Файл қосу
Тұлғаның құрылымы
ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ Тұлғалық даму психологиясы пәні 6М010300 «Педагогика және психология» мамандығының магистранттарына арналған ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей 2014 Алғысөз 1 ЖАСАЛЫНДЫ Құрастырған: педагогикалық психология кафедрасының доценті, псх.ғ.к. 30.08.2014 ж. ___________ Джумажанова Г.К. 2 ҚАРАЛДЫ 2.1. Педагогикалық психология кафедра меңгерушісі, псх.ғ.к.: _____________Г.К. Джумажанова Хаттама №1 «03» 09 2014 ж. 2.2. Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің бюросында талқыланды: Хаттама №1 «05» 09 2014 ж. Оқу-әдістемелік кеңесінің төрайымы ____________ Т.Ш. Ахметова 3 БЕКІТІЛДІ 3.1. Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды Хаттама №1 «18» 09 2014 ж. ОӘК төрайымы, оқу-әдістемелік жұмысының проректоры ______________Г.К. Искакова 4 АЛҒАШ ЕНГІЗІЛГЕН Мазмұны 1 Глоссарий 2 Дәрістер 3 Практикалық сабақтар 4 Магистранттың өздік жұмысы 1 ГЛОССАРИЙ Әлеуметтену – индивидтің қарым-қатынасы және іс-әрекеті барысында жүзеге асатын процесс, оның әлеуметтік тәжірибені игеруінің нәтижесі. Әлеуметтік өлшем әдісі – американдық психолог және социолог ДЖ.Морено шағын топтағы адамдардың қарым-қатынастарын зерттеу үшін енгізген әдісі. Басты мақсаты – топ ішіндегі адамдардың тілегі мен мүддесін анықтау. Әлеуметтік психология – адамдардың әлеуметтік топтарға қосылуынан туындаған мінез-құлық және әрекет заңдылықтарын, сондай-ақ осы топтардың өздерінің психологиялық сипаттамаларын зерттейтін психология саласы. Әлеуметтік-психологиялық біліктілік – индивидтің тұлғааралық қатынастар жүйесінде өзін қоршаған адамдармен бірлесіп әрекет ете білу қабілеті. Әлеуметтік стереотип - әлеуметтік объектінің (топ, адам) қоғамда қабылданған орнықты және үстірттеу бейнесі. Авторитарлық ахуал – топқа басшылық ететін адамның автоапатиялық, авторитарлық әдістемелерді осы топ ішінде орнықтыруға күш салуы кезіндегі жалпы әлеуметтік-саяси ахуалды сипаттайды. Бейресми топ – заңдық тұрғыда мәртебесі жоқ, мүдделер, достық пен симпатиялар не прагматикалық пайдалылығы негізінде ықтиярлы түрде біріккен нақты әлеуметтік қауымдастық. Бейімделу – организмнің сыртқы ортаның әртүрлі жағдайына бейімделу қабілеттілігі. Гуманистік психология – ХХ ғасырдың 60жж. батыста пайда болған және психологияның негізгі пәні жоғары көріністерінде, құндылықтары мен мағыналарында қарастырылатын адам болуы қажет деп есептейтін психология ғылымындағы бағыттардың бірі. Г.п. көрнекті өкілдері – А. Маслоу, К. Роджерс, Г. Олппорт т.б. Жай-күй – белгілі топ, ортаға байланысты қатынас, көңіл-күйді білдіретін ұғым. Жеке тұлға - әр адамның қайталанбас өзіндік, тек соған ғана тән ерекшеліктерінің жиынтығы. Латентті әлеуметтік сәйкестендіру - әлеуметтік ұйымдағы индивидтің мінез-құлқына мәнді әсер ететін әлеуметтік рөл. Көшбасшы – топ ішінде мәнді жағдаяттарда топ мүшелерінің мінез- құлықтарына әсер ететін адам. Нақты топ – адамдардың шағын, ортақ және уақыт пен кеңістікте болатын, нақты қатынастармен біріккен қауымдастығы. Өзін-өзі бағалау – адамның өзіне сындарлы көзқараспен қарап, өз мүмкіндіктерін өмір талабына сәйкес бағдарлай білуі, өз мақсатын нақтылап, ойын түйіндей алу қабілеттілігі. Топтық шешім - топтың барлық мүшелері үшін ортақ міндетті орындау кезінде, өзара ақпарат алу жағдайында топ жүзеге асыра алатын шешімдердің баламаларының бірін таңдау. Топтық іс-әрекет – адамдардың іс-әрекетіне, топтарына кіретін әлеуметтік және әлеуметтік - психологиялық феномен, қарым-қатынас нәтижесі. Топтық пікір – қоғам мен топ үшін мәні бар және осы топтың өзара қарым – қатынасын адамгершілік нормаларына сай сұрақтар бойынша топтық бағалау. Ұжым – бір мақсатқа бағытталған мекемелерге жұмыс істейтін адамдардың немесе білім беру орындарында оқитын оқушылардың, студенттердің тобы. Үлкен топ - белгілі бір әлеуметтік нышандары негізінде сараланатын адамдардың сан жағынан шектелмеген шарттық қауымдастығы. Шағын топ – ортақ мақсаттарымен не міндеттерімен біріккен, тікелей байланыстағы индивиттердің біршама шағын тобы. Ішкі топ - топтың іштей бөлінгендегі бір бөлігі. Практика - адам іс-тәжірибесін білдіретін әрекет. Психиканың дамуы - психикалық үрдістердің белгілі-бір заңдылықтарға бағынып өзгеруінің сандық, сапалық және құрылымдық жаңа құрылымдарда бейнеленетін өзгерістер. Сана - психикалық бейнелеудің жоғарғы деңгейі. Тест - анықталған психологиялық қасиеттің даму деңгейін тез және объективті өлшеуге арналған стандарттандырылған тапсырмалар жүйесі. Теория - ғылыми принциптер жүйесі. Фактілер - шындық, ақиқат, қорытынды дегенді білдіреді; шындығы дәлелденген білім. 2 ДӘРІСТЕР №1 Тұлға психологиясының жалпы мәселелері Сұрақтары. Тұлғалық өсу психологиясы пәні, мақсат-міндеттері. Тұлға жайлы түсініктердің жалпы сипаттамасы. Тұлға психологиясының жалпы мәселелері. Жалпылай алғанда тұлға – сыртқы ортамен, басқа адамдармен және өз- өзімен қатынас үшін жауап бере алатын, өз өмірінің субъекті болып келеді. Тұлға – өзін реттеудің ішкі жүйесі. Ол басқа детерминациялайтын күштердің әсер етуін бастан кешіп, оларды ішкі әлем немесе ағза деп атауымызға болады. Және одан басқа сыртқы әлем болады, ол аумақты түсінікте қолданылады, соның ішінде басқа адамдар да. Осы үш басқаратын күштің арасындағы байланыс адамның өмір жолын анықтайды; оны дамудың үшбұрышы деп қарастыруға болады. Тұлғаның кемелденуінің маңызды көрсеткіштеріне: интенционалдылық, автономдылық, динамикалылығы, тұтастылық, конструктивтілік және индивидуалдылық жатады. Бірақ бұл тұлғаның атрибуттары берілмеген, олар шартты түрде жасалған. Олардың жүзеге асуының деңгейі белгілі-бір шарттарға сәйкес болады – бастапқыда тұлға басқа екі қозғаушы күшпен қатынасына байланысты. Тұлғалық-орталықтанған бағдардың орталық идеялардың бірі: егер адам (тұлға) ерікті болса және өзін тыңдай алу және өзін тұтас табиғи ағза ретінде қабылдай алса, «өзін жетілдіруге» деген тенденция толық күшімен жүзеге асады және адамның қозғалысын қамтамасыз етіп отырады. Бұл тенденция адамның бойында нышан ретінде болады деген идея өте маңызды, ол белгілі-бір жағдайларда жүзеге асып отырады, бірақ сыртқы күштермен қалыптаспайды және басқарылмайды: «бұл ішкі тенденция, ол сырттан мотивтенбейді және оны үйретуге мүмкін емес». (Лэндрет Г., 1994,). Тұлғаның сыртқы ортамен байланысы – әсіресе басқа адамдарың әлемімен – өте күрделі, біркелкі емес және драматикалық болады. Тұлға жағынан қарастырғанда онда басқа адамдармен қатынасқа деген қажеттілік болады, адам, К.Роджерстің айтуы бойынша, «әлеуметтен ажырамас болып келеді: онда қарым-қатынасқа тереңдетілген түрде қажеттілік болады» (П.Тиллих, К.Роджерс...,1994, 136б.). Сонымен қатар, «Мен» тұлғасының орталық компоненті –өзіндік құрметке деген қажеттілік болады және ол бала шағынан бастап басқа адамдардан құрмет және махаббат сезімі арқылы сипатталады. Басқа сөзбен айтқанда, баланың тұлғасы қоғаммен қарым- қатынасқа ғана бағытталмай, олардан ажырамас түрде болады. Тұлғалық өсу. Тұлғалық өсу гуманистикалық түсініктерден қарағанда – белгілі-бір білімдерді қабылдау емес; белгілі-бір әрекетті және әсіресе «қоғамға пайдалы»,құндылық бағдарларының жүйесінің қалыптасуы емес, баламен қоғамдық адами болмысты өзіне иелену емес, белсенді өмір позициясын қабылдау емес, жаңа формаларды танып-білу дағдысы емес, идеалды ересектің бейнесін қабылдау емес. Осы аталған адамның өзгеруінің бағыттары белгілі-бір позитивті мәнге ие. Бірақ бұл бағыттар «тұлғадан» деген бағытты қолдайды, сондықтан да ол тұлғалық өсуге көмек бермейді. Ол оны тежеп, тұлғалық өсуге керекті ерекшеліктерді қалыптастырмай, оны алмастырады. Сондықтан да олар даму үшбұрышының бір қырында ғана қалыптасады, яғни «сыртқы әлем-тұлға» байланысы ғана есепке алынады. Тұлғалық өсудің басты психологиялық мәні – босаңсу, өзіңді және өмірлік мәнді табу, өзін жетілдіру және барлық тұлғалық негізгі атрибуттарды дамыту. Ал тұлға мен өзінің ішкі өмірімен қатынаста болу сыртқы әлеммен қатынаспен тең. Адам үшін принципиалды маңызды болып оның ішкі өмірін басқа адамдармен құрмет тұту. Осылайша тұлғалық өсу болу үшін интерперсоналдылық интраперсоналдылықпен басылмау керек және адам 3 негізгі шыңды байланыстырып, қатынас жасай алса. Тұлғалық өсу әрқашан адамның жасына сай бола бермейді, бұл күрделі көпаспектті процесс және ол индивидуалды-өзіндік траекторияға ие болады. Біз К.Роджерстің формуласына сүйеніп, «негізгі тұлғалық өсудің заңы» туралы айта аламыз. Оның негізгі тезисі мынандай: егер керекті жағдай болса, онда адамның бойында өзіндік даму болады, онда табиғи түрде тұлғалық жетілу пайда болады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл өзгерістер – олардың құрылымы, бағдары, динамикасы – тұлғалық өсудің бар екендігі жайлы мағлұмат бере алады және оның критерийлері ролін атқарады. Толық тұлғалық өсу кезінде ондай өзгерістер адамның ішкі өмірімен қатынасына да (интерперсоналдылық), сыртқы өмірмен қатынасына да (интраперсоналдылық) байланысты болады. Осылайша тұлғаның өсу критерийлері интер мен интраперсоналдылықтан қалыптасады. Олардың ішінде маңыздылары : Тұлғалық өсудің интраперсоналдық критерийлері: Өзін қабылдау. Бұл өзіндік қабылдауды және өзіне деген махаббаты білдіреді. Адамның қаншалықты өзіне құрмет тұтатынын және өзіндік шешімге келе алу қабілетін өзіне қосады (Роджерс К., 1993, 69б.), өзіне деген сенім, өзіндік табиғатына сену де осыған жатады. Ішкі бастан кешу тәжірибесіне ашылу. «Бастан кешу тәжірибесі» - гуманистік психологиядағы орталық ұғымдардың бірі. Ол ішкі әлемнің жағдайларын субъективті бастан кешуді көшеді. Тұлға неғұрлым күшті және жетілген болса, соншалықты ол сыртқы әсерлерге бағынбайды және өзінің ішкі шынайылығына түңіле алады, қазіргі шықпен өмір сүре алады». Өзін түсіну. Өзің және қазіргі күйің туралы тереңдетілген, толық және нақты түсініктің болуы; өзіңді шынайы ретінде қабылдай алу, адекватты және иілгіш «Мен» коцепциясы, жаңа тәжирибені ассимиляциялай алатын, идеалды «Мен» мен шынайы «Меннің» жақындасуы –осылардың барлығы тұлғалық өсудің негізгі тенденциялары. Жауапкершілікті ерік. Өзімен қатынас жасау деген кезде біз өзіміздің өмірімізді саналап, өзіміздің бостандығымызды және субъекттілікті қабылдау. Ол «ішкі локус бағалауды» білдіреді – құндылықтарды таңдаудағы жауапкершілік жән бағалау, сыртқы бағалардан тәуелсіз болу. Сонымен қатар, бұл өзіндік танытудағы жауапкершілік, өз-өзіне сенімді болу. Тұтастылық. Тұлғалық өсудегі маңызды бағдар – интегративтіліктің күшеюі және кеңеюі және адам өмірінің аспектілерін байланыстыру. Әсіресе – ішкі өмірдің тұтастылығы мен адам тұлғасының өзі. Нақтырақ айтқанда, тұтастылықты сақтау мен қорғау, ол адамда басынан бастап болады. К.Роджерстің айтуы бойынша , басынан бастап «бала ... интеграцияланған және тұтас ағза болады, ол кейін индивидуализациялайды» (П. Тиллих, К. Роджерс., 1994, с. 140). Бұл жердегі мәселе бұл көбейетін индивидуализациялау және дифференциялау адамның ішкі тұтастылығы мен конгруэнттіліктің жоғалуына алып келуі мүмкін. Тұтастылық пен конгруэнттілік адамның өмірінің эффективті регуляциясымен байланысты болады. Динамикалылық. Ішкі тұлғалық тұтастылық және келісушілік аяқталғандықты білдірмейді. Керісінше, тұлға әрдайым өзгеріп отырады. Осылайша жетілген тұлға –бұл қалыптасатын тұлға, яғни адамның дамуы оның өмір сүруінің негізі. Сондықтан да тұлғалық өсудің маңызды критерийі – динамикалылық, иілгіштік, өзгеруге ашықтық және дағды өз идентификациясын сақтап әрқашан қозғалыста, дамуда болуды көздейді. «Яғни мүмкіндіктерді жүзеге асыру керек және әрқашан процесте болу керек» (Роджерс К., 1994, с. 221). Тұлғалық дамудың интерперсоналдылық критерийлері: Басқаларды қабылдау. Интерперсоналды бағытта тұлғалық өсу ең алдымен басқа адамдарға деген қатынасының динамикасында көрінеді. Тұлға неғұрлым басқа адамдарды қабылдай бастаған кезде, соғұрлым ол оның жетілгендігінің белгісі.Ол тек қабылдау ғана емес, оларға құрмет пен оларға деген сезімнен де білдіріледі. Ал ол өз кезегінде адамның табиғатына сене білу қабілетінің негізі де болады. Басқаларды түсіну. Жетілген тұлға басқалардың ойларына елікпей, стереотиптерге бағынбайды. Ол адекватты баға беріп, сыртқы ортаны дифференциациялап, басқа адамдарды қабылдайды. Тұлғалық өсудің маңызды критерийлері – тереңдетілген тұлғааралық контактка түсе алады және басқа адамды түсінеді, эмпатия сезімін бастан кеше алады. Әлеуметтенуі. Тұлғалық өсу адамның эффективті фундаменталды дамуына алып келеді – конструктивті әлеуметтік қатынастар. Адам басқа адамдармен қатынасқа түскен кезде көбірек ашылып, өзінің шынайы бейнесін ашады, бірақ осыған қарамастан – адам шынайы болып, иілгіштік және тұлғааралық мәселелерді шеше алу қабілетіне ие болады. «Ол максималды түрде гармонияда болады»: (The Carl Rogers..., 1989, p. 251); Шығармашылық адаптивтілік. Жетілген тұлғаның маңызды ерекшелігі – өмірлік мәселелерді қабылдай алу қабілетінде және оларды шеше алу.Ол сол жағдайға адаптацияланып, өзінің ішкі қабілеттерін жүзеге асырады. (Роджерс К., 1994,1 с. 81). Тұлғалық өсудің осы бағыттардағы өзгерістер болғанда өзінің спецификалық заңдылықтарға байланысты болады. Сонымен қатар бұл процесс біртұтас болады және бір бағыттағы өсім екіншісіне әсер етеді. Сондықтан да осы бағыттардағы қозғалыс факты өте маңызды орынға ие болады. Бұл жағдай адамға бостандық, жауапкершілік, аутенттілік сезімін береді және оған бұл өмірді қабылдауды өзгертеді. №2 Тұлғалық өсудің биологиялық және әлеуметтік байланысы Сұрақтары. Кеңес психологиясындағы тұлға түсінігін зерттеу. Тұлғаның әлеуметтенуі. Ананьев бойынша тұлғадағы биологиялық және әлеуметтік бірлігі. Психикалық процестердің, қасиеттер мен кейіптің өзара байланысы Адамның қиын әлеуметтік «сезімталдық» қасиеті тұлғалық адам дамуының соңғы сатысында пайда болуы. Бір жағынан ол психиканың тарихи дамуының қорытындысы, ал екінші жағынан адам өмірінің қоғамдық бейнесінің азығы болып табылады. Тұлғалыққа деген қызығушылық машина өнеркәсібінің дамуымен бірге туып отырады. Ғылыми тұрғыдан тұлға дамуына деген қызығушылықтың өсуі адамның адамдану фактісінің сана мен сәйкестенуі мен яғни адам қайта – қайта ажырау еңбек функциясының бөлігі болады. Тұлғаның жүйелік психологиялық теорияларының методологиялық әдістемелері К. Маркстің еңбектерінде берілген. Іскерлік құрылысының бір аспектісін акцентуациялау негізінде пайда болған концепцияға қанағаттанбаушылығын көрсетті және негіздеді. Рационалды – идеалистік философиядағы ішкі (рухани, ойлау) немесе праксеологиялық бағытталған оқу іскерлігі тарихи қалыптасқан ақыл – ой және физикалық еңбекті қайта жаңғыртады. К. Марксқа диалектік – материалистік зертеу әдісі және әлеуметтік сараптау адамды енжар рольден сезімтал өнімге айналдыруға және субъект іскерлігінің белсенді бастамасын, тарих шығарушысын ашуға мүмкіндік береді. К. Маркстің жақындауындағы адам негізін анықтауы адам өмір сүруінің тәсілі ретіндегі іскерлікті анықтаумен ажырамас бөлік болып табылады. К. Маркс адам мен тұлғаның шынайы негізін ажыратады. Ерекше тұлғаның шынайы негізін оның сақалы, қаны абстрактылы физикалық табиғаты құрамайды, тек әлеуметтік сапасы және мемлекеттік функциясы және т.б. ерекшеленген басқа бір өмір сүру тәсілі және адамның әлеуметтік сапаларының әрекеті. Тұлға анықтамасын ортақ қабылданған жалпы 3 топқа бөлуге болады. Маркстік ілім бойынша тұлғаның шынайы негізі қоғамдық қарым қатынастың бірлігі ретінде қарастырылады. Көптеген авторлар тұлға анықтамасын, адамның шынайы негізімен ауыстырып айтады. Адамның шынайлығы – оның іскерлігі, әлеуметтік табиғатының ауысқан бейнесі. Тұлға адамның шынайы негізі емес, ол – осы негіздің әрекетінің өнімі. Бұндай анықтамалар психологияға теориялық, әдістемелік жағынан нәтиже бере алмайды. Екінші топқа «тұлға» түсінігі адам дамуының деңгейі ретінде қарастырады. Көптеген авторлар әлеуметтік сапаны тұлғаның қасиетінің бірі ретінде қарастырады. Бірақ одан әрі қарай талдаулардан тұлға түсінігін нақты адаммен байланыстылығын көреміз, ал тұлға қасиеті индивидтік мінездеме ретінде бейнеленуі. (Б.Р. Ананьев, В.В. Давыдов, А.Г. Ковалев, К.К. Платонов, Н.И. Рейнвальд, С.Л. Рубинштеин және т.б.) Бұндай көріністің құпиясын Э.В. Ильенков ашты. Адам тұлғасының құпиясы ғасырлар бойы құпия болған өйткені тұлға негізін іздеу керек жерден іздемеген. «Адам денесі басқа адам денесімен тікелей байланысты». Үшінші топқа тұлға түсінігі адамның қоғамда өмір сүру нәтижесінде алатын қасиеттердің жиынтығы ретінде қарастырады. Бұған бірнеше көзқарастар тән. Л.С. Выготский алғаш рет психикалық қызметтерді жоғары мәдени және төменгі табиғи, - деп бөлімнен ұсынады. Л.С. Выготский құрылымының негізінде, тұлғаның өзегі оның бағыттылығы, деп атады. Бұл көзқарас зерттеушілердің көпшілігіне негіз болып қаланды (С.Л. Рубинштейн 1975, Л.И. Божович 1968, А.Н. Леонтьев 1971, М.З Неймарк 1972 және т.б) Алайда әр түрлі авторлар тұлға бағыттылығының мазмұнын (мотивтер мен қажеттіліктер, ұмтылу мен талаптану, бағдар және т.б.) түрліше қарастырады. Л.С. Выготскийдің пікірі бойынша, адамның тұлғасы өзінің енген қарым – қатынастарының кешенді әсерінің нәтижесінде дамиды. Тұлға – бұл қоғамдық – тарихи дамудың өнімі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс - әрекеті – бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуын адамның мінездемесі үшін маңызды орын алуы, яғни оның мінез – құлық пен іс - әрекетінің жоғары саналы формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым – қатынастарының бірлігін құрайды. Нәтижесінде адамның кез – келген реакциялары және ішкі аффективті өмірінің құрылымы оның әлеуметтік тәжірибе барысында жинақталған тұлғаның ерекшеліктерімен анықталады. Тұлғаның қалыптасуы биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты екені мәлім. Сонымен қатар, тұлғаның дамуында негізгі болып нақтылы тарихи орта саналады. Оқушылардың тұлғасының дамуы, механизмді құрастыратын көптеген ішкі және сыртқы факторларға тәуелді болып келеді. Л.С. Выготскийдің «баланың психикасы әлеуметтік табиғатқа ие» - деген пікірі осыған негізделеді. Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша, баланың тұлғалық дамуы, оның дамуындағы әлеуметтік жағдайлармен байланысты. Сонымен, тұлға – біріншіден әлеуметтік қатынас пен саналы әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Екіншіден, бұл индивидтің жүйелі қасиеті, оның қоғамдық қатынасқа енуімен, анықталып және де біріккен әрекет пен қарым – қатынаста қалыптасып отырады. Кеңес психологиясында, адамды тұлға деп, - қоғамның субъектісі ретінде оның қарым – қатынасқа түсу жүйесін сипаттайды. Б.Г. Ананьев, А.Н. Леонтьев өз еңбектерінде объективті өмірді бейнелеу үрдісінде белсенді тұлға, қоршаған әлеуметтік өмір танымы сана сезімімен бірлестікте іске енетін тұтастай субъект ретінде көрініс береді деп дәріптелді. Тұлға сезімдік қасиеттерімен бірлікте, яғни индивид пен әлеуметтік ортаның шартымен бірлікте қарастырылуы да көрсетілген. Сонымен қатар, Б.Г. Ананьев тұлға құрылымының жан – жақты зерттелуін өз еңбектерінде сипаттаған. Ол тұлғаның үрдістерін күйлерін, қасиеттерін психофизиологиялық функциялармен және тұлғаның бағдарымен қажеттіліктері кіретін мінез – құлықтың жалпы мотивациясымен толықтырады. Автор, адамды биологиялық түрінің көзқарасы бойынша, адамның онтогенезін индивид ретінде, адамның дамуын тұлға ретінде қарастырады. А.Н. Леонтьевтің пікірі бойынша, тұлға – бұл адам өмірінің қоғамда туылуының ерекше түрінің психологиялық тұрғыда құрылуы. Әр – түрлі іс - әрекеттің бірлесе бағынуы, онтогенезде тұлғаның қалыптасуына негізін құрайды. Тұлғаның жүйелі қасиет ретінде пайда болуы индивид басқа индивидтермен біріккен іс - әрекетінде ақиқатты өзгертіп соның арқасында өзінде өзгертіп, тұлға дәрежесіне жетеді. Сонымен қатар, тұлға белсенділігімен сипатталынады яғни субъект өз шектеуінен тыс шығу ынталығымен, өз іс - әрекеттерінің саласын кеңейтілумен талап қойылған жағдайлардың шегінен тыс әрекет жасаумен (мотивация, жетістік, қауіп – қатерге тәуекел ету) сипатталады. Индивидтің тұлғасы бағыттылықпен бейнеленуі, яғни үстем болып табылатын адамның қажетті көрініс беретін мотивтер қызығушылықтар, сенімдер, көзқарас, және т.б. жүйелермен бейнеленеді Қатынастар психологиясы В.Н. Масищевтің тұлға концепциясы болып табылады. Ол тұлғаның құрамына адамның психикалық үрдістерімен қасиетттерімен, күйлерімен қатар қатынастарды да енгізеді. В.Н. Масищевтің пікірі бойынша тұлға, тек адамға тән толық психикалық құрылымының жоғары шартталған қоғамдық – тарихи ретінде және оның психикалық іс - әрекеті мен мінез – құлықтарын саналы тұрғыда реттеуші ретінде анықталады. Сонымен қатар, тұлғаның өзегін өз - өзіне және сыртқы әлемге байланысты қатынас жүйесі құрайды, - деп қарастырған. Тұлға бағдар теориясының аумағында да зерттелінеді (Д.И. Узнадзе 1966, А.С. Прангишвили 1975 және т.б.) Авторлар түрлі илизиоларды (елестеді) эксперименталды тұрғыда зерттеп, олардың пайда болуындағы маңыздылығын барлық иллюзиялар үшін ортақ нәрсеге тиесілі екендігін анықтайды. Осы ортақ нәрсе арқылы зерттеушілер бағдар ұғымын анықтады. Д.И. Узнадзенің теориясына сәйкес ішкі бағдар адам үшін ерекшеленген теориялық қажеттіліктің әсерінен пайда болып, адамның алдына оны қанағаттандыру міндеттерін табыс етуі. Осы ғылымдардың пікірі бойынша ішкі нұсқау адамды таңдамалы белсенді іс әрекетке бағдарлайтындықтан, ол тұлға психологиясының негізгі ұғымы болып табылады. Божович балалар тұлғасының психологиялық зерттеу міндетінде оның қалыптасуы мен заңдылықтарын бақылау және қолайлы немесе бөгет жасайтын жағдайларды анықтауы көзделеді. И.П. Божович және оның әріптестері түрлі жас шамасындағы балалардың тұлғасын қалыптастырудың қозғаушы күштерін қарастырады. Бірінші кезеңде оқушының оқу іс - әрекетерімен тығыз байланысты мотивтер зерттеледі. Олар зерттеу барысында тікелей оқу іс - әрекетінен шығатын әлеуметік мотивтердің және мотивтердің әртүрлі жас шамасындағы ара қатынастарының ерекшеліктерін анықтады. Л.И. Божович теориялық талдаудың негізінде, тұлғаның толық құрылымы оның бағыттылығымен анықталады, - деген болжам ұсынды. Тұлға бағыттылығының негізінде адам өмірі мен тәрбиелеу үрдісінде пайда болатын тұрақты түрдегі басымды мотив жүйелері жатады, ал олардың негізінде жетекші мотивтер басқаларын өздеріне бағындыра адамның мотивациялық сфераларының құрылымын сипаттайды. Мұндай мотивтер жүйелерінің иерархиялық тұрғыдан пайда болуы тұлғаның жоғары тұрақтылығын қамтамассыз етеді. Зерттеулердің нәтижесінде, мектепке дейінгі және шоқарлығындағы бала тұлғасының қалыптасуында негізгі фактор болып ересек адамның қалауы анықталған. Өйткені, олардың қолдауы балалардың қоршаған ортасы мен эмойионалдық сәттіліктерін ұйымдасуының «берікті» қажеттілік жағдайын құрайды. Бұл жаста ересектердің, әсіресе ата – аналардың қолдауына талаптануының күшеюі баланың тікелей қажеттіліктерді сезбейтін мінез – құлқына түрткі болуы да көрсетілген. Тұлға мен қоғам, тұлға мен іскерліктің ортаққа рым – қатынасының анализі көрсеткендей тұлға келесі қызметтерді іске асыруы керек. 1. Адамның тіршілік ету қажеттіліктері мен адамзат қоғамының даму тенденцияларын өзіндік және қоғамдық қажеттіліктерімен байланыстыру. 2. Өзіндік құндылықтарды жалпы адамзат құндылықтарымен байланыстыру. 3. Өзіндікті социум мақсатымен байланыстыру. 4. Іскерлік жағдайын адекватты таңдау. 5. Іскерліктің қажетті арсеналдарынан хабардар болу керек. 6. Процестерді бақылау және болжау. 7. Өзінің социумен және басқа адамдармен қарым – қатынасын түзету. 8. Өзінің іскерлігін, мотивациясын, мақсатын түзету. Функция функционалды орган тудыратындықтан, оған мыналарды жатқызуға болады; өзіндік құндылықтар, мақсат, қажеттіліктер, іскерлік жүйексі, әлем немесе өзіндік бейнесі. Негізінен тұлға анықтамасы оның нақты мінездемесінен және компоненттерінен көрініс беру керек. Тұлға – жоғары сезімтал әлеуметтік жиынтық. Сонымен тұлға түсінігін төмендегідей бөлеміз. 1. Тұлғалық өмір барысында қалыптасатын адамның функционалды жоғары сезімталды мүшесі. 2. Тұлға жүйелік әсердің қоғам жүйесінің детерминацияланған компоненті. 3. Тұлға өзінің компаненттерінің қызметін жүйе ретінде анықтайды. 4. Ішкі реаллизацияның қызметін қамтамассыз ететін және адамның өмір барысында осы функциялар нәтижесінде қалыптасатын және қалыптасу керек компаненттер адамға және социумға қарым – қатынасына байланысты ішкі және сыртқы функцияларды бөледі. 5. Көрсетілген «тұлға» түсініктері тұлға ерекшеліктерін ерекшке әлеуметтік сапа және психика дамуының жоғары деңгейі ретінде санауға мүмкіндік береді №3 Психологиядағы тұлғаның дамуы мен қалыптасу мәселелері Сұрақтары. Тұлғаның құрылымы. Тұлға және индивид. Адамның индивидтік қасиеттері және мінез-құлықты реттеу. Тұлға және индивидуалдылық. Тұлға түсінігі. Тұлға – адамның индивидуалды ерекшеліктері мен мінез- құлық тұрақтылығын шарттайтын индивидуалды сипаты және мінез-құлық тәсілдерінің ұйымдастырылған құрылымы. Адам индивид болып дүниеге келгеннен кейін, қоғамдық өзара қатынастар және процестер жүйесіне енеді. Нәтижесінде ерекше әлеуметтік сапаға ие болады, яғни ол тұлға болып қалыптасады. Бұл-адамның қоғамдық байланыстарға түсіп, субъект сапасында көрінуіне байланысты жүзеге асады. Өз кезегінде адамның индивидтік, тұлғалық және субъектік деңгейлерінің даму ерекшеліктерінің қайталанбастығы индивидуалдылықты көрсетеді. Қазіргі психологияның барлық мектептерінің тұлға жайлы өз көзқарастары бар. Бихевиоризм бағыты бойынша тұлға сыртқы оң және теріс нығайтуларға байланысты әсерлерге жауап беруші реактивті жүйелер. Бихевиоризм бағытында тұлғаның мінез-құлқы, оның ішкі толғаныстарына емес, әрекет жасауға стимул беретін сыртқы орта әсерлеріне байланысты. Машинаның түсі оның жылдамдығына әсер етпейтін сияқты, адам әрекетіне психика, сана, мінез де әсер етпейді. Психоанализ бағытында тұлға адам қуаты құрылымы, адам қуаты бағыттылығы, адам қуатының қарқындылығы ретінде қарастырылады. Психоанализ бойынша адамға қандай инстинктивті күштер әсер еткенін білу арқылы адамның қазіргі кездегі ғана емес және өзгерген жағдайдағы мінез-құлқын анықтай аламыз. Бұл пікір авторы психоанализ бағытының өкілі Эрих Фромм. Оның ойынша, шығармашылық психоанализ өкілдері «адам тұлғасы туындауының теориясы және практикасын, оның өзіндік «Менінің» қалыптасу» әдісіне айналдырған. Когнитивті психология Тұлғаға негізгі сипаттар бойынша анықтама береді. Негізгі сипаттар ретінде: шындыққа қатысты зерттеушілік бағдар, тағдырын дербес белгілеу және әлеуметтік ортадағы белсенді әрекетті көрсетеді. 2. Тұлғаның құрылымы. Тұлғаның өмірлік бағдарлануы. Бағдарлану – бұл көзқарастар және сенімдермен нығайтылған құндылықтар, қажеттіліктер, алдыға қойған мақсаттарының құрылымы. Бағдарлану – мақсаттар мен түрткілерде көрінеді. Мақсат бұл бағдарлануға талпыныс, ал түрткі қуат, ішкі мәнділік береді. Бағыттылық – тұлғаның негізгі жетекші өмірлік мақсатын анықтайтын мотивациялық құрылымы. Бір адамдар шығармашылыққа, біреулері қажеттілікке, кейбір адамдар жасампаздыққа, кейбіреулері бұзушылыққа, кейбірі қоғамда дұрыс, кейбірі жат, теріс бағдарланған. Кейде адамның бағдарлануында нақтылық, айқындылық көрінбейді. Адам бағыттылығы жайлы теориялар өте көп. Соның бірі австрия философы Эдуард Шпронгердің тұлғаның әлеуметтік құндылықтарға байланысты бағдарлану типтері. 1- теориялық; 2- экономикалық; 3- эстетикалық; 4- әлеуметтік; 5- саяси; 6- діни. Кеңестік психологияда «тұлға бағыттылығы» түсінігін С.Л.Рубинштейн 1940 жылы жарық көрген «Жалпы психология негіздері» кітабында енгізген. Бұл түсініктің енгізілуі адамның қажеттілік, қызығушылық, идеал, бейімділік, бағдар, бағыттылығына байланысты болады. Тұлғаның бұл жүйелерінің құрылымын талдау адамның неге талпынатынын анықтауға мүмкіндік береді. 3. Қазіргі кездегі тұлғаның теориялары. Гуманистік психологиядағы тұлғаны түсіну (К. Роджерс, А.Маслоу). Гуманистік келісте адам жағымды рухани қасиеттерімен жоғарғы рухани қажеттіліктер тән деп қарастырылады (өзін, өмірдің мәнін, әлемдегі орнын, сұлулыққа қажеттілігін, үйлесімділігін, түсінуге ұмтылу). Гуманистік психологияда адамды жағымды жақтарымен ғана қабылдайды және жақсы қырларына сенеді. Абрахам Маслоу - ХХ ғ. 60ж. Гуманистік психология терминін енгізген. Гуманистік психология психикалық дені сау, гармониялық тұлғаны зерттеді, яғни өзінің даму шыңына, өзін-өзі жетілдіруге жеткен адам. Бұндай тұлғалар тек ¼ % құрайды, ал қалғандары иерархияның кез-келген сатысында болады. Адам өзінің тағдыры үшін жауапты, өзін –өзі жетілдіруге ұмтылады, бүкіл өмір барысында жетілу, өзгеру, қалыптасу процесі болады. Маслоу бойынша гуманистік теорияның негізі әр бір адамды уникалды, ұйымдасқан, бір бүтін ретінде қарау керек. А. Маслоу тұлғаның қажеттіліктерін түсіндіру үшін қажеттіліктер иерархиясын ұсынды (1954). Ол бойынша қажеттіліктердің ең біріншісі физикалық қажеттілік болса, ең жоғарғы өзін-өзі өзектендіру деді. Қажеттіліктер иерархиясы келесідегідей: • физиологиялық қаж-к (тамақ ішу, сексуалдылық, өзін өзі қорғау қаж-і) • қауіпсіздік және қорғаныс, сенімділікке деген қаж-гі (материалды, денсаулыққа, қартайғанда қамтамасыз етілетіне сенімділік) • сүйіспеншілік, әлеуметтік қаж-р (кейбіреулерде қарым-қатынасты түсіну қаж-гі, өте жақсы көрген адамы, ал басқасы онша емес) • өзін-өзі сыйлау, сый-құрметке қажеттілігі ( престиж, статус) • өзін-өзі өзектендіру қажеттілігі, тұлғаның даму қаж-гі Бұндағы басыңқы қажеттілік төменде орналасқан, ол одан жоғары орналасқан қажеттілікті мотивтілік мөлшерін сезгенде қанағаттандырылған болуы керек. Бір типтегі қажеттілік 2-ші қажеттілікке өткенге дейін қанағаттандырылуы қажет. Маслоу бойынша иерархияда жатқан қажеттіліктер адамның мотивациясы негізінде жатқан негізгі принцип болып табылады. Адам қажеттіліктер иерархиясына қаншалықты жоғары көтерілген сайын, оның сапасы, индивидуалдылығы, психикалық денсаулығы жоғарылайды. Гуманистік психологияда тұлға-қоғамдағы адамның өмір әрекетіндегі пайда болған психологиялық құрылым ретінде қарастырады. Бұл бағыт ХХ ғ. 50-60 ж. біршама дамыды. Гуманистік психология бастапқыда нейрофрейдистік концепцияға қарсы тұрды, яғни адамзаттың мінез-құлқы қанағат алуға, агрессияға, қоғамнан қорғауға тәуелді дегенге қарсыласты. Олар мінез-құлықтың көзі ретінде туғаннан пайда болған альтрустик мотив деп қарастырды. Осы бағыттың бір өкілі К. Роджерс. Ол өзінің әдіс терапиясында дәрігер пациентке қысым көрсетпеуі керек. Дәрігер мен пациент арасындағы контакт өзара сыйластыққа негізделуі керек. Роджерстің тұлға теориясының негізі өзіндік бағалау категориясы болып табылады. Баланың үлкен адаммен қарым-қатынасы нәтижесінде оның өзі туралы түсінігі қалыптасады. Бірақта өзіндік бағалау конфликсіз қалыптаспайды. Көбінде қоршаған ортаның бағалауы өзіндік бағалауға сәйкес келе бермейді. Адам қоршаған ортаның бағалауын қабылдау керек пе, әлде өз бағалауында қарау керек пе деген таңдауда қалады. Күрделі органикалық бағалау үрдісі жүреді, яғни бағалаудың көзі бастапқыда баланың ішкі организмінде жатады. Осылайша, Роджерс нейрофрейдизмдегідей, тұлғаның дамуы туғаннан пайда болған тенденция арқылы анықталады. Әлеуметтік рол тек сырттай. Гуманистік бағыттың өкілі А. Маслоу. Ол бойынша адамның негізгі қажеттілігі-ол өзін-өзі өзектендіруге тырысу. Өзін-өзі өзектендіру деген не дегенге Маслоу былай жауап береді: «Өзін-өзі өзектендіруші адамдар қандай да бір іспен әуестенген. Олар бір іске берілген, олар үшін ол өте құнды, бағалы болып табылады». Тұлғаның өмірінің әр сәтінде таңдау кездеседі: алға жылжу, кедергілердіжеңу, жоғарғы мақсатқа жету немесе күресуден бас тарту. Өзін-өзі өзектендіруші тұлға-үнемі алға ұмтылады, кедергілерді жеңеді. Өзін- өзі өзектендіру-бұл үнемі даму немесе өз мүмкіндіктерін практикада іске асыру процесі болып табылады. Маслоу бойынша - өзін-өзі өзектендіру туа пайда болатын құбылыс, ол адамның табиғатына жатады. Адам мейірімділік, адамгершілік, қайырымдылыққа деген қажеттілікпен туады. Ол адамның ядросын құрайды. Адам осы қажеттіліктерді жүзеге асыра алуы қажет. Сәйкесінше, өзін- өзі өзектендіру туа пайда болған қажеттіліктердің бірі. Американдықтар: Маслоу Абрахам Харольд (1908-1970); Роджерс Карл Рэнсом (1902-1987) және Виктор Франкл- «адам өмірі уникалды, өйткені ешкім оны қайталай алмайды»; Эрих Фром. Индивидуалдылық ұғымы. Индивидуалдылықтың продуктивті және инструменталды көріністері. Тұлғаның өмірлік жолы-оның даралылыққа айналу жолы. (С.Л. Рубинштейн, Б.Г. Ананьев) Тұлғаның даралылық ретінде дамуын түсіну үшін тұлғаға – іс-әрекет субьектісі ретінде қарау керек. Тұлғаны іс-әрекет субьектісі ретінде зерттей келе, оның заттық іс-әрекеті жасайтынын, өз тәжірибесіне, өзінің потенциалды мотивіне, мінезіне, қабілеті мен іс-әрекетінің нәтижесіне сүйенетінін анықтады. Даралылық - өзінің әлеуметтік маңызды жағынан басқа адамдардан адамның ерекшеленуі, индивидтің психикасы мен тұлғасының өзіндік ерекшелігі, оның қайталанбастығы, яғни темперамент, мінез, қызығушылық, қажеттілік, қабілеттіліктерінің қайталанбастығымен ерекшеленуі. Индивидуалдылықтың алғышарты болып анатомо-физиологиялық нышандар жатады. Тұлғаның іс-әрекет субьектісі ретінде қарастырғанда осы құбылыстарды анализдеудің 2 жағы бөлінді: Тұлғаның продуктивті көріністері, яғни тұлғаның түрлі мотивтер, позициялар, ролдер арасында таңдау жасау кезіндегі белсенділігінен көрінеді. Продуктивті көріністерге және де тұлғалың мәдениетке және т.б. өз әрекеттерімен үлес қосуы жатады. Ол өзіне ғана емес басқаларға да өз әсерін тигізеді. Тұлғаның инструменталды көріністеріне-мінез бен қабілет жатады. Бұдан мінез тұлғаның мәндік тәжірибесі мен ұстанымдарын шегендейді, сол арқылы оның мотивтері жүзеге асады. Ал қабілет-іс-әрекеттің жемістілігі мен эффективтілігін анықтайды және соңында тұлғаның іс-әрекет субьектісі ретіндегі продуктивті көріну деңгейлерін анықтайды. Тұтастай тұлғаның индивидуалдылығы адамның әлемдегі мәндік (мысловых) қатынастары мен ұстанымдарының (установок) жиынтығы, бұл өмір сүру барысында, қоғамда игеріледі. Тұлғаның индивидуалдв дамуын анализдей келе оның дамуының функционалды динамикасы ажыратылады, бұның өзі проблемді-конфликтілік ситуацияларда көрінеді (мысалы, стресс, фрустрация, конфликт, кризис) және оның өмір сүру жолындағы психологиялық жасының өзгеруінде көрінеді. Шетелдік психологиядағы тұлға құрылымы жайлы жалпы түсінік. «Тұлға» термині латын тілінің «пенсона» сөзінен аударғанда «маска» деген ұғымды білдіреді. Тұлға түсінігіне, бұл саланың теоретиктері әртүрлі бағыттан қарады. М.К.Роджерс тұлғаны «сомость» терминімен түсіндірді, яғни ұйымдастырушы, ұзақ уақытты біздің барлық переживаниямызды субьективтік қабылдайтын сущность ретінде түсіндірді. Г. Олпорт индивидуум адамның сыртқы ортамен өзара әрекеттесуін детермин ациялайтын сипат,, ішкі «нечто» ретінде анықтаған. Ал Э. Эриксон бойынша индивидуум бүкіл өмір барысында психосоциалды кристерден өтеді, оның тұлғасы крисизтық нәтиже функциясы ретінде қалыптасады. ЖД. Келли тұлғаны кез келген индивидуумға тән өмірлік тәжірибені тану қабілеттілігімен ерекшелігі арқылы сипаттаған. Р. Кеттел бойынша тұлға құрылымы 16 (жағымды және жағымсыз) қырлардан құралады. Бұл қырларды ол фактор деп атайды. А. Бандура тұлғаны индивидуум мінез-құлық және ситуацияның бір-бірімен өзара тығыз байланысының өзара әсер етуі түрінде қарастырады. Фрейд бойынша, тұлға үш деңгейден тұрады: ид, эго, Супер эго. Ид-психиканың санасыз бөлігі, биологиялық, табиғи, туа біткен инстинкті құмарлықтар көзі. Санасыздық жыныстық және агрессивті құмарлығын тудырады. Жыныстық энергия және жыныстық құмарлық либидо д.а. Ид санасыз деңгей бойынша қанағаттану принципіне тәуелді, ол либидо арқылы жүзеге асады. Фрейд бойынша екі инстинкті бар: танотос-өмірге деген талпыныс, эрос- өлімге деген талпыныс. Сублимация – қоғамға пайдалы әрекеттер арқылы негативті энергияны шығару. Агрессивті тұрғыда либидо энергияны шығару. Катарсис – эмоциясының кенеттен шығарылуы, ыза болғанда айғайлап, бір нәрсені лақтырып т.б. Эго – қорғаныс деңгейін атқарады. адамның индивидтік өмір тәжірбиесінің өнімділігі болып табылады. Эго геоместаз, яғни ішкі тепе- теңдікті сақтау принципіне тәуелді. Инстинкт-құмарлықтар түрінде бейнеленетін қажеттіліктің психикалық бейнесі. Эго адам психикасының саналы деңгейі. Қоршаған ортаны қабылау мен қарым-қатынас қызметін атқарады. Суперэго-моралді ережелердің тасушысы, ұят, сын, жектеу басқару ролін атқарады. Фрейд бойынша суперэго туа қалыптаспайды, баланың суперэгосы адаммен, ересектермен қарым-қатынаста қалыптасады. бала жақсы мен жаман, дұрыс пен бұрысты айыра бастағанда пайда болады. Супер эго екі деңгейде: ұят және Эго идеал деп бөлінеді. Ұят ата-ананың жазалау нәтижесінде пайда болады. Өзін сын арқылы бағалауды моралді шектеулерді және кінәлілік сезімі қалыптасады. Эго идеал-ата-ананың мақтауы, марапаттауы негізінде қалыптасады. Егер мақсатына жетсе, бұл өзін өзі бағалау, құрметтеу сезімін тудырады. Фрейд бойынша тұлға дамуы жыныстық дамудан басталып және ол жыныстық даму кезеңіне бөлінеді: Оральді туғаннан 1,5 жас; анальді саты 1,5- 3 жас; Фалидтік саты 3-6 жас; латентті саты 6-12 жас; генетальді саты 12-15- 16 жас; Юнг бойынша тұлға психикасы үш деңгейден тұрады. 1. терең деңгей (коллективті санасыздық деңгейі) 2. индивидуалды санасыздық 3. сана деңгейі Юнг «архетип» деген түсінік енгізді. Топтық санасыздық арқылы берілетін адамның шығармашылық салт-дәстүрде, әрекетінде фальколорда қалыптасқан көзқарасында орын алатын ой пікірлер. Шетелдік және отандық психологиядағы тұлға дамуының қозғаушы күштері мәселесі. Дамудың қозғаушы күштері-қоршаған ортамен тепе- теңдікті орнатуға талпыныс (Фрейд, Левин). Дамудың қозғаушы күштері ортамен тепе-теңдікті жеңуге бағытталған талпыныс (Маслоу, Нюттен). Дамудың қозғаушы күштері-қажетіліктер бұл адам қандайда бір әрекетті, ойын жүзеге асыру кезінде туатын динамикалық қалып, белсенділік. Құмарлық- дамудың қозғаушы күштері ретінде Фрейд-құмарлық тітіркенуге қарама-қайшы. Тітіркену сыртқы ортадан әсер етеді. Өзіне жауап ретінде рефлекторлы әрекеттерді тудырады. Бұл рефлекторлы әрекеттің мәні- тітіркендіргіштің әсерінен организмді босату. Тітіркендіру қашу рефлекторды тудырады. Мақсатты әрекеттер арқылы тітіркендіруден қашып құтылуға болады. Құмарлық организмінің ішкі күші, ішінен шығады. олар субьектінің өзіне тән үнемі орын алатын күш болып табылады. Құмарлықты қанағаттандыруға байланысты, одан қашып кетуге болмайды. Егер сыртқы орта әсерлері құмарлықтан құтылу талабын қоятын болса, онда құмарлық субьектінің белсенділігін арттырады. Субьектіден құмарлықты қанағатандыру мақсатында, сыртқы ортаны өзгертуге бағытталған күрделі іс-әрекеттерді талап етеді. Сондықтан тітіркендіргіштер емес, құмарлық жеке адамның дамуының қозғаушы күші болып табылады ( мен құмарлығы, жыныстық құмарлықтар). Салливен-нәрестелік кезеңде баланың ортамен қарым-қатынасы негізін «ауыз аймағы» құрайды. Өйткені осы жастағы құмарлықтар «ауыз аймағымен» байланысты. Тамақтану балаға ең алғашқы интерперсоналды тәжірибе болады. Бұнын маңызы-өмір бойы сақталады. Адлер-ерте балалық шақта қалыптасатын күштілікке талпынумен өзін-өзі кем санау сезімі арасындағы қатынас - жеке адамның негізгі формуласы бойынша анықталады. Ол адам өмірі барысында өзгеріссіз қала отырып, адамның басқалармен қарым-қатынасына, ерекшеліктеріне және оның мінезінің ерекшеліктерін тудырады. А. Адлер – «толымсыздық» - ерте балалық шақта «ұятты» талпыныстармен тілектерін санадан ығыстырып шығарумен байланысты пайда болады: ойлар, сезімдер,күйзелістер. Адамның өмірлік жолы – адамның ішкі дүниесінде орын тепкен балалық – шақтағы толымсыздықтың өмір жағдайларымен әрекеттестік дамуы. Л.С. Выготский алғаш рет психикалық қызметтерді жоғары мәдени және төменгі табиғи, - деп бөлімнен ұсынады. Л.С. Выготский құрылымының негізінде, тұлғаның өзегі оның бағыттылығы, деп атады. Л.С. Выготскийдің пікірі бойынша, адамның тұлғасы өзінің енген қарым – қатынастарының кешенді әсерінің нәтижесінде дамиды. Тұлға – бұл қоғамдық – тарихи дамудың өнімі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс - әрекеті – бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуын адамның мінездемесі үшін маңызды орын алуы, яғни оның мінез – құлық пен іс - әрекетінің жоғары саналы формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым – қатынастарының бірлігін құрайды. Нәтижесінде адамның кез – келген реакциялары және ішкі аффективті өмірінің құрылымы оның әлеуметтік тәжірибе барысында жинақталған тұлғаның ерекшеліктерімен анықталады. Тұлғаның қалыптасуы биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты екені мәлім. Сонымен қатар, тұлғаның дамуында негізгі болып нақтылы тарихи орта саналады. Оқушылардың тұлғасының дамуы, механизмді құрастыратын көптеген ішкі және сыртқы факторларға тәуелді болып келеді. Б.Г. Ананьев, А.Н. Леонтьев өз еңбектерінде объективті өмірді бейнелеу үрдісінде белсенді тұлға, қоршаған әлеуметтік өмір танымы сана сезімімен бірлестікте іске енетін тұтастай субъект ретінде көрініс береді деп дәріптелді. Тұлға сезімдік қасиеттерімен бірлікте, яғни индивид пен әлеуметтік ортаның шартымен бірлікте қарастырылуы да көрсетілген. Сонымен қатар, Б.Г. Ананьев тұлға құрылымының жан – жақты зерттелуін өз еңбектерінде сипаттаған. Ол тұлғаның үрдістерін күйлерін, қасиеттерін психофизиологиялық функциялармен және тұлғаның бағдарымен қажеттіліктері кіретін мінез – құлықтың жалпы мотивациясымен толықтырады. Автор, адамды биологиялық түрінің көзқарасы бойынша, адамның онтогенезін индивид ретінде, адамның дамуын тұлға ретінде қарастырады. А.Н. Леонтьевтің пікірі бойынша, тұлға – бұл адам өмірінің қоғамда туылуының ерекше түрінің психологиялық тұрғыда құрылуы. Әр – түрлі іс - әрекеттің бірлесе бағынуы, онтогенезде тұлғаның қалыптасуына негізін құрайды. Тұлғаның жүйелі қасиет ретінде пайда болуы индивид басқа индивидтермен біріккен іс - әрекетінде ақиқатты өзгертіп соның арқасында өзінде өзгертіп, тұлға дәрежесіне жетеді. Сонымен қатар, тұлға белсенділігімен сипатталынады яғни субъект өз шектеуінен тыс шығу ынталығымен, өз іс - әрекеттерінің саласын кеңейтілумен талап қойылған жағдайлардың шегінен тыс әрекет жасаумен (мотивация, жетістік, қауіп – қатерге тәуекел ету) сипатталады. Индивидтің тұлғасы бағыттылықпен бейнеленуі, яғни үстем болып табылатын адамның қажетті көрініс беретін мотивтер қызығушылықтар, сенімдер, көзқарас, және т.б. жүйелермен бейнеленеді. Қатынастар психологиясы В.Н. Масищевтің тұлға концепциясы болып табылады. Ол тұлғаның құрамына адамның психикалық үрдістерімен қасиетттерімен, күйлерімен қатар қатынастарды да енгізеді. В.Н. Масищевтің пікірі бойынша тұлға, тек адамға тән толық психикалық құрылымының жоғары шартталған қоғамдық – тарихи ретінде және оның психикалық іс - әрекеті мен мінез – құлықтарын саналы тұрғыда реттеуші ретінде анықталады. Сонымен қатар, тұлғаның өзегін өз - өзіне және сыртқы әлемге байланысты қатынас жүйесі [30] құрайды, - деп қарастырған. Тұлға бағдар теориясының аумағында да зерттелінеді (Д.И. Узнадзе 1966, А.С. Прангишвили 1975 және т.б.) Авторлар түрлі илизиоларды (елестеді) эксперименталды тұрғыда зерттеп, олардың пайда болуындағы маңыздылығын барлық иллюзиялар үшін ортақ нәрсеге тиесілі екендігін анықтайды. Осы ортақ нәрсе арқылы зерттеушілер бағдар ұғымын анықтады. Д.И. Узнадзенің теориясына сәйкес ішкі бағдар адам үшін ерекшеленген теориялық қажеттіліктің әсерінен пайда болып, адамның алдына оны қанағаттандыру міндеттерін табыс етуі. Осы ғылымдардың пікірі бойынша ішкі нұсқау адамды таңдамалы белсенді іс әрекетке бағдарлайтындықтан, ол тұлға психологиясының негізгі ұғымы болып табылады. Божович балалар тұлғасының психологиялық зерттеу міндетінде оның қалыптасуы мен заңдылықтарын бақылау және қолайлы немесе бөгет жасайтын жағдайларды анықтауы көзделеді. И.П. Божович және оның әріптестері түрлі жас шамасындағы балалардың тұлғасын қалыптастырудың қозғаушы күштерін қарастырады. Бірінші кезеңде оқушының оқу іс - әрекетерімен тығыз байланысты мотивтер зерттеледі. Олар зерттеу барысында тікелей оқу іс - әрекетінен шығатын әлеуметік мотивтердің және мотивтердің әртүрлі жас шамасындағы ара қатынастарының ерекшеліктерін анықтады. Л.И. Божович теориялық талдаудың негізінде, тұлғаның толық құрылымы оның бағыттылығымен анықталады, - деген болжам ұсынды. Тұлға бағыттылығының негізінде адам өмірі мен тәрбиелеу үрдісінде пайда болатын тұрақты түрдегі басымды мотив жүйелері жатады, ал олардың негізінде жетекші мотивтер басқаларын өздеріне бағындыра адамның мотивациялық сфераларының құрылымын сипаттайды. Мұндай мотивтер жүйелерінің иерархиялық тұрғыдан пайда болуы тұлғаның жоғары тұрақтылығын қамтамассыз етеді. Тұлға мен қоғам, тұлға мен іскерліктің ортаққа рым – қатынасының анализі көрсеткендей тұлға келесі қызметтерді іске асыруы керек. 1. Адамның тіршілік ету қажеттіліктері мен адамзат қоғамының даму тенденцияларын өзіндік және қоғамдық қажеттіліктерімен байланыстыру. 2. Өзіндік құндылықтарды жалпы адамзат құндылықтарымен байланыстыру. 3. Өзіндікті социум мақсатымен байланыстыру. 4. Іскерлік жағдайын адекватты таңдау. 5. Іскерліктің қажетті арсеналдарынан хабардар болу керек. 6. Процестерді бақылау және болжау. 7. Өзінің социумен және басқа адамдармен қарым – қатынасын түзету. 8. Өзінің іскерлігін, мотивациясын, мақсатын түзету. Функция функционалды орган тудыратындықтан, оған мыналарды жатқызуға болады; өзіндік құндылықтар, мақсат, қажеттіліктер, іскерлік жүйексі, әлем немесе өзіндік бейнесі. Негізінен тұлға анықтамасы оның нақты мінездемесінен және компоненттерінен көрініс беру керек. Тұлға – жоғары сезімтал әлеуметтік жиынтық. Сонымен тұлға түсінігін төмендегідей бөлеміз. 6. Тұлғалық өмір барысында қалыптасатын адамның функционалды жоғары сезімталды мүшесі. 7. Тұлға жүйелік әсердің қоғам жүйесінің детерминацияланған компоненті. 8. Тұлға өзінің компаненттерінің қызметін жүйе ретінде анықтайды. 9. Ішкі реаллизацияның қызметін қамтамассыз ететін және адамның өмір барысында осы функциялар нәтижесінде қалыптасатын және қалыптасу керек компаненттер адамға және социумға қарым – қатынасына байланысты ішкі және сыртқы функцияларды бөледі. 10. Көрсетілген «тұлға» түсініктері тұлға ерекшеліктерін ерекшке әлеуметтік сапа және психика дамуының жоғары деңгейі ретінде санауға мүмкіндік береді № 4 Батыс елдердегі заманауи тұлға теориялары Сұрақтары Зигмунд Фрейд: тұлға теориясындағы психодинаминамикалық бағыт. Карл Густав Юнг: тұлғаның аналитикалық теориясы. Альфред Адлер: тұлғаның индивидуалды теориясы. Эго-психологиядағы Эриксон, Корни: тұлғалық өсу теориялары Тұлға проблемасына орасан көп зерттеулер арналған. Олардың бәрін үш үлкен топқа бөліп, қарастыруға болады: 1. Тұлға проблемасының әдіснамалық және жалпы теориялық зерттеулері. Бұл зерттеулер келесі әдіснамалық принциптер мен проблемаларды ашуға арналған: сана және іс-әрекет бірлігі принципі; тұлғалық принципі, тұлғаның себептілік принципі, биологиялық пен әлеуметтіктің өзара қатынасы принципі, тұлға бойындағы даралық және қоғамдық сипаттар, субъект проблемасы, жүйелілік бағытының іске асып баруы, және т.б. Тұлға психологиясындағы жалпы теориялық проблемалар: тұлға құрылымы проблемасы, тұлға типологиясы, қозғалысы (динамикасы) және дамуы, т.б. проблемалар. 2. Тұлғаның нақты құрылым бірліктерін және тұлға ерекшеліктерін, яғни тұлғаның сеп-түрткі – қажетсіну аймағын, агрессивтігін, күйзелісін, мінезін және т.б. эмпирикалық талдауға арналған зерттеулер. 3. Тұлға жөніндегі біртұтас авторлық теориялар: Фрейд, Юнг, Рубинштейн және т.б. ғылыми көзқарастары. Тұлға жөніндегі зерттелеулердің бұл үш тобы өзара байланысты келеді. Психологиядағы тұлға зерттеулерінің жалпы бағыттарына шолу бере отырып, екі негізгі бағытты – номотетикалық және идеографиялық - ажырата атамай болмайды. Номотетикалық бағыт тұлға қызметтерінің жалпы, әмбебап заңдарын талдауды көздейді. Бұл салада қолданылатын басты 68әдістер – жаратылыстану әдістері: бақылау, эксперимент, деректерді математикалық – статистикалық өңдеу. Идеографиялық бағыт – тұлға бірегейлігін, оның қайталанбас біртұтастығын дәріптейді де негізгі зерттеу әдістері ретінде рефлексия және «жекеленген жағдайлар» әдістерін қолдана отырып, олардан алынған деректерді теориялық жалпылыққа келтіреді әрі түсіндіре баяндайды. Тұлға психологиясындағы психоаналитикалық бағдар XIX-XX ғ.ғ. тоғысында пайда болды. Оның негізін қалаушы Зигмунд Фрейд. Фрейдтің тұлға теориясының басты бөлімдері: бейсана проблемалары, психикалық ақпарат құрылымы, тұлға динамикасы, тұлғаны зерттеу әдістері, даму және невроздар. Фрейд пікірінше, психикалық өмір ашық сана астар сана және бейсаналық деңгейде өтіп жатады. Бейсана аймағы мұзтаудың су асты бөлігі сияқты басқа сана түрлеріне қарағанда көлемді де салмақты келіп, өз ішіне адамның барша әрекет-қылығындағы инстинкттер мен табиғи қозғаушы күштерді қамтиды. Психоаналитикалық теорияда адам инстинкттерінің екі негізгі тобы ажыралады: эротикалық (немесе өмірлік) және қиратушы (өлім) инстинктері Өмірлік инстинкттер энергиясы «либидо» деп аталады. Бұл инстинкттер өз ішіне аштық, шөліркеу, жыныстық қатынасты (секс) алып, тек өкілінің сақталуы мен тіршілігін қамтамасыз етеді. Өлім инстинкттері – қиратқыш күштер тек өкілінің ішкі жан дүниесіне (мазохизм не өзіне қол салу), сондай-ақ сырттай болмысына (өшпенділік және агрессия) бағдарланады. Көп жылғы клиникалық зерттеулері негізінде В. Фрейд өзінің инстинкттер жөніндегі тұжырымдамаларын ұсынды. Осыған байланысты ол адам тұлғасы құрылымының үш деңгейлі бірліктерін анықтады: «ОЛ»(Ид-ОНО), «МЕН»(ЭГО-Я),» ЖОҒАРЫ МЕН»(СУПЕР ЭГО- сверх Я). «ОЛ» (Ид-Оно) – Абай өз философиясында бұл түсінікті «Менікі» терминімен береді - психиканың бейсаналық бөлігі, биологиялық тума инстинктті құмарлықтардың (агрессивті және сексуалды) бұрқанысты ошағы. «ОЛ» «либидо» деп аталатын сексуалды энергиямен қаныққан. Адам – тұйықталған энергетикалық жүйе, әр адам бойындағы күш-қуат – тұрақты шама. Бейсаналылығынан әрі ақыл өлшеміне келмейтіндігінен (иррационал) «ОЛ» қанағат алу (рахаттану) принципіне бағынады, яғни адам өмірінің басты мұраты – рахат және бақыт осы инстинкттен.69 «МЕН»(Эго-Я) – инстинкті «Ол» талаптарын үздіксіз шынайылылық (реальность) принципі негізінде орындап баруға ұмтылады. «МЕН» адам бойында бейсана және ашық сана күйінде бірдей орын иелейді. «МЕН» деңгейі инстинктті «ОЛ» - мен ұдайы тайталаста болып, адамның сексуалды құмарлықтарын басып отырады. «МЕН» үш ықпал әсеріне: «ОЛ», «ЖОҒАРЫ МЕН» және өз талаптарына бағындыруды көздеген қоғамға – тәуелді келеді. «МЕН» аталғандар арасында үйлесімділік орнатуға ат салысады, бірақ рахаттану принципін басты мақсат тұтпай, болмыс шындығымен жүргенді қалайды. «ЖОҒАРЫ МЕН» (Супер – эго, сверх - я) – ата-аналар және қоғамдық мораль ықпалдарының иесі. Бұл құрылым бала өмірінің барысында қалыптасып, сол бала жынысына тектес ересек туысқан болмысына ұқсап дамиды. Ұқсау не сәйкестену (идентификация) желісінде ер балаларда «Эдип комплексі», ал қыз балаларда «Электра комплексі» қалыптасады. Бұл комплекс түрлері баланың сәйкестену нысанына (әке не ананың біреуіне) болған екі ұшты, бірі-біріне қайшы толғаныс (жақсы көру мен жек көру) сезімдерінен құралады. Тұлға «Мені» сыртқы дүниені анықтайды. «Ол» (эго) және Жоғары МЕН (супер эго) көбіне өзара сиыспайтын талаптар қояды. Мұндай жағдайларда «МЕН» күшті ықпалдарға тап болып, оны «үрей» билейді. «Мен» осы үрейге қарсы ерекше тосқауылдар – психологиялық қорғаныс тетіктерін іске қосады. Әлемдік психологияда тұлға теориясына орай өз маңыздылығымен әйгіленген бағыт – бұл бихевиоризм. Бихевиоризмнің зерттеулері аясы – адам әрекет-қылығы, ал психология сол әрекет-қылықты күні ілгері болжау және қадағалауды міндетіне алған жаратылыстану ғылымының эксперименталды саласы есептелінді. Бұл бағыт негізін қалаушы Д.Уотсон пікірінше, адам тумадан қарапайым реакциялар мен рефлекстерге ғана бейімделген, бірақ мұндай нәсілдік шарттар саны шектеулі, аз санды. Осыдан тек өкілінің барша әрекет-қылығы оқу- үйретудің нәтижесінде пайда болады. Уотсонның анықтауынша, тұлға – әдетті дағдылар жүйесінің туындысы. Сондықтан да ғалым тұлға сипатын, оның практикалық қызметін ұзақ уақыт зерттеу барысында анықталған әрекеттерінің жиынтығынан байқауға болатынын алға тартады. Бихевиоризм ұстанымына сәйкес, әрекет-қылық талдауы қатаң объективті сипатта болып, сырттай байқалатын жауап әрекеттерге (реакция) ғана негізделуі тиіс (объектив таным, қолға түспейтіндердің бәрі бекер, яғни адам ойы, санасы өлшестіруге, санаққа келмейді, осыдан 70 олар зерттеу нысаны бола алмайды). Адамның ішкі жан дүниесінде болып жатқанның бәрі – тылсым сыр. Шынайы зерттелетін нәрсе – бұл адамның тысқы әсерге болған жауап әрекеті, оның сырттай көрінетін әрекет-қылықтары және осы әрекеттерге мәжбүрлеуші қоршаған орта ықпалдары (стимулы) мен жағдайлары. Психологтың міндеті – жауап әрекетке орай ықтимал ықпалды анықтау, сол ықпалды пайымдау арқылы қандай жауап әрекет боларын болжастыру. Сонымен, бихевиоризм тұрғысынан тек өкілінің бойында қоршаған тек өкілінің бойында қоршаған ортаға икемдесуге қажет жауап әрекетке байланысты қандай мүмкіндіктер болса, солардың бәрі түгелдей тұлғалық сипатты береді, яғни тұлға – бұл дағдылар, саналы басқарылатын инстинкттер, әлеуметтенген эмоциялар, жаңа дағдылар түзуге қажет бейімдесу қабілеті, қалыптасқан дағдыларды бекіту және сақтап қалу қасиеті; Осыдан, тұлға - ұйымдасқан және ықтималды тұрақты дағдылар жүйесі. Дағдылар тұрақты әрекет-қылық негізі, сонымен бірге олар тіршіліктің өзгермелі жағдайларына бейімдескен, болмыс өзгерісіне сәйкес жаңа дағдыларды қалыптастырады. Тұлға психологиясының гуманистік бағыты- психоанализ және бихевиоризм принциптеріне қарсы тұжырымдарымен қалыптасты. Бұл психологиялық теорияның басты ұстанымы: адам – бірегей және қайталанбас, әлеммен ашық байланыстағы, өзін-өзі жетілдіріп баруға қабілетті біртұтас құбылыс. № 5 Тұлғалық өсу және оның механизмдері Сұрақтары: Интеграция және реинтеграция. Тұлғааралық қатынастар және оның тұлғаның қалыптасуындағы рөлі. Реинтеграция мен тұлғалық өсудің базалық жағдайлары – нағыздық, конгруенттілік, басқаларға маңызды позитивтік қолдану, эмпатиялық ұғыну. Отандық психология мен педагогикада қазіргі таңда «тұлғаның өзін жетілдіруі», «өзін таныту», «тұлғалық өсу» және т.б ұғымдар көп таралған және қолданысқа кеңінен енген ұғымдар болып келеді.Бірақ, біздің ойымызша «бұл жаңа формулалар толықтай ұғынылмаған және өзінде нақты мәнге иеленбейді немесе олар метафоралық сипатта пайдаланылып, әдемі ярлыктың қызметін атқарады. Оларға ескі «киімдерді» іліп, ескі ұғымдарды өзгертеді. Соңғысында біздің ғалымдарымыз батыстың идеяларын механикалық түрде біздің психолого-педагогикалық практикамызға енгізуге тырысады. Сондықтан да өзін таныту, тұлғалық өсу және басқа да идеялар өзінен өзі туындаған жоқ, олар тереңнен алынған бағдарлар негізінде қалыптасып, адамға және оның дамуына байланысты өзіндік амалы болады. Өз кезегінде Макс Отто былай тұжырымдаған: «Адам философиясының тереңдетілген, оны қалыптастыратын және оны құнарландыратын қайнар көзі – оның сенімі немесе адамзатқа деген сезімнің болмауы. Егер адам басқа адамдарға сенім артса, онда ол олардың көмегімен белгілі бір жетістіктерге жете алады және бұл сенім оның өмірге деген, әлемге деген қатынасын өзгертеді. Кейін олар сеніммен гармонияда болады. Ал сенімнің болмауы осыған сәйкес түсініктерді қалыптастырады» (К.Хорни бойынша цитата,1993,235 бет). Осыдан біз әрбір концепцияда міндетті түрде болатын теоретикалық пен практикалық құрылымнан басқа, оның құндылық құрамы болады. Осы аксеомалық кредо концептуалды құрылымның шынайы фундаменты болып келеді. Егер адамның сенім-сенімсіздік критерийсін қолдансақ. Өз кезінде Макс Отто былай деп айтқан: «Адам философиясының тереңдетілген, оны қалыптастыратын және оны құнарландыратын қайнар көзі – оның сенімі немесе адамзатқа деген сезімнің болмауы (С.Б.-мен негізгі психологиялық теорияларға қосымша ретінде атап өтілген). Олар өз кезегінде бірдей мәнге ие болмайтын 2 топқа бөлінеді: адам табиғатына «сенетін» (яғни гуманисттік бағдарланған) және «сенбейтін». Бірақ, әрбір топтың ішкі құрамынан да өзгешеліктер табуға болады. А) «Сенбейтіндердің» тобында (пессимисттердің) қатал позицияны ұстанады. Олар адам табиғатын негативті –ассоциалды және деструктивті болады және адам оны шеше алмайды. Бірақ одан қарағанда жұмсақ форма да болады. Ол нейтралды объект түрінде болады. Б) «Сенетін» топтың ішінде радикалды көзқарас болады. Олар міндетті позитивті көзқарасты ұстанады, адам конструктивті, жақсы мәнге ие болады. Бұл ерекшеліктер потенциал түрінде болады және бұл потенциал жағдай өзгерген сәтте ашылады. Және адамға байланысты епті көзқарас та болады. Ондай мәнге адам бірден ие болмайды және позитивті өзін жетілдіру міндетті түрде болып жатпайды. Бірақ ол адаммен саналы, ерікті түрде таңдалады және оны шартты-позитивті деп атауға болады. Адамның болмысы туралы мәселемен қатар, сол мәнмен не істеу керек екендігі туралы мәселе де кеңінен қарастырылады. Бұл жерде оны тәрбиелеу, дамыту және жақсарту мәселелері қарастырылады. Тәрбиелеудің мәні туралы мәселе принципиалды түрде былай шешіледі: егер адамның болмысы негативті болса, оны өзгерту керек; егер ол жоқ болса, оны құрастырып, консруктизациялап, адамға енгізу керек. Егер ол позитивті болса-оның ашылуына көмектесу керек, егер болмыс ерікті түрде жүзеге асса, оған сол шешімді қабылдауға көмектесу керек. Әлемдегі базистік имплицидті психологиялық концепциялардың типологиясын кесте түрінде ажыратып көрсетуге болады. Бірақ бұл кесте әр түрлі әдіс-тәсілдерді дұрыс, ашып көрсете бере алмайды. Біздің ойымызша ол педагог пен психологтың кәсіби аумағындағы өзгешеліктерді ажыратып, таңдау нұсқалары мен осы таңдаудың себептерін фиксациялайды. Кесте: Психологиялық концепциялардың базистік бағдарлары |Базистік бағдар |Адам табиғаты |Тәрбиелеу мәні |Негізгі өкілдері | |Адамға деген |Негативті |Өзгерту, |Классикалық фрейдизм | |сенімсіздік | |компенсация | | | |Нейтралды |Қалыптастыру, |Бихевиоризм, отандық | | | |түзету |психологиядағы | | | | |көптеген бағыттар | |Адамға деген |Міндетті |Өзін жетілдірудегі |К.Роджерс, | |сенімдік |позитивті |көмек |А. Маслоу | | | | |концепциялары | | |Шартты |Таңдаудағы көмек |В.Франкл, Дж. | | |позитивті | |Бюдженталдың | | | | |экзистенциалды | | | | |бағыттары | Осылайша тұлғалық өсу және өзін жетілдіру концепциясы адамға деген гуманисттік көзқарастардың логикалық жалғасы екендігі анық. Және ол өз кезегінде адамға сенім артпайтын бағыттармен байланысты емес. Бұл жерде атап өтілген тұлға мен тұлғалық өсу ұғымдары «гуманисттік психологияның дамуына» үлесін қосқан лидерлердің К.Роджерстің концепциясына сүйенеді. Оның тұлғалық-орталықтанған бағыты. № 6 Тұлғалық өсудің базалық жағдайлары іске асырудың психологиялық механизмдері. Сұрақтары: Тұлға мәселесіне қатысты басқа теориялармен айырмашылығын көрсету К.Роджерс бойынша тұлғалыққа ортақталған терапия және консультация беру. Психолог позициясының өзгешелігі. Қазіргі таңдағы психологиядағы актуалды және маңызды мәселелердің бірі, тұлғалық өсу мәселесі. Кеңестік және шетелдік әдебиеттерді психологияның осы аспектісіне көп назар аударылады. Алғаш рет тұлғалық өсу феноменің К. Роджерс пен А. Маслоудын гуманистік концепциясының тұрғысынан қарастырылған болатын. Маслоу (1967) адамның табиғи ішкі тұлғасын өзіндік жетілдіру арқылы қарастырды: келесі байланыс арқылы: «денсаулыққа, өсу импульсіне активті ерік немесе адамди потенциалдын актулизациясы». Бұл контексте өзіндік жетілдіру- биологиялық жағынан қарастырылды. «Өсу» іштен жүреді. Сонымен қоса, айта кететін маңызды мәселе оңдай өсуге әлеуметтік орта кедергі жасамауы. Егер адам жағымды ортада өссе және тұлғалық жетілуге ішкі табиғатын бағыттаса, оның креативті күштері айқын байқалады. Тұлғалық өсуге екі шарт маңызды: өзін өзіндік «меннен» жоғары бір нәрсеге арнау және қойылған мәселені сәтті орындау. Өзіндік жетірдіруге бағытталған адамдарға тән мінез қырларлы- креативтілік, бір беттілік, батылдылық пен талмай жұмыс жасау. . Шынайлықты жақсы қабылдау; . Қорғашан ортаны, басқаларды және өзін жақсы қабылдау; . Спонтанды әрекеттердің көбеюі; . Мәселеге шоғырлана алу; . Эмоционалды тәуелсіздік; . Бай ішкі өмір; . Автономия және әлеуметтік қысымға қарсыласу қабілеті; . Сезімдердің кемелденуі; . Трансперсоналды күйзелу тәжірибесі; . Адамды адам ретінде жақсы түсіну(әлеуметтік клишеден тыс); . Тұлғааралық қатынастардың жақсаруы; . Өзінің мінезіндегі демократиялық қасиеттер; . Креативтіліктін көбеюі; . Бағалаудын объективті жүйесі. К. Роджерс тұлғалық өсуді қарастыруда жетілдіру мен өзіндік жетілдіруді бөліп қарастырады, біріншісінің таңдалмалығын көрсете отыра. «Өзіндік жетілдіру» тенденциясы кез-келген тірі организмге тән. Өзіндік жетілдіру –тірі организмнің өзінің мүмкіндіктерін қолдана отыра тұлғалық өсуе, дамуға, тәуелсіздікке және дербес әрекеттерге ұмтылуы (Rogers, 1961, р 35). Өсу организмнің басты мақсаты деген тұжырым, Роджерс концепциясының басты ойы. Сонымен, өзіндік жетірдірудегі тұлға- өзіндік жетілу дәрежесіне шыққан индивид. Адам ренжу, қызғану, ашулану және т.б. сол сияқты майда кемшіліктерден және депрессия, писсимизм, эгоизмнен тыс өмір сүреді. Ол жоғары өзіндік бағалаумен ерекшеленеді, басқаларды қабылдай алады, әрекеттерінде тәуелсіз, қарапайым және демократиялық болады, әзілдей алады. Өзіндік жетілу түсінігі ,К.Гольдшейн (1939) бойынша, негізгі мотивтер. «Әр түрлі драйвтар сияқты көрінетін- аштық, жыныстық қатынас, билік, жетістік, қызығушылықтардын бәрі- өмірдің басты күшінің көріністері, яғни өзіндік жетілдірудін. Адамның қарны аш кезінде ол тамақ арқылы өзіндік жетіледі; егер ол адам билікке ұмтылса, ол соған жету арқылы жетіледі. Өзіндік жетілу-адам табиғатының шығармашылық тенденциясы. Ол организмді- дамыту мен жақсартуға бағытталған». Шетелік психологиялық әдебиеттерді талдау тұлғалық өсуге бағыттылық теоретикалық және терминологиялық бағдар арқылы ғана емес, сонымен қоса, зерттеу мақсаты мен психологиялық басқару арқылы жүретіні анықталды. Тұлғалық өсу процессінің құрылымында жиерек келесілері көрсетіледі: • Тұлғалық өсуге әсер ететін қарым-қатынастын психологиялық белгілері (Роджерс К.; Сатир В.); • Әрекеттену мен өзіндік санада көрінетін тұлғалық өсу эффектілері (Роджер К.; Маслоу А.); • Тұлғалық өзгеріске алып келетін топтық және диалогтық процедуралар (Рудестам К.); • Тұлғаға тиімсіз дағдылардан айыруға арналған қадамданған психотехнологиялар (Бэндлер Р.; Гринндер Д.); • Психологиялық мектептерді талдау кезіңде тұлғалық өсу процессінің құрылымы бір-екеуінде табылды (Фейдимен Дж.; Фрейгер Р.). Тұлғалық өсу мәселесімен Альфред Адлер (1870-1937) айналасқан. Ол өзіндік келісім бар және біріккен тұлғалық жүйеге кемшілік комплексінен айырылу арқылы келуге болады деген. Тұлғалық өсу мен кемшілік комплексінен айырылу үшін қажет: 1. Адам өмірінің спецификалық стилін түсіну; 2. Адамға өзін түсінуге көмектесу; 3. Әлеуметтік қызығушылықты арттыру. Р.Ассаджолидің көз-қарасы бойынша тұлғалық өсу рухани кризистармен бірге жүреду: 1. Рухани оянуға әкелетін кризис; 2. Рухани оянумен келетін кризис; 3. Рухани оянудан кейін келетін реакция; 4. Өзгеру процессінің фазалары. Өзін өзгертуге бағытталған ішкі жұмыс, адамның тұлғалық өсуіне жаңа мүмкіндіктер береді. Рухани кризистер сол өсу жолында интегратор рөлі атқарады. Шетел психологтарының Э.Берн, Дж. Бьюджентал, М. Джеймс және Д.Джонгвард, Л. Камерон-Бэндлер, Д. Гордон және М.Лебо, Г. Лецщ, Дж. Райенуотер, Ф.Перлз, К.Руестам, В.Франкпа, И.Ялома және т.б. жұмыстарында «тұлғалық өсу» мәселесі қарастырылады. Кеңес психологтарының (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштей, Б.Г.Ананьев) жұмыстарында тұлғалық өсу термины жеке түсінік ретінде қолданбаса да, осы мәселенің дамуына олардың үлесін атап кету қажет. Көптеген авторлар «тұлғалық өсу» терминінің орнына «өзіндік жетірдіру» терминің қолданады. (Е.В. Андриенко, К.А. Абульханова-Славская, Е.И. Горячева, И.И. Осадчева и др.), «самореализация» (ЛАКоростылева, Д.А.Леонтьев, Р.К.Мамеркулова, О.Ш. Тустови және т.б.), «самосовершенствование» (Н.М. Гаджиева, Л.Ш. Гримак, Ю.М. Орлов), «өзіндік даму» (Г.А. Цукерман, Б.М. Мастеров және т.б.), «самоосуществление» (А.Г. Асмолов), «тұлға жұмысы» (М.Ш. Магомед-Эминов). Бұл терминдер жұмыстарында синоним ретінде қолданылады. Кеңестік психотехникалық практика Н.Р. Битанованың, В.Ю. Большакованың, Ф.Е. Василюканың, И.В. Вачкованың, Н.М. Гаджиеваның, О.В. Немфинскованың, А.С. Пругченкованың, О.К. Романенконың, С.С. Харинаның, Г.А. Цукерманның, Б.М. Мастерованың және т.б. авторлардын жұмыстарында көрінеді. Е.Василюканың жұмыстарында кризистік жағдайдардың ерекше типологиясы беріледі. Автордың айтуынша сыртқы әсерлер адам өмірінде қандай тікелей және біркелкі салдарға алып кететінің көрсете алмайды. Бір жағдай әр адамға әр түрлі әсер етуі мүмкін. Біреуі үшін оңдай сыртқы әсер терең кризис болса, басқасы үшін ол жеке конфликт түрі немесе шақырылған фрустрация болуы мүмкін. «Өзіндік жетілуге, өзіндік дамуға, өзін-өзі кемелдіндіруге қажеттілік өздігінен адам үшін бағалы болып саналады. Олар тұлғалық жетілудін және оның жетістіктерінің көрсеткіші болып табылады. Сонымен қоса, өзіндік даму адамның ұзақ өмір сүруіне ықпал етеді» - деп жазады Д.Б.Эльконин (1989). С.Л. Братченко, М.Р. Миронова тұлғалық дамудын мағынасын- «босаңсу, жеке өмірлік жолдағы өзіндік жетілдіру мен маңызды тұлғалық атрибуттарды қабылдау. Толық тұлғалық даму интраперсональдылық интерперсональдылықты баспаған жағдайда ғана мүмкін». Тұлғалық өсудін интраперсональдылық критерийіне келсі шарттар кіреді: 1. Өзін қабылдау; 2. Ішкі күйзеліс тәжірибесіне ашықтық; 3. Өзін түсіну; 4. Жауапкершілік бостаңдық; 5. Біркейлік; 6. Динамикалық; Интерперсаналдылық критерийлеріне: 1. Басқаларды қабылдау; 2. Басқаларды түсіну; 3. Әлеуметтілік; 4. Шығармашылық адаптациялану. Тұлғалық өсу қосындысы: өзін-өзі тану, өзіндік даму, өзіндік жетілу және өзіндік кемелдену. № 7 Когнитивтік бағдарлардағы тұлға теориялары Сұрақтары Адамгершiлiк потенциалдың дамуы. Тұлға құрылымы мен дамуы. Мен-бейнесі Жалпылай түрде тұлға - өзіне басқа адамдарды қоса отырып, сыртқы әлеммен және ішкі әлемімен өзінің әрекеттестікте болатын өз өмірінің субьектісі ретіндегі адам. Тұлға тулғананнан биологиялық алғышартар мен өмір сүру барысында пайда болатын әлеуметтік тәжірибені және заттық іс- әрекетті иемдене отырып қалыптасады. Тұлға тұрақты болып табылады, бірақ, бір мезгілде, ол ылғи өзгеріп отыратын ортаға бейімделудің нәтижесіне байланысты өзгереді. Сондықтан биологиялық алғышарттар және индивидуалды тәжірибелер қайталанбайды, сонымен бiрге әр тұлға дара және бiртума болып табылады. Ол адамдағы бүкіл психологиялық қасиеттерді біріктіретін әмбебап құрылымды иемденеді. Әйтседе тұлғаны өзгертуге, түсінуге және зерттеуге болатын жалпы заңдылықтарды иемденеді. Тұлға құрылымыда оның жетілегендігін куәландыратын үш құраманы бөліп көрсетсек болады: 1. Танымдық құрамалар - адамның өзі, басқа және әлем туралы ойларын қосады; Жетілген, сау тұлға былай ерекшеленеді: 2. Тiршiлiк әрекетiнiң белсендi субъектiсi сияқты өзiн бағалайды, еркін таңдау жасай алады және оған өз жауапкершілігін ала алады. 3. Басқа адамдарды тiршiлiк әрекетi процесінің әмбебап және тең қатысушылары ретінде қабылдай алады. 4. Әлемді үнемі өзгеруші ретінде қабылдайды, яғни, өзінің мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін ол әрқашан жаңа және қызықты кеңістік болып табылады. 2. Тұлғаның эмоционалды саулығына: 7. өзінің түйсінулеріне сену және оларды мінез-құлықтың негізі ретінде қарау қабілеттілігі, яғни, бұл дегеніміз әлем қалай елестетесің сондай және адамның дұрыс шешімді қабылдай алуы мен оны жүзеге асыра алатындығына деген сенімділігі болып табылады. 8. өзін және өзгені қабылдау, басқа адамдарға деген шынайы қызығушылық. 9. әлемнің жағымды жағын қабылдауға деген қызығушылық. 10. нақты болған жағдайға сәйкес, күшті оң және тері эмоцияларды уайымдауға қабілеттілік. 3. Мінез-құлық құраушылары өзіне, басқа адамдарға және әлемге деген қатынас әрекеттерінен тұрады. Жетілген сау тұлғада: 5. әрекет өзін-өзі тануға, өзін-өзі дамытуға, жүзеге асыруға бағытталған. 6. басқаларға деген қатынас мінез-құлқы тiлектестiк және олардың тұлғасын құрметтеуге негізделген. 7. Әлемге қатысты мінез-құлық көпшілдікке бағытталған, кейде оның ресурстарын қалпына келтіру және өзінің шығармашылық әрекеті нәтижесінде жүзеге асыру, сондай-ақ өзінде барға ұқыптылықпен қарау. Тұлға құрылымында төрт деңгейді бөліп көрсетуге болады: Бірінші деңгей биологиялық негізді құрайды, яғни, оған психиканың жасерекшелік, жыныстық қасиеті, жүйке жүйесінің тума қасиеті және темперамент кіреді. Бұл деңгей саналы өзін-өзі жетілдіруге және жаттықтыруға көнбейді. Екінші деңгей тұлғаның ұйымдасуына адамның психологиялық процестерінің индивидуалды ерекшеліктерін қосады, яғни, естің, қабылдаудың, түйсіктің, ойлаудың, эмоцияның, қабілеттің индивидуалды пайда болуын қамтиды. Бұл деңгей туа біткен факторларға тәуелді бола отырып, сонымен қатар, индивидуалды тәжірибеден, жаттығудан, дамудан және осы сапалардың жүзеге асунынан тәуелді болады. Үшінші деңгей адамның өмір сүру барысында иемденетін білімдері, дағдылары, әдеттері мен білулері негізінде тұлғаның индивидуалды әлеуметтік тәжірибесін құрайды. Олар әлеуметтік сипатқа ие, оқыту, бірлескен іс-әрекет процесінде қалыптасады және осыған сәйкес мақсатқа бағытталған жаттығудың көмегімен өзгере алады. Төртінші тұлғаның жоғарғы деңгейі, iшкi өзек (стержень), оның құндылық бағыттарын құрайды. Құндылық бағдардың ең қарапайым анықтамасы - жақсы туралы мінсіз ойлар. Құндылық бағдар адамның өзіне және әлемге деген жалпы бағытын анықтайды, оған мағына береді. Құндылық бағдарлар адамның тұрақты елігу жүйелеріне , идеалдарына және көзқарастарына, сонымен қатар сенімдеріне, дүниетанымына, өзін-өзі бағалауына, мінез ерекшеліктеріне әсер етеді. Құндылық бағдарлар адамның барлық өмір тәжірибесі негізінде қалыптасады. Адамның қоғамдағы мінез-құлы стихиялы түрде болмайды, ол белгілі бір әлеуметтік рөлдер негізінде болады. Рөлдер - басқа адамдармен қатынас кжүйесіндегі тұрақты орын болып табылады ( мысалы: студент, оқытушы, әйел, сатып алушы және т.б.). Мысалы, дәрігер өзінің бөлмесінде пациентті өзі туралы айтуға, шешінуге шақыра алады және т.б. Бірақ ол осының негізінде ақ халат киіп, өзін дәрігер қызметкеріне лайықты түзу ұстау керек. Одан пациентке деген назар аудару күтіледі және жеткілікті дәрежеде кәсібибілім деңгейінің жоғары болуы талап етіледі. Дәл осы адам жұмыстан кейін дүкенге кіріп сатып алушының рөлінде болып, мүлде басқа құқықтарды иемдене алады. Тұлға бітістері индивидумның әрекетін құрайды. Тұлғаның әр бітісі басқаларға қатысты тәуелсіз болады. Бір және сол адам әртүрлі жағдайларда пайда болатын оқиғаларға айланысты қарама-қарсы бітісті иемденуі мүмкін. Мысалы, адам жақындарына қайырымды, жұмсақ болып, ал басқа адамдарға қатал әрі дөрекі болуы мүмкін. Сонымен қатар осылармен байланысты адамның мінезі қалыптасады. Мінез іс-әрекеттің әртүрлілігінде пайда болады, адамның бүкіл өмір бойымен анықталады және қалыптасады. Ересек адамның мінезі әбден орнықты. Оны тренингтің көмегімен айтарлықтай өзгерту қиын. Бірақ адамды үйретуге болады, біріншіден - өз мінез бітісін сезіну, екіншіден - жағдайды талдау және көрсету немесе оның белгілі бітісін сақтау, яғни, мінез-құлықты бейделген ретінде жасау. МЕН - бейнесі. Бақылау мен тестілеу тұлға туралы обьективті көзқарас қалыптастырады. Адам үшін өзінің өзіне деген көзқарасы маңызды болып табылады, әсіресе, ол өзінің бітісін нашар ажырататын жас адам болатын болса. Өзін-өзі саналау - адамның өзін, өзінің қызығушылықтарын, құндылықтары мен мінез-құлық мотивтерін тұлға ретінде бағалауы. Өзін-өзі саналаудың дамуы - бұл тұлғалық өсу тренингінің міндеттерінің бірі болып табылады. Өзін-өзі саналаудың негізінде адамда "Мен - бейнесі" қалыптасады (Мен - концепция) - яғни, индивид өзін қалай көреді және қалай көргісі келеді. "Мен - бейне" негізінде адам өзін сырқы әлемнен және басқа адамдардан ажырата алады. Сонымен қатар, "Мен - бейнеге"өзінің мімкіндіктері мен өзін тұлға ретінде бағалауы кіреді. "Мен - бейне" адекватты болуы мүмкін (шынайылыққа сәйкес келетін) немесе бұрмаланған, яғни, ол адамды анықтау қиынға соғатын. Қандайма жағдай болмасын адам өзінің "Мен - бейнесінің" тұрақтылығына ұмтылады. Адам егер өзі туралы айтылғандарды оның қиялындағы " Мен бейнесіне" сәйкес келмесе оны жалған ақпарат деп есептеп, мән бермеуге тырысады. "Мен бейнесінің" адам өмірінде маңызды орын алуы себебі, ол оның ішкі әлемінің орталығы болып табылады, өзінің мінез-құлқын жоспарлайтын, барлық қоршаған әлемді бағалайтын және қабылдайтын адамның "бастапқы нүктесі" болып табылады. Мысалы, жақсы белгілі нәрсе, бір адам үшін ылғы бір түс "ашық және көңілді" болуы мүмкін, ал басқа біреу үшін ол "iш пыстыратын - бұлыңғыр"; сүйікті музыканың дыбысы сіз үшін тыныш болуы мүмкін, ал ол музыканы ұнатпайтын адам үшін оның дыбысы өте қатты болуы мумкін; бір немесе басқа оқиға жақсы немесе жаман деп бағалануы мумкін, өйткенің оның бағалануы ададарға пайдалы немесе зиянды болуынан болып табылады және т.б. "Обьективті пікір" әдеттегідей миф және адасу болып табылады. Адамның кез келген пікірі оның " Мен - концепциясы" арқылы ұйғарылады. "Мен - бейне" тұтастай өзіне үш негізгі өлшемді қосады: нақты «Мен» (дәл қазіргі сәтте адам өзін қалай көреді), қалау "Мен" ( өзін қалай көргісі келеді), ұсынылатын «Мен» ( өзін басқаларға қалай көрсетеді). Осы үш өлшемде тұлғада болады және оның тұтастылығы мен дамуын қамтиды. "Мен бейненің" жеткілікті тұрақтылығана қарамастан, өмір ағысы бойынша ол тұрақты болып қалмайды. Оның қалыптасуы, дамуы және өзгерісі оның ішкі себептерімен байланысты болуы мүмкін, сондай-ақ әлеуметтік ортаның сыртқы әсерінен де. Ішкі фактор - адамның өзін-өзі дамытуға ұмтылуы. Өзін-өзі дамыту - өзін тұлға ретінде жүзеге асыруға тырысатын аданың саналы іс- әрекеті. Ол анық өмірлік саналы мақсаттарды, идеалдарды және тұлғалық бағдарларды жорамалдайды. "Мағыналы басқалар" ретінде ата-аналары, жетекшілер, бала ойынына кейбір қатысушылар, және, мүмкін, атақты тұлғалар. Сондықтан, "мағыналы басқалар" арқылы әлеуметтену процесі жүреді. №8 Тұлғалық өсудің психологиялық талдануы және оны эксперименталдық зерттеу Р. Ассаджиолидің психосинтез концепциясы Психосинтез концепциясын итальяндық психиатр Р.Ассаджиоли жасап шығарған және ол қолданбалы болып табылады. Ол басқа мектептердің (бейсаналық, гуманисттік және трансперсоналды психология) методологиясына сүйене отырып жасалған болатын. Бұл жүйе адам әрдайым өсу үстінде, өзінің байқалмайтын потенциалдарын актуализациялау үстінде болады деген болжамға сүйенеді. Ассаджиоли бойынша тұлға құрылымы күрделі және жеті динамикалық құрамалардан тұрады. Төменгі бейсаналық негізгі психологиялық белсенділікті, ең қарапайым примитивті инстинктивті қажеттіліктер мен эмоционалды кешендерді басқарады. Орта бейсаналық тәжірибені санаға жеткенше ассимиляциялайды, жалпы сипаттамасы бойынша З.Фрейдтің бейсаналығына сәйкес келеді. Сана үсті сферасы – жоғарғы сезімдер мен қабілеттердің орналасқан жері. Мысалы, интуиция және шабыт сияқты. Сана өрісіне талданатын сезімдер, ойлар, итермелеуіш күштер кіреді. Анық саналатын нүктесі ретінде саналы өзінділік сезімін айтуға болады, ал жоғарғы өзінділік – бұл санадан, ақылдан және денеден тыс болатын индивидуалдылық аспектісі. Бұл элементтердің барлығы ұжымдық бейсаналыққа кіреді. 1. Төменгі бейсаналық – басылып тасталған тілектер, комплекстер, инстинкты, баяғыда ұмытылған естеліктер. 2. Орта бейсаналық – бұл біздің барлық психологиялық нышандарымыз және күйлеріміз, олар ырықты түрде сана өрісіне ауыса алады. 3. Жоғарғы бейсаналық немесе жоғарғы сана – эволюциялық адамның келешегі, даму процессі барысында адамның қол жеткізе алатын барлық нәрселері; жоғарғы парапсихологиялық қабілеттіліктер, интуиция, шығармашылық шабыт, экстаз, руханилық махаббатқа, әділеттілікке, әдемілікке, жанашырлыққа, гормонияға құмарту. 4. Сана өрісі – саналы талдауға болатын түйсіктер, елестер, ойлар, сезімдер, қалаулардың үзілмейтін ағымы. 5. Саналы жеке Мен – сананың, тұлғаның орталығы, бірақ адам ұйыктағанда, наркоз қабылдағанда ол жоғалып кетеді. 6. Тұлға үстінде тұратын шынайы Мен (немесе Өзіндік) ойлар ағымынан және дене қалпынан жоғары тұратын, сонымен қатар олардың әсеріне түспейтін бөлігі. Жоғарғы Мен – адамилық дамудың мүмкіндіктерінің жиынтығы, жеке саналы Мен тек жоғарғының бөлшектерінің бейнесі, оның тұлға өрісіндегі проекциясы ғана болса, бұл жалпы индивидуалды процесстердің арасында байланыстырушы, Әлеммен бірегей бөлігі. 7. Ұжымдық бейсаналық (Юнг бойынша «ұжымдық бейсаналық – теңіз әр толқынның нышаны сияқты, әр индивидуалды психиканың нышандары»). Әр адамның басқа адаммен арасында әрдайым «психикалық ену» процессі жүріп жатады. 8. Ерік, оның көмегімен Мен өзінің психикалық функцияларын басқара алады. 9. Түйсік. 10. Эмоциялар-сезімдер. 11. Импульсер-қалаулар. 12. Елес. 13. Ойлау. 14. Интуиция. 15. Субтұлғалар (Жалпы тұлғалық кеңістікте болатын, тірі жандарға ұқсас психологиялық құрылымдар). Әр субтұлғаның өзіндік өмір стилін жүргізеді, өзіндік қозғаушы тілектер, мотивтер, ойлар, сезімдер, әрекеттер, әлем моделі бар. Психосинтездегі маңызды элемент динамикалық, энергиялық мәнді кіші құрылымдар – субтұлғалар болып табылады, олар салыстырмалы түрде тауелсіз өмір сүреді. Субтұлға – бұл адам санасында тұтас айырылатын формасына ие болатын ұстанымдар, жүріс-тұрыстық стереотиптер, құмартулар, пікірлер жиынтығы. Олардың әрқайсысында энергиясы бар, яғни бұл тек мағыналық құрылым емес, сонымен қатар энергиялық құрылым. Оның өзіндік өмір стилі, өзіндік итермелеуші мотивтері, қалаулары, ойлары, сезімдері, жүріс-тұрыс формалары бар. Ең көп кездесетін субтұлғалар – олар өмірде ойнайтын рөлдермен байланысты, мысалы, әке, сүйікті, дәрігер, мұғалім немесе қызметкер. Әрқайсысы тұтас тұлға қалауының негізінде құралады, белгілі бір өмірлік маңызды ұмтылыстар мен адамның мақсаттарын көрсетеді. Әр адамның бойында басқа адамдардан ерекшелеп тұратын субтұлғалардың кішкене жинағы бар.Оларды ерекшелеп, талдап және олардың барлығына «өзіндік есім» берсе болады. Олардың кейбіреулеріне Авантюрист, Есті, Қорғансыз жан, Білгір, Жалғыз жүрек, «Басқа адамдар не ойлайды», Сыншыл және т.б. есімдері келеді. Осы субтұлғалар ойнайтын ойынды, адамның ішкі дауысы егер оларды түйсінбегенде немесе өзінің ішіндегі конфликтілі жақтарды сабасына келтіру үшін ешнарсе жасамаса деструктивті бола бастайды. Субтұлғалар адамды басқара бастағанда оның кесірі тие бастайды. Өзін-өзі бақылаудың бір мақсаты – өзіндік Мен-нің мәнін, орталығын түсініп, ол субтұлғалар арасындағы конфликтіні шеше алатындай қабілетке ие болатындай етіп оны күшейту. Ол оларды елемей немесе қумайтындығына көз жеткізіңіз. Өйткені олар біртұтас тұлғаны бейнелейді, әр субтұлға – бұл сіздің бір бөлшегіңіз және сізге маңызды функция атқарады. Біз өмірді және өз-өзімізді қабылдаған кезде біз өзімізді белгілі бір субтұлғамен теңестіреміз. Олар өте көп және олар бір-бірінің орнын басып отыруы мүмкін. Солайша кінәлаушы оңайлықпен кінәліге немесе керісінше ауысып кетуі мүмкін. Калайша адам олардың дауыстарын түсінуді уйренеді, солайша ол шынымен өзін тани бастайды, өзінің Менінің құрылымын біле бастайды. «Өзіңді білмей және түсінбей, өзіңді басқара алмайсың», - деп Ассаджиоли ерекшелеп көрсетеді. Шынайы, жоғарғы Менді түсіну үшін, психосинтездің терапевтикалық процессін жүзеге асыру керек. Оның төрт кезеңі бар: 1) Өзіңнің тұлғаңды терең тану; 2) Әр түрлі тұлғалық элементтерді басқара білуге жету; 3) Өзіңнің шынайы Меніңді түсіну, тұлғалықтан жоғарғы Менге көтерілу нәтижесінде біріктіруші орталықты табу немесе жасау; 4) Психосинтез, жаңа орталықтың айналасында тұлғаның қалыптасуы немесе қайта құрастырылуы. Бірінші кезеңінде адам өзінің тұлғасын құрайтын құрамаларды, субтұлғаларды түсінеді. Оның ең мықтыларын түсінудің ең оңай жолы – 20 рет «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап беру. Кейбіреулері түсінуге оңай болуы мүмкін, ал кейбіреулері – түсінілуі қиындау, төменгі бейсаналық маңайында орналасқан болуы мүмкін, кейбіреулері сана үстінде, ал көпшілігі – орта бейсаналықта орналасады. Өзіңнің субтұлғаңды кінәлауға болмайды, ол Жалқау немесе Қорқақ болса да. Өйткені біз оның одан ары қарай жаман болуына мүмкіндік жасаймыз. Әр субтұлғаның адамның өмірінде керекті негізгі құнды қасиеттерін анықтау маңызды. Тіпті «қиындарда» да сау ядро, оның басты қасиеті бар. Мысалы, Жалқау субтұлғасы о бастан сақтау қасиеті, өз иесінің денсаулығы мен күшін сақтау деген жағымды қасиетке ие. Субтұлғаның осындай қасиетін анықтап, оны өз өміріңде интеграциялауға, басқа бөліктерімен біріктіруге болады. Әр субтұлғаның жоюға болмайтын, тек өңдеуге ғана келетін энергиясы болады. Келесі нәрселерді бөліп көрсетейік: - Адам тек өз тұлғасының әртүрлі жақстарын ғана танып қоймайды, сонымен қатар өзінің барлық бөліктерін бейсаналыққа ығыстырмай, мойындайды, қабылдайды. - Субтұлғалардың басқарып түарытн құзыреттілігінен құтылады, өзінің ішкі интеграциясының деңгейін көтереді, субтұлғалардың қарсы тұрушылықтарын шешеді; - Озінің шынайы Менін анықтауға біртіндеп жақындап, өзінің субтұлғасының ашылу мүмкіндігінің ең жоғаршы баспалдағына шығаруына болады. Келесі қадам өзінділікке ие болып оны басқара алуға қол жеткізу болып табылады. Әртүрлі субтұлғаларды басқаруға жетудің тиімді әдісі болып дербестікке ие болу саналады. Олар келесі психологиялық принципке сүйенеді: «Біз өзімізді неге тәуелді етеміз, сол нәрсе бізді басқарады. Біз оларды басқара аламыз». Мысалы, адам «Мен шаршадым», «Мен ашулымын», «Менің көңіл- күйім жоқ» дегенде, ол өзін шаршауға, ашуға, көңілсіздікке тәуелді етеді. (Мен = шаршау, Мен = ашу) бұндай жағдайда ол өзінің негативті субтұлғасымен күресе алмайды. Ал егерде өзіңізді көрсетілген субтұлғадан бөліп алатын болсаңыз, мысалы: «Мені көңілсіздік толқыны, шаршау немесе ашу жұтып қояйын деп жатыр», «Мені ашу басайын деп жатыр» десек, онда Мен ешқандай олардың ішке енуін бастан кешірмейді. Адам мынаны түсіну керек: ол эмоция, ойлау, дене, сезім емес, ол таза сананың және таза еріктің орталығы және сондықтан эмоцияны, ойларды, денені және субтұлғаларды басқара алады. Нақты психосинтез кезеңдеріне мыналар кіреді: - Адам қандай тұлға болғысы келетіндігін анықтау; - Барлық бойда бар энергияның барлығын қолдану, жетіспейтін қасиеттерді немесе тұлға жақтарын өзін-өзі сендіру арқылы және шақыру арқылы, дамымаған психикалық функцияларды жаттықтыру арқылы дамыту; - Субтұлғалар арасындағы байланысты және келісімді орнату, біртұтас тұлға болуға қол жеткізу; - Әртүрлі психикалыө функциялардың келісімі мен бір-біріне тәуелділігін, тұлғаның тұрақты құрылымын жасау. № 9 Тұлғалық өсуде қарым-қатынасты меңгеруді ұйымдаструдың варианттары, өзара әрекеттестік Сұрақтары Э.Берннің психологиялық теориялары. Трансактілі талдау. Трансакция Эрик Леннард Берн (ағылш. Eric Lennard Berne, нағыз есімі: Леонард Бернстайн, 10 мамыр 1910, Монреаль, Канада — 15 маусым 1970) — американдық психолог және психиатр. Транзакциялық талдау бен сценарилік талдау теориясының негізін қалаушы ретінде танымал. Психоанализ идеясы мен жүйке және психика ауруларын емдеу әдісі мен жалпы теорияларын дамытуда, Берн өз назарын тұлғааралық қарым-қатынас негізінде жатқан «транзакцияларға» бөлді (ағылш. trans- — суйеулер, бірінші нәрсенің екінші бір нәрсеге деген әрекеті, және ағылш. action — «әрекет»). Транзакциялардың кейбір түрлерінің жасырын мақсаты болады, ол оларды ойындар деп атайды. Берн үш эго-күйді қарастырады: Ересек, Ата-ана және Бала (фрейдтік емес Мен, Жоғарғы-Мен және Ол). Бернның пікірінше, адам қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түскенде осы күйлердің бірінде болады. Эрик Берн (Эрик Леннард Бернштейн) Монреалда (Канада), Ресейден шыққан доктор Давид Гиллеля Бернстайн мен әдебиетші Сара Гордонның отбасында дүниеге келген,қаланың кедей еврейлері тұратын ауданында тұрған. Оның әкесі дәрігер терапевтікпен айналысқанда,ауруларды тексергенде көбіне ұлын өзімен алып жүретін болған. Анасы Берна кәсіпқой жазушы әрі редактор болған. 1921 жылы күйеуі қайтыс болғаннан кейін, Берн мен әпкесін әдеби шығармашылықпен айналысып,балаларын материалдық жағынан көмектескен. Оливер Джеймстің айтуы бойынша, Бернге әкесінің өлімі қатты әсер еткен. Әрине, әрқашан ауруларды емдейтін, әкесінің өзін емдей алмауы қатты тиді. Бұл жайлы оның алғаш шыққан "Транзактілі талдау" еңбегінің басында былай делінген: Медецина докторы, хирургия шебері, кедейлердің жанашыр дәрігері, әкем Дэвидке арналады деп жазған болатын. Берн Монреалдағы Мак Гилль университетінде ағылшын тілін,психологияны, медецинаның дайындық курстарын оқыған болатын. 1931 жылы гуманитарлық ғылым саласында бакалавр дәрежесін алды. 1935 жылы сол университетте медецина докторы және хирургия магистратурасы дәрежелерін алды. Кейін АҚШ-қа аттанып, сол елдің азаматтығын алады. Нью Джерсидағы Инглвуд ауруханасындағы интернатурада психиатриалық ординатор болғаннан кейін, Иельский университетіне ұсынылады. Ол өмірінде үш мәрте үйленген. Ол кездегі антисимиттік бағытқа байланысты, ол өзінің тегін ауыстыруына тура келеді. Транзакциялық талдау Берн теориясындағы тұлға Эго-ның сананың арнайы қалыптарында және жүріс-тұрыс үлгілерінде көрінетін ерекше қалыптардың жиынтығы ретінде қарастырылады. Автор Эго-қалыптың үш негізгі түрін көрсетеді: «Ата-ана» - балалық шақта маңызды авторитеттерге немесе өз ата-анасына еліктеу қалпы. Ол дәстүрлерді, құндылықтарды, нормалар мен ережелерді бейнелей отырып көптеген басқа таптаурындар мен автоматтандырылған жүріс- тұрыс формаларынан тұрады. «Ата-ана» нормалар мен ережелерді білуін қамтамасыз етеді. Негізінде – бұл тұлғаның моральдық аймағын белсендіру. «Бала» - ерте балалық әсерленулермен және алаңдаушылықтармен байланысқан аффективті комплекстері бар тұлғаның бөлігі. Бұл қалыптың екі формасы бар: интуицияның, шығармашылықтың, қуаныштың қайнар көзі болатын табиғи «Бала» және «Ата-анасының» ықпалына байланысты өз жүріс-тұрысын ауыстыратын бейімделген тәуелді «Бала». Негізінде – бұл қалыпты тұлғаныі эмотивті аймағын белсендіру. «Ересек» - қоршаған әлеммен эффективті әрекеттесу үшін ықтимал болатын бағасының және ақпараттың өңделуі жүретін қалпы. «Ересек» «Ата-ана» мен «Баланың» әрекеттерін байқайды. Негізінде – бұл тұлғаның рационалды аймағын белсендіру. Транзакционды талдау қолдана отырып, адамдар эмоция, интелект, инсайтқа жетеді. Бұл процесс оптимисттілікке әкелдеі, яғни адам мынаған келеді. «Иә, дәл солай және бәріне де болады». Берн теориясы жүріс-тұрыс өзгешеліктерін бақылауда қалыптасты. Оның негізгі назары – стимулдар болды (сөз, әрекет, дыбыс). Бұл өзгерістер – бетінде, дауыс ырғағында, сөз құрылымында, мимикасында, өзін-өзі ұстауында көрініс береді. Доктор Берн бойынша, кейбір трансакциялар жасырын мотивтерге ие және тұлға оларды психикалық ойындарда манипуляция тәсілі ретінде қолданады. Оның тағы айқындығы, адамдар өздерін театрда көрініс оқығандай көрсетеді. Бұл анықтамалар Бернның керемет теориясының дамуына әкелді. Ол теория трансакционды талдау деп аталады. Трансакция – қарсылық бірлігі. Адамдар бір топта бола отырып, бір- бірін көндіреді немес басқа жолмен өздерінің бар екендігін, хабардар екендігін көрсетеді. Бұл трансакционды стимул деп аталады. Трансационды стимулға адам жауап береді. Бұл трансакционды реакция деп аталады. Трансация кезектілік бойынша жүреді. Ол тұлғаның ерекшеліктерімен,шынайы жағдайымен жоспарланады. Қоғамдық іс-әрекеттің қарапайым формасы – процедура, ритуалдар. Процедуррра – қарапайым қосымша үлкен тарнсакциялар сериясы. Ол іс- әрекет пен әсерге бағытталған. Бұл анализ рамкасында ритуал болып аталады. Қосымша қарапайым трансацияның стереотипі сериясы сыртқы әлеуметтік факторлармен берілген. Бейресми ритуал қатармен ерекшеленеді, ал ресми ритуалдар аз бостандығымен сипатталады. Процедура және ритуал да стереотипті, бірақ процедура үлкендермен, ритуал ата-анадан келген тізбек бойынша жүреді. Алғашқыда трансакционды талдау психотерапиялық әдіс ретінде дамыды. Трансакционды талдау белгілі бір топтарда қолданылады. Топта адамдар өзін сезіне алатын тұлға құрылымын қарастырады. Трансакционды талдау тек психотерапияда қолданылып қана қоймай, адам жүріс-тұрыс мүмкіндіктерін толғандыру шақырады. Мұны көп адамдар түсінеді және қолданады. Трансакционды талдау – бұл рационалды әдіс. Ол жүріс-тұрысты аяқтауға негізделген. Ол бойынша әр адам өзіне сүйенуге уйренеді, өзі үшін ойланады және шешім қабылдап, өз сезімдерін ашық білдіреді. Оның принциптері жұмыста, үйде және көршілерімен қатынаста қолданылады, яғни барлық жерде. Берн айтуынша, Трансакционды талдаудың маңызы: «ашық және ортақ өзара әрекетте эмоционалды және интелектуалды тұлға өз компоненттерімен эмоция және интелектісін қолдануда қабілетті». ТА-дің 4 – талдау түрі бар: Құрылымдық – жеке тұлға талдауы. Трансакция – адамдар әрекеті, бір-біріне не айтқандары туралы талдау. Ойын – ашық трансакция талдауы. Қойылым – жекелік, өмірлік қойылым талдауы. Мұнда еріксіз түрде адамдар ериді. Құрылымдық талдау сұрақтарға жауап беретін әдіс. Мысалы: «Мен кім?», «неге мен дәл осылай жасаймын?», «Мен қалай бұл сапаларды игердім?». Бұл тұлғаның «мен» қалпын үйренуге негізделген сезімді, адам жүріс-тұрысын талдайтын әдіс. Мысалы: баласын қатты дауыспен ұрсып жатқан анасы, досы телефон соғып, досының даусын естігенде бет-әлпеті, дауыс ырғағы өзгере бастайды. Берн «Мен» қалпын «тиянақты қабылдау типі» ретінде анықтайды. Тұлға уайымы мида және жүйке клеткаларында жазылады. Оған қосымша: сәбилік даму, тәрбие, өткен оқиғаларына байланысты сезімдер. Әр тұлға 3 қалыптан тұрады. Олар жүріс-тұрыстың ерекше көздері: мен – ата-ана, мен – бала, мен – ересек. Олар шынайы адамдарды көрсетеді. «Мен» қалпы төмендегідей анықталады: «Мен – ата-ана» - бағдарлар, жүріс-тұрысты көрсетеді, ата-анадан алған ескертпелер де, қамқоршы өзге адамдарға байланысты жүріс-тұрыстарда көрінеді. Іштей ескі ата-ананың нақыл сөзі ретінде көрінеді. «Мен – ересек» тұлға жасына тәуелді емес. Ағымдық шынайылықты қабылдауға, объективті ақпаратты алуға бағдарланған. «Мен – бала» табиғи бейнеде қалыптасатын барлық қозуларды иемденеді. Ертегі кездегі уайымдарды, өзіне, өзгеге деген реакцияларын жазба түрде алады. Ол ескі сәбилік кезеңнің жүріс-тұрысы ретінде көрінеді. Егер бір адам келесі біреуді кулкімен, бас изеумен сөздік сәлеммен қарсы алса транзакционды талдау тілінде «контакт» деп аталады. Барлық трансакцияны бөлуге болады: қосымша, қиылушы және жасырын. Егер үндесу күйіне сәйкес келсе трансакция «қосымша» болады. Коммуникация – адамдар бір-бірімен ашық қарым-қатынас жасағанда орындалады. Қосымша трансакция: Бірінші тип Екінші тип Қиылысушы адам қатар бір-біріне қарап тұрады, кейін арқасымен бір- біріне бұрылады, әңгімелесуді жалғастырғысы келмейді. Стимулға күшпен реакция берілгенде пайда болады. № 10 Тұлғаның өсуінің адам өміріндегі мәнін психология тұрғысынан қарау және оның бағыттары мен міндеттері Тұлғаның өзін-өзі жетілдіруі және автобиографиялық баяндау Тұлғаның өзін-өзі жетілдіруді автобиографиямен байланысын зерттеу үшін біз 3 түрлі мәтіннен тұратын автобиографиялық мәтіндерді анализдедік. Әрекеттік тип тұлғаның түрлі қолданбалы әрекет кеңістігінде өзін-өзі реализациялау, әлеуметтік тип тұлғааралық қарым-қатынас жүйесінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруы, экзитенционалды-сезімдік тип тұлғаның өз өмірін түсінүі және өмірінде алатын орнымен байланысты. Сонымен қатар белгілі бір типті қолданатын өзін-өзі жетілдіретін тұлғаның бағыттылығы анализге алынды. Қойылған мақсатқа қол жекізу үшін «Өзін-өзі жетілдіру тесті» қолданылды. «Әрекеттік» автобиографиялық тип. Анализ қортындысы бойынша бұл тип 2 түрге бөлінді: табысты, жетістіктерін суреттейтін және табысты емес, тек сәтсіздіктерін суреттейтін. Бұл типтің қорытындысы тұлғаның өз іс-әрекетіне деген қарым-қатынасымен байланысты. Жалпы, креативтілік және тану шкалаларынан басқа барлық шкалалар бойынша табысты емес топқа қарағада, табысты топтың нәтижелері жоғары (p > 0,01). Негізгі шкалаларға сәйкес мәлімет шашырауы едәуір жоғары, яғни біз типологиялық ерекшеліктер туралы сөз қозғай алмаймыз. Құндылық бағдар шкаласы бойынша топқа байланысты емес жоғары да, ороташа да көрсеткіштер байқалды. Бұл автобиографиялық типке жататын адамдардың импровизацияға, іс-әрекеттің әр түрлі түрін ауыстыруға немесе бағалау,анықтау қарым-қатынастағы икемділігі туралы айту үшін олардың мінез-құлық икемділігі шкаласы айтарлықтай байқалған (70,6%). Сензитивтілік (58,5%) және спонтандылық (64,3%) шкалалары орташа көрсеткіште. Өзіндік сыйлау (62,5%) шкала көрсеткіші жоғары. Яғни бұл шкала бойынша табысты әрекетке деген тәуелділік байқалады. Түйіспе шкаласы бойынша жоғары көрсеткіштер орын алды (58,3%), бұл көрсеткіш бойынша адамдардың бір-біріне тәуелсіз қарым-қатынас орната алатыны көрінеді.Кенеттен тану қажеттілік шкаласының көрсеткіші біршама төмен болды (61,1%). Мәселені шешуде жаңа әдістерді іздеудің орнына тұлғаның әлдеқашан қол жеткізген нәтижелерге деген үйреншіктік бар екені анықталды. Осы типтің атқарған іс-әрекеттің табыстылығына тәуелді емес жалғыз көрсеткіш және басқа типтерге қарағанда көрсеткіштері жоғары болған Креативтілік шкаласы болып табылады (70,3%). Яғни, бұл типке жататын адамдардың өзіндік жетілуі іс-әрекеттің әр түрлі практикалық түрлерінде көрініс табады. Мұндай адамдарға референтті топтың ой-пікірлерінен біршама тәуелді болуы байқалады. Ондай адамдардың өмірі басқа адамдардың көзінде сәттілік сезімін тудыратын іс-әрекет түрін іздеу арқылы мән, мағынаға тола болады. «Әлеуметтік» автобиографиялық тип.Басқа типтермен салыстырғанда, бұл тип бойынша нәтижелер тым біркелкі. Бір де бір шкала типті көрсетілмеген. Осы типтегі тұлғаның өзіндік жетілу көрсеткіштері біршама жоғары емемстігі оның өмірлік іс-әрекетінің мән, мағынасын тек өткен уақыттан іздеп, нені болса да өзгерту қажеттілігінің жоқ екенін көрсетеді. Әлеуметтік типте өзіндік жетілудің типологиялық ерекшеліктері анықталмаған. Тек бірнеше үрдістер туралы айтуға болады. Шкалалар бойынша біршама жоғары емес көрсеткіштер байқалады. Сонымен қатар осы типтен біз төмен нәтижелерді ала отырып, біз оларды респонденттерге жария еттік. Олармен әңгімелесу кезінде олардың жүріс-тұрыс формаларына және басқалардың бағалауы мен өзіндік бағалауға деген түсінігі және саналы түрде меңгеруі байқалды. Басқа шкалаларға қарағанда икемділік және өзіндік құрметтеу шкаласы айрықша көрініс табады. Индивидуалды нәтижелерде шкалалары орташадан жоғары және үйлесімді орналасқан адамдар саны аз. Осы типтегі тұлға өз өміріндегі мәнісін басқаларға береді. Ең қызығы автобиографияның мазмұны бойынша оның мәнісі болып кез келген адам бла алады. Егер де басқа респонденттер үшін мәнді болып олардың тек жақын ата-анасы, достары немесе сыныптастары болса, әлеуметтік типке жататтын адам үшін ондай мәнді орынға кез келген адам йе бола алады.Мұндай типтік тұлға үшін Басқа адамды іздеу тән. Оларда өзі үшін үлгі тұтатын, еліктейтін адам қажеттілігі басым. Ондай Басқа адамның МЕН-концепциясындағы идеалды образдың болуы, тұлғаның тұрақты болуына әсер етеді. Үлгінің, эталонның болмауы адамды абдырап қалуға және ары қарай тұлғалық өсудегі бағыттың жоғалуына әкеледі. «Экзистенционалды-сезімдік» автобиографиялық тип. Бұл тип ерекшеліктердің максималды санын шығара отырып, осы әдістеме бойынша ең жоғары нәтиже көрсетті.Барлық респонденттерге деген отрақ мәселе болып синэнергия, адам табиғатының түсінігі, өзіндік қабылдау, өзін-өзі құрметтеу, спонтандылық, құндылық бағыттылық шкалаларының өзгеше көрініс тапқаны болды. Креативтілік, уақыт ішіндегі бағдар және танымдық құндылықтар шкаласында біршама төмен нәтижелерге ие болды. Бұл әдістеме бойынша жалпы бір көрініс туындайды. Ол тұлға бейнесінің автобиографиясының өзін-өзі түсінетін, өзіне және адамдарға деген қатынасы позитивті, талаптану, сонымен қатар адамгершілік құндылық деңгейі жоғары болуы. Басқа жақтан ол маңғазданудың жаңа формаларын іздеуге, мақсат қойып оған жетуге талпынбайтын тұлға. Бұл типтің тұлғасы үнемі «идеалдылықты» іздеуде болады, өзінің ішкі және сыртқы болып жатқан құбылыстарын ұғынуға тырысады. Сонымен қатар ор біркелкі шынайылықтан алшақ болады, адамдармен шынайы қарымқатынастын гөрі абстрактілі бейнелерді көбірек бағалайды. Алынған нәтижелер тұлғаның тұлғалық өсудегі ішкі ресурстарын үйлесімді пайдалану кезінде қажет болады. Сонымен, әрекеттік автобиографиялық типке жататын тұлға үшін ресурс ретінде өзінің мүмкіндіктерін іске асыруға деген ұмтылысын, өзін іс- әрекеттің жаңа түрлерінде іздеу, олардың іс-әрекеті барысындағы жоғары өнімділікті айтуға болады. Бірақ негативті фактор ретінде басқа адамдардың пікіріне тәуелді болу жатады. Ол шығармашылық бағалау кезінде адамның субъективті бағалауы басқа адамның субъективті бағалауымен сәйкес келмесе күйзеліске әкелуі мүмкін. Автобиографияның әлеуметтік типке жататын тұлғалардың басты ресурсы болып әлеуметтік қарым-қатынасқа дайын болуы, эмпатия, коммуникативтілікті атауға болады. Бұл адамдар басқа адмдардың қолдауын бағалайды. Қандай да бір адамның оған сәйкес бейне-эталоны болған кезде тұлға, белгілі бір бағытта тез дами алады (жасөспірімдермен жұмыс істеу кезінде өте маңызды). Бір кемшілігі болып оның оны қоршаған адамдардың пікіріне тәуелді болуы. Жағымды және жағымсыз бейнелерді сәйкестендіру бірдей деңгейде. МЕН- концепциясының тұрақты болмауы. Экзистенционалды-сезімдік типтің ресурсы болып сыртқы дүниені және өз- өзін қабылдай отыра, терең ұғыну табылады. Бағыты өмірдің мәнін іздеу, өздігінен жетілуге ұмтылу. Мұндай адамдар идеалды бейнеге бағыттала отырып, талаптанудың жоғары деңгейінде көпке икемді және өнімді жұмыс атқаруға қабілетті. Бұл типтің кемшілігі оның шынайы дүниемен қарым-қатынасқа түспеуі. Адам табиғатының жағымсыз әрекеттерін кешіріп, қабылдай алмауы. Бұл факт тұлғаның туысқандарымен, жақын адамдарымен қарым-қатынасын қиындатады. Басқаларға деген талаптары тым жоғары болуы адекватты әлеуметтік қарым- қатынас орнатуға кесірін тигізеді. Жалпы жүргізілген зерттеу тұлғаның өзін-өзі жетілдіруде ішкі дүниесі автобиографиялық типтерде ерекше бейнесіне ие екенін көрсетеді. Өзін-өзі білдіру кезінде пайда болатын ресурстар мен тұлғалық өсудің шектеулерін анықтауға болады. Бұл бағыт әсіресе өзекті болуы осыған байланысты болады: . Кеңес психологиясында тұлғаның автобиографиялық типтеріне байланысты зерттеулер аз болса да, қазіргі кезде ол қарқынды дамуда; . Ресей мәдениетінде ( ұлтында емес, тәрбие мен тұлғаның өсу мәдениетінде) тұлғалық мүмкіндіктерінің өзіндің іске асуы туралы мәселе өзекті болап табылса, тұлғаның ішкі дүниесінің мәселесі өте маңызды болып табылады. . Кеңес психологиясында тұлғаның дамуында басты мәдени-тарихи қағидаларда көрініс табады, тілдік және сөйлеу дамуымен де байланысты. . № 11 Тұлғалық өсудің базалық жағдайлары іске асырудың психологиялық механизмдері Сұрақтары: . Тұлғалық өсу мәселесі. Кеңестік және шетелдік әдебиеттердегі тұлғалық өсу. Тұлғалық өсу мәселесі. Кеңестік және шетелдік әдебиеттердегі тұлғалық өсу. Идентификация және рефлексия. Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық теориялары. Тұлға феноменін тұлға теориялары негізінде зерттеу жолдары Тұлғалық өсу қосындысы: өзін-өзі тану, өзіндік даму, өзіндік жетілу және өзіндік кемелдену. Тұлға дамуында кілттік сәттердің бірі ретінде адамның саналы және мотивациялық жүйені бүтін құрастыру арқасында қажеттіліктердің табиғи формадан жоғарғы, адами формаға өтуі болып табылады. Ерекше тұлғалық жаңа құрылымды белгілеу үшін ішкі позиция ұғымы енгізілді. Сыртқы ортаның әсері арқылы ішкі позиция жаңа психикалық қасиеттердің дамуының қозғалғыш күші болып табылады және адамның шынайылыққа, өзіне деген қатынас жүйесін анықтайды: «...даму процесінде баланың өзіндік ішкі дүниесі пайда болады және ол оны шынайы қабылдағандықтан, баланың болашақ дамуының факторы, қайнар көзі ретінде қалыптасады». Ішкі позиция ортадағы мүмкіндіктер және шарттармен байланысты баланың қажеттіліктер жүйесі мен ұмтылысы ерекшеленеді. Бұл идеяны толықтыру бала тұлғасының дамуы материалдары негізінде болды, бірақ Л. И. Божович сонымен қатар ересек кезеңдегі ішкі позицияның болу мүмкіндігін айтты. Лидия Ильинична мотивацияның субъективті жағын, сезімді, әсерленушілікті адамның оның шынайы ортасымен өзара қарым-қатынасының динамикалық аспектісінің көрінісі ретінде оған назар аударды. Ересек кезеңдегі ішкі позиция механизмі бала тұлғасының дамуымен ұқсас қырлары бар, бірақ өзіндік спецификаға ие. Ересек адам іс-әрекеттің әр түрлерін құрумен қатар, өзінің өмірін қарым-қатынастар жүйесі арқылы, өткен, қазіргі, болашақ әрекеттер арқылы қалыптастырады. Осыдан тұлғаның ішкі дүниесі дамуында бүтін регуляцияны іске асыратын механизм пайда болуы керек. Бұл психологияның перспективті практикалық бағыты жаңа феноменологияны, адамның өмірлік дүниесін құрастырудағы заңдылықтарын анықтауды қажет етеді. Осы функционалды механизмді ашып көрсететін тұлғалық құндылықтар феноменін зерттеу болып табылады. Д.А. Леонтьев тұлғалық құндылықтар –мән, мағына құру процесінің негізгі қайнар көзі болып табылатын тұлғаның мәндік сферасының орталық құрылымы деп ұсынды. Ал Л. И. Божович қоғам құндылықтарының табиғи қажеттіліктері жанама түрде адамның өзіндік ниеттенуіне айналады. Ересек адамның тұлғалық құндылықтар жүйесі оның өмірлік мәндік мазмұнды жүйесін көрсетеді: тұлғаның өмірлік кеңістігін құрайтын маңызды объекттер, құбылыстар, қатынастар. Өмірлік дүние динамикасы тұлғаның құндылық мазмұнының субъективті кеңістіктіктік-уақыттылық координаталар бойынша өзгермелі қозғалысы (құндылықтар иерархиясының өзгеруі, жаңа тұлғалық мағынаның пайда болуы). Өмірлік кеңістікті ұйымдастыру механизмі ретінде тұлғалық құндылықтардың барьерлігі-іске асырылуы атты функционалды механизм аталды. Ол маңыздылықтың келісілу және келісілмеу тенденцияларымен анықталады. Келісілу тұлғаның ішкі белсенділігі арқылы маңызды және қолжетімді құндылықтар арасындағы дистанцияны азайтуға ұмтылу. Соған байланысты адам өмірінде іске асыра алатынды – іске асырады, не бар – соны бағалай алады, қолжетімді емес нәрсенің құндылығын төмендетеді. Оны танымал мақалмен бейнелеуге болады: «Лучше синица в руках, чем журавль в небе». Бұл тенденцияның психометрикалық индикаторы іске асыруға болатын индекс болып табылады – құндылықтың маңызды және қолжетімді параметр арасындағы тура корреляционды байланыс. Келісілмеу құндылықтың маңызды және қолжетімді параметр арасындағы түрлі бағытталған өзгергіштігімен байқалады, олардың бірінің жоғарылауы, келесінің төмендеуіне әкеледі: құндылықтың қолжетімділігі оның маңызын төмендетеді, ал құндылықтың қолжетімсіздігі оның маңызын жоғарылатады, соған сәйкес іске асыруға болатын және қолжетімді құндылық бағаланбайды, ал қолжетімсіз құндылық маңызды және бағалы болып көрінеді. Бұл жағдайда «аспандағы тырна» «қолдағы шымшыққа» қарағанда бағалы болады, себебі оған қолы жетпеді, ал қолжетімді нәрсе құндылығын жоғалтады: Сахарада құмды бағалау қиын, Антарктидада мұзды бағалау қиын. Бұл тенденция орыс халық мақалдарында көрініс тапты: «Хорошо там, где нас нет», «Что имеем – не храним, потериявши – плачем». Бұндағы ұмтылыс факторы қолжетімсіздік және оның өзгермелі градиенті болып табылады. Эмпирикалық түрде ол проблемалық индексі (маңыздылық және қолжетімділік параметрінің кері корреляциялық байланысы) және барьер индексі («маңыздылық-қолжетімділік» параметрі арасындағы тура корреляциялық байланыс) арқылы бекітіледі. Келісілу және келісілмеу тенденциясы бір- біріне қарама-қарсы және бірімен бірі тұлғалық құндылықтардың барьерлігі- іске асырылуы континуумын құрады. Осының арқасында тұлғалық құндылық қосымша мағыналық мәнге ие болады. Бір-біріне полярлы тенденциялардың қатынасы тұлғалық құндылықтардың мағыналы профилін құрайды. Құндылық-мәнді зона мазмұны құндылық мазмұның анықтайды, динамикалық құраушы – оның мағыналы типі. Тұлғаның өмірлік кеңістігін құрылымдау заңдылығы тұлға құндылығының іске асыру және қолжетімді тенденция аспектісінде көрініс табады. Бұл механизмнің пайда болуы құндылықтың ерекше табиғи аффективті-интеллектуалды білімдермен пайда болады және олар гипержалпылау болып табылады. Бір жағынан, құндылықтар адамзаттың мәдени-тарихи тәжірибесінің жалпыланған идеялардың спецификалық формасында өмір сүреді. Басқа жағынан, онтогенетикалық даму кезінде оның ұмтылысының негізгі қайнар көзі ретінде бола алады. Құндылықтың жалпылылығына байланысты оның қолжетімділік мен маңыздылық тенденциясына байланысты объективті баға беру қиын. Адамның өмірлік іс әрекеті кезінде оның құндылықтар тенденциясын айқындау мүмкін емес. Осы ерекшелікке сай адамға психотерапевтикалық әсер ету мүмкіндігі бар, Л. Лэнгле айтпақшы, оның тәжірибесі «құндылыққа қол тигізу». Өмірлік кеңістіктің құндылық-мағыналық рельефі жасерекшелік спецификаға назар аудартады. Жеткіншек кезеңдегі барьерлі зонадағы ішкі позиция кеңеюмен, жаулап алумен, әлеуметтік кеңістікті біліп алумен байланысты. Ерте ересек кезіңде ішкі позицияда іске асырушылық болады, орта ересек кезеңде әлеуметтік-мәдени және кәсіби-қызметтік детерминанттан тәуелді түрлі бағытталған динамика болады. Адамның түрлі жасерекшелік кезеңдерде өмірлік кеңістіктің әлеуметтік ситуацияға байланысты өзгеруін көреміз. Жаңа әлеуметтік ситуацияға енген кезде құндылықтың барьерлі мағыналық типі басым болады, ал игерілген шеңберде – іске асырушылық. Бірақ өзекті түрде адам игерілген әлеуметтік жалпылық шеңберінде бола тұрып, одан шығуға дайындалуда, болашақ перспективаға бағдарлану кезінде, жаңа әлеуметтік деңгейге өтуге дайын емес жағдайда тұлғалық құндылықтардың барьерлі және іске асырудың төмендігі әсер етеді. Бұл барьерлік-іске асырушылық конструкт тұлғаның ішкі позияциясының аспекттерін қамтиды деген сөз. Құндылықтардың барьерлігі-іске асырушылығын өзіндік Менді қабылдау немесе қабылдамауды интерпретациялауға болады. Құндылықтың барьерлігі басым болған жағдайда, адам оған қолжетімді қасиеттерді төмен бағалауы, өзінде қолжетімсіз қасиеттерді өте жоғары бағалауы оның өзіндік тұлғалық қасиеттерін толық қабылдамағандықты білдіреді. Ал егер ол қасиеттерді іске асырушылық полюсіне жақындатса, онда адам өзіндік Мен-ді қабылдаған деп айтуға болады. Бұл эмпирикалық түрде жеткіншек кезеңде өмірлік кеңістікті кеңеютуде құндылықты іске асырушылық болады, ал «барлығы қалай болды, солай қалсын» деген ұғыммен барьерлікті анықтаған сәттегі өмірлік таңдау мысалында дәлелденген. Біздің зерттеуімізде Л.И. Божовичтің анықтаған «тұлғаны психологиялық зерттеуде зерттелініп жатқан психикалық құбылыс адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасындағы күрделі жүйеде қандай функцияны атқаратындығына назар аудару керек» ережесіне сүйенеміз. Біз алған ақпараттарға байланысты барьерлік-іске асырушылық конструкті тұлғаның өмірлік кеңістікті құрылымдаудың экзистенцианалды механизм жұмысын көрсетеді. Когнитивті стиль тұлғалық ұйымдастырудағы тұрақты индивидуалды әдісретінде алған сәтте, іске асырушылық конструкті политәуелділікпен және эквивалент диапазонының тарлығымен, ал барьерлік – тәуелсіздігімен және эквивалент диапазонының кеңдігімен байланысты. Барьерлік конструкті қорғаным механизмдері – компенсация, регресс, замещениемен байланысты (объекттің өзгеріп отыруы). Іске асырушылық өмірілк кеңістіктің алдағы жақын жоспарлармен байланысты деп нақты айта аламыз. Адам өз өміріне енеді, бөгделерді ескермейді. «Барьерлік» және «іске асырушылық» конструкт тұлғаның бағыттылығы мен өмірдегі стратегияларын іске асырумен байланысты екендігі анықталған. «Іске асырушы» тобында: материалды қамтамасыз етілген өмір, денсаулық тұрады, «барьерлік» топта: достар құндылығы, махаббат, қызығушылық тудыратын жұмыс бар. «Барьерлік» адамды өзінің хронологиялық жасынан үлкен қылып сезіндіреді, «іске асырушы» - жас сезіндіреді. Түрлі мақсаттарды іске асыру, яғни іске асырушылық өмірді саналы қабылдағанда, жауапкершілігі мол болғанда жүреді. Тұлғалық құндылықтардың барьерлік-іске асырушылық конструктін ересек тұлғаның дамуы ретінде қарастуға болады. Ол тұлғаның терең құрылымдарында жүзеге асады. Оның қызметі келесі режим арқылы іске асады: адамның өзін-өзі дамыту мүмкіндігі шектелген жағдайда, адам өзінің мағыналық горизонтын кеңейтеді. Осы режимдердің алмасып отыруы, адам тұлғасының дамуының «ішкі логикасын» көрсетеді. 3 Практикалық және семинар сабағының сұрақтары №1 Тұлға психологиясының жалпы мәселелері. 1.Тұлғалық өсу психологиясы пәні, мақсат-міндеттері. 2.Тұлға жайлы түсініктердің жалпы сипаттамасы. 3.Тұлға психологиясының жалпы мәселелері. №2 Тұлғалық өсудің биологиялық және әлеуметтік байланысы 1. Кеңес психологиясындағы тұлға түсінігін зерттеу. 2.Тұлғаның әлеуметтенуі. 3.Ананьев бойынша тұлғадағы биологиялық және әлеуметтік бірлігі. 4.Психикалық процестердің, қасиеттер мен кейіптің өзара байланысы №3 Психологиядағы тұлғаның дамуы мен қалыптасу мәселелері 1.Тұлғаның құрылымы. 2.Тұлға және индивид. 3.Адамның индивидтік қасиеттері және мінез-құлықты реттеу. 4. Тұлға және индивидуалдылық. №4 Батыс елдердегі заманауи тұлға теориялары 1. Зигмунд Фрейд: тұлға теориясындағы психодинаминамикалық бағыт. 2.Карл Густав Юнг: тұлғаның аналитикалық теориясы. 3.Альфред Адлер: тұлғаның индивидуалды теориясы. 4.Эго-психологиядағы Эриксон, Корни: тұлғалық өсу теориялары №5 Тұлғалық өсу және оның механизмдері. 1. Интеграция және реинтеграция. 2.Тұлғааралық қатынастар және оның тұлғаның қалыптасуындағы рөлі. 3.Реинтеграция мен тұлғалық өсудің базалық жағдайлары – нағыздық, конгруенттілік, басқаларға маңызды позитивтік қолдану, эмпатиялық ұғыну. №6 Тұлғалық өсудің базалық жағдайлары іске асырудың психологиялық механизмдері. 1.Тұлға мәселесіне қатысты басқа теориялармен айырмашылығын көрсету 2.К.Роджерс бойынша тұлғалыққа ортақталған терапия және консультация беру. 3.Психолог позициясының өзгешелігі. №7 Когнитивтік бағдарлардағы тұлға теориялары 1. Адамгершiлiк потенциалдың дамуы. 2. Тұлға құрылымы мен дамуы. 3. Мен-бейнесі №8 Тұлғалық өсудің психологиялық талдануы және оны эксперименталдық зерттеу Р. Ассаджиолидің психосинтез концепциясы. №9 Тұлғалық өсуде қарым-қатынасты меңгеруді ұйымдаструдың варианттары, өзара әрекеттестік 1. Э.Берннің психологиялық теориялары. 2.Трансактілі талдау. 3. Трансакция №10 Тұлғаның өсуінің адам өміріндегі мәнін психология тұрғысынан қарау және оның бағыттары мен міндеттері 1. Тұлғаның өзін-өзі жетілдіруі және автобиографиялық баяндау. 2.«Әрекеттік» автобиографиялық тип. 3. «Экзистенционалды-сезімдік» автобиографиялық тип. №11 Тұлғалық өсудің базалық жағдайлары іске асырудың психологиялық механизмдері 1. Тұлғалық өсу мәселесі. 2.Кеңестік және шетелдік әдебиеттердегі тұлғалық өсу. 3. Идентификация және рефлексия. 4.Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық теориялары. 5.Тұлға феноменін тұлға теориялары негізінде зерттеу жолдары Практикалық сабаққа қалай дайындалуға болады? Магистранттар дәріс материалдарына, ұсынылған еңбектер мен әдебиеттерге сүйену қажет. Жиналған материалдарды бір жүйеге келтіріңіз. Әрбір автордың негіздемелерін зерттеп, танысыңыз. Өзіңізді осы авторлардың позициясына қойып көріңіз. Сабақ барысы. Магистранттар белгілі бір психологиялық мектептердің позициясын көрсетуге байланысты топтарға бөлінеді. Әрбір топ 15-20 минутта дискуссия барысында өздерінін көзқарастарын дәлелдеп шығатын сұрақтар тізімін белгілейді. Қарсылас жақты мұқият тыңдап, олардың келтірген дәлелдемелердін дұрыс, бұрыстығын анықтаңыз. Осындай көптеген көзқарастардың балаларға білім беру мен оларды тәрбиелеуде алатын орны қандай? Бір проблемаға байланысты бірнеше көзқарастардың болуы неліктен? т.б. сұрақтар төңірегінде ойланып көріңіз. 4 Магистранттың өздік жұмысы 4.1. МӨЖ және МӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау. Магистранттардың өздік жұмысы (МӨЖ) олардың индивидуалды және топпен оқу әрекетінің көптеген түрлері кіреді, бұлар оқытушының көмегінсіз іске асады (немесе жартылай көмегі, егерде өздік жұмысы аудиторияда орындалса). Өздік жұмысының маңыздылығы оқытыушының көмегінсіз, магистранттардың міндетті түрде қатысуы мен, алынған ақпаратты білімде қолдану оның қандай да бір іс-әрекетте қолданылуынан тұрады. МӨЖ– өзінің білімін жетілдіру әдісі, оқытудағы әртүрлі әдістермен дедактикалық байланысы. Магистрант өздік жұмысы процесінде белсенді шығармашылық жеке тұлға ретінде көрінеді, өзінің мәдениетін таратушы, бағдарын,болашақ мамандыққа көрсетеді. І. Берілген тақырыпты конспектілеу. Негізгі талаптар: 1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну. 2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу. 3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет- ретімен жүйелі баяндауы қажет. 4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс. 5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау. Реферат жазуда не ескеріледі? 1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Магистрант осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды. 2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал. 3. Реферат жазуда магистрант негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады. 4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады. 5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет. 6. Магистранттардың жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студен реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді. Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады. Рефератты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс. Рефератты талқылып, қорытындысын шығару – маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді. Магистранттардың өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар) 1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек. 2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану. 3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек. 4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор. 5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн. 6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет. 7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек. Магистранттардың өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар. • Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару; • Магистранттардың өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу; • Магистранттардың дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту; • Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу; • Магистранттардың табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету; • Магистранттардың алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру; • Магистранттардың оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу; • Магистранттардың өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру. 4.2. МӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары МӨЖ тақырыптарының тізімі 5.1. Тұлға психологиясының жалпы мәселелері. 5.2. Тұлғалық өсудің биологиялық және әлеуметтік байланысы. 5.3. Психологиядағы тұлғаның дамуы мен қалыптасу мәселелері. 5.4. Батыс елдердегі заманауи тұлға теориялары. 5.5. Тұлғалық өсу және оның механизмдері. 5.6. Тұлғалық өсудің базалық жағдайлары іске асырудың психологиялық механизмдері. 5.7. Тұлғалық өсудің психологиялық талдануы және оны эксперименталдық зерттеу 5.8. Тұлғалық өсуде қарым-қатынасты меңгеруді ұйымдаструдың варианттары, өзара әрекеттестік. 5.9. Тұлғаның өсуінің адам өміріндегі мәнін психология тұрғысынан қарау және оның бағыттары мен міндеттері 5.10. Тұлғалық өсудінің ең маңызды құндылықтарының (уақыт,күштің ақылға бағытталуы т.б.) ерекшеліктерін зерттеу «Тұлғалық даму психологиясы» пәнінен магистранттардың білімін бағалауға арналған сұрақтар. Бақылау сұрақтары. &&& $$$007-001-000$3.7.4 1- межелік бақылау тестілері Теорияларды тұлғалық зерттеулері және дамуы. Тұлғалық қырлардың бағалау әдістемелері мен тұжырымдамаларының дамуы. Б.Скиннердің радикалдық бихевиоризмі және оның негізгі ережелері. Г.Олпорт, Р.Мэйли және басқалардың тұлғалық қырлар теориясы. Г.Айзенк, Р.Кеттеллдердің факторлар теориясы. А. Маслоудың тұжырымдамасы. К.Роджерстің тұлға теориясы. Гуманистік психологиядағы экзистенциялық бағыт. Психологиядағы когнитивтік бағыттың даму қайнар көзі – бихевиоризм, гештальт-психология, К.Левин өріс теориясы және т.б. Дж.Келли конструкт теориясы. К.Левиннің тұлғаның динамикалық теориясы Р. Ассаджиолидің психосинтезі. Э. Берннің трансактілік талдауы. Э.Берн бойынша тұлғаның құрылымы. Тұлғаның бүгінгі теориясындағы өзекті сұрақтар. Тұлға теорияларын бағалау. Тұлғаның теориялық және эмпирикалық зерттеулерінің жаңа келешегі. Тұлғаның бүгінгі психологиясының тенденциялары мен өзекті сұрақтары. Тұлға теорияларын қолданудағы мәні. Тұлға психологиялық категория ретінде. Студент тұлғасының психологиялық. әлеуметтік және биологиялық мінездемелері. Студенттік топтағы тұлғаарлық қатынас құрылымы. Студент тұлғасын зерттеудің әлеуметтік-психологиялық әдістері. Студенттік топты зертетудің әлеуметтік-психологиялық әдістері. Студент тұлғасының психолого-педагогикалық сипаттамасы. &&& $$$007-001-005$3.7.5 2-межелік бақылау тестілері 1. Тұлғаның қалыптасуына әсер етуші факторлар. 2. Тұлғаның даралық ерекшеліктері. 3. Тұлғаның әлеуметтік факторлары. 4. Қазақстанда тұлға мәселесінің зерттелуі. 5. Батыс елдердегі тұлға мәселесі. 6. Адамгершілік потенциалының дамуы. 7. Мен – бейнесі. 8. Тұлғаның психологиялық құрылымы 9. Тұлға мәселесіне қатысты басқа теориялармен айырмашылығын көрсету 10. К.Роджерс бойынша тұлғалыққа ортақталған терапия және консультация беру. 11. Психолог позициясының өзгешелігі 12. Интеграция және реинтеграция. 13. Тұлғааралық қатынастар және оның тұлғаның қалыптасуындағы рөлі. 14. Реинтеграция мен тұлғалық өсудің базалық жағдайлары – нағыздық, конгруенттілік, басқаларға маңызды позитивтік қолдану, эмпатиялық ұғыну. 15. Тұлға және индивид. 16. Кеңес психологиясындағы тұлға түсінігін зерттеу. 17. Тұлғаның әлеуметтенуі. 18. Ананьев бойынша тұлғадағы биологиялық және әлеуметтік бірлігі. 19. Психикалық процестердің, қасиеттер мен кейіптің өзара байланысы 20. Тұлғалық дамуы мен қалыптасудың әлеуметтік-психологиялық негіздері . $$$007-001-007$3.7.6 Емтихан сұрақтары немесе тестілер үлгілері 1 Жеке тұлғаны әлеуметтендіру көздері А) Ерте балалық шақ тәжірибесі B) Әлеуметтік институттар С) Тәрбиелеу, оқыту, білім беру жүйелері D) Қарым-қатынас процесінде адамдардың өзара ықпалы Е) Барлық жауап дұрыс 2 Жеке тұлғаны қалыптастыратын процесс: А) Іс - әрекет. В) Тәрбие. С) Оқыту. D) Ерік сапаларының дамуы. Е) Сенсибилизация 3 Жеке адамның қоғамдық «Мен»-ін танытушы негізгі фактор A)табиғи болмысы B)нәсілдігі C)қажеттік-себеп аймағы D)сырт көрінісі E) қылық-әрекеті 4 Жеке адам дербестігін қамтамасыз етуші негізгі фактор A)анатомиялық құрылымы B)физилогиялық ерекшелігі C)жүйке жүйесінің динамикасы D)мінез бітістері E)темпераменті 5 “Жеке адам” терминіне байланысты, ең алдымен, түсінетініміз A) биологиялық мен B) қоғамдық мен C) әрекет субъекті D) тіршілік формасы E) интеллект иесі 6 Индивитің психикалык, өмірінің элементтерін біртұтас комплекске жинақтау негізгі әдіснамалық принципі болып саналатын неміс психологиялық мектебінің бағыты А) Бихевиоризм В) Гештальт психология С) Гуманистік психология D) Психоанализ Е) Трансактілі анализ 7. Гештальтпсихология бағытының негізін салушы: А) З.Фрейд; В) Дж.Уотсон; С) Г.Мюллер; D) М. Вертхеймер; Е) Дж.Морено. 8 Тұлғалық өсуге әсер ететін қарым-қатынастын психологиялық белгілеріді нақтылаған ғалымдар А) Роджерс К., Сатир В.; В) Роджерс К., Маслоу А.; С) Рудестам К.; D) Бэндлер Р., Гринндер Д; Е) Фейдимен Дж.; Фрейгер Р. 9 Тұлағалық өсу мәселелсімен айналысқан ғалым – А) З.Фрейд; В) Дж.Уотсон; С) А.Адлер; D) М. Вертхеймер; Е) Дж.Морено. 10 «Өзіндік жетілуге, өзіндік дамуға, өзін-өзі кемелдіндіруге қажеттілік өздігінен адам үшін бағалы болып саналады. Олар тұлғалық жетілудін және оның жетістіктерінің көрсеткіші болып табылады. Сонымен қоса, өзіндік даму адамның ұзақ өмір сүруіне ықпал етеді» - кімнің тұжырымдамасы А) Д.Б.Эльконин; В) Н.М. Гаджиева; С) Г.А. Цукерман; D) Ф.Е.Василюк; Е) С.Л.Братченко 11 Адамның түрлі қасиет, ерекшеліктерін дамытуға бағытталған белсенді оқыту А) жүйе В) рефлексия С) пролема D) психологиялық тренинг Е) өзгергіштік 12 Гуманистік бағыт А) детерминистік сипатта; В) индивидтің потенциалды мүмкіншіліктерін арттыруға болады; С) мінез – құлық ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған; Д) адамдар арасындағы қарым – қатынасты негізге алады; Е) адамның қабілетін анықтайды.13 Жеке адамның 16-факторлы сауалнамасы тестінің авторы: A) Г.Роршах; B) Я.Морено; C) Розенцвейг; D) Р.Кеттелл; E) Л.Термен. 13 Жеке тұлғаны көпжақты зерттеу әдісінің авторы (ММИЛ): A) А.Березин; B) А.Айзенк; C) Личко; D) Ф.Гальтон; E) А.Личко. 14. Идентификация – А) бір нәрсенің сипатын абстрактылы елестету; В) бір нәрсені біреумен ұқсастыру, теңестіру; С) ізгі әрекет пен нәтижелі жұмыс; D) нақты, бірегейлік; Е. Субъектінің білімі мен тәжірибесі 15. Жеке тұлғаның динамикасына бағдарланған, тұрақты қалаулар мен мотивтер жүйесі: А. бағыттылық; В. темперамент; С. мінез-құлық; D. қабілет; Е. мотивация. 16.Психосинтез теориясының авторы А) Р.Ассаджоли; В) Э.Берн; С) Дж.Келли; D) К.Кольберг; Е) Э.Эриксон. 17 Адамға негізделген, ортақтандырылған теорияның авторы А) К.Роджерс; В) А.Маслоу; С) М.Босс; D) Г.Оллпорт; Е) Э.Шелдон 18 Тұлға теориялары неше кластерге бөлінеді? А) 5; В) 7; С) 9; D) 3; Е) 11 19 Тұлғаның конституционалды құрылымдарын негіздеген ғалымдар А) Кээтел, Оллпорт, Фрейд,, Шелдон; В) Меррей, Салливан, Адлер; С) Роджерс, Гольдштейн, Ангьял; D) Фрейд, Адлер, Юнг; Е) Фромм, Хорни, Меррей 20 Факторлық анадиз теориясының авторы А) Г.Айзенк; В) А.Маслоу; С) М.Босс; D) Г.Оллпорт; Е) Скиннер
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz