Файл қосу
Күрделі сөйлемдер аудармасы
|Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі | |Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті | |3 деңгейлі СМЖ құжаты |ПОӘК |ПОӘК 042 –18-17. 1.17/03-2013 | |ПОӘК |Басылым №1 | | |Оқытушыға арналған | | | |«Жазбаша аударма практикасы» | | | |пәнінің оқытушыға арналған | | | |жұмыс бағдарламасы | | | «Жазбаша аударма практикасы» пәні бойынша 050207 «Аударма ісі» мамандығына арналған OҚУ -ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей 2013 Мазмұны 1. Дәрістер 2. Машықтану сабағы 3. Студенттің өздік жұмысы 1 ДӘРІСТЕР Дәріс 1. Аударма үрдісінің пайда болуы. 1.Жазбаша аудармаға ќойылатын талаптар. 2.Аудармадаѓы эквиваленттік деңгейлері. 3.Жазбаша аудармашының жұмысындаѓы сөздіктер мен аныќтамалардың маңыздылығы. 4.Редакторлық аударма жєне аудармалыќ құжатты рәсімдеу. [pic] Дәріс 2. Жазбаша аудармадағы грамматикалық мәселелер. 1.Аударма кезіндегі әртүрлі факторлардың (шет тілі мен ана тілдегі грамматикалық құрылымдардың сәйкессіздігі, мәтіннің әртүрлілігі)әсерінен сөйлем құрылысының өзгеруі. Орыс тілінде мүлдем кездеспейтін ағылшын сөйлем конструкцияларындағы екі жақты меңгеруді аудару аудармашыдан сөйлемді аудару кезінде оны түпкілікті құруға әкеліп соқтырады.Екіжақты меңгеру әр түрлі формада кездеседі.Ол етістік те, зат есім де,екі немесе одан да көп предлогтармен меңгерілген сын есім де (предлогсыз да кездеседі) бола алады.Олар әр түрлі меңгерудегі толықтауыш немесе анықтауыштағы бірыңғай мүшелер де бола алады. Төмендегі мысалдарды қарастырайық. Not a day goes by since I’ve been alive in which I haven’t seen or heard of the most startling things… (Th. Dreiser) Драйзер говорит о потоке изобретений на рубеже ХХ века. Поэтому нельзя перевести: Не проходит дня с тех пор, как я живу на свете, чтобы мне не приходилась видеть или слышать о самых поразительных вещах. Ведь после глагола видеть требуется дополнение в винительном падеже без предлога.В русском языке необходимо раздельное управление, свойственное каждому глаголу: …чтобы мне не приходилось видеть самые поразительные вещи или слышать о них. G.B.S. showed little concern for, and gave little credit to the working class.(W.Gallacher) Джордж Бернард Шоу проявлял мало интереса к рабочему классу и недооценивал его значение. Здесь потребовалась передать раздельно разнопредложное управление, свойственное английским существительным. В следующем примере разного управления требует прилагательные: In 1888 it was again a miner, Keir Hardie, who stood for Mid-Lamark as the first Labour candidate, independent of, and opposing the Liberals.(W. Gallacher) В 1888 году другой шахтёр, Кейр Харди, выступал как первый кандидат из рабочего класса от Мид-Ламарка не только независимо от либералов, но и противовес им. Орыс тіліндегі меңгру аудару кезінде шешуші фактор болып табылады. Атау септігіндегі инфинитив. Кейбір жағдайларда мынандай сөйлемдерді аудару қиындықтар туғыздырады:He is said to know this man.-Говорят, что он знает этого человека.This man is know to be a good carpenter.-Известно, что этот человек хороший плотник.The train is understood to have arrived in time.-По имеющимся сведениям, поезд прибывал вовремя. Бұл сөйлемдерде бастауыштың рөлін «he», « this man», ғана емес сонымен қатар «he» есімдігімен бірге «to be» инфинитиві де болады. Мұндай құрылыс (you… to know, this man… to be, the train… to have arrived) атау септігіндегі инфинитив деп аталады.. Бұл оралым баяндауыш қызметіндегі пікірді, қанатты сөздерді білдіретін етістіктермен үйлеседі.Сондай-ақ бұл етістік әдетте ырықсыз формасына қойылады.Бұл оралым мынандай жағдайларда қолданады: 1.Етістік-баяндауыштың ұзақтығын көрсететін, етістік-баяндауыштың қимыл-қозғалысын сипаттау үшін қолданылады:Mr.Babbit is said to be writing a book.-Говорят, что мистер Баббит сейчас пишет книгу. 3.Етістік-баяндауыштың алдында болған оқиғаларды сипаттау үшін:Mr.Babbit is said to have been writing many books.-Говорят, что мистер Баббит все эти годы писал много книг.Бұл сөйлемді аудару барысында аудармашыда етістік-баяндауышты қалай аудару жайында сұрақ туындайды.Төменде мұндай баяндауыш ретінде қолданылатын етістіктермен оларға сәйкес аудармалардың мысалдары берілген: To announce it is announced-объявлено, что To believe it is believed –полагают, что To consider it is considered-считают, что To expect it is expected-ожидается, что To hear it is head-имеются сведения, что To know it is known-известно, что To report it is reported-сообщают(имеются сообщения),что… To say it is said-говорят, что… To see it is seen-убедились(как убедились),что… To state it is stated –было указано, что To suppose it is supposed-предполагается(есть основания предполагать),что… To think it is thought-думают(есть основания думать, считают),что… To understand it is understood –по имеющимся сведениям(имеются сведения,что…) To be certain it is certain-несомненно,что… To be likeiy it is likely-вероятно,что To be unlikely it is unlikely-мало вероятно,чтобы… «To understand» «имеются сведения, что...» деп аударылады, яғни бұл аударманың мағынасы сенімді немесе сенімсіз ақпараттың бар болуы.Яғни мұндай құрылыста ырықсыз септігінің бар екенін ескерген жөн. Аударманыың ең қарапайым және жеңіл түрі нөлдік аударма, бұл дегеніміз эквивалентсіз сөздерді түсіру. Бұған ағылшын тіліндегі артикльдерді аударуды жатқызуға болады. Орыс тіліне мынадай сөйлемді аударғанда мысалы « His extraordinary strong personality powerfully impressed the imagination of his contrymen», аудармашыға артикльді аудару қажет емес, себебі оның бұл сөйлемде тек грамматикалық рөлі ғана бар «Он поражал вооброжение соотечествинников беспримерной силой духа». Дәріс 3. Аударма үрдісіндегі грамматикалық трансформациялар: 1.құрылымдардың толыќтай және жартылай өзгеруі, 2.сөз таптарының өзгеруі, 3.сөйлемдердің орналасу тәртіптерінің ауысуы. Аударма жағынан алып қарағанда ағылшын тілі мен қазақ тілінің грамматикалық құрылымдарының айырмашылықтары аударма мәселелерінің екі категориясымен беріледі: тілдік бірліктердің грамматикалық қасиеттерінің ұқсастығы жағдайындағы аударма мәселелері және бастапқы және аударма тілдеріндегі тілдік бірліктердің грамматикалық қасиеттерінің әртүрлілігі жағдайындағы аударма мәселелері. Сонымен бірге, ерекше қиындықтар дара грамматикалық бірліктер (сөз формалары негізіндегі морфологиялық қайта құру) мен біріккен грамматикалық бірліктерді (сөз тіркесі, сөйлем және фразадан тыс бірліктер негізіндегі синтаксистік қайта құру) қайта құрумен байланысты болады. Тілдік бірліктердің грамматикалық қасиеттері бірқатар тілдік құбылыстардан: сөз, сөз тіркестері, сөйлем формалары, элементтердің орын тәртібі, формалардың грамматикалық мағыналары, форма мен мағынаның контексттік атқаратын қызметтерінен тұрады. Аударылатын белгілі бір тілдік бірліктің ақпараттық маңыздылығын қарастырғанда, біз тек сөз және сөз тіркестерінің лексико-семантикалық мағыналарын ғана емес, сонымен бірге олардың аударма мәліметінің жеткізілу мөлшеріне біршама әсер ететін грамматикалық қасиеттеріне де ден қоямыз. Ағылшын тілі мен қазақ тілінің грамматикалық қасиеттерінде ұқсастықтары (сын есімнің шырайлары, етістіктің шақтары, сөздердің орын тәртібінің функционалдық маңыздылығы, т.б.) мен айырмашылықтары (ағылшын тіліндегі артикль, қазақ тіліндегі септіктер, ағылшын тіліндегі герундий, қазақ тіліндегі көсемше, т.б) бар. Сонымен қатар, грамматикалық формалар, олардың атқаратын қызметтері мен мағыналары арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтардың толық немесе толық емес болатындығын естен шығармаған жөн. Осыған сәйкес толық аударма немесе толық емес аударманың әртүрлі нұсқаларын жасауға болады. Шын мәнінде толық теңестіруге келмейтін айырмашылықтар толық ұқсастық сынды аз кездеседі. Сондықтан, ең басты аудармашының кезігетін мәселесі – біріншіден, теңестіруді қажет ететін деңгей, екіншіден, грамматикалық формаларды аудару барысындағы теңестіру сипаты. Осы мәселені шешудің басты амалы әдетте бастапқы контекст болғанымен, кейде белгілі бір мәтін түрін грамматикалық безендіру салты сияқты әсерлерді де есепке алу керек. Мысалы, грамматикалық формалар мен құрылымдарды бір үлгіге салу талаптары, белгілі бір грамматикалық формалардың стилистикалық бекітілуі, мәтіндегі хабардың нақты не нақты айтылмауы арасындағы дәстүрлі қатынас және тағы басқалары. Осыған сәйкес, дәстүрлі түрде ағылшын мәтінінде тәуелділік есімдіктері зат есімді анықтаушы ретінде нақты түсіндірілсе, қазақ тілінде оны қолдану кейде хабардың көлемін ұлғайтып жібереді. Мәселен, «He raised his hands» – «Ол қолдарын көтерді» («Ол өзінің қолдарын көтерді» формасы көптеп кездескендігімен аудармада мәнерлілік үшін түсіп қалуы мүмкін). Осыдан келе мұндай мысалдарда ішінара немесе нөлдік аударма қолданылғаны дұрыс. Ең басты мәселені жалпы қарастыру морфологиялық жағынан ұқсас грамматикалық формаларды аударуда толық аудармамен бірге басқа да жағдайларды қарастыруға көмектеседі. Жоғарыда айтылған нөлдік аударманы қолдану формалардың ұқсастығы негізінде дәстүрлі-функционалдық сәйкессіздік жағдайында нәтижелі келеді. Жоғарыда келтірілген мысалдардан басқа есімдік түрлерінің сәйкессіздігі жағдайында нөлдік аударманы қолдану туралы айтуға болады. Мәселен: they say – дейді, деп айтады you see – түсінесің бе before one can say a word – аузыңды ашып та үлгермейсің say it – айт. Есімдіктерді аударудағы басқа тәсіл – ішінара аударма, яғни толық форманы емес, ішінара қызметіне сай келетін форманы қолдану. Мәселен, қазақ тіліндегі өздік есімдіктің өзіндік есімдік формасы болуы мүмкін. Осыған байланысты, толық не ішінара аударма қолданылады. He could not break himself out of his habit of flushing. Ол өз әдеті қызарудан арыла алмады. He pulled himself together quickly. Ол өз - өзін тез қолға алды. Аудармашылар көбінесе функционалдық сәйкестік (функционалдық ауыстыру) тәсілін пайдаланады. Әсіресе, екі тілде де тура сәйкестігі бар етістіктің шақтарын аудару барысында қолданылады. Дегенмен, екі тілде олардың атқаратын қызметтері үйлеспей қалуы мүмкін. Мәселен, Ол қонақ үйге орналасады сөйлемін контексттің қосымша уақытына сәйкес түрлі әдіспен беруге болады: She will stay at a hotel (келу уақыты немесе басқа жағдайлар маңызды емес, деректің өзі берілгенде), She will be staying at a hotel (нақты уақыт контекстке байланысты) немесе She is staying at a hotel (ниет немесе келісім контекстке байланысты). Соңғы форма, шындығында қазақ тіліндегі форманың тура баламасы бола алмайды, тек оны ниет немесе келісімді білдіру үшін функционалдық жағынан ауыстырады. Грамматикалық формаларды функционалдық қайта құру грамматикалық айырмашылықтар, бастапқы және аударма тілдерінің лексико-семантикалық ерекшеліктері және тілдік дәстүрдің айырмашылықтарына сай жасалады. Бір ғана форма кейбір контексттерде толық немесе ішінара аударма арқылы берілсе, басқа контексттер дәстүрлі түрде тілде қолданылатын функционалдық ауыстыру арқылы аударылады. Мысалы, қазақ тіліндегі кешіріңіз формасы көптеген контексттер (уақытылы жауап қайтармағанымызға кешіріңіз, келеңсіздіктер үшін кешіріңіз, алаңдатқаным үшін кешіріңіз) мен жағдаяттарда (жеке қарым-қатынас, іскерлік хаттар, ресми қарым-қатынастар) бірдей қолданылады. Ағылшын тіліне аударуда бұл форманың толық – ішінара (excuse me, excuse his manner) және функционалдық (sorry for being late, we must apologise for the delayed answer, inconveniences) баламалары табылуы мүмкін. Әдетте функционалдық ауыстыру берілген форманың контекстте немесе жағдаятта қолданылуына сәйкес морфологиялық өзгеріс мүмкіндіктеріне негізделуі мүмкін. Мысалы: Presumably Egypt is the oldest highly advanced civilization and is often seen as a symbol for everything ancient and secret. Білуімізше, Египет ескі жоғары дамыған өркениет болып табылады және әдетте барша ескі мен құпияның белгісі ретінде қарастырылады. Ауызекі тілдік контекстте толық сәйкестік болуы мүмкін (мүмкін, болжам бойынша), бірақ бастапқы контекстте (ғылыми мақала) ол қазақ тілінде мәтіннің стилистикалық айтылуын өзгертіп жіберер еді. Бұл жердегі ашық түрдегі предикативті форма (білуімізше) қазақ тілінің дәстүріне сай ғылыми стильге келеді. Кейбір жағдайларда осы сынды немесе басқа да сыртқы түрі сәйкес келетін грамматикалық формалар аудармада атқаратын қызметінің айырмашылығы мен айтылу дәстүріне байланысты күрделі қайта құруды талап етеді. Осындай тәсілдердің қатарына грамматикалық формаларды үйлестіру, өзгерту және антонимдік аударманы жатқызуға болады. Үйлестіру, яғни әртүрлі грамматикалық формаларға жалпы грамматикалық қасиеттерді беру тәсілі ағылшын тілінің инфинитивті құрылымдарын аударуда қолданылады. Мәселен, әдеттегі немесе қайталанатын іс-әрекетті білдіретін инфинитив қазақ тілінде формасы өзгертіліп аударылады: He glanced up just to see a stranger on the neighbouring roof. Ол жоғары қарап, көрші үйдің шатырынан бейтаныс біреуді көрді. When he passed a florist’s he was very apt to drop in and order some roses for her. Гүл сататын дүкеннің жанынан өтіп бара жатқанда, ол онда соғып және қызы үшін раушан гүлдеріне тапсырыс беріп шығуға бейім болды. Аудармашылық өзгерту, немесе форманың морфологиялық атқаратын қызметін өзгерту әдетте хабардың элементтерінің нақтылық деңгейі немесе нақтылықтың стилистикалық жағынан сәйкес келмеуі жағдайында қолданылады. Мәселен, «as long as I live» тіркесі контекстке сай «өмірімнің соңына дейін» функционалдық баламасы арқылы немесе грамматикалық жағынан өзгерген «өмірімде» формасы арқылы берілуі мүмкін: And, help me God, I’ll never eat spinach again as long as I live. Және мен, Құдай қаласа, өмірімде енді шпинат жемеймін. I’ll take care for her as long as I live. Мен оған өмірімнің соңына дейін қамқор боламын. Бірінші контекстте live етістігі өзінің салтанатты айтылуын сақтай отырып, мәтінге шпинат пен антты сәйкестендіре отырып ирониялық рең береді. Ал қазақ тілінде бұл стилистикалық жағынан келеңсіз болғандықтан өзгеріске ұшырайды. Екінші сөйлемдегі етістіктің қолданылуы қазақ тілі дәстүрінде «анттық, сөз берушілік» контекстке сай келеді. Сондықтан, бұл жерде толық аударманы қолданған жөн. Бұл тәсілді қолдану бәрінен бұрын бастапқы сөздің морфологиялық өзгерісіне әкеледі. Зерттеулердің көрсетуінше, ағылшын тілінде предикативтік қатынасты жеткізуде басты орында етістіктік тәсілдің тұруы қазақ тілімен ұқсас келеді. Бірақ, кейде ол атаулы қайта құруды талап етуі мүмкін. Мәселен: Ол фирмасын аса белгілі компаниялардың қатарына қосу үшін бар күшін салды. He did his best to place his firm among the most notable companies. Julia was paying no attention to what they said. Джулия олардың айтқандарына мән бермеді. Джулия олардың бос сөзіне көңіл аудармады. Ағылшын тілінен немесе қазақ тілінен аударма жасау барысында ұзақ сөйлемді бөліктерге бөлу немесе жаңа ойды, тізбектелген іс-әрекеттерді өзгерту аудармашының шығармашылығына байланысты болады. Мәселен: Жаппай құндылықтарды жеке меншіктен кәмпескелеу жорықтары кезінде Петербургтың көптеген сарайлары өздерінің көркем өнер жинағынан айрылды. 1 – As a result of the campaigns of mass confiscations of artistic values from private collections, many palaces of St. Petersburg lost their arts collections. 2 – In the course of confiscating campaigns, many palaces of Petersburg lost their arts collections as private. Аударманың бірінші нұсқасы грамматикалық формаларды сақтай отырып, ұзарған of – формасын құрып, логикалық құрылымы жағынан бұлыңғыр болып тұрса, ал екінші нұсқада өзгеріс арқылы логикалық жағынан бірізді және дұрыс құрылған сөйлемді құрастыруға мүмкіндік тудырады. Антонимдік аударма аудармашыға грамматикалық форма лексикалық үйлесімділік ережелеріне қарама-қарсы болып, аударма мәтінін көркемдігінен айырған кезде аударма тілінде грамматикалық құрылымды дұрыс қалыптастыруда қолданылады: He did not have much time at his disposal. Оның уақыты аз қалды. Дәріс 4. Бірыңғай сөйлем мүшелерінің әркелкі аударылуы. 1.Синтаксистік комплекстер аудармасы: күрделі бастауыш, күрделі баяндауыш, күрделі толыќтауыш. 2.Артикльмен берілген сөйлемдердің мғѓынасын ана тілге грамматикалыќ тәсілмен аудару. Дәріс 5. Күрделі сөйлемдер аудармасы. 1.Аударма үрдісіндегі күрделі сөйлемнің жай сөйлемге, жай сөйлемнің күрделі сөйлемге ауысуындаѓы трансформациялар. Аударма бірлігі жеке сөз немесе грамматикалық емес, тілдік бірліктердің үйлесімділігі болған жағдайда аудармашы нақты кедергілерге кезігеді. Бұл кедергілер екі әсермен анықталады: лексико-семантикалық үйлесімділік ережелерінің келіспеуі және синтаксистік үйлесімділік ережелерінің айырмашылығы. Нәтижесінде аудармашы таңдау алдында қалады: сөз тіркесінің бастапқы түрін сақтау, ішінара немесе толық қайта құруды қолдану. Бірінші тәсіл – толық аударма мынадай жағдайларда қолданылады: А) үйлесімділік ережелерінің екі әсері да толығымен бастапқы және аударма тілінде сәйкес болады; Ә) берілген бастапқы мәтін үшін таңдалынған аударманың жалпы тәсілі арқылы бастапқы мәтіннің ерекшеліктерін толықтай жеткізу; Мәселен, орыс жазушысы Достоевскийдің «Ағайынды Карамазовтар» романының атауы бастапқы сөздердің орын тәртібін сақтай отырып, әдетте толық аудармамен беріледі: “The Brothers Karamazov”. Дегенмен, ағылшын тілінің заңдылығына “The Karamazov Brothers” үйлесімділігі сәйкес болар еді. The language of the simple people айтылымы толық аударма арқылы қарапайым халық тілі деп аударылғанымен, мұнда ішінара аударманы қолдану арқылы функционалды – морфологиялық ауысым арқылы қарапайым тіл деп аударуға болады. Ішінара аударманың бірнеше нұсқасы бар: Қысқарту (бастапқы сөз тіркесінің бір немесе бірнеше элементін түсіріп кету); Кеңейту (сөз тіркесіне бір немесе бірнеше элементті қосу); Функционалдық ауыстыру (сөз тіркесінің бір немесе бірнеше бастапқы элементтерінің лексико-семантикалық немесе морфологиялық жағдайын өзгерту); Орын ауыстыру (сөз тіркесі жағдайында сөздердің орын тәртібін өзгерту). Көп жағдайда аудармашы бір уақытта әртүрлі нұсқаларды ішінара аударманың жалпы тәсілі деңгейінде қолданады. Мәселен, her archaeologist husband сөз тіркесі орын ауыстыру үйлесімділігі мен функционалдық – морфологиялық ауыстыру арқылы оның археолог күйеуі деп немесе орын ауыстыру үйлесімділігі мен кеңейтудің нәтижесінде оның күйеуі, мамандығы бойынша археолог деп аударылады. Қысқарту негізінен объектілерді дәстүрлі түрде атау айырмашылықтарымен немесе контексттің стилистикалық шарттарымен байланысты болады. Creative activity тіркесі толық аудармамен шығармашылық қызмет деп аударылса, ішінара аударманың лексико – семантикалық ауыстыру мен қысқарту тәсілдері арқылы шығармашылық деп аударуға болады. For a short time сөз тіркесін толық аударма арқылы қысқа мерзімге, аз уақытқа деп беруге, қысқарту мен антономасия арқылы ұзаққа емес деп аударуға болады. Civil servants сөз тіркесі толық аудармамен мемлекеттік қызметкер деп аударылса, берілген контексттегі бағалау коннотациясына байланысты қысқартылып, шенеуліктер деп беріледі. Айтылу тәсіліндегі дәстүрлі айырмашылықтарға байланысты бастапқы сөз тіркесінің қысқартылуы басты тәсіл болып қалады: Ірі қара мал – the cattle Есі ауысқан – insane Оқу-тәрбие – education Daily bread – тамақ және т.б. Күрделі мәселелер атрибутивті сөз тіркестерін аудару барысында туындайды. Мұндай сөз тіркестерін аудару төмендегі әсерлерге тәуелді болады: сөз тіркесі элементтері, сөз тіркесінің құрамы және оның стилистикалық жағдайы арасындағы семантикалық қатынас. Бұл шарттардың өздері жеке-жеке немесе қосарлана отырып өзгерістің бағытын және аударма тәсілдерін анықтайтындықтан алдын ала семантикалық талдауды талап етеді. Мысалы: Many well-known Russian names have come into English prominence through French сөйлеміндегі қарамен жазылған сөз тіркесін аудару қиынға соғады, өйткені оны сөзбе сөз аударса (ағылшынның белгілі жағдайы), онда ол өз мағынасын қазақ тілінде жоғалтады. Семантикалық талдау нәтижесінде English сөзі шындығында prominence сөзінің анықтамасы (атрибуты) бола алмайды, ол тек іс-әрекеттің объектісі болады (to come into English). Сондықтан бұл жағдайда сөз тіркесінің бір ғана құрамды бөлігінің синтаксистік қызметін өзгертетін функционалдық ауыстыру арқылы «ағылшын тіліне енді» деп аудару керек. Көп мүшелі ағылшын тілінің атрибутивті сөз тіркестерін қазақ тіліне аудару барысында олардың өзіндік-семантикалық қызметін анықтауға болады. Мұндай тіркестің әрбір элементі өзгеше синтаксистік қызметті, мысалы толықтауыш, анықтауыш рөлін орындай алады және олар берілген сөз тіркесіндегі құрылымды анықталатын сөзден басқа сөздерге қатысты болады. Дәріс 6. Ќимыл шаќтарындаѓы тіл аралыќ айырмашылыќ. 1.Ќимыл шаќтарындаѓы тіл аралыќ айырмашылыќ. 2.Аудармадаѓы риторикалыќ сұраќ. Дәріс 7. Жазбаша аударманың лексикалыќ мәселелері. 1.Эквивалентсіз лексика және оның екінші бір тілге берілу тәсілдері: транслитерация, калькалау әдісі, аналог таңдау, суреттеу аудармасы. Таныстырмалық аударма анализы, тілдік бірліктермен бірге шет тілі,аударушы тілде бірлік немесе көптік ұқсастықтары бар,сонымен қатар,лексикалық және грамматикалық бірліктерін белгілейді,ал,аударушы тілде бұндай тура ұқсастықтары мүлде жоқ.Шет тілдік бірліктер,олардың аударушы тілде ұқсастықтары жоқ бірліктер-эквивалентсіз бірліктер деп аталады. Эквивалентсіз бірліктер неологизмдер арасында,сөздер арасында,спецификалық ұғымдар және ұлттық реалии және аз танымды аттар мен тақырыбтар,аударма процессінде оларға окказионалдық ұқсастықтар құруға тура келеді.Мұндай ағылшын сөздері conservationist.baby-sitter.backlog.etc. Эквивалентсіз грамматикалық бірліктер бөлек морфологиялық формалар(герундилар) және сөз табы (артикль),синтаксистік структуралар (абсолюттік конструкциялар) бола алады.Ұқсастықтар сияқты ,эквивалентсіз бірліктер жұптың анализ жасалатын тек қана біреуінде анықталады.Шет тілдік бірліктер,эквивалентсіз аударылатын тілге қарай ,басқа тілдік бірліктерде жиі ұқсастықтар болуы мүмкін. Эквивалентсіз бірліктердің болуы ,олардың мағыналары аудармада берілуі,тура сәйкестіктері бар, немесе олар бірліктерге қарағанда сәйкестіктері аз деп санауға болмайды. Біз өзіміз байқағандай,сәйкестіктер мағынасына қарай аударылатын бірліктер тек қана бөлек сәйкеседі және аударма кезінде констектуальдық өзгерістер жиі сәйкестіктер бар болуынын өзінде қолданылады.Эквивалентсіз аударма кезінде,аудармашы бәр тәсілмен окказионалдық сәйкестік тудырады.Аударма өзегінде эквивалентсіз лексика келесі окказионалдық сәйкестіктерде қолданылады: 1.Сәйкестік-сұрау,аударушы тілде:tribalism-трацбализм,know-how -ноу- хау,impeachment-импичмент.Осындай сәйкестіктер аудармашылық транскрипциялау немесе транслитерациялау келесі бөлімде көрсетіледі.Көп жағдайда окказионалдық сәйкестіктер аударушы тілінде үнемденіп кетүі мүмкін және жиі қолданылуы мүмкін. Эквивалиентсіз бірліктердің бар болуы олардың мазмұны тікелей сәкестіктері бар бірліктерден қарағанда аударымда жеткізілдірмеуіне немесе олардың нақты аударылуылмауына білдірмейді.біз байқағандай сәйкестіктер аударымдағы бірліктің мағынасымен тек жарым-жарты ұқсастықтары болады,аударым кезіне констекстуалдық айырбастар қолданылады.аналогиалық түрде эквивалиентсізбірліктерді аудару кезінде аудармашы окказионалды сәйкестіктер тудырады. Эквивалиентсіз лексиканы аудару саласында келесі окказионалды сәйкестіктердің типтері қолданылады. 1.Сәйкестік-қабылдау, Басқа тілде сөз түрін ПЯда ұдайы өндірушілер: tribalism - трайбализм, know-how - ноу-хау, impeachment - импичмент. Бұндай сәйкестіктер транскрибирлендіру және транслитерациялау аударымның көмегімен туындайды. Көптеген жағдайларда окказионды сәкестіктер, ЛЯ-да бекітіліп және сәйкес сөздердің аударуында ұдайы қолданылады. Бұған мысалы орыс сөздерінің ағылшын сөздерімен сәкестігі: London - Лондон, Wall Street - Уолл-стрит, beatnik - битник, pop-art - поп-арт, striptease - стриптиз, General Motors - Дженерал моторе т.б. 2. Кальки-сәйкестігі ИЯ-да морфемді-сөз құрамын немесе тұрақты сөз тіркестерінің құрамдас бөлігі қолданылады: backbencher -артқыорындықтар, brain drain – су ми, work-to-rule – ереже бойынша жұмыс, people of good will –таза ниетті адамдар.бұл жағдайда да окказионалды және ұдайы сәйкестіктердің айырмашылығы ұдайы уақытша болады. Калькирлендіру жолымен құрылған көптеген сәйкестіктер,аудармашының тәжрибесінеде жиі қолданылады,содан кейін ПЯ-дағы аударылмайтын материалда қолданыла бастайды.нәтижесінде ИЯ сәйкестік бірлігі эквивалентсіздер қатарынан шығады,ол тұрақты сәкестіке ауысады. 3.аналогты-сәйкестігі, ИЯ эквивалентсіз бірліктеріне ПЯ бірліктерінің мағынасы жағынан ұқсастықтарды іздеу жолымен құралады. drugstore « аптека, wiichhiinler » мракобес, afternoon =» кеш. Көптеген басқа жағдайларда Окказионалды сәйкестікті қолдану, эквивалентті бірліктердің түп нұсқасы мен аударымдағы мағынасы жағынан жақындығы нақтылы болып табылмайды,және мұндай аударым белгілі бір контексте ғана қолданылады. «Аптека»- ол Drugstore ұқсастығы келмейді: аптекаларда тек дәрілер және тазалық заттары сатылады,ал американ «драгсторларында» дәрілер және тазалық заттары мен қоса ,газеттер, журналдар,алкогольсіз напитоктар, кофе т.б Сондықтан Food is awful in drugstores сөйлемін аудару үшін, аударымның «аптека» нұсқасы қолданылмайды. Witchhunter-бұл тек қана қаранғылық емес сонымен қатар ол, американдық реокционер,прогресивті тұлғаларды аңдудың ұйымдастырушысы , «жалмауыздарды аңдушы».осындай адамдардың жалпы сипаттамасы үшін «мракобес» сәкес болып келеді,басқа жағдайларда сипаттамалы аударым немесе кальки қолданылады. Afternoon «кеш» емес тағыда evening деген түсінік бар,бұл- күннің екінші жартысы,бірақ егерде конференсия мүшелері күніне екі отырвс өткізссе - morning session және afternoon session, онда аударымда ол – күндізгі және кешкі болып бөлінеді. 4. лексикалық- сәйкестікті ауыстыру, эквиваленттік сөздердің мағынасын контексте акдарым трансформацияның бір түрімен жеткізу кезінде,лингвистикалық теориясы аударудың үрдісін сипаттау кезінде қолданылады. (см. Гл. VII). окказионалды сәйкестік эквивалиентсіз сөздердің мағынасын семантикалық құру жолымен құралады.түрлі жағдайда exposure ағылшын сөзін орыс тіліне аударған кезде тікелей сәкестігі жоқ, мысалы, Не died of exposure, кең контексіне қарай трансформация конкретизация немесе модуляция қолданылуы мүмкін. (мағынасының дамуына) «Ол суық тиюден қайтыс болды», «Ол күн сәулесінде көп болғанынан қайтыс болды», «Ол қарда қатып қалды» және т.с.с. 5.жоғарыда көрсетілген тәсілдермен аудару келмеген жағдайда эквивалиентсіз сөздерді аудару үшін сипаттау қолданылады, жазылған сөзтіркестері көмегімен эквивалиентсіз сөздердің мағынасын ашады; landslide – дауыстың басымдығымен сайлауда жеңу, brinkmanship- соғыс шегінде саясатты жүргізу, coroner - қинап немесе басқада жағдайда қайтыс болғанда анықтауды жүргізетін, тергеуші. Транскрипцияны немесе калькиді эквивалиетсіз сөздерді аударуға қолдану осы сөзді сипаттаумен іргелес жүреді. Бұл транскриптеу және калькилендіруге тән қасиетті біріктіру оказионалды сәкестіктерді түсінуді қамтамасыз етеді. Аударымның рецепторы. Аударымдағы бірліктің мағынасын,аудармашы келесі жолы да Транскрипцияны немесе калькиді түсіндірмесісіз қолдана алады. Эквивалиентсіз сөздің мағынасы нақты контекстерде көрсетілген тәсілдермен жеткізуге болады. Дәріс 8. Мәтіндегі реалии. 1.Оның бір тілден екінші тілге берілу тәсілдері: калькалау, грамматикалыќ ауысу, сипаттама аударма. 2.Жалќы есімдердің, географиялыќ атаулардың, ұйымдар және өнер мен әдебиет атауларының аударылуы. Лингвистикалық құбылыс ретінде реалиялар баламасыз лексика категориясына жатады. Олар фондық білімнің бір бөлігі бола отырып, тіл мен мәдениет байланысын зерттеуде үлкен қызығушылық туғызады. «Мамандар тілдің әлеуметтік жағына көбірек көңіл бөлуде, ол тілдің және сол тілде сөйлейтін халықтың тіршілік әрекетінің байланысын көрсетеді». (біздің аударма А.С.) /10, 4б./ Негізгі тілде берілген референциалды мағыналарды аудару кезінде аудармашының тап болатын басты мәселесі- негізгі тіл (НТ) және аударма тіл (АТ) бірліктері мағыналарының шеңбері бір-біріне сәйкес келмеуі. Л.С. Бархударовтың айтуы бойынша екі тілдің лексикалық бірліктері арасында мағыналық сәйкестіктің барлық түрлерін үш негізге келтіруге болады: 1. Толық сәйкестік; 2. Жартылай сәйкестік; 3. Сәйкестіктің болмауы; (біздің аударма А.С.) /12, 74 б./ Егер, бір тілдің құрамындағы лексикалық бірлікке екінші тілдің сөздік құрамында сәйкестік мүлде болмаса, онда сөз баламасыз лексика жөнінде болмақ. Баламасыз лексика терминін Е.М. Верещагин мен В.Г. Костомаров енгізген. Олардың түсінігі бойынша баламасыз лексика бұл «басқа тілде және басқа мәдениетте жоқ ұғымды білдіру үшін қызмет атқаратын, жеке мәдени элементтерге жататын сөздер, яғни бұл мәдениет элеметтері тек бір ғана А мәдениетіне тән, ал екінші Б мәдениетінде жоқ, сондай-ақ басқа тілге аударылмайтын сөздер, бір сөзбен айтқанда, аталмыш тілден тыс баламалары жоқ сөздер». (біздің аударма А.С.) /13, 53 б./ Бұнымен қоса, баламасы жоқ сөздерге тән қасиет-олардың басқа тілдерге әркезгі сәйкестік арқылы аударылмауы, басқа тіл бірліктерімен байланыстарының болмауы. Бұл олардың мүлде аударылмайтынын білдірмейді. (біздің аудармаА.С.) /13, 53 б./ Әрине, негізгі тілде сөз болған заттарды, олармен байланысты бейнелердің маңызын дұрыс аудару мүмкіндігі аударылатын шығармада келтірілген шындықты білуді болжайды. Елтануда, сондай-ақ салыстырмалы тіл біліміндегі және аударма теориясында «шындықты білу» «фондық» деген анықтамаға ие болады. Фондық білім-«кез-келген бір тілдің, басқа халықтың өмір тіршілігінде орын алатын, шынайы фонды құрайтын түсініктер жиынтығы». (біздің аударма А.С.) /14, 146 б./ Е.М. Верещагин мен В.Г. Костомаров оларды коммуникативті акт қатысушылары үшін «жалпы білім» деп анықтады. (біздің аударма А.С.) /13, 126 б./ 1. Транслитерация тәсілі арқылы негізгі тілдегі сөздің графикалық формасы аударма тілінде беріледі, ал транскрипция тәсілі арқылы оның дыбыстық формасы беріледі (біздің аударма А.С.) /2, 12, 20, 29, 36, 39/. Бұл тәсілдер шетел тіліндегі жалқы есімдерді, географиялық атауларды, түрлі компаниялар, фирмалар, газет-журналдар атауларын аударғанда қолданылады. (мысалы: Бэнк оф Америка, Дженерал моторс). Қазіргі кезде, бұрынғымен салыстырғанда, көркем әдебиетті аударуда транслитерация және транскрипция тәсілдері сирек қолданылады. Бұл, әрине, негізсіз емес, өйткені шетелдік лексиканы тек дыбыстық және әріптік аудармасы оның мағынасын ашпайды, сондықтан мұндай сөздер шетел тілін білмейтін оқырманға түсініксіз болып қалады. / 12, 98 б./ 2. Калькалау – шетелдік реалияларды, олардың құрамды бөліктерін, морфемаларды немесе аударма тіліндегі тура лексикалық баламасымен ауыстыру арқылы аудару. (мысалы: brain drain – мидың ағып кетуі). Бұл тәсілдің бірінші тәсілдегідей кемшілігі бар. (біздің аударма А.С.) /12, 29, 28, 30/ 3. Түсіндірме аударма. Бұл тәсіл негізгі тілдегі лексикалық бірліктің мағынасын сол бірлік атайтын құбылыстың өзіндік қасиеттерін білдіретін сөз тіркестер арқылы ашуды көздейді. (мысалы: landslide –дауыстарды көбірек жинаған жақтың сайлаудағы жеңісі). (біздің аударма А.С.) /12, 1, 45, 46, 19, 14/ Бұл тәсіл өте қолайсыз және үнемсіз болып саналады. Сондықтан бұны әрқашан аударма кезінде қолдану мүмкін емес. Аудармашылар жиі екі тәсілді – транскрипция немесе калькалауды және түсіндірме аударманы, бірге қолданып, түсіндірме аударманы сілтемеде, комментарийде береді. Бұл транскрипцияға тән ойдың қысқалылығы мен үнемділігін және түсіндірме аудармаға тән берілген бірліктің мазмұнын ашатын қасиеттерін қосып қолдануға мүмкіндік береді. (біздің аударма А.С.) /12, 100-101 бб./ 4. Жуықтатылған аударма-негізгі тілдегі лексикалық бірлікке, аударма тілінде баламасы жоқ, бірақ маңғыналық сәйкестігі бар сөзді табу тәсілі. Лексикалық бірліктердің мұндай жуық элементтерін «аналогтар» деп атауға болады. (біздің аударма А.С.) /12, 1, 47, 14/ Мысалы: know-how – өндіріс құпиялары. Аударма процесінде «аналогтарды» қолдана отырып, кей жағдайда олардың берілген құбылыс немесе заттың сипаты туралы бұрыс түсінік беретінін ұмытпау керек. (біздің аударма А.С.) /12, 102 б./ 5. Трансформациондық аударма. Кей жағдайларда аудармашыға сөйлемнің синтаксистік құрамын қайта құруына, негізгі тілдегі сөздің мағынасын лексикалық ауыстыру арқылы толық өзгертуіне тура келеді. Бұл аудармашылық лексика-грамматикалық трансформациялар деп аталады. (біздің аударма А.С.) /12, 32, / Мысалы: glimpse – to have, to catch a glimpse of smth. деген сөйлемшелерде қолданылады. Бұл аудармада етістікті қолдануға, сондай-ақ сөйлемді синтактикалық тұрғыдан қайта құруға мүмкіндік береді. (біздің аударма А.С.) /12, 102 б./ Дәріс 9. Ќос сөздердің аударылуы. 1.Ќос сөздердің аударылуы. 2.Ерікті және фразеологиялық тіркестердің аударылуы. 3.Интернациональды лексика. 4.Неологизмдер аудармасы. Ағылшын кезінде неологизмдер кенінен таралған,яғни кейіннен пайда болған және « тілде азаматтық алмаған,мүмкін оларға ұзақ өмір бұйырмаған,яғни уақытша.Олардың мағынасын түсіну үшін,аудармашы бәрінен бұрын олардың пайда болу ерекшеліктерін түсіну қажет;себебі,көптеген жағдайда,тіпті жаңа сөздіктер де жаңа неологизмдерді бере алмайды.Ал олардың қалай құрылатынын біле отырып,олардың оңай түсінуге болады. » 1.Неологизмдер ең бірінші продуктивті приставка (префикс)және суфикс арқылы жасалады.Ағылшын тілінде өзге тілдердегі тәрізді приставкалар мен суффикстар жаңа тілдегі қолдану аясына байланысты екі категорияға бөлінеді.Бірінші категория-тірі,продуктивті,осы шақта қолданылатын суффикстер мен префикстер(мысалы,-s:less-, бұл кез келген сөздерге жалғана алады).Екінші-продуктивті емес «л»префиксінің көмегі арқылы ағылшын тілінде жаңа сөз пайда болмайдыбмысалы үшін « ment» мэ ешқандай сөзге жалғана алмайды.I.Біз үшін продуктивті суффикстер маңызды.Құрамында продуктивті суффикс бар жаңа сөзбен кездескенде,сөздікті қарау керек.Сөздіктен суффикстің мағынасын және сөздің түбір мағынасын біліп алғаннан кейін неологизмнің мағынасын ұғуға болады.Неологизмдерді көбінесе сипаттау арқылы аударылады.а)The Sovet Army outgeneralled,outfought and outmanoeuvered the Germans.Cөйлемдегі out префиксінің мағынасы орыс тіліндегі пере- лучше,больше,ұрыс тактикасында және әскери басшылықта ,алдын ала болжауда басымдылыққа сілтейді.б)These two actresses co-star in the new film . Со- префиксі бірге деген иағынаны білдіреді. Со-star –басты рольді сомдау.Аударғанда бұл жаңа кинофильмде екі актриса басты рольді сомдайды. в)He looked at the daily breaders hurrying home. Ег-суффиксі іс әрекет жасаушының мінезін,ерекшелігін білдіреді.Аударғанда, «күні бойы маңай терімен еңбектенетін ,үйіне асығып бара жатқан жұмысшыларға қарады.» г)Неологизмдерді жасау үшін өте продуктивті приставка оver және under сәйкесінше аса көптікке сілтейді және бір нәрсенің жетіспеушілігін білдіреді,сәйкесінше мысалды Никольсонның History of Diplomacy еңбегінен таба аламыз. «The expression of «diplomatic language» is used to describe that guarded understatement which enables diplomatist o say sharp things to each other without becoming impolite?»» Дәріс 10. Лексико-семантикалыќ трансформациялар. 1.Лексико-семантикалыќ трансформациялар түрлері: конкретизация, генерализация. 2.Аударма барысында сөздердің түсіп ќалуы мен ќосылуы. Бастапқы мәтінді сөйлем мүшелеріне талдау және аударма бірліктерін анықтау үрдісінде аудармаға жататын мәтіндік бірліктердің екі түрі ерекшеленеді: контекстке стандартты түрде тәуелді бірліктер және стандартты түрде тәуелсіз бірліктер. Стандартты түрде тәуелді бірліктерді аудару екі тілдің типологиялық ерекшеліктерін ескеретін лексико – грамматикалық сәйкестік деңгейінде жақсы іске асады. Бұл бірліктер әрбір жәй мәтінді құрайды және аударма негізін анықтайды. Осылайша, осы үлгідегі бірліктер бастапқы мәтінді қайта жасап, стандартқа сәйкес кейіпте болады және тіларалық сәйкестіктерге апарады. Стандартты түрде тәуелсіз бірліктер ерекше аударма технологиясын талап етеді, бірліктердің құрылымы мен атқаратын қызметтері екі тілде өзгеше болады және әлеуметтік – мәдени дәстүрлерге бастапқы мәтін авторының, аударма мәтінін қабылдаушы мен аудармашының жеке тәжірибелеріне де байланысты өзгеше болады. Осындай бірліктерді аударуда арнайы өзгеріс тәсілдерін қолдану қажет, осыған орай тілдік, мәдени және психологиялық факторлардың үндесуін қадағалап отыру керек. Тілдік фактор аудармашының бастапқы мәтіннің белгілі бір элементтерін өзгерту түрін қолдануымен анықталады: транслитерация, калькалау, модификация, алмастыру, аудармашы түсіндірмесі және т.б. Мәдени фактор аударма элементінің ақпараттық бірізділігінің көлемін бастапқы мәтін негізіндегі әлеуметтік – мәдени дәстүрге сәйкес анықтаумен анықталады. Психологиялық фактор бастапқы элементтің ақпараттық бірізділігінің көлемін жеке тәжірибе және бастапқы мәтін авторының немесе аударма мәтінін қабылдаушының тәжірибесі туралы болжамдар негізінде анықтайды. Тілдік көзқарас бойынша, стандартқа сәйкес үйлестіктерге келмейтін бастапқы мәтіннің осындай бірліктерін аудару үшін аудармашы негізгі үш тәсілді: лексикалық, грамматикалық және стилистикалық түрлерін қолдана алады. Лексикалық тәсілдер бастапқы мәтінде сөз деңгейінде стандартқа сәйкес емес тілдік бірлік болған жағдайда қолданылады. Мәселен: бастапқы тілдің мәдениетіне сай келсе де, аударма тілінде жоқ жалқы есімдер; белгілі бір кәсіби саладағы термин; түпкі мәдениетке сәйкес, бірақ аударма мәдениетінде құрылымдық – функционалдық бірізділік бойынша өзгеше және аударма тілінде мүлдем жоқ заттар, құбылыстар мен түсініктерді білдіретін сөздер. Мұндай сөздер аударма үрдісінде басты орын алады, өйткені салыстырмалы түрде контекстке тәуелсіз бұл сөздер аудармашының таңдауына сай аударма мәтініне әртүрлі бағыттылықты береді. Мысалы, қазақ тіліндегі Айсәуле немесе Гүлім есімдері ағылшын тіліне транслитерация тәсілі арқылы Aisaule, Gulim деп аударылып, мәтін ішіндегі есім рөлін атқарады. Бірақ, сөзсіз мәтіннен тыс ассоциацияны жояды: Айсәуле – айдың сәулесі және Гүлім – гүл. Ағылшын тіліндегі Bloody Mary бастапқы мәдениетке сай бір уақытта коктейль және ағылшын ханшайымының тарихи титулына сәйкес аллюзия бола отырып, екі мағынаға да бір атау кейпіне ие болады. Қазақ тілінде бұл атаудың екі түрлі формасы берілген: Қанды Мэри (коктейль) және Қанды Мария (ханшайым). Көптеген контекстерде бастапқы бірлікті біріктіру маңызды емес, бірақ бастапқы мәтін авторы оны күрделірек мәтіндік дүние – стандартты түрде тәуелсіз бірліктер жүйесіне толы бейнелеуде қолданса, аудармашы қиын жағдайда қалып, өзінің стилистикалық тәсілін таңдауына апарып соқтырады. Бұл дегеніміз – баламаларды лексикалық дәрежеден стилистикалық дәрежеге өткізу арқылы таңдау мәселесімен байланысты аударма бірлігінің деңгейін өзгерту. Бастапқы мәтіннің стандартқа сәйкес емес лексикалық элементтерін аударудың кең тараған тәсілдеріне транслитерация, транскрипция, калькалау, семантикалық модификация, суреттеу, түсіндірме, аралас аударма жатады. Грамматикалық тәсілдер морфемадан бастап фразадан жоғары бірліктерге дейін, бастапқы мәтіннің стандартты түрде тәуелсіз кез-келген грамматикалық құрылымы аударма мәтінінің объектісі болған жағдайында қолданылады. Аудармашы үшін лексикалық мәселелермен салыстырғанда бұл мәселелер онша көп қиындық тудырмайды. Бірақ, өзіндік даралығы болғандықтан белгілі бір тәсілдерді қолдануды талап етеді. Мәселен, ағылшын тілінде көп қолданылатын есімшені қазақ тіліне аударуда сөйлемнің грамматикалық құрылымының қайта құрылуын талап етеді: The work having been done, everybody felt a relief. Жұмыс біткен кезде, әрқайсысы өздерін иықтарынан ауыр жүк түскендей сезінді. Жұмысты бітіріп, әрқайсысы өздерін иықтарынан ауыр жүк түскендей сезінді. Барлық грамматикалық шақтар, тіпті өзге контекстерде тура сәйкестіктері болса да қайта құрылады. Ағылшын тілінен қазақ тіліне мәтінді аудару барысында етістік шақтары қызметінің үйлеспеуі орын алады. Мысалы, ағылшындардың тағам әзірлеу мәзірін жазу салтында императив формасы қолданылса, қазақ тілінде ауыспалы келер шақ түрінде беріледі: Bake the buns till light golden. Бөлке нан қызғыш түс пайда болғанша пісіріледі. Бұл қайта құру түрі аударма тілінде бастапқыдай грамматикалық формасы жоқ болған не өзге қызмет атқарған жағдайда қолданылатын грамматикалық ауыстыруға жатады. Осы мысалда till light golden қазақ тілінде лексикалық бірліктердің қосылуын талап ететін синтаксистік орам болып табылады. Мұндай тәсіл тарату, қосу, біріктіру, кеңейту сияқты тәсілдерінің қатарына жатады. Функционалдық ауыстыру және қосу сияқты кең тараған тәсілдердің қатарына грамматикалық трансформация, антонимдік аударма, нөлдік аударма және тағы басқалары жатады. Стилистикалық аударма тәсілдері аударма нысанасы бастапқы мәтіннің белгіленген стилистикалық бірліктері болғанда қолданылады. Білуімізше, кейбір стилистикалық бірліктер мүлде аударылмаса, кейбірі күрделі қайта құруға жатады. Тек бастапқы мәтіннің белгіленген стилистикалық бірліктерінің мардымсыз бөлігі ғана аударма барысында стандартты түрдегі сәйкестікке ие болады. Кең тараған стилистикалық формалар аудармасы қатарына бастапқы және аударма тілдерінің мәдени - тілдік дәстүрінің қаншалықты ұқсас не өзгеше екендігіне байланысты метафоралар жатады. Ағылшын мәтінінде метафора өзгергіш қалыпта болып, бейнемен бірге мағынаның ирониялық кейпіне де ие болады. Және мәтіннің бір ғана бірлігін талдауда бірнеше стилистикалық тәсілдердің қолдануын қамтуы мүмкін. There was not an organ in his body that had not been drugged and derogated, dusted and dredged, fingered and photographed, removed, plundered and replaced. Бұл сөйлемде метафора градация (бірізділік), аллитерация (әдеби көркемдеу), гиперболамен (көркем бейнені әсерелеу) бірігіп келіп медициналық тексерістің күлкілі – орынсыз бейнесін тудырады. Бастапқы мәтіннің сөздік құрамын сақтау стилистикалық ықпалмен келіспей қалатындықтан, бұл мәтін аудармада эмоционалдық, бағалау және мағыналық ассоциацияның сақталуы үшін қайта құруды талап етеді. Бастапқы бейне негізін құрайтын мұндай ассоциациялардың белгілі бір бөлігін сақтап қалудағы жалғыз жол – стилистикалық тәсілдердің негізгі үйлесімділігін қайта құру. Дегенмен, мұндағы сөйлемдермен бірге тәсілдер де өзгеруі мүмкін. Мысалы, қазақ тіліне тән емес мұндай контексттегі аллитерация ритмдік, рифмалық қайталау тәсілі арқылы аударылуы мүмкін. Нәтижесінде негізгі мәтін былай аударылады: Оның барлық ағза мүшелері тексеріліп желдетілді, алынып кептірілді, сипалып соғып көрілді, ағытылып, жөнделіп, орнына келтірілді. Жалпы негізгі стилистикалық қайта құру тәсілдерінің қатарына сөздік құрамның ауыстырылуы, бейнені ауыстыру, тропты ауыстыру, ауыспалы мағынаны анықтау, сөзбе сөз аудару (түсіндірмемен не түсіндірмесіз). Әртүрлі қайта құру тәсілдерінің ішінен бастапқы мәтінге сәйкес тәсілді аударма бірлігіне сәйкестендіріп таңдау аудармашының құзырында болады. Дәріс 11. Фразеологиялыќ бірліктердің аударылуы. 1.Әртүрлі фразеологиялыќ бірліктердің аударылу ерекшеліктері.(Идиомалар, фразеологиялыќ бейнелеу бірліктері, ұлттыќ спецификамен бейнеленген фразеологизмдер.) Тұрақты сөз тіркестері қарым қатынаста маңызды роль атқарып, оған түрлі рең береді. Фразеологизмдер мәтінді эмоционалды қылады, мәнерін келтіреді, арнайы тәсілдер арқылы мәтіннің эстетикалық жағын түсіндіріді, мәдени ассоциацияларлы қамтамасыз етеді, т.б. Фразеологизмдер көбінесе мәтіннің статусын анықтау кілті қызметін атқарады (сөйлеуші, мәтін хабарламасы, қарым қатынас жасаушылар арасындағы қатынас, т.б.) Тұрақты сөз тіркестерін аудару қиыншылықтары оларды мәтіннен ажыратудан басталады. Фразеологиялық бірліктерлің екінші, үшінші «түбі» олардың семиотикалық көпмағыналылығымен түсіндіріледі. Мысалы үшін ағылшын тіліндегі «to come through with flying colors» орыс тілінің «пройти весь путь под развевающимся знаменем» мағынасына сәйкес келеді, сонымен қатар «успешно завершить дело» деген ауыспалы мағынасы бар (екінші «түбі» ), ал кейбір жағдайларда «показать характер, действовать с открытым забралом» (үшінші «түбі») деген мағынаны білдіреді. Кез келген тілдің бірнеше тұрақты сөз тіркес кезеңдері бар. Олар: бәріне белгілі және сөздікте берілгенлері, сөздікте берілген бірақ қолданыстан шығып қалған, бәріне белгілі бірақ кей жағдайларға байланысты сөздіктерге енбеген, белгілі бір қоғамдық топқа ғана мәлім тұрақты сөз тіркестері. By that time he had reached the condition to see pink elephants. Еген бұл сөйлемді сөзбе сөз аударатын болсақ, «розовые слоны» тіркесі мағынаға мүлдем сәйкес келмейді. Мысалы: К этому времени он был уже готов полюбоваться розовыми слонами. Осыдан салыстырмалы түрде аудармашыларға «розовый слон» ережесін құруға болады: мәтінде оның мағынасына логикалық жағынан қарама қайшы тіркес пайда болса, оны тұрақты сөз тіркесі ретінде қарастыру керек. Дегенмен бұл жеңіл ережені орындау оңайға соқпайтынына аударма барысындағы көптеген казустар дәлел. Мысалы үшін америкалық «Dead-eye Dick» романы оқырмандарға «Одноглазый Дик» атымен мәлім, бірақ шын мәнінде бұл ағылшын атауы «меткий стрелок» дегенді білдіреді, ал осы романның осындай атқа ие болған басты кейіпкерінің екі көзі де аман. Агата Кристидің романдарының бірі «The Underground» «Собака, которая не лает» деген атпен жарыққа шықты, ал шын мәнінде ол «Побежденная собака» немесе «Неудачник» дегенді білдіреді, т.б. Тұрақты сөз тіркестерін анықтаудың екінші бір тәсілі сөйлеу қызметін қорытындылай алу қабілетінде болып табылады.Мысалы, ауыспалы мағына мен тура мағына арасындағы қайшылықты автор көбінесе белгілі бір образдық, эстетикалық, көңіл күй және басқа ассоциацияларды ойнаған кезде немесе юмористік эффект беру үшін қолданады. Сонымен қатар тұрақты сөз тіркестері белгілі бір әлеуметтік мәдени қоғамға бекітіліп, соның белгісі болып табылады. Фразеолегизмдерге стилистикалық мәнер тән: оларға жоғарғы, нейтралды және төменгі стиль элементтері, кәсіби және басқа да жаргонизмдер жатады. Мысалы үшін, орыс тіліндегі мәтінде «середка на половинку» сөз тіркесі әлеуметтік статустың төмендігін білдіреді. Дегенмен, екі жағдайда да бастапқы тұрақты сөз тіркесіндегі ақпараттың басты бөлігі жоғалады, әсіресе соған байланысты мәдени тарихи ассоциациалар. Аударма қиыншылықтарының осы разрядымен антикалық дәкірде пайда болып, әр дәуірде әр түрлі трактовка, эмоционалды бляу, тіпті түрлі формаға ие болған тұрақты сөз тіркестерін аудару байланысты. Мысалы үшін, ағылшын мәтелі «Rome was not built in a day» орыс дәстүрінде ұлттық нақышқа ие болды: «Москва не сразу строилась». Алайда оларды сәйкестендірсек ағылшын мазмұнына жат болып қалады: Jones was very eloquent to persuade his master, telling him that Rome was not built in a day. Бұл сөйлемді фразеологиялық калька тәсілін пайдалана отырып сөзбе сөз аударған жөн. Джонс потратил все свое красноречие, чтобы убедить хозяина, напоминая, что и Рим строился не за один день. Осындай қиыншылықтар түрлі тілдегі мағынасы бірдей, шығу тегі бір, бірақ қызметтік сипаттамасы, эмоционалды ассоциациялы қайта жаңғыртуы, формальды дамуы әр түрлі халықаралық фразеологизмдерді аударуда кездеседі. Мысалы, ағылшын тіліндегі белгілі қанатты сөз «Ceasar’s wife must be above suspicion» орыс тіліндегі «Жена Цезаря должна быть вне подозрений» сәйкес келеді, бірақ ағылшын тіліндегі оңай бөліктерге ажыратылып, жеке қолданылатын бұл фразеологизм орыс тілінде бір мағынаны білдіріп, жеке қолданбайтын фразеологизмді аударудың тиімді тәсілі бөлікті құру болып табылады: Madam, you are Ceaser’s wife. «Мадам, жена Цезаря должна быть выше подозрений»сөйлеміне сәйкес келеді. «Мадам, вы жена Цезаря» деген нұсқа қабылдауда тура мағынаны білдіреді де толық фразеологиямен елестету қиынға соғады, себебі орыс мәдениетіне олықтай бейімделген жоқ. Кейбір қиыншылықтар, әсіресе мәдени сипаттағы елді мекен, атақты адам атауларында перефразамен ұсынылады. Мысалы, орыс мәдениетіндегі «наше все» қалжыңы әрине Пушкинді елестетеді, ал осыны ағылшын тіліне тура аударсақ “our Everything” ағылшын мәдениетінде ештеңе білдірмейді. Сонымен қатар аудармашы « The city of Brotherly Love» парафразагфразеологизм жасау үшін мәдени тарихи ізденіс жүргізу керек, себебі «город Братской Любви» кез келген американдыққа мәлім болса, орыс тілінде контекстуалды қайта жасауды қажет етіп, «город Братской Любви, Филадельфия» деп аударылады. Жалпы, аудармада фразеологиялық бірліктермен жұмыс жасауда аудармашыға екі тілді ғана білуі жеткіліксіз, сонымен қоса түпнұсқа мәтіннің стилистикалық және мәдени тарихи аспектілерін қорытындылап, оны аударма тілмен, мәдениетімен сәйкестендіре алу керек. Тұрақты сөз тіркес бірліктерін аудару ережелері: 1. Тұрақты сөз тіркес бірліктерін аудару кезіндегі оптималды шешім – аударылытын тілдегі сондай тұрақты сөз тіркесін табу. Ағылшын және орыс тілдерінде сәйкес фразеологизмдер айтарлықтай көп екенін байқауға болады. 2. Сәйкес фразеологизмдер жоқ болса, мағынасы ұқсас фразеологизмді тауып ауларуға болады. Бұл жерде айта кететін жай мағынасы ұқсас, бірақ формасы әр түрлі фразеологизмдер әр тілде түрлі эмоционалды рең беріп, ылғи бірін бірі толықлыра бермейді. 3. Эффективтілігі азырақ, бірақ тұрақты сөз тіркес бірліктерін аударғанда қолданылатын әдіс калька, сөзбен аудару. Кей кезде осы тәсіл арқылы аударылатын тілге, тіпті мәдениетіне де жаңа тұрақты сөз тіркесін енгізуге болады. Бұл тәсіл көбінесе ортақ үшінші қайнар көзге байланысты қолданылады, мысал ретінде антикалық дәуірдегі, діни немесе баска белгілі қайнар көздегі тұрақты сөз тіркестері аударылады. 4. Кейбір жағдайларда, әсіресе мәдени тарихи тақырыбына байланысты мәтіндерін аударғанда екілік немесе параллель аударма қолданылады. Онда фразеологиялық бірлік бір фразамен беріліп, қысқа түрде оның ауыспалы мағынасы түсіндереледі. 5. Егер аударылатын тілде сәйкес немесе ұқсас тұрақты сөз тіркес бірлігі болмаса, фразеологизмнің ауыспалы мағынасын түсіндіру әдісі қолданылады, яғни тұрақты тіркесті еркін тіркеспен беру. Мұндай аудармада фразеологизм өзінің образды ассоциативті қасиеттерін жоғалтады. Аударманы тыңдаушыға түпнұсқада тұрақты сөз тіркесінің бар екендігін мәлімдейтін бір ғана жол ол аударма комментариі. Дәріс 12. Авторлыќ стилистикалыќ жєне әзєәіл сөздердің берілуі. 1. Бір тілден екінші тілге аудару кезіндегі авторлыќ стилистикалыќ жєне әзєәіл сөздердіњ берілу ерекшеліктері. Дәріс 13. Мәтіннің аударылуы. 1.Аудармашының мәтінді автор көзқарасы тұрѓысынан аудару талдауы. 2.Аудармалыќ стратегиялардың жасалуы. Аударуға тапсырма алғаннан кейін, оның кімге арналғанын анықтау өте маңызды. Өйткені аударма барысында қолданатын тілдік ерекшеліктерді анықтап алу керек. Мысалы, мәтін балаларға арналған болса, сөйлемдердің синтаксистік құрылымы қарапайым, әсерлі болуы керек. Ал, егер техникалық нұсқаулар болса, әртүрлі синтаксистік құрылымдар мен кәсіби терминдер дұрыс қолданылуы керек. Мәтіннің кімге арналғанын анықтағаннан кейін, коммуникативтік мақсатын анықтауға кірісеміз: 1. Маңызды жаңалықты жеткізу; 2. Оның ісінің дұрыс екеніне сендіру; 3. Қарым-қатынас орнату т.б. Тыңдаушылардың алдында сөз сйлеуді аудару аудармашының ең қиын жұмысының бірі. Сондықтан айтылатын ойды дұрыс құрауға, оның стиліне, сөз сөйлегенде дұрыс дем алуға, екпінді дұрыс қоюға үйрету өте маңызды болып саналады. Оған үйрену үшін мына материалдарды дұрыс аударып, тыңдаушыға жеткізе алу керек. 1. Қысқа құттықтау сөздер. 2. Көрменің, музейдің, кітапхана т.б. ашылуына байланысты құттықтау сөздер. 3. Марапаттауға байланысты құттықтау сөздер. 4. Қаралы сөздер. 5. Конференцияның ашылуына байланысты құттықтау сөздер. 6. Саяси қайраткерлер мен мәдениет қызметкерлерінің бағдарлмалық және тақырыптық сөздері. 7. Ғылыми баяндамалар. Сабақта осы сөздерді тыңдап, аударуға қиын жерлерін анықтау, мазмұнын талдау, осыған ұқсас сөз сөйлеуді құрастыру, оларды оратордың стиліне байланысты дұрыс жеткізе алу. Дәріс 14. Тілдік емес факторлар. Тілдік емес факторларды аудару кезінде шыѓарманың туындау орнын, этно- мәдениеттік мәтіннің айырмашылыѓын есепке алу. Дәріс 15. Аудармалыќ стратегиялар арасындағы таңдау мәселесі. Мамандарға, балаларға, әзірліксіз аудиторияѓа арналған аударма. Прагматикалық аударманың мәселелерi жанрлық түпнұсқамен байланысты және Рецепторлардың типтерiне арналған. Түпнұсқаның прогматикалық потенциалын аудару кезiнде халық ауыз әдебиетiнiң аудармашылары көбiнесе қиыншылықтармен кездеседi. Халық ауыз әдебиетiнiң еңбектерi әр тiлде кездеседi, алдымен сол елдiң ана тiлiне арналған және құндылықтары бар болғандықтан олар басқа тiлдерге аударылады. Осылармен бiрге, көбiнесе аудармада осылар кездеседi, олар: бейнеленген факторлар және оқиғалар, әр түрлi ассоциациялар , әдет-ғұрып, ұлттық тағамдардың аттары , ұлттық киiмдер және т.б. сол елдiң тарихымен байланысты. Ғылыми техникалық мәтiндер арнайы мамандарға арналған және осы тақырыпқа арналған ұғымдарды әр мемлекетте қолданылатын бiрдей информацияны аудару кезiнде прагматикалық ауыстыру өте сирек. Осындай хабарларды ғалымдар жақсы және бiрдей ұғады, әр тiлде сөйлейтiндер, сондықтан хабарда тек қана фирмалардың аттарын, ұлтық өлшеулердi және арнайы номенклатуралардың аттарын ғана бередi. Мәтiндегi прагматикалық аспектiлермен байланысты көбiнесе қиындықтар кездеседi, бұлар тiлдiк емес алушыларға арналған. Шет елдердiң назарына әр түрлi хабарлы үгiттеулер ұсынады және экспортқа шығарылатын тауарларды жарнамалаймыз. Осындай мәтiндердi жазу кезiнде автор тыңдаушылар мен оқырмандар шетел мiнездерiн еске сақтау керек. Мұндай жағдай аудармашының жұмысын жеңiлдетедi. Олар аудармашының Рецепторларына көп көңiл бөлмейдi, өйткенi түпнұсқаның авторы ол туралы алдын ала ойластырып қойған. Бырақ бұндай талаптар түпнұсқада жүзеге аспайды, сондықтын басқа аудармашы түпнұсқадағы прагматикалық аспектiге байланысты түзетүлер енгiзедi. Аудару барысында шет елден келген адамның сөйлеген сөзiн қайталау кезiнде бiрнеше қиыншылықтар болады. Бiрiншi жағдайда аударушы, шет тiлiн жақсы бiлмегендiктен дұрыс емес формуларды қолданады. Сондықтан басқа тiлге аудару барысында аудармашы контаминиравандық формулаларды дұрыс деп санап ақырғыларын солай аударады. Екiншi жағдайда контаминиравандық формулалар шет елден келген адамның айтқан сөзiндегi ерекшелiктерiн көрсету арқылы қолданылады және прагматикалық мәтiндi жасаудың бiр жағдайы болып табылады. Осыдан шығады, мәтiндi айту кезiнде осы форманың прагматикалық функциясы аудармашының қызметiне кiредi. Шет елдерде адамның дұрыс емес айтқан сөзiн көрсету үшiн арнайы стандартты әдiстер қолданылады, олар әр бiр ұлтқа байланысты. Бұл әдiстер әр контаминирдық сөзде әр түрлi қолданылады, ағылшын тiлiнде немесе орыс тiлiнде немiстiң сөзiн бейнеленген кезде екеуiн салыстырады сонда қытай тiлiнде сөйлеген адамның сөзi әр түрлi екендiгiн көремiз. Контаминиравандық сөздi қабылдау кезде кѳп жағдайларда бұлар солай болады, бiрақ кейде бiрнеше тiлде айырмашылықтар бар. Мысалы, Шет елдерден келген адамдар орыс тiлiнде сөйлейтiндер етiстiктiң түрлерiнен қателiктер жiбередi, ал немiстер синтактикалық формаларды келер шаққа қояды. Кәсiби тiлде контаминиравандық сөз аудармашы белгiлi типтердi қолданамыз: We blingle beer. Now you play. Моя принесла пиво, твоя типель платить (Қытайдың контаминиравандық сөзi) Контаминиравандық формалар сөйлеу элементiң стилiмен қолданылады, олар грамматикалық форманың қиын жағдайларын қолданбайды. Таңдап алынған және қолданылған контаминиравандық элементтер аудармада түпнұсқаның прагматикалық элементiне сай болу керек. Прагматикалық аударманың мақсатына аудармашының Рецепторларының әсерлерi кiредi (коммуникативтiк эффект). Коммуникативтiк эффект аудармада бейнелеу қажет және түпнұсқаның доминанттық функциясымен анықталады. Халық ауыз әдебиетiне Рецептордың әсерi мәтiннiң әдебиеттiлiгiне байланысты. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1. Аудармашылық кәсіптің тарихи қалыптасуы мен дамуы. 2. Аудармашылар тұрғысынан аудармашы кәсібі туралы көзқарас. 3. Тапсырыс беруші мен аудармашы арасындағы қатынас. 4. Тіларалық делдал ретіндегі аудармашының негізгі біліктілігі. 5. Аударма- әлеуметтік қызмет ретінде. 6. Аудармашыны дайындаудың психолингвистикалық ерекшелігі. 7. Аудармашылық қызметті ұйымдастыру. 8. Аудармадағы информациялық технологиялар. 9. Интернт- аудармашыға көмек ретінде. 10. Аудармашының жұмыс орны. 11. Аудармашының кәсіби этикасы. 12. Аудармашылардың кәсіби бірлестігі.. 13. Ауызша аудармадағы прецизонды мәліметтердің ролі. 14. Лингвоэтникалық айрмашылықтарды ескеру. 15. Терминдерді қолдану ерекшеліктері. 16. Аудармашының «жалған» достары. 17. Көпшілік алдында сөз сөйлеу, аудиторияны баурап алу. 18. Коммуникация мақсатын жеткізу. 19. Бастапқы айтылыстың құрылымдық және мағыналық компоненттерін болжау. 20. Автор концепциясының түрлі аудармашылық интерпретациялауға ұшырауына байланысты әртүрлі аудармашылар орындаған шығарманы талдау. 21. Сөздіктермен- аудармашының басты «құралдарымен» жұмыс істеу дағдылары. 22. Пайдаланылған сөздіктер мен анықтамалардың жетістіктері мен кемшіліктерін бағалау. 23. Аудармашының өз бетінше кәсіби білім алуға дағдылануы. Ұсынылатын әдебиеттер: 1.1 Алексеева И.С. Профессиональный тренинг переводчика. Издательство «Союз», 2003.-278с. 2. Белякова Е.И. Переводим с английского. Спб: Изд-во «Каро», 2003.- 160с. 3. Беспалова Е.И. и др. Перевод и реферирование общественно- политических текстов. М.: Изд-во РУДН, 2003.-125 4. Виноградов В.С. Лексические вопросы перевода художественной прозы. М.: Изд-во МГУ, 1978.-174с. 5. Гачечиладзе Г.Р.Художественный перевод и литературные взаимосвязи. – М.: Советский писатель,1972.- 262с. 6. Казакова Т.А.Практические основы перевода. Спб: Изд-во «Союз», 2002.- 320с. 7. Комиссаров В.Н. Теория перевода (лингвистические аспекты).- М.: Высшая школа, 1990. -253с. 8. Комиссаров В.Н.Лингвистика перевода. – М.: Международные отношения, 1980.-173с. 9. Крупнов В.Н. В творческой лаборатории переводчика.- М.: Международные отношения. 1976.-190с. 10. Латышев Л.К. Курс перевода: эквивалнтность перевода и способы ее достижения.- М: Международные отношения, 1981.-248с. 1. Қосымша әдебиет 2.1 Мирам Г. и др.Основы перевода. Курс лекций по теории и практике перевода для институтов и факультетов международных отношений. Киев, 2002.- 200с. 2.2Рецкер Я.И. Теория перевода и переводческая практика.- М.:Международные отношения. 1974.-216с. 3. Федоров А.В. Основы общей теории перевода.- 4-е изд., перераб.и доп.- М.:Высшая школа, 1983.- 303с 2.4 Миньяр – Белоручев Р.К. Общая теория перевода и устный перевод.- М.: Воениздат, 1980.-237с. 2.5 Мирам Г. Переводческие алгоритмы. Киев, 1998.-176с. 2.6 Славина Н.М., Бударкевич Н.М. Сборник упражнений по переводу с английского языка на русский. Москва: Высшая школа, 1974.-159с. 2.7 Флорин С. Чем словари не удовлетворяют переводчика // Мастерство перевода. –М.: Советский писатель, -С. 381-401. 2.8 Циткина Ф.А. Терминология и перевод. – Львов, 1988.-155с. 2.9 Шевцова С.В. Шаг за шагом к совершенству в английском языке: Учебное пособие.- 2-е издание, с изменениями.-М.: Лист Нью. 2003.-176с. 2 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР Сабақ 1. Аударма үрдісінің пайда болуы туралы түсінік. 1. Аударма тілдік ќызметтің бір түрі. 2. Коммуникативті тапсырмадаѓы тіл нормаларының аудармамен сәйкестілігі. 3. Аударма алдындаѓы мәтін талдауы. Сабақтың мақсаты: оқытылатын тіл мәдениетіне, өркениетіне қатыстыра отырып, оның назарын ұлттық-таңбаланған лексикаға аудару және оның белгілі бір елтанушылық, фондық білімді сақтау және қабылдаушы адамда белгілі ассоциациялар туғызу. Ұсынылатын әдебиет: 1.Н. Крупнов. Практикум по переводу.М-2005 2. Интернет ж‰йесі. Сабақ 2. Жазбаша аудармаға қойылатын негізгі талаптар. 1.Жазбаша аударма үрдісіндегі анализ жєне синтез. 2.Аудармадаѓы коммуникативтік ситуацияда екі тілдің ұқсастыѓы мен айырмашылыѓы. Сабақтың мақсаты: Көркем шығармалардың аудармаларындағы осындай лексикалық бірліктердің қалай аударылғанына талдау жасау; фондық сөздердің аударылу тәсілдерінің ішіндегі ең кең қолданылатынын анықтау; Ұсынылатын әдебиет: 1.Комиссаров В.Н.Лингвистика перевода 2.Мирам Г. Переводческие алгоритмы. Сабақ 3. Аударылып жатқан тілдің функциональді-ситуативті мазмұнының аудармадағы эквиваленті. 1. Аудармалыќ эквиваленттік туралы түсінік. 2. Эквиваленттіктің 1 түрінің мінездемесі. 3. Эквиваленттіктің 2 жєне 3 түрінің мінездемесі. Сабақтың мақсаты: Аудармашылық түрлендіруді қолдану жолдарын, коммуникативті мақсатты жеткізу жолдарын анықтау. Ұсынылатын әдебиет: 1.Рецкер Я.И. Теория перевода и переводческая практика 2.Миньяр – Белоручев Р.К. Общая теория перевода и устный перевод 3.Мирам Г. Переводческие алгоритмы. 4.Славина Н.М., Бударкевич Н.М. Сборник упражнений по переводу с английского языка на русский. Москва: Высшая школа, 1974.-1 5. Циткина Ф.А. Терминология и перевод. 6.Шевцова С.В. Шаг за шагом к совершенству в английском язык Сабақ 4. Тіл бірліктері семантикасының аударылғандағы аудармалыќ эквиваленттері. 1. Аудармадаѓы эквиваленттіктердің 4 жєне 5 деңгейлері. 2. Жазбаша аудармашының жұмысындаѓы сөздік, аныќтама, басќа да көмекші құралдардың маңыздылыѓы. 3. Аудармалыќ құжатты рәсімдеу және аударманы редакторлау. Сабақтың мақсаты: Аударманың 4,5 деңгейлеріне түсініктеме беріп, жаттығулар жасау. Ұсынылатын әдебиет: 1.Рецкер Я.И. Теория перевода и переводческая практика 2.Миньяр – Белоручев Р.К. Общая теория перевода и устный перевод Сабақ 5. Сөйлемдерді талдау. 1. Аударма үрдісіндегі сөйлем құрылысын таңдау. 2. Шет тілі мен ана тіліндегі бірдей аталѓан құрылымдардың формальді жєне функциональды сәйкестіктері. 3. Сөйлемнің маѓыналыќ құрылысы мен грамматикалыќ құрылыстың аударма үрдісіндегі функциональдыќ принципі. Сабақтың мақсаты:Грамматикалыќ құрылыстың аударма үрдісіндегі функциональдыќ принципін анықтау. Ұсынылатын әдебиет: 1.Н. Крупнов. Практикум по переводу. 2.Интернет жүйесі. Сабақ 6. Аудармадаѓы сөйлемдердің орналасу тєртібінің өзгеру жолдары 1.Шет тіліндегі жєне ана тіліндегі грамматикалыќ құрылымдардың сәйкессіздіктері. 2. Грамматикалыќ түрлердің лексикалыќ толыќтыруларына байланысты. 3. Мәтінге байланысты. Сабақтың мақсаты: Көркем шығармалардың аудармаларындағы осындай лексикалық бірліктердің қалай аударылғанына талдау жасау; фондық сөздердің аударылу тәсілдерінің ішіндегі ең кең қолданылатынын анықтау. Ұсынылатын әдебиет: 1.Комиссаров В.Н.Лингвистика перевода Сабақ 7. Аударманың грамматикалыќ мєселелері. 1. Толыќтай жєне жартылай құрылымдар мен сөз таптарының өзгеруі. 2.Ќосындылар мен түсіп қалу. Сабақтың мақсаты: Көркем шығармалардың аудармаларындағы грамматикалық тәсілдердің қалай қолданылғанына талдау жасау; Ұсынылатын әдебиет: 1.Мирам Г. Переводческие алгоритмы. 2.Славина Н.М., Бударкевич Н.М. Сборник упражнений по переводу с английского языка на русский. Сабақ 8. Аударманың грамматикалыќ мәселелері. 1. Пассивті құрылым аудармасы. 2. Етістіктер аудармасы. Сабақтың мақсаты: Көркем шығармалардың аудармаларындағы грамматикалық тәсілдердің қалай қолданылғанына талдау жасау; Ұсынылатын әдебиет: 1.А. Е. Айзенкоп. Практикум по техническому переводу. Сабақ 9. Аударма үрдісіндегі грамматикалыќ трансформациялар. 1. Сөйлемніњ бірыңғай мүшелерінің аудармасы. 2. Синтаксистік жиынтыќтар аудармасы. Сабақтың мақсаты: Көркем шығармалардың аудармаларындағы грамматикалық тәсілдердің қалай қолданылғанына талдау жасау; Ұсынылатын әдебиет: И. С. Алексеева. Профессиональный тренинг пеоеводчика. Учебное пособие по устному и письменному переводу для переводчиков и преподавателей. Сабақ 10. Аударма үрдісіндегі грамматикалыќ трансформациялар 1. Артикльдердің берілу жолдары. 2. Күрделі сөйлемдер аудармасы. Сабақтың мақсаты: Артиклдердің аудармада қандай мағына беретінін анықтау; күрделі сөйлемдер аудармасында қолданылатын тәсілдерді анықтау. Ұсынылатын әдебиет: Н. Крупнов. Практикум по переводу. Сабақ 11. Аударма ‰рдісіндегі грамматикалыќ трансформациялар 2. Аударма ‰рдісіндегі сµйлемдердіњ бµлінулері мен бірігулері. 3. Шет тіліндегі модальділіктіњ аударылулары. Сабақтың мақсаты: Көркем шығармалардың аудармаларындағы грамматикалық тәсілдердің қалай қолданылғанына талдау жасау; Ұсынылатын әдебиет: И. С. Алексеева. Профессиональный тренинг переводчика. Учебное пособие по устному и письменному переводу для переводчиков и преподавателей. Сабақ 12. Аударма үрдісіндегі грамматикалыќ трансформациялар. 1. Шаќтарды ќолданудаѓы тіларалыќ айырмашылыќ. 2. Шаќтардың сєйкестіліктерін ќолдану принциптері. Сабақтың мақсаты: Шақтардың қолданылуындағы тіларалық айырмашылықтарды талдау, жаттығулар жасау. Ұсынылатын әдебиет: Н. Крупнов. Практикум по переводу.М-2005 Мирам Г. Переводческие алгоритмы. Сабақ 13. Аударма үрдісіндегі грамматикалыќ трансформациялар 1. Етістік түрлері мен етістіктің маѓыналыќ түрлерінің аударылуы. 2. Тұраќты ќимылдардың берілу тәртіптері. Сабақтың мақсаты: Ағылшын тіліндегі етістіктердің аудармада қандай мағына беретінін анықтау, тіларалық айырмашылықтарға көңіл бөлу, жаттығулар орындау. Ұсынылатын әдебиет: Рецкер Я.И. Теория перевода и переводческая практика Миньяр – Белоручев Р.К. Общая теория перевода и устный перевод Сабақ 14. Аударма үрдісіндегі грамматикалыќ трансформациялар 1.Әртүрлі маѓына беретін сөйлемдердің аударылу тәртібі. 2. Аудармадағы риторикалық сауал. Сабақтың мақсаты: Көркем шығармалардың аудармаларындағы грамматикалық тәсілдердің қалай қолданылғанына талдау жасау; Ұсынылатын әдебиет: Федоров А.В. Основы общей теории перевода. Сабақ 15. Аударма үрдісіндегі лексикалыќ мәселелер. 1. аударма мен сөз мағынасы. 2. Сөздердің көп мағыналылығы. 3. Көп мағыналы сөздердің лексико-семантикалық варианттары. Сабақтың мақсаты: оқытылатын тіл мәдениетіне, өркениетіне қатыстыра отырып, оның назарын ұлттық-таңбаланған лексикаға аудару және оның белгілі бір елтанушылық, фондық білімді сақтау және қабылдаушы адамда белгілі ассоциациялар туғызу. Ұсынылатын әдебиет: Федоров А.В. Основы общей теории перевода. 2. СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ 3.1 Өздік жұмыс деп кез-келген меңгерілетін және студенттің өз бетімен атқаратын жұмысын айтамыз. Студент бұл жұмысты алдына қойылған дидактикалық мақсатты белгіленген уақыт ішінде жүзеге асырады. Дидактикалық мақсат дегеніміз: білімді іздеу, оны меңгеру, бекіту, біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру және дамыту, білімді қорытындылау және жүйелеу. СӨЖ барысында оқу дағдылары қалыптасады: - Студенттің біліктілік сипаттамасының қалыптасқандығын шығармашылық тұрғыдан көрсететін өздік жұмыстың біліктілігі мен дағдылары; - Оқу және арнайы әдебиетпен жұмыс істей алу дағдылары; - Өз ойын қысқа да, нұсқа жеткізе алу, өз пікірін білдіру және оны қорғай алу дағдылары. СӨЖ ойлау қабілетін дамытып, берілген пәннің материалдарын терең және саналы түрде меңгерілуіне ықпал жасайды. СӨЖ студенттерді терең ізденіс пен әдебиетпен жұмыс істеуге, көзқарастарды салыстыру қажеттігі мен өз әдісін қалыптастыруға бағыттайды. Пән бойынша өздік жұмысты атқару үшін Қазақстандық ғылымдардың еңбектерімен таныс болып, көркем шығармаларды кеңінен оқу қажет. Екі тілдегі шығармаларды оқи отырып, тіларалық айырмашылықтарға көңіл бөлу керек. 2. Межелік бақылауға арналған тапсырмалар. FILMS AND FOLLY By W.Gallacher (Extract) In the cinema there is… anti-tax propaganda. In the foyer or on the screen you will see a notice which informs the patrons that while there is one penny of tax on a Is. 6 d. Seat in the cinema. This is obviously, overdoing taxation. In places a heavy burden on the cinema industry and it is becoming increasingly difficult for the cinemas to meet it. It looks as though the high point of cinema attraction has been passed. At any rate there is a considerable falling off in patronage of many of them , and with the coming of television this decline may be more marked. In such a situation it is quite natural that there should be a protest against what is considered a discriminatory tax. The history of film-making in Britain has been a deplorable series of makeshifts and ruinous speculation. On many occasion I have suggested a conference of all concerned in the industry, Producers, Exhibitors, Technicians and other Unions, for the purpose of working out an all-over plan for putting the industry on its feet keeping it there. But it was never possible to them to come together. I would suggest then, all sections of the industry should be brought together for a conference to work out plans for ensuring the fullest development of production, distribution and exhibition of British films, and to take the necessary measures to ensure that a real cut in the entertainment tax is effected. I hope you and those associated with the industry will give serious consideration to this proposal DARTMOOR By W.Gallacher (Extract) One day I got a letter from a prisoner. Such letters were not uncommon. My interest in prisoners was well known, and many prisoners, when they wanted to let off steam, wrote to me and gave me the sum of their complaints. These I always took up, sometimes with good results. But this particular prisoner was so very urgent in his request that I went to see him. He wanted advice and he wanted help. I applied for, and received, a visiting order from the Home Office and made my way down what had been my enforced residence for quite a spell twenty-odd years before. The prisoner was a good-looking, well set-up lad with quite intelligent mind. Like most sensitive prisoner, he was in a highly nervous condition. His case was too personal, as well as too complicated, to go into here, but I tried my best to help him. After my interview I had a talk with the prison doctor about him. I suggested he special care and attention because of his high-strung condition, which was making him somewhat intractable. He had received, both in Dartmoor and Wandsworn, a whole series of punishments for a variety of offences including insolence to officers. The doctor was of the opinion that he was very clever and that he was doing a bit if acting. What for I could never understand, as every offence meant further punishment and a loss of remission- it was poor for a clever actor. In the prison I saw twelve other prisoners, and had a talk with each of them lasting fifteen minutes. Each of them were agreed about one thing. The food for a considerable time had been badly cooked and had often been uneatable. Protests had gone to the governor and to the Home Office. Nothing happed, so the prisoners decided to stage a demonstration. When they were finished with yard exercise one day, they formed up but refused to march back into the prison the hall. There had been no violence, no mutiny in any recognized sense, but it was treated as mutiny. Certain alleged ringleaders were selected for punishment. If a prisoner commits an offence he is brought before the governor. An office or officers make a statement about the alleged offence. The governor is sitting behind his desk with the deputy governor and chief warder at his side. The prisoner stands at attention facing the governor. After the accusation has been made the governor says to the prisoner: «Have you anything to say?» The prisoner is often tongue-tied. He looks around at nothing but unfriendly faces. He stutters something. The governor cuts things short and imposes a sentence. Just try to think of anyone outside being tried and punished under such conditions!
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz