Файл қосу
Жәй метрлер мен өлшемдер
5В010600 –Музыкалық білім мамандығының МУЗЫКА ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНЕ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЖАТТАР Семей 2014 ж. Алғы сөз 1 ҚАРАСТЫРЫЛҒАН Құрастырған: «Музыкалық білім» кафедрасының оқытушысы : ______________________Кисамеденова М.К. 2 ТАЛҚЫЛАНҒАН 2.1 Кафедра отырысында бекітілген: Хаттама № ___ от «___»_____ 2014 жыл «Музыкалық білім» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к.: ______________ Бодауова Б.К. 2.2 Педагогика факультетінің Оқу - әдістемелік Бюросының отырысында бекітілген «___»________ 2014 жыл. Хаттама № 1 Төраймы: ______________ АхметоваТ.Ш. 3. БЕКІТІЛГЕН Университеттің Оқу Кеңесінің отырысында бекітілген «___»____ 2014 жыл. Хаттама № ОӘК төрайымы _________ Искакова Г.К. 4. БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН Мазмұны |1 |Глосарий | | |2 |Тәжірибелік сабақтар | | |3 |Өздік жұмыстар | | | | | | | | | | | | | | | | | | Пән бойынша глоссарий Акцент – бір дыбыстың басқа дыбыстардан қаттылығымен ерекшеленуі. Аккорд – терциялық тізбекпен орналасқан не болмаса орналаса алатын кемінде үш дыбыстан тұратын үндестік. Альтерация – негізгі сатының жоғарылатылуы не төмендетілуі. Кіріспе септаккордтар – мажордың және гармониялық минордың жетінші сатысында құрылады. Гамма – бір тоникадан келесі тоникаға дейінгі лад дыбыстарының биіктік ретімен орналасуы. Гармониялық арақашық – бір уақытта алынған қос дыбыс. Гармониялық мажор – табиғи мажордан алтыншы сатысы төмендетілгендігі мен ерекшеленеді. Гармониялық минор – табиғи минордан жетінші сатысы жоғарылатылғандығымен ерекшеленеді. Ладтың басты үшдыбыстылықтары – ладтың бірінші, төртінші және бесінші сатыларында құрылады. Гомофония – аккомпонементке қосылған негізгі дауысы бар фактура. Диапазон – дыбысқатарының ең төменгі дыбысынан ең жоғарғы дыбысына дейінгі жалпы аумағы. Диатоника – табиғи жеті сатылық ладтардың аймағы. Диатоникалық жарты және бүтін тон – көрші сатылардан тұрады. Динамикалық белгілер – музыканың орындалу кезіндегі дыбыс қаттылығының өлшеуіштілігі. Диссонанстар – құлаққа жағымсыздау естілетін арақашықтар,үндестіктер. Доминантсептаккорд – мажордың және гармониялық минордың бесінші сатыларында құрылатын кіші мажорлы септаккорд. Дорийский лад – табиғи минордан алтыншы сатысы жоғарылатылатындығы мен ерекшеленеді. Дуолі – нүктесі бар ұзақтықтарды үшедің орнына екіге бөлу. Дыбысқатары – жоғары не төмен бағытта ретімен орналасқан музыкалық жүйенің дыбыстары. Арақашық – кезектесе не бір уақытта алынған екі дыбыс. Ионийский лад – табиғи мажордың дыбысқатары мен сәйкес келетін ескі халықтық лад. Каденция – шығарманың аяқталуына әкелетін бірнеше дыбыстар не аккордтар тізбегі. Арақашықтың сапалық биіктігі – оның құрамындағы жарты және бүтін тондардың саны. Кварта – төрт сатыны құрайтын арақашық . Квартсекстаккорд – квинтасы төменде жатқан үшдыбыстылықтың екінші айналымы. Квинта – бес сатыны құрайтын арақашық. Арақашықтың сандық биіктігі – қамтылған сатылардың саны. Консонанс – құлаққа жағымдырақ естілетін арақашықтар. Лад – тоникасы бар,бір-бірімен туыстық негізде бір жүйеге біріккен дыбыстар жиынтығы. Лидийский лад – табиғи мажордан төртінші сатысы жоғарылатылатындығы мен ерекшеленеді. Әуен – бір дауыста берілген музыкалық ой. Мелодиялық мажор – табиғи мажордан алтыншы,жетінші сатылары төмендетілгендігі мен ерекшеленеді. Мелодиялық минор – табиғи минордан алтыншы,жетінші сатылары жоғарылатындығы мен ерекшеленеді. Әуендік өрнек - әуеннің бір орнында,жоғары және төмен қозғалыстарының жиынтығы. Мелизм - әуеннің бояуы. Метр – акценттелген және акценттелмеген біркелкі ұзақтықтағы уақыт қиындыларының периодты қайталанбалы тізбегі. Мелодиялық арақашық – кезекпен алынған қос дыбыс. Миксолидйский лад – табиғи мажордан жетінші сатысы төмендетілетіндігі мен ерекшеленеді. Модуляция – бір тональдіктен келесісіне дайындық арқылы көшу. Тұрақсыз дыбыстар – музыкалық ойдың аяқталмағандығын сезіндіреді. Арақашықтың айналымы – кез-келген бір дыбысының октаваға не төмен не жоғары орын ауыстыруы. Аттас тональдіктер – ортақ тоникасы бар мажор-минор. Ырғақпен бөлінудің ерекше түрлері – негізгі өзіндік (табиғи) бөлінісуге сәйкес келмейтін, қолдан жасалынған жасанды біркелкі бөлітерге бөлу. Параллелді мажор-минор – табиғи түрінде біркелкі дыбыс құрамы бар және кілттік белгілері бірдей тональдіктер. Пауза – музыкадағы үзіліс. Ауыспалы метрлер – бүкіл шығарма бойында не оның бір бөліміндегі үлестер санының өзгеріп отыруы. Пентатоника – бір-бірінен аралары үлкен секунда және кіші терция қашықтықтарында жатқан бес дыбыстан тұратын дыбыс қатары. Полифония - әр-қайсысы бір-біріне тәуелсіз көп дауысты фактура. Қосалқы үшдыбыстылықтар – ладтың негізгі үшдыбыстылықтары орналасқан сатыларынан басқа сатылардағы үшдыбыстылықтар. Жәй метрлер мен өлшемдер – бір тактіде бір акценттен аспайтындар. Жәй арақашық – биіктігі таза октавадан аспайтындар. Өткінші дыбыс – кемінда бүтін тон қашықтығындағы екі дыбыстың арасын толықтырады. Ырғақ – бірыңғай немесе әр түрлі ұзақтықтағы дыбыстардың бірлескен тізбегі. Секунда – екі сатыдан тұратын арақашық. Секстаккорд – төменде терциялық тон жататын үш дыбыстылықтың бірінші айналымы. Септаккорд – терциялық тізбекпен орналасқан төрт дыбыс. Синкопа – ауыр үлестің,алдындағы әлсіз үлеспен бірігіп кетуі. Күрделі метрлер мен өлшемдер – екі немесе одан да көп біркелкі жәй метрлер мен өлшемдердің қосындысы. Күрделі,аралас метрлер мен өлшемдер – екі немесе одан да көп әр түрлі жәй метрлер мен өлшемдердің қосындысы. Үндестік – бір уақыттағы бірнеше дыбыстың оқылуы. Қосынды арақашықтар – таза октавадан әрі асып түсетін арақашықтар. Саты – музыкалық жүйедегі дыбыс. Такт – бір ауыр үлестен келесі ауыр үлеске дейінгі аралық. Темп – метрлік үлестердің пульстік жийіліктері немесе жылдамдық. Терция – үш сатыдан тұратын арақашық. Тетрахорд – таза октаваның тең жартысы. Тоника – ладтың басты тұрақты дыбысы. Транспозиция – шағарманың, не оның бір бөлімінің еш өзгертусіз басқа бір тональдікке орын ауыстырылуы. Үшдыбыстылық – терциялық тізбекпен орналасқан не болмаса орналаса алатын үшдыбыс. Триоль – екі дыбыстың орынына үш дыбыстың ыңғайлануы. Ұлғайтылған арақашық – сатылық биіктігі сапасы таза және үлкен арақашықтармен сәйкес болғанымен жарты тонға кеңірек. Ұлғайтылған үшдыбыстылық – екі үлкен терциядан тұрады. Кішірейтілген арақашық - сатылық биіктігі сапасы таза және үлкен арақашықтармен сәйкес болғанымен жарты тонға тығыздау. Кішірейтілген үшдыбыстылық – екі кіші терциядан тұрады. Тәжірибелік сабақтардың өтуінің әдістемелік нұсқаулары. 1. Тәжірибелік сабақтар: № 1. Тақырып: Дыбыс. Музыкалық дыбыстар және олардың қасиеттері.Диапазон және регистірлер. Дыбысқатары. Сабақ мақсаты: дыбысқатарын анықтау, музыкалық дыбыстардың негізгі қасиеттерімен және олардың шулы дыбыстардан айырмашылығын студенттерге таныстыру. Негізгі сұрақтар мен олардың тезистік берілулері: Дыбыс – Қандай да бір қатты дененің қозғалысынан туындайтын толқын, физикалық құбылыс. Музыкалық дыбыстар: белгілі бір биіктігі бар ,біркелкі тербелістен туындайды. Музыкалық дыбыстардың қасиеттері: биіктігі, тембрі, ұзақтығы, қаттылығы. Дыбыстар биктігіне қарай топтарға бөлінеді. Әрбір топ естілуіне, баяуына қарай үш регистрге топталады. Төмендегі, ортаңғы және жоғарғы регистрлер. Шулы дыбыстар: белгілі бір биіктігі жоқ дыбыстар. Биіктігі: тербеліс жиілігіне байланысты (бір секундтағы тербеліс саны). Неғұрлым тербеліс жиілесе соғұрлым дыбыс биіктейді. Адамның есту қабілеті секундына 16- дан 4200 ге дейінгі тербеліс жиілігін қабылдайды . Қаттылығы: тербелмелі дененің күштілігіне байланысты. Тембр: дыбыс бояуы, обертондардың санына, биіктігіне және күшіне байланысты. Ұзақтығы: қозғалмалы дененің тербеліс уақытына байланысты. Тапсырма: Келесі сөз тізбектерінен кластер құрастыру: биіктік, тембр, ұзақтық, тербеліс, обертон, күші, регистр, амплитуда, дыбыс, шу, шиқыл, сыңғыр, тарсыл т.б. Осыларды музыкалық дыбыстар және шулы дыбыстар деп екі топқа бөлу. Әдістемелік нұсқаулар: Тапсырманы орындау үшін бір парақ қағазға өз тобын, аты жөнін, тегін және музыкалық дыбыстар, шулы дыбыстар деген екі топқа бөлінген жолдарды толтыру қажет. Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Дыбыс деген не? 2. Музыкалық дыбыстың шулы дыбыстан басты айырмашылығы? 3. Музыкалық дыбыстардың қандай қасиеттері бар? 4. Дыбыс биіктігі неге байланысты? 5. Регистр деген не? 6. Ұзақтық неге байланысты? 7. Дыбыс тембрі неге байланысты? 8. Дыбыстың қаттылығы неге байланысты? 9. Амплитуда дегеніміз не? 10. Обертондар қалай пайда болады? 11. Қандай дыбыс қатары табиғи деп аталады? № 2 Тақырып . Музыкалық дыбыстардың атаулары. Октавалар, музыкалық құрылым. Сабақтың мақсаты: музыкалық дыбыстардың аттарымен таныстыру, октавалардың атаулары мен анықтамалары, фортепионода берілген дыбыстарды табуға үйрету. Негізгі сұрақтар және тезистік берілулері: Музыкада қолданылатын барлық дыбыстар музыкалық жүйеге жатады . Дыбыс қатары- жоғары не төмен бағытта тізбекпен орналасқан музыкалық жүйенің дыбыстары . Октава- кез- келген бір дыбыстың келесі биіктіктен қайталануына дейінгі аралық. Октаваның арасы бір- бірінен біркелкі аралықта жатқан 12 дыбыспен толтырылған. Оның 7-еуіне жкелеген ат берілгенжәне бұлар негізгі дыбыс қатарлары болып саналады. 11- ғасырға дейін тек әріппен белгіленген:a b c d e f g. 11- ғасырдан бастап дыбыстардың буындық белгілері енгізілді: до, ре, ми, фа, соль, ля, си. Дыбыс қатарындағы дыбыстар қайталанып отыратындықтан олар бірнеше октаваларға бөлінген:(төменнен жоғары қарай): субконтроктава, контроктава, үлкен октава, кіші октава, бірінші октава, екінші октава, үшінші октава, төртінші октава, бесінші октава. Тапсырма: 1. Берілген әріптік атауларды буындық атауларға ауыстыру: a g d e c f b 2. Берілген буындық атауларды әріптік атауларға ауыстыру: фа, си, ре, ми, соль, до, ля. Әдістемелік нұсқаулар: Тапсырма ауызша орындалады. Әркім жеке жұмыс жасайды . Оқытушы жеке- жеке сұрақ қояды. Өзін-өзі баөылауға арналған сұрақтар: 1. Дыбыс қатары деген не? 2. Октава деген не? 3. Барлық октаваларды төменнен жоғары атау? 4. Бір октавада неше дыбыс? 5. Қандай дыбыстар негізгі деп аталады? 6. 11- ғасырға дейін дыбыстарды қалай белгіледі? 7. Дыбыстарды белгілеудің буындық жүйесі қалай пайда болды? № 3 Тақырып. Нота жазуы. Нота. Ұзақтықтар және олардың белгіленуі. Нота жақтауы. Сабақ мақсаты: нота жазуының пайда болу тарихын ашу, ноталардың нота жақтауларында орналасуы және ноталардың ұзақтық белгілерін көрсету. Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері: Нота жақтауы- нота белгілері орналасатын көлденеңнен жатқан параллель бес сызық. Нота- дыбыстардың ұзақтығын және белгілі бір биіктігін қағаз бетінен көрсететін белгі.Нота жақтауының сызық саны төменнен жоғары саналады. Өте төмен және өте жоғары дыбыстарды белгілеу үшін қосымша сызықтар пайдаланылады(бесеуге дейін). Нота таяқшалары үшінші сызыққа дейін жоғары одан әрі төмен қарай жазылады . Екі дауыста таяқшалар екі жаққа қарай орналасады. Ұсақ ноталарда жалаушалар болады. Топтастыру- Екі немесе оданда көп ұсақ ноталардың жлаушаларын біріктіру. Ең ірі ұзақтық- бревис нотасы. Одан әрі бүтін, жартылық, төрттік, сегіздік, он алтылық, отыз екілік т.б. Тапсырма: 1. Таяқшаларын жоғары және төмен қаратып дыбыстарды нота жақтауына жазыңыз. 2. Бір бүтінде неше он алтылық? Бір жартылықта неше он алтылық? Бір сегіздікте неше отыз екілік ? т.б. Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші тапсырмада әр адам он-он әртүрлі ұзақтықтағы және биіктіктегі дыбыстарды таяқшаларын дұрыс жазу заңдылықтарына сәйкес етіп жазады. Екінші тапсырмада өзіндік жүйе жасап, сол арқылы есептеу қажет. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Нота жақтауы дегеніміз не? 2. Нота деген не? 3. Олар қандай элементтерден тұрады? № 4. Тақырып. Кілттер. Сабақ мақсаты: кілттердің пайда болу тарихымен танысу, әрі түрлерін қарастыру. Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері: Кілт- нота жақтауындағы бір сызықты белгілі бір дыбыс биіктігіне бекітетін белгі. Негізінен қолданысқа енгізілген үш кілт: до, соль және фа. Соль кілті – бірінші октаваның соль нотасы нота жақтауының екінші сызығының үстінде жататындығын білдіретін белгі. До кілті – қай биіктікте тұрса, сол жер бірінші октаваның до нотасы екендігін білдіретін белгі. Фа кілті – кіші октаваның фа нотасы нота жақтауының төртінші сызығының үстінде жататындығын білдіретін белгі. Ортаңғы және жоғарғы регистрдегі дыбыстарды жазуға соль кілті ыңғайлы, оны скрипка кілті деп те атайды. Төменгі және жиірек ортаңғы регистрдегі дыбыстарды жазуға фа кілті ыңғайлы, оны бас кілті деп атайды. 12 – 18 ғасырлар аралығында вокалдық музыкада до кілті маңызды рөль атқарған. Оны әр дауыстың ыңғайына қарай әр-түрлі сызықтарға орналастырған: 1-ші сызықта ол сопраналық (дисканттық), 2-ші сызықта – меццо-сопрано, 3-ші сызықта – альт, 4-ші сызықта – тенор, 5-ші сызықта – баритон деп аталады. Тапсырма: 1. А) Скрипка кілті; Б) Бас кілті; В) Альт кілті; Г) Тенор кілттерінде бірінші октаваның негізгі дыбыстарын жазыңыз. 2. Бірінші октаваның до, кіші октаваның си, бірінші октаваның си, екінші октаваның ре, үшінші октаваның до, бірінші октаваның фа, екінші октаваның соль дыбыстарын скрипка кілтінде жазыңыз. 3. Бірінші октаваның до, ре бірінші октава, фа кіші октава, до кіші октава, си үлкен октава, фа үлкен октава, до үлкен октава, кіші октавадағы ре дыбыстарын бас кілтінде жазыңыз. Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші тапсырманы орындау үшін міндетті түрде, берілген кілттердің қандай биіктікті көрсететінін жаттап, есте сақтау керек. Нота жақтауынан берілген дыбыстарды табу үшін кілттік дыбысқа иек арту керек. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Кілт деген не? 2. Қазір көбінесе қандай кілттер қолданыста? 3. Соль кілті қандай биіктікті көрсетеді? 4. До кілті қандай биіктікті көрсетеді? 5. Фа кілті қандай биіктікті көрсетеді? 6. Нота жақтауының барлық сызықшаларына қай кілт жазылған? № 5. Тақырып. Жарты және бүтін тон. Қосалқы сатылар және олардың атаулары. Альтерация белгілері. Сабақ мақсаты: жарты тон, бүтін тон, альтерация белгілері туралы түсініктеме беру, олардың алуан түрлілігімен таныстыру,негізгі сатылар мен қосалқы сатылардың барлық атауларын білу. Негізгі сұрақтар мен олардың тезистік берілулері: Жарты тон – дыбыстардың ең жақын аралығы. Бүтін тон – екі жарты тонның қосындысы. Дыбыстарды жоғарылату не төмендету үшін альтерация белгілері пайдаланылады (латын тілінен өзгерту дегенді білдіреді) Диез – жарты тонға жоғарылату. Бемоль – жарты тонға төмендету. Дубль-диез – екі жарты тонға жоғарылату(бүтін тон). Дубль-бемоль – екі жарты тонға төмендету. Бекар – кез келген альтерациялық белгінің күшін жою. Әріптік жазылу кезінде альтерациялық белгілер дыбыс атауынан кейін жазылса,ал нотамен берілгенде алдына қойылады. Әріппен берілгенде аяғы: is (жоғарылату), es (төмендету), isis (екі есе жоғарылату), eses (екі есе төмендету).Си дыбысы төмендетілгенде в әріпімен жазылады,ал ля-бемоль мен ми-бемоль дыбыстарын жазғанда es –тің орынына s жазылады. Тапсырма: Дыбыстардың буындық және әріптік атауларына кесте құру. Әдістемелік нұсқаулар: Кесте құрылып ішін толтырған кезде си, ми, ля дыбыстарының жазылуына көбірек назар аудару керек, өйткені бұл дыбыстарды төментету кезінде кейбір өзгертулер енгізіледі. Си-дубль дыбысының жазылуына мән беру. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Жарты тно дегеніміз не? 2. Тон дегеніміз не? 3. Альтерация белгілері не үшін қажет? 4. Диез дегеніміз не? 5. Бемоль дегеніміз не? 6. Бекар дегеніміз не? 7. Дубль-диез дегеніміз не? 8. Дубль-бемоль дегеніміз не? 9. Нота жазуында альтерация белгілері қалай белгіленеді? 10. Альтерация белгілері әріптік жүйеде қалай белгіленеді? № 6. Тақырып. Дыбыстар энгармонизмі. Диатоникалық және хроматикалық жарты, бүтін тондар. Сабақ мақсаты: энгармонизм ұғымымен таныстыру, диатоникалық және хроматикалық жарты, бүтін тондардың бір-бірінен айырмашылығын көрсету. Негізгі сұрақтар мен олардың тезистік берілулері: Энгармонизм - бір дыбыстың әр түрлі аталуы. Көршілес сатылардың арасындағы жарты және бүтін тондар диатоникалық болып саналады.(до – ре-бемоль) Дыбыстың өзі және оның өзгертілуінің арасы хроматикалық болып саналады.(до – до-диез) Тапсырма: 1. Бір октава көлеміндегі музыкалық дыбыстардың барлығының энгармониялық теңдігін жазу. 2. Әрбір негізгі дыбыстан жоғары диатоникалық жарты тон құру. 3. Әрбір негізгі дыбыстан жоғары хроматикалық жарты тон құру. 4. Әрбір негізгі дыбыстан төмен диатоникалық жарты тон құру. 5. Әрбір негізгі дыбыстан төмен хроматикалық жарты тон құру. Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші тапсырманы орындау үшін дәптердің алғашқы бетіне бір октава көлемінде дыбыс қатарының фрагментін (фортепианоның басқыштарын) сызып алып, әр дыбыстың тұсына буындық, әріптік атауларын жазып қойған абзал. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Энгармонизм дегеніміз не? 2. Энгармонизмге байланысты өмірден бір мысал келтіріңіз. 3. Диатоникалық жарты тонды қалай құру керек? 4. Хроматикалық жарты тонды қалай құру керек? № 7. Тақырып. Дыбыс ұзақтықтарын ұзартатын нотаға қосымша белгілер. Үзілістер. Сабақ мақсаты: нота ұзақтықтарын ұзартатын қосымша белгілермен студенттерді таныстыру: нүкте, лига және фермата, үзілістің әр түрлері. Негізгі сұрақтар мен олардың тезистік берілулері: Ұзақтықты ұзартатын нүкте,лига және фермата. Нүкте – ұзақтықты жартысына созады. Екінші нүкте біріншісінің жартысына созады. Лига – (латын тілінен біріктіру дегенді білдіреді) бір биіктіктегі ноталарды біріктіретін доға. Фермата – (латын тілінен тоқтау дегенді білдіреді) орындаушының өз ырқынша созуын білдіретін белгі. Үзіліс (пауза) – үнсіздік белгісі. Үзіліс ұзақтықтары нота ұзақтықтары мен дәлме-дәл. Үзілістерге лига белгісі қойылмайды, нүкте,фермата белгілері қойылуы мүмкін. Тапсырма: 1. Жартылық нүктесімен қаншаға созылады? Бүтін нүктесімен? Төрттік нүктесімен? Сегіздік нүктесімен? Он алтылық нүктесімен? 2. Бүтін екі нүктесімен қаншаға созылады? Жартылық екі нүктесімен? Төрттік екі нүктесімен? Сегіздік екі нүктесімен? 3. Нота ұзақтығын ұзартатын белгілердің,үзілістердің қолданылуын шығармалардан мысал ретінде көрсету. Әдістемелік нұсқаулар: Дыбыс ұзақтықтарына арнайы жасалынған кестені қолдануға болады. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Қандай белгі нота ұзақтығын ұзартады? 2. Нүкте дыбысты қандай ұзақтыққа ұзартады? 3. Лига қандай ұзақтықты көрсетеді? 4. Фермата қаншалықты созылады? 5. Үзіліс деген не? 6. Қандай үзілістерді білесіз? № 8. Тақырып. Екі дауыстың жазылуы. Фортепианоға арналған музыканың жазылуы. Акколада. Ансамбльдер мен хор музыкаларының жазылуы. Нота жазуын қысқартатын белгілер. Сабақ мақсаты: екі дауыстық музыканың нотадағы жазылуы. Акколаданың қажеттілігі, нота жазуын қысқарту белгілері, т. б. таныстырып үйрету. Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері: Акколада – екі немесе одан да көп нота жақтауларын біріктіретін белгі. ( фортепианоға, органға, оркестрге, сүйемелдеумен орындалатын әнге т. б.). Екі немесе одан да көп нота жақтауларына жазылатын аспаптық ( фортепиано, арфа) музыкаға фигуралы акколада пайдаланылады. Партитура – бірнеше немес өте көп аспаптарға арналған музыканы жазудағы акколаданың орыны ерекше. Симфониялық партитуралардағы әр аспаптар тобының өз акколадасы көрсетіліп, бөлектеніп жазылады. Шеткі регистрлердің дыбыстарын нотаға түсіру кезінде көптеген қосымша сызықтар жазу қиындығынан құтылуы үшін октаваға төмен, жоғары оқылу белгілері ойлап табылды. Тапсырма: Кез – келген бір танымал әнді нотаға бас кілтінде, альт кілтінде, тенор кілтінде жазып, ойнап көріңіз. Әдістемелік нұсқаулар: Әнді алдымен скрипка кілтінде жазып алып, содан кейін басқа кілттерге орайын келтіру керек. Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Акколада деген не? 2. Қандай акколадалар болады? 3. Аколада неге қажет 4. Партитура деген не? 5. Қандай белгі ең төменгі және ең жоғарғы дыбыстардың жазылуын жеңілдетеді № 9. Тақырып. Ырғақ және метр. өлшем. Такт. Такт сызығы. Затакт. Сабақ мақсаты: метр, акцент, ырғақ, такт және такт сызығы деген ұғымдарға түсініктеме бере отырып музыкадағы затактыны ажырата білуге үйрету. Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері: Акцент- бір дыбыстың айналасындағы басқа дыбыстардан өзінің қаттылығы мен ерекшеленуі. Метр – акценттелген және акценттелмеген біркелкі уақыт қиындыларының периодты қайталанбалы тізбегі. Метрдің қалыптасуына қолданылатын акценттер метрлік акценттер деп аталады. Метрлік акценттердің арасындағы уақыт қиындылары біркелкі болып бөлінеді – үлес. Акценттелген үлес- күшті немесе ауыр үлес деп аталады. Акценттелмеген үлес- әлсіз немесе жеңіл үлес деп аталады. Өлшем – метрдің санмен берілуі. Төменгі сан қандай ұзақтықтағы ноталар екендігін білдірсе, жоғарғы сан сол берілген ұзақтықтағы ноталардың неше үлес екендігін білдіреді. өлшем кілт пен кілттік белгілерден кейін қойылады. Такт - бір ауыр үлестен келесі ауыр үлеске дейінгі аралық. Тактілерді бір – бірінен бөліп тұратын тік сызықты такт сызығы деп атайды. Затакт –шығарманың тактіге толмайтын әлсіз үлестен басталуы. Тапсырма: Акцент, такт, өлшем, затакт, такт сызығы, ауыр, жеңіл үлестерді шығармалардан мысал ретінде тауып көрсету. Әдістемелік нұсқаулар: өлшемдерді көбінесе шығарманың басында кілттен кейін іздеу керек және кездескен өлшемдерді жазып алыңыз. Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Метр дген не? 2. Акцент қалай белгіленеді? 3. Акцент деген не? 4. Такт деген не? 5. Такт сызығы не үшін қажет? 6. Өлшем деген не? 7. Өлшемнің үстіңгі саны нені білдіреді? 8. Өлшемнің төменгі саны нені білдіреді? 9. Затакт деген не? № 10. Тақырып. Жәй метрлер мен өлшемдер. Жәй өлшем тактілріндегі ұзақтықтардың топтастырылуы. Сабақ мақсаты: топтастырылудың бес ережесін қолдана отырып студенттерге жәй өлшемдер мен метрлер және жәй өлшемдердегі ырғақтық суреттемелерді дұрыс топтастыруға үйрету. Негізгі сұрақтар мен олардың тезистік берілулері: Жәй метрлер мен өлшемдер – бір тактіде небәрі бір ауыр, екі жеңіл үлестен аспайтын метрлер мен өлшемдер яғни екі үш үлестік өлшемдер. Үлестер әртүрлі ұзақтықтармен берілуі мүмкін – жартылық, төрттік, сегіздік, кейде бүтін, он алтылықтармен де. Іс жүзінде музыкада бір тактідегі дыбыстар саны метрлік үлес санына әл-қайда асып түседі. Сондықтан бұл дыбыстар метрдің біркелкілік ықпалына бағына отырып, метрлік үлестің ұзақтықтарына сай топтастырылады. Топтастырылу- такт ішіндегі метрлік топтардың бас қосуы. Топтастырылу нота оқуын жеңілдетуге ықпал етеді. Жәй тактілердегі топтастырылу ережелері: 1. Тактіде қанша үлес болса, соншама топ болуы керек. 2. егер бір тактідегі балық үлестер санына сай ірі ұзақтықтағы дыбыс берілсе , ол бір нотаға жазылады. 3. егер нотаға қойылғн нүктенің уақыты көрші үлестің уақытына кірсе онда ол нүкте лигамен ауыстырылады. 4. үзілістер де нотаға ұқсап топтастырылады. 5. егер тактілердегі ырғақтық бөлінулер тым ұсақ болса, бұлар ұзақтықтары бірдей екі немесе төрт топшаларға бөлінеді. Тапсырма: 1. Шығармалардан жәй өлшемдерге мысал қарастырыңыз. 2. Ноталар жазып ережелерге сай топтастырыңыз. Әдістемелік нұсқау: Топтастыру кезінде метрлік топтарды бір- бірінен ажырату басты міндет. Сегіздік, он алтылық, отызекілік ноталардың жалаушалары топтастырылуда бірігіп кетеді. Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Жәй метр деген не? 2. Жәй екі үлесті метрлерге мысалдар көрсетіңіз? 3. Қандай жәй үш үлестерді метрлі білесіз? 4. Топтастырылу не үшін қажет? 5. Топтастырылудың қандай ережелерін білесіз? № 11. Тақырып. Күрделі метрлер мен өлшемдер. Қосалқы күшті үлестер. Күрделі өдшем тактілеріндегі ұзақтықтардың топтастырылуы. Сабақ мақсаты: Күрделі өлшемдердің пайда болу қажеттілігін көрсете отырып, тактідегі ұзақтықтардың топтастырылу ережесімен танысу және қосалқы күшті үлестерге анықтама беру. Негізгі сұрақтар жне олардың тезистік берілулері: Күрделі метрлер мен өлшемдер – екі немесе одан да кқп жәй өлшемдерден құралғандықтан, мұнда акцент саны міндетті түрде біреуден көп болады. Яғни қанша жәй өлшемнен құралса, сонша акцент болады. Күрделі метрлер мен өлшемдер екі үлесті және үш үлесті болуы мүмкін. Күрделі кеі үлесті метр – екі үлесті жәй метрлердің құралуынан пайда болады. Мысалы: төрт үлестік метр: 4/2 және 4/8 сирегірек кездесе, 4/4- жиі кездеседі. 4/4- өлшемін кейде С әріпімен белгілейді, ал 4/2 – СС. Күрделі үш үлестік метр- тек үш үлесті жәй метрлердің құралынан пайда болады. Бұлар: Алты үлестік метр: (3+3) 6/4, 6/8, 6/16; Тоғыз үлестік метр: (3+3+3) 9/4, 9/8, 9/16; Он екі үлестік метр: ( 3+3+3+3) 12/4, 12/8, 12/16; Күрделі тактілерге арналған топтастыру ережесі жәй өлшемдердікіндей, бірақ қосымша екі ереже қосылады: 1. Күрделіні құрайтын ж»й өлшемдердің топтастырулары бір-біріне тәуелсіз кейде болуы керек. 2. Бір күрделі тактінің ішіндегі барлық жай өлшемдердің ұзақтығына тең ірі ұзақтықтардың қолданылуына болады. Тапсырма: Шығармалардан күрделі өлшемдерге мысал тауып олардың өандай жәй өлшемдерден құралғандарын көрсету. Әдістемелік нұсқаулар: Шығармалардағы өлшемдерді ең бірінші тактіден қарастыру керек, егер әрине ауыспалы өлшемдер жолшылай кездеспесе. Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Күрделі өлшемдер не үшін пайда болады? 2. Күрделі өлшем дегеніміз не? 3. Күрделі өлшемнің бірінші үлесі қалай аталады? 4. күрделі өлшемнің бірінші үлесінен басқа күшті үлестерді қалай атайды? 5. күрделі екі үлесті метр дегеніміз не? 6. Күрделі үш үлесті метр дегеніміз не? 7. Күрделі тактілердегі топтастырылуға арналған қандай ережелерді білесіз? № 12. Тақырып. Аралас метрлер мен өлшемдер. Аралас өлшем тактілеріндегі ұзақтықтардың топтастырылуы. Сабақ мақсаты: курделі аралас метрлер мен өлшемдерді пайдалануға және ішіндегі ұзақтықтарды дұрыс топтастыруға үйрету. Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері: Күрделі аралас метрлер мен өлшемдер екі немесе оданда көп әртүрлі жәй метрлер мен өлшемдердің қосылуынан пайда болады. Бұлар: Бес үлестік метрлер (2+3 немесе 3+2): 5/4, 5/8; Жеті үлестік метрлер (2+2+3 немесе 3+2+2 немесе 2+3+2): 7/4, 7/8; Сегіз үлестік (3+3+2 немесе 3+2+3 нмесе 2+3+3): 8/8; Тоғыз үлестік (2+2+2+3 с.с.): 9/8; Он бір үлестік (2+2+2+2+3 с.с.): 11/4; Күрделі аралас өлшем тактілеріне күрделі өлшемдеріндегі топтастырылу заңдылықтары жарамды. Тапсырма: Шығармалардан мысал ретінде күрделі аралас өлшемдерді тауып, олардың қандай жәй әр-түрлі өлшемдерден құралғандығын көрсету. Әдістемелік нұсқаулар: Шығармалардың ішінде ауыспалы өлшемдер көптеп кездесетіндіктен, өлшемнің көрсетілуін тек бастапқы тактіден іздемей, кез келген тұсынан қарастыру керек. Аралас өлшемнің құрамын түсіндіру үшін,ішіндегі топтастыруларға назар аудару керек. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Қандай өлшемдер күрделі аралас өлшемдер деп аталады? 2. Олар не үшін құралған? 3. Күрделі аралас өлшем тактісіндегі бірінші үлес қалай аталады? 4. Күрделі аралас өлшемге біріккен жәй өлшемдердің басқа күшті үлестері қалай аталады? 5. Күрделі аралас өлшем тактілеріндегі топтастыруларға арналған қандай ережелерді білесіз? № 13. Тақырып. Ауыспалы өлшемдер. Синкопа. Вокалдық музыкадағы топтсатырылу. Темп. Сабақ мақсаты: синкопаға түсініктеме беру, темптердің алуан түрлерімен танысу, вокалдық музыкадағы топтастырылуларды үйрету. Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері: Ауыспалы өлшемдер дегеніміз барлық шығарма бойында немесе оның бөлімдеріндегі үлес сандарының әр-қилы өзгеріп отыруы. Егер ауыспалы өлшемдер бір-келкі заңдылықпен ауысып отырса, онда олар бір ақ жерге жазылады.Мыс: 5/8 4/8. Ал белгілі бір заңдылыққа бағынбаса, онда үлес саны ауысқан жерге тиісті белгісі қойылады. Полиметрия – әр-түрлі метрлердің бір мезгілдегі оқылуы. Бұл уақытта негізгі акценттері сәйкес келуі де, келмеуі де мүмкін. Затакт – шығарманың толық емес тактіден, яғни әлсіз үлестен басталуы. Мұндай шығармалардың ақырғы тактісі де толықтай аяқталмайды. Синкопа – ауыр үлестің,алдындағы әлсіз үлеспен бірігіп кетуі. Вокалдық музыкадағы топтсатырылу кезінде басты назар сөз тіркестеріне, буындарының құрамына аударылады. Буынға келетін жеке ұзақтық, көршілес ұзақтықтармен бір топқа бірікпейді. Ал егер бір буынға бірнеше дыбыс келсе, бұлардың ұзақтықтары ортақ заңдылықтарға сәйкес лига арқылы бір топқа бірігеді. Темп – метрлік үлестердің пульстік жийіліктері немесе жылдамдық. |Итальян терминдері |айтылуы |мағынасы | |Жай жылдамдықтар | |Largo |лярго |Кең, созылмалы | |Larghetto |ляргэтто |Largo-дан тезірек | |Lento |ленто |Жай | |Adagio |адажио |Жай | |Grave |гравэ |Ауыр | |Орташа жылдамдықтар | |Andante |андантэ |Асықпай | |Andantino |андантино |Andante-дан тезірек | |Moderato |модэрато |Орташа | |Sostenuto |состэнуто |Ұстамды | |Commodo |комодо |Ыңғайлы, сабырлы | |Allegretto |аллегретто |Ширағырақ | |Тез жылдамдықтар | |Allegro |аллегро |Асыға, тез | |Vivo |виво |Тез | |Vivace |виваче |Тез | |Vivacissimo |вивачиссимо |Өте тез | |Veloce |велоче |Жылдам, жүгірме | |Presto |прэсто |Өте жылдам | |Prestissimo |прэстиссимо |Барынша жылдам | |Қосымша сөздер | |assai |ассаи |Өте, барынша | |con moto |кон мото |Тезірек | |moderato |модэрато |Орташа | |molto |мольто |Өте | |non tanto |нон танто |Соншалықты емес | |non troppo |нон троппо |Аса емес | |poco |поко |Көп емес | |possible |поссибиле |Мүмкідігінше | |sempre |сэмпрэ |Қашанда, ылғи | Тапсырма: 1. Әр түрлі темптерге ноталық мысалдар келтіріп олардың маңыздылығын ашу. 2. Ауыспалы өлшемдерге ноталық мысалдар қарастыру. Әдістемелік нұсқаулар: Темптер міндетті түрде шығарманың басына нотаның үстіңгі жағына жазылады, кей жағдайларда басқа бөлімдерде де кездесуі мүмкін және тек итальян тілінде ғана емес, орыс, қазақ, француз тілдерінде де кездесе береді. Ауыспалы өлшемдер әсіресе қазақ композиторларының шығармаларында көптеп кездеседі. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Қандай өлшемдерді ауыспалы өлшемдер деп атаймыз? 2. Полиметрия деген не? 3. Синкопа деген не? 4. Затакт деген не? 5. Вокалдық музыка қалай топтастырылады? 6. Қандай темптерді білесіз? 7. Темп дегеніміз не? № 14. Тақырып. Арақашық (интервал). Арақашықтықтардың сатылық және сапалық биіктіктері. Жәй арақашықтықтар. Диатоникалық арқашықтықтар. Сабақ мақсаты: арақашықтық, үндестік ұғымдарына түсініктеме беру, олардың мінездемесі , жәй диатоникалық арақашықтықтармен танысу. Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері: Арақашықтық деп екі дыбыстың арасын айтамыз. Арақашықтықтың төменгі дыбысы негізі, ал жоғарғы дыбысы шарықтауы болып саналады. Арақашықтықтар берілуіне қарай екіге бөлінеді: Гармониялық және мелодиялық. Гармониялық деп екі дыбыстың бір уақыттағы үндестігін айтсақ, мелодиялық деп екі дыбыстың кезектесе алынуын айтамыз.Арақашықтықтар сатылық биіктіктеріне, естілулеріне қарай әртүрлі болып келеді. Оларды Латын санағымен санаймыз: 1саты- прима, 2 саты- секунда, 3саты- терция, 4саты- кварта, 5саты- квинта, 6саты- секста, 7саты- септима, 8саты- октава.Октава дейінгі арақашықтықтар жәй арақащықтықтар деп аталады. Сапалық биіктіктеріне қарай да арақашықтықтар әртүрлі болып келеді. Мысалы: прима таза және прима ұлғайтылған т.с.с Бұлар арақашықтықтардың ішіндегі жарты және бүтін тондардың санына байланысты. Дыбыс қатарының негізі сатыларынан құралған арақашықтықтар негізгі немесе диатоникалық деп аталады.: барлық таза, үлкен, кіші, ұлғайтылған 4 және азайтылған 5. Тапсырма: До дыбысынан барлық негізгі арақашықтықтарды құру. Әдістемелік нұсқаулар: Арақашықтықтарды құру кезінде ең алдымен олардың сатыларын санап алып, содан кейін сапасын анықтау керек. Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Арақашықтық дегеніміз не? 2. Қандай арақашықтықтар болады? 3. Арақашықтықтың төменгі дыбысы қалай аталады? 4. Жоғарғы дыбысы қалай аталады? 5. Қандай арақашықтықтар жәй арақашықтықтар деп аталады? 6. Арақашықтықтар қалай белгіленеді? 7. Арақашықтықтың сатылық биіктігі дегеніміз не? 8. арақашықтықтың сапалық биіктігі дегеніміз не? 9. Қандай арақашықтықтарды жәй және диатоникалық деп атаймыз? № 15. Тақырып. Ұлғайтылған және азайтылған арақашықтықтар (хроматикалық). Арақашықтықтардың энгармониялық теңдігі. Сабақ мақсаты: ұлғайтылған және азайтылған, энгармониялық теңдігі бір арақашықтықтар құруды үйрену. Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері: Арақашықтықтар энгармонизмідеп биіктігі бір болғанымен атааулары әртүрлі арақашықтықтарды айтамыз. Ұлғайтылған арақашықтық- сатылық биіктіктері бірдей болғанымен , сапасына қарай таза және үлкен арақашықтықтардан хроматикалық жарты тонға алшағырақ болады. Азайтылған арақашықтық- сатылық биіктіктері бірдей болғанымен, сапасына қарай таза және кіші арақашықтықтардан хроматикалық жарты тонға жақынырақ болады. Примадан басқа арақашықтықтардан барлығы азайтылған бола алады. Арақашықтықтар айналымы дегеніміз екі дыбыстың біреуі орнында қалып, екіншісі октаваға жоғары нетөмен бір-бірімен орын ауыстыру болып табылады. Айналым заңдылықтары: 1. Барлық арақашықтықтар айналмалы екі топқа бөлінеді: 1 2 3 4 8 7 6 5 2. Арақашықтықтар айналымы сапасына қарай тазалардан басқалары бір- біріне қарама – қарсы болып келеді: Т ---- Т. айналады. К---- К айналады. Үлк--- к айналады. Ұлғ--- аз айналады. Аз---- ұлғ. Айналады. Тапсырма: 1. Ке-келген арақашықтықтың энгармониялық теңдігін табу. 2. Берілген кіші арақашықтықты үлкен, ұлғайтылған және азайтылған етіп жазу. 3. Таза арақашықтықты ұлғайтылған және азайтылған етіп жазу. Әдістемелік нұсқау: 1. Кез- келген бір арақашықтықты алып астыңғы дыбысын энгармониялық өзгеріске ұшыратыңыз. Сонда сізде қосымша екі арақашықтық пайда болады, одан әрі жоғарғы дыбысын энгармониялық өзгеріске ұшыратыңыз – тағы үш арақашықтық, барлығы тоғызға тарта энгармониялық теңдіктегі арақашықтықтарға қол жеткізесіз. Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Арақашықтық энгармонизмі деген не? 2. Қандай арақашықтықты ұлғайтылған деп атаймыз? 3. Қандай арақашықтықты азайтылған деп атаймыз? 4. Арақашықтық айналымы деген не? 5. Айналымның қандай заңдылықтарын білесіз? № 16. Тақырып. Консонанстық және диссонанстық арақашықтықтар. Сабақ мақсаты: консонанстық және диссонанстық арақашықтықтардың дыбыстық мінездемесін тәжірибе жүзінде меңгеріп, айналымдарын құрып үйрету. Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері: Барлық арақашықтықтар естілуін қарай екі топқа бөлінеді: Консонанс ( жағымды естіледі), және диссонанс ( жағымсыздау естіледі). Тапсырма: Естіп айыру және екі топқа берілген арақашықтықты бөлу:консонанс, диссонанс. Әдістемелік нұсқаулар: Шынайы консонанстарға барлық таза арақашықтықтар, шынайы емес консонанстарға терция, сексталар, диссонанстарға секунда, септима және тритон жатады. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Консонанс, диссонанстарды есту кезінде қандай ой келеді? 2. Қандай арақашықтықтарды косонансқа жатқызамыз? 3. Қандай арақашықтықтарды диссонансқа жатқызамыз? № 17. Тақырып. Лад және тональдік. Жалпы ұғым. Тұрақты дыбыстар. Тоника. Сабақ мақсаты:тоника ладтың негізгі тұрақты дыбысы екендігіне, тональдіктерге, ладтың тұрақты дыбыстарына, жалпы лад үғымына түсініктеме беру. Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері: Шығармалардағы музыкалық дыбыстар бір жүйеге бірігіп, бір- бірімен ерекше қатынаста болады. Мұндай жүйелерде діңгек ретінде қолданылатын дыбыстар болады, оларды тұрақты дыбыстар деп атаймыз. Жүйенің негізгі тұрақты дыбысы тоника деп аталады. Тұрақты дыбыстың тұрақтылығын байқату үшін оған қарама- қарсы қойылатын тұрақсыз дыбыстарда болады. Олар музыкалық ойдың аяқталмағандығын құлаққа анық естілдіріп тұрады. Лад- тоникасы бар бір- бірімен туыстық негізде бір жүйеге біріккен дыбыстар жиынтығы. Ладтық жүйе барлық октаваларға бірдей тарайды. Саты- ладтық жүйедегі дыбыс. Тапсырма: Музыкалық шығармаларда берілген тұрақты, тұрақсыз дыбыстарды етіп анықтау. Әдістемелік нұсқаулар: Көбінесе шығарманың ақырғы дыбысы тоникаға аяқталады, соның қалай естілетінін тыңдаңыз. Дыбыстарды тыңдай отырып қай жерлерінде тұрақсыз, аяқталмай тұрғандығын сезініңіз. Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Лад деген не? 2. Қандай дыбыстарды тұрақтыға жатқызамыз? 3. Қай дыбыс тоника деп аталады? 4. Саты деген не? № 18. Тақырып. Тұрақсыз сатылар және олардың шешілулері. Сабақ мақсаты: ладтағы тұрақсыз дыбыстарға мінездеме беріп, олардың дұрыс шешілу заңдылықтарын үйрету. Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері: Тұрақсыз дыбыстар- жүйедегі музыкалық ойдың аяқталмағандығын құлаққа анық естілдіріп тұрады. Тартылыс-дыбыстан дыбысқа ауысудың күтілуі. Бір дыбыстан келесі дыбысқа тартылыс негізінде ауысу – шешілу деп аталады. Тапсырма: Әуенді ести отырып тұрақсыз дыбыстарға талдау жасау. Әдістемелік нұсқаулар: Тұрақты дыбыстар бір ойдың ( тыныштықты) аяқталғандығын меңзесе, ал тұрақсыз дыбыстар керісінше одан әрі жалғасуын сездіртіп тұрады. әрбір дыбысты жеке талдаңыз. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Қандай дыбыстарды тұрақсыз деп атаймыз? 2. Тартылыс деген не? 3. Шешілу деген не? № 19. Тақырып. Мажорлық лад. Сабақ мақсаты: табиғи жажорлық ладқа түсініктеме беру, құрып үйрету, әр сатыларына жеке-жеке тоқталу. Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері: Мажор- тоникасында мажорлық үшдыбыстылық құралатын лад. Тоникасына орналасқан үшдыбыстылық тоникалық деп аталады. Гамма- бір тоникадан келесі тоникаға дейінгі аралықта рет- ретімен орналасқан ладтың дыбыстары. Гамма жоғарғы және төмен бағыттарда орналасады. Гамма дыбыстарын тең бөлікке бөлгендегі жартысы тетрахорд деп аталады. Яғни төменгі және жоғарғы бағыттағы гамманың негізінде белгіленеді. әрбір саты ерекше атаумен аталады: 1- тоника Т; 2- төмен шешілетін кіріспе дыбыс; 3- медианта; 4-субдоминанта S; 5- доминанта Д; 6- субмедианта; 7- жоғары шешілетін кіріспе дыбыс; Т, S, Д- негізгі сатылар, яғни басты үшдыбыстылықтар осы сатыларда құралады. Мажорда үш тұрақты сатылар ( 1,3,5)- олар тоникалық үшдыбыстылықтарға кіреді, бірақ әр қайсысының тұрақтылығы біркелкі емес. Тоника ең тұрақты болып саналады, өйткені 2,4,6,7 тұрақсыз сатылардың барлығы соған қарай тартылады. Тапсырма: Кез-келген бір сатыдан мажорлық гамма құру және барлық тұрақсыз сатылардың соған тартылуын көрсету. Әдістемелік нұсқаулар: Ең алдымен бір дыбысты таңдап алыңыз. Яғни гамма құратын. Гамма құрылып болған соң жеке-жеке әр көршілес сатылардың арасындағы қашықтықты мына формула бойынша құрамыз: тон, тон, жарты тон,тон, тон, тон, жарты тон. Құру кезінде гамма дыбыстарын жоғарылату не төмендету қажет болып жатса, ол белгілерді кілттен кейін орналастырамыз. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Мажор деген не? 2. Лад деп нені айтамыз? 3. Табиғи мажорлық гамма қалай құрылады? 4. Ладтың дыбыстары қалай аталады? 5. Ладтың қай дыбыстары басты болып саналады? 6. Мажордың қай дыбыстары тұрақты? 7. Мажорлық ладта тартылуына қарай қандай ерекшеліктер бар? № 20. Тақырып. Минорлық лад. Сабақ мақсаты: Минорлық ладқа түсініктеме бере отырып, оны формула бойынша гаммамен құрып үйрету. Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері: Минор – тоникасында минорлық үш дыбыстылық орналасатын лад. (moll) Тапсырма: Ля – дыбысынан минорлық лад құрып гаммадағы тартылыстарды көрсету. Әдістемелік нұсқаулар: Ля- дыбысынан минорлық лад құру кезінде мына формулаға сүйенеміз: тон, жарты тон, тон, тон, жарты тон, тон, тон. Тұрақсыз дыбыстардың ішін бояп, қайда тартылып тұрғанын көрсетіп қою керек. Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Минор дегеніміз не? 2. Табиғи минорлық ладтың гаммасы қалай құрылады? 3. Минорлық гамманың дыбыстары қалай аталады? 4. Минорлық гамманың сатылары қалай аталады? № 21. Тақырып. Тональдік. Мажорлық тональдіктер (диездік және бемольдік). Квинталық шеңбер. Сабақ мақсаты: Тональдікке анықтама бере отырып, квинталық шеңбер бойынша барлық мажорды оңға және солға құру. Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері: Тональдік- ладтың биіктік жағдайы. Дыбыс қатарының кез- келген дыбысын ладтың тоникасы ретінде алуға болады. Мажордың тоникасы үлкен әріппен жазылады. Кілттік белгілер тональдіктің құрамына қажет және кілттен кейін орналасады. Белгілі бір қатармен жайғасады: Диездер- фа, до, соль, ре, ля, ми, си; Бемольдер- си, ми, ля, ре, соль, до, фа. Егер С-dur тональдігінің доминантасын тоника деп алатын болсақ, онда G- dur тональдігі пайда болады және бұған фа- диез белгісі қажет болады. Осы жолмен жүре берсе мажорлық тональдіктің жеті диезге дейін тұратын топтары пайда болады. Олар бір- бірінен Т5 аралығы бойынша жоғары бағытта орналасқан. Бемольдік тональдіктер жүйесі осыған қарама – қарсы әдіспен орналасады. Квинталық шеңбер дегеніміз бір ладтың барлық тональдіктері таза квинта бойынша ретпен орналасады. C – dur F- dur G- dur B- dur D-dur Es- dur A-dur As- dur E- dur Des-dur Ces- dur Cis- dur H-dur Ges- dur Fis- dur Тапсырма: Мажорлық тональдіктердің кілттік белгілерін жаттау. Әдістемелік нұсқаулар: Жаттауға оңайлау болу үшін кейбір заңдылықтарды ескеру қажет: 1. До мажорда белгі жоқ, до-диезде жетеу, до-бемольда да жетеу. 2. Фа мажор мен соль мажор – до мажорға S, Д, болып келеді, мұнда бір-бір белгіден бар. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Тональдік деген не? 2. Қандай белгілерді кілттік деп атаймыз? 3. Кілттік белгілер не үшін қажет? 4. Квинталық шеңбер деген не? 5. Кілттегі диездердің орналасу тәртібі? 6. Кілттегі бемольдардың орналасу тәртібі? № 22 Тақырып. Мажорлық тональдіктердің энгармониялық теңдігі. Мажордың түрлері: табиғи, гармониялық, мелодиялық. Сабақ мақсаты: студенттерді мажорлық ладтың энгармониялық теңдіктегі үш жұп тональдіктерімен таныстыру және гармониялық, мелодиялық түрлерін табиғидан ажырата білуге үйрету. Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері: Энгармониялық теңдіктегі тональдіктер деп, барлық сатылармен үндестіктері бір-біріне дәл келетін тонельдіктерді айтамыз. Диездік тонельдіктер бемольдық тонельдікке және керісінше болып ауыстырыла береді. Мыс: Си мажор (бес диез) = До бемоль мажор ( жеті бемоль) Фа- диез мажор (алты диез) = Соль бемоль мажор (алты бемоль) До- диез мажор ( жеті диез) = Ре бемоль мажор (бес бемоль) Гармониялық мажор- табиғи мажордан өзгешелігі алтыншы саты төмендетілген. Оның анық белгісі: 6-7ші сатыларда ұлғ. 2.орналасады. Мелодиялық мажор- табиғи мажордан төмен бағытта алтыншы, жетінші сатылардың төмендетілуімен ерекшеленеді. Тапсырма: Ноталық шығармалардан мажордың табиғи, гармониялық, мелодиялық түрлерін көрсету. Әдістемелік нұсқаулар: Кез- кеген шығарманың тональдігін табу үшін, ең бірінші кілттік белгілеріне көз жүгіртіп, содан кейін ең басқы дыбыстарымен ең аяғындағы дыбыстарына назар аудару керек. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Энгармониялық теңдіктегі тональдіктер деген не? 2. Қандай мажорды гармониялық деп атаймыз? 3. гармониялық мажордың ерекше белгісі? 4. Мелодиялық мажор қалай құрылады? № 23 Тақырып. Минорлық тональдіктер ( диездік және бемольдық). Параллель тональдіктер. Минорлық тональдіктердің Квинталық шеңбері. Сабақ мақсаты: студенттерге барлық минорлық тональдіктерді квинталық шеңбер бойынша құра отырып, мажорға параллель минорларды тауып үйрету. Негізгі сұрақтар және олардың берілулері: Әр мажорлық тональдіктердің дыбыс қатарына дәл келетін, оған параллель минорлық тональдіктер болады. Олар мажордан к 3 аралығында төмен орналасады. Табиғи түрінде дыбыстар құрамы мен кілттік белгілері біркелкі келетін мажор мен минор- параллель тональдіктер болып саналады. Минорлық тональдіктер кіші әріппен белгіленеді. Минорлық ладтың 15 тональдігі бар. Оларды квинталық шеңбермен орналастырсақ: a d e g h c lis l cis b as ais gis el dis Тапсырма: Мажордан параллель минорды, минордан параллель мажорды тауып үйрену. Әдістемелік нұсқаулар: Кез-келген мажордың параллель минорын табу үшін к3- ға төмен түссек, минордың параллель мажорын табу үшін керісінше к3- ға жоғары шығамыз. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Параллель тональдіктер деген не? 2. Мажорға параллель минорлық тональдік қандай арақашықтықта жатады? 3. Минорлық тональдіктердің квинталық шеңбері деген не? №24 Тақырып. Минордың түрлері: табиғи, гармониялық, мелодиялық. Аттас тонельдіктер. Мажор мен минордың кейбір ұқсастықтары мен өзгешеліктері. Сабақ мақсаты: минорлық ладтың үш түрімен таныстыру, аттас тонельдіктерге анықтама беру және ортақ терциялық, параллель тональдіктерге салыстырма жасау. Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері: Гармониялық минордың табиғидан айырмашылығы жетінші сатысы жоғарлатылған. Мелодиялық минорда алтыншы, жетінші сатылар жоғарылатылған. Мелодиялық минор гамманың тек жоғары бағытында ғана қолданылады. Ортақ тоникасы бар мажор мен минор аттас деп аталады: До мажор- во минор. Терциялық тондары дәл келетін мажор мен минор ортақ терциялық тональдіктер болып саналады. Тапсырма: Ноталық мысалдардан аттас және ортақ терциялық тональдіктерді тауып көрсету. Әдістемелі нұсқаулар: Аттас тонльдіктердің салыстырмаларын Бетховеннің шығармаларынан қарастырыңыз, ортақ терциялық – романтик компазиторлар: Шуман, Лист, Вагнер, Верди, Шопен, Брамс т.б. шығармаларынан кездестіруге болады. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Гармониялық минор несімен еркшеленеді? 2. мелодиялық минор несімен ерекшеленеді? 3. Қандай тональдіктерді аттас деп атаймыз? 4. Қандай тональдіктерді ортақ терциялық деп атаймыз? № 25 Тақырып. Табиғи мажор мен минорлардағы арақашықтықтар. Сабақ мақсаты: мажорп мен минор ладтарының ішіндегі бар арақашықтықтардың алуан түрлерін танып білу, оларды табиғи ладтарда шешу. Негізгі сұрақтар және олардыңтезистік берілулері: Ладтағы арақашықтықтар жеке дыбыстар сияқты тұрақты және тұрақсыз болуы мүмкін. Ладтағы екі дыбысы да тұрақты, яғни тоникалық үшдыбыстылықтың құрамына кіретін арақашықтықтар – тұрақты болып саналады. Ладтағы тұрақсыз арқашықтықтар деп екеуі де, не болмаса не болмаса бір дыфбысы тұрақсыз, яғни тоникалық үшдыбыстылықтың құрамына кірмейтін арақашықтықтарды айтамыз. Ладтағы барлық тұрақсыз арақашықтықтар тұрақтыларға тартылады. Диссонанстық арақашықтықтардың консонансқа немесе тұраақсыздың тұрақтыға орын ауыстыруын арақашықтықтардың шешілуі деп атаймыз. Тұрақсыз дыбыстың жақын тұрақтыға орын ауыстыруының арқасында тұрақсыз консонанстар тұрақты консонанстарға шешіледі. Квинтадан квинтаға октавадан октаваға орын ауыстыруға жол берілмейді. Дисонанстар тұрақсыз болғандықтан, олардыконсонансқа шешерден бұрын мына нәрселерді ажыратып алған жөн: секундада – төменгі, септимада- жоғарғы, кварта мен нокада кез-келген дыбыстар дисонанс болып саналады.Сондықтан дисонанстарды шешу кезінде – дисонанстық дыбыс секундаға төмен, ал екінші дыбыс орнында қалады немесе консонансқа орын ауыстырады. Табиғи мажордағы арақашықтықтар: Табиғи мажор гаммасының көршілес сатылары секундадан құрылады. Екеуі кіші (3-4, 7-1), қалғандары үлкен секундалар. Табиғи мажордағы септималар да екі түрлі: үлкен және кіші. Үлкен септима 1 және 7 сатыларда, қалғандары кіші. Терциялар: үш үлкен терциясы бар функциялар T, S, D. Қалғандары – кіші терциялар. Секста – терцияның айналымы, яғни үш кіші секста бар.Табиғи мажордың кварталардың барлығы таза, тек төртінші сатыдағы ұлғ. 4-дан басқа. Квинталардың барлығы таза, тек жетінші сатыдағы аз. 5-дан басқа. Табиғи минорда да осы арақашықтықтар, тек табиғи мажордан бір ерекшелігі 1 сатыдағы терцияның үлкен кішілігінде. Тапсырма: Таңдалынған ладта барлық тұрақты арақашықтықтарды құру. Әдістемелік нұсқаулар: Тұрақты дыбыстарды түсініктірек болу үшін іші боялмаған овалдармен белгілеген жөн, яығни 1,3,5 сатылар. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Тұрақты арақашықтық нені білдіреді? 2. Қандай арақашықтықтарды тұрақсыз деп атаймыз? 3. Арақашықтықтардың шешілуі деген не? 4. Тұрақсыз консонанстар қалай шешіледі? 5. Диссонанстар қалай шешіледі? № 26 Тақырып. Гармониялық мажор мен гармониялық минордағы Арақашықтықтар. Характерлі арақашықтықтар. Сабақ мақсаты: студенттерді гармониялық мажор мен минорда пайда болатын характерлі арақашықтықтармен таныстырып, оларды құрып, шешуге дағдыландыру. Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері: Гармониялық мажор табиғидан 6- шы сатысы төмендетілуімен, ал гармониялық минор табиғи минордан 7- ші сатысы жоғарлатылуымен өзгешеленеді. Гармониялық ладтарда хроматикалық арақашықтықтардың айралымы екі жұбы бар: Ұлғ.2- аз.ғ, ұлғ.5-аз.4. Ұлғайтылған арақашықтықтардың бір дауысы кеңею бағытына қарай шешіледі. Ал азайтылған арақашықтықтардың бір дауысы керісінше тартылу бағытына қарай шешіледі. Тапсырма: Гармониялық мажорда кездесетін барлық арақашықтықтарды құру. Әдістемелік нұсқаулар: Ең алдымен гармониялық сатысын тауып алып, сол сатыменладтың басқа сатыларын октаваға дейін үндестіру керек. Сонда арақашықтықтардың ұзын қатары пайда болады. Әрбір арақашықтықты анықтап, жаңадан пайда болғандарын түртіп қою керек. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Гармониялық мажор несімен ерекшеленеді? 2. Гармониялық минорда қай саты өзгеріске ұшырайды? 3. Қандай арақашықтықтарды характерлі деп айтамыз? 4. Ұлғайтылған арақашықтықтар қалай шешіледі? 5. Азайтылған арақашықтықтар қалай шешіледі? №27.Тақырып. Тұрақты және тұрақсыз арақашықтықтар Тұрақтылық пен консонанстың айырмашылығы, консонанстың тұрақсыздығы, диссонанспен. Тұрақсыз арақашықтықтардың тартылуы бойынша шешілуі. Дисонанстық арақашықтықтардың шешілуі. Сабақ мақсаты: ладтағы тұрақты, тұрақсыз арақашықтықтарды ажыратып үйрену және тұрақсыз консонанстар мен диссонанстарды шешуге машықтану. Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері: Жеке дыбыстарға ұқсап, ладтағы арақашықтарда тұрақты, тұрақсыз болып келеді. Ладтағы тұрақты арақашықтықтар деп- екі дыбысы да тұрақтыға жататын, тоникалық үшдыбыстылықтың дыбыстар қатарына кіретін арақашықтықтарды айтамыз. Ладтағы тұрақсыз арақашықтықтар деп- екі дыбысы да, не болмаса біреуі тұрақсыз болып келетін, тоникалық үшдыбыстылықтың дыбыстар қатарына кірмейтін, арақашықтықтарды айтамыз.Ладтағы барлық тұрақсыз арақашықтықтар, тұрақтыларға тартылады. Диссонанстық арақашықтықтың консонансқа, немесе тұрақсыздың тұрақтыға ауысуы- арақашықтықтың шешілуі деп аталады. Тұрақсыз консонанстар-тұрақсыз дыбысының жақын тұрақтыға ауысуы арқылы тұрақты консонансқа шешілуі қажет.квитадан квинтаға, октавадан октаваға ауысуға жол берілмейді. Диссонанстар тұрақсыз болғандықтан, оларды консонансқа шешерден бұрын мына нәрселерді ажыратып алған жөн: секундада – төменгі, септимада- жоғарғы, кварта мен нонада кез-келген дыбыстар диссонанс болып саналады. Сондықтан диссонанстарды шешу кезінде- диссонанстық дыбыс секундаға төмен, ал екінші дыбыс орнында қалады немесе консонансқа орын ауыстырады. Тапсырма: Таңдалынған ладтағы барлық арақашықтықтарды құрып, тұрақсыздарын заңдылықтарға сәкес шешу. Әдістемелік нұсқаулар: Барлық прима, секунда, терция т.б. арақашықтықтарды әр сатыдан жеке- жеке құрып алған жөн. Содан кейін барып заңдылықтарға сәйкес шешу керек. Параллель унисон, квинта, октаваларға жол берілмейді. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Тұрақты деп қандайарақашықтықтарды айтамыз? 2. Тұрақсыз деп қандай арақашықтықтарды айтамыз? 3. Тұрақсыз консонанстар қалай шешіледі? 4. Диссонанстар қалай шешіледі? 5. Ұлғайтылған арақашықтықтар қалай шешіледі? 6. Азайтылған арақашықтықтар қалай шешіледі? № 28 Тақырып. Халықтық ладтар. Жалпы көзқарас. Сабақ мақсаты: студенттерді халық музыкасындағы байырғы шіркеулік ладтармен таныстырып, жалпы көзқарас қалыптастыру. Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері: Ладтардың пайда болуына дейінгі музыкалау жүйесі- сатылармен шектелмейтін еркін глиссандо түрінде болған (экмалика). Одан кейін жарты тондары жоқ дыбыс қатары- ангемитоникапайда болды. Мұнда алғашында екі дыбыс, кейінірек үш дыбыс, төрт... сөйте- сөйте таза квинталар қатары пайда болды: фа, до, соль, ре, ля. Диатоника- хроматикалық жоғарлатылуы пайда болғанға дейінгі жалғасатын таза квинталар қатары. Диатоника толық және толық емес болады. Толық емес- тетрахорд, трихорд. Толық диатоника- табиғи жеті сатылық ладтардың айналасы (табиғи мажор мен минор, дорийский, фригийский, лидийский, миксолидийский). Олардың белгілері: 1. Олардың барлық жеті сатылары таза квинталық тізбекпен орналасуы мүмкін. 2. Олардың гаммаларындағы көршілес сатылардың арасы бес үлкен секунда және бір-бірінен т.5. аралығында жатқан екі кіші секундалардан құралады. Диатониканың пайда болуына дейін, пайда болу езі және пайда болғаннан кейін де модальдық ладтар болған. Негізгі тональдік ладтардың элементі аккорд (тігінен) болса, ал модальдық ладтардың негізгі элементі тек қана дыбыс болып келеді. Тапсырма: Екі, үш, төрт, бес дыбыстардан ангемитониканың үлгілерін құру. Әдістемелік нұсқаулар: Ең басты ереже: жарты тондық тартылысқа жол бермеу. Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Экмилика деген не? 2. Ангемитоникаға тән ерекшелік? 3. Модальдік ладтар деген не? 4. Диатоникаға не тән? №29 Тақырып. Жеті сатылы диатоникалық ладтардың ерекше түрлері. Сабақ мақсаты:Байырғы жеті сатылы диатоникалық лдатарды ажыратып және құрып үйрену: ионийский, лидийский, миксолидийский, дорийский, фригийский, эолийский ладтары. Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері: Байырғы табиғи (оларды дыбыс қатарының негізгі сатыларынан құра беруге болады.), шіркеулік(олар шіркеулік мақамдар негізінен шыққандықтан) ладтар: Ионийский лад- табиғи мажормен дәл келеді. Миксолийдийский лад- табиғи мажордан жетінші сатысының төмендетілуімен ерекшеленеді. Лидийский лад- табиғи мажордан төртінші стысының жоғарлатылуымен еркшеленеді. Эолийский лад- табиғи минормен дәл келеді. Дорийский лад- табиғи минордан алтыншы сатысының жоғарлатылуымен ерекшеленеді. Фригийский лад- табиғи минордан екінші сатысының төмендетілуімен ерекшеленіді. Кәсіби европа музыкасында бұл ладтар 19 ғасырдың ортасынан бастап қолданыста.( Шопен, Григ т.б.). Тапсырма: Кез-келген дыбыстан байырғы құру. Әдістемелік сұрақтар: Егер мажорлық гамманың дыбыстарын алатын болсақ, онда солардың әр- қайсысынан халықтық ладтарды құруға болады. Пайда болған ладты мажормен немесе минормен салыстырыңыз, сол арқылы қвай сатыөзгеріске ұшырағанын анықтаймыз. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Ионийский ладқа не тән? 2. Миксолийдийский лад құрылады? 3. Лидийский лад қалай құрылады? 4. Эолийский лад несімен ерекшеленеді? 5. Дорийский ладтың ерекшелігі? № 30 Тақырып. Пентатоника. Сабақ мақсаты: пентатоникалық дыбыс қатарының ерекшеліктерімен таныстыра отырып, мадорлық және минорлық пентатоникаларды құрып үйрету. Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері: Біздің есімізде байырғы заманның жарты тондары жоқ ладтарын ангемитоника деп аталатындығы. Пентатоника- арасында тритон тудырушы сатылар болмайтын бес дыбыстан тұратын мажорлық және минорлық ладтар. Яғни пентатоника бұл толық- ангемитоника. Фортепиано аспабында қара басқыштардағы дыбыстар пентатониканы құрайды. Оның белгілері: 1. Кіші секундалар, тритондар және өткір тартылыстардың болиауы. 2. К. 3.-ның үстінен, не астынан қосылған ү,2-сцы бар үш дыбыстан құралған топтар. Мұндай топтарды трихордтар деп атайды. 3. Пентатониканың сатыларын т.5. квинталарын тізбегімен орналастыруға болады. Пентатоника дыбыс қатарының кез-келген дыбысы- тоника болады. Пентатоникалық дыбыс қатары Ерте Шығыс халықтарыныңәуендерінен бастау алған. Ал қазір Қазан татарлары, гуваштар, буряттар, Монголия, Қытай, Япония, Корей т.б.халықтардың әуендерінде көп қолданысқа ие. Тапсырма: Фортепианоның ақ басқыштарынан пентатоника құру. Құрылған пентатоникаларды мажор- минорға бөлу. Әдістемелік нұсқаулар: Мажорлық және минорлық пентатоникаларды құру кезінде, тритон құрайтын дыбыстардың сатылары болмайтынын есте сақталған жөн. Өзін-өзі арналған сұрақтар: 1. Пентатоника деген не? 2. ОЛ қай халықтарда көбіне қолданылады? 3. Мажорлық пентатониканықалавй құру керек? 4. Минорлық пентатоникаларды қалай керек? № 31. Тақырып. Ауыспалы ладтар. Ауыспалы параллель лад Және мажор- минор. Басқа да ладтар. Сабақ мақсаты: ноталық шығармалардан ауыспалы ладтарды ажыратып үйрену, ауыспалы – параллель ладпен мажор –минордың арасындағы айырмашылықты анықтауға дағдылану және қолдан жасалған ладтар, басқа да түрлерімен танысу. Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері: Параллельді – ауыспалы лад- тоникалары тең жағдайларда болып келетін параллель мажор мен минордың бір ладтық жүйеге бірігуі. Мажор – минор – аттас мажор –минордың бірге оқылуы. Бірақ екеуінің біреуі көбірек қолданыста болады да, екіншісі тек ара- арасында уақытша пайда болып отырады. Бұл лад 19-20 ғасырлар музыкасында кеңінен пайдаланған. Локррийский ладтың тоникасы – азайтылған үшдыбыстылық. Дыбыс қатары: жарты тон, тон, тон, жарты тон, тон, тон ,тон. Доминантасы тониканың қызметін атқаратын миорлық ладта кездеседі. Оны доминанталы минорлық лад деп атаймыз. Әзірбайжан, түркмен, тәжік, болгар, венгр, сыған халықтарының музыкасында екі ұлғайтылған секундасы бар ладтар кездеседі. Олар түрлі –түрлі болып келеді және солардың біреуі төртінші сатысы жоғарылатылған гармониялық минормен дәлме-дәл. Бұл ладты екі есе гармониялы лад деп атайды.тағы да бір түрі- ұлғ. 2. екінші мен үшінші сатылардың арасында болып келгенде. 19 ғасырдан бастап ұлғайтылған лад кездеседі. Мұнда барлық үшдыбыстылықтары ұлғайтылған . Ұлғайтылған ладтың гаммасы бүтін тондар тізбегінен құралады, сондықтан оны бүтін тондық деп те атайды.бұл лад қолдан жасалынғандықтан , халық музыкасында кездеспейді.фантастикалық бояу беру үшін азайтылған ладты қолдануға болады. Мұның тоникасы- азайтылған септаккорд. Джаз музыкасында естілу жағынан табиғи мажорға келетін, бірақ 3,5,7 сатылары төмендетілген ладтар қолданылады. Тапсырма: Әр-түрлі ладтар құру. Әдістемелік нұсқаулар: Дыбысты студенттер өз еріктерімен таңдап алады, сол дыбыстан лда құру кезінде әрбір ладтың өзіндік бір ерекшеліктеріне назар аударған жөн. Құрылған ладты міндетті түрде аспапта ойнап, бояуына зер салу керек. Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Қандай ладты параллельді – ауыспалы деп атаймыз? 2. Мажор- минор және минор- мажор деген не? 3. Локрийский ладтың ерекшелігі? 4. Доминанталы минорлық лад несімен ерекшеленеді? 5. Сіз қандай жасанды ладтарды білесіз? 6. Екі ұлғайтылған секундасы бар ладтар қалай құралады? № 32. Тақырып. Аккордтар. Үшдыбыстылық. Үшдыбыстылықтың түрлері. Консонанстық және диссонанстық үшдыбыстылықтар.Оның айналымдары. Сабақ мақсаты: үндестік ұғымын қайталау, аккорд пен үшдыбыстылықтың арасындағы айырмашылықты түсіну, үшдыбыстылықтың төрт түрін білу, айналымдарын құрып үйрену. Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері: Үндестік- бір уақыттағы бірнеше дыбыстың оқылуы. Аккорд- терциялық тізбекпен орналасқан не болмаса, орналаса алатын кемінде үшдыбыстан тұратын үндестік. Гармония- дыбыстардың үндестікке бірігуі және үндестіктер тізбегі. Үшдыбыстылық- терциялық тізбекпен орналасқан үшдыбысты аккорд. Үшдыбыстылықтың түрлері: 1. Мажор; төменнен жоғары қарай: Ү 3., К3. 2. Минор; К3., Ү3. 3. Ұлғайтылған; Ү3., Ү3. 4. Азайтылған; К3., К3. Төменгі дыбыс- негізгі немесе прима, екінші- терция, үшінші квинта; Негізгі аккорд деп- берілген аккордтың негізгі дыбысы басқа дыбыстарға қарағанда ең төменгі жағдайда жатқандағы жәйі. Аккордтың айналымы-берілген аккордтың ең төменгі дыбысы ретіндетерциялық не квинталық тон жатады.осыған орай екі айналым пайда болады: 1. Терциялық тон төменде жатқан жағдайда скстаккорд деп аталады. 2. Квинталық тон төменде жатса квартсекстаккорд деп аталады. Тапсырма: Кез-келген бір дыбыстан үшдыбыстықтың төрт түрін жазып алып, оның айналымдарын құру. Әдістемелік нұсқаулар: Үшдыбыстылықтарды құру кезінде ең алдымен сатылық, содан кейін сапалық биіктіктеріне ауысқан жөн. Өзін -өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Үндестік деп нені айтамыз? 2. Екі дыбыстан құралған үндестікті қалай айтамыз? 3. үш, төрт, бес дыбыстардан құралған үндестіктерді қалай айтамыз? 4. Үшдыбыстылықтың негізгі түрі деп нені айтамыз? 5. Үшдыбыстылық деген не? 6. Үшдыбыстылықтың айналымы деген не? 7. Қшдыбыстылықтың бірінші айналымы қалай аталады? 8. Екінші айналым қалай аталады? №33, Тақырып. Мажор мен минордағы басты үшдыбыстылықтар. Басты үшдыбыстылықтардың қосылыстары. Сабақ мақсаты:ладтың басты үшдыбыстылықтарын құрып, оларды қосып, қолданып үйрену. Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері: Гамманың әрбір сатысына түрлі аккордтар орналасады. 1,47,5 сатыларға T, S, D деген аттар берілген (осылар ладтағы басты үшдыбыстылықтар). Бірінші сатыдағы үшдыбыстылық- тоникалық, төртінші сатыдағы үшдыбыстылық – субдоминанталық, бесінші сатыдағы үшдыбыстылық- доминанталық деп аталады. Аккордтар қосылысының екі түрі болады: а) гармониялық- екі аккордқа да ортақ дыбыс орнында қалады. б) мелодиялық- барлық дауыстар қозғалысқа түседі. Яғни гармониялық қосылыс тек екі аккордқа ортақ болғанда ғана іске асады.кварта- квинталық қатынастағы аккордтарда 1- ақ ортақ дыыбс болады. Бұл Т-Д, T-S. Ал терциялық қатынастағы аккордтарда екі ортақ дыбыстан болады,мыс: S- 2 сатылардағы аккордтар. Секундалық қатынастағы аккордтарда ортақ дыбыс болмайды, мыс: S- Д. Тапсырма: Таңдалынған бір ладта T, S, D- ларды алып, бір- бірімен қосу. Әдістемелік нұсқаулар: Ең алдымен кварта- квирталық қатынастағы аккордтарды гармониялық қосылыста жасап алған жөн, содан кейін секундалық қатынастағы , яғни S, D аккордтарын қосу. Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Қандай аккордтарды басты деп атаймыз? 2. Тоникалық үшдыбыстылық деген не? 3. Субдоминанталық үшдыбыстылық деген не? 4. Доминанталық үшдыбыстылық деген не? 5. үшдыбыстылықтардың қосылуына қарай неше түрі бар? 6. S және D аккордтарын гармониялық әдіске қосуға бола ма? Неге? № 34. Тақырып. Мажор мен минордағы қосалқы үшдыбыстылықтар. Табиғи және гармониялық мажор мен минордың сатыларындағы үшдыбыстылықтылар. Сабақ мақсаты: берілген ладта қосалқы үшдыбыстылықтар құрып, оларды тоникалық үшдыбыстылыққа шешіп үйрену және гармониялық ладтардағы үшдыбыстылықтар туралы білу. Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері: II, III, VI, VII сатыларда орналасқан үшдыбыстылықтар қосалқы деп аталады. Табиғи және гармониялық ладта мажор мен минорлық үшдыбыстылықтардан басқа тағы екі түрі кездеседі: азайтылған және ұлғайтылған. Азайтылған үшдыбстылық табиғи мажорда 7-ші сатыда, табиғи минорда 2-ші сатыда кездеседі.Гармониялық ладтарда екі азайтылған үшдыбыстылықтардан бар:2 және 7 сатыларда Гармониялық ладтардағы жаңа арақашықтық –ұлғ5. пайда болған жерде сондай- ақ ұлғайтылған үшдыбыстылық құралады. Ол мажорда 4- ші, минорда 3- ші сатыларда орналасқан. Тапсырма: Таңдалынған бір ладта қосалқы үшдыбыстылықтар құрып, оларды тоникаға шешу. Әдістемелік нұсқаулар: Тапсырманы орындау кезінде аккордтардың алдымен негізгі түрлерін қосуға тырсыңыз. Егер қосатын үшдыбыстылықтарда ортақ дыбыстар болса, оларды орнында қалтырып, қалған дыбыстарын жақын жатқан тониканың дыьыстарына жылжыту керек. Мүмкіндігінше аккордтардың негізгі дыбысын екі еселендіріп төрт дауыста қосқан дұрысырақ. Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Қандай үшдыбыстылықтарды қосалқы деп атаймыз? 2. Қосалқы үшдыбыстылықтар қай сатыларда құрылады? 3. Қосалқы үшдыбыстылықтарды тоникаға қалай шешеміз? № 35. Тақырып. Септаккорд. Доминантсептаккорд және оның айналымдары, шешілуі. Сабақ мақсаты: септаккорд құруды, ладта доминантсептаккорд, оның айналымдары және оларды тоникаға шешіп үйрену. Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері: Септаккорд – терциялық тізбекпен орналасқан, не болмаса орналаса алатын төрт дыбыстық аккорд. Ең төменгі дыбысы негізі немесе прима, екінші – терция, ушінші – квинта, ал жоғарғы дыбысы – септима деп аталады. Септаккорд басқа да аккордтар сияқты төменнен жоғары қарай құрылады. Септаккорд атауы өз құрамына байланысты аталады: үшдыбыстылық және терция, яғни оны құраушы. Табиғи мажорда ладтың әр дыбысынан септаккорд құрғанда, барлығы жетеу болады. Минорда, табиғиға қоса гармониялық, мелодиялық түрлерін біріктіргенде – он бес септаккорд. Әр септаккорд төрт түрлі жағдайда кездеседі: негізгісі және үш айналымы. Негізгі септаккорд деп баста негізгі тон жатқанда айтылады. Бірінші айналымы – квинтсекстаккорд – баста терциялық тон. Екінші айналымы – терцквартаккорд – баста квинталық тон. Үшінші айналымы – секундаккорд – баста септима жатады. Ладтың бесінші сатысындағы кіші мажорлы септаккорд – доминантсептаккорд деп аталады. Ол тоникалық үшдыбыстылыққа шешіледі: ортақ дыбыс орнында қалады да, қалған тұрақсыз дыбыстар жақын жатқан тұрақты дыбыстарға орын ауыстырады. Тапсырма: Таңдалынған бір ладта доминантсептаккорд, айналымдарымен құру және оларды шешу. Әдістемелік нұсқаулар: Ең алдымен тональдік таңдаймыз, оның доминантасын яғни бесінші сатысын табамыз. Таңдалынған тональдіктің белгілерін кілтке қоямыз да, бесінші сатысынан септаккорд құрамыз. Пайда боған негізгі септаккордты үш түріне айналдыра отырып барлығын дыбыстардың шешілу заңдылықтарына сәйкес тониканың дыбыстарына шешеміз. Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Септаккорд деген не? 2. Септаккордтың дыбыстары қалай аталады? 3. Септаккордтың негізгі түрі деген не? 4. Септаккордтың айналымдары қалай құрылады? 5. Доминантсептаккорд ладтың қай сатсына орналасады? 6. Септаккорд және оның айналымдары қалай шешіледі? № 36. Тақырып. Кіріспе септаккордтар. Екінші сатының септаккорды. Сабақ мақсаты: ладта кіріспе септаккордтармен екінші сатының септаккордын құру, септаккорд тізбегін олардың тоникаға шешілуімен құру. Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері: Мажор мен минордың жетінші сатысында кіріспе септаккорд құрылады. Табиғи мажода ол к3+к3+ү3-лардан құрылады да жартылай азайтылған деп аталады. Гармониялық мажор мен минорда ол үш кіші терциядан құралып азайтылған деп аталады. Басқа септаккордтар сияқты кіріспе септаккордтың да негізгі түрі мен үш айналымы бар. Тоникаға шешілу заңдылықтары: кіріспе септаккордтың негізгі дыбысы тониканың примасына, терциясы – тониканың терциясына, шешілу кезінде параллель квинталарды болдырмау мақсатында септаккордтың квинтасы да тониканың терциясына, ал септима диссонанстық дыбыс ретінде тониканың квинтасына шешіледі. Тоқ етері кіріспе септаккорд тоникалық үшдыбыстылыққа екі еселенген терциясы мен шешіледі. Кіріспе септаккордты тоникаға доминантсептаккорд арқылы да шешуге болады, мұндай жағдайда септаккордтар тізбегі пайда болады. Септаккордтардың арасында үш ортақ дыбыс болғандықтан доминантсептаккордқа ауысу өте жеңіл, яғни үш дыбыс орнында қалады да кіріспе септаккордтың септимасы доминантсептаккордтың негізгі дыбысына орын ауыстырады. Мұндай жағдайда шеңбер кестесі пайда болады: 7 2 6/5 ¾ Мажордың екінші сатысында к3+ү3+к3-дан тұратын кіші минорлы септаккорд орналасады, оны екінші сатының септаккорды деп атаймыз. Бұл септаккордтың да үш айналымы бар, және бұлардың барлығын шешуге септаккордтар тізбегін пайдаланған өте ыңғайлы: алдымен доминантсептаккордқа, содан кейін тоникаға. Барлық шешілу ережелерін ұстаған жағдайда крест кестесі пайда болады: II7 – Д4/3, II6/5 – Д2, II4/3 – Д7, II2 – Д6/5. одан әрі доминантсептаккорд, айналымдары мен тоникаға қалай шешілетіні өздеріңізге белгілі. Тапсырма: 1. Таңдалынған бір ладта кіріспе септаккордты айналымдарымен бірге құрып алып, доминантсептаккорд арқылы тоникаға шешу. 2. Таңдалынған бір ладта екінші сатының септаккордын айналымдары мен бірге құрып алып, доминантсептаккорд және айналымдары арқылы тоникаға шешу. Әдістемелік нұсқаулар: Тапсырмаларды орындау үшін ең алдымен тональдік таңдап алу керек, оған кілттік белгілерін қойғаннан кейін керекті сатылардан септаккорд құрамыз. Құрылған септаккордты доминантсептаккорд пен айналымдарына шеңбер немесе крест кестесі арқылы байланыстырып тоникаға шешкен дұрыс. Шешу кезінде параллель квинта, октава, унисондардың пайда болмауын қадағалау керек. Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Кіріспе септаккорд қай сатыда орналасады? 2. Қандай септаккордты жартылай азайтылған деп атаймыз? 3. Қандай септаккордты азайтылған деп атаймыз? 4. Кіріспе септаккорд тоникаға қалай шешіледі? 5. Септаккордтар тізбегін құру үшін қай септаккордты қолдануға болады? 6. Ладтың екінші сатысындағы септаккорд қалай аталады? 7. Ол қалай шешіледі? № 37. Тақырып. Нонаккорд. Кварталық септаккордтар туралы ұғым. Сабақ мақсаты: нонаккорд құрып үйрену, кварталық септаккордтардың бар екендігімен танысу. Негізгі сұрақтар және олардың тезистік берілулері: Нонаккорд – терциялық тізбекпен орналасқан, не болмаса орналастыруға болатын бес дыбыстық аккорд. Ол 9 деген белгімен белгіленеді. Нонаккордтың айналымдары өте сирек және жеке-жеке атаулары болмайды. Нонаккордты төрт дауыста бергенде көбінесе квинталық тон түсіп қалады. Ладта нонаккорд бесінші мен екінші сатыларда жиірек көрініс табады. Кейбір композиторлардың шығармаларында кварталық тізбекпен орналасқан аккордтар, тіпті септаккордтарды да кездестіруге болады. Олардың өзіндік атаулары мен белгілері болмайды. Тапсырма: Шығармалардан іздестіріп нонаккорд немесе кварталық гармонияларды табу. Әдістемелік нұсқаулар: Егер талдауға таңдаған шығармаңыздың гармониясы көп дыбысты аккордтардың жиірек қолданған түрінде келсе, жұмысыңыз жеңілдейді. Кварталық гармонияларды көріп байқау керек, оларда терциялық тізбектер кездеспейді. Өзін- өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Қандай аккордты нонаккорд деп атаймыз? 2. Толық емес нонаккордты қалай аламыз? 3. Нонаккордтың айналымдары мен белгілері бола ма? 4. Қандай гармониялар кварталық деп аталады? 7 Қолданылған әдебиеттер 1. И.Способин. Элементарная музыка. М. 1987. 2. В.В. Хвостенко. Задачи и упражения по элементарной теории музыки. М. 1973. 3. В.В.Вахромеев. Элементарная теории музыки. М.1983 4. Е. Назайкинский. Звуковой мир музыки. М.1988. 5. Красинская, Уткин. Элементарная теория музыки. М.1984. 6. Виноградов. Занимательная теория музыки. М.1989.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz