Файл қосу
Пәннің постреквизиты
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3 деңгейлі СМК құжаты |ПОӘК | ПОӘК | | | |042-18-16.1.69/02-2013 | |«Этнопсихология» пәнінің |Баспа № 1 13.09.13 | | |оқу-әдістемелік кешені | | | |студенттерге арналған | | | «Этнопсихология» ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 5В011900-«Шет тілі: екі шетел тілі»мамандықтарына СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ Семей 2013 Алғы сөз 1. ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ Құрастырушы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің “ Психология” кафедрасының аға оқытушысы Г.Абдуллина “___13___” _____09_____ 2013 ж. 2. ҚАРАЛДЫ 1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің “Психология” кафедрасының отырысында Хаттама №___1___ «_13_»___09_____ 2013 жыл Кафедра меңгерушісі ____________ Т. Кунслямова 2.2. ГЗФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында талқыланды Хаттама №___1___ «_17_»___09_____ 2013 жыл ОӘБ төрағасы___________________ Ш.Кенесбаева 3. БЕКІТІЛДІ 3.1 Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды Хаттама №__1____ «_18_»___09_____ 2013 жыл ОӘК төрағасы_________________ Г.Искакова 4. баспа № 1 13.09.13 Мазмұны: 1 Жалпы талаптар 2 Пән мазмұны мен сағат санының бөлінуі 3 Пәнді оқудың әдістемелік нұсқауы 4 Курс форматы 5 Курс саясаты 6 Баға қою саясаты 7 Әдебиеттер Жалпы ережелер 1.1 Оқытушы және пән жайлы жалпы мағлұматтар Абдуллина Гульнар Кабдышеитовна аға оқытушы «Психология» кафедрасы Байланыс телефондары- тел.: 35-93-89, №1 оқу корпусы, кабинет № 1212 Сабақтың өткізілу орны- аудитория №1210 Берілген пән бойынша кредиттер саны-3 1.2 Пәннің қысқаша мазмұны Қазақстан Республикасында жүріп жатқан реформалау процесі,оның тек экономикалық саласын ғана қамтып қоймай,сонымен қатар әлеуметтік- гуманитарлық салада да үлкен өзгерістер жасалуда. Этнопсихология курсы бүгінгі күннің талабына сай психолгия мамандығы студенттері үшін негізгі базалық пән болып есептеледі. Бұл курста этнопсихологияның жалпы мәселелері, әсіресе ұлт проблемасы және тұлғаның ұлтжандылық сезімі мен қасиеті, сапалары жөніндегі ғылыми-қолданбалы ақпарат осы заманғы этнопсихологиялық теориялар негізінде беріледі. 1.3 Пәннің мақсаты Студенттердің қазіргі өмірдегі этнопсихологиялық білімдерін, осылардың таңдалынған мамандық шеңберінде кәсіби қалыптасу процеснідегі рөлі мен оның мәнін анықтау, зерттеуге қызығушылығын тудыру.Сонымен қатар, бұл курсты оқу студенттерде гуманистік көзқарас, психологиялық-педагогикалық творчествалық ойлау, коммуникативтіхабардарлықты дамуы арқылы тұлғалық потенциалын өздігінше жетілдіруге басымдылығын қалыптастыруды мақысат етіт қойды 1.4 Пәннің міндеттері. ➢ Басқа ғылымдар жүйесінде этнопсихологияның рөлі мен мәнін көрсету, оның объектісін , пәнін, негізгі түсініктері мен әдіснамалық позициясын анықтау; ➢ Өте қажетті және терең зерттелмеген білім саласының тарихи даму жолын талдау, ➢ Қазіргі этнопсихологияның негізгі тұжырымдамаларын зерттеу зерттеу негізінде студенттердің білімін жүйелеу; ➢ Бірдейлікті зерттеу негізінде этнопсихологиялық мәселелерді теориялық және эмпирикалық зерттеуҒ ➢ Этносаралық қабылдау, этносаралық шиеленіс және этносаралық келісімді зерттеу негізінде психологияның этнопсихологиялық мәселесін жаңғырту. 1.5 Пәнді оқып меңгеру нәтижесінде әрбір студенттің негізгі міндеттері: ➢ Қазіргі заманғы этнопсихологияның теориялық-әдіснамалық аппаратын білу; ➢ Қазіргі заманғы этносаралық қатынастардың даму ерекшеліктерін білу; ➢ Тұлғалық деңгейде және толық этностық бірлікте халықтардың ұлттық психологиясы мен психологиялық мінезінде көрінетін психологиялық ерекшеліктерін салыстырмалы зерттей білу; ➢ Этносаралық қатынастардың кемелденуі мен этносаралық өзара әрекеттің күшейуіне практикалық ұсыныстарды құру дағдысын игеру; ➢ Этносаралық қатынастардың болашақтағы дамуын болжай алу және мониторинг дағдыларын игеру. 1.6 Пәннің преквизиты: ➢ Философия ➢ әлеуметтану ➢ мәдениеттану ➢ конфликтология ➢ жалпы және әлеуметтік психология, ➢ Психология тарихы ➢ Қазақстан тарихы . 1.7 Пәннің постреквизиты: ➢ Қазақ этнос психологиясы ➢ Этнопедагогика ➢ Қазіргі психологияның әлеуметтік-этностық мәселелері 2. ПӘН МАЗМҰНЫ МЕН САҒАТ САНЫНЫҢ БӨЛІНУІ Кесте1 |№ |Тақырыптары | |Сағаттар | | | | |Дәріс |Лаб |Семинар |СӨЖ |СӨЖҰ |Әдебиеттер | |1 |Қазіргі заманғы |1 | |1 |1,5 |1,5 |7.1 | | |этнопсихологияның негізгі | | | | | |7.2 | | |теориялық әдіснамалық | | | | | |7.3 | | |аспектілері | | | | | | | |2 |Қазіргі заманғы |1 | |1 |1,5 |1,5 |7.1 | | |этнопсихологияның негізгі | | | | | |7.6 | | |принциптері мен | | | | | |7.9 | | |категориялары | | | | | | | |3 |Тұлға этнопсихологиялық |1 | |1 |1,5 |1,5 |7.2 | | |мәселе ретінде | | | | | |7.9 | |4 |Ұлттық психология |1 | |1 |3 |3 |7.4 | | |этнопсихологиялық феномен | | | | | |7.5 | | |ретінде | | | | | | | |5 |Этнопсихология дамуының |1 | |1 |1,5 |1,5 |7.9 | | |тарихи кезеңдер | | | | | |7.11 | |6 |Ресейде және қазақстандағы |1 | |1 |1,5 |1,5 |7.2 | | |этнопсихологиялық | | | | | |7.7 | | |идеялардың қалыптасуларымен| | | | | |7.12 | | |дамуы | | | | | | | |7 |Этносаралық қарым-қатынас |1 | |1 |1,5 |1,5 |7.5 | | |психологиясы | | | | | |7.3 | |8 |Этностық сәйкестілік және |1 | |1 |1,5 |1,5 |7.6 | | |оның трансформациялық | | | | | |7.15 | | |мәселесі. | | | | | | | |9 |Қарым-қатынастың |1 | |1 |1,5 |1,5 |7.4 | | |этнопсихологиялық | | | | | |7.12 | | |аспектілері | | | | | | | |10 |Қазіргі замандағы |1 | |1 |1,5 |1,5 |7.9 | | |этнопсихология | | | | | |7.2 | | |құрылымындағы этностық | | | | | |7.18 | | |таптаурындар | | | | | | | |11 |Этникалық конфликтілер. |1 | |1 |1,5 |1,5 |7.7 | | |пайда болу себептері және | | | | | |7.4 | | |реттеу тәсілдері | | | | | | | |12 |Қазіргі заманғы |1 | |1 |1,5 |1,5 |7.5 | | |этнопсихологияның | | | | | |7.10 | | |қолданбалы аспектілері | | | | | | | | | |15 | |15 |45 |45 | | 3 ПӘНДІ ОҚЫП-ЗЕРТТЕУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР «Этнопсихология» пәні бойынша 15 сағат дәріс және 15 сағат практикалық сабақтар жоспарланған. Пән мазмұны болашақ психологтарды таңдаған мамандықтарының қыр-сырларымен, кәсіби іс-әрекеті бағыттарымен таныстырады. Дәріс, семинар сабақтарында студенттер конспектілеу жұмысымен айналысып, негізгі ойлар мен термин сөздерді жазып отырады. Соңынан оны талдау жұмысымен айналысады. СӨЖ, СОӨЖ жұмыстары шығармашылық тапсырмалар ретінде түрлі формаларда орындалуы мүмкін. Солардың ішінде кең түрде кездесетіні-реферат. Реферат жазуда не ескеріледі? 1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студент осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды. 2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестер алғаны абзал. 3. Реферат жазуда студент негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады. 4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады. 5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет. 6. Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студент реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді. Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады. Рефератты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс. Рефератты талқылып, қорытындысын шығару – маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді. 4. КУРСТЫҢ ФОРМАТЫ: - Дәрістер, оқылған материалдар бойынша пікір алмасу, әртүрлі материалдарды және тапсырмаларды талдау. Әрбір сабаққа студенттер жоспардағы негізгі және қосымша әдебиеттер тізіміне сәйкес дайындалуы тиіс (негізгі бөлімдер мен тараулар әрбір сабаққа анықталып отырады). - Аралық бақылауға қатыспаған студент ешқандай ұпай алмайды. - Негізгі ұғымдар әрбір дәріс барысында түсіндіріледі. Сабақтарға қатысу және негізгі ұғымдарды анықтамалары мен түсініктерін жазу студенттердің міндеті. - Әрбір аудиториялық сабақта студент қаралатын материалдарды талқылауға белсенділікпен қатысуы керек. Оның белсенділігі жауап беру сапасы негізінде бағаланады. - Пәнге қатысты материалдардың мазмұнын түсінбесе, оқытушыдан кеңес арқылы сұрауға болады. - Студенттерге жазбаша жұмыстарды орындау барысында университеттің кіпатхана, оқу залы, интернет және компьютерлерін пайдалануға рұқсат беріледі. 5. КУРС САЯСАТЫ Студенттерге қойылатын талаптар: 1. Сабаққа кешікпеу. 2. Дәрісті босатқан жағдайда өз бетімен материалды келесі сабаққа оқып келу. 3. Жұмысты тапсыру және кеңес алу мерзімін қатаң сақтау. 4. Талдау барысында тыңдау және басқалар көзқарасын құрметтеу. 5. СОӨЖ міндетті түрде қатысып, тапсырманы уақытында орындау. 6. БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ: «Этнопсихология » пәні бойынша ұпайлардың бөлінуі Кесте 2 |Апта |Бақылау түрі |Барлық ұпай |Ескерту | |1 |2 |3 |4 | | |1-7 апта бойы барлық аудиториялық |30 | | | |сабақтар түрлеріне қатысу | | | |1 |практикалық сабақ, СӨЖ |5 | | |2 |практикалық сабақ, СӨЖ |20 | | |3 |практикалық сабақ, СӨЖ |25 | | |4 |практикалық сабақ, СӨЖ |30 | | |5 |практикалық сабақ, СӨЖ |35 | | |6 |практикалық сабақ, СӨЖ |45 | | |7 |практикалық сабақ, СӨЖ |50 | | | |Рубеждік бақылау-1 |60 | | |1-7 апталар бойынша оқыту нәтижелерінің |300 | | |жиынтық ұпайы | | | | |8-15-ші апта бойы барлық |30 | | | |аудиториялық сабақтар түрлеріне | | | | |қатысу | | | |8 |практикалық сабақ, СӨЖ |5 | | |9 |практикалық сабақ, СӨЖ |20 | | |10 |практикалық сабақ, СӨЖ |20 | | |11 |практикалық сабақ, СӨЖ |25 | | |12 |практикалық сабақ, СӨЖ |30 | | |13 |практикалық сабақ, СӨЖ |30 | | |14 |практикалық сабақ, СӨЖ |35 | | |15 |практикалық сабақ, СӨЖ |45 | | | |Рубеждік бақылау-2 |60 | | |8-15 апталар бойынша оқыту нәтижелерінің |300 | | |жиынтық ұпайы | | | |Емтиханға берілетін барлық ұпай |400 | | |Академиялық кезең бойынша барлық ұпайлар |1000 | | 7. Әдебиеттер 7.1. Негізгі әдебиеттер 1. Аймаганбетова О:Х. Основные теоретические проблемы этнопсихологии// Мат.ІІІ межд. Симпозиума «Восток-Запад: диалог культур» - Алматы: КазНУ, 2011. ЧІІІ.-С101-108; 2. Аймаганбетва О.Х. Основы этнопсихологии. – А.: Литера, 2009. 3. Аймаганбетва О.Х. Этнопсихологические исследование этнических конфликтов // Вестник КазНУ им. Аль-Фараби. Серия психология и социология, 2002, № 1(8) 4. Андреева Г.М. Социальная психология. – М.: Аспект Пресс, 2009. 5. Боронев А.О., Павленко В.Н. Этническая психология – СПб.: Изд СПб. Ун- та, 2007: 6. Бромлей ЮВ, Очерки истории этноса. – М.: Наук. 2008. 7. Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера Земли. – М7: Ди ДИк, 2007. 8. Гумилев Л.Н. Психологиическое несходство этносов. // Психология национальной нетерпимости . – Мн.: Харвест, 2008: 9. Джакупов С.М. Этнопсихологические исследование этнических предупреждений // Мат. 2 науч.-теорет. К-ции «Развитие пс.пед мысли республиках. Центр. Азии» - Алматы: Каз НУ , 2002: 10. Джандильдин Н.Д Природа нац. Психологии – Алма –Ата: Казахстан, 2008. 11. Жарикбаев К.Б. Современные состояние и основные проблемы этнопсихологии в Казахстане //Этнопедагогика жане этнопсихология. Алматы: КазГу, 2010. 12. Крысько В.Г.Этнопсихология и межнациональные отношения. – М.: Экзамен,2002. 13. Кукушкин В.С., Столяренко Л.Д. Этнопедагогика и этнопсихология. – Ростов на Дону: Феникс, 2009. 14. Платонов Ю.П.Этическая психология. СПб. : Речь, 2001; 15. Платонов Ю.П.Основы этической психологии. СПб. : Речь, 2003 16. Стефаненко Т.Г. Этнопсихология. – М.: Аспект-Пресс, 2004; 17. Тажибаев Т.Т. Педагогическая мысль в Казахстане во второй половине 19- века. – Алматы, 2008. 18. Этнопсихологический словарь. – М.: Моск. Пс-соц. Ин-т, 2009 19. Этнопсихологический словарь/ Под ред. Крысько В.Г. – М.: Моск.психол. –соц.ин-т.2008. 20. Шпет Г.Г. Введение в этническую психологию. Изд.Дом «П.Э.Т». СПб. 2006. 7.2. Қосымша әдебиеттер. 1. Бердяев Н.А. Судьба России. Самосознание. – Ростов на Дону: Феникс, 2007-670; 2. Табылдиев Ә.Т. Қазақ этнопедагогикасы: оқу құралы.-А: «Білім», 2004. 3. Қани М. Қазақтың көне тарихы. –А. 2003. 4. Жарықбаев Қ., Наурызбаев Ж., Қазақтың ұлттық тәлім-тәрбие атауларының түсіндірмелі сөздігі. –А: «Ғылым».2003. 5. Волков Г.Н. Этнопедагогика. –Чебоксары. 2004. 6. Тынышбаев М. Материалы к истории киргиз-кайсакского народа.Ташкент. Восточное отд. Киргиз.гос. изд.-ва.2005. 7. Хасанов Б.Х. Казахско-русское двуязычие. –А. «Наука». 2007. 8. Кон А.К. Этнический словарь. –М: «Педагогика».2003. 9. Сарсенбаев Н. Обычаи, традиции и общественная жизнь. –А: «Казахстан» 2004.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz