Файл қосу

Новокаинмен тежеу әдісі



            Дәріс-1. Кіріспе. «Ветеринариядағы диагностикалық және емдеу
техникалары» пәнінің мақсаты мен міндеттері

Жоспары:
   1. Кіріспе.
   2. Қысқаша тарихи шолу.
   3. Диспансеризация.

    Малдәрігерлік саладағы ішкі жұқпалы емес  аурулар  пәннің  бөлімдерінде
аурулардың пайда болу себептері, даму сатыларын  анықтау  әдістері,  нақтылы
диагнозын қою, емдеу тәсілдері мен аурулардан  сақтандыру  іс-шаралары  жан-
жақты дәрістеледі. Мал мамандарын – болашақ жоғарғы білімді  малдәрігерлерін
дайындау мәселесін түбегейлі шешуде негізгі орын алатын  пәндердің  қатарына
жатады.
    Пәннің негізін түсіндіру жалпы  биология,  биологиялық  химия,  қалыпты
және патологиялық физиология, малдарды азықтандыру, аурутану және  экономика
пәндерінің заманауи жетістіктеріне сүйене отырып жүргізіледі.
    Болашақ мамандыққа маңызы зор қоғамдық және арнайы клиникалық  пәндерді
міндетті  түрде  және  терең  игерген,   шаруашылықтарда   ауруларды   емдеу
тәсілдерін  және  олардан  сақтандыру  іс-шараларын  ұйымдастыруды  тиянақты
түрде орындай алатын жоғарғы білімді малдәрігері мамандарын  дайындауда  бұл
пәннің алатын орны ерекше.
    Бүгінгі күннің талабына  сай  малшаруашылығынан  өндірілетін  өнімдерді
нәтижелі  түрде  пайдалануды  малдарды  аурулардан  сақтандыру   мәселелерін
шешудегі теориялық,  методологиялық  және  ұйымдастырушылық  жақтарын  терең
игере отырып; аурулар бола қалған  жағдайда  оларды  уақытында  экономикалық
жағынан тиімді емдеу әдістерін  пайдалана  отырып  оларды  өнімді  малдардың
қатарына қосу арқылы іс жүзіне асыруға болады. Бұл мәселелерді шешуде  пәнді
игеру  барысында  жан-жақты  дәрістелетін  диспансеризация   жүргізу   әдісі
негізгі жоспар ретінде ұсынылады.
    Көптеген ауруларды болдырмауда, бола қалған жағдайда олардан тез арада,
ұтымды түрде жазып алуда арнайы дайындалатын  азықтармен  –  диетотерапиямен
емдеудің маңызы зор. Ол үшін ветеринариялық  зертханаларда  мал  азықтарының
құрамын жете тексере білу қажет. Тек сонда ғана толық  қанды  рацион  құруға
мүмкіншілік туындайды.
    Ауруды ғылыми негізде емдеуге көп көңіл  бөлу  керек.  Ол  үшін  ауруды
анықтауда жүргізілетін тексерулерді  мұқият  жоспарлаған  дұрыс.  Ол  жоспар
белгілі бір жүйеде жүргізіледі. Олардың ішінде ауруларды дұрыс  анықтау  мен
олардың себептерін нақтылы табудың ауруларды емдеу және  олардан  сақтандыру
шараларын дұрыс ұйымдастыру үшін маңызы ерекше.


    Малдарды емдеу туралы жазбаша ескерткіш ерте  заманғы  египеттің  Кахун
папирусындағы деректерден бастау алады. Одан  кейінгі  кездерде  Аристотель,
Үнді оқымыстылары, Колумелла, Абсирт және  тағы  басқа  да  ғұлама  ғалымдар
көптеген ескерткіш жазбалар қалдырды.
    Ресейде малдәрігерлік мекеме 1733  жылы  Мәскеу  маңындағы  Хорошевское
ауылды жерінде ашылған. Одан кейінгі жылдары, атап айтқанда XVII және  XVIII
ғасырларда Ресей оқымыстыларың көптеген қолжазбалары басылып шықты.
    1806  –  1811  жылдары  Вилен,  Петербор,   Мәскеу   университеттерінде
ветеринария бөлімдері  ашылса;  1851  –  1876  жылдары  Харьковте,  Қазанда,
Дерпте ветеринария институттары ашылып,  жұмыс  істей  бастады.  Ветеринария
саласына,  әсіресе  ішкі  жұқпалы  емес  ауруларды  дамытуда   үлес   қосқан
ғалымдар:   К.М.Гольцман,   Н.П.Рухлядев,    Г.В.Домрачев,    С.А.Хрусталев,
А.Р.Евграфов,    А.В.Синев,    И.А.Симонов,    В.Е.Евтихиев,     И.А.Каарде,
И.Г.Шарабрин, В.М.Данилевский және басқалары болды. Олар көптеген  оқулықтар
мен оқу құралдарын жазып қалтырды.
      Қазақстанда бірінші өлкелік  малдәрігерлік-бактериологиялық  институт
1925 жылы ашылды. Ол институт 1935 жылдан  бастап  «Қазақтың  ғылыми-зерттеу
малдәрігерлік институты» болып аталды.  Сол  институтта  1948  жылы  бірінші
аспиранттар қабылданды.
 1930  жылы  Алматының  зоотехникалық-малдәрігерлік  институты  ашылды.  Бұл
институтта негізгі ғылыми  бағыттар  мен  орталықтар  топтастырыла  бастады.
Атап айтқанда:
   1.  Академиктер:  Б.А.Домбровский,  Ф.М.Мұхаметғалиев  жетекшілік   еткен
      морфологтар;
   2. Н.У.Базанова басқарған физиологтар;
   3. Я.И.Клейнбок басқарған терапевтер;
   4. Б.П.Всеволодов Басқарған патоморфологтар;
   5. М.П.Орлов басқарған паразитологтар Қазақстанда  ветеринария  ғылымының
      дамуына зор үлестерін қосты.
    1952 жылы  ашылған  Семейдің  зоотехникалық-малдәрігерлік  институтында
«Ішкі жұқпалы емес аурулар» кафедрасы әуел  баста  «Клиникалық  диагностика»
кафедрасы болып ашылды да,  кейіннен  екі  кафедра  бірге  болды.  Кафедраны
ұйымдастырушы және  бірінші  меңгерушісі  Г.Х.Габидуллин  болды.  1996  жылы
Семейдегі  үш  институт  университет  болып   біріккенге   дейін   кафедрада
меңгерушілік  қызметін  атқарғандар:  Г.Х.Габидуллин,  В.Н.Квятковский  және
К.Н.Қожановтар.  Әр  жылдары  кафедрада  көптеген  ғалымдар  қызмет  істеді.
Олардың ішінде ғылыми зерттеу жұмыстарымен елеулі үлес  қосқандар:  академик
Н.А.Уразаев, ғылым  кандидаттары,  доценттер:  В.А.Виноходов,  Б.С.Бушманов,
Л.А.Замковая, В.А.Бурлуцкий, К.А.Сидорова, Г.Е.Лавриненко;  аға  оқытушылар:
С.О.Балтыбеков, А.К.Омашев және т.б.
    Қазір   Қазақстан   Республикасы   бойынша   малдәрігерлерін   дайындау
университеттеріміздің жеті факультеттерінде іске асуда.
    Диспансеризация  –  дені  сау  сапалы  өнімді,  конституциясы  қолайлы,
организміндегі  зат  алмасу  деңгейі   жоғары   малдар   тобын   құру   үшін
жүргізілетін диагностикалық, емдік және сақтық шараларының жоспарлы жүйесі.
    Диспансеризацияның теориялық  негізі  –  организм  мен  сыртқы  ортаның
біртұтастығын қағидалаайтын жалпы  биологиялық  заңдылық.  Диспансеризацияны
іс жүзіне асыруда И.Г.Шарабрин мен Х.Г.Гизатуллиндер көп  еңбек  істеді.  Ал
диспансеризацияны малшаруашылығына еңгізу 1957 жылы шыққан нұсқаудан  бастау
алады.  Ол  нұсқау  бойынша  диспансеризация  негізгі  және  кезекті   болып
бөлінеді.  Негізгі  диспансеризация  жылына  екі  рет:  жазғытұрым   –   мал
жайылымға шығарда  және  күзде  –  мал  қыстаққа  орналастырыларда;  кезекті
диспансеризация жыл тоқсанында бір рет жүргізіліп отырады.
    Диспансеризация 3 этаптан тұрады:
       1. Диагностикалық;
       2. Емдік;
       3. Сақтандыру.
    Клиникалық-лабораториялық  тексерулердің  нәтижелеріне  сүйене   отырып
диспансеризацияның диагностикалық этабында барлық малдарды 3 топқа бөледі:
       1. Дені сау малдар;
       2. Дені сау, бірақта организмдегі зат алмасу процесінің деңгейі төмен
          немесе бұзылған малдар;
       3. Ауру малдар.
    Әрбір топтағы малдарға тиісті іс-шаралар  жоспарланып  іске  асырылады.
Малдәрігерлерінің негізгі  пациенттері  үшінші  топтағы  ауру  малдар.  Ауру
малдарды емдеу үшін жан-жақты жоспарланған, заманауи әдістер мен  тәсілдерге
негізделген, көбінесе кешенді емдеу процестері жүргізіледі.
    Диспансеризацияның ең жауапты кезеңі –  үшінші,  аурулардан  сақтандыру
кезеңі. Бұл мәселені дұрыс шешуде және шаруашылықта  биологиялық  толыққанды
азық  қорын  дайындауда  мал  мамандары  мен  шаруашылықтағы   агрономдардың
атқаратын   қызметтері   ерекше   орын   алады.   Ұқыпты    мамандары    бар
шаруашылықтарда аймақтың жер қыртысына байланысты жасалатын  топырақ-өсімдік
карталарының маңызы өте зор. Ондай деректерге  сүйене  отырып,  белгілі  бір
бағытта  қажетті  тыңайтқыштарды  пайдалану  арқылы,  құнарлы   мал   азығын
дайындауды жоспарлауға болады.
    Диспансеризация  жүргізуде  малдың  қанынның   құрамын   лабораториялық
зерттеудің  маңызы  өте  зор.   Қанның   құрамындағы   жалпы   және   арнайы
көрсеткіштерді нақтылы нұсқау бойынша зерттейді.  Мұндай  зерттеулер  арқылы
мал организміндегі зат алмасу процесінің  деңгейін  қадағалауға  мүмкіншілік
болады.  Сондай-ақ  аурулардың  алдын  алу  үшін  жүргізілетін  іс-шараларды
нақтылы жоспарлауға болады.




Дәрсі-2. Дәрілік заттарды малдарға беру тәсілдері.

Жоспары:
   1. Дәрілік заттарды малдарға өз еркімен беру тәсілдері;
   2. Дәрілік заттарды малдарға күштеп беру тәсілдері:
             А. Дәрілік заттарды ауыз қуысы арқылы беру;
             Ә. Дәрілік ерітінділерді беру әдістері;
             Б. Болюс, капсул, ұнтақ және ботқаны беру тәсілдері.


    Ауру малдарға дәрілік заттарды беру кезінде дәрігердің көңіл  аударатын
мәселесі организмге  әртүрлі  қауіпті  қоздырғыштардың  түспеуін  қамтамасыз
ету. Оны болдырмау үшін асептика және антисептика  ережелерін  қатаң  сақтау
керек.
    Асептиканың негізгі мақсаты ауру  малға  емдік  көмек  көрсеткен  кезде
қолданылатын барлық  заттарды  залалсыздандыруды  қамтамасыз  ету  мәселесін
дұрыс шешу.
    Антисептика – емделетін малдың  және  емдеуші  дәрігердің  терісіндегі,
қолындағы патогенді микроорганизмді жою.  Бұл  мәселе  көбінесе  күшті  әсер
ететін химиялық дәрілік заттарды белгілі бір концентрацияда  қолдану  арқылы
іске асырылады.
    Ауру малды  емдеу  үшін  дәрілік  заттарды  қолданғанда  малдәрігерінің
негізгі  білетін  мәселелері:  дәрілік  заттардың   дозасы,   ерітінділердің
концентрациясы,  бірге   қолданылатын   дәрілік   заттардың   үйлесімділігі,
малдардың түрі, жасы, жағдайы.
    Малдәрігерлік тәжірибеде ауру малдарға дәрілік заттарды беру өз еркімен
қабылдау және күштеп беру болып бөлінеді.
    Дәрілік заттарды малдардың өз еркімен қабылдауы олардың  тәбеті  болған
жағдайда іске асады. Дәрілік заттар ұнтақ немесе  ерітінді  түрінде  азықпен
және сумен беріледі. Өз еркімен қабылдайтын малдарға дәрілік  заттарды  жеке
малдарға және топты малдарға беруге  болады.  Кейбір  малдарға  мұндай  әдіс
қарапайым, өте оңай іске асырылады;  ал  кейбір  малдарға  дәрілік  заттарды
беру үшін оны белгілі бір жағдайда  ұстап  машықтану  керек  болады.  Мысалы
иттерге дәрілік заттарды  етке  қосып  беру  өте  оңай  іске  асырылады.  Ал
төлдерге дәрілік заттарды беру белгілі бір епті  керек  етеді.  Шаруашылықта
мал саны аз болған жағдайда онда ауру малдар да аз  болады.  Ондай  жағдайда
әр  малға  жеке  дара  емдік  көмек  көрсету  қиындыққа  соқпайды.  Ал   ірі
шаруашылықтарда мал басы көп  болғанда  ауру  малдарда  көбірек  болады  да,
ондай жағдайда топтап  емдеу  әдісін  қолдану  тиімдірек  болады.  Бұл  әдіс
әсіресе зат алмасуының бұзылуымен сипатталатын  ауруларда  жиі  қолданылады.
Диспансеризация жүргізген кезде клиникалық белгілері жоқ, бірақ  зат  алмасу
процесі төменгі деңгейде анықталатын малдар үшін өте пайдалы.  Ондай  малдар
үшін  топты  диетотерапия   қажет.   Уақытында   сақтандыру   шарасы   дұрыс
ұйымдастырылмаса, ондай малдардың  паренхиматозды  ағзалары  мен  тіндерінде
дегенерациялық өзгерістер пайда болады да, оның аяғы  ауруға апарып  соғады.
Міне, сондықтан да, аурудан  сақтандыру  үшін  топтап  емдеу  әдісі  әсіресе
организмде  белоктың,  көмірсутегінің,  витаминдердің,  минералды  заттардың
алмасуы төменгі деңгейде болғанда өте қажет. Егерде малдар дәрілік  заттарды
осындай әдістермен қолданғанда қабылдамаса, онда дәрігер күштеп беру  әдісін
қолданады.


    Дәрілік заттарды ауыз қуысы арқылы беру. Дәрілік затты  қпндай  әдіспен
беру керек екенін шешпес бұрын дәрігер ол дәрінің фармакологиялық  қасиетін,
ауру малдың күйі мен жағдайын жақсы білуі керек. Көптеген дәрілік  заттардың
тітіркендіру қасиеттері,  жағымсыз  иісі  мен  дәмі  болмайды.  Әрине  ондай
дәрілік заттар дәрігерге онша  қиындық  тудырмайды.  Оларды  азықпен,  сумен
бере беруге болады. Мысалы, организмде астың  қорытылуын  жақсартатын  балық
майы, минералды қосымша азықтар, малдың тәбетін тудыратын заттар және т.б.
    Егер мал тағайындалған дәрілік затты өз еркімен қабылдамаса,  онда  оны
күштеп беруге тура келеді. Мұндай  жағдайда  дәрігер  ауру  малдың  және  өз
басының қауіпсіздігін сақтай білуі керек. Дәрілік затты  ауыз  қуысы  арқылы
күштеп берудің бірнеше әдістері бар. Мәселен ерітінділерді  бөтелке,  қасық,
спринцовка, резина грушы, шприц, Эсмарх  кружкасы,  Малахов  приборы  арқылы
беруге болады. Мұндай жағдайда малдарда  кездесетін  жұтқыншақтың  салдануы,
өңештің бітелуі, қабыну процестерін еске алу  керек.  Егер  ерітінді  өңешке
емес кеңірдекке түсіп кетсе, онда қосымша аурудың пайда  болуы  ғажап  емес.
Ондай жағдайда дәрілік затты зонд арқылы беру қолайлы.
    Дәрілік ерітінділерді, қайнатпаны, эмульсияны,  тұнбаны  резина  немесе
қабырғасы қалың шыны бөтелкелер арқылы  да  беруге  болады.  Ол  үшін  малды
жақсылап бекітеді, басын аздап жоғары көтереді. Малдың аузын ашып, тісі  жоқ
жері арқылы бөтелкенің аузын еңгізеді де, дәрілік затты бірнеше  рет  құяды.
Егер  мал  жөтеліп  тынышсызданатын  болса,  онда  дәрілік  затты   жіберуді
тоқтатып, малдың басын төмен бағыттайды. Қалай болғанда  да  дәрілік  заттың
бір бөлігі төгілмей тұрмайды. Сондықтан оның дозасын ойластыру керек.
    Дәрілік затты  осылай  беру  әдісін  қолданғанда  жылқы  малы  жұтынуын
тоқтатып  қоюы  мүмкін.  Сондықтан  дәрілік  заттың  бірталай  бөлігі   ауыз
қуысында жиналады да, кейіннен сыртқа  шығарылып  тастайды.  Ондай  жағдайда
жұтқыншақтың тұсын сипалап  қысу  арқылы  жұтыну  процесін  тудыруға  тырысу
керек. Мұндай  әдісті  қолданғанда  ауыз  кергішті,  малдың  тілін  шығаруды
пайдаланбау керек.


    Дәрілік заттарды спринцовка, қасық, шприц арқылы беру үшін оны  белгілі
дозада қолданылатын приборға құяды. Оны малдың  басын  жоғары  көтеріп  ауыз
қуысы арқылы құяды  да,  малдың  басын  қоя  береді.  Егер  приборға  резина
түтікше  жалғанған  болса,  онда  түтікшені  малдың  ұрты  арқылы  еңгізеді.
Спринцовканың орнына воронканы алуға да болады.
    Қасық және шприц арқылы дәрілік заттарды ұсақ  малдарға  береді.  Малды
жақсылап бекітеді, аузын ашады, приборды  ұрты  арқылы  еңгізеді  де  дәріні
тілдің түбіне құяды.
    Ерітінділерді ауыз қуысы арқылы құюға Малаховтың приборы  өте  қолайлы.
Әсіресе  көп  малдарға  дәрілік  заттарды  беру  керек  болғанда  дәрігердің
жұмысын өнімді етеді.


    Болюсты, капсуланы, ұнтақты  және  ботқаны  беру  үшін  арнайы  құралды
пайдалануға болады. Болюс пен капсуланы  беру  үшін  болюс  бергішті  немесе
корнцангты  пайдаланады.  Ол  үшін  малдың  аузын  кеңірек  ашып,  берілетін
дәрілік затты тілдің түбіне орналастыруға тырысады. Дәрілік затты  бергеннен
кейін малдың жұтынуын қадағалау керек. Ондай құрал  болмай  қалған  жағдайда
болюсты әдейілеп дайындалған таяқша арқылы да беруге болады. Үш  жағы  аздап
сүйірленген, ұзындығы 50 см таяқша өте қолайлы.
    Ұнтақты да беретін аспап бар. Ондай  аспап  болмаған  жағдайда  ұнтақты
қасық немесе шпатель арқылы тілдің  түбіне  салады  да,  артынан  сумен  ары
қарай жылжытады. Пилюла,  таблеткаларды  ұсақ  малдарға  етке,  нанға  қосып
беруге болады. Күштеп беру үшін корнцанг қолдануға болады.
    Ботқаны қасық немесе шпатель арқылы ұсақ малдардың тілінің түбіне  салу
арқылы береді. Мұндай әдіспен  дәрілік  заттарды  бергеннен  кейін  міндетті
түрде ұсақ малдарға  30-50  мл,  ірі  малдарға   50-100  мл  мөлшерінде   су
ішкізеді.  Осындай манипуляциядан кейін  малдар  берілген  дәрілік  заттарды
шығарып тастайма жоқпа, соны бақылау ғана қалады.


      Дәріс-3.   Дәрілік заттарды парентеральды
                                жолмен қолдану тәсілдері.
Жоспары:
   1. Дәрілік заттарды бұлшық етке, терінің астына жіберу әдісі;
   2. Дәрілік заттарды қан тамырлары арқылы жіберу әдістері;
   3. Дәрілік заттарды құрсақ қуысына жіберу әдісі.

       Дәрілік заттарды парентеральды жолмен  қолдану  тәсілдері  дегеніміз-
дәрілік заттарды ауыз қуысынан басқа жолдар арқылы жіберіп  емдеу  әдістері.
Грекше – Para - жанынан, enteron- ішек деген сөздер.
   Оттегін тыныс алу жолдары арқылы  жіберіп  емдеу  әдістерінде  кездесетін
қиындықтар оны басқа  жолдар  арқылы  жіберіп  емдеу  әдістерін  іздестіруге
мәжбүр етті. Сол әдістердің біріне  оттегін  терінің  астына  жіберіп  емдеу
әдісі жатады.  Оттегін  терінің  астына  жіберу  арқылы  емдеуді  1780  жылы
Спаланцани өз еңбектерінде көрсетті. Сол кезден  бастап  бұл  әдіс  малдарға
эксперимент жүргізу  арқылы  бірнеше  қайтара  тексерілді.  Осы  жүргізілген
тәжірибелердің нәтижесінде оттегін терінің  астына  жіберу  мал  организміне
ешқандай зиян келтірмейтіні дәлелденді. 1900 жылдардан  бастап  бұл  әдістің
медицина саласында  қолданыла  басталғаны  туралы  деректер  бар.  Оның  өзі
кездейсоқ  жағдайға  байланысты  туындаған.  Бірінші  рет   дәрігер   Доминэ
шприцтің дұрыс жұмыс істемеуі  салдарынан  ауруға  қан  сары  суының  орнына
бірталай мөлшерде ауаны жіберіп алған. Аурудың  жағдайы  жақсара  бастағанын
байқаған.  Осыдан  кейін  терінің  астына  ауаның  орнына  оттегін  жіберуді
ұйғарған. Ауаның орнына  оттегін  жіберу  арқылы  ауруды  жазып  алған.  Бұл
тәжірибе кейіннен  оттегін  терінің  астына  жіберу  арқылы  емдеу  әдісінің
бастамасы болған көрінеді. Бұл әдіске әсіресе соғыс жылдарынан кейінгі  1919
жылдардан бастап  көп көңіл  бөліне  бастаған.  Көптеген  авторлар,  әсіресе
француздар, ішек  індеттерін,  менингитті,  түберкүлезді,  өкпе  қабынуларын
емдеуде жақсы нәтижеге қол жеткізген. 1924 жылы  Байе  биіктікке  көтерілген
кезде пайда болатын ауруларды емдеу және ол аурулардың алдын  алу  үшін  осы
әдісті қолдану жөнінде көптеген жұмыстар жүргізген. Бұл  әдісті  емдік  әдіс
ретінде қолданған көп  авторлардың  деректері  осы  уақытқа  сәйкес  келеді.
Бірақта,  әдістің  емдік  маңызы  туралы   авторлардың   пікірлері   әртүрлі
болғандығы байқалады.
   Әртүрлі ауруларды оттегін терінің астына жіберу арқылы емдеу  туралы  көп
клиникалық жұмыстар бар.





   1-ші сүрет. Оттегін терінің  астына  жібергенге  дейін  және  жібергеннен
кейін қанның қысымы (төменгі қисық сызық) мен  дем  алыстың  (жоғарғы  қисық
сызық) өзгеруі (Мицов).










   Сонымен қатар алынған деректерге сүйене отырып  нақтылы  объективті  баға
беру мүмкін болмаған. Авторлардың  көбі  әдісті  қолданғанда  аурудың  жалпы
жағдайының жақсаратыны туралы ғана деректерді келтіреді.


























   2-ші сүрет. Өкпе альвеоллаларындағы ауаның алмасу  схемасы.  Ақ  жолақтар
арқылы ауаның альвеоллаға кіру қозғалысы көрсетілген.


   Оттегімен емдеудің қандай әдісі болмасын  оның  негізгі  мақсаты  аурудың
салдарынан   организмде   туындайтын    тұншығуға    немесе    аноксемиялық-
гипоксемиялық  жағдайға  қарсы  күресу.  Бұл  мәселе   жөнінде   авторлардың
пікірлеріне тоқталып өтелік.
   Оттегін терінің астына жіберіп емдеу әдісінің жақсы  жақтаушысы  Мельхиор
өзінің  осы  әдіс  туралы  жазған  монографиясында  бұл  әдістің   жан-жақты
әсерлері туралы баяндайды. Атап айтқанда:
   1. Тұншығуға қарсы әсері;
   2. Улануға қарсы әсері;
   3. Организмді қуаттандыру әсері;
   4. Орталық жүйке жүйесі қозғанда тыныштандыратын әсері;
   5. Психикалық әсері.
    Автордың айтуынша оттегін терінің астына жіберу  арқылы  улануды  емдеу
тек қана көмірсутегі тотығымен уланғанда ғана қолданылған  көрінеді.  Өзінің
иіс тиіп ауырған адамдарға қолданған бірнеше  байқаулары  туралы  деректерді
береді.  Осындай  деректер  Пик  пен  Дюрананың,  Никлудың  еңбектерінде  де
кездеседі.  Бірақта  ол  авторлар  мұндай  жағдайда  карбоген  мен   оттегін
ингаляция  арқылы  жіберудің  терапевтикалық  нәтижесі   әлдеқайда    жоғары
екендігін мойындайды.
    Мельхиор терінің астына жіберілген оттегнің организмнің  улануына  қасы
әсерін өзінше  түсіндіреді.  Ол  эфирмен  наркозды  оттегін  терінің  астына
жіберумен қатарынан жүргізіп  байқағанда,  ол  наркоздың  әлдеқайда  қолайлы
жағдайда  болғанын  баяндайды.  Оның  механизмін  төмендегідей  түсіндіреді:
терінің астына  жіберілген  оттегі  эфирдің  тез  тотығуына  немесе  басқаша
бүлінуіне әсер етеді.  Мұндай  жағдайда  наркоздың  қозу  стадиясы  болмаған
немесе өте аз уақытқа  созылған,  көгеру  сирек  кездескен  және  оттегінсіз
қолданғандағыдай дәрежеге жетпеген.  Эфир  аз  кеткен  және  наркоз  қайтқан
кезде құсу өте сирек байқалған.
    Автор терінің астына жіберілген оттегінің организмді қуаттандыру әсерін
анемия дамитын  ауруларда  қан  құрамында  тезірек  регенерация  құбылысының
болуымен дәлелдейді. Оттегін терінің астына күн  аралатып  жіберіп  отырған.
Жұмасына бір рет гемоглобинді  Сали  әдісі  арқылы  анықтаған.  176  пациент
тәжірибе тобынада, ал 67 пациент  бақылау  тобында  болған.  Қанның  қалыпты
жағдайдағы құрамы тәжірибе тобында  15,7  күнде;  ал  бақылау  тобында  20,1
күнде қалпына келетіні анықталған.
    Терінің астына  жіберілген  оттегінің  орталық  жүйке  жүйесі  қозғанда
тыныштандыратын әсерін Мельхиор өзінің жүргізген 300-ден  аса  тәжірибесінде
байқамаған. Дегенмен бұл әдістің мұндай әсерінің бар екенін кейбір  авторлар
жоққа шығармайды. Ол авторлардың  мұндай  пікірін  Мельхиор  терінің  астына
жіберілген оттегінің әсерін асыра сілтеп, жоғары бағалау ма деп байымдайды.
    Кейбір  авторлар  терінің  астына  жіберілген  оттегінің   зат   алмасу
процесіне әсерін зерттеген. Паоляччи өкпелері қабынып ауырған адамдарға  күн
аралатып 300 мл оттегін терінің  астына  жіберіп  отырған.  Ондай  ауруларда
гипоксемия құбылысы дамығанда терінің астына жіберілген оттегінің  әсері  де
жақсы екендігі байқалған.  Ондай  аурулардың  қанының  сілтілік  қоры  38-48
көлемдік пайыздан 50-ге дейін  көтерілген.  Ацидоз  төмендегенде  аурулардың
жағдайлары да жақсарған.
    Линке мен Вейман тіс  ауруларын  емдеу  тәжірибесінде  оттегін  терінің
астына жіберу  әдісін  қолданған.  Олардың  деректері  бойынша  негізгі  зат
алмасу процессі бұзылған жағдайда ол процестің қалпына  келетіні  байқалған.
Осы деректерге сүйене отырып Флаум мен Циммерман  3  атмосфералық  қысымдағы
оттегінің ағынын тіс етіне бағыттау арқылы Базедов ауруын  емдеген.  Жоғарғы
деңгейдегі  негізгі  зат  алмасу  процесінің  50  %-ға  дейін   төмендегенін
байқаған. Бірақта мұндай өзгеріс көпке  созылмаған.  Сондықтан  да  авторлар
нақтылы қорытындыға келе алмаған.
    Оттегімен емдеу қандай әдіспен қолданылмаса да – оның  негізгі  мақсаты
ауру организмде, қандай себеппен болса да, дамитын гипоксемияға  қарсы  әсер
ету. Организмге жіберілген  оттегінің  торшалардың  өміріне  және  қызметіне
әсері  тереңірек  зерттеуді  талап  етеді.  Қалай  болғанда  да,  организмге
жіберілген  оттегі  оның  жеткіліксіздігінен  туындаған  тотығу-тотықсыздану
реакциясы бұзылған  жағдайда оған оң әсер ететіні  сөзсіз.  Мұндай  жағдайда
терапевтің  негізгі  мақсаты  –   организмді  қажетті   мөлшерде   оттегімен
қамтамасыз ету, тіндердегі оттегінің жеткіліксіздігін жою.
      Адам организмі қалыпты жағдайда минутына 250 – 300 мл  таза  оттегінің
түсуін қажет ететінін ескерсек, онда ол қажеттілікті оттегін терінің  астына
жіберу арқылы толық қамтамасыз  етеміз  деуге  сену  қиын.  Бірақта,  қандай
ауруда болмасын гипоксемиялық жағдайдың  толық  емес  аздап  қана  дамитынын
ескерген жөн.  Сондықтан  да  аурудың  даму  сатысына  байланысты  оттегімен
емдеудің де нәтижелі әсері әртүрлі болары сөзсіз.
      Медициналық тәжірибеде  оттегін  плевра  қуысына  жіберу  әдісі  жақсы
зерттелген. Алғашқы бақылауды Дэвидің 1823 жылғы  еңбектерінен  көреміз.  Ол
өкпе ауруымен ауырған  адамдардың,  атап  айтқанда  пневмоторакспен  (плевра
қуысына ауаның жиналуы), плевра қуысынан алынған газдың  құрамын  зерттеген.
Ол газдың 93 % азоттан және  7%  көмірқышқыл  газынан  тұратынын  анықтаған.
Ондай ауруларды оттегімен емдеу эксперименті  иттерге  жүргізілген.  Счупак,
Родэ және Николалардың деректері бойынша плевра қуысына жіберілген газ  дені
сау иттердің организмінде 24 сағатта сіңіп тараған. Ал  экспериментті  түрде
туғызылған плевраның қабынуымен  ауырған  иттердің  организмінде  8-9  күнде
тарап, сіңгендігі байқалған.
      Зерттеушілердің пікірлері бойынша  плевра  қуысына  жіберілген  газдың
организмге сіңуі екі  фазада  жүретін  көрінеді.  Бірінші  фазасында  ондағы
газдың құрамы өзгереді. Ол өзгеріс  ондағы  оттегі,  көмірқышқыл  газы  және
азот белгілі бір тұрақты пайызға жеткенше жүретін  көрінеді.  Ондай  өзгеріс
жуықтап  алғанда  иттердің  организмінде  8  сағаттай  жүреді.   Ал   екінші
фазасында осындай құрамдағы қоспа біркелкі түрде организмге  сіңе  бастайды.
Бұл фаза алғашқы  оттегін  терінің  астына  жібергеннен  бастап  30  сағатқа
созылады.
      Көптеген авторлардың деректеріне сүйенсек,  газдың  құрамының  өзгеруі
ондағы қоспаның құрамы вена  қанының  газының  құрамына  теңелгенше  жүретін
көрінеді. Оны дәлелдеу  үшін  бір  уақытта  альвеолла  ауасының  құрамы  мен
гемоглобиннің диссоциациондық қисығын зерттеу керек  көрінеді  (Dautrebande,
Spehl).
      Плевра қуысына жіберілген  газдың  құрсақ  қуысына  жіберілген  газдан
организмге жылдамырақ сіңетіні эксперимент жүзінде дәлелденген (Тешендорф).
      Оттегін организмге тыныс жолдарынан  басқа  жолдар  арқылы  жібергенде
оттегінің организмге  сіңуі  қарапайым  физика-химиялық  заңдарға  бағынады.
Олай болса белгілі бір уақыт өткеннен кейін газ көпіршігі мен  вена  қанының
газдық құрамының тепе-теңдігі байқалады. Ол  уақыт  негізінен  екі  жағдайға
байланысты:
   1. Газдың диффузиялық коэффициентіне;
   2. Газ өтеттін жартылай сұйық мембрананың қалыңдығына.
    Терінің  астына  жіберілген  газдың  сіңу  жылдамдығы  плевра   қуысына
жіберілген газдың сіңу жыдамдығымен  тең  немесе  одан  төмен  болуы  мүмкін
деген пікірлер бар.
    Оттегін  организмге  терінің  астына  жіберу  арқылы   емдегенде   оның
организмге  сіңуін,  біз  көбінесе,   теріні   сипалаған   кезде   білінетін
крепитацияның бар немесе жоқ екендімен бағалаймыз. Ондай крепитация  оттегін
терінің  астына  жібергеннен   кейін   кейде   бірнеше   күндей   сақталады.
Варшавскийдің  деректері  бойынша  оттегін  терінің   астына   бірінші   рет
жібергенде крепитация 1,5 – 3 сағаттың ішінде жоқ болатын көрінеді.  Ал  оны
қайталап  жібергенде  ол  құбылыс   бірнеше   күндей   сақталады   делінген.
Н.Н.Савицкийдің бақылауынша крепитация екі  күннен  кем  уақытта  жойылмаған
көрінеді. Біздің өз тәжірибеміздегі алынған нәтижеміз де осы пікірге  сәйкес
келеді.  Крепитация  терінің  астында   газдың   бар   екендігінің   белгісі
болғанымен, ол газдың құрамы уақыт өткен  сайын  алғашқы  жіберілген  газдың
құрамынан басқаша болатынын естен шығармаған жөн.
    Көптеген авторлар терінің астына жіберілген оттегінің  ауру  организмде
дамитын гипоксемияға әсерін артерия қаны мен вена  қанындағы  газды  тексеру
арықылы зерттеген. Малдарға  жасалған  көптеген  эксперименттердің  нәтижесі
кері  көрсеткіш  берген.   Девис   пен   Равинович   иттердің   организмінде
эксперименталды түрде гипоксемия  құбылысын  тудырып,  артерия  қанының  газ
құрамын зерттеген.  Олардың  деректері  бойынша  терінің  астына  жіберілген
оттегі артерия қанындағы оксигемоглобиннің  мөлшеріне  елеулі  әсер  етпеген
көрінеді.
    Спель  мен  Лемор  эмфиземамен  және  жүрек  қызметінің   компенсациясы
бұзылған аурулармен  ауырған  адамдарға  терінің  астына  оттегін  жіберген.
Жібергенге дейін және жібергеннен кейін  артерия  қанының  оттегімен  қанығу
деңгейін альвеолла ауасындағы оттегінің мөлшерімен сипаттай  келе,  ешқандай
өзгерістің байқалмағанын хабарлайды.
    Варшавский оттегін терінің астына жібергенде вена  қанының  құрамындағы
оттегі мен көмірқышқыл газының ешқандай өзгеріске ұшырамайтынын байқаған.
    Көптеген авторлар өз зерттеулерінің нәтижелеріне сүйене  отырып,  тыныс
жолынан басқа  жолдар  арқылы  жіберілген  оттегінің  организмге  сіңетінін,
бірақта қанның газ құрамына елеулі  әсер  етпейтінін  қорытындылайды.  Қалай
дегенменде, бұл бағытта зерттеу жүргізген авторлар ауру  организмде  дамитын
гипоксияның төменгі деңгейінде  бұл  әдістердің  азда  болса  көмегінің  бар
екендігін жоққа шығармайды.
    Кемпбелл мен Синг өте  күрделі  зерттеу  әдістерін  қолдана  отырып  үй
қояндарының  организмінде  газдардың   алмасуын   оттегін   терінің   астына
жібергенге дейін және 500 мл/ кг  мөлшерінде  жібергеннен  кейін  зерттеген.
Зерттеу барысында алынған нәтижелерін төменгі кестеде келтіріп отырмыз.


    1 – ші кесте
    Үй қояндарының организміндегі газ алмасу процесінің көрсеткіштері


    |№  |          Зерттелген тестілер                |          Көрсеткіштер  |
| 1 |Үй қояндарының салмағы  (г)                  |           1551 ± 212,5 |
| 2 |Терінің астына оттегін жібергенге дейінгі    |                        |
|   |оттегінің пайдаланылуы  (мл/мин)             |14,66 ± 0,18            |
| 3 |Терінің астына оттегін жібергеннен кейінгі   |                        |
|   |оттегінің пайдаланылуы  (мл/мин)             |12,72 ± 0,15            |
| 4 |Оттегінің терінің астынан сіңу мөлшері       |                        |
|   |(мл/мин)                                     |0,82 ± 0,14             |


    Үй  қояндарының  газ   алмасу   процесі   жабық   система   принціпінде
жүргізілген. Бақылау тобындағы қояндардың  оттегін  пайдалану  көрсеткіштері
тәжірибенің барлық кезеңдерінде тұрақты түрде  болған.  Ал,  терінің  астына
оттегін  жібергеннен  кейін  оттегінің  пайдаланылуы  кемігенін   байқаймыз.
Автордың  түсіндіруі  бойынша,  ол   өзгеріс   оттегінің   терінің   астынан
организмге сіңу мөлшеріне байланысты көрінеді.
    Авторлар  өз  тәжірибелерін  үй  қояндарының  организмінде   гипоксемия
құбылысының жеңіл түрі дамыған  кезеңінде  жүргізген.  Онда  қоян  организмі
өзіне қалыпты жағдайда  минутына  қажетті  оттегінің  25  мл-ін  кем  алады.
Егерде  терінің  астына  жіберілген  оттегінің  0,2  %-ы   ғана   организмге
сіңетінін ескерсек, онда жеткіліксіз оттегінің мөлшерін толықтыру  үшін  12-
15 литр оттегін жіберу керек екен. Ол организмге жіберуге болатын  оттегінің
мөлшерінен 10 есе көп. Сонымен қатар, авторлар, уақыт өткен сайын  оттегінің
организмге  сіңу  жылдамдығының  жылдам  төмендейтінін  де  ескертеді.  Оның
себебі, тері астындағы оттегі көпіршіктеріне біртіндеп көмірқышқыл газы  мен
азот енетіндіктен, ондағы парциалды қысым төмендейді.  Міне,  сондықтан  да,
оттегінің  0,2  %  мөлшерінде  сіңу  жылдамдығы  алғашқы  3-4  сағатта  ғана
сақталуы   мүмкін.   Терінің   астына   жіберілген   оттегінің   организммен
пайдаланылуы   қалыпты   жағдайда   деммен    түскен    ауадағы    оттегінің
пайдаланылуындай болғанымен, терінің астынан белгілі бір  уақытта  оттегінің
сіңу мөлшері өте аз  мөлшерде  болады.  Терінің  астынан  газдың  организмге
сіңуі өте аз мөлшерде болатындықтан,  қандағы  газдың  құрамында  өзгерістер
байқалмайды.
    Мицова малдарға жүргізген  тәжірибелерінде  терінің  астына  жіберілген
оттегі малдардың тыныс алу мен жүрек-қан тамырлары  жүйелерінің  қызметтерін
әжептәуір өзгертетініне көңіл аударады.
    Малдың дем алысы баяулап,  тереңдей  түседі,  тамыр  соғысы  баяулайды.
Мұндай өзгеріс организмде  дамитын  гипоксемияға  елеулі  әсер  етпегенімен,
физиологиялық тұрғыдан пайдалы екенін байқауға болады.
    Кейбір авторлар оттегін терінің астына  жіберіп  емдеу  әдісін  нақтылы
емес тітіркендіру  әдісінің  бір  түрі  деп  қарау  керек  екендігіне  көңіл
аударады.


    П.Бер байқаусызда венаға түскен ауадан өлген  малдың  өлімінің  себебін
зерттеген. Автордың пікірі бойынша мұндай жағдайда қан  айналысының  бұзылуы
өкпе  қан  тамырларының  ауа  көпіршіктерімен   бітелуінен   пайда   болатын
эмболиядан екендігін дәлелдеген. Көбінесе ол газ азот болатын  көрінеді.  Ал
ауа оттегі эритроциттердің гемоглобинімен реакцияласады.  Осындай  байқаулар
оттегін бірден қанға жіберу арқылы емдеу әдісін зерттеудің  негізін  қалады.
Осындай зерттеулерді бірінші рет жүйелі түрде жүргізген Нистен болды. Ол  өз
тәжірибелерін иттерге жүргізген. Оттегін венаға жібергенде  азотпен  уланған
иттердің өмірін 10 минутқа дейін ұзартқан. Иттер дем алған газдың  құрамында
тәжірибеге дейін оттегі  5%,  көмірқышқыл  газы  7%  болса,  оттегін  венаға
жібергеннен кейін ондағы оттегі         8%, ал көмірқышқыл газы 14%  болған.
Бернабей малдар 1 минутта 1 кг салмағына есептегенде 1,7  мл  оттегін;  25,2
мл көмірқышқыл газын; 0,6 мл ауаны  еш  қиындықсыз  көтеретінін  хабарлайды.
Торраканың тәжірибесінде теңіз шошқаларына 1-2 мл  оттегін  1  кг  салмағына
есептеп  1  минуттық   жылдамдықпен   жібергенде   ешқандай   теріс   нәтиже
байқалмаған.
    Гертнердің деректеріне сүйенсек, иттерге дозасын сақтай отырып  оттегін
қанға  жібергенде  ешқандай  асқыну  байқалмаған.   Гипоксемиялық   жағдайда
оттегін венаға жіберу арқылы малдың өмірін  ұзартып;  тыныс  алу,  жүрек-қан
тамырлары   жүйелері   жағынан   болатын   өзгерістерді   тежеуге   болатыны
дәлелденген. Автордың пікірі бойынша оттегін венаға жібергендегі ең  қауіпті
жағдай жүректің оң жақ жартысына күштің түсуі.
    Бюрн мен Смит иттерді құрамында 11-12 % оттегі бар  ауамен  дем  алдыру
арқылы олардың организмінде  гипоксемиялық  жағдай  туғызған.  Онда  артерия
қанындағы оттегінің мөлшері 17 көлемдік пайызға дейін  төмендеген.  Иттердің
венасына  оттегі   әртүрлі   жылдамдықпен   жіберілген.    2,5-3   мл/кг/мин
мөлшерінде  жіберілгенде  демікпе  пайда  болған,  қан  қысымы   төмендеген,
шуылдар пайда болған. Қандағы газдың құрамын зерттей  келе  бұл  әдістің  де
мүмкіншілігі  шектеулі  деген  қорытындыға  келген.  Авторлардың   пікірлері
бойынша оттегін венаның ішіне жіберу әдісінің тәжірибелік  маңызы  бар.  Тек
жіберу дозасын, жылдамдығын қатаң сақтап үйренгенде  ғана  оң  нәтиже  алуға
болады. Гертнердің пікірі бойынша оттегін жіберетін вена  неғұрлым  жүректен
алысырақ болғаны дұрыс көрінеді. Теория жүзінде оттегін венаға жіберу  әдісі
жаңа туған төлдердің  тұншығу  жағдайында  қолданғанда  жақсы  нәтиже  беруі
тиіс.
    Оттегін венаның ішіне жіберу әдісі тәжірибе жүзінде әдістемелік жағынан
кейбір қиындықтарға тап болуы мүмкін:
       1. Жіберілетін оттегінің мөлшері өте дәлдікті талап етеді;
       2. Оттегінің өте таза препараты болуы шарт;
       3. Ауруды үнемі қадағалап отыру қажет;
       4. Оттегін белгілі бір жылдамдықпен жіберуді қатаң сақтау керек.


    Аталған әдістерден басқа оттегін тік ішек арқылы жіберу әдісі бар.  Бұл
әдісті бірінші рет Заламонның еңбектерінен  кездестіреміз.  Автор  2,5  литр
оттегін тік ішек арқылы жіберіп газ алмасу процесін  зерттеген.  Тәжірибеден
кейін организмнің оттегін пайдалануы  кемігеннің  орнына  арта  түскен.  Оны
малдың тынышсыздануымен, іштің  кебуімен,  демікпенің  пайда  болуымен  және
диафрагмаға қысымның түсуімен түсіндіреді.
    Кауниц  пен  Лейнердің  зерттеулерінде  тік  ішек   арқылы   жіберілген
көмірқышқыл газы мен оттегінің әсерлері  анықталған.  Авторлардың  деректері
бойынша, оттегі тік ішек арқылы организмге тіптен  сіңбейтін  көрінеді,  дем
алу коэффициенті аздап  қана  өзгерген,  емдік  нәтиже  болмаған.  Тік  ішек
арқылы жіберілген көмірқышқыл газы тез сіңген,  ешқандай  кебу  байқалмаған.
Қан газының құрамында айтарлықтай өзгерістер жоқ. Дегенмен, тік ішек  арқылы
жіберілген көмірқышқыл газы  бірталай  уақыт  организмде,  әсіресе  тіндерде
сақталатын   көрінеді.   Сондай-ақ,   организмнен    минералды    тұздардың,
мочевинаның және сүт қышқылының зәрмен бөлінуі ұлғайған.
            Дәрілік заттарды құрсақ қуысына жіберу
                               арқылы  емдеу әдісі.


   Күйіс қайыратын малдардың құрсақ қуысы  іш  пердесімен  қапталған.  Ондай
пердемен  құрсақ  қуысында  орналасқан  барлық   ағзаларда   қапталады.   Іш
пердесінің сірі қабығы көптеген қан және  лимфа  тамырларымен  жабдықталған.
Олардың өзара ара қатынастары іш  пердесінің  әр  жерлерінде  әртүрлі  болып
келеді. Мысалы іш пердесінің кейбір бөліктерінде олардың ара  қатынасы  1:5-
ке және 1:20-ға қатынасындай болса,  басқа  бөліктерінде  керісінше  болатын
көрінеді. Олай болса кейбір  жерлерінде  лимфа,  ал  кейбір  жерлерінде  қан
тамырлары басымырақ болады. Лимфа тамырлары басымырақ  жерлерде  экссудация,
ал қан тамырлары басымырақ  жерлерде  резобция  құбылыстары  бірінші  орында
болады.Висцеральды және шарбы іш перделерінің сірі  қабықтары  арқылы  сору,
сіңіру құбылысы  әлде  қайда  жақсы  жүретіні  дәлелденген.  Висцеральды  іш
пердесінің сірі қабығы ішектердің сыртын қаптаған шажырқайдағы  бір  қабатты
жадағай торшалар. Ондағы дәнекер тіні өте нәзік және сол тіндердің  ішіндегі
ең аз бөлшектенген түріне жатады. Құрсақ  қуысында  орналасқан  ағзалар  мен
тамырларды сыртынан қаптаған висцеральды  іш  пердесінің  сірі  қабықтарының
осындай ерекшеліктері құрсақ қуысына жіберілген  ерітінділердің  ең  алдымен
осы қабықтар арқылы  сорылып,  сіңіріліп;  одан  шажырқайдағы  тамырлар  мен
қақпа көк тамырға ерітінділердің сіңуіне әсер етеді.
   Міне,  организмнің  осы  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  оттегін   күйіс
қайыратын малдардың құрсақ қуысына жіберу арқылы ауру малдарды емдеу  әдісін
зерттедік. Бұл әдіс басқа этиотропты және симптоматикалық емдеу  әдістерімен
қоса жүргізілді.
   Бұл емдеу әдісі ертеден белгілі болғанымен өткен ғасырдың 60-шы жылдарына
дейін кеңінен қолднылмай  келді.  Оның  негізгі  себебі  шаруашылықтағы  мал
мамандарына  қарапайым,  оңай  қолдануға  болатын  әдістің   технологиясының
ұсынылмауы.
   Өткен  ғасырдың  60-шы   жылдарының   басында   Семейдің   зоотехникалық-
малдәрігерлік институтының ғалымдары шаруашылықтағы мал мамандарына  оттегін
құрсақ қуысына жіберу арқылы кешенді түрде  емдеу  әдісінің  қарапайым  және
оңай технологиясын ұсынды.
   Біз өз  жұмысымызда  осы  әдісті  одан  ары  қарай  жетілдіру  мақсатында
зерттеулер жүргіздік. Ол үшін төмендегідей мәселелерді шешу керек болды:
     1.  Сау  малдардың  құрсақ  қуысына  жіберілген  оттегінің  организмге
        тигізетін әсерін зерттеу;
     2. Организмнің басқа  ағзаларының  қызметтеріне  кері  әсер  етпейтін,
        құрсақ қуысына бір ретте жіберетін оттегінің дозасын анықтау;
     3. Оттегін құрсақ қуысына жіберуге болатын ең қолайлы нүктені анықтау;
     4. Осы  әдісті  қарапайым  түрде  оңай  іске  асыруға  болатын  құрал-
        жабдықтарды ұсыну.
      Зерттеулердің нәтижесінде күйіс  қайыратын  малдардың  оттегін  құрсақ
қуысына жіберу операциясын жеңіл көтеретініне және  оның  әсері  организмнің
басқа ағзаларының функцияларын айтарлықтай өзгертпейтініне көз жеткіздік.
      Оттегін  құрсақ  қуысына  жіберуге  ең  қолайлы,  қауіпсіз  жер  күйіс
қайыратын малдың оң жақ аш қарын шұңқырының ортасы. Дәлірек айтқанда,  соңғы
қабырғаның ортасы мен сербек жотасын қосатын  түзу  сызықтың  орта  нүктесі.
Сол жерде операциялық  орын  дайындалғаннан  кейін,  үші  аздап  доғалданған
инені, өте сақтықпен, жоғарыдан төмен, сол  жақ  алдыңғы  аяқтың  шынтағының
дөңесіне бағыттап кіргізген дұрыс. Мұндай операцияны  түрегеп  тұрған  малға
жасаған қолайлы. Малдың терісі мен  ет  қабаттарынан  өткен  иненің  үші  іш
перденің сірі қабатына жеткенде аздап, болар-болмас  кедергіге  тап  болады.
Оны тәжірибелі мамандар  саусақтың  үшімен  сезеді.  Ине  іш  пердені  тесіп
өткенде әлсіз ғана сырт еткен  дыбыс  сезіледі.  Бұл  иненің  үшінің  құрсақ
қуысында екенінің белгісі.  Инені  аздап  ары  қарай  жылжытқан  дұрыс.  Үші
доғалданған ине ішектерді жарақаттай алмайды. Осыдан кейін  иненің  өзегінде
қан бар ма, жоқ па; ине кірген жерде тығыз тұрма, соған көңіл аудару  керек.
Бәрі дұрыс болған жағдайда оттегін жіберуге кірісе беруге болады.
      Құрсақ қуысына  жіберілген  оттегі  онда  орналасқан  ағзалардың  сірі
қабықтары арқылы көп кешікпей организмге сіңе бастайды. Оттегін  жібергеннен
кейін бір сағаттай уақыт өткенде  іштің  пішіні  алғашқы  қалпына  келіп  те
үлгереді. Оттегінің құрсақ қуысына жіберу  мөлшері  малдың  1  кг  салмағына
есептегенде 100 мл болуы керек. Ол тәжірибе жүзінде дәлелденген.
      В.Н.Квятковский өзінің  қойға  жасаған  тәжірибесінде  оттегін  құрсақ
қуысына жібергеннен  кейін  48  сағат  өткенде  бауыр  қақпа  көк  тамырының
қанындағы оттегінің мөлшері 7,4  көлемдік  пайыздан  12,0  көлемдік  пайызға
дейін көбейгенін баяндайды. Олай болса, құрсақ қуысына жіберілген оттегі  ең
әуелде оның негізгі тұтынушысы  бауырға  барып  сіңеді.  Ал  қолқа  тамырдың
қанындағы оттегінің мөлшері 12,8 көлемдік  пайыздан  15,3  көлемдік  пайызға
дейін  жоғарылаған.  Осындай  қан  құрамындағы  өзгеріс  2-3   күнге   дейін
сақталған.
      Оттегін құрсақ қуысына жіберу үшін біз қарапайым аспапты  ұсындық.  Ол
үшін оттегі толтырылған жастық, Жанэ шприці, 250 мл  шыны  колба,  тесігі  3
жаққа шығатын Агали краны, үші доғалданған стерилді ине  және  осы  заттарды
бір-бірімен  жалғастыратын   резина   түтікшелері   қажет.   Колбаға   әлсіз
концентрациядағы Риванол ерітіндісін құяды. Ол  өзі  арқылы  өтетін  оттегін
ылғалдандыру   арқылы   оның   тітіркендіру   қасиетін   төмендетеді    және
залалсыздандырады. Колбаның тығынындағы екі тесік арқылы  екі  шыны  түтікше
орналастырылады. Оның  біреуі  міндетті  түрде  Риванол  ерітіндісіне  батып
тұруы керек. Ол оттегінің жастығымен  жалғасады,  ал  екіншісі  Агали  краны
арқылы Жанэ шприцімен және инемен қосатын резина  түтікшемен  жалғасады.  Үш
тесікті Агали краны Жанэ шприцін  бірде  инемен,  ал  енді  бірде  оттегінің
жастығымен қосуға қолайлы. Көлемі белгілі Жанэ шприці құрсақ  қуысына  қанша
оттегінің жіберілгенін анықтау үшін де қажет.






























      7-ші сүрет. Оттегін құрсақ қуысына жіберу үшін қолданылған аппарат.
        1. Жанэ шприці
        2. Агали краннигі
        3. Оттегін ылғалдандыратын және залалсыздандыратын сұйығы бар колба
        4. Құрсақ қуысына еңгізілетін ине
        5. Оттегі толтырылған жастық


      Осындай операцияны мал маманы бір  кісінің  көмегімен  еш  қиындықсыз,
оңай жүргізе алады. Тек төмендегідей жұмыс ретін сақтаса болғаны:
   1. Аспапты құрастырып, оның герметикалық жағдайын тексеру керек;
   2. Оттегі жастығын редукторлы балоннан оттегімен толтыру керек;
   3. Емделетін малды станокқа орналастырып, бекіту керек;
   4. Ине кіргізетін операциялық орынды дайындау керек;
   5. Залалсыздандырылған инені құрсақ қуысына дұрыс еңгізу керек;
   6. Аспапты резина түтікше арқылы инемен қосады;
   7. Агали краны арқылы оттегінің жастығын Жанэ шприцімен қосады;
   8. Жанэ шприціне оттегін сорып, толтырады;
   9. Жанэ шприці мен инені қосады;
  10. Жанэ шприціндегі оттегін құрсақ қуысына жібереді;
  11. Агали краны арқылы оттегінің жастығы мен Жанэ шприцін қайта қосу;
7, 8, 9,  10,  11  пунктері  малдың  құрсақ  қуысына  оттегінің  белгіленген
мөлшерін толық жібергенше қайталанып отырады.




     Дәріс – 4. Дәрілік заттарды ингаляциялық әдіспен қолдану техникасы

 1. Оттегін тыныс алу жолдары арқылы жіберіп емдеу әдістері.

      Тыныс  алған  кезде  өкпелерге  атмосфералық  ауа  барады.  Ол  ауаның
құрамы: 79,3 % азоттан, 20,9 % оттегінен, 0,03 % көмір қышқыл  газынан  және
1,0 % инертті газдардан (аргон, неон, гелий) тұрады. (таблица)
      Дем шығарған кездегі ауаның құрамында орташа есеппен 79,7 %  азот,  16
% оттегі және 4,4 % көмірқышқыл  газы  болады.  Осы  келтірілген  деректерді
салыстыра отырып  тыныс  алудың  барысында  организм  5  %-ға  жуық  оттегін
пайдаланып; 4,4 %-ға жуық  көмірқышқыл  газын  бөліп  шығаратынын  анықтауға
болады.
      Дені сау малдардың организмінде мұндай газ алмасу  процессі  уақытында
жүріп отырады. Ал мал ауруға шалдыққан кезде  организмде  қандай  өзгерістер
болады? Міне, соған тоқталайық.
      Сау малдардың өкпелерінің  альвеоллаларындағы  ауаның  құрамы  80,5  %
азоттан; 14,0 % оттегінен және 5,5 % көмірқышқыл газынан  тұратын  көрінеді.
Ал ондағы оттегінің қысымы сынап бағынасы бойынша 102 мм-ге  тең.  Мал  өкпе
ауруларына шалдыққан  кезде  өкпе  альвеоллаларындағы  оттегінің  парциалдық
қысымы төмендейді де, оттегінің өкпе альвеолларының қабырғасы  арқылы  қанға
өту  процессі  бұзылады.  Міне,  осындай  жағдайда   өкпе   альвеолларындағы
оттегінің парциалдық қысымын қалыпты  жағдайға  келтіру  үшін  тыныс  алатын
ауаның құрамындағы оттегінің  мөлшерін  көбейту  қажет.  Ол  үшін  өндірісте
шығарылатын медициналық оттегін пайдалануға болады.
       Көптеген   медициналық   және   малдәрігерлік   ғалымдардың   зерттеу
нәтижелеріне қарағанда оттегінің мөлшері дем алатын ауада 60 %-дан көп;   34
%-дан аз болмауы керек көрінеді. Дем  алатын  ауаның  осындай  қоспасы  ауру
малдың тыныс алуына ең қолайлы деп саналады. Осындай ауа қоспасын  пайдалана
отырып шаруашылықтарда жүргізілетін  тыныс  алу  жүйесінің  ауруларын  емдеу
тәсілдерінің  нәтижесін  жақсартып,   емдеу   уақытын   қысқартуға   болатын
көрінеді.  Ал  таза  оттегімен  дем  алдыру  малдың  тыныс  алу   жолдарының
рецепторларын  қатты  тітіркендіру  арқылы   жүйке   жүйесінің   тыныс   алу
орталығының жұмысын бүлдіреді.
      Белгілі бір мөлшердегі резервуар болған жағдайда, құрамында 34 – 60 %-
ды оттегі бар қоспаны дайындау  онша  қиындыққа  соқпайды.  Шағын  көлемдегі
резервуарды өзіне ауа өткізбейтін жұмсақ материалдан жасап алуға болады.
      Біз өз тәжірибемізде жеке бұзауларға  тыныс  алдыру  үшін  диаметрі  1
метрлік резинадан жасалған  метеорологиялық  шар-зондты  пайдаландық.  Ондай
резервуардың жартысын атмосфералық ауамен, жартысын таза  оттегімен  толтыру
арқылы құрамында 60 % оттегі бар қоспа алдық. Оны  былай  есептедік:  500  л
атмосфералық ауада 100 л (20 х 5)  оттегі  бар.  Оған  таза  500  л  оттегін
қостық. Сонда 1000 л қоспада 600 л (100 + 500)  оттегі  болады.  Егерде  1-2
айлық бұзаулардың тыныс алу көрсеткіші 250 мл болса, онда 1 минутта  30  рет
дем алған бұзау 1 сағатта 450 л (250 х 30 х 60) ауаме дем  алатын  көрінеді.
Олай болса біз ұсынып отырған резервуар бір-бір сағаттан дем алдыру үшін   2
бұзауға жетеді.
      Ұсынылып отырған резервуарды іс жүзінде  былай  толтырдық:  сиымдылығы
1500-2000 л  болатын  резервуардың  жарты  мөлшерін  тұрмыстағы  шаң  сорғыш
аспабын пайдаланып  атмосфералық  ауамен  толтырдық,  сондай  мөлшерде  таза
оттегін редуктормен жабдықталған оттегі балонынан алдық. Осылай  дайындалған
ауа қоспасын бұзаулардың тыныс алу жолына әдейілеп дайындалған маска  арқылы
қостық. Емдеу әдісін күніне бір рет, 50-60 минут уақыттай  өткізіп  отырдық.
Емдеу ұзақтығы аурудың барысына байланысты 7-10 күндей болады.
      Арнайы маскаларды бұзаулар мен қойларға арнап қолдан жасадық. Ол  үшін
адамдарға арналған  противогаздың  қақпақты  апаратын  алып,  малдың  басына
тығыз  сиятындай  етіп  күні  бұрын  дайындалған  цилиндрге  тығыздап,   ауа
шықпайтындай етіп желімдедік. Ондай цилиндрді  машина  дөңгелектерінің  ескі
камераларынан дайындауға болады. Резина цилиндрдің  ішкі  жағынан  айналдыра
диафрагма ретінде қақпақша  желімдеп  қойған  дұрыс.  Сонда  цилиндр  малдың
басына нығыз орналасады. Ондай цилиндр екі бау арқылы малдың  желке  тұсынан
таңып  ұсталады.  Противогаздың  тыныс  алатын  қақпақшасын  резина  түтікше
арқылы оттегінің қоспасы дайындалған  резервуармен  қостық.  Резина  түтікше
ретінде  противогаздың  кеңірдек  тәрізді  түтікшесін  пайдаландық.  Ал  дем
шығаратын қақпақшаны бос қалдырдық. Керек болған жағдайда  дем  алу  кезінде
шыққан ауаны жинап алу арқылы минуттық мөлшерін анықтау  үшін,  немесе  оның
құрамындағы газдардың құрамын зерттеу үшін пайдалануға
                   3-ші сүрет. Бұзаулардың  дем  алысын  зерттеуге  арналған
маска.




болады. Осындай арнайы масканы  тапсырыс  арқылы  стандартты  түрде  жасатып
алуға да болады.


      Ал топ малды бірден оттегімен байытылған ауамен дем алдырып емдеу үшін
арнайы бөлме немесе шатыр керек. Біз өз тәжірибемізде қолдан шатыр  жасадық.
Ол үшін ағаш тақтайшаларынан биіктігі мен ені 1,5 м  болатын  4  тор  шарбақ
жасадық та, оларды өзара жіктестірдік. Сыртынан арнайы
      дайындалған полиэтилен пленкасымен жаптық. Оның  ішінің  жалпы  көлемі
3,375 м³ болды. Тор шарбақтың санын көбейту немесе оның биіктігі мен енін



















                4-ші сүрет. Қозылардың дем алысын зерттеуге арналған маска.

ұзарту арқылы шатырдың жалпы көлемін үлкейтуге  болады.  Шатырға  кіргізетін
малдың саны оның көлеміне тікелей  байланысты.  Ғылыми  деректер  бойынша  1
бұзауға орташа  есеп  бойынша  1,2  м³  ауаның  көлемі  қажет.  Ал  шатырдың
ішіндегі ауаны 34-60 %-ға  дейін  байыту  үшін,  жоғарыда  келтірілген  есеп
бойынша, делгіленген малдың санын ( біздің  есепте  3,375  :  1,2  =  3  бас
бұзау) шатырға еңгізіп, оны  саңылаусыз  етіп  жапқаннан  кейін  редуктормен
қамтамасыз етілген оттегінің  балонынан  оттегін  шатырдың  ішіне  жібереді.
Алғашқыда  белгілі  бір  режімді  анықтап  алған  дұрыс.  Ол  үшін  шатырдың
ішіндегі ауадағы оттегінің мөлшерін ауық-ауық есептеп отыруға  тура  келеді.
Кейіннен сол режім  арқылы  жұмыс  істеу  оңай  болады.  Ол  үшін  оттегінің
балонын әрбір уақыт бөлігінде  белгілі  бір  уақытқа  ашып  шатырға  оттегін
жіберіп отырса болғаны.
      Емге арналған медициналық оттегі 120  атмосфералық  қысыммен  болаттан
құйылған балондарда сақталады. Сондықтан оны ауаны жоғарғы қысымда  ұстайтын
компрессор  ретінде  әртүрлі  дәрілік  заттардың  қоспасынан  ауада   қалқып
жүретін ұсақ бөлшектер жасауға пайдалануға болады. Мұндай  ұсақ  бөлшектерді
жоғарғы қысымдағы ауа арқылы немесе жоғарғы қысымдағы  оттегі  арқылы  алуға
болады.  Олардың  негізгі  қасиеті  арналып  жасалған  генераторлар   арқылы
жоғарғы қысымның әсерінен шашырап шыққанда  өте  ұсақ  бөлшектерге  бөлінеді
де, газ тәрізді ортада, жерге шөгіп қалмай, ауада  қалқып  жүруінде.  Егерде
осындай бөлшектер  жоғарғы  қысымдағы  ауа  арқылы  алынса  ауалы  бөлшектер
(аэрозоль) деп, ал жоғарғы қысымдағы оттегі арқылы алынса оттекті  бөлшектер
(оксигенозоль) деп аталады.
       Біз  өзіміздің   тәжірибемізде   дәрілік   заттардың   осындай   ұсақ
бөлшектерін  алу  үшін  «САГ-1»  генераторын  пайдаландық.  Осындай  әдіспен
алынған   дәрілік   заттардың   бөлшектері   малдың   демі    арқылы    өкпе
альвеоллаларына  барады.  Жоғарыда   атап   өтілгендей,   мал   организмінде
оттегінің  жеткіліксіздігін  тудыратын  ауруларды  емдеген  кезде,   осындай
дәрілік заттардың ұсақ бөлшектерін оттегімен байытылған  ауамен  дем  алдыру
арқылы  емдеудің  пайдасы  зор.  Осындай   әдіспен   тыныс   алу   жүйесінің
ауруларымен ауырған малдарды  емдеуді  Семейдің  зоотехникалық-малдәрігерлік
институтының терапия кафедрасының ғалымдары зерттеп, іс жүзіне  асырды.  Біз
бұл әдісті малды топтап, кешенді түрде емдеу әдісі деп атауды ұсындық.

















      5-ші сүрет. Оттегімен дем алдыру арқылы емдеуге арналған шатыр.


       Дәрілік заттардың құрамына  аурудың  себептеріне,  белгілеріне  қарсы
қолданылатын,  белсенділіктері  ғылыми  тұрғыда  анықталған  (антибиотиктер,
сульфаниламид  препараттары  және  т.б.),  жүрек-қан   тамырлары   жүйесінің
қызметтерінің жеткіліксіздігін толықтыратын,  қақырық  түсіретін  және  т.б.
қажетті дәрілік заттарды қосу керек.  Бұл  жерде  оттегі  патогенездік  және
орын толтыру емдеу тәсідеріне жатады.
      Осындай әдіспен ауру малды  емдеу  үшін  герметикалық  түрде  жасалған
арнайы шатыр-палатка, генератор (САГ-1),  балондағы  қысымдағы  оттегі  және
қысымды төмендететін редуктор  қажет.  Редуктор  арқылы  балоннан  шығардағы
оттегінің қысымын 3-3,5 атмосфераға  дейін  төмендетуге  болады.  Редукторға
жалғанған жоғарғы  қысымға  арналған  арнайы  резина  түтік  арқылы  оттегін
шатырдың ішіне шашыратуға болады.  Дәрілік  заттарды  шашырату  үшін  резина
түтік арнайы генераторға жалғанады. Генератордың  форсункалары  қарама-қарсы
орналастырылған екі тостағаншасына  дәрілік  заттардың  ерітіндісі  құйылады
да,  ол  дәрілік  қоспа  оттегінің  қысымы  арқылы   шатырдың   ішіне   ұсақ
бөлшектерге ыдырап, шашыратылады.
      Оқушы қауымға түсініктірек болу үшін  бұл  әдісті   бронхопневмониямен
ауырған бұзауларды емдеу  үшін  өзіміздің  қалай  қолданғанымызды  толығырақ
баяндай кетелік.
      Ол үшін көлемі 12 м³ шатыр-палатка дайындадық. Оған 2-4 айлық 10  ауру
бұзауларды  (1 бұзауға 1,2 м³  көлемді  есепке  ала  отырып)  орналастырдық.
Генератордың   тостағаншаларының   әрқайсысына   500   мл-ден   төмендегідей
құрамдағы дәрілік заттардың қоспасын құйдық:
   1. Белсенділігі ғылыми тұрғыда анықталған антибиотик;
   2. Суда тез және жақсы еритін сульфаниламид – норсульфазол;
   3. Бронхылардың өзегін кеңейту үшін – эуфилин;
   4. Жүрек-қан тамырларының  жұмысына  жақсы  әсер  ететін  кофеин  натрий-
      бензоат;
   5. Қақырықты сұйылту үшін – медициналық пепсин;
   6. Организмнің резистенттілігін жақсарту үшін – тетравит;
   7. Дәрілік заттардың ұсақ бөлшектерін оттегімен байытылған ауада қалқытып
      ұстап тұру үшін – 10 % глицерин ерітіндісі.
   Бұл  дәрілік  заттардың  мөлшерін  В.Н.Квятковскийдің  ұсынған  формуласы
бойынша анықтадық:


                       А х С
                 Д = ----------- ;
                           Р
Бұл жердегі:
      Д – дәрілік заттардың шашырату мөлшері,  бірлік немесе грам ретінде;
       А  –  дәрілік  заттың  барлық   малдардың   салмағына   есептегендегі
адсорбциялық мөлшері,  немесе  шамамен  әр  дәрінің  еттің  ішіне  жіберетін
мөлшерін алуға болады, бірлік немесе грамм ретінде;
      С – 0,467-ге тең тұрақты коэффициент (бұзау үшін);
      Р – бұзаудың 1 минуттағы  1  кг  салмағына  есептегендегі  дем  алатын
ауасының мөлшері (ол көрсеткіш бұзау үшін 0,273 л-ге тең).
      Егерде жоғарыда келтірілген деректерге сәйкес  белгілі  көрсеткіштерді
орындарына қойсақ, онда мынандай нәтиже аламыз:

                 Д = А х 0,467 : 0,273 = 1,7 А.

       Сонымен  қолдануға  ұсынылып  отырған  дәрілік  заттың  еттің   ішіне
жіберілетін мөлшерін анықтамадан тауып алып, оны 1,7 коэффициентіне  көбейту
керек. Мысалы, кофеин бензоат-натрийдің дозасы 5,0  г  х  10  =  50,0.  Олай
болса,
                       Д = 50,0 х 1,7 = 85,0 г.

      Осындай дайындық  жұмыстары  аяқталғаннан  кейін  редуктордың  шүмегін
ашып  3  минут  уақыттай  генератор  тостағандарындағы   дәрілік   заттардың
қоспасын оттегінің қысымы арқылы шашыраттық. Сонда шатырдың  іші  бірқалыпты
қалың тұманға  толады.  Ауру  малдарды  осындай  қоспа  золімен  дем  алдыру
уақытының ұзақтығы 60 минут. Шатырдағы малдардың дем  алу  барысында  ондағы
оттегінің концентрациясы да төмендейді.  Оны  34-38  %-да  ұстап  тұру  үшін
әрбір 20 минут сайын редуктордың шүмегін 1,5-2,0 минутқа ашып  отыру  керек.
Осының барлығы тәжірибе жүзінде тексеріліп, дәлелденген. Жұмыс  жүргізілетін
әрбір жағдайда қолданылатын  шатыр-палатканың  көлеміне  байланысты  белгілі
бір режім кестесін күні бұрын анықтап  алған  дұрыс.  Ол  үшін  қолданылатын
шатыр-палатканың ішіндегі ауаның құрамындағы оттегінің мөлшерін білу  қажет.
Осылай болғанда ғана біз оттегі баллонындағы редуктордың шүмегін неше  минут
ашқанда шатырдың ішіндегі ауада  оттегінің  концентрациясы  қанша  болатынын
біле аламыз.

[pic]

                    6-шы сүрет. Оксигенозолетерапия жүргізу процесі.

       Дәрілік  заттардың  ұсақ  бөлшектерінің  тыныс  жолдары  арқылы  өкпе
альвеоллаларына ену деңгейі ол бөлшектердің диаметрі мен малдың бір рет  дем
алған кезіндегі ауаның көлеміндегі сол  бөлшек-зольдердің   концентрациясына
тікелей байланысты. Бұл көрсеткішке малдың дем алу процесінде оның саны  мен
сапасы да өз әсерін тигізеді.  Бұл  мәселелерді  дұрыс  шешу  үшін  маскалық
әдісті пайдалана отырып малдың бір  минуттағы  дем  алу  мөлшерін  және  дем
алатын ауа мен деммен шыққан ауадағы газдың құрамын анықтай отырып,  олардың
айырмашылығын тексеру арқылы белгілі бір қорытынды жасау өте қажет.
      Біз өз тәжірибемізде ол үшін  белгілі  бір  көлемдегі  метеорологиялық
резервуарға масканың дем шығару қақпақшасы арқылы малдың 5 минутта  шығарған
демін жинап алып, оны газдың көлемін анықтайтын аспаб арқылы  есептедік  те,
5-ке бөліп 1  минуттағы  дем  алу  ауасының  мөлшерін  анықтадық.  Ол  санды
аспабтың  шығар  аузына  қойылған  термометрдің  көрсеткіші  мен  су  буының
серпімділігін еске ала отырып дайындалған  түзеткіш  коэффициентіне  көбейту
арқылы малдардың қалыпты жағдайдағы көрсеткіштерімен  салыстыруға  мүмкіндік
алдық.
      Белгілі бір  ортадағы  оттегінің  концентрациясын  анықтау  үшін  ГК-1
аппаратын  қолдануға  болады.  Аппарат  қарапайым,  100  мл-лік  бюреткадан,
теңестірілмелі  шыны  ыдыстардан,  оларды  жалғастыратын  шыны  және  резина
түтікшелерден  тұрады.  Теңестірілмелі  шыны  ыдыстың  біреуі   мыс   сыммен
толтырылған. Мыс сымы тотығу арқылы тексерілетін  ауа  қоспасындағы  оттегін
сіңіреді. Оның  мөлшерін  100  мл-лік  бюреткадағы  шкала  арқылы  анықтауға
болады. Аппаратпен жұмыс істеу тәртібі аппаратпен бірге  берілетін  нұсқауда
келтіріледі.
      Аппаратпен жұмыс істегенде кейбір жағдайларға көңіл аударған дұрыс:
   1. Мыс сым жіңішкере бастаған кезде оны алмастырып отыру керек;
   2. Егерде сіңіргіш ыдыстағы ерітінді сарғыш  түсті  тұнба  бере  бастаса,
      онда оны алмастыру керек;
   3.  Жаңа  дайындалған  ерітіндімен  толтырылған  аппаратпен  алынған  2-3
      нәтижелерді есепке алмаған дұрыс;
   4. Жұмыс істердің алдында аппараттың барлық  қосылыстарының  герметикалық
      жағдайын тексеріп отыру қажет;
   5. Талдауға қажет газ қоспасын  аз  көлемді  метеорологиялық  резервуарға
      алған жөн;
   6. Шатырдың ішінен  газ  алу  үшін  резина  түтікше  жалғастырылған  Жанэ
      шприцін қолданған қолайлы.
        Жоғарыда келтірілген әдістерді қолдана отырып, 4-6  айлық  дені  сау
бұзаулардың  өзіміз анықтаған көрсеткіштерін келтірмекпіз.


   2 – ші кесте
         Дені сау бұзаулардың газ алмасу процесінің көрсеткіштері


   |                                   Анықтамалар          |Көрсеткіштер     |
|Дем алу жиілігі                                         |        24,0     |
|Минуттық дем алу мөлшері, л                             |          9,2    |
|Деммен шыққан ауаның газ құрамы, көлемдік %:            |                 |
|                           - көмірқышқыл газы           |          2,86   |
|                           - оттегі                     |         16,39   |
|Оттегін сіңіру мөлшері, мл/мин.                         |        301,39   |
|Көмірқышқыл газын бөлу мөлшері, мл/мин.                 |         244,6   |
|Дем алу коэффициенті                                    |            0,82 |
|Дем алу эквиваленті                                     |            3,1  |
|Оттегін пайдалану коэффициенті                          |           32,5  |
|Қанның құрамындағы оттегі, көлемдік %:                  |                 |
|                             - артериялық қанда         |          17,3   |
|                             - веналық қанда            |            8,8  |
|Қанның оттегімен қанығу пайызы                          |          50,9   |


   Осы  көрсеткіштермен  салыстыра  отырып  ауру   малдардың   және   оларды
емдегеннен кейінгі көрсеткіштерін талдап, қорытынды шығаруға болады.

   Дәріс-5 Мал ауруларын патогенездік емдеу әдістерінің
                                             негізі мен техникасы.
   Жоспары:
     1. Патогенездік терапия және новокаинмен тежеу  әдістерінің  теориялық
        негіздері.
     2.  Мойынның  ваго-симпатикалық  жүйке  жүйесін  новокаинмен  тежеудің
        техникасы.
     3. Плевраүстілік жүйке жүйесін новокаинмен тежеудің техникасы.
     4. К.Геров ұсынған новокаинмен тежеу әдісінің техникасы.
     5. Банка қою, қышамен емдеу


    Патогенездік терапия дегеніміз – макроорганизмге, көбінесе жүйке  жүйесі
арқылы әсер етіп, оның қорғану қабілеттілігі мен  реактивтілігін  жоғарылату
үшін қолданылатын емдеу әдістерінің барлық түрлері. Патогенездік  терапияның
негізгі мақсаты, ауру процесінің  негізіне  жататын  бұзылған  физиологиялық
процессті  қалпына  келтіру.  Патогенездік  терапияның  аурудың  себептеріне
қарсы қолданылатын емдеу әдістерінен ерекшелігі бар. Патогенездік  терапияға
арнайы емес емдеу әдістері мен әдістемеліктердің  көптеген  түрлері  жатады.
Олардың қатарына: новокаинмен, тіндермен, протеинмен,  физикалық  әдістермен
және басқа да аурудың дамуына қарсы  әсер  ететін  дәрілік  заттармен  емдеу
әдістері жатады.

                           Новокаинмен тежеу әдісі
      Новокаинмен тежеу әдісін ең  бірінші  рет  зерттеп,  ұсынған  академик
А.В.Вишневский.  Кейінгі  жылдары  оның  оқушылары  мен  ісін   жалғастырушы
ғалымдар  бұл  негізгі  патогенездік  терапияға  көптеген   жаңалықтар   мен
толықтырулар енгізді. Малдәрігерлік хирургия саласында   А.В.Вишневский  мен
Л.С.Сапожниковтардың   жетекшілігімен   И.Я.Тихонин    жылқылардың    бүйрек
маңайына  новокаинмен  тежеу  жасау  (паранефралды  немесе  белдеме  тұсының
блокадасы) арқылы емдеу әдісін ұсынды. Кейіннен М.С.Сенькин  осындай  әдісті
ірі қара малына жасауды  көрсетті.  Сөйтсе  де,  мал  дәрігерлік  хирургияда
елеулі жетістік деп В.В.Мосиннің еңбегін атап өткен жөн. Ол кісінің  ұсынған
эпиплевралды новокаинмен  тежеу  әдісі  бүйрек  маңайына  новокаинмен  тежеу
жасау әдісінен әлдеқайда тиімді нәтиже берді.  Себебі  бұл  әдісте  новокаин
күн сәулелі және бүйрек  маңындағы  түйіндерді  құрайтын  симпатикалық  және
парасимпатикалық нерв элементтеріне бірдей әсер етеді.
      И.Я.Тихониннің  ұсынған  блокадасы  асқазан  мен  ішектердің   қозғалу
функциясының  бұзылуының  динамикалық  түрінде  жақсы  әсер  еткенімен  оның
механикалық  түрінде,  керісінше,  аурудың  жалпы   жағдайын   нашарлататыны
байқалған.  Бұл  әдіс  жылқылардың  энтералгия,  ішектердің  газбен  керілу,
копростаздың кейбір түрлерінде, асқазанның жіті түрде  кеңеюінде;  ірі  қара
малының месқарнының асқа толып  керілуінде,  алдыңғы  қарыншақтардың  атония
ауруында жақсы терапевтикалық тиімділік көрсетеді.  Болашақта,  басқа  емдеу
әдістерімен кешенді түрде қолданғанда, бүйректің  жіті  түрінің  қабынуында,
туған малдың шуы көпке дейін  бөлінбегенде,  эндометритте,  ойық  жараларда,
сыздауық-шиқандарда,  есекжемде,  хирургиялық  қабыну  процестерінде   жақсы
нәтиже береді деген болжам бар.
      В.В.Мосин  өзінің  әдісін  жылқылар  мен  ірі  қара  малдарының  қатты
жарақаттан  естен  тануында,  операциядан  кейін  іштері  кепкенде,  қуықтың
қабынуында, спастикалық шаншу құбылысында,  тұяқтардың  қабынуында  ұсынған.
Блокаданы  екі  жағынан  да  жасаған  тиімді  делінген.  Кейіннен   көптеген
авторлар бұл әдісті  күйіс қайыратын малдардың алдыңғы қарыншақтарының



атониясында,  жылқылардың   асқазанының   жіті   түрде   кеңеюінде,   газбен
керілуінде, капростазда жақсы терапевтикалық тиімділікпен  қолданған.  Тақия
қарыншақ пен құрсақ қуысының жарақатты  қабынуында  қолдануға  болмайтындығы
дәлелденген.
      А.И.Федотов, В.Г.Кулик,  Н.А.Уразаевтар  төменгі  мойын  тұсының  және
жұлдызша симпатикалық нерв түйінін новокаинмен тежеу  әдісін  ұсынған.  Олар
өкпелердің катаралды және крупозды қабынуларын емдеп жақсы нәтиже алған.
       Сиырлардың  емшектерінің  қабынуының  кейбір  түрлерінде  новокаинмен
тежеудің  қысқаша  түрі  тиімдірек  болатыны   байқалады.   Іріңді   індетті
ауруларда новокаин  ертіндісіне  антибиотик  қосып  артерияға  жіберу  әдісі
ұсынылған. Жылқылардың миоглобинурия ауруын новокаинның  1  %-ды  ертіндісін
венаға жіберу арқылы әмдеу әдісі ұсынылған.
       Новокаинмен  тежеу  әдісін  іріңді   және   септикалық   процестерде,
ағзалардағы патологиялық процесс тереңдеп кеткенде, арық малдарға  қолдануға
болмайды.
        Новокаинмен    тежеу    әдісінің    кейбір   теориялық    негіздері.

       Новокаинмен  тежеу,  оның  ертінділерін  венаға,   артерияға   жіберу
әдістерінің емдік және  профилактикалық  әсерлерін  зерттеп  білуде  орталық
жүйке жүйесінің, оның шеткергі  және  вегетативті  бөліктерінің  анатомиялық
және физиологиялық деректерін пайдалану керек. Іріңді-өлі еттену және  басқа
да індетті процестерде новокаинмен емдеуді  микробтарға  қарсы  әсер  ететін
дәрілік  заттармен,  операция  жасаумен  және  басқа  да  емдеу  әдістерімен
кешенді түрде жүргізудің қажеттілігін естен шығармау керек.
      Новокаин -   парааминді  бензой  қышқылының  күрделі  эфирінің  хлорлы
сутекті тұзы мен диэтиламинді этанолдың қосылысы. Оның  әсер  ету  диапазоны
өте  кең.  Тілде  жансыздану  сезімін  тудыратын,  судың  және  спирттің   8
бөлігінде еритін  иіссіз,  түссіз  крисстал.  Қышқылды  реакциясының  судағы
ертінділеріне төзімді, қайнатып зарарсыздандыруға  болады.  Еріткіш  ретінде
Рингер сұйығын, натрийдің изотониялық ертіндісін  немесе  дистілденген  суды
қолданады. Ұнтақ түрінде және ампулаға 1-5  және  10  мл  құйылған  0,5-2  %
ертінді түрінде шығарылады. Ұнтақты сақтықпен «Б» тізімі  бойынша  сақтайды.
Сірке  қышқылды  ортада  бүлінеді.  Бүлінгенде  түрі  сарғыш  тартады.  Егер
ертіндінің түрі  қатты  сарғайған  болса,  онда  ондай  ертіндіні  қолдануға
болмайды. Ертіндіні  тұрақтандыру  үшін  0,1  %-ды  хлорлы  сутегі  қышқылын
қосады.
      Новокаин нейротропты дәрілік заттардың  қатарына  жатады.  Оның  әсері
рефлекс доғасының барлық бөліктерінде де байқалады. Сіңгеннен кейін  тікелей
орталық жүйке жүйесіне  әсер  етеді.  Синапстарда  қозу  процесінің  берілуі
қиындайды.   Себебі,   ол   ацетилхолиннің   түзілуін   азайтады,   шеткергі
холинореактивті  жүйесіндегі  қозу  процесін   төмендетеді.   Жұлын   миының
нейрондарының синапстары қатты, ал сопақша  мидың  нейрондарының  синапстары
аздап қажиды.  Холинергиялық  ганглия  нервтерінің  адренергиялық  нервтерге
қарағанда новокаинға сезімталдығы жоғарырақ  болып  келеді.  Жүрек,  өкпелер
мен   ішектердің   рецепторларының   қозуын   тежейді;   олардың    көптеген
рефлекстерін қажытады.
      Новокаин организмде ыдыраған  кезде  парааминді  бензой  қышқылы  және
диэтиламинді  этанол  түзіледі.  Олар  организмдегі  зат  алмасу  процессіне
қолайлы  әсер  етеді,  жүйке   жүйесінің   қозғыштығын   бәсеңдетеді,   фоли
қышқылының  синтезін  жақсартады.  Осыны  негізге  ала  отырып,   новокаинды
медицинада   эндоартериттерде,    атеросклерозда,    гипертония    ауруында,
буындардың  ревматикалық  қабынуында  және  басқа  да  ауруларда  қолданады.
Сульфаниламид препараттарының  әсерінің  негізінде  бәсекелестік  парааминді
бензой  қышқылының  түзілуі  жатыр.  Сондықтан  оларды  қатарынан  қолдануға
болмайды.
      Новокаин қан  тамырларын  тарылтпайды  және  сол  себепті  қанға  оңай
сіңеді. Ал қан тамырларының өзегін тарылту және сол арқылы  жергілікті  әсер
етуін  күшейтіп,  мерізімін  ұзарту  үшін  оны   қан   тамырларының   өзегін
тарылтатын дәрілік заттармен, хлорлы сутекті адреналин  ертіндісімен,  қосып
қолданған дұрыс (100 миллилитріне 10-40 тамшы). Адреналин  ұлпаларда  ишемия
құбылысын тудыру арқылы новокаинның  әсер  ету  кезеңін  3-5  есе  ұзартады.
Сондай-ақ,   новокаинның   майлы   ертінділері   ұзақ    уақытқа    ауырсыну
сезімталдығын басады: 2 % ертіндісі 10  сағатқа  дейін,  ал  8  %  ертіндісі
бірнеше  тәулікке  дейін.  Спирттегі   ертінділері   судағы   ертінділерінен
әлдеқайда ұзағырақ әсер етеді.
      Новокаинды инфильтрациялық анестезия үшін кеңінен  қолданады.  0,25  –
0,5 %-ды ертіндіні 30 – 300 мл мөлшерінде, ал жекелеген жағдайларда  бірнеше
литр  мөлшерінде  еңгізеді.  Анестетиктерді  хлорлы  натрийдің  изотоникалық
немесе Рингер ертінділерімен, организмге  сіңуді  әлсірету  және  қан  ағуды
азайту үшін адреналинмен қосып еңгізу қолайлы болып табылады.
      Тежеу әдісінде көбінесе новокаинның 0,25 % - ды ертіндісін  қолданады.
Ертіндіні 100 – 1000 мл мөлшерінде  қабыну  ошағындағы  жүйкелердің  бойымен
еңгізеді. Әсері 15-25 минуттан кейін басталып, 2-10  күнге  дейін  созылады.
Новокаинмен тежеу ем ретінде тимпанияда, энтералгияда,  жатырдың  қабынуында
және басқа да бірталай ауруларда:  пододерматитте,  ұзақ  уақыт  жазылмайтын
жараларда, жіті іріңді артриттер мен шелдің іріңдеп қабынуында қолданылады.
      Новокаинды жұлындық анестезия үшін де қолдануға болады. Ол  үшін  оның
1-2 %-ды  ерітіндісін  омыртқа  өзегінің  эпидуралды  кеңістігіне  еңгізеді.
Малдәрігерлік  тәжірибеде  төменгі  сегізкөз  және  құймышақ   анестезиялары
қолданылады.  Бірқатар  реттерде  новокаин  ерітіндісін  артерияға   жіберіп
емдейді. Атап айтқанда,  жылқының  тұяғының  аймағында  болатын  іріңді  өлі
еттену процестерінде оның 1 %-ды ерітіндісін 0,1 %  мөлшерінде  этакридинмен
қосып 30-60 мл-ден араға 3-4 күн салып 3-5 рет жібереді. Новокаинның 0,25 %-
ды ерітіндісін гипертонияда, ішек түйілуінде венаға еңгізеді.
      Новкаинның майлы ерітіндісі шабдалы немесе  алхоры  майында  ерітілген
0,5 – 1 және 2 % - ды ертінді түрінде  ампулада   5  мл  –  ден  шығарылады.
Салқын, қараңғы жерде  сақталады.  Ұзақ  уақыт  анальгетикалық  әсер  етеді.
Ұзаққа созылатын ауырсыну түрінде өтетін процестерде қолданылады.

             Мойынның   ваго-симпатикалық    жүйке    жүйесін    новокаинмен

тежеудің  техникасы.  Вегетативті  орталықтарды   тітіркендіргенде   рефлекс
арқылы  өкпе  тіндерінде  дистрофиялық  өзгерістер  пайда  болады.  Көптеген
авторлар  ондай  өзгерістердің  жоғарғы  мойынның  симпатикалық   түйіндерін
сілтілер  мен  қышқылдар  арқылы   тітіркендіргенде   де   пайда   болатынын
анықтаған.  Онда  альвеоллалардың   арасындағы   тіндердегі   капиллярлардың
гиперемиясы,  ісінуі  және  альвеолла  қуысына  қан  элементтерінің   шығуы,
қабынудың   пайда   болуы   байқалған.   Жүйке   орталықтарын    скипидармен
тітіркендіру арқылы өкпенің  қабынуын  тудыру  осыған  негізделген.  Кезеген
жүйкені скипидармен тітркендіргенде малдарда ошақты  бронхопневмония,  жүрек
көрсеткіштерінің өзгеруі және  кезеген  жүйкенің  қабынуы  байқалады.  Ондай
өзгерістер малдардың организмінің реактивтілігіне тікелей  байланысты  болып
келеді. Мысалы, үй қояндарының кезеген жүйкелерін тітіркендіру  өкпенің  бір
жақты қабынуын туғызса, теңіз шошқаларында екі  жақты  қабыну  мен  эмфизема
дамыған.
      А.Д.Сперанский  өкпе  қабынуларының  патогенезіндегі  жүйке  жүйесінің
ролін экспериментті түрде дәлелдеген. Өкпе қабынуларының дамуында  жүйкелік-
дистрофиялық өзгерістердің әсерлері туралы келесі тұжырымдарға келген:
   1. Жүйке жүйесіне әртүрлі әсерлердің нәтижесінде  өкпе  тіндерінде  терең
      өзгерістер болуы мүмкін;
   2. Ол өзгерістер тітікендіргіштердің сапасына  және  тітіркендіру  орнына
      байланысты болады;
   3.  Малдарға  жасалған   эксперименттердегі   өкпе   тіндеріндегі   терең
      өзгерістер бас ми мен  жұлынның  жоғарғы  сегменттерінің  бағаналарына
      тікелей механикалық және химиялық тітіркендірулердің нәтижесі;
   4. Шеткергі тіндердегі осындай өзгерістер жылдам, кейде бірнеше  минуттың
      ішінде дамуы мүмкін;
   5. Тиісті аймақтағы жүйке жүйесін қалпына келтірмейінше өкпе ауруын  жазу
      мүмкін емес.
   Г.В.Домрачевтың  пікірінше  кейбір  жағдайларда   өкпелердің   қабынуының
негізінде организмнің реактивтілік және сенсибилизациялық құбылыстары  басты
рөл атқаруы мүмкін. Бұл  процесте  симпатикалық  жүйке  жүйесі  негізгі  рөл
атқарады.
   Көптеген авторлардың пікірінше мойынның жоғарғы  симпатикалық  түйіндерін
тітіркендіргенде гипофизде нейрогенді тітіркену  пайда  болады.  Оған  жауап
ретінде  қанға  вазопрессин  гормоны  көптеп  бөліне  бастайды.  Ол   гормон
өкпедегі қан айналу процесін өзгертеді, қабыну  процесінің  дамуына  себепші
болады. Ал ол түйінді новокаинмен тежегенде қабыну ошағынан  бас  ми  қабына
баратын   импульстар   үзіледі,   осы   аймақтағы   жүйкелік   қарым-қатынас
қалыптасады.
      А.И.Федотовтың әдісі бойынша мойынның төменгі симпатикалық  (каудалды)
түйінін новокаинмен  тежеу.  Бұл  әдіс  жылқы  малына  қолданылады.  Жылқыны
станокқа  тұрғызып  бекітеді  де,  алдыңғы  аяғын  артқа  қарай   жылжытады.
Саусақпен сипалау арқылы 7-ші  мойын омыртқасының  қанатын  және  қабырғаның
жоғарғы үштік бөлігінің алдыңғы  шетін  табады.  Омыртқа  қанатының  алдыңғы
бұрышынан тік сызық түсіреді, ал қабырғаның алдыңғы шетінен  көлденең  сызық
жүргізеді. Осы екі сызықтың  түйіліскен  жері  ине  кіргізетін  нүкте  болып
табылады.  Тәжірибе  жүзінде  көптеген  малдарда  бұл   нүкте   7-ші   мойын
омыртқасынан 2,5-3,5 см төмен, ал  қабырғаның  алдыңғы  шетінен  3,5-4,5  см
алда болады. Инені қисайта отырып алға, төмен бағыттап 2,5-4  см  тереңдікке
(малдың қоңдылығына байланысты) 150 – 200 мл 0,5  %-ды  новокаин  ертіндісін
жібереді. Мұндай жағдайда Бобровтың аппаратын қолданған дұрыс. Керек  болған
жағдайда тежеуді 4-5 күннен кейін қайталауға болады.
      В.Г.Куликтің  әдісі  бойынша  мойынның  орталық  симпатикалық  түйінін
новокаинмен тежеу. Ол үшін ірі малды станокқа  бекітеді.  Ұзындығы  8-10  см
инені мойынның  үш  бөлігінің  ортаңғы  бөлігі  тұсынан,  кеңірдекке  қатар,
иненің  үші  кеңірдекке  тірелгенше,  тік  еңгізеді.  Күре  тамыр  мен  ұйқы
артериясын  жарақаттап  алмауға,  иненің  үші  арқылы  қосымша  тітіркендіру
туғызбауға тырысу керек. Ол үшін инені  көп  қозғалта  бермей,  оның  сыртқы
үшіне резина түтік жалғап алған жөн. Сол түтікке шприцті қосып,   0,25  %-ды
новокаин ертіндісінің 50 мл мөлшерін  жібереді.  Одан  кейін  инені  шығарып
алады да,  мойынның  бойымен  6-7  см  төменірек  жерден  екінші  рет  инені
жоғарыдағыдай әдіспен  еңгізіп,  сондай  мөлшерде  сол  ертіндіні  жібереді.
Малдың  қай  жағына  тежеу  жасау  керек  екендігі  патологиялық   процестің
орналасуына байланысты болады.  Оны  клиникалық  тексеру  арқылы  анықтайды.
Ертіндінің қарсы жаққа кетіп қалмауын қадағалау керек. Өкпенің  патологиялық
жағдайында кезеген жүйке екі жағынан  бірдей  тежелгенде  ауру  малдың  өліп
кетуі  мүмкін.  Тежеудің  дұрыстығын  жүрек  соғысы  мен  дем  алу  жиілігін
ертіндіні жібергенге дейін және одан кейін (10, 20, 30 минут)  санау  арқылы
бақылауға болады. Егер тежеу әдісі дұрыс істелген болса, онда  жүрек  соғысы
минутына 5-8  соғысқа  жиілейді,  ал  дем  алысы  аздап  төмендейді.  Келесі
тәулікте патологиялық процестің дамуында терапевтикалық өзгеріс  байқалмаса,
онда новокаинмен тежеуді келесі жағына 1-2 күннен кейін қайталайды.
      В.К.Хохлачев жұлдызша түйін мен  оның  тармақтарын  новокаинмен  тежеу
иықтың үшбасты бұлшық етінің аймағына жүргізу қолайлы деп  есептейді.  Инені
кіргізу нүктесі тоқпақ жіліктің ортасы арқылы жүргізілген көлденең  сызықтан
аздап жоғары, иықтың үшбасты бұлшық етінің латералды  басының  орта  тұсының
алдыңғы жағынан анықталады. Нүктені анықтағаннан  кейін  Бобров  аппаратының
инесін тұрған жылқыға, тік,  5-6  см  тереңдікке  еңгізіп  барып,  0,7  %-ды
хлорлы натрий ертіндісінде дайындалған 0,5 %-ды  новокаин  ертіндісінің  150
мл мөлшерін оң және сол жағынан жібереді. Мұнда, автордың айтуынша,  алдыңғы
аяқтың   және   тежеу    жасалған    аймақтың    тактильді,    ауырсынғандық
сезімталдықтары  жойылмайтын  көрінеді.  Бұл  әдісте  новокаинның  ертіндісі
жұлдызша түйінге жетпейді, оның терапевтік тиімділігі новокаин  ертіндісінің
сіңу арқылы рефлекторлық әсерімен түсіндіріледі.
              Жұлдызша   түйінді   Ленинград   ветеринариялық    институтыны
хирургиялық клиникасының әдісі бойынша тежеу.
      Бұл әдіс жылқы мен ірі  қара  малдарына  қолданылады.  Малды  станокқа
тұрған  бойында  бекітеді  де,  алдыңғы  аяғын  мүмкіндігінше  артқа   қарай
жылжытады. Сипалау  арқылы  бірінші  қабырғаның  алдыңғы  шетімен  оның  бас
жағындағы  төмпешігін  табады.  Инені  бірінші  қабырғаның  артқы   шетімен,
төмпешіктен  аздап   төмендеу   алып,   көлденең   бағытта   бірінші   кеуде
омыртқасының  денесіне  тірелгенше  еңгізеді.  Одан  кейін   инені   омыртқа
денесіне параллель бағытта аздап төмен жылжытып  барып  ертіндіні  жібереді.
Новокаинның концентрациясы, мөлшері мойынның  төменгі  симпатикалық  түйінін
тежегендегідей.
      Мұндай тежеу  шошқаларға  Г.А.Кононовтың  әдісі  бойынша  жүргізіледі.
Малды бір жағына жатқызып бекітеді де,  тиісті  алдыңғы  аяғын  артқа  қарай
жылжытады. Инені жауырын сүйегінің  мойын  тұсының  краниалды  шетінен  7-ші
мойын омыртқасының қанатының төменгі артқы шетіне қарай  бағыттап  еңгізеді.
Одан кейін ненің үшін 5-8º-қа жоғары бағыттап  1-1,5  см-дей  жылжытады  да,
новокаинның 0,5 %-ды ертіндісін 0,5 мл/кг мөлшерінде жібереді.

      Н.А.Уразаев ұсынған ірі қара малының мойын  тұсындағы   жұлдызша  нерв
түйінін новокаинмен тежеу әдісі.
      Автор бұл әдісті бұзаулардың өкпе ауруларын емдеу үшін  қолданған.  Ол
үшін бұзауды тұрған бойында бекітіп ұстап,  тежеу  жасайтын  жақтың  алдыңғы
аяғын мүмкіндігінше артқа қарай тартып ұстайды. Сипалау  арқылы  6-шы  мойын
омыртқасының көлденең қанатының үшін табады да, одан 3-4 см төменірек  жерде
ине еңгізетін нүктені анықтайды. Иненің үшін  артқы  жаққа  қарай  бағыттап,
бұзаудың  қоңдылығына  қарай,  3-8   см   тереңдікке    еңгізеді.   Новокаин
ертіндісін 0,45 %-ды  хлорлы  натрий  ертіндісінде  дайындайды.  Тежеу  үшін
новокаинның 0,25 %-ды ертіндісін  1  мл/кг  мөлшерінде  малдың  екі  жағынан
кезекпен жібереді.

       Мойын  ваго-симпатикалық  новокаинмен  тежеу  әдістерінде  клиникалық
бақылаулар.  Жоғарыда  келтірілгендей  бұл  әдісті  жылқыларға  А.И.Федотов,
В.Г.Кулик, В.К.Хохлачев; бұзауларға Н.А.Уразаев қолданған.  Барлық  авторлар
бұл әдісті сау малдарға қолданғанда олардың тамыр  соғысының,  дем  алысының
және  дене  қызуының  физиологиялық  деңгейде  әжептәуір   өзгеретіндіктерін
байқаған. Олардың деректері  бойынша  тежеуден  кейін  15-20  минут  өткенде
тамыр соғысы жиілейді, ол көрсеткіш 25-30 минутта  жоғарғы  деңгейге  жетеді
де, 80-85 минуттан кейін қалпына келеді.
      Бұл әдісті өкпе ауруларында қолданғанда бастапқыда аз уақытқа  аурудың
белгілерінің асқына түскені байқалады: дене қызуы көтеріледі,  ауырсынғандық
білінеді. Бірақ ол өзгерістер тез арада қалпына келеді де, өкпедегі  процесс
оң бағытта шешіледі: дем алысы терең, ырғақты;  жүрек  соғысы  үдей  түседі,
тамыр соғысы жиі және толық; малдың тәбеті қалпына келеді. Ауру  малдар  жиі
жазылады. Новокаинмен тежеу әдісін аурудың  себептеріне  қарсы  қолданылатын
әдістермен кешенді  түрде  жүргізгенде  емдеу  нәтижесі  жоғары  болатындығы
тәжірибе жүзінде дәлелденген.
      С.М.Чебунина жұлдызша нерв түйінінің маңайына новокаинмен тежеу  жасау
арқылы  иттер  мен  қойлардың  миокардит  ауруын   емдеген.   Жүрек   етінің
қабынуының жіті түрінде новокаинмен тежеу әдісі  патогенездік  емдеу   әдісі
ретінде  тиімді  әсер  еткен:   ауру   малдың   жалпы   жағдайы   жақсарған;
миокардиттің  белгілері  жойылған;   қан   қысымы,   ФКГ,   ЭКГ   және   қан
көрсеткіштері қалыптасқан; 4-5 тәуліктің ішінде ауру малдар жазылған.
       К.К.Мовсун-заде   новокаинмен   тежеуді   аурудың   алғашқы   кезінде
қолданғанда    нәтижесі    жоғары     болатындығын     хабарлайды.     Автор
бронхопневмониямен, созылмалы бронхитпен және эмфиземамен  ауырған  малдарға
новокаинмен тежеуден кейін бром препараттарын қолданып;  новокаинды  венаның
ішіне жіберу арқылы емдеп жақсы нәтиже  алған.  Осындай  патогенездік  емдеу
әдістерінің  тиімділігін  автор  орталық   жүйке   жүйесінің   тепе-теңдікке
келуімен; тіндердің  трофикасының  жақсаруымен;  осының  салдарынан  болатын
өкпелердегі,  бүйректердегі,  жүрек  етіндегі  және  басқа  да   ағзалардағы
дегенеративтік-дистрофикалық және қабыну процестерінің  оңды  өзгерістерімен
түсідіреді.

              Плевраүстілік новокаинмен тежеу әдісінің техникасы.
      Е.Н.Павловский мен В.М.Калашников ішкі жүйкелерді  тежеудің  ірі  қара
малының жоғарғы жүйке жүйесінің қызметіне әсерін тексерген. Новокаинның  0,5
%-ды ертіндісімен екі жақты жасалған  тежеу  импульстың  берілуін  тоқтатуды
үдете түскен.
       И.М.Макалеев  күйіс  қайыратын  малдардың  ішкі  жүйке   жүйесі   мен
шекаралық симпатикалық бағаналарын новокаинмен тежеу тақия  қарын,  месқарын
және  ұлтабарлардың  жирылуының  күшін  әлсіреткен  және   санын   азайтқан.
Автордың   пікірі   бойынша   мұндай    өзгеріс    ас    қорыту    жүйесінің
интерорецепторларынан импульстың симпатикалық жүйе арқылы түсуінің  шектелуі
салдарынан ас қорыту жүйесіне әсер ететін орталықтың тонусының  төмендеуімен
түсіндіріледі.  Кезеген  жүйкені  новокаинмен  тежеу  асқазан   бөліктерінің
жирылуын тоқтатады және сілекейдің бөлінуін екі сағаттай азайтады.
      Клиникалық тұрғыдан дені сау сиырға бұл әдіспен  тежеу  жасағанда  қан
құрамындағы лимфоциттер мен эозинофилдердің  көбейгені,  ал  бунақты  ядролы
нейтрофилдердің   азайғаны   байқалады.   Жүрек-қан   тамырлары    жүйесінің
қызметтері белсендендіріледі: қанның  артериалдық  және  веноздық  қысымдары
жоғарылайды,  төлдерде  қан   айналысы   жылдамдайды;   кальцийдің   мөлшері
көбейеді, ал калийдің мөлшері  азаяды;  белок  фракциясының  өзара  қатынасы
өзгереді.
      Я.И.Клейнбоктың  пікірі  бойынша  шаншу  құбылысымен  сипатталатын  ас
қорыту жүйесінің ауруларының негізгі патогенездік факторы  –  ауырсынғандық.
Ауырсынғандық неғұрлым күштірек және ұзағырақ болса,  солғұрлым  вегетативті
жүйке жүйесінің бөліктерінің ара қатынасының бұзылғаны  және  орталық  жүйке
жүйесінің реттеушілік қабілетінің  нашарлағаны  айқынырақ  байқалады.  Міне,
осындай жағдайда патологиялық ошақтан бас ми қабына  баратын  импульсты  үзу
новокаинмен тежеудің терапевтикалық әсерінің негізі болып саналады.
      И.Д.Медведевтің пікірінше шаншу  құбылысымен  сипатталатын  аурулардың
спастикалық және невралгиялық түрлерінде новокаинмен  тежеу  патогенетикалық
емдеудің негізгі әдісі болып табылады.
      В.В.Мосин бұл әдістің құрсақ қуысының және онда орналасқан  ағзалардың
әртүрлі себептермен қабынуында әсерін зерттей  келе  төмендегідей  тұжырымға
келген:
    1.  Құрсақ  қуысының  және  онда  орналасқан   ағзалардың   ауруларының
       патогенезінің негізінде  орталық  жүйке  жүйесінің,  ондағы  бас  ми
       қабының,  функционалдық  жағдайы  мен  рецепторларды  тітіркендіргіш
       факторлардың күші мен әсер ету уақытының ұзақтығы жатыр;
    2. Жүйке жүйесі ауру ошағынан келетін күшті ауырсындыратын импульстарға
       кері трофикалық реакция береді де, ол жердегі  зат  алмасу  процесін
       бұзады. Торшалардың ауруға қарсы тұру қабілеті  нашарлайды,  олардың
       көбі  өлі  еттенеді  де,  микроорганизмдердің  өсіп-өнуіне   негізгі
       субстратқа айналады;
    3. Жүйке жүйесінің рецепторлары патологиялық ошақтағы өзгерістерді  бас
       ми  қабына  үнемі,  тұрақты  түрде  жеткізіп  отырады.   Қайта-қайта
       тітіркендіруден  бас  ми  қабы  қажиды,  торшаларының  функционалдық
       қасиеттері нашарлайды;
    4. Аурулардан сақтандыру және емдеу іс-шаралардың негізі бас  ми  қабын
       патологиялық  ошақтан  келетін  тітіркендіргішдерден  қорғау   болып
       табылады.  Ол  үшін  этиологиялық  факторларды  жою   немесе   күшті
       тітіркендіргіш  факторларды  тоқтату,  оларды  әлсіз   физиологиялық
       импульстармен ауыстыру қажет.
      В.В.Мосин үй  жануарларының  барлық  түрлеріне  жан-жақты  эксперимент
жасай  отырып  өз  қорытындысын   ұсынды.   Олардың   ішіндегі   негізгілері
төмендегідей:
   1. Малдардың құрсақ қуысындағы ағзаларға  операция  жасаған  кезде  жүйке
      жүйесіне қорғаныс әсер  ететін  сенімді  әдіс  -   ішкі  жүйкелер  мен
      шекаралық симпатикалық бағаналарды плевраүсті новокаинмен тежеу әдісін
      құрсақ  қуысының  қабырғасын  инфильтрациялық  жансыздандырумен   қоса
      жүргізу;
   2. Құрсақ қуысының және ондағы  ағзалардың  рецепторларын  тітіркендірмес
      бұрын новокаинмен тежеудің аталмыш әдісін қолдану ол  жерлерде  қабыну
      процесінің дамуынан сақтандырады;
   3. Бұл әдіс құрсақ қуысы мен ондағы ағзалардағы қабыну  процесіне  тиімді
      терапевтикалық   әсер   етеді,   ал   дамыған   перитонитте   ешқандай
      терапевтикалық тиімділік көрсетпейді;
   4.  Жалпы наркозбен немесе жергілікті жансыздандыру  арқылы  жүргізілетін
      операциялардың  алдында  немесе  артында   осындай   тежеуді   қолдану
      операциядан кейінгі болатын перитониттен сақтандырады.


       К.Геров    ұсынған    новокаинмен    тежеу    әдісінің     техникасы.

      Бұл  әдіс  төлдердің  ауруларын  емдеу   үшін   қолданылады.   Мысалы,
бұзаулардың диспепсия ауруын емдеуде новокаинның  0,5-1  %-ды  ертіндісін  1
мл/кг мөлшерінде  құрсақ  қуысына  жібереді.  Перитониттен  сақтандыру  үшін
ерітіндіге  5 мл антибиотикті төлдің 1 кг салмағына  есептеп  қосады.  Инені
төлдің оң жағынан, соңғы қабырғаның ортасын сербекпен қосатын сызықтың  орта
тұсынан енгізеді. Емдеу кезінде төлге жұмсақ төсеніш, Соллюкс  шамымен  жылу
туғызып, физиологиялық ерітінді берген жөн.  Осындай  жағдайда  төл  аштықты
сезбейді, ауырсынғандық болмайды, жұмсақ, жылы  жерде  ұйықтайды.  Бұл  әдіс
И.П.Павловтың ұйқымен емдеу әдісіне сай келеді.
       Осындай әдіспен торайлардың да диспепсия ауруын емдеуге  болады.  Тек
құрсақ қуысына инені енгізу әдісі басқаша.  Торайды  артқы  аяқтары  арқылы,
басын төмен салбыратып бекітеді. Ине қарынның ақ сызығынан 1,0-1,5  см  оңға
немесе солға ауытқып, соңғы екі емшектің ортасы арқылы,  1-2  см  тереңдікке
енгізіледі.


 Ветеринарияда жиі қолданылатын новокаинмен
                                      тежеу әдістерінің техникасы.

Жоспары:
   1.  В.В.Мосин,  И.Я.Тихонин,  М.М.Сенькин   ұсынған   новокаинмен   тежеу
      әдістерінің техникасы.
   2. Сиырлардың желінсау  ауруын  емдеуде  қолданылатын  новокаинмен  тежеу
      әдістерінің техникасы.

             В.В.Мосин ұсынған эпиплевралды тежеу әдісі.
       Бұл  әдіс  бойынша  0,5  %-ды   новокаин   ертіндісін   плевра   үсті
клетчаткасына, оны  қоршаған  шекаралық  симпатикалық  нерв  бағанасын  және
кеуде пердесінің аяқтарының алдыңғы жағында орналасқан ішкі нервтерді  тежеу
үшін жібереді.
      Жылқылар мен ірі қара малдарына инені жіберу нүктесі соңғы  қабырғаның
алдыңғы шеті мен арқаның ұзын бұлшық етінің латералды шетінің түйіскен  жері
болып  табылады.  Алдымен  сол  жерге  новокаинның   0,5   %-ды   ертіндісін
инфильтрациялық әдіспен сіңіреді. Ұзындығы 10-12 см, диаметрі 1,5  мм  инені
30-35º бұрыштықпен, көлденең, қабырғаның алдыңғы шетіне  параллель  бағытта,
кеуденің  соңғы  омыртқасының  алдындағы  омыртқаның   денесіне   тірелгенше
еңгізеді. Содан кейін инені  шприцпен  қоса  сагиталды  жазықтықта  5-10º-қа
бұрады. Сонда иненің үші омыртқаның  денесінен  аздап  алшақтайды.  Шприцтің
поршеніне қысым түсіре отырып ертінді плевраның үстіңгі клетчаткасына  еркін
кіргенге дейін инені алға қарай жай жылжытып отырады. Ертінді  еркін  кірген
жерге 0,5 %-ды новокаин ертіндісін 0,5 мл/кг мөлшерінде  малдың  екі  жағына
тең етіп бөліп жібереді.


      Ұсақ малдарға қолдану әдісі де осы тәріздес.  Онда  малды  бір  жағына
жатқызып бекітеді. Иттерге, қойға,  ешкіге,  түлкілерге  0,5  %-ды  новокаин
ертіндісін 2 мл/кг; мысық пен қояндарға 5-10 мл/кг  мөлшерінде,  екі  жағына
бірдей етіп бөліп жібереді.
      Патологиялық процестің жіті түрінде бір рет, ал жітілеу және созылмалы
түрінде 7-10 күннен кейін екінші рет жіберген жеткілікті.
      Бұл әдістің тәжірибе жүзінде маңызы өте зор. Оны тек ауруды емдеу үшін
ғана емес, сондай-ақ  құрсақ  қуысындағы  ағзаларды  жансыздандыру  үшін  де
қолдануға  болады.  Ондай  жағдайда  ішкі  ағзалар  тек   жансызданып   қана
қоймайды,  оларда  қан  айналысы   қалыптасады,   құрсақ   қуысының   еттері
босаңсиды, қан қысымы тұрақталынады, организмдегі  ағзалар  мен  жүйелердегі
өзгерген  функциялар  реттеледі.  Операциядан  кейінгі   перитонит,   атония
құбылыстары байқалмайды. Новокаинмен тежеу әдісін өкпе, жүрек-қан  тамырлары
жүйесі,  күйіс  қайыратын  малдардың  алдыңғы  қарыншақтарының,  асқазанның,
ішектердің, бауырдың, көк бауырдың, бүйректер  мен  бүйрек  үсті  бездерінің
ауруларында; бұзаулар мен торайлардың диспепсиясында; малдың  шуы  уақытында
бөлінбегенде, маститте, жыныс  жолдарының  ауруларында;  тері  аурулары  мен
жарақаттарда қолдануға болады.
           Бүйрек маңайына (паранефралды) новокаинмен тежеу әдісі.
      Бұл  әдіс  асқазанның,  ішектердің,  қуықтың,  бауырдың,  бүйректердің
қабынуларында;    акушер-гинекологиялық    ауруларда;    пішуден     кейінгі
асқынуларда; еркек  малдардың  жыныс  мүшелерінің  ауруларында;  шаншуларда;
алдыңғы  қарыншақтардың   атониясында;   жарақаттар   мен   ойық   жараларда
қолданылады.
      Бүйрек маңайын тежеу әдісінде ганглия алдыңғы  және  ганглиядан  соңғы
симпатикалық нерв талшықтары құрайтын «күн тәріздес» және  бүйрек  түйіндері
ғана тежеліп қоймайды, сондай-ақ сол түйіндерге қатысы бар вагус  талшықтары
да   тежеледі.   Нәтижесінде   ваго-симпатикалық   эффект   байқалады.    Ал
В.В.Мосиннің әдісінде тек симпатикалық эффект орын алады.


              . И.Я.Тихонин ұсынған белдеме тұсының жүйкелерін
                       (паранефралды) новокаинмен тежеу әдісі.
      Алдымен инені еңгізетін нүктені анықтап, операциялық жерді дайындайды.
Жылқыларда  ол  нүкте  сол  жақтағы  ақырғы  қабырға  мен  бірінші   белдеме
омыртқаның аралығында, омыртқа қанатының алдыңғы шетінде, арқа сызығынан  8-
10 см төмен орналасқан. Ал ертіндіні оң  жақ  бүйрек  маңындағы  клетчаткаға
жіберу керек болғанда инені  17-18-ші  қабырғалардың  аралығы  арқылы,  арқа
сызығынан 10-12 см төмен қашықтықта еңгізеді. Иненің  үшін  алға  және  ішке
қарай  бағыттап,  малдың  жасына  және  қоңдылығына  байланысты,   8-12   см
тереңдікке еңгізеді.
      Тежеу кезінде инені еңгізгенде оператор үш  кедергіні  сезінуі  керек:
бірінші – теріні тескенде; екінші –  көлденең  сіңірді  тескенде;  үшінші  –
төменгі көлденең еттің сіңір  желісін  тескенде.  Осы  үш  кедергіден  өткен
иненің үші еркін шұңқырға түскен іспетті болады. Осындай сезім  оның  бүйрек
маңайындағы майлы клетчатка аймағында екенінің  белгісі.  Инеден  мандренаны
шығарғанда онда қан болмауы керек. Содан кейін ғана  0,25  %-ды  новокаинның
жылы ертіндісі бар шприцті инеге қосуға болады. Иненің  үші  дұрыс,  іздеген
жерге орналасқанда ертінді аздаған кедергі арқылы жіберіледі. Ал  кедергінің
жоғары болуы екі жағдайда байқалады: иненің үші бүйрекке  кіргенде  (шприцте
қан болуы мүмкін), онда инені  ертінді  еркін  жүргенше  еппен  кейін  қарай
жылжытады және иненің үші етке тірелгенде (шприцте қан  жоқ)  ,  онда  инені
ертінді еркін жүргенше алға қарай жылжытады. Новокаинның  0,45  %-ды  хлорлы
натрий ертіндісінде дайындалған 0,25  %-ды  ертіндісін  1  мл/кг  мөлшерінде
жібереді. Ертіндін жай  жіберу  керек.  Ертіндіні  жіберіп  болғаннан  кейін
инеден шприцті босатады,  инеге  мандренаны  еңгізеді,  ине  кірген  тұстағы
теріні саусақпен басып  тұрып  инені  ақырындап  шығарады.  Терідегі  иненің
орнын йод тұнбасымен майлап, коллодиймен желімдейді.
      Иттерге тежеу жасау  үшін  оны  операциялық  үстелге  бір  жақ  жанына
жатқызып бекітеді. Ертіндіні жіберу әдісі, оның концентрациясы  мен  мөлшері
жоғарыдағыдай. Ертіндінің дозасын тең етіп бөліп, екі  жағынан  да  тежеудің
нәтижесі әлдеқайда жоғары.


      Тежеу  жасауда  И.Я.Тихонин  ұсынған  қарапайым   приборды   қолданған
қолайлы. Ол үшін 500 немесе 1000 мл сиымдылықты түбі жадағай  колбаны  алады
да, оған бас жағы бүгілген, диаметрі 3-4 мм  шыны  түтікшені  тығыны  арқылы
түбіне дейін жеткізіп орналастырады. Түтікшенің сыртқы  үші  ұзындығы  40-45
см болатын резина түтікшемен қосылған.  Оған  бір  муфтасы   10-20  граммдық
шприцпен қосылған Агали краны жалғастырылған. Агали кранының екінші  муфтасы
45-50 см ұзындықтағы екінші  резина  түтікшесімен  қосылған.  Ол  түтікшенің
орта тұсында шыны түтікшеден  бақылау  терезесі  орналастырылған.  Оның  бос
үшіне инемен  қосу  үшін  конюля  еңгізілген.  Новокаин  ертіндісін  колбаға
құйып,  жеке,   қайнату  арқылы  зарарсыздандырады.  Содан  кейін  прибордың
бөліктерін   жалғастырады.   Тежеу   аймағына   еңгізілген   инені    резина
түтікшесіндегі конюлямен қосады. Одан  кейін  Агали  краны  арқылы  колбадан
шприцпен 100 мл\мин жылдамдықпен  ертіндіні  ине  арқылы  тежелетін  аймаққа
жібереді. Ұсақ малдарға 20-граммдық шприц қолданылады.


          М.М.Сенькин ұсынған белдеме  тұсының жүйкелерін
                       (паранефралды) новокаинмен тежеу әдісі.
      Бұл әдіс бойынша новокаинмен тежеуді малдың оң жағына жасаған қолайлы.
Ол үшін малды станокқа бекітіп, ине еңгізетін операциялық жерді  дайындайды.
Инені ақырғы қабырға мен  бірінші  белдеме  омыртқасының  қанатының  аралығы
немесе бірінші  және  екінші  белдеме  омыртқаларының  қанаттарының  аралығы
арқылы, омыртқа қанаттарының үшінен орталық арқа  сызығына  қарай  1,5-2  см
қашықтықта еңгізеді. Инені төмен, аздап ішке  қарай  бағыттап,  малдың  жасы
мен қоңдылығына байланысты, 8-11 см тереңдікке еңгізеді.  Иненің  үші  кеуде
пердесінің аяқтары мен сіңір қапшықтары  арқылы  өткенде  тырс  еткен  дыбыс
сезіледі. Одан кейін де инені  1,5-2 см-дей ары қарай жылжытып барып 0,25 %-
ды новокаин ертіндісін  1 мл/кг мөлшерінде жібереді. Қажет  болған  жағдайда
7 күннен кейін қайталауға болады.
      Ірі қараның оң  жақ  бүйрегі  көбінесе  бірінші  және  екінші  белдеме
омыртқаларының  қанатарының  аймағында  орналасады.  Краниалды  шеті   соңғы
қабырғаның алдыңғы жағында бауырмен шектеседі, ал  каудалды  шеті  –  үшінші
белдеме омыртқасының қанатының деңгейіне  дейін  барады.  Латералды  шеті  –
бірінші және  екінші  белдеме  омыртқаларының  қанаттарының  үшінен  2-3  см
шығыңқы болады.
      Ірі қараның сол жақ бүйрегінің ұзын шажырқай  бауы  бар.  Міне,  соның
салдарынан ол бүйрек малдың месқарнының толу  деңгейіне  байланысты  әртүрлі
жерде  орналасады.  Месқарын  асқа   толы   болғанда   бүйрек   оңға   қарай
ығыстырылады да, 2-5 белдеме омыртқаларының  денесінің  астында  орналасады.
Сондықтан да ірі қараға тежеуді тек оң жағынан жасаған қолайлы.
      Қойлар мен ешкілерге  бұл  тежеуді  Г.В.Мартыновтың  әдісімен  жасаған
дұрыс. Ол үшін  бірінші  және  екінші  белдеме  омыртқаларының  қанаттарының
арасы арқылы,  олардың  үшінен  1-1,5  см  ішке  қарай  ығысып  барып  инені
еңгізеді.  Инені  омыртқа  қанатына  тірелгенше  еңгізеді  де,  одан   аздап
ығыстырып  барып  1,5-2  см  тереңдікке  еңгізеді.   Иненің   үшінің   дұрыс
орналасқанын  тексеріп  барып,  малдың  салмағына   байланысты,   40-60   мл
мөлшерінде 0,25 %-ды новокаин ертіндісін жібереді.

         Желінсауды    емдеуде    қолданылатын    патогенездік    әдістердің

техникасы. Желіні қабынған малдарды емдеу үшін өте көп әдістер және  дәрілер
қолданылады. Емдеудің негізгі мақсаты,  ауырған  ағзаны  жылдамырақ  жазумен
қатар, оның атқаратын  қызметін  ауырғанға  дейінгі  қалпына  келтіру  болып
саналады. Осы мәселені шешу үшін емдеуді жан –  жақты  бағытта  ұйымдастырып
жүргізу қажет.  Желінсауды  жылдам  жазу  үшін  төмендегі  ережелерді  қатал
сақтау керек:
   1. Ауруды неғұрлым ертерек анықтап, емдеуді сол бойда бастау қажет.
   2. Желінсауды  емдеуде, ол малдың азығының құрамына өзгеріс енгізу, күтіп
      – бағу және сауу технологиясын сақтау.
   3. Ауырған желін бөлігінен сүтті толық сауу (қолмен күніне 2-3 рет).
   4. Ауруды жылдамырақ жазу үшін қосымша патогенездік емдерді қолдану.
   5. Малдың жалпы тонусын жоғарылатуға бағытталған шараларды пайдалану.
      Малдың желіні қабынғанда ең алдымен ауруды туғызған  себебін  анықтап,
оның  түрін  ажыратқаннан  кейін  емдеуді  жан-жақты  бағытта   ұйымдастырып
жүргізу қажет.
      Желінсауды емдеуде патогенездік ем ретінде новокаинді  жиі  қолданады.
Новокаиннің емдік әсері, нерв талшықтары арқылы қабынған жерде пайда  болған
қозу процестері  орталық  миға  берілуі  уақытша  тоқталып,  жергілікті  зат
алмасу процесі  қалпына  жылдамырақ  келеді.  Новокаиннің  емдік  әсері  өте
жоғары,  ал  желінсау  асқынғанда  (желіннің  семуі,  тас  желін,   желіннің
шіруінде) оның емдік әсері төмендейді.
      Новокаиннің емдік әсерін жоғарылату үшін, желіннің  қызметінің  қандай
нервтермен  реттелетінін  жетік білуі қажет.


      Сиырдың желінінің  нервтері.Желіннің  жұмысы  төмендегі  беломыртқаның
жұлынынан шығатын 4 жұп нерв  түйіндері  мен  тармақтары  арқылы  реттеледі:
мықын – құрсақ  асты нерві; мықын – шап нерві;  сыртқы  ен  нерві;  айналшақ
пен сарпай аралығындағы нервтер.


      [pic]


      16 – шы сурет. Желін нервтері.
    1. Мықын – құрсақ  асты нерві;
    2. Мықын – шап нерві;
    3. Сыртқы ен нерві;
    4. Айналшақ пен сарпай аралығындағы нервтер.


      Жоғарғыдағы   нервтермен   бірге   желінге   симпатикалық   нервтердің
тармақтары келіп желіннің қызметін реттеуге қатысады.
      Сыртқы ен нервтері желіннің негізгі нерв тармақтары деп саналады.  Бұл
нерв беломыртқаның 2 – 3-ші және 4-ші жұлынынан  шығатын  симпатикалық  нерв
тармақтарынан  тұрады.  Аталған  нервтер  жамбас  қуысынан  шап  каналындағы
қантамыры – нерв шоғыры арқылы бірге шығады. Желіннің  ұлпаларына  жеткеннен
кейін, бұл нервтер ұсақ  нерв  талшықтарына  бөлшектеніп  желіннің  қызметін
реттеуге қатынасады.
      Мықын – шап нерві – 2-ші беломыртқаның жұлынынан шығып,  пайда  болған
нерв өрімінен басталады. Бұдан шыққан нерв тармақтары желіннің  алдыңғы  жақ
бөлігінің қызметін реттеуге қатынасады.
      Мықын – құрсақ  асты нерві. Бұл  нерв  1-ші  және  2-ші  беломыртқаның
аралық тесігінен шығатын нервтерден  тұрады.  Осы  тұстан  бағытталған  нерв
тармақтары желін терісінің алдыңғы жағы мен тері астындағы ұлпаларға  енеді.

      Айналшақ пен сарпай аралығындағы нервтер желіннің  артқы  бөліктерінің
терісі мен  оның  астында  орналасқан  желін  безінің  ұлпаларының  қызметін
реттеуге қатынасады.
      Жоғарғыдағы желін нервтері желін  бөліктерімен,  альвеолла  маңы,  сүт
жолдары мен қантамырларының  қабырғасы  және  емшекке  дейін  жетіп  олардың
қызметін реттейді.
      Малдың желіні ауырғанда (желінсауда)  төмендегі  патогенездік  емдерді
пайдалануға болады: новокаинмен блокада жасау; әртүрлі ұлпаларды ем  ретінде
қолдану; физио және т.б. емдер.
      Желін қабынғанда төмендегідей новокаинмен тежеу әдістері қолданылады:
   1. Б.А. Башкировтың әдісі.
   2. Д.Д. Логвиновтың әдісі.
   3. И.И. Магданың әдісі.

         Б.А. Башкировтың әдісі бойынша  желін жүйкелерін тежеу
техникасы.  Бұл  әдісте  негізінен  новокаинмен  мықын-шап  және  сыртқы  ен
нервтеріне тежеу жасалынады. Новокаин үлкен және кіші  беломыртқаның  бұлшық
еттерінің  арасындағы  жұмсақ   дәнекер   ұлпаға   енгізіледі.   Осы   жерде
жоғарғыдағы аталған нервтер орналасады.
      Новокаинді енгізудің алдында  малды  бекіту  керек.  Ол  үшін  сиырдың
мүйізіне салынған басжіппен дінгекке  оның  басын  қысқа   байлайды,  немесе
мұрынқысқышпен бекітіп ұстайды. Содан кейін үшінші – төртінші  беломыртқаның
көлденең қанаттарының (өсінділерінің) тұсындағы  терідегі  жүндерді  қырқып,
сол жерді иод ерітіндісімен өңдейді.  Инені  енгізетін  нүктені  табу  үшін,
үшінші және  төртінші  беломыртқаның  тіке  өсіндісінің  арасын  тауып,  сол
тұстан 6 – 7 см төменгі жеріне инені 55 – 60° қиғаштықта, тереңдігі  6  –  9
см, омыртқаның денесіне тірелегенге дейін енгізеді. Содан кейін  инені  кері
2 – 5 мм тартып 80 – 100 мл 0,5% новокаин  ерітіндісі  енгізіледі.  Желіннің
қабынған бөлігіндегі ауырсынуы новокаинді енгізгенен кейін 12 – 15  минуттан
кейін басылып, 2 – 3 сағатқа дейін ауырсыну тоқталады.


      17 – ші сурет. Б.А. Башкиров  әдісі  бойынша  инені  енгізетін  жердің
топографиясы.
































       18 – ші сурет. 4-ші  беломыртқаның    көлденең  кесіндісі  және  Б.А.
Башкиров  әдісі бойынша инені енгізу бағыты.
   1. үлкен белдеме бұлшық еті;
   2. белдеме және мықын фасциясы;
   3. сыртқы ен нерві;
   4. үлкен және кіші белдеме бұлшық
                       еттерінің аралығындағы қуыс;
   5. кіші белдеме бұлшық еті.

      Бұл әдісті желіннің  оң және  сол  жақ  алдыңғы  бөліктері  қабынғанда
қолдануға болады. Сонымен қоса, желінге операция  жасайтын  жағдайда  малдың
100 кг салмағына 7 мл 3% новокаинді пайдалануға болады.


          Д. Д. Логвиновтың әдісі бойынша желін жүйкелерін тежеу
техникасы. Желінсауды емдеуде желін нервтерін Д.Д.  Логвинов  әдісі  бойынша
новокаинмен тежеу жасау жақсы нәтиже береді. Ол үшін сиырды арнайы  станокқа
бекітеді. Ине енгізетін жердің жүнін қырқып, ол жерді иодты  спиртпен  өңдеу
керек. Новокаин енгізу үшін ұзындығы 10 – 15  см  ине  қолданылады.  Желінің
артқы  бөлігі  қабынса,  ине  енгізетін  жерді  табу  үшін  желіннің   артқы
бөлігінің  жоғарғы  тұсынан  көлденең   сызық  түсіріп  және  желінді  екіге
бөлетін сызықтың қиылысқан тұсын табу қажет.  Егер  желінің  сол  жақ  артқы
бөлігі  қабынған  болса,  онда  жоғарыдағы  аталған   тіке   және   көлденең
сызықтардың түйіскен тұсынан 1  –  2  см  солға  қарай  ығысып  барып  желін
терісіне инені енгізеді.  Инені  жоғарыдан  төменге  қиғаштап,  сол  жақтағы
алдыңғы аяқтың тізе буынына бағыттап, 10 – 12 см тереңдікке енгізеді.


      [pic]


      19 – шы сурет.   Желін нервтерін Д.Д. Логвинов әдісі бойынша тежеу.


       Осы талапты орындағанда  ине  желіннің  жоғарғы  жағы  мен  құрсақтың
бұлшық етінің аралығындағы қуыста орналасқан нервтер  маңынан  өтеді.  Тежеу
жасау үшін 0,5% новокаин ерітіндісі,   150  –  200  мл  мөлшерінде  желіннің
қабынған  бөлігінің  жоғарғы  тұсына  бөлшектеп  енгізілуі   керек.   Егерде
желіннің  екі  артқы  бөлігі  қабынса,  новокаин  жоғарыдағы  тәсіл  бойынша
қатарынан ауырған бөліктерге енгізіледі.
      Желіннің алдыңғы  бөлігі  қабынса  новокаинді  енгізу  үшін,  қабынған
бөліктің алдыңғы жағындағы терісін жоғарғы  тұсынан  ұстап,  инені  төменнен
жоғары, қарсы жақтағы артқы тізе буынына бағыттап,  тереңдігі  10  –  12  см
енгізу қажет.


      [pic]




      20 – шы сурет.    Д.Д. Логвинов әдісі бойынша желіннің алдыңғы  бөлігі
қабынғанда новокаин ерітіндісін енгізу көрінісі.
      Содан  кейін,  көлемі  150  –  200  мл,   0,5%    шприцтегі   новокаин
ерітіндісін,  инені кері шығару барысында, желін бөлігінің  жоғарғы  қуысына
бөлшектеп жібереді.. Желіннің  алдыңғы  бөліктері  қатарынан  қабынса,  онда
новокаинмен екі бөлігінде тежеуге  болады.
      Желінде қабыну  процесі  алғашқы  басталғанда  новокаинді  ем  ретінде
қолданса, 3–5-ші күндері желінсау жазылады. Серозды,  катаральды  желінсауда
24 – 48 сағат  аралатып  новокаинді 2 – 3 рет қолдануға  болады.  Фибринозды
және іріңді желінсауда новокаинді 24 сағат аралатып  5  –  6  рет  қолдануға
болады. Салқын уақытта желінді жылы ұстау және малды жиі сауу қажет.
      Желін нервтерін  тежеуде  новокаинмен  бірге  антибиотиктерді  қолдану
жақсы нәтиже береді. Ол үшін новокаин ерітіндісіне  200  –  300  мың  бірлік
әсерінде (БӘ) пенициллин немесе стрептомицинді қосып пайдалануға болады.



 И.И. Магда әдісі бойынша желін жүйкелерін тежеу техникасы.
      Аталған  әдісте  айналшақ  пен  сарпай   маңайында   орналасқан   нерв
тармақтары новокаинмен тежеледі. Новокаинді енгізу үшін  шонданай  сүйегінің
ойысын тауып, сол тұстың терісі залалсыздандырылғаннан кейін,  1,5  –  2  см
тереңдікке ине енгізіліп, шприцпен 15 – 20 мл  мөлшерінде  3%-  ды  новокаин
ерітіндісін бөлшектеп, ине жолының оң және сол жағына енгізіледі.


      [pic]


      21 – ші сурет.   И.И. Магда әдісі бойынша айналшақ пен сарпай
                         аралығындағы нервті новокаинмен тежеу.


      Бұл әдісті желіннің артқы бөліктері қабынғанда қолдануға болады.
      Қорыта келгенде, болашақ кәсіптік негізде  мал  мамандарын  дайындауда
ауруларды  анықтау,  емдеу  және  олардан   сақтандыру   үшін   қолданылатын
әдістердің техникасын жете меңгеру үшін терапевтикалық  техниканы  үйренудің
маңызы өте зор. Ауру малды дұрыс емдеу үшін  қазіргі  кезгі  талаптарға  сай
ұсынылып отырған техникаларды пайдалана білу  әрбір  маманның  міндеті.  Тек
заманауи техниканы, әдістерді жете меңгеріп, оны  тиімді  пайдалана  білетін
маман ғана өз ісінің шебері атанады.
      Болашақ мал маманына өте  қажетті  арнайы  клиникалық  пәндерді  терең
игеру үшін, теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде іске асыра білу  үшін  бұл
пәннің  алатын  орны  ерекше.  Малшаруашылық  өнімдерін  тиімді  пайдалануды
малдарды  аурулардан,  әсіресе  ішкі  жұқпалы  емес  аурулардан,  сақтандыру
бағытындағы  теориялық,  методологиялық  және  ұйымдастырушылық  салаларының
жеткен жетістіктерін түгелдей дерлік есепке  ала  отырып,  ауру  малды  дара
және топтап  емдеу  әдістерінің  техникасын  ары  қарай  дамытып,  жетілдіру
арқылы іс жүзіне  асыруға  болады.  Ол  үшін  диспансеризация  әдісін  дұрыс
пайдалану малдәрігерлерінің жоспарының негізі болуы керек.
                                   Қышалар


    Қышалар терінің рецепторларына,  қан  тамырларына  әсер  етеді.  Малдың
организмін  нақтылы   емес   қуаттаныдрушы   емдеу   әдістерінің   негізінде
белсендендіреді. Малдәрігерлік тәжірибеде қышаның  талқандалған  ұнтағы  мен
майсыздандырылған ұрығынан қышаның қамырын дайындап барып қолданады.
    Қышаның ұрығының құрамында эфир майы, синигрин глюкозиды  және  мирозин
ферменті бар. Жылу мен  ылғалдылықтың  әсерінен  мирониз  ферменті  глюкозид
синигринді  ыдыратады,  одан  қышаның  эфир  майы  түзіледі.  Қышаны  теріге
жапсырғанда бастапқыда күйдірген  тәрізді  әсер  етеді  де,  артынан  ұзаққа
созылатын қызару пайда болады.
    Малдың  терісінің  қыша  қойылатын  жерін   жақсылап   тазалап,   сумен
ылғалдайды. 400 граммға жуық қышаның ұнтағын  алып,  жылы  суға  илеп  қамыр
жасайды. Қамырды щетка арқылы, малдың жүнінің жығылысына қарсы бағытта  жұқа
етіп жағады. Оның үстін суланған орамалмен жауып,  сыртынан  су  өткізбейтін
қабатты (клеенка, целлофан, полиэтилен пленкасы) орналастырады  да,  жылулық
қабатымен орап тастайды. Осындай жағдайда қамыр тез  кеппейді  және  қышаның
эфир майы ұшудан сақталады.
    Қышаны терілері қалың ірі малдарда 20-25 минут, ал ұсақ малдарда  10-15
минуттай ұстайды. Уақыт  біткеннен  кейін  қышаны  жылы  сумен  жуып,  орнын
құрғатып сүртеді де, малдың үстін жылылап қояды.
    Егер қыша  дұрыс  қолданылған  болса,  онда  қыша  қойылған  жерде  4-6
сағаттан кейін қабыну ісігі пайда болады да, ол ісік 2-3  күндей  сақталады.
Қышадан кейін қыздырғыш аспаптарды қолданған пайдалы.
    Қышаны малдың өкпелері, плеврасы, бронхылары қабынғанда; жарақатты және
ревматикалық  миозиттерде;  малдың  сіңірі   созылғанда;   жүйке   жүйесінің
ауруларында қолдануға болады.
    Терінің, емшектердің  ауруларында,  геморрагиялық  диатезде,  ісіктерде
қолдануға болмайды.
                                  Банкілер
    Банкілер ауру малдың көңілін басқа жаққа  аудару үшін қолданылады. Олар
мал  организмінде  десенсибилизация  процесін  тудырады  және  нақтыланбаған
қуаттандырушы емдердің қатарына жатады.
    Ірі малдарға сиымдылығы 250-400 мл, ал ұсақ малдарға 50-100  мл  немесе
медициналық  банкілер  қолданылады.  Банкілердің  шеті  доғал  қалың   болып
келеді. Процедура тұрған малдарға істеледі  және  малдың  процедура  кезінде
қозмалмағаны дұрыс. Ол үшін ірі малдарды станокқа бекітеді. Банкі  қою  үшін
малдың кеуде тұсының жүректің тұсынан басқа жерлерін пайдаланады.
    Банкіні  қоятын  жерді  жақсылап  тазалайды.  Жасыл   сабынмен   немесе
вазелинмен мол етіп майлайды. Осындай жағдайда қойылған банкінің  ішіне  ауа
кірмейтін болады. Банкінің ішіндегі ауаны спиртпен ылғалданған  ватаны  жағу
арқылы ығыстырып шығарады да, теріге жабыстырады.  Ішінде  ауасы  жоқ  банка
теріні 1-2 см-ге дейін өзіне тартып, сорып  алады.  Банкіні  15-25  минуттай
ұстайды. Банкін алу үшін оны бір жағына қарай қисайтып саңылау шығарады  да,
оның ішіне ауа кіргізеді. Осындай жағдайда банка өзі босап  қалады.  Артынан
малдың үстін жылылап жауып қояды. Ірі малдарға кезекпен ауыстыра  отырып  10
банкіге дейін қоюға болады.
    Банкі қойған жерде белсенді  емес  гиперемия  пайда  болады.  Ол  жерге
қанның, лимфаның құрамындағы элементтер шоғырланады да, ары қарай  ыдырайды.
Сол ыдыраудан пайда  болған  заттар  организмге  қуаттандырушы  әсер  етеді.
Гемопоэз жақсарады, организмнің қорғаныс күштері белсендендіріледі.
    Банканы кіші қан шеңберінде  қанның  қысымы  жоғарылағанда,  тыныс  алу
жүйесінің ауруларында,  бұлшық  еттің  жіті  және  созылмалы  қабынуларында,
жүйке жүйесінің ауруларында қолдануға болады.

       Дәріс-6.  Мал ауруларын анықтау және емдеу үшін
                           әртүрлі  зондтарды қолдану техникасы
Жоспары:
   1. Жылқыларға қолданылатын зондтар;
   2. Шошқаларға зонд жіберу техникасы;
   3. Бұзаудың мәйегіне зонд жіберу техникасы;
   4. Құстардың бөтекесіне зонд жіберу техникасы.

    Малдәрігерлік тәжірибеде әртүрлі зондтар жылқылардың, шошқалардың  және
иттердің  асқазандарын;  күйіс  қайыратын  малдардың  алдыңғы  қарыншақтарын
тазалап жуу үшін, олардағы ас қалдықтарын алып тексеру үшін, дәрілік  немесе
қоректік заттарды жіберу үшін, ағзалардың жирылуын жазып тексеру  үшін  және
т.б. іс-рекеттер үшін қолданылады.
    Жылқыларға арналған зонд ұзындығы 160-225 см, өзегінің  диаметрі  12-14
мм болып келетін, жұмсақ резина түтік.  Зонд  жылқының  танау  қуысы  арқылы
жіберіледі және оны қалаған уақытыңша асқазанда қалдыруға болады.
    Зондты қолданаар алдында оның өзегінің ашықтығын оған су жіберу  арқылы
тексеріп  алады.   Қайнату   арқылы   немесе   спиртпен   залалсыздандырады,
вазелинмен майлайды. Жіберілген зондтың қай тұста екенін бақылап отыру  үшін
зондтың екі жеріне белгі қояды:
       1. Танаудың сыртқы үшінен жұтқыншаққа дейінгі;
       2. Танау қуысынан асқазанға дейінгі аралықтардың қашықтығына.
    Ең алдымен қай жақ танау  қуысы  арқылы  еңгізу  керектігін  анықтайды.
Соған  байланысты  оң  немесе   сол   қолдың   саусақтары   арқылы   зондтың
еңгізілетін үшін ұстайды да, оның  бос  жағын  көмекшісіне  ұстатады  немесе
көмекші болмаған жағдайда өзінің  иығынан  асырып  қояды.  Дәрігер  жылқының
қарсы алдына тұрмай өзіне қолайлы жағына орналасады. Зондты  сол  жақ  танау
қуысы арқылы жіберер кезде сол  қолдың  алақанымен  танаудың  үстінен  басып
тұрып оның қуысын ортаңғы саусақпен  ашады  да,  екінші  көрсету  саусағымен
зондтың үшін танау  қуысының  төменгі  жолына  бағыттайды.  Ақырын  жылжытып
отырғанда  зондтың  үші  жұтқыншаққа  жеткен  кезде  аздаған  кедергі  пайда
болады. Ары қарай зондты өңешке еңгізу үшін,  асықпай  малдың  жұтыну  кезін
тосу керек. Ол көп тостырмайды. Себебі жұтқыншақтың  өңешке  өтетін  жерінің
кілегей қабығының рецепторын зондтың үші тітіркендіргенде жұтыну  өзінен-өзі
пайда болады.  Ондай  жағдай  болмаса  қолдан  жұтындыру  процесін  тудыруға
болады. Ол үшін малдың аузын кергішарқылы ашып  тілін  шығарады  да,  малдың
басын төмен қарай бағыттайды және т.б. қимылдар жасайды. Зонд  өңешке  дұрыс
түскенде өңештің қабырға еттерінің қысымының салдарынан  зондтың  ары  қарай
жылжуына аздап кедергі пайда болады. Ал егер  зонд  кеңірдекте  болса,  онда
ондай кедергі болмайды. Ары қарай зондтағы белгілер  арқылы  оның  асқазанға
жеткен-жетпегенін  қадағалау  керек.   Жылқылардың   габитусына   байланысты
асқазанға дейінгі ара қашықтық  153-199  см  аралығында  болады  (П.С.Ионов,
Ш.А.Кумсиев).
    Кей кезде зонлтың кардиналды сфинктрден өтуі қиынға соғады. Ондай кезде
малдың жұтынуын, өңештің жирылуын тосады немесе зонд арқылы жыл су , не  май
ерітіндісін құюға болады.
    Зондтың  өңештң  ме,  жоқ  кеңірдекте  ме  екенін  анықтаудың   бірнеше
тәсілдері бар:
       1. Зонд өңеште болса оны ары  қарай  жылжыту  аздаған  кедергіге  тап
          болады, ал кеңірдекте болса ондай кедергі жоқ;
       2. Мойын көк тамырын 4-5-ші мойын омыртқаларының тұсынан  сипалағанда
          өңештегі зондтың пішінін анықтауға болады;
       3. Зонд асқазанға дұрыс барса  оның  сыртқы  өзегінен  асқазанға  тән
          дыбыс естіледі, ал кеңірдекте болса ауаның  ағыны  білінеді.  Егер
          екінші танау қуысын жаба қойсе, онда ауаның ағымы күшейе түседі;
       4. Зонд асқазанға дұрыс барғанда оның сыртқы  бос  жағына  еңгізілген
          спринцовка ауаға толмайды, ал кеңірдекте болса мал дем алған кезде
          ол ауаға толады. Ескеретін жағдай: асқазанда бір  себептермен  ауа
          жиналып қалған болса, онда спринцовка ауаға толуы мүмкін;
       5. Егер зонд кеңірдекте болса, онда зондтың бос үшін суға  батырғанда
          суда ауа көпіршігі пайда болады;
       6. Зонд кеңірдекте болғанда рецепторлардың тітіркенуі салдарынан  мал
          жөтеліп, тынышсызданады.
    Зондтың  асқазанда  екеніне  көз  жеткізгеннен  кейін  оның  бос  жағын
жүгеннің сағағына  бекітеді.  Оны  ары  қарай  пайдалану  дәрігердің  алдына
қойған мақсатына байланысты іске асырылады.
    Малдәрігерлік тәжірибеде оны көбінесе  асқазандағы  ас  қалдықтары  мен
оның сөлін алып зерттеу үшін пайдаланады.  Олардың  құрамын  анықтау  тиісті
нұсқауларға сүйене отырып жүргізіледі.
    Асқазанның сөлін зерттеу үшін оны бір рет немесе  фракциялы  түрде  көп
рет алуға болады. Бір  рет  алу  әдісі  ашықтырылған  жылқыдан  немесе  оған
тітіркендіргіш азық берілгеннен  кейін  алынады.  Асқазан  сөлін  фракциялық
зерттеуде Я.И.Клейнбок ұсынған зерттеу әдісін  қолданған  дұрыс.  Ол  арнайы
нұсқауда беріледі.
    Асқазанның ас қалдығын алу үшін әртүрлі  аспаптар  ұсынылған.  Солардың
ішіндегі ең қолайлысы Камовскийдің насосымен  қосылған  шыны  бутыль.  Насос
арқылы шыны ыдысқа вакуум тудырады.  Асқазан  мен  шыны  ыдыстың  арасындағы
қысым  айырмашылығы  асқазандағы  ас   қалдығының   шыны   ыдысқа   құйылуын
жеңілдетеді. Осындай әдіспен жылқының асқазанын жуып  тазалауға  да  болады.
Әбден тазаланған асқазанға, керек болған жағдайда, сол зонд  арқылы  дәрілік
немесе қоректік заттарды жібереді.
    Тәжірибе біткеннен кейін зондты шығару  онша  қиындық  тудырмайды.  Тек
сақтық үшін жылқының танауын қолмен ұстап тұрып зондты шығарып алған дұрыс.
    Кейбір малдарға зондты қолдануға болмайтын жағдайлар  туындауы  мүмкін.
Ондай жағдайлар:
        • ауыз қуысының, жұтқыншақтың, көмекейдің қабынуларында;
        • өңештің және кардиналды сфинктрдің тарылуы мен спазмасында;
        • өңештентнемесе өкпеден қан кеткенде;
        • жүрек-қан тамырлары  жүйесінің  қызметтерінің  жеткіліксіздігінің
          ауыр түрлерінде.
          Шошқаларға зонд жіберу техникасы.
    Шошқаларға зондты ауыз қуысы арқылы  еңгізеді.  Ол  үшін  ауыз  қуысына
арнайы дайындалған, ортасында тесігі бар ағаштан жасалған езулік қойып,  сол
тесік арқылы зондтың үшін қатты таңдайға қарай бағыттап еңгізеді.
    Ірі аналық шошқаларға жылқыға қолданатын зондты  қолдануға  болады.  Ал
торайларға  жуандау  келген  медициналық  зондты  қолданады.  Езуліктің   де
мөлшері малдың жасына байланысты таңдап алынады. Ұсақ малдарға  И.Г.Шарабрин
ұсынған металл езулікті де қолдануға болады.
    Ірі шошқаларды бір жақ жанына жатқызып, жақсылап бекіткеннен кейін ғана
зондты кіргізуге болады. Ал торайлардың басын дәрігердің  көмекшісі  икемдеп
ұстағанда, олардың сезімталдығының ерекшеліктеріне байланысты, олардың  ауыз
қуысы өзінен-өзі ашылады да,  оған  езілікті  орналастыруға  қолайлы  жағдай
болады. Езулікті азу тістің артқы жағынан орналастырады да, оның сыртқы  екі
ұшына   байланған   бинт    арқылы    малдың    желке    тұсына    бекітеді.
Залалсыздандырылған,  вазелинмен  майланған  зонд  езуліктің  тесігі  арқылы
кіргізіліп, жұтқыншаққа қарай бағытталады. Ары  қарай  зонд  мал  жұтынғанда
оңай жылжып асқазанға барады. Асқазаннан ас қалдығын  немесе  асқазан  сөлін
алу үшін 100-200 мл шприці қолданылады.  Егер  ас  қалдығы  сорылмаса,  онда
зондты қозғау арқылы оның жатқан жағдайын өзгертеді. Алынған ас қалдығы  мен
асқазан сөлін лабораториялық зерттеу үшін арнайы нұсқау беріледі.
    Иттерге  зонд  жіберу  техникасы  торайларға  жібергенмен  ұқсас  болып
келеді. Мұнда да ортасында  тесігі  бар  ағаш  езулікті  қолданған  қолайлы.
Асқазаннан ас қалдығын және сөлін алу  немесе  асқазанды  тазалап  жуу  үшін
медициналық зондты қолданады.  Ол  болмай  қалған  жағдайда  ұзындығы  1  м6
диаметрі 10-15 мм кәдімгі резина түтікшені қолдануға болады.
    Зондты жіберер алдында  дәрігердің  көмекшісі  иттің  аузын  ашып,  азу
тістің  артқы  жағына  езулікті  орналастырады.  Оны  винтарқылы   бекітеді.
Асқазаннан  ас  қалдығын   немесе   сөл   алу   үшін   жоғарыдағыдай   шприц
пайдаланылады.


    Бұзаулардың мәйегіне зонд жіберу техникасы.
    Бұзаулардың   мәйегін   зонд   арқылы   тексеру   әдісі    И.А.Симонов,
Н.С.Мушинский,  М.Х.Шайхаманов,  Г.М.Даценколардың  еңбектерінде  кездеседі.
Зондты кез келген танау қуысы арқылы  оның  төменгі  кеңсірік  қуысы  арқылы
еңгізеді. Танау-өңеш-мәйек зонды ретінде ұзындығы  115-130  см,  диаметрі  6
мм, бас жағында 3 тесігі бар,  диаметрі  7-8  мм  болып  келетін  пенопласты
оливасы бар жұмсақ қызыл түсті резина түтікшесін қолданады.
    Зондты жіберер алдында оны  залалсыздандырып,  вазелинмен  майлайды  да
зондты төменгі кеңсірік қуысы арқылы өңештің  мойын  бөлігінің  орта  тұсына
дейін еңгізеді де, бұзауға еміздік арқылы  уыз  сүтін  ішкізеді.  Осы  кезде
өңешті мәйекпен жалғастыратын өзекше-жылға пайда  болады.  Соны  пайдаланып,
зондты ақырындап жылжыта отырып,  мәйекке  еңгізеді.  Зонд  дұрыс  барғанда,
бұзаудың  конститутциясына  байланысты,  оның   кіру   ұзындығы   75-90   см
мөлшерінде болуы керек. Сондай ұзындықты зондта күні бұрын  белгілеп  қойған
дұрыс.  Зондтың  сыртқы  тесігін  тығын  немесе  қысқышпен  жауып,  бұзаудың
ноқтасына байлап қояды.  Осылай  бекітілген  зондқа  бұзауға  кезекті  тамақ
берілгенше тиіспейді. Кезекті уыз сүті  немесе  жәй  сүт  берілгеннен  кейін
зондтың сыртқы тесігін ашып, оған Жанэ шприцін қосады  да  әрбір  1-2  сағат
сайын мәйектің ас қалдығы мен сөлін  алып  отырады.  Оларды  зерттеу  арнайы
құсқауларға сәйкес жүргізіледі.
    Шошқалардың, иттердің және  жаңа  туған  бұзаулардың  асқазандарын  жуу
жылқылардың асқазанын жуу  процесіне  ұқсас.  Тек  воронканыңы   және  жууға
пайдаланылатын  сұйықтың  мөлшерлері  ғана   малдың   жасы   мен   салмағына
байланысты  болады.  Асқазанды  тазалап  жуғаннан  кейін  сол  зонд   арқылы
дәрілік, қоректік заттарды жіберуге болады.


           Құстардың бөтекесіне зонд жіберу техникасы.
    Зонд ретінде ұзындығы 30-50 см, диаметрі 5-7 мм  болып  келетін  резина
түтікшесі қолданылады. Дәрігердің көмекшісі сол қолымен құсты  қысып  ұстап,
оң қолымен оның  тұмсығын  ашып,  тілін  саусағымен  басып  тұрады.  Дәрігер
зондты ешбір кедергісіз ауыз қуысы арқылы бөтекеге еңгізеді.  Зондтың  сырты
тесігіне   воронка   орналастырып,   ссол    аарқылы    жылы    су    немесе
залалсыздандыратын  ерітіндіні  100  мл  мөлшерінде  құяды.  Бөтекедгі  асты
аздап қолмен уқалап жұмсартуға болады. Оны шығару үшін зондпен бірге  құстың
басын төмен  қарай  еңкейтіп,  саусақпен  бөтекенің  төменгі  жағынан  қысым
түсіреді.  Процедура  біткеннен  кейін  зондты  шығаруға  ешқандай   кедергі
болмайды. Керек болған жағдайда құсты аздап дем алдырып  барып,  процедураны
қайталауға болады.  Егер  зонд  арқылы  құстың  бөтекесі  тазаланбаса,  онда
операция жасаған дұрыс.  Операция  жасау  өте  оңай  және  асқыну  болмайды.
Жіберілген зонд арқылы дәрілік заттарды берудің де ешқандай қиындығы жоқ.
    Құстардың безді асқазанынан ас қалдығы мен сөлді  алу  үшін  Л.М.Обухов
ұсынған зондты пайдаланған қолайлы. Ол  жұмсақ  полиэтиленнен  тұрады.  Оның
қасиеті ол асқазанда  тотықпайды  және  улылығы  жоқ.  Зондтың  бас  жағында
тесігі бар, жұмыр келген башлығы бар, әртүрлі мөлшерлі.
    Зондты жіберер алдында қайнату арқылы немесе спиртпен залалсыздандырады
да, вазелинмен майлайды. Зондты жоғарыда айтылғандай бөтекеге  еңгізеді  де,
сол қолдың саусақтарымен оның үшін өңештің кеуде бөлігіне қарай  бағыттайды.
Зондты аздап кедергі болғанға  дейін  жылжытады.  Аздаған  кедергінің  болуы
зондтың  безді  асқазанда  екенінің  белгісі.  Зондпен  бірге  құстың  басын
бағыттағанда безді асқазанның химусы өзі бөлінуі тиіс.  Өздігінен  бөлінбесе
шприц қолданылады. Безді  асқазанның  химусының  көп  бөлінетін  кезі  құсты
тамақтандырғаннан кейінгі бірінші сағатта болатынын ескерген дұрыс.


        Әртүрлі зондтарды қолдану техникасы.


    Жоспар:
       1. С.Г.Меликсетянның зондын қолдану техникасы;
       2. В.А.Коробовтың зондын қолдану техникасы;
       3. В.А.Черкасовтың зондын қолдану техникасы.

    Ірі  қара  малдарының  арасында  жиі  кездесетін  жарақатты  аурулардан
сақтандыру үшін көптеген магнитті  зондтар  ұсынылған.  Солардың  ішінде  ең
алғашқысы ретінде С.Г.Меликсетян ұсынған магнитті зондты  келтіруге  болады.
Зондтың құрамына кіретін негізгі заттар:
   1. Ұзындығы 50 мм, диаметрі 32 мм, сыртқы бетінде ұзынынан 6 жолағы бар,
      резина манжеткамен жабдықталған, темір  шынжырлы,  «Алнико»  маркалы,
      сопақша келген магнит;
   2. Ұзындығы 2,5 м келген өте жұмсақ, ішінде екі қабат капронды бауы бар,
      екі басында резбалы латунды муфталары бар резина түтікше;
   3. Зонды өңешке кіргізіп және одан алып шығу үшін қолданылатын, бір  жақ
      басы имек, екінші жақ басында резбасы бар, ұзындығы 75 см, диаметрі 8
      мм никелді құрыш таяқша;
   4. Магниттің қай жерде екенін анықтау үшін қолданылатын компас.


      Зондты қолданар алдында месқарынға 1-2 л су жіберу арқылы  оның  жынын
   сұйылтып алу керек. Егер месқарын газбен  керілген  немесе  асқа  толған
   болса, онда В.А.Черкасовтың зондын пайдаланып, месқарынды  жуып  тазалап
   алған дұрыс. Зондты еңгізу техникасы арнайы нұсқауда беріледі.
    Өңешке түскен магнит мал жұтынғаанда  алдымен  месқарынға,  одан  кейін
тахия қарыншаққа барады. Егер  малдың  жұтынуы  нашар  болса,  онда  бөтелке
арқылы су ішкізуге болады.
    Компас арқылы магниттің қай жерде  екенін  анықтауға  мүмкіншілік  бар.
Егер магнит тахия қарыншаққа бармай месқарында  шөгіп  қалатын  болса,  онда
оны кардиналды  сфинктерге  дейін  кері  тартып,  месқарынның  үстіңгі  қабы
жирылған кезде қайтадан жібереді.
    Зондты аурудан сақтандыру үшін 30  –  60  минутқа,  ал  емдеу  үшін  24
сағатқа  дейін  қалдыруға  болады.  Ол  уақытта  мал  организмінде   болатын
физиологиялық процеске ешқандай кері әсерін тигізбейді.
    Зондты танау қуысы арқылы артып шығарады. Зондты шығарарда күш жұмсауға
болмайды. Егер өңеш қатты  жирылып  зондты  босатпаса,  онда  малға  бөтелке
арқылы су ішкізу керек.
    Зондты тиімді пайдалану арқылы, әсіресе мол өнімді ірі қара  малдарында
минералды заттардың  алмасуының  бұзылуынан  болатын,  жарақатты  ретикулит,
ретикулоперитонит, ретикулоперикардит ауруларынан сақтандыруға болады.
    С.Г.Меликсетян ұсынған зондтың кемшіліктерін ескере  келе,  А.В.Коробов
өзінің жетілдірілген магнитті зондын ұсынды (ЖМЗ-1). Ол зонд арқылы  алдыңғы
қарыншақтарда  болатын  бос  жатқан  металл  заттарын  ғана  емес,   олардың
қабырғасына еніп тұрған  металл  заттарын  да  тартып  шығаруға  болады-мыс.
Себебі  ферромагнитті заттарды шығару  үшін  үлкен  тарту  күші  бар  арнайы
стерженді цилиндр пішінді магнит ұсынылған.  Олар  металл  заттары  ұзынынан
жататындай етіп магниттелген. Көтеру күштілігі бұрынғы 300 – 400 г орнына  8
– 12 кг.
    Бұл зондтың тағы бір артықшылығы оның ауыз қуысы арқылы  еңгізілуі.  Ол
үшін мал резина түтікшені шайнап тастамас  үшін  ол  түтікше  темір  штоктың
ішіне орналастырылған. «П» тәрізді пластинка арқылы темір шток  төменгі  жақ
сүйегіне бекітіледі. Зондты жарақаттан сақтандыру үшін 15-20 минутқа,  емдеу
үшін 1 сағатқа қалдыруға болады.  «П»  тәрізді  пластинка  мен   темір  шток
езуліктің  қызметін  атқарады.  Олар  жақ  сүйегіне  бекіту  үшін   жартылай
автоматты белдіктермен жабдықталған.
    С.Г.Меликсетянның  зондына  қарағанда  бұл  зонды  еңгізу  және  шығару
технологиясы  өте  жеңілдетілген.  24  сағаттық  ашықтыру  диетасынан  кейін
қолданғандағы нәтижесі әлдеқайда жоғары.
    Эллипсоидты  магнит  шығыры,  оны  қолдану  техникасы.  Шығыр   ұзыншақ
пішінді, шеттері  доғалданған,  ұзындығы  65  мм,  қабырғаларының  кесіндісі
барлық жерінде 55 мм, салмағы  35  г  ,  арнайы  «Магнико»  немесе  «Алнико»
қоспаларынан дайындалған. Шығыр ұзынынан магниттелгендіктен  металл  заттары
оған ұзынынан жабысатын болады.
    Магнит  шығыры  ірі  қара  малдарының  алдыңғы   қарыншақтарын   металл
заттарымен  жарақаттаудан  сақтандырады.  Малға  ауыз  қуысы  арқылы   болюс
бергіштің көмегімен  еңгізуге  болады.Мал  шығырды  қайта  шығарып  тастамас
үшін, оны бергеннен кейін су ішкізу керек.  Тахия  қарыншаққа  түскен  шығыр
ферромагнитті заттарды өзіне тартып  жинайды.  Олардың  тарту  күші  әртүрлі
болып келеді.
    Магнитті шығырға жинақталған металл заттарын  шығырмен  бірге  магнитті
зонд арқылы шығарып алады.
    Шығырдың бар-жоғын компас арқылы анықтауға  болады.  Ескеретін  жағдай:
егер шығыр металл заттарынан таза болса, онда компас жақсы  реакция  береді.
Ал егер металл заттары шығырда көп жиналса, онда компас раекция бермейді.
    Магнит шығырының артықшылығы сол, оны малды жарақаттан сақтандыру  үшін
фермадағы, жеке  шаруашылықтардағы  барлық  малдарға  қолдануға  болады.  Ал
магнитті зондты ауруға күдікті деген малдарға ғана қолданады.
    Ірі қара малдарының тахия қарыншақтарынан ферромагнитті заттарды шығару
үшін қолданылатын арнайы магниттер де бар. Соңғы кездегі арнайы  тарту  күші
жоғары магниттердің шығуы оларды жарақатты  аурулардан  емдеу  үшін  кеңінен
қолдануға  мүмкіндік  берді.  Ондай  магниттердің  авторлары:   А.В.Коробов,
А.С.Белановский, И.А.Телятников.
    Магнит цилиндр  пішінді,  екі  жақ  басы  қарама-қарсы  зарядты,  конус
тәрізді, стерженді,  біртұтас қоспа  ретінде  шығарылған.  Бір  жақ  басында
қосқыш шынжырды бекітетін шығырық бар. Магнит  ұзынына  қарай  магниттелген.
Сондықтан металл заттары оның бойында ұзынынан орналасады.
    Кейбір жарақаттағыш металл заттарының қарыншақтардың қабырғасына  кіріп
тұратынын ескерсек,  оны  тартып  шығару  үшін  күшті  магнит  керек.  Міне,
сондықтан  да  арнайы,  тарту  күші  8  –  12  кг-ға  дейін  жететін  магнит
шаруашылықтардағы мал мамандарына өте қажет құрал.  Бұл  магнит  хирургтерге
руминотомия жасаған кезде металл заттарын тез  табу  үшін  де  өте  қолайлы.
Малдарға күні бұрын беріліп қойылған магнитті сахиналарды,  оларға  жабысқан
жарақаттаушы металлдармен бірге алып  шығады.  Емдік  нәтижесі  24  сағаттай
ашықтырылған малдарға әлдеқайда жоғары.
    В.А.Черкасовтың зондын қолдану техникасы. Бұл зонд  ұзындығы  2-2,5  м,
диаметрі 35-50 мм, ортасында металл спиралы және кіргізетін жағының  жанында
тесіктері  бар  прорезинді  қуыс  түтік.  Зондқа   қосымша   құрал   ретінде
үшкірленген және басқышты тесікті су  шығарғыштар  мен   10  литрлік  металл
воронкасы бар.
    Зонд негізінен алдыңғы қарыншақтарды жуу және олардағы  ас  қалдықтарын
алып зерттеу және  тазалау  үшін  қолданылады.  Көбінесе  малдар  уланғанда,
малдың   іші   кепкенде,   алдыңғы   қарыншақтардың   жирылуы   әлсірегенде,
бітелгенде, асқа толып толып кеткенде қолданылады.
    Зондты қолданар алдында малды жалпы клиникалық тексеруден өткізіп, жеке
жүйелерінің функцияларына көңіл  аударады.  Клиникалық  көрсеткіштері  дұрыс
болған  жағдайда  малды  станокқа  кіргізіп  бекітеді.  Ірі   мал   болғанда
дәрігердің көмекшілері малдың мүйізінен ұстап немесе ноқтасы  арқылы  малдың
басын алға қарай тартып ұстайды.
    Зондтың кірер үшін вазелинмен немесе жәй маймен  майлап,  малдың  тілін
сыртқа шығарғаннан  кейін,  зондтың  үшін  тілдің  түбіне  еңгізеді.  Ақырын
жұмсақ қимылмен зонды өңешке бағыттап, месқарынға еңгізеді.  Зондтың  сыртқы
басына орналастырылған воронка арқылы  алдымен  39-40ºС  2-4  кәтел  1  %-ды
карлсбад тұзының немесе  сондай  концентрациядағы  сода  ерітіндісін  құйып,
месқарынның  жынын  араластырады.  Ол  үшін  зондтың   ішіндегі   ерітіндіні
месқарынға толық жібермей, воронканы жоғары-төмен түсіріп отырады.  Ақырында
воронканы алып,  ас  қалдықтарын  сыртқа  төгеді.  Осындай  жууды   2-3  рет
қайталағаннан кейін, енді воронка арқылы 1-2 кәтел  10ºС суды құйып,  жылдам
қайта шығарады. Кенеттен өзгерген судың температурасы  месқарынның  жирылуын
күшейтеді де, алдыңғы қарыншақтар жақсы тазаланады.
    Осындай процедура біткеннен кейін зондқа үші үшкірденген су  шығарғышты
еңгізіп, оны су  құбырының  шүмегіне  қосады.  Судың  ағыны  зондтың  ішінен
шықпай, оның  ішіндегі  заттарды  сұйылтады.  Егерде  зондтың  ішінде  «азық
тығыны» пайда болса, онда үш жағында басқышты тесіктері   бар  су  айдағышты
қосады. Осындай тәсілдерді кезектестіре отырып, алдыңғы қарыншақтарды  толық
тазалауға болады. Бұл  тәсілді  бір  жағында  тұра  алмай  жатқан  малға  да
қолдануға болады. Малдардың жағдайы нашар болғанда жуу,  тазалау  тәсілдерін
қайталауға болады.
    Егерде жоғарыда келтірілген тәсіл жеткіліксіз болса, онда вакуум тудыру
әдістерін қолданған жөн. Кейде месқарында тесіп те қысым түсіруге болады.
    В.А.Черкасовтың  зонды  өңештегі  ас  қалдығын,  өңеш  бітелген  кезде,
месқарынға түсіру үшін де, месқарын арқылы малға дәрілік заттарды беру  үшін
де қолданылады.
    Малдың іші кепкен кезде зондты қолданғанда ескеретін екі жағдай бар:
       1. Зондты еңгізерде оның сыртқы  тесігін  бітеп,  зондты  еңгізгеннен
          кейін оны ақырындап ашу арқылы газды біртіндеп, аз-аздап шығарады;
       2. Зондтың кірер ұшына жіп  байлап,  оның  келесі  үшін  зондтың  іші
          арқылы сыртқа шығарып, шығыршықтап қояды. Зондтың үші месқарындағы
          жынға батып  қалса,  сол  жіпті  тарту  арқылы  оның  үшін  жоғары
          көтереді де, газды ақырындап шығарады.
      Малдың алдыңғы қарыншақтары арқылы дәрі  беру  керек  болғанда  немесе
      месқарынның жынын лабораториялық тексеруге жіберерде месқарынның жынын
      аз  мөлшерде  алу  керек  болғанда  жылқыларға   қолданылатын   зондты
      қолдануға болады.


      Әртүрлі зондтарды қолдану техникасы.


    Жоспары:
       1. Малдың өңеші бітелгенде көрсетілетін емдеу көмектерінің техникасы;
       2. А.Л.Хохловтың зондын қолдану техникасы;
       3. Дәрілік заттарды кеңірдек арқылы жіберу техникасы.

    Өңештің бітелуі әсіресе ірі қара малында кездесетін  ауру.  Ол  аурудың
негізгі себептеріне малдарды азықтандыру ережелерін дұрыс  сақтамау  жатады.
Ірі  қара  малдарында  өңеш  көбінесе  картоп,   қызылша,   шалқан,   сәбіз,
капустаның  сабақтарымен;  кейде  клетчаткасы  мол  қатқыл   азықтың   үлкен
кесегімен; ағаш, шүберек, сүйек және т.б. бөгде  заттармен;  күйіс  қайырған
кезде  жынмен  келген  фитобезоармен;  шошқаларда   көбінесе   тамыр-жемісті
азықтардың бөлшектерімен; иттерде сүйектермен, еттің  кесегімен;  жылқыларда
көбінесе  өңеш  түйілген,  салданған,  тарылған  кездерде   қатқыл,   құрғақ
азықтармен (сабан, жем жармасы және т.б.) бітеледі.
    Өңештің бітелуі ірі қара малдарында оның жоғарғы, ал жылқыларда төменгі
бөліктерінде байқалады. Өңеш ұзақ уақыт бітелген болса,  онда  бөгде  заттың
тұрған жері қабынады,  ісінеді,  кейде  тіпті  іріңдеп  асқынуы  да  мүмкін.
Мұндай жағдайда бірден-бір емдік әдіс  -  өңешті  бітеген  бөгде  затты  дер
кезінде өңештен шығару немесе месқарынға итеріп, түсіріп жіберу.
    Ауруды емдеу үшін көптеген, әртүрлі әдістер ұсынылған.  Қалай  болғанда
да малды тез арада бөгде заттан құтылдырудың айласын ойластыру  керек  екені
сөзсіз.  Ол  үшін  әртүрлі  малдардың  өңеш  құрылыстарының,  онда   жүретін
физиологиялық процестердің ерекшеліктерін  ескере  отырып  іс-қимыл  жасаған
дұрыс.
    Емдеу процесіне кіріспес  бұрын  өңешке  100-150  мл  өсімдік,  вазелин
майларын немесе әртүрлі  қайнатпаларды  құяды.  Өңештің  түйілуін  босаңсыту
үшін  терінің  астына  атропин  сульфат,  пилокарпин;  венаға   хлоралгидрат
ерітінділерін  жібереді.  Өңештің  тұсын  жылылап  ұстайды.  Өңештің   мойын
бөлігінде орналасқан бөгде затты алдымен қолмен  уқалап,  ауыз  жаққа  қарай
сығымдап, сыртқа шығаруға тырысады. Егер  бөгде  зат  өңештің  ауыз  қуысына
жақын жерінде орналасқан болса, онда оны тікелей  қолмен  шығарып  алуға  да
болады.   Ол    үшін    ірі    малдарға    езулік    қолданылады.    Дәрігер
залалсыздандаралған   қолының   саусақтарын   тілдің   жағалаулары    арқылы
жұтқыншаққа, одан өңешке еңгізеді. Ал ұсақ малдарға езулікті  қолданбаса  да
болады.  Бұл  әдістің  қолайлылығы  жұтқыншақ   пен   өңештің   тіндері   аз
зақымданады; ал қолайсыздығы – бөгде  зат  жұмыр,  сырты  тайғанақ  болғанда
қолмен ұстау қиынға соғады. Мұндай жағдайда алдын ала дайындалған ілгек  сым
темірді пайдаланған  дұрыс.  Қалай  болғанда  да  малдың  түріне  байланысты
оларды жақсылап бекітіп, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып,  кейде  тіпті
И.И.Ворониннің әдісімен төменгі жақ сүйегінің жүйкесіне блокада жасап  барып
іске кіріскен жөн.
    Өңештің кеуде жақ бөлігінде тұрып қалған бөгде затты  месқарынға  қарай
серпінді зонлпен итеріп түсіруге  тырысады.  Бұл  әдіс  өңешті  бітеген  зат
жұмыр, сырты тайғанақ болған  жағдайда  нәтижелі.  Зондты  қолданар  алдында
малға ауыз қуысы арқылы 200-300 мл  май  ерітіндісін  немесе  кілегей  тұнба
құйған дұрыс. Бөгде  затты  зондпен  итергенде  еппен,  қысымды  бірте-бірте
үдете отырып, оны орнығып қалған жерінен жайлап жылжыту  керек.  Күшке  салу
өңешті тесіп жіберуі мүмкін.
    Өңеште тұрып қалған кейбір тамыр жемісті азықтар кейде жұмсарып  немесе
өңештің босаңсуынан өздігінен жылжып, мал жұтынғанда месқарынға түсіп  кетуі
де мүмкін.
    Егерде мұндай әдістерден нәтиже болмаса, онда тенотомды қолданып  бөгде
затты ұсақтауға тырысады. Бұл әдісті қолданғанда өңештің  кілегей  қабығының
жарақаттануы мүмкін.
    Өңеш жұмсармайтын, жібімейтін бөгде заттармен (ағаш, шүберек,  күнжара,
фитобезоар) бітелген жағдайда, басқа қолданған әдістер нәтиже бермесе,  онда
хирургиялық әдісті қолданады.
    Ұсақ малдардың өңештерінің жоғарғы жақ  бөлігінде  тұрып  қалған  бөгде
затты корнцангпен де алуға немесе мойын-көктамыр науасының маңынан  төменнен
жоғары қарай сығымдап уқалау арқылы ауыз қуысынан итеріп  шығаруға  тырысуға
болады. Ал кеуде жағында орналасқан бөгде затты  зонлпен  месқарынға  немесе
асқазанға итеріп түсіреді.
    Құсатын малдарға құстыратын дәрілік заттарды  беруге  болады:  шошқалар
мен иттерге апоморфин гидрохлоридін, вератрин ерітінділерін қолданады.
    Бөгде  зат  шығарылғаннан  кейін,   егерде   өңештің   кілегей   қабығы
жарақаттанған болса, онда бастапқы 2-4 тәуліктер бойы  кілегей  қайнатпалар,
суық су,  дәрілік  ерітінділер  (перманганат  калий,  фурациллин  және  т.б.
ерітінділер) ауыз қуысы арқылы беріледі.


    Өңештң бітеген бөгде затқа қарсы ұсынылған көптеген әдістердің ішіндегі
қолайлысы А.Л.Хохловтың 1954 жылы ұсынған екі тұзақты, ауыз-өңеш зонды.  Бұл
зонд арқылы бөгде  затты  сыртқа  шығарумен  қатар,  оны  месқарынға  итеріп
түсіруге де болады.
    Зондты қолдану техникасы: алдымен малды  жақсылап  не  станокқа,  ондай
мүмкіншілік болмаған жағдайда ірі малдарды  бір  қабырғаға  тақап  бекітеді.
И.И.Ворониннің  әдісімен  төменгі  жақ  сүйегінің  жүйке   талшығына   тежеу
жасайды. Одан кейін ауыз қуысы  немесе  танау-өңеш  зонды  арқылы  50-75  мл
новокаинның 5 %-ды ерітіндісін құяды да, зондты ауыз қуысы  арқылы  еңгізуге
дайындайды.
    Зондты жақсылап майлайды. Оператордың көмекшісі малдың  тілін  шығарып,
таза орамалға орап ұстап тұрады. Оператор зондтың үшін қатты  таңдай  арқылы
жұтқыншаққа қарай бағыттап еңгізеді. Ары қарай  малдың  жұтынуын  қадағалап,
зондты ақырындап жылжыта  отырып бөгде затқа дейін жеткізеді. Зондтың  бөгде
затқа жеткен-жетпегенін қолмен сезілетін аздаған кедергі арқылы оңай  білуге
болады.  Бөгде  зат  күні  бұрын  орнынан  жылжып  кетпес  үшін  оператордың
көмекшісі ол затты төменгі жағынан демеп тұрғаны  дұрыс.  Оператор  зондтағы
сыртқы тұтқаны  қолдану  арқылы  зонлтың  тұзақтарын  бірінің  үстіне  бірін
жатқызады да, оны бөгде зат пен өңеш қабырғасының арасы арқылы бөгде  заттың
төменгі жағына түсіреді. Одан кейін зондтың тұзағын  сол  тетік  арқылы  «Х»
тәрізді жағдайға келтіреді. Ендігі кезекте  зондты  ақырындап  тарта  отырып
алдымен бөгде затты  орнынан  қозғап  алады  да,  артынан  біртіндеп  тартып
сыртқа шығаруға тырысады. Оператордың көмекшісі бөгде заттың  жылжуын  үнемі
қадағалап отырады. Операцияның  алдында  өңешке  аздап  май  құйғанда  бөгде
заттың жылжуы жеңілдірек болады.
    Өңешті бітеген бөгде затты А.Л.Хохловтың зонды арқылы месқарынға итеріп
түсіруге де  болады.   Бұл  әдіс  өңешті  бітеген  бөгде  зат  оның  төменгі
бөлігінде орналасқанда және оның сыртқы беті тегіс, жылтыр  болған  жағдайда
жеңіл орындалады. Ол үшін зондты жоғарыда баяндалғандай  бөгде  затқа  дейін
еңгізеді. Өңешке ауыз қуысы  арқылы  200-300  мл-дей  өсімдік  майын  немесе
кілегейлі тұнба  құяды  да,  зондты  ақырындап  итере  отырып,  бөгде  затты
месқарынға түсіруге тырысады.
    Ондай операцияны  жылқыларға  жасағанда  олардың  өңештерінің  түйілуін
болдырмау  үшін   терінің   астына   атропин   сульфатын   немесе   аминазин
ерітіндісін;  венаға  хлоралгидрат  ерітіндісін  жіберуге   болады.   Массаж
жасайды, кілегейлі тұнба ішкізеді.
    Шошқаларға құлағының артқы жағынан терінің астына аққорғасынның спиртті
ерітіндісін жіберіп құстыруға болады.
    Иттерге терінің астына 5 %-ды  морфин ерітіндісін 0,5-1,0 мл мөлшерінде
жіберіп құстыруға болады.


    Малдәрігерлік тәжірибеде, әсіресе өкпелердің ауруларын  емдеген  кезде,
организмге  дәрілік  заттарды  жіберудің  басқа  әдістерімен  қатар   оларды
кеңірдектің  ішіне  еңгізу  әдәсә  де  жиі  қолданылады.  Дәрілік   заттарды
кеңірдекке зонд немесе ине арқылы жіберуге болады.
    Дәрілік заттарды зонд арқылы еңгізу үшін алдымен малдың түріне,  жасына
байланысты қолайлы зондты таңдап алады. Көбінесе танау-жұтқыншақ  зонды  жиі
қолданылады. Оны залалсыздарып майлағаннан кейін не  ауыз  қуысы,  не  танау
қуысы  арқылы  кеңірдекке  еңгізеді.  Зондты  еңгізу,  оның  дұрыс   барған-
бармағанын   бақылау   «Жылқыларға   зонд   қолдану   техникасы»   бөлімінде
келтірілгендей.
    Зондтың сыртқы тесігіне тиісті воронканы орналастырып, сол арқылы  дене
қызуына сәйкес температурадағы дәрілік заттарды жібереді. Дәрілік  заттардың
алғашқы бөлігі кеңірдек арқылы өтіп өкпелерге  барғанда  малда  жөтел  пайда
болады. Кейде жіберілген  дәрілік  зат  ауыз  қуысы  арқылы  шығып  алуы  да
мүмкін. Ондай жағдайда  воронканы  төмен  түсіріп,  дәрілік  затты  жіберуді
тоқтата тұрған дұрыс.  Процедура  кезіндегі  малдың  тынышсыздануы,  жөтелуі
ұзаққа созылмайды, тез қалпына келеді.  Жөтел  басылып,  мал  тынышталғаннан
кейін процедураны жалғастыруға болады.


    Зондты танау  қуысы  арқылы  еңгізуге  мүмкіншілік  болмаған  жағдайда,
езулікті қолдана отырып оны ауыз қуысы арқылы еңгізуге болады.
    Дәрілік затты жіберіп болғаннан кейін зондты еппен,  ақырындап  шығарып
алады да, оны жақсылап жуып, тазалап, келесі процедураға дайындап қояды.


    Дәрілік заттарды  кеңірдекке  ине  арқылы  еңгізудің  техникасы.  Инені
еңгізетін жер – кеңірдектің мойын бөлігінің кеуде қуысына тақау  орта  тұсы.
Ол үшін операцияның орнын ережелерге сәйкес дайындайды.  Залалсыздандырылған
инені кеңірдектің сақиналарының арасы арқылы еңгізеді. Малдың  дене  қызуына
сәйкес температурадағы  ерітінді  шприц  немесе  воронка  арқылы  кеңірдекке
жіберіледі.  Мал  тынышсыздана  бастағанда   жоғарыда   айтылғандай   әрекет
жасайды. Жатқан малға дәрілік заттарды өкпелердің не  оң  жақ,  не  сол  жақ
бөліктеріне  жіберуге  мүмкіндік  бар.  Процедура  біткеннен   кейін   инені
шығарып, оның орнын залалсыздандырады.


     Дәріс-7.  Малдардың ішкі ағзаларының ауруларын
                                     емдеу  әдістерінің техникасы.


    Жоспары:
       1. Қуықты тазалап жуу техникасы;
       2. Қуықты тесу, пункция жасау техникасы;
       3. Месқарынды, құрсақ қабырғасын,  жалбыршақ  қарыншақты  және  кеуде
          қуысын тесу техникалары;
       4. Жылқының соқыр ішегін және шошқаның асқазанын тесу техникалары
       5. Құстардың жұмыртқасын шығару техникасы.


    Малдың  қуығына  катетр  еңгізу  техникасы.  Малдардың  зәр   шығаратын
жолдарының  ауруларында  (Қуықтың  қабынуы,  зәр  шығару  жолдарында  тастың
түзілуі, қуықтың  түйілуі,  ірі  қара  малының  созылмалы  гематурия  ауруы)
қуықтағы жиналған зәрді катетр арқылы шығаруға тура келеді.
    Катетрлердің  жұмсақ,  жартылай  қаттылау  және  қатты   түрлері   бар.
Малдәрігерлік тәжірибеде көбінесе  жұмсақ  және  жартылай  қаттылау  түрлері
қолданылады. Олар диаметрлері әртүрлі болып  келетін,  қуыққа  кіретін  басы
доғалданған, жақтауында 2-3  тесігі  бар,  әртүрлі  размерлі  резина  немесе
пластмасса түтіктер.
    Катерді қолдану технологиясы: алдымен малдың түріне, жасына  байланысты
тиісті катетрді таңдап алады да, оны мұқият тексереді. Оның сыртында  кедір-
бұдыры, жарықшағы, сызаты болмауы керек. Оны қайнату немесе тиісті  ерітінді
арқылы залалсыздандырады.  Малдың  катетр  кіретін  жерін  жылы  ерітіндімен
жуып, тазалайды. Дәрігердің қолы да таза  болуы  керек.  Залалсыздандырылған
катетрдің сыртта қалатын үшінен  ұстап  тұрып,  екінші  кіргізілетін  үшінен
бастап вазелинмен, маймен немесе сұйық парафинмен майлайды.  Еркек  малдарға
ұзындығы 70-90 см, диаметрі 7-10 мм катетрлер қолданылады.  Оны  оң  қолымен
малдың үрпісіне 10 см  тереңдікке  дейін  еппен  еңгізеді.  Процндура  жеңіл
жүруі үшін тік ішек арқылы қуыққа масаж жасап алғанның нәтижесі жақсы.  Егер
мал тынышсыздана бастаса, онда катетрді еңгізуді  тоқтатып,  тынышсызданудың
себебін анықтап алады.
    Аттарға, айғырларға катетрді тұрған түрінде, малдың артқы жағына  қарап
тұрып еңгізеді. Егер мал жатқан болса, онда малдың артқы жағынан  белдеменің
тұсынан тізерлеп отырып,  оң  қолымен  үрпіні  тауып  ұстайды  да,  катетрді
еңгізеді.
    Сиырлар мен шошқаларға катетрді еңгізу үшін  вазелинмен  майланған  сұқ
саусақтың үшін қынапқа еңгізіп,  оның  соқыр  қапшығының  жоғарғы  жағындағы
тесікке катетрдің үшін саусақпен қадағалап отырып бағыттайды.  Катетр  дұрыс
жіберілген  болса  оның  қозғалысы  еркін  болады  да,  одан  зәр  бөлінеді.
Қолданылған катетрді жақсылап тазалап жуып, залалсыздандырып сақтайды.
    Биелерге катетр еңгізу өте жеңіл.  Ол  үшін  диаметрі  8-10  мм  катетр
қолданылады. Биенің құйрығын бір жағына қарай  ығыстырады  да,  сол  қолымен
оның сарпайын ашып, оң қолымен катетрдің үшін уретра арқылы қуыққа  еңгізеді
де, қолдың саусағын суырып алады.
    Төбет иттерге ұзындығы 30-55 см, диаметрі 2-4 мм катетр қолданылады.
    Зәр  шығару  жолдарында  іріңді  қабыну  процестері  болғанда  катетрді
қолдануға болмайды.
    Қуықты жуу. Қуықтың ауруларын емдеу үшін және оның кілегей  қабығындағы
әртүрлі  патологиялық  заттарды  тазалау  үшін  қуықты  жуу  әдісі   кеңінен
қолданылады. Қуықты жуар алдында ондағы зәрді шығарып алады.  Қуықты  зәрден
жылдам босату үшін тік ішек арқылы оған массаж жасауға  болады.  Кейде  Жанэ
шприці арқылы да шығарады. Қуықты жуу үшін қолданылатын ерітіндіні  мақсатқа
байланысты тағайындайды. Ондағы патологиялық  процеске  байланысты   риванол
(1:1000), марганец қышқыл калий (1:5000), физиологиялық ерітінді  және  т.б.
ерітінділер қолданылады.  Жіберілетін  ерітіндінің  мөлшері  малдың  түріне,
жасына, физиологиялық жағдайына байланысты болады. Ірі малдарға  250 мл,  ал
ұсақ малдарға 50 мл мөлшерінде жіберуге болады.  Оның  температурасы  малдың
дене қызуына сәйкес болуы керек.
    Қуыққа жоғарыда келтірілген  әдістермен  катетрді  кіогізеді  де,  оған
резина түтікше арқылы Жанэ  шприцін  қосады.  Ерітінді  қуыққа  үнемі  барып
тұруы  үшін  шприцті  малдың  денесінен  жоғарырақ  ұстайды.  Қайта  шығатын
ерітінді таза болғанша қуықты бірнеше  рет  қайталап  жуады.  Концентрациясы
төмен ерітінділерді қуықта аз  уақытқа  қалдыруға  да  болады.  Егерде  қуық
түйілсе немесе  оның  сфинктірі  босаңсымаса.  Онда  хлоралгидрат,  люминал,
морфин  ерітінділерін  жібереді,  жылулық  және  массаж  әдістерн  қолдануға
болады.
    Мысалы, қуықтың жіті  және  созылмалы  іріңді  қабынуында  оны  алдымен
хлорлы натрийдің изотоникалық ерітіндісімен жуу керек.  Одан  кейін  төменгі
концентрациядағы  залалсыздандыратын  ерітінділерді  қолданады:  0,5-1  %-ды
стрептомицин; 2-3 %-ды бор қышқылы, пенициллин; 0,1 %-ды азот қышқыл  күміс;
2-3 %-ды резорцин; 1:1000 – 1500 концентрациядағы сутегінің қос тотығы  және
т.б.
    Қуықты тесу, пункция жасау техникасы. Қуықтағы  жиналған  зәрді  массаж
жасау арқылы немесе  катетрдің  көмегімен  шығара  алмаған  жағдайда  қуықты
тесуге  тура   келеді.   Ол   үшін   алдымен   тік   ішекті   тазалап,   оны
залалсыздандыратын ерітіндімен жуады. Пункция жасау  үшін  ұзындығы  30  см,
жуандығы 2-3 мм троакар қолданылады.
    Вазелинмен майланған троакарды оң қолмен тік ішекке еңгізеді. Стилеттің
үшін  канюлаға  еңгізіп,  оны  сұқ  саусақпен  жауып  тұрады.  Тік   ішектің
қабырғасы арқылы қуықтың  бас  жағын  табады.  Троакарды  тік,  төмен  қарай
бағыттап, қатты қимылмен 4-6 см тереңдікке еңгізеді. Қуық  дұрыс  тесілгенде
зәрдің шыққан ағыны байқалады.
    Сиырлар мен биелерде қуықты қынап арқылы теседі.
    Етқоректілерде  құрсақ  қуысының  қабырғасы  арқылы  теседі.  Ол   үшін
қарынның ақ сызығы арқылы тұспалдап отырып  саусақпен  шар  тәрізді  дөңесті
тауып алады да, саусақпен үнемі бақылай  отырып,  инені  2-5  см  тереңдікке
еңгізеді. Егер зәр ақырын бөлінетін болса, онда шприц қолдануға болады.




    Құстардың  жұмыыртқасын  шығару.   Құстардың,   көбінесе   тауықтардың,
жұмыртқаларын шығаратын әртүрлі әдістер  бар:  пенициллин  мен  стрептомицин
ерітіндісін еттің ішіне жіберу; клоакаға спринцовка  арқылы  қысыммен  тұзды
ерітіндіні немесе өсімдік  майын  жіберу  және  т.б.  әдістер.  Егер  мұндай
әдістер нәтиже бермесе, онда жұмыртқаны  қолмен  шығаруға  болады.  Ол  үшін
дәрігердің көмекшісі құсты артқы аяқтары мен қанаттарының  түбінен  бекітіп,
тік, салақтатып ұстап тұрады. Дәрігер құстың сол жағынан тұрып, сол  қолының
4саусағын оның арқасына салады да,  үлкен  саусағымен  ақырындап  жұмыртқаны
клоакаға қарай жылжытады. Залалсыздандырылған және майланған оң  қолдың  сұқ
саусағын клоакаға еңгізіп, жұмыртқаның шығуына көмектеседі.
    Қаздар, үйректер және күрке тауықтарда жұмыртқаны екі алақанның арасына
салып қысып шығарады. Егер жұмыртқаның жолында жұмыртқаның қабы болса,  онда
оны қолмен алып тастайды.
    Жұмыртқаны шығару техникасы онша қиын емес және нәтижесі  әрқашанда  оң
болады. Малдың жіті түрде іші  кепкенде  немесе  жайылымда  көп  мал  бірден
ауырып, оларға жедел жәрдем көрсету керек болған  жағдайда  месқарынды  тесу
әдісін қолдануға болады.
    Алдымен месқарынды тесетін жерді дайындап алады. Ол жер күйіс қайыратын
малдарда сол жақ аш шұңқырының ортасы немесе  сергек  пен  соңғы  қабырғаның
ортасын қосатын сызықтың ортасы.
    Ірі  малдардың  месқарынын  тесу  үшін  үш  жақты,  өткір,   троакардың
гилзасына тығыз орналасқан стилеті  бар  троакар  қолданылады.  Тесер  кезде
стилеттің үшін оң жақ шынтақ сүйекке қарай бағыттайды.  Тесу  үшін  стилетті
белгілі бір күшпен соғып кіргізеді. Тескеннен кейін стилетті  еппен,  ақырын
шығарып алып, троакардың  гилзасының  аузын  бармақпен  басып  тұрып,  газды
біртіндеп шығарады. Газды бірден көп  шығарып  жібергенде  бас  миға  қанның
баруы азайып, мал талып қалуы мүмкін. Егер троакардың гилзасы ас  қалдығымен
бітеліп қалса, онда стилетті қолдану арқылы  оны  ас  қалдығынан  тазалайды.
Троакардың  гилзасын  оның  құлақшасындағы  тесігі  арқылы  теріге  бекітіп,
месқарында 3-5 сағатқа дейін қалдыра тұруға болады. Гилза арқылы  месқарынға
залалсыздандыратын,   ашу   процесін    болдырмайтын    дәрілік    заттардың
ерітінділерін  (креолин,  ихтиол,  лизол   және   т.б.)   жіберуге   болады.
Месқарынды  троакардан  босатарда  гилзаны  тазалап,  оған  стилетті   қайта
кіргізеді. Одан кейін бір қолдың алақанымен гилза тұрған жерді басып  тұрады
да гилзаны ақырындап суырып алады.
    Бұзауларға  және  басқа  да  ұсақ  күйіс  қайыратын  малдарға   жіңішке
троакарлар бар немесе иандренімен Бобровтың инесін қолдануға болады.
    Троакарды шығарғаннан кейін ол  жерді  йодтың  спирттегі  ерітіндісімен
залалсыздандырып барып коллодиймен жауып тастайды.


    Құрсақ  қабырғасын  тесу  малдың  ауруын  анықтау,  ондағы  жинақталған
сұйықты шығару және оған емдік  дәрілік  заттарды  жібер  үшін  қолданылады.
Тесу үшін ұзындығы 5-6 см инені қолданады. Тесу нүктесі қарын  ақ  сызығынан
2-3 см қашықтықта, төс  шеміршегі  мен  кіндіктің  ортасы.  Тесетін  нүктені
анықтап, ол жерді залалсыздандырып дайындағаннан кейін теріні аздап  орнынан
жылжытып барып инені кіргізеді.  Тері  мен  ет  қабаттарын  тескеше  аздаған
кедергі байқалады. Ал құрсақ қуысына енген ине  еркін  жылжи  бастайды  және
инеден сұйық шығады. Жиналған сұйық өз  қысымымен  де  аға  бастайды,  бірақ
толық және жәйлап шығару  үшін  шприцті  қолданған  дұрыс.  Егерде  операция
кезінде малдың жағдайы нашарлай бастаса, онда процедураны  тоқтатып,  малдың
терісінің астына кофеин ерітіндісін  жіберуге  болады.  Процедура  біткеннен
кейін инені оның тұрған жерін басып  тұрып  шығарып  алады  да,  оның  орнын
йодтың спирттегі ерітіндісімен залалсыздандырып, коллодий жағып қояды.


    Жалбыршақ қарыншақты тесу ол асқа толып бітеліп қалғанда және оны емдеу
үшін басқа қолданылған әдістерден нәтиже болмағанда  істелетін  іс-шара.  Ол
үшін  жіңішке  троакар  немесе  Бобровтың  инесі  қолайлы.  Тесетін  нүктені
анықтау үшін иық-жауырын көлденең сызығын жүргізеді де сол сызықтың  бойымен
немесе одан  2-3  см  төменірек,  малдың  оң  жағынан  8-9-шы  қабырғалардың
арасынан, иненің үшін  10-шы қабырғаға қарай бағыттап,   5-8  см  тереңдікке
еңгізеді.  Ендігі  кезекте  шприц  арқылы  50-100   мл   залалсыздандырылған
физиологиялық ерітіндіні жіберіп, оны жалбыршақ қарыншақтағы  ас  қалдығымен
аралас қайта сорып алады. Оның құрамы арқылы иненің дұрыс  барған-бармағанын
анықтайды. Егер ине дұрыс жалбыршақ қарыншаққа барған болса,  онда  сол  ине
арқылы дәрілік ерітінділерді, майлы эмульсияны жібереді. Инені шығарып  алу,
орнын залалсыздандыру жоғарыда келтірілгендей.
                             Кеуде қуысын тесу.
     Операциясы малдың ауруын анықтау, кеуде қуысында жиналған патологиялық
сұйықты шығару және ол  жерге  дәрілік  заттарды  еңгізу  үшін  қолданылады.
Егерде кеуде қуысында патологиялық  сұйық  көп  жиналған  болса,  онда  оның
жоғарғы шекарасын анықтап алып барып, тесетін нүктені белгілейді. Инені  7-8
қабырғалардың  арасынан  3-5  см  тереңдікке   еңгізеді   де,   күні   бұрын
дайындалған дәрілік ерітіндіні жібереді.
    Процедура біткеннен кейін инені шығарып алу, оның орнын залалсыздандыру
жоғарыда баяндалғандай.
    Жылқының  соқыр  ішегін  тесу  ол  кенеттен  жіті  түрде  газға   толып
керілгенде және малдың  өміріне  қауіп  төнгенде  істеледі.  Ол  үшін  соқыр
ішектің бас бөлігін мандренді ұзын инемен немесе жіңішке троакармен  теседі.
Тесу нүктесі малдың оң жағында, аш шұңқырдың ортасында,  сергек  пен  ақырғы
қабырғаның ортасын қосатын сызықтың бойында орналасады.
    Ине  кіретін  жердің  терісін  аздап  жылжытып,  иненің   үшін    кеуде
шеміршегіне қарай бағыттап еңгізеді. Инеден мандренаны шығарып  алып,  соқыр
ішекті  газдан  босатады.  Газ  шығып  болғаннан  кейін   сол   ине   арқылы
залалсыздандыратын, газды сіңіретін дәрілердің ерітінділерін  жібереді.  Ине
кірген жерде тіндердің  өлі  еттенуі  болмас  үшін  оны  бір  сағаттан  ерте
шығармайды. Иненің орнын йодтың  спирттегі  ерітіндісімен  залалсыздандырып,
коллодиймен желімдейді.


    Шошқалардың асқазанын тесу. Шошқаларға ауыз қуысы арқылы дәрілік  затты
беру кей кезде оңайға соқпайды және берілген дәрілік  заттың  толық  мөлшері
асқазанға түсті ме, жоқ па? Оны анықтау да оңай  емес.  Сонымен  қатар  ауыз
қуысы арқылы берілген дәрілік заттың әсерінен  аспирациялық  бронхопневмония
пайда болуы мүмкін.  Олардың  асқазанына  зонд  жіберу,  оларға  езуліктерді
таңдау  да  оңай  шаруа  емес.  Дәріні  азыққа  қосып  берудің  де  нәтижесі
айтарлықтай емес, себебі  ауру  шошқалар  азыққа  қарамайды.  Міне,  осындай
жағдайларды ескерсек,  онда  дәрілік  заттарды  бірден  асқазанға  жіберудің
маңызы айқындала түседі. Асқазанды  төс  шеміршектің  тұсынан   тесу  малдың
өміріне қауіпті емес және асқыну байқалмайды.
     Бұл операцияны зертханалық тәжірибеде малдардың улануын  анықтау  үшін
де қолдануға болады.
    Шошқалардың  асқазанын  тесу  онша  қиын  операция   емес,   шаруашылық
жағдайында әрбір малдәрігері  орындай  алады.  Ол  үшін  залалсыздандырылған
Бобровтың немесе соған ұқсас инекциялық инелерді қолдануға болады.
    Ұсақ малдарды арқасына жатқызып, ал ірі шошқаларды  сол  жақ  жамбасына
жатқызып  бекітеді.  Инені  еңгізу  нүктесі  –  малды  арқасына  жатқызғанда
қарынның ақ сызығы мен ақырғы қабырғаның алдындағы қабырғаның доғасы  арқылы
жүргізілген сызықтың қиылысқан жері. Ал сол жақ  жамбасына  жатқызған  малда
бұл сызық осы нүктеден солға қарай 3-5 см  ойысады.  Ол  жатқан  малда  ішкі
ағзалардың орындарының аздап ауысуына байланысты.
    Инені  залалсыздандырылған  нүктеден  малдың  сол  жақ   иық   сүйегіне
бағыттап, төмен және алға қарай еңгізеді.  Иненің  асқазанға  дұрыс  барған-
бармағанын тексеру үшін инеден  шығатын  иіске  көңіл  аударады  және  шприц
арқылы асқазанның жынын алып  тексеруге  де  болады.  Ине  дұрыс  орналасқан
жағдайда  оған  шприцті  қосып  дәрілік  заттарды,  эмульсия   ерітінділерін
жібереді.


       Дәріс-8  Компресс,  клизмаларды қою техникасы


    Жоспары:
       1. Компресс және оны қою техникасы.
       2. Клизмалар және оны қою техникасы
                           Компресс қою техникасы.
    Жылулық процедурасын кез келген жағдайда және өте  оңай  іске  асыратын
әдіс – ол компресс қою. Организмді  жылытатын  компресс  барлық  ағзалардағы
қан тамырларын  біркелкі,  ұзақ  уақытқа  кеңейтеді.  Зат  алмасу  процесіне
ферменттердің  әсері  жақсарады,  фагоцитоз  құбылысы  артады,   сұйықтардың
жиналуы, тіндерге сіңуі бәсеңдейді. Компресстің организмді  тыныштандыратын,
керексіз сұйықтарды сіңдңретін, ауырсынғандықты  басатын  организмге  тиімді
әсерлері бар.
    Компресстің бірнеше  түрлері  бар:  ыстық,  жылытатын,  суық,  спиртті,
приснецепт, скипидарлы және  термокомпресстер.  Сондай  –ақ  қарапайым  және
қоздырғыш болып та жіктеледі.
    Компресс 4 қабаттан тұрады:
       1. сіңіргіш-сорғыш қабаты;
       2. ылғалдылықты өткізбейтін қабат;
       3. жылулықты сақтайтын қабат;
       4. бекіту қабаты.
    Ыстық компрессті қою  үшін  тығыз  бұлдан  алынған  материалды  бірнеше
қабаттап, температурасы 70-80ºС  сумен  ылғалдап  аздап  сығады  да,  малдың
терісінің сыртынан күні бұрын  дайындалған  жеріне  орналастырады.  Сыртынан
саңылаулы резинкамен жабады.  Оның  сыртынан  жылы  затпен  орап   бекітеді.
Ыстық компрессті 30 минутқа дейін ұстауға болады.
    Тері қабынғанда, шихан, сыздауық, қотыр, ісік пайда болғанда  қолдануға
болмайды.
    Жылытатын компрессте бірінші сіңіргіш  қабаты  жылы  сумен  ылғалданып,
оның  сыртынан  су  өткізбейтін  қабатпен  (клеенка,  целлофан,  хлорвинилді
пленка және т.б.) жабады да, оның сыртынан  жабылған  жылуды  ұстап  тұратын
қабатты бинтпен  бекітеді.  Бұл  компресстің  түрі  жітілеу  және  созылмалы
қабыну процестерінде  қолданылады.  Компрессті  5-7   сағат  сайын  ауыстыра
отырып, күніне 2-3 рет қоюға болады. Процедура біткеннен  кейін  оның  орнын
құрғақ материалмен сүртіп кептіреді.
    Кейбір  созылмалы  ауруларда  приснецепті  компресс  қолданылады.  Оның
жылулық компресстен айырмашылығы онда су өткізбейтін  қабат  жоқ.  Сондықтан
жылу денеге өте жәй тарайды.
    Бұл компресстерді де тері ауруларында қолдануға болмайды.
    Спиртті компресс те жылулық компрессіне ұқсас. Тек оның сіңіргіш қабаты
30-80º спиртпен немесе арақпен ылғалданып, 5-7 сағатқа қойылады.
    Суық компрессті қою үшін күні бұрын дайындалған  бірнеше  материалдарды
мұзды сумен ылғалдап, ауырған жерге әрбір  5  минут  сайын  ауыстыра  отырып
басады. Мұндай компресс жіті қабыну процестерінде, қан аққанда қолданылады.
    Іріңді өлі еттенген процестерде, абсцесс, флегмоналарда қолданбайды.
    Скипидарлы  компресстің  тітіркендіру,  көңілді  басқа   жаққа   аудару
қасиеттері тыныс алу жүйесінің  ауруларын  емдегенде  жақсы  нәтиже  береді.
Бірақта бүйректер мен қуықтың ауруларында кері әсер етеді.
    Термокомпресстер  сірке  қышқылды   натрий   тұздарының   ерітіндісімен
толтырылған резинка қапшықтан тұрады. Қайнап тұрған суға салғанда тұз  ериді
де,  ал  суытқанда  кері  жүретін  реакцияның  әсерінен  6-8  сағаттай  жылу
бөлінеді. Міне, осы қасиеті малдәрігерлік  тәжірибеде  ауру  малдарды  емдеу
үшін пайдаланылады.
                                 Клизмалар.
    Клизма – сұйықтарды немесе дәрілік  заттардың  ерітінділерін  тік  ішек
арқылы еңгізу әдісі. Көбінесе емдік әдіс ретінде қолданылады.  Малдың  артқы
бүйен ішектерін жуып  тазалау  үшін,  оған  дәрілік  заттарды  жіберу  үшін,
ішектерді рентген арқылы тексеруде оларға  контрасты  заттарды  жіберу  үшін
таптырмайтын әдіс.
    Жіберілетін  дәрілік  заттардың  мөлшеріне   байланысты   макро-   және
микроклизмаларды ажыратады. Макроклизмада ірі малдарға 20 литрге  дейін,  ал
ұсақ малдарға 3 литрге дейін  ерітінділер  жіберуге  болады.  Ондай  әдіспен
жіберілген ерітінділердің әсерлері бірінші күннен  бастап-ақ  білінеді  және
ешқандай кері әсері байқалмайды.
    Жіберілген сұйықтардың сіңу  тереңдігі  олардың  мөлшеріне,  әр  малдың
организмінің   өзіне   тән   физиологиялық   ерекшеліктеріне,    ерітіндінің
концентрациясы мен температурасына, жіберу техникасына   тікелей  байланысты
болады.
    Клизмалардың жіберу әдістеріне қарай екі түрі бар:
       1. Гидравликалық клизмалар. Мұндай жағдайда сұйық  резервуары  малдың
          денесінен  жоғары  орналастырылады  да,  ерітінді  өз   салмағымен
          түтікше арқылы ағып, бағытталған жерге барады.  Резервуар  ретінде
          әртүрлі ыдыстар: кәтел, бак, воронкалар, металл резервуарлар  және
          т.б. қолданылады. Ұсақ малдарға Эсмарх кружкасы қолайлы.
       2. Айдамалау клизмалары. Бұл  жағдайда  арнайы  аппараттың  көмегімен
          жіберілетін ерітіндіге белгілі бір деңгейде қысым түсіріледі.
    Клизманы табиғи жағдайда  тұрған  малдарға  жасайды.  Оны  белгілі  бір
себептермен орнынан  тұра  алмай  жатып  қалған  малға  да  жасауға  болады.
Жіберілетін ерітіндіні күні бұрын дайындап алу керек.  Клизма  қояр  алдында
малдың тік ішегін нәжістен  тазартып  алған  дұрыс.   Оны  тазалау  клизмасы
арқылы, оған мүмкіншілік болмағанда тіпті қолмен  де  істеуге  болады.  Одан
кейін залалсыздандырылған  дармтампонаторды (Darm –  неміс  тілінде  «ішек»,
tampon – француз тілінде «тығын»), егер  ол  жоқ  болса,  онда  бас  жағында
ұштығы бар резина түтікшені  вазелинмен  майлап,  тік  ішекке  25  –  30  см
тереңдікке еңгізеді де, күні бұрын  дайындалған  ерітіндіні  жібереді.  Егер
ерітіндіні жіберген кезде кедергі сезілсе, онда түтікшені аздап кері  тартып
барып  қайтадан  жібереді.  Жіберген  кезде   ыдыстағы   сұйықтың   деңгейін
қадағалап отырады. Оның  деңгейі  бірден  кетіп  қалмай  баяу  азаюы  керек.
Егерде клизма кезінде мал нәжіс бөлуге ыңғайланса, онда ерітіндіні  жіберуді
тоқтатып, аз уақытқа малдың құйрығын қысып ұстап тұру керек.
    Жылқыларға терең клизма қою үшін ішек  дармтампонаторлары  қолданылады.
Олардың 3 түрі бар:
        1. С.Г.Меликсетян ұсынған резинадан тұратын;
        2. Мейер ұсынған металлдан тұратын;
        3. М.З.Андрейцев ұсынған пластмассадан жасалған түрлері.
    Резинадан жасалған дармтампонатор ұзындығы 18 см қапшық. Оны ерітіндіге
толтыру үшін қолданылатын түтікшелері бар. Тампонатор тік  ішекке  қапшықтың
сыртында орналасқан 3 тесікті резинка фланец арқылы бекітіледі.
    Мейер ұсынған металлдан істелген тампонатордың сыртқы диаметрі 11,5 см,
ортасында кішкентай шарикпен аяқталатын  түтікшесі  бар,  кәдімгі  қоңырауға
ұқсас  аспап.  Оны  малдәрігерлік  тәжірибеде   қолайлы   болғандықтан   жиі
қолданады.
    Пластмассадан тұратын дармтампонаторды  кәдімгі  су  құятын  пластмасса
бөтелкелерінен оңай дайындап алуға болады. Ол үшін бөтелкенің жоғарғы  жағын
кесіп,  пайда  болған  ауызға  тығын  дайындайды.  Ол   тығынның   ортасынан
пластмасса түтікшесі  сиятындай  тесік  теседі  де,  сол  жерге  тік  ішекке
кіргізілетін   түтікшені   бекітеді.   Осыдан   кейін    дармтампонаторларды
залалсыздандырып, майлап,  қолдануға  дайын  етеді.  Оны  ерітінді  құйылған
резервуармен қосып, ерітіндіні тік  ішекке  жібергенде  тампонаторды  қолмен
ұстап тұрады.
    Дармтампонаторлар арқылы клизманы зәр шығару  жолында  тас  түзілгенде,
капростаз болғанда, бүйен ішектер бұралып  қалғанда  қолдануға  болады.  Оны
жылқыларға қолданғанда оларды станокқа бекітіп барып, өте  сақтықпен  клизма
қояды.
    Сондай-ақ, дармтампонаторларды тік ішекке жібергенде жылдам айналдырып,
қатты қимылмен жіберуге болмайды. Ондай жағдайда тік ішектің  жарылып  кетуі
мүмкін.
    Айдамалау, қысым арқылы қойылатын клизманы жасау үшін ыстық  және  суық
су  құбырларының  шүмегін  пайдаланған  дұрыс.   Ол   үшін   судың   қажетті
температурасы мен белгілі  бір  уақытта  ағу  көлемін  реттеу  керек.  Қалай
болғанда да судың қысымы онша жоғары болмағаны дұрыс.
    Клизмалар оларды тағайындау себептеріне байланысты жіктеледі:
       1. Тазалау клизмасы;
       2. Жуу клизмасы;
       3. Босаңсыту клизмасы;
       4. Қоректік клизма;
       5. Дәрілік клизма;
       6. Субаквалдық клизма.
    Тік ішекке жіберілген су механикалық түрде  ғана  әсер  етіп  қоймайды.
Суық  су  ішектердің  жирылуын   күшейтеді,   су   мен   химустың   бөлінуін
жылдамдатады. Өте суық  судан  ішектің  түйілуі  мүмкін.  Суық  су  клизмасы
ішектерде метеоризм болғанда, нәжіс қатып қалғанда қолданылады.
    Жылы  су  жүйке  жүйесін  тыныштандырады,  аздап  болса  да  ішектердің
жирылуын үдетеді.  Ал  ыстық  су  ішектердің  жирылуын  әлсіретеді,  кілегей
қабықтарын жақсы тазалайды.
    Ас тұзының изотоникалық, гипотоникалық  ерітінділері  рецепторларды  аз
тітіркендіреді. Ал гипертоникалық ерітіндісі ішектердің жирылуын  күшейтеді.
Кілегейлі   ерітінділер,   тұнбалар   ішектердің    жирылуын    бәсеңдетеді.
Дистілденген суға қарағанда, су құбырындағы судың тітіркендіру  күші  жоғары
болады.
    Тазалау клизмасын уақытша немесе ұзақ  уақытқа  нәжіс  тоқтап  қалғанда
жылы сумен  Эсмарх  кружкасы  арқылы  іске  асыруға  болады.  Жіберілген  су
ішектердің қабырғасына  қысым  түсіреді,  оны  созады,  тітіркендіреді  және
нәжісті сұйылтады.  Ішектің  жирылуы  күшейеді  де,  нәжіс  жақсы  бөлінеді.
Ішектің жирылуы мен  нәжістің  сұйылуын  жақсарту  үшін  су,а  сабын  немесе
глицерин қосуға болады.
    Кейде дені сау малдардың бөксе жағын  рентгенге  түсіріп  зерттеу  үшін
тазалау клизмасын жасайды. Ондай жағдайда су  резервуарын  малдың  денесінен
0,5 – 1,0 биіктікте ұстаса болғаны.
    Жуу (сифонды) клизмасының  тазалау  клизмасынан  артықшылығы  онда  тек
нәжіс қана шығарылып қоймайды, онымен  қоса,  ұзақ  уақыт  жуғанда,  кілегей
қабықтағы ірің, улы заттар  тазаланады.Ондағы  патологиялық  қоспалар  жақсы
еруі үшін әртүрлі ерітінділерді  (физиологиялық,  марганец  қышқыл  калий  –
1:1000) қолдануға болады.
    Ол үшін (40ºС) жылы ерітіндіні тік ішекке воронка арқылы  жібереді  де,
воронканы  төмен  түсіру  арқылы  ішектің  химусын  шығарып,   төгеді.   Бұл
процедураны   бірнеше   рет   қайталауға   болады.    Артынан    қолданылған
инструменттерді жақсылап залалсыздандырады.
    Босаңсыту клизмасы ішектердің жирылуын орташа  реттейді,  экссудат  пен
транссудаттың бөлінуін үдетеді, іш өткізеді. Алдыңғы  клизмаларға  қарағанда
ішекті тітіркендірмейді, оның жирылуын күшейтпейді. Бұл клизма үшін  өсімдік
және  минералды  майларды,  орта  тұздардың   гипертоникалық   ерітінділерін
қолдануға болады.
    Майды жіберер алдында 30ºС-қа дейін қыздырып алады.  Ірі  малдарға  1,5
литрге дейін жіберуге болады. Әсері жақсы болуы үшін малдың  құйрығын  15-20
минуттай анусқа қысып ұстап тұрады.
    Ұсақ малдарға 50-300 мл мөлшерінде жайлап шприц-катетр немесе  воронка-
катетр арқылы жіберуге болады. Жібергеннен кейін 20 минуттай малды  жатқызып
ұстап отырады. Іш өткізу әсері 12-24 сағаттың аралығында білінеді.
    Қоректік клизма. Малдәрігерлік тәжірибеде малдардың тәбеті  болмағанда,
ауыз қуысының  әртүрлі  жарақаттарында,  малға  танау-өңеш  зондын  жіберуге
мүмкіншілік болмаған жағдайда қоректік заттарды тік  ішек  арқылы  жібереді.
Тік ішек арқылы жіберілген қоректік заттардың организмге  сіңуі  ауыз  қуысы
арқылы терілген азықтармен салыстырғанда  көп  төмен.  Оның  негізгі  себебі
бүйен ішектерде қажетті биохимиялық орта жоқ  және  қоректік  заттар  ондағы
ірің бактерияларының әсеріне ұшырайды.
    Қоректік клизманы қою үшін алдын ала тазалау клизмасы арқылы тік ішекті
тазалап алады. Қоректік заттарды жібергеннен кейін малдың құйрығымен  анусты
қысып, 15-20 минуттай жауып тұрады.
    Қоректік заттар ретінде көбінесе  глюкоза,  хлорлы  натрий  ерітіндісі;
күріш,бидай, арпа,  сұлы  тұнбаларына  және  сүтке  жұмыртқаның  сары  уызын
қосып, күніне 2-3 реттен жіберіп отырады.
    Қоректік клизманы қолдана отырып иттің  қоңдылығын  бірнеше  жұма  бойы
бірқалыпта сақтауға болатын көрінеді.
    Дәрілік клизма. Бұл әдіс малдәрігерлік тәжірибеде кеңінен  қолданылатын
клизманың түрі. Дәрілік заттарды тік  ішек  арқылы  аз  мөлшерде  (20  мл-ге
дейін) жібереді. Оны қояр алдында міндетті түрде тазалау клизмасын  жасайды.
Дәрілік затты резина түтікшесі арқылы шприцпен жәйлап, аз қысыммен,  30-40ºС
температурада жіберген  дұрыс.  Дәріні  жібергеннен  кейін  малдың  құйрығын
анусқа қысып 10-15 минуттай ұстап тұрады.
    Дәрілік ерітінділерді тамшылату  әдісімен  де  жіберуге  болады  Мұндай
жағдайда дәрі жақсы сіңеді, ішектің  қабырғасы  созылмайды,  оның  жирылуына
әсер етпейді, ауырсынғандық байқалмайды. Арнайы аппарат арқылы 1 минутта 40-
80 тамшы дәрілік ерітіндіні жіберуге болады.
    Бауырда, ас қорыту жүйесінде  қан  айналысы  бұзылғанда  –  оймақ  гүл,
кофеин, диуретин ерітінділерін; ауырсынғандықты  басу  үшін  –  хлоралгидрат
ерітіндісін; өкпелердің қабынуларында – хлорлы кальций ерітіндісін  жіберуге
болады.
    Субаквалды  клизма.  Асқазан  мен  ішектер   қабаттаса   қабынғанда   –
гастроэнтеритте, оларды біртұтас жуу үшін иттерге қолданылатын клизма.
    Алдымен тазалау клизмасын жасағаннан кейін 30 минут  өткен  соң  Эсмарх
кружкасына 30-40ºС  температурадағы  суды  тік  ішекке  еңгізеді.  Су  қайта
төгілмес үшін тік  ішекке  кіретін  түтікшені  жақсылап  тығындайды.  Эсмарх
ыдысын 1,5-2,0 метр биіктікке көтеріп суды ит  құсқанша  жібереді.  Егер  ит
тынышсызданса, онда суды жіберуді тоқтатады да, иттің тынышталуын осады.
    Клизмадан кейін иттер 2 сағаттай  тамақ  қабылдамайды,  ал  одан  кейін
тәбеті қалпына келіп, жалпы жағдайы жақсарады.
    Клизма уақытында иттің жалпы жағдайын үнемі қадағалап отыру керек.
    Жүрек, бауыр, бүйректердің ауруларында; асқазанның ойық  жарасында  бұл
клизманы қолдануға болмайды.  Онда  оны  терең  клизмамен  немесе  асқазанды
жуумен алмастыруға болады.


      Дәріс-9.   Мал  ауруларын  физикалық  күштермен  емдеу    әдістерінің
техникасы


    Жоспары:
       1. Физикалық емдеу туралы түсінік
       2. Сумен емдеудің негізі, техникасы
       3. Жылытқыштар, қыздырғыштар, вапоризация
       4. Шипалы  балшықтармен,  шымтезекпен  және  саз  балшықтармен  емдеу
          техникасы
       5. Парафинмен, озокеритпен емдеу техникасы.
       6. Жарық  сәулелерімен емдеу техникасы.
                                Физиотерапия
    Физиотерапия – (гр. physis – табиғат;  therapeia  –  емдеу)  организмге
сыртқы ортаның кейбір табиғи күштерінің  немесе  қолдан  жасалған  физикалық
факторлардың әсерлерін ауруларды емдеу және олардан сақтандыру үшін  қолдану
әдістерін оқытатын ілім.
    Табиғи физикалық факторларды ем ретінде қолдану өте  ерте  кезде  қолға
алына бастаған. Бірақ ол кезде емдеу әдістеріне ғылыми негіз қаланбаған.  Ол
факторлардың  негізін  түсініп,  ғылыми  тұрғыдан  дәлелдеп  қолдану  біздің
эрамыздың XVII ғасырынан басталады.  Ал  физиотерапия  жеке  пән  болып  оқу
орындарында XX ғасырдан бастап оқытыла бастады.
    Мадәрігерлік тәжірибеде физикалық факторларды мал ауруларын емдеу  және
олардан сақтандыру шаралары ретінде қолдану туралы деректер XX ғасырдың  30-
шы жылдарында жарыққа шықты.
    Физикалық факторларды пайдаланудың негізі:
        •  физикалық  факторлар  мал  организміне   терінің   және   кілегей
          қабықтардың рецепторлары арқылы әсер етеді;
        • кез келген физикалық факторларда энергияның қоры  болады,  ол  мал
          организміне беріледі;
        • энергия организмге сіңірілгенде  тітіркену  пайда  болып,  рефлекс
          құбылысы іске қосылады.
    Физикалық  емдеу  әдісін  таңдап  алу  аурудың   жағдайына   байланысты
жүргізіледі. Малдәрігерлік тәжірибеде жиі қолданылатын әдістер:
        • ыстықтық-суықтықпен емдеу;
        • сумен, шипалы  балшықпен,  шымтезекпен,  парафинмен,  озокеритпен,
          құммен және басқа да механикалық әдістермен емдеу;
        • электр тоғымен емдеу;
        • жарық сәулесімен емдеу.
    Ауруларды емдеуде ыстықтық пен суықтықты  пайдалану  өте  көп  тараған,
ертеден келе жатқан әдістердің қатарына жатады. Бұл әдістің негізгі  мақсаты
– мал организмінде олар ауырған кезде болатын ауытқуларды қалпына келтіру.
    Ыстықтық-суықтық ең бірінші кезекте терінің рецепторларына  әсер  етеді
де,  ол  әсер  шартты  және  шартсыз  рефлекстер  арқылы  барлық  организмге
тарайды.  Мал  организмінің  сыртқы  ортаның  ерекшеліктеріне   бейімделуіне
жағдай туғызады.
    Емдік  ретінде  су  мен  жылулықтың  табиғи   және   жасанды   түрлерін
пайдаланады. Суды пар, мұз, қар ретінде де қолдануға болады. Міне  сондықтан
да, сумен емдеу әртүрлі температурадағы суды емдік ретінде пайдалану  әдісі.
Кей кезде  бұл  әдіс  механикалық  және  химиялық  тітіркендіру  әдістерімен
қабаттаса жүргізілгенде жоғарғы нәтиже алуға болады.
    Сумен емдеу оның төмендегідей  физикалық  және  химиялық  қасиеттерінің
ерекшеліктеріне сүйене отырып жүргізіледі:
        • су – тітіркендіргіш  (бұл  жерде  оның  температуралық  факторының
          әсерінің рөлі зор);
        • су – еріткіш және температураны жеткізуші;
        • судың жылу сиымдылығы жоғары (1 грамм затты  1  градусқа  жылытуға
          кететін жылудың мөлшері, грамм/каллория);
        • Судың  жылу  өткізгіштігі  жоғары  (1  º  температурада  көлдененң
          кесінің көлемі 1 см² заттан 1 секундта өтетін жылулық - каллория).
    Сумен емдеудің жалпы және жергілікті процедуралары бар.
    Сумен және жылулықпен емдеудің биологиялық негізі:
        • жылулықты рефлекс арылы реттеу;
        •  терінің  рецепторларына  және  тері  астына  жиналатын  экссудат,
          транссудаттардың таралуына оң әсер ету арқылы ісікті болдырмау;
        • жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметтеріне оң әсер ету:  суықтықты
          жүрек тұсына басқанда жүрек сирек және күштірек соғады, ал жылулық
          керісінше әсер етеді;
        • жүйке жұмысына оң әсер етеді: аз уақыт әсер еткенде оны қоздырады;
          көбірек әсер  еткенде,  керісінше,  әлсіретеді.  Судың  жергілікті
          жансыздандыру әсері осыған байланысты;
        • бұлшық еттерге  әсері:  аз  уақыт  әсер  еткенде  бұлшық  еттердің
          жирылуы күшейеді, көбірек  әсер  еткенде  әлсірейді.  Невралгиялық
          шаншуларда ыстықтық пен суықтықты қолданғанда  судың  осы  әсеріне
          сүйенеді;
        • қанның құрамына әсері: қан элементерінің  саны  иен  гемоглобиннің
          мөлшері  көбейеді;  жылулықтың  әсерінен   қарсы   денелер   жақсы
          түзіледі, ал суықтық оны әлсіретеді;
        • тыныс алу жолдарына әсері: суықтық аз уақыт әсер еткенде  дем  алу
          сирек және толық болады. Ал жылулықпен әсер еткенде  дем  алу  жиі
          және үстіртін болады;
        • зат алмасу  процесіне  әсері:  суықтықпен  қалыпты  жағдайда  әсер
          еткенде  организмде  химиялық  энергияның  түзілуі  жақсарады,  ал
          жылулықта - әлсірейді;
        • тер мен зәр шығаруға әсері: тер су ваннасында 40º, су буында  одан
          жоғарырақта, жарықта 50-60º, құрғақ ауада  60-70º  болғанда  жақсы
          шығады. Температура бұл  көрсеткіштерден  жоғары  болғанда  тердің
          шығуы азаяды.  Ыстықтық  пен  суықтықтың  әсерлерінен  зәр  шығару
          уақытша молаяды.

    Ыстықтық пен суықтықты төмендегідей жағдайларда қолдануға болады.
    Суықтық процедураларын:
        • әртүрлі қабыну процестерінде: жіті және іріңді түрлерінен басқа;
        • бұлшық еттердің жирылуын күшейту үшін;
        • зат алмасуын жақсарту үшін;
        • қан тамырларының өзегін тарылту үшін;
        • капиллярлардан аққан қанды тоқтату үшін.
    Жылулық процедураларын:
        • қабыну процесінде түзілетін зиянды, токсикалық  заттарды  таратып,
          сіңіру үшін;
        • іріңді процестердің жетілуін жылдамдату үшін;
        • жарақаттанған тіндердің жазылу процесін жақсарту үшін;
        • тер шығару үшін;
        • бүйректердің жұмысын реттеу үшін;
        • жергілікті қан мен лимфаның айналысын жылдамдату үшін.
    Жылулық және суықтық процедураларын төмендегідей жағдайларда  қолдануға
болмайды.
    Суықтықты:
        • жедел іріңді процестерде;
        • өлі тіндер пайда бола бастағанда;
        • қан азайғанда.
    Жылулықты:
        • қатерлі ісіктерде;
        • қан аққан кезде; аневризмдерде;
        • жүректің орны толтырылмайтын жеткіліксіздіктерінде.
    Сумен байланысты процедураларды тері  жарақаттарында  (ылғалды  экзема,
гангрена) қолдануға болмайды. Мысықтар су процедурасына  шыдамсыз  келетінін
ескеру керек.
                                 Сумен емдеу
    Сумен емдеудің негізгі тәсілдері. Сумен емдеуді анықтап,  оның  дозасын
белгілеу үшін 3 жағдайды ескеру керек:
       1. Судың тітіркендіру күші мен механикалық қысымының мөлшерін;
       2. Әсер ететін уақытының ұзақтығын;
       3. Әсер ететін дененің көлемін.
Малдәрігерлік тәжірибеде сумен емдеу үшін жиі қолданылатын әдістер:
    • сумен жуу – арнайы аспаптарды пайдалану арқылы орындалады;
    • Суды белгілі бір биіктіктен  малдың  желке  тұсына,  арқасына,  ішіне,
      аяғына құю;
    • суланған затты денеге басу, таңып қою;
    • Майер, Меликсетян, Андрейцевтердің дармтампонаторларын қолдана отырып,
      тік ішек арқылы клизма қою;
    • арнайы щеткаларды, жөкені  және т.б. заттарды пайдалана  отырып  сумен
      ысқылау;
    • әртүрлі зондтармен малдың асқазанын, алдыңғы қарыншақтарын жуу;
    • акушерлік-гинекология ауруларында малдың жатыры мен қынабын жуу;
    • компресс қою;
    • жалпы және жергілікті ванналарды пайдалану.
Малдәрігерлік тәжірибеде ванналардың бірнеше түрлері бар:
    • емдеу ваннасы – ваннаға емдік дәрілік заттарды салып малды шомылдыру;
    • тұзды ванна – 300 литр суға 1-5 кг ас тұзын салып ерітеді;
    • креолин ваннасы -  100 литр суға 2,5 кг тазаланған креолинді қосады;
    • лизол ваннасы -  100 литр суға 2 литр лизол қосады;
    • күкіртті натрий ваннасы;
    • темекі ваннасы -  50 литр суға  7,5  кг  темекі  салып  қайнатады  да,
      суыған ерітіндіге 1 кг карбол қышқылы мен 1 кг натрий сілтісін  қосып,
      көлемін 250 литрге жеткізеді;
    • Гауффе ванасы.

    Жергілікті ванна малдың аяқтарына, емшектеріне қолданылады.
    • Душтар денеге температуралық  және  механикалық  әсер  етеді.  Олардың
      судың температурасына байланысты бірнеше түрлері бар:  суық  (16-23º),
      индиферентті (28-33º), жылы (33-40º), ыстық (40º-тан жоғары).  Душтағы
      судың қысыма байланысты: төменгі қысымды (0,3-1 атм.), орташа  қысымды
      ( 1,5-2 атм.) және жоғарғы қысымды (3-4 атм.) болып бөлінеді.  Душтағы
      судың  шашыратылу  түрлеріне   байланысты:   жаңбырлатқыш,   циркулды,
      шанышқылайтын, шаңды, жоғары бағытталған, жылулықты  реттейтін  душтар
      бар. Кейбір  душтар  оларды  ұсынған  авторлардың  аттарымен  аталады.
      Мысалы, малдәрігерлік тәжірибеде Шарко  –  шапшып  ағатын,  Шотланд  –
      желпіп шашырататын душтар қолданылады.
    • Малдың денесін сергітіп, организмнің тонусын жоғарылату үшін шомылдыру
      әдістерін қолданады;
    • Жоғарыда айтылып кеткен вапоризация әдісі;
    •  Құрғақ жылулық пен  салқындату  процедуралары  қолданылады.  Ол  үшін
      әртүрлі фендер және электр қыздырғыштары пайдаланылады. Әртүрлі фендер
      ылғалды   экземада,   үсікте,   жатыр   ауруларында   және   ісіктерде
      пайдаланылады.  Электрогрелкаларды   плевраның,   өкпелердің,   бұлшық
      еттердің, буындардың қабынуларында қолдануға болады.

                                Жылытқыштар.
    Малдәрігерлік тәжірибеде мал ауруларын жылумен емдеу үшін  қолданылатын
жылытқыштардың екі түрі бар: электрлі және резиналы жылытқыштар.
    Электрлі жылытқыштар резинамен қабаттаса жасалған  материалдан  тұратын
қапшық. Олардың қабырғасының арасына электр спиралі орналастырылған.  Электр
тоғын реттейтін аспабы бар  жылытқыш  малдың  денесіне  бинтпен  бекітіледі.
Процедураның ұзақтығы 5-7 сағат. Қолдануға  өте  қолайлы.  Жүйке  жүйесінің,
тыныс алу ағзаларының ауруларын, қабыну процестерін емдеу үшін қолданылады.
    Тік ішекті, жыныс жолдарын  қыздыру  үшін  қолданылатын  С.Г.Меликсетян
ұсынған жылытқыш бар. Оның ұзындығы 30 см, диаметрі 12  см  металл  цилиндр.
Оның ортасына диаметрі  8  мм  жекеленген  металл  түтікше  орналастырылған.
Соның ішінде электр спиралі мен  парафин  бар.  Жылытқыш  малдың  құйрығының
түбіне бекітіледі. Тік ішекті, жыныс жолдарын 40-48º-қа дейін қыздырады.
    Малдың организміне жылулықпен немесе суықтықпен әсер  ету  үшін  жұмсақ
металлдан жасалған түтікшелерді де пайдалануға болады. Ол үшін  түтікшелерді
спираль тәрізді етіп иіп  материалдардың  немесе  резинканың  арасына  салып
бекітеді де, түткше арқылы не ыстық су, не су буын, не суық су жібереді.
    Мал организміне жылулықпен немесе  суықтықпен  әсер  ету  үшін  кәдімгі
резина қапшықтарды немесе медициналық жылытқыштарды да пайдалануға болады.
                                Кыздырғыштар
    Малдәрігерлік  тәжірибеде  құрғақ   және   ылғалды   қыздырғыштар   жиі
қолданылады.  Бұл  қыздырғыштардың   жылулық   компресстерден   айырмашылығы
олардың емдік  тиімділігі  малдың  организміне  олармен  бірге  қолданылатын
кебектің, құмның, шөптің, ағаш үгінділерінің, дәрілік заттардың  әсерлерімен
кешенді түрде қабаттаса жүреді.
    Құрғақ қыздырғыштарды қолданарда олардың әсер ететін жерлеріне  алдымен
вазелин жағып алу керек.  Мысалы,  құмды  аса  ыстық  болғанда  3-4  қабатты
материал арқылы, ал жылылау болғанда бірден теріге салады.
    Ылғалды қыздырғыштарды пайдалану үшін кендір  дәндерін,  емен,  қарағай
үгінділерін және т.б. соларға ұқсас заттарды кенеп  қапшықтарға  салады  да,
оған қайнаған су  құйып,  аздап  сығып  алады.  Оның  температурасы  45-50ºС
болғанда оны күні бұрын дайындаған жерге орналастырады.  Жылулығын  ұзағырақ
сақтау үшін үстінен жылу мен ауа өткізбейтін қабатпен жауып  қояды.  Осындай
әдіспен дайындалған қыздырғышты ол әбден суығанша ұстауға болады.
    Ботқа тәрізді жабысқақ,  тұтқыр  қыздырғыштарды  40-45ºС  температурада
малдың терісінің вазелин жағылып дайындалған жеріне жабыстырып бекітеді.
    Қыздырғыштар малдың сыртқы бездері қабынғанда, буындардың,  сіңірлердің
қуыстарының ауруларында жақсы әсер етеді.


                                Вапоризация.
    Малдың сыртқы тіндеріндегі асқынған жараларды, қабыну процестерін емдеу
үшін судың буын қолдануға болады. Сол су буын белгілі арнайы аппарат  арқылы
қолдану вапоризация деп аталады. Су буы  әсер  еткен  жер  қызарады,  қабыну
процесі кезінде жинақталған сұйықтар тез тарайды.
    Аппаратты металл резервуардан оңай жасап алуға болады. Металл резервуар
герметикалық түрде жабық болуы керек. Одан  тек  түтікше  шығып,  оған  күні
бұрын дайындалған резина түтікше кигізіледі. Шығар аузы үнемі  ашық  күйінде
тұрады.  Суды қайнатқанда жарылып кетпес  үшін.  Резервуардағы  суды  электр
плиткасымен қыздырып, қайнатады. Электр плиткасы өзімен  бірге  жабдықталған
зауодтан шыққан вапоризаторлар бар. Ол  арқылы  су  буына  дәріні  қосып  та
шашыратуға болады.
    Вапоризатор ретінде ықшамды автоклавты да пайдалануға болады.
    Вапоризатордың  шығар  аузының  диаметрі   10-15   мм   болғанда   90ºС
температурада су буы 1 атм. Қысыммен шығады. Ол 10 см қашықтықта  68ºС,   40
см  қашықтықта   32ºС  болады.  Вапоризацияны  40-50  см   қашықтықта,    30
минуттан, күніне 1-2 рет жүргізуге болады.
    Вапоризацияны  ойық  жараларда,  іріңді   өлі   еттенген   процестерде,
маститте, ринитте, трахеитте, брохиттерде және  тері  ауруларында  қолдануға
болады.


                           Шипалы балшықтармен емдеу

    Шипалы балшықтармен  емдеу  ертеден  келе  жатқан  су,  минералды  және
органикалық  заттардан  тұратын  қоспалармен  емдеу   әдістерінің   қатарына
жатады.  Шипалы  балшықтардың   құрамында   антибиотиктерге,   витаминдерге,
гормондарға, ферменттерге, бактериофагтарға, гистаминдерге ұқсас  қосылыстар
болады. Кейбір газдар мен радиоактивті заттардың болуы  да  мүмкін.  Олардың
емдік қасиеттері осы қосылыстардың  организмге  тигізетін  оңды  әсерлерімен
түсіндіріледі.
    Шипалы балшықтардың 4 түрлері бар. Олар:
       1. Лай немесе өлі балшық – ил – ащы және тұщы көлдердің,  теңіздердің
          түбінен алынады;
       2.  Сапропель  немесе   өлі   балшықтың   шіріген   түрі.   Ашық   су
          қойнауларында, көлдерде кездеседі;
       3. Шым тезек –  торф  –  тұщы  су  қойнауларында,  батпақты  жерлерде
          өсімдіктердің ыдырап, шіруінен пайда болады;
       4. Вулканнан, жанар таулардың қопарылыстарынан пайда  болатын  шипалы
          балшықтар. Олар ыстық күкіртті су көзі бар жерлерде кездеседі.
    Шипалы балшықтарда олардың 3 бөлігін ажыратуға болады:
       1. Кристалл қаңқасы – минералды заттардың ерімеген ұсақ бөлшектері;
       2.  Коллоидты  фракциясы  –  кристалл  қаңқасының  ұсақ   бөлшектерін
          біріктіріп тұратын жартылай сұйық зат;
       3. Шипалы балшықтың ері тіндісі – рапа – минералды  заттардың  судағы
          ерітіндісі. Шипалы балшықтардың химиялық  құрамы  осы  ерітіндінің
          мөлшеріне тікелей байланысты болады.

    Әртүрлі шипалы  балшықтарда  олардың  осы  бөліктері  өзара  проценттік
қатынаста болады. Ол қатынас төмендегідей.
    3 кесте.
    Шипалы балшықтардың бөліктерінің проценттік қатынасы


    |Шипалы балшықтың    |                |                  |                  |
|бөліктері           |Ил              |Торф              |Сапропель         |
|Кристалл қаңқасы    |         10     |           39     |              -   |
|Коллоидты фракциясы |                |                  |                  |
|                    |20              |13                |-                 |
|Рапа                |          70    |            48    |          90 – 96 |


    Шипалы балшықтармен қатар малдәрігерлік тәжірибеде шым тезек  те   ауру
малдардың кейбір ауруларын емдеу үшін пайдаланылады.
    Шым   тезек   батпақты   жердегі    өсімдіктердің    тереңде,    ауаның
жеткіліксіздігінен шіруінен пайда болады. Осы процесті  гумификация  процесі
деп атайды.
    Ауру малдарды емдеу үшін қолданылатын сапасы жақсы шым тезекті алақанға
салып қысқанда ол саусақтардың арасынан шығып  тұрады.  Ондай  шым  тезектің
құрамында су  болмайды.  Шым  тезектің  емдік  және  биологиялық  қасиеттері
ондағы механикалық, жылулық және химиялық факторлардың жүйке  жүйесі  арқылы
организмге   тигізетін   әсеріне   байланысты.   Ондағы   механикалық   әсер
микромассаж  ретінде,  жылулық  қасиеті  -  өткізгіштік  түрінде,   химиялық
қасиеті құрамындағы химиялық заттардың әсерімен түсіндіріледі. Ол  жылулықты
өте нашар өткізетіндіктен өте жоғарғы температураны пайдалануға болады.
    Бұл    әдістерді    бұлшық    еттердің,     буындардың,     сіңірлердің
созылмалыауруларында;   ревматизмдерде;    сүт    бездерінің    ауруларында;
іріңдеген, өлі тіндер пайда  бола  бастаған  процестерде;  жүйке  жүйесінің,
сүйектердің ауруларында; аяқ жараларында қолдануға болады.
    Қолдануға болмайтын жағдайлар:
        • жүрек пен қан атмырларының қызметтерінің жеткіліксіздіктерінде;
        • бүйрек ауруларында;
        • өкпе, сүйек және буын түберкүлездерінде;
        • жыныс ағзаларының ісіктерінде;
        • жүйке жүйесінің органикалық өзгерістерінде;
        • жедел қабыну процестерінде;
        • қан ағуға бейімділік байқалғанда;
        • өте арық малдарға.
    Шипалы балшықтармен емдеу үшін  әртүрлі  ванналар;  жапсыру-аппликация,
орау әдістері; тік ішек, қынап арқылы тампондар ретінде қолданылады.
    Емдеу мекемелерінде табиғи жағдайға жуық,  балшықтарды  дұрыс  сақтауға
болатын арнайы, көлемді орындар болуы керек. Оларды әдейілеп  жасалған  ағаш
күбілермен, бет жағына рапа - тұздығын  құйып  сақтайды  және  тасымалдайды.
Қыста жылы жерде сақтайды.  Қолданар  алдында  су  ваннасында  55º-қа  дейін
қыздырып барып емдік процедураны тағайындайды.
     Малдың терісін  жылы  сумен  жуып,  тазалайды  да,  құрғатып  сүртеді.
Қолданылатын шипалы балшықты бөгде заттардан  тазалағаннан  кейін  50-52º-қа
дейін қыздырады да, оны суық балшықпен  араластырып,  температурасын  45º-қа
жеткізеді.  Бір  рет  қолданылған   шипалы   балшықты   екінші   рет   қайта
қолданбайды. Қолдану  ұзақтығы  1-1,5  ай,  күн  аралатып  қолданады.  Әрбір
процедураның ұзақтығы 30-40 минут.
    Процедурадан кейін малды  жылы  сумен  жуып,  құрғатып,  үстін  жылылап
ұстайды.
    Саз балшықпен емдеу. Саз балшық  организмге  физикалық,  химиялық  және
биологиялық тиімділігі  бар,  жылу  сиымдылығы  мен  жылу  өткізгіштігі  өте
төмен, созылмалы зат. Оның созылмалылығы құрамындағы коллоидты  қосылыстарға
байланысты. Сұр және сарғыш  балшықтардың  қасиеттері  мен  әсерлері  шипалы
балшықтардың әсерін жуық. Құрамында Na, K, Ca, Mg – катиондары;  Cl,  SO4  –
аниондары;  HCO3 , Fe – қоспалары кездеседі.
    Биологиялық  әсері  олардың  жылулық,   компрессорлық   және   химиялық
факторларының қасиеттеріне байланысты. Емдік ретінде оларды ыстық және  суық
түрлерінде қолдана беруге болады. Ол үшін саз балшықты кілегей тәрізді  етіп
езеді де, денеге аппликация  ретінде  немесе  брезент  дорбаға  салып  аяққа
кигізу арқылы емдеуге болады.
    Буын ауруларында, қатты соқыдан болған жараларда, сүт  бездерінің  жіті
түрдегі қабынуында, малдардың тұяқтарының ревматизмінде қолданады.
    Саз балшықты әрбір 30 минут сайын ауыстырып отырады  және  48  сағаттан
артық қолданбайды.
                              Парафинмен емдеу
    Парафинмен емдеу жылулықпен емдеудің бір  түріне  жатады.  Ол  мұнайдан
алынатын, аморфты, жоғарғы молекулалы көміртег қоспасы. Оның жеңіл  балқитын
(44-48º)  және ауыр балқитын (52-56º) түрлері бар.
    Парафиннің қасиеті оның өте жоғары жылу сиымдылығы мен өте  нашар  жылу
өткізгіштігіне байланысты. Оны 100º-қа дейін қыздырып барып қолданады.
    Парафинмен әсер ететін жердің  жүнін  қырқып  тазалайды.  Ол  жерде  су
тамшысының болмауын қадағалайды. Парафинді  аппликация  ретінде  жағу  марлі
салфетка арқылы,  ванна  түрінде  және  парафин  дәрісі  ретінде  қолданады.
Парафинмен  сылағаннан  кейін  оның  үстінен  жылы  қабатпен  жауып   қояды.
Қолданған уақытта парафиннің температурасы 80 º-тан 45º-қа дейін  төмендейді
де, суыған сайын оның көлемі  азайып  теріні  құрыстыру  арқылы  микромассаж
жасайды және ол қойылған жерде тер көп бөлінеді.
    Созылмалы қабыну  процестерінде,  көпке  дейін  жазылмайтын  жараларда,
парез-параличтерде, бұлшық еттердің  және  буындардың  қабынуларында,  жабық
сынықтарда, сіңірлер тартылғанда, гинекологиялық ауруларда қолданылады.


    Озокеритпен емдеу. Оны тау балауызы деп те атайды. Ол мұнай иісті, қара-
қошқыл түсті, қоймалжың зат. Балқу температурасы 52-86ºС. Оның құрамында 68-
85 %  церезин,  3-7  %  парафин,  40%  минералды  майлар,  1-33  %-ға  дейін
механикалық қоспалар болады.
    Емдік әсерінің негізінде  оның  қабыну  процесіне  қарсы  әсер  ететін,
экссудаттардың  сіңуін  жылдамдататын,  ауырсынғандықты  басатын  қасиеттері
жатыр. Оның әсер еткен жерінде ұзақ уақытқа созылатын белсенді қызару  пайда
болады да, жергілікті қан айналысы,  тіндердің  қоректенулері,  патологиялық
сұйықтардың сіңіп, таралуы жақсарады; ауырсынғандықты басады.
    Озокеритті клеенкаға  салып  ауырған  жерге  басады.  Сыртынан  жылулық
қабатымен  жауып  қояды.  Парафинмен  емдеуге   болатын   барлық   ауруларда
қолдануға болады.


     Дәріс-10. Жарық  сәулелерімен емдеу техникасы.


        1. Жарықтың биологиялық әсері
        2. Жарықпен емдеу техникалары


    Жарық  сәулелерімен  емдеу  үшін  табиғи  күн  көзінен  және  өндірісте
шығарылатын  аппаратуралар  арқылы  алынатын  жарық  сәулелерінің  энергиясы
қолданылады.
    Жарық энергиясы дегеніміз ауасыз кеңістікте 300 000 км/сек жылдамдықпен
тарайтын сәулелердің энергиясы. Оның негізінде тербелу жиілігі мен  ұзындығы
әртүрлі  электромагниттік  толқын  жатыр.  Толқын   ұзындығы   белгілі   бір
өлшемдермен өлшенеді: µ - 0,001 мм; mµ - 0,001 µ немесе 0,000 001 мм;  Aº  -
0,1 mµ немесе 0,000 0001 мм.
    Жарықтың табиғаты туралы көптген теориялар өмірге келді:
        • Ньютонның корпускулярлық теориясы – бөлшектердің ағымы туралы;
        • Гюгенстің толқын ағымы туралы теориясы;
        • жарықтың түзу сызық арқылы таралу теориясы;
        • жарықтың дифракциясы – қарсы кедергіден айналып өту қасиеті;
        • жарықтың интерференциясы  –  жарық  сәулелері  қабаттасқанда  оның
          күшеюі немесе әлсіреуі;
        • фотоэффект құбылысы  –  жарықтың  әсерінен  заттардан  электронның
          жұлынып алынуы;
        • квант теориясы – корпускулярлық және  толқын  ағыны  теорияларының
          біріккен түрі.
    Қазіргі қағида  бойынша  жарық  дегеніміз  кеңістікте  электромагниттік
толқын заңымен тарайтын бөлшектердің ағымы.
    Толқын ұзындығы 759 mµ мен 400 mµ аралығындағы  сәуле  көзге  көрінетін
сәуле деп аталады.
    Толқын ұзындығы 759 mµ - 343 µ аралығындағы  сәуле  инфрақызыл  сәулесі
деп, ал толқын ұзындығы 400 mµ -  180  mµ  аралығындағы  сәуле  ультракүлгін
сәулесі деп аталады.
    Неғұрлым толқын ұзындығы ұзынырақ  болса,  солғұрлым  жарық  сәулесінің
жылулық қасиеті басымырақ, ал неғұрлым толқын ұзындығы қысқарақ болса,  оның
химиялық қасиеті басымырақ болады.
    Жарықтың биологиялық әсері. Жарық организмге тері  және  көру  аппараты
арқылы әсер  етеді.  Ол  әсері  сәуленің  энергиясы  терімен,  оның  астыңғы
тіндерімен және  жүйке  талшықтарымен  сіңірілгеннен  кейін  ғана  білінеді.
Әсіресе белсенді әсер ететін ультракүлгін сәулесі.
    Көзге  көрінетін   сәуленің   әсерінен   малдардың   организмінде   жыл
мезгілдеріндегі өзгерістер туындайды. Мысалы, қоянның  қыста  ақ,  ал  жазда
сұр болуы. Негізінен көз арқылы әсер етеді.
    Жүйке талшықтары  арқылы  ішкі  секрет  бездеріне  әсері  бар.  Мысалы,
гипофизді алып тастағанда жарықтың ішкі секрет бездеріне әсері болмайды.
    Тері арқылы организмге жылулық әсер етеді.
    Сүт  сауылатын  малдарға,  жұмыртқа  салатын  құстарға  күн  сәулесінің
көбірек болғаны керек. Ал малдарды бордақылауға қойған кезде, керісінше,  аз
болғаны дұрыс.
    Инфрақызыл  сәуленің  басты  әсері  жылулық.  Әсер  еткен  жері  жылдам
қызарады,  жылдам  қайтады.  Тіндерде  қан  айеалысы  жақсарады,  зат  алмсу
процесі белсендендіріледі. Организмнің ауруларға  қарсы  тұру  қабілеттілігі
жоғарылайды.  Әсері  созылмалы  ауруларға  тиімдірек.  Ал   жіті   ауруларда
керісінше  ісік  пайда  болып,  жергілікті  қан  айналу  процесінің  бұзылуы
мүмкін.
    Компресс,  парафин,  озокерит,  шипалы  балшықтармен  емдеу  әдістеріне
қарағанда жылулық әсері тереңірек орналасқан тіндерге толық жетеді.
    Дененің ылғалданған жеріне кептіру әсері есекжем, бөртпе,  күйік,  үсік
сияқты ауруларды емдеу үшін пайдаланылады.
    Әсер ету нүктесінен  алыс  орналасқан  ағзаларға  рефлекс  арқылы  әсер
етеді.
    Ультракүлгін сәулесі (УКС) тіндерде физико-химиялық өзгерістер тудырады
және организмге жан-жақты, күшті биологиялық әсер етеді.
    Терінің жүні мен мүйізді қабаты ультракүлгін сәулесінің өтуіне  кедергі
жасайды. Әсер еткеннен кейін  ол сәуленің  жасырын  (латентті)  уақыты  5-12
сағатқа созылады. Содан кейін ғана теріде эритема пайда болады.  Ол  эритема
4-6 күнге дейін сақталады. Гистологиялық зерттеу  арқылы  қабыну  процесінің
барлық белгілерін анықтауға болады.
    Эритеманың механизмі:  УКС-нің  фотохимиялық  әсерінен  терінің  сыртқы
қабаты – эпидермисі  бүлінеді  де,  одан  белсенді  заттар  (белсенді  белок
заттары, гистамин және соған ұқсас белсенді  заттар)  түзіледі.  Сол  заттар
белгілі бір мөлшерде шоғырланғанда қабыну процесіне ұқсас қызару  –  эритема
пайда болады.
    Теріні сәулемен қыздырғанға дейін немесе  қыздыру  кезінде  салқындатса
оның әсері бәсеңдейді, ал сәуле алғаннан кейін салқындаса  –  артады.  Соның
салдарынан малдың жүнінің өсуі жылдамдайды.
    УКС  эгростеринді  белсендендіреді,   Д-витаминнің   организмге   сіңуі
реттеледі.  Тері  майларының  бактериоцидтік  қасиеті  жоғарылайды.   Ондағы
белсенді оттегінің мөлшері көбейеді.
    Сәуле  жүйке  жүйесіне  екі  фазада  әсер  етеді:   бірінші   фазасында
симпатикалық,  екінші  фазасында   парасимпатикалық   жүйелердің   тонустары
жоғарылайды.
    Ішкі  ағзаларға  рефлекс  арқылы  әсері  бар.  Қанның  құрамын  қалпына
келтіреді,  иммундық  қасиеттерін  жақсартады,  организмнің   резистентілігі
жоғарылайды.
    Организмдегі зат алмасу процесіне жан-жақты  әсер  етеді.  Ферментердің
функциялары артады,  тотығу-тотықсыздану  процесі  жақсарады.  Мешел,  сүйек
дистрофиясы сияқты ауруларды емдеуде маңызы өте зор.
    УКС-тің организмге зиянды әсерлері де бар: жүні, мүйізді қабаттары жұқа
жерлерді  күйдіреді;  малдың  көзін  қабындырады.  Қабыну  5-7  күнге  дейін
созылады, бірақ сәуленің әсері көздің тор  қабатына  өтпейді,  көру  процесі
бұзылмайды, тек аздап нашарлайды.
    Жарық сәулелерімен емдеуді қолдануға болатын жағдайлар:
        • бас ми қуыстарының аурулары;
        • тыныс алу жүйесінің аурулары;
        • ас қорыту жүйесінің аурулары;
        • зәр шығару ағзаларының аурулары;
        • жүйке жүйесінің қабынуы;
        • зат алмасуының бұзылуынан болатын аурулар;
        • қан жүйесінің аурулары;
        • терінің аурулары.
    Жарық сәулелерімен емдеуге болмайтын жағдайлар:
        • толықтырылмайтын жүрек ақаулары;
        • залалды ісіктер;
        • бауырдың жіті түрдегі қабынуы;
        • бас миға қан құйылғанда, ол суға толғанда;
        • жылулық пен күн көзі өткенде;
        • ауру процесс қалпына келмейтін жағдайда нәтиже жоқ.

    УКС-нің дозасын анықтаудың негізіне  сәуле әсер еткен жердің  эритемасы
алынады. Көрсеткіші эр деп белгіленеді.


    1 эр = толқынының ұзындығы 297 mµ, қуаты 1 вт болатын
                УКС-нің  эритемдік ағымы.
    Эритемдік ағымның  денеге  түскен  тығыздығы  эритемдік  сәулелену  деп
аталады. Ол эр/сағат/м²; мэр/сағат/м²  деп өлшенеді.
    УКС-нің малдың  организміне  тигізетін  биологиялық  әсерін  екі  түрлі
әдіспен анықтауға болады:
       1. Биологиялық әдіс – Горбачевтің әдісі деп аталады;
       2. Физикалық әдіс – арнайы аппарат УФД – 2,4,5 арқылы анықтау.
      1 биодоза = 4 эритемдік дозаға. Биодоза (δ) = t : R², бұл жердегі  t –
сәулемен әсер ету уақыты; R – сәуле мен әсер  ететін  нүкте  арақашықтығының
0,5 метрмен есептегендегі қайталану саны.
      Эритемдік  сәулеленудің  мөлшерін  эритемдік   сәулеленуді   сәулелену
уақытына көбейту арқылы анықтауға болады. Оны эрметрмен өлшейді.
      УКС-мен емдеген кезде  малдың  жүнінің  қалыңдығы,  әртүрлі  малдардың
сәулеге сезімталдығының ерекшеліктері және  терінің  қалыңдығы  көп  кедергі
келтіреді.  Ол  көрсеткіштерді  есепке  алмаса  тағайыдалған  дозаның  әсері
тиімді болмайды.
      Ғылыми  деректерге  сүйенсек,  жүні  қырқылған  қойға  қарағанда  жүні
қырқылмаған қойға УКС-нің дозасы 30 есе артық болуы керек екен.
      Шаруашылықтарда қазірде қолданылып жүрген әдістерде УКС рефлекс арқылы
көздің тор қабығына және иондалған ауа арқылы әсер етеді.
      Малдарға УКС-нің дозасын біртіндеп бастаған  дұрыс.  Алғашқы  5  күнде
дозаның төрттен бір мөлшерін, одан кейін  жартысын,  содан  соң  ғана  толық
дозасын тағайындайды. Өте жоғарғы дозасы (5-10 биодоза)  5-6  күн  аралатып,
ал 1-2 биодоза 3-5 күн аралатып тағайыдалады.
      УКС-і мен инфрақызыл сәулені қатарынан қолданғанда жақсы нәтиже  алуға
болады.
      Ауру малдарды емдеу үшін және  аурудың  алдын  алу  үшін  төмендегідей
аппаратуралар қолданылады:
    • инфрақызыл сәуле шығаратын лампалар;
    • жарық пен жылуды қатарынан беретін лампалар;
    • УКС-ін беретін лампалар;
    • бактериоцидтік лампалар – қуаттылығы 15-30 вт болатын, қысқа  толқынды
      БУВ-15, БУВ-30 лампалары бар:
    • эритемдік лампалар – қуаттылығы 15 вт – ЭУВ -15 лампасы бар:
    • Мининнің лампасы – 50,70,100 вт, күніне 1-2 рет, 20-30 минуттан;
    • Соллюкс лампасы – үлкен (500-1000 вт) және кіші (200-300  вт)  түрлері
      бар;
    • жарық-жылу ваннасы – әрқайсысы 100 вт-тық 20 лампадан тұратын  2  квт-
      тық ванна;
    • инфраруж лампасы – үлкен (қуаттылығы 300-600 вт, t  = 500-700ºC)  және
      кіші – столға қоятын, түрлері бар;
    • сынап пен кварц арқылы ерекше сәуле шығаратын ПРК, АРК лампалары.
    Сынап-кварц лампасының құрылысы мен жұмыс істеу принціпі:
    Лампа – ішінен ауасы шығарылып, аз қысыммен  инертті  аргон  газы  және
0,25 г сынаппен толтырылған кварц шынысынан тұрады.
    Лампаны тоққа қосқанда  аргон газының иондары арқылы  ауасы  сиретілген
ортада разряд пайда болады. Ондағы электр өрісінің әсерінен  иондар  белгілі
бір жылдамдықпен қозғалып газ атомдарымен соғылысқанда жылулық бөлінеді.  Ал
иондар сынапты атқылаған кезде сынап буға айналады да,  доға  разряды  пайда
болады. Бұл құбылыстар физика заңдарына сәйкес болатын құбылыстар.  Лампаның
ішіндегі қысым жоғарылайды, лампа жұмыс режіміне келеді.
    Былай қарағанда лампаның жұмысы кәдімгі конденсатордың жұмысына  ұқсас.
Лампаның сыртындағы металл пластинка конденсатордың сыртқы  қабатының  рөлін
атқарса,  газ  және  электродтар  бар  лампаның  іші   конденсатордың   ішкі
қабатының рөлін атқарады. Ал кварц шынысы – диэлектрик.
    Шынылардың ішінде  өз  қасиетінің  ерекшелігіне  байланысты  тек  кварц
шынысы ғана УКС-ін өткізе алады.  Лампалар  тоққа  қосылғаннан  кейін  12-15
минуттан соң ғана жұмыс режіміне келеді.
    Малдәрігерлік тәжірибеде жиі қолданыс тапқан  лампалар:  ПРК-2,  ПРК-4,
ПРК-5,  ПРК-7.  Малдарды  топтап  емдеу  үшін  айналмалы  УКС-інің   лампасы
қолданылады.
    Малдарды УКС-імен емдегенде оның зиянды әсерлерінен сақтық үшін  малдың
көзіне   сәуленің   түспеуін   қадағалау   керек.   Ал   дәрігерлер   арнайы
көзілдірікпен жабдықталуы тиіс.

      Дәріс- 11 Ауру малдарды электр тоғын  және  дыбысты  пайдаланып  емдеу
техникасы.


      Жоспары:
        1. Тұрақты Гальвани тоғымен емдеу және электрофорез техникасы.
        2. Айналмалы және  жоғарғы  жиіліктегі  тоқтармен  емдеу  техникасы
           (Фарадей, Дарсанваль, диатермия тоқтары).
        3. Ультражоғарғы жиіліктегі тоқпен (УЖЖ) емдеу техникасы.
        4. Ультрадыбыспен емдеу техникасы.

    Малдардың  организмі  күрделі  электролит  есебінде  саналады.  Себебі,
барлық  тірі  организмдер  сияқты  малдың  организмі  де  органикалық   емес
тұздардың,  қышқылдардың,  негіздердің  ерітілген   радикалдарынан   тұрады.
Осындай  күрделі  электролитте  үнемі  молекулалардың  диссоциациялық   және
рекомбинациалық процестері жүріп тұрады. Осы процестер  малдардың  денесінен
тоқтың өту құбылысын тудырады. Мал организмі  екінші  қатардағы  өткізгіштер
тобына жатады. Оның  айырмашылығы  егерде  бірінші  қатардағы  өткізгіштерде
электрондар белгілі бір бағытта қозғалатын болса, мұнда белгілі бір  бағытта
иондар қозғалады. Иондардың қозғалысы әртүрлі  сұйықтарда  бірдей  болмайды.
Сондай-ақ организм ағзаларының тқты өткізуі әртүрлі болып келеді.
                           Гальвани тоғымен емдеу
    Гальвани тоғы бір  бағыттағы,  күші  өзгермейтін  тұрақты  тоқ.  Тоқтың
негізгі физиологиялық әсерлері төмендегідей:
        •  тоқтың   терідегі   және   кілегей   қабықтардағы   рецепторларды
          тітіркендіруі;
        • электролиз процессі;
        • электрофорез, катофорез, анафорез құбылыстары;
        • жылулық әсері.
    Тоқтың тітіркендіру әсері тоқтың күшіне  тура  пропорционал,  әсер  ету
уақытына кері пропорционал болып келеді.
    Мал  организмі  күрделі   электролит   болғандықтан,   онда   иондардың
қозғалысы,  бейтарап  атомдар  мен  молекулалардың  түзілуі,  жаңа  химиялық
қосылыстардың пайда болуы үнемі жүріп тұратын процесс.
    Электр тоғының организмге тигізетін  әсері  әртүрлі  валентті  химиялық
қосылыстардың шоғырлануларына да байланысты  болады.  Мысалы,  бір  валентті
металл иондары шоғырланған жердегі торшаның қабығы ыдырап, оның  өткізгіштік
қабілеті жоғарылайды. Ал  екі  валентті  иондар,  керісінше,  оны  тығыздап,
өткізгіштік қабілетін нашарлатады.
    Гальвани тоғын гальвани  элементтері,  аккумуляторлар,  динамомашиналар
және айнымалы тоқтарды түзету арқылы алуға болады.
    Малдәрігерлік тәжірибеде қолданылатын АГН-2 аппараты  бар.  Ондағы  тоқ
күші 50 ma ± 5 ma; толықсуы 0,5 %; тоқ  “0”-ден  жоғарғы  көрсеткішке  дейін
жәйлап көтеріледі; қуаты 20 вт-қа дейін.
    Аппараттың электродтары өте жұмсақ қорғасыннан,  қалайыдан,  станиолдан
жасалады. Бауы өте жұмсақ, сырты қапталған, әртүрлі түсті сым.
    Қалыңдығы 0,5 см фланелден немесе бумазейден  жасалған  сұйық  сіңіргіш
төсеніші бар.
    Тоқты  ауру  малға  тағайындау  үшін  малдың   денесіне   электродтарды
орналастыру  әдістерін  білу  керек.  Оның  3   түрі   бар:   түзу-көлденең,
диагоналды-көлденең   және   ұзынынан.    Электродтардың    белсенді    және
индиферентті  түрлері  болады.  Электродтың   аноды   малды   тыныштандырып,
жайландырады, ал катод – тітіркендіріп, сіңіру процесін жылдамдатады.
    Гальвани тоғының ең жоғарғы дозасы 1 см² көлемге 0,5 ma.  Малдәрігерлік
тәжірибеде белсенді электродтың көлемімен есептегенде 0,2-0,3 ma/см².  Әрбір
малдың электр тоғына сезімталдығын ескере  отырып,  күніне  1  реттен  20-60
минутқа тағайындайды.  Созылмалы  ауруларды  емдеу  үшін  20-30  процедураға
дейін тағайындайды.
    Малдәрігерлік  тәжірибеде   гальвани   тоғын   сал   болған   малдарға,
невралгияда,  созылмалы  қабыну  процестерінде,  қалқан  безінің   ауруында,
гайморит, фронтиттерде, сүт бездерінің қабынуында қолданады.
    Малдың электр тоғына сезімталдығы жоғары болғанда, жіті түрдегі  іріңді
процестерде,  залалды  ісіктерде  қолдануға  болмайды.  Мал   организміндегі
өзгерістер қалпына келмейтін жағдайларда тоқты қолданғаннан пайда болмайды.


    Электрофорез – дәрілік заттарды  тұрақты  электр  тоғымен  ион  түрінде
организмге еңгізу арқылы емдеу.
    Дәрілік заттарды тері, кілегей қабық, тіпті жаралар арқылы да  еңгізуге
болады. Бұл әдістің ерекшелігі –  организмге  жіберілген  дәрілік  заттардың
әсерімен қоса тоқтың әсері де өз пайдасын  тигізеді.  Ал  дәрілік  заттардың
тиімділігі     олардың     белсенді     электродтардың      төсеніштеріндегі
концентрациясына байланысты болады.
    Ерітіндінің  құрамында  паразитті  иондар  болмауы  керек.    Еріткіште
дәрілік зат толық еруі шарт және дәрілік  заттардың  таза  кристаллды  түрін
пайдаланған дұрыс. Мысалы, таблеткаларда  толықтырғыш  заттар  болатындықтан
олар таза болмайды.
    Электрофорездің ерекшеліктері: дәрілік заттарды  бірден  ауырған  жерге
жіберуге болады,  теріні  зақымдамайды,  дәрілік  зат  пен  тоқтың  әсерлері
кешенді түрде  болады,  дәрілік  зат  үнемделеді,  дәрігердің  жұмыс  уақыты
ұтымды пайдаланылады.
    Электрофорезді дұрыс тағайындау үшін төменгі мәселелерді шешу керек:
        • электр тоғының полюсын дұрыс таңдау;
        • белсенді электродтың төсенішін дұрыс дайындау;
        • ерітіндінің концентрациясын дұрыс дайындау;
        • емдеу мерізімі мен оның ара жиілігін дұрыс тағайындау.
    Сеанстың жиілігі дәрілік заттардың мал организмінде  сақталу  ұзақтыныа
байланысты болады.  Қолдану  және  қолдануға  болмайтын  жағдайлар  гальвани
тоғындағыдай.
    Фарадей тоғы – бірде төмендеп, бірде  жоғарылап  тұратын,  өте  төменгі
жиіліктегі айнымалы тоқ. Бұл  тоқтың  ерекшелігі  бұлшық  еттердің  жирылуын
қоздыруында. Әртүрлі күшпен әсер ететін  тоқ  бұлшық  еттердің  бірде  қатты
жирылуын, ал бірде кенеттен босаңсуын  туындатады.  Мұндай  жағдайда  оларға
келетін қан мен лимфаның айналуы реттеледі. Осының  әсерінен  еттердегі  зат
алмасу процесі жақсарып, ауырған  бұлшық  еттердің  жазылуына  жақсы  жағдай
туады.
    Фарадей тоғын АСМ-2 және АСМ-3 аппараттары арқылы алады.
    Емдеу кезінде ескеретін жағдайлар:
        • жирылу ритмі минутына 40-тан аспауы керек;
        • бұлшық еттердің жирылуы малды тынышсыздандырмауы керек;
        • емдеу уақыты күніне бір рет, 20 минут пен  1  сағаттың  аралығында
          болуы керек;
        • аурудың даму  процесіне  байланысты  тағайындау  режімін  өзгертіп
          отырады.
    Бұлшық еттерде зат алмасу процесі нашарлағанда, сал ауруларында,  күйіс
қайыратын малдардың алдыңғы қарыншақтарының жирылуы нашарлағанда қолданады.
    Жедел қабыну процестерінде, тоққа сезімталдығы  жоғары  малдарға,  ауру
процесі асқынған жағдайда қолдануға болмайды.
    Дарсонваль тоғымен емдеу.
    Өте жоғарғы жиіліктегі (200-300 кГц), жоғарғы  кернеулі  (жүз  мыңдаған
в.) және күші (ондықтың жүзден бір бөлігіндей) әлсіз тоқпен мал  организміне
әсер ету арқылы емдеу.
    Электр тоғы жүретін,  оң  және  сол  зарядтарға  қосылған,  конденсатор
тектес металлдарды белгілі бір қашықтыққа жақындатқанда олардың арасында  от
ұшқыны пайда болады. Осы ұшқынның секундтық жиілігін  белгілі  бір  мөлшерге
дейін  жеткізуге  болады.  Осындай  жоғарғы  жиіліктегі   тоқты   алу   үшін
электронды лампалар қолданылады.
    Малдәрігерлік  тәжірибеде  Дарсонваль  тоғын  ауырған   жерге   тікелей
бағыттау арқылы немесе мал организміне  жалпы  әсер  ету  арқылы  қолданады.
Бірінші әдісте вакуумды электродтар, ал екінші әдісте  соленоидтан  жасалған
торшалар пайдаланылады.
    Вакуумды электродтар әртүрлі пішінді, ішіндегі  ауа  0,1-0,5  мм  сынап
бағынасына сиретілген, бір жақ басында металл қосқышы бар  шыны  түтікшелер.
Осындай электродты малдың  денесіне  белгілі  бір  қашықтыққа  жақындатқанда
конденсаторда жүретін  тоқ  тәрізді  онда  от  ұшқыны  пайда  болады.  Мұнда
конденсатордың  бір  бетін  малдың  денесі  атқарса,  екінші   бетін   ауасы
сиретілген,   иондалған   заряды   бар   түтікшенің   қуысы   атқарады.   Ал
диэлектриктің рөлін түтікшенің шыны қабырғасы атқарады.
    Тоқтың электродын ауырған жерге тікелей бағыттау арқылы емдегенде оны 3
түрлі әдіспен қолданады:
       1. Электродты  мал  денесіне  тигізу,  жабыстыру  арқылы  қолданғанда
          электрод тиген жерде бастапқыда жылулық, артынан жансыздану  пайда
          болады.
       2. Электродты 2-3 мм қашықтықта  ұстағанда  нәзік  тітіркендіру  және
          қызару пайда болады.
       3. Бір нүктеге бағыттағанда күйдіру әсері байқалады.
    Әрбір процедураның ұзақтығы 10-20 минуттан,  12-15  процедураны  күніне
немесе күн аралатып тағайындау керек.
    Тоқтың физиологиялық әсерлері:
        • жүйке жүйесінің қозу процесін төмендетеді;
        • жергілікті ауырсынғандықты басады;
        • терінің сезгіштігін төмендетеді, көбірек  әсер  еткенде  анестезия
          байқалады;
        • бастапқыда қан тамырларының өзегі тарылады,  артынан  ол  кеңейіп,
          қан айналысы жақсарады, ұзақ уақыт қызару пайда болады, зат алмасу
          процесі жақсарады;
        • от ұшқындары ауаны иондайды, озон түзіледі де, тотығу-тотықсыздану
          процесі жақсарады;
        • организмге жылулық әсер етеді.
    Дарсонваль тоғын ауру малды емдегенде дұрыс пайдалану үшін:
        • аурудың жағдайына байланысты тиісті электродты таңдап алады;
        • электродты орналастыратын жерді мұқият тазалайды;
        • Электродты  жәйлап  жылжыта  отырып,  одан  шығатын  от  ұшқынының
          интенсивтігі арқылы, ең жақсы әсер ететін қашықтықты анықтайды;
        • Организмге жалпы әсер еткенде малдың торшаның  неғұрлым  ортасында
          тұруын қамтамасыз етеді.
    Тоқпен емдеуді көпке дейін жазылмайтын созылмалы жараларды,  жергілікті
есекжем мен бөртпелерді, жүйке жүйесінің ауруларын; ал  жалпы  емдеу  әдісін
зат алмасуының бұзылуынан болатын ауруларды, шаншу құбылысымен  сипатталатын
аурулардың кейбір түрлерін емдеу үшін қолданады.
    Залалды  ісіктерді  емдеуге  және  қан  аққан   жағдайларда   қолдануға
болмайды.
    Диатермия – индукциялық жылулықпен емдеу. Организмнің ішкі тіндері  мен
ағзаларын жоғарғы жиіліктегі тоқ арқылы қыздыру.
    Тоқтың жиілігі 0,5-1 млн. герц; күші 3 а; кернеуі – 200-250 в.
    Айнымалы тоқ белгілі  бір  жиілікке  дейін  организмді  тітіркендіреді.
Себебі ондай жиіліктегі тоқ тіндердің  иондық  және  коллоидты  құрылыстарын
бүлдіреді.
    Жоғарғы жиіліктегі тоқта иондар, басқа да зарятталған бөлшектер бағытты
қозғалысқа  келіп  үлгермейді,  олар  бір  орында  теңселіп   қана   тұрады.
Сондықтан да тіндердің иондық құрылысы бұзылмайды, бөлшектердің  кинетикалық
энергиясы артады, жылу бөлінеді. Тітіркену болмайды.
    Мұндай жағдайда падйа болтан  энергия  сырттан  келмейді,  ағзалар  мен
тіндердің  өзінен  бөлініп   шығады.   Оның   мөлшері   Джоуль-Ленц   заңына
байланысты.
    Малдардың  организміндегі  тіндері  бірыңғай  емес.  Олардың   меншікті
кедергілері мен қызуы әртүрлі болып келеді.
    Диатермия тоғының физиологиялық әсері:
   1. Жылулық әсері. Жылу тіндердің өз ішінде түзіледі. 20-30  минутта  ішкі
      ағзаларда температура  5-7º-қа  дейін  көтеріледі.  Осымен  байланысты
      жалпы организмнің де қызуы көтеріледі.
   2. Жоғарғы жиіліктегі тоқтың электр өрісі әсер етеді.
   3. Лимфа, қан тамырларының өзектері  кеңейеді,  организмдегі  зат  алмасу
      процесі жақсарады, ферменттердің әсері реттеледі, ақ қан  түйіршіктері
      көбеіп, фагоцитоз жақсарады.
   4. Ауырсынғандықты басады, спазмалар болмайды.
   5. Ас қорыту жүйесінің ағзаларының тазалануын жылдамдатады.
   6. Жүрек пен қан атмырларының ритмі реттеледі.
    Клиникалық тәжірибеде катодты қысқа  толқынды  диатермия  тоғы  кеңінен
қолданылады. Ондай тоқ жоғарғы қуатты, организмге біркелкі әсер етеді.  Оның
қыздыру күші басқа тоқтарға қарағанда әлдеқайда жоғары.
    Диатермия тоғының аппаратуралары: УДЛ-350, ДКВ-1, ДКВ-2. Бұл аппараттар
жоғарғы жиіліктегі лампалы генератордан тұрады  және  электр  көзіне  арнайы
дайындалған фильтр арқылы қосылады.
    Процедураны жүргізу үшін алдымен элетродтарды  орналастыратын  жерлерді
мұқият  дайындайды.  Теріні  күйгізіп  алмас  үшін  дене  қуыстарын  ватамен
толтырады. Дозасын белсенді электродтың 1 см² көлеміне  5-10  ma  мөлшерінде
анықтайды. Малдың жағдайын үнемі қадағалап отыру керек.
    Диатермия тоғын  тахия  қарыншақтың  жарақатты  қабынуын  анықтау  үшін
қолданатын әдіс бар. Ол  үшін  500  см²  көлемді  электродтарды  тақия  және
кітапша қарыншақтардың тұсына  малдың  денесінің  екі  жағынан  орналастырып
барып тоқ жібереді. Егерде тақия қарыншақта металл бөгде  заты  болса,  онда
тоқтың күші  0,2-1,5  а  болғанда  мал  10-15  минутқа  шыдамай  ауырсынған,
тынышсызданған күйге келеді.  Ал  сау  малда  3  амперге  дейінгі  тоқ  күші
ешқандай реакция тудырмайды.
    Диатермия тоғын ас қорыту жүйесінің созылмалы ауруларында;  тыныс  алу,
зәр шығару, жүйке жүйелерінің ауруларында;  шаншу  құбылысымен  сипатталатын
ауруларда қолдануға болады.
    Жедел  іріңді  процестерде,  залалды  ісіктерде,  геморрагиялық  диатез
ауруларында қолдануға болмайды.
    Малдәрігерлік  тәжірибеде  диатермия  тоғының  хирургиялық   түрі   жиі
қолданылады. Ондай тоқ тіндерді құрғату (электродессикация)  үшін,  тіндерді
кесіп   бөлу   (электротомия)   үшін   және   сүйелдерді    кесіп    ыдырату
(электрокоагуляция) үшін қолданылады.


    Ультражоғарғы жиіліктегі (УЖЖ) тоқпен емдеу техникасы.  Ауру  малдардың
организміне ультражоғарғы жиіліктегі тоқтың электромагниттік  өрісімен  әсер
ету.
    Тоқтың жиілігі 30-300 мгц;  ұзындығы  10-1  µ.  Ондай  тоқты  алу  үшін
стационарлық УЖЖ-300, ықшамды УЖЖ – 4 және УЖЖ – 66 аппараттары бар.
    Емдеу процедурасын жүргізгенде аппараттың электродтары малдың  денесіне
тимейді, денемен арадағы ара қашықтығы 2  см-дей  болады.  Осындай  жағдайда
организмге толық электромагниттік өріс әсер етеді.
    Процедураны жүргізі техникасы:  алдымен  электродты  таңдап  алып,  оны
аппаратқа бекітеді. Электромагниттік өрісті неон  лампасы  арқылы  реттейді.
Малды мүмкіншілігінше ағаш станокқа бекітеді де, тоқты қосады.
    УЖЖ тоғының биологиялық әсері тоқтың жиілігіне және кернеуіне, дене мен
электродтың ара қашықтығына, әсер ету көлеміне  және  ұзақтығына,  малдардың
жеке ерекшеліктеріне байланысты болады.
    УЖЖ тоғының таңдамалы –  селективті  әсері  бар.  Әрбір  тіннің,  әрбір
заттың өзіне тән диэлектриктік тұрақтылығы болады. УЖЖ тоғының  өткізгіштігі
тіндердің  сол  көрсеткіштеріне   тура   пропорционал   болады.   Сондықтан,
тіндердің УЖЖ тоғын өткізгіштігі төменгі формуламен анықталады:
                                  2δ  =  V  x  E,  ондағы  δ  –   тіндердің
өткізгіштігі,  V – толықсу жиілігі, E – диэлектриктік тұрақтылық.
    Мысалы, осы заңға сәйкес, судың ішіндегі май  су  қайнамай  тұрып  одан
бұрын қайнайды. Мұздың ішіне орналастырылған жұмыртқаның белогі  мұз  ерімей
тұрып ұйып қалады.
    УЖЖ тоғы сүйек пен буын аппараттарының ауруларында жиі қолданылады.
     Жүрек пен қан тамырларының қызметтеріне әртүрлі әсер етеді:  аз  уақыт
әсер  еткенде  жүректің  соғысы  бәсеңдейді,  ал  көбірек  әсер  еткенде   –
жиілейді. Жылулықтың әсерінен қан тамырларының өзегі кеңейеді.
    Қан элементері, ондағы қант, альбуминдер көбейеді.
    Иммунитет, бактериялар мен уларға әсері:
        • қояндардың қандарында агглютиндер көбейеді;
        • улы заттар усызданады, улылығы әлсірейді;
        • әлсіз әсер еткенде микробтардың  өсуіне  жақсы  жағдай  туындайды,
          күштірек әсер еткенде керісінше.
        • Үлкен дозамен әсер еткенде лабораториялық  жануарларды,  микробтар
          мен паразиттерді, уақ саңырауқұлақтарды өлтіреді.
    УЖЖ тоғының осындай әсері өндірісте ағаштарды, тағамдарды тазарту  үшін
кеңінен қолданылады. Сондықтан-да ультрақысқа  толқынды  тоқтар  көрінбейтін
өлім сәулесі деп текке аталмаған.
    УЖЖ тоғы қабыну процесінің жазылуына оң  әсер  етеді.  Қан  мен  лимфа,
фагоцитоз  жақсарады.  Жарақаттанған  жер   тез   жазылады.   Жабық   іріңді
процестерді ашу үшін қолданылады.
    УЖЖ тоғы мен диатермия тоғының арасында айырмашылық бар: олардың  толқу
ұзындықтары әртүрлі, диатермиядағы сіңірілетін  энергия  эндогенді  энергия,
тіндердің меншікті  кедергісіне  байланысты.  УЖЖ  тоғы  тіндердің  меншікті
кедергісіне байланысты емес. Ол тоқ  өзінің  бағытындағы  барлық  қабаттарға
бірдей әсер етеді. Ешқандай заңдылыққа бағынбайды. Электрод денеден  белгілі
бір қашықтықта орналастырылады.
    УЖЖ тоғын диатермиятоғымен емдеуге болатын барлық  ауруларда  қолдануға
болады. Бірақ ол тоқтың ерекше көрсеткіштері бар:
        • жедел іріңдеген сыздауық, шихан, жараларды емдеуге болады;
        • күйіктерде, үсікте қолданылады;
        • бас сүйек қуыстарының, қан тамырларының ауруларында қолданылады;
       Қолдануға болмайтын жағдайлар:
    • таз қарын, іш қуысы, жүрек қабы темір заттарымен жарақаттанғанда;
    • залалды ісіктерде;
    • геморрагиялық диатезде; орны толмайтын жүрек ақауларында;
    • бас ми, өкпе ісігіктерінде, сепсисте.
    Ультрадыбыспен (УД) емдеу техникасы. 200 000 гц және  одан  да  жоғарғы
жиіліктегі  ультрадыбысты пайдаланып емдеу әдісі.
    Адамның құлағы 16-20 000  гц  жиіліктегі  дыбыстарды  қабылдайды.  Одан
жоғары, не төмен болса қабылдамайды. 15-герцтен төменгі жиіліктегі  дыбыстар
инфрадыбыстар, ал 20 000 герцтен жоғарғы жиіліктегі дыбыстар  ультрадыбыстар
деп аталады.
    Жарқанаттар,  киттер,  дельфиндер  және  кейбір  жәндіктер  ультрадыбыс
шығарады және оны қабылдай алады.
    УД арқылы сүтті қайнатпай-ақ залалсыздандыруға болады.
    УД арқылы мұқиттардың,  теңіздердің  тереңдігін  өлшейді.  Металлдардың
саңылауын анықтауға болады.
    Ультрадыбыс энергиясы тіндерде  жылуға айналады да, организмге  жылулық
әсер етеді. Сонымен қатар рефлекторлың,  физика-химиялық  әсерлері  бар.  УД
тиген  жерде  қысымның  бірде  азайып,  бірде  көбейіп   отыруы   салдарынан
микромассаж ретінде механикалық әсер етеді.
    УД-ты алу үшін пайдаланылатын аппараттардың  жұмысының  негізінде  кері
пъезоэлектрлік эффект (КПЭЭ) құбылысы жатыр. Оның негізі неде ?
    Кейбір  кристаллдар  (кварц,   титанат,   барий)   оларға   механикалық
деформация  тудырғанда  олардың  үстіңгі  беттерінде   электр   заряды   мен
потенциалдық  айырмашылық  пайда  болады.  Электр  өрісі  мен   потенциалдық
айырмашылығының кристаллдардың үстіңгі бетіне тигізген әсерінен  онда  бірде
қысылу, бірде босаңсу процесі алма кезек болып тұрады.
    Ультрадыбыстың организмге әсері төменгі көрсеткіштерге байланысты:
        • толықсу жиілігіне;
        • қолдану әдісіне – импульсті ме, үздіксіз бе.  Көбінесе  секундына
          50-100 импульсті қолданады;
        • қосқыш затқа – су, вазелин, май, глицерин;
        • вибратордың қосылу кезіндегі қойылуына;
        • процедураның ұзақтығына.
    Әсіресе  УД-тың  сіңу  тереңдігі  оның  жиілігіне  тікелей  байланысты.
Мысалы, 400 кгц – 10 см, 800 кгц – 5 см,  2,5  мгц  –  1,5-2  см  тереңдікке
сіңетін көрінеді.
    Дозасы: ақырын денемен қозғап отырғанда 2 вт/см² - қа дейін; ал  денеге
тұрақты түрде қойып қойғанда 0,6 вт/см²  -  қа  дейін.  Ұзақтығы  10  минут,
күніне  1 рет немесе күн аралатып 10-15 процедураға дейін.
    Ультрадыбысты буындар,  сүйектер,  қан  тамырлары  ауырғанда;  соққыдан
пайда болған ет ауруларында;  лимфоденит  ауруында;  алдыңғы  қарыншақтардың
жирылуы нашарлағанда қолданады.
    Бас  сүйек  ауруларында,  әсіресе  көздің  тұсына;   жыныс   бездерінің
ауруларында;  буаз  малдардың  жатырының  тұсына;  жүректің   толтырылмайтын
ауруларында; залалды ісіктерде қолдануға болмайды.
    Сондай-ақ,  ультрадыбысты  бактериология,  иммунология,   ферментология
салаларында жиі пайдаланады.


      Пайдаланылған әдебиеттер:


   1. Шарабрин И.Г. Терапевтическая техника в ветеринарии. – М., 1975.  -102
      с.
   2. Медведев И.Д. Физические методы лечения животных. – Колос, 1964.
   3.  Меликсетян  С.Г.  Профилактика  травматического  ретикулита  крупного
      рогатого скота. – М., 1968.
   4. Хохлов А.Л. Диагностика и лечение закупорки  пищевода  у  животных.  –
      Колос, 1972.
   5. Квятковский В.Н., Тупий Л.А. Внутрибрюшной  метод  введения  кислорода
      //Тр. СЗВИ. – Алма-Ата, 1972. – т.5. – с. 2-17.
   6. Квятковский В.Н.  Применение  оксигено-  и  аэрозолей  для  группового
      лечения животных, больных бронхопневмонией (рекомендации). – Алма-Ата,
      Кайнар, 1988. – 10 с.
   7. Квятковский В.Н.  Применение  внутрибрюшинного  введения  кислорода  в
      комплексном лечении  бронхопневмонии  овец  (рекомендации).  Алма-Ата,
      Кайнар. – 1977. – 8 с.
   8.  Қожанов  К.Н.  Бұзаулар  организмінің  жалпы  резистенттік  қабілетін
      арттырудың жолдары (ұсыныстар). Алматы, 1994. – 10 бет.
   9. Қожанов К.Н. Төл ауруларын емдеу және олардан сақтандыру  шаралары.  –
      Алматы, 2005. – 176 бет.
  10.  Қожанов  К.Н.,  Қажиев  Х.Ж.  Мал   ауруларын   патогенездік   емдеу.
      Монография. Алматы, 2010. – 164 бет.
  11.  Қожанов  К.Н.  және  т.б.  Малдың  ішкі  жұқпалы   емес   ауруларының
      практикумы. – Астана, 2009. – 150 бет.
  12. Қожанов К.Н.  Терапевтикалық  техника  малдәрігерлік  тәжірибеде.  Оқу
      құралы. Алматы. 2013. - 150 бет.


























-----------------------








[pic]

 15–ші сурет. И.Я.Тихонин мен М.М.Сенькин ұсынған бүйрек маңайының
блокадасы. 1,2 – сол және оң жақ бүйректер, 3 - арқаның ұзын бұлшық еті, а
және б – инені енгізетін нүкте.


[pic]

14 –ші сурет. И.Я.Тихониннің әдісі бойынша белдеме тұсының блокадасы. А –
оң жағынан, Б- сол жағынан.


[pic]
13 –ші сурет. В.В. Мосиннің новокаинмен тежеу әдісінің үлгісі. 1 –  инені
енгізу бағыты,
2 – ерітіндіні жіберердегі иненің бағыты, 3 – үстіңгі бұлшық ет, 5 –
омыртқа денесі.


[pic]
12 –ші сурет. В.В.Мосиннің әдісі бойынша иненің бағыты. А – жылқы, Б –
сиыр.


[pic]
11 –ші сурет. Сиырдың жұлдызды түйінін
новокаинмен тежеу әдісі. 1 – новокаин
ерітіндісін жіберетін жер.



[pic]

10 –шы сурет. Шошқаның жұлдызды түйі-
нін тежеу үлгісі. 1 – новокаин ерітін –
дісін жіберетін жер.


[pic]


9 –шы сурет. А.И.Федотовтың кау -
далды мойын симпатикалық
түйінін новокаинмен тежеу әдісі.
1 – VII мойын омыртқасының қа –
наты, 2 – ерітінді жіберетін жер.

[pic]

                    8 – ші сурет. Сиырдың белдеме тұсына блокада жасау
әдісі.



Пәндер