Файл қосу
Арнайы географиялық карталар
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |2 деңгейлі СМК құжаты |ПОӘК |ПОӘК 042-1.01-2014 | |«Картография негіздері» | | | |пәнінің оқу-әдістемелік |№ 2 басылым | | |материалдары |16.06.2014 ж. | | ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «Картография негіздері» 5В011600 – «География» мамандығы үшін ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ Семей 2014 Мазмұны |1 |Глоссарий | | |2 |Дәрістер | | |3 |Практикалық сабақтар | | |4 |Студенттердің өздік жұмыстары | | 1. Глоссарий Абсолютті биіктік деп жер бетіндегі нүктенің екінші нүктеден теңіз бен мұхит деңгейінен тіктеуіш бойынша алғандағы биіктікті айтады. Ол 0-ге тең. Азимут дегеніміз солтүстік бағыттан нүктеге дейінгі есептелінетін бұрыш. Азимут нақты (географиялық азимут), магниттік, дирекциондық бұрыш деп бөлінеді. Генерализация– (лат. Generalis- жалпы, негізгі) - бұл ең негізгіні, маңыздыны таңдап алып жинақтау, нәтижесінде құбылыстар картада негізгі қасиеттерімен бейнеленеді. Географиялық ендік деп меридиан доғасының экватордан берілген жерге дейінгі градуспен алынған шамасын айтады. Географиялық бойлық деп параллель доғасының бастапқы меридианнан берілген орынға дейінгі градуспен алынған шамасын айтады. Градус торы деп глобус пен географиялық карталардағы меридиандар мен параллельдер сызықтарының бейнесін айтады. Дирекциондық азимут дегеніміз координаталық зонаның осьтік меридианаға паралель сызықтығының солтүстік бағытынан берілген нүктеге дейінгі бұрышты айтады. Нақты азимут дегеніміз географиялық меридиананың солтүстік бағытынан берілген белгілі нүктеге дейінгі сағат бойымен есептелінетін бұрыш. Магниттік азимут дегеніміз магниттік стрелканың солтүстік бағытынан берілген белгілі нүктеге дейінгі есептелінген бұрышты айтамыз. Масштаб деп жергілікті жердің берілген аймағын белгілі бір шамада кішірейтіліп қағаз бетіне түсіруді айтады. Меридиан дегеніміз жер бетіндегі бір полюстен екінші полюске қарай шартты түрде жүргізілген ең қысқа сызықты айтады. Карта деп берілген территорияның белгіленген масштабта қағаз бетіне кішірейтіліп түсіруін айтамыз. Параллель деп жер бетіне шартты түрде экваторға параллель жүргізілетін сызықтарды айтады. Салыстырмалы биіктік деп жер бетіндегі бір нүктенің екінші нүктеден тіктеуіш бойынша алғандағы биіктікті айтады. 2.Дәріс сабағының тезистері №1 дәріс Картография: пәні мен зерттеу объектісі. Мақсаты: Картография: пәні мен зерттеу объектісімен танысу. Жоспар: 1. Географиялық карта туралы жалпы түсінік. 2. Картография ғылымының басқа ғылымдариен байланысы. №1 дәрістің қысқаша конспектісі Ежелгі дүние. Бұл кезең туралы біз археологиялық зерттеулерден біле аламыз. Швейцарияның үңгірлерінен екі сүйектен жасалған пластинкалар табылған. Бұл пластинкалардағы сызықтарды картамен салыстырғанда маңызды жолдардың сызбасына ұқсас болып келген. Сібірдегі Енисейден жартастардан суреттер табылған – онда ежелде аң аулаған, балық аулаған жерлердің сызбасы сызылған. География мен картография біздің эрамызға дейінгі бірнеше мыңдаған жылдар бұрын мәдениетті елдерде – ассириялықтарда, вавилондықтарда, египеттіктерде пайда болған. Кеңістіктің картографиялық сызбалары саздан жасалған тақталарда, папирустерде бейнеленген. Жердің пішіні туралы көзқарастар әр елде әртүрлі болған. Вавилондықтар, гректер, парсылар жер -дөңгелек, сақина тәріздес сумен қоршалған деп ойлаған; египеттіктер жер-құрлықтың жіңішке сызығы деп ойлаған. Ежелде мәдениеттің бірнеше орталықтары болған. Біреуі – Ежелгі Вавилон (қазіргі Ирак), екіншісі орталық – Египет. б.з.д. ІІ ғ-ң ортасында египеттіктер география мен елтанумен жақсы айналысқан, Египетте бұл кезде геометрия жақсы дамыған. Және тағы да мәдени орталық болған, олар – Мексика мен Қытай. Қазіргі Мексиканың территориясында өмір сүрген индеецтерде топографиялық карталар мен мұхиттық, кадастрлық пландары болған (қазіргі терминдермен айтқанда). Қытайлықтар компаспен таныс болған. Б.з.ІІ ғасырында Қытайда картографиялық бюро болған, олар картографиялық жұмыстарды орталықтандырып отырған. Ежелгі Греция мен Ежелгі Римдегі картография. Ежелгі Грециядан картографияның негізгі даму кезеңдерін сол кездегі әдеби шығармаларды оқығанда байқауға болады. Гомердің «Илиадасында» (ІХ- VІІІ) Ахиллестің қалқанындағы картографиялық суреттер туралы мағлұматтар бр, оны Гефест түсті металдан жасаған, қалқанда өзен, бақшасы бар екі қала және соғыс пен бейбіт өмір кезіндегі суреттер бейнеленген. Б.э.д. VІғасырда оны Милетік Тегатей өзінің саяхаттарының арқасында толықтырған. Тарихшы Геродот (V ғ. б.э.д.) сол кездегі дипломатиялық келіссөздер кезіндегі картаның мәні туралы айтқан. Гректің математигі және астрономы Фалес (б.э.д. V) ең алғаш жұлдызды аспанның кратасын жасаған. Картография алғашқы ғылыми негізін Греция мен Египетте алған. Александр Македонскийдің жорықтары гректердің географиялық көзқарастарын қалыптастырды. Александрдың жорықтарына екі ғалым, қазіргі тілмен айтқанда екі топограф қатысқан. Олар жүрген маршруттарын қадам арқылы өлшеген. Б.э.д. ІV ғасырда Аристотель жердің шар тәріздес екендігі туралы айтқан. Бұл картографияның математикалық негіздерінің дамуына әкелді.Аристотельдің ілімен жалғастырушы Дикеарх (б.э.д. ІІІ ғ.) өзінің картасына диафрагма енгізген, ол Геркулес (Гибралтар) пен Родос аралы арқылы өткен, онда үлкен сауда порттары мен маяк болған. Кейіннен Родос арқылы диафрагмадағы перпендикулярлы түрде екінші сызықты жүргізетін болған. Бұл сызықтар – координаталық тордың бастапқы түрі болған. Жерорта теңізінің жағалық сызығы туралы мағлұматтар грек теңізшілерінде болған. Олар бір күндік жолдағы қашықтықты өлшеп отырған. Б.э.д. ІІ ғ-да астрономияның дамуы картографияның нақтылануына әсер етті, соның ішінде Эратофеннің картасы да. Гиппарх жұлдызды аспанның кратасын жасауда, жаңа проекцияны қолданады, ол оны 360 бөлікке бөледі. Б.э.д. ІІ ғ-да глобус пайда болды. Кратестің алғашқы глобусы екі мұхиты бар шар болатын. Олардың біреуі – экватор бойынша, екіншісі – меридиан бойынша орналасқан.Мұхиттардың арасында төрт құрлық болған, олардың біреуі – гректерге белгілі құрлық – Ойкумена. Картографиялық және географиялық білімдер туралы ғылыми дәлелдерді б.э.д. ІІ ғ-да Клавдий Птоломей (90-168) берді. Ол Александриялық математик, астроном, картограф. Оның 27 картасы бар «География бойынша басшылық» еңбегі одан кейінгі 14 жұлдыздық бойы өте беделді болды. Рим империясында карталар тәжірибеде қолданылған. Римдіктердің әсери жорықтары Жерорта теңізінде, Европада, Азияда, Африкада үлкен территорияларды алып жатты. Олар гректердің картографиялық жетіктіктерін тиімді қолданды. Мемлекетке қажет болғандықтан, сенат жерді өлшеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылдауға мәжбүр болды. Бірінші өлшеу жұмыстары Юлий Цезарь (б.э.б. І ғ) кезінде жүргізілді. Рим империясының мұндай картасының біреуі Венада сақталған. Ол бізге «Пейтингер таблицасы» ретінде белгілі. Рим империясының шығыс бөлігінің картография бойынша жетістіктерін сипаттайтын тағы бір есерткіш Византиядан табылған. Бұл Палестинаның мозайка түрінде жасалған географиялық картасы ХІХ ғ-ң аяғында Мауеба поселкасының құлап жатқан ежелгі храмының жолынан табылған. Бұл картаны VІ ғ. екінші жартысына жатқызады. Картаның 25 м2 сақталған. Кратада Палестина бейнеленген,шекаралық бөліктері Сирия мен Төменгі Египетпен бірге оның масштабы шамемен 1:40 000. Рим империясының әлсіреуі ІІІ –ІV ғ. картографияға кері әсерін тигізді. Христиан дінінің келуі ғылымды тежеді. Орта ғасырлардағы картография Рим империясының құлауы мен жаңа мемлекетердің пайда болуы БатысЕвропаның өмірін өзгертті. Құл иеленуші билік феодалдыға ауысты. Феодалдық қоғам-геогрфяиылқ білімнің дамуына кері әсерін тигізді. Ол кезде ғылымда Аристотель ұсынған табиғатты эмпирикалық зерттеу әдісі қолданылмады. Библия – білімнің қайнар көзі болып саналды. Сауатты монастырларда ғана ашылды, Жердің шар тәріздес екендігі туралы ұғым ұмытылып, Жер төртбұрышты деген ұғым пайда болды. Монастырь библиотекасында византиялық көпес Козьма Индикоплдың «Христиандық топография» деген кітабы басылды. Монастырларда жасалған географиялық, картографиялық суреттер шындыққа мүлдем жанаспады, олар жұмақ бақшалары бар түзу бұрыштардан тұрды. Біртіндеп олардың мазмұны жақсара бастайды, олар дөңгелек, сопақша бола бастайды, ортасында Иерусалимнің суреті тұрады. Венецияда Фра-Мауро 1459 ж. жасаған карта сақталған. Ол дөңгелек, диаметрі 1,9 м. Кратада жаңа географиялық ашылымдар көрсетілген: Үнді мұхиты, Птоломейдің картасымен салыстырғанда жабық емес, Ресейдің оңтүстік жағында Қара теңіз бен Азов теңіздері көрсетілген. Егер Европада шіркеулік-феодалдық мәдениет билеп тұрса, Азияның кейбір елдерінде, Арменияда, Үндістанда, Қытайда картография мен география біршама дамыды.Армения сауда жолдарының қиылысуында, Византия мен Иранның арасында орналасқан, бұл жағдай армяндық география мен картографияның дамуына әсер етті. VІІ ғ. «Армындық география» пайда болды, оған Птоломейдің еңбектері әсер еткен. Арабтарда картографияның дамуы саудамен және жаулаушылық жорықтармен байланысты. Әр мұсылман,шамасы келсе, Меккееге хажылыққа ару керек болған. Бірнеше ғасырлар бойы Араб халифаты Рим империясының территориясынан да үлкен аумақта үстемдік құрды. Оның құрамына бірнеше ежелгі елдер кірді, соныңішінде ғылыми орталығы Александриясы бар Египет те бар. Арабтар басқа елдердің ғалымдарының еңбектерін аударған, Птоломейдің еңбектерін аударды, эллиндік астрономияның жетістіктерімен танысты. ІХ ғ-ғы Араб астрономдары градустық өлшемдер жүргізген. Х ғ-да мұсылман елдерінің 21 картасы бар жинақ шықты. Алғашқы мұсылман каталары кілем тәріздес болды, симметриялы фигуралардан тұрып, мәтінге иллюстрация ретінде қолданылады. ХІІ ғ-да мұсылман картографтары ішіндегі ең белгілісі – Идриси. Ол Птоломейдің карталарының негізінде жасалынған 70 беттік карталар жинағының авторы. Араб географтары Идриси мен Ибн-аль-Вардидің карталары Птоломейдікімен салыстырғанда алға қарай жылжыды. Бұл жағдай араб географтарының еңбектері христиан әлемінен асқандығын көрсетеді. Идрисидің карталарында Скандинавия, Балтық теңізі, ладога, Онега көлдері, Двина, Днепр, Дон, Волга, Енисей, Амур, Алтай таулары, Тибет,Син елі мен Инд елі бар. Қайта өрлеу дәуірі. Әдетте Ұлы географиялық ашылулар эпохасын Колумб пен Магелланның атымен бастайды. Бірақ олардың жүзу әрекеттері португалдық принц Энрикенің еңбегінің арқасында. Ол тарихта Теңізші Генрих деген атпен белгілі, бірақ ол өзі теңізде жүзбеген. Европаның батыс мүйісі – Сан Висентте Энрике космография мектебін, астрономиялық обсерватория, теңіз арсеналын тұрғызды. 1416 жылы ол бірінші экспедицияны жіберді, сол кезден бастап әр жыл сайын португалдық кемелер Африканың жағалуымен Үндістанды іздеп теңізге шығады. Осыдан он жылдан кейін Васко да гама Үндістанға жетеді. Ол кезде Үндістан деп Азияның үлкен бөлігін, нақтырақ айтсақ, Үндістанды, Бирманы, Қытайды, Жапонияны, Малакка аралын, Индонезияны, Эфиопияны айтқан. Колумб Үндістан деп Сипангу деген таңғажайып арал деген, сол аралға 1492 жылы тамызда канар аралдары арқылы жолға шығады. Бұл жорықта сан- сальвадор, Куба аралдары және басқа да жерлер ашылады. 1513 жылы Васко Нужьес Бальбас Панаманы кесіп Тынық мұхитына шығады. 1519-1521 жж. Эрнандо Кортес ацтектер мемлекетін жаулап алды (қазіргі Мексика жері). 1524-1537 ж. Писсаро ағайындылары, Диего Альмагаро, Себастьян белалькасар Оңтүстік Американың батыс жағалауын ашып, инктердің империясын аужалап алды. 1523-1544 ж. испандықтар Юкатандағы жақсы дамыған майя елін жаулап алады. Магелланның экспедициясы картографияға үлкен үлесін қосты. Антверпен қаласы дүниежүзілік сауда мен картографиялық өнімдердің ірі орталығына айналды. Бізге Маркен Бехаймнің (1492) глобусы белгілі ол картограф және астроном. ХVІ ғ. Шепердің (1515) глобусы өте белгілі болады. ХVІ ғ. жер шарын бейнелеуде жаңа проекциялар жасалынды. Бұл проекциялар аврамм Ортемияның атласында қолданылады, және де Меркатор деген фамилиясымен беліглі Гепардо Кремердің атласында қолданылады. Меркатор 1539 ж. бірінші болып «Америка стауын қолданды. Бұл ғалымның еңбектері – картография дамуныдағы бүтін бір эпоха. Оның 15 беттес алынған картасы белгілі, мыста гравирленген,циллиндік проекция. Меркатор өмірінің ақырғы жылдарында атлас жасаумен айналысқан, ол меркатор қайтыс болғаннан кейін 1595 ж. басылып шықты. Бұл атласта Ресейдің картасы жақсы бейнеленді. ХVІІ-ХVІІІ ғ. Батыс Еуропаның картографиясы. Американың ашылуы және елді отаршылдарға байланысты дүниежүзілік сауда дамыды, л картографияның маңыздылығын арттырды. Картография дамуында Нидерландияның рөлі азайып, Англияда жақсы дамыды. 1675 ж.Гринвич обсерваториясы ашылды, онда астрономиялық бақылаулар, магниттік физика-географиялық сипаттары жүргізілді. ХVІІ ғ-ң 2-ші жартысында Францияда картография қарқынды дамыды. 1616 ж. В.Снеллиус триангуляция әдісін ойластырды. Триангуляция әдісі арқылы меридианның ұзындығын өлшеп, геодезиялық тор-ң координаттық нүктесін табады. Осы әдіс арқылы француздар жердің пішінін табуға зерттеулер жүргізді. ХVІІІ ғ. И.леман штрихтардың шкаласын құру барысында математикалық санауларды пайдаланды. Орыс картографиясы. Орыс картографиясының ең дамыған кезі ХVІ ғ. «Большой чертеж всему Московскому госдуарству»құрылған уақыт. Ол 1627 ж. толықтырылды. Мұнда халықтардың орналасуы жайында жазылған. Орыс картографиясы-сызбасы қолмен жазылған бірнеше данада болды, олардың көбі сондықтан семен Ремезов және Пеобольскінің «Чертежная книга Сибири» 23 кратасы бар атлас 1701 ж. пайда болды. 1724 ж. І петрдің бұйрығымен Ресейдің ғылыми академиясы құрылды, ол мемлекетті зертетумен айналысты. Зерттеулердің басшысы И.К.Кириллов «Атлас всероссийской империи» 360 картадан құралған үлкен атлас жасауды ойластырды. Бірақ 1734 ж. бір ғана бөлімі шығады. Мұнда көп қателер болды. 1745 ж. «Ресей атласы» шығады, оны ғылым академиясының географиялық департаменті құрастрыды. 1739 ж. ашылған географиялық департаменттің басшысы М.Ломоносов болды. Олар ХVІІІ ғ.негізгі барлық картографиялық жұмыстарды атқарды. Осы кездегі бүкіл экспедицияның мақсаты: карта жасау үшін картографиялық мәліметтер жинау болып табылды. Сібір, Қазақстан, Каспий маңы жерлерін, Орталық Азия, Камчатка, Тынық және Солтүстік мұзды мұхитты зерттеу барысында геодезистер көп еңбек етті. 1882 ж. геологиялық комитет ашылды, олардың негізгі мақсаты – елді геологиялық картографияландыру. Экономикалық геологиялық карта ерте пайда болды. Экон, халықтар картографиясының жасауға П.П.семенов-Тянь-шанский өз үлесін қосты, В.В.Докучаев топырақ картографиясының негізін салған. 1914 ж. әйгілі картографиялық шығарма- «Азиялық Ресейдің атласы» жарық көрді. Ол халықтардыңсібір, Орталық Азия, Қиыр шығысқа жер аударған кезде жасалынды. ХІХ-ХХ ғ шет елдерде география мен картоггафияның арасындағы қатынасты сөз етті. А.А.саминдевоаның айтуынша, кратография бөлек ғылым ретінде қалыптасты. Ал В.Н.татищев картографияны математикалық география деп атап, географияның 2 басты бөлімшесі физикалық және саяси қатар 3 бөлімі картография болу керек деген. Қазіргі кездегі картография. Картографияның ең басты міндеті халықтардың шаруашылық, білімі. Мәдениетке байланысты картамен қамтамасыз ету. 1923 ж. бастап топографиялық картографияға ортақ стандартты ережелер қойылды. 50 ж. ортасында мемлекет территориясының 1 : 100 000 масштабта картаға түсіру аяқталды. Өте сапалы картографиялар дүниегек елді. Геологиялық (1:200 000, 1: 1000 000), , топырақ (1: 1000 000), гипсометриялық (1: 2500 000). 1950-59 ж. 1: 4 000 000 масштабты СССР-ң қабырға кратасы шықты. Николай Никоалевич Баранский картографияның дамуына үлкен үлес қосқан, советтік экономикалық және саяси географияның негізін қалаушы. Константин Алексеевия Самищев – географиялық-картографиялық мектептің басшысы, белгілі ғалым, картограф. Еңбектері «Идеи и теоретические пробемы в картографии 30-х годов» 1983 ж. жарық көрді. Мұнда СССР және шет елдердің картографиясының қалыптасу тарихы көрсетілген. Анатолий Григорьевич Исаченко – географ, ландшафтовед, картограф. Еңбектері: «Физико-географическое картирование», «Ландшафтная карта СССР». Александр Михайлович Берлянт – белгілі ғалым картография ғылымыныңдамуында зор еңбектерін қамтыды. Н.В.Малаховтың айтуынша, картография ғылымының негізгі міндеттері: 1) Жаңа картографиялық шығармаларды қалыптастыру 2) оларды барлық білім салаларында қолдану және осыған орай картографиялық әдістердің дамуы. Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: .1. Географиялық карта туралы жалпы түсінік. 2. Картография ғылымының басқа ғылымдариен байланысы. Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4 №2 дәріс Картаның математикалық негізі. Мақсаты: Картаның математикалық негізімен танысу. Жоспар: 1. Масштабтар. Масштаб түрлері. 2. Бағыт бұрыштары: нақты, магниттік азимут, дирекциондық бұрыштар, румболар. №2 дәрістің қысқаша конспектісі Карта деп берілген территорияның белгіленген масштабта қағаз бетіне кішірейтіліп түсіруін айтамыз. Әрбір географиялық картаға қойылатын басты талап-географиялық ортаны ғылыми негізде дұрыс бейнелеу. Географиялық орта картаның мазмұнын құрайды. Мазмұнына қарай географиялық картаның барлығын үлкен 2 топқа бөлеміз. 1) Жалпы геграфиялық карталар 2) Арнайы географиялық карталар. Жалпы географиялық карта деп жергілікті жерге жалпы сипаттама беруді айтамыз. Мұндай карталарда бірдей дәрежеде рельефіне, теңіз жағалауына, өзен мен көлдерге, жеке орналасқан объектілерге, жол мен электр энергия жүйесіне және т.б. көптеген сипаттама беріледі. Арнайы географиялық карта жеке бір ғана сұрақтЫ алып, карта бетінде толығымен сол сұрақты ашуға тырысады. Мысалы: Қазақстанның тектоникалық картасы, геологиялық картасы, климаттық картасы, саяси-әкімшілік карталар. Жалпы географиялық масштабына тоқталсақ олар үшке бөлінеді. 1) ірі масштабты (1:100000 және одан да ірі) 2) орта масштабты (1:200000-1:1000000) 3) ұсақ масштабты (1:1000000-нан ұсақ) Ірі масштабта құрастырылған карталар топографиялық шолу картасы деп атайды. Карталардың масштабына қарай объектілерге сипаттама беруде әртүрлі болып келеді. Карта масштабы неғұрлым ірі болған сайын территорияны қамту үлкенірек болып объектілерді толығымен көрсетуге тырысады. Керісінше карта масштабы неғұрлым ұсақ болған сайын территория бетінде объектілерді көрсету кем болады. Масштаб деп жергілікті жердің берілген аймағын белгілі бір шамада кішірейтіліп қағаз бетіне түсіруді айтады. Масштабтар: сандық, сызықтық, көлденең деп 3-ке бөлінеді. Сандық масштаб дегеніміз белгілі бір картаның қанша есе кішірейтілгенін санмен көрсетеді. М 1:100000 болса, атаулы масштаб 1см-1км; М 1:10000 болса, атаулы масштаб 1см-100м. Себебі: 1м-100см, 1км-1000м Мысалы: 1см-5км (аталуы) осыны сандық масштабқа айналдыр. 1) километрді метрге айналдырамыз. 5км-5000м Осыны 5000м-ді см-ге айналдыр. 5000м = 500000см. Сонда 1:500000. Сызықтық масштаб деп сызық бойына жергілкті жерге сәйкес келетін арақашықтықты көрсету. Көлдеңен масштаб үлкен дәлдікпен анықтау үшін қолданылады. Азимуттер, румб мен дирекциондық бұрыштар. Геодезиялық жұмыстар барысында жазықтықтағы бір нүктеге бірнеше нүктенің қатынасын анықтау жиі кездесіп тұрады. Бұл есеп полярлық координаттар көмегімен шешіледі. Азимут дегеніміз солтүстік бағыттан нүктеге дейінгі есептелінетін бұрыш. Азимут нақты (географиялық азимут), магниттік, дирекциондық бұрыш деп бөлінеді. Нақты азимут дегеніміз географиялық меридиананың солтүстік бағытынан берілген белгілі нүктеге дейінгі сағат бойымен есептелінетін бұрыш. Магниттік азимут дегеніміз магниттік стрелканың солтүстік бағытынан берілген белгілі нүктеге дейінгі есептелінген бұрышты айтамыз. Дирекциондық азимут дегеніміз координаталық зонаның осьтік меридианаға паралель сызықтығының солтүстік бағытынан берілген нүктеге дейінгі бұрышты айтады. Бұл азимуттардың үшеуі де 0(-ден 360(-қа дейін созылады. Барлық геодезиялық және топографиялық 0( жұмыстар барысында приборлар көмегімен 0(-ден 360(-қа дейінгі шамаларды аламыз. Ал өңдеу жұмыстар барысында тригонаметриялық фнукциялар 270( 90( таблицалары 0(-ден 90(-қа дейінгі мәндерді анықтайды. Сол үшін топографияда румблар қолданылы. [pic] 180( Румб дегеніміз жақын меридианнан (солтүстік және оңтүстік) белгілі нүктеге дейінгі есептелінетін бұрыш. Ол 0(-ден 90(-қа дейін өзгеріп отырады. С 1) (1=10(12(=СШ 10(12( IV СБ СШ I (2=85(19( СШ 85(19( r=360(-( r=( (3=120(20( ОШ 59(40( Б Ш (4=182(15( ОБ 2(15( r=(-180( r=180(-( (5=290(19( CБ 69(41( III II ОБ О ОШ Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: 1. Масштабтар. Масштаб түрлері. 2. Бағыт бұрыштары: нақты, магниттік азимут, дирекциондық бұрыштар, румболар. Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4 №3 дәріс Картогрпфиялық проекциялар. Мақсаты: Картогрпфиялық проекциялармен танысу. Жоспар: 1. Цилиндрлік проекция. 2. Конустық проекция. 3. Азимутальды проекция. №3 дәрістің қысқаша конспектісі Цилиндрлік проекция. Цилиндрлік проекция негізінен дүние жүзі немесе экватор маңында орналасқан территориялар үшін қолданады. 1) r[pic]=R*M 2) D=[pic][pic] 3) d=[pic][pic] R- жердің радиусы r[pic]- көмекші глобус радиусы M- негізгі масштаб D- меридиан арасындағы ара-қашықтық d- параллель арасындағы ара-қашықтық Δλ- бойлықтар айырмашылығы Δφ- еңдіктер айырмашылығы Мысалы: Австралия М=1:100000000 Δλ=Δφ=5[pic] φс=110[pic]ОЕ φо=380[pic]ОЕ λш=1540ШБ λб=1150ШБ 1) rс=6371км*1:100000000=637100000[pic]=6,371*10[pic][pic]=[pic][pic]6,37см 2) D=[pic]50=0,55см 3) d=[pic]50=0,55см Конустық проекция Конустық проекциялар экватордың бір жағында орналасқан территориялар үшін қолданылады. Конустық проекцияны есептеп құрастыру үшін төмендегі шаттарды міндетті түрде орындау керек. 1. Алынған негізгі масштабта көмекші глобустың радиусын 2. проекция коэффициентін 3. меридиандардың жақындалуы 4. қима параллельдер радиусын 5. параллельдер арасындағы ара-қашықтықтар 1) r[pic]=RM 2) ά=sin[pic] 3) Δλ′=Δλ*ά 4) a) ρ[pic]=[pic] b) ρ[pic]=[pic] 5) d=[pic]Δφ0 Тапсырма: М 1:00000000 Δφ=10[pic] Δλ=20[pic] φ[pic]=40[pic] φ[pic]=60[pic] λб=200ШБ φо=300СЕ φо=100[pic]ШБ λш=1800ШБ φ[pic]с=800СЕ 1) r[pic]=RM=6371км*[pic][pic]=6,37см 2) ά=sin[pic]=0,766 3) Δλ′=20[pic]*0,766≈15[pic] 4) a) ρ[pic]=[pic]=[pic]=6,37см б) ρ[pic]=[pic]=[pic]=4,1 5) d=[pic]*10[pic]=1,1 Азимутальды полярлық проекция Азимутальды полярлы проекция полюстер және полюс маңында орналасқан территориялар үшін құрастырылады. [pic]=[pic][pic](90-[pic]) постелдің тең аралық Антарктида материгін сызу керек М 1: 40000000 [pic]= 150 [pic]= 150 1. r[pic]= RM r[pic]= 6371 км*[pic]=16 см 2. [pic][pic]=[pic](90-90)=0см [pic]=[pic](90-75)=4,05см [pic]=[pic](90-60)=8,1см [pic]=[pic](90-45)=12,15см [pic]=[pic](90-30)=16,2см [pic]=[pic](90-15)= 20,25см Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: 1. Цилиндрлік проекция. 2. Конустық проекция. 3. Азимутальды проекция. Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4 №4 дәріс Картографиялық бейнелеу әдістері. Мақсаты: Картографиялық бейнелеу әдістерімен танысу. Жоспар: 1. Картографиялық шартты белгілер. 2. Жер бедерінің бейнелеу әдістері. №4 дәрістің қысқаша конспектісі Картографиялық шартты белгілер. Топографиялық карталардың барлығында объектілердің орнын және олардың формасын оқуға жеңіл болу үшін арнайы шартты белгілермен көрсетіледі. Әр түрлі масштабтағы топографиялық карталарда шартты белгілердің барлығы бірдей болып келмейді. Ал негізі барлығы бір-біріне ұқсас болып тұрады. Барлық шартты белгілерді алғанда оларды үлкен 4 топқа бөлеміз: 1) Контурлық шартты белгілер 2) Сызықтық шартты белгілер 3) Масштабтан тыс шартты белгілер 4) Қосымша немесе түсіндірме шартты белгілер. 1.Контурлық шартты белгілер дегеніміз картаның масштабына түсетін объектілердің контурларын көрсету үшін қолданылады. 2. Сызықтық шартты белгілермен сызықтық объектілерді көрсету үшін қолданады. Мысалы: темір жол, тас жол, электр энергия торабы, өзендер, горизонтальдар және т.б. 3. Масштабтан тыс шартты белгілер карта масштабына ілікпейтін кішкене объектілер үшін қолданылады. Мысалы: құдық, бұлақ, шіркеу және т.б. 4. Қосымша немесе түсіндірме шартты белгілерге карта бетіндегі барлық жазулар мен цифрлар жатады. Жер бедерінің бейнелеу әдістері. Жер бетінің қыраттар мен жазықтардың жиындысы жер бедерін құрайды. Жер бедері топографиялық немесе физгеографиялық карталар құрастыру кезінде горизонтальдар көмегімен жасалады. Горизонталь дегеніміз биіктігі бірдей нүкте арқылы жүргізілетін қисық сызық. Оны басқаша изосызық деп атайды. Горизонтальдар жалпақ сызықтармен (100-дік немесе 50-дік сандарды білдіру үшін, өте ұсақ масштабта 25-ке, 10-ға дейін), жай сызықтармен берілген масштабқа байланысты жүргізіледі, үшінші үздік сызықтар жай сызықтардағы биіктердің орта шамасын көрсетіп өте сирек қолданылады. Горизонтальдар арасындағы биіктіктер карта масштабына қарай құрастырылады. 1:10000 масштабта 2м-ден кейін 1:25000 масштабта 5м-ден кейін 1:50000 масштабта 10м-ден кейін 1:100000 масштабта 20м-кейін жүргізіледі. Бұл негізгі талаптар. /Беткейді неғұрлым көбірек горизонтальдар кескіндесе, оның соғұрлым биік болғаны. Горизонтальдар бір-біріне неғұрлым жақын орналасса, беткей соғұрлым тік келеді./ Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: 1. Картографиялық шартты белгілер. 2. Жер бедерінің бейнелеу әдістері. Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4 №5 дәріс Географиялық картадағы жазулар. Мақсаты: Географиялық картадағы жазулармен танысу. Жоспар: 1. Жазудың түрлері. 2. Жазудың шрифттері. №5 дәрістің қысқаша конспектісі Картадағы жазулар бірнеше топқа бөлінеді: 1. Жалқы атулар бірнеше топқа бөлінеді: (тау, өзен, көлдің географиялық атаулары) 2. Анықтық жазулар 3. Жазулардың сипаттамасы (сапалық және сандық) жалқы атаулар объектінің қасында әрқашан жазылады. Картаның масштабы кішірейген сайын ондағы атаулардың саны да азаяды. Анықтамалық жазулар мұнда көбінесе, теңіз аты жазылады. (қара теңіз, ақ теңіз) Сипаттамалар сандық және сөздей болуы мүмкін. Сөздік жазуда өзен сулардың минерализация болуы мүмкін. Сандық түрінде өзен, көл, теңіз тереңдіктері жазылады. Жазулар шрифтқа, оның өлшеміне, әріптерін сызылуына, олардың түсіне байланысты ажыратылады. Шрифт – бұл картаны әшекейлеу құралы. Шрифтер оның жақсы оқылу қоршаған адамдарды жақсы қабылдану тиіс. Топографиялық карталардың шартты белгілері шартты белгілерден, оларды түрлі-түсті безендіруден, түсіндірме жазулар мен цифрлы белгілерден тұратын біртұтас жүйе болып табылады. Шартты белгілер және олардың түр-түстері жердің әр түрлі объектілерін және тектік түрлерін көрнекі көрсетеді. Түсіндірме жазбалар және цифрлық белгілеулер шартты белгілерді кескінделетін объектілердің жеке ерекшеліктерін туралы мәліметтермен толықтырады. Біркелкі объектілердің әр түрлі масштабты топографиялық карталардағы кескіні және бояуы негізінен алғанда бірдей, тек көлемдері жағынан ғана өзгеше болады. Белгілі бір топқа енетін объектілердің сапалық және сандық сипаттамалары олардың өзіне тән ерекшеліктерін аздаған толықтырумен еске салатын бастапқы графикалық белгілермен беріледі. Жазулар және түсіндірме шартты белгілер масштабтық және масштабтан тыс шартты белгілермен үлесімді түрде қолданылады да, олар объктілердің қосымша сипаттамалары ретінде қызмет атқарады. Елді мекендердің, өзендердің, көлдердің, таулардың және т.б. аттары толық жазылады. Қысқартылған жазулар объектілердің шартты белгілерінің жанында орналасады; олар объектілердің маңызын немесе қасиетін түсіндіреді. Мысалы, мк. – мектеп, вкз. – вокзал. Цифрлық белгілер көбінесе объектінің сандық сипаттамасын (көпірдің ұзындығын, енін және жүк көтеру қабілетін; ағаштардың биіктігін, диаметрін және олардың ара қашықтығын, т.б.) көрсету үшін қолданылады. Карталардың негізін картографиялық кескіндеулер, математикалық негіз көмекші жабдықтармен қосымша мәліметтерден тұратын жиынтық құрайды. Ол картада бейнеленген объектілердің орналасуы, қасиеттері, өзара байланысы, қозғалысы мен дамуы туралы мәлімет береді. Топаграфиялық карталар үшін арнаулы шартты белгілермен оларға түсініктеме беретін кестелер беріледі. Бұл кестені масштабы сәйкес келетін барлық карталар үшін қолдануға болады. Тақырыптық карталардың түсініктемесі мен шартты белгілері сол карта бетінің өзінде беріледі. Кейбір түсінуге қиындық туғызатын карталар үшін қосымша мәлімет көзі ретінде кестелер (матрица) құрастырылады. Тақырыптық карталарды кескіндеудің басқа да әдістері қолданылады. Оларға: сапалық түс әдісі, изосызықтар мен қозғалыс сызықтары әдістері жатады. Сапалық түс әдісі кескінделетін аумақты қандай да бір сапалық белгісіне қарай жеке бөліктерге бөлгенде қолданылады. Әрбір бөлік белгілі бір түске боялады немесе штрихтермен таңбаланады. Мәселен, саяси карталарда әр түрлі түспен мемлекеттерін алып жатқан аумақтары, ал әкімшілік карталарда аймақ, облыс, аулдан және тағы басқа бөліктері боялады. Сонымен қатар спалық түс әдісімен өсімдік және топырақ зоналары, тау жыныстарының жасы ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлер көрсетіледі. Изосызықтар әдісі жалпы географиялық та, тақырыптық та карталада қолданылады. Изосызықтар деп жер бетіндегі қандай да бір құбылысты сипаттай алатын және мөлшерлік мәні бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтарды атайды. Қозғалыс сызықтар арқылы картада бағыттың ауысуы: мәселен, темір жол, тас жол және басқа жолдармен жүктің тасылу бағыты; теңіз және әуе қатынасы жолдарының бағыттары беріледі. Түсі мен мөлшері әр түрлі сызықтармен қозғалыстың сандық және сапалық сипаттамалары да беріледі. Мәселен, қызыл және көк сызықтар теңіздер мен мұхиттардағы жылы және суық ағыстардың, сондай-ақ жыл мезгілдеріндегі желдердің бағыттарын көрсетеді. Сызықтардың жуан немесе жіңішке болуы бұл құбылыстардың қуаттылығын бейнелейді. Барлық картографикалық кескіндеулер картаның математикалық негізіне сүйенеді. Ол проекция, масштаб және геодезиялық негізден құралады. Тақырыптық карталардан геодезиялық негіз элементтері көрсетілмейді. Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: 1. Жазудың түрлері. 2. Жазудың шрифттері. Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4 №6 дәріс Картографиялық жинақтау. Мақсаты: Картографиялық жинақтаумен танысу. Жоспар: 1. Жинақтаудың маңызы мен факторы. 2. Жинақтаудың түрлері мен әдістері.. №6 дәрістің қысқаша конспектісі Микроскоптың көмегімен зерттейтін объектіні қалай үлкейтуге болса, географиялық карталар арқылы оларды кішірейтіп, сол арқылы өзіне жақындатуға болады. Картаның бір қасиеті – кез келген көлемдегі объектіні зерттей алу. Бұл қасиет кратаның екі ерекшелігіне әкеледі – объектіні кішірейту және оны генерализдерген түрде бейнелеу. Генерализдеу – (лат. Generalis- жалпы, негізгі) - бұл ең негізгіні, маңыздыны таңдап алып жинақтау, нәтижесінде құбылыстар кратада негізгі қасиеттерімен бейнеленеді. Генерализдеу – кез-келген картаның қасиеті. Ол кратаның танымдық қасиетін артырады, соған тән қасиеттер мен заңдылықтардың көрінуіне әсер етеді. Генерализация нақтыдан абстарктылыға көшімен байланысты болып отырады. Москва, ленинград облыстарында 5 мың адамы бар қалалық елді-мекендер мен 4,9 мың халқы бар ауылды елді мекендер бар. 1: 2 500 000 масштабты анықтамалық картада тек 255 қалалар мен ауылдар көрсетілген, яғни 20 елді мекеннің біреуі ғана белгіленген. Ал 1: 7 500 000 масштабты карталарда тек 20 елді мекен көрсетілген, яғни 250-ден біреуі ғана таңдалған. Генерализациялауға түрткі болатын негізгі факторлар мыналар: 1. Картаның негізгі міндеті және тақырыбы 2. Масштаб 3. Шындықтың ерекшеліктері Картаның міндетін оның мазмұны анықтайды. Кратаның тақырыбын мазмұнының негізгі элементтері аяқтайды. Масштаб картадағы лбъектілердің сипаттамаларын береді. Осы жинақтардың мақсаты – ең негізгілерін таңдап алу ғана емес, соынмен қатар елді мекеннің, объектнің тек өзіне ғана тән қасиеттерін көрсетедң. Айта кететін бір жағдай, бір объектінің өзі карталардың қызметін қарай әртүрлі бағаланады. Жианқатудың негізгі ерекшеліктерін қарастыратын болсақ, ол жанартаудың геометриялық жағы, яғни контурларды жианқтау. Ол объектілерді картаға түсіргенде олардың контурларын оңайлатумен байланысты, бірақ бұл кезде объектілердің негізгі сипаттамалары сақталып қалады. Картадағы бейнелердің ең аз көлемдерін айтатын болсақ, эмпирикалық зертетулердің нәтижесі бойынша нүкте 0,09 мм көлемде анық көрінеді. Боялған квадраттардың – 0,5 мм, боялмаған квадраттар - 0,7 мм болса, анық көрінеді. Генерализдеудегі объектілердің және құбылыстардың мөлшерлік жиақтауындағы негізгі сипаттама. Интервалдардың үлкендетілуі. Сапалық сипаттамалардың жинақталуы. Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: 1. Жинақтаудың маңызы мен факторы. 2. Жинақтаудың түрлері мен әдістері.. Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4 №7 дәріс Экологиялық картография. Мақсаты: Экологиялық картографиямен танысу. Жоспар: 1. Табиғаттың қорғау мәселесін картографиялық зерттеу. 2. Қоршаған ортаны қорғау және болжау үшін картаны пайдалану. 3. Экологиялық картографиялау мақсатында космостық ақпараттарды пайдалану. №7 дәрістің қысқаша конспектісі Құбылыс динамикасын карта бойынша зерттеу. Кез келген жалпы географиялық немесе тақырыптық карта белгілі бір күнге немесе тарихидәуірге сәйкес келетін түрлі құбылыстың жағдайын тіркейтін документ. Жергілікті жердің элементтердің дамуы мен динамикасы картаның ескіруіне әкеліп соғады, ол әр учаскіде әртүрлі болады. Бұл жаңа картаның құрылуын қажет етеді. Карта құру кезінде тек құбылыстың жаңа жағдайына ғана емес, сонымен бірге картогрофия ғылымының жаңа деңгейде дамуымен сәйкес келу керек. Осылайша жергілікті жердің әр компанитінің өзгеруі туралы жеке және жалпы мәліметтері жинала береді. Құбылыс динамикасын зерттеу өзгерісті көрсетеді және олардың жылдамдығы мен себебін, оларға даму бағытын анықтайды. Белгілі бір уақытта құбылыстың жағдайына болжауға көмектеседі. Әртүрлі уақыттағы топографиялық карталарды сәйкестендіру арқылы әр жердің халқының тығыздығын, ондағы тұрғындардың саны, жол тарабы, жер бедерінің өзгеру сипаты (мысалы эрозиялық), гидрографиялық, өсімдік жамылғысының т.б.өзгеру болады. Мұндай зерттеулер қоршаған ортаның экономикалық жағдайын зерттеу мен экономикалық карта құру кезінде ерекше маңызға ие. Мысал ауылшаруашылық жерді пайдалану картасын зерттеу жердің жағдайының өзгеру себебін, қарқындылығын, бағытын ашуға көмектеседі, тіпті солардың нәтижесінде оң және теріс факторларды құруға болады. Мұндай салдарға ауылшаруашылық жерлердің бұталар мен ұсақ ормандардың өсіп кетуін жатқызуға болады. Орман шаруашылығының картасы орман көлемінің динамикасын ғана емес, оның түрлерін, жиілігін, ауру жұққаны, яғни жасыл желектердің экологиялық жағдайын анықтауға көмектеседі. Картографиялық әдісті қоршаған ортаны қорғау және болжау кезінде пайдалану. Болжау мақсатында ғылыми зерттеулер жиі картаға сүйенеді, әсіресе егер жергілікті жердің өзгерісін зерттеу алдын ала жүргізілсе. Тек белгілі бір уақыт аралығында құбылыстың дамуын бақылай келе алдағы уақытта не болатынын болжауға болады. Бір ғана территорияның әр түрлі уақыттағы картасын пайдаланып салыстыра отырып болжайды. Мысалы, осындай болжау арқылы синоптикалық карталар құрастырылады. Құбылысты болжауда зерттеу құбылысына тікелей қатысы бар тақырыптық карталарды зерттеуді талап етеді. Сонымен тау жынысын біршама тереңдікте жатысын болжау мүмкіндігі бар геофизикалық картаны пайдалану арқылы болжанады. Болжау картасына қоршаған ортаның адамның шаруашылық әрекетінде өзгеру карталарын жатқызуға болады. Оны құрастыру үшін қарастырылып оырған аймақтың не объектінің тек сол кездегі жағдайы ғана емес, алдыңғы өткен уақыттағы да өзгерістері керек. Кез келген әлеуметтік-экономикалық жоспарлау (мысалы, мұнай, газ кендерін игеру) тек құбылыстың күтілетін жағдайының картаграфиялауымен ғана емес, қоршаған ортаның өзгерісі қатар жүру керек, эконимикалық карталарда құру және қоршаған ортаның экологиялық жағдайын маниторингілеумен байланысты карта бойынша болжаудың маңызы ерекше. Болжау картасының дұрыстығы бастапқы зерттеуге, зерттеген ақпарат көлеміне, әсіресе картографиялыққа байланысты. Экологиялық картографиялау мақсатында космостық ақпараттарды пайдалану. Космостық фотосуреттер қазіргі картографияда кеңінен қолданылады. Жерді қашықтықтан (дистанциондық) зондылау және космостық түсірудің жаңа әдістер табиғи процестер мен құбылыстардың динамикасы, ландшафттың жағдайы, табиғи ресурстардың орналасуы мен бар болуы туралы ақпаратты үнемі тез және жан- жақты беруге көмектеседі. Алынған ақпараттың дұрыстығы жоғары. Аэрофотосуреттер сияқты космостық суреттер де жергілікті объектілер туралы жалпы және жеке ақпараттар береді, бірақ аэрофотосуреттермен салыстырғанда бірнеше оң айырмашылықтары бар: – жоғары түрде шолу(высокая обзорность) жербетіндегі құбылыстарды глобальді зерттеуге мүмкіндік береді, ұсақ масштабта әрбір деталды сүйене отырып негізгі белгілерді (оснобные черты) бақылауға болады – уақыт интервалмен екіенші рет түсіру мүмкіндігі кезінде динамикалық процесті зерттеуге болады – суреттің әрқашан белгілі масштабы оның автоматтың өңделуін жеңілдетеді Сонымен қатар бірнеше теріс жақтары да бар: – жердің сфералық болуына байланысты суреттің шеттерінде қатты бұрмаланудың болуы – жарық жағдайының тез ауысуы – ірі масштабты түсірісте ортаға түсіру жіңішке жолақ түрінде болады Масштаб бірнеше космостық суреттерді 3 топқа бөледі: – ұсақ масштаб (1:100 000 000- 1:10 000 000) – орта масштаб (1:10 000 000-1:000 000) – ірі масштаб (1:1000 000- 1:100 000) Суретті 5-10 есе үлкейткен кезде зерттейді, ал жоғары ақпаратты 10-30 есе үлкейткен кезде алады. Жоғары ақпаратты суреттерді ұзын фокусты ақпаратты пайдалана отырып төменгі биіктіктен (100 метрге дейін) алуға болады. Ұсақ масштабты суреттерді спутниктен 100 мың км биіктіктен алады. Оның айналу жылдамдығы жердің айналу жылдамдығымен сәйкес келеді, сондықтан спутник 1 нүктенін үстінде қалады. Мұндай суретті стационарлық деп атайды. Бес геостационарлық спутниктер планетаны түгелдей бақылайды. Әрбір 30 минуттен кейін жердің қабылдауыш геостацирнарлық суреттер беріледі, олар синоптикалық динамикалық карталар құрылуы үшін пайдаланады. 500- 200 км биіктікте орта масштабтағы космостық суреттерді біршама мұхиттық, метеорологиялық және картографиялық жұмыстарды қамтамасыздандыру үшін спутниктер ойланды. 200- 100 км биіктікте жоғары мүмкіндігі бар деталды ірі масштабты суреттер алады. Суреттердің мүмкінділігі (разрешающая способность)- суреттің масштабы үлкейту кезде жергілікті жердің бейнелеуінің сақталу мүмкіндігі бар. Фотосуретті бірнеше рет үлкейтуге болады. Әр үлкейткен кезде қосымша ақпараттар ала отырып, орбита биік болған сайын суреттің мүмкінділігі (разрешающая способность) төмен, түсіріс аппаратының фокусы ұзын болған сайын мүмкіндік жоғары (выше разрешение).Орташа мүмкіндігі бар суреттер (100м-ге дейін) геологиялық зерттеуде кеңінен қолданады.Олар қысқа фокусты камерамен алынған фотосуреттер мен «Ландсат», «Метеор» суреттері. Жоғары (10м-ге дейін)және өте жоғары мүмкіндігі бар(метрдің бөлшегіне дейін) суреттер жоғары сапалы ұзын фокусты аппаратурадан өте төменгі орбитадан алынады (МКФ-6типі). Фотосуреттермен қатар сканерлік суреттер алады.Ол радиосингал арқылы бірден қабылдауышқа суреттер келеді. Алайда үлкейту кезінде өз маңыздылығын жоғалтады. Космостық түсірім әртүрлі дипазонда жүзеге асырлады - көріну спектрі зонасы, инфрақызыл зонасы және радиодиназонда. Жер шарының жартысынан көп бөлігі әрқашан бұлтты болып тұрады. Ол фотоға түсіруге кедергі жасайды. Сондықтан көрінетін спектр зонасындағы суреттерді ашық ауа райы кезінде алуға болады. Радиодиназонда суреттерде мұздардың жылтуын бақылауға болады.Себебі жер бедерін детальді береді, толқын қозғалысының бағытын анықтауға болады. Космостық суретте ақпараттарды дешифирлеу мүмкіндігі жоғары болу үшін бір территорияны бір уақытта түрлі диапазон спектрінде бірнеше сурет түсіреді. Мұндай суреттердің жиынтығын көп зоналық дейді. Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар: 1. Табиғаттың қорғау мәселесін картографиялық зерттеу. 2. Қоршаған ортаны қорғау және болжау үшін картаны пайдалану. 3. Экологиялық картографиялау мақсатында космостық ақпараттарды пайдалану. Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4 3. мен СӨЖ тапсырмаларының орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар Реферат Рефератты жазу кезінде келесі құрылымды ұстану керек: 1) Бірінші бетінде рефераттың тақырыбы, факультет, студенттің тобы, аты- жөні жазылады. 2) Жоспар (мазмұны). Мұнда рефераттың негізгі бөлімі және қай бетте екені көрсетіледі. 3) Тақырыбы мен жоспардан кейін кіріспе жазылады. Мұнда берілген материалдың мақсаты мен міндеті және тақырыптың өзектілігікөрсетіледі. 4) Негізгі бөлім. Мұнда рефераттың жоспарланған бөлімдері жазылады. 5) Қорытынды бөлім. Тақырып мәселесіне қатысты автордың өзінің қорытындысы мен ұсынысы. 6) Рефератты жазу үшін пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Реферат көлемі компьютермен терілсе 10 беттен, алл қолмен жазылса 12 беттен кем болмау керек. Барлық беттері нөмірлену керек (бірінші бетіне нмір қойылмайды, бірақ жалпы сан бетіне кіргізіледі). Жаңа бөлімді міндетті түрде келесі жаңа бетке және оның тақырыбын жазу керек. Тезисті конспект Тақырыпқы байланысты негізгі түсініктер жазылады немесе жоспар жасалынады. Осыған студент сүйене отырып ауызша жауаптың құрылымын қалыптастырады. «» тақырыбы бойынша тезистік конспект жазу және ауызша жауап дайындау. Толық конспект (жазбаша жұмыс) Конспект жоспары құрастырылады. Тақырыптың негізгі сұрақтары қосымша әдебиеттерді пайдалану арқылы толық ашылады. Картография негіздері бойынша практикалық жұмыстар. Тақырыбы: Картаның масштабы. Масштабты анықтау. Мақсаты: Картаның масштабымен танысып, масштабты айналдыруды үйрену Тапсырма: Лапкина Н.А. практические работы по топографии и картографии. М.:1961 кітабының 6,7,8 бетіндегі 10-28 тапсырмаларды орында Тақырыбы: Карта бойынша ұзындық пен ауданды табу. Мақсаты: Ұзындық пен ауданды табуды үйрену. Тапсырма: Лапкина Н.А. практические работы по топографии и картографии. М.:1961 кітабының 4,5,6 бетіндегі 29-39 тапсырмаларды орында Тақырыбы: Гипсометриялық қима салу. Мақсаты: Гипсометриялық қима салуды үйрену. Тапсырма: Лапкина Н.А. практические работы по топографии и картографии. М.:1961 кітабындағы 46-61 суреттегі көрсетілген сызық бойынша қима салу. Тақырыбы: Топографиялық картаны кешенді оқу. Мақсаты: Топографиялық картаны кешенді оқуды үйрену. Тапсырма: Лапкина Н.А. практические работы по топографии и картографии. М.:1961 кітабындағы 12 суретті кешенді оқы Тақырыбы: Экологиялық карта түсіру. Мақсаты: Экологиялық карта түсіруді білу Тапсырма: Экологиялық кітаптағы таблицалар бойынша экологиялық карта түсіру. 1. Студенттің өздік жұмыс сабағының жоспары (СӨЖ) СӨЖ – ның бақылау жұмысын тапсыруға мыналар кіреді. 1. Картография: пәні мен зерттеу объектісі. 2. Картаның математикалық негізі. 3. Картографиялық проекциялар. 4. Картографиялық жинақтау. 5. Экологиялық картография. 6. Қала құрылысын картографиялау. 7. Экологияның дамуында картографияның әсері.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz