Файл қосу

Ақпарат жанрының тілдік ерекшеліктері












              5В050504  «Журналистика»   мамандығына  арналған
                        «БАҚ тілі мен стилі» пәнінің
                          ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ

               СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
























                                    СЕМЕЙ
                                    2014
                                   Кіріспе

1 ҚҰРАСТЫРҒАН
Құрастырушы  _________  «___» _______ 2014 жыл.
                                қолы

Каримова Бибігүл Жұмашқызы,  Журналистика және практикалық қазақ тілі
кафедрасының аға оқытушысы.


2  ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1  Журналистика және практикалық қазақ тілі кафедрасының  мәжілісінде
қаралып, талқыланды.
Хаттама     №___    «___» _______  2014  жыл.

Кафедра меңгерушісі: ___________ Жұмағұлова Ә.М.

2.2  Экономика, құқық, гуманитарлық ғылымдар  факультеттің оқу- әдістемелік
бюро мәжілісінде  талқыланып, бекітілді.
Хаттама     №___   «___» _______  2014   жыл.

Төрағасы: ___________ Тойкин С.Х.


3  БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде мақұлданып, бекітілді.
Хаттама №___  «___» ___________2014 жыл.


ОӘК төрайымы _________________ Искакова Г.К.

4  «___» _______ 20    ж. шыққан ПОӘК-нің
№2 БАСЫЛЫМЫ

















                                   Мазмұны


1  Жалпы ережелер
2  Пәннің мазмұны және сағаттарды сабақ түріне шағу
3  Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулықтары
4  Курс форматы
5  Курс саясаты
6  Бағалау саясаты
7  Әдебиеттер



































      1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


      1.1  Оқытушы туралы  және пән туралы жалпы мәлімет:
Каримова Бибігүл Жұмашқызы
Кафедра:Журналистика және практикалық қазақ тілі
Кафедраның мекен-жайы : Глинки, 20;  912- бөлме
Ақпараттық  қатынас:  телефон : 36-02-25
Кафедрада болатын уақыты:  күнделікті  08.00-ден-17.00-ге дейін.
Сабақ өтетін орын: 809 аудитория
Кредит саны: 3

      1.2  Пәннің қысқаша сипаттамасы
      «БАҚ тілі  мен  стилі»  атты  жалпы  курс,  негізінен  «Журналистикаға
кіріспе»,  «Қазақ  журналистикасының  тарихы»  сияқты  пәндердің  теориялық-
практикалық заңды бөлшегі және  жалғасы  болып  табылады.  Бұл  пән  болашақ
журналистерді тек қана теория жағынан емес,практикалық қырынан шыңдайды.
       Сонымен  қатар  журналистиканың  теориясын,   тарихын,   тәжірибесін,
тілін,стилін, зерттеушілердің еңбектерімен қоса баспа жүзінде,газет,  журнал
беттерінде  жарық  көрген,  радио  және  телевизия  арналарынан   таратылған
публицистердің баспасөз, қазіргі масс-медиа туралы  ой-пікірлері  басшылыққа
алынады.


      1.3  Пәнді оқытудың мақсаты:
      Біріншіден, тіл құралын баспасөзде,телевизия мен радио материалдарында
орынды да сауатты қолдана білу шеберлігіне үйрету.
Екіншіден,болашақ журналистерге  публицистикалықжанрлардың  тілі  мен  стилі
туралы тиянақты білім беру,ұрпақтың  іс-тәжірибелері  негізінде  қалыптасқан
журналистік шеберліктің негіздерін үйрету.
       Бұл  жалпы  курсты  оқыту  арқылы  студенттердің  тілі,стилі   сияқты
журналистік шеберліктің маңызды жақтарына ден қоюына ықпал  ету.Газет-журнал
материалдарының,телевизия    мен    радио    хабарларының     тілдік,стилдік
ерекшеліктерін   саралай   білуге   баулу.Мерзімді   басылымдар   сипатының,
телерадио аудиториясының,аймақтық ерекшелігінің,  т.б.  тіл-стильге  тигізер
әсерін айқын аңғару.

      1.4  Пәнді оқыту  міндеттері:
      Студенттердің баспасөз тілінің,  телерадио  коммуникациясы  мәдениетін
арттыру мәселесіне ерекше  көңіл  бөлу,  ауызша  және  жазбаша  жұмыстарының
лексикалық, грамматикалық, синтаксистік жағынан дұрыс  болуымен  қатар  тілі
мен стилі жағынан жатық әрі сауатты болуына мән беру.
      Осы пәнді оқу барысында болашақ журналист әрбір жанр  мен  формалардың
өзіндік  тілдік,  стильдік  ерекшелігін  білуі  тиіс.  Әр   түрлі  тақырыпта
материал жазғанда,басылымның, телерадиоарнаның өзіндік  ерекшелігіне  сәйкес
сөз қолдану тәсілдерін таңдай білу керек.

      1.5  Оқыту нәтижелері:
      Пәнді оқыту нәтижесінде студент мыналарды білуі керек:
      - Журналистикадағы стильдік ерекшеліктер мен олардың өзіндік
табиғатын меңгереді;
      - БАҚ-ғы  стильдердің қалыптасу, даму кезеңдері жайлы толық
мағұлмат алады;
      - Баспасөздің тілі мен стилінің өзіндік ерекшеліктері, оларға
қойылатын типтік талаптар туралы терең білім алады;
      - Бүгінгі таңдағы БАҚ-тың тілі мен стилі туралы нақты мысалдар
арқылы олардың құндылықтары туралы өзіндік нақты көзқарастар
қалыптастырады;
      - Теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана білуді үйренеді;
      - Кәсіби зерттеу жұмыстарына дағдылары қалыптасады.

      1.6  Курстың пререквизиттері
      1.6.1  Журналистикаға кіріспе
      1.6.2   Қазақ журналистикасының тарихы


      1.7  Курстың постреквизиті:
      1.7.1  Мамандандыққа баулу
      1.7.2  Журналистік шеберлік

       2  ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САҒАТТАРДЫ САБАҚ ТҮРІНЕ ШАҒУ
                                   Кесте 1
|№  |Тақырыптың атауы           |Сағат саны                |Әдебиеттер   |
|   |                           |ДС |СП |Л    |С    |С     |             |
|   |                           |   |З  |Б    |Р    |Р     |             |
|   |                           |   |   |     |С    |С     |             |
|   |                           |   |   |     |П    |      |             |
|1  |2                          |3  |4  |5    |6    |7     |8            |
|1  |Газет жанрлары және        |   |   |     |     |      |             |
|   |олардың тілдік, стильдік   |   |   |     |     |      |             |
|   |ерекшеліктері. Стиль туралы|   |   |     |     |      |             |
|   |түсінік.                   |1  |   |     |0,5  |1,5   |1, Б. 12-25  |
|   |                           |   |   |     |     |      |ББ           |
|2  |Баспасөз тілі-жазба тіл.   |   |1  |     |0,5  |1,5   |2, 78-99 ББ  |
|3  |Стиль-өнер ерекшелігі.     |   |1  |     |0,5  |1,5   |3, 91-98 ББ  |
|4  |Ақпарат жанрының тілдік    |   |   |     |     |      |             |
|   |ерекшеліктері.             |1  |   |     |0,5  |1,5   |4, 30-40 ББ  |
|5  |Сұхбаттың стильдік         |   |   |     |     |      |             |
|   |ерекшеліктері.             |   |1  |     |0,5  |1,5   |3, 45-62 ББ  |
|6  |Репортаж жанрының тілі мен |   |   |     |     |      |             |
|   |стилі.                     |   |1  |     |0,5  |1,5   |5, 65-22 ББ  |
|7  |Корреспонденцияның         |   |   |     |     |      |             |
|   |өзгешеліктері.             |1  |   |     |0,5  |1,5   |10, 3-17 ББ  |
|8  |Очерктің тілдік,           |   |   |     |     |      |             |
|   |стильдік артықшылықтары.   |   |1  |     |0,5  |1,5   |1, 16-35 ББ  |
|9  |Сатиралық жанрлардың тілі  |   |   |     |     |      |             |
|   |мен стилі.                 |   |1  |     |0,5  |1,5   |2, 73-107 ББ |
|10 |Газет жанрларына тіл, стиль|   |   |     |     |      |             |
|   |жөнінен қойылатын талаптар.|   |   |     |     |      |             |
|   |                           |1  |   |     |0,5  |1,5   |3, 9-19 ББ   |
|11 |Талдамалы-публицистикалық  |   |   |     |     |      |             |
|   |жанрларда жазылған         |   |   |     |     |      |             |
|   |материалдардың             |   |   |     |     |      |             |
|   |тілдік,стильдік табиғаты.  |   |   |     |     |      |             |
|   |                           |   |1  |     |0,5  |1,5   |2, 78-99 ББ  |
|12 |Радиохабардағы стиль       |   |   |     |     |      |             |
|   |мәселесі.                  |   |1  |     |0,5  |1,5   |3, 91-98 ББ  |
|13 |Газет жанрларының тілі мен |   |   |     |     |      |             |
|   |стилін әсерлеу жолдары.    |   |   |     |     |      |             |
|   |                           |1  |   |     |0,5  |1,5   |4, 30-40 ББ  |
|14 |А.Байтұрсыновтың әсерлеуге |   |   |     |     |      |             |
|   |берген анықтамасы.         |   |   |     |     |      |             |
|   |                           |   |1  |     |0,5  |1,5   |2, 15-23 ББ  |
|15 |Мақал-мәтел, қанатты       |   |   |     |     |      |             |
|   |сөздердің стильдік қызметі.|   |1  |     |0,5  |1,5   |3, 91-98 ББ  |
|16 |Баспасөздегі тіл мәдениеті |   |   |     |     |      |             |
|   |мәселелері.                |1  |   |     |0,5  |1,5   |4, 25-39 ББ  |
|17 |Баспасөз тілінің мәдениеті |   |   |     |     |      |             |
|   |туралы тұжырымдар.         |   |1  |     |0,5  |1,5   |5, 12-22 ББ  |
|18 |Газет тілі мен стилінің тіл|   |   |     |     |      |             |
|   |мәдениеті мәселелерімен    |   |   |     |     |      |             |
|   |тығыз байланыстылығы.      |   |1  |     |0,5  |1,5   |1, 43-59 ББ  |
|19 |Стиль түрлерінің           |1  |   |     |0,5  |1,5   |2, 11-20 ББ  |
|   |баспасөздегі көріністері.  |   |   |     |     |      |             |
|20 |Интонация, екпін, кідіріс  |   |   |     |     |      |             |
|   |туралы.                    |   |1  |     |0,5  |1,5   |3, 39-56 ББ  |
|21 |Аралық бақылау жұмысы      |   |1  |     |0,5  |1,5   |4,158-172 ББ |
|22 |Баспасөздегі жарнама       |   |   |     |     |      |             |
|   |материалдарының тілі мен   |   |   |     |     |      |             |
|   |стилі.                     |1  |   |     |0,5  |1,5   |5,200-210 ББ |
|23 |Жарнама және оның қазақ    |   |   |     |     |      |             |
|   |баспасөзіндегі көрнісі.    |   |1  |     |0,5  |1,5   |6, 51-24 ББ  |
|24 |Жарнаманың түрлері.        |   |1  |     |0,5  |1,5   |1, 56-61 ББ  |
|25 |Телехабардың тілі.         |1  |   |     |0,5  |1,5   |2, 36-45 ББ  |
|26 |Экран тілінің пішіні.      |   |1  |     |0,5  |1,5   |3, 25-33 ББ  |
|27 |Радиодағы ауызша сөз бен   |   |   |     |     |      |             |
|   |жазбаша сөз.               |   |1  |     |0,5  |1,5   |4, 26-35 ББ  |
|28 |Радиодағы фразеология,     |   |   |     |     |      |             |
|   |мақал-мәтел, қанатты       |   |   |     |     |      |             |
|   |сөздердің рөлі             |1  |   |     |0,5  |1,5   |1, 29-43 ББ  |
|29 |Тіл-ғылыми категория.      |   |1  |     |0,5  |1,5   |2, 69-84 ББ  |
|30 |Телемәтінге қойылатын үш   |   |   |     |     |      |             |
|   |талап.                     |   |1  |     |0,5  |1,5   |3, 91-120 ББ |
|31 |Радиохабарларының стиль    |   |   |     |     |      |             |
|   |мәселесі.                  |1  |   |     |0,5  |1,5   |4, 20-23 ББ  |
|32 |Радио тілдің ерекшеліктері.|   |1  |     |0,5  |1,5   |5, 56-69 ББ  |
|33 |Әуен-саздарды ақпарат      |   |   |     |     |      |             |
|   |беретін тіл етіп пайдалану |   |   |     |     |      |             |
|   |тәсілдері.                 |   |1  |     |0,5  |1,5   |7, 94-111 ББ |
|34 |Радио тілі, стилінің       |   |   |     |     |      |             |
|   |зерттелуі.                 |1  |   |     |0,5  |1,5   |9, 12-29 ББ  |
|35 |Фразеология, мақал-мәтел,  |   |   |     |     |      |             |
|   |қанатты сөздердің рөлі.    |   |1  |     |0,5  |1,5   |10, 36-42 ББ |
|36 |Көркем әдебиет тілінің     |   |   |     |     |      |             |
|   |газеттегі қолданысы.       |   |1  |     |0,5  |1,5   |2, 15-23 ББ  |
|37 |Сөйлеу тілі мен радио      |   |   |     |     |      |             |
|   |тілінің ерекшелігі         |1  |1  |     |1    |3     |3, 91-98 ББ  |
|38 |Радиода тілдік безендіру.  |   |1  |     |0,5  |1,5   |4, 25-39 ББ  |
|39 |Әдеби тіл нормасы және оның|   |   |     |     |      |             |
|   |радиохабарларындағы сипаты.|   |   |     |     |      |             |
|   |                           |   |   |     |     |      |             |
|   |                           |1  |   |     |0,5  |1,5   |5, 12-22 ББ  |
|40 |Ауызша сөзді радиосөзге    |   |   |     |     |      |             |
|   |айналдыра білу де –        |   |   |     |     |      |             |
|   |журналистік өнер.          |   |1  |     |0,5  |1,5   |1, 56-71 ББ  |
|41 |Ақпарат хабарлар мен көркем|   |   |     |     |      |             |
|   |хабарлардың жанрлық тіл    |   |   |     |     |      |             |
|   |кестесі.                   |   |1  |     |0,5  |1,5   |2, 8-16 ББ   |
|42 |Радиохабарларын тілдік     |   |   |     |     |      |             |
|   |бейнелеу және акустика.    |1  |   |     |0,5  |1,5   |3, 63-76 ББ  |
|43 |Радио тілі мен стилі туралы|   |   |     |     |      |             |
|   |зерттеулер.                |   |1  |     |0,5  |1,5   |1, 24 -48 ББ |
|44 |Аралық бақылау жұмысы.     |   |1  |     |0,5  |1,5   |2, 30-40 ББ  |
|45 |Барлығы                    |15 |30 |     |22,5 |67,5  |             |

      3  ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ


      «БАҚ тілі мен стилі»  пәнінің  оқу  бағдарламасы  негізінде  Бұқаралық
ақпарат  құралдарының  қайсысында  болса  да,  негізгі   материал-сөз.   Ал,
баспасөзде,   радио   мен   телевизияда   сөздің   орны    ерекше.    Әрине,
радио,телевизиядағы сияқты дыбыс, көрініс  газет-журналдарда  сөзге  көмекші
роль атқара алмайды. Әр  сөзге  жауапкершілікпен  қарау,сөзді  ерекше  білу,
тілдік  шеберлікті  құрайды.Тіл  шеберлігі,   стиль   ерекшелігі,   мерзімді
басылымның,  телерадио  хабарларының  сапасын   арттырады,   әр   журналисті
басқалардан даралап тұрады. Сондықтан,болашақ қаламгерлеросы  кезден  бастап
баспасөздің, электрондық ақпарат  құралдарының  тілі  мен  стиліне  зор  мән
беруі  тиіс.  Бұл  кешен  студенттерді  курс  мазмұнымен  таныстырады.  Оқу-
әдістемелік кешен оқыту үрдісінде зор рөль атқарады.


      4 КУРС ФОРМАТЫ


      Аудиториялық уақытқа дәрістер, семинар сабақтары, оқытылған материалды
талқылау және әртүрлі тапсырмаларды  орындау кіреді. Әрбір  сабаққа  студент
әдебиеттің  негізгі  және  қосымша   қайнар   көздерінің   тізіміне   сәйкес
дайындалуы  керек   (негізгі   бөлімдер   мен   бөлімшелер   әрбір   сабақта
нақтыланады). Аралық бақылау жұмысында болмаған студенттер  автоматты  түрде
0 балл алады және бақылау жұмысын тапсыруға жіберілмейді.
      Негізгі  ұғымдар  дәрістерде  ұсынылады  және  түсіндіріледі.  Сабаққа
қатысу және дәрісте  негізгі ұғымдарды,  түсіндірмелерді  және  мәліметтерді
жазып алу студенттің міндеті болып табылады.  Егер  студент  қандай  да  бір
жағдайлармен дәріске қатыспаған жағдайда, дәрістің материалын топтағы  басқа
студенттен алуы  керек.  Оқытушы  материалды  бірде-бір  студентке  дәрістің
бірде-бір уақытында босату себебіне қарамастан ұсынбайды.
      ОЖСӨЖ  мақсаты  –  журналистика  ғылымының   бітім-болмысын,   жанрлық
ерекшеліктерін зерттеу.
      ОЖСӨЖ міндеттері келесілерді қарастырады:
      - курстың методологиясы және зерттеу әдiстерi;
      -  журналистика  функциялары  мен   жанрлық   пішіндерін   және   оның
        ерекшелiктерi туралы.
      Студенттердің өздік жұмысы – бұл тұлғаның  жеке  танымды  қызметі,  ол
өзіне  тек  қана  алған  білімін  бекітіп  қоймауы,   сонымен   қатар   жеке
шығармашылық ойлау  процесі  болып  табылады.  Өзіндік  жағынан  ол  келешек
маманның шығармашылығы үшін жаңа  білімінің  ашылуына,  қалыптасуына  жағдай
жасайды.
      Өздік  жұмыс  сонымен  қатар   студенттің   максималды   белсенділігін
қарастырады және ол алған білімін ұйымдағы  ғылыми  зерттеу,  қоғамдық  және
өндірістік қызметтерде көрінеді.
      Курсты оқу барысында алынған ұпай жинақталып, жалпы  саны  шығарылады.
Жиынтық бағаны шығару  үшін  әрбір  тапсырма,  сабаққа  қатысуы,  СӨЖ,  ОСӨЖ
тапсырмаларын,  тиісті  жаттығу  жұмыстарын   орындағаны   жөніндегі    ұпай
жиынтығы, кезеңдік, қорытынды  бақылау  нәтижелері  т.б.  түгел  ескеріледі.
Берілген тапсырманы уақытында орындау қажет. Тиісті   тапсырмалар  сессияның
соңғы аптасына дейін өткізілуі тиіс. Орташа ұпай  жинақтай  алмаған  студент
емтиханға жіберілмейді. Әрбір тақырыпты өтеу   міндеті,  өтілген  материалды
меңгеру деңгейі тест, жатқа  жазу,  бақылау  түрінде  тексеріледі.  Себепсіз
сағат босатсаңыз қосымша  шығармашылық  жұмыс  беріледі.  Сабақтан  екі  рет
кешігу бір рет сабақ босатқанға теңгеріледі.

      5 КУРС САЯСАТЫ


      Курсты оқу барысында алынған  барлық  ұпайлар  жинақталып,  бір-біріне
қосылады.  Осы курстан алған ақтық бағаны шығару  үшін  әрбір  тапсырма  мен
аралық және  қорытнды  бақылаудан  алынған  баға  және  емтихан  бағаларының
қорытындысы   бойынша   орташа   ұпай   есептеледі.   Барлық   тапсырмаларды
көрсетілген  уақытында  өткізу  қажет.  Барлық  тапсырмаларды  қабылдап  алу
емтиханға 7 күн қалғанда аяқталады. Барлық тапсырманы өткізбеген  студенттер
емтиханға кіргізілмейді. Жұмысты  кеш  тапсырсаңыз:  қосымша  тапсырма  беру
арқылы жұмыс көлемі ұлғайтылады. Тапсырмалар  оқытушы  тағайындаған  уақытта
қабылданады. Емтиханға келмесеңіз, орынды себеп  болса,  бұрынғы  орындалған
жұмыстарыңыз есепке алынады; орынсыз  себеп  болса,  тапсырманы  орындауыңыз
қажет және осы мәселеге қатысты университет саясаты  есепке  алынады.  Әрбір
тақырыпты қайталау және өтеу міндетті. Өтілген  материалды  меңгеру  деңгейі
тест  арқылы   тексеріледі.   Тест   алдын   ала   ескертілмей   өткізіледі.
Аудиториялық  сабақтарды  босатпау,  кешікпеу  міндетті.  Себепсіз  сабақтан
қалсаңыз: қосымша шығармашылылық жұмыс  беріледі  (реферат,  көркем  мәтінге
талдау  т.б.);   Сабаққа  екі  рет  кешігу  бір   рет   сабақ   босатылғанға
теңгеріледі. Оқу үрдісіне белсенді түрде қатысу қажет.

      6  БАҒАЛАУ САЯСАТЫ
      «БАҚ  тілі мен стилі» пәні бойынша ұпайларды бөлу
|Апта |Бақылау түрі                         |Барлық ұпай    |Ескерту         |
|1    |2                                    |3              |4               |
|     |1-аптадан 7-апта аралығында дәріске  |30             |                |
|     |қатысу                               |               |                |
|1    |Семинар                              |0              |                |
|2    |Семинар                              |20             |                |
|3    |Семинар                              |20             |                |
|     |БӨЖ                                  |48             |                |
|4    |Семинар                              |20             |                |
|5    |Семинар                              |20             |                |
|6    |Семинар                              |20             |                |
|     |БӨЖ                                  |48             |                |
|7    |Аралық бақылау жұмыстары             |74             |                |
|1-7 апта аралығындағы оқу нәтижесі бойынша |300            |                |
|қорытынды ұпай                             |               |                |
|     |8-15 апта аралығында дәріске қатысу  |30             |                |
|8    |Семинар                              |14             |                |
|9    |Семинар                              |14             |                |
|10   |Семинар                              |14             |                |
|     |БӨЖ                                  |48             |                |
|11   |Семинар                              |14             |                |
|12   |Семинар                              |14             |                |
|13   |Семинар                              |14             |                |
|14   |Семинар                              |16             |                |
|     |БӨЖ                                  |48             |                |
|15   |Аралық бақылау жұмыстары             |74             |                |
|9-15 апта аралығындағы оқу нәтижесі бойынша|300            |                |
|қорытынды ұпай                             |               |                |
|Емтихан бойынша қорытынды ұпай             |400            |                |
|Академиялық кезең бойынша қорытынды ұпай   |1000           |                |

7  ӘДЕБИЕТТЕР

7.1 Негізгі әдебиеттер
7.1.1  Баялиева Д. Қазіргі қазақ баспасөзіндегі ұлттық, мәдениет, салт-
дәстүр және тіл мен стиль мәселелері. Қарағанды, 2009.
7.1.2  Былинский.К. Язык газеты. МГУ. М., 2006.
7.1.5  Қабдолов З.Сөз өнері, 2002.
7.1.8  Исаев С. Мерзімді баспасөзде ұшырасатын стильдік қателер туралы.122-
б. Тіл мәдениеті және баспасөз. А., 2002.
7.1.9  Зарва М. Произношение в радио и телевизионной речи. – М., 2006.
7.1.10  Омашов Н. Қазақ радиожурналистикасы. А., 2003.
7.1.11  Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиялары. А., 2003.
7.1.13  Серғалиев М. Көркем әдебиет стилі. А., 2005.

7.2  Қосымша әдебиеттер
7.2.1  Қожакеев Т. Көксеңгірлер. – А., 2002.
7.2.4  Жақып Б. М.Әуезов – публицист. – А., 2007.
7.2.5  Сұбханбердина Ү. Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді
баспасөзіндегі материалдар. – А., 2003.
7.2.6  Сұбханбердина Ү.«Дала уәлаятының газеті» - А.,
1988,2001,2003,2004,2006.
7.2.7  Бөкейханов Ә. Таңдамалы . – А., 2005.
7.2.8  Дулатов М. Шығармалары. А., 2001.
Пәндер