Файл қосу

Философиялық психология






|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ                                                   |
|БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                                                |
|Семей қ. ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                           |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты    |ПОӘК                     |                         |
|                         |                         |ПОӘК 042-14.05.01.20.65  |
|                         |                         |/01-2013                 |
|                         |                         |                         |
|Оқытушыға арналған пәннің|Редакция № 2  02.09.13.  |                         |
|жұмыс оқу бағдарламасы   |орнына Редакция №        |                         |
|«Экспериметтік           |                         |                         |
|психология»              |                         |                         |







                  «ЭКСПЕРИМЕНТТІК ПСИХОЛОГИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША
                            ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
                    5В010103-«Педагогика және психология»


             СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

















                                 Семей  2013












    Мазмұны
     1 Глоссарий
     2 Дәрістер
     3 Практикалық және лабораториялық сабақтар
     4  Студенттің өздік жұмысы



















































































                 1.Глоссарий
      Амал,  Тәсіл  (Способ) – бір істі атқарудың тиімді жолын іздестірудегі
адамның іс-әрекеті. Амал, тәсілдің көп болуы  мүмкін.  Бірақ  адам  істейтін
істі  аз күш – жігер жұмсап, оңай, тиімді меңгерудің жолын іздестіреді. Оны-
ең тиімді амал, тәсіл деп атайды. Амал, тәсіл тәжірибемен тығыз  байланысты.
Істі  игерудің ең тиімді жолын меңгерген адамды әдіскер (іскер) адам дейді.
      Әдіс  (Метод; грек. methodos – теория, ілім, зерттеу жолы) –  көздеген
мақсатқа жетудің   біріңғайланған  тәсілдері,  тәртіпке  келтірілген  қызмет
жүйесі.  Ғылыми  негізделген  әдістерді  саналы  түрде    қолдану   –   жаңа
мағлұматтар алудың  аса маңызды шарты. Тәрбие және оқыту  әдістерін   жасап,
топтастыру  тәлім  –  тәрбиедегі  негізгі  міндеттердің  бірі   .   Тәлімдік
әдістерге байқау және қателік;  жобалау  әдісі,рейтинг  әдісі,басқару  әдісі
және т.б. жатады.
      Әдіснама (Методология; грек. methodos –  зерттеу  жолы,  теория,  ілім
және  ....логия ) – 1)ғылыми таным әдісі; 2)  ғылымда  қолданылатын  негізгі
принциптер. Педагогика теориасына лайықты танымның ұстанымы,  әдісі,  нысаны
мен таным амалдары арқылы педагогикалық болмысты  өзгеріске  түсіру.  Мұндай
анықтамадан екі ғылыми мәселенің бірігуін байқауға болады. Бірінші,  зерттеу
жұмысының бағытына лайықты  жағдай  жасап,  педагокикалық  болмысты  танудың
кешенді құралдарын айқындау. Екінші, ұстаным, әдіс, құрал, жүргізу  амалдары
арқылы  педагогикалық   шындыққа   жету   тәсілдерін    қолдану.   Зерттеуші
педагогтің нәтижеге жетуі оның ғылыми   құрал  –  жабдықтармен  қарулануымен
қатар,  түрлі  тәсілдерді  әдіснама  қорынан   таңдап   алуына   байланысты;
3)дүниенің, қоғамның  объективтік  заңдылықтары  мен  құбылыстарын  практика
және   теория   жүзінде   игертуге   және   өзгертуге   бағытталған    таным
принциптерінің  жиынтығы.  Ә.  -  әдістер  туралы  ілім,  әдістер  теориясы.

      Әдістеме (Методика) – 1)  әдістер  жиынтығы;  2)оқыту  немесе  ғылымды
зерттеу әдістері туралы  ілім;  3)педагогиканың   жеке  пәндерден  берілетін
білім  көлемі   мен  мазмұнын  негіздеп,  оны  оқытудың   тиімді   әдістерін
зерттейтін  саласы.  Жалпы  алғанда   жас  ұрпақты   тәрбиелеу   мен   оқыту
процесінің  заңдылықтарын  дидактика  зерттейді.  Ол   заңдылықтардың   жеке
пәндерді  оқытудағы  көрінісін  және  әр  пәнді  оқытудың  өзіне  ғана   тән
заңдылықтарын   пәндік  дидактика  қарастырады.  Бұлардың  әрқайсысына   тән
өзіндік ерекшеліктеріне байланысты  оқыту  әдістемелері  бар.  Ә.дидактикаға
ғана негізделіп қоймайды. Ол психалогия,  педагогика,  филология  және  т.б.
ғылымдардың   жетістіктеріне    сүйеніп,   білім   беру   жүйесіндегі   озат
тәжірибелер мен мәселелерді жедел ғылыми талдаудан өткізіп отырады.
      Әлеуметтік өлшем әдісі  (Социометрический метод) – америкалық психолог
және социолог Дж.  Морено  шағын  топтағы  адамдардың  қарым  –  қатнастарын
зерттеу  үшін  енгізген  зерттеу  әдісі.  Басты  мақсаты  –   топ   ішіндегі
адамдардың тілегі мен мүддесін анықтау. Топтағы адамдар бір жағдаятта  болып
( демалыста, жұмыста, спорттық шараларда және  т.б.),  қасындағы  адамдардың
біреуін өлшем  (сұрақтарға) бойынша таңдап алуы керек.  Адамдардың  қарым  –
қатынастарының үйлесімді болуы, бір – бірін ұнатуы немесе  ұнатпауы  олардың
сезімдік – эмоциялық күйлеріне байланысты. Мыс., топтағы адамдарға әр  түрлі
сұрақтар қойылып (“Сіз кіммен жұмыс  істегіңіз  келеді  ?”  және  т.б.  )  ,
жауаптарын  социограммаға  түсіреді  де,  көрсеткіштерін  қортынды  жасайды.
Кімнің  көрсеткіштері  жоғары  болса,  сол  топ   лидері   болып   табылады.
Социограммалық зерттеу әдісін 5 – 6 айда қайталап отыруы керек.
      Әңгімелесу,  әңгіме  (Беседа)   –   1)ақыл   белсенділігін   арттыруға
бағытталған оқыту,  тәрбие  әдістерінің  бірі.  Оқушы  әңгімелесу  барысында
мұғалім мен жолдастарының қойған  сұрақтарына  жауап  бере  отырып,  өтілген
материалды қайталап, бекітеді және білімін толықтырады. Ә. әдісі  оқушыларға
эмоциялық, эстетикалық әсер  етеді.  Ол  оқытушының  тәжірибесіне,  кәсіптік
шеберлігіне байланысты;  2) вербальдық (сөйлеу) қарым  –  қатынас  негізінде
ақпарат  алу  әдісі.  Психологияның  әр  түрлі  салаларында   (  әлеуметтік,
медициналық,  балалар  психологиясы  және   т.б.)   көп   қолданылады   және
сыналушыны  психологиялық   эксперимент   жүргізу   жағдаятына    енгізудің,
кірістірудің негізгі әдісі болып табылады.  Психофизикалық   эксперименттегі
қатаң түрде нұсқау беруден психотерапиядағы  еркін  сөйлесуге   дейін  алуан
түрде  өтеді.  Әңгімелесудің  тән  сипатты  түрлері  ретінде  “экспериментке
кірістіру”  –  іскерлік  ынтымаққа  тарту,  жұмыстық  гипотезаларды  тексеру
мақсатындағы “эксперименттік әңгімелесу”, сұхбат түрлерін саралауға болады.
      Байқау әдісі   (Метод пробования)  –  белгілі  жоспар  бойынша  жүйелі
түрде  біраз  уақыт   зерттелуші   адамның    психологиялық   ерекшеліктерін
қадағалау. Байқау, әдетте,  зерттелуші  адамның  әрекетіне  араласпай  –  ақ
жүргізіледі. Осы әдіс  арқылы  зерттелушінің  мимикасын,  сөз  реакцияларын,
түрлі     қозғалыстарын,     мінез     –     құлқын     байқауға      болады
                                          Бақылау әдісі  (Метод  наблюдения)
-   белгілі  бір  педагогикалық  құбылыстардың  өту  ерекшеліктерін,  оларда
тұлғаның, ұжымның, адамдар  топтарының   көрінуінің,  алынатын  нәтижелердің
тән сипаттарын жүйелі түрде мақсаткерлікпен  тіркеп  отыру.  Б.ә.тұтас  және
іріктеме,  қосылымды   және  жай,  бақыланатын  және  бақылауға   келмейтін,
далалық және лабораториялық  және т.б. түрлерге бөлінеді.
      Ғылым  -  1) білім  негіздері,  әсіресе  ғылыми  әдісті  жүйелі  түрде
қолдану  нәтижесінде  алынған  негіздер;  2)негізгі  принциптер  мен   жалпы
заңдылықтарды қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеулер не   пәндер  саласы;
3) табиғи құбылыстарды зерттеуге  арналған  әдістер  мен  амалдардың  ғылыми
принциптерге негізделген жүйесі. Ғ. – табиғат, қоғам және ой  жүйесі  туралы
жаңа  білім  жасауға  бағытталған  оның  барлық   шарттары   мен   сәттерін:
білімдерімен  және қабілеттерімен, біліктілігімен, дене тәрбиесімен,  ғылыми
еңбегінің  бөлінісімен  және  кооперациясымен   қоса   ғалымдарды,    ғылыми
мекемелерді, тәжірибелік және лабораториялық жабдықтарды, ғылыми  –  зерттеу
жұмыстарының әдістерін, түсінік және категория аппараттарын, ғылыми  ақпарат
жүйесін, сондай – ақ , алғышарт, құрал – жабдық ғылыми  өндірістің  нәтижесі
болып табылатын барлық ғылымдарды түгел қамтитын зерттеу қызметінің  саласы.
Бұл нәтижелер, сондай – ақ, қоғамдық сана  нысанының  бірі  бола  алады.  Ол
объективті  ақиқатқа  жетуге,  заңдылықтарды  бейнелеуге  және   алдын   ала
болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған білімнің жоғарғы нысаны.
      Ғылыми  болжам   (Научная  гипотеза)  –  тәжірибеде  әзірге   белгісіз
құбылыстар туралы немесе келешекте белгілі  бір  жағдайда  пайда  болатындай
мүмкіндігі   бар  оқиғалар  мен  құбылыстар  туралы  ғылыми  білім,  болжам.
Практикалық  қажеттіліктен туып, ғылым жетістіктеріне сүйене келе  болжау  –
адам ойының бір  нысанына  айналған.  Ғылыми  болжамның  мүмкіндігі  –  оның
ғылыми негізділігі мен өзара заңдылығында, өзара тәуелділігінде.
      Егіздік әдіс  (Близнецовый  метод)  –  біркелкі  (гомозиготалық)  және
әркелкі (гетерозиготалық) егіздердің психологиялық ерекшеліктері мен  дамуын
салыстыра зерттеу. Е.ә. адамның психологиялық қасиеттері мен мінез  –  құлық
ерекшеліктерінің қалыптасуына тек пен ортаның ықпал деңгейі туралы  мәселені
ғылыми тұрғыдан шешу мақсатында жүргізіледі.
      Жас  дағдарыстары   (Кризисы   возрастные)   –   онтогенездің   қауырт
психологиялық өзгерістермен сипатталатын, уақыты жөнінен біршама  ұзақ  емес
(бір жылға дейін),  ерекше  кезеңдері.  Невроздық  не  жарақаттық  сипаттағы
дағдарыстардай  емес,  жас  дағдарыстары  қалыпты  процестерге  жатады  және
тұлғаның қалыпты ,үдемелі дамуы үшін қажет.
      Жасқа  қатысты сензитивтілік –  белгілі  бір  психологиялық  қасиеттер
мен процестердің дамуы үшін қажет жағдайлардың белгілі бір жас кезеңіне  тән
оңтайлы  үштасу.  Сензитивтілік  кезеңіне  қатысты  күн  ілгері  болған   не
кешіккен   оқытып  –  үйрету  жеткілікті  нәтиже   бермеуі   мүмкін,   мұның
психиканың дамуына жағымсыз әсері болады.
      Жобалау  әдісі   (Метод  проектирования)  –  оқушының  бірте  –  бірте
күрделіне  түсетін практикалық тапсырмаларды жоспарлы түрде орындату  арқылы
оқыту жүйесі.
      Зерттеу  әдісі  (Методика исследования) – ғылыми –  зерттеу   мақсатын
шешетін амалдар.
      Зерттеу   қағидасы  (Принципы   исследования)   –   зерттеу   процесін
ұйымдастырудың жалпы қалыптары.
      Зерттеу   объектісі   (Объект   исследования)  –  аясында  зерттелетін
нәрсе мазмұны бар тәлімдік   кеңістік. Педагогикадағы  зерттеу   объектісіне
адамдарды  оқыту және  тәрбиелеу жатады.
      Зият,парасат (интеллект; лат. Intellectus-ақыл,парасат,ес)  индивидтің
ақыл-ой қабілеттерінің біршама орнықты құрылымы. Алғашында бұл  термин  адам
психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, қазіргі кезде оған  барлық
танымдық   процестер   кіреді.з.   адамның   болмысты    тануының    негізгі
нысаны.з.ақпаратты  мақсатты  бағытты   қайта   өңдеуге,   реттеуге,   оқуға
қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті.3.  функциялары:  а)
оқуға деген қабілеттілік; ә)  символдармен  операция:б)  қоршаған  болмыстың
заңдылықтарын  белсенді  меңгеруге  қабілеттілік.   Бірқатар   психологиялық
тұжырымдаларда   з.ақыл-ой   операцияларының    жүйесімен    теңдестіріледі.
Теориялық және практикалық з.жеке  адамның  эмоциялық-ерік  ерекшеліктерімен
байланысты.  Түрлері:  абстрактылы   3.,   ересектер   зияты.,   нақты   з.,
кристалданған з., күнделікті  з.,  жануарлардың  зияты,  жасанды  з.  Зиятты
диагностикалау з. Коэффициентіне байланысты.
      Зият  тестілері-индивидтің   ақыл-ой   әлеуетін   анықтауға   арналған
психологиялық  диагностика  әдістемелері.  Зият  тестілерінің   көпшілігінде
сыналушыға  арнаулы  бланкте  тестінің  міндеттері  солардан   құрастырылған
терминдер   мен   ұғымдар   арасындағы    нұсқауда   көрсетілген   логикалық
таптастыру,ұқсастыру,  қорыту  және  т.б.  қатынастарды   анықтап   белгілеу
ұсынылады.  Сыналушы  өзінің  шешімдерін  жазбаша  түрде,  не  бланкіде  бар
бірнеше  варианттың  біреуіне  белгі   қойып   хабарлайды.   Есептер   кейде
суреттерден,  геометриялық   фигуралардан   және   т.б.   тұрады.   Тестілер
есептеріндегі дұрыс орындалғандарының  санына  қарап  сыналушының  ойдағыдай
өткені анықталады, зияттылық коэффициенті шығарылады.
      Зияттылық коэффициенті (ағылш.intellectual guotient)- ақыл-ой жасы деп
аталатынның (АЖ) осы тұлғаның шын хронологиялық  жасына  (ШЖ)  қатынасы;  IQ
символымен  белгіленетін  бұл  қатынас  мына  формула  бойынша   анықталады:


                                                               АЖ/ШЖ*100%=IQ

  Ақыл-ой  жасы  жас  шкалаларының  бірі   арқылы   тестілеу   нәтижелерімен
анықталады. Әр түрлі жас  шкалаларына  енгізілген  тестілердің  көпшілігінде
логикалық   ,   логикалық-перцептивтік   және    арифметикалық    амалдардың
меңгерілуі,  жалпы  хабардарлық,  практикалық   жағдаяттардағы   бағдарлану,
ырықты  жад  және  т.б.  қамтылып  орындалатын  міндеттер  белгіленеді.  Жас
шкалаларын құрастырғанда психолог тәжірибе  мен  түйсікті  басшылыққа  алып,
міндет-тапсырмаларды  іріктейді.  Олар  өздері  қамтыған  материал   бойынша
(терминднр, ұғымдар, графикалық бейнелер және т. б.)  және  ынталандырылатын
ақыл-ой әрекеттері бойынша осы  әлеуметтік  қауымдастықтағы  шкала  қамтитын
жастарға  ұғынықты  болуға  тиіс.  Мұның   өзі,   әдетте,   жастық   өкілдік
іріктемелерде эксперимент арқылы тексеріледі.
      Интериоризация   (лат.interior-ішкі)-сыртқы    әлеуметтік    қызметтің
игерілуі арқасында адам  психикасының  ішкі  құрылымдарының  қалыптасуы.  И.
ұғымын  француз  психологтары  (П.Жане,  Ж.Пиаже,  А.  Валлон  және  т.  б.)
енгізді. Символдық интеракционмзмнің  өкілдері  де  интериоризацияны  осыған
ұқсас мағынада ұқсас ұғымдар психикалық  талдауда  психиканың  ішіне  өтетін
индивидумаралық  қарым-қатынастар  құрылымының   ықпалымен   онтогенез   бен
филогенезде ұғынылмағаның (индивидумдық не ұжымдық) құрылымы,  өз  кезегінде
сананың  құрылымын  анықтайтындай  болып  қалай   қалыптасатынын   түсіндіру
кезінде пайдаланылады. Қазіргі тұрғыда И. Заттық қызмет құрылымының  сананың
ішкі  жоспары   құрылымына   айналуы   болып   ұғынылады.   Интериоризацияны
психиканың белгілік ақпаратты сырттан алуының, ішкі  өңдеуі  мен  сақтауының
қандай нысанднрынан болсын ажырата білу керек.
      Интерференция (лат.inter-өзара, өз ішінде, fertns-әкелуші, ауыстырушы;
көне  француз  тілінен  аударғанда:  бір-біріне  кедергі   келтірк   дегенді
білдіреді)- жалпы мағынада: операциялар не әрекеттер  арасындағы,  әрекеттің
нәтижесін  төмендететін  не  жоққа  саятын  кез-келген  процесс;  әлеуметтік
психологияда  қарама-қарсы эмоциялар, мотивациялар,  құндылықтар  арасындағы
қақтығыс; есте қалдырылған материалға басқа материалдың  әсер  етуінен  оның
әлсіреуі.  И.  ес,   үйрену   процестерімен   байланысты   зерттеледі.Естегі
ақпараттардың  арасындағы  қақтығыс  бұрынғы   тәжірибенің   әсерінен   жаңа
ақпаратты ауыр-жеңіл меңгеру (проактивті И. немесе тежелу),  ескі  ақпаратты
жаңа  келіп  түскен   ақпараттың   әсерінен   еске   түсірудің   қиындауынан
(ретроактивті И.) туындайды. Интерференция вербалды И.,  моторлы-акустикалық
И., қору интерференциясы, селекциялы И. болып сараланады. И. ұғымы  ұмытудың
психологиялық теориясының негізінде түсіндіріледі.
      Интроспекция(лат.introspectare-ішіне   қарау)-    өзінің    психикалық
тәжірибесін зерттеу, ішкі жақты  қарау  процесі.  Адамның  өзінің  санасының
психикалық мазмұнын, ішкі әлемін  зерттеуі.  И.  психиканы  толық  зерттеуге
негіз бола алмайды,  тек  жасырын  психикалық  іс-әрекет  тікелей  бақылауға
келмегенде ғана кейбір психолингвистикалық эксперименттерде қолданылады.  И.
ұғымы өзін-өзі бақылау ұғымымен  де  түсіндіріледі.  Өзін-өзі  бақылау  ішкі
сана  құбылыстарын  тіркеуге  мүмкіндік  беретін  ішкі  өзіңнің   психикалық
өміріңді бақылау. Интроспекцияны өзін-өзі бақылаудан ажырата білу керек.
      Кластерлік  талдау  (кластерный  анализ)-  көп  өлшемді   талдау   дың
математикалық   процедурасы;бірқатар   объектілерді    сипаттайтын    (мыс.,
сыналушыларды) көптеген көрсеткіштер негізінде  оларды  кластарға   топтауға
мүмкіндік бередіжәне бұлай топтағанда өзге кластарға  кіретін  объектілермен
салыстарғанда бір   класты  құрайтын  объектілердің  біртекті,  ұқсас  болуы
қамтамасыз етіледі.  Объектілердің  цифрлармен  белгіленген  параметрлерінің
негізінде олардың арасындағы евклидтік өлшемдегі сияқты (көп  қолданылатын),
сонымен қоса, басқа өлшемдерде  де  көрінуі  мүмкін  болатын  арақашықтықтар
есептеліп шығарылады.К.т. әдісі психолингвистикада көп қолданылады.
      Контент талдау  (ағылш.contents-мазмұн)-  педагогикада  пайдаланылатын
зерттеу әдісі. М. Мәтін  және  өзге  де   тасымалдаушылардың  (  бейнежазба,
сұхбат,  балалардың  жұмысы,  мектеп  құжаттары,  т.б.)  өзіндік  сипаттарын
анықтау мен баға беруді білдіреді.
      Қабілеттілік тестілері (тесты способностей)-  жалпы  алғанда  қайсыбір
мақсатқа жетудің әлеуметтік мүмкіндігін өлшеу үшін құрастырылған кез  келген
тест. Арнайы қабілеттерді, жалпы  қабілеттерді  және  көпжақты  қабілеттерді
мөлшерлеп анықтауға арналған түрлері құрастырылады.
      Қалыптастырушы   эксперимент-жас   тұрғысындағы   және   педагогикалық
психологияда қолданылатын, зерттеушінің  сыналушыға  белсенді  ықпал-әрекеті
процесінде  баланың   психикасындағы   өзгерістерді   қадағалау   әдісі.Қ.э.
анықталатын фактілерді тіркеумен ғана шектеліп  қалмай,  арнамалы  жағдайлар
жасау арқылы жеке  адамның  психикалық  дамуының  заңдылықтарын  ашуға,  бұл
процесті оңтайландыру мүмкіндіктерін анықтауға  мүмкіндік  береді.  Нақ  осы
себепті  баланың  жеке  тұлғасын  қалыптастырудың  шарттарын,  принциптерін,
жолдарын зерттеуде Қ.э.  кеңінен  қолданылады,  психологиялық  зерттеулердің
оқу-тәрбие процесінің неғұрлым пәрменді  нысандарын  педагогикалық  іздеумен
және жобалаумен біріктіруді қамтамасыз етеді (қалыптастырушы  эксперименттің
синонимдері қайта өзгертуші,жасампаз,  тәрбиелік,  оқытушылық,  генетикалық-
модельдеушілік эксперимент, психиканы белсенді түрде қалыптастыру әдісі).
      Қорытынды (вывод)- 1) жалпы және сөзбе-сөз мағынасы- сыртқа шығатыңның
бәрі, организмнің кез-келген реакциясы  немесе  жүйенің  өнімі;  2)  ақпарат
теориясында- шығатын сигнал.
      Қосарлап стимулдау әдістемесі (  методика  двойной  стимуляции)-  орыс
психологы Л.С.  Выготскийдің  (1896-1934)  жоғары  психикалық  функциялардың
жанама  сипаты  туралы  тұжырымдамасы   негізінде   жасалған   психологиялық
әдістеме. Ұғымдардың қалыптасу процесін зерттеуге Л.С.  Выготский  мен  Л.С.
Сахаров қосарлап стимулдау әдістемесін бірігіп қолданды. Негізгі  мәні-  екі
қатар стимулдар арқылы жоғары психикалық функциялардың іс-әрекеті мен  дамуы
зерттелді. Стимулдың  бірі  сыналушының  іс-әрекеті  бағытталған  объектінің
функциясын, екіншісі  осы  іс-әрекетті  ұйымдастыратын  белгілер  функциясын
атқарады. Стимул- объектіге - әр түрлі түстер, нышандар, өлшемдер, ал  құрал
стимулға әр фигураның сыртында жазылған сөздер алынады. Олар  эксперименттік
материалдар болып саналады. Бұл  әдістеме,  сондай-ақ  жанамаланған  ес  пен
зейінді зерттеуге де қолданылад
      Мақұлдау,  тәжірибеден  өткізу  (апробация;  лат.approbatio)-  зерттеу
барысында  болжамның  оң  не  терістігін  анықтау  мақсатындағы  тәжірибелік
байқау сынағы
      Минесотты көп факторлы тұлғалық  сауалнама  (ММРІ)-  тұлғаның  даралық
ерекшеліктері  мен  психикалық  күйін  психодиагностикалық  зерттеу   әдісі,
тұлғалық сауалнама санатына жатады.  ХХ  ғасырдың  40-жылдарында  америкалық
ғалымдар С. Хатеуейем мен Дж. Маккинли тұлғаның  патохарактерологиялық  даму
синдромдарын  клиникалық  зерттеу  әдісі  ретінде  талдап  жасады.   Зерттеу
барысында  сыналушыға  оның  әр  түрлі   өмірлік   жағдаяттарға   көзқарасын
үлгілейтін 550 пайымдау беріледі де,  «дұрыс»,  «  дұрыс  емес»  және  «айта
алмаймын» деген үш жауаптың біреуін беру  ұсынылады.Мәнді  жауаптар  арнаулы
«кілттердің» көмегімен тіркеліп, одан соң сандық өңдеуден өткеннен кейін  үш
бағамдаулық және  он  базистік  шкаласы  бар  профильдік  параққа  жазылады.
Бағамдаулыққа   «жалған»   шкаласы   (сыналушы   жауаптарының    шынайлығы),
нәтижелердің   анықтығы,   корреакция    шкаласы(мінез-құлықтың    ұғынылмай
бақылануы)  жатады.   Базистік   шкалалардың   атаулары   әдістің   бастапқы
клиникалық бағыттылығын бейнелейді.:1- ипохондрия; 2- депрессия; 3-  есірік;
4- психопатия; 5- ер және әйел қасиеттері; 6- параноялық;  7-  психоастения;
8-  шизоидтілік;  9-  гипомания;  10-  әлеуметтік  интроверсия.  Шкалалардың
әрқайсысындағы  көрсеткіштердің   арақатынасы  тұлғаның  профилін   құрайды.
Дүниежүзілік  практикада  базистік  он  шкалаға  қосымша  тұлғаның  көптеген
даралық-психологиялық қасиеттерін көрсететін  200-ден  астам  шкала  талдап-
белгіленген. Отандық психология  ғылымында  бұл  әдістеме  әлеуметтік-мәдени
жағдайдың ерекшеліктері,  оны  психикалық  тұрғыдан  сау  адамдарға  қатысты
қолдану,  сондай-ақ  тестің  қысқартылған   нұсқасын   пайдалану   ескеріліп
бейімделіп, қайта  стандартталған.  Осының  нәтижесінде  тұлғаны  зерттеудің
модификацияланған  әдісі,  тұлғаны   зерттеудің  стандартталған  әдісі  және
тұлғалық  стандартталған  клиникалық  сауалдама  жасалған.  Бұларды  қолдану
арқылы тұлғаның нормадағы және  патологиядағы  даралық  қасиеттерін  анықтау
мүмкіндігіне қол жетіп қана қоймайды, сонымен  қатар  мінездің  шамадан  тыс
білінетін, қалыпты даму мен психопатиялық  дамудың  шекарасындағы  сипаттары
саласы  анықталып,  ол  мінез  акцентуациялары  деп  аталады.  Іргелі   және
қолданбалы психологиялық зерттеулердің  әр  түрлі  салаларында  кең  тараған
әдіс тұлғаның индивидумдық-тұлғалық ерекшеліктерін,  стреске  қарсы  реакция
типін, мотивациясының бағыттылығы мен ынталандырғыш күшін, қорғаныштық  және
компенсаторлық механизмдерін және басқа  да  көптеген  тұлғалық  қасиеттерін
барынша   нақты   анықтайды.   Әдістеменің    формальдық    көрсеткіштерінің
математикалық базасы оны компьютерлік психодиагностика  саласында  ойдағыдай
қолдануға жағдай жасайды.
      Психодиагностика (психо..және diagnostikos- айырып тануға  қабілетті)-
адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер  арқылы  сандық
сипатта бағалайтын  және  нақты  сапалық  тұрғыдан  талдайтын,  сөйтіп  адам
психологиясының көрінісі туралы  дұрыс  болжамдық  мәлімет  беретін  ізденіс
аумағы.
      Психология (грек. psyche-жан, logos-ілім)-тіршілік қарекетінің  ерекше
нысаны ретінде психиканың  даму  және  функция  атқару  заңдылықтары  туралы
ғылым. Тіршілік иелерінің қоршаған дүниемен өзара  әрекеттестігі  психикалық
процестер  арқылы,  актілер  мен   күйлер   арқылы   жүзеге   асады;   бұлар
физиологиялық процестерден, актілер мен күйлерден  сапалық  тұрғыдан  ерекше
болғанымен, олардан бөлінуге келмейді.
      Салыстырмалы генетикалық әдіс (сравнительно-генетический метод)- жазба
жұмыстарын, эпистолярлық мемуарларды, адамның басынан  өткізген  оқиғаларын,
естеліктерін зерттеп,  оның  әр  түрлі  психологиялық  ерекшеліктерін  білу.
Балалардың немесе үлкендердің психикалық әрекеттерін зерттеу кезінде  оларды
бір-бірімен салыстырып, ұқсастықтары мен айырмащылықтарын анықтайды.
      Тахистоскоп (грек.tachis-тез, жылдам, skoreo- қараймын)-қысқа  уақытта
көру стимулдарын көрсете  алатын  аспап.  Тахистоскоптың  механикалық  түрін
неміс психологы В.Вундт (1832-1920) жасады. Тахистоскоптың  электронды  түрі
де бар. Проекциялы тахистоскоп арнайы диапроекторлармен жұмыс жасайды,  оның
каналдары  ақпараттарды   береді.   Ес,   қабылдау   процестерін   зерттеуде
қолданылады.
      Тестің сәйкестілігі  - тест сапасының  негізгі  критерийлерінің  бірі.
Т.с.  проблемасы  тестің  талдап-белгіленуі  мен   іс   жүзінде   қолданылуы
процесінде тұлғаның ден қойылып отырған қасиетінің біліну дәрежесі  мен  оны
өлшеу  әдісі  арасындағы  сәйкестістікті  анықтау  міндеті  қойылған   кезде
туындайды. Тест неғұрлым жарамды болса, өзі соны өлшеу үшін жасалған  қасиет
онда неғұрлым анық білінеді
      Тестілер   (ағылш.test-сынау,   сынама)-   жеке   тұлғаның    даралық-
психологиялық   қасиеттерін,   сондай-ақ   білімін,   білігі   мен   машығын
салғастырмалы  шамалармен  өлшеуге  арналған   стандартталған   тапсырмалар;
психологиялық  диагностиканың  негізгі  әдістерінің   бірі.   Т.   модельдік
жағдайлар болып табылады, олар  арқылы  индивидтің  тән  сипаты  реакциялары
анықталып, зерделенетін  нышан  көрсеткіштерінің  жиынтығы  деп  есептеледі.
Тестілерді әр түрлі негіздер бойынша саралауға болады.
      Тестілеу-белгілі бір мәндер шкаласы бар  стандартталған  сұрақтар  мен
есептер   пайдаланылатын   психологиялық    диагностика    әдісі.    Даралық
айырмашылықтарды стандарты  өлшеу  үшін  қолданылады.  Тестілеудің  негізгі-
негізгі үш саласы бар: а) білім беру- оқыту  мерзімінің  ұзаруына  және  оқу
бағдарламаларының күрделенілуіне байланысты; ә) кәсіби даярлық және іріктеу-
 өңдірістің өсу қарқынының жеделдеуіне және  күрделіленуіне  байланысты;  б)
психологиялық   консультация-социодинамикалық   процестердің    жеделдеуімен
байланысты.  Т.  индивидте  қажетті   дағдылардың,   білімдердің,   тұлғалық
сипаттамалардың  және  т.  б.  дамуының  актуальды  деңгейін   белгілі   бір
ықтималдықпен анықтауға мүмкіндік береді.
      Фехнер  заңы  (закон  Фехнера)-   физикалық   стимулдың   қарқындылығы
геометриялық  прогрессияда   артса,   психологиялық   түйсік   арифметикалық
прогрессияда күшейеді. Бұл заңды ХIХ ғ. Неміс  психологы  Г.Т.Фехнер  (1801-
1887)ашты  және  неміс  физиологы  Э.   Вебердің   (1795-1878)   еңбектеріне
негізделді
      Эксперимент (лат.experimentum-тәжірибе, сынау)- 1)ғылыми мәнде
жасалған тәжірибе;2) тәжірибе жүзінде бақылауды іске асыру.


2.«Эксперименттік психология» пәнінің дәрістік материалдары.

Тақырып: Эксперименттік психологияға кіріспе. 2сағат.


Мақсаты: Эксперименттік психология туралы түсінік қалыптастыру.

Психологиялық зерттеудің әдіснамалық принциптерін қарастыру. Студенттерде
экспериментік психология жайлы білімді бекіту.
Жоспар:
1.Ғылым әдіснамасы.
2.Психологиялық зерттеудің әдіснамалық принциптері.
3.Психологиядағы әдістер классификациясы.
4.Психологиялық зерттеу этикасы.
Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек:
       Психология  ғылыми  және  қолданбалы  болып  екіге  бөлінеді.  Ғылыми
психология адам,  оның  психикасын,  мінез  –  құлқын,  таныммен  байланысты
мәселелерді  шешуге   қажет   теориялық   білімдерді   алуға   бағдарланған.
Қолданбалы психология практикалық  міндеттерді  шешеді:  адам  іс  -  әрекет
жетілдіру, оның мінез – құлқын жақсарту, психикалық даму деңгейін  көтерумен
байланысты практикалық нұсқалар жасайды.
      Экспериментальды ғылыми психологияда – осы ғылымды байытатын  білімдер
жинақталады, бірақ олар әрқашанда практика жүзінде пайдаланылмайды.
      Экспериментальды  практикалық  психологияда  болжамдар  мен  ұсыныстар
беріледі және тексеріледі.
    ➢       Эксперименттік  психология  қызықты,  ең   күрделі   пән   болып
      табылады. Экспериментальдық әдістер нормативін білу психологтың кәсіби
      деңгейін  көрсетеді.  Эксперименттің  басқа  әдістерден   айырмашылығы
      құбылыстар арасындағы себеп – салдарлық  байланыс  орнатуға  мүмкіндік
      береді.  Тек  эксперимент  жүргізу  арқылы  ғана   сенімді   қорытынды
      қалыптастыруға болады.
      Эксперименттік зерттеулердің негізгі белгілері:
        1. Мәселенің болуы (өмірлік маңызы бар сұрақ)
        2. Осы мәселені шешудің болжамының  болуы.  Болжам  міндетті  түрде
           тексеріледі және дәлелденеді
        3. Болжамдардың ғылымилығы (ұсыныстарымыз бір  –  біріне  қарама  –
           қарсы болмауы керек)
        4. Ғылыми эксперимент: даярлау және өткізу
        5.  Математикалық  статистика  әдістерін  пайдаланып,   нәтижелерін
           өңдеу.
       Ғылыми экспериментсіз шешілмейтін мәселелерге жатады:
   1. Балалардың және  ересек  адамдардың  психологиялық  дамуын  жеделдету.
      Үлкендердің көмегімен орындаған тапсырманы (қандай да іс -  әрекеттің)
      баланың  миында  пайда  болуы.  Л.С.Выготский:  «Жақын  арадағы   даму
      аймағы».
   2. Жастық даму дағдарысын анықтау және оны жеңу.
   3.  Дамудағы  сензетивтік  кезеңді  диагностикалау.   Таным   процесінің,
      ерекшелігінің психикалық дамуына  ешқандай  ауыртпашылық  түспей  даму
      кезеңін сензетивтік кезең деп аталады.
   4. Баланың шынайы  мүмкіншіліктеріне  және  оның  психологиялық  дамуының
      перспективаларына сәйкес келетін оқу мазмұнын таңдау.
   5.  Оқытудың  әдіс  –  тәсілдерін  дамытушыға  айналдыру   (психологиялық
      тұрғыдан).
              Эксперименттік психологияның мәселелерін шешудің
                           тәсілдері мен құралдары
       Дұрыс  даярланған,  тиянақты  өткізілген  психологиялық   эксперимент
көптеген сұрақтарға дұрыс жауап беруге көмектеседі.
      Эксперимент зерттеу мәселесін нақты анықтаудан басталады.  Эксперимент
үшін алынған мәселелер келесі критерийлерге жауап беру керек:
   1. өзектілігі немесе көкейкестілігі
   2. жаңалығы
   3. практиканың маңыздылығы.
   1. Ғылыми мәселенің  өзектілігі.  Оны  зерттеу  үшін  таңдаудағы  маңызды
      аргумент. Осы мәселені шешу үшін керектігін, оның қазіргі  талаптарына
      сәйкестігін көрсетеді.
   2. Жаңалығы. Мәселенің басқа сипаты. мәселені шешудегі талпыныстарды  кең
      және терең зерттеу нәтижесінде жаңалық анықталады.
   3. Практикалық маңыздылығы. Мәселені шешудегі табылған шешім осы жағдайды
      қаншалықты жақсы жағымен өзгертетіне негізделеді.


Тақырып: Эксперименттік әдіс тарихы. 2сағат.

Мақсаты:  Студенттерге ғылымға дейінгі психология,  философиялық  психология
және  ғылыми психология жайлы түсінік беру.
Жоспар:
1.Ғылымға тән белгілер.
2.Ғылымға дейінгі психология.
3.Философиялық психология.
4.Ғылыми психология.
Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек:
      Психологияның  жеке   ғылым   ретінде   ерекшеленуі,   эксперименталды
зерттеулердің дамуымен байланысты  болады.  1879  жылы  неміс  ғалымы  Вундт
(Лейпциг қаласында) тұңғыш рет лаборатория ұйымдастырды. 1880 жылдан  бастап
жоғары психикалық функцияларды зерттеу кең етек алды.  XX  ғасырдың  алғашқы
10   жылында   Вюрцбург   мектебінің   психологтары   ойлау   және   еріктің
эксперименталды зерттеу жұмыстарын бастады.
      Германияда эксперимент кең дамыды. Оның кең етек жаюы ес, ойлау,  ерік
және т.б. да күрделі психикалық процестерді  зерттеумен  байланысты  болады.
Медициналық және педагогикалық психология кең дамыды.
      Герман Эбингауз (1850 – 1909жж) жаңа материалды толық игеріп болғаннан
кейін, оны қайтадан қайталау керектігін айтқан, себебі ол  ұмытылып  қалмауы
керек: тек қана оқып қоймай оны қайталау керек.
      Ойлаудың  эксперименталды  бағдарламасы  Вюрцбург  мектебінің  зерттеу
пәндерінен  және  тапсырмаларынан  құрастырылды  (1901  –  1910  –  1911жж).
Мектептің негізін салушы Вунттың Лейпциг қаласындағы 1887 ж мен 1894  жылдар
аралығында ассистент және оқушысы Освальд Кюльпе (1862 – 1915жж).
      Отто  Зельц  (1881  –  1943жж)  Освальд  Кюльпенің  оқушысы,  Вюрцбург
мектебіне жатты, ойлауға жүргізген  экспериментімен  белгілі.  Зельц  ғылыми
жаңалықтардың   тарихынан   мысал    келтіреді.    Индивидуалды    ерекшелік
психологиясының негізін алғаш қалағандар:
      Англияда – Ф.Гальтон,Францияда –  А.Бине,  АҚШ  –  та  –  Дж.  Кеттел,
Г.Ст.холл, Ресейде – А.Ф.Лазурский, Англияда бұл жұмыс  биолог,  антрополог,
атақты Дарвиннің ізбасары – Френсис Гальтонның  (1822  –  1911жж)  еңбегімен
басталды. Өзінің басты «Наследственность  таланта»  (1869ж)  атты  еңбегінде
таланттың тұқым қуалағыш екенін айқын көрсеткен.
        Альфред   Бине   (1857   –   1911жж)   Франциядағы   эксперименталды
психологияның негізін салушы. Ол  өзінің  эксперименталды  зерттеуі  бойынша
ойлау туралы мәліметтер жинастырды.
      1896 жылы А.Бине  мен  В.Анридің  «Индивидуальная  психология»  еңбегі
жарыққа шықты. 1912 жылы В.Штерн «ақыл  –  ой  дарындылығының  коэффициенті»
ұғымын  енгізді.  Кейіннен  бұл  қатынасты  интеллектуалды  коэффициент  деп
атады.
      Отандық ғылымда индивидуалды психологияны  А.Ф.Лазурский  дамытты.  Ең
алғашқы жеке психологиялық лабораторияны ашқан психолог –  Н.Н.Ланге  болды.
(Новосибирский  университет,  1896ж),   ол   эксперименталды   психологияның
дамуына зор үлес қосты.  Оның  жүргізген  зерттеу  жұмыстары  қабылдау  және
зейінге байланысты.
       1901  жылы  А.П.Нечаев  Педагогикалық  музейдің   әскерлі   –   оқыту
бөлімінде,  эксперименталды  психологиялық  лаборатория  ұйымдастырды.  1904
жылы Нечаевтің психологиялық лабораториясында педагогикалық курстар  ашылды.
Москва университетіндегі тарихи – философиялық  факультетінде  психологиялық
институттың (1912ж) ашылуы, отандық эксперименталды  психология  тарихындағы
ең  қуанышты  кеш  болды,  Челпанов  негізін   салушы   болды.   Челпановтың
«Эксперименталды психологияға кіріспе» атты оқулығы бар(1915ж).


Тақырып: Эмпирикалық зерттеу жүйесіндегі бақылау әдісі. 1сағат.

Мақсаты:   Психологиялық   бақылау   әдіс   және    бақылау    берілулерінің
объективтілік  және  субъективтілік  критерилері,   бақылау   процедурасының
әдіснамасы туралы студенттерге түсінік беру.
Жоспар:
1.Психологиялық бақылау әдіс және әдістеме ретінде.
2.Бақылау  берілулерінің  объективтілік  және  субъективтілік   критерилері.
3.Бақылау процедурасының әдіснамасы туралы.
4.Психологиялық зерттеудің басқа әдістерімен бақылаудың қатынасы.
Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек:
          Бақылау – ғылыми зерттеулердің ең ескі әдістерінің бірі.  Тәжірибе
жолымен алынған кез –  келген  ғылыми  білім   адам  іс  -  әрекетін  немесе
табиғат құбылыстарын  бақылау  негізінде  алынған.  Сондықтан  кең  мағынада
бақылау деп – эмпирикалық білім алудың кез – келген түрін айтуға болады.
      Зерттеуші – бақылаушы тұрмыстық мағынадағы бақылаушы сөзіне
ерекшеленеді:
      1. Танымдық мақсаты бар. Осы мақсат бақыла үрдісін жанама  етеді  және
таным шеңберін ары қарай жылжытады. Бақылау пәні ретінде – адамның  мінез  –
құлқы, эмпирикалық көрінулері, адамдардың қарым –  қатынасы  және  топтардың
өзара  әрекеттері,  сонымен  бірге  ойлар,  пікірлер   т.б.   қарастырылады.
Бақылауды зерттеу әдісі  ретінде  және  әдістеме  ретінде  түсіну  қарама  –
қайшылық тудырмайды, бір –бірін толықтырады. Мақсатына байланысты  бақылаушы
зерттелетін  құбылысты  мақсатты  қабылдауға   немесе   сұрыптап   іріктеуге
тырысады. Танымдық мақсаттар  пәндік  мазмұнды  сұрыптауға  әкеледі  –  нені
болжау керек, нені бақыланған факті деп есептеу керек.
      2. Бақылаушының белсенділігі – бақылау  үрдісін  ұйымдастыру,  бақылау
жағдайын даярлау және таңдау. Берілулерді тіркеуде.
Психологияда бақыланатындар деп есептейді:
    ➢ Индивидтардың мінез – құлқы;
    ➢ Бөтен адамдар іс - әрекеті, оның өтуінің сыртқы формасы;
    ➢ Басқа индивидтардың тілдік санасы, олардың түнде көрінуі;
    ➢ Эмоциялық күйлердің формалары;
    ➢  Жеке  адамдар  қасиеттері,  қылығында   көрінетін   жеке   адамдардың
      өмірбаяндық жолы.
      2. а) Бақылау және зерттеу мақсаттары. Зерттеу мақсаттары
мазмұнына байланысты:
            б) Сипаттау бірліктерінің тәуелділігін бақылау.
      Жүйелі бақылау – бақылаушы ұғымдарды құрылымдаудың  белгілі  ережелері
бойынша жүзеге асырады.
      Бақылау жүйелілігі – зерттеу мақсатына сай бақылау бағыттарының болуы,
объектінің жақтарын қарастыру, анықтау.
      в) Болжамды тексеруге қатысты бақылау.
      Эвристикалық бақылау – болжамды тексеруге бағытталған.
      г) Бақылаушының позициясын есепке алу көзқарасындағы бақылау.
    ➢ Сырттан бақылау – бақылаушы зерттелетін объектіден толықтай  бөлінген;


    ➢ Қосылу бақылау – объектіні  бірге  жүріп  бақылау,  бақыланушы  –  топ
      адамдарының бірі болады;

    ➢ Іштей бақылаудың өз артықшылығы  және  кемшілігі  бар.Бір  жағынан  ол
      зерттелетін шындыққа  тікелей  қосылуға  көмектеседі,  екінші  жағынан
      тікелей қосылу бақылаушының есебінің объектілігіне әсер  етуі  мүмкін.
      Кейбір бақылау түрлері сырттай және іштей  бақылаудың  арасында  болуы
      мүмкін.  Мысалы,  ұстаздың  сыныпты   бақылауы,   психологтың,   кеңес
      берушінің бақылаулары.
   д)  Ұйымдастырылуына  байланысты  бақылау  түрлері.   Бақылау   жағдайына
байланысты 3 топқа бөлінеді:
    ➢ Далалық – бақыланушы табиғи өмір жағдайында болады. Бақылаушы  жағынан
      бастама болмайды
    ➢ Лабораториялық – адамның мінез –  құлықтарын,  психикасының  басқарылу
      көріністерін, формаларын, зерттеудегі жасанды жағдай.
    ➢ Табиғи жағдайды  арандату  –  бұл  табиғи  экспериментке  ұқсас  болып
      келеді.
   е) Бақылауды хронологиялық ұйымдастыру. Бұл үш түге бөлінеді:
    ➢ Лангитюдті – бұл ұзақ  уақыт  жүргізіледі,  көптеген  жылдар,  зерттеу
      объектісімен үнемі қатынаста болады.
    ➢ Кезеңдік – хронологиялық ұйымдастырудың кең таралған түрі.
    ➢ Жеке – жеке жағдайды сипаттау түрінде болады.Жүйелі  немесе  кездейсоқ
      бақылау нәтижелерінің құбылыстарының типтік көрінуі.
     ж)  Бақылау  және  бақылау  есептерінің  түрлері.   Сипаттау   тәсіліне
байланысты:
    ➢  Стандартталған  –  бақыладың   негізгі   категориялары   көрсетілген,
      қайсысын тіркеу керек екені, бақылау реті, оның кезектігі және т.б.
    ➢  Стандартталмаған  –  белгілі  мақсаттармен  тіркейді,  бірақ   арнайы
      шектеусіз, неге назар аудару керек, қандай сәттерін тіркеу және т.б.
      Зерттеу протоколы. Бақылау схемасына  бақылау  барысында  бақылаушының
есебінің белгілі  сәттері  кіреді.  Бақылау  берілулері  хаттама,  күнделік,
естелік немесе жеке жазулар формасында тіркеледі.
      Хаттама (протокол) – жиі  пайдаланылатын  жазу  формасы,  ол  кезеңдік
бақылауларда пайдаланылады және бақылау барысында тікелей жүргізіледі.
      Күнделік – жалғасқан бақылауда қолданылатын жазу формасы, жазу  күніне
бір рет, бірнеше  күнде бір рет жазылады, бақылаушы  есте  сақтағанын  еркін
түрде жазады, оның зейінін өзіне аударғанын жазады.
      Жеке жазулар (естелік) – жеке бақылауларды немесе  бақылаудың  қосымша
тәсілі ретінде пайдаланылғанда тіркеледі.
      Бақылау процедурасы ұғымына: бақылау әдісін нақтылау және  оны  жүзеге
асырудың негізгі этаптарының кезектерін анықтау  және  берілулерді  тіркеуге
пайдаланылған техникалық құралдарды пайдалану.
      Бақылау процедурасы белгілі әдістемені жүзеге асыру ретінде:
    ➢  Даярлық  кезеңі  –  бақылау  объекті  туралы  бастапқы   көрінулерді
      салыстыру, жағдай, зерттеушілер бақылау әдістемесін таңдау.
    ➢ Бақылау схемасын жасау кезеңі   -  немесе  нақты  жоспарлар,  бақылау
      технологиясын таңдау,  оны  пайдалану  керектігін  анықтау.  Жоспарды
      нақтылау үшін алдын ала сеанс жүргізеді немесе генеральная репетиция.
    ➢ Бақылау өткізу кезеңі –  бұл  эмперикалық  (тәжірибелік)  материалдар
      алу үрдісі, оның нәтижесі протокол болып табылады,  яғни  бақыланатын
      жағдайды тіркейтін құжат.
    ➢ Соңғы кезең – нәтижелерді өңдеу және талдау.


Тақырып: Эксперимент зерттеушінің практикалық  іс-әрекетінің  түрі  ретінде.
2сағат.

Мақсаты:  Психологиялық  эксперименттегі   экспериментатордың   белсенділігі
туралы түсінік беру. Себептік қорытындыны жүзеге асыру үшін жағдай жасау.
 Жоспар:
1.Психологиялық эксперименттегі экспериментатордың белсенділігі.  2.Себептік
қорытындыны жүзеге асыру үшін жағдай жасау.
3.Бақылаудың/ тексерудің/ өзгергіштік мәселесі.
Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек:
         Эксперимент  –  зерттеудің  ең  күрделі  түрі.   Белгілі   психолог
экспериментатор П.Фресс, Ж.Пиаже былай деп жазады:  «Эксперимент  әдісі  бұл
ақыл тәсілінің формасы. Өзінің  логикасы  мен  өзінің  техникалық  талаптары
бар. ОЛ асығыстықты жақтырмайды,  баяулық,  сенімділік  қуанышын  сыйлайды».
Экспериментсіз ғылым да, практик да мүмкін емес. Эксперимент  –  бұл  ғылыми
және қолданбалы болжамдарды тексеруге бағытталған  зерттеу  түрі.  Болжамсыз
эксперимент жоқ, себебі қазіргі талаптарға жауап беретін  сенімді  теориялық
және статистикалық дәлелдеулер де жоқ.
      Психологиялық эксперимент сақтайтын статистикалық ережелер:
    ➢  мәселені  анық  қалыптастыру,  зерттеу  мақсаттары  мен  міндеттерін,
      ондағы тексерілетін болжамды қалыптастыру;
    ➢ эксперименттің қаншалықты нәтижелілігі өткенін анықтайтын  критерийлер
      мен белгілерді орнату;
    ➢ зерттеу пәні мен объектісін анықтау;
    ➢ зерттейтін объектіні, пәнді диагностикалайтын  әдістерді  таңдау  (жоқ
      болса жасау);
    ➢ өткізілген эксперимент нәтижелерін көрсетудің формаларын анықтау;
    ➢ эксперимент нәтижелерін ғылыми  және  практикалық  қолдану  салаларына
      сипаттама (эксперимент шыққан практикалық
    ➢ қорытындылар мен ұсыныстар).
         Шолу   –   талдау   зерттеуінде   тақырып   бойынша    әдебиеттерді
іріктеу,талдау, оқу, зерттеуді бағалау.
Негізгі міндеті: бар әдеби берілулермен іс барысының  жалпы  күйін  анықтау,
жауаптары табылған сұрақтарды табу, жауап табылатын сұрақтарды табу.
Қойылатын талаптар:
    ➢ таңдалған тақырып пен талданған әдебиеттер мазмұнының арақатынасы
    ➢ оқылған әдебиеттердің толық тізімі
    ➢ жазбаша жұмысының мазмұнында әдебиеттердің терең талдануы
    ➢ бар әдеби берілулерді жүйелі мазмұндау
    ➢ жазба жұмысының  мәтінінің  логикалығы  мен  оның  сауаттылығы,  дұрыс
      көркемделуі
    ➢ қорытынды қысқа және нақты болуы керек әдебиеттер тізімі.
    Шолу – талдау бөлімінен  басқа  және  дәлелденген  шолу  болады.  Сындық
талдау басқа зерттеушілердің сыны болуы мүмкін немесе  басқа  пікірлерді  де
білдіреді. Әдебиеттерді шолу мен сындық  талдаудан  басқа  автордың  өзіндік
теориялық ойы болады. Ол осы қойылған мәселені шешуге бағытталады.
Талаптар:
    ➢ пайдаланылған ұғымдардың, анықтамалардың дәлдігі;
    ➢ жүйелілігі;
ой қорытындыларында қайшылықтардың болмауы.
Тәжірибелік  зерттеу  негізіне  әдебиет  берілулері,  ұғымдар  кірмейді,  ол
шындықтағы сенімді фактілер. Мұндай зерттеу фактілерді жинау және  талдаудың
әдістерін талдаумен жүргізіледі. Тәжірибелік зерттеудің суреттемелісі  –  аз
зерттелген объект немесе құбылысқа қатысты жаңа фактілер тәжірибе  негізінде
алынған анықтамалармен суреттеледі.
Түсіндірмелі  –  жинақтау  және  талдау  ғана   емес,   алынған   фактілерді
түсіндірумен де айналысады.
Әдістемелік зерттеудің мақсаты жаңа  психодиагностикалық  әдістемені  жасау,
негіздеу және практикада тексеру.


Тақырып:  Психологиялық  эксперименттегі  болжам  және  бақылау   формалары.
1сағат.

Мақсаты:Студенттерге  психологиялық  экспериментте  тексерілетін   болжамдар
жүйесі туралы түсінік беру. Эксперименттік болжам формалары мен таныстыру.
Жоспар:
1.Психологиялық     экспериментте     тексерілетін     болжамдар     жүйесі.
2.Эксперименттік бағдар формалары.
Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек:
      Болжам  дегеніміз  –  жорамал   сипатындағы   бекітулер,   ғылыми   ой
қорытындысы Эксперименттік тексеруді талап етеді. Болжам қандай да бір  жаңа
ойды бекітеді және ол бос сөз  емес.  Эксперименттердің  басым  көпшілігінде
бір ғана емес бірнеше әр түрлі логикалық байланысты болжамдар болады.

|Жалпы болжам                                                              |
|Жеке болжам1            |Жеке болжам2            |Жеке болжам3            |
|Жұмыс      |Жұмыс      |Жұмыс      |Жұмыс      |Жұмыс      |Жұмыс      |
|болжамы1   |болжамы2   |болжамы1   |болжамы2   |болжамы1   |болжамы2   |

      Жалпы болжам: өткізілген эксперимент нәтижесінде  баланың  ақыл  –  ой
даму процесі жедел дамитын болады.
      Жеке мақсат: даму процесін жеделдететін психологиялық –  педагогикалық
құралдарды тексеру.
       Жеке  болжам:  баланың  даму   процесін   жеделдетуге   экспериментте
қолданылған психологиялық – педагогикалық әсер ету құралдары қолданылады.
      Жеке мақсат:  эксперименттен  қорытындыларды  жасау  және  практикалық
нұсқауларды тұжырымдау.
      Жеке болжам ::  өткізілген  эксперименттен  шығатын  қорытындылар  мен
нұсқауларды  педагогикалық  практикада  енгізу  баланың  ақыл  –  ой  дамуын
жеделдетуге әкелу керек.
   1. Жұмыс болжамы: берілген оқу пәні сабақтарын да осы типтегі міндеттерді
      пайдалану ғылыми  ұғымға  сәйкес  келген  оқушының  психикалық  дамуын
      жеделдету керек.
   2.  Жұмыс  болжамы:  проблемалық  оқытудың  мына  тәсілдерін   пайдалану.
      Оқушының  себеп  –  салдарлық  байланыс  және   қатынастарды   анықтау
      іскерлігін дамытуға әсер ету керек.
   3. Жұмыс болжамы: оқу пәндері сабақтың мазмұнына осы типтегі  міндеттерді
      енгізу,  оқушыларда  ғылыми  түсініктерді  қалыптастыруды   жеделдетуі
      керек.
   4.  Жұмыс  болжамы:  экспериментте   тексерілген   проблемалық   оқытудың
      тәсілдері оқушыларда сөздік логикалық ойлаудың дамуына көмектеседі.
      Фактілер мен аргументтер – шындығы тексерілген не  дәлелденген  ойлар,
ал көрсету – бұл мағыналы ой қорытындыларының жиынтығы.
      Процесс  барысында  аргументтер  мен  фактілерден  болжамның  әділдігі
шығарылады.
      Дәлелдеу сенімді болу үшін белгілі ережелерді сақтау керек:
   1.  Болжам,  аргументтер,  фактілер,  тұжырымдар  нақты   және   ұғынықты
      анықталуы керек;
   2. Болжам дәлелдеудің барысында өзгеріссіз қалуы керек;
   3.  Болжамды  бекітетін  аргументтер  мен  фактілер  шынайы  болуы  керек
      (сенбеушілік тудырмауы керек);
   4. экспериментті анықтайтын фактілер  мен  жағдайлар  кезектігі.  Олардың
      статистикалық сенімдік байланысы.



Тақырып: Психологиялық эксперименттің процедураса мен  негізгі  сипаттамасы.
1сағат.

Мақсаты:Студенттерге   психологиялық   зерттеуді   ұйымдастыру    іскерлігін
қалыптастыру. Идеалды эксперимент  және  шынайы  эксперимент,  экспериментті
ұйымдастыру және эксперимент хаттамалары туралы  түсінік  беру.  Эксперимент
берілулері, тіркеу. Эксперименттік іріктеуді үйрету.
Жоспар:
1.Психологиялық зерттеуді ұйымдастыру.
2.Идеалды эксперимент және шынайы эксперимент.
3.Экспериментті ұйымдастыру.
4.Эксперимент хаттамалары.
5.Эксперимент берілулері, тіркеу. Эксперименттік іріктеу.
Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек:
   1. Мәселе дегеніміз – ғылымда немесе практикада әлі шешілмеген сұрақтар.
      Мақсат – эксперименттің ғылыми – практикалық нәтижесі.
      Аралық мақсат.
      Эксперимент мақсаттары  бірнеше  болуы  мүмкін.  Олардың  кейбіреулері
аралық,  кейбіреулері   соңғы.   Эксперименттің   соңғы   мақсатына   бірден
жетпейміз, бірнеше аралық кезеңнен жетеміз.
      Мысалы: Соңғы мақсат: оқушылардың даму үрдісін жеделдету.
   1. Аралық мақсат: оқушыларда бар психикалық даму деңгейін бағалау
   2. Оқушылардың дамуының соңғы деңгейін анықтау
   3. Оқушылардың дамуын жеделдетуге көмектесетін құралдарды анықтау
   4. Практикалық эксперименттік жұмыс әдістемелерін жасау
   5. Психодиагностикалық әдістерді таңдау және жүргізу.
      Міндет дегеніміз – зерттеуді басынан  аяғына  дейін  ұйымдастыру  және
өткізудің кезекті кезеңдері.
      Міндеттер:
   1. Мәселені нақтылау
   2. Зерттеуге байланысты әдебиеттер, тәжірибелер жинақтау
   3. Болжам
   4. Әдістерді талдау
   5. Қалыптастырушы әдістемелер жасау
   6. Эксперимент бағдарламаларын жасау
   7. Эксперимент өткізу
   8. Өңдеу және талдау
   9. Қорытынды шығару
      Болжам  дегеніміз  –  жорамал   сипатындағы   бекітулер,   ғылыми   ой
қорытындысы Эксперименттік тексеруді талап етеді. Болжам қандай да бір  жаңа
ойды бекітеді және ол бос сөз  емес.  Эксперименттердің  басым  көпшілігінде
бір ғана емес бірнеше әр түрлі логикалық байланысты болжамдар болады.
   Зерттеуді бір ғана топта емес, екі немесе одан  да  көп  топтарда  өткізу
керек.
   Біреуі эксперименталды топ, екіншісі бақылау топ.
   Эксперимент топта:
   1) Эксперименталды  топ  зерттейтін  өзгерулер  арасындағы  статистикалық
      байланыстың сенімділігін анықтауға арналады.
   2) Өзгерулер мақсаты өзгертіледі.
   Бақылау тобында:
   1) Эксперименталды топ алған нәтижелерді салыстыру үшін керек.
   2) Ештеңе өзгермейді.
   Осы схеманы жүзеге асырудың бірнеше түрі бар:
   1) Жалғыз айырмашылық әдісі.
      Б (бақылау тобы) А, Б, В, Г  ( Д, Е
        Э (эксперименталдық топ) А, Б, В, Г+  ( Д, Е+
   2) Бірге болатын өзгерулер әдісі (жалғыз айырмашылық  әдісінің  таңдалған
      түрі).
         А, Б, В, Г  ( Д, Е
         А, Б, В, Г+  ( Д, Е+
        А, Б, В, Г++  ( Д, Е++
        А, Б, В, Г+++  ( Д, Е+++
   3) Жалғыз ұқсастық әдісі.
        А, Б, В, Г  ( Д, Е
        И, К, Л, Г (  М, Е,
        Н, О, З, Г (  П, Е
        С, Т, У, Г (  Ф, Е
   Егер әртүрлі белгілер түрленсе, бір ғана ұқсастық өзгермей қалады, яғни А
мен Е.



Тақырып: Экспериментті жоспарлау. 2сағат.

Мақсаты: студенттерде жоспарлау кезеңдері: экспериментті мазмұнды  жоспарлау
және  ресми  жоспарлау   туралы   түсінік   қалыптастыру   Ресми   жоспарлау
міндеттерімен таныстыру.
Жоспар:
1.Жоспарлау  кезеңдері:  экспериментті   мазмұнды   жоспарлау   және   ресми
жоспарлау.
2.Ресми жоспарлау міндеттері.
3.Факторлы жоспарлар.
4.Психогенетикалық зерттеулер.
Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек:
      Психологиялық экспериментке даярлық оның мақсаттарын және  міндеттерін
анықтаудан басталады.
      Зерттеудің әр түрлі түрлері, әр түрлі күш, уақыт, жұмысты талап етеді.
Сондықтан зертеу түрін анықтауда күш және  ресурстарды  үнемдеу  принцибінен
бастау керек.
      Бұл принципті былай тұжырымдауға болады:
      Зерттеуді өткізуге келетін математикалық,  уақыттық  және  ақыл  –  ой
шығынары,  оның  мәселелеріне,  міндеттеріне,  мақсаттарына  шамалас   болуы
керек. Сонымен қатар қойылған мәселені шешуге жеткілікті болуы керек.
       Психологиялық зерттеудің күрделігіне, қиындығына қарай таңдаймыз.  Ең
қиыны экспериментті зерттеу.
   1) Зерттеу тақырыбын нақтылау. Зерттеу пәні мен объектісін анықтау.
   Тақырыпты анықтау – осы зерттеу жауап беретін нақты сұрақтарды анықтау.
   Зерттеу объектісі- осы зерттеуде зерттелетін материалдық  немесе  идеялық
   объект.
   Зерттеу пәні – болжамдарда тұжырымдалып, экспериментте  тексеріледі  және
   тақырыпқа сәйкес келуі керек.
   2) Керекті психодиагностикалық әдістемелерді іріктеу және  бейімдеу  және
      нәтижелері статистикалық өңдеуде құралған.
   3) Экспериментті кеззеңді өткізу процедурасын, уақытын және өтетін  жерін
      анықтау.
   4)  Жалпы  жоспар  және  бағдарлама  жасайды.  Осында  зерттеу  кезеңінің
      кезектігі, уақыты және күтілген нәтижелер жазылады.
      Эксперимент  филотаждық  немесе  байқау  зерттеуінен  басталады.  Оның
міндеті эксперимент қаншалықты жақсы  ойластырылған  және  даярланған,  оның
тақырыбы дұрыс алынған ба,  болжам  нақты  тұжырымдалған  ба,  психологиялық
әдістер  дұрыс  іріктенген  бе,  алынған  нәтижелерді  статистикалық   өңдеу
құралдары  мен  талдау  тәсілдері  дұрыс   талданған  ба,  деген  сұрақтарды
тексеру.
      Филотаждық тексеру алдын – ала көрінбейтін  кейбір  маңызды  қателерді
ашуға көмектеседі.
      Егер өткізілген филотаждық эксперимент жағымды нәтиже  берсе,  негізгі
эксперимент өткізуге көшеміз.
      Негізгі экспериментте ұсынылған болжамды дәлелдеу үшін  керек  алғашқы
берілулер жинақталады. Оларды  (алғашқы  берілулер)  ары  қарай  жүйелейміз,
таблица, график, түрінде белгілеуіміз, керек  жағдайда  компьютерге  енгізіп
өңдейміз.
      Егер эксперимент нәтижелері сандық сипатта емес сапалық сипатта болса,
онда оларды да жүйелейді, талдайды және мағыналы өңдейді.
       Эксперимент жоспарлары: эксперимент тек «кейін» жоспары түрі  бойынша
ұйымдастырылған.
      Бұл   зерттеу   түрінде   эксперименталды   және    бақылау    топтары
эксперименттің аяқталуында ғана бағаланады, басында бағаланбайды.
       2.  Эксперимент  «дейін»  және   «кейін»   жоспарлар   түрі   бойынша
ұйымдастырылған (негізгі, ыңғайлы).
      Бұл зерттеуде себептер мен салдарлар екі топта да экспериментке  дейін
және  кейін  де  бағаланады.  Алынған   екі   топ   арасындағы   айырмашылық
экспериментке дейін болған деген болжам жоққа шығарылады.




Тақырып: Психологиядағы өлшеу түрлері. Өлшеу әдістері. 2сағат.

Мақсаты: Студенттерге өлшеу  тарихына  кіріспе.  Беріледі.  Дәріс  барысында
өлшеу теориялары, психологиялық өлшеу  ерекшелігі,  психологиялық  шкалалау,
психологиялық өлшеу әдістері, тесттердің классикалық теориялары  сұрақтарына
талдау жасалады.
Жоспар:
1.Өлшеу теориялары.
2.Психологиялық өлшеу ерекшелігі.
3.Психологиялық шкалалау. Психологиялық өлшеу әдістері.
4.Тесттердің классикалық теориялары.
Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек:
      Өлшеу дегеніміз – белгілі бір ережеге сәйкес заттарға санды жабыстыру.
      Өлшеу шкалалары – атаулық, реттік, интервалды, қатынас болып бөлінеді.
|Шкалалар      |Сипаттамалар                 |Мысалдар                     |
|Атау          |Объектілер топтастырылған,   |Көздерінің түсі, жынысы,     |
|              |кластар номерлермен          |ұлты, сақтандыру номері,     |
|              |белгіленген, бір кластың     |нәсілі, клиникалық           |
|              |номерінің екіншісінен үлкен  |диагноздары, майкадағы       |
|              |немесе кіші болуы, зерттеудің|номері.                      |
|              |қасиеттері туралы еш нәрсе   |                             |
|              |айтпайды (айырмашылықтары бар|                             |
|              |екендігінен басқа).          |                             |
|Реттік        |Заттарға берілетін санның    |Минералдың қаттылығы, жеке   |
|              |мәніне сәйкес, заттарға тән  |басқа қасиеттері бойынша     |
|              |қасиеттің санын бейнелейді.  |реттілігі, еңбек үшін алған  |
|              |Сандардың тең әртүрлілігі,   |медалдар, әскери ранг        |
|              |қасиеттердің тең әртүрлілігін|                             |
|              |бейнелейді                   |                             |
|Интервалды    |Өлшеу бірлігі бар. Соның     |Календарлық уақыт,           |
|немесе аралық |көмегімен заттарды тек       |температураның шкалалары     |
|              |тәртіпке келтіріп қоймай,    |                             |
|              |оларға сай беруге болады.    |                             |
|              |Заттарға берілген сандардың  |                             |
|              |әртүрлілігі, өлшенген        |                             |
|              |қасиеттердің санындағы тең   |                             |
|              |әртүрлілікті бейнелейді.     |                             |
|              |Интервалды шкаланың нөлдік   |                             |
|              |нүктесі ырықты және          |                             |
|              |қасиеттердің жоқ екенін      |                             |
|              |көрсетпейді                  |                             |
|Қатынас       |Заттарға берілген сан        |Ұзындық, салмақ, уақыт.      |
|              |интервалдық шкаланың         |температура                  |
|              |ообъектілерінің барлық       |                             |
|              |қасиеттеріне ие, бірақ       |                             |
|              |сонымен бірге шкалада        |                             |
|              |абсолютті нөлдік шкала бар.  |                             |
|              |Нөлдік шкала бағаланатын     |                             |
|              |қасиеттің жоқ екенін         |                             |
|              |дәлелдейді. Өлшеуде берілген |                             |
|              |сан қатынасы.                |                             |
|              |Өлшенген қасиеттің сандық    |                             |
|              |қатынасын бейнелейді.        |                             |



      Өзгергіштік деп – зерттеулер мен амалдар  сипаттары.  Мысалы,  салмақ,
жас, студенттер саны, оқу жылдамдығы және т.б.
      Өзгергіштік шкалалары – үздіксіз – бірнеше мән береді.Мысалы:  салмақ,
жас, реакция жылдамдығы. Мысалы: 9 метр 10мин.  9  сек.  жүгірді.  Яғни  дәл
уақыты  емес.
      Дискретті өзгергіш – белгілі бір мән береді. Мысалы,  балалардың  саны
– 12 бала.
        Алғашқы  статистикалық   өңдеу   дегеніміз   –   керекті   қарапайым
математикалық статистика сандарын анықтау.
    ➢ орташа мәнді анықтау
    ➢ дисперсия
    ➢ медиана
    ➢ норманы бөлу
    ➢ квадраттық ауытқуды есептеу
      Екінші  статистикалық  өңдеу  –  бірінші   эксперимент   берілулерінде
жасырылған  статистикалық  заңдылықтарды  анықтауға  керек   болжам   немесе
міндетті  шешуде  өткізіледі.   Бұған:   орталарды   салыстыру,   дисперсия,
берілулерді  бөлу, регрессивті талдау, корреляциялық талдау және т.б.



Тақырып: Эксперимент нәтижелерін талдау және көрсету. 2сағат.


Мақсаты: Студенттерге  зерттеу  нәтижелерін  түсіндіру  және  талдау  туралы
түсінік беру. Зерттеу нәтижелерін көрсету формаларымен таныстыру.

Жоспар:

1.Зерттеу нәтижелерін түсіндіру және талдау.


2.Зерттеу нәтижелерін көрсету формалары.

Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек:
           Экспериментті қолданбалы психологиялық – педагогикалық зерттеудің
толық   аяқталуының   ғылыми    қорытындыларды   жасау   жеткіліксіз.    Осы
қорытындылар негізінде практикалық психологиялық –  педагогикалық  нұсқаулар
енгізілуі керек.
      Эксперимент  берілулерін   өмірлік   психологиялық   –   педагогикалық
жағдайлармен талдау қажет.
      Талдау келесі сұрақтарды анықтауды керек етеді:
   1) алынған эксперимент берілулері педагогикалық практикадағы қандай нақты
      мәселелермен байланысты
   2) өткізілген эксперимент  нәтижелерінен  шыға  отырып,  практикада  нені
      жағымды өзгертуге болады.
   3) мұны аз математикалық және моральдық шығындар жұмсап, өмірге көп пайда
      келтіруде, қалай істеуге болады
   4) алынған нәтижелерді өмірге енгізуді қандай кезекте өткізу мақсатты
   5) енгізудің мүмкіндіктерін, болатын тиімділігін қалай бақылауға болады
   6) енгізу процесі жемісті  аяқталғанын  қандай  критерийлермен  анықтауға
      болды.
Осы жағдайлар  анықталғаннан  кейін,  енгізу  бағдарламалары  жасалады.  Бұл
бағдарлама құжат болып табылады. Онда  барлық  сұрақтарға  нақты  және  анық
жауап беріледі. Жоспарларды  енгізудің  нақты  жолдары,  оны  іске  асырудың
мерзімдері, енгізуге жауапты адамдар, бақылауды іске  асыратын  ұйым  немесе
адам,  бақылау  критерийлері  мен  белгілерін  енгізу   есебінің   формалары
көрсетіледі.  Психологиялық  эксперимент  нәтижелерін  немесе  психологиялық
тестік тексеруді олардың тестік сипаттарынан басқа таблица,  схема,  график,
суреттер және т.б. түрінде көрсетуге болады.
     Кесте (таблица)  –  сандық  және  сапалық  берілулердің  көлденең  және
тігінен ретке келтірілген жиыны.
      Таблицаның атауы, аты болуы да, болмауы да мүмкін.
      Таблицалар белгілі бір ережеге сәйкес құрылады:
    ➢ мәтінде 2 – 3 таблица болса, олар номерленеді
    ➢ «Таблица» сөзі оң жақта немесе ортасында жазылады.
    ➢ аты болса, аты жазылады
    ➢ кейде «ескерту» беріледі. Олар таблицаның астына жазылады
    ➢ таблицада  тақырыпшалар  болады,  олар  әрбір  қатарда  не  берілгенін
      көрсетеді.
      Таблица түрлері:
   1) Атауы, ескертуі жоқ, жалпы тақырыпшасы жоқ таблица.
   2) Графаланған, атауы, тақырыптары бар таблица.
   3) Графаланған, атауы, тақырыпшалары және ескертулері бар таблица.
   Орта мектептің Х – сыныбының балаларының комплексті зертеу берілулері.
      График – жазықтықтағы екі  өзгеру  арасындағы  байланысты  суреттейтін
   сызықтар. Графиктер – кеңістіктегі  жазықтық  3  өзгеруі  бар  байланысты
   суреттейді.
     Оқушылардың үлгерімі мен қабілеттері арасындағы тәуелділік графигі
[pic]      Екі  өлшемді  графикті  пайдаланғанда  көлденең   сызық   бойында
тәуелсіз өзгерулер орналасады, олар себептер ретінде қарастырылады.
      х, у – тәуелсіз өзгерулерді, z – тәуелді өзгерулерді суреттейді
      Үш өлшемді кеңістікті графикте  х,  у  сызығы  көлденеңінен,  ал  z  –
сызығы тігінен орналасады.
       Эксперимент   нәтижелерін   графиктік   суреттеу   түрінің   бірі   –
гистограммалар.
      Гистограмма –  бұл  бағаналы  диаграммалар,  тігінен  орналасқан,  тік
бұрыштардан тұрады. Олардың биіктігі зерттелушіде қандай  да  бір  қасиеттің
даму дәрежесін немесе деңгейін бейнелейді.
      Зерттелетін қасиеттің жиі кездесуін көрсеткен  цифрлар  гистограммалар
бағанасының ішінде  немесе  олардың  астында  немесе  тік  сызықтың  бойында
беріледі.

[pic]



         3. Практикалық және семинар сабағының сұрақтары.


Тақырып 1. Экспериментті психологияға кіріспе.


Мақсаты: Эксперименттік психология туралы түсінік қалыптастыру.

Психологиялық зерттеудің әдіснамалық принциптерін қарастыру. Студенттерде
экспериментік психология жайлы білімді бекіту.
Семинар жоспары:

1.Ғылым әдіснамасы.


2.Психологиялық зерттеудің әдіснамалық принциптері.


3.Психология әдістерінің классификациясы.


4.Психологиялық зерттеу этикасы.

Әдістемелік нұсқау: Семинар сабағына даярлану  барысында  ұсынылған  негізгі
әдебиеттерді  мұқият  қарастырыңыз.  Сонымен  қатар  болашақ  маман  ретінде
эксперименттік психологияның   практикадағы  алатын  орнын  өз  көзқарасыңыз
бойынша көрсетіңіз. Жалпыланған жауап көрсетіңіз.
      Әдебиеттер:
   1. В.Н. Дружинин. Экспериментальная психология. Учебник для вузов.Питер.,
   2003.
   2. В.В Горбунова. Экспериментальная психология в схемах и таблицах.
        Р-Д .,  2005.
   3. В.В. Константинов. Экспериментальная психология. Питер .,2006.
      4.Готтсданкер Р. Основы психологического эксперимента. М., 1982.

Тақырып 2. Эксперимент әдісі ғылымдар тарихында.
Мақсаты:Студенттердің ғылымға дейінгі психология, философиялық психология
және  ғылыми психология жайлы түсініктерін бекіту.
Семинар жоспары:
1.Психологияның эксперименттік ғылым ретінде қалыптасуы. 2.Эксперименттік
психологияның дамуы: Англия, Франция, Германия, Ресей. 3.Эксперимент әдісі.
Әдістемелік нұсқау: Семинар сабағына даярлану  барысында   берілген  елдерде
дамуын өзара салыстырыңыз. Жалпыланған жауап көрсетіңіз.

Әдебиеттер:
   1.В.Н. Дружинин. Экспериментальная психология. Учебник для  вузов.Питер.,
   2003.
   2. В.В Горбунова. Экспериментальная психология в схемах и таблицах.
        Р-Д .,  2005.
   3. В.В. Константинов. Экспериментальная психология. Питер .,2006.
   4.      Готтсданкер Р. Основы психологического эксперимента. М., 1982.

Тақырып 3. Эмпирикалық зерттеу жүйесіндегі бақылау әдісі.
Мақсаты:   Психологиялық   бақылау   әдіс   және    бақылау    берілулерінің
объективтілік  және  субъективтілік  критерилері,   бақылау   процедурасының
әдіснамасы туралы студенттердің түсініктерін бағалау.
Семинар жоспары:
1.Бақылау әдісі.
2.Ғылыми бақылау белгілері.
3.Бақылау әдісінің арттықшылығымен кемшілігі.
4.Бақылау процедурасының әдіснамасы.
5.Бақылау формалары.
Әдістемелік нұсқау:  Семинар сабағына даярлану  барысында  сұрақтарға  жауап
қайтаруда   жалпы   психология   курсы    бойынша    алған    білімдеріңізді
пайдаланыңыздар  және  «Эксперименттік  психология»   пәні   бойынша   алған
білімдеріңіз тұрғысынан бағалаңыз.
Әдебиеттер:
1. Ганзен В.А. Теория и  методология  психологического  исследования.  СПб.,
1991.
2.Готтсданкер Р. Основы психологического эксперимента. М., 1982.

Тақырып  4.   Эксперимент  зерттеушінің   практикалық   іс-әрекетінің   түрі
ретінде.
Мақсаты:  Психологиялық  эксперименттегі   экспериментатордың   белсенділігі
туралы түсінік беру. Себептік қорытындыны жүзеге асыру үшін жағдай жасау.
Семинар жоспары:
1.Эксперименттік қарым-қатынас.
2.Экспериментатордың жеке басы және іс-әрекеті.
3.Зерттелушінің эксперименттегі іс-әрекеті.
Әдістемелік  нұсқау:  Семинар  сабағына  даярлану  қарым-қатынас   мәселесін
мұқият қарастырыңыз.  Экспериментатор жеке басына баға беріп,  ол  жіберетін
 қателіктерді қарастырыңыз.
Әдебиеттер:
1.  Солсо  Р.Л.,  Джонсон  Х.Х.  Бил  М.К.   Экспериментальная   психология:
практический курс. Спб., 2001.
2.Готтсданкер Р. Основы психологического эксперимента. М., 1982.

Тақырып 5.  Психологиялық эксперименттегі болжам және бақылау формалары.
Мақсаты:Студенттердің  психологиялық  экспериментте  тексерілетін  болжамдар
жүйесі туралы  түсініктерін  бекіту.  Эксперименттік  болжам  формалары  мен
таныстыру.
Семинар жоспары:
1.Ғылыми мәселе.
2.Зерттеудің психологиялық болжамы.
3.Ғылыми болжамдарды эмпирикалық тексеру.
Әдістемелік нұсқау: Семинар сабағына даярлану барысында психологиялық
болжам  мәселесін мұқият қарастырыңыз.  Психологиялық болжамға
баға беріп, оны құрудағы  қателіктерді қарастырыңыз.
    Әдебиеттер:
   1.В.Н. Дружинин. Экспериментальная психология. Учебник для  вузов.Питер.,
   2003.
   2. В.В Горбунова. Экспериментальная психология в схемах и таблицах.
        Р-Д .,  2005.
   3. В.В. Константинов. Экспериментальная психология. Питер .,2006.
     4. Готтсданкер Р. Основы психологического эксперимента. М., 1982.

Тақырып   6.    Психологиялық   эксперименттің   процедураса   мен   негізгі
сипаттамасы.
Мақсаты:Студенттерге   психологиялық   зерттеуді   ұйымдастыру    іскерлігін
қалыптастыру. Идеалды эксперимент  және  шынайы  эксперимент,  экспериментті
ұйымдастыру және эксперимент хаттамалары туралы  түсінік  беру.  Эксперимент
берілулері, тіркеу. Эксперименттік іріктеуді үйрету.
Семинар жоспары:
1.Психологиядағы эксперименттік әдіс.
2.Экспериментті ұйымдастырудың негізгі принциптері.
3.Психологиялық эксперименттің жарамдылығы мен сенімділігі.
 Әдістемелік нұсқау:  Семинар  сабағына  даярлану  барысында  эксперименттік
процедураны  мұқият  қарастырыңыз.Экспериментті  қандай  жағдайда  қолданған
тиімді  деп  санайсыз,  эксперимент  нәтижесін  өңдеуде,  қолдануда   қандай
шектеулер бар.
   Әдебиеттер:
   1.В.Н. Дружинин. Экспериментальная психология. Учебник для  вузов.Питер.,
   2003.
   2.В.В Горбунова. Экспериментальная психология в схемах и таблицах.
        Р-Д .,  2005.
   3.В.В. Константинов. Экспериментальная психология. Питер .,2006.
   4.     Готтсданкер Р. Основы психологического эксперимента. М., 1982.

Тақырып 7.  Экспериментті жоспарлау.
Мақсаты:   студенттердің   жоспарлау   кезеңдері:   экспериментті   мазмұнды
жоспарлау және ресми жоспарлау туралы түсініктерін тексеру. Ресми  жоспарлау
міндеттерімен таныстыру.
Семинар жоспары:
1.Эмпирикалық зерттеудегі жоспарлау туралы жалпы түсінік.
2.Көпдеңгейлі және факторлы эксперименттер.
3.Квазиэксперименттер және корреляциялық зерттеулер.
4. Эксперименттік жағдайды бақылау түсінігі.
 Әдістемелік нұсқау: Экспериментті  мұқият  қарастырып,  қандай  жағдайларда
жоспар  құру   тиімді  екендігін  ойластырыңыз.   Қандай   жағдайларда   осы
эксперименттерді қолдануға болады.
Әдебиеттер:
   1.В.Н. Дружинин. Экспериментальная психология. Учебник для  вузов.Питер.,
   2003.
   2.В.В Горбунова. Экспериментальная психология в схемах и таблицах.
        Р-Д .,  2005.
   3.В.В. Константинов. Экспериментальная психология. Питер .,2006.
     4.     Готтсданкер Р. Основы психологического эксперимента. М., 1982.

Тақырып 8. Психологиядағы өлшеу түрлері. Өлшеу әдістері.
Мақсаты:   Семинар   барысында   өлшеу   теориялары,   психологиялық   өлшеу
ерекшелігі,   психологиялық   шкалалау,   психологиялық   өлшеу    әдістері,
тесттердің классикалық теориялары сұрақтарына талдау жасалады.
Семинар жоспары:
1.Психологиялық өлшеудегі шкал типтері туралы түсінік.
2.Психологиялық өлшеу әдістері.
3.Психометрия. Психометриялық заңдар.
Әдістемелік  нұсқау:   Семинар   сабағына   даярлану   барысында   ұсынылған
әдебиеттерді мұқият қарастырыңыз.
Әдебиеттер:
   1.В.Н. Дружинин. Экспериментальная психология. Учебник для  вузов.Питер.,
   2003.
   2. В.В Горбунова. Экспериментальная психология в схемах и таблицах.
        Р-Д .,  2005.
      3.В.В. Константинов. Экспериментальная психология. Питер .,2006.

Тақырып 9. Эксперимент нәтижелерін талдау және көрсету.
Мақсаты: Студенттерге зерттеу нәтижелерін түсіндіру және талдау туралы
түсініктерін бақылау. Зерттеу нәтижелерін көрсету формаларымен таныстыру.

Семинар жоспары:
1.Берілулер жинауға негізгі процедуралық талаптар.
2.Берілулерді алғашқы және екінші өңдеу.
3. Математикалық статистика моделдері.
4.Нәтижелерді талдау және түсіндіру.
 Әдістемелік нұсқау:  Семинар сабағына даярлану барысында  сұрақтарға  жауап
қайтарыңыз. Математикалық статистика  модельдерінің  ерекшеліктері қандай.
Әдебиеттер:
   1.Гласс Дж, Стенли Дж. Статические методы в педагогике и психологии.  М.,
1976.
Сидоренко Е.В. Методы математической обработки в психологии. СПб., 1996.
Солсо  Р.Л.,   Джонсон   Х.Х.   Бил   М.К.   Экспериментальная   психология:
   практический курс. Спб., 2001.


    4. Студенттердің өздік жұмысы.


4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.
   Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)

1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа  қажетті  нақты  дағдыларға
(іштей  жылдам  оқи   білу,   библиографиялық   дағдылар,   түрлі   анықтама
әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.
2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын,       тиісті
әдебиеттер  мен   құралдардың   болуы   т.б.)   керек   етеді,   ең   дұрысы
кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты  белгілі
жоспармен, жүйемен жасауы керек.
4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан  ақыл-
кеңес алудың пайдасы зор.
5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
6.  Оқыған  материалды  мұқият  ұғатындай  етіп  ұғып,  түсінбеген  жерлерді
қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
7.  Анықтама  әдебиеттерді,  энциклопедияларды,   түрлі   сөздіктерді   қоса
пайдаланып отыру керек.



      Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
 • Жұмыстың көлемін  шамадан  тыс  асырмай,  оның  сапасын  арттыруға  көңіл
   аудару;
 •  Студенттердің  өздік  жұмысын  оқу  жұмысының  басқа  түрлерімен   дұрыс
   ұштастыра білу;
 • Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім  алу  қабілетін  жүйелі
   түрде дамыту;
 • Өзіндік жұмыстың  мазмұнына  күнделікті  өмірден  алынған  материалдарды,
   хабарларды енгізу;
 • Студенттерді табиғат пен  қоғам  дамуының  жалпы  заңдылықтарын,  сонымен
   қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;
 • Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;
 • Студенттерді оқу  жұмысына  шығармашылық  тұрғыдан  қарауға,  әр  уақытта
   дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
 •  Студенттердің  өздігінен  дербес  жұмыс  істеу,  еңбек  ету   дағдыларын
   қалыптастыру.


СӨЖ тақырыптарының тізімі

 1. Экспериментті психологияға кіріспе.
 2. Эксперимент әдісі ғылымдар тарихындағы.
 3. Эмпирикалық зерттеу жүйесіндегі бақылау әдісі.
 4. Эксперимент зерттеушінің практикалық іс-әрекетінің түрі ретінде.
 5. Психологиялық эксперименттегі болжам және бақылау формалары
 6. Психологиялық эксперименттің процедураса мен негізгі сипаттамасы.
 7. Экспериментті жоспарлау.
 8. Статистикалық өңдеу жолдары.
 9. Эксперимент нәтижелерін талдау және көрсету.

Пәндер