Файл қосу
Шығармаларының зерттелуі
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3-деңгейлі СМЖ құжаты |ПОӘК |ПОӘК | | | |042-05-14-5-05.01.20.31.03.2011. | |ПОӘК | | | |ХІХ ғасырдағы қазақ |_______2011 жылғы | | |әдебиеті пәнінің |№ 2 басылым | | |оқу-әдістемелік | | | |материалдары | | | 5В020500 - «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР СЕМЕЙ 2011 Мазмұны 1 Глоссарий 2 Дәрістер 3 Тәжіриебелік және лабораториялық сабақтар 4 Курстық жұмыс және дипломдық жоба 5 СӨЖ 1. ГЛОССАРИЙ 1. Әдебиет тарихы - әдебиеттің даму процесін, ұлттық әдебиеттің өткен кезеңдері мен қаламгерлер шығармашылығын зерттейтін әдебиеттану ғылымының саласы. 2. Әдебиет тарихы дәуірлері мен олардың кезеңдері - қазақ әдебиетінің тарихы дәуірлерге бөлінеді. Әр дәуір әдебиеті іштей кезеңдерге бөлінеді. Соның ішінде ХХ ғасыр әдебиеті: 20-30 жылдардағы әдебиет; 1941-1960 жылдардағы әдебиет; 1960-2000 жылдардағы әдебиет атты үш кезеңге жіктеледі. 3. Проза- қара сөзбен жазылған көркем шығарма. 4. Поэзия - өлең үлгісіндегі әдеби туындылар. 5. Драматургия – болмысты шиеленіскен тартыстар арқылы жинақтап, көрермен алдына жанды қозалыста бейнелейтін әдебиет жанры. 6. Әдеби сын – көркем шығармаларды талдап, олардың көркемдік, идеялық, тарихи, танымдық қырларын, әдеби процесстегі орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының бір саласы. 7. Әдебиеттану – сөз өнерін, тарихи әдеби процессті, әдебиет дамуының заңдылықтарын, көркем шығармалар мен қаламгердің шығармашылық ғұмырбаянын зерттейтін ғылым. 8. Автор - өнер туындысын дүниеге әкелуші қаламгер. 9. Прототип – көркем шығарма кейіпкерінің өмірде болған немесе өмірде бар түп тұлғасы. 10. Академиялық басылым – қаламгер шығармасының ғылыми-текстологиялық зерттеу негізінде даярланған жинағы. 11. Әдеби процесс- бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи заңды қозғалысы. 12. Әдеби характер (гр. мінез, ерекшелік) – кейіпкердің мінез бітімі, адамның бойына психологиясына, қимыл әрекеттеріне тән сан түрлі қасиеттердің бірігіп, біте қайнаған тұтастығын танытатын мінез-құлық өзгешелігі. 13. Әдеби сын – көркем шығармаларды талдап, олардың көркемдік, идеялық, тарихи, танымдық қырларын, әдеби процесстегі орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының бір саласы. 14. Әдебиеттің ұлттық сипаты - әдеби шығарманың ұлттық тіл, ұлттық дүниетаным, тарихи-поэтикалық зерде аясында қалыптасқан қаламгер туындысы. 15. Әдебиеттің халықтық сиапты – шығарманың халық мүддесіне сай идеялық – көркемдік сапасы. 16. Образ – көркем бейне, әдебиеттегі суреттілік, болмысты өнерде көркемдік тұрғыда сөзбен сурттеп жазу. 17. Идея - әдебиет шығармасында өмірдегі жәй жағдайлар, адам тағдыры баяндалғанда, суреттелгенде жазушының сөз болып отырған мәселелерге қатынасы, көзқарасы да аңғарылады. 18. Стиль – жазушының өмір шындығын танып-білу, сезіну қабілетін, бейнелеу шеберлігін, өзіндік суреткерлік тұлға бітімін танытатын даралық өзгешелігі, жазу мәнері, қолтаңбасы. 19. Сюжет (франц. зат) - өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі. 20. Тақырып - әдеби шығармада сөз болатын басты мәселе, шығарма мазмұнының негізгі арқауы, айтылатын жай жағдайлардың бағыт-бағдары. 21. Тартыс - өмірдегі қайшылықтардың өнердегі көрінісі. 22. Композиция - әдеби шығарманың құрылысы, оның үлкен кішілі бөлім бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырылып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық бірлігі. 23. Әдеби бағыт - әдебиет тарихындағы қаламгерлердің идеялық-көркемдік мақсат-мүдде бірлігінен туған шығармашылық үндестік. 24. Әдеби ағым – бірнеше қаламгерге тән шығармашылық бірлік. 25. Көркем әдебиеттің табиғаты – көркем өнердің халықтық, танымдық, тәрбиелік, көркемдік, эстетикалық мәндері. 26. Эстетикалық таным – халықтың өмірге философиялық көзқарасының көркем өнердегі көрінісі. 27. Кейіпкер – көркем әдебиетте бейнеленетін оқиғаға қатысушы образ. 28. Әдеби байланыс – ұлттық әдебиеттер арасындағы көркемдік дәстүрлер жалғастығы, ықпалдастығы. 2. ДӘРІСТЕР 1-дәріс. XIX ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдайлар және әдебиет Дәрістің мазмұны: 1. XIX ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай. 2. Әдебиеттегі отарлық езгіге қарсы сарын. З. Әдебиеттегі дәстүр мен заман жайына байланысты туған жаңа бет пен бағыттар. 4.Ақындық дәстүрдің тууы мен өркен жайып, өсуі. 5.Әдебиеттегі жаңа түрлер мен сөз өрнектері, жанрлардың молаюы. Ресей империясының Қазақстан жерін отарлау жұмыстарының кең өрістеуі, барлық аймақтарда әскери қамалдар мен бекіністердің салынуы, отарлық басқару әкімшілік жүйесінің енгізілуі. XIX ғ. бірінші жартысындағы Қазақстандағы Ресей империясының отарлық езгісіне қарсы қарулы көтерілістер. Отаршылдық саясат мазмұнын жырлаған отарлық езгіге қарсы туған ақындық поэзия жэне оның реалистік маңызы. Орыс зиялыларының қазақ халқының тарихын, тілін, фольклорын, этнографиясын зерттеу. Жұмыстарының екі жақты сипаты. XIX ғ. әдебиетінің даму мазмұнындағы реализм, романтизм көркемдік әдістерінің көріністері. Ауызша және жазбаша ақындық дәстүр табиғаты, жыраулық поэзия сілемдерінің сақталуы. Жаңа реалистік жазба әдебиет мазмұнындағы лирикалық, сатиралық өлең, поэма, проза т. б. жанрлардың қалыптасып дамуы. Бақылау сұрақтары: 1. Әдебиеттегі отарлық езгіге қарсы сарын 2. Әдебиеттегі жаңа түрлер мен сөз өрнектері, жанрлардың молаюы. 3. Жаңа жазба әдебиет. Әдебиеттер: 1. Сүйіншәлиев X. XIX ғасыр әдебиеті. Оқулық, -Алматы, 1992 2. Мәдібай Қ. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті. І-кітап. -Алматы, 2001 3. Бекбосынов М. Тәуекел мен батыр ой (әдебиет тарихындағы азаттық танымдары) С., 2006 4. Қ.Уәлиханұлы. Діни-ағатушылық ағым. А., 2002 5. Бес ғасыр жырлайды. - Алматы, 1-2 том, 1989 2-дәріс. XIX ғасыр әдебиетіндегі саяси бағыттар мен көркемдік ағымдар Дәрістің мазмұны: 1. XIX ғасыр әдебиетіндегі жаңа әдеби сарын. 2. Жанр түрлері 3. ХІХ ғасыр көрнекті өкілдері Әр дәуірдің, іштей тұтас кезең, дәуірлерге ағым, бағыттарға бөлініп, ғылыми негізде жүйеленуі. XIX ғасыр әдебиеті — үлгісі, түрі мол, сан жанрлы әдебиет. XIX ғасыр ішінде байырғы әдеби үрдіс ауызшадан жазбашаға өту дәуірін бастан кешті (М.Әуезов). XIX ғасырда қазақ әдебиетінде жыр үлгісінің түрлі дәстүрлі жанрымен бірге жаңа өлең түрлері туып дамыды. Уақиғалы дастан-поэмалар, сыршыл лирика, айтыс түрлері, сатира, қиссалар, ауыз әдебиеті үлгілері қатар жасады. Көркем позаның үлгілері, сыни мақалалар, түрлі баспасөз жанрлары, көркем аударма, ғылыми-публицистика туып, қалыптаса бастады. XIX ғасыр әдебиетінің аса көрнекті өкілдері: бостандық рухты, ұлт азаттығын жырлаған Махамбет ақын, Шернияз; зар заман әдебиетінің ақындары Шортанбай, Мұрат, Әбубәкір; айтыс акындары Шөже, Орынбай, Балта, Сүйінбай, Марабай; сал-серілер Сегіз Сері, Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Мұхит; қиссашыл акындар; жаңа жазба әдебиет өкілдері Ыбырай, Абай. Бақылау сұрақтары: 1. Әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдык. 2. Жаңа жазба әдебиеттің тууы. 3. Әдеби бағыттар Әдебиеттер: 1. Сүйіншәлиев X. XIX ғасыр әдебиеті. Оқулық, -Алматы, 1992 2. Мәдібай Қ. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті. І-кітап. -Алматы, 2001 3. Бекбосынов М. Тәуекел мен батыр ой (әдебиет тарихындағы азаттық танымдары) С., 2006 4. Қ.Уәлиханүлы. Діни-ағатушылық ағым. А., 2002 5. Бес ғасыр жырлайды. - Алматы, 1-2 том, 1989\ 6. Ақын- жыраулар. А., 1979 7. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы.-Алматы, Ғылым, 1985 3-дәріс. Ұлт-азаттық күрес батырлары туралы тарихи өлеңдер Дәрістің мазмұны: 1. Тарихи жырлар туралы түсінік, ғалымдардың ой-тұжырымдары 2. Кенесары-Наурызбай туралы жырлар 3. «Бекет батыр», «Исатай-Махамбет» жырлары Кенесары-Наурызбай туралы жырлар. Нысанбай ақын туралы М.Әуезов, С.Мүқанов пікірлері. Шортанбайдың "Ақжолтай-Ағыбай батыр" жыры. "Бекет батыр" жыры. Мұсабай жыраудың "Жанқожа батыр" жыры. Ығылман Шөрековтың "Исатай-Махамбет", "Досқожа акынның Кенесарыға айтқаны" жыры. Тарихи жырдың жанрлық сипаты. XIX ғасырдағы тарихи жырлардың тарихи өлең, тарихи эпоспен туысатын түсы, өзіндік ерекшелігі. "Кенесары-Наурызбай", "Исатай-Махамбет", "Бекет батыр", т.б. тарихи жырлардың қазақ әдебиеті тарихындағы орны, ғылыми бағалануы, зерттелуі, басылым көруі. Ш.Уәлиханов, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, Х.Досмұхамедұлы, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Р.Бердібаев, Ә.Қоңыратбаев, Қ.Өмірәлиев, Е.Ысмайылов, С.Қасқабасов, Е.Тұрсынов тарихи өлең, тарихи жыр туралы. Бақылау сұрақтары: 1. Отарлық езгі және әдебиеттегі тарихи өлендердің дүниеге келуі. 2. М.Әуезовтің «Әдебиет тарихы» еңбегіндегі «Тарихи өлендер» тарауы Әдебиеттер: 1. Әуезов М.О. Әдебиет тарихы (1927) Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған А., Ана тілі, 1991 2. Сүйіншәлиев X. XIX ғасыр әдебиеті. Оқулық, -Алматы, 1992 3. Мәдібай Қ. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті. І-кітап. -Алматы, 2001 4. Бекбосынов М. Тәуекел мен батыр ой (әдебиет тарихындағы азаттық танымдары) С., 2006 5. Қ.Уәлиханүлы. Діни-ағатушылық ағым. А., 2002 6. Бес ғасыр жырлайды. - Алматы, 1-2 том, 1989 7. Ақын- жыраулар. А., 1979 8. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы. - Алматы, Ғылым, 1985 9. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Ақжол. А. ,1991. 4-дәріс. Махамбет Өтемісұлы - бостандық рухындағы жауынгер поэзия жыршысы Дәрістің мазмұны: 1. Махамбет Өтемісұлының шығармашылық өмірбаяны 2. Өлеңдеріндегі азаматтық сарын 3. Туындыларының көркемдік сиапты 4. Дәстүр және жаңашылдық Өмірі туралы мәлімет. Махамбет шығармаларын жариялау, зерттеу жұмыстары. Махамбет-қазақ әдебиетіндегі сыншыл, реалистік, романтикалық толғау ақыны. Акын жырларындағы күрескерлік, жауынгерлік, азаматтық әуендер. Махамбет өлеңдерінің философиялық-дүниетанымдық тереңдіктері. Махамбет шығармаларындағы халық тұлғасының және Исатай батыр бейнесінің жырлануы. Лирикалық өлеңдеріндегі ақынның өз бейнесінің сомдалуы. Махамбет өлеңдеріндегі жыраулық-ақындық дәстүр жалғастығының белгілері, өзіндік төлтума ерекшеліктері. Ақын шығармаларындағы тіл бейнелілігінің мәселелері. Бақылау сұрақтары: 1. Махамбет шығармаларын жариялау, зерттеу жұмыстары. 2. Махамбет - қазақ әдебиетіндегі сыншыл, реалистік, романтикалық толғау ақыны. 3. Махамбет шығармаларындағы халык тұлғасының және Исатай батыр бейнесінің жырлануы. Әдебиеттер: 1. Мәдібай Қ. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті. І-кітап. -Алматы, 2001 2. Бекбосынов М. Тәуекел мен батыр ой (әдебиет тарихындағы азаттық танымдары) С., 2006 3. Қ.Уәлиханұлы. Діни-ағатушылық ағым. А., 2002 4. Бес ғасыр жырлайды. - Алматы, 1-2 том, 1989 5. Ақын- жыраулар. А., 1979 6. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы. - Алматы, Ғылым, 1985 5-дәріс. Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867) Дәрістің мазмұны: 1. Шернияз Жарылғасұлының шығармашылық өмірбаяны 2. Өлеңдеріндегі философиялық толғаныстар 3. Шернияздың шешендігі Шығармаларының негізі суырып салма акындық. Ол- Исатай, Махамбет бастаған халық көтерілісінің жыршысы. Ақын толғау- термелеріндегі өмір қайшылықтары туралы философиялық толғаныстар, бағалаулар. Шернияз шығармаларындағы Исатай, Махамбетке байланысты өлендері. Шернияздың Махамбетпен, Абылмен, Қашағанмен дидарласқандағы өлеңдері. Шернияздың шешендік өнері. Шернияз шығармаларының көркемдік, бейнелілік мәселелері. Бақылау сұрақтары: 1. Шернияздың Махамбет пен Исатайға байланысты туған өлеңдері. 2. Шернияз шығармаларының көркемдігі 3. Толғауларының тақырыптық аясы Әдебиеттер: 1. Мәдібай Қ. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті. І-кітап. -Алматы, 2001 2. Бекбосынов М. Тәуекел мен батыр ой (әдебиет тарихындағы азаттық танымдары) С., 2006 3. Қ.Уәлиханүлы. Діни-ағатушылық ағым. А., 2002 4. Бес ғасыр жырлайды. - Алматы, 1-2 том, 1989 5. Ақын- жыраулар. А., 1979 6. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы. - Алматы, Ғылым, 1985 6-дәріс. Алмажан Азаматқызы Дәрістің мазмұны: 1. Ақынның өмірі мен шығармашылығы 2. «Жетім қыз» поэмасындағы азаттық, діни-тәлімгерлік сарын Ақын өмірі туралы деректер мен шығармашылығының әдебиет тарихына ену жайы. "Жетім қыз" поэмасы. Поэмадағы азаттық, діни-тәлімгерлік сарындар. Махамбет поэмасының Алмажан шығармашылығына әсері. "Жетім қыз" поэмасындағы образдар жүйесі, әдеби-көркемдік тіл өрнектері, идеясы мен мазмұны. Бақылау сұрақтары: 1. Ақын өмірінен мәлімет 2. Алмажан Азаматқызы шығармашылығындағы Махамбет дәстүрі 3. Шығармаларының көркемдік-идеялық мәні Әдебиеттер: 1. Мәдібай Қ. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті. І-кітап. -Алматы, 2001 2. Бекбосынов М. Тәуекел мен батыр ой (әдебиет тарихындағы азаттық танымдары) С., 2006 3. Қ.Уәлиханүлы. Діни-ағатушылық ағым. А., 2002 4. Бес ғасыр жырлайды. - Алматы, 1-2 том, 1989 5. Ақын- жыраулар. А., 1979 6. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы. - Алматы, Ғылым, 1985 7. XIX ғасырдағы қазак ақындары.-Алматы,1987 8. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы.-Алматы, Ғылым, 1985 9. Бес ғасыр жырлайды. - Алматы, 1-2 том, 1989 10. Қазақ әдебиетінің тарихы. 2-том, І-кітап 11. Үш ғасыр жырлайды. — Алматы, 1965 12. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. - Алматы, 1994 13. Жүмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері. –А, 1967 14. Өмірәлиев Қ. ХУ-ХІХ ғасырлардағы қазак поэзиясының тілі. – А.,1976 7-дәріс. XIX ғасыр әдебиетіндегі кисса-дастандар мен діни-тәлімгерлік бағыттағы әдебиет Дәрістің мазмұны: 1. Шығыс әдебиеті және қазақ әдебиетіндегі қисса-дастандардың тууы. 2. Діни-тәлімгерлік әдебиеттің жазба әдебиетті тудырудағы рөлі. "Сал-сал", "Зарқұм", "Сейфүлмәлік", "Бозжігіт", "Мұңлық-Зарлық", "Шәкір-Шәкірат", "Жүсіп-Злиха", "Жұмжұма" т.б. Ежелгі нәзира дәстүрінде қайта жаңғырған қисса-дастандар (кітаби елең) - XIX ғасырдағы діни- ағартушылық бағыттың бір арнасы. Қисса-дастандардағы "Құран", "Мың бір түн", "Тотынама", "Дахнама" желілері. XIX ғасыр әдебиетіндегі кисса-өлең дәстүрінің ғылыми негізделуі, жүйеленуі. Қисса-дастандардың түрге бөлінуі. Ш.Уәлиханов, В. Радлов, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ә.Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, З.Ахметов, Ш.Сәтбаев, Р.Бердібаев, М.Мырзахметов, Қ.Өмірәлиев, Ө.Күмісбаев, А.Қыраубайқызы, Б.Әзібаева, А.Жаксылықов, З.Сейітжанұлы, У.Қалижанұлы т.б. қисса —дастандар туралы. Кітаби, дастаншыл ақындар. Ақылбек ибн Сабал, Шәді Жәңгірұлы, Мәулекей Жұмашев, Жүсіпбек Шайұхсламұлы, Ораз молда, Мұса молда, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Кашафуддин бек Шахмардан, Мақыш Қалтаев, Ақмолда, т.б. ғұмырбаян деректері. Шығармашылық мүрасы. XIX ғасырдағы қисса-дастандардың басылымы. Қисса-дастандардың ауызша әдебиет пен жазба әдебиетке қатысын айқындай түсудің өздік ғылыми мәселелері. Бақылау сұрақтары: 1. Шығыстық қиссалар мен нәзирагөйлік дәстүр. 2. Діни-тәлімгерлік бағыт өкілдері, шығармаларының басылуы, олардың зерттелу тарихы. Әдебиеттер: 1. Қ.Уәлиханүлы. Діни-ағатушылық ағым. А., 2002 2. Мәдібай Қ. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті. І-кітап. -Алматы, 2001 3. Бекбосынов М. Тәуекел мен батыр ой (әдебиет тарихындағы азаттық танымдары) С., 2006 4. Бес ғасыр жырлайды. - Алматы, 1-2 том, 1989 5. Ақын- жыраулар. А., 1979 6. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы. - Алматы, Ғылым, 1985 7. XIX ғасырдағы қазак ақындары.-Алматы,1987 8. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы.-Алматы, Ғылым, 1985 9. Бес ғасыр жырлайды. - Алматы, 1-2 том, 1989 10. Қазақ әдебиетінің тарихы. 2-том, І-кітап 11. Үш ғасыр жырлайды. — Алматы, 1965 12. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. - Алматы, 1994 13. Жүмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері. –А, 1967 14. Өмірәлиев Қ. ХУ-ХІХ ғасырлардағы қазак поэзиясының тілі. – А.,1976 8-дәріс. Жүсіпбек Шайұхсламұлы мен Ақылбек Сабалұлы Дәрістің мазмұны: 1. Ж.Шайұхсламұлы мен А.Сабалұлының өмірі туралы мәлімет 2. Жүсіпбек Шайұхсламұлы мен Ақылбек Сабалұлының мұраларының зерттелуі. 3. Өлеңдерінің тақырыптық ауқымы Ж. Шайұхсламұлының өмірі мен шығармашылығы. Айтыстары. Ауыз әдебиеті мен Шығыстық қисса-дастандарды жинап, бастырудағы еңбектері. Ақылбек Сабалұлының өмірі мен шығармашылығы. Өлеңдері мен олардың тақырып ауқымы, шығыстық қисса-дастандары, олардың басылымдары. Ж.Шайұхсламұлы мен А.Сабалұлының шығармашылық мұраларының зерттелуі. Бұл ақындарға ортақ басты белгі шығыстық қисса-дастандар жазып, діни- тәлімгерлік бағытты ұстанулары екендігі. Олардың біріңғай қиссашылдык, назирагөйлік дәстүрді ұстануы. Шығармаларындағы дидактиканың молдығы, дін, гуманизм тақырыптарын насихаттаулары. Бақылау сұрақтары: 1. Шығармаларындағы шығыстық қиссалар мен нәзирагөйлік дәстүрдің көрінісі. 2. Қисса-дастандарындағы дін, гуманизм тақырыбы. Әдебиеттер: 1. Қ.Уәлиханүлы. Діни-ағатушылық ағым. А., 2002 2. Мәдібай Қ. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті. І-кітап. -Алматы, 2001 3. Бекбосынов М. Тәуекел мен батыр ой (әдебиет тарихындағы азаттық танымдары) С., 2006 4. Бес ғасыр жырлайды. - Алматы, 1-2 том, 1989 5. Ақын- жыраулар. А., 1979 6. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы. - Алматы, Ғылым, 1985 7. XIX ғасырдағы қазак ақындары.-Алматы,1987 8. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы.-Алматы, Ғылым, 1985 9. Бес ғасыр жырлайды. - Алматы, 1-2 том, 1989 10. Қазақ әдебиетінің тарихы. 2-том, І-кітап 11. Үш ғасыр жырлайды. — Алматы, 1965 12. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. - Алматы, 1994 13. Жүмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері. –А, 1967 14. Өмірәлиев Қ. ХУ-ХІХ ғасырлардағы қазак поэзиясының тілі. – А.,1976 9-дәріс. Ақмолла Мұхамедияров пен Шәді Жәңгіров Дәрістің мазмұны: 1. А.Мұхамедияров пен Ш.Жәңірұлы өмірі туралы мәлімет 2. Мұраларының зерттелуі. 3. Шығармашылықтарындағы адамгершілік тақырыбының жырлануы А. Мұхамедияровтың өмірі мен шығармашылығы. Ағартушылық, жәдидтік бағыттағы шығармалары. Діни- тәлімгерлік туындылары, шығыс мұраларын насихаттауы. Шәді Жәңгіровтің өмірі мен шығармашылығы. Шығыстың озық үлгілі әдебиетінің назирагөйлік дәстүрін берік ұстанған, Шығыс поэзиясындағы белгілі такырыптар мен сюжеттерді өзінше жырлап, идеясы мен мазмұны тұрғысынан мүлдем жаңа, тел туынды жасаған ақын екендігі. Шәдінің күнделікті өмірді, қоғам жайын аз жырлап, өткен өмір мысалдары негізінде жалпы адамгершілікті, ізгілікті насихаттайтын шығармалар жазуы. Оның діни ақындығы шығармаларында ертедегі Шығыс әдебиетінде қалыптасқан сопылық сарынның мол болуынан көрініс табуы. Жастайынан ел басындағы ауыртпалықты көтеріп өскен ақынның өлеңдерінде ел билеген әкімдерді, кей байларға тән дүниеқорлық, озбырлықтарды сынап отыруы. Оның «Бөрбас байға», «Отыншы байға», «Бір молдаға» т.б өлеңдерінде өмір шындығын көрсетуі. Жалпы алғанда, Шәді шығармашылығының әдебиеттегі эпикалық жанрды өрістетуде ерекше орны бар екендігі. Бақылау сұрақтары: 1. Ақмолла шығармаларының көркемдік сипаты 2. Шәді шығармашылығының әдебиеттегі эпикалық жанрды өрістетуі 3. Діни ақындық. Әдебиеттер: 1. Қ.Уәлиханүлы. Діни-ағатушылық ағым. А., 2002 2. Мәдібай Қ. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті. І-кітап. -Алматы, 2001 3. Бекбосынов М. Тәуекел мен батыр ой (әдебиет тарихындағы азаттық танымдары) С., 2006 4. Ақын- жыраулар. А., 1979 5. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы. - Алматы, Ғылым, 1985 6. XIX ғасырдағы қазак ақындары.-Алматы,1987 7. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы.-Алматы, Ғылым, 1985 8. Бес ғасыр жырлайды. - Алматы, 1-2 том, 1989 9. Қазақ әдебиетінің тарихы. 2-том, І-кітап 10. Үш ғасыр жырлайды. — Алматы, 1965 11. Жүмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері. –А, 1967 10-дәріс. Майлықожа Сұлтанқожаұлы мен Құлыншақ Кемелұлы Дәрістің мазмұны: 1. Ақындардың өмірі туралы мәлімет, шығармашылық мұралары. 2. Айтыстары. 3. Майлықожаның шығыс әдебиеті үлгілерінен аудармалары. 4. Құлыншақ Кемелұлының арнаулары Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1889).Өмірі. Ақындық мұрасы. Сүйінбай, Қүлыншақ, Айман, Гүлханым ақындармен айтыстары. Мысалдары. Шығыс әдебиеті үлгілерінен аудармалары, сол негізде туған назира шығармалары. «Нақылдар» жинағына енген шығармалары. Әдеби мұрасының зерттелуі. Құлыншақ Кемелұлы (1831-1892) Өмірбаян деректері. Шығармаларының зерттелуі. «Көлбайға», «Дүйсенбайға» арнаулары. Батырлық, ерлік дәстүрді көтере жырлап, дәріптеген өлеңдері. Айтыстары. Жазба айтыс үлгісін қалыптастырып, дамытуы. Бақылау сұрақтары: 1.Майлықожаның «Нақылдар» жинағына кеген шығармалары. 2. Құлыншақ Кемелұлының жазба айтыс үлгісін қалыптастырып, дамытуы. Әдебиеттер: 1. Қ.Уәлиханүлы. Діни-ағатушылық ағым. А., 2002 2. Мәдібай Қ. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті. І-кітап. -Алматы, 2001 3. Бекбосынов М. Тәуекел мен батыр ой (әдебиет тарихындағы азаттық танымдары) С., 2006 4. Ақын- жыраулар. А., 1979 5. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы. - Алматы, Ғылым, 1985 6. XIX ғасырдағы қазак ақындары.-Алматы,1987 7. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы.-Алматы, Ғылым, 1985 8. Бес ғасыр жырлайды. - Алматы, 1-2 том, 1989 9. Қазақ әдебиетінің тарихы. 2-том, І-кітап 10. Үш ғасыр жырлайды. — Алматы, 1965 11. Жүмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері. –А, 1967 11-дәріс. Сал-серілер мен әнші-ақындар поэзиясы Дәрістің мазмұны: 1. Сал-серілер мен әнші-ақындар туындыларының ұлттық тағылымы, көркемдік тіл кестесі мен лиризм. 2. Қазақ мәдениетіндегі әдеби дәстүрлері, зерттелу, окытылу жайы. 4. Әдебиет тарихындағы алар орны. Сал-серілер, әнші-ақындардың XIX ғасыр әдебиеті тарихындағы орны. Сал- серілер, әнші-ақындар мұрасы. Олардың зерттелу, таралым, танылым жайы. Сал-серілер өнерінің өзіндік ерекшеліктері. Әрі ақындық, әрі сазгерлік, әрі орындаушылық өнер. Сал-серілік өнердің қазақ халқының рухани өмірі, көркемдік таным-талғамындағы орны. XIX ғасырдағы сал-серілік, әншілік дәстүр, әншілік мектептер жайлы академик А.Жұбановтың ғылыми-теориялық тұжырымдары. Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің кернекті өкілдері—сал-серілер шығармашылығы Е.Ысмайылов зерттеулерінде. М.Әуезов, Қ.Жұбанов, Т.Әлімқұловтың Абай әндері жайлы пікірлері. Бақылау сұрақтары: 1.Сал-серілер, әнші-ақындар мұрасы 2. Шығармашылық өнерінің ерекшелігі 3. Сал-серілер мен әнші-ақындар шығармашылығы ғалымдардың зерттеуінде Әдебиеттер: 1. Мәдібай Қ. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті. І-кітап. -Алматы, 2001 2. Бекбосынов М. Тәуекел мен батыр ой (әдебиет тарихындағы азаттық танымдары) С., 2006 3. Ақын- жыраулар. А., 1979 4. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы. - Алматы, Ғылым, 1985 5. XIX ғасырдағы қазак ақындары.-Алматы,1987 6. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы.-Алматы, Ғылым, 1985 7. Бес ғасыр жырлайды. - Алматы, 1-2 том, 1989 8. Қазақ әдебиетінің тарихы. 2-том, І-кітап 9. Үш ғасыр жырлайды. — Алматы, 1965 10. Жүмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері. –А, 1967 12-дәріс. Сегіз сері Баһрамұлы (1818-1854) Дәрістің мазмұны: 1. Лирикалық ән-өлеңдеріндегі азаматтық, романтикалық әуендер 2. Махаббат тақырыбындағы ән-өлеңдері 3. Арнау өлеңдері Сегіз сері Баһрамұлы өмірі мен шығармашылық мүрасы. Өлеңдері, кисса дастандары. Исатай-Махамбет қозғалысына қатысы. «Орал тау», «Кеңінен жаяйыншы қанатымды», «Қашқын келбеті», «Горчаковқа», т.б. шығармаларындағы әлеуметтік үн. Сегіз серінің махаббат, ғашыктық тақырыбындағы толғау, дастандары, өлеңдері. Халық эпосын жырлауы. Түрлендіруі. Арнаулары. Сегіз сері мұрасының зерттелуі. Басылымы. Бақылау сұрақтары: 1.Шығармашылық өмірбаяны 2. Дастандары 3. Мұрасының зерттелуі Әдебиеттер: 11. Мәдібай Қ. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті. І-кітап. -Алматы, 2001 12. Бекбосынов М. Тәуекел мен батыр ой (әдебиет тарихындағы азаттық танымдары) С., 2006 13-дәріс. Біржан сал Қожағұлұлы (1934-1897) Дәрістің мазмұны: 1. Өмірі мен шығармашылығына шолу 2. Ән өлеңдері 3. Біржан-Сара айтысы туралы ғалымдардың пікірлері Біржан салдың өмірі мен шығармашылығы. Әншілік өнердің көшбасшысы екендігі. Шығармаларының тақырыптық, әуендік ерекшелігі. Ән-өлеңдегі алар орны. Біржанның «Жанбота», «Жамбас сипар», «Ләйлім шырақ», «Қара жер», «Шалқыма» өлеңдері мен әндері. Олардың туу тарихы. Біржанның Сарамен айтысы туралы ілгерідегі, кейінгі пікір, тұжырымдар. Бұл айтыстың көркемдік сапасы. Бақылау сұрақтары: 1. Көңіл-күй, махаббат тақырыбындағы лирикалық ән-өлеңдері. 2. Біржан мен Сара айтысының эстетикалық-көркемдік тағылымы 3. шығармаларының көркемдік ерекшелігі Әдебиеттер: 14-дәріс. Ақан сері Қорамсаұлы (1843-1913) Дәрістің мазмұны: 1. Өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет 2. Лирикалық өлеңдеріндегі көңіл күйлері мен философиялық тереңдік 3. Ақын өлеңдерінің тіл өрнектілігі, көркемдік ерекшелігі, бейнелілігі. Өмірі. Шығармашылық мұрасы. «Сырымбет», «Қара торғай», «үш тоты», «Ақ көйлек», т.б. ән-өлеңдері. Ақыннын сезім жырларының кекемдік мәні. Ақан Сері өлеңдеріндегі әлеуметтік үн. Ақанның жан қасіреті. «Құлагер», «Жүсіп төреге», т.б. өлеңдері. Ақан сері әндеріндегі лиризм, ғашықтық. Бақылау сұрақтары: 1.Шығармашылық өмірбаяны 2. Махаббат тақырыбындағы лирикалық өлеңдері 3. Өлеңдеріндегі заман қайшылықтары мен озбырлықты сынауы. 4. Аңшылық-саятшылық тақырыбындағы өлеңдері Әдебиеттер: 15-дәріс. Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929) поэзиясына шолу Дәрістің мазмұны: 1. Өмірі мен шығармашылығы 2. Ән өлеңдері Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1928). Өмірбаян деректері. «Ақ сиса», «Сұрша қыз», «Қаулау», «Шолпан», т.б. ән-өлеңдері қазақ өнерінің үздіктері. Жаяу шығармаларындағы жан айқай. Қоғам мен адам ортасындағы аярлыққа ауыр үкім. Жаяу Мұса туралы көркем шығармалар. Ақын мұрасының зерттелуі, басылымы. Халқымыздың рухани өміріндегі Жаяу Мұса шығармаларының орны. Бақылау сұрақтары: 1. Шығармашылық өмірбаяны 2. Өлеңдерінің тақырып ауқымы 3. Мұрасының зерттелу жайы Әдебиеттер: 16-дәріс. ХІХ ғасырдағы айтыс өнері Дәрістің мазмұны: 1. ХІХ ғасырда айтыс өнерінің даму сипаты 2. Айтыс ақындары 3. Айтыстың түрлері XIX ғасырдағы айтыстың дәстүрлі сипаты. Қазақ әдебиеті тарихындағы айтыс өнерінің ауыз әдебиетіндегі үлгілері мен XIX ғасырдағы ақындық айтыс өнерінің өзіндік ерекшеліктері. XIX ғасырдағы айтыстың дәстүрлі суырыпсалма ақындык, айтыспен бірге жазба түрде де өрістеуі. Айтыстың түрлері. Жанрлык ерекшеліктері. Әлеуметтік сипаты. XIX ғасырдағы әйгілі айтыс ақындары Шөже, Орынбай, Кемпірбай, Балта, Түбек, Сүйінбай, Нұрым, Қашаған, т.б. айтыстарының сөз қолданыс, өлең айшығы, көркемдік алымы. Әлеуметтік мәні. XIX ғасырдағы айтыс ақындарының өзіндік мәнер-машығы, айтыстағы әдіс-тәсілі. Жазба айтыс дәстүрінің дамуы. XIX ғасыр айтыстарының жиналып, зерттелу жайы. М.Әуезов, А.Байтұрсынов, С.Мүқанов, Е.Ысмайылов, М.Ғабдуллин, Ә.Қоңыратбаев, Р.Бердібаев, М.Жармұхамедұлы, т.б. ғалымдардың айтысты теориялық жағынан зерттеуі. Бақылау сұрақтары: 1. Айтыс туралы зерттеушілердің пікірлері 2. Айтыстың көркемдігі туралы 3. Айтыс өлең - XIX ғасыр әдебиетінің елеулі нұсқасы Әдебиеттер: 17-дәріс. Сүйінбай Аронұлы (1822-1895 ) Дәрістің мазмұны: 1. Өмірі, шығармашылығы 2. Толғаулары мен айтыстарына шолу Өмірі туралы мәлімет. Сүйінбай мұрасының жариялануы, зерттелуі. Толғауларының тақырыптық-идеялық мазмұнына сипаттама. Елдің тарихы, ел қорғаған батырлар туралы. Адамгершілік тәрбиесі туралы толғаныстары. Әйелге, адамның жастық, кәрілік, жас кезеңдеріне арналған өлеңдері. Сүйінбайдың айтыстары -қазақтың түре және сүре айтыстарының үлгілері. Сүйінбайдың ақындық шығармашылығы - қазақ поэзиясындағы дәстүрлі өнегелі мектеп. Ақын шығармаларының өлеңдік өлшемі-өрімі, бейнелілігі. Бақылау сұрақтары: 1. Сүйінбай Аронұлы толғауларының тақырыптық арнасы 2. Сүйінбай айтыстары, түрлері 3. Сүйінбайдың ақындық мектебі Әдебиеттер: 1. Мәдібай Қ. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті. І-кітап. -Алматы, 2001 2. Бекбосынов М. Тәуекел мен батыр ой (әдебиет тарихындағы азаттық танымдары) С., 2006 3. Қ.Уәлиханүлы. Діни-ағатушылық ағым. А., 2002 4. Бес ғасыр жырлайды. - Алматы, 1-2 том, 1989 5. Ақын- жыраулар. А., 1979 6. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы. - Алматы, Ғылым, 1985 7. XIX ғасырдағы қазак ақындары.-Алматы,1987 8. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы.-Алматы, Ғылым, 1985 9. Бес ғасыр жырлайды. - Алматы, 1-2 том, 1989 10. Қазақ әдебиетінің тарихы. 2-том, І-кітап 11. Үш ғасыр жырлайды. — Алматы, 1965 12. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. - Алматы, 1994 13. Жүмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері. –А, 1967 14. Өмірәлиев Қ. ХУ-ХІХ ғасырлардағы қазак поэзиясының тілі. – А.,1976 18-дәріс. Әсет Найманбайұлы (1867-1923) Дәрістің мазмұны: 1. Өмірі мен шығармашылығы 2. Ән-өлеңдері 3. Айтыстары «Қоштасу», «Әсет» ән-өлеңдері. «Салиха-Сәмен», «Ағаш ат», «Үш жетім» поэмалары. Толғау-термелерінде өнер, сұлулық, асыл мінез-құлық, еңбексүйгіштік халық бақыты үшін еңбек ету тақырыптарының жырлануы. Өмірді сүю, өлімді мойындау жырлары. «Евгений Онегин» аудармалық-назиралық шығармасы. Қыз бен жігіт айтысы пішініндегі «Әсет пен Рысжан» айтысының мазмұнындағы халықтық әдеп-ғұрыптарды жырлау ерекшелігі. Бақылау сұрақтары: 1. Ақынның шығармашылығы. 2. Рысжанмен айтысуы 3. Ақын шығармаларының көркемдік ерекшеліктері Әдебиеттер: 19-дәріс. Шөже Қаржаубайұлы (1808-1895) Дәрістің мазмұны: 1. Өмірі туралы мәлімет 2. Ақындығы, жыршылық қабілеті Ақынның өмірі. Өлеңдері мен айтыстарының әлеуметтік мәні. Орынбай, Кемпірбай, Шортанбай, Балта, т.б. ақындармен айтысы. «Арқадан шығып едім Ноғайға еріп», «Дәулетімбетке», «Домбыра шыққан тықылдап», «Бәйтікке», «Ноғайға», «Ерденге» арнау, өлеңдері. Шөженің «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жырын жырлауы. Ақын жөнінде Шоқан Уәлихановтың айтқаны. Бақылау сұрақтары: 1. Өлеңдерінің әлеуметтік мәні 2. Айтыстары Әдебиеттер: 20-дәріс. Кемпірбай, Жанақ, Орынбай т.б. ақындардың айтыстары 1. Өмірлері туралы мәлімет 2. Айтыстарының көркемдік тіл кестесі Аталған ақындардың өмірлері мен шығармашылықтары. Әдеби мұраларының зерттелу тарихы. Айтыстарының көркемдік, тілдік сөз өрнектері. Айтыс өнерінде алар орны. Айтыстарының тағлымдық, эстетикалық, әлеуметтік-саяси, діни-тағлымдық, этнопедогогикалық сипаттары. Бақылау сұрақтары: 1. Айтыстарының тәрбиелік мәні 2. Мұраларының зерттелу жайы Әдебиеттер: 21-дәріс. «Зар заман» әдебиеті Дәрістің мазмұны: 1. «Зар заман» ұғымы 2. Зар заман поэзиясының өкілдері Зар заман - қазақ әдебиетінің тарихындағы елеулі ағым. Ресей империясының отаршылдық саясаты туғызған бағыт. Зар. заман - қазақ әдебиетінің ауызшадан жазбашаға ойысқан өтпелі кезеңінің әдебиеті. М.Әуезовтің қазақ әдебиеттану ғылымында зар заман ағымының ғылыми негіздемесін жасаудағы орны. Оның зар заманды 3 кезеңге бөлуі; Зар заман әдебиетінің зерттелу тарихындағы саяси негіздемелер. Зар заман поэзиясының негізгі сарын, көркемдік сипат жөнінен зерттелу, бағалану жайы. Зар заман дәуірі әдебиетінің аса кернекті өкілі - Шортанбай, Дулат, Мұрат, Шернияз, Әбубәкір, т.б. шығармашылық мүрасының әдебиет тарихындағы орны. В.Радлов, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, Ә.Қоңыратбаев, т.б. ғалымдар зар заман поэзиясы туралы. Зар заман ағымының кернекті тұлғаларының шығармашылық мүрасын қазіргі кезеңде зерттеу. А.Шәріпов, Б.Омарұлы, Қ.Раев, Қ.Мәдібай, т.б. зерттеу еңбектері. Бақылау сұрақтары: 1. Зар заман ағымының өзіне тән ерекшелігі 2. Зар заман поэзиясы туралы ғалымдардың ой-пікірлері Әдебиеттер: 22-дәріс. Шортанбай Қанайұлы (1818-1881) Дәрістің мазмұны: 1. Шығармашылық мұрасы 2. Шортанбай шығармашылығының зар заман ағымының туып, қалыптасуындағы орны жайлы М.Әуезов, С.Мұқанов пікірлері. 3. Өлеңдеріндегі дін, иман жайы Шортанбай мұрасынын жариялануы, зерттелуі. Шортанбай шығармаларын бағалаудағы бұрынғы сыңаржақ пікірлер. Акынның шығармашылық тұлғасының қалыптасуындағы кезеңдер. Шортанбай ежелгі түркілік-мұсылмандық, сопылық әдеби дәстүр тағылымында қалыптасқын ақын. Ақын шығармаларындағы негізгі сарын - имандылықты уағыздау. Шортанбай - патшалық отарлау саясатын әшкерелеуде реалистікпен жырлаған сыншыл ойлы суреткер ақын. Адамгершілік тәрбиесін уағыздаған толғаулары. Айтыстарындағы сыншыл өткірлік, бейнелі тіл нақыштары. Бақылау сұрақтары: 1. Ақынның шығармашылық тұлғасының қалыптасуындағы кезеңдер 2. «Зар заман» толғауы 3. Айтыстары Әдебиеттер: 23-дәріс. Мұрат Мөңкеұлы Дәрістің мазмұны: 1. Өмірбаяны 2. Ақынның әдеби мұрасының негізгі арналары 3. Заманға, отаршылдыққа наразылықтан туған жырлары Мұрат мұрасының жариялану, зерттелу тарихы. Мұрат шығармаларындағы ойшылдық, философиялық-азаматтық тереңдіктер. Зар замандық сарындағы шығармаларындағы лирикалық, кейіпкер-ақын тұлғасына тән биіктік, романтикалық әуенді гуманизм сипаты. Мұрат - отарлау саясатының зияанды зардаптарын анык болжаған ақын. Мұрат толғауларындағы адамгершілік тәлім-тәрбиесіне байланысты философиялық ойшылдық. Арнау, хат-өлең, тойбастар, жанрларындағы шығармалары. Мұраттың жыршы - ақындығы, Сыпыра, Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет, т.б. жырларының Мұраттың айтуында сақталғандығы. «Қарасай-Қази» дастаны. Дастанның композициясындағы қоштасу, жоқтау жырларының лирикалық әсерлері. Айтыстары. Мұрат шығармаларындағы романтикалык, азаматтық сарындардың қазақ әдебиеті тарихындағы маңызы. Бақылау сұрақтары: 1. Мұрат – Махамбет және басқа да ақын-жыраулар мұрасын сақтап, кейінгіге жеткізуші. 2. Арнау өлеңдері 3. Айтыстарының тілдік-көркемдік нақыштары Әдебиеттер: 24-дәріс. Әбубәкір Кердері (1861-1905) Дәрістің мазмұны: 1. Өмірі, шығармашылығы 2. Ақынның толғау, термелеріндегі заман зары Өмірбаяны. Шығармашылық мұрасы. Зерттелуі. Басылым жайы. Ақынның оқытушылық қызметі. «Әдебиет қазақия» жинағы. Ақынның заман, дін, оқу, қазақ тұрмысы жайлы өлең-жыр, толғау-термелері. Айтыстары. Әбубәкір – әдебиет тарихындағы діни-ағартушылық бағыт өкілі. Бақылау сұрақтары: 1. Толғау, термелері 2. Жұмбақ айтыстарындағы өмір құбылыстарын бейнелеу шеберлігі 3. Ақын шығармаларының тілдік өрнектері Әдебиеттер: 25-дәріс Жаңа жазба әдебиет Дәрістің мазмұны: 1. Ағартушы, демократ ақын-жазушылардың шығармаларына өзек болған мәселелер 2. Жаңа жанрлардың тууы. XIX ғасырдағы оқу-ағарту, баспа ісі. Онын әдебиеттің дамуына ықпалы. XIX ғасыр әдебиетінің даму барысындағы көркемдік өзгеріс, бетбұрыс, бағыттар. Қазақ өлеңінің жаңа түрлері. Махамбет, Дулат әкелген өлеңдегі ерекшеліктердің Абаймен жалғасуы. Мысал, сықақ, сатираның жандану. Поэманың тууы. Лирика табиғатындағы еуропалық үрдіс, үлгі. Көркем аударма. Көсемсөз. XIX ғасырдағы ұлт оянушылығы және Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев. Олардың қазақтың жаңа жазба әдебиетінің, жаңа жазба әдеби тілінің қалыптасуы, кітаби тілді ығыстыру, тіл тазалығы мәселесіндегі орны. Дінге көзқарасы. Дүниетаным негіздері. Бақылау сұрақтары: 1. ХІХ ғасыр ағартушы-демократтары шығармаларындағы ортақ көзқарастар 2. Реалистік жаңа жазба әдебиеттің даму сипаты Әдебиеттер: 26-дәріс. Дулат Бабатайұлы (1802-1874) Дәрістің мазмұны: 1. Ақын өмірі туралы мәлімет 2. Шығармаларының жариялануы, зерттелуі 3. Дулат шығармаларының жанрлық, көркемдік ерекшеліктері Өмірі туралы мәлімет. Шығармаларынын жариялануы, зерттелуі. Патшалык отарлау саясатының басқару жүйесін сынаған өлеңдеріндегі туған жерді, атамекенді құрметтеу эуендері. Арнау, толғау өлеңдерінде өз ұлтының рухани әлеміндегі жағымсыз мінез- құлықты сынауы. Дулат өлеңдеріндегі адамгершілік, еңбек тәрбиесі туралы ойлар. Сатиралық тілмен, мысал мазмұнда бернелеу (аллегориялық) тәсілмен жырланған шығармалары. « Еспембет» дастанының әдеби-фольклорлық сипаттары. Дастанның композициялык қүрылысы, Еспембет бейнесінің сомдалу ерекшелігі. «Шаштараз» дастаны. Дулат шығармаларының жанрлық, керкемдік ерекшеліктері. Дулат ақынның «Сүлейменге», «Бараққа», «Кеңесбайға» арнауларындағы заман күйі, ел мінезі. «Ақжайлау мен Сандықтас», «Ата қоныс Арқадан», «Таудың жарып арасын» өлеңдеріндегі атақоныс, туған жер сарыны. Өлең, ақындық, сөз өнері жайлы шығармалары. «Тегімді менің сұрасаң», «Сүлейменге», «Сөзім бар да, көзім жок», т.б. өлеңдері. Бақылау сұрақтары: 1. Арнау, толғау өлеңдері 2. Мысалдары, дастандары 3. Дулат және Абай поэзиясының үндестігі Әдебиеттер: 27. -дәріс. Ы.Алтынсариннін ағартушылық қызметі мен әдеби мұрасы Дәрістің мазмұны: 1. Өмірі, ағартушылық қызметі 2. «Қазақ хрестоматиясының» тарихи мәні. 3. Өлеңдері, әңгімелері Өмірі туралы мәлімет. Ыбырай - ағартушы, ұстаз-жазушы, ақын, этнограф, аудармашы. Ыбырай шығармаларының философиялық, психологиялық сырлары. Ыбырай - қазақ мектебіне арналған тұңғыш оқу құралдарының авторы. Ыбырайдың қазақ мектебі үшін ислам дінінің қағидаларын түсіндіретін оку кұралын жазуы. Оның қазақтың халықтық әдет-ғұрыптары туралы жазған этнографиялық еңбектері. Қазақ халқының ауыр тұрмысына арналған мақалалары. Өлеңдері. Оқу - білім ағарту, адамгершілік тәрбиесі, озбырлықты, әлеуметтік теңсіздікті сынау, заман зары тақырыптарындағы өлеңдері. Ы.Алтынсарин әңгімелері - ұстаздық тәлім-тәрбие құралы, қазақ жазба прозасы қалыптасуынын бастау негізі. Ыбырай - халық әдебиеті мұраларын жинаушы, оларды ұстаздық жұмысына пайдалану. Шығармашылығы - қазақ балалар жазба әдебиетінің қалыптасуындағы шешуші негіз. Бақылау сұрақтары: 1. Публицистикасы, хаттары 2. Көркем әңгімелері 3. Мұрасының зерттелу, басылым жайы. Әдебиеттер: 28-дәріс. Ш.Уәлиханов - әдебиеттанушы ғалым Дәрістің мазмұны: 1. Ш.Уәлиханов – қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салушы. 2. Шоқан өскен орта 3. «Манас» эпосына қатысты ғылыми тұжырымдары Шоқан - қазақ тарихы мен әдебиетін, фольклор мен этнографиясын зерттеуші, ағартушы ұлы ғалым. Ол - публицист жазушы. Шоқанның ағартушылық, демократтық көзқарасындағы философиялық-материалистік дүниетаным сипаттары. Шоқанның фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы зерттеу еңбектері. Шоқанның қазақ ақындары өнері, Абылайхан және қазақ батырларына арналған тарихи жырлар туралы жазғандары. Шоқанның қырғыз тарихына және фольклорына байланысты жазғандары, зерттеулері. Ғылыми очерктері мен күнделіктеріндегі жазушылык-публицистік, суреткерлік шеберлік белгілері. Шоқанның хаттары, ондағы демократиялық, ағартушылық көзқарастары. Бақылау сұрақтары: 1. Шоқанның жолсапар, күнделік жазбалары 2. Әдебиет үлгілерін жинаушы 3. Әлкей Марғұлан және шоқантану ілімі Әдебиеттер: 29-дәріс. Абай Дәрістің мазмұны: 1. Әдеби мұрасының сақталу, басылым жайы 2. Абай поэзиясының жанрлық қырлары 3. Өлең құрылысы. Сөз өрнегі Шығармашылық өмірбаяны. Ұлы Абай мұрасының жиналуы, жариялануы, зерттелуі. Ұлы Абай шығармашылығына шешуші ықпал еткен үш арна. Жас шағындағы өлендері. Азаматтық көңіл-күй, философиялық толғаныстар. Ән- өлеңдері. Абай - қазақтың жазба көркем әдеби тілін қалыптастырушы. Абайдың аудармашылық-нәзиралык шығармалары-әлемдік әдебиетті қазақ тілінде сөйлетудің үздік үлгілері. Поэмалары. Абай поэмалары — оқиғаларды суреттеу арқылы өсиеттік, ұстаздық ой туғызатын шығармалар. Қара сөздері. Абайдың қара сөздері - ежелгі грек ойшылдарының шәкірттеріне айтқан әңгіме-сұхбат жанры дәстүріндегі шығармалар. Абай қара сөздерінің тақырып, мазмұн ерекшеліктеріне қарай түрлері, жанрлық түрлері. Тілі, стилі. Абайтану ғылымының қалыптасу, даму тарихы. Абай - қазақ сөз өнеріндегі жаңа реалистік жазба көркем әдебиетінің негізін салған ұлы классик ақын. Бақылау сұрақтары: 1. Дәстүрлі назира үлгісіндегі поэмалары 2. Аудармалары 3. Қарасөздерінің тақырыптық, мазмұндық ерекшеліктеріне қарай ажыратылатын түрлері Әдебиеттер: 30-дәріс. Абай тағылымы және Абайдың ақын шәкірттері Дәрістің мазмұны: 1. «Ақындық мектеп», «әдеби орта», «әдеби дәстүр» үғымдары 2. Абай шәкірттерін топтастыру туралы ғалымдардың пікірлері 3. Дәстүр жалғастығы Абай ақындығының айналасы. Абайдың алдындағы қазақ поэзиясы. Ол үйренген ақындық мектеп. Дулат және Абай. Абай және Шығыс. Абайдың өлең құрылысына, ақындық әлеміне Шығыс әсері. Абайдың қазақ өлеңіне Еуропа үлгісін енгізуі. Абай және орыстың классикалық әдебиеті. Абайтанудағы Абай ақындығының айналасы, Абайдың ақындық мектебі. Абайдың ақындық дәстүрі ұғымдарын айқындай, ажырата түсу қажеттігі. Ақылбай Абайұлы (1861-1904). Өмірі. Шығармалары. Әбдірахман өліміне жазған жоқтау өлеңі. "Дағыстан" ("Қисса-Жүсіп"), "Зүлыс", "Жармах батыр" поэмалары. Ақылбай мұрасының зерттеліп, жариялануы. Мағауия Абайұлы (1870-1904). Өмірі. Шығармалары. "Медғат-Қасым" поэмасы. Шығармаларының басылым, зерттелу жайы. Көкбай Жанатайұлы (1863-1927). Өмірбаяны. Абай және Көкбай. Көкбайдың "Абай - акындардың ұстазы" деген естелігі. "Абайға", "Дүтбайға", "Мұсажанға", "Сараң байға", т.б. арнау өлеңдері. "Сабалақ" дастаны. Әріп Тәңірбергенов (1856-1924). Өмірі. Қоғамдық қызметі. Әдеби мұрасы. "Қалың мал туралы", "Еңбек туралы", "Ғылым туралы" дейтін өлең толғаулары. «Тәуірбек болысқа», «Замандасқа», «Шәкірттеріме», арнаулары. Адам ғұмырын сипаттауы. Әріптің шығармашылық өмірбаянындағы Шығыс әсері. Әріп ақынның «Біржан-Сара» айтысына қатысы. Бақылау сұрақтары: 1. Ақылбай, Мағауия Абайұлдарының шығармашылығына әке ықпалы 2. Көкбай мен Әріп шығармашылығындағы Абай дәстүрі Әдебиеттер: 3. СЕМИНАР САБАҚТАРЫ 1-семинар. XIX ғасырдагы тарихи-элеуметтік жағдайлар және әдебиет пен оның басты әдеби сарыны Сабақтың мазмұны: 1. XIX ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай . 2. Әдебиеттегі отарлық езгіге қарсы сарын. 3. Әдебиеттегі дәстүр мен заман жайына байланысты туған жаңа бет пен бағыттар. 4. Ақындық дәстүрдің тууы мен өркен жайып, өсуі. 5. Әдебиеттегі жаңа түрлер мен сөз өрнектері, жанрлардың молаюы. 6. Жаңа жазба әдебиет. Сабақтың мақсаты: ХІХ ғасырдағы әдеби үдеріс жөнінде студенттердің қаншалықты меңгергендігін тексеру. Ақынның жыраудан айырмашылығын, өзіне тән шығармашылық ерекшелігін ажырату деңгейін бақылау. Бақылау сұрақтары: 1. ХІХ ғасырдағы оқу-ағарту, баспа ісінің жай-күйі 2. Қазақ әдебиетінде жаңа жарлардың пайда болуы Әдістемелік нұсқаулық: «Әдебиет – халық өмірінің тарихи-әлеуметтік өмірінің көрінісі» десек, тұжырымның дәлелін ХІХ ғасырдағы қоғамдық өмірдің көркем өнерде, сөз өнерінде көрініс беруі, ықпалы жайлы әңгімелеу. Ақын мен жыраудың айырмашылығына тоқталу. Ұсынылатын әдебиеттер: 2-семинар. XIX ғасыр әдебиетіндегі әдеби бағыттар мен ағымдар Сабақтың мазмұны: 1. XIX ғасыр әдебиетіндегі жаңа бет пен жаңа әдеби сарын. 2. Әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық 3. Жаңа жазба әдебиеттің тууы. 4. Әдеби бағыттар Сабақтың мақсаты: Дәстүр мен жаңашылдық ұғымдарын қалай ұғынғандарын бағалау, жаңа жазба әдебиеттің әкелген жаңалығын қаншалықты аңағарғаныдығын сараптау. Бақылау сұрақтары: 1. Зар заман поэзиясы 2. Дәстүрлі жыраулық поэзия сілемдері 3. Кітаби, қиссашыл ақындар. Әдістемелік нұсқаулық: Осы кезең ақындарының шығармашылығындағы жыраулық поэзияның үлгісіне мысалдар келтіру арқылы дәлелдеу. Қиссашыл ақындарға түсініктеме беріп, шығармашылығының ерекшелігіне мән беру. Ұсынылатын әдебиеттер: 3-семинар. Ұлт-азаттық күрес батырлары туралы тарихи өлеңдер Сабақтың мазмұны: 1. Отарлық езгі және әдебиеттегі тарихи өлендердің дүниеге келуі. 2. «Кенесары-Наурызбай» жыры. 3. «Исатай-Махамбет» жыры. 4. «Бекет батыр» жыры. 5. М.Әуезовтің «Әдебиет тарихы» еңбегіндегі «Тарихи өлендер» тарауы Сабақтың мақсаты: Тарихи өлеңдердің зерттелуін, классификациясы туралы, ғалымдардың пікірлерін студенттер қандай деңгейде меңгергендігін тексеру. Бақылау сұрақтары: 1. Тарихи өлеңдердің топтастырылуы 2. М.Әуезовтің тарихи жыр туралы 3. Ш.Уәлихановтың жырды жинастыруға қосқан үлесі Әдістемелік нұсқаулық: Тарихи өлеңдердің жанрлық ерекшелігін, ол туралы зерттеулерді қарастыру. «Кенесары-Наурызбай», «Исатай-Махамбет», «Бекет батыр» жырларының әдебиет тарихында алатын маңызын әңгімелеу. Ұсынылатын әдебиеттер: 4-семинар. Махамбет Өтемісұлы - бостандық рухындағы жауынгер поэзия жыршысы Сабақтың мазмұны: 1. Өмірі туралы мәлімет. Махамбет шығармаларын жариялау, зерттеу жұмыстары. 2. Махамбет - қазақ әдебиетіндегі сыншыл, реалистік, романтикалық толғау ақыны. Ақын жырларындағы күрескерлік, жауынгерлік, азаматтық әуендер. 3. Махамбет шығармаларындағы халык тұлғасының және Исатай батыр бейнесінің жырлануы. Сабақтың мақсаты: Махамбеттің шығармашылығын, әдебиет тарихынан алатын орнын студенттер қалай бағалайтынын бақылау. Бақылау сұрақтары: 1. Махамбет өлеңдерінің философиялық-дүниетанымдық тереңдігі 2. Лирикалық өлеңдеріндегі ақынның өз бейнесінің сомдалуы 3. Махамбет өлеңдеріндегі жыраулық-ақындық дәстүр жалғастығының белгілері Әдістемелік нұсқаулық: Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығына тоқталып, жалынды жырларына әдеби талдау жасау. Ұсынылатын әдебиеттер: 5-семинар. XIX ғасыр әдебиетіндегі қисса-дастандар мен діни- тәлімгерлік бағыттағы әдебиет Сабақтың мазмұны: 1. Шығыс әдебиеті және қазақ әдебиетіндегі қисса-дастандардың тууы. 2. Діни-тәлімгерлік әдебиеттің жазба әдебиетті тудырудағы рөлі. 3. Шығыстық қиссалар мен нәзирагейлік дәстүр. 4. Діни-тәлімгерлік бағыт өкілдері, шығармаларының басылуы, олардың зерттелу тарихы. Сабақтың мақсаты: ХІХ ғасырдағы қиссашыл, кітаби ақындардың шығармашылығына ортақ белгілерді студенттер қалай меңгергендігін тексеру. Бақылау сұрақтары: 1. ХІХ ғасыр әдебиетіндегі қисса-өлең дәстүрінің ғылыми негізделуі 2. Кітаби ақындардың шығармашылығы жайлы 3. Қисса-дастандардың ауызша әдебиет пен жазба әдебиетке қатысын айқындай түсудің өзекті ғылыми мәселелері Әдістемелік нұсқаулық: Шығыс әдебиеті мен қазақ әдебиетінің арасындағы әдеби байланыстың көрінісі ретінде қисса-дастандардың дамып, назира дәстүрінің өріс алуына көңіл бөлу. Ғалымдардың пікіріне шолу жасау. Ұсынылатын әдебиеттер: 6-семинар. Сал-серілер мен әнші-ақындар поэзиясы Сабақтың мазмұны: 1. Сал-серілер мен әнші-ақындар және әдебиет тарихындағы ән-өлеңдер. 2. Сал-серілер мен әнші-ақындар туындыларындағы ұлттық тағлым, керкемдік тіл кестесі мен лиризм. 3. Қазақ мәдениетіндегі әдеби дәстүрлері, зерттелу, окытылу жайы 4. Әдебиет тарихындағы алар орны. Сабақтың мақсаты: Сал-серілер мен әнші-ақындар шығармашылығы қазақ әдебиетінде ерекше құбылыс екендігін студенттердің қалай меңгергендігін бақылау. Бақылау сұрақтары: 1. ХІХ ғасыр әдебиетіндегі қисса-өлең дәстүрінің ғылыми негізделуі 2. Кітаби ақындардың шығармашылығы жайлы 3. Қисса-дастандардың ауызша әдебиет пен жазба әдебиетке қатысын айқындай түсудің өзекті ғылыми мәселелері Әдістемелік нұсқаулық: Сал-серілер мен әнші-ақындар шығармашылы-ғындағы өнердегі синкретизм белгілерінің сақталуы, жаңғыра қолданылуы екендігіне ерекше көңіл қою. /Әншілік, ақындық, жыршылық, сазгерлік, аңшылық- мергендік, атбегілік-сейістік, құсбегілік-саятшылық, әртүрлі имазмұндағы күлдіргі ойынпаздық, палуандық, ұсталық-зергерлік т.б/ Ұсынылатын әдебиеттер: 7- семинар. Ақан сері Қорамсаұлы Сабақтың мазмұны: 1. Ақан серінің өмірі мен шығармашылығы. 2. Ән-өлеңдерінің көркемдік тіл айшығы, олардағы лиризм. 3. Мағжанның «Ақан сері» мақаласы. Сабақтың мақсаты: Ақан сері Қорамсаұлының өнері мен тағдырының қасіреті жайлы, лирикасының тақырыптық аясы мен көркемдік ерекшелігін студенттердің қаншалықты меңгергеніне қарай бағалау. Бақылау сұрақтары: 1. Шығармашылық мұрасы 2. «Сырымбет», «Қара торғай», «Үш тоты», «Ақ көйлек» ән-өлеңдері 3. Өлеңдеріндегі әлеуметтік үн Әдістемелік нұсқаулық: Ақан сері Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығына тоқталып, өлеңдерінің бейнелілігін, махаббат тақырыбындағы, азаматтық әуенді, сыншыл сарындағы, аңшылық-саятшылдық тақырыбындағы өлеңдерінің маңызын ашу. Ұсынылатын әдебиеттер: 8-семинар. Әдебиет тарихындағы айтыс өнері Сабақтың мазмұны: 1. Айтыс өнері, оның түрлері мен жанрлық ерекшеліктері. 2. Айтыскер ақындар, олардың айтыстарындағы сөз қолданыс, көркемдік тіл айшықтары. 3. Айтысты М.Әуезовтің ғылыми саралап, жіктеуі. 4. Айтыс өнерінің зерттелу тарихы. Сабақтың мақсаты: Ақындық айтыс өнерінің дамып, қанат жаюы, түрлері, зерттелу жайы туралы студенттердің қандай деңгейде меңгергендіктерін тексеру. Бақылау сұрақтары: 1. ХІХ ғасырдағы әйгілі айтыс ақындары. 2. Айтыстың әлеуметтік мәні 3. ХІХ ғасыр айтыстарының жиналып, зерттелу жайы. Әдістемелік нұсқаулық: ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінде ақындық айтыспен бірге жазба айтыстың да дамып өркендеуіне тоқталу, Шөже, Орынбай, Кемпірбай, Балта, Түбек,Сүйінбай, Нұрым, Қашаған т.б. айтыстарының көркемдігіне мән беру. Ұсынылатын әдебиеттер: 9-семинар. «Зар заман» әдебиеті Сабақтың мазмұны: 1. Отарлық езгі және «Зар заман» әдебиетінің тууы. 2. «Зар заман» әдебиетінің өкілдері мен олардың туындыларына тән белгілер, тіл ерекшеліктері. 3. «Зар заман» әдебиетіндегі заман, адам, дәуір суреттері. 4. М.Әуезовтің «Зар заман» әдебиетін зерттеудегі еңбектері. Сабақтың мақсаты: ХІХ ғасыр әдебиетіндегі «Зар заман» ағымы туралы, өкілдерінің шығармашылығының ерекшеліктерін студенттердің қандай дәрежеде меңгергендіктерін тексеру. Бақылау сұрақтары: 1. Зар заман әдебиетінің зерттелу тарихындағы саяси негіздемелер 2. Зар заман поэзиясының көрнекті өкілдері 3. Қазіргі кезеңде зерттелуі. А.Шәріп, Б.Омарұлы, Қ.Раев, Қ.Мәдібай зерттеулері Әдістемелік нұсқаулық: Зар заман әдебиетінің аса көрнекті өкілдері – Шортанбай, Дулат, Мұрат, Шернияз, Әбубәкір шығармашылық мұрасының әдебиет тарихында алар орнын бағамдау. Ұсынылатын әдебиеттер: 10-семинар. Дәстүрлі поэзия өкілдері Сабақтың мазмұны: 1. Әдебиет тарихындағы дәстүр жалғастығы. 2. Әдебиеттегі тақырыптық, мазмұндық қайталаулар мен тағылымдық дидактика. 3. Қашаған Күржіманұлы, Нұрым Жаршағұлұлы, Базар жырау Оңдасынұлы, Мәделі Жүсіпқожаұлы, Құлыншақ Кемелұлы т.б. шығармашылық мұралары. Сабақтың мақсаты: ХІХ ғасыр әдебиеті өкілдерінің шығармашылығы, дәстүр мен жалғастық туралы студенттердің қандай дәрежеде меңгергендіктерін бағалау. Бақылау сұрақтары: 1. Ақындардың шығармашылықтарының басылып, зерттелуі 2. Шығармашылықтарының жанрлық түрлері, көркемдігі Әдістемелік нұсқаулық: ХІХ ғасыр әдебиетіндегі дәстүр жалғастығының көрінісін мысалдармен дәлелдеу. Қашаған, Нұрым, Базар, Мәделі, Құлыншақ шығармашылықтарының ерекшеліктеріне тоқталу. Ұсынылатын әдебиеттер: 11-семинар. Жаңа жазба әдебиет Сабақтың мазмұны: 1. Ағартушылық, демократияшыл көзқарастағы ақын-жазушылар шығармашылығының XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуындағы рөлі. 2. Қазақтың ағартушы, демократ ақын-жазушыларының шығармашылығына өзек болған мәселелер. 3. XIX ғасыр ағартушы-демократтары шығармаларындағы ортақ көзқарастар және оның реалистік жана жазба әдебиетті дамытудағы игі ықпалы. Сабақтың мақсаты: Қазақ әдебиеті тарихындағы жазба әдебиеттің қалыптасып, дамуын, ағартушы ақын-жазушылардың шығармашылығы, оқу-ағарту ісі, жанрлық түрлер, өлең құрылысы мәселелері туралы студенттердің жан-жақты меңгергендіктерін бақылау. Бақылау сұрақтары: 1. Жаңа жанрлардың тууы. Мысал, сықақ, сатираның жандануы 2. Көркем аударма мәселелері 3. Шағын проза. Көсемсөз Әдістемелік нұсқаулық: ХІХ ғасыр әдебиетіндегі дәстүр жалғастығының көрінісін мысалдармен дәлелдеу. Қашаған, Нұрым, Базар, Мәделі, Құлыншақ шығармашылықтарының ерекшеліктеріне тоқталу. Ұсынылатын әдебиеттер: 12-семинар. Дулат Бабатайұлы Сабақтың мазмұны: 1. Дулат ақынның шығармашылығы. 2. Отарлык езгі және Дулат өлеңдеріндегі азаттық танымдар. 3. Ақын мұраларындағы заман, адам бейнесі. 4. Шығармаларындағы туған жер, елдік, ерлік, бостандық тақырыптарының суреттелуі. 5. Жаңа жазба әдебиетіне жол салуы, әдеби шығармаларындағы көркемдік тіл өрнектері. 6. «Еспембет» поэмасы, мысалдары. 7. Шығармашылығының зерттелуі. Сабақтың мақсаты: Дулат Бабатайұлының Абайға дейінгі қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі екендігін, туындыларының тақырыптық аясы, тіл кестесі, өлең өрімі жайын студенттердің қандай деңгейде меңгергендіктерін бағалау. Бақылау сұрақтары: 1. Дулат ақынның арнауларындағы заман жайы 2. Ақындық, сөз өнері жайлы шығармалары 3. Х.Сүйіншәлиев, Қ.Өмірәлиев, Р.Сыздықова т.б. зерттеулері Әдістемелік нұсқаулық: Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығын кезең әдебиеті тұрғысынан бағалап, жазба поэзиясында Абайға дейінгі ірі тұлға екендігін саралау. Ұсынылатын әдебиеттер: 13-семинар. Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен әдеби мүрасы Сабақтың мазмұны: 1. Ы.Алтынсарин - ағартушы, үстаз-жазушы, этногроф, аудармашы. 2. Ы.Алтынсарин - қазақ мектебіне арналған түңғыш оқулықтың авторы 3. Қазақтың халықтық әдет-ғүрыптары туралы жазған этнографиялық еңбектері. 4. Қазақ халқының ауыр тұрмысына арналған макалалары. Сабақтың мақсаты: Ы.Алтынсариннің қазақ әдебиетіндегі алатын орнын, ұстаздық қызметін, шағын жанрды дамытушы екендігін, өлеңдерін, аудармаларын студенттердің жете меңгергендігін тексеріп, бағалау. Бақылау сұрақтары: 1. Ыбырай – қазақтың тұңғыш оқу құралының авторы. 2. Өлеңдері мен әңгімелеріндегі тақырыптық, көркемдік шешім тұрғысындағы үндестік. 3. Ы.Алтынсарин шығармашылығы – қазақ балалар әдебиетінің қалыптасуындағы шешуші негіз. Әдістемелік нұсқаулық: Ыбырай Алтынсариннің ұлы ағартушы, ұстаз-жазушы, ақын, этнограф, аудармашы екендігін еңбектері негізінде әңгімелеу. Қазақтың ұлттық даму тарихына қосқан үлесіне тоқталу. Ұсынылатын әдебиеттер: 14-семинар. Ш.Уәлиханов - әдебиетанушы ғалым Сабақтың мазмұны: 1. Шоқан - қазақ тарихы мен әдебиетін, фольклоры мен этнографиясын зерттеуші, ағартушы ғалым. 2. Ол-публицист жазушы. Шоқанның ағартушылық, демократтык көзқарасындағы философиялық-материалистік дүниетаным сипаттары. 3. Шоқанның фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы зерттеу еңбектері. 4. Шоқанның Қырғыз тарихына және фольклорына байланысты жазғандары, зерттеулері. 5. Шоқанның хаттары, ондағы демократиялық, ағартушылық көзқарастары. Сабақтың мақсаты: Ш.Уәлиханов мұрасының ұлттық тарихымыздағы маңызын студенттердің қандай дәрежеде меңгергендігін бағалау. Бақылау сұрақтары: 1. Шоқан мұрасының жариялануы, зерттелуі 2. Ғалымның фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы зерттеу еңбектері. 3. Ш.Уәлихановтың қырғыздың фольклолры мен тарихына байланысты еңбектері. «Манас» эпосына тұңғыш рет тарихи, әдеби талдаулар жасауы Әдістемелік нұсқаулық: Шоқан Уәлихановтың қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мәдениетін, әдебиетін, тарихын зерттеуші екендігіне тоқталу. Ұсынылатын әдебиеттер: 15-семинар. Абай Құнанбайұлы Сабақтың мазмұны: 1. Хакім Абай мүрасынын жиналуы, жариялануы, зерттелуі. Абай шығармашылығына шешуші ыкпал еткен үш арна. 2. Абайдың аудармашылық-нәзиралық шығармалары - әлемдік әдебиетті қазақ тілінде сөйлетудің үздік үлгілері. 3. Поэмалары. 4. Абайдың қара сөздері — ежелгі грек ойшылдарының шәкірттеріне айтқан әңгіме-сүхбат жанры дәстүріндегі шығармалары. 5. Абай - қазақ сөз өнеріндегі жаңа реалистік жазба керкем әдебиеттің негізін салған ақын. Сабақтың мақсаты: Абай мұрасының қазақ әдебиетінде ірі құбылыс болғандығын, шығармашылығының ерекшелігін студенттердің қандай дәрежеде меңгергендігін бағалау. Бақылау сұрақтары: 1. Әдеби мұрасының сақталу, басылым жайы, зерттелуі 2. Лирикасының тақырыптық аясы 3. Аудармалары, поэмалары 4. Қарасөздерінің маңызы. Әдістемелік нұсқаулық: Абайдың әдебиеттің түріне қосқан жаңалығы, көркемдік көкжиегін кеңейтуі, өлең құрылысына енгізген өзіндік даралығы жайлы кешенді баяндау. Абайтану ғылымының бүгінгі зерттелу мәселесіне тоқталу. Ұсынылатын әдебиеттер: 4 КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ЖӘНЕ ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА 1. Курстық және бітіру жұмыстарының тақырыптары: 1. Шөженің өлеңдері мен айтыстары. 2. Махамбет поэзиясындағы Исатай бейнесі. 3. Махамбет поэзиясындағы ақынның өз бейнесі. 4. Махамбет поэзиясының көркемдік сипаты. 5. Жетісудың отарлануы және Сүйінбай Аронұлының шығармашылығындағы ерлік, азаттық тақырыбы. 6. Біржан салдың ғашықтық лирикасы. 7. Біржан сал өлеңдері, олардың көркемдік кестесі. 8. Шоқан - әдебиет зерттеушісі. 9. Ы. Алтынсариннің прозасындағы дидактика. 10. Ы. Алтынсарин поэзиясындағы дидактика. 11. Ақан Серінің ғашықтық лирикасы. 12. Ақан сері шығармашылығындағы отарлық езгіге қарсы ой - танымдары мен туған жер тақырыбы. 13. Абай - жаңа жазба әдебиеттің негізін қалаушы. 14. Абай поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық. 15. Абай шығармаларындағы отарлық езгіге қарсы сарын. 16. Абайдың өнерге деген эстетикалық көзқарасы. 17. Абай поэзиясындағы табиғат лирикасы. 18. Абай поэзиясындағы ғашықтық лирика. 19. Абай поэзиясындағы әлеуметтік - саяси лирика, оның Дулат шығармашылығындағы рухани көздері. 20. Абайдың ғақлиялары (қара сөздері). 21. Абайдың поэмалары. 22. Абайдың аудармалары. 23. Ақылбайдың «Дағыстан» поэмасының көркемдік кестесі. 24. Мағауияның «Медғат - Қасым» поэмасының құрылымы мен көркемдік сипаты. 25. Ш.Бөкеев шығармашылығы және ондағы декаденттік әдеби ағым. 26. Ш. Жарылғасұлы поэзиясындағы азаттық сарыны. 27. А.Азаматқызының «Жетім қыз» поэмасындағы әлеуметтік - саяси лирика. 28. Ш.Қанайұлы және зар заман әдебиеті. 29. Кемпірбай Бөгембайұлының поэзиясы. 30. Орынбай Бертағыұлының шығармашылығы. 31. Нұрым Жаршығұлының шығармашылығы. 32. Қашаған Күржіманұлы поэзиясы. 33. Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармашылығы. 34. Балқы Базардың әдеби мұрасы. 35. Құлыншақ Кемелұлы поэзиясы. 36. Жаяу Мұсаның лирикалары. 37. Мүрат Мөңкеұлы туындыларындағы заман зары мен отарлық езгіге қарсы сарын. 38. Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармаларындағы дін және мораль мәселесі. 39. Мәшһүр Жүсіп Көпеев - фольклор жинаушысы. 40. Көкбайдың «Сабалақ» дастанындағы ерлік, елдік тақырыбы. 41. Иманжүсіп Құтпанүлы шығармашылығындағы ғашықтық және азаттық тақырыбы. 42. Балуан Шолактың лирикасы. 43. М.Сералиннің баспагерлік, публицистикалық және әдеби еңбектері. 44. Мәдидің лирикасы. 45. Сара Тастанбетқызының поэзиясы. 46. XIX ғасыр әдебиетіндегі тарихи жырлар, олардың азаттық сипаты. 47. Дулат Бабатайұлы шығармашылығындағы отарлық езгіге қарсы күрес сарыны. 48. Дулат мысалдарының әлеуметтік - саяси мәні. 49. Дулаттың «Еспембет» поэмасындағы азаттық тақырыбы. 50. Отарлық сарын және отарлық дәуірдегі әдебиеттің өзіндік ерекшеліктері. 51. Сүйінбай өлеңдеріндегі халық бейнесі. 52. М. Қалтаев және діни - тәлімгерлік бағыт. 53. Абайдың ақындық мектебі. 54. XIX ғасырдағы сал - серілер поэзиясы. 55. XIX ғасырдағы айтыс өнері. 56. XIX ғасыр әдебиетіндегі шығыстық қисса дастандар. 57. Мәделі Жүсіпқожаұлының поэтикасы. 58. XIX ғасыр әдебиетіндегі аударма. 59. Ақындар поэзиясының рухани арналары. 60. Майлықожаның ақындық мұрасы 4.2. Жұмыстың орындалуы туралы әдістемелік нұсқау: Берілген жұмыс тақырыптарынан біреуін қалауыңыз бойынша таңдап аласыз. Ғылыми жұмыс А4 форматта жазылады. Компьютерде басылған курс жұмысы көлемі 20-25 бет болу керек. Жұмыстың қүрылымы: 1) жоспары; кіріспе; негізгі бөлім; қорытынды; қолданылған әдебиеттер тізімі. Сыртқы беті стандартқа сай өңделуі тиіс. 5 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ 5.1 Студенттің өздік жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулық: Өздік жұмыс тақырыптары, онда қарастырылатын сұрақтар қазақ әдебиеті тарихының өзекті теориялық және методологиялық мәселелерін кеңінен қамтиды. Студенттің білімді өз бетімен алуға ұмтылушылығын, ізденімпаздық кабілетін арттыру мақсат етіледі. Студенттен әр семинардың берілген сұрақтарына тыңғылықты әзірленуі талап етіледі. Ол үшін студент көрсетілген әдебиеттер бойынша әрбір сұрақтың мәнін ашатындай конспект әзірлеуі қажет. Бұл біріншіден, білімінің жүйелілігін, үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, дайын конспектінің өздік жұмысты орындау, ОСӨЖ, кезеңдік және қорытынды бақылауға дайындалу барысында пайдасы зор. Қздік жұмыс тақырыбымен танысып алған соң, қажетті әдебиеттерді іріктеп алу керек. Бір сұрақтың айналасында айтылған түрлі авторлардың пікірлеріне іштей салыстырулар жасап, түйінді жерлерін қағаз бетіне түсіру керек. Осы мәселе төңірегіндегі өз ойыңыз қандай, соны дәйектеңіз. Бұдан соң белгілі бір тұжырымды дәлелдеу үшін өзіңіз оқыған көркем туындылардан, сын мақалалардан мысалдар келтіріңіз. Келесі семинарларда алдыңғы өткен сабақтарда дайындаған материалдарыңызды, алған біліміңізді дұрыс пайдалана біліп, жаңа тақырыппен байланыстырып отырыңыз. Әр тақырыпты өткен кезде ұсынылып отырған көркем мәтіндермен мұқият танысып, көрсетілген үзінділерін жатқа оқу қажет. Өздік жұмысты қорғау барысында әдеби мәселелерді меңгерумен қатар мәтінді білу талап етіледі. Емтихан алдында мәтіндік тест алынады. 1. Абай шығармашылығына әсер, ықпал еткен үш арна. 2. Ы. Алтынсариннің педагогикалық қызметі. 3. Сүйінбай арнауларын жаттау. 4. Д. Бабатайүлының шығармашылығы. 5. Махамбет жырларының көркемдік ерекшеліктері. 6. Жаяу Мүса Байжанүлының өмірі мен шығармашылығы. 7. Махамбет өлендеріндегі жыраулық - акындык дәстүр. 8. Шернияздың шешендік өнері. 9. Балуан Шолақ Баймырзаұлының шығармаларынан жатқа оқу. 10. Ы. Алтынсарин өлеңдерінің тақырыптық , идеялық мазмүны 11. С. Бөкеевтің көңіл - күй, филисофиялық лирикасы. 12. Ә. Найманбаев дастандары. 13. М. Мөңкеұлының «Қарасай - Қази» дастан. 14. М. Сұлтанқожаұлының толғау - термелері. 15. Ы. Алтынсариннің еңбек тақырыбындағы әңгімелерінің ерекшеліктері. 16. Ш. Уәлиханов — ағартушы, демократ, тұңғыш ғалым. 17. Б. Оңдасұлы толғауларындағы азаматтық, әлеуметтік әуендер. 18. Абай өлеңдерінен үзінді оқы. 19. Майлықожа айтыстары. 20. Абай қара сөздерінің идеялық - тақырыптық ерекшеліктері. 21. Абай - аудармашы. Әдістемелік нұсқау. СӨЖ тапсырмалары жазбаша жұмыс (бақылау жұмысы) түрінде берілген. Сұрақтарға жауаптарды конспект түрінде дәптерге жазып: 1-кредит бойынша 3,6-апталарда, 2-кредит бойынша 11,14-апталарда СОӨЖ сабағында тексеріледі. 8. КУРС БОЙЫНША ЖАЗБАША ЖҰМЫС ТАҚЫРЫПТАРЫ 1- кредит бойынша тапсырма жазу түрінде беріледі. 8.1 Бақылау жұмысы тақырыптары. 1. Ақындар поэзиясының өзіндік ерекшелігі. 2. XIX ғасыр ақындарының жыраулар поэзиясымен үндестігі. 3. Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы. 4. Дулаттың арнау өлеңдеріндегі сыншылдық. 5. Дулаттың мысал өлеңдері, олардың тәрбиелік мәні. 6. Дулаттың «Еспембет» поэмасы. 7. М. Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы. 8. Махамбет шығармаларындағы Исатай бейнесі. 9. Махамбет елеңдерінің көркемдік ерекшелігі. 10. Шернияз Жарылғасұлының өмірі, шығармашылығының зерттелуі. 11. Шөже Қаржаубайұлының өмірі мен шығармашылығы. 12. Шөже Қаржаубайұлының арнау өлеңдеріндегі сыншылдық. 13. Шөже - айтыс ақыны. 14. 0рынбай Бертағыұлының өмірі мен шығармашылығы. Орынбайдың айтыстары. Майлықожа Сүлтанқожаұлының өмірі мен шығармашылығы. Майлықожаның айтыстары. Майлықожа толғаулары. «Тотынама» толғауы. Майлықожа өлеңдеріндегі табиғат көріністері. Шортанбай Қанайүлының өмірі мен шығармашылығы. Шортанбай Қанайұлынын шығармаларындағы дидактикалық сарын. Сүйінбай Аронұлының өмірі мен шығармашылығы. Сүйінбайдың арнау өлеңдері. Сүйінбайдың айтыстары Сүйінбай толғауларындағы бұқарашылдык, әлеуметтік сыр. Мұрат Мөңкеұлының өмірі мен шығармашылығы. Мұраттың айтыстары. Мұрат толғаулары. «Үш қиян» толғауындағы суреткерлік шеберлігі. Мұраттың «Қарасай-Қази» жырының тақырыбы, идеясы, көркемдік ерекшелігі. Базар Оңцасүлының өмірі мен шығармашылығы. Базар Ондасүлы өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі. Мәделі Жүсіпкожаұлының өмірі мен шығармашылығы. Мәделі өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі. Нұрым Шыршығұлұлынын, айтыстары. Нұрым елеңдеріндегі халықтық сипат. Құлыншақ Кемелұлының өмірі меншығармашылығы. Құлыншақ айтыстары. Құлыншақтың «Шырын - Шекер» қиссасы. Алмажан Азаматқызының «Жетім қыз» поэмасының көркемдік ерекшелігі, тілі. 40. XIX ғасырдың II жартысындағы Қазакстандағы тарихи әлеуметтік жағдай, әдебиеттің жалпы дамуына шолу. 41. Орыс әдебиетінің әсері. 42. Ш. Уәлихановтың өмірі, еңбектерінің зерттелуі. 43. Шоқанның әдебиетті зерттеудегі еңбектерінің маңызы. 44. Шоқанның мақалалары мен очерктері. 45. Ы.Алтынсариннің өмірі, ағартушылық қызметі мен «Қазақ хрестоматиясы» оқулығы. 46. Ы. Алтынсариннің табиғат лирикасы. 47. Ыбырай әңгімелеріндегі еңбек тақырыбы. 48. «Мұсылмандық тұтқасы» еңбегі. 49. Абайдың өмірі, шығармашылығының зерттелуі. 50. Абайтану ғылымының тарихы мен маңызы. 51. Абайдың лирикасы, өлең қүрылысына енгізген жаңалығы. 52. Абайдың қарасездері, аудармалары мен поэмалары. 53. Шәңгерей Бөкеевтің өмірі мен шығармашылығы, зерттелуі. 54. Шәңгерей өлеңдерінің негізгі тақырыбы. 55. Шәңгерейдің «Қашқын» поэмасы, көркемдік ерекшелігі, тілі. 56. Абайдың ақындық мектебі, Абай дәстүрін дамытушылар. 57. Мағауия Абайұлының өмірі мен шығармашылығы. 58. Мағауияның поэмалары. «Медғат - Қасым» поэмасындағы романтизм. 59. Ақылбай Абайұлының өмірі мен шығармашылығы. 60. .Ақылбайдың «Дағыстан» поэмасы. 61. XIX ғасырдың II жартысындағы әнші – ақындар шығармашылығы. 62. Ақан сері Қорамсаұлының өмірі, шығармашылығының зерттелуі. 63. Ақан сері лирикасының негізгі тақырыптары, көркемдік ерекшелігі. 64. Акан сері әндерінің шығу тарихы, айтыстары. 65. Біржан сал Қожағүлұлының өмірі, шығармашылығының зерттелуі. 66. Біржан сал поэзиясының негізгі тақырыптары, көркемдік ерекшелігі. 67. Біржан салдың ән-өлендері,олардың шығу тарихы. 68. Сара Тастанбекқызының өмірі және шығармашылығы. 69. Сара Тастанбекқызы өлеңдерінің негізгі такырыбы, көркемдік ерекшелігі. 70. «Біржан - Сара» айтысы. 71. XIX ғасырдағы ел ахуалының әдебиетке тигізген әсері. 72. Жазба әдебиеттің қалыптасуы. Бақылау жұмысы дегеніміз берілген тақырыптың қысқаша мазмұнын беретін шығарма. Берілген тақырыптардан қалауыңыз бойынша бір тақырып таңдап аласыз. Сіз бақылау жұмысын 12 беттік оқушы дәптеріне жазып өткізесіз. 1-7 апта аралығында дайындалып, 7-аптада СОӨЖ сабағында өткізесіз., Егерде тақырыбыңыз өтіп кетсе 7-аптаға дейін тапсырып тастауға болады. 8.2 РЕФЕРАТ ТАҚЫРЫПТАРЫ Реферат. Дулаттың арнау өлендеріндегі сыншылдық Реферат. «Дулаттың мысал өлеңдері, олардың тәрбиелік мәні». Реферат. «Нүрым Шыршығұлүлының айтыстары. Реферат. «Мағауияның поэмалары. «Медғат-Қасым» поэмасындағы романтизм». Реферат. «Ақылбайдың «Дағыстан» поэмасы». Реферат. «XIX ғасырдың ІІ-жартысындағы әнші-ақындар шығармашылығы». Реферат. «Абайдың ақындық тағлымы ». Реферат. «Нысанбай жыраудың «Кенесары-Наурызбай» жыры». Реферат «Біржан-Сара» айтысы, көркемдік тіл кестесі. Реферат. «Жыраулық дәстүр және Махамбет поэзиясы» Реферат. «Абайдың ғұмырбаяны (М.Әуезов зерттеулері негізінде)». Реферат. «Сүйінбай айтыстарындағы ерлік, елдік, үлттық тағлым мәселелері» 13. Реферат. «XIX ғасыр әдебиетіндегі Қоқан хандығы езгісіне қарсы сарын (Мәделі, Қүлыншақ, Майлықожа туындылары негізінде)». 14. Реферат. «Абайдың ақын шәкірттері» 15. Реферат. «XIX ғасырдағы кисса-дастандар және әдебиеттегі нәзирәгейлік дәстүр». Әдістемелік нұсқау. Берілген реферат тақырыптарынан біреуін қалауыңыз бойынша таңдап аласыз. Реферат 15-аптада СОӨЖ сабағында қабылданады. Реферат А4 форматта жазылады. Қолдан жазылған реферат көлемі 15 бет, ал компьтерден басылған реферат көлемі 10 бет болу керек. Реферат құрылымы: 1) жоспары; кіріспе; негізгі бөлім; қорытынды; қолданылған әдебиеттер тізімі. Сыртқы беті стандартқа сай, компютерге басылған болуы тиіс. Реферат стандартқа сай жазылып, қорғалса – 10 баллға бағаланады. Жай ғана өткізілсе – 4 балл. Әдебиеттер: 1-48 8.4 КУРС БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ 1. XIX ғасыр өдебиеті талданған тұңғыш еңбек «Әдебиет тарихының» авторын ата. А) М.Мырзахметов; В) Ә.Қоңыратбаев; С)Н.Келімбетов; Д) М.Әуезов; Е) Қ.Ергөбеков. 2. XIX ғасыр әдебиетіне тән басты белгі қаңдай? А) Отарлық езгіні суреттеу; В) Өршіл романтизм; С) Ғашықтық лирикасы; Д) Ел бірлігін жырлау; Е) батырлар жайлы ода шығару. 3. XIX ғасырдағы алғашқы жазба әдебиет үлгілері осы әдеби түрлердің қайсысынан басталады? , А) Айтыс өлеңдері; В) ән өлеңдер; С)Діни ғибраттар; Д) Толғаулар мен термелер; Е) Тарихи жырлар. 4. Осы әдеби тек пен түрлердің қайсысы қазақ әдебиеті тарихына XIX ғасырда енген жоқ? А) Поэмалар; В) Драматургия; С) Аударма; Д) Тарихи жырлар; Е) Қиссалар. 5. М.Әуезов саралап жазған айтыс акындарына тән қасиеттердін қатарына енбейтінін көрсет? А) Айтыс ақындары бір айтқанын екінші рет қайталамайды; В) Айтысты кейінге жеткізгендер кебінесе сол айтыста жеңілген ақын болады; С)Айтыста жеңілу сөз таппағаннан емес, дәлелді, тұтқалы сөзге тоқтағандықтан болады; Д) Айтыста әлеуметтік бөліну, атақ — даңқ, үлкен - кіші, ер - әйел деген шек болмайды, ол демократиялық еркін өнер; Е) Айтыста этнопедагогика ( үлттәрбиесі) сөз болмауы керек. 6. Осылардың қайсысы XIX ғасыр әдебиетін қамтымайтын ғылыми еңбек? А) Қ. Өміралиев «Қазақ поэзиясының жанры мен стилі»; В) С.Сейфуллин «Қазақ әдебиеті»; С) Е.Ысмайылов «Ақындар» Д) С.Мұқанов «Қазақтың ХУШ-ХІХ ғасырлардағы әдебиет тарихынан очерктер»; Е) М.Мағауин « Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет». 7.XIX ғасыр әдебиетінің өкілдері мен олардың шығармалары қалай аталады? А) Драмтургтер, пьесалар; В) Акындар, өлеңдер; С) Жыршылар, эпостық жырлар; Д)Жыраулар, толғаулар; Е) Жазушылар, прозалық шығармалар. 8. Махамбеттің «Тарланым» өлеңі қай әдеби үлгі - өрнекпен шығарылған? А) Фольклорлық жоқтау үлгісі; В) Жыраулар поэзиясындағы арнау үлгісі; С) Тарихи жырлардағы сюжетті эпика үлгісі; Д)Ақындар поэзиясындағы реализм үлгісі; Е) Шығыс әдебиетіндегі діни поэзия үлгісі. 9. Жүсіпбек Шайхүсламұлы бастырған қиссалардың қатарына жатпайтынын ата? А) «Сал-Сал»; В) «Жүсіп пен Зылиха»; С) «Қожа Ғафан»; Д) «Зарқұм»; Е) «Кербаланың шелінде». 10. Қазақ әдебиетінде тұңғыш рет мысал жазған кім? А) Абай; В) Дулат Бабатайүлы; С)Ақылбай Абайұлы; Д)Ақан сері; Е) Шоқан Уәлиханов. 11. Шоқан «Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде» атты зерттеу еңбегінде ән өлең авторларын өзі жіктеген қазак поэзиясы түрлерінің А) Жыр; В) Жылау-жоктау өлеңі; С)Өлең; Д) Қайым; Е)Қара өлең. І2.Қазақ әдебиетіндегі жаңа жазба әдебиетті А.Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқышта» калай атаған? А) сындар дәуір; В)Діндар дәуір; С)Ауыз әдебиеті; Д)3ауықтама; Е)Сарындама. 13. XIX ғасыр әдебиетінде жаңа бет, тың жол салмай, немесе осындай жаңа әдеби бағыт, ағымдар аясында шығармашылық мұра тудырмай, өздеріне дейінгі поэзия үлгілері дәстүрімен ғана жүрген акындарды шартты түрде қай бағыт екілдері деп айтамыз? А) ұлт азаттык бағытындағы әдебиет үлгілері; В)Дәстүрлі поэзия өкілдері; С) «Зар заман» әдебиетінің өкілдері; Д)Жәдидтік бағыттағы жаңа жазбаәдебиет өкілдері; ; Е) Сал-серілер мен әнші - ақьшдар. 14.Осылардың қайсысы діни - тәлімгерлік бағыт өқілдері қатарына енбейді? А)Жүсіпбек Шайхұсламұлы; В)Ақмолла Мұхамедияров; С)Шәңгерей Бөкеев; Д)Мәулекей Жұмашев; Е)Майлықожа Сұлтанқожаұлы; 15.Абайдың ақын шәкірттері жайлы жазылған «Абайдың ақын шәкірттері» атты 4 кітаптан түратын еңбектің авторын ата? А)Қ Мүхамедханов; В)М. Әуезов; С)М. Мырзахметұлы; Д)Ж. Ысмағұлов; Е)С. Мұқанов. Тест тапсырмаларының кілті |Сұрақтардың нөмірі | |1 |2 |3 |4 | |1 |2 |3 |4 | |Сүйіншәлиев X. XIX |3 |3 |100% | |ғасыр әдебиеті. Оқулық,| | | | |-Алматы, 1992 | | | | |Мәдібай Қ. XIX |3 |3 |100% | |ғасырдағы қазақ | | | | |әдебиеті. І-кітап. | | | | |-Алматы, 2001 | | | | |Мәдібай Қ. XIX |3 |3 |100% | |ғасырдағы қазақ | | | | |әдебиеті. ІІ-кітап. | | | | |-Алматы,2004 | | | | |XIX ғасырдағы қазак |3 |3 |100% | |ақындары.-Алматы,1987 | | | | |XIX ғасырдағы қазақ |3 |3 |100% | |поэзиясы.-Алматы, | | | | |Ғылым, 1985 | | | | |Бес ғасыр жырлайды. - |3 |3 |100% | |Алматы, 1-2 том, 1989 | | | | |Қазақ әдебиетінің |3 |3 |100% | |тарихы. 2-том, І-кітап | | | | |Үш ғасыр жырлайды. — |3 |3 |100% | |Алматы, 1965 | | | | |Қоңыратбаев Ә. Қазақ |3 |3 |100% | |әдебиетінің тарихы. - | | | | |Алматы, 1994 | | | | |Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы|3 |3 |100% | |мен әдебиет тарихының | | | | |мәселелері. - Алматы, | | | | |1967 | | | | |Өмірәлиев Қ. ХУ-ХІХ |3 |3 |100% | |ғасырлардағы қазак | | | | |поэзиясының тілі. - | | | | |Алматы, | | | | |1976 | | | | |ХУ-ХІХ ғасырлардағы |3 |3 |100% | |қазақ ақындары | | | | |шығармаларының жинағы. | | | | |Алматы,1962 | | | | |Қазақ әдебиетінің |3 |3 |100% | |қысқаша тарихы. | | | | |1-кітап, А., 2001 | | | | |Жұмалиев Қ. ХУШ-ХІХ |3 |3 |100% | |ғасырлардағы қазақ | | | | |әдебиеті. А.,1967 | | | | |Бекбосынов М. Тәуекел |3 |3 |100% | |мен батыр ой (әдебиет | | | | |тарихындағы азаттық | | | | |танымдары) С, 2006 | | | |
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz