Файл қосу

ИСО 9000 Сапа менеджментінің жүйесі



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ                                                   |
|БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                                                |
|СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ                                            |
|МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                                                    |
|3 деңгейдегі СМЖ құжаты      |ПОӘК              |                           |
|                             |                  |                           |
|                             |                  |                           |
|                             |                  |ПОӘК 042-18-9.1.21/03-2014 |
|ПОӘК                         |18.09.2013 ж.     |                           |
|«Сапа менеджмент жүйелері»   |№ 1 басылымның    |                           |
|пәнінен оқу-әдістемелік      |орнына            |                           |
|материалдар                  |11.09.2014 ж.     |                           |
|                             |№ 2 басылым       |                           |












                        ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


            5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология


                     (салалар бойынша)» мамандығы бойынша


                     «Сапа менеджмент жүйелері» пәнінен


                         ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР




































                                    Семей


                                     2014







                                   Мазмұны



    |1   |Дәрістер                                                          |3   |
|2   |Тәжірибелік сабақтар                                              |38  |
|3   |Курстық жұмыс                                                     |42  |
|4   |Білім алушылардың өздік жұмысы                                    |45  |



1 ДӘРІСТЕР
                             №1 дәріс (1 сағат)
              Тақырыбы: Сапаны қамтамасыз етудін даму кезеңдері

      Сапаны жақсарту әдістерін іздеп табу жөніндегі жұмыстар  көне  заманда
да жүргізілетін болатын, бірақ бұл жұмыстар күшіне II Дүниежүзілік  соғыстан
кейін Еуропа елдерінде енді деуге болады.  Өйткені  Еуропа  мамандарының  ол
кездегі біліктілігі жоғары болатын, ал компаниялар жоғары сынау  және  өлшеу
әдістерін қолдана білген болатын.
      Сапаны қамтамасыз етудің даму  тарихын  4  кезеңге  бөлуге  болады:  .
сапаны  бақылау;  сапаны  баскару;  сапаны  үздіксіз  жоғарылату  (арттыру);
сапаны жоспарлау.
      Сапаны бақылау кезені капитализмнің  жаңа  туып  келе  жатқан  шағында
басталған болатын. Бұл кезеңде жинакталған тәжірибені американдык Ф.  Тэйлор
өз жұмыстарында жалпылап көрсеткен.  Ол  ғылыми  менеджметтің  концепциясын,
жауапкершілікті орындаушылар  мен  басқарушылардың  арасында  бөлу  идеясын,
еңбекті  ғылыми  нормалау  идеясын  ұсынған.  Тэйлор   мекемені   басқарудың
иерархиялык құрылымы туралы идеяны да ұсынған.
Бұл кезендегі сапаны қамтамасыз  етудің  негізгі  концепцияны  былай  айтуға
болады: тұтынушының қолына тек жарамды өнімдер түсуі керек.
      Бұл концепцияны іске асыру XX-ғасырдың 20-жылдары жоғары  технологиясы
өндірістерде бақылаушылардың саны 40 %- іне дейін құруына апарып соқты.  Бұл
концепция  бойынша  сапаны  арттыру  әр  жағдайда   оны   қамтамасыз   етуге
жұмсалатын  шығындардың  өсуіне  апарып  соғатын  болды,   яғни   өндірістің
тиімділігін жоғарылату мен өнімнің сапасын көтеру бір-біріне  қайщы  келетін
нысандар болып шыкты.
      Сапаны басқару кезеңі 20-жылдарда  бақылаудың  статистикалық  әдістері
әзірлене және енгізіле бастады. Шухардтың бақылау карталары  және  таңдамалы
бақылау пайда болды. Егер бұган  дейін  сапаны  арттыру  жұмыстары  жарамсыз
өнімдерді тауып алып, оларды  өнімді  тұтынушыларға  жібермеуге  бағытталған
болса,  статистикалық  әдістерді  қолдану   өндірістік   процестен   жарамды
өнімдердің шығымын арттыруға мүмкіндік беретін болды.
      Бұл кезеңде  сапаны  қамтамасыз  ету  концепциясының  негізін  мыналар
құрады:
а) негізгі мақсат-тұтынушы тек жарамды, яғни стандарттарға  сәйкес  жасалған
өнімдер алу керек;
б) өнімді бакылау қамтамасыз етудің маңызды әдісі  ретінде  сақталады  (орын
алады); бірак бар күшті өндіріс процестерін басқаруга  жұмсау  қажет,  сонда
жарамды өнімдердің шығу пайызын жоғарылату қамтамасыз етіледі.
      60-жылдары  өнімнің  сапасын  арттыру  қоғамдық   өндірістің   маңызды
факторына айналды, үлкен әлеуметтік  маңызга  ие  болды.  Сонымен  бірге  әр
өндірістік процестен жарамды өнім шығуының шегі бар екендігі  және  осы  шек
процестің жеке өзінен ғана емес -  жүйеден,  яғни  өнеркәсіптің  қызметінен,
еңбекті  ұйымдастырудан  -  осы  процесс  жүретін  жағдайлардың  жиынтығынан
тәуелді екендігі жөнінде түсінік қалыптасты. Нәтижесінде I-  кезеңдегі  қиын
жағдай  -  өндіріс  тиімділігін  жоғарылату  және   өнім   сапасын   арттыру
арасындағы қайшылықтың сақталды.
      Сапаны үздіксіз арттыру кезеңі - бұл кезеңнін басталуын Деминг, Джуран
атты мамандардың жұмыстарымен байланыстырады.  Бұлар  жасаған  бағдарламаның
негізгі  идеясы:  өнім  сапасының  негізі  -  еңбектің  сапасы  және  барлык
деңгейде жүргізілетін сапалы  менеджмент,  яғни  адамдар  коллективтерін  әр
жұмыскер өз жұмысынан рахат  алатындай  қылып  ұйымдастыру  болып  табылады.
Бұл жерде, бағдарлама өндірістік процестерді жетілдіруде  ғана  емес,  бүкіл
жүйені  жетілдіруде,  сапа  проблемаларын   шешуде   фирманын   ең   жоғарғы
басшыларының тікелей  қатысуында,  фирманың  барлык  қызметкерлеріне  жаппай
сапаны қамтамасыз етудің негізгі әдістерін оқытуда негізделеді.
      Тұтынушыга  ақаулы  өнімдерді  жібермеу  концепциясының  және  жарамды
өнімдер шығымын жоғарылату концепциясының орнын «Ноль  ақаулар»  концепциясы
алды.
      Бұл  жағдайда  сапаны  арттыру  және  өндіріс  өнімділігі   жоғарылату
арасындағы қайшылык жойылды. Басқарудын жана идеяларын қолдану бір  мезгілде
өнім сапасын арттыру және өндіріске жұмсалатын  шығындарды  төмендетуге  қол
жеткізілді.
      Сапаны  жоспарлау  кезені   -   бұл   кезең   алдыңғы   (3)   кезеңнің
тұтынушылардың  қажеттерін  бұрынғыдан  да  толык  қанағаттандыру  бағытында
логикалык дамуы болып  табылады.  Бұл  кезең  бір  жағынан  эксперименттерді
жоспарлаудың  сенімділігі  теориясының   дамуымен   және   екінші   жағынан,
есептегіш техниканың және САПР автоматты  жобалау  жүйесін  өнімді  зерттеп-
дайындау және шығару процесіне енгізумен байланысты.
      Бұл жерде негізгі концепциялар мыналар болып табылады:
1   Жобалау  жұмыстарының  сапасы  жеткілікті  болуының  салдарынан  өнімнің
сәйкессіздіктерінің   үлкен   бөлігі   өнімді   зерттеп-дайындау   сатысында
қалыптасады.
2   Өнімді  жасау  жұмыстарының  акцентін  тәжірибелік  үлгілерді   сынаудан
өнімнің  қасиеттерін  математикалык   моделдеуге,   сонымен   бірге   өнімді
дайындаудың  технологиялык  процестерін   моделдеуге   аудару.   Бұл   жерде
конструкторлык  және  технологиялык   сәйкессіздіктерді   өндіру   сатысының
басталуына дейін табу (анықтау) және жоюға қол жеткізіледі.
3 «Ноль акаулар» концепциясының орнын тұтынушыны қанағаттандыру  концепциясы
алады.
4  Жоғары сапалы өнімді тұтынушыга қолайлы бағамен беру  керек,  баға  үнемі
төмендеп  отыруы  керек,  өйткені  нарыкта  бәсекелестік  өте  жоғары  болып
табылады.
      Бұл кезенде сапа  мен  өндірістің  тиімділігі  арасындагы  қайшылыктың
қазіргі замандагы формалары толық жойылады. Бұл кайшылыктың жаңа  формасының
пайда болуы жаңа кезеңнің дүниеге келуіне апарып соғады.
Мысалы,  тұтынушынын  өнім   ғана   емес,   өндірістік   процесте   экология
талаптарына сәйкес болуын,  яғни  қоршағаң  ортаға  зиян  келтірмеуін  талап
етуі. Қазіргі кезде бұл кезең жаңа калыптасып келеді және  оның  концепциясы
әлі толық қалыптасқан жоқ.
      Бүгінгі сапа  менеджменті  ірі  шетелдік  корпорацияларда  жүргізілген
зерттеулер нәтижесінде пайда болды. Бұл зерттеулер Ф.Б. Кросби,  Э.  Деминг,
А. Фейгенбаум, К. Исикава, Дж. Джуран; П.Л. Чебышев  сиякты  зерттеушілердің
сапаны баскару жөніндегі еңбектеріне сүйенеді.

                             № 2 дәріс (1 сағат)
         Тақырыбы: Сапа менеджментінің қазіргі заманғы концепциялары

      Сапа менеджментінің қазіргі замандағы формасы нарық жағдайында  сапаны
басқару  жүйелері  болып  табылады.  Бұл  жүйелер  табыстарға  сапа  деңгейі
тұтынушылар  талаптарына  сәйкес  келетін  өнімдерді   шығару   арқылы   қол
жеткізуге бағытталған.
      Сапа менеджменті теориясының  негізін  қалаушылардың  бірі  Э.  Деминг
тапқандай, өнімнің сапасы төмен болуының негізгі себептерді  арнаулы  (4  %)
және жүйелік (96 %) деп бөлуге болады. Осының негізінде ол  өнімнің  сапасын
тек жүйелік себептерді жою арқасында көтеруге болатындыгы  туралы  қорытынды
шығарған. Сапа проблемасын шешуді  тек  арнаулы  сапа  менеджменті  жүйелері
қамтамасыз ете алады деп көрсеткен.
      Әлемдік сауда нарығында үнемі ұлғайып келе жатқан бәсекелестік  күресі
фирмаларды өнімнің сапасын үнемі жетілдіріп отыруға мәжбүр етеді. Бұл  жерде
технологиялық   аспектіге   экономикалық   аспектте   қосылады   және   сапа
жүйелерінде «сапаға жұмсалған шығындар» категориясының маңызы ұлғаяды.
      Жаңа концепциялар, оның ішінде шет елдерде кеңінен тараған ТQМ және QS
9000 концепциялары дүниеге  келеді.  Бұл  екі  концепция  ИСО  9000  сериялы
стандарттарга қайшы келмейді және сапаны басқару жүйесінің ары  қарай  дамуы
және тереңдетуі деп қарастырылуы мумкін. Олардың  алдындағы  концепциялардан
айрықша ерекшелігі - олар сапаны басқару мен бірге сапаны  қамтамасыз  етуді
де ауқымдайды.
      TQM (Total Qualiti Management) -  бұл  концепция  әрекеттердің  барлык
аймақтарында - зерттеп дайындаудан бастап сатудан кейінгі  қызмет  көрсетуге
дейін басқару жүйелері мен тәсілдерін  жан-жақты  және  жақсы  үйлестірілген
түрде қолдануды қарастырады. Сонымен бірге, бұл  жұмысқа  барлық  деңгейдегі
басшылар  және  қызметкерлердің   қатысуы   және   техникалык   ресурстардың
рационалды қолданылуы қарастырылады.
       TQM жүйесінде мақсаттарға сәйкес сапаны баскару әдістері қолданылады.
TQM ИСО  9000-ға  қарағанда  сапаны  басқарудың  кеңірек  тәсілдемесі  болып
табылады және өнімнің бәсекелестік қабілетін  жоғарылатуга,  бүкіл  бизнесті
өркендетуге мүмкіндік береді.
      TQM   -нің     негізгі     идеологиясы     -     «жақсартудың     шегі
болмайды».   Сапаға   қатынасты мыналарды   ұмтылу   қажет   деп   танылады:
 «0»   ақауға  ұмтылу;   «0»   өндіріске   қатысы   жоқ  шығындарға  ұмтылу;
тура мерзімнің өзінде жеткізуге ұмтылү. Бұл жерде бұндай  жағдайларга'  жету
мүмкін  емес  екендігі   түсініледі,    бірақ   оған   ұмтылу    керек   деп
есептелінеді.    Бұндай  идеологияга  арнайы  термин  тағайындалған  «сапаны
ұдайы жақсарту».
      TQM -ға кіреді:
      - жаңа өнімді зерттеп дайындау кезінде бақылау;
      - тәжірибелік үлгінің сапасын бағалау, өнім және өңдірістік  процестің
сапасын  жоспарлау,  сатып  алынатын  материалдардың  сапасын  бақылау  және
жоспарлау:
      - шикізат және материалдарды енгізер алдында бақылау;
      - дайын өнімді бақылау;
      -  өндірістік процестің сапасын бағалау;
      - өнім және өндірістік процестің сапасын бақылау;
      -  арнаулы процестерді талдау (сапа облысындағы арнаулы зерттеулер);
      -  өнім сапасы жөніндегі ақпаратты қолдану;
      -   өнім сапасы жөніндегі ақпарат беруші құралдарды бақылау;
      -  сапаны қамтамасыз ету әдістерін  үйрету,  персоналдың  біліктілігін
жоғарылату:
      -  кепілдік бойынша қызмет көрсету;
      -  сапа аясындағы жұмыстарду үйлестіру;
      -  жеткізушілермен бірігіп сапа жөнінде жұмыс жасау;
      - РDCA циклын қолдану;
      - сапа үйірмелерінің жұмысы;
      -   фирмада,  жеткізуші  фирмаларда,  босату   және   қызмет   көрсету
бөлімшелерінде, акционерлер мен тұтынушыларда  қанағаттандырарлық  атмосфера
тудыру арқылы адам факторын басқару;
      - сапа саласында функция аралық әдіс бойынша жұмыс істеу;
      -  сапа  аясындағы  саясатты  қалыптастыру  (сапа  аясындағы  саясатты
экономикалық  әрекеттердің  жалпы   стратегиясымен   үйлестіру,   әкімшілік,
шаруашылық және экономикалық әрекеттердің барлық  аспектілеріне  сапаға  қол
жеткізу  мақсатын  енгізу,  фирмада   сапа   аясындағы   саясатты   түсінуді
қамтамасыз ететін шаралар қолдану;
      -   қызметкерлердің   қаржылық   әрекеттерге   (пайдаға,   акционерлік
капиталға)  қатысуы,  сапаға  ұғынысты  көзқарасты   тәрбиелеу,   әлеуметтік
атмосфераны және хабарлы болуын жетілдіру:
      -  сапа мәдениетін қалыптастыру жөніндегі шаралар жүргізу;
      -  сапа аясындагы әрекеттерді басқарушы кадрлерді әзірлеу (дайындау);
      -  сапа аясындагы әрекеттер үшін жауапкершілікті ең жоғарғы басшыларға
жүктеу.  Фирмада    TQM    мына     4     баскару     сферасында:     сапаны
басқару;    процестерді    баскару;  персоналды  басқару  және   ресурстарды
баскару  сферасында  белгілі  тәсілдер  мен  құралдардың  жиынтығын  қолдану
арқылы жүзеге асырылады.


                             № 3 дәріс (1 сағат)
            Тақырыбы: Сапа менеджмент жүйесінің ИСО 9000 сериялы
                       стандарттар талабына сәйкестігі

      ИСО 9000 Халықаралык стандартына  сәйкес  сапа  менеджменті  -  ұйымды
жетекшілікке  алу  және  басқару  бойынша  сапаға  қолданылатын   жүйеленген
әрекет.
      Сонымен, сапа жүйесіне ұйым менеджентінің сапаға қойылатын  талаптарды
орындауға бағытталған бөлігі кіреді.
      Сапа жуйесі - тұтынушыға  өнімнің  тұракты  жоғары  сапасы  және  оның
стандарттар  мсн  келісім-шарттардың   талаптарына   сәйкестігіне   берілген
кепілдікті қамтамасыз  етуге  қажетті  ұйымдык  және  техникалык  шаралардың
жиынтығы.
      ИСО 9000 ХС  негізінде  құрылған  сапа  менеджментінің  жүйесінің  бас
мақсаты  -  өнімге  тапырыс  берушінің  оның  сапасына  қойған   талаптардың
орындалуын қамтамасыз ету және кәсіпорынның осы жұмысты орындай  алатынынына
көз жеткізу. Кәсіпорында ИСО 9000 ХС сәйкес сапа жүйесі бар  екендігін  сапа
жүйесіне берілген сертификаттың бар болғандығы көрсетеді.
      Сапа жүйесіне сертификаттың болмауы кампанияның сыртқы нарыкқа шығуына
кедергі болып табылады.  Ұлтаралық  кампаниялар  субподрядчиктерден  олардың
кәсіпорындарында міндетті түрде ИСО 9000 ХС енгізілген болуын талап етеді.
      ИСО 9000 сериялы Халықаралық  стандарттар  сапа  жүйесі  қандай  болуы
керек екендігі жөніндегі әдістемелік нұскау болып  табылады,  ал  оны  қалай
кұру керек екендігін кәсіпорын басшылады өздері шешуі керек.
      Сапа жүйесі кәсіпорынның негізгі бағыттары, максаттары мен міндеттерін
іке асыру сайманы болып табылалы. Сапаға  қол  жеткізу  бағытындагы  алғашкы
қадам - сапа облысындагы саясаттаты қалыптастыру болып табылады.
      Сапа  жүйесінің  жұмысы  сапа  бағытындағы   іс-әрекеттерге   фирманың
персоналын, жұмысшыларды қосып түгелдей тартуды талап етеді. Сапа  жүйесінің
мақсаттарын  қол  жеткізу  шығарылатын  өнімнің  сапасына  әсерін  көрсетуші
техникалық,  әлеуметтік  және  адаммен  байланысты  факторлармен  қамтамасыз
етіледі.
      Өнімнің сапасын басқару жөніндегі жұмыстарды үйлестіру, әдетте, арнайы
құрылған бөлімше немесе кәсіпорын бөлімшелерінің біріне жүктеледі.
    Халықаралык деңгейде СМЖ негізі  болып  ИСО  9000  сериялы  стандарттар
табылады.  Бұл  стандарттарды  Халықаралық  тәжірибе  негізінде  Халықаралық
стандарттау  ұйымы  АҚШ,  Канада  және  Германияның  қатысуымен  1987   жылы
әзірлеген. ИСО 9000 сериялы Халықаралық  стандарттардың  (ары  қарай  -  ИСО
9000  ХС)  бірінші  бесеуінде  өнімнің  сапасын  қамтамасыз  ету  жүйелеріне
қойылатын талаптар тағайындалған. Бұлардан баска  Халықаралық  стандарт  ИСО
8402  -  сапаны   қамтамасыз   ету   облысындағы   терминдер   мен   олардың
анықтамаларының үш тілдегі сөздігі әзірленген болатын.
    ИСО 9000 ХС екінші нұсқасы 1994  -  жылы,  ал  үшіншісі  -  2000-  жылы
қабылданды. ИСО 9000:2000 ХС нұсқасы ИСО 9000:1994 ХС-нан  кұрылымы  бойынша
едәуір ажырасады және басқа нұсқаларға қарағанда ТQМ-мен жақын үйлеседі.
    ИСО   9000:2000   ХС   концепциясының   негізін   үрдістік    тәсілдеме
 кұрайды.   Бұрынғы нұсқаларда қарапайым тәсілдеме қарастырылған болса,  ІІІ
нұсқаның түпкі айырмашылығы -  онда    үрдістік    тәсілдеме    қолданылады.
ИСО     9000:2000     ХС     тәсілдемесі     бойынша     СМЖ   методологиясы
тұтынушының қажеттілігіне (мұктаждарына) бағытталған болуы керек.
    ИСО 9000:2000 ХС әмбебап  болып табылады. Бұл олардың іс  мәнінде  кез-
келген салада қолданыла алатынын көрсетеді. Осы себептен  ИСО  9000:2000  ХС
алғашқы  басылып  шығарылғаннан  бастап  әрекеттердің  әртүрлі  сфераларында
кеңінен қолданыла бастады.
    Қазіргі  күнде  ИСО  9000:2000  ХС   әлемнің   барлык   мемлекеттерімен
мойындалады,  ұлттық   стандарттар   ретінде   қабылданған   және   көптеген
фирмаларда енгізілген. Әлемде 500  000  СМЖ  осы  стандарттарға  сәйкестікке
сертификатталған.
    Қазакстан  Республикасында  шамамен  400  СМЖ   сертификатталған.   ИСО
9000:2000 ХС кұрылымы төменде көрсетілген.
                                    [pic]
    ИСО  9000:2000  «Сапа  менеджментінің  жүйесі.  Негізгі  ережелер  және
сөздік»  Халықаралық  стандартында  СМЖ-сі  сәйкес  болуға   қажет   негізгі
ережелер мен  принциптер,  сондай-ақ  қолданылатын  терминдер  және  олардың
анықтамалары тағайындалған.
    Кәсіпорынды жалпы  басқару  шегінде  СМЖ-сіне  қойылатын  талаптар  ИСО
9001:2000 «Сапа менеджментінің жүйесі.  Талаптар»  Халықаралық  стандартында
бекітілген.
    ИСО 9004:2000 «Сапа менеджментінің жүйесі.  Қызметті  жақсарту  жөнінен
ұсыныстар» Халықаралық стандартында СМЖ-сының нәтижелерін  және  тиімділігін
жақсартуға  бағытталған  ұсыныстар   келтірілген.   Стандарт   сертификаттау
процедурасында  немесе   контракттар   мен   регламенттерде   қолдану   үшін
арналмайды.
    ИСО 19011:2000 «Сапа менеджментінің  жүйесіне  және/немесе  экологиялық
менеджментіне  аудит  жүргізу  бойынша  басқарушы   нұсқаулар»   СМЖ-леріне-
және/немесе  экономикалық  менеджмент  жүйелеріне  ішкі  және  сыртқы  аудит
жүргізуге талаптарды, сондай-ак аудиторлардың  компетенциясына  және  оларға
баға беруге талаптарды бекітеді.
    Қазақстанда ИСО  9000  Халықаралық  стандарттары  мемлекеттік  стандарт
ретінде қабылданған. Бұл жерде «мұқаба» әдісі қолданылған. Стандарттар  үшін
ҚР СТ ИСО 9000 аббревиатурасы қолданылады.
                          № 4-5 дәрістер (2 сағат)
           Тақырыбы: Сапа менеджмент жүйесінің негізгі принциптері

    ИСО 9000 «Сапа менеджментінің жүйесі.  Негізгі  ережелер  және  сөздік»
Халықаралық стандартына  сәйкес  СМЖ-сі  төмендегі  принциптерде  негізделуі
керек.
    1- принцип -тұтынушыға бейімделу.
    Әр кәсіпорынның өркендеуі онда шығарылатын өнімнің немесе  көрсетілетін
қызметтің көлемінен, ал соңғысы, өз  кезегінде,  осы  өнімнің  (көрсетілетін
қызметтің) тұтынушылардың қажеттіліктері немесе  күтулерінен  тәуелді  болып
табылады. Тұтынушылардың күтімдері  өнімнің  сапасымен  ғана  емес,  сонымен
бірге оның бағасы, жеткізу режимы мен  жағдайлары,  сатудан  кейінгі  қызмет
көрсетілуімен  байланысты.  Осыған   орай   стандарт   тұтынушының   әртүрлі
қажеттері мен күтімдерін сезіп-түсінуге  багыттайды.  Тұтынушының  қажеттері
мен күтімдері оның  өнімді  сатып  алу-алмау  туралы  шешіміне  әсер  етеді.

    Тұтынушының қажетіне және  басқа  да  мүдделі  жақтардың  (акционерлер,
жеткізушілер, тұтас қоғамның) қажеттерінің  тепе-тендігін  қамтамасыз  етуге
ұмтылу керек.
    Кәсіпорынның персоналы түгелдей тұтынушының қажеті мен күтімдерін білуі
керек.
    Тұтынушының қанағаттану дәрежесін қалай болса  да  өлшеп  және  бағалап
отыру керек.  Ал  сапа  жүйесінің  қажетті  жағдайларда  түзетуші  әрекеттер
қабылдау механизмі болуы керек.
    «Сатып алушынікі әрқашанда дұрыс» деп айтады. Бүгінгі  күні,  егер  біз
табысқа жетеміз  десек  жаңа  өнімді  шығаруды  ойластырудан  бұрын  болашак
тұтынушыларға барып, олар  кандай  өнімді  сатып  алғысы  келетінін  анықтап
алуымыз керек. Содан соң  заманға  сай  техника  және  технологияны  қолдана
отырып, сатып алушы алғысы келетін өнімге максимум жуықталған өнім  шығаруга
кірісуіміз керек.
    Қазір кәсіпорын ен  алдымен  маркетингпен  байланысты  зерттеулер  және
нарықты талдау жұмыстарын жүргізуі керек. Өнім шығара бастағанда біз  өнімді
кім, қашан және қандай бағамен алатынын неғұрлым дәл білуіміз керек.
    Бүгін кәсіпорынның негізін  оның  тұрақты  клиенттері  құрады.  Тұрақты
клиенттер өнімді тек бізден ғана алады, сонымен  бірге  өздерінің  достарын,
туыстарын, таныстарын алып келеді. Бұндай клиенттер бізді жұмыспен  қамтиды.
Олардың  әрекеттері  кәсіпорын  үшін  жақсы  жарнама  болып  табылады.   Бұл
жарнаманың күші (тиімділігі) біз өзіміз жасаған жарнаманың күшінен  мың  есе
күшті болып табылады.
    Клиенттерді қалай тарту керек?
    1  Келісімдерде  ресми  түрде  жазылған  талаптарды   қанағаттандырумен
шектелмей   айтылмаған   қажеттер   мен   күтілімдерді    болжап,    соларды
қанағаттандыруға тырысу керек.
    2 Әр болашақ клиентке жеке қарау керек.  Бұндай  жағдайда  жаппай  өнім
шығару  тоқтатылады,  сұраныс  көбейген  өнімдер   шығарылады   және   ондай
өнімдердің көлемі өседі.
    2- принцип - басшылық жетекшілігі.
    Ең  алдымен  ең  жоғарғы  деңгейдегі  басшылар  өз   үлгісімен   сапаға
берілгендігін көрсету керек.
    Бұл принципті жүзеге асыру әдістерінің бірі – кәсіпорын басшылары  сапа
мәселелері  бойынша  ұзақ  уақытка  арналған  саясатты  анықтауы  және   бұл
саясатты өлшеуге келетін мақсаттар мен міндеттерге, оның  ішінде  өндірістік
және функционалдық бөлімшелерінің  максаттары  мен  міндеттеріне  айландыруы
керек.
    Басшылықтың мақсаты кәсіпорында сенімділік және қорқынышсыз жұмыс істеу
атмосферасын қалыптастыру (қамтамасыз ету), адамдардың үлесін мойындау  және
бағалау, ашық және таза өзара қатынастарды қолдау болып табылады.
    Басшылық үнемі персоналдың жақсаруына және мамандарды «өсіруге» ұмтылуы
керек.
    Басшы сапа жүйесін енгізуде алдыңғы қатарда  тұруы  керек,  яғни  лидер
болуы керек. Бірақ, лидер болуды үкім  (власть)  мен  шатастыруға  болмайды.
Үкім, әдетте, күшпен байланысты болады.  Күш  қолдану  кері  күш  туындауына
себеп болады. Оны жеңу үшін энергия, күш және уақыт жұмсау қажет.
    Лидер - күш колдану және кері күшті жеңуді қажет  етпейтін  адам  болып
табылады.
    3- принцип - қызметкерлерді қызықтыру.
    Адамдар кәсіпорынның  ең  маңызды  және  бағалы  (құнды)  бөлігі  болып
табылады, сондықтан адамдардың мүмкіншіліктерін дұрыс пайдалану  кәсіпорынға
максимум пайда әкелуі мүмкін.
    Сапа  жүйесі  және  оның  механизмі  қызметкерлерді  кәсіпорынның   іс-
әрекеттерін ұдайы жақсарту үшін  күшін  салуға,  сапа  проблемаларын  шешуде
жауаптылықты  өзіне  алуға,  өз  білімін  белсенді  түрде  жоғарылатуға,  өз
кәсіпорнын тұтынушылар және басқа да мүдделі жақтар алдында  ұтымды  жағынан
көрсетуге тарту (бейімдеу) керек.
    Әр қызметкердің өзіндік мақсаттары  кәсіпорынның  мақсаттарымен  бірдей
болатындай жағдай жасау керек.
    Кәсіпорын ұжымы   бір командадай жұмыс істеуі керек. Бұл команданың  әр
мүшесі өзінің рөлін білуі және  сезінуі  керек  және  мүмкіншілігінше  жақсы
ойнауга тырысуы керек.
    4- принцип - үрдістік келісім.
    ИСО 9000 ХС версиясы жүйеге  жаңа  көзкарасты  талап  етеді.  Бұл  жаңа
көзқарас  сапа  жүйесін  жобалауға  өзара  байланыстағы  процестер  жиынтығы
(алгоритм) ретінде қарауды ұсынады.
    Бұл тәсілдеме бойынша әр процесс жүйе ретінде  қарастырылады,  яғни  әр
процесс үшін:
    1) процестің кірісі және шығысы (нәтижесі) нақты түрде  анықталуы  және
өлшенуі керек;
    2)    әр   процестің   тұтынушылары   анықталады,   олардың   талаптары
айқындалады, олардың процесс нәтижелерімен қанағаттандырылғаны зерттеледі;
    3)  осы процестің кәсіпорын функцияларымен өзара байланыстары табылады;
    4)  әр процесс басқарылуы керек және процесті басқару үшін уәкілеттері,
құқыктары және жауаптылығы тағайындалуы керек;
    5)  процесті жобалаған кезде оны ресурстармен  қамтамасыз  ету  жолдары
белгілену                                                             керек.
                                      .
    ИСО 9000 ХС енгізу кезінде үрдістік тәсілдемені жүзеге асыру үшін  сапа
менеджментін бизнес-процестермен байланыстыру қажет.
    Үрдіс (процесс) - кірістерді шығыстарға айландырушы этаптардың  (қадам,
элементтердің) логикалык реттелген тізбегі болып табылады.
    Үрдіс моделінің мысалы суретте көрсетілген.
                                    [pic]


    Үрдістерді осылай түсіну алгоритм ұғымына  жақын  болып  табылады.  Бұл
жағдай біздің күнделекті  өмірге  ақпараттық  технологиялар  кең  орын  алып
отырғанымен байланысты, ал ақпараттық технологиялар  басқа  тілді  білмейді.
Сонымен бірге үрдісті  алгоритм  түрінде  көрсету  көрнекі  болып  табылады,
сондықтан орындаушылар оларды тез қабылдайды.
    Үрдістерді екі топқа: негізгі және көмекші үрдістерге бөлуге болады.
    Негізгі топка нәтижелері өнімді  шығару,  оны  босату  және  техникалық
қызмет көрсету болып табылатын  үрдістер  кіргізіледі.  Бұндай  процестерді,
әдетте, бизнес-процестер деп  атайды.  Олар,  ең  алдымен,  бизнес-процестің
нәтижесіне төлем төлеуге дайын нақты тұтынушы бар болуымен сипатталады  (ИСО
9001, 7- тарау).
    Көмекші  процестерді  менеджмент  процестері  және   қамтамасыз   етуші
процестер - шикізат, материалдарды сатып  алу,  материалдық  қамтамасыз  ету
процестері кұрайды (ИСО 9001, 6- және 8- тараулар).
    5- принцип - менеджментке жүйелі келісім.
    Бұл принцип 4-принциппен тығыз  байланысады  және  сапа  жүйесін  өзара
байланыстырылған  процестер  жиынтығы  ретінде   қарастырады.   Осыны   білу
негізінде  жүйені  жобалауға  ең  тиімді  жолмен  жетуге   болады.   Жүйелік
тәсілдеме өлшеу және  бағалау  арқылы  үнемі  жақсартуға  қол  жеткізді  деп
қарастырады.
    Бұл принцип барлық процестерді бірыңгай жүйеге  келтіруді  қарастырады.
Жүйелік үрдіс  кәсіпорынның  іс-әрекеттерін  үйлестіруді  қажет  етеді.  Бұл
үшін, ең алдымен, сапа концепциясы  шегіндегі    мақсаттарды    кәсіпорынның
арналуымен  және   оның  стратегиялық  мақсаттарымен байланыстыру керек.  Өз
уақытында (дер кезінде)  жоспарлау  және  жоспарды  әр  орындаушыға  жеткізу
механизмін табу (жасау) керек. Жоспарлау процесін ұйымдастыру мен  кәсіпорын
іс-әрекеттерінің  нәтижесін  бағалау  проблемалары  тығыз  байланысты.  Ұзак
уақыт баға ретінде қаржылармен әрекеттер қолданылды.  Қаржылармен  әрекеттер
(финансовая деятельность) ең алдымен иеленушілер,  инвесторлар,  акционерлер
үшін    маңызды    болып    табылады.     Соңғы     уақытта     клиенттердің
қанағаттандырылғаны,   үрдістің   тиімділігі,   кәсіпорын   қызметкерлерінің
қанағаттандырылғаны сияқты бағалау критерийлері қосылды.
    6- принцип - ұдайы жақсарту.
    Үздіксіз және тұрақты (ұдайы) жақсарту – кәсіпорын  мақсаттарының  бірі
болып табылады.
    Кез-келген кәсіпорында  белгілі  деңгейде  ақаулык  кездеседі.  Ақаулық
деңгейін төмендету мақсатын қою  тұракты  түрде  жетілдіру  және  жақсартуға
мүмкіндік береді. Бұл  принципті  іске  асыру  ең  алдымен  кәсіпорынның  әр
қызметкерінің ойынды болуын, процестерді және тұтас жүйені үнемі  жақсартуға
қажеттілік қалыптастыруды талап етеді.
    Әдетте,  бұған  үлкен  масштабты  шаралар  емес,  керісінше,  кішкентай
адымдарды тұрақты және кез-келген жерде қолдану арқылы қол жеткізіледі.  Дәл
осылай  жапондық  автокөлік  фирмалары  американ  нарығына  кірген  болатын.
Үрдістерді жүйелі түрде жақсарта отырып, олар бағаны үнемі  төмендетуге  қол
жеткізді.
    Жақсарту  адамнан  -  оның  білімін,   дағдыларын,   жеке   қасиеттерін
жетілдіруден басталады.
    Кезекті қадам - команданың жұмысын жетілдіру және персоналды тарту.
    Үнімі жақсарту принципі: белгілі деңгейде білім болуын, белгілі әдістер
мен  тәсілдемелерді,  атап  айтқанда  Деминг  циклын,  Парето  диаграммасын,
бақылау қарталарын қолдануды талап етеді.
    Қоршаған өндірістік ортаны және адамдарды  үздіксіз  жетілдіру  бизнес-
процестерді жетілдірудің алғашқы қадамы болып табылады.
    Жақсарту жүргізілген кезде сапаға кер  әсер  беруші  3  негізгі  фактор
ескерілуі керек: бос  шығындар  (потери),  сәйкессіздіктер  және  рационалды
емес әрекеттер.
    Бизнес-процестерге талдау жүргізу кезінде 4  негізгі  сұрақтар  қойылуы
керек:
     - не: бұл процесте немесе операцияда не жасалады?
     - не үшін: ол не үшін жасалады және оны жасамай-ақ қоюға бола ма?
     - қай жерде - ол қай жерде  жасалады,  оны  басқа  жерде  жасау  жақсы
       болмайма?
     - қай уақытта - қай уақытта ол жасалады,  мүмкін  оны  ертерек  немесе
       кешірек жасауға болады?
    Бұл принципті іске асыру кезінде «сапаны статистикалық бақылаудың  жеті
қарапайым әдістері» деп аталып кеткен әдістер қолданылады.  Қазірде  Исикава
схемасы негізінде талдау жүргізу кеңінен тарап отыр.  Бұл  схема  4  «М»-ге:
машиналар - адамдар - технология - шикізат сүйенеді. Бұл  тәсілдеме  команда
болып  жұмыс  істеуге  бағытталған,  процестерді  жетілдіру,   профилактика,
жөндеу, қызмет көрсетуге персоналды түгелдей тартуды талап етеді.
    7- принцип - фактілерге негізделген шешімдерді қабылдау.
    Бұл принцип практикада колданылып  жүрген  интуиция,  бұрынғы  тәжірибе
немесе коъюнктура негізінде шешім  кабылдау  әдісінің  альтернативасы  болып
табылады. Шешім,  егер  ол  акпараттарды  талдауда  негізделген  болса  ғана
тиімді болып табылдаы.
    Бұл принципты жүзеге асыру ең  алдымен  өлшеу  және  ақиқат  мәліметтер
жинау және оларды талдауды талап етеді.
    Тәжірибе мен интуицияның шешім қабылдаудағы  маңызын  мойындай  отырып,
фактілер, тәжірибе және интуицияда негізделген аргументтердің  тепе-теңдігін
сақтауды ұмытпау керек.
    Іс-әрекеттердің  кез-келген   түрінде   мәліметтердің   үлкен   массиві
қалыптасады. Мәліметтер кейбір кезде арнайы жиналады,  кейде  өзінен  -  өзі
қалыптасады,  бірак  әр  уақытта  осы  мәліметтерді  факт  ретінде  түсініп,
ақпаратқа айландырып қолдану дұрыс болып табылады.  Шешім  қабылдауға  себеп
болатын көрсеткіштерге:
     - қаржы-экономикалық іс-әрекеттердің көрсеткіштері;
     - клиентті қанағаттандыру көрсеткіштері;
     - негізгі (бизнес) процестердің сипаттамалары;
     - персоналды оқыту жәнс «өсіру» мүмкіншіліктері жатады.
    Бұл принципте «бенчмартинг» тәсілдемесі,  яғни  өз  әрекеттерімізді  ең
жақсы әрекеттермен  салыстыру  әдісі  қолданылуы  мүмкін.  Әдетте  кәсіпорын
жұмыс істейтін рынок сегментіндегі ең  таңдаулы  деп  есептелетін  бәсекелес
фирмалардың  әрекеттерімен  немесе  оның  өнімінің   жеке   көрсеткіштерімен
салыстыру жүргізіледі.
    Кәсіпорын    іс-әрекеттерінде   метрология    ғылымы     ерекше    орын
алады.    Кәсіпорында өлшеулердің сапасы жоғары деңгейде болуы керек.
    Объективті мәліметтер жинау және олар бойынша объективті шешім қабылдау
үшін  жоғарыда  аталған  статистикалық  бақылаудың  7   қарапайым   әдістері
қолданылады. Сонымен бірге, дамуы жоғары елдерде  жаңа  әдістер,  мысалы  «6
сигма» әдісі кеңінен қолданылып келе жатыр.
    8- принцип - жеткізушілермен өзара тиімді катынастар.
    Кәсіпорын және оның жеткізушілері өзара тәуелді  екендігі  айқын  болып
табылады.  Өзара  пайдалы  қарым-қатынастар  екі  жаққа  да   ұтымды   болып
табылатыны да ақиқат.
    Принципті жүзеге асыру негізгі көрсеткіштерді  айкындауды,  нақты  және
ашық қатынастар ұйымдастыруды, ақпарат және болашақ  жоспарлармен  алмасуды,
тұтынушылардың  қажеттерін  анық  сезіну  бойынша  бірлесіп   жұмыс   істеу,
бірлескен іс-шаралар қолдануды талап етеді.
    Сапа  жүйесінің  жеткізушінің  жетістіктерін  мойындау  және   жақсарту
жөніндегі  стимул  беруші  механизмі  болуы  керек.   Жеткізушімен   тұрақты
қатынаста  болуға  ұмтылу  қажет.  Бұндай   жағдайда   жеткізілетін   өнімді
басқаруға,  жеткізуші  мен  тұтынушының  арасында  жаңа   типті   қатынастар
туындайды: «бірге істесек – бірге ұтыста боламыз».
    Жоғарыда  қарастырылған  принциптер,  іс  мәнінде  сапаны,  оны   үнемі
жетілдіруді ескере отырып, басқару жөніндегі ережелер  болып  табылады.  Бұл
процесте  ең  басты  тұлға  тұтынушы  болып  табылады.  Оның  қажеттіліктері
қаншалықты   қанағаттандырылғанынан   фирманың   табыстары   тәуелді   болып
табылады.  Екінші  орынды  тауарды   шығарушы   адамдар   алады.   Сондықтан
персоналды окыту, қызықтыру және  тұтынушылардың  талаптарын  қанағаттандыру
бағытында ынталандыруға зор көңіл аударылады.

                            № 6-7 дәріс (2 сағат)
            Тақырыбы: Сапа менеджмент жүйесіне қойылатын талаптар

    Кәсіпорынды жалпы басқару шегінде сапа менджментінің жүйесіне қойылатын
талаптар ИСО 9001 «Сапа менеджментінің жүйесіне және  /  немесе  экологиялық
менеджментіне  аудит  жүргізу  бойынша  басқарушы   нұсқаулар»   Халықаралық
стандартында жазылған.
    Стандарт кәсіпорында ИСО 9001 ХС-қа сәйкес жұмыс істейтін сапа  жүйесін
құру үшін және осы жүйені ИСО 9004 ХС-на сәйкес жақсарту  үшін  кәсіпорынның
ішкі бөлімдерімен және сапа жүйесін сертификаттау кезінде оның ИСО 9001  ХС-
ына сәйкестігін бағалау үшін сыртқы мекемелермен қолданыла алады.
    ИСО 9001 стандарты  өнімнің  сапасына  талаптар  қоймайды,  бірақ  оның
талаптары өнім сапасына қойылатын талаптарды толықтырады.
    Әртүрлі  мекемелердің  СМЖ-лері  әртүрлі  формада  кұрылуы  мүмкіндігін
мойындай  отырып,  стандарт  сапаны  жалпы  басқару   жүйесінің   бірден-бір
құрылымын тағайындау мақсатын қоймайды.  Сонымен  бірге,  мекеменің  СМЖ-сін
енгізу бойынша стратегиясы болуын атап көрсетеді.
    Дұрыс  (жақсы)  жұмыс  істеу  үшін  кәсіпорын  (ұйым)  көптеген   өзара
байланыстағы іс-әрекеттер түрлерін анықтауы және оларды басқаруы керек.
    Ресурстарды қолданатын және шығыстарды кірістерге айландыру  мақсатында
басқарылатын іс-әрекеттер үрдіс ретінде қарастырылады (сурет).
    Үрдістің кірістері мыналар бола алады:
    -  алдыңғы үрдістің кірістері;
    -  шикізат, материалдар, өнімге қойылатын талаптар;
    -  құрал-жабдықтар және т.б. Үрдістің шығыстары:
    -  талаптарға сәйкес келетін (сәйкес келмейтін) өнім,
    -  шығындар;
    -  ақпарат және т.б.
    Кәсіпорынның СМЖ-сі мыналарлы ескеру керек.
    -  кәсіпорынның өзгешілігін;
    -  оның көлемін (үлкен-кішілігін);
    -  өндірістің кұрылымын және оның ұйымдастырылуын. Басқарушы әрекеттер
    [pic]
    Сапа жүйесі иілімді болуы керек, болашақта  қажет  болып  шығуы  мүмкін
өзгерістерге бөгет болмауы үшін.
    Жүйенің вариантын таңдау  кезінде  оның  әр  элементі  бағаланады  және
сипатталады. СМЖ-сінің барлык элементтерін 3 топка бөлуге болды.
     1. Жүйенің кәсіпорын басшылығымен айкындалатын элементтері:
    - сапа аясындағы саясат;
    - ұйымдық кұрылымы және жұмыстарды ұйымдастыру;
    - сапа жүйесіне баға беру;
    - оқыту.
    2   Жүйенің бірнеше фаза немесе бөлімшелерді ауқымдаушы элементтер. Бұл
элементтер сапа жүйесінің өзімен, жалпы фирмалық  проблемалармен  байланысты
және өнімге (көрсетілетін қызметке) жататын проблемалармен байланысты  болуы
мүмкін.
    Жалпы фирмалык проблемаларга жатады:
    - құжаттарды бақылау;
    - сапа бойынша барлык жазбаларды жүргізу (құжаттау);
    - статистикалық әдістерді қолдану. Өнімге  (қызмет  көрсетуге)  қатысты
фирманың көптеген бөлімшелері мына сұрактарды шешуі керек:
    - өнімді шығару сатыларын айқындау және олардың мақсаттарын белгілеу;
    - сақтау, буып-түю, тасымалдау, босату;
    - өлшем кұралдарын бақылау;
    - ақаулы өнімдерді ұқсату;
    - сапаны бақылау;
    - сынау кезінде жағдайды бақылау.
    3.      Жүйенің жеке этаптарына тән элементтері:
    - контракттерді тексеру;
    - өнімнің   өмірлік   циклының    әртүрлі    этаптарында    (жоспарлау,
материалдар   мен комплекттеуші бұйымдарды сатып  алу,  өнімді  шығару  және
қолдану) сапасын қамтамасыз ету. Кейбір элементтерге тоқтала кетейік.
    Кәсіпорынның  сапа  облысындағы  жоспарлары  сапа  аясындагы   саясатта
көрсетіледі. Сапа аясындағы  саясат төмендегі бағыттарда іс-әрскеттер  жасау
принциптері ретінде қалыптастырылады:
    - шығарылатын өнімнің сапасын  жоғарылату  және  тұтынушының  сұранысын
қанағаттандыру арқасында кәсіпорынның экономикалық жағдайын жақсарту;
    -  сапаның  жоғарылығы  немесе  жаңа  нарық  сегментін  табу  арқасында
сатылатын өнімнің көлемін арттыру;
    -  бәсекелестерге  қарағанда,  өнімнің  техникалық  деңгейін  жоғарырақ
ұстау;
    -  өнімдерді (бұйымдарды) модернизациялау;
    -  белгілі тауар  нарығында  қажеттілікті  анықтайтын  өнімнің  негізгі
сапалық көрсеткіштерін жақсарту;
    -   сапаны  жоғарылату  жөніндегі   іс-әрекеттерге   персоналды   тарту
арқасында ақаулы өнімнің шығу деңгейін төмендету;
    -  қызмет көрсетуді жетілдіру.
    Сапа аясындағы саясат құжат  түрінде  өңделеді,  яғни  қахазға  жазылуы
керек.
    ИСО   9001   стандартында   басшылықтың   сапаға   жауаптылық   деңгейі
тағайындалады. Фирма басшылығы сапа аясындағы  саясатты  қалыптастыру,  сапа
жүйесін кұру, енгізу үшін және оның жұмысына  жауапты  болып  табылады.  Бұл
жағдай ашық айқындалған  және  құжатталған  (құжат  түрінде  өңделген)  болу
керек. Мамандар штатын  қалыптастыру  және  өндірістік,  өлшеу-бақылау  және
сынау жабдықтарын алуға, ЭВ-дерді бағдарламамен қамтамасыз ету үшін  қажетті
ресурстарды  бөлу  де  басшылықтың   міндетті   болып   табылады.   Басшылық
персоналдың қажетті біліктілік деңгейін  тағайындап,  оның  біліктілігін  өз
уақытында жоғарылатуды қамтамасыз етіп отыруы керек.
    Фирма басшылығын тауардың, оның  нарықтағы  тұрактылығына  ықпал  етуші
сапалық көрсеткіштерін уакытында байқап отыру  міндеті  жүктеледі.  Басшылық
жаңа тауарлар шығару немесе жаңа кызмет түрін көрсету жөніндегі  қабылданған
шешімі үшін жауапты болып табылады.
    Шетел фирмаларында және кейбір отандық фирмалар штатына сапа  жөніндегі
менеджер қызметі енгізілген. Менеджерлер тікелей бірінші  басшыға  бағынады.
Олар сапа жүйесін құру  және  енгізумен  шұғылданады,  жүйенің  жақсы  күйін
қамтамасыз етеді.
    Кәсіпорында қызметтік нұскаулар болуы керек. Бұларда әр қызметкер  үшін
оның міндеттері, жауапкершілігі,  және  сапаны  қамтамасыз  ету  облысындағы
уәкілеттері жазылады.
    Сапа жүйесінің бір ерекшелігі - оның  кұрамына  жүйені  іштен  тексеру,
талдау және оның тиімділігін бағалау бөлімшесі кіреді.
    СМЖ-сін іштен тексеруді фирма басшысы  сайлаған  (тағайындаған)  арнайы
дайындықтан  өткен  құзыретті  мамандар  жүргізеді.  Мамандар   жүйенің   әр
элементінің тиімділігін сапа жүйесі   алдында  қойылған  мақсаттарды    іске
 асыру тұрғысынан  бағалауға  міндетті.   Бұндай тексерулер  жоспарлы  түрде
жүзеге  асырылады  немесе  ақаулар  орын  алғанда  және   фирмада    ұйымдық
өзгерістер              орын              алғанда               жүргізіледі.

    Тексеруді  ұйымдастыру  және  жүргізу  тәртібі  СМЖ-сінің   құжатталған
процедурасында жазылуы керек. Процедура тексеру  объектілері  мен  әдістері;
тексерілетін   объектілерді   бағалау   критерийлері;   тексеру    жүргізуші
қызметкерлерге қойылатын  талаптар;  тексеруді  жүргізу  тәртібі  және  т.б.
тағайындалады. Әдетте, тексеру  объектілері  өнімнің  сапалық  параметрлері,
сапа жүйесінің ұйымдық құрылымы болып  табылады.  Тексеру  нәтижесі  бойынша
есеп беріледі.
    Басшылық сапа жүйесі  жұмысының  тиімділігіне  талдау  жүргізуі  керек.
Талдау жүргізудің қажеттілігі іс-әрекеттердің сыртқы  жағдайының  өзгеруінен
туындайды, мысалы, тауарды жаңа (шет ел) нарығына шығарған кезде.  Талдауды,
әдетте, басшылықтың  нұскауы  бойынша  фирманың  мамандары  немесе  тәуелсіз
мамандар жүргізеді. Жұмыс істеп тұрған жүйеге енгізілуі  қажетті  өзгерістер
өнімнің  сапасын   жоғарылату   жөніндегі   ғылыми-техникалық   бағдарламаға
енгізілуі мүмкін.
    СМЖ төмендегі талаптарға сай болуы керек:
    -  өнімге немесе  көрсетілетін  қызметке  тұтынушылар  қоятын  талаптар
қанағатталуы керек;
    - проблемалардың (ақаулардың) алдын алу қажет, керісінше болмау  керек,
яғни ақаулар орын алғаннан кейін анықталмауы керек;
    - егер ақаулық немесе талаптарға сәйкессіздік орын  алған  болса,  жүйе
олардың табылуын (айқындалуын) қамтамасыз ету керек;
    - жүйе табылған ақауды немесе сәйкес келмейтін өнімнің өндіріске немесе
тұтынушыға түспеуіне кепілдік беруі керек;
    - жүйе өнімнің өндірістің, жүйенің тұракты және үздіксіз  жетілдірілуін
қамтамасыз етуі керек.

                             № 8 дәріс (1 сағат)
               Такырыбы: Сапа менеджмент жүйесін кұжаттандыру

      МС ИСО 9001  стандарттының  талабына  сай  сапа  менеджмент  жүйесінің
кұжатталуы мына мақсатта әзірленуі керек:
      - сапаға қойылатын талаптарды нақты бекіту және  жасалатын  жұмыстарды
қамтамасыз ету;
      -  өнім сапасын және жүйенің қызметі туралы мәліметтерді жиі тексеріп,
бекіту;
      - өнімдердің  және  сапаны  қамтамасыз  ету  жұмыстарын  бақылау  және
сәйкестендіру;
      - ұйымның жүйе бойынша жүмыс істеу тәжірибесін жетілдіру;
      - сапа аумағында жұмыстардың дұрыс орындалуын байқау.
      Әрбір кәсіпорынның ұйымдық құқықтық  негізін  СМЖ  құжаттары  кұрайды.
Ондай  құжаттарға  мыналарды  жатқызуга  болады:  кәсіпорында   қолданылатын
нормативтік, техникалық, басқарушы және  пайдаланылатын  баска  да  кұжаттар
түрлері. СМЖ кұжаттамалык жүйесі төмендегі кестеде көрсетілген.
      СМЖ кұжаттамалары жүйедегі  жұмыстарды  жаңадан  өндіруде,  тексеруде,
дәлелдеуде және қызметтің мәні мен сапасын одан әрі жетілдіруге әсер етеді.
      Әрбір кәсіпорын өзіне қажетті құжаттамалар көлемін өзі  анықтайды.  Ол
мынадай факторларға байланысты: кәсіпорынның түрі  мен  көлеміне,  процестің
күрделігі,  шығарылатын   өніммен,   көрсетілетін   қызметтің   күрделігіне,
тұтынушылардың талаптарына, қызметкерлердің біліктілігіне және т.б.
      Міндетті құжаттамалар жуйесіне мыналар кіреді:
      1  Сапа  саласындағы  саясат  және  мақсаттар   бойынша   кұжаттамалық
өтініштер;
      2 Сапаны басқару;
      3 МС ИСО 9001 талап ететін кұжатталған рәсім;
      4  Ұйымның  жұмыстарының,  жоспарларының  және  бақылау   үрдістерінің
тиімділігін қамтамасыз етуге қажетті құжаттамалардың түрлері;
      5 Процестің сәйкестігін көрсететін жазбалар.
      ИСО 9000 стандарттың талабы бойынша әрбір кәсіпорын өзіне қажетті  СМЖ
құжаттамаларын таңдауға және қандай формада әзірлеуге (қағазда,  электрондық
түрде, компьютерлік дискіде)  құқығы  бар.  Тек  қана  міндетті  рәсімдердің
минималді тізімі анықталған:
      - құжаттарды басқару;
      - жазбаларды басқару;
      - СМЖ ішкі аудиті;
      - сәйкес келмейтін өнімдерді басқару;
      - түзетуші әрекеттер;
      - сақтандырушы әрекеттер;
      Кәсіпорында СМЖ енгізудің тиімділігін көрсету мақсатында,  құжатталған
рәсімнен баска, кәсіпорын өзіне қажетті  кұжаттарды  әзірлеу  керек.  Оларға
мынадай  кұжаттамалар   түрлерін   жатқызуға   болады:   үрдіс   карталарын,
операциялар  кестесін,  ерекшеліктерін,  нормативтік   құжаттамалар,   жұмыс
нұскаулықтары, өндірістік жоспарлар, сапа жоспары жәнс т.б.
                                    [pic]

                          № 9-10 дәрістер (2 сағат)
                     Тақырыбы: Қазакстан Республикасында
              сапа менеджмент жүйесін енгізу және сертификаттау

      Қазақстан экономикасын реформалаудың басты мақсатының  біріне  Отандық
өнім  сапасын  қамтамасыз  ету  механизмін  кұру  болып  табылады.   Әлемдік
тәжірибенің мәлімдемесі бойынша,  осы  механизмнің  маңызды  элементі  болып
сапа жүйесінің ИСО  сериясы  9000  халықаралық  стандартына  сәйкес  енгізу,
ұйымдастыру және оны сертификаттау болып табылады.
      Сапа жүйесін енгізу сұрактарын  Мемлекеттік  реттеуге  ҚР  Мемлекеттік
бағдарламасы «Сапа» 2001-2005 ж. қабылдау жатады. Бұл бағдарламада  тауарды,
жұмыстарды  және  қызметті  сертификаттаудан  сапа  жүйесін  сертификаттауға
өтуін қарастырады.
      Бағдарламаны жүзеге асырудан алынатын нәтиже қорытындылары:
      - сапаны басқару  және  қамтамасыз  етудің  отандық  және  халықаралық
стандарттар негізінде жаңа әдістерін кеңінен енгізу;
      -  республикадағы   өнеркәсіптердің   кешендік   жұмыстарының   техно-
экономикалык көрсеткіштерін жаңарту;
      - бәсекеге жарамды тауарлардың,  жұмыстардың  және  қызметтердің  жаңа
түрлерін жасап шығару  және  орнату,  экспорты  дамыту,  өндірістің  көлемін
кеңейту;
      -бәсекеге жарамды өнім шығару  бойынша  отандық  тауар  өндірушілердің
қызметін ынталандару;
      -   тауардың  барлык түрлерінің  тұтынушылық   қасиеттерін   жаксарту,
мемлекетте  жасалатын жұмыстар мен қызметтің сапасын жоғарлату;
      -   халық  пен  мемлекет  нарығын   сапасыз,    қауіпті   тауарлардан,
жұмыстардан және қызметтен қорғау;
      Қазіргі  кезде  сапа  жүйесі  сертификаттау  мен  енгізу  кәсіпорынның
тиімділігі мен  экономикалык  тұрактылығының  кепілі,  өнімнің  бәсекелестік
қабілеттілігін арттыру әдісі, тұтынушылырдың сенімділігін алу әдісі.
      Шетелдің мамандары сапа  жүйесіне  сәйкестік  сертификаты  фирма  үшін
біршама артықшылыктарды және пайда әкеледі деп есептейді. Ол бизнес  бойынша
сыбайластық  сенімділігін,  сонымен  қатар  несие   беруді,   сапасыз   өнім
ақауларынан сақталуды, келісім шартты бекітуді дәлелдейді.
      Сапа жүйесін  кәсіпорынға  енгізу  нәтижесінде  қызметкерлердің  жұмыс
істеу тәртібі артады, шығындар азаяды, еңбек сапасы  жақсарады,  процестерді
басқару  жоғарлайды,  сапаны  қамтамасыз  ету  шығындары  күрт   төмендейді,
кәсіпорынның нарықтағы жағдайы берік  болады,  өндіріс  нәтижесінің  жоғарғы
деңгейін қамтамасыз етеді.
      СМЖ  енгізу  үшін  шетелдерде  қозғаушы  ретінде   келесі   себептерді
жатқызуға болады:
      1   Тауарды  жеткізгенде   тапсырыс   беруші   сапа   жүйесі   бойынша
сертификаттың болуын талап етеді;
      2  Тапсырыс берушілердің көбі сертификат болмаған жағдайда шығарылатын
өнімнің  сапасының  тұрактылығын  тексеру  мақсатында   кәсіпорынға   кіріп,
жағдайын көруді талап етеді;
      3   СМЖ  енгізу   шығарылатын   өнімнің  бәсекелестікке   жарамдылығын
жоғарлауына  жағдай жасайды.
      СМЖ  енгізу  бойынша  жұмыстарды  жүргізу  қажеттілігіне   байланысты,
жүйелік келісім анықталады.
      СМЖ енгізу қажеттілігі әртүрлі болуы мүмкін:
      - өтініш берушінің талабы және келісім шарттағы талаптар;
      - нарықтағы мүмкіндіктерін кеңейту және халықаралық нарыққа шығу;
      - ең күшті болу мақсатында;
      - өндіріс және менеджмент мәдениетін жоғарлату;
      - сапа шығындарын азайту, қызметкерлер мотивациясы;
      - жарнама жасау және өз фирмасына имидж беру мақсатында;
      - мемлекеттік контракт алуда.
      ИСО  стандарттарының  жаңа  нұскасы   тұтынушылардың   талаптары   мен
сұранысына бағытталған. Бірақ тұтынушылардан басқа СМЖ енгізуге  қызығушылык
білдіруші ретінде кәсіпорын  қызметкерлері,  жеткізіп  беруші,  сыбайластар,
мемлекет, қоғам бола алады.
      Сапа менеджмент жүйесін енгізу 1987  жылдан  бастап  жүргізіледі.  Осы
аралық  ішінде  сапаны  басқару  бойынша  стандарттың  үш  нұсқасы   шыққан.

      1 кезең - СМЖ кұру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
      Оған кіреді:
      •     СМЖ туралы стандарттарын енгізу туралы шешім қабылдау;
      •    құжаттардың   толық   жинағын    дайындау     бойынша    жұмыстың
қандай    күштермен (консалтингтік фирмаларды таңдау) жүргізілуін анықтау;
      •    стандарттарды енгізу стратегиясын анықтау;
      •    СМЖ әзірлеу және енгізу бойынша басқарушы және жұмысшы органдарын
құру;
      •    ұйымңың басқарушы және жетекші мамандарды үйрету;
      •     сапа саласындағы саясат пен мақсаттарды қалыптастыру;
      Бұл этапта сапа жүйесін ИСО сериясы 9000 моделіне сәйкестендіріп  сапа
жүйесін дайындау, жетілдіру және енгізу туралы жарлық шығарылады. Егер  сапа
жүйесі жеке бөлімдер, процестер, өнім үшін жасалып шығарылса, онда бұлар  да
жарылықта көрсетілуі керек. Әзірлеуге жауапты тұлғалар тағайындалады -  сапа
жүйесі бойынша баскарманың өкілі. Тағайындалған тұлға өзіне сәйкес күшке  ие
болу қажет.
      Сапа жүйесін енгізу және дайындау бойынша жұмыстар координациясы үшін,
төрағадан, кәсіпорын жетекшісінен, кеңес мүшелерінен, сапа бойынша  басқарма
өкілінен, бөлімшелерінен және кеңес хатшысынан кұралған, сапа бойынша  кеңес
кұрылуын талап етіледі.
      Бұл  этапта  кұрылымдық  бөлімшелерде  сапаға  жауапты  -  дайындалған
мамандардың ішінен жұмысшы топ тандалып алынады.
      Мамандарды   даярлау.   Сапа    жүйесін    енгізген    кәсіпорындардың
тәжірибесінің  көрсетуі  бойынша  жүйені  енгізу   және   құжаттарды   жасау
жұмыстарын,  сапаға  көп  әсер  етпейтін,  бөлімшелерге  немесе   мамандарга
жүктейді - стандарттау қызметіне, техникалық бақылау бөліміне.
      Осы жұмыстарға барлық деңгейдегі басшыларды  және  кәсіпорынның  түгел
ұжымын іске қосу керек - олар идеяны түсіне білу қажет, қойылған  амалдардың
шешімін таба білу керек. Бірақ жұмысты бастамас бұрын,  мамандардың  жоғарғы
деңгейінен атқарушыға дейін осы жүйені оқып үйренуін жүргізу керек.
      Сонымен қатар мамандарды үйрету кезінде олар өздерінің міндеттері  мен
проблемаларын жақсы түсінеді, бөлімшелер арасындағы өзара  байланыс  артады.
Үйрету кезінде сапа  жүйесін  әзірлеуге  және  жасап  шығарумен  айналысатын
негізгі қызметкерлерге ерекше көңіл аударады.
      Сапа саласындагы саясатты анықтау -  жоғарғы  басшылықпен  белгіленген
және  кәсіпорын  стратегиясы  мен  оның  сапасына  негізделген  кәсіпорынның
мақсаттары      мен      міндеттерін      аныктау      болып       табылады.

      2кезен  -  СМЖ   жобалау.    Берілген   этапта   процестерді   анықтау
жүргізіледі; СМЖ негізгі қызмет түрлерін белгілеу; СМЖ  жоғарғы  басшылықтың
жұмыстары мен жауапкершіліктерін бөліп беру.
      Қызмет ету жуйелерін таңдау. Процестер олардың құжатталу  қажеттілігін
орындау мақсатында талдауға жіберіледі.
      Талдау кезінде мыналарды анықтауды қажет етеді:
      •    СМЖ   сұрақтарын,     сонымен     қатар    процестерді    анықтау
бойынша   сұрактарға мамандардың дайыңдык деңгейі;
      •    қолданылатын ресурстардың жағдайы және процестердің материалды  -
техникалық қамтамасыз етілуі,
      •    әрбір процестің кірісі мен шығысы;
      Талдау нәтижелерінің негізінде СМЖ  енгізу  бағдарламасы  дайындалады,
қызметкерлердің жауапкершілігі және аяқталу мерзімі анықталады.
      3  кезең - СМЖ құжаттандыру. Бүл этапта сапа жүйесін дайындау процесін
бекітеді. СМЖ кұжаттарының кұрамы мен құрылымы  анықталады,  СМЖ  құжаттарын
кодтау ережелерін анықтайды, СМЖ  құжаттарын  жасаудың  күнтізбелік  жоспары
әзірленеді, сапа жүйесін құжаттау бойынша жұмыстар  жүргізіледі,  құжаттарды
дайындауды бақылау және консультацияны ұйымдастыру жүргізіледі.
      4   кезең - СМЖ  енгізу.  Сапа  жүйесінің  құжаттары  күшіне  енгеннен
кейін, дайындап шығарылған жүйені өздігінен бағалайды. Ол  үшін  ішкі  аудит
жүргізіледі,  кұжаттар  талаптарын  қадағалауды  бақылау,   сапа   жүйесінің
нәтижелігін талдау, қажетті түзетулерді енгізу және СМЖ бойынша акт  толтыру
жүзеге асырылады.
      5  кезең - СМЖ сертификаттауға  дайындау.  СМЖ  сертификаттау  бойынша
органдарды таңдау, өтініш беру, сертификаттау туралы келісімді толтыру,  СМЖ
алдын-ала аудит жүргізу, СМЖ сертификаттау үшін ақырғы тексеруге дайындау.
      Сертификаттау - бұл  қандай  да  бір  объектінің  қойылган  талаптарға
сәйкестігін тексеру және бағалау процесі. СМЖ қойылатын  талаптар  ИСО  9001
халықаралық стандартының 1-8 бөлімдерінде беріледі.  Егер  де  сертификаттау
мемлекеттік стандартка сәйкес  жүргізілетін  болса,  онда  ҚР  СТ  ИСО  9001
қолданылады.
      Сертфикатталған  сапа  жүйесі  кәсіпорынның  сапалы   өнімді   тұракты
шығаруға қабілеттілігін сипаттайды, сонымен қатар фирманың ішкі және  сыртқы
нарықтағы бәсекелестік қабілетінің жоғарлауына әсер етеді.
      ИСО 9000 стандартына сәйкес сапа  жүйесін  сертификаттау  шет  елдерде
кеңінен дамыған, ал Қазақстанда ол 2000 жылдан бастап қана жүргізілуде.
      Қазақстан экономикасынның нарығын реформалау бойынша және оның әлемдік
экономикаға біртіндеп интеграциясының нәтижесінде,  халықаралық  стандарттқа
сәйкес  сапа  жүйесін  сертификаттау  көптеген  кәсіпорындар  үшін   қазіргі
уақытта маңызды болып табылады.  Ен  алғашкы  сапа  жүйесін  сертификаттаған
кәсіпорындар қатарына, ААҚ «Инком - мебель», ЖАҚ «Экорас», ААҚ «Айт  Отель»,
ШШС «Almaty Catering Service», және т.б.
      Сонымен қатар  кейбір  кәсіпорындар  ИСО  сериясы  9000  стандарттарын
енгізуге және  сапа  жүйесі  бойынша  сәйкестік  сертификатын  алуға  мәжбүр
болды,  өйткені  оны  шетелдік  сыбайластар  талап  етеді,  келісімге  отыру
қажеттілігінен және тендірге қатысу маңыздылығы болып отыр.
      Қазакстан нарығына өнім жеткізетін шетел  компаниялары  СМЖ  Қазакстан
Республикасының Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде тіркелген.
      Сапа жүйесін сертификаттау ерікті  сертификаттау  болып  табылады.  Ол
сертификаттаудың    мемлекеттік    жүйесіне    кіреді    және    мемлекеттік
стандарттармен  ҚР  СТ  3.15.1-98  «ҚР  МСЖ  Өндірісті  және  сапа   жүйесін
сертификаттау. Негізгі жагдайлар» және ҚР СТ  3.15.3-98  «ҚР  МСЖ  Өндірісті
және сапа жүйесін   сертификаттау.   Өндірісті   сертификаттауды  жүргізудің
тәртібі».
      Сапа жүйесін сертификаттау үшін қолданылатын нормативтік құжат ретінде
мемлекеттік стандарт ҚР ХС ИСО 9001 «Сапа менеджмент жүйесі. Талаптар».
      Сапа жүйесін сертификаттауды жүргізудің негізгі мақсаттарына жатады:
      •    сапа жүйесін және оның элементтерінің нормативтік кұжаттамалардың
бекітілген талабына сәйкестігін растау;
      •    өндірушінің өтініші мен берілген өнімді  (қызметті)  жоспарланған
сапамен контракта көрсетілген мерзімдерде және жоспарланған көлемде  тұракты
шығару мүмкіндіктерін растау;
      •    өнімді сертификаттау үшін қолайлы жағдайлар жасау;
      • тұтынушылардың өнімге (қызметке)  сенімділігін  арттыру,  дайындаушы
ұйымның басшылығын бекітілген талаптарға сай өнімді шығару  және  қамтамасыз
ету;
      Сапа  жүйесін   сертификаттаудың   негізгі   принциптеріне   мыналарды
жатқызуға болады:
      •    еріктілік;
      •    жүйеге кіруге дискриминацияны алып тастау;
      •    нәтижелердің объективтілігі және қайта қалпына келтіру;
      •    конфиденциалдығы;
      •    ақпараттылық;
      •    іске    қосылған     сапа     жүйесінің    қойылған    талаптарға
сәйкестігі    туралы     өтініш   берушінің   кұжатталған   дәлелдемелерінің
дұрыстығы.
      Өтініш  беруші  –  кәсіпорынның  СМЖ  сертификаттаудың   объектілеріне
тексеру және бағалау жатады:
      •    сапа саласындағы саясат;
      •    ұйымдық кұрылымы;
      •    процестер;
      •       кұжаттамалар;
      •       ресурстар;
      •       өнім сапасының деңгейі.
      СМЖ бағалау талдау негізінде жүзеге асады және  кәсіпорынмен  берілген
өнімді  өндіру  және  шығару  үшін  қажетті  және  жеткілікті   жағдайлардың
объективті   дәлелдемелері    арқылы    талдау    жүргізіледі,    техникалық
регламенттерде, нормативтік құжаттамаларда  және  тұтынушылар  мен  қойылған
келісімдердің  талаптарының  тұракты  орындалуын  қамтамасыз   етеді.   Өнім
(қызмет) сапасын тексеру және бағалау сапа туралы ақпараттық  материалдардың
негізінде жүзеге асады. Мұндай ақпарат көздеріне  өнімді  өндіру  процесінде
бақылау  туралы   мәліметтер,   мемлекеттік   қадағалауды   және   бақылауды
жүргізетін   ұйымдардан,   тұтынушылар   қоғамынан,    сауда    ұйымдарынан,
мемлекеттік басқару органдарынан және басқа ұйымдардан алынған  сапа  туралы
мәліметтер кіреді. Егер республикада  жұмыс  атқаратын  заңға  сәйкес  болса
өнімге  (қызметке)  нормативтік  және  занды  құжаттарда  берілген  міндетті
талаптар қойылады,  ал  СМЖ  сертификаттауда  кәсіпорыннын  осы  талаптардың
сақталуын қамтамасыз ету әрекетін тексереді.  Өндірісті  және  сапа  жүйесін
сертификаттауды арнайы стандарттау, метрология және  сертификаттау  органмен
аккредиттелген және берілген жұмыстарды жүргізуге құқығы бар өндірісті  және
сапа жүйесін сертификаттау бойынша орган іске асырады.  2003  жылдың  қаңтар
айынның  мәліметтері  бойынша  республикамызда  сапа  жүйесін  сертификаттау
бойынша аккредиттелген  алты  орган  жұмыс  істеуде.  Сертификаттау  бойынша
органның  қызметіне  кәсіпорында  сапа  жүйесін   сертификаттауды   жүргізу,
сәйкестік сертификатын толтыру және беру,  сертификатталған  сапа  жүйелерін
және өндірістерді инспекциялық бақылау және т.б. тексеру жұмыстары жатады.
      Сапа жүйесін сертификаттау сертификаттау бойынша орган мамандарымен  -
сарапшы -аудиторлармен жүргізілген бағалау (аудит) нәтижесі болып  табылады.
Аудиторлар арнайы үйретулерден өтіп,  Мемлекеттік  реестрде  сарапшы-аудитор
ретінде тіркелуі тиіс. ИСО 19011 стандарттың  талабына  сай  сапа  жүйесінің
аудиті  және  аудиторлардың  кұзыреттілігі  мен  бағалауы  жүргізіледі.  Бұл
стандарт сапа менеджмент жүйесін және  экологиялық  менеджменттің  тексеруді
жүргізу кезінде қолданылады, олардың талаптары қатаң болады,  сонымен  қатар
қолданушылардың  кең  аукымы  үшін  қолданылады,  мысалы,   денсаулық   және
қауіпсіздік  менеджментін,  қаржы  менеджментін,  аудиттің  баска   түрлерін
жүргізу кезінде және т.б.
      Сапа жүйесін  сертификаттауды  жүргізу  процесін  екі  кезеңге  бөлуге
болады:
      • сапа жүйесін бағалау және алдын-ала тексеру;
      • соңғы тексеру, бағалау және  кәсіпорынға  сапа  жүйесінің  сәйкестік
сертификатын беру.
      Сапа жүйесін  сертификаттау  бойынша  жұмыстар  мен  кезеңдер  төменгі
кестеде көрсетілген.
      [pic]
      [pic]
      Кәсіпорында сапа  жүйесін  сертификаттау  үшін  сертификаттау  бойынша
тіркелген органга өтініш береді. Өтінішпен қатар  сапа  жүйесіне  алдын  ала
бағалау жургізу үшін сауалнама (анкета)-сұрак қоса өткізіледі, сапа  бойынша
жалпы нұскаулық, өнім сапасы бойынша жалпы нұскаулык,  өнім  сапасы  бойынша
жалпы мәліметтер (рекламациялар,  брактан  болған  шығындар  туралы,  өнімді
сынау  туралы  және  т.б.  мәліметтер  беріледі).  Сертификаттау   органының
сұранысы бойынша кәсіпорын туралы басқа да мәліметтерді талап  етуі  мүмкін.
Осы кезенде сапа жүйесіне  сырттай  бағалау  жүргізіледі  -  бұл  алдын  ала
бағалау.  Осының  нәтижесінде  сарапшы  берілген  кәсіпорында  жұмысты  және
сертификаттауды жүргізудің мүмкіндігін анықтайды.
      Бірінші  кезеңнің  нәтижесі  бойынша  сертификаттау  жөніндегі   орган
қорытынды жасайды, мұнда  сапа  жүйесін  сертификаттау  бойынша  жұмыстардың
екінші кезеңге өтудін  мүмкіндігі  анықталады  және  кәсіпорынның  дайындығы
көрсетіледі  немесе  екінші  кезең  бойынша  жұмыстарды  жүргізудің   мүмкін
еместігін анықтайтын себептері көрсетіледі.
      Бірінші  кезең  бойынша  оң  нәтиже  болса,  онда   екінші   кезендегі
жұмыстарды жүргізудің уақыты анықталады.
      Екінші кезең, сапаны басқару туралы кәсіпорының әрекет  ету  жағдайына
ақырғы тексеру жүргізу болып табылады. Сапа  жүйесін  бағалау  және  тексеру
кәсіпорында қызмет атқаратын сапа жүйесінің элементтерінің  СМЖ  стандарттың
талабына сәйкестігі негізінде жүргізіледі. Тексеру сұрау арқылы,  құжаттарды
зерттеу   және   тексерілетін   ұйымды   бақылау   арқылы   жүзеге    асады.
Сәйкессіздікті  көрсететін  фактілер  хаттамада  және  бақылау  қағаздарында
бекітілуі керек.
      СМЖ  сертификаттау  арнайы  жоспарланған  сынақтарды,   өнімнің   сапа
көрсеткіштерін өлшеуді және талдауды  қарастырмайды.  Бірақ  өнім  сапасында
немесе жүргізілген сынақтың дұрыстығында  күмәндік  болса,  онда  сарапшылар
ұйымда жүргізілетін ұйымды сынауды бақылай алады.
      СМЖ сертификаттау кезінде өнімді сертификаттауға қажетті кәсіпорындағы
сынақтардың жеткіліктілігін тексереді, сонымен қатар дайындаушыдан да  сынақ
жүйесінің болуы  тексеріледі,  онда  бекітілген  талаптарга  сәйкес  келетін
өнімнің барлық сипаттамаларын бақылау жатады.
      Сапа жүйесінің элементтерін және процестерін бағалау үшін  біліктілігі
бар мамандар - басқа мамандандырылған  ұйымдардан  техникалық  сарапшылардың
келуі мүмкін.
      СМЖ тексеру нәтижесінде келесідей қорытындыларды шығаруға болады:
      •          жүйе берілген талаптарға толығымен сәйкес келді;
      •    жүйе  тұтас  алғанда  талаптарға  сай,  бірақ  стандарттан  біраз
ауытқушылық анықталған;
      •          жүйе берілген талаптарға сәйкес емес.
      Бірінші  жағдайда  сертификаттау  органы  кәсіпорынға  сапа   жүйесіне
сәйкестік сертификатын береді және оны алдымен стандарттау, метрология  және
сертификаттау  бойынша  уәкілетті  орган   сертификатталған   сапа   жүйесін
Мемлекеттік реестрге тіркейді.
      Егер  екінші  кезең  бойынша  жүргізілген   жұмыстарда   сертификаттау
органымен сапа жүйесінің стандарт талабына сәйкессіздік  анықталса  жәнс  ол
шамалы сәйкессіздік    болған жағдайда, кәсіпорынмен бірігіп  жүйеге  сәйкес
келмейтін жұмыстардың аяқталу мерзімдері  көрсетіліп  және  қайта  тексеруді
жүргізудің уакыты анықталады.
      Сертификатталған  сапа  жүйесі  (өндіріс)  мен  сертификатталған  өнім
арасында өзара байланыс болады.
      Егер өнімді  сертификаттауда  кұрылымдары  2,  3,  4,  10  ҚР  СТ  3.4
қолданылса,  онда  сапа  жүйесіне  немесе  өндірісте  сәйкестік  сертификаты
болғанда өндіріске талдау жасалмайды.
      Сапа жүйесі мен өндіріске сертификаттар кәсіпорынмен қолданылады. Егер
ол өнімді сертификаттауды ҚР СТ 3, 4, 5 және 6 кұрылым  бойынша  жүргізілген
жағдайда.
      Сертификатталған сапа жүйесіне инспекциялық бақылау  жоспарлы  (жылына
бір рет) және жоспарлы  емес  түрде  жүргізіледі.  Жоспарлы  емес  бақылауға
келесі себептер әсер етеді:
      • сертификаттау органына кәсіпорын өнімінің сапасына шағым түскенде;
      •  технологиялык процеске немесе өнім құрамына өзгерістер енгізгенде;
      •   ұйымдык кұрылымның немесе кәсіпорынның кадрлык құрамы өзгергенде.
      Инспекциялық бақылау жүргізіледі:
      1   сапа жүйесін күшінде ұстау фактілерін орнату;
      2   үздіксіз жақсарту туралы ережелерді және фактілерді орнату;
      3   сапа жүйесінің нәтижелігін бағалау;
      4   берілген стандартқа немесе сапа  жүйесінің  талаптарына  қызметтің
сәйкестігін анықтау.
      Кәсіпорынның сапа жүйесін қадағалауға жатады:
      •    кәсіпорынмен өзгерістер енгізілген сапа жүйесінің  құжаттамаларын
стандарт талабына сәйкестігін талдау және бағалау;
      •      кәсіпорын   жұмысының   стандартқа   және     сапа    жүйесінің
құжаттамаларындағы талаптар сәйкестігіне жүйелі тексерулер жүргізіп отыру;
      •     алдынғы  тексеруден  табылған  сәйкессіздіктер  бойынша   түзету
жұмыстарының нәтижелігін бағалау;
      •    тұтынушылар жағынан болған шағымдарды талдау;
      •    кәсіпорындағы сапа жүйесінің нәтижелігін бағалау;
      •    сапа жүйесінің берілген талаптарга сәйкестігі  туралы  кез-келген
ресми ақпарат көздерінен келіп түскен ақпаратты бағалау және талдау.
      Сәйкестік сертификатын  жою  немесе  тоқтата  тұру  туралы  мәліметтер
сертификатталған сапа жүйесінің Мемлекеттік реестрінде тіркеледі.
      Егер кәсіпорын СМЖ бақылау немесе тексеру нәтижесімен келіспесе,  онда
оны  қайтадан  қарастыруға   мүмкіндік   бар.   Апелляцияны   сапа   жүйесін
сертификаттау  бойынша  органына  береді,  егер  онымен  қабылданған   шешім
қанағаттандырмайтын болса апелляцияны Гостандартқа жібереді.
      Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  сертификаттау  жүйесінде  сапа
жүйесін сертификаттау үрдісі европалық  және  халықаралық  ережелермен  және
нормалармен сәйкестендірілген. Бұл Қазакстан  сертификатын  шетелдерде  тану
үшін және халыкаралық  жүйеге  қосылу  үшін  жасалған.  Сонымен  қатар  сапа
жүйесіндегі ұлттык сертификаттау жүйесінің халықаралық тәжірибеге  қарағанда
айырмашылығы бар, өйткені отандық жүйе  өндірісті  сертификаттаудан  тұрады.
Өндірістерді  сертификаттау   өндірістерді   аттестаттау   прототипі   болып
табылады. Ол ИСО  9001-1994  және  ИСО  9002-1994  халықаралық  стандартымен
бекітілген он негізгі элементтерден тұрады.  Берілген  стандарттардың  жұмыс
мерзімі 2003 жылдын 12 желтоқсанында  аяқталатын  болғандықтан  республикада
берілген үрдіс қайта қарастырылады.
      Отандык сапа жүйесінің сәйкестік сертификатын шет  елдерде  тану  үшін
Қазақстан  Республикасының  Госстандарты  сертификаттау   бойынша   шетелдік
органдарымен  келісім  шарт  бекіту  бойынша  жұмыстарды  жүргізеді   немесе
бірігіп сертификаттауды жүргізуді қарастыруда.
      Сапа   жүйесі   бойынша   Қазақстандық   сертификатын   тану   жолында
кедергілерді   жою   үшін,    тәжірибеде      біріккен       сертификаттауды
жүргізуді     қолданады.     Отандық      өнімдер      мен   кәсіпорындардың
бәсекелестік қабілетін арттыру үшін Алматы қаласындагы  ААҚ  «Сараптау  және
сертификаттаудың  ұлттык  орталығы»  сертификаттау  бойынша  ассоциациясымен
«Русский Регистр» біріккен сертификаттау жүргізу туралы келісім бекітілді.

                           № 11-12 дәріс (2 сағат)
                 Тақырыбы: Сапаға қатысты ұлттық мадақтаулар
                           және олардың белгіленуі


    Жаңа заман нарығы бәсекелестіктің шиеленісуімен және  өнім  мен  қызмет
көрсетудің сапасына деген талаптардың жоғарлауымен сипатталады.
    Қазіргі кезде  тұрақты  жетістерге  сапаны  басқару  тәжірибесін  жетік
меңгерген кәсіпорындар  ғана  жете  алады.  Осындай  тәжірибелерді  енгізуде
кәсіпорындарды  ынталандырудың  тиімді  әдісі   сапа   бойынша   мадақтаулар
тағайындау болып саналады.
    Сапа бойынша көптеген мадақтар бар. Олар екі категорияға бөлінеді.
    Бірінші  категорияға  «Берлин  алауы»,  «Бриллиантты  жұлдыз»,  «Европа
қақпасы»  жатады.  Бұл  мадақтаулар  тұтынушылардың  кәсіпорындарға   берген
бағасына,  яғни  олардан  алынған  сауалнама   немесе   сол   кәсіпорындарға
сарапшының берген бағасы бойынша тағайындалады. Мадақтаудың көпшілігі  Шығыс
және Батыс Европада кеңінен таралған  басқа  дамыған  елдерде  онша  дамыған
емес.
    Екінші категорияға «Идеалды» кәсіпорындарды үлгі ету аркылы бағаланатын
мадақтаулар жатады.
    Идеалды кәсіпорын  көрсеткіштері  кәсіпорынды  бағалауға  жағымды  және
жағымсыз  жақтарды  айкындауға  мүмкіндік  береді.  Сапа  бойынша   мадақтау
бірінші ұлттык мадақтау 1951 жылы Жапонияда (Деминг сыйлығы) тапсырылды.  Ол
кезде мадақтау  тек  сапаны  бақылайтын  статистикалық  әдістерді  қолданған
кәсіпорындарға тапсырылды. 1987 жылы АҚШ-та сапа бойынша  Болдридж  атындағы
ұлттық сыйлық тапсырылды. ¥лттык  мадақтаулар  белсенділігі  1993-1996  жылы
байқалды. 23 ұлттық мадақтаулар тапсырылған.
    Жапонияда Деминг  сыйлығы,  АҚШ-та  Болдридж  атындағы  ұлттық  сыйлык,
Европада - сапа бойынша Европалық сыйлық орын алады.
    Деминг сыйлығы. Демингтің дәрістер жинағы кітабының  авторлық  гонорары
Жапонияда  Деминг  атындағы  сыйлық  болып  тапсырылады.   Демингтің   алтын
алқалары  жекеленген  тұлгаларға  және  кәсіпорындарға  тапсырылды.   Деминг
сыйлығын тапсырушы комитет фирманын жағдайын 48  көрсеткіштен  құралатын  он
бағытқа топтастырылған:
    -    Сапа аймағындағы саясатты жүргізу;
    -    Кәсіпорынның қызметін ұйымдастыру және басқару;
    -    Сапа бойынша акпараттарды жинақтау, өндеу, тарату;
    -    Сапа аймағында біліктілікті және білімді жоғарлату;
    -    Сапа мәселелерін зерттеу және сараптау;
    -    Стандарттау;
    -    Сапаны бақылау;
    -    Сапаны қамтамасыз ету;
    -    Нәтижелер;
    -    Жоспарлары.
    Конкурсқа қатынасушыларды  арнайы  мамандандырылған  сарапшылар  жүзеге
асырылады.   Конкурсқа   қатысушылардың   бағасы   100   балдық    жүйесімен
жүргізіледі: Демингтің сыйлығын алу үшін 70 баллдан төмен жинамау керек.
    АҚШ-тағы сапа бойынша Болдридж атындағы  ұлттық  сыйлык  жыл  сайын  ең
үздік  үш  фирмаға  қараша  айының  екінші  бейсенбісінде   АҚШ   президенті
тапсырады, бұл күн бүкіл әлемдік сапа күні болып саналады.
    Конкурсқа қатысушылар 100 балдық жүйеленген 7 бағытка топтастырылған 32
көрсеткіш бойынша бағаланады.
    Бірінші нәтижелерді қамтамасыз ету (100 балдың 50% )
    -    Жетекші басшы рөлі (9%);
    -    Ақпарат және сараптама (7,5%);
    -    Стратегиялық жоспар (5,5%):
    -    Персоналдарды жұмылдырү (14%);
    -    Процестерді басқару (14%);
    -    Екінші нәтижелер (50%);
    -    Бизнес нәтижелері (25%);
    -    Тұтынушылар талабын қанағаттандыру (25%).
    Европалык сыйлық. 1992 жылдан бері сапамен басқару туралы Европалық қор
(ЕФУК) және сапа бойынша Европалық ұйым (ЕОК) сапа бойынша Европалық  сыйлық
әзірледі. Конкурсқа қатысушылар 1000 баллдық жүйе бойынша бағаланады.
    Бірінші нәтижелер (50%)
    Фирма басшысының рөлі (20%);
    -    Персоналдарды басқару (9%);
    -    Саясат және стратегия (8%);
    -    Қор және оны қолдану (9%). Екінші нәтижелер (50%)
    -    тұтынушының қанағаттануы (20%);
    -    фирма персоналдарының қадағалануы (9%);
    -    қоғамға әсері (6%);
    -    бизнес нәтижесі (15%)
    Осылайша  қарастырылатын  сыйлыктардың  өзінің  ерекшеліктері   болады.
Мысалы, Деминг сыйлығы статистикалык  мәдениет  және  стандарттауды  кеңінен
қолдануға негізделеді.
    Отандық  өнімнің  сапасын  және  бәсекелістік  қабілеттілігін   арттыру
мақсатында жүргізілетін жұмыстарды жандандыру үшін  өнімді  сертификаттаудан
сапаны баскару жүйесін сертификаттауға өту мақсатында 2001 ж  26  наурызында
№384  ҚР  Үкіметінің  «сапа  аймағындағы  байқау  туралы»  деген   жарлығына
байланысты  ҚР  Үкіметінің   «Сапа   аймағындағы   жетістіктер   үшін   және
«Қазақстанның ең жақсы тауарлары» сыйлықтарына байқау жарияланады.
    ҚР  Үкіметінің  «Сапа  аймағындағы  жетістіктер  үшін  деген   сыйлығы»
байкауының және моделінің шарттары сапа бойынша  Европалық  сыйлық  моделіне
негізделген осылайша Қазақстандық ұйымда өз қызметтеріне өздік  баға  беруге
әлсіз және күшті жақтарын анықтауға, басқа ұйымдарға  қарағанда  сапаға  қол
жеткізудің қай сатысында тұрғандықтан анықтауға мүмкіндіктері бар.
    Конкурсқа   65   баллдан   төмен   жинамағандар   босатылады.   Конкурс
материалдарын сарапшы топтар сараптайды. Олардың негізгі  мақсаты  конкурсқа
қатысушылардың ұсынған материалдарында өздік баға беру  тиімділігін  тексеру
болып саналады. Сапаның арттыру мәселелігі белсенділікті жоғарлатуға  ҚР-нда
жүргізілетін аймақтық  конкурстар  үлгі  бола  алады.  Мысалы,  1999  жылдан
бастап  «Сараптау,  сертификаттау»  ұлттық  орталығы   ААҚ   Алматы   қаласы
филиалының  және  Алматы  облысы   қалалық   және   облыстық   әкімшілігінің
бастауымен «өндірісті және өнім сапасын ең жақсы  ұйымдастырылуы  үшін»  деп
аталатын конкурс өткізіліп жатыр.

                            № 13 дәріс (1 сағат)
                      Тақырыбы: Сапа менеджмент жүйесін
                          жақсарту бойынша ұсыныстар

      Сапаны ұдайы жақсартуға Деминг циклын  қолдану  арқылы  қол  жеткізуге
болады. Деминг циклы РDCA аббревиатурасымен белгілі. Бұл циклда  жұмыстың  4
кезеңі орындалады:
     - жоспарлау (Рlan - Р);
     - орындау (Do - D);
     - тексеру (Сһеск - С);
     - түзету (жақсарту) (Асtіоn - А).
    Бұл  цикл  бойынша  жұмыстар  жоспарланган  нәтижеге   жеткенге   дейін
қайталанып орындала береді.
      Алдымен (I-кезең) нақты мақсат  және  оған  жету  шараларының  жоспары
әзірленеді.  II-кезенде  жоспарланған  шараларды  орындаймыз.  III-  кезенде
алынған  нәтижелерді  жоспарланғандармен   салыстырамыз.   Бұл   жерде   іс-
әрекеттеріміздің  дұрыстығы  және  олардың  тиімділігі  айқындалады   ІҮ   -
кезеңде, егер жүргізілген іс-шараларымызда қателіктер болса,  онда  түзетуші
әрекеттер  жасаймыз:  бәрі  де  дұрыс  шыққан  жағдайда   алынған   нәтижені
құжаттарға енгізіп тіркеп қоямыз.
      Бизнес-процесті жетілдірудің кең тараған әдісі болып В.  Шухарт  -  Э.
Деминг циклын: «Рlan - Do - Сһеск -  Асtіоn»  (РDCA)  -  «Жоспарлау-Орындау-
Тексеру-Түзету  (жақсарту)»  циклын  қолдану  болып  табылады.  Цикл  төртке
бөлінген шеңбер түрінде көрсетіледі.
                                    [pic]
      Сағат тілі бойынша  әр  сегмент  төмендегі  төрт  әрекеттің  біреуімен
белгіленеді:
      Рlan - жоспарлау - нені істеу керек, қалай істеу керек  және  ол  үшін
нелер қажет; Do - орындау - жоспарланғандарды жүзеге асыру (жасау)  Сһеск  -
тексеру  –  нәтижелер  жоспарға  қалай  сәйкес  келеді?  Асtіоn   -   түзету
(жақсарту) - келесі жолы  қалай  жақсартуға  болады?  Демингтің  аксиомалары
және принциптері. Қазіргі  күнгі  сапаны  басқарудың  негізі ретінде   1950-
жылы  Э.  Деминг ұсынған  сапа менеджментінің   бағдарламасы    қолданылады.
  Бағдарлама   төмендегі   3   негізгі   жағдайларга  аксималарға  сүйенеді.

1  Кез келген эрекет технологиялық үрдіс ретінде  қарастырылуы  мүмкін  жэне
оны жақсартуға болады;
2  Өндіріс тұрақты немесе  тұраксыз  жағдайдағы  жүйе  ретінде  қарастырылуы
мүмкін. Бұл жерде өндірісті статистикалық талдаудың  маңызы  өте  зор  болып
табылады.
3 Өндірістік  үрдісті  жеке  қызметкерлердің  кез-келген  уақытта  жасалатын
шаралары  емес,  тек  жүйелі  түрде  басшылармен  жүргізілетін  іс-әрекеттер
өзгерте немесе жақсарта алады.
      Деминггың сапа менеджментінің принциптері:
1 Өнімнің және қызмет көрсетудің сапасын ұдайы жетілдіруге ұмтылу -  тұракты
мақсат болу керек;
2    Сапаның  жаңа  философиясын  қабылдау,  өнім  және   қызмет   көрсетуді
басқарудың мазмұнын өзгерту;
3  Жалпы  бақылаудың  сапаға  жетудің  тәсілі  ретінде   қажеттілігін   жою.
Орындаушылардан және тұтынушылардан өнім  жоғары  сапалы  болуын  статистика
арқылы дәлелденуін талап ету;
4 Бағасы төмен болғандыктан ғана келісім шартқа отыруды (контракт  жасасуды)
тоқтату;
5 Сапаны жоғарылату және  шығындарды  азайту  үшін  өндірісті  жобалау  және
қызмет көрсету жүйесін жетілдіру;
6 Кадрлерді жұмыс орнында даярлау жүйесін кұру. Қазіргі замангы  окыту  және
қайта оқыту әдістерін енгізу.  Бұл  оқытудың  маңызды  бөлігі  технологиялык
үрдісті статистикалық реттеу әдістері болып табылады;
7  Тиімділігі жоғары басқалу жүйесін үнемі ұстап отыру;
8  Қоркынышты атмосфера болдырмау;
9  Бөлімдердің өз бетімен дамуына жол бермеу;
10  Ақауларга  жол  бермеуге  және  өнімділік  деңгейін  көтеруге  шақыратын
ұрандарды қолданбау;
11   Жұмысшылар   үшін   сандық   нормалардың,   әкімшілік    үшін    сандық
көрсеткіштердің қойылуына жол бермеу;
12  Кәсіпорында істеушілерге өз жұмысын  мақтан  етуге  мүмкіндік  бермейтін
барлық кедергілерді жою;
13   Оқу (білім алу) және өзіндік жетілуді қолдау;
14 Ең жоғарғы деңгейдегі басшылардың сапаны  арттыру  жөніндегі  міндеттерін
анық тағайындау.
      Аталған  3  аксиома  және  14  принциптерден  басқа   Демингтің   сапа
менеджменті бағдарламасына төмендегі тараулар кіреді: «Жеті өлімге  (қазаға)
апаратын  аурулар»,  «Демингтің  тізбектік   реакциясы»,   «Ұдайы   жақсарту
принциптері».
      «Жеті  өлімге  (қазаға)  апаратын  аурулар»   (американ   әкімшілігіне
қатысты):
1    Іскерлік қасиеттерін жыл аяғында бағалау;
2    Ең жоғарғы деңгейдегі басшыларды орнынан жиі ауыстыру;
3    Фирманың тек сандық көрсеткіштерге ғана бағытталуы;
4    Мақсаттардың тұракты болмауы;
5    Тез уақытта алынатын пайдаға ұмтылу;
6    Әлеуметтік шығындардың өте жоғары деңгейде болуы;
7   Өнім қайтып келгендіктен болатын шығындардың өте жоғары деңгейде  болуы.



                            № 14 дәріс  (1 сағат)
              Тақырыбы: Сапа жүйесін бағалау және сертификаттау
                        бойынша нүктелер мен ұйымдар

      90-шы жылдардың ортасында Европалық елдерде өнімнің  сапасы  саласында
жаңа саясат қабылданған болатын. Ол  «Европалык  коғамның  сапа  саласындағы
саясат элементтері» құжатында беріледі. Оған сілтеме ретінде  ортак  нарыкты
қалыптастыру, бағалы емес бәсекенің, сонымен қатар сапа  саласында  жапондык
және америкалық тауарларға қатысты өсуі болып табылады.
      Сапа бойынша Европалық саясат жалпы Европалық  экономика  кұру  жолына
негізделеді және «сапаның жаңа мәдениеті» даму  жағдайларын  қамтамасыз  ету
болып танылған. Ол экономикалык сыбайластыкка  қызығушылыгын  ескеру  арқылы
тұтынушыға және ортак  нарыққа  тек  жоғары  сапалы  тауарлардың  айналымына
бағытталған.
      ЕС жалпы экономикалык саясаттың кұраушысы ретінде сапа  туралы  саясат
мақсатына жатады:
•     сапа  саласындагы  жалпы  мақсаттарға  жету  үшін  ұлттық  және  ортақ
нарықтың сапасына талаптардың үйлесімділігі;
•    сапаны тұрақты жақсарту үшін жағдайлар жасау;
•    мемлекеттік және жеке кәсіпорындардың  сапасына  талаптардың  жақындауы
нәтижесінде сапаны жоғарлату;
•    тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру үшін сапага сәйкес  ұйымдардың
әсерін күшейтуге арналған әлемдік тенденцияларға сай  өндірістік  кұрылымның
өзгерістері;
•    Европалық экономиканы күшейту үшін және  ЕС  елдерінің  кәсіпорындарына
арналған сапаны басқарудың  әртүрлі  әдістерінің  жеткіліктігі  арқылы  оның
бәсекеге жарамдылығын арттыру;
•    кәсіпорынның  ғылыми-техникалық  дамуын  және  инновациялық  қызметтің,
өндірістік потенциалдық қолданылуын жақсарту.
      Сапа саясатын құру арқылы ЕС - органдардың, өндірістік компаниялар мен
тұтынушылардың сапаны арттыру мақсатында рөльдерін анықтайды. Сапа  саясатын
жүзеге асыру мақсатында сапа жөніндегі Европалық бағдарлама құрылды  (ЕQР  -
Еurореаn Quality Program).
      Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты -  тауарлар  мен  қызметтер  сапасын
жақсарту   нәтижесінде   бәсекеге   қабілетін   арттыруга   және   өндірісті
ұйымдастыруды жетілдіруге бағытталған ЕС-тің экономикасын біріктіру.
      Бағдарламаны іске асыра отырып, ЕС тауар мен қызметті әлемдік  нарықта
күшейтуге тырысады. Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша  қызмет  сапа  жүйесін
сертификаттау болып табылады.


                            № 15 дәріс  (1 сағат)
             Тақырыбы: Сапаны басқарудың халықаралық тәжірибесі

      1920-50 жылдары жалпы менеджмент және сапа менеджментін негізін Тейлор
жүйесі құраған болатын. Бұл жүйе 1905-  жылдан  белгілі  болатын.  Бұл  жүйе
бойынша жеткізуші және тұтынушы арасындағы қатынастар  алғашқы  рет  формаға
келтірілген  және  арнаулы  құжаттармен  бекітілген  талаптар  -  техникалық
шарттар негізінде кұрылган. Техникалық шарт талаптарының  орындалуы  кірісте
(шикізат  және  т.б.  кіруі  кезінде)  және  шығыста  (дайын  өнімді  шығару
кезінде)         бақылау         жүргізу         арқылы         тексерілген.

      Тейлор жүйесінің ерекшелігі - соңғы өнімнің  сапасы  бақыланатындықта.
Жүйе  бойынша   сапаның   жоғарғы   және   төменгі   шегі,   рұқсат   ауқымы
қарастырылған,  шаблон  және  калибр  сияқты  рұқсат  етілген  жоғарғы  және
төменгі  шегіне   қойылған   өлшем   кұралдары   енгізілген,   ақаулы   өнім
шығарғандарга айып салу және оларды жұмыстан  шығару  жүйесі  қарастырылған,
сондай-ақ  сапа  жөніндегі   тәуелсіз   инспектор   қызметінің   қажеттілігі
негізделген болатын.
      Кадрларды даярлау кәсібі окытуға және  өлшегіш,  бақылау  жабдықтармен
жұмыс істеуді үйретуге бағытталған болатын.
      Тейлор   жүйесінің   (принципінің) кемшілігі   -   сапаны   баскарудың
  тек   қана   бақылау   функциясына  бағытталғаны  болып  табылады.  Бұндай
тәсіл  бойынша  ақаулар  өндірістік  тізбектің  ең  соңынан  табылады   және
жарамсыз деп танылған өнімдер бөлініп алынады.
      Осы кезеңде (1920-50 жж.) бақылаудың  статистикалык  әдістері  зерттеп
дайындалды:  У.  Шухарттың  бақылау  карталары  және  статистикалык  бакылау
кестелері  дүниеге  келді.  Бұлар  кейіннен  сынамалык  бақылау  әдістерінің
негізіне қойылды.  Бұл  кезде  американ  ғалымдары  Э.  Деминг,  Дж.  Джуран
өндіріске статистикалық үрдісті белсенді насихаттаған болатын. Бұл  ғалымдар
ең алғашкы болып сапаны қамтамасыз етудің ұйымдык жағына көңіл аударған,  ең
жоғарғы басшылардың сапа мәселелерін шешудегі рөлін көрсете білген.
      1917-  жылы  американ  ғалымы  А.  Фейгенбаум  сапаны  жаппай  басқару
концепциясын  -  ТQС  (Тоtаl  Quality  Соntrol)  концепциясын  ұсынды.   Бұл
концепция  бойынша  өнімнің  сапасына   жауаптылық   сапа   қызметіне   ғана
жүктелмейді, кәсіпорынның бүкіл басшылығы оған жауапты болып табылады.
      ТQС жүйесінде персоналды окытуға,  жұмыстың  сапасы  үшін  материалдық
стимулдар беруге, жұмыскердің және  онын  отбасының  болашағын  ойластыруға,
фирманың беделін көтеруге аса көңіл аударылған.
      Сонымен,   сапа   аясындағы   американ   тәжірибесінің   ерекшеліктері
мыналарда:
      -  шығарылған  өнімнің  сапасы  математикалық   статистика   әдістерін
пайдалану арқылы қатаң бақылау;
      - өндірісті  көлемдік  және  сапалық  көрсеткіштер  бойынша  жоспарлау
процесіне  көңіл  аудару,  жоспарлардың   орындалуын   әкімшілік   тарапынан
бақылау;
      - жалпы фирманы басқаруды жетілдіру.
      70-жылдары  Жапония  экономикасының  персоналды  және  сапаны  басқару
принципымен және практикасымен байланысты. II  Дүниежүзілік  соғыстан  кейін
Жапония толық қиратылған (бұзылған) болатын.  Өнеркәсіпті  қайта  кұру  ғана
емес, артта калған техника және технологияны  жою,  өнімнің  сапасын  көтеру
қажет  болатын.  Бұл  мәселелерді  шешуде  жапондықтар  Батыста  (Америкада)
қолданылатын сапаны  бақылау жүйесін  қолданбай,   сапаны  ұдайы  жақсартуға
бағытталған жүйені қалыптастырып, сол жүйені қолдана бастады.
      Сапаны басқару  жөніндегі  Жапон  тәсілдемесінің  айрықша  элементтері
мыналар болып табылады:
      1)     барлык   өндірістік   бөлімшелерде   процестерді   және   еңбек
  нәтижесін   ұдайы жетілдіруге көңіл аудару;
      2)     өнімнің сапасын баскаруға емес, процестердің сапасын  басқаруға
көңіл аудару;
      3)   ақаулардың болуына  жол  бермеуге,  жарамсыз  өнім  шығуы  мүмкін
болмайтын жағдайларды туғызуға көңіл аудару;
      4)   орын   алған   мәселелерді   өндірістің    соңғы    операциясынан
бастап   алдыңғы операциялар бағытында мұқият зерттеу және талдау;
      5)    «сенің  тұтынушың  -  келесі  өндірістік  операцияны  орындаушы»
принцибын енгізу және қолдану;
      6)    еңбек    нәтижесінің     сапасына    жауапкершілікті     негізгі
орындаушыға  толығынан жүктеу;
      7)   адам  факторын  толык  қолдану;  жұмысшылар  мен  қызметкерлердің
шығармашылық потенциалын өркендету.
      Жапония  кәсіпорындарында  сапаны  басқару  жүйесі  төмендегі  3   бас
постулаттардың негізінде кұралады:
      1)      өнімді  жоспарлау  және  шығарудың  ең  жаксы  технологиясының
өзіндік кемшіліктері болады, яғни оны «жақсартуға» болады;
      2)       әр     кәсіпорында     біліктілігі     жоғары     инженерлік-
технологиялық   қызметкерлердің дефициты болады (жеткіліксіз болады);
      3)     операцияларды дәл орындамусыз  (орындамауынша)  жақсы  нәтижеге
қол жеткізу мүмкін емес.
      Сапа жүйесін әзірлеу кезінде  Жапонияда  «бес  ноль»  атты  бағдарлама
қолданылады. Бұл бағдарлама мына ережелерден кұралады:
      1)     ақаулар пайда болатындай жағдайлар тудырма;
      2)     келесі кезеңге ақаулы өнімді жіберме;
      3)     алдыңғы кезеңнен ақаулы өнімді қабылдама;
      4)     технологиялық режимдерді өзгертпе;
      5)     қателерді қайталама.
      Егер Жапония және АҚШ-та сапаны жоғарылату бағдарламасы көп  жыл  бойы
іске асырылатын болса, сапа мәселелері бойынша белсенді  саясат  жүргізілсе,
көп жылдарға  бағытталған  сапаны  жоспарлау  жұмыстары  атқарылатын  болса,
Еуропада негізінен, сапаны басқару сапаны бағалау күйінде қалып койды.
      Тек 80-жылдардан  бастап  Еуропада  ИСО  9000  сериялы  стандарттардың
негізінде сапа  жүйелері  енгізіле  бастады.  90-жылдары  ЕN  29000  сериялы
бірыңғай стандарттар (еуронормалар) іске енгізілді. Бұл сериялы  стандарттар
сапа жүйелерін сертификаттауды регламенттейді.
      Сапа  жөніндегі  мәселелерді  шешу  жөніндегі  Еуропалық  тәсілдеменің
айрықша ерекшеліктері:
      - барлық жұмыстарды сапаны бағалау және  растаумен  байланысты  зандар
негізінде жүргізу;
      - ұлттық стандарттар,   ережелер   және  стандарттау  процедураларының
талаптарын үйлестіру;
      - өнімді    және    сапа    жүйелерін    сертификаттау,  зертханаларды
аккредиттеу,   сапа жөніндегі   мамандарды   тіркеу және  т.б.    жұмыстарға
 уәкілеттелген  (өңірлік) инфраструктура және ұлттык ұйымдарды кұру.
      Батыс (АҚШ және Еуропа) және шығыс (Жапония)  елдерінің  сапаға  деген
тәсілдемелері 1 -кестеде саластырылган.
      [pic]


      Бұрынғы Кеңес Одағында сапа мәселелерін шешуге жүйелік  тәсілдеме  50-
жылдары  енгізіле  бастады.  Бұл  кезде  Саратов  кәсіпорындарында    өнімді
ақаусыз  шығару  және  оны  техникалық  бақылау    бөліміне    және    сатып
алушыға     бірінші     ұсынғаннан      тапсыру      жүйесі         (система
бездефектного изготовления и  продукции  -  БИП)  кеңінен  тараған  болатын.
Бұдан басқа, мынадай сапаны басқару жүйелері енгізілді:
      - бірінші өнімнен бастап сапа, сенімділік және ресурс жүйесі  (система
качества, надежности  ресурсов  с  первых  изделий  -  КАНАРСПИ)  -  Горький
қаласы;
      - ақаусыз еңбек жүйесі (система бездефектного труда - СБТ) - Львов;
      - моторесурстарды жоғарылату жөніндегі жұмыстарды  ғылыми  ұйымдастыру
жүйесі (система научной  организации  работ  по  увеличению  моторесурсов  -
НОРМ) - Ярославль.
      Жинакталған   тәжірибені   қорыту   нәтижесінде    70-жылдары    Львов
кәсіпорындарында өнім  сапасын     басқарудың     кешенді     жүйесі     (КС
УКП)      енгізілді,     содан       соң       Краснодар    кәсіпорындарында
өндірістің   тиімділігін   жоғарылытудың   кешенді    жүйесі    (комплексная
система повышения эффективности производства - КС ПЭП) енгізілді.
      Осы екі жүйені  әзірлеу  негізінде  (КС  УКП,  КС  ПЭП)  алғашкы  рет,
кейіннен  сапаны  баскару  жүйесінің   негізі   болып   табылған   кәсіпорын
стандарттары қолданылған.
      КС   УКП   негізіне   қойылған    принциптер    соңынан    ИСО    9000
сериялы   Халықаралық стандарттарда қолданылған болатын. Бұл принциптер:
      - басқаруды өнімнің өмірлік циклының барлық кезеңдерінде жүргізу  және
соңгы нәтижеге көңіл аудару;
      - басшылықтың алдыңғы рөлі;
      - фактілерге негізделген шешімдерді  қабылдау  және  сапаны  басқаруға
қызметкерлерді тарту.

2 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР
                    № 1-2 тәжірибелік сабақтар (2 сағат)
Тақырыбы:  ИСО  9000  «Сапа   менеджменті  жүйесі.  Негізгі  ережелер   және
сөздік». Өнім  сапасын жақсартуды және сапаны  басқаруды  қамтамасыз  етудің
негізгі терминдерінің мазмұнын ашу.
Сабақтың мақсаты:
ИСО 9000:2000 Сапа  менеджментінің жүйесін меңгеру.
 Тапсырма:
1. Халықаралық стандарт ИСО 9000:2000 «Сөздік» мазмұнымен танысу.
2.  ИСО  9000:2000   Сапа    менеджментінің   жүйесі.   Терминдер,   олардың
анықтамаларымен танысу.
3. Өнім  сапасын жақсартуды және сапаны басқаруды қамтамасыз етудің  негізгі
терминдерінің мазмұнын ашу.
Бақылау сұрақтары:
1. ИСО 9000:2000 «Сөздік» мазмұнын конспектілеу?
2. Терминдер мен анықтамаларды жаттау?

                    № 3-4 тәжірибелік сабақтар (2 сағат)
Тақырыбы:   ИСО  9000  «Сапа   менеджменті  жүйесі.  Негізгі  ережелер  және
сөздік». Сапаға қатысты терминдердің мазмұнын  ашу.
Сабақтың мақсаты:
ИСО 9000:2000 Сапа  менеджментінің жүйесін меңгеру.
Тапсырма:
1. Сапаға қатысты терминдерді дәптерге жазып олардың мазмұнымен  танысу.
Бақылау сұрақтары:
1.Сапаны қамтамасыз етудің даму кезеңдері?
2.Сапа менеджменті жүйесін құрудың негізгі принциптері?

                    № 5-6 тәжірибелік сабақтар (2 сағат)
Тақырыбы:  ИСО  9000  «Сапа   менеджменті  жүйесі.  Негізгі  ережелер   және
сөздік». Менеджментке қатысты терминдердің мазмұнын ашу
Сабақтың мақсаты: ИСО 9000:2000 Сапа  менеджментінің жүйесін меңгеру.
Тапсырма:
1.Менеджментке қатысты терминдерді жазу, мазмұны мен танысу.
Бақылау сұрақтары:
1.Сапа менеджмент жүйесінің қазіргі заманғы концепциялары ?

                    № 7-8 тәжірибелік сабақтар (2 сағат)
Тақырыбы:  ИСО  9000  «Сапа   менеджменті  жүйесі.  Негізгі  ережелер   және
сөздік». Ұйымға  қатысты терминдерді терминдердің мазмұнын ашу
Сабақтың мақсаты:
ИСО 9000:2000 Сапа  менеджментінің жүйесін меңгеру.
Тапсырма:
1.Ұйымға  қатысты терминдерді жазу,мазмұнын ашу.
Бақылау сұрақтары:
1.Ұйымға қатысты терминдерге мысалдар келтіру?

                    № 9-10 тәжірибелік сабақтар (2 сағат)
Тақырыбы: ИСО  9001:2000  «Сапа  менеджменті  жүйесі.  Талаптар»  мазмұнымен
танысу.
Сабақтың мақсаты:  ИСО 9001:2000 «Сапа  менеджменті жүйесі.  Талаптар»  оқып
меңгеру.
Тапсырма:
1. ИСО 9001:2000 «Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» мазмұнымен танысу.
2. Дәптерге конспектілеу.
Бақылау сұрақтары:
1.Сапа менеджмент жүйесіне қойылатын талаптар ?

                   № 11-12 тәжірибелік сабақтар (2 сағат)
Тақырыбы: ИСО 9004:2000 «Сапа менеджменті жүйесі. Қызметті  жақсарту  жүйесі
жөніндегі ұсыныстар» стандартының мазмұнымен танысу
Сабақтың  мақсаты:  ИСО  9004:2000  «Сапа  менеджментінің  жүйесі.  Қызметті
жақсарту жүйесі жөніндегі ұсыныстар» оқып меңгеру, мазмұнын талқылау.
Тапсырма:
1.ИСО  9004:2000  «Сапа  менеджментінің  жүйесі.  Қызметті  жақсарту  жүйесі
жөнінен ұсыныстар» мазмұнымен танысу.
2. Дәптерге конспектілеу.
Бақылау сұрақтары:
1.Сапа менеджмент жүйесін құжаттандыру?

                   № 13-14 тәжірибелік сабақтар (2 сағат)
Тақырыбы: ИСО 19011:2000 «Сапа менеджменті жүйесіне және/немесе  экологиялық
менеджментіне  аудит  жүргізу  бойынша  басқарушы  нұсқаулар»   стандартының
мазмұнымен танысу

Сабақтың мақсаты: ИСО 19011:2000 «Сапа менеджментінің  жүйесіне  және/немесе
экологиялық  менеджментіне  аудит  жүргізу  бойынша   басқарушы   нұсқаулар»
мазмұнымен танысу, игеру.
Тапсырма :
1.Оқытушының нұсқауы бойынша берілген стандарттармен жұмыс жасау.
2. Қысқаша конспектілеу.
Бақылау сұрақтары:
1.ИСО 19011:2000 стандартын оқу.

                   № 15-16 тәжірибелік сабақтар (2 сағат)
Тақырыбы:  Сапа  менеджмент  жүйесінің  негізгі   принциптері.   1   принцип
–тұтынушыға бейімделу.
Сабақтың  мақсаты:  Сапа  менеджмент  жүйесінің  негізгі  принциптерін  оқып
меңгеру.
Тапсырма:
1-принцип бойынша мысал келтіру,талқылау.
Бақылау сұрақтары:
1.Тұтынушыға бейімделудің маңызы?

                   № 17-18 тәжірибелік сабақтар (2 сағат)
Тақырыбы: Сапа менеджмент жүйесінің негізгі принциптері.2 принцип  –басшылық
жетекшілігі.
Сабақтың  мақсаты:  Сапа  менеджмент  жүйесінің  негізгі  принциптерін  оқып
меңгеру.
Тапсырма:
2-принцип бойынша мысал келтіру,талқылау.
Бақылау сұрақтары:
1.Басшылық жетекшілігінің маңызы?

                   № 19-20 тәжірибелік сабақтар (2 сағат)
Тақырыбы:  Сапа   менеджмент   жүйесінің   негізгі   принциптері.3   принцип
–қызметкерлерді қызықтыру.
Сабақтың  мақсаты:  Сапа  менеджмент  жүйесінің  негізгі  принциптерін  оқып
меңгеру.
Тапсырма:
3-принцип бойынша мысал келтіру, талқылау.
Бақылау сұрақтары:
1.Қызметкерлерді қызықтырудың әрекеттері?

                   № 21-22 тәжірибелік сабақтар (2 сағат)
Тақырыбы: Сапа менеджмент жүйесінің негізгі принциптері.4 принцип  –үрдістік
келісім.
Сабақтың  мақсаты:  Сапа  менеджмент  жүйесінің  негізгі  принциптерін  оқып
меңгеру.
Тапсырма:
4-принцип бойынша мысал келтіру,талқылау.
Бақылау сұрақтары:
1.Үрдістік келісім шарттары?

                   № 23-24 тәжірибелік сабақтар (2 сағат)
Тақырыбы:  Сапа   менеджмент   жүйесінің   негізгі   принциптері.5   принцип
–менеджментке жүйелік келісім.
Сабақтың  мақсаты:  Сапа  менеджмент  жүйесінің  негізгі  принциптерін  оқып
меңгеру.
Тапсырма:
5-принцип бойынша мысал келтіру,талқылау.
Бақылау сұрақтары:
1.Менеджментке жүйелік келісімдерді қарастыру?

                   № 25-26 тәжірибелік сабақтар (2 сағат)
Тақырыбы: Сапа менеджмент жүйесінің  негізгі  принциптері.6  принцип  –ұдайы
жақсарту.
Сабақтың  мақсаты:  Сапа  менеджмент  жүйесінің  негізгі  принциптерін  оқып
меңгеру.
Тапсырма:
6-принцип бойынша мысал келтіру,талқылау.
Бақылау сұрақтары:
1.Ұдайы жақсарту жұмыстарын атаңыз?

                   № 27-28 тәжірибелік сабақтар (2 сағат)
Тақырыбы:  Сапа   менеджмент   жүйесінің   негізгі   принциптері.7   принцип
–фактілерге негізделген шешімдерді қабылдау.
Сабақтың  мақсаты:  Сапа  менеджмент  жүйесінің  негізгі  принциптерін  оқып
меңгеру.
Тапсырма:
7-принцип бойынша мысал келтіру,талқылау.
Бақылау сұрақтары:
1. Фактілерге негізделген шешімдерді қабылдау жұмыстары?

                   № 29-30 тәжірибелік сабақтар (2 сағат)
Тақырыбы:  Сапа   менеджмент   жүйесінің   негізгі   принциптері.8   принцип
–жеткізушілермен өзара тиімді қатынастар.
Сабақтың  мақсаты:  Сапа  менеджмент  жүйесінің  негізгі  принциптерін  оқып
меңгеру.

Тапсырма:
8-принцип бойынша мысал келтіру,талқылау.
Бақылау сұрақтары:
1. Сапа менеджменті жүйесін жақсарту бойынша ұсыныстар?
Қолданылатын әдебиеттер:
1. ИСО 9000:2000 Сапа  менеджментінің жүйесі. Негізгі ережелер және сөздік.
2. ИСО 9001:2000 «Сапа менеджментінің жүйесі. Талаптар.»
3. ИСО 9004:2000  «Сапа  менеджментінің  жүйесі.  Қызметті  жақсарту  жүйесі
жөнінен ұсыныстар.»
4.   Крылова   Г.Д.   Основы    метрологии,стандартизации    и    управление
качеством.Учебное  пособие  для  вузов  под  редакцией  акад.Н.С.Соломенко.-
М.Мзд.Стандартов.
5.Шепелев  С.Н.Системы  качества   и   конкурентоспособность   продукции.М.:
РИЦ.Татьянин день,1993.

    3 КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
    Курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері.
    «Сапа  менеджмент  жүйесі»  пәні  қажет  сапаға  жету  үшін  әpi  қарай
басқарумен, өнімнің, жұмыстар мен кызметтердің сапа деңгейін сандық  анықтау
бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру,  теориялық  базаны  жасау  және
студенттерді сапаны жуйелі басқару принциптерімен  таныстыруды  мақсат  етіп
қояды.
    Пәннің мақсаты келесідей: студенттерге квалиметрияның негізгі  әдістері
туралы, квалиметриялық бағалау  алгоритмі  туралы,  квалиметриялық  шкалалар
туралы,    квалиметрияның    технологияларының    негізі    туралы,     сапа
көрсеткіштерінің сандық  мәнін  анықтау  әдістері  туралы,  әр  түрлі  тағам
өнімдердің сапа көрсеткіштерінің оптимальді мәнін  анықтау  әдістері  туралы
мағлұмат беру, өнімнің сапасын және  бәсекелестік  қабілетін   жоғарлатудағы
басқару шешімдерін қабылдау дағдылары мен білімін жетілдіру.
    Курстық жұмысты әзірлеу әдістемесі.
    Тақырыпты таңдау және курстық жұмысты орындауды басқаруды ұйымдастыру.
    Курстық жобаның тақырыбы қазіргі кездегі ғылымның, техника, технология,
стандарттау  және  сертификаттаудың  жағдайы  мен  перспективаларына  сәйкес
актуальді болу қажет.
    Студент  курстық  жұмысты  орындауға  тақырыпты  алған  соң,  өздігінен
тақырыпты оқытушы келіспеусіз өзгерте алмайды.
     Өндірісте жұмыс істейтін студенттер, өндірістік қажеттіліке байланысты
курстық жұмыстың тақырыбын өздері ұсына алады.
    Курстық жұмысты дайындауды жоспарлау.
    Курстық жұмысты орындар  алдында  оқытушы  студенттердің  есеп  берудің
күнтізбелік кесте және мерзімдерін әзірлейді.
     Студенттер курстық жұмыстың орындау кестесін орындау қажет.
    Курстық жұмыстың көлемі мен құрылымына қойылатын талаптар.
    Курстық жұмыс  мамандық  бойынша  әдебиеттерді  (оқулықтар,  патенттер,
стандарттар, технологиялық нұсқаулар, техникалық шарттар және  т.б.)  талдау
негізінде орындалады.
    Курстық жұмыс бір-бірімен байланысты, бір-бірін толықтыратын үш негізгі
бөлімнен тұрады. Мәтіндік бөлім А-4 форматта 20-30 беттен тұру қажет.
    Курстық жұмыстың құрылымы келесідей:
    титулдік бет;
    мазмұны;
    кіріспе;
    әдеби шолу - өнімнің техникалық деңгейі мен сапасын бағалау үшін міндет
көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау;
    негізгі бөлім - өнім сапасының деңгейін анықтау (тапсырма бойынша);
    өнім сапасының жоғарлату жолдарының мүмкіндігін табу;
    қорытынды;
    қолданған әдебиеттер тізімі.
    Жұмыс мазмұнына талаптар:
    Кіріспе
    Кіріспе Қазақстан  Республикасының  нақты  тағам  топтарының  (тапсырма
бойынша) квалиметриясының қазіргі кездегі жағдайын бағалауынан  тұру  қажет.
Бұдан басқа берілген тағам  топтарының  тағамдық,  биологиялық  құндылығының
көрсеткіштері көрсетілу керек.
    Әдеби шолу.
    Әдеби  шолуда  өнім  сапасының  көрсеткіштерінің  жіктемесі   беріледі.
Тұтынушылар қасиеттері  мен  сапа  көрсеткіштерінің  номенклатурасын  таңдау
тәртібі. Жіктемелік, шектегіш және бағалау көрсеткіштері.  Бағалау  жағдайы.
Өнім  сапасының  сараптамалық   бағалау.   Органолептикалық   көрсеткіштерді
бағалау.  Сапа  көрсеткіштерінің  номенклатурасын  анықтау.  Көрсеткіштердің
салмақтылық коэффициенттерін анықтау. Сапа  деңгейін  бағалау  үшін  базалық
үлгілерді таңдау. Бұдан басқа өндіріс  технологиясы  мен  сақтау  жағдайлары
бұзылған кезде пайда болған ақауларын жазу керек.
    Негізгі бөлім - өнім сапасының деңгейін анықтау (тапсырма бойынша);
    Өнім сапасының деңгейін дифференциалды әдіспен анықтау. Өнім  сапасының
деңгейін  кешенді  әдіспен  анықтау.  Басты  көрсеткішті   бағалау.   Орташа
өлшенген көрсеткіш бойынша, интегралды  көрсеткіш  көмегімен  бағалау.  Өнім
сапасының деңгейін аралас әдіспен анықтау.
    Өнім сапасының жоғарлату жолдарының мүмкіндігін табу.
    Сапаны  басқару  тиімділігіне  әсер  ететін  жағдайлар  мен  факторлар.
Қазіргі кездегі сапаны басқару механизмінің негізгі  компоненттері,  олардың
өзара  қызметі  мен  өзара  байланысы.  Сапаны  басқару  стратегиясы,   сапа
саласындағы саясат пен жобалау.
    Тұтынушылардың  тиімділігін  талдау  әдістері.  Сұрау  үлгісін   жасау,
тұтынушылардан сұрау нәтижелерін өңдеу.
    Тұтынушылардың қауіпін төмендететін техникалық және  ұйымдық  шараларын
әзірлеу.
    Қорытынды.
    Қорытындыда жұмыс нәтижелері жөнінде қысқаша тұжырымы болу керек, нақты
өнімнің  квалиметриялық  бағалау  перспективалары,  өткізу  нарығы,  өнімнің
бәсекелестік қабілетіне әсер ететін факторларды қарастыру қажет.
    Қолданған әдебиеттер тізімі.
    Тізімде жұмыста қолданған әдеби көздері туралы мағлұматтар көрсетіледі.
 Әдебиеттер туралы мағлұматтар МЕСТ 7.1 талабына сай көрсетіледі.
    Курстық жұмысты рәсімдеу ережелері.
    Курстық жұмыс стандартты А-4 ақ қағаздарда жазбаша орындалады.
    Титульді бет жұмыс  беттерінің  жалпы  номерімен  есептеледі.  Титульді
беттегі номер көрсетілмейді.
    Жеке беттерде орналасқан кестелер мен иллюстрациялар және ЭЕМ  басылған
беттер жалпы беттермен нөмерленеді.
    Жұмыстың бөлімдерін, бөлімшелерін, пунктерін номерлеу.
    Бөлімдерді, бөлімшелерді, пунктерді араб сандарымен номерлеу қажет.
    Жұмыстың бөлімдері ретпен номерленуі қажет, мысалы: 1.,2.,3.
    Пункттер әр бір бөлім мен бөлімшеге сәйкес   ретпен  номерленуі  қажет.
Пункт номері бөлім номері мен бөлімшенің реттік  номерінен  тұрады,  мысалы:
1.1,1.2, немесе 1.1.1, 1.1.2..
    Кестелер.
    Сандық материал кестелер түрінде рәсімделу қажет.
    Кестелер жұмыстың мәтінінде бірінші рет ескерілген соң мәтінің  соңында
немесе келесі  бетте  көрсетіледі.  Барлық  кестелерге  жұмыста  сілтемелері
көрсетілу қажет.
    Кестелерді араб санымен реттен номерлейді.
    Жұмыста кестелерді МЕСТ 2.105 стандарты бойынша рәсімдейді.
    Сілтемелер.
    Әдебиеттерге сілтемелерді жақшада  көрсетілген  тәртіп  бойынша  реттік
номермен МЕСТ 7.1 бойынша көрсетеді.
    Қорғауға дайындық және курстық жұмысты қорғау.
    Аяқталған курстық жұмысқа студент қолын қойып,  жетекшісіне  тапсырады.
Тексеріп, мақұлдаған соң жетекші өз қолың қойып, қорғауға  ұсынады.  Курстық
жұмысты студент ауызша өз тақырыбы бойынша  қорғайды,  ол  (қанағат,  жақсы,
өте жақсы) бағаларымен бағаланады.



    4 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
    4.1 Курс бойынша өзіндік жұмысты келесі тәртіпте жүргізіп тұруы  қажет.
Курстың әрбір тақырыбы бойынша ұсынылатын  әдебиетті  оқып,  теориясына  көп
тоқталмай, оқылатын сұрақтардың мәніне ғана  тоқталып,  түсініксіз  жерлерін
белгілеу керек.
    Содан кейін материалды  мұқиятты  түрде  игеру  қажет,  яғни  теориялық
ережелерді, керекті негізгі мәліметтерді арнайы дәптерге жазып тұрады.
    Курсты оқу барысында студент СӨЖО мен СӨЖ реферат немесе үй  тапсырмасы
түрінде орындайды, оның басты мақсаты өткен тақырыпты толық меңгеру үшін.
    Білім алушылардың өзіндік жұмысы тақырыптарының тізімі:
1. Сапаны қамтамасыз етудің даму кезеңдері
2. Деминг аксиомалары мен принциптері
3. Кәсіпорын әрекеттеріне үрдістік тәсілдеме
4. Cапа менеджментінің жүйесін жобалау және енгізу
5. Стандарттау жөніндегі Халықарадық ұйым (ISO)
6. Периодтық басылымдар шолуын дайындау
7. Өнімнің өмірлік циклының процестері
8. Өнім сапасын басқару жөніндегі Жапонияның тәжірибесі
9. Халықаралық 9000 сериялы ИСО стандарттарын құру тарихы
10. Сапа менеджментінің жүйесін құрудың жалпы ережелері

    4.2 Білім алушылардың білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары:
1 Өзіндік сипаттамалар жиынтығы, талаптарды орындайтын кезең:
A) Талап
B) Мүмкіншіліктер
C) Сапа
D) Рәсім
E) Тұтынушылар қанағаты
 2 Бекітілген қажетті немесе күту негізінен болжаланады және міндетті болып
табылады:
A) Талап
B) Мүмкіншіліктер
C) Мүмкіншіліктер
D) Мүмкіншіліктер
E) Тұтынушылар қанағаты
3 Тұтынушылармен олардың талаптарының орындалу деңгейін қабылдау:
A) Талап
В)  Мүмкіншіліктер
С) Сапа
D) Саралау
Е) Тұтынушылар қанағаты
 4 Осы өнім талаптарына жауап беретін ұйымның, жүйенің немесе үрдістің өнім
өңдіру қабілеті:
A) Талап
В) Тұтынушылар қанағаты
D) Мүмкіншіліктер
С) Сапа менеджментінің жүйесі
Е) Менеджмент
 5 Өзара байланысты және өзара әрекеттегі элементтердің жиынтығы:
A) Менеджмент
B) Жүйе
С) Сапа саласындағы мақсаттар
D) Ұдайы жақсарту
Е)  Сапа
6 Саясат және мақсаттарды әзірлеу және осы мақсаттарға жету үшін
қолданылатын жүйе:
А) Менеджмент жүйесі
В) Сапа саласындағы саясат
С) Менеджмент
D) Тұтынушылар қанағаты
Е)  Жүйе
7 Менеджмент жүйесі ұйымды жетекшілікке алу және басқару үшін сапаға
қолданылады:
A) Жүйе
B) Менеджмент
C) Сапа менеджменті жүйесі
D) Ұдайы жақсарту
Е) Тиімділік
8 Жоғарғы жетекшілікпен ресми нысандалған  сапа  саласындағы  ұйымның  жалпы
жобалары және әрекеттерінің бағыттары:
А) Басқару
В) Сапаны басқару
С) Сапа менеджиенті
D) Сапа саласындағы саясат
Е) Талап
9  Сапа  саласында  жоғарғы  мақсаттарға  жетуге  ұмтылатын  немесе   жетуге
тырысатын нәрсе:
А) Сапа саласындағы мақсаттар
В) Сапа саласындағы саясат
С) Ұдайы жақсарту
D) Сапаны қамтамасыз ету
Е) Сапа
    4.3 Оқу - әдістемелік әдебиеттердің тізімі:
    Негізгі
    1    Әубәкiров Қ. Метрология, стандарттау және өнiм сапасын басқару.  –
Алматы, 1996.
    2 Менеджмент систем качества:  Учебное  пособие/Круглов  М.Г.,  Сергеев
С.К., Такташов В.А. и др. – М.: ИПК, Издательство стандартов, 1997.  –  368
с.
    3  Магомедов,  М.Д.     Управление   качеством   в   отраслях   пищевой
промышленности. - М., 2006.
    4   Мутанов  Г.  Основы   стандартизации,   метрологии,   сертификации.
Менеджмент качества. – Астана, 2000.
    5  Басовский  Л.Е.,  Протасьев  В.Б.  Управление  качеством:  Учебник.-
М.:ИНФРА. – 2000. – 212 с.
    6 Мишин В.М. Управление качеством: Учебное пособие для вузов.-М.:ЮНИТИ-
ДАНА, 2000.-303 С.
    Қосымша
    1  ҚР СТ ИСО  9000  «Сапа  менеджмент  жүйесі.  Негізгі  ережелер  және
сөздік»;
    2 ҚР СТ ИСО 9001 «Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар»;
    3 ҚР СТ ИСО 9004 «Сапа менеджменті  жүйесі.  Қызметті  жақсарту  жүйесі
жөніндегі ұсыныстар»;
    4 ҚР СТ ИСО 19011 «Сапа менеджменті  жүйесіне  және/немесе  экологиялық
менеджментіне аудит жүргізу бойынша басқарушы нұсқаулар»;
    5 Исикава К. Японские методы управления качеством: Сокр. пер. С анг.  /
Науч. ред. и авт. предисл. Гличев А.В. – М.: Экономика, 1988. – 215 с.;
    6 Мазур, И.И.    Управление качеством. - М., 2006.
    7 Управление качеством /С.Д. Ильенковой.-М.,2006, 2004
    8  Никитин,  В.А.     Управление  качеством  на  базе  стандартов  ИСО:
9000:2000 :Политика. Оценка. Формирование. - СПб, 2004.
    9 Басовский Л.Е. Управление качеством. - М.,2000.
    10 Никифоров А.Д. Управление качеством. – М., 2004.
    11 Управление качеством / С.Ильенковой. – М., 2004.

Пәндер