Файл қосу
Мемлекеттің функциялары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | | |3 деңгейлі СМЖ құжаты |ПОӘК | | | | |ПОӘК 042-14-3-04.104 | | | |-2009ж | |ПОӘК |№ 1 баспасы | | |«Мемлекет және бизнес» |30.09.2009ж | | |пәні бойынша | | | |оқу-әдістемелік | | | |материалдар | | | 050510 – Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған «МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ БИЗНЕС» ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей 2009 Мазмұны 1. Глоссарий 2. Дәрістер 3. Практикалық сабақтар 4. Магистранттардың өздік жұмысы 1. Глоссарий. Акциз- салық төлеудің бір түрі, ҚР-на кіретін бөлек тауарларға арналған және таможня органдардан алынған салық. Шетелдік валюта: ақшалай белгілер банкноттық түрде, монеталар, шетел мемлекет территориялардағы заңға сәйкес қолданылатын қолма-қол есеп айырысу сонымен қатар валюта айырбастауға мүмкіндігі бар; Сыртқы сауда: ішкі тауарлар арасындағы, келісімшарттар, ұсыныстар, информация береді. Тауарды импорттау – ҚР-ның таможняя территориясына тауарларын кіргзу, қайта шығаруды қамтамасыз естпеу. Квоталық импорттау – импорттық тауарлар саны мен бағасы арасындағы қарым-қатынас. Иформация, коммерциялық құпия – техникалық, технологиялық, саудалық, қаржы-экономикалық және басқа да ұйымдардың құпиялары, информацияны білетіндер және бұл құпияға заңға сәйкес білетін болса, ел коммерциялық құпияны сақтау керек. Коммерциялық құпия- құпия информация, информацияны білетін өзінің кірісін жоғарлатады, шығысын азайтады, тауарлар нарығында сақтау, жұмыс, ұсыныстарды және коммерциялық пайда табу керек. Лицензия - рұқсат қағаз, экспортқа мен импорқа мемлекеттік органдардан алынатын рұқсат қағаз. Тауарға жағымды баға - тауарларды жағымды бағаға сату. Шығыстар - штелдік тауарларға қайтадан переработка жасауға келмейтін тауар. Саясат - әлеуметтік топтармен, ұлттармен, кластармен, ядро мемлекеттік проблема. Келісім - заңды немесе жеке тұлға арасындағы келісім, өзгерістер мен тоқтатуды құқылы. Электрондық құжат- құжат, информация электрондық - саңдық түрде көрсетіледі. Отандық тауар- бұл тауар ҚР ішінде шығарылған таза өнім. Электрондық сандық қол - электрондық құжаттың бір түрі, жасанды электрондық құжаттардан сақтау. Көптеген қиын жағдайлар болса сандық электрон қорғап қалады. Приватизация-мемлекеттік меншігінлігі заттарды граждандарға беру. Резидент - жеке тұлға ҚР азаматтығы бар, бірақ шетелдік мемлекетінде сәйкес өмір сүруші. Сертификат-бұл құжат техникалық құрылымы мен стандартты келісім-шартта көрсетілген. Кедендік ақша - ақша ҚР шығарылған тауарға немесе кірген тауарға төленетін төлем құралы. Экономикалық саясат- бұл саясаттың белгілі бір бөлігі, мемлекеттің ең маңыздысы экономикалық саясатта халықтың әлеуметтік жағдайын бақылаймыз. Экспорт - кедендік режим тауар-экспорт сонымен қатар шығарылатын тауар болып табылады немесе сол мемлекеттің кеденінен шыққан нәрсе. Юрисдикация- құжат, ақпараттық жйүе бойынша қарастырылады. 2. Дәрістер 8.1. Мемлекет және бизнес пәні бойынша дәрістер жинағы: Тақырып 1. Мемлекеттің әрекет етуінің экономикалық аспектілері Экономика мен саясат арасындағы қарым-қатынас. Саяси императивтер. Экономикадағы мемлекеттің ролі туралы көзқарастар эволюциясы. Нарықтық экономика концепциясы және қоғамдық жағдайдың алғашқы негіздері. Мемлекеттің экономикалық ролінің артуы. Мемлекеттің функциялары. Кейнс теориясы және мемлекеттік-монополиялық саясат. Мемлекеттің экономикаға әсер ету формалары мен әдістері. Директивті және көмекші реттеу. Үкімет пен жергілікті билік орындарының функцияларын шектеу. Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарындағы реформалар. Қазіргі жағдайда «экономика» анықтамасы келесі аспектілерді қарастырады: 1. қоғамның экономикалық базисы, құқықтық қарым-қатынас жиынтығы; 2. мемлекеттің халық шаруашылығын; 3. экономика саласындағы қарым-қатынас ерекшелігін. Экономика – бұл өз өмірлерінің материалдық шарттарын қамтамасыз етумен байланысты адамдардың барлық қызметі. Экономика дегеніміз қоғам санасындағы формаларын анықтайтын саяси қондырмасы бар нақты базис. Саясат – бұл мемлекеттік істерді жүргізу, әлеуметтік топтар, ұлттар арасындағы қарым-қатынас, ол мемлекеттік билікті атқаратын орталық бөлім. Экономика мен саясат келесі қарым-қатынасты білдіреді: 1. саясат дегеніміз бұл экономиканың байытталған көрінісі; 2. саясат экономикадан озық болуы мүмкін емес; Экономикалық саясат – бұл жалпы саясаттың негізгі бөлігі, мемлекет шешетін экономикалық шаралардың жиынтығы. Экономикалық саясат қоғамдағы экономикалық стратегия мен экономикалық тактикадан тұрады. Экономикалық саясатты жүзеге асыруда мемлекеттік экономикалық қызметіне ерекше маңыз береді. 2. Мемлекет – бұл қоғамды басқару қызметін атқаратын саяси институт. Нарықтық экономикадағы мемлекеттік рөлі келесі функциялар арқылы белгіленеді: 1)Құқықтық негіз құру. Мемлекет меншік құқығын, кәсіпкерлік қызметті реттейтін, өнім сапасын анықтайтын және т.б. белгілейтін заңдар дайындайды және қабылдайды. 2)Ұлттық қауіпсіздік және мемлекет ішінде тәртіп сақтау. Мемлекет қоғамның, нарықтық экономика субъектілерінің, жеке адамдардың қорғау және құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету керек. 3)Экономиканың тұрақтануы. Тұрақтылық – бұл экономиканың тұрақты дамуының кепілдігі. Тұрақтылыққа жету үшін фискалдық саясат, қаржы- несиелік, ғылыми-техникалық және инвестициялық саясаттарын жүргізу жолдарын жақсарту. 4)Әлеуметтік қорғау және кепілдік беруді қамтамасыз ету. Мемлекет әлеуметтік саясат жүргізу арқылы өз тұрғындарына қартайғандарға зейнетақы, жұмыссыздар пенсия, жұмысшыларға еңбек ақы минимумы, мүгедектерге зейнетақы. Мемлекет мұндай саясат жүргізе тұра, өз мемлекеті ішінде барлық азаматтарына өмір сүру деңгейімен қамтамасыз етеді. 5)Бәсекелестікті қорғау. Бәсекелестік – нарықтық шаруашылықтың негізгі реттеушілерінің бірі. Ол экономиканың барлық сферасында дамудың негізі болып табылады, себебі ол тауар өндірушілерді және қызмет көрсетуде өнімнің сапасын жоғарылатуға, жаңашылдықтар енгіздіреді. Мемлекет барлық күшімен бәсекелестікті қолдауға тиіс. 6)Шаруашылық заңдылықты дайындау, қабылдау және орындалуын ұйымдастыру, яғни кәсіпкерлік, салық салу, банктік жүйенің құқықтық негізі. Осы қызметті жүзеге асыру үшін мемлекет өзінде бар барлық ресурстар мен рычагтарды қолданады. Қазіргі кезде дамыған нарықтық экономика мемлекеттің әсерінсіз өмір сүре алмайтынын қоғам түсінген. 3. Экономикалық реттеу – мемлекеттің экономикалық ролінің бір жағы ғана. Мемлекет өзінің өмір сүруімен (әскерімен, полиция, түрме, басшылығымен) мықты экономикалық фактор бола алады. Мемлекеттің экономикаға белсенді әсер етуі – жаңа экономика дамуының экономикалық факторы. Мемлекет экономикалық дамудың барлық моделінің қызметі сәтті болу үшін жағдай жасауы тиіс. Әр мемлекеттің ең басты міндеті нарықтық механизм қызметін жеңілдету және қолдау көрсету, кемшіліктерінің орнын толтыру, нарықтың апаттарына табиғи реттеу жасау болып табылады. Мемлекеттік реттеу осы міндеттерді атқарады. Экономиканың мемлекеттік секторы ХХ ғасырда өзіне базалық салалардың біраз бөлігін қоғамдық мазмұны бар кәсіпорындар ғылыми кәсіпорындарды қосады. Мемлекеттің қаржылық жүйесі өте маңызды рөл атқарады. Қазіргі заманғы мемлекеттік реттеудің келесідей мақсаттарын анықтайды: • өндірістің экономикалық дамуын қамтамасыз ету • экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету • экономикалық және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету. Тақырып 2. Мемлекет және бюрократиялық нарық Бюрократизмнің тарихи тамыры мен мәні. Қазақстандағы бюрократизм элементтері. Бюрократия және демократия. Бюрократизмді жеңудің маңызды құралдары. Бюрократиялық нарық концепциясы. Коммерциялық емес ұйымдардағы бюрократизмді анықтаушы факторлар. Әкімшілік рента. Ұжымдық әрекеттердің логикасы. Қоғамдық таңдау теориясы. Институционалды емес қатынастар. Лоббирование мәні. Қазақстандағы және АҚШ-дағы лоббирование. 1. «Бюрократия» термині француз тілінен аударғанда «кеңселік үстем» деген мағынаны білдіреді. Жалпы «үстемдік» құпиясын ашу оңай емес. Сонымен қатар, жалпы тарихта оның өлмейтіні жайлы айтады. Бірақ та бюрократияның өмір сүруі оның тамыры мен өмірлік күшін табуға көмектеседі. Алайда басқа жағынан алғанда бюрократия – мемлекеттік аппараттың шынайы функциясын қоғамдық өмірден ұйымдастырушылығынан бөлініп алынған бөлігі. Бірақта бюрократияның еркіне бюрократиялық әдіс біртіндеп мекеменің барлық органдарының қайраткерлеріне енетіндіктен мемлекеттік аппараттың функционалдануы тәуелді болады. Жалпы бюрократтар – бұлар ерекше үстемдігі жоқ жұмысшылар болып табылады. Бюрократия – бұл тек қана адамдардың үстінен объективті заң арқылы үстемдік етудің көптен бір бөлігі болып табылады. Алайда үлкен көлемдегі қоғамдық басқару қажеттілігі бар және де ең маңызды рөл дамыған индустриалды технология болатынын ауыспалы экономикада басқарудан кеткен қоғамда бюрократизм болады. Сонымен қатар, көзқарастардың бірі: бюрократизм негізгі экономикалық және саяси-идеологиялық себепке ие болған жоқ. Басқарудың кемшілігі, жоспарлау, жабдықтау жұмысшылардың нақты бөлігінің саяси және өнегелі сананың кемшілігінен жеке бюрократтарға қатысты қатаң әкімшілік шаралардың жоқтығымсен. Жалпы екі көзқарастың негізгі айырмашылықтары келесідей болып көрсетіледі: бірінші ұстанымда бюрократизмі барлық кемшіліктерін түзей отырып тамырлауға мүм кін болады; екінші көзқарастың ұстанымынджа бюрократизмі толығымен жою мүмкін емес және бюрократиялық беталыстары іске қосатын негізгі таралу шегіне қарсы күрес қойылу керек. Бюрократизмінң тамыры – бұл әлеуметтік қоғамның құрылымынан саяси және әлеуметтік-экономикалық қатынастардың үстемділінен туындайтын себептері. Бюрократизм өзінің тұрмыстық түрлерінде, ғасырлар бойы үстемдік жағдайда қаралған: формализм әлеуметтік сатыда төмен тұрғандарды кемсіту және ондағы жоғарғы дәрежедегілерді көрсету болып табылады. Сонымен қатар, жалпы әлеуметтік бюрократияның жеке элементтері: • Саяси аппараттардың шыңы; • Шаруашылық басқару; • әскери-басқармалардың кешендерін басқару. Басқару аппаратындағы бюрократизмінің себептері: |Себептер |Себептердің нақтылануы | |ұйымдастырушылық |Шаруашылық органдардың ауысуы көптеген құжаттар | | |көмегімен іске асыру процесс. Шаруашылық басқару | | |әдістері мен тәжірибелік тұлғалық түрдің қолдануы | |әлеуметтік |Жұмыс істеу аппаратындағы демократиялық әдістер мен | | |түрлердің дамығандығы, жұмысшылардың бағалау жүйесін | | |жария ету, басшыларды мамандану деңгейінде төмендету | |құқықтық |Шаруашылық органдар мен басшылары арасындағы | | |анықталған құқықтық негіздің жоқтығы | |ақпараттық |Ақпаратты енгізу және шығаруға, сақтауға, өңдеуге | | |жинау үшін қазіргі заманға техникалық негіздер жоқтығы| Жалпы бюрократизмнің формаларын қоғамдық түрде жүзеге асыру барысында, жалпы неғұрлым ұйғарымды болуы тиіс. Сонымен қатар басқару аппараттар жүйесі бюрократиялық екі түрден тұрады: технологиялық және әлеуметтік. Негізгі бюрократияның технологиялық және де әлеуметтік негізгі бюрократияның технологиялық басқару процессін құрайды, және де бұнда тікелей түрде бағытталған: Біріншіден, өзін-өзі басқару бюрократияның технологиялық және органикалық мүмкіншіліктерін қолдану барысында талап етілген. Екіншіден, жалпы басқару шаралары барлық жерде негізгі ұйғарымды түрде жүзеге асырылады, сонымен қатар басқарушылардың өкілетті - өкілі субъектілердің және де негізгі басқару субъектілерін жоғарғы және төмен ретінде қарастырылған. Үшіншіден, басқару мүмкіншіліктері, басқару аппараттарын барлық сатып алушыларға әрқашанда қанағаттанады. Төртіншіден, алайда өзін-өзі басқару мүмкіншіліктері бюрократиялық формаларын жасау, яғни бұл әлеуметтік жағынан қызметтерін өзгерту болып табылады. Сонымен қатар, бюрократияның технологиялық басқару жүйелері технологияны жетілдірумен қатар ұйымдастырушы аппараттарымен қатар, материалдық базаларды жоғарғы сапалы түрде дайындау мен қатар кадрларды да енгізу және тағы басқа сияқты тұжырымдамалар енгізілген. Сондай-ақ тарихи технологиялық мінездемелер ретінде, басқару технологиялық мүшелері ретінде әртүрлі қоғамдық даму кезеңдерінде басқарудың мәдени айырмашылықтары болып табылады. 2. Қазіргі кездегі бюрократияның басқару әлеуметтік жүйедегі шарттарын мемлекеттің әлеуметтік үлгілерін көрсетуге болады. 1. Әлеуметтік ерекшеліктері, яғни бұл мемлекеттердің әлеуметке сәйкес келуі, сонымен қатар леуметтің кәсіпкерлік және де мемлекеттік аппараттарды жалпы қоғамдық түрде қарастырылады. 2. Алайда ұлттық өнімді үстемдік ретінде қарастыруға болады, сондай-ақ өзін- өзі басқару және демократиялық даму барысында мемлекеттік меншік әлеуметтік жағынан белгілі бір ортаға тән. 3. Мемлекеттің негізгі үстемдік формалары бұл негізгі меншіктік аппараттардың формалары бюрократияның негізгі процесс ретінде байланысты болып табылады. 4. Сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтердің саяси басқару аппараттарын қолдануға тиіс. 5. Сонымен қатар мемлекеттік құқықтық – бұл жалпы мемлекеттің әлеуметтік яғни көптеген бюрократиялық процестер болып саналады. 6. Сондай-ақ бюрократия монархиялық салт-дәстүрлерін кеңінен қатаң түрде қолданылған. Жалпы бюрократиялық себептері: - сондай-ақ келісу мөлшерде (яғни бұнда мемлекеттік аппараттарды қолдану); - қорлар балансты қажет ету үшін пікірлер қолданылады; - техникалық және технологиялық басқарулар. Алайда бюрократиялық ұйымдастыру бұл арнайы басқару шараларында жүзеге асырылады. Жалпы бюрократиялық элементтер барысында насихаттау және жарнамалау шетелдік тәжірибеде мемлекеттің бюрократиялық жүйедегі тиімділік маңызы болып табылады. Мемлекеттік және бюрократиялық нарықтарда көптеген әлеуметтік ерекшеліктер мен мемлекеттік аппараттардың негізгі функционалды болып табылады. Жалпы әлеуметтік қоғамдарда саяси құрылымдар жүзеге асырылады. Тақырып 3. Мемлекет және нарыққа трансформациялану кезіндегі спонтанды либерализация Экономикалық жүйелердегі бұйрықты және спонтанды тәртіптер қатынасы. Аралас қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет. Өтпелі экономика модельдері. Өтпелі экономикадағы мемлекет фунцияларының модификациясы. Экономиканы мемлекеттік реттеудегі сүрінулер.Трансформация шығындары. Ресей мен Қазақстанның мемлекетшілік тәжірибесі. Мемлекетшіліктің болашағы. Тақырып 4. Экономиканың мемлекеттік секторының мәні Қоғамдық игіліктер және қызмет көрсетулер. Фрирайдерство мәселелері. Мемлекеттік-монополиялық экономиканың мәні, оның нәтижелері. Демонополизация. Меншік және нарықтық қатынастар жүйесіндегі экономикалық көзқарастар. Нарыққа көшу жағдайындағы мемлекеттік меншік. Мемлекеттік кәсіпкерліктің экономикалық мәні. Экономиканың мемлекеттік секторларын либерализациялаудағы Еуропалық бірлестіктің тәжірибесі. Тақырып 5. Кәсіпкерліктің мәні және қалыптасуы, оның қазіргі қоғамда алатын орны. 1. Кәсіпкерліктің мәні және негізі 2. Кәсіпкерліктің түрлері 3. Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі түрлері 1. Кәсіпкерлік жеке және заңды тұлғалардың пайда, табыс алуға бағытталған өзінің тәуекеліне, өзінің мүліктік жауапкершілігіне өз атынан жүзеге асатын бастамалық, еркін қызметі. Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік – адамның еркін өмір сүру түрі. Кәсіпкерлерге бизнеспен айналысатындардың барлығын жатқызады. Кәсіпкерлік мемлекеттік секторды есепке алғанда барлық экономика сферасында көрінуі мүмкін. Бизнес жеке кәсіпорындарда және акционерлік компанияларда (мемлекеттік қалыптастырусыз) істі коммерциялық жүргізу. Шетелде шағын бизнес деп жеке кәсіпкерлікті түсінеді. Кәсіпкерлік субъектілер жеке тұлғалар немесе әріптестердің бірігуі болуы мүмкін. Кәсіпкерлік субъектілер ретінде жеке тұлғалар жеке және жанұялық кәсіпорындарды ұйымдастыру жолымен шығады. Мұндай кәсіпорындар өз еңбектерінің шығындарымен шектелуі немесе жалдамалы еңбекті қолдануы мүмкін. Кәсіпкерлік субъектілері ретінде әріптестерді біріктіру әртүрлі шаруашылық ассоциациялар, жалдамалы ұжымдар, ашық және жабық түрдегі акционерлік қоғамдар, әртүрлі серіктестіктер. Кәсіпкерліктің маңызды белгілері: - шаруашылық субъектілердің еркіндігі және тәуелсіздігі, кез келген кәсіпкер кез келген сұрақ бойынша құқықтық норма шегінде шешім қабылдауға еркін. - Экономикалық қызығушылық. Кәсіпкердің басты мақсаты ең үлкен мүмкін пайданы алу. - Шаруашылық тәуекел және жауапкершілік. Кез келген дәл есептеулерінде де тәуекелді анықтау мүмкін емес. Кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін белгілі жағдайлар қажет: - Экономикалық. Экономикалық жағдай тұтынушылар сатып ала алатын тауар түрлері, тауарды ұсыну және оларға сұраным, ақша қаржыларының көлемі, жұмыс орындарының көп болуы немесе жетіспеуі, жұмысшы күші, қызметкерлердің еңбек ақы деңгейі. - Құқықтық жағдай кәсіпкерлік қызметті реттейтін, кәсіпкерлікті дамыту үшін ең қолайлы жағдай жасайтын заңдардың болуы. - Әлеуметтік жағдай жеке тұлғаның жұмысқа қатынасына әсер етеді. Ол өз кезегінде бизнестің ұсынған еңбек ақы шамасына, еңбек жағдайларына қатынасына әсер етеді. 2. Кәсіпкерліктің түрлері: 1. Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынадлай түрлері болады: өндірістік, коммерциялық қаржылық және кеңестік. 2. Меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі. 3. Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе ұжымның құрамы болуы керек. 4. Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: 1) ұжымдық-құқықтық; 2) ұжымдық экономикалық. Ұжымдық-құқықтық кәсіпкерліктер. 1. Серіктестіктер – адамдардың бірлестігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді. Олар: 1) жауапкершілігі шектелмеген серіктестік, 2) командитті (сенімге негізделген) жауапкершілігі шектелген серіктестік. Ұжымдар өздерінің қаражаттарымен бірігеді. Шектелген жауапкершілікті қоғам мүшелері ұжымның міндеттемелеріне жауап бермейді. Олардың жауапкершілігі өздерінің қосқан пайдаларының мөлшерінде болады. Ал қосымша жауапкершілігі бар ұжымдар өздерінің барлық дүние-мүлкімен жауапты. 2. Акционерлік қоғамдар: ашық және халықтық түрде болады. Кәсіпкерліктің ұжымдық-экономикалық формалары: 1. Концерн – көпсалалы акционерлік қоғам, әртүрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алды. 2. Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу. 3. Консорциум – бұл ірі қаржы операцияларын істеу үшін (мысалы, өте ірі жобаға инвестиция) біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі. 4. Синдикат – бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру. 5. Картель - тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері жөнінде келісім. 6. Қаржы-өнеркәсіп тобы – банк, сақтандыру және сауда капиталының бірлестігі. 3. Қазір Қазақсатнда мынадай ұжымдық-құқықтық формалы кәсіпкерліктер құрылуда. 1. Шаруашылық серіктестік – толық серіктестік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді. 2. Коммандиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен бір немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады. 3. Шектелген жауапкершілікті қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекелін өздерінің үлестерімен жауап береді. 4. Қосымша жауапкершілігі бар қоғам. Қоғам міндеттемелеріне өздерінің заттарымен жауап береді. 5. Ашық және жабық акционерлік қоғам. 6. Өндірістік кооперативтер – ерікті түрде біріккен қоғамдар. 7. Унитарлы кәсіпорын – коммерциялық мекеме, меншіктік құқығы жоқ. Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалдық болады. Тақырып 6. Жекешелендіру жеке меншік секторын құрудың факторы ретінде. Жекешелендіру дегеніміз меншікті мемлекет иелігінен алу және оны жеке меншікке өткізу. Жекешелендірудің субъектісі – жеке азаматтар, заңдық мағынада – кәсіпорындар мен ұйымдар. Жекешелендіру субъектісі еңбекшілер ұжымы болуы да мүмкін. Жекешелендіру объектісі – мемлекеттік мүлік, оның ішінде өндірістік, материалдық айналым қорлары, мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы активтері, тұрғын үй қоры т.б. Жекешелендірудің мақсаты: - өтпелі мақсатты алға тартып, жеке меншік топтарын құру; - мемлекеттік кәсіпорын мүліктерін жеке адам мен коммерциялық құрылымдарға мемлекеттік бюджетті толтыру үшін сату. Халықаралық практика көрсеткендей жекешелендірудің ек варианты бар: - «қатаң» вариантты жекешелендіруді қарқынды жүргізу. - «жұмсақ» вариантты жекешелендірудің ақырындап жүргізу. Жекешелендіру – мемлекеттің меншіктің жеке меншікке өзгеру ретінде өтпелі экономика кезінде ТМД елдерінде ғана, Шығыс Еуропада және нарықтық экономикасы дамыған елдерде: Ұлыбритания, Франция, Германия, АҚШ-та кеңінен қолданылады. Қазақстандағы жекешелендіру екі кезеңмен жүргізілді: бірінші кезеңде тұрғындардан қайтаруды қажет етпейтін тұрғын үй купонын қолдана отырып, үйлерді жекешелендіру жүзеге асты; екінші кезеңде тұрғындар қайтарылмай басқару жүйесі кезінде мемлекеттік меншік түрі өте қатты дамыды. Практика көрсеткендей, меншікті мемлекеттендірудің басты екі олқылығы болды: а) еңбек адамы сол меншіктің билеушісі (иегері) жағдайын жоғалтады және оны тиімді қолдануға жігерленбейді. ә) өндірісті басқаруда бюрократтану жүріп экономиканың артықшылығы топталады. Меншік құқығы экономиканы мемлекеттен иалу жекешелендіру арқылы жүргізіліп, мемлекеттік мүліктер азаматтарға берілді. Ұлттық бағдарламаға сай ҚР мемлекеттен меншікті алу мен жекешелендіру төрт кезеңде жүргізілді: - бірінші кезең – 1991-1992 жылдар; - екінші кезең 1993-1995 жылдар; - үшінші кезең – 1996-1998 жылдар; - төртінші кезең – 1998-2000 жылдар. Қазақстан Республикасында мемлекеттен алу мен жекешелендірудің негізгі мақсаты мынада: - шаруашылық субъектілерінің тиімді түрі ретінде жеке меншік топтарын қалыптастыру; - бәсекелестік ортаны құрып, өндірісті монополиясыздандыруды қамтамасыз ету; - шағын және орта бизнесті дамыту; - шет мемлекет өзіне тарта білетін, жеке бизнес басымырақ ұйымдық- шаруашылық құрылымды қалыптастыру; - бағалы қағаздар нарығының субъектісі ретіндже инвестициялық құрылым жүйесін дамыту және нығайту. Қазақстан Республикасының ерекше меншік объектілерін жекешелендіруге жатпайды. Олар – жер, оның байлығы, су, әуе кеңістігі, өсімдік пен жануарлар дүниесі, елдің тарихи және мәдени құндылықтары. Мемлекеттен меншікті алу – жай емес, кең көлемді процесс. Ол мемлекеттік кәсіпорынның мемлекеттік емес меншік түрінің саласына ауысуын қарастырып, акционерлік, кооперативтік және жеке кәсіпорындардың құрылуын көздейді. Мемлекеттен меншікті аллудың мақсаты - әртүрлі меншік түрінің қалыптасуына, бәсекелсетік пен кәсіпкерліктің және әлеуметтік бағытталған нарықтық экономиканың дамуына бірдей жағдай жасау. ҚР мемлекеттік меншік объектілерін мемлекеттен алу мен жекешелендірудің төмендегідей түрлері қолданылады: а) мемлекеттік кәсіпорын мүлігін жалға беру; ә) жалға берілген мемлекеттік кәсіпорын мүлгін сатып алу; б) мемлекеттік меншік объектілерін коцепсияға беру; в) мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғам немесе серіктестік ретінде құру; г) еңбек ұжымы мүшелерінің мемлекеттік кәсіпорын мүлігін сатып алуы; ғ) мүліктері мемлекеттік меншікке жатпайтын мемлекеттік кәсіпорын мүлігін заңды тұлғаға және азаматтарға конкурс немесе аукцион арқылы сату. Жекешелендірудің төмендегідей тәсілін айтуға болады: а) аукциондық, жекешелендірілетін меншікке кім жоғарғы баға ұсынса соған сатылады; ә) конкурстық-таңдау сатушының ойынша дұрыс жағдай ұсынған сатып алушыға артықшылық көрсетіледі; б) кәсіпорын акциясын ересек тұрғындарға беру; в) купондық тәсіл. Қазақстандық модельдің негізгі ерекшеліктері: 1.Жекешелендірілген инвестициялық купондарды қайтарымсыз үлестіру; 2.Жекешелендірілген инвестициялық купонды тек қана инвестициялық –жекешелендіру қоры арқылы қолдану мүмкіндігі болды. Тақырып 7. Жеке кәсіпкерліктің экономикалық механизмін жетілдіру жолдары. Кәсіпкерлікті экономикалық ынталандыру факторлары. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу. Тақырып 8. Шағын бизнесті дамыту және қолдау жүйесі. 1. Шағын кәсіпкерліктің эконоимкалық мазмұны 2. Шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік саясаты Шағын кәсіпкерлік қоғамның экономикалық және әлеуметтік прогрессінің маңызды факторы болып табылады. Шағын кәсіпорындар бастапқы ірі инвестицияны талап етпейді және ресурстардың айналымының жоғары жылдамдығына кепіл береді, экономиканың құрылымын өзгерту мәселелерін тез және тиімді шешуге қабілетті. Нарық конъюнктурасының өзгерісіне оперативті жауап беріп, шағын кәсіпкерлік экономикаға қажетті икемділік береді. Ол экономикадағы бәсекелестік ортасын қалыптастыруға елеулі үлес енгізуге қарағанда, сұраным мен ұсынымның өзгерісіне тез үн қосуға және осы есептен нарыққа қажет тепе-теңдікті қамтамасыз етуге қабілетті. Шағын кәсіпкерлікті дамыту аралас экономикаға икемділік беріп, әртүрлі нысандағы меншікті және оларға тән шаруашылықтың баламалық үлгілерін үйлестіріп, жалпы әлемдік үрдіске жауап береді, онда бәсекелес нарық механизмін күрделі синтезі және ірі және ұсақ өндірісті мемлекеттік реттеу жүзеге асады. Шағын кәсіпкерлік саласы – бұл көбіне эконоимкалық өсу қарқынын, жалпы ұлттық өнімнің құрылымын және сапасын анықтайтын ұлттық эконоимканың жетекші салаларының бірі. Ол әлеуметтік құбылыс белгілерін иеленеді, өйткені халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді және жұмыссыздық пен кедейлікті азайтады. Нарық конъюнктурасы – нарықта қалыптасқан экономикалық жағдай: сұраным мен ұсыным, баға, сату көлемі, пайыз мөлшерлемесі, валюта курсының және т.б. деңгейі. Шағын кәсіпкерлікті дамыту қаржы, материал құралдарына және табиғи ресурстарға ұқыпты қатынасты, шаруашлықы істегі жаңа ойлауды қалыптастыруға қабілетті. Қазақстан Респубьликасында шағын кәсіпкерлікті дамытуға объективті қажеттілікке назар аударылады. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау үй-жай, жабдық беру, мемлекеттік тапсырыс тарату, кепіл зат ұсыну жолдарымен жүзеге асады. Шағын кәсіпкерлікті қаржы-несиелік ынталандыруды, оның субъектіленрін несиелеудің бағдарламасын жасайтын және қолданатын коммерциялық банктер жүзеге асырады. Шағын кәсіпкерліктің дамуын қолдау мен ынталандыру шаралары қызметін лизинг пен франчайзинг атқарады. Лизингтің дамуы рухани және табиғи тозған негізгі қорларды ауыстыру қажеттілігіне және шағын кәсіпорындарда жаңа техника мен технологияны сатып алу үшін жеткілікті қаржылардың шектеулігіне байланысты. Франчайзинг – шағын кәсіпкерлікке белгілі уақыт ішінде және белгілі орында кәсіпкерлік қызметті жүргізуге берілген бас компанияның шағын кәсіпкерлік қызметті жүргізуге берілген бас компанияның шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қаржыландыру құралы ретіндегі құқығы. Шағын кәсіпорынның ұзақ мерзімді болашағаны, көптеген шешімдердің жүзеге асуын болжау қиын, әрекет бағытын бірнеше мүмкін нұсқадан таңдау қажет болған белгісіздік жағдайда қабылдауға тура келеді. Шағын кәсіпкерлік теориясы мен практикасының мәні тәуекелдің зардабын мүмкіндігінше төмендету, тәуекелді алдын-ала есептей білу, болжанбаған шараларды азайту бойынша шараларды белгілеу. Тек табиғи ресурстарға сүйеніп, экономикалық өсуді қамтамасыз ету, өте үнемсіз. ҚР тұрақты экономикалық өсудің күрделі факторына инновацияны айналдырудағы маңызды рольді шағын кәсіпкерлік атқарады. Шағын кәсіпкерлік шаруашылық қызметтің ерекше әдісі ретінде шаруашылықтың көп түрлі нысандарын ынталандыруға, ішкі шаруашылықты дамытуды елеулі шамада күшейтуге, халықтың еңбекпен қамтылуын кеңейтуге және Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісі мен айырбаста салыстырмалы артықшылығын іске асыруға арналған. 2. Мемлекеттің шағын кәсіпкерлік қатынасындағы екі негізгі қызметін бөліп көрсетуге болады: реттеу және қолдау. Біріншісінің мәні шағын кәсіпкерліктің құқықтық ортасын қалыптастыруды ұйымдастыру, әкімшілік сұрақтарды шешуде және сәйкес міндеттердің орындалуын бақылауда. Қолдау қызметтері шағын кәсіпорындарға материалдық, ақша, ақпараттық ресурстарды, мемлекеттік тапсырыстарды, оларға қызмет көрсетуді және т.б. жеткізу. Мемлекеттің міндеті шағын кәсіпкерлікті көбейту емес, оның қалыптасуы мен табысты қызмет етуі үшін қолайлы эконоимкалық орта жасау. Шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік саясатында іскерлік белсендікті ынталандыруға заңдық және нормативтік негіз жасау және жетілдіру, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметті қамтамасыз ететін нарықтық инфрақұрылым қалыптастыру қарастырылады. Шағын кәсіпкерлік ерекше тәсілді және оны қолдау шараларының арнайы кешенін жасауды талап етеді. ҚР «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» заңында қарастырылады: - өндіріспен айналысатын шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу кезеңінен бастап алғашқы үш жыл ішінде қозғалмайтын мүлікке тіркеу құқығына ақыдан босату; - өндірістік қызметпен айналысатын шағын субъектілеріне жер учаскелерін жерді пайдалану актісін беруге ақы алмай беру; - электрэнергиясы, жылу, сумен жабылдықтау және канализациясының қуатына қосылу, мемлекетік қатысуымен екінші деңгейдегі банкте есепшот ашу бойынша ақыдан босату; - шағын субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметіне жылына бір реттен көп емес тексеруді белгілеу. Шағын кәсіпкерлікті жеткіліксіз несиелеудің маңызды мәселелерінің бірі көптген кәсіпкерлердің кепіл затпен қамтамасыз етілмеуі. Шағын кәсіпкерлікті қолдау қорына және оның аймақтық өкілдеріне шағын кәсіпорындарға мемлекеттік тапсырыстарды таратуға көмек көрсету қажет. Осы мақсатта қор мемлекеттік тапсырыс алуға өтініш беруге, келісім-шарт жасауға, сатып алумен айналысатын мемлекеттік қызметтерке шағын кәсіпорындардың мекен жайын таратуға, мемлекеттік тапсырысты алу үшін маркетинг саясатын жүргізуге көмектесу қажет. Тақырып 9. Үкімет пен бизнес арасындағы қарым-қатынас. Этикалық, институционалды және ұйымдастырушылық аспектілер. Үкімет пен бизнес арасындағы қатынастың әртүрлі қоғамдық ғылымдардағы ролі, олардың мәні. Теориялық-дедуктивтік, сипатты-индуктивті, салыстырмалы және тарихи көзқарастар. Үкімет пен бизнес арасындағы қатынастардың этикалық аспектісі. Іскер адамдардың мәдениеті мен этикасы. Үкімет- бизнес арасындағы қатынастың институционалды және ұйымдастырушылық аспектілері. Тақырып 10. Батыс Еуропа елдеріндегі мемлекеттік әкімшілік жүйесін талдау мысалындағы үкімет-бизнес қарым-қатынасындағы ұлттық және аймақ аралық ерекшеліктер Австрияның саяси, әкімшілік институттары. Бельгияның мемлекеттік әкімшілік жүйесі. Данияның мемлекеттік әкімшілік жүйесі. Испанияның мемлекеттік әкімшілік жүйесі. Францияның саяси және әкімшілік ұйымдары. Мемлекеттік басқару функциялары. Германияның мемлекеттік басқару жүйесі. Нидерландының мемлекеттік әкімшілік жүйесі. Швецияның мемлекеттік әкімшілік жүйесі. Тақырып 11. Құқықтық экономикалық талдау. Мемлекеттік келісім шарттар. Құқық және мемлекет. 1. Құқықтық экономикалық талдауының негізін қалағандар Гидо Калабрези және Рональд Коуз. Оны ары қарай дамытқан Гари Беккен болатын. Құқықтық экономикалық талдауының қатарына жататындар өте көп. Мысалы, меншік иесі болу, еркін еңбек ету, қызмет саласы мен кәсіпті еркін таңдап алу және т.б. құқықтарды айтуға болады. Экономикалық құқықтардың ішіндегі ең маңыздысы меншік құқығына ие болу. Оның өзі адамның экономикалық жағынан тәуелсіз болуына әкеліп соғады. Сондықтан меншік құқығын адам мен азаматтың құқықтық жағдайының экономикалық негізі деп қарауға болады. Меншік құқығының мазмұнына субъектінің өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы кіреді. Осы құқықтардың арасында ең бастысы жерді қосқанда жеке мпеншік құқығы, кәсіпкерлік қызмет еркіндігі құқығы аса маңызды болып табылады. Жеке меншік елдің экономикалық дамуындағы аса қуатты ынталандырушы жәйт болып табылады. Осыи құқықтарды белгілей отырып Қазақстан Республикасының Конституциясы оларға кепілдік береді. Кәсіпкерлік қызмет еркіндігі құқығы жеке меншік құқығымен тығыз байланысты. Мұндай құқық нарықтық экономиканың құқықтық базасы ретінде көрінеді. Мемлекет арам ниетті бәсекелестік пен монополияға жол бермеуге мүдделі. Арам ниетті бәсекелестік дегеніміз – бәсекелестік күресті заңсыз және әділетсіз жолдармен жүргізу. Алайда, бәсекелестіктің болмауы экономикалық және технологиялық процесті тежейді. Шағын және орта бизнес белсенділігін төмендетеді. Бағаның жоғары болуына итермелейді. Жосықсыз бәсекеге Конституция тыйым салады, өйткені ол азаматтар үшін баға туралы келісімдер жасаудан (жоғары бағаны ұстап тұру үшін), нарықты бөлісуден, нарықтан басқа кәсіпкерлерді тайдырудан теріс көрініс табады. Кәсіпкерлік қызмет дегеніміз – дербес ынталы қызмет, ол пайда алу немесе табыс үшін өз атынан жүргізіліп, қаупін өзі көтереді, сондай- ақөзінің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік қызметті бір адам жеке немесе басқа адамдармен бірлесіп жалдамалы еңбекті қолданып та немесе қолданбай да жүргізе береді. Азаматтардың құқық бұзушылықтың экономикалық талдауын екі түрде қарастыруға болады: 1. екі жақ келісім шарт бекітеді, бұл келісім шартта өнімді сақтау туралы шарттар тәуекелділіктің таратылуын бейнелейді 2. екі жақ келісім шартты бекітпейді, сондықтан да міндетті түрде құқықтық міндеттемелердің мінездемесіне және табиғатына қарау керек. Олар келесідей: ұқұқыпсыздық, қатал жауапкершілік, жалпы себептілік, қарама-қарсы кінә, салыстырмалы ұқыпсыздық. Қазақстанның экономикалық заңдылықтары біршама өзгерістерді басынан кешірген болатын. 1991 жылдан бастап экономикаға байланысты 150-ден жоғары заңдар қабылданған болатын. Еліміздің маңызды оқиғалардың бірі – Азаматтық Кодексті қабылдау болып табылады. 1995 жылы Кедендік Кодекс қабылданған болатын. Қазақстанның экономикалық заңдылығының белсенді түрде қарастырылуы жүріп жатыр. 2. Келісім шарт – бұл арнайы бір міндетті орындау үшін келісім шартта бекітілген сатып алушы мен (біздің жағдайда ол мемлекет) сатушының арасындағы келісім болып табылады. Мұндай келісім шарттың көлемі бір беттен мың бетке дейін жетуі мүмкін. Мемлекеттік сатып алу келісім шарттың екі түрі бар: 1. Шығындарды өтеу 2. Бағалардың бекітілуі Шығындарды өтеу келісім шарты бойынша, бекітілген уақыт мерзімінде келісім шартта көзделген барлық талаптарды орындауына өзінің күшін салуына міндеттейді. Бағалардың бекітілуі келісім шартты бекіткен кезде келісім шарт бойынша барлық міндеттерді орындайтынына кепіл береді. Ынталандырушы келісім шарттың негізгі екі түрін атап өтуге болады: 1. бағалардың бекітілуін қоздыратын келісім шарт 2. шығындар + ынталандырушы төлем Келісім шарттың бекітілуінің алдында мемлекет пен орындаушы келесі элементтерді қарастырып алады: 1. жоспарлы шығындар 2. жоспарлы пайда – жоспарлы шығындардың орындаулы бойынша алған қаламақы 3. максималды баға – мемлекет төлеуіне кепілдік беретін сома 4. тарату формуласы – мемлекет пен фирма шығындарды тарататын келісім шарт. Бағалардың бекітілу келісім шарты қайталама ретінде мынадай жағдайда жасалынады: 1. болашақта келісім шарттың шараларын орындау кезіндегі болжамдалатын өзгерістер 2. келісім шарттың орындалуы аяқталған кезде бағалардың өзгеруі кезінде. Шығындарды өтеу үшін келісім шарттың мынадай негізгі төрт түрін бөліп көрсетуге болады: 1. құн + нақты пайда 2. пайдасыз құнды өтеу 3. бөлінген құн 4. құн + ынталандырушы пайда Жоғарыда көрсетілген келісім шарт бойынша мемлекет барлық шығындардың өтеуіне кепілдеме береді. Мемлекеттік сатып алулар төменде көрсетілген әдістердің біреуімен ғана жүзеге асады: 1. ресми жарнамалау арқылы 2. келіссөз жүргізу арқылы Ең көп тараған әдістердің бірі ресми жарнамалау болып табылады. Ресми жарнамалау 4 процедура бөлінеді: 1. келісім шарттың бекітілуіне шақыруларды дайындау 2. тапсырыстарды тарату және жариялау 3. тапсырыстарды тіркеу және оны бағалау 4. тапсырыстың ұтысын қамтамасыз ету Ресми жарнамалаудың негізгі екі мақсаты бар: 1. толық және тәуелсіз бәсекелестен пайда табу 2. бәсекелестік мүмкіндігі тең қатысуға өтініш беретін субъектілерге көмек көрсету Ресми жарнамалау процедурасы заңмен бекітіледі. Жарнамалаудың тиімді жұмысы бәсекеге байланысты болады. Келісім шарттың ең басты мақсаты, уақыт кезінде тиімді және ұйымдастырушылық айырбасты жеңілдеті. Келісім шарттар өздеріне хабарлар мен міндеттемелерді қосады. Келісім шарттың ең басты проблемасы, келісім шарт бекітілгеннен кейін жағдайлардың өзгеруі болып табылады. Барлық алдын-ала ескерілмеген жағдайлар алдын-ала ескерілуі мүмкін емес. Мұндай жағдайда мынадай шаралар жүзеге асады: келісім шарт қайта жасалады және заң келісім шарттың тиімді бұзылуы жүзеге асады. Сатып алулар мемлекетпен жүзеге асуы мүмкін, егер де ол төменде көрсетілген 17 санаттардың біреуін қанағаттандырса: 1. ұлттық масштабтағы төтенше оқиға; 2. қоғам үшін өте маңызды қажеттілік; 3. 10000 доллардан аспайтын сатып алулар; 4. жеке немесе мамандырылған қызмет көрсетулер; 5. білім институттардың қызмет көрсетуі; 6. АҚШ-тан тыс жерлердегі сатып алулар; 7. медициналық тауарлар; 8. қайта сату үшін алынған тауарлар; 9. тез бұзылатын және тез бұзылмайтын азық-түлік өнімдері; 10. бәсекелестіктің жетістіктерін пайдалану тиімсіз тауарлар мен қызмет көрсетулер; 11. жаңа, тәжірибелік, зерттеу жұмыстары; 12. құпиялы сатып алулар; 13. қор бөліктерінің стандарттық ауысуын қажет ететін техникалық құрал- жабдықтар 14. өндіріске бастапқы капитал салымын қажет ететін техникалық немесе мамандандырылған тауарлар; 15. тендерді жариялап болғаннан кейін келіссөз жүргізу; 16. ұлттық қауіпсіздік пайдасына сатып алулар; 17. архитектуралық, инженерлік қызмет көрсетулер, ұшақтардың және басқа да да ауыр техниканың құрылысына қызмет көрсету. Еркіндік келісім шартының институты – бұл мемлекеттік органдардың өздері шаруашылықтың пайдасын көздейтін субъектілерімен, фирмалармен, банктермен мемлекеттің делдалдылығымен немесе қатысуымен келісім шартқа отыру. Еркіндік келісім шарттың бірнеше: 1. мемлекеттік органдар мен жеке шаруашылық субъектілерінің арасындағы келісім шарт 2. әлеуметтік әріптестер арасындағы екі жақты келісім шарт. Бұл жерде мемлекет делдал рөлін атқарады немесе үш жақты келісім шарт, мемлекет бұл кезде толықтай құқыққа ие болған қатысушы болып табылады. 3. көп жақты келісім шарт. Бұл жерде мемлекет тең құқылы әріптестердің бірі ретінде орын алады. 3. Мемлекет пен құқық арасында өзара тығыз байланыс бар. Мемлекет өз құқығының шеңберінде қызметін жүзеге асырады. Мемлекет өзінің ішкі және сыртқы функцияларын жүзеге асыруға құқылы, мемлекеттің азаматтарынан салық жинауға құқылы, мемлекеттік бюджетті еліміздің қарқынды дамуына тарату құқығы бар, еліміздің экономикалық, әлеуметтік, мәдени саласын дамыту мақсатында шет елдермен келісім шартқа отыруға құқылы. Құқықтық мемлекеттің белгілері: 1. Мемлекеттің іс-әрекетін құқық көлемінде шектеу (мемлекет құқық негізінде және құқық орнатқан шекте әрекет етеді); 2. Қоғам өмірінің барлық саласында заңның үстемдігі сақталуы; 3. Сот билігінің тәуелсіздігін қорғайтын заңдылықтың өкілетті сипатта болуы; 4. Құқық пен заңдылықтың қатаң тәртібі; 5. Мемлекеттің азаматтардың құқығы мен бостандығын, қоғам өмірінің демократиялық принциптерін тұрақты түрде қорғауы; 6. Жеке тұлғалар мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі, мемлекеттің қоғам алдында жауапкершілігі. Құқықтық мемлекет – демократиялық мемлекет, онда құқық пен заңның, барлық адамдардың заң және тәуелсіз сот алдында теңдігі қамтамасыз етіледі, бүкіл билікті ұйымдастыру оны бөлуге негізделеді (заңдылық, атқарушылық және сот билігі). 1991-1996 жылдар Қзақстанның құқықтық жүйесінің түбегейлі өзгерістерге ұшыраған кезі болып саналады. Республиканың заңдылық сферасын реформалау келісілерге байланысты болды: ✓ Мемлекетті кеңестік тоталитаризмнен тазарту қажеттілігі, яғни идеологиялық, саяси лозунгтардан және әлеуметтік құқықтың репрессиялық мінезінен тазарту. ✓ Құқықтық инфрақұрылымның экономикалық және саяси жүйесінің жандануын жүзеге асыру үшін адекватті құрастыруды талап ету. Құқықтық жүйені реформалаудың базалық құжаты болып, 1994 жылы қабылданған ҚР құқықтық реформасының мемлекеттік бағдарламасы табылады. Берілген құжат бойынша, заңдылықтың базалық саласын реформалаудың негізгі бағыттары болып келесілер табылады: ✓ Констициялық заңдылықтардың шеңберінде: биліктің, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілеттілігін тарату; ✓ Азаматтық құқық шеңберінде: жеке құқықтың дамуы, жеке меншік құқығын толығымен қалпына келтіру; ✓ Еңбек құқығы шеңберінде: жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы келісім шарттың бұзылмауын және ол заңды түрде жүзеге асуын қадағалау; ✓ Қаржылық, банктік, салықтық және басқа да заңдылықтардың салалары шеңберінде: кәсіпкерлікті қолдаудағы мемлекеттік шаралар жүйесін тиімді жүзеге асуын қамтамасыз ету және мемлекеттің ешбір кедергісіз әлемдік нарыққа кіруіне жағдай жасау; ✓ Қылмыстық заңдылық шеңберінде: азаматтарды қылмыстан қорғау және оның алдын алу үшін, жасаған қылмыстар үшін жазалау шараларын қолдану; ✓ Әкімшілік заңдылық шеңберінде: әлеуметтік-экономикалық жағдайларына әсер ететін факторларды алдын алу, қоршаған ортаны, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін айып пұлдарды салу. 1991-1997 жылдар аралығында республиканың заңдылық базасы біршама жаңартылған болатын. Республикада тәртіпті жақтайтын және қылмыстық әрекетті жазалайтын билік орнады, құқықтық ережелер қалыптасты, олардың көмегімен мемлекет өз заңдарын іске асырады, олар жариялылық және айқын сипат алады. Тақырып 12. Қазақстандағы және шет елдердегі стратегиялық және индикативті жоспарлау Стратегиялық жоспарлау мәні. Стратегиялық жоспарлау стратегиялық басқару функциясы ретінде. Мемлекеттің әртүрлі салалар мен сфералардағы экономикалық стратегиялары. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы. Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспары. Оның құрылымы және қысқа мазмұны. Жоспарлау әдістері. Тақырып 13. Өндірістік сферадағы үкімет пен бизнес арасындағы қарым- қатынас Экономиканың өнеркәсіптік секторындағы детұрақтандырғыш факторлар. ҚР инвестициялық саясаты. Өнеркәсіптік сфераны мемлекеттік реттеу қағидалары. Қазақстандық өндіріс өнімдерінің бәсекелестік қабілетінің төмен болуы. Ауыл шаруашылығын реформалау мәселелері. Аграрлық сектор мемлекеттік ықпал етудің маңызды сфераларының бірі ретінде. Тақырып 14. Қолдаушы салалардағы үкімет пен бизнес арасындағы қатынас ҚР транспорттық кешені. «Транспорт пен байланыстың дамуы» мемлекеттік ұлттық бағдарламасы. Тәуелсіз Қазақстандағы ақпараттық ортаның дамуы. Тақырып 15. Нарықтық жаңарудағы әлеуметтік мәселелер Мемлекеттің патерналистік позициясы.ҚР әлеуметтік қорғау концепциясы. Экологиялық реттеу. Қоғамның экологиялық мәселелерін шешудегі мемлекеттің ролі. Шет елдердің тәжірибесі. Білім беру жүйесіндегі реформалар. Денсаулық сақтау жүйесіндегі реформалар. Әлеуметтік сектордағы үкімет пен бизнес арасындағы қарым-қатынас. 3. Практикалық сабақтар Аудиториялық дәріс магистранттардың білімін қалыптастыруда басты орын алады. Дәріс – жүргізілетін пән бойынша теориялық сұрақтарды қарастыруға арналған оқу үрдісіснің бір формасы. Дәрісті жүргізудің мәні магистранттардың өздік жұмысы, барлық оқу үрдісінің түрлері мен типтері, ғылыми жұмыс типтерін қамтиды. Кез келген пәнді жақсы игеру тәжірибелік сабақты ұйымдастырумен байланысты. Тәжірибелік сабақ – бұл оқушылардың өз еркімен сабаққа дайындалу, игеру, дағдылау процесін қалыптастырады. Тәжірибелік сабақ пән бойынша магистранттардың өздік жұмысымен, ғылыми әдебиеттерімен танысуға мүмкіндік береді. Тәжірибелік (семинар) сабақтар магистранттардың сабаққа әзірленуі, олардың жауаптары, теориялық сұрақтарды қорытындылау, мәселесі сұрақтарды шешуге арналған жүйелі түрде жүзеге асырылатын сабақ түрі. Тәжірибелік сабақ магистранттардың өздік өздік жұмысын күрделендіріп өткізуге мүмкіндік береді. Дәл осы сабақ арқылы магистранттар өз білімдерін, өз ойларын жетік меңгере және көрсете алады. Осының барлығы қазіргі уақыттағы жас маманның білім игеруіне және дағдылануына септігін тигізеді. Магистранттар берілген барлық тапсырмаларды белгіленген уақытта өткізуі тиіс. Өз уақытынан кешіктіріліп өткізілсе жұмысқа бір балл автоматты түрде төмендетіліп қойылады. Тақырыптар бойынша магистранттар барлық әдебиеттер мен танысуы керек. Сонымен қатар магистрант қосымша материалдармен танысуы тиіс, атап өтетін болсақ: Транзитная экономика, Аль Пари, Ақпаратты бюллетень, Вестник Каз НУ имени Аль – Фараби және тағы басқалары. Берілген тапсырманы орындау барысында келесі ережені сақтаған жөн: • Жұмыстың сұрақтары әдістемелік материалдарда көрсетілуі керек; • Берілген жұмыстарды оқу дәптеріне жүргізу керек; • Жұмысты бастамас бұрын ең басына кіріспе немесе жоспар құру қажет; • Жұмыстың соңында қолданылған әдебиеттер тізімін көрсету; • Өткізілген жұмыс әдістемелік талаптарға сай келмесе қайта толықтыруларға қайтарылады. Сұрақтар 1 модуль.Мемлекеттік экономика аспектілері. 1 тақырып:Мемлекеттегі экономика рөлі. Сұрақтар: 1. «Мемлекет» ұғымы нені білдіреді?Неге мемлекеттің экономикалық рөлі өсуде? 2. Мемлекет функциясын және белгілерін тізіп беріңіз. 3. Экономикалық саясат дегеніміз не? 4. Қоғам татулығының негізі және рынок конспекциясы неге негізделеді? 5. Мемлекеттік экономикаға араласудың әдістері мен тәсілдерін атаңыз. 6. Экономикалық дерективтік және жанама мемлекетті реттеудің айырмашылығы. 2 тақырып. Мемлекет және бюроктатиялық нарық. Сұрақтар: 1. Қазақстанда бюракратизм бар ма?Ол қалай көрініс табады? 2. Демократия мен бюракратизмнің айырмашылығы. 3. Бюракратизмнің негізгі тәсілдерін атаңыз. 4. Коммерциялық емеас ұйымдардың бюракратизациясының анықтайтын факторларға сипаттама беріңіз. 5. Ұжымдық әрекеттің логикасы дегеніміз не? 6. Жалпы сайлау теориясының басымдығын көрсетіңіз. 7. АҚШ және Қазақстандағы лоббирования нені білдіреді? Қалай көрініс табады? 3 тақырып.Мемлекет және рынокка трансформациялау кезіндегі бей берекет либеризациялау. Сұрақтар: 1. Экономикалық жүйедегі бұйрықтың және бейберекет тәртіптің арақатынасын ашыңыз. 2. Өтімді экономикалардың моделдерін сипаттаңыз. 3. Тасымалды экономикадағы функциялардың модификациясы нені білдіреді? 4. Экономиканы мемлекеттік реттеудегі қандай проблемаларды сәтсіз дет атаймыз? 5. Ресейлік және Қазақстандық саясаттың мемлекеттілігі нені білдіреді? 4 тақырып:Экономикалық госсекторлардың пайдасы. Сұрақтар: 1. Қоғамдық қызмет деген не? 2. Фрирайдерстваның проблемасы неден тұрады? 3. Мемлекеттік көп саясаттың экономикасының басымдығы және оның нәтижесін анықтаңыз. 4. Демонополизация дегеніміз не? 5. Рынок құрылуы шартындағы мемлекет иешелігі деп нені айтамыз? 6. Мемлекеттік кәсіпкерліктің басымдылығын атаңыз. 2 модуль.Жеке кәсікерлітің құрылуы. 5 тақырып:Кәсіпкерліктің басымдығы және оның қазіргі заманда алатын орны. Сұрақтар: 1. Жеке меншік кәсіпкерліктің заңды аспектілері неден тұрады? 2. Жеке меншіктің экономикалық аспектісі неден тұрады? 3. Қазақстандағы өтімді экономикасындағы кәсікерліктің топтасуы шарттарының ерекшелігін ашыңыз. 4. Кәсіпкерлік нәтижелігі қалай бағаланады? 6 тақырып:Жеке секторды құру факторы ретіндегі жекешелендіру. Сұрақтар: 1. Жекешелендіру деген не?Ол қалай көрініс табады?Жекешелендірудің экономика саясатындағы басымдылығын атаңыз. 2. Жекешелендірудің формасын атаңыз. 3. Жекешелендірудің теориялық моделдерін сипаттаңыз және тізіп көрсетіңіз. 4. Жекешелендірудің шет елдік тәжірбиесі нені айтады? 5. Өтпелі экономикадағы жекешелендірудің қажеттілігін түсіндіріңіз. 6. Ресейлік жекешелендірудің ерекшелігі неде? 7. Қазақстанда жекешелендірудің қандай проблемалары бар және оны шеудің жолдары. 7 тақырып:Жеке меншіктің экономикадағы механизмі басымдылықтарының жолдары. Сұрақтар: 1. Кәсіпкерліктің экономикалық факторларын атаңыз7 2. Жеке кәсіпкерліктің мемлекеттік реттеудеуі қандай шаралармен жүзеге асырылады? 3. Шетелдік инвестицияның мемлекеттік реттелуі қалай жүзеге асырылады? 3 модуль.Үкімет және бизнес арақатынасының рөлі және басымдығы. 8 тақырып.Үкімет және бизнестің арақатынасы. Этикалық,инстукциялық және ұйымдастырушылық аспектілері. Сұрақтар: 1. Әр түрлі қоғамдық ғылымдағы Үкімет пен бизнестің арақатынасының басымдылығы неде? 2. Үкімет пен бизнес арасындағы этикалық аспектілер неден тұрады? 3. Үкімет – бизнес арақатынасындағы ұйымдастырушылықтын және институтының аспектілерін атаңыз. 9 тақырып:Батыс еуропалық мемлекеттердің әкімшілік жүйесі сараптамасының негізіндегі Үкімет – бизнес арақатынасының ұлттық,аймақаралық айырмашылықтары. Сұрақтар: 1. Австрияның әкімшілік саясатының инструкциясын атаңыз. 2. Белгияның мемлекеттік әкімшілік жүйесі нені білдіреді? 3. Дания 4. Испанияның қоғамдық әкімшілік жүйесі неден тұрады. 5. Францияның әкімшілік ұйымдастырушылық саясатын сипаттаңыз. 6. Мемлекеттік басқару функцияларын атаңыз. 7. Германия мелекетінің басқару жүйесін ашыңыз. 8. Нидерланд. 9. Швейцарияның мемлекттік әкімшілік жүйесін сипаттаңыз. 10 тақырып:Құқықтың экономикалық анализі (сараптамасы).Мемлекеттік конспектілер.Мемлекет және құқық. Сұрақтар: 1. Сауда құқығы мен шаруашылық құқығының негізгі принциптері. 2. Халықаралық кәсіпкерлік қызметі,құқығы нені білдіреді№ 3. Меншік құқығы неден тұрады? 4. Косо теоремасының маңызы мәнін сипатта. 5. Мемлекеттік келісімдер қандай әдістермен сипатталады? 6. Аномия деген не? 11 тақырып:Салалар бойынша реттеушілік құрылыстар. Корпорациялық реттеу. Сұрақтар: 1. Қазақстанның кәсіптік аумағындағы Үкімет пен бизнестің арақатынасының мәні. 2. Әлеуметтік сектордағы Үкімет пен бизнестің арақатынасы қалай қалыптасады? 3. ЛОЗ Ломбарды тәжірбиелік анализінің: «Болашақты жақындату үшін кәсіпкерлікті көтерейік» сипаттаңыз. 4 модуль. «Мемлекет және бизнес» проблемаларының кейсі. «Бизнес - Үкімет» арақатынасы басқармасы. 12 тақырып. Кейстің негізгі принциптері Кейстер «метро тарихы» және «Риверсайд Ловер». 4. Студенттердің өздік жұмысы Студенттің өзіндік жұмыстары бойынша курстық жұмыс және реферат тақырыптары «Бизнес және мемлекет» пәні бойынша. Дайындық жұмысы бойынша көмек құралы ретінде мынандай тақырып бойынша сұрақтар берілген. Тақырып таңдау бойынша оқытушымен бірге дисертация сұрақтарын қарастырамыз. 1. Мемлекетте экономиканың енгізуі 2. Мемлекеттің функциялары 3. Кейнстің теориясы және мемлекеттік - монополиялық саясат 4. Экономикалық мемлекеттің формасы және әдістемесі 5. Экономикалық әлемнің реттелуі 6. ҚР үкіметтік функциялардың шектелуі 7. ҚР-ғы мемлекеттік органдағы билігі 8. ҚР экономикасындағы жекешелендіру 9. Ресейдегі жекешелендіру ерекшелігі 10. ҚР жекешелендіру 11. ҚР жекешелендірудің жолдары 12. Мемлекеттің келісім және әдістеме 13. Келісім шарт, екі жақты келісім 14. Советтік құқық 15. Аномидің мінездемесі және мазмұны. Құқықтық реформа 16. Франциядағы саяси және әкімшілік жүйе 17. Мемлекеттік биліктегі функциялары 18. Германиядағы мемлекеттік басқару жүйесі 19. Нидерландиядағы мемлекеттік және әкімшілік жүесі 20. Швециядағы мемлекеттік және әкімшілік жүесі 21. Жұмыс этикасының концепциясы 22. Іскер адамның этикасы мен мәдениеті 23. Үкімет және бизнестің институцияналдық оспектісі 24. Үкімет және бизнестің қарым-қатынасы 25. Нарықтық жүйедегі экономикалық қарым-қатынасы 26. Мемлекеттерде нарықтың құрылуы 27. Экономикалық мемлекеттердегі кәсіпкерлік 28. Экономиканың Европадағы және либералдық секторы. 29. Мемлекеттің экономикадағы жағдайлары 30. Трансформациялық жүйе 31. ҚР-ң және Ресейдің саясаты 32. ҚР-ң мемлекеттің болашағы 33. Нарықтық бюрократиялық консепциясы 34. Бюрократизация және коммерцялық емес организация факторы 35. Әкімшілік рента. 36. Коллективтік **** 37. қоғамдық өмірдегі теория 38. Институттық емес қарым-қатынас 39. Лобирования сущность 40. США, Қазақстандағы лобирования 41. Нарықтағы өнімдердегі сапа және бәсекелестігі 42. Қазақстандағы легализация: мәселе және оны шешу жолдары 43. Мемлекеттік экономикадағы реттеу жаңа **** 44. Кіші бизнестегі мемлекеттік реттеу 45. Кейстің негізгі жобасы «Салықтың бұрыс саясатының жобасы Қазіргі кездегі мемлекеттің ауыл шаруашылығына жағдай жасауы. СӨЖ – орындаудың әдістемелік нұсқауы:«Мемелекет және бизнес» пәнің оқу барысында кез келген магистрант СӨЖ – шығармашылық тапсырмалары мен, соның ішінде эссе мен жұмыс істеуі керек. Эссенің тақырыбын оқытушы береді немесе ұсынылған тақырып бойынша магистрант өзі тандайды. Эссені жазу мақсаты – таңдалып алынған тақырыпты аз мөлшерде толық ашу. Эссе жазу барысында магистранттардан қаржы нарығы, қаржы жүйесі, жалпы қоғамдық мәселелер, қызметтер туралы сұрақтарды құрастыру талап етеді. Магистрант эссе дайындау барысында барлық ақпарат көздерін пайдаланады. Егер тақырыптарды нарық параметрлері, нарық сигменттері, эмиссия туралы мәселелер болса, онда оларға жақын арадағы нақты статистикалық көрсеткіштер жазылу керек. Тақырыптарды ашу үшін экономикалық және қаржылық талдау жасауы тиіс. Эссе мәтінің екі жолмен: қол жазу немесе машина көмегімен жазуға болады. Эссе арнайы А4 стандартты ақ бетке жазылады. Эссе арнайы тәртіп бойынша жазылады: сол жағы – 25 – 30 мм, оң жағы – 10 мм, үстінгі және төменгі жағы – 20 мм болуы керек. Жаңа жол 15 – 17 мм болуы тиіс. Қолмен жазылған Эссе түсінікті болуы қажет. Қолмен жазылған эсседе бір бетте 28 – 30 жол болу және әрбір жолда 60 – 65 белгі болуы керек. Қолмен жазылған эсседе трафарет № 3 қолданылады. Қолмен жазылған эссе ұсыныстарды қоспағанда 6 – бет болуы қажет. Мәтінде түзету, жақшаға алу, жолдарды босату, қалдыруға жол берілмейді және сөздерді қысқартуға болмайды. Екіншіден мәтінді компьютермен Microsoft Word,Times New Roman шрифтерімен, 14 мөлшерде бірдей интервалмен жазылады. Компьютермен эссе мөлшері 4 – 5 бет жазылады және жоғары оң жағынан бет саны белгіленеді. Эссе қысқаша мазмұнынан басталып, берілген сұрақтарда қолданылған әдебиет тізімімен аяқталу керек. Бұл тізімде әдебиет тізімі оқулық ретінде, мәліметтер алынған әдебиет ретінде болуы мүмкін. Аяғында эссеге ұсыныстар қосымша ретінде жазылуы мүмкін. Курс саясаты: Қатысу: Тәжірибелік және дәріс сабақтарына міндетті түрде қатысу керек. Егер белгілі бір себептермен сабақтарды босатсаныз барлық өтпелі тақырыптарды игеруіңіз қажет. Тәртіп: Сабақ үстінде сабаққа кедергі жасасаңыз аудиториядан шығарыласыз немесе курс соңына дейін «қанағаттанарлық» бағамен қортыласыз. Бақылау жұмысы: Ол міндетті түрде уақытында өткізілуі тиіс. Егер уақытында өткізілмесе автоматты түрде бір баға төмендейді. Үй жұмысы: Магистранттар барлық тапсырмаларды негізгі және қосымша әдебиеттерді пайдалана білу тиіс. Дәрісті себепсіз сабақтан магистранттар автоматты түрде 0 балл алады. Тапсырманы орындамау: кешіктіріліп өткізілген тапсырмаға бір баға төмендетіліп қойылады немес 0 балл қойылады. Межелік қорытындылау: межелік қорытындылау қорытындысы сабаққа қатысуы, магистранттың өздік жұмысын уақытында орындалуы, жазбаша немесе ауызша формадағы жауаптары есептеліп қойылады. 4 – ші семестр аралығында 2 межелік қорытындылау жүргізіледі. Көшіру және плагиат: әрбір көшіру немесе плагиат үшін аудиториядан шығарылады немесе « қанағаттанарлық» бағасы қойылады. Ұялы телефон: дәріс кезінде өшіру қажет. Экзамен: Барлық қорытынды экзаменге босатылған магистранттар ауызша экзамен билеттері арқылы жауап береді. «Мемлекет және бизнес» курсы бойынша. Экзамен барлық өткен материялдарды қамтиды. Экзаменде көшіруге қатал тиым салынған. Студент білімін білімін бақылау. Пән бойынша магистрант білімін бақылау мынадай формада жүргізіледі: Ағымдағы бақылау - бұл дәріс, тәжірибелік, лабороториялық сабақтар түрінде оқушылардың білімін жүйелі түрінде тексеру және оқытушының жетекшілігімен оқушылардың өздік жұмыстары. Оқушылардың білімін межелік тексеру акдемиялық кезең арасында 8 және 15 апта арасында бекітілген кесте бойынша жүргізіледі. Пән бойынша баға 100 % - бен қойылады. Аралық аттестация кезінде емтиханда алынған балл және семестр бойынша үлгерімнің орта балы ескеріледі. Баға қою саясаты. Рейтингтік кестенің көмегімен есептеген ыңғайлы (оқытушының оқу журналы бойынша тапсырылады). Кесте «идеалды магистрант» кірістелген, ол ең жоғары балл алатын оқушы. Бұл идеалдық магистранттың рейтингі 100 %. Кестенің әрбір бағанына оқытушы магистранттың бағасын жазады: • Сабаққа қатысуы; • Аудиторияляқ бақылау жұмысы (АБЖ), кесте бойынша СРСП орындау; • Үй тапсырмасын орындау, жоспар бойынша СРС орындау; • Өздік жұмыс кестесін орындау; • Студенттік конференцияларға, олимпиядаға қатысу; • Өзге де жұмыс түрлері. Бір межелік бақылау тапсырмаларын толық орындаған магистрант «идеалдық магистрант» ретінде 100 % балл алады.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz