Файл қосу

МАГИСТРАНТТАР ҮШІН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ
















                        ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
                              «Конфликтология»
            мамандық үшін 6М010300 - «Педагогика және психология»



                     МАГИСТРАНТТАР ҮШІН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ





























                                    Семей
                                    2014

                                  Алғы сөз


1 ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН
Құрастырушы: ___________ 30.08.2014 ж. Джумажанова Г.К., псх.ғ.к.,  доценті,
кафедра «Педагогикалық психология»

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 Кафедра мәжілісінде «Педагогикалық психология»
Хаттама № 1 «03» 09. 2014 ж.
Кафедра меңгерушісі _______________ Джумажанова Г.К.

2.2   Факультеттің   педагогика   оқу-әдістемелік    бюросының    отырысында
қарастырылды
Хаттама № 1 «05» 09. 2014 ж.

Төрайымы _________________ Ахметова Т.Ш.



3 БЕКІТІЛГЕН
Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып, баспаға ұсынылды
Хаттама № 1 «11»  09. 2014 ж.

Төрайымы ________________ Искакова Г.К.

4 АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН №1 БАСПА 05.09.2013 ж.











































                                   Мазмұны

   1. Жалпы ережелер
   2. Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарын бөлу
   3. Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар
   4. Пәннің форматы
   5. Пәннің саясаты
   6. Баға қою саясаты
   7. Әдебиеттер


















































































      1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


      1.1. Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер
      Джумажанова Гульжанар Какимжановна, психология ғылымдарының кандидаты,
доцент
      Кафедра «Педагогикалық психология»
      Байланыс ақпарат – тел: 30-43-41, оқу ғимараты №2, кабинет №302
      Сабақ өткізу орны – дәрісхана №302
      Пән бойынша кредит саны аталуы – 2
      1.2 Пәннің мазмұнының қысқаша сипаты:
      Қазақстан Республикасында жүріп жатқан реформалау  процесі,  оның  тек
экономикалық  саласын  ғана  қамтып  қоймай,   сонымен   қатар   әлеуметтік-
гуманитарлық салада  да  үлкен  өзгерістер  жасалуда.  Конфликтология  курсы
бүгінгі  күннің  талабына   сай   педагогика   және   психология   мамандығы
магистранттары үшін негізгі базалық пән болып есептеледі. Бұл  курсы  қарым-
қатынас  психологиясының  пән  ретінде  мәнін   ашудағы   ғылыми-әдіснамалық
жағдайларға сүйенеді, сонымен  қатар  отандық  және  әлемдік  психологиялық,
әлеуметтік ғылымдардың жетістіктерін негізге алады.
      1.3. Пәнді оқытудың мақсаты:
      Курстың  мақсаты  болашақ  мамандардың  аталған  ғылым  саласын  оқып-
зерттеуге бағытталған кәсіптік білім  негіздерін  қалыптастыруды  әрі  қарай
жалғастыру.
      1.4 Пәнді оқытудың міндеттері:
    –  Қарым-қатынас  психологиясының  заңдылықтарын  зерттеудің   негізінде
      магистранттың білімін жүйелеу;
    –  Әртүрлі  теория  және  фактілерді  жүйелі-психикалық  талдау  процесі
      негізінде  магистранттардың  танымдық   іс-әрекетін,   іскерлік   және
      дағдыларын дамыту;
    – Әлемдік және отандық зерттеулердің негізгі  принциптерімен,  бағыттары
      және идеяларымен таныстыру.
      1.5 Оқытудың нәтижелері:
      Пәнді оқу нәтижесінде білімалушы міндетті:
      білу:
      – «Конфликтология»  пәнінің  ғылыми-теориялық  негіздерін,  әдістерді
        және олардың түрлері, сонымен қатар сапаларын бағалау талаптарын;
    – «Конфликтология» пәнінің зерттеу жұмысының мазмұнын;
    – «Конфликтология» пәнінің мақсаты мен міндеттерін;
    – «Конфликтология» пәнінің формаларын.
      игеру:
    – «Конфликтология» пәнінің негізгі бағыттары мен принциптерін;
    – «Конфликтология» пәнінің ерекшеліктерін оқып, үйренуді;
    – «Конфликтология» пәнінің ғылыми-теориялық негізі;
    –  «Конфликтология»   пәнінің   ерекшеліктерін   бағалау   жолдары   мен
      тәсілдерін.
      ұғып алу:
    – «Конфликтология» пәнінің әдістемелерін;
    – дарынды балалармен жұмыс істеу дағдыларын;
    – педагогикалық қарым-қатынас дағдыларын.
      түсіну:
    –  «Конфликтология»  пәнінің  саласындағы  теориялық   және   қолданбалы
      зерттеулерді;
    –   «Конфликтология»   пәнінің   негіздерінің   негізгі    түсініктерін,
      категорияларын, механизмдерін;
    – «Конфликтология» пәнінің даму және қалыптасуы тарихын
      1.6. Пән пререквизиттері:
      1.6.1 Қарым-қатынас психологиясы
      1.6.2 Тұлға психологиясы
      1.6.3 Халықаралық қатынастар
      1.7. Пән постреквизиттері:
      1.7.1 Жалпы психология
      1.7.2 Жас ерекшелік психологиясы
      1.7.3 Педагогикалық психология


2 ПӘН МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫҢ РЕТТЕЛУІ
                                                                     1 кесте


      |№  |Тақырыптың атауы       |Сағаттар                       |Әдебиеттер      |
|р/с|                       |                               |                |
|   |                       |Дәр|Лаб.  |Прак.с|БОӨЖ   |БӨЖ   |                |
|   |                       |іс |сағат |ағат  |       |      |                |
|1  |2                      |4  |5     |6     |7      |8     |9               |
|1  |«Конфликт» феноменіне  |1  |      |1     |1      |3     |4.1.,4.2.,4.4.,4|
|   |әлеуметтік ықпал ету   |   |      |      |       |      |.7.             |
|2  |Әлеуметтік қорғаныс    |1  |      |1     |1      |3     |4.1.,4.3.,4.4.,4|
|   |ұйымдастыруында        |   |      |      |       |      |.7.,4.12.       |
|   |медиаторлық жұмыстардың|   |      |      |       |      |                |
|   |жалпы көрінісі         |   |      |      |       |      |                |
|3  |Медиаторлық форматтың  |1  |      |1     |1      |3     |4.1.,4.4.,4.5.,4|
|   |тарихын коррекциялау   |   |      |      |       |      |.7.,4.10.       |
|   |және оқу.              |   |      |      |       |      |                |
|4  |Конфликтті техникалыр  |1  |      |1     |1      |3     |4.1.,4.4.,4.7., |
|   |кезінде әлеуметтік     |   |      |      |       |      |4.11.           |
|   |жұмыстардың            |   |      |      |       |      |                |
|   |өзгерістерімен дамуы.  |   |      |      |       |      |                |
|5  |Медиаторлық топтардың  |1  |      |1     |1      |3     |4.1.,4.6.,4.4.,4|
|   |динамикалық тобы.      |   |      |      |       |      |.7.,4.9.        |
|6  |Әлеуметтік қорғаныс    |2  |      |2     |1      |4     |4.1.,4.11.,4.4.,|
|   |ұйымдарында конфликттің|   |      |      |       |      |4.7.            |
|   |мәні мен мақсаты.      |   |      |      |       |      |                |
|7  |Конфликттің жалпы      |1  |      |1     |1      |3     |4.1.,4.6.4.3.,4.|
|   |тәжірибелік принциптері|   |      |      |       |      |7., 4.8.        |
|8  |Медиаторлық            |1  |      |1     |1      |3     |4.1.,4.6.4.3.,4.|
|   |конфликттердің         |   |      |      |       |      |7.,4.5.         |
|   |функциясы мен ролі     |   |      |      |       |      |                |
|9  |Заманауи конфликттердің|1  |      |1     |2      |4     |4.2.,4.3.,4.7.,4|
|   |топтық тәсілдері мен   |   |      |      |       |      |.12.            |
|   |методикалық құрамы     |   |      |      |       |      |                |
|10 |Конфликтке дайындау    |1  |      |1     |1      |3     |4.2.,4.3.,4.7., |
|   |және оны шешу          |   |      |      |       |      |4.11.           |
|11 |Конфликтті ұйымдастыру |1  |      |1     |1      |3     |4.2.,4.3.,4.7.,4|
|   |технологиясы мен оны   |   |      |      |       |      |.10.            |
|   |жүргізу                |   |      |      |       |      |                |
|12 |Модератор              |1  |      |1     |1      |4     |4.2.,4.3.,4.7.,4|
|   |конфликтісінің         |   |      |      |       |      |.8.             |
|   |әлеуметтік жұмысшының  |   |      |      |       |      |                |
|   |психотехникалық        |   |      |      |       |      |                |
|   |минимумы               |   |      |      |       |      |                |
|13 |Конфликт кезіндегі     |1  |      |1     |1      |3     |4.2.,4.3.,4.7.,4|
|   |вербальдық техникалар  |   |      |      |       |      |.9.             |
|14 |Вербалды емес          |1  |      |1     |1      |3     |4.3.,4.11.,4.6.,|
|   |техникаларды конфликтте|   |      |      |       |      |4.7             |
|   |қолдану                |   |      |      |       |      |                |
|   |Барлығы:               |15 |-     |15    |15     |45    |                |


3 ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
      Магистрант аталған курс бойынша  мынадай  теориялық  және  практикалық
мәселелерді игеруі керек. Оқу жоспарының көшірмесінде  бөлініп  берілген  әр
сабақ түрлері сағатқа  шағылған,  пәннің  қысқаша  мазмұны,  мақсаттары  мен
міндеттері көрсетілген. ОӘК оқу  пәнін  меңгерудің  барлық  талаптарына  сай
келеді.  Негізгі  және  қосымша  әдебиеттер  тізімі  бар.   Оқытушылар   мен
магистранттарға арналған жұмыс бағдарламасы берілген. Магистрантқа  арналған
жүмыс бағдарламасында оқылуға тиісті тақырыптар мен жүмыс түрлерінің  тізімі
әдебиеттердің көрсетілуімен айқындалған. Әр  дәріс  сабағы  бойынша  қысқаша
мәлімет берілген. Тәжірибелік  сабақтардың  тақырыптары  және  әр  тақырыпта
қарастырылатын   мәселелер   жоспар   түрінде   нақты    көрсетілген.    БӨЖ
тапсырмаларын өткізудің  мерзімі,  тақырыптары  және  әдебиеттері  жазылған.
Магистранттардың білімін бағалау әдістемесі бар.
      Дәрісті тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар.
      Мақсаты:  магистранттарды  курс  бойынша  тиісті  теориялық   біліммен
қаруландыру.
      Міндеттері:
      - әр тақырыпты меңгерту мақсатымен жүйелі білім беру;
      - әр тақырып бойынша негізгі түсініктермен таныстыру және меңгерту;
      - пәнге қызығушылығын тудыру және  ары  қарай  өздігінен  жұмыс  істей
білуге үйрету;
      - курс  бойынша  тиісті  білімді  меңгеру  үшін  қажетті  жағдайлармен
қамтамасыз ету.
      Жоғары оқу орындарында  оқытуды  ұйымдастырудың  негізгі  формаларының
бірі - дәріс болып табылады. Ол магистранттарға олар үшін күрделі және  жаңа
ақпараттарды  беруге  тиімді.  Дәріс   магистранттарда   пәнге   қызығушылық
тудырады,  алынған  білімді   практикалық   міндеттерді   шешуде   қолдануға
көмектеседі, тақырыптың  және  қарастырылып  отырған  материалдың  теориялық
жақтарын ашып көрсетеді.
      Дәріс – магистранттарда өздігінен терең білім алуға ізденіс  туғызады.
Дәрісті тыңдау – бұл  өзара  бір-бірімен  байланысқан  танымдық  үрдістердің
(зейін, түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау) бірлігі.
      Сіздің курс бойынша жан-жақты білім  алуыңыз  дәріс  сабақтарын  толық
тыңдауыңызға  байланысты   екенін   еш   ұмытпаңыз.   Сондықтан   бағдарлама
мазмұнында берілген дәріс сабақтарын алдын-ала  қарастырып  жүріңіз.  Сіздің
білімініңізің деңгейі  тек  өзіңіздің  жауапкершілігіңіз  және  өздігіңізден
жұмыс жасау қабілетіңізге тікелей байланысты болады.
      Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық:  сабаққа  кешікпеңіз;  дәріс
дәптеріңіз және қаламыңызды ұмытпаңыз; дәріс барысында мәтінді қалмай  жазып
отыруға талпыныңыз, ол тәжірибелік сабақтарға, өздік  жұмыстарға  даярлануда
негіз болады.
        Білім алушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын  орындауға
                            әдістемелік нұсқаулар
      Мақсаты: магистранттардың дәріс және  тәжірибелік  сабақтарында  алған
білімдері негізінде өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру.
      Міндеттері:
      - дәріс  және тәжірибелік сабақтарында алған білімдерін тереңдету;
      - теорияны практикамен байланыстыру;
      - библиографиямен жұмыс істеу іскерлігі мен дағдыларын жетілдіру;
      - алынған білімі негізінде мәселелік сұрақтарды өздігінен шешу;
      -   психологиялық-педагогикалық   бақылау    жүргізудің    практикалық
дағдыларын жетілдіру;
      - зерттеушілік, ізденушілік іскерліктерін жетілдіру;
      - өздігінен жұмыс істеу іскерліктері мен дағдыларын дамыту;
      - ойын еркін жеткізе білуге және оны қорғай білуге үйрету.
      Өздігіңізден орындайтын өздік жұмысыңыз Сіздің курс бойынша меңгеретін
біліміңізге және  рейтинг  бойынша  жинайтын  ұпайыңызға  айтарлықтай  ықпал
жасайтынын ұмытпаңыз, сол себепті   әрбір  өздік  жұмыс  тапсырмасын  өзіңіз
дербес орындаңыз, тапсырманы орындауға мұқият қараңыз, әрі жауапты  болыңыз.
Өздік жұмыс тапсырмаларын орындау  барысында  басқадан  көшіргеніңіз  немесе
басқаға көшірткеніңіз үшін  жұмысыңыз  мүлдем  есептелінбеуі  немесе  бағасы
төмендетілуі мүмкін.
      Өздік  жұмысын  орындау  формалары  әр  түрлі:  кесте,  таблица  құру,
реферат,  коллоквиум,  сөзжұмбақ,  пікірталас,  конспект   бойынша   талдау,
аннотация жазу және  т.б.  Оларды  орындау  үшін  оқу  әдістемелік  кешеннің
мазмұнында жалпы әдістемелік нұсқаулар берілген.
      Білім алушылардың өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер:
   1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға
      (іштей жылдам  оқи  білу,  библиографиялық  дағдылар,  түрлі  анықтама
      әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып  алу  т.б.  )  ие  болу
      керек.
   2. Біліммен нәтижелі шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт,  орын,  тиісті
      әдебиеттер  мен  құралдардың  болуы  т.б.)  керек  етеді,  ең   дұрысы
      кітапханаларда, оқу залдарында даялануға дағдылану.
   3. Өздігінен білім алатын адам  нені  оқитынын  анық  біліп,  ол  жұмысты
      белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
   4.  Алғашқы  кезде  оқытушылардан,  тәжірибелі  оқытушылардан,  кітапхана
      қызметкерлерінен ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
   5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
   6. Оқыған материалды мұқият  ұғатындай  етіп  ұғып,  түсінбеген  жерлерді
      қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
   7.  Анықтама  әдебиеттерді,  энциклопедияларды,  түрлі  сөздіктерді  қоса
      пайдаланып отыру керек.
      Өздік  жұмыс  түрлері:  ауызша;   жазбаша;   практикалық;   теориялық;
шығармашылық.
      Өздік жұмысты орындау барысында  ерік  қалыптасады,  жұмысқа  қабілет,
зейін, оқу еңбегі, тәртібі тәрбиеленеді.
      Өздік жұмыс формалары: реферат орындау; конспектілеу; аннотация  жазу;
тезис орындау; ғылыми баяндамалар жазу және т.б.
      Конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау.
      Берілген тақырыпты конспектілеуге қойылатын негізгі талаптар:
   1.  Жазып  отырған  тақырыптан  алшақтамай,  оның  мазмұнын  нақты  ашуға
      талпыну.
   2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.
   3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын  жоспарға  сай  рет-
      ретімен жүйелі баяндауы қажет.
   4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс.
   5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.
      Сілтеме  –  бұл  белгілі  бір  автордың  ой-пікірін   өз   жұмысымызда
пайдалансақ,  онда  оған  сілтеме  келтіреді,  яғни  ол  әдебиеттің  тізімін
пайдаланғаны бойынша ретімен жазу.
      Тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау.
      Цитаталау - мәтінді сөзбе сөз  көшіру.  Міндетті  түрде  автор,  кітап
(жұмыс) аты, баспасы, шыққан жылы, беттері көрсетіледі.
      Аннотация - мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау.
      Рецензиялау - оқу материалы, кітап (жұмыс) туралы өз ойын қысқа жазу.
      Ғылыми  баяндамалар  –  аудиторияда  оқылатын  немесе  мақала  ретінде
жарияланатын ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік –эксперимент жұмысының  мазмұнын
баяндайтын ғылыми құжат.
      Эссе  дегеніміз  -  философиялық,  әдеби,   тарихи,   публицистикалық,
әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми  емес,  автордың  жеке
көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Эссе жазу  барысында  сақталынуы  тиіс
талаптар:
    • Жеке көзқарастың көрінісі;
    • Фактілі дәлелдер (аргументтер);  
    • Теоретикалық негіздеме;  
    • Цитаталарды келтіру;
    • Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;
    • Логикалық заңдылықтың сақталынуы;
    • Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;
    • Сауаттылыққа мән беру.
      Әдебиеттермен жұмыс істеу әдістемесі
      Кітаппен (негізгі әдебиетпен  жұмыс  жасағанда)  жұмыс  жасауда  басты
назар аударылады:
      1. Кітаптың сыртқы мұқабасымен танысу (кітаптың аталуы, авторы, шыққан
жылы, баспаның аты, кітаптың редакторы, алғы сөздің  немесе  кіріспе  сөздің
авторы); оның тұтастай көлеміне;
      2. Мазмұны  арқылы  кітаптың  жоспарымен  (бөлім,  тарауларымен)  және
қандай жүйеде жазылғанымен танысу;
      3. Кітаптың алғы сөзімен, кіріспесімен мазмұнын, мақсатын түсіну  үшін
үстірт танысып шығу;
      4.  Негізгі  мәтіннің  құрылымымен  (жеке  тарауларға;  мәтіннің  жеке
бөліктерге бөлінуіне (тақырыптарға, параграфтарға) танысу;
      5. Безендірілу сипатына;
      6. Қайталауға берілген сұрақтарға;
      7. Қолданылған әдебиеттер тізіміне және т.б.
      Келесі кезекте назарды қосымша әдебиеттерге аударған дұрыс.


      4 ПӘННІҢ ТҮРІ (ФОРМАТЫ)
      Семинарға дайындық кезінде магистрант мұғалімнің дәрісін назарға ұстай
отырып,  біршама  ізденіс  жұмыстарын  жасау  қажет.  Ғылыми  мақалалар  мен
монографиялар, сондай-ақ интернет желісінен алынған материалдардағы  керекті
деректер  конспектіленіп  алынады.  Семинар  магистранттың  ізденіс   жұмысы
болғандықтан,  бір  емес  бірнеше  дереккөздерді  пайдалануға  тиісті.  Курс
бойынша  білуге  тиісті  терминдер  мен  шартты  ұғымдарды  оқытушы  қамтып,
түсіндіреді. БӨЖ тақырыптары берілген сұрақтарды қамти отырып, жазбаша  және
ауызша жұмыс түрінде орындалады.  БӨЖ-ді  конспект  түрінде  дәптерге  жазып
өткізу қажет. Сабақ барысында магистранттың теориялық білімі,  белсенділігі,
ынтасы және шығармашылық шешім таба білу дағдысы бағаланады.


      5 ПӘН САЯСАТЫ
      Курсты оқу барысында алынған ұпай жинақталып, жалпы  саны  шығарылады.
Жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырманы орындауы, сабаққа  қатысуы,  БӨЖ
тапсырмаларын,  тиісті  жаттығу   жұмыстарын   орындағаны   жөніндегі   ұпай
жиынтығы, кезеңдік, қорытынды  бақылау  нәтижелері  т.б.  түгел  ескеріледі.
Курсты  оқу  барысында  алынған  барлық   ұпайлар   жинақталып,   бір-біріне
қосылады. Осы курстан алған жиынтық бағаны шығару үшін әрбір  тапсырама  мен
рейтинг  бақылауынан  алынған  баға  және  емтихан  бағаларының  қорытындысы
бойынша орташа балл есептеледі. Барлық тапсырмаларды  көрсетілген  уақытында
өткізу қажет. Барлық тапсырмаларды қабылдап алу  емтиханға  7  күн  қалғанда
аяқталады.   Барлық   тапсырманы    өткізбеген    магистранттар    емтиханға
кіргізілмейді. Жұмысты кеш тапсырсаңыз: қосымша тапсырма беру  арқылы  жұмыс
көлемін ұлғайтылады; Тапсырмалар оқытушы тағайындаған  уақытта  қабылданады.
Емтиханға келмесеңіз: орынды себеп болса,  бұрынғы  орындалған  жұмыстарыңыз
есепке алынады; орынсыз себеп болса, тапсырманы орындауыңыз қажет  және  осы
мәселеге  қатысты  университет  саясаты  есепке  алынады.  Әрбір   тақырыпты
қайталау және өтеу міндетті. Өтілген материалды меңгеру деңгейі тест  арқылы
тексеріледі. Тест алдын ала ескертілмей өткізіледі. Аудиториялық  сабақтарды
босатпау,   кешікпеу   міндетті.   Себепсіз   сабақтан   қалсаңыз:   қосымша
шығармашылылық  жұмыс  беріледі  (реферат,  көркем  мәтінге  талдау   т.б.);
Сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақ босатылғанға теңгеріледі. Оқу  үрдісіне
белсенді түрде қатысу қажет.


      6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ
      Апта  және  бақылау  түрлері  бойынша  баллдардың   реттелуі   кестеде
келтірілген
      «Конфликтология» пән бойынша баллдардың реттелуі
                                                                     2 кесте


      |Апта    |Бақылау түрі          |Жалпы балл          |Ескерту             |
|1       |2                     |3                   |4                   |
|        |1-7 апта арасында     |30                  |                    |
|        |дәрісханалық          |                    |                    |
|        |сабақтарға қатысу     |                    |                    |
|        |Семинар               |30                  |                    |
|3       |                      |                    |                    |
|        |БӨЖ                   |20                  |                    |
|4       |Семинар               |10                  |                    |
|5       |Семинар               |30                  |                    |
|        |БӨЖ                   |30                  |                    |
|        |Семинар               |30                  |                    |
|6       |                      |                    |                    |
|        |БӨЖ                   |30                  |                    |
|7       |Семинар               |0                   |                    |
|        |Межелік бақылау 1     |90                  |                    |
|1-7 апта оқу нәтижесі бойынша  |300                 |                    |
|жалпы балл                     |                    |                    |
|11   |8-15 апта арасында       |30                  |                    |
|     |дәрісханалық сабақтарға  |                    |                    |
|     |қатысу                   |                    |                    |
|     |Семинар                  |30                  |                    |
|9    |                         |                    |                    |
|     |БӨЖ                      |20                  |                    |
|     |Семинар                  |30                  |                    |
|11   |                         |                    |                    |
|     |БӨЖ                      |30                  |                    |
|13   |Семинар                  |40                  |                    |
|     |БӨЖ                      |30                  |                    |
|15   |Межелік бақылау 2        |90                  |                    |
|8-15 апта оқу нәтижесі бойынша |300                 |                    |
|жалпы балл                     |                    |                    |
|Емтихан үшін жалпы балл        |400                 |                    |
|Академиялық кезең бойынша жалпы|1000                |                    |
|балл                           |                    |                    |


      7. ӘДЕБИЕТТЕР


      7.1 Негізгі әдебиеттер:
      7.1.1 Волков В.С.  Конфликтология  [Электронный  ресурс]:  учебники  и
учебные пособия для вузов.Ч.1-2.-Электрон.текстовые  дан.  (635Мб).-М.:  ИД»
Равновесие», 2000.
      7.1.2 Гуревич А.М. Ролевые игры и кейсы в бизнес-конфликтах.  –  СПб.:
Речь, 2004. – 144 с.
      7.1.3 Пузиков В.Г. Технология ведения конфликта. –  СПб:  Издательство
«Речь», 2005. – 224 с.
      7.1.4 Сидоренко Е.В. Конфликт коммуникативной компетентности в деловом
взаимодействии. – СПб.: «Речь», 2004 – 208 с.
      7.1.5 Творогова Н.Д. Психология управления:  практикум  Учеб.  пособие
для вузов. - М.,2008
      7.2 Қосымша әдебиеттер:
      7.2.1. Свенцицкий А.Л. Социальная психология: учеб.для вузов.-М.,-2003
      7.2.2. Гуревич А.М. Ролевые игры и кейсы в бизнес-конфликтах. –  СПб.:
Речь, 2004. – 144 с.
      7.2.3.  А.Т.  Абдрахманова,  М.П.  Оспанбаева.  Конфликтология.   Оқу-
әдістемелік құралы – Алматы,2012
      7.2.4. Абеуова И.Э. «Әлеуметтік психолгия».  Жоғарғы  оқу  орындарының
студенттеріне арналған оқу құралы-Алматы, Эвро,2012

Пәндер