Файл қосу
Мәтінді түзету процесі
5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған «Әдеби редакциялау» пәнінің ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР СЕМЕЙ 2013 МАЗМҰНЫ 1 Глоссарий 2 Дәрістер 3 Практикалық сабақтар 4 Студенттердің өздік жұмысы 1 ГЛОССАРИЙ «Әдеби редакциялау» пәні бойынша 5В050400 - журналистика мамандығына арналған глоссарий Ақпарат – информация /лат. Informatio-түсіндіру, баяндау, хабардар ету/. 1) істің жағдайы, қандай да болмасын оқиға немесе біреудің қызметі туралы хабарлау, мәлімет беру. Ақпарат “хабарландыру”, “хабар-ошар” деген ұғымды білдіреді. Ақпарат құралдарының тәуелсіздігі – мемлекет тәуелсіздігінің саяси- экономикалық және ғылыми-техникалық дербестігімен пара-пар басты белгілерінің бірі. Ақпарат саясаты – мемлекеттік ұйымдардың қоғамдағы ақпараттар желісін дамытуға бағытталған реттеушілік қызметі. Бұл тек телекоммуникацияларды ақпараттық жүйелерді немесе БАҚ-ты ғана емес, барлық түрдегі – іскерлік, ғылыми-танымдық, хабарламалық, т.б сипаттағы ақпараттарды жасауға, сақтауға, өңдеуге, көрсетуге, таратуға байланысты өндірістік үрдістер мен қарым-қатынастардың бүкіл жиынтығын қамтиды. Байланыс - әр түрлі құралдар арқылы хабар беру мен хабар қабылдау, материалдық өндірістің барлық саласы үшін тікелей қызмет көрсету жолында түрлі хабарларды таратуды қамтамасыз етеді. Басқару функциясын атқарушы басылым - саяси және экономикалық билік құрылымдарының жұмыстарына үгіт-насихат жасауға бағытталған, сонымен қатар оппозициялық басылым, билік басындағыларды сынап, қоғамды дамыту үшін әзірлеген өз жобаларын ұсынатындар. Динамикалық әдіс - әдістің өзгермелілігі деген мағынада. Журналистика – қоғамдық институт, қоғам айнасы. Қазіргі заман тақырыптары мен проблемаларын қамти отырып, оқырман қауымның әртүрлі өкілдерінің қажеттілігін күнделікті қоғамдық ақпаратпен негізінен публицистика формаларын пайдалана отырып қамтамасыз етеді. Сонымен қатар қоғамдық өзекті проблемаларды қозғаған ғылыми, көркемдік әртүрлі туындыларды жариялайды. Журналистика қоғамдық пікірді қалыптастырушы, жасаушы бірден бір қоғамдық институт. Публицистика – публицистика мерзімді басылымдарды мазмұны жағынан байытып, қоғамдық-саяси материалдық ой-идеяларды жазбаша әшкерелеп, замана талабын бейнелейді. Зерттеушілер публицистика журналистиканың пайда болуына алғы шарт болған деп пайымдайды. Публицистика – қоғамдық өмірдің ең өзекті проблемаларын көтеріп, саяси іс-қызметке белсенді араласады және ғылым мен өнерге де тікелей сабақтастығы бар. Публикацияның тиімділігі - бастапқы кезеңде таңдап алынған фактінің қоғамдық мәнін, саяси маңызы, әлеуметтік бағытын қаншалықты бейнелей алды дегенмен тығыз сабақтасады. Сондай-ақ, тиімділік – публикация тақырыбының мезгілін тапқандығы, практикалық өзекті проблемаға берген жауабы, қоғамдық өмірге байланысты белсенділігінің деңгейі т.б. Жалпы публикация тиімділігі редакция жұмысының алыс және таяу мерзімде жасалатын жоспарлардың біртұтас сапасы, ғылыми негізділігі, кәсіби шеберлігі, өзара үйлесімі және мақсаттың орындалуына сай туындайды. Принцип – латынның - негіз, бастау деген сөзінен шыққан, өзара байланысты бірнеше мағына мен қоғамдық-саяси қызметтің барлық саласында кеңінен қолданылады. Принцип - ғылыми, қоғамдық, саяси шығармашылық аумақтағы барлық іс әрекеттің теориялық-методикалық түп негізі. Принцип осылайша журналистиканың да іс қимылының теориялық негізі болатындықтан істі жүргізуші сол аумақтағы мағлұматтан бастау алады. Принцип - журналистиканың дамуы мен іс қимылы заңдылықтарының жиынтығы. Сонымен қатар танымдық процесс, көзқарасты қалыптастыру мен ұйымдастыру ісінің бірлігін қамтамасыз етудегі журналистикалық қызметтің әдістемелік негізі болып табылады. Принтер – мәліметтерді басуға арналған құрылғы. Сапалы басылым - интелектісі жоғары қоғам өкілдеріне және бұқаралық оқырманға арналған басылым. Саясат – алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекетті басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейді. Саясат - өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекеттер, топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме, бірлестіктердің қызметі. Саясиланған басылым - негізінен қандай да бір партия мен қозғалыс арасында саяси күресті көрсетуге бағытталған және бейсаяси - саясаттан бойын аулақ ұстайтын басылым; Тиімділік - латынның «эффективность» яғни орындау, нәтиже деген сөзінен шыққан. Саяси сөздік анықтамаларында көзделген мақсаттың орындалу мөлшері іс-қимылдың нәтижесін мақсатпен теңестіру немесе мақсаттың орындалу өлшемі деп анықтаған. Ал, басқару теориясында тиімділік принципі алға қойған мақсатты, еңбек, материал, қарыз жағынан ең аз бөлігін жұмсап, ең қысқа мерзімде нәтижеге жету деп түсіндіреді. Көптеген ғалымдар тиімділікті алға қойған мақсаттың орындалған мөлшері деп тұжырымдаған Функция - латынның істеу, жасау, атқару, орындау іс-әрекеттің мақсаты деген мағынаны білдіретін сөзі. Екі обьектінің бірі өзгергенде келесісі де бірге өзгеру қатынасын да функция деп атайтыны тағы бар. Олай болса, қарым- қатынас жүйесіндегі белгілі обьектінің бірі өзгергенде келесісінің де бірге өзгеруін де функция деп атайды. Олай болса қарым-қатынас жүйесіндегі белгілі обьектінің қажетті талабын функция деп көріп оны элемент ретінде өз аумағында өзара сабақтастықтарымен тану дұрыс. Функция нендей бір ұғымның теориялық ішкі сипатын көрсетеді. Белгілі жүйенің іс-әрекеттік тәсілі мен оның ішкі характерін функция анықтайды деген тұжырым бар. Мемлекеттік басылым – қазынадан қаржы алатын басылым. Ресми баспасөз - үкіметтің және тәуелсіз баспасөз құрылтайшылары мен меншік иелерінің көзқарасын айқындайды. Іскер, экономикалық басылым – іскер адамдар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсететін және көңіл көтеруге арналған – оқырмандарға демалыс ұйымдастырады. Корректор – баспа терімінде кеткен қателерді жөндеп, басылым корректурасын жүргізуші редакция, баспа, баспахана қызметкері. Коллегия - әкімшілік бұйыру немесе немесе мекемелер басқаруға ресми бекітілген адамдар тобы. Корреспонденция – күнделікті оқиғалар туралы газет-журналға жіберілген хабар. Концепция – белгілі құбылыстар жайындағы көзқарас жүйесі, бірдеме туралы негізгі пікір. Контекс – текстің мағына жағынан тиянақты болуы. Коммерциялық басылым - өз тапқан қаржысына өмір сүретін басылым. Коммуникация - адамзаттық, субъективтік, жеке тұлғалық факторлар аса маңызды болып келеді. Коммуникациялық үрдістерде коммуникатордың құндылық бағыты, психологиялық әсері, көзқарасы, әдеті негізгі рөл атқарады. Лингвистика – тіл білімі ғылымы. Легитимді басылым – ақпарат министрлігінде ресми түрде тіркелген және легитимді емес – билік құрылымдарын мойындамайтын басылым; ұлттық – республиканың барлық аймағын қамтитын және трансұлттық – алыс және жақын шетелдерде шығарылатын басылым. Модератор – бұл сөздің үш мағынасы бар. 1. тілді музыка аспаптарында үннің күшін реттеп тұратын тетік. 2. машинаның жүріс қарқынын реттеп тұратын тетік. 3. бағдарлама компоненттерін бір жерге жинақтайтын тележүргізуші деп немесе дискуссияны жүргізушісі айтуға болады. Сканер – текстік мәліметтерді тікелей оқуға арналған құрылғы. Сценарий – экранға дайындалған әдеби шығарманың сюжеттік нобайы. Сюжет – телевидение, радио шығармаларындағы іс-әрекеттің, оқиға желісінің дамуы. Спутниктік теледидар – телевизияның ең көп дамыған түрі, көптеген сигналдарды қабылдап, кескінін анық көрсете алады. Цикл – белгілі уақыттың ішінде орындалған істің жиынтығы. Цифроанологиялық әдісте – теледидар экранынан түзелген кескіндерді көруге болады. Цифрологиялық әдісте – теледидар бағдарламаларындағы қорларды, архивтік материалдарды сақтауға көмектеседі, көрсетілген бадарламаларды көркем хаттауға жаңа мүмкіндіктер береді. Интернет – жалпыға бірдей ақпараттық ресурс. Радиоторап – сыммен хабар тарату желісінің абоненттеріне орталық радиохабарларын, жергілікті хабарларды таратуға арналған қабылдағыш. Радиохабар – радио арқылы берілетін ақпараттық, қоғамдық, саяси, мәдени хабарларды тарату құралдарының бірі. Радиоқабылдағыш – радиосигналдарды немесе радиосәулелерді қабылдауға және таратуға арналған құрылғы. Радиобайланыс – радиотолқындар арқылы жүзеге асырылатын электр байцланысы. Ақпараттық процестер – адамдар, тірі организмдер, техникалық құрылғылар арасында және қоғамдық өмірде ақпаратты тасымалдау, жинақтау және түрлендіру процесі болып табылады. 2 ДӘРІСТЕР “ Әдеби редакциялау” пәні бойынша оқылатын дәрістердің қысқаша тезисі 1-дәріс тақырыбы: Әдеби редакциялау пәні туралы түсінік Дәріс мақсаты: Журналистикаға қатысты тұжырымдар және әдеби редакцияға жалпы түсініктеме бере отырып, оның даму тарихын талдап, түсіндіру. Дәрістің жоспары: 1. Журналистикаға қатысты тұжырымдар әдеби редакцияға жалпы түсініктеме. 2. Мәтінді түзетудің әдістерімен таныстыру. 3. Редактордың басты міндеттері. Журналистика – өмір көрінісі. Ол өмірді сипаттап қана қоймай, онда болып жатқан іс-әрекеттер жөнінде ой тастайды, қоғамға жол сілтейді, бағыт- бағдар алуына көмек етеді. Осылайша журналистика маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді. Журналистік қызмет халықтың керегіне жауап беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Журналист бұл салада қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен белсене араласады. Қандай да бір қоғам, саяси жүйе болсын оның дамуында жалпы ақпараттық қызметтің, бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын қызметі мен рөлі зор, өйткені қоғамның қалыпты саяси-әлеуметтік өмірін күнделікті ақпарат тарату қызметінсіз көзге елестету қиын. Ақпараттар күнбе-күн бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылады. Бұқаралық ақпарат құралдары дегенде, ең алдымен теледидар, радио, газет- журналдар мен ақпарат агентттіктерінде қызмет істеп жүрген төртінші билік өкілдері – ақпаратты жинап, оны миллиондаған көрерменге жеткізетін журналистерді ойға алатынымыз даусыз. Алайда ақпаратты жинау өз алдына, оны өңдеп содан кейін халыққа жеткізу шығармашылық процесс екенін бірі білсе, бірі біле бермейді. Мысалы, экрандағы 2 минуттық сюжет үшін қанша адамның еңбегі сарп етілгені жайлы көзі қарақты әр көрермен көбіне-көп ойлана бермейтіні де негізсіз емес. Өйткені бүкіл ұжымның жұмысы кадр сыртында қалатыны белгілі. Газет – журналдарда да сол. Материал редакциялаудан өтпейінше, тұтынушыға жол тарта алмайды. Ал көрермен сол еңбектің тек жемісін ғана көріп қабылдайды, яғни дайын өнімді қабыл алады. Ал дайындалмаған шикі материалмен жұмыс жасайтын кім? Бұл қиын да үлкен жауапкершілікті талап ететін қызметті өз мойнына алатын кім? Ол бүкіл бұқаралық ақпарат құралдарының ұжымдарында маңызды орын алатын мамандық иесі – редактор. Телевизия, радио, баспасөз бетіне жарияланатын журналисттік шығарманың мәтінімен жұмыс жасау кезіндегі редакторлық кәсіптің теориялық, практикалық әдіс-тәсілдерімен танысу - осы пәннің басты мақсаты. Бұл басқаның материалын баспаға дайындар алдында керек болады және өз қаламынан шыққан шығарманы объективті бағалауға септігін тигізеді. Мәтіннің формалық түтастығын сақтай білу, стильдік, логикалық қателерден аулақ болу, оқырманның түйсігіне сай оқиғаны суреттей алу қабілеті журналистің кәсіби біліктілігін білдіреді. Әдеби редакция теориясының журналистік шығармашылықта алатын орнын, маңыздылығын осы факторлардан-ақ байқаймыз. Бұл сабақта мәтінмен жұмыс жасаудың белгілі теориялық негіздемелері мен практикалық әдіс-тәсілдері жайлы, сонымен қатар редактордың қызметтік міндеттеріне арналған мәліметтер қамтылған. 1) әдеби редакцияға жалпы түсініктеме беру; 2) мәтінді түзетудің әдістерімен таныстыру; 3) редактордың басты міндеттерін айқындау; 4) филологиялық әдістердің ішіндегі редакторлық анализдің мәні мен мамұнын ашу, сонымен қатар практикалық редакцияда алатын орнын анықтау; Кеңестік идеология іргесінің сөгілуі, жаңа уақыттың орнауы мен қоғамның өмір сүру дағдысының ауысуы—журналистика саласын да ауқымды өзгерістерге салды. БАҚ-да журналист емес журналистер, редактордың кәсіби міндеттерінен ада редакторлар келіп, қазақ журналистикасына үлес қосып жатқан жайлары бар... Сондықтан әдеби редакциядағы ғылыми-практикалық мәселелерге қалам тартудың өзі өзекті. Бүгінгі таңда редактордың жұмысы мәтінді түзету мен тексеруден ғана тұрмайды. Оның атқаратын қызметі өте ауқымды. Кей жағдайда оның іс-әрекеті оны телебағдарламаларды, газет материалдарын жасаудағы шығармашылық процестің көшбасшысы етіп көрсетеді. Бұл ретте көп сөз айтуға болады, оның теориялық та, практикалық та мәнін ашуға болады. Өйткені осы жолда талай ғалымдар зерттеулер жасаған, ой-пікірлер айтқан. Редакторлық іс-әрекеттің мақсаттары мен міндеттері, редактордың жұмысының ерекшеліктері, редакциялаудың жалпы әдістемесінің негізі туралы А.Мильчин, Н.М. Сикорский, К.И.Белинский, М.П.Сенкович, К.М. Накорякова секілді т.б. ғалымдардың еңбектерінде кеңінен зерттелген. Дәрісті бекіту сұрақтары: 1. Журналистикаға қатысты тұжырымдар әдеби редакцияға жалпы түсініктеме. 2. Мәтінді түзетудің әдістерімен таныстыру. 3. Редактордың басты міндеттері. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994. 2. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001. 3. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985. 2-дәріс тақырыбы: Редакциялаудың жалпы әдістемесі Дәріс мақсаты: Редакторлық бағалаудың жалпы әдістемесі, шығармаға нақты мақсат тұрғысынан қарау, автор еңбегін шыншылдық масштабымен айқындауды талдап, түсіндіру. Дәрістің жоспары: 1. Редакциялау ұғымы. 2. Редакциялаудың міндеті. 3. Редактордың басты міндеттері. Редакциялау ұғымы өте күрделі ұғым. Латын тілінен аударғанда «redactus» – «тәртіпке келтірілген» деген мағынада. Баспасөз, радио, теледидарда редакциялау қоғамдық-әдеби іс-әрекет облысы, жариялауға материал дайындау дегенді білдіреді. Көптеген жағдайда редакциялаудың міндетін айқындауда оның мәтінді түзету деген бір жағы ғана қарастырылады. Түзету - редактор іс- әрекетіндегі маңызды құбылыс. Оның басты міндеті мазмұн мен шығарма формасына сараптама жасау болып табылады. Бұл оны дұрыс бағалау мен жетілдіру үшін қажет. Редакциялаудың міндеті – шығарманың қоғамдық бағалануы. Теледидардардағы редакциялау пәні түрлі жанрдағы мәтіннен бастап бейнеқатардың иллюстрациялары бола алады. Редакциялауға саяси және қоғамдық мәні бар аспект кіреді. Редакциялау арқылы шығармадағы қателер түзетіледі. Редактордың міндеті - өзі түзеген материалдың эффектілі болуын қамтамасыз ету. Ол эфирге шығатын жарияланымға толығымен жауапты. Ал сыншы-рецензент жарыққа шыққан материалдың кемшілігі мен құндылығын анықтайды, көрермен мен оқырманға оны дұрыс бағалауға көмектеседі, авторға қажетті кеңес береді. Өзінің ақпараттық қызметін орындау барысында БАҚ материалдары жақсы, түсінікті баяндалуы тиіс, өйткені ол түрлі топ өкілдеріне арналады. Редактордың шығармашылық мүмкіндігі мен шеберлігінен материалдың сапасы айқындалады. Редактор мамандығында сыншы мен тіл маманы, стилист пен педагог, ұйымдастырушы мен суретші мамандығы ұштасады. Редактор өз білімін әрдайым жетілдіріп отыруы қажет. Жан-жақты білімі бар, логикалық ойлауы зор, әдеби тілдің нормаларын жетік білетін адам ғана редактор бола алады. Редакторлық бағалау – шығармаға нақты мақсат тұрғысынан қарау, автор еңбегін шыншылдық масштабымен айқындау. Редактор кітап, радио немесе телебағдарлама дайындаудың барлық өндірістік-технологиялық процесін білуі шарт. Полиграфия негіздері мен техникалық мүмкіндіктерді білуі оған шығарманың әсерін күшейтуге көмектеседі. Редакциялау – шығармашылық процесс, оны редактордың жеке дара ерекшеліктері айқындайды. Бүгінгі таңда тәжірибеде редакциялаудың жалпы әдістемесі қалыптасты. Дайындық кезеңі. Редакторлық іс-әрекеттің басы – дайындық кезеңі болып табылады. Оны ұйымдастырушы – шығармашылық кезең деп те есептеуге болады. Оған басылым, радио немесе теледидар бағытына сәйкес тақырыптық бағдарын айқындау, айдарлар мен жобалар, автор таңдауы жатады. Әдеби редакциялаудан ең алғашқы дәрісін 1952 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде профессор К. И. Былинский оқыған. Бұл дәріс арқылы курстың жалпы концепциясы қалыптасып, бағдарламаның негізгі бөлімдері анықталды. Бұл жаңа оқу бағдарламасының дайындық кезеңі аяқталды дегенді білдіреді. Практика бағдарламасы жасалып, алғашқы әдістемелік еңбектер жарық көре бастады. «Әдеби редакциялау» ұғымы баспасөз тарихына К. И. Былинскийдің «Әдеби редакциялау мен газет материалдарына түзету енгізудің негіздері» кітабы жарық көргеннен кейін, яғни 1940-шы жылдардың аяғында енді. Жаңа терминнің шығуы екі жағдаймен түсіндірілді: «Газет жұмысы жағдайында материалдардың редакциялық дайындығының спецификасын айқындау мен «әдеби өңдеу» – тіл мен стиль қателерін түзету» деген ұғымды кеңейту болды. Газет материалдарын редакциялаудың ерекшеліктері айқын еді: редактор публикация характерін, оның ақпараттылығын, автор позициясының спецификасын, автордың оқиға мен оқырманға жақындылығын, ақпараттың жылдамдығы мен редакцияның жұмыс жағдайын есепке алуы тиіс. Алғашында әдеби редакциялауға деген көзқарас практикалық ойларға негізделді. Кейіннен әдебиетке көптеген авторлар келді. Олардың қолжазбаларын баспаға жіберу үшін көптеген қарапайым қателерді түзеу керек болды. Редакциялаудан жазылған алғашқы еңбектер редакторларды осы жағдайларға үйретті. Өзінің қалыптасуы кезеңінде әрбір практикалық пән норма мәселелерімен қақтығысады. Практикалық талаптар мен ғылыми білім деңгейі әрқашан тығыз байланыста болды. Әдеби редакциялаудың өткен жолы қолданбалы гуманитарлық пәндермен бірге өтті. Әдеби редакциялаудың қалыптасу процесі әлеуметтік контекспен айқындалды. Өзінің дамуы жағынан ол редакциялаудың теориясы мен практикасы сияқты пәндермен қатар жүрді. Мәтінмен жұмыс істеу - өте күрделі процесс. Автор жаңа, құнды, дәлелді деректер тапқан кезде қажетті сөздер ойға өздері келеді. Бұл - өте кең тараған көзқарас. «Жақсы жазу үшін жақсы ойлау керек» деген тұжырым екінші орында болды. Баспа теоретиктері өз құрылымдарында филологиядан гөрі әлеуметтану көп екендігін мойындайды. Әдеби редакциялау жайлы мәлімет өте аз болды. Бүгінгі күні редакциялауды филологиялық пән ретінде қарастыра келе, біз жинаған бақылауларымызды бір жүйеге келтіріп, оны терең ұғына аламыз. Құрылымы жағынан кешенді пән болғандықтан, ол бірнеше гуманитарлық пәндерді, соның ішінде логика, психологияны қамтиды. Ал теориялық құрылымы жағынан әдеби редакциялау лингвистика мен әдебиеттануға сүйенеді. Осыған байланысты біз практикалық міндеттерді шешу кезінде библиография, текстология, информатика сияқты пәндерге жүгінеміз. Мәтінді түзету процесі. Редактор мәтінді түзету үшін ең алдымен оны терең ұғынып, оқып алуы қажет. Көркем әдебиет редакторларының тәжірибесіне негізделген редакциялаудың дәстүрлі әдісі осылай жасауды қажет етеді. Ғылыми және техникалық әдебиетті баспаға дайындау кезінде ұсынылған редакциялаудың динамикалық әдісі редакторға материал жайлы өз әдісі бойынша, мәтін терең зерттеліп оқылғаннан кейін түзету енгізіледі де, басуға ұсынылар алдында тағы бір қаралады. Редакциялаудың теориясы мен практикасына байланысты әдебиетте редакторлық сараптама мәселелерін екінші орынға ығыстырып шығарды. Редакторлық жұмыс - өте күрделі жұмыс. Кез-келген мәтінге қолданыла беретін түзету түрлері болмайды. Түзету әдісін редактор өзі таңдайды. Бірақ оның бұл таңдауы нақты, әрі негізделген болуы қажет. Түзетулер мен өзгертулердің саны ол жұмыстың сапасын айқындамайды. Бүгінгі күні де газет редакцияларында кейбір қызметкерлер автор шығармасын қайтадан жазып шығуды өз міндеті деп санайды. Мұндай өңдеуден кейін көп жағдайда мәтін өз өңін жоғалтады. Түзету түрлері. Редакциялау әдісінде түзетудің төрт түрі белгілі: қайта оқып түзету, қысқарту арқылы түзету, өңдеу арқылы түзету, қайта жазып барып түзету. Қайта оқып түзету – тексті түпнұсқасымен салыстырып оқып барып ондағы әріп қателерін түзету. Ресми материалдарды, қайта басылып шығатын кітаптарды редакциялау барысында түзетудің осы түрі қолданылады. Қысқарту арқылы түзету – текстің мазмұнын, логикалық жүйесін сақтай отырып, оны белгіленген көлемге, яғни таңбаға, жолға, бетке түсіріп ықшамдау. Шығарманы шұбалаңқылықтан, нанымсыз дәлелдерден, біртекті дәлелдеулер мен қайталаулардан арылту үшін де түзетудің осы түрі қолданылады. Өңдеу арқылы түзету – авторлық тексті сақтай отырып, шығарманың композициялық құрылысындағы олқылықты жою, деректік және логикалық қателерін түзетіп, тілі мен стиліндегі кемшіліктерін жөндеу. Қайта жазып барып түзету - әдеби тілді нашар меңгерген авторлардың қолжазбаларын әзірлеу кезінде қолданылады. Мұнда әдеби өңдеуші автордың негізгі ойын, өзіндік стиль ерекшелігін сақтай отырып, шығарманы қайта жазып шығады. Дәрісті бекіту сұрақтары: 1. Редакторлық іс-әрекеттің басы – дайындық кезеңі. 2. Түзету түрлері. 3. Мәтінді түзету процесі. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994. 2. Сихорский Н.М. Теория и практика редактирования. М., 1972. 3. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985. 3-дәріс тақырыбы: Ұйымдастырушылық – шығармашылық кезең Дәріс мақсаты: Ұйымдастырушылық жұмыстың жедел бағдарламаларда, трансляциялар, мерекелік кештер, байқаулар мен ток-шоу кезінде алатын маңызы зор. Бұл кезде қатысушыларды дұрыс таңдап, олармен танысып, мінез- құлықтарын зерттеп, олардың әрқайсысының атқаратын міндетін жете түсіндіру – ұйымдастырушылық – шығармашылық кезеңнен бастау алатынын талдап, түсіндіру. Дәрістің жоспары: 1. Жанрлық беттеу. 2. Бағдарлама блогын дайындау. Редакциялаудың жалпы әдістемесі әрбір редактор үшін қажет. Ал теледидар бағдарламасын редакциялаудың кітап пен газет мақаласынан өте көп ерекшеліктері бар. Өйткені соңғыларында редактор мәтінмен ғана жұмыс істейді. Теледидар редакторы мәтіндік материалдан (бейне) видеоқатармен де айналысуы керек, яғни сөз бен бейне үйлесім табуы қажет. Бұл оның телережиссура негіздері, сонымен қатар теледидардың техникалық мүмкіндіктерімен танысуын талап етеді. Теледидар бағдарламасын дайындау кезеңдерінің барлығында қоғамдық жұмыс көлемі кітап пен мақаланы басуға дайындау кезеңіндегі жұмыс көлемінен едәуір үлкен. Онда: автор таңдауы, объектілердің сарапталуы, бағдарламада көрсетілетін ұйымдармен келісім, бейнелік материалдар таңдау, қатысушыларды іздеу сияқты көптеген іс-әрекеттер атқарылады. Өзіміз байқап отырғандай, теледидар редакторының қызметі басқаларымен салыстырғанда өте қиын. Оның іс-әрекетін кейде әдеби-ұйымдастырушылық деп те айқындайды. Бірақ бізде теледидар редакторы режиссерді, операторды, суретші мен администраторды ауыстыра ала ма деген сұрақ тууы мүмкін. Бұл сұрақ, бір қарағанда, заңды сияқты. Бағдарламаның сапасы шығармашылық топтың әрбір мүшесі өз жұмысын жоғары деңгейде орындағанда ғана жақсы болады. Редактор бұл жерде ұйымдастырушы, бағыттаушы, барлық топтың жұмысын үйлестіруші ретінде қызмет атқарады. Олардың жалпы мақсаттары – бағдарламаның кәсіби деңгейін жоғары етіп көрсету болып табылады. Редактор осыған жауапты. Тікелей эфирде редактор «дайындалмаған» материалмен жұмыс жасайды. Бұл жерде ең бастысы – тақырыпты ашып, бағдарламаның дұрыс мағынасын бере білу. Әрине, көркемдік безендірілуіне редактордан гөрі қоюшы режиссердің жауапкершілігі басымдау. Осылайша, теледидар редакторына өз жұмысын жоғары деңгейде орындау үшін редакциялау шеберлігін білумен қатар, теледидар драматургиясы төңірегіндегі мәселелер жөнінде хабары болуы керек. Редактор сонымен қатар шешендік өнер негіздерін, бағдарлама дайындау технологиясын, экранның бейнелік көркемдік құралдарын жақсы меңгеруі керек. Теледидар редакторына тағы бір қажет қасиет – адамдармен қатынас орната білу. Оның іс-әрекетінде ұйымдастырушылық қабілет маңызды орын алады, сондықтан бағдарлама дайындаудың барлық кезеңіндегі дұрыс жүргізілген жұмыс бағдарлама сапасына үлкен әсерін тигізеді. Ұйымдастырушылық жұмыстың жедел бағдарламаларда, трансляциялар, мерекелік кештер, байқаулар мен ток-шоу кезінде алатын маңызы зор. Бұл кезде қатысушыларды дұрыс таңдап, олармен танысып, мінез-құлықтарын зерттеп, олардың әрқайсысының атқаратын міндетін жете түсіндіру қажет. Редактор теледидар қызметінде түрлі мәселелерді шешеді, сондықтан оның жұмысының кезеңдерінің саны өте көп. Теледидар редакторы үшін дайындық кезеңі тақырып өңдеуден басталады. Ең алдымен теледидар мүмкіндігі мен спецификасын айқындай алатын материал таңдалады. Ол кезде редактор бірнеше позицияға арқа сүйеді. Біріншіден, теледидардың ерекше қасиеттері: жеделдік, көру мүмкіндігі, бірден кең аудиторияны қамтуы. Екіншіден, теледидардың басқа бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысы. Үшіншіден, теледидар көрсетілімнің спецификасы. Бағдарламаның бір рет көрсетілуі тиімді қабылдауды төмендетеді. Деректі материалдарда тақырып нақты, әрі түсінікті баяндалуы, дұрыс ұйымдастырылуы қажет. Төртіншіден, аудитория тұрақтылығы, олармен жүйелі түрде қарым- қатынаста болу. Бесіншіден, теледидар аудиториясының әртүрлілігі, яғни көрермендердің жасы, білім деңгейі әр түрлі болады. Редактор ұсыныстарды, журналистердің меншікті және штаттан тыс тілшілерінің, шығармашылық бірлестік өкілдерінің, мамандардың жобаларын қарастырады. Осы кезеңде көрерменге тақырыпты дұрыс жеткізе алатын көркемдік құралдар таңдалады. Он жыл ішінде телерадио хабарлардың мемлекеттік монополиялық жүйесі бұзылды. Бұл көптеген мемлекеттік емес, яғни жекеменшік телерадио компаниялардың пайда болуына әкеп соқты. Сондықтан бірін-бірін қайталаудан аулақ болған жөн. Әрбір арнаның өзіндік «мінезі» болуы шарт, олардың айдарлары, жүргізушілері, хабар беру түрлері мен жанрларында айырмашылық болуы тиіс. Мысалы, «Астана» арнасының тұрақты аудиториясы бар. Бірақ әлі күнге дейін айдарлар мен жүргізушілері жиі ауыстырыла береді. Бағдарлама саясатын жүргізу үшін міндетті түрде оның құрамдас бөліктерін: айдарлар, циклдар, сериялар мен блоктарды бөліп алу керек. Айдар бағдарламаны тақырыптық принцип бойынша немесе мақсаты бойынша біріктіреді: «Азамат» (Хабар), «Әлі есімде» (Ел арна), «Назар», «Айна ақпарат», «Ел мен жер», «Астана уақыты» (Қазақстан), «Хабар - жер», «Айбын» (Хабар), «Жеті күн» (Хабар), «Дода» (31 арна) т.б. Бұл бағдарламалар бір-бірінен жанры, формасы, жеделдігі жағынан өзгешеленеді. Тақырыптық жағынан бірдей материалдарды біріктіре отырып, айдар көрерменге өзіне қажет бағдарламаны тез таңдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар олар көрерменге бағыт береді, бағдарлама мағынасын терең ұғынуға көмектеседі. Айдар таңдауға да сақ болған жөн. Бағдарламаның тағы бір маңызды құрамдас бөлігі - циклдар. Оған бір бағыттағы бағдарламалар кіреді, оларды бір автор жүргізіп, қатысушылары да бір болады. Циклда тақырыбы жағынан әр түрлі материалдың бірігуі қойылған міндетті толық шешуге мүмкіндік береді. Мысалы, «Айна. Апта қорытындысы» (Қазақстан), «Жеті күн» (Хабар), «Апта» (Астана), «Состояние -kz» (31 арна), «Портрет недели» (КТК). Бұл циклдардың басты артықшылығы – таңдалған мәселені жан-жақты, әрі жүйелі зерттеуге мүмкіндік берілуі. Теледидар тәжірибесінде бағдарламалық блоктар кең қанат жайды. Олар түрлі бағдарламаларды уақытына қарай жинақтауға мүмкіндік береді. Мысалы, таңертеңгілік, кешкілік блоктар («Көңіл ашар» (Қазақстан), «Нұрнама» (Рахат), «180 минут» (АсТВ). Блоктық құрылым көптеген арналар қызметін жүйелейді. Оның көптеген артықшылықтары да бар. Көрерменнің нақты бөлігіне бағытталатын бағдарлама ішіндегі бағдарлама, оның құрылысы еркін, жанры мен формалары әр түрлі. Бағдарлама блогын дайындау кезінде ондағы кейбір жеке материалдардың тәртібі мен орналасуының өзіндік заңдылықтары бар, оларды көрерменге жақсы әсер қалдыру үшін пайдалануға болады. Теледидар аудиториясының тұрақтылығы көлемі үлкен материалды бөліктермен, яғни серияға бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл оқиға немесе құбылыс жайлы толық мәлімет алуға көмектеседі. Серияға, әдетте, фильмдер мен спектакльдерді, үлкен бағдарламаларды бөледі («Она написала убийства, НТВ, мультсериал, «Симпсоны», «Том и Джерри», «Рассказы старого сплетника», «Культура»). Мағыналық реттеудің де үлкен маңызы бар. Ол материалды таңдап, оны әлеуметтік-қоғамдық және саяси мәнінің деңгейіне қарап топтастыру. Мысалы, «Айна ақпарат» («Қазақстан»), «Ақпарат арнасы - жаңалықтар» («Хабар)», «Информбюро» («31 арна») ақпараттық бағдарламалары үнемі бір уақытта (кешкісін) жүргізіледі. Бұл кезде көптеген көрермендердің уақыттары бос болады. Редакцияның да күні бойы жинаған материалдары бұл уақытта жүйелі түрде беріледі. Ақпараттық бағдарламалар миллиондаған аудиторияның естіген мәліметтерін бейнекөріністермен нақтыландырады. Ақпараттық хабарлар әр түрлі уақытта жүргізілуі тиіс. Бірақ бұл принцип әрдайым сақтала бермейді. Жанрлық беттеу - сюжеттердің әртүрлілігін, берілу ерекшеліктерін есепке алады. Материалдың нақты орын тәртібі көрермен үшін өте маңызды. Беттеу арқылы көрермендер дайын бейнелік ассоциациялар алады. Бағдарлама беттеуін «драматургиялық бастау» біріктіруі тиіс, яғни сюжеттердің қойылымы, нақты орын тәртібі, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени тақырыптардың өзара байланыстығы. Ырғақтық (ритмдік) беттеу дегеніміз – түрлі бейнелік және техникалық құралдардың (телесюжет, тікелей эфир, студиядағы түсірілімдер) пайдалануы. Ритмдік беттердің заңдарын бұзудың зардабы мағыналық беттеудегідей қабылдау белсенділігіне әсерін тигізеді. Дәрісті бекіту сұрақтары: 1. Теледидар аудиториясының тұрақтылығы. 2. Жанрлық беттеу дегеніміз не? 3. Ырғақтық (ритмдік) беттеу дегеніміз не? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994. 2. Сихорский Н.М. Теория и практика редактирования. М., 1972. 3. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985. 4-дәріс тақырыбы: Әдеби редакция ұғымы және редакторлық қызмет Дәріс мақсаты: Әдеби редакция ұғымы және редакторлық қызметтің қыр-сырын талдап, түсіндіру. Дәрістің жоспары: 1. Әдеби редакция түсінігі. 2. Редакторға қойылатын басты талаптар. Әдеби редакция түсінігі күрделі, көп қырлы. Латынның «redaktus» сөзінен шығып, тікелей мағынасы «жөнге келтірілген» дегенге саяды. Редакциялауды радио, телевизия, баспасөз бетіне материалды дайындау кезіндегі әдеби- қоғамдық шығармашылық еңбектің бірі ретінде қарастырады. Журналистика тарихы, жазушы-классиктердің тәжірибесі негізінде қаланып, бүгінгі БАҚ-ның практикалық жұмысының жаңа сапаға көтерілуінің арқасында даму сатысына аяқ басқан бұл білім бағытының өзіндік методикасы қалыптасқанмен, басқа филологиялық пәндерге қарағанда біршама «жас» деп айтуға болады. Өзінің мақсаты жағынан практикалық, құрылымы жағынан кешенді келетін аталған пәннің ғылыми жүйеге түсуіне ұйытқы болған ғалым және 1952 жылы ММУ-і журналистика факультетінің университеттік курс лекциясында алғаш рет әдеби редакция жайлы оқыған -профессор К. И. Былинский еді. Лекцияда курстың жалпы концепциясы, пәннің зерттеу объектісі белгіленді, оның негізгі түсініктері, бөлімдері айқындалды. Осылайша басы негізделгеннен кейін, оның практикалық бағдарламасының «жасақталуы» басталып, жаңа методикалық көмекші оқу құралдары басылып жатты. А. В. Абрамовичтің және Э. А Лазаревичтің әдеби редакциялау жөніндегі практикумы талғамға сай келіп, үш рет басылды. Көп жылдар бойы әдеби редакцияның мәні ашылмай, оған мәтінді түзетудің, оның ішінде грамматикалық қателермен жұмыс міндеттері ғана таңылды. Әсіресе, революцияға дейінгі кезеңде патшалық үкімет тұсындағы газет- журналдарға сауаты жеткіліксіз тілшілер қызмет атқаруы редакторлардың басты жұмысы қателерге бой алдырмау, түзету болып келді. 40-шы жылдардың соңына таман шыға бастаған әдеби редакциялау жөніндегі кітаптар бұл стереотипті ақырын-ақырын бұза бастағаны тарихтан мәлім. Баспасөз практиктері мен теоректиктерінің білім қорын К. И. Былинскийдің 40-шы жылдардың екінші жартысында жарық көрген «Основы литературного редактирования и правки газетных материалов» атты еңбегі толықтыра түсті. Онда қарастырылған тақырыптың шебер зерттелуінің, зерделенуінің арқасында бұрын түсініп келген тар шеңбердегі қалып бұзылып, редакциялаудың басқа да қалтарыстары мен қырлары кең көлемде жан жақты негізделді. К. И. Былинскийдің лекцияларында әдеби редакция бір процесс ретінде қарастырылып, оның ішінде автордың туындысын мазмұн, фактілік дұрыстылық пен нақтылылық тұрғысынан қарау, шығарманың қоғамдық мәніне редактордың көңіл қоя білуі, автордың стилімен санасу керектігі пән барысында алғаш рет қаралады.. Яғни редакторлықтың жеке әдістерін жинақтаудан жүйелі ғылымиланған санатқа көтереді. «Мәтін тілімен жұмыс жасағанда оны мазмұнынан жеке дара қарастыруға болмайды... Ойдың бояуын сөйлем құрылымының өзгертілуі кетіреді. Бір сөзді басқа сөзбен алмастыру, бір құрылымды басқа бір құрылыммен өзгерту ой өрнегінің немесе стилистикалық түстің әлсізденуіне әкеп тірейді» деген талап сол уақыттарда қойылған болатын. Осы сөйлемнің ары қарай дамуы екі рет басылып шыққан К. И. Былинский мен Д. Э. Розентальдің еңбектерінде, Н. М. Сикорский, А. Э. Мильчин, М. П. Сенкевичтердің кітаптарында көрініс тапты. Курстың жұмысы Лазаревичтің бағдарламасы бойынша ары қарай жалғасын үзбеді. Редакторға қойылатын басты талаптарға және міндеттеріне тоқтала кетсек. Редактордың міндеттерінің бірі - өңдеп жатқан материалдан әсер етудің максималды эффектісіне қол жеткізу. Аудиторияның сана-сезіміне әсер ету техникасын кеңінен пайдалана алуы шарт. Ақпараттық функцияны атқарған кезде БАҚ материалдары өзінің нысанына жетер алдында жалпыға түсінікті газет тілімен жеңіл жеткізілуі тиіс. Бірақ тақырып мәселесін терең, зерделі талдануына да көңіл бөлген дұрыс. Редактордың мәтін тілімен еңбектенуінде, пайдаланған фактілердің дәлдігін анықтауда, ойдың шебер жеткізілуінің қадағалануы қатар жүреді. Яғни, материал - жүйелі, артық сөзсіз, ретімен дамытылған, фактілері - тексерілген, сенімді, оқырманды тартатын, жарқын болғаны тиімді. Кәсіптік деңгейінің жоғарылығы, шеберлігінің өткірлігі материалдың тағдырына қатты әсер етеді. Көбіне көп осы санаттағы адамдардың бойында сыншы, тіл маманы, стилист, педагог, ұйымдастырушы және суретші сияқты мамандық иелерінің білімі мен қарымы астасып жатады. Журналистік шығармашылық өзінің айналасушысынан жанжақтылық және салалық білімді жетілдіруді талап етеді. Редактор білімділігі - мақаланың эффектілігін арттыруға, талаптарға сай жарық көруіне сеп бермек. Есте сақтаған жөн болар, редактор қызметі қанша жерден көптүрлі болғанымен, ең алдымен ол - әдеби қызметкер. Редактор деп аталуға тек жан-жақты, білікті, логикалық ойлау машығына кенде емес, әдеби тілдің нормаларына қанық адам ғана лайық. Редакторлық баға, сын - бұл шығармаға сырт, шебер, білімді сыншының бағасы. Сондықтан редактор мен цензордың арасындағы айырмашылық аз деген сылтаумен олардың ескертулері мен түзетулерін елемеушілердің пікірі орынсыз. Теле, радиобағдарламалар, газет мақалаларын дайындау, жарыққа шығару кезіндегі технологиялық-өндірістік үрдістің барлық буынын меңгергендігі редактордың ұйымдастырушылық қызмет-міндеттерінің сапалылығына әсер етіп, өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Газет, кітап баспасы, полиграфиялық, радио, телевизиялық технологиялармен ұтымды жұмыс істегенде, көркемдеуіш құралдар арқылы шығарманың маңыздылығын белгілеуге, селт еткізер тұсын бажайластыруға көмектеседі. Дәрісті бекіту сұрақтары: 1. Аудиторияның сана-сезіміне әсер ету. 2. Редактордың ұйымдастырушылық қызмет-міндеттері. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Сихорский Н.М. Теория и практика редактирования. М., 1972. 2. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001. 3. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985. 5-дәріс тақырыбы: Редакторлық талдау және әдеби редакциялау. Редакторлық талдау және оның обьектісі. Дәріс мақсаты: Редакторлық талдау және әдеби редакциялау туралы, редакторлық талдау және оның обьектісі жайында студенттерге талдап, түсіндіру. Дәрістің жоспары: 1. Редакторлық талдау және әдеби редакциялау. 2. Редакторлық талдау және оның обьектісі. Логика мен психологияда «анализ», яғни «талдау» термині, ойлау процесін білдіреді, ал оның басты мақсаты: обьектіні бірнеше бөлікке бөліп қарастыру арқылы жан-жақты талдау. Шығарманы бағалауда да редактор оны бөлшектер мен элементтерге бөлу арқылы саралайды. «Анализ» сөзі ғылымда кең мағынада зерттеу дегенді білдіреді. Сонымен, редакторлық талдау дегеніміз не? Ол не үшін қажет? Редакторлық талдау мәтінді толыққанды зерттеу үшін қажет. Көзі қарақты әр оқырман өз оқығанын әр қилы бағалайды. Мысалы, кітап оқи отыра, адам әлдебір сезімдерді бастан кешіреді. Бірде кейіпкерлердің ренішіне бірге ортақтасса, бірде бірге қуанады. Ал кітап пен оқырман арасындағы байланысты жасауда редактордың да біршама үлесі бар. Өйткені редактор дайындалмаған материалмен жұмыс жасағанда, былайша айтқанда мәтінге жан бітіргенде, ол ең алдымен оқырманның талғамын ескереді. Шикі материал оқырманның кәдесіне жарай ма? Ол тек автордың өзі және редакторға ғана белгілі жайт. Редактор жұмысы автор үшін таптырмас қолғабыс, көмек болатыны сөзсіз. «Сырт көз - сыншы» дегендей, автор өз жұмысын редакторға тапсырады. Ал редактор мәтіндегі кемшіліктерді ашып көрсетіп, түзетулер енгізу арқылы мәтінге ерекше реңк береді. Редактор мамандығының басты құндылығы міне, осында. Осы орайда, редактор мәтінге ең алдымен оқырман көзімен қарайды, алайда редактор мен оқырман арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Редактор редакторлық талдау процесі барысында баспаға жіберілетін материалдың мазмұнымен жете танысады. Сонымен қатар, оқырманға қалай әсер ететінін де алдын-ала болжайды. Қолжазбаға өзінің тарапынан баға беріп, түзетулер ұсынады. Яғни редакторлық талдауды, оқығаннан кейін жасалатын қорытындылары болжамының зерттелуі деп те қарастыруға болады. Бұл болжаулар редакторға белгілі негіздерге ғана сүйеніп жасалады. Редактор алдында тұрған мәселелерді дұрыс шешуде бірнеше қадамдарға басымдық береді. Яғни, редакторлық талдау процесі бірнеше сатыдан тұрады. Жалпы, редакциялауда түзетудің төрт түрі бар, олар қайта оқып түзету, қысқарту арқылы түзету, өңдеу арқылы түзету, қайта жазып барып түзету. Грек тілінен аударғанда «analysis» сөзі бөлу, бөлшектеу дегенді білдіреді. Талдау өз кезегінде, үш басты кәсіби міндеттердің шешілуін меңзейді, олар мәтінді зерттеу, оған баға беру және авторға ұсыныс білдіру. Редакторлық талдаудың объектісі - әдеби шығарма болғандықтан, ол әдеби сын және кітаптану принциптеріне негізделеді. Бұл дегеніміз, қолжазбаға мінездеме бере отыра, редактор әлеуметтік қоғамдағы әдебиеттерді жалпы бағалау әдісіне сүйенеді, соған басымдық береді. Редакторлық талдау мен әдеби сынның негіздері біртұтас болғанымен де, олардың міндеттері әркелкі. Сын дегенде, мәтінде айтылған басты ойға баға беру дегенді түсінеміз. Сын оқырманның мәтінді түсінуге жәрдемдеседі. Оқырманды эстетикалық тәрбиелеуде сүбелі үлес қосады. Редакторлық талдау да өз алдына сын болып табылады, бұл сын ең алдымен авторға арналып айтылады. Ол автордың еңбегіндегі кемшін тұстарын көрсетіп айшықтауға бағытталған. Демек, редакторлық талдаудың сынға қарағанда қоғамдық санаға әсер ету тұсы кемшін. Бірақ бұл тұжырымды жоққа шығаратын бір нәрсе бар, әрине редакторлық талдау авторға тек ой салу, мәтінді түрлендіру арқылы қоғамдық санаға әсер етеді деп айту артық, алайда редактор баспаға жіберілген кітапта өз қолтаңбасын қалдырады, осылайша, ол автормен бірге қоғамдық санаға біршама әсер ету мүмкіндігіне ие болады. Барлық сөз өнер атауларының ішіндегі әсіресе көркем әдебиет редакторлық талдауды қажет етпейтін секілді. Өйткені ол бүтін бір дүние. Алайда бұл жаңсақ пікір. Редактордың шеберлігі ықпалымен қаламгерлердің шеберлігін шыңдауға болады. Әдеби сын жарыққа шыққан туындыға жасалады, ал редакторлық талдау әлі жарыққа шықпаған дүниемен жұмыс жасау деген сөз. Сын оқырман назарына ұсынылса, редакторлық талдау автор назары үшін жасалады. Редактор ең алдымен әдеби - көркем шығармалардың қалай топтастырылатынын білуі қажет. Олар былайша топтастырылады • функционалдық маңызы • оқырман мекен-жайы • ақпарат мінездемесі • құрылым • мәтін дайындау мінездемесі • басылым құрылымы Функционалдық маңызы белгісі бойынша әдеби - көркем шығармалар ғылыми және бұқаралық басылымдар болып бөлінеді. Оған аудармалар, пікірлер, толықтырулар жатады. Олар тек оқылуға ғана арналған. Бұл ең көп кездесетін көркем әдебиет түрі.Оқырман мекен-жай белгісі бойынша, әдеби-көркем әдебиет былайша бөлінеді. Оқырман мамандығы, білімділігі, жасы. Яғни, үш басты белгі бойынша бөлінеді. • жас ерекшелігі • кәсіби • психологиялық-педагогикалық ерекшелік Автор-қолжазба-редактор-баспа-оқырман жүйесінде жеке пікірлер, редакторлық жеке талғам, тілдік және стильдік белгілер, автор стилі, баспаның коммерциялық бағыты, оқырман сұранысы, тағы басқа факторлар үлкен рөл атқарады. Редакторлық талдау ең алдымен, мәтіннің баспаға жарамдылығын анықтау мақсатында жасалады. Сондықтан, қолжазбаны бағалай отыра, редакторлық талдаудың объектісі анықталады. Әдеби шығарма редакторлық талдаудың объектісі бола тұра, көптеген басқа да мысалы, логика, психология, лингвистика, кітап типологиясы салалары тұрғысынан да зерттеу жұмыстардың объектісі болып табылады. Осы ғылыми салалардың әрқайсысы тек өз тұрғысынан мәтіннің белгілі бір жағын ғана зерттеумен ерекшеленеді. Мысалы, кей жағдайларда редактор мәтіннің тек идеологиялық немесе логикалық жақтарын ғана зерттеумен айналысуы мүмкін. Сонымен ғана шектелу мүмкін. Оқырман талғамына сәйкес келетін және қоғам игілігіне жарар дүниені редактор қашанда жоғары бағалайды. Мәтін қандай болып шығады, қоғамның сұранысына қарай қандай болу керек деген жайттар редакторлық талдаудың объектісін аңғартады. Объект деп жеке бір мәтінді, айтуға болады, не болмаса мәтін ішіндегі белгілі бір фактор да зерттеу нысанына айналады. Баға дегеніміз – қалыптасқан қағидаларға жауап беретін объектіні бағалаудың қосымша процесі. Сапасы деп те айта аламыз. Л.И.Беляев «К вопросу о типологии читателей» атты еңбегінде мәтінді бағалау процесі «қарама-қайшылықтар мен ұқсастықтарды анықтау бағытында жасалған ой жұмысын анықтайды» деп атап көрсеткен. Демек, баға мәтінмен жұмыс жасалған процестің барысында, сондай-ақ, соңында жасалады, өйткені бағалау үшін зерттеу қажет. Зерттеу үшін басты объектіні таңдау қажет. Редактор объектінің мазмұнындағы және жазылуындағы белгілерді салыстыра отыра, қолжазбаға баға береді. Сондай-ақ, қоғамда қалыптасқан қағидаларға қаншалықты сәйкес екендігін, жалпы қатысын зерттейді. Алайда қоғамда қалыптасқан қағидалар жалпыға ортақ емес, бір ғана топ мүддесіне бағытталуы мүмкін. Бағалау көрсеткіштері оқырманға әсер ету сапасымен анықталады. Редакторлық талдаудың объектісі - әдеби шығарма болса, ол әдеби сын және кітаптану принциптеріне негізделеді. Бұл дегеніміз, редактор әлеуметтік қоғамдағы әдебиеттерді жалпы бағалау әдісіне сүйене отыра, қолжазбаға мінездеме береді, сол тұрғыдан, обьектіні анықтап, зерттеу жұмыстарын бағдарлайды. Дәрісті бекіту сұрақтары: 1. «Анализ» сөзі ғылымда кең мағынада зерттеу деген нені білдіреді? 2. Редактордың ұйымдастырушылық қызмет-міндеттері. 3. Редакторлық талдаудың объектісі. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994. 2. Сихорский Н.М. Теория и практика редактирования. М., 1972. 3. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985. 6-дәріс тақырыбы: Әдеби редакциялаудың дәстүрлі әдіс-тәсілдері Дәріс мақсаты: Әдеби процестің қиын жүретінін және автор психологиясын ескере отырып, редактор мәтіннің барлығын түзетуден өткізеді. Әдеби редакциялаудың дәстүрлі әдіс-тәсілдерін талдап, түсіндіру. Дәрістің жоспары: 1. Оқып-түзету редакторлық қызметтің ажырамас міндеттерінің бірі. 2. Әдеби редакциялаудың дәстүрлі әдіс-тәсілдері. Терең оқудың арқасында тақырыпқа терең бойлап, мәнін түсінгеннен кейін ғана мәтінді түзету үдерісі басталады. Редактор міндетінің осындай тәртіпте орындалуын әдеби редакциялау пәні теориясы міндеттейді. Қандай да бір туындыны баспаға шығаруға дайындаудың динамикалық әдістемесінде редакторға мәтінмен танысу сәтінен кейін өзінің қаперінде шығарма жөнінде өзіндік қорытынды шығаруы тиіс делінген. Ал түзетулерді терең оқу кезеңінде енгізуі шарт. Содан кейін теруге жіберер алдында қорытынды ретінде тағы қайтара оқуы сенімділікке жетелейді. Мәтінді түзету сияқты кең көлемді үдеріс мәтіннің біртұтастығына және оның жүйелілігіне теріс әсер етпейді, керісінше, дұрыс әрі шебер жасалған трансформация, құрылымындағы қажетсіз элементтердің алып тасталуы шығармадағы автордың ойын, идеясын одан сайын айшықтай түседі. Әдеби процестің қиын жүретінін және автор психологиясын ескере отырып, редактор мәтіннің барлығын түзетуден өткізу өзінің міндеті деп санамау керек. Түзетілген материалдардың көлемі оның сапалы жұмысының көрсеткіші бола алмасы анық. Қазір де кейбір редакция қызметкерлері «пайда келтіріп жатқанның» кебін киіп автордың шығармасын бастан аяқ өзгертіп, қайта жазып шығуды міндет санайды. Ол жасырын жайт емес. Бірақ бұндай басылымның мақалалары бір-бірінен айырмашылығы жоқ, бір сарынды, стилдерінде ерекшелік байқалмайтын, жібі түзу болады. Бір беткей басылымға деген оқырмандардың қызығушылығы жоғалады. Н. П. Колесников журналисттік мәтінді түзетудің бірнеше басты мақсаттарын көрсетеді: 1. Автордың назарынан өтіп кеткен кішігірім кемшіліктерді анықтау үшін. 2. Ойдың нақты, түсінікті жазылуын қамтамасыз ету, шашыраңқылықты болдырмау. 3. Материалды тексеріп, нақты емес тұстарынан арылу. 4. Мәтіннің тілі мен стиліндегі кемшіліктерді көрсетіп, олардың алдын алу. 5. Қолжазбаны техникалық өңдеуден өткізу үшін. Практикалық редакцияда, көп жылдар бойы жинақталған тәжірибенің негізінде қалыптасқан түзетудің жүйесі бар. Әдеби редакция саласының көрнекті маманы, профессор К. И. Былинский соның негізгі төрт түрін ұсынады: Оқып-түзету редакторлық қызметтің ажырамас міндеттерінің бірі. Оны дүниені баспаға жіберер алдында орындалатын корректорлық түзетумен шатастыруға болмайды. Корректордың мақсаты - техникалық қателердің орын алған жағдайда түзету, барлық қысқартулар мен белгілерді ескере отырып, ескертулер мен ұсыныстарды бір жүйеге келтіру. Редактор әрбір түзетудің мақсатын білуі шарт. Оқып-түзету кезінде мәтіндегі кішігірім қателер редакциядан өтеді. Оқып-түзетуші маман шығармадағы мағыналық, композициялық, стилистикалық келіспеушіліктерді, ондағы географиялық атаулардың, адамдардың есімдерін, цитаталардың, сандар мен даталардың нақтылығын, өлшемдердің дұрыстығына назарын салады. Оның міндетіне қойылған тақырыптың мәтінге сәйкестілігіне және фото немесе суреттердің астындағы жазулардың мазмұнға сай екендігіне көз жеткізу жатады. Әдетте оқып-түзетуді тәжірибелі редакциялық қызметкерлерге тапсырады. Бірақ олар редактордың құзырына ие еместігін ұмытпай, мәтіннің түбегейлі өзгертілуіне қаламын жұмсамағаны абзал. Оның міндеті - даусыз әріптік қателерден бөлек туындының кемшіліктерін аңғарып көрсету ғана. Қызметкер қандай тәжірибелі маман болса да, бас редактор бұл процессте қатысуы шарт. Қысқартып-түзету - материал көлемді, артық ақпаратқа толы, қажетсіз қайталаулардан тұратын болса немесе белгілі бір себептерге байланысты мәтін шағындылығы қажетсінгенде қолданылады. Осы әдістің мақсаты мәтіндегі ой мен идеяны қысқа әрі нұсқа жеткізу. Бұл әдіс ақпараттық жанрлармен жұмыс жасағанда редактормен жиі пайдаланылады. Кей кездері редактор мақаланы газет бетіндегі жолдардың аздығына байланысты қысқартуға барады. Оқып-түзетуге қарағанда қысқартып-түзету мәтінге тікелей араласу болып табылады. Сондықтан іске кірісерде шығарманың мазмұндық, идеялық, синтаксистік құрылымын ескерген дұрыс. Мәтінді қысқарту кезінде болатын өзгерулерге қарап, түзетудің бұл түрін екі топқа жіктеуге болады. Біріншісі, мәтін бөліктерін қысқарту. Екіншісі, мәтін ішіндегіні (внутритекстовой) қысқарту. Мәтін бірнеше бөліктерден құралады. Әрбір бөліктің өзінің мазмұны болады. Алғашқы түріндегі процесс мәтінді құрайтын сол мазмұндық буындарды қысқартудың негізінде жүреді. Ұқсас мысалдардардан, фактілерден, бір типті толықтырулардан арылу редакторға түк қиындық әкелмейді. Егер жасалған қысқарту дұрыс бағытта болса, шығарма мазмұны мен автордың мәнеріне ешбір қол сұғылмаса, мәтіннің қалған бөліктерін қабыстыру оңайға соғады. Қабыстыру қалған бөліктердің байланысын қамтамасыз етуге, соның негізінде мәтін тұтастығына, жүйелілігіне жету үшін керек. Қысқарту кезінде мәтіннің басқа тұстарында қысқартуға ұшыраған фактілердің еске түсіруі болмауын қадағалауды да ескерген дұрыс. Мәтіндегі мазмұндық бөліктерді қысқарту шығарма мәніне теріс ықпал әкелетін болса, онда қысқартудың мәтін ішіндегі түріне жүгінеді. Мәтін ішіндегі қысқарту туындыға терең араласуды талап еткендіктен, өңдеп-түзету әдісіне жүгінуге тура келеді. Қысқартуды әдетте энциклопедияларға, мектеп оқулықтары мен хрестоматияларға белгілі бір шығарманы басу қажет болғанда қолданады. Өңдеп-түзету - автордың әдеби қарым-қабілеті жоқ, бірақ белгілі бір білімге ие болғанда, мәтіннің композициялық құрылымында, ойды дәл жеткізуде арқау болғанда қолданады. Түзетудің бұл түрі практикада көп кездеседі. Осыдан кейін, редакторлық анализде барлық ескертулер мен түзетулер қамтылғаннан соң, мәтіннің баспаға дайын түрі шығады деп айтуға келеді. Осы әдістің аясында редакторға тиісті міндеттер мен операциялар кешені орындалады: фактілер тексерістен өтеді, композициялық құрылымының кем тұстары ескеріледі, логикалық сәйкессіздік алынып тасталады, мәтіннің формалық және тілдік жағы жетілдіруден өтеді және т.б. жұмыстар. Барлық маңызды өзгертулер редактор автормен ақылдаса отырып, жасауы тиіс. Кей сәттерде әдеби қызметкер стильдің, мәнердің бұзылмауы мақсатында ойды дәл әрі шебер жеткізуге кедергі етіп тұрған тұстарды өзі өңдейді. Мәтінді өңдеу кезінде еңгізілетін өзгертулердің мазмұны әр түрлі болады: сан алуан қысқартулар, жеке тұрған бөлшектерді жалғастыру, сөз бен тіркестерді ауыстыру, синтаксистік құрылымдарды өзгерту, композициясын ұштау. Өңдеу барысында автордың стилі мен ойды беру ерекшелігі бұзылмауы шарт. Автордың ұсынған материалы негізінде мәтіннің жаңа нұсқасын құру, газет жанрына сай келмеген материалды түзету - өзгертіп-түзетудің мақсаты болып табылады. Газет редакциясында бұл әдіс оқырман хаттарымен жұмыс жасағанда жиі пайдаланылады. Немесе қоғамдық мәні зор, бірақ жазылуы ешбір сын көтермейтін дүниеге қолданады. Журналист ондағы фактілердің, хабарлардың маңыздылығына қарай отырып, оны әдеби формаға келтіреді. Мақаланың қолданылу мақсаты мен жанрының өзгертілуі талап етілгенде де түзетудің осы бір түріне жүгінуге болады. Редактор өзгертудің белгілі бір шегін белгілеп, іштей оның өлшемін білуі керек. Авторға өзінің стилін, түсінігі мен танымын, тілін, позициясын таңу, ілу редактордың абырой әпермесі анық. Редактор түзетілуі тиіс тұстарды, әлбетте, өзгертуге салуы керек, бірақ автордың қатысуымен. Өкінішке орай, практикада автор материалын редактордың өзі қайта жазып шығу оқиғалары кездесіп жатады. Бірақ мұндай тәжірибе газет мақалаларындағы ерекшеліктердің жоғалуына әкеліп, басылымның тартымдылығы болмайды. Осылайша, мәтінді түзетудің төрт түрі бізге белгілі болды. Оқып- түзету кезінде мәтіндегі кішігірім қателер редакциядан өтеді. Сонымен қатар, мағыналық, композициялық, стилистикалық келіспеушіліктер, ондағы географиялық атаулар, адамдардың есімдері, цитаталар, сандар мен даталар нақтылығы, өлшемдердің дұрыстығы назарға алынады. Қойылған тақырыптың мәтінге сәйкестілігі және фото немесе суреттердің астындағы жазулардың мазмұнға сай келіп-келмеуі аңғарымнан тыс қалмауы тиіс. Қысқартып-түзету - материал көлемді, артық ақпаратқа толы, қажетсіз қайталаулардан тұратын болса немесе белгілі бір себептерге байланысты мәтін шағындылығы қажетсінгенде және энциклопедияларға, мектеп оқулықтары мен хрестоматияларға белгілі бір шығарманы басу қажет болғанда қолданылады. Осы әдістің мақсаты мәтіндегі ой мен идеяны, мазмұнды қысқа әрі нұсқа жеткізу. Өңдеп-түзету - автордың әдеби қарым-қабілеті жоқ, бірақ белгілі бір білімге ие болғанда, мәтіннің композициялық құрылымында, ойды дәл жеткізуде ақау болғанда қолданады. Осы тәсілдің барысында фактілер тексерістен өтеді, композициялық құрылымының кем тұстары ескеріледі, логикалық сәйкессіздік алынып тасталады, мәтіннің формалық және тілдік жағы жетілдіруден өтеді және сан алуан қысқартулар, жеке тұрған бөлшектерді жалғастыру, сөз бен тіркестерді ауыстыру, синтаксистік құрылымдарды өзгерту, композициясын ұштау.т.б. жұмыстар атқарылады. Газет жанрына сай келмеген материалды түзету - өзгертіп-түзетуге жатады. Газет редакциясында бұл әдіс оқырман хаттарымен жұмыс жасағанда немесе қоғамдық мәні зор, бірақ жазылуы ешбір сын көтермейтін дүниеге қолданылады. Редактор өзгертудің белгілі бір шегін белгілеп, іштей оның өлшемін білуі керек. Авторға өзінің стилін, түсінігі мен танымын, тілін, позициясын таңбау керек. Жоғарыдағы түзету түрлерінде композицияның құрылымына қатысты бірер мәселелер көтерілген болатын. Редактор композициямен жұмыс жасағанда үш міндетті шешеді. Біріншіден, композициялық құрылымның шебер құрылуы арқасында тақырыптың санамен тез қорытылуына қол жеткізеді. Екіншіден, материалдың логикалық желісін жүйеге келтіреді. Осылайша, әрбір мазмұндық буындар бір-бірімен қабыса, жымдаса байланысып тұрады. Үшіншіден, құрылымның орналасу тәртібіндегі тәсілдерді қоғамдық санаға эмоциялық- көркемдік деңгейде әсер етуге бағыттай алады. Жалпы сөз өнерінде редакциялау қызметінің ерекше маңыздылығын атап өту шарт. Қандай шығарма болмасын ол редакциялауды қажет етеді. Тіпті ұлы жазушы ғұламалардың еңбектері де сондай редакциялаудан сан мәрте өткен. Осы орайда бұқаралық ақпарат құралдарындағы редактор - маңызды мамандық иесі екендігі шүбәсіз. Өйткені бүгінде 4-ші билік өкілдері саналатын бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық пікір қалыптастыруға айтарлықтай әсер етеді. Бұқаралық ақпарат құралдары арқалаған функциялар да шаш етектен. Оқырман, көрермен, тыңдарман – бір сөзбен айтқанда тұтынушы мен ақпарат арасындағы байланысты жасауда редактордың елеулі еңбегі бар. Редакторға тән қасиеттерді тізіп шықсақ, редактор білімді, логикалық ойлауы зор, тілдік нормаларды жетік меңгерген, ұйымшыл, өндірістік- техникалық процесті жетік білген болуы тиіс. Оқырман редактордың материалды өңдеп-түзету үстіндегі қиналысын көріп- білмейді. Ендеше ол редактордың шығармашылығын, оның әдеби еңбегінің ерекшелігін жарияланған дүниесіне қарап бағалайды. Редактордың ескіше ойлауға, ескіше қолтаңба қалыптастыруына хақы жоқ. Кешегі шығармашылық табыс бүгінгі өлшем емес. Ендеше редактор әркез жаңа қырынан танылып отыруы тиіс. Ол заманнан артта қалмайды. Ол әркез алғы шепте жүретін тұлға. Бүгінгі таңда журналистика шын мәніндегі пікір мен идеялар трибунасына, халықтық арнаға айналуда. Телеарна, радио, газет-журнал материалдарында аналитикалық талдаулар , авторлық бағдарламалар, қаулап өсті. Оқырман, көрермен мен тыңдарман үшін өзінің рухани сұранысына сай таңдау жасаудың мол мүмкіншілігі туды. Сонымен бірге журналистер мен редакторлардың ең орталық тұлға ретіндегі жауапкершілігі артты. Біз редактордың міндеттеріне кіретін мәтінді талдаудың әдістеріне және оның редакторлық қызметтегі орны мен рөліне тоқталдық. Әдеби редакцияға жалпы түсініктеме бере отырып, редактордың басты міндеттерін айқындауға тырыстық. Филологиялық әдістердің ішіндегі редакторлық анализдің мәні мен мамұнын ашу, сонымен қатар практикалық редакцияда алатын орнын анықтаудың негізінде оқырманның танымына жалпы аяны түсіндірдік деп санаймыз. Редакторлық оқу түрлері жайлы ақпарат беру арқылы мәтінді түзетудің әдістерімен таныстыруға қалам тарттық. Мәтін әзірлеу, автормен бірлескен жұмыс, дайындық кезеңі мен автормен жұмыс жасаудың қырлары талданып, болашақ журналист маманына қажетті мол мағлұматтар мен мәліметтер қамтылып үлгерді. Атап өтетін бір жайт, аталған еңбектің мазмұны, фактілері мен практикалық тәжірибелерден жинақталған кеңестер көп жылдар бойғы іздену мен талаптың негізінде туған болып отыр. Нақтырақ айтсақ, жиырмасыншы ғасырдың орта тұсында әдеби редакция майталмандары К. И. Былинский, А. В. Абрамович және Э. А Лазаревич, Д. Э. Розенталь, Н. М. Сикорский, А. Э. Мильчин, М. П. Сенкевичтер, Л. В. Щерба, А. М. Пешковский, Ф. И. Буслаев сияқты ғалымдардың, сонымен қатар біздің замандасымыз К. Накорякованың ғылыми ой- толғамдары мен жеке тәжірибелерінен жинақталған материалдардан құралған еңбек бұл. Дәрісті бекіту сұрақтары: 1. Қысқартып-түзету деген не? 2. Өңдеп-түзету қалай орындалады? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994. 2. Сихорский Н.М. Теория и практика редактирования. М., 1972. 3. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985. 7-дәріс тақырыбы: Телерадио бағдарлама дайындаудағы автор мен редактор қызметі Дәріс мақсаты: Телерадио бағдарлама дайындаудағы автор мен редактор қызметі туралы студенттерге талдап, түсіндіру. Дәрістің жоспары: 1. Теледидар немесе радиодағы автор қызметі. 2. Телерадио бағдарлама дайындаудағы автор мен редактор қызметі. Теледидарда редактор сценарийдің авторымен жұмыс жасайды. Онымен жұмыс істеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол екеуінің жұмысын телебағдарлама авторы деген бір ұғымға біріктіруге болады. Редактор мен автордың жұмысы өтініш берілгеннен бастап, бағдарлама эфирге шыққанға дейін жалғасады. Теледидар бағдарламасын дайындау процесіне авторды араластыру редактор жұмысының маңызды ерекшелігі. Авторды шақыра отырып, редактор өз шешімінің дұрыстығын анықтау қажет. Ол автордың кәсіби және әдеби мүмкіндіктерін камера алдында өзін еркін ұстауын есепке алады. Теледидар немесе радиодағы автор қызметі баспа қызметінен әлдеқайда қиынырақ. Мысалы, баспа материалының әдеби құндылығы ғана ескерілсе, теледидарда оның бейнелік қатары да үлкен рөл атқарады. Өте мықты газет очеркшісі теледидарға очеркті тез дайындай алмайды. Өйткені теледидар бағдарламасының өзіндік ерекшелігі бар. Ал әдеби шығармашылықтағы негізгі көркемдік құрал – сөз ғана. Авторды эфирге шығаруға шақыру этика нормаларымен сәйкес келеді. Сондықтан авторды шақырып алып, эфирге шығар кезде одан бас тартуға болмайды. Сценарий дайын болып, эфирге шығар кезде ғана автормен байланыс орнату қажет. Себебі, автордың сценариймен жұмыс істеуі көптеген шығынды қажет етеді. Автормен алдын-ала жақсы қатынас орнату жоспарланған ойды асыру үшін керек. Өтініштер бағдарлама циклін дайындауға аса қажет. Ол қысқа не кеңейтілген болуы мүмкін. Мысалы, ОРТ продюсері Д. Тицков дайындаған «Мамина школа» бағдарламасына көңіл аударайық. Сценарийлік өтініш Хронометраж: 15 минут Қайталануы: аптасына екі рет Аудиториясы: декреттік демалыстағы аналар, келешек ұрпақ тәрбиесіне мән беретін басқа да үй шаруасындағы әйелдер. Әрбір ана (егер ол бірінші рет босанған болса) баласын тәрбиелеу мен өсіруде көптеген сұрақтарға жауап іздейді. Олар әр түрлі: техникалық түрдегі сұрақтардан қомақты сұрақтарға дейінгі мәселелерді қамтиды. Көптеген аналар бала тәрбиесіне арналған әдебиеттерді сағаттап оқиды. Сонда да ақпарат өте аз және жас аналар барлық кеңеске құлақ асады. Бағдарламаның негізгі мақсаты. • Бала тәрбиесіне байланысты дұрыс кеңес беру; • Аналарға өсіп келе жатқан баласының мінез-құлқын анықтауға мүмкіндік беру; • Тәрбиеге қатысты әдістемелік материалдармен жұмыс жасау; • Қай жағдайда ана өзі шешім қабылдай алады, ал қай кезде маманның көмегі қажет екенін айқындауға көмек беру; • Жас аналарға көмек көрсету. Кеңес уақытында «Мамина школа» бағдарламасы үлкен сұранысқа ие болды. Қазіргі кезде де жас аналар мамандар кеңесін қажет етеді, теледидар бағдарламаларын да зор ынтамен тыңдайды. Мысалға Қазақстан телеарналарындағы балаларға арналған айдарлар: 1. «Еркетай» (Қазақстан) – мектеп жасына дейінгі балаларға арналған айдар. Бұл жастағы балалар сұрақты өте көп қойып, сол сұрақтарға жауап іздейді. Әртүрлі жағдайда өздерін қалай ұстау керектігіне де бұл хабардан жауап ала алады; 2. «Алақай» (КТК) – балаларға арналған көңіл сергітетін бағдарлама; 3. «Дочки-сыночки» – тәрбиелік әдістемелер таңдауға мүмкіндік беретін, психолог кеңестерін қамтитын бағдарлама; 4. «Топ - малыш» – әке-шешелерге, балаларға арналған бағдарлама. Ресей телеарналарындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған бағдарламалар ағыны төмендегідей: 1. «Домашняя кухня» – түрлі жас аралығындағы балалардың тамақтануы; 2. «Советы из сундука» - әжелердің кеңесі; 3. «Разные дети» – ақыл-есі жетілмеген балалар жайындағы айдар. Бұл өтініштерді кәсіби журналистер дайындайтындығын байқап отырмыз. Егер автор теледидарға жаңа келген болса, оны міндетті түрде теледидар бағдарламасын дайындау технологиясымен, әдеби сценарийдің түрлі формаларымен таныстыру қажет. Автормен танысу үшін онымен келіссөз жүргізу керек. Бағдарлама дайындауда режиссер мен оператордың қызметі ерекше. Автор ұсынған өтініш, сценарий мен материал редактор тұрғысынан жақсы қабылдануы тиіс. Редактор оператор қарым-қатынасы сценариймен жұмыс жасау кезінде үзілмеуі тиіс. Редактор кеңестерімен авторға көмек береді. Сценарий экранға шығуға арналады, сондықтан редактор тәжірибесінің жалпы қабылданған әдістерімен шектелу жеткіліксіз. Редактор авторды бейнематериалмен таныстырады, түрлі ұйымдарға, мұражайлар мен мұрағаттарға еркін кіре алуына жағдай жасау керек. Сценарийдің редакторлық сараптамасы оның автормен ары қарайғы қарым-қатынасының характерін айқындайды. Теледидар тәжірибесінде редактор автор-маманның пікіріне құлақ салатын кездер аз болмаған. Бірақ осыған қарамастан, редактор жұмысының жауапкершілігі мол. Әдеби өңдеу аяқталғанымен, автор мен редактордың жұмысы аяқталмайды. Автор бейнелік материалдар таңдауға қатысады, синхрондық сьемкалар өткізеді, сценарийдің дұрыс орындалуын қадағалайды, жетіспеген жерлеріне түзетулер мен өзгертулер енгізеді. Жедел түрдегі бағдарламаларға тұрақты, әрі тәжірибелі авторды алған жөн. Ол жұмысты әлдеқайда жеңілдетеді. Редактордың міндеті мен қызметі әрдайым өзгеріп отырады. Аудиторияның әр түрлілігі мен көптігі эфирге шығып отырған адамнан көп нәрсені талап етеді. Ең алдымен, ол өз пәнін жақсы меңгеруі керек. Даралық, шынайылық аудитория ойын жетілдіреді. Мысалы, кей кезде эфирдегі адам дұрыс сөйлеп тұрса да, оның көздері мүлде басқа нәрсені айтып тұрғандай болады. Тақырыпқа деген мұндай үстірт көзқарас көрерменге де беріледі. Мұндай қателікті болдырмау үшін редактор бағдарлама мазмұнына аса көңіл бөлуі қажет. Дайындалған бағдарламаның экранға шығуының маңызы үлкен рөл атқарады. Газеттің жарияланымын оқырман ойының күші мен тереңдігіне байланысты бағалайды. Ал теледидарда оған тағы бір аспект қосылады: ол эфирдегі адамның бет-әлпеті, өзін-өзі камера алдында ұстауы. Редактор бұл жерде хабар кейіпкерін режиссермен бірігіп таңдауы қажет. Автор – жүргізуші таңдалған кезде, редактор онымен экранда көтерілетін мәселе төңірегінде ой қозғайды, бағдарлама уақытын және т. б. белгілейді. Репортажға негізделген бағдарламалардың негізгі міндеті – деректі материал берудің драматургиялық формасын іздеу. Тек қана түсіру объектілерін таңдап қоймай, мәселе зерттелуінің негізгі бағытын анықтау қажет. Соңғы жылдары теледидар тәжірибесінде жүргізушінің жаңа типі – модератор пайда болды. Ол – теледебаттар мен түрлі дискуссиялар, телемост, ток-шоу жүргізушісі. Алайда, оның қызметі әлі толық белгіленбеген. Егер сөздің этимологиясына үңілер болсақ, латын тілінің музыкалық терминіне сәйкес келеді. Модератор – бағдарлама компоненттерін бір жерге жинақтайтын тележүргізуші деп те айтуға болады. Модератордың басты ережесі – дискуссия жүргізушісі оның қатысушысы бола алмайды. Қатысушыларға кедергі жасамай, ол уақыттың адал бөлінуін қадағалайды. Ол сұрақ қоя алады, түсінбеген жерін нақтылап сұрай алады. Дискуссиялық бағдарламаларда журналист репортер сияқты іздеу жүргізеді, бірақ ол дерек емес, ақиқат іздейді. Бұл мамандық бізге батыстан келді. Ол жақта журналист-модератор жүргізетін бағдарламаның беделі өте жоғары, ол ең танымал бағдарламалар болып есептеледі. Біздің журналистерге өз білімдерін шыңдай түскен қажет. Қазіргі кезде модератор ролін кәсіби тележурналистер ғана атқара алады. Телебағдарлама жүргізушілері туралы айта келе, қазіргі кездегі ең танымал шоумен мамандығына тоқталып өтейік. Шоу дегеніміз – қойылым. Ал «ток-шоу» ұғымы «сөздік қойылым» дегенді білдіреді. Шоуменнің актерлік қабілеті жоғары болуы тиіс. Қарым-қатынас орнату, жылдам реакция ол үшін аса қажет қасиеттер. Мұндай бағдарламалар әр түрлі бола алады. Бірақ оларды қабылдау әлдеқайда оңайырақ. Ток-шоуға қажетті нәрсе – оның қатысушылары болуы шарт. Жүргізуші мен кейіпкерлерден басқа, оны бағалайтын эксперттер міндетті түрде керек. Мысалы, АҚШ-та көп жылдар бойы «Шоу Оперы», «Донахью шоу» бағдарламалары өткізіліп келеді. 1960-шы жылдардың аяғы мен 1970-ші жылдың басында Валентина Леонтьеваның «От всей души» бағдарламасы аса танымал, әрі беделді болды. Ол өз жанрлық талаптарға сай еді. Бірақ ол кезде біз «ток-шоу» сөзін білмедік. Қазіргі кезде ОРТ арнасында «Ищу тебя» бағдарламасын Игорь Кваша жақсы жүргізіп келді. Ал, В. Леонтьева бастапқы бағдарламаның авторы болған емес. Ол тек қана диктор, СССР-дің халық әртісі. Бағдарламаның көп жері оның әртістік қабілеті арқасында ұсталып тұрды. Оның сценарийін басқа адамдар – журналистер жазды. Бірақ, ток-шоу жанрында актерлік шеберлік пен байланыс орната алу мүмкіндігі бірінші орынға шығады. Ток-шоудың көрермен ықыласын жаулап алу үшін жақсы сценарий дайындай алатын шығармашылық топ қажет. Осылайша, телебағдарлама редакциялануындағы дайындық кезеңі, негізінен, ұйымдастырушылық – шығармашылық сипатта болады. Өйткені теледидардағы ұйымдастырушылық жұмыс - әдеби жұмыспен тығыз байланысты. Оларды бір- бірінен бөліп қарау мүмкін емес. Дәрісті бекіту сұрақтары: 1. Теледидар немесе радиодағы автор қызметінің баспа қызметінен айырмашылығы. 2. Модератордың басты ережесі. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001. 2. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985. 8-дәріс тақырыбы: Телерадиобағдарламалар функциялары. Телебағдарламаларды редакциялау Дәріс мақсаты: Телерадиобағдарламалардың функциялары мен телебағдарламаларды редакциялаудың әдіс-тәсілдерімен таныстыру. Дәрістің жоспары: 1. Телерадиожурналистиканың табиғи қасиеті. 2. Телерадиобағдарламалар функциялары. Журналистика – өмір көрінісі. Ол өмірді сипаттап қана қоймай, онда болып жатқан іс-әрекеттер жөнінде ой тастайды, қоғамға жол сілтейді, бағыт- бағдар алуына көмек етеді. Осылайша журналистика маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді. Журналистік қызмет халықтың керегіне жауап беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Журналист бұл салада қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен белсене араласады. Қандай бір қоғам саяси жүйе болсын оның дамуында жалпы ақпараттық қызметтің, бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын қызметі мен рөлі зор, өйткені қоғамның қалыпты саяси-әлеуметтік өмірін күнделікті ақпарат тарату қызметінсіз көзге елестету қиын. Ақпараттар күнбе-күн бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылады. Бұқаралық ақпарат құралдары дегеніміз түрлі хабар-ошарды көпшілікке арнайы техникалық құралдар арқылы ашық, әрі жария түрде жеткізу үшін құрылған мекемелер. Бұқаралық ақпарат құралдарына баспасөз, радио, теледидар, кино, видео, үн таспа және көпшілікке арналған анықтамалар жатса, соңғы кезде олардың қатарына ғылым және техникалық соңғы жаңалықтар – спутниктік байланыс, кабельді теледидар және түрлі компьютерлік интернет байланыс жүйелері қосылып отыр. Бүгінгі қоғамдағы бұқаралық ақпарат құралдарының басты парызы бұқараның санасын билеу, оларға уақыт кезеңдерінің міндеттерін жан-жақты түсіндіру, жас ұрпақты тәрбиелеу т.б. толып жатқан сан-саладағы көкейкесті міндеттерді бойларына сіңіру болуға тиісті. Осы көкейкесті мәселелерді қоғамға жеткізуде бұқаралық коммуникация құралдарының ішінде телевизия, одан соң радио жетекші орынға ие. Мәселен, телевизияға келетін болсақ, мұның бірден- бір дәлелі ретінде украиналық ғалым Георгий Почепцовтың зерттеуін келтіруге болар. “Ғалымның жүргізген зерттеуі бойынша, эфирден айтылған сөздердің тек 16 пайызы ғана көрермендердің есінде қалса, визуальды түрде берілген мәліметтердің бақандай 34 пайызының аудитория есінде сақталатыны анықталған. Вербалды түрде, яғни ауызша айтылған ақпараттарды қайталау кезінде сауалнамаға қатысқандардың 32 пайызы қателессе, визуалды мәліметтерді айтып беру кезінде олардың тек 15 пайызы ғана дұрыс жауап бермеген. Телевизия мен радионың күш-қуат айырмашылығына келсек, аудитория радиодан естігендерінің 70 пайызын ұмытып қалатын болса, телеарнадан көргендерінің тек 50 пайызын ғана естен шығарып алатындығы белгілі болған.” Телевизия сынды радио да – ең алдымен, эстетика әлемі екенін айтуға тура келеді. Телерадиожурналистиканың табиғи қасиеті – адам сезіміне әсер ету. Сондай-ақ, телевизия да, радио да таза идеологиялық қызмет атқара алмайды, көбінесе көңіл көтеруші және қызығушылық мақсатта жасалатын бағдарламаларға экран бетінен көбірек орын береді. Қоғамдағы әр топ пен әр қауымның әлеуметтік статусы ғана емес, сонымен бірге эстетикалық талғамы мен мәдени сұранысы әр басқа. Олай болса, дүниеге әр түрлі көркемдік деңгейде жасалған, әр түрлі мақсат көздеген бағдарламалар мен хабарлардың келуі – заңды. Журналист шығармашылығына ерекше әсер ететін факторлардың бірі – технологиялық фактор. Ақпаратты жинап, таратуда қандай техника құралы пайдаланғаны журналист еңбегінің көрінісін, нәтижесін өзгертпей қоймайды. Мәселен, тілші құралдары болып табылатын қарындаш пен дәптер немесе видеокамера мен диктофон көмегімен жиналған материал әрқалай өңделетіні белгілі. Тележурналист, радиожурналист өз жұмысының мақсатын, эфирден көрермендер назарына ұсынылған бейнематериалдың мақсатын нақтырақ білу үшін телевизияның, радионың мүмкіндіктерін, яғни телевизияның, радионың қоғамдық функцияларын білуге міндетті болғандықтан, алдымен, электронды БАҚ хабарларының функцияларына тоқталып, редакцияланатын материал қалай туады деген сауалға жауап іздейміз. Жұмыстың екінші бөлігінде телерадиобағдарламаларды редакциялаудың ерекшеліктері қарастырылады. Электронды БАҚ бұл күнде өсу, өркендеу, даму үстінде. Халық назары көбінесе электронды БАҚ-қа ауып, жедел, нақты ақпарат күтеді. Сондықтан да көрермен, тыңдарман электронды БАҚ хабарларына сын көзбен қарап, әрбір басқан қадамдарына үмітпен көңіл бөледі. Елімізде оннан аса республикалық телеарналар қызмет істейді. Әрқайсысының өзіндік қалыптасқан стилі, ұстанымы бар. Махат Садық: “Біздегі телеарналар ұстанған басым саясат – тек жаңалықтар қызметін жақсартуға арналған. Жақсы техника да жаңалықтар қызметінде”,– дейді. Шынымен, телеарналар көпшілігі жаңалықтар қызметімен ғана шектеледі. Эфирлік уақытын шетелдік фильмдермен толтырады. Жалпы, телеарна басшыларына, редакторларға жаңадан ұсынылып отырған бағдарламаның қоғамға қажеттілігін, қоғам сол хабарға зәру екендігін түсіндіру үшін электронды БАҚ-тың қоғамдық функциялары қажет. Телевизия да, радио да қашанда қоғам үшін қызмет атқарады. Тележурналист, радиожурналист өз жұмысының мақсатын, эфирден көрермендер назарына ұсынылған бейнематериалдың мақсатын нақтырақ білу үшін телевизияның, радионың мүмкіндіктерін, яғни телевизияның, радионың қоғамдық функцияларын білуге міндетті. Журналистің кәсібилігі әлеуметтік жауапкершіліктен байқалады. “Функция” ұғымымен “мақсат” тығыз байланысты. Бұқаралық ақпарат құралдарының басты мақсаты – тұлғаны, қоғамды үздіксіз ақпаратпен қамтамасыз ету, яғни ақпараттандыру. Тікелей алғанда телевизияның, радионың ақпараттық функциясы елдегі, әлемдегі жаңалықтар көрсетілімі болып табылады. Жалпы алғанда, кез келген телевизиялық көрсетілімнің, радиохабардың өзі телевизияның, радионың ақпараттық функциясын орындайды. Кез келген телевизиялық бағдарлама, радиохабар белгілі бір дәрежеде көрермендерде, тыңдармандарда мәдени құндылықтарды қалыптастырады. Тіпті, хабарға қатысушылардың сөйлеу мәнері, таным деңгейі көрермендер, тыңдармандар ұстанымына ықпал етпей қоймайды. Бұл – мәдени-ағартушылық функция. Интегративті функция (ортақтастыру) – аудитория үшін ортақ құндылықтарды анықтау, ортақ мәселелердің шешу жолдарын іздеу, қоғамға қауіпті өзге де құбылыстарды талқылау. Бұқаралық коммуникация құралдары, соның ішінде телевизия, радио табиғатынан өзі хабар таратып отырған қоғамға ықпал етеді. Көрермендердің бағдарламаны тұрақты көруі, тыңдармандардың хабарды тұрақты тыңдауы – олардың белгілі бір деңгейде ортақтығының дәлелі. Интегративті функцияда ақпараттық, мәдени-ағартушылық, ұйымдастырушылық функцияларының элементтері кездеседі. Батыс ғалымдары журналистік жұмыстың мақсатын келіспеушіліктерді пікірталас арқылы шешуден көреді, яғни кереғар пікір иелеріне ымыраға келуге көмектесу. Бұл – әлеуметтік-педагогикалық не басқарушылық функция болып табылады. Үкімет не өзге де әкімшілік жүйе қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатымен аталмыш функцияны пайдаланады. Кей кездері электронды БАҚ өзі қоғамдық акцияның ұйымдастыру қызметін атқарады. Телевизия, радио билік басындағыларға сауал жолдап, әрекет етуге итермелей отыра ұйымдастырушылық функцияны атқарады. Рекреативті функция, яғни көңіл көтеру функциясы (“рекреация” латынның recreatio “қалыпқа келтіру”) – демалыс, еңбек барысында жұмсалған күшті қалыпқа келтіру. Осы орайда, логикалық тізбектің үшінші мүшесін, дәлірек айтсақ, “функция-мақсат-әдісті” табу туындайды. Сонымен, белгілі бір бағдарлама тыңдармандар мен көрермендер назарына ұсынылғанда бір немесе бірнеше функцияны орындай отыра, белгілі бір мақсатты көздейді. Ал, бағдарлама сан алуан әдіс арқылы тыңдармандар мен көрермендер жүрегіне жол табуы ықтимал. Кез келген хабар аудиторияға әсер етеді. Бірақ, қандай әдісті қолдану керек? Осы кезде бағдарламаның жанры айқындалады. Публицистика, телепублицистика, радиопублицистика жанрлары ақпараттық, талдамалы және көркем публицистикалық болып 3 ірі топқа бөлінеді. “Жалпы, әр жанр таза қалыпта кездесе бермейді. Бір туындыда бірнеше жанр элементтері тоғысып жатады. Кейде олар өмірді барлық күрделілігімен, көп қыртыстылығымен көрсету үшін, шығармашылық ой-ниетті әсерлі етіп беру үшін әдейі тоғыстырылады. Сонда қай жанрдың белгілері мол болып, бірінші қатарда тұрса, туынды сол жанрға жатқызылады,”– дейді профессор-ғалым Темірбек Қожакеев. Яғни материалды белгілі бір жанрға жатқызу – шартты нәрсе. Жанр – белгілі бір газет, журнал материалдарының, радио, телевизия хабарларының көріну, өмір сүру формасы. Телерадиобағдарламалар қандай әдісті пайдаланып, қандай жанрға жатқызылмасын телерадиохабарлар да баспасөз материалдары сынды мәтіндерден тұрады, ал кез келген мәтіндегі деректердің көлеміне, ерекшелігіне, сапасына қарамастан басты айтылатын ойдың жиынтығы тақырып арқылы көрінеді. Барлық көркем деректердің басты мақсаты қоғамдық пікірді қалыптастырып, қоғамдық санаға қозғау салу, айтылған пікірге ой қосып, ойды қозғайтын жағдай туғызуға ықпал ету. Ал ойға қойылатын әрбір тақырып қайдан алынады. Бұл телерадиобағдарлама авторының алдында тұрған басты сұрақтың бірі. Дальдің ойынша болжалданған, ойластырылған іс бар, ал бұны тақырыптың алғашқы баспалдақтары деп қарау керек. Жағдайға байланысты кейде ой мен тақырып бір мезгілде қатарласа келуі де мүмкін. Яғни ой тақырыптың тууына себепші болады. Ой шарықтау шегі болса, тақырып – материал жинақтау мен оны қорытып жазудың айқындалған әдісі. Олай болса, ойдың өрбуінің қайнар көздері – журналистің өмірлік тәжірибесі, жан-жақтылығы, білімділігі. Екінші қайнар көзі – нақты деректер. Телередактор немесе радиодағы редактор өз бойындағы бар білімге, дерекке сүйене отырып тақырыптағы ойларды қорытады. Кез келген тақырып автордың өзімен бірге болып, сценарийді жазудың өн бойында онымен бірлікте болады екен. Егер шығармашылық процестің 3 түрлі (материал жинау, жиналған материалды қорыту, қорытылған материалды жазу) кезеңі бар десек, тақырып осынау 3 кезеңнің өн бойында тұтас желі тартып жатады. Тақырып – идея. Қазақ радиосындағы, теледидарындағы әлденеше ондаған, жүздеген хабарлардың бастау бұлағында да тамаша идеялар жатыр. Тақырып ойластырылып, іріктелген автор ойларына және құбылысты зерттеуге қатысты болса, онда ойлардың шешімділігі келешек шығарманың құрылымына әсер етеді. Ал шығарманың концепциясы тақырыптан сәл ғана кештеу өмірге келеді. Кейбір тақырыптар детальдары бір-біріне кереғар болғанымен өзгелері көрерменге не тыңдарманға нақты ақпарат берсе ғана хабар айқын болады. Яғни кез келген хабардың тақырыбы көрерменге не тыңдарманға айтылатын ойдан алынуы керек. Мәселен, «Хабар» агенттігіндегі «Кеш қалмаңыз» ток-шоуының 19 қаңтар күнгі санындағы талқыланған тақырып «Отбасын жоспарлау қажет пе?», тиісінше бағдарлама барысында осы тақырып төңірегінде ой қозғалды. Сөйтіп, мәтіндегі айтылатын ой мен жеткізілетін хабарға баға беруі әрі осы баға берушілік қасиетінің нәтижесінде мәтінді қабылдау функциясы іске асады. Телерадиохабар тақырыптары тек ақпарат жеткізу функциясымен шектеліп қалмай, болған оқиға, әр түрлі жағдайларға байланысты қоғамдық құбылыстарға баға берумен ерекшеленеді. Сондықтан телерадиохабар тілінің тартымды, көрерменге, тыңдарманға түсінікті болуы, мәтінмен мағыналық бір аяда болуы, басты шарт болуы тиіс. Ал, бірден-бір қадағалайтын – редакторлар. “Теледидарды бүгінде қоғамды, қоғамдағы жайларды талдап, түсіндіру дегеннен гөрі, оны «адамтану», кейіпкердің жан-дүниесінің сезім-сырлары мен ішкі қырларын түсіну, ұғыну деген ұғым көңілге қонымды”, – дейді Қ.Тұрсын. Бағдарлама ұғымы бір мезгілде теледидарға әрі радиоға да қатысады. Әрі бағдарлама астарында өзінен-өзі ұғынылу немесе хабардың жиынтығы, белгілі бір арнада жүретін хабар, не белгілі бір шектеулі уақытта (күнделікті, не апталық бағдарлама), не көрермендердің белгілі бір топтарына (балаларға, жастарға) арналған секілді сан алуан тораптар жинақталған. Зерттеушілер күні бүгінге дейін “теледидар бағдарламаларын” мәдени не эстетикалық мағынасына қоса қарастыруды үрдіс етіп жүр. Сондықтан оған “телевизиялық көрініс” терминін телу, оның мәдени-эстетикалық бағытқа жақындау екендігінен деп ұғынғанымыз жөн. Мысалы, зерттеуші Станислав Кушевский “телевизиялық көрініс... шын мәнінде жаңалықтар, репортаж, оқулық лекция, эстрадалық концерт, көркемдік ой жинақталған шығарма”, – деген тұжырым жасайды. Осы хабарламаның бәрін хабарға тән жалпы норма біріктіреді де, ол өз бойына драматургиялық композицияны, жанды әрекетке қатысты камераның интерпретаторлығын, көрініс пен музыканың қатыстылығын, ең соңында шағын- шағын аудиториялардың жаппай қабылдаушылығын да туындатады, – деп ой қорытады. Зерттеуші пікірінің құндылығын мойындай отырып, бүгінде теледидардың уақыт уысынан шыға мол аудиторияға ие екендігін, әрі оның құдірет–қарымының соншалықты ауқымдылығын мойындауға тиіспіз. Көрініс пен кадрден тыс мәтіннің қабыса келіп, егіздің сыңарындай біріге жымдасуы, жүргізушінің қарапайым тілмен шебер қиыстыра түйін жасауы, әрі бейненің сан алуандығы, теледидарды қай кездегіден болсын көрерменге, тыңдарманға сәт санап жақындата түсуде. С.Кушевский алдыңғы орынға бағдарламадағы драматургиялық заңдылықты қояды. Шын мәнінде, кез келген телевизиялық көрініс, ол жай ғана сөйлесу түрі немесе телевизиялық өнердің күрделі түрі бола ма, олардың бәрінде де белгілі бір драматургиялық өзектестік (түйін, оқиғаның дамуы, шарықтауы, шешімі, эпилогы) болады. Драматургиялық сабақтастықта орындаушылық фактор актерлықпен тығыз байланысты. Ол ойын-сауық бағдарламаларының өн бойында қатарласа бірге еріп отырады. Кейбіреулер бағамдағандай, теледидардағы көріністі аудиторияның қабылдауға, олардың психологиялық реакцияларының сол мезгілде әрекетке араласуына әкеліп соғуы да назардан тыс қалмайды. Телевидение – аса күрделі, әлеуметтік-мәдени феномен. Оны зерттеу үшін ғылымның көптеген салаларының (эстетика, өнертану, журналистика теориясы, педагогика, насихат теориясы, психологиясы, қоғамдық психология, жалпы психология, мәдениет теориясы және т.б.) бірлікте қарастырылуы тиісті. Теледидарды өнер саласындағы типологиялық аналогпен шектемей немесе өнертанушылар жазғандай телевизиялық көрініс үлгісін механикалық әрекетке көшіре салуға болмайды. Теледидардың көркем мәдениет аясынан шығып, “автор- шығарма-публика” категориясына бағыт ұстауы көрермендерді толықтай қанағаттандырмайды. Зерттеуші Қ.Тұрсын: “жіберуші-хабарлаушы-аудитория” деген үлгі болуы қажет, – деп пайымдайды. Миллиондардың көңіл-күйін толқытатын, небір сәттерге куәгер ететін – теледидар, радио. Демек, олардың дамуы уақыт ағымына орай ерекше бола түсетіні де осыдан. Телевизия, радио өнерлеріне өзін арнаған телеқаламгерлер мен радиоқаламгерлер үшін қажетті құрал қалам мен микрофон ғана емес, жазылған мәтінді оқуға айшықты, анық дауыс та аса қажет. Телерадио өнеріндегі бір ерекшелік те осында. Телевизия да, радио да дауыс ырғағының нашарлығын, жарты диапазонда естілуін қаламайды. Ол дауыстың бір қалыпты үнділігі, үйлесімділігіне мұқтаж. Сондықтан, қай кезеңде болмасын, телерадиожурналистерге қомақты жүк артып, оларды дауыс жағынан сұрыптау артық болмас. Егер жүргізуші ажарлы болып, дауысы ащы, сүйкімсіз болса, хабардың мәні де, сәні де кетеді. Керісінше, жүргізушінің дауысы жағымды, өңі қарау болса, рейтинг төмендейді. Өйткені, телевизия да, радио да – қашанда эстетика әлемі. Мәтінді айшық оқитын диктордың тамаша қасиеті нашар мәтіннің өзін құлпыртып жібереді. Сонымен, тележурналистерге, радиожурналистерге тән қасиеттер – журналистік кәсіби біліктілік, актерлік шеберлік, тіл мәдениеті және тележурналистерге әдемі қимыл-қозғалыс. Жалпы, телерадиожурналистердің білікті маман ретінде қалыптасу үшін: 1) ақпаратпен жұмыс істеу машығы; 2) саяси-әлеуметтік және экономикалық әрі өзге де салалардағы сауаттылығы; 3) жаңа техника мен технологияларды жатсынбауы; 4) командамен жұмыс істеуі. Бүгінгі “ақпараттар ғасырында” қай салада болса да жан-жақтылық пен білімділік, аналитикалық ақыл-ой, терең талдау мен ұшқырлық талап етілуде. Журналистің қай салада болсын әмбебаптылығы мен білімдарлығы хабардың өңін аша, ажарын кіргізе отырып, әрі оның өзіндік имиджін қалыптастыруға да негіз қалап жатады. Телевидение, радио бағдарламаларын, баспасөз материалдарын жасайтын шығармашылық топта редактордың алатын орны ерекше. Ол мәтіннің мазмұны мен көркемдік сапасына жауап береді. Бүгінгі таңда бас редактордың қызметін продюссер атқарады. Ол бағдарламаның идеялық-көркемдік деңгейін бақылап қана қоймай, сонымен қатар, өндірістік, ұйымдастырушылық және қаржылық мәселелерге де араласады. Телевидениедегі редактор жұмысы өте кең көлемді қамтиды. Оның іс- әрекеті әдеби жұмыспен ғана шектеліп қоймайды. Бұқаралық ақпарат құралы ретінде телевидение редактордан теледидар өндірісінің ерекшелігімен байланысты білімінің болуын талап етеді. Бүгінгі таңда редактор жұмысы мәтінді тексеру мен түзетуден тұрады деген жаңсақ пікір қалыптасқан. Ол сондай-ақ, цензорлық жұмыс деп те қабылданады. Бірақ редактордың іс-әрекеті оны телебағдарламаларды, радиохабарларды, баспасөз материалдарын жасаудағы шығармашылық процестің лидері етіп көрсетеді. Телевидение редакторының жұмысы көрермен бағдарламаны экраннан көрген кезден бірнеше сағат бұрын басталады. Ол теледидарлық жоба жасауға қатысады, қызықты материал табады, оған авторлар таңдап, қатысушыларды шақырады. Сонымен қатар, сол қатысушылардың әдеби дайындығын ғана есепке алып қоймай, экран міндеттемелерінің де сақталуын қамтамасыз етеді. Бағдарлама дайындаудың кейінгі кезеңдерінде редактор тек кеңесші мен автор, режиссерлердің көмекшісі рөлін атқарады. Осылайша, әдеби материалды бағалаудан бастап, оның жазылуы мен эфирде бағдарламаның шығуына дейін редактор жұмыс жасайды. Өзі де кей кезде жүргізуші, сұхбаттасушы, репортер қызметін атқарып, журналистік қызметін арттыра түседі. Редакторлық іс- әрекеттің тағы бір аспектісі: техникалық және шығармашылық мәселелердің үйлесімділігі. Редактор камераның техникалық мүмкіндігі мен электронды “арнайы эффектілерді”, монтажды білуі қажет. Редакциялау ұғымы – өте күрделі ұғым. Латын тілінен аударғанда “redactus” – “тәртіпке келтірілген” деген мағынада. Баспасөз, радио, телевидениеде редакциялау – қоғамдық-әдеби іс-әрекет, жариялауға материал дайындау дегенді білдіреді. Көптеген жағдайда редакциялаудың міндетін айқындауда оның мәтінді түзету деген бір жағы ғана қарастырылады. Түзету – редактор іс-әрекетіндегі маңызды құбылыс. Оның басты міндеті мазмұн мен шығарма пішініне сараптама жасау болып табылады. Телевидениедегі редакциялау пәні түрлі жанрдағы мәтіннен бастап бейнеқатардың иллюстрациялары бола алады. Редакциялауға саяси және қоғамдық мәні бар аспект кіреді. Редакциялау арқылы шығармадағы қателер түзетіледі. Редактордың міндеті – өзі түзеген материалдың эффектілі болуын қамтамасыз ету. Ол эфирге шығатын публикацияға толығымен жауапты. Өзінің ақпараттық қызметін орындау барысында БАҚ материалдары жақсы, түсінікті баяндалуы тиіс, өйткені ол түрлі топ өкілдеріне арналады. Редактордың шығармашылық мүмкіндігі мен шеберлігінен материалдың сапасы айқындалады. Редактор мамандығында сыншы мен тіл маманы, стилист пен педагог, ұйымдастырушы мен суретші мамандығы ұштасады. Редактор өз білімін әрдайым жетілдіріп отыруы қажет. Жан-жақты білімі бар, логикалық ойлауы зор, әдеби тілдің нормаларын жетік білетін адам ғана редактор бола алады. Редакторлық бағалау – шығармаға нақты мақсат тұрғысынан қарау, автор еңбегін шыншылдық масштабымен айқындау. Редактор кітап, радио немесе телебағдарлама дайындаудың барлық өндірістік-технологиялық процесін білуі шарт. Полиграфия негіздері мен техникалық мүмкіндіктерді білуі редакторға шығарманың әсерін күшейтуге көмектеседі. Редакциялау – шығармашылық процесс. Редакторлық іс-әрекеттің басы – дайындық кезеңі болып табылады. Оны ұйымдастырушылық-шығармашылық кезең деп те есептеуге болады. Оған басылым, радио немесе телевидение бағытына сәйкес тақырыптық бағдарын айқындау, айдарлар мен жобалар, автор таңдауы жатады. Редакциялаудың жалпы әдістемесі әрбір редактор үшін қажет. Ал телевидение бағдарламасын редакциялаудың кітап пен баспасөз материалдарынан өте көп ерекшеліктері бар. Өйткені, соңғыларында редактор тек мәтінмен ғана жұмыс істейді. Телеарна редакторы мәтіндік материалдан өзге бейнеқатармен де айналысуы керек, яғни сөз бен бейне үйлесім табуы қажет. Бұл оның телережиссура негіздері, сонымен қатар теледидардың техникалық мүмкіндіктерімен танысуын талап етеді. Теледидар бағдарламасын дайындау кезеңдерінің барлығында қоғамдық жұмыс көлемі кітап пен мақаланы басуға дайындау кезеңіндегі жұмыс көлемінен едәуір үлкен. Онда: автор таңдауы, нысаналардың сарапталуы, бағдарламада көрсетілетін ұйымдармен келісім, бейнелік материалдар таңдау, қатысушыларды іздеу сияқты көптеген іс-әрекеттер атқарылады. Редактордың іс-әрекетін кей-кезде әдеби-ұйымдастырушылық деп те айқындайды. Теледидар редакторы режиссерді, операторды, суретшіні ауыстыра ала ма деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Бағдарламаның сапасы шығармашылық топтың әрбір мүшесі өз жұмысын жоғары деңгейде орындағанда ғана жақсы болады. Редактор бұл жерде ұйымдастырушы, бағыттаушы, барлық топтың жұмысын үйлестіруші ретінде қызмет атқарады. Олардың жалпы мақсаттары – бағдарламаның кәсіби деңгейін жоғары етіп көрсету болып табылады. Ал, редактор – осыған жауапты тұлға. Тікелей эфирде редактор “дайындалмаған” материалмен жұмыс жасайды. Бұл жерде ең бастысы – тақырыпты ашып, бағдарламаның дұрыс мағынасын бере білу. Әрине, көркемдік безендірілуіне редактордан гөрі қоюшы режиссердің жауапкершілігі басымдау. Осылайша, теледидар редакторына өз жұмысын жоғары деңгейде орындау үшін редакциялау шеберлігін білумен қатар, теледидар драматургиясы төңірегіндегі мәселелер жөнінде хабары болуы керек. Сонымен қатар шешендік өнер негіздерін, бағдарлама дайындау технологиясын, экранның бейнелік көркемдік құралдарын жақсы меңгеруі керек. Теледидар редакторына тағы бір қажет қасиет – адамдармен қатынас орната білу. Оның іс-әрекетінде ұйымдастырушылық қабілет маңызды орын алады, сондықтан бағдарлама дайындаудың барлық кезеңіндегі дұрыс жүргізілген жұмыс бағдарлама сапасына үлкен әсерін тигізеді. Ұйымдастырушылық жұмыстың жедел бағдарламаларда, трансляциялар, мерекелік кештер, байқаулар мен ток-шоу кезінде алатын маңызы зор. Бұл кезде қатысушыларды дұрыс таңдап, олармен танысып, мінез-қылықтарын зерттеп, олардың әрқайсысының атқаратын міндетін жете түсіндіру қажет. Редактор теледидар қызметінде түрлі мәселелерді шешеді, сондықтан оның жұмысының кезеңдерінің саны көп. Теледидар редакторы үшін дайындық кезеңі тақырып өңдеуден басталады. Ең өнімді теледидар мүмкіндігі мен спецификасын айқындай алатын материал таңдалады. Ол кезде редактор бірнеше позицияға арқа сүйеді. Біріншіден, теледидардың ерекше қасиеттері: жеделдік, көру мүмкіндігі, бірден көпшілік аудиторияны қамтуы. Екіншіден, теледидардың басқа бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысы. Үшіншіден, теледидар көрсетілімінің спецификасы. Бағдарламаның бір рет көрсетілуі тиімді қабылдауды төмендетеді. Деректі материалдарда тақырып нақты, әрі түсінікті баяндалуы, дұрыс ұйымдастырылуы қажет. Төртіншіден, аудитория тұрақтылығы, олармен жүйелі түрде қарым- қатынаста болу. Бесіншіден, теледидар аудиториясының әртүрлілігі, яғни көрермендердің жасы, білім деңгейі әр түрлі болады. Редактор ұсыныстарды, журналистердің меншікті және штаттан тыс тілшілерінің, шығармашылық бірлестік өкілдерінің, мамандардың жобаларын қарастырады. Осы кезеңде көрерменге тақырыпты дұрыс жеткізе алатын көркемдік құралдар таңдалады. Әрбір телеарнаның өзіндік бағыты болуы шарт, олардың айдарлары, жүргізушілері, хабар беру түрлері мен жанрларында айырмашылық болуы тиіс. Бағдарлама саясатын жүргізу үшін міндетті түрде оның құрамдас бөліктері: айдарлар, циклдар, сериялар мен блоктарды бөліп алу керек. Айдар бағдарламаны тақырыптық принцип бойынша немесе мақсаты бойынша біріктіреді. Тақырыптық жағынан бірдей материалдарды біріктіре отырып, айдар көрерменге өзіне қажет бағдарламаны тез таңдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар олар көрерменге бағыт береді, бағдарлама мағынасын терең ұғынуға көмектеседі. Бағдарламаның тағы бір маңызды құрамдас бөлігі – циклдар. Циклға бір бағыттағы бағдарламалар кіреді, оларды бір автор жүргізіп, қатысушылары да бір болады. Циклда тақырыбы жағынан әр түрлі материалдың бірігуі қойылған міндетті толық шешуге мүмкіндік береді. Мысалы: “Айна. Апта қорытындысы” (Қазақстан), “Жеті күн” (Хабар), “Апта” (Астана), “Состояние kz” (31 арна). Бұл циклдардың басты артықшылығы – таңдалған мәселені жан-жақты, әрі жүйелі зерттеуге мүмкіндік берілуі. Теледидар тәжірибесінде бағдарламалық блоктар кең қанат жайды. Олар түрлі бағдарламаларды уақытына қарай жинақтауға мүмкіндік береді. Мысалы, таңертеңгілік, кешкілік блоктар. Блоктық құрылым көптеген арналар қызметін жүйелейді. Оның көптеген артықшылықтары да бар. Бұл көрерменнің нақты бөлігіне бағытталатын бағдарлама ішіндегі бағдарлама, оның құрылысы еркін, жанры мен пішіндері әр түрлі. Бағдарлама блогын дайындау кезінде ондағы кейбір жеке материалдардың тәртібі мен орналасуының өзіндік заңдылықтары бар, оларды көрерменге жақсы әсер қалдыру үшін пайдалануға болады. Теледидар аудиториясының тұрақтылығы көлемі үлкен материалды бөліктермен, яғни серияға бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл оқиға немесе құбылыс жайлы толық мәлімет алуға көмектеседі. Серияға, әдетте, фильмдер мен спектакльдерді, үлкен бағдарламаларды бөледі. Мағыналық реттеудің де үлкен маңызы бар. Ол материалды таңдап, оны әлеуметтік-қоғамдық және саяси мәнінің деңгейіне қарап топтастыру. Мысалы, ақпараттық бағдарламалар үнемі бір уақытта жүргізіледі. Бұл кезде көптеген көрермендердің уақыттары бос болады. Редакцияның да күні бойы жинаған материалдары бұл уақытта жүйелі түрде беріледі. Ақпараттық бағдарламалар миллиондаған аудиторияның естіген мәліметтерін бейнекөріністермен нақтыландырады. Ақпараттық хабарлар әр түрлі уақытта жүргізілуі тиіс. Бірақ бұл принцип әрдайым сақтала бермейді. Жанрлық беттеу – сюжеттердің әртүрлілігін, берілу ерекшеліктерін есепке алады. Материалдың нақты орын тәртібі көрермен үшін өте маңызды. Беттеу арқылы көрермендер дайын бейнелік ассоциациялар алады. Бағдарлама беттеуін “драматургиялық бастау” біріктіруі тиіс, яғни сюжеттердің қойылымы, нақты орын тәртібі, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени тақырыптардың өзара байланыстығы. Ырғақтық беттеу – түрлі бейнелік және техникалық құралдардың (сюжет, тікелей эфир, студиядағы түсірілімдер) пайдалануы. Ритмдік беттердің заңдарын бұзудың зардабы мағыналық беттеудегідей қабылдау белсенділігіне әсерін тигізеді. Теледидарда редактор сценарийдің авторымен жұмыс жасайды. Онымен жұмыс істеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол екеуінің жұмысын телебағдарлама авторы деген бір ұғымға біріктіруге болады. Редактор мен автордың жұмысы өтініш берілгеннен бастап, бағдарлама эфирге шыққанға дейін жалғасады. Теледидар бағдарламасын дайындау процесіне авторды араластыру редактор жұмысының маңызды ерекшелігі. Авторды шақыра отырып, редактор өз шешімінің дұрыстығын анықтау қажет. Ол автордың кәсіби және әдеби мүмкіндіктерін камера алдында өзін еркін ұстауын есепке алады. Теледидар немесе радиодағы автор қызметі баспа қызметінен әлдеқайда қиынырақ. Мысалы, баспа материалының әдеби құндылығы ғана ескерілсе, теледидарда оның бейнелік қатары да үлкен рөл атқарады. Өте мықты газет очеркшісі теледидарға очеркті тез дайындай алмайды. Өйткені теледидар бағдарламасының өзіндік ерекшелігі бар. Ал әдеби шығармашылықтағы негізгі көркемдік құрал – сөз ғана. Авторды эфирге шығаруға шақыру этика нормаларымен сәйкес келеді. Сондықтан авторды шақырып алып, эфирге шығар кезде одан бас тартуға болмайды. Сценарий дайын болып, эфирге шығар кезде ғана автормен байланыс орнату қажет. Себебі, автордың сценарийімен жұмыс істеуі көптеген шығынды қажет етеді. Автормен алдын-ала жақсы қатынас орнату жоспарланған ойды асыру үшін керек. Егер автор теледидарға жаңа келген болса, оны міндетті түрде теледидар бағдарламасын дайындау технологиясымен, әдеби сценарийдің түрлі формаларымен таныстыру қажет. Автормен танысу үшін онымен келіссөз жүргізу керек. Бағдарлама дайындауда режиссер мен оператордың қызметі ерекше. Автор ұсынған өтініш, сценарий мен материал редактор тұрғысынан жақсы қабылдануы тиіс. Редактор оператор қарым-қатынасы сценариймен жұмыс жасау кезінде үзілмеуі тиіс. Редактор кеңестерімен авторға көмек береді. Сценарий экранға шығуға арналады, сондықтан редактор тәжірибесінің жалпы қабылданған әдістерімен шектелу жеткіліксіз. Редактор авторды бейнематериалмен таныстырады, түрлі ұйымдарға, мұрағаттарға еркін кіре алуына жағдай жасау керек. Сценарийдің редакторлық сараптамасы оның автормен қарым-қатынасының характерін анықтайды. Теледидар тәжірибесінде редактор автор-маманның пікіріне құлақ салатын кездер аз болмаған. Бірақ осыған қарамастан, редактор жұмысының жауапкершілігі мол. Әдеби өңдеу аяқталғанымен, автор мен редактордың жұмысы аяқталмайды. Автор бейнелік материалдар таңдауға қатысады, синхрондық съемкалар өткізеді, сценарийдің дұрыс орындалуын қадағалайды, жетіспеген жерлеріне түзетулер мен өзгертулер енгізеді. Жедел түрдегі бағдарламаларға тұрақты, әрі тәжірибелі авторды алған жөн. Ол жұмысты әлдеқайда жеңілдетеді. Редактордың міндеті мен қызметі әрдайым өзгеріп отырады. Аудиторияның әр түрлілігі мен көптігі эфирге шығып отырған адамнан көп нәрсені талап етеді. Ең алдымен, ол өз пәнін жақсы меңгеруі керек. Даралық, шынайылық аудитория ойын жетілдіреді. Мысалы, кей кезде эфирдегі адам дұрыс сөйлеп тұрса да, оның көздері мүлде басқа нәрсені айтып тұрғандай болады. Тақырыпқа деген мұндай үстірт көзқарас көрерменге де беріледі. Мұндай қателікті болдырмау үшін редактор бағдарлама мазмұнына аса көңіл бөлуі қажет. Дайындалған бағдарламаның экранға шығуының маңызы үлкен рөл атқарады. Газеттің жарияланымын оқырман ойының күші мен тереңдігіне байланысты бағалайды. Ал теледидарда оған тағы бір аспект қосылады: ол эфирдегі адамның бет-әлпеті, өзін-өзі камера алдында ұстауы. Редактор бұл жерде хабар кейіпкерін режиссермен бірігіп таңдауы қажет. Автор – жүргізуші таңдалған кезде, редактор онымен экранда көтерілетін мәселе төңірегінде ой қозғайды, бағдарлама уақытын және т.б. белгілейді. Журналистиканың электронды құралдарын пайдалану тәсілдерін күннен күнге жетілдіре түсу – өмірдің өзі талап етіп отырған аса маңызды мәселелердің бірі. Қазіргі ғаламдасу кезеңінде ақпараттар ағынының толассыз тасқыны мен телерадиостанциялардың молдығы да өмірге басқаша қарауға, әрі әр нәрсені сын тезінен өткізе отырып, терең біліммен қарулануымызды қажет етіп отыр. Қашаннан да мәнді әрі маңыздысы – бағдарламалардың қалың көпшілікке бағытталуы. Ол: мол аудитория, миллиондаған көрермендер, тыңдармандар, пайда, жарнама, абырой, тиімділік, әрі бәсекелестікке көшбастаушылықтан айырылмау. Ендеше, тақырыпты зерттей келе құнды бағдарламалар, хабарлар сапасы төмендегідей критерийлерден тұрады деген қорытындыға келдік: публицистикалық тақырыптардың мол болуы; тақырыптардағы әлеуметтік мәнділік, актуальдылық, пікірталас және көтерілген проблемадағы жаңашылдық; келтірілген аргументтер мен фактілердің сенімділігі, әрі негізділігі мен толымдылығы; хабарға қатысушы қонақтардың проблемадан толыққанды хабардарлығы; аудиторияға ұсынылып отырылған тақырыптық ауқымдылық, көрсетілімнің жеделділік дәрежесі мен ақпараттың толымдылығы; сюжеттердің сонылығы, телевизиялық әрекеттің динамикалық дамуы. Көпшілік талғамына сай бағдарламалар дайындау журналистер, яғни тележурналистер, радиожурналистер еншісінде. Барлық параметрлер бойынша білікті маман даярлау – кезек күттірмейтін мәселе. Қазіргі кезде көру, тыңдау қажеттілігін бірдей өтейтін теледидардың, радионың рейтингісі жоғары. Жергілікті халық ұлттық нақышты бағдарламаларды күтеді. Сан алуан ұлттың өкілдері тұрып жатқан кең байтақ жерімізде жұмыс істейтін көптеген электронды БАҚ өкілдері қандай бағытты таңдайды? Қандай бағытты таңдаса да, біздің менталитетіміздің сақталуын қадағалау – қажеттілік. Қадағалау, яғни соңғы нүктесін қоятын – редакторлар. Осыдан-ақ редакторларға жүктелген жауапкершілікті байқауға болады. Өйткені, әр мемлекеттің ұлттық ерекшеліктерін, салт-дәстүрін, тарихын, мәдениетін көрсетіп отыратын айнасы – теледидар және радио. Ал, электронды бұқаралық ақпарат құралдарымыз халқымыздың өмірін неғұрлым түзу, айқын көрсетуі болашақтың негізі болмақ. Дәрісті бекіту сұрақтары: 1. Телерадиобағдарламалар функциялары? 2. Модератордың басты ережесі. 3. Телебағдарламаларды редакциялау? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001. 2. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985. 9-дәріс тақырыбы: Теледидар бағдарламасындағы әдеби сценарийді редакциялау ерекшеліктері Дәріс мақсаты: Теледидарлық бағдарламаның әдеби негізі – сценарий болып есептеледі. Әдебиетте сөз бейне жасаудағы жалғыз құрал туралы студенттерге талдап, т үсіндіру. Дәрістің жоспары: 1. Теледидарлық бағдарламаның әдеби негізі. 2. Сценарий – әдебиеттің негізгі түрі ретінде. Теледидарлық бағдарламаның әдеби негізі – сценарий болып есептеледі. Әдебиетте сөз бейне жасаудағы жалғыз құрал. Аяқталған шығарма іспетті әңгімеге немесе газет бетіндегі очеркке қарағанда сценарий теледидарлық бағдарламалардың негізгі ретінде ерекшеленеді. Сценарийді драматургия деп те түсінуге болады, яғни әдеби жазба түрінде болған, драмалық негізде құрылған өнермен байланысты. Публицистикалық шығарма сияқты деректі бағдарлама сценарийінде де өзіндік ерекшеліктер кездеседі. Олардың бірі автордың ойынан, оның оқиғаға жеке көзқарасы мұнда фактілер жинағынан, таңдауынан және дерек көздерінен, сценарий сюжетінен бағынуынан тұрады. Деректі материал және авторлық интерпритация ұйымдасқан түрде болған жөн. Бұл шығармашылық ойдың толық ашылуына, дұрыс режиссерлік баяндауға мүмкіншілік береді. Әдебиеттің негізгі түрі ретінде сценарий – бұл эпос пен драманың қоспасы, демек, драмалық, этикалық бастама функционалдық өзгерістер кездесіп отырады. Эпикалық шығармаға ұқсас сценарий пәннің жан-жақты бейнесін ашуға, әр түрлі көзқарастар қалыптастырып, тақырып аспектісін ашуға, көп жоспарлы жұмыс жоспарын құруға жәрдемдеседі. Автор болып жатқан оқиғаға өзінің көзқарасын білдіріп, сюжетке бірден араласып кетуге құқылы. Әлеуметтік-психологиялық оқиға, кейіпкерлердің тәртібі, оқырман ойына аппеляция әдеби сценарийді эпикалық форма тұрғысынан жақындатады. Драмаға ұқсас сценарий оқырманды кейіпкерлер диологы тұрғысында дайындаған қимыл-қозғалыс бейнесі арқылы оқиғаны аша түседі. Мұнда бейне эпизод бойынша құрылған сюжет заңдылығы арқылы ашылады. Теледидар дыбыс бейнеге сүйенгендіктен, сюжетке құрылған сценарий үшін қандай фактілер мен оқиға жөнінде айту керек, ал қайсысын көрсету қажет екенін анықтап алған жөн. Басқаша айтқанда, экранда шығармадағы сөз бен бейне байланысы қандай болатыны айқындалады. Сценарий жасаушы оқиғаға, адамдарға, дерек көзіне байланысты экрандағы сөздің қанша көлемде болатынын білген абзал. Экранда бірнеше объектіні бірден ашуға, ірі жоспарды қолдануға, қысқа ретроспективті эпизод (өткенді еске түсіру) қосып, әуен мен тура көңіл аударуға т. б. болады. Дегенмен, бұл барлық компоненттер сценарий барысында бір жүйеге келіп, бір-бірімен байланысты болғаны жөн. Теледидар бағдарламаларын әдеби сценарий негізі: бейнелеу бөлігі (ремарка), сюжет желісіне құралған қимыл-қозғалыстар; кадр артындағы мәтін (диктаторлық және авторлық) және синхронды бейнелер құрайды. Ремарканың (белгі) бағдарлама (немесе фильмнің) бейнесін, оқиға желісін ашуда, монтаж немесе әуенді таңдауда орны зор. Сценарийдегі ремарка автордың ойын экранда анық, нақты және дәл түсіндіреді. Кезінде сценарийдің бейнелі бөлігіне П. А. Павленко алғаш болып көңіл аударған. Ол енді ғана сценарий жасаушы болып жүрген бір адамға өз хатында былай деген екен: «Сіз оны (сценарий – Б. Г.) дайын режиссерлік жұмыс, эпизодты көрсететін монтажды бет ретінде жазасыз. Мәселен, «Жазғы күндегі аэродром. Бір топ қыз бен жігіттер ұшаққа қарап әңгімелесіп отыр». Қандай аэродром? Қай жерде? Қоршаған орта қандай? Оңтүстік не солтүстік пе? Бір топ қыз бен жігіттер… Олар кімдер? Қалай киінген? Не жөнінде әңгімелесіп отыр? Егер де сценарий жазылса, оқырман оқиға желісін толығымен сезіну үшін бұлардың барлығын да жазу керек қой. Демек, режиссер мен кейіпкерлер оқиғаның қай жерде өтіп жатқанын, экранда көрсеткен адамдардың кім екенін білуі тиіс қой. Сценарий, менің ойымша, көзбен жазылған дұрыс. Оқырман ең алдымен не болып жатқанын көзбен көруі қажет. Сценарийді әңгіме, не повесть жазғандай жеткізу керек. Біздің сценарийге ықшамдылық жат. Сондықтан да болар, әдеби кино сценарий әлі күнге дейін қалың оқырман үшін көп қызықтыра бермейтін туынды. Сценарий роман емес, әңгіме де, пьеса да емес. Ол – жаңа туынды. Егер де бұл солай болса, онда кинодраматург композиция жұмысында формалық жаңа түрін табуға көп көңіл бөлген жөн. («Вопросы драматургии». Выпуск 1. Москва. «Искуство». 1954 жыл, 316-318-беттер). И. А. Павленконың әдеби сценарий жөнінде айтқан ойлары сценарий табиғатын түсінуінен саяды. Қазіргі таңда деректі телеарна үшін қоғамдық саяси бағдарламадағы «көрініс» («зрелищность») мәселесі өзекті болып отыр. Деректі бағдарламалар эффектісі ойын құралдарына емес, дерек көздері болып қалуы тиіс. Оған тек қана дерек материалдар сценарийдің сюжеті мен композиция желісінде құрылған болса ғана жете алады. Деректі бағдарламада сценарийдегі драматургия кейіпкерлердің бейнесін толық ашуы керек. Міне, осы оның негізгі жұмысы болып есептеледі. Өкінішке орай, бүгінгі таңда «әдеби сценарий» деген мағынаның өзі телеарнада танымал емес. Міне, сондықтан да болар, құрғақ желіге толы публицистикалық бағдарламалар туындап жатады. Мәселен, керемет жазылған сценарийдің қатарына «Соңғы қоңырау соғылған кезде» (эстондық теледидар) атты бағдарламаны жатқызуға болады. Оның өте ерте кезде жазылғанына мән бермеген жөн. Жоғарғы деңгейде жазылған кәсіби жұмыстар қай кезде жазылғанына қарамайды. Сценарий мәтінінен үзінді келтірсек: Мектеп бұрылыста орналасқан. Терезелерінің алдында бүк ағашының бір түрі (каштан) гүлдеп тұр. Жаңа ғана соңғы қоңырау соғылды. Жолдың бойынан бірінші сынып оқушылары үйге қайтып бара жатыр. Олардың көздерінен тұйықтық, ересектік есіп тұрғандай. Қанша дегенмен олар жаңа ғана екінші сыныпқа өткендері туралы қағаз алды ғой. Кейбіреулерін көшеде ата-аналары күтіп тұр… Анау жерде құшағы гүлге толы ұстаз үйге қайтып барады. Әне, талапкерлер де үйге беттеді. Олардың көздерінде алаңдаушылық, мазасыздық байқалады. Олар асығыс. Мектеп алдында оларды енді ата-аналары емес, «Ол» күтіп тұр. Мектеп оқушылары қайтқан дәл сол жолмен мектепке бұл бағдарламаның репортері, әйел адам келе жатыр. Ол бір сәтке мектеп алдында тұрып, ақырын ғана есігін ашып, ішке кірді. Мектептің дәлізі ұзын және бос. Репортер сатының қасына келіп тоқтап қалды. «Қандай қызық. Кезінде біз күніне оншақты рет осы жермен анда-мында жүгіріп жүріп, осы ғимараттың жылдар өткен сайын бізге жұмбақты, жұмбақ (таинственный) болып қаларын кім білген?! Бір түрлі болып кетеді екенсің. …Мектепте ешкімнің жоқтығы қандай жақсы, ешкімге кедергі жасамай еркін жүруге болады. Мұнда өткен мен болашақтың шекарасы. Ғимаратта таныс иіс мұрныңа келеді. Шаңның, бордың және балалық шақтың иісі шығып тұр. Қуаныштың желі есіп тұр. Сол шақ қиын кездердің бірі еді. Көптеген бағалы заттарға бүгінге қарағанда көзқарасымыз басқаша еді. Соғыс қасіреті әлі есімізден шықпаған. Біздегі әрбір бесінші адам жетім еді, Тынисмяга алаңында ол кезде соғыста қайтыс болғандар үшін орнатылған мәңгілік алау ескерткіші әлі жанбаған-ды. Біз тоқ едік, сол кезде анамыздың бір үзім нанды аузынан жырып бізге бергенін білдік пе? Әлі де есімде, бір күні мектепке мектеп формасын киіп келген бір қыз келді. «Қандай керемет!» - деп мұғалімдер таңданған еді. «Жібек көйлек! Жоқ мұндай мүмкін емес, - деген еді мектеп директоры бізге, кейін сендер де осындай көйлек киесіңдер дегенде. Енді бұл киім ешкім үшін жаңалық емес, маған да сол көйлектің қадірін кейбіреулер білмейтіндей болып көрінеді кейде. Өз аналарыңнан сұраңдаршы, олардың өздерінің ең алғашқы көк жібек көйлегін киюді әлі де армандайтынтына толық сенімдімін. (Репортер тоқтап қалды. Оның алдында мұғалімдер бөлмесінің есігі). Осы есіктің алдында оқушы қандай сезімде болғанын мұғалімдер білді ме екен сол кезде?! Біз оларды қанша жамандасақ та, қандай да бір есімдер ойлап тапсақ та, болмашы бір сұрақтар қойсақ та, мұғалімнің беделі жоғары еді. Мұғалім қаншалықты қатал болса, соншалықты біздің есімізде қалып қойғаны анық. Әлі де оларды үлкен сағынышпен еске аламыз. (Әйел ақырын ғана есікті қақты). Ешкім есікті ашпайды, қазір онда, әрине, ешкім жоқ. Мүмкін бар шығар? Жоқ, кірмей-ақ қояйын. Тіпті, мұғалімдер бөлмесінің өзі үлкен пікір қалыптастырады… Мен ұстаздың қаншалықты өнерлі екенін айтамын да. Өзін толығымен біреуге арнау… Ол оңай емес қой. Қашанда білім нәрімен сусындату – ол дегеніміз жанының тазалығы ғой. Кезінде әрбіріміздің өз ұстазымыз бар еді. Әрбіреуі олар туралы әр түрлі есіне алады. Есейе келе олардың қадірін жақсы түсінеміз. Ия, мектепте біз азамат болып қалыптастық. …Өз емтихандарыңды тапсырған соң жазғы демалыстың қалай тез өтіп кеткенін байқамай да қаласың. Бірінші қыркүйек басталып, тағы да алғашқы қоңырау соғылады. Бірақ ол сіз үшін соғылмайды мұнда басқа жаңа бүлдіршіндер келеді. Олар сізді де кәрі деп есептейді. Олар ғарыштық не екенін, онда қалай ұшып баруға болатынын біліп, Айға сапар туралы әңгіме айтып, қаламмен жазу жазады. Олар да біз сияқты білімдерін 2(2(4 екеннен бастайды. Қанша дегенмен, олар сол кездің балаларындай болмайды». Дәрісті бекіту сұрақтары: 1. Теледидар бағдарламасындағы әдеби сценарийді редакциялау ерекшеліктері. 2. Теледидар бағдарламаларын әдеби сценарий негізі. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001. 2. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985. 10-дәріс тақырыбы: Әдеби редакциялау және компьютерлік технология Дәріс мақсаты: Мерзімді басылымдар нарығындағы көптеген өзгерістер редакциялық менеджерді өз басылымын түбегейлі өзгеруге итермелейді. Сондықтан, әдеби редакциялау және компьютерлік технология жайында талдап, түсіндіру. Дәрістің жоспары: 1. Компьютерлік технология. 2. Газет моделінің ерекшеліктерін анықтайтын факторлар. Мерзімді басылымдар нарығындағы көптеген өзгерістер редакциялық менеджерді өз басылымын түбегейлі өзгеруге итермелейді. Бірақ бұл қадамды жасау үшін ол, ең алдымен, аудитория, нарықтық жағдай, газеттің кемшілік пен артықшылығын, оның бәсекелестерін және т. б. терең зерттеп, белгілі бір жоспар-қорытындыға келуі керек. Менеджер тарапынан енгізілген жаңалық, өзгерістер басылымның «моделіне» өз әсерін тигізеді. Бұл «модель» мерзімді басылымның бағыт-бағдарын, позициясын, нөмірлер құрылымы мен олардың ерекшеліктерін анықтайтын негіз, былай айтқанда, «іргетас» болып табылады. Сондықтан да, жаңа газеттің нарықтағы табысы оның жаңа «моделіне» немесе ескі «моделіне» енгізілген жаңалықтарға тәуелді. Сонымен, жаңа талаптарға сәйкес газет моделінің қай жақтары ерекше маңызға ие? Оның мазмұны мен ерекшеліктерін анықтайтын не? Осы сияқты сауалдарға берілетін жауап бірнеше факторға байланысты болып келеді. Біріншіден, газет шығаратын оқырман аудиториясының ерекшеліктерін анықтай білу қажет. Аудиторияның демографиялық, психографиялық, кәсіби мінезін зерттеп, оның көңілін аулай алғаны жөн. Себебі, кейін осының нәтижесінде басылымның «моделі» құрастырылады. Мәселен, бұқаралық-саяси басылымның моделінде басты рөлді публицистикалық материалдар атқарып, қалған ресми, құжат, статистика және т. б. екінші орынға ауысады. Ал іскерлік басылымда, керісінше, құжат және статистикалық материалдар бірінші кезекте тұрады. Газет моделінің ерекшеліктерін анықтайтын екінші фактор ол – мерзімді басылымдар нарығындағы басылымның таңдайтын ақпараттық «ұяшығы». Осы таңдау мүмкіншілігі келешекте басылымның түрі мен деңгейін анықтайды. Ал газет таңдаған нарықтық «ұяшық» ондағы аудиторияның ақпараттық сұранысына сай болуы шарт. Күнделікті бұқаралық-саяси газеттің моделінде оперативті ақпараттың мәні, сондай-ақ статистикалық мәліметтердің маңызы күрт өседі. Дегенмен, апталық, ия айлық басылымдарда жағдай басқаша: шұғыл ақпаратқа деген сұраныс төмендеп, болжам мен шолу, көкейкесті және талдамалы публикациялардың рөлі артады. Осының бәрі газет материалдарының жанрлық жүйесіндегі ерекшеліктері сияқты ескерілуі тиіс. Иә, әрбір газетте оқырман қауымға ұсынылатын ақпараттың мазмұнына қатысты материалдардың өзіндік жанрлар жүйесі қалыптасады. Күнделікті бұқаралық-саяси газетте осы жүйенің ядросы ретінде оперативтік ақпарат жанрлары – репортаж, сұхбат, хабар-ошар, есеп және ақпараттық корреспонденция шығады. Ал саяси апталықта бұл жүйеге, көбінесе, талдамалы және көркем-публицистикалық жанрлар – мақала мен талдамалы корреспонденция, шолу мен эссе, саяси портрет пен көкейкесті очерктер кіреді. Іскерлік басылым болса, басты рөлді ресми, құжат және статистикалық публикациялар, яғни мемлекеттік ұйымдардың жаңа жарлықтары мен заңдар мәтіні, дерек-дәйек пен кестелер, графика мен диаграммалар, әлеуметтік сауалнамалар және т. б. атқарады. Балаларға арналған газеттерден тек көңілді және көркем әдеби материалдарды – аңыз-әңгіме мен өлеңдер, әпсана және жұмбақтар, ойындар және т. б. көптеп кездестіруге болады. Нақты немесе басқа бір басылымның жанрлық жүйесін анықтау – газет моделінің ажырамас бөлігі. Ал газет моделін шебер ұйымдастырудың арқасында нөмірдің құрылымын жасау ісі жеңілденіп, айдарлар жүйесінің ойдағыдай қалыптасуына жол ашылады. Бұл жүйені мазмұнына қарай топтастырылған айдарлар құрайды. Олар екіге бөлінеді. Біріншісі және ең бастысы – тақырыптық айдарлар. Олар оқырманға газет тақырыбы мен публикациялардың бағыт-бағдарын көрсетіп тұрады. Көптеген басылымдарда тақырыптық айдарлар жолдың үстіңгі жерінде орналасады. Мәселен, «Саясат», «Экономика», «Халықаралық өмір», «Спорт». Екінші топқа іскер (служебный) айдарлар кіреді. Олар публикацияның жанрын анықтауға көмектеседі. Мысалы, «Репортаж», «Сұхбат», «Шолу», «Дерек- дәйек», «Хабар», т. б. Сондай-ақ ақпарат көзін нұсқап отырады. «Ақпарат министрлігі хабарлайды», «Ақпарат агенттігі хабарлайды» және т. б. немесе ақпарат бағытталған аудиторияның кім екенін көрсетеді – «Ұстазға кеңес», «Кітапханашының жеке қорына» және т. б. Айдарлар жүйесін дұрыс жолға қою мақсатымен редакция олардың жиілігін анықтайды. Осыдан бүкіл айдарлар екіге: тұрақты (нөмір сайын шығатын) және мерзімді (белгілі бір күнде шығатын) болып бөлінеді. Одан басқа газет тәжірибесінде бір сәттік немесе эпизодты, яғни белгілі бір материалға байланысты («Қарсы мақала» және т. б.) айдарлар бар. Газеттің айдарлар жүйесін құрастырған кезде кімнің қай айдарға жауап беретінін анықтап алған дұрыс. Ірі басылымдар редакциясында, көбіне тақырыптық айдарларды жалпы редакциялық және монопольды етіп екіге бөліп қояды. Алғашқы түрін редакцияның бүкіл бөлімдері қолданады. Демек, олардың әр біреуі өз алдына жеке монопольды айдарларды жүргізеді. Газеттің «түрі», негізінен, сол тақырыптық айдарлар жүйесімен анықталады. Олардың көбісі бірқатар басылымдарда бірдей қолданылады. Мысалы, бүкіл бұқаралық-саяси газеттердің бетінде «Спорт», «Экономика», «Полемика» және т. б. көптен кездеседі. Жақсы өндірілген айдарлар жүйесі редакция жұмысы мен редакциялық жоспарлауды жеңілдетеді. Соңғы кезде редакциялық жоспарлау көптеген өзгерістерге ұшырады. Бұған жедел ақпараттың алдыңғы шепке шығуы себеп болды. «Аяқ астынан» түсетін жаңалықтар ескі перспективалық немесе біржылдық, бесжылдық жоспарлауды бұзып, біркүндік редакциялық жоспарлауды дүниеге әкелді. Оның бір кемшілігі – болашаққа экономикалық-әлеуметтік болжам жасау қиын. Ал көптеген редакциялардың нөмірдің корреспонденттердің «аяқ астынан» әкелген жаңалықтармен толтыру дәстүрі «фактологиялық журналистиканың», яғни талдамалы және көкейкесті материалдардан бас тартып, очерк, шолу, проблемалық мақала сияқты жанрлардың жоғалуына әкеп соқтырды. Осының нәтижесінде газет тәжірибесінде жедел жоспардың кейбір түрлері – келесі нөмірдің және нөмірдің апталық жоспары ғана қалды. Дегенмен, бұл жүйе де барған сайын көбейе бастады. Мәселен, газет бетінде тек хабар-ошар, сұхбат, есеп, корреспонденция сияқты жанрлардың ғана орын алуы аналитикалық жетіспеушілігін (дефицит) әкелді. Соның салдарынан редакциялардың көбі өз өнімін бірсәттік тауарға айналдырып, көзі қарақты, ойы терең оқырманнан бірте-бірте айырыла бастады. Күнделікті газет редакциясының өзі алдына қойған мақсатын орындамауды шығарды. Осы кезде «ағымдағы график» оңтайлы нәтиже берді. Газет редакциясы өнімнің 50-60 пайызын алдын ала даярланған талдамалы материалдармен толтырып, қалған орынға «аяқ астынан» келген жаңалықтарды беріп отырды. Осы жерде нөмірдегі материалдарды беру формасына ерекше назар аударған жөн. Себебі, шебер формада берілген материалдар оқырмандарды бей-жай қалдырмайтыны айдан анық. Мұндағы ең бастысы, жаңа талапқа сай ұйымдастырылған газетке эффектісі мол материалды бере білу. Әрине, кез келген газет нөмірін қалыптастырудың негізгі тәсіл-әдістері: жүйелеу, концентрация болса керек. Ал оларға тәуелді материалдарды беру формаларының ішінде подборка мен полоса бұрыңғыдай бірінші орыннан түспей тұр. Мәселен, ақпараттық хабар, не хронологиялық мәліметті уақытша терген (подборка жасаған) кезде, белгілі бір тақырыпша қойылмайды, тек айдар ғана беріледі – «Шұғыл нөмірге», «Соңғы сағатта» және т. б. Газет тәжірибесінде тақырыптық (тематикалық) бетті сирек қолдана бастады. Оның орнына мақсатты беттің беделі өсе түсті. Себебі бұл бетте бүкіл материалдар бір бағытқа, бір тақырыпқа бағынып тұрады. Мысалы, «Сауда», «Жекешелендіру», «Энергетика», «Баға-құн», «Биржалар» және т. б. Ал бір күнделікті саяси газетке қатар екінші мақсатты беттер: «Анализ бен болжам», «Әлемде», «Пікір» және т. б. Газет материалдарын ұйымдастырып беру кезінде «целовой развород», «спецвыпуск», «газета в газете» және «сменная поласа» сияқты беру формаларын да ұйымдастырғаны пайдалы. Бара-бара басылымның буыны қатайып, бәсекелестікке деген қабілеті күшейе түседі. Газет өзінің «графикалық түріне» ие болады. Оған басылымның нарықтағы табысы байланысты болып келеді. Тұтынушы белгілі бір тауарды таңдағандай оқырман да баспа өнімін олардың алдында, ең бірінші, газеттің сыртқы келбетіне: материалдың орналасу жүйесі, дизайн, версткаға көз жүгіртеді. Сондықтан сырты қарабайыр, сұр басылым өзінің оқырманынан тез айырылады. Ал оның алдын алу үшін материалдардың «киіміне» баса назар аударған жөн. Мерзімді басылымның сыртқы «келбеті» үш бірдей факторға тәуелді. Біріншіден, жауапты хатшының кәсіби деңгейі, журналистердің жазу стилі мен редакциялық суретшінің еңбегінің жемісіне. Екіншіден, редакцияның материалдық базасының әрлендіру, полиграфиялық мүмкіндіктеріне. Үшіншіден, басылымның графикалық моделін шебер ұйымдастыруына. Осы үш фактор жүзеге асып, газеттің мерзімді басылымдар нарығына шығар алдында өзіндік белгісі болуы шарт. Ол белгі – газеттің атауы немесе фирмалық белгісі болса керек. Жаңа техникалық құралдар өмірдің барлық саласына енді. Бұл үрдістен баспасөз де тысқары қалған жоқ. Осы құралдармен жабдықталған газет бүгінгі бәсекелестік майданында өзінің жеңісіне кәміл сенуі керек. Себебі, бұл техника редакция қызметкерлеріне уақыт үнемдеу, газеттің сапасын көтеру жағынан мол мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде көптеген редакцияда жаңа техникалық құралдар жүйесі пайда болды. Бұл жүйе үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімді журналистің жеке техникасы құраса, екінші бөлімге бүкіл редакцияға қызмет көрсететін техника кіреді. Ал үшінші бөлімдегі техника, көбінесе, газет нөмірін шығару үшін қолданады. Аталған үш бөлімнің техникасын қосып, бір-бірімен байланысты, әрі бір-бірін толықтырып отыратын сан алуан техникалық құралдар кешенін ұйымдастырады. Кешеннің негізін электроника құрайды. Оны кіші оргтехника, ақпаратты тіркеу, көбейту және сақтау құралдары толықтырып отырады. Дербес (персональный) компьютер журналистің басты еңбек құралы болып табылады. Дербес компьютер (ДК) журналистке күш пен уақытты үнемдеп қана қоймай, бір жұмыспен бірнеше маман – публицист, редактор, корректор, машинистің міндетін атқаруға мүмкіндік береді. Қолжазбаның бұл жерде ешбір керегі жоқ. Журналист терген материалын шұғыл, әрі сапалы түрде арнайы техника – принтер арқылы шығара алады. Белгілі болгар ғалымы жазғандай «журналистің шығармашылық нәтижесі оның миынан компьютер миына көшеді». ДК-ның арқасында журналист дискеталардың көмегімен өзінің «жеке кітапханасын» аша алады. Компьютер жадынан шыққан немесе шығатын материалдардың қаңқасын дайындап, сақтауға әбден болады. «Page Marker» немесе «Quar Press» арнайы бағдарламалары арқылы сол материалдарды газет бетіне салып, қажетті көлемге сыйғыздырып көру қиын емес. Ал портативті дербес компьютерлер кейс (чемодан) іспеттес келгендіктен, редакциядан тыс жүрген тілші үшін аса пайдалы, әрі тиімді. Ол ДК-ны модем арқылы телефондық байланысқа қосып, тапқан жаңалығын шұғыл түрде редакциялық компьютерге сала алады. Мәселен, ИТАР-ТАСС-тың барлық меншікті тілшілері аталмыш компьютерге ие. Олар шет елде жүріп, бар жаңалықтарды өздерінің жеке ДК-ы арқылы оперативті түрде сол сәтте-ақ беріп отырады. Кей кезде редакция қызметкерлері өз компьютерлерін бір торға (сеть) қосып, біртұтас компьютерлік комплекс құрайды. Бұл комплекс редакцияның бүкіл шығармашылық және өндірістік операцияларын жеделдетеді, редакция ұжымын еш қимылсыз басқаруға көмектеседі. Осы редакциялық кешеннің негізін зор, әрі күшті компьютерлік база құрайды. Ол тек журналистердің ДК-ын жалғап қана қоймай, редакцияның дерек- мәліметтер қорын құруға мол мүмкіндік береді. Бұл қорда журналистке қажет ақпарат сақталады және ол сол ақпаратты кез келген уақытта ала алады. Редакцияның дерек-мәліметтер қоры Интернетпен, журналистердің шыққан және шығатын материалдарымен үнемі толықтырып отырады. Ал тақырыптық, аймақтық немесе дербес бағдарламалардың негізінде құралған «іздеу» ақпараттық жүйесі сол қордан журналистке қажет кез келген ақпаратты бірнеше минуттің ішінде тауып береді. Мәселен, корректор белгілі бір терминнің жазылуын, географиялық атаудың дұрыс нұсқасын әп-сәтте таба алады. Басшы болса, «іздеу» ақпараттық жүйесі арқылы редакция ұжымының шығармашылық, техникалық дайындық деңгейін видеотерминалдан бір орында отырып анық көре алады. Бұл жүйенің бірнеше артықшылығы бар. Ол – обьективтілік. Егер бұрын журналистер өздерінің белсенділік деңгейін жиналыста ғана ести білсе, бүгінде тапсырылған материалдардың санын түгендеп қойған компьютерден біле алады. Екіншісі – жеделділік. Басшының соңғы сөзін, көп қиналмай, баға беру кестесінен көруге болады. Үшіншісі – жұмыстың нәтижесін үнемі тіркеп отыруы болса керек. Микрография құралдары – бұл мәтіннің алатын көлемін бірнеше есеге азайтып, микротасушыларда кішігірім көпше түрінде сақтауға мүмкіндік беретін арнайы құрылғылар. Микрофиша – микротасушылардың бірі, оған 11(15 мм өлшемі бар 60-қа жуық кадр сыйады. Арнайы аппаратураның көмегімен оригиналды кішірейту арқылы бір кадрға бір, я екі кітап бетін, көлемді хат немесе А2, А3 форматты газеттің жолын салуға болады. Бұл жолмен сегіз жолды «Егемен Қазақстан» газетін 7 кадрға сыйғызуға әбден болады. Әрбір кадрға сақталған мәтінді оқып, керек кезде принтерден басып алып шығару оп- оңай. Бүгінгі микрографиялық техника оригинал мәтінді бірнеше ондаған есе кішірейтіп, микрофишаға сақтауға мүмкіндік береді. Мәселен, 100-150 есе кішірейткен кезде бір ультрафиша кленкасына мыңнан аса кадр сыйады. Бұл жерде ультрафишаның тығыздығын бір ЭВМ-нің есте сақтау жадысымен теңестіруге болады. Қазіргі кезде микрофишалар кітапхана, мұрағат және т. б. құжатты көп мекемелерде кең қолданылады. Арнайы шкафтарда 12 мың микрофиша болады. Олардың жалпы тығыздығы миллионға жуық түрлі құжаттардың беттеріне тең. Бүгінгі таңда микрофишаның қызметін редакцияның компьютерлік орталықтары кең қолданып келеді. Бұрын газетті басу үшін техниканың дефицитінен көп уақыт кетсе, бүгін кішігірім редакциялардың өзінде верстка жасап, газет қаңқасын дайындап беруге мүмкіндік туғызатын компьютерлік орталық бар. Жаңа техникалық құралдармен жабдықталған орталық кез келген редакция үшін үлкен олжа, себебі ол редакция өз тарапынан қалаған өнім «моделін» ұсына алады. Орташа редакциялардағы компьютерлік орталығында кем дегенде үш адам жұмыс істейді. Мәселен, Астана қалалық «Астана хабары» газетінің компьютерлік орталығында үш адам қызмет етеді. Олар 4-бетті, 8-жолды газетті 6-7 сағаттың ішінде басып, электронды вариантын дайындап үлгереді. Бұл бүгінгі компьютерлік технологияның үлкен жетістігі болса керек. Қазіргі кезде компьютерлік технология күн сайын жетілдіру үстінде. Еуропа елдерінің бірінде суретші Пикасоның өзінен кем салмайтын компьютер құрастырылған көрінеді. Осының бәрі келешекте баспасөз ісіне де оңтайлы әсер етіп, газет редакциясы өзінің жеке тапсырмасына ие болуы әбден мүмкін. Дәрісті бекіту сұрақтары: 1. Әдеби редакциялау және компьютерлік технология. 2. Микрография құралдары. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994. 2. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001. 3. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985. 11-дәріс тақырыбы: Редакциялаудың коммуникативті ерекшеліктері Дәріс мақсаты: Редакциялаудың коммуникативті ерекшеліктері туралы студенттерге талдап, түсіндіру. Дәрістің жоспары: 1. Мәтін мен жұмыс істеудегі редактордың жалпы схемасы. 2. Автор ( редактор ( оқырман схемасындағы жүйе. Әдеби жұмыс туралы ғылымда қалыптасқан психологиялық қызметі: әдеби жұмысты таңдауда негізінде психологияға жүгінеміз. Сараптамалық қызметте де біз адамның психологиясын бақылаймыз. Аристотельдің мәдениетінде әр түрлі сөйлеу тілі мен сөйлеу түрлерін қарастырады және тыңдаушы, сөйлеушіге тәжірибе береді. Мәселен, деректер қандай да бір күштерге бағынады. Екінші күш - әлсіз болса, ал үшінші әлдеқайда күшті балып келеді. Бұл бақылау шешендік өнер әдісі риторика кітабында айтылған. Одан әрі бір жүйеде және оның мағынасын күшейту тек лингвистикалық факторлар ғана емес, әдебиеттанулар және бағдарламалар, мағлұматтар береді. Дәл осы қалыптасқан нұсқасы оқуы үшін психология облысында мағлұмат мәтінмен жұмыстың тәжірибесі іске кірді және осының негізінде осы уақытқа дейін сезілуде. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында лингвистика мектебі және әдебиеттану психологиялық бағдарламаға сүйеніп, өздерінің теориялық құрылымын жаратылыстану ғылымында физиология әдісін қолданып, әдеби шығармаларды оқырман қабылдады. Осы психологиялық шығарманы тереңдетуге жаңа түсініктерді кіргізіп, автор мен оқырман арасындағы проблемаларды шешуде осы сұрақтарға жауап береді. Мәтін мен жұмыс істеудегі редактордың жалпы схемасы: Редактордың психологиялық еңбегі әлі міндетті ғылыми тәжірибе ретінде қаралған жоқ. Редакциялау психологиясына қарап, біз жалпы ережеге сүйенуге міндеттіміз. Редакциялау толық негізінде бір формаға жатады және редактордың жұмысы жалпы схемаға бөлінеді: 1. Алынған ақпарат; 2. Қойылған мақсат; 3. Күткен нәтиже схемасы және өткізу моделін құру; 4. Осы нәтижеге іс-әрекеттің сәйкес келуі. Редактордың бірінші компоненті ол – автордың шығармасымен танысу, ал екінші қойған мақсаты - редакциялау. Алдын ала көлемі, жанры, оқырманмен қарым-қатынасы, түзету түрі белгіленеді. Содан кейін редактордың үшінші компоненті сызбасын шешеді. Редактор сол материалды қайтарып беруі немесе автормен бір сол мәтінмен жұмыс істей ме, әлде жалғыз өзі басқа тиімді жолдарды таңдайды. Осы процестің соңы редактордың көзқарасына мәтінді түзеу ең соңғы кезең болып табылады. Редактордың жұмысы психологиялық тұрғыдан өте ауыр болып келеді. Мәтін объектінің қиындығында, адамның қиын іс-әрекетінің қорытындысы, автор арасындағы коммуникативтік байланысында оқырман мен редактордың еңбегінде көрінеді. Әдеби шығарманың нормасын жасаудағы автордың ойын нақтылай түсуде редактор үшін қоғамдық функцияның рөлін атқарады. Міне редакциялаудың тәжірибесі осыған сүйенеді. Қашанда редактор оқырман мен автор арасындағы «делдал». Бұл теория коммуникация жүйесінде редактордың функциясын айқындап көрсетеді. Автор ( редактор ( оқырман схемасындағы жүйе әдеби шығарманың коммуникациясының бірлігі іспетті. Бұл схема олардың арасындағы компоненттерін көрсетеді. Бұның келесі әдісі оның басқа жақ қырынан көрсетеді: яғни, автор ( редактор ( оқырман, схемасы редактордың көмегімен оқырман мен автор арасындағы байланысты айқындауда коммуникация әсер етуші медиатр сияқты болады. Дегенмен бұл схема да редакциялаудың коммуникативті ерекшелігін көрсетпейді. Журналист үшін оқырманмен байланыс өте қажет. Егер де ақпараттық жанрлар бәріне ортақ жеткілікті болса, талдамалы мақала арнайы оқырманға арналған болар еді. Мәтіннің коммуникативті функциясы редактордан әлеуметтік қоғам жүйесіндегі философиялық білім негізінде редактордың рөлін мекен-жаймен байланыстырып мекен-жайдан талап етеді. Қанша дегенмен редактор мен автор арасындағы байланыс әрқашан қарапайым болмаған. Автор мәтініне редактор қатысы – тек филологиялық қана емес, этникалық мәселелер жағынан да қиын. Бұл мәселелер бүгінде өз күшін жойған емес. Редактор автор үшін жазбайды. Бұл баспа тәжірибесінің ережесінің бірі болып есептеледі. Редакторлық шығарманың шекарасы өте қатал қаланған, бірақ қанша дегенмен редактордың әдеби еңбегі – қашанда шығармашылық еңбек болып табылады. Редактор әрқашан өзінің жұмыс процесінде өзіндік әдістемесінің, жұмыс әдісінің болуы міндетті. Бірақ әрбір редактор бұл жағынан шебер бола бермейді. Ондай шебер редактор болу үшін білімді жан-жақты және оқырман және автормен тіл табыса білген дұрыс. Дәрісті бекіту сұрақтары: 1. Редакциялаудың коммуникативті ерекшелігі. 2. Редактордың бірінші компоненті. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994. 2. Сихорский Н.М. Теория и практика редактирования. М., 1972. 3. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001. 12-дәріс тақырыбы: Мәтін түрлері мен оны классификациялау Дәріс мақсаты: Редактордың пікірінше, мәтін әдеби шығармада үнемі шектеулі, аяқталған, тұтас болып табылады. Сондықтан, журналист үшін мәтін түрлері мен оны классификациялауды меңгеру маңызды. Дәрістің жоспары: 1. «Мәтін» термині. 2. Мәтін түрлері. «Мәтін» термині көп мағыналы. Филология саласында мәтін тіл мен шығармашылық, сөз өнерінің жазбаша қайнар көзі ретінде тілдік шығарма ретінде түсініледі. Ғылыми зерттеулер тәжірибесінде автор шығармашылығының мәтіні ұзақ уақыт бойы тіл өнері процесінің ұйымдасқан нәтижесі болып саналады, ал мәтін лингвистиканың обьектісі ретінде сөйлеммен ғана шектеледі. Қазір әдебиеттанушылар нақты зерттеулер барысында лингвистикаға көп назар аударады, ал лингвистер сөйлемге емес, керісінше сөздік бірлікке- мәтінге баса назар аударады. Ұзақ уақыт бойы «мәтін» термині редакциялау теориясында өз мағынасында қолданылмады. Ол тек «Авторлық қолжазба » немесе «мәтіндік түпнұсқа» деген терминмен тар ауқымда аударылып жүрді. Редакциялау процесі барысында мәтінді кез келген автордың кітап немесе мақала жариялау мақсатындағы қолжазба ретінде түсінді, ал бұл түсінік мәтінді толыққанды ғылыми тұрғыда зерттеуге жол ашпады. Редактордың пікірінше, мәтін әдеби шығармада үнемі шектеулі, аяқталған, тұтас болып табылады. Әдебиетте «мәтін» түсінігі синонимдік тұрғыдан редакциялағанда авторлық шығарма мағынасында қолданылады. Бүгінгі күнгі мәтін теориясын танып білудің арнайы міндеттемелері бар; а) мәтіннің тууы мен оны түсінудегі мәтіннің мағынасын толық зерттеп алу; ә) бірегей коммуникация ретінде мәтінді бақылау; б) мәтіннің бойындағы ақпараттану проблемасын зерттеу. Мәтіннің түрлеріне тоқталмас бұрын оның қайнар көзін білудің де артықтығы жоқ. Біріншіден, қолтаңба, ашып айтқанда шығармашылық процесс барысында мәтіннің соңына автордың өз қолымен қойылған қолтаңбасы болуы тиіс. Екіншіден, өзге біреудің қолымен жазылса да, мәтін авторының өз қолымен грамматикалық, стилистикалық тұрғыдан тексерілгендігін айқындайтын мәтіннің қосымша көшірмесі. Үшіншіден, Автордың басылған мәтіні немесе мерзімді басылымдарда жарық көрген мәтіннің түрі. Төртіншіден, көшіріп алынған немесе мәтіннің анық көшірмесі. Қайнар көзінің бұл түрі ХІХ ғасырда кең таралған болатын, яғни жоғары баға қойылған аз ғана данамен мерзімді басылым сияқты болып шыққан мәтіндер. Мәтіннің қайнар көздері мен оны теориялық тұрғыдан зерттеудің басты мәселелерін толық танып білу, текстология қызметін білдіреді. Текстология қызметінің соңғы қадамы мәтіннің жазылған уақыты мен қолжазбасын қайта қарау міндетімен шектеледі. Мәтіннің әр жерде әр түрлі қосымша мағыналары да кездеседі. Атап айтқанда, «каноникалық мәтін», «дефинитті мәтін», «сыни тұрғыда қаралған мәтін» және аяқталмаған «аяқталмаған мәтін» т. с.с. Мәтіннің мұндай сипаты оның жазылу стилі мен мағыналық жағына байланысты туып отыр. Сондықтан әр автордың жазған шығармасына баға бере отырып редактор жоғарыда аталған мәтіннің сипатымен бағалай алады. Мәтінді редакторлық тексерістен өткізуде бірінші кезекте толық немесе біркелікті, байланыстылық, нақты бір белгісі бар жүйеде бекітілгендігі сияқты қасиеттерді анықтап алу қажет. Мәтін тудырушы автор шығарма бойында грамматикалық немесе стилистикалық, морфологиялық қателерден басқа қандай да бір тілдік деректіліктің кетпеуін, газет журналдарда берілетін жаттанды тіркестердің орынсыз қолданылмауын жіті қадағалап отыру тиіс. Жоғарыда аталған мәтіннің қасиеттеріне жеке-жеке тоқталар болсақ, мәтіннің біркелкілігі дегенді мәтіннің өн бойын тұтас байланыстырып тұрған мағыналық жіп деп түсінуге болады. Мәтіндегі бұл қасиеттің барына көз жеткізу үшін екі бағытта шығарманы тексеруіміз керек: 1. Органикалық бірлік ретінде оны сараптау. 2. Ондағы элементтердің толықтығы мен нақтылығын анықтау. Мәтіннің осы қасиеттерін толықтыру үшін ондағы кейбір сөйлемдерді тереңірек ұғымды білдіретін сөйлеммен алмастыруға болады. Бірақ, көптеген редакторлар мен шығарма авторлары мәтінді мәндендіре отырып, оның бойындағы артықшылық тудырып отырған элементтерін жойып алады. Дәрісті бекіту сұрақтары: 1. Каноникалық мәтін деген не? 2. Мәтін түрлері мен оны классификациялау. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994. 2. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001. 3. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985. 13-дәріс тақырыбы: Автордың мәтін жазудағы міндеті Дәріс мақсаты: Мәтінді логикалық тұрғыдан дұрыс жазу үшін мынадай екі операцияны еске ұстау қажет: мәтінді бөлікке ойша бөлу және осы бөліктер арасындағы байланыс пен мәтіннің мағыналық бірліктері арасындағы байланысты анықтауды талдап, түсіндіру. Дәрістің жоспары: 1. Мәтінді логикалық тұрғыдан сараптау. 2. Мәтіннің мағынасы мен оның бойындағы кемшіліктер, қателіктерді табу. Жалпы мәтіннің жетістіктері мен кемшіліктерін тек өзге көзбен ғана біле аламыз. Себебі, шығарма тудырушы автор өз еңбегіндегі кейбір жетіспеушіліктерді байқамауы мүмкін. Осыған байланысты орыстың ұлы жазушыларының бірі Гоголь өз кезінде мынадай кеңес айтқан: «Бір жазған қолжазбама сегіз рет ораламын. Тек содан кейін оны қайта көшіріп, толық аяқталған деп білемін. Ал одан кейінгі тексеру мен бақылауды шамадан тыс, артық деп санаймын. Ол мәтінді бұзып жібереді». Мәтінді логикалық тұрғыдан сараптау да автор мен редакторға көп міндет жүктейді. Егер мәтін логикалық тұрғыдан дұрыс жазылса, оны бақылау да, тексеру де оңай. Ал логикалық тұрғыдан дұрыс тумаған мәтінмен жұмыс қиынға соғады. Мәтінді логикалық тұрғыдан дұрыс жазу үшін мынадай екі операцияны еске ұстау қажет: мәтінді бөлікке ойша бөлу және осы бөліктер арасындағы байланыс пен мәтіннің мағыналық бірліктері арасындағы байланысты анықтау. Мұндай тәсілдерді меңгеру кез келген редактордың тәжірибесінде жоқ. Сол себепті мәтіннің мағынасы мен оның бойындағы кемшіліктер, қателіктерді табу үшін де ең бірінші мәтіннің түрлерін ажырата білу өте маңызды. Жоғарыда аталып кеткен мәтіннің бірнеше түрлерінен басқа да қызметтегі құжаттарға байланысты мәтіннің өзі әр түрге бөлінеді. Бірақ, ол мәтіннің ерекшелігі сонда, оның белгілі бір ережелері немесе тәртібі болады. Анығырақ айтсақ, құжаттың басты мазмұндық жағын көрсететін мәтіннің трафарет, анкета және таблица сияқты түрлерін атап өтуге болады. Трафарет дегеніміз - дәстүрлі сызықты жазба. Мысалы: Анықтама № 1 Бұл анықтама азамат Шаханов Дидарға берілді. Ол Астана қаласы Кенесары көшесі, 25 үйде тұрады. Бір баласы бар. Анықтама жұмыс орнынан берілді. Трафарет мәтіннің формаланған түрін көрсетеді. Ал анкета өзімізге белгілі тігінен жазылған бірнеше сұрақтардан тұрады. Оқулықта анкетаны трафаретпен ұқсастырып қарастырған, бірақ анкетаның басты айырмашылығы оның сұрақтарының тігінен берілетіндігінде. Ал кестеге келетін болсақ, қандай да бір ақпараттың сандық көрсеткіштермен немесе анықтамалар арқылы әр бөлікке тігінен және көлденеңінен берілуі. Бұл аталғандардың барлығы қызметтік құжаттарға тән. Әр түрлі оқулықтарды аша отырып, мәтіннің өзге түрлерін кездестіруге болады. Олар жоғарыдағылардан басқа публицистикалық және авторлық мәтіндер. Бұлар әсіресе журналистік жазбаларға тән. Сонымен қатар журналистік тұрғыдан келгенде кез келген мәтіннің бойынан мағыналық жағынан ерекшелендіретін факт болуы шарт. Бүгінгі күні бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көріп жатқан материалдардың көбі ақпарат жанрына негізделіп жатқандықтан ақпарат жанры фактіні көп қажет етеді. Және мәтіндегі сөйлемдердің жалғаулары мен жұрнақтарын орынды пайдалану оның мазмұндық құрылымына көп әсер етеді. Дәрісті бекіту сұрақтары: 1. Автордың мәтін жазудағы міндеті. 2. Публицистикалық және авторлық мәтіндерді тексеру ерекшеліктері. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994. 2. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001. 3. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985. 14-дәріс тақырыбы: Редакторлық талдаудың түрлері Дәріс мақсаты: Редакторлық талдаудың түрлері туралы талдап, түсіндіру. Дәрістің жоспары: 1. Редакторлық талдаудың объектісі. 2. Редакторлық талдаудың түрлері. Редакторлық талдау ең алдымен, мәтіннің баспаға жарамдылығын анықтау мақсатында жасалады. Сондықтан, қолжазбаны бағалай отыра, редакторлық талдаудың объектісі анықталады. Әдеби шығарма редакторлық талдаудың объектісі бола тұра, көптеген басқа да мысалы, логика, психология, лингвистика, кітап типологиясы салалары тұрғысынан да зерттеу жұмыстардың объектісі болып табылады. Осы ғылыми салалардың әрқайсысы тек өз тұрғысынан мәтіннің белгілі бір жағын ғана зерттеумен ерекшеленеді. Мысалы, кей жағдайларда редактор мәтіннің тек идеологиялық немесе логикалық жақтарын ғана зерттеумен айналысуы мүмкін. Сонымен ғана шектелу мүмкін. Оқырман талғамына сәйкес келетін және қоғам игілігіне жарар дүниені редактор қашанда жоғары бағалайды. Мәтін қандай болып шығады, қоғамның сұранысына қарай қандай болу керек деген жайттар редакторлық талдаудың объектісін аңғартады. Объект деп жеке бір мәтінді, айтуға болады, не болмаса мәтін ішіндегі белгілі бір фактор да зерттеу нысанына айналады. Баға дегеніміз – қалыптасқан қағидаларға жауап беретін объектіні бағалаудың қосымша процесі. Сапасы деп те айта аламыз. Л.И.Беляев «К вопросу о типологии читателей» атты еңбегінде мәтінді бағалау процесі «қарама-қайшылықтар мен ұқсастықтарды анықтау бағытында жасалған ой жұмысын анықтайды» деп атап көрсеткен. Демек, баға мәтінмен жұмыс жасалған процестің барысында, сондай-ақ, соңында жасалады, өйткені бағалау үшін зерттеу қажет. Зерттеу үшін басты объектіні таңдау қажет. Редактор объектінің мазмұнындағы және жазылуындағы белгілерді салыстыра отыра, қолжазбаға баға береді. Сондай-ақ, қоғамда қалыптасқан қағидаларға қаншалықты сәйкес екендігін, жалпы қатысын зерттейді. Алайда қоғамда қалыптасқан қағидалар жалпыға ортақ емес, бір ғана топ мүддесіне бағытталуы мүмкін. Бағалау көрсеткіштері оқырманға әсер ету сапасымен анықталады. Редакторлық талдаудың объектісі - әдеби шығарма болса, ол әдеби сын және кітаптану принциптеріне негізделеді. Бұл дегеніміз, редактор әлеуметтік қоғамдағы әдебиеттерді жалпы бағалау әдісіне сүйене отыра, қолжазбаға мінездеме береді, сол тұрғыдан, обьектіні анықтап, зерттеу жұмыстарын бағдарлайды. Редакторлық талдауды тәжірибелі редакторлар жасайды. Редакторлық талдауда ең алдымен, практика, белді редакторлардың тәжірибелері үлкен басымдыққа ие. Маңдайалды редакторлардың тәжірибелері көрсеткендей, сын мен түзетудің негізі мәтіннің оқырманға қалай әсер ететінін алдын-ала болжай алу қабілеті болып саналады. Редакторлық талдаудың екі міндеті бар. Біріншіден, мәтінді түбегейлі зерттеу ғылыми тұрғыдан сараптау, оқырманға әсерін алдын-ала талдау негізінде болжам жасау. Бұл болжамның механизмі – оқылғаннан бұрын және кейінгі сәтте оқырманның санасын, сезімін және мүмкіндігін салыстыру. Екіншіден, түпкілікті зерттеу негізінде мәтіннің бастапқы планға шығарылған қоғамдық міндеттемелерге деген оқырмандардың көзқарасын зерттеу. Мәтін өзгеріске ұшыраған бастапқы кезеңде оқырманның жай-күйін, мәтін бара-бара түзетілгеннен кейін оқырманды зерттеу қажет. Сондай-ақ, осы кезеңде басты шарттар қою арқылы редакторлық талдаудың басты әдіс- тәсілдерін, бағытын анықтап алу керек. Мәтін толықтай түзетіле ме, әлде бір бөлігі ғана ма - бұл сұрақтарға нақты жауап алу қажет. Мәтінге енгізілген өзгерістердің жоспарлы түрде алғышарттарын айқындап алу шарт. Бұл мәселелер оңайлықпен шешілмесі анық. Өйткені редактордың қолында тек «дайындалмаған» материал ғана болады. Ал оған қажетті деректер мәтіннен тыс жерде жатқанын редактор тез түсінеді. Ал оған редактор қалай қол жеткізеді? Әрине, редактор мәтінді ең алдымен зерттеу нысаны ретінде қарастыруы заңды. Алайда, редактор мәтіннің оқырмандарға әсер ету жағын да басты нысан ретінде қарастырса, онда редакторлық талдау жұмысын ұйымдастыруында айтарлықтай мін болмайды. Демек, жұмыс барысында тығырыққа тірелу деген нәрселер кезікпейді. Ол тек редактордың ұйымдастырушылық қабілетіне ғана тірелетін, сол қасиет түйсігімен жүзеге асатын шаруалар. Әр мәтін дайын болғаннан кейін өз оқырмандарына жол тартады. Біршама қоғамдық санаға әсер етеді. Ал одан бұрын редактор оқырмандардың санасына қалай әсер ететінін тек ойша болжалайды. Алайда, бұл құбылысты дөп басып айту қиын болғанмен де, редактор болжам жасауға қауқарлы болуы керек. Редактор мамандығының қиындығы да сол. Сондықтан да редакторлық талдауды ойлау қызметі ретінде қарастыруға болады. Бұл зерттеу түрін ой эксперименті деп атау да қисынды. Редактор оқырманға айналып, мәтін мен оқырман арасындағы байланысты ойша елестетеді. Сондай ойлау жұмысы негізінде мәтін бағаланады. Алайда, редактор қолжазбамен жұмыс жасағанда, бір топ оқырмандармен бірге де оқып, ол жөнінде пікір бөлісе алады. Осындайда ортаға түскен пікірлер редакторға айтарлықтай көмектесе алады. Алайда, редакторлық талдаудың орнын пікірталастар әсте алмастыра алмайды. Алайда редакторға бір бағыт сілтеп, ой салуы әбден ықтимал. Оқырмандардың жекелеген пікірлері тек толыққанды зертеу жұмысына қосымша ретінде пайдалана алады. Редакторлық талдаудың механизмінің тұғыры – мәтін оқылғаннан кейінгі және дейінгі сәттегі оқырмандардың сезімдері, санасы мен мүмкіншіліктерін салыстыру негізінде жасалған болжамдар. Осы орайда, біз редакциялауға осындай анықтама бере аламыз: Редакциялау дегеніміз – баспаға арналған мәтіннің қоғамдық маңыздылығының алғышарттарын құру процесі. Яғни, болжам негізіндегі мазмұны мен құрылымындағы оқырмандарға әсер ету шарттарын талдау, сонымен қатар, авторға мәтіннің қоғамдық құндылығын анықтауға, түзету немесе байытуға көмектесу немесе мәтінді қоғамдық құндылық шарттарына біршама жақындатып сәйкестендіру. Мәтінді қалайша бөліп зерттеуге болады? Бұл сұрақтың үнемі санамызда қылтиятыны да бар. Өйткені кез-келген адам мәтінді біртұтас дүние ретінде қабылдайды. Алайда, мәтінді бірден қабылдау мүмкін емес, өйткені адамның санасы мәтінді текстік элементтер, бөлімдер бойынша қабылдайды екен. Редакторлық талдау - шығармашылық процесс, содан болар, оның құрылымы да өте күрделі. Ол үш әркелкі қабатта бір уақытта жүзеге асатын сияқты. Біріншіден, ол бірнеше бөліктен тұрады, өйткені мәтіннің өзі көптеген бөлімдерден тұрады. Екіншіден, текстегі әр бөлік зерттеуді талап етеді, бұл бөліктер бірнеше ойлау операцияларды бастан кешіреді, олар мыналар: • автордың айтар ойын жетік түсіну • мәтіннің мағынасын тағы бір мәрте сана сүзгісінен өткізу • мәтін бағытталған оқырманның ерекшелігін ескеру • оқырман мәтінді қалай қабылдайтынын ойша болжау • мәтін қандай мақсатты көздейтінін анықтау • мәтіннің жалпы, өзіндік ерекшеліктерін зерттеу • мәтіннің оқырманға әсерін елестету Осыдан кейін ғана мәтін бағаланады. Егер де баға межеден төмен болса, онда талдау одан әрі жалғасады. Біріншіден, бағаның дұрыс-бұрыстығына көз жеткізу үшін, екіншіден, авторға мәтінді жақсартатын тиімді тетіктерді табуға жәрдемдесу үшін. Редакторлық талдау бірнеше түрге бөлінген. Бір тобы қолжазбаны бағалауына бағытталса, екіншісі оны жақсартуға бағытталған. Үшіншіден, редакторлық талдау бірнеше бөлімнен тұрады, өйткені мәтіннің әр бірлігінің құрылымды және формальды қасиеттері болады. Талдау түрлерінің бірінші тобы құрылымды-логикалық бөлім, талдау түрлерінің екінші тобы оқырмандардың талғамын анықтауға бағытталған, ал үшіншісі мәтін ішіндегі бірліктердің қасиеттерін білуге бағытталған. Яғни, біріншіден редакторлық талдау-мәтіндік бірліктер бойынша талдау, екіншіден ойлау процесіне бағытталған талдау, үшіншіден қасиеттерді талдауға бағытталған талдау деп қысқа ғана қайыруға болады. Мәтін бір-бірімен сабақтасқан сөйлеу, логикалық, композициялық, айдарлық бірліктерден тұрады. Ал олар өз ішінде қасиеттер бойынша тағы бірнеше түрлерге бөлінген. Мәтін құрылымының редакторлық талдауға түсетін үш басты элементі бар. 1) сөз (логикалық бірлік) 2) сөйлем (баяндау бірлігі) 3) жоғарыфразалық тұтастық (айдарлық бірлік) Сеченовтың айтуынша, ойлау қабілетінде объектілер үш басты формада қойылған: туыстық топтар мүшелері ретінде, кеңістіктегі тіркестер мүшелері ретінде және уақыттағы топ мүшелері ретінде бір-бірімен байланысқан. Мәтінді бөлшектеу – логикалық процесс. Мәтін былайша бөлінеді: 1) негізделген 2) адекватты 3) қорытындыланған 4) шексіз бөлшектер бойынша бөлінеді. Редакторлық талдау қолжазбаны оқудан басталады. Редакторлық оқудың ерекшелігі редактор мәтінді ақпарат ретінде қабылдамайды, оған жұмыс нысаны ретінде қарайды. Екінші ерекшелігі редакторлық оқуда редактор мәтінді ойша бөлшектейді. Мәтінді тарауға, одан бөлімдерге, одан абзацтарға, одан кейін жеке фразаларға бөліп тастайды. Ал бұл фразалардың өзі өз ішінде қасиеттеріне сәйкес бірнеше бөліктерге бөлінеді. Редакторлық талдау жасағанда кейбір редакторлар түзетулерді парақтың сызық жолындағы жерге белгілейді. Мысалы: «Возмутитель спокойствия» романының редакторы «Мәтіндегі түзетулерді үш түрге бөлген. Олар – нақты түзетілуі тиіс, түзетуді талап ететін және түзету енгізуді тағы бір мәрте қаралуды қажетсінетін түзетулер. Редакторлардың көбі түзетулерді әркелкі түспен көрсеткен не болмаса арнайы белгі-шарттармен белгілеген. Яғни парақ сызығы жолындағы жерге белгіленген, я болмаса түрлі түстермен белгілеу редактордың жеке әдісі. Дегенмен де, бұл түзетулер нақтыланған болуы шарт. Редакторлық талдау үш элементтің бөлшектенуінен тұрады. Олар тақырып таңдауын бағалау, оның құрылымы, әдеби әрлеу. Тақырып таңдауын бағалауда келесі тәсілдерді ескеру шарт: Тақырып өзектілігі не? Және бұл кітап, мәтінді басқа да тақырыптас дүниелермен салыстыру. Тақырып өзектілігі ашыла ма? Басқа шығармалармен салыстырғанда, бұл мәтін қандай деңгейде екенін білу керек. Тақырыптары ұқсас басқа да шығармалардың ішінен бұл шығарма қандай орын алатынын кеңінен зерттеу керек. Тақырып құрылымын анықтау үшін автор тақырып ашуда қандай позицияларға сүйенгенін білу шарт. Бір ғана топтың мүддесі үшін жазылған дүние ме, әлде бүкіл халықтың мұң-мұқтажын суреттеу үшін жазылған ба? Бұл жерде бастысы автор қандай мақсатты көздегені, автордың пиғылы не екенін жете түсіну керек. Яғни, тақырып құрылымын талдағанда, редактор оның идеологиялық, методологиялық және ғылыми жақтарын анықтайды. Идеологиялық жағы жөнінде жоғарыда айттық. Ғылыми жағы дегенде, редакторда мәтіндегі қандай да бір мәселе төңірегінен хабары болуы керек. Бұл дегеніміз редактордың ойлау қабілетіне, оның білімділігі мен парасаттылығына байланысты. Методологиялық жағы дегенде, редактор белгілі бір тіл заңдылықтарын, оның нормаларын, әдіс-тәсілдерді бүге-шігесіне дейін меңгеруі шарт. Материалдағы фактілер. «Factum» сөзі латын тілінен шынайы оқиға, құбылыс дегенді білдіреді. Факт дегеніміз - шындыққа жанасатын адам білімінің формасы. Факт деп мәтіндегі сандарды, деректерді, біреудің сөзін айтамыз. Ол түзетуге келмейтін деректер. Осы орайда редактор автордың фактілерді дұрыс қолданылғанын, сондай-ақ, фактілердің шынайылығын тексереді. Фактілерге сүйене отырып, автор тақырыптан ауытқымай ма? Мәтінде фактілер қаншалықты орынды қолданылған? Факті деп отырған деректер шынымен-ақ, фактілер ме? Осындай сұрақтарға редактор жауап іздейді. Басқа мәтіннен алынған бөлім, біреудің сөзі, яғни төл сөз. Олар барлық, дерлік, мәтіндерде кездеседі. Өйткені қандай да бір мәтін болмасын, ол нақты деректермен әрленуі керек. Және олар түзетуге жарамсыз келеді. Авторлар біреудің айтқан сөзін – төл сөзді мынадай жағдайдарда қолданылады. Біреудің айтқан сөзіне қарама-қайшы келетін өз ойын білдіру мақсатында, сонымен қоса айтқан өз ойын басқа біреудің – танымал ғұлама болуы мүмкін – сөзімен нақтылау, не болмаса өз мәтінін байыту үшін қолданады. Төл сөзді қолдануға байланысты редакторлық талдауда екі тапсырманы шешу керек. Біріншіден, олар мәтінге қажет пе, қысқартуды талап ете ме – осыны шешіп алу керек. Көп жағдайда төл сөз көп қолданылады да, ал олардағы айтпақ ой бір арнаға тоғысады, сондықтан да оларды қысқарту, не болмаса мүлдем алып тастау редактор қателігі емес, керісінше редактор міндеті. Екіншіден, төл сөз ақпарат көзінен алынғандығын анықтау шарт. Қателер жіберілмеген бе? Бұл міндет төл сөздер мен төлеу сөздерді автор дұрыс қолданылды ма, соған бағытталған. Яғни автор біреудің айтқан сөзін бұрмаламай ма , соны анықтап алу керек. Өйткені ондай жағдайда автор басқа автордың құқықтарын бұзуы мүмкін. Осыдан шығатын қорытынды, автор міндетті түрде сілтеме жасау қажет. Автордың назарынан тыс қалған осындай құқыққа тірелетін олқылықтар редактор назарынан тыс қалмау керек. Мәтінді бір құрылыс нысанына теңесек, ал оның бөлшектері яғни кірпіштердің дұрыс қалануынан бұл құрылыстың тұғыры нық болмақ. Яғни бөлшектердің бір-бірімен мағыналық байланысы үзіліп қалмауы қажет. Әйтпесе, құрылыс процесі дұрыс жүрмей қалады. Мәтін құрылымына келгенде, мәтін бірнеше бөлшектен тұратынын білеміз, ал осындай бөлшектердің қосындысын құрылым, композиция дейді Әрбір бөлшегін атау да редакторлық талдауда орын алатын жайт. Бұл өз кезегінде мәтін бағытын анықтауда көрсеткіштік бағдарлар бола алады. Дәрісті бекіту сұрақтары: 1. Мәтін құрылымының редакторлық талдауға түсетін үш басты элементі. 2. Редакторлық талдау – шығармашылық процесс. 3. Редакторлық талдаудың екі міндеті. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994. 2. Сихорский Н.М. Теория и практика редактирования. М., 1972. 3. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001. 4. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985. 15-дәріс тақырыбы: Редакторлық талдаудың ерекшелігі Дәріс мақсаты: Редакторлық талдау ерекшелігі туралы талдап, түсіндіру. Дәрістің жоспары: 1. Редакторлық талдаудың бастапқы кезеңі. 2. Редакторлық талдау ерекшелігі. Редакторлық талдау – шығармашылық процесс. Ал әр процестің өзіне ғана тән ерекшелігі бар екенін бәрі бірдей біледі. Редакторлық талдауды неден бастаған абзал дегенде, бұл редактордың өзіне ғана тән кәсіби ерекшелігімен анықталады. Ең алдымен редактор мәтіндегі тілдік қателерді таңдай бастайды, оларды түзеп, өзінің дұрыс деп тапқан түзетулерін ұсынады. Алайда, бұл тек жұмыстың бастапқы кезеңі. Мәтінге толыққанды үңілген сайын онда күрделі құрылымдық қателер қылаң бере бастайды. Осыған орай редактордың жұмысы күрделеніп алдында жасалған түзетулерді қайтадан бірнеше мәрте қарастырып, қайта түзетіп шығуға тура келеді. Редакторлық талдау ерекшелігі осындай күрмеулі мәселелердің күрделілігімен анықталады. Әдеби шығарманың құрылымына қатысты Цицерон ең алдымен өз ойын қағаз бетіне дөп түсіре білуді, яғни мәтіннің құрылымын бірінші орынға қойған. Яғни мәтін бүтіндігі ежелден –ақ жоғары бағаланған. Құрылымның құрылымы сюжеттен тұрады. Сюжеттің негізінде негізгі ой, образ жатады. Редактор тек сюжетті ғана қарастырумен шектеліп қалмау керек. Материал құрылымына жасалған талдауда бірнеше бөліктерге бөліп қарастыру туралы жоғарыда айтқан болатынбыз. Газет тәжірибесінде әдеби шығармаларды ықшамдап алу жиі кездеседі. Осындай жағдайда редактор мәтіннің айтар ойын сол күйінде сақтап қалу керек. Баспасөз беттерінде жекелеген құрылымдық бірліктерді айдарлар, шапкалар, бағаналар әйгілейді. Ал кейбір үлкен мақалалар бірнеше тақырыпшалармен белгіленіп, бірнеше бағаналарға бөлшектенуі мүмкін. Мәтін жоспарын талдауда редактор екі тапсырманы орындайды. Қолжазбадағы жоспар бойынша құру және редактор өзі ұсынған екінші жоспары. Дәстүрлі журналистік жанрлар да кей-кейде түзетуді қажетсінеді. Мысалы, репортаж жанры ақпараттан сараптамаға көшеді. Яғни біріншіден, ақпаратты, болып жатқан оқиғаны сол күйінде жеткізсе де, бұл жанрда талдамалы сарын да байқалады. Редактор сондай-ақ, автор мәтінге қойған атауға да назар аударады. Аты айғайлап тұрса да, ішіндегі мәтін заты атына сай болмай шықса, ондай мәтін өз құндылығын жоғалтады. Сонымен қоса автор кіріспесімен де жете танысуы керек. Тақырып пен кіріспедегі байланыс басты назарда екені даусыз. Мәтін кіріспесі көп жағдайда табиғатты суреттеуден, белгілі бір уақытты атаудан басталады. Кіріспеде көбіне-көп автор ойы тұрады. Оқырман оқуды кіріспеден бастағандықтан ол оқырман үшін қызықты, көңілін бірден арбап алатын деңгейде болу керек. Мазмұнына қарай мәтіннің үш түрі бар. Олар баяндау, суреттеу және талдау. Редакторлық талдау осы түрлерді анықтаудан басталады. Баяндау дегенде, оқиғалар рет-ретімен баяндалады. Бір оқиғадан екінші оқиға өріледі. Суреттеу – мұнда оқиғаларды суреттеу басым келеді. Талдау- мәтіннің бұл түрінде түрлі пайымдаулар, түсініктемелер, анықтамалар , талдаулар орын алады. Ежелгі көсемдердің айтуынша, баяндау қозғалысты, суреттеу құбылысты, талдау құбылыс пен қозғалыс арасындағы байланысты анықтайды. Баяндауда адамның есте қалған оқиғалары қағаз бетінде көрініс тапса, суретеуде ішкі қөзқарасы көрініс табады. Ал талдауда ойы мен білімі, сезім түйсігі суреттеледі. Бұл түрлер жеке күйінде сирек кездеседі. Мәтінде олар үшеуі де көрініс табады. Үшеуі де бір-бірімен тығыз байланысты. Баяндай отыра, автор оқиғаны суреттейді, суреттегенде, автор ойлау мен пайымдауларға көңіл бөледі. Редакторлық талдаудың ерекшелігі – редактордың кәсіби ерекшелігімен, оның өзіндік тәжірибесімен өлшенеді. Жалпы сөз өнерінде редакциялау қызметінің ерекше маңыздылығын атап өту шарт. Қандай шығарма болмасын ол редакциялауды қажет етеді. Тіпті ұлы жазушы ғұламалардың еңбектері де сондай редакциялаудан сан мәрте өткен. Осы орайда жазушы апамыз Фариза Оңғарсынованың естеліктерін айтып өтуге болар еді. Оның алғашқы шығармалары редакциялау атты түзетуден өтіп, қызыл түске боялғанын ақын апамыз жасырмайды. Қызыл түске боялды деп отырғанымыз редактор түзетулерді осылайша қызыл түсті қаламмен белгілеген екен. Сондай-ақ, танымал ақын-жазушыларымыз өз еңбектерін бірнеше мәрте түзеткендігі жайлы да кітап, баспасөз беттерінен оқып жататынымыз шындық. Айтпағымыз – қандай да шығарма болмасын, ол сырт көздің сынынан өтуі қажет. Сонда ғана шығарма ерекше құндылыққа ие болады. Осы орайда бұқаралық ақпарат құралдарындағы редактор - маңызды мамандық иесі екендігі шүбәсіз. Өйткені бүгінде 4 билік өкілдері саналатын бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық пікір қалыптастыруға айтарлықтай әсер етеді. Бұқаралық ақпарат құралдары арқалаған функциялар да шаш етектен. Оқырман, көрермен, тыңдарман – бір сөзбен айтқанда тұтынушы мен ақпарат арасындағы байланысты жасауда редактордың елеулі еңбегі бар. Редактор жұмысы кадр сыртында қалғанымен де, тұтынушылар қабылдаған өнімнің жарыққа шығуына да редактор барынша үлес қосады. Ешқандай да мәтін редактордың сүзгісінен өтпейінше көрерменнің назарына ұсыныла алмайды. Өйткені ол «дайындалмаған» материал. Сондықтан да, мәтінді дүниеге әкелуде барынша үлес қосатын редактор шығармашылық процеске толықтай жауапты болады. Редакциялау ол тікелей редактордың қызметі, бұл дегеніміз – материалдың мазмұны мен жазылуына талдау жасау арқылы материалды түзету, тәртіпке келтіру. Редакторға тән қасиеттерді тізіп шықсақ, редактор білімді, логикалық ойлауы зор, тілдік нормаларды жетік меңгерген, ұйымшыл, өндірістік- техникалық процесті жетік білген болуы тиіс. Дәрісті бекіту сұрақтары: 1. Редакторлық талдаудың ерекшелігі. 2. Редакциялау – тікелей редактордың қызметі 3. Редакторлық талдау – шығармашылық процесс. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994. 2. Сихорский Н.М. Теория и практика редактирования. М., 1972. 3. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001. 3 ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАР) САБАҚТАР Практикалық (семинар) сабақтарына арналған әдістемелік нұсқаулық: Семинарлар, олардың жоспарларында көрсетілген тақырыптың қамтитын мәселелері пәннің оқу бағдарламасындағы теориялық және практикалық материалдарды студенттердің ғылыми тұрғыда өз бетімен іздене отырып, терең де жан-жақты игерулерін мақсат етеді. Ол үшін студент ең алдымен семинар тақырыбы бойынша көрсетілген пайдаланатын әдебиеттерді алып, мұқият оқып шығып, тақырып жоспарындағы әр сұрақтың мәнін ашатындай конспекті жазу қажет. Одан соң сол сұрақтардың айналасындағы айтылған әр түрлі авторлардың пікірлеріне іштей салыстырулар жасап, дәріс материалдарын басшылыққа ала отырып, түйінді ой тұжырымдарды қағаз бетіне түсіріп, осы мәселе төңірегіндегі әдеби-ғылыми материалдар, дәрісте оқылған және баспасөздерде жарияланған тың деректерге сүйеніп, өз тұжырымын дәйектеу керек. Әрбір семинарда алдынғы өткен сабақтарда қарастырылған материалдарды репродуктивтік, зерттеушілік сипатта жаңа тақырыппен байланыстыру талап етіледі. Практикалық (семинар) сабақтардың мақсаты: 1. Студенттердiң шығармашылық және редакторлық қабiлеттерiн тексеру. Студенттер өз қалаған тақырыптарына бiр-екi бет көлемiнде шығарма жазып, бiр-бiрiнiң жазғандарын тексередi. Шамалары жеткенше редакциялап көредi. Содан соң аудиторияда өзара пiкiр алысу болады. Оқытушы сабақтың қорытындысын шығарып, студенттердiң туындыгерлiк-редакторлық мүмкiндiктерiне баға бередi. 2. Әдеби редакциялаудың теориясы мен тәжiрбиесi. Студенттер мәтiн және оның сипаттары жөнiнде оқығандарын ортаға салады. Ауызша және жазбаша шығармашылықтың айырмашылықтары жайында сөз қозғап, оны журналистiк тәжiрбиемен байланыстырады. Газет-журнал беттерiнен мысалдар келтiредi. 3. Автор мен редактор проблемасының психологиялық қырлары. Студенттер бұл сабақтың үстiнде автор мен редактор арасындағы психологиялық қарым- қатынастың этикалық қырларын iс жүзiнде бiлетiндiгiн көрсетуге тырысады. Бұл үшiн автор мен редактор ретiнде екiге бөлiнiп, өзара пiкiр таластырады. Осы орайда теория мен тәжiрбиенiң ара салмағын айқындауға ұмтылады. 4. Әдеби редакциялау және компьютерлiк технология. Бұл тәжірибелік сабақ компьютерлiк сыныпта немесе басқа редакцияның басқа бөлiмiнде өткiзiледi. Әдеби редакциялау iсiне компьютерлiк техниканың тигiзетiн жәрдемi студенттердiң талқысына түседi. 5. Редакциялық талдау мен мәтiндi түзетудiң әдiстемесi. Студенттер алдын ала жазылған қолжазбаларға қатысты лингвистикалық және стилистикалық тәжiрибе жүргiзедi. Осы орайда редакторлық оқу мен мәтiндi түзетудiң түрлерi туралы түсiнiктерiн кәдеге жаратады. 6. Логика заңдары және мәтiндi редакциялау. Студенттер бұл жолы газеттердiң жарық көрген сандарындағы материалдарды талдаумен айналысады да олардың логикалық құрылымына ден қояды. Байқаған кемшiлiктерi мен қайшылықтарын тiлге тиек етедi. Осы арқылы газет журналистерiнiң редакторлық қызметiне баға бередi. 7. Редактор және корректор. Бұл сабақ қазiргi заманғы басшылардың нақты проблемасын көрсетуге арналған. Көп газет-журналда редактор мен корректордың жұмысын бiр-ақ адам атқаратын болғандықтан, мәтiндi мiнсiз етуге көмектесетiн "сырт көздiң" жоқтығы бiлiнiп тұрады. Басылым беттерiнде қателердiң жиi басылуының себебi осында. Студенттер бұл туралы нақты мысалдардың негiзiнде әңгiмелейдi. 8. Мәтiндi түзетудiң бiр түрi: қайта жазу. Студенттердiң назарына жазылуы талапқа сай келе бермейтiн бiрақ өзегiнде жатқан қызықты идеясы бар авторлық шығарма ұсынылады. Шәкiрттер осы дүниенiң ойын ала отырып, пiшiндiк, стильдiк т.б. жағынан қайта жаңғырта жазып шығуы керек. Таңдап жазылған туындыларға түпнұсқамен салыстыру арқылы баға берiледi. 9. Сараптама сабақ. Студенттер осы уақытқа дейiнгi алған теориялық бiлiмдерi мен үйренген тәжiрбиелерiн оқытушы дайындаған тест сұрақтарына жауап беру арқылы тексерiстен өткередi. Тиiстi қорытындылар қолма-қол шығарылады. 3 Практикалық (семинар) сабақтар 1-2-семинарлар тақырыбы: Әдеби редакциялау пәні туралы түсінік Сабақтың мақсаты: Журналистикаға қатысты тұжырымдардағы әдеби редакциялау туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау. Семинар мазмұны: 1. Журналистикаға қатысты тұжырымдар әдеби редакцияға жалпы түсініктеме. 2. Мәтінді түзетудің әдістері. Бақылау сұрақтары: 1. Журналистикаға қатысты тұжырымдар әдеби редакцияға жалпы түсініктеме. 2. Редактордың басты міндеттері. Әдістемелік нұсқаулықтар: 1. Журналистикаға қатысты тұжырымдардағы әдеби редакциялаудың зерттелу тарихы, оның маңызы. 2. Редакторлық жұмыстың маңыздылығы мен жариялануы, зерттелуі. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994. 2. Сихорский Н.М. Теория и практика редактирования. М., 1972. 3-4 - семинарлар тақырыбы: Редакциялаудың жалпы әдістемесі Сабақтың мақсаты: Редакциялаудың жалпы әдістемесі туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау. Семинар мазмұны: 1. Редакциялау ұғымы. 2. Редакциялаудың міндеті. 3. Редактордың басты міндеттері. Бақылау сұрақтары: 1. Редакторлық іс-әрекеттің басы – дайындық кезеңі. 2. Түзету түрлері. 3. Мәтінді түзету процесі. Әдістемелік нұсқаулықтар: 1. Редакторлық іс-әрекеттің басы – дайындық кезеңінен бастау алатындығы. 2. Редакторлық жұмыстың маңыздылығы мен жариялануы, зерттелуі. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994. 2. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001. 3. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985. 5-6 - семинарлар тақырыбы: Ұйымдастырушылық – шығармашылық кезең Сабақтың мақсаты: Ұйымдастырушылық – шығармашылық кезең туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау. Семинар мазмұны: 1. Жанрлық беттеу. 2. Бағдарлама блогын дайындау. Бақылау сұрақтары: 1. Теледидар аудиториясының тұрақтылығы. 2. Жанрлық беттеу дегеніміз не? 3. Ырғақтық (ритмдік) беттеу дегеніміз не? Әдістемелік нұсқаулықтар: 1. Шығармашылық кезең туралы теориялық тұрғыдан саралап, журналистика ғылымындағы көзқарастар мен ой-тұжырымдар. 2. Өңдеу арқылы түзету – авторлық тексті сақтай отырып, шығарманың композициялық құрылысындағы олқылықты жою, деректік және логикалық қателерін түзетіп, тілі мен стиліндегі кемшіліктерін жөндеу мен зерттелуі. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001. 2. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985. 7-семинар тақырыбы: Әдеби редакция ұғымы және редакторлық қызмет Сабақтың мақсаты: Әдеби редакция ұғымы және редакторлық қызмет туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау. Семинар мазмұны: 1. Әдеби редакция түсінігі. 2. Редакторға қойылатын басты талаптар. Бақылау сұрақтары: 1. Аудиторияның сана-сезіміне әсер ету. 2. Редактордың ұйымдастырушылық қызмет-міндеттері. Әдістемелік нұсқаулықтар: 1. Әдеби редакция түсінігі,оның маңызы. 2. Әдеби редакциялау туралы теориялық тұрғыдан саралап, журналистика ғылымындағы көзқарастар мен ой-тұжырымдар. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001. 2. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985. 8-семинар тақырыбы: Редактордың маман ретінде пайда болуы Сабақтың мақсаты: БАҚ-та қызмет ететін редактордың жұмысы туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау. Семинар мазмұны: 1. Редактордың негізгі шарттары. 2. Редактордың маман ретінде пайда болуы. Бақылау сұрақтары: 1. Редакторға қойылатын басты талаптар. 2. Редакторға қойылатын басты шарттарды конспектілеу. Әдістемелік нұсқаулықтар: 1. Редактордың маман ретінде пайда болуы, журналистикадағы дәстүр жалғастығы және тың редакциялауға қатысты жаңашылдық үлгілердің тууы. 2. Редакторлық жұмыстың зерттелуі, ғылыми бағалануы. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994. 2. Сихорский Н.М. Теория и практика редактирования. М., 1972. 3. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985. 9-10 - семинарлар тақырыбы: Редакторлық талдау және әдеби редакциялау. Редакторлық талдаудың обьектісі 1. Сабақтың мақсаты: Редакторлық талдау және әдеби редакциялау туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау. Семинар мазмұны: 2. Редакторлық талдау және әдеби редакциялау. 3. Редакторлық талдау және оның обьектісі. Бақылау сұрақтары: 1. «Анализ» сөзі ғылымда кең мағынада зерттеу деген нені білдіреді? 2. Редактордың ұйымдастырушылық қызмет-міндеттері. 3. Редакторлық талдаудың объектісі. Әдістемелік нұсқаулықтар: 1. Редакторлық талдау және әдеби редакциялау туралы бүгінгі күнгі жаңаша көзқарастар мен тұжырымдар. 2. Редакторлық талдау және оның обьектісі туралы зерттеулер, ғылыми тұрғыдан бағалау. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994. 2. Сихорский Н.М. Теория и практика редактирования. М., 1972. 3. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001. 4. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985. 11-семинар тақырыбы: Редактордың әдеби еңбегінің ерекшелігі және редактор мен автор арасындағы шығармашылық процесс Сабақтың мақсаты: Редактордың әдеби еңбегінің ерекшелігі және редактор мен автор арасындағы шығармашылық процесс туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау. Семинар мазмұны: 1. Оқып-түзету редакторлық қызметтің ажырамас міндеттерінің бірі. 2. Әдеби редакциялаудың дәстүрлі әдіс-тәсілдері. Бақылау сұрақтары: 1. Қысқартып-түзету деген не? 2. Өңдеп-түзету қалай орындалады? 3. Журналист алынатын ақпараттың дұрыстығын тексерудің кезеңдері. Әдістемелік нұсқаулықтар: 1. Редактордың әдеби еңбегінің ерекшелігі туралы бүгінгі күнгі жаңаша көзқарастар мен тұжырымдар. 2. Журналистикадағы редактор мен автор арасындағы шығармашылық процесстегі дәстүр жалғастығы және тың жаңашылдық үлгілердің тууы. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001. 2. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985. 12-семинар тақырыбы: Редактор және мазмұн мен пішіннің бірлік мәселесі Сабақтың мақсаты: Редактор және мазмұн мен пішіннің бірлік мәселесі туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау. Семинар мазмұны: 1. Редактордың ұйымдастырушылық қызмет-міндеттері. 2. Азаматтар мен ұйымдар туралы жалған мәліметтерді таратудағы жауапкершілік. Бақылау сұрақтары: 1. Оқып отырып түзету деген не? 2. Ақпараттың дұрыстығын тексеру. Әдістемелік нұсқаулықтар: 1. Редактордың ұйымдастырушылық қызметі туралы дәстүр жалғастығы және тың жаңашылдық үлгілердің тууы. 2. Ақпараттың дұрыстығын тексеру туралы ой-пікірлерді ғылыми тұрғыдан саралау. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994. 2. Сихорский Н.М. Теория и практика редактирования. М., 1972. 13-14 - семинарлар тақырыбы: Телерадио бағдарламаларын дайындаудағы автор мен редактор қызметі Сабақтың мақсаты: Телерадио бағдарламаларын дайындаудағы автор мен редактор қызметі туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау. Семинар мазмұны: 1. Теледидар немесе радиодағы автор қызметі. 2. Телерадио бағдарлама дайындаудағы автор мен редактор қызметі. Бақылау сұрақтары: 1. Теледидар немесе радиодағы автор қызметінің баспа қызметінен айырмашылығы. 2. Модератордың басты ережесі. Әдістемелік нұсқаулықтар: 1. Телерадио бағдарлама дайындаудағы автор мен редактор қызметінің зерттелу тарихы. 2. Модератордың басты міндеті туралы зерттеп танудағы, жүйелеп оқудағы бүгінгі күнгі жаңаша көзқарастар мен тұжырымдар. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994. 2. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001. 3. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985. 15-семинар тақырыбы: Телерадиобағдарламаларды редакциялау Сабақтың мақсаты: Телерадиобағдарламаларды редакциялау туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау. Семинар мазмұны: 1. Телерадиожурналистиканың табиғи қасиеті. 2. Телерадиобағдарламалар функциялары. Бақылау сұрақтары: 1. Телерадиобағдарламалар функциялары? 2. Модератордың басты ережесі. 3. Телебағдарламаларды редакциялау? Әдістемелік нұсқаулықтар: 1. Телерадиобағдарламалар функциялары туралы бүгінгі күнгі жаңаша көзқарастар мен тұжырымдар. 2. Телерадиожурналистиканың табиғи қасиетіндегі дәстүр жалғастығы және тың жаңашылдық үлгілердің тууы. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994. 2. Сихорский Н.М. Теория и практика редактирования. М., 1972. 3. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001. 4. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985. 16-семинар тақырыбы: Аралық бақылау жұмысы Сабақтың мақсаты: Аралық бақылау жұмыстарын орындату арқылы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау. Семинар мазмұны: 1. Өткен материалдарды қайталау. 2. Тест сұрақтарымен жұмыс. 3. Аралық тапсырмаларды бағалау. Бақылау сұрақтары: 1. Тест сұрақтарын алу және бағалау. Әдістемелік нұсқаулықтар: 1. Өткен материалдарды тиянақтау, қорытынды сұрақтарға толық әрі нақты жауап беру, тест сұрақтарына жауап беру. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994. 2. Сихорский Н.М. Теория и практика редактирования. М., 1972. 3. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001. 4. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985. 17-семинар тақырыбы: Теледидар бағдарламасындағы әдеби сценарийді редакциялау ерекшеліктері Сабақтың мақсаты: Теледидар бағдарламасындағы әдеби сценарийді редакциялау ерекшеліктері туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау. Семинар мазмұны: 1. Теледидарлық бағдарламаның әдеби негізі. 2. Сценарий – әдебиеттің негізгі түрі ретінде. Бақылау сұрақтары: 1. Теледидар бағдарламасындағы әдеби сценарийді редакциялау ерекшеліктері. 2. Теледидар бағдарламаларын әдеби сценарий негізі. Әдістемелік нұсқаулықтар: 1. Теледидар бағдарламасындағы әдеби сценарийді редакциялау ерекшеліктерінің жиналуы, жүйеленуі, зерттелу тарихы. 2. Теледидарлық бағдарламаның негізін зерттеп танудағы, жүйелеп оқудағы бүгінгі күнгі жаңаша көзқарастар мен тұжырымдар. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994. 2. Сихорский Н.М. Теория и практика редактирования. М., 1972. 3. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001. 18-семинар тақырыбы: Редакторлық зерттеу, теледидар бағдарламаларын әдеби редакциялау Сабақтың мақсаты: Редакторлық зерттеу, теледидар бағдарламаларын әдеби редакциялау туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау. Семинар мазмұны: 1. Редакторлық зерттеу. 2. Теледидар бағдарламасындағы әдеби сценарийді редакциялау. ерекшеліктері. Бақылау сұрақтары: 1. Жауапкершіліктен босатылатын ахуалдар. 2. Теледидар бағдарламаларын әдеби редакциялау. Әдістемелік нұсқаулықтар: 1. Теледидар бағдарламасындағы әдеби сценарийді редакциялау туралы тың идеялардың тууы, олардың жүйеленуі, зерттелу тарихы. 2. Редакторлық зерттеудің ғылыми бағалануы. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Сихорский Н.М. Теория и практика редактирования. М., 1972. 2. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001. 3. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985. 19-20 - семинарлар тақырыбы: Әдеби редакциялау және компьютерлік технология Сабақтың мақсаты: Әдеби редакциялау және компьютерлік технология туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау. Семинар мазмұны: 1. Компьютерлік технология. 2. Газет моделінің ерекшеліктерін анықтайтын факторлар. Бақылау сұрақтары: 1. Әдеби редакциялау және компьютерлік технология. 2. Микрография құралдары. Әдістемелік нұсқаулықтар: 1. Жаңа компьютерлік технология туралы көзқарастар мен ой-тұжырымдар. 2. Әдеби редакциялау және компьютерлік технология туралы журналистикадағы дәстүр жалғастығы мен тың идеялардың тууы, олардың жүйеленуі, зерттелу тарихы. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994. 2. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001. 3. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985. 21-семинар тақырыбы: Редакциялаудың коммуникативті ерекшеліктері Сабақтың мақсаты: Редакциялаудың коммуникативті ерекшеліктері туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау. Семинар мазмұны: 1. Әдеби редакциялау iсiне компьютерлiк техниканың тигiзетiн жәрдемi. 2. Редакциялаудың коммуникативті ерекшеліктері. Бақылау сұрақтары: 1. Мәтін мен жұмыс істеудегі редактордың жалпы схемасы. 2. Автор ( редактор ( оқырман схемасындағы жүйе. Әдістемелік нұсқаулықтар: 1. Мәтін мен жұмыс істеудегі редактордың жалпы схемасы туралы деректердің жиналуы, жүйеленуі, зерттелу тарихы. 2. Автор ( редактор ( оқырман схемасын зерттеп танудағы, жүйелеп оқудағы бүгінгі күнгі жаңаша көзқарастар мен тұжырымдар. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994. 2. Сихорский Н.М. Теория и практика редактирования. М., 1972. 3. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001. 4. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985. 22-семинар тақырыбы: Мәтінді психологиялық кәсіби тұрғыдан қабылдау Сабақтың мақсаты: Мәтінді психологиялық кәсіби тұрғыдан қабылдау туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау. Семинар мазмұны: 1. «Мәтін» термині. 2. Мәтін түрлері. Бақылау сұрақтары: 1. Редакторлық талдау – шығармашылық процесс. 2. Редакторлық талдаудың екі міндеті. Әдістемелік нұсқаулықтар: 1. Мәтін түрлері туралы деректердің жиналуы, жүйеленуі, зерттелу тарихы. 2. Мәтінді психологиялық кәсіби тұрғыдан қабылдап, зерттеп танудағы, жүйелеп оқудағы бүгінгі күнгі жаңаша көзқарастар мен тұжырымдар. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994. 2. Сихорский Н.М. Теория и практика редактирования. М., 1972. 3. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001. 4. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985. 23-24 - семинарлар тақырыбы: Мәтін түрлері мен оны классификациялау Сабақтың мақсаты: Мәтін түрлері мен оны классификациялау туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау. Семинар мазмұны: 1. Мәтін түрлері. 2. Авторлық құқықтың объектісі. Бақылау сұрақтары: 1. Мәтін құрылымының редакторлық талдауға түсетін үш басты элементі. 2. «Мәтін» термині. Әдістемелік нұсқаулықтар: 1. Мәтін құрылымының редакторлық талдауға түсетін үш басты элементі, оның маңызы. 2. Мәтін түрлері, түзілімі, жариялануы мен зерттелуі. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994. 2. Сихорский Н.М. Теория и практика редактирования. М., 1972. 3. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001. 4. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985. 25-семинар тақырыбы: Автордың мәтін жазудағы міндеті Сабақтың мақсаты: Автордың мәтін жазудағы міндеті туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау. Семинар мазмұны: 1. Автордың мәтін жазудағы міндеті. 2. Авторлық құқық. Бақылау сұрақтары: 1. Авторлық талдаудың объектісі. 2. Авторлық құқық объектісі болмайтын туындылар. Әдістемелік нұсқаулықтар: 1. Автордың мәтін жазудағы міндетінің зерттелуі мен ғылыми бағалануы. 2. Жалған мәліметтерді таратудағы жауапкершілік этикасы. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994. 2. Сихорский Н.М. Теория и практика редактирования. М., 1972. 3. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001. 4. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985. 26-семинар тақырыбы: Мәтін - редактор қызметінің басты пәні Сабақтың мақсаты: Мәтін - редактор қызметінің басты пәні туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау. Семинар мазмұны: 1. Мәтін - редактор қызметінің басты пәні. 2. Редакторлық талдаудың екі міндеті. Бақылау сұрақтары: 1. Редактордың негізгі шарттары. 2. Редактордың маман ретінде пайда болуы. Әдістемелік нұсқаулықтар: 1. Редакторлық талдаудың екі міндеті туралы көзқарастар мен ой-тұжырымдар. 2. Редактордың негізгі шарттары туралы зерттеулер мен тұжырымдар. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994. 2. Сихорский Н.М. Теория и практика редактирования. М., 1972. 3. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001. 4. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985. 27-семинар тақырыбы: Редакторлық талдаудың түрлері Сабақтың мақсаты: Редакторлық талдаудың түрлері туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау. Семинар мазмұны: 1. Редакторлық талдаудың екі міндеті. 2. Мүліктік құқықтарды ұжымдық басқару. Бақылау сұрақтары: 1. Мүліктік-интеллектуалдық құқықтарға не жатады? 2. Редакторлық талдаудың түрлері. Әдістемелік нұсқаулықтар: 1. Редакторлық талдаудың түрлері туралы көзқарастар мен ой-тұжырымдар. 2. Журналистикадағы редакторлық талдаудың екі міндеті туралы тың идеялардың тууы, олардың жүйеленуі, зерттелу тарихы. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994. 2. Сихорский Н.М. Теория и практика редактирования. М., 1972. 3. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001. 4. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985. 28-семинар тақырыбы: Редакторлық талдаудың механизмі Сабақтың мақсаты: Редакторлық талдаудың механизмі туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау. Семинар мазмұны: 1. Автордың мәтін жазудағы міндеті. 2. Публицистикалық және авторлық мәтіндерді тексеру ерекшеліктері. Бақылау сұрақтары: 1. Редакторлық талдаудың механизмі. 2. Редакциялаудың психологиялық негiздерi. Әдістемелік нұсқаулықтар: 1. Редактордың кәсіби қызметін атқарудағы еркіндік пен сенімділікті теориялық тұрғыдан саралап, бағалаудағы журналистика ғылымындағы көзқарастар мен ой-тұжырымдар. 2. Редакциялаудың психологиялық негiздерi туралы тың идеялардың тууы, олардың жүйеленуі, зерттелу тарихы. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994. 2. Сихорский Н.М. Теория и практика редактирования. М., 1972. 3. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001. 4. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985. 29-семинар тақырыбы: Редакторлық талдаудың ерекшелігі Сабақтың мақсаты: Редакторлық талдаудың ерекшелігі туралы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау. Семинар мазмұны: 1. Редакторлық талдаудың бастапқы кезеңі. 2. Редакторлық талдау ерекшелігі. Бақылау сұрақтары: 1. Редакторлық талдаудың ерекшелігі. 2. Редакциялау – тікелей редактордың қызметі. 3. Редакторлық талдау – шығармашылық процесс. Әдістемелік нұсқаулықтар: 1. Редакторлық талдаудың бастапқы кезеңі жайлы бүгінгі күнгі жаңаша көзқарастар мен тұжырымдар. 2. Журналистикадағы редакторлық талдау ерекшелігі туралы дәстүр жалғастығы және тың жаңашылдық үлгілердің тууы. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994. 2. Сихорский Н.М. Теория и практика редактирования. М., 1972. 3. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001. 4. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985. 30-семинар тақырыбы: Аралық бақылау жұмысы Сабақтың мақсаты: Аралық бақылау жұмыстарын орындату арқылы студенттердің білім деңгейлерін саралап, бағалау. Семинар мазмұны: 1. Өткен материалдарды қайталау. 2. Тест сұрақтарымен жұмыс. 3. Аралық тапсырмаларды бағалау. Бақылау сұрақтары: 1. Тест сұрақтарын алу және бағалау. Әдістемелік нұсқаулықтар: 1. Өткен материалдарды тиянақтау, қорытынды сұрақтарға толық әрі нақты жауап беру, тест сұрақтарына жауап беру. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Накорякова К.М. Литературное редактирование материалов массовой ниформаций. М., 1994. 2. Сихорский Н.М. Теория и практика редактирования. М., 1972. 3. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001. 4. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985. 3.1 Тәжірибелік (семинар) сабақтар жұмысын жүргізу жоспары №1 тапсырма. Мәтiн редакторлық жұмыстың нысанасын білу, түсінік айту. №2 тапсырма. Мәтiннiң негiзгi сипаттары туралы түсінік. №3 тапсырма. Редакциялаудың психологиялық негiздерi. №4 тапсырма. Редактордың әдеби еңбегiнiң ерекшелiгi. Авторлық шығармашылық процесс пен редактор еңбегiнiң арасындағы айырмашылықтарға мысалдар келтіру. №5 тапсырма. Редактордың өзiндiк әдiстемесi мен тұлға тәсiлдерi. Редактор еңбегiнiң ұжымдық сипаты. №6 тапсырма. Мәтiннiң тұтастығы, мәтiннiң iшкi байланысы. №7 тапсырма. Салыстырмалы талдау. Лингвистикалық және стилистикалық эксперимент әдiстерi. Нақтылау әдiсi. Бір мысалдан орындау. №8 тапсырма. Редакторлық оқудың түрлерi. Көз жүгiртiп оқу, ежiктеп оқу, екшеп оқу. Аудиторияда орындату. №9 тапсырма. Әдеби шығарманың құрылымын талдау. Жазбаша орындау. №10 тапсырма. Редактордың жоспармен жұмыс iстеуi. 3.2 Коллоквиум тапсырмалары №1 тапсырма. Оқытушы берген мәтіндердің лингвистикалық және стилистикалық қателерін түзетіп тапсыру. №2 тапсырма. Редакциялаудың психологиялық негiздерi әр студент біліп, оқыған әдебиеттері бойынша сұрақтарға жауап береді. №3 тапсырма. Редактордың өзiндiк әдiстемесi мен тұлға тәсiлдерi. №4 тапсырма. Мәтiннiң тұтастығы, мәтiннiң iшкi байланысы. №5 тапсырма. Салыстырмалы талдау. №6 тапсырма. Редакторлық оқудың түрлерi. №7 тапсырма. Әдеби шығарманың құрылымын талдау. №8 тапсырма. Редактордың қатемен жұмыс iстеуi. Оны белгілеу тәсілдері. №9 тапсырма. Редактор еңбегiнiң ұжымдық сипатын ашып көрсету. №10 тапсырма. Лингвистикалық және стилистикалық эксперимент әдiстерi. Нақтылау әдiсi. №11 тапсырма. Көз жүгiртiп оқу, ежiктеп оқу, екшеп оқу. 5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ 5.1 Әдеби редакциялау пәні туралы түсінік. 5.2 Редакциялаудың жалпы әдістемесі. 5.3 Ұйымдастырушылық – шығармашылық кезең. 5.4 Әдеби редакция ұғымы және редакторлық қызмет. 5.5 Редактор маман ретінде. 5.6 Редакторлық талдау және әдеби редакциялаудың дәстүрлі әдіс-тәсілдері. Редакторлық талдаудың обьектісі. 5.7 Әдеби редакциялаудың дәстүрлі әдіс-тәсілдері. 5.8 Редактордың әдеби еңбегінің ерекшелігі және редактор мен автор арасындағы шығармашылық процесс. 5.9 Редактор және мазмұн мен пішіннің бірлік мәселесі. 5.10 Телерадио бағдарламаларын дайындаудағы автор мен редактор қызметі. 5.11 Телерадио бағдарламалардың функциялары. Телерадио бағдарламаларды редакциялау. 5.12 Редакторлық зерттеу, теледидар бағдарламаларын әдеби редакциялау. 5.13 Теледидар бағдарламасындағы әдеби сценарийді редакциялау. ерекшеліктері. 5.14 Әдеби редакциялау және компьютерлік технология. 5.15 Редакциялаудың коммуникативті ерекшеліктері. 5.16 Мәтінді психологиялық кәсіби тұрғыдан қабылдау. 5.17 Редакциялаудың коммуникативті ерекшеліктері. 5.18 Мәтін түрлері мен оны классификациялау. 5.19 Автордың мәтін жазудағы міндеті. 5.20 Мәтін - редактор қызметінің басты пәні. 5.21 Редакторлық талдаудың түрлері. 5.22 Әдеби редакциялаудың теориясы мен тәжiрбиесi. 5.23 Редакторлық оқудың түрлерi. 5.24 Автор мен редактор проблемасының психологиялық қырлары. 5.25 Логика заңдары және мәтiндi редакциялау. 5.26 Көз жүгiртiп оқу, ежiктеп оқу, екшеп оқу. 5.27 Авторлық шығармашылық процесс пен редактор еңбегiнiң арасындағы. айырмашылықтарға мысалдар келтіру. 5.28 Мәтiннiң тұтастығы, мәтiннiң iшкi байланысы. 5.29 Редакциялаудың жалпы әдістемесі. 5.30 Редакторлық талдаудың механизмі.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz