Файл қосу

Студентке арналған пән. Пәннің саясаты




|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                    |
|СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы  МЕМЛЕКЕТТІК                           |
|УНИВЕРСИТЕТІ                                                            |
|СМЖ 3 дәрежелі құжаты    |ПОӘК             |                           |
|            ПОӘК         |                 |ПОӘК 042-18-31.1.34/02-2014|
|Студентке арналған пән   |№2 баспа         |                           |
|«Психологиялық           |11.09.2014 ж.,   |                           |
|менеджмент» бойынша      |№1 баспа орнына  |                           |
|бағдарламасы             |5.09.013ж.       |                           |





                       ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
                                         «Психологиялық менеджмент»
                          5В010300 «Педагогика және психология»
                            мамандығына  арналған




                      СТУДЕНТТЕР ҮШІН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ




















                                    Семей
                                    2014

                                  Алғы сөз

1ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН
Құрастырушы:                  «25» 08.2014 ж. Р.Х.Кошкимбаева п.ғ.магистрі,
аға оқытушы, кафедра педагогикалық психология

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 Педагогикалық психология кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды

Хаттама № 1  «03» 09.2014 ж.

Кафедра меңгерушісі _______________ Г.К.Джумажанова

2.2 Педагогика факультетінің  оқу-әдістемелік бюросының отырысында
қарастырылды

Хаттама № 1   «05» 09.2014 ж.

Төрайымы _________________ Т.Ш.Ахметова



3 БЕКІТІЛГЕН
Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып, баспаға ұсынылды
Хаттама № 1   «11» 09.2014ж.

ОӘК төрайымы________________ Г.К.Искакова


4   Баспа №2  11.09.2014 ж.


























                                   Мазмұны




      |1   |Жалпы ережелер                                                   |4   |
|2   |Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарын бөлу        |6   |
|3   |Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар                          |7   |
|4   |Пәннің форматы                                                   |8   |
|5   |Пәннің саясаты                                                   |8   |
|6   |Баға қою саясаты                                                 |9   |
|7   |Әдебиет                                                          |10  |































1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
 1.1 Оқытушы  және пән туралы жалпы мәліметтер
Кошкимбаева Раиса Халыковна, педагогика ғылымының магистрі
Кафедра педагогикалық психология
Байланыс ақпараттық  - тел. 30-43-41, кабинет № 305
Сабақ өткізу орны – №2  оқу ғимараты, дәрісхана - № 311
Пән бойынша кредит саны – 3

1.2 Пәннің мазмұнының қысқаша сипаты:
       Қазақстан  Республикасының  нарықтық   заман   талаптарының   қазіргі
жағдайларында түрлі «Қазақстан-2030» стратегиялық  жоспарын  нәтижелі  түрде
жүзеге асыру үшін, оның ішінде толыққанды,  психологиялық  денсаулығы  мықты
тұлғаны, сонымен қатар келешек дамып  келе  жатқан  ұрпақты  тәрбиелеу  үшін
қоғам және жеке адам дамуының  психологиялық  механизмдері  туралы  білімнің
терең болуы қажет. Психологиялық менеджмент – бұл  психологиялық  жүйелердің
және  психикалық  құбылыстардың  қызметі   мен   дамуының   тиімді   болуына
бағытталған,  оларды  басқару   принциптерінің,   әдістерінің,   ұйымдастыру
формалары мен технологиялық тәсілдерінің кешенді құрылымы.
1.3 Пәнді оқытудың мақсаты:
      Студенттердің бойында дамудың психикалық  механизмдері,  қызметі  және
оларды басқару туралы  теориялық  білімдерді  қалыптастыру.  Сонымен  қатар,
жеке адамның өзін  және  социумды  басқару  жайында  практикалық  дағдыларды
қалыптастыру.
1.4 Пәнді оқытудың міндеттері:
  - психологиялық менеджменттің теориялық-әдіснамалық негіздерімен танысу;
  - психологиялық менеджменттің әдістері және принциптерін;
  - психологиялық менеджменттің қазіргі заңдылықтарын;
  - студенттредің өзіндік тәжірибесінде психологиялық менеджмент  негіздері
    туралы білімдерін қолдануға ұмтылдыру.
1.5 Оқытудың нәтижелері:
Пәнді оқу нәтижесінде білімалушы міндеті:
білуі керек:
  - психологиялық менеджменттің негізгі заңдылықтары туралы  толық  мәлімет
    алады.
  - психологиялық менеджменттің мазмұны  мен  маңызын,  қазіргі  әдістерін,
    қызметі және тәсілдерін, сендіру, иландыру,  қызықтыру  механизмдерімен
    танысады.
  - меңгерген ғылыми-психологиялық білімдерін іс жүзінде қолдана білу;
  - психололгиялық менеджмент білімінің дамуының қазіргі  заманғы  ағымдары
    туралы жан-жақты білім алады.

игеру керек:
    - психологиялық менеджментті  зерттеудегі  теориялық  технологиялар  мен
      әдістерін;
    - психологиялық менеджмент барысын.
ұғып алу керек:
    - білім беру мекемелеріндегі жұмыс формаларын;
    - басқару іс-әрекетін болжау, талдау мәселерін;
    - іскерлік қарым-қатынас және басқарудағы шиеленістер;
түсіну керек:
    - білім беру мекемелеріндегі басқарудың мәнін;
    -   басқарудағы   диагностикалық-талдау    процедураларын    ұйымдастыру
      ерекшеліктерін.
қолдана білуі керек:
    - педагог- практик психолог қызметінде әртүрлі әдістер мен тәсілдерді
      тиімді өздігінен пайдалана білу.
    - пән  бойынша меңгерген білімін оқу танымдық іс-әрекет, сонымен қатар
      кәсіби  іс-әрекет практикада өздігінен қолдана білуді үйренеді.
істей алуы керек:
    -  ғылыми-психологиялық  білімдерді   басқарушылық   шешімдер   қабылдау
      барысында тәжірибеде қолдану дағдысын игереді.
    - қоғам өміріндегі нормалар мен ережелерді орындауға  мүмкіндік  беретін
      әлеуметтік дағдыларды меңгереді.
иемдену керек:
    - теориялық білімдерді практикалық  кәсіптік  іс-әрекетінде  ұйымдастыру
      білу біліктілігі және  психологиялық-педагогикалық  салада  ақпараттық
      технологияларды жетік иемденуі керек.

1.6 Пән пререквизиттері:
1.6.1 Психология және адам дамуы
1.6.2  Қарым-қатынас психологиясы
1.6.3 Әлеуметтік психология

1.7 Пән постреквизиті:
1.7.1 Заң психологиясы









2. ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫҢ РЕТТЕЛУІ
                                                                     Кесте 1
|    |                       |Сағаттар                            |Әдебиет  |
|№   |Тақырыптың аталуы      |                                    |тер      |
|р/с |                       |                                    |         |
|    |                       |Дәріс |Лабор  |Практ |Білім  |Білім |         |
|    |                       |      |сағат  |сағат |алуш-ң |алуш-ң|         |
|    |                       |      |       |      |ОӨЖ    |ӨЖ    |         |
|1   |                       |3     |4      |5     |6      |7     |8        |
|    |2                      |      |       |      |       |      |         |
|1   |Психологиялық          |2     |-      |2     |-      |      |Н3       |
|    |менеджмент туралы жалпы|      |       |      |       |      |Қ2,3,5,6 |
|    |түсінік.               |      |       |      |       |      |         |
|2   |Психологиялық          |2     |-      |3     |-      |№1    |Н1,3     |
|    |менеджменттің          |      |       |      |       |      |Қ2,3,5,8 |
|    |ғылыми-әдіснамалық     |      |       |      |       |      |         |
|    |негіздері.             |      |       |      |       |      |         |
|3   |Психологиялық          |2     |-      |3     |-      |      |Н2 Қ     |
|    |менеджментті           |      |       |      |       |      |1,2,3    |
|    |зерттеудегі теориялық  |      |       |      |       |      |         |
|    |технологиялар мен      |      |       |      |       |      |         |
|    |әдістер                |      |       |      |       |      |         |
|4   |Психологиялық          |1     |-      |3     |-      |№2    |Н1,2,4   |
|    |менеджментті жүзеге    |      |       |      |       |      |Қ1,4,9,10|
|    |асырудың практикалық   |      |       |      |       |      |         |
|    |әдістері.              |      |       |      |       |      |         |
|5   |Психологиялық          |1     |-      |2     |-      |      |Н1,3     |
|    |менеджмент барысы.     |      |       |      |       |      |Қ3,4,7   |
|6   |Қарым-қатынас барысын  |1     |-      |2     |-      |№3    |Н1,3     |
|    |басқару                |      |       |      |       |      |Қ1,5,7   |
|7   |Жүріс-тұрысты басқару. |1     |-      |3     |-      |      |Н1,3 ,4  |
|    |                       |      |       |      |       |      |Қ1,2,10, |
|    |                       |      |       |      |       |      |11       |
|8   |Іскерлік қарым-қатынас |1     |-      |3     |-      |№4    |Н1,4     |
|    |және басқарудағы       |      |       |      |       |      |Қ3,4,9   |
|    |шиеленістер.           |      |       |      |       |      |         |
|9   |Психологиялық          |1     |-      |3     |-      |      |Н1,2     |
|    |менеджменттегі         |      |       |      |       |      |Қ1,2,8,  |
|    |ақпараттық технология. |      |       |      |       |      |10       |
|10  |Жарнама психологиясы   |1     |-      |3     |       |      |Н1,3     |
|    |                       |      |       |      |       |      |Қ5,6,8   |
|11  |Лидерлік туралы ғылыми |2     |-      |3     |       |№5    |Н1,3     |
|    |зерттеулер.            |      |       |      |       |      |Қ1,9,12,1|
|    |                       |      |       |      |       |      |3        |



      3. ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК  НҰСҚАУЛЫҚТАР
   Өтілген дәріс материалын талқылау өздік жұмысының ең негізгі  түрі  болып
саналады.  Материалды  терең  және  толығырақ  талқыланатын   болса,   өздік
жұмыстарынынң  басқа  да  түрлерін   орындау   жеңілірек   болады.   Өтілген
дәрістерді үнемі, жүйелі қарастыратын болса, кейінгі  материалдарды  түсінге
дәрістер  мен  тәжірибелік  сабақтарды  меңгеруге  мүмкіндік  береді.   Оқу-
әдістемелік кешенінен дәріс  материалдарын  толығырақ  қарау  үшін,  сондағы
тақырып бойынша  берілген   сұрақтарға  жауап  беріңіз.  Конспектімен  жұмыс
жасағанда әдебиеттерге сілтеме жасау, орындау  барысында  кейбір  өзгерістер
мен толықтыруларға болады.  Егерде  тақырып  бойынша  түсінбеген  сұрақтарын
болса, келесі дәріс барысында оқытушымен бірге талқылау керек.
       БӨЖ  тапсырмасы  аудиториядан  тыс  уақытта  оқытушының  қатысуынысыз
орындалады.  БӨЖ  (БОӨЖ)  негізгі  міндеті  –  тәжірибелік  сабақтарға  және
дәріске дайындық болып  табылады.  Тәжірибелік  сабақтарға  тақырып  бойынша
негізгі сұрақтар қарастырылады.  Оқыған  материалды  мұқият  ұғатындай  етіп
оқып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып,  оның  негізгі  жақтарын
жазып алу керек. Дайындалу барысында әрбір сұраққа  қысқаша,  нақты  негізгі
жақтарына жауап тезистері, фактілік   материалдарды  іріктеу  және  жинақтау
негізінде кестелер,  схемаларды дәптерлеріне жазыңыздар.  Дайындалып  біткен
өз білімдеріңізді өзі-өзі тексеру сұрақтары бойынша тексеріңіз. Өздік  жұмыс
кезінде  қиындық  туғызған  сұрақтарыңызды  жазып  алыңыз,  оны   оқытушымен
талқылаңыз.
      БӨЖ тапсырмасы дәріске дейін орындалу керек. Дәрісте  өздігінен  алған
білімдеріңіз  тереңдей  түсу  керек.  Тәжірибелік  сабақтардағы  сұрақтардың
көлемі  тақырыптыңтолық  мазмұнын  қамти  алмайды.  Студенттің  өз   білімін
кеңейту және тереңдете түсу  үшін,  ол   БОӨЖ  үдеріснде  жүзеге  асырылады.
Тақырыптың мазмұнын толығырақ ашу үшін,  БОӨЖ қосымша сұрақтар беріледі,  ол
студенттерді қиындықтар туғызады.
      Конспект  –  (латынша  conspectus  –  шолу,  баяндау)  жазбалардың  ең
жетілген түрі, бірдеңенің маңызды мазмұнын қысқаша баяндау.
      Тірек-схемамен  конспектілеу  білімді  бекіту   үшін  негізгі  формасы
болып табылады. Конспектілеу барысында студент негізгі  ұғымдарды  өздігінен
меңгереді, аргуметтейді, қорытынды шығарады, бұл олардың  келесі  сабақтарды
игеруге  көмектеседі.  БӨЖ  тапсырмаларын   орындау   студенттер   ұсынылған
әдебиеттермен жұмыс істеулері  керек.  Сонымен  қатар  қосымша  әдебиеттерді
пайдалануға болады.

    4. ПӘННІҢ ФОРМАТЫ
      Әртүрлі педагогикалық  міндеттерді  шешуде  іскерлік  және  дағдыларын
қалыптастыруда   оқытудың   дәстүрлі   формасын    қолдану,    студенттердің
белсенділігін,   оқыту   үдерісінің   жақсартуға,   сабақта    студенттердің
белсенділігін арттыру, олардың ораторлық, риторикалық  дағдыларды  меңгеруге
мүмкіндік беру.
      Бұл  шығармашылық  жазба  жұмыстары,  тестік  тапсырмаларды   орындау,
педагогикалық-психологиялық    міндеттерді    шешу,    жаңа    психологиялық
әдебиеттерді талдау, сонымен қатар тәжірибелік  сабақтарды  әртүрлі  формада
өткізу т.б. Тәжірибенің көрсетуі бойынша дәстүрлі емес  формаларды  қолдану,
студенттердің  шығармашылық  белсенділіктерін  дамытады.  Оқытудың  белсенді
формалары     пікірталас,     демонстрациялық     материалдарды     қолдану,
видеоматериалдарын қолдану.


    5. ПӘН САЯСАТЫ
Келесі талаптар қойылады:
1. Дәріс және тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде қатысу, әрбір  тақырыпқа
   конспект жазу. Оқулық материалдары  бойынша  өз  бетімен  практикалық  үй
   жұмыстарын  көрсетілген  уақытта  орындау.  Егер  студент   белгілі   бір
   себептермен сабаққа қатыса алмаса, барлық өткен материалдар бойынша жауап
   беру тиіс.
2.  Сабақ  үстінде  үнемі  тәртіп  бұзған  студент  аудиториядан   шығарылып
   жіберіледі  және барлық курс бойынша «қанағаттанғысыз» бағасы қойылады.
3. Межелік бақылау қорытындысы студенттің сабаққа  қатысуын,  өздік  жұмысты
   уақытында орындауын, сабақта  ауызша  және  жазбаша  түрде  жауап  беруін
   ескере отырып қойылады.
4. Сабақтарға кешікпей келу қажет;
5. Сабақ уақытында ұялы телефонды ағытып қою керек;
6.  Межелік  аттестация  студенттің   сабаққа   қатынасуына,   тапсырмаларды
   уақытында орындауына, бақылау  жұмыстарының  бағасына  қатысты  қойылады.
   Соңғы қорытынды баға соңғы аттестацияның 60( және емтихан  бағасының  40(
   құрайды.

     6. БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ

«Психологиялық менеджмент» пәні бойынша баллдардың реттелуі
                                                                     Кесте 2
|Апта  |Бақылау түрі                         |Жалпы балл    |Ескерту       |
|1     |2                                    |3             |4             |
|      |1-7 апта арасында дәрісханалық       |30            |              |
|      |сабақтарға қатысу                    |              |              |
|2     |Тәжірибелік                          |30            |              |
|3     |БӨЖ №1                               |50            |              |
|4     |Тәжірибелік                          |30            |              |
|5     |БӨЖ №2                               |50            |              |
|6     |Тәжірибелік                          |40            |              |
|   7  |Межелік бақылау 1                    |70            |              |
|1-7 апта оқу нәтижесі бойынша жалпы балл   |300           |              |
|      |8-15 апта арасында дәрісханалық      |30            |              |
|      |сабақтарға қатысу                    |              |              |
|8     |Тәжірибелік                          |25            |              |
|   9  |БӨЖ №3                               |30            |              |
|  10  |Тәжірибелік                          |25            |              |
|  11  |БӨЖ №4                               |30            |              |
|12    |Тәжірибелік                          |25            |              |
|  13  |БӨЖ №5                               |40            |              |
|  14  |Тәжірибелік                          |25            |              |
|  15  |Межелік бақылау 2                    |70            |              |
|8-15 апта оқу нәтижесі бойынша жалпы балл  |300           |              |
|Емтихан үшін жалпы балл                    |400           |              |
|Академиялық кезең бойынша жалпы балл       |1000          |              |

7. ӘДЕБИЕТ
  Негізгі әдебиеттер тізімі
1. Основы управления персоналом /Кушуков, Г.С. – 2011
2. Білім беру жүйесінде басқарудың инновациялық  үлгісін  енгізудің  ғылыми-
   теориялық негіздері /Байсарина, Қ. – 2012
3. Менеджмент негіздері: /Жакенова, Б. – 2011
4. Корпоративті басқару. Қазақстандық  мазмұн:  оқу  құралы  /Т.  Иссык,  А.
   Копытин, Г. Косолапов ж.б. – 2010
5. Педагогикалық менеджмент /Паньшина, Т.В. - 2012
 Қосымша әдебиеттер тізімі
 1. Управленческая психология /Морозов, А.В. – 2008
 2. Психология менеджмента: /Карпов, А.В. – 1999
 3. Психология управления: Курс лекций /Л.К. Аверченко, Г.М.  Залесов,  Р.И.
 Мокшанцев, В.М. Николаенко: Отв. ред. М.В. Удальцова – 1999
 4. Білім берудегі менеджмент /Лебедева, Н.А. – 1998
 5. Бердалиев К.Б., Өмірзақов С.Ы., Есенғазиев Б.К., Ерғалиев  Қ.Р.  Басқару
 негіздері. (оқу құралы)- А., Экономика. 1997
 6. Ахметов К.Б. Менеджмент. А., 1997
 7.  Панфилова,А.П.    Социально-психологический  климат  в   педагогическом
 коллективе: учебное пособие /А.П.Панфилова.-М.:Академия,2011
 8. Жолобов Ю. Формула управления:№22.-М.:Либерея-Бибинформ,2005
 9. Семенов А.К. Психология и этика менеджмента и бизнеса.-М.,1999
 10. Егоршин А.П. Управление персоналом.-М.,1999
 11. Тобиас Л.Психологическое консультирование и менеджмент.-М.,1999
 12. Бороздина Г.В. Психология делового общения.-М.,2001
 13. Занковский А. Организационная психология.-М.,2000
 14.  Трайнев,  В.А.    Учебные  деловые  игры  в   педагогике,   экономике,
 менеджменте, управлении, маркетинге, социологии, психологии :методология  и
 практика проведения:.-М.,2005











Пәндер