Файл қосу

Жылқы малдарын ұстау жүйелері



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                        |
|СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                |
|3-деңгейлі СМЖ құжаты     |ПОӘК           |ПОӘК                            |
|                          |               |042-14.4.01.01.20.68/03-2014ж   |
|«Ветеринариялық гигиена 2»|Басылым № 3    |                                |
|ПОӘК                      |               |                                |









         «Ветеринариялық гигиена және санитария-ІІ» пәнінің 05120100
               -«Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған


                           ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

























                                 Семей 2014

               Дәріс №1. Ірі қара малдарының гигиенасы (2 сағ)

Қаралатын сұрақтар:
1. Ірі қара малдарын ұстау жүйелері мен тәсілдері
2.Ірі   қара   малдарына   арналған   қоралардың    негізгі    технологиялық
бөлшектерінің  көрсеткіштері
3. Ірі қара малдарына арналған қоралардың микроклиматы
4. Суалтылған сиырлар мен құнажындардың гигиенасы

      Ірі қара малдарынан алынатын өнімдердің  бағытына  байланысты,  оларға
арналған шаруашылықтар (фермалар):
1) тұқымдық – мал  тұқымын  жақсартып,  олардан  тұқымды  жас  төлдер  алуға
арналған;
2) Өнімдік – ет және сүт өнімдерін алуға бағытталған шарушылықтар;
3) Мал  басын  толықтандырып  отыруға  арналған  жас  төлдерді  өсіріп  және
бордақылау бағытындағы шаруашылықтар;
4) Ірі малдарды бордақылап ет өндіру және жас  бұзауларды  бағып,  күту  мен
айналысатын шаруашылықтар.

      1. Ірі қара малдарын ұстау жүйелері мен тәсілдері
      Малдардың сыртқы әсерге дене төзімділігін арттырып,  олардан  алынатын
өнімдердің мөлшері мен сапасын жоғарлатуға бағыталған  әртүрлі  азықтандыру,
суару, орналастыру, байлау, жаю  т.б.  технологиялық  тәсілдердің  жинағы  –
малдарды ұстау жүйелері деп аталады.
      Малдарды  өсіру  қарқынына  жер  орайы,  ауа  райының  ерекшеліктеріне
байланыстыра отырып ірі қара малдарын ұстаудың мынандай жүйелері болады.
      1. Қолда тұрғызып-жайып ұстау. Бұл жүйе көбінесе сүт  өнімін  өндіруге
арналған шаруашылықтарда  кең  таралған,  себебі  ветеринариялық  гигиеналық
тұрғыдан  қарағанда  бұл  жүйеде  ұстау  кезінде   малдардың   физиологиялық
ерекшеліктеріне сәйкес келеді  де,  мал  организмінің  табиғый  төзімділігін
арттыруға  мүмкіншіліктер  туып,  малдың  өнімділік  қасиеттері  жоғарлайды.
Мұндай жүйемен ұстау кезінде сиырлардың қозғалысы  шектелмей,  денедегі  зат
алмасу  процесстерінің  жоғарлауына,  күн  сәулелерінің  оң  әсерлері  тиіп,
белокқа, витаминдерге және  миниралды  заттарға  бай  азықтарды  қабылдауына
қолайлы жағдай жасалады. Әсіресе, малдарды еркін жаю кездерінде олардың  ауа
райы  қолайсыз  мезгілдерде  қолда  тұрғызып   ұстаған   уақыттарда   кейбір
физиологиялық процесстерінің  төмендеуі  қалпына  келіп,  малдардың  күйлері
жақсарып,  өнімдерінің  молаюына  әсерін  тигізеді.  Онымен  қоса   малдарды
жайылымға  шығару   мезгілдерінде   қора   маңайының   санитарлық   жағдайын
жақсартуға, әртүрлі жеңіл құрылыс жұмыстарын жүргізуге,  ішкі  технологиялық
жабдықтарды реттеп тазалауға, қора, ауыл маңдарына  дезинфекциялар  жасауға,
сөйтіп мал қораларының мезгілінен бұрын тозып, істен шығып  қалмауына  әсері
болады.
      2. Қолда тұрғызып  ұстау.  Мұндай  жүйе  ірі  қара  малдарын  көбінесе
жайылым  жерлері   жоқ,  немесе  малдарды   көптеп-топтап   шағын   жерлерде
(комплекстерде) ұстағанда және аз  уақыт  ішінде  малдарды  қарқынды  жолмен
күтіп  семірту  мақсатында  пайдаланады.  Жаз  айларында   сиырларды   жаюға
шығармай тұрғызып қолда ұстап, дайындалған көк шөптерді шауып  әкеп  орнында
азықтандырады.
      Шағын жерлерге малдарды топтандырып тұрғызып ұстау  кезінде  малдардың
қозғалысы  шектеліп,  олардың  физиологиялық   қасиеттеріне   теріс   әсерін
тигізбеу үшін,  мұндай  жүйемен  күтіп-бағуға  өте  жоғарғы  ветеринариялық-
санитарлық талаптар қойылады. Ірі көмплекстерге ірі қара  малдарының  кейбір
бөліктері қарқынды технологиялық жағдайда ұстауға толықтай  бейімделе  алмай
өнімділік  көрсеткіштерін  төмендетіндігі  тәжірибеде   дәлелденген.   Ондай
жағдайда кездесетін малдарды жиі орын ауыстырып отыруы, өндірістік  шулардың
пайда  болуы,  қозғалыстарының  аз  болу,  біркелкі   типті   азықтандырудың
нәтижесі малдың мінез-құлқына жағымсыз әсер  етіп,  сүтінің  азаюына  апарып
соғады.
      Сондықтан малдарды қолда тұрғызып ұстау кезінде оның жағымды  (қораның
біріктірілуі,  құрлыс   материалдарының   шығынының   кемуі,   технологиялық
процесстерінің-вентиляция,   канализация,   жарықтандыру    –    жүйелерінің
қысқаруы, қора бөлшектерінен тарайтын жылудың  азаюуы  т.б.)  әсерімен  қоса
кемшіліктері де,  яғни  малдардың  қозғалысы  азайып,  денсаулығы  төмендеп,
жалпы организмі әлсіреп, әртүрлі ауруларға ұшырағыш болуы және  күтіп-бағуда
санитарлық-гигиеналық  талаптарға  сәйкес   келмейтін   кемшіліктердің   жиі
жіберілуі кездеседі.
      3. Жайып ұстау жүйесі – кезінде малдар жылдың  барлық  мезгіліндерінде
де жайылымды пайдаланады. Шаруашылықты экстенсивті жолмен дамыту  кезінде  –
көбінесе табиғи және жайлау шабындықты жерлерді пайдаланса, интенсивті  даму
тәсілінде-мәдени жасанды жайылымдарды қолданады.
      Жайып ұстау жүйесін жайылым аймақтары мол жер орайы қолайлы, ауа  райы
жылы шаруашылықтарда пайдаланады.  Ондай  кездерде  малдарға  арнап  күрделі
құрлыстар қаралмай, тек жауын шашындардан,  өткір  күн  сәулелерінен  сақтау
мақсатында жергілікті арзан материалдардан  жеңіл-күрке  (қабырғасыз  төбелі
қора), ықтырма (бір қабырғасыз қора), жылыландырылмаған (малдар  өз  еркімен
кіріп-шығып жүруіне арналған қора) типті қоралар қаралады.
      Сүт өнімін өндіретін шаруашылықтарда табиғый  жайылымдардың  ортасына,
немесе  жасанды  шыбындықтар  маңайына,  арнайы  жылжымалы  немесе   тұрақты
лагерлер тұрғызылып, олардың ішіне мал тұратын орындар,  байлауыштар,  азық,
су науалары қаралып, сүт алып өңдейтін құрылымдар орнатылады.
      Ірі  қара  малдарын  ұстау  жүйелерінің  негізіне  байланысты  әртүрлі
тәсілдер қолданады.


                      Ірі қара малдарын ұстау тәсілдері
      Ірі  қара  малдарына  арналған  шаруашылықтарда  көбінесе  екі   тәсіл
қолданылады. 1. Тұрғызып байлауда ұстау; 2. Байлаусыз еркін ұстау.
      1)  Тұрғызып  байлауда  ұстау  –  сүт  өнімдерін   өндіруге   арналған
шаруашылықтарда, кей кездерде малдарды интенсивті түрде, жедел  семіртіп  ет
алу үшін  қолданылады.  Мұндай  тәсілмен  ұстау  үшін  арнайы  сиыр  қоралар
қаралады да олардың ішінен байлау орындары (тұрақ орын),  байлауыштар,  азық
науалар  мен  су  құбырлары  және  олардың  арасынан   азық   таратып,   көң
тазалайтын, малдар мен  адамдар  жүретін  жолдар  қалдырылады.  Мал  басының
мөлшеріне байланысты мал тұратын орындарды екі  немесе  төрт  қатарлы  қылып
жасайды. Көбінесе қорадағы малдың саны жүзге дейін жоспарланса екі  қатарлы,
ал 150 одан артық болса төрт қатарлы тұрақтар қаралған жөн. Қора ішінде  мал
тұратын орындар екі қатар орналасатын болса ондай қоралардың ендерінің  ішкі
өлшемі 12-15 м, ал төрт қатарлы болса 18-21 м жасалады. Малдардың  ірілігіне
байланыстырып, қора ішіне үш түрлі размерде тұрақтар қаралады:
      1) ұзын тұрақ – ұзындығы 190-220 см, ені – 120-150см. Мұндай  тұрақтар
салмағы 500 кг-нан жоғары ірі  сиырлар мен бұқаларға және  сиыр  бұзаулайтын
бөлмелерде жасалады.
      2) Орташа тұрақтар – ұзындығы 170-190 см, ені – 100-120 см.
      3) Кіші тұрақтар: ұзындығы 145-170 см, ені – 80-100 см,  көбінесе  жас
малдарды (тайынша, құнажын) және бордақылауға  арналған  өгізшелерді  байлап
тұрғызып семірту кезінде жасалады.
      Малдар байланатын  тұрақтарға  мынандай  негізгі  гигиеналық  талаптар
қойылады:
      1) Тұрақ орны тегіс, тайғақ емес, ойық шұнқыры жоқ,  сәл  артқы  жаққа
қарай су ағар еңістігі бар (1 градустан аспау керек) болу қажет.
      2) Тұрақ орнының астына  сұйық  өтпейтін,  яғни  мал  нәжістері  өтіп,
сіңіп,  одан  зиянды  газдардың  (аммиак,  күкіртті  сутегі)  бөлінуіне  жол
берілмеуі керек.
       3) Тұрақ орындары мал организміне жайлы, жылу өткізгіштігі төмен,  су
сіңіргіш емес, құрғақ материалдардан жасалуы керек.
       4) Тұрақ орындары сыртқы факторлардың  және  химиялық  ерітінділердің
(дезинфекциялық) әсерлеріне төзімді болу керек.
      Мұндай  талаптарға  көбінесе  ағаш  материалдардан  жасалған,  жасанды
керамзит қиыршықтарынан, беті кордо-резинді материалдар мен қапталған  тұрақ
орындар сәйкес келеді.
      Қорада   малдардың   тұрақтарының   алдыңғы   жағына   азық   науалыры
орналастырылады. Оларды әртүрлі материалдардан (ағаш, кірпіш,  бетон)  жасап
ені-үстінен есептегенде  60  см,  түбінен  –  40  см,  алдыңғы  қабырғасының
биіктігі – 30 см, ал сырт  қабырғасы  –  70  см  жасалады  да,  ішкі  бетіне
байлауыш бекітетін орын, және әрбір екі  тұраққа  арналған  бір  су  құбырын
(автопоилка) орналастырады.
      Байлауыштар  әртүрлі  материалдардан  жасалып,   мынандай   гигиеналық
талаптарға сәйкес келу керек:
      1) Байлауыштар малдардың алға және артқа қозғалыстарына қолайлы болып,
жанға қарай қозғалысын шектеп, бірақ жатып  тұруына  бөгет  жасамауы  қажет.

      2) Байлауыш малдың мойнына  жайлы,  қажап  жарақат  түсірмейтін  болуы
керек.
      3)  Байлауыш  үзіліп,   шешіліп   кетіп,   байлаулы   малдарды   сүзіп
жарақаттауға жол бермеуі керек.
      Мұндай талаптарға көбінесе ремендерден, есілген жіптерден және  шынжыр
металдардан  жасалған  байлауыштар  сай  келеді.  Байлау  тәсілдеріне  қарап
байлауыштар  жекелеме  түрде  немесе  автоматты  жолмен  жасалатын   болады.
Автоматты байлауыштар хамутты немесе шынжырлы  болады  да,  малдарды  орнына
тұрғызып, жем салынған науаларға басын созған кезде, арналған тетікті  басып
байлауыштың жекелеме  басы  қос  тармақты  бөлігінің  ортасынан  өту  арқылы
сиырдың мойнын бекіттеді.
      Малдарды екі қатарлы тұрақтарда орналастырғанда, олардың бастарын қора
орталығына келтіріп, яғни екі азық наулырының аралығынан бір азық  тарататын
жол қалдырады да, олардың артқы жақтарынан көң тазалайтын  жолдар  қаралады.
Азық  тарататын  құрылымдардың  түріне  және   көң   тазалайтын   тәсілдерге
байланысты ондай жолдардың ені 1,2 метрден  2,4  м  дейін  қалдырылады.  Бұл
жолдардан басқа қораның екі  басынан  және  әрбір  25-30  сиыр  тұрақтарынан
кейін бір ені 2,5-3,0 метрден көлденең жолдар жасалады.
      Ірі қара  малдарын  тұрғызып  байлап  ұстауға  арналған  қоралар  жылу
өткізгіштігі төмен құрылыс материалдарынан жасалып, ауа райы  суық  жақтарда
қабырғаларының қалыңдығы 50 см, төбесі  0,24  метрден  жұқа  болмауы  қажет.
Малдардың ауа алмасуын қамтамасыз ету үшін  қораның  биіктігі  еден  үстінен
төбенің ең төменгі жеріне дейін 2,4-2,7 м кем болмауын қадағалау  қажет.  Әр
бір 100 басқа арналған қораға 2-ден, ал 150-200 басқа арналған қораларға  4-
тен кем  емес  екі  жаппалы  қақпалар  қаралады.  Малдарды  байлап  тұрғызып
ұстауға арналған қоралардың жалпы  ішкі  өлшем  ауданы  әр  басқа  шаққанда,
малдардың ірілігіне, өнімділігіне (салмағы) қарап 5-7 м² аралығында  болғаны
дұрыс.
      Мұндай малдарды тұрғызып байлап ұстау тәсілінің өзіне тән  артықшылығы
болады:
      1) малдардың физиологиялық ерекшеліктеріне  (жасы,  өнімі,  денсаулығы
т.б.) байланысты жекелеме күтім, азықтандыру жасауға мүмкіншілік тудырады;
      2) Малдардың денесі таза, яғни әсересе сауын сиырлардын өнімі  жоғарғы
сапалы болуына жағдай жасалады;
      3) Малдардың бірін бірі сүзіп, жарақаттанудан, кейде буаз малдардың іш
тастауынан сақтандырады;
      4)  Қора  ішінің  микроклиматын  бақылап,  қалыпқа   келтіріп   тұруға
мүмкіншілік туғызады.
      Малды тұрғызып байлап ұстаудың мұнымен қоса кемшіліктері де болады:
      1) Малдарды бос еркін ұстаумен  салыстырғанда  тұрғызып  байлап  ұстау
тәсілінде әр малға шаққандағы қора сиымдылығы төмендейді.
      2) Малдарды тұрғызып байлап ұстау кезінде олардың  қозғалуы  шектеліп,
малдардың төзімділігі азайып, денсаулығы нашарлайды.
      3) Әр малға шаққандағы еңбек  шығыны  көбейіп,  қол  жұмысының  бөлігі
артады.
      Мұндай тәсілімен ұстау кезінде, әсіресе сүт өндіретін  шаруашылықтарды
ең  жоғарғы  сүт  алу  көрсеткіштеріне  (15-16  мың  кг)  сол  сияқты  басқа
малдардан орта есеппен 5-6 мың кг жылдық сүт өнімін өндіруге ие  болатындығы
дәлелденген. Сондықтан ірі қара малдарын тұрғызып байлап  ұстау  тәсілі  сүт
өндіру  және  жас  тұқымдық  малдарды  өсіп-өндіру   шаруашылықтарында   кең
қолданылады. Малдарды бұл тәсілмен ұстау кезінде  мал  мамандарының,  күтіп-
бағатын қызметкерлердің әрбір малдарға жекелеме күтім көрсетіп,  емдеу,  егу
жұмыстарын  жүргізуге  қолайлы  жағдайлар  туып  малдардың  ауруға  шалдығуы
төмендеп, әр  малға  ветеринариялық  бақылау  жасап,  тиісті  шараларды  дер
кезінде көрсете алады.
      Ірі  қара  малдарын  тұрғызып  байлап  ұстауға   арналған   қоралардың
микроклиматы   тұрақты   және   қалыпты,   яғни   малдардың    физиологиялық
ерекшеліктеріне  сәйкес   ауа   температурасы   +8   градустан   төмендемей,
салыстырмалы ылғалдығы 85 пайыздан жоғары емес, ауа қозғалысының  жылдамдығы
қыс айларында 0,3 м/сек  артпай,  көмірқышқыл  газының  концентрациясы  0,25
пайыздан жоғарламай, әр куб.м ауада аммиактың мөлшері  20  мг-нан,  күкіртті
сутегі газы – 10 мг-нан аспауы керек. Қораның табиғи жарықтану  коэффициенті
1:15 қатынасынан төмен болмауға тиіс.
      2. Бос еркін байлаусыз ұстау – бұл тәсілді  кәзіргі  кезде  екі  түрде
қолданады: қалың төсенішті едендерде бос  байлаусыз  және  арнайы  бокстарда
ұстау. (сурет 2)
      Ірі қара малдарын қалың жиналмайтын төсеніштерде  ұстау  үшін  қораның
табиғи еденінің өсімдік қабатын (10 см) қырып  үстіне,  дезинфекциялық  және
ылғалдықты төмендету мақсатында, әр  шаршы  метр   ауданға  0,5  кг  есептеп
қортылған хлорлы әкі (известь) салады да, оның үстіне  10-15  см  қалыңдықта
төсеніш (солома, торф  салып,  оны  жинап  шығармай  мезгіл-мезгіл  жаңартып
үстіне төсеніш  қосып,  малды  қолда  ұстау  мерізімінің  аяғында  төсенішті
қыйымен қоса  механикалық  тәсілмен  (бульдезер,  қырғыш  транспортер  т.б.)
тазалайды.   Бұл   тәсілдің   істі   механикаландыруға    оңайлығы,    еңбек
өнімділігінің  жеңілдігі,  малдардың  қозғалыстан   шектелмей   денсаулығына
тиімді әсер тигізуі, қора-сиымдылығының артуы т.б. пайдалы  көрсеткіштерімен
қатар айтарлықтай жиі шектеу келтіретін кемшіліктері де байқалады. Олар:
          1. Малды жыл бойына қорада ұстайтын болса өте  көп  төсеніш  қажет
болады да, шаруашылықтың  мүмкіншілігі  болмай  малдардың  астынан  сыз-суық
өтіп, арытып күйінің төмендеуіне апарып соғады.
      2. Қора ауасының ылғалдылығы  жоғарлап,  зиянды  газдардың  мөлшерінің
көбеюі,  мал  денесінің  ластанып,  өнімінің  сапасын   төмендеуіне   әсерін
тигізеді.
      3. Малдардың арасында, әсіресе әртүрлі жастағы, жынысты малдардың бір-
бірін сүзіп жарақаттауы жиі байқалады.
      Сондықтан  мұндай  ұстау   тәсілі   сүт   өнімін   алуға   бағытталған
шаруашылықтарда  қолдану  шектеліп,   еттік   бағыттығы   өндірістерде   кең
таралған.
      Сиырларды бос қалың төсеніште ұстаған кезде малдарды  жігіне,  жасына,
физиологиялық ерекшеліктеріне байланыстырып шағын (25-30 бас) топтарға  бөлу
қаралады және  қораның  ық  жағынан  азық  науалары  қойылып,  су  құбырлары
тартылған серуен алаңдары жасалып, ауа райының қолайлы кездерінде малдар  өз
еркімен кіріп-шығып азықтануына мүмкіншілік жасалады.
      Малдарды бос еркін байлаусыз  ұстаудың  екінші  түрі  арнайы  жасалған
боксттарда бос немесе байлауда ұстау қаралады. Ол үшін қораның ұзын  бойынан
арнайы  тұрақ орын-бокстар жасалады, яғни ұзындығы мал тұрқына сай,  ені  1-
1,2 метрден артпайтындай етіп, әртүрлі материалдармен ағаш,  немесе  металды
екі жаны шектеліп бөлінген орын. Ондай орынның алдыңғы  жағына  азық  науасы
орнатылып, ал арт жағында арық жасалып, беті торкөзді еденмен  жабылған  көң
жолы қаралады да, малдар боксқа еркімен кіріп, азықтанып,  жатып  дем  алып,
бірақ бұрылып (айналып) шыға алмай, тек шегініп  қана  бокс  орнынан  шығады
да, мал нәжісі бокс еденін  ластамай,  көң  жолына  түсуі  қаралған.  Мұндай
бокстардың санитарлық тазалығы сақталып, мал  организміне  жайлы  болу  үшін
бокс орнының құрылымына мынандай   негізгі гигиеналық талаптар қойылады:
      1. Бокстің едені тегіс, су өткізбейтін, жылу сақтайтын, көң жолынан 15-
20 см биікте орналасуы керек.
      2. Бокстің жанындағы бөлгіш сырықтардың  төменгі  шегі  45  см  биікте
(төмен болса мал жатқан жерде ұршығын соғып жарақаттаса, жоғары  болса  ұсақ
мал астынан өтіп кетуі мүмкін),  ал  жоғарғы  екінші  шектеу  бөлігі  55  см
биіктікте орналастырылады.
      3.  Көң  жолының  ені  2,7  метрден  кем  3  метрден   артық   болмауы
қадағаланады. Себебі 2,7 метрден тар болса  малдардың  (ірі)  бокстан  шығуы
қыйындайды, ал 3 м артық болса малдар көң жолының үстінде жатып  дем  алуына
жағдай туады.
            Ірі  қара  малдарын  бокста  ұстауға   жабдықталған   қоралардың
микроклиматы сиырларды байлап ұстауға арналған қоралардағыдай болуға   тиіс.
Бокстардың арт жақ араларынан беті төркөзді еденмен  жабылған  көң  арықтары
жасалады. Малдың қыйы төркөзден өтіп арық түбіне  түседі де, одан  өздігімен
немесе арнайы сырғыш транспортерлердің көмегімен тазалап отырады.
      Азық бетіндегі төркөзді еден  дұрыс  жасалып,  оған  түскен  мал  қыйы
бөгетсіз  болуын  қадағалау  керек  және  мал  тұяғына   жайлы,   қыстырылып
қалмайтын болып  жасалады.  Бокстар  қатары  бірнеше  бөліктерге  (секцияға)
бөлінеді. Ондай бөліктер малдардың жасына, сүтіне, бұзаулау мерзіміне  қарап
жасалады да, оларды азықтандыру, сауу және күту  процесстеріне  негізделеді.
Ондай топтағы сыйырлардың саны өте көп болмауы қажет. Егер әр бөлікте  30-40
бастан  артық  болса,  оларға  бақылау  жасау  қиынға  түсіп,  олардың   туу
мерзімін, өнім мөлшерін, азық түрлерін  қалыптау,  соған  байланысты  топтау
жүргізу ауырлайды. Әрбір секцияның сауу орнына және серуен  аланыңа  шығатын
есігі болуға тиіс.
      Ірі  қара  малдарын  арнайы  бокстарда  ұстау  тұрғызып  байлап  ұстау
тәсілімен салыстырғанда артықшылығы  бар  екендігі  дәлелденген.  Бірақ  бұл
тәсілмен ұстау кезінде ірі комплекстерде  малдарды  азықтандыруды  қалыптау,
оларға  тиісті  серуендеуіне   жағдай   туғызу   тағы   басқадай   малдардың
физиологиялық  ерекшеліктеріне   сәйкестендіріп   күтім   көрсету   толықтай
шешілмейді. Осындай жаңа технологияның бірі болып  конвейерлі  боксты  ұстау
болып саналады. Бокстар арнайы рельстердің бойына екі қатар  орналастырылып,
азық науаларының үстіне жүретін жылжымалы құрылым арқылы нормалы  азық  түрі
түсіріліп отырады. Бокста  ұстау  кезінде  малдарды  тұрғызып  байлап  ұстау
тәсілінің ұтымды жақтарын (жекелеме құрғақ, жайлы, жылы  орынмен  қамтамасыз
ету, қалыпты микроклиматпен жекелеме азықтандыру т.б.) және малды бос  еркін
ұстаудың тиімді бөлігі (активті моцион, механизациялау т.б.)  біріктіріледі.

      Бірақ ірі қара малдарын күтіп-бағу кезінде  бос  еркін  және  тұрғызып
байлап ұстау тәсілдерінің тиімді тиімсіз кемшіліктерін  ескерумен  қатар  әр
шаруашылықтың азықтандыру жолын, жер орайын, ауа  райын,  жайлым  және  азық
көздерін, шаруашылықтың  ветеринариялық-санитарлық  жағдайын,  зоотехникалық
есеп жұмыстарының жүру дәрежесі т.б. ескерілуі қажет.

2.  Ірі  қара   малдарына   арналған   қоралардың    негізгі   технологиялық
бөлшектерінің  көрсеткіштері


      Ірі қара малдарына арналған қоралар  мен  олардың  ішкі  технологиялық
процесстердің  жабдықталуы  тек   мал   басы   мен   олардың   физиологиялық
ерекшеліктеріне ғана байланысты емес, оларды ұстау  тәсілдеріне  де  қатысты
болады.  Сондықтан  мал  басына  тиісті  қораларды  жобалап   салу   кезінде
пайдаланатын технологиялық  процесстердің  негізіне  және  ұстау  жүйелеріне
сүйеніп малдардың денсаулығын сақтап, өнімін  төмендетпейтін  жағдай  туғызу
қажет.
      1. Ірі қара малын тұрғызып  байлап  ұстау  кезінде  салынатын  қоралар
үнемді  (экономды)  және   барлық   қаралатын   технологиялық   процесстерді
жүргізуге қойылатын талаптарға сай  болуын  қадағалайды.  Мұндай  қоралардың
құрлыстық шешімдері және инженерлік жабдықтары ондағы микроклиматты  қалыпты
жағдайда ұстап тұруға мүмкіндік туғызатын  болуға  тиіс.  Малдарды  тұрғызып
байлап  ұстайтын  қоралардың  ішіне  тұрақтарды  орналастыру  қатар   санына
байланысты екі тұрақты біріктіріп бір азық, немесе көң  жолдарын  қалдырады.
Қораларды жылыланған және желдетілген шатырлы немесе  шатырсыз  бір  қабатты
қылып, жергілікті арзан құрылыс материалдарынан  тұрғызады.  Сиыр  қораларын
ішкі технологиялық жабдықтарды орналастыруға бөгет жасамайтындай,  яғни  ауа
алмастыру, көң шығару, азық  тарату  құрылымдарына  қолайлы,  керек  кезінде
жаңа технологиялық процесстерді кіргізуге жеңіл болу үшін ауыр  бағаналарсыз
салу керек.
      Сиырды байлап тұрғызып ұстауға  арналған  қоралардың  едендерін  тұтас
немесе   жартылай   төркөзді   қылып   жасайды.   Тұрақтардағы    едендердің
материалдарының жылу сіңіргіштік  коэффициенті  12  ккал/м²/сағ/град  жоғары
болмауы керек. Егер бұл көрсеткіштен артық болса, мал денесінен  артық  жылу
тарап, еденді жылтуға  шығындалады  да,  сиыр  организмінің  суыққа  ұрынып,
төзімділігі  азайып,  өнімінің  төмендеп,  азық  шығымының  артуына   апарып
соғады. Мысалы, ағаш едені мен бетон  еденінің  жылу  өткізгіштігің  әртүрлі
болуының салдарынан 100 ккал/сағ жылу артық жұмсалады, яғни ол  2  л  сүттің
коллориясына пара-пар болады. Сондықтан айтылған  болар,  ірі  қара  малдары
астынан жүдейді деген сөз. Оларды байлап  тұрғызып  ұстаған  кезде  көбінесе
тақтай едендерді  пайдаланады.  Өйткені  тақтайдан  жасалған  едендер  жылы,
құрылымы қыйын  емес,  таза,  бетон  сыяқты  тұяқты  жемейді.  Бірақ  сыртқы
әсерлерге шыдамсыз, әсіресе дезинфекциялық химиялық заттарға  төзімсіз,  тез
тозып,  шірігіш  келеді.  Өте  ылғалды  болса  тайғанақ   болып,   малдардың
мертігуіне де себепші болады. Ағаш материалдардан еден жасау үшін алдын  ала
10 % креозот майының ертіндісімен өңдеп және  екі  қайтара  ыстық  қара  май
(смола) ертіндісімен жабады. Тақтайдың үстінгі  бетін  үстіріктеп,  тегістеп
және пайдаланудан 10 күн ерте үстіне сөндірілген  хлорлы  әкі  сеуіп  қояды.
Мұндай еден төзімді болып ұзаққа шыдайды, хлорлы әкі мен  кеуекті  тесіктері
бітеледі де, бойына сұйық аз сіңіріп, шірімей тазалауға қолайлы болады.
      Бетонды едендер – берік, төзімді болғанымен қатты, жатуға жайсыз, суық
болады да, оларды  азық-көң  жолдарына,  кейбір  азық  дайындау,  сүт  өңдеу
бөлмелеріне, зертханаларда  т.б.  жерлерге  төселеді.  Егер  малдар  жататын
орындарында бетонды едендер  болса,  оның  үстіне  торкөзді  ағаш  еденшелер
немесе қалың төсеніштер салып  қояды.  Кейінгі  кездерде  бетонды  едендерді
жылылау үшін асфальтты немесе резиналы жапқыш төсеніштер қолданады.
      Асфальтты едендер -  серіппелі-жұмсақ, тайғанақ емес,  су  өткізбейді,
жылу өткізгіштігі шамалы, тазалау, дезинфекциялауға жеңіл және оңай  өңдеуге
жатымды.   Мұндай   едендер   сиыр   қораларда,   ұрықтандыру    пунктерінде
ветеринариялық объектілерде қолданылып, тасты, қайыршақты едендердің  үстіне
төсеп өңдеуге пайдаланады. Асфальтты едендердің  кемшлігі  сыртқы  әсерлерге
әсіресе мал нәжістеріне өте төзімсіз келеді де,  мал  тұрақтарында,  жүретін
жолдарында, әсіресе дұрыс қоспасы жасалмаған кездерде ішке түсіп,  шұңқырлар
шығып, оларға су тұрып еден тез істен шығуы кездеседі.
      Кейінгі кездерде сиыр қоралардың тұрақты орындарын жылылау  мақсатында
көмір  қалдықтары  (шлак)  мен  битумдардың  (қарамай)   қоспаларынан   және
асфальтты плиткалар мен ішкі қуыс  кірпіштерді  пайдалану  ұсынылады.  Бірақ
олардың да көптеген кемшіліктері, әсіресе  жылулық  қасиеттерінен,  кездесіп
кең таралмаған.
      Көптеген еден  түрлеріне  қарағанда  керамзит  (қыш)  бетонды  едендер
зоогигиеналық талаптарға сай келеді. Ол сыртқы ауа әсеріне шыдамды,  жоғарғы
температураға төзімді, механикалық  әсерлерге  берік,  салмағы  жеңіл,  жылу
тарату коэффициенті  төмен  және  өндеуге  қолайлы  болады.  Сиыр  қораларда
керамзит  –  бетонды  едендер  болғанда  сүт   өнімінің   сапасы   жоғарлап,
санитарлық тазалығы артады. Олар  малдардың  денсаулығы  мен  өніміне  теріс
әсерін тигізбейді, яғни керамзит бетонды  едендер  өзінің  физикалық-жылулық
қасиеттері бойынша санитарлық-гигиеналық талаптарға  сай  келеді  деп  санап
көптеген шаруашылықтарда, үстінгі беті цементті-құмды ертінді мен  қапталған
түрінде кең пайдалануға ұсынылады.
      Керамзит-бетонды  едендермен  қоса  кейінгі  кезде  жасанды,   кеуекті
материалдар-аглопорит материалдарынан жасалған едендер қолданылады.
      Аглопорит – сазды және көмірді өңдіру  кездерінде  қалған  қалдықтарды
күйдіру арқылы алынатын жасанды,  іші  қуыс  жеңіл  материалдар.  Ол  өзінің
жылулық, беріктік және санитарлық-гигиеналық  қасиеттері  бойынша  керамзит-
бетонды едендерден кем түспейді.
      Сол сияқты формальдегид смоласын  КС-11,  латекс  СКС-65-ГП,  полиамид
смоласын пайдаланып полимерлі цементті қоспамен үстін жауып,  жеңіл  бетонды
едендер жасалып жүр.
      Белорусияның ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу  институты  кордорезиналы-
битумды үстінің жаппасы бар  жеңіл бетонды едендер жасауды  ұсынған.  Мұндай
едендер  жылы,  құрғақ,  қатты  жайсыз  емес,  берік,  көпке  шыдамды,   мал
нәжістерінің әсерлеріне төзімді, жууға және дезинфекциялауға  қолайлы  болып
келеді де, оларды төсенішсіз пайдалануға болады.
      Қазіргі кезде, әсіресе ірі қара малдарын  бокстарда  ұстағанда,  көңді
оңай тазалап-шығару мақсатында, тұрақ орындарда төркөзді  едендер  орнатады.
Бірақ  тәжірибеде  дәлелденгендей  өте  ұзын   тұрақтардағы   (110-140   см)
қолданылған сырықтар (рейкалар) ұзындығы 60-70 см-ден асса, мал  жатып,  дем
алған кездерде  иіліп,  арасынан  суық  соғып,  сиырлардың  желіндері  түсіп
қыстырылып, тұяқтарын  айырып,  жарақаттар  салып,  желін  сау,  ауруларының
шығуына апарып  соғатындығы  дәлелденген.  Мұндай  кемшіліктерді  болдырмай,
алдын алу жолында төркөз еденнің  аз  бөлігін  (18-20  см)  тұтас  тақтайдан
жасау  қажет  және  төркөздің  (решетка)  ұзындығы  40  см,   сырық   аралық
саңылаудың ені 3,5-4,5 см, ал сырықтың жалпақтығы 8-12 см  жасалады.  Мұндай
едендерге қолайлы материалдар ағаш және көбікті бетондар болып саналады.
      Едендердің құрылымы сиыр  қораларынан  көңді  тазалап-шығару  тәсіліне
байланысты болады. Ірі қара малдарын тұрғызып ұстау кезінде  қорадағы  көңді
транспортерлердің (қырғыш, сырғыш) көмегімен тазалап шығарады.
      Азық тарататын, көң тазалайтын жолдардың ені қолданатын  құрылымдардың
размерлеріне байланысты болатындығы көрсетілген.
      Сиыр қораларының оң түстігінен малдар  серуендейтін  алаңдар  қаралады
да, оның едені қатты  материалдармен  (бетон)  жабылады.  Егер  ондай  қатаң
едендер қаралмаса  қораға малдардың  кірер  жерлері,  азық,  су  науалырының
бойымен 2-3 м ендікте жасалып, сұйықтардың ағуына қолайлы қылып  6  градусқа
дейін еністікте жасалады. Серуен аланының  едені  қатаң  жапқышпен  жасалған
болса, әр бас сиырға 8 шаршы метрден, ал ондай  жоқ  болса  15  м²  қаралып,
үштен бір бөлігіне көлеңке жаппа жасалады.
      2. Ірі қара малдарын байлаусыз бос қолда тұрғызып ұстағанда қолданатын
тәсіліне байланысты (қалың жиналмайтын төсеніште  немесе бокста) жер  орайы,
ауа райы,  температуралық  жағдайы  және  өндіріс  бағыты  (еттік,  өнімдік,
сүттік т.б.) ескеріліп төрт типті қора жобаланып салынады:
      1) Жан-жағы ашық, тек төбесі жабық-күрке тәріздес қора;
           2)  Төбе  және  үш  жағынан  қабырғалар  қаралған-жартылай   ашық
қоралар;
          3) Малдардың еркін серуен  алаңына  кіріп-шығуына  арналған  қақпа
кәсектері ғана қаралған-жылыланбаған қоралар;
          4) Малдардың мезгілді шығуына арналған – жылыланған қоралар.
      Бірінші  типпен  салынған  күрке  қоралар   Өзбекстан,   Түркіменстан,
Қырғызстан және біздің еліміздің оңтүстік  аймақтарында  салынады,  жартылай
ашық және жылыланбаған типті қоралар Ресейдің  оңтүстік  аймақтары,  Молдава
және Украина жерлерінде қаралады,  ал  сыртқы  ауа  температурасы  минус  15
градус,  оданда  төмен  аймақтарда  жылыланған   қораларды   жобалап   салып
пайдаланады.
        Ондай  қораларда  сиырларды  қалың  төсеніштерде  ұстайды  да   жылу
сиымдылығы малдарды байлап тұрғызып  ұстауға  арналған  қорадағыдай  болады.
Қораның сиымдылығы үлкен болса, әр 25-50 басқа шақтап, дем алатын орнын  4-5
м² есептеп, бірнеше бөліктерге бөледі. Малдарды азықтандыру,  суару,  арнайы
жасалған   серуен   алаңдарында   жүргізіледі.   Мұндай   сиыр   қораларында
микроклимат қалыптанбайды, бірақ ауа температурасы плюс бес градустан  төмен
болмағаны  қаралады.   Қалың   төсеніштердің   арасындағы   микробиологиялық
процесстердің нәтижесінде,  оның  қалың  қабатындағы  температура  15-20  ºС
дейін көтеріледі. Төсенішті тәулігіне бір рет 3-5 кг әр басқа есептеп  салып
отырады да, жыл бойында 1-2 рет механикалық әдіспен шығарып отырады.
      Ірі қара малдарын  бос  байлаусыз  арнайы  бокстарда  ұстағанда  ондай
қоралардың көрсеткіштері малдарды байлап тұрғызып ұстауға арналғандай  болып
және ондағы технологиялық процесстердің түрлеріне байланысты болады.
      Мұнымен қоса ірі қара  малдарын  бос  байлаусыз  ұстаған  кезде  әрбір
топтағы мал  басының  санына  байланысты  олардың  өнімі  өзгерісте  болады.
Себебі малдың әр топтағы басы (60  одан  артық)  көп  болса  оларды  бақылау
қыйындап, ауру, күйтке келген сиырларды дер кезінде анықтау  қыйынға  түсіп,
әлсіз малдар шектеліп азық жеп, су ішуден қағылып, жүдеп-арып  кетуіне  әсер
етеді.
      Ірі қара малдарын әртүрлі тәсілдермен қораларда  тұрғызып-байлап  және
бос еркін ұстаған кезде әр басқа келетін еден аудандары мен қораның  негізгі
технологилық бөлшектерінің қалыпты размерлері 1-ші кестеде өрсетілген.
      Малдарды  байлаусыз,   ірі    топтармен   ұстаған   кездерде,   оларды
азықтандыру,  суару  серуендеу  мезгілдерінде  жиі  таластар  туып,   әлдісі
әлсізін шектеп, азық-судан қағып, сүзіп  жарақаттар  түсіріп,  малда  стресс
(күйзеліс) туғызып, жүдеуіне өнімінің төмендеуіне апарып  соғады.  Сондықтан
оларға арналған азықтандыру науалары мен суару құбырларының  ені  әр  малдың
жасына,  өніміне  негізделіп  белгіленуі  қажет.   Сол   сыйяқты   малдардың
серуендейтін алаңдарының мөлшері де нормативке сәйкес болуы керек.
      Ірі қара малдарын ұстау тәсілдерімен жас  айырмашылықтарын  негізделіп
азық науаларының ені мен  суғарғыштардың  размері  және  серуен  алаңдарының
нормативтері берілген.
      Малдарды цехті-потокті (түйдекті) жүйемен ұстау кезінде  сиырлар  тобы
әр   цехта   (бөлмеде)    технологиялық    есептеу    уақытына    байланысты
орналастырылады.
      Ірі қара малдарын, олардың жасына, туу мерзіміне қарай  жіктеп,  топқа
бөліп  бір  цехтан  екінші   цехқа   ауыстыру   мал   мамандары-зоотехникпен
малдәрігерлердің    жасаған    технологиялық     циклограммына     (есебіне)
байланыстырып жүргізіледі.


           3. Ірі қара малдарына арналған қоралардың микроклиматы


      Мал  қораларының  микроклиматы  ондағы   қоршаған   ортаның   ауасының
физикалық,  химиялық  және  биологиялық  көрсеткіштері   мен   (температура,
ылғалдық, ауа қозғалысы, жарық сәулесі, газдық құрамы, микроорганизмдер  мен
шаң-тозаңдар мөлшері т.б.) сипатталады.
      Ірі қара малдарына арналған қалыпты микроклимат  олардың  жасы,  өнімі
және ұстау тәсілдеріне тікелей байланысты болады. Сондықтан әрбір  малдардың
түрі, жынысы, жасы және физиологиялық ерекшеліктеріне (буаз, қысыр,  тұқымды
т.б.) сай келтіріп микроклимат мөлшері белгіленеді   (кесте  5).  Ондай  мал
организміне сай микроклиматты қорада  әртүрлі  жолдармен  қалыпқа  келтіреді
(желдету, жарықттандыру, жылыту, тазалау т.б.)
      Микроклимат көрсеткіштерінің ішіндегі ең басты анықтағыш фактор  болып
ауаның төменгі және жоғарғы температурасы саналады. Ауа  температурасы  (1-6
градусқа дейін) төмендесе жас  малдардың,  әсіресе  бұзаулардың  өсуі  15-20
пайызға, сиырдың сүт өнімі – 15-30  %  кеміп,  ал  азықтың  шығыны  –  15-50
пайыға артады.
      Мал  қораларының  микроклиматының  қалыпты  шамада  болуы  пайдаланған
құрылыс материалдарының қасиеттеріне байланысты.  Қора  бөлшектері  шыдамды,
берік болуымен қатар, жылу ұстағыш, бойына  су  сіңірмейтін,  ауа  өткізгіш,
жеңіл, жоғарғы температураға төзімді материалдардан жасалуы  қажет.  Себебі,
әсіресе  қыс  айларының  суық  мезгілдерінде  қораның  ішкі  жылуының  30-45
пайызына таяуы  оның  бөлшек  беттері  арқылы  тарап  кетеді  де,  ішкі  ауа
температурасының төмендеуіне  апарып  соғады.  Неғұрлым  қора  бөлшектерінің
беті суық болса, солғұрлым мал денесінен булану және өткізгіштік  жолдарымен
жылу  тарауы  жоғарғы  болады.  Көбінесе  қыс  мезгілдерінде  булану  арқылы
жылудың денеден тарауы қораның ұзын қабырғаларына,  есік-қақпа,  терезелерге
таяу  орналастырылған   малдарда   болады.   Мысалы,   қораның   ортасындағы
клеткаларға орналастырылған бұзаулардың денелерінен жылудың тарауы,  қораның
басы, ұзын қабырға, қақпа-терезелерге таяу қойылған клеткалардағы  төлдермен
салыстырғанда 10-25 пайызға кем болатындығы дәлелденген.
      Гипотермия    малдардың,   әсіресе    жас    төлдердің    төзімділігін
(резистенттілігі) төмендетеді. Ол  кезде  организм  де  қарсыдене  (антител)
түзілуі төмендеп,  лейкоциттер  мөлшері  азайып  және  олардың  фагоцитарлық
қарқыны  (активность)  кеміп,  жұқпалы  және  жұқпайтын  әртүрлі  аурулардың
шығуына  апарып  соғады.  Ортаның  жоғарғы  температурасы   да   организмнің
резистентілігін төмендетіп, әлсіретіп,  өнімі  азайып  гипертермия  ауруының
(дене  температурасының  жоғарлауы)   тууына   әсер   етеді.   Мысалы,   ауа
температурасы  27-32  градусқа  көтерілсе,  сиырдың  сүті  10-30  %,  ал  38
градуста – 50-60 пайызға төмендеген. Бұл кезде малдың  тәбеті  төмендеп,  су
ішуі артып, дем алуы мен қан тамырының соғуы жиілейді.
      Қора ауасының жоғарғы ылғалдылығы да, температураның көрсету  шамасына
байланысты  организмдегі  жылу  алмасу  процесстеріне   айтарлықтай   әсерін
тигізеді, яғни орта температурасы  төмен  болса,  жоғарғы  ылғалдық  денеден
жылудың тарауын арттырып, организмді  суыққа  ұрындырса,  ауа  температурасы
жоғары   болғанда,  денедегі  жылудың  тарауын  тежеп,  ыстық  соғу  ауруына
ұшырайды. Сиыр қораның ауасының ылғалдылығы  жоғары  болғанда  (салыстырмалы
ылғалдық 85 % тен 95 %-ға жоғарлағанда) мал сүтін 9-12  %  төмендетеді.  Ірі
қара малдарын бордақылау орындарының  ауасының ылғалдылығы  жоғары  болғанда
азықтың шығыны 20-35 % артып, тәуліктік салмағының  өсуі  12-28  %  төмендеп
және жас төлдердің өлім-жітімге шалдығуы  2-3  есе  артатындығы  анықталған.
Қораның ылғалды ауасында зиянды газдардың  (аммиак,  күкіртті  сутегі  т.б.)
мөлшері  көбейеді.  Ондай  жағдайда  малдардың  өкпе  ауруына   (туберкулез)
шалдығуы  жиілейді.  Бордақыда  тұрған  малдардың  қора  ауасындағы   аммиак
газының қалыптан жоғары болуы салмағының 25-28 % төмендеуіне апарып  соғады.

      Жоғарғы ылғалдық пен ауадағы зиянды газдардың және микроорганизмдердің
мөлшерінің артуы  жас  төлдердің  төзімділігін  айтулы  төмендетіп,  олардың
арасында жаппай аурулардың шығуына әсер етеді де, онымен  күресуге  қыйындық
туғызады.  Мұндай  жағдайда  ол  аурудың  алдын  алу   тек   қора   ауасының
тазалығында  ғана  болады.  Мысалы,  бұзауларды  ауасы   ластанған   қорадан
жекелеме клеткаға тұрғызып күту бұл аурулардың тоқталуына  әсер  етеді.  Ірі
қара малдарына арналған қоралардың  жарықтану  шамасыныңда  мал  организміне
айтулы әсері болады. Мысалы, қораның жарықтану мөлшерін 5-10 люкстен  70-100
люксе жоғарлауы бұзаулардың  ауруын  9-12  %  төмендетіп,  дене  салмағының,
тәуліктік өсуін 6-10 %, сиырдың сүт өнімінің 5-15 % көбеюіне апарып  соғады.

      Сыйыр қораларының жарықтану  мерзімін  тәулігіне  6-7  сағаттан  14-18
сағатқа  дейін  ұзартса  (жасанды  түрде)  малдың  сүті  6-15  %   жоғарлап,
ұрықтануы 15 % артып, сервис мезгілі 10 тәулікке қысқарады (кесте 6).
      Мал қораларының жарықтануын қалыпқа  келтіру  арқылы  буаз  сиырлардың
қанының биохимиялық және  иммунологиялық  көрсеткіштерінің  жоғарлап,  туған
төлдердің денсаулығының артуына әсерін тигізетіндігі дәлелденген.  Сондықтан
ірі қара малдарын ұстау жүйелері, өнімділігі, физиологиялық  ерекшеліктеріне
негізделіп қалыпты  (нормативті)  микроклимат  көрсеткіштері  (параметрлері)
белгіленген  (кесте).  Ірі  қара  малдарын  қалыптанған   микроклиматы   бар
қораларда ұстаған кездерде сиыр сүті 10-20 %, жоғарлап, азық шығыны 12-35  %
кеміп, және малдардың ауруға шалдығуы  2-3  есе  азаяды.  Мұнымен  қоса  сүт
өнімінің жағымсыз иістері жоғалып,  қышқылдығы  азайып,  микроорганизмдермен
ластануы төмендеп, сапасы артады.
      Мал қораларындағы микроклиматты қалыптау үшін бірнеше, ветеринариялық-
зоогигиеналық шаралардың жинағын  жасау  қажет.  Олар  қоралардың  жоспарлап
салу шешімдері мен оған керек құрылыс  бөлшектерін  таңдау,  тиісті  құрылыс
материалдарының, әр аймақтардың жер орайы  мен  ауа  райларына  сәйкестіріп,
қасиеттерін ескеріп, малдарды ұстаудың жаңа  технологиясын  еңгізу,  қораның
ауасын алмастыру, көңнен тазалау т.б. шаралар жатқызылады.

      4. Суалтылған сиырлар мен құнажындардың гигиенасы


      Сауын сиырларды суалту мерзімі шамалы қысқа (45-60 тәулік)  болғанымен
мал организмінің шындалып аналықтың өнімінің  артуына  және  болашақ  төлдің
ширақ аман тууына өте зор маңызы болады. Анасының жатырындағы төлдің өсуі 6-
7 айлығына дейін өте жай жүреді де, ол туған кездегі тірі  салмағының  15-20
пайызындай ғана  болады.  Буаздықтың  соңғы  екі  айында   жатырдағы  төлдің
тәуліктік өсу жылдамдығы 600-900 гр  болады.  Сондықтан  осы  мерзімде  буаз
сиырдың жатырындағы төлдің ағзалары мен  мүшелерінің  қалыпты  өсіп  дамуына
қажет белоктар мен минералды заттарға сұранысы жоғарлайды. Соған  байланысты
сиырдың тууына 45-60 тәулік қалғанда малды саууды  тоқтатады.  Неғұрлым  бұл
мерзім  аз  болса,  солғұрлым  болашақ  төлдің  өсіп  дамуына  теріс  әсерін
тигізіп, әлсіз, салмағы кем бұзау алынады.
      Сиырды суалту процессі, алдын ала рационнан концентратты (құрама) және
сулы  азықтарды  шығарып  тастап,  4-6  тәуліктің  ішінде  жүргізіледі.  Бұл
мезгілдерде тәулігіне  1-2  рет  желінің  әр  бөлігінен  сүтін  сауып,  оның
саулығын  тексереді.  Өйткені  суалтылған   сиырлардың   желінсау   (мастит)
ауруларына шалдығуы осы мерзімнің алғашқы екі  аптасында,  желін  бездерінің
микроорганизмдерге  қарсы  тұру  қабілетінің  төмендеуіне  байланысты,   жиі
кездеседі. Желін сау ауруының шығуына бұл кезде малды  дұрыс  суалтпай,  көп
мөлшерде сулы азықтар беріп (сүрлем, қант қызылшасы т.б.),  мал  қораларының
санитарлық  тазалықтары  сақталмау  т.б.  әсер  етеді.  Егер  сиыр  арасында
желінсау аурулары кездессе,  ондай  малдарды  жекелеп  күтімге  алып,  емдеу
қажет.
      Желінің  ауру  бөлігінің  секретін   арнайы   бақылау   табақшаларының
шұнқырына   сауып   алып,   оның   көлемі,   түсі,   мөлдірлігі,    тұнбасы,
консистенциясы, біркелкілігі т.б. анықталады. Желінің сау  бөлігінен  сынама
сауыннан 3-5 мл көлемінде секрет алынады. Оның консистенциясы, мөлдір  сұйық
түстен қою, түсі сұр сарғышқа дейін  жұққыш  болып  келеді.  Егер  бөлінетін
секреті сұйық, көп мөлшерлі жұққыш  емес, клегейлі  және  ірің  түйіршіктері
болса, ол желінсау ауруының белгісі болып саналады.
      Суалтылған буаз сиырларды тууына 2 ай, құнажындарды 3 ай қалғанда  мал
қораларының жеке бөлігіне  тұрғызады.  Ол  малдарға  жекелеме  күтім  жасап,
физиологиялық   ерекшеліктеріне   байланысты    азықтандырып,    санитарлық-
гигиеналық талаптарға сай жағдайлар жасауға мүмкіндік туғызады.
      Көбінесе алғашқы бұзаулаған құнажындардан алынған төлдер жиі және ауыр
ауруға шалдыққыш келеді. Мұндай алғашқы бұзаулаған құнажындардың  уыздарында
ортаның микроорганизмдеріне қарсы тұратын иммундық глобулиндер жоқ болады.
      Алғашқы  бұзаулайтын  құнажындарды  дер  кезінде,  тууына  90   тәулік
қалғанда  негізгі  табынға  қосса,  олардың   уызында   иммуноглобулиндердің
мөлшері жоғарлап, төлдің организміне түсіп, олардың төзімділігін  арттырады.
Буаздықтың барысында сиыр организміндегі зат  алмасу  процесстері  жоғарлап,
аналықтың ең басты органдарына ауыр  салмақ  түсіреді.  Сондықтан  буазықтың
жүруіне байланысты аналықтың жатырындағы төлдің өсіп-дамуына ғана әсер  етіп
қоймай төлдің тууына, қайта аналық органдарының қалыптасуына, жалпы  болашақ
өнімділігіне де көп әсер тигізеді.
      Малды суалту кезеңінде  желін  бездерінің  қайта  өзгерістері  болады.
Онымен қоса, буаз малдарының организміне  оның  тууына,  жыныс  органдарының
қалыптасуына және алдағы өнімінің жоғарлауына, яғни уыз құрамының  түзілуіне
қажетті көректі заттардың қорлары болуға тиіс.
      Сондықтан буаз  сиырлардың  суалтқан  кезеңдерінде  организмде  белок,
қант, витамин және минералды заттардың жеткілікті болуы  ең  маңызды  мәселе
болып саналады.  Буаздықтың  соңы  кезеңінде,  аналық  организмінде  қанттың
бауырда, шуда (плацент) және  төл  денесінде  жиналуының  нәтижесінде,  оған
сұранысы артады. Қанттың азық пен жеткіліксіз  организмге  түсуі  аралық  ас
алмасу процесстерінің бұзылуына апарып соғып,  қанда  толық  ыдырамаған  улы
заттардың қалдығы ацетон, ацетонды сірке және  бета-окси  май  қышқылдарының
пайда болуына әсер  етіп-кетоз  ауруының  шығуына  себепші  болады.  Кетонды
денелер  шу  қабатынан  еркін  өтіп,  қанға  түседі  де,  төлдің  бауырында,
бүйректерінде тағы басқа ішкі мүшелерінде морфологиялық  және  функционалдық
өзгерістер  туғызып  уландырады.  Мұндай  сыйырдан  туған  бұзаудың   сыртқы
әртүрлі  факторлардан  табиғи  қорғанысы   төмендеп,   көбінесе   іш   ауруы
(диспепсияға) –  тышқаққа  шалдығады.  Буаздықтың  соңғы  кезеңдерінде  сиыр
малының организмінде  белоктар  мен  аминқышқылдарына  сұранысы  жоғарлайды.
Өйткені, белок  туатын  төлдің  дене  мүшелерінің  түзілуіне  қажет  құрылыс
материалы болып саналады. Белоктың  бұл  мезгілде,  көптеген  мөлшері  шуға,
жатырға және желін  безінің  құрамына  түседі.  Буаздықтың  соңғы  айларында
аналық организмінің  минералдық  заттарға  сұранысы  жоғарлайды.  Буаздықтың
соңғы кездерінде дененің бұлшық еттерінде кальцидің  қоры  түзіледі.  Малдың
төлдеуі кезіңде жатыр органдарының  қозғалыс  механизмінде  кальции  иондары
маңызды  роль  атқарады.  Сондықтан  кальцидің  денеде  жетіспеушілігі   туу
функциясының нашарлап, шудың мезгілінде бөлінуіне  теріс  әсер  етіп,  туған
малдың жыныс органдарының уақытында қалпына келуіне кедергі жасайды.
      Организмдегі микроэлементтердің (марганец, иод, мыс,  цинк,  молибден,
фтор т.б.)  жетіспеушілігі  де  көптеген  аурулардың  пайда  болуына  апарып
соғады. Мысалы, марганецтің жетіспеушілігі іш  тастауды  жиілетіп,  бұзаудың
аяқтарының  дәнекер,  қыйсық  болуына  әсер  етеді.  Кобольт  пен  селенаның
тапшылығы  іш тастатып, сиырдың қысыр қалуына апарып соқса,  иод  жетіспеген
кезде сиырдың жыныс органдарының бұзаулағаннан кейін қалыпқа  келуін  ұзаққа
созады.
      А, В, С, Д, Е витаминдері буаздықтың қалыпты жүріп,  жатырдағы  төлдің
өсіп-дамуын қамтамасыз  етеді.  Суалтылған  кезеңдерде  буаз  сиырлардың  А-
витаминдарына сұраныстары артады,  өйткені,  көбінесе  малдың  туына  қысқы,
жазғытұрғы – бауырдағы олардың қоры таусылған мезгілге келеді.  Онымен  қоса
организмді витамин – А мен қамтамасыз ете алмаудың себебі – қыс  айларындағы
жүгері сүрлемінің құрамындағы фермент каратиназаның аз  болып,  нитраттардың
көп болуынан  каратиннің  витамин  А-ға  ауыса  алмайтындығынан  болады  да,
сиырдың уызы мен сүтінің құрамында да А-витамині жеткіліксіз болады.
      Суалтылған сиырлардың рационының негізгі құрамы шөптен тұрады.  Шөптің
ең аз нормасы әр 100 кг дене салмағына шаққанда 1 кг-нан кем болмауы  керек.
Сүрлемнің  ең  сапалы  түрін  тәулігіне  әр  центнер  салмағына  2,5-3,0  кг
беріледі. Құрамы жақсы қалыптанған рациондағы аналықпен  төлдің  организміне
зиянды әсер тигізбейді.  Егер  сүрлемнің  сапасы  төмен  болса,  оны  рацион
құрамынан алып тастайды. Сиырдың тууына  екі,  бұзаулағаннан  соң  екі  апта
бойына рационнан сүрлемді шығарып тастап, оның орнына сапалы шөп  кіргізеді.
Буаз сиырлар үшін өте бағалы  азық  қатарына  тамыр-түйнектер  жатады.  Олар
организмнің сілтілік қорының сақталуын қамтамасыз  етіп,  каратинді  қортуды
арттырып,  ацетонды  қалдықтардың  түзілуін  тежейді.  Ондай  тамыр   түйнек
азықтарды  малдың  рационында   сүрлемнің   бөлігі   көп   болған   жағдайда
пайдаланған  жөн.  Буаз  сиырларды   құнарсыз   азықтармен   азықтандырғанда
жатырдағы төлдің  мезгілінен  ерте  дамып,  уақытына  жетпей  тууына  апарып
соғады. Бұл процесс плаценттің  өсуімен  жалғаспай,  бұзаулағаннан  соң  шуы
бөгеліп түспей, жыныс ауруын (эндометрит) тудырады. Аналық  сиырларды  толық
азықтандырмау туған төлдің иммунитінің төмендеуіне әсер етеді.
      Туатын  төлдің  жатырда   жатқан  кездегі  барлық  кемшіліктері   оның
туғаннан кейінгі ауруларының себебі болып есептеледі. Мұндай кездерде әлсіз-
жетілмеген төлдер (гипотрофик) туып, олардың дене  мүшелері  толықтай  өсіп-
дамымай, физиологиялық процесстері қалыпты жүрмейді.
      Суалту  кезіңде  желінсаумен  ауырған  сиырлардың   уызы   биологиялық
көрсеткіштері бойынша құнарсыз болады. Ондай уыз  көбінесе  улы  заттар  мен
жұқпалы  аурулардың  қоздырғыштарының  көзі  болып,  жас  төлдердің   ауруға
жалдығуына апарып соғады.
      Көптеген улы заттар  азық  пен  су  мен  буаз  сиырлардың  организміне
түскенде, олардың желніне одан соң сүт пен уызға қосылады.  Мұндай  жағдайда
жаңа туған бұзаулар жақсы өсіп-дамыған болуы мүмкін, бірақ бірінші  енесінің
сүтін қабылдағаннан соң  оларда  уызбен  улану  (молозивый  токсикоз)  пайда
болады. Ондай улануға бұзаулардың  желінсау  мен  ауырған  сиырлардың  сүтін
қабылдағанда ұшрайтындығы дәлелденген  (ондай  сиырдың  сүтінде  бактериалды
токсиндер көп болады). Мұндай сиырлардың арасында улану, аул  шаруашылығында
химиялық тыңайтқыштардың, арам  шөптерге  қарсы  қолданатын  гербициттердің,
жәндіктерді үркітетін инсектицидтер және  сыртқы  ортаны  ластайтын  өндіріс
қалдықтарының қоспаларынан болады.
       Туғандағы  салмағы  30  кг  оданда  жоғары  дені  сау  бұзаулар  және
сиырлардың сүтінің  жоғарғы болуы бұзаулаудың алдындағы екі айдың ішінде 50-
60 кг, яғни тәулігіне 0,8-1,0 кг салмақ қосқанда кездеседі.  Буаз  сиырларды
құнарсыз  азықтармен  көректендіргенде  олардан  физиологиялық   жетілмеген,
әлсіз, төменгі салмақты әртүрлі ауруларға шалдыққыш және  көбінесе  туғаннан
кейін алғашқы күндердің ішінде-ақ өлім жітімге ұшырайтын  бұзаулар  алынады.
Буаз  сиырларды  құнарлы  азықтармен  қамтамасыз  етумен  қатар,  олар  үшін
серуендетудің тұрғызып қолда ұстаған кезде (3-4  сағат  тәулігіне)  өте  зор
маңызы болады. Қозғалыс шектелген  кезде,  немесе  жоқ  болса  (гиподинамия)
малдардың газалмасу процесстері нашарлап, ферменттік қарқыны төмендеп  жыныс
органдарының өсуі әлсіреп, гипотонияға ұшырайды. Буаз  сиырларда  серуендету
жоқ болса, қалыпты тірі салмағы  бар,  тіпті  үлкен  бұзаулар  тууы  мүмкін.
Бірақ шала дамып,  жетілмеген  болады.  Мезгілді  серуендету  сиырдың  жеңіл
бұзаулауына әсер етіп, желінінің  іспеуіне  және  туғанан  соңғы  аурулардың
болмауына көмектеседі. Тек дені сау аналықтан ғана  сау  төл  алуға  болады.
Аналық сиырлардың қандай ауруы болмасын, тіпті ерте уақытта болса  да,  оның
туған төлінің қалыпты өсіп-дамуына жағымсыз әсерін тигізеді.

Дәріс 2. Қойларды күтіп-бағу гигиенасы (2 сағ)
Қаралатын сұрақтар:
1. Қойларды ұстау жүйелері
2. Қой қораларының және технологиялық бөлшектерінің  размерлері (өлшемдері)
3. Қойларды азықтандыру және күтіп-бағудың гигиенасы
4. Қошқарлардың гигиенасы


      1.Қойларды ұстау жүйелері


      Қойларды төрт түрлі жүйелерде ұстайды: тұрғызып-жайып, жайып-тұрғызып,
жайып және жыл бойына тұрғызып қолда ұстайды.
      Тұрғызып-жайып ұстау. Мұндай жүйеде қойларды жылдың ұзақ уақытын қолда
тұрғызып, ал шамалы мезгілін жайып  күтіп-бағады.  Қолда  тұрғызып  көбінесе
қойларды қыс айларында азықтандырып, серуендететін алаңы қаралған  қораларда
ұстайды. Ашық алаңдардың (база) ішінде азық  науаларын  орнатып,  су  ішетін
астаулармен тұз салатын орындар белгіленеді. Ауа райының қолайлы  кездерінде
базаға шығарып азықтандырып, түнгі жатар кезде  қораға  қамайды.  Ал  күннің
жылынған мезгілдерінде  жайып-бағады.
      Жайып-тұрғызып ұстау  тәсілін  –  табиғи  жайылымдары  бар  аймақтарда
қолданады. Біздің еліміздің көптеген жерлерінде  мал  жаятын,  әсіресе  ұсақ
малдар жайылатын жайылымдар жеткілікті кездеседі де  оларды  қыс  кездерінде
қар  көп  баспайды.  Мұндай  аймақтарда  ауа  райының  қолайсыз   кездерінде
пайдалану үшін жеңіл, үш қабырғалы, төбесі жабылған қоралар  немесе  буылған
қамыс, талдардан жасалған, төбесі қазақ үйше тоқылған-катондар  тұрғызылады.
Үш  қабырғалы  қораларда  да,  сол  сияқты  катондарда  да   қалың,   құрғақ
төсеніштермен қамтамасыз етілуі керек.  Қысқы  айларда  нашар,  әлсіз,  ауру
малдарды  көректендіру  үшін  азық  қорын  дайындайды.  Қысқы  немесе   ерте
көктемгі мал төлдету кезінде саулықтарды қозылары  мен  алғашқы  айда  ұстау
үшін, табындағы малдың 30-35 % шамалап жылыланған қора соғылады.
      Жайып ұстау тәсілі – жайылым жерлерге бай аймақтарда  қолданып,  малды
жыл бойына жайып тек қыстың суығында, ерте көктемде қоздаған малдарға  қатаң
және құрама азықтар дайындайды. Мұндай жыл  бойы  қойларды  жаю  мен  күтіп-
бағуға оңтүстік жылы аймақтар қолайлы болады.
      Тұрғызып қолда ұстау тәсілі  –  егін  шаруашылығымен  шұғылданып,  мал
жаятын  жерлері  жоқ  аймақтарда  қолданылады.  Мұндай   жағдайда   қойларды
қораларда ұстап, ал оларға  азықты  жасанды,  екпелі  шөптерден  дайындайды.
Жайылымға малдары тек серуендеу үшін ғана бостады.  Жазда  оларды  қоршалған
алаңдарда азықтандырып, ал қыста қораларда көректендіреді. Қораларды  қыстың
жайсыз, суық мезгілдерінде және төл алатын  кездерде  пайдаланады.  Қойларды
жылы, ылғалды және тығыз қораларда ұстауға болмайды, өйткені ондай  жағдайда
малдар  әлсізденіп,  жүнінің  өсуі  бөгеліп,  тұяқ  аурулары  пайда   болып,
резистентілігі  төмендеп ауруға жиі шалдыққыш келеді.
      Бағыты бойынша қой шаруашылықтары екіге бөлінеді: бірінші –  тұқымдық,
яғни малдардың бұрынғы  тұқымын  жақсартумен  қоса  жас  тұқымды  тоқтыларды
өсіріп, жаңа тұқымды малдарды еңгізу, екінші - өнім алуға (жүн,  ет,  елтірі
т.б.) негізделген. Алынатын негізгі өнімдеріне  байланысты  қойларды  биязы,
жартылай биязы, қылшық жүнді ет-жүн-сүт бағытындағы, каракул  (елтірі)  және
тондық (сең-сең) терілер алуға арналғандар болып бөлінеді.


      2.  Қой  қораларының  және  технологиялық  бөлшектерінің    размерлері
(өлшемдері)


      Ірілендірілген  қой  шаруашылықтарында  бірнеше  қоралардың   түрлерін
жобалап – тұрғызады. Оларға қысқы және ерте көктемде  қоздайтын  аналықтарға
арналған жылыланған төл үйшігі бар  қоралар:  негізгі  қошарларды  (тұқымды)
ұстайтын, әртүрлі жастағы және жынысты қойларға  арналған  қоралар,  қаракул
шаруашылықтарында төл үйшік және мал сою пункті  қаралады.  Қой  қораларымен
біріктіріліп немесе жеке ұрықтандыру пункті, қой  қырқу  орындары  қаралады.
Қой фермаларының территориясында ветеринариялық және мал өлшенетін  орындар,
су,  жылу  көздерінің  ғимараттары,  азық  дайындайтын,  сақтайтын,   малдар
тұратын ашық алаңдар т.б. болады.
      Қой қоралар  табиғи  жасанды  жайылымдардың  маңайында  орналастырылуы
керек. Қой қоралардың сиымдылығы 1500 басқа  дейін  орналастыруға  арналады.
Кең тараған қой қоралардың сиымдылығы 600-800 басқа  болады.  Қой  қораларды
сол түстік және орталық аймақтарда көбінесе «Г»  типті,  ал  оңтүстікте  «П»
тәрізді тұрғызылады. Бұл қоралардың сыртқы  бұрышы  жел  өтін  азайтып  және
қора ішінің суып кетпеуін қамтамасыз ету үшін, желдің басым  соғатын  жағына
қаратып орналастырады. Ал ық жағынан биіктігі  1,5  м  дейін  қоршау  жасап,
малдардың  серуендеп  азықтанатын  алаңын  қалдырады.  Олардың  ішіне  қатаң
азықтарға және жемге арналған науалар қойылады. Қорадағы әр  басқа  арналған
орындардың размері әртүрлі болып, олардың жасына, жынысына, ұстау  тәсіліне,
өніміне және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады.
      Әр түрлі типті қораларында  қойларды  орналастыру  кезінде  бір  басқа
шаққандағы еденнің ауданы саулықтарға  көктемде  қоздағанда  –  1,0-1,2  м²,
қошқарларға жекелеме ұстағанда – 3-4 м², топта – 1,5-1,7 м².
      Жартылай ашық күрке базаларда жас тоқты-түсақтарға – 0,3 - 0,4 м², ірі
қойларға 0,5 м², тұрақты төл үйшіктер үшін – 2,0-2,5 м²,  ал  роман  тұқымды
саулықтарға – 3,0 м² кем қаралмайды. Төл үйшік үшін қой  қораның  ортасынан,
жылы жерден орын бөлінеді. Қой төлдеген кезде  қосымша  жылжымалы  бөлгіштер
мен (тор көзді щиттер) барлық  қоздайтын  саулықтың  30  %  есептеп  бірнеше
бөліктерге бөлінген төл үйшіктер  жасайды.  Саулық  саны  500  бастан  артық
болса, жеке төл үйшік қаралады. Сыртқы орта ауа температурасы -  30ºС  төмен
болса, төл үйшіктерді қосымша  жылылайды.  Еліміздің  кей  ауа  райы  жұмсақ
аймақтарында жеңіл типті, жергілікті арзан  материалдардан  катондар-шатырлы
немесе қазақ үй  тәріздес  қоралар  тұрғызады.  Катонның  екі  типі  болады:
читинді (шатырлы) және (қазақ үй тәріздес) орынборлы. Катондарды биіктігі  4
м ағаш тіреуіштерден (сырықтар) жасап, сыртын қалың қабатпен  солома  немесе
қамыспен жауып жылылайды. 650 бас ірі қойларға арналған катондардың  еденнің
диаметірі 16 м, үстіңгі тесігі – 2 м, болып әрбір ірі қойға –  0,4  м²,  жас
тоқтыларға – 0,25 м² қаралып, ені – 2,0-2,5 м қақпа қалдырады.
      Мұндай катондарға төбедегі  тесіктен  таза  ауа  алмасып,  ішінде  улы
газдар болмайды. Ауаның ең суық күндерінде де катон ішінің температурасы  2-
7ºС  болып,  мал  организміне  пайдалы  әсерін  тигізеді.  Қой  фермаларында
өндірістік  және  шаруашылық  объектілерге  мал  тұратын  қоралардан   басқа
изолятор  (ауру  малдарға)   және   жасанды   ұрықтандыру   пункті   жатады.
Ұрықтандыру пунктінің ауданы – 16 м²,  лабораториясы  –  7,6  м²,  қошқарлар
тұратын орын – 8 м² және екі бөлме – 16,6 м²-тан әрқайсысы  ұрықтанған  және
ұрықтануға дайындалған саулықтарға арналады.
      Қышыма, қотыр ауруларының алдын алып, сақтандыру үшін жайылымда немесе
жайлауда малдарды ұстаған кездерде, жеңілдетілген, жинамалы, брезент  немесе
басқа су өтпейтін материалдардан қой тоғыту ваннасы купка жасалады.
      Ірілендірген  қой  фермаларында  тоғыту  ванналарының  орнына   арнайы
жасалған жанбырлататын құрылымдар пайдаланады.


      3.Қойларды азықтандыру және күтіп-бағудың гигиенасы


      Қойларды биологиялық құнарлы азықтар мен қамтамасыз ету, олардың  аман
сақталуы мен өнімінің молаюының бірде-бір кепілі болып  саналады.   Рационда
неғұрлым күкірті бар аминқышқылдары (цистеин, цистин, метионин)  көп  болса,
солғұрлым қой жүні өседі.  Азықтағы  протейннің  мөлшері  емес,  сапасы  мал
өніміне  айтарлықтай  әсерін  тигізеді.   Басқа   малдармен   салыстырғанда,
қойлардың қатаң  азықтың  түрі,  құрамы  мен  сапасына  сезімталдығы  жоғары
болады. Мысалы,  қойларды  тарының  соломымен  көректендіру  олардың  жүннің
түсуіне соғады. Сол сияқты, қойлардың жүнінің сапасы оларды  қыша  (горчица)
шөптері   мен   және   ірі   сабақты,   қышқылдары   дәнді   шалғындар   мен
азықтандырғанда төмендейді.
      Биязы  және  жартылай  биязы  жүнді  қойларды   селеулі   шөптер   мен
көректендіруге  болмайды,  әсіресе  дәні  піскеннен  кейін,  селеудің   басы
қатайып, жүн арасына кіреді де, біртіндеп теріні,  тесіп  етке  өтіп,  кейде
тіпті  ішкі  өкпе,  жүрекке  дейін  жетеді  де,   малды    жүдетіп,   ауруға
ұрындырады.  Сол  сияқты   түйе   ошаған   (репей)   араласқан   шөппен   де
азықтандыруға болмайды.
      Қойлардың рациондарында минералдық заттардың жетіспеушілігіде  олардың
денсаулығына  үлкен  әсерін  тигізеді.  Әсіресе,  қыс  айларында,  қозыларда
минералды заттар мен витаминдердің жетіспеушілігінен бірін-бірі еміп,  жүнін
сорып, соның  салдарынан  ұлтабарының  аузына  жеке  ішек  жолына  жүн-жұрқа
жиылып,  ауруға  ұшырап,  кейде   жаппай   өлім-жітімге   шалдығады.   Бұдан
сақтандыру  үшін саулықтар мен қозыларға  арналған  азықтарға  сәбіз,  сүйек
ұны, тұз қосып береді. Қойлардың арасындағы  арық,  әлсіз  малдарды  іріктеп
бөліп алып, жеке күтім жасау қажет. Қыс аяғында, көктемнің  басында  азықтың
тапшылығынан, немесе құнарсыздығынан қойлардың  жүнінің  жіңішкеруі,  сынауы
көбейіп, экономикалық шығынды  арттырады.  Қойларды  арнайы  азық  науаларын
пайдаланып, ашық жерлерде – аландарда  көректендірген  дұрыс  болады.  Ондай
жағдайда қатаң, құрама және сулы азықтар үшін екі  жақты  немесе  бір  жақты
науалармен қамтамасыз етіледі.
Бір жақты науаларды қораның немесе базаның ұзын қабырғаларының бойымен  сырт
бетін қабаттасытырып орнатады.
      Екі жақты азық  науаларын  қораның,  алаңның  ортасына  қояды  да  екі
жағында малдардың еркін келіп тұруына мүмкіндік жасалады. Мұндай  науалардың
жалпы ұзындығы 2-3 м болып, әр ірі малға – 0,25 м,  қозыларға  –  0,15  орын
қаралады. Рештак-науаны тақтайдан төрт бұрышты  жасап,  30-40  см  биіктікте
аяққа орнатып, енін  –  25-30  см,  тереңдігін  –  10-12  см  жасап,  екінші
қабатына  қатаң  азық  салынатын  сирек  сырықшалардан,  төбесі  ашық,  науа
қалдырады.
      Ұрықтандырудың алдында 1,5-2  ай  бұрын  арпа  жармасы,  жүгері,  сұлы
ұнтақтары т.б. құнарлы азықтармен көректендіру  (протейндері  мол)  қоздауын
10-30 % арттырады. Күйлі саулықтар ірі қозылар туып, сүті  мол  болады.  Сол
сияқты қойларды  сүрлеммен  азықтандырған  сүтін  15-22  %,  жүнін  –  20  %
жоғарлатады.
      Буаз саулықтар  минералды  заттарға  сұранысы  жоғары  болып,  туардың
алдында, әсіресе кальции және фосфорға тәуліктік  сұранысы  10  есе  артады.
Рационда кальций, фосфор, кобальт,  мыс,  йод,  жез,  темір,  марганец  және
витаминдер  А,  Д,  Е  жетіспеушілігі  өте  әлсіз  қозылардың  тууына   және
саулықтың сүтінің кемуіне апарып соғады.
      Қойларға  арналған  азықтар  сапалы  болып,   ас   қорту   жүйелерінің
ауруларына ұшыратпайтын, әсіресе  ұнтақты  азықтар  тыныс  жолдарына  тұрып,
өкпесіне кетіп, әртүрлі ауру тудырмас үшін дымқылдап берген дұрыс.  Ас  тұзы
мен  зат  алмасу  процесстерінің  жұмысын  бұзып  уланбас  үшін,   тәуліктік
мөлшерін ірі қойлар үшін – 10-15 г, қозыларға – 5-8 г аспауы керек.
      Қойларды  таза  сумен  қамтамасыз  ету  керек,  әсіресе  олардың   жаз
айларында суға сұранысы жоғары болады да  тәулігіне  кем  дегенде  екі  рет,
таңертең және кешке суарылуы қажет.
      Қойлардың күтімі жақсы болып, таза жерлерде  ұстаған  жағдайда  жүннің
өсуі жақсарып, сапасы артады, іші таза  емес,  ылғалдығы  жоғары,  асты  сыз
жерлерде ұстағанда, олардың жүндерінде,  әсіресе  бауыр  жүндеріне  нәжістер
қатып, оның түсін сарғайтып, серпінділігі  төмендеп,  сыңғыш  болып,  сапасы
нашарлайды. Қойлардың жүндерінің сапасын  төмендетпеу  жолында,  сол  сияқты
оларды тікенек шөптердің ішіне жібермей маяларды қоршап қояды.
      Қойлардың басқа малдардан артық биологиялық ерекшеліктері, олардың ірі
топтармен  жайылып,  көптеген  жерлерде  жыл  бойына,  қар   астынан   керек
көректерді тауып жейді (тебіндеп).  Олар  тауылы,  шөлейт,  жартылай  шөлейт
жерлерде жайылып көректенеді,  әсіресе  жаз  айларында  шөбі  қысқа  қыратты
жерлерде  жайылса,  қысқы  кездерде  шөбі  қалың,  шалғынды  аймақтарда  қар
астынан тебіндеп азықтанады.
      Егер ауа құрғақ болса, ірі  қойлар  суықтан  қорықпайды,  бірақ  қатты
желді, ылғалды-жауынды  күндері  суыққа  төзімсіз  болады.  Буаз  сулықтарды
мұздақ қарлы  жерлерге  жаюға  болмайды.  Ондай  жағдайда  олардың  тұяқтары
қыйылып, мұз қабыршақтарын жұтып, іш тастауға апарып соғады.
      Буаз саулықтарды қоздар алдында 20-30 күн бұрын, және туғаннан соң 5-7
күндер  бойы  жайылымға  шығармай   қолда   тұрғызып   күтеді.   Саулықтарды
қозыларымен бірге 20-30 күннен кейін құрғақ, шөбі мол жерлерге жаяды.
      Қойларды  көбінесе  0º  дейінгі  температурада,   бірақ   ауа   құрғақ
кездерінде 5-6ºС  жоғары  болмаған  жөн.  Жылы  сызды  қораларда   ұстағанда
олардың тұяқтары ауруға ұшырап (айырма болып), жүні нашар өсіп, түсіп  өнімі
төмендетеді.  Сондықтан  қой  қоралар  құрғақ,  ауа   температурасы   5-6ºС,
ылғалдығы 80 % және газдардың, әсіресе аммиактың  концентрациясының  көбейіп
кетпес үшін қалыпты желдетілуі керек.
      Қойларға арналған қораларға құрылыс материалдарын әрбір  аймақтың  жер
орайы, ауа райына байланыстырып алады.
      Қойлар  өте  қорқақ  болып,  әрбір  тосын  жағдайлардан  үркіп,   қаты
күйзеліске ұшырағыш  келеді.  Әсіресе  қорада,  шарбақ  қорғандарда  қамауда
тұрғанда үріксе бір-бірінің үстіне шығып  кетіп,  бастығырылып  өлім-жітімге
ұшырайды. Үріккен қойлар күйзелісті жағдайдан өте жай (1-2  ай)  шығады  да,
күйін төмендетіп, өнімін азайтады.


      4. Қошқарлардың гигиенасы


      Мал басын өсіруде қошқарлардың тұқымы мен  қатар  күйі,  ұстау  жүйесі
және одан алынатын  ұрықтың  сапасы  оларды  азықтандыру  мен  күтіп-бағуына
тікелей  байланысты  болады.  Сондықтан  қошқарларды  мезгіл-мезгіл  әртүрлі
ауруларға, әсіресе ұрық арқылы тарайтын бруцеллез,  инфекциялық  эпидидимит,
вирусты  іш  тастау   т.б.  тексеру  жүргізіп  отырады.  Жаңа   шаруашылыққа
әкелінген қошқарларды 30 күн карантинге  ұстайды.  Карантин  кезінде  оларды
инфекциялық және инвазиялық жұқпалы аурулардың барлығына  мұқият  зерттеулер
жүргізеді. Егер  қошқарларда  жұқпалы  аурулар  байқалса  оларды  изоляторға
жекелеп  ауыстырып,  емдеу  жұмыстарын  жасайды.  Карантин  аяқталған   соң,
инфекциялық ауруларға (3-айда  бір  реттен  кем  емес)  қайталап  тексеруден
өткізеді де, нәтижелерін арнайы жұрналға тіркейді.
      Қошқарларды  шағылысқа  1,0-1,5  жасынан  бастап  пайдалана  бастайды.
Шағылысу кезінде ірі қошқарлар үшін тәулігіне 3-4, жас қошқарларға –  2  рет
шағылысқа түсуіне  рұқсат  етіледі.  Ұрықты  қошарлардан  таңғы  және  кешкі
мерзімдерде алу керекте, күндіз дем алыс беріледі.  Асыл  тұқымды  қошқарлар
қалыпты күтім мен құнарлы азықтандырған кездерде жыл, әсіресе  шағылыс  және
шағылысу мерзімдердің алдында күніне 5-6 рет  шағылыстан  өткізе  алады  да,
ұрықтың сапасын төмендетпейді.
      Қошқарға артық салмақ түсіріп пайдалану кезінде, олардың рационына 3-4
шикі тауық жұмыртқаларын және 2-3 л сүт береді. Тәулік ішінде  кем  деген  6
сағат бойы серуен аланыңда жүргізіп немесе жаю  қажет.  Мацион  жетіспегенде
қошқар семіріп, қозғалысы бояуланып, шағылысқа бармай, еріншек келеді.
      Саулықтар мен табиғи шағылысқа қосқан кезде қошқарлардың  2-3  аптадан
кейін жыныстық активтігі  (қарқыны)  төмендеп  кетеді.  Жасанды  ұрықтандыру
тәсілін  пайдаланғанда  әр  қошқарға  жыл  ішінде   5 000   саулыққа   дейін
бекітіліп, ұрықтандырылады.
      Қошқарлардың   үрпі    маңайының    жиырылған    тері     араларындағы
микроорганизмдерден (кокки, стрептококки, ішек  таяқшалары  т.б.)  тазартып,
әр  он  күнге  бір  рет  1:1000  қатысындай  фуразолидон  ертіндісімен  жуып
отырады. Жылына кем дегенде 3 рет тұяғының  өскен  жерлерін  кесіп,  түзетіп
отырады.
      Қошқар қораларда ауа температурасын 5ºС, салыстырмалы ылғалдықты 80  %
жоғарлатпай, жарық  коэффициентін  1:20  шамада  болуы  керек.  Аса  тұқымды
қошқарларды жеке клеткаларда әр басқа 4 м² еден ауданынан есептеп, ал  басқа
қошқарларды клеткаларда топтап  (4-10  басқа  дейін)  әр  басқа  1,5-1,8  м²
еденнен есептеп ұстайды.


















      Дәріс 3.  Жылқы малдарының гигиенасы (2 сағ)
      Қаралатын сұрақтар:
      1. Жылқы малдарын ұстау жүйелері
      2. Жылқы фермаларының негізгі құрамдары
      3. Жылқы малдарын азықтандыру және суарудың ерекшеліктері
      4. Айғырларды күтіп-бағудың гигиенасы

      Жылқы малдарын өсіру көптеген  шаруашылықтар  үшін,  әсіресе  табынды-
жайып ұстауға қолайлы Қазақстан, Қырғызстан, Башкирстан, Бурят, Якут,  Алтай
т.б. елдерде кең тараған. Олардан тек құнарлы, сіңімді  ет,  сүт  алып  қана
қоймай, міну және жегіп  жүк  тасу  жұмыстарына  пайдаланады  және  көптеген
жарыс ойындарына қосып, жүлделі орындарға ие болады.
      Сол  сияқты  жылқылардан  биологиялық  препараттар  (гипериммунді  қан
сөлдері, гамма-глобулиндер, қарын сөлдерін т.б.) алуға пайдаланады.
      Жылқылардың  осындай  т.б.  ерекшеліктеріне  негіздеп   төрт   бағытта
өсіретін шаруашылықтар болады.
          - Жұмыс бағытына арналған  жылқылар  –  шаруашылық  ішіндегі  жүк
            тасымалдау, бір жерден  бір  жерге  қатынасу,  малдарды  айдау,
            жайып-бағу, шағын жерлерді жыртып өңдеу т.б. үшін пайдаланады;
          - Өнімдік бағыттағы жылқылар – ет,  қымыз,  өндірістерді  табында
            ұстау кезінде, жыл бойына,  арзан  құнарлы  өнімдермен  әсіресе
            жоғарғы сортты жылқы колбаса – шұжықтармен ұлттық дәмді – қазы,
            қарта, жал, жая тағамдарымен, дем алу орындарына  (курорттарға)
            құнды   емдік   қасиеті   мол   сусын-қымыз   дайындау,   емдеу
            мекемелеріне арналған  емдік  биологиялық  активті  препараттар
            жасап шығару т.б. алуға;
          -  Спорттық  бағытындағы  жылқылар   -   әртүрлі   мәдени-спортты
            ойындарға, туристік саяхаттарға, арнайы жарыстарға арналған;
          - Жаңа тұқымды жылқыларды өсіріп және ескіні жаңарту  бағытындағы
            селекциялық жұмыстарды жүргізу.

      Жылқы малдарын айтулы мәнде өсіріп дамыту үшін  және  бұл  саладан  ең
жоғарғы өнімдер алуға зоогигиеналық талаптарға сәйкес күтіп  бағу  шараларын
қолдану қажет.




      1.Жылқы малдарын ұстау жүйелері


      Жылқы малдарын ұстау жүйелері мен тәсілдерін таңдау  әр  шаруашылықтың
жағдайына, алған бағытына, жер орайы, ауа райына байланысты жасалады.
      Жылқы шаруашылығында  екі  ұстау  жүйесі:  қорада  және  жайылымда   -
табында қолданылады.
      Табында жайып ұстау жүйесі – ертеден келе  жатқан  тиімді,  жылқыларды
табиғый жайылымдарда жайып, арзан  өнімдер  алуға  негізделген.  Бұл  жұйені
малдардың бағыты, шаруашылықтың мүмкіншілігіне және жер  орайына  байланысты
екі тәсілде пайдаланады. Мәдениетті табында және жақсартылған табында  ұстау
болып бөлінеді.
      Мәдени-табындау тәсілі бойынша асыл тұқымды  және  жергілікті  тұқымды
жылқыларды жылдың көп мезгілінде жайылымдарда ұстап күтіп бағады. Ал  қыстың
суық кездерінде  -  іші  байлау  және  бөлмелі  (денникті)  орындарға  бөліп
жабдықталған қораларда ұстайды.  Ол  үшін  табындағы  жылқыларды  жасы  және
жынысына қарап біркелкі топтарға  бөледі  (биелер,  құлынды  биелер,  аттар,
айғырлар т.б.)
      Мәдени табында ұстау кезінде жылқыларды,  әсіресе  жайылымдардың  шөбі
азайып, құнары кетіп тозған кездерде және қары қалың,  суық  боранды,  мұзды
мезгілдерде  шөп  және  құрама  азықтар  мен  көректендіру  қаралады.  Ондай
суықтарда аналық биелерді жылыланбаған қораларда немесе ашық  базаларда  шөп
беріп (14-20 кг 1 басқа) күтеді де, ашық күндерде  оларды  да  басқа  малдар
мен бірге жайылымға шығарады.
      Жақсартылған табындарда  ұстау  тәсілі  кезінде  жылқыларды  жыл  бойы
жайылымда жаяды. Ауа  райының  өте  қолайсыз  кездерінде  айғырлардың  арық-
жүдегендері,  құлынды-буаз  биелермен  әлсіз,  ауру  тай-жабағыларға  арнап,
жеңіл, жергілікті арзан материалдардан ықтырма қоралар (15-20 % )  қаралады.
Қалған жылқыларды қатты суық борандарда табиғи ық жерлер:  тау  ықтары,  жар
жиектері, орман, қараған  араларын  пайдаланады.  Жергілікті  материалдардан
(талдар, қамыс т.б.) ықтырма, жаппа  базалар  салып,  онда  шөп  қорымен  су
қоймасы қаралады. Жайылымда табындап ұстау  кезінде  жылқылар  жасына  қарай
бөлінбей, үйірімен жүреді. Әрбір үйірде әр жастағы ұрғышы жылқылар және  бір
айғыр болады. Тәжіриблі қартаң айғырлардың үйірінде  30  басқа,  жас  құнан-
дөнен айғырларда – 15  басқа  дейін  ұрғышы  жылқылар  және  құлын-жабағылар
болады. Басқа- еркек жылқылар (аттар,  тай,  құнандар)  жеке  табын  ішінде,
үйірден бөлек бағылады.
      Табындағы жылқылар тығыз жүнді және қалың қабатты терілі болып  келеді
де,  жаздың  аса  ыстықтары  мен  қыстың  аяздарына  төзімді  болып  келеді.
Жергілікті аймақтық ауа  райына  шыныққан  жылқылар  қалың  қар  (40-50  см)
астынан, мұз болып қатып қалмаған болса, өзіне қажет көрек  азықтарды  тауып
жейді (тебіндеп).
      Шаруашылықтың бағыты және табиғи жайылымдардың орайы мен су көздерінің
молдығына байланысты табындардың размері әртүрлі болады.
      Құлынды биелердің табында 80-150, айғырлар 20-25, жас  жылқылар  (тай,
күнандар)- 150 басқа дейін болады. Жайылымы жазық аймақтарда ет  бағытындағы
жылқылар үшін ір  табынның мөлшерін, тай-жабағыларымен қосқанда – 400  басқа
дейін, ал таулы жерлерде 100 басқа дейін топталады.
      Жылқыларды бір жайылымнан екінші жайылымға  ауыстырып,  айдаған  кезде
сағатына 6-7 км жылдамдықтан асырмай және 10-15 км  кейін  жайып,  дем  алыс
беріп,  жалпы  тәуліктік  жүруі   –   30   км   аспауы   керек.   Жайылымдар
эпизоотологиялық жағынан  жұқпалы  аурулар  бұрын,  шықпаған  таяу  маңдарда
өлген  малдардың  өлекселері  сақталған  орындар  жоқ,  көліктер   мен   мал
айдалатын жолдардың түйісінде орналаспаған болуы керек.
      Жылқыларды қорада ұстау жүйесі – кезінде, олардың  өндірістік  бағыты,
физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты жекелеп  және  топпен  ұстайды.  Ол
үшін жылқы қораларының ішінде жекелеп тұрғызып ұстау үшін жан-жағы  сырықтар
мен шектелген бөлмелер – денниктер, топтап ұстауға ірі  секциялар  жасалады.
Денниктерде  көбінесе,  негізгі  айғырларды,  құлынды   биелерді,   енесінен
айырған жабағыларды  және  өнімдік  бағалы  тай-құнандарды  ұстайды.  Қалған
тұқымдық көрсеткіштері бойынша төмен бағалы жылқылар,  жұмыс  аттары  топтап
20-100 басқа дейін ірі секцияларда (залда) ұсталады. Топта (залды)  ұстайтын
қоралардың ішінде де билердің құлындайтын орындар-денниктер қаралады.
      Жылқылар зауыттарына, қораның ық жағынан серуен  алаңдары  (поддоктар)
қаралады. Жекелеме серуен алаңдарының ауданы негізі айғырлар үшін – 600  м²,
үйрететін  жас  жылқыларға   -  400,  басқа  жылқылар  топтарына  –  200  м²
қаралады. Жұмыс  аттары  үшін  серуен  алаңдары  қаралмайды,  бірақ  аттарды
тексеріп, тазалау жүргізу үшін сыртқы ат байлау орындары қаралады.
      Жылдың жылы мезгілдерінде қорада  ұстаған  жылқыларды  да,  қоршалған,
жасанды шөптер егілген жайылымдарда  жастары  бойынша  топтап  50-80  бастан
жаяды. Ондай арнайы қоршалып жасалған жайылым орындарында  (зауыдтарда)  жаю
ливадалық тәсіл деп аталады.
      Жылқыларды  суаруға  таза  құдық   сулары   пайдаланады.   Санитарлық-
гигиеналық талаптарға суларының  сапасы   сәйкес  келетін  өзендер,  көлдер,
бұлақ және тұма суларында пайдалануға болады.


      2. Жылқы фермаларының негізгі құрамдары


      Жылқы фермалары, құрғақ,  жер  астының  сулары  жоғары  емес  жерлерге
орналастырылады. Ферманың территориясы рельефі бойынша  табиғый  жауын,  қар
сулары ағатындай , жан-жағына еңіс болуы  керек.  Батпақты  жерлер,  әртүрлі
ағынсыз сулардың жағасына таяу орналастырылмайды.  Ондай  жерлерге  салынған
жылқы қораларының іші сыз болып, әртүрлі аурулардың шығуына апарып соғады.
      Жылқы фермаларын мал өнімін өңдейтін,  өндіретін  өндірістерден  (тері
зауыдтары,  ет  комбинаттары  т.б.)  3  км   жақын,   малдар   өлекселерінің
қоймаларынан, ірі жол қатынастарынан 2  км  таяу  орналаспауы  керек.  Жылқы
фермаларына орын тандағанда  ол  жерлердегі  ветеринариялық-санитарлық  және
зоогигиеналық талаптардың дұрыс сақталып, ондағы эпизоотологиялық  жағдайдың
амандығы ескеріледі.


      Жылқы қорларына және оның ішкі орналасуына ойылатын зоогигиеналық
                                  талаптар


      Жылқы қораларын жобалап және салу ол аймақтың ауа райының жылдар бойғы
көрсеткіштеріне, шаруашылықтың бағытына,  ұстау  жүйелеріне  және  малдардың
жасы, жыныстық құрамдарына негізделіп жүргізіледі. Жылқы  қоралары  малдарды
орналастыруға  және  технологиялық  процесстерді  жүргізуге  қолайлы   болуы
керек.  Жылқы  қораларында  қосымша  жылыту  көздері   қаралмай,   малдардың
өздерінің бөліп шығаратын жылуымен ғана қалыпты температуралық  режим  ұстап
тұратындығын  ескеру  қажет.  Сондықтан  қораның  сиымдылығын  зоогигиеналық
нормативтерге негіздеп,  оған  орналасатын  мал  басын  қалыптап  және  қора
бөлшектеріне  пайдаланатын   құрылыс   материалдарының   ең   төменгі   жылу
өткізгіштік коэффициентері болуын қадағалау керек.
      Гигиеналық  сапасы  жағынан,   жылқы   қораларына   саманды   кірпішті
қабырғалар,   силикат  кірпіштерінен  салынғанмен   салыстырғанда,   жылулық
қасиеттері және құрғақтығы жағынан  кем  түспейді,  тіпті  ауа  өткізгіштігі
бойынша артық болады.
      Жылқы қораларының төбесінен су өтпейтін және жылу ұстағыш болуы керек.

      Қоралардағы жылудың тез тарап,  температурасы  төмендеп  кетпеу  үшін,
оларды желдің басыңқы өтіне бір басын (немесе  бұрышын)  қаратып,  өте  суық
аймақтарда солтүстіктен оңтүстікке, ал жылы  жақта  шығыстан  батысқа  қарай
орналастырады.
      Жылқы қораларының ең басты бөлшектерінің бірі еден болып саналады.  Ол
құрғақ, берік және төменгі жылу таратқыш қасиеті бар,  су  өткізбейтін  және
тегіс,  тайғақ  болмауы  керек.  Жылқылардың  физиологиялық  ерекшеліктеріне
көбінесе  сәйкес  келетін   еден-нығарланған   саздан   жасалатындар   болып
саналады. Бірақ ондай едендер тез  суланып  кететіндіктен  жиі  төсеніштерді
(саломаны) ауыстырып, нәжістерді дер кезінде қырып, тазалап отыру  үшін  көп
уақытпен  еңбекті  керек  етеді.   Гигиеналық   тұрғыдан   қарағанда   жылқы
қораларының едендерінің ағаштан жасалғаны дұрыс болады. Бірақ ағаш  едендері
де сыртқы факторлардың әсеріне шыдамай, тез істен шығады  және  дымқылданған
кезде тайғақ болып,  жылқының  мертігу  қаупін  туғызады.  Кәзіргі  кездерде
жылқы  қораларына  берік,  тиімді  және  жылы  керамзитті  бетоннан  жаслған
едендер кең орын алады. Жылқы  қораларындағы  жылудың  тарап  кетпеуі  үшін,
оларға тамбурлы (екі есікті) қақпалар қаралады.
      Жылқы шаруашылығының бағытына және жер орайына байланысты қораларды  Г
және П типті қылып салады. 40 бас тұқымды жылқыларға арналған,  екі  қатарлы
денниктер орналастырылған қораның жобасы  келтірілген.
      Қораның ортасынан ұзын бойы мен көлік жүретін ені 3 м жол қалдырылған.
Қораның көлдененінең орта тұсында  аттарды  шығарып  жегетін  бөлме  (манеж)
қалдырып, оның екінші басына жалғастырып  қосымша  бөлмелер  (хамыт  сайман,
жем қоймасы, ұрық алып тексеретін, су қоятын т.б.)  салынған.  Зоогигиеналық
норматив бойынша денниктердің размері –  айғырлар  үшін  –  16  м²,  құлынды
биелерге –  14,  үйретілетін  құнандарға   -  12  м²  бөлінген.  Денниктерді
бөлетін  қабырғаларды  үстіріктелген  тақтайлардан  немесе  керамзит-бетонды
плиткалардан 1,4 м биіктікке дейін  тұтас,  ал  2-2,4  м  метал  сырықтардан
аралығын 5-6 см жасайды. Денниктің бұрышына ірі жылқылар үшін 1 м, жас  тай-
құнандарға – 0,6 м биіктікте, ұзындығы – 1-  1,2  м,  ені  үстінен  -0,6  м,
түбінен – 0,4 м, тереңдегі – 30 см, азық науаларын қояды (кесте 9).
      Азық науаларының жанына су құбырын таратады. Зоналдық (топты) тәсілмен
ұстағанда әр секцияда 20 бас тай, құнандарды –  6,0-6,5  м²  еден  ауданынан
бір басқа есептеп орналастырады. Үлкен  жылқылар  үшін  еденнің  ауданын  әр
басқа 8 м² дейін өсіреді.
      Жылқылардың  бір-бірін  жарақаттанудан  сақтандыру  үшін,  тұрақтарды,
жуандығы 10-12 см сырықтар мен (ағаш  немесе  метал)  алдыңғы  жағынан  1  м
жандарынан – 0,65-0,7 м биіктікте бөледі. Оларды цимбал  деп  атайды  (сурет
5). Жылқыларды топтап ұстағанда азық науаларын ұзын қабырғалардың бойы  мен,
еденнен оның үстіне 1 м үлкен жылқыларға, 0,6 м  жас  тай-жабағаларға  арнап
орнатады. Мұндай тәсілмен ұстағанда  суға  арнап  секцияның  ішіне  жылқылар
үшін – 0,5-0,7 м биіктікте, үстінен есептегенде  ені  –  0,6  м,  түбінен  –
0,4м, тереңдігі – 0,4 м, ір басқа – 0,6 м есептеп астаулар қойылады.
      Әрбір  секциядан  серуен  алаңына  (паддокқа)  жылқылар  шығатын  есік
қалдырады. Ондағы орындар әр жас жылқылар үшін өнімдік фермаларда –  12  м²,
тұқымдық  –  20  м²   ірі  жылқыларға  –  20  м²  есептеледі.  Ондай  серуен
алаңдарының жалпы ауданын барлық жылқылардың топтап ұстаған  кездерде  15-20
%, жекелеме ұстағанда – 10-15 % есептеп бөлінеді.
      Жылқылардың қораларының биіктігі  (ішкі  өлшемі)  өнімдік  және  жұмыс
жылқылары үшін – 2,4-2,7 м, тұқымды  бағыттағы  фермаларда  –  3  м,  топтап
ұстағанада 3,5 м, аттарды ерттеп-жегетін манеждерде – 4,5 м  жас  жылқыларды
үйрететін манеждерде – 6 м болады.
      Жылқы қораларында микроклимат қалыпты нормада болу үшін  ондағы  ауаны
мезгілінде алмастырып отырудың  рөлі  зор.  Жылқы  қораларда,  көбінесе  ауа
алмастыру табиғи тәсілмен жүреді. Ол үшін ішкі ескі ауаны шығаруға  арналған
құбырлардың беттерінің ауданы әр басқа шаққанда ірі жылқылар үшін –  250-300
см², жас тай, жабығыларға – 100-150 см²  қаралып,  есептеп  шығарады.  Жылқы
қораларының  микроклиматының  көрсеткіштері,   оларды   ұстау   тәсілдеріне,
жастарына байланысты әртүрлі  болады  (кесте  10).  Қорадағы  микроклиматтың
көрсеткіштері, әсіресе ауаның құрамындағы зиянды газдардың  мөлшері  тікелей
ондағы  канализацияның  жұмысына  байланысты  болады.   Жылқы   қораларында,
кәзіргі кезде көңнен тазарту үшін қырғыш транспортерлерді пайдаланады.


          3. Жылқы малдарын азықтандыру және суарудың ерекшеліктері

      Жылқы малдарының тұрақты  денінің  саулығы,  жоғарғы  өнімділігі  және
жұмыс  күші  айтулы  мөлшерде  оларды   зоогигиеналық   ережелерге   сүйеніп
азықтандырумен суаруға байланысты болады.
      Жылқыларды азықтандыру кезінде азықтың сапасына, дайындау тәсілдеріне,
беру ретіне т.б. бақылау жасалмаса, олардың әртүрлі ас қорту  процесстерінің
бұзылып, ауруға ұшыруы жиі кездеседі.
      Ас қорыту процесстерінің, жылқы малдарының организмінде  қалыпты  жүру
үшін  және  әртүрлі  ауруларының  алдын  алу  мақсатында    оларға   беретін
азықтардың ретін сақтау қажет. Ол үшін алдында қатаң, одан соң сулы,  ал  ең
соңында дәнді, құрама азықтарды беру керек. Дәнді азықтарды берудің  алдында
30-40 минут бұрын жылқыға су ішкізіп алады. Ең соңында тағы  да  қатаң  азық
береді, яғни суын басқызады. Мұндай ережелерді сақтамаған  жағдайда,  мысалы
дәнді азықтарды (жемді) жылқыға жұмысқа пайдаланғаннан  кейін  жедел  берсе,
олардың ас алмасу  процесстері  бұзылып,  көбінесе  ауруға  ұрындырады  (іші
кеуіп). Дәнді азықтарды бергеннен кейін жұмысқа  пайдаланбау  қажет  (мініп,
жегу), ал дұрыс ас қортылу үшін 1,0-1,5 сағат дем алғызу керек.  Сол  сияқты
дәнді, құрама азықтар мен көректендіргеннен соң жылқыларға сулы азық  немесе
су бермейді, керісінше азықтардың бүл түрлерін алдымен жылқыны  суарып  алып
барып береді.
      Жылқылардың   ас  қорыту   мүшелерінің  күйіс  қайыратын  малдар   мен
салыстырғанда  анатомиялық  құрлысындағы  ерекшелігіне  байланысты,   оларға
жоғары сапалы, ішінде көректі заттары  толық  азықтармен  ғана  көректендіру
қажет. Үсіген, шіріген және көгерген  азықтар  жылқылардың  еріндеріне  жара
түсіп, іші  бұзылып,  ішектері  кеуіп  (колик)  әртүрлі  аурулардың  шығуына
апарып соғады.
      Жылқылардың  рационына  дәнді  азықтардан  жүгеріні  кіргізеді,  бірақ
жүгері, құрғақ (ылғалдылығы 17 %) болып, малдың семіріп  кетпеуі  үшін  азық
рационының 1/3 бөлігінен артық болмауы керек. Кей кезде  жылқылар  рационына
жарма және күнжара қосады. Олардың тәуліктік мөлшері: күнбағыстың  –  2  кг,
мақта – 0,5 кг, кендір күнжарасы – 3 кг  артық  болмауы  қажет.  Жылқылардың
рациондағы қажетті азықтың ең жиі  кездесетін  түрі  сұлы  және  арпа  болып
саналады. Сәбіз бен қант қызылшасын кесіп,  тәулігіне  10  кг  дейін  беруге
болады. Жылқылардың негізгі азығы сапалы шөп болады.
      Жылқыларға шөпті төменде орналасқан науалардан беруге болмайды.  Ондай
жағдайда олардың шөп тозаңдары мен,  қыйқымдар  мен  жылқының  терісі,  көзі
ластанып, жас жабағы, тайлардың белдерінің бүкір болуына әсерін тигізеді.
      Жылқыларды тәулігіне үш рет суғарады. Жаздың ыстық күндерінде  олардың
суға сұранысы жоғарлайды.
      Жұмыстан соң, жүріп терлеп келген жылқыларды жедел  суаруға  болмайды.
Ондай кезде суық судың  әсерінен  жылқының  ішегі  түйіліп,  «тышқан»  болып
ауырып, көбінесе өлімге ұшырайды. Ондай «ыстық» аттарға  қатаң  азық  беріп,
артынан 50-60 минуттан соң ғана суаруға болады. Егер терлеген  атты  суаруға
тура келсе, оны жұмыс аяқталудан 30-40 минут бұрын су ішкізуге  болады  және
жылқы қатты асығып жұтпай, сыздықтатып ішу  үшін  ауыздығын  шешпей,  немесе
шелектегі судың бетіне шөп (солома) салып қойып ішкізеді. Бұл  зоогигиеналық
талаптарды орындамаған жағдайда жылқы ауруға ұшырап,  көбінесе  буыны  ісіп,
аяғына қан түсіп (ревмотизм) ақсап жұмысқа жарамай, жүре алмай  қалады.  Сол
сияқты дәнді азықты бергеннен кейін су ішсе, ол жылқы ішінде бөртіп,  қарнын
газбен толтырып-кептіреді. Жем жегеннен кейін 2 сағат  өткен  соң  су  берсе
ғана қауіпсіз болады.
      Жылқылардың суық ауруына ұшырамауы үшін,  әсіресе  буаз  биелердің  іш
тастауынан сақтандыру үшін қыс айларында суық табиғи  сулардан  (өзен,  көл,
бұлақ) ішкізбеу керек.  Буаз  биелердің  ішетін  суының  температурасы  12ºС
төмен болмауға тиіс.


      4.Айғырларды күтіп-бағудың гигиенасы


      Жылқылардың шағылысуға түсетін кезі 1,0-1,5 жаста, ал жергілікті,  жай
пісіп-толатын  жылқыларда  2,5-3  жастарында  басталады.  Бірақ   айғырларды
шағылысқа ерте пайдалану, олардың жалпы өсуін тежейді. Сондықтан  айғырларды
шағылысқа 3-4 жастан, ал кейде 5 жасынан бастап қана қосады.
      Айғырлардың рационы толық құнарлы болу үшін дәнді-бұршақты шөптер, шөп
ұнын,  2-3  құрама   азық  түрлерін  (сұлы,  арпа  т.б.)  және   сулы   азық
(өндірілген бидай, арпа,  көк  шөп,  сәбіз  т.б.)  қосады.  Шағылыс  кезінде
ұрықтың сапасын жоғарлату үшін, негізгі рационнан басқа қосымша қант,  тауық
жұмыртқаларын және көк сүт береді.
      Айғырларға арналған рационның толық құнарлылығы,  олардың  ұрықтарының
(сперма) мөлшері, сапасы және айғырлардың шағылысқа  түсу  жиілігі,  тұқымы,
тірі салмағы жасы  тағы  басқа  көрсеткіштері  мен  сипатталады.  Тәжірибеде
айғырларға протеиндердің, фосфордың және  витаминдердің  жетіспеушілігі  жиі
кездеседі. Айғырлар мезгіл-мезгіл жаңа шабылған  көк  шөп  (тәулігіне  15-20
кг)  жеуі  керек.  Қоралардың  ішінде  тұрғызып  айғырларды  көк   шөп   пен
көректіргенде, олардың аяғы  ісетіндігі  тәжірибеде  дәлелденген.  Сондықтан
оларға активті моцион белгіленуі қажет.
      Құнарлы азықтандыру мен  қатар  айғырларға  күнделікті  (желіп  немесе
аяңдап) 7-15 км жүріп серуендетеді. Мационның  ұзақтығы  айғырлардың  жасына
және жалпы жағдайына байланысты болады.
      Жылқы шаруашылығында әртүрлі шағылыстыру тәсілдері:  үйірлі,  қол  мен
және база да (қоспақты)  болады.  Үйірлі  шағылыстыру   жылқыларды  табындап
ұстау жүйесінде, әрбір айғырға 15-20 биеден бекітіледі де  шағылысу  кезінде
жайылымда жүреді. Қолмен шағылыстыру жылқыларды қорада ұстаған кезде,  жақсы
ұйретілген биелерді өткізеді. Әр айғырға жалпы шағылысу мерзімі  ішінде  25-
40 бас бие бекітіледі. Базада шағылыстыру тәсілі  күйлеген  биелерді  базаға
жіберіп, 1-2 сағат айғырларды қосып, шағылыстан өкізеді.  Қалған  уақыттарда
айғырларды биелерден бөлек ұстайды.




      Дәріс 4. Шошқа малдарының гигиенасы (2 сағ)
      Қаралатын сұрақтар:
      1. Шошқа шаруашылықтарының негізгі түрлері
      2. Шошқа малдарын ұстау тәсілдері  және  оларға  қойылатын  гигиеналық
      талаптар
      3. Шошқаларға арналған қоралар және олардың ішкі жоспарлануы
      4. Аналық шошқа қоралары
      5.Шошқа малдарына арналған қоралардың микроклиматы

      1.Шошқа шаруашылықтарының негізгі түрлері


      Шошқа шаруашылықтары негізінен үш  бағытта  жұмыс  істейді:  аяқталған
өндірістік цикл мен, репродукторлы және ет өндіру.
      Өндірістік  процесстері  жоғарғы   дәрежеде   механикаландырған   және
автоматизацияланған, өнім алынуы толық аяқталған циклмен жүргізілетін  шошқа
шаруашылықтарын ірілендірілген шошқа комплекстері деп атайды.
      Мұндай комплекстердің негізіне шошқа еттерін үздіксіз  (поток)  өндіру
технологиясы жатады.  Ол кездерде малдарды технологиялық  циклге  байланысты
бір орыннан екінші  орынға,  немесе  бір  қорадан  екінші  қораға  ауыстырып
отырады, яғни ұрықтандыруға жататын  аналықтарды,  буаз,  қысыр  шошқаларды,
енесінен айырған  және  жас  торайларды  кезекті  мезгілдерінде  бір  жерден
екінші орынға орналастырып отырады.
      Малдарды жұқпалы  аурулардан  сақтандыру  үшін,  оларды  комплекстерде
бөлектенген секцияларда  ұстайды  да,  орын  алмастыру  кездерінде  жасалған
жоспар бойынша  әр  секцияны  тазалап,  дезинфекциялаудан  өткізіп  отырады.
Шошқа фермаларының  типі  және  размерлері,  ұстау  жүйелері,  және  қосымша
салынатын объектілері әр шаруашылықтың бағытына,  жер  ораймен  ауа  райының
ерекшеліктеріне  байланыстырып алынады. Бағыты бойынша шошқа  шаруашылықтары
тұқымдық және өнімдік болып бөлінеді.
      Тұқымдық  бағыттағы  фермалардың  міндеті  шошқаларды  тұқымдық   және
өнімдік қасиеттерін жақсартып, басқа өнім өндіретін шаруашылықтарды  жоғарғы
өнімді малдармен қамтамасыз ету болып саналады.
      Шошқа  шаруашылығында  технологиялық  процесстерді  белгілеу  кезінде,
малдарды ұстау жүйелердін, азықтандыру және өсіру жолдарын  ескереді.  Шошқа
малдарын  комплекстерде ұстау жүйелері үш түрлі: бір,  екі  және  үш  фазалы
(сатылы) болады. Бір фазалы ұстау  кезінде  торайларды  21,  26,  36  тәулік
жастарында енесінен айырып, сол станокта (орында) өсіріп, семіртіп,  соңынан
союға жібереді де, ал аналық шошқаларды ұрықтандыру  қораларына  ауыстырады.
Мұндай ұстау тәсілі кезінде жас малдарды  бір  жерден  бір  жерге  ауыстырып
топтаудың нәтижесінен туатын стресс фактордан сақтандырады.
      Екі  фазалы  жүйемен  ұстау   кезінде   торайларды   туғаннан   бастап
бордақылаудың  соңына  дейін  бір  рет  ауыстырады,  яғни  торайлары   26-36
тәуліктік  жастарында  енесінен  айырады  да,  сол  станокты  өзгертпей,  үш
айлығына дейін сонда өсіріп, кейіннен бордақылау цехіне  ауыстырады.  Аналық
шошқаларды қысыр-буаз шошқалар цехіне ауыстырады. Мұндай технология мен  12-
24 мың бас шошқаларға арналған фермалар салынған.
      Үш  фазалы  жүйемен  ұстау  кезінде  торайларды  26-36,  45  тәуліктік
жастарында (салмағы 6-18 кг) бөліп алып,  ол  тұрған  цехінен  өсіру  цехіне
ауыстырып 90-120 күндігіне дейін  ұстап,  кейін  бордақылау  цехіне  жіберіп
союға дейін семіртеді.


      2. Шошқа малдарын ұстау тәсілдері  және  оларға  қойылатын  гигиеналық
талаптар


      Шаруашылықта барлық  шошқа  малдары  жасына,  жынысына,  физиологиялық
ерекшеліктеріне және бағытына байланысты бірнеше топтарға бөлінеді.
      - Қабан шошқалар: тұқымдық  және  күйті  келген  шошқаларды  тексеруге
арналған аталықтар;
      -  Аналық  шошқалар:  -  Қысыр   ұрықтанбаған   (шағылыстан   өтпеген)
аналықтар;
      -  Буаз  шошқалар  үш  түрлі  боп  топталады:  ұрықтанғаннан  буаздығы
анықталғанға дейінгі, буаздығы анықталған, жеңіл буаз, және туарға 7-10  күн
қалғандағы-ауыр буаз шошқалар;
      - Торайлы аналықтар – торайлары бөлініп алынғанша;
      -   Бордақылауға   арналған   шошқалар   (ересек   және   жас)   шошқа
шаруашылықтарында, кәзіргі кезде  негізгі  шошқаларды  ұстаудың  екі  тәсілі
бар: серуенді  және  серуенсіз.  Жер  орайы,  ауа  райы  және  шаруашылықтың
жағдайына байланысты шошқаларды жыл бойы  қолда  фермада  немесе  лагерлерде
ұстап күтіп-бағады.
      Серуенді  ұстау  тәсілінің  станоктан  серуендету  және  еркін   (бос)
серуендету түрі болады.
      Станоктан  серуендету  кезінде  шошқаларды   жекелеме   немесе   топты
станоктарда  ұстап,  мезгілді  уақыттарда  серуендету   алаңдарына   шығарып
серуендетеді   (моцион).   Шошқаларды   станоктарда    немесе    асханаларда
азықтандырады.  Жекелеме  станоктарда  торайлы   аналықтарды   (торайларымен
бірге),  ауыр  буаздықтағы  (туарына  10  күн  қалған)  және  негізгі  қабан
шошқаларды ұстайды. Топтап ұсталатын  станоктарда  қысыр,  үш  айға  дейінгі
буаз, өнімдік жас шошқалар,  енесінен  айырған  торайлар  және  бордақылауға
арналған шошқаларды орналастырады.
      Ірі шошқа шаруашылықтарында  (комплекстерде)  станоктардан  серуендету
тәсілі топтап ұсталған тұқымдық және өнімдік кабандарды, қысыр және үш  айға
дейінгі буаз аналықтарды арнайы  бөлінген  алаңдарға  мезгіл-мезгіл  шығарып
серуендетеді.
      Серуен алаңдарын қораның ық жағынан  ұзын  қабырғаның  бойымен  жасап,
шошқаларды жекелеме станоктарда ұстаса,  әр  күтуші  адамға  бекітілген  мал
басына, ал топтап станокта ұстаған болса,  әр  топтағы  мал  басына  есептеп
секцияларға бөледі.
      Серуен алаңдарының ауданы әр басқа шаққанда: негізгі қабандарға  –  15
м², аналық шошқаларға – 10, енесінен айырған торайларға – 0,8, өнімдік  және
бордақылауға арналған жас шошқаларға – 1,2 м². Серуен  алаңы  қоршалған,  ал
едені бетондалған болады.
      Еркін серуендету түрде ұстаған кезде шошқалар станокта  ірі  топтармен
тұрады да, олардың еркін кіріп-шығуы үшін  арнайы  айналмалы  станокта  есік
қаралып,  немесе  тесіктер  (лаз)  қалдырылады.  Шошқаларды  ұстау  тәсіліне
байланысты станоктарда,  жолдарда,  серуен  алаңдарында  немесе  асханаларда
азықтандырады. Еркін серуенді ұстау тәсілін, қысыр,  алғашқы  буаздықтың  үш
айлығында аналықтар, өнімдік жас шошқалар және енесінен  айырған  торайларға
қолданады. Жылы оң түстік  аймақтарда  серуенді  ұстау  тәсілін  жыл  бойына
пайдаланса,  ал  басқа  зоналарда  тек  жаздың   жылы   мезгілдерінде   ғана
қолданады. Қысты күндері шошқаларды ауа райының жылы күндері  ғана  мезгілді
серуендетеді.
      Серуенсіз ұстау тәсілін бордақылауға қойылған 15-30 бастан станоктарда
топтап  ұсталатын  шошқаларға  қолданалды.  Шошқалар  қорадағы   станоктарда
бордақылаудың басынан аяғына дейін  серуенсіз  тұрады  да,  жолдарда  немесе
станоктарда азықтанады.
      Ірілендірілген шошқа комплекстерінде жыл  бойына  негізгі  қабандарда,
аналық  және  жас  шошқаларда  серуендетілмейді  де,   олардың   өсіп-жетілу
функцияларына теріс әсерін тигізеді. Жазғы  айларда  шошқаларды  (аналықтар,
жас шошқалар, енесінен айырған торайлар) жеңіл салынған  лагерлерде,  шалаш-
сарайларда,  жаппа-күркелерде  немесе  қоршалған  алаңдарда  ұстаған  тиімді
болады.


      3. Шошқаларға арналған қоралар және олардың ішкі жоспарлануы


      Ірілендірілген шошқа комплекстерінде әр өндірістік топтағы  шошқаларды
жеке қораларда ұстайды. Ол үшін әр шаруашылықта  қабан  шошқаларға  арналған
қоралар  (ұрықтандыру  пункті  немесе  онсыз),  қысыр  және  ұрықтандырылған
аналық қоралары, буаз және торайлы  шошқаларға,  енесінен  айырған  торайлар
мен жас шошқаларға, бордақы  шошқаларға  және  басқа  шаруашылықтан  алынған
малдарға арналған карантин-қоралары қаралады.
      Аталық  шошқаларға  (қабандарға)   арналған   қоралар   көбінесе   ірі
шаруашылықтарда комплекстерде қаралады, ал  кішігірім  фермаларда,  көбінесе
аналық шошқалардың қораларында жекелеме станоктарда қабандарды  да  ұстайды.
Қабан  шошқаларға  арналған  қорада  қосымша  ұрықтандыру   пункті   (манеж,
лаборатория), қабандарға  санитарлық-тазалау  жұмыстарын  жүргізетін  бөлме,
ұрықтанған аналық шошқаларды уақытша ұстаға арналған орын, жабдықтарды  және
төсеніштерді сақтайтын бөлмелер қаралады.
      Қабандардың қораларында станоктарды  екі  қатарлы  орналастырып,  ұзын
қабырғалармен аралығына ені 1 м жол тастап, ал  ортадан  азық  таратып,  көң
тазартатын ені 1,4 м кем емес, жол қалдырады.  Негізгі  қабандарды  жекелеп,
жас өнімдіктерін шағын (3-4) топпен станоктарда ұстап,  олардың  едендерінің
ауданын әр басқа шаққанда жеке ұстағанда – 7,  топтап  ұстағанда  –  2,5  м²
қаралады. Қабандарға арналған қоралар жарық болуы  керек.  Қараңғыда  аталық
шошқалардың ұрығының сапасы төмендейді.
      Қабан шошқалардың станоктары азық  науаларымен  және  су  құбырларымен
(табақша немесе  емшекті  автопоилкалар)  жабдықталады.  Азық  науасының  әр
басқа шаққандағы ұзындығы (фронт) 45-50 см. Құрғақ азықтардың науасының  ені
(үстінен және түбінен) 50 см, алдыңғы бетінің биіктігі –  25  см.  Станоктың
едені жылыланған болуы керек.
      Қабандардың негізгі аурулараның себебі оларды қыс және  күз  айларында
суық, сызды едендерде ұстау,  моционның  жетіспеушілігі  және  жазда  жаймау
екендігі  тәжірибеде  де  дәлелденген.  Суық   кездерде   қабандар   тұратын
станоктардың  едендерінің  жылылығы  15-18  ºС  болуы  керек.   Егер   қабан
шошқаларды жылы едендерде ұстаса, олардағы кейбір аурулар (бұлшық  еттерінің
дірілі, жұмсақ табандары, аяқ тұяқтарының жарылуы т.б.) кездеспейді.
      Буаз және қысыр мегежіндердің қораларын жекелеме және  топтап  ұстауға
арналған станоктармен жабдықтайды. Аналық шошқаларға  арналған  станоктардың
екі жанындағы қабырғаларының 1/3  бөлігі  тұтас,  ал  қалған  жағы  төркөзді
болып, көң түсетін арықтың үсті жабылған еденінде  тұрады.  Станоктың  тұтас
қабырғалы бөлігінің едені жылыланған таза болуы  керек.  Шошқаларды   топтап
ұстуға арналған станоктың ені (тереңдігі) 3,5 м артық  болмай,  әр  станокта
10 бастан көп емес қысыр немесе жеңіл буаз аналықтар орналастырып, әр  басқа
1,8-2 м² еден ауданы есептеледі.
      Стакандарда жеке немесе топтап көректендіруге арналған  азық  науалары
орнатылады.  Әр  станокта  төркөзді  деннің  турасына  су  құбыры  қойылады.
Көбінесе  шошқалар  станокта    төсенішсіз   ұсталатын   болғандықтан   еден
керамзитті-бетонды материалдан жасалады.
      Комплекстерде буаз шошқалары туатын цехқа ауыстырғанша шағын  топ  пен
(5-6 бастан көп емес) ұстап, торайлардан  3-5  күн  бұрын  жеке  станоктарға
орналастырады.
      Буаз шошқаларды ұстаған кезде  олардың  110-113  күндері  өте  қауіпті
екенін естен шығармау  керекте,  осы  кездерде  олар  толық  құнарлы  затты,
витаминді және макро-микро  элементті  рационмен  қамтамасыз  етілуі  қажет.
Қысыр және жеңіл буаз аналық шошқаларды ұстаған кезде  қораның  микроклиматы
қалыпты болуы керек.  Ұзақ уақыт қысыр  шошқалардың  жоғарғы  температурада,
әсіресе жаз айларында  жас  аналықтардың,  болуы  жыныстық  күйтінің  келуін
тежейді.  Аналық  шошқалардың   оптималды   температуралы   режимде   ұстап,
серуендетіп,  қалыпты  азықтандырып  отырса,  олардың  жыныстық  күйті   тез
келеді.


       4.Аналық шошқа қоралары

      Шошқа фермалары мен комплекстерінде торайлы және ауыр буаз аналықтарға
арнап қора салып, оларға екі, үш, төрт қатарлы станоктар орналастырып, әр
станокта бір аналықты торайы мен бірге және тууына 7-10 күн қалған
аналықтарды торайлағанға дейін және торайлағаннан соң 30-45 күнге дейін
ұстайды.
      Станоктардың конструкциялары  (үйлесім  құрылысы)  шошқалардың  тууына
қолайлы және жас туған торайларды енелерінің үстіне жатып, жаншып  өлтіруден
сақтайтын болуы керек. Ол үшін аналықты жас  торайцлардан  бөлек  ұстап,  ал
торайлардың жеке шығып кететін  саңылаулы  тесігі  болып,  жеке  дем  алатын
зонасы болуы керек.  Қатар  орналасқан  станоктардағы  малдардың  бір-біріне
қатысы болу үшін станоктың үш қабырғалары тұтас, ал  тек  көң  жолы  жағының
қабырғасы торкөзді бөлігі  торайлардың  енесіне  қатысуына  бөгетсіз  болып,
астыңғы жағынан саңылау  қалдырады.  Жас  торайларды  жылыту  үшін,  олардың
жатқан бөлігінің жағына белгілі  бір  биіктікте  инфра  қызыл,  ультракүлгін
және эритемді шамдарды іліп орнатады.
      Станоктардың  ішіндегі  көңді  едендердің  тор  көздерінен   астындағы
каналға  (арық)  түсіп,  одан  арнайы   қырғыш,   сырғыш   транспортерлердің
көмегімен тазаланып шығарылады.
      Шошқаларды бір фазалы технологиямен ұстаған кездерде  «Лузинский»,  ал
екі фазалы да ОСМ-120 типті станоктарды пайдаланады. Сол  сияқты  үш  фазалы
технологиямен ұстағанда станоктардың типтері ССИ-2, ОСМ-60  (СОИ-1),  СОИЛ-2
типтері  болады.  Олардың  ССИ-2  және  СОИЛ-3  аналықтарды   туғызып   және
торайларымен 26 күндігіне дейін, ал СОИЛ-2-45 күндік  жасына  дейін  ұстауға
жасалған. Станок ОСМ-60 (СОИЛ-1) тұқымдық фермалармен  комплекстерде  аналық
шошқаларды торайымен 60 күндік жасына дейін ұстаға қолайлы болады.
      Станоктардың   еденінің   ауданы   енелерінен   торайларын    айыратын
мезгілдеріне байланысты болып, егер торайларды 60-күндігінде  айырса  станок
ауданы – 6-7  м²,  ал  30-35  тәулігінде  болса  –  5-5,5  м²  алынады.  Бұл
станоктардың ішінде зоогигиеналық талаптарға көбінесе  сай  келетін  СОИЛ-1,
СОИЛ-2  (Ленинградтық)  типтілері  болады.  Станоктар  үш  бөлікке  (боксқа)
бөлініп, ортаңғысында аналық шошқа тұрып, екі  шетінде  торайлар  жатып  дем
алып және азықтануына арналған. Станоктың үшінші қабырғасына аналық  шошқаға
арналған өздігінен аударылатын  азық  науасы  бекітілген.  Станокта  табақша
немесе емшекті  су құбыры ПАС-2А орнатылады. Торайлардың жататын  жерлерінің
үстіне инфрақызыл шам ілінеді де, ал торайлар мен  аналықтарды  сәулелендіру
үшін ультракүлгін шамдары ЛЭ-16, немесе ЭО-1-30 М типтілер ілініп  қойылады.

      Станок  ССИ-2  типті  (ВНИИМЖ)  мегежіндердің  тууына  арналған   бір,
торайлардың дем алып,  азықтануына  –  2  бөлмесі  және  серуендейтін  алаңы
болады. Комплекстерде енесінен айырған торайларды  өсіріп,  одан  бордақылап
семірту үшін станоктар ОСМ-120 типті болады. Жалпы ұзындығы – 317 см, ені  –
200 см. Туған кезінде аналықты ұстайтын боксының ұзындығы – 180  см,  ені  –
60 см.
      Енесінен айырған торайларға арналған қоралар – тұқымдық  және  өнімдік
фермаларда, оларды 25-30 бастан  топтап  ұстауға  арналып  салынады.  Кейбір
фермаларда енесінен  айырған  торайларды  ұялы  түрде  ұстайды  (бір  ұядағы
торайларды жеке станокта). Енесінен айырған торайларды  ірі  топпен  ұстаған
кездерде елеулі мөлшерде өсу салмағы төмендейді. Сондықтан енесінен  айырған
торайларды үш ұядан артық қоспай,  яғни  15-25  бастан  артық  бір  станокқа
топтамау қажет. Шағын фермаларда 0,35 м², тұқымдықтарда – 0,4  м²  әр  басқа
есептеп орналастырады. Азық науаларының әр басқа  ұзындығын  20  см  есептеп
алады.
      Енесінен айырған торайларға арналған қоралар жылы, құрғақ  жарық  және
жақсы желдетілген  болуы  керек.  Неғұрлым  өсіруге  қойылған  шошқалар  жас
болса, жаңа орынға олардың  организмдері  бейімделу  үшін,  солғұрлым  ұстау
жағдайы жақсы болуы керек. Жас  торайлардың  өсу  жылдамдығы  көбінесе  қора
ауасындағы оттегінің мөлшеріне байланысты болады. Сондықтан жас  торайлардың
секцияларына таза ауаны механикалық тәсілмен жеткізіп, қамтамасыз етіп,  жыл
мезгіліне байланысты суық кездерде жылытып, таза, жаңа  ауа  жоғарғы  жаққа,
ал ескі, ластанған ауа төменнен алмастырылады.
      Жас шошқаларды клеткалы батареяларда жетілтіп өсіру - мал  қораларының
сиымдылығын арттырып, қорадан таратылатын жылудың  мөлшерін  азайтып,  соның
нәтижесінде қораны жылытуға кететін шығынды  кемітіп,  құрлыс  материалдарын
үнемдеп,  вентиляция,  канализация,  электр  жүйелерінің  жүргізу   жолдарын
қысқартып және ауыр технологиялық процесстерді  (азық  тарату,  көң  шығару,
ауа алмастыру, жарықтандыру т.б.) механикаландырып  және  автоматизациялауға
қолайлы жағдай жасалады.
      Клеткалы  –  батареяларда  торайларды  өсіріп-жетілдіру   екі   сатыда
жүргізіледі: біріншісі торайларды  4-10  күндіктен  30-35  тәуліктік  жасына
дейін, екіншісі – 30-35 тен 90-105 күнге дейін жүргізіледі.
      Торайларды өсірудің бірінші сатысында, көбінесе  үш  қабатты  клеткалы
батареяларды пайдаланады. Клетканың  қаңқасын тат баспай-
тын металдан жасап, клеткалардың өзін цинктелген  сымдардан  торкөзді  қылып
дайындайды. Клеткалардың размерлері орналасатын торайлардың жасы мен  санына
байланысты болады. Өте ерте  енесінен  айырып  алынған  торайларды  жекелеме
клеткаларда ұстайды да, оның размері 0,25м×0,60м болады. Топтап ұстау  үшін,
размерлері үлкендеу клеткалар 1,2 м-1,5 м×0,6 м×0,8 м және биіктігі  0,4-0,6
м  пайдаланылып, оның әр торайға жасына байланыстырып  еденнің  ауданын  0,1
м² дан 1,2 м² дейін есептеледі. Клетканың  алдыңғы  қабырғасын  еңіс  жасап,
оған металды азық науасын бекітеді.  Бұл  қабырғаны  көбінесе  қосымша  есік
есебінде пайдаланады. Көректену кезінде торайлар қатты  мазасызданбау  үшін,
алдыңғы  қабырғасының  ішкі  жағына  торайдың  санына  байланыстырып,   азық
науасын бөліп тұратын темір таяқшалар бекітіліп қойылады.
      Клеткалары батареялардың едені екі қабатты метал сеткаларынан жасалып,
оларды жылжыту арқылы, оның тор көздерінің размерлері 10×10  мм  немесе12×12
мм болатындай орналастырады.
      Әр қабатты клеткалардың астына металды немесе полимерлі материалдардан
еңісті төсеніш төселеді де, оның үстіне  түскен  шошқа  нәжісі  сырғып,  көң
каналына түсіп, одан сумен жуып немесе қырғыш құрылымымен шығарылады.
      Торайларды екінші сатылы өсіріп-жетілдіру мерзімінде берік бір  немесе
екі қабатты металдан жасалған  клеткалы  батареяларын  пайдаланады.  Олардың
еденедерінің  ауданы,  торайлардың  өсуіне   байланыстырып,   0,27-0,28-0,30
немесе 0,37-0,38 м² есептеледі. Клетканың размері 1,2×1,6 м  немесе  1,3×1,3
м, биіктігі – 0,6 м. Клетканың еденін метал сырықтардан  (планка)  саңылауын
5×15 немесе 30 мм және  аралығындағы  саңылау  10-15  мм  жасалады.  Бірінші
қабаттың едені жерден 0,38 немесе 0,6-0,7 м жоғары  орналасады.  Шошқалардың
қыйы тор  едендерінің  арасынан  арықтарға  түсіп,  ол  жерден  көң  жинағыш
құрылымының көмегімен тазаланады.
      Торайларды суару үшін клеткадағы азық науаларына  қарама-қарсы  жақтан
емшекті суарғыштар орнатады, оларды еденнен 5-10 см жоғары бекітеді.
      Азық науаларын алдыңғы қабырғалардың ұзын бойына орнатып, салмағы  25-
30 кг торайлардың әр қайсысына 18-22 см орыннан есептейді.
      Торайларды  клеткалы   батареяларда   ұстап   өсіру   кезінде   ондағы
микроклиматтың нормативке сәйкестігіне аса көңіл бөлінеді. Бірінші  сатыдағы
торайларды өсіру  кезінде  ауаның  температурасы  26-28  ºС  болуы  керекте,
олардың өсуіне байланыстырып,  төмендетіп  отырады.  Мысалы,  торайдың  тірі
салмағы 18-20кг болса, ауа температурасы 22-24ºС,  салыстырмалы  ылғалдылығы
60 % жоғары болмауы керек. Қорадағы  микроклиматтың  көрсеткіштерін  қалыпты
мөлшерде ұстап тұру үшін ауаны сорып  кіргізіп-шығарып  тұратын  механикалық
желдеткіш орнатылады. Таза ауа жоғарғы зонадан кіріп, ал ішкі ластанған  ауа
төменнен (60 %-дай) көңнің арық жолдарынан шығарылуы  керек.  Қора  ауасының
қозғалысының жылдамдығы 0,2 м/сек жоғары болмауы керек.
      Ғылими зерттеулердің нәтижесінде ерте  5-10  күндік  жасында  енесінен
айырып, клеткалы  батаряларда  ұстап,  дұрыс  жағдай  жасалса,  олардың  екі
айлығында тірі  салмағы  –  21  кг  жетіп,  ал  торайларды  3-5  апталығында
енесінен  айырғанда  осы  салмаққа  тек  66-68  тәуліктік  жастарында   ғана
толатындығы дәлелденген. Мұнымен қоса олардың сақталу пайызы жоғары  болады.

      Сондықтан, торайларды ерте енелерінен айырып,  өсіріп  жетілдіру,  тек
өте   жоғарғы   санитарлық-гигиеналық   талаптарға   ұйымдастыру   жұмыстары
жүргізілген жағдайда ғана мол өнім алынып, тиімді болады.
      Өнімдік жас шошқаларға арналған  қораларды,  фермалардың  қуаттылығына
байланысты  сиымдылығын,  белгілеп  ішіне  екі,   төрт   қатарлы   станоктар
орналастырады да, малдарды топтап ұстайды. Бір станокта  10-30  басқа  дейін
топтап орналастырады. Өнімдік фермаларда станоктың әр басқа шаққанда  ауданы
0,7-0,8 м², ал тұқымдық малдарға  –  1  м²  дейін  есептеледі.  Станоктардың
тереңдігі (ені) және ұзындығы 3,5 м болады. Азық науалары әр  басқа  шақанда
0,3 м келеді. Ір станоктың ішіне су құбырын орнатады.
      Шошқа  қорасының  ауа   температурасы   16-18ºС   болуы   керек.   Ауа
температурасы жоғары болса  (30-35º)  ұрғашы  жас  шошқалардың  жыныс  күйті
шағылысуға уақытында келмей тежеледі.
      Өнімдік жас шошқаларды өсіргенде  табиғи  жағдайға  ұқсастырып  күтіп-
бағып қана келешекте мол өнім  алуға  болады.  Сондықтан  оларды  күнделікті
серуендетіп отыру қажет.
      Бордақылайтын  шошқаларға  арналған  қораларда  да   топтап   ұстайтын
станоктармен  2-4  қатарлы  қылып  жабдықталады  (сурет  6).  Әр   станоктың
сиымдылығы 25-30 басқа дейін болады.  Азық  науаларының  ұзындығы  әр  басқа
шаққанда 30-32 см кем келмеуі керек. Бірақ, бордақы малдарын станокта  12-15
бастан артық топтамаған жағдайда, олар бір-бірін жиі  мазаламай,  жақсы  дем
алып, қоң жинап, сақталу пайызы  жоғарлайды  және  малдардың  ауруы  азайып,
лажсыз сою кемиді.
      Станоктардың қабырғаларының биіктігі 1,1 м кем  болмай,  екі  тіркелес
станоктардың бөлігі тұтас, ал азықтанатын  бөлігінде,  көң  түсетін  арықтың
үстіндегі қабырға  тор  көзді  болып  10-12  см  саңылау  размері  жасалады.
Бордақылаудағы  жас  шошқалар  үшін  станоктың   ауданы   бір   басқа   0,5,
ересектерге 0,7-0,8 шаршы метр есептеледі. Станоктың ені мен ұзындығы 3,5  м
артық болмайды.
      Бордақыда  тұрған  шошқалардың  қораларының  ауасының   температурасын
малдардың өсуіне байланыстырып қалыптап отырады.
      Бордақыдағы малдардың ауа температурасының тәуліктік  тосын  ауытқуына
жол бермеу керек. Ондай температураның ауытқуы кезінде бордақыдағы  шошқалар
оған  тек  қосымша  азық  пайдалану   арқылы   ғана   бейімделеді.   Төменгі
температура кезінде шошқалар бейімделіп үлгере алмай, салмағын  төмендетеді.
Ауа температурасы 10ºС төмендегенде шошқаның әр киллограмм қосқан  салмағына
азық шығыны 20-30 % артады. Шошқаларды бордақылайтын қораларда  әр   центнер
салмағына шаққанда алмастыратын ауаның сағат сайынғы мөлшері  қыс  айларында
– 35-45 куб.м., ал жазда – 60 куб.м. болуы керек.  Сондықтан  жазғы  айларда
қорада бордақылайтын шошқалар тығыз орналасқан  кездерде  ауа  температурасы
28-30ºС  көтеріліп,  дұрыс  ауа  алмастырылмаған  жағдайда,  малдардың  жылу
алмасу жүйесінің жұмысы бұзылып, тыныс алу, ас қорыту органдарының  аурулары
пайда болып, соның нәтижесінде малдардың өсуі тежеліп,  салмағы  төмендейді.
Бордақыдағы шошқалардың  организмдерінде  зат  алмасу  процесстерінің  жүруі
жоғары  болады  да,  қораның  ауасына  жылу  көп   бөлініп,   температурасын
жоғарлатып жібермеу үшін қораның ауа  алмастыруын  арттыру  қажет.  Ол  үшін
көбінесе  есік  терезелерді  ашып,  өтпе  жел  (свозняк)  туғызбай   желдету
жүйесінің жұмысын механикалық  түрде  арттырып,  қорадағы  ауа  қозғалысының
жылдамдығын жаз айларында 1 м/сек, одан да жоғарлатады.
      Бордақылау аяқталғаннан соң, қораны шошқаларды шығарып,  тазалап  және
дезинфекциялаудан өткізеді де, 5-7 тәулікке,  қора  бөлшектерінің  беттеріне
дезинфекциялау    ертінділерін    толықтай     сіңіп,     микроорганизмдерді
залалсыздандыру үшін,  қораға  мал  қамамайды.  Содан  кейін  келесі  партия
бордақылау  шошқаларын  кіргізбес  бұрын   қораның   микроклиматын   қалыпқа
келтіріп алады.  Бордақылау малдарын қабылдауға қораны  дайындағаннан  кейін
бір тәулік ішінде станоктарды толтырып, өте ұсақ  шошқаларды  бөлек  күтімге
алу  үшін  жеке  станокқа  қамайды  да,  алғашқы  2-3  күн  қосымша   құрама
азықтармен құрғақ сүт, балық майын және антибиотиктер береді.
      Азықтандыру кезінде малдардың  азық  жеуін  қадағалайды.  Азықтан  бас
тартып,  жемеген  шошқаларды  мал  дәргерлік  қараудан   өткізіп   шараларын
жүргізеді.
      Еркін серуендетіп ұстауға арналған қоралар, көбінесе ауа райы қолайлы,
жылы  аймақтарда  салынады.  Бұл  тәсілмен  әртүрлі  жастағы   мен   жынысты
шошқалар, әсіресе аналық мегежіндер ұсталады.  Шошқаларды  еркін  серуендету
тәсілімен ұстау үшін арнайы қоралар  салынады  да,  серуен  алаңына  қараған
ұзын қабырғаларынан, шошқалардың еркін  кіріп  –  шығып  жүруі  үшін  арнайы
тесіктер (лаз) қалдырады. Әрбір  тесікке  шаққандағы  келетін  малдар  саны:
енесінен  айырған  торайлар  мен  жас  шошқалар  –  30  ,   үлкен   шошқалар
(мегежіндер) – 20, ересек бордақы  бағытындағы  шошқалар  –  30  -50  бастан
есептеп қаралады. Қалдырылатын тесіктердің размерлері (ені ×  биіктігі,  м):
енесінен  айырған  торайларға  –  0,3  ×  0,4  м,  өнімдік  және  еттік  жас
шошқаларға – 0,5 × 0,8 м, ірі  үлкен  шошқаларға  –  0,6  ×  0,9  м  қаралып
жасалады. Тесіктердің табалдырығы болмай, еден  мен  бірдей  жасап  шошқалар
жүретін  жол-пандус  салады.  Тесіктерді  топсада   айналып   тұратын   (мал
сүйкенгенде ашылатын) есіктермен  қамтамасыз  етеді.  Сыртқы  ауаның  орташа
температурасы  минус  25ºС  төмен  аймақтарда  тесіктер   алдына   қалқандар
(тамбурлар) жасалады.
      Шошқа қораларының ық жағынан серуен алаңдары  қаралып,  оның  едендері
қатты материалдардан бетонданған болуы керек. Серуен алаңының едені  3-4  см
әр 1 метрге су ағар бір жағына құлама болуы керек. Серуен алаңын қоршап,  әр
шошқалар тобы бірігіп, қосылып кетпес үшін бірнеше бөліктерге  (секцияларға)
бөледі. Оңтүстік аймақтарда  серуен  алаңында  күннен  қорғайтын  көлеңке  –
күрке  жасалады.  Серуен  алаңдарының  ауданы  әр  басқа  шаққанда  енесінен
айырған торайлар үшін 0,8 м², өнімдік және еттік жас шошқаларға  –  1,2  м²,
буаз мегежіндерге – 2,0-2,5 м² қаралады.
      Шошқа қораларының  ішінен  әлсіз  және  жұқпайтын  аурулармен  ауырған
малдарды ұстау үшін ауданы 2-3 % (барлық ауданынан  есептегенде)  санитарлық
станоктар қаралады. Онда тұрған малдарға жеке күтім жасап, дәрігерлік  көмек
көрсетіп отырады.
      Қораның көлемі (кубатурасы) ондағы орналасқан малдардың жасы,  салмағы
және бағытына байланысты болып, қабандар мен мегежіндерге 10-25 м³,  өнімдік
және еттік жас шошқаларға – 2-6 м³ болады. Малдарды жеткілікті  таза  ауамен
қамтамасыз  ету  үшін  шошқа  қораларына  табиғи  немесе   механикалық   ауа
алмастыру  жүйелері  қаралып,   қыста   ауаны   жылтып   кіргізетін   электр
колориферлерін орнатады.


      5.Шошқа малдарына арналған қоралардың микроклиматы


      Шошқа малдарының қораларындағы микроклиматтың қалыпты жағдайы, олардың
физиологиялық  ерекшеліктеріне  сәйкес  келуі,  шошқаларды  әртүрлі  жұқпалы
инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақтандыруда маңызды  роль  атқарады.

      Шошқа қораларындағы  ауа  температурасының  тым  жоғары  немесе  төмен
болуы,  олардың  организмдерінің  резисттентілігін  төмендетіп  және   өсіп-
жетілуін  тежеп,  азық  шығынын  арттырып,  малдар  жиі  әртүрлі   ауруларға
шалдығып, өлім-жітімге ұшырайды. Аналық шошқалардың қорасында  көбінесе  екі
температуралы режим жасалады: ірі  мегежіндерге  бір  бөлек  және  емшектегі
торайлар  үшін  жеке  жағдай  туғызу  қажет.  Мысалы,  жас  торайларға   ауа
температурасы 28ºС дан 22ºС  дейін  керек  болса,  олардың  енесіне  16-18ºС
температура қажет  болады.Көрсетілген  температурадан  төмен  болса,  аналық
шошқалардың сүттілігі кемиді. Жас төлдердің орнындағы  ауа  температурасының
төмендеуі, олардың денесінен энергетикалық заттардың шығынын  арттырады  да,
организмнің температурасының  төмендеуіне  апарып  соғып,  көректенуден  бас
тартып, өлімге ұшырайды.
      Шошқа   шаруашылықтарының   тәжірибесінде    қора    ауасын    қалыпты
температурада ұстау үшін аралас  жылыту  жүйелерін  пайдалануды  тиімді  деп
санайды. Ондай жағдайда малдардың тұрған орнын едендердің асты  арқылы  және
жоғарғы жақтан жасанды инфрақызыл сәулелерімен арнайы шамдардың  іліп  қойып
жылытады. Торайлар жататын орнының әр станокты жылытылатын ауданы –  1,0-1,5
м², ал ол жердің үстінің температурасы  30ºС  болып,  біртіндеп  төмендетіп,
енесінен айырған кезде 22ºС жеткізеді.
      Жоғарғы температура, әсіресе жазғы күндері  малдарда  жылу  күйзелісін
(стресс) тудырады, әсіресе  семіз  шошқаларда  ондай  жоғарғы  температурада
шағылыстан  өткен  мегежіндердің  жатырындағы  ұрықтардың  алғашқы   күндері
сақталуын  төмендетеді.  Ауаның  жоғарғы  температурасы  (27-35ºС)  шағылысу
кездерінде және буаздықтың алғашқы апталарында мегежіндердің  эмбриондарының
дамуын тежеп, туғанда  торай  санын  азайтады.  Шошқа  қораларының  ауасының
температурасы жазғы  ыстық  күндерінің  орташа  температурасынан  5ºС  артық
болмауға  керек.  Шошқаларды  жылытылмайтын  қораларда  ұстау,  ауа   райына
байланысты, елеулі азық шығынына апарып соғатындығы дәлелденген (Канадада  –
44 %, АҚШ – 25 %, Данияда – 10 %). Шошқа  қорасының  аусының  16ºС  дан  5ºС
төмендегенде әр градусқа, бордақылаудағы  малдың  салмағы  2  %  кемитіндігі
дәлелденген.
      Қора ауасының салыстырмалы ылғалдылығының  70  %  дан  95  %  өзгеруі,
шошқалардың шығынын 0,05 %дан 17,5 % дейін жоғарлатады.
      Қора ауасының жоғарғы салыстырмалы ылғалдығы, төменгі температура  мен
біріккенде, мал организмін суыққа  ұрындырып  резисттенттілігін  төмендетеді
де,   әртүрлі   инфекциялық   аурулармен   ауыртады.   Ауаның   салыстырмалы
ылғалдылығы, әсіресе  шошқаларды  қорада  сулы  азықтармен  көректендіргенде
және көңді сумен жуып тазалаған кездерде жоғарлайды.
      Шошқа малдарында күйзеліс жағдайлар, көбінесе қора  ауасындағы  зиянды
газдардың,    шаң-тозаңдар    мен    микроорганизмдердің    концентрациялары
жоғарлағанда туады. Қора ауасында аммиактың мөлшері  қалыптан  жоғары  33-36
мг/м³ көтерілсе, бордақыдағы шошқалардың тәуліктік қосу салмағы  7,7-10,2  %
төмендейді (кесте 16).
      Шошқа қораларындағы қалыпты жарықтану режимі,  олардың  организміндегі
зат алмасу процесстерін арттырып, эндокринді бездердің қызметін  жоғарлатып,
соның нәтижесінде  малдың  өнімділігі  жақсарып,  туған  төлдің  ширақ  және
сыртқы әсерлерге төзімділік қабілеті жоғарлайды.
      Малдардың қорасындағы жарықтанудың қанағаттанғысыз  шамада  болуы  жас
торайлардың өсіп-жетілуін 7-10 % тежеп, ауруға  ұшырау  межесін  –  24-28  %
көтеріп, ал өлімін –  9-10  %  жоғарлататындығы  дәлелденген.  Бордақылайтын
шошқаларды  төменгі  жарықтандыру  мөлшеріне  ауыстыруды,  оларды  семіртуге
қоярдың алдында 70-80 күн  бұрын  бастаған  жөн.  Ол  кезде  жарықтандырудың
шамасы, жас шошқаларды өсіру кезіндегі жарық  мөлшерімен  салыстырғанда  екі
есе азайтылып, жарықтандырудың тәуліктік ұзақтығы ет бағытындағылар үшін 10-
сағат, майландырғанда – 6 сағаттан аспауы керек. Шошқалардың денсаулығы  мен
өнімі қораның микроклиматының  барлық  көрсеткіштерінің  әсеріне  байланысты
болады. Микроклимат  көрсеткіштері  малдардың  физиологиясына  сай  келмесе,
оның төзімділік қабілеті төмендеп, жас шошқалардың  өсіп-жетілуін  (9-28  %)
кеміп, азықтардың шығыны (12-30 %) артып және малдың ауруға  шалдығуы  1,5-2
есеге жоғарлайды да, шаруашылық экономиялық  көрсеткіштері  бойынша  тиімсіз
болып шығады.


           Дәріс 5. Ауыл шаруашылығы  құстарының гигиенасы (2 сағ)
      Қаралатын сұрақтар:
      1. Құстарды ұстау жүйелері мен тәсілдері
      2. Құс өндірістеріндегі ветеринариялық-санитарлық режим
      3. Құс қораларының микроклиматы
      4. Балапандардың гигиенасы

      Еліміздің  халықты  тағамдық  өнімдер  мен  қамтамасыз  ету  жөніндегі
бағдарламаның орындалуына ауыл шаруашылық құстарын өсірудің  де  зор  маңызы
бар.  Өйткені құстардың етінің  құндылығы  ғана  емес,  оған  жұмыртқа  және
мамық өнімдерінің бағалылығын қоссақ, оны мен  бірге  олардың  тез  жетіліп,
көп өнім беретіндігін ескерсек  құстарды  өсірудің  маңызы  белгілі  болады.
Бірақ құстарды өсіру кезінде олардың сыртқы қоршаған  ортаға  (күтіп-бағуға,
азықтандыруға т.б.)  сезімталдығының  өте  жоғары  екендігін  ескеру  қажет.
Құстардың  азғана  жерде  көптен  орналасқан   жағдайында   оларды   әртүрлі
аурулардан  сақтандыру  тек  қана   ветеринариялық   санитарлық   ережелерді
орындап, гигиеналық талаптарға сай жұмыс істегенде ғана болады.


      1.Құстарды ұстау жүйелері мен тәсілдері


      Құс шаруашылығында үш түрлі ұстау  жүйелері:  экстенсивті,  интенсивті
және аралас немесе жартылай интенсивті қолданылады.  Әр  жүйенің  өзіне  тән
тәсілдері  яғни  клеткаларда  және  едендерде  ұстайтын   түрлері   тараған.
Едендерде ұстау тәсілдері үш түрде кездеседі: жиналмайтын  қалың  төсенішті,
сыртқы  және  сеткалы   (торкөзді)   едендерде   арнайы   серуен   алаңдарын
пайдаланып, немесе серуенсіз тұрғызып күтіп-бағу болады.
      Экстенсивті  жүйе  –  көбінесе  кіші  құс  фермаларында  белгілі   бір
мезгілдерде ет және жұмыртқа өнімдерін алуға бағытталған. Мұндай  фермаларда
құстарды  едендерде  ұстап,  табиғи  жарықтандыруды,  ауаны  желдетуді  және
мезгілді  серуендетуді  пайдаланады  да,  ондай  кездерде   фермадағы   ауыр
жұмыстарды (азық тарату, көң  тазалау  т.б.)  механикаландырудан   гөрі  қол
жұмыстарының бөлігі жоғары болады.
      Интенсивті жүйе – жыл бойына жоспарлы түрде біркелкі сапалы, мол  өнім
алу  үшін  жоғарғы  өнімді  құстарды  клеткаларда  және   едендерде   ұстап,
технологиялық   процесстерді   (вентиляция,    канализация,    жарықтандыру,
азықтандыру т.б.) механикаландырып, автоматтандырып және  арнайы  зауаттарда
дайындалған құнарлы құрама жемдерді пайдаланып, серуенсіз ұстайды.
      Аралас  немесе  жартылай  интенсивті  жүйе  –  құстарды  технологиялық
процесстері автоматтандырылған  және  механикаландырылған  қораларда  ұстап,
бірақ шектеулі серуендетуді пайдаланып (қаздар, үйрету фермаларында)  немесе
құстар жылдың бір мезгілінде экстенсивті, ал басқа  уақытында  –  интенсивті
жүйеде ұсталады.
      Құстарды қалың жиналмайтын  төсеніштерде  ұстау  тәсілі  көбінесе,  ет
бағытындағы фермаларда қолданылады. Қалың төсеніштерде құстарды  ұстау  үшін
әуелі құрғақ, дезинфекцияланған және алдын ала қортылған хлорлы  әкі  ұнтағы
себілген (әр кв.м. 0,5-1  кг)  еденге  қалыңдығы  –  15  см  төсеніш  салып,
соңынан әр бір екі айда үстіне төсеніш  материалын  қосып,  жалпы  қалыңдығы
жыл аяғына дейін 25-30 см жеткізеді.
      Мұндай  төсеніштерде,  биотермиялық  процесстердің  нәтижесінде,   қыс
айында температура 12-18ºС  жетеді де, ал  төсеніш  аралығындағы  сапрофитті
микробтардың өсуінің салдарынан, әсіресе витаминдер тобы В  түзіліп,  құстар
төсеніш түйірлерін шоқып жеп, өздеріне  қажет  кейбір  витаминдерді  табады.
Сол  сияқты,  құстарды  қалың  төсеніш  едендерде  ұстағанда,   олар   еркін
қозғалыста болып, денсаулығына бір шама пайдалы әсері тиеді.
      Мұнымен қоса құстарды  қалың  жиналмайтын  төсенішті  едендерде  ұстау
кезінде айтарлықтай  кемшіліктер кездеседі. Біріншіден бұл тәсілмен  ұстаған
кезде,  құстар  белгіленген  ұяларға  жұмыртқаламай  еденге  түсіріп,   олар
ластанып тек  тағамдық  қана  емес  инкубациялық  сапасын  төмендетеді  және
жұмыртқаларды жинау қыйынға түседі. Екіншіден, құстардың  саңырық  араласқан
төсеніштермен  ылғый  денесі  түйісіп,   шоқып   жеп   альминтарлы   (іштен)
инфекцияға және инвазиялық  (құрт)  ауруларға  шалдығуына  қауіп  төндіреді.
Үшіншіден, құстарды бұл тәсілмен ұстағанда төсенішті  ұзақ  алмастырмағанның
нәтижесінде, онда улы газдардың мөлшері көбейіп кетпеу  үшін  өте  көп  жаңа
төсеніш қоры  қажет болады (жылына әр құсқа 5-6 кг).
      Құстарды сырықты (планчатты) едендерде  ұстау  тәсілі  кезінде  арнайы
ағаш  сырықтардан  құрылған  (размері,  көбінесе  2  м  ×  3  м)   рамаларды
қоралардың еденінен 80-85 см биіктікте, көлдеңнең  орналастырады.  Рамаларды
жасауға қалыңдығы 1,5-2 см, жалпақтығы 4-5 см ағаш  сырықтар  (рейка)  алып,
құс саңырығына бөгет болмау үшін  үстіңгі  бетін  тегіс,  қырларын  жұмырлап
үстіріктеп,  бір-бірінен  2,5-3,0  см   қашықтықта   орналастырады.   Мұндай
едендердің арасынан құс саңырағы астындағы бетондалған  арыққа  түсіп,  одан
механикалық түрде арнайы  сырғыш-қырғыш  құрылымдардың  көмегімен  тазаланып
отырады.
      Сырықты едендерде  ұстағанда  құстарға  төсеніш  қажет  болмайды  және
олардың дем алып отыруына арнайы қондырғылар қаралмайды, құстардың  саңырығы
еден тесігінен төмен түсіп  кетеді  де,  олардың  денесі  таза  болып,  ауру
жұқтыру  қаупі  төнбейді  және  құстардың  орналасу  сиымдылығы  жоғарлайды.
Бірақ,  мұндай  артықшылығымен  қатар  айтарлықтай  кемшілігі   болып,   бұл
сырықтан жасалған едендердің сыртқы әсерлерге құс саңырықтарына төзбей,  тез
істен шығып, жарамсыздануы саналады.
      Құстарды тор көзді едендерде ұстау - басқа түрлеріне қарағанда  тиімді
болып есептеледі.
      Ол үшін аса берік, ауыр салмаққа  иіліп  кетпейтін,  сыртқы  әсерлерге
төзімді, әсіресе химиялық  заттар  мен  газдарға,  тот  баспайтын  (цинкпен,
полиэтиленмен, резинамен қапталған) сымдардан ара қашықтықтары (тесігі)  3,5
× 3,5 см  төркөздер  (сетка)  жасалып,  жерден  60-70  см  биіктікте,  керіп
орнатылады. Олардың астында көң жиналатын бетондалған арықтар жасалады.  Бұл
тәсілдің  сырықты  едендерден  артықшылығы   сыртқы   факторлардың   әсеріне
төзімділігі болса, кемшілігі ұзақ уақыт құс салмағына шыдамай,  еден  иіліп,
салбырап кетеді де, оны жиі  керіп  отыруға  қосымша  еңбек  жұмсалады  және
құстардың дем алып отыруына арнайы қондырғылар қаралуға тура келеді.
      Арнайы клеткаларда құстарды ұстау тәсілі құс  шаруашылығында,  әсіресе
ірі өндірістерде (фабрикалар)  кең  таралған.  Бұл  тәсілмен  ұстау  кезінде
арнайы клеткалы  батареялар  (тізбегі)  жасалып  қораның  ішіне  бірден  бес
қабатқа дейін аралықтарынан жол қалдырып орналастырылады. Ол  үшін  құстарды
жекелеме, шағын топпен (2-10 басқа дейін) және ірі  топпен  (бірнеше  ондық)
ұстауға арналған цинкпен көмкерілген сымдардан клеткалар  жасалып  тізбектеп
орналастырылады.
      Кәзіргі  кезде  клеткалы  батареяларда  барлық  негізгі  технологиялық
процесстер: азық жеткізу,  суару,  жұмыртқа  жинау,  саңырық  тазалау,  жуу,
дезинфекциялау т.б. механикаландырып  және  автоматтандырылған.  Клеткаларды
қорада  орналастырылуы  тігінен  және  сатылы  немесе   каскадты   жасалады.
Құстарды  клеткалы  батареяларда  ұстағанда,   олардың   орналасу   қабатына
байланысты, еденде ұстағанмен  салыстырғанда  2-4  есе,  қораның  сиымдылығы
артады.  Онымен  қоса   клеткалы   батареяларда   құстарды   ұстау   кезінде
жұмыртқалаудың жыл  мезгілдеріне  бөлінуі  жойылады,  өндірістің  санитарлық
жағдайы жоғарлайды, құстардың денсаулығын мезгілді бақылап  отыруға  қолайлы
болып,  азық  шығыны  кеміп,   оларды   ұстап   ветеринариялық-зоотехникалық
жұмыстарды жүргізуге  мүмкіншілік  туады.  Клеткалы  батареяларда  ұстағанда
технологиялық процессті механикаландыру және  автоматтандырудың  нәтижесінде
еңбек өнімділігі жоғарлайды.
      Құстарды клеткалы батареяларда ұстаған  кезде  тек  қана  оларды  мол,
құнарлы азықтармен қамтамасыз етудің ролі  артпай,  қорадағы  микроклиматты,
оның ішінде, жарықтану режимін қалыптаудың маңызы жоғарлайды.
      Құнарлы  азықтармен   азықтандырып   клеткалы   батареяларда   ұстаған
құстардың, басқа серуенді тәсілмен салыстырғанда,  жұмыртқаларының  химиялық
құрамы, биологиялық бағасы және тағамдық қасиеттері кем болмайды.
Құстарды клеткалы батареяларда ұстап,  өсіріп-бағу  оларды  едендерде  ұстау
тәсілдерімен салыстырғанда айтарлықтай өзгешеліктері болады.
      Құстарды клеткалы батереяларда ұстағанда, олардың қозғалысы  шектеледі
және ондай тәсілмен ұстауға дағдыланбаған  тұқымды  құстар  семіріп,  кейбір
органдарының қызметі бұзылып, жұмыртқалау  қабілеті  төмендейді.  Сондықтан,
клеткалы батереяларда  ұстау  тәсілдерін  дамытумен  қатар,  ондай  жағдайда
ұстауға бейімдеуге арналған селекциялық жұмыстар жүргізілуі керек.
      Құстарды бір жерден  ауыстырмай  ұстап  өсіруді  көп  сатылы  (фазалы)
түрімен, яғни жас құстарды  жиі орнын алмастырып отырып өсіргенді  өндіріске
енгізеді. Бірақ құстарды мезгіл-мезгіл орын ауыстырып өсіру  кезінде  оларға
әртүрлі стресс факторлар әсер етіп,  олардың  тәбеті  төмендеп,  төзімділігі
нашарлап, өнімі азайып және еңбек шығынын арттырады.


      2.Құс өндірістеріндегі ветеринариялық-санитарлық режим


      Құс қораларын қарқынды пайдаланып, оларды шағын жерге топтастырып, жыл
бойына  балапан   алып   (инкубациялау)   және   жас   құстарды   өндірістік
технологияда  өсіру,  ондағы   ветеринариялық-санитарлық   режимге   жоғарғы
талаптар қоюды қажет етеді.
      Ірі құстардың өндірістерін (фабрикалар) жобалап және  салу  кездерінде
ветеринариялық қорғау аймағы мен зоотехникалық-ветеринариялық ара  қашықтығы
белгіленген нормативтерге сүйенеді.
      Ірі  құс  өндірістерінің  аймағын  (территориясын)   бірнеше   бөлікке
(зонаға)    бөледі:     өндіріске     арналған;     шаруашылық     басқаруға
(хозадминстрация);  азықтарды  дайындау  және  сақтау;  өндіріс  қалдықтарын
(көң) өңдеп және сақтау.
      Ірі құс фабрикаларында  өндіріс  зонасын  қосымша  технологиялық  және
қосалқы зонаға шектейді. Ірілендірілген  (аналық  жұмыртқалайтын  құстарсыз)
өнімдік  фабрикалар  мен  еттік  және  жұмыртқа  алу  бағытындағы   фермалар
қуаттылығы 300 мың жұмыртқалайтын тауықтар, 1 млн еттік  шыбилар  (бройлер),
500 мың үйрек, 200 мың қаз және  күрке  тауық  еттік  балапандары  және  400
мыңға дейін өнімге арналған жас  құстарды  бір  аймақта  ұстап,  бірақ  бір-
бірінен 60 м таяу емес  қосалқы  зоналарға   бөлектеп  орналастыруға  рұқсат
етіледі.
      Тұйық  цикілді  өнімдік  өндірістер   және   жоғарыда   көрсетілгеннен
қуаттылығы  артық   ірілендірілген   ет   және   жұмыртқа   алуға   арналған
өндірістерді жобалағанда әр зонаға әртүрлі құстар топтарын орналастырып,  ал
зоналардың арақашықтығын 300 метрден кем қалдырмау  қажет.  Мұндай  кездерде
өндірістік зоналарды қосалқы (подзона) зоналарға  бөлу  үшін  әрбір  қосалқы
зоналарда мына мөлшерден артық болмауы керек (мың бас): өндірістік  табынның
тауықтары – 350; жұмыртқалайтын тауықтар табыны –  50,  өнімдік  жас  құстар
(ремонт) өндірістік табыны – 200, өнімдік жас құстар жұмыртқалайтын  табында
–  100,  етке  өсіретін  балапандар  –  250,   қаз,   үйрек,   күрке   тауық
жұмыртқалайтын табында және осылардың өнімдік (романт)  жас  құстары  –  20,
етке арналған үйрек балапандары – 200, қаз және күрке  тауық  етке  арналған
балапандары – 100.
      Әрбір  қосалқы  зоналардың   арасындағы   зоотехникалық-ветеринариялық
қашықтық 60 м кем болмауы керек.
      Жаңадан салатын және қайталап  тұрғызатын  өнімдік  өндірістері,  егер
жылдық қуаттылығы 600 мың, одан да артық жұмыртқалайтын  тауықтарға,  немесе
6 млн. бройлер-балапандарға арналған болса, әртүрлі зонада әр  технологиялық
құстар тобын орналастыруды жобалап және 1 км  жақын  емес  инкубатормен  сою
цехін салады.
      Қосалқы зонадағы құстардың  жастарының  айырмашылығы  балапан-шыбыйлар
үшін – 1 аптадан,  үлкен  құстарға  2-3  аптадан  артық  болмай,  зоналардың
зооветеринариялық  арақашықтығы  –  60  м  кем  болмайды.   Кезекті   құстар
партияларын   қораларда    орналастырар    алдында    цикілдік    сақтандыру
үзілістерінің ең минималды (төменгі) уақыттары мына төмендегідей:
      -Барлық  құстар  түрінің  үлкендері  мен   өнімдік   жасы   9-аптадан,
жоғарыларын едендерде ұстағанда – 4 апта;
      -Барлық құстар түрлерін және  9-аптадан  асқан  өнімдік  жас  құстарды
клеткалы-батареяларда ұстағанда – 3 апта;
      -Едендерде және клеткада  өнімдік  және  еттік  9  аптадан  асқан  жас
құстарды ұстағанда әр циклден соң – 2 апта;
      -Үйрек балапандарын (4-аптаға дейінгі) өсіргенде әр циклден кейін –  1
апта және жыл аяғындағы циклден соң қосымша үзіліс – 2 апта.
      Инкубаторларда  профилакториялық  (сақтық)  үзіліс  жұмыртқаны  басуға
салумен балапанды соңғы шығарудан  соң  жылына  6  тәуліктен  кем  емес,  ал
балапан  шығару  залында  әр  кезекті  балапандарды  шығару  партиясында   3
тәуліктен кем емес үзіліс беріледі.
      Әрбір  профилактикалық  үзілістер  кезінде  құс   қораларына   санация
жасалады. Оған мыналар  жатады:  механикалық  тазалау,  жуу  дезинфекциялау,
жеңіл жөңдеу жұмыстары (ремонт) және қораның таза «демалысы».
      Профилактикалық үзілісті қорадан құстардың ақырғы партиясын  шығарудан
бастап оны қайта жаңа партиямен толтырғанға дейін  есептеп,  ол  кезде  қора
бос болып, соңғы дезинфекциялаудан кейінгі  профилактикалық  үзіліс  2  апта
болса – 5 тәуліктен кем емес, ал профилактикалық үзіліс 3-4 апта болса  –  7
тәуліктен кем болмайды  да,  соңынан  қораға  құстардың  жаңа  партияларымен
толтырады.
      Ірілендірілген  құс  өндірістері  (специлизированный)  жабық   режимді
өндірістер қатарына жатқызылады. Ондағы жұмысшыларға өндіріс  территориясына
арнайы санитарлық өткелден (сан  пропускник)  ғана  кіреді  де,  көліктер  –
дезинфекциялау блогінен (орын) өткізіледі. Өндіріс зонасына кірерде  жұмысшы
санитарлы өткелде өз киімдерін арнайы (спец.) киімдермен ауыстырады.
      Жабдықтар, құралдар,  арнайы  киімдер,  аяқ  киім  т.б.  заттар  белгі
салынып (марка) әр цехқа, залға (бөлме), құс қораға бекітіліп  қойылады.  Ол
заттарды  бір  цехтан  (қорадан,  бөлмеден)   екіншіге   ауыстыруға   рұқсат
етілмейді.  Өндіріске  қайтадан  келіп  түскен  жабдықтарды  міндетті  түрде
механикалық тазалаудан  өткізіп,  жуып  және  дезинфекциялап  барып  өндіріс
территориясына жібереді.
      Құс қораларына, инкубаторға, сою және азық цехтарына, қоймаларға  тағы
басқа бөлмелерге кіретін  есіктердің  алдына  аяқ  киімдерді  дезинфекциядан
өткізу үшін ені есік еніндей,  ұзындығы  1,5  м   ойық  жасап,  ішіне  жеңіл
материал (ағаш ұнтағы) толтырып, дезинфекциялық ертінді мен  шылап,  мезгіл-
мезгіл жаңартып отырады.


      3. Құс қораларының микроклиматы


      Құс қораларының микроклиматы  нашар  болса  жас  құстардың  өсіп-дамуы
тежеліп, өнімділігі төмендеп, құстың басқа  ауруларға  қарсы  тұру  қабілеті
азаяды. Құстарды қанағаттандырғысыз микроклиматы  бар  қораларда  ұстағанда,
олардың өнімі 40-50 % төмендейді, бір өнімге шаққанда азық  шығыны  30-40  %
артып, құстың,  әсіресе  жас  балапандардың  ауруы  3-4  есе  көбейеді.  Ірі
құстардың,  онымен  қоса   ересек   жас   құстардың   қораларындағы   ауаның
температурасының,  қыс  айларында,  төмендеуі   немесе   жоғарлауы   қалыпты
нормадан 2 градустан артық ауытқымауы керек.
      Жылдың жылы мезгілдерінде қора ауасының  температурасының  ең  жоғарғы
шегі сыртқы ауаның температурасының көрсетуінен 5 градустан  жоғары  болмай,
бірақ  1-10  тәуліктік  балапандар  үшін  33ºС  артық  емес,  басқа  жастағы
жұмыртқалайтын құстарға - 28ºС, ет бағытындағыларға -  26ºС  жоғары  болмауы
керек.
      Қора ауасының температурасы 33ºС жоғары болса, тауықтардың  жұмыртқасы
18-20 % төмендеп, азық шығыны 15-20 % азайып, су ішуі – 50-60 %  жоғарлайды.
Құстар  организміне  жоғарғы  температураның  зиянды  әсерін  азайтудың  жаз
айларында, бірден-бір тиімді  жолы  қорадағы  ауа  қозғалысының  жылдамдығын
жоғарлатып  (2,0-2,5  м/сек)  организмнен   жылу   тарауын   арттыру   болып
есептеледі.
      Құс қораларының ауасының  ылғалдылығының  жоғарлауы  азықтағы  көректі
заттардың төмендеп, қандағы гемоглобиннің мөлшерінің кемуіне апарып  соғады.
Құстардың ауа ылғалдылығы жоғары және температурасы  төмен  қораларда  болуы
оларды суыққа ұрындырып, ауруға шалықтыруы мүмкін.
      Құрғақ ауа – салыстырмалы ылғалдылық 50 %  төмен  болғанда   құстардың
тыныс   жолдарының   клегей   қабаттарын   тітіркендіріп,    қауырсындарының
сынғыштығына апарып соғады.  Ауа  ылғалдығы  35  %  дейін  төмендесе  құстар
арасындағы өлім-жітімге ұшырау 14 % оданда  жоғары  болады.  Ондай  жағдайда
ауаның  ылғалдылығын  қалыпты  мөлшерге  дейін  көтеру,  ауаның  шаң-тозаңын
басып, бактериялармен ластануын азайтып, құстардың сақталу пайызын  арттырып
және өсу салмағын жоғарлатады.
      Жылдың  ауыспалы  мезгілдерінде  салыстырмалы  ылғалдылықтың  мөлшерін
тауықтар, күрек тауықтар, цесаркалар және құрлардың қораларының ауасында  75
пайызға дейін, ал үйректермен  қаздар  үшін  85  пайызға  дейін  жоғарлатуға
рұқсат  етіледі.   Ауа   райының   суық   кездерінде   ауаның   салыстырмалы
ылғалдылығын ересек тауықтар  мен  күрек  тауықтардың  қораларында  40-50  %
дейін, ересек қаз және үйректерге – 60 %, ал олардың жас шібилері үшін –  50
% дейін төмендетуге болады.
      Жылдың суық мезгілдерінде қора ауасының қозғалысының жылдамдығы –  0,5
м/сек жоғары болмауға тиіс.
      Құстардың қораларының ауасында аммиактың мөлшері қалыптан  көп  болса,
олардың тыныс жолдарының клегей қабаттарын  тітіркендіріп,   мазасыздандырып
және көз  кілегей  қабатына  сіңіп  көз  ауруы-кератоконьюнктивит  (аммиакты
токсикоз) туына әсер етеді. Әсіресе бұл  ауру  жас  құстарда  басқа  вирусты
және  бактериялық  инфекциялармен   қосылып   (инфекциялық   ларинготрахеит,
бронхит т.б.) жиі өлім-жітімге  ұшыратып,  шаруашылыққа  үлкен  экономикалық
зиян келтіреді.
      Егер,  құстардың  қораларының  ауысындағы  аммиактың  мөлшері  қалыпты
болғандағы (15 мг/м³) өнімділігін 100 % тең деп  бағалаған  болсақ,  ауадағы
газдың мөлшері 30 мг/м³ дейін көтерілсе жұмыртқалауы 21,8 % төмендеп,  өлім-
жітімге ұшырауы – 2,2 есе жоғарлап, ал  аммиактың  концентрациясы  әр  куб.м
ауада 40 мг дейін ұлғайса, жұмыртқа – 37,3 % келіп, өлім пайызы  –  3  есеге
артады. Құстардың  денсаулығы  мен  өнімділігіне  ауаның  шаң-тозаңдар  және
микроорганизмдермен ластануы да айтулы әсерін тигізеді. Қора ауасындағы шаң-
тозандардың мөлшері жоғарлаған кезде ауа желдеткштерінің  қуаты  –  18-20  %
төмендеп, жылу құбырларының (калориферлердің) өткізгіштік қасиеттері  –  40-
60 % азаяды.
      Құс қораларындағы қалыпты  микроклиматты  (оптималды)  қамтамасыз  ету
үшін таза ауаны жоғарғы аймакқа кіргізіп, ал ескі ластанған  ауаны  төменнен
шығарып  отыратын  тиімді  ауа  алмастыру  жүйелерін,  көбінесе  механикалық
түрлерін пайдаланады.  Құстардың  таза  ауаға  сұранысы  басқа  сүт  көректі
малдармен салыстырғанда,  әр  кг  тірі  салмаққа  шаққанда,  екі  есе  артық
болады.  Сондықтан  ауа  алмастыру  жүйелерінің  жеткіліксіз  жұмыс   жасауы
құстардың өсіп-дамуына және өніміне зиянды әсер етеді.
          Құс    қораларындағы     технологиялық     процесстерді     жаппай
механикаландырудың салдарынан  өндірістік  шудың  молайып,  олардың  өніміне
және жұмыртқа сапасына теріс әсерін тигізеді. Шудың  мөлшері  90  дБ  болып,
бір сағат бойына әсер етсе жұмыртқалайтын тауықтар стресс  жағдайға  ұшырап,
алынған жұмыртқалардың беріктілігі төмендеп, сынуы 4,6-12 % дейін  көбейеді.
Сондықтан  құс  қораларындағы  өндірістік  шулардың  мөлшері  60  дБ  жоғары
болмай, қысқа мерзімдерде 90 дБ аспауы керек.
      Қорадағы жарық шамасы құстардың жыныс бездерінің қызметін (функциясын)
арттырып,  жұмыртқалауын  жоғарлатады.  Сондықтан   құс   қоралары   қалыпты
жарықпен қамтамасыз етілуі керек. Ол үшін  табиғи  тәсілмен  жарықтандырумен
қатар жасанды жолдармен – электр шамдарын орнату арқылы жарықтандырады.
      Құс қоралырында зоогигиеналық норматив бойынша жарық коэфициенті, яғни
жарықтанатын  еденнің  ауданын,  жарық  түсетін  терезелердің   әйнектерінің
ауданына қатысы  1:8  ден  1:12  дейін  болып,  ал  еттік  бағытта  ұстайтын
құстарда 1:20 болуы қажет. Құстар  қораларын  жарықтандырудың  бағалауы  тек
жарық мөлшерімен ғана емес, жарықтанудың ұзақтығымен де жүргізіледі.  (кесте
23)
      Құс қораларында жарықтанудың  ұзақтығы  тәулігіне  12-13  сағат  болуы
қажет. Ондай шаманы, әсіресе қыс  айларында  жасанды  жарық  көздері  арқылы
қамтамасыз етеді. Қосымша жарықтандыруды қазан  айынан  тәулігіне  2  сағат,
қантарда 5-7 сағат пайдаланып, наурызда тоқтатады.
      Құстарды клеткада ұстағанда, әсіресе жұмыртқалайтын  тауықтарға  жарық
шамасы жеткіліксіз болып, денсаулығы нашарлап, өнемі төмендемеу  үшін  балық
майын беріп, ультра-күлгін сәулелерін арнайы шамалардың  көмегімен  эритемді
(ЛЭ-15, ЛЭ-30) және тікелей сынапты – кварцты құрылымдарды пайдаланады.
      Сынапты – кварцты ДРТ-400, ДРТ-1000 типті шамдар қорада немесе  клетка
батареяларының аралығында 0,5 немесе 1  м  минутына  жылдамдықпен  өздігінен
жүріп  тұратын  құрылымға  орнатылады.   Механикаландырылған    батареяларда
шамдар азық таратқыштарға бекітіледі. Көбінесе азық таратқыш рамаға  еденнен
0,9 және 2 м биіктікте екі шам бекітіледі.
      Өте қолайлы болып  ЛЭ-15,  ЛЭ-30  типті  эритемді  шамдар  есептеледі.
Оларды еденнен 2,0-2,5 м биіктікте бір  шамға  15-20  м²  ауданнан  есептеп,
тұрақты бекітіледі. Мұндай құрылыммен  жұмыртқалайтын  тауықтарды  тәулігіне
сәулелендіру  ұзақтығы  6-8  сағат,  қора   ауасының   ылғалдылығы   жоғары,
температурасы 10 ºС төмен болса, эритемді шамдар нашар жұмыс істейді.


      4.Балапандардың гигиенасы


      Басылып шыққаннан соң жаңа партиясын қабылдаудың алдында  қораны  оның
ішіндегі жабдықтарды түгелдей  мұқият  тазалап,  дезинфекциялаудан  өткізеді
және   ол   кезде   профилактикалық   үзілістердің   мезгілдерін    сақтауды
қадағалайды.  Балапандарды  клеткаларға   орналастырмастан   бұрын   керекті
биіктікте  азық  және  су  науаларын  орнатады  (су  үшін  таяз   табақшалар
қойылады) да клеткалардың астына, балапандар аяғын жарақаттамау үшін,  қатты
қағаз (картон) төсейді.
      Балапандарға жасалған, алғашқы  күндердегі  күтім  мен  көректендіруі,
олардың өсіп дамуына және алдағы  өнімділігіне  үлкен  әсерін  тигізетіндігі
белгілі. Әсіресе осы алғашқы екі апта бойына оларға  қалыпты  температуралық
режим жасау  қажет.  Балапандарды  қабылдаудан  3-4  тәулік  бұрын  қорадағы
жылыту жүйелерінің  жұмысын  тексереді  де,  балапандарды  орналастырудан  2
тәулік   бұрын   олар   тұратын   бөлмелердің   ауасының    температурасымен
ылғалдылығын  қалыпқа  келтіріп  қояды.  Балапандардың  алғашқы  2   апталық
кезінде организмдерінде жылу қалыптау (терморегуляция)  процесстері  жұмысты
жеткілікті түрде жасай алмайды да, сәл температураның ауытқып, өзгеруі  оның
денесіне зиянды әсерін тигізеді де ауру тудырады, өлім-жітімге ұшыратады.
      Балапандар  бір-біріне  тығылып,  тар  жерге  жиылып,   бүрісіп   және
шиқылдаған дыбыстар шығарса, ауа температурасының төмен екендігін  көрсетеді
де, оларды жылыту керек екенін білдіреді. Егер балапандар клетканың  алдыңғы
жағына жиналып,  жиі-жиі  дем  алып,  аузын  ашып,  суды  көп  ішсе,  оларға
температураны төмендету қажет екендігін көрсетеді. Бірақ ауа  температурасын
олар   үшін   өте   шұғыл   өзгертуге   болмайды.   Жоғары   және    төменгі
температуралардың бір-біріне ауысуы, олардың өсіп-дамуын екі есе тежейді.
      Құс қораларын  арнайы  автоматты  түрде  басқарылатын  желдеткіштермен
қамтамасыз  етіп,  ондағы  микроклиматтың  негізгі  көрсеткіштерін   қалыпты
межеде ұстап тұруы қажет.
      Балапандарды өсіру кезінде олардың жарықпен қамтамасыз етуі өте  үлкен
роль  атқарады.  Жарықтандыру  режиміне   байланысты   балапандардың   дамуы
сатысында, жарықтандырудың ұзақтығы белгіленген бағдарлама жасалады.
      Жас құстарға арналған қоралардың жарықтануын қалыптау арқылы,  олардың
жыныстық  жетілуін  тездетіп  немесе  тежеу  арқылы  жұмыртқалауын   керекті
бағытта жүргізуге болады.
      Жас өнімдік құстарды өсіру кезінде оларға берілетін тәуліктік жарықтың
мөлшері 8-9 сағатқа  дейін  белгіленсе,  жұмыртқалайтын  құстар  үшін  17-18
сағаттан кем болмауы көзделеді. Мұндай жарықтандыру  режимі  жас  шібилердің
өсіп-дамуына бөгет болмай, ал мезгілсіз  жыныстық  жетілуін  тежеп,  олардың
алдағы өнімділігінің жоғарлауына жағдай  жасалады.  Жарықтандыру  мерзімінің
ұзақтығы автоматты құрылымдардың көмегімен  бекітілген  бағдарламаға  сәйкес
басқарлып отырады. Балапандардың алғашқы  екі  аптасында  олар  тұрған  орын
жарық (50 люкстен төмен емес) жан-жағын жобалап, азық  жеп  және  су  ішуіне
жағдай  жасалады.  Екі  апталық  жасынан  кейін  балапандарға  жарық  беруді
біртіндеп азайта бастайды (10 лк). Балапандардың басылып шығысымен  неғұрлым
ерте  азықтандырса,  солғұрлым  жұмыртқа   сарысы   (желток)   тез   ыдырап,
балапандардың өсіп-дамуы артып, сақталу пайызы жоғарлайды.
      Балапандарда алғашқы төрт тәулікке  дейін  арнайы  жасалған  рационмен
(нольдік) азықтандырады. Оның құрамына тез сіңірілетін көректі  заттары  бар
ұнтақталған, түйірі 1-2 мм бидай, жүгері, бұршақ, құрғақ обрат т.б.  кіреді.
Бұл нолдік  рационның  құрамына  минералды  заттар  (мел,  сүйек  ұны  т.б.)
енгізілмейді.
      Ұлғайған  балапандар  мен  ересек  құстарға   толық   құнарлы   құрама
азықтармен көректендіріп, оның құрамына жүгері, бидай,  арпа,  тары,  жарма,
күнбағыс  шроты,  балық  және  ет-сүйек  ұндары,  құрғақ  обрат,  шөп   ұны,
витаминдер,    лизин,     метеонин,     антиоксидант,     кокцидиостатиктер,
микроэлементтер т.б. қосылады.
      Балапандардың қалыпты өсіп-дамуын  бақылау  үшін  оларды  белгілі  бір
жастарында: тәуліктік, 4, 9, 13, 17 және 21 апталық кездерінде  өлшеп,  оның
нәтижесін стандартты көрсеткіштермен салыстырады.
      Жұмыртқалау басталған  кезде  жас  табынның  10-15  %-ын  ірі  тұқымды
құстарға арналған құрама азыққа біртіндеп ауыстырады. Ол  үшін  1-ші  аптада
жас шибиларға құрама азықтың ірі құстарға арналған  жем  мен  25  %,  екінші
аптада – 50 %, үшіншіде – 75 %,  ал  төртінші  аптадан  бастап,  егер  табын
бойынша жұмыртқалау 35-50 %  болса,  толықтай  үлкен  тауықтардың  рационына
ауыстырады.
      Жас құстарды көп сатылы (фазалы) тәсілмен өсіру кезінде  оларды  қайта
ауыстырып  орналастыру  технологиясы  қолданылады.  Жас  құстарды  ұстағанда
оларды жарақаттап алмай және жаңа орындарға үркітпей  сақтықпен  ауыстырады.
Ондай күндері олардың  арасында  күйзеліс  жағдай  туғызбау  үшін,  басқадай
шаралы жұмыстар жүргізілмейді.
      Жас құстарды ауыстырып орналастыру технологиясының  60,  90  және  140
күндіктеріндегімен салыстырғанда  120  тәуліктік  жасындағы  шыбилар  сыртқы
ортаның әртүрлі факторларына төзімді болатындықтан, бұл  мезгілде  алмастыру
тиімді болып саналады.
      Құстарды бір орыннан ауыстырып орналастыру кезінде олардың организміне
негізгі үш стрессор факторлар  әсерін  тигізеді.  Олар  біріншіден  құстарды
ұстау кезінде пайда болатын фактор, екінші  –  басқа  қораға  –  клеткаларға
апару, үшінші –  жаңа  орындағы  жағдайдың  сәйкеспеуі.  Еттік  балапандарды
(бройлер) өсіру технологиясының ерекшелігі болмайды. Оларды қалың  төсеніште
және клеткалы батареяларда өсіреді: Бройлерлерді ірі партиялармен  (10  және
20 мыңнан) қалың жиналмайтын төсеніштерде  өсіру  үшін  арнайы  құрылымдарды
«Бройлер-10»  және  «Бройлер-20»  пайдаланады.  Әрбір  белгіленген   бройлер
құрылымға  бір  жастағы  құстарды  500   бастан   бөліп,   арнайы   жылытқыш
«Брудерлерге» орналастырады.
      Жылытқыш электр-брудерлерден балапандардың шығып кетпеуі  және  суыққа
ұрынып қалмауы үшін оның шетінен  60-70  см  алшақтықта  арнайы  материалмен
(комплектідегі)  қоршайды.   Балапандарды   бұл   кездерде   арнайы   арықша
науалардан немесе арнайы  вакумды автосуарғыштардан суарады.
      Балапандарды  басып  шығарғаннан  кейін  8-12   сағаттан   кешіктірмей
азықтандырып, суғарады. 4-10 тәуліктен соң қоршауды алып  тастап,  автоматты
азықтандырғыштар мен ағын суарғыштарға еркін баратын  жол  ашады.  Ол  кезде
брудерлерді көтеру уақытын, мұқият балапандардың  жасына  қарай,  қадағалап,
қалыпты температураны ұстап отырады.
      Балапандарды алғашқы өсіру кездерінде  күніне  бірнеше  рет  брудердің
қалқаншасын көтеріп немесе түсіріп отырып оның  астына  көмірқышқыл  газының
жиналып қалмауы үшін, желдетіп отырады.
      Бұл  кезде  әлсіз,  өсуі  тежелген  балапандарды  іріктеп  бөліп  алып
отырады.
      Еттік  балапандарды  тәуліктік  жасынан  бастап   сеткалы   (торкөзді)
едендерде брудерсіз ұстап өсіру де қолданылады.  Бұл  кездерде  құс  қораның
ауасының температурасы алғашқы 5 тәулік бойына 32-34ºС ұстап  тұрады.  Еттік
бағыттағы  балапандарды  сеткалы  едендерде   ұстап   өсіргенде   оның   бір
артықшылығы     союға     жіберілетін     шібиларды     тасымалдау      оңай
механикаландырылады.  Етке  бағытталған  балапандарды  клеткаларда   өсірген
кезде, олардың орындарының сиымдылығы құстың тұқымы  мен  жасына  байланысты
өзгерісте болады.  Бройлерлік  балапандарды  клеткада  өсіргенде  өндірістік
қора бөлмелерін пайдаланудың тиімділігі  3-4  есе  жоғарлайды,  1,4-1,5  есе
еңбек өнімділігі артады.
      Бройлерлі балапандарға рационды  екі  мезгілге  жасайды:  бірінші  1-4
аптадағылар үшін – бастама (стартты) рацион, екінші  5  апталық  жастан  соң
сөре (финишті) рационы.
      Бройлері балапандарды орындарын ауыстырмай  өсіру  үшін  арнайы  типті
клетка батареяларын пайдаланады. Бройлер-балапандарды ұстау және  тасымалдау
ережелерін мұқият сақтау қажет құстарды  ұстау  және  тасымалдау  кездерінде
денелерінде көптеген жарақаттар түсіп,  оларды  сойғанда  тері  астында  қан
құйылған, ісіктер кездесіп,  кейде  сынықтарда  байқалып,  өнімінің  сапасын
төмендетеді. Құстарды қуып  ұстау,  тасымалдау  кездерінде  олар  күйзеліске
(стресс) ұрынып, бұлшықеттер арасында глюкогендердің ыдырауы күшейіп,  еттің
РН (қышқылдығы) жоғарлайды да ет тығыз,  құрғақ,  қатайып  және  қызыл-күрен
түске боялады. Ондай етте шірік микроорганизмдер  өсіп-өнеді  де  етті  ұзақ
сақтауға жарамсыз жасайды.


      Дәріс 6.Түйе малдарының гигиенасы (2 сағ)
      Қаралатын сұрақтар:
      1. Түйелердің азықтандыру  және  күтіп  бағуына  қойылатын  гигиеналық
талаптар
      2. Боталардың гигиенасы
      3. Іңгендерді сауудың гигиенасы
      4. Түйелерді жұмысқа пайдалану гигиенасы және қырқудың гигиенасы


      1.Түйелердің  азықтандыру  және  күтіп  бағуына  қойылатын  гигиеналық
талаптар


      Түйенің ауызының іші сүйектеніп, қатқан  эпителиямен  қапталған  болып
келеді де, олар басқа малдар  жей  алмайтын  тікенді,  қатты  өсімдіктермен,
көбінесе шөлейт жерлерде  өсетін,  ащы,  жұсан,  ши,  қараған,  шеңгелдермен
көректенеді.
      Жетімсіз азықтандырылып, күтімі нашар болған кездерде түйелер  бойына-
өркештеріне жинаған майларын пайдаланып, шығындайды да,  оны  қайта  қалпына
келтіру үшін, кем дегенде үш ай уақыт керек болады.
      Түйелердің бойына май жинап, семірулері екі мезгілде көктем және күзде
болады. Ол кездерде олардың бар  тұқымдарында  да  (нарлар-дромедарлар,  қос
өркешті-бактериандар  тағы  басқа  олардың  шаталары-гибридтары)   өте   көп
мөлшерде май-жиналады (100 кг дейін). (сурет 15)
      Оларды семірту кездерінде, көбінесе жынысы, жасына байланысты топтарға
табындарға  бөледі.   Шағын   түйе   шаруашылықтарында   бір   табынға   жас
тайлақтарды,  үлкен  түйелерді,  әртүрлі  себептермен   сұрыпталып,   бракқа
шығарғандарды  да  жатқызады.   Көктемнің   басында   құрылған   табындардың
үлкендігі 60 бастан  артық  болмайды.  Табындағы  түйелер  санының  өте  көп
болуы, олардың шөлейт, жартылай  шөлейт  аймақтарда  азық  тауып  көректенуі
қыйынға түсіп және сумен  қамтамасыз  ету  ауырлайды  да,  олар  арып,  күйі
төмендеп  кетеді, ал жас бота-тайлақтардың өсіп-дамуы тежеледі.
      Өте суық жылдары жайылым шөптері жетіспеген  кездерде  салмағы  кеміп,
жүдеп кетеді де (20 %  дейін)  ұдайы  өндірістік  қабілеті  төмендеп,  ондай
іңгендердің дер кезінде күйті  келмей, көбінесе қысыр қалады.
       Ұзақ уақыт ашығу және  ішер  судың  жоқтығы  түйелердің  физилогиялық
жағдайының нашарлауына апарып соғады. Түйе малдары, ұсақ және жылқы  малдары
сияқты қар астынан тебіндеп азық тауып жей алмай, тек  қардан  шығып  тұрған
(ши,  қараған,  тал,  шеңгел  т.б.)  өсімдіктердің  бас   жағын   ғана   жеп
көректенеді. Сондықтан еліміздің көптеген аймақтарында, әсіресе  қары  қалың
солтүстік жақтарда, түйелерді қолда тұрғызып ұстайды. Кейбір  жайылымдар  да
оларға арнап жеңіл қалқанды, ықтырмалар  салады.  Ондай  жаппа-ықтырмалардың
ауданын әр бас түйеге орта есеппен 5 м²  есептейді.  Шаруашылықтарда,  ондай
ауа райының қолайсыз кездерінде нашар, ауру, буаз  іңгендерге  беретін  азық
қорын дайындайды
      Қыста қолда тұрғызып ұстаған кездерде тәулігіне үш мезгіл  шөп  береді
(тәуліктік нормасы 16 кг). Түйелерді қыста сирек (2-3 күнде бір рет),  күзде
күн ара, ал жазда 2 реттен кем суармайды. Олар суды сылбыр, ұзақ тұрып  және
көп ішеді де,  организмдегі  қызыл  қан  түйіршіктерін  (эритроциттер)  суға
қанықтырып алып, судан тапшылық көрген кездерде оны үнемдеп пайдаланады.
      Түйелерді ащылы, көкпекті жерлерде жайғанда  болмаса,  басқа  жағдайда
оларға тұзды азық  өте  қажет  болады.  Сондықтан  олардың  рационына  сүйек
ұндарын, немесе мел қосып отырады.  Тәуліктік  сұранысы  100  г  (бір  басқа
шаққанда) болса, содан кем болмайтындай тұз қосып беру  керек.  Күйі  жақсы,
өркештеріне май жинаған тік өркешті түйелер  ауаның  қолайсыз  жағдайларынан
(аяз, қардан) қорғанбай, инфекциялық  ауруларға  төзімді  келеді.  Олар  тек
әсіресе  жүндері  қырқылған  кездерде  суықтан  емес  жоғарғы   ылғалдылыққа
төзімсіз болады. Ондай кездерде (жауын-шашын)  әсіресе боталарды  сақтандыру
үшін, суықтан жасырынатын ық жерлерге шөгеріп, немесе  арнайы  жабулар  жабу
керек. Жалпы түйе малдары жайылымдарда көректеніп, арнайы  қорада  жатпайды.
Оларға жергілікті арзан  құрылыс  материалдарынан  тал,  шілік,  қамыс  т.б.
қорған, ықтырмалар салса жеткілікті болады.
      Түйе малдарын қорғап, базыларда  ұстаса,  олардың  асты  сыз  болмауын
қадағалап, қажет болса төсеніштер  (солома,  қамыс,  ағаш  жапырақтары,  шөп
қыйқымдары т.б.) салып, кезінде жүнін бұлғатпай, алмастырып  отырады.  Жалпы
түйе малдары қашық  кетіп,  жайылып  жүргенді  ұнатады  да,  көбінесе  ащылы
жерлерді іздейді, күннің суық, ауа райы бұзылғанда табиғи  жер  қыртыстарды,
жар, тау, тоғай, қараған, шеңгелдердің ығында шөгіп жатып, тоңбайды,  себебі
олардың жүндері дымқылданбаса (жауында) суықты өткізбейді. Ондай қатты  суық
желді күндері ғана өте әлсіз, арық түйелерді қорада ұстайды, немесе  киізден
жабу жасап кигізеді.


      2. Боталардың гигиенасы


      Түйелердің басқа малдарға қарағанда буаздық  мерзімі  ұзаққа  созылып,
орта есеп пен дромедарлерде 390 күн, ал бактериандарда  –  400-410  тәулікке
созылады. Соған байланысты сауылатын мерзімі де 15-18 айға созылады да,  екі
жылда бір рет қана  боталайды.  Іңгендердің  шағылысқа  келу  мерзімі,  оның
сауылу уақытының 10-12 айлығына және буаздықтың 5-6  айлығымен  дәл  келеді.
Егер іңген ұрықтанбаса, оның  сауылу  мерзімі  екінші  жылдың  аяғына  дейін
созылып, боталарды енесінен айыру 16-18 айлықтарында жүреді.
      Іңгендерді  буазыдықтың  8-айынан  бастап  жұмысқа  пайдаланбайды  да,
боталағаннан соң екі айға дейін жұмыстан  босатылады. Боталауына  20-30  күн
қалғанда іңгендердің желіні толып, тууына  бір  тәулік  жетпей  үрпінен  уыз
шығады. Боталау кезінде іңгендер  жекеленуге  құмартып,  елсіз  жерге  кетіп
қалады, оны бошалап кетті дейді. Сондықтан туардың алдында мұқият  бақылауда
болады. Іңгендер жатып боталайды да, ол  30-40  мин.  созылады.  Іңгендердің
боталауы, көбінесе оңай өтеді, тек өте сирек дәргерлік көмекті қажет  етеді.
Ондай кездерде, ботаның басы көрініп, аяғы шыққаннаң соң алдыңғы аяғына  жіп
салып, түйенің бауырына қарай бағыттап, сақтықпен тартып  көмектеседі.  Бота
басқа малдардікі сияқты шаранасымен шығады да,  оны  жарып,  ботаның  аузын,
көзін тазалайды. Іңгендер  ботасын  басқа  малдардай  жаламайды.  Туған  соң
ботаның  кіндігін  қарнынан  8-10  см  қашықтықта  кесіп,  орнын  5  %   йод
ертіндісімен өңдейді.
      Жаңа туған бота енесінің салмағының 5-7 % дай болып, яғни салмағы  35-
40 кг кем болмауы керек. Жас  туған  ботаны  құрғатып  сүрткеннен,  кіндігін
кесіп өңдеуден өткізгеннен кейін жылылап жабулайды. Себебі олар  суыққа  өте
төзімсіз болып,  тез  ауруға  ұрынады  және  жас  боталар,  басқа  малдардың
төлдеріндей -  өздігінен  аяқтанып,  енесінің  емшегін  тауып  еме  алмайды.
Сондықтан туғаннан  соң  2-сағаттан  асырмай,  тұрғызып,  енесінің  бауырына
апарып, емшегін аузына салып, уыз сорғызады. Іңгендердің  уыз  беру  уақыты,
басқа малдарға қарағанда  ұзағырақ  болады  да,  орта  есеппен  10  тәулікке
созылады. Ботаның кейбіреуі, туғаннан соң, 2-3 күннен  кейін тоңғағы  қатып,
шықпай қалуы мүмкін де ондай кездерде оларға  тәулігіне  2-3  рет  ерітілген
150-200 гр сармай берсе ашылып кетеді. Ботаны енесіне әрбір  4  сағатта  бір
рет емізеді. енесінің сүтін емген боталар жақсы өсіп-дамиды.
      Боталар енесінің бауырында 1,5 жасына дейін  жүреді  де,  ол  кездерде
негізгі көрегі, әсіресе жарты жылға дейін,  енесінің  сүті  болып  саналады.
Бірақ, кейбір  шаруашылықтар,  әсірсе  оңтүстік   аймақтарда,  түйені  сауып
сүтін алу үшін ботаны бір айлығынан бастап енесін емуді шектеп, бөліп  алып,
іңгенді сауады.
      Іңгендерді, әсіресе ботаның жас кезінен  бастап  сауу,  олардың  өсіп-
дамуын тежейді де, күйі төмендеп  әртүрлі  ауруларға  шалдығады.  Сондықтан,
ірі түйе шаруашылықтарында іңгендерді  саумауға  тырысады,  ал  егер  сауса,
бота өсіп жетілгеннен кейін саууды ұсынады.
      іңгендер  7  айлық  буаздығынан  бастап  сүт  беруді  тоқтатады,  яғни
боталарды 5-6 айлығынан бастап құрама азықтарды біртіндеп (200 г  тәулігіне)
беріп, енесінен айыратын мезгілге дейін 1,5-2 кг жеткізеді.  Бірақ,  боталар
алғашқы  айдан  бастап  жайылып,  шабындық  шөптеріне   үйреніп,   дағдылана
бастайды.  Боталар  жарты  жасынан  бастап  жайылып,   дала   өсімдігі   мен
көректенуге толықтай үйренсе де, тайлық  күнінде  де  енесінің  сүтін  емуді
тастамайды.
      Жас тайлақтарды өсіру кезінде, олардын алғашқы 1-2 жастарында өте  тез
өсіп  дамитын   ерекшеліктерін   ескеріп,   оларды   шөбі   құнарлы,   қалың
жайылымдарға жайған жөн болады.
      Боталарды енесінен бірден бөліп алып, бір тәулік бойы аш ұстап, енесін
емізбей, сонан соң жайылымға жіберсе тез  машықтанып,  айдауға  жүріп,  оңай
үйреніп өздігінен жайыла бастайды.
      Тайлақтарды, бота күнінде қолда ұстап  үйретілмеген  болса,  біртіндеп
әуелі ноқтаға, одан кейін жетекке, шөгеріп жатқызып-тұрғызуға үйретеді.


      3. Іңгендерді сауудың гигиенасы


      Түйелердің тұқымына байланысты сауу мерзімдерінің ұзақтығы нарларда  –
500-560, қос өркештілерде 520-540 тәулікке созылады. Алғашқы кездерінде  сүт
мөлшері дромадарларда  2800-3500,  ал  бактериндарда  –  770-1700  кг  дейін
болады. Бірақ сүті аз бактриан іңгендерінде  майлылығы  жоғары  болып,  орта
есеппен 5,4 % болса, сүтті нар іңгендерінде – 4,5 % болады.
      Күнделікті іңгендердің сауынға келіп тұру үшін, оларды  таңертең  ерте
боталардан бөліп алып, жайылымға жібереді де, ал  олар  көзден  таса  болған
соң,  30-40  минуттан  кейін  боталарды  шығарып,  басқа   жаққа   жайылымға
жібереді.  Түс  мезгілінде,  боталар  ашығып,   іңгендер   желіндеріне   сүт
жинағаннан  соң,  оларды  қайта  айдап  келіп  қамайды  (сауу  аланы,   бота
қорғанына).
      Іңгендердің желіндерін  саууға  дайындау  және  сауу  құрылымдары  мен
жабдықтарын тазартып, дезинфекциялау, сиырларды сауға қойылатын  санитарлық-
гигиеналық талаптарға сәйкес жүргізіледі.
      Іңгендердің желіндерінің сиымдылығы кіші болғандықтан, оларды әрбір 3-
4 сағаттан асырмай сауу  қажет  және  олардың  көбі  ботасыз  сүт  бермейді.
Сондықтан сауу кезінде әуелі ботаны жіберіп, бір-екі сорғызып, енесін  иітіп
алып, ботаны алдында  ноқта  мен  ұстап  тұрып,  сауады.  Егер  іңген  ондай
жағдайда да иімесе, оның бір жағынан ботаны босатып, жарты  желінен  емізеді
де, екінші жағынан жартысын сауып алады. Түйенің емшегі жерден жоғары  (110-
105 см) болғандықтан, іңгенді түрегеп тұрып сауады.
      Іңгендерді машина арқылы саууда ірі шаруашылықтарда қолданылады да, ол
үшін  ДА-3м  құрылымын  пайдаланады.  Бірақ  іңгеннің  желнінің  анатомиялық
ерекшеліктеріне сәйкес, ондай апаратты қайта өзгертулер  керек  болады.  Бір
түйені саууға орта есеппен 4 минуттай уақыт кетеді.  Әр  сағатта  50-60  бас
іңгенді саууға болады. Сауу кезіндегі ваккум (қысым) – 0,7 кг/м²  болып,  әр
минутта 60 қозғалыс жасап, бір литр  сүт  сауылады.  Машинамен  сауудан  соң
қолмен әр емшегін жебеп сауады.
      Түйе   тепкенде   жанына   және   артына   қарай   айналдырып    аяғын
сермейтіндіктен, сауған кезде өте сақтық  пен  отыру  керек.  Кейде  түйенің
артқы аяғының тірсегіне жіп  салып,  сақтық  үшін  сауғанда  бекітіп  қояды.
Жалпы іңгенді саууға жас кезінен бастап, біртіндеу үйрету қажет.

      4. Түйелерді жұмысқа пайдалану гигиенасы және қырқудың гигиенасы


      Түйелер денесінің қысқалығына байланысты, аяғы мен салыстырғанда  төрт
аяқтап жылқылар сияқты шабу, оларға өте қыйынға түседі де,  көбінесе  желіп,
немесе аяңдап жүруді жаратады.
      Міңгі білетін түйелер мен күніне аяң мен, 10-12  шақырым  жылдамдықпен
сағатына алып, 100 км дейін жүруге болады.
      Түйенің арқасына артқан жүктің ауырлығы өз  салмағынан  аспауы  керек.
Бірақ  тәжірибеде  бір  түйенің  арқасына  750  кг   жүк   тиеп,   тасылғаны
дәлелденген. Түйенің арқасына жүкті артар кезде де, оны  түсіргенде де,  оны
шөгеріп  жасайды.  Сондықтан,  түйенің  шөгетін  жері  қатты  тастақ  болып,
тізелерін жарақаттандырмай және тайғақ болып, сіңірін созып, буынын  шығарып
алмауын қадағалау керек.
      Алыс жолдарға жүк  тасыған  кездерде  әрбір  5-6  шақырым  жүрген  соң
түйелерді тоқтатып, үстіндегі теңін түзетіп, дем алдырады.
      Түйелердің қалыпты жүк тартуға түсетін күші өз  массасының  10  -  12%
сәйкес болуы керек. Түйені жұмысқа пайдалану мерзімінің  ұзақтығы  тәулігіне
10 сағаттан аспауы керек, ал қалған уақытта олар жайылып,  күйсеп  дем  алып
жатулары қажет.
      Егер түйелерді жегіп жұмысқа пайдаланса, бірден немесе  екіден  парлап
жегеді. Көбінесе шөп, шабу  жер  жырту  жұмыстарына  парлап  жегіп,  ол  екі
түйенің салмақ айырмашылығы 25-30 кг артық болмауы керек. Ондай  парлап  жер
жырту кезінде әр күнде 1,3 га жер жыртуға болады.
      Түйелер басқа ауыл-шаруашылық малдарының бәрімен салыстырғанда  сыртқы
әртүрлі факторлардың әсерлеріне төзімділігі, жолсыз,  шөлейт,  жерлерде  жүк
тасуға тиімді және беріктілігі аштыққа және шөлге ұзақ  уақытқа  шыдамдылығы
жағынан елеулі артықшылығы болады. Бірақ, олардың қысқа денелері  және  ұзын
аяқтары биіктерден төмен қарай түскенде,  әсіресе  үстінде  жүк  артылғанда,
өте ауыр болады.  Сол  сияқты,  табанның  жалпақ  болуы  құмды  және  жұмсақ
батпақты жерлермен жүруге қолайлы болады да тайғақ, мұздақ  жолдардан  жүруі
қыйынға соғады. Керісінше тастақ қатты жерлермен жүргенде  табандары  тозып,
тасырқап   қалады.   Мұндай   жағдайларда    түйенің    аяғының    тасырқап,
жарақаттанбауы үшін, арнайы шикі сиыр терілерінен табандарына  байпақ  жасап
кигізеді.




      Түйелерді жылына бір рет қана қырқады. Егер көктемде түйелерді  қырқып
үлгермесе, олардың  денесіндегі  жүндері  түсіп  қалып,  жазда  жалаңаштанып
тоңғыш болады. Наурыз айынан бастап, жүні  көтеріліп  түлеп  түсе,  бастайды
да, дер кезінде  күзеп,  жинап  отырмаса,  3-18%,  жүнін  жоғалтады.  Бірақ,
наурыз айында түйені қырқу, суыққа ұрыну қаупі  туатындықтан,  жүргізілмейді
де, тек тұрақты жылы күндерде ғана  қырқады.  Оған  дейін  түлеген  жүндерін
теріп алып отырады.
      Қырқудың алдында, іштері  өтіп  жүндерін  ластаудан  сақтандыру  үшін,
суғармай, 10-15 сағат аш  ұстайды.  Түйелерді  қолмен  қайшы  арқылы  немесе
қойларды қырқатын электр машинкаларымен қырқады. Қолмен  қырқу  кезінде  5-6
түйені жабық, едені тегіс, таза базаға орналастырып  шөгереді  де,  аяқтарын
тізесінен орап байлап бекітеді де, қырықтықпен (қайшы) қырқады.
      Машинкамен қырқу кезінде, ұзындығы 20 м дейін, ені 70 см  тар  коридор
жасап,  түйелерді  кіргізіп  отырып,  әрбір  түйенің  арт  жағынан   сырмалы
жапқышпен жауып бөлектеп қояды да, түйені тұрып тұрғанда қырқады.
      Түйенің  жүндерінің,  қойдікіндей  кемістіктері  (жіңішкеруі,  үзілуі,
қыйығы т.б.) болмайды. Түйе жүні тазалығы  мен  шығымы  бойынша  барлық  қой
тұқымының жүндерінен  жоғары  бағаланады.  Бактриандардың  жүні  3-4  жасына
дейін өседі  де,  5  жасында  тұрақтап,  орта  есеппен  6,5-6,8  кг  түседі.
Нарлардың жүні бактриандардікіне қарағанда аз (5-6 кг) болып,  бірақ  биазы,
түбітті болып келеді.




               Дәріс 7. Бағалы терілі аңдардың гигиенасы (2 сағ)
      Қаралатын сұрақтар:
   1. Бағалы терілі аңдарды ұстау гигиенасы
   2. Бағалы терілі аңдарды азықтандырудың гигиенасы
   3. Бағалы терілі аңдарды өсіру гигиенасы
   4.


      Андарға арналған фермаларды  бағытына  байланысты  екі  түрге  бөледі:
тұқымды фермалар – жас тұқымды андарды  өсіріп  дамытуға  және  бұрынғыларын
жаңарту мен айналасатындар және  өнімдік  фермалар  –  бағалы  аң  терілерін
алуға және нутрий фермалары-ет өндіру мен шұғылданады.
      Аң терілерін өндіруде алдыңғы  қатарда  орын  алатын  норкалар,  поляр
түлкілерін, жай қызыл түлкілерінің фермалары,  нутри  және  бұлғын  өсіретін
шаруашылықтар болып саналады.


                  1. Бағалы терілі аңдарды ұстау гигиенасы
      Аңдар өсіру мен айналасатын шаруашылықтар қатынастар шектелген,  жабық
типті болуы керек.  Ондай  шаруашылықтың  территориялары  тұтас  немесе  тор
көзді әртүрлі материалдармен қоршалып, қоршаудың төменгі  басы  кем  дегенде
30 см жерге  сіңірілген  болады.  Қорғанның  биіктігі  түлкілер  және  поляр
түлкілері (песец) үшін 2 м   кем  болмай,  жоғарғы  басының  қалқыны  болса,
норка мен бұлғындар үшін қоршау биіктігі 1,5 м  болып,  оның  орта  тұсында,
аңдардың өрмелеп шығып кетпеуі үшін, жылтыр, тайғақ  материалдан  жолақ  жол
жасалады.  Таулы  және  қары  қалың  түсетін  аймақтарда   барлық   андардың
түрлеріне арналған фермалардың қорғандарының биіктігі – 2,5 м жасалады.
      Бағалы  терілі  аңдарды  ұстау  тәсілдері  де  үй  қояндарын  ұстайтын
жүйелеріндей (сыртқы ауада клеткаларда,  шедтерде  және  қораларда)  болады.
Оларға арналған  қоралар  мен  технологиялық  элементтердің  размерлері  мен
орындарының нормативті көрсеткіштері ұстау жүйелері және андардың түрлі  мен
физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі болады (кесте 27).
      Бұлғындар, норкалар, түлкілер, сол сияқты поляр  түлкілеріне  арналған
сарайлар  (шедтер)  сыртқы  ұзын  бойымен  төбенің  карнизінен   (қабырғаның
жоғарғы ернеуі) серуен алаңының үстіне дейін  және  азық  жолының  бойы  мен
серуен алаңының астыңғы ернеуінен жерге 20 см сіңірілген  сеткамен  (торкөз)
тартып, қоршалады. Аңдарды сарайларда  ұстау,  оларды  ауа  райының  әртүрлі
қолайсыз   жағдайларынан   (жауын-шашын,   аяз   борандар)    сақтап    және
азықтандыруды,   көң   тазалап,    шығаруды,    сумен    қамтамасыз    етуді
механикаландыруға мүмкіншілік тудырады.
      Аңдарды жабық қораларда  ұстау  ірі  фермаларда  жыл  бойына  үздіксіз
бағалы   аң   терілерін   алуға   қолданылады.   Ол    үшін    размерлерімен
конструкциялары аңдардың түрлері мен жасы және жынысына  байланысты  болатын
клеткаларды пайдаланады.
      Түлкілер мен песецтерге жеке тұруына арналған клеткалары екі  бөлімнен
тұрады: үйшік  және  алаңша.  Аңдарды  желмен  жауын-шашындардан  сақтандыру
үшін, үйшіктің жан-жағынан  саңылаусыз  жабық  қоршау  болса,  ал  алаңшаның
қоршауы-торкөзді  сетка  болады.  Сетканы  бағанаға  немесе  рамаға   жерден
биіктігін 0,7-0,8 м қылып, керіп тастайды. үйшіктің  алаңша  мен  жалғасатын
қабырғасынан, аңның кіріп-шығуына арналған тесік (20*20см) қалдырады да,  ал
алаңның азық-көң жолы жағынан, аңдарды қамап отыруға арналған  есік  жасайды
да, оған су құбыры мен азық науасын орнатады.
      Түлкілер мен песецтердің ұрғашысына арналған  клеткалар  төрт  бұрышты
параллелипипед тәрізді сеткалы (торкөзді) рамалардан  жасалады.  Күшіктейтін
және күшіктерді азықтандыру  мезгілдерінде  клеткалардың  ішіне  ұялы  үйшік
қояды, үйшіктің қабырғасы тұтас болады да, бір қабырғасында  аңның  клеткаға
қатысатын  тесігі  (лаз)  болады.  Үйшіктің  төбесі  немесе  бір   қабырғасы
күшіктерге бақылау  жасап,  үйшіктегі  ұяның  төсенішін  құрғатып  ауыстырып
отыруға ашылатын болуы керек. Түбі (едені)  екі  қабатты  –  бірі  торкөзді,
екіншісі  тұстас  болады  да,  тұстас  тақтай   едені   жылжымалы   суырылып
алынатындай қылып жасайды.
      Норкалар мен бұлғандардың жекелеме  клеткалары  сеткалы  төрт  бұрышты
параллелепипед тәрізді алаң мен жабық  үйшіктен  тұрады.  Үйшіктен  аңдардан
алаңға шығуына тесік қалдырылады. Үйшіктің төбесі  екі  қабатты:  бірінші  –
үстіңгісі тұстас тақтайдан болады да, жылжымалы қылып  жасайды,  екіншісі  –
сеткалы көтеріп ашатындай болады.  Үйшіктің  еденіде  екі  қабатты:  үстіңгі
тұтас  ағаштан,  ал  астыңғысы-торкөзді-жиналмалы  болады.   Клетканы   азық
науасымен және су  құбыры  мен  жабдықтайды.  Нутриларға  арналған  жекелеме
клеткалар үйшіктен, алаңнан  және су қоймасынан бассейн (немесе  бассейнсіз)
тұрады.  Үйшік  нутрилердің  ауа  райы   қолайсыз   болғанда   және   ұрғашы
нутрилардың күшіктеуі үшін жасалады. Үйшіктін сыртқы  қабырғасынан,  алаңнан
бөліп тұратын, жапқышты тесік қалдырады, ал алдыңғы, ортаңғы  жол  жағындағы
қабырғадан есік шығарады.

              2. Бағалы терілі аңдарды азықтандырудың гигиенасы
      Барлық бағалы терілі аңдар-ет көректілері болады  да,  тек   нутрилар-
өсімдіктер мен  көректенеді.  Нутрилердің  көректенуі  үй  қояндарыныкі  мен
сәйкес келеді. Олар дәнді, бұршақты  азықтарды,  жемді  тамыр-түйнектілерді,
қант  қызылшасының қоспасы (жом) т.б. көректенеді.
      Ет көректі  аңдардың  рационына  мал  өнімдері  және  өсімдік  азықтар
кіреді.  Клеткалы  аңдардың  фермаларында  азықтарды  нормалау,  өңдеу  және
дайындау өте маңызды орын алады. Бағалы  терілі  аңдарды  көректендіру  үшін
ет, балық, сүт өнімдері пысқан  немесе  шикі  күйінде,  көк  өністер,  дәнді
өнімдер, витаминді құрама  қоспалар  пайдаланады.  Бұл  азықтарды  ұнтақтап,
кесіп, арнайы машинкалардың көмегімен араластырып су қосып немесе  құрғақтай
түрінде  аңдардың сұранысына қарай көректендіреді.
      Күні  бұрын  ет  және  балық  өнімдерін  дайындауға  болмайды.   Ондай
жағдайда,  көбінесе  аңдардың  уланып  ауыр  ішек-қарын  ауруларына  ұшырауы
мүмкін. Ұсақталған азықтарды тез арада араластырып, қолма-қол  аңдарға  беру
керек.
      Аңдардың  арасындағы  аурулар  мен   өлім-жітім,   көбінесе   ет-балық
азықтарының  сапасыздығы  мен  (ескі,  микробтар  мен  зақымдалған)   немесе
көректі заттардың (белок, витаминдер) жетіспеушілігімен  байланысты  болады.
Көптеген инфекциялық  және  инвазиялық  аурулар  (ауеска  ауруы,  туберкулез
т.б.) негізінен ластанып, зақымдалған азықтармен (ет, балық)  көректендірген
кездерде болады.
      Егер  аңдарды  көректендіруге  бір   кезде   әртүрлі   мал   өнімдерін
пайдаланса, мысалы жібек құрттары, ірімшік, ет, сүйек, балық  ұндарын,  тағы
басқа шикі еттердің орнын алмастыратын азықтарды, онда  толық  құнарлы  шикі
ет  өнімдерінің  мөлшерін  (ет,  ішек-қарын,  қан  т.б.)  ірі  түлкілер  мен
песецтерге тыныштық кезінде – 30 %, шағылысқа дайындықта  –  40  %,  шағылыс
және буаз кезінде – 50 %, күшіктері еміп жүргенде – 60 % кем болмайды.
      Норкалардың ірілеріне шикі етті жай тыныштық мезгілдерде –  50  %  кем
емес, ал басқа уақыттарда - 70 %  береді.  Бірақ  бір  мезгілде  тез  ыдырап
ашитын азықтарды (картоп, жемістер, ашытқы және  көк  өністерді)  біріктіріп
беруге болмайды.
      Аңдарды азықтандыру кезінде, олардың жыл ішінде тірі салмақтарының жиі-
жиі  өзгеріске  түсіп  отыратындығын  естен  шығармау  керек.   Ол   олардың
эвалюциялық даму процесстеріндегі туатын биоритмге байланысты.
      Органолептикалық көрсеткштері (исі, түсі, концентрациясы т.б.) қалыпты
болса, ірі қара, жылқы және елік еттерін аңдарға  шикі  түрінде  пайдалануға
болады. Шошқа етін, аңдарға Ауеска ауруының жұқпауы  үшін,  температура  мен
өңдеп барып береді. Норкалар  мен  бұлғындарға  қой  еттері  мен  мүшелерін,
энцефалопатия мен ауырмас үшін,  пысырылған  түрінде  береді,  түлкілер  мен
песецтерге және күзендерге, олар бұл ауру мен ауырмайтын болғандықтан,  шикі
қалпында  бере  береді.  Бұзау   және   қоян   еттерін,   пастереллез   және
сальмонеллез аурулары  мен  ауырмау  үшін,  пысқан  түрінде  береді.  Лажсыз
сойылған малдардың еттерін, сол  сияқты  сойылған  түлкілер,  песецтер  және
бұлғандардың ұшаларын тек ыстық температуралық  өңдеуден  өткізгеннен  кейін
ғана аңдарға беруге  болады.  Есейген  аңдар  мен  тұқымсыз  жас  күшіктерге
тәулігіне бір рет, ал тұқымдық күшіктер мен буаз аналықтарға – 2 рет  күніне
азық беріп және су мен қамтамасыз етіп отырады.
      Аңдарды еркінше азықтандыру қаралған. Арыған  аңдарда  жиі  ішек-қарын
аурулары, туберкулез және  бауырдың  аурулары  кездеседі.  Аңдарды  көбінесе
ұзақ  уақыт  көміртекті  (углевод)   азықтары   жетіспеген   рациондар   мен
көректендірсе, күшіктердің өсуі тежеліп және жүндерінің  сапасы  төмендейді.
Түлкілер мен песецтердің азығында витамин С жетіспегенде  қызыл-табан  деген
ауру пайда болады. Аңдар көбінесе майда ергіш  витаминдерге  А,  Д,  Е  және
суда еритін В1, В2, РР, биотин, аскорбин қышқылына  өте  жоғары  сұраныстары
болады.
      Аңдардың арасында жиі кездесетін  анемия  (қан  аз)  ауруының  себебі,
олардың рационында  көп  мөлшерде  треска  тұқымдас  балықтардың  (солтүстік
поляр  теңізінің  балығы)  болуына  байланысты.   Мұндай   жағдайда   треска
балығында  болатын  үшметиламиноксид  қоспасының  темірмен  қосылып,   аңдар
организмі мен сіңірілмей  қалады.  Анемияның  алдын  алып,  сақтандыру  үшін
аңдар рационына құрамында  темірі  бар  препараттар  кіргізеді.  Норкаларды,
түлкілерді, песецтерді, бұлғындарды және нутрилерді суғару үшін  (бассейнсіз
ұстағанда) автоматты немесе қолдан жасалған  науа-табақшаларды  пайдаланады.
Қыста сарайларда және сыртқы клеткаларда ұстағанда аңдарға  қар  немесе  мұз
береді.


                   3 Бағалы терілі аңдарды өсіру гигиенасы
      Ауыл шаруашылық малдарына қарағанда, аңдардың өсіп-жетілуі белгілі бір
биологиялық мезгілді циклдермен өтеді де, олардың шектелген уақыттың  ішінде
түлеуі туып, мезгілдік  жыныстық  жетілуі  келіп,  организмдегі  зат  алмасу
процесстері өзгеріске ұшырайды (жазғы  мезгілдерде  зат  алмасу  процесстері
қарқынды жүріп, күзде төмендейді, ал қысқа  қарай  елеулі  азайып,  көктемде
қайта көтеріледі).
      Нутриларда мұндай мезгілді биологиялық цикл болмайды. Олар жыл  бойына
шағылысып өсіп жетіледі де, белгілі бір түлеу уақыты болмайды.
      Түлкілер мен песецтер және норкаларда  шағылыс  мерзімі  қыстың  аяғы-
көктемнің басына келеді. Ересек  аңдарда,  басқа  жыл  мезгілдерінде,  жыныс
органдарының размерлері кішірейіп, жыныстық жетілуі жетпеген  малдардікіндей
болады.
      Алғашқы жыныстық өсіп-жетілу  мерзіі  норкаларда  –  9,  песецтер  мен
түлкілерде – 9-11, нутриларда -3-4 айлық жастарында пайда  болады.  Песецтер
мен  түлкілерде  жыныстық  күйті  жылына  бірақ  рет  келеді  де,   көбінесе
қаңтардың  20-да,  2-5  күнге  ғана  созылады.  Ал  норкалармен  бұлғындарда
жыныстық күйті бірнеше рет  қайталап,  әр  7-10  күнде  қайта  күйлейді  де,
норкаларда наурыз сәуірге дейін, бұлғындарда  маусымның  ортасынан  тамыздың
екінші жартысына дейін күйті қайталап келіп отырады.
      Биологиялық  цикіліне  байланысты  аңдардың  шағылысуы  мен  күшіктеуі
белгілі бір жыл мезгілінде жүргізіледі.
      Аңдардың    күшіктер    алдындағы    дайындық    кезінде    үйшіктерін
дезинфекциялаудан өткізіп, жылылап, құрғатып жаңа төсеніш  материал  салады.
Норкалардың клеткаларында, күшіктері сетканың тесігінен жерге  түсіп  қалмау
үшін, шит төсеніш қойылады. Күшіктеу  кездерінде  аналықтарды  бақылау  үшін
тәжірибелі адамдардан кезекшілер белгіленеді.
      Аңдарды шағылысқа дайындаудың негізгі міндеті,  оларды  толық  құнарлы
азықтармен  көректендіру  болып  саналады.  Көптеген  аналықтар   күшіктерін
емізіп, айырған кездерде өте жүдеп  арықтайды  да,  оларға  жоғарғы  құнарлы
рацион керек болады. Олардың күйі қалыпқа жеткен кезде,  шағылысқа  дайындау
алдындағы рационға көшіреді.
      Аңдардың шағылысқа дайындығын, олардың  түлеуінің  барысы   көрсетеді.
Егер жазғы жүнінің түлеуі тежеліп немесе қысқы жүні уақытында шықпаса,  онда
организмдегі процесстердің бұзылып, өсіп-даму үшін  қабілетінің  төмендеуіне
апарып соғады. Аңдардың дұрыс  шағылыстан  өтіп,  ұрықтың  аналық  жатырында
өсіп-дамуы үшін құнарлы, сапалы азық және олардың  денесінде  жарақаттанудың
болмауы үшін оптималды  жағдайда  ұстау  қажет  болады.  Мұндай  талаптардың
орындалмауы олардың  іш тастап және  қалыпты  күшіктеуіне  әсерін  тигізеді.
Аңдардың буаз және туғаннан кейінгі мезгілдерінде, олардың  арасында  анемия
болмау үшін балықтарды  (треска,  минтай  т.б.),  сол  сыяқты  авитаминоз  В
(шабақ балықтардың  түрлері  –  салака,  корюшка,  майшабақ  т.б.)  ауруынан
сақтандыру үшін рационға еңгізбейді.
      Норкалардың орта күшіктері – 6 (1-17), түлкілердікі – 5-6, кейде – 15,
песецтердікі – 10-20, нутрилердікі5-6, кейде – 15 бас  болады.  Күшіктерінің
туғандағы салмақтары: норкаларды  - 5-15 г, түлкілерде 50-100, песецтерде  –
80-  110,  нутрилерде  –  150-250  болады.  Нутрилардікінен  басқа  аңдардың
күшіктері әлсіз, көзі жұмулы, естімейтін, тіссіз, сирек жүнді  болып  туады.
Ал нутрилердің  күшігі  ширақ,  1-2  тәуліктен  соң  суға  жүзіп,  азық  жей
бастайды.  Аңдардың  бауырында  қалдыратын  күшіктердің   қалыпты   мөлшері:
норкаларда – 7-8, түлкілерді – 6-7, песецтерде – 12-14,  нутриларда  –  5-14
бас болуы керек. Қалған күшіктерді басқа бауырында 5 бастан кем  күшігі  бар
аналықтарға салып телиді.
      Күшіктерді туғаннан кейін алғашқы рет бірден тексереді де,  әлсіздерін
және ауруларын іріктейді. Ол үшін мынандай көрсеткіштеріне  сүйенеді:  жалпы
көңіл күйі, ішінің тартылуы, жүзу қорғанысы (аяғының жанына  тартылуы),  жиі
есінеуі, температурасының төмендеуі т.б. Әлсіз күшіктерді жеке жәшіке  салып
жылылайды, электр шамдарының көмегімен және мақта төсеп, температурасын  30-
35С жеткізеді.
      Күшіктердің   әлсіз   болуы   көбінесе   аналықтардың   буаз   кезінде
рациондарында витамин  А  және  С  жетіспеушілігі  болып  есептеледі.  Ондай
жағдайларда түлкілер мен песецтердің күшіктері тек әлсіз болып  қана  қоймай
табандары ісіп, қызарып кетеді.
      Кей кездерде жақсы  өсіп-дамыған  күшіктерде  де,  енесінің  желінінің
маңайындағы жүндердің қалың өскендігінен емшегін тауып  еме  алмай  (әсіресе
түлкілер  мен  песецтерде)  жүдеп,  әлсірегендері  кездеседі.  Сол   сияқты,
аналықтардың сүті аз немесе керісінше өте көп  болып  емшегін  қатты  керіп,
күшіктердің аузына симай, ашығып әлсірейді. Күшіктердің  жүдеп  ауырып  өліп
қалмауы   үшін   аналығының   желімінің   айналасындағы   жүнін   қысқартып,
емшегіндегі артық сүтті сауып, жұмсартып, немесе  басқа  ыдысқа  сауып  алып
күшікті еміздік пен көректендіреді.
      Кей  кезде  аналықтардың  күшіктерін  тістеп  тасымалдауы   кездеседі,
әсіресе бөтен адамдардың  қатысуы  мен  мазасыздануы,  судың  немесе  қардың
жетіспеуі, артық емшектегі сүттің жиналуы т.б. себептерден болады.
      Күшіктердің алғашқы үш-төрт  аптадағы  өсіп-дамуы,  әсіресе  аналықтың
сүттілігіне байланысты болады. Ал 20-25 тәуліктік жасынан бастап  күшіктерді
тартылған ет, сұйылтқан сүт т.б. беріп, азықтандыра бастайды.
      Түлкілер мен песецтердің күшіктерін 20-25 күндік жасынан бастап  ішек-
қарындарын (гельминттерден)  тазарту  үшін  дегельминтизациялайды.  Ол  үшін
оларға 0,1 мл құрамында  тетрахлорэтилені бар капсула береді.
      Туғаннан кейін 20 күннен 40 күн аралығында  аналық  аңдардың  да  және
олардың күшіктерінің  де ең ауыр  мезгілдері  болып  саналады.  Өйткені  осы
уақыттарда  күшіктер  тез  өсіп,  көрегі  жетпегенде  салмағын  төмендетеді.
Сондықтан  аналықтардың  жүдеп,  азып   кетпеуі   үшін   белгілі   уақытында
күшіктерді бөліп алады. Түлкілер мен песецтердің күшіктерін бірден  енесінен
айырады. Норкалардың әлсіз, жүдеген аналықтарының бауырында  2-3  күшіктерді
қалдырып қояды. Өйпей барлық  күшіктерін  бірден  бөліп  алса,  аналық  азық
жеуден бас тартып, өлім жітімге ұшырайды.
      Барлық аңдардың  бөлінген  күшіктеріне  қалыпты  санитарлық-гигиеналық
жағдайлар жасалуы керек. Ол үшін үйшіктердің іші кебу және  қыста  жылы,  ал
жазда қалыпты желдетілулері керек.  Мысалы,  норкалардың  күшіктері  төменгі
температураға өте төзімсіз келеді де 22С температураның  өзі  қауіпті  болып
саналады.
      Кейбір  аңдардың  түрлері  клеткада   ұстап   өсіргенде,   биологиялық
ерекшеліктеріне  байланысты,  жарыққа  қатыстары  әртүрлі   болады.   Мысалы
норкалардың  жартылайы  жарық  сүйгіштер  қатарына  жатып,  ең  қарқындылығы
таңертең ерте және кеш соңында туатын  болса,  песецтер  арктикалық  аймақта
өсіп,  ал  түлкілер  –  оңтүстікте  өмір  сүргенге  бейімделген.   Бұлғындар
тоғаймен қорғалмаған ашық жерлерде жүргенді  жаратпайды да, аса  жарықтанған
аймақтарда  жүрмейді.  Бірақ  барлық  клеткаларда  тұрған  аңдардың   елеулі
өмірінің  бөлігін  жарықта  өткізгенді  ұнатады.  Сондықтан,   көптеген   аң
фермаларында  күшіктеуін  жоғарлатып,  өнімін  арттыру  үшін  жасанды  түрде
жарықтану мезгілін ұзартады. Әрбір 4-5 клеткаға 100-200 вт  электр  шамдарын
қою арқылы.
      Аңдардың бағалауын арттыратын ең басты көрсеткіші  олардың  жүндерінің
түсі,  түктерінің  жағдайы  және  терілерінің  өлшемдері   болып   саналады.
Аңдардың ішінде  ең  көп  тараған  түлкілердің  жүндерінің  қырқылып  қалуы,
песецтердің жүндерінің ұйпалақтануы, норкалардың жүндерінің сиректенуі  т.б.
кемістіктері болып саналады. Норкалардың бауыр  жүндерінің  сулануынан  (зәр
мен) жүні  түсіп,  сиреп  қалады.  Ондай  кемістікке  көбінесе  қуық  жолына
микробтардың түсуі, зәр шығару  жолдарында  тас  түйірлерінің  түзілуі,  қан
азаюы, қышқылдар мен улануы т.б. әсер  етеді.  Сол  сияқты  анемиядан  басқа
норкалардың арасында, қысыр қалуын арттырып,  жас  күшіктердің  өсуін  тежеп
және шығынын жоғарлататын алеут ауруы болады.
      Жаз айларында аңдарды, көбінесе бүргелер зақымдайды. Олар әсіресе  жас
күшіктерді жүдетіп, ал  үлкен  аңдар  мазасызданып,  жиі  қасынып,  жүндерін
түсіріп, сапасын төмендетеді.
      Күннің ыстық мезгілдерінде, бұлғынның күшіктерінде  баздану  кездесіп,
олардың бауыры және артқы  аяқтарының  ішкі  жақтарының  терілері  күлдіреп,
талаурайды. Бұлғындардың  үйшіктерінің  желдетуін  қалыпты  келтіру  арқылы,
олардың  күшіктерінің  баздану  ауруына  ұшырауын   төмендетеді.   Ол   үшін
үйшіктердің ағаш қақпақтарын (төбесін)  тәулік  бойы,  мамыр  айының  екінші
жартысынан бастап ылғый ашық ұстау қажет. Ауа райы  тұрақты  жылығаннан  соң
үйшіктің, сеткасын қалдырып түбін де (еденін) алып тастау керек.
      Әр аң фермаларында жұқпалы және  жұқпайтын  аурулардың  шықпауы  үшін,
егер  шыққан  күнде  тез  арада  шектеп,  жою   мақсатында   ветеринариялық-
санитарлық  объектілері  болуы  керек.  Олар  карантин   пунктері   (негізгі
табынның 10 %), изолятор (ауру малдар үшін), өтелдейтін пукт  немесе  өлексе
жағатын пештер, сою орны, дезо өткелдер, ветсаноткел т.б.



               Дәріс 8. Аралар мен балықтар гигиенасы (2 сағ)


      Қаралатын сұрақтар:
1.Балық сулары тоғандарының сипаттамасы
2. Балыққа арналған тоған суларына қойылатын гигиеналық талаптар
3.Балыққа арналған су тоғандарының етеринариялық-санитарлық режимі
4.Аралардың гигиенасы
5.Аралардың қыс мерзіміндегі гигиенасы

      Балық шаруашылықтарының негізгі екі типі:  жылы сулы  және  суық  сулы
болады. Мұндай типке бөлу  өсіретін  балықтардың  биологиялық  ерекшеліктері
мен байланысты.
      Жылы сулы тоғандық шаруашылықтарда жылу сүйгіш  балықтарды:  тұқы,  ақ
амур (сүйкімді), шекелі, табан т.б. өніп-өсуі үшін қалыпты су  температурасы
20С жоғары болуы керек.
      Суық  сулы  тоғанды  шаруашылықтарының  негізгі  айналысатыны   форель
(құбылмалы – қызыл шұбар) балықтары болып саналады.
      Ондай суық сулы тоғандарда көбінесе өзеннің  рипустарын,  пелядь,  сиг
(солтүстік  балығы)  тағы  басқа  лосостердің   (арқан   балықтар)   түрлері
өсіріледі. Суық сулы балықтардың ұрықтарының (эмбриондары) жетілуіне  0,2-9С
температура, ал семірту үшін 12-15С қалыпты болады.
      Балық пен айналысатын шаруашылықтар-толық жүйелі  және  толық  жүйесіз
болып екіге бөлінеді.Толық жүйелі шаруашылықтарда  ұрығынан  бастап  өнімдік
балықтарға денін өсіріп шығарады. Мұндай жүйеге  тұқымды  балықтар  өсіретін
шаруашылықтарда  жатады.  Толық   жүйелі   емес   шаруашылықтарға   балықтар
питомниктері мен семіртіп  өнім  алатындар  жатады.Балықтар  питомниктарында
балық семіртетін шаруашылықтарының су қоймаларында дамытып өсіруге  арналған
материалдар (жас балықтар) өсіріледі.


1.Балық сулары тоғандарының сипаттамасы
      Балық суларының тоғандары бағытымен  тағайындалуына  байланысты  сумен
қамтамасыз   етілген   (басты,   өндірістік-жазғы,    қысқы),    санитарлық-
профилактикалық (карантинді, изоляторлы)  және  қосалқы  (отырғызған  тоған)
болады. Жазғы өндірістік тоғандарға  уылдырық  шашатын,  майда  балықтардың,
өсіретін, семіртетін және аналық  балықтардың  тоғандары  жатады.  Ал  қысқы
өндірістік  тоғандарға  балықтарды  қыс   мезгілдерінде   сақтауға   арналып
жасалғандар жатқызылады. Размері,  тереңдігі  және  тоған  суларының  ағыны,
оларда өсіретін балықтардың биологиялық  ерекшеліктеріне  байланысты  болады
да, тоғандарға қойылатын талаптар балықтардың жасына қарай өзгеріп  отырады.

      Уылдырық шашылатын тоғандар – балықтарды  өндіруге  арналған.  Олардың
ауданы 0,1  га  (0,5-0,2),  ал  тереңдігі  –  0,5-1,1  м.  Уылдырық  шашатын
тоғандарды, қатынас жолдардан (шу уылдырыққа бөгет) қашық, нейтралды  немесе
сәл  сілтілі  топырақты,  батпақты  емес   жерлерге   орналастырылады.   Бұл
тоғандарды балықтардың оларға салғаннан кейін уылдырық шашуынан 10-12  сағат
бұрын (ең ұзақтығы 1-2 тәулік) суға толтырады.
      Алдын ала тоғандарды су мен толтырып  қоюға  рұқсат  етілмейді.  Ондай
кездерде су басқа микроорганизмдер мен ластанып өсетін балықтардың  ұрықтары
мен личинкаларына зиянды әсерін тигізеді.
      Майда балықтар тоғаны – уылдырық шашқан тоғандардан немесе  зауыттарда
жас балықтарды 6-7 күндігінен бастап 15-18,  кей  кездерде  30-40  тәуліктік
жастарына дейін өсіру үшін жасалады. Майда балықтар тоғанының ауданы –  0,2-
1 га, орташа тереңдігі – 0,8-1,0 м. балады.
      Өсіретін тоған – жас балықтары өсіруге арналады.  Балықтарды  өсіретін
тоғандардың ауданы – 10-15 га, ал орташа  тереңдігі  –  1,0-1,2  м.  Негізгі
өсіретін  балықтар  материалдарын  шығаратын  балық  питомниктары   тоғанның
барлық ауданың 80-90 % алады.
      Семіртетін тоған -  өнімдік  балықтарды  өсіріп-семірту  үшін  арналып
жасалады. Оның ауданы – 50 - 100 га, ал орташа тереңдігі – 1,3 - 1,5 м.
      Аналық тоғандар – аналық және өнімдік жас балықтарды ұстауға арналған,
оларға ең жақсы жағдайлар туғызылады. Ол тоғандардың  ауданы  шаруашылықтағы
аналық және өнімдік жас балықтардың  өндіру  санына  байланысты  болады  да,
оның орташа тереңдігі – 1,3-1,4 м.
      Қыстамалы тоғандар – жас және үлкен жастағы балықтарды қыс  мезгілінде
ұстауға  арналады.  Балық  шаруашылықтарының  шамасына  байланысты,  олардың
аудандары  0,2-1,5  га  дейін  болады.  Тереңдіктері,  оның   қатпайтын   су
қабатының қалыңдығы  –  1-1,2  м  кем  болмауы  керек.  оңтүстік  аймақтарда
қыстамалы тоғандардың 1,5 м тереңдігі жеткілікті болады.
      Карантиндік тоғандар – басқа шаруашылықтардан әкелінген өндірістік жас
балықтарды  ұстауға  жасалады.  Шаруашылықтардың  размерлеріне   байланысты,
олардың ауданы 0,2-0,4 га, ал орташа тереңдігі 1-1,3 м. Карантин  тоғандарын
шаруашылықтан төмен, жеке басқа балық тоғандарынан 20-30  м-ден  жақын  емес
орналастырады. Карантинді тоғандар басқа  шаруашылықтан  әкелінген  балықтар
арқылы  жұқпалы  инфекциялық  және  инвазиялық  аурулардың  қоздырғыштарының
тарап кетуінен сақтандыру үшін жасалады.
      Карантинді тоғандарда  ұстау мерзімі – 30 тәулік, ал  температура  12С
төмен болса уақытын ұзартады. Қыс айларында карантиндеу мерзімі қыстың  ұзақ
бойына болады. Басқа елдердің шаруашылықтарынан келген  балықтарға  карантин
тоғандарда ұстау бір жылға дейін болады.
      Тоғандарда карантиндеу кезінде балықтардың денсаулығын мұқият  бақылап
отырады. Егер карантиндеу мерзімінің  ішінде  балықтардың  арасынан  аурулар
шықса, онда оларды емдейді немесе жояды.
      Садки-қапас тоған – балықтарды аулап алып саудалағанға уақытша ұстауға
арналған шағын  ағынды  тоғаншаларды  айтады.  Ауланған  балықтардың  мұндай
қапас  тоғандағы тығыздығы әр куб/м 100-125 кг жоспарланады.
      Барлық тоғандардың түрлерін жобалап салғанда,  олардың  ішін  кептіріп
және  мезгілінде  қажетті  санитарлық-ветеринариялық,   сол   сияқты   агро-
техникалық   жұмыстарды   жүргізуге    мүмкіншілік    болуын    қарастырады.
Шаруашылықтардың типтеріне  қарамай,  тіпті  басты  түрінің  өзінде,  барлық
тоғандардың су ағары болып, ол үшін дамбалар мен плотиналарға,  тоғандардағы
суды бір-бірден немесе түгелінен ағытуға арналған гидротехникалық  құрлыстар
салынады.  Балықтарға  арналған  су   тоғандарын,   тұрғын   үйлердің,   мал
фермаларының  және  өндіріс  орындарының   шектерінен   500   метрден   таяу
орналастырмау керек.


       2.Балыққа арналған тоған суларына қойылатын гигиеналық талаптар
      Су-балықтардың табиғи өмір сүретін ортасы болғандықтан, оның  сапасына
балық өсіру мен айналысатын шаруашылықтардың өнімдерінің нәтижелері  тікелей
байланысты болады. Сыртқы ортаның көптеген факторларының ішінде  балықтардың
өмір сүруінде судың температурасы,  газдық  құрамы  және  тұздардың  мөлшері
маңызды роль атқарады.
      Судың температурасы – тоғандарда жыл мезгілдеріне, және тәуліктік  ауа
райының  құбылысына  байланысты  жиі  өзгерісте  болады.  Әрбір  балықтардың
түрлерінің   өсіп-өнуіне,   қалыпты   өмір   сүруіне    белгілі    бір    су
температураларының шегі болады.  Мысалы,  тұқы  (карп)  балықтар  азықты  су
температурасы 4С төмен болмаса  ғана  ала  бастайды.  Балықтар  ең  қарқынды
көректеніп және өсетін су температурасы 20-28С болып саналады да,  тек  суық
суды сүйгіш балықтарда уылдырықтарының өсіп-өнуі 0,2-9С болса, семіруі  үшін
12-15С температура қолайлы болып есептеледі.
      Балықтарға төменгіде, сол сияқты судың жоғарғы температурасы да  зянды
әсерін тигізеді. Судың жоғарғы температурасы (30С және  жоғары)  балықтардың
барлық өмір  сүруіне  қажетті  функцияларының  қызметі  төмендеп,  өсіп-өнуі
тежеліп,  сол  сияқты   жаппай   өлуіне   апарып   соғады.   Судың   жоғарғы
температурасы балықтардағы көптеген жұқпалы аурулардың жүруін асқындырады.
      Қысты күндері су  температурасы  төмендегенде  (-0,1-0,3С)  балықтарда
суықтан пайда болатын аурулар туады. Ұзақ уақыт төменгі температуралы  судың
әсерінен   балықтардың   желбіршегі   зақымдалады.   Жазды   күндері   судың
тмпературасының төмендігі балықтардың азықты жеуін  төмендетіп,  күйі  арып,
өсіп-дамуы тежеліп  қана  қоймай,  жалпы  резистенттілігі  төмендеп  әртүрлі
аурулармен ауыра бастайды.
      Сондықтан тоған суларының температурасын қалыптап отыру қажет  болады.
Таяз,  аз  көлемді  күн  сәулесі  мен   қызып,   температурасы   көтерілетін
тоғандардың   суының   температурасын   олардың   ауданын   ұлғайту   арқылы
төмендетуге  болады.  Су  температурасы  төмен  болған  жағдайда  балықтарды
ауыстырып   салып   өсіруге    рұқсат    етілмейді.    Тоғандардағы    судың
температурасына бақылау күнделікті жүргізіледі.
      Судың газдық режимі балықтардың денсаулығына,  өсіп  және  өнуіне  зор
әсер тигізеді.
      Табиғи  сулардағы  оттегінің  мөлшері  0-14,5  мг/л  болады  да,  оның
концентрациясы  судың  температурасына,  атмосфера   қысымына,   органикалық
заттардың  болуына,  фито-планктондарға,  аэорация   шамасына   (ағын,   жел
қозғалысы т.б.) және онда жүретін минерализациялау процесстеріне  байланысты
болады. Неғұрлым  суда  органикалық  заттар  көп  болса,  солғұрлым  олардың
тотығуына оттегі көп жұмсалады. Судың температурасы төмендеген  сайын,  онда
оттегінің еруі артады. Күндізгі уақыттарда судағы өсімдіктердің  фотосинтезі
нәтижесінде ондағы оттегінің мөлшері көбейеді. Сол сияқты  судағы  минералды
тұздардың мөлшері жоғарлаған сайын,оттегінің ерігіштігі төмендейді.
      Әрбір балықтардың түрлеріне арналған оттегінің  шекті  мөлшері  болады
да, одан өзгерген жағдайда балықтар өліп қалады.  Мысалы,  форельдерге  4,0-
4,5 мг/л, бекіре балықтар (осетр) үшін 3,0-3,5 мг/л болуы  керек.  Ал  лосос
тұқымды балықтар үшін оттегінің судағы қалыпты  концентрациясы  10-12  мг/л,
бекіре тұқымдастарға –  8,6-10  мг/л  тұқы,  сазан,  табан  (лещ),  көксерке
(судак) т.б. балықтарға – 6-7 мг/л, ал  карась  және  линьдер  (қара  балық)
үшін судағы оттегінің мөлшері 0,7-9,5 мг/л болса өмір сүре алады.
      Балықтар, құрамында оттегі жеткіліксіз суда ұзақ уақыт болса,  олардың
активтілігі  төмендеп,  енжер   болып,   азықты   аз   жеп,   жүдеп,   содан
разистентілігі  азаяды.  Әсіресе,  судағы  еріген  оттегінің  жетіспеушілігі
балықтарды қысқы тоғанда ұстағанда жиі кездесіп,  оларға  оның  теріс  әсері
білінеді. Оттегінің суда 2,5-3,0 мг/л төмендеуі, балықтардың әлсіреп,  содан
кейін мазасызданып судың жоғарғы бетіне көтеріле бастайды.
      Еріген оттегінің суда жетіспеушілігі балықтардың жаппай өліміне апарып
соғады, замор (қырылу) ауруына ұшыратады. Жазда  ыстық,  желсіз  түндері  де
суда оттегінің жетіспеушілігі кездесіп, балықтарда жазғы  замор  ауруы  тууы
мүмкін. Су  ішіндегі,  тіпті  оттегінің  жеткілікті  болған  күннің  өзінде,
көмірқышқыл  газының  жоғарғы  концентрациясы   балықтарға   зиянды   әсерін
тигізеді.  Көмірқышқыл  газының  тоған   суларында   жоғары   концентрициясы
балықтардың күйін төмендетіп және  әртүрлі  ауруларға  төзімділігін  азайтып
қана қоймай,  олардың  жаппай  өліміне  ұшыратады.  Мысалы,  тұқылар  судағы
көмірқышқыл газының мөлшері жазда әр метрінде 200 мг болғанда өлсе, қыста  –
150 мг/да да өліп қалады,  ал  форель  (құбылмалы)  суда  оттегінің  мөлшері
жеткілікті болғаның өзінде,  көмірқышқыл   газының  концентрациясы  60  мг/л
болса да қырылып қалады. Сондықтан балықтардың тоған  сулардағы  көмірқышқыл
газының мөлшері жазда әр литр суда – 20 мг, қыста –  40  мг  жоғары  болмауы
керек.
      Балықтарға, судағы  органикалық  заттардың  шіріп  ыдырауынан  шығатын
күкіртті сутегі, метан және аммиак газдары да өте қауіпті  болады.  Күкіртті
сутегі газының бір  литр  судағы  концентрациясы  1  мг  жетсе,  балықтардың
оттегіні  сіңіріп  қабылдауы  жоғалады.  Аммиак  бос  күйінде  0,2-1,0  мг/л
мөлшерінде, көптеген балықтарға өте улы болып келеді.
      Метан немесе батпақ газы (СН4) жаз  айларында  өзендермен  тоғандардың
суларының белгілі бір тереңдіктерінде өте көп мөлшерде,  әсіресе  санитарлық
жағдайдың  төмен  болған  кездерінде,   түзіледі.   Мұндай   суларда   метан
клечаткалы өсімдіктердің ыдырауынан жазда да, қыста  да  түзіледі  де,  оның
мөлшері кей кездерде 38,5 мг/л дейін жетеді. Метан балықтарға және басқа  су
жәндіктеріне де (гидробионт), әсіресе қыста қауіпті болады. Су  қоймаларының
түбінен түзіліп шыққан метан,  қарқынды  түрде  оттегі  мен  қосылып,  судың
төменгі қабатындағы  балықтардың  көп  жүретін  жерлерінде,  көбінесе  қысты
күндері, ауа  жетіспеушілігіне  ұшыратады.  Соның  нәтижесінде  балықтар  ол
төменгі оттегісіз аймақты тастап, жоғарғы су беткі  қабатына  көтеріледі  де
онда  үнемі  қозғалыста  болып,  құнарлы  заттарының  энергетикалық  қорынан
айрылып, жүдеп физикалық әлсіреуге ұшырайды.
      Газдардың мөлшерін уылдырық шашатын тоғамдардың суларында (балықтардың
уылдырық шашатын мерзімінің түгел бойына) күнделікті тексеріп отырса,  басқа
тоған  суларында  әрбір  он  күнде  бір  рет  зерттеледі.  Судағы  газдардың
концентрациясы жоғарлап кеткен жағдайда,  арнайы  жаңбырлатқыш  құрылымдарды
және әртүрлі аэраторларды (ауа  жібергіш)  пайдаланып,  аз  су  қоймаларының
ағысын арттырып қалыптайды.
      Көптеген  балықтардың қалыпты  өсіп-дамуы  үшін,  көбінесе  бейтарапты
(нейтралды)   немесе   сәл   сілтілік   су   ортасы   (РН)   қажет   болады.
Фитопланктондардың    (өсімдік-жәндік    дүниелері)    қарқынды    өсіп-даму
кездерінде, сол сияқты күннің ыстық  мезгілінде,  балдырлардың  қалың  өскен
жерлерде, жіп  тәрізді  және  микрофиттердің  (өте  ұсақ)  қатысуымен  судың
ортасы  (РН)  10-11-ге  дейін  төмендеп  (сілтіленіп),   соның   нәтижесінде
балықтардың желбезегі  және  терілері  зақымданады.  Мысалы,  тұқы  балықтар
судағы сілтілік ортада РН-9,0 дейін жақсы сезінеді. Ал кейбір балықтар  РН-6
дан төмен, 8,5 жоғары болғанда өліп қалады. Бірақ кейбір балықтар  судың  РН
елеулі мөлшерде ауытқуында да өмір сүреді. Мысалы, тұқы балықтар судың  Рн-9
да  өздерін  жақсы   сезініп,   қызымық   (краснуха)   ауруына   төзімділігі
жоғарлайды.  Судың  төменгі  Рн  кездерінде   карп   балықтарының   желбезек
жалбыршақтарының  бетінде  некроз  болып,  ол  өлген   жерлерге   сапрофитті
микроорганизмдер жиналып, балықтарды өлімге  ұшыратады.  Судың  тотыққыштығы
жоғарғы  болуы,  ондағы  органикалық  заттардың  көптігін  көрсетеді.  Судың
органикалық  заттары  неғұрлым  көп  болса,  яғни  көп  ластанса,  солғұрлым
олардың тотығуына оттегі көп шығындалады да, соның  нәтижесінде  балықтардың
қырылуы (замор) туады. Судың жоғарғы тотыққыштығы (20 мг/л жоғары)  көптеген
инфекциялық аурулардың шығып  асқынуына  әсерін  тигізеді.  Табиғи  сулардың
тотыққыштығы көбінесе 10-15 мг/л аспайды. Судың тотыққыштық  қасиеті  оларға
еріген қар сулары,  нәжістері,  органикалық  тыңайтқыштар  т.б.  органикалық
заттар түскенде жоғарлайды.
      Жасанды  тоған  суларында  аммиак  және  нитриттердің  болуы,  олардың
құрамында  азоты  бар  органикалық  заттар  мен  (өндірістің  ағын   сулары,
тұрмыстық қалдық сулар, мал  қораларының  жуынды  сулары  т.б.)  ластанғанын
көрсетеді. Аммиактың 0,2-1 мг/л дейінгі мөлшері көптеген балықтар  үшін  улы
болып келеді. Балық тоған суларында нитриттердің  болуы  да  қауіпті.  Жазды
күндері карптардың өскен тоған суларында  нитриттердің  милиграммның  мыңнан
бір бөлігінен жүзден біріне дейін, ал қыста 0,001 мг жоғары  болмауы  керек.
Одан  жоғарғы  нитриттердің  судағы  мөлшері  балықтардың   резистенттілігін
төмендетіп, шығынды  арттырады.  Судағы  басқа  химиялық  заттарда  (күкірт,
азот, тұз қышқылдарының тұздары, темір,  альюминий  тағы  басқа  қосылыстар)
балықтардың   денсаулығына  елеулі  әсерлері  болады.  Мысалы,  кермектілігі
жұмсақ суларда, жоғары кермекті суға қарағанда фтордың улылығы карптар  үшін
2-3 есе артады. Бұл кездерде балықтардың улы заттар мен  жұқпалы  аурулардың
қоздырғыштарына төзімділігі өте төмендейді. Өте кермектілігі  төмен  суларда
еріген кальции және магний тұздары аз болып, балықтардың және  басқа  судағы
тірі  организмдерге  зиянды  әсері  тиеді.  Сондықтан  судағы  кальций   мен
магнидің  жетіспеушілігін,  балықтарға  құрамында  кальции  мен  магний  көп
қосымша азықтар (балық ұны, сүйек ұны т.б.) береді. қалыпты кермекті  сулар,
әсіресе кальций және магниге сұраныстары жоғары лосос балықтарына өте  қажет
болады. Мұнымен  қоса,  кемектілігі  төмен  сулар  сілтілі  немесе  қышқылды
өндірістік ағын сулардың әсеріне қарсы тұру қасиеті төмен болады.
      Судағы темірдің шала тотығының мөлшерінің көп болуы, ондағы оттегі мен
тотығып, судың оттегілік режимін бұзады. Темірдің  шала  тотығы  балықтардың
желбезегінің үстіне қонып, олардың тынысын  тарылтып  қана  қоймай,  өліміне
себепші болады. Өйткені жоғарғы темір шола тотығы  бар  суды  пайдаланғандай
болса, яғни 4-5  мг/л  көп  болғанда,  суды  алдымен  аэрациялап,  одан  соң
тұндырып, темірді түбіне түсіргенен кейін ғана балықтар тоғанына жібереді.
      Өндірістік  ағын  сулар,  көбінесе  улы   заттармен   ластанып   (ауыр
металдардың тұздары, пестицидтер т.б.) және кейбір суға түскеннен кейін  улы
қалдықтар  түзетін  қоспалар  қосылып  балықтарды  уаландырады.  Ондай   улы
заттардың  балық  шаруашылықтарына   белгіленген   шекті   рұқсат   етілетін
концентрициялары көрсетілген.

  3.Балыққа  арналған   су   тоғандарының                    ветеринариялық-
санитарлық режимі
      Ластанған ағын сулар суаттарға түсіп, олардың гидрохимиялық режимдерін
өзгертіп,  биологиялық  тепе-теңдігін  бұзып,   судың   өздігінен   тазалану
процесстері толық мәнінде жүрмейді. Ағын сулар мен, әсіресе  өңдірістік,  су
көздеріне  улы  заттар  түсіп,  (ауыр  металдардың   тұздары,   пестицидтар,
минералды тынайтқыштар т.б.)  балықтардың  өнімдерінің  сапасын  төмендетіп,
уылдырықтарымен балықтардың өліміне апарып соғады.
      Тоғандарды су мен толтырған кездерде, оның  ішіне  арам  және  жыртқыш
балықтар, олардың жұқпалы ауруларының  аралық  иелері,  сол  сияқты  зиянкес
гидробионтар (бақалар, қоңыздар т.б.) түсуі мүкін. Олардың тоғандарға  сумен
бірге  толтырған  кездерде  түсіп  кетпеу  үшін,  судың  ағар  жолына  бөгет
төркөзді – балық қоқыс ұстағыш деп аталатын сүзгіштер қойылады.
      Балықтарды, ұрық уылдырықтарды және омыртқасыз  жануарлардан  жасалған
азықтарды, инфекциялық  және  инвазиялық  аурулардан  аман  шаруашылықтардан
ғана әкелінеді. Егер,  тасымалдауға  арналған  балықтар  эктопаразиттар  мен
зақымдалған болса, онда оларды алдын ала тоғандардың  өзінің  ішінде  немесе
арнайы бассейн-профилакторияда  паразиттерге  қарсы  өңдеуден  өткізеді  (ас
тұзы ваннасы, малахит көгі, метилен көгі т.б.)
      Балықтарды  жұқпалы  аурулардан   сақтандыруда   суаттарды,   ұстайтын
ауларды,   әртүрлі   ыдыстар   мен    жабдықтарды,    дезинфекциялау    және
дезинвазиялау, (жұқпалы  аурулардың  қоздырғыштарын,  әртүрлі  паразиттерді,
олардың аралық иелерін тағы басқа  балық-зиянкестерін  жоюда)  үлкен  маңызы
болады.
      Әртүрлі  тоғандарда  санитарлық-профилактикалық  және  балық  суларына
мелиоративтік шараларды жүргізуге тиісті өзіне арналған жоспарлар  жасалады.

      Уылдырық шашылатын тоғандар майшабақтарын алып,  суын  ағызғаннан  соң
қолма қол дезинфекцияланады. Қысқа қарай уылдырық тоғаны құрғақ болса,  оның
арнасы жақсы қатып,  паразиттардың  жұмыртқалары  мен  құрттары  сол  сияқты
маллюскалар мен  басқа  су  жәндіктері  өліп  қалады.  Келер  жылы  уылдырық
тоғанын көктемде су мен толтырар алдында тағы да дезинфекциялайды.  Уылдырық
шашатын  тоғандарда  жеткілікті  түрде  табиғи  тағамдар  мен  (коловраттар,
дафнилер т.б.) қамтамасыз етіп және тоған суына арам (сорный)  және  жыртқыш
балықтар,  су  қоңыздары  және  олардың  личинкалары,  балықтар  т.б.  түсіп
кетуінен сақтандыру қажет.  Мұндай  жағдайларда  тоғандарда  шөп  бөгеттерін
(травостой)  шабындық  шөптерден  (түлкі  құйрық,  батпақ  шабындығы,  мысық
құйрық, шырмауық т.б.) жасап, уылдырықтың өсуіне пайдалы әсерін тигізеді.
      Қыстамалы тоғандарды көктемде  (суын  ағызып,  балығын  алғаннан  соң)
дезинфекциялайды, ал жазды күндері 2-3 рет ондағы өсімдіктерді шауып  алады.
сонан кейін, күзгі толтырудың алдында,  кейбір  жұқпалы  аурулары  (қызымық)
тараған аймақтарды екінші рет дезинфекциялайды.
      Ерекше мұқият көңіл аударып бақылау  жасайтын,  қыстамалы  тоғандардың
гидрохимиялық көрсеткіштері болып, әсіресе қыстың екінші жартысында,  оттегі
азайып, кететін кездер есептеледі. Тоған суында оттегі жетіспеген  кездерде,
балықтар жоғарғы тесіктерге малтып  шығып,  оларда  көптеген  су  жәндіктері
пайда болады (қоңыздар, қандалалар т.б.). Егер қыстамалы  тоғандарда  оттегі
режимі қалыпты болған жағдайда да, балықтар жоғары малтып шығатын болса,  ол
немесе   аурулардың   шыққаны,   немесе   азып   жүдегені,   немесе    судың
температурасының төмендегенін (0,1-0,2С) көрсетеді.
      Сол сияқты  өсіретін,  жазғы  аналықтар,  семіртетін  және  карантинді
тоғандардың да дайындау ерекшеліктері болады.
      Ұзақ уақыт бойына, үзіліссіз тоғандарды пайдаланғанда, олардың түбінде
көптеген  органикалық  заттар  жиналып,  соның  нәтижесінде  онда   қарқынды
бактериалдық процесстер жүріп, судағы  еріген  оттегі  азайып,  балық  өнімі
және санитарлық жағдайы төмендейді. Сондықтан тоғандарды 5-6 жылда  бір  рет
өңдеу жүргізу керек.  Күзді  күні  тоғанды  судан  тазартады,  түбін  (ложа)
тегістейді, ал жазғытұрым ауыл шаруашылық  мәдени  өсімдіктер  егеді.  Қысты
күнгі төменгі температураның әсерінен және жаздағы күн сәулелерінен  жұқпалы
ауралардың қоздырғыштары және олардың аралық иелері өліп қалады.  Тоғандарды
ондай өңдеу  кезінде  топырақ  жақсы  аэрациядан  өтеді  де,  онда  жиналған
органикалық заттар минерализацияланады. Ондай  өңдеу  жұмысының  нәтижесінде
тоғандардың балық өнімі 50-100 % жоғарлайды, сол сияқты судың  гидрохимиялық
режимі және балықтарға гигиеналық жағдай  жақсарады.  Профилактикалық  өңдеу
көбінесе өсіру және семірту тоғандарына жасалады.  Профилактикалық   өңдеуді
қысқы және уылдық тоғандарына жүргізілмейді, өйткені олар тек қыс  айларында
ғана  су  астында  болып  немесе  аз  уақыт  көктемде   пайдаланылады.   Суы
ағызылмайтын  тоғандар  және  шаруашылықтың  кішігірім  су   қоймалары   мен
суаттарын біртіндеп қатты және жұмсақ  өсімдіктерден,  қараған  түбірлерінен
тазалап, бұлақ, тұмалардың көзін ашып отырады.  Ылғи  сулардың  газдық  және
минералды құрамдарын бақылап отырады.
      Тоғандардағы балықтардың тығыздығын, әр аудан өлшеміне есептеп, табиғи
азық қорының мөлшері, су  құрамы  және  эпизоотиялық  жағдайына  байланысты,
нормативке негіздеп анықтайды.
      Суаттарда суға жүзетін құстардың  көп  жиналуына  жол  берілмейді.  Әр
гектар тоғанға орта есеппен келетін нормасы 200-250 бас. Басты, өсетін  және
аналық  балықтарға  арналған  тоғандарда  суда  жүзетін  құстарды   жіберуге
болмайды. Әрбір тоғандарға, суаттарға немесе тоғандар тобына  арнайы  аулау,
жүзу,  балықтарға  арналған  жабдықтар,  бекітіліп  беріледі.  Шаруашылықтан
түскен өндірілетін және жас  өсіретін  балықтар  30  тәулік  карантинде,  су
температурасы 12С  ұстайды.  Өте  төменгі  су  температурасында  карантиндеу
мерзімін, 30 тәулік бойына су температурасы 12С  төмендемей  тұрғанға  дейін
ұзартады.
      Өндірілуге арналған балықтар мен басқа жастағы  балықтарды  біріктіріп
ұстауға болмайды. Тұқымдық шаруашылықтардың территориясына басқа  адамдардың
кіруі, көліктердің қатысуына рұқсат етілмейді.  Қызмет  жасайтын  адамдардың
өндіріс аймағына тек ветеринариялық-санитарлық  өткелден  (ветсанпропускник)
ғана, ал  көлік-дезинфекциялау  бөгеуінен  (дезобарьер)  өткізіледі.  Барлық
жұмысшылар арнайы киімдер мен және  аяқ  киіммен  қамтамасыз  етіліп,  жұмыс
аяғында ветсанпропускникте шешіп қалдырып кетеді.
      Ветеринариялық-санитарлық мекемелерінің негізгі  міндеті  болып  балық
шаруашылықтарының су көздерін  (суаттары)  куәліктендіру  (паспортизациялау)
және олардың ластануын есептеп қадағалау, анықталған ластану шамасы  бойынша
талдау жүргізу және судағы улы заттардың қалдықтарын, балықтар  организмінде
және  басқа  объектілердегі  мөлшерлерін  іріктеу  арқылы  бақылап   отырып,
улануын  анықтау  және  сол  сияқты  балықтардың  токсикоздан  сақтандырудың
шараларын көрсетіп беру болып саналады.
      Балық өсіретін шаруашылықтарының негізгі суаттардың ластануын  бақылау
үшін арнайы нормативті құжаттар шығарып,  оларға  ластану  концентрациясының
жоғарғы рұқсат етілетін шекті мөлшерлерін (ПДВ) көрсетеді.
      Тазаланудан өткізілген ағын суларды басқа суаттарға жіберу, табиғи  су
көздерінің тазалығын сақтауы есептеліп, сол сияқты  одан  жоғары  орналасқан
суаттардың  суының  сапасы  төмендемеуі   ескеріле   отырып   жасалады.Ондай
жағдайларда,  тазаланған  ағын   суларын   басқа   жерлерге   жіберетін   әр
өндірістерге өңдеуден өткен ағын суларын, мөлшерін (рұқсат етіп  жіберілетін
судың шекті мөлшері ПДВ) және ондағы  қоспалардың  концентрациясын  көрсетіп
береді.
      Өнеркәсіп орындарынан жіберілетін ағын суларды қалыптап отырылады  да,
оның шыққан жерінен 500 м қашықтығы балық шаруашылығының  талаптарына  қайшы
келмеуін қадағалайды. Ағын, тазалаудан өткен  суларды  балықтардың  уылдырық
шашатын, өсіріп, семіртетін және қыстамалық тоғандарының  аймағына  жіберуге
рұқсат  етілмейді.  Бұл  аймақтарға  өңделген  суларды  жіберу   мүмкіндігін
белгілеу балық қорғау органдарының рұқсат келісімі мен жасалады.
      Балық  шаруашылықтарында  жүйелі   түрде   балықтардың   физиологиялық
жағдайларын және өсуі мен күйін бақылап отырады да,  сол  сияқты  клиникалық
қараудан  өткізіп   және   керекті,   іріктеу   арқылы   патологиялық   және
паразиталогиялық балықты жарып, тексеру жасалады. Балықтардың  өсіп-дамуының
негізгі  себептері  нашар  көректенулері,  суаттардың  жайсыз  гидрохимиялық
режимі, олардың  антисанитарлық  жағдайларды,  әртүрлі  аурулардың  балықтар
арасында   кездесуі  т.б.  болып  саналады.  Азықтарды   балықтардың   толық
жемеулері, көбінесе  оттегінің  жетіспеушілігіне,  ортаның  температурасының
төмендеуіне, азықтың бір түрінен екіншісіне  тосыннан  ауыстыруына,  азықтар
орындарының ластануына т.б. байланысты болады.
      Балықтарды  көректендіруге  малдар  мен  өсімдіктер  өнімдері,  құрама
азықтар, ауыл шаруашылық өндірістерінің  және  тамақ  кәсіпорындарының  т.б.
өнімдері пайдаланылады. Ұзақ уақыт сақтаған кездерде, құрамында  балық  және
сүйек ұндары бар қоспардың майы ыдырауының  нәтижесінде  кетонды  қышқылдар,
оксиқышқылдар, альдегидтер тағы басқа заттардың  түзілуінен  иістеніп  татып
кетеді. Бұл қоспалар балықтардың организмінде витамин А және  Е  тағы  басқа
тез   тотығатын   заттарды   бұзады.   Гиповитаминоздар   мен   зат   алмасу
процесстерінің бұзылуының нәтижесінде,  балықтарда  жұқпайтын  және  жұқпалы
инфекциялық, инвазиялық аурулар шығып,  жаппай  өлімге  ұшыратады.  Тоғандық
балық кәсіп орындарының тиімділігін арттыру жолында тоғандардың  мелиорация,
тынайтқыштар  қосу  және  қосымша  азықтар   салу   жұмыстары   жүргізіледі.
Мелиорациялық шараларға  балықтардың  қалыпты  өмір  сүріп,  өсіп-өнуі  үшін
судың газдық және химиялық режимдерін жақсарту қатаң өсімдіктерден  тазарту,
хлорлы әкі мен өңдеу т.б. жатады. Балық шаруашылықтарындағы  ветеринариялық-
санитарлық жұмыстар жинағына мыналарды жатқызады:
      - Тоғандарда қалыпты (оптималды) гидрохимиялық режим жасау;
      -    Балықтардың     инфекциялық    және    инвазиялық    ауруларының
        қоздырғыштарының  түсуінен   сақтандыру   (ауыру   немесе   ауырған
        балықтардан, уылдырықтардан, судан, гидробионтардан, су құстарынан,
        балық аулау жабықтарынан т.б.) шараларын белгілеу;
      - Тоғандарға, аулау жабдықтарына, сақтау-тасымалдау  ыдыстарына  т.б.
        профилактикалық дезинфекция жүргізу;
      -  Балықтардың  уылдырық  шашуына,  өсіп-өнуіне,  денсаулығына   және
        олардың азықтануына бақылау жасау;
      -  Әкелінетін  басқа  жерлерден   балықтарды   және   гидробионттарды
        карантиндеу;
      - Ауырған және сезікті балықтарды  жүйелі  түрде  айналымнан  шығарып
        тастау және жою шараларын жүргізу.

4.Аралардың гигиенасы
      Омартаға орын таңдау. Омартаны балдық шырындарға  бай  кең  алқаптарға
орналастырады. Омартаның орналасқан жерінің бал жинайтын  көздерден  1,0-1,5
км қашықтығы балдың түсімін төмендетеді. Омартаны басқа омартадан  аралардың
ұшатын жолдарына орналастыруға болмайды. Ондай кездерде аралардың  қарқынның
төмендеп, тіпті басқа омартаның аралары мен төбелесіп,  бірін-бірі  өлтіруге
дейін барады.
      Омартаға территория таңдағанда әр араның  ұясына  орта  есеппен  30-40
шаршы метр жер керек екендігін ескеру қажет омартаға таңдаған жер  біраз  су
көздері бар аймаққа таяу болып, желден жақсы қорғалған және қатынас  жолдары
болуы керек. Омарталар құрғақ, желсіз, мал фермаларына 1  км  жақын  болмай,
темір жолдар мен тас жолдардан 500 м, ал басқа аралардың омартасы мен  химия
өндірістері және тәтті тағамдар  дайындап  шығаратын  фабрикалардан  5-7  км
таяу орналаспауға керек. Тұрақты омартаның территориясын қоршап,  айналасына
бал  шырынды  ағаштар  және  бұталар  егіп,  ал  омартаның  аймағындағы  бос
жерлерді жыртып, бал шырынды өсімдіктер егеді.
      Ауыстырылмайтын  омартаның  ұяларының  ара  ұшатын   алдының   өсімдік
қыртысын алып тастап,  ал  үстіне  құм  сеуіп  қояды.  Омарта  территориясын
тегістеп,  басқа  заттардан  тазалап,  мезгіл-мезгіл  шөбін   шауып,   өлген
араларды және қоқыстарды  жинап  жағып  жібереді.  Омартаның  территорисында
арнайы  орындар  бөліп,  оған  бақылау   ұясын,   аралардың   ішетін   суын,
дезинфекциялау алаңын, кір  сулардың  ағып  жиналатын  жабық  орындары  және
туалеттер орналастырылады.
      Омартаның размері балшырынды жерлердің ауданына және  шаруашылықтардың
араларды ауылшаруашылық өсімдіктерін  тозаңдандыруға  сұранысына  байланысты
әртүлі болады. Ол кезде балшырынды өсімдіктердің  өсу  уақыты  мен  ұзақтығы
ескеріледі. Бал  алатын  омартаның  шетінен  2  км  радиусы  бойында  жатқан
жерлердің  балдық  тепе-теңдігін   есептейді   (аралар   жүрген   жерлерінің
өсімдіктерінен 50 % ғана жинайды). Жердің  балдық  тепе-теңдігін  (балансын)
есептеудің  нәтижелері, берілген жағдайдағы ара  ұяларының  қаншасы  жоғарғы
өнімді болатындығын көрсетеді. Жақсы азық қоры бар аймақтарда бір жерде 130-
150 аралар ұясына дейін ұстауға болады. Егер бал жинайтын жағдай  бір  жерде
бірнеше аралардың ұясын жинақтауға  болмайтындай  болса,  онда  100-120  ара
ұяларын, жақсы бал жинау үшін, төрт-бес жерге (участок) бір-бірінен  3-4  км
қашықтықта орналастырады, яғни әр участкіде 20-30  ара  ұясынан  келеді.  Әр
ара ұяларының арасы 3-3,5 м, ал ұялардың қатарларының  ара  қашықтығы  20  м
кем болмауы керек.
                         Ара ұяларының микроклиматы
      Ұядағы (семья) аралардың барлық түрлерінің қалыпты өсуі  үшін,  ұядағы
температура бір қалыпты, тұрақты 34-35С  болып  азық  қоры  жеткілікті  және
асырағыш аралардың болуы қажет.
      Аралардың   ұясында,   әсіресе   өну   зонасында,    сыртқы    ортаның
температурасына байланыспай-ақ тұрақты қалыпты температураны  ұстап  тұрады.
Бұл жерде температураның тәуліктік ауытқуы еш уақытта  болмайды.  Ұяның  өну
орталығының шеткі аймақтарында температура  +33,5С  болады.  Сыртқы  ортаның
температурасы төмендеп +10С болғанда,  ұяның  шет  жағындағы  температураның
қалыптыдан ауытқуы 1,5С ғана болады.
      Аналық аралардың өсу зонасындағы температурада,  өте  тұрақтылығы  мен
сипатталады.
      Ол  арадағы  орташа  температура  34С  болады.  Ұяның  сыртындағы  ауа
температурасы   23С   тан   11С   дейін   төмендегенде   аналықтар   ұясының
температурасы 0,5С артық өзгермейді.
      Аралардың еркектерінің  (трутня)  өну  зонасында  температура  жұмысшы
аралардың өсу орындағы мен салыстырғанда  1-2  градусқа  төмен  болады.  Қыс
мезгілдерінде,  яғни  өну  жоқ  кездерінде  температура  15-30С   аралығында
болады.  Аралардың  ұяларындағы  қалыпты  температура,  олардың  пайдаланған
оттегісінен бөлінген энергиясы мен теңестіріліп тұрады.  Жазғы  мезгілдерде,
сыртқы ауа температурасы 23-38С болып тұрғанда, ұя аралары  ең  аз  мөлшерде
энергия шығындайды. Ең аз мөлшерде  энергияның  шығындалуы,  сыртқы  ортаның
температурасы 4-6С аралығында болады.
      Ұядағы салыстырмалы ылғалдылықтың мөлшері сыртқы ауаның  температурасы
мен ондағы су буының шамасына, сол сияқты аралардың жағдайы  және  қарқынына
байланысты болады. Сыртқы ортаның ауа температурасы жоғары  болғанда  ұядағы
ылғалдылықта жоғарлайды да 20%  дан  100  %  дейін  көтеріледі.  Ең  тұрақты
салыстырмалы ылғалдылықтың  мөлшері  ұяның  ортасында  болады  да,  72-78  %
шамада тұрады, ал ұшып шығатын өңешінде (летка) ылғалдылық – 63 % болады.
      Жыл  мезгілдеріне  байланысты  ұяларда  ауаның  құрамы   да   біркелкі
болмайды.  Араның  өсіп-өнуі  басталған  көктем-жазғы  мезгілдерде,  олардың
ұяларында ең  жоғарғы  мөлшерде  оттегі  және  ең  аз  көмірқышқылы  газының
концентрациясы болады.  Осы  кезде  ұяның  ортасында  көмір  қышқыл  газының
мөлшері – 0,1 % дан 1 % дейін болса, ал шеткі жақтарында – 0,05 %  дан  1  %
дейін  өзгермейді.  Тек  мерзімнің  аяғында  ғана  оның  концентрациясы   ұя
ортасында 2 % дейін, ал қыста 3 - 4 % көбейеді.
      Ұяның ауасындағы  газдың  концентрациясы  оның  желдетуіне  байланысты
болады. Ауадағы көмірқышқыл  газының  мөлшері  –  0,3  %  болғанда  6-7  ара
желдетеді, ал 8 % болса желдететін аралардың саны 20 есеге  дейін  көбейеді.
Көмірқышқыл газының мөлшері  1,4  %  болғанда  ұяны  желдету  тежеледі.  Қыс
айларында көмірқышқыл газының концентрациясы 4 %  көтерілгенде  аралар  ұяны
қарқынды желдете бастайды. Көмірқышқылы газының мөлшері өте жоғары  болғанда
(4 % көп) аралардың физиологиялық жағдайы нашарлап,  көктемдегі  өсіп-өнуіне
зиянды әсерін тигізеді.


5.Аралардың қыс мерзіміндегі гигиенасы
      Ауа  райы  суытып,  тұрақтаған  кезде  араларды   қыстаққа   (зимовка)
көшіреді. Араларға қыстақтық қораны, ауа райы суық жерлерде ара ұяларын  5-7
ай бойы  қыстату  үшін  салады.  Қыстаққа  қатты  жел  өтінен  жасырын,  сәл
атмосфералық жауын-қар сулары жиналмайтындай, су  ағары  бар  дөңестеу,  жер
асты сулары төмен орналасқан (2 м  жақын  емес)  құрғақ  участок  таңдалады.
Қыстаққа кеміргіштер кіре алмайтын, күндізгі жарық түсіп және әртүрлі  шулар
мазаларын алмайтын болуы керек.
      Қыстамаға дұрыс дайындалған аралар ұялары  аса  елеулі  күтімді  қажет
етпейді  де,   қыстың   алғашқы   1-2   айларында   ғана   қатысып,   ондағы
температураны, ылғалдылықтың  құралы  психрометрдің  көмегі  мен,  тексеріп,
желдету арқылы микроклиматын қалыпқа  келтіреді.  Қыстың  екінші  жартысынан
бастап ұяларда аралардың өнуі басталып, балдың шығыны екі есе артады да,  ол
кездер өте жауапты болып саналады.
      Қыстақта температура мен ылғалдық тұрақты болуға тиіс. Аралар  ортаның
температурасы мен  ылғалдықтарының  жиі-жиі  ауытқуларына  сезімтал  келеді.
Сондықтан қыстақтың ішкі ауа температурасы бір қалыпты 0-2С болып, минус  2С
дан плюс 4С дейін ауытқуы рұқсат етіледі. Жоғары температура кезінде  аралар
мазасызданып,   олардың   қыстауына   зиянды    әсерін    тигізеді.    Ондай
температураның  ауытқуы  кездерінде,  аралардың  азықтануы  жоғарлап,  артық
шығын болып, және олардың  ішек-қарындары  азық  массасына  толып,  іші  өту
ауруына апарып соғады.
      Салыстырмалы ылғалдылық қыстама қорасының ауасында 75-85 %  аралығында
болуы керек. Жоғарғы ылғалдық болғанда ұядағы бал ауа  буын  бойына  сіңіріп
алып,  ашып  кетеді.  Аралардың  сұйыған  балды  жегеннен  соң   іші   өтіп,
әлсірейді. Ұялар дым тартып, қабырғаларының, төбелерінің ішкі  беттеріне  су
буы жиналып, олардың көгеріп кетуіне апарып соғады.
      Қыстамадағы араларға төменгі ылғалдықта зиянды әсер етіп, олар шуылдап
өңештен шығып, қыстақтың  едендерінің  үстінде  топталып  өліп  қалады.  Сол
сияқты төменгі ылғалдықта ара ұяларындағы бал тез кристалданады  да,  аралар
өте қатты шөлдейді.
      Қыстақтағы ауаның ылғалдығын жоғарлату үшін, шағын 20-40 ара ұяларынан
артық болмаса,  жоғарыға  8-10  суланған  мешоктар  (қап)  іліп  қояды.  Ірі
қыстамаларда  жүретін  жолдардың  бойына   мұз   кесектерін   қойып   қояды.
Кристалданған балдары  бар  ара  ұяларында,  олар  қатты  гуілдесе  (шуласа)
ұшатың өңешінің жоғарғы жағына  су  толтырылған  шөлмек  іліп,  оның  мойнын
білте арқылы ұшу өңешімен жалғастырып қояды.
      Қыстаманың ауасының  температурасы  мен  ылғалдылығын  қалыптау  үшін,
ондағы  желдету  жүйесінің  жұмысын  жақсарту  қажет.   Неғұрлым   қыстамада
аралдардың ұялары көп болса, солғұрлым онда желдету құбырларының  размерлері
үлкен немесе тесіктері болуы керек. Ауа кіргізетін  және  шығаратын  желдету
құбырларының мөлшерін анықтау үшін, әрбір ара  семьясына  6-8  см2  құбырдың
көлденең беттерінің ауданын есептеп алу қажет. Әр кұбырдың көлденең  кесінді
бетінің ауданы 20 см * 30 см (600 см2) артық болмайды.
      Қыстамаға желдету құбырларының аудандарының мөлшері үлкен қажет болса,
онда оған  бірнеше  кіші  размерлі  құбырлар  орнатады.  Егер  өте  қарқынды
желдету  болса,  қыстамадағы  ауа   қозғалысының   жылдамдығын,   құбырларда
қаралған тартпа арқылы (ашып-жауып) қалыптайды.
      Суық қыстамада, ауа температурасы сыртқы атмосферадағыдай төмен болса,
кейбір ара семьялары қатты қыстарда 20  кг  одан  көп  бал  жеп,  басқа  бос
қуыстарға (балы жоқ) кіріп аштан өліп қалады.
      Қыстама кезіндегі  араларға  ең  жақсы  азық  болып  қант  пен  балдың
қосындысы: 80 % ұнтақ қант және 45С температурада  қыздырылған  (кристалсыз)
балдың – 20 % алынады. Азықтың дайын болғандығын органолептикалық тәсіл  мен
анықтайды. Егер бетінде жабысқақ  түйірлер  қалқып  жүрмесе,  онда  қоспаның
дайын болғандығын білдіреді.
      Ара қыстағына кіргенде қолға қызыл сәулелі шам ұстайды,   себебі  оған
аралардың реакциясы төмен болады және аралардың  ызыңын  есту  үшін  резинка
түтікше алып, ұядан  өлген  араларды  жиып  алатын  сым  көсеу,  үсігендерді
жекелеп (семья бойынша) салу үшін қағаз  немесе  целлофан  пакетиктер  керек
болады.
      Аралар ұясын тыңдаудың алдында, үсіген аралдарды  басып  кетпеу  үшін,
сақтықпен сыпырып алады. Ұяны тындаған кезде, резина  түтікшенің  бір  басын
ұшу өңешіне жіберіп, екінші жағын құлаққа жақындатады.  аралардың  біркелкі,
ағаш жапырақтарының сылдыры сияқты,  шуылы  семьяның  жағдайының  дұрыстығын
білдіреді. Егер  аралар  мазасызданып  шуылдаса,  ол  желдетудің  нашарлығын
көрсетеді. Азық қоры таусылуға айналған семьяда, аралар қатты  мазасызданып,
шуылы біркелкі болмай, ал кейбір аралар  түтікшеден  жақсы  етілетін  «қауіп
хабарын» жібереді. Аралардың аштан өлер алдында семьядан  біркелкі  емес  әр
дыбысты және өте әлсіз  шулар  шығады  да,  ал  ұшу  өнешінің  маңайынан  іш
өткеннің белгісі көрінеді.
      Аралар сол сияқты варроа кенелері мен немесе  басқа  зиянды  жәндіктер
мен зақымдалғанда да, және ауа өте құрғап  кеткенде  де,  шуылдайды.  Аралар
ұяларын қыстақтан шығарғаннан кейін, қораны мұқият  тазалап,  кептіріп  және
жаңа сөндірілген хлорлы әкінің 10-20 % ертіндісімен ақтайды.
      Аралардың  қыстақтарын,   жаз   айларында   қойма   т.б.   мақсаттарға
пайдалануға рұқсат етілмейді.


            Аралар омартасындағы ветеринариялық-санитарлық  режим
      Шаруашылыққа немесе омартаға ескі  пайдаланған  ұялар,  бал  шығаратын
аппараттар, әртүрлі саймандар, бал салатын ыдыстар  т.б.  түскенде  міндетті
түрде дезинфекцялаудан өткізіледі.  Омартада ұялардың артық қоры  (10-15  %)
болуы керек.  Аралардың  семьяларын  бүтін,  боялған,  номерлеген  және  жер
бетінен 30 см биіктікте аяқтарға отырғызылған ұяларда ұстайды. Омартада  қол
жуғыш, қақпақты шелек,  дәрі-дәрмек,  жәшік,  сабын,  қол  орамал  және  бір
жұмысшыға екіден халаттар болуы керек.
      Әрбір жаңадан келген аралардың партиясын, басқа омартадан 5-7 км жақын
емес жекелеген омартаға орналастырады. Оны малдәрігерлік  бақылауда  30  күн
ұстап,  жұқпалы  аурулардың  қоздырғыштарының  бар  жоғын  тексереді.   Егер
лабораториялық   зерттеудің   нәтижелері   аурулардың   жоқтығын    бекітсе,
семьяларды негізгі омартаға орналастырады. Көктемде  арашы  адам  әр  ұядағы
аралардың  ұшу  қарқынына  көңіл  аударады.  Омартаның  жұқпалы   аурулардан
амандығын анықтау үшін, әрбір ара  семьясынан  10  %  есебінен  (50-ден  кем
емес)  тірі  араларды  бөліп  алып  (немесе  сондай  мөлшерде   өлгендерден)
лабораторияға жібереді.  Бал  жинау  аяқталғаннан  соң,  көктем  және  күзде
аралар  семьяларын   тексереді.   Қарап   тексеру   кезінде   ұялардың   ұшу
өнештеріндегі  өлген  аралардың  санына   көңіл   бөледі.   Аралардың   5-10
бастарының өлуі табиғи болуы мүмкін, ал өлгендер  саны  көп  болса,  ұяларды
қараудан өткізеді. Ұялардың алдыңғы алаңдарында жорғалаған  аралар,  олардың
личинкалары, өлекселері және ұшып қонатын тақтайларында, қабырғаларында  ара
нәжістерінің жұғындылары болса семьяларды мұқият тексеруден өткізеді.
      Ұяларды   бұзып   тексеру   кезінде,   оның   ішінің    ылғал-сыздығы,
рамкаларының,  балауыздардың   (сетка)   беттерінде   көгергендік,   саңырау
құлақтардың өсуі, басқа буын аяқтылардың, құрт-құмырска,  шыбын-шіркейлердің
барлығын қарайды. Себебі,  көбі  олардың  жұқпалы  аурулардың  қоздырғыштары
және таратушылары болып саналады.




Пәндер