Файл қосу
Топтық психокоррекция
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | | |3-деңгейлі СМЖ құжаты |ПОӘК |ПОӘК 042-18.1.21/01-2013 | |ПОӘК |05.09. 2013жылғы | | |Психология және адам дамуы |№ 1 басылым | | |пәнінің оқу-әдістемелік | | | |материалдары | | | 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығына арналған Психологиялық коррекция және кеңес беру негіздері ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР СЕМЕЙ 2013 Мазмұны 1 Глоссарий----------------------------------------------------------------- ---------------3 2 Дәрістер------------------------------------------------------------------ ----------------6 3 Тәжіриебелік және лабораториялық сабақтар--------------------------------- 15 4 Курстық жұмыс және динломдық жоба ---------------------------------------- -- 5 СӨЖ----------------------------------------------------------------------- --------------21 1. ГЛОССАРИЙ 1.1Агрессия - адамдардың қоғамда тіршілік ету тәртіптері мен қағидаларына қайшы келетін деструктивті мінез-құлық, бұл өз кезегінде адамдарға физикалық тұрғыда зиян келтіреді немесе олардың теріс көзқарасын, қорқыныш сезімін тудырады және т.б. 1.2Адаптацияланған (адаптивті) әрекет- адам әрекеті, оның өмірдегі пайда болған жағдаятқа икемделуі. 1.3Апатия – эмоциональді енжарлықпен, салғырттықпен, сезімталдықтың төмендеуімен, қоршаған ортада болып жатқан жағдайларға бейжайлықпен қарауменен, қызығушылықтың төмендеуімен ерекшеленетін жағдай. 1.4Астения – селқостық, сезімталдық табалдырығының төмендеуімен, көңіл- күйдің тұрақсыздығымен, ұйқының бұзылуымен көрінетін жүйке-психикалық әлсіздік. 1.5Аутизм – тұлғаның қоршаған ортадан алшақтауы және жеке уайымдарына батуымен жүретін психологиялық шеттетілудің тысқары түрі. 1.6Аутогенді жаттығу – пациенттерді бұлшықеттік релаксацияға, өз-өзіне сендіруге, назарды дамытуға бағытталған психотерапевтік емдеу әдісі. 1.7Аутогендік тазару. Психикалық жарақат себебі болып табылатын жағдайды «қайталау» тәсілі. 1.8Аутогендік вербальдану. Мидың дұрыс жұмыс істеуіне кедергі кеттіретін «материал» өзі шығады. Көзін жұмып, пациент өзін қиналдырған мәселе туралы айтады. 1.9Биологиялық кері байланыс. Бұл әдістің негізіне сыртқы кері байланыс жүйесін пайдаланумен ырықсыз қызметтерін өзіндік басқарудың принципі жатады. Биологиялық кері байланыс әдісі индивидтің физиологиялық күй туралы мәлімет алу сол үшін негізгі көз болып табылғанда пайдаланылады. Мінез- құлық тренингі. Мінез-құлықтық психотерапия идеяларына негізделеді, оның мақсаты күрделі өмір жағдайларында керекті, бейімделу іскерліктеріне оқыту болып табылады. 1.10Белсенді рөл (психолог, клиента) психологиялық кеңес беру (коррекциялық жұмыста) - психологиялық кеңес бер мен коррекциялық жұмыста психолог немесе клиент ұстанатын инициативті, белсенді әрекет, бұл қойылған мақсатқа жетуде тиімді жол. 1.11Кеңес беруші психолог – арнайы кәсіби практикалық даярлығы бар,кеңес берумен айналысушы маман. 1.12Психологиялық қауіпсіздік – жағдаятқа сай,клиент күйі, бұл жағдайда клиент өз-өзімен болуы, қажет мөлшерде өзін еркін ұстауы, өзін дұрыс түсінбей қалу немесе күлуі жағдайы ескерілмеу 1.13Аутотренинг – адамға, психотерапевтік әсер ету әдісі, оның бойындағы кәсіби дағды іскерлікті анықтауға бағытталған, психологиялық өзін түзеу әрекеті. 1.14Кеңес берушінің мүмкіндіктері – кеңес беруші психологтың шынайы орындауын болмайтын,қабілеттілігі болуы, болмауы, клиент мәселесін шешуге практикалық әрекеттерді орындай алу іскерлігі. 1.15Айналы әдіс (зеркализация) – психологиялық кеңес берудегі әрекет түрін орындау тәсілдерінің бірі кеңес алу кезінде қолданылады. Клиент әрекетін қайталау, сөзін сол интонациямен қайталау, оның поза жесты, мимикасы. 1.16Клиент – психологиялық кеңес алуға жүгінген қандай да мәселенің шешілетін кәсіби психолог көмегіне жүгінген адам. 1.17Психолог кеңесші тарапынан клиентке рухани қолдау – кеңесші тарапынан клиентке, эмоционалды, сөзді қолдау, эмпатия, қолдау, мадақтау т.б. 1.18Клиентке вербальді көмек беру – психологиялық кеңес беру барысында кеңес берушінің клиентке сөздік стимулдау әдісі, кеңес берушінің түрлі әсер ете алуы, психологиялық қысынан босату, әсіресе ішкі жан сырын айтып жатқан сәттен бастап. 1.19Психолог кеңес беру түрлері - психологиялық кеңес берудің түрлілігі, мәселенің шешу тәсіліне сай, жекелей интимді, отбасылық, психологиялық- педагогикалық, іскерлік. 1.20Психолог кеңес берушінің мүмкіндіктері –көмекке жүгінген клиенттің мәселесінің мәселені шешеу, шеше алмау мүмкіндігі. 1.21Психологиялық кеңес беру уақыты – психологиялық кеңес беру уақыт ұзақтығын белгілеу, клиентпен жұмыс ұзақтығын анықтау. 1.22Психологиялық кеңес беруде көмекші ұжым – мамандар тобы, әдетте психологтар емес, психологиялық кеңес беру жұмысын жүзеге асырушылар. 1.23Іскерлік психологиялық кеңес беру – клиентпен іскерлік сұрақтар бойынша псмихологиялық кеңес беру, оның жұмысы, өзара қарым-қатынас ерекшелігі. 1.24Жекелей психотерапия – практикалық психология мен психотренинг саласы, психотерпевтік жүйе әдістері, психологтың жеке клиенттермен жұмысына негізделген. 1.25Құпия ақпарат – жеке адамдарға қатысты, басқа адамдардан құпия сақталуға тиіс ақпарат, бұған клиентке қатысты мәселе, психолог кеңесші сақтайтын ақпарат. 1.26Басқа адамды тыңдай білу қабілеті – адамның басқа адамды тыңдай білу қабілеті, қолдау, өзіне тартып ашық әңгімеге тартуы. 1.27Супервизор – маман, кәсіби бақылаушы практикалық психологиялық жұмыс барысына сондай-ақ психологиялық кеңес берушіге басшылық жүргізу. 1.28Психологиялық кеңес беруші мен клиент арасындағы кері байланыс - психолог кеңесші мен психологиялық кеңес беру жұмысы аяқталса да қарым- қатынаста болу, клиенттің берілген кеңестерді орындау барысын қадағалау,оның негізге алған кеңестерін орындау, мәселеге қаншалықты пайдасын тигізген нәтижесін көруі. 1.29Клиенттің «мен»бейнесі – клиенттің өзі жайлы, өзінің психологиялық ерекшеліктері жайлы пікірі. 1.30Коррекциялық жұмыс- психологтың кәсіби жұмысына негізделген, клиентке мәселенің прктикалық шешімін табуға көмектесу. 1.31Психологиялық көмек – клиенттің психологиялық мәселелерін шешуге бағытталған психологтың мамандырылған көмегі. екі формада көрсетіледі: психологиялық кеңес беру (диагностика және коррекция) және «дәрігерлік емес» психотерапия. психолог экспертті талдау және клиенттің мәселелерін бағалау арқылы нұсқаулар, кеңестер береді және кейбір жағдайларда арнайы тренингті және коррекциялық бағдарламалар тағайындайды. 1.32Қарым-қатынас – жалпы материалды және рухани нәтижеге жету және қатынас орнату мақсатында олардың күштерін біріктіру және келісімге бағытталған адамдардың өзара әрекеттесуі; 1.33Өзіндік баға – адамның өзін-өзі, өзінің кемшіліктерімен және жетістіктерімен, мүмкіндіктерін, қасиеттерін, басқа адамдар арасындағы өзінің орнын бағалау. 1.34Тұлғалық -бағдарланған білім беру процесі - әрбір адамның жекелігін, өзіндік бағасын, өзіндік тұрмысын қабылдау негізіне жататын оқыту. 1.35Жеке тұлға – индивидті әлеуметтік қатынастарға араласуының әр қырынан сипаттайтын әлеуметтік маңызды бітістердің тұрақты жүйесі. 1.36Рефлексия – адамның өзін-өзі, ішкі психикалық актісін, жағдайы мен ерекшелігін, өзінің ішкі әлемін тану процесі, өзі қалай басқаға қабылдануын түсіну және өзінің мінез-құлқын басқалардың мүмкін реакцияларымен құру; 1.37Тренинг – арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас формасы, онда психологиялық көмек және қолдау, араласушылық дағдыларының қалыптасуы, жеке тұлғаның дамуының ерекшеліктері жайлы сұрақтар шешіледі. 1.38Тренинг – қалыптасқан стереотиптерді және жекелей мәселелерді шешеді. 1.39Тренингтің негізгі гуманистік идеясы – адамды қыстамау, зорлық-зомбылық көрсетпеу, оған өзімен-өзі болуына, өзін тауып және жақсы көру, қуанышты өмір сүруге кедергі жасайтын стереотиптерді жеңуге көмектесу. 1.40Тренинг – жаттықтыру, жаттығу/ ағылшын сөзі. Тренингтер - өзін-өзі басқару дағдыларын дамытуға бағытталған, араласушылық тренингтер, жеке адам дамуын ынталандыратын тренингтер, оқыту тренингі. 1.41Трансакт анализ – негізін салушы американ психиатры Берн. Оның концепциясы бойынша адам «алдын ала шешімдермен» бағдарламаланған. Ол өз өмірін «сценарий» бойынша сүреді, оның жақындары, ата-аналарымен жазылған. Негізгі мақсат - өмірлік позицияларын қайта қарау. 1.42Гештальт терапия – американ психологы, психотерапевт Перлс жасаған. Адам өзімен және қоршаған дүниемен тепе-теңдікте. Оны гормонияны сақтау үшін организм қажеттіліктеріне назар аудару керек, олардың жүзеге асуымен кедергі жасамау керек. Өз өзіңмен болу, өз «Менін» іске асыру, өз қажеттіліктерін, бейімділік, қабілеттерін жүзеге асыру. 1.43Психодрама – Морено жасаған. Топтық психотерапия әдісі - рөлдік ойын сияқты, ойын барысында пациент үшін маңызды мәселемен байланысты эмоция, сезімдер аяқ астынан көрінетіндей жағдай жасау арқылы өтеді. 1.44Эмпатия - өзге адамдардың жан дүниесінің, сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру. Эмпатияның айқын көрінісі - идентификация. Бұл - адамның өзге адамның психикалық жай-күйін өз басынан кешіргендей халде болуы. 2. ДӘРІСТЕР Тақырып 1. Психологиялық коррекция психологтың іс - әрекеті саласы ретінде. Дәрістің мазмұны: 1.Психологиялық коррекция туралы жалпы түсінік. 2.Психокоррекцияның түрлері. 3.Психокоррекциялық жұмыстың негізгі принциптері, мақсаты мен міндеттері. 4.Психокоррекциялық іс - шараларды жүзеге асырушы психологқа қойылатын талаптар. Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет алғашкы кезде балалар үйінде жәие мектеп интернаттарда тәрбиеленетін балалрға психологиялық көмек көрсетуден басталған. Өйткені өкімет үйлерінде тәрбиеленушілер ата-ананың мейріміне бөлене алмай, жетімсіреу жағдайынан шығаруға көмек көрсететін адам бұл мекемелерде өте қажет екені анық. Осы тәрбие орындарында психологиялық қызметтің мақсаты мен мазмұнын анықтаушылар А.Г.Асмолов, А.А.Бодалев, Ф.Е.Василюк, Б.А.Вяткин, В.В.Давыдов, И.В.Дубровина, Ю.М.Забродин, В.А.Иванников, Ю.С.Сыэрд. У.В.Ульенкова т.б. анықтады. Балалар үйінде және жетімдерге арналған интернаттардың өздеріне тән ерекшеліктері бар. Осы мекемелерде оқитын балаларға психологиялық қызмет көрсетуге негіз ретінде зерттеушілер осы оқу орындарының келесі ерекшеліктерін көрсеткен. Психологтың кеңес беру және психокоррекция жасау жұмысының технологиясы мен мазмұны әлі толық анықталмаған. Олардың үлгісін жасағандар А.А.Бодалев, А.В.Забрамная психологиялық қасиеттердің бұзылуымен байланысты жүргізілетін коррекциялардың негізін анықтап, пайдаланылатын әдіс тәсілдер үлгілерін жинақтаған. Сонымен қатар И.В.Дубровинана мен Л.И.Прихожан жасаған «Положение о школьной психологической службе» деген еңбектерінде жалпы білім беретін мектепте психикасы және әлеуметтік жағдайы нормадаға балалармен жүргізетін псхологиялық кеңес беру және психокоррекцияны ұйымдастыру жолдарын көрсеткен. Бақылау сұрақтары: 1.Коррекция және оның маңызды компоненттеріне сипаттама. 2.Коррекция жаттығуларын және олардың орындалуы. 3.Коррекцияның негізгі ұғымдары. Әдебиеттер: 1.Осипова А.А. Общая психокоррекция. Москва, 2005. 2.Психокоррекция: теория и практика /Под. ред. Ю.С.Шевченко-Москва, 1995. 3.Берн Э. Трансактный анализ и психокоррекция -СПБ 1992. Тақырып 2. Жекелей психокоррекция. Дәрістің мазмұны: 1.Жекелей психокоррекция туралы түсінік. 2.Жекелей психокоррекциялық әсер етудің негізгі әдістері. 3.Жекелей психокоррекцияның психологиялық ерекшеліктері. Жекелей бағдарланған әдістердің мақсаты және міндеттері: - сырқаттың жеке басын зерттеу, оның эмоциялық қатынасын, мотивациясын және қатынастар жүйесін; - нервтік күйдің пайда болуы және сақталуына себептесетін механизмдерді анықтау және зерттеу; - сырқаттың өз ауруымен оның қатынастар жүйесінің ерекшеліктері арасындағы себеп-салдарлық байланысты түсінуі мен ұғынуына жетуі; - сырқатқа психологиялық жарақаттану жағдайларын ақылмен шешуге көмектесу; - сырқаттың қатынасын өзгертуі, мінез-құлық формалары мен рекациялар. Әсер ету құралы вербальды және вербальды емес араласу топ қатынасушылары арасындағы. Топтағы өзара әрекеттесудің басты формасы пікірталас. Топтық психотерапияның қосымша формалары: рөлдік ситуацияларды ойнау, психогимнастика, сурет және музыкатерапия. Рөлдік ситуацияларды ойнау – топтық жеке қатынасушыларының мәселені түсінуі үшін материал. Рөлдік ситуацияларды ойнау жеке сабақ болуы мүмкін немесе пікірталас барысында пайдалануы мүмкін. Егер жеке сабақ болса, онда барлық клиенттер бір тақырып алады және кезекпен оны ойнайды, топтан өзіне серік таңдай отырып. Мысалы: «Қиын әңгіме» (жағымсыз кісімен әңгімелесу). - Бақылау сұрақтары: жекелей коррекция туралы түсінік, жекелей психокоррекциялық әсер етудің негізгі әдістері. Жекелей коррекцияның негізгі ұғымдары. Әдебиеттер: 1.Осипова А.А. Общая психокоррекция. Москва, 2005. 2.Психокоррекция: теория и практика /Под. ред. Ю. С. Шевченко-Москва, 1995. 3.Берн Э. Трансактный анализ и психокоррекция -СПБ 1992. Тақырып 3. Топтық психокоррекция. Дәрістің мазмұны: 1.Топтық психокоррекция туралы жалпы түсінік. 2.Психокоррекцияның топтық формаларының ерекшеліктері. 3.Топтарды құру ерекшеліктері. Топтық динамика. 4.Психокоррекциялық топтарға жетекшілік жасау. Психокоррекциялық топтар дегеніміз уақытша біріккен шағын адамдар, арнайы бекітілген жүргізушісі бар, белгілі бір уақытта кездесулер өткізетін.Бұндай топтардың негізгі міндеттері - өзара зерттеу, өзінің тұлғасы туралы білім алу, оның дамуы және өзін ашуы. Лакин (1972) психокоррекциялық топтар үшін ортақ болып табылатын, алты процесті жіктейді,топтар: 1. эмоцияны көрсетуді жеңілдететін; 2. ұжымға жататынын сезімді жасайтын; 3. өзін ашуға ынталандыратын; 4. жаңа мінез- құлық моделдерімен таныстырады; 5. тұлғаның ерекшеліктерін топтың жеке мүшелерімен салыстыруға себептеседі; 6. басқарушы мен қатысушылар арасында жауапкершілікті бқлуге септеседі. Топтардың төрт түрінің міндеттері практикада байланысқан, мысалы, көптеген оқу топтары соңғы нәтижесі бойынша терапевтік болып табылады. Бақылау сұрақтары: топтық психокоррекция туралы жалпы түсінік, сихокоррекцияның топтық формаларының ерекшеліктері және топтарды құру ерекшеліктері. Топтық коррекцияның негізгі ұғымдары. Әдебиеттер: 1.Осипова А.А. Общая психокоррекция. Москва, 2005. 2.Психокоррекция: теория и практика /Под. ред. Ю. С. Шевченко-Москва, 1995. 3.Берн Э. Трансактный анализ и психокоррекция -СПБ 1992. Тақырып 4. Психокоррекциялық бағдарлама құру. Дәрістің мазмұны: 1.Психокоррекциялық бағдарлама құруға қойлатын талаптар. 2.Бағдарлама құруда ескеретін принциптер. 3.Психокоррекциялық бағдарлама түрлері. Коррекциялық бағдарлама 1. Мақсаты: 5-6 жасар балалардың үрейін төмендету, өзбеттілігін дамыту. 2. Міндеттері: - өзбеттілікті дамыту; - өз ұстанымында тұруында қалыптастыру; - өшпенділікті басу. 3. Коррекциялық топқа таңдау критерийі Балалар алдын-ала тестілеуден өтеді. 4. Коррекциялық жұмыстың бағыты өзіне сенімділікті қалыптастыруда алдымен белсенді үрейлер мен алаңдаушылықты басып, кейін айналасындағыларға жағымды қатынасты қалыптастыру. 5. Сабақты ұйымдастыру. Сабақтардың саны, қатысушылардың саны мен жасы. Бағдарлама бүкіл оқу жылына жасалады. 5-6 жастағы балаларға, яғни балабақша балаларына бағдарланады. Топтағы балалар саны кемінде сегіз болуы керек. 6. Сабақ типтері. Ұзақтығы 30 минутқа дейін топтағы сабақтар аптасына 1 рет өткізіледі. Қажет болғанда жекелей жүргізіледі. Бақылау сұрақтары: психокоррекциялық бағдарлама үлгілері, олардың кұрылымы, реті, өздігінен бағдарлама жобасын жасау. Әдебиеттер: 1.Осипова А.А. Общая психокоррекция. Москва, 2005. 2.Психокоррекция: теория и практика /Под. ред. Ю. С. Шевченко-Москва, 1995. 3.Берн Э. Трансактный анализ и психокоррекция -СПБ 1992. Тақырып 5. Практикалық коррекция әдістері Дәрістің мазмұны: 1.Ойын терапиясы.Әдістің жалпы сипаттамасы. 2.Ойынның коррекциялық әсерінің негізгі психологиялық механизмдері. 3.Ойын терапиясының негізгі түрлері мен формалары. Психологқа қойылатын талаптар. 4.Арттерапия. Әдістің жалпы сипаттамасы. Арттерапияның мақсаты. 5.Арттерапиядағы негізгі бағыттар. 6.Музыкотерапия. Библиотерапия. Би терапиясы. Психотерапияның вербальды емес формаларына өнермен қарым-қатынас емдік әсеріне негізделген әдістер жатады: Музыктерепия, библиотерепия, имоготерепия, арттерепия, нотуртерепия, имиталттерепия, трансок анализ, мориттерепия. Музыкатерепия – бұл әдіс тиімді деп есептелуі, егер әнді психотерапевт өзі орындаса, аяқастына өзара әрекеттесу жағдай пайда болуы, сенімділік орнайды. Оның жағымды және жағымсыз жақтары бар жоғраы үрейлік, шаршау, тітіркенушілік. Библиотерепия – кітап оқу көмегімен сырқат психикасын емдік әсер етуі. Кітап оқу барысында клиенткұнделік жүргізеді, оны талдау сырқаттың күйін объективті бағалауға көмектеседі. Бұл әдіс жекелей және топтық формада да жүргізіледі. Арттерепия - өнермен емдеу. Жиі қолданбалы өнер түрлері пайдаланылады. Арттерепииялық сабақтар екі нұсқауда жүзеге асырылады: Сабақтың аяқталуы тақырыпты, орындауы мәнерін талдаумен аяқталады. Натурапсихотерапия немесе табиғат әсері. Табиғат әсерімен клиентті емдеу. Логотерапия немесе әңгімелесупсихотерапия. Психолог клиентпен әңгімелесуде, оның эмоциялық күйін вербальдайды, соның көмегімен клиент өзі қиын жағдайды түзетеді, оның жеке басында қайта құрылулар жүреді. Бақылау сұрақтары: ойын терапиясы, ойынның коррекциялық әсерінің негізгі психологиялық механизмдері, ойын терапиясының негізгі түрлері мен формалары. Арттерапия. Әдістің жалпы сипаттамасы. Арттерапияның мақсаты. Арттерапиядағы негізгі бағыттар. Музыкотерапия. Библиотерапия. Би терапиясы. Әдебиеттер: 1.Осипова А.А. Общая психокоррекция. Москва, 2005. 2.Психокоррекция: теория и практика /Под. ред. Ю. С. Шевченко-Москва, 1995. 3.Берн Э. Трансактный анализ и психокоррекция -СПБ 1992. Тақырып 6. Психогимнастика. Дәрістің мазмұны: 1.Психогимнастикалық сабақ және оның бөлімдері. 2.Мінез -құлықты коррекциялау әдістері. «Психогимнастика» тар мағынада ойындар, этюдтарды білдіреді, оның негізінде топтағы коммуникацияның басты тәсілі ретінде қозғалу экспрессиясын қолдану жатыр. Бұндай психогимнастика топтық психокоррекцияның мәселелерін шешуге бағытталған, яғни қарым- қатынасқа түсу, кері байланыстарды өңдеу және т.б. Кең мағынадағы психогимнастика - бұл адамның танымдық, эмоционалды-тұлғалық аумақтарын дамыту мен коррекцияға бағытталған арнайы жұмыстар курсы. Психогимнастика топтық жұмыстың вербальды емес әдісі ретінде әсерленулердің, эмоционалды жағдайларын, қозғалу, мимика, пантомимика арқылы мәселелердің айқындалуы, клиентке сөзсіз өзін көрсетуге, қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік береді. Бұл реконструктивті психокоррекцияның мақсаты- клиенттің тұлғасын тану мен өзгерту. Бақылау сұрақтары: Психогимнастикалық сабақ және оның бөлімдері мен мінез -құлықты коррекциялау әдістерімен таныстырылдады. Әдебиеттер: 1.Осипова А.А. Общая психокоррекция. Москва, 2005. 2.Психокоррекция: теория и практика /Под. ред. Ю. С. Шевченко-Москва, 1995. 3.Берн Э. Трансактный анализ и психокоррекция -СПБ 1992. Тақырып7. Коррекциялық топ түрлері. Дәрістің мазмұны: 1.Топтық коррекция. 2.Топтарды құру ерекшеліктері.Топтық динамика. 3..Психокоррекциялық топтарға жетекшілік. 4.Тренингтік топтар және әлеуметтік - психологиялық тренингтер. 5..Кездесу тобы. 6.Гештальттоптар. Іскерлік тобы. Бағдарлау тобы. Тренингтік топтар. Тренингтік топтардың құрылуы К.Левин есімімен тығыз байланысты. Тренингтік топта жұмыс істеу психологиялық қауіпсіздікті білдіреді. Тұлғааралық қарым-қатынас, тұлғааралық өсу сұрақтарын шешуге тренингтік топ міндеттері жақын болған сайын, әдіс-тәсілдер әсерлі болған сайын, тренингтік топтар кездесу топтарына жақындай түседі. Тренингтік топтың түпкі мақсаты - жаттығулар барысында жинақталған білім мен іскерлікті өмірде пайдалануға үйрету. Гештальт топтар. Гештальт топтардың ерекшелігі –жетекші бүкіл топпен емес, топтың бір мүшесімен жұмыс істейді, яғни уақытша «ыстық орынға» отырып, ең басты тұлға болуға ерікті келісім берген қатысушы болады. Гештальт топтардың негізгі жұмыс формалары: Клиент –орталықтанған терапия; Тренер –орталықтанған терапия; «шеберхана» Іскерлік топтар. Іскерлік топтар құрамына қарым –қатынаста және басқа адамдармен қатынаста қиындығы бар адамдардың тобы кіреді. Бұндай топ мүшелері өмірге бейімделуге көмектесетін қажетті іскерлік пен дағдыларды қалыптастырғылары келетін қатынастар ретін қарастырады. Іскерлік топтарда жұмыс жеткіншектік және ерте жасөспірімдік жастағы балаларға пайдалы. Коммуникативті іскерлікті қалыптастыру балаларды тәуелсіз, қарым –қатынаста ерікті етеді. Бақылау сұрақтары: топтық коррекция, топтарды құру ерекшеліктері, топтық динамика. Тренингтік топтар және әлеуметтік - психологиялық тренингтер. Кездесу тобы. Гештальттоптар. Іскерлік тобы. Бағдарлау топтары. Әдебиеттер: 1.Осипова А.А. Общая психокоррекция. Москва, 2005. 2.Психокоррекция: теория и практика /Под. ред. Ю. С. Шевченко-Москва, 1995. 3.Берн Э. Трансактный анализ и психокоррекция -СПБ 1992. Тақырып 8. Психологиялық кеңес, ұйымдастыру, даярлық және өткізу. Дәрістің мазмұны: 1.Психологиялық кеңес беру негіздері. 2.Психологиялық кеңес берудің мақсаты мен міндеттері. 3.Психологиялық кеңес беру жұмысын ұйымдастыру. 4.ІІсихологиялық кеңес беру жұмысының тәртібі. 5.Кеңес беруші - психологтың басқа кеңес беруші мамандармен өзара әрекеті. 6.Психологиялық кеңес беруге даярлану. 7.Психологиялық кеңес берудің негізгі кезеңдері. Психологиялық кеңес беру практикасындағы мүмкін бағыттарға сипаттама беріп кетеміз, олар қазіргі кезде психологияда қалыптасып болған негізгі бағыттар: Психодинамикалық бағыт – психоанализ (З.Фрейд), жекелік психология (А.Адлер), аналитикалық психология (К.Юнг), транзакттық анализ (Э.Берн), және т.б. Бихевиористік бағыт - әлеуметтік хабардарлық тренингі; өзін оқыту; когнетивті терапия; рациональды-эмоциональды терапия және т.б. Гуманистік бағыт – гештальт терапия (Р.Перлс), топтық терапия (К.Рождерс), логотерапия (В.Франкл), психодрама (Морена). Психодинамикалық теория оның негізін салушы З.Фрейд. Бүгін З.Фрейд жасаған психодинамикалық теорияның көптеген модификациялары бар А.Адлер, Э.Эриксон, Ф.Фромм, К.Хорни, К.Юнг, В.Рейх еңбектерінде көрсетілген. Ең танымалы Э.Берннің транзактың анализі, Р.Перлстің гештальттерапиясы, А. Лоувеннің биоэнергетикасы. З.Фрейд теориясының негізгі нүктесі – санасыздың концепциясы. Санасыздық ұғымы адам өмірінің күнделігі және бірқалыпсыздығын сипаттауға мүмкіндік береді. Психологиялық кеңес берудің негізгі әдісі ретінде сипаттағанда біз мына төмендегі ойларға сүйенеміз: психолог- кеңес беруші клиент тапсырысымен жұмыс істейді, егер осы тапсырыс диалогтың жұмысты керек етсе, онда ол арнайы белгіленген уақытта етеді. Психолог-кеңес беруші диагноз қоюмен айналыспайды, ол клиент жағдайын талдайды, ол үшін арнайы білімдерді үшін арнайы талдауды пайдаланады. Сұрақ-сауал клиент тапсырысының ерекше жағдайын талдаудың арнайы әдістерінің бірі. Бақылау сұрақтары: психологиялық кеңес беру негіздері, психологиялық кеңес берудің мақсаты мен міндеттері, психологиялық кеңес беру жұмысын ұйымдастыру және психологиялық кеңес беру жұмысының тәртібі. Әдебиеттер: 1.Абрамова Г. С. Правтикум по психологическому консультированию. Москва, 1995. 2.Немов Р.С. Психологическое консультирование. - Москва, 2003. 3.Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. Москва, 1996. 4.Бурменская Г.В. Возрастно-психологическое консультирвание.- Москва, 1990. Тақырып 9. Психологиялық кеңес беру түрлері. Дәрістің мазмұны: 1.Психологиялық кеңес беру түрлері. 2.Психологиялық кеңес беру туралы жалпы негіздері. 3.Сұхбат-психологиялық кеңес берудің негізгі әдісі ретінде. 4.Жекелей кеңес беру. 5.Топтық кеңес беру. 6.Отбасылық кеңес беру. Өз еріктілік коррекциялық топқа жұмыс істеуді клиент өз еркімен қабылдауы керек. Өзін өзгертуге жеке бастық қызығушылықтары болуы керек. Адам өзінің қалауынсыз белгілі бір топта жұмыс істеуге мәжбүрлеуге болмайды. Ақпараттық принцип – клиент алдын- ала топта болатын және оның өзімен байланыстарын жағдайларды білуіне құқығы бар. Сондықтан жұмыс басталмас бұрын топ туралы, оның мақсаттары мен нәтижесі қандай болатындығы туралы оқылады. Жастық және жыныстық құрамы. Топтық психокоррекция түрлі жастарға мектепке дейінг жүргізіледі. Топтағы қатыстардың жас шамалары ұқсас психологиялық жақын болуы керек. Зерттеушілердің пікірінше топқа 4-5 жасқа дейін қатысуы керек нәтижеге жете алмайды . Топ құруда « құрамы қандай болуы керек гетерогенді және гомогенді» деген сұрақтар туындайды Отбасылық кеңес беру - отбасы терапиясының көп түрінің бірі, онда терапевтік қатысу шекарасы мен оны ажырататын белгілері бар. Отбасылық кеңес беру отбасы терапиясын өзара толықтыра отырып бірге дамыды. Отбасылық кеңес беруде басты мақсат, отбасы мүшелерінің мәселелерін зерттеу, өзара әрекеттерінің өзгеруіне және жеке тұлғалық жетілуге мүмкіндік туғызу болып табылады. Бақылау сұрақтары: психологиялық кеңес беру түрлері. Психологиялық кеңес берудің жалпы негіздері. Сұхбат-психологиялық кеңес берудің негізгі әдісі ретінде. Жекелей кеңес беру. Топтық кеңес беру. Отбасылық кеңес беру. Әдебиеттер: 1.Абрамова Г.С. Правтикум по психологическому консультированию. Москва, 1995. 2.Немов Р.С. Психологическое консультирование. - Москва, 2003. 3.Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. Москва, 1996. 4.Бурменская Г.В. Возрастно-психологическое консультирвание.-Москва, 1990. Тақырып 10.Психологиялық кеңес беру техникасы. Дәрістің мазмұны: 1.Психологиялық кеңес беру техникасы туралы түсінік. 2.Клиентпен әңгімелесу. Клиентпен жұмыс техникасы. 3.Клиентке кеңес және ұсыныс берудегі кеңес берушінің әрекеті. 4.Кеңес беруді аяқтау техникасы. 5.Кеңес берушінің клиентпен қарым- қатынасы. 6.Кеңес беру үрдісіндегі қателіктер. Кеңес берудің алғашқы сатыларында анықталған клиенттің жекелей және мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, психолог жасаған жалпылау. Әр түрлі ғылыми мектептер психологтары қолданатын сұрақ-сауалдағы әсер ету әдістеріне қысқаша сипаттама береміз. Бақылау сұрақтары: психологиялық кеңес беру техникасы туралы түсінік. Клиентпен әңгімелесу. Клиентпен жұмыс техникасы. Клиентке кеңес және ұсыныс берудегі кеңес берушінің әрекеті. Кеңес беруді аяқтау техникасы. Кеңес берушінің клиентпен қарым- қатынасы. Кеңес беру үрдісіндегі қателіктер мәселелері талданады. Әдебиеттер: 1.АбрамоваГ.С. Правтикум по психологическому консультированию. Москва, 1995. 2.Немов Р.С. Психологическое консультирование. - Москва, 2003. 3.Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. Москва, 1996. 4.Бурменская Г.В.Возрастно-психологическое консультирвание.-Москва, 1990. Тақырып 11. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестер коррекциясы. Дәрістің мазмұны: 1.Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл -ойы дамуының коррекциясы. 2.Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойы дамуын коррекциялау жолдары. 3.Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық процестерінің коррекциясы. 4.Сөйлеуін дамыту. Бақылау сұрақтары: мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл -ойы дамуының коррекциясы, мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойы дамуын коррекциялау жолдары мәселелері талданады. Әдебиеттер: Әдебиеттер: 1.Осипова А.А. Общая психокоррекция. Москва, 2005. 2.Психокоррекция: теория и практика /Под. ред. Ю. С. Шевченко-Москва, 1995. 3.Берн Э. Трансактный анализ и психокоррекция -СПБ 1992. Тақырып 12. Мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық даму коррекциясы. Дәрістің мазмұны: 1.Мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы сипаттамасы. 2.Психологиялық зандылықтары және оларды коррекциялау. 3.Жас және жеке психологиялық ерекшеліктерге байланысты қиындықтар. Бақылау сұрақтары: мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы сипаттамасы. Психологиялық зандылықтары және оларды коррекциялау. Жас және жеке психологиялық ерекшеліктерге байланысты қиындықтар қарастырылады. Әдебиеттер: 1.Осипова А.А. Общая психокоррекция. Москва, 2005. 2.Психокоррекция: теория и практика /Под. ред. Ю. С. Шевченко-Москва, 1995. 3.Берн Э. Трансактный анализ и психокоррекция -СПБ 1992. 3. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРЫ Семинар 1. Психологиялық коррекция психологтың іс-әрекеті саласы ретінде. Мақсаты: Психологиялық коррекция туралы жалпы түсінік қалыптастыру. Коррекцияның жалпы құрылымын қарастыру. Студенттерде коррекция жайлы білімді бекіту. Жоспар: 1.Психологиялық коррекция туралы жалпы түсінік. 2.Психокоррекцияның түрлері. 3.Психокоррекциялық жұмыстың негізгі принциптері, мақсаты мен міндеттері. 4.Психокоррекциялық іс-шараларды жүзеге асырушы психологқа қойылатын талаптар. Әдістемелік нұсқау: Әдебиеттер: 1.Осипова А.А. Общая психокоррекция. Москва, 2005. 2.Психокоррекция: теория и практика /Под. ред. Ю.С.Шевченко-Москва, 1995. 3.Берн Э. Трансактный анализ и психокоррекция -СПБ 1992. Семинар 2. Жекелей психокоррекция. Мақсаты: Жекелей коррекция туралы түсінік беру, жекелей психокоррекциялық әсер етудің негізгі әдістерімен таныстыру. Жоспар: 1.Жекелей психокоррекция туралы түсінік. 2.Жекелей психокоррекциялық әсер етудің негізгі әдістері. 3.Жекелей психокоррекцияның психологиялық ерекшеліктері. Әдебиеттер: 1.Осипова А.А. Общая психокоррекция. Москва, 2005. 2.Психокоррекция: теория и практика /Под. ред. Ю.С.Шевченко-Москва, 1995. 3.Берн Э. Трансактный анализ и психокоррекция -СПБ 1992. Семинар 3. Топтық психокоррекция. Мақсаты: Топтық психокоррекция туралы жалпы түсінікберу. Жоспар: 1.Топтық психокоррекция туралы жалпы түсінік. 2.Психокоррекцияның топтық формаларының ерекшеліктері. 3.Топтарды құру ерекшеліктері. Топтық динамика. 4.Психокоррекциялық топтарға жетекшілік жасау. Әдебиеттер: 1.Осипова А.А. Общая психокоррекция. Москва, 2005. 2.Психокоррекция: теория и практика /Под. ред. Ю.С.Шевченко-Москва, 1995. 3.Берн Э. Трансактный анализ и психокоррекция -СПБ 1992. Семинар 4. Психокоррекциялық бағдарлама құру. Мақсаты: Психокоррекциялық бағдарлама құрумен таныстыру. Жоспар: 1.Психокоррекциялық бағдарлама құруға қойлатын талаптар. 2.Бағдарлама құруда ескеретін принциптер. 3.Психокоррекциялық бағдарлама түрлері. Әдебиеттер: 1.Осипова А.А. Общая психокоррекция. Москва, 2005. 2.Психокоррекция: теория и практика /Под. ред. Ю.С.Шевченко-Москва, 1995. 3.Берн Э. Трансактный анализ и психокоррекция -СПБ 1992. Семинар 5. Практикалық коррекция әдістері Мақсаты:Практикалық коррекция әдістері туралы түсінік беру. Жоспар: 1.Ойын терапиясы.Әдістің жалпы сипаттамасы. 2.Ойынның коррекциялық әсерінің негізгі психологиялық механизмдері. 3.Ойын терапиясының негізгі түрлері мен формалары. Психологқа қойылатын талаптар. 4.Арттерапия. Әдістің жалпы сипаттамасы. Арттерапияның мақсаты. 5.Арттерапиядағы негізгі бағыттар. 6.Музыкотерапия. Библиотерапия. Би терапиясы. Әдебиеттер: 1.Осипова А.А. Общая психокоррекция. Москва, 2005. 2.Психокоррекция: теория и практика /Под. ред. Ю. С. Шевченко-Москва, 1995. 3.Берн Э. Трансактный анализ и психокоррекция -СПБ 1992. Семинар 6. Психогимнастика. Мақсаты:Психогимнастика туралы түсінік беру. Жоспар: 1.Психогимнастикалық сабақ және оның бөлімдері. 2.Мінез-құлықты коррекциялау әдістері. Әдебиеттер: 1.Осипова А.А. Общая психокоррекция. Москва, 2005. 2.Психокоррекция: теория и практика /Под. ред. Ю. С. Шевченко-Москва, 1995. 3.Берн Э. Трансактный анализ и психокоррекция -СПБ 1992. Семинар7.Коррекциялықтоптүрлері. Мақсаты: Жоспар: 1.Топтық коррекция. 2.Топтарды құру ерекшеліктері.Топтық динамика. 3..Психокоррекциялық топтарға жетекшілік. 4.Тренингтік топтар және әлеуметтік-психологиялық тренингтер. 5..Кездесу тобы. 6.Гештальттоптар. Іскерлік тобы. Бағдарлау тобы. Әдебиеттер: 1.Осипова А.А. Общая психокоррекция. Москва, 2005. 2.Психокоррекция: теория и практика /Под. ред. Ю.С.Шевченко-Москва, 1995. 3.Берн Э. Трансактный анализ и психокоррекция -СПБ 1992. Семинар 8. Психологиялық кеңес, ұйымдастыру, даярлық және өткізу. Мақсаты: Психологиялық кеңес, ұйымдастыру, даярлық және өткізу туралы түсінік беру. Жоспар: 1.Психологиялық кеңес беру негіздері. 2.Психологиялық кеңес берудің мақсаты мен міндеттері. 3.Психологиялық кеңес беру жұмысын ұйымдастыру. 4.ІІсихологиялық кеңес беру жұмысының тәртібі. 5.Кеңес беруші- психологтың басқа кеңес беруші мамандармен өзара әрекеті. 6.Психологиялық кеңес беруге даярлану. 7.Психологиялық кеңес берудің негізгі кезеңдері. Әдебиеттер: 1.Абрамова Г. С. Правтикум по психологическому консультированию. Москва, 1995. 2.Немов Р.С. Психологическое консультирование. - Москва, 2003. 3.Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. Москва, 1996. 4.Бурменская Г.В. Возрастно-психологическое консультирвание.- Москва, 1990. Семинар 9. Психологиялық кеңес беру түрлері. Мақсаты: Психологиялық кеңес беру түрлері туралы түсінік беру. Жоспар: 1.Психологиялық кеңес беру түрлері. 2.Психологиялық кеңес беру туралы жалпы негіздері. 3.Сұхбат-психологиялық кеңес берудің негізгі әдісі ретінде. 4.Жекелей кеңес беру. 5.Топтық кеңес беру. 6.Отбасылық кеңес беру Әдебиеттер: 1.Абрамова Г.С. Правтикум по психологическому консультированию. Москва, 1995. 2.Немов Р.С. Психологическое консультирование. - Москва, 2003. 3.Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. Москва, 1996. 4.Бурменская Г.В. Возрастно-психологическое консультирвание.-Москва, 1990. Семинар 10. Психологиялық кеңес беру техникасы. Мақсаты: психологиялық кеңес беру техникасы және клиентпен жұмыс техникасы туралы түсінік беру. Жоспар: 1.Психологиялық кеңес беру техникасы туралы түсінік. 2.Клиентпен әңгімелесу. Клиентпен жұмыс техникасы. 3.Клиентке кеңес және ұсыныс берудегі кеңес берушінің әрекеті. 4.Кеңес беруді аяқтау техникасы. 5.Кеңес берушінің клиентпен қарым- қатынасы. 6.Кеңес беру үрдісіндегі қателіктер. Әдебиеттер: 1.Абрамова Г.С. Правтикум по психологическому консультированию. Москва, 1995. 2.Немов Р.С. Психологическое консультирование. - Москва, 2003. 3.Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. Москва, 1996. 4.Бурменская Г.В. Возрастно-психологическое консультирвание.-Москва, 1990. Семинар 11. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестер коррекциясы. Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестер коррекциясы жайлы түсінік беру. Жоспар: 1.Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл -ойы дамуының коррекциясы. 2.Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойы дамуын коррекциялау жолдары. 3. Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық процестерінің коррекциясы. 4.Сөйлеуін дамыту. Әдебиеттер: 1.Осипова А.А. Общая психокоррекция. Москва, 2005. 2.Психокоррекция: теория и практика /Под. ред. Ю.С.Шевченко-Москва, 1995. 3.Берн Э. Трансактный анализ и психокоррекция -СПБ 1992. Семинар 12. Мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық даму коррекциясы. Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық даму коррекциясы жайлы түсінік беру. Жоспар: 1.Мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы сипаттамасы. 2.Психологиялық зандылықтары және оларды коррекциялау. 3.Жас және жеке психологиялық ерекшеліктерге байланысты қиындықтар. Әдебиеттер: 1.Осипова А.А. Общая психокоррекция. Москва, 2005. 2.Психокоррекция: теория и практика /Под. ред. Ю. С. Шевченко-Москва, 1995. 3.Берн Э. Трансактный анализ и психокоррекция -СПБ 1992. Семинар 13. Отбасымен психокоррекциялық жұмыс негіздері және кеңес беру. Мақсаты: Отбасымен психокоррекциялық жұмыс негіздері және кеңес беру туралы түсінік беру. Жоспар: 1.Отбасы қатынастарының психокоррекциясы. 2.Отбасына психологиялық көмек беру жұмыстары. 3.Коррекциялық ата-аналар тобын құру. 4.Кеңес беру жұмысы. Әдебиеттер: 1.Осипова А.А. Общая психокоррекция. Москва, 2005. 2.Психокоррекция: теория и практика /Под. ред. Ю.С.Шевченко-Москва, 1995. 3.Берн Э. Трансактный анализ и психокоррекция -СПБ 1992 Семинар 14. Мектепте оқуға психологиялық даярлықтағы ауытқуларға түзету және кеңес беру. Мақсаты: Мектепте оқуға психологиялық даярлықтағы ауытқуларға түзету және кеңес беру туралы түсінік беру. Жоспар: 1.Баланың мектепке оқуға психологиялық даярлығы. 2.Мектепке оқуға даярлықты коррекциялаудын бағыттары. 3.Коррекциялық сабақтарға қойылатын талаптар. 4.Мектепке мотивациялық дайындықтың коррекциясы. 5.Коррекциялық – дамытушылық жұмыстары. Әдебиеттер: 1.Осипова А.А. Общая психокоррекция. Москва, 2005. 2.Психокоррекция: теория и практика /Под. ред. Ю.С.Шевченко-Москва, 1995. 3.БернЭ. Трансактный анализ и психокоррекция -СПБ 1992 4 КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ЖӘНЕ ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА -- 5 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ 5.1 Студенттің өздік жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулық: Өздік жұмыс тақырыптары, онда қарастырылатын сұрақтар психологиялық коррекция және кеңес беру негіздерінің өзекті теориялық және методологиялық мәселелерін кеңінен қамтиды. Студенттің білімді өз бетімен алуға ұмтылушылығын, ізденімпаздық кабілетін арттыру мақсат етіледі. Студенттен әр семинардың берілген сұрақтарына тыңғылықты әзірленуі талап етіледі. Ол үшін студент көрсетілген әдебиеттер бойынша әрбір сұрақтың мәнін ашатындай конспект әзірлеуі қажет. Бұл біріншіден, білімінің жүйелілігін, үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, дайын конспектінің өздік жұмысты орындау, ОСӨЖ, кезеңдік және қорытынды бақылауға дайындалу барысында пайдасы зор. Өздік жұмыс тақырыбымен танысып алған соң, қажетті әдебиеттерді іріктеп алу керек. Бір сұрақтың айналасында айтылған түрлі авторлардың пікірлеріне іштей салыстырулар жасап, түйінді жерлерін қағаз бетіне түсіру керек. Осы мәселе төңірегіндегі өз ойыңыз қандай, соны дәйектеңіз. Бұдан соң белгілі бір тұжырымды дәлелдеу үшін өзіңіз оқыған ғылыми әдебиеттер, сын мақалалардан мысалдар келтіріңіз. Келесі семинарларда алдыңғы өткен сабақтарда дайындаған материалдарыңызды, алған біліміңізді дұрыс пайдалана біліп, жаңа тақырыппен байланыстырып отырыңыз. Әр тақырыпты өткен кезде ұсынылып отырған ғылыми материалмен мұқият танысып, берілген сұрақтарды оқу қажет. Өздік жұмысты қорғау барысында ғылыми мәселелерді меңгерумен қатар теорияны білу талап етіледі. Емтихан алдында бақылау тест алынады. Әдістемелік нұсқау. СӨЖ тапсырмалары жазбаша жұмыс (бақылау жұмысы) түрінде берілген. Сұрақтарға жауаптарды конспект түрінде дәптерге жазып: 1-кредит бойынша 4,6-апталарда, 2-кредит бойынша 9,11,13-апталарда СОӨЖ сабағында тексеріледі. 5.2 КУРС БОЙЫНША ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ 1.Психологтың коррекциялық-дамытушылық жұмысының мазмұны. 2.Психокоррекциялық жұмыс туралы жалпы түсінік. 3.Психокоррекциялық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. 4.Психокоррекция түрлері. 5.Психокоррекциялық жұмысты жүргізетін маманға қойылатын талаптар. 6.Психокоррекциялық бағдарлама құру. 7.Психокоррекциялық бағдарлама құруға қойлатын талаптар. 8.Психокоррекциялық бағдарлама құруда ескеретін принциптер. 9.Психокоррекциялық бағдарлама түрлері. 10.Сабақта психокоррекциялық бағдарлама үлгілерімен, олардың кұрылымымен, ретімен танысу, өздігінен бағдарлама жобасын жасау. 11.Психогимнастика және мінез-құлықты коррекциялау әдістері. 12.Психогимнастикалық сабақ және оның бөлімдері. 13.Мінез-құлықты коррекциялау әдістері. 14.Жекелей психокоррекция туралы түсінік. 15.Жекелей психокоррекцияның әдістері. 16.Жекелей психокоррекцияның психологиялық ерекшеліктері. 17.Топтық коррекция. 18.Топтарды құру ерекшеліктері. 19.Топтық динамика. 20.Психокоррекциялық топтарға жетекшілік. 21.Коррекциялық топ түрлері. 22.Тренингтік топтар және әлеуметтік-психологиялық тренингтер. 23.Кездесу тобы. 24.Гештальттоптар. 25.Іскерлік тобы. 26.Бағдарлау тобы. 27.Топтық пікірталас топтық жұмыстың әдісі ретінде. 28.Психологиялық кеңес беру негіздері. 29.Психологиялық кеңес беру түрлері. 30.Психологиялық кеңес беру туралы жалпы негіздері. 31.Сұхбат-психологиялық кеңес берудің негізгі әдісі ретінде. 32.Жекелей кеңес беру. 33.Топтық кеңес беру. 34.Отбасылық кеңес беру. 35.Психологиялық кеңес беру жұмысын ұйымдастыру. 36.Психологиялық кеңес беру жұмысын ұйымдастыру және жұмыс тәртібі. 37.Кеңес беруші- психологтың жеке жұмысын ұйымдастыру. 38.Кеңес беруші психологтың кәсіби даярлығы. 39.Балалардың жеке бас бұзылуларының коррекциясы. 40.Жұмыстың негізгі принциптері мен бағыттары. 41.Балалық шақтағы жеке бас дамуының бұзылулары. 42.Тұйықтық және оның коррекциясы. 43.Тұйық баламен коррекциялық жұмыс. 44.Кеңес беру жұмысы. 45.Балалар қорқынышы және оның коррекциясы. 46.Қорқыныш, үрей туралы түсінік. 47.Балаларда қорқыныштың пайда болу себептері. 48.Қорқыныш түрлері. 50.Қорқынышты коррекциялау әдістері. 51.Педагогтар мен ата-аналарға кеңес беру. 52.Балалар агрессивтілігі және оның психокоррекциясы. 53.Балалар агрессивтілігі және оның себептері. 54.Отбасында балалар агрессивтілігінің қалыптасуына әсер ететін факторлар. 55.Агрессивті баламен коррекциялык жұмыстар. 56.Мектепте оқуға психологиялық даярлыққа коррекция және кеңес беру. 57.Баланың мектепке оқуға психологиялық даярлығы. 58.Мектепке оқуға даярлықты коррекциялаудын бағыттары. 59.Коррекциялық сабақтарға қойылатын талаптар. 60.Мектепке мотивациялық дайындықтың коррекциясы. 61.Коррекциялық-дамытушылық жұмыстары. 62.Отбасымен коррекциялық жұмыс және кеңес беру. 63.Отбасындағы қатынастардың психокоррекциясы. 64.Отбасына психологиялық көмек көрсету. 65.Отбасымен психологиялық жұмыс негіздері. Кеңес беру жұмысы. 66.Педагогтармен кеңес беру жұмысы. 67.Кеңес беру жұмысының негіздері. 68.Кеңес беру жұмысының мазмұны. 69.Кеңес беру жұмысының ұйымдастыру техникасы. 6 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ «ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КОРРЕКЦИЯ ЖӘНЕ КЕҢЕС БЕРУ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІНЕН 4-Кесте |№ |Оқулық және оқу-әдістемелік құрал саны |Кітап |Студен|% Қамту| | | |саны |ттер |пайызы | | | | |саны | | |1 |2 |3 |4 |5 | |1. |Осипова А.А. Общая психокоррекция. Москва, 2005. |2 |9 |22 | |2. |Психокоррекция: теория и практика /Под. ред. Ю. С. |2 |9 |22 | | |Шевченко-Москва, 1995. | | | | |3. |Абрамова Г. С. Правтикум по психологическому |2 |9 |22 | | |консультированию. -Москва, 1995. | | | | |4. |Немов Р. С. Общая психологии. Кн. 1 М: Владос 1995ж. |15 |9 |100 | |5. |Карабанова О. А. Игра в коррекции психического развития|3 |9 |33 | | |ребенка. Москва, 1997. | | | | |6. |Групповая психотерапия /Под. ред. Б.Д. Карвасарского |1 |9 |10 | | |Москва, 1990. | | | | |7. |Столяренко Л.Д. Основы психологии.-М., 1997. |5 |9 |55 | |8. |Гарбузов В.И. Практическая психотерапия. - |5 |9 |55 | | |Санкт-Петербург, 1994. | | | | |9. |Рабочая книга школьного психолога. /Под. ред. |10 |9 |100 | | |Дубровиной И.В. — Москва, 1987. | | | | |10. |Немов Р.С. Психологическое консультирование. - Москва, |10 |9 |100 | | |2003. | | | | |11. |Битянова.М.Р. «Организация психологической работы в |10 |9 |100 | | |школе». -Москва, 1997. | | | | |12. |Рогов Е.И. Настольная книга |5 |9 |55 | | |практического психолога в образовании. | | | | | |Москва, 1996. | | | | |13. |Возрастная психология //Под.ред. Л.Ф.Обуховой. М., 1996|5 |9 |55 | |14. |О.П.Солодилова. Возрастная психология. М., 2005 |5 |9 |55 | |15. |В.С.Мухина. Мектеп жасына дейінгі балалар |10 |9 |100 | | |психологиясы.А., 1986 | | | | |№ | |1 | |1. |
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz