаушы рухқа ұйқы бермей пікір таласып жатады. Адамдағы мәңгі төреші қоғамдық пікірден жасырын жатқан нәрселерді көріп, ойлап және сезіп отырады ». ( А. Милтс. Совесть. – « Этическая мысль ». М 1999 274 – 275 беттер ). Күнделікті өмірде ар – ұят сезімі адам қылығы әдеттегі және « автоматтандырылған » үлгідегі шеңберінен шығып кеткен кезде қосылатын өзіндік адамгершілік компас рөлін атқарады. Әрине, ар – ұят барлығын қамтитындай құдіретті емес. Адамгершілік компромисс жағдайында немесе адамгершілікке жатпайтын сарындар басым болған жағдайында еркін таңдау мүмкіндігі бар кезде ар – ұят өз бойына өзге текті сіңіріп, өзін - өзі теріске шығару үрдісін қабылдайды. Ар – ұяттың өзін - өзі мүжуі, әдетте, бастапқыда адамгершілікке жатпайтын қылықты сезінумен сипатталады, уақыт өте келе тұлғаның өзі жасықтанып, адамгершілік атрофия жолымен жүреді және өз қылығын моральдық реттеу шеңберінен сырт қалады. Ар – ұят адамның ішкі даусы, « қайырылымдықты іштей анықтау үрдісі » ( Гегель ) болғанымен, ол жан – жағын аңғаруы тиіс. Мынандай қайшылық болуы мүмкін: моральға жатпайтын қылық білместікпен сипатталатын адамгершілік максимализм күшімен таңдалуы мүмкін. Ақиқат пен жоғары адамгершілік талаптар үйлесімділігінің өзі де « ар – ұятқа сай қылықты » еркін талдауға кепіл бола алмайды. Еркіндік пен демократия жойылып, сыбайлас және бюрократтық күштер үстемдігі жағдайында индивид міндетті түрде қуыршақ рөлінде көрінеді. Мәдени аномалия, қоғамның маргиналдануы мен люмпенденуі жағдайында оның мүшелерінің ар – ұяты ұйқыға кеткен тәрізді болады... Ар – ұятсыз билік – бұл өзін -өзі жоятын билік. Ал оның леструктивті табиғаты адамдарға шексіз зиянын тигізеді. Тирандар мен баскесерлердің ең тиімді ақталуы – « заманның қаталдылығына » сілтеме жасау. Қандай да бір «эталондық топтық » үлгілері деңгейіне дейін моральды төмендету ар –ұятты бар адамдармен қудалаумен тікелей байланысты. Жалған жүйеде адал адам аномалия тәрізді көрінеді. Тоталитарлық және сыбайлас қоғамдағы нақты практика мұның мысалдарына толы. Жалпы « қолдаймыз » жағдайы ар – ұятқа аномалиялық құбылыс ретінде төзбейді. Айуандық, садизм, демагогия, егер осылардың көмегімен қара бас мүдделеріне септігі тиіп жатса, қайсыбіреулерді қуантады. Сонымен қатар өзгелердің адал және бақытты өмірі қызғаныш пен көре алмаушылық туғызуы мүмкін. Көптеген « тарихи қайраткерлер » мен « халықтар өкілдері » қоғамдық пікірді бағындыру арқылы сөздеріне қолайлы моральды қалыптастыруға ұмтылады. Көбіне бұл мораль « көсемдік » үлгілері мен утилитарлық мақсаттарға қызмет ететін есепке құрылған мораль. Олар үшін ең бастысы – имансыздықтың жалпы фонында оңай қол жеткізуге болатын жақсы көріну және мақтау есту. Посттотарлитарлық қоғамдағы адамгершілік ахуалды талдау үшін Э. Фромның авторитарлы және гуманистік ар – ұят туралы ілімі өзекті болып табылады. Оның анықтауынша, авторитарлық ар – ұят – бұл сыртқы беделдің, ата – ана мемлекет беделінің немесе қандай да бір мәдениеттегі бедел болатының дауысы. Бұл жерде ар – ұят туралы айтудың өзі қиын; мұндай қылық сәт талабына жай ғана сәйкес келеді, жазалану қорқынышымен және марапатталу үмітімен реттеледі. Әрқашан белгілі бір авторитеттер тегеурініне, оларды жазалауға, марапаттауға деген нақты немесе жалған мүмкіншілігіне тәуелді болады. Көбінде жұрт бойында ар – ұяттан туындайтын, өздері кінәлілік сезімі ретінде қабылдайтын көңіл – күйлер авторитет алдындағы қорқыныштан өзге ештеңе емес. Ең маңыздысы, авторитарлық ар – ұят қағидалары адамның өз құндылықтық пікірлеріменанықталмайды, авторитеттер бұйрықтары мен тыйымдары арқылы анықталады. Өзін өзі бақылау сұрақтары: 1.Мораль және құқық 2.Мораль және ар ұят Тақырып 6. Құқық қорғау органдарының жеке мамандықтар қызметінің ізгілкті –этикалық негіздері. Жоспар: 1Құқық қорғау органдары қызметкерінің ізіглік негіздері. Адвокат, заңгер прокутратура, сот қызметкерінің этикасы 1.Мамандардың этикасi ол ортақ мiнездемелiк түсiнiк. Мамандардың этикасынның түрi және түсiнiгi. Жоғарғы маман заңгердiң көз қарасынның түсiнiгi. Соттың этиканың түсiнiгi және ерекшелiгi. Мамандардың мiндет темелiгi. Моральдiк бағанның объективтiк мазмұнын мiндеттемелiгi. Моральдiк мазмұнның ортақ тәртiптiлiгi және iс-әрекеттiлiгi. Жалпы мемлекеттiк ортақ мәселесi ол жүйе. Заңгердiң жалпы түсiнiгi ол моральдiк сайлау. Моральдiк сайлаудың мазмұны және структурасы. Ортақ конфликт. Моральдiк жауапкершiлiк. Заңгердiң ортақ сапалығы. Iс –жүргiзудегi жалпы қажеттiлiк ол мiндеттiлiк болып табылады. Маманның жалпы iс-жүргiзуi мен көз қарасы ол ортақ аспект болып табылады. Жеке iс-жүргiзудегi мiндеттемелiгi ол жеткiлiктi жауапкершiлiк болып табылады. Жалпы этикалық iс-жүргiзуде жеңiлдiктер мiндеттi түрде қарастырады. Этикалық мiнездеме процессте дұрыстығын қайталандырады. Iс- жүргiзуде тұлғанық, тұп-нұсқасының уақытша бостандығын қарастырады. Iс – жүргiзуде қарым-қатынас ортақ нормалы және құқылы түрде болу керек. Iс- жүргiзуде дұрыстықтың аз болуына моральдiк көз-қарас қажет тiлiктi қанағат етедi. Iс-жүргiзушi процесс кезiнде барлық мәлiметпен таныстырады. Iс –жүргiзушi моральдiн түсiндiрмелердiң сайлау болып табылады. Әдiлеттi соттың қалпына келтiру қазидалары. 1.Сот алдында әдiлеттiлiкке жеткiзу. Сот билiгi дұрыс тапсырмаларды қажет етуi. Сот отырысындағы мәдениеттiлiктiн қалпына келтiрiлуi. Сот процессiнде сот төоағасы үлкен қызмет атқарады. Процессте сот билеушiсi бiрiңғай iсте тұлғалармен, басқа да тұлғалар мен қарым-қатынас жасайды. Сот процессiнде этика сұрақтары жалпылама және басқа тұлғалармен ескерiледi. 2. Соттың басқа да шешiмдерiмен үкiмнiн мазмұны әр қилы болады. Заң мен моральдiктiн қажеттiлiктерi заң үкiмiмен байланысты. Соттың қаталдығы этикалық соттың кодексi. (Этикалық сот алқасы. Сот алқасынның этикасы.) Этиканың жалпы принципi процессте Прокурор процесс кезiнде мемлекеттiн сенiмдi тұлға болып келедi. Сот алқасынның бiлiктi көрсеткiшi. Этикалық мiнездiн принципi процессте тендiлiктi қадағалайды. Прокурордың этикалық бiлiтiлiгi. Процесс кезiнде адвокат өз қорғауындағы және де басқа да тұлғалармен жұмыс жасайды. Адвокаттың құпия адвокат процесс кезiнде бiрiңғай жауапкершiлiктi қадағалайды. Адвокаттың қорғаныш сөзi этикаға жүктеледi. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1 Ар ождан кодексі құқық қорғау саласындағы жұмыскерлер ізгілік пен кәсіптік негізі 2. қызметшілердің этикасы Тақырып 7. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіптік қарым- қатынас жасау мәдениеті. 1.Полиция қызметкерлерінің қарым қатынас жасау мәдениеті негізгі принциптері Полиция қызметкері оған заңмен жүктелген міндеттерді өз отандастары мен қоғамды ұрлық, зорлық және тағы басқа зиян келтіруші әрекеттерден қорғауарқылы орындауы тиіс. Бұл бап полиция қызметкерін құқықпен байланыстырады. Заңның білігі әрбір демократиялық қоғамның негізінде жатыр. Полиция қызметкерінің мақсаты және жаупапкершілікті міндеті – заңды сыйлау және оның талаптарын ұстану. Әбір полиция қызметкері өз борышын адал , әділ және қадір-қасиетпен орындауға міндетті. Ол сыбайлас жемқорлықтың кез-келген түріне қарсы тұруға және оларды болдырмауға күш салуы тиіс. Сыбайлас жемқорлықтың нақты жерден басталатынын біледі. Пара алу мен сыбайлас жемқорлықты болдырмау ерекше маңыздылыққа ие, полиция сыбайлас жемқорлықты қолдаса, юұл сыбайластық кейіннен қоғамның қалған бөлігіне де таралады. Жаппай жазалауға, кинауға және гуманизге қарсы және қадір-қасиетті төмендететін жазалаудың басқа нысандарына қандай жағдайда болмасын тыйым салынған. Полиция қызметкері осы сипаттағы шараларды негізге кез-келген бұйрықты немесе өкімді орындамауға және сыйламауға міндетті. Жазаны анықтау – сот органдарының міндеті, сол себепті де, полиция қызметкері бұл функцияны заңға қайшы жолмен өз мойына қатал сипаттағы басқа да шараларға қатыспауы тиіс. Бұл тыйымның маңыздылығы соншалық, тіпті, осындай шаралар туралы бұйрықты жоғары тұрған инстанциялар берген күннің өзінде полиция оған бағынбауы тиіс. Полиция қызметкері өз бастығының бұйрықтарын орындауға міндетті, алайда, егер ол бұйрықтың заңсыз сипатын білсе не түсінсе, оны орындамауы керек. Бұл бап әрбір окімнің полиция қызметкері орындамауға міндетті жақтарын кенейтеді. Бұл баптың нақты мағынасы, ең алдымен, полиция қызметкерінің иерархиялық және қатан бағыныстағы ұйымныңмүшесі бола тұра көптеген жағдайларда заңды қорғауға бағытталған бұйрықты жедел түрде орындау қажет болады. Алайда, полиция қызметкері бұйрықтың заңсызекенін сезінсе, оны орындамауы керек. Полиция қызметкері жеке тұлғала тікелей, орны толтырылмайтын зиян келтірумен сипатталатын заң бұзушышылықтарға қарсы тұруы тиіс, ол барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, кешіктірместен шаралар қолдауға міндетті. Егер жасалған құқыөқбұзушылық тікелей, орны Толтырылмайтын зиян келтіреді деген негіз болмаса, ол бұл құқықбұзушылықтың салдарын болдырмау және қайталанбауы мақсатында болған оқиға туралы өз бастығына хабарлауы тиіс. Егер бұл хабарлама қараусыз қалдырылса, ол жоғары тұрған инстанцияларға жолдана алады. Бұл бап заңбұзушылықтарға арналған. Декларация құқықбұзушылықтардың екі тұрын ғана атап көрсетеді. Бірінші жағдайда тікелей және орны толтырмайтын зиян туралы (мысалы, жаппай қырып- жою) айтылған. Бұл кезде полиция қызметкерлері өзі жедел шаралар қолдануға міндетті. Басқа жағдайлар – құқықбұзушылықтар тікелеі және орны толтырмайтын зиян келтірмейтін фактілер. Мұндай жағдайларда полиция қызметкері құқықбұзушылар туралы өз бастығына хабарлауға міндетті, нәтижесінде соттық сипаттағы бұлтарпау шараларына жол беріледі. Заңға қайшы өкімді орындаудан бас тартушы полиция қызметкері тәртіптік жазаларға немесе сот алдында жауаптылыққа тартылмауы тиіс. Бұл бап 4-баптап туындайды. Заңғы қайшы бұйрықтан Полициялық декларацияның нақты мәні айқын көрінсе, бұл бұйрықты орындаған полиция қызметкері өз әрекеттері үшін жазаға тартылмауға тиіс. Таға да қайталанып айтылады: бұл бап барлық заңға сәйкес бұйрықтардың орындалу міндеттілігіне бағытталган сонымен қатар, ол бұйрықты орындамаған полиция қызметкерін өзінін бағынбаушылығың негізін көрсетуге міндеттейді. Аңдуды, ұстауды, қорғауды немесе көлікпен тасымалдауды жүзеге полиция қызметкері сезікті болмаса дс, оларға қатысты нәсілік тегіне, діні немесе саяси қудалау орын алғантұлғалармен одақтаспауы тиіс. Мұндай жағдайда, ол екі көзқарастың арасынан оңтайлы нәтиже шығаруы тиіс. Бір жағынан, ол азаматтардың нәсілдік тегі, діни немесе саяси көзқарастары үшін қудалауға тұсуіне шыдамауы тиіс. Ол полиция қызметкері ретінде нақты және айқын әрекеттер жасауы тиіс: мысалы, ол еврейлерді діни көзқарастарына байланыстықамауға көмек беруден бас тартуы тиіс. Екінші жағынан, ол қазіргі кездегі көптеген қылмыстардың жасырын саяси себептер бойынша жаслатынын білуі тиіс. Ирландияда қылмыстардың 40% -і саяси себептер түсіндіріледі. Декларацияның 8- бабының нақтымағынасына сәйкес, ол сезікті болып табылатын нақты бір саяси ұйымның мүшелерін жазаға тарту мүмкіндігін жүзіеге асыруға ұмтылуға және ол ұйымға аса ауыр қылмыстар үшін жауапкершілік жүктеугеміндетті. Әсіресе, бұл лаңкестік әрекеттерді ұйымдастырушыларға байланысты. Сонымен қатар, бұл ерекше маңыздылыққа ие. Бұл бап полиция қызметкерінің адамды ол немесе саяси партияның мүшесі болған үшін ғана қамауға алмауын атап көрсетеді. Сол мезетте, бап, егер полиция қызметкерінің белгілі бір тұлғаның қылмыстық жазаланатын әрекет жасады деп сезіктенуіне негіз болса, онда ол сол адамды нәсілдік тегі, діни немесе саяси көзқарасы үшін қудалаудан бас тартпауын атп өтеді. Қылмыстылық пен лаңкестікке қарсы күрес Еуропаның әрең қол жеткізген азаматтық бостандықтарын жоғалтумен қатар жүргізілмеуі тиіс. Шын мәнінде, көп жағдайда лаңкестікті ұйымдастырушылардың мақсаты болып қоғамды бұзу, құрту табылады, сол себепті қоғам мұндай құқықбұзушылықтарға лаңкестік әдістермен қарсы тұруға мәжбүр. Осылай өркениетті қоғамның құлдырауы басталады. Сол себептіде, біз саяси және діни бостандықтарды қорғаумыз керек, сонымен қатар, біз лаңкестік әрекеттерге бар күшпен қарсы тұруға міндеттейміз. Полиция қызметкері өз әрекеттері үшін де, бұйрыққа сәкес орындаған немесе оны заңға қайшы деп тапса, орындамаған әрекеттірі үшін де жауапкершілікте болады. Қарапайым, алайды ерекше мәнге ие ереже бар. Ол тағы да ағылшындық құқықтық доктринаны жоғары қояды. Оған сәйкес, полиция қызметкері көп жағдайда нұақауларды жамылып, жауапкершіліктен қашуға тырысады. Бұл ереже әрбір жеке полиция қызметкерінің жауапкершілігін сипаттайды. Әрине, оның қызметі ауыр, алайда, ол оған күш те береді. Сонымен қатар, әрбір жекелеген полиция қызметкерінің жауаптылығы туралы бұл бап оның бастықтарының да жауаптылығы жоққа шығарылмайтындығын атап өтеді. Бұдан шығатын қорытынды, полиция қызметкері жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Ол қызметтік борышын орындаудағы билікті пайдаланумен байланысты көшедегі қозғалыстың бұзылуына әкелген әрекеттер үшін азаматтық кодекске сәйкес жауапкершілікке тартылады. Әріне, атқарушы билікті асыра пайдалану жағдайларының барлығында мемлекет жауапты болады. Өкімдері беру құзіретінің нақты шектері болуы тиіс. Бұл Бастыққа қандай әрекеттер немесе әрекетсіздіктер үшін полиция қызметкерінің жауапты болатындығын анықтау үшін қажет Құзіреттерді нақты анықтау- полиция қызметкерінің өз мүддесі үшін де пайдалы. Бұл бап заңшығарушы мен билік үшін директивтік бағыт-бағдар рөлін атқарады, ол жекелеген полиция қызметкерлеріне бағытталмаған. Құқық мәселелері бойынша комитте Нидерландыдағы полицияның екі мекемеге бағынатындығы атап көрсетілді. Әділет министрлігіне және ішкі істер министлігіне. Мұндай жүйеде қарама- қайшы өкімдердің болуы салдарынан полицияның өзіндік дербес шешімдер қабылдау қаупі туындайды. Заңнама полициянның әрекеттерінің нәтижесінде болуы мүмкін кез-келген зиянға қарсы заңды кепілдіктер мен құқықтық жүйесін көздеуі тиіс. Өз міндеттерін орындауда полиция қызметкері заңды тұрғыда қажет және рұқсат етілген мақсаттарға жету үшін өзінің барлық құқықтарын пайдалануға міндетті, сонымен қатар, ол нақты жағыдай үшін қажетті болуы мүмкін зорлықты пайдалануда шектен аспауы тиіс Себебі,өзінңң қыызыметтікборышын өтеу барысында полиция кызыметкері зорлыққа бармауға мәжбүр болады. Ескеріп өтетін біржай, полиция зорлықты қолдануға рұқсатты имемденбейді және зорлықты не, оның шектері қандай екендігіне нақты анықтама беруі қиын. Полиция тек ерекше жағыдайларда ғана, тек белгілі бір саналы мөлшерде ғана зорлықты қолдана алады. Полицияның қоғамдығы беделі көп жағыдайда оның өз қызыметтік міндеттерін орындау барысында қолданатын тәсілдеріне байланысты. Полиция қызметкері қаруды қолдану тәсілдеріне және жағдайларына қатысты нақты және жан-жақты нұсқауларды толығымен білуі тиіс. Құқық мәселелері бойынша комитет Ирландия мен Ұлыбританияда қатардағы полиция қызметкерінде қару болмайтындығын атап өтеді. Оған бұл баптың қатысы жоқ, алайда, бұл мемлекеттерде қаруланған полиция да бар, ал БҰҰ-ның басқа мүше- мемлекеттерінде полиция толығымен қару-жарақцен қамтамасыз етілген- ол жерлерде бұл баптың маңызы зор. Адамды қамауға алған полиция қызметкер, егер бұл адам медициналық көмекті қажет етсе, медицина қызметкерлерін шақыру арқылы оған бұл комекті қамтамасыз етуге міндетті, қажет болған жағдайда оның өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға байланысты шаралар қолдануға міндетті. Мұндай қамау медициналық бақылау арқылы жүзеге асырылса, ол дәрігерлер мен басқа да медицина қызметкерлерінің нұсақауларын орындауға міндетті. Полиция қызметкері өзі танысқан құпия сипаттағы барлық. істерді құпия күйінде сақтауы тиіс: ол басқа жерге өз қызметтік борышын өтеуге ауысқан күннің өзінде де ереженің күші сақталады. Осы Декларацияның талаптарын орындаушы полиция қызметкері өзі қызмет қоғамнан материалдық және моральдық көмек алуға құқығы бар. Полиция мен қоғамның арасындағы жақсы қарым-қатынастардың маңызы зор. Ешбір полиция қызметкері, егер ол өзі қызмет ететін қоғамнан материалдық және моральдық көмек алмаса, өз міндеттерін нәтижелі, халық мүддесі үшін орындай алмайды. Вікінішкеорай, БҰҰ-ның көптеген мүше-мемлекеттерінде полиция қоғамдық көпшіліктің арасындағы қарым-қатынастар нашарлауда. Осы Декларацияның оларды жақсатуға көмегі тиеді деген үміттеміз. (Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының резолюциясымен 1979 жылғы 5 мамырда бекітілген.) Өзін өзі бақылау сұрақтары: 1.Қандай принциптері бар 2.Іскерлік мәдениет түсінігі мен маңызы Тақырып 8.Әдептілік заңгердің кәсіптік қызметінде Құқық қорғау органдары қызметкерінің этикеті туралы түсінік. Этикет түрлері.Сәлемдесу және танысу этикеті.Адамның сыртқы келбеті. Құқық қорғау органдары қызметкерінің сыртқы келбеті ерекшелігі.Заңгердің қоғамдық жерде өзін өзі ұстауы Әдептіліктің жеке адам өмірінде алатын орны Әдептілік қағидалары — мінез-құлык нормасы болып табылады. Ал, мінез- құлық - адам бойына сүтпен кіріп, сүйекпен шығатын қасиет. Олай болса, адамды әдептілікке жастайынан баулу керек. Әуелі адам әдептіліктің не екенін жақсы біліп, ол жайында жеткілікті түсінікке ие болуы қажет. Адам әдептілік туралы дүрыс түсінік пен білімге канық болғанда ғана оның нормаларына бой үсынудың қажеттілігіне көз жеткізеді. Жеке адам өмірін әдептілік қағидаларына сай калыптастыру керек-ақ. Алайда мұны дүрыс түсінбейтін адамдар да кезігіп калады. Олар: "Жеке адамның өміріне ешкім араласпауы керек, әркім өз өмірін өзі біледі" деген пікірге жүгінеді. Яғни жеке өмірлерінде қандай да бір күқықтарының шектелгендіктерін алға тартады. Бар түсініспеушілік осында жатыр. Ал, оны түсіне алу үшін мынаған ерекше назар аударған жөн сиякты. Бір адамның екінші бір адам өміріне араласпау керектігі - орынды нәрсе. Ал, басканың жеке өміріне араласпау үшін өзіңнің жеке өмірінді соған орай бейімдеуің керек емес пе? Бүл дегеніміз - өзіңнің еркінді шектеу. Ендеше, адамның жеке өмірінде әдептілік қағидаларын қалыптастыру шектеудің осындай бір түрі болып табылады. Әдеп арқылы жеке адамның адамдар арасындағы қадір-қасиеті арта түседі. Ол елге осылайша сыйлы болады. Мүндай әдепті адам істейтін ісін, сөйлейтін сөзін, қабылдайтын шешімін жүзеге асырар кезінде оның елге үнау-үнамау жагына баса назар аударады. Ал, ел мен жұртты ойламай, тек жеке басының камын ғана ойлап іс қылған адам халық алдында сүйкімсіз болады. Олай болса, әркім әдептілікке осы түрғыдан карағаны абзал. Яғни, халық үшін жан пида дей алу үшін әуелі әдептілікке бой ұру керек. Олай болса, әдеп ең бірінші кезекте кісінің жеке басында орнауға тиіс. Адам қоғамда қылығымен танылады. Кімнің кандай адам екені оның мінез- күлқынан білініп тұрады. Кісі сондыктан қоғамда өз орнын таба білуі үшін әуелі жеке өмірінде әдептілік кағидаларын калыптастыра алуы кажет. Әлбетте, әдептілік-инабаттылык үрдістерін бойға жақсылап сіңірген адам нағыз адам болмак, Әдептілік атадан балаға кан арқылы берілетін нәсілдік жайт емес. Яғни адам атасына тартканы үшін өздігінен әдепті кісі болып шыға келмейді. Әдептілік адамның өзімен бірге өсіп-өнеді және жетіледі. Соны жетілдіре алған адам ғана әдепті бола алады. Адамның жеке басы дегеніміз — оның кісілігі. Ал, кісілік дегеніміз — адамның абыройы, беделі, дәрежесі. Бұның бәрінің ұйытқысы — әдептілік. Ендеше, адам өзінің өмір сүру салтын, ғүмыр кешу колын осы әдептілікке негіздеуі керек. Әдептілік адамның жеке күлқын жолға кояды, оны қоғамға пайдалы адам етіп шығарады. Бүл түрғыдан алғанда адамдардың коғамдык өмірі осыған байланысты болып келеді. Яғни, қоғам жеке адамдардың жақсы болуын калайды. Ал, адамды жақсы ететін — әдеп. Адамгершілік сезім де осы әдептен басталады. Адамның жеке басындағы адамдық қасиеттерін, оның адамгершілік сезімдерін әдеп жетілдіреді. Жалпы алғанда, әдеп адамды мейірімді, рақымды етіп, ол арқылы қоғамды бақытқа кенелтеді. Лұқпан хакімнен "Әдептілікті кімнен үйрендің?" деп сүраған корінеді. Сонда ол: "Әдепсіздерден. Әдепсіздің тұрпайы корінген әрекетінен бойымды аулақ салдым" деген екен. Адам осылай өзін-өзі тәрбиелей алуға тиіс. Өйткені, не нәрсе болмасын тәрбие аркылы ғана іске асады. Адамның тәрбиесі ең әуелі кісінің жеке басына тығыз байланысты. Кісі өзіне дүрыс тәрбие, бағыт-бағдар бере алған жагдайда ғана жеке басының тұлғасын калыптастыра алады. Ендеше әрбір адам өз түлғасын озі жасай алады. Оны жасауда міндетті түрде әдепке жүгінбек керек. Өйткені кім озінің әдепсіз түлға болуын каласын? Әдеп төрбиесі жеке адамның тұла бойын тек жылтыратуды қаламайды, ол түрақты, ізгі касиеттерді қалыптастыруды көздейді. Өйткені сырты бүтін, іші түтін адамның қоғамға ешқандай да пайдасы жоқ. Керісінше, олар коғамға кесірін тигізеді. Олай болса, адамның жеке басы үшін әдептілік міндетті түрде қажет. Бүл кажеттілікті сіңіруші - тәрбие. Тәрбие арқылы ғана әдептілікке кол жеткізуге болады. Мұны әрбір адам мақұлдауға тиіс және дереу өзінің жеке басын әдептілік үрдістерімен тәрбиелеуге бейімдеуі қажет. Ол бұл істе батыл болып, жеке басында әдептілік қағидаларын орнықтыра алса, қоғам үшін нағыз керекті адам болып шыға келеді. Ал өзімшілдікке салынып, әдептілік қағидаларына мойынсұнбаған адам жеке басына опық жегізеді. Адамның жеке басының әдептілігі дегеніміз -кісінің өзін қоғамдағы қабылданған барлық ұқыптылық ережелеріне, кандай да бір жағдайдағы жалпылама қағидаларға және мінез-күлык тәртібіне сай ұстауымен катар, эстетикалық әрі этикалық жауапкершілікті сезініп, оны канағаттандыра алуы. Жеке адамның әдептілігі тек қана оның жеке басына байланысты емес. Басқалардың қуанышы мен күйінішін түсіне алу және оған ортақтасу да адамның жеке басында табылуға тиіс. Біреудің жоғын беру, қазасына қаймығу, кайғысында бірге болу, қасіретін бөлісу оңай шаруа болмаса керек. Әрине, мүның бәрі шынайы жүректен істелуі тиіс. Бұл адамның жеке басының әдептілігін айқын көрсетеді. Жеке бастағы әдептілік көп ретте оның карапайымдылығын танытады. Өйткені әдептілік адамның істеген істері мен сөйлеген сөздерінде анық байкалады. Ал, карапайымдылык іс пен сөзде ерекшеленеді. Ол ешқандай жанға ыңғайсыздық тудырмайды, әдепсіздік жағдайды болдырмайды, адам атаулының көңілін қалдырмайды. Ол бүкіл жүріс-тұрысында қарапайым келеді, еш уақытта дараланып, ерекшеленуге бейім тұрмайды. ә) Әдептіліктің қоғам өміріндегі маңызы Адам коғамы пайда болғаннан бастап оның мүшелері мінез-құлық, мүдде, тілек т.б. жағынан бір-бірімен санасуға тура келді. Үлы Ғабит Мүсірепов жазып кеткендей: "Мал баласын бауырында өсіреді, ағаш жапырағын ығына қарай төгеді, адам баласы болса, қоғамның шылауында өседі" емес пе?! Бұл қажеттілік әрі карай адамдардың қоғамдық парыз-міндеттерін орындаумен ұштасады. Адамдар арасындағы осынау күрделі өзара қарым-қатынастарды адамгершілік-имандылық тұрғысынан реттеудің шартты қағидалары болып әдеп- инабат нормалары қалыптасты. Әдептілік коғамдык жағдайды біркелкілікке түсіріп, халыктың өзіндік таным-түсінік (ерекшелігін, өмір сүру тәсілі мен стилін қалыптастырады. Халық өзіндік болмыс-бітімін ұлттық әдептілік негіздері арқылы сақтайды. Қазақ халкының төлтумалылығы, ерекше бітімі, «әмбебаптығы, міне, оның әдептілік қағидаларында жатыр. Әрбір ұлт өзінің рухани-психологиялык тұрпатын сақтап қалғанда, үлттық- мәдени игіліктерін дамыта алғанда ғана өзге елдермен терезесі тең әріптестер ретінде ынтымақтастықта бола алады. Халқымыз бұл орайда өзге дамыған елдердің білім мен технологиясына қақпасын теріс жаппай, олардан өркениеттілік әдебін ала отыра, өзіндік болмыс-бітімін сақтап калды. Қоғамның әрбір мүшесі әлеуметтік өмірде қолданылып жүрген мінез-құлық нормаларын сақтауға тиіс. Ал, ол нормалар: қоғаммен және отандастарыңмен санас, оларды құрметте, өзіңмен басқалардың қалай қарым-қатынас жасағанын каласаң, өзінді де нақ солай ұста деген ұстынға негізделеді. Адамның ішкі жан-дүниесі, оның интеллектісі, парасаты мен сезімі сыртқы келбетінен, көздерінен, бет-әлпетінен, сондай-ақ, тұлға-мүсіні мен мінез- құлқынан көрініс табады. Оның ішкі жан-дүниесі бай болса, оған мінез- құлқының жоғары мәдениеті де сай келеді. Халқымыздың қоғамдық моралында адамдар арасындағы шынайы адамшылык. катынастар: тең құқықтық пен жолдастық, өзара сыйластық және жақын адамдарға камқорлық жасау қатынастары көзделеді. Мінез-қүлық ережелерінің негізіне нақ осы талаптар алынған. Адамдардың орындауға тиісті әдеп нормалары олардың өз еркімен, өз мүдделер сыйысымдылығын және ортақ қоғамдық мүдделерін ескере отырып, өздері келісіл жасаған дүниелері болып табылады. Сондықтан өзі өмір сүріп отырған қоғамдық жүйеге сыйымды болғысы келген адам, алдымен, сол кағидаларға, нормаларға мойынсұнуы керек. Қоғамда бір адамға жүктелген міндет басқа адамның міндетімен тікелей байланысты. Бұл тізбекті зәрулік - қоғамдық құрылыс. Оның әрбір адамның әдептілігіне тікелей қатынасы бар. Олай болса, қоғамға зиян тигізбеу үшін әрбір адам басқа адамға нұқсан келтірмеуі қажет. Яғни бір адамның әдептілікті бұзуы қалғандарға міндетті түрде әсер етеді. Бұл егер жалпы халықтық сипат алса, онда ол қоғам тығырыққа тіреледі, берекесі қашады. сондықтан адам әдептілік нормаларын орындай отырып және оның талаптары негізінде өмір сүре отырып қана коғамның сенімін ақтай алады. Олай болса, тірі пендеге жамандық жасамау, кісі көңілін себепсіз калдырмау, адамға жазықсыз жапа шектірмеу қоғам үшін аса қажетті әдептілік іс болып табылады. Аталарымыз: "Жақсылық қолыңнан келмесе, жамандык жасаудан сақтан. Өйткені жамандық қашан да қайта айналып иесін табады", — деп бекерге айтпаған ғой. Қандай да болмасын коғам тәртіпті қажет етеді, оған мүдделі болады. Сондықтан да тәртіп орнауға тиіс. Ал тәртіптің бастауы — әдеп. Өйткені әдебі жоқ қоғамда тәртіптің орнауы екі талай. Ал, тәртібі жоқ қоғамның ыдырамауы да мүмкін емес. Сол себепті де "Адам әдепті болуға тиіс" деген сөз тәртіпті болуы керек дегенді де ұқгырады. Өйткені тәртіп — әдептің бір түрі. Қоғамдағы ең бағалы адам — әдепті адам. Әдепті адамдар - коғамның баға жетпес байлығы, әрі мәртебесі. Қай қоғамда әдеп жоғары қойылса, сол қоғамның абыройы жоғары, түрмысы да бақуатты болады. Бір адамның қандай да бір әдепсіздік ісі міндетті түрде айналасына күйедей жүғып, қоғамға зор зиянын келтіреді. Халыктың: "Бір қарын майды бір күмалақ шірітеді",- дейтіні сондықтан болса керек. Әдеп белгілі бір коғамның рухани кажеттігі негізінде пайда болып, өзіндік белгілері, сипаттары арқылы сол қоғамды құрайтын адамдарды біріктірудің куатты құралы қызметін атқарады. Демек, әдеп - қоғамдағы келісімді іс-қимылды ажарландыратын тетік, адамдар арасын адамгершілік негізде байланыстыратын қоғамдық. құрал. Сондыктан да адамның әдептілігі оның адамдар арасындағы жүріс-тұрысынан, басқалармен қарым-қатынасынан көрінеді. Халық: "Жақсы-жақсы дерсің, ісің түссе білерсің",— деп бекерге айтпаған ғой. Әдептілік заңы салтанат құрған қоғамның абыройы жоғары, тұрмысы сәнді, тіршілігі шуақты болмақ б) Әдептіліктің өркениеттілікке әсері Ғасырлар бойы заман өзгергенімен, адамның негізгі сипаттары көп өзгере қоймағандығын қатаң қағида деп қабылдауға болмайды. Себебі адам мәңгі өзгермейтін қатып қалған субстанция емес. Адам да өзгереді, бірақ бұл - сапалық өзгерістер. Қалай дегенмен де, адамзат бірде баяу, бірде жылдам карқынмен үнемі даму үстінде. Біз асыққанмен ол даму өз ырғағынан жаңыла қояр емес. "Тездетеміз, басқаларды басып озамыз, бірер онжылдықта жаңа адам жасап шығарамыз" деген сияқты әдептілікке жатпайтын өркениетке талпынушылықтың адамзатты ұшпаққа апармайтынын кеше ғана көрдік емес пе? Өйткені өркениет әдептілікке негізделгенде ғана жүзеге аспақ. Қаншама экономикалық-мәдени дамудың жоғарғы сатысына жеткенмен, қоғам өмірінде халықтың өзіндік әдептілік- инабаттылық үрдістері, өзіндік ұлттық тарихы және психологиялық, этнографиялық ерекшеліктері сұрыпталып, сақталып, өз көрінісін таба алмаса, ол ел толыққанды өркениетке ие бола алмайды. Олай болса, халкымыздың ғасырлар қойнауынан бастау алып, өзімен бірге келе жатқан әдептілік қағидаларын, игі салт-дәстүрлерін, ұлттық бояуға толы қайталанбас үрдістерін саралап, жетілдіріп, келешекке жеткізе білудің маңызы оте зор. Адамдар арасындағы өркениеттілік катынас толық үстемдік кұрған кезде сұрқай көріністер көзге оғаш көрініп, көпшілікті жирендіретін атавизмге айналып, коғам, отбасы мүшелері және лауазымды адамдар бір-бірімен заң жүзінде де, іс жүзінде де сыйластықта болуына жол ашылады. Ондай жағдайда жеке адамдар, жеке адам мен ресми орындар және әлеуметтік-саяси топтар арасындағы шиеленіс-қайшылықтар тіке тіресу, керек болса, күш қолданып, бірін-бірі міндетті түрде еріксіз мойындатып жеңумен емес, ең алдымен, жан- жақты ерінбей түсіну, заңға, ұжданға жүгіну арқылы келісімді, ортақ шешімге келіп отыруы сол қоғамның, мемлекеттің бүлжымас қағидасына айналады. Ізгілік пен жауыздық, қатыгездік пен мейірімділік, адалдық пен арамдық, кішіпейілділік пен өр көкіректік, шындық пен өтірік, турашылдық пен көре алмаушылық, ақ ниеттілік пен қызғаншақтық, қанағат пен ашкөздік -адамзаттың тал бойынан магниттің екі полюсіндей әманда табылып келе жаткан қасиеттері. Олардың арасындағы күрес те толассыз. Соның өзінде аталған касиеттердің жағымсыз түрлері неше алуан әдістер арқылы көбінесе үстем болып, ізгілік, адалдық, мейірімділік, әділдік сияқты жалпы жұрт мойындап, қабылдаған анық адами сипаттар қорғансыз, әлсіз, аяусыз ашық майданда жеңіліс тауып жатады. Себебі жағымсыз қасиет пен теріс қылықтар сан түрлі түске боялып, өмірге, ғылым мен ойдың өсуіне сай тез бейімделіп, жетіліп, күшейе түсіп отырады. Соның кесірінен әділдік пен жақсылықтың салтанат құруы үлкен қиындық, көп қүрбандық, мол шығынмен келеді және көбінесе ұзақ уақыт түрақтай алмай, кайтадан жеңіліске ұшырап отырады. Бұл күрес - бітіспес күрес, ол адамзат дамуының ажырамас серігі, процестің негізгі белгісінің өзі, әрі себебі, әрі салдары, әрі ішкі қозғаушы күші. Түптеп келгенде, ол - өркениет үшін күрес. Демек, өркениеттілікке жету үшін ең бірініші кезекте, әдептілік, имандылық, инабаттылық, ибалыққа қол жеткізу керек, бүл жолда күрестен тайынбау қажет. Иә, табаны берік, түғыры биік мемлекет деңгейіне көтерілу, өркениетті елдермен иық теңестіру дәрежесіне жету үшін шалқар материалдық байлықпен бірге зор рухани байлық, аскақ рух керек. Сезімі биік, рухы берік ел ғана өркениетке жете алады. в) Әдептіліктің рухани өмірге тигізетін әсері Әдептілік — адам өмірінің рухани ұйытқысы. Мұның өзі әдеп- инабаттылықтың қаншалықты қажеттігін, оның адам болмысымен біте қайнасып жататынын және оның ғұмырлық маңызын түсінуін білдіреді. Оның мәнісі әдептілік сананы қалыптастыру, оның жоғарғы корінісі — ар-ожданға, яғни, әдеп-инабаттылық өлшемдерінен бас тартқызбайтын ар-ұжданға ие болу дегенді ұқгырады. Әдептілік адам бойында турашылдық мінезді, ізеттілік талаптарының бұзылуына қарсы күресетін күш-қайратты қалыптастырумен қатар оның рухани болмысында ұялу сезімін, адамдарға қайырымдылық, мейірбандылық, шапағат көрсету, қанағатшылдық, өзін басқаның орнына қоя білу мәрттігін, адамдарды жақсы көріп қана қоймай, оларға қызмет көрсету тілегін, кайырлы іс істеу, жамандыққа қарсы ұмтылу қасиетін, құлшынысын, кішіпейілділік, кешірімділік, пәктік сезімін, өзінің ғана емес, басқалардың да тілектерін құрметтеу ізеттілігін, ұқыптылық, тазалық тәртібін шьңдайды. Ғасырлар бойына қалыптасып, халықпен бірге жасасып келе жатқан әдеп "Адам" деген ардақты атқа кір келтіргісі келмейтін әр кісіге ауадай қажет рухани игілік болып табылады. Бұл бізге инабат жолын үйренудің қаншалықты маңызды екенін ұқтырғандай. Әдептілік адамның рухани өміріне судай сіңіп, балдай батуы керек. Ол әдептілік те ата-баба дәстүрінен бастау алуы тиіс. Сонда ғана әдептілік қағидалары өз нәтижесін бере алады. Иә, халқымыз әспеттеген ар-намыс, ұят, ынсап, жанашырлық, адалдық, ақ пейілділік, бір сөзділік және жауапкершілік сынды ұғымдар адам жанын түгелдей көмкеріп, оның руханиятында берік орын тепкеңде ғана экономика да, мәдениет те, білім беру де үделі жерден шықпақ. Әдеп — адамды адам ететін қасиетті нәрсе. Ол болмаса адам атаулының жануар тақылеттес болары хақ. Адамдарды бір-біріне бауыр етіп, араларында ыстық ынтымақтастық орнататын да әдеп қой! Адамның сыртқы бағытымен қатар ішкі дүние-сезіміне де бағдар беріп, оған жөн сілтейтін де осы әдеп емес пе?! Әдептілікті сақтау адамның арына байланысты. Қандай да бір әдептілік қағидасына немқұрайды қараған адам міндетті түрде қандай да бір жазамен жазаланбайды. Бірақ, ол елдің көзінде жағымсыз күйде қалады. Міне, адамды күйіндіретін де осы мәселе. Яғни оның ары кісіні әдепті болуға итермелейді. Әдепсіздікке жүгінген жағдайда өз ар-ұжданының азабына ұшырайды. Әдептіліктің адамға рухани әсері осында жатса керек. г) Әдепсіздік қылықтары Адам баласы пенде болып жаратылғаннан кейін жаман, жағымсыз, келеңсіз, қайырымсыз қылықтар жасамай тұрмайды. Бірақ әдепке бой алдырған жан өзінің бұл жаман қасиеттерін жеңе білуге тиіс. Сонда ғана ол жамандық атаулыға аяк аттап баспайтын болады. Адамның қандай да болмасын жасаған іс-әрекеті ылғи нәтижелі аяқтала бермесі анық. Ол ісін жақсы ойлап, жаман тәмамдауы да мүмкін. Не болмаса байкамай қателік жіберіп алып, ісін жаманшылықпен бітіруі де ғажап емес. Олай болса, ең әуелі адамның ниеті маңызды. Ниеті түзу адам қиындыққа еш мойымайды. Ниеті дұрыс болғандықтан, бұдан кейінгі істерін де түзу көңілмен жалғастырады. Ендеше, "Мен не іс істесем жаманшылық шығады",- деп, жаманшылықка үйір болмау керек. Керісінше, оған қарсы тұру қажет. Яғни жаманшылықты әдетке айналдырмау — басты міндет. Әдет — адамның қандай да бір қасиетті өзіне үйреншікті етіп алуы. Бүл егер жаман қасиет болса, онда оньң жазылуы қиын дертке шалдыққаны. Сондықтан бір нәрсені әдетке айналдырған кезде оның жақсы-жаман екеніне нақты көз жеткізген дүрыс. Темекіні әдетке айналдыру — сондай жаман қасиеттердің бірі. Ең алғаш сол темекіні ауызға алған кезде неге ойланып қарамасқа? Темекінің зиянын, оның жеке басына және қоғамға әкелетін кеселдерін неге әуел баста ойламасқа? Бұны ойлаған жандар одан ат басын аулақ ұстайды. Темекі әдетке айналғаннан кейін оны тастау кісіге қиынға соғады. Әттеген-айлар басталады. бірақ темекіге тәуелділіктен құтыла алмай, әуре- сарсаңға түседі. Темекі адамға өз үстемдігін орнатады және адам оның шылауында осылай кете барады. Шылымға бой алдырған адам одан мүлде құтыла алмайды емес. Ол үшін адамға төзім, шыдам керек. Адам қандай да бір жетістікке төзім арқылы жетеді. Өзінің мақсаттарына жету жолында кездескен барлық қиындықтарға төтеп беріп, сабырлылық және салмақтылық танытқан адам ғана көздеген мұратына жете алады. Ал, әдептілікке бой ұрып, темекімен ат құйрығын кесісу де - адам үшін үлкен жетістік. Темекі сияқты жаман кеселдердің бірі -ішімдік. Бүл да адамның басына үлкен қасірет әкеледі. Бұдан жалғыз адам ғана емес, бүкіл қоғам касірет шегеді. Отбасының шырқын бұзатын да осы ішімдік. Ішімдік адам баласына нендей жақсылық әкеліпті? Жоқ, ол жамандықтан баска еш нәрсе әкелмек емес. Олай болса, адам озіне жамандык әкелушімен күресуге тиіс. Оны өзінің қас жауы екенін ұғуы керек. Данышпанның бірі былай депті: "Ішімдік адамды төрт күйге түсіреді. Ә дегенде адам тотыға ұқсайды да, жұрт көзіне түсуге тырысады. Содан саң ол маймылдың қылығын шығарады да, елдің бәрімен қалжындасып, қылжактай береді. Одан кейін арыстан кейпіне кіреді де, тәкаппар, паң, өз күшіне сенген өр көкірекке айналады. Ақыр аяғында ол шошқаға ұқсайды да, батпакка аунап кете барады". Олай болса, адамның мұндай күйге түсуден сақ болуы керек-ақ. Бүгін етек алып келе жатқан тағы бір дерт бар. Ол – нашақорлық. Ол — темекі мен ішімдік сияқты адамның қас жауы. Адам шыныменен бұл өмірді осы үш дұшпанымен бетпе-бет өткізеді. Адам оны жеңуге әбден қабілетті. Өйткені оның бойында ғаламат күш бар. Иә, осындай күшке ие адам баласы өзінің өмірін кеміріп бітірушімен неге күреспеске? Ендеше, адам өз өміріне балта шабушыға міндетті түрде қарсы шығуға тиіс. Денсаулық зор байлық емес пе? Ал, бұл байлыққа нсмқүрайды қарау, оның қадірін түсінбеу жетесіздік болса керек. Жетесіз болмас үшін өзіміздегі бар байлыкты көзіміздің қарашығындай сақтауға мүдделіміз. Сүйген жар үйленгеннен кейін жолдасының ішімдікке салынғанын көріп, өмірін өксітсе, балалар әкесінің немесе шешесінің бұл күйіне намыстанып, жұрт бетіне қарағысыз күй кешеді. Ал, ата-ана ұлының немесе қызының ішімдікке, темекіге үйір болганьн көріп өмірден жылап өтеді. Яғни бала, әке, шеше, жар қасіретке толы ғұмыр кешеді. Сонымен қатар, бұл үш дұшпан адамды ақыл-естен айырады, қан тамырларын тез тоздырып, оны өкпе, жүрек және басқа да ауруларға шалдықтырады. Яғни, адамды жан мен тән жағынан бірдей азғындатады. Жалпы адамның өмірі қысқарады. Олай болса, адам өз ажалына өзі жетпес үшін бүл үшеуінен аулақ болуы керек. Тепсе темір үзетін азаматтардың немесе сүп-сүйкімді қаракөз қыздардың қор болып, ел көзіне түсуі, ақылы бола тұра ессіз кейіпке түсуі кімді де болса қынжылтары хақ. Азаматтың азамат атына лайық, кыздың кыз атына лайық болуы керек емес пе? Әркім бұны жете түсініп, озінің табиғи қалпын сактағаны жөн. Бұл орайда Ислам дінінің қағидаларына мойынсұнған дұрыс. Өйткені, Ислам діні адамдардың мұндай жаман қасиеттерден аулак болуын уағыздайды. Ең басты нәрсе - Алланың бар екеніне сену. Сенген адам өзінен-өзі Алланың өмірлеріне қарсы келе алмайды. Алланың көрсеткен жолымен өз ғұмырын нәрлендіреді. Ислам дініне бет бұрған отбасылардың өзгерген өмірлерін көргенде еріксіз қайран қаласың. Өйткені кеше ғана ішімдіктен құты қашқан шаңырақтың Алла жолына түсуі арқылы отбасында береке-бірлік орната алғанын көргенде калай сүйсінбейсің?! Демек, гәптің бәрі Алланы мойындауда жатыр. Әрбір адам темекінің де, арақтың да, есірткінің де адам өміріне қауіпті және зиянды екенін жақсы біледі. Бұлардың адамды ешқандай жақсылыққа, бақытка жетелемейтінін де жете үғады. Адамды адамдық қасиеттен жұрдай ететінін де түсінеді. Ендеше, біліп және түсініп қана қоймай, оны күнделікті өмірде көрсете білу керек. Ал, ол тек әдептілік аркьілы ғана жүзеге аспак, Кісі елге сыйлы бола алуы үшін ең әуелі әдеп-ибамен сусындауы қажет. Онсыз ел арасында қадірлі бола алмайды. Ол тек қана әдептілігімен жұртқа жағымды, елге сүйкімді, халыққа қастерлі келеді. Ағайын-туыс, көрші-қолаң, дос-жаран және құрбы-құрдастар да кісіні тек әдептілігіне карай сыйлайды, инабаттылығымен құрметтейді, ибалылығымен жоғары тұтады, ізеттілігімен бағалайды. Ал, кісінің ел алдындағы абыройын төгетін келеңсіз жайт — әдепсіздік. Кісіні жұртқа сүйкімсіз ететін, оның жаман атын жалпақ жұртшылыққа шығаратын, бүкіл таныстарымен ара- қатынасын бұзатын да — адамның әдепсіздікке бой алдыруы. Адам өсек айту, біреуді сыртынан жамандау, балағаттау, жек көру, көре алмау, қызғану немесе біреуге жала жабу, кек сақтау, жалған сөйлеу, өтірік айту не болмаса екіжүзділік таныту, менменсу, өзімшіл болу және сол сияқты қылықтар арқылы өзін әдепсіздікке бейімдеп алады. Жазықсыз адамның сыртынан жалалы сөз тарату, біреудің иненің жасуындай да артықшылығын көре алмау, елдің бәрін өзінің бақталасы деп білу — бұлар ең жаман пасық әдеттер. Кісі өзінің өсекке таңылып, жамандалуын қаламайды, өзін біреудің қызғанғанын, көре алмағанын ұнатпайды. Сондықтан бұл айтылған барлық жаман қылықтарды ешбір адам өз бойына дарытпағаны дұрыс. Өйткені, "Өзің үшін тілемегеніңді өзгеге де тілеме" қағидасы бойынша әрбір адам өз басына да, басқаға да еш қиянат жасамауы керек. Біреу дана адамнан сұраған екен: "Аспаннан кең не? Мұздан суық не? Оттан ыстык не? Темірден қатты не? Жетімнен қор не?" Сонда данышпан адам былай деп жауап қайырыпты: "Аспаннан кең — адал іс, жерден ауыр — кінәсізді балағаттау, мұздан суық — айналаға кек сақтау, оттан қызу — досқа қаскөйлік, темірден қатты — жаманның көңілі, жетімнен қор - өсекші". Байқалғандай, адамға және қоғамға зиянын тигізетін, тыныш өмірдің берекесін кетіретін, тек кайғы-қасірет қана әкелетін бұл жаман қасиеттер адамды еш ұшпаққа апармақ емес. Демек, адам бұлардан сактануға тиіс. Жалған сөйлеу, жалған ант ішу және өтірік айту - бүлар екіжүзділіктің нәтижесі. Адамның бүл қылығы жексұрындық, сұмпайылық болып табылады. Өмірде алдағаннан жаман нәрсе жоқ-мұндай адамдарды халқымыз: "Тіліп жіберсе бетінен қан шықпайтын тірі өлексе" деп атаған. Осындай ауыр сөз естігенше қара жер жамылып жатқан артық емес пе? Намыс деген адамды жібермеуге тиіс. Олай болса, намысы бар адам мұндай оқыс қылықтарға аяқ баспауы қажет. Кісі ертең ел бетіне қарай алатындай болуы керек. Егер оның айтқан сөздері өтірік, жалған, өсек болып әшкереленіп жататын болса, ол жұрт алдында қандай күй кешпек? Оның абыройы айрандай төгіліп, масқарасы шығады емес пе? Осыдан кейін ол елге сенімсіз болады және бұған қоса оған өсекші, суайт, бетсіз деген сияқты басқа да айыптаулар тағылады. Мүндай келеңсіз жайттарға тап болмас үшін осындай кеселді қылықтардан аулақ болу керек. Демек, қоғамда абыройлы, беделді, қадірлі және сыйлы бола алудың жолы — кісінің бүгін істеген өз ісіне ертең халық алдында жауап бере алуында жатыр. Мұндай адам текті де тәрбиелі, инабатты да мейірімді, кайырымды да сезімтал келеді. Тақырып 9.жанжал және оның моральдық –ізігіліктік құрылысы. Мақсаты:Ізгілік жанжалдың түсінгі менқұрылысын ашу 1.Сіз жанжал шығаратын адамсыз ба?,Сіз тіл табусуға өзінізге баықлау жасайсыз ба?,Сіз тез бейімделесіз бе?,Сіздің тіл табыса алуыңыз? Дау – жанжалдың табиғаты мен себептері Дау - жанжал – екі немесе одан да көп адамдар арасындағы пікір қайшылығы, мәмілеге келмей дауласу. Бір адам аз пікірін қалай да мақұлдатқысы келеді немесе екінші бір адамның пікірімен келіспейді. Дау – жанжал диалектика элементі, дамудың қозғаушы күші, өмірге қажетті жай. Демократияландыру, «адам факторының», жеке адамдар ролінің, инициативасының, құқығының экономикада, саясатта, тұрмыста күшеюі келіспеушілік жағдайын ұлғайта түседі. Қандай да болмасын жұмыс бабында пікір таласына тап болады. Тіпті басшылық дұрыс жолға қойылып, ұйымдағы психологиялық ахуал қолайлы болғанның өзінде де азын – аулақ пікір таласы мен келіспеушіліктер болмай қоймайды. Тіпті пікір – таласының мүлде болмауы қауіпті құбылыс. Ынтымағы жарасып, тату – тәтті жұмыс істеп жүрген кез келген ұжымда аяқ астынан басшының кінәсынан дау – дамай туындауы мүмкін. Өмірде мұндай жайт жиі ұшырасады. Дау – жанжалды басу үшін, әуелі оның неден, қалай пайда болғанын білген абзал. Келіспеушіліктің туындауының объективті және субъективті себептері болады. Объективті себептерден болатын дау-жанжал адамдар арасындағы аса күрделі, қарама-қайшылық жағдайында туындады. Еңбек жағдайының нашарлығы, қызмет міндеттері мен жауапкершілігінің айқын белгіленбуі – осы секілді проблемалар келіспеушіліктің, шиеленіскен жағдайға ұшыратудың басты себептері. Егер адамдар осындай жағдайға тап болса, онда олардың көңіл- күйіне ауыз бірлігіне ұйымшылдығына қарамастан дау-дамай тууы мүмкін. Мұндай дау – жанжалды жоюдың бірден бір жолы – объективті жағдайды өзгерту. Дәл осы жағдайда келіспеушілік дабыл қызметін атқарып, ұжым өміріндегі қолайсыз жағдайды білдіреді. Адамдар арасындағы қарым – қатынаста ынтымақтасу және алауыздық ықпалдары әрекет етеді. Осындай жағдаймен күресу дау – жанжалдың басты себебі. Мұндай жағдайда ұйым екі топқа бөлінеді: ұжым мүшелерінің біраз бөлігі ресми басшыны, ал бір бөлігі кемшілікті айтқанды жақтайды. Сонымен қоса, ресми көшбасшының өзі де көп жағдайда дөрекі, қызба мінез көрсететіндіктен, мұның өзі де келіспеушілік туғызады. Дау – жанжал ұжым мүшелерінің дербес сапасына да байланысты: сыпайылық, қайырымдылық көрсетудегі кемшілік немесе біреудің қайға мұңына немқұрайлы қарау, жеке адамдағы творчестволық қабілетінің жойылуы. Кейде жалған дау-жанжал да болуы мүмкін, мұндайда дау-дамай туғызатын нақты себептер болмаса да, адамдар арасындағы қарым – қатынаста салқын көзқарас байқалады. Бағыныштылардың кез - келген әрекеті басшыға ұнамайды, оны аңдып жүргендей көреді немесе бағыныштының ойынша басшы оған ешбір себепсіз тиісіп жүргендей болады б) Дау – жанжалды жіктеу. Дау – жанжалдың толып жатқан түрлері болады. Ал оны төрт топқа бөлуге болады: жеке адамның дау – жанжалы, жеке адамдар арасындағы дау – жанжал, жеке адам мен топ арасындағы дау – жанжал және топ аралық дау – жанжал. Дау – жанжалдың мынадай да түрлері бар: тікелей – көлбеу; іскерлік – жеке адамдар (жеке басына байланысты); конструктивтік – деструктивтік. Сонымен қоса, дау – жанжалдың жалпылама – жекелей, қысқа мерзімдік, ұзаққа созылатын, мазаны кетіретін, бүлдіретін, кейіннен ұлғаятын, бәсеңдейтін түрлері бар. Қолайлы және қолайсыз құндылықтар мен мүдделердің қақтығысына орай келіспеушілік мынадай типтерге бөлінеді: 1. Дау – жанжалдың «қолайлы – қолайсызы». Мұнда екі қолайлы балама болады. Бұл өте ұнамды әрі тез шешіледі. Бұған мысал ретінде сыбайлас достар арасындағы бір фильм жөніндегі әр түрлі пікірін жатқызуға болады. 2. Дау – жанжалдың «қолайсыз – қолайсызы». Екі вариант та ұнамсыз. Егер сіз жабдықтау бөлімінің бастығы болып істесеңіз, онда сіз өзіңізге жабдықтаушы таңдауыңыз тура келеді, бірақ таңдаған адамыңыздың екеуі де қолайсыз болып шығады. Бірақ әйтеуір біреуін алуыңызға тура келеді, ал бұған біраз уақыт кетеді. 3. Дау – жанжалдың «қолайсыз қолайлысы», мұнда жақсы және нашар варианттар қақтығысады. Өкілеттілікке сенім көрсетудің қажеттілігі мен артықшылығы бола тұрса да, кейбір басшылар өзінің қарамағындағы адамдармен ақылдасуды қажет деп санамайды. Мұның толып жатқан себептері бар, оны әдістемелік, ұйымдық және психологиялық секілді бірнеше топқа біріктіруге болады. Әдістемелік тұрғыдан алғанда өкілеттілікке сенім көрсетудің қиын болатын себебі – басшы тарапынан басқару органын заңсыз теңдестіруден туындайды. Мәселен, қол қою правосын шектен тыс шоғырландыру тікелей орындаушылардың жауапкершілігін кемітеді, жұмыстың орындалу мерзімін ұзартады, әрі оның барысын бақылауды қиындатады. Ұйымдық тұрғыдан өкілеттілікке сенім көрсетудің ең дұрысы жүйені жобалау сатысында, басқару аппараттарының бөлімшелері мен лауазымдық нұсқаулар туралы ережені жасаған кезде қарастырған жөн. Өкілеттілікке сенім көрсетудің технологиялық себептеріндегі кемшіліктер алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Сенім көрсетуді жүзеге асыру басшының жеке басындағы субъективтік факторларға (батылдығына, қызбалығына, бәріне де өзі істегісі келетіндігіне т.б.) қарамағындағылардың нақты мүмкіндіктерін ескере отырып оның міндеттерді бөлу қабілетіне, олардың мақсаттары мен міндеттерін тиімді тұжырымдауына, қызмет нәтижесінің көрсеткіштерін бағалай білуіне, жұмыс нәтижесін бақылауын және оларды жақсарту мүмкіндіктерін қарастыруына байланысты. Ньюмен басшылардың сенім көрсетуге ықылассыздығы бес түрлі себептерін келтіреді: - «мен мұны тәуірірек істеймін» деп қате ойлау; - басшылық қабілетінің жоқтығы; - қарамағындағыларға сенім көрсете алмауы; - тәуекел етуден қорқатындығы; - болатын қауіп – қатерді алдын ала болжай білмеуі Ньюменнің пікірінше, басшыға бағыныштылардың жауапкершіліктен қашқақтауының, сенім артуына ықылассыздығының негізі алты түрлі себептері бар: - бағыныштылар проблеманы өзі шешкеннен гөрі басшыдан сұрағанды жөнсанайды; - бағынышты жіберілген қателігін сынаудан қорқады; - бағыныштыда міндетті ойдағыдай орындауға қажетті мәліметтер мен ресурстар болмайды; - бағыныштыда істеп үлгере алмайтын жұмыстар көп, немесе сол шындығында солай деп есептейді; - бағынышты өзіне - өзі сенбейді; -бағыныштыға қосымша жауапкершілік жүктейтіндей, ешқандай қолайлы ықпал болмайды. Өкілеттікке сенім көрсетудің негізгі принциптері мынада: ең әуелі бірінші қызметке тікелей басшының өзі қандай өкілеттілікті жүзеге асыруы тиіс және қандай өкілеттілікті бағыныштыларына беру жөн екендігін анықтау қажет. Өкілеттілікке сенім артудың маңызды принциптерінің бірі – бағыныштыларға жүктелетін және құқықтарымен дер кезінде таныстырып отыру. Өкілеттілікке сенім көрсету процесінде нақты жұмыскерлерге жүктелетін міндеттердің, олардың күш – қуаты мен ақыл – ойы мүмкіндіктеріне сай келуін ойластыру қажет. Егер бағыныштыларға өз мүмкіндіктерінен тыс жауапкершілік жүктелетін болса, онда басшы қандай шараларды қолданса да көрсетілген сенім орындалмайды. Сондықтан да әрбір жұмыскердің мақсаты мен міндетін белгілегенде, олардың жеке басының сапасы ескерілуі тиіс. Ұйымдық тұрғыдан алғанда басшы тиісті алғы шарттарды құру туралы ойластыруы тиіс: біріншіден, әрбір жұмыс орнының қызметін айқын, әрі дәлелді белгілеу қажет, екіншіден, әрбір жұмыскердің қызмет бабы мен ерекшеліктерін, олардың білімі мен кәсіби даярлығын, жинақтаған жұмыс тәжірибесін анықтау. Осы жағдайларды ескергенде ғана жұмыскердің өз ісіне сай келетіндігіне толық сенуге болады. Басшы өкілеттілік берілген адамға толық сенуі тиіс. Өзінің біліміне, тәжірибесіне және басқадай сапаларына сай өкілеттілік алғандарға толық сенуге, әрі оларды пайдалы іске қатыстыруға болады. Басшы өкілеттілік беріліп, істі орындауға деген жауапкершілік жүктелген адамдардың жұмысын ойдағыдай бақылауды, олардың өзін өзі бақылау дағдысына қалыптасуын баулуға толық мүмкіндік тудырады. Басшы тарапынан өкілеттілік неғұрлым көп берілсе, жұмыстың орындалуы жедел түрде бақылау соғұрлым ойдағыдай болады. Орындаушыларға жұмысты бөлу ісінде, орындалуына жағдай жасауда екі түрлі алғы шарт бар. Біріншісі, жұмыскерлерге қандай істі қалай атқару керектігі тапсырылып, олардың қызметі мен міндеті айқындалады. Екіншісі, орындаушыға тиісті ресурстарды беру арқылы сол міндеттерін іс жүзінде жүзеге асыру қамтамасыз етіледі, әрі басқару объектісіне ықпал етудің тиімді жолдары қарастырылады. Өкілеттілікке сенім көрсетуді жүзеге асыру кезінде басшы қарамағындағылардың құқығы мен жауапкершілігі жөніндегі ара қатынас мәселесін шешуіне тура келеді. Басшыға міндетті толық орындай алатын өкілеттілік беруі тиіс Бұл - сәйкестік принципі. Өкілеттілікке сенім көрсетудің тиімділігі кез келген бағыныштылардың атқарған ісінің нәтижесіне тиянақтылығына байланысты, ал бұл үшін жұмыс нәтижесі туралы толық мәлімет болуы тиіс. Міне, сондықтан да өкілеттілікке сенім көрсетудің міндеті мен мақсаты тиянақты бақылау мен тексеру болып саналады. Бақылау дегеніміз бағыныштыларға көмек көрсету, істі жете білмеуден, тәжірибесіздіктен және басқадай дәлелді себептерден болатын ағаттықтарды алдын ала болдырмау, ал кемшілік бола қалған жағдайда дер кезінде түзету. Басшы сонымен қоса сенім көрсетілген адамдарға әр түрлі көтермелеу шараларын тиімді қолдана білуі тиіс. Көтермелеу нышандары алуан түрлі қосымша ақы төлеу, қызметін жоғарылату, құрметті атақтар беру, жұмыс жағдайын жақсарту т.б. Мадақтаудың тиімділігі сол, бағынышты адамдар қосымша жауапкершілік пен жеке басын қанағаттандыру арасында тікелей байланыс бар екендігін түсінеді. Тиімді басшылық басшы мен оның қарамағындағылардың арасындағы дұрыс қарым – қатынасқа байланысты. Жақсы басшы болу үшін өзінің қарамағындағылармен дұрыс қарым – қатынас жасай білу керек. Басшыға бағыныштылар да нашар басшы мен жақсы басшының арасында едәуір айырмашылық бар екенін жете түсінеді. Басшылар ойдағылай болған жағдайда жұмыста қыза түседі, ал істің нәтижесі болуы кәсіби мәртебесін арттыра түседі. Басшылықты тиімді атқарудың айырықша маңызды алты түрлі элементі бар: 1. Кері байланыс. 2. Біршама еркіндік. 3. Жұмысқа көзқарас. 4. Жұмыс нәтижесін бағалау. 5. Жеке басының мінез – құлқы. 6. Жоғарылату. 2.Практикалық сабақтар тақырыптар: Тақырып 1. Этика ұғымы және оның заты Мақсаты: Этика ұғымен оның қалыптасуы туралы 1.Этика түсінгі 2.Этиканың қалыптасуы мен даму кезеңдері 3.Қазіргі этика теориялары Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Этика ұғымын қалыптасуы 2.Этика тероиялары 3.Қазақстандағы этиканың қалыптасуы мен дамуы Негізгі әдебиеттер: 1.Афанасьева А.В Этика и психология профессиональной деятельности.- М.,2004 2) 2.Анцупов А.Я ,Шипилов А.И Конфликтология. М. ЮНИТИ-ДАНА ,2002 3.Букреев В.И Этика права: от истоков этики и права к мировоззрению.Учеб.пособие .М,1998 4.Габитов Этика Юриста.Учебное пособие.Алматы; 2003. 5.Пивоваров П.Г Пофессиональная этика сотрудников правоохранительных органов: Учеб. Пособие / под ред. Г.В. Дубова, А.В. Опалева.-2е,изд; 6.Халиулина В.П. Профессиональная этика юриста.-М.2004 Тақырып 2. Заңгердің кәсіби этикасының заты, міндеті, ерекшелігі. Мақсаты: Заңгкр этикасы түсінгі, ұғымын ашу 1.Кәсіби этиканың түсінігі, оның заты 2.Методология және заңгердің кәсіби этикасын әдістері 3.Кәсіби этиканың міндеттері 4. Құқық қорғау органдары қызметкері кәсіби этикасының нормативтік- құқықтық қамтамасыз етілуі. Өзін өзі бақылау сұрақтары: 1.Заңгердің кәсіптік этикасы 2.Этиканың нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі 3.Кәсіби этиканың міндеттері Негізгі әдебиеттер 1.Афанасьева А.В Этика и психология профессиональной деятельности.- М.,2004 2) 2.Анцупов А.Я ,Шипилов А.И Конфликтология. М. ЮНИТИ-ДАНА ,2002 3.Букреев В.И Этика права: от истоков этики и права к мировоззрению.Учеб.пособие .М,1998 4.Габитов Этика Юриста.Учебное пособие.Алматы; 2003. 5.Пивоваров П.Г Пофессиональная этика сотрудников правоохранительных органов: Учеб. Пособие / под ред. Г.В. Дубова, А.В. Опалева.-2е,изд; 6.Халиулина В.П. Профессиональная этика юриста.-М.2004 Тақырып 3. Құқық қорғау органдары қызметкерінің кәсіптік қызметінің категориялары Мақсаты: Кәсіптік қызмет этикасы ұғымы 1.Этикалық категориялар ұғымы 2.Негізгі этикаылық категориялардың сипатамасы 3. Заңгер қызметіндегі этикалық категориялардың әлеуметтік маңыздылығы Өзін өзі бақылау сұрақтары: 1.Әділдік, кәсіби борыш,бедел ұғымдар 2. Этикаылқ категориялар Негізгі әдебиеттер 1.Афанасьева А.В Этика и психология профессиональной деятельности.- М.,2004 2) 2.Анцупов А.Я ,Шипилов А.И Конфликтология. М. ЮНИТИ-ДАНА ,2002 3.Букреев В.И Этика права: от истоков этики и права к мировоззрению.Учеб.пособие .М,1998 4.Габитов Этика Юриста.Учебное пособие.Алматы; 2003. 5.Пивоваров П.Г Пофессиональная этика сотрудников правоохранительных органов: Учеб. Пособие / под ред. Г.В. Дубова, А.В. Опалева.-2е,изд; 6.Халиулина В.П. Профессиональная этика юриста.-М.2004 Тақырып 4. Мораль.Мораль функциялары, оның құрылымы және элементтері Мақсаты.Моральдың түсінгі және мәнін ашу. 1. Моральдың түсінгі және мәні 2. Мораль құрылысының негізгі элементтері 3. Моральдың функциялары 4. Құқық қорғау органдары қызметкерінің мораль нормалары мен принциптері Өзін- өзі бақылау сұрақтары. 1.Құқық қорғау органдарының принциптері 2.Моральдық-ізігілкті қарым-қатынастар Негізгі әдебиеттер 1.Афанасьева А.В Этика и психология профессиональной деятельности.- М.,2004 2) 2.Анцупов А.Я ,Шипилов А.И Конфликтология. М. ЮНИТИ-ДАНА ,2002 3.Букреев В.И Этика права: от истоков этики и права к мировоззрению.Учеб.пособие .М,1998 4.Габитов Этика Юриста.Учебное пособие.Алматы; 2003. 5.Пивоваров П.Г Пофессиональная этика сотрудников правоохранительных органов: Учеб. Пособие / под ред. Г.В. Дубова, А.В. Опалева.-2е,изд; 6.Халиулина В.П. Профессиональная этика юриста.-М.2004 Тақырып 5.Мораль ізгілік қызметін анықтайтын әлеуметтік факторлар жүйесін құрайтындардың бірі ретінде.Ізгілікті таңдаудың түсінгі.Моральдың кәсіптік-ізгілікті мәні және мақсаты Мақсаты:Моральдыңі әлеуметтік сипаты туралы 1.Моральдың әлеуметтік сипаты 2. Мораль және құқық, олардың өзара байланыссы және айырмашылығы 3.Мораль факторлары 3. Заңгердің қызметіндегі моральдық факторлардың ерекшелігі Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Мораль және құқық 2.Мораль және саясат 3. Моральдық сана және моральдық мәдениет 4.Діни мәдениет Негізгі әдебиеттер 1.Афанасьева А.В Этика и психология профессиональной деятельности.- М.,2004 2) 2.Анцупов А.Я ,Шипилов А.И Конфликтология. М. ЮНИТИ-ДАНА ,2002 3.Букреев В.И Этика права: от истоков этики и права к мировоззрению.Учеб.пособие .М,1998 4.Габитов Этика Юриста.Учебное пособие.Алматы; 2003. 5.Пивоваров П.Г Пофессиональная этика сотрудников правоохранительных органов: Учеб. Пособие / под ред. Г.В. Дубова, А.В. Опалева.-2е,изд; 6.Халиулина В.П. Профессиональная этика юриста.-М.2004 Тақырып 6.Құқық қорғау органдарының жеке мамандықтар қызметінің ізгілікті-этикалық негіздері. Мақсаты: Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ізгілік негіздері 1.Құқық қорғау органдары қызметкерінің қызметіндегі ізгілік негіздер 2.Заңгердің Ар-ождан кодексі 3.Жеке заң мамандықтарының ізгілігі Өзін- өзі бақылау сұрақтары: 1.Заң мамандығы өкілдернің қызметін құрайтын жеке ізгілік 2.Бұқаралы қ ақпарат құралдарымен өзара әрекетесудің ізгілікті аспектілері. 3.Ізгілік кәсіптік негіз Негізгі әдебиеттер 1.Афанасьева А.В Этика и психология профессиональной деятельности.- М.,2004 2) 2.Анцупов А.Я ,Шипилов А.И Конфликтология. М. ЮНИТИ-ДАНА ,2002 3.Букреев В.И Этика права: от истоков этики и права к мировоззрению.Учеб.пособие .М,1998 4.Габитов Этика Юриста.Учебное пособие.Алматы; 2003. 5.Пивоваров П.Г Пофессиональная этика сотрудников правоохранительных органов: Учеб. Пособие / под ред. Г.В. Дубова, А.В. Опалева.-2е,изд; 6.Халиулина В.П. Профессиональная этика юриста.-М.2004 Тақырып 7. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіптік қарым –қатынас жасау мәдениеті Мақсатты:Іскерлік қарым қатынас жасау этикасының негізгі принциптерін ашу 1.Сіз тіл табыса аласыз ба?, Сіздің қарым қатынас жасайтын стиліңіз?, Сіз басқа адамдарға әсер ете аласыз ба ? Өзін өз ібақылау сұрақтары: 1.Сенімді қарым қатынасты құру 2.Телефон арқылы сөйлесі 3.Коммуникативтік мәдениет Негізгі әдебиет 1.Афанасьева А.В Этика и психология профессиональной деятельности.- М.,2004 2) 2.Анцупов А.Я ,Шипилов А.И Конфликтология. М. ЮНИТИ-ДАНА ,2002 3.Букреев В.И Этика права: от истоков этики и права к мировоззрению.Учеб.пособие .М,1998 4.Габитов Этика Юриста.Учебное пособие.Алматы; 2003. 5.Пивоваров П.Г Пофессиональная этика сотрудников правоохранительных органов: Учеб. Пособие / под ред. Г.В. Дубова, А.В. Опалева.-2е,изд; 6.Халиулина В.П. Профессиональная этика юриста.-М.2004 Тақырып 8.Әдептілік заңгердің кәсіптік қызметінде Мақсаты: Құқық қорғау органдары қызметкерінің этикеті және имиджі ашу 1.Үстел жасау ережесі «телефон арқылы сөйлесейік », «жұмысқа қабылдау», үстел басында өзін өзі ұстау ережесі Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Іскерлі қатынастардың табиғаты және мәні 2.Іскерлік қарым қатынас жасау этикеті негізгі принциптері 3.Іскерлік қарым қатынас сөйлеу мәдениеті 4.Пікір талас мәдениеті Негізгі әдебиеттер 1.Афанасьева А.В Этика и психология профессиональной деятельности.- М.,2004 2) 2.Анцупов А.Я ,Шипилов А.И Конфликтология. М. ЮНИТИ-ДАНА ,2002 3.Букреев В.И Этика права: от истоков этики и права к мировоззрению.Учеб.пособие .М,1998 4.Габитов Этика Юриста.Учебное пособие.Алматы; 2003. 5.Пивоваров П.Г Пофессиональная этика сотрудников правоохранительных органов: Учеб. Пособие / под ред. Г.В. Дубова, А.В. Опалева.-2е,изд; 6.Халиулина В.П. Профессиональная этика юриста.-М.2004 Тақырып 9.жанжал және оның моральдық –ізігіліктік құрылысы. Мақсаты:Ізгілік жанжалдың түсінгі менқұрылысын ашу 1.Сіз жанжал шығаратын адамсыз ба?,Сіз тіл табусуға өзінізге баықлау жасайсыз ба?,Сіз тез бейімделесіз бе?,Сіздің тіл табыса алуыңыз? Өзін -өзі бақылау сұрақтары: 1 Тәжірбиедегі жанжалдың оң және теріс ролі 2.Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің моральдық жанжалдары. 3.Пікір таласты , жанжалды шешу Негізгі әдебиеттер 1.Афанасьева А.В Этика и психология профессиональной деятельности.- М.,2004 2) 2.Анцупов А.Я ,Шипилов А.И Конфликтология. М. ЮНИТИ-ДАНА ,2002 3.Букреев В.И Этика права: от истоков этики и права к мировоззрению.Учеб.пособие .М,1998 4.Габитов Этика Юриста.Учебное пособие.Алматы; 2003. 5.Пивоваров П.Г Пофессиональная этика сотрудников правоохранительных органов: Учеб. Пособие / под ред. Г.В. Дубова, А.В. Опалева.-2е,изд; 6.Халиулина В.П. Профессиональная этика юриста.-М.2004 3. Студенттердің өздік жұмысы 3.1.Студенттердің өздік жұмысын орындаудағы әдістемелік нұсқаулар Өздік жұмысының кең таралған және маңызды түрлерінің бірі – ол тәжірибелік сабақтарға және ғылыми конференцияларға студенттермен әзірленетін рефераттар болып саналады. Бұл өздік жұмыстың түрі өте қызықты және маңызды, өйткені ол студентті ғылыми зерттеулерге баулиды. Рефератты дайындау студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының элементі ретінде оларды аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік береді. Осының бәрі, студенттердің рефераттық жұмыстарын басқаруын ұйымдастыруға үлкен жауапкершілік артады. Рефераттың тақырыбын таңдап алу өте маңызды орын алады, өйткені студенттің өздік жұмысқа деген қызығушылығы, алынған тақырыпқа байланысты болады. Сондықтан, оқытушыға студенттің тақырыпты дұрыс таңдап алуына көмек жасап, рефератты әзірлеу барысында оған жалпы басқаруды қамтамасыз ету қажет. Рефератты әзірлеуінің бірінші кезеңі - әдебиетті дұрыс таңдау, ол үшін кітапханадағы каталогтарды және басқада библиографиялық нұсқауларды қолданған жөн. Студентті анықтамалық әдебиеттермен, термин – аудармалармен, әдістемелік нұсқаулармен, ғылыми журналдармен қолдануға үйрету қажет. Екінші кезең – танысу, мәліметті топтастыру және талдау. Ең алдымен тақырып бойынша негізгі құжаттарды оқып, оларды зерттеуден бастау керек. Осы жұмыс барысында тақырыптың негізгі сұрақтары біліне бастайды, олардың реттілігі және бастапқы жоспары. Сонан кейін, жоспардың сұрақтары арқылы барлық зерттелген әдебиет бойынша мәліметті топтастыру қажет. Барлық мәлімет жиналғаннан кейін, жоспарды ретке келтіріп, рефератты құрастыруға және жазуға кірісуге болады. Бұл реферат әзірлеуінің үшінші соңғы кезеңі болмақ. Ақырында пайдаланған әдебиет тізімін келтіру қажет. Оқытушыға студенттерді қатал бақылауының қажеті жоқ, керісінше олардың ынтасын марапаттау қажет. Реферат толығымен әзірленбей тұрып, оқытушы студенттің дайындаған жоспарын қарап шығу қажет. Рефератты ресімдеу сұрақтары бойынша арнайы кеңес берген жөн. Рефераттың титулды бетіне университеттің және факультеттің атауын, мамандығын, тақырыбын, өзінің аты – жөнін, жазылған жылын көрсету қажет. Келесі бетте, цифрлармен белгіленген рефераттың жоспары көрсетіледі. Жоспардағы сұрақтардың жауабын жаңа беттен бастаған жөн. Рефератты жазу барысында беттерді нөмірлеп, сол жақтан (3 см) жолдарды қалтыру керек. Ақырғы бетте пайдаланған әдебиеттің тізімі көрсетіледі, олардың жазылуын алдын ала оқытушы студенттерді таныстырады. Реферат жұмысы аяқталғаннан кейін, оны студент тексеруге оқытушыға тапсырады, сонан кейін барып ол жұмысқа : «сыналды», «сыналған жоқ» немесе «қанағаттандырылған», «жақсы», «өте жақсы» деген баға беріледі. Рефераттық жұмыстардың есепке алуының жеке журналы болғаны немесе рефераттарды болашақ оқу жұмыстарында пайдалану үшін оқу залында сақтаған жөн. 3.2 Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары |Тақырып 1Этика ұғымы және оның заты. | |Теория материал: этика тарихы негізігі кезеңдері және бағыттары.Ежелгі Шығыстық| |этикалық ілімдері. Антикалық этика.Ізгілік туралы орта ғасырлық ілім.Жаңа кезең| |этикасы.Қазіргі этика теориялары | |Тақырып 2. Заңгердің кәсіби этикасының заты, міндеті, ерекшелігі.Кәсіби | |этиканың қайнар көздері.Кәсіби этиканың түсінігі және оның заты. Методолгия | |және заңгердің кәсіби этикасының әдістері.Кәсіби этиканың міндеттері.Заңгердің | |кәсіби этиксындағы зернттеу әдістері | |2-Модуль.Заңгердің кәсіптік қызметінің ізгілікті-этикаылық құрайтындары. | |Тақырып 3. Құқық қорғау органдары қызметкерінің кәсіптік қызметінің | |категориялары.Кәсіби борыш.Кәсіби әділдік, Кәсіби ар-намыс. Кәсіби ұят. Кәсіби | |бедел. Этикалық категориялардың ұғымы. Олардың ерекшеліктері мен әлеуметтік | |фукнциялары, сотталғандарды түзетудегі этикалық категориялардың маңыздылығы. | |Тақырып 4.Мораль.Мораль функциялары, оның құрылым және элементтері. | |Моральдың түсініг және мәні. Мораль құрылысының негізгі элементтері. Моральдық | |нормалардың түсінігі және белгілері және олардың иерахиясы.Моарльдық | |қызмет.Моральдық-ізгілікті қарым- қатынастар.Моральдық сана. | |Тақырып 5.Мораль ізгілікті қызметті анықтайтын әлеуметтік факторлар жүйесін | |құрайтындардың бірі ретінде.Моральдың әлеуметтік сипаты. Таңдаудың ізгілікті | |еркі. Мораль және құқық, олардыңөзара байланысыс және айырмашлықтары.Мораль | |және сасяат. Моральдық сана және моральдік тәжірбие. | |Тақырып 6. құқық қорғау органдарының жеке мамандықтарын қызметінің | |ізгілікті-этикалық негіздері.Құқық қорғау органдары қызметкерінің қызметіндегі | |ізіглік негіздері. Адвокат, заңгер кеңесшісі қызметінің ізігілік | |неігздері.Прокуратура қызметкерінің этикасы.Қаржы полициясы қызметкерінің және | |т.б қызметінің ізіглік негіздері.Ар-ұждан кодексі құқық қорғау саласындағы | |жұмыскерқызметінің ізгілікті-кәсіптік негізі ретінде. | |3- Модуль Заңгердің кәсіби этикасын қолданбалы құрайтындар | |Тақырып 7.Құқық қорғау органдары қызметкерінің кәсіптік қарым-қатынас жасау | |мәдениеті.Іскерлік қатынастардың табиғаты және мәні.іскерлік қарым қатынас | |жасау этикасының негізгі принциптері.Тұлғаралық қарым қаытнастардың | |заңдылықтары. | |Тақырып 8. Әдептілік заңгердің кәсіптік қызметінде. | |Этикет туралы түсінік.Этикет түрлері. Құқық қорғау органдары қызметкерінің | |этикеті және имджі.Салемдесу және танысу этикеті.Адамның сыртқы келбеті.Құқық | |қорғау органдары қызметкерінің сыртқы келбет ерекшеліктері. | |Тақырып 9. Жанжал және оның моральдық ізгідікті құрылысы.Ізгілік жанжалдың | |түсінгі. Жанжалдың моральдық құырылыс. Тәжірбиедегі жанжалдың оң және теріс | |ролі.Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің моральдік жанжалдары. Пікір | |таласты, жанжалды шешу этикасы. | 3.3 Реферат тақырыптары 1.Этика туралы Ежелгі ілім 2.Орта ғасыр этикасы 3.Жаңа заман этикасы 4.Жаңа заманның этикаылқ ілімдері 5.Моральдың пайда болуының негізгі концепциялары 6.Мораль және құқық 7.Мораль және саясат 8.Өмірдің мәні неде 9.Қоғамның рухани өмірдегі моральдың алатын орны 10.Мораль және дін 11. Моаль және дін; ұқсастықтары мен айырмашылығы 12.адвокат этикасы 13.Ізгілікті тәрбиелеуден түрлері мен формалары 14.Этикетке және ізгілікке тәрбиелеу 15. іскерлік этика және руханишылдық 16.Іхзгілікті еркіндік 17.Мемлекеттік қызметішінің Ар-ождан кодексі 18Іскерлік этикет 19.Стратегия және жанжал туғанда өзі өз ұстау тактикасы 20.Заңгердің ізгі қасиеттері
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz