Файл қосу

МАГИСТРАНТҚА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты                 |ПОӘК                       |                |
|                                      |                           |ПОӘК            |
|                                      |                           |042-18-16.1.52/0|
|                                      |                           |2-2014          |
|ПОӘК                                  |11.09.2014ж. басылым №1    |                |
|«Тұлға аралық қатынастың психологиясы |                           |                |
|мен педагогикасы» магистрантқа        |                           |                |
|арналған  пәннің бағдарламасы         |                           |                |





                        ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
           «Тұлға аралық қатынастың психологиясы мен педагогикасы»

                 6N050300 – Психология мамандығына арналған


                 МАГИСТРАНТҚА  АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ























                                    Семей


                                    2014


















                                  Алғы сөз

1  ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ
Құрастырған:                         05.09.2014ж.
«Психология» кафедрасының доценті м.а.  А.Ж. Едігенова

2 ҚАРАЛДЫ
2.1 «Психология» кафедрасының отырысында қаралды
 05.09. 2014ж. Хаттама № 1

Кафедра меңгерушісі    ____________  Ш.Сатиева

2.2  ЭҚГҒФ  оқу-әдістемелік бюросының отырысында талқыланды
09.09.2014ж. Хаттама № 1

ОӘБ төрағасы_________ С.Тойкин


3 БЕКІТІЛДІ
3.1 Университеттің  оқу-әдістемелік  кеңесінің  отырысында  мақұлданды  және
баспаға ұсынылды
11.09.2014ж. Хаттама №1

ОӘК төрайымы_________ Г. Искакова

4  АЛҒАШ НГІЗІЛДІ 11.09.2014ж. басылым №1






















                                   Мазмұны

1    Жалпы талаптар
2    Пән мазмұны мен сабақ түрлеріне қарай сағат санының бөлінуі
3    Пәнді оқудың әдістемелік нұсқаулары
4    Курс форматы
5    Курс саясаты
6    Баға қою саясаты
7    Әдебиеттер





























































   1. ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР


   1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер
      Едігенова Алма Жүнісбекқызы  доцент м.а., п.ғ.к.
      «Психология» кафедрасы
      Байланыс телефондары- тел.: 35-93-89,  №1 оқу корпусы, кабинет № 1212
      Сабақтың өткізілу орны- аудитория №1209
      Берілген пән бойынша  кредиттер саны - 3


   1.2 Пәннің қысқаша мазмұны:
«Тұлға аралық  қатынастың   психологиясы  мен  педагогикасы».  Психологиялық
ғылымдардың кез-келген мәселесі адам өмірінің сан  алуан  салаларымен  тығыз
байланысты. Соңғы жылдары психология  ғылымдарының  аса  мән  беріп  отырған
маңызды мәселелерінің бірі - ол  адамдар  арасындағы  қарым-қатынас.  Қарым-
қатынас  өнері,  оның  құралдары,  техникасы,   тәсілдері,   құрылымы   және
психологиялық ерекшеліктері туралы білім   «адам  -  адам»  жүйесінде  жұмыс
істейтін мамандар үшін аса қажет.  Адамдар  мен  қатынас  орната  білу,  жол
таба білу  іскерлігі  әркімге  керек.   Бұл  іскерлік  кәсіби  табыстылықтың
негізі болмақ.
      Адамдар мен қарым-қатынас  бұл   өнер  және  ғылым.  Ол  үшін  адамның
табиғи қабілеттілігі мен білімінің алар орны  ерекше.  Сол  себепті  болашақ
мамандарды кәсіби даярлауда соңғы  уақытта  оқыту  бағдарламасында  міндетті
түрде іскерлік қарым-қатынас психологиясы енгізілуде.
Қарым-қатынас психологиясының қарастыратын  барлық  мәселелері  гуманитарлық
пәндермен   (философия,   тарих,   социология,   мәдениеттану,   педагогика,
психология және т.б.) тығыз байланысты.
      Курсты меңгеру барысында магистранттар қарым – қатынастың  анықтамасы,
құрылымы,  құралдары  және  мазмұны,  оның  түрлері  мен  формалары,  қарым-
қатынастағы келіспеушіліктер  және  олардың  алдын  –  алу  жолдары  тәрізді
мәселелермен танысады.

    1.3  Пәннің мақсаты: магистранттарға  тұлғааралық  қарым-қатынас  саласы
бойынша психологиялық білім және іскерлікті меңгерту.

   1.4 Пәнді оқып-зерттеудің негізгі міндеттері:
       -  магистранттарды  қарым   –   қатынас   психологиясының   теориялық
негіздерімен қаруландыру;
      - қарым – қатынастың психологиялық аспектілерін ашып көрсету;
        -   магистранттардың   өздігінен   психо-педагогикалық    зерттеулер
жүргізуіне мүмкіндік беретін білім, іскерлік және дағдыларын қалыптастыру.

   1.5 Оқып-зерттеу нәтижесінде магистранттар:
   -  тұлға аралық қарым-қатынас психологиясының негізгі  мәселелерін  білуі
   керек;
      - тұлға аралық қарым-қатынас психологиясының мазмұнын түсінуі керек;
      - тұлға аралық қарым-қатынас  психологиясының  негізгі  заңдылықтарын,
   түрлерін, қасиеттерін меңгеруі керек;
      - тұлға аралық  қарым-қатынас  психоологиясы  бойынша  теориялық  және
   практикалық  материалдарды тәжірибеде  қолдану  іскерлігі  мен  ептілігін
   игеруі  керек;
       -  тұлға  аралық  қарым-қатынас  психологиясы  бойынша  материалдарды
   жинақтауы керек.

   1.6 Курс пререквизиттері:
   1.6.1 Жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе;
   1.6.2 философия;
   1.6.3 Әлеуметтану.

   1.7 Курстың постреквизиті:
   1.7.1 Оқытушының коммуникативті құзырлығына арналған тренинг;
   1.7.2 Индивидуалды айырмашылықтардың қазіргі заман психологиясы;
   1.7.3 Инновациялық білім жүйесіндегі оқытудың белсенді әдістері;
   1.7.4 Оқу орындарындағы психологиялық қызмет.

2 ПӘН МАЗМҰНЫ МЕН САБАҚ ТҮРЛЕРІНЕ ҚАРАЙ САҒАТ САНЫНЫҢ БӨЛІНУ
                                                                   Таблица 1
|№     |Тақырыптар                     |Сағаттар                     |Әдебиеттер       |
|      |                               |ДС    |ТС   |ЗС |МӨ    |МӨЖ  |                 |
|      |                               |      |     |   |ЖО    |     |                 |
|1     |2                              |3     |4    |5  |6     |7    |8                |
|1     |Тұлға аралық қатынас           |2     |1    |   |      |10   |7.1.1,7.1.2,     |
|      |педагогикалық-психологиялық    |      |     |   |      |     |7.1.3,7.1.4.     |
|      |проблема  ретінде              |      |     |   |      |     |                 |
|2     |Қарым – қатынас, оның түрлері  |2     |1    |   |4     |8    |7.1.1,7.1.2,     |
|      |және формалары                 |      |     |   |      |     |7.1.3,7.1.4.     |
|3     |Тұлғааралық қарым-қатынастың   |3     |1    |   |3     |8    |7.1.1,7.1.2,     |
|      |құрылымы                       |      |     |   |      |     |7.1.3,7.1.4.     |
|4     |Тұлғааралық қарым-қатынастағы  |2     |1    |   |3     |8    |7.1.1,7.1.2,     |
|      |вербальды емес құралдар        |      |     |   |      |     |7.1.3,7.1.4.     |
|5     |Тұлғааралық қарым-қатынастың   |2     |2    |   |3     |8    |7.1.1,7.1.2,     |
|      |әлеуметтік психологиясы        |      |     |   |      |     |7.1.3,7.1.4.     |
|6     |Тұлғааралық қарым-қатынас      |3     |1    |   |      |     |7.1.1,7.1.2,     |
|      |этикасы                        |      |     |   |      |     |7.1.3,7.1.4.     |
|7     |Педагогикалық қарым-қатынастың |2     |1    |   |      |8    |7.1.1,7.1.2,     |
|      |психологиялық аспектілері      |      |     |   |      |     |7.1.3,7.1.4.     |
|8     |Тілдесу процесінің             |      |1    |   |      |     |7.1.1,7.1.2,     |
|      |психологиялық ерекшеліктері    |      |     |   |      |     |7.1.3,7.1.4.     |
|9     |Тұлғааралық қарым-қатынас      |2     |     |   |      |     |7.1.1,7.1.2,     |
|      |этикеті және технологиясы      |      |     |   |      |     |7.1.3,7.1.4.     |
|10    |Тұлғааралық қарым-қатынас      |2     |     |   |3     |8    |7.1.1,7.1.2,     |
|      |мәдениеті                      |      |     |   |      |     |7.1.3,7.1.4.     |
|11    |Көпшілік алдында сөйлеудің     |2     |     |   |3     |8    |7.1.1,7.1.2,     |
|      |психологиялық ерекшеліктері    |      |     |   |      |     |7.1.3,7.1.4.     |
|12    |Келіспеушілік және             |3     |     |   |      |     |7.1.1,7.1.2,     |
|      |келіспеушілік этикасы          |      |     |   |      |     |7.1.3,7.1.4.     |
|13    |Келіспеушілік және оны шешу    |      |1    |   |      |     |                 |
|      |жолдары                        |      |     |   |      |     |                 |
|14    |Дауласу және пікірталас,       |3     |2    |   |      |8    |7.1.1,7.1.2,     |
|      |олардың психологиялық          |      |     |   |      |     |7.1.3,7.1.4.     |
|      |ерекшеліктері                  |      |     |   |      |     |                 |
|15    |Келіспеушілік динамикасы және  |2     |     |   |      |     |7.1.1,7.1.2,     |
|      |механизмдері                   |      |     |   |      |     |7.1.3,7.1.4.     |
|16    |Келіспеушілікке қатысушылар    |      |1    |   |      |     |                 |
|17    |Этнокеліспеушіліктер           |      |1    |   |3,5   |9,5  |7.1.1,7.1.2,     |
|      |                               |      |     |   |      |     |7.1.3,7.1.4.     |
|18    |Тұлғааралық қарым-қатынастағы  |      |1    |   |      |     |                 |
|      |кедергілер және мінез-құлық    |      |     |   |      |     |                 |
|      |мотивтері                      |      |     |   |      |     |                 |
|      |Барлығы                        |30    |15   |   |22,5  |67,5 |                 |

3 ПӘНДІ ОҚЫП-ЗЕРТТЕУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
            Дәрісті  тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар
       Мақсаты:  магистранттарды  курс  бойынша  тиісті  теориялық  біліммен
қаруландыру.
      Міндеттері:
      - әр  тақырыпты меңгерту мақсатымен жүйелі білім беру;
      - әр тақырып бойынша негізгі түсініктермен таныстыру және меңгерту;
      - пәнге қызығушылығын тудыру және  ары  қарай  өздігінен  жұмыс  істей
білуге үйрету;
      - курс  бойынша  тиісті  білімді  меңгеру  үшін  қажетті  жағдайлармен
қамтамасыз ету.
      Жоғары оқу орындарында  оқытуды  ұйымдастырудың  негізгі  формаларының
бірі – дәріс болып табылады. Ол магистранттарға олар үшін күрделі және  жаңа
ақпараттарды беруге  тиімді.  Дәріс   пәнге  қызығушылық  тудырады,  алынған
білімді практикалық міндеттерді  шешуде  қолдануға  көмектеседі,  тақырыптың
және қарастырылып отырған материалдың теориялық жақтарын ашып көрсетеді.
      Дәріс -  өздігінен   терең  білім  алуға   ізденіс  туғызады.  Дәрісті
тыңдау – бұл өзара  бір-бірімен  байланысқан  танымдық  үрдістердің  (зейін,
түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау)  бірлігі.
      Сіздің курс бойынша жан-жақты білім  алуыңыз  дәріс  сабақтарын  толық
тыңдауыңызға  байланысты   екенін  еш   ұмытпаңыз.    Сондықтан   бағдарлама
мазмұнында берілген дәріс сабақтарын алдын-ала  қарастырып  жүріңіз.  Сіздің
білімініңізің деңгейі  тек  өзіңіздің  жауапкершілігіңіз  және  өздігіңізден
жұмыс жасау қабілетіңізге тікелей байланысты болады.
      Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық:  сабаққа  кешікпеңіз;  дәріс
дәптеріңіз және  қаламыңызды  ұмытпаңыз;  дәріс  барысында   мәтінді  қалмай
жазып  отыруға  талпыныңыз,  ол  тәжірибелік  сабақтарға,  өздік  жұмыстарға
даярлануда негіз болады.
      Тәжірибелік  сабақтарына  даярлануға әдістемелік нұсқаулар
      Тәжірибелік  сабақтар  оқу  жұмыстарының  маңызды  формаларының  бірі.
Тәжірибелік  сабақтардың  мақсаты  –   білімді   бекіту,   іскерліктер   мен
дағдыларды  қалыптастыру.  Бұл  сабақтардың  рөлі  оқыған  пәндерінен  алған
білімдерін   практикада   қолдана   білу   дағдылары    мен    іскерліктерін
қалыптастыруда өте  жоғары.
      Тәжірибелік  сабақтардың міндеттері:
      1. Дәріс материалдарын  қайталау  арқылы  білімді  бекіту,  материалды
кеңейту және нақтылау.
      2. Алынған білімді нақты әрекеттерді орындау  үшін  және  жаңа  білім,
дағдыларды алу үшін өздігінен қолдану қабілетін  дамыту.
      3. Теориялық білімді  практикада қолдана білу іскерлігін қалыптастыру.
      4. Практикада қолдану үшін ғылыми әдістер және тәсілдерімен танысу.
      5. Алғашқы тәжірибеге қажетті дағдыларды жинақтау.
      6. Ғылыми-практикалық сұрақтарды өздігінен шешу дағдыларын дамыту.
      7. Алынған білімді нақты жүйеге келтіру.
      8.  Оқу  және  ғылыми  жұмыстарға  жауапкершілікті   және  ұқыптылықты
тәрбиелеу.
      9. Пәндер арасындағы байланыс пен қатынасты дамыту.
     Оқытушы жетекшілігімен және магистранттардың  өздігінен орындайтын
                 жұмыстарын  орындауға әдістемелік нұсқаулар

       Мақсаты:  дәріс  және  тәжірибелік   сабақтарында   алған   білімдері
негізінде өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру.
      Міндеттері:
      - дәріс  және тәжірибелік  сабақтарында алған білімдерін тереңдету;
      - теорияны практикамен байланыстыру;
      - библиографиямен жұмыс істеу іскерлігі мен дағдыларын жетілдіру;
      - алынған білімі негізінде мәселелік сұрақтарды  өздігінен шешу;
        -   психологиялық-педагогикалық   бақылау   жүргізудің   практикалық
дағдыларын жетілдіру;
      - зерттеушілік, ізденушілік іскерліктерін жетілдіру;
      - өздігінен жұмыс істеу іскерліктері мен дағдыларын дамыту;
      - ойын еркін жеткізе білуге және оны қорғай білуге үйрету.
      Оқытушы жетекшілігімен және өздігіңізден  орындайтын  өздік  жұмысыңыз
Сіздің курс бойынша меңгеретін біліміңізге  және  рейтинг  бойынша  жинайтын
ұпайыңызға айтарлықтай ықпал жасайтынын ұмытпаңыз, сол себепті  әрбір  өздік
жұмыс тапсырмасын  өзіңіз  дербес  орындаңыз,  тапсырманы  орындауға  мұқият
қараңыз,  әрі  жауапты  болыңыз.       Өздік  жұмыс  тапсырмаларын   орындау
барысында басқадан көшіргеніңіз немесе басқаға көшірткеніңіз үшін  жұмысыңыз
мүлдем есептелінбеуі немесе бағасы төмендетілуі мүмкін.
      Өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер:
   1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға
      (іштей жылдам  оқи  білу,  библиографиялық  дағдылар,  түрлі  анықтама
      әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып  алу  т.б.  )  ие  болу
      керек.
   2. Біліммен нәтижелі шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт,  орын,  тиісті
      әдебиеттер  мен  құралдардың  болуы  т.б.)  керек  етеді,  ең   дұрысы
      кітапханаларда, оқу залдарында  даялануға  дағдылану.
   3. Өздігінен білім алатын адам  нені  оқитынын  анық  біліп,  ол  жұмысты
      белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
   4.  Алғашқы  кезде  оқытушылардан,  тәжірибелі  оқытушылардан,  кітапхана
      қызметкерлерінен  ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
   5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
   6. Оқыған материалды мұқият  ұғатындай  етіп  ұғып,  түсінбеген  жерлерді
      қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
   7.  Анықтама  әдебиеттерді,  энциклопедияларды,  түрлі  сөздіктерді  қоса
      пайдаланып отыру керек.
                Әдебиеттермен жұмыс істеу әдістемесі
      Кітаппен (негізгі әдебиетпен  жұмыс  жасағанда)  жұмыс  жасауда  басты
назар  аударылады:
      1.Кітаптың сыртқы мұқабасымен танысу (кітаптың аталуы, авторы,  шыққан
жылы, баспаның аты, кітаптың редакторы, алғы сөздің  немесе  кіріспе  сөздің
авторы); оның тұтастай көлеміне;
      2. Мазмұны  арқылы  кітаптың  жоспарымен  (бөлім,  тарауларымен)  және
қандай жүйеде жазылғанымен танысу;
      3. Кітаптың алғы сөзімен, кіріспесімен мазмұнын, мақсатын түсіну  үшін
үстірт танысып шығу;
      4. Негізгі  мәтіннің  құрылымымен  (жеке  тарауларға;  мәтіннің   жеке
бөліктерге бөлінуіне (тақырыптарға, параграфтарға) танысу;
      5. Безендірілу сипатына;
      6. Қайталауға берілген сұрақтарға;
      7. Қолданылған әдебиеттер тізіміне және т.б.
Келесі кезекте назарды қосымша әдебиеттерге аударған дұрыс.
        Конспектілеу -  кітаптың мазмұнын қысқа баяндау.
        Берілген тақырыпты конспектілеуге қойылатын  негізгі талаптар:
   1.  Жазып  отырған  тақырыптан  алшақтамай,  оның  мазмұнын  нақты  ашуға
      талпыну.
   2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.
   3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын  жоспарға  сай  рет-
      ретімен жүйелі баяндауы қажет.
   4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс.
   5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.
        Сілтеме  –  бұл  белгілі  бір  автордың  ой-пікірін  өз  жұмысымызда
  пайдалансақ, онда оған сілтеме  келтіреді,  яғни  ол  әдебиеттің  тізімін
  пайдаланғаны бойынша ретімен жазу. Тезистеу -  кітаптың  негізгі  ойларын
  қысқа баяндау. Цитаталау -  мәтінді  сөзбе  сөз  көшіру.  Міндетті  түрде
  автор, кітап (жұмыс) аты, баспасы, шыққан жылы, беттері көрсетіледі.
      Реферат жазуға әдістемелік нұсқау
          Реферат – ғылыми-ақпараттық бағытта болады,  тақырыпты  объективті
тұрғыда  толық  баяндаумен  қатар,  онда  ғылыми   теориялар    мен   ғылыми
қорытындыларға талдау жасалынып, сын айтылады. Реферат ғылыми теориялар  мен
ғылыми қорытындыларға талдау  жасалып,  сын  айтылады.       Реферат  ғылыми
мекемелер  мен  жоғары  оқу  орындарында  қолданылады.  Арнаулы   орта   оқу
орындары, жалпы  білім  беретін  мектептер  оқушыларының  үйірме,  клубтарда
жасаған баяндамалары да реферат деп аталады.  Ғылыми  кандидаты  және  ғылым
докторы  дәрежесіне  диссертация  қорғаушының  авторефераты   да   рефератқа
жатады.
      Реферат жазуда не ескеріледі?
      1. Таңдап алған рефераттың  тақырыбына  қатысты  кішігірім  зерттеулер
жасау. Ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге  шолу
жасау.
      2. Керек жағдайларда  оқытушымен  кездесіп,  керекті  кеңестеп  алғаны
абзал.
      3. Реферат жазуда  негізгі  мәселені  ажыратуға,  тақырыптардың  өзара
сабақтастығын тануға дағдылану.
      4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу  және  жинақтау  негізінде
таблицалар, графиктер, схемалар жасау.
      5. Пайдаланған деректер,  материалдар,  әдебиеттердің  тізімін  қайдан
алынғанын (сілтеме), қайда, қашан, қандай баспадан  жарық  көргенін  көрсету
қажет.
            4 КУРС  ФОРМАТЫ
      Курсты оқу барысында алынған ұпай жинақталып, жалпы  саны  шығарылады.
Жиынтық бағаны шығару  үшін  әрбір  тапсырма,  сабаққа  қатысуы,  МӨЖ,  ОМӨЖ
тапсырмаларын,  тиісті  жаттығу  жұмыстарын   орындағаны   жөніндегі    ұпай
жиынтығы, кезеңдік, қорытынды  бақылау  нәтижелері  т.б.  түгел  ескеріледі.
Берілген тапсырманы уақытында орындау қажет. Тиісті   тапсырмалар  сессияның
соңғы аптасына дейін өткізілуі тиіс.  Әрбір  тақырыпты   өтілген  материалды
меңгеруде тақырып бойынша негізгі  түсініктерді  меңгеруге  мән  беру  қажет
және  сөздік жұмысы болуы керек.
      Өздік жұмыстарын орындауда берілген әдістемелік нұсқаулықтарды  ескеру
қажет, нұсқаулықтарда әрбір тапсырманың орындалу тәртібі көрсетілген.
      5 КУРС  САЯСАТЫ
      Курсты меңгеруде  қойылатын талаптар
      Әрбір   магистранттың    міндетіне   -   сабақтан   қалмау,   берілген
тапсырмаларды мерзімінде, дұрыс тиянақты орындау жатады. Сабақты босату  сол
тәрізді  өтілген   сабақты  талдауға  қатыспау   жауапкершілік  жоқ   екенін
көрсетеді, сол себепті сабаққа қатысуы мен оқу  үлгерімі  оның  оқуға  деген
қатынасын, ниетін білдіреді және осының барлығы курс бойынша қорытынды  баға
қоярда  ескеріледі.
      Берілген тапсырмалар уақытында  орындалмаған жағдайда, әрбір  тапсырма
үшін  бағаңыз кеміп отырады.  Сабаққа  келмей  қалсаңызда  баллыңыз  кемиді.
Сондықтан   сабаққа   кешікпей,   уақытында   қажетті   дайындықпен   келуге
талпыныңыз .
      Аса  себепті  жағдайлар  (науқастанып  қалу,   отбасының   жағдайлары)
болғанда  оқытушыны   хабардар етуге   және  берілген  тапсырмалардың  бәрін
де  өткізуге міндетті екеніңізді ұмытпаңыздар.
      Әрбір магистрант  өз жұмыс орнында   болып  қоймай,  өзінің  жұмыстағы
міндеттерін орындауға тиіс. Оны орындамаған магистрантқа  білімін  бағалауда
кедергілер болатынын ескерген дұрыс.
       Осы  пән  бойынша  берілген  барлық  тапсырмалар  семестрдегі   сабақ
кестесінде бекітілген  мерзімде орындалуы тиіс. Курсты оқып білу  магистрант
 тарапынан белсенді  болуды талап етеді.
      Қажет  уақытында  оқытушыдан  кеңес  алу  құқыңыз   бар.  Пән  бойынша
ұсынылған негізі  және  қосымша  әдебиеттерді   үнемі,  әрі  үзіліссіз  оқып
отыруыңыз қажет.  Өйткені тапсырманы  орындау  негізінде   немесе  емтиханға
даярлық кезінде  оқулықты  қолға  алу  сізге   қажетті  білімді  толық  бере
алмайды.
      Сол себепті толық әрі жан-жақты білім алғыңыз келсе,  семестр  бойында
бірді-екілі ғана әдебиетпен шектелмей, пән  бойынша  бар  барлық  деректерді
пайдалануыңыз     қажет.     Әрбір     сабаққа     пайдалануыңыз      керек.
     Курсты  меңгеру  барысында   жоғары  жетістікке  жетуіңіз   сіздің  оқу
белсенділігіңізге  байланысты  екендігін  еш   ұмытпаңыз.   Сабаққа   қатысу
белсенділігіңіз,  оқу  үлгеріміңіз  және  оқытушы  берген    тапсырмалаларды
сапалы орындауыңыз  сіз  үшін  межелік  бақылау  (аттестация)  және  емтихан
кезінде  көмектесетін   дау  тудырмайтын  факті  болып   табылады.    Аралық
бақылаулар алдын-ала өткен, талқыланған материал бойынша   жүргізіледі  және
оның мақсаты  теориялық білімді ұғыну  деңгейлерін тексеру.
      Емтихан сіздің теориялық білім деңгейіңізді  анықтау  емес,  керісінше
өзіңіздің  теориялық   білімізді  практикада  қолдана  алу  мүмкіндігіңіздің
көрсеткіші болады. Емтихандағы сұрақтар аудиторияларда  қарастырылған   және
өзіңіз  орындаған  тапсырмаларға  негізделеді.  Қорытында  емтихан    барлық
магистрант  үшін  міндетті болып табылады.
      Берілген тапсырмаларды орындау барысында  тиым салынады:
 - біреудің жұмысын көшіріп өткізуге ;
 - өзінің тапсырмасын басқа адамдарға орындатуға ;
 - жұмысты белгіленген мерзімнен кешіктіруге;
 - топ болып орындаған тапсырмаларды  орындауға қатыспай  балл  талап  етуге
   және т.б. әрбір оқытушы әр магистранттан оның оқуға деген  қатынасы  және
   мінез-құлқы, тәртібі  ЖОО талабына сәйкес болуын  үлкен үмітпен күтеді.


