Файл қосу
Дауысты дыбыстардың әншілік редукциясы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | | |Құжат СМК 3 уровня |ПОӘК | | | | |ПОӘК | | | |042-18.1.32/02-2014ж. | |ПОӘК | | | |«Дауыс қою» пәннің |Редакциясы № 1 | | |оқу-әдістемелік құралы |29.08.2014ж. | | «Дауыс қою» ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 5В010600 «Музыкалық білім» мамандығы үшін ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ 2014- 2015 оқу жылы |ПОӘК |Ред. № 1.28.09.2014 ж. |Бет 2__ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | 1. ҚАРАСТЫРЫЛҒАН Құрастырған: _______ «_27__»__06______ 20__ ж. «Музыкалық білім» кафедрасының аға оқытушысы : ______________________Бейсембеков А.Т. 2. ТАЛҚЫЛАНҒАН 2.1 Кафедра отырысында бекітілген: Хаттама № 1___ от «_28__»_08____ 2014 жыл «Музыкалық білім» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к.: ______________ Бодауова Б.К. 2.2 Педагогика факультетінің Оқу - әдістемелік Бюросының отырысында бекітілген «29__»_08_______ 2014 жыл. Хаттама № 1 Төраймы: ______________ АхметоваТ.Ш. 3БЕКІТІЛГЕН Университеттің Оқу Кеңесінің отырысында бекітілген «04__»_09___ 2014 жыл. Хаттама № 1 ОӘК төрайымы _________ Искакова Г.К. 4 БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 3 | |042-18.1.32/02-2| | | |014ж. | | | Мазмұны: |1 |1 Глоссарий | | | | | | |2 |2 Тәжірбиелік сабақтар | | | | | | |3 |3 Студенттің өздік жұмысы | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 4_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | ГЛОССАРИЙ Музыкалық білім беру тарихы – музыканы оқытудың теориясы мен әдістемесінің мәселелерін тарихи аспектіде қарастырытын пән. Музыкалық тәрбие – ұғымы қоғамдық құбылыс ретінде кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында музыкалық іс-әрекетте жинақталған тәжірбиені педагогикалық ықпал ету негізінде кейінгі ұрпаққа меңгерту, жалпы музыкалық мәдениетін қалыптастыру. Музыкалық білім – музыка өнерін танып-білудің негізін музыкалдық білімнің келесі екі негізі құрайды: музыка өнері жөніндегі біртұтас ұғымды қалыптастыруға мүмкіндік беретін білімдер; нақты музыкалық шығармаларды қабылдауға көмектесетін білімдер. Музыканы оқыту – екі жақты процесс. Бұл музыкалық білім мазмұнын меңгерту бағытталған оқытушы мен оқушылардың арнайы ұйымдастырылып, мақсатты бағытталған өзара әрекеттестігі. Музыканы оқытудың негізін музыкалық білім, іскерлік, дағдылар, дүниетанымдық көзқарастар құрайды. Музыкалық іскерлік – меңгерілген білім мен өмір тәжірбиесі негізінде музыка саласындағы теориялық және практикалық әрекеттерді саналы түрде нақты, дәлме-дәл орындауға даяр болу. Музыуканы оқытуда жалпы іскерліктер музыкалық шығарманы эстетикалық тұрғыдан қабылдауға байланысты анықталды. Музыкалық білім беру – музыкалық тәрбие, оқыту, даму ұғымдарының бірілігінде қарастырылады. Музыкалық білілімділік мазмұнын қрай келе кәсіби сферада (сазгерлік, орындаушылық, оқытушылық, музыканы зерттеу және т.б.) немесе музыкамен әуесқой ретінде өз бетімен шұғылдану әрекеттерін жүзеге асыруға көмектеседі. Музыканы оқыту әдістемесі – болашақ музыка пәні мұғалімінің музыалық білім беру процестерінің әдістерін, құралдарын және |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 5_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | ұйымдастыру формаларын зерттеуге, теориялық білімдерін практика жүзінде қолдана білуге үйрететін пән. Музыканы оқыту теориясы – музыкалық білім беру педагогикасының заңдылықтары мен негізгі қағидаларын зерттейтін пән. Музыкант-педагогтың мәдениеті – түрлі педагогикалық көзқарастарды салыстыра білу, пайымдау және өзінің қорытқан пікірін қорғау, оны ғылыми негіздей алу қабілеті. «Вокалдық музыка» – (вокале-дауыс деген сөз). Музыка аспабының сүйемелдеуімен немесе жеке әншіге, хорға арналып жазылған музыкалық шығарма. «Вокалдық педагогика» - Академиялық – опералық , камералық , халықтық үлгідегі, эстрадалық әншілерді дайындау педагогикасы. «Афтофония» - ән салу кезінде өз дауысын есту. «Артикуляция» -сөйлеу дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің қызметі. «Фонема» - тілдегі сөздің мағнасын және сөздің тұлғалық көріністің түрлендіруге себеп болатын тіл дыбыстары «Фонация – (phone)» – (звук., грек тілінде) - дыбыс алу. «Резонатор» - дыбысты маңғыртып күшейтуші қызмет атқаратын мүше, немесе күшейткіш орынды, аумақ. Резонаторлар кеуде және бас резонаторлары болып екіге бөлінеді. «Регистр» - лауыс диапозонының дыбыс қатарының өзінің дыбыс бояуымен ерекшеленуі «Орфоэпия» - грек тілінде «огfоc» - дұрыс, «eроэ» - сөз. |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 6_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | «Лад» – тұрақты және тұрақсыз дыбыстардың үндесеінен пайда болған дыбыс қатары. Түрлері: .(Тоника, қосымша басқыш, медианта, субдоминанта, доминанта субмедианта және қосымша басқыш). Олар I-II-IV-V-VI-VII болып рим сандарымен белгіленеді. «Тональдік» – лад дыбыстарын өзара бірмстігінің қандай биіктікте тұратын білдіретін ұгым. «Ырғақ» - дыбыстардың әр түрлі ұзақтық ара қатынасы. «Екпін, темп (жылдамдық, шапшаңдық)» – музыкалық шығарманың ойналу жылдамдығын желісі. Екпін түрлері: Presto - шапшаң, тез Allegro – екпіні жылдам жүруін. Moderato - умеренно, орташа, асықпай Andante – не спеша, спокойно, асықпай, байсалды. Lento – медленно, жай «Агогика» – (грек тілінде – қозғалыс, қимыл). Әндегі агогика суреттеу құралдарына жатады. Acce Merando – ускоряя, шығарманың шапшаңдығын жылдамдату; Pitenuto – замедляя, шығарманың шапшаңдығын жайлату; Allarando – расширяя, замедляя, шығарманың шапшаңдығын кеңейту, жайлату; Puu – Mosso – более подвижно, жылдамдата; Mene – Mosso – менее подвижно, жайлата; «Дикция» – (латынша) – айтылу, айту деген мағына. «Дауыс биіктігі» - әншінің дауыс желбезектерінің бір секунд көлеміндегі тербеліс жиілігімен (амплитудасы) анықталады. Дауыс тембрі (әуезділігі) |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 7_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | дыбыс желбезектерінің тербелісі нәтижесінде обутондармен байытылуы барысындағы әрленуі. «Дауыс күші» - дыбыс желбезектерінің амплитудасы, яғни тербеніс қозғалысының қорқындылық кеңдігі. «Фальцеттік» (италия тілінде жасандылық деген мағына береді) - қасиет тон. «Дыбыс» - әуеннің ең бір кішкене белгісі. Әнші дауыстары ерлер дауысы, әйелдер дауысы, балалар дауысы және әліңішпе дауыстар, жуан, төменгі дауыстар болып бөлінеді. «Тенор» – лирикалық және драмалық болып бөлінетін, ерлердің жіңішке дауысы. Тенордың дауысдиапозоны 1 октаваның ре – кейде кіші октаваның «ми» дыбысы мен 2 октаваның «ре», «ми» дыбыстары аралығын қамтиды. Бас және баритон ерлердің жуан дауыстары. Борибоның диапозоны үлкен октаваның «ЛЯ» және І октаваның «ФА», «СОЛЬ» дыбыстары, ал бас дауысының диапазоны үлкен октаваның «МИ» және І октаваның «ФА» дыбыстарының ауқымын алады. Бас дауыстылардың контроктаваның «СОЛЬ» және кіші октаваның «СИ», «СИ» «СИ-БЕМОЛЬ» дыбыстарының аралығында еркін ән сала алатындар ең төменгі жуан дауыстылар «бас неофунде» немесе октавиеттер деп аталады. Әйелдер дауыстары сопрона, мецо – сопрано, контральто деп бөлінеді. «Сопрано» – лирикалық, драмалық және лирика – драмалық болып жіктелетін әйелдердің жіңішке дауысы. «Ән» – үнділік, көркемдік қасиеттері бар әуеннен құралады. «Романс» – испан тілінен алынған. Орта ғасырда Испанияда жергілікті роман тілінде айтылатын лирикалық әндер пайда болып, ХҮІ ғасырдан бастап «романс» жанр болып тұрақталып, басқа европалық елдерге тарайды. ХҮІІІ – ХІХ ғасырларда романс деген сөз мағынасы кеңейіп, жеке дауысқа арналған, музыкалық сүйемелеумен жазылған күрделі де кең екпінді шығармалардың қатарына енеді. Романстың әннен айырмашылығы, екі – үш бөлімнен құралып, кең ауқымды, терең сезіммен, баяу екпінмен орындалатын ән. Жай әндер мен |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 8_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | романстардан басқа көлемді әндер де бар, олар ария, ариетта, аризо, коватина, баллада және т.б. «Кантата» – (латын тілінен аударғанда Kantate - өлең айту). Ең басында аспаптық сүйемелдеу жалғыз дауысты айтылатын пьеса түрінде пайда болады. ХҮ – ХҮІ ғ.ғ. басқа еуропалықтар сияқты италияда кәсіби музыкалық қалыпта, үлкен полифониялық стильде дамыды. Контатада операдан кейін дамып кең ауқымды тарала бастады. Ол өзіндік ерекшелігімен қалыбы жағынан арниялық, мінезі жағынан речитативтік жағынан операға жақын болады. «Оратория» 16 ғасырда Рим шіркеушілері халықты бибилия оқуға тарта бастады. Бос уақыттарында шіркеуден тыс бір ерекше жерлерде, яғни «ораторияларда» библия оқып отырып ерекше бір сарынмен рухты жандандыратын әуендер шығарған. Сондықтан бұл шіркеу әндерін оратория деп атап кеткен. «Ария» - италиян тілінде еңбек деген сөздің мағынасын береді. Ария-опералық музыкада әрбір кейіпкердің ішкі жан дүниесіне байланысты айтылатын әуен. Орыстың классиякалық опера музыкасында шығарманың идеясын ашып, бас кейіпкердің бейнесін беретін ұлттық тамаша ариялар ба. «Акапелла» - музыкалық аспаптың сүйемелдеуінсіз айтылатын көп дауысты хор немесе жеке ән. 2 ТӘЖІРБИЕЛІК САБАҚТАР Жеке сабақтың тақырыптары мен жоспары 2 курс, 3 семестр Жеке сабақ № 1-2 Әншілік өнердің әліппесі.Дауыс туралы түсінік. Жоспары: 1. Әншілік өнер туралы түсініктеме. 2. Дауыс деген не? Дауыс түрлері 3. Әншілік өнердің түрлері. Әншілік өнердің әліппесі.Тыныс алу мүшелері. Жоспары: 1. Вокалдық тыныс алудың түрлері. |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 9_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | 2. Диапазон.Тембр. 3. Әншілік өнер туралы түсініктеме Әншілік өнерге алғаш қадам басқан адамдарды ең алдымен әншілік қабілетін жетілдіруге арналған әдебиеттер қызықтырады, вокалдық өнер туралы сұрақтарға жауап іздейді. Педагогтар қандай да бір кітапты бағыттауға қиналады.Әншілік өнерді дамытуға арналған оқулықтар, әдебиеттер бар. Бірақ , олар көбінесе тәжірибелі әдіскерлер мен әнші-орындаушыларға арналған. Жаңа бастаған әншілерге одан бағыт-бағдар алу қиынға түседі. Жалпы барлық әншілер вокал негізін игеруі тиіс. Аспаптарды өз бетімен үйреніп ойнайтындар болады. Оларға арналған «Баянистің алғашқы қадамы», «Гитаристің әліппесі», «Домбыраға арналған оқулық» немесе «Домбыра үйрену мектебі» сияқты көмекші құралдар бар. Ал әншілерге арналған ондай құрал жоқтың қасы. Табиғи қабілет пен дарын. Әнші болу үшін ең алдымен мәнерлі дауыс, әншілік қабілет,есту және есте сақтау қабілетінің жоғары болуы, музыкаға деген белсенді эмоциялық сезім, жақсы дикция, еңбекқорлық , сахналық сырт бейне, жақсы дауыс болу керек. Осы қабілеттердің барлығы бір адамның бойынан табылуы мүмкін бола бермейді. Біреуі болса, екіншісі болмауы мүмкін. Үнемі жаттығудың нәтижесінде олар бірін-бірі толықтырып жатады. Дауыстың сапалық негізі не дегенде, мен, тембр, диапазон , таза дауыс және дауыстың қаттылығы дер едім. Маңыздысы тембр. Дауыс күші аз болып, кішкене ғана диапазон болғанда, қызығушылықты әдемі тембр тудыруы мүмкін. Мұндай дауыстарға ария айтпай-ақ камералық репертуар мен халық әндерін айтуға болады. Егер диапазон мықты болып тембр нашар болса, онда әншілік дауыс әдемілігі болмай, қызықтырудан айырылады. Тембр – дыбыс бояуы, дауыс бейнелеушісі. Дауыс бояуы – туғаннан қалыптасқан табиғи сапа, бірақ өсе келе арнайы оқу кезінде өзгеруі мүмкін. Тембрде музыкалық көңіл күй, эмоциялық сезім байқалады. Сондықтан да музыкалық мәнерлілікпен үнемі жұмыс істеу өте маңызды. Диапазон дегеніміз төменнен жоғарыға дейінгі дауыстағы дыбыстардың жиынтығы. Ал әншілік регистр біртекті дауыс бояуының дыбыс қатарындағы дауыс тербелісінің жұмысы. Ерлердің тазаланбаған дауысында екі регистр болады: кеуде және бас (фальцет). Арнайы оқыған әншілер негізгі регистрде фальцетпен айтпайды, |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 10_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | тек аралас дыбыспен (микстпен) айтады. Әйелдер дауысы үш регистрге бөлінеді: кеуде (төменгі), ортаңғы (аралас) және бас (жоғарғы). Әйелдер дауысы ерлерге қарағанда табиғатынан аралас регистрлі болады. Дауыстағы өтпелі дыбыстар деп бір регистрден екінші регистрге ауысатын дыбыстарды айтады. Мұны музыка тілінде мутация деп атайды. Ерлер дауысында бір өтпелі кезең, ал әйелдер дауысында екі өтпелі кезең болады. Бұл уақытта шекара дыбыстарында ән айту қиын. Себебі өтпелі дыбыстардағы тәсіл біртекті регистрлі дыбыс жасай алмай, сыну пайда болады. Сондықтан жасанды аралас дыбыс жасау тәсілін қолдану керек. Микст – кеуде және бас дыбыстарының бірігуінен жасалған аралас дыбыс. Ол жұмсақ , кеуде дыбысына қарағанда жеңіл әрі фальцетке қарағанда дыбысы қатты. Әншілік вокалдық өнер -музыканы әншінің дауыспен орындауы, музыкалық шығарманың образды идеялық мазмұнын әнші дауысының мәнер күшімен жеткізу, ашу өнері. Әншілік өнерінің жеке ансамбльдік және хор түрлері бар. Әншілік өнерінің ансамбльдік түріне екі дауысты дуэт, үш дауысты - трио, төрт дауысты - квартет, т.б. жатады. Ал көп дауысты хор аспаптық сүйемелмен немесе сүйемелсіз капелламен орындалады (қ. Капелла). Әншілік өнері жанр, стиль «жөнінен де дараланады. Әншілік негізінен - опералық және камералық жанрларға бөлінеді. Опералық Әншілік вокалдық өнердің барлық түрін қамти отырып, театр ойын-сауық өнерімен, әрекетпен тығыз астасып жатса, камералық әншілік ,лирикалық, әндер мен романстарды орындайтын жеке әншілерді, шағын вокалдық ансамбльдерді қамтиды. Әншілік өнері орындаушылық тәсілі (вокалдық стиль) тұрғысынан - әуенділік, декламаниялық, колоратуралық стильдерге бөлінеді. Әуенділік стилінде кен тыныстылық, алымдылық, сазды, әуезді кантилена басым болса, декламациялық стиль музыка тақпақ речитатив іспеттес сөйлеу тілімізге жақын келеді. Ал Әншілік стилінің колоратуралық түрінде ән мелодия»! мәтінмен тікелей байланысын жоғалтып, өзінің сипаты жағынан муз. аспапта ойнау техникасына жақындайды.[ Әншілік өнер - қолдауды және қорғауды керек ететін, табиғаттың берген сиы. Өкінішке орай, соңғы уақыттары мектеп жасындағы балалардың дауыс аппараттарынын, бұзылу саны кѳбейіп барады. |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 11_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | Ән айту жастардың орындаушылық үрдісіне белсенді қатысуына, музыкалық қабілетінін дамуына, музыкалық есту қабілетін тәрбиелеуге жағдай жасайды. Дыбысталу сапасын қалыптастыруда, дауыс аппаратының жұмысын ән айтатын жағдайға келтіруде, жалпы және музыка мәдениетін, әсіресе вокальды есту мәдениетін білуіне мұғалімнің арнайы білімі мен шеберлігіне байланысты іске асырылады. Әр әнші ән айту барысында дауыс аппаратын тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін негізге ала отырып, дыбыс жолдарының анатомиялық құрылысы мен физиологиялық заңдылықтарын есте ұстауы қажет. Вокал пәнінің негізгі басты шарты - жастардың музыкалық қабілеттерін дамыту, музыкалық денгейін кеңейту, музыкаға, ән айтуға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, ән айту тәсілдерін үйрету болып табылады. Музыкалық бейнелер, жағымды саз арқылы патриотизмге, елін сүюге, еңбекке, тәртіпке, адамгершілікке, ынтымактастыққа, достыққа тәрбиелеу мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі. Әншілік тыныстың физиологиялық тыныстан айырмашылығы: - Тыныс алу кезінде фонация пайда болады, біршама ұзаққа созылады, ал тыныс шығару қысқарады. - Тыныс алу кезеңі автоматты түрден, ойламаған жерден, басқарушылыққа өтеді. - Тыныс шығару бұлшықетінің одан сайын күшіне енуі әнші тынысының негізгі талабы фонация кезінде тынысты үнемді ұстау. Әншінің тыныс алуының түрлері. • Бұғаналық, үстіңгі кеуделік, клавикулярлық және т.б., мұнда белгілі бұлшықеттер қатты жұмыс істейді, ал нәтижесінде екі иық көтеріледі, тыныс алудың бұл түрі қабылданбайды. • Кеуделік, костальный (сүйектік) ары қарай сыртқы тыныстың қозғалыстары кеуделік жасушаның қарқынды қозғалысымен байланысады, диафрагма тыныс алғанда көтеріледі де, ал іш тартылады. |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 12_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | • Құрсақтық, көкіректік, абдаменальный және т.б – тыныс диафрагманы қарқындылығымен және іш бұлшық етімен сезіледі. • Аралас, кеуде құрсақтық, кеуде көкіректік, сүйекті абдаменальный және т.б – тыныс кеуделік сияқты бұлшықеттердің қарқынды жұмысы арқылы сезінеді сонымен бірге құрсақтың аймақта және белдің төменгі жағы арқылы да сезінеді. Вокалдық практикада аралас тыныс алудың да ролі өте зор: диафрагма төмен түседі, жан – жаққа барлық айналымда созылады, қорытындысында әнші кеудесі бел аймағында өзінің көлемін ұлғайтады; бел бұлшықеттерінің сезінуі арқылы ауа өкпенің төменгі жағын талдырады. Жан бұлшықеттері екі жаққа иіріліп қозғалады, ал іш алдыға қарай үрленіп қозғалады; Диафрагма болса одан сайын мығымдана түседі. Әншінің фонациялық тыныс шығару кезінде ән айтқанда тыныс алу қалпын сақтап қалуға тырысса, дыбыс апорасын сезіне білуге деген икемділігіде жоғары болады. Әншілік хордың негізгі талабы ән айтқанда тыныс алған соң шаласы ұстаным болуы керек. Бұл ата кезінде дыбыстың интонациялық тұрғыда жақсы естілуіне, орындалуына әкеледі. Шығарма жылдамдығы тез болған сайын, тыныс алудағы ұстаным қысқаланады. Әнші тынысының техникасы орындалып жатқан шығарма мінезіне сай болу керек. Тыныс алуда әрбір музыкалық фразаның және әуеннің мінезімен үйлесуі тиіс. Дыбысты алудың алдындағы тыныс ұытанымыда шығарманың мінезіне қарай болады. Шығарманың темпі неғұрлым жылдам болған сайын алатын тыныста , тыныс ұстанымыда сондай жылдамдықта болуы керек. Адамның дыбыстаушы мүшелері: 1. Тыныс мүшелері. 2. Тамақ. 3. Қуыс мүшелері. 4. Тыныс мүшелері: өкпе, қолқа, көмекейжәне жоғарғы резонаторлар құрылысы. 5. Тамақ және дауыс шымылдығы. 6. Қуыс мүшелері: ауыз қуысы, мұрын қуысы. Ауыз қуысында дыбыс шығаруға қатысы бар мүшелер: тіл, ерін, тіс түбі, таңдай, кішкене тіл, иек. |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 13. | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | Сөйлеу тілдің дыбыстары қалай болса солай тәртіпсіз, кездейсоқ жасала бермейді. Тіл дыбыстарының әрқайсысыны жасалу жолы, белгілі бір тәртібі бар. Бір-бірімен айтылуы, жасалу жағынан айырмашылығы бар тіл дыбыстары (фонемалар) белгілі дыбыстаушы мүшелердің қызметі арқылы шығады. Сөйлеу дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің қызметін артикуляция дейміз. Тіл дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы адамның дыбыстаушы мүшелерінің қызметін жақсы білмейінше, белгілі тілдегі дыбыстардың артикуляциясы (дыбысталуын) дұрыс түсіну қиын. Сұрақтар: 1.Әншілік өнер деген не? 2.Диапазон мен тембр туралы анықтама беріңіз? 3.Тыныс алу мүшелері және оның қызметі туралы анықтама беріңіз. Қолданған әдебиеттер: Голубев П. «Советы молодым педагогам-вокалистам» Москва 1956 г. Назаренко И.К «Искусство пения» Москва 1956 г. Пряничников И. «Советы обучающимся пению» Москва 1958 г. «Музгиз». Жеке сабақ № 3-4 Дауыс қоюдағы вокалдык жаттығулардың маңызы. Жоспары: 1.Вокализ туралы түсініктеме 2. Вокалдық жаттығулардың диапазон кеңейтудегі маңызы. 3. Вокалдык жаттығулар жасау. Вокалдык жаттығулардың түрлері. Жоспары: 1.Леггато жаттығулары |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 14 | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | 2.Стокато жаттығулары 3.Вокалдық жаттығулармен жұмыс. Адам баласының сөз өнерінен кейінгі ең ұлы өнері ол- әншілік өнер. Әлемдік музыканың атасы да әншілік өнер. Әншілік өнердің де мыңдаған вокалдік жаттығулары бар. Адам баласының ойлау қабілеті мен сөйлеу қабілеті қалыптасқаннан кейінгі бірінші меңгерген өнері - әншілік өнер. Қаншама музыкалық аспаптар болғанымен адамға ең қажетті, ең жүрегіне жақыны, адамның өз дауысы. Себебі, шыр етіп дүниеге келгеннен кейінгі естейтіні анаңның әлдейі. Содан бастап ән сенімен өмір бойы бірге болып, қара жер қойнауына да сені ән шығарып салады (Абай). Әрине, екінің бірі әнші болмайды. Әншілік мыңнан, миллионнан біреудің маңдайына жазылған жаратқанның сыйы. Академиялық әншілік өнер болмаған заманда әншілердің бәрі ұлттық үлгіде ән салған. Олар өз ұлтының тіл ерекшелігіне байланысты сол ұлттың ғана әншісі болған. Олардың ән салу үлгісін халықтық немесе ұлттық әншілік манерасы деп атайды. Европада католиктер мен христиандардың шіркеулерінде діни уағызды хор мен орындау пайда болған соң, вокалдік музыкада кантата, оратория, опера жанрлары пайда болған соң, академиялық әншілік өнерде бірте- бірте дами бастады. Әншілерді оқытып олардың дауысын арнаулы жаттығулармен академиялық манерада айтқызуға үйретті. Әншілердің дауыс диапазонының екі октаваға дейін кеңейуі, олардың орындау техникасы аспаптық дәрежеге жетуіне байланысты композиторлар оратория, кантата, опера жанрындағы вокалдік партияларды күрделендіре түсті. Арнаулы дайындықпен дауысы қойылмаған әншілер опералық партия айталмайтын болды. Міне бұл адам баласының ойлап тапқан ұлы өнері опера мен академиялық әншілік өнердің тууы еді.Академиялық әншілік өнер адамзатқа ортақ ұлы өнер! Сонау 16 ғасырдың аяғы 17 ғасырдың басынан бастап академиялық әншілерді дайындайтын вокалдік педагогика пайда болды. Сол педагогтар шәкірттерінің даусын қою үшін сан түрлі вокалдік жаттығулар шығарып, ол жаттығулар ұрпақтан- ұрпаққа ауысып біздің заманымызға жетті. Вокалдік жаттығулар да халық әндері сияқты белгілі бір авторы жоқ. Вокалдік жаттығулар да халық әндері сияқты сан өзгеріске түсті. Себебі, әр педагог |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 4_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | белгілі бір жаттығуды өз еркінше шәкіртінің дауыс мүмкіндігіне ыңғайлап өзгертеді. Ол шәкірт өзі педагог болғанда, сол жаттығуды өз бетінше ол да өзгертеді. Сондықтан да вокалдік жаттығулардың авторлары халық әндеріндей белгісіз. Вокалдік жаттығулар бүкіл әлемдік әншілік өнердің ортақ қазынасы. Вокалдік жаттығуларды диатоникалық гамма жаттығулары, арпеджио жаттығулары, хроматикалық гамма жаттығулары, контелина, портаменто, филировка жаттығулары, мелизм группасындағы- трель, форшлаг, группетто жаттығулары және арлас жаттығулары деп топқа бөлдім. Дауыс қоюдағы вокалдік жаттығулардың ең басты қызметі мен мақсаты - әншіліктің қажетті техникалық әдістемелерін жеттік меңгеру үшін, әншілік тыныс алудың әдістері мен түрлерін меңгеру, дауыстың созылмалылығын (контелина), жұмсақтығын, дауыстың екпінділігін меңгеру, интонация тазалығын сақтау, дауыспен форте және пианоны, дыбысты филировка жасауды, трельді, стакаттоны еркін меңгеруге, жоғары дауыстарға колоратураны меңгеруге, дауыс тембрін байытып сәндеуге, дауыс күшін барлық регистрда біркелкілеуге, дауыс диапазонын мүмкіндігінше екі октаваға жеткізуге, дауыс төзімділігін арттырып профессиональдік қабілеттілігін жоғары деңгейге көтеру, ритмді сезініп қатаң сақтауға дағдыландыру т.б. әдістемелерге жас әншіні жаттықтыру. Ал, әншіні шығарманы көркемдеп айтуға, дикцияны, фразировканы, сөз анықтығын меңгеруге, сахана мәдениетіне, артистизмге, шығармадағы бейнені сомдауға басты құрал ол вокализдер, әндер, романстар, ариялар болып табылады. Диатоникалық гамма жаттығулары Диатоника – гректің diatonikos – тоннан- тонға ауысу деген сөзінен алынған. Диатоникалық гамма – әуеннің (мелодияның) жоғары-төмен кез-келген бір диатоникалық ладтағы қозғалысы. Диатоникалық дыбыс қатары негізгі тондардан – до, ре, ми, фа, соль, ля, си тұратын, альтерация белгісі жоқ натуральдік гамма. Диатоникалық гаммалар дауыс қоюдың алғашқы жаттығулары болып табылады. |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 16. | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | Гамма жаттығулары дауыс екпінін, созылмалылығын игеруге, регисторларды біркелкілеуге, дауыс диапазонын кеңейтуге ,вокалдік тыныс алуды меңгеруге ,интонацияны тұрақтандыруға тәрбиелеуге кеңінен қолданылады. Бір октавалық, екі октавалық гаммаларды аспапта ойнағандай дауыспен орындау үшін әншіге алдымен 2,3,4,5-ноталар топтамасынан тұратын жаттығуларды меңгеру керек. №1-2 жаттығуларды жабық ерінде айтып, оқушының резонаторды сезіну, әншілік тыныс алуын үйренуге ,дауысты «оятуға» мүмкіндік беру керек. Содан кейін осы жаттығуларды және 3,4,5 – жаттығуларды дауысты дыбысқа жай екпінде асықпай айтқызу керек. Осы жаттығуларды меңгерген соң келесі жаттығуларды бірте-бірте тездетіп айтуға кірісуге болады. 3,5-жаттығулар жоғарыдан басталатындықтан 1-ші нотаға атаканы өте дәл әрі таза жасау керек. Тынысты төмен алып жоғары позицияны түсірмей төменгі ноталарды біркелкі орындау керек. Алғашқы кезде гаммаларды жоғары-төмен толық дауыспен ешқандай нюанссыз вокалдік тынысты тереңге алып дауыстың біркелілігін сақтау керек. Жаттығуларды толық меңгергеннен кейін нюанстар жасауға болады. Оқушы гамма жаттығуларын орындаған кезде фортопианода оны толық сүйемелдемей, тек аккорд түрінде сүйемелдеу қажет. Сонда оқушы жаттығуды таза айтуға дағдыланады. Тональності сезінуге жаттығады. Жаттығуларға екпін (темп) туралы белгілер қойылмаған .Е кпінді педагог өзінің қалауымен қолданады. Арпеджио жаттығулары. Арпеджио атауы италияның – arpeggio (арпеджио) – деген сөзінен алынған. Аккордты Арфа аспабында ойнағандай орындау деген мағынаны береді. Арпеджиода аккордтар, дыбыстар бір мезгілде емес, кезекпе-кезек бірінен кейін бірі орындалады. Негізінен төменнен жоғары қарай жиі қолданады. Вокалдік педагогикада Арпеджио жаттығуларының алатын орны ерекше. Арпеджио жаттығуларын алғашқыда асықпай жай екпінде (legato) орындау қажет.Арпеджиода ноталарды бір-бірінен үзбей, портаменто жасамай, бір нотадан келесіге дәл ауысу қажет. Арпеджио жаттығулары әсіресе дауыс диапазонын кеңейтуге, дауыс жылдамдығын жетілдіруге, регистрларды тегістеуге, дауыстың майдалығы мен жұмсақтығын жетілдіруге, |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 17_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | ,интервалдардың интонациялық дәлдігін қалыптастыруға, лигато, стакатто әдістемелерін меңгеруге кең түрде қолданылады. Жаттығулардың 30-шы номерінен 56-ға дейінгілері Арпеджио жаттығулары. Бұл жаттығулар мажорлық 3 дыбыстан басталып бірте-бірте диапазон, ритм, әуендік (мелодиялық) жағынан күрделене береді. Жаттығуларда екпіндік (темп) белгі қойылмаған. Педагог оқушының жаттығуды игеруіне қарай екпінді тездетеді. Қарапайым жаттығудан күрделі жаттығуға ауысуда әр оқушының дауыс мүмкіндігіне қарай педагог өзі шешеді. Cұрақтар: 1) Вокльдік жаттығулар туралы анықтама беріңіз? 2) Legato, non legatoлық жаттығуларына анықтама бер? 3) Стокатто, моркатталық жаттығуларға анықтама бер? Қолданған әдебиеттер: 1) Бейсембеков А. «Вокальдік жаттығулар мен вокализдердің дауыс қоюдағы маңызы» 2012 жыл Талант баспасы Семей 2) Пряничников И. «Советы обучающимся пению» Москва 1958ж «Музгиз» 3) Доливо А.Л. «Певец и пение» Москва 1958г «Музгиз» Жеке сабақ №5-6 Әншілердің дауысын қоюдағы вокализдің маңызы. Жоспары: 1. Вокализбен танысу. 2. Вокализдің түрлері 3.Вокалдық жаттығулар жасау.. Вокализді репертуарға таңдау. Жоспары: 1.Вокализді сольфеджио орындау. 2.Вокализді дауысты дыбыстармен орындау. 3.Вокалдық жаттығулар. |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 18. | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | Вокалдік педагогикада вокализдің алатын орны ерекше. Вокализдер академиялық әншілерді дайындау кезінде оқу бағдарламасында бірінші курстан бастап соңғы курсқа дейін қолданыста болуы қажет. Себебі вокализ әншінің даусын қою кезеңінде дауыс қыздыру, дауыс жетілдіру, дауыс шынықтыру жаттығулары мен поэзиялық тексті бар вокалдік шығармалар, әндер, романстар.Ариялардың арасын жалғастыратын алтын көпірі іспетті. Вокалдік жаттығулардан кейін, педагог оқушысына вокализдерді орындатады. Себебі, вокализдер дауыс қоюға арналған жаттығулардың күрделенген бір түрі. Вокализдің ән мен романс тәрізді мелодиясы (әуені) болады.Бұл да музыкалық шығармаға жатады.Бірақ, вокализ нотаның атымен сольфеджио түрінде, көбінесе дауысты «А» , «О» дыбыстарымен орындалады. Вокализдің атқаратын міндеті – дауыстың диапазонын кеңейту, дауыс техникасын шыңдау, интонация тазалығын сақтау, екпінімен созылмалығын жетілдіру, көркемдік орындаушылықты меңгеру тәрізді тағы басқа әншілік өнердің қыр-сырын меңгеруге жас әншіні тәрбиелеу. Вокализ атауы латынның Vocalis –дауысты деген сөзінен алынған. Әншілерге арналған вокализдер, аспапта ойнаушыларға арналған этюдтер тәрізді әншінің орындаушылық техникасын жетілдіруге арналған. Дауыс қоюға арналған вокализдердің ең көрнекті авторлары – Маркизи, Рубини, Пановка, Конконе, Абт, Ваккай, Бардоньи, Риччи, Аспелуна, Лютген, Варламов, Глинка т.б. педагог әнші-композиторлар. Вокализдердің концерттік түрлері де бар. Ол вокализдердің көркемдік дәрежесі жоғары классикалық музыкалық шығармалар қатарына жатады. Әнші даусына арналған концерттік вокализдер М.Равелдің «Хабанерасы», С.Рахманиновтың «Вокализі», Р.Галиэрдің «Дауыспен оркестрге арналған концерті», С. Прокофьевтің «Сөзсіз бес мелодиясы» т.б. көпке танымал шығармалар.Концерттік вокализдер негізінен дауысты «А» дыбысымен немесе бірақ сөзбен орындалады. Мысалы В.А Моцарттың дауысқа арналған «Alleluia» шығармасы бір ғана. «Аллелуя» деген сөзбен орындалады. Қазақ композиторлары да концерттік вокализдер жазған. Олар – С.Мұхаметжановтың «Дауысқа арналған концерті», Е.Рахмадиев «Вокализ» |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 19_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | т.б. Ал, қазақтың халық әндерінде фольклорлік жырлар мен термелерде вокализдер ежелден кең түрде қолданады. Әншілердің даусын жаттықтыруға арналған жаттығулар мен вокализдер он жетінші ғасырда Италияндық вокалдық педагогтарымен композиторлардың, кастрат - әншілердің творчествасында бастау алды. Олар- Порпора, Амадори, Реди, Този, Бернакки, Маркези, Фарнелли, Гвиданни, Котумаччи, Мантуоли, Лео, Мартини т.б. Бұл композитор - әнші, педагогтардың кейбіреуінің вокалдық жаттығуларымен вокализдерін вокалдік педагог композитор – Виктория Риччи батыс Европаның кітапханаларынан тауып, оған фортепианоның сүйемелдеу партиясын жазған. Сол вокализдер жинағын алғаш рет 1912-жылы Лондон қаласында вокалдік педагог Джозеф Вильямс бастырып шығарған. Содан бері бұл вокализдер жинағы Европа елдеріне және Россияға тараған. Мен сол жинақтан алып, осы оқу құралына итальян композиторларының 17-18 ғасырлардағы жазылған вокализдерін кіргізіп отырмын.Себебі, бұл вокализдер өзінің стильдік және музыкалық терең мағыналығымен, қарапайымдылығымен, түсініктілігімен Италияның ескі вокалдік мектебінің алғашқы қалыптасу кезеңіндегі озық үлгілерімен ерекшеленеді. Бұл вокализдер әншілерді оқыту кезеңінің бастапқы қурстарында қолдануға қажетті оқу құралы. Өйткені, вокализдердің диапазондары шағын, ритмдік күрделілігі де шамалы, әуендері де жағымды. Вокалдік техниканың алғашқы қадамдарын меңгеруге, интонациалық тазалыққа, форшлаг, группетта, трельдерді меңгеруге тәрбиелеуге таптырмайтын материал.Бұл жинаққа вокалдік педагогтардың әншілер тәрбиелеудегі жиі қолданатын авторлары – Франц Абттың, Гаэтена Зейдлердің, Джузеппе Конконенің, Генрих Пановканың таңдамалы вокализдерде кеңінен кіргізілді. Бұл вокализдер бір жарым ғасыр уақыт бойы әншілер тәрбиелеуде ерекше маңызға ие болып келеді. Дауыс қоюға арналған вокализдерді Кеңес одағы көлемінде музыка училищесі мен концерваториядағы ән бөлімінің оқу бағдарламасына кіргізу мәселесі 1940 жылы Москвада өткен бүкіл одақтық вокалдік педагогтар конференциясында бір – екі педагог қозғаса, ал 1949-1954 жылдары өткен |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 20_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | бүкіл одақтық конференциясында вокализді оқу бағдарламасына міндетті түрде кіргізуге шешім қабылданды. Жас әншілерді тәрбиелеудегі вокализдің маңызы туралы белгілі педагогтар өз тәжірибелері мен бөлісті. Қазақ халық әндерінде, термелерінде, жырларда, жоқтауларда, ,бақсылардың науқасты емдеу зікірінде – «Аха-хай», «Ги-ги-гай», «Ди-ди- дау», «Ха-лә-ләй», «А-хау», «Ей-ей-ей», «Ай-ай-ай», «Ох-ох-ох» деген дауысты және дауыссыз дыбыстарды қосып әннің басында немесе қайырмасында ұзақ вокализдер қолдану өте жиі кездеседі. Қазақтың вокалдік фольклерінде вокализдің алатын орны өте ерекше. Әсіресе вокализдер халық әндерімен халық композиторларының әндерінде өте жиі қолданылады. Сөзім дәлелді болу үшін, өзім білетін әндердің ішіндегі вокализдері бар әндерді атап өтейін.Халық әндері – «Кербез сұлу», «Дайдидау», «Көгөкөк», «Аңшының әні», «Сұржекей», «Шәпибаяу», «Қызыл бидай», «Балқурай», «Назқоңыр», «Жиырма бес», «Әупілдек» т.б, Халық композиторларың әндері – Біржанның әні – «Жамбас сипар», Үкілі Ыбрайдың әндері – «Гәкку», «Юран-ай», Ақан Серінің әні – «Сұршақыз», Естайдың әні – «Сандуғаш», Майраның әні «Майра», Кененнің әндері – «Көкшолақ», «Бозторғай», «Қайран елім қайда?», Жаяу Мұсаның әні – «Ақсиса», «Ақылбайдың әні», «Молдабайдың әні», «Ағашаяқтың әні», «Исаның термесі» тізе берсең жалғаса береді.Бұл әндер қазақ ән өнерінің нағыз інжу – маржандары. Ал, Қазақстан композиторлары – А.Жұбанов, М.Төлебаев, Е.Бруссиловский,Л.Хамиди, Н.Тілендиев, Ә.Еспаев, С.Мұхаметжанов, Е.Рахмадиев, Х.Мусин, Е.Хасанғалиев, Т.Базарбаев, Ш.Қалдаяқов, Ә.Бейсеуов т.б. сазгерлердің көптеген әндерінде вокализдер кеңінен пайдаланады.Қазақ академиялық әншілік өнерінің қалыптасуына байланысты профессионал композиторлар әншілердің дауыс мүмкіндігіне орай, әсіресе сопрано дауысты әншілерге арналған колоратуралық вокализдерді кеңінен қолданып, әншілердің дауыс техникасын және диапазонын көрсетуге мол мүмкіндік туғызды. Ол әндер – Г.Бруссиловскийдің «Қос қарлығаш», М.Ержановтың «Қуанамын», Л.Хамидидің «Бұл-бұл», «Жаулауым бақша жайнаған», «Қазақ вальсі», М.Төлебаевтің «Ақмарал сұлу еркем-ай», Е.Рахмадиевтің «Әнші бақыты», Н.Тілендиевтің «Ақшағала», «Кел еркем Алатауыма», «Жансәулем», С.Мұхаметжановтың «Көктем» т.б. әндері қазақ |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 21_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | ншілерін өнер көгіне жұлдыз болып жарқырауына жол ашқан мәңгі өлмес туындылар. Әншілердің даусын жаттықтыруға арналған жаттығулар мен вокализдер он жетінші ғасырда Италияндық вокалдық педагогтарымен композиторлардың, кастрат - әншілердің творчествасында бастау алды. Олар- Порпора, Амадори, Реди, Този, Бернакки, Маркези, Фарнелли, Гвиданни, Котумаччи, Мантуоли, Лео, Мартини т.б. Бұл композитор - әнші, педагогтардың кейбіреуінің вокалдық жаттығуларымен вокализдерін вокалдік педагог композитор – Виктория Риччи батыс Европаның кітапханаларынан тауып, оған фортепианоның сүйемелдеу партиясын жазған. Сол вокализдер жинағын алғаш рет 1912-жылы Лондон қаласында вокалдік педагог Джозеф Вильямс бастырып шығарған. Содан бері бұл вокализдер жинағы Европа елдеріне және Россияға тараған. Сұрақтар: 1) Дауыс қоюдағы вокализдің маңызы туралы анықтама бер? 2) Кең тараған вокализдердің авторлары туралы анықтама бер? 3) Вокализдің түрлері туралы айтып бер? Қолданылған әдебиеттер: 1) Коррадетти Ирис «О мастерстве вокалиста». Сборник статей «Вопросы вокальной педагогики Москва 1976г «Музыка» 2) Голубев П. «Советы молодым педагогам вокалистам» Москва 1956г. 3) Бейсембеков А. «Вокальдік жаттығулар мен вокализдердің дауыс берудегі маңызы» 2012 ж «Талант» баспасы Семей. |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 22_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | Жеке сабақ № 7-8 Әншілердің даусын қоюға халық әнін қолдану. Жоспары: 1.Халық әндерінің тарихы туралы түсініктеме. 2.Халық әнінің музыкасы және мәтінімен танысу. 3.Халық әндерінің түрлері. Халық әндерінің дауыс қоюдағы маңызы. Жоспар: 1.Халық әнінің мәтіні мен музыкасының авторлары туралы түсініктеме. 2.Халық әніне музыкалық анализ жасау және орындау. 3.Фольклерлік халық әндері. Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың асыл қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды.Фольклор деген сөз ағылшын тілінен алынған. Ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. Фольклор шығармалары халықтың әр дәуірдегі тұрмыс – салтымен, наным – сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. Оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса екен» деген арман, үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі. Ән – халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болып табылыды. Көне заманнан келе жатқан ән – күй туралы халықтың аузында қалыптасқан көптеген мақал – мәтелдер, аңыздар, жырлар осының айғағы. Халықтың: «Сөз күміс - ән алтын», «Ел көркі – қыз, той көркі - ән», немесе «Ән өмір ұзартады» деген асыл сөздері осы өнерге арналған. Қазақтың ұлы ақыны Абай да ән мен күйдің құдіретін жырлап: |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 23_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | Құлақтан кіріп, бойды алар Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар Әнді сүйсең, менше сүй – деген. Ән мен күй шыққан күн, туған айдай дала жұртының тал бесіктен жер бесікке түскенге дейінгі жан серігі болды. Ауылдан ауылға ән айтып, күй тартып жүрген диуаналар, бақсылар, жыршылар, сал – серілер өз өнерін көрсетіп, халықтың көңілін көтерді, айт пен той – томалақ, түрлі ойын – сауық, отырыстардың көркі болды. Ақын - әншілердің өнері халық арасында өте жоғары бағаланып, ақынның келген ауылы оған зор сый – құрмет көрсеткен. Олардың аты аңыз - әңгімеге айналып, ауыздан – ауызға, ұрпақтан – ұрпаққа жетті. Өз мазмұны бойынша, тұрмыстағы орнына сай қазақтың халық әндері бірнеше түрге бөлінеді: 1.Халықтың ескілікті наным – сенімінентуған әндер. 2 .Еңбек пен шаруашылық кәсібіне байланысты туған әндер. 3.Тұрмыс – салт әндері. 4.Эпикалық жырлар. 5.Тарихи әндер. 6.Лирикалық әндер. 7.Айтыс. Лирикалық әндер Халық композиторлары мен ауызекі ән шығармашылығында лирикалық әндердің түрлері ерекше орын алады. Бұл әндер өзінің музыкалық байлығы, әсем де әсерлі ән-әуезімен көркем-өнердің жоғары дәрежелі үлгісі болып саналады. Лирикалық әндер басқа халық әндерінің түрлерімен салыстырғанда, кейінірек шыққан туындыларға жатады. Олар мазмұны жағынан өте бай және халықтың ең сүйікті ән түрлерінің бірі. Лирикалық шығармалардың әуендері ерекше сазды, әуезді, кең ауылқымды болып келеді. Бұларға күрделі ырғақ пен көлемді құрылым тән. Лирикалық жанр адамның ой-сезімі мен толғаныс, көңіл-күйінің түрлі қырларын суреттейді. Шығармадағы жеке адамға тән мінез бен сезім көпшіліктің көңілінен шығып, ол ән халықтың рухани мәдениетіне еркін енеді. Лирикалық әндердің мазмұны мен тақырыбы әр алуан. Бұлар махаббат |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 24_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | сезімін, сүйікті адамның асыл қасиеттері мен ажарлы көркін («Назқоңыр», Абайдың «Айттым сәлем, қалам қасы», Мәдидің «Үш тоты құсы», Біржанның «Ақ тентегі»); сүйгеніне қосыла алмаған жастардың қайғы-зарын («Ақбөпе», Ақанның «Сырымбеті», Абайдың «Татьянаның сөзі»), толғайды. Бұл әндердің енді бір үлгілерінде сұлу табиғаттың көркем суреттері бейнеленеді(Абайдың, «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып»әндері). Лирикалық әндерде албырт жастық шақ, адамның өмірдегі орны туралы терең философиялық ой-толғамдар үлкен тебіреніспен жырланады(Абайдың «Қарашада өмір тұр», «Сұлғылт тұман дым бүркіп», Естайдың «Дүние-айы»)т.б. әндерді үлгі ретінде келтіруге болады. Жақын адамның не жақсы көретін құсының, атының өліміне арналған зарлы әндерде қайғылы сезім, мұң әсерлі беріледі(Ақан серінің «Құлагері», «Қараторғайы»). Осындай мазмұндық байлығына қарай лирикалық әндер екі негізгі топқа бөлінеді: Махаббат лирикасы және табиғат лирикасы Махаббат лирикасының мазмұны мен тақырыбы әр алуан да өте бай. Мысалы, Сегіз серінің «Назқоңыр» әні сүйген жардың көркем келбетін суреттесе, халық әні «Ақбөпе» кедей жігіттің қалың мал төле алмай, сүйген қызынан айрылып қалган күйініш сезімін бейнелейді. Халық әнші-композиторларының сүйікті жарын суреттеген туындыларының тілі айшықты, өрнегі мол, метафора, теңеулерге өте бай. Мысалы, Ыбырай Сандыбайұлының «Гәкку» әнінде қыз бейнесі аққуға теңеледі: Түрленіп тоқсан түрлі ән саламын, Жай тастап құлашымды, кең аламын. Түскенде сен есіме, ерке Гәкку, Құлпыртып осынау әнді толғанамын. Қазақтың бай табиғаты халық ақындары мен композиторларын әдеби-музыкалық суреттерді шырқауға шабыттандырды. Табиғат суреттері адамның шындық өмірімен оның ой-толғауларына, шаттығымен күйінішіне тығыз байланыста туды. Мысалы, халық әні»Айкөке» адамның жер анаға деген махаббаты мен қуанышын анық сездіреді: Сырымбет биік асыр қатар кезең, Жарасып таудан құлай аққан өзен. Ұқсаған биқасапқа көк шалғыны, Көк орай қайың мен тал-бәрі де әсем. Табиғат лирикасының тағы бір әдемі үлгісі-«Япырай» әні. Бұрыннан |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 25_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | авторының есімі белгісіз бұл шығарма қазргі кезде аты халқымызғақайта оралған тамаша ақын, жазушы, ұстаз Мағжан Жұмабаевтың әні деп танылды. Бұл әсем де назды әнде табиғат көркемдігі және туған жерін, жарын сағынғанадамның нәзік күйінішті көңіл-күйі бейнеленген: Жаратылыс дүниесінің толып жатқан құпия сырларына табыну, табиғат құбылыстарының дүлей күшінен қорқып, соған еріксіз сыйынып, жалбарынудан туған әндер тобына Бақсылар сарыны, Бәдік, Арбау әндері жатады. Адам баласы табиғаттың қорқыныш тудыратын үрейлі құбылыстарының бәрін тәңірге санап, күнге, бұлтқа, желге табынып келген. Ескілікті наным – сенімнен туған әндердің бір алуаны – бақсылар сарыны. Бақсылар сарынының негізгі мақсаты – түрлі ауруларды емдеу. Бақсы жын, пері, албасты басты делінетін ауруларды қобыз арқылы сарнап, көшіреді. Қазақтың емшілік кәсібінен туған бәдік әндерінің өз заманы үшін өмірлік мәні болған. Өйткені, ол адам баласына қас күштер мен әртүрлі ауру, індет «иелерін» әсерлі, сырлы сазбен көшіріп, көндіруге болады деген сенімнен шыққан еді. Еңбек және шаруашылық әндері. Халықтың ән шығармаларының ең көне жанрының бірі – еңбек жырлары – ел тұрмысының шындық суреттемесін, қарапайым шаруалардың күнделікті өмірін бейнелейді. Еңбек және шаруашылыққа байланысты туған өлең – жырларға төрт түлік туралы, аңшылық және наурыз әндері жатады. Еңбек және шаруашылық өлең – жырларының ішіндегі ең көп тарағаны – төрт түлік мал туралысы. Үйлену тойының дәстүрлі әндерінің бірі – беташар. Бұл ән келін күйеуінің ауылына келіп, жаңа үйге түскен кезде айтылатын жыр. Қазақтың көне дәстүріне байланысты жаңадан түскен келіннің бетін көрсетпей, желекпен жабады. Бет ашу дәстүріне үлкен мән берілетін. Сондықтан бұл жырды орындау үшін арнайы шешен ақын шақырылып, ол жиналған топқа келіннің бетін әнмен ашады. Халық әндерінің дауыс қоюдағы ерекшеліктерін ескере отырып, қазақтың халық әндерінің негізінде онға тарта вокализ жаздым. Осы жинаққа «Елім-ай», «Дайдидау» әндерінің негізінде жазылған екі вокализді кіргіздім. Әрбір қазақ баласы тілі шығып есі кірген соң, бірінші айтатын әні «Елім-ай» әні болатын.Әрбір қазақ баласы қолына домбыра алғанда, бірінші ойнап үйренетіні де «Елім-ай» әні болатын. Себебі, «Елім-ай» әні үйренуге өте |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 26_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | оңай, диапозоны бір октаваға жетпейтін алты дыбыстан ғана тұратын ән. Әннің құрылымы да дауыс жаттығуы тәрізді минорлық гамма түрінде басталып одан кейін сол гамманы қайталаудан және бір ғана жерінде терция интервалы бар, басқа құрылымы дыбыстардың жоғары, төмен рет -ретімен қозғалуынан тұрады. Менің бірінші вокализ етіп «Елім-ай» әнін алғаным, жас әншінің дауыс мүмкіндігіне өте ыңғайлылығын пайдалану мен бірге, әр -бір өнер жолына аттаған қазақ баласы, қазақ халқының сонау«Ақтабан шұбырынды» заманынан бергі ән ұранына айналған «Елім-ай» әнін білуге тиісті екендігін мақсат еттім. Ал, «Дәйдидау» әні вокалдік жаттығулардың элементтері мен вокализдік шығармаларға етене жақын әуендік құрылымының үндестігімен ерекшеленеді.Өзі дайын тұрған вокализ.Бұл вокализ ортаңғы, жоғары дауыстарға, дауыс диапозонын кеңейтуге, кантилена әдісін меңгеруге ,дауыс екпінін жетілдіруге қажетті жаттығу болады. Сұрақтар: 1.Халық әндеріне анықтама бер? 2.Халық әндерінің қандай түрлері бар? 3.Лирикалық әндер туралы не білесің? Қолданған әдебиеттер: 1. «Гаухар тас» әншілік өнерге арналған хрестоматия 1-ші том Алматы 2009 жыл «Өнер» баспасы. 2. «Сұршақыз» әншілік өнерге арналған хрестоматия 2-ші том Алматы 2010 жыл «Өнер» баспасы. 3. Затаевич А. «Қазақ халқының 1000 әні» Москва 1963 жыл «Музыка» баспасы. Жеке сабақ №9-10 Сөйлеу техникасы және дикция. Жоспар: |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 27_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | 1.Дикция және орфоэпия туралы түсінік 2.Шығарманы орындау кезіндегі фразировкамен жұмыс. 3.Дауысты дыбыстармен жұмыс. Вокалдық шығармаларды орындаудағы поэзиялық мәтінді дикциялық, артикуляциялық анықтығы мен жұмыс істеу. Жоспары: 1. Артикуляция және фразировкамен жұмыс. 2. Дыбыстар үндестігі және дыбыстар алмасуы. 3.Дауыссыз дыбыстармен жұмыс. Сөйлесудегі дикция. Ән айтудағы дикция, оның ерекшелігі. Әншілік дыбысталу үнімен әншілік дикцияның сабақтастығы және осыған байланысты артикуляцияның ерекшеліктері. Икемділікті дамыту және артикуляциялық аппараттың қозғалысы, ауыз, ерін, тіл, төменгі жақ - негізгі бөліктер. Дауысты және дауыссыз дыбыстар қалыптасуындағы артикуляцияның анықтылығы. Дикцияның кемшіліктерін жою. Ансамбльдік орындаудың негізгі элементі ретінде дауысты және дауыссыздардың айтылуы мен біртұтастығын қалыптастыру. Сөздің айтылуының шығарма сипатымен сабақтастығы. Ән айтудағы орфоэпияның ерекшеліктері: - дауысты дыбыстарды бейтараптандыру; - дауысты дыбысты біршама созу, жоғарылығы мен және дыбыс сапасын нақты бекіту; - дауысты дыбыстарды түрлі регистрлерде айту; - дауысты дыбыстарды редуцияланған жерде анық айту; - дауыссыз дыбыстардың айтылу ерекшеліктері; Дауыссыз дыбыстардың орфоэпиясы. Дауысты дыбыстардың әншілік редукциясы. Дауысты дыбыстардың орфоэпиясы. |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 28_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | Әдеби тілде айтылу ережелері. Оркестрлік сүйемелдеумен берілген шығармаларда тыңдаушыларға мәтінді анық жеткізу шарттары. Оркестр дауысының қаттылығына және мықтылығына байланысты мәтінді қабылдау тәуелділігі. Дауыссыздар кешені бойынша сөзді «тану» ұстанымы. Акустикалық тұрғысынан қарағанда айтылатын сөздегі дауысты, дауыссыздардың дыбысталу күші. Хор және оркестр дауысының қатынасын қалыптастыруда дауыссыздардың естілу анықтылығы бағдарының қажеттілігі. Дыбыстар ықпал еткенде, бір жақты ғана емес, бір-біріне ілгеріңді – кейінді ықпал жасайды. Үндестік заңы дауысты дыбыстармен де, дауыссыз дыбыстармен де байланыста болады. Сөз бен қосымшаның, сөз бен сөз арасында бір – бірімен үндесіп, біріне бірі жасалуы, айтылу жағынан үйлесіп отырады. Морфемалардың біріңғай жуан не жіңішке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың біріне-бірі акустика-артикуляциялық жақтан бейімдеп, үйлесіп тұруын дыбыстардың үйлесуі немесе үндестік заңы дейміз. Үндестік заңы қазақ тілі фонологиясының ең өзекті мәселелерінің біріне жатады. Үндестік заңын екіге бөліп қараймыз: буын үндестігі және дыбыс үндестігі. Дауысты дыбыс буын құрайтын болғандықтан, дауыстылар үндестігін буын үндестігі дейміз. Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз арасында дауыссыз дыбыстардың бірін – бірі өзіне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі дейміз. Біздің дыбыстық тіліміз - өте күрделі құбылыс, сондықтанда оны үш түрлі аспектіде қарастыру керек. Олар: анатомия-физиологиялық аспект, акустикалық (физикалық) аспект және лингвистикалық аспект. Анатомиялық-физиологиялық аспект. Адамның тілі – ең алдымен биологиялық құбылыс, ол – дыбыстау органдарының, оны басқарып отырған орталық нерв жүйесі қызметінің нәтижесі. Адам организмінде тіл дыбыстарын айтуға жаралған арнайы органдар жоқ. Мұны әр түрлі физиологиялық қызмет үшін жаралған органдар (өкпе, тіл, таңдай, тіс, ерін т.б.) қосымша атқарады. |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 29_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | Тіл дыбыстары және олардың жасалуын (артикуляциясын) түсіну үшін, дыбыстау мүшелері мен олардың әрқайсысының қызметін білу керек. Дыбысты жасауға қатысатын мүшелер: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, көмей, ауыз қуысы, тамақ қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл (бөбешік), тіс, таңдай, жақ, ерін, т.б. Бұларды сөйлеу аппараты дейді. Дыбыстау мүшелерінің ішінде әсіресе дауыс шымылдығы, тіл және еріннің қызметі айрықша. Кеңірдектің кеңейген жері көмейге орналасқан дауыс шымылдығы (желбезек сияқты) жиырылып, керіліп тұрады. Керілген кезде (ауаның әсерінен) дірілдейді де, одан үн пайда болады. Оны тіл білімінде дауыс немесе тон деп атайды. Дауысты дыбыстар тоннан жасалады. Ал дауыссыздарда тонның дәрежесі әр түрлі: үнділерде көбірек, ұяңдарда азырақ болады да, ал қатаңдарда мүлдем болмайды. Оның есесіне қатаңдар салдырдан жасалады. Салдыр өкпеден қайтқан ауаның ауыз қуысында тосқауылға ұшырауынан пайда болады. Мұны көмекші тон (обертон) дейді. Акустикалық (физикалық) аспект. Тіл дыбыстары да табиғаттағы басқа дыбыстар сияқты акустикалық құбылысқа жатады. Дыбыс атаулы бір-біріне ырғағы, күші, әуені, созылыңқылығы жағынан ерекшеленеді. Дыбыстың ырғағы тербелістің жиілігіне, ал дыбыстың күші тербелістің қарқынына (амплитудасына) байланысты. Біріншісі герцпен, екіншісі децибелмен өлшенеді. Дауысты дыбыстар (мәселен а, ә) бір-бірінен әуеніне (тембріне) қарай ажырайды. Тембр – дыбыс бояуы. Тіл дыбыстары өте күрделі болып келеді. Ол негізгі тон мен обертонның бірлігінен жасалады. Тіл дыбыстарындағы тон дауыс шымылдығының дірілінен, ал көмекші тон резонаторлық қызмет атқаратын тамақ, ауыз қуыстарында пайда болатынын білеміз. Лингвистикалық аспект. Қарым-қатынас құралы тіл тек дыбыстар арқылы ғана іске асады. Сондықтан тіл дыбыстарын тек акустикалық, физиологиялық құбылыстар ретінде қарау жеткіліксіз. Ең бастысы, осы дыбыстардың адамдардың қатынас құралы тілдің қызметін қамтамасыз етудегі лингвистикалық мәнінде деп қарау керек. Осыдан дыбыстарды қарастырудың лингвистикалық аспекті шығады. |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 30_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | Тілдің ауызша формасында дыбыстар үндестік заңына сәйкес үнемі үйлесіп, жымдасып қолданылады. Егер айтуда осы үндестік сақталмай, бұзылатын болса, мұның өзі айтылуы мен жазылуының арасын парықтай алмаудан туады. Өйткені жазу сөздің айтылуын дәл бере алмайды. Оның үстіне морфологиялық принцип басшылыққа алынатын біздің жазуымызда түбірдің соңғы дыбысы көбіне өзгеріссіз жазылады. Морфемалардың жігінде қатар келіп, акустикалық немесе артикуляциялық жақтан тіл табыса алмаған жағдайда дыбыстардың бірі (күштісі) екіншісін (әлсізін) өзіне жуық басқа дыбыспен алмасуға мәжбүр етеді. Сұрақтар: 1.Дикция және орфоэпия туралы түсініктеме бер? 2.Артикуляция және фразировкаға түсініктеме бер? 3.Дыбыстар үндестігі және дыбыстар алмасуы деген не? 30. Қолданған әдебиеттер: 1. М.Серғалиев. Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігі Алматы – 1996. 2.М.Ә.Қараев. Қазақ тілі Фонетика. Лексикология. Морфология. Синтаксис. Алматы – 1993. Ана тілі 3.Тұранқұлова Д. «Сахана тілі» «Өнер» баспасы Алматы 1996ж. Жеке сабақ № 11-12 Дауыс қоюдағы романстардың алатын орны. Жоспары: |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 31_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | 1.Романс туралы түсініктеме. 2.Романстың түрлері. 3.Вокалдық жаттығулар және вокализбен жұмыс. Шетел және Қазақстан композиторларының романстары туралы. Жоспары: 1.Орыс романстары. 2.Батыс композиторларының романстары. 3.Қазақстан композиторларының романстары. Романс(исп. romance) — белгілі бір музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен жеке дауыста орындалатын шығарма. Испанияда пайда болған романс алғашында испан (“роман”) тіліндегі ән деген ұғымды білдірген. Бүгінде романс лирико- эпикалық немесе лирико-драмалық мазмұнға толы бір дауысқа арналған ән жанры. Романс көбіне лирикалық поэзия мәтініне құрылып, аспаптық музыкада вокалдық негізде жазылады. Романстың әннен айырмашылығы — әуеннің сөзбен тығыз байланыстылығы мен аспаптық сүйемелдеудің маңыздылығында. Романстың баллада, элегия, т.б. жанрлық түрлері бар. Романс синтетикалық, музыко-поэтикалық жанр ретінде 18 ғасырдың 2-жартысында неміс композиторларының мектебінен басталып, кейін Франция мен Ресейде жалғасын тапты. 19 ғасырдағы романтизм кезеңінде жетекші жанр рөлін атқарып, адамның ішкі дүниесінің сезімталдығын жан-жақты көрсету мен оны музыка арқылы бейнелеуді негізге алды. Романстың бұл түрі В.Шуберт шығармашылығында кеңінен орын алған. Сұрақтар: 1.Романс жанры туралы түсініктеме бер? 2.Романстың түрлері туралы не білесің? |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 32 | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | 3.Қазақстан композиторларының романстары туралы түсініктеме бер? Қолданған әдебиеттер: 1. Қазақ энциклопедиясы, 7 – том 2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 3. И.Кочнева, А.Яковлева «Вокальный словарь» Ленинград «Музыка» 1986г. Жеке Сабақ №13 Мектеп әндерін музыка пәнінде қолдану. Жоспары: 1.Мектеп әндеріне түсінік және олармен танысу. 2.Қазақстан композиторларының балалар әні. 3.Мектеп әнімен жұмыс. Музыка сан алуан жанрларға бөлінеді. Әннің алатын орны өте зор. Ән адамның жан сезімін оятып, жүректің нәзік қылын қозғайды «Ән миллиондардың жүрегін біріктіреді » Л. Бетховен.Әннің эмоциялық ықпалы өте күшті, өзіндік көркемдігі және мазмұндылығымен балалар жанын баурап, олардың ақыл - ой, сана - сезімінің кеңейіп жақсы мінез - қылықтарының қалыптасуына әсер етеді.Әнді орындау барысында қандай мақсат қойылады? Орындау кезінде оқушылардың музыкаға деген іс әрекеті қалыптасады, оның ішінде хормен орындағанда оқушының музыкалық мәдениеті тұрақтап, орындаушылық шеберлігі тұррақтап, өздерінің музыкаға деген көзқарасын нығайтып, шығарманың бейнелеу образын көрсетедi.Әндер әртүрлі болады: халықтық, композиторлық, балалар әні, бесік жыры, той - думан әндер, лирикалық, патриоттық, эстрадалық, тақпақ сазды т. с. т. б. Әндер өмірмен байланысты болған соң көңілді - жадыраңқы, жабығыңқы - қапалы, албырт, жалынды, қайғылы, ойлы, айбынды т.б. болып келеді. Әнді орындағанда орындау ережелерімен танысады. Мысалы: - Ән айту кезінде тік тұр немесе тік отыр. - Иығыңды көтерме (демалғанда). Әнде не туралы айтылатынын ойла, |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 33_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | мәнерлеп айтуға тырыс т.с.Сондықтан, әнді орындау - халықтың бүкіл мәдениетінің негізі, музыкалық білім мен тәрбие берудің ең ықпалды құралы. Ескере кететін бір жай: бастауыш сынып оқушылары ән айтудың көркемдік немесе техникалық жағынан жеңіл, қысқа әуеннен емес, белгілі бір мазмұны бар әуендер арқылы тезірек қабылдайды . Мысалы: Түлкі. Сыңғыр қоңырау. Бөдене. Қандай жақсы гүл. Апорт деген тәтті алма . 1 сыныпта: Күз ырғағы. Биші болам өскенде. Алтын астық. Бауырсақ. 2 сыныпта: 1) Өсіп келе жатырмын (К.Сатиев). «Кемесінде арманның - екі «н» - ің біреуі түсіп қалмасын. «Таласып мен күнмен өсемін» (9 буын), ал әнде (7 буын) мынандай ырғақты қосу керек. 2) «Саяхатта» - әр буынды көрсете отырып, ауыздың қимылы, дауыс аппаратың, сөздерді анық, тез айтуына үйретеміз. 3) «Елім - ай» - кең тынысты баяу, жәй екпінде орындап, демді алуын үйретеміз (иықты көтерме, шулап дем алма т. с) 4) Гәк-ку - жаттығу ретінде қолдануға болады «Гәк-ку, гә-гә-гәй» буындарында «Г», «К», дыбыстары таңдай дыбыстарына жатады. Ол дыбыстар бірден дауыстың жоғарғы позицияда құрылуына жағдай жасайды, ал «ку» «гу» буындағы «у» дыбысы - дауыс аппараттың көмекейден қысып шығармай босатады. 5) «Ана» - терция интервалы арқылы, лига сызығы арқылы дыбыстар бір - бірімен жалғасады, таза әуенді интонациясын қадағалаймыз, және де «жылы сезіммен» деген мағынада. 6) «Уж, как по мосту, мосточку» - екпініне жету. 7) «Наурыз келді» - қайырмасының әуені «ля » буынымен жеңіл, көтеріңкі, «ұшып» отырсын т.с. |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 34_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | 3-сынып 1. «Таң» у, о, а - біртіндеп, дыбыс арқылы - ауызды ашып, таңдайды көтеріп, дауысты “бүрмелеу” керек (округленно). 2. «Қара торғай» - үзінді, буындар екі дыбысқа созылатынын байқап (Қара торғай, ұштың зорғай, бейшара) - динамикасына жеткіземіз, тақтада үлгі ретінде ырғақ болу керек . 3. «Кімнің құлағы ұзын?» - тәрбиелік мәні бар шығарма. «Өсекші» деген кім? ең бірінші сұрақ қою керек – «Кімнің құлағы ұзын?» жауаптар: қоянның, пілдің, есектің т. б. Өсекшінің деп ешкім айтпайды. Неге? мазмұнын оқып береміз. 4. « 8 Наурыз күні» – диалог ретінде балалар әндетуді үйренеді және де қалып қоймай, сахнада орындау мәдениетін тәрбиелейді т.с. 5. «Құстар қайтып келеді» – 2 дауысқа үйренеді, өздері білмей қалады, үйретіп те керегі жоқ. Осыған ережелер ретінде: сынып бір дауысты (негізгі әуенді) орындайды, ал мұғалім екінші дауысты. Осыны дұрыс айтса, оқушы екінші дауысты тыңдауға үйренеді. Сондықтан екі дауысты әндерді орындау үшін өз тобының ән - әуезін жақсы білуі қажет т.б. 4 сынып: Бұл кезде жоғарғы немесе төменгі дауыс нышандарын байқауға болады. Дауыс толыға, әрлене, қоюлана түседі. 1. «Алатау» – қазақ жерінің табиғаты, оның ішінде Алматы маңайы. Әні өте әуенді, қайырмасы жеңіл, екпінді, қысқа. 2. «Жомарт елім» – балаларға таныс 2 дауыс, оның ішінде канон - 2 әдісі. 3. «Елім - ай» – Н. Дүкенбай – негізгі интонация халық әні «Елім - ай» - дан алынған, мақсаты, мазмұны – оралмандар, көшіп келіп жатқан туыстарға арналған. 4. «Қозым» - әнін өте жеңіл орындау керек, дәл ме дәл дем алу және дыбыстың «ұшуына» байланысты. |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 35_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | 5. «Бөбегім » – сөзін жазған М. Мақатаев, әнін жазған Қ. Сәтиев - жаңа бесік жыры деуге болады, орындағанда жылы, тербете және 2 дауысты қолданады (қайырмасы). 6. «Бір бала » – халық әні, үйренгенде байқау керек: екпінін, әуезділігін сақтап, тебірене, сезіммен ойлана орындау. Мысал келтірсек Роза Рымбаеваға балалар еліктейді (ол жаман болмайды) 7. «Ақ сиса» – ны үйрену кезінде, қайырмасы “ ги-ги-гәй ”- дан бастаған жөн. Әуездің сөз буындары тақтада жазылып, буындарды ырғағымен үйреніп, оқып, дауысты нық, анық айтып үйретіп, жоғарғы тиссетура болғасын, сәл күш салып, f айтамыз. Ырғағын анықтап алғасын негізін үйренеміз. 8.«Заман - ай», «Желтоқсан желі» – тарихымызға байланысты, әңгіме арқылы, сипатын ашамыз, орындауға жеңіл болады. 9. «Сырғанақ » әннің атын айтып отырып, сырғып, стаккатто әдіспен орындап үйренген жөн, жеңіл, жылдамдата орындау керек. 10. «Полька » чех халық әні, жеңіл, ойнақы, биді сипаттау және 3 шумақты «хлопаем», «топаем» – cөздерді айтпай қолмен шапалақтап, еденді ырғағына келтіріп соғу, сол кезде сүйемелдеудің керегі жоқ. Бұл балаларға қызық, ұнайды. 11.«Майра» – бұл жеке дауыс пен хорға арнап, сахнаның сиқырын, көркемін біліп, өз өздерін әртіс, әнші ретінде мақтанышы. 12. «Сарбаздар маршы» - сазгер Қ.Сәтиев, сөзі Қ.Смағұлдікі – негізгі мақсат, нағыз марш, жігерлі, таза ырғақты байқау, көтеріңкі. 13. «Айналайын елімнен» - Н. Дүкенбай - әні жеңіл, диапазоны қолайлы, әннің мәтініне көңіл бөлу, тәрбиелік кезең, өнер адамдарымен таныстыру. 14. «Жар - жар » (айтыс ретінде) ұлдар - қыздар айтыс деген не?, соған қатысады т.с. Ән айтқанда, музыка тыңдағанда, ырғақтық қимылдар жасағанда дауысы, дене қимылы сол шығарманың сипатын дәл жеткізуге тырысады. Осы қасиет шығармашылық қабілетті дамытуға ықпалын |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 36_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | тигізеді. Шығармашылық балалардың ойын ұштап (заострить) қиялын қанаттандырады, сезімталдық қабілетін, байқампаздығын арттырады.Шығармашылық әрине негізгі түрде емес, ол музыка саладағы ізденіс, іздене отырып өздеріне байқамаған жаңалықтар Шығармашылық музыканың орындалу барысында жүзеге асады, мұғалім оған музыканы түсіну, ойлау мүмкіндігін бақылап тұруға мүмкіндік береді. Сондықтан «шығармашылық» балалардың музыкалық материалдарды терең түсінуге және музыкалық қабілетінің дамуына жағдай жасайды.Шығармашылық қарапайым ән әуендерін айтқанда ұсынылған сөз тексіне ән шығарғанда, дауыспен әр - түрлі сипаттағы музыканы орындағанда ( марш, би, полька, вальс ) музыкамен оның сипатын жеткізетін мәнерлі қимылдар жасағанда, бір ерекше ырғақ тапқанда, музыка туралы пікір алысқанда т. с. өзіндік мәнер қолданғанда ғана өмірге келеді. Сұрақтар: 1.Мектеп әндері туралы түсініктеме бер? 2.Қазақстан композиторларының мектеп әндері туралы не білесің? 3.Өзің таңдаған бір мектеп әніне музыкалық талдау жаса? Қолданған әдебиеттер: 1. Ән сабағы. Учебно-методическое пособие для начальных классов казахских школ. /в сопровождении баяна/. – Алматы: Өнер, 1997. – (Сорос- Казахстан коры). 2. Музыка хрестоматиясы 1 класс. Құрастырған Р.Жәрдемалиева, Г.Қарамолдаева, А.Исағұлова. – Алматы, «Өнер», 1986. 3. Музыка хрестоматиясы 3 класс. Құрастырған А.Исағұлова, А.Бәйментаева, Д.Атаханова. ҚазақССР халыққа білім беру министрлігінің коллегиясы бекіткен – Алматы, «Өнер», 1990. 4. Музыка хрестоматиясы 4 класс. Құрастырған Г.Қарамолдаева. – Алматы, «Өнер», 1981. Жеке сабақ№14-15 Эстрадалық әншілік өнер туралы Жоспар: 1.Эстрада жанры туралы түсініктеме. |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 37_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | 2.Эстрадалық әндердің түрлері және жанрлары. 3.Вокалдық жаттығулар мен вокализдер. Шетел және Қазақстан композиторларының эстрадалық әндері. Жоспары: 1.Эстрадалық әндердің түрлері мен жанрлары. 2.Қазақстан композиторларының эстрадалық әндері. 3.Дауыс күшейткіш аппаратпен жұмыс. (микрофон, минусовка, плюсовка). Эстрада, эстрада өнері (франц. estrade, исп. estrado – тақтайша үстел) – көп жанрлы сахналық өнердің бір түрі. Эстрада өнері әр алуан артистердің (әншілер мен бишілер, көркем сөз оқушылар мен акробаттар, конферансье мен музыканттар, т.б.) ойын-сауығынан құралады. Кейде жалғыз артистің өнер көрсетуіне құрылған жеке – соло концерт те болуы ықтимал. Әрбір ойын-сауық нөмірінің ұтымды әрі шапшаң (10 – 15 мин) орындалуымен байланысты Эстрада өнердің шағын түрі деп те аталады. Эстрада артистері жасаған сахналық бейнелер психол. жағынан күрделі болмағанымен, олар ашық та жарқын бояуға, гротескіге толы болады. Сұрақтар: 1.Эстрадалық әндер және эстрада жанрының тарихы туралы түсініктеме бер? 2.Қазақстан эстрадасының тарихы туралы не білесің? 3.Эстрадалық әндерді орындағанда аппараттарды қолдану тәсілдері туралы айтып бер? Қолданған әдебиеттер: 1. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 38_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | Жеке сабақтың тақырыптары мен жоспары 3 курс, 5-6 семестр Жеке сабақ № 1-2 Дауыс қою пәнінде вокалдык жаттығуларды қолдану. Жоспары: 1.Вокализ туралы түсініктеме 2. Вокалдық жаттығулардың диапазон кеңейтудегі маңызы. 3. Вокалдық жаттығулар жасау. Вокалдық жаттығулардың түрлері. Жоспары: 1.Леггато жаттығулары 2.Стокато жаттығулары 3.Вокалдық жаттығулармен жұмыс. Адам баласының сөз өнерінен кейінгі ең ұлы өнері ол- әншілік өнер. Әлемдік музыканың атасы да әншілік өнер. Әншілік өнердің де мыңдаған вокалдік жаттығулары бар. Адам баласының ойлау қабілеті мен сөйлеу қабілеті қалыптасқаннан кейінгі бірінші меңгерген өнері - әншілік өнер. Қаншама музыкалық аспаптар болғанымен адамға ең қажетті, ең жүрегіне жақыны, адамның өз дауысы. Себебі, шыр етіп дүниеге келгеннен кейінгі естейтіні анаңның әлдейі. Содан бастап ән сенімен өмір бойы бірге болып, қара жер қойнауына да сені ән шығарып салады (Абай). Әрине, екінің бірі әнші болмайды. Әншілік мыңнан, миллионнан біреудің маңдайына жазылған жаратқанның сыйы. Академиялық әншілік өнер болмаған заманда әншілердің бәрі ұлттық үлгіде ән салған. Олар өз ұлтының тіл ерекшелігіне байланысты сол ұлттың ғана әншісі болған. Олардың ән салу үлгісін халықтық немесе ұлттық әншілік манерасы деп атайды. Европада католиктер мен христиандардың шіркеулерінде діни уағызды хор мен орындау пайда болған соң, вокалдік музыкада кантата, оратория, опера жанрлары пайда болған соң, академиялық |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 39_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | әншілік өнерде бірте-бірте дами бастады. Әншілерді оқытып олардың дауысын арнаулы жаттығулармен академиялық манерада айтқызуға үйретті. Әншілердің дауыс диапазонының екі октаваға дейін кеңейуі, олардың орындау техникасы аспаптық дәрежеге жетуіне байланысты композиторлар оратория, кантата, опера жанрындағы вокалдік партияларды күрделендіре түсті. Арнаулы дайындықпен дауысы қойылмаған әншілер опералық партия айталмайтын болды. Міне бұл адам баласының ойлап тапқан ұлы өнері опера мен академиялық әншілік өнердің тууы еді.Академиялық әншілік өнер адамзатқа ортақ ұлы өнер! Сонау 16 ғасырдың аяғы 17 ғасырдың басынан бастап академиялық әншілерді дайындайтын вокалдік педагогика пайда болды. Сол педагогтар шәкірттерінің даусын қою үшін сан түрлі вокалдік жаттығулар шығарып, ол жаттығулар ұрпақтан- ұрпаққа ауысып біздің заманымызға жетті. Вокалдік жаттығулар да халық әндері сияқты белгілі бір авторы жоқ. Вокалдік жаттығулар да халық әндері сияқты сан өзгеріске түсті. Себебі, әр педагог белгілі бір жаттығуды өз еркінше шәкіртінің дауыс мүмкіндігіне ыңғайлап өзгертеді. Ол шәкірт өзі педагог болғанда, сол жаттығуды өз бетінше ол да өзгертеді. Сондықтан да вокалдік жаттығулардың авторлары халық әндеріндей белгісіз. Вокалдік жаттығулар бүкіл әлемдік әншілік өнердің ортақ қазынасы. Вокалдік жаттығуларды диатоникалық гамма жаттығулары, арпеджио жаттығулары, хроматикалық гамма жаттығулары, контелина, портаменто, филировка жаттығулары, мелизм группасындағы- трель, форшлаг, группетто жаттығулары және арлас жаттығулары деп топқа бөлдім. Дауыс қоюдағы вокалдік жаттығулардың ең басты қызметі мен мақсаты - әншіліктің қажетті техникалық әдістемелерін жеттік меңгеру үшін, әншілік тыныс алудың әдістері мен түрлерін меңгеру, дауыстың созылмалылығын (контелина), жұмсақтығын, дауыстың екпінділігін меңгеру, интонация тазалығын сақтау, дауыспен форте және пианоны, дыбысты филировка жасауды, трельді, стакаттоны еркін меңгеруге, жоғары дауыстарға колоратураны меңгеруге, дауыс тембрін байытып сәндеуге, дауыс күшін барлық регистрда біркелкілеуге, дауыс диапазонын мүмкіндігінше екі октаваға жеткізуге, дауыс төзімділігін арттырып профессиональдік қабілеттілігін жоғары деңгейге көтеру, ритмді сезініп қатаң сақтауға дағдыландыру т.б. әдістемелерге жас әншіні жаттықтыру. |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 40_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | Ал, әншіні шығарманы көркемдеп айтуға, дикцияны, фразировканы, сөз анықтығын меңгеруге, сахана мәдениетіне, артистизмге, шығармадағы бейнені сомдауға басты құрал ол вокализдер, әндер, романстар, ариялар болып табылады. Хроматикалық гамма жаттығулары «Хроматизм» атауы гректің – chroma – бояу деген сөзінен алынған. Гректер диотоникалық гаммадағы жеті дыбысты жаңбырдан кейінгі кемпірқосақтың жеті түрлі бояуымен теңестірген. Ал, гаммадағы хроматикалық дыбысты сол жеті бояудың түс реңіне теңеген. Хроматикалық гамма – мажорлық немесе минорлық латтарда дыбыстардың рет- ретімен жоғары, төмен жарты тоннан қозғалуы. Хроматикалық гаммада дыбыстар жоғары диез белгісімен, төмен тек бемоль белгісімен қозғалады. Хроматикалық гаммаларды дауыс қоюдың алғашқы кезеңінен қолданысқа кіргізеді. Хроматикалық гамманың міндеті- бірінші кезекте әншіге интонация тазалығын меңгеру. Хроматикалық гаммалар мен жаттығу бастағанда алдымен ара-қашықтығы (интервал) тар үлкен секундадан бастаған жөн. Сол секундадаға кіретін үш дыбысты меңгерген соң, кіші терцияға, үлкен терцияға ауысу керек. Осы жаттығуларды игергеннен кейін кварта, квинта интервалдарына жаттығуларды бастауға болады. Хроматикалық гаммалар жаттығулары – (57.58.59. 60. 61. 62 – жаттығулар). Бұл жаттығуларды алғашында өте жай (largo) темпінде орындап бірте-бірте тездетуге ауысу керек. Жоғарыдағы интервалдардағы хроматикалық гаммаларды ойдағыдай меңгерген соң октавалық немесе одан-да жоғары интервалдік гаммаларға жаттығулар жасауға кірісуге болады. Ол жаттығулар (63. 64 – жаттығу). Филировка, Портаменто жаттығулары. Филировка – атауы француз тілінен filer un son – дыбысты созу деген мағнаны беретін сөзінен алынған. Филировка әдісі дыбыстың созылмалы динамикасын қаттыдан (forte) , ақырынға (piano), ақырыннан қаттыға жайлап бірте-бірте ауысу. Филировканы жақсы меңгеру – дауыстың табиғилығын дұрыс қойылғанының көрсеткіші іспетті. |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 41_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | «Кім филировканы жақсы меңгерсе – сол жақсы ән салады» - дейді орыстың атақты әнші педагогы И.П.Пряничников. Филировка жаттығуларын дауыстың күшін, қаттылығын, дауыстың созылмалалағын біршама меңгерген соң бастаған жөн. Себебі, күші жоқ ,әншілік тынысты меңгермеген, дауысының созылмалылығы жоқ әнші филировка әдісін ешқашан да жасай алмайды. Дыбысқа филировка жасау әдісі әншілік өнерде шығарманы орындауда нюанстар жасаудың басты құралы болады. Ән салғанда филировканы жоғары деңгейде еркін жасау, дыбысты ұзақ созылмалы филировка жасау әншілік өнердің ең ұзақ уақыт жаттығу арқылы үлкен қиыншылықтармен меңгерілетін әдісі. Филировка әдісі әншінің өмір бойы қолданатын өмір бойы сол әдісті жетілдіруге еңбектенетін жаттығуының ең бастысы. Бұл жаттығу кез келген шығарманы көркемдеп орындаудың негізгі әдістемесі. Филировканы меңгеру үшін алдымен бір дыбысты ұзақ уақыт терң тыныста жоғары резонаторда форте әдісімен жеке айтып жақсы меңгеріп, сол дыбысты енді пиано әдісімен жеке орындап дағдылану керек. Екі әдісті жеке-жеке әбден меңгергеннен кейін, бір дыбыста филировка жасау жеңілге түседі. Ол туралы ұлы педагогтардың пікірлері ортақ. Филировканы меңгеруге арналған - № 65.66.68.69.70.72 – жаттығуларды күрделігіне қарай педагогтың таңдауымен қолданған жөн. * * * Портаменто атауы – италиян тілінен - portare la voce (портарэ ля воче) дауысты (басқа нотаға) апару немесе тасымалдау деген мағнаны беретін сөздерінен алынған. Портаменто жеке ән салуда және ысқылы (смешковый) музыкалық аспаптарда бір дыбыстан келесі дыбысқа сырғанап ауысатын әдіс. Нота текстінде композитордың міндеттеуімен орындалатын глиссандодан, Портаментоның айырмашылығы оны орындаушы өз қалауынша орындайды. Портаментоны шамадан тыс қолдану манерлік орындаушылыққа ұрындырады. Одан құтылу әншіге қиынға соғады. Портаменто әншілік өнердегі өте күрделі әдістердің бірі. |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 42_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | Ноталық текстте портаменто белгісі доға екі нотаны қосып тұрады. Портаменто әдісі терция интервалынан бастап жоғары қарай қолданылады. Портаменто әдісінде доғамен жалғасқан екі нотаның арасындағы барлық ноталарды жоғары, төмен сырғанатып біргелкі орындау керек. Егер екі дыбыстың арасындағы дыбыстардың бір-екеуі таза болмаса портаментоның дұрыс орындалмағаны. Онда ол тыңдаушыға жағымсыз әсер етеді. Портаменто мелодияға, мазмұнға бір қосымша мағна беру үшін қолданады. Шығармада портаментоны көбінесе нәзік сезімді, мұңлы сезімді суреттеу кезінде немесе күлкілі әзіл-қалжыңды, қайғыны ерекшет көрсету үшін қолданады. Портаменто әдісін меңгеруге – 67.71- жаттығулар берілген. Мелизмдер жаттығулары (Трель, форшлаг, группетто) Мелизм – атауы гректің - melismos (мелисмос) - әншіліктің ерекше әдісі деген мағынаны беретін сөзінен алынған. Мелизм – мелодиялық айналымның жеке бір дыбысына әсемдік әуен беруге арналған арнаулы белгілеулер. Мелизмдер 17 ғасырдан бері қолданып келе жатқан - форшлаг, группетто, мордэнт, трель белгілері. Трель – аутауы италияның - trillo (трилло) немесе trillare (трилларе) – дірілдеу ,тербелу деген мағнаны беретін сөздерінен алынған. Трель вокалдік музыкада әуенді әсемдеу, сәндеу үшін қолданатын екі қатар тұрған тез орындалатын дыбыстардан құралған. Оның интервалы жарты тон немесе бір тон болады. Трель астынғы дыбыстан басталса , негізгі дыбыс астынғы болады, үстіңгі дыбысы қосалқы дыбыс болады. Егер трель үстінгі дыбыстан басталса, үстінгі дыбыс негізгі, астынғы дыбыс қосалқы дыбыс болады. Трель италияда Белканто заманында колоратуралық әншілік орындаудың бір түрі болды. Ол кезде трельді барлық дауыстар қолданды. Осы заманда трельді көбінесе жоғарғы дауыстар лирико-колоратуралық және колоратуралық сопранолар репертуарларына байланысты жиі қолданады. Трельдің нағыз вертуоз шеберлері- италияның кастрат- әншілері болған. Трельді орындау үшін көмейдің тербелісімен еркіндігі өте қажетті әдіс. |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 43_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | Трельді меңгері үшін алдымен секунданың жарты және бір тондық дыбыстарын жай орындап, бірте-бірте тездету қажет. Трельді меңгеуге - 73.74.75.76.78.82.83.84.86.89-жаттығулары берілген. * * * Форшлаг – атауы немістің vorschlag (воршлаг) – алдыңғы соққы деген мағынаны беретін сөзінен алынған. Форшлаг вокалді музыкада, аспаптық музыкада негізгі әуенді (мелодияны) әсемдеумен сәндеудің бір түрі. Форшлаг ұсақ нотамен негізгі нотаның алдына жазылады. Оның размері тактыға кірмейді. Егер форшлаг қысқа әрі сызылған нота болса, онда ол алдыңғы нотаның ұзықтығына кіреді. Егер форшлаг ұзақ нота болса, ол өзінен кейінгі нотаның ұзақтығына қосылады. Форшлаг бір, екі ,үш дыбыстардан тұрады. Форшлагта трель тәрізді көбінесе жоғары дауыстардың репертуарларындағы шығармаларда қолданылады. Форшлагты меңгеруге – 77.79.81.85.87.88.- жаттығулары арналған. * * * Группетто – атауы италияның – gruppetto (группетто) – кішкене топ деген мағна беретін сөзінен алынған. Группетто мелодиядағы бір дыбысқа әсемдік беру үшін төрт дыбыстан тұратын тез орындалатын қосымша әуен. Егер группетто белгісі нотаның тура үстінде тұрса, онда группетто сол нотадан секунда жоғары басталады. Ал, егер группетто белгісі нотаның оң жағында тұрса, онда группетто сол нотадан кейін орындалады. Группеттоның ұзақтығы (размері) негізгі нотаның ұзақтығының ішіне кіреді. Группеттоны таза орындау үшін әншіге ұзақ дайындық қажет. Группеттоға арналған жаттығулар – 79.80. Аралас жаттығулар Вокалдік аралас жаттығулар жас әншінің алдыңғы – гамма,арфеджио, хроматикалық гамма, лигато, стокатто, филировка, портаменто, мелизмдері бар жаттығуларды жеке-жеке меңгергеннен кейін, дауысын біршама қалыпқа келтірген соң орындайтын жаттығулары. Себебі, бұл жаттығулар мелодия, ритм, диапазон ,орындау әдістері жағынан күрделі жаттығулар. Бір |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 44_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | жаттығуда бірнеше вокалдік әдістемелер қолданылады. Жаттығуларда орындау екпіні (темп) қойлмаған. Екпін жылдамдығын оқушының мүмкіндігін ескере отырып педагог өзі белгілейді. 90- номерден 101- номер жаттығулары аралас жаттығулар. Cұрақтар: 1.Вокльдік жаттығулар туралы анықтама беріңіз? 2.Legato, non legatoлық жаттығуларына анықтама бер? 3.Стокатто, моркатталық жаттығуларға анықтама бер? Қолданған әдебиеттер: 1.Бейсембеков А. «Вокальдік жаттығулар мен вокализдердің дауыс қоюдағы маңызы» 2012 жыл Талант баспасы Семей 46. 2.Пряничников И. «Советы обучающимся пению» Москва 1958ж «Музгиз» 3.Доливо А.Л. «Певец и пение» Москва 1958г «Музгиз» Жеке сабақ №3-4 Әншілердің дауысын қоюдағы вокализдің қызметі. Жоспары: 1. Хроматикалық гамма жаттығулары. 2. Мелизимдермен жұмыс 3.Вокалдық жаттығулар жасау. Вокализді репертуарға таңдау. Жоспары: 1.Вокализді сольфеджио орындау. 2.Вокализді дауысты дыбыстармен орындау. 3.Вокалдық жаттығулар. Вокалдік педагогикада вокализдің алатын орны ерекше. Вокализдер академиялық әншілерді дайындау кезінде оқу бағдарламасында бірінші |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 45_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | курстан бастап соңғы курсқа дейін қолданыста болуы қажет. Себебі вокализ әншінің даусын қою кезеңінде дауыс қыздыру, дауыс жетілдіру, дауыс шынықтыру жаттығулары мен поэзиялық тексті бар вокалдік шығармалар, әндер, романстар.Ариялардың арасын жалғастыратын алтын көпірі іспетті. Вокалдік жаттығулардан кейін, педагог оқушысына вокализдерді орындатады. Себебі, вокализдер дауыс қоюға арналған жаттығулардың күрделенген бір түрі. Вокализдің ән мен романс тәрізді мелодиясы (әуені) болады.Бұл да музыкалық шығармаға жатады.Бірақ, вокализ нотаның атымен сольфеджио түрінде, көбінесе дауысты «А» , «О» дыбыстарымен орындалады. Вокализдің атқаратын міндеті – дауыстың диапазонын кеңейту, дауыс техникасын шыңдау, интонация тазалығын сақтау, екпінімен созылмалығын жетілдіру, көркемдік орындаушылықты меңгеру тәрізді тағы басқа әншілік өнердің қыр-сырын меңгеруге жас әншіні тәрбиелеу. Вокализ атауы латынның Vocalis –дауысты деген сөзінен алынған. Әншілерге арналған вокализдер, аспапта ойнаушыларға арналған этюдтер тәрізді әншінің орындаушылық техникасын жетілдіруге арналған. Дауыс қоюға арналған вокализдердің ең көрнекті авторлары – Маркизи, Рубини, Пановка, Конконе, Абт, Ваккай, Бардоньи, Риччи, Аспелуна, Лютген, Варламов, Глинка т.б. педагог әнші-композиторлар. Вокализдердің концерттік түрлері де бар. Ол вокализдердің көркемдік дәрежесі жоғары классикалық музыкалық шығармалар қатарына жатады. Әнші даусына арналған концерттік вокализдер М.Равелдің «Хабанерасы», С.Рахманиновтың «Вокализі», Р.Галиэрдің «Дауыспен оркестрге арналған концерті», С. Прокофьевтің «Сөзсіз бес мелодиясы» т.б. көпке танымал шығармалар.Концерттік вокализдер негізінен дауысты «А» дыбысымен немесе бірақ сөзбен орындалады. Мысалы В.А Моцарттың дауысқа арналған «Alleluia» шығармасы бір ғана. «Аллелуя» деген сөзбен орындалады. Қазақ композиторлары да концерттік вокализдер жазған. Олар – С.Мұхаметжановтың «Дауысқа арналған концерті», Е.Рахмадиев «Вокализ» т.б. Ал, қазақтың халық әндерінде фольклорлік жырлар мен термелерде вокализдер ежелден кең түрде қолданады. |ПОӘК |Ред. № 1.28.09.2014ж. |Бет 45_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | Әншілердің даусын жаттықтыруға арналған жаттығулар мен вокализдер он жетінші ғасырда Италияндық вокалдық педагогтарымен композиторлардың, кастрат - әншілердің творчествасында бастау алды. Олар- Порпора, Амадори, Реди, Този, Бернакки, Маркези, Фарнелли, Гвиданни, Котумаччи, Мантуоли, Лео, Мартини т.б. Бұл композитор - әнші, педагогтардың кейбіреуінің вокалдық жаттығуларымен вокализдерін вокалдік педагог композитор – Виктория Риччи батыс Европаның кітапханаларынан тауып, оған фортепианоның сүйемелдеу партиясын жазған. Сол вокализдер жинағын алғаш рет 1912-жылы Лондон қаласында вокалдік педагог Джозеф Вильямс бастырып шығарған. Содан бері бұл вокализдер жинағы Европа елдеріне және Россияға тараған. Мен сол жинақтан алып, осы оқу құралына итальян композиторларының 17-18 ғасырлардағы жазылған вокализдерін кіргізіп отырмын.Себебі, бұл вокализдер өзінің стильдік және музыкалық терең мағыналығымен, қарапайымдылығымен, түсініктілігімен Италияның ескі вокалдік мектебінің алғашқы қалыптасу кезеңіндегі озық үлгілерімен ерекшеленеді. Бұл вокализдер әншілерді оқыту кезеңінің бастапқы қурстарында қолдануға қажетті оқу құралы. Өйткені, вокализдердің диапазондары шағын, ритмдік күрделілігі де шамалы, әуендері де жағымды. Вокалдік техниканың алғашқы қадамдарын меңгеруге, интонациалық тазалыққа, форшлаг, группетта, трельдерді меңгеруге тәрбиелеуге таптырмайтын материал.Бұл жинаққа вокалдік педагогтардың әншілер тәрбиелеудегі жиі қолданатын авторлары – Франц Абттың, Гаэтена Зейдлердің, Джузеппе Конконенің, Генрих Пановканың таңдамалы вокализдерде кеңінен кіргізілді. Бұл вокализдер бір жарым ғасыр уақыт бойы әншілер тәрбиелеуде ерекше маңызға ие болып келеді. Дауыс қоюға арналған вокализдерді Кеңес одағы көлемінде музыка училищесі мен концерваториядағы ән бөлімінің оқу бағдарламасына кіргізу мәселесі 1940 жылы Москвада өткен бүкіл одақтық вокалдік педагогтар конференциясында бір – екі педагог қозғаса, ал 1949-1954 жылдары өткен бүкіл одақтық конференциясында вокализді оқу бағдарламасына міндетті |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 46_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | түрде кіргізуге шешім қабылданды. Жас әншілерді тәрбиелеудегі вокализдің маңызы туралы белгілі педагогтар өз тәжірибелері мен бөлісті. Қазақ халық әндерінде, термелерінде, жырларда, жоқтауларда, ,бақсылардың науқасты емдеу зікірінде – «Аха-хай», «Ги-ги-гай», «Ди-ди- дау», «Ха-лә-ләй», «А-хау», «Ей-ей-ей», «Ай-ай-ай», «Ох-ох-ох» деген дауысты және дауыссыз дыбыстарды қосып әннің басында немесе қайырмасында ұзақ вокализдер қолдану өте жиі кездеседі. Қазақтың вокалдік фольклерінде вокализдің алатын орны өте ерекше. Әсіресе вокализдер халық әндерімен халық композиторларының әндерінде өте жиі қолданылады. Сөзім дәлелді болу үшін, өзім білетін әндердің ішіндегі вокализдері бар әндерді атап өтейін.Халық әндері – «Кербез сұлу», «Дайдидау», «Көгөкөк», «Аңшының әні», «Сұржекей», «Шәпибаяу», «Қызыл бидай», «Балқурай», «Назқоңыр», «Жиырма бес», «Әупілдек» т.б, Халық композиторларың әндері – Біржанның әні – «Жамбас сипар», Үкілі Ыбрайдың әндері – «Гәкку», «Юран-ай», Ақан Серінің әні – «Сұршақыз», Естайдың әні – «Сандуғаш», Майраның әні «Майра», Кененнің әндері – «Көкшолақ», «Бозторғай», «Қайран елім қайда?», Жаяу Мұсаның әні – «Ақсиса», «Ақылбайдың әні», «Молдабайдың әні», «Ағашаяқтың әні», «Исаның термесі» тізе берсең жалғаса береді.Бұл әндер қазақ ән өнерінің нағыз інжу – маржандары. Ал, Қазақстан композиторлары – А.Жұбанов, М.Төлебаев, Е.Бруссиловский,Л.Хамиди, Н.Тілендиев, Ә.Еспаев, С.Мұхаметжанов, Е.Рахмадиев, Х.Мусин, Е.Хасанғалиев, Т.Базарбаев, Ш.Қалдаяқов, Ә.Бейсеуов т.б. сазгерлердің көптеген әндерінде вокализдер кеңінен пайдаланады.Қазақ академиялық әншілік өнерінің қалыптасуына байланысты профессионал композиторлар әншілердің дауыс мүмкіндігіне орай, әсіресе сопрано дауысты әншілерге арналған колоратуралық вокализдерді кеңінен қолданып, әншілердің дауыс техникасын және диапазонын көрсетуге мол мүмкіндік туғызды. Ол әндер – Г.Бруссиловскийдің «Қос қарлығаш», М.Ержановтың «Қуанамын», Л.Хамидидің «Бұл-бұл», «Жаулауым бақша жайнаған», «Қазақ вальсі», М.Төлебаевтің «Ақмарал сұлу еркем-ай», Е.Рахмадиевтің «Әнші бақыты», Н.Тілендиевтің «Ақшағала», «Кел еркем Алатауыма», «Жансәулем», С.Мұхаметжановтың «Көктем» т.б. әндері қазақ әншілерін өнер көгіне жұлдыз болып жарқырауына жол ашқан мәңгі өлмес туындылар. |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 47_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | Әншілердің даусын жаттықтыруға арналған жаттығулар мен вокализдер он жетінші ғасырда Италияндық вокалдық педагогтарымен композиторлардың, кастрат - әншілердің творчествасында бастау алды. Олар- Порпора, Амадори, Реди, Този, Бернакки, Маркези, Фарнелли, Гвиданни, Котумаччи, Мантуоли, Лео, Мартини т.б. Бұл композитор - әнші, педагогтардың кейбіреуінің вокалдық жаттығуларымен вокализдерін вокалдік педагог композитор – Виктория Риччи батыс Европаның кітапханаларынан тауып, оған фортепианоның сүйемелдеу партиясын жазған. Сол вокализдер жинағын алғаш рет 1912-жылы Лондон қаласында вокалдік педагог Джозеф Вильямс бастырып шығарған. Содан бері бұл вокализдер жинағы Европа елдеріне және Россияға тараған. Сұрақтар: 1.Дауыс қоюдағы вокализдің маңызы туралы анықтама бер? 2.Кең тараған вокализдердің авторлары туралы анықтама бер? 3.Вокализдің түрлері туралы айтып бер? Қолданылған әдебиеттер: 1.Коррадетти Ирис «О мастерстве вокалиста». Сборник статей «Вопросы вокальной педагогики Москва 1976г «Музыка» 2.Голубев П. «Советы молодым педагогам вокалистам» Москва 1956г. 3.Бейсембеков А. «Вокальдік жаттығулар мен вокализдердің дауыс берудегі маңызы» 2012 ж «Талант» баспасы Семей. |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 48_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | Жеке сабақ № 5-6 Дауыс қою пәнінде халық әндерін қолдану. Жоспары: 1.Халық әндерінің тарихы туралы түсініктеме. 2.Халық әнінің музыкасы және мәтінімен танысу. 3.Халық әндерінің түрлері. Халық әндерінің дауыс қоюдағы қызметі. Жоспар: 1.Халық әнінің мәтіні мен музыкасының авторлары туралы түсініктеме. 2.Халық әніне музыкалық анализ жасау және орындау. 3.Фольклерлік халық әндері. Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың асыл қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды.Фольклор деген сөз ағылшын тілінен алынған. Ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. Фольклор шығармалары халықтың әр дәуірдегі тұрмыс – салтымен, наным – сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. Оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса екен» деген арман, үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі. Ән – халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болып табылыды. Көне заманнан келе жатқан ән – күй туралы халықтың аузында қалыптасқан көптеген мақал – мәтелдер, аңыздар, жырлар осының айғағы. Халықтың: «Сөз күміс - ән алтын», «Ел көркі – қыз, той көркі - ән», немесе «Ән өмір ұзартады» деген асыл сөздері осы өнерге арналған. Қазақтың ұлы ақыны Абай да ән мен күйдің құдіретін жырлап: Құлақтан кіріп, бойды алар Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар. |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 49_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | Әнді сүйсең, менше сүй – деген. Ән мен күй шыққан күн, туған айдай дала жұртының тал бесіктен жер бесікке түскенге дейінгі жан серігі болды. Ауылдан ауылға ән айтып, күй тартып жүрген диуаналар, бақсылар, жыршылар, сал – серілер өз өнерін көрсетіп, халықтың көңілін көтерді, айт пен той – томалақ, түрлі ойын – сауық, отырыстардың көркі болды. Ақын - әншілердің өнері халық арасында өте жоғары бағаланып, ақынның келген ауылы оған зор сый – құрмет көрсеткен. Олардың аты аңыз - әңгімеге айналып, ауыздан – ауызға, ұрпақтан – ұрпаққа жетті. Өз мазмұны бойынша, тұрмыстағы орнына сай қазақтың халық әндері бірнеше түрге бөлінеді: 1.Халықтың ескілікті наным – сенімінентуған әндер. 2 .Еңбек пен шаруашылық кәсібіне байланысты туған әндер. 3.Тұрмыс – салт әндері. 4.Эпикалық жырлар. 5.Тарихи әндер. 6.Лирикалық әндер. 7.Айтыс. Лирикалық әндер Халық композиторлары мен ауызекі ән шығармашылығында лирикалық әндердің түрлері ерекше орын алады. Бұл әндер өзінің музыкалық байлығы, әсем де әсерлі ән-әуезімен көркем-өнердің жоғары дәрежелі үлгісі болып саналады. Лирикалық әндер басқа халық әндерінің түрлерімен салыстырғанда, кейінірек шыққан туындыларға жатады. Олар мазмұны жағынан өте бай және халықтың ең сүйікті ән түрлерінің бірі. Лирикалық шығармалардың әуендері ерекше сазды, әуезді, кең ауылқымды болып келеді. Бұларға күрделі ырғақ пен көлемді құрылым тән. Лирикалық жанр адамның ой-сезімі мен толғаныс, көңіл-күйінің түрлі қырларын суреттейді. Шығармадағы жеке адамға тән мінез бен сезім көпшіліктің көңілінен шығып, ол ән халықтың рухани мәдениетіне еркін енеді. Лирикалық әндердің мазмұны мен тақырыбы әр алуан. Бұлар махаббат сезімін, сүйікті адамның асыл қасиеттері мен ажарлы көркін («Назқоңыр», Абайдың «Айттым сәлем, қалам қасы», Мәдидің «Үш тоты құсы», |ПОӘК |Ред. № 1.28.09.2014ж. |Бет 50_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | Біржанның «Ақ тентегі»); сүйгеніне қосыла алмаған жастардың қайғы-зарын («Ақбөпе», Ақанның «Сырымбеті», Абайдың «Татьянаның сөзі»), толғайды. Бұл әндердің енді бір үлгілерінде сұлу табиғаттың көркем суреттері бейнеленеді(Абайдың, «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып»әндері). Лирикалық әндерде албырт жастық шақ, адамның өмірдегі орны туралы терең философиялық ой-толғамдар үлкен тебіреніспен жырланады(Абайдың «Қарашада өмір тұр», «Сұлғылт тұман дым бүркіп», Естайдың «Дүние-айы»)т.б. әндерді үлгі ретінде келтіруге болады. Жақын адамның не жақсы көретін құсының, атының өліміне арналған зарлы әндерде қайғылы сезім, мұң әсерлі беріледі(Ақан серінің «Құлагері», «Қараторғайы»). Осындай мазмұндық байлығына қарай лирикалық әндер екі негізгі топқа бөлінеді: Махаббат лирикасы және табиғат лирикасы Махаббат лирикасының мазмұны мен тақырыбы әр алуан да өте бай. Мысалы, Сегіз серінің «Назқоңыр» әні сүйген жардың көркем келбетін суреттесе, халық әні «Ақбөпе» кедей жігіттің қалың мал төле алмай, сүйген қызынан айрылып қалган күйініш сезімін бейнелейді. Халық әнші-композиторларының сүйікті жарын суреттеген туындыларының тілі айшықты, өрнегі мол, метафора, теңеулерге өте бай. Мысалы, Ыбырай Сандыбайұлының «Гәкку» әнінде қыз бейнесі аққуға теңеледі: Түрленіп тоқсан түрлі ән саламын, Жай тастап құлашымды, кең аламын. Түскенде сен есіме, ерке Гәкку, Құлпыртып осынау әнді толғанамын. Қазақтың бай табиғаты халық ақындары мен композиторларын әдеби-музыкалық суреттерді шырқауға шабыттандырды. Табиғат суреттері адамның шындық өмірімен оның ой-толғауларына, шаттығымен күйінішіне тығыз байланыста туды. Мысалы, халық әні»Айкөке» адамның жер анаға деген махаббаты мен қуанышын анық сездіреді: Сырымбет биік асыр қатар кезең, Жарасып таудан құлай аққан өзен. Ұқсаған биқасапқа көк шалғыны, Көк орай қайың мен тал-бәрі де әсем. Табиғат лирикасының тағы бір әдемі үлгісі-«Япырай» әні. Бұрыннан авторының есімі белгісіз бұл шығарма қазргі кезде аты халқымызғақайта оралған тамаша ақын, жазушы, ұстаз Мағжан Жұмабаевтың әні деп танылды. Бұл әсем де назды әнде табиғат көркемдігі және туған жерін, жарын сағынғанадамның нәзік күйінішті көңіл-күйі бейнеленген: |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 51 | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | Жаратылыс дүниесінің толып жатқан құпия сырларына табыну, табиғат құбылыстарының дүлей күшінен қорқып, соған еріксіз сыйынып, жалбарынудан туған әндер тобына Бақсылар сарыны, Бәдік, Арбау әндері жатады. Адам баласы табиғаттың қорқыныш тудыратын үрейлі құбылыстарының бәрін тәңірге санап, күнге, бұлтқа, желге табынып келген. Ескілікті наным – сенімнен туған әндердің бір алуаны – бақсылар сарыны. Бақсылар сарынының негізгі мақсаты – түрлі ауруларды емдеу. Бақсы жын, пері, албасты басты делінетін ауруларды қобыз арқылы сарнап, көшіреді. Қазақтың емшілік кәсібінен туған бәдік әндерінің өз заманы үшін өмірлік мәні болған. Өйткені, ол адам баласына қас күштер мен әртүрлі ауру, індет «иелерін» әсерлі, сырлы сазбен көшіріп, көндіруге болады деген сенімнен шыққан еді. Еңбек және шаруашылық әндері. Халықтың ән шығармаларының ең көне жанрының бірі – еңбек жырлары – ел тұрмысының шындық суреттемесін, қарапайым шаруалардың күнделікті өмірін бейнелейді. Еңбек және шаруашылыққа байланысты туған өлең – жырларға төрт түлік туралы, аңшылық және наурыз әндері жатады. Еңбек және шаруашылық өлең – жырларының ішіндегі ең көп тарағаны – төрт түлік мал туралысы. Үйлену тойының дәстүрлі әндерінің бірі – беташар. Бұл ән келін күйеуінің ауылына келіп, жаңа үйге түскен кезде айтылатын жыр. Қазақтың көне дәстүріне байланысты жаңадан түскен келіннің бетін көрсетпей, желекпен жабады. Бет ашу дәстүріне үлкен мән берілетін. Сондықтан бұл жырды орындау үшін арнайы шешен ақын шақырылып, ол жиналған топқа келіннің бетін әнмен ашады. Халық әндерінің дауыс қоюдағы ерекшеліктерін ескере отырып, қазақтың халық әндерінің негізінде онға тарта вокализ жаздым. Осы жинаққа «Елім-ай», «Дайдидау» әндерінің негізінде жазылған екі вокализді кіргіздім. Әрбір қазақ баласы тілі шығып есі кірген соң, бірінші айтатын әні «Елім-ай» әні болатын.Әрбір қазақ баласы қолына домбыра алғанда, бірінші ойнап үйренетіні де «Елім-ай» әні болатын. Себебі, «Елім-ай» әні үйренуге өте оңай, диапозоны бір октаваға жетпейтін алты дыбыстан ғана тұратын ән. |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 52_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | Әннің құрылымы да дауыс жаттығуы тәрізді минорлық гамма түрінде басталып одан кейін сол гамманы қайталаудан және бір ғана жерінде терция интервалы бар, басқа құрылымы дыбыстардың жоғары, төмен рет -ретімен қозғалуынан тұрады. Менің бірінші вокализ етіп «Елім-ай» әнін алғаным, жас әншінің дауыс мүмкіндігіне өте ыңғайлылығын пайдалану мен бірге, әр -бір өнер жолына аттаған қазақ баласы, қазақ халқының сонау«Ақтабан шұбырынды» заманынан бергі ән ұранына айналған «Елім-ай» әнін білуге тиісті екендігін мақсат еттім. Ал, «Дәйдидау» әні вокалдік жаттығулардың элементтері мен вокализдік шығармаларға етене жақын әуендік құрылымының үндестігімен ерекшеленеді.Өзі дайын тұрған вокализ.Бұл вокализ ортаңғы, жоғары дауыстарға, дауыс диапозонын кеңейтуге, кантилена әдісін меңгеруге ,дауыс екпінін жетілдіруге қажетті жаттығу болады. Сұрақтар: 1.Халық әндеріне анықтама бер? 2.Халық әндерінің қандай түрлері бар? 3.Лирикалық әндер туралы не білесің? Қолданған әдебиеттер: 1.«Гаухар тас» әншілік өнерге арналған хрестоматия 1-ші том Алматы 2009 жыл «Өнер» баспасы. 2.«Сұршақыз» әншілік өнерге арналған хрестоматия 2-ші том Алматы 2010 жыл «Өнер» баспасы. 3.Затаевич А. «Қазақ халқының 1000 әні» Москва 1963 жыл «Музыка» баспасы. Жеке сабақ №7-8 Сахана тілі және дикция. Жоспар: 1.Сахана тілі туралы түсінік |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 53_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | 2.Шығарманы орындау кезіндегі фразировкамен жұмыс. 3.Дыбыстардың алмасуы. Вокалдық шығармаларды орындаудағы поэзиялық мәтінді дикциялық, артикуляциялық анықтығы мен жұмыс істеу. Жоспары: 1. Артикуляция және фразировкамен жұмыс. 2. Дыбыстар үндестігі және дыбыстар алмасуы. 3.Дауыссыз дыбыстармен жұмыс. Сөйлесудегі дикция. Ән айтудағы дикция, оның ерекшелігі. Әншілік дыбысталу үнімен әншілік дикцияның сабақтастығы және осыған байланысты артикуляцияның ерекшеліктері. Икемділікті дамыту және артикуляциялық аппараттың қозғалысы, ауыз, ерін, тіл, төменгі жақ - негізгі бөліктер. Дауысты және дауыссыз дыбыстар қалыптасуындағы артикуляцияның анықтылығы. Дикцияның кемшіліктерін жою. Ансамбльдік орындаудың негізгі элементі ретінде дауысты және дауыссыздардың айтылуы мен біртұтастығын қалыптастыру. Сөздің айтылуының шығарма сипатымен сабақтастығы. Ән айтудағы орфоэпияның ерекшеліктері: - дауысты дыбыстарды бейтараптандыру; - дауысты дыбысты біршама созу, жоғарылығы мен және дыбыс сапасын нақты бекіту; - дауысты дыбыстарды түрлі регистрлерде айту; - дауысты дыбыстарды редуцияланған жерде анық айту; - дауыссыз дыбыстардың айтылу ерекшеліктері; Дауыссыз дыбыстардың орфоэпиясы. Дауысты дыбыстардың әншілік редукциясы. Дауысты дыбыстардың орфоэпиясы. |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 53_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | Әдеби тілде айтылу ережелері. Оркестрлік сүйемелдеумен берілген шығармаларда тыңдаушыларға мәтінді анық жеткізу шарттары. Оркестр дауысының қаттылығына және мықтылығына байланысты мәтінді қабылдау тәуелділігі. Дауыссыздар кешені бойынша сөзді «тану» ұстанымы. Акустикалық тұрғысынан қарағанда айтылатын сөздегі дауысты, дауыссыздардың дыбысталу күші. Хор және оркестр дауысының қатынасын қалыптастыруда дауыссыздардың естілу анықтылығы бағдарының қажеттілігі. Дыбыстар ықпал еткенде, бір жақты ғана емес, бір-біріне ілгеріңді – кейінді ықпал жасайды. Үндестік заңы дауысты дыбыстармен де, дауыссыз дыбыстармен де байланыста болады. Сөз бен қосымшаның, сөз бен сөз арасында бір – бірімен үндесіп, біріне бірі жасалуы, айтылу жағынан үйлесіп отырады. Морфемалардың біріңғай жуан не жіңішке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың біріне-бірі акустика-артикуляциялық жақтан бейімдеп, үйлесіп тұруын дыбыстардың үйлесуі немесе үндестік заңы дейміз. Үндестік заңы қазақ тілі фонологиясының ең өзекті мәселелерінің біріне жатады. Үндестік заңын екіге бөліп қараймыз: буын үндестігі және дыбыс үндестігі. Дауысты дыбыс буын құрайтын болғандықтан, дауыстылар үндестігін буын үндестігі дейміз. Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз арасында дауыссыз дыбыстардың бірін – бірі өзіне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі дейміз. Біздің дыбыстық тіліміз - өте күрделі құбылыс, сондықтанда оны үш түрлі аспектіде қарастыру керек. Олар: анатомия-физиологиялық аспект, акустикалық (физикалық) аспект және лингвистикалық аспект. Анатомиялық-физиологиялық аспект. Адамның тілі – ең алдымен биологиялық құбылыс, ол – дыбыстау органдарының, оны басқарып отырған орталық нерв жүйесі қызметінің нәтижесі. Адам организмінде тіл дыбыстарын айтуға жаралған арнайы органдар жоқ. Мұны әр түрлі физиологиялық қызмет үшін жаралған органдар (өкпе, тіл, таңдай, тіс, ерін т.б.) қосымша атқарады. |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 54_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | Тіл дыбыстары және олардың жасалуын (артикуляциясын) түсіну үшін, дыбыстау мүшелері мен олардың әрқайсысының қызметін білу керек. Дыбысты жасауға қатысатын мүшелер: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, көмей, ауыз қуысы, тамақ қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл (бөбешік), тіс, таңдай, жақ, ерін, т.б. Бұларды сөйлеу аппараты дейді. Дыбыстау мүшелерінің ішінде әсіресе дауыс шымылдығы, тіл және еріннің қызметі айрықша. Кеңірдектің кеңейген жері көмейге орналасқан дауыс шымылдығы (желбезек сияқты) жиырылып, керіліп тұрады. Керілген кезде (ауаның әсерінен) дірілдейді де, одан үн пайда болады. Оны тіл білімінде дауыс немесе тон деп атайды. Дауысты дыбыстар тоннан жасалады. Ал дауыссыздарда тонның дәрежесі әр түрлі: үнділерде көбірек, ұяңдарда азырақ болады да, ал қатаңдарда мүлдем болмайды. Оның есесіне қатаңдар салдырдан жасалады. Салдыр өкпеден қайтқан ауаның ауыз қуысында тосқауылға ұшырауынан пайда болады. Мұны көмекші тон (обертон) дейді. Акустикалық (физикалық) аспект. Тіл дыбыстары да табиғаттағы басқа дыбыстар сияқты акустикалық құбылысқа жатады. Дыбыс атаулы бір-біріне ырғағы, күші, әуені, созылыңқылығы жағынан ерекшеленеді. Дыбыстың ырғағы тербелістің жиілігіне, ал дыбыстың күші тербелістің қарқынына (амплитудасына) байланысты. Біріншісі герцпен, екіншісі децибелмен өлшенеді. Дауысты дыбыстар (мәселен а, ә) бір-бірінен әуеніне (тембріне) қарай ажырайды. Тембр – дыбыс бояуы. Тіл дыбыстары өте күрделі болып келеді. Ол негізгі тон мен обертонның бірлігінен жасалады. Тіл дыбыстарындағы тон дауыс шымылдығының дірілінен, ал көмекші тон резонаторлық қызмет атқаратын тамақ, ауыз қуыстарында пайда болатынын білеміз. Лингвистикалық аспект. Қарым-қатынас құралы тіл тек дыбыстар арқылы ғана іске асады. Сондықтан тіл дыбыстарын тек акустикалық, физиологиялық құбылыстар ретінде қарау жеткіліксіз. Ең бастысы, осы дыбыстардың адамдардың қатынас құралы тілдің қызметін қамтамасыз етудегі лингвистикалық мәнінде деп қарау керек. Осыдан дыбыстарды қарастырудың лингвистикалық аспекті шығады. |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 55_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | Тілдің ауызша формасында дыбыстар үндестік заңына сәйкес үнемі үйлесіп, жымдасып қолданылады. Егер айтуда осы үндестік сақталмай, бұзылатын болса, мұның өзі айтылуы мен жазылуының арасын парықтай алмаудан туады. Өйткені жазу сөздің айтылуын дәл бере алмайды. Оның үстіне морфологиялық принцип басшылыққа алынатын біздің жазуымызда түбірдің соңғы дыбысы көбіне өзгеріссіз жазылады. Морфемалардың жігінде қатар келіп, акустикалық немесе артикуляциялық жақтан тіл табыса алмаған жағдайда дыбыстардың бірі (күштісі) екіншісін (әлсізін) өзіне жуық басқа дыбыспен алмасуға мәжбүр етеді. Сұрақтар: 1.Дикция және орфоэпия туралы түсініктеме бер? 2.Артикуляция және фразировкаға түсініктеме бер? 3.Дыбыстар үндестігі және дыбыстар алмасуы деген не? Қолданған әдебиеттер: 1. М.Серғалиев. Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігі Алматы – 1996. 2.М.Ә.Қараев. Қазақ тілі Фонетика. Лексикология. Морфология. Синтаксис. Алматы – 1993. Ана тілі 3.Тұранқұлова Д. «Сахана тілі» «Өнер» баспасы Алматы 1996ж. Жеке сабақ № 9-10 Дауыс қою пәнінде романстарды қолдану. Жоспары: 1.Репертуарға романс таңдау. 2.Романс мәтінімен жұмыс. |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 56_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | 3.Вокалдық жаттығулар және вокализбен жұмыс. Шетел және Қазақстан композиторларының романстары туралы. Жоспары: 1. Қазақстан композиторларының романстары. 2.Батыс композиторларының романстары. 3.Орыс романстарын талдау. «Романс» – испан тілінен алынған. Орта ғасырда Испанияда жергілікті роман тілінде айтылатын лирикалық әндер пайда болып, ХҮІ ғасырдан бастап «романс» жанр болып тұрақталып, басқа европалық елдерге тарайды. ХҮІІІ – ХІХ ғасырларда романс деген сөз мағынасы кеңейіп, жеке дауысқа арналған, музыкалық сүйемелеумен жазылған күрделі де кең екпінді шығармалардың қатарына енеді. Романстың әннен айырмашылығы, екі – үш бөлімнен құралып, кең ауқымды, терең сезіммен, баяу екпінмен орындалатын ән. Жай әндер мен романстардан басқа көлемді әндер де бар, олар ария, ариетта, аризо, коватина, баллада және т.б. Романс(исп. romance) — белгілі бір музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен жеке дауыста орындалатын шығарма. Испанияда пайда болған романс алғашында испан (“роман”) тіліндегі ән деген ұғымды білдірген. Бүгінде романс лирико- эпикалық немесе лирико-драмалық мазмұнға толы бір дауысқа арналған ән жанры. Романс көбіне лирикалық поэзия мәтініне құрылып, аспаптық музыкада вокалдық негізде жазылады. Романстың әннен айырмашылығы — әуеннің сөзбен тығыз байланыстылығы мен аспаптық сүйемелдеудің маңыздылығында. Романстың баллада, элегия, т.б. жанрлық түрлері бар. Романс синтетикалық, музыко-поэтикалық жанр ретінде 18 ғасырдың 2-жартысында неміс композиторларының мектебінен басталып, кейін Франция мен Ресейде жалғасын тапты. 19 ғасырдағы романтизм кезеңінде жетекші жанр рөлін атқарып, адамның ішкі дүниесінің сезімталдығын жан-жақты көрсету мен оны музыка арқылы бейнелеуді негізге алды. Сұрақтар: 1.Романс жанры туралы түсініктеме бер? |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 57_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | 2.Романстың түрлері туралы не білесің? 3.Қазақстан композиторларының романстары туралы түсініктеме бер? Қолданған әдебиеттер: 1.Қазақ энциклопедиясы, 7 – том 2.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 3. И.Кочнева, А.Яковлева «Вокальный словарь» Ленинград «Музыка» 1986г. Жеке Сабақ №11-12 Мектеп әндерін дауыс қоюда пайдалану. Жоспары: 1.Репертуарға мектеп әндерін талдау. 2.Қазақстан композиторларының балалар әні. 3.Мектеп әнімен жұмыс. Халық әндерін мектептік музыка пәнінде қолдану. Жоспары: 1.Қазақтың балаларға арналған фольклерлік әндері. 2.Мектеп әнімен жұмыс. 3.Мектеп әнін студенттің өзі сүйемелдеп орындауы. Музыка сан алуан жанрларға бөлінеді. Әннің алатын орны өте зор. Ән адамның жан сезімін оятып, жүректің нәзік қылын қозғайды «Ән миллиондардың жүрегін біріктіреді » Л. Бетховен.Әннің эмоциялық ықпалы өте күшті, өзіндік көркемдігі және мазмұндылығымен балалар жанын баурап, олардың ақыл - ой, сана - сезімінің кеңейіп жақсы мінез - қылықтарының қалыптасуына әсер етеді.Әнді орындау барысында қандай мақсат қойылады? Орындау кезінде оқушылардың музыкаға |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 58_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | деген іс әрекеті қалыптасады, оның ішінде хормен орындағанда оқушының музыкалық мәдениеті тұрақтап, орындаушылық шеберлігі тұррақтап, өздерінің музыкаға деген көзқарасын нығайтып, шығарманың бейнелеу образын көрсетедi.Әндер әртүрлі болады: халықтық, композиторлық, балалар әні, бесік жыры, той - думан әндер, лирикалық, патриоттық, эстрадалық, тақпақ сазды т. с. т. б. Әндер өмірмен байланысты болған соң көңілді - жадыраңқы, жабығыңқы - қапалы, албырт, жалынды, қайғылы, ойлы, айбынды т.б. болып келеді. Әнді орындағанда орындау ережелерімен танысады. Мысалы: - Ән айту кезінде тік тұр немесе тік отыр. - Иығыңды көтерме (демалғанда). Әнде не туралы айтылатынын ойла, мәнерлеп айтуға тырыс т.с.Сондықтан, әнді орындау - халықтың бүкіл мәдениетінің негізі, музыкалық білім мен тәрбие берудің ең ықпалды құралы. Ескере кететін бір жай: бастауыш сынып оқушылары ән айтудың көркемдік немесе техникалық жағынан жеңіл, қысқа әуеннен емес, белгілі бір мазмұны бар әуендер арқылы тезірек қабылдайды . Мысалы: Түлкі. Сыңғыр қоңырау. Бөдене. Қандай жақсы гүл. Апорт деген тәтті алма . 1 сыныпта: Күз ырғағы. Биші болам өскенде. Алтын астық. Бауырсақ. 2 сыныпта: 1) Өсіп келе жатырмын (К.Сатиев). «Кемесінде арманның - екі «н» - ің біреуі түсіп қалмасын. «Таласып мен күнмен өсемін» (9 буын), ал әнде (7 буын) мынандай ырғақты қосу керек. 2) «Саяхатта» - әр буынды көрсете отырып, ауыздың қимылы, дауыс аппаратың, сөздерді анық, тез айтуына үйретеміз. 3) «Елім - ай» - кең тынысты баяу, жәй екпінде орындап, демді алуын үйретеміз (иықты көтерме, шулап дем алма т. с) 4) Гәк-ку - жаттығу ретінде қолдануға болады «Гәк-ку, гә-гә-гәй» буындарында «Г», «К», дыбыстары таңдай дыбыстарына жатады. Ол дыбыстар бірден дауыстың жоғарғы позицияда құрылуына жағдай жасайды, ал «ку» «гу» буындағы «у» дыбысы - дауыс аппараттың көмекейден қысып шығармай босатады. |ПОӘК |Ред. № 1.2.08.2014ж. |Бет 59_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | 5) «Ана» - терция интервалы арқылы, лига сызығы арқылы дыбыстар бір - бірімен жалғасады, таза әуенді интонациясын қадағалаймыз, және де «жылы сезіммен» деген мағынада. 6) «Уж, как по мосту, мосточку» - екпініне жету. 7) «Наурыз келді» - қайырмасының әуені «ля » буынымен жеңіл, көтеріңкі, «ұшып» отырсын т.с. 3-сынып 1. «Таң» у, о, а - біртіндеп, дыбыс арқылы - ауызды ашып, таңдайды көтеріп, дауысты “бүрмелеу” керек (округленно). 2. «Қара торғай» - үзінді, буындар екі дыбысқа созылатынын байқап (Қара торғай, ұштың зорғай, бейшара) - динамикасына жеткіземіз, тақтада үлгі ретінде ырғақ болу керек . 3. «Кімнің құлағы ұзын?» - тәрбиелік мәні бар шығарма. «Өсекші» деген кім? ең бірінші сұрақ қою керек – «Кімнің құлағы ұзын?» жауаптар: қоянның, пілдің, есектің т. б. Өсекшінің деп ешкім айтпайды. Неге? мазмұнын оқып береміз. 4. « 8 Наурыз күні» – диалог ретінде балалар әндетуді үйренеді және де қалып қоймай, сахнада орындау мәдениетін тәрбиелейді т.с. 5. «Құстар қайтып келеді» – 2 дауысқа үйренеді, өздері білмей қалады, үйретіп те керегі жоқ. Осыған ережелер ретінде: сынып бір дауысты (негізгі әуенді) орындайды, ал мұғалім екінші дауысты. Осыны дұрыс айтса, оқушы екінші дауысты тыңдауға үйренеді. Сондықтан екі дауысты әндерді орындау үшін өз тобының ән - әуезін жақсы білуі қажет т.б. 4 сынып: Бұл кезде жоғарғы немесе төменгі дауыс нышандарын байқауға болады. Дауыс толыға, әрлене, қоюлана түседі. 1. «Алатау» – қазақ жерінің табиғаты, оның ішінде Алматы маңайы. Әні өте әуенді, қайырмасы жеңіл, екпінді, қысқа. |ПОӘК |Ред. № 1.2.08.2014ж. |Бет 60_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | 2. «Жомарт елім» – балаларға таныс 2 дауыс, оның ішінде канон - 2 әдісі. 3. «Елім - ай» – Н. Дүкенбай – негізгі интонация халық әні «Елім - ай» - дан алынған, мақсаты, мазмұны – оралмандар, көшіп келіп жатқан туыстарға арналған. 4. «Қозым» - әнін өте жеңіл орындау керек, дәл ме дәл дем алу және дыбыстың «ұшуына» байланысты. 5. «Бөбегім » – сөзін жазған М. Мақатаев, әнін жазған Қ. Сәтиев - жаңа бесік жыры деуге болады, орындағанда жылы, тербете және 2 дауысты қолданады (қайырмасы). 6. «Бір бала » – халық әні, үйренгенде байқау керек: екпінін, әуезділігін сақтап, тебірене, сезіммен ойлана орындау. Мысал келтірсек Роза Рымбаеваға балалар еліктейді (ол жаман болмайды) 7. «Ақ сиса» – ны үйрену кезінде, қайырмасы “ ги-ги-гәй ”- дан бастаған жөн. Әуездің сөз буындары тақтада жазылып, буындарды ырғағымен үйреніп, оқып, дауысты нық, анық айтып үйретіп, жоғарғы тиссетура болғасын, сәл күш салып, f айтамыз. Ырғағын анықтап алғасын негізін үйренеміз. 8.«Заман - ай», «Желтоқсан желі» – тарихымызға байланысты, әңгіме арқылы, сипатын ашамыз, орындауға жеңіл болады. 9. «Сырғанақ » әннің атын айтып отырып, сырғып, стаккатто әдіспен орындап үйренген жөн, жеңіл, жылдамдата орындау керек. 10. «Полька » чех халық әні, жеңіл, ойнақы, биді сипаттау және 3 шумақты «хлопаем», «топаем» – cөздерді айтпай қолмен шапалақтап, еденді ырғағына келтіріп соғу, сол кезде сүйемелдеудің керегі жоқ. Бұл балаларға қызық, ұнайды. 11.«Майра» – бұл жеке дауыс пен хорға арнап, сахнаның сиқырын, көркемін біліп, өз өздерін әртіс, әнші ретінде мақтанышы. 12. «Сарбаздар маршы» - сазгер Қ.Сәтиев, сөзі Қ.Смағұлдікі – негізгі мақсат, нағыз марш, жігерлі, таза ырғақты байқау, көтеріңкі. |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 61_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | 13. «Айналайын елімнен» - Н. Дүкенбай - әні жеңіл, диапазоны қолайлы, әннің мәтініне көңіл бөлу, тәрбиелік кезең, өнер адамдарымен таныстыру. 14. «Жар - жар » (айтыс ретінде) ұлдар - қыздар айтыс деген не?, соған қатысады т.с. Ән айтқанда, музыка тыңдағанда, ырғақтық қимылдар жасағанда дауысы, дене қимылы сол шығарманың сипатын дәл жеткізуге тырысады. Осы қасиет шығармашылық қабілетті дамытуға ықпалын тигізеді. Шығармашылық балалардың ойын ұштап (заострить) қиялын қанаттандырады, сезімталдық қабілетін, байқампаздығын арттырады.Шығармашылық әрине негізгі түрде емес, ол музыка саладағы ізденіс, іздене отырып өздеріне байқамаған жаңалықтар Шығармашылық музыканың орындалу барысында жүзеге асады, мұғалім оған музыканы түсіну, ойлау мүмкіндігін бақылап тұруға мүмкіндік береді. Сондықтан «шығармашылық» балалардың музыкалық материалдарды терең түсінуге және музыкалық қабілетінің дамуына жағдай жасайды.Шығармашылық қарапайым ән әуендерін айтқанда ұсынылған сөз тексіне ән шығарғанда, дауыспен әр - түрлі сипаттағы музыканы орындағанда ( марш, би, полька, вальс ) музыкамен оның сипатын жеткізетін мәнерлі қимылдар жасағанда, бір ерекше ырғақ тапқанда, музыка туралы пікір алысқанда т. с. өзіндік мәнер қолданғанда ғана өмірге келеді. Сұрақтар: 1.Мектеп әндері туралы түсініктеме бер? 2.Қазақстан композиторларының мектеп әндері туралы не білесің? 3.Өзің таңдаған бір мектеп әніне музыкалық талдау жаса? Қолданған әдебиеттер: 5. Ән сабағы. Учебно-методическое пособие для начальных классов казахских школ. /в сопровождении баяна/. – Алматы: Өнер, 1997. – (Сорос- Казахстан коры). 6. Музыка хрестоматиясы 1 класс. Құрастырған Р.Жәрдемалиева 64. 7. Г.Қарамолдаева, А.Исағұлова. – Алматы, «Өнер», 1986. 8. Музыка хрестоматиясы 3 класс. Құрастырған А.Исағұлова, А.Бәйментаева, Д.Атаханова. ҚазақССР халыққа білім беру |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 62_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | 9. 10. министрлігінің коллегиясы бекіткен – Алматы, «Өнер», 1990. 11. Музыка хрестоматиясы 4 класс. Құрастырған Г.Қарамолдаева. – Алматы, «Өнер», 1981. Жеке сабақ№13-14 Эстрадалық өнердің тарихы туралы. Жоспар: 1.Эстраданың әр жанрлары. 2.Репертуарға эстрадалық әндер алу. 3.Вокалдық жаттығулар мен вокализдер. Дауыс күшейткіш аппараттарды қолданып ән орындау. Жоспары: 1.Микрофонмен ән айтуды меңгеру. 2.Минусовкамен ән айтуды үйрену. 3.Плюсовкамен ән айтуды үйрену. Эстрада өнердің шағын түрі деп те аталады. Эстрада артистері жасаған сахналық бейнелер психол. жағынан күрделі болмағанымен, олар ашық та жарқын бояуға, гротескіге толы болады. Эстрада өнерінің қайнар көзі еуроп. елдерде жонглерлер (Франция), шпильмандар (Германия), скоморохтар (Ресей), даршылар мен масқарапаздар (Орт. Азия), қулар (Қазақстан) сияқты кезбе өнерпаздардың сауығына саяды. Олардың ойын-сауығы сатиралық көріністер мен машықтандыруды, акробатика мен жонглерлік өнерді, ән мен билерді қамтыды. Эстрада өнері (франц. estrade, исп. estrado – тақтайша үстел) – көп жанрлы сахналық өнердің бір түрі. Эстрада өнері әр алуан артистердің (әншілер мен |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 63_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | бишілер, көркем сөз оқушылар мен акробаттар, конферансье мен музыканттар, т.б.) ойын-сауығынан құралады. Кейде жалғыз артистің өнер көрсетуіне құрылған жеке – соло концерт те болуы ықтимал. Әрбір ойын-сауық нөмірінің ұтымды әрі шапшаң (10 – 15 мин) орындалуымен байланысты.16 – 17 ғ-ларда Эстрадалық өнердің мұндай түрлері халық сейілдерінде, балағандар мен жәрмеңке алаңдарында одан әрі өркендеу өрісін тапты. 18 ғ-дың басында Англияда ойын-сауықтары ән-билерден, шағын пьеса мен буффонадалық интермедиялардан тұратын мюзик-холлдар пайда болды. Лондон қ-нда “Альгамбра” (1890), “Колизей” (1904) атты мюзик-холл құрылып, жұмыс істей бастады. Эстраданың осы сияқты түрлері дүние жүзінің көптеген елдерінде бой көрсетіп, кеңінен тарады. 18 ғ-дың аяғы мен 19 ғ-дың басында Францияның жәрмеңке театрлары сахнасында көбіне фольклорға негізделген сатиралық өлеңдер мен тақпақтар зор табыспен орындалды. Эстрадасы бар мейрамханалар кафе-шантандар деп аталды. Бұлардың артистері кейде өз ойын-сауықтарымен әлеум. мәселелерді қозғады. Бірақ олар көбіне көңіл көтеруден аспайтын, ой- мазмұны таяз ойын-сауық нөмірлерін орындаумен шектелді. Тыңдаушы- тамашалаушыларға әннің сөзін жеткізу, әннен гөрі сөзге, яғни мелодекломацияға еркін ауысып отыру Эстрада өнерінің ерекшелігі болып табылады. 19 ғ-дың 80-жылдары Францияда импровизац. ойын-сауықтар қоятын кабарелер ашылды. Бұлардың ойын-сауықтарына ақындар мен музыканттар, орындаушы актерлер, өмірдің көкейтесті мәселелерін қозғайтын өлеңдер мен әндер, сатиралық көріністер мен би нөмірлерін және пародия орындаушылар қатысты. Осы жылдары ойын-сауыққа қатысушы орындаушы-өнерпаздардың аты- жөнін хабарлап тұратын және көрермендермен қызғылықты әңгіме-дүкен құрып отырушы конферансье өнері де өмірге келді. Сұрақтар: 1.Эстрадалық әндер және эстрада жанрының тарихы туралы түсініктеме бер? 2.Қазақстан эстрадасының тарихы туралы не білесің? 3.Эстрадалық әндерді орындағанда аппараттарды қолдану тәсілдері туралы айтып бер? Қолданған әдебиеттер: |ПОӘК |Ред. № 1.28.08.2014ж. |Бет 64_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | 1. 2. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 3. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 Жеке сабақ№15 Қазақстан композиторларының лирикалық әндері мен романстары. 1.Ш.Қалдаяқов пен Т.Базарбаевтың әндерін репертуарға алу. Қазақ музыка өнерінің тұлғалы тұғырының бірі - Теміржан Базарбаев. Әріде атамекені Батыстан келіп, Талдықорғанның Үшарал балалар үйінде өскен бала жастайынан музыкаға бейім болып өсті. 1961 жылы Алматы консерваториясын бітірген. 1961 жылдан бастап М.Төлебаев атындағы Семей музыкалық училищесі теория бөлімшесінің меңгерушісі әрі оқытушысы болып қызмет атқарды. 1979- 1982 жылдары Қазақстан Композиторлар одағының Ертіс өңірі бөлімшесін басқарды. Композитор шығармашылығынан туған Отан, туған өлкенің әсемдігі мен халқының тарихы тәрізді азаматтық тақырыптар басты орын алған. Атап айтқанда, "Қаздар қайтқанда", "Студенттік кештер", "Ауылым" әндерімен қатар, "Отан таңы", "Семей жастары", "Қалың елім, қазағым, қайран жұртым", "Белгісіз солдат анасы", "Курган бессмертия", "Шалқыма", "Әнсіз қазақ болмаған", "Қазақстан", "Мен коммуниспін" т.б ондаған дүниелері қазақ музыкасының асыл қорлары. Өнер қайраткерінің ұлттық қазына қорындағы орнын айқындайтын симфония, фантазия, поэма, романс опералық жанрларында тудырған шығармалардың болғандығы ғана емес. Сонымен қатар жалпы шығармашылығындағы халықтық, ұлттық нақыш, нәр мен құнарынан үндестік табуында болса керек. Теміржан Базарбаев - арнайы білімді, теориялық сауатты, әлемдік музыкадан мол хабары бар өнер иесі. Баспадан жарық көрген "Қаздар қайтқанда", "Ақбаян" жинағына отызға жуық әндері мен романстары енгізілген. Т.Базарбаевтың Т.Молдағалиев, Н. Шәкенов, Ж.Молдағалиев өлеңдеріне шығарған "Жаңа жерлер", "Қазақстан" т.б шығармалары - қазақ ән дәстүрінің тағы бір жаңарған құбылысының жемісі. Сазгердің домбыра мен өзге аспаптардың қосылуымен шығарған терме-толғаулары қазіргі музыкаға қосып отырған жанр жаңғыртудағы тың үлесі. Семей өңірі, Семей қаласы - Теміржан Базарбаевтың өнер бесігі, ән |ПОӘК |Ред. № 1.28.08.2014ж. |Бет 65 | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | ұясы. Отыз жылдан астам уақыт өмірі осында өтіп келеді. Сазгер әлі де шығармашылық ізденіс үстінде талмай еңбек етуде. Сұрақтар: 1.Қазақстан композиторларының романстары мен әндері туралы не білесің? 2.Ш.Қалдаяқовтың өмір-баяны мен шығармашылығы туралы айтып бер? 3.Т.Базарбаевтың әндері мен романстары туралы не білесің? Қолданған әдебиеттер: 1. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 3. Т.Базарбаев «Ауылым» әндер жинағы «Талант» баспасы 2005 жыл Семей. 3 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ Студенттің дәрісханадан тыс жұмысының түрі жекеленген және ОСӨЖ сабақтарында шығарма бойынша жұмыс істеу барысында қалыптасқан білімдерді және дағдыларды бекітуге бағытталған. СӨЖ түрлері: - сольфеджио мен және буынға вокализдарды жатқа білу; - шығармаларды жатқа білу; - вокалдық шығармаларды талдау білу; - артикуляция бойынша жұмыс жасау; - динамика бойынша жұмыс жасау; - фразировка бойынша жұмыс жасау. 1. Өз бетінше тыныс алу жаттығуларын жасау 2. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтып үйрену. |ПОӘК |Ред. № 1.28.08.2014ж. |Бет 66_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | 3. Мектеп әнін нота арқылы жаттау. 4. Халық әнін нота арқылы жаттау. 5. Композитордың әнін нота арқылы жаттау. 6. Әншілердің орындауында вокалдық шығармалар тыңдау. 7. Өзінің әншілік репертуарын байыту. 7. Өз бетінше вокализді нотаға қарап орындау.. 8. Өзі орындайтын вокалдық шығармаларды талдай білу. 10.Мектеп әнін өз сүйемелдеп айтуға жаттығу. 11.Ән айту өнерінің тарихы, әншілік мектептер. 12. Дауыс аппаратымен жұмыс істеу. 13.Тыныс алу жолдары, диапазон.. 14.Артикуляция, дыбыстарды анық айтып үйрену, орфоэпиялық дыбыстарды айтып жаттығу 15.Бақылау сабағын дайындау. Мұғалімнің жол көрсету аясында атқарылатын студенттердің өздік жұмыстарының сабақ жоспары. 1. Әншілікті тыныс алу жаттығуларын жасау арқылы шыңдау. 2. Дауыс аппаратымен өз бетінше жұмыс істеу 3. Артикуляция, дикция техникаларын қалыптастыру 4. Вокализді нота арқылы үйрену 5. Мектеп әндерін өз бетінше үйрену |ПОӘК |Ред. № 1.28.08.2014ж. |Бет 67 | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | 6. Таныс емес шығарманың әуенін аспапта орындай алу. 7. Халық әндерін орындау шеберлігін жетілдіру 8. Ария, романс жанрларын шебер орындауға қалыптасу 9. Вокалдық шығармаларды әр-түрлі штрихтарда орындау 10. Балалар әндерін өзі сүйемелдеп орындау 11. Дауыс диапазонын кеңейту жаттығулары 12. Әр-түрлі жанрда өз бетінше шығармалар үйрену 13. Өзі орындайтын шығармаларды теориялық талдау 14. Әншілік репертуарын байыту 15. Әншілер және әншілік мектептер жайлы реферат дайындау 16. Емтихан бағдарламасын дайындау СЕМЕСТР БОЙЫНША ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР: 1. Мектеп әні. 2. Вокализ. 2. Қазақстан композиторларының әні. 3. Халық және халық композиторларының әні. 4. Әлем халықтарының әндері. 5. Шетел композиторларының романсы |ПОӘК |Ред. № 1.28.08.2014ж. |Бет 68_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | КУРС БОЙЫНША ЕМТИХАН ТАЛАПТАРЫ: 1.Вокализ. 2. Қазақстан композиторларының әні. 3. Халық және халық композиторларының әні. 4. Мектеп әндері өз сүйемелдеуімен. 5. Шетел композиторларының романсы. ҮЛГІ РЕПЕРТУАРЛАР: Қазақстан композиторларының әндері Қазақтың халық әндері: Алқоныр, Бір бала, Сәулем-ай, Ағажан, Дудар-ай, Қамажай. Б.Байқадамов: Айгөлек, Бөбегім, Алма ағаштар жайнайды, Сүйген сәулем, Домбыра, Ақ бидай. Ә.Епсаев: Әлі есімде, Ақ сәуле ұстазым, Сағыныш саздары, Сағыныш екен бала кез, Барасың қайда, қайда. А.Жұбанов, Л.Хаимди: Ария Ажар из оперы «Абай», Песня Айдара, Ақ көгершін, Қарлығаш. Л.Хамиди: Смотрины невесты из оперы «Абай», Қазақ вальсі, Бұлбұл, Жайлауым бақша жайнаған. А. Бейсембеков «Әнші жүрек әуендері» әндер,романстар жинағы. Махаббат серенадасы. Желбіре туы қазақтың. Анаңнан асыл барма екен.Ата мекен туған жер.Сағыныш. Тәуелсіздік туралы ән. Б.Жамақаев: Сен ғана, Махабат вальсі, Ертіс вальсі. М.Мағытаев: Ақ маржан, Қалкам-ай, Мен үндемей жүремін көп, Іздедім сені. Қ.Мусин: Почтальон, Алма бағында. |ПОӘК |Ред. № 1.28.08.2014ж. |Бет 69 | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | Н.Тлендиев: Құстар әні, Көз көрген қарындас-ай, Бақыт бар ма, сенен артық?, «Қыз Жібек» филімінен Алтыбақан әні, Жүрегім менің, Әке туралы жыр, Саржайлау, Куә бол. М.Илиясов: Алтынай, Туған жер, Мерекем сен, Қазақтың дастарханы. Ш.Қалдаяқов: Әнім сен едің, Қайықта, Арыс жағасында, Ана туралы жыр, Қаракөз, Ақ ерке – ақ жайық, Ақ бантик, Қуаныш вальсі, Қайдасың?, Бақыт құшағында, Сыр сұлуы, Ақ маңдайлым, Кешікпей келем деп ең. Г.Хамитов: Сағындым жайық. Е.Хасанғалиев: Ауылым-әнім, Гүл сезм, Келші, келші балашым, Елігім еркем, Асыл арман, Сағындым сені, Жан досым, Анаға сәлем, Атамекен, Бозторғай. Т.Базарбаев: Тамаша, Аяулым, Қаздар қайтақанда. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 1. Бейсембеков.А Вокалдық жаттығулар мен вокализдердің дауыс қоюдағы маңызы.Талант баспасы 2012 жыл Семей. 2. Әсеттің 500 әні. /1,2,3 кітаптар/. Құрастырғандар: Н.Нүсіпжанов, Д.Ә.Бейсеуов. Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық министрлігінің «Өнер» баспасы. – Алматы, 1998. 3. Ән сабағы. Учебно-методическое пособие для начальных классов казахских школ. /в сопровождении баяна/. – Алматы: Өнер, 1997. – (Сорос-Казахстан коры). 4. Гәкку. Песни, романсы и песни из репертуара К.Байсейтовой. Составитель: К.И.Бобошко. – Алматы: «Өнер», 1991. 5. Ибрагим Нүсіпбаевтың әндері. Құрастырған: Рәбиға Нүсіпбаева – Алматы, «Рауан», 1996. 6. Қазақтың халық әндері. Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы. Алматы, 1960. |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 70_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | 7. Қазақ вальсі. Қазақстан композиторларының әндері. Құрастырған Д.Мүсіров. – Алматы, «Өнер», 1982. 8. Бейсембеков А. «Әнші жүрек әунедері» әндер, романстар 2005ж. Семей. 9. Музыка хрестоматиясы 1 класс. Құрастырған Р.Жәрдемалиева, Г.Қарамолдаева, А.Исағұлова. – Алматы, «Өнер», 1986. 10. Музыка хрестоматиясы 3 класс. Құрастырған А.Исағұлова, А.Бәйментаева, Д.Атаханова. ҚазақССР халыққа білім беру министрлігінің коллегиясы бекіткен – Алматы, «Өнер», 1990. 11. Музыка хрестоматиясы 4 класс. Құрастырған Г.Қарамолдаева. – Алматы, «Өнер», 1981. 12. Мыңжасар Маңғытаев. Ақ маржан /сборник песен/. Изд-во «Жалын» - Алматы, 1977. 13. Милькович Е.К. Систематизированный вокально-педагогический репертуар /часть/ для высоких и средних голосов. – Музгиз. 1962. 14. Программы педагогических институтов. «Музыка и пение» Сборник 25 – Просвещение, 1980. 15.Романса и свежее дыханье. /Для голоса в сопровождении фортепиано/. Составитель Г.АПортнов. Всесоюзное издательство «Советский композитор» - Ленинград, 1988. 16. Сейдолла Байтереков. Ақ жауын. Белые дожди. /сборник песен/. Изд-во «Өнер» - Алматы, 1980. 17. Сыдық Мұхамеджанов. Жазғы дала. Песни и романсы (на русскрм языке) – Алматы, «Өнер», 1988. 18. Сағыным менің. Ш.Қалдаяқов. Әндер жинағы. «Жалын» баспасы – Алматы, 1976. 19. Хрестоматия Вокально-педагогического репертуара. Для сопрано. Муз.училище 3-4 курсы, ачсть 2. «Музыка» - М Хрестоматия по курсу |ПОӘК |Ред. № 1.29.08.2014ж. |Бет 71_ | |042-18.1.32/02-2014ж. | | | вокального ансамбля. Для пения в сопровождении фортепиано. Составитель А.Скульский. Изд-во «Музыка» - Москва, 1983. 20. Э. Б. Абдуллин Методологический анализ проблем музыкальной педагогики в системе высшего педагогического образования, - М., 1990. 21. Ф.Абт «Хрестоматия» М.; 1998 22. Музыкалық оқулықтар 1-6 сынып бойынша 1997 ж, Атамұра баспасы. 23. Абдуллин Э. Б. Теория и методика музыкального образования 24. Г.Зейдлер «Вокальные упражнение» М., 2000 г. 25. В.Дмитриев «Искусство пения» М., 1990 г. 26. Аравин П.В. Ахмет Жұбанов. Алма- Ата, 1969. 27. Арчажникова Л.Г. Профессия – учитель музыки. М., 1984 28. А. Краснощеков “Хороведение”, Москва, 1975 29. М.М.Ахметова. Ән өнеріне кіріспе 30. Н.Б.Дмитриева “Основы вокальной методики”, Москва, 1982. 31. А.С.Соболев “Речевые упражнения на уроках пения”, Москва, 1985 32. Е.Малинина “Вокальное воспитание детей”, Ленинград, “Музыка”, 1967 [pic]
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz