Файл қосу
Жоспарлау көрсеткіштері
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3 деңгейлі СМЖ құжаты |ОӘК |ПОӘК 042-14-3-04.42-2007| |ПОӘК | | | |«Өндірісті ұйымдастыру, |№1 басылым | | |жоспарлау және менеджмент» | | | |пәнінен оқу-әдістемелік | | | |материалдар | | | 050701 мамандығы студенттері үшін «Өндірісті ұйымдастыру, жоспарлау және менеджмент » ПӘНІНІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей- 2007 Мазмұны 1. Глоссарий 2. Өндірісті ұйымдастыру,жоспарлау және менеджмент пәні бойынша дәрістер жинағы: 3. Практикалық сабақтар мазмұны 4. Студенттердің өздік жұмысы 1. Глоссарий Банкроттық-бұл жекелеген азаматтардың, кәсіпорындардың т.б. өз қарыздарын төлеуге қабілетсіздігін білдіретін ұғым. Банкроттық кәсіпорындардың жабылуына не таралуына әкеліп соқтырады. Банкротқа ұшырағандар қарызды өтеу үшін өз мүліктерінің бәрін сатуға мәжбұр болады. Экономикалық дағдарыс кезінде банкрот етек алып, барлық саланы бірдей банкроттықа ұшыратуы мүмкін, бұл еңбекшілердің тұрмыс-жағдайын нашарлатады, жұмыссыздар санын көбейтеді, т.б. Жалпы пайда, табыс-кәсіпорынның жалпы табысынан барлық өнімге (жұмысқа) кеткен шығынды алып тастағандағы пайда. Жалпы өнім-кәсіпорындар мен халық шаруашылығының жекелеген салаларында белгілі бір мерзім ішінде (ай, тоқсан, жыл) өндірілген өнімнің (жұмыстың) жалпы көлемі, яғни ақшалай көрсетілген жалпы мөлшері. Табыс, кіріс, түсім-белгілі бір өнімді өндіру, жұмысты атқарунәтижесінде тиісті кәсіпорындарға, сауда - өнеркәсіп мекемелеріне жән жеке адамдарға түсетін ақшалай табыс немесе материалдық игіліктер. Өндіріс шығындары-өнім өндіруге жұмсалған нақты және затқа айналған еңбек шығындарының жиынтығы. Өндіріс шығындары қоғамның өнімдері өндіруге жұмсалған шығындары және кәсіпорындардың тауар өндіруге жұмсалған ақшалай шығындары болып бөлінеді. Қоғамдық өдіріс шығындарына өнімді өндіруге жұмсалған өндіріс құрал – жабдықтары бағасының бір бөлігі әне қажетті еңбекпен жасалған өнімнің құны кіреді. Олар тауардың жалпы құнын анықтайды. Кәсіпорындардың тауар өндіруге жұмсалған ақшалай түріндегі шығындары сол өнімнің өзіндік құны түрінде әрекет етеді. Өндіріс шығындарының бұл бөлігіне материалдық қорларға және жұмысшылардың еңбекақысына жұмсалатын шығындар жатады. Тауар өндірісі кезіндегі өндіріс шығындары құн түрінде көрініп, іске асады. Оғамдық өндіріс шығындары өндірілген өнімнің құнына тең болады. Материал сіңіргіштік, материалды көп қажет ету-белгілі бір өнімді өндіруге, жұмысты орындауға кеткен материалдық қорлар шығынын білдіретін көрсеткіш. Айналым қаржысы-кәсіпорындар мен шаруашылық ұйымдардың айналым қаржылары өндірістік қор жасауы үшін, аяқталмай қалғанөнім қалдықтарын, дайын өнімдерді, т.б. мүліктерді дайындау үшін және айналыс пен өндірістің басқа қажеттерін өтеу үшін пайдаланылады. Айналым қорлары-өндірістің бір циклына тугелмен пайдаланылатын өндірістік қорлардың бір бөлігі. Олардың құны өндірілген өнімге толығымен аударылады, кіреді. Айналым қорларының негізгі элеметтері еңбек заттары, қоймадағы шикізат, негізгі және қосалқы материалдар, отын ыдыс, өндірісте аяқталмай қалған өнім шала фабрикат, арзан және тез тозатын еңбек құралдары, саймандар, алдағы жылдардың шығындары т.б. айналым қорлары кәсіпорынның айналым қаржылар есебінен алынады. Айналым капиталы- тұтыну процесіндегі өнімге толық сіңірілетін және әрбір ауспалы айналым ақша түріндегі түгелдей қайтып оралып отыратын өндіргіш капиталдың бір бөлігі. Өнім көлемі-жеке бір кәсіпорынның, шаруашылықтын не саланың белгілі бір уақыт ішінде шығырған немесе істеп шығаруға тиісті өнім мөлшері. Негізгі шығындар-өнімді жасайтын технологиялық процесттермен тікелей байланысты шығындар (шикізат, материал, энергия, амортизация, т.б.) Негізгі қаржы, құрал, қор-өндірістің неізгі қорға деген суранымы өндіріс көлеміне анықталады. Негізгі қорлар-кәсіпорынның өдіріс құралы мен еңбек құрал жабдықтары. Өндіріс процесінде ұзақ уақыт бойы пайдалынылатын өндіріс құрал – жабдықтары негізгі қорға жатады. Өнім, бұйым-белгілі бір уақыт ішінде тиісті кәсіпорынның, өнеркәсіп саласының шығарған өнімнің жиынтығы. Өндіріс қуаты-өндіріс құрал– жабдықтарын аса тиімді пайдаланып, еңбек пен өндірісті дұрыс ұйымдастырғанда белгілі бір саланың, кәсіпорының, цехтің тиісті уақыт ішінде өнімнің белгілі түрін шығарудаң жоғары қабылеттілігі, мүмкіндігі. Өндіріс циклі, айналымы-еңбек заттарын өнімді әзірлеуден бастап дайын өнім шығарғанға дейін өндіріс процессінде болу мерзімі, уақыты. Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал, электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады. Амортизация – ғимарат, машина, т.б. ұсталуына, тозуына қарай құнын өтеу үшін ауық-ауық ұстап отыратын жарна. Аренда – жерді, малды, егістікті, кәсіпорынын, оның бөлімшелерінің, құрлысты, техниканы, үйді, мүлікті уакытшанемесеұзақ мерзімге пайдалану үшін жасалған шарт бйынша белгіленген жағдайда жалдап алады немесе жалға береді. Келісілген аренда ақысын төлейді немесе өнімін береі, жұмыс көлемін, қызметтерді орындап түрал\ды, жерді және басқаны жалдап алу – ол жерді және басқаны пайдалану түрі, шаруашылықты жүргізу үшін алады, береді. Жерді және басқа объектілерді өнім өндіру немесе орындалатын жұмыс көлемін ұлғайту үшін соңғы кезде оларды арендаға беруге рұқсат етіледі. Еңбек биржасы – бұл жұмысшы күшін, еңбекті алып – сату кезінде жұмысшылар мен кәсіпорындар арасындағы делдалдық қызметті жүйелі атқаратын мемлекеттік мекеме. Сыртқы сауда – бір елдің, республиканың басқа мемлекетке, республикаға тауар шығаруы (экспорт) немесе оны әкелуі (импорт) арқылы жүзеге асырылатын сауда. Сыртқы сауда экспорт пен импорттан құралады. Белгілі кезінде тауарлар экспорттың құны мен олардың импортының құны арасындағы арақатынас сауда балансы деп аталады. Жүк айналымы – белгілі бір мерзім ішінде тасылған жүктің сандық мөлшері. Ұдайы өндіріс- өндіріс процесінің үздіксіз қайталанып, жаңғыртылып отырылуы. Жүк айналымы- белгілі бір мерзім ішінде тасылған жүктің сандық мөлшері. Демпинг- бәсеке күрес түрлерінің бірі. Негізінен сыртқы рынокторды иелену үшін қолданылады. Диверсификация- жан-жақты даму. Өндіріс диверсификациясы- бір-бірімен байланысты емес көптеген өндіріс түрлерінің қатар дамып отыруы, өндірілген өнімнің таңдаулы жиынтығының ұлғайып отыруы. Дивиденд- акционерлік қоғамның пайдасы есебінен әр акция үшін акционерлерге ұдайы төленетін кіріс, яғни акция иесінің табысы. Дотация- өндірілген өнім тиімділігі түрлі себептерден төмендеуі салдарынан кәсіпорындарға белгілі бір шығындарының орнын толтыру үшін мемлекет тарапынан берілетін жәрдем ақы. Нарық сыйымдылығы- нарықта мүмкіндігінше сатылатын тауар мөлшері. Сұраныстың төлем қабілетіне қарай анықталады. Заем, қарыз- белгілі шарт бойынша ақшаны қарызға алуды қамтамасыз ететін қаржы операциясы. Белгілі мерзімге дейін алынған ақша, зат. Импорт – елдің ішкі нарығына шетелден тауар әкелу. Инвентаризация- мүлікті, ақшаны түгелдеу, мүліктерді тізімге алу. Мүліктің түгелдігін, дұрыс сақталуын және қаржы сметасының, есеп айырысу тәртібінің дұрыс жүргізілуін бақылаудың және меншік пен қоймадағы мүліктің есепке сәйкестігін тексеріп, түгендеп отыру. Инвестициялық саясат- халық шаруашылығының әртүрлі салаларында пайда табу мақсатында ұзақ мерзімді капитал салу. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың, оларды шешу бағытта шоғырландырудың, қоғамдық өндірісте тепе-теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдердің жиынтығы. Инвестиция- пайда не табыс табу мақсатымен өз еліндегі не шетелдегі белгілі бір халық шаруашылығының саласына: кәсіпорындарға күрделі қаржының, капиталдың ұзақ мерзімге жұмсалуы. Интеграция- кейбір өндіріс бөлімдерінің немесе оның элементтерінің басқа салалармен бірігуі. Еңбек қарқындылығы- белгілі бір уақыт өлшемі ішінде жұмсалған еңбектің деңгейімен, көлемімен анықталатын еңбек қарқыны. Өндірісті интенсивтендіру- қоғамдық өндірісті дамыту бағыты, мұнда өнімнің үстеме өсуі, ұлттық табыстың көбеюі ең алдымен сапаның өзгеруінің, еңбек өнімділігінің артуы, материалды үнемдеп пайдалану, өндіріс қорларын және қуатын пайдалануды жақсарту, күрделі қаржы тиімділігін арттыру, өндіріс пен еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастыру және халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру нәтижесінде қалыптасады. Инфляция- ақшаның тұрақсыздануы, құнсыздануы. Елдің айналымдағы қағаз ақшасының шамадан тыс көбейіп кетуі салдарынан оның құнсыздануы, яғни ақша айналымының мейлінше тұрақсыз болуы. Инфрақұрылым- экономиканың дамуы мен адамдардың тіршілік әрекетінің жағдайын жақсартып қамтамасыз ететін салалардың жиынтығы. Ипотека- қозғалмайтын мүліктерді кепілге алу арқылы банкілердің ұзақ мерзімге беретін ақшалай қарызы. Кадастр- уақтылы бір жүйеге келтіріп жасалатын керекті объектілерді бағалау тізімі туралы мәліметтер жиынтығы. Калькуляция- өнімнің, жұмыстың өзіндік құнын шығындардың түр-түрі бойынша есептеу. 2 Өндірісті ұйымдастыру,жоспарлау және менеджмент пәні бойынша дәрістер жинағы: Модуль 1. Негізгі өндірісті ұйымдастыру. Тақырып 1. Кәсіпорын туралы түсінік, түрлері (2 сағат) Дәріс жоспары: 1. Кәсіпорын түсінігі, негізгі мақсаты және міндеттері 2. Кәсіпорынның ішкі және сыртқы орта элементтері 3. Кәсіпорындардың жіктелуі 4. Кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формалары Дәріс: 1. Кәсіпорын – бұл дербес шаруашылық жүргізетін бірлік, меншігінде бар еңбек құралдары көмегімен еңбек заттарын өңдеп, тұтынушыларға қажет дайын өнім шығарып, пайда алу мақсатымен оны өткізетін, кәсіби ұйымдасқан еңбек ұжымы. Әр кәсіпорын заңды тұлға ретінде қарастырылады және кәсіпорынды құру келісім шарты негізінде жұмыс істейді. Заңды тұлғаның негізгі белгілеріне келесі жатады: 1) Тұлғаның ұйымдық бірлігі болу керек – нақты және толық басқару құрылымы болу керек, кәсіпорын цехтерге, жұмыс орындарға және т.с.с. бөліну керек; 2) Мүліктік дербестік – бухгалтерлік баланс негізінде; 3) Мүліктік жауапкершілік – кәсіпорын барлық қарыздары бойынша барлық өз мүлігімен жауап беруге тиіс. Кәсіпорынның негізгі міндеттері: 1. Пайда алу және оны өсіру 2. Жұмыс орындарын және еңбек ақыны қамтамасыз ету 3. Қоршаған ортаны қорғау, ластамау 4. Сапалы өнім шығару 5. Жұмысшыларға қажет жұмыс жағдайларын жасау 6. Өз қызметін дамыту 2. Кәсіпорынның ішкі ортасына кіретін негізгі элементтер: А) Өндіріс қорлары Б) Адамдар В) Ақпарат Г) Қаржы Капитал – қосымша құн әкелетін кез келген құндылық. Кәсіпорын қорлары – экономикалық және экономикалық емес болып бөлінеді. Материалдық қорлар. Капитал, негізгі және айналым. Жер қорлары. Энергетикалық қорлар. Материалдық емес қорлар – өнім өңдіруге қатысатын, бірақ материалдық-заттық формасы жоқ қорлар. Авторлық құқық. Патент. Сауда маркалары. Бағдарламалар, ноу-хау және т.с.с. Еңбек қорлары. Еңбек Кәсіпкерлік қабілет. Қаржы қорлары (экономикалық емес) – кәсіпорында бар ақша: • өзіндіке – жарғылық капитал, пайда, амортизациялық қор және т.с.с. • келтірілген. • қарызды. • Басқа түсімдер – сақтық төлемдер, мемлекеттік бюджеттен түскен ақша, дивидендтер және с.с. Кәсіпорынның сыртқы орта элементтері: А) Мемлекеттік органдар Б) Кәсіпорындар – бәсекелестер, әріптестер, серіктестер. В) Тұтынушылар Г) Кәсіпорын қасында тұратын халық 3. Кәсіпорындардың жіктелуі Жіктеу факторлары: 1) Қолданылатын қорларына байланысты кәсіпорындар еңбек сіңіргіштігі жоғары, қор сіңіргіштігі жоғары және материал сіңіргіштігі жоғары болып бөлінеді. Еңбек сіңіргіштігі жоғары кәсіпорындарда, көбінесе еңбек бөлінісі дәрежесі өте жоғары. Бөл бөліністің кемшіліктері еңбекті ізгілендіру, еңбек қызметін қызықтыру және топтарда жұмыс істеу тұжырымдамаларын туғызды. 2) Салаға байланысты кәсіпорындар келесі түрде бөлінеді: кен өңдіру, өнеркәсіптік кәсіпорындар, ауыл шаруашылық, сауда, транспорт, байланыс, құрылыс кәсіпорындары, қаржы мекемелері. 3) Орналасуына қарай. Орналасу жерін таңдау белгілері: а) материалдар шығындары (транспорттау шығындарын азайту) б) еңбек шығындары (еңбек қорларының жеткіліктілігі, еңбек күші бағасы) в) тауарларды сату шығындары және салықтар деңгейі г) транспорттық құралдар жеткіліктілігі д) энергия шығындары е) қоршаған орта жағдайына қарай ж) тұтынушылар жеткіліктілігіне з) жергілікті жердің ерекшеліктеріне қарай (ландшафтысы, климаты және с.с.) и) шетел әріптестерімен байланысуына қарай 4) кәсіпорын өлшеміне қарай ірі, орташа, шағын кәсіпорындар болады. Ол үшін жұмысшылардың саны, жылдық айналымы, негізге қаржы мөлшері, жұмыс орындарының саны, бастапқы материалдардың қолданылуы есебке алынады. 5) меншік формасына қарай жеке, мемлекеттік, ұжымды кәсіпорындар болады. 6) ұйымдастырушылық-құқықтық формасына қарай 4. Кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формалары. Шаруашылық серіктестіктер. Шаруашылық серіктестіктер – белгілі бір мақсаттарға жету мақсатымен кәсіпкерлердің бірігуін айтады. Екі не одан көп қатусышысы болу керек. Табыс енгізген капитал үлесіне сәйкес бөлінеді. Барлық серіктестер ұйымның жұмысына міндетті түрде қатысу керек. Жалданды еңбек қолдана алады. Екі түрі бар: 1)Толық серіктестік. Оның мүшелері кәсіпорын қарыздары үшін бүкіл мүлігімен жауап беруге тиіс. Сондықтан да бұл ең сенімді ұйымның түрі. Әр серіктес ұйым атынан басқалардың келісімінсіз қызмет ете алады. 2)Коммандитті серіктестіктер. Мұнда толық серіктестермен бірге жай салымшылар коммандитисттер бола алады. Коммандитисттер компанияны басқаруға қатыспайды, тек енгізген капиталдан процент түрінде пайда алады. 2.Шаруашылық қоғамдар. Шаруашылық қоғам – коммерциялық мақсаттарға байланысты капиталдардың бірігуі. Міндетті түрде жарғысы және құрылтай келісім шарты болу керек. Қоғамның жұмысына қатыспауға да болады. Түрлері: 1. ЖШҚ – Жауапкершілігі шектелген қоғамдар: Мүшелердің жауапкершілігі олардың салымдар мөлшерімен ғана шектелген. Қатысушылар саны шектелмеген. Ең сенімсіз кәсіпорын формасы. 2. Қосымша жауапкершілігі бар қоғам: мүшелері қоғам қарыздары бойынша бүкіл мүлігімен өз салым үлесіне пропорционалды жауап береді. 3. АҚ: Жарғылық капитал бірдей үлестерге – акцияларға бөлінеді. Түрлері: 4. ЖАҚ: Акциялар акционерлердің көпшілігі берген рұқсатымен ғана сатылады. Қоғам мүшелері арасында ғана қолданылады. 5. ААҚ: акциялар еркін сатылады. 3.Өндірістік кооперативтер – бұл бірлескен өндірістік және шаруашылық қызмет жүргізу мақсатымен адамдардың бірігуі. Әр құрылтайшы кооператив жұмысына тікелей еңбек ету қажет. Жалданды еңбек қолдануға тыйым салынады. Табыс істеген еңбек үлесіне қарай бөлінеді. Жауапкершілік – берген салым (пай) мөлшерінде. 4.Унитарлы кәсіпорын. Мұнда мүлікке меншік құқығы болмайды, барлық қызметкерлер жалданды болады. Екі түрі бар: Шаруашылық жүргізу құқығы бар: кәсіпорын қарыздары бойынша мемлекет жауап береді. Оперативты басқару құқығы бар: (қазыналық кәсіпорындар) тек мемлекет ие болады (мысалы қорғаныс өнеркәсібі). Кәсіпорындар ұйымдарға біріге алады: Ұйымдардың келесі түрлері болады: Корпорация – акционерлік қоғам, жалпы мақсаттарға жету үшін бірнеше кәсіпорындардың бірігуі, кіретін кәсіпорын қарыздары үшін жауап береді. Концерн – келісімдік монополиялық бірлестік, шоғырландыру, кооперациялау, мамандану және интеграциялау артықшылықтарын қолданады. Ең ірі кәсіпорын түрі. Консорциум – ірі экономикалық бағдарламаны орындау үшін кәсіпорындардың уақытша бірігуі. Картель – нарықтарды бөлу, баға деңгейі, өнім өңдіру үлесі, төлем жасау мерзімдері және т.б. бойынша жасалынған келісім. Трест – кәсіпорындар өз дербестігінен толығымен айрылады, бір орталыққа бағынады. Синдикат – жабдықтау және өткізу сұрақтары бойынша қызметті жетілдіру мақсатымен ерікті түрде бірігу түрі. Холдинг – акционерлік қоғам түрі, өз капиталын басқа компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алу үшін қолданады және оларға басқару жүргізеді. Қаржылы-өнеркәсіптік топтар – ірі инвестициялық бағдарламаларды іске асыру мақсатымен өз активтерін біріккен заңды тұлғалар жиынтығы. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Кәсіпорын дегеніміз не? Оның негізгі міндеттеріне не жатады? 2. Кәсіпорының ішкі ортасына кіретін негізгі құрамдас элементтер? 3. Кәсіпорынның сыртқы ортасы элементтері? 4. Кәсіпорындардың жіктелуін атаңыз. 5. Кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формалары: серіктестіктер, қоғамдар, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар, кооперативтер, бизнестың басқа формалары 6. Кәсіпорынның заң алдындағы міндеттемелері және құқықтары. 7. Кәсіпорындарды тіркеу тәртібін сипаттаңыз. Әдебиет 1. ҚР-ның «Кәсіпорындар туралы» заңы: 2. Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г. Поршнева, М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 59-71 б 3. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 5-15, 37-58 б. 4. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 2000 г., 75- 111 б 5. Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 2001 г., 11-35,42-72 бб. 6. Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: «Ғылым», 2002 ж., 4-12 б Тақырып 2. Кәсіпорын қызметін болжау және жоспарлау (2сабақ) Дәріс жоспары: 1.Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау мен болжау жұмыстарына сипаттама беру. 2.Жоспарлаудың әдістемелік негіздері. 3.Жоспарлау көрсеткіштері. 4.Кәсіпорынды дамыту жоспары. Дәріс: 1. Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау мен болжау жұмыстарына сипаттама беру. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын қызметінің тиімділігі олардың болашағын қаншалықты анық көре білуіне, яғни болжауға байланысты. Болжау-болашаққа көзқарас,дамудың мүмкін жолын бағалау. Белгілі бір мақсатқа жету үшін жасалынған әрекеттің реттелген үлгісін жоспар деп атайды. Жоспарлау-жаңа мүмкіндіктер арқылы мақсатты әрекеттерді біріктіру арқылы жаңа жол мен әдістерді іздеудің үздіксіз процесі. Жоспарлау менеджменттің алғашқы функциясы:жоспарлау-ұйымдастыру-басқару-тексеру. Жоспарлау процессіндегі кезеңдер: 1)мақсатты қалыптастыру 2)қойылған мақсатқа жету тәсілдерін таңдау,талдау,бағалау 3)қажет әрекет тізімін құрастыру 4)жұмыс бағдарламасын құрастыру 5)ресурстарды талдау 6)жасалған жоспар вариантын талдау 7)әрекет жоспарын дайындау 8)жоспардың орындалуын қадағалау. Жоспарлаудың принциптері: 1)жоспарлауға барлық қызметкерлерді қатыстыру. Мұндай жоспардың 2 түрі бар:дирекативті (жоғардан төмен) және индикативті (төменнен жоғары).1-де кәсіпорын мақсаты мен міндеттері анықталады. Мұнан кейін бұл көрсеткіштер бөлімше жоспарларында көрсетіледі. Төменнен басталатын әдіс керісінше, көрсеткіштерді бөлімшелер жасап, сонан кейін біріктіріледі. 2)жоспар үздіксіз болуы керек,сыртқы және ішкі өзгерістерге байланысты түзетулер мен толықтырулар жасау. 3)үйлестік және интеграциялық,жоспардың жеке бөлімдері өзара байланысуы қажет және кәсіпорын бөлімшелерінің іс әрекеттері бір-бірімен үйлесімді, олардың бір-біріне тәуелділгін көрсетіп жоспарлау. Уақыт мерзімі бойынша жоспарлау түрлері: болашақтық, ағымдық және оперативті-өндірістік. Болашақты жоспарлау болжауға негізделеді, оны стратегиялық жоспарлау деп те атайды. Ұзақ (10-15 жыл) және орта мерзімді (5 жыл) жоспарлауға бөлінеді. Ағымдағы(жылдық) жоспарлау бес жылдық жоспар негізінде жасалады, оның көрсеткіштерін нақтылайды. Оперативті-өндірістік жоспарлау жылдық жоспардың міндеттерін қысқа уақыт ішінде (ай, онкүн, ауысым, сағат) жекелеген өндіріс бөлімшелерінде: цех-аймақ-жұмыс орны нақтылайды. Кәсіпорынның негізгі жоспарларына кәсіпорынның даму жоспары, өндірістік бағдарлама, кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық даму жоспары жатады. 2.Жоспарлаудың әдістемелік негіздері. Кәсіпорынның даму жоспарын жасау кезінде жоспарлау әдістемесін, яғни жоспарды жасаудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын әрі қарай жетілдірудің маңызы зор. Жоспарлау әдістемесінің негізгі бағыттары: -жоспарларды ғылыми-техникалық және есепті-экономикалық негіздеуді арттыру -озық техникалық-экономикалық нормалар мен нормативтер қолдану. Норма-белгіленген сапамен өнім дайындауға жұмсалған шикізат, материал, отын, энергия т.б. шығындарының максимальды босатылған мөлшері. Норматив- салыстырмалы шама. Ол еңбек заттарының, еңбек құралдарының қолданылу деңгейін, олардың аудан, салмақ ,көлем бірлігіне жұмсалған шығын көлемін көрсетеді. (мысалы,қор қайтымдылығы-негізгі қорлардың 1 теңгесіне өнім шығару) . Қолданылатын техникалық нормалар мен нормативтер озық болуы қажет, яғни оларды жасау кезінде ғылым, техниканың, технологияның, өндірісті ұйымдастырудың қазіргі даму деңгейі есепке алынуы керек. Өндірістік қуат толық пайдаланылуы және алдыңғы өндірістік тәжірибе қолданылуы тиіс. Техникалық нормалар мен нормативтер келесі негізгі топтар бойынша жасалады: 1) тірі еңбек шығындарының нормалары (өнім бірлігіне жұмсалған жұмыс уақытының шығындарының нормалары, уақыт бірлігіндегі өнім өндіру нормалары, қызмет көрсету нормалары, адамдар санының нормативтері). 2) материалдық шығындардың нормалары (шикізаттың, материалдың, отынның, энергияның үлестік шығын нормалары). 3) еңбек құралдарын пайдалану нормативтері (машиналарды, жабдықтарды, механизмдерді, құрылғыларды, құралдарды пайдалану нормативтері). 4) өндіріс процесін ұйымдастыру нормативтері (өндірістік цикл ұзақтығы, аяқталмаған өндіріс көлемі, шикізат, материалдар, отын запастары). Нормалар мен нормативтердің әр топтарының міндеттері әр түрлі. Тірі еңбек шығындарының нормалары еңбек өнімділігінің деңгейін, жұмыс уақытын пайдалануды, еңбек ақы мөлшерін бекітуді анықтау үшін қажет. Материалдық ресурстардың үлестік шығын нормаларының және өндірістік бағдарлама негізінде материалдық ресурстардың жекелеген түрлерінің қажетті саны анықталады. Еңбек құралдарын пайдалану нормативтері өндірістік қуатты пайдалану деңгейін есептеуге көмектеседі. Нормалар мен нормативтер негізінде өнімнің өзіндік құны анықталады. 3. Жоспарлау көрсеткіштері. Жоспарлауда қолданылатын көрсеткіштер сандық және сапалық көрсеткіштерге бөлінеді. Сандық көрсеткіштер абсолютті шамалар. Оларға тауар өнім, жалпы өнім көлемі, өткізу көлемі, жұмысшы саны, қызметкер саны, еңбек ақы қоры, пайда сомасы және әр түрлі өндірістік ресурстардың шығын мөлшері т.б. жатады. Сапалық көрсеткіштер-салыстырмалы шамалар болып табылады. Олар өндірістің экономикалық тиімділігін, жекелеген факторларды көрсетеді. Бұл еңбек өнімділігінің өсуі, өнімнің өзіндік құнының төмендеуі, өндірістің рентабелдігі, қор қайтымдылығы, өнім сапасы. Өнеркәсіп жоспарының көрсеткіштерін есептеу үшін натуралдық, еңбектік және құндық көрсеткіштер қолданылады. Натуралдық көрсеткіштер өндіріс көлемін, материалдық қорларды жоспарлағанда қолданылады. Еңбектік көрсеткіштер еңбек өнімділігін, еңбек ақы мөлшерін есептеу үшін, өнім өндіру нормасын анықтау үшін қолданылады. Құндық көрсеткіштер көмегімен өндірістің даму көрсеткіштері анықталады. Өнімді өткізу көлемі, тауар және жалпы өнім көлемі жоспарланады. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Болжау мен жоспарлау түсінігі 2. Жоспарлау процессіндегі кезеңдер 3. Жоспарлаудың принциптері 4. Уақыт мерзімі бойынша жоспарлау түрлері 5. Норма мен норматив түсінігі 6. Жоспарлауда қолданылатын көрсеткіштер 7. Кәсіпорынның даму жоспары Әдебиет 1. Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г. Поршнева, М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 398-416 б 2. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 246-267 б. 3. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 2002 г., 234- 276 б Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 2000 г., 180- 208 б. 4. Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: «Ғылым», 2002 ж., 54-68 б 5. «Кәсіпорын экономикасы» курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер жинағы /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 46-48, 55-56 б. Тақырып 3. Еңбекті және еңбек ақыны жоспарлау (2сағат) Дәріс жоспары: 1. Фирманың еңбек қорларының құрамы және құрылымы 2. Жұмыс күшінің қажеттілігін анықтау әдістері 3. Еңбек өнімділігін өсіру мәселелері 4. Еңбек ақының экономикалық мағынасы 5. Еңбек ақы түрлері, еңбекті төлеу формалары, жүйелері Дәріс 1. Фирманың еңбек қорларының құрамы және құрылымы Кәсіпорынның барлық жұмыскерлері өнеркәсіпті-өндірістік персоналға (ӨӨП) – өндірісте істейтін және оған қызмет көрсететін адамдарға және өнеркәсіптік емес персоналға– өнім өңдіруге қатыспайтын адамдарға бөлінеді. Кәсіпорынның адам санын және еңбек өнімділігін есептеуде тек ӨӨП көрсеткіші қолданылады. ӨӨП-ның жалпы саны келесі бөліктерден тұрады: [pic] Жұмысшылар – еңбек затына тікелей әсер ететіндер – негізгі және көмекші болып бөлінеді. ИТЖ – инженерлі-техникалық жұмыскерлер –кәсіпорынға ұйымдастырушылық, экономикалық, техникалық басқарумен айналысатын адамдар. Қызметкерлер – Құжаттармен айналысатын, есепті, есеп жүргізу, талдау жұмыстармен жұмыскерлер. КҚП – кіші қызмет көрсетуші персонал. Оқушылар – Кәсіпорында оқитын және оның тізімінде тіркелген адамдар. Қорғау бөлімі – қорғаудың барлық түрлері. Қазіргі кезде ӨӨП саны келесі формула бойынша табылады: [pic] ӨӨП құрылымы деп жұмыскерлердің белгілі бір категориясының жалпы санындағы пайыздық үлестерін айтады. [pic] , мұндағы чi –i-й топ жұмыскерлер саны. Жұмыскерлер сондай-ақ, мамандығына, кәсіби мамандығына және біліктілігіне қарай бөлінеді. Нарықтық жағдайларда жаңа пайда болған мамандықтар: мысалы, брокер, дилер, маклер, дистрибьютор, коммивояжер, т.с.с. 2. Жұмыс күшінің қажеттілігін анықтау әдістері Жұмыскерлер санын анықтағанда олардың келу және тізімдік санын есептейді. Жұмыскерлердің келу саны – өндірістік бағдарламаны орындауға қажет жұмыскерлердің саны. Жұмыскерлердің тізімдік саны – кәсіпорынға қабылданған, оның кадрлық тізімінде тіркелген жұмыскерлер саны (іссапарларда, демалыстарда, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді атқаратын, сырқатқа байланысты келмеген жұмыскерлерді есебке алғандағы). Жұмысшылардың саны келу және тізімдік саны бойынша табылады, қалған жұмыскерлер категориялары тек тізімдік саны бойынша табылады. Жұмысшылар саны үш әдіспен анықталады: 1. Уақыт нормасы бойынша: [pic] ti – i-й бұйымды өңдірудің еңбек сіңіргіштігі, нормо-сағат. Ni –i-й бұйымды өңдіру жоспары. [pic] - бір жұмысшының нәтижелі уақыт қоры. Квн – нормаларды орындау коэффициенті 2. Штаттық жұмыс орындары бойынша: [pic] [pic] - жабдықтың нәтижелі жұмыс уақыт қоры. Ri – i-й жабдыққа қызмет көрсететін жұмысшылар нормасы, саны. 3. Қызмет көрсету нормалары бойынша: [pic] Но – бір адам қызмет көрсететін агрегаттар саны, қызмет көрсеті нормасы. S – сменалар саны. ИТЖ саны жұмысшылардың жоспарлы саны және басқару нормасы негізінде анықталады. Мамандар және қызметкерлер саны штаттық кестеге қарай анықталады. КҚП саны қызмет көрсету нормалары арқылы табылады. Оқушылар саны кадрларды даярлау жоспарына сәйкес есептейді. Қорғау бөлімінің адам санын қорғалатын территория ауданына, пост санына, жұмыс смендылығына, жергілікті қалыптасқан криминальды жағдайға қарай анықталады. ӨӨП жалпы саны барлық жұмыскерлер катеорияларды қосу арқылы табылады. 3. Еңбек өнімділігін өсіру мәселелері Еңбек өнімділігі - тірі еңбектің нәтижелігін сипаттайды. Еңбек өнімділігін үздіксіз өсіру – өндірісті кеңейтудің және ішкі жалпы өнімді өсірудің бірден-бір қайнар көзі болып табылады. Кәсіпорындағы еңбек өнімділігі келесі көрсеткіштермен сипатталады: • өңдірумен (ПТ) – уақыт бірлігінде шығарылған өнім көлемі: [pic] • еңбек сіңіргіштікпен – өнім бірлігін шығаруға қажет уақыт: [pic] Іс жүзінде еңбек өнімділігін келесі формула бойынша есептейді: [pic] Еңбек өнімділігін келесі үш әдіспен есептейді: Натуралдық: Nt – өнім натуралдық өлшем бірліктермен анықталады. Артықшылығы – қарапайымдылығы, көрнекілігі. кемшілігі – бір түрлі өнімге ғана қолдануға болады. [pic] Ақшалай: өнім ақшалай түрде анықталады. [pic] Nч – таза өнім. артықшылығы – Есептеуі оңай, барлық өнім түрлерін және жағдайларды есебке алады. Кемшілігі – инфляцияның әсерінен еңбек өнімділігінің өзгеруін дәл анықтауға болмайды. Еңбекті: орындалған жұмыстарды еңбек-сағаттармен есептейді. [pic] мұндағы Qi – i-й жұмыс түрінің көлемі ti – i-й жұмыс түрінің еңбек сіңіргіштігі. Артықшылығы – барлық өндіріс түрлерінде қолданылады, өнім өңдіру нормасын есептеуге болады, бірақ көрнекі емес. Жұмыс уақытының қолданылатын бірлігіне қарай еңбек өнімділігі келесі болуы мүмкін: • Сағаттық: [pic], мұндағы Т – жұмыс істелінген адам-сағат саны • Күндік: [pic], мұндағы Т – жұмыс істелінген адам-күндерінің саны • Жылдық: [pic] Еңбек өнімділігінің өсуін анықтау үшін үнемделген жұмысшылар санын табады: [pic] Еңбек өнімділігіне көптеген факторлар әсер етеді: экономикалық, ұйымдастырушылық, технологиялық, техникалық, басқарушылық, психологиялық. Осы факторларды кез келген өндірісте кәсіпорын жетекшілері қолдануға тиіс және олардың ішінен ең тиімдісін анықтап, іске асыруы қажет. 4. Еңбек ақының экономикалық мағынасы Еңбек ақы – жұмыскерлердің іс жүзінде істеген жұмысы үшін және жұмыс уақытына кіретін уақыт үшін ақшалай және натуральды формада алатын сыйақылар жиынтығы. Еңбек ақы қажетті өнімнің негізгі формасы болып табылады. Қажетті өнімді еңбек бойынша берілетін төлем (мемлекеттік сектор); жұмыс күші құны бойынша берілетін төлем (кооператив, акционерлік қоғамдар, бірлескен кәсіпорын); акция дивидендтері; жеке еңбек қызметінен түсетін табыс; тұтынудың қоғамдық формалары, сақтық және мейірімділік қорлары ретінде қарастыруға болады. Еңбек ақы тікелей еңбек нәтижелерімен байланысқан. Оңтайлы ұйымдастырылған еңбекті төлеу жүйесі жұмыс нәтижелеріне жақсы әсер береді, яғни жұмыскерлердің ынтасын көтереді. Еңбек ақы – тұтынуға жіберілетін қаржының негізгі бөлігі, ұжымның жұмыс нәтижелеріне тәуелді болатын табыстың бір бөлігі болып табылады және жұмыскерлер арасында істеген еңбек көлеміне және сапасына, салған капитал үлесіне тәуелді бөлінеді. Еңбекті төлеу қорын қалыптастырудың әртүрлі әдістері бар, оның ішінде әсіресе қолайлы әдіс – нормативті әдіс болып табылады. Бірақ, оны қолданудың бірқатар шарттары бар: 1) нормативтер тұрақты, ұзақ мерзімді болу керек, өндіріс көлемінің өзгеруі ұжымның еңбек жағдайларымен байланысты болмайтын факторлар әсерінен ғана болады. 2) нормативтер жеке емес топтық болу керек. Экономикасы дамыған елдерде еңбек ақыны ұйымдастырудың икемді тәсілдері қолданылады, яғни еңбек ақы мөлшері шаруашылық қызмет нәтижелеріне, өндіріс нәтижелігіне тәуелді болу керек. Оны ұжымды келісім шарт арқылы іске асыруға болады. Бұл келісім шартта еңбекті төлеу ережелері, еңбек ақы деңгейі мен еңбек нәтижелері арасында тура тәуелділікті белгілеу қажет. Еңбекті төлеуді ұйымдастыру келісіні көздейді: • кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбегін төлеу формаларын және жүйелерін анықтау; • кәсіпорын жұмыскерлерінің жеке жетістіктері үшін қосымша берілетін төлемдердің шарттарын және көлемін анықтау; • қызметкерлердің лауазымдық жалақылар жүйесін құрастыру; • жұмыскерлерге сый-ақы берудің көрсеткіштерін және жүйесін дәлелдеу. Еңбекті төлеу қағидалары: • шығындар және нәтижелер бойынша төлеу қағидасы; • өндіріс нәтижелігінің өсуі негізінде еңбекті төлеу деңгейін көтеру қағидасы; • қоғамдық еңбек өнімділігі өсімінің еңбек ақы өсімінен жоғары болу қағидасы; • еңбек нәтижелегін өсіруге материалдық мүдделіктің болуы қағидасы. Дұрыс ұйымдастырылған еңбек ақы жүйесі жұмыскерлерді еңбек өнімділігін өсіруге және біліктілікті көтеруге ынталандырады. 5. Еңбек ақы түрлері, еңбекті төлеу формалары, жүйелері Еңбек ақыны тарифтік және тарифсіз жүйелер бойынша ұйымдастыруға болады. Тарифтік жүйе Тарифтік жүйе келесі элементтерден тұрады: 1. Тарифтік-біліктілік анықтамалық (ТБА) – әртүрлі жұмыстардың сипаттамасы және осы жұмыстарды орындайтын жұмысшыларға қойылатын талаптар бар құжат. Әр жұмысқа сәйкес бііліктілік разряды көрсетіледі. Бұл құжатты жұмысшылар еңбегін тарифтеу, яғни нақты разрядты беру үшін қолданады. 2. Тарифтік сетка – бұл тарифтік разрядтар мен оларға сәйкес болатын тарифтік коэффициенттердің шкаласы. Тарифтік коэффициент – эберілген разрядтың ставкасы бірінші разряд ставкасынан қаншаға артық екенін көрсететін шама. Жалпы алғанда 21 разряд бар. 3. Тарифтік ставка – уақыт бірлігі үшін анықталған еңбекті төлеу шамасы. Тарифтік ставка минимальды еңбек ақы деңгейімен байланысты болады. Ол үкіметпен белгіленеді және инфляцияға байланысты мерзім сайын индексацияланады. 4. Аудандық коэффициент – жергілікті климаттық және басқа жұмыс шарттарын есебке алады. [pic] Еңбек ақы құрылымы Негізгі еңбек ақы Қосымша еңбек ақы Тарифтік қорға қосымша төлемдерге ТБА мен көзделмеген жұмыс үшін берілетін төлемдер кіреді (түнде жұмыс істеген үшін, оқушыларды оқыту үшін, бригадаға басшылық жасау үшін, жұмыс зияндылығы және т.с.с үшін). Сағаттық еңбек ақыға қосымша төлемдерге орындалмаған еңбек үшін емес, заңмен белгіленген жағдайлар үшін берілетін төлемдер ( 1 күн ішінде мемлекеттік, қоғамдық міндеттерді орындау үшін, 1 күн ішінде әкімшілік рұқсатпен алынған демалыстар үшін, кәсіпорын жауапты болған тоқтап қалулар үшін және т.с.с.). Күндік еңбек ақыға қосымша төлемдер – бұл сағаттық еңбек ақыға берілетін төлемдер сияқты, бірақ бір күннен артық уақыт үшін. Тарифсіз еңбекті төлеу жүйесі Бұл жүйе, көбінесе жұмыс орындарға баллдық баға беруге негізделеді. Ол үшін эксперттер тобы берілген жұмыс орынға сипаттама және қойылатын талаптарды белгілейді, нәтижесінде оны баллмен бағалайды. Балл санына қарай жұмыс орындарды жеке класстарға бөледі. Кәсіпорынның жалпы балл сомасын тауып, еңбек ақының жоспарлы қорын есептейді және өнім бірлігіне немесе тауар айналымы бірлігіне саналған еңбек ақы мөлшерін есебке алатын коэффициентті анықтайды. [pic] [pic]- бәсекелестің тауарлық өнімі. Одан кейін бір баллдың құнын анықтайды: [pic] Одан кейін әр жұмыс орны бойынша минимальды еңбек ақы мөлшерін анықтайды. Ол үшін бір жұмыс орын баллдарының минимальды сомасын бір балл құнына көбейтеді. Сосын еңбек ақының жоғарғы мөлшерін табады, ол үшін жұмыс орынның максимальды балл санын бір балл құнына көбейтеді. Еңбек ақы пайда бөлігі ретінде анықталады. Әр жұмыскерге белгілі бір балл мөлшері беріледі тіркеледі. Барлық баллдар кәсіпорын бойынша қосылады да бір балға саналған пайда үлесін табады: [pic] Еңбекті төлеудің айлықтар жүйесі. Бұл кәсіпорында белгіленген лауазымдық айлықтар негізінде берілетін ақша. Кәсіпорындағы жылдық еңбек ақы мөлшері келесі түрде табылады: [pic] Европада сыйақылар еңбек ақының 50% дейін құрайды, АҚШ-та - 400% ке дейін. Олар акциялар немесе басқа бағалы қағаздар пакеттері түрінде берілу мүмкін. Еңбек ақы формалары және жүйелері. Еңбек ақыны берудің 2 формасы бар: • кесімді: еңбек ақы деңгейі шығарылған өнім көлеміне тәуелді болады. Бұл форма бойынша еңбек өнімділігін өсіру ынталандырылады, бірақ өнім өңдіру нормаларын және кесімді еңбек бағаларын есептеуді қажет етеді. Еңбек бағасы – бұл өнім бірлігі үшін берілетін еңбек ақы деңгейі. [pic] [pic] Кесімді еңбек ақы формасының 5 түрлі жүйесі болуы мүмкін: 1) Тура кесімді: еңбек ақы орындалған жұмыс мөлшеріне тура пропорцоналды. 2) Кесімді-сыйлықты: қандай да бір шартқа байланысты қосымша сый-ақы беріледі. Сыйақы негізгі еңбек ақыдан пайыз түрінде белгіленеді. 3) Кесімді-прогрессивті: еңбек бағасы деңгейі прогрессивті шкала бойынша өсіп отырады. 4) Кесімді-жанама: бұл жүйе бойынша негізгі өндіріске қызмет көрсететін жұмысшыларға еңбек ақы беріледі. Еңбек ақы жұмысшының жеке еңбегіне қарай емес, ол қызмет көрсететін бөлімшенің жалпы нәтижесіне тәуелді болады. 5) Аккордты: келісім бойынша еңбек ақы жалпы орындалған жұмыс үшін беріледі. Көбінесе, ерекше немесе авариялық жағдайларда қолданылады. • Мерзімді: еңбекті істеген уақытқа қарай береді, яғни тарифтік ставканы істеген уақытқа көбейтеді. Екі жүйесі болады: 1) Қарапайым мерзімді; 2) Мерзімді -сыйлықты.Кесімді –сыйлықты сияқты негізгі еңбек ақыға сыйақы деңгейі қосылады. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Еңбек қорлары дегеніміз не? 2. Фирманың еңбек қорларының құрамы және құрылымын білесің бе? 3. Негізігі және қосымша жұмысшылар санын анықтау әдістері қандай? 4. Жұмыс күшінің қажеттілігін анықтау әдістері? 5. Еңбек өнімділігі дегеніміз не? 6. Еңбек өнімділігін өсірудің қандай жолдары бар? 7. Еңбек ақының қандай формаларын білесіз? 8. Еңбекті төлеуді ұйымдастыру қандай қағидаларға сүйенеді? 9. Мемлекет еңбекті төлеу процесіне қалай реттеу жұмысын жүргізеді? 10. Кесімді еңбекті төлеу формасын қолданудың шарттарын және мысалдарын көрсетіңіз. 11. Мерзімді еңбекті төлеу формасын қолданудың шарттарын және мысалдарын көрсетіңіз. Әдебиет 1. Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г. Поршнева, М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 132-150 б 2. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 230-246 б. 3. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 2002 г., 472-480 б 4. Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 2000 г., 226-234 б. 5. Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: «Ғылым», 2002 ж., 44-54 б 6. «Кәсіпорын экономикасы» курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер жинағы /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 35 б. Тақырып 4. Күрделі шығындар мен күрделі құрылысты жоспарлау (2 сағат) Дәріс жоспары: 1. Күрделі құрылыс жоспарының міндеттері мен мазмұны. 2. Күрделі салымдардың экономикалық тиімділігін анықтау. Дәріс: 1. Күрделі құрылыс жоспарының міндеттері мен мазмұны. Жаңа объектілер салу, ұлғайту, техникалық қайта құру және техникалық қайта қаруландыру, жөндеу және жабдықтарды жаңартуды материалдық өндірістің маңызды саласы - күрделі құрылыс орындайды. Күрделі құрылысты жүзеге асыру үшін күрделі салымдар қажет. Күрделі салым жаңадан өндірістік және өндірістік емес негізгі қор жасауға немесе бұрынғыларын қазіргі уақытқа сай қайта құруға жұмсалған шығындардың жиынтығы. Күрделі құрылыс процесі күрделі жұмыстар - құрылыс және монтаждан тұрады. Құрылыс жұмыстарына жаңа объектілер салу, ұлғайту, қайта құру жатады. Монтаждық жұмыстарға жабдықты орнату, жинау, жұмыс қалпына келтіру жатады. Күрделі және ағымдағы салымдар болады. Күрделі салымдар өндірістік қор құнын ауыстырады, ал ағымдағы ауыстырмайды. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда бұл салымдар жаңа жабдықтар алуға және істеп тұрған жабдықты жаңартуға, жаңа технологиялық процестерді енгізуге, өндірістік емес негізгі қор жасауға қолданылады. Күрделі салымға негізгі қор құнынан басқа: -құрылыс-монтаж жұмыстары -құрылыспен байланысты,зерттеу және жобалық жұмыстар -инфрақұрылым жасау және қоршаған ортаны қорғау -негізгі қорлардың жойылуының жоғалтулары және айналым қаржыларын арттыру шығындары жатады. Қуаттың өсу формасы бойынша күрделі салымдар бөлінеді: 1)жаңа құрылыс-өндірістік қуат әлі енгізілмеген жаңа ауданда кәсіпорын және ғимарат құрылысы 2)кеңейту және қайта құру-қуатты енгізгеннен соң өзгерген жоба бойынша кәсіпорында құрылысты жалғастыру 3)техникалық қаруландыру-кәсіпорында машиналар мен жабдықтарды,көлік құралдарын,өлшеу приборларын және құрылғыларды жаңасына және қазіргісіне ауыстыру. Күрделі салымдарды келесі түрлерге бөледі: 1)ескі күрделі салымдар - істеп тұрған негізгі қорлар құны 2)жаңа күрделі салымдар - тасымалдауды,монтажды есепке алғандағы жаңа жабдық құны, істеп тұрған негізгі қорларды жаңарту шығындары, жобалау шығындары,құрылысқа және айналым қаржыларын өзгертуге жұмсалған шығындар. Күрделі салымды қаржыландыру көздері: кәсіпорынның өз қаржысы, инвестиция. Кәсіпорынның өз қаржысы - НӨҚ толығымен қалпына келтіруге арналған амортизациялық қор есебінен, кәсіпорын пайдасынан, артық өндірістік қорларды сатудан түскен ақшадан, бағалы қағазды сатудан құралады.. 2.Күрделі салымдардың экономикалық тиімділігін анықтау. Күрделі салымды салыстырмалы және абсолютті тиімділік көрсеткіштерімен есептейді. Салыстырмалы тиімділік көрсеткіші - шаруашылық және техникалық шешімдердің әр түрлі мүмкін варианттары ішінен ең тиімді вариантты таңдауға қолданылады. Салыстырмалы тиімділіктің көрсеткіштері келтірілген шығындар формуласы болып табылады: С+Ен*К(min К+Тн*С( min С-Жылдық өнім шығарудың өзіндік құны Ен-экономикалық тиімділіктің нормативті коэффициенті К-шара бойынша күрделі шығындар Тн-күрделі салымның нормативті ақтау мерзімі. Салыстырмалы тиімділік негізінде анықталған ең тиімді вариант бірнеше мүмкін вариант ішінен-келтірілген шығындардың минимумы бойынша таңдалады. Варианттар барлық параметрлері бойынша салыстыруға келетін болуы қажет. Барлық варианттарда өнім шығарудың бірдей көлемі алынуы тиіс. Күрделі салымдардың абсолютті тиімділігі шығындардың бір теңгесіне қанша пайда алатынымызды көрсетеді: Е=П/К П-күрделі қаржылардың әсерінен жылдық пайданың өсуі К-күрделі қаржы. Абсолютті экономикалық тиімділікті жоспар,жоба және есеп ақпараттарынан алынған көрсеткіштер көмегімен есептейді. Күрделі қаржыны пайдалану тиімділігін көрсететін көрсеткішке күрделі қаржыны ақтау мерзімі жатады. Бұл күрделі қаржының абсолютті экономикалық тиімділігіне кері шама. Тн=К/п Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Күрделі құрылыс не жатады? 2. Күрделі салым деген не? 3. Күрделі салымды қаржыландыру көздері 4. Күрделі салымды салыстырмалы және абсолютті тиімділік көрсеткіштері 5. Күрделі қаржыны ақтау мерзімі Әдебиет 1. Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г. Поршнева, М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 398-416 б 2. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 246-267 б. 3. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 2002 г., 234- 276 б Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 2000 г., 180- 208 б. 4. Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: «Ғылым», 2002 ж., 54-68 б 5. «Кәсіпорын экономикасы» курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер жинағы /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 46-48, 55-56 б. Тақырып 5. Өндіріс, өткізу шығындарын жоспарлау (2 сағат) Дәріс жоспары: 1. Өзіндік құн және оның құрылымы 2. Өзіндік құнды жіктеу 3. Өзіндік құнды төмендету факторлары Дәріс 1. Өзіндік құн және оның құрылымы Өнімді өңдіру процесінде шикізат, материалдар, отын, энергия, еңбек ақы және т.с.с шығындар жұмсалады. Олардың жалпы сомасы өнідіріс шығындарын құрайды (өнімнің өзіндік құнын). Өзіндік құн – өнім өңдіруге жіне өткізуге кеткен барлық шығындар. Жалпы алғанда өзіндік құнның құрамы келесі түрде көрсетіледі: ӨҚ = М + А + ЕА мұндағы М – материалдық шығындар, А – амортизация, ЕА – еңбек ақы. Өзіндік құн бағаның бір бөлігі ретінде қарастырылады: Б = ӨҚ + П + ҚҚС Өзіндік құнды төмендету арқылы қоғамның таза табысы, кәсіпорын пайдасы өседі. Әртүрлі кәсіпорындарда шығарылатын бірдей өнімнің өзіндік құны әртүрлі болуы мүмкін. Жоғары болған өзіндік құн кәсіпорында өндірісі процесі нашар ұйымдастырылғанын көрсетеді, басқалармен салыстырғанда. Өзіндік құн келесі мақсаттарда қолданылады: – Бағаны анықтау үшін – Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттау үшін – Менеджерлер оперативті шешім қабылдау үшін 2.Өзіндік құнды жіктеу Өзіндік құнды барлық өнім бойынша, жеке оның түрлері, процестері, бөлшектері, бөлімшелер мен цехтер бойынша анықтауға болады. Өндіріске кеткен шығындарды белгілі бір белгілерге қарай бөлуге болады. Шығындардың негізгі тобына келесі шығындар кіреді: - экономикалық элемент бойынша (экономикалық мағынасына қарай) – барлық шығындар экономикалық біріңғайлығы бар жеке топтарға жинақталады (олардың пайда болу орнына және мақсатына тәуелсіз. Олардың негізгі түрлері: ➢ Материалдық шығындар – шикізат пен материалдардың қайтарылатын қалдық құнын алып тастағандағы құны. ➢ Еңбек ақы. ➢ Еңбек ақыдан жасалынатын әлеуметтік төлемдер-зейнетақы қорына, жұмыс бастылық қорына, әлеуметтік сақтандыру қорына, медициналық сақтандыру қорына. ➢ амортизация. ➢ Басқа шығындар – жөндеуге кеткен, несие пайыздарын төлеу, айыпақылар, жарнама және т.с.с. - шығын баптары бойынша: Шығын баптары деп бір немесе бірнеше экономикалық элементі бар шығындарды айтады. Калькуляция баптары шығындардың мақсатын және пайда болу орнын есебке алады. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау деп өнім бірлігіне кеткен шығындарды анықтау процесін атайды. Негізгі шығындар өнім өңдірумен тікелей байланысты болады, ал үстеме және мерзім шығындары бөлімшелерге, жалпы өндіріске қызмет көрсету және басқару шығындарын сипаттайды. Егер шығын бапына бір шығын элементі кірсе оны қарапайым деп атайды, егер бірнеше элемент кірсе, оны кешенді бап деп атайды. Шығындарды сондай-ақ, тура және жанама деп бөлуге болады, егер шығын нақты өнім шығарумен байланысты болса, оны тура деп атайды, егер ол бірнеше өнімге қатысты болса, оны жанама деп атайды. Шығындар калькуляциясы төмендегі кестеде көрсетілген Калькуляция шығындарының баптары. |№ |Баптар |Шығындар |Шығын түрі | |п.п.| | | | |1. |Шикізат пен негізгі материалдар |негізгі |қарапайым, тура | |2. |Қайтарылатын қалдықтар құны |негізгі |қарапайым, тура | |3. |Жартылай фабрикаттар, көмекші |негізгі |қарапайым, тура | | |материалдар | | | |4. |Техн.мақсаттағы отын және энергия|негізгі |қарапайым, тура | |5. |Өндір.жұмысш негізгі еңбек ақысы |негізгі |қарапайым, тура | |6. |Өндір.жұмысш.қосымша еңбек ақысы |негізгі |қарапайым, тура | |7. |Әлеуметтік төлемдер |негізгі |қарапайым, тура | |8. |Жаңа өнімді даярлау және игеру |негізгі |кешенді, тура | | |шығыны | | | |9. |Жабдықты күту және пайд.шығындары|негізгі |кешенді, жанама | |10. |Басқа үстеме шығындар |үстеме |кешенді, жанама | |Өндірістік өзіндік құн = 1 – 10 сомасы | |11. |Мерзім шығындары |үстеме |кешенді, жанама | |Толық өзіндік құн = Өндірістік өзіндік құн +11 | Шетелде шығындарды өндіріс көлемінің өзгеруіне қарай тұрақты және өзгермелі деп бөледі. Шартты тұрақты шығындар өндіріс көлемінің өзгеруіне тәуелсіз болады, ал өзгермелі шығындар оған тура пропорционалды өзгереді. Шығындардың тұрақты және өзгермелі болуы белгілі бір релеванттық облыста ғана болады. Релеванттық облысы – шығындар біріңғай заңдылыққа бағынатын облыс шектері. Әр кәсіпорын үшін (әсіресе жаңа) қай уақыттан бастап ол пайда алады деген сұраққа жауап табу өте маңызды болады. Сатудың шекті көлемі – бұл кәсіпорын табыстары оның шығындарына тең болатын өндіріс көлемі. Осы шекті көлемді анықтау формулалары келесі: [pic] – өнім бірлігінің бағасы. [pic] – сатулардың шекті көлемі. [pic] – тұрақты шығындар. [pic] – өзгермелі шығындар, өнім бірлігіне саналған. [pic] [pic] 3. Өзіндік құнды төмендету факторлары Өзіндік құнды төмендету әртүрлі факторларға тәуелді болады. Ең негізгілерге келесіні жатқызуға болады: 1. өнім өңдіруді өсіру (тұрақты шығындар бойынша түсетін үнем арқылы). [pic] 2. B1 – өсіруге дейінгі өнім көлемі; 3. B2 – өнім шығарудың жаңа мөлшері. 4. Материал сыйымдылығын азайту (шикізат пен материалдар бойынша үнем болады). 5. өнім өңдіру өсімін еңбек ақы өсімінен жоғары етіп жасау (еңбек ақы бойынша үнем болады). 6. Жаңа техниканы енгізу арқылы, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру. [pic] 1. С1 – шараға дейінгі өнім бірлігінің өзіндік құны. 2. С2 – шарадан кейінгі өнім бірлігінің өзіндік құны. 3. В2 – шарадан кейін шығарылатын өнім көлемі. 7. өнімнің қор сыйымдылығын азайту арқылы (амортизация бойынша үнем болады). 8. Қалдықтарды және жоғалтуларды азайту шараларын енгізу. Іс жүзінде өзіндік құнның келесі көрсеткіштері қолданылады: 1) Өндіріс шығындарының сметасы. 2) Өнім бірлігінің және тауарлық өнімнің өзіндік құны. 3) Өзіндік құнды төмендету көрсеткіштері. 4) Тауарлық өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындар. [pic] Кәсіпорында өзіндік құнды жоспарлау процесінде келесі шаралар жүргізіледі: 1) Өндірістік бағдарламаны орындауға қажет барлық шығындар көрсетілетін өндіріс шығындарының сметасы құрастырылады. Көбінесе, сметаны жалпы кәсіпорын бойынша емес, жеке цехтер, бөлімшелер бойынша құрастырылады, одан кейін нәтижелер қосылады. 2) Жеке өнім түрлерінің өзіндік құнын калькуляциялайды (жеке тапсырыстар, секциялар, партиялар және т.с.с. бойынша). Біріңғай өнім шығаратын көмекші цехтарда (эл. энергия, көлік қызметтері және т.с.с.), калькуляция объектісі ретінде шығарылатын өнімнің бірлігі алынады (кВт./сағ, т. Және т.с.с). 3) Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау келесі әдістермен жүзеге асырылады: ➢ нормативтіік – материалдық және еңбек нормативтерін қолдануға негізделген. ➢ кезеңді – жаппай өндірістерде қолданылады, мұнда өнім бірнеше өңдеу кезеңдерінен өтуге тиіс. Соңғы өнім оны бірнеше кезеңдерде өңдеудің нәтижесі ретінде болады. Тапсырыс бойынша- қайталанбайтын өнім бірліктерін шығаратын кәсіпорындарда қолданылады. Операция бойынша – егер тауарлардың жалпы және жеке сипаттамалары бар болса, қолданылады. Өзін -өзі тексеру сұрақтары: 1. Өзіндік құн және оның құрылымы 2. Шығындардың экономикалық элементтері 3. Калькуляция дегеніміз не? 4. Шығын түрлері 5. Шығындарды төмендету жолдары Әдебиет 1. Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г. Поршнева, М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 398-416 б 2. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 246-267 б. 3. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 2002 г., 234- 276 б Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 2000 г., 180- 208 б. 4. Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: «Ғылым», 2002 ж., 54-68 б 5. «Кәсіпорын экономикасы» курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер жинағы /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 46-48, 55-56 б. Тақырып 6. Кәсіпорын қызметінің нәтижелері (2 сағат) Дәріс жоспары: 1. Кәсіпорын пайдасы және оны бөлу. Рентабельділік көрсеткіші. 2. Шаруашылық қызмет нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер, оларды талдау әдістемелері 1. Кәсіпорын пайдасы және оны бөлу. Рентабельділік көрсеткіші. Өнімді өткізуден түсетін табыс Табыс — кәсіпорын есеп шотына сатып алушыға жіберілген тауар үшін түскен ақша. Табыс мөлшері жіберілген өнім құнынан айрықшалану мүмкін. Оның факторлары: қоймадағы дайын өнім қалдықтары; жіберілген, бірақ төленбеген тауарлар;сатып алушыда жауапты сақтауда болатын тауарлар. Пайда — шаруашылық қызметтің нәтижесін сипаттайтын экономикалық категория. Кәсіпорын балансында көрсетілетін пайда баланстық деп аталады. Баланстық пайда үш элементтен тұрады: 1. Өнімді, қызметтерді өткізуден түскен пайда | |Пс=Тс-сыз - ӨҚ | | мұндағы Тс-сыз. — ҚҚС-сыз, акцизсіз өнімді өткізуден түсетін табыс; ӨҚ— өзіндік құн 2. Басқа сатулардан (мүлікті) түсетін пайда | |Пб.с.= Тс - Мқк | | мұндағы Тс — сатудан түскен табыс (ҚҚС-сыз); Мқк— мүліктің қалдық құны. 3. Өткізуден тыс табыстар мен шығындар. Өткізуден тыс табыстарға келесі жатады: • Басқа кәсіпорындар қызметіне қатысу үлесіне қарай алған табыстар; • Кәсіпорынның бағалы қағаздары бойынша; • Мүлікті жалға беру арқылы; • Борышқорлардан түскен айып-ақылар, пенялар, айып төлемдер; • Валюталық шоттардың кәсіпорын үшін оң курстық айырмалары және т.с.с. Өндірістен тыс шығындарға келесі жатады: • Сотқа кеткен шығындар; • Кәсіпорын төлейтін айып-ақылар, пенялар, айып-төлемдер; • Стихиялық аппаттан болған жоғалтулар • Ұрлаудан болған шығын; • Валюталық шоттар бойынша кәсіпорын үшін теріс кустық айырмалар және т.с.с. Пайданы бөлу: Баланстық пайдадан салықтар және банк несиесі үшін төленетін пайыз алынады. Сонда таза пайда шығады. Осы таза пайданың құрамынан сақтық қор құрылады (акционерлік қоғамдарда 25 % жалпы Жарғылық капиталдан). Одан кейін арнайы қорлар құрылады (өндірісті дамыту қоры, тұтыну қоры, ерекше даму қоры). Сонымен қатар, пайдадан дивидендтер төленеді (акционерлік қоғамдарда). Кәсіпорында сондай-ақ, маржинальды табыс анықталады. Ол өткізуден түскен табыс пен өзгермелі шығындар арасындағы айырмаға тең. Оның көмегімен әр өнімнің жалпы кәсіпорын пайдасын құрастырудағы үлесін анықтауға мүмкіндік береді. Сату көлемі Рентабельділік көрсеткіштері Бұл көрсеткіштер өндіріс нәтижелігін (табыстылығын) немесе осы не басқа өнім түрін өңдіру нәтижелігін сипаттайды. Рентабельділік түрлері: 1) Өндіріс рентабельділігі: [pic] 2) АҚ – айналым қаржының орташа қалдық құны. 3) Кнег – негізгі қорлар құны. 4) Бұйым рентабельділігі: [pic] 5) Айналым рентабельділігі: [pic] 6) Vр – айналым (сату көлемі). 7) Капитал рентабельділігі: [pic] 2. Шаруашылық қызмет нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер, оларды талдау әдістемелері Барлық көрсеткіштер келесі түрде бөлінеді 1. Фирманың экономикалық потенциалын сипаттайтын көрсеткіштер. Олар фирманың масштабтарын, ұлттық және халықаралық деңгейдегі орнын көрсету үшін қажет. Активтер, фирманың иелегінде болатын, өткен мерзімдерде алынған және фирманың болашақ түсімдерін қамтамасыз ететін құралдардың, қаржының құрамын және орналасуын сипаттайды. Негізгі капитал, фирманың өндірістік қуаттарын сипаттайды (ғимараттар, құрлыстар, жабдықтар). Шығарылған өнімнің көлемі мен құны – жалпы фирма және жеке өнім түрлері бойынша анықталады. Оны есептеу арқылы фирманың ұлттық және халықаралық нарықтағы үлесін және орнын, өндіріс құрылымын анықтауға болады. Фирманың өндіріс және өткізу кәсіпорындарының саны және орналасуы - өз елінде және шетелдегі мөлшері анықталады. Фирма инфрақұрылымы: өз транспорты, қоймалары, техникалық қызмет көрсету орталықтары; өзіндік шикізат базалары және энергия көздері. Фирманың тура күрделі шығындарының мөлшері мен орналыстырылуы - өз еліндегі және шетелдегі кәсіпорындарға. Фирманың ғылыми-зерттеу потенциалы: ғылыми-зерттеу жұмыстарына кеткен шығындар мөлшері; зерттеу орталықтар мен лабораториялардың саны, орналасуы; онда жұмыс істейтін зерттеушілер саны; ғылыми жұмыстардың негізгі және артықшылығы бар бағыттары; фирмада бар патенттер саны және олардың қолданылуы. 2. Фирманың жалпы шаруашылық қызмет нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер (есепті көрсеткіштер) Жалпы шығындар көрсеткіштері (General expenses) жыл басында жаңа нарыққа ену үшін (enter new markets): маркетингілік қызметке (Marketing); зерттеулерге және дамытуға (Research and development); үстеме шығындар (Overhead); әкімшілік шығындар (Department overhead); рентаны төлеу (Rental costs); өнімді жетілдіру шығындары (Product changeover); өнімді жіберуге кеткен шығындар (Factory fees). Түсімдерді сипаттайтын көрсеткіштер: таза пайда; амортизациялық төлемдер; активтерді сатудан түскен ақша; субсидиялар, дотациялар; ұзақмерзімдік қарызды өсіру; акциялар эмиссиясы; қысқа мерзімдік борышты өсіру. Қаржыны жұмсау көрсеткіштері: дивиденд төлеу; ұйымдастырушылық шығын; акциялар эмиссиясын жасау шығыны; күрделі шығындар; басқа айналымнан тыс активтерге салымдар; ұзақмерзімдік борышты қайтару; тез өткізілетін бағалы қағаздарды сатып алу; банктегі шоттағы ақшаны өсіру. 3. Фирманың қызмет ету нәтижелігін сипаттайтын көрсетікштер Пайда. Өндіріс нәтижелігін анықтау үшін қажет көрсеткіштерді алған пайдамен салыстырады. Олар абсолютты және салыстырмалы болып бөлінеді. Абсолютті көрсеткіштер: жалпы пайда салықтарды төлеуге дейін анықталады; таза пайда салықтарды, пайыздарды төлегеннен кейін кәсіпорында қалатын пайда; Салыстырмалы көрсеткіштер: пайданың сату көлеміне қатынасы (Profit margin); пайданың активтерге қатынасы (Profit to total assets); пайданың нақты негізгі капиталға қатынасы (Profit to fixed assets); пайданың өзіндік капиталға қатынасы (Profit to net worth); пайданың өзіндік және ұзақмерзімді несиелі капиталға қатынасы (Profit to capital employed) ұзақ мерзімде жалпы инвестерлінген капиталдың тиімділігін сипаттайды. Өткізілген өнім құны немесе сатулар көрсеткішін де басқа көрсеткіштермен салыстырады: сатулардың жалпы құнының активтерге қатынасы (Sales to total assets); сатулардың жалпы құнының нақты негізгі капиталға қатынасы (Sales to fixed assets); айналым капиталына қатынасы (Sales to current assets); материалдық-өндірістік қорлар құнына қатынасы (Sales to inventory). Өндіріс шығындары көрсеткіші -өте маңызды көрсеткіштің бірі. Жалпы шығындардың сатулар құнына қатынасы. ТӨ 1 теңгесіне шаққандағы шығындар. Негізгі капиталдың айналымдылығы және капиталмен қарулану деңгейі: негізгі капитал айналымдылығы сатулар көлемін жұмыс істейтіндерге қатынасы; капиталмен қарулану деңгейі – негізгі капиталдың баланстық құнын жұмыс істейтіндерге қатынасы (Fixed assets to number of employees). 4. Фирманың қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер Фирманың қаржыландыру көздеріне тәуелділігі және төлем қабілеттілігі анықталады. Өзіндік капитал құрылымы: акционерлік капитал; эмиссияланған табыс; капиталға айналдырылған пайда. Өзіндік капиталдың активтердің баланстық құнына қатынасы (Stockholder's equity to total assets) фирманың сыртқы қаржы көздеріне тәуелділігін сипаттайды. Бұл шама 50% артық болу керек. Борыштың жалпы сомасының өзіндік капиталға қатынасы (Total debt to stockholder's equity) сыртқы және өзіндік қаржы көздерінің қатынасы. Борыш өзіндік капиталдан жоғары болмау керек. Талдау үшін борыштың құрылымы (қысқа мерзімді борыштың үлесі) және салықтарды, еңбек ақыны, басқа төлемдерді жасау бойынша борыш көлемі анықталады: Өзіндік капиталдың нақты негізгі капиталға қатынасы инвестірленген капиталдың қай бөлігі өзіндік капиталдан жасалғанын сипаттайды. Ұзақмерзімді борыштың өзіндік капиталға қатынасы фирманың қызметі қанша мөлшерде ұзақмерзімді несиелер арқылы қаржыландырылатынын сипаттайды Ақшаның түсімдері (кассалық және банкідегі ақша) (Cash flow) өнім үшін төлемдердің жасалуына тәуелді болады және дебиторлық борышты қайтаруға негізделген. Түскен ақшаның ағымдағы жылда жасалынған күрделі шығындарға қатынасы (Cash flow to capital expenditures) инвестициялардың қай бөлігі ағымдағы ақша арқылы жасалынатынын көрсетеді. Оны өзін-өзі қаржыландыру коэффициенті деп атайды. Айналым активтерінің қысқа мерзімдік борышқа қатынасы (Current assets to current liabilities) Ол 1-ден кем болмау керек.. Ақшаның және тез сатылатын бағалы қағаздар құнының ағымдағы айналым активтеріне қатынасы (Cash and marketable securities to current assets) Оны ликвидтілік коэффициенті деп атайды. Ликвидті қаржының қысқа мерзімдік борышқа қатынасы. Ол төлем қабілеттілігін сипаттайды. Айналым активтерінің жалпы несиелі капиталға қатынасы (Current assets to total debt). Талдау жасалғанда көрсеткіштер кестелерге енгізіледі, бірнеше мерзімге. Талдау мақсаты – ағымдағы өзгерістерді анықтау және кемшіліктерді табу,нәтижесінде басқарушылық шешім құралады. Өзін -өзі тексеру сұрақтары: 1. Кәсіпорын пайдасы және оны бөлу жолдары қандай. 2. Рентабельділік көрсеткіші. 3. Шаруашылық қызмет нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер, оларды талдау әдістемелері Әдебиет 1. Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г. Поршнева, М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 398-416 б 2. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 246-267 б. 3. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 2002 г., 234- 276 б Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 2000 г., 180- 208 б. 4. Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: «Ғылым», 2002 ж., 54-68 б 5. «Кәсіпорын экономикасы» курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер жинағы /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 46-48, 55-56 б. Тақырып 7. Өндірістік қуат. (2 сағат) Дәріс жоспары: 1.Өндіріс қуаты туралы түсінік және оның түрлері,есептеу әдісі. 2.Өндіріс қуатының шамасын анықтау. 3.Технологиялық процестегі «тар» орындарды анықтау. 4.Өндірістік қуатты жақсарту жолдары және оның көрсеткіштері. Дәріс: 1. Өндіріс қуаты туралы түсінік 1.Кәсіпорынның өндіріс қуаты - жабдықты,өндірістік ауданды,озық технологияны және еңбекті ұйымдастыруды толық пайдаланып,берілген номенклатурамен, уақыттың белгілі кезеңінде өнім шығарудың максимальды мүмкіндігі. Өндіріс қуаты натуралды және шартты –натуралды өлшем бірліктермен анықталады. Өндіріс қуатымен өндірістік бағдарлама арасындағы айырма кәсіпорын резервін көрсетеді,яғни өндірістік бағдарлама өндірістік қуатты пайдалану деңгейін көрсетеді. Кәсіпорынның өндірістік қуатын есептеу үшін келесі мәлімметтер қолданылады: 1.Жабдық саны,құрамы және техникалық жағдайы, өндірістік аудан туралы мәлімметтер. 2.Жабдық өнімділігінің техникалық нормалары және өндірілетін өнімдердің еңбек сыйымдылығы. 3.Жабдық жұмысының уақыт қоры және кәсіпорын жұмысының режимі. 4.Шығарылатын өнім номенклатурасы және бағдарламадағы олардың сандық қатынасы. Номенклатура-кәсіпорында шығарылатын өнім атауларының тізімі. Ассортимент-бір түрдің ішіндегі өнім түрлерінің тізімі. 2. Өндіріс қуатының шамасын анықтау. Кәсіпорынның өндіріс қуаты негізгі цех,участке қуаты бойынша анықталады.Цех,участке өндіріс қуаты негізгі болып табылатын жетекші жабдық бойынша анықталады. Өндіріс қуатын анықтаудың 2 негізгі әдісі бар: -негізгі жабдықты бөліп көрсетуге болатын цехтар үшін: М = Тэ ( ti *q Мұндағы Тэ-жабдықтың жұмысының тиімді уақыты ti-i-ші өнімді дайындаудың еңбек сыйымдылығы q-бір типті жабдық саны. Жетекші жабдық жоқ цехтар үшін: М = ( Тн * S) ( (ti * s) Тн-цех уақытының номинальды қоры ti-i-ші өнімді дайындаудың еңбек сыйымдылығы S-цех ауданы s-бір жұмыс орнының ауданы. Сменалық қуатты есептеу жетекші жабдықтың,яғни технологиялық процесте басты операцияны орындайтын және ең қымбат жабдықтың өнімділігіне қарап жүргізіледі.Егер жетекші жабдық бірнешеу болса,олар біртекті операция орындаса,онда өндіріс қуатын табу үшін олардың жұмыс өнімділіктерін бір- біріне қосады.Ал егер олар әр түрлі операция орындаса,онда бұлардың ішінен жұмыс өнімділігі ең аз жабдыққа қарап есептейді. Жабдықтар үзіліссіз және үзіліспен істейтін болып бөлінеді.Үзіліссіз істейтін жабдықтың өндіріс қуатын есептеу: Өқ = ( Тсм -Тр)*Нс.ө.*К Тсм - сменалық қуат,сағ Тр – тәртіппен белгіленген үзіліс уақыты,сағ Нс.ө.-жабдықтың сағаттық өнімділігі К-жетекжі жабдық саны. Үзіліспен істейтін жабдықтың өндіріс қуатын есептеу: Өқ = (Тсм-Тр / Дц) * (Еr * К / Нr) Дц – цикл ұзақтығы,мин Еr –жабдықтың жұмыс сыйымдылығы;кг,м 2,т Нr –шикізат тұтыну нормасы,егер жұмыс қуаты дайын өнім тоннасымен есептелсе қолданылады. Конвейерлік жолдың өндіріс қуатын есептеу: Өқ = L* H / a * b L – аспалы жолдың жұмысты орындайтын бөлігінің ұзындығы,м H – бір метр аспалы жолдан түсірілетін өнім нормасы а-жолдың өнімділігін ескеретін түзету коэффициенті в-өндірілетін малдың орташа массасын ескеретін түзету коэффициенті Өндіріс қуатын өндіріс жер ауданы арқылы есептеу: Өқ = S / Ho S - өндіріс ауданы,метр кв Ho – 1кв метр жерден шығарылатын өнімнің нормасы. Кәсіпорынның өндіріс қуатты пайдалану деңгейі қуатты пайдалану коэффициентімен сипатталады: Ки.м.= Офакт ( Мср.п.м. Ки.м-қуатты пайдалану коэффициенті Мср.п.м.-орта жылдық өндірістік қуат Офакт-іс жүзіндегі өнім шығару көлемі. Кәсіпорынның өндірістік қуаты :жыл басына,енгізілген,шығарылған,жыл аяғына,орта жылдық қуат деп бөлінеді. Мж.с = Мж.б.+Менг-Мшығ Орта жылдық қуат: Морт ж = Мж.б.+(Менг*п/12)-(Мшығ*п(/12) 3. Технологиялық процестегі «тар» орындарды анықтау. «Тар»орындарды жетекші емес жабдықтардың өнімділіктеріне қарап анықтайды.Әдістемесі: 1)технологиялық процестің схемасын құрастырады.Шығарылатын өнім ассортиментін ескереді. 2)Барлық жабдықтың оның ішінде жетекші жабдықтың сменалық өнімділігі есептеледі. 3)Өнімнің әрбір түрін шығару қуаты анықталады 4)Әрбір операцияға қажет жұмыс көлемі табылады 5)Берілген операцияға қажет жұмыс көлемін өндіріс қуатымен не шын мәнінде шығарылған өнім мөлшерімен салыстырып,«тар» орындарды табады. 4. Өндірістік қуатты жақсарту жолдары және оның көрсеткіштері. Өндіріс қуатын экстенсивті пайдалану коэффициенті: Кэкс = Вф(пл) / Весепті Вф(пл) -іс жүзіндегі немесе жоспарлы жұмыс істеген уақыт Весепті -жұмыс уақытының жоспарлы қоры Өндіріс қуатын интенсивті пайдалану коэффициенті: Ки = Пф(пл) / Нп Пф(пл) -жабдықтың іс жүзіндегі немесе жоспарлы өнімділігі Нп-өнімділік нормасы Өндіріс қуатын интегралды пайдалану коэффициенті: Кинт =Кэ*Ки Өндірістік қуат шамасын анықтайтын факторлар: 1) Жабдықтар құрамы және саны 2) Жабдықтың өнімділік нормасы 3) Өндірістік ауданның көлемі 4) Өнім дайындаудың технологиялық процесі 5) Өңделетін шикізат құрамы және сапасы 6) Өнім номенклатурасы және ассортименті 7) Кәсіпорынның жұмыс тәртібі Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Кәсіпорынның өндірістік қуаты туралы түсінік. 2. Өндірістік қуат шамасына әсер ететін факторлар. 3. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндірістік қуат шамасын есептеу әдістемелері. 4. Әртүрлі өндіріс процестеріндегі бастаушы жабдықтарды таңдау және санын есептеу. 5. Өндірістік қуатты пайдалану көрсеткіштері. 6. Өндірістік қуатты пайдалануды жақсарту жолдары. 7. Өндіріс процесіндегі тар орын дегеніміз не? 8. Жабдықты өнімділікке қарай пайдалануды сипаттайтын коэффициент 9. Жабдықты уақытқа қарай пайдалануды сипаттайтын коэффициент Әдебиет 1.Макаренко.М,В, Махалина.О.М. Производственный менеджмент,М.-1998 2.Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000 3.Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005 4.Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001 Тақырып 8. Өндірісті ұйымдастыру пәні ғылым ретінде.(2 сағат) Дәріс жоспары: 1. Негізгі өндірісті ұйымдастыру мәнісі 2. Өндірісті ұйымдастыру пәнінің басты міндеті 3. Негізгі өндіріс түрлері. Дәріс: 1. Негізгі өндірісті ұйымдастыру мәнісі Негізгі өндірісті ұйымдастыру мәнісі-өндірістің барлық элементтерінің уақытта және кеңістікте үйлесімді байланысын қамтамасыз ету.Негізгі өндірістің элемменттеріне еңбек,еңбек заттары және еңбек құралдары жатады. Еңбек деп еңбек құралдарының көмегімен адамдар өздерінің мақсаттарына сәйкес іс-әрекеттерімен,өндіріс қажеттілігін қанағаттандыру үшін еңбек заттарын өзгерту процесін айтамыз.Еңбек өндіріс элементі ретінде үздіксіз дамиды,сапасы мен өнімділігі артады,нәтижесінде бүкіл өндірістің экономикалық көрсеткіштері жақсарады. Еңбек заттары деп өндіріс процесінде еңбек құралдарының көмегімен өндірілетін шикізат және материалдарды айтады. Басты мақсаты тұтынуға жарайтын өнімді шығару. Еңбек құралдары көмегімен адам еңбек заттарын өңдейді. Еңбек құралдарының бірнеше түрі бар: а)еңбек құралдары (аспаптар,машиналар) б)өндірістің ыдыс жүйесі (құбырлар,бөшкелер) в)жер,өндірістік үйлер,құрылыстар, темір жол және т.б. г)электр қуаты,бу,химиялық,физикалық қосылыстар және т.б. Олардың көмегімен адам еңбек заттарын өңдейді. Еңбек нәтижелілігі,тиімділігі және жұмыс сапасы кәсіпорындардың техникалық жабдықтау деңгейіне және берілген жұмыс жағдайларына байланысты. 2.Өндірісті ұйымдастыру пәнінің басты міндеті Негізгі өндіріс үздіксіз қозғалыста,дамуда болады.Негізгі өндірістің даму қарқыны оның барлық элемменттерінің пропорционалды жетілдірілуіне байланысты.Егер осы элемменттердің біреуі қалғандардан қалып қойса, тепе- теңдік бұзылады.Ол шикізаттың,материалдардың және жұмыс уақытының босқа шығындалуына әкеледі.Өндірісті ұйымдастыру пәнінің басты міндеті -өндіріс элементтерінің барлық байланыс тәсілдерін,олардың ерекшеліктерін, даму жағдайларын зерттеу;шикізат пен жартылай фабрикаттарды өңдеп,жоғары сапалы дайын өнімнің жоспарланған көлемін шығару;кәсіпорынның еңбек,шикізат материал ресурстары,энергияның шығындарын ең аз қылып;жабдықтарды толық пайдалану. Өндірісті ұйымдастыру-өндірістің тиімділігін арттыру және пайданы өсіру мақсатында өндірістің заттық элементтерін және еңбекті біріктіру формасы мен тәртібін қамтамасыз ететін , ережелер , процестер мен әрекеттер жиынтығы. Пәнде-кәсіпорынның өндіріс құрылымы және оны жетілдіру жолдары,өндіріс процестерін тиімді ұйымдастыру әдістері,көмекші өндірісті.шикізат пен материалдармен өндірісті қамтамасыз ететін бөлімді,өнім сапасын бақылау жүйесін ұйымдастыру әдісттері зерттеледі. Өндірісті ұйымдастыру әдістерін дұрыс пайдалану үшін сол кәсіпорындағы техниканы және технологияны білу қажет.Бұл пән техникалық ғылымдармен тығыз байланысты. 3.Негізгі өндіріс түрлері. Негізгі өндірістің үш түрі бар:1)-ші жеке 2)сериялық 3)жаппай өндіріс. Жеке өндіріс деп бұйымның бір данасы шығарылатын өндірісті айтамыз.Оны шығарғаннан кейін бұйымның келесі түрін шығару үшін өндіріс жаңадан құрылады.Бұндай өндіріс универсальды болады,өйткені мұнда өнімнің бірнеше түрін шығаруға болады..Сондықтан бір бұйымды шығару үшін қолданылған құрал- жабдықты басқа жабдыққа ауыстырады,немесе бұйымның жаңа түрін шығару үшін қажет жұмыс тәртібіне салады.Жеке өндірісте көбінесе өнімнің бірнеше түрін шығара алатын әмбебап жабдықтарды қолданады.Бірақ мұндай жабдықтың құны мамандандырылған жабдыққа қарағанда жоғары болады. Жеке өндірісте әр түрлі жұмыс істей алатын жоғары дәрежелі мамандығы бар жұмысшылар істейді.Олардың еңбегі әмбебап болады.Сондықтан алатын еңбек ақысы үлкен болады..Жаңа өнімді шығарғанға керекті құрал-жабдықты,материалдарды;оған сәйкес техникалық құжаттарды (нормалар;стандарттар,рецептуралар) дайындау үшін кеткен уақыттың және қаржының шығыны өте үлкен.Бұл өндірісте шығарылатын өнімнің құны сериялық және жаппай өндірістерге қарағанда әлдеқайда үлкен. Сериялық өндіріс.Бұндай өндірісте өнім партиялармен шығарылады.Бір партияны шығарғаннан кейін өндіріс келесі партияны шығаруға арналады.Өнімнің сериясын шығару тапсырыс,жоспар бойынша жасалады.Егер шығарылатын партия кішкене болса,онда ондай өндірісті аз сериялы өндіріс деп атайды.Партиялар ірі болса,онда ол ірі сериялы өндіріс болады.Сериялы өндірістің жеке өндіріске қарағанда артықшылығы өнім шығаруға кеткен шығын әлдеқайда аз.Себебі өндіріске мамандандырылған жабдықтар, мамандандырылған еңбек қолданылады.Өндірісті дайындауға кеткен шығын бір бұйымға емес өнім партиясына бөлінеді. Жаппай өндіріс.Бұл өндірісте үздіксіз тек қана бір ассортименттің бұйымдары жаппай көпшілік мөлшерде тұрақты шығарылады.Тек мамандандырылған машиналар,құрал-жабдықтар қолданылады.Жұмысшылардың еңбегі де мамандандырылады.Нәтижесінде еңбек өнімділігі өседі.Өндірісті дайындау жұмыстың басында ғана қажет.Ал оған кеткен шығын барлық шығарылған өнім санына бөлінеді.Бұл өндірісте техниканы,өндірісті ұйымдастыруды және еңбекті жетілдіруге қолайлы жағдай туады. Нәтижесінде өнімнің сапасы және өндіріс нәтижелілігі өседі.Жаппай өндіріс басқа өндіріс түрлеріне қарағанда тиімді.Бұндай өндіріске азық-түлік өнеркәсіп кәсіпорындары жатады. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Негізгі өндірісті ұйымдастыру мәні 2. Өндірісті ұйымдастыру пәнінің басты міндеті 3. Өндірісті ұйымдастыру түсінігі 4. Негізгі өндіріс түрлері. 5.Қай өндірісте әмбебап құрал-жабдықтар қолданылады? 6.Қай өндірісте тек мамандандырылған құрал-жабдықтар қолданылады? Әдебиет 1.Макаренко.М,В, Махалина.О.М. Производственный менеджмент,М.-1998 2.Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000 3.Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005 4.Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001 Тақырып 9. Негізгі өндіріс процесі, уақыты және оның құрылымы. (2 сағат) Дәріс жоспары: 1. Өндіріс процесі туралы түсінік, мақсаты және міндеті, құрылымы 2. Өндіріс процесінің уақыты. 3. Операцияларды уақыт бойынша сипаттау Дәріс: 1.Өндіріс процесі туралы түсінік,мақсаты және міндеті, құрылымы. Негізгі өндіріс процесі деп өнімнің негізгі түрлерін шығаруға бағытталған бір-бірімен технологиялық жүйелілікте біріктірілген негізгі және көмекші операциялардың жиынтығын айтамыз. Операция -бір не бірнеше жұмысшы қолмен немесе еңбек құралдарының көмегімен белгілі бір еңбек затын өңдеу процесінің бір бөлігі.Операцияларды біруақытта бірнеше жұмыс орындарында,сонымен қатар бір жұмыс орнында бірнеше жұмысшы орындауы мүмкін. . Негізгі өндіріс процесі Негізгі операциялар Көмекші операциялар 1)дайындық операциялар 1)транспорттық операциялар 2)технологиялық операциялар 2)қызмет етуші операциялар 3)тексеру операциялар 4)табиғи операциялар 5)қорытындылау операциялары Дайындау-қорытындылау операциялары-жұмыс орындарын,жабдықтар мен құралдарды шикізат пен материалдарды өңдеуге дайындау үшін және оны дайындағаннан кейін жұмыс орындарын,жабдықтарды жинақтап,тәртіпке келтіруге,өнімді тапсыруға қажет. Технологиялық операциялар дайын өнім алу үшін шикізаттың құрамын,формасын және қасиеттерін өзгертуден тұрады. Табиғи операциялар жұмысшылардың белсенді қатысуынсыз жүреді.(пассив операциялар).Жұмысшылар шикізатта жүретін табиғи процестер үшін жағдай жасайды. Табиғи операциялар кезінде еңбек процесі тоқталады. Тексеру операциялар-технология режимін,тәртібін және еңбек сапасын тексеру үшін қажет операциялар. Көлік операциялары-жүктерді тасу операциялары. Қызмет етуші операциялар-ол жұмыс орнын жиыстыру, смена бойы жұмыс орнын жұмыс қалпында сақтау (машинаны жөндеу,техникалық қызмет көрсету). 2.Өндіріс процесінің уақыты. Өндіріс процесі жүзеге асатын уақыт өндіріс уақыты деп аталады.Өндіріс уақытына шикізат пен материалдардың кәсіпорынға түсу кезеңінен бастап, дайын өнімді сату кезеңіне дейінгі уақыт жатады. Өндіріс уақыты Өндірістік цикл( (Еңбек заттары мен дайын өнімнің запаста жату уақыты Жұмыс уақыты( (Өндіріс процессіндегі үзілістер Дайындау –қорытындылау у-ы Табиғи үзілістер у-ы Ауысымнан тыс үзілістер Операциялар арасындағы үзілістер Технологиялық операциялар у-ы Демалыс және мереке күндері Шикізат партиясын өңдеу үзілісі Бақылау операцияларының у-ы Ауысымдар арасындағы үзілістер Демалыс үзілісі Көлік операциялары у-ы Түскі үзіліс Жабдықты майлауға,тексеруге немесе Жұмыс орындарына қызмет көрсету у-ы дұрыстауға үзіліс Техникалық ақауды жою үзілісі Ұйымдастыру себептері бойынша үзіліс Басқа үзілістер Өндіріс уақытының бір бөлігін өндіріс циклы құрайды.Ол шикізаттың өндіріске өңдеуге түсуінен бастап,дайын өнім алумен аяқталатын өнім шығарудың күнтізбелік уақыты.Өндірістік циклды сағатпен немесе күндермен өлшейді. Өндірістік цикл барлық оның элементтерінің ұзақтықтарына байланысты.Өндірістік цикл жұмыс уақыты мен еңбек процессіндегі үзілістерден тұрады. Жұмыс уақыты дайындау –қорытындылау,технологиялық, бақылау, көлік операцияларын орындауға және жұмыс орындарына қызмет көрсету жұмсалады.Осы уақыт ішінде шикізат дайын өнімге айналады. Еңбек процессіндегі үзілістер табиғи процестер уақытынан,ауысымнан тыс үзілістерден және операциялар арасындағы үзілістерден тұрады. Ауысымнан тыс үзілістерді кәсіпорын жұмысының тәртібіне сәйкес график бойынша бекітеді. Ауысымнан тыс үзілістерге түскі үзіліс уақыты жатады. Ауысымнан тыс үзілістер жұмыс уақытының жоғалтуларына жатпайды, өйткені ауысым ұзақтығына енбейді.Операциялар арасындағы үзілістер жұмыс орындарында шикізат партияларын өңдеуді күтуге байланысты.Ауысым ортасында жұмысшыларға демалуға, жеке қажеттіліктеріне белгілі уақыт беріледі.Өндіріс процесінде жабдықты майлауға,тексеруге немесе дұрыстауға уақыт жұмсалады.Ауысым ішінде шикізаттың,материалдардың,энергияның немесе судың т.б. болмауынан үзілістер пайда болуы мүмкін.Бұл еңбек уақытының жоғалтулары. Еңбек заттарының запаста болу уақытын қысқарту қажет,өйткені шикізатты сақтау экономикалық тиімсіз.Шикізатты үзіліссіз өңдеу үшін материалдардың белгілі бір запастары болуы тиіс. 3. Операцияларды уақыт бойынша сипаттау Операциялар кеңістікте және уақыт бойынша орындалады. Кеңістікте операцияларды орындау үшін қажет жұмыс орындарының санын ұйымдастырады.Жұмыс орындары машиналармен,құрылғылармен жабдықталады.Бір операцияны орындау үшін керек жұмыс орнының саны әртүрлі және осы операциясының тактысына және өндіріс процесінің тактісіне байланысты болады. Операцияларды уақыт бойынша сипаттауға такт және ритм қолданылады. Операция такты-ол операцияны орындау кезіндегі дайын өнімнің не жартылай фабрикаттың екі бірлігін шығару арасындағы ең аз уақытты айтады.Дайын өнім бірлігіне мин/тонна,сек/кг өлшенеді. Операцияларды салыстыру үшін олардың тактыларын бір өлшемге келтіреді. Операцияның тактысын (t) уақыт нормасы бойынша (өнім өндіру нормасы) (Н в),жұмыс орындарының санын (Рм), әрбір жұмыс орнындағы жұмысшы санын (Р) ,норманы орындау деңгейін ескеріп анықтайды. Қолмен істелетін операцияларда to = Нв / Р ( Рм ( К Н в-өнімнің не жартылай фабрикаттың бір бірлігін шығаруға кеткен уақыт мин,сек. Р-осы операцияны орындайтын жұмысшы саны Ро-жұмыс орындарының саны К-операциядағы өнім өндіру нормасын орындау деңгейін сипаттайтын коэффициент. Құрал-жабдықтары бар операциялар үшін n to = 60 / ( ( Пi ( Ро ) ; i=1 Пi- і құрал жабдықтың өнімділігі кг ( сағ n-құрал –жабдықтар саны Ро- жұмыс орындарының саны Операция ритмі-ол операцияны орындау кезіндегі өнімнің не жартылай фабрикаттың екі бірлігін шығару арасындағы жоспарлы уақытты айтады. r ( (Тсм – Тп) / а мұндағы Тсм -смена ұзақтығы,мин;Тп-смена ішіндегі реттелген үзілістер,мин;а- операцияны орындайтын жұмысшыларға жоспарлы тапсырма ,сменасына кг. Операция ритмі жоспарлы тапсырмаға байланысты және операцияның тактысына қарағанда тұрақты шама.Өндіріс процессін ұйымдастыруды талдағанда операция ритмін оның тактысымен салыстырады. Операция ритмі үнемі операция тактысынан үлкен немесе тең. (r ( t) Операция тактылары мен ритмдері жұмыс орындарында жоспарлы тапсырманы орындауды ұйымдастыру үшін өте үлкен маңызы бар. Жұмыс орындарында операция ритмі тактыға сай болса,жұмыс уақыты мен жабдық толық пайдаланылады.Егер операция ритмі тактыдан үлкен болса,онда жұмыс уақыты толық пайдаланылмайды,жабдық толық тиелмейді,нәтижесінде өндіріс тиімділігі төмендейді.Жұмысшыларға тапсырманы операция ритмі тактымен сай келетіндей беру керек. Операция тактылары өндірістік процесс құрғанда маңызы зор.Жетекші операция тактысы бойынша бүкіл өндірістік процесстің тактысы анықталады.(жетекші операция дегеніміз өндірістік қуат анықталатыноперация) .Өндірістік процесс тактын процесс тактысы деп атайды. Процесс такты-дайын өнімнің не жартылай фабрикаттың партиясын шығару кезіндегі жүйелі дайындалатын екі өнім бірлігін шығару арасындағы ең аз уақытты айтады. Процесс тактысын есептеу үшін (Т) желі қуатын ( М),смена ұзақтығын қолданады: Т ( ( Тсм – Тп ) / М Процесс ритмі - дайын өнімнің не жартылай фабрикаттың партиясын шығару процессінің соңында жүйелі дайындалатын екі өнім бірлігін шығару арасындағы жоспарлы уақытты айтады. R ( (Тсм –Тп ) / А Процесс қарқыны-уақыт бірлігіндегі өнім санымен өлшенеді,процесс қарқындылығын сипаттайды. Процесс ритмі мен тактысына кері шама: m ( 1 / R Жоспарлы ритмді процесс тактысымен салыстыру өндіріс резервтерін көрсетеді. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Өндіріс процесі деген не? 2. Операция деген не? 3. Негізгі өндіріс процесінің құрылымы 4. Өндірістік цикл деген не? 5. Операция такты деген не? 6. Операция ритмі деген не? 7. Процесс такты деген не? 8. Процесс ритмі деген не? Әдебиет 1.Макаренко.М,В, Махалина.О.М. Производственный менеджмент,М.-1998 2.Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000 3.Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005 4.Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001 Тақырып 10. Негізгі өндірісті ұйымдастыру принциптері. (2 сағат) Дәріс жоспары: 1. Негізгі өндірісті уақытқа қарай ұйымдастыру принциптері 2. Негізгі өндірісті кеңістікте ұйымдастыру принциптері Дәріс: 1.Негізгі өндірісті уақытқа қарай ұйымдастыру принциптері Негізгі өндірісті уақытқа қарай және кеңістікте ұйымдастыру белгілі бір принциптер негізінде жүзеге асады.Уақытқа қарай негізгі өндірісті ұйымдастыру принциптеріне мынандай принциптер жатады:ырғақтылық,бірқалыптылық,пропорционалдық, параллелділік,үздіксіздік. 1)ырғақтылық – мұнда кәсіпорындағы жоспарлы ритммен өнім өндіруді сәйкес етіп өндірістік процесті ұйымдастырады. Негізгі өндірісті ұйымдастырудың осы принципі іске асу үшін жоспарлы тапсырмаға сәйкес өнім шығару қажет. Өнім шығарудың жоспарлы тапсырмаға сәйкестілігі жұмыстың ырғақтылық деңгейімен сипатталады.Ырғақтылық коэффициенті: t Критм(1 - ( (Аі / А ; і (1,…, t і(1 Мұндағы талдауға алынған мезгілдің ұзақтығы,күн (Аі –і тәуліктегі жоспар орындалмай қалуы, т. А – сол мезгілдегі берілген жоспар тапсырма , т. 2)бірқалыптылық –бірдей уақыт аралығында бірдей партиялармен өнім шығарылатындай негізгі өндіріс процессін ұйымдастырады.Егер жұмыс осы принцип бойынша істелінсе, өнім шығару көлемінің орта шамасынан ауытқып кету болмайды. Бірқалыптылық принцип коэффициенті: t Кр ( 1 - ( ((Ві ( / В ; і (1 ,…, t і(1 Мұндағы ((Ві(і тәуліктегі өнім шығару көлемінің орта шамадан ауытқып кетуі , т В-талданатын мезгілдегі өнім шығару көлемі,т. 3)пропорционалдылық –өндірістік процес операциялары бойынша өнімділіктері бірдей құрал жабдықтарды қою.Егер өндіріс процесі осы прицип негізінде құрылса , онда барлық операцияларда бірдей такт болады және олар өндірістік процесс тактісіне тең болады. Кп ( Пі / М немесе Кп ( Т / tі Пі-і-ші операциядағы құрал жабдықтың өнімділігі,т сағатына М-линияның қуаты, т сағатына Т – процес тактісі,1-тоннаға сағат tі -операция тактісі, 1-тоннаға сағат. Бұл коэффициент барлық операциялар бойынша табылады. Бұл коэффициент әрбір операциядағы жабдықтың өнімділігі, линияның қуатынан қаншаға үлкен екендігін көрсетеді.Осы принцип орындалуы үшін бірдей немесе еселі өнімділігі бар құрал жабдықтарды іріктеп алып ,оларды жұмыс орындарына қояды. Әр түрлі өнімділігі бар машиналарды орнатқанда пропорционалдылық принципі бұзылып кетпес үшін, операцияда белгілі бір жұмыс орнының санын ұйымдастыру керек. Осы жұмыс орнының санын табу үшін: Рмі ( tрі / Т , Рмі-і-ші операцияны орындау ға ұйымдастырылған,жұмыс орындарының саны, Т-процесс тактысы,өнім бірлігіне минут, tрі -1 жұмыс орнындағы і-ші операцияны орындау такты,өнім бірлігіне минут. 4)параллелділік–еңбек заттарын өңдеудің барлық операциялары бір уақытта немесе параллелді орындалатындай етіп өндіріс процесін ұйымдастыру.Өндіріс процесінде бір еңбек затының партиясын өңдеу бойынша шектес операциялар және бірнеше жұмыс орындарында бірдей операциялар параллелді орындалады. Осы принциптің басты мақсаты өндірістік циклды қысқарту Паралеллділік толық немесе жартылай болуы мүмкін.Толық паралеллділік операциялардың орындалу уақыты толық сәйкес келеді..Осы операциялардың біреуі қалғандарынан ұзағырақ болуы мүмкін.Сонда олардың қосарлану уақыты ең аз операцияның ұзақтығына тең. r ( tм. tм.-ең кіші такт. Жартылай паралеллділік операциялардың орындалу уақыттары бір-бірімен дәл келуі толық емес.Сонда екі операцияның қосарлану уақыты операциялардың ұзақтықтарынан кем болады. Кп ( r / tм. r- қосарлану уақыт ұзақтығы. Операция саны көбейген сайын паралеллділік коэфицентін есептеу қиындайды.Ет және сүт өнеркәсіптерінде принципті жаппай өнім шығару бар өндіріс учаскелерінде қолданады. 5)үздіксіздік – өндірістік процесс операциялары бойынша еңбек заттары өңдеу процессінің үздіксіз қозғалысы.Егер жұмысшының немесе жабдықтың жұмысында үзілістер еңбек заттарын бір операциядан екінші операцияға тасу салдарынан пайда болса ,онда үздіксіздік принципі бұзылмайды.Ал егер операция арасында еңбек заттары запастары жиналып қалып, өңделмей жатса , онда принцип бұзылады. Кн (1 – ( Тпер / Тц ), Тпер-үзілістер уақыты,өнім бірлігіне мин немесе сек. Тц-өндірістік цикл, өнім бірлігіне мин немесе сек. Ет және сүт өнеркәсіптерінде бұл принцип тез бұзылатын шикізат немесе жартылай фабрикат өңдегенде қолданады. 2.Негізгі өндірісті кеңістікте ұйымдастыру принциптері Негізгі өндірісті кеңістікке қарай ұйымдастыру принциптеріне ішкі зауыттық мамандандыру,бірлестіру,шоғырландыру және тура жолдық жатады. Өндірістік процесті ішкі зауыттық мамандандыру принципі жеке өнім түрлерін өндіруді және өндірістік фазаларды жекелеу,бөлектеу. Заттық,технологиялық, функционалдық мамандану болады. Цехты заттық мамандандыру- технологиялық процесі ұқсас өнім дайындауды жеке линияларда шығару.Өндірісті технологиялық мамандандыру цехта технологиялық операцияларды бөлу және оларды жеке цехтар мен учаскелерде орындау. Функционалдық мамандандыру негізгі өндірістен көмекші рперацияларды орындайтын біраз бөлімшелерді бөлу. Өндірісті бірлестіру әртүрлі кәсіпорын бөлімшелерінің жұмысын біріктіріп ұйымдастыру. Өндірісті шоғырландыру шикізатты жүйелі өңдеу сатыларымен әртүрлі өндірістердің тұтас кешенін жасау. Тура жолдық принципі шикізат пен материалды алғашқы өңдеуден бастап,дайын өнім алғанға дейінгі барлық операцияларда технологиялық процесс жүйелілігімен барлық жұмыс орындарын қысқа жол бойынша орналастыру.Операциялардың технологиялық жүйелілігі бойынша жұмыс орындары мен жабдықтарды орналастырады Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1.Ырғақтылық принципі 2.Бірқалыптылық принципі 3.Пропорционалдылық принципі 4.Параллелділік принципі 5.Үздіксіздік принципі 6.Негізгі өндірісті кеңістікте ұйымдастыру принциптері Әдебиет 1.Макаренко.М,В, Махалина.О.М. Производственный менеджмент,М.-1998 2.Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000 3.Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005 4.Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001 Тақырып 11. Негізгі өндіріс процессіндегі еңбек заттарының қозғалысының түрлері. (3 сағат) Дәріс жоспары: 1. Еңбек заттарының жүйелі қозғалыс түрі. 2. Еңбек заттарының параллель қозғалыс түрі. 3. Еңбек заттарының аралас қозғалыс түрі. Дәріс: 1. Еңбек заттарының жүйелі қозғалыс түрі. Өндіріс процессіндегі еңбек заттарының қозғалысының түрлері деп технологиялық жүйелілікте операциялар бойынша жұмыс орындарына шикізат пен жартылай фабрикаттардың жылжуы және өңделу тәртібін айтады. Операциялардың ұзақтықтары мен тактылары бірдей емес.Біртұтас өндірістік жүйе жасау үшін тактылары әртүрлі операцияларды өзара ұтымды үйлестіру қажет.Екі операцияны үйлестіру түрі еңбек заттарын өңдеу тәртібін және оларды бір операциядан басқасына беру тәртібін көрсетеді. Өндіріс процессіндегі тактылары әртүрлі операцияларды үйлестіру түріне байланысты еңбек заттарының қозғалыс түрлерін жүйелі,параллель және аралас деп бөледі. Өндіріс процесіндегі еңбек заттарының жүйелі қозғалыс түрі операциялардың технологиялық жүйелілігімен бірдей заттардың партиясын,ұсақ беріліс партияларына немесе данаға бөлшектемей өңдеуді ,жылжытуды көрсетеді.Шикізаттың және жартылай фабрикаттың барлық партиясы бір операциядан екіншісіне беріледі. Мұнда шектес операциялардың паралельді орындалуы мүмкін емес.Паралельділік мұнда бірдіей операциялар бірнеше жұмыс орындарында орындалу кезінде ғана мүмкін.Жүйелі қозғалыс түрінде өнім партиясын өңдеу ұзақтығы мына формуламен анықталады: m z Т (( ( ti + ( Te ; i(1,…,m, i(1 i(1 Мұндағы (- партиядағы өнім бірлігінің саны; m- өндірістік процестегі операциялар саны; i-операцияның реттік номері; ti i-ші операция тактысы; z- өндіріс процестегі табиғи операциялар саны; Te- табиғи операциялар ұзақтығы. Шикізаттың немесе жартылай фабрикаттың әрбір бірлігі біраз уақыт ішінде запаста болады.Әрбір операцидағы жартылай фабрикаттардың запас саны былай есептеледі. U ( ( ( (м Мұндағы ( (м - жартылай фабрикаттардың запасы жасалатын жұмыс орындарының саны. Еңбек заттарының жүйелі қозғалыс түрін өнімнің кішігірім партиясын өңдегенде тасқынды емес өндірісте қолданады. 2. Еңбек заттарының параллель қозғалыс түрі. Еңбек заттарының параллель қозғалыс түрі операциялардың технологиялық жүйелілігімен шикізаттың немесе жартылай фабрикаттың партиясын, данамен немесе ұсақ беріліс партиялармен өңдеу және жылжыту.Әрбір дананы немесе ұсақ беріліс партиясын барлық партияның өңделуін күтпестен,келесі операцияға алдыңғы операция бітісімен жібереді. Шикізаттың немесе жартылай фабрикаттың әрбір бірлігі өндірісте басқалармен параллельді болады .Параллель қозғалыс түрінде еңбек заттары операциялар арасында запас түрінде жиналмайды.Процестің барлық операциялары басты тактымен орындалады (үлкен тактымен).Басты операцияға қарағанда кіші тактылары бар операциялар үзіліспен орындалады.Үзілістер басты тактымен осы операциялар тактыларының арасындағы айырмаға тең. Шикізат партиясын өңдеу уақыты келесі формуламен анықталады: k e Т ( t гл (( -1) + ( t pi + ( ti i(1 i(1 Мұндағы t гл- басты операция тактысы,өнім бірлігіне минут; k- бірнеше жұмыс орнында немесе бір жұмыс орнында жартылай паралельді орындалатын операциялар саны ; t pi- бір жұмыс орнындағы i-ші операция тактысы, өнім бірлігіне минут; е- бірнеше жұмыс орнында толық паралелльді орындалатын операциялар саны; ti-i-ші операцияның жалпы тактысы, өнім бірлігіне минут. циклының біршама қысқаруымен ерекшеленеді.Параллель қозғалыс түрін ұйымдастыру үшін өндірістік процесті тактілері жақын операцияларға бөлу қажет.,яғни мүмкіндігінше процесті синхронизациялау. Еңбек заттарының параллель қозғалыс түрі жүйелі қозғалыс түріне қарағанда әртүрлі операцияларды уақыт бойынша біріктіру нәтижесінде өндіріс циклының біршама қысқаруымен ерекшеленеді. Еңбек заттарының параллель қозғалыс түрі тасқынды өндірісті ұйымдастыру талаптарына толық келеді. 3. Еңбек заттарының аралас қозғалыс түрі. Еңбек заттарының аралас қозғалыс түрі операциялардың технологиялық жүйелілігімен шикізаттың немесе жартылай фабрикаттың партиясын ,данамен немесе ұсақ беріліс партиялармен өңдеу және жылжыту.Әрбір дананы немесе үсақ беріліс партиясын шикізат пен жартылай фабрикаттың барлық партиясын өңдеу аяқталмастан,алдыңғы операция аяқталған кейін келесі операцияға жібереді.Жартылай фабрикаттар операциялар арасында біраз уақыт ішінде запаста болуы мүмкін.Запаста емес еңбек заттарын басқаларымен паралелльді береді және өңдейді.Әрбір операцияны процесс тактысы мен басқа операциялар тактыларына тәуелсіз өз тактысымен орындайды.Операциялар арасында жартылай фабрикаттардың запасы болса және операцияның орындалуы процесс тактысына тәуелсіз болса, өнімділігі бойынша жабдықты толық пайдалануға қолайлы жағдай туады. Шикізат партиясын өңдеу уақыты келесі формуламен анықталады: k е в Тпп ( tm ( N - 1 ) + ( tpi + ( ti + ( N – 1 )( (tб – tm ) ; k + e ( m ; і(1 і(1 і(1 tm-соңғы операция такты,мин; в-өзінен кейін кіші такты бар операция,операциялар саны; tб ; tm- шектес екі операцияның ,сәйкес үлкен немесе кіші тактысы,мин Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Еңбек заттарының қозғалысының түрлері деген не? 2. Еңбек заттарының қозғалыс түрлері қандай? 3. Ең ұзақ қозғалыс түрі 4. Қай қозғалыс түрлерінде запас жиналады? 5. Параллель қозғалыс түрінде үзілістерді қалай анықтайды? 6. Процесті синхронизациялау деген не? Әдебиет 1.Макаренко.М,В, Махалина.О.М. Производственный менеджмент,М.-1998 2.Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000 3.Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005 4.Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001 Тақырып 12. Негізгі өндірісті ұйымдастыру әдістері. (2 сағат) Дәріс жоспары: 1. Негізгі өндірісті ұйымдастыру әдістері. 2. Тасқынды өндірісті уақытқа қарай бөлу. 3. Мамандануына байланысты тасқынды желіні бөлу. Дәріс: 1. Негізгі өндірісті ұйымдастыру әдістері. Негізгі өндірісті ұйымдастыруда жеке,партиялық және тасқынды әдістер қолданылады . Негізгі өндірісті ұйымдастырудың жеке әдісі жеке өндірісте шығарылатын ерекше стандартты емес , қайталанбайтын өнімдерді шығарудың өндіріс процесін құру. Негізгі өндірісті ұйымдастырудың жеке әдісінің мәні бастапқы материалдарды , жабдықты , жұмыс күшін , техникалық және экономикалық құжаттарды мұқият дайындау.Өндіріс процесін алдымен барлық құраушы бөліктерін дайындап алып , оларды дайын өнімге біріктіріп ұйымдастырады. Негізгі өндірісті ұйымдастырудың партиялық әдісі өнім партиясын дайындауға өндіріс процесін құру.Еңбек заттарының барлық партиясы процесс операциялары бойынша жүйелі өңделіп , жұмыс орындарына данаға бөлінбей беріледі. Негізгі өндірісті ұйымдастырудың тасқынды әдісінде шикізат пен материалдар технологиялық жүйелілікпен , бекітілген ритмде, үздіксіз және барлық операцияларда бір уақытта дайын өнімге өңделетін өндіріс процесін құру.Кең жұмыс аумағы мен параллелдік принципін қолдану тасқынды әдіспен өндірісті ұйымдастырудың басты шарты. Тасқынды әдіспен өндірісті ұйымдастырғанда технологиялық процесті бірдей тактілері бар операцияларға бөледі. Операция тактілерін теңестіру процесс пропорциональды болу үшін және операциялар ортасындағы запастарды жою, азайту үшін қажет. Процестің пропорциональды болуы жабдықты толық пайдаланудың және эксплуатациялық шығындарды азайтудың басты шарты. Өндірісті ұйымдастырудың тасқынды әдісін жаппай өндірісте қолданады. Өндірісті ұйымдастырудың тасқынды әдісінде еңбек заттарының параллельді немесе аралас қозғалысын қолданады. Еңбек заттарының параллель қозғалыс түрінде операциялар арасында жартылай фабрикаттардың запастары пайда болмайды. Еңбек заттарының аралас қозғалыс түрінде жартылай фабрикаттардың запастары пайда болады және ол ауысымдық жоспарлы тапсырманы орындау соңында толық өңделеді. 2. Тасқынды өндірісті уақытқа қарай бөлу. Ұйымдастырудың тасқынды әдісі қолданылатын өндіріс тасқынды деп аталады. Тасқынды өндіріс уақытқа қарай үзілмелі және үздіксіз болады.Үзілмелі тасқынды - еңбек заттарының операциядан операцияға жылжуы және өңделуі жартылай фабрикаттардың запаста жату уақытына тоқтайтын өндіріс. Үзілмелі тасқынды өндіріс негізіне еңбек заттарының аралас қозғалыс түрі жатады. Бұл өндірісте операция және процесс тактілері бірдей болмайды, операцияларды синхронизациялағанда (бір-біріне дәл сәйкес келтіру) үзіліссіз тасқындыға айналады. Үздіксіз тасқынды өндірісте операциялар арасында материалдардың, жартылай фабрикаттардың запастары болмайды.Барлық еңбек заттары операциядан операцияға үздіксіз қозғалыста немесе жұмыс орындарында өңделуде болады. . Үздіксізі тасқынды өндіріс негізіне еңбек заттарының параллель қозғалыс түрі жатады. Операциялар арасында материалдардың, жартылай фабрикаттардың запастары пайда болмайды. Операция тактілерінің әр түрлі болуы еңбек заттарын өңдеудің үздіксіздігін бұзбайды.Барлық операциялар басты операция тактысымен орындалады. Кеңістікте тасқынды өндіріс тасқынды желі түрінде құрылады.Тасқынды желі –технологиялық жүйелікте орналасқан, жұмыс орындарының жиынтығы.Өңделетін шикізатты толық пайдалану мақсатында тасқынды желіні өндірісті кеңістікте ұйымдастыру принциптеріне сәйкес құрады. 3. Мамандануына байланысты тасқынды желіні бөлу. Мамандануына байланысты ауыспалы-тасқынды және тұрақты-тасқынды желіге бөлінеді. Ауыспалы тасқынды желіні технологиясы ұқсас әр түрлі өнімді шығарғанда құрады.Бір өнім түрін шығарғаннан кейін, басқасын шығаруға жабдық жұмысының тәртібін өзгертеді. Жабдық және процесс операциясының бір бөлігі тасқыннан шығарылады немесе енгізіледі. Тұрақты тасқынды желіде желі қуатына сәйкес, өнімнің тек бір түрі шығарылады. Тасқынды өндірісті ұйымдастыру және тасқынды желі жасағанда конструкторлық, техникалық, экономикалық дайындық жасалады.Сызбалар, техникалық карталар және сызбалар жасау,өнім өндіруге шикізат, материал, отын, энергияның шығын нормаларын анықтау. Экономикалық дайындыққа желі қуатын экономикалық негіздеу және технологиялық жабдық таңдау. Ең тиімді құрал жабдықты таңдау бастаушы операциядан басталады,ол операция бойынша желінің өндірістік қуаты есептеледі. Бастаушы жабдықты таңдауды өнім бірлігін өндіруге жұмсалған ең аз материал және еңбек шығындары бойынша жүргізіледі. Басқа жабдықты таңдағанда машинаны экстенсивті және интенсивті тиеу коэффициенттерін анықтайды және соған қарап таңдайды. Әдебиет 1.Макаренко.М,В, Махалина.О.М. Производственный менеджмент,М.-1998 2.Р.А. Фатхутдинов. Организация производство, Москва.- 2000 3.Ю.И. Ребрин. Основы экономики и управление производством, 2005 4.Н.А. Лисицына. Экономика, организация и планирование промышленного производство. М.- 2001 ----------------------- Қосымша төлемдер, тарифтік қорға Сағаттық еңбек ақыға қосымша төлемдер Күндік еңбек ақыға қосымша төлемдер Тарифтік қор Сағаттық еңбек ақы Күндік еңбек ақы Айлық еңбек ақы
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz