Файл қосу
Қылмыстық процесс принциптері
ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ №1 Дәріс: ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ. Жоспар: 1. Қылмыстық іс жүргізу құқығы ұғымы, пәні және бастау көздері. 2. Қылмыстық іс жүргізу құқығы жүйесі 3. Қылмыстық процесс (іс жүргізу) ұғымы мен мәні 4. Қылмыстық процесс сатылары 5. Қылмыстық процесс принциптері 1 сұрақ.. Қылмыстық іс жүргізу құқығы ұғымы, пәні және бастау көздері Қоғамдық қатынас ішіндегі күрделісінің бірі жасалған қылмысты тергеу оны сотта қарап әділ шешумен байланысты қатынастар және ол қылмыпен күрестің маңызды бір бөлігі. Біріншіден, Қылмыстық іс жүргізу құқығы (құқық саласы ретінде) қылмыстық іс жүргізу өндірісін, яғни қылмыстық істі қозғаудан бастап, оны алдын ала тергеу (тергеу мен анықтау), сотта қарап, талқылау және шешу, екінші саты сот деңгейлерінде қажет болғанда қайта қарап шешу тәртібін реттейтін арнайы құқық нормаларының жиынтығын айтады. Екіншіден, қылмыстық іс жүргізу құқығы ғылым саласы ретінде қылмыстық іс жүргізу құқығының негізгі институттары мен олардың проблемалық сұрақтарын зерттеуге бағытталған құқықтық идеялардың, тұжырымдардың, ғылыми ой-пікірлердің жиынтығы. ол заңнаманың өзін де зерттейді, оны жетілдіруге көмектеседі. Қылмыстық іс жүргізу құқығы деген- қылмыстық заңмен тиым салынған іс әрекеттерді немесе қылмыстарды ашу тергеу сотта жан- жақты қарап әділ шешуге байланысты мемлекеттік арнаулы уәкілетті орган қызметін реттейтін құқық нормаларының жиынтығы. Қылмыстық іс жүргізу құқығын зерттеу пәні бұл қылмыстық процес немесе қылмыстық іс жүргізу. Жалпы құқықтың қайнар көздері деген- белгілі бір қоғамдық қатынасты реттеу кезінде қолданылатын заң актілері. Олар құқық теориясында материялдық және формальдік деп бөлінеді. Формальды қайнар көзі- ол қылмыстық іс жүргізу кодексі, ол конституцияға негізделген. Жалпы қылмыстық іс жүргізу заңнамасы мен қайнар көзінің ішіне Қазақстан қол қойған халық аралық келісім шарттар жоғарғы сотпен конституциялық кеңес нормаларының қаулысы және нормалары кіреді. Ал конституцияға сәйкес аталған қаулылар ұлттық құқықтың құрамдас бөлігі. 1. Қылмыстық іс жүргізу кодекс 13 желтоқсан 1997 ж қабылданып 1998 ж 1 қаңтарда күшіне енді.Бұл заң 2 бөлімнен тұрады. ҚР аумағында қылмыстық іс жүргізудің тәртібін анықтайды. 2. ҚР келісім шарттар- Минск, одан кейін Кишинев Конвенциясы немесе қылмыстық, азаматтық, отбасылық қатынастар және құқықтық көмек туралы Конвенция. (1993 ж қабылданған ТМД мемлекеттерінің арасында). Осы халықаралық шарт қылмыстық іс бойынша көмек көрсетуге арналған. 3.Жоғарғы соттың нормативтік қаулылары: конституцияға сәйкес ұлттық құқықтың құрамдас бөлігі. Бұл нормативті қаулылылар жоғарғы соттың жалпы республика бойынша сот тәжірибесін жинақтап талқылауына байланысты қабылданады. Мысалы: Қылмыстық істі қайта тергеуге жіберу жөнінде сот тәжірибесі туралы. 4. Конституциялық кеңестің нормативтік қаулылары. 2. Қылмыстық іс жүргізу құқығы жүйесі Жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлімінде қылмыстық іс жургізу занманасы және оның қолдану шектері. б. Қылмыстық процесс принциптері в. Қылмыстық процесс субъект г. Қылмыстық процесс қудалау нысаны д. Қылмыстық процесс дәлелдеме және дәлелдеу е. Қылмыстық процесуалдық мәжбірлеу шаралары ж. Қылмыстық процесс мерзімдері з. Қылмыстық процестегі азаматтық талап Қылмыстық іс жүргізу ерекше бөлімінде қылмыстық процесс жекелеген сатылары мен оның ерекшеліктері, сонымен қатар, жекелеген қылмыстық істі қараудың поцессуалдық ерекшеліктері анықталған. 3. Қылмыстық процесс (іс жүргізу) ұғымы мен мәні Уголовный процесс это лакмусовая бумажка, которая показывает состояние правовой системы и демократии (Смирнов. Формы процесса. -Санкт- Петербург) Қылмыстық процес- бұл арнайы мемлекеттік орган жүргізетін арнайы қызмет. Қылмыстық іс жүргізу дегеніміз- бұл арнаулы мемлекеттік органмен кейбір жекеленген субектілердің заңмен жекеленген субектілердің заңмен қатаң реттелген мемлекеттік қызмет. Тарихи қылмыстық поцесстің әр түрлі нысандарын атауға болады және олардың өзіндік ерекшелігі бар, солардың ішінде заң әдебиеттерінде келесі түрлері көрсетілген: 1. Айыптаушы немесе инквизициялық процесс (орта ғасыр) 2. Жарыстылық процессі (состязательный процесс) Бұл 17-18 ғасырларда пайда болған формасы жарыстылыққа тән сипаттар 1. Екі тарап (айыптау және қорғау) 2. Екі тараптың тең дәрежеде болуы 3. Бейтарап, арбитр болуы 4. Қылмыстық іс жургізу сатылары. 1. Қылмыстық істі қозғау (возбуждение УД) 2. Қылмыстық істі алдын ала тергеу (анықтау және алдын ала тергеу) 3. Қылмыстық істі алдын ала тыңдау, 4. Басты сот талқылауы 5. Апелляциялық сатыда қылмыстық істі қайта қарау 6. Сот шешімін орындау 7. Қадағалау сатысында қылмыстық істі қайта қарау 8. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қылмыстық істі қайта қарау 5. Қылмыстық процесс принциптері. Жалпы принцип дегеніміз белгілі бір қызметтің мән –маңызын, мазмұнын, оның негізгі жағдайлары мен қағидаларын анықтайтын, басшылыққа алатын негізгі идеялар. Осыған байланысты қылмыстық ІЖК 9-бабында принциптердің мәні мен маңызы көрсетілген. Атап айтқанда, ҚІЖҚ-де 10-31 баптарда қылмыстық іс жүргізудің 22 принципі айқындалған. олардың ішінде: зандылық; сот әдлеттігін тек соттың ғана жузеге асыруы; адам мен азаматтың құқықтарын соттың қорғауы, сот тәуелсіздігі, кінәсіздік презумпциясы және т.б. Дәріс № 2: ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУ (ҚЫЛМЫСТЫҚ ІЗГЕ ТҮСУ) 1. Қылмыстық қудалау ұғымы,негізгі шарттары. 2. Қылмыстық қудалау нысандары. 3. Қылмыстық қудалау мүкін болдырмау мән жайлар. 1.Қылмыстық қудалау маңызды процестік функцяларының бірі.Бұл арнайы уәкілетті мемлекеттік организацияларға жүктелген.Қылмыстық іс жүргізу кодекісінің 7-і бабына сәйкес қылмыстық ізге түсу дегеніміз-қылмыстық заңмен тыйым салынатын әрекетпен оны жасаған адамды сол адамның қылмыс жасауындағы анықтау мақсатында сондай-ақ осы адамға жаза немесе өзге де қылмыстық қатынастар ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшін айыптау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі. Бұл арнаулы мемлекет огандар жүктелген пракурор тергеуші,анықтау органдары жане анықтаушы. Осы анықтауға байланысты белгілі профессор М.Страковичтың айтуынша- «қылмыстық ізге түсу тек осы әрекетті жасаған адам белгілі болған кезде ғана басталады» деп аталады. Ал біздің заңнамада қылмыстық ізке түсудің кеңірек түсініктемесі берілген. Қылмыстық ізге түсуді тек айыптау органдары іске асыратынына қарамастан ол келесі талаптарға сәйкес болу керек: 1. Заңға сәйкестік . 2.Жәбірленушіге сотқа жүгінуге және өз мүдделерін қорғауға мүмкіндік жасау. 3. Айыпталушының заңға сәйкес өз мүдделерін қорғау,құқықтық қамтамасыз ету. 4.Моральдық, адамгершілік нормаларының сақталуы, жалпы алғанда қылмыстық айыптау орган жұмыстарына кедергі жасау заңда көрсетілген жауапкершілікке әкеледі. 2.Заңға сәйкес қылмыстық қудалаудың 3 нысаны бар: 1.Жеке айыптау істері (105,111,123,129,130,145 (1-і бөлімі), т.б. баптары). 2.Жеке жария айыптау істері ( 103,104 (1-і бөлімі), 117 (1,2 бөлімдері), 120 (1-і бөлімі), 121 (1-і бөлімі), т.б. баптары). 3.Қалған 33,34-і баптарында көрсетілген қылмыстар бойынша қылмыстық қудалау жариялы түрде іске асырылады. Қылмыстық іс жүргізу кодексі 37-і бабына сәйкес келесі жағдайларда қылмыстық іс қозғалмайды,қозғалған іс тоқталуы тиіс: 1.Егер қылмыс оқиғасы болмаса. 2.Жасалған іс әрекетте қылмыс құрамы болмаса. 3.Амнистия (Рақымшылық актісі) қабылданған болса. 4.Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты. 5.Жеке немесе жеке айыптау істері бойынша жәбірленушінің өтініші болмаса немесе олар айыптаудан бас тартса. 6.Егер тұлға қылмысты ақыл-есі дұрыс емес жағдайда жасаса.(Егер оған қатысты медициналық мәжбүрлеу шарасын тағайындау қажет болмаса). 7.Қылмысты жасына толмаған адам жасаса. 8.Егер тұлға қылмыстық заңнаманың жағдайына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылса. Осы жоғарыда көрсетілген мән-жайлар ақтаушы және ақтаушы емес болып бөлінеді.(Реабилитирующие). №3 Дәріс ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСС СУБЬЕКТІЛЕРІ 1. Қылмыстық процесс субъектілерінің ұғымы 2. Сот - әділсот органы ретінде 3. Қылмыстық қудалауды іске асыру органдары 4. Қылмыстық қудалауда қорғаншы тарап 5. Қылмыстық іс жүргізу қатысушысы өзгеде тұлғалар 6. Қылмыстық процесске қатысушылардың қамтамасыз ету мәселелері 1. ҚР конституциялық заңы «Сот жүйесі және соттардың мәртебесі туралы» 25.12.2000ж. 2. «Адвокаттық қызмет туралы» ҚР заңы 5.12. 1997 ж. 3. «Прокуратура туралы» ҚР заңы 09.08.2002 ж. 4.«Жедел іздестіру туралы» ҚР заңы өзгерістер мен толықтырулар 1994 ж. 5. «Қылмыстық процеске қатысушыларды мемлекеттік қорғау» ҚР заңы 05.07.2000 ж. 6. «Алқабилер туралы» ҚР заңы 16.01.2006ж. 1. Жалпы қылмыстық процесс қатынастар туралы заңдағы әдебиеттер әртүрлі ақпарат бар, соның ішінде кейбір Ресейлік ғылымдар қылмыстық процесске қатынастар және қылмыстық процесс субектінің арасында айырмашылық бар деп есептейді. Қазақтың процесуалисі Төлеубекова Б.Қ. «Бұл ұғымдардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ», тең дәрежелі дефиниция деп есептейді. Қылмыстық процеске қатынастар (субектілері) дегеніміз- құқықтың мәртебелі қылмыстық іс жүргізу және басқадай заң актілерін реттелген белгілі бір процесуалдық құқықтары мен міндеттері бар тұлғалары. 2. Сот және сот органы ретінде жалпы сот билігі мемлекеттің бір тармағы сондықтан оған үлкен міндет жөнделіп мәртебелері конституциялық заңмен реттелген. Тек қана соттың құзіреті ретінде: 1. Тұлғаны қылмыс жасаған үшін кінәлі деп тану. 2. Тұлғаға қылмыстық жаза және медициналық мәжбүрлеу шараларын тағайындау. 3. Тек сотта ғана төменгі соттың шешімдерін өзгертуге құқылы. Сот қызметкеріне байланысты конституция және қылмыстық іс жүргізу заңда бірнеше принциптер көрсетілген (соттың тәуелсіздігі) әділ соттың іске асыруға байланысты маңызды кепілдігінің бірі. Әділ сот дегеніміз бір жағынан қызмет (әділ сотты іске асыру) екінші жағынан сол қызметтің нәтижесі. Әділсот ұғымы-ақиқат,шындық,әділдік сөзімен тығыз байланысты. 3. Прокуратура-сол тұлғалардың ішінде қамқоршы заңына сәйкес заңдылық сақталуын және дұрыс қолданылуын қадағалайтын мемлекеттік орган. Қылмыстық іс бойынша прокурор мемлекеттік айыптауды жүзеге асырады,қылмыстық процесс барлық сатыларда және жедел іздестіру қызметінің заңға сәйкестігін алдын-ала тіркеу және анықтау қызметін заңға сәйкестігін,сот шешімдерін заңға сәйкестігін қадағалайды. Прокурордың өкілеттілігі: 1. Қылмыстық істі қозғау 2.Жекелеген тергеу амалдарына санкция беру 3.Тергеу әрекеттеріне кез келген уақытта қатыса алады.Қылмыстық істі кез-келген уақытта тексере алады,тергеу барысында келіп түскен шағымдарды қарастырады 4.Тергеушінің айыптау қорытындысын өзгерте алады 5. Қылмыстық істі уақытша тоқтатуға құқылы Тергеуші:үш мемлекеттік тергеу органдары: а. Ішкі істер органдары б. Сыбайлас жемқорлықпен және экономилық қылмыспен күрес Агенттігі департаменті (қаржы полициясы) в. Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті (КНБ) органы Анықтаушы: Қылмыстық іс жүргзу кодексінің 65 бабына сәйкес: бірнеше мемлекеттік орган анықтау органы болып табылады (3 тергеу органдары, әділсот органы, қорғау қызметі, шетелдер елшілігінің қызметі, өрт қауіпсіздігі, кеден органы) Анықтау 10 күнде аяқталуы керек немесе 1 ай мерзімге анықтау органы басшысының шешімімен ұзартылады. Қорғаушы (Адвокат) қылмыстық іс бойынша сезікті айыпталушы өз мүдделерін өздері қөрғануына мүмкүн немесе кәсіби адвокатқа немесе өзінің туыстары қорғау мүмкүн. Қорғаушының қылмыстық іске міндетті қатысу жағдайы: 1. Сезікті немесе айыпталушының қалауы бойынша 2. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық істер бойынша 3 Қылмыстық Заңмен тиым салынған іс әрекетті, ақыл-емі дұрыс емес жағдайда 4. Қылмыстық іс бойынша бірнеше сезікті немесе айыпталушы болып олардың көрсетулеріне сәйкес 5. Қылмыстық іс бойынша іс жүргзуге жәбірленушінің немесе азаматтық талапкердің өкілі қатысса 6. Айыпталушы немесе сотталушыға бұлтартпау шарасы ретінде қамау қолданылса 7. Айыпталушыға немесе сотталушыға жасалған қылмыс үшін жаза мөлшері 10 асатын немесе өлім жазасы қолданылатын қылмыс құрамы бойынша айып жазылса 8. Іске прокурор қатысса 5. Жалпы процес субектілерін жіктеуіне келетін болсақ олардың атқаратын процесс функциясына сәйкес 1. Әділсот бейтарап субьект 2. Қылмыстық қудалауды іске асыратын мемлекеттік орган, лауазымды тұлғалар (прокурор, анықтаушы, тергеуші) 3. Өздерінің немесе сеніп тапсырған мүдделерін қорғау тарабы, (сезікті, айыптаушы, қорғаушы (адвокат),азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер олардың өкілдері) 4. Ешқандай процесуалды мүдесі жоқ өзгеде тұлғалар, бірақ қылмыстық процесті жүргізуге ат салысады. (кәгер, куә, маман, сарапшы, аудармашы, сот приставы, сот мәжілісінің хатшысы) Куә (свидетель) дегеніміз- қарастырылып отырған қылмыстық іс бойынша белгілі бір мән жайлар мәлім тұлға. ҚР қылмыстық заңға сәйкес куә өзіне мәлім деректерді толық айтуға міндетті, егер ол куәлік етуден бас тартса немесе айтқаны шындыққа сәйкес болмаса ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады.Заңға сәйкес келесі тұлғалар куәлік етуден босатылады (свидетельский иммунитет) : - Өзінің жасаған іс-әрекеттеріне куәлік етуге - Жақын туыстарына - Діни қызметкер-өзіне сеніп тапсырылған (тайна исповедий) - Қорғаушы (өз қызметі бойынша қорғауды іске қатысып жүрген тұлғаға қатысты куәлік етуден босатылады) Қылмыстық іс жүргзу кәгерге жастық цензура (жасынабайланыстышек) қойылмаған. Талап: 1. ақыл есі дұрыстығымен 2. қоршаған ақпаратты дұрыс қабылдауы Куә 14 жасқа толмаса міндетті түрде педагог қатысады (ата-анасы, заңды өкілдері) заңды өкілдері (қорғаушысы) 14-18 жас –педагок қатысады, жауап алушының ұйғарымына қарайды. Қылмыстық жауапкершілік жасы куәнің – 16 жас. Куәгер (понятой) дегеніміз – жасы 18 толған іске мүдделі емес және белгілі бір процесуалдық іс шаралардың жүргізілгендігін оның нәтижелерін куәлендіретін тұлға (өз еркімен) Маман – бұл арнаулы білімі және біліктілігі бар қылмыстық процеске ат салысушы өз көмегін көрсететін тұлға, ол әр түрлі мамандық иесі болуы мүмкүн, іске қатысатын маман белгілі бір процессуалдық іс әрекеттерге қатысып процесуалдық құжаттарды дұрыс толтыруына көмектеседі. Сарапшы – дегеніміз ол арнаулы ғылыми білімі бар сараптау мекемес орталығының қызметкері немесе лицензия негізінде сараптама қызметін көрсетуші тұлға. Сараптама туралы ҚР заңына сәйкес бұ міндетті түрде лицензиялауға жататын қызмет түрі. Сарапшының құқықтарымен міндеттері: 1. Сараптама жүргізуге байланысты істің мән жайын ашу 2. Сараптама жүргізуге байланысты үлгілерді немесе дәлелдемелерді ... 3. Міндетті обьективті түрде сараптама жүргізу заңға сәйкес сараптама қортындысын беру 4. Белгілі болған ақпараттардың құпиялығын сақтау Сараптама жүргізу арнайы қаулыға сәйкес тағайындалады. 6. Қылмыстық процесстің ерекшеліктеріне байланысты және қылмыстық істің мазмұнына қарай процесс мүшелеріне, оның өмірімен туыстарына қатер тууы мүмкін. Сондықтан судья, тергеуші, жоғарыда көрсетілген субьектілердің барлығы қорғауға жатады. «Қылмыстық процесске қатысушыларды қорғау» туралы ҚР заңына (05.07.2000ж) сәйкес 13 қауіпсіздік шарасы көрсетілген (конспектілеу). №4 ДӘРІС ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР МЕН ДӘЛЕЛДЕУ 1.Дәлелдемелер теориясы және дәлелдемелер құқығы. 2. Дәлелдемелер ұғымы, белгілері, түрлері 3. Дәлелдеу пәні. 4. Дәлелдеу қызметі және оның элементтері. 1. Дәлелдемелер теориясы және дәлелдемелер құқығы. Қылмыстық процесте дәлелдеу мен дәлелдемелермен қызметінің алатын орны ерекше. Өйткені тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту негіздерін анықтау осы аталған институттармен тікелей байланысты. Яғни, адамның қылмыс жасағандығын, кінәлілігін дәлелдеумен байланысты. Дәлелдемелер теориясы дегеніміз – бұл қылмыстық іс жүргізу құқығының құрамдас бөлігі және ол келесі құбылыстар мен нормалар мен тығыз байланысты. Біріншіден, дәлелдемелердің ұғымы, түрлері және жіктелуі; Екіншіден, дәлелдеу субьектілері және олардың өкілеттіліктері; Үшіншіден, дәлелдеу қызметі және жекелеген элементтері; Төртіншіден, дәлелдеу әдіс-тәсілдері, тактикасы мен қолданылатын техникалық құралдар; Бесіншіден, дәлелдемелерді бағалау. Дәлелдемелер теориясы дегеніміз – дәлелдеу мен дәлелдемелер институттарына қатысты теориялық ілімдердің, тұжырымдамалардың, доктриналардың, көзқарастардың жиынтығы. Дәлелдемелер құқығы - бұл дәлелдемелер мен дәлелдеу элементтеріне қатысты арнайы қылмыстық іс жүргізушілік нормалардың жиынтығы. Ескерту: ол тек 115- 131 б ғана емес (15-16 тарау) басқада ҚІЖК нормалары. 2. Дәлелдемелер ұғымы, белгілері, түрлері. ҚІЖК 115-б. Дәлелдемелердің мынадай анықтамасы берілген – қылмыстық заңда көзделген әрекеттердің болғандығын немесе болмағандығын айыпталушының бұл әрекетті жасағандығын немесе жасамағандығын, оның кінәлілігін немесе кінәсіздігін, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін, маңызы бар өзгеде мән-жайларды анықтайтын заңды түрде алынған іс жүзіндегі деректер. Заңға сәйкес дәлелдемелердің келесі шектеулі түрлері бар:1) сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәнің көрсетулері; 2) сарапшының қорытындысы; 3) аттай айғақтар; 4) іс жүргізу хаттамалары және өзгеде құжаттар. Дәлелдемелердің жіктелуі. Дәлелдемелер теориясына сай дәлелдемелер әртүрлі негізге сай жіктеледі:1) дәлелдеу көздерімен байланысы бойынша. Жеке және заттай дәлелдемелер болып бөлінеді. Жеке дәлелдемелер – адамдардан алынады (куәнің, сезіктінің көрсетулері). 2) алғашқы және туынды дәлелдемелер. Алғашқы дәлелдемелер – бірінші көзден алынған дәлелдемелер. Туынды – яғни, бұл алғашқы дәлелмелерге керісінше, туынды емес, басқа көздерден алынған дәлелдемелер. 3) Дәлелдемелердің сипаты бойынша: ақтаушы және айыптаушы дәлелдемелер. 4) Тікелей және жанама дәлелдемелер. Қылмыс жасағанын нақты меңзейтін дәлелдемелер тікелей деп аталады, ал жанама дегеніміз – болғанын көрсетеді, бірақ ол қылмыс жасағаны немесе жасамағаны белгісіз. 3. Дәлелдеу пәні. Дәлелдеу пәні дегеніміз – қылмыстық іс бойынша анықталуы тиіс мән-жайлардың жиынтығы. ҚІЖК 17-б сәйкес оған келесі мән-жайлар жатады: 1) қылмыс оқиғасы және қылмыс құрамы (уақыты, орны, жағдайлар); 2) осы тыйым салған әрекетті кімнің жасағаны; 3) оның кінәлігі және кінәсінің нысандары; 4) қылмыстық жауапкершілік пен жазаны ауырлататын және жеңілдедетін мән-жайлар; 5) қылмыстың зардаптары (жәбірленушіге өтеп беру үшін, қалпына келтіру); 6) келтірілген ияны мен мөлшері; 7) қылмыстық әрекеттерін жоққа шығаратын мән-жайлар (аса қажеттілік, орынды тәуекел); 8) қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға әкелетін мән-жайлар; 9) айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән-жайлар. Ал кәмелетке толмағандардың қылмыстық іс бойынша ҚК 481-б. Көрсетілген мән- жайлар көрсетілу тиіс (нақты жаса, тәрбиелену жағдайы және өмір сүру жағдайлары, психо-физиологиялық және интеллектуалдық даму деңгейі, өз құрдастары мен ересектер ықпалы). 4. Дәлелдеу қызметі және оның элементтері.Дәлелдеу қызметі келесі элементтерден тұрады: 1) Дәлелдемелерді жинау. Өз ішінде ол дәлелдемелер табу, бекіту және алу. 2) дәлелдемелерді зерттеу (оларды талдау, басқа дәлелдемелермен салыстыру, алыну көздерін тексеру). 3) дәлелдемелерді бағалау. №5 Дәріс:ПРОЦЕССУАЛДЫҚ МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫ 1. Процессуалдық мәжбүрлеу шараларының ұғымы және түрлері. 2. Сезіктіні ұстау және оның негіздері 3. Бұлтартпау шаралары 4. Процессуалдық өзгеде мәжбүрлеу шаралары 5. Процессуалдық мәжбүрлеу шаралары мен адам құқықтарын қорғау мәселелері. 1. Процессуалдық мәжбүрлеу шараларының ұғымы және түрлері. ҚІЖ өзінің мазмұны бойынша, іс бойынша дәлелдемелерді жинау үшін әртүрлі процессуалдық іс-әрекеттерден тұрады. Олар қылмыстық істі алдын ала анықтау және тергеу, оны сотта қарап шешуді, талқылап қамтамасыз ететін іс-әрекеттер. Ол әрекеттің барлығы қылмыстық іс бойынша обьективті шындыққа жетуге негізделген. Ал қылмыстық процесте оған кедергі келтіретін субьектілерде бар (сезікті, айыпталуыш, сотталушы, азаматтардың жауаптары). Осылардың тарапынан кедергі болмау үшін ҚІЖ заңнамасында арнайы мәжбүрлеу шаралары көрсетілген. Сипаты бойынша олардың біразы адам бостандығын шектеумен байланысты болса, кейбіреулерінің мүліктік сипаты бар немесе қымет лауаымы мен байланысты. Процессуалдық мәжбүрлеу шараларын 3 топқа бөліп қарастыруға болады: 1-топ сезіктіні ұстау; 2-топ бұлтартпау шаралары; 3-топ процессуалдық өзгеде мәжбүрлеу шаралары. 2. Сезіктіні ұстау және оның негіздері.Сезікі дегеніміз – бұл қылмыс жасады деп күмән келтірген оған қатысты қылмыстықіс қозғалған не ұстауды жүзеге асырғанға дейін немесе айып тағылғанға дейін жолын кесу шарасы қолданған адам. Сезікті ұстауға байланысты негіздер ҚІЖ 132-б көрсетілген. Сезікті ретінде ұсталғанда міндетті түрде хаттама толырылады. Онда тұлғаның ұстаудығының нақты уақыты, орны және ұстау жағдайлары көрсетіледі.Сонымен қатар онда жеке тінту нәтижелері жазылады. Сезікті ретінде ұстау 72 сағ. Көлемінде ғана ұстайды. Әрі қарай басқад а бұлтартпау шарасын қолданады немесе босатылады. Сезікті ретінде прокурорға 12 сағат ішінде жазбаша хабарланады. 3. Бұлтартпау шаралары. ҚІЖК бұлтатпау шарасының 7 түрі көрсетілген: 1) ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат беру. Маңызы сезіктіге түсіндіріледі. 2) Жеке кепіл. Кепіл болатын адамдар саны 2-ден кем болмау керек, жасы кәмілетке толған, әрі сенім білдіруге болатын тұлғалар. Өз міндеттемелерін дұрыс орындау үшін 100 айлықесеп көрсеткіші ретінде айыппұл салунуы мүмкін. 3) кәмілетке толмағандардың ата-аналарын, заңды өкіліне немесе тәрбиеленіп жатқан мекеменің әкімшілігіне тапсыру. Бұл арнайы кәмілетке толмағандарға қолданылады. 4) әскери адамды әскери командованияның қарауына беру. 5) Кепілпұл. Кепілпұл – заңда көрсетілген мөлшерде ақшалай немесе заттай түрде болуы мүмкін. Соңғы жағдайда құнын кепіл беруші өзі дәлелдеуі тиіс. Бұл кепілпұл мүлкі соттың депозитіне өткізіледі. Кепілпұлдың мөлшері:1) онша ауыр емес қылмыстар үшін 100 а.е.к 2) ауырлығы орташа абайсыда жасалған қылмыс үшін – 300 а.е.к 3) ауырлығы орташа қасақана жасалған қылмыс үшін – 500 а.е.к 4) ауыр қылмыстар үшін – 1000 а.е.к 5) аса ауыр қылмыстар үшін – кепілпұл қолданылмайды. Кепілпұлды қолдану үшін тергеушінің қаулысымен қоса міндетті түрде санкция қажет. 6) үйде қамау. Жас ерекшіліктеріне, денсаулығына, отбасына байланысты қолданылуы мүмкін. 7) қамау- заң саласында ең көп таралған мәжбүрлеу шарасы ретінде. 1) Ол шара ретінде (ә.қ.б. үшін); 2) процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде (қылмыстық процесте); 3) қамау – қылмыстық жаза ретінде. Қамауға алынғандар тергеу изоляторында қамалады. Қамауға алудың жалпы мерзімі 2 ай. Оған соттың санкциясы қажет. Тергеушінің негізделген қаулысы бойынша сот шешімімен 3,6,9 айға ұартылуы мүмкін. 4. Процессуалдық өзгеде мәжбүрлеу шаралары. Өзгеде мәжбүрлеу шараларына: - сотқа келуге міндеттеме қою; - алып келу; - қызметтен шектеу; - мүлікке тыйым салу; - ақшалай өндіріп алу. Осы мәжбүрлеу шараларын қолданғанда міндетті түрде қаулы шығарады. Қаулы 3 бөлімнен тұрады: - кіріспе бөлім; - сипаттама; - қарар бөлім №6 ДӘРІС ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚОЗҒАУ 1. Қылмыстық істі қозғау ұғымы 2. Қылмыстық істі қозғау,негізі,себептері 3. Қылмыстық істі қозғаудың процессуалдық тәртібі 1.Қылмыстық іс қозғау- қылмыстық процесс сатыларының жеке дара алғашқы және сенімді сатысы,бұның жеке саты болып табылуына осы сатының алдына қойылған мақсатты дәлел болады.Ал міндетті болып саналатын себебі қылмыстық істі ресми түрде қозғағанша жекеленген тергеу амалдарынан басқа процестің іс шараларды жүргізуге тыиым салынған.Ал жекеленген тергеу амалдарының өзі салық ішінде тексеру( осмотр) және сараптама жүргізу. Осы қылмыстық істі қозғауға негіздің бар, жоқ екендігін анықтау үшін жүргізіледі. Қылмыстық істі қозғау дегеніміз – арнаулы өкілетті мемлекеттік органның (анықтаушы, тергеуші, прокурор) қылмыстық істің немесе заңмен тыйым салынған қоғамға қауыпты іс әрекеттің белгілерін анықтай отырып осы іс бойынша өндірісті бастау тұралы шешімі. Жоғарыда көрсетілген өкілетті органдар тергеу ретіне сай қылмыстық істерді қозғайды немесе тиісінше органға жібереді. Аумақтық Тергеу ретіне байланысты аумақтық тергеу реті немесе қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес әрбір орган тергеу, уәкілеттік шегіндегі тергеу реті (ҰҚК, І І О,Финполиция) Жалпы ҚІЖ дегеніміз – бұл бір текті ірекет емес әр түрлі тексеру шараларын туралы қіж сатысы 2. ҚІЖК 177 бабында қылмыстық істі қозғауға түрткі болатын себептер: а. Азаматтық арыздары (жазбаша, ауызша) б. Кінәсі мойындап келу в. Мемлекеттік органдағы лауазымды адамның немесе ұйымда басқару функциясын атқарып отырған адамның хабарламасы. г. БАҚ құрамдары. 1. ҚІЖК сәйкес кейбір қылмыс категориясына байланысты жеке және жария айыптау істері тек қана жәбірлеушінің істері бойынша қорғауы айқындалады. Ауызша берілген арыздар міндетті түрде хаттамаға тіркеледі. Адамдардың өтініштері сол шағым түскен мемлекеттік органға тіркелуі тиіс және ол жөнінде анықтама береді. б. Өз кінәсін мойындап келу – яғни тұлғаның өзі жасадым деп келіп тұрғаны (азаматтың) хабарламасы, бұл хабарламасы міндетті түрде арыз өтінішке түсініп сонымен қатар өз кінәсін мойындап келген және басқа біреудіңкінәсін өз мойнына көтермеу үшін «кінәсін мойындап келседе» тексеріледі. Бұл қылмыстық істі қозғауға түрткі болып саналады және егер өкілетті органға жасалған қылмыс туралы ақпарат болмаса. в. Мемлекеттік органда лауазымды тұлғасын немесе ұйымдарда басқарушылық қызмет атқаратын тұлғалардың хабаршысы. г.Б.А көздеріндегі хабарлама(СМИ)олар өздері жарияланған қылмыстар жөніндегі ақпаратты егер оны ұсынған тұлғамен келісім болмаса өкілетті органдардың талабы бойынша беруі керек. д. Қылмыстық істі қозғауға өкілетті органның өз қызмет барысында белгілі бір қылмыстық белгілерін табу. №7 ДӘРІС: БАСТЫ СОТ ТАЛҚЫЛАУЫ. 1. Қылмыстық істердің сотылығы. 2. Келіп түскен қылмыстық іс бойынша соттың іс- әрекеті. 3. Басты сот талқылауының дайындық бөлімі. 4. Басты сот талқылауындағы сот тергеуі. 5. Сот жарыссөзі және сотталушының соңғы сөзі. 6. Сот шешімін (үкім) шығару. Әдебиеттер: Жоғарғы соттың Нормативтік қаулылары. 1. Қылмыстық істерді қайта тергеуге жіберу туралы. 2. Сот үкімі туралы. 1.Қылмыстық істердің соттылығы туралы айтқанда, нақты бір істің қылмыстық істердің белгілі бір категорияларын талқылап өз өндірісіне алу мүмкіндігін айтамыз.Заң әдебиеттерінде қылмыстық істер соттылығының келесі түрлері аталады: 1) аумақтық 2) пәндік атауына соттылығы жөнінде айтуға болады. Қылмыстық істердің басым бөлігі аудандық және қалалық соттарда қаралады. Облыстық және оған теңестірілген Соттарда қылмыстық заң бойынша өлім жазасы тағайындалу мүмкін қылмыстар,соның ішінде 96- баптың 2- тармағы 375-380 баптар, 159 – баптың 2- тармағы және тағы басқа.Сонымен қатар ақыл- есі кем тұлғаларға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауға байланысты істерді қарайды. Қазақстан Республикасының ЖС қылмыстық істер бойынша апелляциялық және қадағалау сатысындағы сот болып есептеледі. Әскери соттардың соттылығы. Бұл қылмыстық кодекстің 16- тармағында көрсетілген қылмыстар. Сонымен қатар әскери адамдардың немесе уақытша әскери жиынға келіп жүрген тұлғалардың барлық қылмыстары, шпиондық әрекеттер осы әскери соттарда қаралады. Қылмыстық істердің соттылығы туралы сұрақтарды жоғары тұрған сот өз қаулысымен шешеді және оған шағым жазуға болмайды. 2. Келіп түскен іс бойынша сот 5- тәулік ішінде келесі шешімдердің біреуін қабылдауы тиіс: 1) Басты Сот талқылауын тағайындау туралы. 2) Қылмыстық істі қайта тергеуге жіберу туралы. Қазір ғылыми шеңберде Соттың бұл әрекетіне қарсы көзқарастар бар, өйткені қылмыстық істі қайта тергеуге жіберудің 1- негізі. Ол айыпталушыға басқа айып тағу керек болса немесе басқа тұлғаларға қатысты қылмыстық істі қозғау қажеттілігі болса және осы іспен байланысты болса, 2- негізі Тағылған айыпты ауырлату керек болса, алғашқысынан өзгеше басқа айып тағу керек болса. 3) Қылмыстық істі уақытша тоқтата тұру туралы. (Қылмыстық іс жүргізу кодекісінің 50 – бабында оның негіздері көрсетілген, қылмыс жасаған адам беймәлім болса немесе ол қашып жүрген болса. 2- шіден егер Сот конститутциялық Кеңеске жүгінсе. Айыпталынушының немесе сотталушының ауыр дертке шалдығуы. Сотталушы немесе айыпталушының сотталудан,қылмыстық қудалаудан имунитетін айыру сұрақтарын шешу туралы).Мысалы: Депутатқа қол сұқпалаушылық. 4) Соттылығы бойынша істі жіберу. 5) Қылмыстық істі тоқтату туралы.Қылмыстық істерді қосу туралы. Осы аталған шешімдердің барлығы қаулы түрінде шығарылады. Басты Сот талқылауы тараптарға хабарлағаннан кейін 3 – күннен 13 – күн аралығында бастауға тиіс. Басты Сот талқылауының мерзімі 1 – ай. Ол судьяның қаулысы бойынша ұзартылуы мүмкін. Басты Сот талқылауының дайындық бөлімі. 3 сұрақ. [pic] №8 ДӘРІС: ШЕТЕЛДЕРДЕГІ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Қазіргі кезде әлем елдерінің әрбіреуінде өзінің дербес құқықтық жүйесі соның ішінде өзінің қылмыстық іс жүргізу құқығы қалыптасқан. Әр мемлекетте жеке жазылған қылмыстық іс-жүргізу кодексі бар, өзіне тән амал тәсілдерді қолданады, өзінің діни, тарихи, мәдени, экономикалық және өзге факторларды ескере отырып қылмыстық істер бойынша анықтау жүргізу, тергеу, өндіріс жүргізу тәжірибесін қалыптастырған. Алайда белгілі параметрлерді, сипаттарды және мінездемелерді еске ала отырып заңгер ғалымдар қылмыстық іс- жүргізудің келесі түрлерін анықтады. Жарыс процессі англосаксондық құқық моделін ұстанатын мемлекеттерде тараған (Англия, АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия). Оның ерекшелігі қылмыстық процесстің екі жағы да (қорғау,айыптау) тең, оларға бірдей заңды мүмкіндіктер берілген. Ал сот арбитр рөлін жүзеге асырады. Дәлелдемелердің баға беруі кейбір формалды элементтерді (дәлелдемелер стандарты, дәлелдемелерді қолдану мүмкінділігінің нормативті бекітілуі) еске ала отырып ішкі сенімі бойынша жасалады. Аралас процесс көбінесе континенталды Еуропа және кейбір Азия және Африка мемлекеттеріне тән. Оның классикалық мысалы ретінде (Германия, Австрия, Бельгия, Италия, Франция) табылады. Аралас процесстің еркшелігі сотқа дейіңгі сатыларда инквизициялық процесстің элементтерінің басым болуы (жариялықтың жоқтығы, айыпталушының өзін өзі қорғаудың мүмкіндіктерінің шектелуі), ал істі сотта қарастырған кезде жарыс элементтері тән болуында, оның атауы да осыдан шыққан [1]. Дәлелдемелер жүйесі судьялардың ішкі сенімділігіне негізделіп дәлелдемелерді еркін бағалауынан тұрады. Дәлелдемелердің маңыздылығы мен бағалылығы олардың судьяға жасаған әсерінен тәуелді болады. Сонымен қатар қарастырылған процесс түрлерінен басқа діни әдет ғұрыптық қоғамдарда қолданылатын қылмыстық іс жүргізу де әрекет етеді. Оның негізгі ерекшелігі барлық қылмыстық іс-жүргізу әрекеттері қасиетті жазбаларға және соның негізінде қалыптасқан нормалар талаптарына сай жүргізілуінде. Осыған әсіресе ислам құқығы фикхтағы қылмыстық іс-жүргізу жақсы мысал болып табылады. Фикх бойынша әрбір қылмыстық іс бойынша шешімді судья қади қабылдайды. Қади фикхтың қайнар көздері болып табылатын Қасиетті Құран мен Суннаны Мұхаммед Пайғамбар Саллалаху алейхи салам әдет ғұрпын өте жақсы білу керек және оның шешімі де соның негізінде қабылданады. Дәлелдемелер жүйесінде орталық орынды куәлар алады. Куә болып ақыл есі дұрыс ересек мұсылман ғана болып табылады. Әрбір іс бойынша куә ретінде екі ер немесе төрт мұсылман әйел қажет. Жаза ретінде кейбір ауыр қылмыстар бойынша тальондық жазалар (қолын шабу, таспен ұрып өлтіру) қолданылуы мүмкін. Айта кететін жайт ислам құқығы бойынша ұрлық болып тек құны төрт жарым динардан шамамен тоғыз мың теңгеден асатын затты алған болып табылады. Бұқаралық ақпарат құралдары әсіресе Батыс ақпарат құралдары арқылы таратылып, ислам құқығы жайлы қалыптасқан кері ұғым салдарынан ислам қылмыстық іс жүргізілуіне толық ғылыми және тәжірибелік баға берілмей отыр. Ал ең жақсы дәлел болып жалпы ислам діні ресми дін болып табылатын мемлекеттерде Катар, БАӘ, Бруней, Малайзия қылмыстылықтың төмен болуы табылады [2]. 1991 жылы тәуелсіздік алған Қазақстанда бұрыңғы Кеңес Одағында әрекет еткен құқықтық жүйенің, соның ішінде қылмыстық іс жүргізу және әділсоттылық жүйесінің әсері өте күшті болды. Іс жүзінде барлық он бес Кеңес республикасында қолданыста болған Қылмыстық және Қылмыстық іс-жүргізу Кодекстері бірінен бірі айнымайтын. Осы жерде әрине алдында айта кеткен Кеңестік құқықтық жүйе және әсіресе әділсоттылық жүйесі жайлы айтпай кетуге болмайды. Өзінің алғаш құрылғанынан ақ қатыгездік, бір жақты айыптауға бағытталғандық, өзінің жаулары болып табылатын саяси және қылмыстық элементтерге қарсы бағытталғандық, олардың құқықтарын аяққа басу, қылмыстылық және құқық бұзушылық мәселелерін күшпен жою идеологиясы тән еді. Құқық қорғау органдары соның ішінде соттқа дейіңгі өндіріс жүргізетін және сот органдарының әрекет етуі көбінесе бір жақты айыптауды қоданған еді, кеңестік қылмыстық іс жүргізудің мақсаты осы айыпталушының кінәсін қалайда дәлелдеп оны отырғызу болғандай еді. Өткен ғасырдың отызыншы қырқыншы жылдарында гүлдеңген бұл жүйе кейін әсіресе жетпісінші сексенінші жылдарда гуманизацияға бағытталған кейбір өзгерулерді еске алмағанда жалпы сипаттарын және әдіс тәсілдерін сақтады. Алайда заң ғылымы және заңгер ғалымдар көзқарасы бойынша кеңестік қылмыстық процесстің олқылықтары мен кереғарлықтарын еске ала отырып оны романо германдық жүйеде қолданыс тапқан аралас қылмыстық процесске қосады [2]. Тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан әрине осы жүйеден қалған белеңсіз жақтарынан қалайда тез құтылуды жөн көрді. Мемлекетімізде осыған бағытталған көптеген реформалар жүргізілді, қылмыстық іс жүргізу органдар жүйесі, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасы өзгерді. Батыс мемлекеттерінің соның ішінде Ұлыбритания мен Францияның құқықтық тәжірибелерін кең қолдана бастады. Сонымен қатар бұл жердегі айта кететін жайт осы реформаларды жүргізген кезде біздің мемлекетіміздің жергілікті ерекшеліктерін оның азаматтарының психологиясы мен менталлитетін ескермеген жағдайлар болды. Кез келген ұсақ идеялар біздің мемлекетте нормативті акт нысанын алды, заң статусына ие болды. Бұл жерде біз үшін қызығушылықты кезінде Кеңестік Одақтың сателлиттері болған және оның құқықтық жүйесінің көптеген жақтарын сіңірген. Бірақ кейін тәуелсідікке қол жеткізіп қазіргі кезде Еуропалық Одақтың мүшесі болып табылатын Шығыс Еуропа мемлекеттерінің соның ішінде Польша Республикасының тәжірибесі жасап отыр. Польша Варшавалық Одақтың ыдырауынан кейін социалистік жолдан бұрылып социалисттік жүйеден толығымен бас тартты. Құқықтық жүйе соның ішінде конституциялық, азаматтық, әкімшілік және өзге құқық салалары түбірімен өзгерді. Заңнама өзгертілді, жаңа Конституция қабылданды. Бірақ поляктар әрекет етіп отырған қылмыстық іс жүргізу заңнамасын айтарлықтай өзгерткен жоқ. Ең ірі өзгертулердің бірі Қылмыстық іс жүргізу Кодексіндегі «Kodeks Postepowania Karnego» қағидаларының ішінде Қылмыстық құқықтық қатынас субьектілерінің құқықтарын сақтау гарантияларының пайда болуы болып табылады. Бұрыңғы қылмыстық іс жүргізу институттарының ең пайдалы жақтары және конструктивті шешімдері сақталынды, жедел іздестіру моделінің де көптеген жағдайлары өзгермеді. Жедел іздестіру заңнамасы Еуропалық Одаққа кірген кезде қабылданған кейбір өзгертулерді санамасақ мүлдем өзгермеді деп айтуға болады. Өзгертулер көбінесе сотқа дейіңгі сатыларындағы іске қатысушы тұлғалардың құқықтарын сақтау мәселелеріне, қылмыстық іс жүргізудің жариялығы жағдайларын қамтыды. Тергеу кезінде айыпталушыларды уақытша ұстау мекемесінен сотың рұқсатымен уақытша кепілге босату да қолданыла бастады. Сонымен қатар жеңіл және орташа дәрежедегі қылмыстар бойынша оларды сотқа дейін апармай жақтардың келісімі бойынша шешу, медиация, пробация, институттарының қолданылуы да Польша қылмыстық іс жүргізу жүйесінің жаңалықтары болды. Енді егер Польшадағы пробация институтына жеке тоқтасақ, бұрыңғы социалистік дәуірде мұндай тәжірибе мүлдем қолданылмады. Пробацияның қолданылуына ұқсас жағдайларда айыпталушыларды шартты түрде соттайтын. Қазіргі кезде жеңіл және орташа қылмыстар үшін айыпталушы тұлғаларды түпкілікті жазаға кеспей мемлекетке төленетін арнайы кепіл kaucia төлеуді міндеттейді, Польшаның Қылмыстық Кодексінде оның сомасы 10 000 злотый, яғни шамамен 400 000 теңге деп бекітілген. Айыпталушыларға белгілі уақыт ішінде өзгеруге бағытталған мерзім беріледі, егер тұлға осы берілген мерзім ішінде жаңа құқық бұзушылықтарға жол бермесе ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Медиация институты да салыстырмалы түрде Польшада бертін пайда болды. Польшаның бір ерекшелігі бұл институтың функциясын социалистік дәуірде «Халық соты» атқарды ал қазіргі кезде бұл функцияны кәсіби заңгерлермен қатар кейбір жағдайларда діни қызметкерлерінің де атқаруына мүмкіншілік берілуінде, бұл әрине жергілікті жағдайды әсіресе Польшада позициялары өте мықты католик шіркеуінің және жалпы халықтың менталитетінің ықпалы деп түсінемін. Жалпы тергеуге келсек ол социалистік заманнан көп өзгерген жоқ Польша полициясымен қатар әсіресе кейбір күрделі қылмыстар бойынша тергеуді прокуратура жүргізеді. Прокуратура органдары қылмыстық іс жүргізу жүйесінде маңызды орын алады жоғарыда айтып кеткендей тергеу мен қатар ол жалпы қадағалауды жүзеге асырады. Бір жағынан қарағанда екі функцияны бір қолға алу айыптау және қорғау жағы арасындағы тепе теңдікті бұзатын сияқты алайда біз поляк прокуратурасының үлгісінде ондайды көрмейміз керісінші істі тергеу сатысынан алған прокуратура қызметкерлері оны дайындауда көбірек міндеттілікпен қарап сотта да шикі істердің болмауының себепшісі болады. Қорыта келгенде Польша біз үшін ескі жүйенің жақсы жақтарын сақтап әрі Батыс Еуропалық құқықтық жүйесінің ең пайдалы шешімдерін өзіне сіңіріп алудың жақсы үлгісі болып отыр. Осының негізінде қылмыстық іс жүргізу саласындағы реформалауды жүргізген кезде елеміздің ерекшеліктерін ескере отырып мұқият сараптама жасап бірақ жасау керек [3]. Өзінің әлемге деген ықпалына жалпы құқықтың дамуына жасап отырған өз қылмыстық іс жүргізу жүйесінің ерекшелігінің арқасында Америка Құрама Штаттары жайлы айтпау кетуге болмайды. Америка англо-саксондық құқықтық жүйені ұстанады және ондағы қылмыстық процесс жарыс процессіне жатады, жалпы осы процесстің шыққан жері Англия болсада оның дамып қазіргі қалпында болуының Американың да әсері болды. Енді осы жерде жарыс процессінің екі өкілі Англия мен Американың арасындағы ерекшеліктерін айта кету керек. Біріншіден Американдық судьялар шешім шығарған кезде сот прецеденттерінен ағылшындарға қарағанда тәуелділігі шамалы. Англияда прокуратура органдарының мәртебесі жоғары емес. Америкада прокуратураның функциялары мен өкілеттілігі континенталдық жүйе мемлекеттеріне ұқсас. Және тағы бір ерекшелігі Америкадағы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу қатынастарын реттейтін заңнаманың кодификациялануы. Осы жерде айтпау кетуге болмайтын жағдай, американдық жүйеде қылмыстық материалдық және іс жүргізу нормаларын бірге қарастыруында, оларды бөлмеуінде. Біздің қазақстандық жүйеде бұл екі аспект бөлек салаларға бөлініп тасталған, ғылыми жағынан да бөлек қарастырылады. Сондықтан бұл біз үшін бірінші қарағанда өте қызық және ерсі болып көрінуі мүмкін. Алайда белгілі ресейлік ғалым А.Наумовтың айтуы бойынша: «Маған американдықтардың қылмыстық материалдық нормалар мен қылмыстық іс жүргізу нормаларын бірге қарастыру тәжірибесі ұнайды. Шынымен айтсам қылмыстық кодекс пен қылмыстық іс жүргізу кодексі тек қана бөлек әдеби шығармалар кітәптар ретінде қарастырылады деп түсінемін. Ал олардың ішкі мәні мазмұны әрі қолданылуы тек қана бірге жүзеге асырылады. Қылмыстық құқық нормаларын біз тек іс жүргізу нормаларымен бірге ғана тәжірибеде қолданып жүзеге асырамыз» [2]. Енді қысқаша американдық қылмыстық іс жүргізудің басты ерекшеліктері жайлы айта кетсек және оны қазақстандағы қолданылатын қылмыстық іс жүргізумен салыстырсақ. Салыстыруды АҚШ қылмыстық жүйесінің жалпы сипаттамасынан бастаймыз. Жарыс процессіне жатқанмен американдық қылмыстық жүйесінде айыптау процессінің кейбір сипаттары да бар. Жарыс процессінің ерекшеліктерін жоғарыда қарастығанбыз, ал ең бастысы екі жақтың да іс бойынша дәлелдемелерді жинап оларды алқабилер сотына өз атынан ұсынуы, судья болса іске қатысуы ондағы жақтардың жарысуының жалпы әділеттілігін қамтамасыз етуге жететіндей мөлшерде болады. Американдық жүйеде айыптау процессінің қағидалары жарыс процессі қағидаларына дәлме-дәл келмейді алайда олар бірін бірі толықтырады. Қазақстандық қылмыстық іс жүргізу қағидаларының талаптары бойынша мемлекет жеке тұлғамен болатын дауда айыптау міндетін өзіне түгелдей жүктейді. Ал жарыс процессінің қағидалары бойынша прокурор мемлекеттік билік өкілі ретінде айыпталушының кінәсін анықтайтын дәлелдемелер жинап өзінің позициясын ұсыну керек. Яғни, прокурор қылмыстың құрамының әрбір элементі бойынша айыпталушының кінәсін дәлелдеп судьяның қол ұшы мен айыпталушы жағынан мәжбүрлеп әріптестік талап етпеу қажет. Американдық жүйе айыптау процессінің де жарыс процессінің комбинациясы болып табылады. Американдық қылмыстық құқықта қылмыстардың барлығы феллоний мен мисдиминор болып екіге бөлінеді. Феллоний деп өлім жазасы немесе бір жылдан асатын мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланытын қылмыстар аталады. Мисдиминор болса жергілікті түрмеде жазасы өтеліп, бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілетін қылмыстар, кейбір штаттарда сонымен қатар екіден бес жылға дейін жазаланатын ауыр мисдиминорлар да қарастырылған. Аталған екі қылмыс бойынша да сотқа дейіңгі өндіріс бөлек жүргізіледі. Бұл американдық іс жүргізу моделінің біздегі процесстен сотқа дейіңгі істі қарастырудағы түбірлі ерекшелік болып табылады. Тағы бір ерекшелік ол американдық полицияның біздің полиция қызметіне қарағанда тәуелсіздігі. Американдық полиция тергеуді күмәнді тұлғаны қолға түсіргенге дейінде, одан кейінде прокуратура жағынан ешбір басшылық жасаусыз немесе көмексіз жүргізеді. Сот та тергеуге тек полицияның өтініші бойынша қатыса алады, ондай қатысу қамауға немесе тінтуге рұқсат «search or seizure warrant» беру нысанында болады. Қандай да болмасын іс жүргізу процедурасын жүргізуге санкцияны ордерді да прокурордың қатысуынсыз сот береді. Полиция тергеушілері куәларды немесе жәбірленушілерді жауап алу үшін қолхат арқылы шақыра алмайды, жалпы оларға мәжбүрлеу шараларын жауап алу үшін қолдана алмайды. Куәларды сотқа шақырудың жалғыз заңды амалы оларды Үлкен жюри «(Grand Juri)» қолхатымен шақырту алайда Үлкен жюри тек аса маңызды қылмыстық істер бойынша ғана шақырылады. Үлкен жюри қарауына шақырылғанның өзінде тұлға Конституцияның 5 Өзгертуінің негізінде яғни өзін өзі кінәлайтын жауап беруге мәжбүрлеудің тиым салынуы негізінде жауап беруден бас тарта алады. Егер мемлекеттік айыптау тұлғаның басқа тұлғалардың кінәсін анықтайтын дәлелдемелер бар деп шешсе. Ол тұлғаға осы мәжбүрлеу шарасының нәтижесінде анықталуы мүмкін қылмыстар үшін жасалуы мүмкін заңды қудалаудан иммунитет беретін сот бұйрығын шығартуын талап етуі мүмкін. Прокурор істі өзінің өндірісіне алғаннан соң оның іс бойынша шешім шығару еркіндігі үлкен. Прокурор іс бойынша айыптаудан бас тартып оның қандай сатыда болмасын өз шешімі ағылшынша (nolle prosequi) негізінде тоқтата алады. Американдық құқықтық жүйенің фундаменталды концепциясының бірі мемлекеттік айыптаудың қарауына қалтыру яғни прокурорға заң бойынша қылмыстық қудалауды жүргізу міндетті болып табылмайды. Кінәліні соттауға жеткілікті дәлелдемелер болсада. Прокурор істерді өзінің бақылауында ұстай тура істі қандай да сатысында болмасын айыптаудан бас тартып, тоқтата алады [4]. Қылмыстық іс жүргізу сатыларындағы ерекшеліктерге тоқтала кетсек. Олар американдық жүйеде бөлек болады. Сотқа дейіңгі істі қарастырудың бірінші сатысы «сотқа алғаш келу» (first appearance) деп аталады онда судья магистрант біріншіден айыпталушының жеке басын анықтайды екіншіден оған қарсы қойылған айыптауды жариялайды үшіншіден оның сотқа дейін босатылуы мүмкіндігін анықтайды. Жалпы сотқа дейін қамаудан босау кепілге босау деп аталады. Кепіл (bail) мемлекет пайдасына өндірілетін ақша сомасы ол тұлғаның келешекте сот отырыстарына келмеген жағдайда алынуы мүмкін. Кепілдің сомасын анықтаған кезде судья қылмыстың мінезін, мән жайларын және әлеуметтік жағдайын еске алады. Алайда тұлғаның нашар қаржылық жағдайы оның кепілсіз босатылуының негізі болып табылмайды [4]. Істі сотқа дейіңгі қарау сатыларының тағы бір ерекшелігі ол феллонийлер бойынша айыптау қорытындысының жоғарыда аталған Үлкен жюри мен шығаруы. Жалпы үлкен жюри дегеніміз ол іске қатысы жоқ іріктелген азаматтардан құралатын топ. Ол істің соттағы алдынала қарау кезіндегі судьяның ақаратын функциясына сәйкес. Алайда олар тек айыптау материалдарын қарастырады және айыпталушы мен адвокат қатыспайды. Үлкен жюридің айыптау қорытындысын қабылдауының арқасында іс сотқа негізгі қарауға жіберіледі. Ал қабылдамаған жағдайда прокурорға қайта қарауға жіберіледі [5]. Америкада қылмыстық істердің сотта қаралып шешім шығару тек присяжныйлардың қатысуымен өтеді. Жалпы соттағы қылмыстық іс жүргізу тәртібі Қазақстанда 2007 қабылданған тәртіпке ұқсас яғни судья істің құқықтық мән жайларын қарастырса алқабилер соты фактілерді анықтайды мысалы кінәлі ме кінәлі емеспе [5]. Жарыс процессінің ең үлкен ерекшеліктерінің бірі жақтардың істі бақылай отыра одан сотта жүргізуден бас тартуы. Яғни тұлға өзіне қарсы жасалған айыптауды мойындап өзін кінәлі деп жариялайды. Жалпы Америкада сараптама бойынша тұлғалардың 80, 90 пайызы өз кінәларын мойындап істі сотта қарастырудан бас тартады. Аталған тәжірибе мисдиминорлар бойынша жүргізіледі онда тұлғалар көбінесе қылмыстық жазаға тартылмайды. Ал феллонийлер бойынша өз кінәсін ерікті мойындап оны сотта қарастырудан бас тартудың басқа амалы қарастырылған ол «кінәні мойындау туралы мәміле». Кінәні мойындау туралы мәміле ол тұлғаның істі ауырлығы төменірек түріне қайта сараптама жүргізуіне немесе өзгеде жазаны жеңілдету талабымен өзін кінәлі деп тану жайлы келісім. Бұл тәжірибенің екі жаққа да пайдалы екені сөзсіз айыпталушы жеңілірек жазаға қол жеткізеді ал мемлекет істі сотта толық қараудың қажеттілігі болмағандықтан өз уақыты мен ресурстарын үнемдейді. Екінші жағынан қоғамдағы пікір бойынша қазіргі кезде кінәні мойындау туралы мәміле Америкада қылмыстық элементтерге деген тым жұмсақтылықтың себебі болыр отыр [6]. Әрине қазақстандық қылмыстық іс жүргізу жүйесінің,қылмыстық құдалау органдарының және сот өкілеттіктерінің реформасының қажеттілігі сөзсіз. Осыған байланысты шетелдік тәжірибеден әсіресе американдық тәжірибеден біз үшін ерекше қызығушылықты присяжныйлар соты, соттың қылмыстық іс жүргізу органдарына бақылау жүргізу, әсіресе адам құқығына тікелей қатысты тергеу әрекеттерін, кінәні мойындау туралы мәміле, қылмыстық іс жүргізудегі жақтардың тепе теңдігі институттары танытып отыр. Сонымен бірге әлемдегі барлық қылмыстық іс жүргізу концепцияларын зерттеп және олардың біздегі ұлттық санасезіммен, қалыптасқан құқықтық әдет-ғұрып жағдайларындағы қолданылуына қатаң сын беру қажет. ДӘРІС 9 КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕНІҢ ТҮСІНІГІ, МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕ ЖҮЙЕСІ 1. Криминалистиканың түсінігі 2. Криминалистік әдістеменің бастаулары, әдістеме жүйесі 1. Криминалистиканың түсінігі Криминалистикалық әдістеме – дегеніміз ғылыми ережелердің жүйесі және солардың негізінде жасалатын қылмыстық жекеленген түрлерінің алдын алу, тергеу, ашу және ұйымдастыруы бойынша ұсыныстар. Криминалистиканың жалпы теориясы негізінде криминалистік техника және тактиканың нақтыланған және анықталған категориялары қылмыс түрлерін тергеуде қолданылады, яығни криминалистік техника және тактиканың ережелері тергеу және сот органдарының тәжірибесінде дәл осы криминалистік әдістеме арқылы іске асырылады.Криминалистік әдістеме қылмыстың әрбір жекеленген түрінің ерекшелігіне сүйеніп, криминалистік техника мен тактика ұсыныстарды қолданудың нәтижелі тәсілдерін тағайындайды. Криминалистік әдістеменің негізінде әрбір қылмыс өзіне тән жеке ерекшеліктерімен белгіленетіні туралы ереже жатыр, бірақ бұл жекелік қылмыстың ортақ белгілерін жоққа шығармайды, керісінше бір түрдегі қылмыстардың жалпы белгілерін белгілейді. Криминалистік әдістеме тергеу үшін қылмыстың бір түрлілігін анықтайды. Криминалдситік әдістеменің мақсаттары: А) Жалпы мақсаты – құқық қорғау органдарымен қылмыстарды ашу, тергеу және болдырмау үшін әрекеттесу; ә) Арнайы мақсаттары: - қылмыстың ерекшелігін оныфң бөлік түрін криминалситикалық аспектіде үйрену; - әр қылмыстарды жедел тергеу, және алдын алуды жалпылау және үйрену; Қылмыстың бөлек түрлерін ашу, тергеу және алдын алуды дәлелдеген ғылыми ұсыныстарды дайындау. 2. Криминалистік әдістеменің бастаулары, әдістеме жүйесі Криминалистік әдістеменің бастаулары: - Құқық (заң) — Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстері (олардың қылмыс кұрамына белгілерін, қылмыстык істер бойынша дәлелдеу пәнін және шегін бекітетін нормалары және т.б.); - Ғылым – криминалистиканың өзі, қылмыстық құкык, қылмыстық іс жургізу, криминология, сот психологиясы, сот медицинасы ғылымдары және т.б. ғылымдар; — Жедел тергеу, ашу және алдын алу тәжірибесі. Криминалистік әдістеме кағидалары немесе криминалистиканың осы бөліміне жүктелетін, негізгі жалпы талаптар мынадай: - қылмыстарды тергеудің зандылығын қамтамасыз ету; әдістемелік ұсыныстардың нақтылығы, жалпылығы және жекелік сипаты; — жеке криминалистік әдістеме ұрылымында сатылардың болуы (тергеу сатыларына сәйкес); тергеуді жүргізудің түрлі мән-жайлары туралы арнайы ескертулер әдістемелік нұсқаулар; — жеке криминалистік әдістемелердің құрылымдык бірлігі (анықталған түрлерге, категорияларға қатысты); - кылмысты тергеуге қатысты тұлғалардың және басқа түлғалардың қауіпсіздігін камтамасыз ету; ұқсас кылмыстардың криминалистік сипаттамасы негізінде жеке бір қылмыс түріне криминалистік әдістемелер кұру. Криминалистік әдістеме жүйесі. Криминалистік әдістеме жүйесінде екі негізгі бөлікті белгілеуге болады: а) криминалистік әдістеменің жалпы ережелері; ә) қылмыстардың жекелеген түрлерін тергеу әдістемелері (жеке криминалистік әдістеме). Криминалистік әдістеменің жалпы ережелері — ол осы белімнің теориялық негізі, оның негізін қалаушы бастаулары, яғни криминалистік әдістемелердің теориялық негізі болып табылады. Олар мынадай элементтерден тұрады: - криминалистік ғылымының бөлімі ретінде криминалистика әдістемесінің үғымы, мазмұны және жүйесі; — криминалистік әдістеменің пайда болу тарихы және дамуы, оның бастаулары, мақсаттары мен қағидалары; — жеке криминалистік әдістеменің түсінігі, классификациясы және құрылымы. ДӘРІС 10 .КІСІ ӨЛТІРУДІ ТЕРГЕУДІҢ КРИМИНАЛИСТІК ӘДІСТЕМЕСІ 1. Қылмыстық іс қозғау және кісі өлтірудің криминалистік сипаттамасы 2. Кісі өлтірудін криминалистік сипаттамасы 1. Қылмыстық іс қозғау және кісі өлтірудің криминалистік сипаттамасы Адамға қарсы жасалатын қылмыстардың ішінде ең қауіптісі кісі өлтіру кылмысы болып табылады. Бұл қылмыстарды ашу ерекше қиын және жұмыс көлемі үлкен болғандықтан, кісі өлтіру бойынша істерді күрделілігіне қарап, жоғары категорияға жатқызуға болады. Кісі өлтіру Қазакстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 96-бабында қарастырылып, айтылғандай бұл басқа адамға, құқыққа қарсы қасақана келтірілген өлім болып табылады. Кісі өлтіру туралы қылмыстык. іс қозғау негіздері мыналар: а) Кісі өлтіру белгілері бар мәйіттің (немесе оның беліктерінің) табылуы; ә) Өлтірілуі мүмкін екендігі нұсқалған жағдайда адамның жоғалуы; Мәйіттің (немесе оның бөліктерінің) табылған жағдайында іс козғау туралы мәселені шешу-ерекше қиыншылықтар тудырмайды. Егер оқиға болған жерде мәйітті қарағанда қасақана кісі өлтірілгенін, өзін-өзі өлтіргенін немесе жазатайым жағдайда өлгенін аныктау қиын болса, осы мәселені тергеу барысында шешу үшін қылмыстык іс козғау қажеттілігі өзінен-өзі туатындығы белгілі. Дене зақымын келтіру арқылы жәбірленушіні емірінен айыру немесе мұндай мақсатсыз кісі өлтірушілікке қастандык жағдайларында да мәселе оңай шешіледі. Адам жоғалған жағдайда іс күрделі бола түседі. Өйткені, із-түссіз жоғалушының кай жерде екендігі жайлы мәліметтердің жоқтығы, оның өзінің жақындарына қайда және неліктен жоғалғандығын хабарлау мүмкіндігінің болмауы. Сондықтан адам жоғалуына байланысты іс козғар алдынан тексеру жүрізіледі, -оның мақсаты: жоғалған адам тірі ме, болмаса оның жоғалуы зорлап өлтіруге байланысты ма екенін анықтау. Егер тексеруде жоғалған адамды белгілі бір мерзімге дейін ешкім көрмесе немесе одан хабар болмаса, ол туыс-туғандарына бармаса және туыстарына өзінің бір жақка кеткендігін хабарламаса, ол өзі тұратын үй басқармасын, жұмыс орнын немесе оқитын жерін және басқа да ұйымдарды хабарландырмаса, ал оның жеке құжаттары және нәрселері үйінде қалса, оның бір жаққа кетуі туралы ойлары белгілі болмаса, онда жоғалған адамның зорлықпен өлтірілуі мүмкіндігі негізді деп есептеліп, оның өлтірілуі туралы қылмыстык іс қозғалады. 2. Кісі өлтірудін криминалистік сипаттамасы Кісі өлтірудің криминалистік сипаттамасын мына элементтер құрайды: қылмысты жасыру; қылмыскердің жеке тұлғасы мен жәбірленуші туралы мәліметтер. Қылмысты жасалу тәсіліне карай кісі өлтіруді екі негізгі түрге бөліп қарауға болады: — ашық түрде кісі өлтіру, яғни кісі өлтірушінің жанында оны білетін адамдардың болуы.Егер көрген адам болмаған жағдайдың өзінде де, кісі өлтіруші өзінің істеген ісін және кінәсін жасырмаған жағдайда. — жасырын түрде кісі өлтіру, яғни қылмыстың ешкім көрмеген жағдайда жасалуы, кылмыскердің өз кінәсін белсенді түрде жасыруға тырысуы, куәгерлер катынасқан жағдайдың өзінде бейтаныс адамның қылмыс жасап, жауапкершіліктен құтылып максатын іске асыруы. Қылмыстың бұл түрі тергеу үшін күрделі болады. Тергеу әдістемесін жасағанда кісі өлтірудің әдістерін зертгеумен қатар, олардың қылмыстарын жасыру тәсілдерін де зерттеу керек. Кісі өлтірушілер көбінесе бір нәрсені теріс көрсетуге тырысып, түрлі айла жасайды. Әр түрлі жағдайларға сәйкес олар: табиғи болған өлім, өзін-өзі өлтіру, жазатайым жағдайда, абайсызда бол-ған өлім және т. б. көріністер. Кылмыстының айлаларын анықтау барысында мына негізгі факторларға көңіл бөлінуі кажет: жәбіренушілерге өлтіру уақытында жасалған закымдардың сипаттамасы және өзін ақтайтын дәлелдердің шынайылығы. Кісі елтірушілер мәйітті немесе оның бөліктерін жәбірленушінің кім екендігін танытпау үшін жасыруға тырысады. Мәйіт басының кесіліп алынуы, бүлдірілуі (құлақ, мұрын, ерін, көз шығарулары мүмкін), бас терісін сыпыруы, өртеуі суға батырылуы, дененің бөлшектелініп тасталуы мүмкін. Қылмыскер өлім болған жердегі өз ізін және киіміне түскен таңбаларды жоюға тырысады. Іздер мен басқа да заттай айғақтар сәйкес материалдары болуға, кылмыскердін іс-әрекетгері туралы айтуға мүмкіндік береді. Өлтіру құралдарындағы қол іздер кейде кісі өлтірушінін солакай екендігін анықтауға мүмкіндік туғызады. Қылмыс жасау тәсілдері туралы мәліметтерді пайдаланып, негізгі түлағалардың арасынан қылмысты кім жасағанын аныктап, болжауға болады. Қылмыстар деректі жағдайда жасалынады. Жағдайды зерттеп, қылмыскер мен жәбірленушінің әрекеттеріне әсер еткен объективтік факторларды, окиға тетігін, өлтіру тәсілдерін анықтауға болады. Мысалы: қаладан алыс емес (ағаш отырғызылған) жерден жас ер адамның мәйіті табылған. Мәйіттің, жанында жатқан қанды еске түсіретін, қызыл қышқыл түсті шаш жабысқан үлкен тас, тергеушінің пікірінше кісі өлтіру құралы деп танылды. Окиға болған жерде алыс-жұлыс іздері болмаған. Өлтірілген адамның жаңа костюмі мен аяқкиімі, қалтасында ақша болған. Осылар-дың бәрі өлтіру қасақана емес, таластан, кек алудан, жәбірленушінің таныстары тарапынан болған деген ойға әкелді. Қылмыскер мен жәбірленуші туралы мәліметтер криминалистік сипаттаманын, маңызды бөлігін құрайды. Оларды зерттеу, әсіресе тергеудің бастапқы кезеңінде жасалған қылмыстың себебі мен оларға әсер еткен жағдайларды ашуға көмектеседі. Көптеген адамдар қылмыс жасағандарына дейін жүйелі түрде қоғамдық тәртіпті бұзып, күш көрсетумен айналысатындығын байқатқан. Қылмыскерлер жүйелі түрде спирт ішімдіктерін шамадан тыс ішіп, құқық бүзу әрекеттерін мас күйлерінде жасайды. Өлтіру алдында жағдайлар болады, болашақ жәбірленушілер кей жағ-дайларда өздерін дұрыс ұстамайды. Көбінесе, әйелдер ерлерінің өмірі мен денсаулығына қастандык, жасайды: мастықтан, кол жұмсаудан, қорлық көрсетуден. Егер өлтіру себептеріне көңіл бөлінбесе, олар: бұзақылық пиғылдар, қызғанушылық, пайдақорлық, баска қылмысты жасыруға тырысуы және т.б. онда қылмыскердің жеке тұлғасы толық зерттелмейді. Кісі өлтірушілік қылмыстық-құқық классификациясы нормалар негізінің әр түрлі классификациясына жатады, олардың негізі болып субъективтік тараптың (кінә түрі, ниет пен мақ-саттары) моменттері болып табылады, өлтіру алдындағы жағдай, жәбірленушінің тәртібі (жан күйзелісі жағдайында, қажетгі қорғаныстан аскан жағдайда өлтіру), мұнда криминалистік классификация тәсілдері кең колданылады. Кісі өлтірушілік жасалу тәсілі бойынша олар дайындалып жасалған ба, әлде жок па, дифференциялануы мүмкін. Статистикалык мәліметтердің куәландыруы бойынша көптеген қылмыскерлер кісі өлтірушілікті дайындалмай жасайды, жәбірленуші өміріне қасаканалық кенеттен пайда болып, сол арада жүзеге асырылады. Болжамдар жасау негіздері: зорлықшыл өлім сипаты және оның тікелей себептері; жәбірленушінің жеке түлғасы; қылмыс жасалған орын; сезіктінің ену және кету жолы; кылмыскерлердің болжамды саны; жәрбірленушінің жеке байланыстары; қылмыскер өзімен бірге алып кеткен заттар; қылмыскерге жататын заттар; мәйіттің жатқан қалпы; мәйіттегі жараның сипаттамалары; өлтіру құрал-саймандары; жедел мәліметтер мазмұны. Қылмыс жасауда қылмыскер тандап алған тәсіл, әз кұрбандығымен қатынас жасау кезіндегі оның тәртібі, оның денесіндегі іздер осы адамның психикасындағы ауытқушылық, тетіктер туралы куәландырады және психиатриялык, наркологиялык мекемелерде есепте тұратын, тәртібі ерекше сипатталатын адамдарды іздеп табуға көмектеседі. Қылмыстың бұл түріне қылмыс іздерін жасыру бойынша шараларды кең тарату тиімді. Бұл екі жағдаймен ескертіледі: а) ауыр қылмысты жасағандығы үшін жауапкершіліктен бас тарту (зорлаған, құрбандықпен өлтіру); б) құрбандықпен байланысы бар (туысқандық, таныстық, қарым- қатынастық); Арасында сезіктілер болатын типтік тұлғалар тобына мыналар жатады: а) сондай кылмыстармен бұзақылықтар үшін бұрын сотталғандар — 37 пайыз. ә) жақындары мен таныстары. б) жүйке ауруымен ауыратындар. в) қоғамға қарсы тәртіппен көрінген кәмелетке толмағандар топтары. Мәйітті бөлшектеу арқылы өлтірудің біразын жәбірленушінің туыстары немесе жақын таныстары жасайды, бұлар «тұрмыстық өлтірушілср» деп аталатындар: Әйелдер адам өлтірерде колдарына балға, балта, үтік, асхана пышағы т.б. алады. Қылмысты жасау тәсілдерінің қылмыстық-құқыктық дифференциясы аса зұлымдықпен жасалған кісі өлтіру немесе көп адамның өміріне қауіп келтіру тәсілімен. Сол әрекетіне сипаттама жасау үшін маңызы бар ғана емес, қылмысты тергеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін керек, бұларда материалдың және идеялық іздерде көрінетін қылмыскер әрекетінің дайындалуы, оны жасыруға байланысты істер түрлерін көрсетеді. Нақты әрекеттер спецификасы криминалистік аспектіде қылмыстық нәтижеге жетуге бағытталған және осымен өз суреті көрінетін шарттылық қылмыс жасау қолданудағы құралдарға сипаттамалар мен оларды пайдаланудың тәсілдері көрінеді. Кісі өлтірушілік жасағанда бұл құралдардың, ату құралдарының әр түрлілігімен, зорлауда жәбірленушінің қарсылығын тойтару өдістері мен құрал- жабдықтарына (қылқындыру, ұру) байланысты анықталады. Пайдаланатын кұралдардың нақты түрі оған байланысты типтік із қалдырып кана қоймай, қолдану шарттарын да анықтайды: арнайы адаммен (дағды, күш, табу мен дайындау мүмкіндігі) құралдардың сипатына сәйкес қолданудын орны мен уақытын таңдау, жасырыну тәсілдері. Қылмыс жасауда құралдар пайдаланудың түрлерін есептеп криминалистік әдістемеде өлтірудің мынадай тәсілдерін бөліп қарайды: Мылтықты пайдалану. Қара күшті пайдалану (тұншыктыру, суға батыру). Тұрмыс заттарын пайдалану. Улы және уландыратын заттарды пайдалану. Қылмыс жасаудың типтік іздік суреті материалдық және идеалдық көріністердің барлық жиынтығын, қылмыскер мен жәбірленушінің іс-әрекетімен жасалған, әрбір нақты жағдайда қылмыс жасаудың тәсілінің тікелей көрінісі болып табылады да, қылмысты ашудың жолдары мен мүмкіндіктерін анықтайды. Мылтықтан болған жараларды қараудың ерекшеліктері бар: жараның кірген және шыкқан тесіктерінің белгілері: бытыраның шашылуы анықталады, мәйітте және киімде дәрімен күйе іздері барлығы тексеріледі, мәйіт жанынан мылтық қолданылғандығын куәландыратын заттардың іздерін табу шаралары қолданылады. Тұрмыстық құралдар арқылы салынған жаракаттардың нысандары әр түрлі болады: жарты ай, бұрышты, дөңгелек т.б. Жарақат нысанына өтпейтін құралдардын, қозғалу бағыты мен формалық түрі әсер етеді. Егер өлім жарақат салынғаннан кейінгі алғашқы тәулікте жеткен болса, онда таңба жиектерінде шіру процесінің іздері көріне бастайды. Өтпейтін құралдармен салынған жаралар біркелкі емес, көбінесе жыртылған болады, жара шеңберінде зақым зонасы (көгерген, езілген) көрінеді. Тұншықтыру, суга батыруды көрсететін белгілер. Түншык,тыру: ілмекпен немесе қолмен, өзінің белгілері бойынша асы-ып өлуді еске түсіреді, бірақ оның өзіне тән белгілері бар: ілмек-тұзақ салған жердегі жоғарғы терінің көгергені; бет терісінде, әсіресе қасында көптеген қан тамырлары қиылғандығы көрінеді; тілі салбырап тістерінің арасынан шығып тұрады; странгуляциялық тілім көлденең бағытга болады және ілмек жанынан үзілісі болмайды. Суға батыру — егер сұйықта адамның басы ғана көрініп тұрса, онда ол суға батырылған деп есептелінеді. Өзендер мен шағын көлдерде суға кеткен адам денесі су түбіне түседі және қатты ағыс болмаса бір орында калады. Шіри бастағанда мәйіт су бетіне қалқып шығады (жазда 2—3 күн, қыста 10-20 күн ішінде). Мәйіттің суда қанша жатқандығын тері түсінің өзгеруіне карап шамалауға болады: 2-6 сағаттан кейін саусақ ұштарының терісі аздап ісініп, ағарады; 2—5 тәуліктен кейін алақан терісінің барлық беті ісінген, әжімденген сияқты болады, ақ түске енеді; 7—15 күннен соң қолдың сыртқы терісі түсе бастайды, 30—40 күн өткен соң тырнақтарымен бірге мәйіт дақтары білінеді. Бүл процестер су температурасына байланысты етеді. Судан мәйітті шығарғаннан кейін өлім туралы соңғы пікір сот-медициналық зерттеу нәтижесінде айтылады. Улану әр түрлі химиялық заттар арқылы болады және әр түрлі сипаттамалармен қоса өтеді. Кісі өлтіруді тергеудің алгашқы кезеңі. Қаралып отырған кылмысты тергеудің бастапқы сатысы екі негізгі жағдаймен айқындалады: а) Қылмыс белгілерін көрсететін материалдық іздердің бар болуы (мәйіттің табылуы, оның бөліктері, қан іздері, өлтіру құралдары); ә) Адамнын жоғалып кетуі немесе қылмыстың ізі болмаса да, қылмыс болды деген хабар түскен. ҚР ҚІЖК-нің 177-бабына сай қылмыстық іс козғауға себептер мен негіздер. мәйіттің табылуы туралы азаматтардьщ, лауазымды түлға- лардың арыздары; мәйіттің мәйітханаға түсуі, немесе кісі өлімінің жараланудан, уланудан болғандығы туралы медицина мекемелерінің хабарлауы; жәбірленушілердің оларды өлтіруге немесе оларға қастандық жасауға дайындық бар екендігі туралы арыздары; кісі өлтіруші мен оның сыбайластарының өз кінәсін мойындап келуі; қылмыстык іс қозғауға құқылы органдар мен лауазым иелерінің кылмыс туралы мәліметтерді өздерінің анықтауы. Тексерудін алғашқы сатысында шешілетін анықталуға бағытталған негізгі мәселелер: а) кылмыс жасалған орын; б) зорлап өлтіру немесе өлімнің басқа да себептерден болуы; в) егер зорлықпен өлтіру болса, оны жасаудың тәсілі; г) құрбандықты, өлтірушіні, сыбайластарды анықтау; д) өлтірудің ниетін анықтау. Алғашқы тергеу кызметтері: Оқиға болған жерді және мәйітті қарау. Мәйіт табылғанда оқиға болған жерде бірінші рет сырттай карайды. Өлімнің себебі мен түрін анықтау және жәбірленуші жайында мәліметтер жинау, жасалған кылмыс іздерін табу үшін жүргізіледі. Табылған мәйітте жарақаттары барлығын тексеруге ерекше көңіл аударылады. Қару-жарак, жәбірленушінін денесінде терең із қалдырып, адам денесінің өмірлік маңызды орындарына жарақат келтіреді. Қарау-тергеу қызметінің маңыздыларының бірі болып табылады. Оның нәтижелері барлық алдын ала тергеу істерінің табысты болуын анықтайды. Оқиға болған жерді қарағанда, ең бірінші қылмыскердін, ізіне дереу түсуді, оны іздеуді ұйымдастыруы қажет. Кісі өлімінде сот-медициналық, сарапшы-дактилоскопшылар, биологтер, сот- жедел суретке түсіру мамандары немесе бейнежазу, ал қажет болған жағдайларда баллистер мен өрт техниктері де қатынасады. Бұл, оқиға болған жерді ұқыпты, дәл қарауға, болған жағдайды қайта қалпына келтіруге (қылмыс болғанға дейінгі), айғақ заттарды, т.б. іске маңызы бар объектілерді алуға мүмкіндіктер жасайды. Қарау объектілеріне мыналар жатады: үй-жай немесе қылмыс болған ашық жерлер, жәбірленушіге дене закымдарын салған заттар, мәйіттің өзі. Оқиға болған жер мен мәйітті ұқыпты қарау мыналарды анықтайды: Өлімнің болған уақыты, тергеуші хаттамада өлімнің болған уақытын анықтайтын мәліметтерді жазады: мәйіттегі дактардың болуы мен сипаты, мәйіттің қатаюы, шіри бастау, ауаның температурасы. Жәбірленуші мен қылмыскер арасында алыс-жұлыс болғандығы, сынған жиһаз, аударылып қалған орындықтар, сынған ыдыс-аяқтар т.б. куә болады. Қылмыскер мен жәбірленушінің тұрған жерлері: соңғысына жарақат салу, ұрып-соғу т.б. мертігулер. Бұл мәселе мәйіттің жату қалпымен орнын тексеріп- зерттеуден, жаралар, қан таңбаларын анықтаумен шешіледі. Өлтірушілердің саны, олардың өлтіру орнына баруы мен қайту жолы, бұл қылмыскерлердің іздеріне дереу түсуге мүмкіншілік береді. Қылмыскерлердің саны туралы мәселе оқиға болған жерде қалған аяк, аяқкиім, қол іздерін, шылымның қалдықтарын т.б. зерттеу жолымен шешіледі. Тергеуші оқиға болған жерді қарау үстінде криминалистік құрал-жабдықтармен табу тәсілдерін, іздерді алу мен анықтауды және баска да заттық айғақтарды дұрыс пайдалана қолданып, шеберлік көрсетуі қажет. Атыс, атылған оқ, гильзалар мен тығындар бойынша ату құралдар түрін, моделін, маркасын, жүйесін, ара қашықтықты және ату бағытын анықтауға болады. Табылған жерінде мәйітті сырттай қарау сот дәрігері, ол болмағанда басқа дәрігердің қатысуымен жасалады. Маман өлімнің болу дерегін көрсетіп кана қоймай, өлімнің қай уакытта болғандығының уақыт шамасын анықтайды, тергеушіге басқа заттай шығындардың іздерін анықтауға, ашуға көмектеседі. Оқиға болған жерді қарау — бұл тергеуші немесе сол орында анықтама ізін жүргізуші қылмыстық іс жүргізуші заң тәртібімен тағайындалған рет бойынша жағдайды және басқа да болған оқиға жайларын анықтау мақсатымен атқарылатын іс-әрекет, іс үшін маңызы бар қылмыс іздерін анықтау, оларды алу мен басқа да заттық айғақтарды анықтау мен табу үшін жүргізіледі. Қараудың негізгі міндеттері: а) қылмыс іздерін табу; ә) басқа да заттай дәлелдерін табу; б) болған оқиға жағдайын анықтау; в) іс үшін маңызы бар баска да жағдайларды аныктау; г) тергеушінің барлық іс-әрекетін және барлық табылғандарды сол күйінде, сол қалпында, сол ретпен қарау мезгілінде қалай болғанын қағазға түсіру; д) карау кезіндегі барлық алынған заттарды тізімдеу; е) қарау процесіндегі алынған заттар мен құжаттарды сақтауға шаралар қабылдау. Заң қылмысты іс қозғағанға дейін оқиға болған жерді қарауға рұқсат етеді. Істі қозғауға бола ма, болмай ма, окиға болған жерді біліктілікпен зерттелгеннен кейін ғана қорытынды шығаруға болады. Сондықтан да, қылмыстық іс жүргізу заңы, окиға болған жерді қарауды ешкандай кезек күттірмейтін іс-әрекет деп есептеп, тергеушіні анықтау органын дереу окиға болған жерді қарауға міндеттейді, бүл іс-әрекетсіз қылмыстык іс козғау мүмкін емес. Оқиға болған жерді қарағанда жіберілетін типтік қателер мыналар: Криминалистік мәселелерді әлсіз шешкенде: іздеу жұмыстары жапа шегеді, үстіңгі жағында жатқан нәрсе ғана жазылып-түсіндіріледі. Қараудың жүйесіздігі. Алғашқы сатының жиі қайталанатын типтік кемшіліктері: Оқиға болған жерді қарауда ат үсті жүргізілуі; Хаттамаға криминалистік акпаратты дәл түсіндіріп жазбау; Анықтаудың фотографиялык әдістерін сапасыз пайдалану; Микрообъектілер анықталмайды, зерттелмейді, жазылып-хатталмайды: ластар, киім мен аяқкиімдегі, қолдағы және дененің басқа бөліктеріндегі; Теріс жағдайлар анықталып талданбайды. Жәбірленушіден жауап алу. Жәбірленушіден өз уақытында жауап алу, істің жағдайлары туралы толық та шын көрсетпелер алуға, кінә мен олардың жақындарына жәбірленушіге әсер етпеуге жағдай жасайды. Уақыт өте оның көрсетпелері өзгеріске түсуі мүмкін, ол бір нәрселерді ұмытады, басқа біреудің ырқына көнуі де мүмкін болатын жағдайда, т.б. Жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қастандық жасау нәтижесінде ол қатты қозу үстінде болса, одан жауап алуға болмайды. Аса ауыр жүйке-психикалық жағдайды түсіру үшін тергеуші тыныштық, сенімділік жағдайын, қылмысты тез ашу мен кінәліні жазалаудың тез болатындығына сендіру керек. Жәбірленушіден қылмыс жасау окиғасын катынасты жағдайлар туралы жауап алу кажет (уақыт, орын, тәсіл, жағдай қылмысқа дейін, қылмыс уақытында және онан кейін): кылмыскердің осы кезеңдегі ара қатынасы, дене жаракаттары және құралдар, жәбірленуішнің тәртібі мен жағдайы, мүлікті зиян мөлшері жауапкершілікті жұмсартатын немесе қатайтатын жағдайлар, қылмыс болу оқиғасын куәландыратын дәлелдемелер және оның нақты бір адаммен жасалғандығы. Егер жәбірленуші оқиға болған жерде толық және дәл керсетпелер бере алатын мүмкіндігі болса, онда жауап алуды сол арада өткізген жөн. Тек мүдделі болғандықтан, жөбірленушінің көрсетпелеріне сын көзімен карауды қажет етеді. Оған шабуыл жасаудын сылтау, әдепсіздік, дөрекілік, біреуді соғу істерін оның жасыру мүмкіншілігі де жокка шығарылмауы керек. Куәлер және көзімен көргендерден жауап алу. Окиға болған жерді қараумен бір мезгілде тергеуші немесе оның тапсырмасы бойынша қылмысты іздеу қызметкері куәларды анықтап, олардан жауап алады. Ең бірінші кезекте жауап алатындар: Қылмысты көзімен көргендер, мәйітті тапкан адамдар, қылмыс жасалып жатқанда онымен болғандар, туысқандары, таныстары, жәбірленушінің өмірін жақсы білетіндер. Куәларды анықтау мақсатында окиға болған жерде сұрау жүргізіледі, жақын маңайдағы үйлердің тұрғындарымен, ұйымдар мен кәсіпорын қызметкерлерімен әңгіме жүргізіледі, басқа ішкі істер органдарына сұрау салынады, автобус, трамвай, троллейбус, электропоезд, автовокзал жүргіншілеріне хабарланады, жергілікті баспасөз, радио, теледидарға хабарлама беріледі, егер қылмыс көлікпен жасалса, онда автошаруашылық, техстанция, жөндеу орындарына, жедел-іздестіру шаралары қабылданады. Куәлар есебінде жәбірленушіге медициналық көмек көрсеткен дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін қарағанда, жәбірленушілер жиі жағдайда ашық болады. Куәгерден жауап алу барысында мыналар анықталады: Қылмыс кайда? Қашан жасалды? Бастаушы кім? Қандай құралмен денеге жаракат салынды немесе өлтірілді? Қылмыс құралы қайда болуы мүмкін? Мәйітті кім, қашан және қандай жағдайда тауып алды? Мәйіт жанындағы нәрселер не? Қаза тапқан кім? Қашан, оны кіммен бірге соңғы рет көрді? Ол не істегісі келген еді? Қай жақка бара жатты? Өзін қалай ұстады? Не айтып еді? Жәбірленушіні үйінен кім шақырды? Қайда? Неге кетті? Өзімен бірге нәрсе, акша алды ма? Тергеуші куәгерден жеке жауап алады, егер аз уақыт ішінде бірнеше тергеу әрекеттерін жасау керек бола, онда жеке куәгерден жауап алуды анықтау органына жүктейді. Қылмысты көзімен кәрген адамнан жауап алганда, мыналар анықталуга тиіс: — қашан және қандай жағдайда куәгер окиға болған жерге тап болды; — болып жаткан оқиғаны қандай қашықтықтан көрді (қашықтық, ол жерге жарық түсуі); — өлтірілген кім? Куәгер ол кісімен карым-қатынаста? — өлтірілген кім? — өлтірушілер нешеу болды? — бұл адамдар куәгерге таныс па? Олармен қарым-катынас қандай? — олардың әрқайсысының белгісі, киімі, аяқкиімі кандай? — олар қашан қай жақтан қандай көлікпен келді? — бір мезгілде ме, әлде әр кезде ме? олардың келу реті қалай еді? — олар өзара не туралы сөйлесті? Жәбірленушімен ше? Бірін-бірі өзара қалай атады? — өлтіру алдында не болды? — өлтірілушілердің әрқайсысында кандай кұралдар, қару бар? — олардың әркайсысьның іс-кимылы қалай, дененің кай жеріне қайсысы немен тұрды? — өлтірілер алдында жәбірленуші өзін қалай ұстады оның тәртібі жанжал тудыруға сылтау болған жоқ па? — жәбірленуші қарсылық жасады ма? Жасаса қандай? — жәбірленуші өлер алдында өтініш айтты ма? Өсиет ше? — Өлтірушілер жәбірленушіден не алды? — Қылмыс жасалған жерде кісі өлтірушілер пайдаланған немесе түсіріп, жоғалтқан нәрселер қалды ма? — қай жаққа, қандай көлікпен кетті? — қылмыс жасалған жерде өлтірілер алдында кімдер тікелей болды, бұл адамдар не айта алар еді? — өлтірілгеннен кейін оқиға болған жерде не болды жағдайға кандай өзгерістер енгізілді? Өлейін деп жатқан жәбірленушіні немесе мәйітті ең алғаш анықтаған куәгерлерге мынадай сұрақтар қою жөн: Қашан? Қандай жағдайлар күшімен куәгер окиға болған жерге тап болды? Онымен бірге тағы кім болды? Куәгерге жөбірленуші белгілі ме? Ол келгенде жәбірленуші тірі ме еді? Не айтты? Жәбірленушінің өмірін құтқаруға кім, не жасады? Егер куәгер жәбірленушіні тірі күйінде көрмесе, мәйітгің қалпы, үстіндегі киім жайы қандай еді? Тергеуші келгенге дейін окиға болған жерде қандай өзгерістер енгізілген? Мәйіттің қалпы мен жатқан орны өзгерді ме? Қанды біреу сүртті ме? Жоғарыда көрсетілген тұлғалардан жауап алуда олар мәйітті қандай жағдайларда тапты? Сол мезетте жанында немесе окиға болған жерде жақын кім болды? Ол адам қай жаққа жасырынды, оның белгі түрі қандай? Жәбірленуші табылғанда, ол өз есінде ме? Не айтты? Мәйіт айналасындағы жағдай қандай болды? Куәгер мәйітке жақындады ма? Оның жату қалпын езгертпеді ме? Полиция қызметкерлері келгенге дейін оқиға болған жерден кетпеді ме? Олай болса, ол кезде мәйіттің жанында кім қалды? Сот медициналық сараптамасын тагайындау. Кісі өлтіру туралы істер бойынша жүргізілетін тергеу істерінің ішінде ең маңызды орынды сот-медицина сараптамасы алады, оны тағайындау дене жарақаттары сипаты мен өлімнің болу себептерін анықтау үшін міндетті болып табылады. Сот-медициналық сараптама мынадай мәселелерді шешу үшін тағайындалады: а) Жасалынған қылмыстың жағдайлары: өлімнің себебі мен уақыты. Мәйітте дене жарақаттары бар ма? Олардың саны, локализациясы, сипаты және пайда болу тетігі? Закымдардың қайсысы тірісінде, қайсысы өлгенінде жасалған? Дене жарақаттарының табылу реті? Жарақат жасаған кездегі жәбірленуші қандай күйде болған? ә) Өлтіру алдындағы жағдайлар: жәбірленуші қанынын құрамында алкоголь бар ма? Оның концентрациясы мастықтың қандай дәрежесіне сәйкес? Жәбірленуші өлтірілгенге дейін тамақ ішті ме? Өлім алдында жыныс катынасы болған ба? б) Өлтірудің құралдары: жәбірленушіге салынған дене жарақаттары бір немесе бірнеше құралмен жасалған ба? Кұралдың түрі, нысаны, мөлшері, жарақат сараптамаға ұсынылған құралмен жасалмады ма екен? в) Жәбірленуші тұлғасы: бөлшектенген мәйіт денесінің бөліктері бір адамға жата ма? Жынысы, жәбірленушінін бойы қандай? Жәбірленуші тірі кезінде қандай аурулармен ауырған? Қандай операциялар болған? Оның ағзасында патологиялық өзгерістер бар ма? Ішкі органдарынын. Ауытқуы (аномалиясы) ше? Тіс аппараты құрылысының ерекшеліктері? Жәбірленуші қанының тобы қандай? г) Сезіктінің тұлғасы: қаны қандай топқа жатады? Мәйітті бөлшектеген адам анатомия саласынан білімі және секционды техникадан практикалық дағдылары бар ма? Бөлшектеуді жасаған тұлға солақай емес пе? д) Қылмыстың сылтауы мен мақсаты: мәйіт денесінде зорлықпен жасалған жыныс катынасына жататын іздер және екі қабаттылықтың белгілері бар ма? Жәбірленушілерге қорлық керсету сипаты, олар кұрбандылықтың ерекше азап шегуіне соққан жоқ па? е) Мүмкін қылмыс болмай, инценировка жасалған шығар? Мәйіттің денесіндегі жарақаттар жәбірленушінің өз қолымен жасалынған емес пе? Мәйіттің дене жарақаты оның киімінің бүлінуіне сөйкес келе ме? Егер олай болған жағдайда, оны қалай түсіндіруге болады? Жәбірленушінің мойныдағы ілмек-түзақ елгеннен кейін салынған емес пе? Мәйіттің табылған жері өлтірілген жермен сәйкес келе ме? Сот-медициналык зерттеу үстінде (мәйітті) сарапшы алдында кейбір күмәнді мәселелерді шешетін фактілер де анықталуы мүмкін. Сонымен қатар шұғыл түрде тексеруді қажет ететін жағдайлар да анықталуы мүмкін, мұндайда сот-медициналық сараптамасы жүргізілсе, оған тергеушінің қатынасуы аса кажет. Сараптамаға материалдарды дайындауда, тергеуші ең алдымен, ауру тарихын (амбулаториялық карта) алады. Егер онда қажетті мәліметтер жоқ болса, онда дәрігерден, хирургтен, емдеуші дәрігерден жауап алынады. Сарапшыға ауруды қарау мүмкіншілігін берген дұрыс, дәрігерлерді, баска да куәлер мен айыптаушылардын хаттамаларымен танысу өте маңызды болып саналады. Сезіктіден жауап алу. Мұндай жауап алуы жоспарлау мен оны өткізудің тәсілін тандап алуды тергеушінің қылмыстардын жағдайларынан шыға отыра жүзеге асырылады: дәлелдемелер жинау, жауап алынушынын. жеке басы туралы мәліметтер. Ашық өлтірілгеннен кейін, қылмыскер көбінесе өз кінәсін жасырмайды. Мұндайда жауап алудың негізгі мақсаты жасалған жағдайлардын барлық мәнісін ашу мен өлтірудің сылтауын анықтау болып табылады. Анық емес жағдайларда жасалған өлім туралы істер бойынша сезіктілер жауап беру кезінде күту ұстанымын жиі ұстанады, тергеуші кандай дәлелдемелермен оның өлтіру ісіне катысты екендігін дәлелдейтіндігін білуге тырысады, сонан кейін ез кінәсін мойындау жолына түседі. Өз кінәсіын мойындамаған сезікті жауап беруде жалған алиби ұсынады, қылмысты баскалар жасады деп немесе жәбірленуші езін-өзі өлтірген, не болмаса жазатайым жағдай болған деп мәлімдейді. Мәйіті табылмаған кісі өлтірушілікті тергегенде сезіктілер жоғалған кісі тірі, әр түрлі себептермен тығылып жүр деген жорамал да ұсынады. Жауап алу барысында сезіктілерден дүрыс мәліметтер алу тергеушінің алынған акпаратты шеберлікпен қолдана білуіне байланысты: өз қолындағы дәлелдемелерді дұрыс қолдана білуіне, сондай-ақ жауап алуда айла тәсілдер қолданудың үлкен маңызы бар: жауап берушінің логикалық ой-пікір қорытындысын айтуға қозғау салу, оның дәлелдемелерін зерттеуге қатынасуға шақыру, тергеуде анықталған фактілердің мәнін түсіндіру. Сезікті өзінің тұрған жерінде жиі ұсталынады. Тұрғын жайға ену үшін сезікті дауысын танитын адамдардың көмегіне сүйену керек. Бірақ қарулы қарсылықтың болатынын ескеріп, бұл адамдардың қауіпсіздігін камтамасыз ету шараларын ұйымдастыру кажет. Ұсталған сәттен бастап-ақ жеке тінту ісін жүргізіп, қылмыс құралын немесе баска затгар мен құжаттарды тауып алу керек. Куәландыру. Егер жәбірленушінің, сезіктінің, айыптаушының денесінде қылмыстық іздері бар деген мәліметтер болса, онда сот-медициналық сараптамасы немесе куәландыру өткізіледі. Сезіктінің денесінде оған жәбірленуші қарсылық көрсеткенде салынған қарсыласу іздері болуы мүмкін ( тырнау, дененің көгеруі,т.б.) Куәландырылушының денесінде окиға болған жердегі заттардың бөлшектері қалуы мүмкін: (бояу, техникалық майларт.б) қан ізі де болады. Ұсталған адамның тырнағының астында қан, мата талшықтары, басқа да дүниелер болуы мүмкін, сондықтан да зерттеу үшін алынады. Куәландыруда ерекше белгі-таңбаларды анықтау мақсатында да жүргізеді: татуировкалар, біткен жаралар мен таңбалар, көп өскен түк-шаштар, денедегі ақаулар тағы басқалар. Хаттамада мыналар көрсетіледі: кім куәландырылды, сезіктінің. денесінде кандай жарақаттары (тырналған, қанталаған) олардың саны, түрі (ашық жара) тыртық, тырнақ ізі, дененің қай бөлігінде, мөлшері, жағдайы, нысаны, түсі, зақымдалған түстағы тері қабатының жайы. Қан ізі болған жағдайда оның формасы мен орналасуы көрсетіледі. Тінту. Окиға болған жерді қарағаннан кейін бірден тінту жүргізуге болады егер іс үшін маңызы бар заттары, іске мүдделі адамдар тығып қойды деген негіз туса және қылмыскер пәтерде, үйде, қора-қопсыларда тығылып жатыр деген жағдай туса. Іс үшін маңызы бар заттар туралы мәліметтер оқиға болған жерді, мәйітті қарағанда, куәлардан жауап алғанда, басқа да тергеу іс-әрекеттерін жүргізгенде алынады. Тінту қылмыс жасау құралдарын іздегенде киім мен аяқкиімді (оны сезікті қылмыс жасағанда киген) заттардың, оның бөліктерін, сол арадан тапқанда жүргізеді. Тінту жүргізе отырып, тергеуші қылмыс кұралы болып табылатын заттарды да көңіл қоя карауы керек. Заттарды алғанда хаттамада олардың қайдан табылғандығын, сыртқы пішінін, түрін, мөлшерін ерекше белгілерін, жағдайын, іздін бар-жоғын көрсетуі кажет. Мәйітті не оның беліктерін іздегенде. Оларды жасыру мен көмудің барлық мүмкін болатын орындарын ұқыпты тексеру керек: мұражайды, құдық ішін, үй шатырын, қазылған шұңқырларды. Мамандар мәйіт іздейтін және басқа да іздеуші құрал-жабдықтарымен көмектеседі. Кісі өлтірудің жеке турлерін тергеу ерекшіліктері. Жоғалып кету туралы мәліметтер бойынша қозғалған істерді тергеу ерекшіліктері. Мұндай жағдайларда көбінесе мына жорамалдар тексеріледі: Жоғалған адам тірі, бірақ бір себептерге байланысты өзі туралы білдіре алмайды, ауруға байланысты жоғалған адам кенеттен қайтыс болған немесе жазатайым оқиғаға ілініп қаза тапты не баска да қылмыс текті емес жағдайларда опат болды. Алғашқы екі жорамалды тексеру мақсатында не анықтау керек: Жоғалған адам не оның мәйіті ауруханаға, мәйітханаға басқа да медициналық мекемелерге түскен жоқ па? Сотталғандар мен тұтқындалғандар арасында жоқ па? Ізденуші адамның мәйіті, танылмаған мәйіттер ішінде емес пе? Жоғалған адам туралы төлқұжат пен әскери есеп мәліметтерінде жоқ па? Іздеуші адам өзінің бұрынғы мекенінде, туған жерінде, туыстарының тұрған жерінде тұрмай ма? Жоғалған адам тергеу және сот орындарынан қашып жүрген жоқ па? Немесе тұратын орнын тұрмыс жағдайына байланысты өзкерткен (отбасынан кетіп қалу, қарыздарын өтеуден қашу, тағы басқалар) жоқ па? Егер кісі өлтірушілікке негіз бар деп ұйғарылса, онда ең бірінші кезекте мәлімдеушіден жауап алынады: содан жоғалушыньң туысқандарынан, дос- жарандарынан, қызметтес адамдардан жауап алынады. Жоғалғанға дейінгі жағдайларды анықтау процесінде мына мәселелер анықталады: бұл кісіні соңғы рет қашан керді? Алдағы жоспарлары қандай еді? Оның тәртібімен көңіл-күйінде ерекшеліктері байқалмады ма? Ол соңғы кезде біреулермен жанжалдасқан жоқ па? Егер олай болса оған себеп не? Оның туыстарының, көршілерінің, қызметтестерінің және таныстарының ішінде оның өлімін тілеушілер бар ма? Жоғалушы қалай киінген еді, оның өзінде қандай заттар, киімдер, құнды заттар бар еді. Жоғалған адамның тұратын орны қаралады: тұрғын үй-жай, қора-қопсылары мен оған тиісті жер орындары; Жақында болған жөндеу іздеріне ерекше көңіл аударылады: бөлмелердін. орналасуының өзгеруі, жердің жаңа қазылған учаскелері. Егер кісі өлтіру мен мәйітті бөлшектеу түрғын жай ішінде болса, онда қылмыскерлердің ізі, олар қанша әрекеттенсе де қалып қояды. Паркет плиткалары, не тақтайлар арасындағы саңылаулардағы нәрселерді зерттеу үшін алу кджет; кейде жеке тақтайларды көтеру керек, паркет плиткасын, онын астында қан ізі бар-жоғын анықтау үшін алу керек. Үй іші тұтыну заттарында саусақ іздері қалмаған ба? Соны білу үшін тексеру кажет. Жоғалған жәбірленушінің жұмыс, тұрғын орнын тінту барысында мәйіт, қылмысты жасау кұралы, киімдері басқа да нәрселері, оның құжаттары, хаттары ізделінеді. Мысалы: жоғалған азамат Амановтың әйелінің айтуына қарағанда, ол оны баска қаладағы қарындасын іздеп кеткеннен бері көрген жоқ. Қарындасы Амановтың келгендігін, үйіне сыйлықтар әкеткендігін және оны қайтадан жолға шығарып салғандығын айтты. Амановтың үйге қайту жолында жоғалуы жайында тексеру ешқандай мәліметтер анықтай алмайды. Кейін Амановтың үйіне тінту жүргізілгенде, оньң соңғы сапарында ұлына деп сатып алған пальтосы табылды. Бұдан шығатын болжам: Аманов үйіне келгеннен кейін ғана өлтірілуі мүмкін, өлтірілушіні осыдан іздеу керек. Көрсетілген бағыттағы тексеру қанағаттанарлық нәтижелер берді. Әйелі күйеуінің кайтып келген бетінде өлтірілгендігін және оның мәйітін жасырын түрде жерлегенін мойнына алды. Мәйіттің бөлшектенуіне байланысты кісі өлтіруді тергеудің ерекшіліктері. Кісі өтірушілікті тергеуде өлтірілген кім екендігі туралы мәселе көп қиыншылықтар туғызбайды. Өлтірілген адамның ата-тегі, қызметі, түрған орны туралы тергеушіге қылмысты көзбен көргендер, не мәйітті алғаш көрген таныстары айтып береді. Кейде мәйітте жеке құжаттар, тегі мен мекенжайы бар хаттар, поштаға хат- хабарлар салғаны туралы квитанциялар болады. Бірақ қандай талассыз жағдайда болса да қате танудын, мүмкіндігі бар екендігін ешқашан естен шығармау керек. Бұл туралы Вершинскийдің өлімі туралы істі айтуға болады. Өлген адамнан табылған құжаттарға да сене беруге болмайды. Жәбірленушіде баска адамның қағаздары болуы да мүмкін, не қылмыскердің тергеушіні адастыру үшін әдейі қалдырған кұжаттары да болады. Жәбірленушінің жеке басын анықтаудағы қате тергеуді жалған жолға салуы мүмкін. Өлтірілген адамның жеке тұлғасы бұл мәселе бойынша бірнеше іздеу көздерінен түскен мәліметтерді тексерістен өткізгеннен кейін ғана толық анықталады деп есептеледі (бірнеше адамның оны жеке тануы, құжаттар арқылы тану). Мәйіттің бөлшектері табылған жағдайда тергеу алдындағы бірінші міндет келтірілген адамның жеке тұлғасын анықтау, кісі өлтіру болған орынды іздеп, мәйіттің бөлшектелген жерін табу. Мәйіттің жетпейтін бөлігін іздеу ісі кең аумақта мәйіттің бөліктері немесе бөлігі табылған жерлерден ізделінеді. Мүнымен қатар қолында қол сөмкесі, корзинкасы бар, яғни мәйіт бөлігін ораған орамаға ұқсас заттар ұсталған кісіні жергілікті тұрғындардан кездестіргендері бар ма, сол сұрак анықталады. Сот-медициналық сараптамасы алдына мына мәселелерді қоюға болады: зерттеуге мәйітгің қандай бөлігі әкелінген, ол адамдікі ме, жануардікі ме; адам денесінің бөлігі бір мәйітікке ме, болмаса бірнешеуінікі ме; мәйіттің денесін бүзуға қандай құралдар пайдаланылған; өлген адам хирургиялық операциядан әткен бе; ол қашан болған; мәйіттің ерекше таңбасы жок па; бөлшектеген кісінің анатомия саласына білімі жоқ па; мәйіт бөлігінде қандай жарақаттар бар; олардын қайсысы тірі уақытында, кайсысы елгеннен кейін салынған; қандай құралмен өлтірілген; бөлшектеу осы кұралмен жасалған емес пе (егер кұрал болса). Қылмыскер қалдырылған іздерді, көлік құралдарының іздерін анықтау үшін, мәйіт бөлігі табылған жерді ұкыпты қарау керек. Өлтірілген адамның жеке басына немесе өлім болған жерге мәліметтер алғаннан кейін тергеуші қылмысқа, мәйітке катысты заттай дәлелдемелердің немесе қылмыс іздері сақталып қалуы мүмкін болған жерлердің бәріне тінту жүргізеді. Кісі өлтірушілік және мәйітті бөлшектеу болуы мүмкін деген тұрғын жайларды тінткенде басты көңілді қаннын ізіне аудару қажет. Киімдерді, шүберектерді, арқандарды және мәйіт бөлшектерін құнтақтау үшін пайдаланылады деп таныткан басқа да зат-тарды қолға түсірудің маңызы да аз болмайды. Өзін-өзі өлтіру, жазатайым жагдай немесе табиги әлім сияқтандырып жасырылган кісі әлімін тергеудің ерекшіліктері. Кейде қылмыскерлер өздері жасаған кісі өліміне жазатайым жағдай, өзін-өзі өлтірген деген түр беруге тырысады. Кісі өліміне жазатайым жағдай кейпін беру үшін қылмыскерлер өлтірілген кісінің мәйітін темір жол рельсіне, поезд алдына апарып тастайды, мәйіт жатқан үйді өртейді. Өзін-өзі асу, өзін-өзі өлтірудің кең тараған түрі. Сондықтан да қылмыскерлер осы тәсілді жалған түрде қолданады. Мұндай жалғаншылықты сот- медициналык сарапшының көмегімен странгуляциялык тілімді зерттеу тәсілмен, оқиға болған жердің, мәйітті, іздерді қарау, заттық дәлелдемелерді зерттеумен анықтауға болады. Мәйіт ілулі түрған жерді қарап, жағдайды зерттеп мына сұраққа жауап іздеу керек: жәбірленуші ілмекті езі байлаған ба, оған басын өзі сұққан ба, әлде баска адамдардың әрекет іздері қалған ба? Мәйіт жанында бөтен заттардың болуы, болмауын да анықтаған жөн, оларды өзін-езі өлтіруші аяғының астына қоюы мүмкін. Өлгеннен кейін странгуляциялық тілімнің бар екендігін анықтау, қылмыскердің кісі өлтіруді жасағаннан кейін оны өзін-өзі өлтірген етіп, іліп қойғанын дәлелдейді. Қолмен тұншықтырғанда мәйіт мойнында саусақ, тырнақ іздері қалады. Арқан бекіткен жерде де қол саусақтарының ізі болуы мүмкін. Ондагы саусақтардың іздерін мәйіт саусақтарының іздерімен салыстыру керек. Өзін-өзі өлтіру мүмкіндігін аныктау үшін тергеуші сот-медицина сарапшысының алдына мына сұрақтарды қояды: жәбірленуші денесіндегі жарақаттарды тірі кезінде өзі салмады ма екен; бұдан кейін ол арнайы әрекеттер жасады ма; осы жарақатпен ол қанша уақыт өмір кешуге тиіс еді. Жәбірленушінің өзін-өзі физикалық жағынан соққы бере алмайтын дене жарақатының болуы, жасырылған кісі өлімі болған деген жорамалға келуге болады. Мәйітті сот-медициналық зерттеу тірі және өлгеннен кейінгі жарақаттардың болуын анықтауға мүмкіндік береді. Егер өлер алдында қалдырған жазу болса, оның жәбірленушінің жазғандығы және қашан жазылғандығын анықтау қажет. Тергеуші жазуды криминалистік сараптамаға жіберіп, оның не жалған еместігін анықтатады. Жақындары мен таныстарынан жауап алу, хаттарды зерттеу, күнделіктерді оқу арқылы өлген адамның өзін-өзі өлтіруге себебі болып па еді, соны анықтайды. Күшпен емес өлтіруді жалған көрсету кісі өлтіруді жасырудың тәсілі ретінде кәрі кісілер мен сырқат адамдарды өлтіруде жиі қолданылады. Улап өлтіру мүмкіншілігі бар болғандықтан қараған кездегі ұнтақтарды, таблеткаларды, ампулаларды алу қажет. Жәбірленуші пайдаланған және мәйттің тікелей жанында тұрған барлық ыдыс-аяқтарды және асхана құралдарын карау және алу керек. Дәрігер анықтамалары мен ішірткілер, медициналық әдістемелерден алынады. Жуынатын бөлмеде, дәретханада құсык, зәр қалдықтары, қан, түкірік тағы басқалар табылуы мүмкін. Мәйітттің ішкі ағзаларын химиялық зерттеулермен сот-медициналық сараптама еткізу, емдеуші дәрігерден жауап алуда алынған, ауру тарихындағы, баска да мәліметтер жасырылған өлімді анықтауға, өлімнің шын себебін айқындауға көмектеседі. Балаларды өлтіруді тергеудің ерекшіліктері. Балаларды өлтіру туралы қылмысты істердің жиі козғалуы: зорлап өлтіру белгісі бар сәбидің мәйітін табуға байланысты; жеке азаматтар, патронаждық бикелер, АХАЖ органдарының босанған әйелдің не босанатын әйелдің баласы жоқ, не ол болып, жоғалып кетті деп берілген анықтама-арыздары негізінде; медицина мекемелерінен үй жағдайындағы туып-өлген баланың мәйітін сот- медицина зерттегенде зорлап өлтіру белгілері байқалғандығын, оның кісі өлтіруге негіз екендігі жөніндегі мәліметтердің түсуі, медицина мекемелерінен көмек сұраған әйелде жақында бала туу белгісі болғандығы, бірақ оны ол мойындамауы. Бала өлтіру туралы әрбір іс бойынша, зорлықпен өлтіру белгісі бар мәйіт табылуына байланысты, тергеуші мынаны анықтауы тиіс: баланың жасы және оның өлімі туғаннан кейін болмады ма екен; Сәбидің әмір сүру кабілеті болды ма? Қанша тұрды? Өлімнің себептері кандай? Егер бала өлтірілсе, қандай тәсілмен? Сот-медициналык сарапшының қатысуымен қарау болғанда: мәйіт жағдайы, жарақаттары мен қанжындар, баланың белгілері, бойы, салмағы, терісінің сыртқы түрі және онын, қасиеттері, белгілері, қылмыстық тәсілі мен құралдарын куәландырушылар зерттеледі. Заттар қаралады және ресми хатталады (кәрпелер, каптар, сөмкелер, мәйітті ораған ак жаймалар, т.б.) Киімдерде сәбилер үйінің биркасы (таңбасы) болуы мүмкін. Өлім қашан болды, туғаннан кейін бала қанша уақыт өмір сүрді? Осы сұраққа жауап алғанан кейін тергеуші баланың туу мерзімін, екіқабат әйелдің шама-жасын анықтап, солардың арасынан өлген сәбидің анасын табуға мүмкіндік алады. Аудандық денсаулық бөлімі, патронаждық бикелер және әйелдер консультациясынан олардың бөлімшелерінде, мекемелерінде екіқабат әйелдер, бала туғандары бар ма, жоқ па, соны анықтау керек. Көше комитеттері, қоғамдық орындар арқылы осы араға қысқа уақытқа екіқабат әйелдер келген-келмегендігі анықталады. Дәрімен атылатын қүралдарды қолданып жасалган кісі өлтіруді тергеудің ерекшіліктері. Окиға болған жерді қарағанда сол жердегі каралуға тиісті объектілер мен із іздеу және басқа да заттай дәлелдемелерді, дәрімен атылатын құралдарды қолданумен байланысты, негізгі көңіл соған бөлінеді. Жәбірленушінің өзін-өзі өлтіру, жазатайым жағдайға байланысты болжам мүмкіншіліктерін тексеру мақсатында, дәрімен атылатын құралдарды пайдалануға байланысты, басқа да мәселелерді шешу үшін тергеу эксперименті мен сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалады. Кінәліні іздеу жөніндегі шараларды жоспарлауда тіркеу органдарынын, (оқ- гильза, техника, ойықты дәрімен атылатын құралдарды пайдалануға байланысты, басқа да мәселелерді шешу үшін тергеу эксперименті мен сот-баллистика мәліметтері есепке алынған. Сезіктіні ұстаған жағдайда оның денесі мен киімінде атыс өнімдерін анықтау үшін куәландыру жүргізіледі. Қарау мен куәландыру нәтижелері бойынша сот-химиялык сараптамасы тағайындалады. Тұрғын үй мен жүмыста мылтық құралын табу үшін сезіктіні тінтеді. Жарылатын заттарды қолданып жасалатын кісі өлтіруді тергеудің ерекшеліктері. Бұл категориядағы істер бойынша болған жерді қарау үстінде тергеуші ынта-жігері жарылыс эпицентрін, оның өнімдерін, жарылғыш құралдардың бөліктерін анықтауға бағытталады. Қылмыскер пайдаланған жарылғыш заттардың түрін анықтау үшін жарылғыш құқығы моделін қайта жасауа сот-химиялық пиротехникалык сараптама тағайындалады. Жарылғыш заттарды немесе олардың компоненттерін, жазбалар мен созбаларын табу мақсатында сезіктіге тінту жасалады. Жарылғыш заттардың пайда болуы және оны сезіктінің иелегендігін анықтау үшін, тергеу элементтері мен жедел-іздестіру шаралары пайдаланып отырылуға тиісті. ДӘРІС 11.ТОНАУ МЕН ҚАРАҚШЫЛЫҚ ТЕРГЕУДЩ ӘДІСТЕМЕСІ 1. Тонау мен қаракшылықтың криминалистік сипаттамасы. Анықтауға жататын мән-жайлар 2. Қылмыстық іс қозғау ерекшеліктері. Тергеудің алғашқы кезендеріне тән жағдайлар 3. Алғашқы тергеу әрекеттерінің тактикалық ерекшеліктері 4. Келесі тергеу әрекеттері 5. Тонау мен қаракшылық шабуылдарды табысты ашу және тергеудің негізгі шарттары 1.Тонау мен қаракшылықтың криминалистік сипаттамасы. Анықтауға жататын мән- жайлар Тонау пен карақшылык қоғамға өте қауіпті қылмыстар болып саналады, өйткені олар жәбірленушілерге материалдық зиян келтіріп қана коймай, олардың өмірі мен денсаулығына қастандық әрекет жасаумен байланысты болады. Сондай-ақ, қарақшылық, шабуыл мен тонауды, олардың негізінде баскесерлік шабуылдар, қорқытып алушылык және т.б. қылмыс жасайтын қылмыстық құрылымдар қалыптасатын топтар жиі жасайды. Тонау мен қарақшылық шабуылдың көпшілігі азаматтардың жеке мүлкін (бөрікті, аз мөлшердегі ақша, киім, тағам жәнет.б. заттарды) тартып алу мақсатында және әдетте арнайы дайындықсыз жасалады. Қылмыскерлер шағын топтар кұрамында немесе жекелеп, негізінен ашық жерлерде (көшелерде, саябақ- тарда, үйлердің аулаларында) кешкі уақытта әрекет жасайды, алайда қарақшылық пен тонау күндіз де жиі жасалады. Мемлекеттің немесе коммерциялық құрылымдар (ақша қаражатын сақтау орны, ақша айырбастау пункті, кассир, инкассаторлар), мүлкін тартып алуға, сонымен қатар такси, жеке көлік жүргізушілеріне және азаматтардың тұрғын үйіне қарсы бағытталған тонау мен қарақшылық шабуылдар сирек кездеседі, бірақ дәл солар қауіпті болып табылады. Мұндай қылмыстарды негізінен ұйымдасқан топтар жасайды. Әдетте бұған алдын ала мұқият дайындалады: қылмыскерлер объектіні күзету жүйесімен толық танысып шығады, қылмыс құралдарын, жасырыну тәсілдерін мұқият даярлайды, қылмысқа қатысушыларды іздестіреді. Тонау мен қарақшылық шабуыл тәсілдерінің ішінен мыналарды атауға болады: 1. Ашық жерлерде не ғимараттарда кенеттен, күш көрсетусіз жасалынатын шабуылдар (сумканы, берікті, азаматтардың ақшасын, дүкендерден және т.б. орындардан бұйымдарды қағып алып кету). 2.Ашық жерлерде, сонымен бірге үйлердің аулалары мен подъездерінде күш қолданып немесе күш қолданам деп қорқытып шабуыл жасау. З.Тұрғын үйлерге бір себептермен немесе күш қолданып кіру арқылы азаматтарға шабуыл жасау. 4.Мемлекеттік және коммерциялык банктердің қызметкерлеріне, кассирге, сатушыларға қарап сауда кәсіпорындарының ғимараттарында, қаржы мекемелерінде, байланыс бөлімшелері мен басқа да мемлекеттік немесе жеке мекемелер мен кәсіпорындарда жасалынатын шабуылдар. 5.Темір жол, су көліктері немесе басқа көліктердің жылжымалы құрылымында азаматтарға қарсы шабуыл жасау. б.Такси жүргізушілеріне тапқан акшасын не болмаса көлігін және басқа заттарын тартып алу мақсатында шабуыл жасау. Тонау мен қарақшылық шабуыл барысында із қалыптастыру тетігінің бірқатар ерекшеліктері болады. Әдетте оқиға болған жерде қылмыс іздері мен басқа да заттай дәлелдемелер өте аз қалады. Көзімен көрген адамдар тонау немесе қарақшылық шабуылды толық бақылай алмайды; яғни олар жауап алған кезде болған оқиғанын кейбір жерлерін ғана айтып береді және көп жағдайда көз көрген куәгерлер тіптен болмайды. Жәбірленушілерді айтатын болсақ, олардың кейбіреулері қылмысқа байланысты жүйкесінің күйзелуіне себепті болған оқиғаны бұрмалап қабылдайды. Жәбірленушілерге кейде қылмыскерлер саны көп болып, олар «биік бойлы», «түрлері хайуан тәріздес» және т.б. болып көрінеді. Сондықтан, тергеуші көз кергендер мен жәбірленушілерден алған мәліметтерге сын көзбен қарап оларды басқа дәлелдемелермен салыстыра отырып, мұкият кайта тексеруі тиіс. Тонау мен қарақшылык жасайтын адамдар көбінесе жұмыс істемейді, адамгершілікке жат өмір сүреді, үнемі маскүнемдікке салынады, есірткі пайдаланады. Олардың денін бұрын сотталғандар құрайды. Қарақшылық жасарда қылмыскерлер жәбірленушіні оның лауазымын, кәсібінің түрін және материалдық жағдайын ескере отырып, тандайды. Тонау кезінде көп жағдайда жасына немесе басқа да себептерге байланысты белсенді қарсылық көрсете алмайтын кісілердің құрбанына айналады. Қарақшылық шабуыл мен тонауға жиі спирттік ішімдік ішетін адамдар мен жеңілтек әйелдермен қатынас жасауға бейім тұлғалар ұшырайды. Тонау мен қаракшылык, шабуыл жайлы іс бойынша анык-тауға келесі мән- жайлар жатады: — тонау немесе қарақшылықтың орын алған-алмағаны; — тонау немесе қарақшылық жасау тәсілі; егер қарақшылық жасалса, жәбірленушіге қатысты қолданылған күш көрсету неден байқалады; — қылмыс қашан, қайда және қандай жағдайда жасалынды; — тонау немесе қарақшылық нәтижесінде не ұрланған, ұрланған зат кімге (мемлекетке, кооперативтік немесе қоғамдық ұйымдарға, жеке тұлғаға, нақты кімге) тиесілі, ұрланған заттың бағасы қанша; — қылмысты кім жасады; егер оны топ жасаса, топқа кімдер кіреді, әрбір қатысушының рөлі қандай; — жәбірленуші кім, қарақшылык шабуыл жағдайында жәбірленуші денсаулығына зиян келді ме, оның сипаты мен ауырлық дәрежесі қандай, ұрланған затгы жасыруға көмектесетіндер немесе жасырушылар болды ма, нақты кімдер; — қылмыс нәтижесінде келген жалпы материалдық зиян қандай, тонау немесе қарақшылық шабуыл жасауға қандай жағдайлар мүмкіндік туғызды. 2. Қылмыстық іс қозғау ерекшеліктері. Тергеудің алғашқы кезендеріне тән жағдайлар Тонау мен қарақшылық жайлы қылмыстық іс қозғау үшін жиі себеп болып табылатындар: жәбірленушілердін немесе олардың туыстарының арыздары; мемлекеттік, қоғамдық немесе жеке ұйымдардың лауазымды тұлғаларының, осы ұйымдарға жататын мүлікті ашық түрде ұрлап кету фактілері туралы немесе мүлікті тартып алу мақсатында олардын қызметкерлеріне шабуыл жасалғандығы туралы хабарлауы; медицина мекемелерінің шабуыл жасау нәтижесінде жәбірленген адамдарға көмек көрсеткені туралы, хабарлауы; көзі керген түлғалардың тонау немесе қарақшылык шабуыл белгілері деп табылатын фактілер туралы арыздары; тергеушінің өзінің немесе аныктау органдарының қылмыс белгілерін табуы. Әдетте тонау немесе қарақшылық белгілері бар оқиға туралы хабар алғаннан соң арызданушыдан жауап алынады. Егер арызданушы жәбірленуші болмай, көзі көрген немесе тиісті мекеме, кәсіпорын не болмаса ұйым әкімшілігінің өкілі болса, онда жедел түрде оқиға болған жерді күзетке алу шараларын қолдану, жәбірленушіні анықтау және одан оқиғанын, мән-жайын анықтау қажет. Сұрау салушы тұлға көп жағдайда жәбірленушінің денесінен, киімінен және заттарынан табылған іздер (дене жарақаты, жыртылған не бүлінген киім) расында да оған қатысты күш қолданылғанын куәландыратынына көз жеткізуі мүмкін. Жедел түрде сезіктіні іздестіруді ұйымдастыру үшін, арызданушыға сұрақ салуды қысқа мерзімде өткізу керек. Әдетте тонау мен қарақшылықты тергеудің алғашқы кезеңінде мына тергеу жағдайлары жиі кездеседі: 1. Тонау немесе қарақшылық жасаған сезікті тұлға қылмыс орнында не болмаса дәл жасалғаннан соң ұсталған. 2. Қылмысты жасаған сезікті тұлға әлі ұсталмаған, бірақ тергеушінің қолында оны іздестіру мен ұстауды ұйымдастыруға мүмкіншілік беретін мәліметтер бар. 3. Қылмыс жасаған тұлға туралы құқық қорғау органдарында ақпарат жоқ немесе жоқтың қасы. Аталған жағдайлардың біріншісінде тергеуші іс-әрекеттерінің келесі бағдарламасы мақсатқа сай болмақ: сезіктіні ұстау, оны жеке тінту, жауап алу, қажетті жағдайда - оны куәландыру; жәбірленушіден сұрақ-жауап алу; қажетті жағдайда оның киімдерін тексеру және куәландыру; оқиға болған жерді қарау; сезіктіден жауап алу; сезіктінің тұрғылықты жерін тінту; көз көрген — куәлерден жауап алу; сот-медициналық, криминалистік және басқа сараптамалар тағайындау. Екінші тергеу жағдайында алғашқы тергеу әрекеттерінің келесі жүйесі орынды: жәбірленушіден жауап алу, оны куәландыру және киімін карау; оқиға болған жерді қарау; куәгерлерден жауап алу; сот сараптамасын тағайындау; жедел іздестіру шаралары. Үшінші жағдай үшін де жоғарыда аталған тергеу әрекеттерінен басқа, сезікті тұлғаларды анықтау мен ұрланған заттарды іздестіруге бағытталған жедел іздестіру шаралары тән. Қылмыс жасалғанан кейін өткен уақытқа байланысты «ізін суытпай» іздестіру ұйымдастырылады. Ол үшін тиісті ішкі істер органдары хабардар етілуі тиіс. Күрделі жағдайларда патрульдік-бекеттік қызмет, сондай-ақ кылмыскерлер автокөлікке жасырынуы мүмкін деген негіз болса, көлікті бакылау күшейтіледі. Жедел шаралар жиынтығы ұрланған мүліктердің өткізілуі мүмкін және қылмыскерлердің пайда болуы мүмкін жерлерде жүргізіледі. 3. Алғашқы тергеу әрекеттерінің тактикалық ерекшеліктері Тонау мен қаракшылыкты тергеу барысында оқиға болған жерді қарау, кылмыскерлер мүлікті тартып алу үшін, алдымен жәбірленушінің қарсылығын не баска да тосқауылдарды (әйнекті қирату, есікті сындыру және т.б.) жеңіп алуға мәжбүр болғанда, ең жақсы нәтижелер береді. Бірақ мұндай мән-жайлар орын алмағанда да қарау жүргізуден бас тартпау керек. Тәжірибе көрсеткендей, оқиға болған жерді мұқият және әдісін тауып қарағанда, кылмыстың материалдық іздерін әркашан табуға болады. Егер жәбірленушінің оқиға болған жерді қарауға қатысуға шамасы болса, оны сонда шақыру қажет. Қарауға сарапшы-криминалист пен кинолог инспекторды қатыстыру да үлкен пайда әкеледі. Қарау барысында тергеуші қол, аяккиім, қан іздерін, қылмыскер не жәбірленуші тастаған немесе түсіріп алған заттарды және күрес іздерін табуға тырысуы тиіс. Кейде оқиға болған жерді қарау нәтижесінде қылмыскердің үстінде немесе оның киімінде қандай іздер қалуы мүмкін екендігін аныктауға болады (мысалы, оқиға болған жерден киімнен үзіліп түсіп қалған түйме табылса, ал ол жәбірленушінікі болмай шықса, онда ойша ол түйменің қылмыскердің киімінен түсуі мүмкіндігін болжауға болады). Тонау немесе қарақшылықты тергеу барысында қылмыс іздері мен заттай дәлелдемелер жиі кылмыс орнынан қашықтау жерлерден табылып жатады. Сондықтан қарау шекарасын қылмыскердін, кұрбанға жакындауы мүмкін жолдарын және мүмкін бағыттарын ескерту арқылы кеңейткен орынды. Егер тонау немесе қарақшылық кезінде қылмыскер мен құрбанның арасында күрес болса, жәбірленушінің киімінде не болмаса жеке заттарында микробөлшектер қалуы мүмкін. Олар әдетте жұққан заттармен бірге алынады. Окиға орнынан қылмыскер ұстауы мүмкін нәрсе табылса, иіс үлгісін алу керек. Қарақшылық және тонау жайлы іс бойынша жәбірленушіден жауап алу оқиға болған жерді қараудан соң дереу жүргізіледі, ал жеке жағдайларда қараудың алдында жүргізілуі мүмкін. Шабуылға ұшыраған жәбірленушіден жауап алу алдында оны жүбатып, онын қауіпсіздігіне құқық қорғау органдары кепілдік бере алатынын түсіндіруі кажет. Одан кейін тергеуші келесі сұрақтарды анықтауы кажет: — тонау немесе қарақшылық шабуыл қайда және қашан болды; — жәбірленуші қандай себеппен қылмыс жасалған жерде болды; — тонау немесе қарақшылық шабуыл кезінде оқиға калай дамыды (қылмыскер немесе қылмыскерлер нақтылы не істеді, не айтты, жәбірленушіге катысты қолданған күш көрсету немесе күш көрсетем деп қорқыту неден байкалады және т.б.); — егер қылмыскерлер каруланған болса, қандай қарумен қаруланған және оның белгілері; — тонау немесе қарақшылық шабуыл барысында жәбірленуші қандай әрекет жасады (қылмыстық әрекетті тоқтатуға немесе кылмыскерді ұстауға әрекет жасаған-жасамағаны, қарсылық көрсеткен-көрсетпегені, көмекке шақырған- шақырмағаны жәнет.б.); — тонау немесе қарақшылық шабуылдың жәбірленушіге келтірген зардабы қандай (қылмыскер одан не алып кетті, материалдық зиянның мөлшері қандай, жәбірленушіге қандай дене жарақаты келтірілді); — қылмыскерлердің белгілері қандай, жәбірленуші қылмыскерді тани ала ма, олар қай бағытта жасырынды; — ұрланған бұйымдардың белгілері кандай; — тонау немесе қарақшылық шабуылдан кейін жәбірленуші не істеді; — болған окиғаны кім керді немесе кім көруі мүмкін және т.б. Сұрак-жауап барысында жәбірленушіден мейлінше толық және нақты жауап алуға тырысу кажет. Әсіресе қылмыскердін белгілері және ұрланған мүліктердің белгілері мен ерекшеліктері егжей-тегжейлі суреттелуі тиіс. Қылмыскерді суреттеу барысында «ауызша суреттеу» ережелері мен терминдерін мүмкіндігінше кең қолданған жөн. Қылмыскердің ерекше белгілерін (меңдерін, қалдарын, тыртықтарын, сүйелдерін, та-туировкаларын) және киімдерінің ерекшеліктерін айқындап жазып алу маңызды. Ұрланған заттарға келетін болсақ, оларды хаттамаға егжей-тегжейлі суреттеумен қатар, жәбірленушіден ұрланған заттардың құжаттарын (төлқұжат, кепілдеме талоны) немесе оларға тиісті бұйымдарының (қосалқы түйме, мата қиын-дысы, фотоаппарат қорабы) сакталып қалған-калмағанын анықтау кажет. Егер қылмыскерлер киімдерді алған болса, онда киімнің қалтасында не болғаны анықталады. Қарақшылык жайлы іс бойынша, егер жәбірленушіге күш қолданылған болса, тез арада жәбірленушіні куәландыру және онын, киімін қарау жүргізілуі тиіс. Сот-медициналык сараптамасын жүргізу кезінде жоғалып кетуі мүмкін, жәбірленушінің денесіндегі күш көрсету іздерін (көгерген жер, қанды сүйел- дер) сондай-ақ оның киіміндегі закымдалған ластанған іздерін де айқындап, бекітудің дәлелдемелік маңызы зор. Егер жәбірленушіні куәландыру нәтижесінде күш керсету іздері табылса, лезде сот-медициналық сараптама тағайындалады. Оның барысында денсаулығына келген зиянның сипаты мен деңгейі туралы мәселелер жиі шешіледі. Қылмыскерді ұстау кезінде батыл, сонымен қатар сақтанып әрекет ету қажет, себебі сезіктілер көбінесе қарулы болады. Ұстағаннан соң, лезде сезіктіні тінту жүргізіледі. Тінтудің максаты — қаруды, жәбірленушіден ұрлап алынған заттарды, сонымен қатар ұсталынған тұлғаға тиесілі емес және басқа тонау және қарақшылык кезінде ұрлануы мүмкін бұйымдарды тауып алу болып табылады. Айта кететін жайт, тонау мен карақшылық шабуыл жасаушы қылмыскерлер жәбірленушіден тартып алған құнды емес және бірден кезге түспейтін жеке белгілері жоқ (тарақ, автоқалам т.с.с.) ұсақ бұйымдарды өзінің жеке басына пайдалану үшін қалдырады. Бірақ жәбірленушілер оларды онша байқала қоймайтын белгілері бойынша таниды. Сондықтан тергеу барысында ұсталған тұлғадан табылған әрбір заттың кімге тиесілігін мұқият тексеру қажет. Осы категориядағы іс бойынша түрғын үйде тінту жүргізудін мақсаты — ұрланған және қару, киім ретінде пайдаланылуы мүмкін және сезікті мен оның отбасына тиесілі емес заттарды табу. Сондай-ақ, тінту барысында қару (мылтық, пышак, кастет) дайындау үшін қолданылатын материалдар мен жартылай дайын өнімдер, сонымен катар қылмыскерлердің жасырыну кұралдары (маска ретінде пайдаланылатын кезге лайықталған тесігі бар шұлықтар, париктер), қылмыс жасау кезінде сезіктінің үстінде болған киім мен аяқкиімдер жиі табылады. Қаракшылық шабуыл туралы іс бойынша ұсталған тұлғаны куәландыру мен киімін ұсталғанның киімін қараудың дәлел-демелік маңызы зор, атап айтқанда, куәландыру мен киімді қарау арқылы күресу іздерін және куәлер немесе жәбірленушілер хабарлаған сезіктінің денесіндегі татуировкалар мен басқа да ерекше белгілерді табуға болады. Окиғаны көзімен көрген тұлғалардан, куәлардан (егер олар бар болса) жауап алу ізін суытпай жүргізілуі қажет, өйткені оларға қылмыскер, оның достары немесе туыстары жағынан жағымсыз әсер етілуі мүмкін. Егер мұндай әсер жауап алғаннан кейін жасалса, олар мақсатына жете қоймайды. Жауап алу кезінде, әдетте, жәбірленушіден де жауап алу кезіндегі мән-жайлар аныкталады. Қылмыс жасады деген сезікті тұлға ұсталмаған жағдайда, тергеу әрекеттерімен қатар, белсенді түрде сезіктіні айқындап, окиғаның барлық мән- жайын анықтауға бағытталған жедел іздестіру шаралары жүргізілуі тиіс. 4. Келесі тергеу әрекеттері Тонау және қарақшылық жайлы іс бойынша тергеудің келесі кезеңінде куә ретінде жауап алуға болатындар: мекеме, кәсіпорын және ұйым жетекшілері, ведомстволык, емес қорғау күзетшілері және жеке күзетшілер; сезіктінің туыстары мен таныстары; жасалған қылмыска байланысты қандай болса да бір жайды білетін басқа да адамдар. Анықталатын сұрақтар шеңбері жалпы сезіктіге қойылатын сұрақтармен сәйкес келеді. Сезікті мен жәбірленушінің туыстарынан, таныстарынан қосымша түрде олардың өмірбаянының деректері және тұрғылықты жері мен жұмыс орнынан қалай сипатгалатыны анықталады. Қарастырылып жаткан категориядағы іс бойынша тергеудің келесі кезенінде әр түрлі сараптамалар тағайындалады: сот-медициналык (тірі тұлғалар мен заттай дәлелдемелер), криминалистік (трасологиялық және қарутанушылык), сонымен қатар топырақтану, материалтану және басқа да сараптамалар. Затгай дәлелдемелердің сот-медициналық сараптамасы оқиға болған жерде, сезікті немесе жәбірленушінің киімінде, не болмаса басқа заттарда: темекі тұқымы, қан іздері, шаш және т.б. табылғанда тағайындалады. Сараптамашыларға тергеу әрекеттері барысында табылып алынған қаннын, басқа да денеден бөлінген заттардың, сонымен бірге шаштардың сезіктіден немесе жәбірленушіден алынған тиісті үлгілермен сәйкестігін немесе айырмашылыған анықтау міндеті қойылады. Кейде мұндай жағдайларда оқиғаның анық-қанығын (мысалы, жәбірленуші өзін жәбірлеген кезде кандай қалыпта болғанын) анықтау үшін диагностикалық сараптама тағайындалады. Трасологиялық сараптама барысында қолдың, аяккиімнің және т.б. іздерін нақты тұлға, сонымен бірге доңғалақ іздерін нақты көлік қалдыруы мүмкіндігі анықталады; қарутану сараптамасы заттың атыс каруына немесе суық қаруға тиістілігін, қарудың жасалу тәсілін (зауытта немесе колдан жасалуын), оқ немесе гильза накты қарудан атылған-атылмағанын аныктайды. Сот-топырақтану сараптамасы сезікті аяккиімінен немесе көлік табанынан табылған топырақ бөлшектері окиға болған жердегі топырақпен бірдей немесе бірдей еместігін айкындайды. Жауап алу барысында айыпкерге қойылатын сұрактар тергеудің бастапқы кезеңінде жүргізілетін сезіктіден жауап алу барысында анықталған сұрақтарға үқсас болады. Әдетте тонау және қарақшылық жайлы іс бойынша айыпкерлер жалған жауап беретінін естен шығармаған жөн. Сондықтан жауап алу кезінде дәлелдемені ұсыну тәжірибесі кең қолданылады, сонымен қатар айыпкердін еркіне қарамастан оның кінәлігін дәлелдейтін мағлұматтарға, не екендігін анықтауға бағытталған тәсілдер, тергеушінің мағлұматтылығы туралы жауап алынушыда ұлғайтылған түсініктің тууы қолданылады. Тонау және қарақшылық шабуылдарды тергеудің келесі кезеңінде тануға ұсыну, айғақты оқиға орнында тексеру және басқа да тергеу әрекеттері жүргізіледі. 5.Тонау мен қаракшылық шабуылдарды табысты ашу және тергеудің негізгі шарттары Қылмыстық оймен азаматтардың тұрғын үйлеріне кіру арқылы жасалған қарақшылықтың аса әдепсіздігі, қатыгездігі және айқын пайдакүнемдік — тойымсыздық бағыты, көп жағдайда, оларды тергеудін белгілі бір күрделілігін туғызып, тергеушіден біркатар шарттарды есепке алуды талап етеді. Қайта құру барысында құқық қорғау органдары алдына қойылған қылмыстылықпен, әсіресе онын, ұйымдаскан түрлерімен күресті күшейту міндеттері талдау, сонымен қатар ішкі істер органдарында жинақталған озык тәжірибені зерделеу қарақшылық шабуылдарды ойдағыдай ашып, тергеудің накты мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін келесі негізгі шарттарды атауға мүмкіндік береді: - азаматтардың тұрғын үйлеріне кіру арқылы жасалған қарақшылық туралы әрбір хабарды аса жауаптылықпен және жедел ілтипат алу; — алғашқы тергеу әрекеттері мен жедел іздестіру шараларын кешіктірмей және біліктілікпен жүргізу; — тергеу барысында тергеушінің ІІМ-нің қызметтерімен, ҮҚК-мен өзара тығыз әрекеттесуі, жұртшылық көмегі мен бұқаралық ақпарат кұралдарын белсене пайдалану; - қазіргі таңдағы жедел, криминалистік техника мен тергеудің ғылыми әдістерін жан-жақты қолдану. Жұртшылықтың қылмысқа қарсы күреске қатысуы құкық қорғау органдарының күшін анағұрлым артгырады, осы міндетті тікелей атқаратын, сонымен қатар еңбекші бұқаранын, мемлекеттік аппарат қызметімен байланысының маңызды түрі болып табылады, оларға құқықтық заңның қолданысын бақылау мүмкіндігін туғызады, занды құрметтеуді және құқық бұзушылыққа жол бермеу сезімдерін тәрбиелейді. Бүл саладағы жүмыста бұқаралық ақпарат құралдары (теледидар, радио, бас-па) маңызды рәл атқарады, өйткені олардан көмек сұрау тергеуден жасырынып жүрген қылмыскерлер мен ұрланған мүліктерді іздестіруді табысты жүзеге асыруға, азаматтарға қарақшылык шабуыл жасауға мүмкіндік туғызатын мән-жайлар мен жағымсыз істердің себебін жою мақсатында алдын алу жұмыстарын белсенді жүргізуге мүмкіндік береді. ДӘРІС 12.ҰРЛЫҚТЫ ТЕРГЕУ ӘДІСТЕМЕСІ 1. Ұрлықтың криминологиялық сипаттамасы. Анықтауға жататын мән-жайлар 2Қылмыстық іс қозғау ерекшеліктері. Тергеудің бастапқы кезеңіндегі әдеттегі жағдайлар және тергеушінің іс-әрекеттері 3. Бастапқы тергеу әрекеттері тактикасынын ерекшеліктері 4.Кейінгі тергеу әрекеттері 1. Ұрлықтың криминологиялық сипаттамасы. Анықтауға жататын мән-жайлар Ұрлықтар, немесе біреудің мүлкін жасырын ұрлау (алу), ең кең тараған қылмыстарға жатады. Ұрлықтың жиі жасалатын түрлері азаматтардың пәтерлерден, саяжайлардан гараждарынан ұрлық жасау, жеке заттарды вокзалдар мен поездардан ұрлау, базарларда, дүкендерде, кала көліктерінде, сонымен ақша, аудио- бейнетехника, алтын заттар, киім, автокөлік, мотоцикл, велосипед, сирегірек — ыдыс-аяқ, тағам заттары (сая-жайларды тонағанда) қылмыстық әрекеттің тікелей заты болып табылады. Соңғы уақытта астық ұрлау кең етек жайып келеді, сонымен қатар дүкендерден, қоймалардан және материалдық құндылықтарды сақтап, өткізетін басқа да орындардан да ұрлық жасалады. Ұрлық жасау тәсілдері әр түрлі. Оларды мынадай тәртіпте жүйеленеді: 1. Түрғын жайлардан ұрлық жасау. Олар бұзу, аркылы есікті, терезені т.б.) және бұзусыз (сәйкес құлыпқа сөйкес кілт табу арқылы) жасалады. 2. Тұрғын-жайға кірмей азаматтардың мүлігін ұрлау. Оларға қалта тонау сөмкелерінен зат ұрлау, олардын, ішінде сөмкені, қалтаны кесіп ұрлау; мас адамдарды тонау; чемодандарды, сөмкелерді, басқа да заттарды ұрлау жатады. 3. Сенімге кіру арқылы ұрлық жасау. Олардың ішінде тұрғын-жайға кіріп, яғни жәбірленуші мүлік тұрғын жайға немесе пәтеріне ұрлықшыны кіргізгенде және жайға кірмей (мәселен, жолаушы өзінің мүлігін күзетуді өзіне таныс емес тұлғаға тапсырғанда) жасалған ұрлықты атауға болады. 4. Көлік ұрлығы. 6. Авткөліктен ұрлау. Бүл жерде жиі кездесетін ұрлык тәсілдері келтірілген. Қылмыскерлер әдеттен тыс тәсілдерді де жиі қолданады. Пәтерді иелері үйде болмағанда, яғни күндіз тонайды, ал тұрғын жайға кірмей ұрлык жасау таңертеңгі, кешкі уақытта және күндіз де жасалады. Қалта тонаушылар өз істерін адамдар көп жиналатын жерлерде (қала көлігінде, дүкендер) жасайды. Ұрлық жасау барысында қалдырған қылмыскерлердің іздері әр түрлі болады және олар ұрлықтың түрі мен оларды жасау тәсілдеріне байланысты болады. Мәселен, жайлар мен автокөліктерден ұрлык жасағанда көбінесе ұрлықтың материалда іздері қалады (бұзу, құралдарының, қолдың, аяқкиімнің іздері). Сенімге кіру арқылы жасалған ұрлықтарда, керісінше, иделды іздер қалады (жәбірленушілер, кейде куәгерлер де қылмыскердің түр-әлпетінің толық сипаттамасын беріп, әдетте оны таниды). Ал жайға кірмей жеке мүлікті ұрлаған кезде (қалта тонау) із калмайды. Оларды кейде жедел-іздестіру тәсілдері арқылы ғана ашады. Ұрлықтың кебін кәмелетке толмағандар және арақ ішетін, есірткі пайдаланатын адамдар қаражат табу үшін жасайды. Сенімге кіріп ұрлық жасайтьш кылмыскерлер, әсіресе қалта тонаушылар, әдетте мұқият әзірленген тәсілдерді колданады, сондықтан осы тәсілдер жазасыз қалып ондаған қылмыстарды жасауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, бас бостандығынан айыру орындарынан босағаннан кейін қылмыскерлер ұрлықты сол тәсілдермен қайтадан жасайды. Ұрлықшылардың жартысынан көбінің білімі ортадан төмен болып келеді. Көбі ұрлық үшін ғана емес, басқа да қылмыстар үшін сотталған болады. Ұрлық, қылмысын тергеу барысында анықтауға жататын мән-жайлар ұрлықтың болған-болмағаны; ұрлық жасау уақыты, орны және жағдайлары; ұрлық заты (қылмыскер не ұрлады), оның құны, белгілері; ұрланған зат кімдікі; ұрлық жасау тәсілі; ұрлық субъектісі (кім жасады); ұрлықты қылмыстық топ жасады ма, егер солай болса — топтың әр мүшесінің кінәлік деңгейі, ұрланған затты өткізу орны уақыты және тәсілі, кінәлілердің жазасын жеңілдететін немесе ауырлататын мөн-жайлар; ұрлықтың жасалуына мүмкіншілік берген себептер мен жағдайлар. 2.Қылмыстық іс қозғау ерекшеліктері. Тергеудің бастапқы кезеңіндегі әдеттегі жағдайлар және тергеушінің іс-әрекеттері Ұрлық туралы қылмыстық істі қозғау сылтаулары: жәбірленушілердің арыздары; мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдардың лауазымды түлғаларынын, сондай-ақ жеке мекемелер мен кәсіпорындары қызметкерлерініңосы құрылымдарға тиесілі мүліктің ұрланғаны туралытың белгісі бар фактілер туралы арыздары; тергеушінің өзінің немесе анықтау органының қылмыс белгілерін табуы. Әдетте ұрлық белгілері бар оқиға туралы хабар алғаннан кейін алдымен мәлімдеушіден қысқаша жауап алу керек. Лезде сезіктілерді іздестіруді ұйымдастыру үшін жауап алуды неғүрлым аз уақыт алу керек. Егер жәбірленушінің мәлімдемесінде қайшылықтар болса немесе басқа себептермен күмән тудырса, қылмыстық істі қозғау туралы мәселені шешу үшін оқиға орны қарайды. Ұрлық қылмысын тергеудің бастапқы кезеңіне үш әдетті тергеу жағдайлары тән: 1) қылмыс жасағанда сезікті тұлға ұсталды; 2) қылмыс жасағанға сезікті тұлға ұсталған жоқ, бірақ ол туралы белгілі мәліметтер бар; 3) қылмыс жасаған тұлға туралы мәліметте құкық қорғау органдарында жоқ. Аталған жағдайлардың тергеушінің немесе анықтау жүргізетін адамның іс- әрекетінің арнайы бағдарламаса бар. Бірінші тергеу жағдаятының мақсаты ұсталған адамның жасалған қылмысқа қатыстылығы туралы жалпы дәлелдемелерді жинау (окиғаның нақты мән-жайларын аныктау, ұрланған заттың жатқан орнын табу, т.б.). Бұл жағдайда тергеуші әрекеттерінің келесі бағдарламасы тиімді болады: ұстау, жеке тінту, қажетті жағдайда — сезіктіні куәландыру; оқиға орнын қарау; жәбірленушілерден (немесе материалды жауапты тұлғалардан) және куәгерлерден жауап алу; сезіктіден жауап алу; сезіктінің тұрғын орнын тінту. Екінші тергеу жағдаятында тергеудің негізгі бағыты — қылмыстың материалдық шығынын зерттеу, сезікті түлғалар туралы, ұрланған мүлік пен құндылықтар туралы, қылмыстың басқа мән-жайлары туралы дәлелдемелерді жинап, бекіту. Бұл жағдайды бастапқы тергеу әрекеттерінің келесі жүйесі тиімдірек болады: жәбірленушілерден немесе материалды жауаптылығы бар тұлғалардан жауап алу; оқиға орнын қарау; куәгерлерден жауап алу; сот сараптамасын тағайындау. Сонымен бірге тиісті жедел-іздестіру шаралары жүргізіледі. Үшінші тергеу жағдаятына тергеушінің іс-әрекеттері зерттеу-іздестіру бағытында жүргізіледі және ең басты міндет жасалған қылмыс туралы деректерді іс жүргізуден тыс тәсілдер арқылы алу болады. Бұл жағдаятқа"жоғарыда айтылған тергеу әрекеттерінен басқа, қылмыс жасаған тұлға мен ұрланған затты іздестіруге бағытталған жедел-іздестіру шаралары тән болады. Ол үшін қылмыс жасау тәсілі бойынша, окиға орнында табылған іздер және ұрланған мүліктің белгілері бойынша криминалистік есеп пен басқа шараларды қолданып тексеру жүргізіледі. Тергеу барысында қалыптасатын жағдаяттарға байланысты жоғарыда аталған бастапқы тергеу әрекеттерінің бағдарламалары өзгеріп отырады және ол өзгерістер тергеушінің міндеттеріне, сонымен қатар нақты жағдайда алынған акпаратқа байланысты болады. 3. Бастапқы тергеу әрекеттері тактикасынын ерекшеліктері Ұрлық туралы істер бойынша оқиға орнын қарау барысында келесі мән- жайларды анықтау қажет: зат ұрланған объект не болып табылады, оған баратын жолдар мен оны қоршайтын орта қандай; қылмыскер ұрлық орнына қай жақтан келді және қай бағытта жоғалып кетті (қылмыскердің келу және кету жолдары зерттеледі); қылмыскер материалды құндылықтар жаткан жерге қалай барды (қандай тәсілдерді, қандай техникалық құралдарды пайдаланды); қылмыскер қандай әрекеттерді және қай жүйеде жасады: ұрлык жасауға неше адам қатысты; ұрлық орнында қандай қылмыстық істер калды және қылмыскердің үстінде (денесінде, киімінде, құралдарында, ұрланған заттарда) окиға орнының қандай іздері қалуы мүмкін; іздерде және басқа да материалды объектілерде, олар бойынша қылмыскердің жасын, кәсіби дағдыларын, оның түр-әлпетін, ұрлық жасау тәсілдерінің деңгейін анықтауға болатын белгілердің бар-жоқтығы; ұрлықты жасағансығанын көрсететін белгілердің бар-жоқтығы,т.б. Осы мән-жайларды анықтау үшін ұрлық жасалған жайды ғана емес, онымен шектес бөлмелерді де карау керек болады. Оқиға орнына қосылып жатқан аймақтарды мәселен, дүкен, қойма, мекемеде қарау тиімді болады, өйткені ол жерде қылмыскерлер заттарды жоғалтып алуы, тастап кетуі немесе тығып кетуі мүмкін. Қылмыскерлер ұрлық, жасауды кездеген орынды бақылаған жерлерді де зерделеген маңызды, өйткені ол жерде бақылауға кедергі болған сондықтан алынған немесе сындырылған терезе әйнектерін олардағы қол іздерін, аяқкиім іздерін, темекі тұкымдарын табуға болады. Оқиға орнының жағдайына қарап, тергеуші қараудын. ең тиімді тәсілін тандайды. Егер қылмыскер жайға кедергісіз бұзу арқылы кірсе, қарауды бұзу орнын және оған жақын жатқан орындарды, бірте-бірте оқиға орнының ортасына жылжи отырып, зерттеуден бастау керек, яғни қараудың концентрикалық тәсілін қолдану керек. Егер оқиға орнының қылмыстық ортасы жайдын, түпкірінде болса, (мәселен, сейф немесе ішінен киім ұрланған шкаф) қарауды центрлес тәсілмен немесе қиыстырылған тәсілмен жүргізген тиімді. Әуелі сейфті немесе шкафты, сосын сыртқы есікті қарап (егер есікте бұзу іздері болмаса да, бөлмеге есікті тандап алын-ған немесе қолдан жасалған кілтпен не жезбезекті кілтпен ашып кіруі мүмкін) қарауды қабырға бойымен жалғастырып, бірте-бірте белме ортасына жақындау керек. Қылмыс іздерін объектіге кіретін жерлерде (мәселен, домкратпен сығып ашылған есікте, сындырылған терезеде) және ұрланған заттар сақталған жердін бетінде іздеген жөн. Есік-терезелерде, оларға тиіп түрған жерлерде қолдың, аяккиімнің іздері, киім талшыктары, бүзу құралының іздері, еденде — темекі тұқылдары, қан тамшылары (егер қылмыскер жарақат алса), топырақ, түкірік жөне адам денесін шығатын баска да сұйықтықтары табылуы мүмкін. Қылмыскер ұстады деп ойлаған заттардан иіс іздерін алуға болады. Оқиға орнында бұзу кұралы табылған жағдайда оны мұқият қарап, онда қылмыскер қолдарының іздерін, иесінің аты-жөнін, табуға болады, оның мамандығын, кұжаттарын аныктауға болады (мәселен сигнализацияны ағыту үшін қолданған тістеуіктің саптары пластмассамен немесе резеңкемен оралған болса, оның иесі электрик немесе телевизор жөндеуші болуы мүмкін). Дүкендерде, қоймаларда, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында оқиға орнын қарағанда, ұрлықты жасаған белгілеріне назар аудару керек. Оларға келесілер жатады: құлыптың басқа жерде бұзылғанын; кедергі жайдың ішінде бұзылғанын және ұрылар жайдың ерекшеліктерімен таныс екенін құндылықтар сақталатын орындарды білетінін дәлелдейтін іздердін, болуы; жайдағы кедергілер мен заттардың қажетсіз закымдануы; мән-жайларға сәйкес келмейтін бөлменің шашылуы, жасырын жерде жатқан аса құнды заттардын жоғалуы, ұрланған заттардың опырылған жердің келеміне сәйкес келмеуі, т.с.с. ¥рлық туралы істер бойынша жәбірленушілер мен материалды жауапкершілігі бар тұлғалардан жауап алғанда келесі мән-жайлар анықталады: ұн ұрланды, ұрланған заггың саны, жеке заттардың белгілері; ұрланған зат қайда болғаны; ақша ұрланса, қандай купюралар; қашан және кімнен ұрлық туралы білді; аталған объект күзетілді ме, күзету тәртібі қандай; объект (дүкен, пәтер) сигнализациямен жабдықталған-жабдықталмағаны, оның дұрыс істеу-істемеуі объектінің есік терезелері қандай құлыптармен жабылғаны; кімді ұрлық жасады деп ойлауға болады; жедел тергеу тобы келгенше окиға орнының жағдайы өзгерген-өзермегені, өзгерілсе қандай мақсатпен, не өзгерілуі, т.б. Жауап алғанда жауаптарда барынша нақтылауға тырысу керек. Әсіресе ұрланған мүліктің белгілері мен ерекшеліктері толық сипатталуы керек. Ұрланған затты егжей-тегжейлі сипаттаумен қатар, жауап беруші заттың құжатын (паспортын, кепілдік талонын) немесе бөлшектерін (түймесін, матасын) көрсете алатынын анықтау кажет. Егер ұрлық сенімге кіру арқылы жасала, ұрланған зат, қылмыскер оның түр- әлпеті, сөзінің, киімінің тәртібінің ерекшеліктері туралы мәліметтерді, өзі туралы не айтқанын айқындау керек. Қылмысты өз көзімен көрген куәгерлерден жауап алғанда келесі мәліметтер анықталады: сезікті түр-әлпетінің белгілері, ұрлық жасау уақыты мен тәсілі; оқиға орнында қалдырған қылмыскерлердің іздері мен затгары; ұрланған заттар мен олардын, жеке ерекшеліктері; қылмыскерлер қашып кеткен бағыт, олар мінген көлік, т.б. Қылмыскерді ұстау барысында оның әрекеттерін мұқият бақылау қажет, өйткені ұрылар өздерін әшкерелейтін заттар мен құндылықтарды лақтырып тастауға немесе сыбайластарына беруге тырысады. Қалта тонаушыларды ұстаудың бір ерекшелігі бар: полиция қызметкерлері оларды кезекші бөлімге жүдырықтарын аштырмай алып келеді; оны ұстау хаттамасында міндетті түрде көрсету керек. Жеке тінту барысында жасалған қылмыс сипатымен немесе ұқсас қылмыс сипатымен байланысты заттарға назар аудару кажет. Атап айтқанда, ұрлық үшін ұсталған адамда бірнеше аммияк, бір топ кілт немесе жезбезекті кілт, ұстаралар, ұсталғанға тиесілі емес құжаттар табылуы мүмкін. Ұрлық туралы іс бойынша жайларды тінту мақсаты: ұрланған заттарды бұзу үшін қолданылған құралдарды; сезікті мен оньң отбасы мүшелеріне сәйкес келмейтін киімді, т.б. табу. Тұрғын жайлардан басқа, көмекші жайлар да — қора, үйдің төбесі, гараж тінтілуі тиіс. Онда кейбір кезде құнды емес бірак тергеу үшін маңызы бар заттарды табуға болады. Атап айтқанда, дүкен, қойма, базалардан жасалған ұрлык туралы істер бойынша көмекші жайларда этикетка, тауаар кғазын, тауар орайтын қағазды табуға болады. Табылған құпия орындарды суретке түсіріп, хаттамада оны керсетіп, тінтілген белменің сызба жоспарында көрсету керек. Сезіктіні куәландыру және оның киімін қараудың дәлелдемелік маңызы зор. Егер ұрлық қабырғаны немесе бөліменің төбесін бұзып жасалса, ұсталған адамның киімінде, аяккиімінде, бас киімінде немесе шашында бұзылғаң кедергі заттардың ак балшықтың, кірпіштің, т.б, бөлшектерін табуға болады. Ол сезіктінің кінәсіздігін теріске шығаруға мүмкіндік береді. Егер үсталғаң тұлға химиялық кақпан (тор) орнатылған және ол ұрлық кезінде қосылып кеткен объектіден ұрлық жасаса, оны куәландыру барысында ультракөгілдір жарықты қолданған жөн; сезікті қолдары мен киімінің ерекше жарық беруін хаттамада көрсетеді. Химиялық заттын іздері бар киімдері іске тіркеледі. Кейін сот-химиялық сараптаманың көмегімен тиісті химиялық заттардың біркелкілігі анықталады. 4.Кейінгі тергеу әрекеттері Сезіктіден (айыпкерден) жауап алу барысында, егер ол өз кінәсін мойындаса, келесі мән-жайларды анықтау қажет: қылмыстын. мән-жайлары; ұрланған заттар қайда жасырылды; сезікті (айыпкер) қылмысты өзі жасады ма әлде сыбайластарымен бірге жасады ма; ұрланған заттарды ол қашан, кімге және қандай жағдайда өткізді; сатып алушы қандай ақша төледі (теңге ме әлде басқа валюта ма); сезікті ұрланған затгарды еткізу нәтижесінде қандай сомаға ие болды; кім оның айтқанын дәлелдей алады, т.б. Сонымен қатар жауап беруші адам бұрын ұрлық жасаған-жасамағанын анықтау қажет. Егер жауап беруші ұрлық жасағанын мойындамаса, оған қылмыс жасалған кезде ол қайда болғанын, не істегенін айту және оның әздерін дөлелдейтін адамдарды атауды ұсыну керек. Келесі кезеңде ұрлык туралы істер бойынша куәгерлер ретінде мекеме, кәсіпорын және ұйым бастықтарынан; ведомстводан тыс күзету күзетшілерден, жеке күзетшілерден; аула сыпырушылардан; комиссиялық дүкендер мен сатып алу пункті қызметкерлерінен және жасалған қылмыспен байланысты мән-жайларды білетін басқа да тұлғалардан жауап алған жөн болады. Анықталатын мән-жайлар жәбірленушіге қойылатын сұрақтармен сәйкес болады. Құлыптарды зерттегенде анықталатын сұрақтар: құлып ұрлык кезінде ашык әлде жабық болды ма; ол дүрыс істеп түрды ма; егер құлып бұзылған болса, оның қандай кемістіктері болды және олар құлыптың жабылуына кедергі болған жоқ па; бақылау құрылғысын бұзбай құлыпты жабуға немесе ашуға бола ма, құлып ілулі тұрғанда бұзылды ма; ол кілтпен, жезбезекпен немесе басқа затпен ашылды ма; құлып кандай тәсілмен бұзылды; құлып нақты құрал- сайманмен бұзылған жоқ па. Сот-тауартану сараптамасы арқылы тауардың аты, бағасы, артикулы, сорты, басқа да белгілері; сезіктіден алынған заттар ұрланған заттармен сәйкестілігі аныкталады. Сот-химиялык сараптаманы сезіктінің киімінде, денесінде табылған әр түрлі заттардың құрамының бұзылған кедергі бөлшектері, мататалшықтары, бояу) қылмыс орнынан алынған заттармен сәйкестілігін анықтау үшін тағайындайды. Ұрлық туралы істер бойынша материалтану сараптамалары (микрообъектілерді зертгеу) жүргізіледі. Бұл сараптамалар қалта тонаушы жәбірленушіге тиген жоқпын деп айтканда, яғни қалта тонау қылмысын тергегенде аса тиімді болады. Бұл жағдайда сезіктінің киімінде жәбірленуші киімінің микробөлшектерін табудың дәлелдемелік маңызы зор болады. Ұрлықты одан кейінгі тергеу кезендерінде жүргізілетін тергеу әрекеттерінің (көзбе-кез беттестіру, таныту үшін көрсету, жауаптарды оқиға орнында тексеру) аса ерекшеліктері жоқ. ДӘРІС.13.ЕСІРТКІНІҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ 1.Есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыстардың кримииалистік сипаттамасы 2. Қылмыстық істі қозғау ерекшеліктері 3. Бастапқы және кейінгі тергеу әрекеттері тактикасының ерекшеліктері 1.Есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыстардың кримииалистік сипаттамасы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне сәйкес есіртке заттарының зансыз айналымына байланысты қылмыстарға: - есірткі заттарың немесе психотроптық заттарды дайындау, алу, сақтау, тасымалдау, жолдау (пересылка?) немесе еткізу (259-бап); - есірткі заттарын немесе психотроптық заттарды ұрлау немесе болжаушылық (260-бап); — есірткі затгарын немесе психотроптық заттарды қолдануға бейімдеу (261- бап); — өсіруге тыйым салынған құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру (262-бап); — есірткі заттарын немесе психотроптық заттарды дайындау үшін қолданылатын кұралдардың, құрал-жабдықтардың, заттардың заңсыз айналымы (230-бап); - есірткі заттарын немесе психотроптық заттарды қолдану үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау (264-бап); - есірткі заттарын, психотроптық, күшті әсер етуші немесе улы заттарды ұстау ережелерін бұзу (265-бап) жатады. Есірткілер — бұл оларды қолданғанда ерекше психикалык жағдайды (есірткілік мас болу) туғызатын заттар. Адам ол жағдайда өте тез әдеттенеді және оны үнемі қолдануға душар болады, нәтижесінде ол әдет нашақорлық ауруына және орталық жүйке жүйесінің езгеруіне әкеліп соғуы мүмкін. Осыған байланысты есірткі заттарын медициналық емес және ғылыми мақсаттарда пайдалануға заңмен тыйым салынған. Ол заттардың тізімі 1961 жылғы Есірткі заттары туралы бірегей Конвенцияға сәйкес Есірткілерді бақылау бойынша тұрақты комитетімен белгіленген. Ол заттар үш тізімге бәлінген: 1) күшті әсер етуші есірткі заттары; 2) улы заттар; 3) есірткі заттары мен психотроптык затгардың зансыз айналымына қарсы күресу. Жаратылысы бойынша есірткілерді екі топқа бөлуге болады: өсімдік (табиғи) және синтетикалық (жартылай синтетикалык) есірткі заттары. Біздің елде апиынды мак пен құрамында есірткі бар сора түрлерінен колдан жасалған есірткілер мен апиын тобына жататын медициналық дәрі- дәрмектер кең тараған. Сорадан қолдан жасалатын есірткі заттарының негізгі түрлері: Марихуана (катабис) — түрлі сортты сораның кептірілген гүлденген ұшар басы мен жоғары жағындағы жапырақтары. Гашиш (анаша) — түрлі сортты сораның гүлденген үшар басының аталығын (пыльца) ұнтақтау, себу, суға қайнату, сығу арқылы дайындалған қоспа. Дайындау тәсіліне байланысты ол ұнтақ, таблетка, әр түрлі түйір, қысып нығыздалған (спрессо-ванный) тақта түрінде болады, түсі — сұрғылт-жасыл, қоңыр болады. Гашишмайы — есірткі әсері бар заттарды алу мақсатымен сора бөліктерін әр түрлі еріткіштермен өңдеп, кейін сол еріткіштерді қайнатып, бумен шығару арқылы дайындалады. Ол қара-қоңыр түсті, сораның иісі бар қою ерітінді түрінде болады. Мактан қолдан жасалатын есірткілердің негізгі түрлерінің бірі — шикі апиын, ол мактың қауашағынан ағатын қоюланған сүт шырыны, әдетте қара-қоныр түсті болады. Оны қайнату немесе баска тәсілдермен де өндеуге болады (түсі кара-қоңырдан қара-сұрға дейінгі түйірлер, ерітінділер және т.б.). Оларға мак шөбі - мактың қауашақтары мен сабақтары (тұтас, бөлшектенген, престелген); экстрациялык апиын (а) есірткі алкалоидтарын су немесе еріткіш арқылы алып, кейін қайнатып шайырландыру арқылы дайындалады); мак шөбінің суы немес тұнбасы (көкнар) жатады. Кокаин (көкнар) — «кока» атгы оңтүстік америкалық өсімдігі жапырақтарынан алынатын табиғи алкалоид. Әдетте ол ақ немесе сарғыш түсті таза ұнтақ түрінде, кейде қосынды түрінде, ал кейде ақ, сары және қоңыр түсті жартылай мөлдір қатты гранулалар болып табылатын «крэктың» негізі ретінде кездеседі. Құрамында есірткі бар медициналық түрінде болады. Қазақстан Республикасында сонғы уақытта бүрын кездеспеген жаңа есірткі заттары заңсыз айналымда пайда болды.бұл синтетикалык есірткі заттары және препараттарға түрінде кездеседі. Героин заңсыз айналымда глюкоза, қант, крахмал, ұн, тальк, кальций карбонаты сияқты апиын тұнбасы, морфин, кофеин, ноксирок, т.б. жатады. Олар флакон, ампула, ұнтақ, таблетка өсірілетін жаңа есірткілер. Героин — ацетилендіру арқылы алынатын морфинның туындысы, түсі ақтан қара-қоңыр түске дейін, ұнтақ инертті толықтырғыштар қосындысында, сонымен қатар фармацевтикалық препараттар қосындысында кездеседі. Әсері морфиинен 5- 6 есе белсенді, ол аса қауіпті есірткілердін. бірі болып табылады, өйткені адам оған өте тез әдеттенеді. Героинды медициналық мақсатпен колдануға тыйым салынған. Лизергин кышқылы және оның туындылары — қара бидай күйесінің түтік кеспесінде болады. Таза күйінде қолданбайды, себебі ол өте күшті галюциногендік әсері бар лизергин қышқылының тобына жататын есірткі заттарының негізгі компоненті ретінде қолданылады. Бұл есірткі түрін өндіруге және адамдарға қатысты қолдануға тыйым салынған әдетте оны қайталанатын суреті бар (жүрек, әріп, ою, аңдар суреті түрінде) перфо қағазға салынады. Соңғы жылдары заңсыз айналымда амфетаминдер кең етек жайып келеді. Амфетамин тобына химиялық құрылысы бойын-ша амфетаминнің туындысы болып табылатын және орталык нерв жүйесінің стимуляторы болып табылатын синтетикалық заттар жатады. Олардың кейбіреулерінің психотроптық және галюциногендік әсер бар. Аталган қылмысты жасаудың негізгі турлері: 1. Есірткі заттарын дәрі қоймаларынан, өндіріс кәсіпорындарынан, сондай-ақ аптекалардан, медициналық, ғылыми-зерттеу және т.б. мекемелерден ұрлау. 2. Есірткі заттарын аптекалардан және емдеу мекемелерінен жалған және заңсыз берілген рецепттермен алу. 3. Есірткі заттарды артынан жасап, өндеу мақсатымен макты, сораны егу. 4. Есірткіні жасау мақсатымен мак пен сора өсірілетін немесе олар жабайы өсетін аймақтарға бару. 5. Құрамында есірткі бар дәріден есірткі заттарын жасау. 6. Есірткі контрабандасы. 7. Есірткіні сатып алу, айырбастау, қарызға алу және баска тәсілдермен алу. Есірткіні алу және еткізудіи ең кең тараған түрі — оны әдетте бір рет қолдану үшін кішкене доза ретінде бөлшектеп сату. Әдеттегі есірткіні өткізу орындары - адамдар көп жиналатын жерлер: базар, саяжайлар, метро станциялары, қонақ үйлері, түнгі клубтар, сауық орындары, притондар. Есірткі өткізушіяер топ қурамында жщыс істейді: біреуі есірткі ұсынады, екіншісі сырттан бақылап тұрады, үшіншісінде есріткі заттары сақталады. Кейбір есірткі өткізушілер ездерін қауіпсіздендіру үшін есірткі сатуға балаларды және кәмелетке толмағандарды жүмсайды. Сонымен катар есірткіні тікелей бай-ланыссыз өткізу тәсілі де бар. Ол жағдайда есірткі өткізуші дайын есірткі заттарын әр түрлі жерлерге (тастың астына, дуалдың тесіктеріне, пошта жәшігіне, ағаштың үңгірлеріне, т.б.) тығып кояды. Ақшаны алғаннан кейін, ол сатып алушыға есірткінің жатқан жерін айтады. Есірткі заттарын қолданудың негізгі тәсілдері: оларды тарту, иіскеу (вдыхание), жүту, тамырға, етке, терінің астына инъекция салу, сонымен қатар әр түрлі төсілдерді үйлестіріп қолдану кездеседі. Есірткі қолданушы адамды бет-келбетінен және есірткі қолданғаннан кейін көрінетін тәртібінің кейбір белгілерінен анықтауға болады. Есірткі заттарын көптен қолданатын адамның сырткы бейнесіне келесі белгілер тән: жалпы арық болуы және қартаюы (шашының түсуі, бетінің әжімденуі, тісінің түсуі, терісінің сұрлануы). Ал есірткі жоқ кездегі нашақордың тәртібі ерекше болады және жасыру мүмкін емес, атап айтқанда, ол қызу қимылдайды, қолдары дірілдеп, терлейді. Есірткіні ине арқылы қолданатын нашақордың денесіне уколдың орындары, тыртықтар қалады, тамырлары закымданады сонымен қатар оның түкірігінде, зәрінде, шашының кұрамында, қанында есірткі заттарының іздері қалады. Ол іздер есірткіні даярлау үшін қолданатын заттарда (таразыда, еттартқышта, пышақта т.б.),сонымен катар оларды тасымалдау, өткізу, пайдалану, сатып алу үшін қолданатын затгарда (полиэтилен және қағаз пакеттеріне, қаптарға, сөмкелерде, ине мен шприцтерде, мақтадан және дәкеден жасалған түйіршіктерде және т.б.) қалады. Есірткі заттарын автокөлікпен тасымалдағанда, оларды жасыру үшін бензобакты, радиаторды, бамперді, көліктің артқы дөңгелектерін, жүк салатын бөлімін және автокөліктің басқа дажерлерін пайдаланады. Соңғы кездері есірткіні түбі екі кабат сөмкелерде жәшіктерде, чемодандарда тасымалдау жиі кездеседі. Есірткі заттарына байланысты істер бойынша анықтауга жататын мән- жайлар: — есірткіні заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, өткізу, ұрлау, себу және өсіру, сонымен қатар оларды пайдалану үшін притон ұстау фактісі орын алған-алмағанын анықтау; сезікті тұлғалардың әрекеттері Казакстан Республикасының Кылмыстық кодексінің кай бабына сәйкес келетінін аныктау; — есірткімен байланысты қылмыстың қайда, қашан, қандай жағдайда болғанын; — қылмыстың кім жасағанын; ол бұрын осындай әрекеттері үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылған-тартылмағанын; жазаны ауырлататын немесе жеңілдететін мән-жайлардың бар-жоктығын; қылмысты бір адам немесе топ жасағанын, топтың әр мүшесінің рөлін және қылмысты ұйым- дастырушы кім екенін; — қанша есірткі заттары тәркіленді және олар есірткінің қай түріне жататындығын; — есірткі қайдан алынғанын; — есірткі заттары қандай тәсілмен дайындалғанын, қандай құрал- жабдықтар қолданғанын; — есірткі затгарын дайындау үшін кандай шикізат қолданғанын және ол қайдан алынғанын; — қылмыстың мақсаты мен себептерін; — есірткіні заңсыз айналымға салу барысында түскен пайданың көлемін; — есірткі заттарын заңсыз айналымға салуға кімнің қандай көмек көрсеткенін; — аталған кылмыстың жасалуына мүмкіндік берген себептер мен жағдайларды анықтау. 2. Қылмыстық істі қозғау ерекшеліктері Тергеудің алгашқы саіпысындагы әдегптегі жагдайлар және тергеушінің іс- әрекеттері. Есірткімен байланысты қылмыстар бойынша қылмыстық іс қозғаудың себептері — полиция қызметкерлерінің аталған қылмыстың жасалғанын дәлелдейтін фактілерді табуы; азаматгардың ұйымдар мен мекемелердің хаттарымен арыздары; емдеу мекемелерінің мәлімдемелері; басылымдардағы ақпараттар; өз кінәсін мойындап келу. Келіп түскен барлық, ақпарат мұқият тексерілуі тиіс. Тексеру барысында қылмысқа қатысы бар заттар алынады. Осы заттарды тауып, алуға бағытталған әрекеттерді міндетті түрде құжаттау қажет. Нашақорды (есірткі өткізушіні, тасымалдаушыны, жасаушыны) ұстаған полиция қызметкері баянхат жазады және заттарды тексеру туралы хаттама толтырады. Сонымен қатар, үсталған түлға мен куәгерлердін түсіндірмелері; медициналық куәландыру актісі; аталған тұлғаның есірткі заттарын қолданғаны үшін есепте тұрғаны туралы медициналык мекеменің анықтамасы; экспресс- анализ нәтижелері туралы немесе зерттеу нәтижелері туралы сарапшы-химиктің анықтамасы; ұсталған адамның мінездемесі; онын, бұрын сотталғаны және осьндай қылмыс үшін қылмыстық жауап-кершілікке тартылғаны туралы анықтама болуы қажет. Сондай-ак, жағдайға байланысты баска да қүжаттар толтырылуы немесе талап етілуі мүмкін. Тексеру жүргізуші адам, қауіп бар мәліметгерді талдап, есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстық белгілері ұсталған тұлғанын, әрекеттерінде бар-жоктығы туралы тұжырым жасауы керек. Қылмыстық істі қозғау туралы мәселені шешу үшін, анықтаушы немесе тергеуші алынған заттардың саның (көлемін), сонымен қатар олардың Казақстан Республикасыньң Денсаулық министрлігі қасындағы Есірткілерді бакылау женіндегі тұрақты комитет бекіткен Есірткі затары мен құрамында есірткі бар дәрілердің тізімінде бар-жоқтығын айқындауы кажет. Ескере кететін жай, аз мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сатып алған немесе сақтаған үшін тұлға Қазақстан Республикасынын, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 320-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершіліккетартылады. Сонымен қатар, Қазакстан Республикасының Қылмыстык кодексінін, 26-бабы-ның түсініктемесі бойынша, есірткі заттарын немесе психотроптық заттарды өз еркімен тапсырған және аталған заттардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстардьщ ашылуына немесе оларды болдырмауға белсенді қатысқан тұлға осы қылмыс үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Есірткінін, заңсыз айналымымен байланысты істерді тергеудін бастапқы сатысында әдетте келесі жагдайлар қалыптасады: 1) сезікті тұлға қылмыс үстінде немесе тәркіленген есірткі заттарымен байланысты қылмысты жасағаннан кейін ұсталады; 2) тұлға есірткіні заңсыз айналымға салды деген сезікпен ұсталады, бірақ ол заттар онда табылмайды. Бірінші жағдайда келесі тергеу әрекеттері, ұйымдастыру және жедел іздестіру шаралары жүргізіледі: — сезіктіні ұстау және жеке тінту; — тұлға ұсталған мекенді (жерді); құрамында есірткі бар өсімдік есірілген жерді; есірткі немесе оларды дайындау үшін шикізат сақталған жайларды қарау; — құрамында есірткі бар заттарды, құжаттарды қарау; киімді қарау; —ұсталған тұлғаны медициналық құжаттандыру; — сот-медициналық, сот-химиялық және т.б. сараптамаларды тағайындау; — тұрғын орнын, жұмыс орнын тінту немесе сол жерлерден есірткіні алу; — сезіктіні тергеу; — куәгерлерді тергеу; — қылмыстық байланыстарды, есірткіні сақтау орнын, еткізу жолдарын, т.б. анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізу. Екінші жағдайда келесі шаралар тән: — есірткіге мастығын немесе ашықканын айқындау үшін сезіктіні медициналық куәландыру; — тқрғын жөне жүмыс орнын тінту; — сезіктіні тергеу; — куәгерлерді тергеу; — сезіктінің құжаттарын, заттарын, киімін кару; — сот-медициналық, сот-химиялық сараптама тағайындау; — есірткі заттарын заңсыз айналымы фактісін, олардың сақталу орнын, қылмысқа катысушыларды, т.б. анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізу. Тергеудің бастапқы сатысындағы нақты жағдайға байланысты келесі болжамдар ұсынылуы мүмкін: — табылған затты сезікті өзі танымайтын есірткі сатушыдан сатып алған; — сезікті — есірткі сатушы түлғаның тұрақты түтынушысы; — есірткі тұтынушы есірткі заттарын өзі сатып алған, өсірген шикізаттан жасап алады; — есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмысқа қатысты деген сезікпен ұсталған тұлға қылмыстық топ мүшесі; — сезіктіден табылған немесе ол қолданған есірткі (әсіресе құрамында есірткі дәрі-дәрмектерді емдеу мекемесінен, дәріханадан, т.б. жерлерден өзі немесе басқа біреу ұрлаған. Сонымен қатар есірткі дайындау тәсілі, қылмысқа катысушы тұлғалардың, тұрғын орындары, есірткі сактау орны, есірткі өсімдіктерін өсіру жерлері туралы болжамдар ұсынылуы мүмкін жоспарлау барысында әр түрлі қызметтерінің өз ара әрекеттесу мәселелеріне ашу және тергеу кешенді тергеу әрекетгерін жүргізуді, оларды әр түрлі ЖІШ араларымен үйлестіруді талап етеді, себебі бұл қылмыстар республиканың әр түрлі аймақтарында жасырын жасалады. 3. Бастапқы және кейінгі тергеу әрекеттері тактикасының ерекшеліктері Окиға орнын қарау есірткінің дәріханалардан, емдеу мекемелерінен, химиялык-фармацевтикалық кәсіпорындардан үрланып тергеуде аса маңызды қарау барысында табылған заттарды (бумалар, шприцтер, ампулалар) ұрланған есірткі түрін анықтау үшін қылмыскердің қолымен қалдырған іздерін айқындау үшін қарайды. Сонымен қатар дабыл жүйесі, оның түрі қалпы және келтірілген зақымдары тексеріледі. Қарау барысында темір есіктердің, терезелерде темір торлардың, есірткі затгарды сақтау үшін қажет сейфтердің, басқа да құрал жабдыктардың бар-жоқтығы тексеріледі. Сондай-ак, өлшеуіш кұралдар мен таразыларды қарайды, Есірткі заттарын сақтау ережелерін тексеру үшін оның сақтау орындарын қарайды. Құрамында есірткі заттары бар дәрілерді қарағанда, олардың зауыттың буып-түйілу жағдайын хаттамада көрсетіп, қажетті жағдайда оларды алу қажет. Оқиға орнын қарау хаттамасында келесі жағдайлар көрсетіледі: дәрілердін, жалпы түрі; олардың олар не үшін қолданады, салмағы, саны; дәрі туралы негізгі деректерді шифр түрінде қамтитын дәрінің сан түріндегі белгілері (пайдалану мерзімі, дайындаушы кәсіпорын, дәріні дайындаған топтын, немірі, дәрінің стандартқа сәйкестігін талдау деректері, т.б. сипаттамалар). Оқиға орнын қарау барысында сақтау орындарынан есірткі заттарының үлгілері, өлшеп оралған дәрілер, ауруларға сату үшін дайындалған ампулалар, ұнтақтар, таблеткалар алынады. Дайын дәрі-дәрмек үлгілерін зерделеп, есірткі заттарын артылту тәсілдері туралы, дайындау технологиясын өзгерту аркылы олардың жетіспеушілігін жасыру туралы болжауларды тексе-руге болады. Притондарды қарау барысында хаттамада оқиға орнындағы карау кезінде табылған жағдай, есірткі заттарын пайдалану іздері, аталған жайда накты тұлғалардың болғаны туралы іздер көрсетіледі. Күрамында есірткі бар өсімдіктер егісін қарау ба-рысында хаттамада келесі мөн-жайларды анықтап, сипаттау қажет: - егіс көлемі және өсірілген шөптердің саны; - олардың бүркеленуі; - себілген және өсірілген мәдени дақылдардың түрі; — сезіктінің плантацияда болғандығын дөлелдейтін іздері (қолдарының, аяқтарының іздері, автокеліктің, оттың іздері, үйшіктердің болуы, т.б.); — жерге егін еккенде, өндегенде, егін жинағанда, жерді егін егуге дайындағанда қолданған құралдардың іздері (ормандағы ағаштарды, талдарды кесу; жер қопару, тыңайтқыш себу т.б.); — учаскенің сезіктінің үйіне қатысты орналасуы, оған бару жолдары. Маманның кемегімен егістіктің үлгілері алынады. Оларды кейін зерттеу үшін буып-түйеді, ал егістікті жояды, оны оқиға орнын қарау хаттамасында көрсетеді. Қылмыскерді қылмыс ұстау көп жағдайда қылмыскерді әшкерелейтін есірткі заттарын, кұжаттарды, тағы да басқа объектілерді табуға мүмкіндік береді. Ұстау әдетте мынадай жағдайда жүзеге асырылады: 1. Тұрғын жайында ұстау есірткі заттарын сақтау, сатып алу-сату, дайындау немесе қолдану кезінде. 2. Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер егілген учаскеде ұстау — онда нақты жұмыстар жүргізу барысында (егу, тыңайту, өндеу немесе жинау). Ол тыйым салынған дақылды нақты тұлғалардың кылмысты жасағанына мүмкіндік береді. 3. Көлікте ұстау — есірткіні тасу барысында. Ол үшін тасымалдаушылардың маршрутын алдын ала анықтау кажет және олардың айлаларын білу кажет. Олар есірткіні тасымалдау үшін екі қабат түбі бар чемодандарды, іші қуыс заттарды (іші бос кітаптар, консервілердің ыдысын, термостарды, музыка аспап-тарын, ойыншықтарды, т.б.) пайдалануы мүмкін. Есірткіні әр түрлі азық-түлікте жиі жасырады. Есірткіні авиакөлікпен тасымалдағанда қылмыскерді нақ ұшаққа отыру алдында немесе ұшақтан түсу кезінде немесе қолжүгін алу не тапсыру кезінде ұстайды. 4. Көшеде ұстау — есірткіні сату-сатып алу кезінде, сондай-ақ оны тасымалдау, сақтау немесе өткізу үшін беру кезінде. 5. Кәсіпорында үстау — ұрланған немесе заңсыз алынған есірткіні алып шығу кезінде. 6. Дәріханада немесе емдеу мекемесінде үстау — жалған рецепт бойынша есірткі затын алып жатқан кезде. Сезіктіні заттармен ұстау алдында оны суретке немесе бейнетаспаға түсіріп алу қажет. Сезіктіні ұстаған орынды егжей-тегжейлі қараған жөн. Хаттамада ұсталған тұлғадан табылып, алынған заттар — есірткі, бумалар, акша, кұжаттар көрсетіледі. Бумамен ұсталғанның, басқа да тұлғалардың қолдарының іздерін және киімдерінің талшықтарын іздеу қажет. Сезіктіні жеке тінту және киімін қарау. Алдымен сезіктіден, ол лақтырып тастауы мүмкін заттарды, бумаларды, ақшаны немесе ол қорғану үшін пайдалануы мүмкін заттарды алу қажет. Одан кейін оның киімі мұқият тексеріледі. Жеке тінту барысында дәлелдеме ретінде қолдануға болатын заттар мен құжаттарды, есірткі заттарын олардың бумаларын, қойын дәптерлерін, хаттарды, қонақүй шоттарын, билеттерді, ақшаны, поштамен аударылған акша туралы мәлімдемелерді, жалған рецептерді, шприцтерді, т.б. іздеу қажет. Есірткілер киімде, аяқкиімде, протездің астында, косметика бұйымдарында, фотоапараттарда, шашта, дененің табиғи қуыстарында сақталуы мүмкін. Хаттамада жалпы деректермен қатар есірткі түрі, нақты салмағы, бумасы, нысаны және бумада табылған барлық белгілер керсетіледі. Сезіктіні куәландыру оның денесінде есірткі заттарының микробелшектерін табуға мүмкіндік береді. Сезіктінің бетіне (мұрнының үстін, ерінінің жан- жағынан), алақанын, саусақтарын, сумен шайып үлгілер алынады және тырнақ астынан үлгілер алынады. Куәландыру барысында денесіндегі уколдың орындары анықталып, белгіленеді. Тінту. Тінтуді жүзеге асыру үшін маманды (мәселен химикті, криминалисті) тартқан жөн, өйткені ол әр түрлі есірткі заттарының ерекшеліктері мен оларды қолдан жасау тәсілдерін жақсы біледі, маман тергеушіге табылған заттарды реттеуге көмектеседі, оларды дайындау үшін қандай кұралдар заттар қолданғанын айтады. Арнайы даярлықтан өткен иті бар кинологтің қатысуы да жаксы нәтиже береді. Тінту барысында: — есірткі заттары, олардың бумаларын; — кұрамында есірткі бар есімдіктердің бөлшектерін; — есірткінің ізі бар заттарды; — есірткінің өткізілгенін көрсететін заттарды; — кылмыс жолымен табылған ақша мен құнды заттарды; — кінәлі түлғалар, кылмыстык операциялар туралы, кылмысқа қатысушылардың бір-бірімен есеп айырысуы туралы, олардың байланысы туралы ақпарат алуға болатын құжаттарды; — есірткі заттарын дайындау, сақтау, қолдану үшін қажет кұралдары; Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктердің өсу аймақтары көрсетілген географиялық карталарды, автокөлік және темір жолдарының сызбаларды, әр түрлі құжаттарды табуды көздеу қажет. Нашақорлар есірткіні сол үшін арнайы жабдыкдлған құпия жерлерде жасыратынын ескерген жен. Есірткілердің көбінің ерекше иісі болады, сондықтан оларды полиэтилен, целофан пакеттерінде, тығындалып жабылатын ыдыста немесе катты иісі заттардың касында сакталады, кейде оларды азық- түліктің астында көмеді, үстіне қаймак, май құяды. Куәгерлерден жауап алу. Оларды шартты түрде бірнеше топқа бөлуге болады. Бірінші топқа сезіктіні қылмыс үстінде ұстағанын өз көзімен көрген куәгерлер жатады. Әдетте олардан сезіктіні ұстау мән-жайлары туралы және оның ұстаудың алдындағы, ұстау кезіндегі және ұстаудан кейінгі тәртібі туралы жауап алады. Екінші топқа аталған тұлғанын, есірткі заттарын дайындауы, өткізуі, алуы немесе ұрлады деген фактісін, сондай-ақ есірткімен байланысты басқа да қылмыстарды жасады деген фактісін растайтын куәгерлер жатады. Куәгерлердің үшінші тобына — есірткіні тасымалдау фактісі немесе сезіктілер (жолсерік, такси жүргізушілері) пайдаланған басқа да қызметтер туралы жауап беретін тұлғалар жатады. Куәгерлердің төртінші тобы — сезіктілермен жұмыс істеген тұлғалар, олардың туыстары, көршілері. Әдетте олардан сезіктінің жеке тұлғасы туралы, оның тәртібі, өмір салты туралы, таныстары туралы, кездесулері мен іс- сапарлары туралы жауап алады. Бесінші топ — нашақор-куәгерлер. Бірінші тергеуде олар әдетте жалған жауап береді. Белгілі бір емдеу курсын еткеннен кейін нашақорлар ез жағдайын сезініп, өкініп, келесі тергеуде шын жауап беріп, есірткі өткізушілерді әшкерелеуі мүмкін. Сондықтан олардан кайтадан жауап алған жөн. Сезіктілерден (айыпкерлерден) жауап алу. Сезіктілердің (айыпкерлердің) жауаптары іс бойынша айқындауға жататын мән-жайларды анықтау үшін аса маңызы, себебі бұл адамдар қылмыстың мән-жайларын жақсы біледі. Әдетте ұсталған тұлғалар оларда табылған есірткі жайлы ғана көрсетпе береді, ал баска қылмысқа қатысушыларды, байланыстары мен қылмыстық әрекеттерін жасырады. Қылмыс үстіне ұсталған сезіктілер олардан алынған есірткі деп бас тартуға тырысады (мәселен, белгісіз адамдар, кейін ішінде есірткі табылған заттарын қарап қоюға тастап кетті дейді). Жауапкершіліктен қүтылып, қылмыстыктоптағы өзінің шын ролін жасыру үшін ұсталған тұлға езін белгісіз біреулер есірткі өткізген нашакор деп көрсетеді. Бүл жағдайда оның денесінен тыртық немесе уколдын іздерін табу үшін оны куөландыру керек немесе нашакорлыкпен ауыратынын не ауырмайтынын анықтау үшін наркологиялық сараптама еткізу кджет. Бір салым мөлшерге бөлшектенген есірткі, оны қабылдайтын құралдардын. болмауы ұсталған адамның нашақор еместігін дәләлдейді. Құрамында есірткі бар өсімдіктерді сепкен жерде ұсталған тұлғалар әдетте жауапкершіліктен құтылу үшін жалған жауап береді. Олардың жауаптарын теріске шығару үшін үймен учаскенің жоспарын жасап, үйден учаскеге дейін жолдың бар-жоклығын көрсету кызметінде есірткі заттарын сақтау, есепке алу, беру ережелерін бұзу немесе есірткі затгарының жетіспеушілігі анықталған тұлғалардан жауап алғанда, келесі жағдайларды айқындау қажет: жұмыс жағдайы; есепке алу және бақылауды ұйымдастыру; анықталған фактілерді бағалауы, т.б. Сонымен қатар тергеуші жауап алынып отырған адамның жүмыс істеу уакытын, оның міндеттерін, басшыларымен жақын көмекшілерін, қоймада және басқа жерлерде құндылыктардың орналасуын, кілттер сакталатын орынды, қоймаларды ашу және жапқанда мерлеу тәртібін, белгіленген ережелердің бүзылған-бұзылмағанын және оның себептерін аныктайды. Сонымен бірге материалдык жауапкершілік, кұжаттардың айналымымен оларды кұрастыру, қүжаттарға қол қою тәртібі туралы, оған жауапты тұлғалар туралы есеп беру, кезендік тексеру, құжаттарды сактау орнымен мерзімі туралы, есепке алу (инвентаризация) мен олардын нәтижелері туралы деректерді жинаған жөн. Ұсталған тұлға есірткіден мас болған жағдайда оның қалыпқа келуін күту керек. Оны хаттамада және наркологтің қайта куәландыру туралы кұжатында көрсетеді. Егер жауап беруші есірткінің тапшылығынан денсаулығының нашарлауына байланысты жауап бере алмаған жағдайда абстиненттік синдромды жою үшін наркологті шақырған жөн. Содан кейін ғана жауап алуды бастау керек немесе жалғастыру керек. Егер үсталған тұлғадан есірткіден мас болған жағдайда жауап алса, жауап алуды кайталаған жен. Сараптама тагайындау. Әдетте аталған қылмыстар бойынша сот сараптамаларын тағайындауы: химиялық, ботаникалық, наркологиялық, криминалистік сараптама. Сот-химшлық сараптаманың объектілері: Қолдан және кәсіпорында өндірілген есірткі заттары, олардың шикізаты, өлшеу құралдарындағы (таразыда, қасықтарда, ыдыста) және қабылдау құралдарындағы (шприцтер, түтіктер), сақтау және буып-түю заттарындағы, киімдегі іздері. Сараптамаға алынған есірткі заттары; есірткі өсімдіктерінің бөлшектері; есірткі затының ізі бар заттар; есірткіні қабылдау кұралдары; сезіктіден алынған киім, шылымдар; оның қолынан алынған шайынды, т.б. жіберіледі. Сараптамаға өсімдікті жібергенде оның барлық бөлшектерінің сакталуын қамтамасыз ету қажет. Сот-химиялық сараптама келесі мәселелерді шешеді: — зерттеуге ұсынылған зат есірткі заты немесе күшті әсері бар фармацевтік препарат екендігін жөне кандай зат екендігін айқындау; — зерттеуге ұсынылған затгың кұрамындағы белсенді есірткі компоненттерінің құрамы қандай; — сезіктіден алынған зат қандай тәсілмен (қолдан немесе кәсіптік жолмен) дайындалғанын; — ұсынылған заттарда есірткі немесе әсері күшті заттардың іздерінін бар- жоқтығы, егер бар болса, қандай заттың ізі екендігін айқындау; — зерттеуге ұсынылған темекі заттарының (сигарет, шылым, оның ішінде тартылған шылым, темекі қоқымы, т.б.) құрамында есірткі заттарының бар болуын анықтау. Сот-ботаникалық сараптаманың міндеттері: — сараптамаға ұсынылған тұқымдар апиын, майлы көкнәр немесе сора тұкымы екендігін, егер сондай болса, қандай түрі екендігін айқындау; — тінту кезінде алынған апиын немесе майлы көкнәр (сора) тұқымдарының егістен алынған үлгілерімен ұксастығын айқындау; — егістен алынған өсімдіктер үлгілері апиын, майлы кекнәр немесе сора екендігін, егер олай болса, қай түріне жататынын айқындау; — аталған сораны (апиын немесе майлы көкнәрдің басын) есірткі затын дайындау үшін қолдануға болатын-болмайтындығын айқындау; — аталған өсімдік қайда өсетіндігін айқындау; — сараптамаға ұсынылған есімдіктер үлгілерінің көбею дәрежесі қандай екендігін айқындау. Сот-биологиялық сараптаманы нақты түлғаның есірткіні қабылдайтының анықтау үшін жүргізеді. Ол үшін адамның қанын, шашын жөне әр түрлі ағзаларын зерттейді. Сарапшы зерттеуге ұсынылған қанда, шашта, зәр мен түкірікте есірткі затының бар-жоқтығын, егер бар болса, қандай зат екендігін аныктайды. Сот-психиатршлык, сараптаманың міндеттері: — тексерудегі тұлғанын қылмыстық әрекет жасау дұрыс болғанын анықтау; — психикасының қылмыс жасағаннан кейін бұзылған-бұзылмағандығын айқындау; — оған медициналық мәжбүрлеу шараларын және қандай шараларды қолданудың қажеттілігін айқындау; — есі дұрыстығын және іс жүргізу өрекетке қабілетгілігін жоққа шығармайтын психикалық ауытқушылықтың бар-жоқтығын, ол неден көрінетінін және оған өзін-өзі қорғауын қиындататынын немесе қиындатпайтынын айқындау; — егер айыпкердің психикасы бұзылған болса, ол оған нақты мән-жайларды дұрыс қабылдауға кедергі жасамайтынын немесе жасайтынын және ол туралы дқрыс жауап бере алатынын немесе бере алмайтынын анықтау. Бұл сараптаманың алдында оның қажеттілігі айқындалатын сот- наркологиялық сараптама жүргізіледі. 2. Арнаулы әдебиеттер 1. Алауханов Е.О. ҚР – да алдын – ала тергеу барысында толтырылған қылмыстық іс жүргізу құжаттары үлгілерінің жиынтығы. Өскемен; ШҚМУ Баспасы, 2000-238б. 2. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Оқулық; 3-ші басылым. Алматы; Жеті жарғы, 2001-352б. 3. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Оқұлық. Алматы; Жеті жарғы, 2003-560б. 4. М.Үзімұлы. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы, сөздік; 2000-312б. 5. Уголовно-процессуальное право Республики Казахстан. Часть особенная. Досудебные стадии. Алматы; Данекер; 2002-270с. 1. Чельцов М.А. Современный уголовный процесс. Москва, Юридическая литература, 1962-503с. 2. Уголовно-процессуальный кодекс РСФСР. С постатейными материалами. Москва. Юридическая литература, 1987-350с. 3. Теория судебных доказательств в современном уголовном процессе. Часть общая. Москва. Юридическая литература, 1966-582с. 4. Судебные прения по уголовным делам. Учебное пособие. Казань, Издательство Университета, 1992-130с. 5. Справочник следователя: практическое пособие. Москва, 1990. 6. Современный уголовный процесс. Учебник для вузов по специальности «Правоведение».// Под ред. Д.С.Карова. Москва; 1968–552с. 7. Современный уголовный процесс. Учебник.// Под ред. Л.М.Карпеевой, П.А.Лупинской, И.А.Тогричева. / Москва, Юридическая литература, 1980 – 568с. 8. Квятковская Т.Г. Аппеляция; Очерки, Алматы; Казахстан, 1990-180с. 9. Савицкий В.М. Что такое уголовный процесс? Москва. «Знание», 1979 – 208с. 10. Никулин Е.С. Возмещение ущерба, причиненного правонарушителем; Москва, Юридическая литература, 1989 – 159с. 11. Муратова Н.Г. Процессуальные акты органов предварительного расследования. Вопросы теории и практики. – Казань; Издательство Казанского Университета, 1989 – 196с. 12. Жогин Н.В., Фаткуллин Ф.Н. Предварительное следствие в современном уголовном процессе. Москва; Юридическая литература, 1965 – 366с. 13. Бедняков Д.И. Непроцессуальная информация и расследование преступлений. Москва; Юридическая литература, 1991 – 205с. 14. Сидоров В.Е. Начальный этап расследования; организация взаимодействия, тактика. – Москва, Российское право, 1992 – 173с. 15. Савицкий В.М. Язык процессуального закона. Вопросы терминологии. Москва; Наука, 1987 – 287с. 16. Вышинский А.Я. Теория судебных доказательств в современном праве. 3 издание, доп. Москва; юридическая литература, 1950 – 305с. 17. Процессы: гласность и мафия, противостояние .Сборник. Москва, 1989 – 198с. 18. Проблемы правовой защищенности личности в уголовном судопроизводстве. Сб.научных трудов.//Под ред. С.А.Егорова, Л.Л.Кругликова . – Ярославль, 1991 – 182с. 19. Уголовный процесс: структура прав и структура законодательства. Москва; Наука, 1985 – 240с. 20. Комментарий к Уголовно-процессуальному кодексу Казахской ССР; Алматы: Концерн, Баспагер, 1995 – 480с. 21. Когамов М.Ч. Краткий научно-практический процесс РК. Учебно- практическое пособие. Алматы, Аян Адет, 1998 – 88с. 22. Доспулов Г.Г. Психология допроса в уголовном процессе. Алматы, Гылым, 1996 – 224с. 23. Громов Н.А. Уголовный процесс России. Учебное пособие. Москва, Юрист, 1998 – 551с. 24. Головко А.В. Дознание и предварительное следствие в уголовном процессе Франции. Москва, фирма «Спартак», 1995 – 130с. 25. Бычкова С.Ф., Гинзбург А.Я. Следственные действия. Краткий комментарий к Уголовно-процессуальному кодексу РК. – Алматы, Аян Адет, 1998 – 100с. 26. Ахпанов А.Н. Проблемы Уголовно-процессуального принуждения в стадии предварительного расследования. – Алматы, Жеты Жаргы, 1997 – 176с. 27. Ахпанов А.Н. Безопасность участников уголовного процесса. Алматы, Жеты Жаргы, 2002 – 240с. 28. С. Оспанов Уголовно процессуальное право. Алматы 2003. 29. Особенности уголовного права в зарубежных системах Москва 1997 30. F. Prusak Fomenters do Kopeks postepo wania carnage. Tom 1 Warszawa. 31. Уильям Бернам Правовaя система США. Мәскеу 2006. 32. С. Оспанов О моделях подавления преступности в США Предупреждение преступности №1 (17) 2007 33. Criminal Justice. Opposing Viewpoints Green haven Press. St Paul 1987 34. Бахин В.П. Допрос на предварительном следствии. Уголовно – процессуальные и криминалистические вопросы. – Алматы, Оркениет, 1999 – 206с. 35. Сарсенбаев Т.Е., Хан А.Л. Уголовный процесс. Астана, Фолиант, 2000 – 192с. 36. Савицкий В.М., Ларин А.М. Уголовный процесс. Словарь-справочник. Москва, Инфра, 1999 – 271с. 37. Сулейменов Б. Уголовный процесс РК. Особенная часть, Алматы, 2002 – 96с. 38. Уголовный процесс. / Под ред. Л.Н.Башкатов, Г.Н.Ветрова, А.Д.Донценко. – Москва, НОРМА-ИНФРА, 2000 – 352с. 39. Уголовный процесс. Учебник для вузов. / Под ред А.С.Кобликовой. – Москва, 2000 – 384с. 40. Уголовный процесс. Учебник для вузов. С источниками нормативных материалов, образцами процессуальных документов, схемами и библиографиям. / Под ред. Гуценко К.Ф., 3 издание перераб. и доп. Москва, «Зерцало», 1999 – 608с. 41. Якупов Р.Х. Учебный процесс. Учебник для вузов. Москва, «Зерцало», 1999 – 449с. 42. Новиков А.И. Практикум по уголовно-процессуальному праву РК. Алматы, Жеты Жаргы, 2002 – 256с. 43. Практикум по уголовному процессу для студентов юридических вузов и факультетов. / Под ред. И.Я.Казаченко. – Москва, НОРМА, 1999 – 538с. 44. Толеубекова Б.Н. Уголовно-процессуальное право РК: Часть общая, Алматы, «Баспа», 1998. -610 с. 45. Оспанов С.Д. Уголовный процесс. –Алматы, 2001. -325 с. 46. Сулейменова Г.Ж. Уголовный процесс Республики Казахстан. Общая часть. – Алматы: Оркениет.-2001. –124 с. 47. Лупинская П.А. Уголовно-процессуальное право. – М., 1997. – 696 с. 48. Кобликов А.С. Уголовный процесс. – М., 1998. – 450 с. 49. Гуценко К.Ф. Уголовный процесс. –М: Норма-Инфра. –М., 1999. -526 с. 50. Бекбергенов Н.А. Правоохранительная система в РК. – Алматы: Каржы Каражат, 2000. – 216 с. 51. Акпанов А.Н., Хан А.Н. О понятии предварительного следствия и дознания в свете нового уголовно-процессуального права: Сб. научных трудов. – Караганда, 1999. – С. 15-2 52. Крылов Н.Ф. Розыск, дознание, следствие. Ленинград, 1984, С. 101. 53. Чернов А. Что такое служба дознания? Казахстанская полиция. – 1999. - № 11. – С. 8. 54. Мукашев Б. Соблюдение процессуальных сроков при производстве дознания // Правовая реформа в Казахстане. – 1999. - № 4. – С. 31. 55. Берсугурова Л. О состоянии действующего уголовно-процессуального законодательства // Право и государство. - № 4. – 1997. – С. 16. 56. Якупов Р.Х. Уголовный процесс. – М., 1999. – С. 281. 57. Ахпанов А.Н. Проблемы уголовно-процессуального принуждения в стадии предварительного расследования. – Алматы: Жеты-Жаргы. -1997. –176 с. 58. Капсалямов К.Ж. Уголовно-процессуальное принуждение: гарантии, принципы, реализация. –Астана. –2001. –112 с. 59. Когамов М.Ч. Краткий научно-практический комментарий к главам нового Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан. – Алматы. -1995. – 88 с. 60. Когамов М.Ч. Предварительное расследование уголовных дел в Республике Казахстан. Состояние. Организация. Перспективы. – Алматы, 1998,-76с. 61. Примерные образцы процессуальных актов предварительного расследования. – Караганда, 1993.-242с. 62. Адильхан А. Совершенствование закона о прокурорском надзоре – необходимость времени.//Закон и время, 1999. - № 3. – С.48-51 63. Манаев Ю.В. Процессуальные решения следователя. – Волгоград, 1997.- 37с. 64. Зубарев В.С., Крысин Л.П. Язык и стиль обвинительного заключения. –М., Юр. лит., 1976. –88 с. 65. Минюков П.И. Совершенствование руководства процессуальной деятельностью следователя. Проблемы уголовного процесса и криминалистики. 2.14 Муратов Е. Акт прокурорского надзора.//Закон и время, 1999.-№4. – С.92-98 66. Нарикбаев М.С. и др. Актуальные вопросы применения нового уголовного и уголовно-процессуального законодательства РК. – Астана, 1999.-415с. ----------------------- Сот шешімін шығару Сотталушының соңғы сөзі Сот жарыссөзі Сот тергеуі Дайындық бөлімі Басты сот талқылауы
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz