Файл қосу

Есепті шығар




   1. Есепті теңдеу құру арқылы шығар: Ауылдан қалаға қарай жаяу адам шыққан
      уақытта одан 24  км  қашықтықтағы  екінші  ауылдан  сол  қалаға  қарай
      велосипедші  шықты.  Жаяу  адам  4  [pic],  ал  велосипедші  16  [pic]
      жылдамдықпен қозғалды.  4  сағаттан  соң  олардың  арақашықтығы  қанша
      болады?
   2. Есепті шығар: «Ақжайықта» 400 оқушы, ал «Алтайда» одан 200  оқушы  кем
      демалды. «Алтайда?» неше оқушы демалды?
  Екі амалмен шығатындай етіп, есептің сұрағын өзгерт те, шығар.
   3. Есепті шығар: Асханаға  180 л сүт әкелінді. Оның 30 л жұмсалды және 3
      литрлік 18 құмыра сүт сатылды. Асханада қанша литр сүт қалды?
      Осы есепке кері есептер құрастыр және шығар.
   4. Есепті шығар: Шеберхана әр қайсысына 2 теріден жұмсап, 7 бөрік және әр
      қайсысына  4   теріден  жұмсап,  сонша  тымақ  тікті.  Шеберхана   бас
      киімдерге барлығы қанша тері жұмсады?
  Есеп мәліметтерін пайдаланып,  7∙4-7∙2  өрнегі  арқылы  шығарылатын  есеп
  құрастыр және шығар.
   5. Чертеж жасап есепті шығар: Арасы 240 км екі қаладан бір  мезгілде  бір
      бағытта жеңіл машина және автобус шықты. Жеңіл машинаның жылдамдығы 80
      [pic], ал автобусттың жылдамдығы 56 [pic]. 2  сағаттан  кейін  олардың
      ара қашықтығы қандай болады?
   6. Есепті әр түрлі тәсілмен шығар: «Кокшетау» лагеріне 120 ұл  бала  және
      180 қыз бала келді. Олар  әр бөлмеге   6  баладан  орналасты.  Балалар
      неше бөлмеге орналасты?
  Әрбір тәсіл бойынша шығару жолын түсіндір.
   7. Есепті теңдеу құру арқылы  шығар:  Диірменге  бірнеше  килограмм  тары
      әкелінген еді. Одан 2240 кг сөк  алынды.  Егер  әкелінген  тарыны  400
      килограммға  кемітсе,  ал  сөкті  560  килограммға  арттырса,  олардың
      мөлшері бірдей болады. Диірменге неше килограмм тары әкелінген еді?
   8. Есепті әр түрлі тәсілмен шығар: «Ойжайляу» лагеріндегі  140   ұл  бала
      және 210 қыз  бала  әр  топта  70  баладан  бөлініп,  саяхатқа  шықты.
      Балалар саяхатқа  неше топқа бөлініп шықты?
  Әрбір тәсіл бойынша шығару жолын түсіндір.
   9. Есепті шығар: Шеберханада  жөнделуге тиіс 18 аяқ киім бар. Мұны  шебер
      3 күнде, ал шебердің көмекшісі 6 күнде жөндейді. Егер осы жұмысты олар
      екеу бірігіп орындаса, онда олар неше күнде бітірер еді?
  10. Чертеж жасап есепті шығар: Арасы 240 км екі қаладан бір  мезгілде  бір
      бағытта жеңіл машина және автобус шықты. Жеңіл машинаның жылдамдығы 80
      [pic], ал автобусттың жылдамдығы 56 [pic]. 2  сағаттан  кейін  олардың
      ара қашықтығы қандай болады?

  11. Чертеж жасап есепті шығар: Арасы 96 м екі аялдамадан бір мезгілде  бір
      бағытта Мирас  пен  Андрей  шықты.  Андрейдің  жылдамдығы  16[pic],  а
      Мирастың жылдамдығы – 24 [pic]. 2 сағаттан кейін олардың ара қашықтығы
      қандай болады?

  12. Есеп 2 амалмен, 3 амалмен шығатындай етіп сұрақ қой  және  оны  шығар.
      Бір сағатта 140 лотерей билеттер сатылды, екінші  сағатта  –  одан  48
      билет артық сатылды, ал үшінші сағатта екінші сағаттағыға қарағанда  4
      есе кем. Қанша …?


  13.  Есепті  шығар:  Астанадан  Алматыға  қарай  жеңіл  машина  шықты,  ал
      Қарағандыдан сол  мезгілде  сол  бағытта  автобус  шықты.  Астана  мен
      Қарағандының арысы 210 км, автобустың жылдамдығы 50[pic]. Жеңіл машина
      автобусты 5 сағаттан соң қуып жетті. Жеңіл машинаның жылдамдығын тап.
  14.   Есепті шығар:
      1) 1 қыркүйекке қарсы  қалалық  оранжереяда  әр  қайсысында  5  гүлден
      болатын 126 гүлшоғы дайындалды. Осы гүлшоқтарда барлығы неше гүл бар?
      2) Қалалық оранжереяға оқушыларға арнап әр қайсысында 3 гүлден болатын
      56 гүлшоғына тапсырыс берілді. Барлығы неше гүлге тапсырыс берілді?
      Есептерді бір есепке айналдыр.
  15. Өз ара кері есептер құрастыр  және  шығар.  Үзіліске  дейін  циркте  5
      арыстан қойылымға қатысты, ал үзілістен кейін  –  3  есе  артық.  Неше
      арыстан қойылымға үзілістен кейін қатысты?
  16. Есепті шығар: Арасы 22 км екі ауылдан бір - біріне қарама - қарсы  екі
      жаяу адам шықты.  Біріншісі  1сағат  ерте  шығып  4[pic]  жылдамдықпен
      жүрді. Олар екіншісінің шыққанынан 2 сағат өткен соң кездесті.  Екінші
      жаяу адам қандай жылдамдықпен жүрді?
  17. Есепті шығар: Бір қаладан шыққан  жүк  машинасы  60[pic]  жылдамдықпен
      жүрді. Ал одан 3 сағат кейін оған қарама - қарсы басқа қаладан  шыққан
      жеңіл машина 90[pic] жылдамдықпен жүрді. Егер екі қаланың арасы 780 км
      болса, жеңіл машина кездескенге дейін жолда неше сағат болды?


  18. Есепті екі тәсілмен шығар: Океанариумге экскурсияға 40  бала  және  16
      ересек адам келді. Оларды 8 топқа бөлді. Әр топта неше адамнан болды?


  19. Есепті шығар:
     1) Зоомагазинде әр  қайсысында  7  көжектен  орналасқан  18  тор  бар.
        Зоомагазинде неше көжек бар?
     2) әр қайсысында көжектен орналасқан 12 торда неше көжек бар?
        Есептерді бір есепке айналдыр.


  20. Есепті шығар: Шеберханада екі орам матадан спорт  костюмдері  тігілді.
      Бірінші орамда 84 м мата,  ал  екіншісінде  60  м  мата  болған.  Егер
      бірінші орамдағы матадан екіншіге қарағанда 4  костюм  артық  тігілген
      болса, әр орамнан қанша костюм тігілген?



  21. Есепті әр түрлі тәсілмен шығар: Арасы 17 км екі ауылдан  бір  мезгілде
      бір– біріне қарама– қарсы бағытта екі шаңғышы шығты да, біраз уақыттан
      соң аялдады. Аялаған кезде шаңғышылардың бір–  бірінен  ара  қашықтығы
      110 км болды. Бірінші шаңғышының жылдамдығы 14[pic],  ал  екіншісінікі
      17 [pic]. Шаңғышылар аялдағанға дейін неше сағат жолда болды?

|                                                  |                            |

Пәндер