Файл қосу
Айналым капиталының статистикасы
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ | |БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |СМЖ 3-деңгейдегі құжаты |ПОӘК |ПОӘК | | | |042-14-3-01.1.20.08/03-201| | | |2 | |«Әлеуметтік-экономикалық | | | |статистика» пәнінің |№2- басылым | | |оқу-әдістемелік | | | |материалдары | | | « ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТАТИСТИКА» ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 050508 «ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ» ЖӘНЕ «ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» МАМАНДЫҒЫ ҮШІН ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей 2012 Мазмұны |1 |1.Глоссарий | | | |3 | | |2 |2.Дәріс | | | |4 | | |3 |3.Тәжірибелік сағаттар | | | |39 | | |4 |4.Студенттің өздік жұмысы | | | |42 | | 1. ГЛОССАРИЙ Статистика - қоғамдағы құбылыстарды, процестерді сандық және сапалық жағынан тығыз байланыстыра отырып қай жерде және қай уақытта болғанын зерттейтін қоғамдық ғылымның бір саласы. Статистикалық бақылау - қоғамдық құбылыстар,процестер туралы мәліметті жинау,тіркеу. Статистикалық жинақтау - бақылауда жинақталған мәліметтерді ғылыми жүйеде өңдеуді және жиынтық бірліктерінің белгілері бойынша бөліп, қортынды көрсеткіштерді есептеу Статистикалық бақылау бағдарламасы - бақылау процесінде жауап алуға қажетті сұрақтар тізімі Статистикалық бақылау зерзаты - зерттеуге жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестер жиынтығы. Статистикалық топтау - қоғамдық құбылыстар мен процестерді өздеріне тән белгілеріне, өзара ұқсастығына, түрлеріне сәйкес бір-бірінен ажырату үшін топтарға бөлу. Қайта топтау - алғашқы топтастырылған топтық көрсеткіштерді жаңа топтарға өзгерту әдісі. Статистикалық таратпалы қатарлар - қоғамдық құбылыстар мен процестер туралы сандық көрсеткіштерді өздеріне тән өзгермелі белгілеріне қарай белгілі бір тәртіп бойынша ретке келтіріп топтарға бөлу. Статистикалық кесте - сандық мәліметтерді ұтымды түрде қолдану. Статистикалық нақты шамалар - қоғамдық құбылыстар мен процестердің белгілі бір жердегі және уақыттағы мөлшерін, көлемін, аумағын, деңгейін сипаттайтын нақты сандық көрсеткіштер. Қатысты шамалар - қоғамдық өмірдегі әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың сандық қатынасының мөлшерін көрсететін көрсеткіштер. Әлеуметтік- экономикалық статистика - әлеуметтік- экономикалық құбылыстардың сандық жағын зерттейді, олардың пропорцияларын, экономикадағы және әлеуметтік сферадағы даму заңдылықтарды көрсетеді. Орташа шамалар - біртектес жиынтықты белгілі бір жағдайда және уақытта өзіне тән белгілері бойынша жинақтап көрсететін орташа сан мөлшері, яғни біртектес жиынтық бірліктерінің орта есеппен алынатын белгісінің барлық бірліктерге жатқызылатын сандық шамасы. Мода - статистикалық қатарлардың ішінде ең жиі кездесетін белгінің үлкен шамасы, яғни өзгермелі сандық қатарда жиіліктің үлкен мәні жатқан белгі. Медиана -статистикалық қатардың ортасында жатқан белгі. Статистикалық өзгерме - жиынтық бірліктерінің белгілеріне әртүрлі себептердің әсерінен болған сандық өзгеріс. Әлеуметтік- экономикалық статистиканың қоғамдық дербес ғылым ретіндегі мақсаты – мемлекеттің жағдайын дамудың кешенді сандық сипаттамасымен қамтамасыз ету, нарықтық жағдайды бақылау, мемлекеттің саяси жүйесін баяндау. Бақылаудың объектісі – барлық деңгейлердегі бұқаралық әлеуметтік- экономикалық құбылыстар мен процестер. 2 ДӘРІС Тақырып 1. Әлеуметтік- экономикалық статистиканың ғылыми негіздері Дәріс сұрақтары: 1. Әлеуметтік- экономикалық статистиканың пәні, міндеттері және әдістері. 2. Әлеуметтік- экономикалық статистикада қолданылатын Ұлттық шоттар жүйесінің категориялары және сыныпталуы. 1. Әлеуметтік- экономикалық статистиканың пәні, міндеттері және әдістері. Әлеуметтік- экономикалық статистика сапалы анықталған жалпы әлеуметтік- экономикалық құбылыстарды сандық жағынан зерттейді, олардың пропорцияларын, экономикадағы және әлеуметтік сферадағы даму заңдылықтарын көрсетеді. Статистиканың мақсаты- Қазақстан Республикасының жағдайын дамудың кешенді сандық сипаттамасымен қамтамасыз ету, нарықтық жағдайды бақылау, мемлекеттің саяси жүйесін баяндау. Бақылау объектісі – барлық деңгейлердегі бұқаралық әлеуметтік- экономикалық құбылыстар мен процестер: А) микродеңгейде – шаруашылық субъектісі, үй шаруашылығы; Б) мезодеңгейде – экономика саласы, экономика секторы, аймақ; В) макродеңгейде – елдің жалпы экономикасы. Әлеуметтік- экономикалық статистиканың теориялық негізі экономикалық теория және философия болып табылады. Әлеуметтік- экономикалық статистика статистиканың жалпы теориясының әдістері мен негізгі ережелеріне негізделеді. Қоғамды зерттеудің үш сатысында статистикалық әдістер қолданылады: 1. Статистикалық бақылау. 2. Бақылау нәтижелерін белгілі бір жиынға жинақтау және жалпылау. 3. Ақпараттарды талдау. Әлеуметтік- экономикалық статистика жалпы әлеуметтік- экономикалық статистикалық зерттеуді ұйымдастырып, алғашқы сатысында келесі функциялар орындалады: - бастапқы ұйымдарды, категорияларды қалыптастырады, олардың зерттеу міндеттерін анықтайды; - көрсеткіштердің жүйесін және көрсеткіштердің есептеу методологиясын құрайды; - алғашқы ақпараттарды жинауға жаппай бақылау ұйымдастыру барлық тұлғаларды, отбасыларды санақ парағы формасы түрінде, барлық кәсіпорындарды бухгалтерлік және статистикалық есеп беру формасы түрінде есептеу жолымен немесе үй шаруашылықтарына ішінара, жаппай емес бақылау ұйымдастыру жолымен жүргізіледі. Статистикалық зерттеудің екінші сатысында ақпараттардың жинақталуы және топтастырылуы жиналған барлық фактілерді бөлу және біріктіру жолымен реттеліп, қорытындыланады және бірдей ұқсас белгілері бойынша бір топқа біріктіріледі. Көрсеткіштер сомасы топтар бойынша және барлық жиынтық бойынша есептеледі. Әлеуметтік- экономикалық статистика топтастыру әдісінің көмегімен топтарды, кіші топтарды басты, мәнді белгілері бойынша зерттейді. Мысалы, Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа табысының мөлшері және жан басына шаққандағы орташа салымдар бойынша топтастырылуы халықтың өмір сүру деңгейін көрсетеді. Статисткалық жұмыстың үшінші сатысында кеңейтілген ұдайы өндірістің заңдылықтары анықталады, кәсіпорындардың, саладардың, секторлардың және еліміздің тұтас экономикасындағы экономикалық іс-әрекет нәтижелеріне факторлардың ықпалы бағаланады. Қайта өндірудің барлық жақтарының байланысы және тәуекелділік үшін жалпылама көрсеткіштер әдісі қолданылады: қатысты, орташа шамалар, вариация белгілернің көрсеткіштері, динамаика құбылыстары индекстерінің корреляциясын есептеу, детерминация есебі, баланстық, теориялық- ықтималдық әдістері, статистикалық кестелер, графиктер әдістері. Әлеуметтік- экономикалық статистика салалық статистикамен байланысады. Олар жеке экономикалық салаларды, бөлімдерді (мысалы, демография) немесе категорияларды (мысалы, бағаларды) зерттейді және макроэкономикалық көрсеткіштерді (еңбек ресурстары, жалпы ішкі өнім және басқалар) есептеу үшін мәліметтерді жинайды. Әлеуметтік- экономикалық статистика бухгалтерлік есеп пен статистика бойынша халықаралық стандартқа, Ұлттық Шоттар Жүйесінің методологиясына негізделеді. Халықаралық практикада Біріккен Ұлттар Ұйымының Ұлттық Шоттар Жүйесі, яғни нарықтық экономиканың макростатистикалық моделі пайдаланылады. Қазақстанда ұлттық экономиканың ерекшелігі ескеріле отырып, Ұлттық Шоттар Жүйесінің статистика тәжірибесіне енгізілуі статистикалық ақпараттарға деген қажеттілікті қанағаттандыруға және халықаралық деңгейдегі макроэкономикалық көрсеткіштердің салыстырмалылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Статистика заңдылықтары оның көрсеткіштерімен анықталады. Статистикалық көрсеткіш – бұл барлық әлеуметтік-экономикалық категорияның нақты орны мен уақыты шартындағы сандық өлшемі, яғни әлеуметтік- экономикалық статистикалық көрсеткіштердің қалыптасу жүйесін кері зерттейді. Әлеуметтік- экономикалық статистиканың көрсеткіштер жүйесінің құрамы: 1. Еңбек және халық туралы көрсеткіштер. 2. Ұлттық байлықтың көрсеткіштері 3. Аралық тұтыну және шығындардың көрсеткіштері 4. Өндіріс нәтижелерінің көрсеткіштері 5. Баға, тауар және ақша айналысының көрсеткіштері 6. Өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері 7. Ұлттық шоттар жүйесі бойынша баланстық құрулардың көрсеткіштері 8. Әлеуметтік статистика көрсеткіштері Әлеуметтік- экономикалық статистиканың негізгі міндеттері: - Ұлттық Шоттар Жүйесі бойынша статистикалық көрсеткіштер жүйесін жетілдіру, ғылыми зерттеу және әзірлеу; - Қазақстан Респуликасының әлеуметтік- экономикалық жағдайы туралы мәліметтерді жинау және жан-жақты көрсету; - мемлекеттік және аймақтық деңгейлерде талдау жасау үшін және басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін сапалы және ақиқат мәліметтермен барлық респонденттерді уақытылы қамтамасыз ету; - ұлттық байлықтың резервтерін анықтау үшін, жұмыссыздықтың және жұмыс істейтін халықты толық пайдаланбаудың әсерінен пайда болған өнім шығынын есептеу үшін статистикалық әдістерді қолдану және жетілдіру; - арнайы ұйымдастырылған бақылауларды ішінара бақылауда, әсіресе Қазақстанда өмір сүру деңгейін өлшегенде, әлеуметтік статистиканы зерттегенде қолдану; - барлық деңгейдегі экономиканың үйлесімділігіне және теңгерімділігіне статистикалық баға беру; - Ұлттық Шоттар Жүйесі бойынша салааралық балансты, қаржылық шотты және макродеңгейдегі басқа да баланстарды құру және әзірлеу; - халықаралық салыстыруларды жүргізу; - бизнес тәуекелдігін бағалау үшін әлеуметтік- экономикалық құбылыстардың себепті- нәтижелік байланыстарын үлгілеу және келешекке болжам жасау; - бухгалтерлік және статистикалық есеп беру формаларын жетілдіру; - экономикалық статистикалық талдау жасауда статистикалық- математикалық және математикалық әдістерді қолдану. 2.Әлеуметтік- экономикалық статистикада қолданылатын Ұлттық шоттар жүйесінің категориялары және сыныпталуы. Ұлттық Шоттар Жүйесінің құрылуының негізінде шаруашылық айналымының қағидасы, яғни барлық экономикалық айналым: материалдық игіліктердің өндірісі мен қызметер көрсету біртұтас күйінде қалдырылады. Ұлттық Шоттар Жүйесінде табыс әкелетін кез келген қызмет зерттеледі: тауарлар мен қызметтердің өндірісінен бастайтын табыстарды құру және қаржылық активтер мен міндеттемелердің өзгерісі – ақырғы қаржы нәтижесінің алынуы. Қаржы- несие қатынастары бірінші кезекте тұрады. Ұлттық есептеу мемлекеттің пассивтер және активтер, экономикалық операциялар, барлық шаруашылық субъектілері туралы мәліметтерді бақылайды және жинайды. Ұлттық Шоттар Жүйесі категориялары, жіктелуі және түсініктері 1. Өнімдер – тауарлар мен қызметтер. 2. Тауарлар – физикалық заттар, экономикалық объектілер, сұраныс бар тауарларға меншіктік құқық таратылады. 3. Қызметтер – тұтынушылардың тапсырыс бойынша әртүрлі әрекеттері өндірушілер арқылы жүзеге асатын тұтыну заттарының күйі: - тұтынушылардың физикалық жағдайы (мысалы, тұтынушыларды тасымалдау, көшіру; медициналық және хирургиялық емдеу, тұтынушылардың сыртқы жақсаруы); - тұтынушылардың қабілеттілік жағдайы (мысалы, білім беру, қорғау, қаржылық делдалдық көрсету, т.б.). 4. Объектілер – тауарлар, қызметтер, ақша қаржылары. 5. Субъектілер – шаруашылық бірліктері. 6. Институтциалды бірлік – активтерді иемденетін, міндеттеме қабылдауға қабілетті, шаруашылық субъектілері мен ақпараттарын және экономикалық операцияларды, активтер мен пассивтерді жинақтайтын экономикалық дербес тұлға. 7. Экономикалық өндіріс – бұл қызметтер, институтциалды бірлік тексерумен жасалынған, еңбек, капитал, тауарлар, қызметтерді жүзеге асыратын іс - әрекет. 8. Өндіріс шекарасына қызметтердің келесі түрлері қосылады: - басқа бірліктерге, көрсетілген және олардың өндірушілері болып табылмайтын тауарлар, қызметтер шығаруға арналған барлық жеке және ұжымдық тауарлардың, қызметтердің өндірісі; - өздерін өндірушілер арқылы қорлану үшін немесе түпкілікті тұтынуға жұмсалу үшін қалдырылған барлық тауарлардың өндірісі; - өзіндік түпкілікті тұтынуға қолдануға арналған қызметтердің өндірісі; - заңсыз өндіріс; - бүркемелі (жабық) өндіріс. 9. Резидент – берілген елдің экономикалық аумағында орналасқан және бір жылдың ішінде немесе одан көп уақытта осы елдің экономикалық аумағындағы экономикалық қызметке қатысқан институционалды бірлік. 10. Ішкі экономика экономикалық аумақтағы резиденттердің де, резидент еместердің де қызметін қамтиды. Ішкі экономиканың негізгі көрсеткіші - жалпы ішкі өнім. 11. Ұлттық экономика экономикалық аймақтағы және оның шекарасынан тыс орналасқан резиденттердің де қызметтерін қамтиды. Ұлттық экономиканың негізгі көрсеткіші – жалпы ұлттық табыс. 12. Шетелдегі аумақтық деп анклавалардың үкіметтік мекемелер арқылы аумақтарды демократиялық, әскери, ғылыми мақсаттарда пайдалануын айтады. 13. берілген елдің экономикалық аймағы – бұл берілген елдің үкіметімен басқарылатын, осы аумақ ішінде адамдар, тауарлар, ақшалар еркін қозғалыста болатын аумақ және оған жататындар: - әуе кеңістігі, берілген елдің аумақтық сулары және халықаралық суларда континенталдық шельф және де олардан шикізат, мұнай, газ, отын өндіруге осы елдің құқығы бар; - шетелдегі аумақтық анклавалар немесе халаықаралық ұйымдар, кәсіпорындар, осы елдің экономикалық аумағына орналасқандар. Ал басқа елдің экономикалық аумағына жататындар: - еркін аймақтар, берілген елдегі кәсіпорындар, шетелде жұмыс істейтіндер; - берілген елдің шекарасынан тыс жердегі аймақтық анклавалар. 14. Экономика секторы – экономикалық қызметпен айналысатын институтционалды бірліктердің жиынтығы, яғни өз атынан активтерді біріктіріп, міндеттемелерді қабылдап, экономикалық қызмет пен операцияларды жүзеге асыратын субъектілердің жиынтығы. Ұлттық Шоттар Жүйесінің принциптеріне сәйкес, экономикалық бірліктер екі тип бойынша жіктеледі: секторлар және салалар. Секторлар алтыға бөлінеді, бесеуі – ішкі экономика секторлары, резиденттер, ал алтыншысы сыртқы сектор (резидент еместер). 1-ші сектор – «Қаржылық емес корпорациялар» - алынған табыс пен шыққан шығындардың орнын толтыратын, баға бойынша тауарлар өндіру мен қаржылық қызметтерден басқа қызметтерді көрсететін институционалды бірліктер (кәсіпорындар, өндірістік кооперативтер, мемлекеттік қонақ үйлер, кафе және т.б.). 2- сектор – «Қаржылық корпорациялар» қаржылық қызметтер көрсететін институционалды бірліктердің жиынтығын қамтиды (Ұлттық Банк, коммерциялық банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қоры, биржалар, ломбард, бағалы қағаздар нарығы, трасталық компаниялар). Қаржылық қызметтің екі түрі бар: а) делдалдық қарыз алушыға несие беру мақсатымен өз атынан қаржылық міндеттеме қабылдай отырып, ақшалай қаражаттарды жұмылдырады және осы ағындар сипаттамасын қайта құрып, түрін өзгертеді; б) қосалқы қаржылық делдалдықпен тығыз байланысты, бұлар – қызмет көрсетуге мамандандырылған ұйымдар, бірақ өз атынан несие бере алмайды. 3- сектор – «Мемлекеттік басқару органдары» - мемлекет бақылауында тұратын және халыққа мемлекеттік басқару нарықтық қызметін атқаратын институционалды бірліктер. 4- сектор – «Үй шаруашылықтары» - жеке адамдар, бірге тұратын отбасылар, заңды статусы жоқ кәсіпкерлер. 5- сектор – «Үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар» үй шаруашылықтарына тауар мен қызметті тегін немесе төмен бағамен төлеген жарнасына, берген жәрдеміне жеткізіп береді (саяси партиялар, діни ұйымдар, ауруханалар, клубтар, спорттық қоғамдар, т.б.). 6- сектор – «Қалған әлем» - Қазақстан Республикасына қатысты басқа да шетелдерді біріктіретін экономикалық бірлестіктер. 15. Экономикалық айналым элементтері: объект, субъект, экономикалық операция. 16. Экономикалық операция - өзара келісімдер бойынша жүзеге асырылатын екі институционалды бірліктердің өзара қызметін көрсететін экономикалық ағын. Экономикалық операциялар үш топқа бөлінеді: - «тауарлар мен қызметтер операциялары» қозғалысы келесі процестермен тіркеледі: өндіріс, тұтыну, инвестициялар, экспорт, импорт; - «бөлу-үйлестіру операциялары» - табыстармен операциялар жасау: жалақы, проценттер, пайда, трансферттер (салықтар, субсидиялар); - «қаржы операциялары» - несиелерді алу, оларды өтеу, бағалы қағаздарды сату және сатып алу және басқа да қаржылық активтермен операциялар. 17. Трансферт- бұл экономикалық операция, бір институционалды бірліктің екінші институционалды бірлікке ақысына компенсация төленбей, ештеңе алмай, тауар, қызмет, не ақшаны беруі. Трансферттер ақшалай не заттай түрде берілдеі. Трансферттер үш топқа бөлінеді: ағымдағы, әлеуметтік, капиталдық. 18. Салықтар – бұл мемлекетке ақшалай немесе натуралды түрде институционалды бірліктер орындайтын міндет, компенсация жасалмайтын төлемдер. ҰШЖ салықтары «ағымдағы» және «капиталды» болып бөлінеді. 19. Таза салықтар салықтан демеу қаржыны азайтқанға тең. 20. Демеу қаржылар (субсидиялар) – кәсіпорындарға орны толтырылмайтын ағымдағы мемлекеттік бірлік төлемдері. Демеу қаржыны резиденттік өндірушілер алады және салыққа кері трансферт ретінде болады. Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар. Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Әлеуметтік- экономикалық статистика нені зерттейді? 2. Әлеуметтік- экономикалық статистиканың негізгі әдістерін анықтаңыз. 3. Әлеуметтік- экономикалық статистиканың көрсеткіштер жүйесін сипаттаңыз. 4.Ішкі экономиканың әр секторының субъектілерін, функцияларын атаңыз. 5.Осы елдің экономикалық аумағын, ішкі және ұлттық экономикасы, институционалды бірліктері, резиденті туралы түсінік беріңіз. 6.ҰШЖ бойынша экономикалық операциялардың топтастырылуы қандай? 7.Трансферттің түсінігін беріңіз. ҰШЖ бойынша трансферттертің топтастырылуы қандай? 8.ҰШЖ бойынша салықтар қалай жіктеледі? 9.Субсидияның, салықтың қандай түрлері трансферттерге жатады? 10.ҰШЖ бойынша таза салық қалай есептеледі? Тақырып 2. Халық және еңбек статистикасы Дәріс сұрақтары: 1. Халық саны және құрамының статистикасы 2. Жұмысбастылық және жұмыссыздық статистикасы 3. Халық қозғалысының статистикасы 4. Халық санын болжаудың статистикалық әдістері 5.Жұмыс істейтін халықтың қозғалысы және жұмыс күші құнының статистикасы 1. Халық саны және құрамының статистикасы Халық берілген аумақта тұратын адамдар. Халық статистикасының бақылау объектісіне тұтас халық және оның жеке белгілі топтары жатады. Бақылау бірлігі – адам, отбасы, үй шаруашылығы. Еңбекке жарамдылығына қарай халықтардың келесідей категориялары бар: еңбек жасындағы халық саны, еңбек жасындағы еңбекке қабілетті халық саны, еңбек ресурстары. Еңбекке жарамды жастағы еңбекке қабілетті халық саны = Еңбекке жарамды жастағы тұрақты халық саны - Әлеуметтік қорғау орнынан зейнетақы алатын, еңбекке қабілетті жастағы, 1-2 топтағы мүгедектер саны, еңбек жасына байланысты қосымша шартпен зейнетақы алатын, еңбекке жарамды жастағы жұмыс істемейтін зейнеткерлер саны. Халық және еңбек статистикасының міндеттері: - халықтың табиғи қозғалысы зерттеу; - халықтың миграциялық қозғалысын зерттеу; - еңбек нарығын, халықтың жұмысбастылғын және жұмыссыздығын зерттеу; - халық санын болжау. Халық туралы ақпарат көздері: 1. Халық санағы – критикалық сәт кезіндегі күйі бойынша қазақстан Республикасындағы әр азаматты сипаттайтын демографиялық және әлеуметтік мәліметтерді жинау процесі. Халық санағы әр 10 жыл сайын жүргізіледі. (1999 жыл 25 ақпан) 2. Халық туралы халық санақтары арасындағы ағымдағы есеп: - азаматтық күй актысы- қалпындағы жазбалар – халықтың табиғи қозғалысы түрдегі перзентханада, загстерде, аудандық кеңестегі халық есебі; - миграциялық (көшіп-қону) процестер – келу парғына тіркелетін статистикалық есеп талоны, ішкі істер органдарының және паспорт рұқсатнама қызметінің мәліметі. 3. Ішінара зерттеу халық санақтары арасында жүргізіледі. Оның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы және оның жекелеген аумақтарындағы халықтың әлеуметтік- экономикалық құрамы туралы қосымша мәліметтерді жинау. 4. Ұйымдардың еңбек туралы есеп берулері жұмыс істейтін халықтың еңбек қызметтерін сипаттайды. Халық санағы келесі категориялармен тіркеледі: тұрақты, нақты халық және олармен тығыз байланыстағы уақытша келгендер және уақытша кеткендер. Статистика халықтың құрамын басқа белгілері (жыныс, жас, әлеуметтік жағдайы, отбасы жағдайы, ұлты, білім деңгейі, күн көру көздері, аймақ, қызметінің түрі, т.б.) бойынша топтастырумен сипаттайды. 2. Жұмысбастылық және жұмыссыздық статистикасы Қазақстандағы еңбек нарығының деңгейі және дамуының сипаттамасы еңбек ресурстарының категорияларымен байланысады. Еңбек ресурстары – еңбекке жарамды халық, демек нақты және потенциалды жұмыскерлер. Еңбек ресурстары – экономикалық белсенділік мәртебесі бойынша экономикалық белсенді және экономикалық белсенді емес халық болып бөлінеді. Экономикалық белсенді халық - өндірістік тауарлар мен қызметті өндіруді жұмыс күшімен қамтамасыз ететін халықтың бір бөлігі. Халықаралық стандарттарға сәйкес белсенді халыққа 15 және одан жоғары жастағы адамдар жатады. Экономикалық белсенді халық саны = жұмыспен қамтылған халық саны + жұмыссыздар саны Экономикалық белсенді жастарға 15-24 жас аралығындағы жұмыспен қамтылған және жұмыссыздар жатады. Жұмыспен қамтылған халық (жұмысбасты) – жасына қарамастан экономика саласында нақты жұмыс істеп жүрген халық. Жұмысбастылық мәртебесі бойынша жұмыспен қамтылған халық екіге бөлінеді: жалдамалы жұмысшылар және өз бетімен жұмыспен айналысушылар. Жұмыссыздар – экономикалық белсенді жастағы халық, жұмыс орны жоқ, бірақ белсенді жұмыс іздеп жүрген және жұмысқа дайын адамдар. Экономикалық белсенді емес халық – үй шаруашылығымен айналысатын, экономикалық белсенді жастағы халық және күндізгі оқу бөлімінде оқитындар. Экономикалық қызмет жасамайтын, еңбекке жарамды жастағы, еңбек етуге қабілетті халыққа жататындар - мүгедектер, асыраушы адамды жоғалтқандар, жеңілдік шарты бойынша зейнетақы алатындар; жұмысты іздемейтіндер, бірақ жұмыс істеуге мүмкіншілігі бар және жұмыс істеуге дайындар, табыс көзіне қарамай, жұмыс істеуге қажеттіліктері жоқ адамдар. Экономикадағы жұмыспен қамтылмағын халықтың саны = халықтың жалпы саны – экономикадағы жұмыспен қамтылған халықтың саны. Еңбек нарығына қатысты көрсеткіштер Халықтың экономикалық экономикалық белсенді халық саны белсенділік үлесі = ----------------------------- ------------------------------- х 100 жалпы халық саны Халықтың экономикалық экономикалық белсенді халық саны белсенділік коэффициенті = -------------------------------------- ---------------------- х 100 15 және одан жоғары жастағы жалпы халық саны Экономикадағы жұмыс жұмыспен қамтылмаған халық саны істейтін бір адамға есебімен = ------------------------------------- ----------------------- х 100 Жүктеме коэффициенті жұмыспен қамтылған халық саны Жұмыспен қамтылу жұмыспен қамтылған халық саны (жұмысбастылық) = --------------------------------- --------------------------- х 100 коэффициенті экономикалық белсенді халық саны Жастардың 15-25 жастағы жұмыс істейтін жастар саны жұмысбастылық = --------------------------------- --------------------------- х 100 коэффициенті 15-25 жастағы экономикалық белсенді жастар саны Жалпы жұмыссыздар саны жұмыссыздық = ----------------------------------- ------------------------- х 100 коэффициенті экономикалық белсенді халық саны Жастардың 15-25 жастағы жастардың жұмыссыздар саны жұмыссыздық = ----------------------------------- --------------------------- х 100 коэффициенті 15-25 жастағы экономикалық белсенді халық саны Ұзақ мерзімдегі 1 және одан көп жыл жұмыс таба алмағандар саны жұмыссыздық = ----------------------------------- ------------------------------ х 100 коэффициенті экономикалық белсенді халық саны Халықтың экономикалық белсенді емес халық саны экономикалық белсенді = ----------------------------------------- ------------------------ х 100 емес коэффициенті 15 жастағы және одан жоғары белсенді халық саны Еңбекке жарамды еңбекке жарамды жасқа дейінгі халық саны жастағы халықтың орнын = ------------------------------------------- ---------------------- х 100 басу коэффициенті еңбекке жарамды жастағы халық саны Зейнеткерлік еңбекке жарамды жастан кейінгі халық саны жүктеме = ------------------------------- ---------------------------------- х 100 коэффициенті еңбекке жарамды жастағы халық саны Жалпы еңбекке жарамды жасқа дейінгі және кейінгі халық саны жүктеме = -------------------------------------- --------------------------------------- х 100 коэффициенті еңбекке жарамды жастағы халық саны 3. Халық қозғалысының статистикасы Туу және өлу процестерінің әсер етуі есебінен халық санының өзгеруі табиғи қозғалыс деп аталады. Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасынан және аймақтар ішінде тұратын мекендеуге келгендер және шетелге тұрақты мекендеуге кеткендер халықтың миграциялық қозғалысы деп аталады. Халықтың жалпы қозғалысы табиғи миграциялық қозғалыста туындайды. Халық қозғалысының абсолютті көрсеткіштері: 1. N – туылған балалар саны. 2. М - өлгендер саны. 3. m – ағымдағы жылда 1 жасқа толмай шетінеп кеткен сәбилердің саны. 4. [pic]таб. =N-M – халықтың табиғи өсімі. 5. Н – некеге тұру саны. 6. А – ажырасу саны. 7. В - Қазақстан Республикасынан, аймақтарынан кеткендер саны. 8. П- Қазақстан Республикасына, аймақтарына келгендер саны. 9. [pic]миг. – П-В – халықтың миграциялық өсімі. 10. П+В – халықтың миграциялық айналымы. 11. [pic]жалпы =[pic]таб.+ [pic]миг. = N- N+П-В= Sс – Sб – халықтың жалпы өсімі. 12. Sб – жыл басындағы халықтың саны. 13. Sс – жыл соңындағы халықтың саны. 14. Sс = Sб + N –М +П-В – жыл соңындағы халықты есептеу үшін осы баланстық әдіс пайдаланылады. Халық қозғалысына қатысты көрсеткіштер 1. Халықтың құрылымы, үлес салмағының көрсеткіштері. 2. Координация коэффициенті – халықтың жеке категорияларының өзара қатынасы. 3. халықтың табиғи және миграциялық қозғалысының коэффициенттері. Халықтың табиғи қозғалысының коэффициенттері 1. Жалпы туу коэффициенті: К жалпы туу = [pic] , мұндағы [pic]- халықтың орташа жылдық саны 2. Арнайы туу [pic] коэффициенті: К ар.туу = [pic], мұндағы [pic] -15- 49 жастағы әйелдердің орташа саны 3. Жастық туу коэффициенттері - әйелдердің белгілі жас тобынан туылған балалар санының осы жас аралығындағы әйелдердің орташа санына қатынасына тең болады. 4. Жалпы өлу коэффициенті: Көлу =[pic] 5. Нәрестелердің шетінеу коэффициенті деп 1 жасқа толмаған сәбилердің шетінеп кеткен дәрежесін көрсететін шаманы айтады. Бұл коэффициент екі тәсілмен табылады: А) нәрестелердің туылу кезеңін есепке алмай – Кнәр.шет.= [pic], мұндағы Кнәр.шет- нәрестелердің шетінеу коэффициенті. Б) нәрестелердің туылу кезеңін есепке алып - Кнәр.шет.=[pic] , мұндағыNo- өткенжылы туылған балалар саны; N1- ағымдағы жылы туылған балалар саны. 6. Жастық өлу коэффициенттері анықталған жас тобындағы өлгендер санының осы жастағы халықтың орташа санына қатынасына тең. 7. Туу және өлу процестері арасындағы қатынасты анықтау үшін Покровский коэффициенті (өміршеңдік) қолданылады: К Покровский өміршеңдік=[pic]; 8. Табиғи өсім коэффициенті: [pic]Кжалпы туу- Көлу 9. жалы некелілік коэффициентін анықтау үшін бір жылда тіркеуге алынған неке санын халықтың жылдық орташа санына бөледі және оны 1000-ға көбейтеді: Кнеке=[pic] 10. Жалпы ажырасу коэффициенті: Кажыр.=[pic] 11. Арнайы некелілік және ажырасу коэффициенттері некеге тұру жасын анықтайды (15 жастан жоғары), мысалы Карнайы некелілік=[pic] 12. Ажырасушылық арнайы коэффициенті: Карнайы ажыр.=[pic] 16. Некелік және ажырасушылық коэффициенттері төмендегідей жас тобы аралықтарында (ерлер және әйелдер үшін жеке, бөлек) есептелінеді: 16-19, 20-24, 25-29, 30-34, 35-39, 40-44, 45-49, 50-54, 55-59 жас. Халықтың жалпы және миграциялық қозғалысының коэффициенттері Халықтың жалпы миграциялық өсімі (миграциялық интенсивтілік), берілген тұрғылықты, жергілікті жерге көшіп келген адамдар саны мен берілген тұрғылықты жерден көшіп кеткен адамдар санының айырмасымен анықталады. 17. Миграциялық өсімнің немесе миграциялық интенсивтіліктің коэффициенті: Кмигр.=[pic] 18. Миграциялық айналым коэффициенті: Кайн.коэфф.=[pic] 19. Миграциялық тиімділік коэффициенті: Ктиімд.миг.=[pic] 20. Жалпы өсімнің коэффициенті: [pic] 4. Халық санын болжаудың статистикалық әдістері Халықтың алдағы санын есептеу келесі әдістермен жүргізіледі: 1. жас бойынша жылжыту әдісі – тұлғаның «х» жасынан келесі «х+1» жасына ауысу. Халықтың әрбір жас аралық тобынан белгілі бір жастағы өмір сүру коэффициентін есепке алып, келесі жылға жылжу. 2. Халықтың жалпы өсімінің коэффициенті туралы мәліметтер негізінде глобалды әдіс жатыр. [pic], мұндағы [pic]- келесі жылға t жылға болжанған халық саны; [pic]- ағымдағы соңғы жылдағы нақты халықтың саны; [pic] - халықтың жалпы өсім коэффициенті; t – болжам жасалатын уақыт. 3. Халық санының орташа абсолюттік өсімінің мәліметтерін пайдаланып: [pic] , мұндағы [pic]- орташа абсолюттік өсім. [pic], мұндағы [pic]- халық санының абсолюттік өсімдерінің қосындысы, m- өсімдердің саны. 4. Халық санының орташа өсу қарқынының мәліметтерін пайдаланып: [pic], мұндағы, [pic]- халық санының орташа өсу қарқыны. 5. Жұмыс істейтін халықтың қозғалысы және жұмыс күші құнының статистикасы ҰШЖ бойынша жұмыс істейтін халық екіге бөлінеді: жалдамалы және өзін- өзі қамтитын жұмыс бастылар. ҰШЖ –де жалдамалы жұмысшылар әлеуметтік статусы бойынша екіге бөлінеді: жұмысшылар және қызметкерлер. Қызметкерлер жұмыскерлердің үш тобын құрайды: басшылар, мамандар, және басқа қызметкерлер. Жұмыскерлер айналымының абсолюттік көрсеткіштері – берілген кездегі жұмысқа алынған және жұмыстан босатылған жұмыскерлер саны. Жұмыс күші қозғалысы интенсивтілігінің қатысты көрсеткіштері: Жұмыскерлерді жұмысқа қабылданған жұмыскерлер саны қабылдау бойынша = ------------------------------------------------- ---------------- х 100 айналым коэффициенті жұмыскерлердің тізім бойынша орташа саны Жұмыскерлердің себептер бойынша жұмыстан кеткен жұмыскерлер саны жұмыстан кетуі бойынша = --------------------------------------------- --------------------------- х 100 айналым коэффициенті жұмыскерлердің тізімдік орташа саны Жұмыс күшінің кезеңдегі жұмысқа қабылданған жұмыскерлер саны орнын басу = ------------------------------------- ----------------------------------- х 100 коэффициенті себептер бойынша жұмыстан кеткен жұмыскерлер саны Кадрлардың өз еркімен жұмысқа келмеген және тәртіп бұзғандар саны тұрақтамаушылығының = ------------------------------------------------ ------------------------ х 100 коэффициенті тізім бойынша жұмыскерлердің орташа саны Кадрлардың есеп беру кезеңіндегі тұрақты жұмыскерлер саны тұрақтылық = ------------------------------------- ----------------------------------- х 100 коэффициенті жұмыскерлердің кезең аяғындағытізімдік саны Жұмыс күшінің құны – бұл жұмыскердің және оның отбасының өмір сүру қаражаттарының құны. Кәсіпорынның жұмыс күшіне жұмсалған шығындары құнына жалақы қоры, жұмыскерлердің тұрғын үйіне жұмсаған шығындары, әлеуметтік қамтуға шыққан шығындар, кәсіптік оқытуға, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуге жұмсалған шығындар және т.б. жатады. Жалданбалы жұмыскерлердің еңбекақы төлемі- есеп беру кезінде жұмыс берушінің жалданбалы жұмыскерге орындаған жұмысына беретін ақша немесе зат түріндегі төлемақысы. Еңбекақы екі бөліктен тұрады: - қолма қол ақша және заттай түрде берілетін жалақы; - әлеуметтік сақтандыруға аударылатын сома. Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар. Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз. 1. «Тұрақты халық» және «нақты халық» ұғымдарының айырмашылығы неде? 2. Халық статистикасында халықты бақылау объектісі не№ 3. «Халық», «Экономикалық белсенді халық», «Экономикалық белсенді емес халық» ұғымдары нені білдіреді? 4. Халық туралы ақпараттың негізгі көздерін атаңыз. 5. «еңбекке жарамды халық саны», және «Еңбекке жарамды жастағы еңбекке қабілетті халық саны» ұғымдарының айырмашылығы неде? 6. Халықтың табиғи қозғалысының негізгі көрсеткіштерін атаңыз. 7. Еңбек ресурстары, халықтың орташа саны қалай анықталады? 8. Халықтың көшіп-қонуының негізгі көрсеткіштерін атаңыз. 9. Экономикалық белсенді халықтың құрамы қандай? 10. Жұмыс күшінің шығынының құны қандай? Тақырып 3. Ұлттық байлық статистикасы Дәріс сұрақтары: 1. Ұлттық байлықтың құрамы, мәні 2. Негізгі капиталдың бар болуы, күйі және қозғалысының статистикасы 3. Негізгі капиталдың ұдайы өндіріс статистикасы 4. Негізгі капиталды пайдалану статистикасы 5. Айналым капиталының статистикасы 6. Инвестиция статистикасы 1. Ұлттық байлықтың құрамы, мәні. Еліміздің ұлттық байлығы – белгілі бір уақытта мемлекетте қорланған экономикалық активтердің жиынтығы: қаржылық емес және таза қаржылық активтер , тауарларды өндіруге, қызметті көрсетуге және адамдардың өмірін қамтамасыз ету үшін қолданылады. Экономикалық актив – бұл меншік құқығымен таратылатын және қожайындарға иелік ету арқылы экономикалық табыс әкелетін экономикалық обьект. Экономикалық активтер қаржылық және қаржылық емес активтерге бөлінеді. Қаржылық активтер институционалды бірліктер арасында белгіленген дебиторлық-кредиторлық шартты қатынас негізіндегі қаржылық міндеттемелерден пайда болады.Қаржылық активтердің қаржылық емес активтерден айырмашылығы – көпшілігінің басқа институционалды бірліктерге талаптарын ұсынады, яғни оларға басқа меншік иесінен қаржылық міндеттемелерді қарсы қояды. Қаржылық активтер қаржылық міндеттемелерден, келісімді дебитті- кредитті қатынастардан туындайды. Ұлттық Шоттар Жүйесі бойынша қаржылық активтердің жіктелуі, екі критерий бойынша анықталады: 1. құқықтық сипаттамалар, яғни несие беруші мен қарыз алушының өзара қатынасын сипаттау. 2. ликвидтік – бұл активтердің ақшалай қаражатқа айналатын берілу мүмкіндігі, ликвидті түрде немесе оңай айналуы. Ең көп ликвидтілік иеленетіндер – монеталық алтын, қолма қол ақша, аудармалы депозиттер. Қаржылық активтер категорияларының сипаттамалары: 1. Монетарлық алтын – қаржы несие мекемелерінде халықаралық резерв немесе қаржылық актив ретінде сақталатын алтын. 2. Қарыз алудың арнайы құқы(SDR) - халықаралық резервтік активтер болып табылады. SDR халықаралық валюта қорында құрылып , резервтік активтердің орнын толтыру үшін оның мүшелері арасында бөлінеді. 3. Қолма қол ақшалар төлем қаржысы ретінде пайдаланылатын, айналымда жүрген банкноттар мен монеталардан тұрады. 4. Депозиттер – бұлар халықтың, мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың салымы. Депозиттер аудармалы және аударылмайтын болып бөлінеді. 5. Бағалы қағаздар – қандай да бір мүлікке немесе ақша сомасына иелік құқығын беретін , аталған заттарды, тиісті құжаттарды көрсетпейінше , сатуға немесе басқа бір адамға беруге болмайтынын дәлелдейтін, арнайы дайындалған ақшалай құжаттар. 6. Қарыз – несие беруші қарыз алушыға қаржыларын пайдалануға берген кезде жасалатын қаржылық құралдар. 7. Акциялар және капиталдағы үлестік қатысудың басқа да түрлері .Акция – бұл акционерлік қоғамның меншігінен адамның өз үлесін алуға құқығы барын растайтын және оған пайданың бір бөлігін дивиденттер түрінде алуға құқық беретін бағалы қағаз. 8. Сақтандырудың техникалық резервтері мекемелердің келесі екі түрін иемденеді: Өмірді сақтандыру мен сақтандырудың басқа түрі бойынша құрылған компаниялар: қайғылы оқиғадан сақтандыру, табысты қолдау үшін сақтандыру, көлікті сақтандыру, денсаулықты сақтандыру және т.б. Зейнетақы қоры қызметкерлер мен жұмыскерлерді зейнетақымен қамтамасыз ету үшін құрылған резервтерден тұрады. 9. Дебиторлардың, несие берушілердің басқа да шоттары.Бұл категорияға мыналар жатады: 1. сауда несиесі 2. жұмыс үшін аванс төлеу 3. дебиторлардың басқа да қарыздары. Өзінің шығу тегіне байланысты , қаржылық емес активтер өндірілген және өндірілмеген болып бөлінеді. Өндірілген қаржылық емес активтер өндіріс процесінде жасалады.Өндірілмеген қаржылық емес активтер өндіріс үшін аса қажет болса да , оның өнімі болып табылмайды. Барлық өндірілмеген материалдық активтердің табиғи тегі бар. Ұлттық байлық мөлшерін анықтау үшін мағлұматтың қайнар көздері болып баланстық кестелер саналады.Бұлар капиталмен байланысты операциялар туралы шот, қаржылық шот, активтер мен пассивтер көлемдері арасындағы басқа өзгерістердің шоты, қайта бағалау шоттары деп аталады. Олардың негізінде активтер мен пассивтер балансы өңделеді.Ұлттық байлықтың құрамдас элементтері жыл басында немесе жыл аяғында активтер немесе пассивтер болып көрсетіледі. Жыл аяғындағы активтер немесе пассивтер балансы. 1-кесте |Активтер |Міндеттемелер және меншік капитал | |1.Қаржылық емес |2.1.Қаржылық | |2. Қаржылық |2.2.меншік капиталының таза құны | | |(1.1.+1.2.-2.1.) | Активтер мен пассивтер балансы көрсеткіші бойынша экономика секторнының «меншік капиталының таза құны» есептеледі. Қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелер ішкі экономика секторлары арасында өзара өктеледі. Сонымен , ҰШЖ барлық экономика секторларының меншік капиталына таза құнының жиынтығына еліміздің ұлттық байлығын немесе ұлттық капиталын құрайды. Елдің ұлттық байлығы Осы елдің резиденттерінің Қалған елдердің немесе меншік қаржылық емес активтерінің талаптарына арналған капиталаның = құны + қаржылық таза құн таза құны Таза құн – бұл меншік капиталының жинақталған тозу сомасын шегергендегі ағымдағы құн. Қалған елдердің Осы елдің Осы елдің резиденттерінің талаптарына резиденттерінің қалған әлемге арналған шетелдік арналған қаржылық = шетелдік қаржылық + қаржылық міндеттемелерінің таза құн активтерінің құны шетелдік құны Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі ұлттық байлықты, бұрынғы әдіс бойынша, қоғам еңбегімен жасалған , жинақталған материалдық игіліктер ретінде санайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық байлық элементтері экономикалық мақсатқа сәйкес мынадай топтарға бөлінеді: негізгі капитал, материалдық емес активтер, тауарлы материалды қосалқы қорлар. Ағымдағы бағада жиналған мемлекеттік ұлттық байлығы материалдық, табиғи ресрстарға жыл аяғында келген институционалдық бірліктердің ақша шығынын көрсетеді. Құрылымның үлес салмағы жалпы қорытындыдағы ұлттық байлықтың құрамдас бөлігі ретінде есептеледі және ұлттық байлықтың құрамын көрсетеді. Ұлттық байлықтың құрылымдық теңдігі базистік және есептеу кезеңдеріндегі өтіп жатқан өзгерістерді көрсетеді. Ұлттық байлықтың динамикасының нақты көлемін суреттеу үшін тұрақты бағада оның элементтерінің бағалануы қолданылады немесе индекс көмегімен қайта санау жүргізіледі, индекстің көмегімен есептеледі: I= ∑Pq / ∑P q= ∑P q/ i / P q Мұндағы: I- ұлттық байлықтың физикалық көлемінің индексі. ∑Pq- есептеу кезеңдегі тұрақты бағада есептегенде реалды ұлттық байлықтың көлемі; ∑Pq – базистік кезеңдегі ұлттық байлық; ∑Pq – есептік кезеңдегі ұлттық байлық; I – ұлттық байлықты құрайтын элементтердің жеке индекстері. 2. Негізгі капиталдың бар болуы, күйі және қозғалысының статистикасы. Негізгі капитал – ол өндіріс процесінде жиі немесе үздіксіз пайдаланылатын , пайдалану ұзақтығы бір жылдан жоғары және өз құнын дайын өнімге амортизация түрінде бөліп сіңіретін қаржылық емес экономикалық активтер. Негізгі активтер материалдық және материалдық емес болып бөлінеді. Олардың құрамы келесі кестеде көрсетілген. Негізгі капиталды сыныптау 2-кесте | Негізгі | |капитал | | 1. Материалдық | 2. Материалдық емес | |1.1.Үйлер мен ғимараттар |2.1. Бұрғылау және геологиялық | |Олардың ішінде: |барлау жұмыстары | |тұрғын үйлер |2.2. Электрондық есептеу машиналары | |басқа үйлер мен ғимараттар. |және компьютерлік бағдарламалармен | |1.2. Машиналар мен жабдықтар |қамтамасыз ету. | |Олардың ішінде: |2.3. Әдеби және көркем шығармалардың| |көліктер |түпнұсқалары | |басқа машиналар мен жабдықтар. |2.4. Ғылымды қажет ететін | |1.3. Өңделетін биологиялық активтер.|өнеркәсіптік технологиялар. | |Олардың ішінде: | | |көп жылдық екпе ағаштар | | |ересек жұмысшы және өнім беретін мал| | |балық өсірушілік | | |омарташылық, бал арасын өсіру, және | | |т.б | | Негізгі капиталдың статистикалық міндеттері: 1. Ақпараттарды жинау және негізгі капиталдың көлемін анықтау; 2. негізгі капиталдың құрылымын анықтау 3. негізгі капиталды бағалау, қайта бағалау 4. негізгі капиталды пайдаланудың және қозғалысының күйінің бар болуының статистикалық талдауы. Статистикада негізгі капиталды мына белгілері бойынша топтастырады: а) кәсіпорындардың меншігінің формасы ә) экономика саласы б) аймақ Негізгі капитал туралы статистикалық ақпараттың алғашқы көзі – баланс. Негізгі капиталдың статистикалық баланстары микродеңгейдегі, макродеңгейдегі, толық бастапқы және қалдықтық құнынан құралады. Негізгі капиталдың қалдықтық құны бойынша балансы 3-кесте |Баланс бабы |Экономика, |Соның ішінде салалар | | |барлығы |бойынша кәсіпорындардың | | | |меншікті формалары | | | |бойынша: | |жыл басындағы бар болуы | | | |жыл ішіндегі түскендердің | | | |барлығы | | | |Соның ішінде: | | | |іске қосылған | | | |күрделі жөңдеу | | | |өзге себнптерден | | | |жыл ішіндегі істен шыққанның| | | |барлығы. | | | |Соның ішінде: | | | |жойылғаны | | | |тозғаны | | | |өзге себептерден. | | | |жыл аяғындағы бар болуы | | | |жыл бойындағы негізгі | | | |капиталдың абсолюттік өсімі | | | |күрделі қаржы жұмсалымы | | | |аяқталмаған құрылыс | | | |жыл басына | | | |жыл аяғына | | | Күрделі жөндеу көрсеткіштері мынаны сипаттайды: 1. негізгі капитал құнының артуы; 2. күрделі жөндеулерге жұмсалған ақшаларды игеру. Баланстың мәліметтері бойынша жыл басы мен жыл аяғына арналған негізгі капиталдың қатысуы арасындағы тәуекелділік келесідей: НК=НК + Т – Ш Мұндағы: НК – жыл аяғындағы капиталдың толық құны; НК –жыл басындағы негізгі капиталдың толық құны; Т – барлық бап бойынша жыл бойындағы негізгі келіп түскен құны; Ш – барлық себептер бойынша жылбойындағы негізгі капиталдың істен шыққан және тозған құны; Негізгі капиталды бағалау әдістері: 1. Бастапқы құн (БҚ) – бұл негізгі құрал-жабдықтарды құру немесе сатып алу үшін нақты жұмсалған шығындар құны. 2. Ағымдағы құн (АҚ) – бұл негізгі қаражаттардың қолданыстағы нарықтық бағасы бойынша құны. 3. Баланстық құн (ҚҚ) – ол негізгі қаражаттардың жинақталған тозу сомасын шегергендегі бастапқы құн. Амортизация – латын тілінен аударғанда өтеу деген мағынаны береді, онда ҚҚ=БҚ-А 4. Қалпына келтіру құны(ҚКҚ) – ол ғылыми техникалық прогресс пен бағалардың жаңа шартының есептері бойынша негізгі капиталдың құны. ҚКҚ=БҚ* I, мұндағы I – негізгі капитал элементтерінің баға индексі. 5. Жойылу құны (ЖҚ) – сынған металлоломды өткізу бағасы бойынша анықталады, бұл – негізгі капиталдың тозуына және істен шығуына байланысты жойылғаннан кейінгі өткізуден алынған түсім. Негізгі капитал тозуының коэфициенттері: Ктоз ж.б = Тж.б / БКж.б немесе Ктоз.ж.а= Тж.а / БКж.а Мұндағы: Ктоз.ж.б. және Ктоз.ж.а. – сәйкесінше жыл басы мен жыл аяғындағы тозудың коэфиценттері. Негізгі капитал қозғалыстарының көрсеткіштеріне жататындар: істен шығу, жою, түсу және жаңарту коэфиценттері. Жою және жаңарту коэфиценттері мерзімге арналған негізгі капиталдың қайта өндірісінің кеңейтілуін көрсетеді. Негізгі капиталды жою коэфициенті:( К жою) К жою = Жойыл. / БК ж.б Мұндағы: жойыл.- кезең бойынша жойылған негізгі капиталдың сомасы. Негізгі капиталдың істен шыққан коэфициенті (Кш): Кш = Ш / БКж.б Мұндағы: Ш – кезең бойынша барлық бағыттар мен істен шыққан негізгі капиталдың сомасы. Негізгі капиталдың түсу коэфициенті (Кт): Кт = Т / БК ж.а мұндағы: Т – кезең бойынша барлық көздерден түскен негізгі капиталдың сомасы. Негізгі капиталдың жаңарту коэфициенті (Кжаңарту) Кжаңарту = Жаңарт / БК ж.а Мұндағы жаңарт. – кезең бойынша жаңартылған негізгі капиталдың сомасы. Негізгі капиталдың жаңарту коэфициенті мынаны сипаттайды: а)негізгі капиталдың өсу көлемі; б)жаңа негізгі капиталдар құру үшін күрделі қаржы жұмсауға бағытталған қаржаттың азаюы. 3. Негізгі капиталдың ұдайы өндіріс статистикасы. Негізгі капиталдың ұдайы өндірісі жай және кеңейтілген түрлерге бөлінеді. Ұдайы өндірісті күрделі кеңейтілген жай ұдайы жылдық = іске + жөндеу = ұдайы өндірістің + өндірістің көлемі көлемі қосу көлемі Жай ұдайы өндірістің құралу көздері: 1. жай ұдайы ұдайы өндірістің кеңейтілген өндірістің көлемі = жылдық көлемі - ұдайы өндірістің көлемі. (тенге) 2. амортизациялық қор 3. жылдық амортизациялық аударымдардың сомасы 4. амортизация нормасы 5. тозу және жарамдылық коэфициенттері 6. жай ұдайы өндірістің үлесі. Амортизациясы көрсеткіштері: Амортицазиялық аударымдар өнімнің өзіндік құнына жатады. Амортизациялық аударымдардың (А) жылдық сомасы: а) егер жөндеу жұмыстарын жаңғыртулар болмаса, онда А= БК - Ж t Мұнда t - негізгі капиталдың қызметінің нормативтік мерзімі; ә) Егер жөндеу жұмыстарының жаңғыртулар болса, онда А= БК + ЖКЖ +ЖШ –Ж t Мұндағы: ЖЖҚ – жөндеу жұмыстарының құны, ЖЖШ – жаңғыртуларға жұмсалған шығындар. Амортизацияның жылдық нормасы (Na,%): Na = А * 100 немесе Na = А * 100 ККК БК Амортизацияны4 жалпы сомасы ∑ А = бастапқы құн + капиталды жөндеу жұмыстарының құны + жаңғырту шығындары – жойылған құн, ∑ А = БҚ +ЖЖҚ + ЖШ –Ж, яғни БҚ = ∑ А ЖЖҚ – ЖШ +Ж. ҰШЖ бойынша негізгі капиталдың тұтынылу (НКТ) – есептік кезеңге арналған өндірісте пайдаланылатын негізгі капиталдың физикалық және мормальдық тозуы немесе кездейсоқ зақымдануы авариядан зақымдану нәтижесінде құнының азаюы. Негізгі капитал – бұл моментік көрсеткіш. Сондықтан негізгі капиталдың қолда бар болу көрсеткіштері: Ай, жыл басына негізгі капиталдың құны (НК ж.б.) Ай, жыл аяғына негізгі капиталдың құны (НК ж.а.) Периодтағы негізгі капиталдың орташа құнының бар болу (НК) себебі, олардың түсімі мен шығынына байланысты есепті кезең ішінде негізгі капиталдың қозғалыстары жүреді. Негізгі капиталдың кеңейтілген ұдайы өндірісі негізгі капиталдың ұдайы өндірісінің капитал салымы ретінде қамтамасыз етіледі. Капитал салымы – жаңарту үшін, сонымен қатар кеңейтуге, негізгі капиталды техникалық жабдықтармен қайта қамтамасыз етуге арналған шығындар. Кеңейтілген ұдайы өндірістің көрсеткіштері: 1) Негізгі капиталдың жаңару және істен шығу сомалары; 2) Негізгі капиталдың жаңарту және істен шығару коэффициенттері; 3) Кеңейтілген ұдайы өндірістің клемі – негізгі капиталдың абсалютті өсімі; 4) Күрделі қаржы жұмсалымының көлемі құрылымы; 5) Жаңа негізгі капиталдың іске қосылуы; 6) Кеңейтілген кеңейтілген ұдайы өнд.көлемі * 100 ұдайы өндірістің = ұдайы өндірістің жылдық көлемі. үлесі (%). Негізгі капиталдың жаңару көрсеткіштері мынаны сипаттайды: 1. негізгі капиталдың өсу көлемі 2. жаңа негізгі капиталдар құру үшін күрделі қаржы жұмсауға бағытталған қаражаттың азаюын. 4. Негізгі капиталды пайдалану статистикасы. 1. Капитал қайтарымы – негізгі капиталды тиімді пайдаланудың маңызды көрсеткіші, мұнда негізгі капиталға жұмсалған әр теңге ақшасынан алынған өнімнің мөлшері сипатталады. F=Q/ НК Q - өндіріске нәтиже берген келесі көрсеткіштер: а) кәсіпорын деңгейінде – шығару пайда. б)экономика саласының деңгейінде – шығару, пайда, қосылған құн. в)макроэкономика деңгейінде – жалпы ішкі өнім , жалпы ұлттық табыс және т.б 2. Капитал сыйымдылығы – капитал қайтарымына кері көрсеткіш. 3. Еңбекті капиталмен жарақтандыру – орташа тізімдегі бір жұмыскерге шаққандағы негізгі капиталдың мөлшері. 4. Еңбек өнімділігі – орташа бір жұмыскерге шаққандағы өнім шығарылымы. 5. Айналымның капиталының статистикасы. Айналым капиталы – бір өндірістік циклде немесе қысқа календарлық кезеңінің уақыт ағымында қолданылатын еңбек құралы. Ол кәдімгідей заттай жасалған өнімге кіреді және толығымен оған өз құндылығын көшіреді. Өндіріс процесіндегі рөліне байланысты айналым капиталы өндірістегі капитал және айналыстағы капитал деп бөлінеді. Өндірістегі айналым капиталының құрамы мен мазмұны: өндірістік қорлар – бұл кәсіпорынның аралық тұтыну ретінде өндірісте қолдану үшін қорда ұстайтын барлық тауарлары. Аяқталмаған өндіріс – кәсіпорын өңдей бастаған , бірақ әлі тіпті бір цех ішінде аяқталмаған, басқа институтционалды бірліктерге жеткізілуге арналған заттар. Дайын өнімдер – басқа институционалды бірліктерге жеткізгенге дейін өндірушілерге сақталатын, берілген кәсіпорында ешқандай өңдеуді қажет етпейтін , қалыптасқан нормаға сәйкес келетін сертификатпен жабдықталған және оралған тауарлар. Қайта сатуға арналған тауарлар – көтерме және бөлшекті саудагерлердің қайта сату мақсатымен сатып алған тауарларды, қайта сатуға арналған тауарларды көтерме және бөлшекті саудагерлер өңдемейді , олар тек өнімді тартымды және ыңғайлы түрге келтіруі мүмкін. Мемлекеттік материалдық резервтер – ұйымдардың болжанбаған жағдайлары кезінде тұрақты жұмысты қамтамасыз ету үшін мемлекет резервтеген материалдық ресурстар. Айналыстағы капиталдың мазмұны мен құрамы: Ақшалай қаражаттар – кассадағы қолма қол ақша, аккредитив, чектегі қолма қолсыз ақшалар. Сауда ұйымдарының қоймаларындағы өнім қорлары Дебиторлық берешек. Қысқа мерзімді қаржылық салымдар. Айналым капиталы статистикасының негізгі міндеттері: 1. айналым капиталының бар болуы туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау. 2. Барлық айналым капиталының құрамын, құрылымын динамикасын талдау. 3. Барлық айналым капиталының , материалдың айналым қаражаттарының пайдаланылуын статистикалық зерттеу. Инвестиция статистикасы. Ұлттық байлықты қайта өндіру инвестиция есебінен жүзеге асады. Инвестициялар- бұл табыс алу, не әлеуметтік тиімділікке жету мақсатында мемлекет ішінде және шетелде құрылыс пен қаржылық емес активтерге салынатын ақшалай капитал. Инвестиция капиталының міндеттемелері: 1. мәліметтер жинау,жалпы инвестиция мөлшерін анықтау. 2. инвестицияның динамикасын, құрылымын, құрамын статистикалық зерттеу. 3. инвестицияны пайдалану мен игерудің статистикалық талдауы. Құрылысқа салынатын инвестиция – экономиканың жаңа негізгі қорларын құруға, сондай-ақ қолданыстағы қорларды кеңйтуге , қайта құруға және техникамен қайта жарақтандыруға жұмсалған ақшалай шығындар. Инвестицияны пайдалану мен игеру көрсеткіштері: 1. инв. игеру дәрежесі =негізгі капиталды іске қосу / нег.капиталға салынған инв. 2. негізгі капиталды іске қосу көрсеткіштері: - есепті кезеңдегі құрылысы аяқталған және іске қосылған кәсіпорындар, ғимараттар,үйлер құны. - Негізгі капитал құрал-жабдықтарының есебіне жатқызылатын аспаптардың және басқа заттардың құны. - Көлік құрал жабдығының бардық түрлерінің құны. - Көп жылдық екпе ағаштар құны. - Жерді суару және құрғату жұмыстарының құны. - Бұрғылау аяқталған және іске қосылған мұнай, газ пайдалану скважиналарының құны. 3. мердігерлік жұмыс көлемінің құрылысқа салынған инвестицияға ара қатынасы. Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар. Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Ұлттық Шоттар Жүйесі бойынша Ұлттық байлық анықтамасын беріңіз. 2. Ұлттық байлық құрамындағы экономикалық активтер қалай аталады? 3. Негізгі капиталды бағалаудың қандай түрлерін білесіз. 4. Негізгі капиталдың қозғалыс, күй, пайдалану көрсеткіштері қалай есептеледі? 5. «Күрделі қаржы жұмсалымы» ұғымы нені білдіреді? 6. Айналым капиталына түсінік беріңіз және құрамын сипаттаңыз. 7. Материалдардың үлестік шығынының индекстері қалай есептеледі? 8. Материалдық шығындардың өзгерісіне әсер ететін факторлардың индекстік талдауы. 9. Инвестицияларға түсінік беріңіз және құрамын сипаттаңыздар. Тақырып 4. Шығын және аралық тұтыну статистикасы Дәріс сұрақтары: 1. Шығындар және аралық тұтынудың түсінігі және құрамы 2. Шығындарды факторлық индекстік талдау 1. Шығындар және аралык тұтынудың түсінігі және құрамы Шығындарды статистикалық зерттеудің теориялық негізі рет1нде өндipic және айналыс шығындары туралы экономика-лық ілім кызмет етеді. Кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің практикалық ic-әрекетінде өндіріс және айналыс шығындары өзіндік құн және шығын формаларына ие болады. Өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындарды анықтауға арналган ақпарат көздері ұйымның, мекеменің бухгалтерлік және статистикалық есеп берулері. Шығын және аралық тұтыну статистикасының міндеттері: Кәсіпорындарда, экономика салаларында және тұтас экономикада өнімді өндіру мен өткізуге кеткен шығындар сомасын анықтау; Кәсіпорындарда, ұйымдарда өнімнің өзіндік құнын есептеу; Шығын элементтері, кәсіпорынның меншік формасы, экономика салалары, экономика секторы бойынша шығынның кұрамы мен кұрылымын зерттеу; Өнімді өндіру мен өтк1зуге кеткен шығындар динами- касын талдау; Топтастыру, индекстер, корреляция теориясының көмег1мен өнімнің өзіндік құнына әсер етуші факторларды статистикалық зерттеу. Өнім өндірісінің шығындары өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы сиякты ic-әрекеттердің негізгі түрлері бойынша кәсіпорындардың барлық өндіріс көлеміне қатысты шығындарының тольқ мөлшерін қамтиды. Экономиканың бұл салаларында жасалған өнім тұтынушыға тиісті көлемде және ассортиментте, өзінің тұтыну қасиеті сақталған күй1нде жеткізілуі тиіс. Статистика өнімді өндіру мен өткізуге кеткен шығындардың көлемін келесі элементтермен анықтайды: 1. Материалдық шығындар, барлығы. Соның ішінде: шикізаттар және нeгізгi материалдар; жартылай фабрикаттар, сатып алу бұйымдары; көмекші материалдар (отын, энергия, табиғи шикізаттарды пайдалану үшін төлемақы); басқа ұйымдар орындаған өндірістік сипатта көрсетілген, жұмыстар мен қызметтер үшін төлемақы (құрылымдық сипаттағы жүктерді тасымалдау, күрделі және ағымдағы жөндеу); материалдық құндылықтардың жетіспеушілігінен және бұзылуынан болған шығындар; басқа да шығындар; Негізгі капиталдың тозуы; Материалдық емес активтердің амортизациясы; Басқада шығындар, барлығы. Соның ішінде: ic-сапарға кеткен шығындар; жaлгepлiк төлемдер; кен өндіруші салалардың дайындық жұмыстарына жұмсалған шығындар; өкілдік шығындар; банктік несиелер бойынша проценттер; міндетті сақтандыру төлемдері; салықтық төлемдер; - бюджеттен тыс қорларға аудармалар (зейнетақы, жұмысбастылық, медициналық сақтандырудан басқа сақтандырулар); коммуналдық шаруашылық, банк, консультациялық, ақпараттық, аудиторлық ұйымдар, өрт сөндіру бөлімі, тұрмыстық қызмет көрсету, соттық, нотариалдық мекемелер, жолаушылар көлігі, байланыс және т.б. қызметтерге төлемдер, сондай-ақ маркетинг және жарнама бойынша төлемдер; 5. Еңбек төлеміне төленген шығындар, барлығы. Соның ішінде: - тізімдік және тізімдік емес құрамның жалақысы; - әлеуметтік сақтандыруға аударымдар; - кәсіпорын қаражатының есебінен жұмысшыларға әлеуметтік жәрдемақы. Өнімнің өзіндік құны өнімнің белгілі бір көлемін өндіру процесінде табиғи ресурстарды, шикізатты, материалдарды, отын, энергия, негізгі капитал, еңбек ресурстарын пайдаланумен байланысты ақшалай шығындардан құралады. Агрегирлеу дәрежесіне байланысты өнімнің өзіндік құнының көрсеткіштері келесі түрлерге бөлінеді: 1. Барлық өнімнің жалпы өзіндік құны - бұл өнімнің белгілі көлемі мен құрамын дайындауға және өткізуге кеткен шығындардың жалпы сомасы. 2. Өнім бірлігінің жеке (дара) өзіндік құны- бұл тек бір бұйым өндірісіне кеткен шығын. Мысалы, 6ip ерлер костюмін тігуге кеткен шығын. Өнім бірлігінің өзіндік құны белгілі көлемдегі өнім өндірісіне кеткен шығындардың осы өнімнің санына қатынасы арқылы есептеледі: [pic], мұндағы: z - өнім бірлігінің өзіндік құны; q — натуралдык түрдегі өнім саны; z - q- өнімнің белгілі көлемін өндіруге кеткен шығындар. 3. Өнім бірлігінің орташа өзіндік құны - бұл өнімнің белгілі бір көлемін өндіруге кеткен шығындардың жалпы сомасының осы өндірілген өнімнің санына катынасы. Мысалы, шаруашылықтағы 1 центнер сүттің орташа өзіндік құны. Өнім бірлігінің орташа өзіндік құны өлшенген орташа арифметикалық шаманың формуласымен анықталады: [pic] Мұндағы: Z - өнім бірлігінің өзіндік құны; [pic]- субъект өнімінің жалпы өндірісіне осы өнімнің белгілі түрінің үлесі, не үлес салмағы, не құрылымы. Ұлттық Шоттар Жүйесі шығындарының екі түрін бөліп көрсетеді: 1) бастапқы шығындар; 2) аралык тұтыну. Бастапқы және аралық тұтынудың айырмашылықтары Бастапқы шығындар өндірістің бастапқы факторларының шығындарын (еңбекке төлемақы, өндіріске салықтар, негізгі i капиталды тұтыну) қамтиды. Аралық тұтыну (AT) - жаңа басқа тауарлар мен қызметтерді өндіруге кеткен тауарлар мен қызметтердің ақшалай шығыны. Бұл тауарлар мен қызметтер ағымдағы өндірісте өндірілген және толықтай жұтылган. Аралық тұтыну (AT) - Ұлттық Шоттар Жуйесінде макро-экономикалық көрсеткіштер тобына жатады және берілген кезенде өндірістік қызмет процесінде отандық өндірушілердің (негізгі капитал және еңбек төлемінен басқа) жұмсаған өнімдердің құны. Аралық тұтыну макродеңгейдегі өнімді өндіру мен өткізуге кеткен шығындар туралы мәліметтер негізінде есептеледі. Аралық тұтынуға келесі тауарлар мен кызметтердің түрлері кіреді: шикізаттар, жартылай фабрикаттар, негізгi және көмекші материалдар, отын, энергияны пайдалану, кызметтерге төлемдер, өндірістік ғимараттар жалдау, телефонға төлем, өкілдік шығындар, кеңесшілер мен адвокаттардың шығындары, басқа ұйымдардың жұмыстары мен кызметеріне төлем, көлік қызметтеріне, қаржылық қызметтерге, жұмысшыларды жұмысқа алуға кеткен шығындар, ic-canap шығындары (ic-canap кезіндегі тәуліктік шығындарды қоспағанда), тауарлық- материалдық қорлардьң жетіспеушілігі мен жетілуінен болған шығындар. Осылайша, аралық тұтынуға тауарлар мен кызметтерді тұтыну (бірақ тауарларды сатып алу кірмейді) және тек кана өндірілген тауарлар мен кызметтер жатады. Сондықтан, жер учаскелеріне жалгерлік төлемдер, лицензиялық төлемдер, патенттер және де басқа авторлық құқықтарға төлемдер аралық тұтынуға кірмейді. 2. Шығындарды факторлық индекстік талдау Индекстік талдау факторлардың әсер етуін сан жағынан бағалау үшін қолданылады. Өнімді өндіру мен өткізу шығындары мынадай факторлардан функционалдық тәуелділікте болады: а) өнім бірлігінің өзіндік құны; б) өнім өндірісінің көлемі, оның құрылымы; в) өнім бірлігінің құны. Индекстердің келесідей жүйесі қолданылады: А. Өнім бірлігінің өзiндiк құнының (z) немесе өнім өндірісі шығындарының (z-q) жеке индекстері - 6ip бірлік кеңестігіндегі, дииамикасындағы қандай да 6ip көрсеткіштің өзгерісін сипаттайды (мысалы өнімнің нақты 6ip түрінің өзгерісін). Жоспарлы кезеңдегі өнімнің өзіндік құнының жеке индексi (i): [pic] Өнімнің өзіндік құны жоспарының орындалуының жеке индексі (iz): [pic] Өнімнің өзіндік құнының динамикасының жеке индексі ([pic]): [pic] Мұндағы: iz — өнім бірлігінің өзіндік құнының жеке индексі Z1 - ecenтегі кезеңдегі өнім бірлігінің өзіндік құны; Zжос — жоспар бойынша өнім бірлігінің өзіндік құны; Zo -базистік кезеңдегі өнім бірлігінің өзіндік құны; Өнім өндірісіне кеткен шығындардьң жеке индексі: [pic] немесе [pic] немесе [pic] Мұндағы: izq — өнім өндірісіне кеткен шығындардың индексі; z 1q1 — есептегі кезеңдегң барлык өнімдер өндіруге кеткен шығындар; z oqo — базистік кезеңдегі барлық өнімдер өндіруге кеткен шығындар; z жосq жос — жоспар бойынша барлык өнімдер өндіруге кеткен шығындар; Өзіндік құнның өзгеруінен болған абсолюттік экономикалық тиімділік барлық өнім өндірісінің ақшалай қаражаттарын үнемдеу немесе артық шығындау сомасы бойынша іске асады және ол мына формулалармен есептеледі: [pic] Жоспарлы тапсырмада қарастырылған ақша қаражаттарын артық шығындау (унемдеу): [pic] Шығындардың жалпы индекстерінің міндemmepi және ерекшеліктері Ә. Шығындардың жалпы индексі кәсіпорынның немесе салалардағы кәсіпорын топтарының ic-әрекетін сипаттау үшін қолданылады. Берілген бұл индекс динамикада барлығы өнім өндірісі шығындарының өзгерісін, соның ішінде өзгерістерге әp6ip фактордың жеке әсер етуін зерттейді, ол келесі тәуелділікпен белгілі: zq=z*q Бұл тәуелдік экономикалық, көрсеткіштер арасында және жалпы индекстер арасында да сақталады: [pic] Мұндағы: Izq - өнім өндірісі шығынының жалпы индексі ; Iz - өнім бірлігінің өзіндік құнының жалпы индексі; Iq - өнімнің физикалық көлемінің жалпы индексі. Өнім өндірісі шығынының жалпы индексі мына формуламен анықталады: [pic] немесе [pic] Мұндағы, [pic]- есепті кезеңдегі барлық өнім өндірісінің жоспарлы шығындарының сомасы; [pic]- барлық өнім өндірісінің жоспарлы шығындарының сомасы; [pic]- базистік кезеңдегі барлық өнім өндірісінің шығындарының сомасы. Б. Өнімнің өзіндік құнының орташа индекстері өзгермелі, тұрақты құрамды құрылымдық қозғалыстар өнімінің өзіндік құнының индекстері. В. Өзгермелі, тұрақты құрамдар мен құрылымдық қозғалыстардың шығындарының қатысты деңгейінің индекстері аймақ, кәсіпорын түрі, меншік формасы, сала, экономика секторы белгілері бойынша шығарылған өнім көлемі және шығындар деңгейіндегі айырмашылықтар, ағымдағы шығындардың тиімділігін сипаттайды. Г. Өнімді өндіру мен өткізудің шығындарын абсолютті артық жұмсау (үнемдеу), барлығы: [pic] Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар. Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз. 1. «Өнім өндіруге, оны өткізуге жұмсалған шығын», «өнімнің өзіндік құны» және «аралық тұтыну» ұғымдарының айырмашылығы неде? 2. Өнім өндіруге, оны өткізуге жұмсалған шығынның құрамы қандай? 3. Аралық тұтыну шығындарының құрамында қандай шығындар болады? 4. Өзіндік құнның факторлық индекстік талдау әдісі қандай? 5. Ағымдағы шығынның тиімділігінің немесе қатысты шығын деңгейінің факторлық талдау әдісі қандай? Тақырып 5. Тауар өндіру, қызмет көрсету нәтижесінің cтатистикасы Дәріс сұрақтары: 1. Ұлттық шоттар жүйесі бойынша экономикалық өндіріс ұғымы 2. Өндіріс нәтижелерінің микро-мезо-экономикалық көрсеткіштері 3. Өндіріс нәтижелерінің макроэкономикалық көрсеткіштері 1. Ұлттық Шоттар Жүйесі бойынша экономикалық өндіріс ұғымы. Ұлттық Шоттар Жүйесіндегі экономикалық өндіріс – жаңа тауар мен қызмет өндіру үшін еңбек капитал, тауар мен қызмет шығындарының жұмсалуымен орындалатын бір институтционалдық бірліктің іс-әрекеті. Сонымен қатар әрқашан да осыүрдіс үшін жауапкершілікті өз мойнына алатын және сатуға арнап өндірілген тауарларға иелік ететін институционалдық бірлік болу қажет немесе оған қандай да бір көрсетілген қызмет үшін өтемақы төленуі немесе берілуі керек. Өндіріс нәтижелері статистикасының міндеттері мыналар: 1. Қазақстан Республикасының тауар мен қызмет көрсету өндірісінің микро- мезо-макроэкономикалық көрсеткіштерін анықтау және мәліметтер жинау. 2. Ұлттық шоттар, баланстық кестелер түрінде құрылған тауар мен қызмет өндірісінің өзара байланысты статистикалық көрсеткіштерін жасау және құру. 3. Келесі белгілер бойынша тауар және қызмет өндірісінің динамикасын және құрылымын талдау: - натуралды-заттай құрамы бойынша; - құндық бейнеленуі бойынша; - экономиканың салалары мен секторлары бойынша; - республиканың облыстары бойынша; - меншік формалары бойынша және т.б.; 4. Статистикалық талдау тәсілдерінің көмегімен тауар және қызмет өндірісінің өсуіне әсер ететін факторларды зерттеу. 5. Ұлттық Шоттар Жүйесінің ұйғарымымен тауар және қызмет өндірісінің есептеу методологиясын жетілдіру. 2. Өндіріс нәтижелерінің микро-мезо-экономикалық көрсеткіштері. Тауар және қызмет өндірісінің барлық көрсеткіштерін өндіріс көлемі, агрегаттау дәрежесіне байланысты келесі топтарға бөлуге болады: 1. Өнім шығарымын сипаттайтын тауар мен қызметтердің микроэкономикалық көрсеткіштері: а) өнімнің жеке түрі; б) жалпы кәсіпорын деңгейінде. 2. Сала, экономика секторы, аймақ деңгейіндегі өндірістің микроэкономикалық көрсеткіштері. 3. ҚР-дың барлық экономикасындағы өнім шығарылымын сипаттайтын өндіріс нәтижелерінің микроэкономикалық көрсеткіштері. Бірліктердің қамту дәрежесіне байланысты тауар және қызмет өндірісі нәтижелерінің барлық микроэконимкалық көрсеткіштері мынадай топтарға бөлінеді: 1. Тауар мен қызмет көрсетудің жекелеген түрлерін өндіру көрсеткіштері: а) натуралды түрде – дана, килограмм, жұп және т.б. Осы әдіс есептегі кезеңде өндірілген нақты тұтыну құнының қандай екенін көрсетеді; ә) шартты-натуралды түрде – берілген түрдің әр түрлі өнімдері шартты түрде қабылданған өлшем бірлік болып саналатын бір өнімнің бірлігімен сипатталады; б) ақшалай түрде – кәсіпорындар, салалар, жалпы экономика бойынша өндірістің жалпылама сипаттамасы. 2. Ұлттық Шоттар Жүйесіндегі әдістеме бойынша кәсіпорындар мен салалардағы өндірістің ақшалай түрде есептелу көрсеткіштері: а) шығару (ІІІ) ; ә) жалпы қосылған күн (ЖҚҚ); Шығару көрсеткіші өндірістің бастапқы сатысын көрсетеді. Өнім шығаруды есептеудің жалпылама әдістемесі: 1) жалпы қосылған күн – аралық тұтынудың қосындысы ретінде; 2) сатылған өнімнің құны – дайын сатылмаған өнім қорының өзгерісі мен аяқталмаған өндіріс қалдықтары өзгерісінің қосындысы ретінде; 3) сатылмаған дайын өнім құны және аяқталмаған өндіріс қорының өзгерісініңқосындысы ретінде; 4) нарықтық және нарықтық емес өндірісте шығарылған өнім құнының қосындысы ретінде; 5) тауар және қызмет өндірушілер шығарған өнім құнының сомасы ретінде; 6) өнімдердің құрамдас элементтерінің сомасы ретінде; 7) берілген календарлық жылда кәсіпорындардың барлық бөлімшелері өндірген өнім құнының сомасы ретінде еспетеуге болады. Жалпы қосылған күн шығарылған өнім мен аралық тұтынудың айырмасына тең болады: ЖҚҚ = Ш-АТ. Жалпы қосылған күн аралық тұтынуды есептемейді, бірақ осы көрсеткіштерге негізгі капиталдың тұтынуы қосылғандықтан, ол «жалпы» деп аталады. Экономиканың барлық салаларпында жалпы қосылған құнды есептеу әдістемесі жүргізіледі. Өнеркәсіп өнімі. Өнеркәсіп өнімі кәсіпорынның тауар түріндегі, не болмаса өнеркәсіп сипатындағы жұмыстар мен қызметтер, өнеркәсіптік-өндірістік іс-әрекеттің тікелей тиімді нәтижесі болып табылады. Өндірістік қызмет көрсетулер және өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстар көбінесе өнімнің бөлшекпен жоғалған тұтыну құнын қалпына келтіреді. Өнеркәсіп өнімі туралы анықтамадан келесі жағдайлар туындайды: Біріншіден, өнеркәсіп өнімі – кәсіпорын іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады, яғни еңбек жұмсалған өнім. Сондықтан, егер де кәсіпорынңв келіп түскен шикізат басқа жаққа өңдеусіз сатылатын болса, онда ол осы кәсіпорын өнімінің көлеміне кірмейді. Екіншіден, кәсіпорынның барлық қызметі емес, тек қана өнеркәсіптік- өндірістік іс-әрекетінің нәтижесі ескеріледі. Бұл дегеніміз - өнеркәсіптік емес сипаттағы өнім, мысалы, қосалқы ауылшаруашылық өнім, асхана, үйлер мен ғимараттарды күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу, дәріхананың медициналық қызметі өнеркәсіп өніміне кірмейді, олар экономиканың басқа салаларындағы өнімнің құрамында ескеріледі. Үшіншіден, қатысты мақсаттан шығатын кәсіптік-өндірістік іс-әрекеттің тікелей нәтижесі анықталады. Төртіншіден, бекітілген талаптармен қанағаттандырылатын және тікелей мәні бойынша пайдаланылуы мүмкін өнеркәсіптік өндірістік қызметтің пайдалы нәтижесі өлшенеді. Өнеркәсіп өнімінің құрамдас элементтері: - салалар классификаторында «өнеркәсіп» саласына жататын дайын өнім; - жартылай фабрикаттар; - аяқталмаған өндіріс; - кәсіпорын орындаған өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстар: өнеркәсіп бұйымдарын, құрал-жабдықтарды, жиһаздарды, киімдерді және т.б. жөндеу; - өзінің ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу үшін жеке меншік құрал- жабдықтар мен көлік құралдарын күрделі жөндеуден өткізу және т.б. жұмыстар үшін басқа жақтың тапсырысы бойынша орындалған жекелеген операциялар; - қосалқы шаруашылықтар өнімі (электроэнергия, газ, су); - өндіріс және қайта өндеу. 3. Өндіріс нәтижелерінің макроэкономикалық көрсеткіштері. Қазақстан экономикасын жағдайы белгілі уақыт кезеңінде «Ұлттық Шоттар» деп аталатын баланстық кестелерде сандық түрде бейнеленеді. Макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі нарықтық экономиканы тиімді реттеу үшін қажет. Ұлттық Шотты қалыптастыру көздеріне келесілер жатады: өндіріс, бюджет, әлеуметтік қамту, еңбек, ішкі және сыртқы сауда, күрделі құрылыс, салық және кеден статистикасының берілгендері. Шығару (Ш) – бұл есептегі кезеңде экономикалық бірлік резиденттерінің өндірістік қызметтерінің нәтижесінде пайда болған тауар мен қызметтің жалпы құны. Шығару «өдіріс» шотында және «тауар мен қызмет» шотында жазылады. Жалпы қосылған құн (ЖҚҚ) жалпы шығарылым және аралық тұтыну арасындағы айырма ретінде анықталады. «Жалпы» деген термин көрсеткіш құрамында негізгі капиталды тұтыну (НКТ) бар екенін көрсетеді. Жалпы қосылған құн шығарылым сияқты негізгі бағада бағаланады. ЖҚҚэкономика секторлары = Ш секторлары -АТсекторлары ЖҚҚ экономика салалары =Ш салалар - АТ салалар Мұндағы: АТ – аралық тұтыну; АТ тұтынушының = ∑ АТ экономиканың +ҚДҚ = ∑ АТ экономиканың нарықтық барлық барлық бағасындағы салалары секторлары Мұндағы: ҚДҚ – банктардың қаржылай делдалдығының жанама өлшенетін қызметі, экономика сеторында, саласында есептелген салаларда қайта есептеуден құтылу үшін олар шегеріледі. Жүргізілетін әдістеме бойынша ҚДҚ үйлесімді берліктерді аралық тұтынуда бөлінбейді және көрсетілмейді, экономиканың шығарымы нөлге тең, шартты бірліктерін аралық тұтыну шығындарына жатқызылады. Сондықтан да экономикалық ЖҚҚ есептеу кезінде ҚДҚ-ны табу үшін ЖҚҚ-ның жалпы сомасын есептейді. ЖҚҚнегізгі = ∑Шнегізгі - ∑АТ – ҚДҚ = ∑Шэкономика - ∑АТ – ҚДҚ бағадағы бағадағы салалары экономика экономика секторлары ЖҚҚтұтынушылардың = ЖҚҚнегізгі + ТСөнімдерге = ЖҚҚнегізгі + Салықөнімдерге нарықтық бағадағы (ҚҚС-тан және бағадағы (ҚҚС-тан бағасындағы экономика импортқа экономика және импортқа экономика төленетін төленетін салықтардан салықтардан бөлек) бөлек) Субсидиялар өнімдерге = ЖІӨ (импортқа жасалатын субсидиялардан бөлек) Мұндағы ТС – таза салықтар (1.2. тақырыпта). Таза қосылған құн (ТҚҚ) терминдегі «таза» көрсеткішінің негізгі капиталды тұтынуды өзіне қоспайтытын көрсетеді, яғни ТҚҚ =ЖҚҚ – НКТ. Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – берілген мемлекеттің экономикалық территориясындағы есептегі кезеңдегі нарықтық баға бойынша резиденттік бірліктер қызметінің түпкілікті нәтижесін анықтайды. Жалпы ішкі өнім өзара байланысты экономикалық циклдерді: тауар және қызметтер өндірісін, табыстарды бөлуді, оларды пайдалануды сан жағынан сипаттайды. Экономикалық циклдер теориясы бойынша жалпы ішкі өнім үш әдіспе есептеледі: өндірістік, табыстарды қалыптастыру (табыстарды бөлу) әдісі, түпкілікті пайдалану әдісі. ЖІӨ-ні есептеу әдістері: А: Өндірістік әдіс («өндіріс» шоттан). ЖІӨ экономиканың барлық секторы мен салаларының ЖҚҚ-ның нарықтық бағадағы сомасы ретінде есептеледі. Шығарылым менЖҚҚ-ның бағаларына байланысты практикада ЖІӨ-мен ЖҚҚ арасында келесі байланыс болады: ЖІӨтұтынушылардың = ЖҚҚнегізгі бағадағы + ТСөнімдерге немесе нарықтық экономика (ҚҚС-тан бағасында және импортқа төленетін салықтардан бөлек) ЖІӨтұтынушылардың = ЖҚҚ тауарларды + ЖҚҚ қызмет көрсететін + ТСөнімдерге нарықтық өндіру салалар (ҚДҚ-сыз) (ҚҚС-тан және бағасында салалары импортқа төленетін салықтардан бөлек) Экономикалық аймақтың (облыстың, ауданның, қаланың) қызметін бейнелеу үшін негізгі бағамен ҚР-дің негізгі аймақтарындағы ЖҚҚ сомасы ретінде жалпы аймақтық өнім (ЖАӨ) анықталады. Ә. Табыс көздері әдісі резиденттердің бастапқы табысының көзі бойынша («табысты құру» шоттан) ЖІӨ-нің қалыптасуын сипаттайды. ЖІӨ = ∑ БТэкономика = ЕА +ТСазық-түлікке +Т БСөндіріске + ЖП + ЖАТ салалары және импортқа Мұндағы ∑ БТ - өндіруші резиденттердің бастапқы табыстарының сомасы; ЕА – ішкі экономика секторының және қалған әлемнің жалдамалы жұмысшыларының еңбек ақысы; яғни, ЖҚҚ-ны құруға қатысатын резидент және резидент еместерге деген барлық төлемдерді қамтиды. ТБС - өндіріске салынатын басқа таза салықтар; ЖП – жалпы пайда; ЖАТ – жалпы аралас табыстар; Қосылған құн қандай бастапқы табыстардың түрлерінен құралады? Бұлар – еңбекақы, пайда, аралас табыс, импорт және өндіріске салынатын салықтар. Жалпы пайда (ЖП) немесе жалпы аралас табыстар (ЖАТ) – екі альтернативті көрсеткіштер (табыстардың пайда болу шотынан) сальдо тәсілінен айырма ретінде есептеледі: ЖПэкономиканың = ЖҚҚсекторы – ЕА - ТБСөндіріске немесе саласы ЖП (ЖАТ) экономиканың = ЖІӨ - ∑ ЕА – ТСөнімдерге - ТБСөндіріске Б. Түпкілікті тұтынуды пайдалану әдісі түпкілікті (соңғы) тұтынудағы ЖІӨ-нің шығындарын, жалпы капиталдың қорлануын және таза экспортты (бастапқы табысты бөлу шотынан) көрсететді. ЖІӨ = ТТШ + КЖҚ + ∆ Э + СА, Мұндағы: ТТШ – таурлар мен қызметтерді түпкілікті тұтынудағы шығыстар сомасы; КЖҚ – капиталдың жалпы қорлануы ∆ Э = Э – И – тауарлар мен қызметтердің таза экспорты; СА – ЖІӨ-ні есептеудегу өндірістік және түпкілікті пайдалану әдісі арасындағы статистикалық алшақтық. Шығындар – тауарлар мен қызметтерді сатып алушылардың сатушыларға төлейтін сомалары. Түпкілікті тұтынудағы шығындар экономиканың үш секторына тұтыну тауарлары мен қызметтерінің шығындарынан қалыптасады: «үй шаруашылығы», «мемлекеттік басқару органдары», «үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар». «Үй шаруашылығы» секторындағы түпкілікті тұтынудағы шығындар Қазақстан Республикасындағы, сонымен қатар шетелдегі экономикалық аймақтардағы үй шаруашылығы резиденттерінің шығындарын бейнелейді. Оларға келесі шығындар кіреді: - сауда, рынок, жеке тұлғалар қысқа мерзімде жәнеүкіл мерзімде қолданатын жаңа тауарларды сатып алу; - нарықтық тұтыну қызметтеріне төлем; пәтер төлем, коммуналдық төлемдер, қонақ үй төлемдері, тұрмыстық қызмет төлемдері, шаштараз, монша, дәрігерлік мекеме, кино, театр, музей,қаржы және заң мемкемелеріне төлемдер, үйді, машинаны, көлік құралдарды жалға берудегі қызмет төлемдері; - үй шаруашылығының өзіндік тұтынуға өндірген тауарларының құны; - еңбекақы түрінде натуралды қалыпта келіп түскен тауарлар мен қызметтердің құны; - аурухана, клубтар, демалыс үйлерінің жұмыскерлерге ұсынылатын әлеуметтік-мәдени сипаттағы тегін (немесе төмен бағадағы) қызметтері; - коммерциялық емес ұйымдар, мемлекттік мекемелер натуралды формада берген әлеуметтік жәрдемақылар; - өз үйінде тұрудың шартымен есептелген қызметтердің құны; - үй шаруашылығының шетелден алынған және шетелге жіберлген сыйлықтарының айырмасы; - үй шаруашылығы сатып алған антикварлық бұйымдардың қалдығы және ұзақ мерзімді пайдаланудағы тұтынушылардың ұсталған тауарлары. «Мемлекеттік басқару органдары» секторының түпкілікті тұтыну шығындары тегін қызметтер құнын қамтиды, осы мекемелер жеке тұлғаларға денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, өнер және қоғамның т.б. қызмет көрсетеді. Осы шығындарға мыналар кіреді: - тауарлар мен қызметтерді сатып алу шығындары (капитал шығындағы шығындардан басқан); - жұмысшылардың еңбегіне төленетін шығындар; - салықтарды төлеу; - негізгі капиталды тұтыну. Қазақстан Республикасының құрылымы немесе жалпы капиталдың қорлануы төмендегілердің сомасы ретінде қалыптасады: а) негізгі капиталдың жалпы қорлануы; ә) материалдың айналым құралдары қорының өзгерісі; б) құндылықтарды таза алу. Негізгі капиталдың жалпы қорлануы – резидент бірліктердің өндірісте қолдану арқылы ұзақ мерзімді инвестициялық объектілерге, жаңа табыс әкелу үшін келешекке салынған қаражаттары. Негізгі капиталдың жалпы қорлануы келесі элементтерден тұрады: - негізгі капиталдың бар және жаңа түскен түрлерінің істен шыққанын шегеру арқылы алу; - өндірілмеген материалды активтерді жақсартуға арналған шығындар; - өндірілмеген активтердің жеке меншікке тапсыруына байланысты шығындар. Материалды айналым құралдарының қорының өзгерісі өндірістік қорлардың, аяқталмаған өндірістің, дайын өнімнің және кезең соңындағы тауарларды қайта сатудың және кезең басындағы сәйкес көрсеткіштердің құнының айырмашылығы ретінде есептеледі. Сонымен жалпы ішкі өнім әр түрлі құрылымдар негізінде үш әдіс бойынша есептеледі, осыдан ол статистикалық алшақтыққа, сандық айырмашылықтарға алып келеді. Егер ЖІӨ-нің түпкілікті пайдалану әдісі бойынша есеп айырысудың ауытқуы, ЖІӨ-нің табыс кездері әдісі және ЖІӨ-нің өндірістік әдісімен салыстырғанда, 1-2 %-дан аспаса, бұл статистикалық қызметі дамыған елдерде бір шама қалыпты болып саналады. Осыдан статистиканың ең басты міндеті – бухгалтерлік және статистикалық есеп берушілікті кәсіпорын деңгейінде жетілдіру, содан ол тауарлар мен қызметтер өндірісінің макроэкономикалық элементтерінен құрастырылған көрсеткіштер түрінде дәл бейнелейді. Таза ішкі өнім ТІӨ = ЖІӨ - НКТ. Ұлттық табыс есептегі кезеңде ҚР резиденттерінің жасаған барлық тауары мен қызметтерінің нарықтық құнын көрсетеді. Қазақстан Республикасының резиденттеріне түсетін табыстар жұмыскерлердің еңбекақысы және меншіктен түсетін табыстар болып табылады. Меншіктен түскен табыстар (МТТ) тікелей шетел инвестицияларынан алынатын инвестициялық табыс, рента, дивидент, пайыз түріндегі экономиканың барлық секторы алатын бастапқы табыстар. Жалпы ұлттық табыс (ЖҰТ) пен жалпы ішкі өнімнің сандық жағынан айырмашылығы мында: жалпы ішкі өнімге еңбек, капитал, жерге түсетін таза факторлық табыстар (ТФТ, табыстар бастапқы бөлу шотынан) да қосылады, демек: ЖҮТ = ∑БТішкі экономика +∆ БТ «қалған әлем» = ∑БТішкі экономика + ТФТ, секторларының секторларының Мұндағы: ∆ БТ немесе ТФТ – Қазақстан Республикасының «қалған әлем» секторынан (резидент еместерден) алынған табыстар мен Қазастан Республикасының «қалған әлем» секторына төленген табыстар сомасының айырмасы ретінде анықталатын бастапқы табыстардың сальдосы немесе таза факторлық табыстар. Таза ұлттық табыс жалпы ұлттық табыстан негізгі капиталды тұтынуды алғанға тең: ТҰТ = ЖҰТ – НКТ. Қолда бар ұлттық табыс (ҚБҰТ) ағымдағы трансфеттердің мөлшерінде ұлттық табыстан ерекшеленеді. Қолда бар жалпы ұлттық табыс (ҚБЖҰТ, табыстарды қайта бөлу шотынан). ҚБЖҰТ = ЖҰТ + ∆ Ағымдағы трансф. = ∑ ҚБҰТ экономика секторлары Мұндағы: ∆ Ағымдағы трансф. – ағымдағы трансфеттер сальдосы (шетелден алынған және шетелге берілген ағымдағы қайта бөлу төлемдері). Ағымдағы трансфеттерге жататындар: сыйлықтар, меншікке және табысқа төленетін ағымдағы салықтар, әлеуметтік сақтандыруға аударымдар, әлеуметтік төлемдер, сақтандыру сыйлықтары мен өтемдері, басқа да қайта бөлу төлемдері (айыптар, зейнетақылар, қамқорлық төлемдер, гуманитарлық көмектер және т.б. 1.2. тақырыпта қарастырылған). Ағымдағы төленген және алынған трансфеттердің ағымдағы сальдосының мәні – «үй шаруашылық» секторында оң, «қаржылық емес корпорациялар» және «қаржылық корпорациялар» секторларында теріс; «мемлекеттік басқару органдары» секторында 0-ге жуық болады, себебі берілген секторға түскен трансфеттер оларды басқа секторларға беруге арналған. ҚБҰТ экономика секторының = БТсектордың + ∆ Ағымдағы трансф. Қолда бар таза ұлттық табыс (табыстарды қайтара бөлу шотынан): ТҚБҰТ = ҚБЖҰТ – НКТ. ҚБҰТ ұлттық түпкілікті тұтыну және ұлттық жинаққа бөлінеді. Ұлттық түпкілікті тұтыну 3 сектордың түпкілікті тұтыну шығындарын қосады (олардың құралы ЖІӨ-ні түпкілікті пайдалану әдісінде қарастырылған). Ұлттық жинақ – түпкілікті тұтыну шығындарынан қалған және қаржылық қамтуға бағытталған қолда бар табыстың бір бөлігі (табыстарды пайдалану шотында) ҰШЖ бойынша жинақ ақшаның және банк депозиттерінің өсімін ғана қоспайды, сондай-ақ өзге қаржылық актив өсімін де қосады және материалдық активтердің өсіміне бағытталуы мүмкін. Экономика бойынша қолда бар түзетілген табыстың сомасы қолда бар ұлттық жалпы табыс сомасына тең. ҚТЖҰТэкономикалық = ҚЖҰТэкономикалық =∑ ҚТЖҰТ + ҚТЖҰТ «мемлекеттік + басқару органдары, коммерциялық емес ұйымдар және үй шаруа- шылықтары секторларының +ҚҰТ қаржылық емес = ҚЖТберілген сектордың - ӘТнатуралды формада және қаржылық үй шаруашылықтары корпорациялар секторына берілген секторының Мұндағы: ҚТЖҰТ – экономика секторының түзетілген қолда бар жалпы ұлттық табысы; ӘТ - әлеуметтік трансферттер. Сонымен қатар «үй шаруашылықтарына» қызмет көрсететін коммерциялық емес ұймдар секторының ҚЖҰТ-ы былай есептеледі: ҚЖҰТүй шаруашылықтары = ҚЖТүй шаруашылықтары - ӘТнатуралды формада секторының секторының үй шаруашылықтары секторынан алынған Ұлттық жинақ – бұл тартымы бар табыстың түпкілікті (соңғы) тұтынуға жұмсалған шығынынан кейін қалған жәнеқорды қаржыландыруға бағытталған бөлігі (табысты қолдану шотынан). Ұлттық Шоттар Жүйесіндегі анықтамада жинақ тек ақшаның бар болуы мен банк депозиттерінің өсімін ғана емес, сонымен қатар басқа да қаржылық активтердің өсімін қамтиды және материалдық активтердің өсіміне бағыттала алады. ЖҰЖэкономикалық = ҚЖҰТ – НТТ - ∑ ЖЖэкономика секторының Мұндағы: ЖҰЖ – жалпы ұлттық жинақ; ЖЖ – экономика секторының жалпы жинағы; НТТ – нақты түпкілікті тұтыну. ЖЖ»қаржылық емес = ҚЖТ«қаржылық емес корпорациялар» корпорациялар секторының секторының ЖЖ «қаржылық корпорациялар»= ЖҰТ«қаржылық корпорациялар» + Зейнетақы қорындағы секторының секторының үй шаруашылықтары құралдарының таза құнының өзгеруіне түзетулер ЖЖ«мемлекеттік басқару = ҚТЖҰТберілген сектордың – НТТ берілген органдары» секторының сектордың ЖЖ«мемлекеттік басқару = ҚТЖҰТберілген – НТТ берілген + Зейнетақы қорындағы органдары» секторының сектордың сектордың үй шаруашылықтары құралдарының таза құнының өзгеруіне түзетулер Таза ұлттық жинақ (ТҰЖ) = ЖҰЖ – НКТ. Таза несие беру (+), таза қарызға алу (-). Таза несие беру экономика үшін қаржылық міндеттер сомасынан берілген мемлекет резиденттерінің резидент еместерге берген қаржылық активтерінің жоғарлауын көрсетеді. Ал таза қарызға алу (-) берілген қаржылық активтерден берілген мемлекет резиденттерінің қайтаруына тиесілі қаржылық міндеттердің өсу мөлшерін көрсетеді. Таза несие беру (+), таза қарызға алу (-) секторлар бойынша капитал шығындарын қаржыландыру үшін қайтарымды және қайтарымсыз формадағы секторлардың арасында берілетін қаржылық ресурстардың көлемін көрсетеді. Таза несие беру (таза қарызға алу) – бұл капитал мен операциялар шотының баланстық бабы. Ол есептік жолмен анықталады: ТН (ТҚА) = ЖҰЖ + ∆КТ – КЖҚ – СА Капиталды трансферттер – мемлекеттік бюджеттен алынған кәсіпкерлікке капитал салымдарын ақысыз қаржыландыру; приватизация процесінде капиталды беру, өткен жылдардағы қарызды кешіру және т.б. 1.2. тақырыпта қарастырылған. КЖҚ – капиталдың жалпы қорлануы: негізгі капиталдың, материалдық айналым қорларының, таза табылған құндылықтардың, өндірілген қаржылық емес активтердің қорлануы. СА – статистикалық алшақтық. Инвестицияларды қаржыландыру көздерін мына көрсеткіш сипаттайды: инвестиция өсімін қаржыландыру = ЖҰЖ + ∆КТ. Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар. Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Ұлттық Шоттар Жүйесі бойынша экономика өндірісінің анықтамасын беріңіздер. 2. Өндірілген өнімнің құндық және натуралды көрсеткіштерін атаңыздар. 3. Өнеркәсіп өнімінің анықтамасын беріңіздер. 4. Ауыл шаруашылығы өнімі деп нені айтады? 5. Өнім өндіру нәтижесінің макроэкономикалық көрсеткіштерінің есептеу әдістемесін атаңыз: - жалпы қосылған құн; - негізгі капиталды тұтыну; - таза қосылған құн; - жалпы ішкі өнімді есептеудің өндірістік әдісі; - жалпы пайда, жалпы аралас табыстар; - түпкілікті тұтынудағы шығындар; - жалпы ұлттық табыс; - жалпы ұлттық жинақ; - таза несиелендіру, таза қарызға алу. Тақырып 6. Тауарлы және ақшалай айналыс статистикасы Дәріс сұрақтары: 1. Тауар айналымының статистикасы 2. Ақша айналымының статистикасы 1. Тауар айналымының статистикасы. Тауар қозғалысы – бұл өндірушілерден бастап, бөлшек саудағы, түпкілікті тұтынушыларға дейін көтерме сатып алушы, экспортшы, импортшы, сауда агенті , брокер арқылы жүретін тауар қозғалысының процессі. Тауар айналымы – бұл анықталған кезең бойынша тауардың айналым процессі. Тауардың (Q) сатылыған тауарлардың көлемі (p) мен олардың бағасының (q) көбейткіштерге тең болады : pхq . Тауар айналымының категориялары: 1) жалпы – тауар қозғалысы жолында өндірушіден тұтынушыға дейінгі барлық сатулардың шотын қайта қосқандағы сомалар; 2) таза - қайта қосылған щотты алмағанда , жалпы тауар айналымы ; 3) көтерме - тауардың ірі топтамасын өндірушілердің және сауда делдалдарының басқа делдалдарға керегін қайта сату үшін өндірістік, көпшілік тұтынушуларға сатуы; 4) бөлшек – кәсіпорындардың, жеке тұлғалардың халыққа түпкілікті тұтыну үшін тауарды сатуы . Буындылықтың коэффициенті – бұл қайта сату сандарының көрсеткіші. Ол жалпы тауар айналымының таза тауар айналымына қатынасы ретінде есептеледі. Тауардың қоры - бұл тауардың анықталған бөлігінің рынокта тұрақты бар болуы . Тауар қорының көлемі натуралды және ақшалай формада анықтаған уақыт мерзімі бойынша тіркеледі. Сондықтан талдау жасаған кезде тауардың орташа қорының құны орташа шама формулаларымен есептеледі . Қор сыйымдылығы - тауарлар қорларының тауар айналымына қатынасы. Бұл көрсеткіш тауар айналымы бірлігіне қанша тауарлардың қорлары келетінін көрсетеді. Тауардың қорымен тауар айналымының қамтамасыз етілуі тауарлардың қорына жететін сауда күндерінің санын сипаттайды. Бұл көрсеткіш тауардың бір анықталған түрінің орташа тауар қорының осы тауардың бір күндік тауар айналымының қатынасына тең. а) тауар айналымының жылдамдығы (айналымның саны- С): тауар айналымының көлемі (Q) С= ---------------------------------------------- ; тауарлардың орташа қоры (Қ) ә) тауарлардың бір айналымының уақыты (күн бойынша) тауарлардың орташа қоры (Қ) Ү= ------------------------------------------------. бір күндік тауар айналымы (А) 2. Ақша айналымының статистикасы. Ақша базасы (Б) – ҚР-дың Ұлттық банкімен белгіленген ақшалар. Ақша базасы құрамына қолма- қол ақшалар (Ұлттық банктік емес) және Ұлттық банктың міндетті резервтері (депозиттер) кіреді. Ақшалай базаның құрамына Ұлттық банктен тыс қолма-қол ақшалар, екінші деңгейдегі банктердің депозиттері және қазақстан Республикасының басқа ұйымдарының депозиттері жатады. Ақша массасы – шаруашылық айналымына қызмет көрсететін мемлекет экономикасында барлығы мойындаған төлем қаражаттарының жиынтығының көлемі. Ақша массасының өлшемдері болып өтімділік деңгейі бойынша ақша жіктелуін көрсететін агрегаттар табылады. Қазақстанда ақша массасы М0, М1, М2, М3 агрегаттарына бөлінеді. Ақшалы агрегаттардың құрамы келесідей: М0 – айналымдағы қолма-қол ақша, жинақтау қаражаттары, яғни құн, жинақтау, тауарлар мен қызметтерге төлем құралы ретіндегі физикалық және заңды тұлғалардың банктен тыс монета, банкнота сомалары; М1- агрегат М0 + халықтың және банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютада аударылатын депозиттері; М2 – агрегат М1 + ұлттық валютадағы басқа депозиттер және шетел валютасында халықтың және банктік емес заңды тұлғалардың аударылатын депозиттері; М3 – агрегат М2 + шетел валютасындағы халықтың басқа депозиттері + банктік емес заңды тұлғалардың шетел валютасындағы басқа депозиттері. Ақша мультипликаторы (m): m= М / Б, мұндағы, М – айналымдағы ақша массасы; Б – ақша базасы. Ақша мультипликаторы ақша массасы динамикасын бақылау үшін және экономикаға коммерциялық банктердің несиелік салымдарының көлемдеріне талдау жүргізу үшін пайдаланылады. Ақша массасы М3 ақша агрегаты бойынша анықталады. Ақша мультипликаторы коэффициент ретінде банктік резервтерді өзгерту жолымен жүретін айналымдағы ақша массасының өзгерісін сипаттайды. Егер ақша айналымдары каналдары артық ақша массасымен толса, сонымен қатар мұндай ақша массасы сәйкес тауар массасымен қамтылмаса, яғни ақша массасының өсу қарқыны тауар мен қызмет өндірісінің өсу қарқынынан асса, онда инфляция пайда болады. Ақша массасы (агрегат М3 үшін) өсімінің факторлық талдауы: [pic], Мұндағы, М1, М0 – есепті және базисті кезеңдегі М3 агрегаты үшін ақша массасы; [pic] - есепті және базисті кезеңдегі ақша мультипликаторы^ Б1, Б0 - есепті және базисті кезеңдегі ақша базасы. Соның ішінде факторлардың әсер етуі есебінен: А) ақша мультипликаторының өзгеруі: [pic] ә) ақша массасының өзгеруі: [pic] Абсолюттік өсімдердің өзара байланысы: [pic] Ұлттық валютаны сатып алу қабілеттілігінің есептелуі 1 теңгені сатып алу қабілеттілігі =1 тұтыну бағасы Теңгенің сатып алу қабілеттілігінің номиналды индексін, АҚШ долларына қарағанда, теңге курсының өзгерістерін және жалпы ақша массасында шетел валютасындағы ақша айналымының бөліктерін есепке ала отырып, есептеуге болады: 1 теңгені номиналды 1 сатып алу = ------------------------------------ --------------------------- қабілеттілігі 1 АҚШ долларына теңгенің қатынасының курсы Айналымдағы ақша саны (V) немесе ақша бірлігі айналымының жылдамдығы: V = ЖІӨ / М3, мұндағы ЖІӨ - ағымдағы бағалардағы жалпы ішкі өнім; М3 – кезеңдегі ақшаның орташа қалдығы. Ақша айналымының саны жалпы ішкі өнімнің қызмет атқаруы үшін кезеңдегі төлем қаражаттарының ақшалай бірліктерінің орташа қайталамаларын сипаттау үшін қажет. «Ақша массасының бір айналымының ұзақтығы» көрсеткішінің мәні және оны есептеу әдістемесі Ақша массасының (t) бір айналымының ұзақтығы: [pic][pic] , мұндағы, К – кезең күндері: тоқсан – 90 күн, жыл – 360 күн; ЖІӨ / К=б – жалпы ішкі өнімнің бір күндік өлшемі. Бұл көрсеткіш ЖІӨ қызметіне бір айналым ақша массасы үшін орта есеппен қанша күн керек екендігін көрсетеді. Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар. Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Тауар айналымының статистикасының негізгі көрсеткіштерін атаңыз. 2. «Ақша массасы», «ақша базасы» ұғымдарының мәні неде? 3. Ақшалық агрегаттардың М0, М1, М2, М3 құрамын атаңыздар. 4. Ақша массасының факторлық талдау әдісін сипаттаңыздар. Тақырып 7. Баға статистикасы Дәріс сұрақтары: 1. Баға туралы түсінік, оның түрлері 2. Өнімді бағалау және қайта бағалаудың статистикалық әдістері 3. Баға және тариф өзгерістерінің статистикалық бақылауын ұйымдастыру 1. Баға туралы түсінік, оның түрлері Баға дегеніміз – тауар құнының ақшалай көрінісі. Ал тариф – қызмет көрсету құнының ақщалай көрінісі. Бағаны қалыптастырудың негізін өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындар туралы мәліметтер, сондай-ақ экономиклық циклды іске асыруға арналған кәсіпорынның табысы мен пайдасы құрайды. Баға статистикасының міндеттері: Тауар мен қызмет көрсету бағасын статистикалық зерттеудің міндеттері: 1. Тауар мен қызмет көрсету бағасына статистикалық бақылауды ұйымдастыру. 2. Тауар мен қызмет көрсету бағасын тіркеу. Баға туралы ақпарт жинау, оны республика аумағында жариялау. 3. Бағаның, инфляциялық процестердің құрамын, құрылымын және динамикасын талдау. 4. Ішкі және ұлттық экономикада, тауар мен қызмет көрсетуді және экспорт пен импортты бағалауда бағаны пайдалану. 5. Аймақтық және республикалық деңгейдегі орташа бөлшек сауда бағасын және индексін есептеу. 6. Бөлшек сауда бағасының динамикасы мен деңгейіне әсер ететін факторларды статистикалық зерттеу. 7. Тұтынушының орташа бағасын және тұтынушы бағасының индексін өмір деңгейінің өлшемі ретінде есептеу. 8. Тауарлар мен қызмет көрсетуге қойылатын бағаларды халықаралық, аймақтық деңгейде салыстыру. Статистикалық органдардың экономикалық есептеулерінде және аналитикалық жұмыстарында барлық институционалды бірлік, экономика секторлары арасындағы операция рыногының келісім жасау сәтінде жүретін ағымдағы нарықтық бағалар қолданылады. Ағымдағы нарықтық бағалардың көмегімен өндірілген, пайдаланылған және өткізілген өнімнің жалпы мөлшері анықталады; экономиканың секторлары мен салалары шегіндегі оның құрылымы есептеледі. Ағымдағы нарықтық бағаларға жататындар: 1. факторлық құн; 2. негізгі баға; 3. өндірушінің бағасы; 4. сатып алушының бағасы; 5. «ФОБ» бағасы; 6. «СИФ» бағасы; Әр ағымдағы нарықтық бағаның ұғымы және оның құрамы Есеп берулер мен шоттардағы операцияларды тіркейтін бағалар: Факторлық баға (ФБ) – тауар мен қызмет бірлігі үшін алатын өндірушінің бағасы: ФБ=АТ+НКТ+ЖП(ЖАТ) Мұндағы :ЖП – экономиканың жалпы пайдасы; ЖАТ – жалпы аралас табыстар. Негізгі баға (НБ) - өнімдерге төленетін салықты қоспағанда (ҚҚС пен импорт салығынан басқасы),бірақ өнімдерге субсидия, жәрдем ақшаны қосқанда тауар мен қызмет бірлігі үшін алатын өндірушінің бағасы . Өндірушінің бағасы (ӨБ) – ҚҚС және импорт салығынан бөлек өнімдерге төленетін салықтарды қосқанда және өнімдерге субсидияны қоспағанда тауар мен қызмет бірлігі үшін алатын өндірушінің бағасы . Негізгі баға мен өндірушінің бағасы арасындағы өзара байланыстар : а) ӨБ = НБ + өнімдерге ТС (ҚҚС және импорт салығынан бөлек ) = НБ + өнімдерге салық (ҚҚС және импорт салығынан бөлек ) - өнімдерге субсидия ; б) НБ = ОБ + өнімдерге ТС ( ҚҚС және импорт салығынан бөлек ) = ОБ - өнімдерге салық ( ҚҚС және импорт салығынан бөлек ) + өнімдерге субсидия , Мұндағы : ТС – таза салықтар . Тұтынушының нарықтық бағасы ( ТНБ ) - өнімдерге және импортқа төленетін барлық таза салықтарды қосқанда сатып алушының тауар немесе қызмет үшін төлейтін бағасы . ТНБ = ӨБ + СКҮБ , Мұндағы : СКҮБ – сауда – көліктік үстеме баға . Есептеулерде тауар мен қызмет шығарылымдары негізгі және өндірушінің бағасында бағаланады . Сондықтан да келесі түзетулер жасалады . Берілгендерді сәйкес түрге келтіру үшін шығарылымды бір бағада қайта есептеуді іске асырады . Кедендік статистика тауарлар экспортын ФОБ бағасымен (экспорттаушы елдің порты) , ал тауарлар импортын СИФ бағасымен (импорттаушы елдің порты ) есептейді . «ФОБ» ағылшынның «fob» сөзінен шығады , яғни «бортта боссың» дегенді білдіреді . «ФОБ» бағасына мына компоненттер кіреді : - өндіруші бағасымен есептелген тауардың бір бірлігінің құны ; - экспортер елдің шекарасын кесіп өткен кезеңдегі тауарлар мен байланысты барлық қызметтер құны , атап айтсақ : тауарды жеткізу , сақтандыру , сақтау , кейінгі тасмалдау үшін тауарды тиеу ; - төменгі экспорттық баж салығы мен алынған салықтық жеңілдіктер айырмасы «СИФ» те ағылшынның «cif» сөзінен шығады , яғни бұл – «құн , сақтандыру», фрахты «тасмалдау» дегенді білдіреді.Сиф бағасы тауар бірлігінің құнын жәнежеткізілетін орынға дейінгі тауарды тасмалдау , сақтандыру мен байланысты барлық қызметтер құнын қамтиды . 2. Өнімді бағалау және қайта бағалаудың статистикалық әдістері . Тауар экспорты мен импортының бағалары туралы кедендік статистиканың ақпараттары макростатистикалық есеп беру үшін, мысалы , Қазақстан Республикасының төлем балансын және сыртқы экономикалық байланыстың ұлттық шотын өндеуге негіз болады . Мұндай статистикалық есеп берулер Қазақстан Республикасының қаржылық жағдайын , әлемнің басқа елдерімен сыртқы эканомикалық байланыстардың дамуын және күйін көрсетеді . Экспорт және импорт операцияларына қандай бағамен және қалай қайта есептелу жүргізіледі ? Төлем балансында және сыртқы экономикалық байланыс есебінде ҰШЖ – дың ұсынысы бойынша тауарларды бағалаудың әр түрлі әдістері есебінен макростатистикалық баланс динамикасын өзгеріссіз қалдыру үшін тауар экспорты мен импортының біркелкі бағалануына «ФОБ» бағасы қолданылады . Осы мақсатта , статистикалық органдар түзетулер мен қайта есептеу арқылы тауардың экспорты мен импортын бір «ФОБ» бағасы мен көрсете отырып, келесі әдістерді ұсынады : - сауда счет – фактураларының ішінара бақылау мәліметтерін «сиф» және «фоб» бағасының қатынысымен қолдану негізінде ; - «сиф» және «фоб» бағаларының қатынасына экспорттік бағалау қолдану негізінде . Халыққа тегін берілетін немесе төмен бағамен берілетін өнім қандай бағамен бағаланады? Үй шаруашылықтарына (мемлекеттік басқару , денсаулық сақтау , білім , қорғау ) төмен бағамен немесе тегін берілетін өнімді өндіру олардың өндірісіне кеткен шығын бойынша бағаланады. Шығындар келесі компоненттердің қосындысы ретінде есептеледі : аралық тұтыну + жалдамалы жұмысшылардың жалақысы + негізгі капиталдық тұтыну + өндіріс процесінде төленген таза салықтар + өз ғимаратын иеленгеннен түскен таза табыс . Жеке тұтынуға, бартерге арналған өнім негізгі баға бойынша бағаланады . Өнімнің жалпы құны мен құрылымын анықтауға , ағымдағы нарықтық бағаның маңыздылығына қарамастан , кемшілік тән . Ағымдағы нарықтық баға мен көрсеткіштер бағасы өндірістік және өткізілген тауарлар мен қызметтердің физикалық көлемінің өзгерісін көрсетпейді .Өнімді өндіру және өткізудің физикалык көлемінің динамикасы елдің нақты экономикалық өсу қарқынын , халықтың материалдық жағдайын көрсетеді , өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері еңбек өнімділігін , капитал қайтарымдылығын , пайдалалықты есептеуге негіз болады . Осыған орай өнім көрсеткіштерінің физикалық көлемінің динамикасы , мысалы ЖІӨ тек тұрақты бағамен зерттелуі керек .Тұрақты баға ретінде салыстыру базасы болып алынған жылдың ағымдағы орташа бағалары алынады .ҰШЖ тұрақты бағаны әр бес жыл сайын өзгертіп отыруды ұсынады . Өнімді ағымдағы бағадан тұрақты бағаға ауыстырудың негізгі әдістері: 1) тікелей қайта бағалау әдістері ; 2) дефляцилау әдісі . Тікелей қайта бағалау әдісінің маңызы мынада : тұрақты бағадағы өнім көрсеткіштерін тұрақты бағаны есептеу кезеңіндегі өндірілген өнім санына көбейту арқылы есептеу . Дефляциялау әдісі бойынша ағымдағы бағадағы өнім (ЖІӨ) көрсеткіштері индекс – дефлятор арқылы тұрақты бағада есептеледі. Дефлятор бағаның жиынтық денгейін, яғни бір жылдағы эканомикадағы бағаның орташа мәнінің шамасын сипаттайды. Дефлятор дегеніміз – бұл агрегатталған баға индексі , себебі дефляторды құру негізінен баға индексін есептеу құрайды : ∑ p0q1 = ∑ = ∑ p1q1: Мұндағы : ∑ p0q1 есептегі кезеңдегі тұтынудың ағымдағы баға бойынша жалпы құны немесе тауарлар мен қызметтердің номиналды құны ; ∑ p1q1 / ∑ p0q1 = І - баға индексі ; ∑ p0q1 - есептегі кезеңдегі тұтұнудың тұрақты бағасы бойынша жалпы тұтыну құны немесе тауарлар қызметтердің нақты құны ; q1 – есептегі кезеңдегі тауарлар мен қызметтер саны p1 – есептегі кезеңдегі бағалар . Нақты ЖІӨ құны туралы алынған мәліметтер негізінде ЖІӨ -нің физикалық көлемінің динамикасы сәйкес индексі Іq арқылы есептеледі : Іq = ∑ p1q1 , ∑ p0q0 мұндағы, Іq – ЖІӨ-нің физикалық көлемінің индексі, есептегі кезеңдегі ЖІӨ - нің нақты құнын (p0q1) базистік кезеңдегі ЖІӨ (p0q0 ) құнымен салыстырады . 3. Қазақстандағы бағалар және тариф өзгерісінің статистикалық бақылауын ұйымдастыру. Нарыққа өту жағдайында Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі арнайы баға методологиясы бойынша төмендегілерге ішінара бақылау жасайды: а) тауардың бөлшек сауда бағасына ; ә) бақылау жасайтын баға әдістемесін жасй отырып тауар және қызметтердің тұтын бағаларына және тарифтеріне. Бағаларды бақылаудың мақсаты - халыққа уақыттың ағымдағы кезеңіне сәйкестендірілетін тауарлар мен қызметтерді сату бағалары мен тарифтерін тіркеу және бөлшек сауда бағасы мен тұтыну бағаларын есептеу . Бағаларды ішінара бақылауды ұйымдастыру типтік іріктеу әдісіне, яғни халық ұдайы сатып алатын тауарлар мен қызметтердің шектелген тізіміне негізделген. Сату – сатып алу операцияларының көпшілігінің ішінен типтік жағдайлар іріктелініп алынады. Бақылау үшін іріктеліп алынған сауда және ақылы қызмет нысандары базалық болып саналады, оларда бағалар мен тарифтерді тіркеу ұдайы жүргізіліп отырады. Базалық кәсіпорындар бойынша тұтыну және бөлшек сауда бағаларының индексін, баға деңгейі туралы оперативті мәліметтерді есептеу мақсатында, халықаралық салыстыру бағдарламалары үшін ақпарат жиналады. Қазақстанда тауарлар мен қызметтерді іріктеп алу келесі белгілер бойынша іске асырылады : - аумағы бойынша ( 2 астана және барлық облыс орталықтары ); - сауда және ақылы қызмет нысандары ( аймақтағы саудалық кәсіп орындар) ; - тауар ( қызмет) өкілеттілігінің тізімі бойынша . Тауарға деген бағалар егер олар бір асортиментке тіркелсе, біркелкі сапалық сипатқа ие болса және сауда тіркелген базалық кәсіпорындарда өткізілсе , екі кезеңде сәйкестендіріледі. Түрі бойынша іріктеліп алынған тауарлар мен қызметтер тұтыну қоржынын құрайды. Тұтыну қоржыны табыс деңгейі әр түрлі халық тобының тұтыну шығындарының нақты құрылымын көрсету негізінде қалыптасады . Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар. Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Ұлттық Шоттар Жүйесінде қолданылатын бағаларды, олардың құрамын атаңыздар. 2. Тұтыну бағасының бөлшек сауда бағасынан айырмашылығы неде? 3. Бөлшек сауда бағасының индексі республика деңгейінде қалай анықталады? 4. Қазақстан Республикасындағы тұтыну бағасын, оның индексін есептеу үшін ішінара бақылау қалай жүргізіледі? Тақырып 8. Өндіріс тиімділігінің статистикасы Дәріс сұрақтары: 1. Экономикалық қызмет нәтижелерінің тиімділік көрсеткіштері 2. Экономикалық қызмет нәтижелерінің тиімділігін факторлық талдау 1. Экономикалық қызмет нәтижелерінің тиімділік көрсеткіштері. Өндіріс нәтижелерінің тиімділік көрсеткіштері экономикалық қызмет нәтижесінің шығын немесе ресурстарға қатынасы түрінде есептеледі. Бұған еңбек өнімділігі , капитал қайтарымы, материал сыйымдылығы, өнім бірлігінің өзіндік құны және т.б көрсеткіштер жатады.Экономикалық қызмет нәтижелері, олар, шығару, жалпы қосылған құн , жалпы ішкі өнім , жалпы ұлттық табыс , жалпы пайда. Аталған көрсеткіштерден басқа экономикалық қызмет нәтижелерінің тиімділігі көрсеткіштеріне басқа да тиімділік коэффициенттері жатады: Таза қосылған құн К өндірісте тұтынылған құралдарды = ----------------------------------- --------------------- қолдану тиімділігі аралық тұтыну + негізгі капиталды тұтыну жалпы пайда+өндірістегі басқа таза салықтар К өндірістегі ақылы еңбекті = -------------------- ---------------------------------------- қолдану жалдамалы немесе қолданбалы жалдамалы жұмыскерлердің еңбекақысы еңбекті пайдалану дәрежесінің тиімділігі Таза пайда К ұлттық экономиканың тиімділігі = ------------------------------------ -------------------- өндіріс шығындары ЖІӨ немесе ЖӨ К еңбек өнімділігі = ---------------------------------------------- - Т( жұмыс істеушілердің орташа саны) Жұмыссыздықтың әсерінен болатын өнімнің шығынын статистика былай анықтайды: ∆ Ж.Қ.Қ. жұмыссыздық = W* Ж мұндағы: Ж – жұмыссыздар саны. ∆ Ж.Қ.Қ. жұмыссыздық – жұмыссыздықтың әсерінен болатын жалпы қосылған құнның шығыны. W – еңбек өнімділігі. 2. Экономикалық қызмет нәтижелерінің тиімділігін факторлық талдау Еңбек өнімділігін факторлық талдау. Еңбек өнімділігі, өз кезегінде, еңбектің капиталмен және капитал қайтарымымен сипатталатын материалдық техникалық қамсыздандырылуына тәуелді. Бұл 3 көрсеткіштің байланысын формула түрінде көруге болады. W = F*f F- еңбектің капиталмен жарақтануы; f – капитал қайтарымы; а) Еңбек өнімділігін факторлық талдау. ∆ W= W1-W0= F 1f 0-F 0f0 Мұндағы: ∆ W – еңбек өнімділігнің абсолюттік өсімі. F 1f 0 – есептегі және базистік жылдарға сәйкес еңбектің капиталмен жарақтануы. F 0f0 – капитал қайтарымы. Соның ішінде әрбір фактордың әсерін қарастырамыз: а) еңбектің капиталмен жарақтануының өзгеруі есебінен: ∆ WF= ( F 1 – F0) f0 ә) капитал қайтарымының өзгеруі есебінен; ∆ Wf=(f1-f0 )F1 Абсолюттік өсімдердің өзара байланысы. ∆ W= ∆ WF + ∆ Wf ә) Екі фактордың әсерінен болатын өнімнің абсолюттік өсімін факторлық талдау. ∆ЖҚҚ =ЖҚҚ1 – ЖҚҚ0= ∑W1T1 Мұнда: ∆ЖҚҚ – жалпы қосылған құнның абсолюттік өсімі. ЖҚҚ1 ЖҚҚ0- есептегі және базистік жылдарға сәйкес жалпы қосылғанның құнның сомасы. Енді әрбір фактордың өзгеруін зерттейміз. а) жеке кәсіпорындардың, экономикалық салалардың еңбек өнімділігінің өзгеруі есебінен жалпы қосылған құнның өсімі. ∆ЖҚҚW = ∑W1 T1 - ∑W0 T1 ә)жеке кәсіпорындарда, экономикалық салаларда жұмыс істейтіндердің орташа санының өзгеруі есебінен жалпы қосылған құнның өсімі: ∆ЖҚҚ = ∑W0 T1 - ∑W0 T0 Жалпы қосылған құнның абсолюттік өсімдерінің өзар байланысы: ∆ЖҚҚ=∆ЖҚҚW+∆ЖҚҚ б) Орташа еңбек өнімділігін индекстік талдау. I W = W1/ W 0 Мұндағы: I W - - орташа еңбек өнімділігінің өзгермелі құрамды индексі. W1/ W 0—есептегі және базистік жылдарға сәйкес орташа еңбек өнімділігі. в) Есептелген орташа индекстер, соның ішінде үш факторлардың әсер етуі негізінде ЖҚҚ-ның абсолютті өсімі анықталады. ∆ЖҚҚ=∆ЖҚҚ 1- ∆ЖҚҚ0 Оның ішінде әрбір фактордың өзгеруі есебінен: а) жеке кәсіпорындардың, салалардың еңбек өнімділігінің өзгеруі. б) жұмысбастылардың санының өзгеруі в) жұмысбастылардың құрылымының өзгерісі г) Жұмысшылар саны мен орташа жалақының өзгеру салдарынан жалақы қорының өсіміне факторлық талдау. ∆ЖҚ = ∑ ЖҚ1 - ∑ ЖҚ0=∑Ж1Т1-∑Ж0Т0 Мұндағы: ∑ ЖҚ1∑ ЖҚ0 – есептегі және базистік жылдарға сәйкес жалақы қорлары; Ж1,Ж0- есептегі және базистік жылдарға сәйкес орташа жалақы; Т1Т0 – есептегі және базистік жылдарға сәйкес жұмыс істейтіндердің орташа саны, оның ішінде әрбір фактордың өзгеруі есебінен. А) орташа жалақының өзгеруі. ∆ЖҚж= ∑Ж1Т1 - ∑Ж0Т0 Б) жұмыс істейтіндер санының өзгеруі. ∆ЖҚж= ∑Ж1Т1 - ∑Ж0Т0 Жалақы қорының абсолюттік өсімдерінің өзара байланысы. ∆ЖҚ=∆ЖҚж+∆ЖҚт А, Ә, Б әдістемелеріне сәйкес статистика келесі көрсеткіштерді зерттейді: - орташа жалақының өзгермелі, тұрақты құрамды және құрылымдық өзгеру индекстері. - үш фактор өзгерісі есебінен жалақы қорының өсімі : жеке кәсіпорындарының , салалардың орташа жалақысы , жұмыс істейтіндердің саны және олардың құрылымы. - екі фактордың өзгеруі есебінен жалпы ішкі өнімнің абсолюттік өсімі, халықтың орташа жылдық санын жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі. Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар. Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Экономикалық қызмет нәтижелерінің көрсеткіштерін атаңыз. 2. Орташа еңбек өнімділігін талдау қалай жүргізіледі? 3. Экономикалық қызмет нәтижелерінің тиімділік көрсеткіштерін айтыңыз. 4. Ұлттық экономика тиімділігі коэффициенті қалай анықталады? 5. Өндірісте тұтынылған қорларды қолдану коэффициенті қалай есептеледі? Тақырып 9. Ұлттық есеп жүйесі және баланстық құрылымдар Дәріс сұрақтары: 1. Ұлттық Шоттарды құрудың негізгі принциптері 2. Ұлттық Шоттардың үлгілері 1. Ұлттық Шоттарды құрудың негізгі принциптері Ұлттық шоттар жүйесі – ұлттық деңгейдегі макроэкономиканың ұлттың жайлыңқы статисткалық моделі. Экономикалық операциялар секторлар түрінде берілген: қаржылық емес корпорациялар, қаржылық корпорациялар, мемлекеттік басқару ұйымдары, үй шаруашылығы, коммерциялық емес ұйымдар, үй шаруашылығына қызмет көрсетушілер, қалған әлем. Алты сектордың ішіндегі бесеуі ішкі отандық экономиканы сипаттайды және олар Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады. Соңғы алтынша сектор – «қалған әлем» сыртқы болып есептеледі және осы елдің резидент еместерінің және резиденттерінің арасындағы операцияларды бейнелейді. Ұлттық Шоттар өзара байланысты бухгалтерлік шотқа ұқсас баланс-кесте түрінде құрылады. Әрбір шот екі жақты баланс- кесте түрінде берілген экономикалық айналымның белгілі дәрежесін анықтайды. Бұл кестеде операциялар екі рет тіркеледі: бірінші рет ресурстарда, екінші рет пайдаланған кезде кестедегі 2-бөлімнің операция нәтижелері шот ресурстары мен оларды қолдану көрсеткіштерінің айырмасы арқылы анықталатын баланстаушы бап арқылы теңеседі. Баланстаушы баптан алынған мөлшер келесі шоттың ресурсты бөлігіне аударылады. Бұлардың нәтижесінде шоттардың өзара байланысын және Ұлттық Шот Жүйесін түрлендіру қамтамасыз етіледі. Ұлттық шоттар жүйесінің баланстаушы бап тізімі: |Шот аты |Шоттың баланстаушы бабы | |1.Өндіріс шоты |Жалпы ішкі өнім | |2.Табыстарды құру шоты |Жалпы пайда (жалпы аралас кіріс) | |3.Бастапқы табыстардың таратылу шоты|Бастапқы табыстардың сальдосы (жалпы| | |ұлттық табыс) | |4.Табыстардың қайта таратылу шоты |Жалпы қолда бар табыс | |5.Қолда бар табыстарды пайдалану |Жалпы жинақ | |шоты | | |6.Капиталмен байланысты операциялар |Таза несиелендіру (таза қарызға алу)| Ұлттық шоттар жүйесіндегі баланстаушы бап таза және жалпы көлем негізінде анықталады. Егер негізгі тұтыну капиталының мәліметтері бар болса, онда баланстаушы бап жалпы көлем деп аталады. Егер осы мәліметтер жоқ болса, онда баланстаушы бап таза көлем деп аталады. 2. Ұлттық Шоттардың үлгілері Өндіріс шоты |Ресурстарды пайдалану |Ресурстар | |1.1. Аралық тұтынну |2.1. Негізгі бағамен шығару | |1.2. Нарық бағасындағы жалпы ішкі |2.2. Өнімдерге салықтар | |өнім көлемі (2.1.- 2.2. -2.3. -1.1.)| | |1.3. Негізгі капиталды тұтыну |2.3. Өнімдерге демеу қаржылары | | |(субсидиялар) | |1.4. Нарық бағасындағы таза ішкі | | |өнім (1.2. -1.3.) | | Табыстардың құрылу шоты |Ресурстарды пайдалану |Ресурстар | |1.1. Барлық секторлардағы жалдамалы |2.1. Нарық бағасындағы жалпы ішкі | |жұмыскерлердің еңбек ақысын төлеу |өнім көлемі | |1.2. Өндіріске және импортқа | | |салықтар, оның ішінде: | | |- өнімге салықтар | | |- басқа да өндірістерге салықтар | | |1.3. Өндіріске және импортқа | | |субсиядиялар, оның ішінде: | | |- қаржылық көмек; | | |- өнімдерге демеу қаржылары | | |(субсидиялар) | | |- басқа өндіріс субсидиялары | | |1.4. Жалпы пайда (жалпы аралас | | |табыстар) | | |(2.1. -1.1.-1.2.-1.3.) | | |1.5. Негізгі капиталды тұтыну | | |1.6. Таза пайда (таза аралас | | |табыстар) | | |(1.4.-1.5.) | | Бастапқы табыстардың таратылу шоты |Ресурстарды пайдалану |Ресурстар | |1.1. «Қалған әлемге» берілген |2.1. Жалпы пайда және жалпы аралас | |меншіктен түскен табыстар |табыстар | |1.2. Бастапқы табыстардың жалпы |2.2. Жалдамалы жұмыскерлердің еңбек | |сальдосы |ақысын төлеу | |(2.1.+2.2.+2.3.+2.4.+2.5.-1.1) | | |1.3. Негізгі капиталды тұтыну |2.3. Өндіріске және импортқа | | |салықтар | |1.4. Бастапқы табыстардың таза |2.4. Өндіріске және импортқа | |сальдосы (1.2.-1.3.) |субсиядиялар (демеу қаржылары), | | |«Қалған әлемнен» меншіктен алынған | | |табыстар | Табыстарды қайта тарату шоты |Ресурстарды пайдалану |Ресурстар | |1.1. «Қалған әлемге» берілген, |2.1. бастапқы табыстардың жалпы | |әлемдегі трансферттер |сальдосы | |1.2. Қолда бар жалпы табыс |2.2. «Қалған әлемнен» алынған | |(2.1+2.2-1.1) |ағымдағы трансферттер | |1.3. Негізгі капиталды тұтыну | | |1.4. Қолда бар таза табыс | | |(1.2.-1.3.) | | Қолдағы табыстарды пайдалану шоты |Ресурстарды пайдалану |Ресурстар | |Түпкілікті тұтыну шығындары, оның |2.1. Қолда бар жалпы табыс | |ішінде: | | |үй шаруашылығы | | |мемлекеттік басқару ұйымдары | | |үй шаруашылығына қызмет көрсететін | | |коммерциялық емес ұйымдар | | |Жалпы жинақ (2.1.-1.1.) | | |Негізгі капиталды тұтыну | | |Таза жинақ (1.2.-1.3.) | | Капиталмен операциялар шоты |Ресурстарды пайдалану |Ресурстар | |1.1. Негізгі капиталдың жалпы |2.1. Жалпы жинақ | |қорлары | | |1.2. Материалдық айналым құралдары |2.2. «Қалған әлемнен» алынған | |қорларының өзгеруі |капиталды трансферттер | |1.3. Құндылықтарды, өндірілмеген |2.3. «Қалған әлемге» берілген | |қаржылық емес активтерді таза сатып |капиталды трансферттер | |алу | | |1.4. Негізгі капиталды тұтыну | | |Таза несиелендіру (+), | | |Таза қарызға алу (-) | | |(2.1.-2.2-2.3.-1.1-1.2.-1.3.-1.4.) | | Қызметтер және тауарлар шоты |Ресурстарды пайдалану |Ресурстар | |1.1. Аралық тұтыну |2.1. Негізгі бағамен шығару | |1.2. Түпкілікті тұтынудағы шығындар |2.2. Тауарлар мен қызметтер көрсету | | |импорты | |1.3. Жалпы қорлану |2.3. Өнімдерге салықтар | |1.4. Тауарлар мен қызметтер көрсету |2.4. Өнімдерге демеу қаржылары | |экспорты |(субсидиялар) | | Статистикалық алшақтық (+) |2.5. Ресурстардың барлығы | |Барлығы пайдаланылған | | Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар. Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Ұлттық Шоттарды құрудың негізгі принциптерін атаңыздар. 2. Әр Ұлттық Шоттың үлгісін, мазмұнын айтыңыз: - өндіріс шотын; - табыстардың құрылу шотын; - бастапқы табыстардың таратылу шотын; - табыстарды қайта тарату шотын; - қолдағы табыстарды пайдалану шотын; - капиталмен операциялар шотын; - қызметтер және тауарлар шотын. Тақырып 10. Халықтың тұрмыс дәрежесінің статистикасы Дәріс сұрақтары: 1. Әлеуметтік статистика пәні және объектілері 2. Үй шаруашылықтарын ішінара бақылаудың ұйымдастырылуы 3. Халықтың тұрмыс деңгейі көрсеткіштерінің жүйесі 1. Әлеуметтік статистика пәні және объектілері Әлеуметтік статистика қоғамның әлеуметтік- демографиялық құрылымының сандық сипаттамасын зерттейді, адамдардың өмірі мен қызметін, олардың құқық және мемлекетпен өзара қатынастарын зерттейді. Әлеуметтік статистиканың ерекшеліктері: - зерттеу шығындары мен объектілері ерекше мәнге ие; - сандық және сандық емес мәліметтерді пайдаланады; - мәліметтер сұрақтарға жауап ретінде жиналады; - әлеуметтік ақпараттарды жинау және өңдеу үшін ерекше әдістер, тәсілдер қолданылады; Әлеуметтік статистиканың пәні – қоғам өмірінің әлеуметтік қатынастар жүйесінің сандық-сапалық бағасы, адамдардың жағдайын және олардың арасындағы игіліктерді бөлу заңдылықтарын анықтайды. Әлеуметтік статистиканың зерттеу объектілері негізінен екі типке бөлінеді: 1) жеке объектісі – адам, халық; 2) ұжымдық объектісі – халық топтары: отбасы, үй шаруашылығы (шаруашылықтар), еңбек ұжымы және т.б. Бақылау бірлігі – зерттеу мақсатына байланысты адам немесе үй шаруашылығы. Әлеуметтік статистика мынадай бөлім қатарларын қамтиды: 1. Халық құрамының статистикасы; 2. Отбасы және үй шаруашылығы статистикасы; 3. Халықтың тұрмыс деңгейінің статистикасы; 4. Халықтың табыс және шығыс статистикасы; 5. Халықтың тауар және қызметті тұтыну статистикасы; 6. Халықтың үй жағдайы және тұрмыс ету статистикасы; 7. Халықтың бос уақыты статистикасы; 8. Жұмысбастылық және жұмыссыздық статистикасы; 9. Халықтың денсаулығы және медициналық қызмет көрсету статистикасы; 10. Білім жүйесін дамыту және халықтың білім деңгейінің статистикасы; 11. Оралым және рекреация статистикасы; 12. Моралдық статистика; 13. Құқық статистикасы, қоғамдық саяси жүйе және қоғамдық пікір статистикасы; 14. Қоғамдық саяси жүйе және көпшілік пікір статистикасы; 15. Қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарының статистикасы. Әлеуметтік статистиканың әр саласы белгілі әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштерден тұрады. Олардың ішінде халықтың тұрмыстық деңгейінің көрсеткіштері ерекше орын алады. Себептері мынада: - халықтың әл-ауқатын, экономикалық жағдайын көрсетеді; - мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық саясатын жүргізу үшін пайдаланады; - түрлі елдің экономикалық даму деңгейлері халықаралық салыстыру үшін қолданылады. 2. Үй шаруашылықтарын ішінара бақылаудың ұйымдастырылуы Халықтың тұрмыстық деңгейі көрсеткіштерінің негізгі ақпарат көзі – үй шаруашылықтарын ішінара бақылау. Үй шаруашылықтарын ішінара бақылауды ұйымдастырудың мақсаты - үй шаруашылықтарының құрамы, халықтың ақшалай табыстары және шығындарының құрылымы мен деңгейі туралы мәліметтерді жинау. Үй шаруашылықтарының ішінара зерттеу принциптері: 1. Үй шаруашылықтарының ішінара жиынтығы облыстық және республикалық деңгейлер бойынша өкілеттілік болуы тиісті; 2. Тауарлар мен қызметтердің кем жіктелуі пайдаланылады; 3. Тұрақты ақшалай шығындарды тіркеу кезінде қысқа (екі апталық) уақыт мерзімін қолданады. Себебі, экономикалық тұрақсыздықтардай, бағалардың көпшілігі және инфляцияжағдайларындағы өзіндік шығындар туралы халықтың есіне түсіру қиын болады. Қазақстан Республикасындағы үй шаруашылықтарының ішінара жиынтығы аумақтық белгі бойынша тұрғын үйлердің тіркелімі негізінде қалыптастырылған. Бұл тіркелім 1999 жылғы Қазақстан Республикасындағы халық санағы қорытындысы бойынша құрылған. Үй шаруашылықтарының бас жиынтығы алты стратқа бөлінеді: 1) үлкендер саны 30 мың бірліктен жоғары үй шаруашылықтары бар ірі қалалардағы үй шаруашылықтарының санын қосады; 2) орта саны 10 мың бірліктен жоғары, бірақ 30 мың бірліктен аспайтын орта қалалардағы үй шаруашылықтары; 3) шағын – үй шаруашылықтарының саны 10 мың бірліктен аспайтын шағын қалалардағы және қала үлгісіндегі қыстақтардағы үй шаруашылықтары; 4) Алматы қаласындағы үй шаруашылықтары; 5) Астана қаласындағы үй шаруашылықтары; 6) ауылдық мекендердегі үй шаруашылықтары. Келесі тұрғын үйде тұратын үй шаруашылықтары есепке алынады. Тұрғын үйлердің келесі типтері: жеке үй, жеке үйдің бөлімі, жеке пәтер есепке алынады. Іріктемелі жиынтықтың көлемі 12 мың үй шаруашылығының бірліктерінің жасалады. Әр страттағы таңдама мөлшерін есептеу мына формула қолданылады: [pic], мұндағы, ni – і – страттағы үй шаруашылықтарының іріктеме көлемі; N – Қазақстан Республикасындағы үй шаруашылықтарының бас жиынтығының көлемі; Ni - і – страттағы үй шаруашылықтарының бас жиынтығының көлемі; n – Қазақстан Республикасындағы үй шаруашылықтарының іріктеме жиынтығының көлемі. Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында өкілеттілікті қамтамасыз ету мақсатында көп сатылы кездейсоқ ықтималдылық таңдама әдісімен шаруашылықтар құрылады. 3. Халықтың тұрмыс деңгейі көрсеткіштерінің жүйесі Халықтың тұрмыс деңгейі дегеніміз – абыройлы өмір сүру үшін, яғни салауатты өмір салтын жүргізу, әлеуметтік және аумақтық мобильдіктің қамтамасызщ етілуі, ақпаратпен алмасу және қоғам өміріне қатысу үшін материалдық ресурстарға қол жеткізу. Халықтың тұрмыс деңгейі күрделі экономикалық категория ретінде жеке және интегралдық көрсеткіштер жүйесімен сипатталады. Интегралдық көрсеткіштер адам мүмкіндігінің дамуының негізгі мүмкіндіктерін есепке алады: - өмірдің ұзақтығы және денсаулық; - білім алу; - экономикалық өндірісте жұмыс істеу. Адам дамуының индексі үш индекстің арифметикалық ортасы ретінде есептеледі: адам өмірінің ұзақтығы, білім деңгейі және халықтың жан басына шаққандағы нақты жалпы ішкі өнім индекстері. Шекті мәндер: |Көрсеткіш индексі |min |max | |1. Туылу кезіндегі өмір сүрудің болжамды |25 |85 | |ұзақтығы | | | |2. Ересек халықтың сауаттылығы (%) |0 |100 | |3. 5-24 жас аралығындағы оқушылардың |0 |100 | |жиынтық үлесі (%) | | | |4. Ұлттық валютаны сатып алу қабілетінің |100 |40000 | |паритеті бойынша халықтың жан басына | | | |шаққандағы нақты жалпы ішкі өнімі, АҚШ | | | |долларымен, ($) | | | Индекстер былай есептеледі: [pic] Халықтың қайыршылық индексін есептеу әдістері 1. Индустриасы дамыған елдер үшін = [pic] немесе [pic], мұндағы, Р1 – 60 жасқа дейін жетпей өлген халықтың үлесі, (%); Р2 – сауатсыз ересек халықтың үлесі, (%); Р3 – елдегі медиандық табыстан 50 % деңгейінде табысы бар халықтың үлесі, (%); Р4 – 1 жыл және одан да көп уақыт бойын жұмысы жоқ, экономикалық белсенді халықтың үлесі, (%). 2. Дамушы елдер үшін – адам дамуының негізгі салаларындағы халықтың айырылу көрсеткіштерінің үшінші реттегі орташа шамасы ретінде: а) Ұзақ және салауатты өмір сүру мүмкіндігі бойынша 40 жасқа дейінгі өлгендердің үлесі; б) білім алу мүмкіндігі бойынша ересек халықтардың салауатсыздық үлесі; в) лайықты өмір сүру үшін ресурстарға қажеттілік бойынша халықтың денсаулық сақтау қызметтеріне, қауіпсіз ауыз суға қатысу мүмкіндігі жоқ және 5 жасқа дейінгі салмағы жетпеген балалардың орташа арифметикалық үлесі. Мүмкіндіктер бойынша халықтың кедейлік коэффициенттері орташа арифметикалық 3 көрсеткіштен тұрады: а) білікті медициналық қызметкерлердің көмегінсіз туылған балалардың үлесі; б) 15 және одан жоғары жастағы сауатсыз әйелдердің үлесі; в) 5 жасқа дейінгі салмағы жетпеген балалардың үлесі. Кедейлік деңгейі – жалпы халық санының өмір сүру минимумынан төмен табысы бар халықтың үлесі. Халықтың тұрмысын сипаттайтын жеке көрсеткіштер: 1. Жалақы – келісім шартқа отырған жалдамалы жұмыскерлер табысы. 2. Тұрғындардың табысына (жалақыдан басқа) барлық көзден алынған ақшалай және натуралды табыстардың барлық қалған түрлері жатады: жеке қосалқы шаруашылықтың пайдасы, материалдық көмек, зейнетақылар, жәрдемақылар, стипендиялар, ұтыстар, мұра, сақтандыру төлемдері, қайырымдылық, гранттар және т.б. 3. Номиналдық жалақы және номиналдық табыс ағымдағы бағадағы бұл көрсеткіштердің ақшалай көрінісі болып табылады. 4. Нақты жалақы мен нақты табыс әрбір азамат өз жалақысы мен пайдасына ала алатын материалдық игіліктер мен қызметтердің сомасын сипаттайды. Нақты және номиналдық табыс арасында байланыс бар: Інақты жалақы = Іноминалдық жалақы : Ітұтыну бағасы, мұндағы І – индекс. 5. Қолда бар табыс – бұл міндетті төлемдер мен төлемақыларды санамағанда, номиналдық ақшалай табыс. 6. Тұрғындардың табыстары ағымдағы шығындардың орнын толтыруға немесе жинақтар үшін қолданылады. Тұрғындардың ағымдағы шығындарының құрамына тағамдарды, сусындарды, темекіні, аяқ-киімді, жиһазды сатып алуға кеткен шығын, комуналдық және басқа да қызмет төлемақылары кіреді. Әлемдік статистикада жалпы тамаққа 50 пайыздан көп жұмсаса, ол кедей болып табылады. 7. Тұрғындардың жинақтары – бұл табыстар мен ағымдағы шығындар арасындағы айырма. Жинақтардың ақшалай және натуралды формалары бар. 8. Тұрғындардың, орташа есеппен, жан басына шаққанда, азық- түлік және азық- түліктік емес тауарлардың маңызды түрлерін тұтынуы. 9. 100 отбасы немесе 1000 тұрғынға шаққанда ұзақ мерзімді қолданылатын заттармен қамтамасыз етілуі. 10. Төменгі және жоғарғы децильдерді бөлу қатарының әр түрлі шеттеріндегі жиіліктерді 10 пайыздан бөлетін табыстар орналасқан интервалдар. 11. Тұрғындар табыстарының дифференциациясының децильдік коэффициенті тұрғындардың ең жоғарғы табысты топтарының 10 пайыз мимималды табыстарының ең аз табысты топтарының 10 пайыз максималды табыстарының қаншаға артық екендігін көрсетеді. 12. Халықтың жан басына шаққандағы орташа жылдық табысынан азық- түлікті тұтыну икемдігінің динамикалы коэффициенттері 13. Халық табыстарының концентрациялық көрсеткіштері: Лоренц және Джини коэффициенттері, табыстың бөліну теңсіздігіне қатысты сипаттамасын береді: а) Лоренц коэффициенті – квадрат диагоналының біркелкі бөлінуінің осы квадраттың жарты ауданынан ауытқу үлесіне тең: [pic] , мұндағы, Уі – жалпы табыс сомасынан і – халық тобының табыс үлесі; Хі – жалпы халық санынан і – халық тобының үлесі. Лоренц қисығы тік бұрышты координаттың жүйесінде грфикпен көрсетіледі: абцисса осі бойынша – халық санының (х) (жинақталған) жиіліктері; ал ордината осі бойынша – халық табыстарының (жинақталған) жиіліктері; ә) Халық табыстарының барлық сомасы мен халықтың квантильдік топтарының арасындағы бөлінуді Джини коэффициенті сипаттайды: [pic], мұндағы, Хі - жалпы халықтың санынан і – халықтың әлеуметтік тобының үлесі; Уі – жалпы халықтың і – әлеуметтік тобының шығын үлесі; п - әлеуметтік топтардың саны; cum yi - табыстың кумулятивтік үлесі. Егер Джини, Лоренц коэффициенттерінің мәндері 0- ге жақындаса, онда табыстардың бөлінуі бір қалыпты болады және керісінше. Егер коэффициенттердің мәндері 1 –ге жақындаса, онда қоғамда дифференциация көбірек болады. 14. Егер сапалы, альтернативті белгілер берілсе, ассоциация және контингенция коэффициенттері қолданылады: а) [pic] , мұндағы, а, b, c, d – сапалы альтернативті белгілер, соның ішінде: а, c, - белгілері бар бірліктер саны, үлесі; b, d - белгілері жоқ бірліктер саны, үлесі. б) [pic] Ассоциация және контингенция коэффициенттерін есептеу кестесі: |А |b |с+ b | |С |d |с+ d | |а + c |b+ d |а+b+ c+d | 13. Құрылымдық айырмашылықтардың сызықтық коэффициенті: [pic] , мұндағы, d1, d0 - зерттелген жиынтық құрылымының есептегі және базистік жылға қатысты көрсеткіштері; п – құрылымдық құрамның саны. 16. Құрылымдық айырмашылықтардың квадраттық коэффициенті: [pic] 17. К. Гатевтің интегралдық коэффициенті: [pic] 18. Салайдың индексі: [pic] 19. Халықтың тауарлар мен қызметтерді тұтыну динамикасы физикалық көлемінің орташа гармониялық индексінің көмегімен зерттеледі: [pic], мұндағы, [pic]- есептегі, базистік жылдағы халықтың тауарлар мен қызметтерді тұтынуы; ір - тауардың, қызметтің жеке индексі. Табыс деңгейі әр түрлі отбасы топтары бойынша тұтыну бағасының индекстік өкілі тауарлар жиынтығы бойынша көтерме сауда бағасының индексі және базистік кезеңдегі сатып алу құрылымының негізінде анықталады. Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар. Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Әлеуметтік статистканың пәні не? 2. Әлеуметтік статистканың зерттеу объектілеріне не жатады? 3. Әлеуметтік статистка қандай бөлімдерді қамтиды? 4. Үй шаруашылығын ішінара зерттеудің принциптері 5. Үй шаруашылығының бас жиынтығы қандай страттарға бөлінеді? 6. Халықтың тұрмыс деңгейі деген не? 7. Құрылымдық айырмашылықтардың квадраттық коэффициенті қалай есетеледі? 8. Нақты және номиналды табыстар қалай анықталады? 3 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР Тақырып 1. Халық және еңбек статистикасы Тәжірибелік сабақ сұрақтары: 1. Халық саны және құрамының статистикасы 2. Жұмысбастылық және жұмыссыздық статистикасы 3. Халық қозғалысының статистикасы 4. Халық санын болжаудың статистикалық әдістері 5.Жұмыс істейтін халықтың қозғалысы және жұмыс күші құнының статистикасы Есептер 1. Келесі мәліметтер берілген (шартты): |Көрстекіштер |Базистік жыл |Есеп жылы | |1.Жұмыс істейтіндердің |7820 |7835 | |жылдық орташа саны, мың | | | |адам | | | |2.Жұмыссыздар саны, мың |366 |394 | |адам | | | |3.Жалпы ішкі өнім |3742 |3964 | |(тұрақты бағамен), млн. | | | |долл. | | | |4.Негізгі капиталдың |15022 |15981 | |орташа жылдық құны, млн.| | | |долл. | | | Есептеу керек: 1. Еңбек өнімділігінің динамикасы мен деңгейін (1 адамға АҚШ долл. есептегенде); 2. Жұмыссыздық әсерінен жалпы ішкі өнім көлемінің шығынын (АҚШ долл. мың); 3. Еңбектің капиталмен жарақтануы мен оның динамикасын. Әдебиеттер 1. Белгібаева Қ.Қ. Әлеуметтік- экономикалық статистика, Алматы:Қазақ университеті, 2006. 2. Болатханова З. Әлеуметтік- экономикалық статистика: Оқу құралы. –Алматы: Қазақ университеті , 2003. 3. Белгибаева К.К. Социально- экономическая статистика.-Алматы: Қазақ университеті,2005. 4. Белгибаева К.К. Сборник задач по социально- экономической статистике: Учебное пособие с методическими указаниями. Алматы: Экономика, 2002. 5. Елемесова А.М. , Белгибаева К.К., Кииков Е.М. , Молдакулова Г.М. Социально-экономическая статистика: Учебное пособие, - Алматы: Экономика, 2003. 6.Шокаманов Ю.К.Статистиканың жалпы теориясы.- Алматы.Қазстатақпарат ЖШС,2007. 7. Шокаманов Ю.К., Белгибаева К.К.Статистика.- Алматы: Экономика, 2008. Тақырып 2. Ұлттық байлық статистикасы Тәжірибелік сабақ сұрақтары: 1. Ұлттық байлықтың құрамы, мәні 2. Негізгі капиталдың бар болуы, күйі және қозғалысының статистикасы 3. Негізгі капиталдың ұдайы өндіріс статистикасы 4. Негізгі капиталды пайдалану статистикасы 5. Айналым капиталының статистикасы 6. Инвестиция статистикасы Есептер 1. Қазақстан Республикасының меншік формасы бойынша негізгі капитал туралы келесідей мәліметтер берілген, жыл аяғына ағымдағы құны бойынша – млрд. теңге. |Көрсеткіштер |2009 |2010 |2011 |2012 | |Барлық негізгі капитал, |1997,8 |2731,0 |2717,2 |2879,7 | |соның ішінде меншік формасы| | | | | |бойынша: | | | | | |мемлекеттік |788,4 |1149,2 |657,3 |727,2 | |мемлекеттік емес |1140,8 |1292,4 |1801,2 |1866,4 | |шетелдік тұлғаларды |68,6 |289,4 |258,7 |286,1 | Есептеу керек: Әр жылға раналған негізгі капиталдың құрылымын және құрылымдық қозғалысыын. Экономикалық қорытынды жасау, құрылымын графикпен бейнелеу. 2. Акционерлік қоғам капиталының бастапқы құны – 4,8 млн. теңге, олардың жарамдылық коэффициенті – 90 пайыз, тозу сомасын шегергендегі қалпына келтіру құны – 5,2 млн. теңге. Анықтау керек: 1. Қалдық құнын; 2. Амортизация сомасын; 3. Қалпына келтіру құнын. 3. Қазақстан Республикасының қаржылық емес активтерге салынған инвестицияларды қаржыландыру көздерінің динамикасы туралы мәліметтер берілген (млрд. теңге) |Көрсеткіштер | 2008 | 2009 | 2010 | 2011 | |Қаржылық емес активтерге |439,0 |512,3 |752,6 |1158,1 | |салынған инвестициялар | | | | | |Соның ішінде қаржыландыру көзі |299,8 |349,3 |492,6 |751,8 | |бойынша: | | | | | |Кәсіпорындар мен ұйымдардың | | | | | |меншікті қаражаты есебінен | | | | | |Тартылған қаражат есебінен |139,2 |163,0 |260,0 |406,3 | |Олардан банктердің несиелері |33,1 |31,8 |39,7 |115,9 | |Шетелдік банктерден (резидент |20,9 |24,9 |17,8 |81,8 | |еместер) | | | | | |Резидент еместердің басқа да |59,1 |102,0 |169,6 |198,0 | |шетел қаражаты есебінен | | | | | |Бюджеттік қаражаттар есебінен |28,8 |26,5 |45,5 |76,3 | |Басқа да қаражаттар есебінен |18,2 |2,7 |5,2 |16,1 | Әр жыл бойынша есептеңіздер. 1. Қаржылық емес активтерге салынған инвестицияларды қаржыландыру көздерінің құрылымын; 2. Инвестицияларды қаржыландыру көздеріндегі құрылымдық қозғалыстарды; 3. Инвестицияларды қаржыландыру көздерінің құрылым динамикасын график түрінде бейнелеңіздер. Әдебиеттер 1. Белгібаева Қ.Қ. Әлеуметтік- экономикалық статистика, Алматы:Қазақ университеті, 2006. 2. Болатханова З. Әлеуметтік- экономикалық статистика: Оқу құралы. –Алматы: Қазақ университеті , 2003. 3. Белгибаева К.К. Социально- экономическая статистика.-Алматы: Қазақ университеті,2005. 4. Белгибаева К.К. Сборник задач по социально- экономической статистике: Учебное пособие с методическими указаниями. Алматы: Экономика, 2002. 5. Елемесова А.М. , Белгибаева К.К., Кииков Е.М. , Молдакулова Г.М. Социально-экономическая статистика: Учебное пособие, - Алматы: Экономика, 2003. 6.Шокаманов Ю.К.Статистиканың жалпы теориясы.- Алматы.Қазстатақпарат ЖШС,2007. 7. Шокаманов Ю.К., Белгибаева К.К.Статистика.- Алматы: Экономика, 2008. Тақырып 3. Шығын және аралық тұтыну статистикасы Тәжірибелік сабақ сұрақтары: 1. Шығындар және аралық тұтынудың түсінігі және құрамы 2. Шығындарды факторлық индекстік талдау Есептер 1. Есепті жылда аймақ ішіндегі субъектілердің меншік формасы бойынша өнім өндіру нәтижелері туралы келесі мәліметтер берілген (ағымдағы бағамен, млн.теңге): | | |Соның ішінде | | | | | | | | | |Көрсеткіштер |Барлығы | | | | | | |Басқа | | | | | |мемл.заңды | | | |мемлекеттік |Жеке |тұлға мен | | | | |меншік |азаматтың | | | | | |жеке меншігі| |Есепке тіркелген субъект |4662 |995 |3571 |96 | |саны | | | | | |Өнімді өндіруге және |241354 |33443 |172604 |35307 | |өткізуге кеткен шығындар, |122412 |14457 |89921 |18034 | |соның ішінде |20359 |4035 |13276 |3048 | |- материалдық шығындар | | | | | |- негізгі капиталдың тозуы |551 |20 |477 |54 | |- материалды емес |44508 |9137 |28963 |6408 | |активтердің амортизациясы |53524 |5794 |39967 |7763 | |- еңбек ақы шығындары |158427 |17800 |118191 |22436 | |- өзге шығындар | | | | | |Аралық тұтыну |224957 |33919 |158467 |32571 | |Жалпы өнім шығарылымы | | | | | |(ҚҚС және акцизсіз өндіріс)| | | | | Анықтаңыздар: 1. Субъектілердің меншік формаларының бөліндісіндегі шығын құрамын және құрылымын анықтаңыз және оны график түрінде көрсетіңіз. 2. 1 теңгеге шығарылған шығын деңгейінің барлығы, соның ішінде меншік формаларының бөліндісіндегі шығын деңгейін есептеңіз. 3. Аталған шығындардың қай түрі аралық тұтынудың құрамына қосылады? 4. Аралық тұтынудың құрамындағы материалдыққ шығындардың үлесін табыңыз. 5. 1 субъектіге кеткен жалпы өнім шығарылымының барлығы, соның ішінде меншік формаларының бөліндісіндегі жалпы өнім шығарылымын анықтаңыз. 6. Шығарылған өнімнің құнынан аралық тұтынудың үлесін есептеңіз. Субъектілердің меншік формаларына байланысты есептелген барлық орташа көрсеткіштерді салыстырыңыздар, экономикалық талдау жасаңыздар. Әдебиеттер 1. Белгібаева Қ.Қ. Әлеуметтік- экономикалық статистика, Алматы:Қазақ университеті, 2006. 2. Болатханова З. Әлеуметтік- экономикалық статистика: Оқу құралы. –Алматы: Қазақ университеті , 2003. 3. Белгибаева К.К. Социально- экономическая статистика.-Алматы: Қазақ университеті,2005. 4. Белгибаева К.К. Сборник задач по социально- экономической статистике: Учебное пособие с методическими указаниями. Алматы: Экономика, 2002. 5. Елемесова А.М. , Белгибаева К.К., Кииков Е.М. , Молдакулова Г.М. Социально-экономическая статистика: Учебное пособие, - Алматы: Экономика, 2003. 6.Шокаманов Ю.К.Статистиканың жалпы теориясы.- Алматы.Қазстатақпарат ЖШС,2007. 7. Шокаманов Ю.К., Белгибаева К.К.Статистика.- Алматы: Экономика, 2008. Тақырып 4. Тауар өндіру, қызмет көрсету нәтижесінің статистикасы Тәжірибелік сабақ сұрақтары: 1. Ұлттық шоттар жүйесі бойынша экономикалық өндіріс ұғымы 2. Өндіріс нәтижелерінің микро-мезо-экономикалық көрсеткіштері 3. Өндіріс нәтижелерінің макроэкономикалық көрсеткіштері Есептер 1. Өндірістік өнеркәсіптің келесі қызметтерінің берілгендері бойынша экономиканың жеке салалар аралығындағы өндірілген өнімін есептеңіздер, мың теңге: - өндірілген дайын өнім -950; - өңделме шикізаттың өнімдері -100; - ғимараттар мен үйлерді күрделі жөндеу -180; - көлік құралдары құрал жабдықтарын күрделі жөндеу – 80; - шетке жіберілген электр энергиясы – 140; - үй шаруашылығының қызметі – 110; - ғимараттар мен үйлерді ағымдағы жөндеу -50. 2. Келесі мәліметтер бойынша ауыл шаруашылығының шығарылған өнімін есептеу (мың теңге): ауыл шаруашылығында өсірілген дақылдар – 550; өндірілген ұн – 120; ірі қара, жылқы өнімдерін өсіру; алынған төл, кіші мүйізді қараның өсімдері – 50; аяқталмаған өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдері қалдықтарының өсімдері – 30. Әдебиеттер 1. Белгібаева Қ.Қ. Әлеуметтік- экономикалық статистика, Алматы:Қазақ университеті, 2006. 2. Болатханова З. Әлеуметтік- экономикалық статистика: Оқу құралы. –Алматы: Қазақ университеті , 2003. 3. Белгибаева К.К. Социально- экономическая статистика.-Алматы: Қазақ университеті,2005. 4. Белгибаева К.К. Сборник задач по социально- экономической статистике: Учебное пособие с методическими указаниями. Алматы: Экономика, 2002. 5. Елемесова А.М. , Белгибаева К.К., Кииков Е.М. , Молдакулова Г.М. Социально-экономическая статистика: Учебное пособие, - Алматы: Экономика, 2003. 6.Шокаманов Ю.К.Статистиканың жалпы теориясы.- Алматы.Қазстатақпарат ЖШС,2007. 7. Шокаманов Ю.К., Белгибаева К.К.Статистика.- Алматы: Экономика, 2008. Тақырып 5. Тауарлы және ақшалай айналыс статистикасы Тәжірибелік сабақ сұрақтары: 1. Тауар айналымының статистикасы 2. Ақша айналымының статистикасы Есептер 1. Бір сауда ұйымы бойынша тауарлық қорлар тауарлы келесідей мәліметтер берілген, теңге: |Тауарлық |Тауарлар қорлары | |топтар | | | |Базистік жыл |Есептік жыл |Келесі жыл | | |1- қаңтарға|1-шілдеге |1– қаңтарға |1 – шілдеге |1 қаңтарға | |Азық – түлік |7,2 |7,4 |6,1 |6,0 |5,7 | |тауарлары | | | | | | |Азық – |21,0 |21,0 |24,2 |21,6 |19,8 | |түлікті емес | | | | | | |туарлар | | | | | | Базистік және есептік жылдардағы орташа тауарлық қорларды есептеңіздер: 1. азық – түлік тауарлары бойынша 2. азық – түліктік емес туарлар бойынша 3. азық – түліктік және азық – түліктік емес тауарлар бойынша бірге. 2. Қазақстан Республикасының бөлшек сауда айналымының тауар топтары бөліндісіндегі динамикасы туралы мәліметтер берілген: |Көрсеткіштер |2010 |2011 | |1. Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемі (қоғамдық | | | |тамақтандыруды қоспағанда, млрд.теңге) |341,5 |424,5 | |Сонымен қатар: | | | |Азық- түлік тауарлар, соның ішінде: |181,0 |223,5 | |тамақ өнімдері |157,8 |193,7 | |алкоголь ішімдіктері |23,2 |29,8 | |Азық – түлік емес тауарлар |160,5 |201,0 | |2. Бөлшек тауар айналымының физикалық көлемінің индексі| | | |(пайызбен алдыңғы жылға) |129,3 |119,1 | |Сонымен қатар: | | | |Азық- түлік тауарлар, соның ішінде: |123,1 |117,2 | |тамақ өнімдері |120,4 |116,7 | |алкоголь ішімдіктері |145,9 |121,5 | |Азық – түлік емес тауарлар |137,1 |121,6 | Келесі көрсеткіштерді есептеңіздер: 1. Әр жыл үшін бөлщек тауар айналымының құрылымдық қозғалысын; 2. Сонымен қатар азық- түлік және азық –түлік емес тауарлар үшін, жалпы бөлшек тауар айналымының индексін; 3. Сонымен қатар жалпы индекстердің байланысын қолдана отырып, тауар топтары бойынша барлық тауарларға баға индексін. Бөлшек тауар айналымының құрылым динамикасын графикалық түрде көрсетіңіздер. Экономикалық тұжырым жасаңыздар. Әдебиеттер 1. Белгібаева Қ.Қ. Әлеуметтік- экономикалық статистика, Алматы:Қазақ университеті, 2006. 2. Болатханова З. Әлеуметтік- экономикалық статистика: Оқу құралы. –Алматы: Қазақ университеті , 2003. 3. Белгибаева К.К. Социально- экономическая статистика.-Алматы: Қазақ университеті,2005. 4. Белгибаева К.К. Сборник задач по социально- экономической статистике: Учебное пособие с методическими указаниями. Алматы: Экономика, 2002. 5. Елемесова А.М. , Белгибаева К.К., Кииков Е.М. , Молдакулова Г.М. Социально-экономическая статистика: Учебное пособие, - Алматы: Экономика, 2003. 6.Шокаманов Ю.К.Статистиканың жалпы теориясы.- Алматы.Қазстатақпарат ЖШС,2007. 7. Шокаманов Ю.К., Белгибаева К.К.Статистика.- Алматы: Экономика, 2008 Тақырып 6. Баға статистикасы Тәжірибелік сабақ сұрақтары: 1. Баға туралы түсінік, оның түрлері 2. Өнімді бағалау және қайта бағалаудың статистикалық әдістері 3. Баға және тариф өзгерістерінің статистикалық бақылауын ұйымдастыру Есептер 1. Қазақстан Республикасында 1999 жылы тұтыну бағаларының өсім қарқындары бойынша азық- түлік тауарларының үлестірілуі туралы мәліметтер бар: |Бағаның өсу қарқыны бойынша |Тауарлар топтарының саны, бірлік | |азық-түлік тауарларының тобы (%) | | |104,0 дейін |1 | |104,1-114,0 |5 | |114,1-124,0 |10 | |124,1-134,0 |1 | |134,1-144,0 |2 | |144,1 және жоғары |1 | |барлығы |20 | Егер бағалар өсуінің әр түрлі қарқындарының айырмашылығы онша байқалмаса, онда баға өсу қарқынының ауытқуларын табыңыздар. Осы мақсатпен есептеңіздер: 1. Өсудің орташа қарқынын (%); 2. Құрылымдық орташа: а) мода (%); б) медиана (%); 3. Тұтыну бағаларының өсу қарқынының орташа сызықтық ауытқуларын (%); 4. Тұтыну бағаларының өсу қарқынының орташа квадраттық ауытқуын (%); 5. Вариациялық коэффициентін (%). 2. Қазақстан Республикасында 2009 жылғы азық-түлік емес тауарлардың бағаларының өсу қарқындары бойынша бөлінуі туралы мәліметтер бар: |Бағаның өсу қарқыны бойынша |Тауарлар топтарының саны, бірлік | |азық-түлік емес тауарларының тобы | | |(%) | | |105,0 дейін |2 | |105,1-125,0 |20 | |125,1-145,0 |2 | |145,1 және жоғары |1 | |Қорытынды |25 | Егер бағалар өсу қарқындарының әр түрлі айырмашылығы онша байқалмаса, онда баға өсу қарқынының ауытқуларын талдау керек. Осы мақсатпен есептеңіздер: 1. Баға өсуінің орташа қарқынын (%); 2. Құрылымдық орташа: а) мода (%); б) медиана (%); 3. Тұтыну бағаларының өсу қарқынының орташа сызықтық ауытқуларын (%); 4. Тұтыну бағаларының өсу қарқынының орташа квадраттық ауытқуын (%); 5. Вариациялық коэффициентін (%). Тұтыну бағаларының өсу қарқыны бойынша тауар топтары бөліністерін графикалық түрде бейнелеңіздер. Экономикалық тұжырым жасаңыздар. Әдебиеттер 1. Белгібаева Қ.Қ. Әлеуметтік- экономикалық статистика, Алматы:Қазақ университеті, 2006. 2. Болатханова З. Әлеуметтік- экономикалық статистика: Оқу құралы. –Алматы: Қазақ университеті , 2003. 3. Белгибаева К.К. Социально- экономическая статистика.-Алматы: Қазақ университеті,2005. 4. Белгибаева К.К. Сборник задач по социально- экономической статистике: Учебное пособие с методическими указаниями. Алматы: Экономика, 2002. 5. Елемесова А.М. , Белгибаева К.К., Кииков Е.М. , Молдакулова Г.М. Социально-экономическая статистика: Учебное пособие, - Алматы: Экономика, 2003. 6.Шокаманов Ю.К.Статистиканың жалпы теориясы.- Алматы.Қазстатақпарат ЖШС,2007. 7. Шокаманов Ю.К., Белгибаева К.К.Статистика.- Алматы: Экономика, 2008. Тақырып 7. Өндіріс тиімділігінің статистикасы Тәжірибелік сабақ сұрақтары: 1. Экономикалық қызмет нәтижелерінің тиімділік көрсеткіштері 2. Экономикалық қызмет нәтижелерінің тиімділігін факторлық талдау Әдебиеттер 1. Белгібаева Қ.Қ. Әлеуметтік- экономикалық статистика, Алматы:Қазақ университеті, 2006. 2. Болатханова З. Әлеуметтік- экономикалық статистика: Оқу құралы. –Алматы: Қазақ университеті , 2003. 3. Белгибаева К.К. Социально- экономическая статистика.-Алматы: Қазақ университеті,2005. 4. Белгибаева К.К. Сборник задач по социально- экономической статистике: Учебное пособие с методическими указаниями. Алматы: Экономика, 2002. 5. Елемесова А.М. , Белгибаева К.К., Кииков Е.М. , Молдакулова Г.М. Социально-экономическая статистика: Учебное пособие, - Алматы: Экономика, 2003. 6.Шокаманов Ю.К.Статистиканың жалпы теориясы.- Алматы.Қазстатақпарат ЖШС,2007. 7. Шокаманов Ю.К., Белгибаева К.К.Статистика.- Алматы: Экономика, 2008. Тақырып 8. Халықтың тұрмыс дәрежесінің статистикасы Тәжірибелік сабақ сұрақтары: 1. Әлеуметтік статистика пәні және объектілері 2. Үй шаруашылықтарын ішінара бақылаудың ұйымдастырылуы 3. Халықтың тұрмыс деңгейі көрсеткіштерінің жүйесі Есептер 1. Қазақстан Республикасы халқының өмір сүру деңгейі туралы берілген мәліметтер: |Көрстекіштер |2010 |2011 |2012 | |1.Есептелген орташа айлық жалақы, тг. |8541 |9683 |11256 | |2.Халықтың орташа айлық күнкөрісінің |3505 |3716 |3394 | |минимумы, тг. | | | | |3.Белгіленген зейнетақысының бір айдағы|3283 |3554 |3964 | |орташа мөлшері, тг. | | | | |4.Халықтың жан басына шаққандағы орташа|34187 |36241 |40896 | |жылдық табысы, тг. | | | | |5.Тұтыну бағаларының индексі (%) |117,4 |107,1 |115,2 | Әр жыл бойынша көрсеткіштерді есептеңіздер: 1. Алдағы жылдағы нақты орташа жалақыны (%-бен); 2. Алдағы жылдағы белгіленген зейнетақының нақты орташа мөлшерін (%- бен); 3. Алдағы жылдағы жан басына шаққандағы орташа жылдық табысты (%- бен); 4. Орташа жалақының, белгіленген зейнетақының халықтың орташа айлық күнкөрісінің минимумына қатынасын. Халықтың өмір сүру деңгейі туралы экономикалық тұжырым жасаңыздар. Әдебиеттер 1. Белгібаева Қ.Қ. Әлеуметтік- экономикалық статистика, Алматы:Қазақ университеті, 2006. 2. Болатханова З. Әлеуметтік- экономикалық статистика: Оқу құралы. –Алматы: Қазақ университеті , 2003. 3. Белгибаева К.К. Социально- экономическая статистика.-Алматы: Қазақ университеті,2005. 4. Белгибаева К.К. Сборник задач по социально- экономической статистике: Учебное пособие с методическими указаниями. Алматы: Экономика, 2002. 5. Елемесова А.М. , Белгибаева К.К., Кииков Е.М. , Молдакулова Г.М. Социально-экономическая статистика: Учебное пособие, - Алматы: Экономика, 2003. 6.Шокаманов Ю.К.Статистиканың жалпы теориясы.- Алматы.Қазстатақпарат ЖШС,2007. 7. Шокаманов Ю.К., Белгибаева К.К.Статистика.- Алматы: Экономика, 2008. 4 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ 4.1 Өздік жұмыстарды орындауға жалпы нұсқаулар «Әлеуметтік- экономикалық статистика» пәнінен өздік жұмыстарды өткізудің әдістемелік нұсқауы студенттердің әлеуметтік- экономикалық статистика пәнінен оқу барысындағы алған білімдерін дамытуға, тереңдетуге және нақтылай түсуге көмектеседі. Әлеуметтік - экономикалық статистика - кәсіпорынның қалыпты шаруашылық қызметін жүргізу үшін жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге статистикалық есепті дамытуға арналған бірқатар құрылымнан тұрады. Курстың мақсаты - студенттерге ғылыми пән ретінде статистиканың мазмұны туралы, оның негізгі түсініктерімен, маңызды статистикалық талдамалық көрсеткіштерді есептеу әдістері мен әдістемелерін оқыту.Студенттерге әлеуметтік- экономикалық статистика оқытуда бағдарлама, яғни осы пәнді оқытуда жұмыс бағдарламасы жасалған. «Әлеуметтік- экономикалық статистика» пәнінен өздік жұмыстарды жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар осы пәннің типтік бағдарламасы негізінде жасалды. Ол студенттерге әлеуметтік- экономикалық статистика курсының өздік жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға көмектеседі. «Әлеуметтік- экономикалық статистика» пәнінен жүргізілетін тәжірибелік сабақтар бекітілген жоспарға сәйкес, есептер шығару, студенттердің теориялық білімдерін бекіту мақсатында жүргізіледі. «Әлеуметтік- экономикалық статистика» пәнінен жүргізілетін өздік жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес, есептер шығару, студенттердің теориялық білімдерін бекіту мақсатында жүргізіледі. «Әлеуметтік- экономикалық статистика» пәнінен өздік жұмыстарды жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіреді. 4.2 Өздік жұмыстар тақырыптарының тізімі 1. Әлеуметтік- экономикалық статистиканың пәні, міндеттері және әдістері. 2. Әлеуметтік- экономикалық статистикада қолданылатын Ұлттық шоттар жүйесінің категориялары және сыныпталуы. 3. Халық саны және құрамының статистикасы 4. Жұмысбастылық және жұмыссыздық статистикасы 5. Халық қозғалысының статистикасы 6. Халық санын болжаудың статистикалық әдістері 7. Жұмыс істейтін халықтың қозғалысы және жұмыс күші құнының статистикасы 8. Ұлттық байлықтың құрамы, мәні 9. Негізгі капиталдың бар болуы, күйі және қозғалысының статистикасы 10. Негізгі капиталдың ұдайы өндіріс статистикасы 11. Негізгі капиталды пайдалану статистикасы 12. Айналым капиталының статистикасы 13. Инвестиция статистикасы 14. Шығындар және аралық тұтынудың түсінігі және құрамы 15. Шығындарды факторлық индекстік талдау 16. Ұлттық шоттар жүйесі бойынша экономикалық өндіріс ұғымы 17. Өндіріс нәтижелерінің микро-мезо-экономикалық көрсеткіштері 18. Өндіріс нәтижелерінің макроэкономикалық көрсеткіштері 19. Тауар айналымының статистикасы 20. Ақша айналымының статистикасы 21. Баға туралы түсінік, оның түрлері 22. Өнімді бағалау және қайта бағалаудың статистикалық әдістері 23. Баға және тариф өзгерістерінің статистикалық бақылауын ұйымдастыру 24. Экономикалық қызмет нәтижелерінің тиімділік көрсеткіштері 25. Экономикалық қызмет нәтижелерінің тиімділігін факторлық талдау 26. Ұлттық Шоттарды құрудың негізгі принциптері 27. Ұлттық Шоттардың үлгілері 28. Әлеуметтік статистика пәні және объектілері 29. Үй шаруашылықтарын ішінара бақылаудың ұйымдастырылуы 30. Халықтың тұрмыс деңгейі көрсеткіштерінің жүйесі ----------------------- ∑ p1q1 ∑ p0q1 p0q1 іp
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz