Файл қосу
Төтенше жағдайды жою басшысының өкілеттіктері
| ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3 деңгейдегі СМЖ құжаты | ПОӘК |ПОӘК-042-X.1.46/03-2013 | |ПОӘК «Апаттық құтқару ісі»|№ 4 басылым | | |пәнінің оқу әдістемелік |04.09.2013 | | |материалдары | | | Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Апаттық құтқару ісі» пәнінен 050731 «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығына арналған Оқу әдістемелік материалдар Семей 2013 1 Глоссарий Апаттық жағдай - қауіпті жағдай, оқиғаның алдын – алу мүмкін емес жағдай. Апаттық жиілілік - халықаралық тербеліс жиілігі, толқын ұзындығы, авариялық немесе апаттық хабарлама таратуда кемелік немесе жағалаулық радиостанция жұмыс істейді. Авариялық - қалпына келтіру жұмыстары – жеке бүліну ошақтары мен жоғары қауіпті аймақтағы бірінші кезектегі жұмыс, коммуналды желілердегі авариялар мен бүлінулерді жою, халықтың өмір сүруге қажетті жағдай жасау, сонымен қоса аумақты санитарлық тазарту және залалсыздандыру. Апаттық құтқару қызметі – басқару және қаржы органдарының жиынтығы, ТЖ ескерту және салдарын жоюға арналған, бір жүйеге функцияналды біріктірілген, негізіне авариялық құтқару құрамалар кіреді. Апаттық - құтқару жұмыстары – адамдарды құтқаруға материалды және мәдени құндылықтарды, ТЖ аймағындағы табиғи ортаны сақтауға, ТЖ жою немесе оның басқа да қауіпті факторға жалғасып кетуіне жол бермеуге бағытталған іс – шаралар. Авариялық - құтқару жұмыстары – бұл жұмыстарды жүргізетін адамдардың денсаулығына қауіп төндіреді және арнайы дайындықты, экипировка және құралдарды қажет етеді. Апаттық – құтқару құрамалары – өздігінен немесе апаттық құтқару қызметіне кіретін құрылым, апаттық құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған, негізін құтқарушылар құрайды, арнайы техникамен, құрал-жабдық, аспап және материалдармен жабдықталған құрамалар. Авария - механизм, машина құрылғы, объектінің бүлінуі, жұмыс істеуге мүмкіндік бермейтін, адамдардың денсаулығымен өміріне қауіп төндіреді. Авиакатастрофа – авиациалық техниканың апатқа ұшырауы. Аман қалу – адамның экстрималды жағдайда өмір сүру қабілеті. Азаматтық қорғаныс – қорғаныс, инженерлік – техникалық және ұйымдастыру шаралар жүйесі, бейбіт халықты қорғау шараларын ұйымдастыру. Апат аймағы – ТЖ салдарын жоюға арналған жедел және қосымша көмекті қажет ететін ТЖ аумағының бөлімі. Биологиялық қауіпсіздік – биологиялық ТЖ салдарынан адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді, қоршаған табиғи ортаны қорғау. Басқару нүктесі – ТЖ салдарын жою құралдары және нүктелерін бақылайтын жабдықталған инженерлік немесе көліктік құрал. Барлау – бір нәрсені арнайы мақсатта зерттеу. Ескерту дабылы – ТЖ пайда болуы жөніндегі хабарлама. Дезинфикация – инфекциялық аурудың қоздырғышын жою. Дегазация – авариялық химиялық қауіпті бейтараптандыру және жою. Дозиметрлік бақылау – радиоактивті сәулелену мөлшерін анықтау. Зақымдау аумағы – қоршаған ортаға, адамдар өмірі мен денсаулығына әсер ететін қауіпті концентрациялы химиялық заттар әкелінген және таралған аумақ немесе акватория. Залалсыздандыру – ластануды, аумақтың зақымдануын, нысандардың, судың, азық түліктің ластануын шекті рұқсат етілген шегіне дейін төмендету. Газқағар – газ тәріздес заттармен шаңдардан тыныс алу органдарын қорғауға арналған құрал. Жол көлік оқиғасы – транспорттық авария, жол жүру кезінде пайда болған оқиға, транспорттың қатысуымен адамның дене жарақатын алуы, кейде өлімге жететін оқиға. Транспорттың бүлінуі жол, ғимарат, жүк немесе басқа да материалды шығынға әкеледі. Жерсілкінісі – жер қабатында және мантияда аяқ астынан бірігу және ажырау нәтижесінде пайда болады. Алыс қашықтықтарға серіппелі толқын түрінде таралатын жер бетінің және жер астының тербелістері мен дүмпулері. Жаралану – ағзаның немесе тіннің абайсызда бұзылуы. Темір жол авариясы – бір немесе бірнеше составтың бүлінуі, поезд қозғалысының тоқтауы, бір немесе бірнеше адамның қайтыс болуы, адамдарға ауыр дене жарақат алуы мен сипатталатын темір жол апаты. Төтенше жағдай – белгілі бір аумақта апат, катастрофа, қауіпті табиғи құбылыс, табиғи жағдай нәтижесінде болған, адам шығынына, тіршілік жағдайының бұзылуына, қоршаған ортаға шығын әкелген оқиға. ТЖ қауіпсіздік – халықты, халықшаруашылық объектілерін, қоршаған ортаны ТЖ қаупінен қорғау Тіршілікті қамтамасыз ету – тіршілікті қамтамасыз етуге арналған іс- шаралар. ТЖ аумағында халықты қорғау – адам шығынын шекті қысқартуға немесе болдырмауға бағытталған іс-шаралар. ТЖ қаупі бар аумақ – ТЖ қаупі пайда болуы ықтимал аумақ немесе акватория. ТЖ көзі – қауіпті табиғи немесе техногенді құбылыс барысында пайда болуы мүмкін ТЖ комиссиясы – жұмысты басқару және жұмыс кординациясымен танысу, ведомстваның териториядағы ТЖ ескерту және салдарын жоюға арналған функционалды құрылым. ТЖ алдын алу кезіндегі кезек күттірмейтін жұмыстар - халыққа, ТЖ зардап шегушіге медициналық және т.б көмектер көрсетуге, адамдардың өмірін, денсаулығын, жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған жан-жақты апаттық-құтқару жұмыстар әрекеті. Тікұшаққа арналған құтқару арбалары – жараланғандарды, ауырғандарды тікұшақпен тасымалдауға қолданылатын жеке құтқару құралы. Тікұшақтың құтқару торы – суда қалғандарды тікұшақпен құтқаруға пайдаланатын жеке құтқару құралдары ТЖ мен жұмыс істеу үшін технологиялық құралдар кешені – ТЖ аумағындағы жұмыстарға арналған негізгі және қосымша техникалық құрал. ТЖ салдарын жою – ТЖ зонасында барлау жүргізу, кезек күттірмейтін жұмыстар, зардап шегушілермен адамдарға тіршілік қамтамасыз етуін ұйымдастыру. ТЖ дайындау – халықты және аймақты қорғауға бағытталған шаралар кешені. Төменгі су басу – судың ғимараттың жерастындағы бөлігіне енуі. ТЖ көзінің зақымдаушы факторы – ТЖ көзінен қалыптасқан және физикалық, химиялық, биологиялық байқалулармен сипатталатын қауіпті құбылыс немесе процесс. ТЖ күштері мен құралдары – ТЖ салдарын жоюға және алдын алуға арналған күштер мен құралдар. Тұрақты дайындық күштері – ТЖ аумағындағы жұмыстарды жедел жүргізуге арналған және үнемі кезекшілікте болатын күштер. Тәжірбие – тәжірбие жағдайында жинақталған білім, дағды, әдет. Техногендік төтенше жағдай – адамның өндірістік іс – әрекеті себебінен пайда болатын төтенше жағдай. Топографиялық карталар – аймақ жайлы жан – жақты карта Токсиндер – улы заттар Табиғи төтенше жағдай – себебі табиғи күштерден болатын ТЖ.. Табиғи апат – ірі масштабты және ауыр салдарлы, қоршаған ортаның басқа компоненттері мен ландшафтың қайтымсыз өзгеруімен қоса жүретін табиғат апаты. Тәуекел – алдын алу әрекетінде сәтсіздікке ұшырау мүмкіндігінің дәрежесі. Теңіз дауылының алдын – алу аса қауіпті гидрометерологиялық құбылыстар мүмкіндігін ұйымдарға және халыққа алдын – ала ескерту. Катастрофа – адам шығындарымен болатын ірі авария. Квалификация – кәсіптік дайындық деңгейі. Клиникалық өлім – көрінетін тіршілік белгілері байқалмайтын ағзаның терминалды күйі. Қорғаныс құрылымы – адамдарды, техникалық мүліктерді ТЖ нәтижесінде пайда болады және қауіп қатерден қорғайтын инженерлік құрылым. Құлама – жартасты және тік таулардың бөлінуі және төмен қарай құлауы. Қауіпті табиғи құбылыс – қарқындылығымен, көлемімен, іс-әрекет ұзақтығымен теріс әрекет көрсететін табиғи оқиға. Қар көшкіні – ауырлық күші әсерінен қардың төмен қарай жылжуы. Қауіптілігі мүмкін нысан – ТЖ болуы мүмкін нысан. Құтқарушы – апатты құтқару жұмыстарын жүргізуші азамат. Құтқару құралы – адамды құтқару үшін қолданылатын арнайы техникалық құрал. «Қара жәшік» - әуе кемесінің күйі туралы маңызды ақпаратты автоматты жазуға арналған, ТЖ пайда болуы кезінде және апаттық жағдайларда сенімді мәліметтер алуға арналған құрылғы. Радиация – бір заттан бөлінетін радиация. Радиоактивті ластану – атмосферада, суда, жерде радиоактивті заттардың болуы. Радиоактивтік – белсенді радиациалық сәулеленумен бірге жүретін атом ядроларының ыдырауы. Рация – тасымалданатын радиостанция. Сараптау – қорытынды жасайтын сұрақтарды қарастыру. Сәулелену – радиоактивті сәулеленудің тірі ағзаға әсері. Су басу ауданы – су басу кезінде су астында қалған аймақ. Санитарлық тазалау – ластануға ұшыраған адамдардың сілекейлі қабықшаларымен тері жабындарын жуу және механикалық тазалау, сондай – ақ ТЖ аймағынан шыққанда киіммен аяқ киімді залалсыздандыру. Өрт – бақылаусыз жану, бір нәрсені кең орап жанған алау. Өрт қауіпі – өрт пайда болу мүмкіндігі. Шығындар – адамдардың қаза болуы, жаралануы, ауруына байланысты қатардан шығу Шлем – басты қорғауға арналған зат. Полигон – сынақ жүргізуге арналған орын. Профилактика – алдын – алу шараларының жиынтығы. Химиялық апат – химиялық зиянды заттардың қалдықтары. Цунами – жерсілкінісінің әсерінен пайда болатын теңіз толқыны. Эвакуация – ТЖ кезіндегі қауіпті жерлерден адамдарды алып шығу. Эпидемия – кең тараған адам ауруы Эпицентр – жер сілкінісінің аймағында орналасқан жер бетіндегі белгіленген аймақ. 2. Дәрістер № 1 дәріс. Кіріспе. Қ.Р.-«Апаттық құтқару қызметі және құтқарушылардың статусы» заңы Жалпы сұрақтар 1. Кіріспе 2. Пәннің жалпы мазмұны 3. Қ.Р.-«Апаттық құтқару қызметі және құтқарушылардың статусы» заңы «Апаттық құтқару ісі» пәні табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін құрылған апаттық құтқару қызметі мен құрамаларының ұйымдастырылуы мен қызметі кезінде қоғамдық қатынастарды, мемлекеттік төтенше жағдай қызметінің ұйымдастырушылық негіздерін, олардың ТЖ салдарын жоюдағы мүмкіндіктерін, төтенше жағдай уақытында апаттық- құтқару отрядтарын құру, оларды дайындау, жұмысқа пайдалану ретін және олардың жұмыстарын басқаруды қарастырады. Пәнді оқытудың мақсаты: Пәнді оқытудағы мақсат төтенше жағдайлардан сақтандыру, оның салдарын жоюға бағытталған шаралардың ұйымдастырылуын, жоспарлануын және орындалуын жан – жақты оқыту. Пәнді оқытудың себептері: Төтенше жағдайлардың алдын-алу, жұмыс жүргізуді ұйымдастыратын мемлекеттік жүйені; Азаматтық қорғанысқа байланысты шаралардың орындалатын түрлерін; Төтенше жағдайлардан халықты қорғаудың тиімділігін арттыру мен негізгі жқмыс бағыттарын жақсарту жолдарын; ТЖ сақтандыру, жұмыс жүргізудің мемлекеттік жүйесінің даму перспективасы туралы; ТЖ қорғанудың озық тәжірбиелері туралы оқыту. Осыған орай әрбір студент оқу барысында өз шеберлігін, әдістермен тәсілдердің бәрін көрсете білу керек. Пәннің жалпы міндеті Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар құрылымындағы мамандықтарды дайындау. Пәнді оқу барысында студент білу қажет: табиғи сипаттағы апаттар мен катастрофалардан сақтандыру немесе салдарын жоюға бағытталған шараларды атқарудың ұйымдастырушылық негіздерін; радиациалық немесе химиялық залал жағдайын есептей бағалай білуі; ҚР аумағындағы құтқарушылар мен апаттық – құтқару құрылымдарын аттестатциялау туралы заңдылықтарды және олардың құрамдары мен міндеттерін; төтенше жағдай уақытында апаттық құтқару отрядтарын құру; апаттар, табиғи апаттар кезінде халықты қорғау үшін шұғыл шараларды ұйымдастырып оны басқара білуді; ҚР ішкі істер, қорғаныс министрлігі және ТЖ агенствасының апаттардан халықты қорғауға құрылған құрылымдарының іс – қимылдарын үйлестіріп, бағыттай алулары керек; ТЖ кезінде атқарылатын жұмыстарды жоспарлауды ұйымдастыра білулері қажет. Қ.Р.-«Апаттық құтқару қызметі және құтқарушылардың статусы» заңы. Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы 1997 ж. 27 наурыздағы № 87-I Қазақстан Республикасының Заңы 1 тарау. Жалпы ережелер (1 - 6 баптар) 2 тарау. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары (7 - 15 баптар) 3 тарау. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының (16 - 20 баптар) төтенше жағдайларды жоюға қатысуы 4 тарау. Құтқарушылар және олардың мәртебесi (21 - 30 баптар) 5 тарау. Қорытынды ережелер (31 - 33 баптар) Осы Заң табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшiн құрылған авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының ұйымдастырылуы мен қызметi кезiнде қоғамдық қатынастарды реттейдi, құтқарушылардың мәртебесiн белгiлейдi. 1 тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: авариялық-құтқару құралдары - техникалық, ғылыми-техникалық және зияткерлік өнім, оның ішінде байланыс пен басқарудың арнайы құралдары, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстар технологиясы бойынша техника, жабдықтар, жарақтар, мүлік пен материалдар, әдістемелік, бейне-кино- фотоматериалдар, сондай-ақ электронды есептеу машиналарына арналған бағдарламалық деректер базасы және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған өзге де құралдар; авариялық-құтқару құрамасы - негізін арнаулы техникамен, жабдықтармен, жарақтармен, аспаптармен, материалдармен жарақтандырылған және кинологиялық қызметпен қамтамасыз етілген құтқарушылар бөлімшелері құрайтын, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған дербес немесе авариялық- құтқару қызметінің құрамына енетін құрылым; авариялық-құтқару қызметі - негізін өзіне құрылымдық жағынан авариялық- құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды орындайтын атқарушы-құтқарушыларды, кіші, орта және жоғары құрамдағы осы жұмысты басқарушы-құтқарушыларды және осы жұмысты техникалық жағынан қамтамасыз ететін көмекші қызметтерді қамтитын авариялық-құтқару құрамалары, оның ішінде аэромобильді отрядтар құрайтын, қызмет міндеттері жағынан біртұтас жүйеге біріктірілген, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі міндеттерді шешуге арналған басқару органдарының, күштер мен құралдардың жиынтығы; әскерилендірілген авариялық-құтқару бөлімі - қауіпті өндірістік объектілерге тәулік бойы қызмет көрсетуге арналған, дара басшылық принциптерімен әрекет етіп, соны басшылыққа алатын және қауіптілігі жоғары жағдайда, құтқарушылардың денсаулығы мен өмірі үшін жол беруге болатын шектегі тәуекелмен авариялық-құтқару жұмыстарын атқаратын мамандандырылған ұйым; құтқару жұмыстары - төтенше жағдайлар аймағында адамдарды, материалдық және мәдени құндылықтарды құтқару, қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайларды оқшаулау және соларға тән қауіпті факторлардың ықпалын жою немесе мүмкін болатын ең төменгі деңгейге дейін жеткізу жөніндегі іс- әрекеттер; құтқарушы - құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге арнайы даярлық пен аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өткен азамат; құтқарушылардың мәртебесі - құтқарушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган; төтенше жағдайды жою басшысы - төтенше жағдайды жою кезінде жұмыстар жүргізуді басқаратын немесе өкілеттігіне төтенше жағдайларды жою жатқызылып, орталық немесе жергілікті атқарушы орган тағайындаған басты өкімші және жауапты адам; төтенше жағдайларды жою кезіндегі шұғыл жұмыстар - құтқару жұмыстарын жан-жақты қамтамасыз ету, төтенше жағдайларда зардап шеккен халыққа медициналық және басқа да көмек түрлерін көрсету, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, олардың жұмыс қабілетін қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау жөніндегі қызмет. 2-бап. Қазақстан Республикасының авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары туралы заңдары Қазақстан Республикасының авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңынан, осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 3-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары қызметiнiң негiзгi принциптерi Авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары қызметiнiң негiзгi принциптерi мыналар болып табылады: төтенше жағдайлар туындаған кезде адамдардың өмiрiн құтқару мен олардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау мiндеттерiнiң басымдығын көздейтiн iзгiлiк пен қайырымдылық; төтенше жағдайларды жою жөніндегі құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзудiң мiндеттiлiгi; авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына дара басшылық; құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу кезiнде өзiн-өзi ақтайтын тәуекелдiлiк және қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының төтенше жағдайларға жедел назар аударуға және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге ұдайы әзiрлiгi. 4-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының мiндеттерi 1. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының негiзгi мiндеттерi: төтенше жағдайлардың туындауы және оларды жою кезiнде адамдарды құтқару және көшiру жөніндегі құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстар; адамдарды құтқаруға және төтенше жағдайларды жоюға әзiрлiктi қамтамасыз ету жөніндегі профилактикалық жұмыстар; кәсiптiк шеберлiктi жетiлдiру және авариялық құтқару қызметi мен құрамаларының басқару органдарын, күштерi мен құралдарын төтенше жағдайлар аймақтарына баруға және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге ұдайы әзiрлiкте ұстау; құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге қызмет көрсетiлетiн объектiлер мен аумақтардың даярлығын бақылау; қызмет көрсетiлетiн объектiлер мен аумақтарда құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу болып табылады. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына сонымен бiрге: қызмет көрсетiлетiн объектiлер мен аумақтарда төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жоспарларын, басқа объектiлер мен аумақтарда төтенше жағдайларды жою кезiнде өзара iс-қимыл жоспарларын жасауға қатысу; қызмет көрсетiлетiн объектiлер мен аумақтар бойынша, сондай-ақ аталған объектiлерде халықты және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз етуге ықпал ете алатын процестер бойынша iске асыруға ұйғарылған жобалар мен шешiмдерге сараптама жасауға қатысу; халықты және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау саласындағы білімдi насихаттау, халықты және ұйымдар қызметкерлерiн төтенше жағдайлар кезiнде iс-қимылдарға даярлауға қатысу; құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргiзу мәселелерi жөніндегі нормативтiк құжаттарды әзiрлеуге қатысу; құтқару iсi және аварияға қарсы қорғаныс бойынша ғылыми-зерттеу, жобалау- конструкторлық жұмыстар өткізу, жабдықтар жасау мен енгiзудi ұйымдастыру; төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі бiрыңғай мемлекеттік жүйеге жүктелетiн, iзгi мiндеттердiң шеңберiнен шықпайтын басқа да мәселелер жөніндегі мiндеттер жүктелуi мүмкiн. 2. Нақты авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларына жүктелетiн мiндеттердiң толық тiзбесiн оларды құрған орган белгiлейдi және авариялық- құтқару қызметтерi мен құрамалары туралы ережелерде немесе аталған қызметтер мен құрамалардың жарғыларында баянды етiледi. 5-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын мемлекеттік қолдау Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оны жоюдың бiрыңғай мемлекеттік жүйесiнiң күштерi болып табылатын авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына мемлекет барынша қолдау көрсетедi, бұл үшiн: авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары үшiн жеңiлдiктер жүйесiн белгiлейдi; ұйымдарға өздерi құратын ерiктi авариялық-құтқару құрамаларын даярлауға жәрдем көрсетедi, сондай-ақ құтқарушылар даярлау бағдарламасы бойынша оқып- үйренуге тiлек бiлдiрген азаматтарды даярлауға жәрдемдеседi; құтқарушыларды құқықтық және әлеуметтiк қорғау жөніндегі шаралар жүйесiн қарастырады; халықты және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау мүддесiн негiзге ала отырып, авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына (оның ішінде әскерилендірілген, тау-кен құтқару, газдан құтқару, атқыламаға қарсы қызметтеріне) қаржы жағынан қолдау көрсетедi. 6-бап. Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстардың түрлерi Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарға iздестiру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, суда құтқару, атқыламаға қарсы жұмыстар, сондай-ақ өрт сөндiруге және төтенше жағдайлардың медициналық-санитарлық зардаптарын жоюға байланысты жұмыстар және төтенше жағдайларды жою кезіндегі басқа да шұғыл жұмыстар жатады. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Пәннің жалпы мазмұны 2. Қ.Р.-«Апаттық құтқару қызметі және құтқарушылардың статусы» заңы 3. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар № 2 дәріс. ҚР апаттық-құтқару қызметтері, олардың міндеттері мен атқаратын істері. Апаттық-құтқару қызметіне байланысты негізгі түсініктер. Жалпы сұрақтар 1. Апаттық-құтқару қызметтері, олардың міндеттері мен атқаратын істері. 2. Апаттық-құтқару қызметіне байланысты негізгі түсініктер. 2 тарау. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары 7-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын құру 1. Қазақстан Республикасында авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары: тұрақты штат негiзiнде - кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары, оның iшiнде әскерилендiрiлген тау-кен құтқару, атқыламаға қарсы, газдан құтқару, өртке қарсы, суда құтқару, жедел-құтқару, медициналық және төтенше жағдайлар саласындағы басқа да мамандандырылған бөлiмдер мен бөлiмшелер; ерiктiлiк негiзiнде - ерiктi авариялық-құтқару құрамалары, оның iшiнде ерiктi тау-кен құтқару, атқыламаға қарсы, газдан құтқару, өртке қарсы және суда құтқару құрамалары құрылады. 2. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары: Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша республикалық (оның iшiнде республикалық мемлекеттік кәсiпорындар) және аумақтық; ұйымдар басшылығының тарапынан - объектiлiк (қызметiн жүзеге асыру үшiн өз авариялық-құтқару қызметi мен құрылымдары мiндеттi түрде болуы Қазақстан Республикасы заңдарымен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен көзделген ұйымдарда) болып құрылады. 3. Ерiктi авариялық-құтқару құрамаларын өз қызметкерлерiнен жасақталған ұйымдар құрады. 4. Кәсiби авариялық-құтқару құрамалары арнаулы техникамен, жабдықпен, құрал-сайманмен, керек-жарақпен, аспаптармен, материалдармен жарақтандырылады және кинологиялық қызметпен қамтамасыз етiледi. Кәсiби авариялық-құтқару құрамаларын жарақтандырудың және кинологиялық қызметпен қамтамасыз етудiң нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. 8-бап. Авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының құрамы мен құрылымы Авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының құрамы мен құрылымын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 9-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын жасақтау 1. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының жеке құрамын жасақтау ерiктi негiзде жүзеге асырылады. 2. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына құтқарушылар қызметiне, құтқарушылар даярлау жөніндегі білім беру ұйымдарында оқуға медициналық байқауда құтқарушы жұмысына жарамды деп танылған және олардың кәсiби даярлығы мен дене шымырлығына, моральдық-психологиялық қасиеттерiне қойылатын талаптарға сай келетiн азаматтар қабылданады. 3. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларында құтқарушылар мiндетiн атқаруға жасы 18-ге толған, құтқарушыларды даярлау бағдарламасы бойынша оқу бiтiрген және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге белгiленген тәртiппен аттестаттаудан өткен азаматтар жiберiледi. Авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының орта, аға және жоғары басшы құрамы жоғары кәсіби білімі бар және арнайы даярлықтан өткен адамдардан жинақталады. Аталған адамдар кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінде және құрамаларында үш ай ішінде тағылымдамадан өткен соң және құтқарушы біліктілігін алғаннан кейін дербес жұмысқа жіберіледі. 4. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына құтқарушылар қызметiне азаматтарды қабылдау кезiнде олармен еңбек шарты жасалынады, онда еңбек шартын жасасу мен тоқтату шарттары; құтқарушылар жұмысының ерекшелiктерi мен режимi; еңбекақы төлеудiң тәртібі мен шарттары; құтқарушыларға арналған әлеуметтiк кепiлдiктер мен жеңiлдiктер; құтқарушылардың өздерiне жүктелген мiндеттердi және кезекшiлiкте, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу кезiнде аталған авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары басшыларының өкiмдерiн мүлтiксiз орындау мiндеттемесi баянды етiледi. 10-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын тiркеу 1. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын заңды тұлға ретiнде мемлекеттік тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. 2. Авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларын тіркеуді (есепке алуды) уәкілетті орган өзі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады. 11-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының қызметi 1. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының қызметi ерекше сипатта болады, аталған қызмет пен құрамалардың басшылары берген бұйрықтар мен өкiмдердi олардың барлық қызметкерлерiнiң мүлтiксiз орындауын көздейдi. Бұл талаптар ерiктi авариялық-құтқару құрамалары төтенше жағдайды жоюға тартылған кезден бастап оларға да қойылады. 2. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары объектiлер мен аумақтарға қызмет көрсету жөніндегі өз жұмысын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шарттық негiзде iске асыра алады. 3. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының төтенше жағдайды жою жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге дайындығы өз өкiлеттiгi шегiнде уәкілетті орган iске асыратын аттестаттау және тұрақты тексерулер барысында тексерiледi. 4. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының тұрақты дайындығы олардың құрамын кәсiби даярлау және қайта даярлау бойынша жүйелi сабақтар мен арнайы жаттықтыру жиындарын өткізу арқылы қамтамасыз етiледi. 5. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары жедел көлiгi дыбыс шығару, жарық беру белгiлерi бар арнаулы құрылғылармен, сондай-ақ белгiленген үлгiдегi түрлi-түстi бояулы, сәулелi таңбалармен мiндеттi түрде жабдықталады. 6. Ерiктi авариялық-құтқару құрамалары құрылған объектiлердiң басшылары құтқарушыларды авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзудiң арнайы дағдыларына оқытып-үйрету жөнiнде тұрақты сабақтар өткiзедi және оларды бұл үшiн арнаулы киiм-кешекпен қамтамасыз етедi. 12-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын аттестаттау 1. Барлық авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген аттестатталуға тиiс. 2. Аттестаттаудан өткен авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларына - тиісті аттестаттау комиссияларының шешімі негізінде авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі бір түрлерін жүргізу құқығына белгіленген үлгідегі куәлік, ал құтқарушыларға құтқарушының куәлігі беріледі. 3. Егер аталған ұйымдар құрған немесе оларға шарттар бойынша қызмет көрсететiн объектiлiк кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының дайындығы және жай-күйi авариялық-құтқару қызметiн қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға сай келмеген жағдайда, ондай ұйымдардың қызметi толық немесе iшiнара тоқтатыла тұрады. Аталған ұйымдардың қызметiн тоқтата тұру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. 13-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының жұмысын үйлестiру 1. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының жұмысын үйлестiрудi уәкілетті орган жүзеге асырады. 2. Қазақстан Республикасының аумағында авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының жұмысын үйлестiру: төтенше жағдайларды жою үшiн қажеттi күштер мен құралдарды жедел тарту; халық пен аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау саласындағы, сондай-ақ құтқарушылар мен олардың отбасы мүшелерiн әлеуметтiк қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарын жетiлдiру жөнiнде мемлекеттік органдарға келісілген ұсыныстар жасау; авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары жұмысының нормативтiк құқықтық базасын бiр iзге түсiру; авариялық-құтқару құралдарын өндiру саласында және авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мәселелерiнде бiрыңғай мемлекеттік саясат жүргiзу; авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары және басқа күштер, соның iшiнде тиiстi аумақтарда құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу үшiн бөлiнген әскери бөлiмдер мен бөлiмшелер арасындағы өзара iс-қимылды пысықтау; құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге қатысатын авариялық- құтқару қызметi мен құрамаларының құтқарушыларын, лауазымды адамдарын даярлау мәселелерiн шешу мақсатында жүзеге асырылады. 14-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының орнын ауыстыру, оларды қайта бейiмдеу, тарату 1. Мiндеттi түрде құрылуы қажеттiгi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын басқа жерге ауыстыруға, оларды құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстардың басқа түрiне қайта бейiмдеуге немесе таратуға олар қызмет көрсететiн ұйымдардың жұмыс iстеуiнiң тоқтатылуы немесе аталған қызметтер мен құрамалар алдын алу және жою үшiн құрылған төтенше жағдайлардың пайда болу қаупiнiң жойылуы негiз болып табылады. 2. Мiндеттi түрде құрылуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларының орындарын ауыстыру, оларды қайта бейiмдеу немесе тарату туралы шешiмдердi: 1) республикалық және аумақтық кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларына қатысты - уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі; 2) объектiлiк кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларына қатысты - уәкілетті органның келісімi бойынша ұйымдардың басшылығы қабылдайды. 3. Ұйымдар әкiмшiлiктерiнiң шешiмi бойынша құрылған ерiктi авариялық- құтқару құрамаларын тарту туралы шешiмдер қабылданған кезде, олар уәкілетті органға хабарлайды. 15-бап. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының қызметін қаржыландыру Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 3 тарау. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының төтенше жағдайларды жоюға қатысуы 16-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын төтенше жағдайларды жоюға тарту 1. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын төтенше жағдайларды жоюға тарту: аталған авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары қызмет көрсететiн объектiлер мен аумақтарда төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жоспарларына сәйкес; басқа объектiлер мен аумақтарда төтенше жағдайларды жою кезіндегі өзара iс-қимыл жоспарларына сәйкес; төтенше жағдайлардың пайда болуы мен өрiстеуi кезіндегі iс-қимылдардың белгiленген тәртібімен; аумағында төтенше жағдайлар қалыптасқан немесе өкiлеттiгiне аталған төтенше жағдайларды жою жатқызылған уәкілетті органның , ұйымдардың сұрау салуы негiзiнде, төтенше жағдайларды жою басшыларының сұрау салуы негiзiнде не аталған органдардың және төтенше жағдайларды жою басшыларымен келісім бойынша - аталған авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының қызметiне басшылықты жүзеге асыратын не соған Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген өкiлеттiгi бар орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың лауазымды адамдарының шешiмi бойынша жүзеге асырылады. Суда құтқару қызметтерін төтенше жағдайларды жоюға тартуды төтенше жағдайларды жою басшысы жүзеге асырады. 2. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын соған уәкiлеттi лауазымды адамдардың шешiмi бойынша төтенше жағдайларды жоюға тарту объектiлер мен аумақтардың төтенше жағдайлардан қорғалуының Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген деңгейiн қамтамасыз ететiн шаралардың мiндеттi түрде қолданылуымен қатар жүргiзiлуге тиiс. 3. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының жеке құрамын, көлiк және техникалық құралдарын олардың төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі негiзгi мiндеттерiмен байланысы жоқ жұмыстарды орындау үшiн тартуға болмайды. 17-бап. Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарға басшылық жасау 1. Төтенше жағдайларды жоюға тартылған барлық күштер мен құралдарға басшылық жасауды және олардың өзара iс-қимылдарын ұйымдастыруды төтенше жағдайларды жою басшылары жүзеге асырады. 2. Төтенше жағдайларды жою басшысының өкiлеттiгiн Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының заңымен айқындалады. 3. Төтенше жағдайлар аймағына бiрiншi болып келген авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының басшылары өздерiне төтенше жағдайларды жою басшыларының өкiлеттiгiн қабылдайды және ол өкiлеттiктi төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жоспарларымен белгiленген немесе орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, осы төтенше жағдайларды жою өз өкiлеттiгiне жатқызылған ұйымдардың басшылары тағайындаған төтенше жағдайларды жою басшылары келгенге дейiн атқарып, олардың қарамағына кiредi. 4. Төтенше жағдайларды жою басшыларын белгiленген тәртiпте мiндетiн атқарудан шеттетiп, басшылықты өзiне қабылдаудан немесе басқа лауазымды адамды тағайындаудан басқа ретте олардың төтенше жағдайларды жою жөніндегі жұмыстарға басшылық жасау қызметiне араласуға ешкiмнiң құқығы жоқ. 5. Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстардың бүкiл көлемiн жүргiзуге технологиялық мүмкiндiк болмаған жағдайда төтенше жағдайларды жою басшылары бiрiншi кезекте төтенше жағдайлар аймақтарындағы адамдарды құтқару жөнiнде барлық мүмкiн болған шараларды қолдана отырып, аталған жұмыстарды толық немесе олардың бiр бөлiгiн тоқтату туралы шешiм қабылдай алады. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын құру 2. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын тiркеу 3. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын жасақтау 4. Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарға басшылық жасау 5. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының қызметi № 3 дәріс. Құтқарушылардың кәсіби дайындығы деңгейіне қойылатын талаптар Жалпы сұрақтар 1. Төтенше жағдайды жою басшысының өкілеттіктері 2. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына олардың өз қызметiн жүзеге асыруына жәрдемдесу 3. Құтқарушылар қызметiнiң құқықтық кепiлдiктерi 17-1-бап. Төтенше жағдайды жою басшысының өкілеттіктері 1. Төтенше жағдайды жою басшысы: 1) төтенше жағдай аймағында барлауды және жағдайды бағалауды, қолда бар күштер мен құралдарды пайдалана отырып, адамдарды құтқаруды ұйымдастырады; 2) авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу үшiн неғұрлым қауіпті учаскелерді, күштер мен құралдардың қажеттi санын, құтқару жұмыстарын жүргiзудiң әдiстерi мен тәсiлдерiн айқындайды; 3) төтенше жағдайларды жою жоспарына сәйкес авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастырады; 4) төтенше жағдайлар аймағындағы объектiлерде және ұйымдардың аумағында құтқару және шұғыл жұмыстар жүргiзу туралы шешiм қабылдайды; 5) авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарына мiндеттер қоюды жүзеге асырады, олардың өзара iс-қимылын ұйымдастырады, олардың қауiпсiздiгiн және қойылған мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз етедi; 6) төтенше жағдай аймағындағы жағдайдың өзгеруiн бақылауды жүзеге асырады және тиiстi шешiмдер қабылдайды; 7) қажеттiлiк шамасына қарай қосымша күштер мен құралдар шақыртады, оларды қарсы алуды ұйымдастырады, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу орнын (ауданын) айқындайды; 8) күштер мен құралдардың резервiн құруды ұйымдастырады, ауысымдық жұмыс тәртібін айқындайды; 9) төтенше жағдайдың жаһандық және өңірлік ауқымда таралуы кезiнде төтенше жағдайлар аймағында қалыптасқан жағдай және авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргiзу жөнiнде өздері қабылдаған шешiмдерi туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органды хабардар етеді; 10) күштер мен құралдардың төтенше жағдай орнынан кету тәртібін айқындайды; 11) төтенше жағдай өршіген кезде төтенше жағдайды жою басшысы аса қажет болған (адамдардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiп төнген) жағдайда: төтенше жағдай аймағына адамдар мен көлiктiң кіруiн шектейдi; төтенше жағдай аймағындағы ұйымдардың қызметiн тоқтата тұрады; авариялық-құтқару қызметтерiнiң күштерi мен құралдарын, азаматтық қорғаныс құрамаларын, сондай-ақ ерiктi авариялық-құтқару құралымдарын және аталған құралымдардың құрамына кiрмейтiн құтқарушыларды, олардың құтқару және шұғыл жұмыстар жүргiзуге аттестатталғанын растайтын құжаттары болған кезде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге тартады; халықты ерiктi негiзде шұғыл жұмыстарды жүргiзуге, сондай-ақ құтқарушы болып табылмайтын жекелеген азаматтарды өздерінің келісімiмен құтқару жұмыстарын жүргiзуге тартады; төтенше жағдай аймағында көшiру iс-шараларын жүргiзудi ұйымдастырады; төтенше жағдайларды жою үшiн төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың материалдық ресурстар резервтерiн броньнан алады; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кейіннен шығыстарды өтей отырып, ұйымдардың байланыс құралдарын, көлiк құралдарын және өзге де мүлкiн тартады; аса қажет болған жағдайда өздері қабылдаған шешiмдер туралы тиiстi мемлекеттік органдарды, ұйымдардың басшыларын тез арада хабардар ету жөнiнде шаралар қабылдайды; төтенше жағдайлардың өрбуіне және құтқару және шұғыл жұмыстардың барысына байланысты басқа да қажеттi шараларды қабылдайды; 12) төтенше жағдайларды жою басшылары, авариялық-құтқару қызметі мен құралымдарының басшылары құтқару және шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру үшін қажетті төтенше жағдайлар туралы толық және дәйекті ақпаратқа құқығы бар. 2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, төтенше жағдайды жою басшысының төтенше жағдайды жоюға бағытталған шешiмi төтенше жағдайлар аймағындағы барлық лауазымды адамдар, азаматтар мен ұйымдар үшiн мiндеттi болып табылады. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайдың жойылғаны туралы жариялағаннан кейiн төтенше жағдайды жою басшысының өкiлеттiгi тоқтатылады. 18-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына олардың өз қызметiн жүзеге асыруына жәрдемдесу 1. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар төтенше жағдайлар аймақтарына бара жатқан және орналасқан жерiне қайтып келе жатқан авариялық- құтқару қызметi мен құрамаларына кейiннен оларға өтемi жасалатын, қажеттi көлiк пен материалдық құралдарды бере отырып барынша жәрдем көрсетуге мiндеттi. 2. Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстар жүргiзiлетiн жерге бара жатқан кезде кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының жедел көлiгi, оның iшiнде уақытша тартылған және жалға алынған көлiк кедергiсiз жүру құқығын аэродромдарда, автомобильдерге май құю станцияларында, теңiз және өзен порттарында жанар-жағармай материалдарымен бiрiншi кезекте қамтамасыз етiлу құқығын, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету станцияларында, аэродромдарда, теңiз және өзен порттарында жөндеу жұмыстарын бiрiншi кезекте жүргiзу құқығын пайдаланады. 19-бап. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң, Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларының күштерi мен құралдарын төтенше жағдайларды жоюға тарту Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң, Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларының күштерi мен құралдарын төтенше жағдайларды жоюға тарту Қазақстан Республикасының Конституциясына және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады. 20-бап. Құтқарушылар қызметiнiң құқықтық кепiлдiктерi 1. Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу барысында құтқарушылар осы Заңды, авариялық-құтқару қызметiнiң мәселелерi жөніндегі өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi басшылыққа алады және құрамында аталған жұмыстарды жүргiзетiн авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының басшыларына ғана бағынады. 2. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, барлық меншiк нысанындағы ұйымдар басшылары және азаматтар өз қызмет мiндеттерiн атқаруы кезiнде құтқарушыларға жәрдемдесуге мiндеттi. 3. Өз мiндеттерiн атқаруына кедергi жасау мақсатымен құтқарушыларға қандай да жолмен болсын ықпал етуге ешкiмнiң де құқығы жоқ. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Төтенше жағдайды жою басшысының өкілеттіктері 2. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына олардың өз қызметiн жүзеге асыруына жәрдемдесу 3. Құтқарушылар қызметiнiң құқықтық кепiлдiктерi № 4 дәріс. Апаттық құтқару қызметін, апаттық құтқару құрылымдарын және құтқарушыларды аттестациялаудың негізгі ережелері, құқықтары мен міндеттері. Жалпы сұрақтар 1. Құтқарушылар және олардың мәртебесi 2. Құтқарушыларды аттестаттау 3. Құтқарушылардың құқықтары 4. Құтқарушылардың мiндеттерi 5. Құтқарушылардың жұмыс (қызмет) және демалыс режимi 4 тарау. Құтқарушылар және олардың мәртебесi 21-бап. Құтқарушылар 1. Қазақстан Республикасының азаматтары медициналық куәландырудан өткеннен, дене шынықтыру жөніндегі нормативтердi орындағаннан, құтқарушылар даярлаудың бағдарламалары бойынша оқып-үйренуден кейiн құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге аттестаттау нәтижелерi бойынша тиiстi аттестаттау органдары шешiмiнiң негiзiнде олар құтқарушы мәртебесiн алады. 2. Қазақстан Республикасының азаматтарына құтқарушы мәртебесiн беру туралы аттестаттау органдарының шешiмi қабылданған кезде оларға белгiленген үлгiдегi куәлiк, құтқарушы кiтапшасы, бетiне тегi, аты, әкесiнiң аты, қан тобы және құтқарушының тiркеу нөмiрi жазылған жетон берiледi. Құтқарушы кiтапшасы құтқарушының құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарға қатысуын есепке алуға арналған. Құтқарушы кiтапшасы туралы ереженi уәкілетті орган бекiтедi. 22-бап. Құтқарушыларды аттестаттау 1. Құтқарушылар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен аттестаттаудан өтедi және одан кейiн тұрақты түрде қайта аттестаттаудан өтiп отырады. 2. Қайта аттестаттаудан өтпеген құтқарушылар құтқарушы мәртебесiнен айырылады. 23-бап. Құтқарушылардың құқықтары 1. Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарға тартылған құтқарушылардың аталған жұмысты жүргiзетiн жерге бару кезiнде көлiктiң барлық түрiне билеттердi кезексiз алуға құқығы бар. 2. Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу барысында құтқарушылар: адамдарды құтқаруға бағытталған кез келген шараларды қолдануға; өз мiндеттерiн орындау үшiн қажеттi толық әрi айқын ақпарат алуға; құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу үшiн ұйымдардың аумағы мен өндiрiстiк объектiлерiне, тұрғын үйлерге кедергiсiз кiруге; төтенше жағдайлар аймағындағы адамдардың бәрiнен белгiленген қауiпсiздiк шараларын сақтауды талап етуге; құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу технологиясына сәйкес жабдықталуға және жарақтандырылуға; адамдарды құтқару үшiн және өте қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймақтарында орналасқан ұйымдардың байланыс құралдарын, көлiгiн, мүлкiн және өзге де материалдық құралдарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiпте пайдалануға; қызметтiк iздестiру иттерiн қолдануға құқылы. 3. Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге қатысқан құтқарушылар медициналық мекемелер мен оңалту орталықтары базасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiпте медициналық және психологиялық оңалту жәрдемiн алуға құқылы. 4. Құтқарушылар жұмыс уақытында өздерiнiң теориялық білімдерi мен кәсiби шеберлiктерiн белгiленген тәртiпте жетiлдiруге құқылы. 5. Кәсiби және ерiктi авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының құтқарушылары құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу кезеңiнде шығыны авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын ұстауға бөлiнетін қаражат есебiнен төленетiн тамақ өнiмдерiмен Қазақстан Республикасының Үкiметі белгiлеген нормалар бойынша және тұратын орынмен қамтамасыз етiлуге құқылы. 6. Еңбек шарты бойынша өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау барысында зардап шеккен кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының құтқарушылары, сондай-ақ ерiктi авариялық-құтқару қызметiнiң құтқарушылары және құтқарушы болып табылмайтын азаматтар оларды құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге тартқан кезде тегiн медициналық қызмет көрсетiлуiне құқылы. Ерiктi авариялық-құтқару қызметiнiң құтқарушыларын және құтқарушылар болып табылмайтын азаматтарды құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге тартқан кезде олардың негiзгi жұмыс орны бойынша орташа жалақысы сақталады. 24-бап. Құтқарушылардың мiндеттерi 1. Құтқарушылар: зардап шеккен адамдарды iздестiруге, оларды құтқару жөнiнде шаралар қолдануға, оларға алғашқы медициналық және басқа да жәрдем түрлерiн көрсетуге; құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге қатысуға дайын болуға, өздерiнiң дене шынықтыру, арнаулы, медициналық, психологиялық даярлығын жетiлдiруге; авариялық-құтқару құрамаларының құрамындағы iс-қимылдар дағдыларын жетiлдiруге; құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу технологиясын мүлтіксiз сақтауға; құрамында құтқарушылар аталған жұмыстарды атқаруға қатысатын авариялық- құтқару құрамалары басшыларының құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу барысында беретiн бұйрықтарын мүлтiксiз орындауға; төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында азаматтарға қауiпсiз жүрiп- тұру ережелерiн және ондай жағдайлар туындаған ретте iс-қимылдар жасау тәртібін түсiндiруге мiндеттi. 2. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары құтқарушыларының мiндеттерi тиiстi жарғылармен, ережелермен, тәлiмдемелермен белгiленедi және олар еңбек шартының құрамдас бөлiгi болып табылады. 25-бап. Құтқарушылардың жұмыс (қызмет) және демалыс режимi 1. Күнделiктi қызметте кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары құтқарушыларының жұмыс (қызмет) режимi iшкi еңбек тәртібінiң ережелерiмен, кезекшiлiк кестелерiмен, сабақтар немесе арнайы дайындық жөніндегі өзге де шаралар кестелерiмен белгiленедi. 2. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары құтқарушыларының жұмыс режимi жұмыс күнi мен жұмыс жылы iшiнде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес медициналық талаптар және санитариялық- гигиеналық нормалар ескерiле отырып белгiленедi. 3. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары құтқарушыларының құтқару жұмыстарын және шұғыл жұмыстарды жүзеге асыру кезеңiнде күту және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарға аттануға ұдайы дайын болу режимiнде кезекшiлiк өтеу уақыты кезекшiлiктiң әр сағаты үшiн сағаттың төрттен бiрi мөлшерiнде есептелiнедi. 4. Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу кезiнде кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары құтқарушыларының жұмыс режимi мен жұмыс ауысымыныңұзақтығын төтенше жағдайлардың сипатын, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу ерекшелiктерiн және медициналық ұсыныстарды ескере отырып төтенше жағдайларды жою басшылары белгiлейдi. 5. Орталық атқарушы органдардың кәсiби авариялық-құтқару қызметiмен құрамаларының құтқарушыларына ұзақтығы 30 күнтiзбе күндiк ақылы демалыс берiледi. Әрбір үш жыл стаж үшін ақысы төленетін қосымша, ұзақтығы бір күн, бірақ күнтізбелік он бес күннен аспайтын демалыс беріледі. 26-бап. Кәсіби авариялық-құтқару қызметі мен құрамалары құтқарушыларына еңбекақы төлеу 1. Кәсіби авариялық-құтқару қызметі мен құрамалары құтқарушыларына еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 2. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының құтқарушыларына еңбек сіңірген жылдары үшін жұмыс стажына қарай ай сайын лауазымдық айлықақысына процент есебімен еңбек сіңірген жылдары: үш жылдан асқанда - он бес процент; бес жылдан асқанда - жиырма процент; он жылдан асқанда - отыз процент; он бес жылдан асқанда - қырық процент; жиырма жылдан асқанда елу процент мөлшерінде үстемеақы төленеді. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының құтқарушыларына еңбек сіңірген жылдары үшін проценттік үстемеақы төлеу үшін стаж Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен есептеледі. 3. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының құтқарушылары жалақысының мөлшері олар қызмет көрсететін ұйымдардың тиісті санаттардағы қызметкерлерінің жалақысы мөлшерінен төмен болмайды. 27-бап. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары құтқарушыларының тұрғын үй алу құқығы 1. Орталық атқарушы органдардың, ұйымдардың кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының құтқарушыларына және олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген нормалар бойынша мемлекеттік және ведомстволық тұрғын үй қорының есебiнен тұрғын үй-жай берiледi. 2. Тұрғын үй алуға (тұрған үй жағдайларын жақсартуға) мұқтаж болған, қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары құтқарушыларының отбасылары, сондай-ақ құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге тартылған және аталған жұмыстарды жүргiзу барысында қаза тапқан (қайтыс болған) ерiктi авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары құтқарушыларының және құтқарушылар болып табылмайтын азаматтардың отбасылары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шарттар мен тәртiпте мемлекеттік тұрғын үй қорынан оны алу (тұрғын үй жағдайын жақсарту) құқығын сақтайды. 3. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының құтқарушылары пәтерлерiне телефондарды ақылы негiзде бiрiншi кезекте орнатуға құқылы. 28-бап. Құтқарушылар мен олардың отбасы мүшелерiнiң әлеуметтiк кепiлдiктерi 1. Құтқарушыларды сақтандыру Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады. 2. Құтқарушылар мемлекеттік органдар мен ұйымдардан шарттар негiзiнде келiп түскен қаражат есебiнен де сақтандырылуы мүмкiн. 3. Құтқарушы қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан (өлген) не ол қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақаттың салдарынан бiр жыл iшiнде өлген жағдайда асырауындағы адамдарға оның соңғы атқарған қызметi бойынша бiр жылдық жалақысының кемiнде он есе мөлшерiнде бiр жолғы жәрдемақы төленедi. 4. Құтқарушыға қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде алынған зақым (жарақаттану, жаралану, контузия), сырқат салдарынан мүгедектiк белгiлеу кезiнде оған: I және II топтардағы мүгедекке - бiр жылдық жалақысының бес еселенген мөлшерiнде; III топтағы мүгедекке - бiр жылдық жалақысының екi еселенген мөлшерде бiр жолғы жәрдемақы төленедi. 5. Құтқарушы қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде мүгедектiк белгiленбей, еңбек қабiлетiн тұрақты жоғалтқан ауыр зақым (жарақаттану, жаралану, контузия), сырқат алған жағдайда оған бiр жылдық жалақысынан кем емес мөлшерде бiр жолғы жәрдемақы төленедi. 6. Егер құтқарушының қаза табуы (өлуi), жарақаттануы, жаралануы (зақымдануы), сырқаттануы қызметтiк мiндетiн атқарумен байланысты емес мән- жайларға қатысты болғандығы белгiленген тәртiпте дәлелденсе, осы Заңның 3, 4, 5-тармақтарында белгiленген бiр жолғы жәрдемақы төленбейдi. 7. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының қайтыс болған немесе қаза тапқан құтқарушысын жерлеу үшiн тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Заңымен белгiленетiн мөлшерде жәрдемақы берiледi. 8. Осы баптың 3, 4, 5, 7-тармақтары бойынша жәрдемақы авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын ұстайтын ұйымдардың қаражаты есебiнен, төленiп, осы ұйымдардың шығындары залал келтiрушiнiң есебiнен кейiннен толық көлемiнде өтеледi. 9. Құтқарушылардың отбасы мүшелерін асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік қамсыздандыру Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 29-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары қызметкерлерiнiң қосымша құқықтық және әлеуметтiк кепiлдiктерi 1. Еңбек жағдайы зиянды әрi қауiптi ұйымдарға қызмет көрсететiн кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының құтқарушыларына Қазақстан Республикасының заңдарымен осы ұйымдар үшiн белгiленген құқықтық және әлеуметтiк қорғау кепiлдiктерi мен жеңiлдiктерi қолданылады. 30-бап. Ерікті авариялық-құтқару құрамаларының құтқарушыларын, сондай-ақ төтенше жағдайларды жою жөніндегі жұмыстарды жүргізуге тартылатын құтқарушылар болып табылмайтын азаматтарды әлеуметтік қорғау кепілдіктері Осы Заңның 28 және 29-баптарында көзделген құқықтық және әлеуметтік кепілдіктер ерікті авариялық-құтқару құрамаларының құтқарушыларына, сондай- ақ авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге тартылған кезде, құтқарушылар болып табылмайтын азаматтарға қолданылады. 5 тарау. Қорытынды ережелер 31-бап. Заңдардың бұзылғаны үшiн жауапкершiлiк Еңбек шарты бойынша жүктелген мiндеттердiң орындалмауына, төтенше жағдайларды жою жөніндегі жұмыстарды жүргiзу кезiнде азаматтардың денсаулығына қасақана немесе абайсызда зиян келтiрiлуіне, табиғи ортаға, материалдық және мәдени қазыналарға залал тигiзiлуiне кiнәлi авариялық- құтқару қызметi мен құрамалары жұмыстарының басшылары және құтқарушылары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 32-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары қызметiнiң мәселелерi жөніндегі дауларды шешу тәртібі Авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары қызметiнiң мәселелерi жөніндегі дауларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте соттар шешедi. 33-бап. Төтенше жағдайларды жоюға авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын тарту жөніндегі халықаралық шарттар Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегi төтенше жағдайларды жоюға кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын тарту Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар негiзiнде жүзеге асырылады. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Құтқарушылар және олардың мәртебесi 2. Құтқарушыларды аттестаттау 3. Құтқарушылардың құқықтары 4. Құтқарушылардың мiндеттерi 5. Құтқарушылардың жұмыс (қызмет) және демалыс режимi № 5 дәріс. Апаттық құтқару қызметін, апаттық құтқару құрылымдарын және құтқарушыларды аттестациялауды жүргізу бойынша квалификациялық талаптар мен әдістемелік ұсыныстар. Жалпы сұрақтар 1. Апаттық құтқару қызметін, апаттық құтқару құрылымдарын және құтқарушыларды аттестациялауды жүргізу бойынша квалификациялық талаптар мен әдістемелік ұсыныстар 2. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын аттестаттау Авариялық құтқару қызметтерінің, құрылымдар және құтқарушылардың аттестация ережесі (ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 12 шілдегі № 808 қаулысымен бекітілген) 1. Аттестациялауға жататындар: кәсіби авариялық – құтқару қызметтері, кәсіби және ерікті авариялық – құтқару құрылымдары және құтқарушылар. 2. Табиғи және техногенді төтенше жағдайларды жоюға тартылатын АҚҚ мен құтқарушыларды аттестациялау төмендегілерді анықтау мақсатында жүргізіледі: 1) Олардың авариялық – құтқару жұмыстарын жүргізуге дайындық деңгейін; 2) тиісті техника, заттар мен керек – жарақтардың бары мен олардың жағдайын; 3) құтқарушылардың алған білімдерінің, медициналық дайындығының, физикалық, психологиялық және рухани әзірлігінің сәйкестілігі; 3. АҚҚ мен құтқарушылар бастапқы, екінші қайтара, мерзімді және кезектен тыс аттестациялануға жатады: 1) бастапқы аттестациялауға қайта құрылған АҚҚ, сондай – ақ құтқарушы болуға ұйғарған азаматтар жатады; 2) екінші қайтара аттестациялау АҚҚ мен құтқарушылардың қызметін қайта жаңарту үшін алғашқы атгестациялауда табылған барлық қателіктерді жойғаннан кейін өткізіледі; 3) АҚҚ мен құтқарушыларды мерзімді аттестациялау олардың аттестация мерзімі аякталғаннан кейін жүргізіледі, бірақ үш жылда бір реттен кем емес; 4) АҚҚ мен құтқарушыларды кезектен тыс аттестациялау олар орындайтын авариялық – құтқару жұмыстардың түрі өзгерген жағдайда. 4. Аттестациялауды аттестациялау комиссиясы заңнамамен бекітілген тәртіпке сай жүргізеді: 1) Қазақстан Республикасының төтенше жағдай жөніндегі Орталық атқарушы органының (ары карай - Өкілетті орган) шешімімен өздерінің ведомстваға жататын және ведомстваға жатпайтын авариялық – құтқару қызметінен, құрылымдары мен құтқарушыларына, олар жұмыс істейтін құтқарушы бөлімшесінің ведомстволық бағыныштылығына қарамастан «Халықаралық класстағы құтқарушы» топтық санатын беру үшін; 2) Өкілетті органның, министрліктің, агенттіктің, жергілікті атқарушы органның бірлескен шешімімен – ведомстволық авариялық – құтқару қызметтері мен құрылымдарын аттестациялау үшін; 5. АҚҚ мен құтқарушыларды аттестациялау аттестациялық комиссиямен АҚҚ – ны ұйымдастырушылар мен басшыларының ұсынған материалдардың негізінде жүргізіледі. Қаралған материалдар мен жүргізілген тексерулердің негізінде АҚҚ мен құтқарушылардың жұмысты тиісінше атқара алу мүмкіндігіннің қорытындысы бар аттестациялау акты құрылады. Аттестациялау актінің мазмұны АҚҚ ұйымдастырушылары мен басшыларына жеткізіледі. Аттестациялау комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда АҚҚ басшысы мен құтқарушы Өкілетті органға шағым арыз беруге және одан ары сотта қарауға құқылы. 6. Аттестацияланған АҚҚ – ға Өкілетті орган: 1) іздестіру – құтқару, тауда құтқару, газдан құтқару және апатқа қарсы жұмыстарды жүргізу құқығына лицензия береді; 2) басқа да авариялық - құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына бекітілген тәртіптегі куәлік береді. 7. Атгестациядан өткен құтқарушыға бекітілген үлгідегі құтқарушының жеке куәлігі, құтқарушы кітапшасы мен құтқарушы жетоны беріледі. Келесі аттестациялау кезінде құтқарушы кітапшасына тиісті жазу түсіріледі. 8. Заңмен бекітілген тәртіп бойынша аттестациядан өтпеген АҚҚ – да: 1) іздестіру – құтқару, тауда құтқару, газдан құтқару және апатқа қарсы жұмыстарды жүргізу құқығының куәлігін қайтып алынады немесе қызметі тоқтатылады; 2) басқа да авариялық – құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына бекітілген тәртіптегі куәлік қайтып алынады немесе қызметі тоқтатылады; 9. Аттестациядан өтпеген құтқарушылар құтқарушы мәртебесінен айрылады. 10. АҚҚ мен құтқарушыларды аттестациядан өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру Өкілетті органға жүктеледі. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын аттестаттау 1. Барлық авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген аттестатталуға тиiс. 2. Аттестаттаудан өткен авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларына - тиісті аттестаттау комиссияларының шешімі негізінде авариялық-құтқару жұмыстарының белгілі бір түрлерін жүргізу құқығына белгіленген үлгідегі куәлік, ал құтқарушыларға құтқарушының куәлігі беріледі. 3. Егер аталған ұйымдар құрған немесе оларға шарттар бойынша қызмет көрсететiн объектiлiк кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының дайындығы және жай-күйi авариялық-құтқару қызметiн қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға сай келмеген жағдайда, ондай ұйымдардың қызметi толық немесе iшiнара тоқтатыла тұрады. Аталған ұйымдардың қызметiн тоқтата тұру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Апаттық құтқару қызметін, апаттық құтқару құрылымдарын және құтқарушыларды аттестациялауды жүргізу бойынша квалификациялық талаптар мен әдістемелік ұсыныстар 2. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын аттестаттау № 6 дәріс. Құтқарушылар және олардың статусы. Құқықтары мен міндеттері. Жалпы сұрақтар 1. Авариялық – құтқару мен құрылымдары қызметінің негізгі ұстанымдары 2. Құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде құтқарушылар құқықтары Құтқарушы – құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін арнайы аттестациядан (қайта аттестация) өткен азамат. Құтқару және шұғыл жұмыстарға іздестіру – құтқару, тауда құтқару, газдан құтқару, суда құтқару, өртке қарсы жұмыстар, сондай – ақ өрт сөндірумен және төтенше жағдайдың салдарын медициналы – санитарлық жою және тізімі Казақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен толықтырылуы мүмкін, төтенше және авариялық жағдайда жүргізілетін басқа да арнайы жұмыстар жатады. Авариялық – құтқару мен құрылымдары қызметінің негізгі ұстанымдары: • төтенше жағдай туыңдаған кезде адам өмірін құтқару мен денсаулығын сақтаудың, қоршаған ортаны қорғаудың басымдылығын қарастыратын адамгершілік пен жанашырлық; төтенше жағдайды жою бойынша құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу міндеті; • авариялық – құтқару қызметтері мен құрылымдарына дара басшылық жасау; • құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіп – қатер мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету; • авариялық – құтқару қызметтері мен құрылымдарының төтенше жағдайға жедел әрекет ету мен құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге үнемі дайындығы. Барлық авариялық – құтқару қызметі мен құрылымдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгіленген тәртібі бойынша аттестациялауға жатады. Аттестациядан өткен және тексерулер барысында төтенше жағдайға әрекет ету мен құтқару жұмыстарын жүргізуге дайын екендігін дәлелдеген авариялық – құтқару қызметтері мен құрылымдарына құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына лицензия беріледі. Егер де көрсетілген мекемелермен құрылған немесе оларға келісім шарт бойынша қызмет көрсететін нысандық кәсіби авариялық – құтқару қызметтері мен құрылымдары белгілеген нормативтерге жауап бермесе, ұйымның қызметі толығымен немесе жартылай тоқтатылады. Қазақстан Республикасының азаматтары медициналық тексеруден өткеннен кейін, дене шынықтыру дайындығының нормативтерін орындап, құтқарушыларды дайындау бағдарламасын оқығаннан кейін, құтқару және шұғыл жұмыстарды өткізу аттестациясының қорытындысы бойынша тиісті аттестациялық мекемелердің шешімі негізінде құтқарушы мәртебесін алады. Қазақстан Республикаларының азаматтарына құтқарушы мәртебесін тағайындау туралы шешім қабылдаған кезде аттестациялау мекемелерімен белгіленген үлгідегі төлқұжат, құтқарушының кітапшасы, тегі, аты және әкесінің аты, қан тобы мен құтқарушының тіркеу нөмірі жазылған жетон беріледі. Құтқарушылардың құқығы. Құтқару және шұғыл жұмыстарға тартылған құтқарушылар аталған жұмыстарды орындау орнына бет алу кезінде барлық транспорт түріне кезектен тыс билет алуға құқылы. Құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде құтқарушылар құқылы: • адамдарды құтқаруға бағытталған кез келген шешім қабылдауға; • өз міндеттерін атқару үшін толық әрі нақты ақпараттарды алуға; • құтқару және шұғыл жұмыстарды орындау үшін аймаққа және мекемелердің өндірістік нысандарына, тұрғын үйлерге ешбір кедергісіз кіруге; • төтенше жағдай аймағындағы барлық адамдардан белгіленген қауіпсіздік ережелерін орындауын талап етуге; • құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу технологиясына сәйкес экипировкалануға және жабдықталуға; • Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгіленген тәртібі бойынша төтенше жағдай аймағында тұрған мекемелердің байланыс құралдарын, транспорттарын, заттарын және басқа да материалдық құралдарын адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда пайдалануға; • көмекші іздестіру иттерін қолдану. Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгіленген тәртібі бойынша құтқару және шұғыл жұмыстарға қатысқан құтқарушылар медициналық мекемелер мен қалпына келтіру орталықтарында медициналық және психологиялық қалпына келтіруге құқылы. Құтқарушылар белгіленген тәртіп бойынша жұмыс уақытында өзінің теориялық білімі мен кәсіби шеберлігін жетілдіруге құқылы. Кәсіби және ерікті авариялық – құтқару қызметі мен құрылымдарының құтқарушылары, құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезеңінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгіленген мөлшерлері бойынша авариялық – құтқару қызметі мен құрылымдарын қамтуға бөлінген азық – түлік және тұрақпен қамтамасыз етілуге құқылы. Еңбек келісімінде (келісім шарт) жүктелген міндеттерді орындау кезінде кәсіби авариялық – құтқару қызметтері мен құрылымдарының құтқарушылары, сондай – ақ ерікті авариялық – құтқару қызметтерінің құтқарушылары және құтқарушы болып табылмайтын азаматтар құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге тартылу барысында зардап шеккен болса, олар тегін медициналық көмек алуға құқылы. Құтқару және шұғыл жұмыстарға тартылған ерікті авариялық – құтқару қызметтерінің құтқарушылары мен құтқарушы болып табылмайтын азаматтардың орташа еңбек ақылары негізгі жұмыс орны бойынша сақталады. Зиянды және қауіпті еңбек жағдайында қызмет көрсететін кәсіби авариялық – құтқару қызметі мен құрылымдарының құтқарушыларына осы мекемелерге арналған Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген құқықтық және әлеуметтік қорғау мен жеңілдіктерінің кепілі таратылады.Туындаған әртүрлі ТЖ жою кезінде жұмыс пен жағдайдың көп қырлылығы құтқарушылардың кәсіби дайындығының деңгейіне жоғарғы талаптар қояды. Құтқарушылардың міндеттері. Құтқарушылар міндетті: • зардап шеккен адамдарды іздестіруге, оларды құтқаруға шешімдер қабылдауға, оларға алғашқы медициналық және басқа көмек түрлерін көрсетуге; • құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге дайын тұру, өзінің дене шынықтырудан, арнайы, медициналық, психологиялық дайындығын жетілдіруге; • авариялық – құтқару құрамаларының қатарында іс - әрекет машығын жетілдіруге; • құтқару және шұғыл жұмыстарды жургізудің технологиясын бұлжытпай орындауға; • құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде өздері (құтқарушылар) құрамына кіретін авариялық – құтқару құрылымдары басшыларының берген бұйрықтарын бұлжытпай орындауға; • төтенше жағдайды болдырмау мақсатында азаматтарға қауіпсіздік ережелерін және орын алған кездегі іс - әрекеттердің тәртібін түсіндіруге. Кәсіби авариялық – құтқару қызметтері мен құрылымдары құтқарушыларының міндеттері тиісті жарғылармен, ережелермен, нұсқаулармен белгіленеді және еңбек келісімінің (келісім – шарт) құрамдас бөлігі болып табылады. Түрлі ТЖ салдарын жою кезінде пайда болатын жұмыстар мен жағдайлардың әртүрлілігі құтқарушылардың кәсіби деңгейіне жоғары талаптар қояды. Құтқарушы істей алуы тиіс: • құрал – жабдықтарды жұмысқа даярлау, оларды қажетті күйде ұстау, құтқарудың іс тәсілдерін меңгеру; • радиациялық және химиялық барлау жүргізетін құралдарды, байланыс құралдарын дабыл құралдарын, алғашқы көмек көрсету құралдарын жұмысқа дайындау және пайдалану; • жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын пайдалану; • кесіп өтетін жердің жағдайларында алға жылжу; • су бөгеттерінен құз-жартасты аймақтардан, қарлы қыраттардан, қуыстардан, үйінділерден өту; • өрт сөндіру құралдарын пайдалану; • қалыптасқан жағдайды бағалау, оңтайлы шешімін табу; • зақымдаушы факторлардың және ТЖ даму жолдарының болуын анықтау; • өз жұмысын қауіпсіз және тиімді ұйымдастыру; • зардап шегушілерді қолда бар құралдармен және арнайы техникаларды пайдаланып іздеу жүргізу; • зардап шегушілерді зақымдану ошағынан алып шығу, оларды қауіпсіз жерге орналастыру; • зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету; • өзіне - өзі көмек көрсету; • үйінділерді тазалау; • тәуекелдік дәрежесін тану; • жұмыстың басқа мүшелермен бірігіп ету, бір немесе бірнеше экстремальды фактор жағдайында (биіктік, жарықтың болмауы, түтін, тар жер) жұмыс істеу; • зақымдау ошағына ұшақтан немесе тікұшақтан парашютпен түсуді, жер, су көліктерімен келуді жүзеге асыру; • қауіпсіздік техникасына сай жұмыс істеу; • кез-келген табиғи және антропогенді ТЖ жағдайында ІҚЖ және АҚҚЖ жүргізу; • жергілікті жерді бағдарлау; • әртүрлі ТЖ жағдайында аман қалу; • халықты және зардап шегушілерді қауіпті аймақтан эвакуациялауды ұйымдастыру; • ТЖ көзі болып саналатын немесе қауіпті жанғыш және зиянды заттарды, газды, суды, электр энергиясын ажырату; • жануарларды, материалдық құндылықтарды, азық – түлікті құтқару жұмыстарын жүргізу; • ТЖ таралуын шектеу; • соғыс жағдайында немесе әскери жағдайдың туындауы мүмкін болғанда жұмыс істеу; • қозғалмалы электр қондырғылармен, компрессорлармен, тамақ дайындау нүктелерімен бірге қызмет ету; • еңбектің және жұмыстың оңтайлы әдістерін таңдау; • эмоционалды жүктеме жағдайында түрлі ауырлықтағы физикалық жұмыстарды атқару; • жеке бас тәуекелі жағдайында жұмыс істеу; • табиғи және антропогенді өзгермелі жағдайда жұмыс істеу; • зардап шегушіге психологиялық әсер ету, қорқыныш күйінің алдын алу және өзін қолбасшы ретінде есептеу; • тез қалпына келтіру. Құтқарушы білуі тиіс: • табиғи және антропогенді сипаттағы ТЖ пайда болу себептерін, салдарын, жету сипатын; • терминологияны; • құтқарушыларға қойылатын талаптарды ҚЖЖ кезіндегі құтқарушылардың құқықтары мен функционалды міндеттерін; • ҚЖЖ пайдаланатын жабдықтар, аспаптар, құралдардың қолдану және сақтау ережелерін; • қауіпсіздік техникасының ережелері мен нұсқауларын; • қолданылатын жабдық, жабдық, техника аспаптардың техникалық сипаттамаларын; • зардап шегушілерді іздестіру әдіс-тәсілдерін; • дабылды, шартты белгілерді, кодтарды білу; • жүк көтеру көтеру техникасының, барлау жүргізу ережелерін; • зақымдаушы факторлардың болуын анықтау әдістерін; • аса қауіпті жағдайда ҚЖЖ ережелерін; • белгі беру және байланыс құралдарын пайдалану ережелерін; • түрлі жағдайларда қозғалудың оңтайлы әдістерін; • жағымсыз жағдайларда тірі қалу негіздерін; • уақытша лагерлерді ұйымдастыру ережелерін; • зардап шегушілерді үйінділерден, зақымдалған көліктерден, қираған ғимараттардың жоғарғы қабатынан алып шығу әдістері; • зардап шегушілерді үңгірлерден, қуыстардан, көшкін, сел, қар астынан алып шығу әдіс-тәсілдерін; • миналанған аймақтары бар әскери іс-әрекеттер жағдайында жұмыс жүргізу әдістерін; • әуе, жер және су көліктерімен жұмыс істеуді; • кинологиялық қызметті қамтитын жұмыстардың ерекшеліктерін; • өрттің алдын-алу және өшіру әдістерін және құралдарын; • қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан қорғануды; • психология және педогогика негіздерін; • әртүрлі жағдайларда тез қозғалу және мүмкін нақты апат кезіндегі жұмыс істеу қабілетін; • өздігінен оңтайлы жұмыс қарқынын таңдау және оны оны басқа құтқарушылар қарқынымен, техника және жабдық мүмкіндігімен салыстыру; • анық көрінбейтін, дыбыс бөгеттері бар, жарықтың төмен деңгейінде, шаңдану, түтіндеу т.б. назар аударатын факторлар жағдайында ақпаратты тез қабылдап және өңдеу мүмкіндігі. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Авариялық – құтқару мен құрылымдары қызметінің негізгі ұстанымдары 2. Құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде құтқарушылар құқықтары № 7 дәріс. Азаматтық қорғаныс құрылымдарын, басқару құрамын дайындаудың жүйесі және төтенше жағдай кезіндегі іс әрекеттер бойынша халықты үйрету. Жалпы сұрақтар 1. Төтенше жағдай кезіндегі Апаттық құтқару ісі пәнінің міндеті мен мақсаты 2. Қазіргі заманғы қырып жою құралдарынан халық пен шаруашылық объектілерін қорғаудың, құтқарудың негізгі принцптері 3. Құтқару шараларын өз уақытында жоспарлау және өткізу 4. Халықты оқыту Апаттық құтқару ісі пәнінің міндеті – төтенше жағдай аймағында құтқару және тағы басқа шұғыл жұмыстарды жүргізу. Негізгі максат – төтенше жағдай адамдарды құтқару, оларға алғашқы көмекті ұйымдастыру, төтенше жағдай қауіпті салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстарын жедел ұйымдастыруға жағдай туғызу. Төтенше жағдай салдарымен күресу жұмыстары қауіп – қатермен байланысты, сондықтан құтқару және қалпына келтіру жұмыстарына қатысатын адамдардың қауіпсіздігін сақтау алға қойған мәселенін бірі. Атқарылған жұмыстардын тактикасы мен стратегиясы және оның бағдарламасы жан – жақты ойластырған, реттелген және қауіпсіздік шарттарына сәйкес болуы керек. Бұл шаралар мақсатына байланысты 3 тараптан тұрады: • Барлау бөлімшелері апаттың көлемін,шығын мөлшерін анықтап, басқа органдаға мәлімет береді. • Құтқару бөлімшелері адамдарды іздестіріп, қираған ғимарат, үйіндіден алып шығып, алғашқы көмек көрсетіп, емдеу мекемелеріне жеткізеді. • Қалпына келтіру бөлімшелері апаттың салдарын жою, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді. Азаматтық қорғаныс құрамалары бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдай қауіпі туындаған кезде құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізеді. Мемлекеттік төтенше жағдай құрамалары аумақтық өндірістік принцп бойынша облыстарда, қалаларда, аудандар мен ұйымдарда меншіктік нысанына қарамастан құрылады, аумақтық және объектілік болып бөлінеді. АҚ – ның аумақтық құрылымдары облыс, қала, аудан әкімдерінің шешімімен, ал объектілік құрылымдар ұйымдардың АҚ басшыларының бұйрықтарымен құрылады. Мемлекеттік төтенше жағдайлардан сақтандыру құрамаларына: • Барлаушы буын; • Құтқару командасы; • Инженерлік командасы; • Санитарлық нүктелер; • Қорғаныс ғимараттарын залалсыздандыру жөніндегі топ; • өрт сөндіру командасы (бөлімі) ; • байланыс командасы; • қоғамдық тәртіпті қорғау командасы; • жануарлар мен өсімдіктерді қорғау командасы және т.б. кіреді. Төтенше жағдайларды ескерту және іс-әрекеттер жөніндегі Республикалық жүйенің өзіне жүктелген міндеттерді орындауға даярлығы түпкілікті нәтижеде оның осы мақсатқа жету қабілетін анықтайды. Қазіргі уақытта адамзаттың алдында соғыс қатерінен басқа ғаламдық қауіп экологиялық апат қауіпі өткір тұр; ауа ластанған, өзендер мен көлдер қышқылдық жаңбырмен уланған, топырақ бөлінуде, ормандарға, өсімдіктер мен хайанаттарға қауіп төнуде. Республика аумағында атом энергетикасы, химия өнеркәсібі мен өзге де объектілер орналасқан. Мұндағы апаттар үлкен адам құрбандықтарымен, материалдық залалмен қатар елеулі экономикалық салдарға да ұшыратуы мүмкін. Осы жағдайлар мемлекеттік әскери және шаруашылық органдары тарапынан Азаматтық қорғаныс мәселелеріне, халықты сенімді қорғау мен шаруашылық объектілерін сақтау, басқару жүйесінің мүлтіксіз жұмыс істеуі жөніндегі міндеттерді шешуде жаңа ұсыныстарды қажет етеді. Бейбіт уақыттағы ықтимал төтенше жағдайда, сондай-ақ қарулардың даму бағыты мен оларды қолдану туралы көзқарастарды ескере отырып, халықты қорғаудың негізгі принцптері мен әдістерін іске асыру халықтың сенімді қорғалуын дәйекті көтеруді қамтамасыз етеді. Халықты қорғау принцптері – бұл бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайда халықты қорғау тәртібін анықтайтын Қазақстан Республикасының Үкіметі ресми белгілеген ережелер. Халықты апат, зілзала т.б қорғау жөніндегі шараларды жүргізу сипаты, көлемі мен мерзімі ахуалды бағалау және жергілікті жағдайлар мен мүмкіндіктерді ескере отырып белгіленген АҚ жоспарларымен анықталады Қазіргі заманғы қырып жою құралдарынан халық пен шаруашылық объектілерін қорғаудың, құтқарудың негізгі принцптері мыналар: Құтқару шараларын өз уақытында жоспарлау және өткізу. Ол мыналарды қамтиды: • бейбіт және соғыс уақытындағы АҚ жоспарларын әзірлеу; • халықты ТЖ мен қазіргі заманғы қырып жою құралдарынан қорғау әдістеріне даярлау; • ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын жинау және оларды пайдалануға әзірлікті ұстау; • көшіру шараларын даярлау; • бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайда шаруашылық салалары мен объектілері жұмысының сенімділігін және тұрақтылығын көтеру жөніндегі шараларды жүргізу. Осыған байланысты халық пен шаруашылық объектілерін қорғау жөніндегі шаралардың әрбір ауданда, қалада, бүкіл республикада міндетті түрде жүргізілуі қажет. Құтқару шараларының сипаты мен көлемі төтенше жағдай сипатына, қалалардың, шаруашылық объектілерінің экономикалық және қорғаныс маңыздылығы мен жергілікті жағдайларға байланысты. Төтенше жағдайда, бірінші кезекте, халық пен шаруашылық объектілерін қорғау жөнінде шаралар АҚ тобына жатқызылатын қалаларда мынандай тәртіппен жүргізіледі. • қызметтері соғыс уақытында да тоқталмайтын кәсіпорындардың жұмысшылары мен қызметшілерін, АҚ бойынша топтарға жатқызылған қалалардағы олардың отбасы мүшелерін қауіпсіз аймаққа таратып қоныстандыру; • АҚ бойынша топтарға жатқызылған қалалардағы жұмысшылармен қызметшілерді бұрынан бар қорғаныс ғимараттары мен осы мақсат үшін ыңғайластырылған және бөлінген орындарға орналастыру Халықты оқыту. Азаматтық қорғаныс құрамасына кірмейтін жұмысшылар мен қызметшілерді төтенше жағдайлардағы іс жүзіндегі әрекеттерге тұрақты оқытып тұру. «Баршаның назарына!» дабылы бойынша және қауіп туралы ақпарат алған кезде және төтенше жағдай туындағанда дұрыс іс-қимыл жасауға, өзін- және өзара көмек көрсету тәсілдеріне оқытуға баса назар аудару. Оларды оқытуды 12-сағаттық бағдарлама бойынша ұйымдастыру. Жұмыс істемейтін халыққа оқытуды оларды жаттығуға, оқу-жаттығуға тарту, сондай-ақ жадынама, буклеттер тарату, мерзімді басылымдарда, радио және теледидарда материалдар жариялау арқылы жүргізу. Жоғары оқу орындарында «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» курсын бекітілген бағдарламаға сәйкес жүргізу. Кәсіптік-техникалық мектептерде және орта арнайы оқу орындарында (колледждерде) «Алғашқы әскери дайындық және тыныс-тіршілік қауіпсіздік негіздері бағдарламасына» сәйкес «Азаматтық қорғаныс» тарауын зерделеу қажет. Барлық түрдегі жалпы білім беретін мектептерде «Алғашқы әскери дайындық және тіршілік қауіпсіздігінің негіздері бағдарламасына» сәйкес «тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» тарауын зерделеу керек. Білім беру органдары төтенше жағдайлар басқармаларымен (бөлімдерімен) бірлесе отырып, жыл сайын мектепке дейінгі мекемелердің меңгерушілерімен олардың ведомстволық керек-жарақтарынан тәуелсіз бір күндік нұсқау сабағын өткізу. Сейсмикалық қауіпті өңірлерде немесе химиялық қауіпті объектілерге жақын орналасқан оқу орындарында және мектепке дейінгі мекемелерде тоқсан сайын жер сілкінісі кезіндегі немесе химиялық қауіпті объектілерде күшті әсер ететін улы заттарды тастаудан болған авариялар туындағандағы іс-қимыл бойынша персоналдарға, студенттерге, оқушыларға, балаларға оқу-жаттығу өткізу. Сонымен қатар, сел қауіпі бар аудандарда орналасқан оқу орындарында, жыл сайын сел қауіпі бар кезең басталардың алдында сел уақытындағы іс-қимыл бойынша оқу-жаттығу өткізу. Дайындау және оқыту орталықтарында сабақ өткізудің негізгі әдістері топтық жаттығулар мен практикалық сабақтар өткізу болып табылу. Мемлекеттік емес меншік нысанындағы ұйымдардың, мекемелердің және кәсіпорындардың персоналын дайындауды шарт жасасу жолымен жүзеге асыру. Облыстың шалғайдағы аудандарында тыңдаушыларды дайындау 14-сағаттық бағдарлама бойынша барып оқыту әдісімен жүзеге асыру. Дайындау және оқыту орталықтарының (бөлімдерінің) тыңдаушыларымен жинақтау жоспарының толқтай орындалуына қол жеткізу қажет. Негізгі күшті бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде алдын алу және іс-қимылдар бойынша іс-шараларды басқару кезінде функционалдық міндеттерді орындауда кәсіби шыңдалуға, іс жүзіндегі дағдыларды жетілдіруге бағыттау. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Төтенше жағдай кезіндегі Апаттық құтқару ісі пәнінің міндеті мен мақсаты 2. Қазіргі заманғы қырып жою құралдарынан халық пен шаруашылық объектілерін қорғаудың, құтқарудың негізгі принцптері 3. Құтқару шараларын өз уақытында жоспарлау және өткізу 4. Халықты оқыту №8 дәріс. Іздеу құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі еңбек қорғау. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдары Жалпы сұрақтар 1. Құтқарушылар еңбегін қорғаудың нормативтік негіздері 2. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға құқықтары 3. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттері 4. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдары Құтқарушылар еңбегін қорғаудың нормативтік негіздері. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 2007 жылдың 15 мамырындағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі және еңбек қауіпсіздігі және қауіпсіздік шаралары туралы тағы да баска ҚР нормативтік құқықтық актілері – құтқарушылар еңбегін қорғаудың нормативтік – құқықтық базасы болып табылады. Олар еңбек етуішлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етілуінің кепілін белгілейді және шаруашылық қызмет ету саласы мен ведомстволық бағыныштылығына және жеке меншік қалпына қарамастан барлық ұйымдар мен мекемелердегі, өнеркәсіптердегі жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы еңбек қауіпсіздігі саласындағы қарым – қатынасын реттеудің бірыңғай тәртібін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар олар еңбек қызметінде және онымен байланысты үрдістерде жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын сақтау талаптарына жауап беретін еңбек жағдайын құруға бағытталған. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға құқықтары. Қызметкердің: • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнына; • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес санитарлы – тұрмыстық ғимараттарға, жеке және топтық қорғаныс құралдарына, арнайы киіммен, сондай – ақ жеке және топтық еңбек келісім шартымен қамтамасыз етілуге; • өзінің жұмыс орынындағы еңбек қауіпсіздігі мен жағдайларға зерттеу жүргізу туралы еңбек жөніндегі мемлекеттік өкілетті органдарға және оның аумақтық бөлімшелеріне жүгіну; • еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мәселелерді тексеруге және қарауға өкіл ретінде қатысуға; • өзінің денсаулығына немесе өміріне қатер төндіретін жағдай туындаған кезде бұл туралы тікелей басшыға немесе жұмыс берушінің өкіліне хабарлай отырып жұмысты орындаудан бас тартуға; • Қазақстан Республикасының заңдарында бекітілген тәртіппен еңбек міндеттерін қауіпсіз атқару үшін қажетті білім алуға және кәсіби дайындыққа; • жұмыс берушіден ұйымның жұмыс орны мен аумағының сипаттамасы, еңбек жағдайлары, еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғаудың жай – күйі туралы, өмірге және денсаулыққа төнетін қауіп туралы, сондай – ақ зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен оны қорғау жөніндегі шаралар туралы шынайы ақпарат алуға; • ұйымның жұмыс еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес келмегендіктен тоқтатылған уақытта орташа жалақысының сақталуына; • жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңсыз әрекетеріне шағым жасауға құқығы бар. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттері Қызметкер: • өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға туралы, кәсіби аурудың (улану) белгілері туралы, сондай – ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдайлар туралы өзінің тікелей басшысына дереу хабарлауға; • еңбек жағдайларын өзгерте отырып басқа жұмысқа ауыстырылғанда не кәсіби ауру белгілері пайда болғанда мерзімдік медициналық тексеруден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтуге; • жұмыс беруші қамтамасыз еткен арнаулы киімді, жеке және ұжымдық қорғану құралдарын өз мақсатында пайдалануға; • жұмыс беруші қаржыландырған жағдайда медициналық мекемелер берген кеңестерді орындауға; • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормалардың, ережелер мен нұсқаулықтардың талаптарын сондай – ақ жұмыс берушінің өңдірісте жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарын сақтауға міндетгі. Еңбекті қорғау туралы заңнамалық және нормативтік актілердің бұзылуына кінәлі жұмыс берушілер мен лауазымды тұлғалар, ұжымдық келісімдермен немесе еңбек қорғау туралы келісімдермен бекітілтен міндеттемелерін орындамаған жағдайда, мемлекетік қадағалау мен бақылау органдарының, соңдай – ақ қоғамдык бақылаушының қызметіне кедергі келтіргендер ҚР заңымен сәйкес бекітілген әкімшілік, тәртіптік немесе қылмыстық жазаға тартылады. Жұмысшылар еңбекті қорғау туралы заңдар мен басқа да нормативтік актілерде көрсетілген талаптарды бұзғаны үшін ҚР заңымен сәйкес бекітілген тәртіптік, ал тиісті жағдайларда – материалдық және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Авариялық – құтқару жұмыстардың өзіне тән ерекшелігін ескере отырып, Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 27 наурызында «Авариялық – құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы» (10.01.2006ж. түзетулер мен толықтырулар енгізілді) № 87-1 Заңы қабылдаңды. Ол табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін құрылған аварияық – құтқару қызметтері мен құрылымдарының ұйымдасуы мен қызметі кезіндегі қоғамдық қатынастарды реттейді, құтқарушының мәртебесін бекітеді. Құтқарушылардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері заңмен бекітіледі, табиғи және техногенді ТЖ зардаптарын жоюға қатысатын құтқарушылар мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы саласындағы мемлекеттік саясат негізі анықталады. Құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде құтқарушылар авариялық – құтқару қызметінің мәселелері жөнінде аталған заңға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге бағынады және тек қана авариялық – құтқару қызметі мен құрылымдарының басшыларына (өздері жұмыс істеп жүрген құрылымдардың) ғана бағынады. Жергілікті сайланып қойылған және атқарушы органдар, жеке меншіктің барлық формасындағы ұйым басшылары мен азаматар құтқарушыларға өздерінің жұмыстарын атқару кезінде көмек көрсетуі керек. Құтқарушылардың жүмысына ешкім қандай да болмасын кедергі жасауға құқы жоқ. ТЖ зардабын жою үшін авариялық – құтқару қызметі мен авариялық – құтқару құрылымдары тартылуы ҚР заңына сәйкес жүзеге асырылады Барлық авариялық – құтқару қызметі мен авариялық – құтқару құрылымдары ҚР Үкіметі бекіткен кезекпен аттестациялауға жатады. Аттестациялаудан өтпеген құтқарушы құтқарушы мәребесінен айрылады. Еңбек келісім шартында көрсетілмеген жұмыстар мен тапсырмаларды орындауға құтқарушыларды ешкім де мәжбүрлей алмайды. Құтқарушылардың құқығы мен міндетгері туралы 2 тарау 2.1. бөлімінен қараңыз. Авариялық – құтқару жұмыстары осы жұмыстарды жүргізетін құтқарушыларың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қауіпті факторлардың болуымен ерекшеленеді және арнайы дайындығы мен экипировкалануын, жабдықталуын талап етеді. Құтқарушылар мәртебесінін ерекшеліктері ТЖ зардаптарын жою жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысуы жөніндегі оларға жүктелген міндеттермен және осыған байланысты өмірі мен денсаулығына келетін қауіппен анықталады. Құтқарушы әр түрлі жұмыстарды, операцияларды жүргізу кезінде қауіпсіз амалдарды білуі керек. Қауіпті және зиянды факторлар әсер етуі кезінде көліктерді, құрылғьшарды, құрал – жабдықтарды, қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалана білуі керек. Осылардың барлығы авариялық – құтқару жұмыстарын қауіпсіз ұйымдастырудың керекті нормативтік базасын анықтайды. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдары. ТЖ зардабын жою үшін кезіңдегі құтқарушылардың жұмысы жоғарғы дәрежедегі қауіптілігімен ерекшеленеді. Құтқарушының денсаулығын, кей жағдайда өмірін сақтап қалу үшін мыналар қажет: • еңбекті қорғау жөніндегі нормативті – техникалық құжаттардың талаптарын білу мен орындау; • қорғаныс құралдарымен қамтылу және оларды пайдалана білу; • жағдайды бағалай білу және қауіп дәрежесін анықтай білу; • қиын – қыстау және жарақат қауіпі төнген кезде өзін дұрыс ұстай білу; Еңбекті қорғау – құқықтық, әлеуметтік – экономикалық, ұйымдық -техникалық, санитарлы – гигеналық, емдеу – алдын алу, оңалту және өзге де іс – шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйе. Техника қауіпсіздігі – адамға қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсер етуін болдырмайтын ұйымдастырушылық және техникалық іс – шаралардың жүйесі. Жазатайым оқиға – өзінің еңбек (қызмет) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындау кезінде қызметкердің жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабілеттілгінен уақытша немесе тұрақты айрылуына, кәсіби ауруға шалдығуына не өліміне әкеп соқтырған өндірістік факторлардың әсері. Кәсіби ауру – қызметкердің (кызмет) еңбек міндеттерін орындаумен байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауру. Еңбекті қорғаудың негізгі міндеті еңбек қызметіндегі қауіпті және зиянды факторлардың адамдарға әсер етуін жою немесе азайту болып табылады. Оның шешімі ұйымдастырушылық, техникалық, гигиналық, әлеуметтік, құқықтық, психологиялық, этикалық әдістер пен құралдар арқылы. Еңбек қауіпсіздігін жоғарылатудың ұйымдастырушылық құралдары мыналардан тұрады: • кадрларды кәсіби түрде таңдау мен дайындау; • орындаушыларды барлық деңгейде кәсіби пайдалану мен орналастыру; • біліктілігін арттыру және білімі мен өндірістік дағдыларын жетілдіру; • өндіріс үрдістері мен әдістерінің қауіпсіздігін жоғарылату; • енбек қауіпсіздігіне жауапты тұлғалардың жұмысын ұйымдастыру мен сапасын жетілдіру; • жеке орындаушылар қызметіндегі функционалдық міндеттерді нақтылау, олардың жұмысын еңбекті қорғау жөніндегі қалыптар мен ережелер бойынша регламенттеу; • еңбекті қорғаудың жағдайын қатаң бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету; • еңбек процесінің қалыпты және қауіпсіз жүруі үшін әлеуметтік, материалдық және техникалық жағдайларын жетілдіру; Ұжымдық қорғану құралдары – жұмыс істейтін екі және одан да көп адамдардың зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар болса, жеке қоргану құралдары деп қызметкерлерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдарды айтады. Еңбек қауіпсіздігін көтерудің техникалық құралдары өндірістік үрдістер мен операциялардың тиімділігін жоғарылатуға қызмет етеді. Олар адамның жұмсаған физикалық күшін жеңілдетуге, сондай – ақ еңбек жағдайының қауіпсіздігі мен жетілдірілуіне негізделеді. Қазіргі жағдайда ерекше қажетті болып табылатын, техникалық құралдарды жетілдіру кезіндегі еңбекгі қорғаудағы негізгі ережелердің бірі – қауіпсіздік техникасынан қауіпсіз техникаға ауысу міндеті болып отыр. Еңбек қауіпсіздігін көтерудің гигиеналық құралдары адам мен еңбек процесі және қоршаған орта арасындағы жағымды қарым – қатынасты қамтамасыз ету үшін құрылған. Оларға жататындар: • қоршаған орта мен еңбек жағдайлары факторларының адам ағзасына әсер етуін зерделеу; • еңбек үрдісінің зиянсыз өтуі үшін физиологиялық және гигиеналық критерилерді бекіту; • еңбек үрдістері үшін гигинеалық нормаларды регламенттеу мен анықтау және олардың негізіңде еңбек үрдістерін санкциялау; • шаршауды, кәсіби және жалпы ауруларды болдырмау бойынша алдын алу шараларын дайындау; • еңбек жағдайлары мен өндіріс ортасының санитарлы – гигиеналық жағдайын бақылау мен үнемі қадағалауды ұйымдастыру және іс жүзінде жүзеге асыру; • санитарлы техникалық қондырғылар, құрылғылар мен аспаптардың, тұрмыстық ғимараттардың, санитарлық құралдар мен ЖҚҚ – ның жағдайы мен гигиеналық тиімділігін бағалау; • қызметкерлер құрамын санитарлы – гигиеналық қамту, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсету жөнінде сапалы оқытуды ұйымдастыру; Еңбек қауіпсіздігін көтерудің әлеуметтік құралдары еңбек ұжымының тіршілік етуімен байланысты. Қызметкерлер құрамын жоспарлау мен әлеуметтік дамуы өндірістің әлеуметтік құрылымы элементтерін ұйымдастыру мен жұмысын басқару болып табылады. Адам өмірін қорғау мен оның еңбек үрдісіндегі қызметінің тиімділігін жоғарылатуға қызмет ететін әлеуметтік орта төмендегі бөліктерден тұрады: • пайдаланудағы техникалардың, технологиялардың қалтықсыздық деңгейін, өндірістік жағдайды, қорғаныс құралдарының жағдайын, еңбек қарқындылығын және т.б. анықтау; • өндірістік және тұрмыстық ғимараттардың жағдайы, жұмыс орындарының жабдықталуы, метеорологиялық жағдайлар, сапалы желдету, жылу мен жарық, шуыл деңгейі, діріл және басқа да факторлар; • өмірдің материалдық жағдайлары. Оларға жататындар: материалдық деңгей және оның өзгеруіне өндірістік қызмет ерекшелігінің әсері; • өндіріс саласынан тыс тұрмыс жағдайы және энергиялық шығынды қалпына келтіру мүмкіндігі. Еңбек қауіпсіздігін көтерудің құқықтық құралдары еңбекті қорғауды басқарудың негізі болып табылатын заңнамалық – нормативтік актілерден тұрады. Бұл тұста ең басты роль еңбек заңнамаларына және олардың негізінде дайындалатын нормативтік құжаттарға беріледі. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін еңбек қорғауға қатысты: ғимараттар, техникалық үрдістердегі, құрылғылардағы және т.б. еңбек қорғау талаптары заңмен белгіленген. Алдын ала бақылауды регламенттеу көзіне еңбек қауіпсіздігін стандартизациялайтын актілер, санитарлық және тағы да басқа нормалар мен ережелер жатады. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін шаралардың ішіндегі ең негізгілеріне кіретіні жұмыстың қауіпсіз тәсілдеріне қойылатын зандық талаптары. Мерзімді медициналық бақылауды жүргізу денсаулық жағдайын бақылауды қамтамасыз етеді және ауру белгілерін дер кезінде анықтауға көмегін тигізеді. Еңбек қауіпсіздігін көтерудің психологиялық құралдары ұжымдағы психологиялық климатты, ұжым мүшелерінің психологиялық үйлесімділігін анықтайтын барлық факторларды жинақтайды. Енбектің қалыпты және қауіпсіз жағдайын қамтамасыз етуде кадрларды кәсіби таңдау, оларды жұмыстың қауіпсіз тәсіліне оқыту мен дайындау, еңбек ресурстарын тиімді пайдалану мен орналастыру, олардың өзара қарым – қатынастарының мәселелері ерекше орын алады. Толассыз өзгеріп отыратын ақпарат көлемін өңдеу және тиісті жағдайда барынша дұрыс шешім қабылдау өндірістік қызметке тән сипаттың бірі болып табылады. Осының барлығы қызмет барысындағы психологиялық үрдістердің рөлін арттырады, олар: көзқарастың шиеленісуі, жағдайды есте сақтауды, ойлауды, қабылдау мен бағалау. Еңбек психологиясының талаптарын есепке алу адамның стресстік жағдайын болдырмауға көмегін тигізеді. Бұл жағдайларда жарақат қауіпі және авариялық жағдайлардың туындау мүмкіндігі көбейіп кетеді. Еңбек қауіпсіздігін көтерудің этикалық құралдары еңбек үрдісі және ұжым мүшелерінің ара қатынасын көрсетеді. Мұндай қарым – қатынастардың сипаты мен көрініс табуы еңбекті қорғаудың басты салаларының бірі болып табылады. Еңбекті қорғау жөніндегі ереже және нұсқаулықтардың негізінде еңбек ұжымының арасындағы қарым -қатынасты құру – басшының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Ұжымдағы қарым – қатынас формалары әр түрлі болады және ең алдымен мына жайттарға байланысты болып келеді: бағыныштылық, өзара қызмет, өзара көмек және т.б. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Құтқарушылар еңбегін қорғаудың нормативтік негіздері 2. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға құқықтары 3. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттері 4. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдары №9 дәріс. Қорғаныс және іздеп табу құралдары – топтасуы. класстары. құрал – жабдықтары Жалпы сұрақтар 1. Қорғаныс және іздеп табу құралдары – топтасуы. 2. Класстары, құрал – жабдықтары Қорғаныс және іздеп табу құралдары – топтасуы. Класстары, құрал – жабдықтары. ТЖ аймағында жұмыс атқарып жатқандарға қауіпті және зиянды факторлардың әсер ету дәрежесін болдырмау немесе төмендету үшін қорғаныс құралдары пайдаланылады. Қорғаныс құралдарының нақты түрін таңдау аталған үрдіс немесе жұмыс түріне қойылатын талаптарды есепке ала отырып жүргізілуі керек. Жұмыс атқарушылардың қорғаныс құралдары пайдаланылу сипатына қарай екі түрге бөлінеді: • топтық қорғаныс құралдары; • жеке қорғаныс құралдары. Топтық қорғаныс құралдары арналуына қарай келесі топтарға бөлінеді: • жұмыс орны мен өндірістік ғимараттардың ауалық ортасын қалпына келтіру құралдары (барометрлік қысымның шамадан тыс жоғары немесе төмен болуы және оның кенеттен өзгеруінен, ауа ылғалдығының шамадан тыс жоғары немесе төмен болуынан, ауаның шамадан тыс жоғары немесе төмен иондалуынан, ауадағы оттегі концентрациясының шамадан тыс жоғары немесе төмен болуынан, ауадағы зиянды аэрозоль концентрациясының шамадан тыс болуынан); • жұмыс орны мен өндірістік ғимараттардағы жарықты қалпына келтіру құралдары (жарықтың төмен болуынан, табиғи жарықтың жоқтығы немесе жетіспеушілігінен, көру мүмкіндігінің төменденуінен, ыңғайсыз немесе көз шағылыстыратын жарықтан, жарық толқынының шамадан тыс жүруінен, жарық берудің төменгі көрсеткішінен); • иондаушы сәулеленудің жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары; • инфроқызыл сәулеленудің жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары; • ултракүлгін сәулеленудің жоғарыланған немесе төменгі деңгейінен қорғау құралдары; • электормагниттік сәулеленудің жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары; • жоғарыланған магниттік және электрлік кернеуліктен қорғау құралдары; • лазерлік сәулеленудің жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары; • шудың, сәулеленудің жоғарыланған деңгейінен қорғау кұралдары; • дірілдің жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары (жалпы және жергілікті); • ультрадыбыстың жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары; • инфродыбыстық тербелістің жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары; • электр тоғымен зақымданудан қорғау құралдары; • электр қуатының жоғарыланған деңгейінен қорғау құралдары; • құрылғы, материал бетінің жоғарыланған немесе төмен температурасынан қорғау құралдары; • ауаның жоғарыланған немесе төмен температурасынан және температура өзгерісінен қорғау құралдары; • механикалық факторлардың әсерінен қорғау құралдары (жылжымалы машиналар мен механизмдер; • өндірістік құрылғылар мен құралдардың жылжымалы бөліктері; • қозғалмалы құралдар мен дайын заттар, материалдар; • конструкция бүтіндігінің бұзылуы, құлаған тау жыныстары; • сусымалы материалдар; дайын заттардың, құрал – жабдықтардың және құрылғылар беттеріндегі қабыршықтану, кедір – бұдырлық және жиектің өткірлігі); • химиялық факторлардан қорғау құралдары; • биологиялық факторлардан қорғау құралдары: Жеке қорғаныс құралдары арналуына қарай келесі топтарға бөлінеді: • оқшаулағыш сырт киім; • тыныс алу мүшелерін қорғау құралдары; • арнайы қорғаныс киімі; • аяқты, қолды қорғау құралдары; • басты, бетті, көзді, есту мүшелерін қорғау құралдары; • биіктен құлаудан қорғайтын және басқа да қорғаныс құралдары; • теріні қорғайтын құралдар; • аралас қорғаныс құралдары; Қауіпті және зиянды факторларды іздеп табу мен әсер ету күшін анықтау, олардың әсерінен қорғаудың негізгі бөліктерінің бірі болып табылады. Бұл мақсатта арнайы құрылғылар қолданылады. Санитарлық – гигиеналық бағалауға арналған құралдар |Зиянды фактор |Өлшеу |Құрал | | |бірлігі | | | | |аталуы |өлшеудің ара қашықтығы | |Ауа |С |Аспирациялық |35-тен 50-ге дейін | |температурасы |(Цельси |психометр | | | |градусы) | | | | | |Термоанемометр |10-нан 60-қа дейін | |Ауаның |% (пайыз) |Аспирационды |10-нан 100-ге дейін | |салыстырмалы | |психометр | | |ылғалдығы | | | | |Ауаның жылжу |м/с |Электроанемометр |0-ден 5-ке дейін | |жылдамдығы |(метр | | | | |секунды на)| | | | | |Термоанемометр |0,003-тен 5-ке дейін | | | |Қалқанды анемометр |1-ден 10-ға дейін | | | |Табақшалы анемометр|1-ден 30-ға дейін | |Жұмыс орнының |Лк (люкс) |Люксметр |25-тен 500-ге дейін | |жарықтандырылу| | | | |ы | | | | |Діріл |Гц, дБ |Дірілді өлшейтін |1,4 ден 350-ге дейін | | |(герц, |төменгі жиіліктегі |70-тен 130-ға дейін | | |дицебел) |аппаратура НВА - 1 | | |Шу |Гц, дБ |Шу спекторынын |60-тен 10000-ға дейін | | |(герц, |анализаторы | | | |дицебел) | | | | | |Шумометр |30-дан 140-кадейін | |Шак |мг/м3 |Матадан жасалған |0,5-тен 1000-ғадейін | | |(куб метрге|сүзгішке үлгілерді | | | |миллиграмм)|бөлуге арналған | | | | |кассеталар | | | | |Ластануды өлшейтІн |0,5-тен 30-ға дейін | | | |құрал | | |Газдар |МГ/м* |Индикаторлы | | | |(куб |түтікшелері бар | | | |метрге |газоанализатор | | | |миллиграмм)| | | Химиялық оқшаулағыш жиынтық КИХ- 4 (КИХ-5). Газ тектес ҚӘУЗ – дердің (хлор, аммиак) жоғарғы қоспалары әсер ету жағдайында, азот және күкірт қышқылы, сондай – ақ сұйық аммиактың әсер етуі жағдайындағы жұмыстарды орындау барысында газдан құтқару бөлімшелерінің, авариялық – құтқару құрылымдарының және АҚ әскерінің жеке құрамын қорғауға арналған. Жиынтық құрамына қорғаныс костюмі, резеңке және мақта – маталы қолғаптар кіреді. Костюм герметикалық қайырмалы бас киімі бар комбенезоннан тұрады. Оның беткі бөлігіне панорамалық әйнек жапсырылған. Комбенезонның шалбары резеңке материалдан жасалған шұлықпен аяқталады, олардың сыртынан резеңке етік киіледі. Арқа бөлігінде костюмді киіп – шешуге арналған тесік бар. Ол костюм материалымен герметизацияланып, жабылады. Костюм тігістерін герметизациялау алдыңғы жағынан жүзеге асырылады. Бұл мақсатта жабыстырылатын лентаны пайдаланады. Авариялық қорғағыш жиынтық. Құтқарушыларды ашық оттың қысқа мерзімді әсерінен, жылулық сәулеленуден және кейбір газ тектес ҚӘУЗ – ден (күкіртсутек) қорғауға арналған. Күкіртсутектің әсер еткен кездегі от ошағына жақын тұру жағдайында авариялық жұмыстарды жүргізу кезінде қорғануға арналады. Газконденсатты және мұнай кен орындарындағы өрттер кезіңде тері жамылғысы мен тыныс алу органдарын қорғаныспен қамтамасыз етеді. Жиынтық құрамына екі косютм (жылу шағылыстыратын және жылудан қорғайтын), етік пен үш палды қолғап кіреді. Жылудан қорғайтын костюм маталық емес, жылуға тұрақты материалдан (фенелон АТМФ-1) дайындалады. Астары мақта – матадан салынып, комбенезон түрінде дайындалған. Алдыңғы жағынан «сыдырма» ілгегі бар, ал артқы жағында тыныс алу аппаратына арналған құндағы бар. Қорғаныс жиынтығы мақта – матадан дайындалған арнайы киімнің сыртынан киіледі. Костюм астынан киілетін желдеткіш кеңістігі бар Ч - 20 оқшаулағыш қорғаныс жиынтығы. Құтқарушының тыныс алу органдары мен терісін газтәрізді және сұйық ҚӘУЗ – ден қорғауға арналған. Оны авариялық – құтқару жұмыстарын жүргізгенде және авариялардың зардаптарын жойған кезде киеді. Жиынтық: шешілетін жартылай етігі бар герметикалық комбенезоннан, қолғап пен шешіліп алынатын қайырмалы баскиімнен тұрады, беткі бөлігіне МГП немесе М-80 бетпердесі желімделген. Комбенезон мен қайырмалы баскиім прорезинді материалдан жасалған. Тыныс алу мен костюм астындағы кеңістікті желдетуге арналған ауаны жіберу мен тазалап отыру – комбенезон астында орналасқан ауа беру мен тазалау торабы арқылы жүзеге асырылады. Ауа беру мен тазалау торабы: қоректендіру блогынан, шағын желдеткіштен, ҚӘУЗ – ден жоғарғы дәрежеде қорғау қасиеті бар газқағар қораптан тұрады. Бұдан басқа жиынтықтың ішіне мақталы – маталы материалдан жасалған көкірекше (жилет) мен шлемнің астынан киетін қабат кіреді. Қорғаныс жиынтығы іш киімнің сыртынан киіледі. Пайдаланылып болғаннан кейін жиынтықты сыртынан су құю арқылы залалсыздандырады. ҚӘУЗ – ден қорғайтын сүзгіш типтегі жеке қорғаныс құралына жататындар: ФЗО - МП сүзгіш қорғаныс киімі, ЗФО - 58 сүзгіш қорғаныс киімі, сілті мен кышқылға қарсы костюм және жалпы әскерге арналған қорғаныс жиынтығы. Бұл құралдардың барлығы оқшаулағыш газқағармен бірге қолданылады. ФЗО – МП сүзгіш қорғаныс жиынтығы. Әр түрлі ҚӘУЗ – ден теріні қорғауға арналған. Шалбар мен бас киімі бар күртешеден тұрады, екі қабатты; жоғарғы қабаты мақталы – лавсанды матадан жасалған, қышқылдан қорғайтын сіңдірмесі бар. Жиыктыққа бөзден жасалған ішкі қабат (күртеше мен шалбар), біріктірілген қолғаптар, рәзеңкелі – текстильді бәтеңкелер. ФЗО – МП жиынтығының құрылысы ҚӘУЗ буларының тері жамылғысына түсуін болдырмайды. ЗФО – 58 сүзгіш қорғаныс киімі. Әр түрлі ҚӘУЗ – дің буларынан теріні қорғау үшін пайдаланылады. Мақта – маталы комбенезоннан, іш киімнен, шлем астынан киетін қабаттан, екі жұп шұлғаудан тұрады. Аварияны қоршауға алған кезде жүргізілетін құтқару жұмыстарында пайдаланылады. Сілтіге, қышқылға қарсы костюмдер. Күйдіретін натриймен (35% дейінгі концентрациясы бар), қышқылдардың ерітінділерімен (22% дейінгі концентрациясы бар) жұмыс жасағанда және ҚӘУЗ – дің жоғарғы концентрациясындағы буларынан қорғану үшін пайдаланылады. Костюм құрамына кіретіндер: күртеше, шалбар, қалпақ, қолғаптар, шлем – маска. Екі өсу шегі бар бір қабатты прорезиналық матадан тігіледі. Жалпы әскерлік қорғаныс жиынтығы. Әскер мен АҚ құрылымдарының құтқару жұмыстары кезінде ҚӘУЗ – ден қорғануына арналған. Жалпы әскерге арналған қорғаныс костюмымен бірге қолданылады. Костюм құрамына кіретіндер: күртеше, шалбар, шлем астынан киілетін қабат, күнқағары бар пилотка, қорғаныс киім, қорғаныс кольцондары, қорғаныс шұлықтары, қорғаныс қолғаптары, қорғаныс плащы. №10 дәріс. Құтқару жұмыстарын жүргізудегі күштер мен басқару органдарының байланыс, хабарлау, қорғау, барлау аспаптары құралдарымен жабдықталуы. Апаттық өқтқару жұмыстары кезіндегі әскери қызметiне пайдаланылатын қару-жарақтар мен техникалар мыналар: қару, сигналдық құралдар, байқау және тұрған жердi /орынды/ жарықтандыратын құралдар, автокөлiктер мен бронетанк техникасы /машинасы/, шағын катер /шлюпка/ және байланыс құралдар. Дербес тапсырмаларды орындағанда тiкұшақ берiлуi мүмкiн. Сигналдық құралдар - сигналды аспаптар жиынтығы немесе жүйесi. Құтқару жұмыстарын жүргізудегі күштер мен басқару органдары сигналдық жүйелермен бүркеленедi және нормаланады. Байқау құралдарына радиолокациялық станция және байқау құралдары қосылады. Радиолокациялық станциясы арқылы және дұшпанның жай көзiне көрiнбейтiн объектiлерiмен, түн қараңғысында барлау жүргiзуге болады. Байқау аспаптары және бiрнеше оптикалық аспаптары құрамы түнгi уақытта бақылау жүргiзуге пайдаланылады. Түнгi бақылау аспаптары шектелген қашықтықта орналасқан объектiлердi, нысаналарды бақылауға қолданылады. Түнгi көру аспаптары түнгi құтқару жұмыстары жағдайына, автокөлiктер мен бронетранспортердi түнгi жағдайда жүруiне де пайдаланылады. Жарықтандыру немесе жарық сәуле түсiру құралдары дегенiмiз - жылжымалы прожектор қондырғысы, таралымды жарық түсiретiн және дара жарық сәуле түсiретiн болып пайдаланылады. Әдетте, прожекторлық жарық сәулесi су бетiндегi объектiлердi, кейбiр инженерлiк құрылыстар мен кедергiлердi көруге, iздеуге және нысаналарды тануға, сондай-ақ шекара нарядтары шекара күзетiндегi кемелердiң /катерлердiң/, тiкұшақ экипаждарының мемлекеттiк шекара бұзушыларды iздегенде және ұстау кезiндегi iс-әрекетiн қамтамасыз ету үшiн қолданылады.Прожектордың таралу жарық сәулесiмен жер учаскесiн және объектiлердi көруге болады. Дербес шам жарықтарын түсiру арқылы /iздердi/ теңiз, өзен, су жағасындағы саяз жерлердi, автокөлiктердi тексергенде, сондай-ақ басқа бiреулерге сигнал беруге пайдаланылады. Автокөлiк техникасына жататындар: жеңiл автокөлiк, жүк таситын, арнаулы автокөлiк, шынжыр табанды көлiк және қарда жүргiш. Құтқарушыларды қызмет атқаратын орындарына апарып және қайтып алып келетiн көлiк құралдары, сондай-ақ мемлекеттiк шекара бұзушыларды iздегенге немесе басқа да жұмыстарды қамтамасыз етедi. Теңiзде, өзендерде, көлдерде және басқа да су тоғандарында Құтқару жұмыстарын жүргізуде шағын катерлердi /шлюпкаларды/ қызмет бабында пайдаланады. Бұл катерлермен /шлюпкалармен/ алыстағы учаскелерге, аралдарға апару және қайта алып келу үшiн пайдалана алады, құтқару қызметiне қажеттi жұмыстарды атқарады. Байланыс құралдары - өткiзгiш, радиосигналдары және басқа да таратушы құралдардың жылжымалы қосындылары. Құтқару жұмыстарын жүргізудегі күштер мен басқару органдарының хабарласуына, нарядтар бiр-бiрiмен сөйлесуiне, теңiз катерлерiмен, тiкұшақ /ұшақтар/ экипаждарымен хабарласуы үшiн әртүрлi байланыс құралдары қолданылады. Құтқару қызметінде өткiзгiштi байланысты пайдаланады, Құтқарушылармен байланысты үзбеу үшiн радиостанциялармен қамтамасыз етiледi, әрбiр құтқарушы радиостанцияны пайдалана бiлуi мiндеттi. Көрермендiк сигнал және дыбыстау, сәуле түсiру сигналдары арқылы берiлетiн белгiлер ретi болған жағдайларда онда құтқарушылар арасындағы байланыстар тапанша ату, қол шамын немесе симафорлық жалау көтеру қолданылады радио, тартылмалы байланыс құралдары iстен шыққан жағдайда жылжымалы /қозғалмалы/ байланыс құралдары поштаны жеткiзу үшiн, басқа да застава бастығының бұйрығын және хабарламасын жеткiзу үшiн пайдаланылады. Құтқару жұмыстары тiкұшақ арқылы атқарылатын болса, онда құтқарушылар тiкұшақтың қонатын-ұшатын жағдайына баса көңiл аударуға мiндеттi. Тiкұшақ экипаж командирiнiң бұйрығын құтқарушылар бұлжытпай орындауға мiндеттi. Құтқару жұмыстарына қолданылатын техниканың тактикалық сипаттамаларын әрбiр құтқарушы жақсы бiлуге мiндеттi және оларды тасымалдау және құтқару жұмысына пайдалану кезінде ұқыптылықпен қарап-сақтау ережелерiн бiлу керек. Бұдан басқа да, басқару органдарының мамандары, өздерiне бекiтiлген техниканың құрылысын жақсы игерiп, сынған, бұзылған бүлiнген жерлерiн жөндеп, iстен шыққан техника туралы топ басшысына баяндап және техниканың жөндеу-пайдалану кезiнде өз қауiпсiздiгiн сақтауға мiндеттi. Қызметтiк жануарлар. Құтқару қызметiнде иттер iздеушi-iзшiл ит бағытында дайындалады: Бұл аталған иттер құтқару жұмысында зардап шегушілерді табуда, iз табына түсуге көмектеседi.Ит баулаушы маманның мiндеттерi: өзiне бекiтiлген иттi ұдайы жаттықтырып отырады, өз уақытында күтiп-баптау, құтқару қызметiне бiр сағат шығар алдында тамағын iшкiзу қажет, одан соң жұмыс алқабына байланысты иттiң мiнез-құлқын, қимылының өзгеруiне қарай, зақымдану дәрежесіне қарай, иттiң денсаулығы немесе жұмыс кезiнде алған жарақаты болса, оны шұғыл түрде топ басшысна баяндау қажет. №11 дәріс. Құтқарушылардың ұжымдық және жеке қорғаныс құралдары Тыныс алу органдарының жеке қорғаныс құралдары – сүзгіш, оқшаулағыш. Респираторлар. Қызметтік принцптеріне байланысты ТАОЖҚҚ сүзгіш және оқшаулағыш болып екіге бөлінеді. Сүзгіш құралдар ауадағы оттегінің жеткілікті болуы және зиянды заттардың шектеулі мөлшерде болуы жағдайында қорғанысты қамтамасыз етсе, оқшаулағыш құралдар ауадағы оттегінің жеткіліксіз болуы және зиянды заттардың шектеусіз мөлшерде болуы жағдайында қорғанысты қамтамасыз етеді. Сүзгіш ТАОЖҚҚ үш түрге бөлінеді: • аэрозольдан қорғануға арналған, шаңға қарсы; • булы газ тектес зиянды заттардан қорғануға арналған, газға қарсы; • ауада бір мезгілде болатын аэрозольдан және булы газ тектес зиянды заттардан қорғануға арналған, газды шаңнан қорғайтын. Оқшаулағыш ТАОЖҚҚ екі түрге бөлінеді: • шлангты, ауа беруді қамтамасыз етеді, таза аймақтан ауа соруға арналған; • автономды, ауамен қамтудың жеке көзінен тынысалу қоспаларының берілуін қамтамасыз етеді. Тыныс алу органдарын аэрозольдан қорғау үшін әр түрлі маркадағы респираторлар қолданылады. Тыныс алу органдарын ауа құрамында болатын булы газ тектес зиянды заттардан және аэрозольдан қорғану үшін респираторлар қолданылады: газға қарсы, сорбитті – сүзгіш, газды шаңнан қорғайтын, клапансыз, бір рет қолданатын. Респираторлар негізінен резеңкелі жартылай маскадан және қуыстық сүзгіштерден (екі сүзгіш секция) тұрады. Қуыстық сүзгіштер қағаздан, матадан, шұғадан (фетра), мақталы материалдардан жасалады. Әмбебап респираторлар бір мезгілде тыныс алу органдарын газдардан және улы, бактериалды, силикатты, цементті, көмірлі және радиоактивті шаңдардан қорғайды. Дәкелік таңғыштар респираторлардың ең қарапайым түріне жатады және кірлегеніне қарай ауыстырып ортыратын 5- 6 қабат дәкеден тұрады. Дәкелік таңғыштар аз концентрациядағы және аса улы емес шаңдардан қорғануға ұсынылады, мысалы ағаш шаңы. Авариялық – құтқару жұмыстары кезінде сүзгіш газқағарлар кеңінен қолданылады. Олар тек кана химиялық заттардың ауадағы концентрациясы мен құрамы белгілі болғанда, ал қалыпты оттегінің құрамы 16% кем болмаған жағдайда қолданылады (көлемді); бұған қоса ТАОЖҚҚ қорғау қызметінің уақыты ТЖ аймағында жұмыс жасауға жетуі және жоғарғы тыныс алу жолдарының күюін болдырмауы керек. Кейбір ТАОЖҚҚ сипаттамасы |КӘУЗ атауы |Бастапқы |Газқағарлар |Газқағардың қорғау қызметінің | | |концентрациясы | |уақыты, мин | | |мг/м1 | | | | | |ГП-7 |ГП-7 жене ДГП-1 |ГП-7 жаю | | | | | |дгп-з | |Аммиак |5000 |қорғанысы жоқ|50 |70 | |Диметнламин |5000 |қорғанысы жоқ|80 |100 | |Азот тотығы |1000 |қорғанысы жок|40 |- | |Ніл қышқылы |5000 | |90 |50 | |Тұз қышқылы |5000 |20 |60 |60 | |Хлор |1000 |40 |50 |60 | |Фосген |5000 |90 |100 |150 | |Күкіртсутегі|1000 |25 |70 |50 | Қорғау қызметінің уақыты ауа ағынының жылдамдығы 30 л/мин, ауаның салыстырмалы ылғалдығы 75% және қоршаған орта температурасы 30 °С - ден 40 °С дейін болуына арналған. Құтқарушыларды кәсіпорындарда орын алған авариялар кезінде ҚӘЗУ – ден қорғау үшін үлкен және кіші габаритті өнеркәсіптік сүзгіш газқағарлар қолданылуы мүмкін. Олардың қатаң бағытталуы (таңдаулы) бар және тек қана белгілі бір химиялық заттардан қорғануға арналады. Өнеркәсіптік газқағарлардың қораптары аэрозольге қарсы (АҚС) сүзгіштермен және сүзгіштерсіз (М және СО маркалы) шығарылады. ҚӘУЗ жұтылуы үшін АҚС бар қорапшаларды қолданған дұрыс. Кейбір ҚӘУЗ жөніндегі үлкен габаритті қораптардың қорғаныс қызметінің уақыты төмендегі кестеде көрсетілген. ҚӘЗУ бойынша өндірістік газқағарлар қорапшасының сипаттамасы |КӘУЗ атауы |Бастапқы |Қорапшалардың қорғау қызметінің уақыты, | | |конпентрациясы |мин және айырым түстері | | |мг/м3 || | | | |А |В |КД |СО |м |БКФ | | | |қоңыр |сары |сұр |ақ |қызыл |жасыл | |Аммиак |15000 |- |2,2 |21 |21 |40 |2,6 | |Акрилонитрил |10000 |180 |48 |33 |- |- |48 | |Хлор |25000 |40 |47 |37,6 |46 |43 |4 | |Күкіртті |14000 |- |11,9 |- |- | | | |ангидрид | | | | | | | | |Этилен тотығы|10000 |3 |7 |- |37 |65 |8 | |Азот тотығы |5000 |- |60 |- |26 |38 | | |Фосген |22000 |22 |62 |30 |34 |14 |53 | |Фторлы сутек |5000 |30 |30 | |30 |30 |30 | |Хлорлы циан |6000 |. |- |- |. |- |111 | |Хлорпиктин |36000 |- |- |- |- |- |32 | |Күкірткөмірте|17000 |50,7 |56,9 |17 |45 |38 |49,7 | |к | | | | | | | | Көрсетілген түстен басқа АҚС бар газқағарлардың қорабында тігінен жүргізілген ақжолақ болады. Аз габаритті қорапты өнеркәсіптік газқағарлар жоғарыдағы кестеде көрсетілгендерден 2,5 есе төмен мағыналы ҚӘУЗ концентрациясында қолданылады. ПМФ – 1 өндірістік сүзгіш газқағары тек белгілі бір ҚӘУ3 буларынан, газдарынан, аэрозольдарынан қорғануға арналған. Газқағар панорамалық әйнегі бар беттік бөліктен, белгілі маркадағы (ҚӘУЗ түріне байланысты) газқағарлық қорапшадан тұрады. Зақымдалу көзінен 500 м және одан жоғары қашықтыққа кеткенде қолданылады. Газқағармен жұмыс істеу уақыты 30 – дан 100 мин дейін (30 л/мин орташа ауыртпалығы кезінде). Окшаулағыш ТАОЖҚҚ. Құтқарушыларды ҚӘУЗ буының жоғарғы концентрациясынан, сондай – ақ өрттерден, кейінгі атмосфераның жоғарғы түрінді газдануынан және жарылыстар мен заттардың балқуы кезінде оқшаулағыш ТАОЖҚҚ қолданылады. Оларды концентрация құрамы белгісіз болғанда қолданылады; қалыпты оттегінің құрамы 16% кем болған жағдайда (көлемдік бөлігі); басқа ТАОЖҚҚ қорғаныс қызметінің уақыты зақымдалған аймақта жұмыс жасауға жеткіліксіз болған жағдайда пайдаланылады. Оқшаулағыш ТАОЖҚҚ – тар автономды және шлангты болып екіге бөлінеді. Автономды ТАОЖҚҚ адамды баллондағы тыныс алу қоспасымен қамтамасыз етеді (сығылған ауа немесе оттегі) немесе жұтылған ауаның регенерациялануы есебіндегі оттегісі бар заттардың көмегімен қамтиды. ҚӘУЗ шығуымен (төгілуімен) байланысты орын алған авариялардың зардабын жою кезінде құтқарушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрал автономды ТАОЖҚҚ болып табылады. Олар тыныс алу аппараттарынан, оқшаулағыш газқағардан, өздік құтқарушылардан тұрады. Тыныс алу аппараттары сығылган ауасы бар металл баллоннан және оның тыныс алу органдарына берілуін реттеп отыратын клапандардан тұрады. Шлангті ТАОЖҚҚ тынысалу органдарына таза ауа шланг арқылы ауа үрлегіштен немесе компрессордан келеді. Оқшаулағыш газқағар регенеративті патрондармен жабдықталған, олардың ішіндегі оттегі түйіршіктелген затта (сілтілі металлдардың тотығы – натрий мен калийдің) болады және адам дем шығарғанда түзілетін су буы мен көміртек диоксидінің жұтылу реакциясы кезінде бөлінеді. ҚӘУЗ зақымдау ошағында құтқару жұмыстарын жүргізу үшін төмендегідей тынысалу аппараттары мен оқшаулағыш газқағарлар пайдаланылады: АСВ - 2 (сығылған ауамен), КИП – 8, КИП – 9 (сығылған оттегі бар) және ИП - 4 (химиялық байланысқан оттегі бар). АСВ – 2, КИП оқшаулағыш тыныс алу аппараттары ҚӘУЗ – дің ауадағы жоғары концентрациясынан тыныс алу органдарын қорғауға арналған. ИП – 4М оқшаулағыш газқағары ҚӘУЗ қоспаларының жоғарғы концентрациясынан, сондай – ақ оттегі жетіспеген немесе жоқ болған жағдайда тыныс алу органдарын қорғауға арналған. СПИ – 2 өндірістік оқшаулағыш өз – өзін құтқарушы (ПДУ - 3) қысқа мерзімді жедел қорғануға және зақымдалған аймақтан шығуға арналған. Оқшаулағыш тыныс алу аппараттары баллондарын бірнеше мәрте ауыстыру мүмкіндігімен немесе регенератнвті патрондардың көмегімен көп уақыт пайдалануға болатын құралдарға жатады. Оқшаулағыш ТАОЖҚҚ жұмыс уақыты, ең алдымен, физикалық ауыртпалыққа, қоршаған орта температурасына және ауа (оттегі) қорына немесе оттегісі бар құралдардың қорына байланысты болып келеді. Тыныс алу органдарын қорғаудың ең басты элементтерінің бірі – ЖҚҚ, оның ішінде газқағарларды білу мен дұрыс пайдалану болып табылады. Газқағарды пайдалануға дайындау шлем – масканың қажетті өлшемін анықтаудан басталады. Ол басты тігінен айналдырып өлшегенде анықталады. Өлшеу төбеден басталып, бет пен иекті қамтиды. Қолданар алдында газқағардың бұзылмағандығы мен герметикалығын тексеру керек. Шлем – масканы тексеру барысында талапқа сай болуын қадағалау керек. Одан кейін оның бүтіндігін әйнектеріне қарап тексеру керек. Бұдан кейін клапан қорапшасы тексеріледі. Ол қоқысқа толған немесе жыртылған болмауы керек. Сүзгіш – жұтқыш қораптар мыжылмай, тот баспай, тесілмей сақталуы тиіс және мойынында зақым болмауы керек. Сонымен қатар қорап ішіне жұтқыш ұнтақ түсіп кетпеуі қадағалануы керек. Газқағарды мынандай жолмен жинайды. Сол қолымен шлем – масканы клапанды қорапшасынан ұстайды. Оң қолымен сүзгіш – жұтқыш қораптың мойының шлем – масканың клапанды қорабының түтігіне соңына дейін бұрайды. Жаңа газқағардың беттік бөлігін киер алдында ішкі және сыртқы жағынан аздап суланған таза шүберекпен сүртеді, тыныс шығару клапанын үрлеу керек. Егер қандай да бір ақау байқалса, оны жөндейді, ал жөндеу мүмкін болмаған жағдайда ол газқағарды басқа, ақауы жоғымен ауыстырады. Тексерілген газқағарды жиналған күйінде сөмкеге жинайды: түбіне – сүзгіш – жұтқыш қорап, үстіне – бүктелмеген күйде, тек кана әйнектік бөлігі зақымдалмас үшін аздап қайырып қояды. Газқағарды сөмкеге салынған күйінде алып жүреді. Сөмкенің бауы оң иыққа асылады. Сөмкенің өзі сол жақ жамбасқа қарай, клапаны өзіне қарап тұрады. Газқағар «далалық», «дайындық», «ұрыс» жағдайында болуы мүмкін. «Далалық» жағдайда – улы заттармен, ҚӘУЗ – бен, радиоактивті тозаңдармен, бактериологиялық заттармен зақымдалу қауіпі төнбей тұрғанда сол жағында тұрады. Жүрген кезде қолға кедергі жасамас үшін артқа қарай ысырылып қойылуы мүмкін. Сөмкенің жоғарғы жағы белдің деңгейінде болуы, ал клапаны түймеленіп тұруы керек. «Дайындық» жағдайында сөмкені сәл алдыға қарай орналастырып, белге белдік арқылы бекітіп қояды. Клапанның түймесін ағытып кояды. Бұл газқағарды жылдам пайдалануға көмегін тигізеді. Газқағарды «ұрыс» жағдайына ауыстырған кезде: • тынысты шығармай, көзін жабу керек; • бас киімді шешіп бұтының арасына қысып тұру немесе жанына қою керек; • шлем – масканы сөмкеден алып, үлкен саусақтары сыртында, ал қалғаны ішінде қалатындай етіп, қалыңдатылған жиектерінен екі қолымен ұстау керек. Шлем – масканы иегіне жақындатып, қолының ілгері – кейінді қимылымен газқағарды басына киюі керек. Бұл кезде қатпар қалмауын және әйнектің көз деңгейіне келуін қадағалайды. • толығымен дем шығарады, көзін ашып, тынысалуды қалпына келтіреді; • бас киімді киіп, сөмкені түймелейді және сөмке белге бекітілмеген болса, бекітеді; Егер әйнектік бетінің бөлігі көзге қарама – қарсы орналасса және шлем – маска бетке толық жабысып тұрса, газқағар дұрыс киілді деп есептеледі. Газқағарды кигеннен кейінгі көзді апшай тұрып және тынысалуды қалпына келтірмей тұрып жасалатын терең тыныс шығару газқағарды кию кезінде оған түсуі мүмкін зақымдалған ауаны шығару мақсатында жасалады. Газқағар киіліп тұрған кезде терең және бір қалыпты тыныс алу керек. Қажет болмаса, шұғыл қимыл жасауға болмайды. Егер жүгіруге тура келсе, жүгіруді ақырын бастап, біртіндеп қана көтеру керек. Газқағарды шешу үшін бір қолымен бас киімді ұстап тұрып, екінші қолымен клапан қорапшасынан ұстап тұрып шлем – масканы төмен тартады да алдыға қарай шешіп алады; бас киімді киіп, шлем – масканы теріс аяналдырады, мұқият сүртіп, сөмкеге салып қояды. Газқағарды қыстың күні қолданған кезде резеңке, әйнек және клапаның қатып қалуы немесе клапан қорашпасына жабысып қалуы мүмкін. Бұл ақаулардың алдын алу мен оларды жою үшін зақымдалмаған атмосферада киімнің астына салу арқылы жібітуге болады. Шлем – маска кигенге дейін қатып қалған болса, кигеннен кейін толығымен бетке жабасып тұратындай етіп жылыту керек. Газқағарды кигеннен кейін дем шығаратын клапанның қатып қалуын болдырмау керек. Мезгіл – мезгіл клапан корабын қолымен жылытып, осымен бір мезгілде клапанды үрлеп (шұғыл дем шығару) отыру керек. Көз бен бетті қорғайтын жеке қорғаныс құралдары. Көз бен бетті қорғайтын жеке қорғаныс құралдарына ең алдымен, шаңнан, қатты бөліктерден, химиялық агрессивті емес сұйықтықтар мен газдардан, ультракүлгін сәуле мен басқа да қауіпті факторлардан қорғайтын қорғаныс көз әйнектері жатады. Оларды таққан кездегі кейбір ыңғайсыздықтар оның жоғарғы дәрежедегі тиімділігімен ақталады. Көз бен бетті қорғайтын қорғаныс құралдары авариялық – құтқару жұмыстары мен оларды орындаудың ерекшелігіне қарай таңдалады. Осыған байланысты қорғаныс көзілдіріктері төмендегідей болып бөлінеді: • желден, шаңнан, агрессивті емес химиялық сұйықтықтардың шашылуы мен ұсақ қатты заттардан қорғайтын, тікелей желдетілетін жабық қорғаныс көзілдіріктері; • ультракүлгін сәулелерден қорғайтын, тікелей желдетілмейтін жабық қорғаныс көзілдіріктері; • ультракүлгін және инфроқызыл сәулелердің тікелей әсер етуінен қорғайтын тікелей желдетілмейтін және сәулелі сүзгіші бар, реттелетін, жабық қорғаныс көзілдіріктері. Есту органдарын қорғайтын жеке қорғаныс құралдары. Кейбір авариялық құтқару жұмыстардың түрлері ( пневмо –құралдармен, монтажды пистолет және т.б.) айтарлықтай шумен қоса жүреді. Есту органдарын қорғайтын жеке қорғаныс құралдарына шуға қарсы каскалар мен тығындар жатады. Шуға қарсы каскалар басты жарақаттанудан, есту органдарын – жоғарғы жиіліктегі, деңгейі 120 дБ болатын өндірістік шудан қорғауға арналған. Шуға қарсы құлақ қалқандар есту органдарын – жоғарғы жиіліктегі, денгейі 115 дБ болатын өндірістік шудан қорғауға арналған. Сонымен қоса ең ыңғайлысы және кеңінен пайдаланылатыны «Берушкалар». Олар деңгейі 100 - 150 дБ болатын өндірістік шудан, сондай – ақ тұрмыстық шудан қорғауға арналған. Шуға қарсы тығындар шуды жұтатын талшықты материалдан жасалады және 4x4 см көлемінде болады. Тығындар конус түрінде оралған және сыртқы есту жолына тығындалады. Басты қорғайтын жеке қорғаныс құралдары. Қатты ұрылғаннан кейін немесе терең сырылғаннан кейін касканы ауыстыру керек. Касканың зақымдалуы алғашқы қарағанда байқаусыз болып тұрса да ауыстырылады. Сыртқы әсерлерден – ұсақ заттардың құлауы, жаздағы ашық күннің астында жүргізілетін жұмыс кезіндегі күн сәулесінен және т.б. басты қорғау үшін каскалар (фибрлі, виннипластты, дюралюминді, текстолитті, полиэтиленді, әйнекті пластиктен жасалған), шлемдер, шлемнің астынан киетіндер, бас киімдер, береттер, мен қалпақтарды пайдаланады. Каска корпустан, ішкі қабат пен иек асты бауынан тұрады. Каска корпусының бет пердесі өлшеміне қарай 400 және 460 г. болады. Пайдаланушының талабына сай каскалар респиратор тағылатын құрылғылармен, шуға қарсы құлақ қалқандармен, көз бен бетті қорғайтын көзілдірік қалқанмен жабдықталады. Техникалық талаптарға сәйкес каскалар тік бағытталған энергиясы 80 + 0.2 Дж соққыға шыдамды болуы керек; сонымен қатар корпус шытынамауы және сынбауы керек, сондай – ақ ішкі қабаты да зақымданбауы керек. Соққы кезіңдегі басқа келетін ауыртпалық 5 кН, ал санылау 5 мм кем болмау керек. Қауіпсіз тік саңылау (ішкі қабат пен корпустың ішкі жағының аралығы) - 35 - 50 мм. Каскада қарастырылған амортизация болуы үшін оның ішкі қабаты басқа толығымен киіліп тұруы керек. Бұл үшін оның бір бөлігінде тұрған амортизатордың жарты дөңгелектерін біріктіру керек. Амортизатордың орталық бауын тоғасы беттің оң жақ бөлігінде тұратындай етіп, мықтылап касканың корпусына бекітеді. Дөңгелек амортизаторлар соңдай – ақ каска корпусы фиксатормен жалғастырылады. Ішкі қабаттың тереңдігін дөңгелек амортизаторлардың жіктерін ауыстырып, фиксаторлардың көмегімен орнатуға болады. Дөңгелек амортизатордың басқа қысым көрсетуін болдырмау үшін оларда созылмалы жұмсақ материалдан жастықшалар болады. Тоға бір қолмен шешіледі. Бұл үшін бас бармағымен тілшікті, ал кіші және бармақпен бауды тартады. Мойынды атмосфералық шөгінділер мен желден қорғау үшін пелерин ойластырылған. Пелеринді орналастыру үшін дөнгелек амортизатор мен амортизатордың орталық бауын каскадан шешіп алу керек. Орталық амортизатор бауының фиксаторы пелеринаның шеткі саңылауларынан өткізіледі, осыдан кейін ішкі қабатын касканың корпусына орнатады. Қысқы уақытта касканы шлем астына салынатын қабатпен бірге қолданады. Шлем астына салынатын қабатта орнату үшін дөңгелек амортизатордан жастықшаларды алып, одан кейін дөңгелек амортизаторды шлем астындағы қабатқа кигізеді. Орталық амортизатор бауының фиксаторларын шлем астындағы қабаттың ленталы ілгектерінен өткізеді, бұдан кейін ішкі бөлікті касканың корпусына орнатады. Каскалар құрғақ, жабық орында, тақтайдың үстінде, соныменен қатар жылыту жүйесінен 1 м қашықтықта сақталуы тиіс. Тікелей түскен күн сәулесінің әсерінен қорғалған болуы керек. Сақтау мерзімі дайындалған күннен бастап 2 жылды құрайды. Басқа дәлденіп және толық түймеленген каска белгіленген қорғаныс пен қамтамасыз етеді. Теріні қорғайтын жеке қорғаныс құралдары. Теріні қорғайтын жеке қорғаныс құралдары (ТҚЖҚҚ) қорғау қызметі бойынша оқшаулағыш және сүзгіш болып екі топқа бөлінеді. Оқшаулағыш құралдардың матералдары газ бен сұйықтықтардың өтуіне жол бермейтін арнайы қабатпен (пленкамен) қапталған. Жаз уақытында мұндай оқшаулағыш киімде жұмыс істеу кезіндегі шамадан тыс қызып кетуді болдырмау үшін төмендегі кестеде көрсетілген жұмыс істеу уақытын қатаң сақтау керек. |Жеке |Физикалық |Күн астында жұмыс істеу уақыты | |қорғаныс |жүктің | | |құралдар |ауырлығы | | | | |15 - 19|20-24 |25-29 |30 және | | | | | | |одан жоғары | |Оқшаулағыш |Жеңіл |Жеңіл |180 артық |90 -20 |60-90 | |текті | | |емес | | | |корғаныс | | | | | | |киімі | | | | | | | |Орташа |Орташа |90-120 |40-60 |20-35 | | |Ауыр |Ауыр |40-60 |15-30 |15-20 | ТҚЖҚҚ – да үздіксіз болудың ең жоғарғы деңгейі тек бейімделуден өткен құтқарушыларға ғана қолданылуы мүмкін. Көлеңкеде, күн бұлт кезде және желді ауа райында қорғаныс құралдарында жұмыс істеу мерзімі екі есе ұлғайтуға болады. Аталған темперетурада екінші рет қорғаныс киімінде жұмыс істеу 30 мин дем алғаннан кейін ғана жүргізіледі. Үздіксіз жұмыс істеу уақытын ұлғайту үшін қорғаныс құралдарын деміл – деміл суытып отыру қажет. Суық сумен, сондай – ақ қорғаныс киімінің сыртынан мақта – маталы экрандар кию керек. Бұл экрандарды жұмыс барысында деміл – деміл сулап тұру қажет. Қорғаныс киімімен қыс уақытында жұмыс істеген кезде қатып қалмас үшін тиісті шаралар қолдану керек: аяққа жылы шұлғау орау немесе шұлық кию керек, етікке зығыр шашағын, сабан, қағаз және т.б. салу керек, қорғаныс киімінің ішінен мақталы күртеше, шалбар; басына қорғаныс киімінің астына бас киім киюлері керек. Сүзгіш қорғаныс құралдары ҚӘУЗ буларын залалсыздандыруға арналған, техникалық құраммен сіңірілген, арнайы материалдардан тігілген киім болып табылады. Құтқарушылар арнайы киімдердің ондаған түрлерін пайдаланады. ҚӘУЗ – ден қорғану тұрғысынан алғанда келесі топтағы қорғаныс киімдері жоғарғы сұранысқа ие: • улы заттардан (сұйық, қатты және аэрозольдардан қорғауға арналған) қорғайтын арнайы киім; • қышқыл ерітінділерінен қорғайтын арнайы киім; • сілтілерден қорғайтын арнайы киім. Ережеге сәйкес, теріні қорғайтын құралдар қайырмалы бас киімі бар күртеше және жартылай комбенезон түрінде дайындалған. Авария ошағындағы ҚӘУЗ – ден қорғану үшін негізінен оқшаулағыш типтегі ТҚЖҚҚ қолданылады. Теріні қорғауға арналған қолда бар құралдар. Теріні қорғауға арналған қолда бар құралдар ретінде қарапайым, су өтпейтін плащтар мен жабулар, сондай – ақ калың әрі мықты материалдан жасалған пальтолар, мақталы күртешелер және т.б. Аяқты қорғау үшін резина етіктер, ботылар мен галоштарды пайдалануға болады. Егер олар жоқ болса, аяк киімді қалың қағазбен орап, сыртынан матамен қаптап тастау керек. Қолды қорғау үшін қолда бар барлық резеңке немесе теріден жасалған қолғаптарды пайдалануға болады. Технолгиялық санитарлы – техникалық және санитарлы – гигиеналық іс – шаралармен қоса қорғаныс майларын, пасталарын, кремдерін пайдалану терінің кәсіби ауруларға шалдығуының алдын алу бойынша жасалған ең тиімді іс – әрекет болып табылады. Бұл құралдар тері мен оған әсер ететін сыртқы ортадағы тітіркендіргіштер арасындағы қалқан болып табылады. Тек қана ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің рұқсатын алған, стандартты және стандартсыз көлемде арнайы кәсіпорындар шығаратын дермотологиялық құралдарды ғана пайдалану керек. Арналуына қарай және физика – химиялық құрылысына қарай қорғаныс майлары, пасталар мен кремдер үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа қолдың терісін судан, қышқыл ерітінділерінен, сілтілерден, сулы және содалы майлық эмульсиялардан және тағы да басқа химиялық заттардан қорғауға арналған гидрофобты препараттар жатады. Бұл топқа жататын құралдар сумен жуылмайтын және онда ерімейтін заттардан тұрады, мысалы: • ИЭР-2 пастасы парафиннен, цезериннен, вазелин немесе сепаратты майлардан тұрады. Тері жамылғысын әр түрлі қышқылдың сулы ерітіндісінен, сілтілерден, тұздардан және сілтілі – майлы эмульсиялардан қорғауға арналған; • Қолға арналған силикон кремі. Қолдың терісін судан, тұздың сулы ерітіндісінен, қышқылдардан, сілтілерден және т.б. қорғауға арналады. Екінші топқа органикалық сусыз ерітінділермен, мұнай өнімдерімен, майлармен, лактармен, қара маймен жұмыс жасағанда қол терісін қорғауға арналған гидрофильді препараттар кіреді. • ИЭР – 1 пастасының құрамында арнайы сұйық сабын, техникалық глицирин, ак балшық (каолин), су бар. Органикалық ерітінділермен, минералды майлармен, лактар және сырлармен жұмыс жасағанда қолдың терісін қорғауға арналады; • ХИОТ – 6 пастасының құрамында тағамдық желатин немесе фотожелатин, бидай немесе картоп крахмалы, медициналық глиценин, Буров сұйықтығы және су бар. Таскөмір және минералды майлармен, мұнай өнімдерімен, әр түрлі органикалық еріткіштермен және лактармен жұмыс жасағанда алдын ала қолдануға арналған; • ПМС – 30 силиконды қорғаныс кремі – бір текті ак масса, шошқа майының консинтенциясы. Эмульсиялық балауыздан, кастор майынан және басқа да пайдалы заттардың сұйықтықтарынан тұрады. Қол терісін мұнай өнімдерінен қорауға арналған. • «Пленка түзуші» крем құрамында эмульсиялық балауыз, полтвинилді спирт, карбоксилметил – целлюлозаның натрий тұзы, желатин, глицерин, тальк, титанның екі тотығы, консервант, су бар. Қолдың терісін мұнай өнімдерінен, органикалық еріткіштерден, лактардан, қарашайдан, желімнен қорғауға арналған. Үшінші топқа тазартқыштар кіреді. Олардың құрамында сабын, сілтілер, тұздар және үстіртін – белсенді заттар бар. Бұлардың барлығы қолдағы майды тазартуға арналған: автол майы. Автолды пайдалана отырып жасалған, крем тектес май. Қолды мұнай және т.б. кірден тазартуға арналған. «Ралли» пастасы. Майлағыштармен, татпен, майлы сырлармен, графитгі – майлы және басқа да заттармен кірлеген қолды тазартуға арналған. Электрден қорғау құралдары. Электрден қорғау құралдары негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді. Электрден қорғайтын негізгі құралдарға электр құралдарының 1ООО В астам кернеу өткізетін бөліктерімен жанасқанда қорғайтын құралдар жатады: өлшеуге арналған оқшаулағыш штангтар, оқшаулағыш және тоқ өлшейтін қысқьштар, кернеу көрсеткіштері, оқшаулағыш құрылғылар, құрал жабдықтар (сатылар, алаңдар, ұстап тұратын құралдар). 1000 В дейінгі кернеулі электр құрылғыларына құралдарға оқшаулағыш тұтқасы оқшаулағыш қысқыштар, сондай – ақ траптар, және темірбетон тіреуіштері бойымен қозғалуға арналған құралдар, диэлектрикалық қолғаптар, кернеу көрсеткіштері жатады. Электрден қорғайтын қосымша құралдарға жататындар: диэлектрикалық етіктер мен галоштар, оқшаулағыш тіреуіштер, диэлектрикалық кілемшелер мен жолақтар. Желідегі немесе электр құрылғыларындағы кернеудің бар – жоғын анықтау үшін белсенді тоқтың өту принципі бойынша жұмыс істейтін арнайы көрсеткіштер мен кернеу сигнализаторлары жатады. Кернеуі 500 В болатын электр құрылғыларындағы кернеудің бар – жоғын тексеру үшін арнайы кернеу көрсеткіштері қолданылады. Кернеуі 1000 В аса болатын электр құрылғыларындағы кернеудің бар – жоғын тексеру үшін кернеу көрсеткіштері қолданылады. Көрсеткіштің (индикатор) жұмыс істеу принципі ол арқылы электр тоғы өткен кезде неон шамдарының жануына негізделген. Өткізгіштегі 10 В дейінгі кернеулі электр тоғының күшін өлшеу үшін тоқ өлшейтін қысқыштар пайдаланылады. Оқшаулағыш құралдар, кернеу көрсеткіштері және ток өлшейтін құрылғылар тек тиісті кернеуге ғана қолданылады және ақаусыз және сынақ мерзімінен өткені туралы белгісі болуы керек. Резиналық диэлектрикалық электрден қорғау құрылғылары басқа заттардан бөлек, жабық шкафтар немесе жәшіктерде сақталады. Оларды майдың, бензиннің және тағы да басқа заттардың әсерінен қорғау керек, ал қолданар алдында мұқият қарап шығып, жақсылап тазалау керек. Өшірулі тұрған электр құрылғыларымен жұмыс істеуге арналған электрқондырғылар: қалқандар, оқшаулағыш төсемдер (15 кВ кернеу болғанда) және резина қалпақтар. Сонымен қатар, электрден қорғау құрылғыларына биіктікте жұмыс жасауға арналған құрылғылар да жатады: қорғап тұратын монтер белдіктері, белдігі бар монтер тырнақшалары, сақтандырғыш арқандар, телескоптық бағаналар, аспалы – баспалдақтар, қосалқы баспалдақтар. Монтерлық белдіктер мен тырнақтар тиісті сынақтан өткеннен кейін ғана пайдалануға беріледі. Белдіктер 225 кг жүкті, ал тырнақтар 135 кг жүкті 5 мин. ішінде көтеріп тұруға шыдайды. Барлық аспалы – баспалдақтар қосалқы баспалдақтар белгілі бір учаскеде болуы керек және нысанның номері көрсетілген тақтайшалары болуы керек. Қауіпті орындарда қағылған ескерту тақтайшалары да электрден қорғау құралдарына жатқызылады. Өзінің арналымы бойынша плакаттар төрт топқа бөлінеді: • алдын ала ескертетін: «Ұстама – қауіпті», «Жоғарғы кернеулік – өмірге аса қауіпті» және т.б. • тиым салатын: «Қосуға болмайды – жұмыс жүріп жатыр», «Қосуға болмайды – желіде жұмыс жүріп жатыр». Әдетте бұл плакаттар желіде өңдеу жұмыстары жүріп жатқан кезде қойылады; • рұқсат ететін: «Осында жұмыс жаса», «Осы жерден шық» - жұмыс орындарын нұсқау үшін. Адамды электр тоғы соққан кезде дереу тоқтан ажыратып, алғашқы көмек көрсетуге тырысу керек. Аз ғана кешігудің өзі (5-6 мин жоғары) ауыр, кейде орны толмас жағдайларға алып келеді. Адамды электр тоғының әсерінен жылдам ажырату үшін, тоқты жылдам сөндіру керек немесе желіден ажырату керек. Егер бұл мүмкін болмаған жағдайда зардап шегушіні ток көзінен ажырату қажет. Егер адам биікте тұрып зақым алса (желігі немесе бағанаға ілініп ), оны құтқару бойынша және зардап шегушінің зақым алып қалмау үшін барлық іс – әрекеттерді жасау керек. Мысалы, егер биіктік үлкен болмаған жағдайда адамды қолына қағып алу керек немесе брезентті, қандай да бір материалды керіп тұру болмаса, болжалды құлау орнына жұмсақ зат төсеу. Кернеуі 1000 В болатын тоқ желісінен адамды ажыратып алу үшін қолда бар құрғақ заттарды пайдаланады: сырық, тақтай, киім, арқан немесе басқа да тоқ өткізбейтін заттар; бұл кезде құтқарушы электрден қорғау құралдарын пайдалануы керек: кілемше, диэлектрикалық қолғаптар және зардап шегушінің тек киімін тартып ажыратады (егер құрғақ болса). Егер 1000В астам кернеуден ажыратқан кезде штангамен оқшаулағыш қысқыштармен пайдаланады, оған қоса құтқарушы диэлектрикалық боты мен қолғапты киюлері керек. Зардап шегуші электр тогының әсерінен ажыратқаннан кейін дәрігер келгенше тыныштықпен қамтамасыз ету керек, таза ауамен дем алғызып, мүсәтір спиртін иіскету және денесін жылылап қою қажет. Егер зардап шегуші есін жоғалтқан болса, дәрігер келгенше қолдан тыныс алдыруға кірісу керек. Биіктен құлаудан қорғайтын жеке қорғаныс құралдары. Қорғаныс белдіктері (ҚБ). Жоғарыдан құлау кезінде қорғап қалатын жеке қорғаныс құралдары екі топқа бөлінеді: баулы және баусыз. Баусыз қорғаныс белдіктері бір ғана элементтен тұрады – құтқарушының белін немесе кеуде қуысын қамтиды, баулы қорғаныс құралдары құтқарушының иығы мен аяғын қамтып тұратын баудан тұрады. Иыққа және аяққа тағылатын баулар құтқарушының биікте атқаратын әр түрлі жұмыстарының сапасын арттырады. Бауы бар белдіктерді тар жерлерде пайдалану өте тиімді (жер асты резервуарлары, құдықтар), егер жазатайым оқиға орын алған кезде зардап шеккен адамды бауынан тартып шығару оңайырақ болады. Бауы бар қорғаныс құралдарын биіктікте тігінен тұрып жұмыс жасағанда өте тиімді болып келеді. Егер құтқарушы биікте жұмыс істеген кезде орнын жиі алмастыратын болса, қорғаныс белдіктері қысып, кедергі жасауы мүмкін, сондықтан баусыз қорғаныс құралдарын пайдаланған ыңғайлы болады, өйткені олар оңай шешіліп, жағдайын ауыстыра алады. Қорғаныс белдіктерінің негізгі арналымы – құлау биіктігінің шектелуі, адамның жерге құлауын болдырмау, ғимараттардың немесе ғимараттардың құрылысы өмірлік қажетті органдардың зақымдалуын болдырмайды. Сондықтан ҚБ адамның құлауын мүлде болдырмау үшін емес, оның өмірінің сақталуын және ауыр жарақаттардан қорғануын камтамасыз етеді. Қазіргі таңда Б, В, Г тектес белдіктерді кеңінен пайдаланады. Олар тіреуіші болат арқаннан және (аз мөлшерде) тіреуіші ұзынынан реттелетін ҚБ болып табылады. ҚБ шет елдік түрлері де кеңінен қолданылады. Шет елдік ҚБ – ның бір айырмашылығы, тіреуіш ретінде шет елдердегідей капрон жіптен емес, болат шынжыр пайдаланылады. Металлдан жасалған тіреуіштерді пайдаланудың қажеттілігі айтарлықай дәрежедегі отты жұмыстардың (электрдәнекерлеу және газбен дәнекерлеу) барлығымен, сондай – ақ көп мөлшерде прокатты профилдерді (швеллерлер, бұрыштар, двутаврлар) пайдалану және өткір қырлы беттік конструкцияларды пайдалануға, яғни олардың тез желініп кетуінен сақтауға негізделеді. Тәжірибелер көрсеткендей, болат шынжырлардың жекелеген жетіспеушіліктеріне (салмағы ауыр және қатты, суық мезгілдерде адамның мойын бөлігі мен иығын суытып жібереді) қарамастан, құрылыстық конструкцияларда, құбырларда технологиялық құрылғыларда жұмыс жасағанда өте сенімді және қаупсіз болып табылады. Болат шынжырлардың артықшылықтары ретінде ҚБ жұмыстан тыс уақытында ескіруге қарсы тұратындығын атап өтсе болады. Отандық белдіктердің шет ел белдіктерінің алдындағы артықшылықтарының бірі оларда адамға ҚБ қорғаныс қызметі кезінде динамикалық күш ауқымын қауіпсіз деңгейге дейін төмендететін амортизатор конструкциясының болуы. Амортизатор – екі қабат қылып бүктелген және қарама – қарсы бағытта капрон жіппен тігілген белгілі бір ені бар капрон лентадан тұрады. Бұл жағдайда динамикалық ауыртпалықтың төмендеуі тігілген жіптердің үзілуі есебінен болады. ҚБ пайдалана отырып, оның реттелуі мен пайдалану ережесін білу керек. Қорғаныс белдігі адамның денесіне жабысып тұруы және белінен жоғары – төменгі қабырғаларының деңгейінде орналасуы қажет. Белдікті дұрыс орналастыру үшін ұзындығын реттеп алу керек. Бірігетін жерінде жарықшақтар болмау керек. Серіппелері бүтін болуы қажет. Бірігетін жерді ашып – жауып тексерген кезде қызметі бұзылмауы керек. Карабиннің жұмыс істеу жағдайын тексеру тиіс. Амортизатордың ашық бөлігіндегі лентаның тігісі тексеріледі. Оның амортизатор шлевкасындағы жағдайы тексеріледі, аталған жерлердегі шегелер мен ленталардың жағдайы тексеріледі. Шеге айналасындағы лента жыртылған және шашақталған болмауы керек. Амортизатордың қабығы зақымдалмаған, тігісі сөгілген болмауы тиіс. Карабиннің тұтқасын басқан кезде ол ашылады да қолды жазғанда – автоматты түрде жабылып, құлыпталып қалады. Белдіктерді желдетілетін бөлмелерде ілінген күйінде сақтау керек немесе бірінің үстіне бірін қоймай, бөлек – бөлек сөреге қою керек; сонымен қатар күн сәулесінен қорғалуы тиіс. ҚБ өздігінен жөндеуге болмайды. Егер құтқарушы құлаған кезде ҚБ зақымданған болса, міндетті түрде жаңа қорғаныс белдігіне ауыстырылуы керек. Құтқарушыларды биіктен құлаған кезде қорғап қалатын жеке қорғаныс құралы ретінде елімізде, шет елдердегідей биіктіктен қорғайтын құрылғылар (БҚҚ) пайдаланылады. БҚҚ – дағы қорғаныс арқаны ретінде диаметрі 4,8 мм болатын болат арқандарды пайдаланады. Биіктіктен қорғайтын құрылғылар болтпен бекітілген, екі дөңгелек немесе сопақша келген қаптамадан тұрады; олардың ішінде барабан болады, ол барабандарға болаттан жасалған, 4-6 қабатты қорғаныс арқаны оралады. Барабанға серіппе құрылғысы орналастырылған, ол арқанды құрылғыдан суырғанда оның ақырын тежелуін қамтамасыз етеді. Арқанның аяғы түйінмен, арнайы сақинамен немесе карабинмен аяқталады. БҚҚ – ны пайдалану үшін мықты бекітілген ғимарат бөлігіне немесе жұмыс орнының үстіне бекітілген арнайы құрылғыға біріктіреді. Қорғаныс белдігінің карабинін қорғаныс арқанына таққан құтқарушы жұмыс операцияларын орындауға кіріседі. Жұмысты орындау кезінде құтқарушы кенетен құлап кететіндей жағдай туындаса, қорғаныс арқанының БҚҚ дан шығару жылдамдығы жоғарлайды, осының нәтижесінде тежелу механизмі аз ғана секунд ішінде іске қосылып, жылжып бара жатқан арқанды толығымен тоқтағанға дейін қысып тұрады. Бұл жағдайда құлап бара жатқан адамның жерге, ғимарат үстіне немесе құрылыс бөлшектеріне құлауын болдырмайды, яғни оның жарақаталуына жол бермейді. Құлаған адам кұрылғыны барабанға орау арқылы, өздігінен немесе басқа адамның көмегімен көтеріледі. Құрылғы артықшылықтарының бірі қорғаныс арқанының айтарлықтай ұзын болуы (10 м дейін), бұл жұмыс операцияларын орындау кезінде БҚҚ бекітілген жерден 10м дейін төменге еркін козғалуына мүмкіндік береді. Сондай –ақ тағы да бір артықшылықтарының бірі бұл құрылғылардың көп мәрте пайдалануға болатындығында. БҚҚ – ның кемшіліктеріне жататындар: оларды орнату мен бекіту кезінде косымша жұмыс операцияларын жасау қажеттілігі; жұмыс орнынан құлаған жағдайда – құрылысқа соғылу салдарынан жарақат алу қауіпі бұл жағдайда құлап бара жатқан адамның денесіне тек қана тігінен төмен қарай бағыттанған ауырлық күші әсер етпейді, онымен қоса ортаға тартушы күш те әсер етеді, осының әсерінен ол маятник секілді солдан оңға немесе керісінше, құрылғыны бекіту нүктесі арқылы өтетін тік осьтен; бұл фактор БҚҚ – ны пайдалану саласын шектейді. Бүгінгі таңда тігінен келген қорғаныс қанаты бар қағып алушылар кеңінен қолданылып жүр. Қағып алушының негізгі арналымы – тік немесе көлденең (көкжиек сызығына 75% жоғары) жазықтықтан қауіпсіз түсіп, көтерілу. Бұл типтегі құрылғылармен көп елдің альпенистері кеңінен колданады. Табиғи ландшафт жағдайындағы жұмыс кезінде құтқарушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қорғаныс жүйесін пайдаланған тиімді. Құлап кетіп, қорғаныс арқанына ілініп қалған кезде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған отандық стандартты қорғаныс жүйесі бел орамы мен күркеден тұрады. Кеуде орамы қандай да бір болмасын орамдардың негізі болып табылады және мықты синтетикалық лентадан (белдік) және тартпадан жасалады. Кеуде орамы ұзақ мерзімге арқаңда ілініп тұрған кезде өздігінен қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайды, сондықтан күркемен бірге қолданған дұрыс болып табылады. Күрке белге тағатын белдіктен және жамбастық сақиналардан тұрады. Орама мен күркенің бір жүйеге қосылуы реттеліп отыратын тоқыма бау арқылы жүзеге асырылады. Төмен қарай түскен кезде ең алғашқы серпіліс кеуде орамы одан кейін барып жамбас сақиналарына бөлінеді. Негізінен күрке арқылы серпілісті басқан кезде ауыртпалықтың көбі төмен құлаған адамның омыртқасына түседі, бұл жарақатқа алып келуі мүмкін. Қорғаныс жиынтығы екі топқа бөлінеді: • кеуде орамы мен күркеден тұратын бөлінбейтін жүйе; • пайдалану үшін біріктірілетін (қосылатын) кеуде орамы мен күрке. Пайдалану кезінде қорғаныс жүйесіне міндетті түрде қауіпсіздік талаптары қойылады. Оның құрылысы құтқарушы ауру сезімдерінсіз, еркін қозғалып, 10 минут көлемінде онда асылып тұратындай болуы тиіс. Бұл кезде ауырлық орама мен күрке аралығында тең бөлінеді. Аударылып кетпеу үшін жүйенің ілгегі кеудеден төмен болмауы керек. Оның бөліктерін бөлек пайдалануға болмайды: тек қана күркені пайдаланған кезде омыртқаның ауыр зақымдалуы мүмкін; тек бір ғана орамда ілініп тұру – құтқарушының кеуде қуысының жаншылуы салдарынан 10-12 мин кейін түзетуге келмейтін жағдайға алып келуі мүмкін. Металл бөліктері (тоғалары, сақиналары және т.б.) шегіне дейін жеткізіледі, радиусы 3 мм кем емес, олар қолтық астында, бүйрек аумағы мен аяқ арасында орналаспауы керек. Олардың желініп кеткендігін білу үшін барлық тігістер қарама – қарсы жіптермен тігіледі; соңғы; орама лентасы, күрке және біріктіретін баулар желініп кетпеуі тиіс. Орамды күркемен жалғастыру үшін жұмсак жіппен немесе көлемі 14x2 мм болып лентамен жасалады. Сондай – ақ орам мен күркені байланыстыру үшін карабинді пайдалануға болмайды. Еңбекті қорғау ережелерінің талаптарын қатаң сақтау қандай да болмасын ТЖ зардаптарын жою кезіндегі құтқарушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Қорғаныс және іздеп табу құралдары – топтасуы. 2. Класстары, құрал – жабдықтары 3. Жеке қорғаныс құралдарын пайдалану ережелері №12 дәріс. Құтқарушыларды дайындаудың оқу бағдарламасы. Іздестіру – құтқару қызметі, құтқарушыларының кәсіптік деңгейін арттыру. Жалпы сұрақтар 1. Құтқарушыларды дайындаудың оқу бағдарламасы 2. Бағдарлама бойынша оқуды аяктағаннан кейін құтқарушының міндетті Үздіксіз оқыту ТЖМ құтқарушыларының кәсіби деңгейін арттыру мен қалыпта ұстаудың негізгі түрі болып табылады және төменде ұсынылған оқыту бағдарламасының негізінде жүзеге асырылады. Құтқарушыларды дайындаудың оқу бағдарламасы. Бағдарлама ТЖМ іздестіру – құтқару қызметі құтқарушыларының кәсіптік деңгейін арттыру бойынша сабақтарды жүйелі түрде жүргізуге арналған. Бағдарламаның маңсаттары: Құтқарушылардың кәсіби дағдысы мен шеберлігін ұйымдастыру мен жетілдіру. Құтқарушыларға сабақты қызмет басшылары, бас мамандар жүргізеді, арнайы техника мен құралдарды пайдалануға байланысты сабақты арнайы құрылымдар мен бөлімшелердің командирлері, сондай – ақ шақырылған оқытушылар жүргізеді. Сабақ жүргізу кезінде оқытушы кино және видео материалдар, көрнекті құралдар, техникалық оқу құралдарын пайдалануы тиіс. Аталған бағдарламаны оқып шыққаннан кейін құтқарушы мыналарды білуге міндетті: • ІҚЖ – ның арналуын, мақсатын, міндетін және мүмкіндіктерін; • құтқарушылардың міндеттерін, құқықтары мен құқықтық жауапкершіліктерін; • ІҚЖ қызметін белгілейтін негізгі нормативті – техникалық және құқықтық құжаттарды; • штаттық байланыс құралдары, хабарландыру мен басқаруды; • хабарландыру тәртібі, жүктелген міндеттерді орындауға құрылымдары дайындыққа келтіру мен жинауды; • ІҚЖ жүргізу кезіндегі құрал – саймандарды, құрылғыларды, механизмдерді, аспаптар мен жабдықтарды, олардың арналуын, техникалық анықтамаларын, пайдалану ретін; • ТЖ зақымдаушы факторларынан қазіргі заманғы зақымдау құралдарынан қорғанудың негізгі әдіс - тәсілдерін; • ТЖ жағдайында ІҚЖ жүргізудің сипаты мен тәртібін; • дезактивация, дегазация, дезинфекция жүргізудің тәртібін; • барлау жүргізудің, белгілі бір жерде бағыт табудың тәртібін; • төтенше жағдай кезінде тірі қалу ережесі мен тіршілікті қалыпты ұстауды; • зардап шеккендердің жағдайын анықтаудың тәртібі мен оларға алғашқы медициналық көмек көрсетудің ретін; • ҚӘУЗ бен радиоактивті заттардың физика – химиялық және зақымдаушы қасиетін; • ІҚЖ жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шараларын; • көшіру жұмыстарын жүргізудің ережелерін; • жауапты аудандағы орын алуы ықтимал ТЖ; • бейімделу мен қалпына келтіру шараларының тәсілдерін; • үлкен топтағы адамдардың мінез – құлықтарының психологиялық ерекшеліктерін Аталған бағдарлама бойынша оқуды аяктағаннан кейін құтқарушының қолынан төмендегілер келуі міндетті: • аварияның, апаттың және зілзаланың зардабын жою кезінде ІҚЖ жүргізу; • қорғаныс құралдарын пайдалану, сақтануды және өзін - өзі сақтауды қолдану; • ІҚЖ жүргізу кезінде пайдаланатын кұрылғыларды тиімді пайдалану; • байланыс және хабарландыру құралдарымен жұмыс істеу; • дезактивациялық, дегазациялық, дезинфекциялық іс – шараларды жүргізу; • зардап шеккендерге медициналық және психологиялық көмек көрсету, зардап шеккендердің жағдайын анықтау, оларды тасымалдау тәсілдернін білу; • үйінді, жердің шамадан тыс қиылысуы жағдайында, мұз және қар басқан жерлермен, биік таулы жерлермен, сулы кедергілер жағдайында қозғалу; • төтенше жағдайларға тез бейімделу, тірі қалу және тіршілікті қалыпта ұстау тәсілдерін білу; • қиын жағдайларда бағытты жоғалтпау, ТЖ ауданында барлау жүргізу; • әртүрлі жұмыстар кезінде қауіп деңгейін түсіну; • жоғарғы физикалық және моральды – психологиялық қиындықтарды көтере білу; • жануарларды, азық – түлікті, өсімдіктер мен заттарды қорғау бойынша жұмыстар жүргізу; • өртке қарсы іс – шараларды жүргізу, өрттерді тоқтату және өшіру; • карантин, обсервация, әлеуметтік шиеленіс жағдайында жұмыс жүргізу. Құтқарушылардың ТЖ шынайы жағдайына бейімделуі мақсатымен, оқу жүргізу барасыңда атқарылатын жұмыстардың төтеншелік деңгейін (биіктік, түтін, жергілікті өрт, шу мен жоғарғы қарқындылықтағы жарық, басқа да факторлар) жоғарылату керек Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Құтқарушыларды дайындаудың оқу бағдарламасы 2. Бағдарлама бойынша оқуды аяктағаннан кейін құтқарушының міндетті №13 дәріс. Құтқарушыларды тәжірибелік оқытудың полигондық – жаттығу кешені Жалпы сұрақтар 1. Құтқарушыларды тәжірибелік оқытудың полигондық – жаттығу кешені 2. Құтқарушылардың тәжірибелік сабағын ұйымдастыру мен өткізуге қажетті жаттығу құралдары Полигондық – жаттығу әдісінің дәстүрлі әдістермен салыстырғанда өзіндік бір артықшылығы – оқытудың арнайы техникалық құралдарды пайдалануға негізделеді. Жаттығу құралдары оқу процесін шынайы жағдайға барынша жақын келуге көмегін тигізеді. Құтқарушылардың тәжірибелік сабағын ұйымдастыру мен өткізуге қажетті жаттығу құралдарының тізімі олардың еңбек жағдайы мен қызметінің ерекшелігі негізінде дайындалады. Жаттығу құралдарын пайдалану тек қана құтқарушылар жұмысының біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру үшін ғана емес, сондай – ақ жарыстар мен жаттығу кезінде өздерінің шеберлігін арттыру үшін де қажет. Оқытудың үйлесімді нәтижесіне жеке жаттығу құралдарын пайдалану кезінде емес, мамандандырылған полигондық – жаттығу кешені кезінде қол жеткізіледі. ТЖМ құтқарушыларын тәжірибелік оқытудың полигондық – жаттығу кешенінде төмендегі тапсырмаларды орыңдауға арналған арнайы оқу алаңы мен жаттығу құралдары болуы тиіс: • әртүрлі ТЖ кезінде адамның жұмысқа бейімделуі; • орын ауыстыру мен кедергілерді жеңудің дағдыларын қалыптастыру; • қысылу жағдайындағы және жабық кеңістіктердегі жұмыстарға оқыту; • газоэлектро дәнекерлеу, тиеп – түсіру жұмыстарды орындаудың дағдыларын қалыптастыру; • зілзала, техногенді, эпидемиологиялық, әлеуметтік ТЖ – дың зардаптарын жою жағдайындағы жұмыстардың дағдыларын қалыптастыру; • құрал – жабдықтарды, құрылғыларды, машиналарды, механизмдерді, құралдарды, қорғаныс құралдарын пайдаланудың дағдыларын қалыптастыру; • топтық жұмыс кезіндегі қарым – қатынас дағдыларын қалыптастыру; • пиротехникалық жұмыстарды орындаудың дағдыларын қалыптастыру; • жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардағы жұмысқа оқыту; • су асты, су үсті, жер астындағы жұмыстарға оқыту; • ҚӘУЗ шығуы (төгілуі), радиоактивті сәулеленудің, зиянды заттардың әсері жағдайында жұмыстардың дағдыларын қалыптастыру; • зардап шеккендерді іздестіру, оларды қоршаудан босату, алып шығу, жағдайын, жарақат алу дәрежесін анықтау, алғашқы медициналық көмек көрсету мен тасымалдаудың дағдыларын қалыптастыру; • жергілікті жерде бағыт табу мен әртүрлі жағдайда тірі қалудың дағдыларын қалыптастыру; • өрт жағдайындағы жұмысқа оқыту; • өзгеретін жағдайдағы жұмыстардың дағдыларын қалыптастыру (түн, күн, жел, жауын – шашын, төтенше факторлар, қайталанатын жер асты дүмпулері). Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Құтқарушыларды тәжірибелік оқытудың полигондық – жаттығу кешені 2. Құтқарушылардың тәжірибелік сабағын ұйымдастыру мен өткізуге қажетті жаттығу құралдары № 14 дәріс. Құтқарушыларды жалпы жұмыс қабілеті мен арнайы физикалық қабілеттерін дамыту Жалпы сұрақтар 1. Құтқарушыларды жалпы жұмыс қабілеті мен арнайы физикалық қабілеттерін дамыту 2. Орындалатын жаттығулар 3. Жалпы физикалық жұмыс істеу қабілеті ТЖ зардабын жою кезіндегі құтқарушылардың еңбек қызметінің өзіндік ерекшеліктері олардың физикалық дайыңдығына қатаң талап қояды. Жалпы физикалық жұмыс істеу қабілеті (ЖФЖҚ) мен физикалық қасиеттерін (күш, ептілік, жылдамдық, сезім мүшесінің төзімділігі) жоғарғы деңгейде дамыту мен қалыпта ұстап тұру үшін, спорттық зал мен спорттық құрал – жабдықтар болмаған күннің өзінде де сабақ жүргізуді қамтамасыз ететін, арнайы әдістерді пайдаланған жөн. Оқытудың алғашқы айларындағы жалпы физикалық дайындық (ЖФД) бойынша сабақтар жаттығуларды оқып білуге, оларды дұрыс орындауға, жаттығатын ағзаның жылдамдықты және жылдамдықты – күштік сипаттағы физикалық ауыртпалықтарға бейімделуге бағытталған. Орындалатын жаттығулар: • кросстық жүгіру – бір қалыпты қарқыңдылықта, алғашқы кезеңде жағдайына қарай – бәсең қарқындылықта. Қажет болған жағдайда қашықтықтың кейбір бөлігінде жаяу жүріске көшуге болады. • жалпы дамыту жаттығулары – ұсынылатын бастапқы жағдайлардан. Айналма қозғалыс, барынша еңкею; • алдын ала 25 м жүгіріп алып, барынша қатты жылдамдықпен 20-30м жерге жүгіру; • төменгі старттан жүгіру – барынша жиілікпен және қадам ұзындығын біртіндеп жоғарылатумен бірге қимылдың өте жылдам басталуын қарастырады (дененің еңкеюін сақтай отырып); • ұзындыққа секіру – екі аяқпен бірдей түсу мен секірудің ұзақтығы; • салмақты лақтыру (тастар, ядролар) – қозғалыс алдын ала бүгілген аяқты белсенді түрде түзеуден басталады; • түрнекте жаттығу – денені теңселтпей. «Шегіне жеткенше» шамасы кезінде – үлкен ауыртпалық арқылы. Сабақтардың жылдық жоспары ұсынылатын жаттығулардың көлемі мен қарқындылығын біртіндеп (аптадан аптаға, айдан айға) жоғарылатуды қарастырады. Әр айдың бірінші күндері дайындалған тесттер бойынша қорытынды сынақтарды өткізуге бөлінеді. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Құтқарушыларды жалпы жұмыс қабілеті мен арнайы физикалық қабілеттерін дамыту 2. Орындалатын жаттығулар 3. Жалпы физикалық жұмыс істеу қабілеті №15 дәріс. Құтқарушылардың теориялық білімін және арнайы дайындықтарын бағалаудың белгілері Құтқарушылардың теориялық білімін бағалаудың белгілері Жалпы сұрақтар 1. Құтқарушылардың теориялық білімін және арнайы дайындықтарын бағалаудың белгілері 2. Құтқарушылардың теориялық білімін бағалаудың белгілері Теориялық оқытудың бағасы – құтқарушылардың аталған мамаңдыққа керекті білімді меңгеру деңгейінің белгісі (көрсеткіші), соңдай – ақ оларды тәжірибеде тиімді пайдалану мүмкіндігі болып табылады. Бұл бағалар ағымдағы бағалардан құралады, олар: теориялық сабақтардан және сынақтар мен емтихандарда қойылған бағалар. Құтқарушылардың теориялық білімінің негізі дәстүрлі бес баллдық жүйеге негізделеді. Баға «5 балл» («өте жақсы») – үйренуші оқу бағдарламасының материалдарын толық игерген, тәжірибелік тапсырмаларды қатесіз орындау кезінде алған білімдерін өз еркімен және сенімді түрде қолданады, қауіпсіздік техникасының талаптарын сақтайды. Баға «4 балл» («жақсы») – негізгі материалдар сенімді игерілген, жауаптар «өте жақсы» бағасына тең келетін талаптарға сай, бірақ сөйте тұрып құтқарушы бір өрескел емес қателік жібереді, нақты тақырыпты таратып айту кезінде болмашы қателіктер жібереді, алған тәжірибелерін тәжірибеде еркін қолданады. Баға «3 балл» («қанағаттанарлық») - үйренуші оқу бағдарламасының негізгі материалдарын, негізгі тақырыптарын біледі және түсінеді, алайда материалды игеруде ақаулар бар. Оны өте қарапайым, біршама қателіктермен түсіндіреді. Өндірістік тапсырмаларды есептемей кейде ақаумен орындайды. Баға «2 балл» («қанғаттанарлықсыз») – үйренуші бағдарламалық материалдың басым бөлігін нашар түсінген кезде, өрескел қателер жіберген кезде және материалды жүйесіз түсіндірген кезде қойылады. Үйренуші сабақтың негізгі бөлшектерін игерген жоқ,өзінде бар білімді тәжірибеде пайдалана алмайды. Өрескел қателіктер және ақаулар жібереді. 2.6. Құтқарушылардың арнайы дайындықтарын бағалаудың белгілері Кәсіби шеберлікті бағалау белгісі құтқарушыларды аттестациялау кезінде қолданылады. ІҚЖ жүргізу кезінде зардап шеккен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсетуге тура келеді. Бұл жұмыс түріне құтқарушылардың дайындық деңгейін анықтау үшін келесі бағалау белгілерін қолдану орынды: Жеке біреуге таңғыш қапшығын ашу: Құтқарушы қапшықты ашып, бинттің орамын оң қолына, ал ұшын сол қолына алған кезде сынақ тапсыру аяқталды деп есептеледі. Бағаны 1 баллға кемітетін ықтимал қателіктер: • бинттің залалсыздандырылуының бұзуы; • қапшықтың жастықшаларының толығымен жазылмауы; • қолдағы бинттің орамы мен ұшының бұрыс жағдайы; Жоғарғы деңгей 25 сек және одан аз – баға «өте жақсы» Орташа деңгей 26 – 34 сек – баға «жақсы» Төменгі деңгей 35 сек және одан аса – баға «қанағат.» Басына, білегіне және шынтақ, тізе, жіліншік буындарына бастапқы таңғышты таңу. 1. Басқа «чепец» қылып таңғыш таңу кезіндегі бағалаудың белгілері Жоғарғы деңгей 2 мин 30 сек және одан да аз – баға «өте жақсы» Орташа деңгей 2 мин 31 сек – 3 мин 9 сек – баға «жақсы» Төменгі деңгей 3 мин 10 сек және одан аса – баға «қанағат.» 2. Білегіне және шынтақ, тізе, жіліншік буындарына таңғышты тану кезіндегі бағалаудың белгілері Жоғарғы деңгей 1 мин 50 сек және одан да аз – баға «өте жақсы» Орташа деңгей 1 мин 51 сек – 2 мин 9 сек – баға «жақсы» Төменгі деңгей 2 мин 10 сек және одан аса – баға «қанағат.» 3. Иық пен қан тоқтататын бұрау қою кезіндегі бағалаудың белгілері Жоғарғы деңгей 25 сек және одан да аз – баға «өте жақсы» Орташа деңгей 26 – 34 сек – баға «жақсы» Төменгі деңгей 35 сек және одан аса – баға «қанағат.» 4. Иық пен санға бұрау қою кезіндегі бағалаудың белгілері Жоғарғы деңгей 45 сек және одан да аз – баға «өте жақсы» Орташа деңгей 46 – 54 сек – баға «жақсы» Төменгі деңгей 55 сек және одан аса – баға «қанағат.» 5. Иық сынған кездегі таңып тастауды бағалаудың белгілері Жоғарғы деңгей 4 мин және одан да аз – баға «өте жақсы» Орташа деңгей 4 мин 1 с – 4 мин 59 сек – баға «жақсы» Төменгі деңгей 5 мин және одан аса – баға «қанағат.» 6. Білек сынған кездегі таңып тастауды бағалаудың белгілері Жоғарғы деңгей 2 мин 40 сек және одан да аз – баға «өте жақсы» Орташа деңгей 2 мин 41 сек – 3 мин 39 сек – баға «жақсы» Төменгі деңгей 3 мин 40 сек және одан аса – баға «қанағат.» 7. Жамбас сынған кездегі таңып тастауды бағалаудың белгілері Жоғарғы деңгей 2 мин 40 сек және одан да аз – баға «өте жақсы» Орташа деңгей 2 мин 41 сек – 3 мин 39 сек – баға «жақсы» Төменгі деңгей 3 мин 40 сек және одан аса – баға «қанағат.» 8. Жамбас сынған кездегі таңып тастауды бағалаудың белгілері Жоғарғы деңгей 4 мин және одан да аз – баға «өте жақсы» Орташа деңгей 4 мин 1 сек – 5 мин 59 сек – баға «жақсы» Төменгі деңгей 6 мин және одан аса – баға «қанағат.» Құтқарушы таңғышты таңып және бинтті байлаған кезде сынақ тапсыру аяқталды деп есептеледі. Бағаны 1 баллға кемітетін ықтимал қателіктер: бинттің қолдағы бұрыс жағдайы, бинттің залалсыздандырылуының бұзуы, таңғышты басқа жерге, басқа бөлікке таңу, таңғышты бекітпеу. Құтқарушылардың ҚӘУЗ – ден қорғау жөніндегі дайындық деңгейін бағалаудың белгілері: 1 .Сүзгіш газқағарды кию Газқағар бастапқы жағдайда. Сынақ «Газдар!» командасы бойынша орындалады. Бағаны 1 баллға кемітетін ықтимал қателіктер: газқағарды кию кезінде көзін жұмбауы және демін ішіне тартпауы, жалғастырып тұратын түтіктің артық бұралуы, дулығаның (маска) көзілдірігі көзге қарама – қарсы тұрмайтындай етіп киілуі. Жоғарғы деңгей 7 сек – баға «өте жақсы» Орташа деңгей 8 сек – баға «жақсы» Төменгі деңгей 10 сек – баға «қанағат.» 2. Зардап шеккен адамға газқағар кигізу Жоғарғы деңгей 15 сек – баға «өте жақсы» Орташа деңгей 16сек – баға «жақсы» Төменгі деңгей 17 сек – баға «қанағат.» 3. Респиратор кию Респиратор бастапқы жағдайда сөмкеде болады. Сынақ «Респираторды кию!» командасы бойынша орындалады. Бағаны 1 баллға кемітетін ықтимал қателіктер: респиратодың дұрыс таңдалмауы, респиратордың бетке толығымен жабысып тұрмауы, киген кезде респиратордың зақымдануы. Жоғарғы деңгей 10 сек – баға «өте жақсы» Орташа деңгей 11 сек – баға «жақсы» Төменгі деңгей 13 сек – баға «қанағат.» Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Құтқарушылардың теориялық білімін және арнайы дайындықтарын бағалаудың белгілері 2. Құтқарушылардың теориялық білімін бағалаудың белгілері 3 Тәжірбиелік сабақтар №1 Тәжірбиелік сабақ. Пән мақсаты, міндеті. Апаттық-құтқару қызметтері, олардың міндеттері мен атқаратын істері. Жоспары: «Апаттық құтқару ісі» пәні табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін құрылған апаттық құтқару қызметі мен құрамаларының ұйымдастырылуы мен қызметі кезінде қоғамдық қатынастарды, мемлекеттік төтенше жағдай қызметінің ұйымдастырушылық негіздерін, олардың ТЖ салдарын жоюдағы мүмкіндіктерін, төтенше жағдай уақытында апаттық- құтқару отрядтарын құру, оларды дайындау, жұмысқа пайдалану ретін және олардың жұмыстарын басқаруды қарастырады. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының негiзгi мiндеттерi: Төтенше жағдайлардың туындауы және оларды жою кезiнде адамдарды құтқару және көшiру жөніндегі құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстар. Адамдарды құтқаруға және төтенше жағдайларды жоюға әзiрлiктi қамтамасыз ету жөніндегі профилактикалық жұмыстар. Кәсiптiк шеберлiктi жетiлдiру және авариялық құтқару қызметi мен құрамаларының басқару органдарын, күштерi мен құралдарын төтенше жағдайлар аймақтарына баруға және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге ұдайы әзiрлiкте ұстау. Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге қызмет көрсетiлетiн объектiлер мен аумақтардың даярлығын бақылау. Қызмет көрсетiлетiн объектiлер мен аумақтарда құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу болып табылады. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына сонымен бiрге, қызмет көрсетiлетiн объектiлер мен аумақтарда төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жоспарларын, басқа объектiлер мен аумақтарда төтенше жағдайларды жою кезiнде өзара iс-қимыл жоспарларын жасауға қатысу, қызмет көрсетiлетiн объектiлер мен аумақтар бойынша, сондай-ақ аталған объектiлерде халықты және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз етуге ықпал ете алатын процестер бойынша iске асыруға ұйғарылған жобалар мен шешiмдерге сараптама жасауға қатысу, халықты және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау саласындағы білімдi насихаттау, халықты және ұйымдар қызметкерлерiн төтенше жағдайлар кезiнде iс-қимылдарға даярлауға қатысу, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргiзу мәселелерi жөніндегі нормативтiк құжаттарды әзiрлеуге қатысу, құтқару iсi және аварияға қарсы қорғаныс бойынша ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық жұмыстар өткізу, жабдықтар жасау мен енгiзудi ұйымдастыру, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі бiрыңғай мемлекеттік жүйеге жүктелетiн, iзгi мiндеттердiң шеңберiнен шықпайтын басқа да мәселелер жөніндегі мiндеттер жүктелуi мүмкiн.. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Апаттық-құтқару қызметтері, олардың міндеттері мен атқаратын істері 2. Төтенше жағдайлардың туындауы және оларды жою кезiнде адамдарды құтқару және көшiру жөніндегі құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстар. №2-3 Тәжірбиелік сабақтар. Қ.Р.-«Апаттық құтқару қызметі және құтқарушылардың статусы» заңы. Апаттық-құтқару қызметіне байланысты негізгі түсініктер. Жоспар: Осы Заң табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшiн құрылған авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының ұйымдастырылуы мен қызметi кезiнде қоғамдық қатынастарды реттейдi, құтқарушылардың мәртебесiн белгiлейдi. Қ.Р.-«Апаттық құтқару қызметі және құтқарушылардың статусы» заңында көрсетілген негізгі ұғымдар, жалпы ережелер, Авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары қызметiнiң негiзгi принциптерi, Авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының құрамы мен құрылымы, Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын құруАвариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын тiркеу, Авариялық- құтқару қызметi мен құрамаларын жасақтау, Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарға басшылық жасау, Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының қызметi тағы сол сияқты заңның бабтарына жекелеп тоқталу, оқу. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Жалпы ережелер 2. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары 3. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының төтенше жағдайларды жоюға қатысуы 4. Құтқарушылар және олардың мәртебесi № 4 Тәжірбиелік сабақтар. Қ.Р.-«Апаттық құтқару қызметі және құтқарушылардың статусы» заңы. № 1,2,3,4,11 бабтар. Жоспары: Қ.Р.-«Апаттық құтқару қызметі және құтқарушылардың статусы» заңы. № 1,2,3,4,11 бабтарды талқылау, оқып меңгеру. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: авариялық-құтқару құралдары - техникалық, ғылыми-техникалық және зияткерлік өнім, оның ішінде байланыс пен басқарудың арнайы құралдары, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстар технологиясы бойынша техника, жабдықтар, жарақтар, мүлік пен материалдар, әдістемелік, бейне-кино- фотоматериалдар, сондай-ақ электронды есептеу машиналарына арналған бағдарламалық деректер базасы және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған өзге де құралдар; авариялық-құтқару құрамасы - негізін арнаулы техникамен, жабдықтармен, жарақтармен, аспаптармен, материалдармен жарақтандырылған және кинологиялық қызметпен қамтамасыз етілген құтқарушылар бөлімшелері құрайтын, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған дербес немесе авариялық- құтқару қызметінің құрамына енетін құрылым; авариялық-құтқару қызметі - негізін өзіне құрылымдық жағынан авариялық- құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды орындайтын атқарушы-құтқарушыларды, кіші, орта және жоғары құрамдағы осы жұмысты басқарушы-құтқарушыларды және осы жұмысты техникалық жағынан қамтамасыз ететін көмекші қызметтерді қамтитын авариялық-құтқару құрамалары, оның ішінде аэромобильді отрядтар құрайтын, қызмет міндеттері жағынан біртұтас жүйеге біріктірілген, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі міндеттерді шешуге арналған басқару органдарының, күштер мен құралдардың жиынтығы; әскерилендірілген авариялық-құтқару бөлімі - қауіпті өндірістік объектілерге тәулік бойы қызмет көрсетуге арналған, дара басшылық принциптерімен әрекет етіп, соны басшылыққа алатын және қауіптілігі жоғары жағдайда, құтқарушылардың денсаулығы мен өмірі үшін жол беруге болатын шектегі тәуекелмен авариялық-құтқару жұмыстарын атқаратын мамандандырылған ұйым; құтқару жұмыстары - төтенше жағдайлар аймағында адамдарды, материалдық және мәдени құндылықтарды құтқару, қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайларды оқшаулау және соларға тән қауіпті факторлардың ықпалын жою немесе мүмкін болатын ең төменгі деңгейге дейін жеткізу жөніндегі іс- әрекеттер; құтқарушы - құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге арнайы даярлық пен аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өткен азамат; құтқарушылардың мәртебесі - құтқарушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган; төтенше жағдайды жою басшысы - төтенше жағдайды жою кезінде жұмыстар жүргізуді басқаратын немесе өкілеттігіне төтенше жағдайларды жою жатқызылып, орталық немесе жергілікті атқарушы орган тағайындаған басты өкімші және жауапты адам; төтенше жағдайларды жою кезіндегі шұғыл жұмыстар - құтқару жұмыстарын жан-жақты қамтамасыз ету, төтенше жағдайларда зардап шеккен халыққа медициналық және басқа да көмек түрлерін көрсету, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, олардың жұмыс қабілетін қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау жөніндегі қызмет. 2-бап. Қазақстан Республикасының авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары туралы заңдары Қазақстан Республикасының авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңынан, осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 3-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары қызметiнiң негiзгi принциптерi Авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары қызметiнiң негiзгi принциптерi мыналар болып табылады: төтенше жағдайлар туындаған кезде адамдардың өмiрiн құтқару мен олардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау мiндеттерiнiң басымдығын көздейтiн iзгiлiк пен қайырымдылық; төтенше жағдайларды жою жөніндегі құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзудiң мiндеттiлiгi; авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына дара басшылық; құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу кезiнде өзiн-өзi ақтайтын тәуекелдiлiк және қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының төтенше жағдайларға жедел назар аударуға және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге ұдайы әзiрлiгi. 4-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының мiндеттерi 1. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының негiзгi мiндеттерi: төтенше жағдайлардың туындауы және оларды жою кезiнде адамдарды құтқару және көшiру жөніндегі құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстар; адамдарды құтқаруға және төтенше жағдайларды жоюға әзiрлiктi қамтамасыз ету жөніндегі профилактикалық жұмыстар; кәсiптiк шеберлiктi жетiлдiру және авариялық құтқару қызметi мен құрамаларының басқару органдарын, күштерi мен құралдарын төтенше жағдайлар аймақтарына баруға және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге ұдайы әзiрлiкте ұстау; құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге қызмет көрсетiлетiн объектiлер мен аумақтардың даярлығын бақылау; қызмет көрсетiлетiн объектiлер мен аумақтарда құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу болып табылады. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына сонымен бiрге: қызмет көрсетiлетiн объектiлер мен аумақтарда төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жоспарларын, басқа объектiлер мен аумақтарда төтенше жағдайларды жою кезiнде өзара iс-қимыл жоспарларын жасауға қатысу; қызмет көрсетiлетiн объектiлер мен аумақтар бойынша, сондай-ақ аталған объектiлерде халықты және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз етуге ықпал ете алатын процестер бойынша iске асыруға ұйғарылған жобалар мен шешiмдерге сараптама жасауға қатысу; халықты және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау саласындағы білімдi насихаттау, халықты және ұйымдар қызметкерлерiн төтенше жағдайлар кезiнде iс-қимылдарға даярлауға қатысу; құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргiзу мәселелерi жөніндегі нормативтiк құжаттарды әзiрлеуге қатысу; құтқару iсi және аварияға қарсы қорғаныс бойынша ғылыми-зерттеу, жобалау- конструкторлық жұмыстар өткізу, жабдықтар жасау мен енгiзудi ұйымдастыру; төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі бiрыңғай мемлекеттік жүйеге жүктелетiн, iзгi мiндеттердiң шеңберiнен шықпайтын басқа да мәселелер жөніндегі мiндеттер жүктелуi мүмкiн. 2. Нақты авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларына жүктелетiн мiндеттердiң толық тiзбесiн оларды құрған орган белгiлейдi және авариялық- құтқару қызметтерi мен құрамалары туралы ережелерде немесе аталған қызметтер мен құрамалардың жарғыларында баянды етiледi. 5-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын мемлекеттік қолдау Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оны жоюдың бiрыңғай мемлекеттік жүйесiнiң күштерi болып табылатын авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына мемлекет барынша қолдау көрсетедi, бұл үшiн: авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары үшiн жеңiлдiктер жүйесiн белгiлейдi; ұйымдарға өздерi құратын ерiктi авариялық-құтқару құрамаларын даярлауға жәрдем көрсетедi, сондай-ақ құтқарушылар даярлау бағдарламасы бойынша оқып- үйренуге тiлек бiлдiрген азаматтарды даярлауға жәрдемдеседi; құтқарушыларды құқықтық және әлеуметтiк қорғау жөніндегі шаралар жүйесiн қарастырады; халықты және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау мүддесiн негiзге ала отырып, авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына (оның ішінде әскерилендірілген, тау-кен құтқару, газдан құтқару, атқыламаға қарсы қызметтеріне) қаржы жағынан қолдау көрсетедi. 6-бап. Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстардың түрлерi Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарға iздестiру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, суда құтқару, атқыламаға қарсы жұмыстар, сондай-ақ өрт сөндiруге және төтенше жағдайлардың медициналық-санитарлық зардаптарын жоюға байланысты жұмыстар және төтенше жағдайларды жою кезіндегі басқа да шұғыл жұмыстар жатады. 2 тарау. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары 7-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын құру 1. Қазақстан Республикасында авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары: тұрақты штат негiзiнде - кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары, оның iшiнде әскерилендiрiлген тау-кен құтқару, атқыламаға қарсы, газдан құтқару, өртке қарсы, суда құтқару, жедел-құтқару, медициналық және төтенше жағдайлар саласындағы басқа да мамандандырылған бөлiмдер мен бөлiмшелер; ерiктiлiк негiзiнде - ерiктi авариялық-құтқару құрамалары, оның iшiнде ерiктi тау-кен құтқару, атқыламаға қарсы, газдан құтқару, өртке қарсы және суда құтқару құрамалары құрылады. 2. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары: Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша республикалық (оның iшiнде республикалық мемлекеттік кәсiпорындар) және аумақтық; ұйымдар басшылығының тарапынан - объектiлiк (қызметiн жүзеге асыру үшiн өз авариялық-құтқару қызметi мен құрылымдары мiндеттi түрде болуы Қазақстан Республикасы заңдарымен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен көзделген ұйымдарда) болып құрылады. 3. Ерiктi авариялық-құтқару құрамаларын өз қызметкерлерiнен жасақталған ұйымдар құрады. 4. Кәсiби авариялық-құтқару құрамалары арнаулы техникамен, жабдықпен, құрал-сайманмен, керек-жарақпен, аспаптармен, материалдармен жарақтандырылады және кинологиялық қызметпен қамтамасыз етiледi. Кәсiби авариялық-құтқару құрамаларын жарақтандырудың және кинологиялық қызметпен қамтамасыз етудiң нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. 8-бап. Авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының құрамы мен құрылымы Авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының құрамы мен құрылымын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 9-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын жасақтау 1. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының жеке құрамын жасақтау ерiктi негiзде жүзеге асырылады. 2. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына құтқарушылар қызметiне, құтқарушылар даярлау жөніндегі білім беру ұйымдарында оқуға медициналық байқауда құтқарушы жұмысына жарамды деп танылған және олардың кәсiби даярлығы мен дене шымырлығына, моральдық-психологиялық қасиеттерiне қойылатын талаптарға сай келетiн азаматтар қабылданады. 3. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларында құтқарушылар мiндетiн атқаруға жасы 18-ге толған, құтқарушыларды даярлау бағдарламасы бойынша оқу бiтiрген және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге белгiленген тәртiппен аттестаттаудан өткен азаматтар жiберiледi. Авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының орта, аға және жоғары басшы құрамы жоғары кәсіби білімі бар және арнайы даярлықтан өткен адамдардан жинақталады. Аталған адамдар кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінде және құрамаларында үш ай ішінде тағылымдамадан өткен соң және құтқарушы біліктілігін алғаннан кейін дербес жұмысқа жіберіледі. 4. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына құтқарушылар қызметiне азаматтарды қабылдау кезiнде олармен еңбек шарты жасалынады, онда еңбек шартын жасасу мен тоқтату шарттары; құтқарушылар жұмысының ерекшелiктерi мен режимi; еңбекақы төлеудiң тәртібі мен шарттары; құтқарушыларға арналған әлеуметтiк кепiлдiктер мен жеңiлдiктер; құтқарушылардың өздерiне жүктелген мiндеттердi және кезекшiлiкте, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзу кезiнде аталған авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары басшыларының өкiмдерiн мүлтiксiз орындау мiндеттемесi баянды етiледi. 10-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын тiркеу 1. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын заңды тұлға ретiнде мемлекеттік тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. 2. Авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларын тіркеуді (есепке алуды) уәкілетті орган өзі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады. 11-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының қызметi 1. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының қызметi ерекше сипатта болады, аталған қызмет пен құрамалардың басшылары берген бұйрықтар мен өкiмдердi олардың барлық қызметкерлерiнiң мүлтiксiз орындауын көздейдi. Бұл талаптар ерiктi авариялық-құтқару құрамалары төтенше жағдайды жоюға тартылған кезден бастап оларға да қойылады. 2. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары объектiлер мен аумақтарға қызмет көрсету жөніндегі өз жұмысын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шарттық негiзде iске асыра алады. 3. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының төтенше жағдайды жою жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге дайындығы өз өкiлеттiгi шегiнде уәкілетті орган iске асыратын аттестаттау және тұрақты тексерулер барысында тексерiледi. 4. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының тұрақты дайындығы олардың құрамын кәсiби даярлау және қайта даярлау бойынша жүйелi сабақтар мен арнайы жаттықтыру жиындарын өткізу арқылы қамтамасыз етiледi. 5. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары жедел көлiгi дыбыс шығару, жарық беру белгiлерi бар арнаулы құрылғылармен, сондай-ақ белгiленген үлгiдегi түрлi-түстi бояулы, сәулелi таңбалармен мiндеттi түрде жабдықталады. 6. Ерiктi авариялық-құтқару құрамалары құрылған объектiлердiң басшылары құтқарушыларды авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзудiң арнайы дағдыларына оқытып-үйрету жөнiнде тұрақты сабақтар өткiзедi және оларды бұл үшiн арнаулы киiм-кешекпен қамтамасыз етедi. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Пәннің жалпы мазмұны 2. Қ.Р.-«Апаттық құтқару қызметі және құтқарушылардың статусы» заңы 3. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 4. Апаттық-құтқару қызметтері, олардың міндеттері мен атқаратын істері. 5. Апаттық-құтқару қызметіне байланысты негізгі түсініктер. №5-6 Тәжірбиелік сабақтар. Құтқарушылардың статус жүйесі. «Құтқарушы» біліктілігін беру реті. Құтқарушыға қойылатын талаптар. Оларды аттестациялау реті, құқықтары мен міндеттері. Қ.Р.-«Апаттық құтқару қызметі және құтқарушылардың статусы» заңы. №12,21,22,23,24,25 бабтар Жоспар: Қ.Р.-«Апаттық құтқару қызметі және құтқарушылардың статусы» заңы. №12,21,22,23,24,25 бабтарын оқып меңгеру. Құтқару және шұғыл жұмыстарға іздестіру – құтқару, тауда құтқару, газдан құтқару, суда құтқару, өртке қарсы жұмыстар, сондай – ақ өрт сөндірумен және төтенше жағдайдың салдарын медициналы – санитарлық жою және тізімі Казақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен толықтырылуы мүмкін, төтенше және авариялық жағдайда жүргізілетін басқа да арнайы жұмыстар жатады. Авариялық – құтқару мен құрылымдары қызметінің негізгі ұстанымдары: • төтенше жағдай туыңдаған кезде адам өмірін құтқару мен денсаулығын сақтаудың, қоршаған ортаны қорғаудың басымдылығын қарастыратын адамгершілік пен жанашырлық; төтенше жағдайды жою бойынша құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу міндеті; • авариялық – құтқару қызметтері мен құрылымдарына дара басшылық жасау; • құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіп – қатер мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету; • авариялық – құтқару қызметтері мен құрылымдарының төтенше жағдайға жедел әрекет ету мен құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге үнемі дайындығы. Барлық авариялық – құтқару қызметі мен құрылымдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгіленген тәртібі бойынша аттестациялауға жатады. Аттестациядан өткен және тексерулер барысында төтенше жағдайға әрекет ету мен құтқару жұмыстарын жүргізуге дайын екендігін дәлелдеген авариялық – құтқару қызметтері мен құрылымдарына құтқару жұмыстарын жүргізу құқығына лицензия беріледі. Егер де көрсетілген мекемелермен құрылған немесе оларға келісім шарт бойынша қызмет көрсететін нысандық кәсіби авариялық – құтқару қызметтері мен құрылымдары белгілеген нормативтерге жауап бермесе, ұйымның қызметі толығымен немесе жартылай тоқтатылады. Қазақстан Республикасының азаматтары медициналық тексеруден өткеннен кейін, дене шынықтыру дайындығының нормативтерін орындап, құтқарушыларды дайындау бағдарламасын оқығаннан кейін, құтқару және шұғыл жұмыстарды өткізу аттестациясының қорытындысы бойынша тиісті аттестациялық мекемелердің шешімі негізінде құтқарушы мәртебесін алады. Қазақстан Республикаларының азаматтарына құтқарушы мәртебесін тағайындау туралы шешім қабылдаған кезде аттестациялау мекемелерімен белгіленген үлгідегі төлқұжат, құтқарушының кітапшасы, тегі, аты және әкесінің аты, қан тобы мен құтқарушының тіркеу нөмірі жазылған жетон беріледі. Құтқарушылардың құқығы. Құтқару және шұғыл жұмыстарға тартылған құтқарушылар аталған жұмыстарды орындау орнына бет алу кезінде барлық транспорт түріне кезектен тыс билет алуға құқылы. Құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде құтқарушылар құқылы:адамдарды құтқаруға бағытталған кез келген шешім қабылдауға;өз міндеттерін атқару үшін толық әрі нақты ақпараттарды алуға; құтқару және шұғыл жұмыстарды орындау үшін аймаққа және мекемелердің өндірістік нысандарына, тұрғын үйлерге ешбір кедергісіз кіруге; төтенше жағдай аймағындағы барлық адамдардан белгіленген қауіпсіздік ережелерін орындауын талап етуге; құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу технологиясына сәйкес экипировкалануға және жабдықталуға; Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгіленген тәртібі бойынша төтенше жағдай аймағында тұрған мекемелердің байланыс құралдарын, транспорттарын, заттарын және басқа да материалдық құралдарын адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда пайдалануға; көмекші іздестіру иттерін қолдану. Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгіленген тәртібі бойынша құтқару және шұғыл жұмыстарға қатысқан құтқарушылар медициналық мекемелер мен қалпына келтіру орталықтарында медициналық және психологиялық қалпына келтіруге құқылы. Құтқарушылар белгіленген тәртіп бойынша жұмыс уақытында өзінің теориялық білімі мен кәсіби шеберлігін жетілдіруге құқылы. Кәсіби және ерікті авариялық – құтқару қызметі мен құрылымдарының құтқарушылары, құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезеңінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгіленген мөлшерлері бойынша авариялық – құтқару қызметі мен құрылымдарын қамтуға бөлінген азық – түлік және тұрақпен қамтамасыз етілуге құқылы. Еңбек келісімінде (келісім шарт) жүктелген міндеттерді орындау кезінде кәсіби авариялық – құтқару қызметтері мен құрылымдарының құтқарушылары, сондай – ақ ерікті авариялық – құтқару қызметтерінің құтқарушылары және құтқарушы болып табылмайтын азаматтар құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге тартылу барысында зардап шеккен болса, олар тегін медициналық көмек алуға құқылы. Құтқарушылардың міндеттері.. Зардап шеккен адамдарды іздестіруге, оларды құтқаруға шешімдер қабылдауға, оларға алғашқы медициналық және басқа көмек түрлерін көрсетуге; құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге дайын тұру, өзінің дене шынықтырудан, арнайы, медициналық, психологиялық дайындығын жетілдіруге; авариялық – құтқару құрамаларының қатарында іс - әрекет машығын жетілдіруге; құтқару және шұғыл жұмыстарды жургізудің технологиясын бұлжытпай орындауға; құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде өздері (құтқарушылар) құрамына кіретін авариялық – құтқару құрылымдары басшыларының берген бұйрықтарын бұлжытпай орындауға; төтенше жағдайды болдырмау мақсатында азаматтарға қауіпсіздік ережелерін және орын алған кездегі іс - әрекеттердің тәртібін түсіндіруге. Кәсіби авариялық – құтқару қызметтері мен құрылымдары құтқарушыларының міндеттері тиісті жарғылармен, ережелермен, нұсқаулармен белгіленеді және еңбек келісімінің (келісім – шарт) құрамдас бөлігі болып табылады. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Авариялық – құтқару мен құрылымдары қызметінің негізгі ұстанымдары 2. Құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде құтқарушылар құқықтары 3. Құтқару жұмыстары кезінде құтқарушылар қандай жұмыстарды істей алу қажет қолдарынан келуі тиіс? 4. Құтқарушылардың статусы, міндеттері мен құқықтары №7 Тәжірбиелік сабақ. Апаттық-құтқару істерінің негізгі түрлері. Жоспарды жасау реті. Жоспарлар жасауға қойылатын талаптар және мәліметтер. Жоспар: Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстардың түрлерi Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарға iздестiру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, суда құтқару, атқыламаға қарсы жұмыстар, сондай-ақ өрт сөндiруге және төтенше жағдайлардың медициналық-санитарлық зардаптарын жоюға байланысты жұмыстар және төтенше жағдайларды жою кезіндегі басқа да шұғыл жұмыстар жатады. Құтқару және шұғыл жұмыстарға іздестіру – құтқару, тауда құтқару, газдан құтқару, суда құтқару, өртке қарсы жұмыстар, сондай – ақ өрт сөндірумен және төтенше жағдайдың салдарын медициналы – санитарлық жою және тізімі Казақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен толықтырылуы мүмкін, төтенше және авариялық жағдайда жүргізілетін басқа да арнайы жұмыстар жатады. Авариялық – құтқару мен құрылымдары қызметінің негізгі ұстанымдары: • төтенше жағдай туыңдаған кезде адам өмірін құтқару мен денсаулығын сақтаудың, қоршаған ортаны қорғаудың басымдылығын қарастыратын адамгершілік пен жанашырлық; төтенше жағдайды жою бойынша құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу міндеті; • авариялық – құтқару қызметтері мен құрылымдарына дара басшылық жасау; • құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіп – қатер мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету; • авариялық – құтқару қызметтері мен құрылымдарының төтенше жағдайға жедел әрекет ету мен құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге үнемі дайындығы. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Апаттық-құтқару істерінің негізгі түрлері 2. Авариялық – құтқару мен құрылымдары қызметінің негізгі ұстанымдары № 8 Тәжірбиелік сабақ. Қ.Р.-«Апаттық құтқару қызметі және құтқарушылардың статусы» заңы. № 5,6 бабтар Жоспар: Қ.Р.-«Апаттық құтқару қызметі және құтқарушылардың статусы» заңында пайдаланылатын негізгі ұғымдар оқып меңгеру 5-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын мемлекеттік қолдау Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оны жоюдың бiрыңғай мемлекеттік жүйесiнiң күштерi болып табылатын авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына мемлекет барынша қолдау көрсетедi, бұл үшiн: авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары үшiн жеңiлдiктер жүйесiн белгiлейдi; ұйымдарға өздерi құратын ерiктi авариялық-құтқару құрамаларын даярлауға жәрдем көрсетедi, сондай-ақ құтқарушылар даярлау бағдарламасы бойынша оқып- үйренуге тiлек бiлдiрген азаматтарды даярлауға жәрдемдеседi; құтқарушыларды құқықтық және әлеуметтiк қорғау жөніндегі шаралар жүйесiн қарастырады; халықты және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау мүддесiн негiзге ала отырып, авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына (оның ішінде әскерилендірілген, тау-кен құтқару, газдан құтқару, атқыламаға қарсы қызметтеріне) қаржы жағынан қолдау көрсетедi. 6-бап. Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстардың түрлерi Құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарға iздестiру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, суда құтқару, атқыламаға қарсы жұмыстар, сондай-ақ өрт сөндiруге және төтенше жағдайлардың медициналық-санитарлық зардаптарын жоюға байланысты жұмыстар және төтенше жағдайларды жою кезіндегі басқа да шұғыл жұмыстар жатады. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Қ.Р.-«Апаттық құтқару қызметі және құтқарушылардың статусы» заңы 2. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар № 9 Тәжірбиелік сабақ. Бейбіт кезіндегі ТЖ сақтандыру және оның салдарын жою үшін ТЖМ күштерінің әрекеттер жоспары. Жоспар: Бейбіт кезіндегі ТЖ сақтандыру және оның салдарын жою үшін ТЖМ күштерінің әрекеттер жоспары. Жоспардың мақсаты, оған қойылатын талаптар, қажетті мәліметтер. Мемлекеттік ТЖ қызметінің жоспарлы істері, мазмұны Төтенше жағдай дегеніміз – адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші нысандарға нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай; Төтенше жағдайларды ескерту және іс-әрекеттер жөніндегі Республикалық жүйенің өзіне жүктелген міндеттерді орындауға даярлығы түпкілікті нәтижеде оның осы мақсатқа жету қабілетін анықтайды. Қазіргі уақытта адамзаттың алдында соғыс қатерінен басқа ғаламдық қауіп экологиялық апат қауіпі өткір тұр: ауа ластанған, өзендер мен көлдер қышқылды жауындармен уланған, топырақ бөлінуде ормандарға, өсімдіктер мен хайуанаттарға қауіп төнуде. Республика аумағында атом энергетикасы, химия өнеркәсібі объектілері орналасқан. Мұндағы апаттар үлкен адам құрбандықтарына материалдық залалмен қатар елеулі экономикалық салдарға да ұшыратуы мүмкін. Осы жағдайлар, мемлекеттік әскери және шаруашылық органдары тарапынан Азаматтық қорғаныс мәселелеріне, халықты сенімді қорғау мен шаруашылық объектілерін сақтау, басқару жүйесінің мүлтіксіз жұмыс істеуі жөніндегі міндеттерді шешуде жаңа ұстанымдарды қажет етеді. Бейбіт уақыттағы ықтимал төтенше жағдайда, сондай-ақ қаруларының даму бағыты мен оларды қолдану туралы көзқарастарды ескере отырып, халықты қорғаудың негізгі принцптері мен әдістерін іске асыру халықтың сенімді қорғалуын дәйекті көтеруді қамтамасыз етеді. Халықты қорғау принцптері – бұл бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайда халықты қорғау тәртібін анықтайтын Қазақстан Республикасының Үкіметі ресми белгілеген ережелер. Халықты апат, зілзала т.б қорғау жөніндегі шараларды жүргізу сипаты, көлемі мен мерзімі ахуалды бағалау және жергілікті жағдайлар мен мүмкіндіктерді ескере отырып белгіленген АҚ жоспарларымен анықталады. Төтенше жағдайдың түрін, көлемін, сипатын анықтау АҚ, ТЖ ұйымдарының барлау құрылымдарының негізгі міндеттері. Бұл жұмысты төтенше жағдайдың штабтары, әскери бөлімдері, арнайы барлау органдары ұйымдастырып, жүргізеді. Бейбітшілік кезіндегі төтенше жағдайда ауаның, судың, топырақтың, және басқа да объектілердің улы, радиоактивті заттармен ластанғанын бақылап, лабораториялық талдаудан өткізіп отыру; ірі апатқа ұшыраған аймақтың көлемін, қолайсыз эпидемиялық не эпизодтық жағдайға ұшыраған аудандарды анықтау; елді мекенді көшіретін жағдайда жолдың, жолбойғы құрылымдардың жәйін, апатқа ұшырау қауіпі бар объектілерге жол – қатынас мүмкіндігін зерттейді; барлаушылар соғыс сипатын, жаппай қырып жою құралдарын және қарудың түрін, апат ошақтарын, химиялық қару жарылған орындарды анықтайды. Зақымға ұшыраған елді мекендердегі панаханалардың дайындық жағдайын, адамдарға қажетті құрал жабдықтармен, медициналық құрал жабдықтармен көмек көрсете алу мүмкіндігін анықтайды. Су және құрғақтағы көлік жүйелерінің жағдайларын олардың халықты көшіруге дайындығын, құтқарушылар үшін жасалған жұмыс жағдайларын, анықтап біледі. Мемлекеттік ТЖ қызметінің жоспарлы істері, мазмұны АҚ пен ТЖ саласындағы ҚР заңдарын мүлтіксіз сақтауға тиіс. Азаматтық қорғаныс туралы ҚР заңы бойынша азаматтар заңда белгіленген тәртіппен соғыс уақытында және төтенше жағдайларда АҚ міндеттерін орындау үшін өзінің жеке көлік құралдарын, аспаптары мен құралдарын беруге міндетті. Өрттен құрғау қызметтеріне өрт қауіпсіздігінің талаптарының сақталуын бақылау және оның бұзылуын болдырмау мақсатында өздеріне тиеселі өндірістік, шаруашылық, тұрғын үймен өзгеде ғимараттарға зерттеу мен тексеру мүмкіндігін жасауға міндетті. ТЖ бойынша қажетті білімдер мен практикалық дағдыларды игеруге, Азаматтық қорғаныс шараларына қатысуға және орындауға міндетті. Осындай білімдер мен дағдылардың жиыны АҚ пен ТЖ мәселелері бойынша халықты оқыту бағдарламасында белгіленген. Әрбір азамат «баршаның назарына!» дабылы бойынша іс-әрекеттер тәртібін, қорғаныстың ұжымдық және жеке құралдарын пайдалану тәртібін, зардап шегушіге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету әдісі мен қорғаныс тәсілін білуге және орындауға қажет. Ересек халықтың маңызды міндеттерінің бірі балаларды қорғау. Жоғарыда көрсетілген халықтың Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттері бойынша негізгі міндеттері ғана, осы және басқа да міндеттерді мүлтіксіз орындау Азаматтық қорғанысын нығайтуға төтенше жағдайлар санын төмендетуге ықпал ететін болады. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Бейбіт кезіндегі ТЖ сақтандыру және оның салдарын жою үшін ТЖМ күштерінің әрекеттер жоспары. 2. Жоспардың мақсаты, оған қойылатын талаптар, қажетті мәліметтер. 3. Мемлекеттік ТЖ қызметінің жоспарлы істері, мазмұны № 10 Тәжірбиелік сабақ. Мемлекеттік ТЖ қызметінің жоспарлы істері, мазмұны. Жоспардың мақсаты, оған қойылатын талаптар, қажетті мәліметтер. Жоспар: ТЖ салдарын жою шараларын жоспарлауды ұйымдастыру. Ұйымдастырылатын шаралар жоспарын жасау, олардың мазмұны, орындалуын қадағалау реттері. Төтенше жағдай салдарын жою төтенше жағдай аумағында және оған жататын аудандарда барлаудың барлық түрлерін және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу қамтиды. Сондай-ақ төтенше жағдай салдарын жою күштерінің құрамын және зардап шегуші халықтың тіршілігін қамтамасыз етеді. Төтенше жағдайды жоюды ұйымдастыру оның сипатымен көлеміне байланысты. Төтенше жағдайды жоюдың негізгі ұйымдастырушысы – төтенше жағдай бойынша комиссия, атқарушы орган немесе экономика нысанын басқару органының функцианалдық құрылымы. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай бөлімшелері атқарушы биліктің органы болып табылады. Азаматтық қорғаныстың күнделікті жүргізу және бақылауға арналған және іс-шараларды орындау. Белгілі ведмоствалық ауданда мүмкін болатын төтенше жағдай туралы жорамал мәліметтерді пайдалана отырып Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдай бөлімі төтенше жағдайды жою жоспарын құрады. Ол мынаны қарастырады: • апаттық аймақтың қысқаша сипаты (зақымдану ошағы); • төтенше жағдайды жоюдағы қолданылатын күштер мен құралдар; • жұмыс реттілігі; • төтенше жағдай аумағында қоғамдық тәртіп сақтау ережелері; • медициналық шараларды ұйымдастыру; • қауіпсіздікті қамтамасыз ету; • басқаруды ұйымдастыру; • материалдық техникалық сұрақтарды қамтамасыз ету: Көптеген жағдайларда төтенше жағдайларды жою төтенше жағдайлардың жедел қимылдауына байланысты. Бұл жетекшілік және күнделікті басқару органдарының ТЖ пайда болуының ақпараты алына салысымен бірлесіп қызмет етуіне тәуелді. Төтенше жағдай комиссия төрағасы ТЖ көлемі және сипаты бойынша мәліметтерді пайдаланып негізгі міндеттерді, құралдар мен күштер құрамын, жеке құрам қорғанысын, адамдарды құтқару тәртібін көрсететін шешім шығарады. Апат аймағынан сенімді ақпараттар алу үшін маман химиктер, инженерлер, дәрігерлер, өрт сөндірушілерден құралған кешенді барлау ұйымдастырылады. Радиациялық және химиялық барлау бөлімшелері радиоактивтік ластану және химиялық зақымдану мөлшерін анықтайды. Инженерлік барлау бөлімшелері жолдардың, ғимараттардың коммуналды энергетикалық желілердің, үйінді түрлерін және сипатын бағалайды. Жұмыс көлемін және қажетті инженерлік техниканы анықтайды. Өрт сөндіру тобының барлау бөлімшелері өрт жағдайын - тұтас және жеке өрттер бөлігін, өрт сөндіру әдістерін, су көздері орындарынанықтайды. Медициналық барлау бөлімшелері санитарлық – гигиеналық жағдайларды, зардап шегушілер жатқан жерлерді табады. Оларға көрсетілетін медициналық көмек көлемін анықтайды. Қажеттілік туындағанда инфекция таратушы қоздырғыштарды зертханада анықтауға арналған үлгілер алатын маман- эпидемиологтарды бөлімшеге қосады. Ауылшаруашылығы өндірісінің нысандарында барлау жүргізгенде фитосанитарлық бақылау мамандары және ветеринарлар шақырылады. Төтенше салдарын жоюда апаттық құтқару және басқа да қалпына келтіру жұмыстары кезінде сараптамасын жүргізу сатылап жүргізіледі және қысқа уақытта ретпен жүргізіледі. Бірінші сатысында нысандар және халықты жедел қорғау мәселесі жүргізіледі және дайындық жасау қарастырылады. Ең алдымен халыққа және жұмысшыларға ТЖ туралы ескерту жүзеге асырылады. Екінші сатысында негізгі міндет құтқару жұмыстарын тікелей жүргізу жүзеге асырылады. Сонымен қатар бірінші саты міндеттері қоса жүргізіледі. Алғашқы тәртіпті қорғаныс мекендеріне жолдар салу жүргізіледі. Жергілікті шамалы үйінділерде жол сынықтар мен қалдықтарды тазалау арқылы салынады. Жолдар, өткелдер салу үшін қолда бар механика, автокрандар, бульдозерлер қолданылады. Жол салу жұмыстары аяқталғаннан кейін өрт болып жатқан жердегі өртті сөндіру және адамдарды іздестіру құтқару жұмыстары, қорғаныс мекендерін тауып, оларға таза ауа жіберу жұмыстары жүргізіледі. Газдан құтқару отрядтары газға толған нысандармен мекендерде жұмыс жүргізеді. Ең алдымен газ жолы табылып, шығу себептерін анықтайды, құтқару жұмыстарын жүргізеді. Химиялық ластануда ҚХЗ таралуын шектеу мақсатында, топырақ, және топырақ асты суларының ластанбауы үшін келесі әдіс-тәсілдер пайдаланылады: • төгілген затты тасымалдау; • ҚХЗ таралуына бөгет жасау; • ҚХЗ табиғи үңгірлерге жинау. Әртүрлі органдардан және арнайы кешендік барлаудан алынған мәліметтер негізінде төтенше жағдай бойынша комиссия төрағасы жағдайды бағалап шешім қабылдайды. АҚҚ мен құрамалары қызметінің негізгі принциптері мыналар: • Төтенше жағдай туындаған кезде адамдардың өмірін құтқару мен олардың денсаулығын сақтау қ.о. қорғау міндеттерінің бақылауын көздейтін ізгілік пен қайырымдылық. • Төтенше жағдай жою жөніндегі құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізудің міндеттілігі. • АҚҚ мен құрамаларында дара басшылық құтқару жұмыстары мен шұңыл жұмыстарды жүргізу кезінде өзін-өзі ақтайтын тәуелділік жөніндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету. • АҚҚ мен құрамаларының төтенше жағдай жедел назар аударуға және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге ұдайы әзірлігі. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Мемлекеттік ТЖ қызметінің жоспарлы істері, мазмұны. 2. Жоспардың мақсаты, оған қойылатын талаптар, қажетті мәліметтер. 3. ТЖ салдарын жою шараларын жоспарлауды ұйымдастыру. 4. Ұйымдастырылатын шаралар жоспарын жасау, олардың мазмұны, орындалуын қадағалау реттері. №11 Тәжірбиелік сабақ. Апаттық-құтқару жұмыстарына күшпен жабдықтарды пайдалану реті. Жоспар: Апаттық-құтқару жұмыстарына күшпен жабдықтарды пайдалану реті. Құтқару жұмыстарын жүргізу үшін күштер мен жабдықты жұмылдыру. Оның кезегі, кезеңдері, пайдалану реті. Қауіпсіздік шаралары. Төтенше жағдай аумағының апатты аймақтарында апаттық құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу құтқару жұмыстарының күштері мен құралдарының негізгі міндеті болып саналады. Зақымдану ошағында апаттық құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізудің мақсаты: адамдарды құтқару және зардап шегушілерге медициналық көмек көрсету, аварияларды тоқтату, құтқару жұмыстарына кедергі келтіретін қирауларды жою, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге жағдай жасау. Апаттық құтқару жұмыстары зардап шегушілерді іздеу және үйінділермен қираған ғимараттар астынан алып шығу мақсатында, медициналық және алғашқы көмек көрсету, оларды зақымдану ошағымен су басу аумағынан емдеу мекемелеріне жеткізу мақсатында жүргізіледі. Апаттық құтқару жұмыстарының мазмұны: • жұмыс бөліктеріне жету маршруттарының барлауын жүргізу; • жұмыс бөліктеріндегі өртті ауыздықтау және сөндіру; • зардап шегушілерді іздеп табу, оларды жанып жатқан ғимараттардан, үйінділерден, газдалған, суға және түтінге толған бөлмелерден алып шығу; • қираған, зақымдалған және үйіндіге арналған ғимараттарды аршу және сонда қалған адамдарды құтқару; • үйінді астында қалған қорғаныс мекендеріне ауа беру; • зардап шегушілерге алғашқы медициналық көмек көрсету, оларды емдеу мекемелеріне жеткізу; • адамдарды, олардың киімдерін, аймақты мекендерді, техниканы, азық түлікті, суды залалсыздандырып, санитарлық тазалаудан өткізу. Апаттық құтқару жұмыстарын ұйымдастыру негізіне емдеу-эвакуациялық қамтамасыз етудің екі сатысы қойылуы керек: • апат ауданында көрсетілетін алғашқы көмек; • көрсетілетін арнайы көмек және станционарлы емдеу. Зардап шегушілерді эвакуациялау үшін арнайы ережелер бекітілген. Ең бірінші ауыр жараланғандарды тасиды, сосын отырып жете алатын орташа ауырлықтағы жараланғандар, ең соңынан жеңіл жарақаттанғандарды тасымалдайды. Алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыруға қойылатын негізгі талап – оны қысқы уақытта бірнеше адамға көрсету мүмкіндігі. Басқа кезек күттірмейтін жұмыстардың мазмұны: • үйінділерде және зақымдану аумағында соқпақ жолдар және коллоналармен өту жолдарын салу; • газ, энергия, су, канализация және технологиялық желілердегі апаттарды жою; • апаттық құтқару жұмыстарын қауіпсіз орындау үшін құлау мүмкіндігі бар ғимараттар мен нысандарды бекіту және құлату; • қираған байланыс және коммуналды –энергетикалық желілерін жөндеу және қалпына келтіру; • жарылыс қаупі бар заттарды тауып залалсыздандыру және жою; • зақымдалған қорғану мекендерін жөндеу және қалпына келтіру; Апаттық құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу шарттары және көлемі көбінесе масштабына тәуелді болады. Төтенше жағдай салдарын жою жұмыстарының көлеміне байланысты әртүрлі күштер мен құралдар апаттық құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды тоқтамай үздіксіз жүретіндей болып қамтамасыз етілуі тиіс. Жұмыстың үзілісіздігі тәжірбиені уақытында жетілдіруге уақытында алмастыруға, оларды материалдық заттармен толық қамтамасыз ету, тез жөндеу және бұзылған техниканың сапқа қайта қосылуына байланысты. Төтенше жағдай комиссия жоспарында апаттық құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезінде төтенше жағдай салдарын жоюға арналған күштер мен құралдардың бөлімшелерін құру қарастырылады. Жұмыстың үздіксіз жүруі үшін күштер бөлімшесі қалыптасқан алғашқы эшелоннан, екінші эшелоннан және резервтен тұрады. Алғашқы эшелон – алғашқы апаттық құтқару жұмыстары, әсіресе жұмысын тоқтатпаған нысандарда апаттық құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған күштер мен құралдар жиынтығы. Екінші эшелон – апаттық құтқару жұмыстарын кеңейтуге, жетілдіруге, сондай – ақ бірінші эшелонды алмастыруға арналған. Резерв- күтпеген мәселелерді шешуге, әдістерді жетілдіруге, бірінші және екінші эшелон бөліктерін алмастыруға арналған. Эшелондардың және ауысымдардың құрамы зақымдану ошағындағы нақты жағдайдан, күштер мен құралдардың болуынан анықталады. Топтар зақымдану ошағына бөгетсіз жету үшін ТЖ АҚ комиссиясы шешімі бойынша қозғалысты қамтамасыз ететін отрядтар құрылады. Қозғалысты қамтамасыз ететін отрядтар құрамына қызметтері күшейтілген топтар кіреді. Қозғалысты қамтамасыз ететін отрядтар жолдардың көпірдің қираған жерлерін қалпына келтіреді., қажеттілік жағдайында айналып өтулерді, жолдарды залалсыздандыруды жүргізеді. Апаттық құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу табысты жүргізіледі, егер: барлау үзілісіз жүргізілсе және уақытында ұйымдастырылса; міндеттерді орындау үшін зақымдану ошағына кіруді тездетсе; жеке құрылымның рухани – психологиялық дайындығы жоғары деңгейде болса. Барлау ТЖ салдарын жою, құтқарушылардың, зардап шегушілердің халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізудегі басты саты болып табылады. Төтенше жағдай түрін, көлемін, сипатын және т.б жақтарын анықтау Азаматтық қорғаныстың, төтенше жағдайдың ұйымдарының барлау құрылымдарының негізгі міндеттері. Бұл жұмысты Азаматтық қорғаныстың, төтенше жағдайдың штабтары, әскери бөлімдері, арнайы барлау органдары ұйымдастырып жүргізеді. Барлау жұмысы зақымданған аудандарды, қарсы жақтың қай жерде, қандай қару қолданғанын радиация деңгейін, улы заттың түрін, қирау мөлшерін, өрттің алып жатқан көлемін, адамдардың, жан-жануарлардың, өсімдіктердің немен, қаншалықты дәрежеде зақымданғанын анықтайды. Барлау нәтижесіндегі мәліметтер Азаматтық қорғаныс немесе Төтенше жағдай ұйымдарының штабтары жұмысын ұйымдастыруға қажет. Штаб осы мағлұматтарды пайдалана отырып, халықты қорғау үшін қандай шаралар алу керек екенін, құтқару және кезек күттірмейтін қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастырып жүргізеді. Құтқарушылар құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізуге қатысатыны анықталған соң оларды жұмыс орнына жеткізу қарастырылады. бұл кезде мыныларды есте ұстаған жөн: • отрядтың жұмыс орнының қашықтығы; • төтенше жағдай сипаты; • құтқарушылардың және қажетті техника мөлшері; • көлік құралдарының болуы. Құтқарушылар және жүктерді жеткізудің негізгі құралдары – автокөліктер, поездар, ұшақтар және су кемелері. Құтқарушылардың осы көліктермен қозғалуы адамдар және тасымалдау ереже, нұсқаулармен сәйкес жүргізіледі. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Апаттық-құтқару жұмыстарына күшпен жабдықтарды пайдалану реті 2. Құтқару жұмыстарын жүргізу үшін күштер мен жабдықты жұмылдыру 3. Оның кезегі, кезеңдері, пайдалану реті. Қауіпсіздік шаралары № 12 Тәжірбиелік сабақ. Қ.Р.-«Апаттық құтқару қызметі және құтқарушылардың статусы» заңы. № 16 бабы Жоспар:Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының төтенше жағдайларды жоюға қатысуы. Қ.Р.-«Апаттық құтқару қызметі және құтқарушылардың статусы» заңын оқып меңгеру 16-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын төтенше жағдайларды жоюға тарту 1. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын төтенше жағдайларды жоюға тарту: аталған авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары қызмет көрсететiн объектiлер мен аумақтарда төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жоспарларына сәйкес; басқа объектiлер мен аумақтарда төтенше жағдайларды жою кезіндегі өзара iс-қимыл жоспарларына сәйкес; төтенше жағдайлардың пайда болуы мен өрiстеуi кезіндегі iс-қимылдардың белгiленген тәртібімен; аумағында төтенше жағдайлар қалыптасқан немесе өкiлеттiгiне аталған төтенше жағдайларды жою жатқызылған уәкілетті органның , ұйымдардың сұрау салуы негiзiнде, төтенше жағдайларды жою басшыларының сұрау салуы негiзiнде не аталған органдардың және төтенше жағдайларды жою басшыларымен келісім бойынша - аталған авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының қызметiне басшылықты жүзеге асыратын не соған Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген өкiлеттiгi бар орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың лауазымды адамдарының шешiмi бойынша жүзеге асырылады. Суда құтқару қызметтерін төтенше жағдайларды жоюға тартуды төтенше жағдайларды жою басшысы жүзеге асырады. 2. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын соған уәкiлеттi лауазымды адамдардың шешiмi бойынша төтенше жағдайларды жоюға тарту объектiлер мен аумақтардың төтенше жағдайлардан қорғалуының Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген деңгейiн қамтамасыз ететiн шаралардың мiндеттi түрде қолданылуымен қатар жүргiзiлуге тиiс. 3. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының жеке құрамын, көлiк және техникалық құралдарын олардың төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі негiзгi мiндеттерiмен байланысы жоқ жұмыстарды орындау үшiн тартуға болмайды. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Қ.Р.-«Апаттық құтқару қызметі және құтқарушылардың статусы» заңы. № 16 бабында көрсетілген негізгі ұғымдар №13 Тәжірбиелік сабақ. Құтқару жұмыстарын жүргізу үшін күштер мен жабдықты жұмылдыру. Оның кезегі, кезеңдері, пайдалану реті. Жоспар: Өртке қарсы шараларды дайындау, өртті барлаудың мақсаты мен міндеті. Барлау бөлімшелерінің құрамы, олардың техникалық жабдықталуы. өрттің болу мүмкіндігі мен таралуын бағалау. Зақымданғандарды іздестіру және көмек көрсету. Зақым ошағында химиялық барлауды ұйымдастыру және атқару. Химиялық барлаудың мақсаты, міндеттері. Бақылау, барлау аспаптары. Барлау күштері мен жабдықтары. Радиоактивтік зақым аймағында дозиметрлік бақылау және радиациялық барлау жүргізуді ұйымдастыру және жұмыстарды атқару. Радиациялық барлаудың мақсаты, міндеті. Барлау күштері мен жабдықтары. Барлауды ұйымдастыру және жүргізу реті. Барлау әдістері мен жұмыс түрлері. Дозиметрлік бақылауды ұйымдастыру. Қауіпсіздік шаралары. Өрт – бұл адамдардың, хайуанаттардың қаза болуына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану процессі. Өрттің шығуына отты бейғам пайдалану, өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу себеп болып табылады. Бүкіл аумақты қамтитын зілзала ретіндегі өрттің негізгі түрлері табиғаттағы өрт – ормандағы және даладағы өрт болып табылады. Өртті жайылтпаудың негізгі әдістері: Ормандағы және даладағы өртпен күресті жеке авиабазасы, өртхимия станциясы, бақылау-күзет нүктесі бар Мемлекеттік қызмет жүргізеді. Өрттің түрі мен орнына қарамастан оны сөндіру 2 кезеңнен тұрады: өртті тоқтату (және тоқтату әдістері көптеген факторларға байланысты: өрт түрі, ошақ көлемі, метерологиялық жайылтпау) - өрттің таралуын шектеу жөніндегі іс-әрекет және өрт ошағын тікелей жою. Өртті жайылтпайтын жағдай, жердің сипаты, өрт сөндіру күшімен құралдарының деңгейі. Өрт ошағын жайылтпау үшін өрт сөндіретін заттар қолданылуы, кедергілердің жасалуы, газ алмасуы өзгерілуі мүмкін. Даладағы жойқын өртті ені 20 м дейінгі кедергі қондырғысымен бөгейді. Үлкен өртті сөндірудің басты әдістері: жалынның жолына кедергі қою немесе ор қазу( техникамен немесе жарылыспен) алдыңғы жағын өртеу, сумен немесе химиялық затпен сөндіру ( ұшақпен) және басқалар. Ормандағы төменде болған өртті топырақпен көмеді, оттың шоғын бұтамен өрт ошағына қарай сыпырады, маңайын күйдіреді Өрт кезіндегі зардап шеккендерді іздеу және көшіру. Өрт адамдарға психологиялық тұрғыдан үлкен әсер етеді. Тіпті кіші-гірім өрттің өзінде адамдардың үрейленуі айтарлықтай құрбандықтарға алып келеді. Өзін - өзі ұстап үйренген адам қиын сәтте өз өмірін құтқарып қана қоймай басқа адамдарды, материалдық құндылықтарды да құтқара алады. Егер сіз орман өртін сөндіру жөніндегі топқа кірсеңіз панахана орны мен оған апаратын жолдарды жақсы білуіңіз керек. Қорғайтын киім пайдалануға тиіс, әр топта елді мекенді жақсы білетін жол серік болуға тиіс. Егер түтіндеу аймағындағы көру шегі 10 метрден аспаса, оған кіруге болмайды. Өрт қаулаған ғимаратта өзіңіздің және басқа адамдарды құтқару кезінде ауаның жоғарғы температурасы, түтінденуі, жанатын әртүрлі өнімдердің қауіпті концентрациясының болуы, құрылыс құрылғыларының ықтимал құлауы өте қауіпті болғандықтан жылдам қозғалуы қажет. Жанған ғимарат арқылы басқа ылғал мата жауып, түтінен жорғалай немесе тізерлей қозғалу керек. Өртті барлау мақсаты мен міндеті. Төтенше жағдай аумағындағы өрт жағдайын нақтылау үшін және анықтау үшін жүргізіледі. Өрт ауданы және көлемі анықталған соң құтқару жұмыстары жүргізілетін жерге жетуді қамтамасыз ететін өртті сөндіру жолдары қарастырылады. Жанып жатқан ғимараттар мен нысандардан адамдарды құтқаруды өртке қарсы құрылымдар, құтқару құрылымдарымен және т.б. құрылымдармен бірігіп атқарады. Жұмыстарын аяқтағаннан кейін өртке қарсы құрылымдар зақымдалу ошағынан шығарылады. Құтқару құрылымдары механикамен, санитарлық бөлімшелермен жабдықталады. Олар зақымдалған адамдарды ізейді, үйінділерден шығарады, қорғаныс мекендерін аршып, зақымдалған және қираған ғимараттардан адамдарды құтқарып, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, көлікке тиеп емдеу мекемесіне жеткізеді. Құтқару жұмыстарын жүргізуге бөгет жасайтын құлағалы тұрған ғимараттарды бекітеді немесе құлатады. Зардап шегушілерді үйінділер астынан шығарғанда үйіндіні қолмен тазалайды, ал үйінді астында қалған адамдарды қосыша жарақат алмауы үшін алдымен басы мен денесін босатады. Алып шыққан соң алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Кіретін есіктерді, саты баспалдақтары қирап бүлінген ғимараттардан адамдарды құтқару арнайы жасалған жолдар арқылы немесе терезе, балкон, автокөтергіш және құтқару арқандары арқылы жүзеге асырылады. Үйінді астында қалған ғимараттан адамды құтқарғанда ең алдымен ол адамдармен байланыс құрылады, жай – күйін анықтайды. Технологиялық газдар жанғанда жанғыш газ жанып біткенше жануды тоқтатуға болмайды, себебі олардан бөлінетін газ ауамен араласып жарылғыш зат түзуі мүмкін. Жанғыш газдардың газдармен араласуының алдын көмірқышқылынан, көбіктен, будан, судан, азоттан инертті бөгет жасау арқылы алуға болады. Өрттен қорғау шаралары. Бұл халық пен шаруашылық объектілерін өрттен қорғау мақсатында жүргізілетін техникалық және ұжымдық шаралардың кешені. Өрттен қорғау шаралары мыналар: • ықтимал өрт сипатын, оның зардабын болжап, анықтау; • қалалардың, басқа елді мекендер мен шаруашылық объектілерінің өртке қарсы беріктігін көтеру жөнінде инженерлік – техникалық және өрттен сақтандыру шараларын жүргізу; • өрттен қорғау қызметі мен мөлшерін бағалаумен бақылауға алу; • өрт ошақтарын және адамдарды орналастыратын жерлерді бағалау; • өрттің алдын-алу және оның өршуіне жол бермеу мен сөндіру. Зақым ошағында химиялық барлауды ұйымдастыру және атқару. Химиялық барлаудың мақсаты, міндеттері. Бақылау, барлау аспаптары. Барлау күштері мен жабдықтары. Химиялық қауіпті нысандарда ірі апаттар болған жағдайда АҚ мобильді күштерін, әскери және инженерлік әскерлер бөлімін жұмысқа тарту қажеттілігі туындауы мүмкін. Осы апаттың салдарын жою үшін келесі шаралар ұйымдастырылады: • зақымдау ошағын ажырату, кешенді барлау жүргізу; • халыққа қорғаныс құралдарын жедел жеткізу, малдарды айдауға, халықты эвакуациялауға көмек көрсету, апат аймағында коменданттық қызмет жасау; • жергілікті жерді, жабдықты, техниканы, өндіріс орындарын дегазациялау; ластанған топырақты, қарды жинау, шығару және оларды залалсыздандыру; • дегазациялайтын ерітінді, ҚХЗ бейтараптандыру үшін су жеткізу. Химиялық барлау ауаның, су көздерінің, халық шаруашылығы нысандарының химиялық ластану деңгейін анықтайды. Ол химиялық барлаудың әскери құралдарын және халық шаруашылығы нысандарында индикациялау үшін қолданылатын құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асады. Зақымдану ошағында химиялық бақылау жүргізгенде ӘКУЗ мөлшері әрбір 20-30 м сайын анықталады. Ауа үлгілері ӘКУЗ табылған жерлерден алынады. Химиялық барлау жүргізгенде ӘКУЗ көп жиналуы мүмкін жерлерге ( құдықтар, шахталар, қазандықтар ) аса назар аударылады. Барлау нәтижелеріне байланысты әрбір ғимарат, құрылыс, тұрғын үй үшін ластану картограммасы құрылады. Егер радиация деңгейі жоғары болса, мекен ластанған деп есептеледі. Улағыш заттардың әсеріне ұшыраған аумақ химиялық зақымдау аймағы болып табылады. ӘКУЗ шығаратын, сақтайтын, немесе пайдаланатын шаруашылық объектілері химиялық қауіпті объектілер деп аталады. Химиялық қауіпті объектілердегі апаттар мынадан болуы мүмкін: қондырғының жұмыс істемеуінен, қызметшілер қатесінен, пайдалану тәртібінің бұзылуынан. Химиялық зақымдану аймағына улы заттар төгілген орынмен улаушы концентрациядағы улы заттары бар бұлт тараған аумақ кіреді. Химиялық зақымдау аймағы зақымдалған бұлттың таралуының тереңдігі менжәне енімен сипатталады. Химиктер – барлаушылар химиялық ластану ошағының қандай ҚХЗ мен уланғанын, ғимараттың, нысанның зақымдалу деңгейін анықтайды және ошақ шекарасын, оны айналып өту жолдарын белгілейді. Залалсыздандыру топтары ең алдымен химиялық ластану ошағын оқшаулайды, нысандарға жету жолдарын дегазациялайды, зақымдалған орындардан адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізед. ҚХЗ залалсыздандырылған кезде олардың кейбірінің дегазациялау заттарымен реакцияға түсіп, үлкен жылу мөлшерін бөлетіндігін есте ұстау керек, бұл өрттерге немесе жарылысқа әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда залалсыздандыруды дегазациялайтын затқа құм немесе топырақ қосу арқылы жүргізеді. Өрт сөндіру топтары АҚ құрамаларымен бірге салынған жолдарды пайдаланып және бөгеттерді айнала жүріп өрт орындарына жетеді. Ең алдымен апаттық құтқару және басқада қалпына келтіру жүргізуге бөгет жасайтын бөліктердегі өрттерді сөндіреді. Одан ары қарай аппаратура орналасқан жоғары қысымды нысандардағы өрттерді сөндіреді. Химиялық өндіріс нысандарындағы технологиялық жабдық апаттары жанғыш сұйықтықтың ағуымен бірге жүреді. Бұның нәтижесінде өртке үлкен аудан ұшырауы мүмкін. Мұндай өрттерді сөндіргенде ең алдымен сұйықтықтың ары қарай төгілуінің алдын алу шаралары қолданылады. Апат кезінде ХҚО байланыс пен хабарлау құралы жұмысшыларды, қызметшілерді және төңіректегі халықты зақымдау қаупі туралы дер кезінде құлақтандыруға мүмкіндік беруге тиіс. Хабарлау үшін электр дабылдары, радиохабары мен теледидар желісі, ішкі телефон байланысы мен жылжымалы қатты сөйлейтін қондырғылар пайдаланады. Өз уақытында хабарлау мен ұйымдастыру жауапкершілігі АҚ және ХҚО ТЖ штабтарына, ТЖ жөніндегі басқару оргагдары мен олардың қызметтегі бастықтарына жүктеледі. Хабарлау үшін шешім қабылдау құқығы ХҚО ның кезекші диспетчеріне беріледі. Апатты тоқтату, адамдарды құтқару жөніндегі жұмысты тікелей басқарушы келгенге дейін объектіде кезекші диспетчер мен апаттық қызметінің кезекші ауысымының бастығы немесе жұмысты басқару үшін тағайындалған басқа адам басшылық етеді. Қала халқы, елді мекенді Радиоактивтік зақым аймағында дозиметрлік бақылау және радиациялық барлау жүргізуді ұйымдастыру және жұмыстарды атқару. Радиациялық барлаудың мақсаты, міндеті. Барлау күштері мен жабдықтары. Барлауды ұйымдастыру және жүргізу реті. Барлау әдістері мен жұмыс түрлері. Дозиметрлік бақылауды ұйымдастыру. Қауіпсіздік шаралары. Радиологиялық барлауды жүргізу үшін құтқарушылар арнайы құралдарды ( ДП-5А, ДРГ- 01Т, ДП- 22В) пайдаланады. Құтқарушылардың радиоактивті ластанған жерлерде болуы арнайы шамалармен есептелген кестелер арқылы жүргізіледі. Арнайы шамаларға радиоактивті сәулелену және қозғалу мен қорғану құралдарының әлсіздену коэффиценті жатады. Өлшеулер әрбір 50-100 м сайын қайталанып отырады. Бұл кезде құрал жер деңгейінен бірдей қашықтықта (10- 15) болуы керек. Топырақтың, судың, құылыстың ластануының дәл деңгейін алу үшін барлаушылар ластану аймағынан тыс жерлерде зерттелетін үлгілер алады. Үлгіні радиация деңгейі ең жоғары жерден алу керек. Әрбір өлшеу нәтижесі, дәл уақыты тіркеу журналына енгізіледі. Радиация мен химиядан қорғау шаралары. Халықты радиация мен химиядан қорғау шаралары әдетте бірыңғай АҚ құзырына жатады, олар мынаны қамтиды: • қорғаныс ғимараттарындағы, панаханалардағы ауаны құралдармен сүзу және айдау; • радиациялық барлау приборларымен ( ДП 5В, ИПД 21 ); • химиялық барлау приборларымен ( ВПХР, ПХР, ХУЗ ) мөлшерін анықтайтын индикаторлық түтікшелермен; • залалсыздандыруды осы құралдарды әзірлікте ұстау; • радиациялық және химиялық аухалды анықтау мен бағалау; • радиоактивтік ластану және химиялық зақымдану салдарын жою; • халыққа радиоактивтік, химиялық зақымдану туралы хабарларды, азық- түліктің, мал мен өсімдіктердің ластануына жол бермеу және оларды залалсыздандыру: Радиациялық қауіпті объекті – ғылыми, шаруашылық немесе қорғаныс объектісі, апаттар немесе бүлінушіліктер кезінде адамдардың, хайуанаттардың, өсімдіктердің жаппай радиациялық зақыдануға ұшырауы және қоршаған ортаның радиоактивті ластануы мүмкін. Радиациялық апат- радиоактивті өнімдердің тасталуының немесе иондаушы сәулеленудің РҚО аумағын тиімді пайдалануға арналған жобада қарастырылғандағыдан артық мөлшерде шығуына байланысты болған апат. Радиациялық аварияның салдары олардың зақымдаушы факторларына байланысты. Радиациялық авариялардың негізгі зақымдаушы факторлары радиациялық әсер және радиоактивті ластану болып табылады. Авариялар жарылыстар мен өрттерді тудыруы мүмкін. Ядролық реакторы бұзылған атом станцияларындағы авариялар өте ауыр салдарға алып келеді. Радиациялық авариялардың салдары негізінен радиациялық әсермен, радиоактивті ластанудың көлемімен және деңгейімен, сондай-ақ радионуклид құрамымен және тасталған радиоактивті зат мөшерімен бағаланады. Авария барысында және одан кейін оның салдарының деңгейі мен ұзақтығына, сондай-ақ радиациялық ахуалға мыналар айтарлықтай ықпал етеді: • радиоактивті заттардың табиғи ыдаруы, осы заттардың қоршаған ортаға таралуы; • метеорологииялық және климаттық факторлар; • аварияның салдарын жою жөніндегі жұмыс нәтижелігі, оның ішінде дезактивация мен суды қорғау шаралары. Авариядан кейінгі бастапқы кезеңінде жалпы радиоактивтілікке жартылай ыдырататын қысқа мерзімімен радионуклидтер айтарлықтай үлес қосады. Ауылшаруашылығы кешеніне РҚО-дағы авария салдары жағымсыз әсер етеді. Оның қатардан шығуы ядролық отын, электр және жылу энергия, сондай-ақ ядролық жанармай шыққан элементтерді ұқсату және радиоактивті көму өндірісін тоқтауға алып келеді. Ортаның радиоактивті ластануы радиоактивті заттың шектен тыс тығыздығымен сипатталады және аудан бірлігіне орай радионуклид белсенділігімен өлшенеді. «Баршаның назарына» ескерту дабылы берілген бойда радионы, теледидарды қосып радиоактивті заттар мен шығуымен болған авария туралы хабарды ести сала екі нұсқадан тұратын барлық ескерту шараларын тез, саспай, мұқият орындау қажет. Бірінші нұсқада көрсетілген уақыт бойында қажет шараларды орындау: • тұрғын үймен өндірістік ғимараттарды және сумен жабдықтау көздерін қымтау жөніндегі жұмыстарды орындау: • жеке қорғаныс құралдарын сауатты пайдалану; • қорғаныс ғимараттарын пайдалану; • қозғалысты шектеу; • Цистамин таблеткасын қабылдау арқылы сәуле ауруынан сақтандыру; • йодтың немесе калий йодының 3-5 проценттік пайдаланып, и»одтық сақтандыру жүргізу; • суды, азық-түлікті қорғау, оларды шаң өтпейтін ыдысқа сақтау; • ықтимал көшуге даярлау: Екінші нұсқада көшу шараларына қатысу қажет, яғни шекті нормадан жоғары зақымдалуы мүмкін аймақтан кету. Тұрғылықты жерде ластану деңгейі нормадан асатын болса, алайда қауіпті шектен аспаса өзін-өзі ұстаудың арнайы режимі сақталады. Шаңды болдырмау, жеке шаруашылықтардағы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуді сақтандыру, радиоактивті заттардың азық түлікпен және сумен организмге өтуінен сақтандыру шаралары өткізіледі. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Өртке қарсы шараларды дайындау, өртті барлаудың мақсаты мен міндеті. 2. Зақым ошағында химиялық барлауды ұйымдастыру және атқару. Химиялық барлаудың мақсаты, міндеттері 3. Радиоактивтік зақым аймағында дозиметрлік бақылау және радиациялық барлау жүргізуді ұйымдастыру және жұмыстарды атқару. Радиациялық барлаудың мақсаты, міндеті 4. Барлау бөлімшелерінің құрамы, олардың техникалық жабдықталуы. Зақымданғандарды іздестіру және көмек көрсету. 5. Бақылау, барлау аспаптары. Барлау күштері мен жабдықтары. Барлау күштері мен жабдықтары. 6. Барлауды ұйымдастыру және жүргізу реті.. Дозиметрлік бақылауды ұйымдастыру. Қауіпсіздік шаралары. № 14 Тәжірбиелік сабақ. Табиғи сипаттағы ТЖ кезінде жүргізілетін апаттық- құтқару жұмыстары. Жоспар: Техногенді және табиғи төтнеше жағдайлардағы апаттық- құтқару жұмыстары. Халықты құтқарудың негізгі әдістері. Халықты қазіргі заманғы қырып жою құралдарынан және төтенше жағдайлар кезіндегі апаттардан құтқаруы ұйымдастыру мен іске асыру, оның зардабының әсерін азайту немесе кісі өлімін азайтуға бағытталған қорғаныс шараларын іске асыру әдістерінің ролі ерекше. Табиғи төтнеше жағдайлардағы апаттық-құтқару жұмыстары. Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері – орасан зор. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі бар: жер слкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты табиғи апаттар жиі болып жатады. Жер сілкінісі кезінде зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. Жеңіл үйіндінің астында қалғандарды тез арада босатып, балалардың, ауруларды, қарттардың қауіпсіздігіне назар аударылады. Ғимаратқа кірер алдында баспалдақтың, қабырғаның қауіпінің бар-жоқтығына назар аударылады. Адамдарды құтқарудың ең қиыны жанып жатқан мекемелерден қауіпсіздік шараларын сақтай отырып алып шығу. Халықты, аумақты және шаруашылық объектілерінің ықтимал жер сілкінісінен қорғау мақсатындағы шаралар мыналарды қамтиды: Сейсмологиялық бақылау мен жер сілкінісінің болжамының республикалық жүйесін дамыту; сейсмикалық аудандастыру сапасын жақсарту; сейсмикалық төзімді ғимараттарды жобалау және салу; халықтың сейсмикалық білімін жақсарту; басқару; хабарлау және байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта болуын ұйымдастыру; дамыту және қолдау; жер сілкінісі кезінде Азаматтық қорғаныс күштерін тарту және тұрақты дайындықта ұстау. Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының өзге де шараларға жер сілкінісі салдарын жою жоспарына сәйкес өзге де шараларға басшылық жасау. Сел қаупіне тап болған адамға қолда бар барлық құралдармен көмек көрсету керек. Мұндай құралдар құтқарушылар беретін таяқ, арқан, сырық, шынжыр болуы мүмкін. Тасқын ішіндегі адамды оның шетіне біртіндеп жақындата отыра, тасқынның бағыты бойынша шығару керек. Сел қауіпі кезінде көшіруге қатысушы адамдар қауіпті жерлерден қарттар мен балаларды, өз бетінше жүре алмайтын адамдарды шығарады. Еңбекке қабілетті бүкіл халық тоғандарды нығайтуға, кедергілер құруға, ағызғыш каналдар қазуға міндетті. Егер сел апатына елді мекен ұшыраса, онда іздеу- құтқару жұмыстарына әзірлеген жоспары бойынша жұмыс жүргізетін әртүрлі құтқару бөлімшелерінің айтарлықтай күштері мен құралдары таратылады. Қар көшкіні қауіпі кезінде тауға шығу қажетті жағдайда кезек күттірмейтін жұмыс үшін, атап айтқанда құтқару жұмысы үшін тік жартастан, оның ең биік бөлігіне немесе жартасқа жақын тар жерден өту қажет. Бұл беткейді шамалы сілкінтеді. Зардап шегушіні қазып алғаннан кейін оның бетінің алдын бос кеңістіктің бар жоғын немесе бетіне қардың қатып қалмағандығын анықтау қажет. Бірден жүректің соғысы мен құрсақтың қысылу дәрежесін тексеру керек. • ауызбен мұрындағы қарды кетіріп «ауызға ауыз» немесе «мұрынға ауыз» әдісімен жасанды тыныс алдыруды жасау қажет. • бір уақытта зардап шегушіні қйықтау қапшығына салып жылыту керек. Дауылдан кейінгі негізгі жұмыстар • зардап шеккендерді іздеу, жаралыларды ғимарат үйінділерден шығару; • жанып жатқан және жартылай жанған ғимараттардан адамдарды құтқару; • зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету және оларды емдеу мекемесіне жеткізу; • шыққан өртті сөніру; • өндіріс объектілеріндегі, коммуналдық энергетикалық желелердегі аварияларды жою. Найзағай соққан кездегі көмек көрсету әдістері: Көмекті кешіктірмеуге қажет. Жасанды тыныс алу мен жүректі сылауды бір минуттан артық тоқтатпай, зардап шегушіге өлім белгілері ашық байқалғанша жалғастыру қажет. Су тасқынынан сақтандыру және оны азайту жөніндегі шаралар. Елді мекендердегі тасқын кезіндегі қауіпсіздік көп жағдайда оның алдында жүргізілген сақтандыру жұмыстарымен қамтамасыз етіледі. Ескерту жұмыстарының тұтас жүйесі бар: судың басылуы күтілетін аумақтағы тасқын судың арнасын бұру; су қоймасы, бөгет, тосқауыл тұрғызу, жағаны биіктету, су түбін тереңдету, ғимараттар мен үй жайларды судан оқшауландыру қондырғысын қою, құтқару құралдарын жасау және даярлау. Құтқару жұмыстары кезінде халық ұстамдылық сақтап құтқарушылар талаптарын қатаң орындауға тиіс. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Табиғи спаттағы төтенше жағдайлар 2. Табиғи төтнеше жағдайлардағы апаттық-құтқару жұмыстары 3. Халықты құтқарудың негізгі әдістері № 15 Тәжірбиелік сабақ. Техногендік сипаттағы ТЖ кезінде жүргізілетін апаттық-құтқару жұмыстары. Жоспар: Техногенді және табиғи төтнеше жағдайлардағы апаттық-құтқару жұмыстары. Халықты құтқарудың негізгі әдістері. Халықты қазіргі заманғы қырып жою құралдарынан және төтенше жағдайлар кезіндегі апаттардан құтқаруы ұйымдастыру мен іске асыру, оның зардабының әсерін азайту немесе кісі өлімін азайтуға бағытталған қорғаныс шараларын іске асыру әдістерінің ролі ерекше. Халықты құтқарудың негізгі әдістері мыналар: • қорғаныс ғимараттарына жасыру; • халықты таратып қоныстандыру және көшіру; • жеке және дәрігерлік қорғаныс құралдарын пайдалану; • дер кезінде хабарландыруды ұйымдастыру; • азық-түлікті, суды, мал мен өсімдікті радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық зақымданудан қорғау; • радиациялық, химиялық, бактериологиялық барлау мен дозиметрлік және лабораториялық бақылауды ұйымдастыру; • өрттен қорғау, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және сақтандыру шараларын жүргізу; • зақымдау аймақтарындағы ұйымдарға жұмыспен халықтың өзін-өзі ұстау режимдерін сақтау; Қорғаныс ғимараттарына жасыру – халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, әсіресе әуе шабуылынан, сол сияқты қауіпті жағдайдан қорғаудың негізгі және ең сенімді әдісі. Әуеден шабуыл, химиялық, радиациялық , биологиялық зақымдану қауіпі туғандағы құтқару жұмыстары. Әуеден шабуыл болғанда радиоактивтік немесе химиялық зақымданғанда – біріншіден АҚ штабынан қауіптер туралы хабар түседі. Төтенше жағдай кезінде адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізу үшін әскери емес жасақшылар тобы құрылады. • барлау топтары – 15-16 адамнан тұрады • қоғамдық тәртіп қорғау топтары • санитарлық дружина -25 адам • санитарлық бекеттер -2-3 • құтқарушы топтар 30-35 адам • бірнеше өрт сөндірушілер топтары, әрқайсысында 4-5 адам Ядролық зақымдану ошақтарындағы құтқару жұмыстары. Ядролық зақымдану ошақтарының жағдайларына, қираған мекемелердің, коммуналды энергетикалық және технологиялық қондырғылардың радиоактивтік зақымдану деңгейлерінің және басқа әсерлер мен жағдайлардың жұмыстар жүргізгендігі тигізетін келеңсіз жақтарын реттеу жұмыстары АҚ басшысы мен жасақтаушы командирінің ұйымдастыруымен басқарылады. Қозғалыс жүргізу жұмыстарын жүргізгенде бір жақты қозғалыс үшін биіктігі -1мм, ені -3-3.5м, жол ашса, ал екі жақты қозғалыс үшін ені -6-6.5м эксковаторлар жол ашып, өрт сөндіргіш машиналармен біруақытта жұмыс атқара отырып өрт сөндіріледі. Осындай жұмыстардың артынша дереу іздестіру құтқару жұмыстарын қолмен немесе кіші механизация құралдарын қолданумен іске асырады. Құтқарылғандарға алғашқы көмек көрсетіледі. Өзін өзі тексеру сұрақтары 1. Халықты құтқарудың негізгі әдістері 2. Әуеден шабуыл, химиялық, радиациялық, биологиялық зақымдану қауіпі туғандағы құтқару жұмыстары. 3. Ядролық зақымдану ошақтарындағы құтқару жұмыстары
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz