Файл қосу

Қаланың жіктелуі




|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                        |
|ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВРСИТЕТІ                             |
|3 дәрежелі СМЖ құжат       |ПОӘК              |                            |
|                           |                  |ПОӘК 042-18-14.1.24/02-2014 |
|студенттерге арналған      |№1 баспа          |                            |
|«Сәулет» пәнінен  ПОӘК     |                  |                            |











          050729 “Құрылыс”, 050730 «Құрылыс материалдары, бұйымдары


                мен конструкциялары өндірісі» мамандықтарының


                           студенттеріне арналған






                                  “САУЛЕТ”



                       ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ






                        СТУДЕНТТЕР ҮШІН ПӘННІҢ ЖҰМЫС


                              ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ





















                                 Семей 2014











                                   Алғысөз


    1. ӘЗІРЛЕГЕН
    1.1.  Семей  қаласының  Шәкәрім  атындағы   мемлекеттік   университеті,
«Геодезия және  құрылыс»  кафедрасының  аға  оқытушысы  Уркинбаева  Жузимкул
Исаевна.
                                                      «___» _________2014 ж.
    2. ҚАРАСТЫРЫЛДЫ
    2.1.  Семей  қаласының  Шәкәрім  атындағы   мемлекеттік   университеті,
«Геодезия және құрылыс» кафедрасының отырысында


    Хаттама № ___  «____» ________ 2014 жыл


    Кафедра меңгерушісі, т.ғ.к. _________   Кудеринова Н.А.


      2.2.  Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар   факультетінің   оқу-
әдістемелік кеңесінің отырысында




      Хаттама №__ «___» ______________ 2014 жыл


      Төрайымы  __________    Бекбаева  Р.С.




    3. БЕКІТІЛГЕН
      Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің  отырысында  талқыланды  және
басылымға ұсынылды


    Хаттама №___  «____» ________ 2014 жыл


    ОӘК төрайымы   _____________ Искакова Г.К.








    БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ













                                   Мазмұны


|1   |Жалпы ережелер                                                    |    |
|2   |Пән бойынша жұмыс бағдарламасының мазмұны және сабақ түрі бойынша |    |
|    |сағат санын бөлу                                                  |    |
|3   |Пәнді оқу үшін әдістемелік нұсқаулар                              |    |
|4   |Курстың форматы                                                   |    |
|5   |Курстың саясаты                                                   |    |
|6   |Баға қою саясаты                                                  |    |
|7   |Әдебиеттер                                                        |    |
|    |                                                                  |    |






























         1 Жалпы ережелер
    1. Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер
       Оқытушының аты,тегі, әкесінің аты –Уркинбаева Жузимкул Исаевна;
       Кафедра – Геодезия және құрылыс;
       Байланыс тел: 35-84-38, №1 корпус; № 1003 кабинет;
       Дәрісті өткізетін орын – 1007,1010 аудиториялар;
       Кредит саны – 2:


    1.2 Пән мазмұнының қысқаша сипаттамасы:


    «Саулет» пәні  құрылыс  мамандықтарының  мамандарын  даярлауда  негізгі
пәндердің бірі болып табылады. Пәнді оқу курсында заманауи  жаңа  қолданысқа
енгізіле  бастаған  материалдарды,  конструкцияларды,  инженерлік  техниканы
және де қоршаған ортаны қорғай отырып, табиғи  ресурстарды  дұрыс  пайдалану
шешімдерін қарастырады.


        1.3 «Саулет»  пәнін оқытудың мақсаты:
      - қала құрылысы және саулет    жөнінде  қажетті  білім  көлемін  игеру
үшін  студенттерге  кешенді  ұйымдастырылған,  әдістемелік   және   мазмұнды
материал  беру  және  заманауи  сәулеттендірудің  жаңа  тәсілдерін  негіздей
отырып, ғимараттар мен оның түрлерін соңғы үрдістермен жобалай білу.
    - құрылысты сәулеттендірудідң заманауи тәсілдеріне негізделген  қарқынды
      дамудағы құрылыс сәлет техникасын білуге;
    - арнайы дайындалған ақпараттар мен техникаларын игеруге көмектесу;

    1.4 Пәнді оқудағы негізгі міндет:
         -   болашақта   сәулеттендірудегі   кәсіби   шеберлігін   шыңдауда,
өндірістік  және  ғылыми-техникалық  жұмысында  көмекші   болатын   бастапқы
теориялық және тәжірибелік білім беру;
          -  әлемдік   деңгейде   жаңа   тиімді   құрылыстық   жаңа   сәулет
технологиясын үйрену;
         - табиғи климаттық жағдайлар әсеріне байланысты  негізгі  сәулеттік
жобалаудың тиімді технологиясын ұйымдастыру;
    1.5  Пәнді оқытудың нәтижелері:
    Пәнді оқып бітіргеннен кейін студент білуі керек:
          -  Құрылыстың  конструктивтік  –   техникалық   шешімдерін   дұрыс
пайдалана білуі керек;
    - Көлемдік – жайғастыру және конструктивтік шешімдерін
      ғимараттарға    арнайы сәйкестендіре білуі керек;
    - Қалақұрылыстық жағдайларды талдай білуі керек;
    - Ғимаратты сәулеттендірудің  конструктивтік жүйелерін және  сұлбаларын
айқын шеше білуі керек.

    1.6  Курстың пререквизиті:
      - Физика;
      - Инженерлік графика 1,2;
      - Геодезия;
      - Құрылыс материалдары;
       1.7  Курстың постреквизиті:
         - Құрылыс өндіру технологиясы 1,2,3.
         - Құрылыс конструкциясы 1,2.

    Кесте 1 - Оқу жұмыс жоспарынан көшірме


      2  ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚТЫҢ ТҮРІ БОЙЫНША САҒАТТАРҒА БӨЛІНУІ


       Пәннің мазмұны мен сабақтың түрі  бойынша  сағаттардың  бөлінуі  1-ші
кестеде көрсетілген.

1кесте  Пәннің мазмұны мен сабақтың түрі бойынша сағаттардың бөлінуі
|№   |Тақырыптың атауы                      |Сағаттар саны                  |
|р/с |                                      |                               |
|    |                                      |ДС     |ПС     |СӨЖО   |СӨЖ    |
|1   |2                                     |3      |4      |5      |6      |
|1   |Кіріспе. Саулет және қалақұрылысы     |1      |1      |2      |2      |
|    |туралы жалпы мағлұмат. Қаланың        |       |       |       |       |
|    |жіктелуі.                             |       |       |       |       |
|2   |Қаланың бас жобасы. Жеке жер бөлігінің|1      |1      |2      |2      |
|    |бас жобасы.                           |       |       |       |       |
|3   |Саулет – құрылыстық жобалаудың негізгі|1      |1      |2      |2      |
|    |принциптері. Жобалау сатысындағы:     |       |       |       |       |
|    |жоба, жұмыс жобасы.                   |       |       |       |       |
|4   |Ғимараттар және ғимарат туралы жалпы  |1      |1      |2      |2      |
|    |мағлұмат. Бір қабатты және көп қабатты|       |       |       |       |
|    |өнеркәсіптік ғимараттың  конструктивті|       |       |       |       |
|    |элементтері және оларға қойылатын     |       |       |       |       |
|    |талаптар.                             |       |       |       |       |
|5   |Қоғамдық , өндірістік ғимараттар және |1      |1      |2      |2      |
|    |олардың түрлері. Тұрғын ғимараттардың |       |       |       |       |
|    |көлемдік жайғастыру шешімдерінің      |       |       |       |       |
|    |техника- экономикалық бағасы.         |       |       |       |       |
|6   |Күш түсетін конструкциялар. Тірек –   |1      |1      |2      |2      |
|    |арқалық конструкция. Жазықтық арқалық |       |       |       |       |
|    |конструкция. Тұрғын үйлерді жобалауда |       |       |       |       |
|    |қойылатын санитарлық – гигиеналық     |       |       |       |       |
|    |талаптар.                             |       |       |       |       |
|7   |Негіздер және іргетастар. Негізгі     |1      |1      |2      |2      |
|    |түрлері және оларға қойылатын         |       |       |       |       |
|    |талаптар.                             |       |       |       |       |
|8   |Қабырғалар. Ішкі және сыртқы          |1      |1      |2      |2      |
|    |қабырғалар, тасбаулар. Түрлері және   |       |       |       |       |
|    |оларға қойылатын талаптар. Сыртқы     |       |       |       |       |
|    |қоршауды жылу техникалық есептеу.     |       |       |       |       |
|9   |Азаматтық ғимараттар жабындары және   |1      |1      |2      |2      |
|    |едендері.Өнеркәсіптік ғимараттар      |       |       |       |       |
|    |жабындары. Жіктелуі.                  |       |       |       |       |
|10  |Қабатаралық жабындылар. Шатыр         |1      |1      |2      |2      |
|    |жабындылары және төбеден суды         |       |       |       |       |
|    |аластату. Тұрғын ғимараттарының       |       |       |       |       |
|    |шатырлық, жертөлелік, цокольдік       |       |       |       |       |
|    |жабындылары.                          |       |       |       |       |
|11  |Есіктер. Түрлері  және оларға         |1      |1      |2      |2      |
|    |қойылатын жалпы талаптар.             |       |       |       |       |
|12  |Жарық мөлдірлі вертикальді            |1      |1      |2      |2      |
|    |конструкциялар.                       |       |       |       |       |
|13  |Баспалдақтар, пандустар және оларға   |1      |1      |2      |2      |
|    |қойылатын талаптар.                   |       |       |       |       |
|14  |Қала құрылысын жобалаудағы және       |1      |1      |2      |2      |
|    |ғимараттарды қайта жаңартудағы        |       |       |       |       |
|    |экономикалық негіздер.                |       |       |       |       |
|15  |Өлшемдерді модульдік үйлестіру,       |1      |1      |2      |2      |
|    |негізгі ережелер. Қаңқалы             |       |       |       |       |
|    |конструктивтік жүйе.                  |       |       |       |       |



           3 Пәнді  оқуға  арналған  әдістемелік  құралдар


    Пәнді оқыту бойынша жасалатын әдістемелік  нұсқаулықтар  студент  осыны
оқу арқылы, пәнді  игеру  үрдісін  өзі  жетілдіре  алуы  керек.  Нұсқаулықты
әзірлеу барысында берілетін  материалдардың  жартысын  студент  өзі  игеріп,
әзірленуі  керектігі  ескерілуі  қажет.  Әдістемелік   нұсқаулықта   мынадай
мәліметтер болуы керек:
     - пәнді оқуға кететін уақытты ұйымдастыру мен жоспарлауға кеңес беру;
     -  пәнді  оқу  көрінісін  жазу  немесе  студенттің  осы  пәнді   игеру
       барысындағы іс-әрекеті;
     - ОӘК материалдарын пайдалануға нұсқау;
     - әдебиетпен жұмыс жасауға нұсқау;
    Пәнді оқыту үш түрлі формада жүргізіледі  –  дәріс,  оқытушы  көмегімен
студенттің аудиториядағы өздік  жұмысы  және  студенттің  өздік  жұмысы.  Ең
маңыздысы лекция болып табылады, себебі мұнда:  пәннің  күрделі  тақырыптары
ашылып,  практикалық-зертханалық  тәжірибені  анықтайды,  белгілі  бір  жоба
жүргізудің  негізгі  бағыттары   көрсетіледі,   қорытынды   шығарылады.   Ал
студенттер өз беттерімен  түсініп,  оқи  алатын  тақырыптар  CОӨЖ  және  СӨЖ
түрінде беріледі.

      4 Курстың форматы


    Сабақ уақыты аптасына 50 минуттан 2 рет жүргізіледі, СОӨЖ уақытын  қоса
есептегенде. Курс  форматы  аралас.  Дәріс  сабақтарында  күрделі,  мәселелі
сұрақтарды қарастырады. Мысалы  дәрістер  құрылымы  мынадай  –  сабақ  мәнін
талқылау немесе  блиц-сұрақ  (5  минут),  дәріс  (30  минут),  материалдарды
бекіту, 15 минут СОӨЖ беріледі. Сабақты мұндай құрылымда жүргізу  студенттен
жүйелікті, ұсынылған  әдебиеттер  мен  өздігінен  жұмыс  жасай  білуді  және
дәрістегі жаңа тақырып бойынша материалдарды білуді талап етеді.
    Практикалық  сабақтар  теориялық  материалдарды  тереңірек  қарастыруды
қажет ететін мәселелерді шешуге арналған.
    Аудиториялық  СОӨЖ  уақытында  сіздердің  дәріске  немесе   практикалық
сабаққа дайындалу процесінде, сондай-ақ үйге берген  өздік  жұмысын  орындау
кезінде туынданған сұрақтарыңызды қарастырамыз.
    Сонымен қатар аптасына  2  рет,  кафедрада  бекітілген  график  бойынша
жекелей немесе топпен консультация түрінде СОӨЖ сабағын өткіземін.
    Пәнді оқуға арналған сабақ  уақытының үштен бір бөлігінде сіздер  менің
көмегімсіз   өздеріңіз   жұмыс   жасайсыздар.    Өздік   жұмысына   арналған
тапсырмалар түрлері, СОӨЖ  және СӨЖ жоспары  көрсетілген.


      5 Курстың саясаты


    Пәнді оқуға берілген барлық кезеңде менің сіздерге қоятын талаптарымның
барлығын орындайсыз және бір-бірімізді түсінеміз деп ойлаймын.
      1. Дәріс, практикалық сабақтарға қатысу әрбір студент  үшін  міндетті
жағдай. Сабақтарға кешікпей және сабақ үстінде  бір-бірлеріңізбен  сөйлеспей
отыруларыңыз керек.    2. Сабақты  белгілі  бір  себептермен  босатсаңыз  ол
сізді курсты толық меңгеруден босатпайды. Егер  студент  сабақтарды  себепті
жағдайлармен босатса, онда  ол  факультет  деканынан  анықтама-рұқсат  алуға
міндетті. Рұқсат  алғанан  кейін  студент  сабаққа  қатыса  алады.  Босатқан
сабақтардың  тақырыптарын  өтеу  үшін  сіз  арнайы  тапсырма   аласыз   және
көрсетілген уақытта оны  орындап  тапсыру  қажет.  Тапсырма  тиісті  бағамен
бағаланады.
      3. Сіз сабақ процесіндегі аудиториялық жұмыстарға  және  емтихандарға
белсенді  түрде  қатысып  отыруларыңыз,  сондай-ақ  өз  уақытында  толық  үй
жұмысын орындауыңыз және белгіленген уақытында өткізуіңіз  керек.  Осылардың
бәрі сіздерге жоғары рейтингілік көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік береді.
      4. Аудиториялық сабақ уақытында сіздердің  ұялы  телефондарыңыз  өшіп
тұруы керек. Егер бұл талап орындалмаса оқытушы  студентті  жауапқа  тартуға
құқығы бар.
      5. Сіздер студенттермен және  оқытушыларыңызбен  ашық,  шыдамды  және
мейірімді болуларыңыз керек.
      6. Біреуден көшіріп алу немесе  плагиат  болған  жағдайда  оқытушының
студентті аудиториядан  шығарып  жіберуіне  немесе  қанағаттанарлықсыз  баға
қоюына құқығы бар.
       Студенттердің  үлгерімін  бақылау  ағымдық,  аралық  және   қорытынды
бағалаумен   есептеледі.   Бағалау   қолданыстағы   «Студенттердің   білімін
рейтингілік бағалау туралы қаулы» бойынша іске  асады.  Қорытынды  бақылауда
емтихан алынады: ол тест немесе бақылау сұрақтары ретінде.   Қорытынды  балл
әрбір  сабаққа  қатысу,  рефераттарды  қорғау,  сондай-ақ  емтихан   тапсыру
нәтижесінде қойылады.  Баға  курс  бойынша  қойылып,  ағымдық,  аралық  және
қорытынды бақылау қорытындысынан шығарылады.
    Пән қорытындысын бақылау 300 баллдық шкала бойынша қойылады.
       «Сәулет» пәнін оқытуда екі аралық бақылау өткізіледі.
1-рейтинг қорытындысы бойынша 1 - 7 апталарда – 300 балл
2-рейтинг қорытындысы бойынша    8-15  апталарда  –  300  балл.  Семестрдегі
жалпы  балл саны – 600.
      Қорытынды бақылау жұмысы бақылау сұрақтары  арқылы қабылданады.
      Уақытында  өткізілмеген  тапсырмаларды  7-ші  және   15-ші   апталарда
өткізуге болады.

    6  Баға қою саясаты


      Апта   және  бақылау   түрі   бойынша   баллдардың   бөлінуі   кестеде
келтірілген.
      «Сәулет» пәні бойынша баллдардың бөлінуі:
                                                                     Кесте 2
|апта   |Бақылау түрі                                                |Жалпы  |
|1      |2                                                           |3      |
|       |1-7 апталардағы аудиторялық сабақтарға қатысу               |30     |
|2      |1, 2 дәріс және практикалық сабақтар бойынша бақылау        |20     |
|       |сұрақтары                                                   |       |
|3      |практикалық сабақтар бойынша бақылау                        |20     |
|4      |3,4 дәріс сабақтар бойынша бақылау сұрақтары                |20     |
|       |өздік жұмысты орындау                                       |50     |
|5      |5,6,7 дәріс және практикалық сабақтар бойынша бақылау       |20     |
|       |сұрақтары                                                   |       |
|6      |практикалық сабақтар бойынша бақылау сұрақтары              |20     |
|       |өздік жұмысты орындау                                       |50     |
|7      |1 аралық бақылау                                            |70     |
|1-7 апталардағы жалпы балл саны                                      |300    |
|       |8-15 апталардағы аудиторялық сабақтарға қатысу              |30     |
|9      |8,9 дәріс және практикалық сабақтар бойынша бақылау         |20     |
|       |сұрақтары                                                   |       |
|10     |10,11 дәріс және практикалық сабақтар бойынша бақылау       |20     |
|11     |12,13 дәріс және практикалық сабақтар бойынша бақылау       |20     |
|       |өздік жұмысты орындау                                       |50     |
|12     |13,14 дәріс және практикалық сабақтар бойынша бақылау       |20     |
|13     |14,15 дәріс және практикалық сабақтар бойынша бақылау       |20     |
|14     |өздік жұмысты орындау                                       |   50  |
|15     |2 аралық бақылау                                            |70     |
|8-15 апталардағы жалпы балл саны                                     |300    |
|Емтиханға жалпы балл саны                                            |400    |
|Академиялық периодқа жалпы баға саны                                 |1000   |


    7 ӘДЕБИЕТТЕР


    7.1 Негізгі әдебиеттер
    7.1.1  Іңкәрбаев  Н.О.  Архитектура.  Оқу   құралы.   Алматы.   «Эверо»
баспасы,2009-826.
       7.1.2 Буга П.Г.Гражданские, промышленные и и сельскохозяйственные
здания – 2-е изд.  перераб. доп. – М.. Высш.школа., 2003. – 351 стр..: ил.

      7.1.3ВоробьевВ.А. Лабораторный практикум по общему курсу  строительных
материалов: Учеб. пособие для строительных специальностей  вузов.  4-е  изд.
перераб. и доп. – М.: Высш. шк., 1997.


     7.2 Қосымша әдебиеттер
     7.2.1 Ким Н.Н, Маклакова Т.Г. Архитектура  гражданских  и  промышленных
зданий. – М.: Строииздат, 1997.








































































































Пәндер