Файл қосу

Терісі бағалы аңдардың жүйке жүйесі аурулары



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты                   |ПОӘК      |ПОӘК 042.18-24.1-15/02    |
|                                        |          |2013                      |
| «Терісі бағалы аңдардың, құстардың,    | №1       |                          |
|балықтардың және аралардың арнайы       |басылым   |                          |
|патологиясы мен емі» пәнінің            |          |                          |
|оқу-әдістемелік бағдарлама кешені       |          |                          |













           5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған
       «Терісі бағалы аңдардың, құстардың, балықтардың және аралардың
                     арнайы патологиясы мен емі» пәнінен
                            ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН



                     СТУДЕНТТЕР ҮШІН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ











                                    Семей
                                    2013
                                  Алғы сөз

      «Терісі бағалы аңдардың, құстардың, балықтардың және аралардың  арнайы
патологиясы мен емі» пәні - ішкі жұқпалы  емес  ауруларының  пайда  болуының
себептерімен патогенездік ерекшеліктерін анықтау методологиясын және  емдеу,
сақтандырудағы іс шараларды қарастырады.    Пән - аң, құс,  балық  және  ара
шаруашылықтары мен кәсіпшілігіндегі сондай-ақ белгілі бір  мақсатпен  табиғи
ортасынан ажыратып, асырау кезіндегі жаңа  немесе  басқа  ортаға  бейімделуі
барысындағы  ветеринариялық  іс   шараларды   оқытып,   ветеринар   дәрігері
мамандығының этикасы мен деонтологиялық қағидаларды сақтауға тәрбиелейді.

      І ӘЗІРЛЕНДІ
          Құрастырғандар:Тойкина Г.Н., ветеринария ғылымдарының  кандидаты,
Семей   қаласының    Шәкәрім     атындағы    мемлекеттік    университетінің
«Ветеринариялық медицина» кафедрасының профессоры м.а.
            Билялов  Е.Е.,   ветеринария   ғылымдарының   кандидаты   Семей
қаласының Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік   университетінің  «Ветеринариялық
медицина» кафедрасының аға оқытушысы;
            Жайлаубаева  А.Р.,  в.ғ.  магистрі,  Семей  қаласының   Шәкәрім
атындағы мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасының
 оқытушысы.

«        »                 2013      ж.                         Г.Тойкина.,
 Е.Билялов.,                 А.Жайлаубаева.

            2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

      2.1   Шәкәрім    атындағы    Семей    мемлекеттік    университетінің
«Ветеринариялық медицина» кафедрасының отырысында
20     жылы №      хаттама.

Кафедра меңгерушісі, профессор м.а.
Г.Тойкина

      2.2 Аграрлық факультетіның оқу-әдістемелік бюросының отырысында

«         »      20     жылы, №      хаттама

Төрайымы
             А. Тлеубаева


            3 БЕКІТІЛДІ


Университеттің  оқу-әдістемелік  кеңесінің  отырысында  шығаруға
мақұлданған  және  ұсынылған.
        «   »    20     жыл, №     хаттама


ОӘК төрайымы, ОӘЖ проректоры              Г. Искакова


      4 АЛҒАШҚЫ ЕНГІЗІЛУІ

                                   Мазмұны

1                                                                      Жалпы
ереже.......................................................................
.................................4
2    Пәннің   мазмұны   және    сабақ    тақырыптарына    сәйкес    бөлінген
сағат.............6
3           Пәнді          оқуға          арналған           оқу-әдістемелік
нұсқаулар............................................9
4                                                                       Курс
форматы.....................................................................
.................................9
5                                                                       Курс
саясаты.....................................................................
.................................10
6                                                                    Бағалау
саясаты.....................................................................
............................10
7
Әдебиеттер..................................................................
........................................11




































      1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

      1.1Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер
            Тойкина  Г.Н.,   ветеринария   ғылымдарының   кандидаты,   Семей
қаласының    Шәкәрім      атындағы          мемлекеттік      университетінің
«Ветеринариялық медицина» кафедрасының профессоры м. а.;
      Билялов  Е.Е.,  ветеринария  ғылымдарының  кандидаты  Семей  қаласының
Шәкәрім    атындағы    мемлекеттік       университетінің     «Ветеринариялық
медицина»    кафедрасының  аға оқытушысы;
            Жайлаубаева  А.Р.,  в.ғ.  магистрі.,  Семей  қаласының   Шәкәрім
атындағы мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық медицина»  кафедрасының
оқытушысы.
         Байланыс ақпараты- тел. 53-19-20, № 6 оқу ғимараты, кабинет 3;
          Сабақ өткізу орны- аудиториялар  207, 121.
         Пәннің атауы «Терісі бағалы аңдардың, құстардың,  балықтардың  және
аралардың арнайы патологиясы мен емі»;
          Кредиттің саны – 3;

       1.2 Пәннің қысқаша мазмұны:
            «Терісі бағалы аңдардың, құстардың, балықтардың  және  аралардың
арнайы  патологиясы  мен  емі»   пәні   ветеринариялық   зерттеу   әдістерін
меңгеруді үйрететін, соның негізінде  қажетті емдеу, алдын  алу  және  басқа
да   шараларды   қолдануды   оқытатын   клиникалық   ветеринарияның  бөлімі.
Сонымен қатар, терісі бағалы  аң,  құс,  балық  және  араларды  белгілі  бір
қажетті мақсатпен өздеріне тиесілі табиғи ортасынан  ажыратып  қолда  асырау
немесе шектеулі (қоршаулы аумақта) үй және  аула  жағдайындағы  жаңа  ортаға
бейімделуі барысында туындайтын биологиялық қажеттіліктердің  орнын  толтыру
мақсатында көрсетілетін ветеринариялық  іс  шаралардың  маңыздылығын  оқытып
үйретеді.
      Клиникалық зерттеудің мақсаты- түрлі  әдістерді  қолдана  отырып   аң,
құс, балық және ара ауруларын анықтау болып   табылады.  Клиникалық  зерттеу
мақсатындағы  -  клиникалық  қарау,  сипау,  нұқу,  тындау,  рентгенография,
электрография, эндоскопия, қанды, несепті, нәжісті, асқазан, ұлтабар,  қарын
сөлдерін тексеруде  физикалық,  химиялық  және   микроскопиялық   зерттеулер
мен басқа да әдістер қолданылады. Сонымен қатар  табиғи  орта,  экологиялық,
ихтиологиялық, гидробиологиялық, гидрорежимдік,  гидрохимиялық  факторлардың
әсер ету мүмкіндіктері оқытылады.

           1.3 Пәнді оқудың мақсаты
        Терісі  бағалы  аңдардың,  құстардың,  балықтардың  және   аралардың
ауруларын анықтап  жетістіктегі тиімді ветеринариялық іс  шараларды  көрсету
болып табылады.  Жануарлардың  түрлеріне  сәйкес  ауруын  анықтау  барысында
студенттер  қазіргі кездегі клиникалық, лабораториялық және  арнайы  зерттеу
әдістерін  меңгеруіне, лайықталған  мәліметтерді  жинақтап  және   талқылап,
әсер   етуші   факторлардан    жануарлар    организмдерінің     анатомиялық-
физиологиялық  ерекшеліктерін   бағалау  және  қажетті    көмек    шараларын
қарастыру.

      1.4 Пәнді оқытудың негізгі мақсаты
          Келесі мәселелерді зерттеу болып табылады:
          - Ауруды зерттеу жоспары мен әдістерін;
          -Ауру процесін білу  методологиясын,  патогенездік  үрдістің  даму
кезеңдерін танып-білудің  және емдеудің теориялық негізін игеру;
          -Хайуандарды  бекемдеуді және  шешу  техникасын  білу.

      1.5 Оқу нәтижесі
      Пәнді оқу нәтижесінде студент білу керек:
      - Хайуандарды   зерттеу  әдісі  бойынша - клиникалық  тексеру  (карау,
пальпация, перкуссия, аускультация);
      -Арнайы       зерттеулер       (рентгенография,        рентреноскопия,
электрокардиография, эндоскопия руменография, фонокардиография т.б.)
      - Лабораториялық   зерттеу   әдістері;
      - Организмнің физиологиялық және  патологиялық жағдайларындағы дәрілік
заттардың     әсер  ету  ерекшеліктерін,  олардың  сипаттамасын,   қолдануға
болатын және  болмайтын  жағдайларын;
       -Лабораториялық диагностикумдармен   жұмыс  істеу;
       - Жаңа аспаптармен, құралдармен   жұмыс  істеу;
       - Пәнді жан-жақты   теория   жүзінде   білу керек.
       -Ауруын  нақтылы    анықтауды;
       - Аурудың    алдын   алу    жөнінде   жоспарлы    істерді
ұйымдастыруды;
       -Клиникалық құжаттар. Кәсіпшілік мақсатына байланысты диагностикалық,
емдеу және алдын-ала  шараларын өткізу   кезіндегі   клиникалық   зерттеудің
маңызы.  Олардың  физиологиялық  жағдайына,  жасына,   жынысына,   салмағына
байланысты   диспансеризацияны   жүргізу,  ауруды     емдеу    нәтижелерінің
тиімділігін анықтауды.
       - Тұжырымдамаларын дұрыс пайдаланып дағдыларын меңгеріп шығу керек.


      1.6 Курстың пререквизиттері:
      - Фармакология және токсикологиясы
      - Жануарлар патологиясы
      - Жануарлар физиологиясы


      1.7  Курстың постреквизиттері:
       - Індеттану және індеттік аурулар
       - Паразитология және инвазиялық аурулар

      2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТАҚЫРЫПТАРЫНА СӘЙКЕС БӨЛІНГЕН САҒАТ
                                                                     Кесте 1
|Тақырыптың аталуы және оның мазмұны           |Сағаттардың бөлінуі        |
|                                              |Дәріс |Лаб  |СОСӨЖ   |СӨЖ  |
|1                                             |2     |3    |4       |5    |
|Модуль 1                                                                  |
|Кіріспе:  Аң, құс, балық және ара шаруашылғы  |1     |1    |2       |5    |
|мен кәсіпшілігінің маңыздылығы. Жалпы терапия.|      |     |        |     |
|Ветеринариялық іс шара көрсетудегі  техникалық|      |     |        |     |
|қауіпсіздік.                                  |      |     |        |     |
|Құстардың тыныс алу жүйесінің аурулары.       |1     |1    |2       |5    |
|Клиникалық  тексеру әдістерін меңгеру, емдеу  |      |     |        |     |
|және алдын алу шаралары.                      |      |     |        |     |
|Құстардың ас қорыту жүйесінің аурулары.       |1     |1    |2       |5    |
|Клиникалық тексеру әдістерін меңгеру, емдеу   |      |     |        |     |
|және алдын алу шаралары.                      |      |     |        |     |
|Құстардағы зат алмасу аурулары және тексеру   |1     |1    |2       |5    |
|әдістері және алдын алу шаралары. Қорытынды   |      |     |        |     |
|сабақ                                         |      |     |        |     |
|                                 Модуль 2            |                    |
|Табиғи  ортадағы және асыранды аңдарда        |1     |1    |2       |5    |
|кездесетін тыныс жолдарының аурулары және     |      |     |        |     |
|тексеру. Емдеу және алдын алу шаралары.       |      |     |        |     |
|Терісі бағалы аңдардың ас қорыту жолдарының   |1     |1    |2       |5    |
|ауруларының дамуы, емдеу және алдын алу.      |      |     |        |     |
|Жабайы және қолда асырайтын аңдардың ас қорыту|1     |1    |2       |5    |
|аурулары.                                     |      |     |        |     |
|Аралық бақылау                                |      |     |        |     |
|Терісі бағалы аңдардың зат алмасу ауруларын   |1     |1    |1       |5    |
|анықтау емдеу және алдын алу.                 |      |     |        |     |
|Терісі бағалы аңдардың жүйке жүйесі аурулары  |1     |1    |1       |5    |
|Қорытынды сабақ                               |      |     |        |     |
|Модуль 3                                                                  |
|Балықтардың анатомиялық физиологиялық         |1     |1    |1       |5    |
|ерекшеліктеріне байланысты ветеринариялық     |      |     |        |     |
|тексеру жұмысы                                |      |     |        |     |
|Балықтар аурулары және клиникалық белгілеріне |1     |1    |1       |4,5  |
|қарай ажырату                                 |      |     |        |     |
|Балықтың табиғи ортасында кездесетін ауруларды|1     |1    |1       |4    |
|анықтау                                       |      |     |        |     |
|Қолда өсіру – тоған, бөгет, қоршаулы (садок)  |1     |1    |1       |3    |
|және аквариумдық жағдайындағы ветеринариялық  |      |     |        |     |
|іс шаралар және аурулардың даму себептері,    |      |     |        |     |
|емдеу, алдын алу.                             |      |     |        |     |
|Қорытынды сабақ                               |      |     |        |     |
|Ара өсіру және омарташылықтың халық           |1     |1    |1       |3    |
|шаруашылығындағы маңызы және міндетті         |      |     |        |     |
|ветеринариялық шаралар                        |      |     |        |     |
|Ара аурулары .                                |1     |1    |1,5     |3    |
|                                              |      |     |        |     |
|Аралық бақылау                                |      |     |        |     |
|Барлығы:                                      |15    |15   |22,5    |67,5 |

                                                                     Кесте 2
|Тәжірибелік сабақтар                                               |Сағат |
|                                                                   |саны  |
|1                                                                  |2     |
|Модуль 1                                                                  |
|Терісі бағалы аң, құс, балық және бал арасымен жұмыс істеу         |1    |
|барысындағы техника қауіпсіздігі. Тәжірибелік жұмыс барысындағы    |     |
|бекемдеу тәсілдері.                                                |     |
|Құстың тыныс алу жүйесін клиникалық тексерудің методологиялық      |1    |
|негізі.                                                            |     |
|Құстың ас қорыту жүйесін клиникалық тексеру.                       |1    |
|Құстардағы жиі кездесетін зат алмасу ауруларын анықтау. Қорытынды  |1    |
|сабақ                                                              |     |
|Модуль 2                                                                  |
|Табиғи  ортадағы және асыранды аңдарда кездесетін тыныс жолдарының |1    |
|ауруларын тексеру.                                                 |     |
|Табиғи  ортадағы және асыранды аңдарда кездесетін ас қорыту        |1    |
|жолдарының ауруларын тексеру.                                      |     |
|Аралық бақылау                                                     |1    |
|Жиі кездесетін зат алмасу ауруларын тексеру.                       |1    |
|Жүйке жүйесі ауруларын анықтау. Қорытынды сабақ                    |1    |
|Модуль 3                                                           |1    |
|Балықтар ауруларын тексеру әдістерін меңгеру.                      |1    |
|Балық ауруларын клиникалық белгілеріне қарай ажырату тәсілдерін    |1    |
|үйрену.                                                            |     |
|Балықтың табиғи орта жағдайында кездесетін ауруларын анықтау және  |1    |
|олардағы клиникалық белгілер.                                      |     |
|Қолда өсіру – тоған, бөгет, қоршаулы (садок) және аквариумдық      |1    |
|жағдайындағы ветеринариялық іс шаралар және аурулардың даму        |     |
|себептері. Қолда өсірген жағдайдағы балықтар ауруларының дамуын    |     |
|анықтау, емдеу алдын алу шараларын меңгеру. Қорытынды сабақ        |     |
|Ара өсіру және омарташылықтың халық шаруашылығындағы маңызы және   |1    |
|міндетті ветеринариялық шараларды атқару.                          |     |
|Аралық бақылау                                                     |1    |
|Барлығы:                                                           |15   |

     1. Студенттердің оқытушының көмегімен орындайтын өзіндік жұмыстары:
        (СОСӨЖ)
    ❖ Терісі бағалы аңдарға сипаттама
    ❖ Кейбір терісі бағалы аңдардың және құстардың түрлері және олардың
      саның азаюының себептері. /кермарал-лань, муфлон, сайгақ, джейран,
      жабайы өгіз- зубр, қабан, қоян- русак, қоян-беляк, борсық, күзен, ақ
      сусар-куница, қызыл түлкі, жанат- енотовидная собака, көл құндызы-
      речной бобр, саз құндызы- нутрия, құба аю-медведь бурый;
    ❖ Аң шаруашылығында қолданатын емдеудің түрлері (этиотропты,
      патогенетикалық, протеинды);
    ❖ Терісі бағалы андарға арналған  дәрілік заттар;
    ❖ Аңдарды  диспансерлеу;
    ❖ Катаральды бронхопневмония;
    ❖ Қуықтың қабынуы. Дисурия. Қуықтың салдауы;
    ❖  Орталық  жүйке  жүйесінің  аурулары.  Өзін-өзі  жеу.  (аутомутиляция,
      аутоагрессия) Ас тұзымен, ХОС, минералды улармен улану;
    ❖ Тік ішектің  шығуы. Шудың  кідіруі. Эндомитрит;
    ❖ Күшіктердің  гипотрофиясы. Фиброзды  остеодистрофия;
    ❖ Пародонтоз. Глоссит. Диспепсия. Ақ диарея;
    ❖ Лактациялық арықтау;


      2.2  Студенттердің  өзіндік  жұмыстарының  тақырыптық  жоспары (СӨЖ)
    ❖ Терісі бағалы аңдардың қанының  морфологиялық көрсеткіштері;
    ❖ Құстардың қанының  морфологиялық көрсеткіштері және ерекшелігі;
    ❖ Терісі бағалы аңдардың, құстардың қүн және ыстық өту;
    ❖ Дезинфекция;
    ❖ Диспансеризация;
    ❖  Терісі  бағалы  аңдар  шаруашылығында    ветеринариялық    жұмыстарды
      ұйымдастыру және  алдын-ала  эпизоотологиялық, ветеринарлық-санитарлық
       шараларды жүргізу;
    ❖ Аңдарды және қүшіктерді өсіру ерекшелігі;
    ❖ Аквариумды балықтардың аурулары және оның емі;
    ❖ Құстардың микотоксикоздары;
    ❖ Шет елдерінде аң  шаруашылығының дамуы.

      3 ПӘНДІ ОҚУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
      «Терісі бағалы аңдардың, құстардың, балықтардың және аралардың  арнайы
патологиясы мен емі» пәнін меңгерудегі ең  негігі  әдістемелік  нұсқаулардың
методологиясы, жануарлар организміндегі  дербес  жүйелердің  ішкі  ауруларын
клиникалық балауға  негізделетін  қағидаларға  сәйкес,  жоспар  құруға  және
қолданылатын   құралдар   мен   приборларды   пайдалану   тәсілін   үйретуге
негізделеді.
      Студенттердің сабаққа дайындалуын  жоспардағы  негізгі  және   қосымша
әдебиеттер тізіміне сәйкес және баспасөз  материалдарын  пайдалануға  ұсыныс
береді (негізгі бөлімдер мен  тараулар  әрбір  сабаққа  анықталып  отырады).
Студенттерге жазбаша жұмыстарды орындау барысында  Семей  қаласының  Шәкәрім
атындағы мемлекеттік университетінің  кітапхана және оқу  аудиторияларындағы
компьтерлерін  пайдалануға,  ғаламторлық  ақпараттан    мағлұматтар    алуға
рұқсат беріледі.
         Сонымен қатар, жан-жануарға  ветеринариялық  көмек  көрсету  немесе
арнайы іс шараларды жүргізу үшін ветеринария дәрігері  мамандығының  этикасы
мен деонтологиялық  қағидалармен  танысып,  меңгеруге  байланысты  ұсынылған
әдістемелік нұсқауларға сәйкес жұмыс істеуді ұсынады.

      4 КУРС ФОРМАТЫ
       Аудиториялық  сабаққа  кіретіндер:  дәріс  және  семинарлық   сабақта
оқылатын материалдармен пікір алмасу, әртүрлі материалдарды  және  кейстерді
талдау.  Әрбір  сабаққа  студенттер   жоспардағы   негізгі   және    қосымша
әдебиеттерге сүйеніп дайындалады.
       Дәріс  сабақтарында  пәнді  игеру   бағдарламасына   сәйкес,   өзекті
мәселелелер қарастырылып жалпы түсінік беріледі.
Зертханалық-тәжірибелік  сабақтарда  дәріс  барысында   берілген   теориялық
түсініктер тереңдетіліп жан-жақты  түсіндіріліп  оқытылады.  Сонымен  қатар,
оқытушының  көмегімен  атқарылатын  жұмыстарда  семинарлық,  дәріс  және  үй
жатығуларына  қатысты  туындаған   өзекті   мәселе   талқыланып,   студентке
тақырыптың толық игерілуіне мүмкіндік береді.
      Зертханадағы  жұмыс  қауіпсіздігін  өте  сауатты  меңгеру  және  жұмыс
барысында  өте  мұқият  болуы.  Хайуандарды    тексеру    әдістері   бойынша
–клиникалық   тексеру   (қарау,   пальпация,    перкуссия,    аускультация);
Клиникалық  зерттеулердің  мақсаттары-  түрлі   әдістерді   қолдана   отырып
ауруларды   анықтауды.   Студенттердің     қазіргі    кездегі    клиникалық,
лабораториялық   және    арнайы   зерттеу   әдістерін    меңгеру,    алынған
мәліметтерді  жинақтап және  талқылап, әсер  етуші  факторлардан   жануарлар
организмдерінің   анатомиялық-физиологиялық  ерекшеліктерін   бағалау   және
қажетті  көмек  шараларын  қарастыру.

      КУРС САЯСАТЫ

      Студент сабақтарға  қатысуға  және  негізгі  ұғымдарды,  анықтамаларды
меңгеруге міндеті. Егер студент белгілі  бір  себептермен  сабақты  босатқан
жағдайда пәннің бағдарламасын меңгеруі жеке жауап беру  және  жазбаша  түрде
орындалады.
      Студенттің  білімін  бағалау  емтихан  бойынша  өткізіледі.  Емтиханға
пәннің бағдарламаға сәйкес толық курстық  тақырыптар  сұрақтары  енгізіледі.
Негізгі  талап  –  «Терісі  бағалы  аңдардың,  құстардың,  балықтардың  және
аралардың  арнайы  патологиясы  мен  емі»  пәнінің  оқу-әдістемелік   кешені
бағдарламасының  қағидасына  сәйкес  пәнді  толық  игеру   үшін,   ұсынылған
талаптарды студенттер түсініп және жауапкершілікпен  қарау  болып  табылады.
Сондай-ақ, күнделікті сабақтағы оқу бағдарламасын сапалы деңгейде  меңгеруді
студент өз міндетім деп түсінуі керек.
СӨЖ  тапсырмаларын  әр  студент  жазбаша  және  тиісті  уақытында  тапсыруға
міндетті.  СӨЖ  жұмысын  бағалау  оқу  әдістемелік   кешен   бағдарламасының
қағидасында  көрсетілген  бағалау   парағының   жобалық   ұсынымына   сәйкес
бағаланады.
      Міндетті түрде орындау және тапсыру – семинарлық сабақ  тапсырмаларды,
жаттығулық немесе өзіндік  жұмыстарының  барлық  түрлерін  және  аралық  пен
қортынды  бақылауды  тапсыруға  міндеттісіз.   Сонымен   қатар,   босатылған
сабақпен есептескеннің өзінде Сіз толық межелі  көрсеткішті  (жоғарғы  балл)
ала алмайсыз. Сабақты себепті жағдаймен босатқанның  өзінде  де  Сіз  пәннің
толық курсын меңгеруге міндеттісіз  және  деканаттың  ресми  рұқсаты  арқылы
ғана сабаққа  қатыса  аласыз.  Әрбір  сабақтын  бас  кезінде  шағын  бақылау
жұмысы  жүргізіледі,  ол  өткен  дәрісте  қарастырылған  негізгі  ұғымидарға
қатысты 5 ашық сұрақтан не болмаса  дұрыс/  дұрыс  емес  типтес  сұрақтардан
тұрады.

      6 БАҒАЛАУ САЯСАТЫ

      «Терісі бағалы аңдардың, құстардың, балықтардың және аралардың  арнайы
патологиясы мен емі» пәнінен әр аптаға және аралық бақылау түрлеріне  сәйкес
бағалық меженің бөлінуі (кестеде көрсетілгендей).
                                                                     Кесте 3
|Апта |Бақылау түрі                                    |Бағалаудың  |Ескеру    |
|     |                                                |толық межесі|          |
|1    |2                                               |3           |4         |
|     |1-7 аптада барлық семинарлық сабаққа қатысу     |30          |          |
|1    |Практикалық                                     |0           |          |
|2    |Практикалық                                     |21          |          |
|3    |Пр+СОӨЖ+СӨЖ                                     |21+6+15     |          |
|4    |Пр+СОӨЖ+СӨЖ                                     |21+6+15     |          |
|5    |Пр+СОӨЖ+СӨЖ                                     |21+6+15     |          |
|6    |Пр+СОӨЖ+СӨЖ                                     |21+6+15     |          |
|7    |Аралық бақылау № 1+СОӨЖ+СӨЖ                     |60+6+15     |          |
|     |1-7 апта бойынша барлығы:                       |300         |          |
|     |8-15 аптада барлық аудиториялық сабаққа қатысу  |30          |          |
|8    |Практикалық                                     |0           |          |
|9    |Практикалық                                     |17          |          |
|10   |Пр+СОӨЖ+СӨЖ                                     |18+6+15     |          |
|11   |Пр+СОӨЖ+СӨЖ                                     |17+6+15     |          |
|12   |Пр+СОӨЖ+СӨЖ                                     |18+6+15     |          |
|13   |Пр+СОӨЖ+СӨЖ                                     |18+6+15     |          |
|14   |Пр+СОӨЖ+СӨЖ                                     |17+6+15     |          |
|15   |Аралық бақылау №2                               |60          |          |
|     |8-15 апта бойынша барлығы:                      |300         |          |
|Емтихандық баға межесі                                |400         |          |
|Академиялық мерзімдегі баға межесі                    |1000        |          |

      7 ӘДЕБИЕТТЕР
      7.1 Негізгі әдебиеттер
      7.1.1 Х.С. Горегляд. «Болезни диких животных». – М., 2008.
      В.А. Берестов. «Звероводство». – М., 2006.
      7.1.2 Ғаламтор (Интернет).
      7.2 Қосымша әдебиеттер
      7.2.1 Қожанов К.Н. Малдың ішкі жұқпалы  емес  аурулары-  /қосымша  оқу
құралы/, Семей, 2005 ж.
      7.2.2Соколов В.Д., Фармокология 1977
      7.2.3Столяров И.Д. Иммунодиагностика и иммунокоррекция  в  клинической
практике. СПб:Сотис, 1999 ж
      7.2.4В.М. Субботин «Современные лекарственные вещества в ветеринарии».
2003 ж
      7.2.5Внутренние незаразные болезни сельскохозяйственных животных/ Б.М.
Анохин, В.М.Данилевский., Л.Г.Замарин и др.; Под редакцией В.М.Данилевского-
 М.; Агропромиздат , 1991
      7.2.6В.М. Данилевский  Практикум  по  внутренним  незаразным  болезням
сельскохозяйственных животных  М. «Колос» 1992 г.






Пәндер