Файл қосу
Сөздің эстетикасы
5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған «Журналистің сөз мәдениеті» пәнінің ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР СЕМЕЙ 2013 Мазмұны 1. Глоссарий................................................................... ........................................3-5 2. Дәрістер.................................................................... ..........................................5-28 3. Практикалық сабақтар.................................................................... ..................28-29 4. Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыбы...........................................29-30 5. Пәннің оқу-әдістемелік картасы..................................................................... .30-31 6. Әдебиеттер.................................................................. .......................................32-33 1 ГЛОССАРИЙ 1. АББРЕВИАТУРА – сөздерді шартты түрде қысқарту немесе оны бастапқы әріптермен белгілеу. Мысалы, АҚШ – Америка Құрама Штаттары. 2. АБЗАЦ – жаңа жолдан әрі кейін шегеріліп басталатын текс бөлігі. Ол бірнеше жолды қамтып, сөйлемдер мағынасын біріктіріп тұрады. 3. АБСТРАКЦИЯ – зат пен құбылыс туралы нақты ойламай, ауытқушылық, дерексіз ұғымға ұрыну. 4. АВТОБИОГРАФИЯ – қандай да бір тұлғаның өмірбаяндық өз туындысы. 5. АВТОР – түрлі салаларда шығарма жасаушы тұлға. Әдебиеттегі, өнердегі, ғылымдағы, т.б. твочестволық еңбек иесі. 6. АГИТАЦИЯ – ауызша немесе баспасөз арқылы қалың көпшілікке идеялар мен лозунгілер таратып, саяси тұрғыдан үгіттеп, әсер ету қызметі. 7. АКСИОМА – дәлелдеуді қажет етпейтін, онысыз да белгілі ақиқат. 8. АКТУАЛЬНЫЙ – бүгінгі күні уақыты пісіп жетілген, тез шешімді қажет ететін, маңызды да, өзнкті мәселе. 9. АЛЬМАНАХ - әр түрлі авторлардың әдеби шығармалар жинағы. Кезең – кезең сайын шығып тұруы мүмкін. 10. АНАЛИЗ – тиісті оъектіні жан – жақты талдап көрсететін, ғылыми – логикалық тұрғыдан ой – топшылаулар жасайтын зерттеу әдісі. 11. АНОНИМ - өз есімін жасырушы шығарма авторы. 12. АРГУМЕНТ – бір нәрсені дәлелдеуге негіз болатын логикалық тұжырым. 13. БРИФИНГ – белгілі бір мәселелер жөнінде үкімет ұстаған бағытты арнаулы өкілдің бұқаралық ақпарат құралдары журналистері алдына шағын мәжіліс өткізіп, баяндап беруі. Мысалы, халықаралық келіссөздерде болған мәмілені мәлімдеу, түсіндірме жасау. 14. БРОШЮРА – шағын көлемдегі шығарма берілген, жұмсақ мұқабамен шығатын жұқа кітап. 15. ВЕРСИЯ – факті немесе оқиға туралы бір-бірінен айырмашылығы бар әрқилы түсіндірмелер, ұғымдар. 16. ВЕРСТКА – терілген материлдар гранкілері арқылы типографияда газет, журнал беттерін дайындау. 17. ВУЛЬГАРИЗМ - әдеби тілде қолданылмайтын дөрекі сөздер. 18. ГОНОРАР – бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдары үшін авторға берілетін қаламақы. 19. ГРАНКА - әлі верстка жасалмаған баспаханалық терімнің бір бөлігі. Әдетте жүз жолдай көлемнен аспайды. 20. ДЕЗИНФОРМАЦИЯ – жалған хабар арқылы жаңылыстыру. 21. ДЕНЬ ПЕЧАТИ – дәстүрлі баспасөз күні. Жыл сайын 28 маусым күні аталып өтеді. “Түркістан уалаяты” газетінің 1870 жылы алғашқы нөмірі шыққан күнге орай белгіленген. Аталмыш мерекелік күні творчестволық арнайы сыйлықтар тапсырылады. 22. ЖАНР - әдеби немесе публицистикалық шығарма түрлері. 23. ЖУРНАЛИСТ – бұқаралық ақпарат қүралдарында тұрақты жұмыс істейтін, арнаулы кәсіби мамандығы бар қызметкер. Оның жұмысы идеологиялық, қоғамдық саланы қамтып, творчестволық тұрғыда еңбек етеді. Отанға, халыққа қызмет етіп, публицистика саласында шығармалар береді. Ішкі-сыртқы мәселелерге белсене араласып, қоғамдық пікір қалыптастыруға қатысады. 24. ЗАМЕТКА – бір оқиғаның, фактінің негізінде жазылатын қысқаша хабар. 25. ИДЕОЛОГИЯ – қоғамдық санадағы идеялар жүйесі, ілім. Саясат, мораль, ғылым, өнер, дін жөніндегі ұғымдар мен көзқарастар жиынтығы. Ол қоғам дамуына белсене әсер етеді. Идеология прогресшіл немесе реакцияшыл болуы да мүмкін. 26. ИЛЛЮСТРАЦИЯ–кітап, газет, журналдар тексіне орай берілетін суреттер. 27. ИНТЕЛЛЕКТ – ақыл, адамның ойлау қабілеттілігі. 28. ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ – ой еңбегінің адамдары. Мәдениет пен ғылымның әр түрлі салаларынан арнаулы білімі бар адамдар. 29. ИНТЕРВЬЮ – сұрақ-жауап түрінде белгілі бір тұлғаның оқиға мен факті жөнінде журналистке айтқан әңгімесі, сұхбаты. Оның зәру мәселе бойынша пікірлері мен көзқарасын, берген мәліметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін журналистің жазып алуы. 30.ИНТЕРПРЕТАЦИЯ – бір нәрсенің мәнін ашу, ұғындыру,. Қайсыбір текстке түсіндірме жасау. ҚазТАГ – Қазақстан мемлекеттік телегреф агенттігі. Республиканың бұқаралық ақпарат құралдарын информациямен қамтамасыз етеді. Ішкі-сыртқы хабарларды жинап таратады. 31. КАЛЛИГРАФИЯ – анық, әдемі жазу өнері. 32. КОНЦЕПЦИЯ - өмір құбылысына көзқарас білдіріп, тұжырым жасау. Жазушының, ғалымның, журналистің т.б. негізгі түйінді ойлары. 33. КОРРЕКТОР – баспасөз материалдарын баспаханада теру кезінде кеткен қателерді гранкіден, не версткалау кезінде беттерден жөндеп, түзететін қызметкер. Ол саяси, орфографиялық, стильдік тұрғыдан сауатты болуы тиіс. Типографиялық техникадан хабары болуы керек. 34.КОРРЕКТУРА – баспаханалық терімнен кейін оттискіде байқалған қателерді жөндеу. 35. КОРРЕСПОНДЕНТ – бұқаралық ақпарат құралдарының жер-жерден хабар жинап беріп тұратын тілші қызметкері. 36. КОПИЯ – түпнұсқаның тура көшірмесі. 37. КУРСИВ–формалық тұрғыдан қолжазба әріптерге ұқсайтын типографиялық қаріп. 38. ЛЕТУЧКА – редакция ұжымының жедел әрі қысқаша өткізетін өндірістік жиналысы. 39. МАКЕТ – арнаулы бланкіге сызықтар арқылы түсірілген газет беттерінің дәл жасалынған жоспары.Сонын үлгісінде шығатын газет беттері дайындалып ,безендіріледі. 40. ОФСЕТ – типографияда жасалынған цинк қаңылтырдағы газет бетінін бейнесі сол күйінде резина пленкасына түсіріледі де, одан соң қағазға басылатын тәсіл. 41. ОЧЕРК – көркем жанрға жатады, публицистикалық сарында жазылады. Негізінен фактіге құрылады,ойдан шығарылмайды. Оқиға,фактілер зерттеліп,баяндалады. Оныңкейіпкерлері өмірде бар адамдар, нақты деректер баяндалады.Көбіне кейіпкерлер бейнесі суреттеліп беріледі. 42. ПАМФЛЕТ – заманға кереғар, қоғамдық- саяси өмірдегі кейбір келеңсіз құбылысты, сондай-ақ әлдебір жеке қайраткерлер туралы әшкерлеу, келемеж мақсатындағы актуальды да, көркем публицистикалық шығарма. 43. ПАРАДОКС - әдеттегі қалыптасқан жағдайдан бөлек, күтпеген тосын пікір, құбылыс. 44. ПЕТИТ – ұсақ типографиялық шрифтің түрі. 45. ПОЛЕМИКА – баспасөзде, жиналыста бір нәрсеніталқылау кезінде болатын айтыстар. 46. ПОЛИГРАФИЯ – баспа өнімдерінің барлық түрін шығаратын өндіріс саласы. 47. ПРЕССА – мерзімді басылымдар, газеттер мен журналдар т.б. 48. ПРИНЦИП – негізгі идеалға сай ауытқымай іс-әрекет көрсету тәртәбі. 49. ПРОБЛЕМА – теориялық және практикалық мақсаттағы шешімін күткен өзектіде, аса қажетті мәселе. 50. ПРОГРЕСС – алға жылжу, қоғамда неғұрлым жақсы жағдайға жету, дамудың жоғары сатысына өту. 51. ПРОПАГАНДА – ілімді, саяси теорияны, көзқарасты, идеяны баспасөзде және ауызша түрде тарату мен түсіндіру, насихаттау. 52. ПУБЛИКАЦИЯ – баспасөзде жалпыға арналып жарияланған хабар, жазылған материал. 53. ПУБЛИЦИСТ – қоғамдық-саяси мәселелер туралы қалам тартып жүрген журналист, қаламгер. 54. ПУБЛИЦИСТИКА – мерзімді басылымдарда саясат пен қоғамдық өмір мәселелерінің жазылып,жариялануы. Журналистика саласының материалдары. 55. ПСЕВДОНИМ – жазушы. журналистердің баспасөзде шын аты-жөнінің орнына ойдан шығарылған бүркеншік есімді пайдалануы. 56. РЕДАКТОР – мерзімді басылымның жетекшісі, редакция коллективінің басшысы. Газет,журналдардың саяси бағытына, идеясы мен мазмұнына, жалпы оқырмандар үшін тартымды шығуына жауап беретін тұлға. Сонымен бірге тиісті мәселелерді шешіп, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуші. 57. РЕКЛАМА – бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әлдебір нәрсені кеңінен білгізу мақсатында жарнамалау. 58. РУБРИКА – газет бетіндегі біріктіріліп берілген материалдарға, сондай- ақ жүйелі түрде жарияланып тұратын кезеңдік материалдарға тағылатын ортақ айдар. 59. СТАТЬЯ – мақалада ірі өмір құбылыстары мен фактілері терең анализ жасалып, теориялық және практикалық тұрғыдан жинақталып, қорытылады. 60. ХРОНИКА - әдетте тақырыпсыз берілетін қысқаша хабар түрі. 61. ЦЕНЗУРА – баспасөзде жарияланатын шығармаларға ерекше бақылау жасау. 62. ЭТИКА – адамдардың моральдық адамгершілік қасиеттер жөніндегі нормалар жүйесі. Отанға, қоғамға және өзара қарым – қатынас мәселелерін, міндеттерін айқындайтын болмыс, әдет-ғұрып. 