Файл қосу
КӘСІБИ СӨЗДЕР. Кірме сөздер
«Кәсіби қазақ (орыс) тілі» ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР СЕМЕЙ 2013 Мазмұны 1. Глоссарий 2. Әдебиеттер 3. Курстың тақырыптық жоспары 4. Дәрістер 5. Семинар сабақтары 6. ОСӨЖ 7.СӨЖ 8. Курс бойынша емтихан сұрақтары 9.Тест тапсырмалары 10.Пән бойынша оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыздандыру картасы 1 ГЛОССАРИЙ 2. ӘДЕБИЕТТЕР 1 Негізгі әдебиеттер 1.1 Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз,1995 жыл. 1.2 «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заң, ҚР президенті 11 шілде, 1997 жыл №151 1.3 «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы». ҚР президентінің Жарлығы 5 қазан, 1998 жыл. №4106. 1.4 «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы». ҚР президентінің Жарлығы 7 ақпан, 2001 жыл, №550 1.5 «Мемлекеттік ұйымдарда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту туралы». ҚР Үкіметінің Қаулысы 14 тамыз, 1998 жыл №769 1.6 «Мемлекеттік ақпарат жұмыстарын жақсарту бюрократиямен күрес және құжат айналымын қысқарту шаралары туралы». ҚР президентінің Жарлығы 31 шілде, 2000 жыл, №427 1.7 «Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы». ҚР президентінің Жарлығы 19 маусым, 1995 жыл. 1.8 «Нормативтік-құқықтық актілері туралы». ҚР-ның заңы: 24 наурыз, 1997 жыл №213-1 1.9 «Құжаттарды мемлекеттік тілде даярлайтын мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерін көтермелеу туралы». ҚР Премьер-Министрлігінің Нұсқауы 21 қыркүйек , 2000 жыл №117 1.10 «Қазақстан Республикасында қызметтерін мемлкеттік тілде жүргізетін, сонымен қатар мемлекеттік тілді жете меңгерген әділет және сот органдары қызметкерлерін моральдық және материалдық тұрғыда көтермелеу реті туралы». ҚР Әділет министірінің бұйрығы 12 маусым, 1999 жыл № 45 1.11 «Қазақстан Республикасында нотариалдық іс жүргізу туралы». ҚР Әдлет министірінің бұйрығы, 16 шілде, 1998 жыл № 83 1.12 «Іс жүргізу туралы» ҚР Министрлер кабинетінің Қаулысы. 20 маусым, 1992, № 562 1.13 В.Салагаев, Б.Шалабай: «Іс қағаздарын жүргізу туралы» Алматы «Раритет», 2000. 1.14 І.Жақып. «Іс жүргізу» Алматы «Раритет», 2000 1.15 «Қазақстан Республкасында іс қағаздарын жүргізу» (мемлекеттік және ресми тілдерде іс қағаздарын жүргізудің үлгілері) А,2001 1.16 Л.Дүйсенбаева «Іс қағаздарын қазақша жүргізу» Алматы «Ана тілі» 2001. 1.17 «Сөздік анықтамалық: екі тілде іс жүргізу» Алматы, «Атамұра», 1994. 2. Қосымша әдебиеттер 1. Дүйсенбекова Л. «Іс-қағаздарын жүргізу». Алматы, 2001ж. 2. Ақанова Д.Х. және т.б. «Ресми-іскери қазақ тілі». Алматы, 2006ж. 3. Зейнулина А. Ф., Балпанов Н.М.. Іскери- кәсіби қазақ тілі. - Павлодар, 2007 ж. 4. Сөз сарасы. Қазақ тілінің ресми-іскери стилі бойын. әдістем. құрал. Астана, 2009ж. 5. Өмірзақ Т., Сансызбай Ә. Қазақ тілі. IV деңгей. Астана, 2006ж. 6. Зейнуллина А.Ф., Жұмабаева З.Е., Шаһарман А.П., Пазыл Ә.Қ. Іскери- кәсіби қазақ тілі: практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау. Павлодар, 2009 ж. 7. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» (2000 жылдың 13 наурызында шыққан Заң бойынша). 8. Мұхамадиева Н.Қ. «Іскерлік қазақ тілі». Астана, 2007 ж. 3. САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ 3.1. ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР Кесте 2 – Пәннің мазмұны. Сабақтардың түрі бойынша сағаттарға бөлу |Тақырып атауы |Сағат саны | | |Дәріс |Семинар |Лаб |ОСӨЖ |СӨЖ | |1 |2 |3 |4 |5 |6 | |Л: Қазақстан жаһандану | |1 | |2 |2 | |дәуірінде | | | | | | | | | | | | | |Г:Үндестік заңы | | | | | | |Л: | |1 | |2 |2 | |Г: Лексика | | | | | | |және лексикология ұғымы | | | | | | |туралы | | | | | | |Л:Білім де бәсекеге | |1 | |2 |2 | |түседі | | | | | | | | | | | | | |Г: Сөздің тура және | | | | | | |ауыспалы мағынасы | | | | | | |Л: | |1 | |2 |2 | | | | | | | | |Г: Диалект және кәсіби | | | | | | |сөздер | | | | | | |Л: Кәсіби мәтін №5 | |1 | |2 |2 | | | | | | | | |Г: Терминдердің ұғымы | | | | | | |мен мағынасы. Маман | | | | | | |саласындағы терминдер | | | | | | |мен ұғымдар. | | | | | | |Л: | |1 | |2 |2 | | | | | | | | | | | | | | | |Г: Кірме сөздер | | | | | | |Л: Кәсіби мәтін № | |1 | |2 |2 | | | | | | | | |Г: Кәсіби сала мамандығы| | | | | | |бойынша қанатты сөздер, | | | | | | |фразеологиялық | | | | | | |тіркестер, | | | | | | |мақал-мәтелдердің | | | | | | |қазақша-орысша | | | | | | |баламалары. | | | | | | |Мақал-мәтелдерді кәсіби | | | | | | |тілде қолдану. | | | | | | |Л: | |1 | |2 |2 | | | | | | | | | | | | | | | |Г: Көнерген сөздер мен | | | | | | |неологизмдер | | | | | | |Л: | |1 | |2 |2 | | | | | | | | | | | | | | | |Г: Стиль туралы түсінік.| | | | | | |Стиль турлері | | | | | | |Л: | |1 | |2 |2 | | | | | | | | |Г:Ресми іс-қағаздар | | | | | | |стилі | | | | | | |Л: | | | | | | | | | | | | | |Г: Ғылыми стиль | | | | | | |лексикасы. Ғылыми | | | | | | |мәтіндердегі | | | | | | |терминдердің қолданысы. | | | | | | |Ғылыми және публицистика| | | | | | |лық стильде лебіз айтуға| | | | | | |дағдылану. | | | | | | |Л: | |1 | |2 |2 | | | | | | | | |Г: Публицистикалық | | | | | | |стильдегі сөз | | | | | | |қолданыстары | | | | | | |Л: | |1 | |2 |2 | | | | | | | | |Г: Сөзжасам. Сөзжасамның| | | | | | |тәсілдері. | | | | | | |Л: | |1 | |2 |2 | |Г: Туынды сөздер | | | | | | |Л: | |1 | |2 |2 | | | | | | | | |Г: Жалғаулардың түрлері | | | | | | |Қорытынды сабақ. Кәсіби | |1 | |2 |2 | |лексиканы жинақтау. | | | | | | |Тілдік практикаға | | | | | | |арналған жаттығулар, | | | | | | |семинар-тренингілер, | | | | | | |семестрлік жұмыс. Кәсіби| | | | | | |мәтіндермен жұмыс. | | | | | | |Барлығы | |15 | |30 |30 | 4 ДӘРІСТЕР 5 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР Практикалық сабақ №1 Сабақ мақсаты: Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру: 1. Жаһандану дәуірінде Қазақстан мемлекетінің қазіргі жай күйіне сипаттама беру; 2. Қазақ тіліндегі ең үлкен заңымыз үндестік заңынан өткенді еске тусіру, кәсіби тәжірибеде жүзеге асыру. Әдістемелік нұсқау Қазақстан жаһандану дәуірінде Жаһандану дегеніміз не? Орыс ғалымы В.М.Межуев «Жаһандану әлемдік қауымдастықтағы ұлттық мемлекеттер мен аймақтардың бір-біріне өзара тәуелділігінің артуы, олардың жалпыға ортақ экономикалық, саяси және мәдени ережелері бар бір жүйеге бірте-бірте тартылуы, интеграциялануы» деп атап көрсетеді. Оған ЮНЕСКО, компьютерлендіру бағдарламалары, ғарышты игеру, бүкіл әлемдік қуатты корпорациялар. Халықаралық сауда ұйымы, Халықаралық туристік ұйым сияқты, әлемдік қаржы институттары т.б. кіреді. Жаһандануды былай сипаттауға болатын сияқты. Бір ел мен екінші елдің арасындағы кедергілер азаяды, кең көлемде қауымдастық мәні мен мағынасы артады, ақпараттар беру ісі жеңілдейді, қаржылық, ақпараттық, салаларда біртұтас кеңістік жүйесі қалыптасады. Жаһанданумен бірге өркениетке өріс ашар жаңалықтар келіп жетті. Технология дамыды, модернизация құлаш жайды, ақпараттық кеңістік кеңейді. Өмір сүру салтымыз бен мінез-құлқымыз да өзгеріс нышандары байқалды. Дүниенің төрт қырымен байланыс күшейіп, орныға түсті. Қазір әлемдік қауымдастықта жаһандану үрдісі туралы оны жақтайтын және оны тіптен қабылдай алмайтын екі топ бар. Жақтаушылар, жаһандану нарық жүйесінде баға біркелкілігін жүзеге асырады, сондықтан, түбінде бағаның реттелуін, бірыңғай әрі салыстырмалы түрде төмен болуы мүмкіндігін алға тартады. Олардың пікірінше, жаһанданудың басты мақсаты – дамудың біркелкілігіне жету. Мысалы, бір елде жаңғыртылған іс екінші елде артта қалып қоюы жан-жақты тиімсіз. Егер бірнеше ел компьютер жүйесінің бір бағдарламасын ұстанып, екінші бір елдер екінші бағдарламасын ұстанса, олар бір-біріне қиюласпаса, байланыстың қай түрі болмасын қиындайтыны сөзсіз. Жаһандану – халықаралық қатынастарды біркелкілендіру. Халықаралық конвенциялар жүйесі қалыптасып, оған түрлі елдер мүше болып кіретін, соған сәйкес өздеріне түрлі міндеттемелер алып, құқықтарға ие болу – жаһанданудың нәтижесі. Қазақстан мемлекетінде өзге ұлттардың да мәдениетінің өркендеуіне баса көңіл бөлінгені жөн. Жаһандастыру да жергілікті мәдениетті сөзсіз бағындырып алуды немесе жойып жіберуді мақсат етпейді, бірге дамуды ұсынады. Компьютер бағдарламаларының ұлт тілінде сөйлеуі, интернет жүйесінде ұлт тіліндегі сайттардың пайда болуы осыған дәлел. 1-тапсырма. Мәтіннен ғылыми-көпшілік терминдерді табыңыз. 2-тапсырма. Мәтінде келтірілген мәселеге байланысты өз ойыңызды ортаға салыңыз. 3-тапсырма. Мәтін бойынша түсінігіңізді баяндаңыз. 4-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз. 1.... дегеніміз не ? 2. Орыс ғалымы В.М. Межеуов ... - деп атап көрсетеді. 3. Жаһандану – біркелкілендіру. 4. Қазақстан мемлекетінде .... баса көңіл бөлгені жөн. 5. Компьютер бағдарламаларыны..... осыған дәлел. Грамматикалық тақырыптар. ҮНДЕСТІК ЗАҢЫ (БУЫН, ДЫБЫС) Қазақ сөздерінің ішіндегі дыбыстар бір-бірімен үйлесіп құралады. Бұл үйлесім жеке сөздердің ішінде де, түбір мен қосымшалардың аралығында да, тіпті сөйлем ішіндегі сөздердің арасында да болады. Мұны ғылым тілінде үндестік заңы (уподобление звуков) дейді. Бұл қазақ тілінде дауысты дыбыстардың арасындағы үндесу (синграмонизм) және дауыссыз дыбыстардың арасындағы үндесу (ассимиляция) (үндесу заңы) деп аталады. Сингармонизм заңы – сөз ішінде, сөздер аралығында және түбір мен қосымшалардың арасында дауысты дыбыстардың бір-біріне тигізетін ықпалы. А) Қазақ сөздері жуан дауысты дыбыстан не буыннан басталса, сол сөз бен содан өрбіген сөздер аяғына дейін жуан болуы керек. Мысалы, бағдарлама+шы+лар+ға ұя-шық+тан Ә) Қазақ сөздері жіңішке дауыстылардан, не буындардан басталса, сол сөз бен содан өрбіген сөздер аяғына дейін жіңішке болуы керек. Мысалы, тақта-ның түйме-ше+лер+дің Бұлардан басқа есте мықты ұстап, сөзді қатесіз, өз үйлесімімен айту үшін қолданылатын сингармонизм заңы бар. Мәселен, сөздің басында еріннің қатысуымен айтылатын о,ө, ұ, ү ерін дауыстылары келсе, олардан кейін келетін езулік дауыстыларға жақындап айтылады, бірақ ол жазуда сақталмайды. Мысалы, орын-айтуда: орұн; өзен – айтуда: өзөн; күрек-айтуда: күрөк. Сөйтіп, о дыбысынан кейін келген ы дыбысы айтуда ұ-ға жақындап айтылады; ал е ө-ге, і ү-ге жуықтап айтылады. Жазуда бұлар алғашқы қалпында жазып, айтқанда соңғы жазылғандай етіп айту керек. Ықпал (ассимиляция) – дауыссыздарда болатын үндестік заңы. Бұл заңдылық бір сөз ішінде, түбір мен қосымшалардың аралығында, тіпті бүтіндей сөйлем ішінде сақталуға тиісті заң. Қазақ тілінде мұның екі түрі бар: ілгерінді (ғылым тілінде прогрессивті) ықпал және кейінді (регрессивті) ықпал. Ілгерінді ықпал (Прогрессивная ассимиляция) а) Егер түбірдің соңғы дыбысы ұяң (звонкие) ж, з болса, оған жалғанатын қосымшаның басқы дыбысы да ұяң болып келеді. Мысалы, қыз+дар, қаз+дар т.б. ә) түбірдің соңғы дыбысы қатаң (глухие) және орыс тілінен енген сөздердегі б, в, г, д дыбыстарына аяқталып тұрса, оған жалғанатын қосымшалар да қатаң дыбыстардан басталады: университет+ке, студент+пін т.б. б) Түбірдің соңғы дыбысы дауысты (гласные) не үнді (сонорные) болып келсе, оған жалғанатын қосымшаның басқы дыбысы көбінесе ұяң (звонкие) не үнді болып келеді: оқытушы+ға, инженер-ге, бағдарламашы+мын т.б. Кейінді ықпал (Регрессивная ассимиляция) Егер сөздің соңғы дыбысы қатаң к, қ, п дыбыстарының біріне аяқталып, жалғанатын қосымша дауысты дыбыстардың бірінен басталса, оған қ ғ-ға, к –г- ге, п б-ге айналып кетеді. Мысалы, ұяшық + ы – ұяшығы қорап +ы – қорабы жүрек +і - жүрегі Бұл құбылыс сөз тіркестерін айтқанда да, біріккен сөздердің аралығында да байқалады. Айтуда болмаса, жазуда бұл ескерілмейді. Мысалы, керек екен (айтылуы: керегекен), ақ ешкі (ағешкі) т.б. 5-тапсырма. Төменгі сөз және сөз тіркестерінен буын үндестігін табыңыздар. Жаһандану, әлемдік қауымдастық, ұлттық мемлекеттер, аймақтар, тәуелділік, жалпыға ортақ, саяси, мәдениет, ережелері, бір жүйе, бағдарламалар, ғарышты игеру, бүкіләлемдік сауда ұйымы, туристік ұйым, әлемдік ұйым, әлемдік қаржы, кедергі, ақпараттар, қаржылық, біртұтас, кеңістік жүйесі, жаһандану үрдісі, нарықтық жүйе, халықаралық қатынастар, біркелкілендіру. Тоғыспалы ықпал (Прогрессивно-регрессивная ассимиляция) Сөз бен сөз аралығында қатар келген дыбыстардың бір-біріне ілгерілі-кейінді ықпал етуінің нәтижесінде екеуінің де өзгеріске ұшырауы тоғыспалы ықпал деп аталады. Қазақстан – менің отаным Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында 1992 жылғы 4 маусымда қабылданған мемлекеттік нышандарымыздың төл тарихы тым әріде жатыр. Біз сонау ықылым заманнан бері байрақты елміз. Халқымыздың бостандық сүйгіш өр рухы оның эт-нографиялық-мәдени нышандарында жарқын көрініс тауып отырған. Ту көтерген батыр бабалар бейнесі сонау ерте замандарда жартаста сызылған суреттерде айқын бейнеленген. "Көк асаба" аталған көне байрақ түсі исі түркі халықтары кие тұтқан көк аспан әміршісінің белгісіне баланса, түркілердің тағы бір табынары - көк бөрі бейнесі де тудағы таңбаға айналған. 1. Мәтінді жоспар бойынша айтып беріңіз. 2. Берілген сөздерді түсіндірме сөздіктен тауып, мағынасын түсіндіріңіз. Нышан, айшық (-талган), қоректік, шипалық,, мегзейді, әрлендіру, бедерлеу, киелі. 3. Төменгі сөздердің жуан, жіңішкелігін анықтап, қосымша жалғаңыз. Университет, факультет, республика, президент, турист, агент, заңгер, компьютер, техника. №1 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары Сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Жаһандану дегеніміз не ? 2. Жаһандану біздің елде қалай жүріп жатыр ? 3. Жаһандану кезінде қоғам дамуы қандай жағдайда болады ? Практикалық сабақ №2, 3 Білім де бәсекеге түседі. Лексика және лексикология ұғымы туралы. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы. Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №2, 3 Сабақ мақсаты: Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру: 3. Бүгінгі таңдағы білім мен ғылымды бағыттау және халыққа білім беру реформаларынан мағұлмат алу; 4. Сөздің тура ауыспалы мағынасы тақырыбынан өткенді қайталау және кәсіби тәжірибеде қолдану. Әдістемелік нұсқау Білім де бәсекеге түседі XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды бағыттау мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Себебі ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі білім беру бүгінгі күннің басты талабы. Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, өз кәсібін терең түсінетін өзінің білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін мамандар қажет. Қазір халыққа білім беру реформасы ғылыми негізіне сүйенген пәнді оқытудың жоғары деңгейімен қамтамасыз етуді міндеттеп отыр. Соның ішінде дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің алтын қорына өлшеусіз үлес қосқан әл-Фараби бабамыздың педагогикалық мұрасы да телегей-теңіз мол дүние. Данышпан ойшыл: «Адам деген ардақты атты лайықты алып жүруден артық бақыттылық жоқ. Әлемде жаман мен жақсыны, адамның ақылы ғана ажыратады» деген болатын. Білімді болу деген сөз – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген сөз, білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады. Сонымен қатар ғұламалар болашақ жастардың білімді болуы өзінің сана- сезіміне, зейініне, дара қасиеттеріне, ақыл-ойына, жауапкершілігіне байланысты екенін дәлелдеген. Біздің елімізге мемлекетімізді көркейтіп, өркендететін жас мамандар керек. Сол үшін біз түрлі ғылымды меңгеріп, оны өз болашағымызға, мемлекетіміздің көркеюіне пайдалануымыз керек. (Егемен Қазақстан газеті, 2008 ж). 1-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсініп алыңыз. Ғылымды бағыттау, басты нышан, халықтың болашағы, білім беру, басты талап, білім беру реформасы, ғылым мен мәдениет, алтын қор, білімді болу, қабілет, ғұламалар, дарын, зейін, ақыл-ой, жауапкершілік. Грамматикалық тақырыптар. ЛЕКСИКА ЖӘНЕ ЛЕКСИКОЛОГИЯ ҰҒЫМЫ ТУРАЛЫ СӨЗДІҢ ТУРА ЖӘНЕ АУЫСПАЛЫ МАҒЫНАСЫ Лексика – тілдегі сөздік құрамды, сөздердің толық жиынтығын береді. «Лексика» терімсөзі кейде жеке кісінің лебізіндегі сөздік қоры, жеке көркем шығарманың немесе жазушының сөздік қоры деген тар мағынасында да жұмсалады. Сөз жүйесінің негізгі міндеті – тілдің сөздік құрамын, сөздің ішкі терең мағынасы мен мәнін, лебіздегі қолданыс ерекшелігінің ішкі заңдылықтарын, лексика-семантикалық және категориялық қарым-қатынастарын (көпмағыналық, синонимдік, омонимдік, антонимдік, конверсиялық), қазақ сөздерінің қалыптасуын (төл сөздер мен кірме сөздер), қолданыс аясын (көне және жаңа сөздер, диалектілік және терімсөздер т.б), фразеологизмдерді ғылыми саралап, жүйелеу. Тіл мен лебіз – негізгі бірлііктері бір-бірімен тығыз байланыста болатын жүйелі құрылым. Сондықтан, дыбыс, сөз, сөйлем, мәтін – бүтіннің ажырамас бөлшектері. Сөз мағынасы өзгеріп, дамып, кеңейіп отыратын өте күрделі құбылыс. Осымен байланысты сөздің тура және ауыспалы мағынасы болады. Сөздің айтушы мен тыңдаушыға ортақ мәндегі бір ұғымды білдіруі оның тура мағынасы деп аталады. Ол кейде сөздің негізгі мағынасы түрінде де атала береді. Мысалы, адам, қол, шөп, кел т.б. осы сияқты сөздерді жеке алғанда да, сөйлем ішінде үнемі білдіретін ортақ мағынасын келтіруге болады. Сөздің ауыспалы мағынасы деп оның тура мағынасынан дамып, өрбіп кейін қосылған мағыналары аталады. Мысалы, Сен менің оң қолымсың (ты моя правая рука), қолы жеңіл (легкая рука), үйдің қабырғасы (стена дома) т.б. 2-тапсырма. Жақшаны ашып, сөз тіркесін құраңдар. Орыс тіліне аударып, сөздің мағыналарына назар аударыңдар. Қалың (киім, дәптер, бет), суық (су, сөз, қару, хабар), қара (қарындаш, ниет, жүрек), адал (қызметкер, ас, жүрек, дос). 3-тапсырма. Берілген тіркестер құрамындағы сөздерді тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай бөліп жазыңдар. 1. Жақсы сөз, жақсы адам, жақсы ой, жақсы күн, жақсы студент, жақсы өмір. 2. Терең сай, терең білім, терең құдық, терең су, терең сезім. 3. Долы, дауыл, долы күш, долы жел, долы адам, долы теңіз. 4-тапсырма. Мақалдарды оқып, ауыспалы мағынадағы сөзі бар мақалдарды теріп жазыңдар. Ғаламның шырағы – күн, адамның шырағы – білім. Сөз де кілт, көңіл құлпын ашады. Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы. Адал достық алтыннан қымбат. * * * Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген сөз. Әл-Фараби Шын білім – әрдайым ақиқат, анық болатын білім. Әл-Фараби Адамды дәреже жеткізбейді, білім жеткізеді. Ә.Жами Білімнен қуатты күш жоқ, біліммен қаруланған адам жеңілмейді. М.Горький № 2, 3 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары Сұрақтарға жауап беріңіз. 1.Білім қалай бәсекеге түседі? 2. Ұлттық кадрлар қандай болуы керек? 3. Білімді болу деген не? 4. Жас мамандар қандай болуы қажет? Практикалық сабақ №4 Диалект және кәсіби сөздер. Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №4 Сабақ мақсаты: Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру. Диалект сөздер мен кәсіби сөздерден өткенді қайталау. Әдістемелік нұсқау МӘТІН ӨЗ МАМАНДЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ?????? Грамматикалық тақырып: ДИАЛЕКТ ЖӘНЕ КӘСІБИ СӨЗДЕР (СЛОВА ДИАЛЕКТЫ И ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЕ СЛОВА) Тілде сөздерді қолданылу ерекшеліктеріне қарай: жиі қолданылатын сөздер (актив лексика), сирек қолданылатын сөздер (пассив лексика) деп бөледі. Алғашқы топқа жалпыхалықтық лексикадағы, барлығымызға түсінікті сөздер кірсе (мектеп, қала, көше, кітап, қол), сирек қолданылатын сөздерге диалект сөздер, кәсіби сөздер мен терминдер кіреді. Белгілі бір жердегі (аймақ, облыс, аудан) тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздерді диалект сөздер дейміз. Диалект сөздердің басым көпшілігінің әдеби тілде баламалары болады. Мысалы, шалбар – сым (оңтүстікте), денелі – жоян (шығыста), орындық – тақ (солтүстік облыстарда). Диалект сөздердің фонетикалық, лексика-семантикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері болады. Бәдірен-әгүршік – қияр (огурец); Бақыр –шелек (ведро); Шыны, пиала – кесе (чаша для чая); Шақпақ, күкірт, шырпы – сіріңке (спичка) т.б. Белгілі бір кәсіп, шаруашылық саласы адамдарына ғана түсінікті, солардың өз ортасында ғана қолданылатын сөздер кәсіби сөздер деп аталады. Балық аулау кәсібіне байланысты сөздер (слова связанные с рыболовным ромыслом): табан (лещь), шортан (щука), бекіре (осетр) т.б. Ауыл шаруашылығына байланысты сөздер (слова связанные с сельским хозяйством): шабу (косить), шалғы (коса), орақ (серп), мал жаю (пасти скот), қой қырқу (стрижка овец) т.б. КӘСІБИ СӨЗДЕР Кәсіби сөздер стилистика мәселесімен тығыз байланысты. Кәсіби лексиканың қолданылу аясы кең. Лексиканың бұл саласында белгілі бір аймаққа ғана тән кәсіп түрлерімен, мысалы көмір өнеркәсібімен, мақта өсірумен, балық шаруашылығымен байланысты сөздер, термин ыңғайындағы әр түрлі атаулар жатады. Бұлар стиль түрлерінің қай-қайсысында да азды-көпті кездесіп отырады. Әсіресе белгілі бір аймақтағы жергілікті халықтың күнделікті ауызекі тілінде және сол облыстыңгазет тілінде жиі қолданылады. Кәсіби лексика элементі белгілі бір көлемде әдеби шығармалардан да байқалады. Кәсіби лексиканың әр кезгі даму көрінісін белгілі дәрежеде көркем әдебиет стилінен де көруге болады. Мысалы, штрек, лава, уклон, креп дегендер сол 1920-30 жылдарды жиі кездесіп отырады. Бірақ халық шаруашылығының неше алуан саласындағы, атап айтқанда ғылым мен техникадағы, сондай-ақ өзге де кәсіп түрлеріндегі күнделікті өзгеріске сәйкес бұлардың кейбірі қолданудан шығып қалды не оларға жаңа атаулар қосылды. Кәсіби лексика публицистикалық стильде де мысалы, түрлі қолжазбада, очеркте т.б. қолданылады. Автор оны мұнда да сол суреттеліп отырған уақиғаны оқушының көз алдына нақтылы түрде, дәл елестету үшін пайдаланады. Қазақ тілінде кәсіби сөздер әр-алуан қаулы қарада, есеп документтерінде, анықтама-мәләмет қағаздарында, яғни ресми кеңсе стилінде де кездесіп отырады. Олар сондай-ақ ғылыми стильде де, атап айтқанда, арнаулы зерттеу еңбектердің тілінде де қолданылады. №4 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары 1. Шығыс Қазақстан аймағына қатысты диалект сөздерді теріп жазу (30 сөз және түсініктеме беру). 2. Өз мамандықтарына қатысты кәсіби сөздерді жазып, сөйлем құрастыру (30 сөз және сөйлем). Практикалық сабақ №5 Жалпылама қолданылатын терминдер мен сөздер. Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №5 Сабақ мақсаты: Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру. Жалпылама сөздердің қолдану аясын анықтау, терминдерді қолданыс аясына талдау жасау. Әдістемелік нұсқау Грамматикалық тақырып. ЖАЛПЫЛАМА ҚОЛДАНЫЛАТЫН СӨЗДЕР МЕН ТЕРМИНДЕР (Общеупотребляемые слова и термины) Бір тілде сөйлейтін адамдардың бәріне түсінікті ортақ сөздерді жалпылама қолданылатын сөздер дейміз. Жалпылама лексика адам баласының күнделікті тіршілігіне қажетті заттар мен құбылыстарды, әрекеттерді және т.б. ұғымдарды атайды. Мысалы, су, ауа, тамақ, үй, нан т.б. Жалпылама қолданылатын сөздер тура мағынасында жұмсалады. Терминдер – ғылым, техника, өндіріс т.б. салаларындағы ұғымдар мен жеке сөздердің атаулары. Терминдер тек тура мағынада қолданылатындығымен ерекшеленеді, мағына үнемі тұрақты болады. Терминдерді арнаулы сөздер деп те атайды. Бұларда стильдік бояу болмайды. Термин сөздердің жасалу жолдары: 1. Қазіргі қазақ тіліндегі терминдер орыс, араб, еуропа тілдерінде қалыптасқан үлгісінде жұмсалады: мәтін, квадрат, синоним, эпос, поэзия т.б. 2. Қазақ тілінен балама табу арқылы: хаттама (протокол), нарық (рынок), ғарыш (космос) т.б. 3. Сөздерді біріктіру арқылы жаңа термин жасалады: төлқұжат (паспорт), әнұран (гимн) т.б. Терминдердің ұғымы мен мағынасы Сөздің лексика-семантикалық топтарының бірі арнаулы лексика. Қоғамдағы әр түрлі кәсіп пен қызмет салаларына негізделген, шектеулі қолданысқа ие сөздер-арнаулы лексика ретінде танылады. Ғылым, техника, өндіріс, ауыл шаруашылығы, басқару органдары, мәдениет пен өнер, әскери атаулар т.б. - арнаулы лексиканы құрайды. Ол термин сөздер мен кәсіби сөздерге бөлінеді. Терминдер табиғатына тән нәрсе - бірмағыналылық, дегенмен бірмағыналылықты сақтау барлық жағдайда мүмкін бола бермейді, өйткені төл тілдік бірліктер арқылы термин жасау барысында, лебіздегі оның алғашқы негізгі мағынасы қолданыста болады. Термин сөздердің негізгі ерекшелігі - ғылым мен техника саласы бойынша белгіленген ұғымның атауы болады, ерекше анықтамасы беріледі; логикалық жүйеге негізделген нақты семантикасы, лебізде келісілген қолданысы болады. Яғни термин сөз бен оның таңбалап тұрған ұғымы арасында үлкен танымдық байланыс болады. Терминнің мазмұны - оның әуелгі терімсөздік түсінігі де, мағынасы - термин ретіндегі сипаты.Терминнің мағынасы мен мазмұны сәйкес келіп, бір-бірін анықтап, мағына мазмұнын ашуы тиіс. 1-тапсырма. Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрыңыз. Өзгеріс, құбылыс, дарынды, қабілет, тұлға, жантану, қызу, тілалғыш. 2-тапсырма. Өз мамандығыңызға қатысты термин сөздерді теріп, анықтама беріңіз (50 термин сөз). №4 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары Практикалық сабақ №6 Кірме сөздер. Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №6 Сабақ мақсаты: Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру: 1. басқа тілден енген сөздер туралы өткенді қайталау, кәсіби тәжірибеде қолдану. Әдістемелік нұсқау Грамматикалық тақырып. КІРМЕ СӨЗДЕР Басқа тілден енген сөздерді кірме сөздер дейміз. Өз тарихында қазақ халқы көптеген елдермен қарым-қатынас жасап, аралас-құралас болғаны мәлім. Соның нәтижесінде араб, парсы, моңғол, орыс тілдерінен қазақ тіліне көптеген сөздер енген. Керісінше, қазақ тілінен де көптеген сөздер енді. Мысалы, араб және парсы тілінен енген адам, әлем, ғылым, қоғам, мектеп, тарих, әдебиет, мәдениет, емтихан т.б.сөздер бар. Моңғол тілінен ел билеуге байланысты ұлыс, нөкер, жасақ, аймақ, жарлық сөздері енген. Ал орыс тілінен қазақ тілінен жәшік, тәрелке, керуерт, бөтелке, бәтеңке, кәмпит, сөмке т.б. Латын тілінен: лекция, республика, министр, операция. Неміс тілінен: орден, штурм, рота, кран. Француз тілінен: жюри, батальон, дуэль, гарнизон. Ағылшын тілінен: бокс, вагон, вокзал, митинг. Соңғы жылдары кірме сөздердің біразы қазақшаға аударылды: Самолет –ұшақ, вертолет –тікұшақ, коллектив –ұжым т.б. 1 тапсырма. Өз мамандығыңызға қатысты мәтіннен кірме сөздерді теріп жазыңыз. 2-тапсырма. Қазіргі тілімізге басқа тілден енген сөздердің көпшілігі компьютер мен экономикаға қатысты 10 сөзге қосымша жалғап, сол сөздермен сөйлем құраңыздар. №6сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары Өлеңді жаттап алыңыз, түсінгеніңізден жазбаша мәлімет беріңіз. Өнер – білім бар жұрттар Тастан сарай салғызды Айшылық алыс жерлерден Көзді ашып-жұмғанша Жылдам хабар алғызды Білімді жиды жалықпай Суда жүзді балықтай Біз болмасақ, сіз барсыз Желкілдеп өскен жас ұрпақ Сіздерге бердім батамды-ай. Ы.Алтынсарин Практикалық сабақ №7 Фразеологизмдер. Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №7 Сабақ мақсаты: Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру: 1. . Лексикалық мәтінге толық талду жасаңыз, жаңа сөздерді жаттап алыңыз; 2. Фразеологизмдерден өткенді қайталау, берілген тапсырмаларды орындау. Әдістемелік нұсқау Грамматикалық тақырып. ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР Фразеологизмдер – тұрақты тіркескен, құрамындағы сөздердің орындарын ауыстыруға болмайтын, лексикалық толық мағына беретін сөз тіркестерінің бір түрі. Фразеологизмдер сөздің көркемдік мәнерін арттырады. Сондықтан көркем әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Мысалы, ұзын құлақ – хабар (молва, весть, слухи), құлақ салу – тыңдау (слушать), құлағым сізде – тыңдап тұрмын (слушаю Вас), он саусағынан өнер тамған – шебер (мастер на все руки), қой аузынан шөп алмас – момын немесе жуас (тихий, мухи не обидет), қас пен көздің арасында – жылдам, лезде, тез (мгновенно, быстро) т.б. Мақал-мәтелдер Мақал-мәтелдер тұрақты тіркестер сияқты аз сөзбен көп мағына білдіреді. Мақал-мәтелдер сөйлеу барысында жасалмай, бұрыннан қалыптасқан даяр қалпында қолданылады. Мақал – тәрбиелік мәні бар, ақыл-нақыл сипатында айтылатын сөздер тобы. Мәтел – ой-пікірді бейнелеп, тұспалдап, ишаралап тұратын сөздер тобы. Қызым саған айтам, келінім сен тыңда. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы мынада: Мақалдың мазмұнында себебі мен салдары қатар айталады, ал мәтелде істің салдары айтылып, себебі айтылмай қалып қояды. 1-тапсырма. Достық, сыйластық туралы айтылатын 10 мақал жазыңыз. 2-тапсырма. Жаттап алыңыз, ситуациялық жағдаят құрыңыз. Ақ сөйле – говори правду, ақылынан адасу – сходить с ума, ала ауыз болу – быть в разногласии, алып қашты сөз – слухи, арзан қол – дешевый, ат құлағында ойнау – лихо скакать на коне, атар таң көрер күн жоқ – невыносимые условия жизни, ат басын тіреу – остоновиться для отдыха, ата жау – кровный враг, аталы сөз – слово-назидание, атам заманнан – издавна, аты жер жару – стать очень знаменитым, қол ұшын беру – оказывать помощь, аузы ауызына жұқпау – говорить очень быстро, ауызы ауыр – неразговорчивый, аузы берік – держать язык за зубами, аузына қарату – завоевать, всеобщее уважение, аяғын аспаннан келтіру – побеждать в споре, ашса алақанында, жұмса жұдырығында – добиваться полного подчинения, ауызыңа май, астыңа тай – да сбудутся твои слова. 3-тапсырма. Тұрақты сөз тіркестерін тауып, сұхбатты аударыңыз. - Қайрат, сен өзің ақылыңнан адасқансың ба? - Неге олай дедің ? - Жолдастарыңмен ала ауыз болып не көрінді? - Кімнен естідің ? - Бәрі айтып жүр ғой. - Оның бәрі алып қашпа сөз, сенбе. Алмат, аталы сөз бар емес пе? Көзің жетпейінше ешкімді кінәлауға болмайды. - Қайрат, рас айтасың. - Мен аузым берік адаммын, болған істі ешкімге айтпаймын. Ал олар айналасын ауызына қаратқысы келеді, ашса алақанында, жұмса жұдырығында болса деп ойлайды. Бұл – үлкен қателік. Олар дұрыс жолмен жүрсе игі еді. Мен ешкімге жаманшылық тілемеймін. Қайта қиыншылықта қол ұшымды берсем деймін. - Дұрыс, Қайрат. Сендей кешірімді адамдар көп болса екен! 4-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз. Вожак — самый авторитетный член группы, обладающий даром внушения и убеждения. На других членов группы он влияет словом, жестом, взглядом. Греки во времена Гомера считали, что вожак должен обладать мудростью Нестора, справедливостью Агамемнона, хитростью Одиссея и энергичностью Ахилесса. На протяжении XX в. проводились многочисленные исследования индивидуальных качеств преуспевающих руководителей. Так, американский исследователь Р. Стогдилл предложил следующий перечень качеств руководителя — вожака: 1) физические качества — активный, энергичный, здоровый, сильный; 2) личностные качества — приспособляемость, уверенность в себе, авторитетность, стремление к успеху; 3) интеллектуальные качества - ум, умение принять нужное решение, интуиция, творческое начало; 4) способности — контактность, легкость в общении, тактичность, дипломатичность. * * * Тәрбиелік мәнін ашыңыз. Бір елдің бас әкімі өзіндей бір баймен жолығысып сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы кедей өтеді. Ол өтіп бара жатып иіліп бас ұрып сәлем берді. Оған қарсы әлгі үлкен онан да төменірек иіліп сәлем алады. Қасындағы бай: - Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз, қайдағы бір кедейге неге сонша иілдіңіз? – деп сұрапты. Сонда әкім: - Ешбір ілім үйренбеген кедей сонша иіліп әдептілік көрсеткенде мен онан да әдепсіз болып қалайын ба ? – депті. №7 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары Мақалдарды қазақшадан орысшаға аударыңыз. Құс патшасы – бүркіт Аң патшасы – арыстан Сөздік Құс-птица Аң – зверь Жалқаулық – жаман ауру Сөздік Жаман ауру – скверная болезнь Жігіт адамға жетпіс өнер де аз Сөздік Өнер – ремесел Жігіт көркі – өнер Сөздік Көркі – честь Білімнің басы – бейнет, соңы – зейнет. Сөздік Бейнет – трудный Зейнет – сладкий Ұстаздан шәкірт озар Сөздік Сыйла – почитай Күш – білімде, білім – кітапта Сөздік Күш – сила Кітапта – в книгах Орысшадан қазақшаға аударыңдар Если и золото нашел, пересчитай Сөздік Нашел – тапсаң Пресчитай – санап ал И вода счет любит Сөздік Счет любит – сұрауы бар Умный честь свою оберегает, Скупой скот свой оберегает Сөздік Оберегает –қорғайды Умный –ақылды Скупой- сараң Скот-мал Многословие – көп сөз Молчание – золото Сөздік Многословие – көп сөз Молчание – аз сөз Говори редко, но метко Сөздік Редко –аз Метко-саз, діл Молчание от самой большой беды оберегает Сөздік Молчание – үндемеген Большой беды- үйдей пәледен Избавляет - құтылады Практикалық сабақ №8 Көнерген сөздер мен неологизмдер. Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №8 Сабақ мақсаты: Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру: 1. Көнерген сөздердің анықтамасын жаттап алыңыз, берілген тапсырмаларды орындаңыз. Грамматикалық тақырып. КӨНЕРГЕН СӨЗДЕР МЕН НЕОЛОГИЗМДЕР Қоғам дамуына орай тіліміздегі қолданыстан шыққан сөздер көнерген сөздер деп аталады. Көнерген сөздер мағынасына қарай екі түрге бөлінеді: 1. Тарихи сөздер – қолданылған дәуірі өтіп, ескі заманның өзімен бірге көнерген тарихи атаулар. Тарихи сөздерге ел басқарумен байланысты атаулар: хат, патша, уәзір, би, аға сұлтан т.б. қазір пайдаланылмайтын қару-жараққа қатысты сөздер: садақ, жебе, найза т.б. 2.Архаизмдер – халықтың тұрмыс-тіршілігіне, салт-сана, әдет-ғұрпына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп кеткен сөздер. Мысалы: сәукеле, кебеже, күпі т.б. Кейбір көнерген сөздердің қайтадан жаңаратын кездері де болады. Мысалы, кеңес дәуірі кезінде қолданудан шығып қалған діни сөздер: имам, мешіт, ораза, айт, құран т.б. Сөздік қорға жаңадан енген сөздер неологизмдер деп аталады. Жаңа сөздердің тууының екі түрлі себебі бар: 1) қоғамның дамуымен бірге енген жаңа ұғымдарға сай жаңа сөздер пайда болады; 2) тілдің қолданыс аясының кеңеюіне байланысты тілімізде бұрыннан қалыптасқан кірме сөздердің орнына жаңа аталымдар қолданылады. Мысалы, космос, космонавт деген сөздер алғаш пайда болған кезде жаңа сөздер болатын. Кейін бұл сөздер ғарыш, ғарышкер болып жаңа сөздер болып есептеліп жүр. 1-тапсырма. Газет-журнал беттерінен жаңа сөздерді теріп жазыңыздар. 2-тапсырма. Төмендегі сөздермен сөйлем құраңыз. Қиял, зейін, үнтаспа, мешіт, жолсерік, зейнетақы, жеделхат, дәрісхана, сәукеле. Әдістемелік нұсқау 1. Мәтінді оқып, қысқаша мазмұнын айтып беріңіз. 2. Мәтінді азат жол бойынша мағыналық топтарға бөліп, жоспар құрыңыз. 3. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып диалог құрастырыңыз. Тақырыбы: "Астана қаласына сапар". Сапар, жолсерік, кешендер, құрылыс, Есіл өзені, тарихи маңызды, кең әрі түзу көше, сәулетті ғимарат. Психология тарихының даму кезеңдері Психология өз алдына ғылым ретінде ХІХ хасырдың 60 ж. бөлініп шықты. Оған себеп болған ғылыми-зерттеу мекемелері-психологиялық лабораториялар және институттар, жоғары оқу орындарындағы кафедралар сонымен қатар пихикалық құбылыстарды оқып-білуге байланысты экспериментті насихаттау жұмыстары. 1879ж Лейпцигте Вундт алғаш рет дүние жүзінде экспериментальды психологиядан лаборатория ашты. ХҮІІІ ғ.” Психология” терминін неміс философы Христиан Вольф кіргізді. Психологияның ғылым ретінде даму жолдары нақты кезеңдерден тұрады. 1-ші кезең ( б.з.дейінгі 5ғ. ). Психология жан туралы ғылым ретінде. Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б.з.д. 384-322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т.б.) аралас, астарласа дамып келді. XIX-ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял т.б.) эксперимент жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірбиелік ғылым ретінде дамыды. Психология ғылымының тарихы да біріне- бірі қарама-қарсы (материализм, идеализм) жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшыларының бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (б.э.д. 427-347) керісінше “жан- мәңгі өлмейді, өшпейді”,- деп тұжырымдады. Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе, орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) дүние-материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225-1274ж.ж.) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік берді. 2-ші кезең Психология сана туралы ғылым ретінде. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы философтар психиканы түсінудің методологиялық алғы шарттарының негізін қалады, оның психологияның өз алдына білімнің жеке саласы ретінде қалыптасуына ықпалы тиімді. Р.Декарт (1596-1650 ) жануарлар мен адам психикасына әр түрлі қаруды белгілейді. Оның теориясы бойынша, жануарлардың жаны жоқ олардың мінез-құлқы, сыртқы әсерге рефлекс болып табылады. Д.Локк (1632-1704) сенсуализмнің – ақыл-ой жүйесінде сезім мүшелері арқылы өтпейтін еш нәрсе жоқ дейтінді уағыздайтын философиялық бағыттың аса көрнекті өкілдерінің бірі. Ғалым психикалық іс-әрекет механизмін ассоциациялардан, яғни жеке түсініктер мен идеялар арасындағы байланыстардан көреді. Д.Локк сананы өзімен-өзі тұйықтап, сана туралы ілімде іс жүзінде декарттық тұрғыда қалып қойды. 3-ші кезең. Психология іс-әрекет туралы ғылым ретінде. 1913 жылы американ психологы Д.Уотсонның психологияны мінез-құлық жөніндегі ғылым деп қарастырған кітабы жарық көрді. Бихевиористердің пікірі бойынша психология сананы, оның мазмұны мен қызметін зерттеуден бас тартуға тиіс. Ғылым тек объективті түрде байқауға болатын және әр кім үшін белгілі, яғни мінез –құлықты зерттеуі қажет. Зерттеу п.әні өзгерді /сананың орнына мінез- құлық алынды/, сөйтіп жаңа ғылыми тіл пайда болды. “Сана”, “түйсік” “қабылдау”, “ерік ”деген және басқа терминдер ғылыми мазмұны жоқ сөздер ретінде жоққа шығарылды. “Стимул” (сыртқы орта қоздырғышы) “реакция ” (организмнің қозуға қайтаратын жауабы) және стимул мен реакция арасындағы “байланыс” (ассоциация, коннексия) негізгі психологиялық ұғымдарға айналды. Сондықтан да бихевиоризмді көбінесе стимул-реактивті теория немесе С-Р ассоциационизмі деп атайды. Психологиялық зерттеулердің мақсаты – ортаға бейімделуге бағытталған мінез-құлықтың принциптерін зерттеу. 4-ші кезең. Психология ғылым ретінде психиканың фактілерін, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейді. Сыртқы әсердің адамның ішкі ерекшеліктері арқылы өңін өзгертуі көптеген жағдайларға оның жас мөлшеріне, білім деңгейіне, белгілі бір сыртқы әсерге бұрыннан қалыптасқан қарым-қатынасына, белсенділік деңгейіне және,ең бастысы,қалыптасқан дүниетанымына тәуелді. Сонымен психиканың мазмүны реалды, бізге тәуелсіз және өмір сүретін заттардың, құбылыстардың, оқиғалардың ақиқат бейнесі (яғни, объективті дүниенің бейнесі) болып табылады. №8 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары 1. Өз мамандығыңызға қатысты тақырыпта шағын эссе жазыңыз. Практикалық сабақ №9, 10, 11, 12 Стиль туралы түсінік. Стиль түрлері. Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №9,10, 11, 12 Сабақ мақсаты: Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру: 1. Стилистика іліміне сипаттама беру. Әдістемелік нұсқау Грамматикалық тақырып. СТИЛЬ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. СТИЛЬ ТҮРЛЕРІ Стиль терминінің мазмұны кең, оның жұмсалатын орны көп. Стилистика – стиль туралы ілім. «Стиль» деп белгілі бір жалпыхалықаралық тілдің ауқымындағы тілдік қатынас құралдарының қолданылу, сұрыпталу және тіркесу тәсілдерінің қоғамдық айқындалған, қызмет жағынан сәйкестендірілген, іштей топтасқан жиынтығын айтамыз. Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық, фонетикалық тәсілдерінің қолданылу принциптерін айтамыз. Қазіргі әдеби тілі қолданылуы тұрғысынан бес стиль саласына бөлінеді. Ауызекі, сөйлеу стилі, ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық және көркем. Стильдің бұл тармақтары әуелі бір-біріне қарама-қарсы қойылатын ауызекі сөйлеу түрі мен кітаби түрі болып ажыратылады. Ауызекі сөйлеу стиліне тән нәрсе – адамдардың бір-бірімен қарым- қатынас жасауы болса, кітаби стильдерге тән нәрсе – хабарлау қызметі болады. Ауызекі сөйлеу стилі әдетте таныс адамдармен еркін әңгімеде қолданылады. Міндеті – қарым-қатынас. Сөздерді, сөйлемдерді таңдауда еркіндік беріледі. Ғылыми стиль – ғылыми еңбектер, лекция, баяндамаларда жұмсалады. Сөйлеуде жалпылама – дерексіз, логикалық, дәлелдеу жағы басым. Тіл тәсілдері: жалпы және дерексіз мәндегі бейтарап, кітаби сөздер, ғылыми терминдер. Көркем стиль – көркем шығармаларда жұмсалады. Тілдік тәсілдері нақты, ауыспалы мағыналы сөздер болып, сөйлеу әдетте бейнелі, жанды, әсерлі, сезімді болады. Публицистикалық стиль – газет, журнал, жиналыстарда пайдаланылады. Сөйлеу қызулы, ұранды болып, көпшілікке ықпал жасау, қоғамдық істерге адамдардың дұрыс қатынасын қалыптастыру міндетін атқарады. Ғылыми стиль лексикасы Ғылыми стиль - функционалдық стильдің тілдік белгілерімен сараланатын айрықша бір түрі. Ғылыми стиль жазба стильге жатады, оған әр ғылым саласында жазылған ғылыми еңбектер, зерттеулер, оқулықтар кіреді. Ғылыми стильдің өзіне тән құрылымдық жүйесі болады. Олар: ғылыми мәтін, олардың құрылысы, авторлық бағалау, ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттері, ғылыми мәтіннің құрылысының сыртқы элементтері, кіріспе, бөлім, әр бөлімнің түйіндемелері, қорытынды сияқты белгілі жүйелілік сатыдан тұрады. Ғылыми стильдің ірі және шағын жанрлары болады. Ірі жанрларына жеке автордың және ұжымдық ғылыми ебектер жатады: диссертация, энциклопедия, сөздік, оқулық, оқу құралы.Ғылыми стильдің ұсақ жанрларына мақала, реферат, тезис,рецензия т.б. жатады. Ғылыми стильдің лкесикасындағы ерекшелік сөз тек өзінің мағынасында жұмсалады. Ғылым салаларының ерекшеліктеріне қарай әр саланың арнайы термин сөздері болады. Ғылыми стильбе жалпы жазу тіліне тән синтаксистік құрылыс пайдаланылады. Бұл стиьдің негізгі ерекшелігі - мұнда ой күрделеніп, анықтама, дәлелдеме және формулаларға негізделеді. Сонымен бірге әрбір ғылым саласының өзінің ерекшелігіне қарай баяндау тәсілінде кейбір өзгешеліктер болады. Ғылыми стильде зерттеу обьектісі болатын зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді. Ғылыми мақала Ғылыми мақала жазу үшін автор обьектісін жете білу керек. Мақала жан- жақты зерттеулердің немесе жасалған тәжірибелердің қорытындысын негізге ала отырып жазылады. Мақала жазу үшін автор алдымен өзін толғандыратын яғни қызықтыратын тақырыпты таңдап алуы қажет. Содан соң сол тақырыпты ашу мақсатында зерттеулер мен тәжірибелер жасай отырып, осы мәселелер жайындағы ойларын,немесе жаңалықтарын ортаға салудың немесе көпшіліктің назарына ұсынудың мезгілі жеткен кезде ғана қолға алады. Ғылыми мақалалар ғылымның әр саласының өз терминдерін, ұғымдарын сақтай отырып жазылады. Ғылыми мақалаларды екі түрге бөліп қарауға болады: ғылыми-көпшілік стиль /яғни жалпы жұртқа түсінікті/, таза ғылыми шағын стиль – тек қана белгілі ғылым саласындағы мамандарға арналған. Мақаланың барлығы бірдей жаңалық әкелмегенімен, сол саладағы соны пікірлердің, жаңа пайымдаулар мен көзқарастардың болуын қажет етеді. Қалың жұртшылыққа арналған мақалаларда қорытындыны автор көбінесе, өзі шығармай оқырмандардың назарына ұсынумен шектелсе, ғылыми мақалаларда, қорытынды шығарарлықтай тұжырымды көбіне автордың /мақаланы жазушының/ өзі жасайды. Публицистикалық стильдегі сөз қолданыстары Публицистикалық стильдің хабарлама қызметі тілдің құрылымдық жүйесінің, бейтарап сөздердің қабатын құрайды. Олар - ұлттық тілдің сөз байлығы, стандарт сөздердің лексикалық қатарлар тізбегі. Публицистикалық стильдің ауызша түрі бүгінгі мәдени коммуникацияның жоғары формасын құрайды.Автордың сөйлеу мәнері ерекше ритм, ырғақтық топ құрады, дыбыстарды дұрыс айту, орфоэпиялық нормаларды сақтау бірінші мақсат болғанымен, екінші дауысты көпшіліктің алдында айтуға жаттықтыру тәлімін игеру керек. Публицистикалық стиль қазақ тіл мәдениеті мен лингвостилистиканың ең бір үлкен бөлшегіне қызмет етеді.Ол қоғамдық ортаға стилистикалық бағалау категориясы арқылы белгілі сөз бен сөйлемдердің жиынтығын құрайды. Публицистикалық стильдің мақсаты саяси қоғамдық идеяларды үгіттеп насихаттау үшін газет, журнал, радио, теледидар арқылы оқырмандардың сезіміне әсер ету. Публицистикалық стильде тілдік құралдар іріктеліп қолданылады. Бұл стиль әдетте ауызша және жазбаша монолог түрінде жүзеге асады. Публицистикалық стиль публицистикалық мақала, очерк, баяндама, фельетон түрінде жазылады. Публицистикалық стильде сөйлеу мәдениеті Публицистикалық стильдің (хабарлама сұқбат, проблемалық сұқбат) қызметтері Жарнама, жарнама тілі Жарнама – АҚШ индустриясының ірі салаларының бірі. 1991 жылы америка фирмалары өз өнімдерінің жарнамасы үшін $37.млн. доллардан артық қаржы бөліпті. Жарнама тұтынушыға арналатындықтан және тұтынушылар нарығында тәртібі туралы шешім қабылдауына әсерін тигізуге бағытталатындықтан, ол ұсынатын қызмет көрсетулер мен оны ұйымдастыру мәселелерімен кеңірек танысу пайдалы болады. Жарнаманың құндылықтары. Жарнама негізінен тұтынушы мен экономиканың мүддесіне қызмет етеді. Бұлай деуге бірнеше себептер бар: • Ол тұтынушыларға баға, нарықтағы соңғы үлгідегі жаңартылған әрі жақсартылған жаңа тауарлармен қызмет көрсетулер туралы мәлімет береді. • Жарнама жиі бағаның төмендеуіне әкеледі. Жарнама көпшілік нарығын құрып, өнімнің өзіндік құнын төмендетеді, бұл өндірушілерді өздерінің шығындарын азайтуға мәжбүр етеді. Осындай жағдай тұтынушыларға тиімді. Жарнаманың қысқаша тарихы Қазақтың мерзімді баспасөзі Қазақстанның Ресейге қосылуының нәтижесінде пайда болды дейді баспасөз зерттеушілері. Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А.Құнанбаев. Қазақ халық ауыз әдебиеті мен ақын-жазушыларының шығармалары баспа жүзін көрді. Сөйтіп ХІХ ғасырдың 2-жартысында қазақ тілінде кітап, газеттер шыға бастады. Газет пайда болған соң публицистиканың түрлі жанрлары да пайда болды, соның бірі жарнаманың өзі болды. Жарнама өз мазмұнын ХІХ-ХХ ғасырдың өзгерістеріне байланысты өзгертіп отырды деуге болады. Мәселен, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ-ғасырдың басында мектептер салып, халықтың сауатын ашу саясаты жүріп жатты. Сол кездері де жаңа оқулықтар- кітаптар шыға бастағанда, газетте «Жаңа кітаптар» айдарында «Дала уалаяты» газетінде (1888—1902) мынадай жарнама жарық көрді: “Жаңада қазақтар туралы бір кітап шығып сатылып жүр. Сол кітапта Орал жағы қазақтарының шежіресі бар, онан соң қалай орыстармен араласқаны бар, «жазған Алекторов» деген. Сол кітапты білімді, ғылымды қазақтар алып оқыса пайдалы. Ата-бабасының қалай жүріп, қалай түзеле бастағанын біледі. Сол кітаптың қағазы аз, бағасы 35 тиын”. Жарнама дегеніміз не? Жарнама-франц. сөзі reclame сөзінен аударғанда- бұл кез келген формада, яғни заңды немесе заңды емес белгілі бір фирма, тауар немесе қызмет түрі жайлы мағлұматтардың кеңінен таратылған ақпараты. Жарнама- ← спектакль ← концерт ← лекция ← көрермендерге арналған басқа да мәдени шаралар, спорттық жарыстар ← ойын-сауықтар туралы хабарландырудың бір түрі Жарнама (жариялануына қарай) ақылы жанама Газет бетін сатып Өнім ұсынушының алып жарнамалау көпшілік қауым мен БАҚ арасына болатын жарнамалау Тиімді тәсілдері- мектепте, қарттар үйінде және т.б. жерлерде фирманың өз өнімдерін тегін таратуы Жарнаманың үш негізгі функциялары 1. Нарық базарында әйгілі болу 2. Фирманың беделін арттыру 3. Тығырыққа тіреген кезде өз беделін сақтап қалу Жарнаманың түрлері: ← жеке адамдарға керек хабарландыру ← құлақтандыру ← сақтандыру ← құжаттандыру Сақтандыру немесе құжаттандыру түрі: Жекелеген адамның жоғалған, ұрланған құндылықтарын, құжаттарын жарнамалайды. Құрылымдық жағынан жарнама: 1. Суреттер арқылы безендірілетін 2. Тек сөздерден тұратын • Жариялануына қарай: жанама • Түріне қарай: құлақтандыру • Құрылымдық жағына қарай: сурет арқылы безендірілген • Жариялануына қарай: ақылы • Түріне қарай: құлақтандыру, хабарландыру • Құрылымдық жағына қарай: сөздерден және суреттерден тұратын Еліміздегі жарнамалау туралы заңдар мен ережелер • Елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін орналастырудың осы ережесi (бұдан әрi – Ереже) «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзiрлендi және елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін орналастырудың бiрыңғай тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi. • Заңнамада белгiленген тәртiппен тарихи, мәдени құндылықтар және қорғалатын ландшафтық объектiлер болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, мемориалдық және салт жораларының кешендерiнде, тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң аумақтарында, ғибадат ету ғимараттарында, үйлер мен ғимараттарда жарнаманы орналастырған кездегi тыйым салулар, сондай-ақ жарнамалық ақпараттың мазмұнына байланысты шектеулер заңнамалық актілермен белгiленедi. • Бастапқы материалдар – сыртқы (көрнекi) жарнама объектісін орналастыруға жер учаскесін, үйлердi, ғимараттарды немесе өзге де құрылыстарды пайдалану, инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету көздерiне қосуға техникалық жағдай жасау, аумақты инженерлiк жағынан дайындау шарттары, абаттандыру мен көгалдандыру жөнiндегi регламенттер, жарнама объектiсiнiң тұрған орны және мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының деректерi жөнiндегi басқа да көмекшi құжаттар немесе мәлiметтер бар құжаттар. Елді мекенге осы объектіні орналастырған кезде жарнама объектісінің үлгісіне (нысанына, түріне) және бастапқы материалдарға қажеттілігіне байланысты бастапқы материалдар жеке немесе жиынтық түрде ресімделуі мүмкін. Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру объектiсi – сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерi орнатылған (бекiтiлген) үйлер мен ғимараттар, өзге де құрылыстар, сондай-ақ жер учаскесі; 2) салынып жатқан объектiнiң паспорты – құрылыс салудың аумақтық ережелерiне сәйкес құрылыс алаңдарында орналасқан ақпараттық қалқан және тек осы объектiнiң паспорттық деректерi бар: объектiнiң кескiнi мен атауы; мердiгерлiк құрылыс ұйымының атауы; лицензияның нөмiрi мен берiлген күнi; құрылыстың мерзiмi туралы мәлiметтер; құрылыс жетекшiсiнiң – жұмыс жасаушының тегi және аты-жөні; 3) өтiнiш берушi – берiлген елдi мекенде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыруға ниетi бар және Ережелермен белгiленген шарттарды қабылдауға дайын мүдделi жарнама берушi (жарнама жасаушы, жарнама таратушы не өзге де жарнама берушi сенiм бiлдiрген адам); 4) рұқсат беретiн құжаттама – өтiнiш берушiге жергілікті атқарушы органдар беретін және сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру жөнiндегi оның ойын iске асыруға және жарнамалық ақпараттың таралуына құқық беретiн құжаттар. Ресми іс-қағаз стилі Ресми іс-қағаз стилі – кітаби стильдің бірі, ресми қарым-қатынастарда, іс-қағаздарда, яғни заңдарда, құжаттрада, актілерде, келісім-шарттарда, қаулыларда, ережелерде, қызмет қағаздарында және т.б. қолданылады. Бұл стильдің мақсаты – мәліметті жеткізу, нұсқау беру. Ресми іс-қағаз стилі дәлдікпен, бірмәнділікпен, мәтін құрылысының стандарттандырылғанымен, мәтіннің міндетті түрде жазылатындығымен еркшелінеді. Іс-қағаздар стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері жатады. Іс қағаздары белгілі бір форма бойынша жазылады. Ол форманың түрлі үлгілері болады. Іс қағаздарының үлгілеріне өтініш, сенімхат, мінездеме, қолхат, хабарландыру, есеп, келіссөз, өтініш, бұйрық, жарлық, шағым т.б. жатады. Ресми ісқағаздар стиліне ісқағаздары, заң құжаттарының тілі жатады. Олардың атқаратын міндеті іс-тәжірибеде маңызды мәліметтерді хабарлау, нақты жөн көрсету. Ісқағаздар стиліне әртүрлі мекемелерде, кәсіпорындарда, ұйымдарда жүргізілетін жазу үлгілері жатады. Ол форманың түрлі үлгілері болады. Ісқағаздарының әрқайсысының бұрыннан белгілі бірыңғай сөздері мен сөйлем үлгілері болады. Ісқағаздары сол үлгі бойынша жазылады. Ресми стильдің көлемі, мазмұны және жазылу формасы жағынан ісқағаздарынан біраз ерекшелігі бар. Ресми ісқағаздары белгілі бір қалыпқа (штампқа) түсіп отырады, онда сөз қолданысы ерекше болады. Ресми стильде көбіне заң, жарғы, үкімет органдарының қаулылары, халықаралық шарт, келісім, дипломатиялық нота, үкімет хабарлары жазылады. Өтініш Өтініш – құжаттың ең көп тараған түрі. Жеке тұлғалардың басшыларға, мемлекеттік органдарға қандай да бір өтінішінен тұрады. Ісқағаздарын жүргізудің негізгі ережелерін сақтай отырып, еркін түрде жасалады. Мынадай жағдайларда өтініш жазылады: - академиялық демалыс сұрау; - шетелге оқуға кетуге байланысты уақытынан бұрын сессия тапсыру; - жұмысқа қабылдау; - басқа жұмысқа ауыстыру; - кезектен тыс демалыс сұрау; - материалдық көмек сұрау; - пәтер бөлу; - жалақыны көтеру туралы өтініш айту және т.б. Үлгі «Тұран» университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор А.Р.Алшановқа Экономика факультетінің «Ақпараттық жүйе» мамандығының 2-курс студенті Мырзатаев Эльдардан Өтініш Денсаулығыма байланысты жазғы емтихан сессиясын уақытынан бұрын тапсыруға рұқсат беруіңізді өтінемін. Денсаулығым туралы анықтаманы қоса ұсынып отырмын. 15-наурыз, 2011 ж. Түсініктеме Түсіндірме – қандай да бір оқиғаның, жеке адамдардың әрекеттерінің себептерін түсіндіретін құжат. Үлгі «Тұран» университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор А.Р.Алшановқа Экономика факультетінің «Ақпараттық жүйе» мамандығының 2-курс студенті Мырзатаев Эльдардан Түсініктеме Менің 2011 жылдың 15-18 қазан аралығында сабаққа келмеу себебім, 2011 жылы 14-20 қазан аралығында Астана қаласында өткен «Орта Азия аймағындағы интеграция үрдісі» атты конференцияға қатыстым. Конференцияға қатысқаным туралы анықтаманы қоса ұсынып отырмын. 21.10.12 қолы Өмірбаян Мен, Қуанышбекова Айжан Нұржанқызы, 1994 жылы мамыр айының 6 жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Әкем – Оралбаев Нұржан Қуанышбекұлы, 1963 жылы Семей қаласында дүниеге келген, мектепте тәрбие ісінің меңгерушісі. Анам – Әлімжанова Жанна Тұрартайқызы, 1962 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Ол информатика пәнінің мұғалімі. Өзім, 2000 жылы А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектептің алғаш есігін аштым. Аудандық информатика, математика, физика пәнінен өткен олимпиадалардың жеңімпаздарымын. Облыстық корреспонденттік «Дарын» олимпиадасына математика пәнінен қатысып, жүлделі орынға ие болдым. Аудандық «Болашақ» жастар ұйымын басқардым. Мектепті 2011 жылы «Алтын белгіге» бітірдім. Қазіргі таңда осы оқу орнында білімімді шыңдаудамын. Қосымша мәліметтер: қазақ, орыс, ағылшын, түрік (сөздік қолдану арқылы) корей (сөздік қолдану) арқылы тілдерін білемін. ЭЕМ бағдарламаларын арнайы курстан өту арқылы меңгердім. Мекенжайым: Алматы қаласы, Айнабұлақ-2 ықшам ауданы, 66 үй, 26-пәтер. 2-тапсырма. Жоғарыдағы үлгі бойынша өтініш, түсініктеме, өмірбаян, жазыңыз. Мінездеме Ізгілік Байдрахманұлы Нағиев, 1975 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында туылған. Мамандығы: бағдарламашы, Интернет маманы. 2002 жылдан бастап бағдарламашы мамандығын игеріп, Интернет жүйесінде сайт жасау, техникалық қолдау қызметтерімен айналыса бастады. Алғашқы ашылған (http://tor.kz,http://nur.kz, http://al-islam.kz) т.б қазақша сайттардың авторы және үйлестірушісі. 2008 жылдан бастап «Қазақ Интернеті» қоғамдық бірлестігінің техникалық директоры болып қызмет атқарады. Бүкіләлемдік байланыс құралы Интернет арқылы Қазақстан мемлекеті туралы кеңінен информациялық мағлұмат беру, қазақ тілінде сайттар дайындау және Интернетте орналастыру, техникалық қызмет көрсету. олардың жұмысын жолға қою және даму проблемаларын зерттеу арқылы қазақтілді Интернет- кеңістігін қалыптастыру, халқымыздың рухани, мәдени, әдеби һәм өркениетті дамуына үлес қосу, заман талабына ілесе отырып, бүкіләлемдік желінің көмегімен жас жеткіншектерден бастап еліміздің әр азаматына ұлттық мүдде тұрғысынан қызмет ету, CD дискілер және танымдық программалар жасау қызметтерімен тұрақты түрде айналысады. 2009 жылдан бастап «Қаламгер ТЕН» ЖШС мекемесінің директоры қызметінде. «Егемен Қазақстан» газеті, «Ана тілі» газеті, «Нұр Астана» газеті, «Жас қазақ үні» газеті, «Дала мен қала» газеті, «Үшқиян» газеті және т.б сияқты қазақтілді белгілі басылымдардың Интернеттегі тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, ақпараттық, мәдени, ғылыми жобалармен айналысуда. Тапсырма: 1. Өтініш үлгілерін жазып, бір-біріңізді тексеріңіз. 2. Сіз жұмысқа оналаспақсыз, түйіндеме жазып, соны бастығыңызғы көрсетіңіз. 3. Ресми-іскери стильде қолданылатын қалыптасқан сөздерді жазыңыз. 4. Ресми-іс қағаздар стилі етістіктің қай шағында жазылады, Қай есімдік жиі қолданылады. №9, 10, 11, 12, сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары: 1-тапсырам. Өз мамандығыңызға қатысты жазылған ғылыми мақаланы талдап, ғылыми стильдің ерекшеліктеріне тоқталыңыз. 2-тапсырма. Қысқаша ғылыми мақала дайындаңыз. 3-тапсырма. Төмендегі мәтіндерді стиль түрлеріне ажыратыңыз. 1-мәтін ...Сағат түңгі екі болып қалды. Жұрт аяғы басылды. Алдымыздағы көшемен ең соңғы трамвай өтіп барады. Вагондарда үш-төрт адамның басы көрінді. Күндізгі қаптап жүрген трамвай, троллейбус, автобустар қайда қазір? Олардың әрқайсысының арнаулы тұрағы – демалуға жайғасатын орны бар. Олар сонда жиналады. Мұнда түні бойы ұйықтамай, қызмет ететін адамдар бар. Олар әлі машиналарды таңертеңгі сапарға әзірлейді. Күндіз бүлінген жерлері болса, жөндейді. Іші-сыртын сүртіп, еденің жуып тазалайды. Таңертең троллейбус, трамвай, автобустар тап-таза болып, жарқырап шығады. 2-мәтін «Ақпараттық технология» деген терминді В. Тлушков енгізді. Ол оған мынандай анықтама берді: «Ақпараттық технология дегеніміз — ақпаратты өңдеумен байланысты үрдістер». Сонда оқытуда ақпараттық технологиялар үнемі қолданылған деуге болады, себебі оқыту дегеніміз — ақпаратты оқытушыдан тәлімгерге немесе оқушыға жеткізу. В.Апатова, В.Глушковтың берген анықтамасын жоққа шығармай, оны нақтылай түседі: «Ақпаратгық технология дегеніміз — ақпаратты өндеу үрдісі арқылы жүзеге асатын құралдар мен әдістер жиынтығы». 3-мәтін Қуанышбек пен Забира үш баласын жақсы шаңырақта тірбиелігісі келеді. Ол үшін жақсы дәстүрлерді бұзбай ұстауға тырысады. Отбасында туған күн әрдайым тойлану керек. Үйге қонақ шақырып, қазақ дастарқанын даярлауды балаларына үйретеді. Өздері де сыйластық сақтауды дәстүр қылған. Бұл отбасында жексенбі сайын қонақ шақыру, оларды күту дістүрі қалыптасқан. Сенбі күні кешке әке-шешесімен, балаларымен отбасылық сұхбат құрып, кітап оқиды. Теледидар, радио арқылы жаңалықтарымен танысады. Алыс-жақындағы туыстармен хабарласады. Қуанышбек өзі де, балалары да компьютерді меңгерген. Ғылым мен техника жаңалықтарын отбасында үнемі айтып отыру, мүмкін болса қолдану – отбасы өмірін сәнді ете түседі. Жақсы дәстүр – отбасының шаңыраққа айналуына тірек болады. 4-мәтін - Ішуге бір нәрсе алдырайық. - Мен көк шай ішемін. - Мен балмұздақ жегім келеді. - Коктейль ішейік - Екі бутерброд әкеліңізші. - Сіздерде десертке не бар ? - Екі кісіге джем салынған құймақ әкеліңізші. - Интернет-кафеде кездесеміз. - Сенің жеке e-mailiң бар ма? - Интернет істеп тұр ма? - Мен бос уақытымды сонда өткіземін. - Сен олардың сайтын көрдің бе ? - Интернетпен зат сатып алуға да болады ? - Ғаламтор арқылы адамдар танысады. - Басқа елдердегі достарыммен хат жазысамын. - Мен скайп арқылы ағаммен сөйлесемін. - Қызықты ақпараттарды интернет арқылы тауып алуға болады. 4-тапсырма. Стиль түрлеріне газет-жорналдардан, ғылыми еңбектерден, көркем әдебиеттен мысалдар келтіріңіз. * * * Бай ма әлде кедей ме? Бірде ауқатты отбасының иесі өзінің кішкентай ұлын адамдардың қаншалықты кедей тұратынын көрсету үшін ауылға апармақ болып ниеттенді. Олар ауылдағы сіңірі шыққан бір тақыр кедейдің үйінде бір күн, бір түн болады. Үйіне қайтып оралған кезде, әкесі баласынан: - Саяхат саған ұнады ма? – деп сұрайды ғой. - Әке, бұл бір керемет саяхат балды! - Сен адамдардың қаншалықты кедей тұратынын көзіңмен көрдің ғой? - Иә. - Осыдан не түйдің? - Сонда ұлы: - Біздің үйде бір ит бар, ал оларда төртеу екен. Біздің бақшаның ортасында бассейн бар, ал оларда шеті көрінетін арық бар. Біз бақшамызды шаммен жарықтандырамыз, ал оларға көктен жұлдыздар жымыңдайды. Біздің үйдің артқы ауласында патио, ал оларда кең көкжиек бар, - депті. - Баласының жауабынан кейін әкесінің үні өшті. - Бұл адамдардың қаншалықты бай екенін көрсеткеніңе рақмет, әке. Өмірде бәрі өзіңді қоршаған әлемге қандай көзқараспен қарауыңа байланысты екен. Достарың мен отбасыңның ортасында сүйіспеншілікке бөленіп, денсаулығың болып, көңіл күйің көтеріңкі, өмірге деген көзқарасыңыз оң болса, барлығына да қол жеткізуге болады! – дегенді де ұлы қосып қойды. Бірақ жоғарыда аты аталғандарды сатып алу мүмкін емес. Жалпы кез келген материалдық құндылыққа қол жеткізуге, тіпті оларды болашаққа да артығымен дайындауға болады. Бірақ жан дүниеңіз рухани байлықтан ада болса, онда сізде ештеңе де болмағаны. Практикалық сабақ №13 Сөзжасам. Сөзжасамның тәсілдері. Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №13 Сабақ мақсаты: Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру: 1. лексикалық мәтінге сипаттама беру; 2. грамматикадан өткенді қайталау, тапсырмаларды орындау; 3. сөзжасам тәсілдерін анықтау, берілген тапсырмаларды орындау. Әдістемелік нұсқау Грамматикалық тақырып. СӨЗЖАСАМ (Словообразование) Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы. Сөзжасам – атау (номинация) жасау қызметін жүзеге асырады. Қазақ тілінің қазіргі кезде әбден қалыптасқан сөзжасам жүйесі бар, ол – әрине ұзақ уақыттағы дамудың нәтижесі. Тіліміздің сөзжасам жүйесінің негізі көне түркі тілінен басталып, содан бері дамып, толығып, күрделеніп, сұрыпталып, қазіргі жүйелі дәрежеге жеткен. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде көне замандардан бері қарай қолданылып әбден орныққан, қалыптасқан сөзжасамның негізгі үш тәсілі бар: - синтетикалық тәсіл; - аналитикалық тәсіл; - лексика-семантикалық тәсіл. Сөзжасамның тәсілдері 1. Түркі тілдері, соның ішінде қазақ тілі қосымшалы тілдер болғандықтан, синтетикалық тәсіл біздің тілімізде туынды сөз жасауда үлкен қызмет атқарады. Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасаудың тілде қалыптасқан өзіндік жолы бар. Бұл тәсіл арқылы туынды сөз жасау үшін, оған екітілдік бірліктің қатысуы керек: - лексикалық мағыналы сөз; - сөзжасамдық жұрнақ. Лексикалық бірлік туынды сөздің мағынасына арқау болады, сондықтан да туынды сөз жасауға лексикалық мағыналы сөздер қатысады. Синтетикалық сөзжасамда жұрнақ негізгі мүше болып саналады. Яғни туынды түбір негіз сөзден сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалады. Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер туынды түбір деп аталады. Мысалы, өнім, 2. Аналитикалық тәсілде екі сөз бір-бірімен тіркесіп, жаңа лексикалық мағыналы сөз жасайды. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған сөз күрделі сөз деп аталады. Бірақ күрделі сөзде олардың әрқайсысының өзінің жеке тұрғандығы мәнін сақтамай, біртұтас мәнге көшеді. Мысалы, өнеркәсіп, теміржол, қызыл ала т.б. 3. Лексика-семантикалық тәсілде сөздің құрамы, тұлғасы ешбір өзгеріске түспейді, өзгеріс тек сөздің мағынасында ғана болады. Сөз дыбыстық, морфемдік құрамын сақтай отырып, тілдегі бұрынғы қолданып жүрген мағынасының үстіне жаңа мағынасында да қолданыла бастайды. Сөздің тек мағынасында өзгеріс болғандықтан, бұл тәсіл лексика-семантикалық тәсіл деп аталады. Мысалы, 1) Ақ - адал мағынасын береді. Мысалы, Ақ жүрген адам азбас. 2) Ақ –сүт, айран, қатық, қымыз, шұбат сияқты тағамдар. Мысалы, Ұлжанның күз уақытында Зере мен балаларға әзірлеп отыратын ағы осы болатын. 3) Ақ –ақиқат, шындық. Мысалы, Жұмыр басты пендеге – өлім ақ. 1-тапсырма. Төмендегі жұрнақтармен зат есімдер жасаңыз. -ғар,/-гер, -қар/-кер Іс, жауын, тәлім, зер, дәрі, заң, бал, қызмет, талап, саясат, мұра. 2-тапсырма. Төмендегі жұрнақтармен зат есімдер жасаңыз. -лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік Бас, оқу, мемлекет, мәтін, сызба, дыбыс, ақпарат, сан,мультимедия, тәжірибе, компьютер. 3-тапсырма. Төмендегі сөздердің қандай тәсілмен жасалғанын анықтаңыз. Пернетақта, телекөпір, ғаламтор, пікірталас, телекөрермен, жолдорба, баспасөз, бағдаржол, шартбелгі, дыбысбейнелеуіш, құлаққап. 4-тапсырма. Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз. - Қызықты ақпараттарды интернет арқылы тауып алуға болады. - Маған үйретші. - Міне, интернетке қосылдық. Сенің почтаң қай порталда болсын: kz әлде comда ма ? - Мынау – сенің адресің, пароліңді ұмытпа. - Қазір біреуге хат жазып, почтаның қалай істейтінін тексеруге болады. Жақсы болды, бәрі істеп тұр! - Ал мен өз достарым мен сыныптастарымның адрестерін қалай білем? - Көріп тұрсың ба, сенің жәшігіңде «Менің әлемім» деген сілтеме бар. Кіресің де, тіркелесің. «Білімі» деген бөлімді толтырасың. Міне сенің мектебіңдегі оқығандардың бәрі.! - Кейбір суреттің астында қызыл плашка жанып-сөніп тұр. Бұл не? - Олар қазір сайтта, біз олармен хабарласа аламыз. - Әрине, Сенің суретіңді де орналастырайық. - Түсіндірші, суретті ұялы телефоннан компьютерге қалай көшіруге болады? - Bluetooth не USB-сымын пайдаланыңыз. - Рахмет саған! Хатты жібердім, енді жауабын асыға күтіп отырмын. - Шын мәнінде, бұл өте оңай. Ертең келіп, почтаңды тексереміз. 5-тапсырма. Берілген сөз бен сөз тіркестерінің дұрыс жазылуына назар аударыңыз. Жатқа жазыңыз. Пернетақта, жад, интернет жүйесі, өрмекші тор, өңдеу, қолайлы жағдай, дүниежүзілік, қолтетік, қоржын, жазғы, компьютерлік желі, ақпараттық технология жетістіктері, біртұтас ақпараттық кеңістік, желілер жиынтығы, пайдаланушылардың саны, ақпараттар сақталады, электрондық пошта, хабарды жедел жеткізеді, қызмет құны, гипермәтіндік сілтеме, бейнелік мәлімет. 6-тапсырма. Төмендегі сөздердің сөзжасамның қандай жолымен жасалғанына мән беріңіздер. Пернетақта, интернет жүйесі, өрмекші тор, дүниежүзілік, қолтетік, қоржын, компьютерлік желі, ақпараттық технология, біртұтас, электрондық пошта, қызмет құны, гипермәтіндік сілтеме, бейнелік мәлімет, қоржын, бағдаржол, шартбелгі, алмалы табақша, біріктіруші, басылым, ұяшық, қуат көзі. * * * Тәкәппарлық Вениямин Франклин деген даңқты білім иесі, Америка жұртының кісісі, он сегіздегі жас күнінде, Медера деген қаланың бір қарт адамына қонақ болып, шығар уақытта қарт ішкі бір есіктен шығарып салуға алып келіпті. Франклин бұл кісіге келе жатып, алдында не барын аңғармай, есікке жақындағанда қарт дауыстапты: - Еңкей, еңкей, - деп. Сүйдегенше болмай, есік аласа екен, маңдайшасына Франклин маңдайымен тарс ете түсіпті. Сонда қарт күліп айтты дейді: - Бұл кішкентай реніш сізге екіншіде ақыл болар; ұмытпағайсың, сен жассың, өмірің алдыңда, басыңды тым жоғары ұстамай, төмен иіңкіреп жүрсең, мұнан да артық неше соққылардан құтыларсың. Бұл сөзді Франклин сексен жасқа келгенше ұмытпай, әрдайым айтушы еді: - Сол қарттың ақылы маған көп пайда болды және көзіммен көрдім, басын жоғары көтерген тәкәппарлардың нешеуінің әлек болғанын, - дейді. Практикалық сабақ №14 Туынды сөздер. Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №14 Сабақ мақсаты: Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру. Әдістемелік нұсқау Грамматикалық тақырып. ТУЫНДЫ СӨЗДЕР Есім сөзден зат есім тудыратын жұрнақтар: 1. –шы, - ші: бағдарламашы, күзетші 2. –шылық, -шілік: адамшылық, малшылдық 3. –лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес: замандас, бауырлас 4. –лақ, -лек, -дық, -дік, -тық, -тік: орындық, түндік 5. –хана: асхана, дәріхана Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақтар: 1. -м, -ым, -ім: байлам, күзем, қысым, түсім. 2. -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: ұрма, көрме, сүзбе, кеспе. 3. -қы, -кі, -ғы, -гі: шалғы, тепкі, бұрғы. 4. -с, -ыс, -іс: талас, айтыс, жүріс. 5. -қ, -к, -ық, -ік, -ақ, -ек: тарақ, күрек, қызық, түкірік. 6. -ыш, -іш: қуаныш, таяныш, өкініш, сүйініш. 7. -н, -ын, -ін: боран, жуын, түйін. 8. -у: сабау, жамау, көсеу. 9. -ынды, -інді: шайынды, үйінді. 10.-ғыш, -гіш, -қыш, -кіш: сүзгіш, сыпырғыш, білгіш. 10. -уыш, -уіш: өлшеуіш, түйреуіш, бастауыш. 11. -ыр, -ір, -р, -ар, -ер: үңгір, шұңқыр. Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар: 1. –лы, -лі, -ды, -ді: таулы, күшті 2. –дай, дей, -тай, -тей: қыздай, сүттей 3. –лық, -лік, - дық, -дік, -тық, -тік: компьютерлік, инженерлік 4. –сыз, -сіз: сусыз, бұлтсыз 5. –қы, -кі, -ғы, -гі: жазғы, қысқы 1-тапсырма. Төмендегі сөздерге тиісті -кіш,-гіш, -қыш, -уыш, -уіш, -шы жұрнақтарын қосып туынды зат есімдер жасаңыз. Желдет, бейнеле, тасымалда, өткіз, ұш, аударма, зертте, жүргіз, сату, бағдарлама, бейнебейімде, дыбыста. 2-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерінің қандай жұрнақтар арқылы жасалғанын анықтаңыз және орыс тіліне аударыңыз. Физикалық құрылғылар, сызбалық бейімдеуіш, сандық ақпарат, арифметикалық амалдар, орталық пошта, электрондық пошта, мәтіндік немесе сызбалық өңдегіштер, стратегиялық шешім, жүйелік қорап, аналық тақшаға, оперативті жады, ақпараттық технологиялар, жергілікті өнімдер, білікті мамандар, өмірлік тәжірибе, бейнелік және дыбыстық үлкен бағдарламалар, құрамдас бөліктер. * * * Назар аудараңыз. 1876 жылы Александр Грейам Белл телефон ойлап тапты. Алғашқы телевизиялық картиналарды 1924 жылы Джон Лоджи Бэйрд құрған, дегенмен тиімдірек электрондық жүйе Би-би-Сидің 1960 жылы алғаш рет телевизияның шығуы үшін қолданылды. 1940 жылы Иоганн Гутенборг сөздерді қағазға түсіру үшін ыңғайластыра орналастырылған әріптерді қолдана отырып, қағаз беттеріне із қалдыратын бұрандалы пресс ойлап тапты. Баспа пайда болғаннан бастап, кітаптар арзандатылды. Сонымен қатар дұрыс жазу мен тыныс белгілерінің стандарттары шықты. №14 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. Практикалық сабақ №15 Жалғаулардың түрлері. Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №15 Сабақ мақсаты: Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру. Әдістемелік нұсқау Грамматикалық тақырып. ЖАЛҒАУЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ (ТӘУЕЛДІК, КӨПТІК, ЖІКТІК, СЕПТІК) Сөздер жекеше түрде де, көпше түрде де қолданыла береді. Көптік мағынаны білдіру үшін сөздерге көптік жалғауы жалғанады. Мысалы: ағаш-тар, көше-лер, қыз-дар т.б. Көптік жалғауының түрлері мыналар: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер. Көптік жалғауының басқы дыбысының түрліше болуы түбір сөздің соңғы дыбысына байланысты. Тәуелдік жалғауы заттың біреуге немесе бір нәрсеге тәуелді (меншікті) екенін білдіреді. Тәуелденетін зат үш жақтың біріне меншікті болып тұрады, сол себепті тәуелдік жалғауының үш жағы және әр жақтың өзіне тән жалғаулары болады. |Жекеше түрі |Көпше түрі | |І жақ -м, -ым, -ім |І жақ -мыз, -ымыз, -міз, -іміз | |ІІ жақ -ң, -ың, -ің |ІІ жақ -тарың, -терің,-дарың, -дерің, | |ІІ жақ -ыңыз, -іңіз, |-ларың, -лерің | |-ңыз, -ңіз |ІІ жақ -тарыңыз, -теріңіз, -дарыңыз, | |ІІІ жақ -сы, -сі, -ы, -і |-деріңіз, -ларыңыз, -леріңіз | | |ІІІ жақ -сы, -сі, -ы, -і | Сөздердің тәуелденуі оңаша тәуелдену және ортақ тәуелдену болып екіге бөлінеді. Бір немесе бірнеше заттың бір ғана затқа меншікті болуын білдіретін тәуелдену оңаша тәуелдену деп аталады. Басқаша айтқанда, заттың жекеше түрде тәуелденуі. Бір немесе бірнеше заттың көп затқа меншікті болуын білдіретін тәуелдену ортақ тәуелдену деп аталады. Басқаша айтқанда, заттың көпше түрде тәуелденуі. Мысалы: |Оңаша тәуелдену: |Ортақ тәуелдену: | |Менің компьютер-ім, телефон-ым. |Біздің компьютер-іміз, телефон | |Сенің компьютер-ің. телефон -ың. |-ымыз. | |Сіздің компьютер-іңіз, телефон-ыңыз.|Сендердің компьютер-лерің, телефон | |Оның компьютер-і, телефон -ы. |-дарың. | | |Сіздердің компьютер-леріңіз, телефон| | |-дарыңыз. | | |Олардың компьютер-і, телефон -ы. | Сөздің жіктік жалғауларын қабылдауын жіктелу дейді. Жіктік жалғауы бастауыш пен баяндауышты байланыстырады. Сондықтан жіктік жалғаулы сөз әрқашан баяндауыш болады да, сөйлемді тиянақтап тұрады. Жіктік жалғауы негізінен етістікке жалғанады. Сондай-ақ есім сөздерге де жалғана береді. Бірақ жіктік жалғауы кез келген есім сөзге жалғана бермейді, тек адамның кім екенін, қандай екенін білдіретін және кәсібін көрсететін есім сөзге жалғанады. Мысалы: Есім сөздің жіктелуі: |Жақ | Жекеше | Көпше | |І |Мен кәсіпкермін |Біз кәсіпкерміз | |ІІ |Сен кәсіпкерсің |Сендер кәсіпкерсіңдер | |ІІ |Сіз кәсіпкерсіз |Сіздер кәсіпкерсіздер | |ІІІ |Ол кәсіпкер |Олар кәсіпкерлер | Етістіктің жіктелуі: |Жақ | Жекеше | Көпше | |І |Мен сөндіремін |Біз сөндіреміз | |ІІ |Сен сөндіресің |Сендер сөндіресіңдер | | |Сіз сөндіресіз |Сіздер сөндіресіздер | |ІІІ |Ол сөндіреді |Олар сөндіреді | Сөздердің септік жалғауларын қабылдауын септелу дейді. Зат есім жекеше және көпше түрде септеледі. Септік атаулары, сұрақтары және жалғаулары төмендегіше: Атау. Кім? Не? Ілік. Кімнің? Ненің? -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің Барыс. Кімге? Неге? Қайда? -а, -е, -қа, -ке, -ге, -на, -не Табыс. Кімді? Нені? -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -н Жатыс. Кімде? Неде? Қайда? -да, -де, та, -те, -нда, -нде Шығыс. Кімнен? Неден? -дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен Көмектес. Кіммен? Немен? -мен, -бен, -пен, -менен, -бенен, -пенен Септелудің екі түрі бар: жай септелу және тәуелді септелу. Сөздердің тәуелденбей тұрып түбір күйінде септелуі жай септелу деп аталады. Сөздердің тәуелденіп барып септелуі тәуелді септелу деп аталады. Мысалы: |Жай септелу |Тәуелді септелу | |А. Компьютер |А. Компьютер-ім | |І. Компьютер-дің |І. Компьютер-ім-нің | |Б. Компьютер-ге |Б. Компьютер-ім-е | |Т. Компьютер-ді |Т. Компьютер-ім-ді | |Ж. Компьютер-де |Ж. Компьютер-ім-де | |Ш. Компьютер-ден |Ш. Компьютер-ім-нен | |К. Компьютер-мен |К. Компьютер-ім-мен | 1-тапсырма. Төмендегі сөздерге тәуелдік жалғауларды жалғап сөйлем құраңыз. Бастық, компьютер, құжат, отан, өтініш, мамандық, куәлік, білім, еңбекақы, уақыт. 2-тапсырма. Ортақ тәуелденген сөздерді тауып, сөйлемдерді аяқтаңыз. Менің жұмысымның .... Сіздің уақытыңыз..... Сіздің көмекшілеріңіз.... Біздің Республикамызда.... Сендердің мамандықтарың... Сіздердің компьютерлеріңіз... Олардың табыстары..... 3-тапсырма. Мына сөздерге тиісті жіктік жалғауларын жалғаңыздар. Мен бағдарлашы... . Сіз хатшы... . Сен заңгер... . Ол төраға... . Біз сарапшы.... Сендер кеңесші... . Сіздер көмекші... . Олар білімді... . Мен кәсіпкер... . Сіз құрылысшы... . Сендер ғалым.... . Сіздер саясаткер..... Олар тұтынушы... . Мен тілші... . Сен тексеруші... . 4-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерден септік жалғаулары бар сөздерді теріп жазыңыздар. Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет аналық немесе жүйелік тақша арқылы өңделеді. Компьютердің бұл құрамдас бөліктері – ең бастылары, өйткені бұлар компьютер жұмысының шапшаңдығын анықтайды. Компьютерге әлемдегі ең үлкен тұрғылықты дискіні, ең күшті бейнелік бейімдеуіш пен керемет дыбыстық жүйені орнатуға болады. Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативті жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессорлар бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды. Есте сақтаңыз. В казахском языке суффиксы -тағы, -тегі, -дағы, -дегі присоединяются к именам существительным, образуя имена прилагательные находящихся в местном падеже, и переводятся как «тот, который находится», «тот, который принадлежит»: компьютердегі файлдар (файлы, которые на компьютерах), менің папкамдағы фаилдар (файлы, которые на мойх папках), компьютер үстеліндегі флешка (флешка, которая лежит на компьютерном столе) и т.д. 5-тапсырма. -тағы, -тегі, -дағы, -дегі жұрнақтарымен келетін сөз тіркестерін құрыңыз. 6 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ 6.1 Студенттің өздік жұмысын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау Студенттің өздік жұмысының тапсырмалары жазбаша жұмыс (бақылау жұмысы) түрінде берілген. Сұрақтарға жауаптарды конспект, реферат, баяндама түрінде жазылады. Сабақ барысында студенттің теориялық білімі, белсенділігі, ынтасы және шығармашылық шешім таба білу дағдысы бағаланады. Студенттің өздік жұмысының тақырыптары: 1. Психологиялық терминдер. Психологиялық терминдердің салалық сөздікте түзілуі (Тапсырма түрі: терминдер сөздігін құрастыру – 100 сөз). 2. Психологиялық ғылыми жаңалықтарға сипаттама беру (Тапсырма түрі: реферат). 3. Іскерлік дағды қалыптастыруға арналған тілдік құрылымдар (Тапсырма түрі: реферат). 4. Мамандығы бойынша ғылыми еңбектерді оқып түсіну және қазақ және орысша аңдатпа (аннотация) жазу (Тапсырма түрі: ғылыми мақаланың көшірмесі және 2 тілде жазылған аңдатпа). 5. Аударма: түсінігі, түрлері, талаптар, әдістері, ерекше жағдайлары, маңызы (Тапсырма түрі: баяндама жасау). ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТІРКЕУ ПАРАҒЫ |Өзгерістің |Құжаттың |Өзгеріс |Хабарламаның |Өзгеріс енгізілді | |рет нөмірі |тарауы, |түрі |нөмірі және | | | |пункті |(ауыстыру, |күні | | | | |жою, қосу) | | | | | | | |Күні |Аты-жөні, | | | | | | |қолы, | | | | | | |қызметі | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | ӘРІПТЕСТЕРДІҢ ТАНЫСУЫ № о/қ ҚызметіАты-жөніУақытыҚолыӨзг №УақытыҚолыӨзг №УақытыҚолы
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz