Файл қосу

Пәнді оқудың әдістемелік нұсқаулары




|Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі                         |
|Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті                   |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты    |ПОӘК                       |                      |
|                         |                           |ПОӘК                  |
|                         |                           |042-16.1.50/02-2014   |
|«Жоғары мектептегі       |№1 басылым 11.09.2014      |                      |
|психологиялық және       |                           |                      |
|педагогикалық оқыту      |                           |                      |
|технологиялары» пәні     |                           |                      |
|бойынша магистрантқа     |                           |                      |
|арналған пәннің жұмыс оқу|                           |                      |
|бағдарламасы             |                           |                      |







  «Жоғары мектептегі психологиялық және педагогикалық оқыту технологиялары»
                                пәні бойынша
                           оқу-әдістемелік кешені
                     6N050300 – Психология  мамандығына


            МАГИСТРАНТҚА  АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС ОҚУ  БАҒДАРЛАМАСЫ




















                                    Семей


                                    2014








  Алғы сөз

1  ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

Құрастырған: Семей қаласының Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік  университетінің
«Психология» кафедрасының доценті м.а.  А.Ж. Едігенова


2 ҚАРАЛДЫ

     1.  Семей  қаласының  Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік   университетінің
        «Психология» кафедрасының отырысында
 Хаттама № 1  12.09. 2014

Кафедра меңгерушісі    ____________  Ш.С. Сатиева

2.2  ЭҚГҒФ  оқу-әдістемелік бюросының отырысында талқыланды

Хаттама № 1  09.09.2014

ОӘБ төрағасы_________ С.Х.Тойкин

3 БЕКІТІЛДІ

3.1 Университеттің  оқу-әдістемелік  кеңесінің  отырысында  мақұлданды  және
баспаға ұсынылды

Хаттама №1  11.09.2014

ОӘК төрайымы_________ Г. Искакова

4  АЛҒАШ НГІЗІЛДІ №1 басылым 11.09.2014
































































                                   Мазмұны

   1. Жалпы талаптар
   2. Пән мазмұны мен сағат санының бөлінуі
   3. Пәнді оқудың әдістемелік нұсқаулары
   4. Курс форматы
   5. Курс саясаты
   6. Баға қою саясаты
   7. Әдебиеттер





































   1. ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР

   1. Оқытушы және пән жайлы жалпы мағлұматтар
Едігенова Алма Жүнісбекқызы – доцент м.а., п.ғ.к.
«Психология» кафедрасы
Байланыс телефондары- тел.: 35-93-89,  №1 оқу корпусы, кабинет № 1212
Сабақтың өткізілу орны - аудитория №1202
Берілген пән бойынша  кредиттер саны-2
      1.2  Пәннің қысқаша мазмұны.
       Қазіргі  кезде  бүкіл  дүние  жүзілік  білім  әлеміне   қол   жеткізу
мақсатында   Қазақcтанда білімнің жаңа  жүйесі  құрылуда.  Бұл  үрдіс   оқу-
тәрбие  үрдісіне жаңаша өзгерістер енгізуде.  Елімізде  болып  жатқан  түрлі
бағыттағы өзгерістер  білім  беру  саласына  жаңаша  міндеттер  қойып  отыр:
педагогтың  оқу-тәрбие  үрдісін  жаңаша  тұрғыда  ұйымдастыруды,  оқу-тәрбие
үрдісін нәтижеге бағыттау арқылы тұлға құзіреттілігін арттыруды, білім  беру
процесінің субъектілерін зерттеушілік мәдениетін дамытуды талап  етеді.  Бұл
талаптарға сәйкес психолог мамандарды даярлауда  «Жоғары  мектепте  оқытудың
психологиялық және педагогикалық технологиялары» пәнінің маңызы зор.
     Білім беретін мекемелердің іс-әрекетінің нәтижелігі, ең алдымен, білім
 беру  қызметкерлеріне  байланысты.  Олардың  жеке   тұлғалық   қасиеттері,
 педагогикалық білігі, адамгершілік және  ақыл-ой  парасаты,  педагогикалық
 мәселелерді шешуде шығармашылық ізденіске бой алдыруы,  есеюі,  өнегелілі,
 денсаулығы  мен  рухани  байлығы  қоғамның  әлеуметтік   алғышарты   болып
 табылады.
      1.3  Пәннің мақсаты
      магистранттарға  жоғарғы  мектептегі  қазіргі  кезеңдегі  оқыту   және
тәрбиелеу  технологияларының  идеясын,   заңдылығын,   тұжырымдамасын   және
қағидасын жоғарғы оқу орны студенттерін  оқыту  және  тәрбиелеуде  қолдануын
және таныстыруын көздейді.
      1.4  Пәнді оқып-зерттеудің негізгі міндеттері:
    - қазіргі кезеңдегі оқыту және тәрбиелеу  технологиялары  ұғымының  мәні
      мен мазмұынын ашу;
    - педагогикалық технологияларды айқындау;
    -  қазіргі  оқыту  тәрбиелеу  технологияларын   жоғарғы   оқу   орынының
      педагогикалық процесінде қолдана білу іскерлігін қалыптастыра білу;
    - жоғарғы оқу орынындағы тәрбие үрдісінің мәні мен мазмұынын ашу.
      1.5 Оқып-зерттеу нәтижесінде магистрант:
      Білуі керек:
      - курс  мазмұны  бойынша  теориялық  және  практикалық  білімді  білуі
керек;
      - магистранттар қазіргі технологиялардың тарихын,  анықтамаларын  және
   ерекшеліктерін  білуі керек.
      Меңгеруі керек:
    - ЖОО  психологиялық-педагогикалық  технологияларды  тәжірибеде  қолдану
      іскерлігі мен дағдыларын меңгеруі керек;
    -  Қазіргі  жоғары  мектептің  педагогикалық   процесінде   қолданылатын
      психологиялық-педагогикалық   технологиялардың   теориялық-әдіснамалық
      аспектілерін меңгеруі керек.
      Істей алуы керек:
    - ЖОО психологиялық-педагогикалық технологиялармен жұмыс істеу.
       Жоғарғы   мектептегі   қазіргі   кезеңдегі   оқыту   және   тәрбиелеу
технологияларының идеясы, заңдылығы, тұжырымдамасы  және  қағидалары  туралы
білімді жинақтауы керек.
      1.6 Курс пререквизиттері:
         «Жоғары   мектептегі   психологиялық   және   педагогикалық   оқыту
технологиялары» курсын меңгеру үшін келесі пәндерді қосымша оқу қажет:
   - Педагогика;
   - Психология;
   - Философия;
   - Мәдениеттану т.б.
      1.7 Курстың постреквизиті: пән бойынша меңгерілген  білім мамандық
бойынша тиісті білім, іскерлік және дағдыны меңгеру үшін қажет.

2. ПӘН МАЗМҰНЫ МЕН САҒАТ САНЫНЫҢ БӨЛІНУІ
                                                                   Кесте - 1
|№  |Тақырып атауы                       |          Сағат саны    |Әдебиет   |
|   |                                    |                        |тер       |
|   |                                    |ДС   |ТС   |МОӨЖ  |МӨЖ   |          |
|1  |2                                   |4    |5    |6     |7     |8         |
|   |Модуль 1. Жоғарғы білім берудің     |1    |     |      |      |7.1.1,7.1.|
|   |теориялық-әдіснамаық негіздері      |     |     |      |      |2,        |
|   |Жоғарғы білім беру мазмұны, түсінігі|     |     |      |      |7.1.3,7.1.|
|   |және мәні.                          |     |     |      |      |4....     |
|   |Жоғарғы оқу орнындағы оқыту мен     |2    |1    |      |      |7.1.1,7.1.|
|   |тәрбиелеу                           |     |     |      |      |2,        |
|   |                                    |     |     |      |      |7.1.3,7.1.|
|   |                                    |     |     |      |      |4...      |
|   |Жоғарғы оқу орнындағы тәрбие        |     |1    |      |      |          |
|   |жұмысының мазмұны                   |     |     |      |      |          |
|   |Жоғарғы оқу орнындағы қазіргі       |2    |2    |      |      |7.1.1,7.1.|
|   |кезеңдегі                           |     |     |      |      |2,        |
|   |психологиялық-педагогикалық         |     |     |      |      |7.1.3,7.1.|
|   |технологиялары туралы түсінік       |     |     |      |      |4...      |
|   |Модуль 2. Жоғары оқу орындарында    |2    |     |      |      |7.1.1,7.1.|
|   |қазіргі технологияларды қолдану     |     |     |      |      |2,        |
|   |әдістемесі                          |     |     |      |      |7.1.3,7.1.|
|   |Жоғарғы оқу орнындағы кредиттік     |     |     |      |      |4...      |
|   |білім беру жүйесі                   |     |     |      |      |          |
|   |Жоғарғы оқу орнындағы               |3    |3    |      |      |7.1.1,7.1.|
|   |психологиялық-педагогикалық         |     |     |      |      |2,        |
|   |технологияларының түрлері           |     |     |      |      |7.1.3,7.1.|
|   |                                    |     |     |      |      |4...      |
|   |Жоғарғы оқу орнындағы интерактивті  |2    |2    |      |      |7.1.1,7.1.|
|   |оқыту әдістері                      |     |     |      |      |2,        |
|   |                                    |     |     |      |      |7.1.3,7.1.|
|   |                                    |     |     |      |      |4...      |
|   |Жоғарғы оқу орнындағы тәрбиелеу     |2    |2    |      |      |          |
|   |технологиялары                      |     |     |      |      |          |
|   |Жоғарғы оқу орнындағы куратор       |1    |2    |      |      |7.1.1,7.1.|
|   |жұмысын ұйымдастыру                 |     |     |      |      |2,        |
|   |                                    |     |     |      |      |7.1.3,7.1.|
|   |                                    |     |     |      |      |4...      |
|   |Студенттер ұжымын қалыптастыру      |     |2    |      |      |          |
|   |Барлығы                             |15   |15   |22,5  |67,5  |7.1.1,7.1.|
|   |                                    |     |     |      |      |2,        |
|   |                                    |     |     |      |      |7.1.3,7.1.|
|   |                                    |     |     |      |      |4...      |

3 ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ
      Дәрісті  тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар
       Мақсаты:  магистранттарды  курс  бойынша  тиісті  теориялық  біліммен
қаруландыру.
      Міндеттері:
      - әр  тақырыпты меңгерту мақсатымен жүйелі білім беру;
      - әр тақырып бойынша негізгі түсініктермен таныстыру және меңгерту;
      - пәнге қызығушылығын тудыру және  ары  қарай  өздігінен  жұмыс  істей
білуге үйрету;
      - курс  бойынша  тиісті  білімді  меңгеру  үшін  қажетті  жағдайлармен
қамтамасыз ету.
      Жоғары оқу орындарында  оқытуды  ұйымдастырудың  негізгі  формаларының
бірі – дәріс болып табылады. Ол магистранттарға олар үшін күрделі және  жаңа
ақпараттарды беруге  тиімді.  Дәріс   пәнге  қызығушылық  тудырады,  алынған
білімді практикалық міндеттерді  шешуде  қолдануға  көмектеседі,  тақырыптың
және қарастырылып отырған материалдың теориялық жақтарын ашып көрсетеді.
      Дәріс -  өздігінен   терең  білім  алуға   ізденіс  туғызады.  Дәрісті
тыңдау – бұл өзара  бір-бірімен  байланысқан  танымдық  үрдістердің  (зейін,
түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау)  бірлігі.
      Сіздің курс бойынша жан-жақты білім  алуыңыз  дәріс  сабақтарын  толық
тыңдауыңызға  байланысты   екенін  еш   ұмытпаңыз.    Сондықтан   бағдарлама
мазмұнында берілген дәріс сабақтарын алдын-ала  қарастырып  жүріңіз.  Сіздің
білімініңізің деңгейі  тек  өзіңіздің  жауапкершілігіңіз  және  өздігіңізден
жұмыс жасау қабілетіңізге тікелей байланысты болады.
      Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық: сабаққа кешікпеңіз; дәріс
дәптеріңіз және қаламыңызды ұмытпаңыз; дәріс барысында  мәтінді қалмай
жазып отыруға талпыныңыз, ол тәжірибелік сабақтарға, өздік жұмыстарға
даярлануда негіз болады.
      Тәжірибелік  сабақтарына  даярлануға әдістемелік нұсқаулар
      Тәжірибелік сабақтар оқу жұмыстарының маңызды формаларының бірі.
Тәжірибелік сабақтардың мақсаты – білімді бекіту, іскерліктер мен
дағдыларды қалыптастыру. Бұл сабақтардың рөлі оқыған пәндерінен алған
білімдерін практикада қолдана білу дағдылары мен іскерліктерін
қалыптастыруда өте  жоғары.
      Тәжірибелік  сабақтардың міндеттері:
      1. Дәріс материалдарын қайталау арқылы білімді бекіту, материалды
кеңейту және нақтылау.
      2. Алынған білімді нақты әрекеттерді орындау үшін және жаңа білім,
дағдыларды алу үшін өздігінен қолдану қабілетін  дамыту.
      3. Теориялық білімді  практикада қолдана білу іскерлігін қалыптастыру.
      4. Практикада қолдану үшін ғылыми әдістер және тәсілдерімен танысу.
      5. Алғашқы тәжірибеге қажетті дағдыларды жинақтау.
      6. Ғылыми-практикалық сұрақтарды өздігінен шешу дағдыларын дамыту.
      7. Алынған білімді нақты жүйеге келтіру.
      8. Оқу және ғылыми жұмыстарға жауапкершілікті  және ұқыптылықты
тәрбиелеу.
      9. Пәндер арасындағы байланыс пен қатынасты дамыту.


     Оқытушы жетекшілігімен және магистранттардың  өздігінен орындайтын
                 жұмыстарын  орындауға әдістемелік нұсқаулар

      Мақсаты: дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдері
негізінде өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру.
      Міндеттері:
      - дәріс  және тәжірибелік  сабақтарында алған білімдерін тереңдету;
      - теорияны практикамен байланыстыру;
      - библиографиямен жұмыс істеу іскерлігі мен дағдыларын жетілдіру;
      - алынған білімі негізінде мәселелік сұрақтарды  өздігінен шешу;
      - психологиялық-педагогикалық бақылау жүргізудің практикалық
дағдыларын жетілдіру;
      - зерттеушілік, ізденушілік іскерліктерін жетілдіру;
      - өздігінен жұмыс істеу іскерліктері мен дағдыларын дамыту;
      - ойын еркін жеткізе білуге және оны қорғай білуге үйрету.
      Оқытушы жетекшілігімен және өздігіңізден орындайтын өздік жұмысыңыз
Сіздің курс бойынша меңгеретін біліміңізге және рейтинг бойынша жинайтын
ұпайыңызға айтарлықтай ықпал жасайтынын ұмытпаңыз, сол себепті  әрбір өздік
жұмыс тапсырмасын өзіңіз дербес орындаңыз, тапсырманы орындауға мұқият
қараңыз, әрі жауапты болыңыз.      Өздік жұмыс тапсырмаларын орындау
барысында басқадан көшіргеніңіз немесе басқаға көшірткеніңіз үшін жұмысыңыз
мүлдем есептелінбеуі немесе бағасы төмендетілуі мүмкін.
      Өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер:
   1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға
      (іштей жылдам  оқи  білу,  библиографиялық  дағдылар,  түрлі  анықтама
      әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып  алу  т.б.  )  ие  болу
      керек.
   2. Біліммен нәтижелі шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт,  орын,  тиісті
      әдебиеттер  мен  құралдардың  болуы  т.б.)  керек  етеді,  ең   дұрысы
      кітапханаларда, оқу залдарында  даялануға  дағдылану.
   3. Өздігінен білім алатын адам  нені  оқитынын  анық  біліп,  ол  жұмысты
      белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
   4.  Алғашқы  кезде  оқытушылардан,  тәжірибелі  оқытушылардан,  кітапхана
      қызметкерлерінен  ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
   5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
   6. Оқыған материалды мұқият  ұғатындай  етіп  ұғып,  түсінбеген  жерлерді
      қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
   7.  Анықтама  әдебиеттерді,  энциклопедияларды,  түрлі  сөздіктерді  қоса
      пайдаланып отыру керек.
                Әдебиеттермен жұмыс істеу әдістемесі
      Кітаппен (негізгі әдебиетпен  жұмыс  жасағанда)  жұмыс  жасауда  басты
назар  аударылады:
      1.Кітаптың сыртқы мұқабасымен танысу (кітаптың аталуы, авторы,  шыққан
жылы, баспаның аты, кітаптың редакторы, алғы сөздің  немесе  кіріспе  сөздің
авторы); оның тұтастай көлеміне;
      2. Мазмұны  арқылы  кітаптың  жоспарымен  (бөлім,  тарауларымен)  және
қандай жүйеде жазылғанымен танысу;
      3. Кітаптың алғы сөзімен, кіріспесімен мазмұнын, мақсатын түсіну  үшін
үстірт танысып шығу;
      4. Негізгі  мәтіннің  құрылымымен  (жеке  тарауларға;  мәтіннің   жеке
бөліктерге бөлінуіне (тақырыптарға, параграфтарға) танысу;
      5. Безендірілу сипатына;
      6. Қайталауға берілген сұрақтарға;
      7. Қолданылған әдебиеттер тізіміне және т.б.
Келесі кезекте назарды қосымша әдебиеттерге аударған дұрыс.
        Конспектілеу -  кітаптың мазмұнын қысқа баяндау.
        Берілген тақырыпты конспектілеуге қойылатын  негізгі талаптар:
   1.  Жазып  отырған  тақырыптан  алшақтамай,  оның  мазмұнын  нақты  ашуға
      талпыну.
   2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.
   3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын  жоспарға  сай  рет-
      ретімен жүйелі баяндауы қажет.
   4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс.
   5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.
        Сілтеме  –  бұл  белгілі  бір  автордың  ой-пікірін  өз  жұмысымызда
  пайдалансақ, онда оған сілтеме  келтіреді,  яғни  ол  әдебиеттің  тізімін
  пайдаланғаны бойынша ретімен жазу. Тезистеу -  кітаптың  негізгі  ойларын
  қысқа баяндау. Цитаталау -  мәтінді  сөзбе  сөз  көшіру.  Міндетті  түрде
  автор, кітап (жұмыс) аты, баспасы, шыққан жылы, беттері көрсетіледі.
      Реферат жазуға әдістемелік нұсқау
          Реферат – ғылыми-ақпараттық бағытта болады, тақырыпты объективті
тұрғыда толық баяндаумен қатар, онда ғылыми теориялар  мен ғылыми
қорытындыларға талдау жасалынып, сын айтылады. Реферат ғылыми теориялар мен
ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады.      Реферат ғылыми
мекемелер мен жоғары оқу орындарында қолданылады. Арнаулы орта оқу
орындары, жалпы білім беретін мектептер оқушыларының үйірме, клубтарда
жасаған баяндамалары да реферат деп аталады. Ғылыми кандидаты және ғылым
докторы дәрежесіне диссертация қорғаушының авторефераты да рефератқа
жатады.
      Реферат жазуда не ескеріледі?
      1. Таңдап алған рефераттың  тақырыбына  қатысты  кішігірім  зерттеулер
жасау. Ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге  шолу
жасау.
      2. Керек жағдайларда  оқытушымен  кездесіп,  керекті  кеңестеп  алғаны
абзал.
      3. Реферат жазуда  негізгі  мәселені  ажыратуға,  тақырыптардың  өзара
сабақтастығын тануға дағдылану.
      4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу  және  жинақтау  негізінде
таблицалар, графиктер, схемалар жасау.
      5. Пайдаланған деректер,  материалдар,  әдебиеттердің  тізімін  қайдан
алынғанын (сілтеме), қайда, қашан, қандай баспадан  жарық  көргенін  көрсету
қажет.
      6. Реферат аудиторияда талқыланады.
      Реферат мазмұны:
- тақырыпқа сай реферат құрылымының деңгейі;
- тақырыптың өзектілігі және ақиқаттылығы;
- зерттеулердің көлемі және басқа да жаңалықтардың қайнар көзі;
- мазмұнның стилі және сауаттылығы;
- рефераттың өңделуінің талапқа сәйкестілігі
      4 КУРС  ФОРМАТЫ
      Курсты оқу барысында алынған ұпай жинақталып, жалпы  саны  шығарылады.
Жиынтық бағаны шығару  үшін  әрбір  тапсырма,  сабаққа  қатысуы,  МӨЖ,  ОМӨЖ
тапсырмаларын,  тиісті  жаттығу  жұмыстарын   орындағаны   жөніндегі    ұпай
жиынтығы, кезеңдік, қорытынды  бақылау  нәтижелері  т.б.  түгел  ескеріледі.
Берілген тапсырманы уақытында орындау қажет. Тиісті   тапсырмалар  сессияның
соңғы аптасына дейін өткізілуі тиіс.  Әрбір  тақырыпты   өтілген  материалды
меңгеруде тақырып бойынша негізгі  түсініктерді  меңгеруге  мән  беру  қажет
және  сөздік жұмысы болуы керек.
      Өздік жұмыстарын орындауда берілген әдістемелік нұсқаулықтарды  ескеру
қажет, нұсқаулықтарда әрбір тапсырманың орындалу тәртібі көрсетілген.
      5 КУРС  САЯСАТЫ
      Курсты меңгеруде  қойылатын талаптар
      Әрбір   магистранттың    міндетіне   -   сабақтан   қалмау,   берілген
тапсырмаларды мерзімінде, дұрыс тиянақты орындау жатады. Сабақты босату  сол
тәрізді  өтілген   сабақты  талдауға  қатыспау   жауапкершілік  жоқ   екенін
көрсетеді, сол себепті сабаққа қатысуы мен оқу  үлгерімі  оның  оқуға  деген
қатынасын, ниетін білдіреді және осының барлығы курс бойынша қорытынды  баға
қоярда  ескеріледі.
      Берілген тапсырмалар уақытында  орындалмаған жағдайда, әрбір  тапсырма
үшін  бағаңыз кеміп отырады.  Сабаққа  келмей  қалсаңызда  баллыңыз  кемиді.
Сондықтан   сабаққа   кешікпей,   уақытында   қажетті   дайындықпен   келуге
талпыныңыз .
      Аса  себепті  жағдайлар  (науқастанып  қалу,   отбасының   жағдайлары)
болғанда  оқытушыны   хабардар етуге   және  берілген  тапсырмалардың  бәрін
де  өткізуге міндетті екеніңізді ұмытпаңыздар.
      Әрбір магистрант  өз жұмыс орнында   болып  қоймай,  өзінің  жұмыстағы
міндеттерін орындауға тиіс. Оны орындамаған магистрантқа  білімін  бағалауда
кедергілер болатынын ескерген дұрыс.
       Осы  пән  бойынша  берілген  барлық  тапсырмалар  семестрдегі   сабақ
кестесінде бекітілген  мерзімде орындалуы тиіс. Курсты оқып білу  магистрант
 тарапынан белсенді  болуды талап етеді.
      Қажет  уақытында  оқытушыдан  кеңес  алу  құқыңыз   бар.  Пән  бойынша
ұсынылған негізі  және  қосымша  әдебиеттерді   үнемі,  әрі  үзіліссіз  оқып
отыруыңыз қажет.  Өйткені тапсырманы  орындау  негізінде   немесе  емтиханға
даярлық кезінде  оқулықты  қолға  алу  сізге   қажетті  білімді  толық  бере
алмайды.
      Сол себепті толық әрі жан-жақты білім алғыңыз келсе,  семестр  бойында
бірді-екілі ғана әдебиетпен шектелмей, пән  бойынша  бар  барлық  деректерді
пайдалануыңыз     қажет.     Әрбір     сабаққа     пайдалануыңыз      керек.
     Курсты  меңгеру  барысында   жоғары  жетістікке  жетуіңіз   сіздің  оқу
белсенділігіңізге  байланысты  екендігін  еш   ұмытпаңыз.   Сабаққа   қатысу
белсенділігіңіз,  оқу  үлгеріміңіз  және  оқытушы  берген    тапсырмалаларды
сапалы орындауыңыз  сіз  үшін  межелік  бақылау  (аттестация)  және  емтихан
кезінде  көмектесетін   дау  тудырмайтын  факті  болып   табылады.    Аралық
бақылаулар алдын-ала өткен, талқыланған материал бойынша   жүргізіледі  және
оның мақсаты  теориялық білімді ұғыну  деңгейлерін тексеру.
      Емтихан сіздің теориялық білім деңгейіңізді  анықтау  емес,  керісінше
өзіңіздің  теориялық   білімізді  практикада  қолдана  алу  мүмкіндігіңіздің
көрсеткіші болады. Емтихандағы сұрақтар аудиторияларда  қарастырылған   және
өзіңіз  орындаған  тапсырмаларға  негізделеді.  Қорытында  емтихан    барлық
магистрант  үшін  міндетті болып табылады.
      Берілген тапсырмаларды орындау барысында  тиым салынады:
 - біреудің жұмысын көшіріп өткізуге ;
 - өзінің тапсырмасын басқа адамдарға орындатуға ;
 - жұмысты белгіленген мерзімнен кешіктіруге;
 - топ болып орындаған тапсырмаларды  орындауға қатыспай  балл  талап  етуге
   және т.б. әрбір оқытушы әр магистранттан оның оқуға деген  қатынасы  және
   мінез-құлқы, тәртібі  ЖОО талабына сәйкес болуын  үлкен үмітпен күтеді.


      6 БАҒАЛАУ САЯСАТЫ
      Бір академиялық кезеңге 600 балл берілед: 300 балл 1-7 апталарға; 300
  балл 8-15 апталарға.
         «Жоғары   мектептегі   психологиялық   және   педагогикалық   оқыту
технологиялары» пәні бойынша баллдың бөлінуі
                                                                     Кесте 2
|Апта  |Бақылау түрі        |Балл жиыны                  |Ескерту           |
|1     |2                   |3                           |4                 |
|      |1-8 апта бойы       |30                          |                  |
|      |дәріске қатысу      |                            |                  |
|3     |Тәжірибелік         |25                          |                  |
|      |Тәжірибелік         |25                          |                  |
|4     |                    |                            |                  |
|      |СӨЖ                 |40                          |                  |
|5     |Тәжірибелік         |25                          |                  |
|6     |Тәжірибелік         |25                          |                  |
|      |СӨЖ                 |50                          |                  |
|      |Рубеждік бақылау    |80                          |                  |
|                          |300                         |                  |
|1-8 апта бойынша барлық   |                            |                  |
|балл саны                 |                            |                  |
|      |8-15 апта бойы      |30                          |                  |
|      |дәріске қатысу      |                            |                  |
|9     |Тәжірибелік         |15                          |                  |
|10    |Тәжірибелік         |15                          |                  |
|11    |Тәжірибелік         |15                          |                  |
|      |СӨЖ                 |40                          |                  |
|12    |Тәжірибелік         |15                          |                  |
|13    |Тәжірибелік         |20                          |                  |
|14    |Тәжірибелік         |20                          |                  |
|      |СӨЖ                 |50                          |                  |
|15    |Рубеждік бақылау    |80                          |                  |
|8-15 апта бойынша барлық  |300                         |                  |
|балл саны                 |                            |                  |
|Емтиханға балл            |400                         |                  |
|Академиялық мерзімге      |1000                        |                  |
|жиынтық балл              |                            |                  |




      Пән бойынша дәріс сабағы, тәжірибелік сабақтар,  ОСӨЖ,  СӨЖ  жұмыстары
арнайы көрсетілген, белгіленген баллдар негізінде бағаланады.

                                                                     Кесте 3



1
ап
та2
апта3 апта4 
апта5 
апта6 апта7 апта8 апта9 апта10
апта11
апта12
апта13
апта14 апта15
аптаДәріс-Тәжір-25252525151515152020СӨЖ--4050--40-50Рубеж8080Барлы
ғы-256525758015155515207080Барлы
ғы-270270
 Емтихан түрінде өткізілетін қорытынды бақылауға 400 балл беріледі. Академиялық кезеңдегі баллдың  жалпы жиыны - 1000 балл. Пән бойынша аудиториялық сабақтарға: (дәріс, тәжірибелік) 30 балл беріледі, оны оқытушы электрондық журналда белгілейді. Дәріс сабақтары бойынша балл берілмейді. Бірінші межелік 7 аптада өткізіледі, екінші бақылау 15 аптада өткізіледі.



7 ӘДЕБИЕТТЕР
                7.1.Негізгі әдебиеттер:
7.1.1 Новые педагогические и информационные технологии в системе образования /Под ред. Е.С.Полат .-2-е изд..-Москва,2005.
7.1.2 Мухина С.А. и др. Нетрадиционные педагогические технологии в обучении.- Ростов-н/Д,2004.
7.1.3 Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы мен технологиясы :Оқу құралы.-Алматы,2003. 
7.1.4 Хуторской А.В. Педагогическая инноватика: учеб.пособие.-Москва, 2010. 
7.1.5 Селевко Г.К. Педагогические технологии на основе информационно-коммуникационных средств – М., 2005.
7.1.6 Селевко Г.К. Энциклопедия образовательных технологий. – М., 2006. 
7.1.7 Ростовцев Н.Н. О педагогической деятельности и методах преподавания: Мемуарные записи. - Омск., 2002, 248 с.
7.1.8 Педагогика + ТРИЗ :сборник ст. Для учителей /под ред. А.А. Гина.-Москва,2000.
7.1.9 Хуторской А.В. Методика личностно- ориентированного обучения :как обучать всех по- разному?.-Москва,2005.-383с.
7.1.10 Реан А.А., Бордовская Н. В., Розум С. И. Психология и педагогика учебник для вузов.-Москва,2002.
7.1.11 Подласый И.П. Продуктивная педагогика: Книга для учителя.-Москва, 2003.- 496с
7.1.12 Волков К.Н. Психология о педагогических проблемах: кн. Для учителя. - Москва, 1981. – 128 с.
7.1.13 Якушева С.Д.    Основы педагогического мастерства. - Москва. 2008.
7.1.14 Занина Л.В., Меньшикова Н.П. Основы педагогического мастерства.- Ростов, 2003.
7.1.15 Митин Л.М. Профессиональная деятельность и здоровье педагога.-Москва,2005.
7.1.16 Сейтешев А.П. Избранные педагогические произведения. – Алматы, 2008. – 389 с.
 7.2 Қосымша әдебиеттер:
7.2.1 Әбиев Ж.Ә. Педагогика. -Алматы, 2004.- 443б.
7.2.2 Педагогика :Курс лекций /Г.Т. Хайрулин, Н.Д. Хмель, В.В. Трифонов и др.-Алматы,2003.-366с.
7.2.3 Подласый И.П. Педагогика.Кн.1.Общие основы. Процесс обучения :учеб.для вузов.-Москва,2004.-574с.
7.2.4 Подласый И.П.Педагогика.Кн.2.Процесс воспитания :учеб.для вузов.-Москва,2004.-574с.
7.2.5 Педагогика :учебник для пед. Вузов /под ред. П.И. Пидкасистого.-Москва, 2004.-604с.
7.2.6 Сластенин В.А. Педагогика :учеб.для вузов /В.А.Сластенин, И.Ф.Исаев, Е.Н.Шиянов.-Москва,2004.-567с.
7.2.7 Кукушин В.С. Введение в педагогическую деятельность :учеб. Пособие .-2-е изд.-Москва, 2005.-255с.
7.2.8 Яновицкая Е. Большая дидактика и 1000 мелочей в разноуровневом обучении .-Санкт-Петербург,2005.-96с.
7.2.9 Беляева В.А. Деятельность педагога-методиста в системе муниципального образования :методические рекомендации.-Москва, 2005.-159с.
Пәндер