2 ДӘРІСТЕР 1-Дәріс. Сөз мәдениеті және оның БАҚ-на тән қасиеті БАҚ-да хабарлармен берілетін материалдардың бәрін де сөз мәдениеті сақталады деп тұжырымдауға болады. Қандай публицистік немесе әдеби шығармалар болсын сөз мәдениетінің қасиетін танытатын салалар болып есептеледі және мұның ішінде журналистің де сөздері мен жазған материалдары халық үшін сөз мәдениетінің көрінісі ретінде қабылданып жатады. Сондықтан сөз мәдениеті артуы үшін мына жайларды ескеру керек: 1. Сөздің мазмұндылығы 2. Сөздің эстетикасы 3. Сөздің ойлылығы қажет болатын Ал ақпарат құралдарында айтылған сөздер әдеби тұрғыдан келу арқылы да мәдени сөздердің әрбір адамдардың аузынан шыққанда және электронды ақпарат құралдарынан сөйлегенде соншалықты сыпайылық мәдениеттілік болуы тиіс сонымен бірге микрофон алдында сөйлеп отырған теле радио журналистің де кейбір қасиеттерін аңғару қиын емес. Бұл ретте әсіресе радиожурналистің эфирдегі сөзінің интелектуалдық эрудициялық қасиеттері байқалып отырмақ. Егер дәл осындай қасиеттер сезілсе сөз мәдениетінің де түзелетіні айқын. Тіпті кейде сондай радиодан естіліп отырған сөздері арқылы радиожурналистің мәдениеті қандай екені сөз саптауынан-ақ аңғарылады. Сондықтан эфирдегі сөзді айтылған сөз, атылған оқпен бірдей екенін журналист жауапкершілікпен сезінуі қажет. Әсіресе, сұқбаттар әңгімелесулер сияқты жанрлар бойынша тікелей эфирден сөйлегенде публицистер бұл жағын ескеруі керек. Жалпы жұртшылық сөз мәдениетін тек қаламгерлерге байланыстырып қарауы мүмкін. Бұл қате ұғым деуге болады. Себебі, кез-келген адам жас кезінен қартайған шағына дейін жан дүние парасаты бай болса мейлі үйде болсын, түзде болсын сөз мәдениеті арқылы имидж тұлғасын қалыптастырмақ. Жалпы сөз мәдениеті сол сөздерден өнер туғызатын шығармалар туғызатын ақын жазушылар мен журналистерден күтілуі заңды. Себебі, олардың қоғамдық әлеуметтік мәселелерді қозғаудағы ой-пікірлері осыны қажет етеді. Әу баста сөз мәдениеті ауызекі тілден өріс алып фольклор арқылы кейінге де бүгінгі дамыған жазба әдебиетіміз публицистикамыз арқылы қалыптасып дамып келеді. Жер жүзінде 3 мыңдай ұлттар тілдері бойынша олардың халқының санының аз көптігіне қарамай әр қайсының өз алдына даму деңгейіне байланысты, сөз мәдениеті де қалыптасып келеді. Мұның көрінісін тек ақпарат құралдары ғана емес жер жүзілік үлкен ұйымдар мен форумдардан да байқауға болады. Мысалы: БҰҰ жанында ресми түрде тіркелген ағылшын, француз, испан, орыс, қытай және кейіннен қосылған араб тілдері бар. Сондықтан қазір жер жүзілік жиындарды барлық мемлекеттерге жариялауда осы аталмыш тілдердің мәдени қасиетіне зор мән беріліп отыр. Бақылау сұрақтары: 1. радиожурналистің эрудициялық қасиеті 2. сөздің мәдениетін арттыру үшін не қажет? 3.Журналистика және әдеп терминдері Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Омашев Н. Қазақ радиожурналистикасы. – А., 1992 2.Омашев Н. Жол үстінде-журналист. Алматы, 1999 3.Рендаль Д. Универсальный журналист. Алматы, 1996 4.Серғалиев М. Көркем әдебиет стилі. Алматы, 1995 5.Шамақайұлы Қ. Журналист шеберлігінің негіздері. Қарағанды,2001 2-Дәріс. Журналистің кәсіби моральдық этикалық принциптері Журналистиканың жоғарғы нәтижелілігі. Журналистиканың тиімділігі мен пәрменділігі туралы түсінік. Нәтижеліліктің өлшемдері. Нәтижеліліктің екі түрі. Журналистиканың қызмет ету проблемалары. Баспасөз бостандығы журналистің құқықтары мен міндеттері және әдеп әлемі. ХІХ-ХХғғ аралығында Европа мен Америкада еңбекшілердің көңіл ауанын басқа жаққа аудару мақсатынтымен үстемтап түрлі айла-шаралар болды. Демократтар соны байқап журналистердің кәсіптік этникасына байланысты кодекстер болды.Кейінірек, яғни 20ж көптеген елдердің журналистік корпарациялары ондай кодекстерді ақыры қабылдады. І-ші жазған кодекс 1818ж қабылдады.Ол француз журналистикасының әдептілік хартиясы деп аталады.Демек әдептің хартиясы аса құнды құжат болып табылады. 20ж әр түрлі баспслар мен журналистер ұйымдарының инциативасы бойынша халықаралық журналистер ұйымының кездесулері жиі-жиі өткізілді.Олардың бірі 1921ж Гонолуну қаласында өтті.Онда Американың Джеймс Броун халықаралық журналистер этикасының тәртібін қабылдау жөнінде ұсыныс білдірді.Ол «этика кодекстері және журналистикалық практиканың нормалары» деп аталады.Бұл идеяны қолдау арқылы Швеция, Бразилия, Финляндия сияқты елдер журналистік кәсіп этникасының нормаларын жасады. 1923ж Америкада «журнализм канондары» деп аталатын кодекс пайда болды.Оны қабылдаған Американдық басылымдар редактордың қауымдастығы «ассоциация» журнализм канонының әлі күнге дейін Америкада өмір сүріп келеді. 1. Баспасөз қоғамның немесе жартылай қоғамның иниституты.Оның басты мақсаты оқырмандарға дұрыс мағұлмат беру, үкілеп бақылап отыру. 2. Баспасөз әр кімнің игілігі және әркім газет шығаруға ерікті. 3. Баспасөз органдары бақылауда. 4. Ғайбаттап жазыуға болмайды. 5. Хабар-ошарлар, дерек , мәліметтерді бұрмалау, жалпы адамзат, ізгілік нормаларынан шықпау. 6. Өзіңді ыңғайсыз жағдайға қалдыратын болса да 7. Ешкімнен ештеңе дәметпеу. 8. Ағаттық, қателіктер болса түзеу. 9. Демократиялық инструсиялар мен маральдің принциптерін сақтап, құрметтеу. Этика деген де-ең бірінші шындық, ақиқатқа қол жеткізу деген ұғымдар алға тартады.Ал шыншылдық деген өзі сөз бостандығы, баспасөздің БАҚ-ның тәуелсіздігі. Экономист және нобель силығының лауреаты Ашартинаннің сөзіне қарағанда «Егер адамдар қоғамдар не болып жатқанын білмесе, өздерін басқаратындардың әрекеттері жасырын болса, қоғам мен мемілекет істеріне қажырлықпен қатыса алады.Ақпарат азаматтарға жай ғана керек емес, ол сондай-ақ демократиялық үкіметтің мағызды сипаттамасы.Нашар үкмет, аман қалу үшін қушылықты қажет етеді.Қушылық мемлекеттік билік қызметінің тиімділігін арттырмайды және жемқорлықтың гүлденуіне септігін тигізеді»-дейді. ОБЕС-нің халықаралық қағидаларында былай деген «Заңнаманың ең жоғарғы мақсаты іс жүзінде ақпараттың ашықтылығын іске асыру болып табылады сөз бостандығы – рухани бостандықтың қайнар бұлағы» Журналистика: авторлық құқық және әдеп әлемі. Авто-гректің «өзін» деген сөзінен шыққан.Авторлық құқық дегеніміз- шығармаларды пайдалану тәртібін реттеуге арналған құқық рәміздердің жиынтығы. Авторлық құқық қызметі: авторлық шарт, авторлық қаламақы(ганарар), авторлық құқық, авторлық куәлік болып бір неше салаға бөлінеді. Авторлық шарт дегеніміз- автор мен немесе мүрагерлермен баспа арасындағы өзара шарт.Келісім шарт жазбаша түрде болады. Авторлық шарттың 2түрі бар: 1. Шығарманы пайдалануға беретіні туралы. 2. Авторлық рұқсатнама. 1-де автордың шығармашылығына қол тимейді, яғни өңделмейді, қортындыланбайды. 2-де радлоинсинировка, киноинсинировка жасау үшін автордан рұхсат сұрайды. Авторлық қаламақы: авторлық қаламақы мөлшерін республикалық өкмет белгілейді.Егер заңда қаламақы мөлшері белгіленбесе онда шартта көрсетілген мөлшермен төленеді. Шығармаларды пайдалану тәртібін реттеуге арналған құқық рәсімдерінің жиынтығы пайда болады.Мысалы: автор қайтыс болса, оның шығармасы 25 жылдан кейін мемлекет қарауына өткізіледі.Автор келісімінсіз оның шығармасына өзгерістер енгізуге толықтырулар, илюстрациялар жасауға рұхсат етілмейді. Авторлық куәлік: бұл өнертабыс иесіне автор өзінің авторлық құқын осы куәлік арқылы қорғайды. 1996ж (ВААП) ҚР-ң авторлық және сабақтас құқықтар жөнінде мем лекеттік агентік болып өзгреді.Авторды қорғайтын авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заң. Агенттіктің міндеті, мақсаты айналып келгенде көзді, көзі жоқ қаламгерлер мен өнер адамының қаламақы, еңбекақыларын қадағалау соңғы кездегі ақын жазушылардың шығармашылығын тегін орындап сахнаға шығып жүргендер, сондай-ақ компазиторлар әндерін таспаға түсіріп т.т көбейтіп кетті.Олардың біразы ұсталып авторлық құқық заңдылық арқылы шара қолданып баспасөз беттеріне жазыла бастады. Бақылау сұрақтары: 1.Шығармаларды пайдалану тәртібі 2.Авторлық құқық және әдеп әлемі 3. Авторлық қаламақы Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Прохоров Е.П. Введение в теорию журналистики.М:1989 2. Елеукенов Ш.Р. Кітаптану негіздері. А.,1999 3. Ворошилов В.В. Журналистика. Учебник-СПб.:1999 4. Б.Жақып Публицистиканың шығармашылық негіздері 5. Б.К.Барманкулов Телевидение: деньги или власть. А.,1998 3-Дәріс. Журналист: әдеп әсемдік әлемі және норма Норма дегеніміз – латын тілінен енген термин сөз мағынасы тәртіп, жол-жоба, заң, ереже, үлгі дегенді білдіреді. Қазақша ауыспалы мағынада шек шама, деңгей, қалып, өлшем, өлшеуіш, мөлшер т.б. Норманың өлшемдері көп. Норманың бір мағынасы – өлшем. Өлшемнің түрлері салмақ өлшемі, тереңдік өлшемі, ғылыми математикалық өлшем, халықаралық және ұлттық халықтық ұғымдағы ақыл ой, парасат өлшемі. Кртитерий – гректің «критерион» сөзінен шыққан мағынасы – өлшем, өлшеуіш, дәлел, айғақ дегенді білдіреді. Этика – салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жөн-жоралғы, үрдіс т.б. Ұлттық салт-дәстүрлер бір қайырысы ұлттық өлшемдер ұғымы. Олар: адым, қадам, аттам, табан, шақырым, құлаш, бойы, елі, сүйем, бармақ елі, сынық сүйем, қарыс, аршын, әудем жер, көш жер, ит өлген жер. Бір замандарда аратұра қазір де адамның дене мүшелерімен өлшенді. Арқан, белуардан, кісі бойы. Уақыт өлшемі: қас-қағым сәт, сүт пісірім уақыт, сүт пісірім уақыт, көзді ашып-жұмғанша, бие сауым уақыт. Адым – жай жүріспен бір басқан қашықтық немесе 6см. Әдеп – әсемдік әлемінің бір өлшем өлшеуіші, қағазға түспеген әр халықтың салт-дәстүр, әдет-ғұрпы. Үнді жерінде дүниеге келіп Шығыс халқының ортақ мұрасы «Бану бақтары» әдеп кодексі болып саналады. «Махаббат ғылымы» деп аталатын кітап тазалық, үй-жай ұстау, инабаттылық жайында жазылған. Қайсібір деректерге қарағанда «Махаббат ғылымын» Ватсиянна деген кісі жазыпты. Кодексте қыз баланың 64 түрлі өнер, білім, іскерлігі жайында айтылған. Әдеп кодекстері «Күлтегін» өнегелі жазба жәдігерліктерінде (экспонат) Ахмет Яссауидің, Жүсіп Баласағұнидың, Қорқыттың, Ұлықпан Хакімнің насихат сөздерінде, фольклорда ұлы жыраулармен аттары аңыз болған Аязби, Жиренше, Қарашаш, Қожанасыр бабалардың әңгіме, өсиеттерінде. Әдеп әсемдік әлеміне қатысты мұндай ақыл кеңес тұспаларды М.Қашқаридың, С.Сараидың, Раши ад-Диннің т.б. еңбектерінен көреміз. Ұлықпан хәкім елге халқына жасаған қызметіңді ұмыт, аяқ басқан сайын жұмысыңды міндетсініп істеме. Әділ және кішіпейіл бол. Пышақсыз, жүксіз және ақшасыз болма. Құдайдан қорқып, халыққа ынсаппен қара. Үлкендерге қызмет, кішілерге шапағат, дәруіштерге рахым, дос- жарандарға кеңес, дұшпандарына жұмсақтық, қызбалаларға сабыр, ғалымдарға тағзым етіп өмір сүр. Біреудің малына көз сүзбе. Журналистің кәсіби моральдық этикалық принциптері Журналистің ең басты принциптері: 1. халықтығы 2. бұқаралдығы 3. шыншылдық, объективтілік, ыждағаттылығы Журналистің жеке басының моральдық, этикасы осы жалпы принциптерінен туындайды. Принцип дегеніміз- латын тілінен енген термин сөз, мағынасы негіз, қағида, ереже немесе бір нәрсенің бастауы. Журналистің негізгі принциптері: 1. Журналист- өз ұжымына, басылымына адал қызмет етуі тиіс. 2. Журналист-өз сөзіне, өз ой-пікіріне жауапкершілікпен қараумен қатар, халықтың да ой пікіріне жауапкершілікпен қарау керек. 3. Журналистің алдында әр дайым аудитория үшін не істеуім керек?, бұл шығармам аудиторияға қажет пе? Олардың арман мүддесін қолдаймын ба? Олардың уақыттарын алмаймын ба? деген этикалық сұрақтар тұру керек. 4. Факті мәліметтері көп, ақиқат шындығы әбден жеріне жете зерттеліп, жан- жақты ойластырылған материалды ғана аудиторияға ұсынуға толық моральдық этикалық құқы бар. 5. Егер материалдың фактісіне күдігі, күмәні болса, онда журналист ол материалды кейінге қалдыруы тиіс. 6. Журналист біреулерді қаралап та, өтірік мақтап-мадақтап та жазуға құқы жоқ. Ондай жағдайда журналист аудитория алдында жауап береді. Объектілерді зерттеу, адамдармен әңгімелесу барысында болмашы, елеусіз тұрпайылық, дөрекіліктен шындық ашылмай қалуы мүмкін. Этика тұрғысынан объектілерді зерттеудің факт, мәлімет жинаудың 2 түрі бар: 1. Ашық 2. Жасырын түрде зерттеу. Материалдарын, деректерін ашық түрде жинау тәсілінде журналист белгілі органдарға барып, шаруасын ашық айтуы тиіс. Көптеген түрлі себептермен ашылмайды. Ондайда журналист олардың тілін тауып, алған мәлімет деректерге басымен жауап беретіндерге сөз арасында әдеппен есіне салуы тиіс. Объектіні зерттеудің, факт жинаудың жасырын немесе құпия түрінде адамдар журналисті білмейді. Мұндайда журналист такси айдаушыға, сатушы да жол серіктері болуы мүмкін. Бірақ қандай жағдайда әдеп, этикадан озбау керек. Мәлімет алу барысында журналист қашан шындыққа көзі жетпейінше, ішкі қарсылығында мәселеге қосылатын, қосылмайтынын да білдіруі тиіс. Қандай жағдай болмасын, кіммен сөйлеспесін журналист алдында отырған адамның кей жағдайда салт-дәстүрін ескеріп, жеке басының кемшілігін көзге шұқып айтпай, керісінше оны мұқият тыңдауға, дауыс көтермеуге, денсаулық жағдайын ескеру керек. Журналист алынған мәліметтің барлығы да материалда тексеріледі, қамтылады деп уәде беруі беріп, кейін айналып қалуы мүмкін. Ондай жағдайда уәдесін жұтпау үшін, адам, жер, су, атауларын өзгертіп те фактілерді толық қамтуға болады. Журналист жақын адамдардың арыз шағымдарын абайлап пайдалануы тиіс. Мақаланы кейіпкеріне көрсетіп алуы тиіс. Цитат/дәйекті сөз/ өте қатты мұқият болған дұрыс. Бақылау сұрақтары: 1. Этика тұрғысынан обьектілерді зерттеу 2. Журналистің кәсіби моральдық этикалық принциптері не арқылы айқындалады? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Прохоров Е.П. Введение в теорию журналистики.М:1989 2. Елеукенов Ш.Р. Кітаптану негіздері. А.,1999 3. Ворошилов В.В. Журналистика. Учебник-СПб.:1999 4. Б.Жақып Публицистиканың шығармашылық негіздері 5. Б.К.Барманкулов Телевидение: деньги или власть. А.,1998 4-Дәріс. Әдеп. Әңгіме әдебі немесе журналистің сұхбат сыр тарту мәдениеті Термин латынның “терминус” деген сөзінен туындаған сөз. Мағынасы шек- шекара. Этика – грек тілінен тілінен енген термин сөз. Мағынасы салт- дәстүр, әдет-ғұрып, жол, жоралғы, ырым, үрдіс. Зерттеу объектісі – мораль қазақша баламалары әдеп-тілек, инабаттылық, имандылық, адамгершілік, ізгілік, сыпайылық, бекзаттық, тектілік. Этикет-бұл француз сөзі мағынасы тәртіп. Бұл көбіне көп адамның өзін-өзі ұстау, сөйлеу немесе жүріс-тұрыс. Мәдениеттілікке жақын ұғымды білдіреді. Этикетка-бұл француз тілінен енген сөз, мағынасы ярлық. Эстетика-бұл грек тілінен енген термин сөз. Мағынасы қызығу, ұнату, көркемдікке, сұлулыққа, болмысқа ұмтылу. Такт-бұл да әдеп мағынасындағы сезім, сезім өлшемі. Тактика-грек тілінен енген термин мағынасы әскери әдіс-тәсіл, айла. Маневр-әскери термин француз тілінен енген сөз мағынасы әскери әдіс-тәсіл, айла. Қазақтарда жөн-жоралғы, ырым деген мағынаны береді. Нюананс-ню-ағылшынша ауыспалы мағынасында жіңішке ойлау. Манера-яғни бір нәрсенің әдіс-тәсілі, тілі. Дипломатия-термин грек сөзі “диплома” деген сөзінен алынған мағынасы сезім, сенім, қағаз. Норма-үлгі, заң, ереже, тәртіп, жол-жоба деген мағына береді. Латын тілінен енген сөз. Ауыспалы мағынасы шек-шама. Критерий-гректің сөзі “грейтерион” деген сөзінен туындаған термин өлшем, өлшеуіш, дәлел. Хартия-грек сөзі. Қоғамның саяси мағынасы бар құжат. Кодекс-латынша кітап деген мағына береді. Яғни адамгершілік, ізгілік, жайындағы кітап. Мораль-латын тілінен енген сөз мағынасы адамгершілік, имандылық. Гуманизм-латынның “гуманус” деген сөзінен шыққан, яғни адамгершілік, ізеттілік, қайырымдылық деген мағына береді. Диплом-грекше екі бүктелген қағаз. Әңгіменің де әңгімесі, әңгімешілдің де әңгімешілі бар. Әңгіме, абыр- дабыр, абыр-сабыр әңгіме, көптен көріспеген адамдардың арасында болған қауқылдасқан, біреуді-біреу түсінбейтін жамырасқан әңгіме, жаға жыртысқан жан-жал әңгіме, әзіл-қалжың қатысқан ақ-жарқын, жайдарман жаймашуақ әңгіме, таң атқаннан түн батқанша таусылмайтын көкмылжың әңгіме, өсек-аяң әңгіме, намыстан туындаған күйіп-жанған әңгіме, іскер әңгіме, дипломатиялық әңгіме т.б. Баршаға ортақ әңгіме бар да, әр ортаның өзіне шақ әңгіме. Жасанды әркімнің дауысына еліктейтін адамдардың дауысы бар. Мазақтайтын дауыс бар. Әр кімнің өз дауысы бар: шіңкілдек дауыс, ащы дауыс, қырылдақ дауыс, мақтаншақтарда болатын маңқылдақ дауыс, арылдаған дауыс, тыңдаушыны тез шаршатып тастайтын шаңқылдақ дауыс. Сұрақ сауалға қарай жауаптар. Адамдармен әңгімелесу, сырласу, сыр тарту барысында сұрақ-сауал қоя білу керек. Сауал сұрақтың да өзіндік мәдениеті болады. Жер теуіп дікілдеп зікілдеп сұрақ қою, сағыз шайнап міндетсіп сұрау, тамыр басып барлар сұрау, тұспалдап сұрау, күлдіріп сұрау, білгішсініп сұрау. Бұл жолдардың туынды мағынасы күтіп, тосып, жылы жүз танытып сұрау, әзілдесіп әңгімелесе, сыбырласып әңгімелесу. Шешен сөйлеу, суық бетпен жылусыз сөйлеу, айбат шегіп қорқытып сөйлеу. Бақылау сұрақтары: 1. Мәдениеттілік этика ұғымдары 2. Журналистің әңгімелесу барысындағы мәдениеті 3. Іскерлік сөз мәдениеті дегеніміз не? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Прохоров Е.П. Введение в теорию журналистики.М:1989 2. Елеукенов Ш.Р. Кітаптану негіздері. А.,1999 3. Ворошилов В.В. Журналистика. Учебник-СПб.:1999 4. Б.Жақып Публицистиканың шығармашылық негіздері 5. Б.К.Барманкулов Телевидение: деньги или власть. А.,1998 5-Дәріс. Журналистика: сөз әдебі Табу да эффемизмде барлық халықтарда кездесетін этнографиялық ұғым. Этнографиялық деген – ұлттық наным сенім, мифтер, әдет-ғұрыптар. Бұлардың барлығының этикалық өлшем, нормалары бар. Мәселен: түркі халықтарының тілдерінде қасқыр, қандала, рак т.б. сөздерін көп ретте тура мағынасында емес өзгертіп алынады. Құлаққа жағымды жеңіл етіп аламыз. Итқұс, қарауыз, терісауыз, ұлыма деген сөздермен алмастырады. Табудың тура мағынасы тиым салынған айтуға болмайтын сөздер, ұғымдар. Қазақ әйелдері қайныларының, қайын сіңілілерінің атын атамаған, оларға ат қойған: шырақ, төрем, ақ төре, төрежан, кербез, ақ кербез, мырза бала, тентек, еркем. Қазақ әйелдері үлкенге ат қойғанда оларды: ата, әже, ене атаған. Сонымен қатар олар ата-енелеріне, ауыл үлкендеріне, олардың дене бітіміне, кәсібіне, жағымды, жағымсыз іс-қылықтарына қарай ат қойған: семіз сары, қабан қайнаға. Кәсіп мамандыққа қарай: дүкенші аға, мұғалім бала т.б. Табу термині – французша «taboo». Қай тілде қалай айтылып, жазылса да мағынасы бір қатаң тәртіп. Эффемизм – грек тілінен енген. Дұрыс сөйлеу, дұрыс жазу деген мағына береді. Ауыспалы мағынада естіген құлаққа ерсі тұрпайы сөздерді, жанға жайлы сөздермен ауыстыру. Қытай әкімшіліктері 50-ге жуық сөздер мен сөз тіркестерін қолдануға үзілді-кесілді тиым салған. Олар: сіздің шаруаңыз емес, білмеймін, неге желінше жабысып қалдыңыз. («Қазақ елі» 1995ж. 20. 10). «Күліп тұрған бетті жұдырықпен ұрмайды». (Қытай). Журналистің кәсіби ерекшелігі оган көптеген әлеуметтік жауапкершілігі жүктейді. Этика – деген адамгершілік келбетті айқындайтын моральді тәртіпті талап ететін ғылым салаларының мінез – құлқы мен олардың сана – сезім ерекшеліктерімен, қоғамдағы ережелері, формалары, заңдары, талаптары орындау өзгешелігімен, сондай – ақ қоғам пікірімен айқындалады.Журналистік этика қазіргі кездегі журналистік мамандды игерген әрбір азаматқа өзіндік кәсіби талап – тілектерді қояды.Журналистік этика ұғымын 2 мағынасы бар: 1. Ж.Э. тар мағынасында – журналистің адамгершілігі, ізеттігі, инабаттылығы т.б. қасиеттерімен айқындалады. 2. Ж.Э. Кең мағынада – журналистің шыншылдық және обьективтілік принциптеріне тікелей байланысты, яғни ж.э нормаларын сақтау делінген – шындық фактілерді жазу, ақиқар өмір құбылысын бейнелеу, өтірік, дәлелсіз өсекке, жала жабу шындық фактілерді бұрмалап жазуға жол бермеу болып саналады. Ж.Э журналистік қызметтің көптеген жағдайда көрініс тауып отырады. Мысалы, журналист пен аудитория арасындағы байланысты журналист информация көздерін пайдалануда, шығарманың кейіпкерімен тілдескенде материалдың авторын, редакторын, ұжым мүшелерін, әріптестерімен қарым-қатынасын түсіндіруде журналистік этика нормалары сақталуы қажет. БАҚ туралы заңда журналистік әтиканың мәселелері сөз және баспасөз бостандығы арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ 32-бапта Біз және БАҚ туралы заңды бұзғандығы үшін жауапкершілік белгіленген. Сөз бостандығы теріс пайдалану шындыққа сай келген жеке азаматтың немесе ұйымдардың ар-ожданы мен қадір-қасиетіне кір келтірген мәліметтер тарату Ақпарат құралы сот-а ықпал етуі ҚР заңына сәйкес қылмыстық немесе өзге жауапкершілікке әкеп соқтырады. 42-бабында: моральдік заңдарда былай делінген: БАҚ азаматтарының ар-ожданы; қадіріне кір келтірген шындыққа сай келмеген немесе мүліктік емес нұқсан келтірген мәліметтер тарату азаматтарға келтірген моральдік зиянды сол шешім бойынша БАҚ және кінәлі лауызымды адамдар өтейді. Ж.Э бұзбау мақсатында ақиқат дерек жинау үшін: 1. Факт жинаудың ашық түрі. 2. Информациялық байланысқа түсудің жабық түрі. Журналистика этикасын айтпас бұрын этиканың өзіне тоқталып кетеді. Этика – грек тілінен енген термин сөз. Мағынасы – салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жол-жорағы, ырым, үрдіс. Зерттеу объектісі – мораль қазақша баламалары әбептілік, инабаттылық, имандылық, адамгершілік, ізгілік, сыпаылық. Ал осы журналистің кәсіби моральдық, этикалық принциптері деген қалай талданады. Ол үшін а) халықтығы, ә) бұқаралығы, б) шыншылдық, объективтілік. Яғни, журналистің жеке басының этикасы жалпы принципінен туындайды екен. Принцип – латын сөзі – негіз, қағида, ереже немесе бір нәрсенің бастауы. 1. Журналист өз ұжымына, өз басылымына адал қызмет етуі тиіс. 2. Журналист өз сөзіне, өз ой-пікіріне жауапкершілікпен қараумен қатар халықтың да ой-пікіріне жауапкершілікпен қарау керек. 3. Журналистің алдында әрдайым аудитория үшін не істеу керек? Бұл шығармам аудиторияға қажет пе? Олардың арман-мүддесін қолдаймын ба? делінген этикалық сұрақтар тұру керек. 4. Факт мәліметтері көп, ақиқат шындығы әбден жеріне жете зерттеліп, жан- жақты ойластырылған материалды ғана аудиторияға ұсынуды толық моральдік этикалық құқы бар. 5. егер материалдың фактісіне күдігі, күмәні болса, онда журналист ол материалды кейінге қалдыруы тиіс. 6. Журналист біреуді қаралап та, өтірік мақтап, мадақтап та жазуға құқы жоқ. Ондай жағдайда журналист аудитория алдында жауапты. Объектілерді зерттеу, адамдармен әңгімелесу барысында болмашы елеусіз, дөрікіліктен шындық ашылмай қалуы мүмкін, журналист мұндай жағдайда дөрекілік туғызбауға тырысуы қажет. Этика тұрғысынан объектілерді зерттеудің факт, мәлімет жинаудың екі түрі бар: ашық және жасырын т. зерттеу. Материалдан, деректерден ашық түрде жинау тәсілінде – журналист белгілі органдарға барып, шаруасын ашық айтуы тиіс. Көптеген жағдайда шындық ашылмай жатады. Ондайда журналист олардың тілін тауып алған мәлімет, деректерге басымен жауап беретіндерге сөз арасында әдеппен еске алуы тиіс. Ал объекті зерттеудің жасырын түрі немесе құпия түрін адамдар білмейді. Мұндайда журналист такси айдаушы, сатушы, жол серіктері болуы мүмкін. Бірақ, қандай жағдайда әдеп, этикадан озбауы керек. Мәлімет алу барысында журналист шындыққа көзі жетпейінше, ішкі қарсылығында мәселеге қосылатын, қосылмайтынын да білдіруі тиіс. Қандай жағдай болмасын, кіммен сөйлеспесін журналист алдында отырған адамның кей жағдайда салт-дәстүрін ескеріп, жеке басының кемшілігін көзге шұқымай, керісінше оны мұқият тыңдауға, дауыс көтермеуге, денсаулық жағдайын ескеру керек. Әдепті журналист (мысалы мен сияқты) мәлімет алу барысында адамдарды қалдырмау үшін қай жерде, қандай уақытта әңгімелескеніміз дұрыс болады деп олардың өзімен ақылдасады. Қажет болған жағдайда уақыт белгілейді. Оған дейін ойын жинақтайды, көтерер мәселесәне толықтай дайындалады. Адамдардың ішкі істеріне араласу да журналисттік әдепке жат. Жасырын тексеру барысында журналист өзін қалай ұстау керек, мұның да өз әдеп, нормасы бар. Журналист алынған мәліметтің барлығы да материалда тексеріледі, қамтылады деп уәде беруін беріп, кейін ойланып қалуы мүмкін. Ондай жағдайда уәдесін жұтпау үшін, адам, жер, су атауларын өзгертіп, фактілерді толық қамтуға болады. Журналист біреудің сілтеуімен, біреудің иек қағыуымен жазбай, өз жүрегінің қалауымен өз көзімен көрген нәрсесін жазу керек. Кім туралы жазса да журналист мақалын кейіпкеріне көрсетіп алғаны абзал. Цитат (дәйекті сөз) – қа өте қатты мұқият болған жөн. Журналист көңілшек бломауы тиіс. Әрбір материал жазу барысында өз т мамандығына құллай беріліп, адал жұмыс істеуі керек. Хабарға ойдан ештеңе қоспау керек. Жинаған материалын көбінесе құпия ұстауы керек. Бақылау сұрақтары: 1. БАҚ туралы заңнан журналистік этика туралы бабын конспектілеу. 2. Этика тұрғысынан объектілерді зерттеу 3. Журналистік этика ұғымы Ұсынылатын әдебиеттер: 1. 1. «Заң газеті» 27-қараша, 1996 жыл. 2.С.Сейфуллин «Тар жол тайғақ кешу» кітабынан «Баспасөз туралы» мақаласын конспектілеу 3. М. Дулатов Шығ. Мен «Баспасөз үмесі» мак. Конспект 4. М. Әуезов «Қазақстанның қалам қайраткеріне» мақала конспект ІІ. А) Берік Бейсенұлы Ш. Мұртазамен сұхбат.»Мен енжарлықтан қорқам» «Жас Алаш» 24.02.01. Ә) Ф.Оңғарсынова «Ана тілімізде сөйлеуге неге қорланамыз» «Ег.Қаз- н» 23.02.01. Б) «Қасиетсіздік» «Егемен Қазақстан» 23.02.01. Ғ.Мүсірепов «Журналистік этика жайлы» «Ег.Қазақсан» 31 қазан 1997 Қ.Р.Мәдниет туралы заңы «Ег. Қаз – н» 28.12.96ж. 6-Дәріс. Шешеннің сөйлеу мәдениеті Шешеннің өзіндік көзқарасының ой ұшығы, сезімі мен ойлары, оның сөйлеу логикасы мен фактологиясы аудитория үшін дыбысталған сөз күйінде көрініс табады. Шаршы топ алдында шебер сөйлеу білігі сияқты шешеннің басты қасиеті оның ойын ақырына дейін мейлінше дәл білдіруге көмектесетін бірден-бір айқын да жарқын сөздерді екшеп ала білу білігімен бөлінбес бір тұтастықта болып келеді. Бұл білік-дағдының мән-мағынасының өте жоғарылығы – көбіне шешен шеберлігін оның мәдениетімен байланыстыра қарастыруда. Ал оның ішінде алғашқы орынға сөз сөйлеу дұрыстығын қоямыз. Дегенмен аудиторияның назарын аударту үшін, тыңдаушының көзін жеткізу, сендіру үшін, жай ғана сөз дұрысты жеткіліксіз. «Дұрыс сөйлеу» және «дәл сөйлеу» ұғымдары өзара байланысты болғанмен де, мағынасы мен көлемі жағынан сәйкесті емес. Демек, сөзді «дәл қолдану» мен «дұрыс қолдану» дегеніміз мәндес емес. Мәселен, «Тамағы тоқтық, уайымы жоқтық тасытар адам баласын» десек те, дұрыс, бірақ ол «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» дегендей дәл емес. Себебі соңғыдағы белгіленген сөздер мағынасы, әсіресе, өлең үшін аса қажетті дыбыс әуезділігі жақтарынан алдыңғыға қарағанда әлдеқайда сәйкесімді. Бұдан, алдымен, «дұрыс» пен «дәл» мағыналарының бір еместігіне көзіміз жетсе, екіншіден, сөзді дұрыс жұмсай білу дәлдікке қанаттас, оған жету жолындағы алғы шарт сияқты. Сөзді дұрыс қолдана білмеген жерде дәлдік жоқ. Ал дұрыс, дәл сөйлеу үшін сөздің мағынасын, орнын, стильдік иірімдерін жақсы білумен қатар, бай лексика, тілдік тәсілдерге жетіктік, өмірді жан- жақты білу, ой қуаттылығы қажеттілігі сөзсіз. Сөйлеу мәдениеті мәселесінде ауызша сөйлеу стилі, сөз сөйлеу тілінің негізгі талаптарын сақтау және сөйленер сөздің мәнерлілігін арттырар құралдарды қолдану сияқты үш ерекшілігін бөле-жара атауымыз қажет. Халықтың тіл мәденеитін, сөйлеу мәдениетін арттыру мәселесі күн тәртібінен түспек емес. Қай саланың қызметкерлері болмасын, тіл мәдениетінің, сөйлеу мәдениетінің жоғары болуы маманның биік талғамына да байланысты. Үгіт-насихат жұмыстарында болсын, халыққа әдебиет, өнер арқылы эстетикалық тәрбие беру жұмысында болсын, әрбір маман қызметкерлердің айтқандары мен жазғандары тіл жағынан да мүлтіксіз болуы тиіс. М.Балақаев: «Халықтың тіл қазынасын меңгеру, тілді өткір құрал ретінде ұстарта білу – үлкен өнер. әрбір мәдениетті кісі сол өнерді үйренуге, тіл мәдениетін арттыруға талпынады», – деп жазады. Тіл – мәдениетінің елеулі формасы. Ғалымдардың пікірінше, тіл мәдениеті деген ұғым тілдің мәдениетке қатысты екенін аңғартпайды, тілдік тәсілдердің кемелдену, ширау, жүйелену дәрежесінің қандай екенін меңзейді. Сол себептен де сөйлеудегі, айқын ойлылық, ізеттік тіл мәдениетіне енеді. Мақсат – сол мәдениеті үшін күрес – тіл тазалығы, ой дәлдігі үшін күрес те. Баспасөзге жүктелер аса жауапты міндеттің бірі – халықты тіл мәдениетіне үйрету. Қазақ баспасөзінің бұл саладағы рөлін жоғары бағалауымыз керек. Дегенмен баспасөз бетінде де, жеке кісілердің сөзінде, жазуында да тіл мүкістігі, тіл мәдениетінің ақауы байқалмайды емес. Сол себептен де тіл орашолақтығы бара-бара «Тіл ауруына айналмауы үшін», сөйлеуде, жазуда кездесетеін кемшіліктерді дер кезінде қоғам тиесіне салып отыру артық емес. Бақылау сұрақтары: 1. Тіл мәдениеті дегеніміз не? 2. Тіл мәдениетін арттырудың жолдары 3. Сөйлеу логикасы мен фактологиясы Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Прохоров Е.П. Введение в теорию журналистики.М:1989 2. Елеукенов Ш.Р. Кітаптану негіздері. А.,1999 3. Ворошилов В.В. Журналистика. Учебник-СПб.:1999 4. Б.Жақып Публицистиканың шығармашылық негіздері 5. Б.К.Барманкулов Телевидение: деньги или власть. А.,1998 7-Дәріс. Сөз немесе баспасөз бостандығы БАҚ туралы заңда көрсетілген: Сөз бостандығын теріс пайдалануға жол берілмейді. Қоғамдық құрылымдарды күштеп құлатуға немесе өзгертуге республиканың егемендігімен территориялық тұтастығын бұзуға шақыру. Соғысты, зорлық-зомбылық пен қатыгездікті, нәсілдік ұлттық діни астамшылықты немесе төзімсіздікті насихаттау және рулық артықшылықтарды қатыгездік пен зұлымдыққа жол берілмейді. Журналистің құқықтары. Журналист лауазымды адамдардың қабылдауында болуға, суретке түсіруге, куәлік көрсетіп, шеру митингтерде табиғат апаттары болған жерлерде болуға, өзінің намысына қайшы келетін материалды өз қолын қойып жазуға, бас тартуға, редакция материалдарын әзірлеу барысында мазмұны бұрмаланған материалдан өзінің қойған қолын алып тастауға, авторлық құпияның сақталуын ескерген тиіс. Журналистің міндеттері. Журналист редакцияның ішкі тәртібін орындауға немесе жарғысын (устав) басшылыққа алуға азаматтың құқықтарын, заңды мүдделерін, ұлттық қадір-қасиетін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құқықтарын заңды мүдделерін құрметтеуге міндетті. Егер журналист бұл міндеттердің үдесінен шықпаса, заңды белінен басса заң алдында жауап береді. Бақылау сұрақтары: 1. Журналистің міндеттері 2. Журналистің құқықтары 3. Авторлық құпия дегеніміз не? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Кузнецов Г. Журналист на экране. Москва,1985 4. Лазутина Г.В. Профессиональная этика журналиста. Москва,1999 3. Любосветов Д. Радиожурналист и процесс общения. М., 1997 4. Омашев Н. Қазақ радиожурналистикасы. – А., 1992 5.Омашев Н. Жол үстінде-журналист. Алматы, 1999 6.Рендаль Д. Универсальный журналист. Алматы, 1996 7.Серғалиев М. Көркем әдебиет стилі. Алматы, 1995 8.Шамақайұлы Қ. Журналист шеберлігінің негіздері. Қарағанды,2001 8-Дәріс. Диктор, актер, журналист жүргізушіге байланысты тіл қолданыстары Диктор – бұл радионың немесе теледидардың өзіне ғана тән, дүниеге оның өзімен бірге келіп, бірге жасасып келе жатқан басты тұлға, өнім дайындаушы редактор мен сол өнімді пайдаланушы тыңдаушының арасындағы дәнекер. Дикторлар қызметте көбінесе екі бағытта – диктор-информатор және диктор-бастаушы болып пайдаланылады. Диктор-информаторға оқып беру тән болса, диктор-бастаушыға көрерменге, тыңдаушыға әңгімелеп беру немесе ауызекі сөйлегендей айтып беру лайық болады. Осыған орай, диктор-информатор жұмысының біршама жеңіл екендігін айтуға тиіспіз. Оған диктордың дауыс ырғағы, күштілеу дауыс әуені болса, информацияларды жақсы, анық әрі нақышына келтіріп оқып шығуға әдбен болады. Сөз жоқ, информацияларды, ресми документтерді оларға тән көтеріңкі үн ырғақты әрі сенімді дауыспен оқу керек. Ал диктор-бастаушы ретінде олар материалды зор әзірлікпен әрі бар ынта- жігермен, актерлік шеберлікпен оқуы керек, «есте болсын»: мағынасыз сөз болмайды, әрбір диктор сол мағынаны дөп басып таба білу керек. Бұл жағдайда оқиғаны әңгімелеп беру, кәдімгідей екі кісінің немесе көп кісінің әңгімесі секілді айтып беру әдісі тән» 1 дейді қазақтың Левитаны атанған Әнуарбек Байжанбаев. Диктор қай материалды болсын артистен кем оқымауға тиіс. Материал оқуға не эфирде сұхбат жүргізуге диктор не хабарды жүргізуші болсын күн ілгері әзірленген болуы керек. Эфирге баратын хабарларды бір емес, бірнеше рет ежіктеп оқып шығып, оның қажетті жерлеріне қарындашпен белгі соғып, өте ынта қойып, зор ықылас аударып оқыған диктор-жүргізуші ғана өзінің көздеген мақсатына жетеді. Теледидар жүргізуші сөз мәдениетінің, сөйлеу шеберлігінің, шешендік өнерінің үлгісі болуға тиіс. Мол білімді, кәсіби шеберлігі жоғары, қызмет тәжірибесі бай, табиғи дарыны бар жүргізуші ғана осындай биік талап деңгейінен шыға алады. Диктор – сөз мәдениетінің, сөйлеу шеберлігінің, шешендік өнердің насихатшысы. Демек, диктордың қате сөйлеуге, қателесуге қақысы жоқ. Ол күнделікті жұмысында осы жайды мұқият ескеріп тыңдаушы алдындағы жоғары беделден айрылып қалмау қамын ойластырып отыруға тиіс. Мол білімге, тартымды тәжірибеге, тиісті дарынға ие диктор ғана әрдайым талап дәрежесінде бола алады. Бақылау сұрақтары: 1.Принцип сөзінің мағынасы 2.Журналистика пинципі неше түрде қалыптасқан? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Прохоров Е.П. Введение в теорию журналистики.М:1989 2. Елеукенов Ш.Р. Кітаптану негіздері. А.,1999 3. Ворошилов В.В. Журналистика. Учебник-СПб.:1999 4. Б.Жақып Публицистиканың шығармашылық негіздері 5. Б.К.Барманкулов Телевидение: деньги или власть. А.,1998 9-Дәріс. Сөйлеу тілі мен радио тілінің ерекшеліктері Радио тілі – халықтың бай сөйлеу тіліне негізделеді. Бұл орайда радио хабарларының газет тілінен айырмашылығын ескеру керек. Айталық газет тілінде жазба тіл қолданылған болса, электронды ақпарат құралдарында олай емес, себебі микрофон арқылы және есту арқылы қабылданатын дыбыстық сөзбен негізделетін хабарлар өзіндік ерекшелігімен қолданылады. Кейінгі кездерде ғалымдардың тоқайласқан пікірі осыған саяды. Мысалы: радио тіл стилін зерттеуші ғалымдардың бірі Шнейдер былай дейді, «радиода газет тілі емес, кітап тілі емес сөйлеу тілі қажет етеді», - дейді. Демек, радио тілі ауыз екі тілді қолдана отырып күнделікті тұрмыста қолданылатын кейбір тұрпайы сөзді ақпарат құралы болғандықтан қайталанбауы тиіс. Яғни ауызша тілдің сұрыпталған, іріктелген сипаты пайдаланылуы керек. Сондай-ақ радиохабардың түрлеріне байланысты және жанрларына байланысты тіл стилдері өзіне тән ерекшеліктермен қолданылады. Мәселен, жаңалықтар мен соңғы хабарларда тіл қолданыстарын өте бояумен қабылдатпай қолдану қажет, яғни қысқа ақпарат үшін нақты, дәл, анық, аз сөзбен көп мағына беретін сөз тіркестерін, фразаларды қолдану қажет. Ал әдеби драмалық хабарларда тілдің көркемдік бояуларын барлық сипатында пайдалану керек. Бұл орайда тілдің көркемдік мәселелесіне аса назар аудару қажет. Халықтың немесе тыңдаушының радио мен ТВ берілетін хабарларды қабылдауына радио және ТВ журналистер ең бірінші кезекте мән беруі тиіс. Мәселен: көрінбейтін сөз арқылы берілетін радиохабарларды тыңдаушы қауымның ойша бейнені, образды түсінуі мен көңілінде елестетіп қабылдауына мүмкіндік туғызу керек. Радио журналистер осындай шарттарды толық меңгере отырып өзінің хабарларын қызықты да тартымды шығуына күш салады. Радио хабар көбінесе сөздердің монолог және диалог тілдері көп қолданылады. Монологта – радионовелла радио хат сияқты жанрлық формалар пайдаланылады. Монологтың тағы бір табиғаты жеке адамның немесе репортердің өзінің сөйлеуі арқылы қажетті ақпараттық мәселелерді тыңдаушыға жеткізуі кейде іштей өзіне-өзі айтқан сөз шеберлігін ұқыпты пайдаланып тыңдаушының ұғымына қиындық туғызылмауы тиіс. Ал диалог сөзерде болатын болса 2 немесе одан да көп адамдардың сөйлесуі, әңгімелесуі арқылы сұрақ-жауаптар түрінде хабар ұйымдастырылады. Ол қасиет радиоға да ТВ тән болып келеді. Осындай жағдайларға байланысты радиожурналистің хабар жасаудағы әдіс-тәсілдері туындап электронды ақпарат құралдарды журналистердің алдында өмірге тән жаңа міндеттер туындап отырады. Бақылау сұрақтары: 1. Ауызекі тіл мен газет тіліндегі айырмашылық 2. Тележурналист бірінші кезекте неге мән беруі тиіс? 3. Радиода неге диалог және монолог сөздер жиі қолданылады? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Омашев Н. Қазақ радиожурналистикасы. – А., 1992 2.Омашев Н. Жол үстінде-журналист. Алматы, 1999 3. Шамақайұлы Қ. Журналист шеберлігінің негіздері. Қарағанды,2001 10-Дәріс. Ақпарат және көркем хабарлардың жанрлық тіл кестесі Радиохабарларда берілетін түрлеріне байланысты өзіндік тіл кестелері ерекшелікпен қарастырылу абзал. Бұл жағдайда радионың хабарлама жанрлары немесе заметка түріндегі материалдар басқа жанрларға қарағанда әжептәуір айырмашылықтармен қолданылады. Бұл ретте осындай қысқа хабарлардың тіл бояуы аса қалыңдатылмауы керек. Себебі ақпарат хабарларының ерекшеліктеріне сай тек баяндау, хабарлау мәні ғана болатынын ескерген жөн. Айталық жаңалықтар мен соңғы хабарларда тек бірен саран ғана фактілер мен жекелеген оқиғалар өзек болатыны белгілі. Сондықтан мұндағы тіл қолданысы ойды шұбалаңқылыққа ұрындырмайтындай және сөйлем сөздердің шашырандылығына жол берілмейтіндей болу керек. Бұл жерде қысқа тұжырымды оймен, қысқа түйінді сөздерді пайдалану талап етіледі. Сонымен бірге мұндай хабарлардың стильдік айырмашылығын да ескеру қажет. Яғни мұндағы стильдер де күрделілікке соқпай телеграфтық стиль болса артық емес. Десек, жанрдың табиғаты да осыны қажет етеді. Сондай-ақ көркем жанрларға келетін болсақ тіл бояуларының барлық және жан-жақты бояуларын қолдануға тура келеді. Радиопублицистиканың көркем жанрлардың ішінде радиоочеркке, радиофельетонға өзгеше қарау керек. Яғни, бұл 2 жанрдың да көркемдік түрге табиғаты әлгіндей ақпараттық шағын жанрларға қарағанда күрделі әрі толымды болуы тиіс себебі мұнда әдебиет шығармаларындағы секілді тілдің қанық бояулары қолданылып отыратыны айқын. Бақылау сұрақтары: 1. Көркем-публицистикалық жанрлар 2. Ақпараттық хабарларда тілді қолдану 3. Хабарлардың тіл бояуы деген не? Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Омашев Н. Қазақ радиожурналистикасы. – А., 1992 2.Омашев Н. Жол үстінде-журналист. Алматы, 1999 3.Рендаль Д. Универсальный журналист. Алматы, 1996 4.Серғалиев М. Көркем әдебиет стилі. Алматы, 1995 5.Шамақайұлы Қ. Журналист шеберлігінің негіздері. Қарағанды,2001 11 -Дәріс. Шешен этикасы Шешеннің этикалық мәдениеті психологиялық мәдениетімен, қарым- қатынасты сәтімен жүзеге асыру тактісімен, білік дағдысымен тығыз байланысты. Сөйлеу шеберлігінің осы жағы коммунативтік мәдениет не қарым- қатынас мәдениеті деп аталады. Этикалық норма шешеннің барлық іс- әерекеті сөз сөйлеуге даярлықтың алғашқы мезетінен бастап, сөйлеген сөзге өз бетімен жасаған сыни талдауға шейін қамтиды. Сөйленер сөздің сәтті болуы сендірудің тиімді нәтиже беруі аудиторияның әлеуметтік психологиялық табиғатының жағымды болуына бірден- бір байланысты. Шешеннің уағыздаушы идеясы қабылдамас бұрын ең әуелі аудитория шешеннің өзінің сенім, құрмет туғызатын адам ретінде қабылдауы тиіс. Мәселен, өз кезеңінде Цицеронның шешенді қалыптастырудағы бірден- бір маңызды пәндерінің қатарына этика мен логиканы қосқанын білеміз. Соның ішінде этиканы білмеген шешеннің тыңдаушылары өзіне назар аударта, ынтызар ете, еліте әрі жемісті нәтижеге жете алмайтыны туралы айту тегіннен тегін болмаса керек. Шешен этикасы – адамгершілік нормаларының бағдарлау құндылықтарының, оның міндеттеріне, жұмыс мақсатына, тыңдаушыларына қатынасын анықтайтын тәртіп ережелерінің жиынтығы. Шешен тұлғаның өзі, оның эррудициясы, ұстанымшылдығы, сенімділігі, өзіне- өзі сыни көзқараста болуы этикалық мәдениеттен толық хабардар етсе керек. Шешендік этиканың аса мәнді элементтерінің бірі- аудиторияға құрметпен, жылылықпен қараудан тұрған такт, ашықтық сезімталдық қалып ұсталуы. Тактіні тәжірибесіз шешен ақыл айту, білгінсіну, үйрету тонына немесе мірдің оғындай өте қатқыл беделді тұжырымдамаларға жүгінудің қажетсіздігі бола тура осы бағытқа оп- оңай түсіп кетуі әбден мүмкін. Бұл, әсіресе, академиялық және іскерлік шешендік сөзде ерекше маңызды. Сонымен бірге, сөйленер сөздік дыбысталу формасы да этикалық мәнге ие. Мәтін бойнша оқылғаннан сөйлеу әлде қайда қиынырақ. Тек, жанды сөз жұғымды әрі көбірек әсер етпек. Байланыс тетігін сенім ауаның қалыптастыруға септеспек нәтижесінде сөз сөйлеудің тиімділігін қамтамасыз етпек, демек, шаршы топ алдында сөз сөйлеу де сенімділікке жетуге құрамына сәлемдесу, мәлімдеу жиынтығы сөйлеуші мен тыңдаушы аралық кеңістік байланысы, шешеннің ым, ишарат қозғалыстары жүйесін қамтитын сөйлеу этикеті басымырақ рөл атқарады. Тыңдаушылардың назарын бір арнаға жинақтауға көмектесуда сөз сөйлеудегі алғашқы фраза ерекше маңызды. Сондай- ақ сөз сөйлеудің алғашқы фразасы үлкен этикалық жүктеменің міндетін атқарады. Бір топ зерттеушілер шешеннің тыңдаушыларымен байланысын қиындататын «Өзін- өзі құрбандыққа шалар» реттегі сөз басын бөле жара атайды. «Мен сөзімді неден бастарымды білмей тұрмын», «Мен шынымды айтсам, арнайы әзірленген жоқпын», «Менің айтарым сөздерге ұнайды деп айта алмаймын» сияқты тіркестер «әрине сіздерге әрі беймәлім», «Шамасы, сіздер әлі білмейсіздер, оқыған жоқсыздар, естіген жоқсыздар...» үлгісіндегі фразалар осындай топқа жатады. Жалпы «Мен» есімдігін шектен тыс қолдану да, өз өмірлік тәжірибемізге шексіз сілтеме жасау да қажетсіз әрі орынсыз. В. Писарек бұны « мақтампаздыққа ерік беру» деп атап, «бұлайша, тыңдаушыларды қорлау ауыр күнә» деп есептеген. Ал И.Томан «Сіз» сөзін қаттырақ, ал «мен» сөзін солғынырақ дыбыстауға кеңес береді. Этикеттің анық танылуы, аңғарылуы шешен мен аудиторияаралық дистанцияның қаншалықты дәл сақталуынан да байқалмақ. Әртүрлі халықтардың ұлттық-мәдени айырмашылықтарымен негізделетін кейбір ерекшеліктері барлығын мойындай отырып, түрмедегідей ортақ қағидаларды да, басшылыққа алу аса қажетті деп есептейміз: - сөйлеуші мен тыңдаушының аралық қашықтығы сөздің тегі мен жанры арқылы анықталады. Мәселен, ресми жағдаятта сөз сөйлеудегі ең үлкен дистанция 3-4 м. - Қалыпты дистанциядан алшақтау, ауытқуға байланысты жинақылықтың жоқтығын, өзін-өзі жоғары ұстаушылықты аңғартады. Бұл себептердің қай-қайсысы да, сөз сөйлеудің сәтті де жемісті болуына кері әсерін тигізеді; - Әңгіме барысында дистанцияның тарылуы байланыс пен сенімнің беки түсуіне дәлел бола алады. Сондай-ақ оны тыңдаушылар көбіне көп оларға өзге жат пікірді тықпалау қадамы, олардың ерік жігерін басып – жаншуға ұмтылыс қалпында да түсінеді. Көпшілік жағдайда тым жақын тұрып байланыс жасау қажетсіз әрі міндетті емес. Оқу орындарында шешендіктануды игеру арқылы этикалық мәдениетінің қалыптасуында шешендіктанумен байланысы мол ғылым саласы ретінде кинемика ілімі туралы айту орынды. Себебі этикеттің құрамды бөлігінің бірі әрі сөз сөйлеуі тиімділігінің факторы ретінде ым, ишарат, дене қимылы ақпараттарды берудің бірден-бір тиімді құралы. Ол сөздің әсерін үдете тусуге тән. Шешенге тыңдаушыларды сендіруге көмектесуге лайық. Ым, ишарат ұлттық шешендік өнерімізбен тығыз байланысты қолдануылуда әлеуметтік шектеілкке ие. Бақылау сұрақтары: 1. Сөздің әсерін арттыру жолдары 2. Этикеттің құрамды бөліктері деп нені айтамыз? Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Прохоров Е.П. Введение в теорию журналистики.М:1989 2. Елеукенов Ш.Р. Кітаптану негіздері. А.,1999 3. Ворошилов В.В. Журналистика. Учебник-СПб.:1999 4. Б.Жақып Публицистиканың шығармашылық негіздері 5. Б.К.Барманкулов Телевидение: деньги или власть. А.,1998 12- Дәріс. Ақпарат және көркем хабарлардың жанрлық тіл кестесі Радиохабарларда берілетін түрлеріне байланысты өзіндік тіл кестелері ерекшелікпен қарастырылу абзал. Бұл жағдайда радионың хабарлама жанрлары немесе заметка түріндегі материалдар басқа жанрларға қарағанда әжеп тәуір айырмашылықтар мен қолданылады. Бұл ретте осындай қысқа хабарлардың тіл бояуы аса қалыңдатылмауы керек. Себебі ақпарат хабарларының ерекшеліктеріне сай тек баяндау, хабарлау мәні ғана болатынын ескерген жөн. Айталық жаңалықтар мен соңғы хабарларда тек бірен саран ғана фактілер мен жекелеген оқиғалар өзек болатыны белгілі. Сондықтан мұндағы тіл қолданысы ойды шұбалаңқылыққа ұрындырмайтындай және сөйлем, сөздердің шашырандылығына жол берілмейтіндей болу керек. Бұл жерде қысқа тұжырымды оймен, қысқа түйінді сөздерді пайдалану талап етіледі. Сонымен бірге мұндай хабарлардың стильдік айырмашылығында ескеру қажет. Яғни мұндағы стильдер де күрделілікке соқпай телеграфтық стиль болса артық емес. Демек, жанрдың табиғаты да осыны қажет етеді. Сондай-ақ көркем жанрларға келетін болсақ тіл бояуларының барлық және жан-жақты бояуларын қолдануға тура келеді. Радиопублицистиканың көркем жанрлардың ішінде радиоочеркке, радиофелетонға өзгеше қарау керек. Яғни, бұл жанрдың да көркемдік түрге табиғаты әлгіндей ақпараттық шағын жанрларға қарағанда күрделі әрі толымды болуы тиіс, себебі мұнда әдебиет шығармаларындағы секілді тілдің қанық бояулары қолданылып отыратыны айқын. Бақылау сұрақтары: 1. Радиохабарлардың тіл кестелерін қалай қолдану керек? 2. Жаңалықтар мен соңғы хабарларда тіл кестесін қолдану 3. Телеграфтық стиль дегеніміз не? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Авраамов Д. Профессиональная этика журналиста. Москва,1991 2. Кузнецов Г. Журналист на экране. Москва,1985 3. Рендаль Д. Универсальный журналист. Алматы, 1996 13- Дәріс. Баспасөз тілі мен радио тілінің ерекшеліктері Барлық бұқаралық ақпарат құралдарын өз ерекшеліктеріне сай тіл қолданыстары да бірдей бола бермейтіні түсінікті. Әсіресе бұл орайда электронды ақпарат құралдарының мерзімді басылымдар тілі өзіндік өзгешеліктерін сақтайды. Соған орай тыңдаушылар мен оқырмандардың да ақпаратты қабылдауы әр-түрлі жағдайда болады. Баспасөзді оқырманның асықпай отырып, санаға сіңіріп немесе түсінбеген жерлерін қайталап оқуына мүмкіндігі бар. Сонымен бірге мағынасы ауыспалы сөздермен, астарлы сөйлемдер мен ұғу үшін уақыт өзінің билігінде болмақ. Тіпті қажет жағдайда терминдердің де түсініксіз болған мәнін сөздіктерден қарап анықталуына болады. Ал осыған керісінше радио хабарларын тыңдап отырған адам түсінбеген жайларын 2-ші қайтара естуі мүмкін емес. Себебі, эфирдегі сөз қорға жазылып алынып қалмаса, қайталап берілмейтіні белгілі. Міне осы орайда радио материалдарда тыңдаушы психологиясы өте тығыз түрде және әдеттегіге қарағанда асығыстау түрде сезіледі. Соған байланысты Радио текстер өзінің жанрлық ерекшеліктеріне сай тіл қолданыстарымен бірге ақпарат құралы ретіндегі материал беру айырмашылықтарын да сақтай білу. Мәселен: хабар жанрына жататын әдеби публицистикалық бейнелеу суреттеулер көркемдіктің барлық шарттарына жауап беруі тиіс. Бұл орайда әдеби драмалық хабарлардағы радиопьесалар әр түрлі инстенировкалар және радиоқойылымдардың жанрлық ерекшеліктеріне сай тіл қолданыстары көркемдік бояуды арттыруды қажет етеді. Мұнда теңеу эпитет сөздердің тапқырлықпен қолданыста болуы міндет. Осы ретте очерк немесе фельетон кейіпкерлерінің біреуін жағымсыз тұрғыда екіншісін ұнамды тұрғыда бейнелеу талабы туындайды. Ал мұндай жағдай творчествода жақсы шығу үшін тағы да сол тілдің көркемдік бояуларын барынша ізденістермен қолдану. Біздің журналистикадағы әдеби қырынан көрінетін мұндай жанрлардың сайып келгенде тыңдаушы үшін айтылып жүргендей тартымды болуын ескеру екені түсінікті. Әсіресе психологиялық көңіл күй эпизодтарында сол тілге жүгінетіміз аян. Музыкалық очерктерде бұрынғы өткен әйгілі өнер шеберлері және олардың шығармалары тууралы, өмірбаяндары туралы баяндалатын болса әрине тіл қолданыстары да тартымдылықпен барынша суреттеліп берілуі тиіс. Өйткені алынып отырған объект те және айтылмыш мәселеде бұл орайда құрғақ тіл қолдануды көтермейді. Демек хабарлардың да, жанрлардың өз ерекшеліктеріне байланысты тіл қолданыстары аз немесе көп бояулары қолданылатыны осындай мәселелерге қатысты болып келеді. Тағы бір айтар нәрсе радиохабардың түрлері пішіндері және жанрлары бар екенін ескеру керек. Бұлардың да тілдік қолданыстары өзіндік айырмашылықтармен белгілі. Бұл орайда пішіндерді қолданатын радиожурналдар, радиодиспуттар, радиоүндесу, радиойындар, радиовикториналар әрқайсысы өзіне тән тілдік және стильдік қолданыстарды олардың табиғатына сай пайдалану мәселесін туындатады. Бақылау сұрақтары: 1. Әдеби драмалық хабарлардағы радиопьесалар 2. Радиохабарлардағы тілдік қолданыстар 3. Радиодиспуттар, радиоүндесу, радиойындар, радиовикториналардағы әрқайсысы өзіне тән тілдік және стильдік қолданыстары Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Омашев Н. Қазақ радиожурналистикасы. – А., 1992 2.Омашев Н. Жол үстінде-журналист. Алматы, 1999 3.Рендаль Д. Универсальный журналист. Алматы, 1996 4.Серғалиев М. Көркем әдебиет стилі. Алматы, 1995 5.Шамақайұлы Қ. Журналист шеберлігінің негіздері. Қарағанды,2001 14- Дәріс. Журналистика: авторлық құқық және әдеп әлемі Авто-гректің «өзін» деген сөзінен шыққан.Авторлық құқық дегеніміз- шығармаларды пайдалану тәртібін реттеуге арналған құқық рәміздердің жиынтығы. Авторлық құқық қызметі: авторлық шарт, авторлық қаламақы(ганарар), авторлық құқық, авторлық куәлік болып бір неше салаға бөлінеді. Авторлық шарт дегеніміз- автор мен немесе мүрагерлермен баспа арасындағы өзара шарт.Келісім шарт жазбаша түрде болады. Авторлық шарттың 2түрі бар: 1Шығарманы пайдалануға беретіні туралы. 2Авторлық рұқсатнама. 1-де автордың шығармашылығына қол тимейді, яғни өңделмейді, қортындыланбайды. 2-де радлоинсинировка, киноинсинировка жасау үшін автордан рұхсат сұрайды. Авторлық қаламақы: авторлық қаламақы мөлшерін республикалық өкмет белгілейді.Егер заңда қаламақы мөлшері белгіленбесе онда шартта көрсетілген мөлшермен төленеді. Шығармаларды пайдалану тәртібін реттеуге арналған құқық рәсімдерінің жиынтығы пайда болады.Мысалы: автор қайтыс болса, оның шығармасы 25 жылдан кейін мемлекет қарауына өткізіледі.Автор келісімінсіз оның шығармасына өзгерістер енгізуге толықтырулар, илюстрациялар жасауға рұхсат етілмейді. Авторлық куәлік: бұл өнертабыс иесіне автор өзінің авторлық құқын осы куәлік арқылы қорғайды. 1996ж (ВААП) ҚР-ң авторлық және сабақтас құқықтар жөнінде мем лекеттік агентік болып өзгреді.Авторды қорғайтын авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заң. Агенттіктің міндеті, мақсаты айналып келгенде көзді, көзі жоқ қаламгерлер мен өнер адамының қаламақы, еңбекақыларын қадағалау соңғы кездегі ақын жазушылардың шығармашылығын тегін орындап сахнаға шығып жүргендер, сондай-ақ компазиторлар әндерін таспаға түсіріп т.т көбейтіп кетті.Олардың біразы ұсталып авторлық құқық заңдылық арқылы шара қолданып баспасөз беттеріне жазыла бастады. Баспасөзбен журналистік қызметтің бостандығы. Журналистика қызмет бостандығының проблемалары. «Баспасөз бостандығы» ұранының нақты тарихи мәні. Баспасөз бостандығы – саяси бостандықтардың бірі. Баспасөз бостандығының әлеуметтік-тарихи, экономикалық және заңдық қырлары. Баспасөз бостандығы туралы түсінік. «Қажеттілік», «жауапкершілік» және «бостандық» ұғымдарының арасындағы байланыс. Баспасөз туралы заң және баспасөз бостандығы. Баспасөз бостандығы және тәуелсіз баспасөз. Бақылау сұрақтары: 1. «Қажеттілік», «жаупкершілік», «бостандық» ұғымдарының өзара байланысы 2. «Сөз бостандығы» және қазіргі баспасөз 3. Авторлық құқықты қорғаудың маңызы Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Авраамов Д. Профессиональная этика журналиста. Москва,1991 2. Кузнецов Г. Журналист на экране. Москва,1985 3. Рендаль Д. Универсальный журналист. Алматы, 1996 15- Дәріс Интонация, екпін және тағы басқа туралы Электронды ақпарат құралдарында хабарлар дайындаған кезде интонацияның үнемі рөлі ерекше. Бұл әр бір хабардың мағынасын, дыбыс ырғақтарымен арқылы бейнелеу болып табылады. Сондықтан журналист жүргізушілер және басқа да хабар дайындауға эфирге қатысатын авторлар дауыс ырғағында сөз бен сөйлемдердің дыбысталу ырғағына айрықша мән беруі тиіс. Бұл орайда текстерді қолдану ауызша сөздердің тек жай ғана айтылып қоймай тыңдаушыға ерекше сезіммен жету үшін және интонациялық әсер үшін қызмет. Актерлер мен дикторлар да бұған мән беру керек. Дауыстау тез немесе жай естілуі, жоғары немесе төмен айтылуы сол хабардың естілу мәнерімен әсер етеді авторлар осындай жағдайда әрбір тілдегі сингормонизм яғни үндестік заңын дұрыс пайдалану керек. Мұнда сөздің арасы үндесіп, байланысуы сонымен бірге буындар мен жекелеген алфавиттік дыбыстардың да өзіне тән дауыс толқыны мен берілуі ерекше жет-ді. Осындағы дыбысталмай айтылатын сөз құрамдары арқылы жалпы хабардың ерекше мәнеріне көркемділігіне құлпырып түрленіп берілуіне әсерін тигізеді. Текстердің қара сөзбен жазылған жағдайында оның әсерлігін арттыру микрофондық сөзде алдыңғы кезекте тұрады. Интонация тек радиохабарлар үшін емес. Дикторлық дәрістерде сөйлеудің күнделікті өмірде, екеу ара әңгімеде, өзімен сұхбаттасып отырған айналадағы адамдарға сөз бен ойдың өтімділігін қамтамасыз етеді. Дәл осы құрылысын радио және телехабарлар үшін де білімділікпен қолдануы тиіс. Көркем сөз оқу, поэзиялық шығармалар оқу радио хабарларда тартымды болу үшін осы ырғақ мәселесіне назар аудармай болмайды. Келесі бір хабар дыбыстарының бейнелігіне әсер ететін жай екпін болып есептеледі. Бұл да журналистің әр бір сөзінің әдеби-публицистикалық бейнелеу суреттеулер көркемдіктің барлық шарттарына жауап беруі тиіс. Бұл орайда әдеби драмалық хабардағы радиопьесалар әр түрлі инстенировкалар және радиоқойылымдардың жанрлық ерекшеліктеріне сай тіл қолданыстары көркемдік бояуды арттыруды қажет етеді. Мұнда теңеу, эпитет сөздердің тапқырлықпен қолданыста болуы міндет. Осы ретте очерк немесе фельетон кейіпкерлерінің біріншісін жағымсыз тұрғыда екіншісін ұнамды тұрғыда бейнелеу таласы туындайды. Ал мұндай жағдай творчествода жақсы шығу үшін тағы да сол тілдің көркемдік бояуларын барынша ізденістермен қолдану пайда болады. Біздің журналистикадағы әдеби қырынан көрінетін мұндай жанрдың сайып келгенде тыңдаушы үшін айтылып жүргендей тартымды болуын ескеру екені түсінікті. Әсіресе, психологиялық көңіл-күй эпизодтарында сол тілге жүгінетіміз аян. Музыкалық очерктерде бұрынғы өткен әйгілі өнер шеберлері және олардың шығармалары туралы, өмір баяндары туралы баяндайтын болса әрине тіл қолданыстары да тартымдылықпен барынша суреттеліп берілуі тиіс. Өйткені алынып отырған объекті де және айтылмыш мәселе де бұл орайда құрғақ тіл қолдануды көтермейді. Демек, хабардың да, жанрдың да өз ерекшеліктеріне байланысты тіл қолданыстары аз немесе көп бояулары қолданылатыны осындай мәселелерге қатысты болып келеді. Тағы бір айтар нәрсе радио хабардың түрлері, пішіндері және жанрлары бар екенін ескеру керек. Бұлардың да тілдік қолданыстары өзіндік айырмашылықтармен белгілі. Бұл орайда пішіндерде қолданылатын радиожурналдар, радиодиспуттар, радиоүндесу, радиоойындар, радиовикториналар әрқайсысы өзіне тән тілдік және стилдік қолданыстарды олардың табиғатына сай пайдалану мәселесін туындатады. Бұл электронды ақпарат құралдарында жүзеге асатын нәрселер. Соның ішінде осы жайлардың тек радио емес ТВ-де қатысты жайлары баршылық. Бұл саланың журналистері осы бағыттағы ізденістерін әр кез дамытып отыруы тиіс. Бақылау сұрақтары: 1. Интонацияны қолданудың маңыздылығы 2. Эфирге қатысты диктор, жүргізуші журналистің дыбыс ырғағы оларды әсерлеудің жолдары Ұсынылатын әдебиеттер: Авраамов Д. Профессиональная этика журналиста. Москва,1991 2. Кузнецов Г. Журналист на экране. Москва,1985 3. Рендаль Д. Универсальный журналист. Алматы, 1996 |Тәжірибелік сағаттар | | | Сұхбат және ақпарат алу әдісі |1+0,5 | | Журналист-публицист және кәсіби шеберлік |1+0,5 | | Тілдік этикет |1+0,5 | | Сөз сөйлеу мәнері |1+0,5 | | Тележурналист этикасы |1+0,5 | | Тіл мәдениеті |1+0,5 | | Журналист кәсібіндегі шешендік өнер |1+0,5 | | Радио тілі мен стилінің зерттелуі |1+0,5 | | Какафония және эффония мен терминдер, сөздіктер туралы |1+0,5 | |ұғым | | | Орфография, орфоэпия және фонетика заңдылықтарының |1+0,5 | |БАҚ-тағы сипаты | | | Радиоматериалдарда пунктуация ережелерін қолдану |1+0,5 | | Баспасөз тілі мен радио тілінің ерекшеліктері |1+0,5 | | Сөз мәдениеті және оның БАҚ-на тән қасиеті |1+0,5 | | Актер, диктор, журналист жүргізушілерге байланысты тіл |1+0,5 | |қолданыстары | | | Интонация, екпін және тағы басқа туралы |1+0,5 | 5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ СТУДЕНТТІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ 6 ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ 3-Кесте Пәннің оқу-әдістемелік картасы |Дәріс сабағының |Семниар сабағының |Көрнекі |Өз бетімен |Бақылау | |тақырыбы |тақырыбы |құралдар, |дайындалу |түрі | | | |плакаттар, |сұрақтары | | | | |лаборатория-лы| | | | | |қ стендтер | | | |1 |2 |4 |5 |6 | |Сөз мәдениеті және | Сұхбат және ақпарат |Дәріс тезисі, | Радио |Жазбаша, | |оның БАҚ-на тән |алу әдісі | |теледидардағы |ауызша | |қасиеті | | |шоу хабарларын | | | | | |жүргізушілердің | | | | | |сөз сөйлеу | | | | | |мәнеріне тоқталу| | | Журналистің кәсіби | Журналист-публицист |Дәріс тезисі, | Берілген |Жазбаша, | |моральдық этикалық |және кәсіби шеберлік | |оқулықтар |ауызша | |принциптері | | |бойынша | | | | | |дайындалу | | | Журналист: әдеп | Тілдік этикет |Дәріс тезисі, | Берілген |Жазбаша, | |әсемдік әлемі және | | |оқулықтар |ауызша | |норма | | |бойынша | | | | | |дайындалу | | |Әдеп. Әңгіме әдебі | Сөз сөйлеу мәнері |Дәріс тезисі, | Радио |Жазбаша, | |немесе журналистің | | |теледидардағы |ауызша | |сұхбат сыр тарту | | |шоу хабарларын | | |мәдениеті | | |жүргізушілердің | | | | | |сөз сөйлеу | | | | | |мәнеріне тоқталу| | | Журналистика: сөз | Тележурналист этикасы|Дәріс тезисі, | Радио |Жазбаша, | |әдебі | | |теледидардағы |ауызша | | | | |шоу хабарларын | | | | | |жүргізушілердің | | | | | |сөз сөйлеу | | | | | |мәнеріне тоқталу| | | Шешеннің сөйлеу | Тіл мәдениеті |Дәріс тезисі, | Берілген |Жазбаша, | |мәдениеті | | |оқулықтар |ауызша | | | | |бойынша | | | | | |дайындалу | | | | Журналист кәсібіндегі|Дәріс тезисі, |Тест |Жазбаша | |Сөз немесе баспасөз |шешендік өнер |бақылау |тапсырмалары-мен| | |бостандығы | |тапсырмалары |жұмыс | | | Диктор, актер, | Радио тілі мен |Дәріс тезисі, | Тақырып бойынша|Жазбаша, | |журналист |стилінің зерттелуі | |оқулықтар мен |ауызша | |жүргізушіге | | |ғылыми | | |байланысты тіл | | |еңбектерді қарау| | |қолданыстары | | | | | | Сөйлеу тілі мен | Какафония және |Дәріс тезисі, |Психологиялық |Жазбаша, | |радио тілінің |эффония мен терминдер,| |оқулықтармен |ауызша | |ерекшеліктері |сөздіктер туралы ұғым | |жұмыс | | | Ақпарат және көркем| Орфография, орфоэпия |Дәріс тезисі, | Газет |Жазбаша, | |хабарлардың жанрлық |және фонетика | |материалдарына |ауызша | |тіл кестесі |заңдылықтарының | |талдау жасау | | | |БАҚ-тағы сипаты | | | | | Шешен этикасы | Радиоматериалдарда |Дәріс тезисі, | Радиохабарларын|Жазбаша, | | |пунктуация ережелерін | |тыңдап жүргізуші|ауызша | | |қолдану | |шеберлігін | | | | | |бақылау | | | Ақпарат және көркем| Баспасөз тілі мен |Дәріс тезисі, | Газет |Жазбаша, | |хабарлардың жанрлық |радио тілінің |кесте |материалдарына |ауызша | |тіл кестесі |ерекшеліктері | |талдау жасау | | | Баспасөз тілі мен | Сөз мәдениеті және |Дәріс тезисі, | Радио |Жазбаша, | |радио тілінің |оның БАҚ-на тән | |теледидардағы |ауызша | |ерекшеліктері |қасиеті | |шоу хабарларын | | | | | |жүргізушілердің | | | | | |сөз сөйлеу | | | | | |мәнеріне тоқталу| | | Сөз мәдениеті және | Актер, диктор, |Дәріс тезисі, | Радио |Жазбаша, | |оның БАҚ-на тән |журналист | |теледидардағы |ауызша | |қасиеті |жүргізушілерге | |шоу хабарларын | | | |байланысты тіл | |жүргізушілердің | | | |қолданыстары | |сөз сөйлеу | | | | | |мәнеріне тоқталу| | | Журналистика: | |Дәріс тезисі, |Тест сұрақтарына|Жазбаша | |авторлық құқық және | |бақылау |жауап беру | | |әдеп әлемі | |тапсырмалары | | | |Интонация, екпін |Шешендік сөз өнері | | | | |және тағы басқа |және логика | | | | |туралы | | | | | 7 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ 4-Кесте Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы |Оқулықтардың, оқу |Саны |Студенттердің |Қамтамасыз ету | |құралдарының атауы | |саны |пайызы | |1 |2 |3 |4 | |Амандосов Т. |1 |7 |10% | |Публицистика-дәуір үні.| | | | |Алматы,1974 | | | | |Барманкулов М.К. |1 |7 |10% | |Журналистика для всех. | | | | |Алматы, 1979 | | | | |Барманкулов М.К. |2 |7 |16% | |Телевидение: денги или | | | | |власть - Алматы,1997 | | | | |Ворошилов В. Право и |2 |7 |16% | |этика СМИ. Москва,1985 | | | | | Рендаль Д. |2 |7 |16% | |Универсальный | | | | |журналист. Алматы, 1996| | | | |Серғалиев М. Көркем |1 |7 |10% | |әдебиет стилі. Алматы, | | | | |1995 | | | | |Авраамов Д. |1 |7 |10% | |Профессиональная этика | | | | |журналиста. Москва,1991| | | | | Омашев Н. Қазақ |1 |7 |10% | |радиожурналистикасы. – | | | | |А., 1992 | | | | 8.1.1. Негізгі әдебиеттер: 8.1.2. Амандосов Т. Публицистика-дәуір үні. Алматы,1974 8.1.3. Амандосов Т. Журналистика және өмір.. алматы,1967 4. Авраамов Д. Профессиональная этика журналиста. Москва,1991 5. Айзенберге М. Менеджмент рекламы. Москва, 1993 6. Барманкулов М.К. Журналистика для всех. Алматы, 1979 8.1.7. Барманкулов М.К. Жанры, печати, радиовещания и телевидения. Аламыт, 1979 8. Барманкулов М.К. Телевидение: денги или власть - Алматы,1997 9. Ворошилов В. Право и этика СМИ. Москва,1985 10. Горохов В. Основы журналистского мастерства.–М.,1993 11. Егоров В. Телевидение: теория и практика. Москва, 1993 8.1.12. Кузнецов Г. Журналист на экране. Москва,1985 8.1.13Лазутина Г.В. Профессиональная этика журналиста. Москва,1999 8.1.14 Любосветов Д. Радиожурналист и процесс общения. М., 1997 8.1.15. Омашев Н. Қазақ радиожурналистикасы. – А., 1992 8.1.16. Омашев Н. Жол үстінде-журналист. Алматы, 1999 8.1.17. Рендаль Д. Универсальный журналист. Алматы, 1996 8.1.18. Серғалиев М. Көркем әдебиет стилі. Алматы, 1995 8.1.19. Шамақайұлы Қ. Журналист шеберлігінің негіздері. Қарағанды,2001 8.2.1. Қосымша : 2. Гуревич С. Редакционный менеджмент. Москва, 1995 3. Ворошилов В. Журналистика и рынок: проблемы маркетинга менеджмента СМИ. 1997 4. Гуревич С. Газета и рынок: как добиться успеха. Москва, 1994 5. Зарва М.В. Произношение в радио и телевизионной речи. – М.,1976
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz