Файл қосу

Есептеу жүйелері




|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI                    |
|СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРIМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК УНИВЕРСИТЕТI                 |
|3-деңгейлi СМЖ құжаты          |ОӘК               |                        |
|                               |                  |ПОӘК                    |
|                               |                  |042-18-11.1.6/02-2014   |
|ПОӘК                           | №1 баспа         |                        |
|«Есептеу жүйелерін             |29.08.2014 ж.     |                        |
|ұйымдастыру» пәнінің           |                  |                        |
|студенттерге арналған пән      |                  |                        |
|бағдарламасы                   |                  |                        |









                      «ЕСЕПТЕУ ЖҮЙЕЛЕРІН  ҰЙЫМДАСТЫРУ»


                       ПӘНІНІҢ ОҚУ -ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


       5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету


                                мамандығы үшiн




                            СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН

                              ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ













                                    Семей
                                    2014
                                  Алғы сөз
1. ӘЗІРЛЕНГЕН    ЭӘ
      Құрастырушы________  Е.А.Оспанов,  «Автоматика  және   электротехника»
кафедрасының аға оқытушысы.
« 29 »  тамыз  2014 ж.

2. Талқыланды
2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің
«Автоматика және электротехника» кафедрасы отырысында қарастырылды.
      Хаттама № 1  « 29 »  тамыз   2014 ж.
      Кафедра меңгерушісі __________  А.Д.Золотов

2.2. Факультеттің оқу-әдістемелік бюросы отырысында қарастырылды.
      Хаттама № 1  « 9 »    қыркүйек   2014 ж.
      Төрайымы __________ Р.С.Бекбаева

3. бекітілді
      Университеттің Оқу-әдістемелік  кеңесі отырысында баспаға жіберуге
ұсынылды және  мақұлданды.
      Хаттама №  1  « 11 »  қыркүйек  2014ж.
      ОӘК төрайымы___________  Г.К.Искакова

4. АЛҒАШ  РЕТ  ЕНГІЗІЛІП ОТЫР

















                                   Мазмұны



|1   |Жалпы жағдайлар                                                   |4   |
|2   |Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттардың бөлінуі     |5   |
|3   |Пәнді меңгеруге арналған әдістемелік нұсқаулар                    |6   |
|4   |Курс форматы                                                      |7   |
|5   |Курс саясаты                                                      |7   |
|6   |Баға қою саясаты                                                  |8   |
|7   |Әдебиеттер                                                        |9   |































    1 ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАР


    1.1 Оқытушы және пән жөнінде жалпы мәліметтер
    Оспанов Ербол Амангазович, аға оқытушы ,магистр.
    Кафедра – Автоматика және электротехника;
    Ақпарат – тел: 35-84-38,  № 1 оқу ғимараты, кабинет № 701;
    Сабақ өткiзу орны – аудитория №  709
    «Есептеу жүйелерін  ұйымдастыру» пәнінен кредиттер саны – 3;

    1.2 Оқу пәнiнiң қысқаша мазмұны
    .  "  Есептеу  жүйелерін   ұйымдастыру  "  пәні   5В070400  —  «Есептеу
техникасы және программалық қамтамасыз ету»     мамандығы  саласының  пәндер
циклына  жатады  және    компьютерлерін,   мәліметтерді   өңдеуге   арналған
компьютерлік жүйелерін, есептеу  кешендері  мен  желілерін  құрудың  негізгі
принциптерін, логикалық жобалануын, құрамын, кешенденуін және жұмыс  жасауын
оқытады.
    Аталған пәнді оытудағы негізгі міндеттердің  бірі  студенттерді  кәсіби
бағыттағы пәндерді оқып-үйренуіге дайындау,  мысалы  «Компьютерлік  желілер»
және т.б. постреквизиттер ретінде көрсетілген мамандықтың  оқу  жоспарындағы
аппараттық құралдар туралы білім беретін пәндер




    1.3 Пәнді оқу мақсаты:
      «Есептеуіш жүйелер   ұйымдастыру»  пәнін  оқытудағы  мақсат  есептеуіш
машиналарын, ЭЕМ жүйелері мен желілерін ұйымдастырудың ерекшеліктерін,  жеке
құрылғыларды құру  принциптері  мен  олардың  ақпараттың  кіріс  өңдеу  және
шығару процесіндегі әсерін оқыту болып саналады.


    1.4 Пәнді оқудың негізгі міндеттері:
- студенттердің пән бойынша  қажетті білімдерін қалыптастыру;
-  осы  облыста  қолданылатын  техникалық,  алгоритмдік  және  технологиялық
шешімдермен танысу.

    1.5 Оқу нәтижелері:
Пәнді оқығаннан кейін студенттер келесілерді білуі тиіс:
 ­ Есептеу машиналарының, жүйелерінің, ЭЕМ кешендері мен желілерінің
   функционалды және құрылымды ұйымдастыру принциптерін;
 ­  ЭЕМ-ң арифметикалық, логикалық және схематехникалық  негіздерін;
 ­  ішкі және сыртқы есте сақтау құрылғыларын ұйымдастырудың принциптерін;
 ­ процестер құрылымын;
 ­  ақпаратты енгізу және шығару құрылғыларының жұмыс істеу және олардың
   орталық құрылғылармен өзара қарым-қатынас жасауын ұйымдастыру
   принциптерін;
 ­  есептеу жүйелері мен желілерінің жобалау негіздерін.


      1.6 Курстың пререквизиттері:

      1.7 Курстың постреквизиттері:
      1.7.1 Компьютерлік желілер



      2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫҢ БӨЛІНУІ


                                                                     Кесте 1
|№   |Тақырыптар     атаулары      л        |Сағаттар                              |
|р/с |ллллллллллллллллллллллллл             |                                      |
|    |                                      |Д         |ПР      |СОӨЖ      |СӨЖ    |
|1   |2                                     |3         |4       |5         |6      |
|    |1-модуль. Кіріспе. Есептеу жүйелері   |1         |        |1         |4      |
|    |мен желілерін ұйымдастыру принциптері.|          |        |          |       |
|    |Цифрлық құрылғыларды логикалық жобалау|1         |        |2         |4      |
|    |негіздері. Бульдік алгебра. Бір және  |          |        |          |       |
|    |екі айнымалы бульдік функциялар       |          |        |          |       |
|    |Бульдік функцияларды аналитикалық     |1         |        |1         |4      |
|    |көрсету. Бульдік функцияларды ықшамдау|          |        |          |       |
|    |ЭЕМ элементтері және функционалдық    |1         |        |2         |4      |
|    |түйіндер. Есептеу техника             |          |        |          |       |
|    |жабдықтарының элементтері             |          |        |          |       |
|    |Функционалды түйіндер.                |1         |        |1         |4      |
|    |Дешифраторлар, шифраторлар            |1         |        |2         |4      |
|    |ҮИС сұлбатехникасы                    |1         |        |1         |4      |
|    |2-Модуль. ЭЕМ арифметикалық негіздері.|1         |        |2         |4      |
|    |ЭЕМ-де ақпаратты көрсету              |          |        |          |       |
|    |Көбейту және бөлу операцияларын       |1         |        |1         |4      |
|    |орындау.                              |          |        |          |       |
|    |ЭЕМ-ң еске сақтау құрылғысы (ЕСҚ). ЕСҚ|1         |        |2         |4      |
|    |құрамы, жіктелуі және иерархиясы      |          |        |          |       |
|    |ЭЕМ процессорлары.                    |1         |        |1         |4      |
|    |ЭЕМ-ге Енгізу/шығару құрылғылары.     |1         |        |2         |6      |
|    |Ақпаратты өңдеу жүйелері.             |1         |        |1         |6      |
|    |Мультипроцессорлық ЕК                 |          |        |          |       |
|    |Компьютерлік желілер,түрлері          |1         |        |1         |6      |
|    |сипаттамалары                         |          |        |          |       |
|    |Есептеу жүйелері мен желілерін жобалау|1         |        |2,5       |5,5    |
|    |негіздері                             |          |        |          |       |
|    |Практикалық сабақтар                  |          |        |          |       |
|    |№1 практикалық жұмыс.                 |          |4       |          |       |
|    |Санау жүйелері.                       |          |        |          |       |
|    |№2 практикалық жұмыс.                 |          |4       |          |       |
|    |Логикалық жүйелер.                    |          |        |          |       |
|    |№3 практикалық жұмыс.                 |          |4       |          |       |
|    |Жүйелік блогқа құрылғының қосылуы және|          |        |          |       |
|    |жүйелік блог компонеттерін меңгеру.   |          |        |          |       |
|    |№4 практикалық жұмыс.                 |          |4       |          |       |
|    |Аналық платаның компонеттерін меңгеру.|          |        |          |       |
|    |№5 практикалық жұмыс.                 |          |4       |          |       |
|    |Компьютерді іске қосу тәртібін        |          |        |          |       |
|    |зерттеу.                              |          |        |          |       |
|    |№6 практикалық жұмыс.                 |          |4       |          |       |
|    |SETUP программасының компьютерлік     |          |        |          |       |
|    |жүйелерінің  құрылғылары.             |          |        |          |       |
|    |№7 практикалық жұмыс.                 |          |4       |          |       |
|    |. OC WINDOWS XP (VISTA) бағдарламасын |          |        |          |       |
|    |құру және жою.                        |          |        |          |       |
|    |№ 8 практикалық жұмыс. Локалды жүйеге |          |2       |          |       |
|    |қосылу.Желілік картаны құру және      |          |        |          |       |
|    |баптаулары.                           |          |        |          |       |
|    |Барлығы:                              |15        |30      |22,5      |67,5   |

      3 ПӘНДI МЕҢГЕРУГЕ АРНАЛҒАН ӘДIСТЕМЕЛIК НҰСҚАУЛАР


    «Есептеу жүйелерін  ұйымдастыру» курсын көрсетiлген  бағдарлама  бойынша
меңгеру қажет. Негiзгi ұғымдар  мен  анықтамаларды,  программаларды  меңгеру
қажет.

    Студенттiң өздiк жұмысы  пәннiң  аудиториялық  сабақтарын   толықтыратын
маңызды және жауапты бөлiмi. Өздiк жұмысқа  жекелеген   теориялық  бөлiмдер,
жеке бағдарламалар құру т.б. жатады.  СӨЖ-н  бақылау  ауызша   және  жазбаша
бақылау,  коллоквиумдар,  тестілік  тапсырмалар,  лабораториялық   жұмыстар,
рефератттар түрiнде алынады.

    Реферат  титулды  парақтан,  мазмұннан,  кiрiспеден,  негiзгi  бөлiктен,
қортындыдан, қолданылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

    Өздiк жұмыстар  мен  рефераттарды  толтыру  универститеттiң  стандартына
сәйкес келуi тиiс. Аралық бақылауда  өтiлген тақырыптар бойынша ауызша  және
жазбаша бақылау жұмыстары, тестiк сұрақтар берiледi.





      4  Курс форматы


      Курсты оқу үшін келесі талаптар қойылады:
         – дәріске, СТС және СОӨЖ міндетті  түрде  қатысу.  Егер  қандай  да
           себептермен студент сабақты  босатқан  болса,  сол  күні  сабақта
           өтілген материалға өзі жауапты болады.
         – Сабақ үстінде ұялы телефонды өшіріп қою қажет.
         – Сабақты жүйелі түрде бұзып, тәртіп  бұзған  студент  аудиториядан
           шығарылады, немесе барлық  курс  үшін  "қанағаттанарлықсыз"  баға
           қойылады.
         – СТС және үй тапсырмаларын орындау міндетті
         – Бақылау  жұмыстары  міндетті  түрде  орындалып,  аталған  уақытта
           тапсырылуы қажет. Кешіктіріліп өткізілген жұмыс  автоматты  түрде
           төмен бағамен бағаланады.
         –  Көшіру  орын  алғанда  студент  аудиториядан  шығарылады  немесе
           "қанағатанарлықсыз" баға қойылады.
      Межелік бақылауға сабаққа қатысуы, ағымдағы және үй жұмыстары, тақта
алдында жауап беруі, орынында жауап беруі және бақылау жұмыстарын уақытында
тапсыруы кіреді.
      Қортынды бақылау барлық бақылауды қамтиды: Емтихан бағасы межелік
бақылау (40%) және аралық аттестация қортындысын (емтихан – 60%) қамтиды да
 100% құрайды.
        ОБСӨЖ тақырыптары бойынша бақылау жұмыстары орындалады.




5 КУРС САЯСАТЫ


      Оқытушы берген барлық тапсырмаларды студент айтылған уақытта  орындауы
тиіс. Өз уақытында орындалмаған тапсрымаларға төмен ұпай қойылады.
      Межелік  аттестациялау  қортындылары  студенттің  сабаққа   қатысуына,
практикалық  және  өздік  жұмыстарды  тапсыру  нәтижелеріне,  сонымен  қатар
межелік бақылау  бағаларына  байланысты шығарылады. Сабақ  уақытында  тәртіп
бұзған студент аудиториядан шығару арқылы  жазаланады  немесе  курс  бойынша
«қанағаттандырарлықсыз» баға қойылады.
      Көшіру және плагиат: Кез-келген түрдегі көшіру немесе  плагиат  (дайын
тапсырмаларды қолдану, көшіру  және  студенттерден  не  болмаса  ИНТЕРНЕТТЕН
көшіріп алу) аттестацияны  төмендетумен  және  «қанағаттандырарлықсыз»  баға
қоюмен аяқталады.
      Қорытынды емтихан барлық  өткен  материалдарды  қамтып,  ауызша  түрде
өткізіледі. Емтихан кезінде көшіруге қатаң тиым салынады.


      6 Баға қою саясаты


      Әрбір студент пән бойынша жеткілікті рейтинг алуы  үшін  белгілі  балл
санын жинауы тиіс. Баллдардың максималды саны:
1-рейтинг нәтижесі бойынша 1-7 апталарда – 300 балл,
2-рейтинг нәтижесі бойынша  8-15 апталарда – 300 балл.
      Курстық жұмыс жеке бағаланады.Пән бойынша баллдардың бөлінуі төменде 2-
кестеде берілген. Бақылау мерзімдері 7-аптаның соңы  және  15-аптаның  соңы.
Уақытында  өткізілмеген  тапсырма  мен  тестілік   тапсырмаларды   15-аптада
тапсыруға болады, бірақ егер студент себепсіз уақытында  орындамаса,  оларға
айыппұл салынып, баллдың 60% ғана қойылады.

                                                                     Кесте 2
|Апта  |Бақылау түрі                         |Ұпайлардың барлығы |Ескерту    |
|      |1-аптадан 7-аптаға дейінгі           |30                 |           |
|      |аудиториялық сабақтарға қатысуы      |                   |           |
|1     |Дәріс                                |                   |           |
|2     |Дәріс                                |                   |           |
|3     |Дәріс/Прак/                          | 30                |           |
|4     |Дәріс/Прак/СӨЖ                       | 20/40             |           |
|5     |Дәріс/Прак/                          | 20                |           |
|6     |Дәріс/Прак/СӨЖ                       | 30/40             |           |
|7     |Дәріс/МежБақ.                        | 90                |           |
|1-аптадан 7-аптаға дейінгі оқу             |300                |           |
|нәтижелерінің ұпайлар саны:                |                   |           |
|      |8-аптадан 15-аптаға дейінгі          |30                 |           |
|      |аудиториялық сабақтарға қатысуы      |                   |           |
|8     |Дәріс                                |                   |           |
|9     |Дәріс/Прак/                          |20                 |           |
|10    |Дәріс/Прак/СӨЖ                       |20/40              |           |
|11    |Дәріс/Прак/                          |20                 |           |
|12    |Дәріс/Прак/СӨЖ                       |20/40              |           |
|13    |Дәріс/Прак/                          |-                  |           |
|14    |Дәріс/Прак/                          |20                 |           |
|15    |Дәріс/Меж.Бақ                        |90                 |           |
|8-аптадан 15-аптаға дейінгі оқу            |300                |           |
|нәтижелерінің ұпайлар саны:                |                   |           |
|Емтихандық ұпайлар саны                    |400                |           |
|Академиялық мерзім бойынша ұпайлар саны    |1000               |           |


      7 ӘДЕБИЕТТЕР
      7.1 Негізгі әдебиеттер:
7.1.1. Вычислительные системы, сети и телекоммуникации: Учебник. -2-е изд.,
перераб. и доп. / А.П. Пятибратов, Л.П. Гудыно, А.А. Кириченко; Под ред.
А.П. Пятибратова - М.: Финансы и статистика, 2004. -512 с.: ил.
7.1.2. Электронная программа “Мастерская радиолюбителя”.

8.2.Қосымша:
7.2.1. Вычислительные машины, системы и сети: Учебник. -2-е изд., перераб.
и доп. /В.Ф. Мелехин, Е.Г. Павловский – М.: Акдемия, 2007. – 556 с.
7.2.2 Организация вычислительных систем и сетей: Учебное пособие. / Р.Ф.
Халабия – М.: МГАПИ, 2000. – 141 с.


Пәндер