Файл қосу

Пәннің аты - Орман питомниктері



|Қазақстан Республикасы                                                       |
|Білім және ғылым министрлігі                                                 |
|Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті                              |
|МСЖ құжат 3 деңгейлі     |ПОӘК                     |ПОӘК                     |
|                         |                         |042.4.01.20.07./02-2013  |
|ПОӘК                     |Басылым №1               |                         |
|«Орман питомниктері»     |                         |                         |
|пәнінен студенттерге     |                         |                         |
|арналған жұмыс           |                         |                         |
|бағдарламасы             |                         |                         |







             050807 «Орман шаруашылығы ісі» мамандығына арналған


                        «Орман питомниктері»  пәнінен
                           ОҚУ -ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


                        ПӘННІҢ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН

                             ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ























                                      СЕМЕЙ


                                        2009






           Алғы сөз


      1. Құрастырған

      Шәкәрім атындағы Семей  мемлекеттік  университетінің  «Агротехнология»
кафедрасының  доцент қызметін атқарушы Джаманова Гульнара Илюсюзовна.
      «……» ……………2009 жыл.


      2. Талқыланды:
      2.1.Шәкәрім     атындағы     Семей     мемлекеттік     университетінің
«Агротехнология» кафедрасының мәжілісінде.
      Хаттама «……» ……………2009  жыл, №


      Кафедра меңгерушісі ……………. Сейлгазина С.М.


      2.2. Аграрлық факультеттің оқу-әдістемелік бюросының  мәжілісінде
      Хаттама «……» ……………2009жыл, №
      Төраға ………………………Джаманова Г.И.




      3. БЕКІТЕМІН:
      Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралды және  баспаға
ұсынылды
      Хаттама «……» ……………2009 жыл, №


      ОӘК төрағасы, бірінші проректор …………….. Молдажанова А.А.




      БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН

















































      МАЗМҰНЫ


   1. Жалпы жағдайлар
   2. Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар
   3. Курстың форматы мен саясаты
   4. Баға қою саясаты
   5. Пәннің мазмұны және сабақтың түрлері бойынша сағаттарды бөлу.
   6. СОЖӨЖ және СӨЖ мазмұны
   7. Пән бойынша оқу процесінің күнтізбелік жоспары


























































      1 Жалпы жағдайлар

      1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер
      -Джаманова Гульнара Илюсюзовна, доцент қызметін атқарушы;

      -«Агротехнология» кафедрасы;

      -Байланыс телефоны -  53-19-70, №5  оқу ғимараты;
      -Сабақ өткізілетін орын-  аудитория №133;

      -Пәннің аты-    «Орман питомниктері»;

      -Пән бойынша кредит саны- 3.
      1.2 Жұмыс оқу жоспарынан көшірме :





           Кесте 1- Оқу жоспарынан көшірме



|Курс |Семестр |Кредит |Дәріс |Зертхана|ОЖСӨЖ    |СӨЖ|Барлығы  |Бақылау  |
|     |        |       |      |сағаты  |         |   |         |түрі     |
|2    |4       |3      |15    |15      |45       |45 |135      |Емтихан  |



  1.3 Пәннің қысқаша мазмұны.
Курс  тапсырмасына  студенттерді  алқаптардағы  ағаш   тұқымдарының   өнімін
  қалыптасыру
заңдылықтарын,  селекциялық  –  генетикалық  негізде  тұрақты  орман   тұқым
  базаларын
ұйымдастыру, тұқымдарды өңдеу мен сақтау, егіске дайындауды  оқыту   жатады.
  Сонымен
қатар көшет материалдарының өсіру технологиясын, топырақ  өңдеу,  тұқымдарды
  егу және
күту   жұмыстары   ,   көшеттерді,   екпелерді   және   вегетативтік   көшет
  материалдарын өсіруді,
гербицидтер мен тыңайтқыштарды пайдалануды оқыту жатады.

      1.4 Курстың негізгі мақсаты   - студенттерді мамандандырылған орман
питомниктерінде көшет материалдарын өсіру саласындағы білімдерін жетілдіру.
1.5 Пәнді меңгерудің негізгі міндеттері:  студенттерді орман тұқым ісі
саласындағы теориялық және тәжірибелік білім негіздерін  терең және жан
жақты меңгеруге баулу; көшет материалдарын өсіру бойынша, ағаш және
бұталардың түрлерін; алған білімдерін орман экологиялық және шаруашылық
экономикалық жағдайларда нақты пайдалана білуге үйрету.
1.6 Пәнді оқу барысында студент:
 - орман питомниктерінің негізгі объектілерін білу керек;
 - орман тұқым ісінің теориялық негізін білу керек;
 - ағаштар мен бұталардың биологиялық ерекшеліктерін білу керек;
 - орман екпелерін отырғызудың әдістері мен тәсілдерін меңгеру керек;
 -  орман питомниктерінде қолданылатын жабдықтарды меңгере білуі керек;
 -  орман питомниктерін жобалау негізін білу керек;
 - тұқымның егістік сапасын анықтай алуы керек;
 - тұқымдардың сапасы бойынша құжаттарды толтыра білу керек;
 - көшет материалдарын өсірудің агротехникасын жасай алуы керек,
 - орман питомнигінің жобасын құра білу керек.


1.7 Курс пререквизиттері:
Топырақтану, орман шаруашылығы, дендрология, орман шаруашылық жұмыстарының
механизациясы.
1.8 Курс постреквизиттері:
орман өсіру, орманды құру, орман мелиорациясы, елді мекендерді
көгалдандыру.






      1.9 Әдебиеттер

1.9.1 Негізгі әдебиет

1.9.1.1  Редько Г.И., Родин А.Р., Трещевский И.В. Орман  екпелері.  М.,1980,
1985.
1.9.1.2  Медведев А.Н. – Қазақстандағы орман питомниктері. Алматы, 1997
1.9.1.3  С.Б. Байзаков, А.Н. Медведев, С.И. Искаков, Б.М. Муканов. Лесные
культуры Казахстана. Алматы, 2007.
1.9.2 Қосымша әдебиеттер
1.9.2.1. Ағаштар мен бұталардың тұқымдары. Үлгілерді іріктеу ережесі және
тұқымның егіcтік сапасын анықтау әдістері (Мемлекеттік стандарттар),
Мемкомстандарт, Москва 1977.
1.9.2.2. Орман тұқым ісі бойынша анықтама. «Орман өнеркәсібі», 1978
1.9.2.3. Медведов А.Н. Ағаш   және  бұталардың  тұқымдарын  егіске  дайындау
(студенттерге арналған әдістемелік нұсқау) КазСХИ, Алматы,1981.
1.9.2.4.  Новосельцева  А.И.,  Смирнов  Н.А.  Орман   питомниктері   бойынша
анықтамалық , «Орман өнеркәсібі», 1983.
1.9.2.5. Медведов А.Н., Пальгов И.А.,  Бессчетнов  В.П.  Орман  питомнигінің
ұйымдастырушылық- шаруашылық жоспары  (  курстық  жоба  бойынша  әдістемелік
нұсқаулық). КазСХИ, Алматы, 1984.
1.9.2.6. Медведов  А.Н., Бессчетнов В.П.,  Кентбаев  Е.Ж.  Орман  тұқым  ісі
(оқу-әдістемелік құралы) Казгосагру, Алматы, 1998.
1.9.2.7.  Кентбаев Е.Ж.  Орман   питомнигінің  ұйымдатсырушылық-  шаруашылық
жоспары. Курстық жоба үшін әдістемелік құрал. ҚазҰАУ, Алматы, 2004.

           2  Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар


           Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар
      а) Пәнді оқу барысында  қажетті  уақытты  ұйымдастыру  және  жоспарлау
бойынша кеңестер:
      Семестрдегі оқу жүктемесін біркелкі үлестіру керек және әрбір  студент
міндетті  түрде  орындайтындай,  тапсырмалар  жиынтығын  беру  керек,   және
олардың орындалуын қатаң  бақылау   керек.  Бұл  үшін  кафедрада  бақылаудың
әртүрлі формасы бар.
      Әрбір  пән  бойынша  өздік  жұмысының   сағат   санын   анықтау,   оқу
тапсырмаларын   регламенттеу    нақтылыққа,   анықттыққа   әкеледі,    басқа
сабақтардың  есебінен  СӨЖ  дің  көбейіп   кетпеуін   қамтамасыз   етеді.Бұл
қорытынды студенттердің пікірімен нақтыланады.
      Пәнді оқу барысында сұрақтардың  бір  бөлігін  студент  өздігінен  оқу
керектігін білуі қажет.
      Біздің кеңес: өз  уақытыныздың  шығынын  талдау  керек.  Өз  уақытынды
есепте және бақылау жаса, оған ұқыпты қара.
      б) Студенттің іс-әрекеті, немесе пәнді оқудың сценарий
     1. Оқу материалын дұрыс  орналастыру  және  пәнніңөткен  материалдарын
        және басқа пәндерді байланыстыру.
     2.  Тақырыпқа  байланысты  сабақты  өткізудің  түрлері  мен   әдістері
        анықталады.  Пәннің  көптеген  сұрақтарын  нақты  мысалдардан  және
        зертхана жұмыстарынан меңгеруге болады.
     3.  Теориялық   курс   зертханалық-   тәжірибелік   жұмыстармен   және
        тәжірибеден өту барысында, оның ішінде диплом алды тәжірибеден  өту
        барысында бекітіледі.
      Зертханалық сабақтар тақырып дәрістері оқылғаннан кейін жүргізіледі.
Сөзсіз, бұндай сабақтарда ойлау, талдай білу қабілеттері  дамиды.  Пәнаралық
байланыс  студенттердің  ғылым   негізін   терең   меңгеруге   қажет.   Олар
ойкеңістігінің кеңеюіне, білуге деген қызығушылықтың дамуына,  жаңа  ғылымды
өздігінен игеруге және оларды
тәжірибеде қолданудын белсенділігін жоғарылатады.
       Пәнаралық  байланыстың  негізінде  бір  пәнмен   келесісінің   арасын
жалғастыруға  болады,  оқу  материалдарын  көшіруді  болдырмау  керек.   Оқу
процесінде бұндай байланыстар туындауы  мүмкін,  оларды  алдын  ала  анықтап
және де оларды жұмыс бағдарламасына, жоспарына кіргізу керек.
       в)  Оқу-  әдістемелік   кешенінің   материалдарын   қолдану   бойынша
ұсыныстар.
       ПОӘК  енгізілген  оқу-  әдістемелік  материалдаы   дамыған   ғылымның
жетілдірілген  деңгейін көрсетуі керек, оқу материалының логикалық  мазмұның
қарастыру керек, студенттердің оқу материалын терең меңгеру  үшін  және  оны
тәжірибеде пайдалану үшін жетілген әдістер мен техникалық  тәсілдер  қолдану
керек.
      Кредиттік оқу жүйесінде СӨЖ- нің үлесі өсіп, мәні жоғарылайды, ал  бұл
өз  кезегінде  студенттің  жұмысын  өзгертеді,  оның  іс-  әрекетіне   талап
жоғарылайды.
      г) Әдебиеттермен жұмыс істеу бойынша ұсыныстар.
      Оқырманның мақсатын білмей,  қандай  әдебиет  көздерімен  жұмыс  жасау
керек екенін,  қандай  көлемде  әдебиет  қолдану  керек  екенін  айту  қиын.
Студент оқу бағытын жоспарлай білу керек, табылған әдебиет көзіне  тез  және
дәл есеп беріп, содан кейін  оны кез- келген уақытта оңай табылатындай  етіп
қою керек. Өйтпеген жағдайда үлкен әдебиет қорын белсенді  пайдалану  мүмкін
емес.
      Пән бойынша арнайы әдебиетпен жұмыс ітеудің негізгі мақсаты  келесідей
болып  бекітіледі:  улкен  көлемдегі  материалдан  өзіне   керекті   негізгі
мәліметтерді, болашақ мамандарға қажетті материалдарды таңдап алу керек.
      д) Емтиханға дайындалу бойынша кеңестер.
      Жазғы және қысқы сессия – ең қиын  жұмыс кезеңдері.
       Қысқы  сессия  уақытында,  семестр   бойына   жүйесіз   жұмыс   істеу
нәтижесінде меңгеруге мүмкін емес үлкен  материалдарды  еске  түсіруге  тура
келеді. Сессия уақытында материалдарды тек  қайталап,  бір  жүйеге  келтіріп
және түсініксіз сұрақтар бойынша кеңестер алуға болады.
      Сессияға дайындықты алғашқы, ынтамен тындалған дәрістерден және  толық
орындалған зертхана-тәжірибелік,  семинар  сабақтарынан  бастау  керек.  Бұл
Сіздің табысыныздың негізі.
      Есте сақтаңыздар- түнгі дайындық сабақтары аз өнімділік  береді.  Олар
ойдың  жұмысқа  қабілеттілігінің  төмендеуіне  әкеледі.  Уақытты   жоспарлау
кезінде, қандай емтихан сізге қиын болады және  қайсысына  уақыт  қорын  көп
қолдану керек екенін ескеру керек.  Өзіндік  дайындық  үшін  кафедра  берген
бақылау сұрақтарын және бағдарламаларын ұтымды пайдалану керек.
       Семестірдегі  ұқыпты  жұмыстарыңыз  және  емтиханға   деген   екпінді
дайындығыңыз  сізге сенімділік туғызады және білімінізге сай бағаны аласыз.

      3 Курстың саясаты мен форматы.


      Аудиториялық  сабақтар  курсты  оқу  бойынша  методикалық  ұсыныстарға
сәйкес жүргізіледі. Әрбір тақырыпты оқу кезінде жұмыс дәптерінде  зерттелген
тақырыптың мақсаты, тапсырмасы, шешімі және  қорытындысы  көрсетілуі  керек.
Сабақтың бағасы сабаққа келуі бойынша  1  балл,  жауап  беруі  және  қатысуы
бойынша  1-  ден  3  баллға  дейін  есептеледі.  СОЖӨЖ   аудиториялық   және
аудиториядан тыс деп бөлінеді. Аудиториялық толық  өңделген  бақылау  жұмысы
түрінде жұмыс дәптерінде және реферат түрінде орындалады.
       Сабаққа қатысу: Дәріс  және  тәжірибелік  сабақтарға  міндетті  түрде
қатысу керек. Дәріс  кезінде  түсінбеген  материалдарды  оқытушыдан  қосымша
түсіндіруін сұрауға болады. Егер студент  белгілі  бір  себептермен  сабаққа
қатыса алмаса, барлық өткен материалдар бойынша жауап беруі тиіс.
      Үй жұмысы: үй жұмысы өткен материалды бекіту үшін және міндетті  түрде
орындау  үшін   арнайы  жасалған.  График  бойынша  әр  тақырыпытың  соңында
тапсырылуы керек.
      Тәртіп:   Сабақ  үстінде  үнемі  тәртіп  бұзған  студент  аудиториядан
шығарылып, жіберіледі және барлық курс бойынша  «қанағаттанарлықсыз»  бағасы
қойылады.  Сабаққа  кешігіп  келуге  болмайды,  сабаққа  кешіккен    студент
дәрісханаға кірмейді. Сабақ кезінде ұялы телефондар өшірілуі тиіс.
      Сабаққа дайындық: Студенттер  сабаққа    дайындалу  барысында  Шәкәрім
атындағы Семей мемлекеттік  университетінің  компьютерлерін  қолдана  алады.
Кітапханада   белгіленген   ережелер   бойынша    оқулықтарды,    мерзімдікк
басылымдарды оқуға, үйге алуға болады.
      Өздік жұмыстар: Дәрісханадан тыс уақытта  студенттер  СОЖӨЖ  және  СӨЖ
дайындап,  белгіленген  мерзімде  оқытушыға   өткізеді.   СОЖӨЖ   және   СӨЖ
тапсырмалары 6-пунктте белгіленген. СОЖӨЖ және СӨЖ   4  форматтағы  таза  ақ
беттерге орындаладыы.
      Бақылау жұмыстары: бақылау жұмысын  студент  міндетті  түрде  орындап,
белгіленген уақытта тапсырылуы тиіс.
      Көшіріп алу: Кез-келген көшіріп алу үшін қатаң  жазалап,  аудиториядан
шығарумен қоса, жалпы курс үшін «Ғ» бағасын қоюмен қамтылады.
      Межелік  бақылау:  Межелік  бақылау  қорытындысы  студенттің   сабаққа
қатысуын,  өздік жұмысты уақытында орындауын, сабақта  ауызша  және  жазбаша
түрде жауап беруін ескере отырып қойылады.
      Емтихан:  қорытындысы  бойынша  бағалық  баллдар  қойылады.  Емтиханда
сіздің дәрістік жазбаларынызды және кітаптарды пайдалануға болмайды.
      Ұсыныстар: оқу процесіне белсенді қатысу керек,  барлық  тапсырмаларды
талпынып  орындау  керек,  ұжымдық  жұмыстарға  қатысу  керек.  Пунктуальды,
сабырлы болу керек.


     4. Баға қою саясаты.
      1.Дәріс конспектілері:  тақырыптың  барлық  сұрақтары   бойынша  толық
конспектілеу- 1 балл; сабаққа келу- 0,1 балл; дәрістерге қатысу-  0,1  балл.
Жиыны – 5 балл.
      2.Зертханалық сабақтарда жұмыс:  зертханалық-  тәжірибелік  сабақтарға
қатысу 1,5 балл, 0,5 балл- ЗТС жұмыстарының барлық  тапсырмалары  орындалса;
0,5 балл- тақырыпты теориялық талдау  кезінде   теориялық  сұрақтарға  жауап
беру(қысқа  тест  т.б.)  және  0,5  балл-   тақырып   бойынша   қорытындылау
жауаптары. Жиыны – 100 балл.
      3. Семинар сабақтарында жұмыстар: тақырып  бойынша  СОЖӨЖ  рамкасында-
1,25 балл ( 0,8 балл- семинарда сұрақтарға толық дұрыс жауап берсе);
      4. 0,2 балл- семинар сұрақтарына конспекті жасағаны үшін ( 0,25  балл-
толықтырғаны үшін). Жиыны – 5 балл.
      5.Тақырып бойынша коллоквиум- 2,5 балл ( 2 балл- коллоквиумға белсенді
қатысқаны үшін, 0,5 балл- толықтырғаны үшін). Жиыны –5 балл.
     4. Тақырып бойынша рефераттар мен баяндамаларды қорғау- 2,5 балл
( көркемделінуі- 0,5 балл, мазмұны –1,5 балл). Жиыны – 15 балл.
       7.  СӨЖ  :  тақырып   бойынша   сызбалардың,   кестелердің   сызылуы,
тапсырмаларды орындау- 1 балл, барлық орындалған тапсырмалар  бойынша  жиыны
– 15 балл.
Жиыны – 50 балл.
      Студенттің семестр бойғы рейтингілік балы  50  %  ға  тең  немесе  көп
болса, ол пән бойынша қорытынды бақылауға жіберіледі.
      Пән бойынша қорытынды баға шкаламен анықталады.

 Кесте 2


|Әріптік       |Балдың      |Пайыздық   |Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар  |
|эквивалент    |сандық      |мәні       |                               |
|бағалар       |эквиваленті |           |                               |
|I             |2           |3          |4                              |
|А             |4,00        |95-100     |Өте жақсы                      |
|А-            |3,67        |90-94      |Өте жақсы                      |
|В +           |3,33        |85-89      |Жақсы                          |
|В             |3,00        |80-84      |Жақсы                          |
|В  -          |2,67        |75-79      |Жақсы                          |
|С +           |2,33        |70-74      |Қанағаттанарлық                |
|С             |2,00        |65-69      |Қанағаттанарлық                |
|С -           |1,67        |60-64      |Қанағаттанарлық                |
|D+            |1,33        |55-59      |Қанағаттанарлық                |
|D             |1,00        |50-54      |Қанағаттанарлық                |
|F             |0,00        |0-49       |Қанағаттанарлықсыз             |

      Пән бойынша студенттің білімін бақылау мына формада жүргізіледі:
      - ағымдық бақылау (АБ), апта сайын жүргізіледі
      - межелік бақылау ( МБ)
      - бақылаудың қорытынды формасы (БҚФ)-  академиялық  кезеңнің  аяғында
        бір рет өткізіледі.

        Пән бойынша тапсырмалар тапсырудың және орындаудың графигі:
           Кесте 3
|№ |Жұмыс түрі   |Тапсырманың мазмұны|Орындауд|Балда|Тапсыру|Бақылау     |
|  |             |және мақсаты       |ың      |р    |уақыты |формасы     |
|  |             |                   |ұзақтығы|     |       |            |
|1 |Реферат,     |Жеке тапсырмаларды |2-3 апта|7    |3,6,9,1|Қорғау      |
|  |баяндама     |орындаудағы өзіндік|        |     |4      |            |
|  |             |қалыптастыруға     |        |     |аптада |            |
|  |             |бейімделу          |        |     |       |            |
|2 |СОЖӨЖ        |Зертханалық        |Кесте   |15   |1-15   |өткен сабақ |
|  |(Зертханалық,|жұмыстарды өткізу  |бойынша |     |апта   |бойынша     |
|  |семинар      |әдістерін меңгеру  |        |     |       |есеп,       |
|  |сабақтары )  |                   |        |     |       |семинар     |
|  |             |                   |        |     |       |сұрақтарына |
|  |             |                   |        |     |       |жауап және  |
|  |             |                   |        |     |       |конспект    |
|3 |Білімді      |Дәрістік сабақ     |үнемі   |13   |7,14,15|Қысқа тест, |
|  |ағымдық      |материалдарын      |        |     |       |Коллоквиум  |
|  |бақылау      |меңгерудегі білім  |        |     |       |            |
|  |             |бақылау            |        |     |       |            |
|4 |СӨЖ бойынша  |Жеке тапсырмаларды |50      |15   |3-15   |Конспектілер|
|  |барлық       |орындаудағы өзіндік|        |     |       |Сызбалар,   |
|  |тапсырмаларды|қалыптастыруға     |        |     |       |Кестелер,   |
|  |орындау      |бейімделу          |        |     |       |Баяндамалар,|
|  |             |                   |        |     |       |Рефераттар  |
|5 |Аралық       |Білім сапасын      |50      |10   |15     |Тестілеу,   |
|  |межелік      |айқындау           |        |     |       |коллоквиум  |
|  |бақылау      |                   |        |     |       |            |

5  Пәннің мазмұны және сабақтардың түрлері бойынша сағаттарды бөлу.

Кесте  4-  Пәннің мазмұны. Сабақтардың түрлері бойынша сағаттарды бөлу.

|№    |Тақырып атауы                     |Д      |СТС    |СӨЖОЖ  |СӨЖ       |
|1    |2                                 |3      |4      |5      |6         |
|1    |Жеміс салу және түсімділікті      |1      |2      |3      |3         |
|     |болжау.                           |       |       |       |          |
|2    |Орман тұқым базасын ұйымдастыру.  |1      |2      |3      |3         |
|3    |Орман тұқым шикізатын дайындау,   |1      |2      |3      |3         |
|     |өңдеу және сақтау.                |       |       |       |          |
|4    |Тұқымның егістік қасиеті және     |1      |2      |3      |3         |
|     |оларды егіске дайындау.           |       |       |       |          |
|5,6  |Питомник территориясын            |2      |4      |7      |7         |
|     |ұйымдастыру.                      |       |       |       |          |
|7    |Орман питомниктеріндегі ауыспалы  |1      |2      |3      |3         |
|     |егіс.                             |       |       |       |          |
|8    |Орман питомниктерінде топырақты   |1      |2      |3      |3         |
|     |өңдеу.                            |       |       |       |          |
|9    |Орман питомниктерінде тыңайтқыштар|1      |2      |3      |3         |
|     |мен гербицидтерді қолдану.        |       |       |       |          |
|11,  |Егістік бөлім.                    |2      |4      |7      |7         |
|12   |                                  |       |       |       |          |
|13,  |Мектептік бөлім.                  |2      |4      |7      |7         |
|14   |                                  |       |       |       |          |
|15   |Көшет материалын дайындау және    |1      |2      |3      |3         |
|     |инвентаризация.                   |       |       |       |          |

6 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАР

                           Кесте  5 - СОЖӨЖ және СӨЖ жоспарлары.


|СОЖӨЖ                                            |СӨЖ                     |
|аудиториялық            |аудиториядан тыс        |                        |
|1                       |2                       |3                       |
|Орман тұқымдарының      |Бүршік кептіру          |Тұқымдардың селекциялық |
|бақылау станциялары.    |станциясын              |категориясы.            |
|                        |ұйымдатсырудағы еңбекті |                        |
|                        |қорғау.                 |                        |
|Селекциялық негізде     |ЭЕМ көмегімен питомник  |Алқап ішіндегі          |
|орман тұқым базасын     |ауданын есептеу.        |ағаштардың жеміс беруі. |
|ұйымдастыру.            |                        |                        |
|Орман шаруашылығында    |Ауыспалы егісті         |Ауыспалы егістің        |
|тұқым дайындауды        |енгізудің теориялық     |ротациялық және ауыспалы|
|ұйымдастыру.            |негізі.                 |кестесін құру.          |
|Орман питомниктеріндегі |Топырақ өңдеудің        |Ауыспалы егістегі       |
|тыңайтқыштар.           |теориялық негізі және   |алғашқы және жыл сайынғы|
|                        |қойылатын талаптар.     |топырақ өңдеу.          |
|Тұқымдарды егіске       |Орман питомниктерінде   |Топырақты әктеу және    |
|дайындау.               |гербицидтерді пайдалану.|гипстеу.                |
|Орман тұқым шикізатын   |Көшет материалын        |Гербицидтермен жұмыс    |
|өңдеу.                  |өндірудің               |істеу кезіндегі         |
|                        |рентабельділігі және оны|қауіпсіздік ережесі.    |
|                        |жоғарылату жолы.        |                        |
|Ағаштар мен бұталардың  |Вегетативтік көбеюдің   |Тұқымдардың             |
|екпелерін өсірудің      |ғылыми негізі.          |стратификациясы.        |
|ерекшеліктреі.          |                        |                        |

           7 « Орман питомниктері   » пәні бойынша
                     оқу процесінің күнтізбелік графигі
  Кесте –6  « Орман питомниктері » пәні бойынша  оқу процесінің күнтізбелік
                                  графигі.

|№  |Бақылаудың    |Бал|апталар                                           |Қорыт|
|   |түрі          |дар|                                                  |ынды |
|   |              |   |                                                  |балл |
1234567
АБ189101112131415
АБ21Дәріске қатысу0,4***************62Дәріс конспектілері1****43ЗТС жұмыстары0,5***************7,54Семинар сабақтарындағы жұмыстар(СОЖӨЖ)0,5***************7,55Коллоквиум 2**46Реферат ,баяндама қорғау1,5****67СӨЖ кесте, сызба құру, дайындық тапсырмаларын орындау1***************158Аралық (межелік бақылау)5**109Қорытынды (максимум)6010Емтихан (максимум)4011Семестр бойынша жиыны ( максимум)100
Пәндер