Файл қосу

Шиеленіс жағдайларының туындауы















                        ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

                              «Конфликтология»
            мамандық үшін 6М010300 - «Педагогика және психология»



                        ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ


















                                    Семей
                                    2014
                                   Мазмұны


    1. Глоссарий
    2. Дәріс
    3. Практикалық және зертханалық сабақтар
    4. Курстық жұмысы (жоба)
    5. Білімалушылардың өздік жұмыстары























































































1 ГЛОССАРИЙ
Анимизм-(латын тілінде-жан, рух)-жан  мен  рухтың  бар  екеніне  мәлім,  дін
элементі.
Антропология-адамның шығу тегі  мен  эволюциясы  туралы  ғылым.  Жеке  ғылым
ретінде ХІХ ғасырдың ортасында қалыптасты.
Ассоцианизм-екі  немесе  одан  да  көп  психикалық  құрылымдарда   туындаған
психологиядағы байланыс. Ассоциация кеңістік, уақытқа, ұқсастық бойынша  деп
бөледі. Терминді 1698 ж. Дж. Локк енгізді.
Ассоциация –бір нәрсені қабылдау барысында екіншінің пайда  боуына  әкелетін
психикалық құбылыстар арасындағы байланыс.
Биогенетикалық заң – баланың құрсақта  даму  кезеңдерінің  және  биологиялық
даму кезеңдерінің арасындағы қатынасын  сипаттайтын  заң.  Негізін  Ф.Мюллер
мен Э.Геккел ашқан.
Буддизм-жанды жоққа шығарды.
Буддистер-белгілі бір қабылдау-ол интелектінің ықпалымен бұзылғандықтан  бұл
қабылдау емес.
Волюторизм (латынша-ерік) терминді 1883 жылы Ф.Тенис енгізген  философиядағы
еріктік тұрмыстың жоғары принциптерінде қарастыратын философиялық бағыт.
Гилозоизм (грек тілінде-материал,  өмір)-материяны  жанды  деп  қарастыратын
философиялық  ілім.  Термин  ХVIІ   ғасыр   енді.   Гилозоизм   ерте   ғасыр
философиясына тән.
Гомеостаз (грек тілінде-қозғалыссыз, күй)-организмнің негізгі  физиологиялық
фукнциясының тұрақтылығы мен ішкі орта қасиетінің динамикалық тұрақтылығы.
Генезис- қалыптасу, пайда болу тарихы.
Генетикалық зерттеу- даму үрдісінде психикалық процесті немесе
Гуманизм- Қайта өрлеу дәуірінде пайда болған мәдени қозғалыс.
Гетерохронды- психикалық үрдістің өз уақытында дамуы туралы ұғым.
Детерменизм-    психикалық    құбылыстардың    себер-салдарлық    байланысын
түсіндіру.
Даосизм-қытай діні б.э. д. 1-ші мыңжылдықта пайда болған.
Джайнизм-тән жанның бостандық алмауының көзі деп санады.
Жетекші  әрекет-  онтогенездің   берілген   кезеңінде   маңызды   психикалық
жаңарудың пайда болуын қамтамасыз ететін іс-әрекет түрі.
Жақын арадағы  даму  аймағы-ақыл  ой  дамуы  мен  актуальді  даму  аймағының
арасындағы айырмашылық.
Жүйелілік  принципі-  психикалық  құбылыстарды   талдаудағы   методологиялық
негіз.
Интроспекция  (өзін-өзі  бақылау)-  адамның  өзінің  ішкі   жан   дүниесінің
психикасын бақылау.
Интроспективті  психология   (ішке  қараймын,   қадағалаймын)   –субьектінің
өзінің санасы мен мазмұнын қадағалайтын психиканы зерттеудің бір әдісі.
Идентификация -өзін біреумен немесе бір нәрсемен ұқсастыру.
Интериоризация  –  сыртқы  тәжірибені   меңгеру   арқылы   психиканың   ішкі
әрекеттердің қалыптасуын айтамыз.
Индивидуалды айырмашылық – топтық эксперименттегі сенімсіздіктің негізгі
кездері. /сол арқылы ішкі валидтылық бұзылады/
Мотив – қажеттілікті өтеуге құштарлықтан туындаған іс-әрекетке түрткі.
Методология  (  грек   сөзі)-   теориялық   және   практикалық   іс-әрекетті
ұйымдастырудың негізгі әдістер жүйесі.
Монизм- (грек тілінде біреу, жалғыз). Монизмге қарама қарсы-дуализм.
Мәдени-тарихи теория-20-30 жылдары Ресей пситхологы Л.С.Выготский  мен  оның
оқушылары; А.Н.Леонтьев және А.Р.Лурия құрастырған концепция.
Меңгеру-индивидтің қоғамдық тарихи тәжірибені қабылдаудың негізгі жолы.
Мнемикалық функциялар-есте сақтау функциялары.
Нейролингвистикалық бағдарламалау- психологияның жаңа прогрессивті бағыты.
Онтогенез-   балалық   шақ   кезеңінде    индивид    психикасының    негізгі
құрылымдарының қалыптасу үрдісі.
Пән- адам іс-әрекетінің  танымдық  үрдісін  бейнелейтін  категория.Практика-
адам іс-тәжірибесін білдіретін әрекет.
Психотерапия-адам  санасында  психосоматикалық,  жүйкелік,  психикалық  т.б.
ауруларға байланысты емдеудің  комплексті әсер ету арқылы емдеу.
Психиканың дамуы- психикалық үрдістердің белгілі-бір  заңдылықтарға  бағынып
өзгеруінің сандық, сапалық және құрылымдық  жаңа  құрылымдарда  бейнеленетін
өзгерістер.
Рекапитуляция  теориясы-  балалардың  психикалық  дамуы  мен  биогенетикалық
заңның әсерін қарастырған С.Холл  теориясы.  Бұл  теория  бойынша  онтогенез
дегеніміз- филогенездің қысқаша қайталануы екендігін дәлелдейді.
Сана психологиясы-  психологиялық  білім  жүйесі,  психика  сананың  негізгі
критерийі.
Стратегия- басқаруды жоспарлау қабілеті.
Сана- психикалық бейнелеудің жоғарғы деңгейі.
Тест- анықталған психологиялық қасиеттің даму деңгейін тез  және  объективті
өлшеуге арналған стандарттандырылған тапсырмалар жүйесі.
Теория- ғылыми принциптер жүйесі.
Тәртіп психологиясы(бихевиоризм)- 20ғ. америкада пайда болған ағым.
Теория-ғылыми принциптер жүйесі.
Логос-ертедегі-грек  философиясының  негізгі  түсінік  терінің   бірі.   Бір
мезгілде «сөз, тіл, мағына, түсінік» дегенді білдіреді. Геркалит енгізген.
Іс-әрекет теориясы- психикалық бейнелеуде  индивидтің  құрылысын  анықтайтын
теория.
Фактілер- шындық ,ақиқат, қорытынды дегенді білдіреді;  шындығы  дәлелденген
білім.
Феномен- құбылыс дегенді білдіреді.
Фрустрация-  мақсатқа  жету  үрдісінде  қиыншылықтардан  туындаған   адамның
психикалық жағдайы.
Этология- жануарлардың мінез-құлқының  заңдылықтары  мен  жалпы  биологиялық
негіздері жайлы ғылым.



















2 ДӘРІСТЕР
      МОДУЛЬ 1. Конфликтология ғылымы туралы түсінік
      1-дәріс. Қарым-қатынас психологиясының мақсат-міндеттері, зерттеу пәні
және қалыптасуы мен дамуы.
      Қарым-қатынас – бұл адамның басқа адамдармен өзіндік  өзара  әсерлесуі
және  біріккен  іс-әрекетте  өзара   қатынасының   дамуы.   Қарым-қатынастық
кедергілер  қарым-қатынастың  нәтижелігі   біздің   қоршаған   ортаны   және
адамдарды  қабылдауымызға  байланысты.  Олар  психикалық  кедергілер  қарым-
қатынастағы кедергілер адамның өзара үйлесімді ара  қатынас  жасауына  түрлі
сатыдағы кедергілер.
      Адамдар жан-жақты дамыған қалпында  жаралмаған,  сондықтан  реніштерді
көңілге алып қалып,  есесін  түгелдей  қайтару  үшін  ызамен  жауап  береді.
Әрине, ренішті кешіре білу – бұл жоғары жетістік және этикамен  қоса  барлық
діндер мұны құптайды. Бірақ осындай жетістікке барлық адам жете қоймаған  өз
ар-намысын, өз жан тыныштығын сақтау  адамзат  қажеттіліктерінң  бірі  болып
табылады. Даулы мәселені шешуде  адамның  бойындағы  барлық  игі  қаиеттерді
қалыптастыру үшін адамдармен бірлесіп әр түрлі  жаттығулар  жасауы,  өмірлік
жағдаяттарға  байланысты  пікір  алмасуы,  оның  дұрыс-бұрыстығын  талқылауы
жүйке  жұмысының  қызметін  нығайтып,  түрлі  ауру-сырқаудың   алдын   алуға
мүмкіндік береді. Қарым-қатынас – тұлғаның сыртқы объектіге, адамға,  рухани
байлыққа,  әлеуметтік  ортаға  қатынасын  білдіретін  экзопсихикалық   ұғым.
А.Н.Леонтьев, И.Ф.Харламов қарым-қатынас ұғымына  мотив  ұғымының  мазмұнын,
В.Н.Мясищев оны қажеттілік  ұғымының  мазмұнымен  теңестірген.  Кейбіреулері
қарым-қатынастың  бағыттылықпен  (Н.Д.Левитов),   позициямен   (Б.Г.Ананьев,
А.К.Маркова),  сезіммен   (С.Л.Рубинштейн),   мінез-құлықпен   (Б.Н.Теплов),
қызығушылықпен   (П.И.Иванов,   А.П.Архипов),   әлеуметтік    белсенділікпен
(Б.Ы.Мұқанова)  байланыстылығы  туралы  пікірлерін  айтқан.  Қарым-қатынасты
қызметтік тәсіл позициясы тұрғысынан зерттеушілер  И.А.Зимняя,  А.Н.Леонтьев
және Г.М.Андреевалардың пікірінше, қарым-қатынас –  бұл  адамдар  арасындағы
байланысты орнату мен  дамытудың,  олардың  арасындағы  бірлескен  қызметтік
қажеттіліктерден туындайтын,  сонымен  қатар  өзара  ақпарат  алмасу,  өзара
байланыстың біркелкі стратегиясын  қалыптастыру,  басқа  адамдарды  қабылдау
мен   түсінуді   қамтитын   күрделі    көп    салалы    үдеріс.    Қазақстан
Республикасындағы білім беру жүйесінің басты міндеті ғылым  мен  тәжірибенің
жетістіктері негізінде алынған білімді нақты жағдайда пайдалану  икемділігін
меңгерген, өз бетінше  дұрыс,  тиімді  шешімдер  қабылдауға  қабілетті  жеке
тұлғаны қалыптастыру  болып  табылады.  Психология  ғылымында  психологиялық
ұжымдағы болып жатқан түрлі жағдайларды шешу, қызметкерлердің  қарым-қатынас
жағдайларда болып жатқан шиеленісті жағдайлардан сауатты, дұрыыс  шығу,  бұл
жағдайларды басқару мәселесін шешуде қолданылатын  психологиялық  білімдерді
практикада қолдану – пссихологияның өзекті мәселелердің бірі.
      Адами  өркениет  тарихы  шиеленістердің   көптүрлерімен   бірге   даму
процесінде  қалыптасқан.  Ежелгі  заманнан-ақ  адам  қоғамы   пайда   болған
шиеленістерді тиімді жолмен  шешу  әдіс-тәсілдерді  іздестіріп,  шиеленіссіз
қоғамда  өмір  сіруді  армандайды.  Ежелгі  құлпы   тастарда,   Қорқыт   ата
еңбектерінде адамаралық қатынастарда шиеленістерге жол жоқ деген  пікірлерін
білдіріледі. Ұлы Әбу Насыр Әл-Фараби адамар арасында  қарым-қатынас  болмаса
ол өзімен өзі және басқалармен шиеленіске түседі деген ой  білдіреді.  Жүсіп
Баласағұн “Құтты білік” еңбегінде, Махмұд Қащқари де  адамдардың  арасындаға
жақсы қасиеттерге көңіл бөлген. Шиеленістану ғылымы – бұл  басқа  ғылымдарға
қарағанда жаңа ғылыми пән. Бұл ғылым  шиеленістің  табиғаты  мен  оның  шешу
әдістерін  қарастыра  отырып,  бірнеше  ғылымның  зерттеу  объектісі   болып
табылады.  Олар:   социология,  психология,  әлеуметтік  психология,   саяси
экономика,   политология,   криминалистика,    педагогика    және    бірнеше
математикалық ғылымдар. Оның  бағасын  анықтау  өте  қиын.  Шиеленіс  –  бұл
қоғамдық ортаны анықтаудың басты элементі,  қоғамның  әлеуметтік  динамикасы
мен дамуын қарастырушы. Шиеленіс проблемасы адамзат  ойының  басты  элементі
болып табылады. Кейде бұл адамзат ойына үстемдік етеді.


      2-дәріс. Конфликтология  ғылымы.  Даму  тарихы  мен  зерттеу  объекті.
Зерттеу әдістері.
      Конфликттердің мәселесі - әлеуметтік психологиялық  мәселе.  Адам  мен
қоғам конфликтінің байланысы ежелгі әлеуметтік  философиядан  бастау  алады.
Сонымен, Конфуций - ежелгі Қытайдың әйгілі данасы - б.з.д. VI ғасырда  былай
деген: «Трудно бедняку злобы не пишь и легко богашому не быгпь заносчивым»
      Конфуциймен  бірге   конфликт   табиғатын   ежелгі   философ-диалектик
Гераклитп  ойластырған.   Гераклит   бойынша,   элемнің   ішіндегінің   бәрі
өшпенділіктен туындайды. Оның  ойынша,  конфликттер  -  бұл  қоғам  өмірінің
маңызды шарты деп түсінеді
      Гераклиттің конфликт жэне күресу бойынша ойларын, негіз ретінде  басқа
да ежелгі философ-материалистері қарастырған.
      Мұнымен қоса, конфликтке Платон мен  Аристотель  б.э.д.  У-ІУ  ғасырда
көңіл бөлген. Олардьщ ойынша, адам табиғаты бойынша,  қоғамдық  ағза;  бөлек
адам тек барлық қоғамның - бір  бөлігі  ғана;  адамда  негізделген  қоғамдық
бастау оған басқа адамдармен өзара түсіністік пен ынтымақтастық  қасиеттерін
береді.
      Аристотель өз  «Политика»  трактатында  конфликттің  қайнар  көздеріне
көңіл бөлген. Яғни, адамдардың мүлікті игерудегі,  қорқыныштағы  мінездердің
келісуіндегі теңсіздік жөнінде қарастырған.
      Конфликттің  ғылым  ретінде  ену  бойынша  қарастырсақ,  оның  негізгі
фундаментін қалаған: Огюст Конт, Гербарт Спенсер,  Карл  Марксты  жатқызады.
Олардың еңбектері конфликтологияның жалпы теориялық база  ретінде  қаланады.
Ал   екінші   жағынан,   әлеуметтік   конфликттегі   анализінің,   бағасының
методологиялық өндірілудегі тәжірибесі.
      О.Конт  мынадай  заңдылықтарды  бөліп  қарастырған:   Әлеуметтік  жэне
профессионалдық топтардың  білімі;   Көпшілік  адамдардың  қолындағы  байлық
концентрациясы;
      жайлы   айтқан   неміс   әлеуметтенушісі    Г.Зиммель,    австралиялық
Л.Гумпловичі жэне  американдық  Л.Смолл  мен  У.Самнерді  жатқызуға  болады.
Осылардың ішінде ең атақтысы Георг Зиммель (1858-1918) болған.
      «Әлеуметтік конфликтология» терминін неміс философы,  социологы  Георг
Зиммел еңгізген (1858-1918) . Оның айтуы бойынша, әлеуметтік  құбылыстар  әр
түрлі. Мысалыға: бәсекелестік,  конфликт,  келісім  шарт  тағы  сол  сияқты.
Ілімнің  негізі  ретінде  конфликт,  «әлеуметтенудің»  формасы   тұрғысынан,
алынды.  Осы  фактордың  нәтижесінде  адамдар  бір-біріне   жақындайды   әрі
бірігеді. „Конфликттің  өзі  цайшылыцтардың  арасындагы  цысымды  жою,  шешу
амалы "9 - деп жазады. Аяғында адамдарда  өздерінің  ерекше  көзқарастарының
идентификациясы мен қайшы көзқарасты сезіну процессі өтеді.
      Австриялық ғалым Людвиг Гумплович (1838-1910) туыстық пен қанның түрлі
болуы, психикада нақты бір көрінісі бар екендігін табады.  Жағымды  сезімдер
мен эмоциялар топтық бірлікке, ал  жағымсыз  топаралық  антогонизм  тудырып,
конфликтке әкеледі деген.
      Бұл зерттеушілер өз еңбектерімен конфликт мәселесіне  назар  аударған.
Оның  кейбір  формаларын   бейнеледі.   Көбісі   нәсілдік   және   ұлтаралық
конфликттерге баса назар аударып, басқаларын соларға  жалғады.  Осыған  орай
«қақтығыс» деген түсініктің өзін анықтауға жағдай  туып  тұр.  Оның  адамдар
арасындағы  түрлерін  белгілеп,  конфликтке  әкеліп  соғатын   қақтығыстарды
ерекшелеп                             алу                              шарт.
Мақсаттардың,бағдарлардың,көзқарастардың,қажеттіліктердің,қызығушылықтардың
әрі құндылықтардың бір-бірне қайщы бола  алатындығы  рас.  Мысалыға,  атақты
Я.Щепанский деген элеуметтенуші былай деп жазған:  "Конфликт  -  бұл  бағыт-
бағдардың,  мақсаттың  және  нақты  бір  затқа  немесе   жағдайға   қаттысты
әрекеттердің бір-біріне қарама-қайшы болуы, қақтығысуы"   А.А.Ершов  бойынша
"тұлғааралық конфликт  тұлғалардың  қажеттіліктері,  мотивтері,  мақсаттары,
көзқарастары,  мінез-құлықтары  қарым-қатынас  барысында  бір-біріне   қайшы
болып, Қақтығыс туғызуы"
      Қақтығыстар,  айырмашылықтар  конфликттің  тууына  холық  негіз   бола
алмайды. Олар нақты адамдар, топтар, әлеуметтік жіктер, саяси партиялар  мен
мемлекеттер, яғни қақтығыстарды иемденген күштер іске қосылғанда ғана  жұмыс
істей  бастайды.   Осыған   байланысты   жантануда   конфликттің   үш   түрі
қалыптасқан: әлеуметтік, психологиялық, әлеуметтік-психологиялық.
      Ч.Макклинтон көптеген эксперименттерге сүйене  отырып,  эксперименттік
ойындар   жағдайлардағы   элеуметтік   мотивтерді    жіктеді    (кооперация,
индивидуализм, бәсекелестік, альтруизм, агрессия, тепе-теңдік).
      Отандық  психологтар   әлеуметтік-психологиялық   конфликтті   адамның
элеуметтік  тәні  мен  адамдардың  әлеуметтік  тэні  мен  адамдардың  өзара-
әрекеттестік табиғатын түсіну негізінде қарастырады.
      Я.Л.Коломинский  үшін  қатынас  заттық-ақпараттық  эрекеттестік,  оның
негізінде  тұлғааралық  қатынастар  қалыптасады,  жүзеге  асады,   көрінісін
табады. Бүл қатынастар жағымды да, жағымсыз да болуы мүмкін.
      Ресей әлеуметтанушысы А.Т. Здравомысловтың пікірінше  қоғамда  белгілі
бір топтың азық-түлікке, тұрғын үйге, еңбек етуге, әлеуметтік  бостандықтары
мен қүқықтарға деген қажеттіліктері  қанағаттандырылмайды.  Әрине,  әр  адам
лайықты өмір сүруге ұмтылады. Бұл аталған  қажеттіліктер  мүдцеге  айналады,
мүддесі  ортақ  адамдар  топталып,  билікке,  байлыққа  қол   жеткізу   үшін
басқалармен  бәсекеге  түседі.  Ал,  бәсекелесу  қақтығысуға   ұласады   деп
түсіндіреді.
      Көрнекті әлеуметтанушы П.А. Сорокин кез келген әлеуметтік  төнкерістің
басты  себебі,  халықтың  көпшілік  бөлігінің  өмір   сүруге   керек   басты
қажеттіліктерінің қанағаттандырылмауынан екендігін атап көрсеткен.
      Әлеуметтік конфликтер сол сияқты қоғам адамдарының  түрлі  мәселелерге
байланысты   пікірлерінің,   көзқарастарының   немесе    ұстаған    құндылық
бағыттарының көреғарлығынан туындайды. Мәселен, меншік түрлеріне  байланысты
біздің қоғамда әр түрлі пікірлер бар. Біреулер  меншіктің  қоғамдық  сипатта
болуын қаласа, енді біреулер жеке меншікті, басқалар кооперативтік  меншікті
жақтайды.
      Конфликті  жағдай  еңбекке,  жанұяға,  өнерге,   спортқа,   әлеуметтік
институттарға байланысты адам ой-пікірлерінің, құңдылықтарының  қарама-қарсы
болуынан келіп шығады.  Құндылықтардың  бағытына  байланысты  туатын  даулы,
шиеленісті жағдайлар экономика, саяси, әлеуметтік-психологиялық және  рухани
салаларда орын алады.
      Адамдар арасында алауыздық  тудырып,  әлемдік  масштабтағы  қақтығысқа
көбінесе идеологияның қарама-қарсылығы себеп болады. Мәселен, коммунизм  мен
антикоммунизм, фашизм мен антифашизм арасындағы күрес  шеңберде  орын  алған
идеологиялық күрес, идеологиялық алшақтық мемлекеттер арасында жік  туғызып,
халықтарды   бір-бірімен   қақтығысуға   итермелейді.    Сонымен    авторлар
конфликттің   динамикасын   қарастырғанда,   субъективті   жэне   объективті
факторлардың арақатынасына көңіл бөледі. Ең бастысы-ол субъективті  факторы,
яғни конфликтті жағдайды  бір  жақтың  сезінуі.  Әлеуметтік  құбылыстар  мен
процестер болжауға, алдын алуға,  басқаруға  келетін  жәйіт.  Еріксіз  түрде
конфликттің мүшесі болған тұлға оған өзінің үлесін қосуы мүмкін. Конфликт  -
күрделі динамикалық құрылым. Оның өзіндік шегі, мазмұны, кезеңі мен  формасы
бар.






      3-дәріс. Қарым-қатынас және шиеленіс бойынша жалпы теориялар. Шиеленіс
жағдайларының туындауы. Себептері. Құрылымдары. Функциялары. Динамикасы.
      Алғашқы ғасырлардың өзінде-ақ адамзат өмірінде болған қақтығыстар  мен
олардың  шешілу  жолдары  жайлы  көп  толғаған.  Конфликт  бұрыннан   ғылыми
зерттеудің обьектісі болмаса да,оның өзіндік тарихы бар  және  кейбір  басқа
ғылымдармен салыстырғанда оның тарихы көне заманнан  бастау  алады.   Ежелде
конфликтінің пайда болу себебі билік үшін, тіршілік  үшін  күрес   соғыстары
болған.  Гераклит  (530-470ж.б.з.д.).дүниеде  барлық  заттар  мен,   ұғымдар
соғыстың арқасында пайда болған  деп  ойлайтын.  Ол  үшін  «соғыс  –  барлық
нәрсенің патшасы».  Гераклиттің  ойымен  бөліскен  Эпикур  (341-270ж.б.з.д),
онда ұрыс адамдарды мейірімді және ұрыссыз өмір сүруге жетелейтін  ұрыс  деп
тұжырымдады.Бастапқыда адамдарды табиғатынан жүйкесі  жұқарған  деп  санаған
Аристотель  (384-322ж.б.д).  Аристотель  негізгі  қақтығыстың  қайнар   көзі
адамдардың  тұрмыстық  жағдайының  жоғары  немесе  төмендігінен   туындайды.
Платон (472-347ж.б.з.д) – халық алдында құл  иеленушілік  мемлекетті  жойып,
күштеп жасалатын қақтығыстарға қарсы екенін  айтып  жеткізген.  Ол  соғыссыз
өткен кезеңдерді «Алтын ғасыр» деп атады. Орта ғасырда христиан  философиясы
библиямен  сәйкес  татулықты,  адамгершілікті  адамдар  арасында   татулықты
дәлелдегісі келді. Осы та қырыпта ең ұлы ғалымның бірі Фома Аквинский (1224-
1274). Жаңару заманының ғалымдарының бірі  Эразм  Роттердамский  (1469-1536)
өз ойынша қақтығыстың  нақтылығын  белгіледі.  Қақтығыстың  тез  өршитіндігі
және жаңа  адамдарды  еліктіреді.  Эразм  Роттердамский  қарсылас  беттердің
табысуы ұқсас рухани  ойларды  ұстанған  жағдайларда  қиын  екендігі  туралы
айтты. Ал Фрэнсис Бэкон (1561-1626) – қоғамдық ұрыстардың  сылтауына  талдау
жасап,оларды  қалайда  жеңу  жолдарын  қарастырды.  Ең   басты   қақтығыстың
туындауы – халықтың төмен тұрмыстық жағдайы.
      Жан-Жак Руссо (1712-1778ж)  -оның  ойы  бойынша  адамдар  бірдей  және
тәуелсіз деп санады. Кейін мәдениеттің дамуымен бірге  бұл  қалыпты  адамдар
жіберіп алды.  Бірақ  қоғамдық  келісім  шартқа  отырып,  олар  татулық  пен
ауызбіршілікке қайта оралды Жаңа  ғылымның  қалыптасуына  өз  ойларын  қосып
дамытқан социологтар  Томас  Мальтус  (1766-1834)–ол  жұмыссыздықтың  себебі
халықтың  экономикалық   өсуіне   қарағанда,   халық   санының   артқандығын
дәлелдеді. Герберт Спенсер (1820-1903) – қоғам  өмірінің  негізі  өмір  сүру
үшін көбінесе  бейімделген  жеке  тұлға  күресінің  ұстанымы  деп  есептеді.
Уильям Самнер (1840-1910) - өмір сүру үшін күрес ең басты прогрестік  фактор
болып табылады. Өмірде әлсіздер, нашар адамдар қауымы өліп,  ал  жеңімпаздар
ең мықты адам және құнды адамдар болып табылады. Карл  Маркс  (1818-1883)  –
автор   қақтығыстың   социологиялық   теорияларын   бекітіп,   социологиялық
қақтығыстар ұжымдық күресте қоғам өмірінде  өшпейтін  құбылыс.  Капиталистік
қоғамның    қақтығысуының    себебі    жұьысшылар    мен     капиталистердің
табыспайтындығынан  тұрады.   Толкотт   Паронстың   Қақтығыстардың   қазіргі
теориясы бойынша ол даудамайсыз қатынас жүйесін  жақтайды.  Халықтың  табиғи
көңіл-күйі - әлеуметтік жағдай, ал  қақтығыс  қоғамның  кеселі,  ол  кеселді
емдеу керек дейді. Парсонс әлеуметтік  өсу  кезеңінде  қақтығыс  қалыптасқан
еді. Халықтың қажеттілігі мен талабы өсуіне байланысты, қақтығыста,  қарама-
қайшылықта өседі.Конфликтіге (латын тілінде  conflictus  –  қақтығыс)  қазақ
тілінде нақты бір атаумен айдар тағуға келе бермейді. Қазақ  тілінде  «дау»:
егес, керіс, жанжал деген  мағынаны  берсе,  «шиеленіс»  сөзі  талас-тартыс,
айтыс-тартыс дегенге саяды. Ал «қақтығыс» бірінші мағынасында айқас,  шайқас
деген мағынаны  берсе,  екінші  мағынасы  осы  конфликтіге  жақын:  қағысып,
керісіп қалу, пікір таласы деген  түсінікті  береді.  Әрине,  қазақ  тілінің
синонимдік қатары бай: сондықтан, мәтіннің мазмұнына орай, шиеленіске  түрлі
атаулар берілетіндігі  заңды  деп  білеміз.  Тұлғааралық  шиеленіс  мәселесі
шетелдік,    отандық    зерттеушілердің:    С.И.Ожеговтың    Н.И.Кондаковтың
А.Н.Леонтьев,  В.С.Мерлин,  А.И.Анциферова,   Жан   Пиаже,   А.В.Петровский,
Л.Козер,  А.Я.Анцупов,  В.Конюх-Синица,  Э.Шкиль,  Т.Полозова,  А.И.Шипилов,
Е.Бабосов,  Л.Ахметова,  С.Сүлейменова,  Ұ.Абуталипова   т.б.   еңбектерінде
қарастырылған.


      МОДУЛЬ 2. Қарым-қатынас және шиеленіс (конфликт) түрлері
      4-дәріс. Тұлғаішілік шиеленістер. Түрлері.
      Қақтығыстың шығу дәрежесіне қарай төрт қақтығысты жағдай және инцидент
типтері  анықталынды:  әдейі-мақсаттылық,  әділ-мақсатталмаған,  субъективті
(өз пікірінше, өздігіне) мақсаттылық, субъективті  –мақсатталмаған  Қақтығыс
жағдайлары  мен  инцидент  парам   етрлеріне   белгілей   келе   біз   түрлі
қақтығыстарды анықтаймыз. адамның еңбек әрекеті кезінде болатың  қақтығыстар
іскерлік деп аталады. іскерлік қақтығыстардың  нәтижесі  эмоционалд-тұлғалық
қақтығысқа  ауысады.  Тұлғалық  қақтығыс  сипаттамасы,  комплекстер,  жоғары
өзіндік баға,  ескертулер,  сын  қою,  жағымсыз  психикалық  жағдай,  өзінің
қауіпсіздігіне үрейлену және тб.
      Тұлғаралық  қақтығыстың  себептеріне  сипаттама.  Мінездердің   сәйкес
еместігі, қызығушылықтардың қарама-қарсылығы, ішкі  өкпе  және  қарсы  тұру,
кеңестерді ілу. Өндірістің іскерлік қақтығыстың себептері:  еңбек  келісімі,
құқық пен мідеттердің сай келмеуі,  бәсеке,  жалақыға  қанағаттанбау,  еңбек
және  жұмыстағы  бірқалыпты  жағдайдың  нашарлығы,  басшы  беделі,   этиканы
сақтамау, алдау және т.б.
      Топаралық  қақтығыс  –  тұлға  аралық  қақтығыстың  бір  түрі.   Мұнда
қақтығысқа түсуші  жақ  әлеуметтік  топ,  бір-бірінен  іс-әрекеттері  арқылы
кедергі жасайды және мақсаттары әртүрі:
      а) рөльдік қақтығыс – бір жағдайда адамдардан бірдей екі немесе сәйкес
келмейтін бірнеше рольдердң орындауды талап етеді және мінез-құлық  типтері.

      б) моно және  поликаузальді  қақтығыс(латынша,  causa-себеп),  өзіндік
ретінде бір немесе бірнеше себептер сәйкестенеді.
      Тұлғааралық және өндірістік қақтығыстар  бірнеше  себептерден  тұрады.
Ішкі тұлғалық қақтығыс – ол бір адамды қызығу, қажеттілік  және  мотивтердің
қарама-қарсы соқтығысуынан пайда болады. Олардың негізгі тұлғаның  негативті
психологиялық жағдайы: ішкі уайым, реніш, көңіл қалу.
      Психолог К. Левин ішкі тұлғалық қақтығыстың бірнеше түрлерін анықтады:
      а) «Жақындасу-жақындасу» - ситуация, мұнда адамға екі шешімнен біреуін
таңдау талап етіледі.
      б) «Жақындасу- жою» - ситуация, мұнда таңдауда жағымды  және  жағымсыз
бірдей екі жақ байланыс қатысады.
      в) «Жойылу-жойылу» - жағымсыз  субъективті  қойылым.  Қақтығысты  жеке
тұлға – ол басқа жеке тұлғаға немесе ұжымға  өзіндік  пікірі  жоғары,  үнемі
ырзалық  білдірмейтін,  шағымданушы  адамдар.  Ішкі  тұлғалық  қақтығыс  жиі
созылмалы  және  қиын  шешілетін  мінез-құлық  көрсетеді,  қайта  ол  адамды
тәрбиелеу  және  өмірге  көз  қарасын  өзгерту  әлдеқайда  қиын.  Қақтығысты
жағдайлардың туындауы, оның дамуы және шешу жолдары.
      Қақтығыс түсінігі, қақтығысты жағдай. Психологиялық  заңдылықтары  мен
себептері. Қақтығысты жағдайды  шешудің  конструктивті  жүесі  және  өзіндік
ерекшеліктері. Қақтығыс типтері: жазық және көлденең. Қақтығыс түрлері:
      - іскерлік өндірістік;
      - топаралық;
      - тұлғаралық;
      - рольдік;
      - тұлға ішіндегі;
      - энтоұлттық;
      - саяси;
      - монокаузальды;
      Қақтығыстың пайда болу дәрежесіне қарай: ашық, жабық,  кездейсоқ  және
әдейі азғырушы болып бөлінуі.  Қақтығыс нәтижесінің:  деструктивтілігі  және
конструктивтілігі.


      5-дәріс. Стресс. Стресс – шиеленіс туғызушы ретінде
      Күйзелісті (стрессті) кез келген организмнің сыртқы ортадағы қандай да
бір жағымсыздыққа  негізгі  реакциясы  ретінде  анықтауға  болады.  «Стресс»
термині  біздің  күнделікті  тіл  оралымымыздағы  үйреншікті  сөзге  айналып
кетті. Бұл қысқа да ауқымды сөзге күрделі жағдайларда немесе жоғары  қауіпте
пайда  болатын  өз  мінез-құлқымыздағы  өзгерістер  мен   сезімдердің   және
толғаныстардың тұтастай гаммасы туралы елестетуімізді жинақтаймыз.
      Организміміздің күйзеліс туындаған кезеңдегі жұмысын қоршауға  алынған
бекініспен салыстыруға болады.  Оны  қорғауға  барлық  күш-жігер  жұмсалған,
алайда мұның да шегі бар. Әлде жау  жеңіледі  және  қоршау  алып  тасталады,
әлде бекініс құлайды, өйткені ешкім мәңгі  бақи  қорғана  алмайды.  Дәл  осы
жағдайда күйзеліс кеселдері пайда болады.
      Бұл ең алдымен жүрек-қан  тамыр  және  тыныс  алу  жүйесінің  дерттері
(жүректің  ишемиялық  кеселі,  инфаркттар,  гипертония,  демікпе).  Кеселдің
келесі санатын көбіне-көп дұрыс тамақтанбаумен байланыстырады.  Бұл  әрқашан
дұрыс болып келе бермейді. Әңгіме әр түрлі  өмір  салтын  ұстанатын  адамдар
жапа шегетін қарын  мен  ұлтабар,  гастриттер  жөнінде  болып  отыр.  Стресс
ауруларының үшінші санатына эндокриндік ауытқулар мен зат алмасу  үдерісінің
бұзылыстары жатқызылады.
      Күйзелісті  жеңудің  әр  қилы  стратегиялары  бар.  Олардың   бірі   –
эмоцияларды білдіру ептілігі. Екіншісі – жағдайды  қайта  бағалау,  оқиғаның
басқа суретін құрастыру және жағымсыз жағдайдың өзінен өзіңіз үшін  көптеген
пайдалы нәрсені таба білу машығы. Үшінші жол  –  қайта  бағалауға  келмейтін
жағдайды өзгертуге мүмкіндік беретін мақсатты бағытталған әрекеттер.
      Жағдай ықтималды қауіпті,  күрделі  немесе  жаңа  ретінде  қабылдануын
доғарғанда, стресс тиылады. Мұнда білуге тиіс жайт, негативтік (теріс)  жай-
күй тек  біздің  теріс  ойларымызбен  ұсталып  тұрылады.  Нақ  солар  барлық
бәленің көзі болып табылады. Өз ойларыңызбен жұмыс істеуді үйреніп,  сіз  өз
эмоционалдық жай-күйіңізді реттеуді үйренесіз.
      Бірінші ереже - өз бойыңыздан теріс ойды қумау,  керісінше  оған  оның
басқа ойлар сяиқты  өмір  сүруге  өз  құқығының  бар  екеніне  түсіністікпен
қарау.
      Екінші ереже – бұл ойға сыпайы түрде айналып өтуді  ұсыныңыз,  өйткені
әр кезде өзіңізге қызықтырақ, маңыздырақ және  пайдалырақ  басқа  ойлар  мен
тірліктер бар. Бұл кезде бірден бұл жаңа  ойларды,  тірліктерді  ойлап  іске
кірісіңіз.
      Өмірдегі теріс жағдайда жақсы және пайдалы нәрсені таба білуге  үйрену
әрқайсымызға  маңызды.  Себебі  өмір   қарама-қайшылықтардың   бірлігі   мен
күресінен құралған.
      Әлеуметтік  шиеленістердікұрделіәлеуметтік  процесс   ретінде   түсіну
керек. Бұл құбылыстың даму барысын мынандай сатыларға бөліп қарауға  болады:

      А)  шиеленістің  бастапқы  кезеңә   немесе   оны   өзара   қақтығысуға
дейінгікезең деп те  атауға  болады.  бұл  сатыда  екі  қарама-қарсы  жақтың
арасындағы қайшылық  барынша  өршиді.  Субъектілер  бұл  уақытта  нақты  іс-
әрекетке көшпес бұрын өз ресурстарын (яғни мүмкіндіктерін) шамалайды,  ондай
ресурстарға материалдық құндылықтар,ақпарат,  билік,  мәртебе,  сыбайластар,
жақтаушылар, т.б.  жатады.  Бұл  кезеңде,  сонымен  қатар,әр  жақ  өздерінің
мұмкіндіктерін бір араға шоғырландырып, топқа біріге бастайды,  іс  әрекетке
көшудің стратегиясын айқындайды. Бұл – шиеленістің бейбіт кезеңі.
      Шиеленістің қақтығысу кезеңі.
      Қарама-қарсы жақтарының қимыл-әрекетке көшуінебелгілібір жағдай түрткі
болады  (инцидент).  Кейдешиеленіс  көп  ұзамай  аяқталуы  да  мүмкін.  Оның
себебі,бір жақтың күші басым түсіп, жеңіске жетеді деқақтығыс тоқтайды.
      Екінші бір жағдайдасубъектілер сол бастапқықақтығысу кезінде-ақ  өзара
келісімгекелулері мүмкін.
      Алайда, барлық шиеленістердің тез арада шешімі табылып,  қысқамерзімде
аяқтала бермейд.көп жағдайдашиеленіс ұзаққа  созылады.  Әсіресе,  ұлтаралық,
саяси    сипаттағы    шиеленістер    ұзақ    уақытқа    созылады.     Мұндай
шиеленістердеөткір  қақтығыс  кезеңінен  кейін  уақытшатыныштық  орнап,  көп
ұзамай бұл қақтығыс тағы қайталанады.  Кейде  екі  жақтың  арасындағы  күрес
барынша күшейіп, сатылай-өрлей  түсуі  мүмкін.  Мұны  шиеленістің  эскалация
кезеңі дейді  (scala  -саты).  Осылайшаөрлей  келе  шиеленісөзінің  шарықтау
шегіне – кульминициясына жетелі.  Нақ  осы  кезде  екі  жақтың  адамдары  да
қалыптасқан жағадайдан шығудың  басқа  жолдарын  ойластыра  бастайды.  Яғни,
шиеленістің келесі үшінші кезеңі басталады.
      Шиеленісті жағдаййдың шешімін табу кезеңі.
      Субъектілердің арасындағы қақтығыстың тоқтауымен  шиеленіс  аяқталады.
Алайд, бұл жағдай көпке созылмай,  шиеленіс  толық  шешімін  тапқанда  ғана,
оның  толық  аяқталуы  қамтамасыз  етіледі.   Әрине,бұл   қоғамдағы   барлық
шиеленістер толық шешіліп,  келісім  орнайды  деген  сөз  емес.  өмірде  екі
жақтың уақытша келісімге келуі немесежартылай шешімі  табылытын  шиеленістер
жиікездеседі.
      Сол сияқты шиеленісті күшпен басып тастау да жиі орын  алатын  жағдай.
Мұны шиеленістіңшешіілуідептүсінбеу ерек.
      Р.Дарендорф атап көрсеткенде,басып  тасталған  шиелініс  қатерлі  ісік
тәрізді, оның асқынуы әбден мүмкін. әлеуметтік  шиеленісті  толық  шешу  оны
туғызған себептерді жою керек.
      Бұл жерде кететеін бір  жағдай-  субъективтік  себептерден  туындайтын
шиеленістерді  шешудің  қиындығы.  Эмоцияға  байланысты  шиеленістер   толық
шешілуі үшін екі жақтың адамдардың бір-бірлеріне  деген  көзқарастары  толық
өзгеруі керек. Ол үшін қарама-қарсы жақтың адамдары  бір  бірлерін  “бітіпес
жау” деп санамай, керісінше  әріптес  ретінде  қабылдайтындай  қарым-қатынас
орнауы керек.
      Шиеленістіңшешудің  келесі  бір  жолы-субъектілердің  өзара  келісімге
келіп, іс-әрекетті тоқтаулары арқылы жүзеге асады.  Жағдай  мына  себептерге
байланысты болды.
      Екі жақтың ресурстарыныың азаюына байланысты;
      Екі жақтың біреуі күресті әріқарайжүргізу нәтижебермейтіндігінтүсініп,
өз іс-әрекетін тоқтады;
      Қақтығыс сол сияқты қарсыласты толық жою арқылы да аяқталады.
      Шиеленістердің толық шешімі табылып нәтижелі аяқталуы және дәл анықтау
қажет.
      Екіншіден,  қайшылықты,  алауыздықты  жоюға  қарсыласушы  екі  жақ  та
мүдделі болуы шарт.
      Шиеленістің процесті басқаруы, дәлірегі оның барысына ықпал ету мүмкін
екендігін  білгеніміз  жөн.  Бұл  проіесті  басқарудағы   басты   міндет   –
шиеленістің асқынуына  жол  бермеу  және  оның  кері  кетіретін  нәтижелерін
кеміте түсуге ұмтылу.
      Әлеуметтік шиеленістерді шешудің  тиімді  жолы-үшінші  жақтың  көмегін
пайдалану. Әрине, бұл жерде үшінші жақтың  ұстайтын  позициясына  көп  нәрсе
байланысты. Мәселен, кейде үшінші жақ  қатығысушылардың  бір  жағын  қолдап,
солардың  басымдылығына  мүдделі  болса,  шиеленіс  күштеу   арқылы   немесе
әлеуметтік қысым жасау арқылы аяқталады.
      Субъеектәлерге байланысты бейтарап позиция ұстайтын  –  сот,  арбитраж
және меднация сияқты келіссөз процестерінің ерекше түрлеріне жататын  үшінші
жақтың көмегімен шешу
      6-дәріс. Тұлғааралық шиеленістер. Әлеуметтік жүйелердегі  шиеленістер.
Топтық шиеленістер.
      Тұлғааралық шиеленіс–проблемді - қақтығысты  ситуация,  мұнда  адамдар
мақсаты, құндылық және нормалары сәйкес келмейтін бір-бірінен  өзара  қарым-
қатынас жүргізуге тырысады немесе қатаң бәсекелесу нәтижесінде бір  мақсатқа
жетуге тырысады, бірақ қақтығысқа  түсуші  бір  топ  немесе  жақ  жетістікке
жетеді.  Еңбек  ұжымының  психологиялық  климатына  қақтығыстың  әсер   етуі
деструктивтіге бөледі, мүнда өзара қарым–қатынас іштей бөлінеді және  бұзушы
қақтығысқа өтеді, дискомфорт және санасу.
      Қақтығысты  жағдайдың  ішкі  және  сыртқы  себептерінің  сипаттамасына
тоқталайық. Сыртқы себептер: іскерлік және  өзара  тұлғааралық  келіспеулер,
жұмыстағы  қателіктер,  жұмыс  тәртібі  мен  келісім  негізін   бұзу.   Ішкі
себептер: жағымсыз эмоцианалды және өзара  қатынастың  арасындағы  байланыс.
Қақтығыста   эмоцияны    басқару.    Қақтығыстан    шығудың    психологиялық
ерекшеліктері.
      Қақтығысты басқару - болжау, ескерту, жою, реттеу.  Қақтығыстың  өзара
қарым-қатынасты бұзуы және  зардаптарының  себептері.  Іс-әрекет  процесінде
қиындықтардың  пайда  болуы  және   оны   саналы   түсіну,   обьектілендіру-
проблемалық   жағдайдың   пайда   болу   шарттарының   бірі   екенін,   С.Л.
Рубинштейннің айтуынша, мұның  өзі  ойдың  пайда  болуы  мен  алға  жүруінің
алғышарты мен негізі болып табылытынын есепке ала отырып,  ол  педагогикалық
психологияда  адамның  интеллектуалдық   іс-әрекетін   белсендіру   факторы,
қалыптасқан «қиын» жағдайдан шығудың жаңа тәсілдері  мен  құралдарын  табуды
ынталандыру  факторы  ретінде  де  қарастырылуы  мүмкін.  Осыған  байланысты
педагогикалық  қарым-қатынас  процесіндегі  қиындықтардың   позитивті   және
негативті функцияларын бөледі.
      Әлеуметтік шиеленістер туралы түсінік. Адамзат қоғамының тарихына  көз
жүгіртсек, көне заманнан бастап бүгінгі күнге дейін  қоғам  дамуының  барлық
сатыларында әлеуметтік орын алғандығын  байқауға  болады.  Біздің  тілімізде
«шиеленіс» деп аталып  жүрген  бұл  құбылыс  латын  тіліндегі  confliktus  –
қақтығыс деген ұғымды білдіреді.
      Шиеленісті, даулы жағдайды көпшілік қолдамайды, тіпті  одан  іргелерін
аулақ салуды көздейді. Алайда, күнделікті  өмірде  адамдар  кейде  өздерінің
еркінен тыс осындай  жағдайларға  душар  болып  жатады.  Шиеленіс  жекелеген
адамдардың, әлеуметтік  топтардың  бір-бірімен  қарым-қатынас  жасау,  өзара
әрекеттесу процесінде туындайды. Қазіргі кезді,  әсіресе,  біздің  қоғамызда
әлеуметтік шиеленістер жиі орын алып  отыр.  Еліміздің  нарық  қатынастарына
көшу барысында қоғам өмірінің бар саласында  қайшылықтар  бұрын-соңды  болып
көрмеген шиеленісті жағдайда ұласуы жиі ұшырасып отырды. Міне, сол  себептен
әлеуметтік шиеленістерді оқып-үйренудің теориялық  және  қолданбалық  маңызы
бар. Болашақ мамандар шиеленіскен жағдайларға басшылық ете білуі, оны  дұрыс
шешу жолдарын табуы,  сол  сияқты  шиеленістің  алдын  алу  шаралары  туралы
біліммен   қарулануы   қажет.   Шиеленістер   барлық   қоғамдық   ғылымдарда
қарастырылады. Бұл құбылыстың жалпы  ғылыми  тұжырымдамалары  ең  алғаш  рет
әлеуметтану  ғылымда  қалыптасты.  Әлеметтану  ғылымындағы  түрлі  бағыттағы
зерттеушілер  өз  кездерінде  шиеленістің  қоғам  дамуындағы  маңызы  туралы
ойларын  білдіріп,  бұл   құүбылысты   жан-жақты   зерттеудің   қажеттілігін
мойындаған еді. XIX ғасырдың соңында жарық көрген  Г.Спенсер,  М.Вебер  және
Л.Гумпловичтің  еңбектерінде  шиеленістер  әлеуметтік  дамуға  ықпал  ететін
құбылыс ретінде  қарастырылады.  Л.Гумплович  К.Маркстен  кейін  көп  ұзамай
шиеленістердің шығу  себептерін  адамдардың  материалдық  қажеттерін  өтеуге
бағытталған қүрестен іздеу керектігін  айтты.  «Әлеуметтік  шиеленіс»  деген
терминді алғаш рет ғылыми айналымға енгізген неміс ғылыми  Г.Зиммель  болды.
Г.Зиммель шиеленісті қоғам өмірінің қалыпты  және  маңызды  формасы  ретінде
қарастырған. Г.Зиммельдің  бұл  бағыттағы  ғылыми  көзқарастарын  XX  ғ.  20
–жылдары Чикаго мектебінің көрнекті өкілдері  Роберт  Парк,  Эрнст  Бюрджесс
және Альбион Смолл қолдады.  Олар  «әлеуметтік  өзара  ықпалдасу  теориясын»
негіздеді. Бұл теория бойынша шиеленіс еркін бәсеке, бейімделу  ассимиляция,
әлеуметтік өзара ықпалдасудың  түрлері  ретінде  қарастырылған.  Әлеуметтану
шиеленісі әлеуметтану ғылымының құрамында өз алдына жеке  бағыт  ретінде  XX
ғ. 50-жылдарында қалыптасты.


      7-дәріс. Педагогикалық конфликт
      Психологтар,  жетекшілер  мен  бағынушылар  және  адамдардың  арасында
кездесіп  отыратын  талас–тартысты  мәселелердің  мән  жайына   жете   көңіл
аударып, олады дер кезінде шешіп отыру еңбек ұжымдағы қалыпты  психологиялық
ахуал орнатудың басты шарты болып саналады.Педагогикалық  қақтығыс  ұғымынан
біз педагогпен оқушы арасындағы  біріккен  іс-әрекеттегі  өзара  әсерлесудің
әлеуметтік  психологиялық  ерекшеліктерін  көреміз.   Педагогикалық   қарым-
қатынас педагог және оқушылардың өзара әрекеттесу, ынтымақтастық формасы:
      - педагогтың коммуникативті мүмкіндігінің ерекшеліктері;
      - педагогпен оқушының өзара қатынасынан туындаған мінез- құлық;
      - педагогтың шығармашылық индивидуальдылығы;
      - оқушылар ұжымының ерекшелігі.
      Педагогтың  оқушылармен  қарым-қатынас   стилі   -   әлеуметтік   және
адамгершілік жағынан байытылған сатысы.  Педагог  өзінің  педагогикалық  іс-
әрекеті  және  үйренушілердің   оқу   іс-әрекеті   негізінде   қарым-қатынас
қиындықтары  пайда  болады.  Педагогикалық  іс-әрекетте  қиындықтар   пәндік
мазмұнның өзімен, педагогтың  меңгерілуі  оның  іс-әрекетінің  негізі  болып
табылатын білімдерге ие болу деңгейі  және  сипатынан  да  туындауы  мүмкін,
сондай-ақ кәсіби-педагогикалық  іскерліктерден,  дидактикалық  құзырлылықтан
да, үйренушілерге педагогикалық әсер  ету  тәсілдері  және  құралдарынан  да
туындауы мүмкін. Осыдан, педагикалық қиындықтардың негізгі  бағыттары  білім
беру процесінің дамуы, мазмұны және формаларымен, мұнда оқыту мен  тәрбиелеу
іс-әрекетінің  субьекті  ретіндегі  оқытушының  ерекшеліктері  және   қарым-
қатынас процесімен байланысты. Біздің елдің  болсын,  шетелдердің  қоғамтану
ғылымдарында болсын ұзақ жылдар бойы үлкен саяси қопарылыстар тұрсын,  өткір
қайшылықтар,  терең  дағдарыстар  болса,  мемлекеттің   қалыпты,   ойдағыдай
дамымағандығы,  жетілмегендігі,  ауруы  болып  саналды.  Ол  үшін   мемлекет
тұрақты,  тепе-теңдік  жағдайында  бірқалыпты  дамуы  керек   сияқты   болып
көрінді.    Сондықтан    тұрақтылық    қоғамның    негізгі    мақсаттарының,
құндылықтарының бірі саналатын. Ал, шын  мәнінде,  бұл  дұрыс  түсінік  емес
еді. Себебі, қоғамда әр түрлі  топтар,  таптар,  жіктер  болатындығы  туралы
өткен тарауларда айтқан болатынбыз. Олардың өзіндік мақсат-мүдделері, талап-
тілектері,  арман-аңсарлары,  мұқтаж-қажеттіктері  болады.  Олар,  сөз  жоқ,
сәйкес келе бермейді. Осыдан келіп араларында айырмашылықтар  пайда  болады.
Олар дер кезінде шешілмесе, шиеленістерге,  жанжалдарға  айналады.  Шиеленіс
деп әрбір  қарсы  жақты  қолайсыздыққа  ұшыратып,  істі  насырға  шаптыратын
қарама-қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы  келуін,  елеулі
келіспеушілікті, өткір таласты айтады.
      Шиеленіске адамзат өте ертеден-ақ көңіл аударған.  Мысалы,  б.  з.  б.
VII—VI  ғасырларда  қытай  фәлсафашылары   дүниедегі   нәрселердің   бәрінің
қозғалыс көзі оң (ян) және теріс (инь)  бастаулардан  тұрады  деп  есептеді.
Ежелгі грек фәлсафашысы Гераклит  заттар  мен  құбылыстардың  дамуы  қарама-
қарсылықтардың  күресінен  туады  деді.  Макиавелли  қоғамдық   процестердің
дамуыңда  қайшылықтардың  пайдалылығын   атап   көрсетті.   Гегель   қарама-
қарсылықтардың қайшылықтары мен күресін жоғары бағалады.
      Саяси шиеленістер теориясына әсіресе  көп  көңіл  бөлген  —  марксизм.
Маркс пен Энгельс "Коммунистік  партияның  манифесінде":  "Ерікті  мен  құл,
патриций мен  плебей,  помещик  пен  крепостной,  мастер  мен  кіші  мастер,
қысқасы,  езуші  мен  езілуші  бірімен-бірі  ылғи  антатонист  болып,  бірде
жасырын, бірде айқын түрде үздіксіз күресіп келді, бұл күрес  әрқашан  бүкіл
қоғам тұрмысын революциялық түрде қайта құрумен  немесе  күресуші  таптардың
жалпы жойылуымен тынып отыратын" деген. Олар тап күресі  таптық  қоғамдардың
дамуының  зандылығы  және  қозғаушы  күші  деп  есептеді.Осы   ғасырдың   50
жылдарында американдық Льюис  Козер  әлеуметтік  шиеленістерге  құндылықтар,
мәртебе, билік, қаржы-қаражат үшін күресті жатқызды. Мұндай  көзқарас  Батыс
саясаттарында  кең  тараған.60  жылдары   немістің   әлеуметтанушысы   Ральф
Дарендорф "қоғамның дау-дамайлық үлгісін"  алға  тартты.  Ол  "Индустриалдық
қоғамдағы таптар мен таптық  шиеленістер"  деген  еңбегінде  билікті  бөлуге
байланысты  адамдар  арасында  теңсіздік  пайда  болады,   олар   кикілжіңге
әкеледі.  Соның  нәтижесінде   қоғамда   құрылымдық   өзгерістер   жасалады.
Капитализм біртіндеп  терең  өзгерістерге  ұшырайды.  Оларды  өздері  жүзеге
асырады, сондықтан К. Маркс айтқан революциялық  төңкеріске  жол  берілмейді
делінген. Американың  әлеуметтанушысы  Кеннет  Баулдинг  "шиеленістің  жалпы
теориясын"  жасады.  Оның  ойынша,  әлеуметтік  шиеленістің   мәні   адамның
қалыптық    реакциясына    байланысты.     Қандай     кикілжің     болмасын,
тітіркендіргіштер,   қоздырғыштардың   әрекеттері    арқылы    реакцияларды,
құндылықтарды,  жеке  адамдардың  құштарлықтарын  өзгертуге  болады.   Соның
арқасында қоғамдық құрылыс түбірімен өзгеріске ұшырайды.
      Қазіргі  кезде  қоғамдағы  шиеленістер  көптеген  ғалымдардың  назарын
аударуда. Сондықтан осы мәселемен арнайы  айналысатын  конфликтология  деген
ғылым пайда болды. Ол мейірімсіздікке, төзімсіздікке,  озбырлыққа  әкелетін,
қоғамды   бүліндіріп,   тығырық   қатірейтін   саяси   шиеленістердің   шығу
зандылықтарын  біліп,  реттеу  жолдарын   іздестіріп,   оның   алдын   алуға
бағытталады. Соған орай, ол саяси және қоғамдық қатынастарды жетілдіруді  де
қарастырады.Әлеуметтік шиеленістердің бірнеше  себептері  бар.  Ең  бірінші,
жалпы себебіне  адамдардың  теңсіздігі  жатады.  Себебі  әркімнің  қоғамдағы
мәртебесі,  қызметі,  билікке  қатынасы  әр-түрлі.  Біреулер  билік   етеді,
екіншілері оларға бағынады, дегендерін  істейді.  Дарендорф:  "Бұл  қайшылық
әрқашан болған және бола  бермек,  сондықтан  Маркстің  коммунистік  қоғамда
таптар, дау-дамайлар болмайды деуі  бекер  сөз"  дейді.  Шиеленістің  екінші
себебіне   кажеттілік,   мұктаждыктың,   талап-тілектің   өтелмеуі    немесе
канағатгандырғысыз өтелуі жатады. Үшіншіден,  адамдар  өздерін  белгілі  бір
әлеуметтік, этникалық, діни, т. б. бірлестіктердің  мүшесіміз  деп  санайды.
Бұл олардың өмірдегі орнын айқындайды және  өздерінің  жағдайын  басқалардан
төмен сезініп, мүдделеріне қысым жасалды деп ұғады. Мысалы, Ресейдің  кейбір
халықтары,   Солтүстік   Ирландиядағы    католиктер,    Канададағы    Квебек
провинциясы, Испаниядағы баскілер және т. с. с.
      Батыстың көптеген саясатшылары шиеленістер (төртінші) себебін  адамның
санасынан  іздейді.  Мысалы,  жеке  адам  мен  қоғамдық  құндылықтар  туралы
түсініктері сәйкес келмеуі, өмірден  адам  бір  нәтижені  күтуі,  шындығында
басқаша шығуы, адамдардың өзара түсініспеушілігі, олардың ішкі  сезімдерінің
жетілмегендігі, т. т. с.
      Шиеленістер қоғам өмірінде маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік  бақылауға
алынған шиеленіс  адамдар,  топтар  арасында  пайда  болған  дау-дамайлардьі
уақытында  ушықтырмай,  асқындырмай  шешуге   септігін   тигізеді.Әлеуметтік
шиеленістер сан алуан келеді. Олар мемлекеттер, ұлттар, ұйымдар,  жұмысшылар
мен әкімшілік басшылары, ері мен әйелі және т. с. с. арасында 22  кездеседі.
Олар  әр  түрлі  топтастырылады,  жіктеледі.  Мысалы,   оларға   қатынасатын
субъектілерге байланысты мемлекеттер, ұлттар, діндер,  нәсілдер  арасындағы;
қатынасатын   жақтарға   байланысты   саяси,   экономикалық,   идеологиялық,
экологиялық,  сауда,  қаржы,  әскери,  мәдени;  қамтыған   шеңберіне   қарай
халықаралық, аумақтық, жергілікті болып бөлінеді. Оларды  антагонистік  және
антагонистік  емес,  негізгі  және  негізгі  емес,  шындыққа  жататын   және
жатпайтын, ұзақ уақыттық және қыска мерзімді,  т.  т.  етіп  те  бөліп  жүр.
Саяси шиеленістер өзінің даму барысында бірнеше кезеңдерден  өтеді.  Алғашқы
кезеңінде  кикілжіңдерге   негіз   туадьі.   Қоғамның   кейбір   салаларында
қиындықтар пайда болады. Оларға  айтарлықтай  мән  берілмесе,  ерби  түседі.
Мысалы, адамдардың өмір сүру деңгейі төмендейді, құқық сақтау,
адамгершілік тәртіптері бұзылады.  Әділетсіздікті  бұрынырақ  сезетін  қарсы
жақтың  алдыңғы  қатарлы  адамдары  өздерінің   келіспеушіліктерін   білдіре
бастайды. Келесі кезенде  келіспеушілік,  наразылық  ашық  айтылып,  алғашқы
қақтығыстар болуы мүмкін. Билікті халық мойындағанда,  оның  заңдарын  дұрыс
деп түсініп,  өз  еріктерімен  орындағанда  билік.  Сонда  оның  беделі  де,
халықты  бағындыратын  сиқырлы  сыры  да  болады.  Ал   мынадай   кикілжіңде
басқарушы төбе топтың әр түрлі қылмыстары ашылып,  беделдері  кетіп,  оларға
сенімсіздік  туады.  Одан  кейін  екі  жақтың  арасында  ашық   қарсыластық,
қақтығыстар болуы  мүмкін.  Екі  жақты  да  көптеген  адамдар  қолдап,  дау-
дамайдың шеңбері кеңиді. Егер мұның  бәріне  жол  табылып,  шешілмесе,  дау-
жанжал  өркениетгі  түрден  шығып,  қарулы  қақтығысқа   айналады.   Мысалы,
Югославиядағы, Таулы Карабахтағы, грузин-абхаз  шиеленістері  сияқты.  Біраз
жағдайда  билік  басындағылар  қайшылықты  байқаса   да   байқамаған   сыңай
білдіреді. Ондайда кикілжің бықсып,  жанып  өрістеуі,  тіпті  өртке  айналуы
мүмкін. Соңдықтан шиеленісті шешу керек. Бұрын  одан  екі  жолмен  құтылғысы
келетін. Біріншісі, қоғамның  "таза"  даму  қисынына  сәйкес  келмегенді  өз
арасынан  аластап,  сыртқа  ығыстырып   шығару   арқылы   құтылғысы   келді.
Екіншісінде,  керексіз  жағдайды,  ұрылымды  тура  басып-жаншып  құрту,  жою
арқылы  құтылғысы  келді.  Екеуінде  де  қайшылық  шешілген  сияқты  алдамшы
түсінік туады. Ал, шын мәнінде, бұл ауруды ішке  тыққанмен  бірдей.Сондықтан
қазір көбінде шиеленістерді дер кезінде шешуге тырысады. Оның екі жолы бар.
      1. Шиеленісті мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау-
жанжалға қатысушы жақтардың  өзара  кешірімділік  білдіріп,  ымыраға  келуін
айтады. Онда екі жак бірін-бірі ұғынысып, өзара  кешірімділік  жасап,  ортақ
келісімге келуге тырысады.
      2. Зорлық негізінде бітістіру, келістіру.  Мұндай  жағдай  бір  жақтың
күші айтарлықтай басым болғанда, екінші  жақ  жеңілгенде  немесе  оны  толық
жойып  жібергенде  туады.  Екі  жақты  татуластырудың  кең  тараған  түрі  —
келіссөздер. Ол  арқылы  қарсы  жақтың  пікірі,  дәлелдері  белгілі  болады,
күштің арақатынасы айқындалады,  келісімнің  шарттары  анықталады.  Дағдарыс
жағдайынан шығу үшін оның мәнін,  ерекшеліктерін,  әлеуметтік  негізін  және
т.б. зерттеп білген жөн.Қоғамдағы саяси шиеленіс көбіне  занды  оппозицияның
бар  жоғына  да  байланысты.  Бұрынғы  Кеңес  заманында   көппартиялық   пен
оппозицияға  қалыпты  жағдайдан  тыс,  ерсі  нәрсе   сияқты   қарайтын.   Ал
демократиялық елдерге олар қажетті шарт.  Олар  болмаса,  билік  органдарына
сенімсіздік туады,  олар  бюрократияланады.  Оппозицияда  әр  топтың  талап-
тілектері,  көзқарастары  ескеріледі.  Соңдықтан  ағылшын  фәлсафашысы  Джон
Милль демократиядан оппозицияны алып тастаса,  диктатура  калады  деп  тегін
айтпаған.
      Дегенмен, шиеленіс болған соң одан қайткен күнде  де  шығу  керек.  Ол
азаматтық келісім негізінде шешілуге тиіс. Оның екі жолы  бар.  Біріншісі  —
араздық, жаулық, күдіктілік қалпын бұзып, сенім жағдайын туғызу. Екіншісі  —
барлық деңгейде адамдардың  қарым-қатынас  тетіктерін  қалыптастыру.  Зорлық
зорлықты тудырады.  Сондықтан  одан  аулақ  болып,  өркениетті  жол  іздеген
абзал. Америкалық саясатшы Г. Райфф әрбір  есі  дұрыс  адам  ортақ  мүдделер
тауып, шиеленістерді реттей,  жөнге  келтіре  білуі  керек  деген.  Батыстың
тәжірибесі жеке адамның еркіндігіне, коғамның  ашықтығына,  заңның  билігіне
негізделеді. Біз үшін олардың бәрін толық орындай қою әлі қиын. Бірақ  соған
тырысқан жөн. Себебі, олар ел тағдыры үшін маңызды  шарттар.  Сонымен  саяси
шиеленістер  қоғамның  дамуына  тән  қасиет.  Олардың  жекелеген  түрі  ғана
қиратып, бүлдіруге әкеледі. Олай болмау үшін  өсіп  келе  жатқан  дау-дамай,
кикілжіңдерді дер кезінде ашып, реттеген,  одан  да  жақсысы  олардың  алдын
алған ләзім. Оған саяси және қоғамдық өмірдің демократиялық жағдайында  ғана
қол жеткізуге болады. Сондықган  америкалык  саясатшы  Сеймур  Липсет  (1922
жылы туған) тұрақтылық пен демократияны медальдің екі  жағы  деп  өте  дұрыс
санайды.




      8-дәріс. Этнос аралық шиеленістер. Ұйымдардағы шиеленістер.
      Қазақстан –  Еуропалық  және  Азиялық  қасиеттері  тоғысқан,  әлемдегі
әртүрлі мәдени және саяси үлгілерді біржерде қордалаған ерекше  сипаты  бар,
Орталық Азиядағы  бірегей  мемлекет.  Онда  қазіргі  кезеңде  әртүрлі  халық
өкілдері бірге өмір сүруде, сондықтан елдегі ұлт  саясаты  «көп  түрліліктің
бірлігі» тұжырымдамасын ұстанады. Әрине, түрлі мәдениеттер мен  дәстүрлердің
үндесуі кездейсоқ болған жоқ, оның астарында көптеген тарихи  себептер  бар.
Дегенмен  біздерге  қазіргі  заманауи  кезеңде  еуразиялық   және   азиаттық
мәдениеттің үздік жетістіктерін игеруге мүмкіндіктер ашылып отыр.  Осылайша,
Қазақстан өзінің этносаяси кеңістігінде «ұлтаралық  бірлік»  ұлттық  идеясын
өзара   қарым-қатынастардың   үндестігі    деңгейінде    тәжірибе    жүзінде
қалыптастыруға   кіріскенін   байқаймыз.   Ол   елдегі    Қазақстан    халқы
ассамблеясының құрылуынан, оның пәрменді іс-әрекетінен байқалады.
      Еліміздегі қазіргі замандағы әртүрлі этнос  қауымдастықтарының  мәдени
құндылықтарының  синтезделуі,   ықпалдасуы,   кірігуінің   болашағы   қандай
жағдайда  мүмкін?  деген  сауал   туындауы   заңды.   Құндылықтардың   өзара
жақындасуына іргетас  болатын  нәрсеге  не  жатады?  Әрине,  бұл  қатынастар
жүйесі көптеген жылдар бойы деформацияға  ұшырап  келгені  белгілі.  Бұрынғы
Кеңестік кезең  «социалистік  принципті»  бекіте  түскен  әлеуметтік  ортаға
Қазақстанның этномәдени кеңістігін жатқызамыз.  Сондықтан  еліміз  «халықтар
достығының  лабораториясы»  деген  атаққа  ілініп,   кез   келген   Кеңестік
Социалистік  Республиканың  азаматы  үшін   өмір   сүруге,   шығармашылықпен
айналысуға, елдің азаматы болуға қолайлы мекенге айналды. Ондай азамат  үшін
барлығы жергілікті халықтың  тілін,  ділін,  дәстүрін,  салтын,  дінін  білу
қажеттілігі болмады,  оған  тек  орыс  тіліндегі  мағлұматтар  мен  ақпарлар
жеткілікті еді. Ал, бұндай жағдай қазақ  халқының  мәдениетінің  құндылықтық
деңгейін біршама төмендетті, тек қазақтардың өздеріне  керек  дүние  ретінде
бағаланды.  «Озық,  өркениетті  мәдениеттің»  қайнарынан  сусындаймын  деген
қазақтар өзінің ұлттық мәдениетіне  кейбір  үстірттілікпен  қарай  бастайды.
Сөйтіп, тарихи үдерісте  «ұлттық  құндылықтардың  жатсынуы»  ерекше  құбылыс
ретінде этноорганизмнің бойына дендей бастайды.
      Қазіргі  Қазақстан  жағдайында  этносаралық   қатынастарды   үйлесімді
мағынада өрбіту қажеттілігі  бар  екені  даусыз.  Тек  оны  басқа  этникалық
мәдениет  үлгілерінен Қазақстанның негізгі ұлты  –  қазақтардың  құндылықтар
әлемін оқшаулау арқылы емес, қайта басқа  этнос  қауымдастықтарының   мәдени
кеңістігіне жақындату арқылы жүргізу керек екені байқалады.  Қазақ  халқының
мәдени құндылықтары  жалпыадамзаттық  құндылықтар  сипатына  барынша  сәйкес
келген жағдайда ғана жалпы еліміздің мәдени кеңістігінде этносаралық  мәдени
синтезге,   сиысушылыққа,   өзара   ықпалдасуға   негіз   болатынын   кейбір
зерттеулерде атап өтіледі. Жалпы Қазақстан халқының дініне,  діліне,  тіліне
қарамай іштей біртұтас  қоғамдық  құрылым   болуға  топтасуы  (консолидация)
үрдісінің  табысты  болуы,  оның  болашағы  –   дүниетанымдағы   құндылықтар
векторының және оның бағдарының ұтымды таңдалуына, өрбуіне байланысты  екені
айтылады.
      Қазақстанның тәуелсіздік тарихындағы жолын этноәлеуметтік  кезеңдеудің
бірнеше нұсқасын  гуманитарлық  салада  кездесуге  болады.  Солардың  ішінде
қазақстандық  зерттеуші  Ә.Н.Нысанбаевтың   авторлық   позициясына   тоқтала
кетелік.   Ол   өзінің   кейбір   үзінділері   «Мәдени   мұра»   мемлекеттік
бағдарламасына енген «Қазақстанның  тәуелсіздігіне  15  жыл:  жаңа  қоғамдық
сананың қалыптасуы. Алматы:  Философия  және  саясаттану  институты,  2006.-
187б.» деген еңбегінде төмендегідей жәйттер жөнінде ойлар  қозғалады.  Автор
«Шығыс пен Батыс,  Оңтүстік  пен  Солтүстік  жолдары  кездесетін  еуразиялық
держава ретіндегі  Қазақстанның  ерекшелігін  өркениеттік  кеңістікте  қалай
сақтауға болады?» деген проблемалық  мәселені  алға  тарта  отырып,  осындай
күрделі  сұрақтарға  жауаптар  этникалық   мәселелерді   шешу   тәсілдерімен
анықталып, астасып жататындығына тоқталады.  Қоғамдық  ғылымдарда  мәселенің
шешімін табудың бірнеше вариантары мен  сценариялары  болғаны  және  олардың
барлығы қоғамдық сана деңгейінде ұсынылғаны  тұжырымдалады.  «Бірінші  жауап
қазақтың  ұлттық  санасының  жоғары  биіктеуімен  байланыстырылды.  Халықтың
тарихын жадын құртуға немесе жоюға болмайтындығын  растайтығын  туған  елдің
тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылық  күшейе  түсті.  Бірақ  бұл  тарихи
жағынан   алғанда   заңды   және   ақтауға   тұрарлық   көңіл-күй   бірақтан
этнократиялық  бағыттағы  үрдістерді  өрбітті.  1993  жылдың   Конституциясы
өзінің алғашқы позицияларында  этнократизм идеологиясын бекіткен  еді.  Оған
жауап ретінде орыс тілді тұрғындардың жаппай миграциясы басталды.  Этникалық
орыстар  –  Ресейге,  этникалық  немістер   –   Германияға   көше   бастады.
Қазақстаннан кеткен адамдар негізінен жоғары білімдері бар білікті  мамандар
болатын. Осының нәтижесінде  республика  тұрғындары  1  миллионға  қысқарып,
экономика еңбекке жарамды кадрлардан айрылды» деген ойды ғалым пайымдайды.
      Жоғарыдағы айтылған пікірдің бірінші бөлігімен толық келісуге  болады.
Өзінің тәуелсіздігіне қол жеткізген қауымдастықтардың барлығы өз тарихы  мен
мәдениетіне түбегейлі бетбұрыс жасап,  барынша  шынайы  сипаттағы  шындықты,
мәселенің ақиқатын табуға талаптануы заңды құбылыс болатын. Ал, енді  екінші
бөлігін құрайтын «Қазақстан білікті мамандардан, кадрлардан  айрылды»  деген
тұжырымға келетін болсақ, онымен біршама  пікірталастыруға  болады.  Себебі,
«кадрлар  басқа  жаққа  кеткендіктен»,  қоныс  аударғандықтан  (тұрғындардың
Қазақстаннан қоныс аударуына саяси немесе идеологиялық қыспақтар әсер  еткен
жоқ, басқаша айтқанда  зорлық-зомбылық  сияқты  жасанды  әрекеттер  себепкер
болмағанын айта кету керек) ел экономикасы  орасан  зор  тоқырауға  ұшыраған
жоқ, оның  шынайы  дағдарысы  негізінен  кеңестік  социалистік  экономикалық
ұстанымдардың  жаңа   жағдайда   жұмыс   істей   алмауында   және   нарықтық
қатынастардың әлеуметтік кеңістікте  бірден  күш  алып  кете  алмай  біршама
тығырыққа тірелуінде болатын. Кадрларды дайындау  қысқа  мерзімде  шешілетін
мәселе деуге болады. Жалпы көші-қон  мәселесі  және  басқа  жақтан  өздеріне
қолайлы өмірдің  негіздерін  іздеушілердің  көңіл-күйі  еліміздегі  аграрлық
бағыттағы және шикізаттық  негіздегі  экономикамымыздың  ұстынын,  іргетасын
шайқалта алмайтыны анық болатын. Сондықтан жоғарыдағы түсіндірмелердің  осал
жері - жергілікті халық үнемі өркениеттік жағынан  алғанда  кенжелеу  қалған
және  еліміздегі  еуропалық  тектес  мамандардың  арқасында  ғана   мемлекет
экономикасын жоғары деңгейде қамтамасыз етіп келген тұжырымға жетелейді.
      Ары қарай  автор  этникалық  мәселелердің  шешімдерін  табудың  екінші
кезеңі 1995 жылғы  жаңа  редакциядағы  еліміздің  Конституциясының  бекуінен
басталатындығына  тоқталады.  «Оның  бірінші   статьясында   шешімді   түрде
этнократизм  идеологиясы  жоққа  шығарылады.   Мемлекеттіліктің   субъектісі
ретінде енді “жалпы тарихи тағдырмен біріккен Қазақстан халқы”  мойындалады.
Қазақтың ежелгі жерінде тек сол өзінің мемлекеттілігін  қалыптастырады.  Бұл
дегеніңіз Конституция бұрынғыдан басқа концептуальді схемаға сүйенеді  деген
сөз: казақ этносы басымдық  танытушы  ретінде  өзінің  төл  тағдырына  үлкен
жауапкершілік алады және сонымен қатар басқа этностардың барлығын  Қазақстан
халқы деген біріккен біртұтастыққа топтастырып, олардың  тағдырын  да  өзіне
жүктейді. Осы позицияда ондаған жылдар жүріп өткен соң,  келісім  мен  өзара
түсіністік  императивтері   зерделенгеннен   кейін   Қазақстанның   көпсанды
этностарын  біртұтас  әлемге  біріктіруге  және  ынтымақтастыруға  мүмкіндік
беретін сезімдер, ойлар мен түсініктердің  күрделі  жүйесін  құрайтын  жалпы
ұлттық қазақстандық идеяны іздеу басталады. Ондаған  жылдар  өткеннен  кейін
Президент Н.Ә.Назарбаевтың еңбектері мен бастамасының арқасында әлемдік  кең
бұқараның  қолдауын  тапқан  этносаралық  келісімнің   қазақстандық   моделі
қалыптасады  және  жүзеге  асады»   деген   тұжырымды   бағамдайды.   Әрине,
этносаралық келісім кез келген қоғамдық ортада толеранттық, яғни  төзімділік
принципіне сүйенсе ғана өзінің  орнықты  және  үйлесімді  кейпін  танытатыны
белгілі.  Дегенмен,  кез  келген  әлеуметтік  модель  белгілі  бір   орнықты
дәстүрге ғана сүйенбейді, ол  сонымен  қатар  үнемі  модернизациялану,  яғни
жаңғыру жолын таңдау керек, ал  ол  өзгерістер  қоғамда  әлеуметтік  ортаны,
қауымдастықтарды  прогреске  қарай  бағыттағандағанда  терең   конструктивті
мағынаға ие болады.
      Автор жоғарыда  бұрын  басымдық  танытқан  «этнократизм  идеясы  жоққа
шығарылатыны» жөнінде  айта  келіп,  қазақ  халқының  ұлт  ретінде  өзін-өзі
анықтауға, этникалық болмысын еркін  рухани  игеруге  байланысты  қадамдарын
тым сыни тұрғыда бағалағанға ұқсайды. Ол  қадамдардың  барлығы  ел  тарихына
байланысты жасалынған  кейбір  қажетті  түзетпелер  болып  табылады,  жетпіс
жылдық социалистік  ұлттық  саясаттан  кейінгі  ақиқатты  орнына  келтірулер
болатын  және  оларды  «тарихта  өшкенді  қайта  жандырулар,  ұлттық   қайта
жаңғырулар» деп  түсінген  орынды  іспетті.  Ал,  енді  елімізде  «Қазақстан
халқы» деген құбылыстың ұғымдық  деңгейде  орнықты  сақталып,  дамып  отыруы
үшін  қазақ  халқының  еліміздің  болашағы  үшін  негізгі   жауапкершілікті,
міндетті мойынға алуға тиісті  тарихи  кезең  туындағаны  жөніндегі  пікірді
қолдауға болады. Шын мәнінде жетекші ұлт қызметін атқару бір жағынан  абырой
және екінші жағынан  алғанда  үлкен  тарихи  парыз,  тарихи  міндет.  Әрине,
жетекші этнос басты әлеуметтік субъект ретінде еліміздің  қазіргі  тарихында
өзінің  қамқорлығын  басқаларға  тигізуі  тиіс  және  этникалық  қауымдастық
ретінде топтастырушы қызметті атқаратын үлгі   боларлықтай  тұтастықта  өмір
сүре алуы  да  керек.   Міне,  сондықтан  қазақ  халқының  этникалық  өзекті
мүдделерінің әртүрлі қырлары бойынша мәселелерді уақытылы және оңтайлы  шеше
отырып жалпы қоғамның тұтастығын сақтай  алатынымызды  баса  айтуға  болады.
Сырт көзге бұл қадамдар  ұлтшылдық,  бір  ұлтқа  артықшылық  беру  сипатында
көрініс беруі мүмкін. Дегенмен, мәселені шешудің ең тиімді жолы ашықтық  пен
демократиялық ұстанымдарға арқа  сүйеу  болары  анық.  Сондықтан  бұл  жерде
басқалардың   (басқа   этнос   өкілдерінің)   мүдделеріне   соншама   нұқсан
келтірілмейтін нұсқалар негізінен ұсынылады, сонда  ғана  әлеуметтік  модель
қоғамда өңіршең сипатқа ие болатыны анық.
      Содан соң елдегі ұлтаралық қатынастар  тенденциясын  талқылау  барысын
автор өз  еңбегінде  «Мемлекеттің  ұлт  саясатының  бағытын  өзгерткен  Жаңа
Конституция орыс тілді тұрғындардың миграциясын, яғни  көші-қонын  тоқтатты.
Республикаға басқа елдерден өздеріне бақыт таппағандар кайтып орала  бастады
және  Қазақстанды  өздерінің  негізгі  Отаны  екендігін  мойындауға   көшті.
Өздерінің тарих  Отанына  орала  бастаған  қазақ  оралмандарына  мемлекеттік
бағдарлама бойынша  қабылдау  мен  орналастыру  шаралары  атқарыла  бастады.
Біртіндеп  тұрғылықты  халықтың  пайыз  саны  өсе  түсті,  тіптен,   бірнеше
жылдардан кейін жалпы  республика  халқының  олар  60%  құрай  бастады»  деп
жалғастырады.  Әрине,  жоғарыда  көрсетілгендей   Қазақстандық   бірегейлену
мәселесі   күн   тәртібіне   көтерілгенде   осындай    сипаттағы    көші-қон
көріністерінің  байқалғаны  рас  және  осы  саяси   және   мәдени   үрдістер
жалғасуда. Дегенмен, орыс тілді тұрғындардың негізгі бөлігі  өзінің  орнықты
позициясын сақтап, еліміздің тұрақты азаматтары екенін де ескеруіміз  керек.
Қазақ оралмандарының елімізге квота бойынша келе бастауы да  үлкен  мәселені
шешудің бір  қыры  болатын.  Кезінде  қазақ  халқына  тоталитарлық  режимдер
тарапынан жасалынған қиянаттардың орнын толтыру және жөндеу  әрекеті  екенін
атап өтуге болады. Дегенмен, қазақ репатрианттарының елге сіңісуі  мен  жаңа
жағдайларға  бейімделуі  де  біршама  күрделі  кезеңдерден  өткені  белгілі,
сонымен қатар бұл мәселе әлі де оңтайлы шешімін  табуға  тиісті  өзектілігін
және маңыздылығын жоғалтқан жоқ.
      «...Бұл жаңа әлеуметтік-мәдени  ауқымда  қоғамдық  санадағы  этникалық
белгі бойынша бөліну бірте-бірте азая түсті. Этникалық қайшылықтарды  шешуге
бағытталған тұрақты әрі оңды  үрдіс  байқала  бастайды  және  сонымен  қатар
біріккен  құндылықтар  жүйесімен  топтасқан  қазақстан  халқы  деген  тарихи
қауымдастықтың қалыптасу белгілері көрініс  береді.  Кейбір  саясаттанушылар
“қазақстан халқы” деген терминді естігенде өзін теориялық жағынан  банкротқа
ұшыраған  “кеңес  халқы”  деген  ұғымды  еске  алады.  Айта  кететін  нәрсе:
“Қазақстан халқы” тіптен басқа теориялық концептіге  сүйенеді.  Егер  “кеңес
халқы”   жалпының   жеке-дараны   басып,    жаншуымен,    ассимиляциялауымен
қалыптасса, онда “Қазақстан  халқы”,  керісінше,  жеке-дара  мәдениеттердің,
яғни ұлттық әлем бейнелерінің дамуы мен көркейінің  негізіндегі  біртұтастық
пен бірлік деп қабылданады...» деген маманның сөздерінен еліміздегі  қазіргі
кезеңдегі әлеуметтік шындығында елдік бірліктің, ұлтаралық  ынтымақтастықтың
маңызды екені ойды аңғаруға болады. Дегенмен, осы жерде  «Қазақстандық  ұлт»
емес Қазақстанда бір ғана ұлт – қазақ ұлты бар екенін баса  айту  керек.  Ал
қалғандары (аз санды  болсын,  көп  санды  болсын)  этникалық  топтар  болып
табылады,  басқаша  тілмен  айтқанда  этникалық  диаспоралар.   Ал   олардың
унитарлық  мемлекетте  толыққанды  тарихи   субъект   болуға   мүмкіндіктері
шектеулі және тарихи қисынға арқа сүйейтін  болсақ,  онда  оларда  негізінен
этникалық  болмыс  этникалық   өзіндік   сананың   мәселерімен,   этномәдени
жәдігерлердің  жүйесімен  айналысуға  қауқарлы   болып   келеді.   Сондықтан
қазақтардың қоғамдағы үдерістерді басқаруға, яғни билікке  ұмтылысы  соншама
белсенді болып келуінің сыры осында жатыр деуге болады.
      Қазақстандық гуманитарлық саланың  зерттеушісі  В.Д.Курганская  өзінің
жүргізген нақты  социологиялық  зерттеулеріне  сүйене  отырып  Қазақстандағы
ұлтаралық  қатынастарды   жетілдірудің   жолы   еліміздегі   әртүрлі   этнос
өкілдерінің  мемлекеттік   билікте   көбірек   тартылуымен   байланыстырады.
Елімізде көші-қон мәселесіне,  әсіресе  орыс  тілді  азаматтардың  өздерінің
тарихи Отандарына  оралуларына  қазақтардың  билік  құрылымдарында  басымдық
танытуы  және  қазақ  тілінің  мемлекеттік  тіл  ретінде  өзінің  функциясын
кеңейтуі тікелей әсер ететінін тұжырымдайды. Бұл  жерде  айта  кеттін  жәйт:
орыс  тілді  азаматтардың  құқықтары  елімізде  ешқандай  шектелмейтіндігіне
көптеген дәйектемелер  келтіруге  болар  еді.  Бұқаралық  ақпарат  құралдары
бойынша, барлық деңгейдегі оқу орындары мен қызмет көрсету салаларында  орыс
тілінде тұлғалық  паш  етілуге  ешқандай  шектеулер  қойылмаған,  керісінше,
барынша  жағдайлар  жасалынғаны  белгілі.  Өкінішке  орай,   жиырма   жылдық
тәуелсіздік тарихымызда мемлекеттік тілді  игеруге  деген  ұмтылыстың  төмен
деңгейде  болуы  орыс  тілді  азаматтар  арасында  сирек  айтылады.  Сөйтіп,
мүдделердің түйіскен  жерінде  ұлтаралық  қатынастардың  барлық  проблемалық
өткір  қырлары  айқындалады  және  оны  айналып  өту  мүмкін  емес,  есесіне
төзімділікпен,  өзара  сыйластықпен   шешімін   іздеу   керек.   Халықтардың
өркениеттілік  деңгейі,  мәдени  қауқары   қайшылықтарды   келісіммен   шеше
білуінде аңғарылады.
      Тәуелсіздік орныққан тарихи кезең көптеген халықтардың жасырын  жатқан
әлеуетін аша түсті. Қазіргі замандағы өркениеттер,  мәдениеттер,  діни  және
халықтар  арасындағы диалог идеясын қазақстан қоғамы қолдамауы  мүмкін  емес
еді.  Өйткені, ол әлеуметтік өмірдің өзінің логикасынан туындайтын  қадамдар
болуға  тиіс.  Әрбір  өркениет,  дін  және  халықтар   өздерінің   миссиясын
орындайды.  Ұлттық  тұтастық,  ұлттық  өркендеу  өзінің  мағыналық  құрылымы
бойынша өркениеттілікке және  халықтар  арасындағы  диалогқа  қарама-  қайшы
емес, керісінше, солардың арқасында өзінің бойына зор қуат  алады,  келбетін
жаңа сипатта анықтай түседі.
      Қазақ  халқының  ұлттық  келбеті  кезінде  Абайдың  «Қара  сөздерінде»
айтылған сипаттамалармен салыстырғанда «қазіргі жаһандану заманында  біршама
өзгерістерге түсе алды ма, әлде өткен дәстүрлі мәдениеттегі шамасынан  аспай
отыр ма?»  деген  сауал  да  туындайды.  Әрине,  ұлттық  мінездің  түбегейлі
өзгерістерге   ұшырауы   қиын.   Сондықтан   қазіргі    заманның    пәрменді
инновациялық,  жаңғыру,  жаңару   үрдістеріне   қарамастан   ғасырлар   бойы
қалыптасқан ұлттық мінез, ұлттық келбеттің іргелі тұстары сақталып  отырғаны
байқалады. Неміс  халқының  бойындағы  ұқыптылық  пен  тәртіпке  бейімділік,
Шығыс халықтары – корей, қытай, жапон және т.б. халықтарға  тән  еңбекқорлық
қазаққа жетіңкіремей жатады. Дегенмен,  қазақ  жастарының  білім  құмарлығы,
басқа тілдерді  игеруге  бейімділігі,  әртүрлі  пәндер  бойынша  байқауларда
жүлдегерлер арасында болуы,  алыс  шетелдерде  оқушы  магистранттарымыз  бен
докторанттарымыздың көбейіп келе жатқандығы қуантады. Қазіргі  заманда  «Мен
жастарға сенемін» деген Шәкәрім мен Мағжандардың арманы орындалғандай  заман
туды,   тек   осы   мүмкіндіктерді    шындыққа    айналдыруда    тұтынушылық
психологиясының құрбанына айналып жатқан жастардың дүниетанымына  гуманистік
рухани құндылықтар жүйесін орнықтырудың міндеті зиялылар алдында тұр.
      Мәдениеттер  диалогы  адами  және  әлеуметтік  тұрмыстың   талаптарына
негізделген. Библер В.С. өзінің  «мәдениттер  диалогы»  атты  концепциясында
мәдениеттің ішінде ерекше  айналымын  насихаттайды.  Ол  былай  деп  жазады:
«Әрбір  мәдениет  –  бейнебір  «екіжүзді  Янус».  Ол  да  өзге  әлемдегі  өз
тұрмысына,  басқа  мәдениетке,  өз  ішіне,  өз   тұрмысын   өзгертуге   және
толықтыруға барынша қарайды». Шын  мәнінде  екітүрліліктің  ауқымынан  шығып
кететін кездері де болады.  Дегенмен,  әрбір  мәдениет  өзінің  төлтумалығын
сақтай  отырып  қана  басқалардың  құндылықтарын  қабылдағаны  абзал.  Онсыз
еліктеудің арты механикалық көшірмелер жасауға, өзіндік  келбетті  жоғалтуға
алып келуі де мүмкін. Философия тілімен айтқанда этникалық  өзіндік  жатсыну
осыдан туындайды. Кейбір азаматтардың  Қазақстан  жағдайында  өкінішке  орай
өзінің туған тіліне, діліне, яғни менталитетіне,  салт-дәстүріне  немқұрайлы
қарай бастауы да осындай үрдістің белең ала бастағанын білдіреді.
      Жалпы қазақтың тілінің әлеуметтік және мәдени  әлеуеті  мен  ұлтаралық
қатынастарды үйлесімдендіру үшін зор  екендігін  көптеген  зиялылар  қазіргі
уақытта да өткен ғасырларда да айтып кеткені белгілі. Қазақ тілінің  өзіндік
ерекше қасиеттері бар екендігін қазақ ақыны М. Жұмабаев ХХ ғасырдың  басында
төмендегідей кейіпте жеткізеді:  «...  Осы  күнгі  түрік  тілдерінің  ішінде
қазақ тілінен бай, орамды, терең тіл  жоқ.  Түрік  тілімен  сөйлеймін  деген
түрік балалары күндерде бір күн айналып қазақ тіліне келмекші.  Қазақ  тілін
қолданбақшы. Осы күнде-ақ айналып  келе жатыр. Татардың  әдебиет  тілі  жыл-
жыл сайын қазақ тіліне жақындап келеді. Күндерде бір күн  түрік  балаларының
тілі біріксе, ол біріккен тілдің негізі қазақ тілі  болса,  сөз  жоқ,  түрік
елінің келешек тарихында қазақ ұлты төрден орын алмақшы.  Келешектің  осылай
болуына  біздің  иманымыз  берік»  [5].  Қазақ  тілінің  мемлекеттік  тілдік
функциясын толық атқаратынына күмәнмен қарайтын  респонденттерге  жоғарыдағы
тұжырымдар  біршама  қарсы  дәйектемелер,  аргументтер  болары  анық.  Жалпы
елдегі  этносаралық  қатынастарды  үйлесімдендірудегі  қазақ  тілінің   оңды
имиджі  әзірге  толық  қалыптаса  қойған  жоқ.  Оны  қалыптастыруға   әзірге
жеткілікті деңгейде күш салынбауда  деуге  болады.  Себебі,  осы  мағынадағы
посткеңестік кеңістіктегі  саяси  және  мәдени  тәжірибе,  белгілі  қадамдар
сипаты елімізде қолданылмай келгені байқалады.
      Қазіргі заманда Қазақстанда және Еуразиялық кеңістікте саяси процестер
сипаты  біршама  өзгергені  белгілі.  Әрбір  кеңестік  республикалар  өзінің
егеменді мемлекеттілігін құрып үлгерді. Тәуелсіздікке  қол  жеткізген  түркі
халықтары  қазақ  тілінің  басымдық   танытқанына   көне   қоймайды.   Жалпы
түркітанудан кейбір  халықаралық  жиындар  өткізгенмен  «түркі  халықтарының
өзара мәдени және рухани кірігуі мен  байланыстары  пәрменді   жүріп  жатыр»
деп  кесімді  айтудың  өзі  қиын.  Ал  енді,  әлеуметтік  және  экономикалық
байланыстардың тереңдігі жеткілікті биік деңгейде деп  айта  алмаймыз.  Одан
гөрі белгілі бір қашықтықта болу және  өзара  бәсекелестік  үрдістері  белең
алған. Ал «тілдердің өзара байланысы үйлесімді түрде да жүзеге  асып  жатыр»
деп айтудың өзі де қиындау. Жаһандану заманында тілді әлемді  танудағы,  оны
рухани  игерудегі  әмбебап  құрал  ретінде   қарастырудан   оның   қоғамдағы
әлеуметтік және саяси реттеуші деңгейіне дейін түсіну  орын  алады.  Қазіргі
кезеңде  барлық  елдерде  тіл  негізінен  экономиканы,  ғылымды,   техниканы
дамытуға қызмет ете бастады және белсенді ақпарат алмасу құралына  айналуда.
Әрине, ол ұлтаралық қатынастар әлемінде маңызды рөл атқаратыны  да  белгілі,
тек оны бейімдеудің үйлесімді жолын таңдау керек.


      МОДУЛЬ 3. Шиеленістің алдын алу және шешу жолдары
      9-дәріс. Конфликтті тұлғалар.
      Қақтығысты шешудің жолдарымен айналысатын мамандардың көбі, қақтығысты
басқару процесі көптеген факторларға  байланысты,  олардың  көпшілік  бөлігі
басқару әсеріне оңайлықпен берілмейді. Мысалы, жеке  тұлғаның  көзқарастары,
индивидтердің,   топтардың   қажеттіліктері   мен   мотивтері.   Қалыптасқан
стереотиптер,  түсініктер,  ырымдар  шешімді  қабылдаушылардың   әрекеттерін
жоққа шығаруы мүмкін. Қақтығыстың түріне қарай  шешімерді  іздеумен  әртүрлі
салалар айналысуы мүмкін:  ұжымның  басшылары:  персоналды  басқару  саласы,
психолог және әлеуметтанушы бөлімі, кәсіподақ ұйымы, милиция, сот.
      Қақтығыстың  шешімдері:  қақтығысты  тудырушы   себептерді   тұтасымен
немесе жекелеп жою болып табылады, сонымен бірге  оған  қақтығысқа  қатысушы
жақтардың мақсатын өзгерту  де  жатады.  Қақтығысты  басқару–бұл  қақтығысты
тудырушы  себептерін  жоюға  (минимазациялауға)  қатысты  бағытталған  әсер,
немесе қақтығысқа  қатысушы  жақтардың  қимыл-әрекетін  өзгерту.  Қақтығысты
басқарудың көптеген әдістері  бар.  Үлкейте  отырып  оларды,  әр  қайсысының
өзінің  қолдану  ережесі  бар  саласы  болатын,  бірнеше  топшалар   түрінде
көрсетуге болады.
      - тұлға ішіндегі: яғни жекелеген тұлғаға әсер тетін әдістер.
      - құрылымдық, яғни ұйымдастыру қақтығыстарын жою әдістері
      - тұлға аралық әдістер немесе қақтығыстағы қимыл-әрекетттің стилі.
      - келіссөздер.
      - жауап ретіндегі агрессивті қимыл-әрекеттер, әдістердің бұл тобы тек
шектен тыс шығып кеткен жағдайда ғана, барлық мүмкіндіктер таусылған кезде
ғана қолданылады.
      Адамдар  арасындағы  іскерлік  қатынастың  рационалды  әдісіне   болып
ауызша  және  телефон  арқылы  сөйлесу  жатады.  Ауызша  қатынастың   келесі
түрлері көрсетіледі: әңгіме, дисскусиялар,  таластар.  Ал  жазбаша  іскерлік
қатынастың түрлеріне көбінесе іскерлік  хат,  өтініш,  өмірбаян,  мінездеме,
түсініктеме,  довереность,  протокол  т.б.Қақтығысты   ситуацияны   жасаудың
басында немесе қақтығыстың  өзінің  жүзеге  асуының  басында  оған  қатысушы
жақтар,  форманы,  өзінің  бұдан  кейінгі  қимыл-әрекетінің  стилін,  таңдау
қажет, және бұл олардың қызығушылықтарына неғұрлым аз  дәрежеде  ықпал  етуі
керек. К.Томас және Г.Килмен  қақтығысты  ситуациядағы  қимыл-әрекеттің  бес
негізгі стилін бөліп қарастырады:
      - бейімделушілік, орын беру;
      - бас тарту;
      - қарама-қарсы күрес;
      - әріптестік қызмет;
      - келіссөзге келу.


      10-дәріс. Қазіргі таңдағы  шиеленісті  шешу  менеджменті.  Шиеленістің
алдын алу. Шиеленісті шешу жолдары.
      Конфликт латын тілінен  аударылғанда  кезде  қақтығыс  деген  мағынаны
білдіреді.  Бұл  оппоненттердің  немесе  субъектілердің  ара   қатынасындағы
қарама-қарсы  бағытталған  мақсаттардың   қызығушылықтардың,   позициялардың
ойлардың  немесе   көзқарастарының   қақтығысуы.   Кез-келген   конфликтінің
негізінде қандай да  бірсылтаудағы  қарама-қарсы  бағыты  бар  жағдай  жатыр
немесе мақсаттарымен тілектерінің және  қызығушылықтарының  сәйкес  келмеуі.
Конфликт қиын шешілетін шиеленістер,  қарама-қарсы  қызығушылықтар  түйіскен
кезде пайда болады. Конфликт-жеке адам, әлеуметтік топ, социум  деңгейіндегі
қарама-қарсылық   күресінің   бейнесі.    Сондықтан,    конфликт    лидерлік
қатынастардың нормасы деп айту дұрыс.
      Жалпы  конфликт  дегеніміз-адамдар  арасында   олардың   белгілі   бір
ойларының, мақсаттарының,  мүдделерінің,  құндылықтарының  және  тағы  басқа
ерекшеліктерінің сәйкес келу, келмеуінен  туатын  жағдай.  "Конфликт"  ұғымы
И.П.Павловтың ғылыми мектебінен келген "эксперименталды невроз", "қиын  күй"
деген терминдермен функционалды туыстықта жатыр.
      Ресей ғалымдары А.Я.Анцупов және А.И.Шипилов былай деп айтқан:  "Өмір-
бұл күрес, ал күрес-бұл конфликт".
      "Конфликт" термині көптеген құбылыстарға таралған. Әлеуметтік конфликт
барлық жағынан адамдармен байланысты. Әлеуметтік конфликтте аз  дегенде  екі
қарама-қарсы  жақ  болу  керек.  Олардың  әрекеттері  өз   қызығушылықтарына
бағытталған, осыдан екі жақтық қақтығыс пайда болады.  Сондықтан  да  барлық
конфликтке адамдарды қоздыратын қысым тән.
      Әрбір конфликтте оның қатысушылары-конфликттантар болады. Оларда ерік,
жігер, сана бар және өз әрекеттерінің мағынасын түсініп, оларға  жауап  бере
алады. Әрбір қатысушы-субъект болып табылады,  субъект  бір  немесе  бірнеше
адам болуы мүмкін. Қарсы  субъекттер  бір-біріне  оппонент  болады,  олардан
басқа да субъекттер болуы мүмкін. Бұлар бақылаушылар. Бақылаушылар  екі  жақ
арасында бейбіт функцияны атқарады. Бірақ  олар  тез  арада  оппонент  болып
кетуі мүмкін. Конфликт  даму  үшін  инцидент  керек.  Конфликт  пәні  әдетте
белгілі. Кейде ұзаққа созылған конфликт кезінде оны бөліп  қарастыру  қиынға
соғады, өйткені  көптеген  толықтырушы  мәнжайлар  көбейіп  кетеді.  Сонымен
қатар мәні  жоқ  конфликттер  де  болады.  Егер  жағдай  айқындалмаса,  онда
оппоненттер ерте әлде кеш бір-біріне зиян келтіреді.
      Біздің өмірімізде көп адамдар конфликтке түскен шығар. Кейде адам  бір
немесе бірнеше адамдармен инициатор да болып кетуі мүмкін, әлде аяқ  астынан
конфликтке түсіп қалуы мүмкін. Кейде  еріксіз  екі  адамның  арасына  арбитр
немесе бір жақты қорғаушы ретінде де боласын.
      Конфликттің басталуы үш шартпен байланысты:
      1. Бірінші қатысушы саналы және белсенді түрде  конфликт  инициаторына
қарсы әрекет етеді;
      2. Екінші қатысушы бұл әрекеттердің оған қарсы бағытталғанын ұғынады;
      3. Үшінші қатысушы конфликт инициаторына қарсы жауап ретінде  белсенді
әрекеттер қолданады. Бұл мезеттен конфликт басталды деуге болады.
      Конфликт элементтері:
      Екі қатысушы немесе конфликттің екі жағы
      Жақтардың қызығушылығы мен құндылықтардың өзара сәйкессіздігі
      Қарама-қарсы жақтың қызығушылығын, жоспарын бұзуға бағытталған  мінез-
құлық
      Басқа жаққа әсер ету үшін күш қолдану
      Екі жақтардың мінез-құлығы, әрекеттерінің қарама-қайшылығы
      Сыртқы орта сипаты, үшінші қатысушының болуы
      Қатысушылардың өзіндік ерекшеліктері: агрессивтілік, авторитеттілік
      Конфликттік қатынастың стратегиясы мен тактикасы.
      Конфликт критерийлері:
      1. Жақтардың өзара тәуелділігі, яғни бір  адамның  белсенділігі  басқа
адамның  әрекетін  анықтайды,  ал  бұл  әрекет  бірінші  субъектінің   жауап
реакциясын тудырады.
      2. Жағдайды конфликілік деп ұғыну, яғни екі жақ  бір-бірінің  әрекетін
мақсатына жетудегі, әдейі жасалынған қастық деп бағалайды.
      Мінез-құлық стратегияларын таңдау: компромисске келу немесе рационалды
шешім қабылдау. Конфликт даму кезінде бірнеше кезеңнен өтеді.  Бұл  кезеңдер
міндетті және тиісті емес. Кезеңдердің ұзақтығы  әр  түрлі  болса  да,  оның
тізбегі бірдей.
      1.Конфликт алдындағы жағдай, осы кезде конфликт кенеттен пайда болады,
бірақ көбіне осы кезеңде қандай да  бір  алғышарттар  болады.  Бұл  жағдайда
латентті деп те айтады. Ол мына этаптардан тұрады.
      Объективті проблеманы жағдайдың пайда болуы.
      Жағдайды түсіну.
      Конфликтті емес әдіспен жағдайды шешу.
      Конфликт алдындағы жағдайдың пайда болуы.
      2. Конфликт туындау үшін, бір жақ екінші жақтың  қызығушылығына  қысым
жасайтын, әрекет ететін инцидент болуы керек осы  кезеңнен  бастап  конфликт
пайда болады, бұл екі жақтың алғашқы  қақтығысуы.  Егер  конфликт  алдындағы
кезеңде конфликт эмоционалды болса, бұл кезеңде ол  жарыққа  шығады.  Кейде,
осы  кезде  конфликт  басталып,  тез  аяқталып  кетуі  мүмкін.  Ол   мысалы,
конфликтанттар инцидент кезінде өз конфликттерін шешеді.  Ерекше  жағдай-бұл
"өткір конфликт", бұл конфликтте бір адам  екінші  адамға  физикалық  жазаға
дейін қорқытады.
      3. Эскалация-бұл  кезеңде  конфликт  табалдырықпен  жүреді.  Эскалация
үздіксіз болуы мүмкін.
      Кульминация кезеңінде конфликтіге түсетін екі жақтың біреуі конфликтті
одан ары қарай жасай берудің қажеті жоқ екенін түсініп,  конфликтілі  жағдай
саналайды.
      5. Конфликттің бітуі яғни белгілі шешімге келуі
      "Конфликт" типологиясы
      Конфликт  типологиясы  түрлі   сипаттамаларға   байланысты   жасалынуы
мүмкін.Типологияның   мәні-нақты   конфликттің   ерекшелігіне   сай,    оған
адекватты, яғни сәйкес шешім табу.
      А.В.Мощенко өз классификациясын былай жасады:
      Қарама-қарсылықтың  шиеленісуі  деңгейіне  байланысты  соғыс,  жанжал,
араздық, ұрыс-керіс.
      Мәселелік-іс-әрекеттік белгісі бойынша  мынадай  конфликттерді  бөлуге
болады: басқарушылық, педагогикалық, өндірістік, экономикалық, саяси.
      Адамдардың  конфликтке  түсу  деңгейіне   байланысты:   тұлғаіштік   ,
тұлғааралық, тұлға және топ арасындағы, топаралық, коллектив аралық,  партия
аралық,мемлекет аралық. Егер конфликттер нақты дұрыс шешім  қабылдауға  және
өзара қатынастарды дамытуға мүмкіндік берсе, оларды  конструктивті  конфликт
деп атайды. Ал, эффективті қатынасқа және шешім қабылдауға кедергі  жасайтын
конфликттерді деструктивті конфликт дейміз.
      Конфликттің негізгі 5 типі бар, олар:
      Тұлғаіштік
      Тұлғааралық
      Тұлға мен топ арасындағы
      Топаралық
      Әлеуметтік конфликт
      Тұлғааралық конфликт ең көп тараған конфликт типі және  ол  тұлғаіштік
конфликпен  тығыз   байланысты.   Бұл   конфликт   түрлі   көзқарастар   мен
құндылықтарға немесе жеке тұлғалар  арасында  көрінуі  мүмкін.  Оған  отбасы
конфликтерін де жатқызуға болады: ерлі зайыпты, ата-ана, бала, ерлі зайыпты-
туыстар  арасындағы  конфликтер.  йымдарда  тұлғааралық   конфликт   түрліше
көрініс  конфликтің негізгі  себебін  мінездің(табады.  Көптеген  жетекшілер
бұл сәйкес келмеуінен көреді.  Шынында  да,  мінез-құлықтың,  көзқарастардың
ерекшелігі себебін, бір-бірімен қатынас орната алмайтын адамдар бар.  Бірақ,
бұл конфликтердің себебі-объективті. Көбінесе бұл-шектелген  ресурстар  үшін
күрес: материалды тәсілдер, өндірістік аудандар, т.б.
      Тұлғааралық конфликтердің ерекшелігі мынада:
      Адамдардың қарама-қарсылығы, олардың  жеке  мотивтердің  соқтығысуынан
болады.  Белгілі  барлық  себептер  спектрі  көрінеді:  жалпы   және   жеке,
объективті және субъективті. Тұлғааралық  конфликт  мінезді,  темпераментті,
интелектті  және  де  басқа  да  индивидуалды-психологиялық   ерекшеліктерін
тексеретін өзіндік полигон болып табылады. Конфликтке түскен  субъектілердің
барлық       қатынастары        және        жоғары        эмоционалдылығымен
ерекшеленеді.Қоршағандардың қызығушылығын қамтиды.  Конфликт  тұлғалық  және
топтық қызығушылықтар негізінде туады. Оның туу себебі, топтың  ойына  қарсы
шыққан жеке тұлға болуы мүмкін. Көптеген зерттеулердің нәтижесіне  қарағанда
өндірістік  жағдайлардың  конфликтісі-әлеуметтік  факторлардан   туындайтыны
белгілі болды.
      Конфликтінің түрлері.
      1. Ашық және жабық конфликт
      2. Мотивациялық конфликт
      3. Коммуникация (қарым-қатынас) конфликті
      4. Мақсатқа жету жолындағы конфликт
      5. Статустық конфликт
      6. Жеке және топтық конфликтілер
      7. Таңдау конфликтісі
      8. Аз мөлшердегі қатыгездікті таңдау конфликті
      9. Қарама-қарсы қабылдау конфликті
      10. Қажеттілік конфликтісі
      11. Әлеуметтік норманың және қажеттілік конфликтісі.
      Конфликті   шешудегі   формалар    мен    критерилер,    қорытындылар:
Конфликтологияда конфликті аяқтаудағы деңгейді конфликті  шешу  термині  мен
атау  дәстүрлі  болды.  Алайда  көптеген   авторлар   басқада   түсініктерді
енгізген.   Мысалы:   "өшу"   (В.Бойко,   А.Ковалев),   "жеңу"   (Н.Феденко,
В.Галицкий), "айқасу" (А.Каменев),  "өшіру"  (А.Рапопорт),  "өзіндік  шешім"
(А.Анцупов),  "алыптастау"  (Р.Аккоф,  Ф.Эмери),  "ретке  салу"  "(А.Гозман)
"және т.б.
      Берілген түсініктерден ең кең тараған түрі  конфликтің  шешілуін  неше
түрлі жолдармен  шешу.  Конфликті  шешудің  негізгі  формалары:  шешу,  өшу,
шектеу, басқа конфликтіге ауытқу.
      Конфликттің  шешілуі-бұл  бірге  жүретін  әрекет,  қақтығысқа  әкелген
мәселелердің  аяқталуын  тездету.  Конфликттің   шешілуі   екі   жақтың   да
белсенділігін талап  етеді,  олар  кнфликтің  себебін  жоюға  тырысу  керек.
Конфликтіні  шешу  үшін,  оппонент  өзгеруі  керек  немесе  біреуі  өз  ойын
өзгертіп, өз позициясынан түсуі керек. Конфликт, жиі екі адамның  бір-біріне
деген суық қарым-қатынасынан пайда болады.
      Конфликті бақылау, ол конфликтті шешуден ерекшеленеді, ол  екі  жақтан
басқа үшінші жақта өз қызметін көрсетеді. Оның  әрекеті  екі  жақты  жақтауы
немесе  бір  оппонентті  ғана  қолдау  болып  табылады.   Басшы   мен   оның
жұмысшылары арасындағы конфликттің 62%  шешіледі.  Ал  38%  бұл  конфликттер
шешілмей, кейде өршіп кетеді. 6% конфликт өшеді, 15% басқа мәселеге  ауысып,
өршей түседі, 17% ұйымдастырушылық жолмен түседі
      Конфликттің өшуі-бұл  уақытша  конфликттің  тоқтатылуы.  Конфликт  бұл
жерде"ашық" формадан  "жабық"  формаға  ауысады.  Конфликттің  өшуі  мынадай
жағдайларда болады. күрестегі мотивацияның жоғалуы  (конфликт  объектісі  өз
актуалдығын  жоғалтады)  мотивтің  басқа  керек   жұмысқа   бірден   ауысуы.
ресурстардың әлсіреп, күреске күштің қалмауы. Конфликтті шектеудегі  негізгі
түсінік  конфликттің  негізгі  элементтері  ликвидацияланады   (шектен   тыс
қалады). Шектеудің құрылымсыздығына байланысты көптеген жағдайлар бар.  Олар
конфликтке  үлкен  ықпал  етеді.   Конфликтті   шектеу   келесі   тәсілдерге
байланысты:
      конфликт тудырған адамның біреуін басқа жұмысқа ауыстыру.
      бір оппонентті ұзақ уақыттың демалысқа жіберу (командировкаға  біреуін
немесе екі жақтыда жіберу)
      конфликтті  тудырған  объектіні  алып  алу  (балалар   ұрысып   қалған
ойыншықты анасы алып алады).
      Конфликтті шешу  критериінің  сұрағы  өте  маңызды.  М.Дойча  американ
конфликтологының   ойынша    конфликтінің    шешімімен    қорытындысы    мен
қанағаттануы. Ал В.М.Афонькова келесі  критерилерді  анықтады:  байланыстың,
әрекеттің тоқтатылуы, травмалық факторларды шектеу, бір  конфликтіге  түскен
жақтың  беделі,  индивидтің   позициясын   өзгерту,   болашақта   индивидтің
белсенділігін, әрекетін арттыру.
      Конфликттің  құрылымдық  шешілуінің  критериі:   қарама-қайшылықтардың
шешілу деңгейі болып  табылады.  Қайшылықтардың  толық  шешілуі  болашақтағы
қатынастардың жақсы болуына мүмкіндік  береді.  Айта  кететінтағы  бір  жайт
әрқашанда оң  жақ  жеңіске  жетуі  тиіс.  Ақиқатты  жақтау,  әділдік  жеңісі
ұйымдастырудың әлеуметтік психологиялық климатына жақсы  әсер  етеді.  Дұрыс
емес жақтың да өзіндік  қызығушылығы  барын  ұмытпау  керек.  Егерде  оларды
басып, ашу келтірсек жаңа конфликттің тууына алып келеді.
      Конфликтінің алдын-алу Адамдармен  қарым-қатынас  барысында  жанжалдан
қашқақтаудың көптеген ережелері бар. Олардың  ішіндегілер:  1.  Егер  адамды
өзіңнің жауыңа айналдырғың келмесе, оның ойлау  қабілеті  мен  дарындылығына
ешқашан күмән келтірме. 2. Адамда өзіне-өзі деген сенімін нығайту керек.  3.
Адамдармен сөйлесу  барысында  қарама-қарсы  пікірлеріңіз  болған  жағдайда,
сөзді бұдан бастамаңыз. Адам қорғанысқа дайын болу мүмкін де,  барлық  қарсы
сөздер агрессияның күшүюіне әкелуі мүмкін. Немесе адамның жақсы  көңіл-күйін
сіздің  қарсы  сұрақтарыңыз  бұзып,  конфликт  туындауы  мүмкін.  4.  Адамды
сендіруге ұмтыла отырып,  оған  өз  пікірін  айтуға  мүмкіндік  беру  керек.
Әрине, бұл  үлкен  шыдамдылықты  талап  етеді,  бірақ  өте  эффективті.  Бұл
ережелер сәтті болу үшін, ол принципке  айналуы  керек.  Кейде  манипулятор-
адамдар  кездеседі.  Олар  саналы  түрде  манипуляцияны  өз   пайдасы   үшін
қолданды.


      11-дәріс. Келіссөз және оны жүргізу. Келіссөз жүргізу стратегиясы  мен
динамикасы. Амалдары мен тиімді жолдары.
      Қарым-қатынас  серіктерінің   жеке   -   психологиялық   ерекшеліктері
(мұғалімнің де, оқушылардың  да,  білімгерлердің)  көбінесе  коммуникативтік
қиындықтардың себебі болады. Оның түсіндірілуі, біріншіден,  осы  қиындықтар
кем дегенде үш күштердің өзара байланысы мен өзара  әрекеттерінің  нәтижесі:
оқытушының, магистранттың даралық –психологиялық ерекшеліктері және  олардың
бір-бірін  қабылдауы.  Е.А.  Климов  атап  көрсеткендей,  адамдардың   жеке-
психологиялық ерекшеліктерін бейнелейтін іс-әрекеттің даралық   стильдерінің
сәйкес  келуі  –  олардың  қиналмай   қарым-қатынас   жасауларының   негізгі
шарттарының бірі. Шиеленіскен  жағдайларды  алдын  алу,  оны  басқара  білу,
ұжымдағы психологиялық ахуалдың сақталуы үшін түрлі әрекеттер қолданылады:
      - шиеленісті жағдайлардан шыға білу, шиеленісті алдын алу;
      - қарсы жақтағыларды ортақ келісімге келуге икемдеу;
      - толеранттылық;
      - ынтымақтастық;
      - келісімге, мәмілеге келу (компромисс)
      - шиеленісті жағдайды тиімді шешудің жолдарын қарастыру;
      - «оқытушы-магистрант» қатынасын сақтау.
      Күнделікті өмірде адамдардың өзара түсінісіп,  бірлесе  отырып  қызмет
атқаруы үшін олар біріне-бірі сенім артып,  жұмыла  іс  атқаруы  –  ұжымдағы
жағымды  психологиялық  ахуал  орнатуға  тәуелді  болып  отыратындығы   өмір
тәжірибесінде дәлелденген жәйт. Осы тұрғыдан  қалайда  қарсыластардың  өзара
қарым-қатынасындағы ұнамсыз жәйттер кез келген істің алға басуы  үшін  аяққа
тұсау саларлық кедергі екені кімге болса да жақсы  атақ  әпермейтіні  мәлім.
Кедергілерді  жеңудің  тәсілдерін  таңдау  өз   кезегінде,   және   тұлғаның
эмоцианалды тұрақтылығына, өз  көзқарастарын  қорғау  құралдарының  болуына,
биліктің және басқа көптеген факторлардың  көлеміне  тәуелді.  Психологиялық
түзету жұмысының мақсаты қақтығысты жағдайларды шешуге, алдын  алуға,  өзара
үйлесімді қатынас орнатуға және т.б. сипатта ұйымдастырылады.




      12-дәріс. Дау-дамайдың табиғаты  мен  психологиялық  ерекшелігі.  Дау-
дамай идеяларға тарихи шолу. Дау – дамайдың табиғаты мен себептері.
      Дау-дамайларды пайда болған сәтте-ақ шешуге болады, ол үшін осы топты,
ұжымды  құрастыратын  адамдар  арасындағы  байланыстарды  және  кдтынастарды
жүйелі  түрде  терең  талдап  түру  қажет.  Енгізіліп  жатқан  озгсрістердің
салдарын алдын-ала ойластыру да дау-дамайды игеру жолы. Әр адам  өз  сөздері
мен кадамдарын жан-жақты тексеріп  алса  -  дау-дамайдың  шиеленісуі  жоқтың
қасы болар еді. Дау-дамайдыц алдын-алудың өз қағидалары бар.  Алдымен.  оның
шығу  себептерін  ашу  керек.  Дау-дамайдың  қайнар  кездері:   ұйымдастыру,
арақатынас,  жанжалкеш   тұлға.   Дау-дамайдың   ұйымдастыру   себептері   –
ұжымдарда, өндірісте, мектептерде  оқу-тәрбиесінде  ұйымдастыру  барысындағы
олқылықтар   -Мысалы,   мектепте   дау-дамайдың   ұйымдастыру    себептеріне
келісімсіз сабақ кестесі,  талаптардың  біркелкіліксіздігі,  күн  тортібінің
кемшіліктері, асхананың болмауы т.с.с. Әсіресс,  1,  9,  11  сыныптарда  оқу
ішкі дау-дамайларға толы. Дау-дамайдың  арақатынас  себептері  -  адамдардың
билікке  таласуы,  біріне  бірі  коятын  қарама-қарсы   талаптары,   әміршіл
тәсілдермен   бағындыруы,   "екіжүзді"   моральды   қолдануы.   Дау-дамайдың
жанжалкеш тұлғалық  себептері  —  ішкі  дүниесі.  қайшылықтарға  басым  адам
жүрген  жерінде  ұрыс,  ерегіс.  жанжалдардың  қайнар  көзі   болады.   Оған
тумысынан дау-дамайдың гені берілгендей. Ондай адамды қалай  тануға  болады?
Жанжалкеш адамның  қасиеттері:  -  көтеріңкі  не  түсіңкі  өзіндік  баға,  -
үстемдіке  ұмтылу,  -   бірқалыпты   ойлау,   -   асып   кеткен   шыншылдық,
бірбеткейлік, - жағымсыз сезімдер жиынтығы (үрей, ашу, ыза,  қорқыныш).  Дау
дамайды шешудің ережелері:  -  Даудың  жақсы  шешілуін  қалайсыз  ба?  -  Оз
сезімдеріңізді жақсылап игере аласыз ба? - Қарсыласыңыздың орнында  өзіңізді
қалай сезінер едіңіз? - Делдал, араша керек пе? - Ортақ тілді  қалай  табуға
болады? Осы сүрақтарға  жауап  тапқан  адам  өз  өміріндегі  дау  дамайларды
азайтып,  жаңаларына   жол   бермейді.   Қорыта   айтқанда,   қатысушылардың
психологиялық ұстанымдарында, қарым-қатынастарында,  ұйымдастыру  барысында,
болашақтағы дау-дамайларға дайын болғанда  дау-дамай  нәтижелі  шешілді  дей
аламыз
      Дау-дамай психологиясы
      Дау-дамай (конфликт) –  әрқилы мұддеге бағытталған тараптардың қарама-
қайшылықты тайталасы. Дау-дамайлы ара қатынастарды талдауда олардың  негізгі
типтерін  ажырата   білу   аса   маңызды   келеді.   Мұндай   байланыстардың
субъекттеріне тәуелді дау-дамай келесідей типтерге бөлінеді:
      Тұлғаның өз бойындағы, тұлғалар арасындағы, топтар байланысындағы, топ
ішіндегі, топтар арасындағы қайшылықты қатынастар.
      Тек  өкілдері  арасындағы  дау-дамайлар  мен  кіші  топтар  арасындағы
жанжалдар  тайталасқа  түскен  тараптардың   әрекет-қылықтарымен   көрінетін
мүдделер сәйкессіздігінен  болады.  Ал  ірі  топтар  арасында  болатын  дау-
дамайлар  негізі  көпшілік  көңіл-күйі  мен  қоғамдық  пікірлердің   қарама-
қарсылығынан туындайды.
      Дау-дамайлар әлеуметтік біртекті құрылымдар ішінде – горизонталды және
басқарушы мен басқарылушы құрылымдар ара қатынасында –  вертикалды  –  пайда
болуы мүмкін. Дегенмен, қай жағдайда да ол  өз  ара  алшақтауға,  тайталасқа
алып келеді, көбіне –  жауласу  мен  жеккөрушілікке  тоғыстырады.  Жанжалдар
қатынастардың бір саласында пайда  болуымен  шектелмей,  екінші  аймақтарына
өтіп, жаңа  келіспеушіліктер  жүйесінің   туындауына  себепші  болады.  Дау-
дамайлы   жағдайлар   қатынасқа   түскен    тараптардың    болмысқа    деген
көзқарастарының өзара сәйкес келмеуінен  шынайы  және  жалған  сипат  алады.
Кейде туындаған қайшылықтар әсіреленіп,  елеуге  тұрмайтын  тұстары  көзкөре
күрделендіріледі, оларды шешудің қарапайым жолдарына мән берілмейді.  Айырым
кезеңдерде негізсіз ойдан жасалған қайшылықтардың  себебінен  жалған,  әдейі
ұйымдастырылған дау-дамайлар кезігіп жатады. Мұндай  тайталас  екінші  тарап
ниетін орынды бағаламай, оның әрекетін  шындық  тезінен  өткізбей  түсінуден
келіп шығады. Кейде адамдар  өздеріне  қаратылған  ақпарат  қателігінің  көп
мәнділігін ұқпай, оның арасынан өз  пайымына  сай  мәліметті  орынсыз  бөліп
алып, жанжалды қатынастарына арқау етеді.
      Әлеуметтік жүйені  дамытудағы  рөліне  орай  дау-дамайлар  бітістіруші
(конструктивті)  не  бұзақы  (деструктивті)  болып  ажыралады.   Бітістіруші
дау–жүйенің өзгермелі қоршаған орта шарттарына икемдесуге қолайлы  жағдайлар
жасауда  жәрдемін  көрсетеді,  ал  бұзақы  дау–белгілі  құрылым  тиімділігін
төмендетіп,  оның  біртіндеп  жойылуына  себепші   болады.   Даулы   қарама-
қарсылықтар – тек өкілі мен әлеуметтік жүйе   дамуының  негізі.  Адам  даулы
жағдайлардан қашпауға  тырысқаны  жөн,  керісінше,  одан  бейімділікпен  жол
табуға ынта білдіргені дұрыс. Жанжалға араласушы  адамдар  әрекет-қылығы  үш
түрлі бағытта көрінуі ықтимал: бұзақы  –  деструктивті,  жағымпаз-конформды,
бітістіруші-конструктивті, осыған орай адамдар типі ажыралады.
      Бұзақы тип - өз мүддесінің матауында қалып,  оны  қалайда  іске  асыру
үшін жанжалға  «май  құйып»,  үдете  түсуге  шебер  адам.  Бұл  типтегі  тек
өкілдері әрдайым дауға «әпербақандықпен» дайын  тұрып,  көздеген  мақсатынан
қайтпайды, екінші тараптың келісім жасауға деген ниетін бірде көре  білмейді
(террористер, әкімдік беделді адамдар, құбылыс мәнін пайымдай  алмайтын  тек
өкілдері). Жағымпаз тип –  қойылған  талаптарды  ойсыз  бас  шұлғумен,  иіле
қабылдай  отырып,  екінші  тараптың  жанжалды   әрекеттерін   үдете   түсуге
итермелейді. Бітістіруші тип – екеуара тиімді болған шешімдер тауып,  жанжал
өртін басуға ниетті адам. Дау-дамайлы жағдайларға бақылау қоюдың  бір  қатар
жолдары бар:
      1) болуы мүмкін жанжалдың алдын алып, оған қатысушылар жөнінде
мәліметтер топтау ;
      2) жанжалды басқарымсыз қалдыруға бағытталған әрекеттерге жол бермеу;
      3) дау-дамай шешіміне бейтарап бедел иелерін тарту;
      4) даулы екі тарапқа да тиімді шешім мүмкіндіктерін қарастыру;
      5) іскерлік, әріптестік қатынасқа қолдау беріп, оны бітістіріп,  кейін
болатын алауыздық көңіл-күй шарпуларының көзін басу.
      Қазіргі заман дау-дамай мәселесімен айналысатын конфликтологиялық
психология жанжалды жағдайлардан шығу әдістеріне көп көңіл бөлуде:
      1) өзара жанжалды әрекеттерден  (өз  беделі  мен  табыстарын  әсірелей
көрсету, басқаны кеміте, әдейі дауға шақыру) қашу;
      2) «проблеманы бірлікті шешу» ережесін  (басқа  есебінен  пайда  ниет-
темеу, екі тарапқа да тиімді шешім жолын ойластыру) ұстану;
      3) келісім (компромисс) – екі тараптың да көзқарас, пікірлерінің
үйлесім табуы;
      4) үшінші тараптан көмек сұрау – тікелей  дау-дамайдан  тыс,  бейтарап
бедел иелерін екі тарап мүшелерін бітістіруге шақыру.


3 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СҰРАҚТАР


      1-семинар. Конфликтология: қалыптасуы және даму тарихы
      1) Алғашқы ой-пікірлердің қалыптасуы.
      2) Кеңестік және отандық ой-тұжырымдардың қалыптасуы.
      3) Қарым-қатынас және қарама-қайшылықтар.
      4) К.Томас әдістемесі.


      2-семинар. Конфликт және оның түрлері.
      1) Конфликт және оған қатысушылар.
      2) Тұлғаішілік конфликт.
      3) Тұлғааралық конфликт.
      4) Этносаралық конфликт


      3-семинар. Стресс – конфликт тудырушы фактор ретінде.
      1) Стресстің шығу себептері.
      2) Кәсіпорындардағы және ұйымдардағы стресс тудырушы жағдайлар.
      3) Тұлғаның ішкі күйзелістері және бұзылулар.
      4) Стресске қарсы тұру, алдын алу жолдары.


      4-семинар. Тұлғаның психологиялық қорғаныш механизмдерін дамыту
      1) Тұлғаның психологиялық қорғаныш механизмдері.
      2) Шығарып тастау және сулимация.
      3) Регрессия және рационализация.
      4) Проекция және алмастыру және т.б.


      5-семинар. Фрейд психоанализі бойынша  конфликтік  жағдайларды  талдау
(тұлғааралық және ұйымдағы)
      1) Фрейд теориясы.
      2) Конфликтік ситуацияларды психологиялық анализ жүйесінде қарастыру.
      3) Тұлғааралық конфликтілердің психологиялық ерекшеліктері.
      4) Ұйымдағы конфликтілердің психологиялық ерекшеліктері.


      6-семинар. Конфликтінің алдын алу және болдырмау
      1) Келіссөз жүргізу сызбасы.
      2) Келіссөз жүргізу стратегиясы.
      3) Жест және мимика.
      4) Имидж.


      7-семинар. Конфликтінің алдын алу және болдырмау
      1) Конфликттің шығу себептерін анықтау жолдары.
      2) Конфликтік жағдайдағы позициялар.
      3) Конфликтіні шешу тактикалары.
      4) Ұжымдағы конфликтілік жағдайларды шешу жолдары.
      8-семинар. Конфликтінің алдын алу және болдырмау
      1) Конфликтті тұлғалар.
      2) Қазіргі таңдағы конфликтілерді шешудегі менеджменттің ролі.


      9-семинар. Конфликтінің алдын алу және болдырмау
      1) Келіссөз жүргізу стратегиясы мен тиімді жолдары.
      2) Кездейсоқ конфликтілік жағдайларды шешу жолдары.

4 КУРС ЖҰМЫСЫ (ЖОБА)

                Практикалық сабаққа қалай дайындалуға болады?
      Магистранттар   дәріс   материалдарына,   ұсынылған    еңбектер    мен
әдебиеттерге сүйену қажет. Жиналған  материалдарды  бір  жүйеге  келтіріңіз.
Әрбір автордың негіздемелерін зерттеп, танысыңыз. Өзіңізді  осы  авторлардың
позициясына қойып көріңіз.
      Сабақ барысы.
      Магистранттар  белгілі  бір  психологиялық   мектептердің   позициясын
көрсетуге байланысты топтарға бөлінеді. Әрбір топ  15-20  минутта  дискуссия
барысында  өздерінін  көзқарастарын  дәлелдеп   шығатын   сұрақтар   тізімін
белгілейді. Қарсылас жақты мұқият тыңдап, олардың келтірген  дәлелдемелердін
дұрыс,  бұрыстығын  анықтаңыз.  Осындай  көптеген  көзқарастардың  балаларға
білім беру  мен  оларды  тәрбиелеуде  алатын  орны  қандай?  Бір  проблемаға
байланысты бірнеше көзқарастардың болуы неліктен? т.б. сұрақтар  төңірегінде
ойланып көріңіз.
     Практикалық сабақтарды өткізуге арналған жалпы  әдістемелік нұсқау
      Сабақ бірнеше кезеңнен тұрады.
      1-кезең. 10- минут. Зерттелетін проблемаға кіріспе.
      Осы  кезеңде  тақырыптың  өзектілігі  айқындалып,  оның   күрделілігі,
практикамен теорияда шешілу  деңгейі  ашылуы  қажет  және  ағымдағы  өмірдің
түрлі аспектілерімен болашақ әрекетімен  байланысы  проблемалары  көрсетілуі
тиіс.
      2-кезең.  3- минут. Мақсат қою.
      Топ  бірнеше  шағын  топқа  бөлінеді.  Әр  топтың   тапсырма   шеңбері
анықталады (жағдаятты зерттеу. өз жауабымен шешімін нақтылау, өз  көзқарасын
публикалық қорғауға даярлану),  шешім  іздеу  және  талдау  шекарасы,  өздік
жұмыс уақыты белгіленеді.
      3-кезең.  10-15 минут. Жағдаятпен топтық жұмыс.
      Оқытушы топтың жұмысын бақылайды, туындаған сұрақтарға  жауап  береді,
нұсқаулар береді.
      4-кезең.  15-20 минут. Топтық пікірталас.
      Шағын   топтардың   өкілдері   кезек-кезек   жұмыс   нәтижесі   туралы
хабарламаларымен таныстырады, жағдай туралы  жалпы  көзқараспен  таныстырып,
қойылған сұрақтарға жауап береді, ұсынылған альтернативті шешімдерге  талдау
жасайды.
      Топ өкілдері сөздерінен кейін, жалпы пікірталас басталады. Көзқараспен
шешімді талдау, нәтижені талдауды бағалау, мәселені шешу  жолын  қарастыру,,
тиімді шешімге келу.
      5-кезең.  10 минут. Қорытынды әңгіме.
      Оқытушы жағдаятпен жұмыс барысындағы ұжым  жұмысының  жақсы  нәтижесін
ерекше көрсетеді. Дұрыс және қате шешімдерді бөліп көрсетеді.


5 БІЛІМАЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ


      5.1. БӨЖ және БӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.
      Магистранттардың өздік жұмысы (БӨЖ) олардың индивидуалды  және  топпен
оқу әрекетінің көптеген түрлері кіреді,  бұлар  оқытушының  көмегінсіз  іске
асады (немесе жартылай көмегі, егерде өздік жұмысы аудиторияда орындалса).
      Өздік жұмысының маңыздылығы оқытыушының  көмегінсіз,  магистранттардың
міндетті түрде қатысуы мен, алынған ақпаратты білімде  қолдану  оның  қандай
да бір іс-әрекетте қолданылуынан тұрады.
      БӨЖ– өзінің білімін  жетілдіру  әдісі,  оқытудағы  әртүрлі  әдістермен
дедактикалық  байланысы.  Магистрант  өздік   жұмысы   процесінде   белсенді
шығармашылық  жеке  тұлға  ретінде  көрінеді,  өзінің  мәдениетін  таратушы,
бағдарын,болашақ мамандыққа көрсетеді.
      І. Берілген тақырыпты конспектілеу.
      Негізгі талаптар:
   1.  Жазып  отырған  тақырыптан  алшақтамай,  оның  мазмұнын  нақты  ашуға
      талпыну.
   2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.
   3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын  жоспарға  сай  рет-
      ретімен жүйелі баяндауы қажет.
   4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс.
   5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.
      Магистранттардың  өздік  жұмыстарды   орындауларына   жалпы   кеңестер
(нұсқаулар)
      1. Өздігінен  білім  алу  үшін,  алдымен  сол  жұмысқа  қажетті  нақты
дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі  анықтама
әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б.) ие болу керек.
      2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті
әдебиеттер  мен   құралдардың   болуы   т.б.)   керек   етеді,   ең   дұрысы
кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
      3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық  біліп,  ол  жұмысты
белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
      4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан,  кітапханалардан
ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
      5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс  жасамай  жүргізген
жөн.
      6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып,  түсінбеген  жерлерді
қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
      7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды,  түрлі  сөздіктерді  қоса
пайдаланып отыру керек.
      Магистранттардың  өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
         • Жұмыстың көлемін шамадан тыс  асырмай,  оның  сапасын  арттыруға
           көңіл аудару;
         • Магистранттардың өздік жұмысын оқу  жұмысының  басқа  түрлерімен
           дұрыс ұштастыра білу;
         •  Магистранттардың  дербестігін  арттырып,  өзіндік   білім   алу
           қабілетін жүйелі түрде дамыту;
         •  Өзіндік   жұмыстың   мазмұнына   күнделікті   өмірден   алынған
           материалдарды, хабарларды енгізу;
         • Магистранттардың табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын,
           сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды  өздігінен  талдап
           түсінуге үйрету;
         • Магистранттардың алған  білімдерін  іс  жүзінде  қолдана  білуге
           дағдыландыру;
         • Магистранттардың оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға,  әр
           уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
         •  Магистранттардың  өздігінен  дербес  жұмыс  істеу,  еңбек   ету
           дағдыларын қалыптастыру.
      5.2. БӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары
      БӨЖ тақырыптарының тізімі
      1. «Конфликт» феноменіне заманауи ықпал ету
      2. Конфликт кезіндегі тұлға ықпалы. «Конфликт»  феноменін  кең  ұғымды
талқылау. Термин мәні. Конфликттің ғылыми анықтамасы.
      3.  К.   Рудестам   бойынша   психотерапиялық   конфликтердің   топтық
жіктемесі. Психотерапиялық конфликтті оқыту
      4. Әлеуметтік психологиялық конфликт
      5.  Тәжірибелік  психология   және   психотерапия   кезіндегі   топтық
тәсілдердің дамуы. Конфликттің эмоциональді сезгіштігі
      6. Бизнес конфликт: даму тарихы. Тұлғаның конфликтке ықпал етуі.
      7. Тренердің жұмысындағы қателіктерді табу.
      8. Топтардың мүмкіншілігіне  орай  шығу.   Заманауи  конфликтологиялық
көмектерді ұйымдастыру.
      9. С.И. Макшанов, Н.Ю. Хрящев  жұмыстарында  психологиялық  ықпал  ету
кезіндегі конфликті түсіну. Клиенттің қажеттілігін зерттеу
      10. Арнайы режимде оқыту.  Коучинг  мамандар  мен  басқарушылар  үшін.
Ұжымдағы жағдайларды зерттеу
      11. Корпаративті  конфликт  форматында  негізгі  принциптермен  оқыту.
Заманауи бизнес-тренер. Заманауи  конфликттердің  топтық  тәсілдерідің  жеке
тұлғаның дамуына әсер етуі
      12.   Медиаторлық   формат   оқыту   кезіндегі    дамыту.    Модератор
конфликтісінің әлеументтік жұмысшының психотехникалық минимумы
      13. Медиаторлық жұмыс жұмысшалардың дамуы  мен  олардың  өзгерістеріне
әсер етуі. Конфликттің ғылыми тәжірибелік принциптері.
      14. Әлеуметтік-психологиялық аспектілерді  топтық  тәсілдермен  оқыту.
Конфликтердің тәжірибелік принциптері. Серіктестік қарым-қатынас
      15.  Корпаративті  конфликті  ұйымдастыру  технологиясы.  Модератордың
конфликтте қызметі мен ролі.
                              Бақылау сұрақтары


        1. Конфликтология: қалыптасуы және даму тарихы.
        2. Алғашқы ой-пікірлердің қалыптасуы.
        3. Кеңестік және отандық ой-тұжырымдардың қалыптасуы.
        4. Қарым-қатынас және қарама-қайшылықтар.
        5. К.Томас әдістемесі.
        6. Конфликт және оның түрлері.
        7. Конфликт және оған қатысушылар.
        8. Тұлғаішілік конфликт.
        9. Тұлғааралық конфликт.
       10. Этносаралық конфликт
       11. Қарым-қатынас психологиясы және конфликтология.
       12. Қарым-қатынас психологиясының  мақсат-міндеттері,  зерттеу  пәні
           және қалыптасуы мен дамуы.
       13. Конфликтология ғылымы.
       14. Даму тарихы мен зерттеу объекті.
       15. Зерттеу әдістері.
       16. Қарым-қатынас және шиеленіс бойынша жалпы теориялар.
       17. Шиеленіс жағдайларының туындауы.
       18. Себептері.
       19. Құрылымдары.
       20. Функциялары.
       21. Динамикасы.
       22. Қарым-қатынас және шиеленіс (конфликт) түрлері.
       23. Тұлғаішілік шиеленістер. Түрлері.
       24. Стресс – шиеленіс туғызушы ретінде.
       25. Тұлғааралық шиеленістер.
       26. Әлеуметтік жүйелердегі шиеленістер.
       27. Топтық шиеленістер.
       28. Педагогикалық конфликт.
       29. Этнос аралық шиеленістер.
       30. Ұйымдардағы шиеленістер.
       31. Шиеленістің алдын алу және шешу жолдары
       32. Конфликтті тұлғалар.
       33. Қазіргі таңдағы шиеленісті шешу менеджменті.
       34. Шиеленістің алдын алу.
       35. Шиеленісті шешу жолдары.
       36. Келіссөз және оны жүргізу.
       37. Келіссөз жүргізу стратегиясы мен динамикасы.
       38. Амалдары мен тиімді жолдары.
       39. Кәсіпорындардағы және ұйымдардағы стресс тудырушы жағдайлар.
       40. Тұлғаның ішкі күйзелістері және бұзылулар.
       41. Стресске қарсы тұру, алдын алу жолдары.
       42. Тұлғаның психологиялық қорғаныш механизмдерін дамыту
       43. Тұлғаның психологиялық қорғаныш механизмдері.
       44. Шығарып тастау және сулимация.
       45. Регрессия және рационализация.
       46. Проекция және алмастыру және т.б.
       47.  Фрейд   психоанализі   бойыншаконфликтік   жағдайларды   талдау
           (тұлғааралық және ұйымдағы)
       48. Фрейд теориясы.
       49.  Конфликтік   ситуацияларды   психологиялық   анализ   жүйесінде
           қарастыру.
       50. Тұлғааралық конфликтілердің психологиялық ерекшеліктері.
       51. Ұйымдағы конфликтілердің психологиялық ерекшеліктері.
       52. Конфликтінің алдын алу және болдырмау
       53. Келіссөз жүргізу сызбасы.
       54. Келіссөз жүргізу стратегиясы.
       55. Жест және мимика.
       56. Имидж.
Пәндер