      6 БАҒАЛАУ САЯСАТЫ
      Бір академиялық кезеңге 600 балл берілед: 300 балл 1-7 апталарға; 300
  балл 8-15 апталарға.
      «Тұлға аралық қатынастың психологиясы мен педагогикасы» пәні  бойынша
  баллдың бөлінуі
                                                                     Кесте 2
|Апта  |Бақылау түрі               |Балл жиыны                |Ескерту     |
|1     |2                          |3                         |4           |
|      |1-8 апта бойы              |30                        |            |
|      |дәріске қатысу             |                          |            |
|3     |Тәжірибелік                |25                        |            |
|      |Тәжірибелік                |25                        |            |
|4     |                           |                          |            |
|      |МӨЖ                        |40                        |            |
|5     |Тәжірибелік                |25                        |            |
|6     |Тәжірибелік                |25                        |            |
|      |МӨЖ                        |50                        |            |
|7     |Рубеждік бақылау           |80                        |            |
|1-8 апта бойынша барлық балл саны |300                       |            |
|      |8-15 апта бойы             |30                        |            |
|      |дәріске қатысу             |                          |            |
|9     |Тәжірибелік                |15                        |            |
|10    |Тәжірибелік                |15                        |            |
|      |Тәжірибелік                |15                        |            |
|11    |                           |                          |            |
|      |МӨЖ                        |40                        |            |
|12    |Тәжірибелік                |15                        |            |
|13    |Тәжірибелік                |20                        |            |
|14    |Тәжірибелік                |20                        |            |
|      |МӨЖ                        |50                        |            |
|15    |Рубеждік бақылау           |80                        |            |
|8-15 апта бойынша барлық балл саны|300                       |            |
|Емтиханға балл                    |400                       |            |
|Академиялық мерзімге жиынтық балл |1000                      |            |

      Емтихан түрінде өткізілетін қорытынды  бақылауға  400  балл  беріледі.
Академиялық  кезеңдегі  баллдың   жалпы  жиыны  -  1000  балл.  Пән  бойынша
аудиториялық сабақтарға: (дәріс, тәжірибелік) 30 балл беріледі, оны  оқытушы
электрондық журналда белгілейді. Дәріс сабақтары  бойынша  балл  берілмейді.
Бірінші межелік 7 аптада өткізіледі, екінші бақылау 15 аптада өткізіледі.

7 ӘДЕБИЕТТЕР

7.1 Негізгі әдебиеттер:
7.1.1 Бороздина Г.В. Психология делового общения. – М., 2001.
7.1.2 Кузин Ф.А. Культура делового общения. М., 2000.
7.1.3 Морозов А.В. Управленческая психология. – Москва, 2008.
7.1.4 Федосихина Е.А. Кашник О.И. Звягинцев В.В. Психотехнология и этика
делового общения. Н., 1998.
7.1.5 Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.
7.1.6 Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под
ред. Лавриненко В.Л. –М., 1995.
7.1.7 Внедиктова В.И. О деловой этике и этикете. –М., 1994.
7.1.8 Андреева Г.М. Социальная психология. – М.,1996.
7.1.9 Абрамова Г.С. Введение в психологическую психологию. М.,1997.

7.2 Қосымша әдебиеттер:
7.2.1 Айви А. Лицом к лицу. Практическое пособия для освоение приемов и
навыков  делового общения. – Новосибирск, 1994.
7.2.2 Мелибруда Е.Я. – Ты - Мы. Психологические возможности улучшения
общения. –М., 1986.
7.2.3 Фромм Э. Психоанализ и этика. –М., 1993.
7.2.4 Фиппер Р., Юри У. Путь к согласию или переговоры без  поражения.  –М.,
1990.
7.2.5 Агеева В.С. Межгрупповое взаимодействие. Социально  –  психологические
проблемы. – М.,1990.
7.2.6  Практикум по общей психологии /Под ред. А.И. Щербакова.-Москва,1990.
7.2.7 Шепель В. Управленческая этика. М: 1989.




Пәндер