Файл қосу

Интернет журналистика және этика мәселелері



|ҚАЗАҚСТАН    РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ                    |
|ШӘКӘРІМ  АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                            |
|3-деңгейдегі CМЖ құжат  |ПОӘК                  |                            |
|                        |                      |                            |
|                        |                      |                            |
|                        |                      |УМКД  042-16.1.29/03-2013   |
|«Интернет журналистика» |2013 ж                |                            |
|пәнінің оқу-әдістемелік |№ 4 басылым           |                            |
|материалдары            |                      |                            |







               5В050400 «Журналистика»   мамандығына  арналған
                      «Интернет журналистика»  пәнінің
                          ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ



                         ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР




















                                    СЕМЕЙ
                                     2013

                                   МАЗМҰНЫ


1  Глоссарий
2  Дәрістер
3  Практикалық сабақтар
4  Студенттердің өздік жұмысы






































1  ГЛОССАРИЙ
1  АББРЕВИАТУРА –  сөздерді   шартты  түрде  қысқарту  немесе  оны  бастапқы
әріптермен белгілеу. Мысалы, АҚШ – Америка Құрама Штаттары.
2 АБЗАЦ – жаңа  жолдан  әрі  кейін  шегеріліп  басталатын  текс  бөлігі.  Ол
бірнеше жолды қамтып, сөйлемдер мағынасын біріктіріп тұрады.
3  АБСТРАКЦИЯ – зат пен құбылыс туралы нақты ойламай, ауытқушылық,  дерексіз
ұғымға ұрыну.
4  АВТОБИОГРАФИЯ – қандай да бір тұлғаның өмірбаяндық өз туындысы.
5  АВТОР – түрлі салаларда шығарма  жасаушы  тұлға.  Әдебиеттегі,  өнердегі,
ғылымдағы, т.б. твочестволық еңбек иесі.
6  АГИТАЦИЯ – ауызша немесе баспасөз арқылы  қалың  көпшілікке  идеялар  мен
лозунгілер таратып, саяси тұрғыдан үгіттеп, әсер ету қызметі.
7  АКСИОМА – дәлелдеуді қажет етпейтін, онысыз да белгілі ақиқат.
8  АКТУАЛЬНЫЙ – бүгінгі  күні  уақыты  пісіп  жетілген,  тез  шешімді  қажет
ететін, маңызды да, өзнкті мәселе.
9  АЛЬМАНАХ - әр түрлі авторлардың әдеби шығармалар жинағы.  Кезең  –  кезең
сайын шығып тұруы мүмкін.
10  АНАЛИЗ – тиісті  оъектіні  жан  –  жақты  талдап  көрсететін,  ғылыми  –
логикалық тұрғыдан ой – топшылаулар жасайтын зерттеу әдісі.
11  АНОНИМ - өз есімін жасырушы шығарма авторы.
12. АРГУМЕНТ – бір нәрсені дәлелдеуге негіз болатын логикалық тұжырым.
13  БРИФИНГ – белгілі бір мәселелер жөнінде үкімет ұстаған  бағытты  арнаулы
өкілдің  бұқаралық  ақпарат  құралдары  журналистері  алдына  шағын  мәжіліс
өткізіп, баяндап беруі. Мысалы, халықаралық  келіссөздерде  болған  мәмілені
мәлімдеу, түсіндірме жасау.
14  БРОШЮРА – шағын көлемдегі шығарма  берілген,  жұмсақ  мұқабамен  шығатын
жұқа кітап.
15  ВЕРСИЯ – факті немесе оқиға туралы бір-бірінен айырмашылығы  бар  әрқилы
түсіндірмелер, ұғымдар.
16  ВЕРСТКА – терілген  материлдар  гранкілері  арқылы  типографияда  газет,
журнал беттерін дайындау.
17  ВУЛЬГАРИЗМ - әдеби тілде қолданылмайтын дөрекі сөздер.
18  ГОНОРАР – бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдары үшін
авторға берілетін қаламақы.
19  ГРАНКА - әлі верстка жасалмаған баспаханалық терімнің бір бөлігі.
Әдетте жүз жолдай көлемнен аспайды.
20  ДЕЗИНФОРМАЦИЯ – жалған хабар арқылы жаңылыстыру.
21  ДЕНЬ ПЕЧАТИ – дәстүрлі баспасөз күні. Жыл сайын 28  маусым  күні  аталып
өтеді. “Түркістан уалаяты” газетінің 1870 жылы алғашқы нөмірі  шыққан  күнге
орай белгіленген. Аталмыш  мерекелік  күні  творчестволық  арнайы  сыйлықтар
тапсырылады.
22  ЖАНР - әдеби немесе публицистикалық шығарма түрлері.
23  ЖУРНАЛИСТ –  бұқаралық  ақпарат  қүралдарында  тұрақты  жұмыс  істейтін,
арнаулы кәсіби мамандығы бар қызметкер. Оның жұмысы  идеологиялық,  қоғамдық
саланы қамтып, творчестволық тұрғыда еңбек  етеді.  Отанға,  халыққа  қызмет
етіп, публицистика  саласында  шығармалар  береді.  Ішкі-сыртқы  мәселелерге
белсене араласып, қоғамдық пікір қалыптастыруға қатысады.
24  ЗАМЕТКА – бір оқиғаның, фактінің негізінде жазылатын қысқаша хабар.
25  ИДЕОЛОГИЯ – қоғамдық санадағы  идеялар  жүйесі,  ілім.  Саясат,  мораль,
ғылым, өнер, дін  жөніндегі  ұғымдар  мен  көзқарастар  жиынтығы.  Ол  қоғам
дамуына белсене әсер етеді. Идеология прогресшіл немесе реакцияшыл болуы  да
мүмкін.
26  ИЛЛЮСТРАЦИЯ–кітап, газет, журналдар тексіне орай берілетін суреттер.
27  ИНТЕЛЛЕКТ – ақыл, адамның ойлау қабілеттілігі.
28  ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ – ой еңбегінің адамдары. Мәдениет пен  ғылымның  әр  түрлі
салаларынан арнаулы білімі бар адамдар.
29  ИНТЕРВЬЮ – сұрақ-жауап түрінде белгілі  бір  тұлғаның  оқиға  мен  факті
жөнінде журналистке айтқан  әңгімесі,  сұхбаты.  Оның  зәру  мәселе  бойынша
пікірлері мен көзқарасын, берген мәліметін  бұқаралық  ақпарат  құралдарында
жариялау үшін журналистің жазып алуы.
30 ИНТЕРПРЕТАЦИЯ – бір  нәрсенің  мәнін  ашу,  ұғындыру,.  Қайсыбір  текстке
түсіндірме  жасау.  ҚазТАГ  –  Қазақстан  мемлекеттік  телегреф   агенттігі.
Республиканың бұқаралық ақпарат құралдарын информациямен  қамтамасыз  етеді.
Ішкі-сыртқы хабарларды жинап таратады.
31  КАЛЛИГРАФИЯ – анық, әдемі жазу өнері.
32  КОНЦЕПЦИЯ - өмір құбылысына көзқарас білдіріп, тұжырым жасау.
Жазушының, ғалымның, журналистің т.б. негізгі түйінді ойлары.
33  КОРРЕКТОР –  баспасөз  материалдарын  баспаханада  теру  кезінде  кеткен
қателерді гранкіден,  не  версткалау  кезінде  беттерден  жөндеп,  түзететін
қызметкер. Ол саяси, орфографиялық, стильдік тұрғыдан  сауатты  болуы  тиіс.
Типографиялық техникадан хабары болуы керек.
34 КОРРЕКТУРА – баспаханалық терімнен кейін  оттискіде  байқалған  қателерді
жөндеу.
35  КОРРЕСПОНДЕНТ – бұқаралық ақпарат құралдарының жер-жерден хабар жинап
беріп тұратын тілші қызметкері.
36  КОПИЯ – түпнұсқаның тура көшірмесі.
37  КУРСИВ–формалық тұрғыдан қолжазба әріптерге ұқсайтын типографиялық
қаріп.
38  ЛЕТУЧКА – редакция  ұжымының  жедел  әрі  қысқаша  өткізетін  өндірістік
жиналысы.
39  МАКЕТ – арнаулы бланкіге сызықтар арқылы түсірілген газет беттерінің
дәл жасалынған жоспары.Сонын үлгісінде шығатын газет беттері дайындалып
,безендіріледі.
40  ОФСЕТ – типографияда жасалынған цинк қаңылтырдағы газет бетінін бейнесі
сол күйінде резина пленкасына түсіріледі де, одан соң қағазға басылатын
тәсіл.
41  ОЧЕРК – көркем жанрға жатады, публицистикалық сарында жазылады.
Негізінен фактіге құрылады,ойдан шығарылмайды. Оқиға,фактілер
зерттеліп,баяндалады. Оныңкейіпкерлері өмірде бар адамдар, нақты деректер
баяндалады.Көбіне кейіпкерлер бейнесі суреттеліп беріледі.
42  ПАМФЛЕТ – заманға кереғар, қоғамдық- саяси өмірдегі кейбір келеңсіз
құбылысты, сондай-ақ әлдебір жеке қайраткерлер туралы әшкерлеу, келемеж
мақсатындағы актуальды да, көркем публицистикалық шығарма.
43  ПАРАДОКС - әдеттегі қалыптасқан жағдайдан бөлек, күтпеген тосын пікір,
құбылыс.
44  ПЕТИТ – ұсақ типографиялық шрифтің түрі.
45  ПОЛЕМИКА – баспасөзде, жиналыста бір нәрсеніталқылау кезінде болатын
айтыстар.
46  ПОЛИГРАФИЯ – баспа өнімдерінің барлық түрін шығаратын өндіріс саласы.
47  ПРЕССА – мерзімді басылымдар, газеттер мен журналдар т.б.
48  ПРИНЦИП – негізгі идеалға сай ауытқымай іс-әрекет көрсету тәртәбі.
49  ПРОБЛЕМА – теориялық және практикалық мақсаттағы шешімін күткен
өзектіде, аса қажетті мәселе.
50  ПРОГРЕСС – алға жылжу, қоғамда неғұрлым жақсы жағдайға жету, дамудың
жоғары сатысына  өту.
51  ПРОПАГАНДА – ілімді, саяси теорияны, көзқарасты, идеяны баспасөзде және
ауызша түрде тарату мен түсіндіру, насихаттау.
52  ПУБЛИКАЦИЯ – баспасөзде жалпыға арналып жарияланған хабар, жазылған
материал.
53  ПУБЛИЦИСТ – қоғамдық-саяси мәселелер туралы қалам тартып жүрген
журналист, қаламгер.
54  ПУБЛИЦИСТИКА – мерзімді басылымдарда саясат пен қоғамдық өмір
мәселелерінің жазылып,жариялануы. Журналистика саласының материалдары.
55  ПСЕВДОНИМ – жазушы. журналистердің
баспасөзде  шын  аты-жөнінің  орнына  ойдан  шығарылған   бүркеншік   есімді
пайдалануы.
56  РЕДАКТОР – мерзімді басылымның жетекшісі, редакция коллективінің
басшысы. Газет,журналдардың саяси бағытына, идеясы мен мазмұнына, жалпы
оқырмандар үшін тартымды шығуына жауап беретін тұлға. Сонымен бірге тиісті
мәселелерді шешіп, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуші.
57  РЕКЛАМА – бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әлдебір нәрсені кеңінен
білгізу мақсатында жарнамалау.
58  РУБРИКА – газет бетіндегі біріктіріліп берілген материалдарға, сондай-
ақ жүйелі түрде жарияланып тұратын кезеңдік материалдарға тағылатын ортақ
айдар.
59  СТАТЬЯ – мақалада ірі өмір құбылыстары мен фактілері терең анализ
жасалып, теориялық және практикалық тұрғыдан жинақталып, қорытылады.
60  ХРОНИКА - әдетте тақырыпсыз берілетін қысқаша хабар түрі.
61  ЦЕНЗУРА – баспасөзде жарияланатын шығармаларға ерекше бақылау жасау.
62  ЭТИКА – адамдардың моральдық адамгершілік қасиеттер жөніндегі нормалар
жүйесі. Отанға, қоғамға және өзара қарым – қатынас мәселелерін, міндеттерін
айқындайтын болмыс, әдет-ғұрып.

                                 2  ДӘРІСТЕР

 Дәріс 1. Кіріспе. Интернет - әлеуметтік коммуникация түрлерінің кеңістігі.
                Ақпараттық қоғам және Интернет-журналистика.
      Бағдарлама бойынша Интернеттің ерекшеліктері, оны пайдаланудың  маңызы
мен қажеттігі, қазіргі қоғамдағы саяси, экономикалық, құқықтық, мәдени  рөлі
мен мәні ашылуға  тиіс.  Семестр  бойы  Интернетке  тән  ерекшеліктер,  даму
кезеңдері,   құрылымы,   веб-сайттардың   жанрлары   мен   пішіндері,   веб-
парақшаларды  әзірлеу  әдіс-тәсілдері,  желідегі  ақпараттың   мазмұны   мен
безендірілуінің ішкі үйлесімділігі оқытылады.
Компьютерлік технологиялардың қарыштап даму нәтижесінде және оның  базасында
интернеттің пайда болуына  қарай  журналистиканың  өзіне  тән  жаңа  формасы
дүниеге келді. Ол – интернет журналистика.
Интернет – журналистика, дәстүрлі журналистика ағымына көп өзгеріс  енгізді.
Интернеттің   қойнауы    шексіз,    алмағайып    көлемдегі    ақпараттарымен
ерекшеленеді.  Қазіргі   кезде   көптеген   елдерде   Интернетті   қолдануды
мемлекеттік реттеу  туралы  мәселе  қарастырылуда.  Мемлекет  және  қоғамның
қазіргі даму кезеңінде Интернет саласындағы  еліміздің  нормативтік-құқықтық
базасын жетілдіруде.
      Адамзат өркениетінің даму  сатысында  бірнеше  ақпараттық  серпілістер
болды. Олардың алғашқысы – жазу арқылы  ақпараттың  ұрпақтан-ұрпаққа  жетуі.
Екіншісі – баспа ісінің пайда болуы. Үшінші серпіліс – электрдің пайда  болу
нәтижесінде қалыптасқан  телефон,  теледидар,  радио  секілді  т.б.  ақпарат
тарату құралдарының дамуымен ерекшеленеді.
      Ал, ХХ ғасырдың соңынан басталатын төртінші  серпіліс  –  компьютерлік
технологияның  желілік   технологиямен   бірігуі   нәтижесінде   қалыптасып,
ақпараттық – коммуникациялық технологиясы атанған жаңа ақпараттық  серпіліс.
Бүгінде осы ақпараттық  серпіліс  дәуірді  таңқаларлық  өзгерістерге  бастар
негізгі күшке айналып келеді.
      «Ақпарттық қоғам» туралы ұғымды өткен ғасырдың  жетпісінші  жылдарында
жапон ғалымдары ұсынған еді. Ақпараттық қоғамның айрықша белгілері:
• қоғам өміріндегі ақпарат пен білімнің ролін өсіру;
• жалпы  ішкі  өнімде  ақпараттық  коммуникациялар,  өнімдер  мен  қызметтер
бөлігін өсіру;
• мыналарды қамтамасыз ететін ғаламдық ақпараттық кеңістік:
а) адамдардың тиімді ақпараттық өзара іс-қимылы;
б) әлемдік ақпараттық ресурстарға олардың қол жеткізуі;
в) ақпараттық өнімдер мен қызметтерде олардың  тұтынушылығын  қанағаттандыру
болып табылады.
      Қазірде  бұл  озық  идея  адамзат  өркениетінің,  ғылым  мен  білімнің
өрлеуіне, мемлекеттің қоғамдық – саяси құрылымын жетілуі  мен  оның  тұрақты
дамуына әсер ете отырып көптеген елдердің назарына ілікті.  Идеяның  негізгі
тұғыры – желілік  –  ақпараттар  технологиясы  болып  табылады.  Және  бүкіл
әлемде  ерекше  қарқынмен  дамып  келеді.   Себебі   қазіргі   таңда   қоғам
тұрмысындағы   қажетті   барша   ресурстарды   басқаруды   ұйымдастыру   мен
азаматтардың рухани, мәдени қажеттіліктерін  қамтамасыз  етуде  құрлықаралық
жүйе құрушы  құрал  болып  отыр.  Ал,  бұл  үрдісті  әлем  әлеуметтанушылары
адамзат қоғамы өзінің даму жолында  «ақпараттық  қоғам»  деп  аталатын  жаңа
сатыға  қадам  басуы  деп  бағалауда.  Бүгінде  АҚШ,  Ұлыбритания,   Канада,
Франция, Германия, Дания,  Финляндия,  Оңтүтік  Корея,  Сингапур,  Малайзия,
Марокко, Маврикия, Эстония секілді т.б. көптеген елдер  ақпараттық  қоғамның
негізін қалаудың көш  басында  келеді.  Мәселен,  АҚШ  1993  жылы  ұлттық  –
ақпараттық  инфрақұрылым  қалыптастырудың  жоспарын  қабылдады,  1994   жылы
шілдеде Еуропалық одақ комиссиясы «Ақпараттық қоғамға – Еуропалық жол»  атты
жоспарын бекітті, 1995 жылы Финляндия «Ақпараттық қоғамға – финдік жол»  деп
аталатын өз бағдарламасын әзірлесе, 1996  жылы  ГФР  «Ақпараттық  қоғамға  –
германдық жол» атты бағдарламасын  қабылдады.  Осылайша  өткен  ғасырдың  90
жылдары  шенінде  мұндай  бағдарламалар  барлық  дамыған  елдер  мен  дамушы
елдерде қабылданды.  Бұл  бастамаларды  мұнан  ары  кең  ауқымда  жалғастыру
мақсатында «Үлкен  сегіздік»  елдері  2000  жылы  әлемдік  ақпараттық  қоғам
орнатудың «Окинава хартиясын» бекітті.
      Бағдарламалардың басты мақсаты интернет  арқылы  компьютермен  халыққа
білім  беруді  күшейту,  мемлекеттік  басқару  ісінің  тиімділігін  арттыру,
электрондық құжатпен  дүниежүзі  елдерімен  ақпарат  алмасуды  қалыптастыру.
Сондай-ақ, мемлекеттік басқару органдарының құжаттары  мен  кітапханалардың,
оқу орындарының және басқа да  санаткерлік  орталықтардың  түрлі  ақпараттық
ресурстарына қол  жеткізу.  Бұл  идеялардың  жыл  өткен  сайын  маңызы  арта
түсуде. Соның нәтижесінде әрбір мемлекетте  электрондық  э  –  үкімет  (e  –
government)  пайда  болып  жатыр.  Біздің  елде  де  бұл  бағдарлама  жүзеге
асырылуда. Ақпараттық  қоғамда  электронды  үкімет  пайда  болғаннан  кейін,
әрине басқа салалар да тыс қалмауда. Яғни кәсіпкерлікті дамытып  экономиканы
арттыруға негізделген э – бизнес  (e  –  business),  азаматтардың  тұрмыстық
тіршіліктеріне қатынасты э – азамат (е –  citizen)  іспетті  т.б.  нысандары
жан –жақты дамуда.
      Ақпараттық қоғам құру аясында  ауқымды  шаралар  қолға  алынып  жатыр.
Мәселен,   «Ресей   Федерациясының   ақпараттық   қауіпсіздік   доктринасы»,
«Ақпараттық  технологиялардың  ақ  кітабы»   деп   аталатын   тұжырымдамалық
құжаттар, сондай-ақ 2001 жылдың шілде айында  Ресей  Федерациясының  Үкіметі
бекіткен  2002-2010  жылдарға   арналған   «Электронды   Ресей»   федералдық
бағдарламасы  қабылдады.  Аталған  құжаттар  Ресейдің   әлемдік   ақпараттық
кеңістікке еркін  енуін  қамтамасыз  етуге  байланысты  мәселелерді  кешенді
түрде шешуге бағытталған.
Украина ақпараттандыру мен ақпараттар  технологиясы  жөнінде  арнайы  Ұлттық
агенттік құрып,  күллі  мемлекеттік  саясатты  жүзеге  асыруды  осы  органға
тапсырды.
      Қазақстанда ақпараттандыру процесі 1990 жылдардан басталған. Бұл уақыт
аралығында  республикамызда  компьютерлік  техника   саны   артып,   біршама
мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдарда, кәсіпорындар  мен  ғылым,  білім
мекемелерінде жұмыс процесі автоматтандырыла  бастады.  1996  жылдан  бастап
елімізде интeрнет жүйесі жұмыс жасап, оны  тұтынушылар  саны  «Actis  System
Asia» компаниясының деректері бойынша 2000 жылдың күзінде 360 мыңға  жеткен.
Интернет  провайдерлері  жалпы  республика  бойынша  60-тан  астамға   өсіп,
ақпараттық сайттар саны 2500-ден астамға  таянған  және  олардың  тақырыптық
аясы мемлекеттік басқару  органдарының,  отандық  кәсіпорындардың,  қоғамдық
ұйымдар мен оқу орындарының ақпараттарымен толығуда.
      Қазіргі таңда еліміздегі ақпараттық қоғам құру мәселесі, дамыған елдер
технологиясына     негізделген     біртұтас     ақпараттық      инфрақұрылым
қалыптастырылды.  Жоғарыда  аталған  елдерде  қолданылып  жатқан   тұжырымды
құжаттар  біздің  елде  де  қабылданды.  Мәселен,   1997   жылы   «Қазақстан
Республикасында біртұтас ақпараттық- кеңістік қалыптастыру туралы»  Жарлыққа
қол  қойған  болатын.  Тиісті  құрылымдарға   бағдарламалар   әзірлеп,   заң
жобаларын дайындау тапсырылды.  Үкімет  Президенттің  тапсырмаларын  орындау
үшін арнайы қаулы қабылдады. 2001 жылы наурызда  «Қазақстан  Республикасының
ұлттық ақпараттық  инфрақұрылымын  қалыптастыру  мен  дамытудың  мемлекеттік
бағдарламасы туралы» Елбасының жаңа Жарлығы шықты.  Бұл  құжатта  межеленген
міндеттерді  шешу  мақсатында  Үкімет   «Қазақстан   Республикасының   ұлтық
ақпараттық   инфрақұрылымын   қалыптастыру   мен    дамытудың    мемлекеттік
бағдарламасын  жүзеге  асырудың  2001-2003  жылдарға   арналған   іс-шаралар
жоспары бекіту туралы» қаулы қабылдады. 2004 жылдың 8-маусымында  электронды
үкімет концепциясы қабылданып,  сол  жылы  Президент  Жарлығымен  «Қазақстан
Республикасында «электрондық үкімет»  қалыптастырудың  2005  -2007  жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы»,  «Қазақстан  Республикасында  ақпараттық
теңсіздікті   төмендетудің   2007-2009   жылдарға   арналған    бағдарламасы
енгізілді.  Ал  қазіргі  кезде  Қазақстанның  ақпараттандыру  және  байланыс
жөніндегі мемлекеттік агенттігі (АБА) республикада  интернет-технологияларды
дамыту тұжырымдамасын үкіметке ұсынуды жоспарлауда.
      Бүгінде интернет  жүйесі  –  ақпарат  алмасу,  әлемдік  нарыққа  шығу,
инвестиция тарту,  отандық  экономиканың  әлеуетін  арттыру,  кәсіпкерлікті,
ғылым мен білімді, мәдениет саласын,  азаматтардың  белсенділігін  арттыруда
шешуші  рөл  атқаруда.  Мәселен,  қазірде  интернет  конференциялар   өткізу
дәстүрге айналып келеді. (бұл әдістер әлем мемлекеттерінде де  қолданылуда).
Мәселен,  «Қазақстан  ұлттық  телеарнасында»  аптасына  бір   рет   интернет
конференция  өткізіліп  отырады.  Мұнда  ел  өмірінде   саяси,   әлеуметтік,
экономикалық маңызы бар мәселелерді  талқылап,  осы  салаға  қатысты  арнайы
мамандар  шақырылады.  Кез-  келген  азамат  интернет  арқылы  сұрақ  қойып,
байланыса алады, айталық сұрақтар тек интернет желісі арқылы ғана  қойылады.
Веб-сайттардың  өзінде  де  интернет  форумдар  өтеді.  Қарағандыдағы  Жайық
Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы  интерактивті  интернет
конференциялар өткізуді дәстүрге айналдырған. Себебі  мұндай  көрсеткіштерге
жету  қоғамның  инфрақұрылымын  дамытуға  және   Қазақстанды   индустриалдық
қоғамнан   ақпараттық-қоғамға   даярлауға   жәрдемдеседі.   Сондықтан    бұл
бастамалар  ақпараттық  қоғам  мен  отандық  интернеттің  дамуын  арттыратын
өзекті мәселелер болмақ.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 2,3,4,6,8,9
Қосымша: 5,7,8,12

                Дәріс 2. Интернет-БАҚ медиажүйенің бір бөлігі

      1.Интернет БАҚ-тың жалпы белгілері
      2.Интернет БАҚ-тың өзгешеліктері
      3.Интернет БАҚ-тың қызметі
      Интернет журналистика – журналистиканың  ерекше  түрі.  Сондай  –  ақ,
интернет тәуелсіз журналистиканың дамуына үлкен әсер ететін мықты  механизм.
Алайда, дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-технологияның бір-
біріне әсер ететін бағыттары бар.
      Біріншіден: көптеген басылымдар өздерінің интернеттегі баламасын жасап
жатыр, біреулері интернет-сайт, блог ашуда. Тәжірибе көрсеткендей,  жүйедегі
БАҚ-тың танымалдылығы жоғары болуда.
      Екіншіден:  интернет-технологиялардың  базасында  функцияланатын   БАҚ
дәстүрлі БАҚ-тан біршама өзгерістерге ұшырауда. Олар арзан, жер шарының  кез
келген нүктесіне тарайды, ақпарат жедел түрде  таратылып,  жарияланады.  Осы
ретте екінші бағыт,  бұқаралық  ақпарат  құралдарындағы  плюрализмнің  дамуы
заңды құбылыс.
      Үшіншіден: БАҚ интернетте заңдық нормада бақыланбайды.Сондықтан пішіні
және мазмұны бойынша дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарына  жариялауға  сай
келмейтін  материалдарды  интернетте  жариялауға  мол  мүмкіндік  бар.  Яғни
цензураны орнатуда публицистиканың альтернативті әдістерін көрсетеді.
Төртіншіден: журналистер мен ақпараттық қоғам арасында байланысты  одан  әрі
күшейтеді. Тіпті, олардың арақашықтықтарына  да  қарамастан  байланыстырады.
Яғни  шетелде  тұрып-ақ,  отандық  сайттарға  мақала  жазу,  ақпарат  беруге
болады.
      Бүгінде интернетсайттар дәстүрлі бұқаралық  ақпарат  құралдарының  бір
бөлігі іспеттес. Алайда,  екеуінде  де  ұқсастықтар  бар.  Ортақ  міндеттері
ақпарат тарату. Дегенмен, қоғам дамыған сайын ақпараттық  ортаның  дамуы  да
заңды нәрсе.  Мысалы,  ХХ  ғасырда  журналистикаға  жаңа  сипат  –  интернет
журналистика енсе, ХІ ғасырда интернет  журналистиканың  жаңа  қыры  –  блог
жүйесі дамуда.  Яғни  әлемде  ақпарат  таратудың  жаңа  үлгісі  қолданылуда.
Сондықтан заманауи ағымның ығына сай ақпарат алу,  қолдану  қазіргі  таңдағы
тұтынушының да талабы. Интернетті БАҚ деп  танитындардың  дені  журналистер,
ғалымдар. Көпшілік қауым интернет сайттар қалайша бұқаралық  ақпарат  құралы
болатынын  біле  бермейді.  Сондықтан  интернеттің  БАҚ-қа  тән  белгілеріне
өзгешеліктеріне сай жүйелесек:
1. Онлайн – БАҚ (жүйедегі БАҚ мысалы:
www.medialaw.kz www.yousefpiltan.blog.com ақпаратты-сараптамалық  электронды
басылым)
2. Интернет – газеттер (тек жүйеде www.qazaq.kz, www.turan.kz).
3. Интернет – журналдар (www.tol.org).
4.   Жаңалықтар    порталы    (ленталар)    (ақпарат    тарататын    сайттар
www.interfaks.kz, www.kz-today.kz ) .
5. Интернет – дайджестер (ақпаратты қысқа түрде тарататын сайттар).
6.    Басылымдардың    электронды    нұсқалары     (басылымның     нұсқалары
www.zhasalash.kz, www.aikyn.kz).
7. Телеарна және радионың элекронды  нұсқадағы  сайттары  (www.kazakstan.kz,
www.khabar.kz) .
8.  Ақпарттық  және  ақпаратты  –  танымдық   порталдар   (www.massagan.com,
www.solaide.kz, www.infoasia.org).
9.   Қоғамдық   ұйымдардың,    кәсіпорын-мекемелердің    өкілдік    сайттары
(www.mvd.kz, www.bolashak.kz).
10. Авторлық жобалар  және  үй  беттері  (www.solaide.kz  ақпаратты-танымдық
сайт).
11. Блогтар (күнделіктер) (www.arsenal.wordpress.com, www.bakytnur.com).
      Әрине, жаңа жаһандық жүйенің өзіне тән ерекшелігі де болары хақ. Енді,
интернеттегі сайттардың ерекшеліктеріне тоқталайық:
- ақпараттың үнемі жаңарып тұруы;
- сайттарды тұтынудың жоғарылығы;
- тұтынушылардың өздері  баға  беріп  отырады,  басқа  сайттармен  салыстыра
алады;
- веб-басылымның беделдігі, ақпараттық жобаның танымал болуы;
- кәсіби дизайн (сапалы, заманауи, мазмұнды);
- аудиторияның әр алуандығы;
- өзектілігі және таңдау мүмкіндігі;
- мұрағаттау мүмкіндігі;
- интерактивтілігі;
- мультимедиялығы;
- аудиториямен тығыз байланыс, тұтынушы тікелей байланысқа шыға алады;
- ақпарат алудың жаңа мүмкіндіктері;

Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:1,9,12,17
Қосымша: 5,6,7,12,13

                   Дәріс 3. Интернет БАҚ-тың социологиясы


      1.Әлеуметтік  коммуникацияны   зерттеудің   социологиялық   негіздері.
Социологиялық зерттеулердің түрі.
      2.Ақпарат жинау әдіс-тәсілдері
      Аудиторияның  құрылымы  және  оларды  қызықтыратын  жайлар.  Мотивтер.
Электронды БАҚ пәрменділігі мен тиімділігі. Аудиторияны  типтеу  мәселелері.
Аудиторияны  ғылыми  зерттеудің  ғылыми  негіздері.  Ақпаратты   қабылдаудың
психологиялық ерекшеліктері.
Интернет журналистика  саласына  маманданып  жүрген  журналист  үшін  білуге
қажетті терминдер.
      Сайт - (ағылш. website, web - тор және site - орын)  бұл  интернеттегі
HTTP/HTTPS протоколдары арқылы ашылатын бір  немесе  бірнеше  веб  беттердің
қатынасы. Сайт  беттері  бір  адрес,  тақырып  және  логикалық  құрылым  мен
авторлық арқылы бірігеді. Әлемдегі ең  алғашқы  сайт  1991  жылы  6  тамызда
пайда болды.
      Әлеуметтік жүйелер - (ағылш. «social network»  -  әлеуметтік  құрылым)
әлеуметтік объект болып саналатын бір-бірімен байланысты топтардан  құрылған
әлеуметтік қарым-қатынас.
      Стартап (ағылш. тілінде Startup) деген терминнің бірнеше мағынасы бар:

1. Startup company - жаңа ашылған немесе жақында құрылған компания;
2. Компьютерлік технологияларда  «startup  programs»  -  компьютерді  желіге
қосқан кезде автоматты түрде істейтін бағдарламаларды айтады.
      Web 2.0  -  Веб  2.0  концепциясы  «O’Reilly  Media»  басылымның  және
«MediaLive International» компаниясының бірлескен «миға  шабуылында»  (brain
storm) пайда болған. Көп концепциялар тәрізді Веб 2.0-дің де нақты  шекарасы
жоқ. Веб 2.0-ді бірнеше ереже және эмпирикалық тәжірибе  түрінде  елестетуге
болады. Олардың бәрі күн жүйесі сияқты біріккен. Веб 2.0 – бұл  интернеттегі
жаңа  эволюцияның  кезеңі,  жаңа  технологиялар   мен   жаңа   мүмкіндіктер.
Негізгілер: AJAX-қарапайым тілмен айтататын болсақ, бұл қайтадан  жүктеусіз-
ақ  веб-бет  мазмұның  өзгерту  технологиясы,  оффлайн  қосымшалары  сияқты.
Сонымен қатар:  «Google»  сервистері,  «RSS»,  «Torrent»,  Ілмектер  (tags),
«Wiki», Блогтар т.б.
      Интерфейс  (ағылш.  «interface»-бөлімнің  үсті)  -  байланыстың  орнын
анықтайды;
      Скрипт («сценарий») - программаларды автоматтандыруға бағытталған;.
      Веб-браузер   (ағылш.   «web   browser»)-іздеу    моторына    арналған
бағдарламалық қамтамасыз ету;
      HTML (ағылш. «Hypertext Markup Language») - гипер мәтінді  орналастыру
тілі; әлемторда құжаттарды орналастыруға арналған стандартты тіл;
      FTP (ағылш. «file transfer protocol»)- файлдарды жөнелту протоколы;
      Спам (ағылш. «spam»)-көпшілікке келісімсіз бірдей таралатын хабарлама;

      RSS - вебсайтқа жіберілген соңғы хаттамаларды реттеу тәсілі.  Әсіресе,
блогтарға  ыңғайлы,  себебі  блогтың  қашан  жаңарғанын  білдіреді.  Сонымен
қатар, басқа сайттарға сайт контентін немесе  бөлігін  жариялауға  мүмкіндік
беретіндей  контентті  «синдикациялай»  алады.  Қазіргі  кезде  тез  таралып
келеді, әсіресе медиалық сайттарда жиі қолданылады.
      Кері  сілтеме  (TRACKBACK)-блогта  өткен  жазбамен  (post)  байланысты
ақпарат  пайда  болғаны  жайлы  ескертпе  хат  алысатын  сайттар  арасындағы
автоматты байланыс тәсілі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:4,5,6,7,8,9,12
Қосымша: 4,5,6,7,12,13

                  Дәріс 4. Интернет журналистиканың тарихы

      1.Интернет журналистиканың дамуы туралы ғалымдар пікірі
      2.Электронды поштаның пайда болуы.Алғашқы домендер.
      Интернет – журналистикаға бұрынғыдан өзгеше қалып, жаңаша мән  әкелді.
Финляндияның ірі басылымының бірі - «Хельсинген Саномат» газетінің  шолушысы
Пентти Садениеми интернет дәуіріндегі журналистің қызметіне былай деп  сипат
береді: «Жаңа технологиялар журналистің  жұмысын  жеңілдете  әрі  жайландыра
түсті.  Барлығында  жеке  компьютері  бар,  бұрынғысынша  жүгіру,  жан-жаққа
телефон шалу,  мекен  жайларды  іздеудің  қажеттігі  жоқ.  Әріптестерімізбен
электронды пошта арқылы  байланыс  орнап  тұрғандықтан,  сұрау  саламыз  да,
арғысына көп  мазасызданбаймыз.  Әсіресе,  шетелдегі  журналистермен  қарым-
қатынас жасау аса қолайлы». Осыдан келіп, еңбектің авторы  интернетпен  қоса
пайда болған журналистиканың сапасына алаңдаушылығын да жасырмайды.
      Ақпарат тасқынының ұлғаюына бірнеше фактор себеп болды:
1) теледидарда спутниктік арналардың көбеюі;
2) азаматтардың жаңа ақпараттық кеңістікті игеруі;
3) БАҚ-ның қоғамдық міндеттерінің азайып, ендігі оның коммерциялық  мақсатта
көбірек қолданылуы.
      Қазіргі уақытта біздің өмірімізде интернеттің қамтымаған саласы жоқтың
қасы. Оның техникалық ерекшеліктерін түпкілікті түсіну үшін оның пайда  болу
тарихы мен даму жолдарын айналып өту мүмкін емес.
      Ең алғаш компьютерлердің пакеттік жүйесін құруды қолға  алған  -  ARPA
(Advanced Research Projects Agency Network) агенттігі.  Интернеттің  алғашқы
аты   да   сәйкесінше   ARPANet   болатын.   АҚШ   Қорғаныс   Министрлігінің
басқаруындағы  бұл  мекеменің  алдында  қорғаныс  саласында  жұмыс  істейтін
зерттеу ұйымдарын біріктіріп, олардың қызметін  бақылайтын  және  үйлестіріп
отыратын сенімді компьютерлік жүйені дүниеге  әкелу  міндеті  қойылған  еді.
Бұл арнадағы ізденістер 1969 жылы өзінің жеңісті мәресіне  жетті.  Алғашында
жүйе Калифорния (University of California, Los Angeles, UCLA)  мен  Стенфорд
(Stanford  University)  университеттері  арасында  орнатылды.  Көп   ұзамай,
кішігірім жүйеге Санта-Барбара (University  of  California,  Santa  Barbara,
LA)  және  Солт  Лейк  Сити   (University   of   Utah,   Salt   Lake   City)
университеттері де қосылады. Ал 1972 жылы электронды пошта дүниеге келеді.
      Алғашында тек салалық қолданыста ғана болған Интернеттің кейін  қандай
ғаламдық жүйеге айналатынын тап басып  болжаған  ешкім  болған  жоқ.  Алайда
американ  әлеуметтанушысы  Маршалл  Маклюэн  (Marshall  McLuen,   1911-1980)
өзінің  «Гутенберг  Галактикасы»  (The  Gutenberg  Galaxy,  1962),  «Медианы
түсіну»  (Understanding  Media,  1964)  атты   еңбектерінде   бүкіл   әлемді
тоғыстыратын бір жүйенің дүниеге келуінің  алғышарттарын  тұжырымдап  кеткен
болатын. Маклюэн өмірін технологияның бұқара мәдениеті  мен  адамдар  қарым-
қатынасына тигізетін әсері мен ықпалын зерттеуге арнаған ғалым.  1964  жылғы
еңбегінде  ол  технологиялық  дамудың   нәтижесінде   болашақта   «глобалдық
деревнялар»  пайда  болады  деген.   Мұндай   мекендерде   шалғай   жерлерде
орналасқан адамдар тобы ешқандай кедергісіз, орталықтағыдай  ақпарат  алуына
мүмкіндігі болады – делінген кітапта.
      Ол  кезде  телевизия  пайда  болып,  негізгі  ақпарат  көзіне   айнала
бастағандықтан, Маклюэн еңбектерімен танысқандар оны  теледидардың  болашағы
туралы айтып отыр деп  ойлады,  алайда  қазіргі  заман  көзқарасымен  оқыса,
«Understanding Media» кітабында сөз болғаны – Интернет ғаламдық жүйесі  еді.

      Шындығында  да,  қазіргі  уақытта  Интернет  –  ешбір   мемлекетаралық
шекараларды мойындамайтын дербес бір әлемге, «глобалдық  деревняға»  айналып
отыр. Компьютердің қай мемлекет аумағында  орналасқандығынан  хабар  беретін
тек  домен  ғана.  Ал  ең  алғашында  әлемтордағы  домендер  саны  саусақпен
санарлықтай ғана еді. Олардың барлығы тек АҚШ аумағында қолдану  үшін  ойлап
табылған.
      - .edu (education) – университеттер және т.б. оқу орындарының жүйесі;
      - .com (commercial) – коммерциялық ұйымдардың жүйесі;
      - .gov (goverment) – үкіметтік және мемлекеттік ұйымдар жүйесі;
      - .mil (military) – АҚШ Қорғаныс Министрлігінің жүйесі;
      - .org (organization) – түрлі қоғамдық ұйымдардың жүйесі;
      - .net (network) – телекоммуникация операторларының жүйесі.
      Қазіргі уақытта саяси, әлеуметтік жағдай өзгерді. Бұл  домендер  қазір
АҚШ меншігі емес, Бірінші Деңгейдегі Ұлттық домендер  (  Top-Level  National
Domains, TLDs) тобын құрайды.  Ал  Екінші  деңгейдегі  топқа  мемлекеттердің
географиялық домендері кіреді (қараңыз: қосымша).  Әлемторда  Қазақстан  .kz
доменімен  таныстырылған.  Совет  Үкіметі  кезіндегі  домен  -  .su  (Soviet
Union), 19.09.  1990  жылы  InterNIC  (  International  Network  Information
Center) базасында тіркеліп, Бірінші Деңгейдегі топқа  кіретін.  Кеңес  Одағы
тараған соң, 1992 жылы дүниеге .ru домені  келеді.  Ал  19.09.94  жылы  IANA
(Internet Assigned Numbers Authority) мәліметтер жинағында .kz домені  алғаш
рет  тіркеледі.  Қазіргі  уақытта  барлық   сайттарды   тіркеп,   статистика
жүргізетін бірден-бір «орган» -  1999  жылы  қыркүйекте  Әділет  Министрлігі
тіркеген KazNIC коммерциялық емес ұйымы. Соңғы мәліметтер  бойынша,  KazNIC-
те 3000-ға тарта қазақстандық сайт тіркеулі.
      Интернеттену кезеңі түрлі елдерде түрліше жүрді.  Процесті  сипаттаған
кезде байқалған үрдіс –  интернет  дамыған  елдерден  дамушы  елдерге  қарай
тарағандығы. Сонымен  қатар,  интернеттің  даму-дамымауы  нақты  мемлекеттің
саяси ұстанымы мен менталитетіне де тікелей байланыстылығы  байқалған.  1998
жылы  ең  компьютерлендірілген  елдер  бестігіне  АҚШ  (1000  адамға  –  520
компьютерден), Финляндия (490), Швеция (480), Дания (350)  және  Ұлыбритания
(280) кіретін. Сондықтан Интернет-журналистиканың  да  осы  аталған  елдерде
қалыптасуы да заңды болса керек.
      Ең алғаш  жүйелік  басылымдар  шыға  бастағанда  кейбір  мамандар  бұл
жаңалықтың дәстүрлі басылымдардың беделіне қауіп төндіреді деген  пікірлерін
де жасырмады. 1996 ж. АҚШ-та «online режимінде жұмыс істейтін дәстүрлі  БАҚ-
ң  электронды  нұсқасын  жасау  қаншалықты  тиімді  болады?»   деген   сұрау
жүргізген еді. Сонда респонденттердің  45%-ы  оның  сәтті  болатынына  күмән
келтіріп, тіпті  ондай  жағдай  әдеттегі  газет-журналдар  беделінің  өсуіне
кедергі болады деп жауап берген. Ал басқа 44%-ы керісінше, ондай  үрдіс  өте
тиімді болады деген пікір білдірген.
      Тампере Университетінің (Финляндия) ғалымы, электронды  журналистикаға
арналған  көптеген  мақалалардың  авторы  Ари  Хейнонен   өзінің   «Жүйедегі
журналистика туралы баяндамалар» (1998 ж.) атты кітабында: «Қазіргі  уақытта
дәстүрлі газет-журналдар алдында бір-ақ таңдау бар. Ол – жүйеге көшу  немесе
біржола жабылу» - деп «кесіп» айтады.
      Алайда,  осы  салада  маманданған  тағы  бір  финн  зерттеушісі  Микко
Кивилуото «Жүйе – қарақшы емес» атты мақаласында мұндай  қауіптің  негізсіз,
әрі ондай мәжбүрлік туып отырған  жоқ  деген  пікірін  айтады.  Кивилуотоның
зерттеулерінің  нәтижесі  бойынша,   жағдай   мүлдем   басқаша:   оқырмандар
бұрынғысынша  дәстүрлі  басылымдарды   оқиды,   ал   электрондық   сипаттағы
нұсқаларын тек қызықтау үшін қарайды екен.
      ТМД  аймағында  Интернет  тұрақты  қарқынмен  дамып  отырғанмен,   шын
мәніндегі БАҚ сипатына саятын сайттар кейінірек,  шамамен  1995  жылы  пайда
болған.   Д.В.Смирнов   өзінің   аталған   еңбегінде   Ресей    Интернетінің
хронологиясын 1995 жылдан бастап  жасағанын  былай  деп  түсіндіреді:  «1995
жылға дейін Ресейдегі интернетті бар дегеннен гөрі жоқ  деуге  болатын  еді.
Ал бар дегеннің өзінде, ондағы дүниелердің саны мен сапасы БАҚ  демек  түгіл
сайт деген сипат беру қиын соғатын. Сонымен бірге оның  пайдаланушылары  тым
аз болғандықтан,  интернеттің  бұқаралық  сипатын  да  жоққа  шығаруға  тура
келеді».
      Әлемторда таныстырылған елдердің  барлығының  Ресей  интернеті  сияқты
тарихы бай деу артық болады.  ТМД  мемлекеттерінің  ішінде  интернет  қолдау
тауып, аса дамыған деп  Ресей,  Қазақстан,  Қырғызстан,  Өзбекстан,  Украина
және Беларусьті атауға болады.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 7,8,9,10,12,13
Қосымша:3,4,5,6,7,8,9,10

         Дәріс 5. Отандық интернет журналистиканың дамуы, қалыптасуы


      1.Отандық интернеттің туған күні қашан?
      2.Қазақстандағы алғашқы сайттар.
      3. Қазақтілді сайттар және олардың кейбір ерекшеліктері
      Қазақстандық интернеттің «туған күні» қашан деген сұрақтың екі  жауабы
бар. Біріншісі – 1991  жылдың  көкек  айында.  Сол  жылы  «Парасат»  фирмасы
базасында RELCOM жүйесінің Қазақстандағы  алғашқы  аймақтық  торабы  ашылған
болатын.  Бұл  торап  UUCP  пртоколы  бойынша  элетрондық   пошта   қызметін
көрсететін. Ал екінші туған  күні  –  Казнеттің  дүниеге  келген  1994  жыл,
қыркүйек айының 19-ы – осы күні алғаш  рет  KZ  домені  тіркелген  еді.  Сол
жылдың аяғында қазақстандық сайттардың саны 15- ке  жетеді.  Олардың  қандай
сипатта  болғаны  туралы  мәліметтер,  адрестері   қазіргі   уақытта   нақты
сақталмаған.
      С.  Дуванов  өзінің   «WEB-журналистика:   опасные   тенденции»   атты
мақаласында Қазақстандағы интернет-журналистиканың қалыптасуына басты  себеп
болған 1996 жылғы негативті саяси процестер – деп атап көрсетеді.
      KZ доменімен таныстырылған сайттар саны бүгінде 3000-нан асты. Қазіргі
таңда қазақстандық сайттардың ең  толық  тізімі  «www.site.kz  –  Весь  WWW-
Казахстан» сайтында орналасқан.  Интернет  пайдаланушыларының  арасында  аса
танымалдары негізінен іздеу қызметтері (поисковые службы).
Әдетте, іздеу серверлері сондай-ақ жаңалықтар ленталарын да қамтиды.  Әзірге
мұндай сайттардың ішінде айтарлықтай беделге ие болып отырған  –  gazeta.kz.
Ресейдің осы аттас сайтының қазақстандық нұсқасы боп табылатын  газета.кз  -
әуелден қағаз баламасы жоқ, таза жүйелік ақпараттық жаңалықтар  сайты.  Онда
жарияланатын  ақпарат  топтамасы  күнделікті  жаңартылып  отырады.  Тілі   –
бейресмиге жақын.
      Ақпарат агенттіктерінің сайттары да жаңалықтар лентасын  ұсынады.  Бұл
тұрғыда  Kazinform,  Internews-Kazakhstan  сайттарының  беделі  айтарлықтай.
Сайттарда жарияланатын ақпарат өте жедел әрі маңызды. Қазақстан  көлеміндегі
жаңалықтарды ұсынуда үлкен алуандық танытады. Сайттардың тілі – ресми.
      Аналитикалық  ақпарат  жариялайтын  сайттар   негізінен   оппозициялық
сарынға  берілген.  Олардың  қатарында,  әрине,  nomad.kz,   TABU.nursat.kz,
kazakhgate.kz атауға болады.
Ресми  талдамалы  материалдар  –  www.kisi.kz  сайтында  жарияланатын.  Сайт
материалдары екі тілде  –  орысша  және  ағылшынша  ұсынылады.  Дизайны  өте
ұтымды  жасалған  Қазақстан  Стратегиялық  Зерттеулер  Институтының  бетінде
республикадағы және халықаралық басты жаңалықтар жазылады,  сондай-ақ  мұнда
өзекті  мәселелерге  қатысты  аналитикалық  материалдар  орналасқан.   Флеш-
технологияларды   тиімді   пайдалана   отырып,   сайтты   жасаушылар    оның
тартымдылығын арттыра түскен.
      Ал  Саяси  Зерттеулердің  Орталық  Азия  Агенттігі  www.apr.kz  сайтын
шығарып тұрғанына 3 жыл болды. Бұл да  Қазақстанның  ақпараттық-аналитикалық
нарқында   оперативтілігімен,   жоғары   сапалылығымен,    объективтілігімен
танылған  интернет-басылым.  Ондағы  материалдар  сәйкесінше   өзектілігімен
ерекшеленеді.
      Қазақстандық интернет-журналистикасының қалыптасып, жаңа сипат ретінде
нығаюына, әрине, «Навигатор» интернет-газеті  зор  үлес  қосты.  Осы  арнада
жаңа талаптарды, стандарттарды енгізген де www.navi.kz .
      «Навигатор»  интернеттің   интерактивті   мүмкіндіктерін   пайдаланып,
журналистиканың   жаңа   стандарттарын    қалыптастырды.    Сонымен    қатар
журналистиканың сапасын көтеруде «Навигатордың» сіңірген еңбегі зор.
«Перспектива» интернет-басылымының жарық көре  бастағанына  көп  уақыт  бола
қойған жоқ. Дизайны тым жұпыны  келетін  аталмыш  басылым  әзірше  мәнді  еш
нәрсе ұсына алмай отыр деуге болады.
      Одан кейінгі  орында  -  әлемторда  таныстырылған  дәстүрлі  БАҚ-  ның
электронды нұсқалары. Қазіргі  уақытта,  Қазақстанда  шығып  тұратын  барлық
дерлік  БАҚ  жүйелік  нұсқаларын  да  жасап  алған.  Мұндай  қажеттілік   ең
біріншіден аудиториямен  үнемі  тығыз  қарым-  қатынаста  болу  керек  деген
міндеттен туындап отырғаны шындық.
      Интернетте таныстырылған дәстүрлі БАҚ-ның ішінде ең елеулісі – «Хабар»
агенттігінің сайты. Дизайны ең сапалы болып табылатын да, осы  сайт.  Бірақ,
ашылғанына біраз уақыт өткеніне қарамастан, оның әлі күнге өзгертілмей  келе
жатқаны  –  www.khabar.kz  электрондық  бетіне  кіріп-шығушыларының  санының
азаюына әкеліп отыр. Сайт үш тілде жасалғандығымен құнды.
      «Континент» журналының да электронды нұсқасы әлемтордан  орын  тепкен.
www.continent.kz те дәстүрлі  басылымдағы  материалдарын  жариялап  отырудан
көп аса қоймаған. Бірақ, оның жағымды жағы –  журнал  аз  тиражбен  таралып,
әркімнің қолы жете  бермейтіндіктен,  сайтта  сол  номердегі  материалдардың
жариялануы.  Сайттың  интерактивтілігі  болмаса,  оны  журналдың   дәлме-дәл
көшірмесі деп қабылдауға болады. Алайда,  журналдың  интернеттегі  дизайнына
шығармашылық ұжым көп мән  бермейді.  Егер  өмірдегі  «Континент»  -  қымбат
бағалы қағазға басылған, жоғары сапалы басылым болса, жүйелік нұсқасы  ондай
сән-салтанаттан аулақтау.
      «Жас Алаш» газетінің  сайтында  негізінен  басылымның  жаңа  нөмірінің
материалдары жарияланып тұрады. Бірақ бір  ерекшелігі  анонс  берілген  соң,
жалпы сол сандағы ең елеулі деген мақаласын атап өтеді. Тілдік жағынан  сайт
өмірдегі «Жас Алаштан» соншалықты ерекшелене қоймайды.
Тек жүйелік қазақтілді газеттің бірі -  www.akolya.hypermart.net/links.html.
Бұл негізінен іздестіру (поисковик)  сайты  боп  саналады.  Ондағы  берілген
қазақтілді сайттардың тізімі 10 шақты ғана  атауды  қамтиды.  Akolya-ға  тән
бір ерекшелік – ондағы сайттардың «ауыл» деп  аталатындығында,  яғни  сайтқа
шақыру: «Біздің ауылдың қонағы болыңыз!» деп  айтылады.  Қазақтілді  алғашқы
іздестіру  қызметі  болғандықтан,  сайтта  қызықтайтын  дүниелер   баршылық:
шетелдегі қазақ азаматтарымен тілдесу, қазақ  тіліндегі  рефераттар,  қазақы
қалжың,  мәдениет  пен  әдебиетке  қатысты  дүниелер,  т.б.  Олардың   бетте
орналасу тәсілдері де қызықты. Бірден көзге  түсетіні  –  сайттың  саясаттан
аулақтау болуға талпынысы.
      Қарағандыда БАҚ-на Құқықтық көмек көрсету Орталығының  базасында  2002
жылы  www.arka.medilaw.kz  сайты   ашылған   болатын.   Жас   журналистердің
қолдауымен  шығатын  бұл  сайт  7  бөлімнен  тұрады.  Бұл   сайт   аймақтағы
журналистерге  ғана  емес,  қалың  оқырман  аудиториясына   бірдей   қызықты
екендігіне дау жоқ.  Толығымен  қазақ  тілінде  жасалған  сайтта  кез-келген
жастағы оқырман өзіне лайық, қызықты дүниені таңдап  оқи  алады.  Тақырыптық
аясы әдебиет, мәдениет, тарих, құқық саласындығы жарияланымдар мен  көрнекті
тұлғалармен сұхбаттарды қамтиды.
      Қазақ тіліндегі басқа  ақпараттық  сайттар  тар  шеңбердегі  тақырыпты
қамтиды, ал «Тарлан» сайты бұл мәселені өте ұтымды шешкен. Ондағы  «Саясат»,
«Пікір»,  «Рейтинг»,  «Сұхбат»,  «Шолу»  сияқты  түрлі   айдарлары   бойынша
қоғамдағы түгелдей саяси-әлеуметтік, мәдени-экономикалық  салалар  қамтылған
материалдар аптасына екі-үш  рет  жаңартылып  отырды.  Сайт  сонымен  қатар,
дәстүрлі қағаз басылымдармен келісім-шарт  жасасып,  сайттағы  материалдарды
белді қазақсандық басылымдардың беттерінде жариялауға  қол  жеткізді.  Ондай
келісім  жасаудың  тағы  бір  себебі  –  Қазақстанда   интернеттің   беделін
нығайтып, аналитикалық сипаттағы net-журналистиканың дамыту еді.
      Жалпы,  Саяси  Зерттеулердің  Орталық  Азиядағы   агенттігі   интернет
кеңістікте одан да басқа тағы бірнеше қазақтілді  жобаларды  өмірге  әкелуші
ретінде белгілі. Оның бірі –  Отырар  кітапханасы,  www.otrar.kz  –  қазақша
әдебиеттерді  таныстырса,  екіншісі   –   www.munai.kz   -   Каспий   аумағы
мәселелеріне арналған.
      Қорыта  айтқанда  қазіргі  таңда   қазақ   интернет   кеңістігі   жаңа
сайттармен,  порталдармен,  блог  платформалармен,   моблогтармен   жаңалану
үстінде. Бұл үрдіс елімізде азаматтық  журналистиканың  дамуына  зор  үлесін
қосып,  қазақстан  журналистикасының  демократиялық  бағытқа   қадам   жасап
жатқандығын дәлелдейді.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 1,3,10
Қосымша: 2,4,7,9,12,13

         Дәріс 6. Интернеттегі бұқаралық ақпараттың заңмен реттелуі

      1.Интернет БАҚ бола ала ма?
      2.Интернеттің құқықтық мәселелері
      3.Ақпарат таратудағы заң бұзушылықтар.
      4.Провайдерлер жауапкершілігі
      5.Авторлық құқықтың бұзылуы.Киберқылмыстар туралы конвенция.
      Елімізде 1999 жылы  қабылданған  бұқаралық  ақпарат  құралдары  туралы
Заңның 1-бабының 2-пункті  бойынша  «бұқаралық  ақпарат  құралы  –  мерзімді
баспасөз басылымы, радио және теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама,  дыбыс-
бейне  жазбасы   және   көпшілік   қолжеткізе   алатын   телекоммуникациялық
желілердегі  (интернет  және  басқалары)  WEB  –  сайттарды  қоса   алғанда,
бұқаралық ақпаратты  мерзімді  немесе  үздіксіз  жария  таратудың  басқа  да
нысаны» деп көрсетілген. Сонымен қатар, осы заңның 15-пунктінде «WEB-сайт  –
Қазақстан Республикасының жеке немесе  заңды  тұлғасының  арнайы  техникалық
және бағдарламалық құралдардың көмегімен  дайындалған,  меншік  иесі  жаппай
тарату мақсатында ақпарат беретін электорнды өкілдік билік» делінген.
      Интернеттегі авторлық құқық «Авторлық құқық  және  сабақтас  құқықтар»
туралы Қазақстан Заңымен реттеледі.  Заңда  интернет  шартты  түрде  ақпарат
құралы  ретінде  қарастырылмайды,  бірақ  талаптары,  ортақ  міндеттері  сай
келеді. Заңның 6 бабының 1 – тармағында: «Авторлық құқық мақсатына,  мазмұны
мен маңызына, берілу әдісі мен нысанына  қарамастан,  шығармашылық  еңбектің
нәтижесі   болып   табылатын   ғылым,   әдебиет   және   өнер   туындыларына
қолданылады».  «Кез  келген   сайт   шығармашылық   туындысы   болғандықтан,
интернеттегі  сайттардың  барлығына  осы  заң  қолданылады».  Осы  баптың  2
тармағында: «Авторлық құқық белгілі бір обьективті түрге ие болған:  жазбаша
(қолжазба, машинкаға басылған, нотаға жазылған және  сол  сияқты);  бейнелеу
(сурет, нобай, көркем сурет, жоспар, сызба, кино, телебейне  не  фотокадрлар
және сол сияқты)  көлемді,  кеңістікт  (мүсін,  үлгі,  макет,  ғимарат,  сол
сияқты) түріндегі жарияланған туындыларға да қолданылады» – делінген.  48  –
бапта «заңда  көзделген  авторлық  және  сабақтас  құқықтарды  бұзғаны  үшін
Қазақстан  Республикасының  заңдарына  сәйкес  азаматтық,   қылмыстық   және
әкімшілік жауаптылық туындайды» - деп көрсетілген.  Демек  кез  келген  сайт
шығармашылық туындысы болғандықтан, интернеттегі  сайттардың  барлығына  осы
заң  қолданылады.  Қажеттілік  туа  қалған  жағдайда,  заңды  алға   тартып,
шығармашылық   меншігіміздің   құқығын   қорғай   аламыз.   Бірақ   интернет
провайдерлерінің міндеті әлі  де  болса  жетілдіруді  қажет  етеді.  Олардың
басты табыс көзі – интернет  басылымдары.  Сондықтан  интернет  дизайнерлері
де, оның шығармашылық ұжымы да одан белгілі бір дәрежеде табыс тауып  отыруы
заңды.
      Ең алғаш интернетті бақылауға алу, шектеу жүйесі 1999  жылы  «Евразия»
сайтын жабуға байланысты іске  қатысты  тіркеліпті.  Осыдан  соң,  Қазақстан
Республикасы   Үкіметінің   1999   жылдың   25   қарашасындағы    қаулысымен
қазақстандық сайттарды тіркеу қатаң тексеруден кейін жүзеге асатын болды.
      АҚШ-тың арнайы ақпаратты инфрақұрылымды дамытудың ұлттық  бағдарламасы
мемлекеттің соңғы жылдардағы ең ұтымды және сәтті шешімдерінің  бірі  болды.
АҚШ-тың  бағдарламасы  Еуропада  қолдау   тауып,   сол   негізде   еуропалық
комиссияның   ақпараттық-қауымдастық   тұжырымдамасы   жасалынған.   Өйткені
интернетті АҚШ тұрғындарының 90 пайызы  қолданады.  Жүйе  арқылы  үкіметінің
немен айналысып отырғаны және  қандай  қаржыны  қандай  мақсатқа  жұмсалғаны
туралы мәліметтер еркін таратылады. Тіпті автокөліктерді  тіркеу,  салық  та
жүйе арқылы төлене алады.
Ресейдегі жағдай 1999 жылы сол  кездегі  президентінің  интернет-мамандармен
кездескеннен   кейін   реттеліпті.   Кездесудің   нәтижесі   –    «Ақпаратты
технологиялардың Ақ кітабы» деп аталады.  Оны  Ресей  президенті  әкімшілігі
жанындағы  ақпараттық  технологиялар  жөніндегі  тұрақты   кеңес   мамандары
жүргізеді. Интернеттегі сайттардың  барлығына  БАҚ  деп  қарауға  болмайтыны
айдан  анық.  Өйткені,  БАҚ  болудың  басты  белгілері  –  мерзімділігі  мен
жаңартылып  отыратын  жиілігі  және  сайтқа  келушілерді   тіркеп   отыратын
ақпараты. 2005 жылы мамыр айында  Еуропа  кеңесі  «Интернет  арқылы  ақпарат
алмасу еркіндігін» жариялаған болатын.  Онда  дәстүрлі  ақпарат  құралдарына
қойылатын   талаптарды   интернетке   қатысты   қолдануға   және    интернет
провайдерлерін  әр  түрлі  арналар  арқылы  өтетін  ақпараты  үшін   жауапқа
тартуға, сайттарды блокировка жасауға болмайтындығы айтылған».
      Ақпараттық  технологияның  мүмкіндігін  пайдаланушы  қылмыстық  топтар
ойына келгенін істеуде. Нақтылап  айтар  болсақ,  компьютерлік  ақпараттарды
ұрлау, оларды заңсыз және күшпен иемденіп алу,  ақпарат  қорларына  қашықтан
шабуыл жасауды ұйымдастыру, ақпаратты жоюды,  жинау  және  өзгертуді  мақсат
ететін компьютерлік вирустарды жасап, өңдеу.  Олардың  қатарында  «логикалық
бомбалар», «трояндық аттар» т.б. ақпараттық қарулар бар.
      Қазіргі таңда интернет журналистиканың жаңа бағыты –  блогинг  дамуда,
әрбір  адам  блог  ашып,  жеке  күнделік   жүргізуде.   Сондықтан   интернет
кеңістігінде  орындалатын  заңдық   нормаларды,   жалпы   алғанда   құқықтық
аспектілерді  толығымен  меңгеру  қажет.  Қазіргі  таңда  біршама  ресейлік,
«Петербург   Линк»,   «СовНет»   сияқты    провайдерлік    компаниялар    өз
тұтынушыларына өздерінің веб-беттерінде материалдың қайдан  алынғаны  туралы
сілтемелер, анықтамалар көрсетіп отыруларын айтады. Бұл әрине интернетте  өз
материалдары қолданылатын жеке меншік емес авторлардың құқығын  қорғау  үшін
де жасалған шара.
      Қазақстандық   www.solaide.kz   ақпараттық   порталында   (03.10.2007)
«Қазақстандық  интернеттiң   «туған   күнi»   қашан?»   тақырыбында   мақала
жарияланған. Қолданылған әдебиеттер тізімі болғанымен, ғылыми  мақаланың  не
авторына,  не  ақпараттың  қайнар  көзіне  сілтеме  көрсетілмеген.  Дәл  осы
материал 2006 жылы  жазда  «Арқа  Ақпарат»  сайтында  (www.arka.medialaw.kz)
жарияланған.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 2,5,6,10,12,17
Қосымша: 5,6,8,11,12

            Дәріс 7. Интернет журналистика және этика мәселелері

      1. Веб-Журналист және этика мәселелері
      2. Интернет журналистикаға этикалық нормалар керек пе?

      Интернет  кеңістігінде  жалпы  этика  мәселелері  кейінгі   уақыттарды
кеңінен    сөз    болуда.    Дербес    компьютордың     алдына     жайғасқан
оқырман,көрермен,тыңдарман  өзін  еркін  сезініп,  кейде  тым  шектен  шығып
кететін жағдайлар да жоқ емес.Интернет басылымдардағы мәтіндердің  рұқсатсыз
көшіріліп басылуы. Интернет журналистиканың этикалық  кодекстері.  Қазақстан
Республикасының журналистерінің  этикалық  кодексі  жобасы.  Авторлық  құқық
мәселесі.Жарнама туралы заң  баптары.Интернет  басылымдардағы  толеранттылық
мәселелері.  Интернет  басылымдардағы   балалар   тақырыбы   және   этикалық
нормалардың  сақталмауы.  Интернет  тв-дағы  этикалық   норманы   сақтамаған
сюжеттер.  Подкастардағы  этикалық  нормалардың  сақталмауы.Ұлтаралық  қарым
қатынас мәселесінің этикалық статусы.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 2,5,6,10,12,17
Қосымша: 5,6,8,11,12

                 Дәріс 8. Дәстүрлі БАҚ және жаңа медиа орта

      1.Интернеттегі газеттер
      2.Журналдар
      3.Интернет радио
      4.Интернеттегі телевизия
      Интернет  журналистиканың   дәстүрлі   журналистикадан   айырмашылығы:
интернет журналистерге жаңа технологияларды көрсетуде; ақпарат  шұғыл  түрде
беріледі; ақпараттың күллі әлем елдеріне  бір  мезетте  таралуы;  оқырмандар
санының сағат сайын жоғарылауы. Міне, осы ерекшеліктерімен бүгінде  интернет
журналистика көш  ілгері  дамуда.  Десек  те  дәстүрлі  журналистикадағы  ең
ұтымды тұс оның заң нормаларымен  реттеліп  отыратындығы  болса  керек.  Ал,
интернет журналистикада заң нормаларының орындалуы  екі  талай  күй  кешуде.
Қазақстанда интернет 1990-шы жылдары дүниеге келді. Бүкіләлемдік байланыс  –
әлемтордың біздің елге келгеніне де 20 жылға жуықтады. Осы уақыт  аралығында
ғаламдық жүйе тек ұлттық және мемлекетаралық шекараны ашып қана  қоймай,  ол
біздің ақпарат дәуіріне еркін енуімізге айтарлықтай жағдай жасады.  Расында,
Интернеттің көмегі, әсіресе,  отандық  БАҚ  пен  билік,  түрлі  коммерциялық
ұйымдар мен мекемелердің қызметі үшін зор қолғабыс болды. Интернет  тарихына
нақтырақ тоқтала кетсек, 1991 жылы алматылық “Парасат” фирмасының  базасында
«Relcom» желісінің (ең алғашқы кеңестік компьютерлік желі)  аймақтық  түйіні
дүниеге келіп, оның көмегімен елімізде тұңғыш  рет  электронды  пошта  пайда
болды. Ал  1993  жылы  «RelcomSL»  үнемі  интернеттік  желіні  жүзеге  асыру
мақсатында  Санкт-Петербургте  орналасқан  «RELCOM-нің»  түйініне  жалғанып,
осылайша біздің елде E-maіl, WWW,  FTP,  USENET,  ІRC  т.б.  қызмет  көрсету
түрлері бойынша ғаламдық  байланысқа  ену  мүмкіндігі  пайда  болды.  Бірақ,
негізінен отандық Интернеттің дүниеге  келген  күні  Халықаралық  ақпараттық
байланыс орталығына тіркеліп, ресми түрде KZ ұлттық  доменін  иеленген  1994
жылдың 19 қыркүйегі болып есептеледі. Сол жылдың  аяғына  қарай  елде  пайда
болып үлгерген сайттардың қатары 15-ке жеткен екен.
      Содан бері отандық Интернет желісінде әр түрлі тақырыпты, мысалы,  ірі
компаниялар,  мекемелер,  облыстық-қалалық  әкімдіктерден   бастап,   елдегі
спорт,  мәдениет,  тарих,  жаңалықтарды  т.б.  қамтыған  сайттардың   қатары
біртіндеп көбеюде.
      Мәселен, 1997 жылы қазақстандық футбол мен шайбалы  хоккейге  арналған
тұңғыш спорттық сайт дүниеге келді.  Ал  Семейдің  Ф.М.Достоевский  атындағы
орыс драма театры елдегі  театрлар  арасында  алғашқы  болып  Интернетте  өз
сайтын жариялады. 1998 жылдың 30  қыркүйегінде  Алматыдағы  Орталық  әмбебап
дүкенінің  30  жылдығына  арналған  мерейтойлық  концерттен  республикамызда
Интернеттің көмегімен тұңғыш аудиовизуалды трансляция жүзеге асты.
      Сапа  жағынан  сөз  болатын  мәселелер  отандық  Интернеттегі  дизайн,
көркемдік,  мазмұндық  безендіру,  сайттың   жалпы   өзінің   қабілеті   мен
қажеттілігі, әсіресе, оның бизнес ретінде өз-өзін пайдалана  алуы  турасында
айтылып қалып жүр.  Мысалы,  безендірілуі  мен  тұтынушыға  қызмет  көрсетуі
жағынан   ішінара   отандық   сайттардың   шетелдік   сайттармен   әлдеқайда
салыстыруға келмейтін тұстары бар  екені  шындық.  Мұнда  сайттардағы  қазақ
тілінің үлесі мен жалпы қазақ тілі  қаріптерінің  оқылу-оқылмауы  өз  алдына
жеке тақырып.
      • Біріншіден, веб-дизайнерлік сала енді ғана даму  үстінде.  Дегенмен,
республикамызда жыл сайын веб-дизайнерлердің  жүлдесі  сарапқа  салынып,  ең
үздік  деген  сайттар   марапатталып   жатады.   Мысалы,   «Отан»   партиясы
ұйымдастырған  мұндай  бәйгелердің  бірінде   «Хабар»   агенттігінің   сайты
мазмұндық, көркемдік жағынан екі жыл бойы бас  жүлдені  иеленсе,  Aword-2004
байқауында Қарағандылық «Арқа Ақпарат» сайты  мазмұны  мен  дизайны  жағынан
үздік сайт атанған.
      • Екіншіден,  сайттардағы  қызмет  көрсету  –  «Интернет-бизнес»  түрі
ретінде пайдалану әлсіз күйде келеді. Мүмкін, халық бұл  сервис  түріне  әлі
дайын емес шығар. Яғни шет мемлекеттердегідей, үйде отырып-ақ  «ғаламтордан»
түрлі  дүкендерді  аралап,  қалаған  дүниеге  тапсырыс  беретін  дегендей...
Бірақ, ішінара кейбір сайттарда жарнама арқылы табыс табу бар.  Бұл  да  бір
«интернет-бизнес». Мәселен, алматылық Дәурен есімді студент өз блогын  ашқан
және оны бүгінде бизнес көзі ретінде пайдалануда, өз  блогынан  табыс  тауып
отыр.
      • Үшіншіден, кез келген тақырыпта мағлұмат алудың өзі  қиынның  қиыны.
Интернет  сайттар  санаулы  ғана.  Мәселен,  www.Google.kz   іздеу   жүйесі,
www.referattar.kz,  www.tor.kz.  сынды  сайттар  бар.  Ресейлік   «Рамблер»,
«Апорт», «Яндекс» сияқты әмбебап сайттарға  ұқсас  отандық  Интернетіміздегі
жан-жақты сайт – www.Sіte.kz-тің өзі талабыңызды  қажетті  деңгейде  орындап
бере алады деу қиын.
      Қазақстанда әзірге 3 мыңға таяу интернет сайттары тіркелген. Оның  20-
25 пайызы БАҚ құралдарының меншігі болса, қалғаны  әр  түрлі  бағытта.  Оның
ішінде банк те бар, сауда нүктелері де бар,  жекелеген  адамдардың  сайттары
да  кездеседі.  Халықаралық  IDC-тің  (Халықаралық   мәлімет   корпорациясы)
зерттеулері  бойынша,  Қазақстан  Орта  Азия   елдері   ішінде   компьютерді
пайдаланушылардың саны жөнінен алда келеді.
      Ал Еуропа Қауіпсіздік Ұйымының зерттеулері бойынша Қазақстан  халқының
тек 9 пайызы кем дегенде жұмасына бір  рет  интернет  қызметін  пайдаланады.
Ал, «Қазақтелеком» қызметкерлері  «800  мыңнан  аса  абонеттеріміз  Интернет
қызметіне қосылды», – дейді. Зерттеулерге  қарағанда  еліміз  жастарының  90
пайызы  компьютер  қолданса,   олардың   60   пайыздан   астамы   интернетті
пайдаланады.
      Тіркелген 490 сайттың тек 53-ғана  қазақ  тілді  ақпарат  тарату  үшін
пайдаланып отырған. Әсіресе, қазақ тілді веб-беттерінің деңгейі  өте  төмен.
Қазақстандық тұтынушылардың көбі ішкі желі ресурстарын  (қазақстандық  емес)
пайдаланады. Олардың басым бөлігі Ресей интернет  кеңістігі  арқылы  келеді.
Қазақстандық трафик біздегі интернет трафиктің 5 те 10 пайызын ғана  құрайды
екен.  Бұл  біздің  интернет  әлеміндегі  ақпараттардың  жеткіліксіз  екенін
дәлелдейді.  Бұл  қазақстандық  интернет  секторында  отандық  провайдерлер,
интернетке төменгі  бағамен  қол  жеткізетін  қызметті  ұсына  алмайтындығын
көрсетеді. Интернет тарифтерін мысал ретінде алғашқы бөлімде айтып өттік.
      Жаңа қоғам, жаңа ақпарат, жаңа  медиа.  Осылардың  барлығы  «ғаламтор»
деген бір сөздің аясында жатыр.  Бұл  бүкіләлемдік  байланыстың  қуантарлығы
да, құптарлығы да сол, кез келген  елмен  тікелей  байланысқа  шығасыз,  кез
келген қажетті дүниеңізді табасыз  дедік  жоғарыда.  Ұлттық  салт-санамызға,
этикаға, төл әдеп-ғұрпымызға жат дүниелерге тосқауыл қою  мүмкін  емес.  Бұл
мәселе  жөнінде  «БАҚ  туралы»  және  «Жарнама  туралы»  заңда   да   ештеңе
айтылмайды. Сондықтан, әр мемлекетте Интернет жүйеге бақылау орнату  қызметі
болуы да шартты нәрсе.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:3,4,9,10,12
Қосымша: 5,8,10,11,12,13

           Дәріс 9. Интернет журналистикадағы гипер мәтін түсінігі

      1.Интернет   журналистикадағы    гипермәтінділік.    Гипер    мәтіннің
мүмкіндіктері.
      2.Гипермәтіннің классификациялануы.
      Ең  алдымен,  интернет-журналистика  мультимедиалығы-мен  ерекшеленді.
Мәселен, қағаз  басылымдар  ақпаратты  мәтіндік  және  графикалық  тәсілмен,
телевизия  –  видеоқатар  мен  дыбысты  пайдаланып,  ал  радио-дыбыс  арқылы
жеткізеді.  Интернетте  осының  барлығы  қолданылады.  Яғни   мультимедиалық
кеңістікте ақпаратты мәтіннен бастап видеоға дейінгі барлық  амал-тәсілдерді
қолдана отырып жеткізуге болады.
Мультимедиа – компьютерлік қосымшаларда ақпарат  беру  тәсілдерінің  (мәтін,
дыбыс, сурет, видео) барлығын кешенді түрде қолдану.
Интернеттің  мультимедиа  сияқты  тағы  бір   маңызды   (басты)   қасиетінің
(ерекшелігі)  бірі  –  уақытқа  тәуелсіздігі  және   сол   сәтте   ақпаратты
архивациялауға қабілеттілігі.
      Бұқаралық ақпарат құралдарын біз шынайы уақыт режимінде  және  кейінді
уақыт режимінде жұмыс істейтін деп 2-ге  бөлеміз.  Алғашқыларының  қатарында
тікелей эфирге шыға алатын теледидар мен радионы атасақ, ақпаратты  белгілі-
бір уақыт өте жариялайтын, яғни «кейінгі  уақыт  режимінде»  жұмыс  істейтін
газет-журналдарды екінші топта қарастырамыз.
Интернетте бұл режимдердің  екеуі  де  қамтылған.  Сондай-ақ,  оның  қайсысы
қолданылса да, сайтта ақпарат пайда болысымен, сол сәтте  архивтену  процесі
де қатар жүреді. Арада  қанша  уақыт  өткеніне  қарамастан,  юзердің  сұрауы
бойынша  кез-келген  ақпарат  сұрыпталып,  шексіз  мәрте   ұсыныла   береді.
Интернет-басылымдарда жарияланған  барлық  материалдар  арнайы  «АРХИВ»  деп
аталатын сілтемелерде сақталады. Негізінен, онда  тақырыптық  емес,  даталық
іздеу салу ұсынылған. Гипермәтіндік іздеу тәсілін тек интернетте ұзақ  уақыт
шығып тұрған газеттер қарастырған.
      Гипермәтін (hypertext) – компьютердегі барлық деректер базасын, сондай-
ақ құжаттарды ақпарат алуды жеңілдету үшін  белгілі-бір  жүйемен  сұрыптауды
ұйымдастыру.   Пайдаланушы   сілтеме   жасаған   кезде   оған    белгілі-бір
ассоциативтік  байланыс  арқылы  арнайы  тақырыптарға   жүйеленген   ақпарат
ұсынылады.
      Гипермәтін үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істеген кезде аса қолайлы.
Гипермәтіндік  программалар  –  браузерлер  (browser)  –  берілген  тапсырма
бойынша ақпарат іздестіруде түрлі  амал-тәсілдерді  ұсына  алады.  Ең  алғаш
(1965  ж.)  hypertext   терминін   енгізген   Теодор   Нельсон.   Нельсонның
гипермәтінге берген анықтамасы: «сұрау  бойынша  тарауланып,  жүзеге  асатын
арнаулы жазу түрі (форма письма, которое ветвится  и/или  осуществляется  по
запросу)».
      Өмірге келген  журналистиканың  жаңа  түрі  осы  саланың  мамандарынан
қандай  да  бір  арнайы,  ерекше  қабілет-қарымын  талап   еткен   жоқ.   Ол
бұрынғысынша қоғамдағы өзекті мәселелерді жазуды жалғастырды, тек оны  ұсыну
формасы жаңарды.
      Ең алдымен, интернеттегі журналистік туынды қысқа  әрі  нұсқа  жазылуы
тиіс. Есте  ұстайтын  басты  нәрсе:  жазылып  отырғаны  –  жай  мәтін  емес,
гипермәтін. Сондықтан «толығырақ мына  жерде»,  «оны  мына  жерден  көресіз»
(можете узнать/увидеть здесь) деген  сияқты  сілтемелерді  пайдалану  арқылы
материалдың бағасы артады.
      Интернет – журналистиканың тағы бір  аса  маңызды  ерекшелігі  –  оның
интерактивтілігінде.  Яғни,  оқырмандармен  жедел  түрде   байланысқа   шығу
қабілеттілігінде. Оның бірнеше амалы бар: меймандар кітабы, түрлі  форумдар,
кері байланыс адрестері.
      Интернет - журналистиканың  тілдік  ерекшелігі  –  оның  еркіндігінде.
Әлемторда жарияланған журналист туындысы қоғамда бекіп қалған  ұстанымдарды,
ережелерді мойындамауы  да  мүмкін.  Дегенмен  де,  ол  аудиторияның  талап-
талғамын   қанағаттандырып   отырғаны   рас.    Жүйедегі    жарияланымдардың
оқырмандарын алғашқы кезде осы фактор тартатын. Интернетке бас сұқсақ,  онда
негізінен,  дәстүрлі  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  интернет   нұсқалары
ұсынылғанын  байқар  едік.  Таза   жүйелік   басылымдар   (шетелде   болсын,
Қазақстанда болсын) саны қалай болғанда да басқа БАҚ сайттарынан аз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 1,3,9,10,12,13
Қосымша:1,3,4,8,9,10,12,13

    Дәріс 10. Интернет БАҚ. Конвергентті редакцияның жұмысын ұйымдастыру
      1.Ақпараттың үш циклы
      2.Конвергентті редакцияның жұмысын жоспарлау
      3.Жаңа медиадағы жаңа мамандықтар
      Қазіргі  таңда  журналист  қауымы  үшін  блогты  қарапайым   вебсайтқа
қарағанда демеп отыру да, жаңарту  да  оңай.  Блогтық  тұғырнамалар  (немесе
серверлер) постингтің өзіне тән бірнеше әдістеріне негізделген.
      Әуелде блогтардың танымал болуына әсер еткен жәйт, яғни  блог  әлеміне
арналған техникалық кілт - RSS (Really Simple  Syndication)  арналары.  RSS-
тың  базалық  элементі  саналатын,  блог  автоматты   түрде   жасайтын   XML
(eXtensible Markup Language)  файлдары.  Блог  автоматты  түрде  генерирация
жасағандықтан, ол басқа  сайтқа  немесе  блогқа  сілтеме  жасауға  мүмкіндік
береді. Сіз RSS арнаны  «синдикаттағанда»,  ол  блог  хабарламасының  атауын
сіздің  Outlook   әлде   Thunderbird   пошталық   бағдарламалардың   жаңалық
есептегішінде   (news   reader)   немесе   тікелей   сайтта   және    блогта
орналастырады.  Блогты  жаңалағанда  RSS  арна  да  жаңарады  және   ақпарат
автоматты түрде  жедел  тарайды.  Хабарламаны  уақтылы  жаңартып  тұру  үшін
блоггерлерге білу өте маңызды.
      Блогтың  келесі  бір  техникалық   құралы   –   онда   орналастырылған
материалдың  жарияланғанын  көрсететін   кері   сілтеме   (trackback).   Бұл
технология интернет платформаларының көбінде қолданылады.  Хабарлама  блогта
орнатылған кезде,  бет  жаңарғанда  автоматты  түрде  хабарлайтын  және  осы
сайтта орналасқан барлық сайттардың немесе түсіндірмелердің тізімін  жасауға
мүмкіндік беретін кері сілтеме қосылуы мүмкін. Екінші жағынан  блогқа  біреу
дәйексөз келтіргенде, курсор бұл дәйексөз туралы ақпараттанып,  хабарламаның
жанынан осы тақырып бойынша  басқа  адамдардың  шағын  мақалаларына  сілтеме
пайда болады. Өз материалыңыз турасында басқа біреудің  еске  салғанын  білу
әрқашан қызықты. Сонымен қатар, материалды тарату және өз  блогыңды  танымал
ету мүмкіндігі туғаны туралы хабардар болған тиімді.
      Алдымен жеке бет ашу үшін қажет  түсіндірмелерге  мән  берейік:  Блог-
тұғырнама (блогохостинг, блог-қызмет) - бұл блог жүргізуге арналаған  барлық
функцияларды қамтитын қызмет  көрсету  қозғалтқышы.  Егер  пайдаланушы  веб-
сервистермен  жұмыс  істей  алса,   тұғырнаманы   өз   талғамына   ыңғайлап,
түрлендіре алады. Блог - тұғырнамалардың бірнеше түрі бар:
      - Кәсіби: пайдаланушыға арнайы жеке блог тұғырнамасы ұсынылған, мұнда,
қалпына келтіру функциясы пайдаланушының ұсыныстарына сай жасалған.  Әдетте,
пайдаланушы тұғырнаманың кодын пайдалануға құқысы жоқ;
      - Жартылай кәсіби: пайдаланушы тұғырнаманы жалға алады (кейде  бірнеше
тұғырнамадан біреуін  таңдауға  мүмкіндігі  болады).  Жеке  қалпына  келтіру
функциясы болмайды. Файлдар хостинг (ақпаратты  сервисте  сақтау  функциясы)
арқылы сақталады.
      - Бұқаралық: пайдаланушыға сервис мүмкіндіктері  жалға  беріледі  және
тіркеу жазбасы ұсынылады. Пайдаланушы барлық мәліметке тікелей  қол  жеткізе
алмайды, тек  қана  тұғырнаманың  негізгі  мәзіріндегі  мүмкіндіктерін  көре
алады.
      Кәсіби немесе жартылай кәсіби блог-тұғырнамалар әдетте  ақылы,  себебі
бұл  модель  хостингті  ұсынып,  блог  жүргізуге  арнайы  бағытталады   және
қосымшалар мен сервисті жалға  береді.  Бұқаралық  блог-тұғырнамалар  тегін,
себебі олар хостингті емес, бұқаралық веб-сервисті ұсынады. Бұқаралық  блог-
тұғырнамалар     өзіндегі     әлеуметтік     байланыстың     басымдылығымен,
белсенділігімен  көзге  түседі.  Ең   таңымал   блог-тұғырнамалар   мыналар:
Ресейлік:    Блоги@Mail.Ru,    Lj.Rossia.Org,    Liveinternet,     Diary.ru,
Journals.ru,   Mylivepage.ru,   Blogonline.ru,   Bloground.ru,    Privet.ru,
Beta.ya.ru,    Blog.ru,    Presscom.org,     Blog-buster.ru,     Webblog.ru.
Белоруссиянікі: ByJournal, Украинанікі: Messages.com.ua
      Басқалар  :  MySpace,  Livejournal,  Blogger,  Typepad,  Windows  Live
Spaces, Netlog, Wordpress.  2007  жылдың  қараша  айында  блог  порталдардың
қолданушылар  санына  негіздеп,  «Nielsen  Onlinе»   статистикалық   мәлімет
жариялаған еді. Алғашқы ондыққа кірген блог порталдарды  төмендегі  тізімнен
көруге болады.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 9,10,12,15
Қосымша: 1,4,5,8,11,12,13

        Дәріс 11. Мультимедиялық журналистің (Веб журналист) қызметі

      1.Бағдарламалық қамтылу.
      2.Провайдерлер.
      3.Сайт құру кезеңдері.
      Вебсайттарды жаңарту  процесін  жеңілдететін  бағдарламалар  арқасында
блогтар дүниеге келгені жасырын емес.
Блогты   жүргізу   үшін   қажетті   бағдарламалық   құралдар   ең   алдымен,
пайдаланушыларға ыңғайлы  интерфейсті  (веб-браузер  арқылы  қолдана  алатын
және контентті ақпаратпен толықтыруды), архив пен іздеу барысын  динамикалық
түрде басқаруды қамтамасыз етуі  керек.  Блогта  орналастырғаннан  кейін  де
өзгермей, тұрақты  болып  қалатын  интернеттік  екі  адрес  болады:  жалпыға
ортақ, қоғамдық кіру адресі және блогты жасаған  адамға  тиесілі,  басқарып,
өзгеріс енгізу  үшін  арналған,  парольмен  қорғалған  адрес.  Блогты  блог-
қоғамдастығына қосуға немесе өз  серверіңізде  орналастыруға  болады.  Жұмыс
жасап жүрген тұғырнамада блогты орналастыру әдетте бірнеше минут қана  уақыт
алады. Сіз клавиатурада  пайдаланушы  есімін  және  паролін  тересіз.  Содан
кейін пернені бірнеше рет шертесіз, блог  қосылады.  Егер  сіз  блогты  «тек
қарап көру үшін» жасасаңыз,  онда  мына  тәсіл  жарамды.  Себебі  оның  құны
қымбат  емес  (ең  көп  дегенде  -  айына  бірнеше   евро),   қоғамдастықпен
қамтамасыз етілетін трафиктің (интернет  арқылы  таралатын  ақпарат  көлемі)
және қоғамдастықтың әйгілі болуына байланысты ыңғайлы, жылдам және  тағы  да
бірқатар артықшылығы бар. Десек те,  мұның  кейбір  кемшіліктері  жоқ  емес.
Интерфейс және нақтырақ сипаттама жасау үшін  мүмкіндіктің  шектеулі  болуы,
сонымен қатар жарнама орналастырудың оңай болмайтындығы.  Мұндағы  ең  үлкен
қауіп - тұғырнама жұмысының тоқтап қалуы.
      Блогтар  үшін  арналған  құралдар  –  бұл  серверде   орналастырылатын
бағдарламалық қамтамасыздандыру, сайттарды автоматты түрде  қосуға  арналған
скриптер және жарияланған материалды сақтауға  арналған  мәліметтер  базасы.
Орнатылғаннан  кейін  бұл  құралдар  стандартты  веб-браузер  арқылы   жұмыс
істейді. Бұл ретте блогты  орналастыру  және  жіберу  үшін  ешқандай  арнайы
білім, мысалы, HTML-ды білу  қажет  емес.  Бірақ  инсталляция,  конфигурация
таңдау және рұқсат ету қағидаларын орнату, мәліметтер  базасан  жасау,  FTP-
жүктеуді (FTP-loading) орнату бірқатар қиындықтар туғызуы мүмкін.
      Блогтардың сыртқы келбеті қандай болғаны жөн?
Әдетте тұғырнама белгілі бір түс, қаріп, бет интерфейстер таңдауын  ұсынады.
Бұл мүмкіндіктер туралы ақпарат  алу  үшін  бірнеше  блогты  қарап  шығыңыз.
Көптеген ақысыз қоғамдастықтар блоггерлерден әрбір  бетте  жарнама  енгізуін
талап етеді.
      Енді ұсынылған сипаттамаларды қарап, блог дизайынын өзгерте аласыз ба,
басқа  авторларды  шақыра  аласыз  ба,  сурет  немесе   дыбыстық   файлдарды
орналастыра аласыз ба немесе телефон көмегімен  жаңартуға  бола  ма  жоқ  па
екенін  анықтап   алыңыз.   Сонымен   қатар,   тіркелген   пайдаланушылардың
мүмкіндіктеріне қойылатын шектеулер (толықтай немесе жарым-жартылай)  туралы
шарттарды анықтаңыз. Бұдан соң кейбір  жасырын  шығындар  туралы  біліп  алу
артық емес. Кейбір қоғамдастықтар ақысыз  қызмет  ұсынады,  әйткенмен,  олар
сақталатын мәліметтердің белгілі бір мөлшерінде және белгілі  бір  жылдамдық
үшін ақша талап етуі мүмкін.  Мұны  алдын-ала  нақтылап  алу  керек.  Осыған
байланысты   төменде   тегін   немесе   ақылы   тұғырнамалардың   мекен-жайы
көрсетіліп, қызмет түріне сипаттама берілді.
      Халықаралық тұғырнамалар:
      • Blogger - http://www.blogger.com. Тегін. 1999  жылы  құрылған,  2003
жылы Google сатып алған. Құрамында сегіз миллионға жуық  блоггер  бар  үлкен
қоғамдастық. Тұғырнаманы қолдану өте оңай, бірақ та кейбір шектеулер бар.
      • LiveJournal - http://wwwlivejournal.com. Тегін немесе  ақылы  (айына
шамамен 2  АҚШ  доллары).  Ең  ескі  платформалардың  бірі.  Құрамында  алты
миллионға жуық блоггері бар, негізгі пайдаланушылары – жастар.
      • MSN Spaces - http://www.msnspaces.com. Тегін.  2004  жылдың  соңында
құрылған Microsoft-тың платформасы.  Мүмкіндіктері  көп  (фотосурет  алмасу,
Messenger link). Жасы 13-ке толғандар ғана тіркеле алады.
Франкотілдес тұғырнамалар:
      • 20six - http://www.20six.fr. Тегін немесе ақылы  (айына  3-7  евро).
Көптеген мүмкіндіктер ұсынады, негізгі және жаңартылған түрлері бар.
      • Over-Blog  –  http://wwwover-blog.com.  Тегін.  Дизайны  жақсы  және
қолданысы қарапайым. Францияның ең үлкен платформасы,  жастар  арасында  өте
танымал, дегенмен, шектеулер бар.
      • Skyblog - http://www.skyblog.com. Тегін (жарнаманы талап етеді).
      •  TypePad  –  http://www.typepad.com/sitefr.  Ақылы  (сипаттамаларына
байланысты айына 5-тен 15  евроға  дейін).  Мүмкіндіктері  кең,  өте  кәсіби
тұғырнама. Тегін түрін келесі блог-қоғамдастығы арқылы алуға болады:
      •    Noos     (http://wwwnoos-blog.fr)     немесе     Neuf     Telecom
(http://www.neufblog.com) ViaBloga – http://viabloga.com  Коммерциялық  емес
қоғамдастықтарға – тегін, басқаларына
айына 5 евро. Дара, динамикалық және қызықты мүмкіндіктері бар.
       Блогтардың  бағдарламалық  қамтамасыздануы   туралы   айта   кетейік.
DotClear       -        http://www.dotclear.net,        MovableType        -
http://www.movabletype.org,    Wordpress     -     http://www.wordpress.org,
Pointblog.com сияқты тұғырнамалардың мақсаты  –  қазіргі  заманғы  интернет-
революцияның  негізгі  элементі  ретінде  блогингтың  маңызын  және   дамуын
көрсету. Сайт жаңадан қосылғандар мен тәжірибелі пайдаланушыларға  арналған.
Бірнеше бөлім мен блогтан тұрады.  Бұл  блог  Кристоф  Джинисти  және  Сирил
Фьевенің «PointblogSARL» компаниясына тиесілі.
      Енді, блогты орнату, іске қосу жұмыстары туралы  айтпас  бұрын,  қазақ
блог әлемінде кең қолданыстағы тұғырнама «Уорд пресс»-ке  сипаттама  берсек,
«УордПресс»   (ағылш.«wordpress»)   -   коды   ашық    (оупен-сорс),    блог
жабдықтаушыларға  арналған  тегін  программа.  «УордПрессті»   PHP   тілінде
жабдықталып, «МySQL» датабейcін қолданған веб жасақтау жүйесі  деп  түсінуге
болады.  «УордПресс»  жиі  жаңартылып  отыратын   веб   сайттарды   (әсіресе
блогтарды) жасақтауға өте  тиімді.  GNU  (General  Public  License)  Жалпыға
арналған лицензия арқылы «УордПрессті» тегін қолдануға  болады.  Қазақ  блог
әлемі кеңейген сайын, қазақ тілінде  блог  жасайтын  арнайы  тұғырнамалардың
қажеттілігі сезілді. Сол  себептен  де  қазақ  блогының  жай-күйіне  бей-жай
қарай алмайтын ынталы топ, «wordpress» блог тұғырнамасын қазақшалаған.
      Бір ерекшелігі интернеттегі  барлық  бағдарламалар,  еркін  қолданысқа
түсе бермейді. «Уордпресс» еркін қолданыстағы жүйе  болғандықтан  оның  ішкi
жүйесін қалаған тілге сәйкес аудару мүмкіндігі бар.
2007-жылдың  аяғында  басталған  аударма  жұмысының  нәтижесінде  бұл  күнде
«Уордпресстің» арқасында блоггерлер қазақ тілінде блог бастауға  және  бұрын
ашылған блогтарын толықтай қазақшалауға көше бастаған.
      «Уордпресс» сайтының қолданушылары 2007-жылмен салыстырғанда 2008 жылы
анағұрлым өскен. Осы үрдіспен алға жылжи  беретін  болса,  алда  ең  танымал
блог портал ретінде  көретін  боламыз.  Ал  «LiveJournal»-дa  пайдаланушылар
саны кеміген екен [3]. Себебі оның «Уордпресстей» мүмкіндігі жоқ.
      Блоггер үшін тұғырнама таңдалғаннан кейін тіркелуден өту тиіс. Ол үшін
тіркелу терезесінің ішінде қажет тілді таңдап, пайдаланушы  аты,  кілт  сөз,
электрондық  пошта  адресін  дұрыс  теру  керек.  Сайттың  барлық   ережесін
қабылдағаннан кейін «Уордпресс» сіздің жеке бетіңізді  ашады.  Енді  жаңадан
ашылған блогтың авторы, үйлестірушісі, иесі болып,  блоггер  деген  атқа  ие
боласыз. Блогыңызда қалдырылған  әр  пікір  жөнінде  электрондық  поштаңызға
жеткен жүйелік хабарламалар айтып отырады. Блог жазбаларды немесе  посттарды
орнатқаннан кейін қасына сурет, фото мен видео файлды қосуға болады.
      «Жариялау»  түймесін  шерткеннен  кейін   жазба   блогта   жарияланып,
әлемтордың сұраныс жіберген кез-келген пайдаланушысына көрініп тұрады.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 3,5,9,10,12
Қосымша: 1,4,5,8,10,12,13

                 Дәріс 12. Интернет журналистиканың жанрлары

      1.Классикалық және жаңа жанрлар.
      2.Мультимедиялық және синтетикалық жанрлар.
      Алғашқы кезде дәстүрлі БАҚ-та  қызмет  атқарған  интернет  журналистер
арнайы бір жанрда жазып ерекшеленуді мақсат тұтқан жоқ.  Сондықтан  да  олар
журналистиканың  ақпараттық  жанрларында  заметка,   репортаж,   интервьюлер
жариялап  отырды.  Оның  үстіне  бұл   жанрларда   жазылған   материалдардың
контентіне  ешкім  мән,маңыз  бере  қоймады.  Кейінірек  интернетке  жарнама
берушілер  келгенде,  басылымдар  жарнамадан  пайда   көре   бастағанда   өз
тауарларын қызықты, өтімді, тартымды ету туралы ойлана бастады.
      Ақпараттық   жанрлардың   интернетте   кеңінен   дамуы.   Аналитикалық
жанрлардағы мәтіндер. Көркем публицистикалық жанрлардағы материалдар.
Статикалық  иллюстрациялар,  фотоленталар,   фоторепортаж,   фотогалереялар,
слайд-шоу, инфографика,карикатуралар.
      Видеобаған,  видеоочерк,видеокомментарий,   интерактивті   видеосюжет,
видеокөпір, мультимедиялық  ток-шоу,  тікелей  эфир,инфографика.  Ақпараттық
ойындар.    Мультимедиялық    мақала,инфографиялық     мақала.Мультимедиалық
материалды безендіру ережелері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 3,9,10,12
Қосымша: 10,11,12,13

            Дәріс 13. Онлайн-журналистиканың тілдік ерекшеліктері
      1.Желілік материалдарды әдеби өңдеудің ерекшеліктері.
      2. Мәтінді әдеби өңдеу. Мәтінмен жұмыс кезеңдері:
- декомпозиция (әр түрлі ақпаратты жіліктеу);
- композиция (жиналған ақпаратты жүйеге түсіру  арқылы  жаңа  мәтінді  жазып
шығу);
- құрылымдық-стильдік әдеби өңдеу;
- ішкі байланыс пен логикалық бірізділікті тексеру;
- мәтінді сынау (қажет болса қайта жазып шығу).
2. Тілдің қарапайымдылығы.
3.Стиль түрлері.Баяндау стилі. Отбасылық стиль.
4.Фтурошок.Жаңа сөздер.Желілік жаргонның негіздері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:3,9,12
Қосымша:10,11,12,13

                     Дәріс 14. Интернет БАҚ менеджменті
      1.Интернет-басылымдардың экономикасы мен менеджменті.
      2.Веб-сайттар рейтингі.
      3.Интернет жарнама мен  РR-технологияның  негіздері.Жарнама  сценариін
жазудың принциптері.  Юмор  -  назар  аудартудың  пәрменді  тәсілі  ретінде.
Жарнама жасаудағы шығармашылық ізденістер. Жарнама тиімділігін айқындау.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 3,9,10,11,12
Қосымша: 10,11,12,13
                      Дәріс 15. Азаматтық журналистика
      1.Азаматтық журналистика дегеніміз не?
      2.Блогтар олардың сипаттамасы, мазмұны мен түрлері.
      Қазіргі  таңда,  бұқаралық   ақпарат   құралдары   аудиторияны   тығыз
байланыста ұстап, оларды  өз  ісіне  тарту,  шығармашылыққа  баулу,  ақпарат
жинауға  қарапайым  тұрғындардың  араласуына   жағдай   жасауда.   Азаматтық
журналистика  туралы  бүгінде  әртүрлі  анықтамалар  бар.  Әлемтордағы  ашық
энциклопедия  «Википедияға»  сүйенсек,  азаматтық  журналистика  -   ақпарат
жинауда, есеп беруде, сараптама жасауда және жаңалық таратуда  белсенді  рөл
атқарады. Азаматтық  журналистика  –  БАҚ  арқылы  ақпарат  тарату  үздіксіз
процесін қарқынды етуге көмектеседі. Журналистиканың бұқара ортасына  жетіп,
онымен тығыз жұмыс істеуіне мүмкіндік тудырады. Сонымен қатар,  азаматтардың
өз проблемаларына көзқарасын анықтайтын, мәселені шешудің  оңтайлы  жолдарын
бірігіп іздестіретін тиімді фактор.
      Ал, «Лос-Анжелес таймс» газетінің Вашингтондағы  бюросының  жетекшісі,
Жак  Нелсон  «Азаматтық   журналистика   дегеніміз   -   қоғамдағы   күрделі
мәселелерді  шешуге  қатардағы  азаматтарды  қатыстыруға   әрекеттену»-десе,
Минессота  штатындағы  қоғамдық   телевизияның   атқарушы   директоры   Билл
Ханлэйдің пікірінше «белгілі  мәселеге  түсіністікпен  қарап,  оның  шешімін
табу  жолдарын  азаматтар  мен  журналистердің  бірлесіп  іздестіруі».  Олай
болса, азаматтық журналистиканы қоғамдық ой-пікірге әсер ететін құбылыс  деп
тануға болады.
      «Online Journalism Review» атты мақаласында (2003 ж.) Джей Ди  Лассика
азаматық журналистиканы БАҚ-тың құрамдас бөлігі ретінде қарастырып,  былайша
сараптайды:
      1)  аудиторияның  қатысуы  (мысалы,  интернеттегі  мақалаға   қосылған
оқырманның пікірі, вебкүнделіктер, ұялы телефондардағы  камераға  түсірілген
бейне, аудио файлдар, жергілікті тұрғындардың жаңалықтары);
      2) тәуелсіз жаңалықтар мен ақпараттық сайттар;
      3) жаңалық жариялайтын сайттардың  интернет  пайдаланушыларды  ақпарат
жинауға қатыстыру;
      4) жеке сайттар;
      Ақпараттық технологиялар маманы, журналист, әрі  блоггер  Дэн  Гиллмор
бүгінгі азаматтық журналистиканың теориясын жасағандардың  бірі  деп  айтуға
болады. Ол коммерциялық емес «Азаматтық БАҚ Орталығын»  құрған  және  өзінің
«Біз және медиа» атты кітабында: «Азаматтық журналистика - бұл адамзат  үшін
адамдар қолымен жасалынған журналистика» деп жазады.
      Азаматтық журналистиканың қазіргі заманғы формасының бірі  –  интернет
журналистика  оның  құрамдас  бөлігі  әртүрлі  деңгейдегі   сайттар,   блог,
моблогтар және т.б. Әлемтор пайдаланушысына, кәдімгі оқырманға,  сайт  ашып,
блог жүргізіп, моблог қызметіне сүйену еш қиындық  туғызбайды,  оның  үстіне
қазір тегін тұғырнамалық қызметтер де аз емес.
      Интернет  саннан  сапа  категориясына  өткелі,  кеңжолақты,  шектеусіз
болғаннан кейін, 2005 жылдан бастап фото, видео, аудио ақпаратпен  алмасатын
сайттар пайда болды (мысалы, «You Tube», «Flickr»,  «My  space»  т.б.).  Дәл
сол  кезде,  әлемтордың  жаңа  версиясы  WEB  2.0.  туралы  айтыла  бастады.
Блоггерлер өзі қызықтыратын немесе зерттейтін  салада  материал  жариялайды.
Интернеттегі жаңалықтар ТВ және радиодан да жеделдігімен  ерекшеленіп  отыр.
Қазіргі таңда блог әлеміндегі біреудің видеосы немесе  басқа  да  файлдардың
авторларына сілтеме  жасап,  жариялай  беруге  болады,  мұнда  ешқандай  заң
бұзушылық жоқ.
      2006 жылдың 13-14 қыркүйегінде Алматы қаласында «Қазақстанда азаматтық
журналистиканы  дамыту   және   сөз   бостандығын   жүзеге   асырудың   жаңа
мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстелде «Neweurasia» блогының негізін  қалаушы,
әрі редакторы Бенжамин Паарман:  «Блог  арқылы  адамдар  бірлесіп,  көздеген
мақсатына  жетеді  немесе   қарама-қарсы   көзқарастарды   диаметрлі   түрде
салыстырады. Мемлекеттің  тәуелсіз  БАҚ-тары  аз  болатын  жағдайда  блогтар
үлкен рөл атқара  алады.  Блогтағы  ақпарат  оқиға  ортасынан  алынады  және
қосымша ақпарат көзі болып табылады» - деп тұжырымдама жасаған.
Сонымен, әуелде азаматтық журналистика дегенді біз журналистер мен  оқырман,
тыңдарман, көрермен көмегімен  пайда  болған  туынды  немесе  журналистердің
оқырманмен  санасып,  оларды  толғандыратын  мәселелердің  мәнісін  ашу  деп
түсіндік. Бүгінде азаматтық журналистикаға кез-келген адам дәстүрлі  БАҚ-тан
тәуелсіз өз үлесін қоса алады,  әрі  журналист  үшін  альтернативті  ақпарат
көзіне айналып, жаңа медиа механизмінің элементі,  қажетті  бөлшегі  ретінде
қызмет атқара алатынын көріп  отырмыз.  Бұған  біріншіден  үздіксіз  ақпарат
толқыны мен жаңа технологиялардың  дамуы  себепкер  болды.  Алғаш  жазу-сызу
пайда болған кезден  бұрын,  тіпті  адамзат  баласы  жаралған  тұстан,  оның
санасының жетілу деңгейіне сай азаматтық журналистика  көріністері  туындады
десек артық айтпаған болар едік. Шын мәнінде, адам баласының  өзара  ақпарат
алмасу мүмкіндігінің өзі  жазу-сызудың  арқасында  одан  әрі  кеңейді.  Оның
дәстүрлі формасы - хат. Адамдар қарым-қатынасының,  ақпарат  алмасудың  ерте
заманнан бергі ерекше құралы осы хат болып келгені баршаға аян.
      Егер журналистика дегеніміз - өткір сөз, өзекті мәселе десек, көсемсөз-
 дәуір үні. Бұл екеуі бір  бірін  толықтырып  тұрған  домбыраның  қос  ішегі
іспеттес. Хан Жәңгірдің ылаңына бір өзі  қарсы  тұрып,  басын  дауға  салған
марғасқа ақын, Махамбеттің жырлары ұлттық журналистика  мен  публицистиканың
салмағына салмақ қосып тұрған баға жетпес қазына.
      Ұлттық  болмысымыз   тектілігіміз   бен   мәдениеттілігімізден   салт-
дәстүріміздің мәрттігінен жаңару үстіне жаңарғаны тарихи  шындық.  Сондықтан
да, қазақ басқаның назарына ілікті. Кешегі Шоқанның асқан дарындылығы,  оның
тіл  меңгерудегі  қабілеті  ел  ішіне  ғылым  білім   дәнін   себуі   ұлттық
мақтанышымыз. Ол ата бабалары салып кеткен  соқпақпен  өз  заманының  өлшемі
деңгейінде ғана жүрді десек қателескен болар едік.  Шоқан  да  ағысқа  қарсы
жүзген  алпауыттарымыздыің  бірі-тін.  Ә.Дербісәлінің  сонау   шығысқа   бет
түзеген қазақ  ғалымдары  туралы  қомақты  еңбегінде  Шоқан  сияқты  қаншама
дарынды азаматтардың мехнатты өмірбаянын оқып, толқисың. Олардың барлығы  да
қазақ даласында  азаматтық  журналистиканың  қарыштап  дамуына  сүбелі  үлес
қосқан азаматтар еді.
      Социализм кезінде де азаматтық журналистиканың  көріністері  болғаннын
жоққа шығара алмаймыз. Кеңестік газеттер редакция мен  азаматтар  арасындағы
байланысты нығайтуға айтарлықтай көңіл бөлді. Әр  редакцияда  хат  бөлімдері
жұмыс істеп, авторларды газет жұмысына  кеңінен  тартып  отырды.  Қазір  бұл
қызмет түрі әлсіреп тұр. Тіпті кейбір редакцияларда кері байланыс жоқ.
      Тәуелсіз  мемлекетімізде   демократиялық   үрдістердің   қанат   жаюын
бұқаралық ақпарат  құралдарының  -  блог  қызметінен  айқын  көруге  болады.
Елімізде қазақ тілді блогтар саны ай сайын көбеюде. Ең алғашқы  қазақ  тілді
блог қашан  және  қалай  пайда  болғаны  туралы  айту  қиын.  Бірақ  олардың
шежіресін түзгенде тек қана Қазақстан аумағында ғана емес,  шет  елде  тұрып
жатқан қазақ блоггерлерінің веб күнделіктерін де естен шығармау қажет.
Қорыта айтқанда, бұқаралық ақпарат  құралдарының  бірі  ретінде  мойындалған
блог әлемі мен қоғамдық пікір қалыптастыру бағытында қазақтың «жаңа  толқын»
блоггерлері қомақты істер атқарып, тарихи даму үстінде.
      Блогтар түрлі тақырыпта, түрлі көлемде,  болуына  қарамастан,  олардың
басым бөлігіне тән мынадай ортақ сипаттар бар:
- соңғы хабарламалар беттің басында орналасқан, яғни кері хронологиялық  рет
қалыптасқан;
      - бұрынғы хабарламаларды қарауға мүмкіндік беретін мұрағаттың болуы;
      - енгізілген хабарламалар бойынша оқырманның пікір білдіруіне арналған
бөліктері бар;
      -  «blogroll»  (сілтемелер  тізімі)  деп   аталатын   өзге   сайттарға
сілтемелер көрсетілуі;
      -  пайдаланушылардың  блогқа  «жазылуына»  мүмкіндік  беретін  ақпарат
синдикациясының ыңғайлылығы;
      -  көбінесе  мәтіндер,  кейде  сурет,  сонымен  қатар  дыбыстық   және
бейнефайлдардың болуы;
      - оқырмандар пікір жаза алады;
      - архивтелінеді, мәтінді әрқашан ашып көруге болады;
      Міне осыдан кейін блогтардың мазмұны айқындалады.
Блогтардың көпшілігі жеке күнделік түрінде де  болады.  Ал,  енді  біреулері
жаңалықтарды хабарлайды немесе сараптама  жасайды,  жаңа  сайттарды  талдап,
баға береді, интернеттегі жаңалықтарды және соңғы  ақпараттық  технологиялар
туралы лезде мағлұмат таратады. Блогтардың бірсыпырасы саясат  мәселелерімен
байланысты болса, сондай-ақ жекелеген мүдделерге арналған  блогтар  да  бар.
Блогтардың негізгі бөлігі жеке сипатта көрініс тауып,  автордың  субъективті
пікірі мен өзіндік стилі, тілі басқаларынан ерекшелеп тұрады.
      Блог   мазмұнының   әртүрлілігі   дәстүрлі   БАҚ-ты   салаларға   бөлу
заңдылығымен  ұқсас.  Мысалы  экономика  туралы  жазатын,  білікті   блоггер
ресейлік «Ведомости»  немесе  қазақстандық  «Континент»  басылымдары  сияқты
үлкен қаржылық, инвестициялық тақырыптарды  қозғай  алады.  Сол  сияқты  дін
тақырыбына  жақын  блоггер  тек  қана  дінге  қатысты  жазбаларды  жариялауы
мүмкін.  Негізінен,  салалық  басылымдардың  артықшылығы   –   белгілі   бір
аудитория  үшін  жұмыс  жасайды,  оқырман   саны   тұрақты,   және   ақпарат
жүйеленген. Соңғы  кезде,  экономика,  қоғаммен  байланыс  (PR),  ақпараттық
технологиялар (IT), саясат,  экология,  спорт  және  діни  саладағы  блогтар
үлкен сұранысқа ие.
      Блог бетін толтыратын ақпарат қандай формада жарияланатынын білу  үшін
блогтың контентіне назар аудару қажет. Контент (ағылшын тілінде  content)  –
кез келген хабарламалық маңызы  бар  ақпарат  ресурсын  (мысалы,  вебсайтты)
толықтырады.  Бұған   мәтін,   графика,   мультимедиа   жатады.   Ақпараттық
технологиялар саласында бұл терминді  вебсайттың  мәтіндік  мазмұны  ретінде
көп қолданады.  Блогты  бос  кеңістік  немесе  газеттің  таза  беті  ретінде
қарастырсақ, контент  –  бұл  мақала,  заметка,  репортаж,  сұхбаттар.  Егер
блогта тек қана бейне файлдардан құралған хабарлар жарияланса, оның  негізгі
контенті видео, фото, сурет.
      Қазіргі таңда блог әлемінде ең көп тарағаны -мәтіндік  блогтар  ондағы
жазбалар өте маңызды немесе ешкімге қажет емес, көлемі  қысқа,  немесе  ұзын
болуы мүмкін. Оларды мектеп мұғалімі, танымал футболшы мен ғылым  докторлары
және  т.б.  жүргізе  алады.  Блогты  қандай  ақпаратпен  толтыратыны  -   әр
блоггердің жеке  шаруасы.  Ел  президенттерінің  Интернет-күнделіктері  блог
әлеміндегі жаңа бағыт. Мұндай блогтардың  негізгі  идеясы  –  халыққа  жақын
болу. Мысалы, Иран президенті Махмуд  Ахмади  Нижат  «Mahmoud  Ahmadinejad`s
Personal Memos» атты блогын 2006  жылы  ашқан.  Бұл  интернет-күнделік  төрт
тілде  жүргізіледі.  Блог  жазбалардың  біреуі   бірінші   жақтан   жазылған
автобиографиядан құрылған.
      «Trip Notes from the Middle East» - атты  блог  Ақ  Үйдің  әлемтордағы
жеке беті. Блогтың пайда болуы  2008-жылдың  басында  Джордж  Буш  пен  оның
әкімшілігінің  Таяу  Шығысқа  (Израиль,   Палестина   автономиясы,   Кувейт,
Бахрейн, БАЭ, Сауд Аравиясы  және  Египет)  жасаған  сапарымен  сабақтасады.
Блогты  жүргізе  бастаған  Ақ  үйдің  баспасөз  хатшысы  Дана  Перино   және
президент кеңесшісі Эдвард Глиспен. Блогта оқырман пікірі  де  жарияланатын,
бірақ олардың саны тым көп болғандықтан, іріктелінетін.
Телеэфирдің уақытын бөліп, саяси дебаттарды өткізу сайлау  алды  компаниялар
үшін қаншалықты маңызды екені белгілі.  Блог  арқылы  үгіт-насихат  жүргізу,
бриффинг жасау немесе  дауыс  берушілердің  сұрақтарына  жауап  беру  сияқты
шараларды жүзеге асырудың жаңа мүмкіндігі видео-блогтың  еншісінде.  Мәтінді
блогтар фото арқылы дәлелді, шыншыл көрінсе, кейбір жаңалықты  видео  арқылы
жариялаған ыңғайлы екенін  ұмытуға  болмас.  Мысалы,  өрт,  жарылыс,  табиғи
апаттарды камераға түсіріп, блогқа орнатып, көп сөзділікке  салынбай  екі-үш
жол коментарий берсе де жеткілікті.
      Веблогтар аудиохабарлар да  тарата  алады.  Әлемтордағы  аудиохабарлар
подкастинг арқылы жүзеге  асады.  Ағылшын  тілінде  «Podcasting  iPod»  және
«broadcasting» (хабар тарату) сөзінің қысқартылған түрі, блогта  аудио  және
бейне материалдарды, сонымен қатар, сандық  плейерлерді  орналастыру  арқылы
хабарларды дайындау деген мағына берді.  Жеке  беттердегі  радио  хабарларға
ұқсас  аудиофайлдар  контенті  блоггерлер  үшін   өте   маңызды.   Блоггерді
қызықтыратын  тақырыпта  сұхбат  жүргізу  немесе   дайын   сценарий   арқылы
белгіленген тақырыпты талқылау подкасттарда көп кездеседі. Ресейдің  подкаст
директориясы подкастерлер үшін тегін аудио хостинг  ұсынады.  http://rpod.ru
мекен-жайында орналасқан Ресей подкаст директориясында  аудио-хабар  жазамын
деген кез келген адам подкаст орната алады. Ең көп тыңдалған жиырма  подкаст
сайттың алғашқы бетінде жарияланады, тыңдармандар оларға пікір жазып,  дауыс
беруге құқылы. Барлық подкасттар бірнеше салаға бөлінген:  «кітаптар,  кино,
әңгіме,  ән,  бизнесс,  қаржы,  медицина,  күнделік,  компьютер,  ақпараттық
технологиялар,  ойындар,  мәдениет,  сән,  дін,  спорт,  философия,   т.б.».
Подкастерлердің болашақ хабарының тақырыбына тыңдарман тікелей  әсер  етеді.
(Мысалы, пікір қалдыру терезесінде  авторға  сұрақ  қойып,  ұсыныс  жасайды)
Аудиохабарлар конференц-зал, университет аудиториясынан, көшеден,  асханадан
да  жазылуы  мүмкін,  барлығы  автордың  идеясы  мен  қозғайтын   тақырыбына
байланысты.  Блог  бетінде  аудиоплейердің  батырмасын,  дыбыс  жолақшасының
қасына   хабарламаға   байланысты   суреттер   мен   сілтемелерді   орнатып,
талқыланатын  мәселелердің  тақырыбын  жазуға  болады.  Оларды   шоу-ноталар
(aғылш. тілінде «show –  note»)  деп  атайды.  Шоу-ноталар  подкастың  мәнін
ашуға көмектеседі.
      Бүкіл қазақстандық интернетжурналистиканың «Award.kz» сыйлығының  2008
жылғы  иегері  «Азаттық»  радиосының  интернет  сайты  бұрын  тек   мәтіндік
блогтарды  ұсынып  келген  еді.  Дегенмен,  кейінгі  кездері  пайдаланушылар
аудиохабарларды толықтай тыңдау мүмкіндігіне ие.
Блогта он-лайн кітап жазу үрдісі көрші Ресейде  жақсы  дамуда.  Блогтың  осы
түрі арқылы бір кітапты бірнеше бөлімге бөліп, аптасына әлденеше  рет  кітап
беттерін жариялау дәстүрі қалыптасты.
      «Live Journal» немесе «Живой  Журнал»  (ЖЖ)  атты  тұғырнама  ресейлік
экономист, жазушы-блоггерлер үшін танымал болудың бір әдісі. Оқырман жазушы-
блоггерден күнде романның жалғасын күтіп, блогқа күнде  кіретіні  түсінікті.
Он-лайн түрінде жазылатын кітаптардың тағы бір  ерекшелігі  -  кітаптың  бір
беті блогта  жарияланғаннан  кейін  оқырмандар  арасында  талқыға  салынады,
мұндай жағдайда оқырман  редактор,  сыншы  рөлін  атқарады.  Өңдейтін  жерін
өңдеп, кітаптың мазмұнына  тікелей  ықпалдасады.  «ЖЖ»  блогында  жарияланып
тұрған кітаптардың алғашқы қатарында:
      1. Антон Поповтың «Блогтар. Әсер етудің жаңа саласы». 2007  ж.  (Кітап
блогшылар, кәсіпкерлер мен менеджерлерге арналған.)
      2. Алексей Андреевтің “2048″ футурологиялық шығармасы  (Онлайн  жазушы
мұны бес  жылдай  жариялап,  әр  жаңа  тарауын  оқырманымен  бірге  талқылап
отырған.)
      3. Жазушы-фантаст Сергей Лукьяненконың шығармалары бар.
      Қарап отырсақ, қазіргі әлемтордағы  контент  дәстүрлі  БАҚ-тың  барлық
техникалық  мүмкіндіктерін  электрондық  нұсқада  оңай  ұсынады.   Баспасөз,
радио, телевизияның  өнімдері  бір  блогта  көрініс  табады  және  осылардың
бәріне бір ғана адам жауап  бере  алады.  Блогтардың  көп  функцияналдығынан
оның  контенті  қызықты,  тартымды,   әрі   жүргізуге   ыңғайлы.   Негізінен
контенттің тақырыбы,  яғни  блогтағы  мәтіндік  жазбалар,  видео  мен  аудио
файлдардың мазмұны блоггердің алдына қойған мақсатына тікелей байланысты.
      Блог түрлері әралуан.Блогтардың авторы кез келген  адам  бола  алатыны
туралы жоғарыда айтып өттік. Қазақ  тіліндегі  ең  ірі  «Massagan.com»  атты
сайттың жүйелік басқарушысы және ғылым,  технология,  өнер  және  мәдениетке
арналған  веб  блогтың  авторы,  Бақытнұр  Бәйтелұлының  «Блогқа  не  жазуға
болады?» атты  мақаласында  жаңа  блог  бастаушылар  блогты  қандай  бағытта
бастаймын, не жазамын деп  ойлаған  болса,  онда  блогтың  түрлерінен  өзіне
ұнаған бірін таңдап алуға болатынын айтады.
      Тақырып жағынан блогтарды Ғылым, Саясат, Экономика, Дін,  Спорт,  Сән,
Экология, Әлеуметтану, Мәдениет т.б.  салаларға  бөліп  қарастыруға  болады,
бірақ жоғарыда айтылғандай, бір  блог  бірнеше  саланы  қамтуы  мүмкін,  бұл
заңды да. Себебі, оқырман бір блогтан  бірнеше  тақырыпқа  арналған  жаңалық
оқыса біріншіден, уақытын үнемдейді. Ал блоггер бірнеше тақырыпта  оқырманын
сапалы ақпаратпен қамтамасыз етіп отырса, екіншіден,  танымалдылығы  артады.
Бұған қоса, үшіншіден, оқырман саны күннен күнге өседі.
      Әлемтордағы   ашық   энциклопедия   «Википедияда»   блогтар    былайша
іріктелген:
      Автор/Авторлар бойынша:
- Жеке (авторлық, жекеменшік) блог – бір адаммен жүргізіледі;
- «Белгісіздің» блогы – есімі анықталмаған блог иесі атыннан жүргізіледі;
-  Ұжымдық  блог  –  блог  иесі  тағайындайтын  бірнеше  адамның  қатысуымен
жүргізілетін блог;
- Корпоративті блог – бір ұйымның қызметкерлерімен жүргізілетін блог.
Мультимедиа түрі бойынша:
- Мәтіндік блог -негізгі мазмұны тек қана мәтіннен құрылса;
- Фотоблог -тек қана фото өңімдерінен құрылған блог;
- Әуендік блог -тек қана ән-күйден құрылған блог;
- Подкаст және блогкастинг -блогтың негізгі мазмұны  автормен  оқылған  МР3-
түріндегі аудио файлдардан құрылады.
      - Бейнеблог -блогтың негізгі мазмұны видеофайлдардан құрылған.  Мазмұн
түрі бойынша:
      - Контенттік  блог-автордың  алғашқы  жазбасын  өзгертпей  жариялайтын
блог;
      - Мониторингтік (сілтемелік)  блог-негізгі  мазмұны  басқа  блогтардан
алынған цитаталардан тұрады;
      - Сплог-спам немесе Интернет пайдаланушы  үшін  рұқсатсыз  жіберелетін
жарнама мен хабарлардан тұратын блог.
      - Тамблелог-басқа блогжазбалардан айырмашылығы қарапайымдылығында. Бұл
блогтың түрі қойын дәптерге ұқсас және тамблелогтың бірнеше түрі бар:
1. қарапайым блогжазба;
2. сілтеме немесе тек қана бір салаға байланысты сілтемелер тізімі;
3. цитата;
4. әңгімелесу, мысалы Интернет арқылы екі адамның хат  алмасу  арқылы  пайда
болған диалог;
5. бейне: фото немесе сурет;
6. «YouTube», «Yahoo.Video», «My  space»  сияқты  сайттарда  видео  орнатып,
блогта оған  сілтеме  жасау.  Бұл  сілтемелер  бір  тақырыпта  топтастырылуы
немесе әртүрлі болуы мүмкін.
      Техникалық негізі бойынша:
      - Stand alone (автономды) блог -бөлек хостингтегі немесе тұғырнамадағы
блог.  Мұндай  блогтар  веб-кеңістікте  нақты  иесінің  жеке  меншігі  болып
табылады;
      -     Блог-тұғырнамадағы      блог-блог-қызметтер      («Livejournal»,
«Liveinternet» т.б. сияқты) негізінде жүргізіледі;
      - Моблог-мобильді веблог,  мұндай  блогтардың  негізгі  мазмұны  вебте
мобильді немесе портативті  құрылғылар  арқылы  орналасады.  Телефон  немесе
сандық құралдардың көмегімен  қашықтықтан  жаңартыла  беретін  блог.  Тіпті,
моблогтарды қазіргі зерттеушілер бұқаралық  ақпарат  құралдарының  жаңа  бір
түрі  деп  дәлелдеуде.  Мобильді  құрылғы   арқылы   2000   жылы   әлемторға
жөнелтілген алғашқы постың (хабарламаның) иесі, даниялық Том  Вильмер  екен.
Моблогинг терминін 2002  жылы  қолдана  бастаған  Адам  Гринфилд  2003  жылы
Токиода моблоггерлердің бірінші халықаралық конференциясын өткізген.
      Ал, ресейлік ғалым,  М.Шилина  блогингті  былайша  жүйелеуді  ұсынады:
авторы бойынша: дербес және  мультидербес  (мысалы  корпоративті  және  ашық
блог-форумдар.  Оларға  кез  келген  адам  жазба  қалдыра  алады);   мазмұны
бойынша:  тақырыптық  және  жылпылама;  материалдарды  ұйымдастыру  принципі
бойынша   комментаторлық   (автор   постфактумды    жан-жақты    талқылайды,
түсіндіреді) және провокаторлық  (автор  өзі  ақпаратты  туындатып,  оқырман
назарын өзіне аударады).
Дегенмен, блог түрлері  көп  болғандықтан,  баспасөз  жанрларын  жіктегендей
оларды бір критерийге сыйғызу әзірше мүмкін  емес,  себебі  блог  «ауқымының
кеңдігімен», «еркіндігімен», «тәуелсіздігімен» ерекшеленеді.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 4,5,7,8,9,10,11,12
Қосымша: 3,4,5,8,10,11,12,13

                     2.  Практикалық сабақтардың жоспары
     Cеминар 1.  Кіріспе. Интернет - әлеуметтік коммуникация түрлерінің
           кеңістігі. Ақпараттық қоғам және Интернет-журналистика
Сұрақтар:
1. ХХІ ғасыр: ақпарат технологиялары.
2. Интернеттің пайда болуы.
Тапсырмалар:
1. on-line жүйесіндегі Интернетпен жұмыс.
2. электронды-поштаның дамуы.
Әдістемелік нұсқаулар:
1. Интернет туралы ғалымдардың зерттеулерін қарастыру.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 2,3,4,6,8,9
Қосымша: 5,7,8,12

              Cеминар 2.  Интернет-БАҚ медиажүйенің бір бөлігі
Сұрақтар:
1. Интернеттің мультимедиялығы.
2. Интернет-ақпараттың архивациялануы.
Тапсырмалар:
1. Интернеттегі азаматтық журналистиканың көрінісі.
2. Сайт, портал, блог ұғымдарының анықтамасы бойынша сөздік жасау.
Әдістемелік нұсқаулар:
1. Интернет туралы ғалымдардың зерттеулерін қарастыру.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 1,9,12,17
Қосымша: 5,6,7,12,13

                  Cеминар 3.  Интернет БАҚ-тың социологиясы
Сұрақтар:
1.БАҚ-ты социологиялық, маркетингтік зерттеу.
2.Ақпарат көздері.
Тапсырмалар:
1. nursat.kz. сайтының жұмысымен танысу.
2.   Kazinform,   Internews-Kazakhstan   сайттарының   ақпарат    таратудағы
ерекшеліктері.
Әдістемелік нұсқаулар:
1. Тақырып бойынша оқулықтарды оқу.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 4,5,7,8,9,12
Қосымша: 5,6,7,12,13

                 Cеминар 4.  Интернет журналистиканың тарихы
Сұрақтар:
1.Интернет журналистиканың пайда болуы.
2.Электронды пошта қызметі
Тапсырмалар:
1.Интернеттің, интернет-журналистиканың,  электронды  поштаның  пайда  болуы
туралы эссе дайындау.
Әдістемелік нұсқаулар:
1.  Әлемдік  және  Ресейлік   ғалымдардың   Интернет   журналистика   туралы
еңбектерімен танысу.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 7,8,9,10,12,13
Қосымша: 3,4,5,6,7,8,9,10

        Cеминар 5.  Отандық интернет журналистиканың дамуы қалыптасуы
Сұрақтар:
1.Қазақстан интернет журналистикасының қалыптасуы.
2. Қазақтілді сайттар: дамуы және олардың ерекшеліктері.
Тапсырмалар:
1.«Massagan.com» сайтына журналистік талдау жасау.
Әдістемелік нұсқаулар:
1. Интернет журналистика туралы еңбектерді оқу.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 1,3,10
Қосымша: 2,4,7,9,12,13

        Cеминар 6.  Интернеттегі бұқаралық ақпараттың заңмен реттелуі
Сұрақтар:
1. ҚР Бұқаралық ақпарат құралдары  туралы  Заңы.  Ақпараттандыру  туралы  ҚР
Заңы.
2. Авторық құқық және Сабақтас құқықтар Туралы ҚР Заңы.
Тапсырмалар:
1. Қазақстандық веб-сайттардың жұмысы.
2. Интернет ақпаратты  пайдаланудағы  заң  бұзушылықтар  бойынша  мониторинг
дайындау.
Әдістемелік нұсқаулар:
1. Аталған тақырып бойынша арнайы кітаптарды оқу.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 2,5,6,10,12,17
Қосымша:5,6,8,11,12

           Cеминар 7.  Интернет журналистика және этика мәселелері

Сұрақтар:
1. Интернет БАҚ-тағы этикалық мәлелелердің шиеленісуі.
2.Домендік  атау  бойынша  блокировкалау  дегеніміз  не?IP  адресі   бойынша
құлыптау дегеніміз не?Кілт сөз арқылы құлыптау дегеніміз не?
Тапсырмалар:
1. Этикалық нормалардың бұзылуы бойынша қазақстандық  сайттардан  мәліметтер
базасын жасау.
2.  Әлия  Сембайдың  журналистерге  арналған  ақпарат  блогының   қызметімен
танысу.
Әдістемелік нұсқаулар:
1. Интернет БАҚ этикасы туралы талдауларды қарау.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:2,5,6,10,12,17
Қосымша: 5,6,8,11,12

                Cеминар 8.  Дәстүрлі БАҚ және жаңа медиа орта

Сұрақтар:
1.Интернет журналистиканың дәстүрлі журналистикадан ерекшелігі.
2. Интернет жүйесіндегі қазақ тілді сайттар.
Тапсырмалар:
1.Интернет басылымдарға тақырыптық талдау.
2. MSN Spaces - http://www.msnspaces.com. блогы.
Әдістемелік нұсқаулар:
1. Аталған тақырып бойынша арнайы кітаптарды оқу.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 3,4,9,10,12
Қосымша: 5,8,10,11,12,13

          Cеминар 9.  Интернет журналистикадағы гипермәтін түсінігі

Сұрақтар:
1.Гипермәтінді бағдарламалар.
2. Интернет басылымдар сайтына кіруді тіркеу кезеңі
3. Интернет басылымдарында орналастырылған сауалнамалардың маңызы..
Тапсырмалар:
1.  Бүгінгі  Интернет  жүйесіндегі  ақпараттық  агенттіктер  қызметі  туралы
журналистік шолу дайындау.
2. Ақпарат таратудағы www.khabar.kz сайтының ролі.
Әдістемелік нұсқаулар:
1. Аталған тақырып бойынша арнайы кітаптарды оқу.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 1,3,9,10,12,13
Қосымша: 1,3,4,8,9,10,12,13

   Cеминар 10.  Интернет БАҚ. Конвергентті редакцияның жұмысын ұйымдастыру
Сұрақтар:
1.Ақпараттың үш циклы.
2.Редакция жұмысын жоспарлау.
Тапсырмалар:
1. abai.kz ұлттық порталы қызметіне журналистік талдау.
2. Ақпарат таратудағы www.baq.kz сайтының ролі.
Әдістемелік нұсқаулар:
1. Аталған тақырып бойынша арнайы кітаптарды оқу.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:9,10,12,15
Қосымша: 1,4,5,8,11,12,13

       Cеминар 11.  Мультимедиялық журналистің (Веб журналист) қызметі

Сұрақтар:
1. Қазіргі заманғы интернет журналистиканың техникалық қыры 2.Веб  журналист
қызметі
Тапсырмалар:
1. Блог әлеміне арналған техникалық кілт - RSS (Really  Simple  Syndication)
.
2. Блог порталдарын қамтамасыз ететін бағдарламаларды білу.
Әдістемелік нұсқаулар:
1. Аталған тақырып бойынша арнайы кітаптарды оқу.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 3,5,9,10,12
Қосымша: 1,4,5,8,10,12,13

               Cеминар 12.  Интернет журналистиканың жанрлары

Сұрақтар:
1. Интернет журналистика тудырған жаңа жанрлар.
2. Дәстүрлі журналистика жанрларының трансформациялануы.
Тапсырмалар:
1. Интернет жүйесіндегі жанрларды анықтау, журналистік талдау.
2. «Егемен Қазақстан» газетінің сайтымен танысу.
Әдістемелік нұсқаулар:
1. Аталған тақырып бойынша арнайы кітаптарды оқу.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 3,9,10,12
Қосымша: 10,11,12,13

          Cеминар 13.  Онлайн-журналистиканың тілдік ерекшеліктері

Сұрақтар:
1.Тілдік стильдік өзгешеліктер.
2. Жаңа сөздер.Жаргондар.
Тапсырмалар:
1.  Бүгінгі  Интернет  жүйесіндегі  телеарналар  жұмысы  туралы  журналистік
талдау.
2. Балаларға арналған сайттар, порталдар, блогтар қызметіне шолу.
Әдістемелік нұсқаулар:
1. Аталған тақырып бойынша арнайы кітаптарды оқу.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 3,9,10,12
Қосымша: 10,11,12,13

                    Cеминар 14.  Интернет БАҚ менеджменті

Сұрақтар:
1. Еуропа,Азия елдеріндегі Интернет жүйесінің экономикалық негізі.
2. Интернет журналистика жарнама көзі.
Тапсырмалар:
1.  Интернет  журналистиканың  экономикалық   негізі   бойынша   дайындалған
терминдермен жұмыс.
2. Бүгінгі  Интернет  жүйесіндегі  радио  қызметі  туралы  журналистік  шолу
дайындау.
3. Ақпарат таратудағы www.akorda.kz сайтының ролі.
Әдістемелік нұсқаулар:
1. Аталған тақырып бойынша арнайы кітаптарды оқу.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 3,9,10,11,12
Қосымша: 10,11,12,13

                     Cеминар 15.  Азаматтық журналистика
Сұрақтар:
1. Азаматтық журналистиканың пайда болуы, дамуы.
2. Блогтар олардың сипаттамасы, типі мен түрлері
Тапсырмалар:
1. Нұрғиса Асылбековтың блогымен танысу.
2. Уорд пресс платформасы бойынша жеке блог ашу.
Әдістемелік нұсқаулар:
1. Аталған тақырып бойынша арнайы кітаптарды оқу.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 4,5,7,8,9,10,11,12
Қосымша: 3,4,5,8,10,11,12,13

  4.  Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студеттердің өзіндік жұмыстары
                   бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары


   СОӨЖ өткізу түрі аудиториялық: кеңес беру, ауызша сұрау, ОӘЖ-да  берілген
тапсырмалармен өздік жұмыс жүргізу, әдебиеттермен жұмыс, талдау, т.с.с.
   СОӨЖ 1-3
Тапсырма: 2000 ж. 22 шілдеде Үлкен сегіздік елдері  көшбасшылары  қабылдаған
Жаһандық ақпарат қоғам туралы Окинава хартиясы құжатын  оқу.  (Калмыков  А.,
Коханова Л. Интернет журналистика. Москва: ЮНИТИ-ДАНА, 2005.)
Өткізу формасы:
1. Коллоквиум тапсыру
2.Берілген әдебиеттер бойынша  конспекті  тексеру,  әр  студентпен  конспект
бойынша жеке әңгімелесу.
Әдістемелік ұсыныстар:
Берілген  әдебиеттерден  тапсырма  бойынша  конспект  жасау,  басты  назарды
интернет журналистика саласы авторларының еңбектеріне аудару.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 9
Қосымша: 11

СОӨЖ 4-6
Тапсырмалар: Бұқаралық ақпарат құралдары  туралы  Қазақстан  Республикасының
1999 жылғы 23 шiлдедегi N 451 Заңын оқу. http://kz.government.kz/ сайты.
Өткізу формасы:
1. Коллоквиум тапсыру
2.Берілген  әдебиеттер  бойынша  конспектілерді   тексеру,   әр   студентпен
конспект бойынша жеке әңгімелесу.
Әдістемелік ұсыныстар:
Берілген  әдебиеттерден  тапсырма  бойынша  конспект  жасау,  басты  назарды
интернет журналистика саласы авторларының еңбектеріне аудару.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 9
Қосымша: 11
СОӨЖ 7-9
Тапсырмалар: Ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының 2007  жылғы  11
қаңтардағы N 217 Заңын оқу. http://kz.government.kz/ сайты.
Өткізу формасы:
1. Коллоквиум тапсыру
2.Берілген  әдебиеттер  бойынша  конспектілерді   тексеру,   әр   студентпен
конспект бойынша жеке әңгімелесу.
Әдістемелік ұсыныстар:
Берілген  әдебиеттерден  тапсырма  бойынша  конспект  жасау,  басты  назарды
интернет журналистика саласы авторларының еңбектеріне аудару.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 9
Қосымша: 11

СОӨЖ 10-12
Тапсырмалар:  Авторлық  құқық  және  сабақтас  құқықтар   туралы   Қазақстан
Республикасының   1996   жылғы   10   маусымдағы   N    6-I    Заңын    оқу.
http://kz.government.kz/ сайты.
Өткізу формасы:
1. Коллоквиум тапсыру
2.Берілген  әдебиеттер  бойынша  конспектілерді   тексеру,   әр   студентпен
конспект бойынша жеке әңгімелесу.
Әдістемелік ұсыныстар:
Берілген  әдебиеттерден  тапсырма  бойынша  конспект  жасау,  басты  назарды
интернет журналистика саласы авторларының еңбектеріне аудару.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 9
Қосымша: 11

СОӨЖ 13-15
Тапсырмалар: Пауль Треанордың «Интернет  как  гиперлиберализм»  еңбегін  оқу
(Калмыков  А.,  Коханова  Л.  Интернет  журналистика.  Москва:   ЮНИТИ-ДАНА,
2005.).
Өткізу формасы:
1. Коллоквиум тапсыру.
2.Берілген  әдебиеттер  бойынша  конспектілерді   тексеру,   әр   студентпен
конспект бойынша жеке әңгімелесу.
Әдістемелік ұсыныстар:
Берілген  әдебиеттерден  тапсырма  бойынша  конспект  жасау,  басты  назарды
интернет журналистика саласы авторларының еңбектеріне аудару.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 9
Қосымша: 11

СОӨЖ 16-18
Тапсырмалар: Маршалл Маклюэннің «Средство само есть содержание» еңбегін  оқу
(Калмыков  А.,  Коханова  Л.  Интернет  журналистика.  Москва:   ЮНИТИ-ДАНА,
2005.).
Өткізу формасы:
1. Коллоквиум тапсыру
2.Берілген  әдебиеттер  бойынша  конспектілерді   тексеру,   әр   студентпен
конспект бойынша жеке әңгімелесу.
Әдістемелік ұсыныстар:
Берілген  әдебиеттерден  тапсырма  бойынша  конспект  жасау,  басты  назарды
интернет журналистика саласы авторларының еңбектеріне аудару.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 9,12
Қосымша: 11,12

СОӨЖ 19-21
Тапсырмалар: Джон Перри  Барлоудың  «Продажа  вина  без  бутылок:  экономика
сознания в глобальной сети» еңбегін оқу (Калмыков А., Коханова  Л.  Интернет
журналистика. Москва: ЮНИТИ-ДАНА, 2005.).
Өткізу формасы:
1. Коллоквиум тапсыру
2.Берілген  әдебиеттер  бойынша  конспектілерді   тексеру,   әр   студентпен
конспект бойынша жеке әңгімелесу.
Әдістемелік ұсыныстар:
Берілген  әдебиеттерден  тапсырма  бойынша  конспект  жасау,  басты  назарды
интернет журналистика саласы авторларының еңбектеріне аудару.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 9
Қосымша: 11

СОӨЖ 22-24
Тапсырмалар: Елена Вартанованың «Медиаиндустрия және  конвергенция»  еңбегін
оқу. (Интернет СМИ: теория и практика. Москва, Аспект-Пресс, 2010, 348  с.).

Өткізу формасы:
1. Коллоквиум тапсыру
2.Берілген  әдебиеттер  бойынша  конспектілерді   тексеру,   әр   студентпен
конспект бойынша жеке әңгімелесу.
Әдістемелік ұсыныстар:
Берілген  әдебиеттерден  тапсырма  бойынша  конспект  жасау,  басты  назарды
интернет журналистика саласы авторларының еңбектеріне аудару.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:9,12
Қосымша: 11,12

СОӨЖ 25-27
Тапсырмалар:  Ирина  Фомичеваның  «Интернет–БАҚ  меди  жүйенің  бір  бөлігі»
еңбегін оқу. (Интернет СМИ: теория и практика. Москва,  Аспект-Пресс,  2010,
348 с.).
Өткізу формасы:
1. Коллоквиум тапсыру
2.Берілген  әдебиеттер  бойынша  конспектілерді   тексеру,   әр   студентпен
конспект бойынша жеке әңгімелесу.
Әдістемелік ұсыныстар:
Берілген  әдебиеттерден  тапсырма  бойынша  конспект  жасау,  басты  назарды
интернет журналистика саласы авторларының еңбектеріне аудару.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:9,12
Қосымша: 11,12

СОӨЖ 28-30
Тапсырмалар:  И.Фомичеваның   «Интернет-БАҚ   социологиясы»   еңбегін   оқу.
(Интернет СМИ: теория и практика. Москва, Аспект-Пресс, 2010, 348 с.).
Өткізу формасы:
1. Коллоквиум тапсыру

2.Берілген  әдебиеттер  бойынша  конспектілерді   тексеру,   әр   студентпен
конспект бойынша жеке әңгімелесу.
Әдістемелік ұсыныстар:
Берілген  әдебиеттерден  тапсырма  бойынша  конспект  жасау,  басты  назарды
интернет журналистика саласы авторларының еңбектеріне аудару.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 9,12
Қосымша: 11,12

СОӨЖ 31-33
Тапсырмалар: Александр Рихтердің «Интернеттегі бұқаралық ақпаратты  құқықтық
реттеу» еңбегін оқу. (Интернет  СМИ:  теория  и  практика.  Москва,  Аспект-
Пресс, 2010, 348 с.).
Өткізу формасы:
1. Коллоквиум тапсыру
2.Берілген  әдебиеттер  бойынша  конспектілерді   тексеру,   әр   студентпен
конспект бойынша жеке әңгімелесу.
Әдістемелік ұсыныстар:
Берілген  әдебиеттерден  тапсырма  бойынша  конспект  жасау,  басты  назарды
интернет журналистика саласы авторларының еңбектеріне аудару.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 9,12
Қосымша: 11,12

СОӨЖ 34-36
Тапсырмалар: Блогстан 2010 кітабына енген  қазақ  блогшыларының  үздік  блог
жазбаларын оқу (Блогстан-2010. Алматы, Арыс, 2010, 80 б.)
Өткізу формасы:
1. Коллоквиум тапсыру
2.Берілген  әдебиеттер  бойынша  конспектілерді   тексеру,   әр   студентпен
конспект бойынша жеке әңгімелесу.
Әдістемелік ұсыныстар:
Берілген  әдебиеттерден  тапсырма  бойынша  конспект  жасау,  басты  назарды
интернет журналистика саласы авторларының еңбектеріне аудару.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 9,12
Қосымша: 11,12

СОӨЖ 37-39
Тапсырмалар: Әділ Нұрмақовтың  «Қазақстандық  интернетте  жаңа  интерактивті
жобалардың дамуы, Қазақстандағы Интернет  контенті»  еңбегін  оқу  (Зерттеу.
Қазақстандағы Интернет. Алматы, 2010, 400 б.).
Өткізу формасы:
1. Коллоквиум тапсыру
2.Берілген  әдебиеттер  бойынша  конспектілерді   тексеру,   әр   студентпен
конспект бойынша жеке әңгімелесу.
Әдістемелік ұсыныстар:
Берілген  әдебиеттерден  тапсырма  бойынша  конспект  жасау,  басты  назарды
интернет журналистика саласы авторларының еңбектеріне аудару.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 9,12
Қосымша: 11,12

СОӨЖ 40-42
Тапсырмалар: Валентина  Фомичеваның  «Интернет  саласындағы  заңнама  дамуы»
еңбегін оқу (Зерттеу. Қазақстандағы Интернет. Алматы, 2010, 400 б.).
Өткізу формасы:
1. Коллоквиум тапсыру
2.Берілген  әдебиеттер  бойынша  конспектілерді   тексеру,   әр   студентпен
конспект бойынша жеке әңгімелесу.
Әдістемелік ұсыныстар:
Берілген  әдебиеттерден  тапсырма  бойынша  конспект  жасау,  басты  назарды
интернет журналистика саласы авторларының еңбектеріне аудару.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 9,12
Қосымша: 11,12

СОӨЖ 43-45
Тапсырмалар:  Әлия   Сембайдың   «Интернеттің   қазақстандық   сегментіндегі
қазақтілді бағыттың дамуы» еңбегін  оқу  (Зерттеу.  Қазақстандағы  Интернет.
Алматы, 2010, 400 б.).
Өткізу формасы:
1. Коллоквиум тапсыру
2.Берілген  әдебиеттер  бойынша  конспектілерді   тексеру,   әр   студентпен
конспект бойынша жеке әңгімелесу.
Әдістемелік ұсыныстар:
Берілген  әдебиеттерден  тапсырма  бойынша  конспект  жасау,  басты  назарды
интернет журналистика саласы авторларының еңбектеріне аудару.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 9,12
Қосымша: 11,12
2.5 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша

Сабақтар жоспары
СӨЖ 1-3
Тақырып:  Интернет   -   әлеуметтік   коммуникация   түрлерінің   кеңістігі.
Ақпараттық қоғам және Интернет-журналистика.
Тапсырма:      Microsoft      Power      Point      бағдарламасы      арқылы
http://www.arka.medialaw.kz/ сайты бойынша слайд жасау.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 9,12
Қосымша: 11,12

СӨЖ 4-6
Тақырып: Интернет-БАҚ медиажүйенің бір бөлігі
Тапсырма: Microsoft  Power  Point  бағдарламасы  арқылы  http://massagan.com
порталы бойынша слайд жасау.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 9,12
Қосымша: 11,12

СӨЖ 7-9
Тақырып: Интернет БАҚ-тың социологиясы.
Тапсырма:      Microsoft      Power      Point      бағдарламасы      арқылы
http://neweurasia.net/kazakhstan/ сайты бойынша слайд жасау.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 9,12 68
Қосымша: 11,12

СӨЖ 10-12
Тақырып: Интернет журналистиканың тарихы
Тапсырма:      Microsoft      Power      Point      бағдарламасы      арқылы
http://arsenal777.wordpress.com/ блогы бойынша слайд жасау.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 9,12
Қосымша: 11,12

СӨЖ 13-15
Тақырып: Отандық интернет журналистиканың дамуы қалыптасуы
Тапсырма: Microsoft Power Point бағдарламасы арқылы
http://urimtal.wordpress.com блогы бойынша слайд жасау.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 9,12
Қосымша: 11,12

СӨЖ 16-18
Тақырып: Интернеттегі бұқаралық ақпараттың заңмен реттелуі.
Тапсырма: Microsoft Power Point  бағдарламасы  арқылы  http://www.minber.kz/
интернет газеті бойынша слайд жасау.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 9,12
Қосымша: 11,12,13

СӨЖ 19-21
Тақырып: Интернет журналистика және этика мәселелері
Тапсырма:  Microsoft  Power  Point  бағдарламасы  арқылы   http://kaztrk.kz/
http://kazradio.kaztrk.kz/kaz/;  http://balapan.kaztrk.kz/  интернет  газеті
бойынша слайд жасау, подкаст қосу.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 9,12
Қосымша: 11,12,13 69

СӨЖ 22-24
Тақырып: Дәстүрлі БАҚ және жаңа медиа орта
Тапсырма: Microsoft  Power  Point  бағдарламасы  арқылы  http://www.abai.kz/
порталы бойынша слайд жасау.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 9,12
Қосымша: 11,12,13

СӨЖ 25-27
Тақырып: Интернет журналистикадағы гипер мәтін түсінігі
Тапсырма:      Microsoft      Power      Point      бағдарламасы      арқылы
http://www.jasqazaq.kz/, http://dmk.kz/  газеттерінің  сайты  бойынша  слайд
жасау, фотосуреттер базасын пайдалану.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 9,12
Қосымша: 11,12,13

СӨЖ 28-30
Тақырып: Интернет БАҚ. Конвергентті редакцияның жұмысын ұйымдастыру.
Тапсырма:  Microsoft  Power  Point  бағдарламасы  арқылы  http://www.baq.kz/
сайты бойынша слайд жасау, инфографика қосу .
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 9,12
Қосымша: 11,12,13

СӨЖ 31-33
Тақырып: Мультимедиялық журналистің (Веб журналист) қызметі.
Тапсырма: Microsoft Power Point  бағдарламасы  арқылы  http://www.khabar.kz/
сайты бойынша слайд жасау.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 9,12
Қосымша: 11,12,13

СӨЖ 34-36
Тақырып: Интернет журналистиканың жанрлары.
Тапсырма:  Microsoft  Power  Point  бағдарламасы  арқылы  http://kaz.ktk.kz/
сайты бойынша слайд жасау, подкаст қосу.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 9,12
Қосымша: 11,12,13

СӨЖ 37-39
Тақырып: Онлайн-журналистиканың тілдік ерекшеліктері.
Тапсырма: Microsoft Power Point бағдарламасы  арқылы  http://www.inform.kz/,
http://www.azattyq.org/ сайты бойынша слайд жасау,подкаст қосу.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 9,12
Қосымша: 11,12,13

СӨЖ 40-42
Тақырып: Интернет БАҚ менеджменті.
Тапсырма: Microsoft Power Point  бағдарламасы  арқылы  http://www.aikyn.kz/,
http://www.alashainasy.kz/   газеттерінің   сайты   бойынша   слайд   жасау,
инфографика пайдалану.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 9,12
Қосымша: 11,12,13

СӨЖ 43-45
Тақырып: Азаматтық журналистика.
Тапсырма:      Microsoft      Power      Point      бағдарламасы      арқылы
http://www.zhasalash.kz/,  http://anatili.kz/  газеттерінің  сайты   бойынша
слайд жасау, инфографика қосу.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі: 9,12
Қосымша: 11,12,13

                  Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары

1. Интернет желісіндегі ақпараттық сайттар.
2. Электронды жәшік ашу және онымен жұмыс істеу.
3. Қажет материалды табу, іздеу жүйелерімен жұмыс істеу.
4.  «Мен  Веб-журналистпін»  тақырыбына  сценарий  жазу  және  ол  парақшаны
әзірлеу.
5. Желілік жарияланымдарды әдеби өңдеу.
6. Місrosoft Word бағдарламасымен және гипермәтінмен жұмыс істеу.
7. Қолданбалы графикалық бағдарламалармен жұмыс істеу.
8. Веб парақшаның дизаинын жасау.
9. Веб парақшаның стилін анықтау
10. Сайт рейтингін анықтау мақсатында әлеуметтік зерттеу жүргізу.
11. Шет елдердегі әріптес журналистер  туралы  мағлұматты  Интернеттен  табу
және олармен хабарласу.
12. Реалаудио режимінде Интернет радио хабарларын тыңдау.
13. Желідегі видеоматериалдарды көру.
14. Желілік жаңалықгар сайттарымен танысу.
15. Интернет журналистика проблемаларына арналған сайттар.

Бақылау жұмыстар тақырыптары
1. Интернеттегі радио.
2. Интернеттегі газеттер.
3. Интернеттегі телевизия.
4. Интернеттегі подкастар.
5. Қазіргі заманғы моблогтар.
6. Интернеттегі фотосуреттер базасы.
7. Википедия контенті.
8. Яндекс іздеу жүйесі
9. Coogle іздеу жүйесі.
10. Twitter қызметі.
11. You Tube қызметі.
12. Facebook әлеуметтік жүйесі.
13. Мейл агент Мой мир қызметі
14. Әлеуметтік желілер қызметі,форумдар.
15. Ақпараттық қауіпсіздік шаралары

2.5.2. Курстық жұмыстар тақырыптары
1. Интернеттің дүниеге келуі және оның қоғам дамуына ықпалы.
2. Бұқаралық ақпарат құралы ретіндегі Интернеттің ерекшелігі.
3. Интернет-журналистиканың бейнелеуіш құралдары.
4. Журналистер үшін электронды почта.
5. Желідегі виртуальдық конференциялар.
6. Жаңа медиа және жаңа жанрлар.
7. Желілік жарияланымдардың тіл мен стиль ерекшелігі.
8. Веб-журналист: жұмыс істеу дағдысы.
9. Он-лайн режимінде жұмыс істеу ерекшелігі.
10. Веб-сайттардың қазіргі заманғы дизайны.
11. Желілік БАҚ және ақпараттық порталдар.
12. Интернет және оның аудиториясы.
13. Интернет және радиохабар тарату.
14. Интернет және телевизия.
15. Мультимедиа технологиялар.
16. Желілік журналистің этикеті.
17. Интернеттегі қазақ тілі: проблемалары мен болашағы.
18. Интернет дамуындағы қазіргі үрдістер.
19. Азаматтық журналистиканың дамуы
20. Ақпараттың үш кезеңі.

2.7 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалар
1. 1972 жылы интернет кеңістігі үшін тың жаңалық не:
A) электронды пошта дүниеге келді
B) интернет дүниеге келді
C) Arpanet алғашқы ақпараттарын таратты
D) «тышқан» дүниеге келді
E) компьютер мониторы дүниеге келді

2. Яндекс пен Google ғаламтордағы қандай іздеу түріне жатады:
A) кӛркем
B) тегін
C) шартпен
D) ақылы
E) шартпен және шартсыз

3. Іздеудің формуласы:
А) қашан бітіремін, тез тапсам ғой
B) қашан іздеймін, қалай табамын
C) не іздеймін, не арқылы іздеймін, қайдан іздеймін
D)ертең іздеймін
E) тап қазір іздеймін

4. 1972 жылы интернет желісі қанша оқу орнын және ғылыми зерттеу
орталықтарын біріктірді?
A) 20
B ) 30
C) 10
D ) 50
E ) 55

5. 1993 жылы WWW-тің (World Wide Web) қандай браузері дүниеге келді?
A) X Window
B ) Текстік браузер
C) Браузер Mosaic
D ) W3 Organization
E ) Браузер Viola

6. Интернет әлемінің басшысы кім немесе оны кім басқарады?
A) Интернетті ешкім басқармайды
B) Шет елдері басқарады
C) Зерттеуші, ғалым П. Лазарсфельд
D) Internet Society – қоғамдық ұйымы басқарады
E) Интернетті қытай елі басқарады

7. « Техника адамнан озады, әлемді техника билейді» деген пікірдің иесі
кім?
A) Д. Белл
B) М. Маклюэн
C) Н.А. Носов
D) П.Е. Прохоров
E) Ж. Бодрийар

8. Ru домені қай елдің белгісі?
A) Қазақстан
B) Германия
C) Ресей
D) АҚШ
E) Франция

9. Символдардағы сандар қатарының жиынтығы қалай аталады?
A) Домендік адрес
B) Браузер
C) Чат
D) Кодтау
E) Провайдер

10. (World Wide Web) WWW-ді шығарған Европаның физикалық орталығы қалай
аталады?
A) Data CRID
B) INRIA
C) HTML
D) ISOC
E) GERN

11. Web – журналистикаға қандай жаңалық әкелді?
A) Интерактивтілік, арнайы тәсіл, ӛлшем, иілгіштік, ӛзара байланыс,
үнемділік және инфоцентрлік
B) Креативтілік, маңыздылық
C) Нақтылық, оперативтілік, инфографиялық, дәлдік, шынайылық
D) Жағымдылық,креативтілік, маңыздылық, шынайылық
E) Әдеп ережелерін

12. Виртуал деген сӛздің мағынасын аш?
A) Дербес экономикалық категория
B) Уақыт пен кеңістік сияқты категориялардың қатарындағы философиялық
арнайы категория
C) Дербес психологиялық категория
D) Дербес экологиялық категория
E) Дербес әлеуметтік ктегория

13. ARPONET желісі қай жылы пайда болды?
A) 1972
B) 1968
C) 1969
D) 1970
E) 1965

14. «Телеграф, телефон, радио, аэроплан, аэростат жер шарын жаулап барады»-
деген үзінде қай автордың туындысынан?
A) Г. Блумер
B) В.А. Леонтьев
C) Н.А. Вихорнов
D) В.И. Вернадский
E) В.П. Руднев

15. Г. Лассуелл бұқаралық коммуникация мәселесі тӛңірегінде тӛмендегі
нұсқалардың қайсысын қарастырды?
A) Коммуникация және БАҚ
B) Коммуникациялық және бұқара
C) Коммуникациялық интернет
D) Коммуникация тезис
E) Коммуникациялық акт

16. Массмедиа нені білдіреді?
A) Дәстүрлі БАҚ-ты біріктіретін жүйе
B) БАҚ-ты біріктіре алмайтын жүйе
C) Қоғам мәселелерін талқылайтын жұйе
D) Интернет жүйесі
E) Интернет порталы

17. Ақпараттық қоғам түсінігін дүниеге әкелген кім?
A) М. Соловьев
B) Ю. Хаяши
C) Р. Федерман
D) Г. Блумер
E) Ж. Бодрийар

18. 1973 жылы Д. Белл бұқаралық коммуникация әлеміне қандай қоғамның
түсінігін енгізді?
A) социалистік қоғам
B )коммунистік қоғам
C) постиндустриялдық қоғам
D) ақпараттық қоғам
E) капиталистік қоғам

19. Интернет желісінің қарқынды даму кезеңі қай жылдарды қамтиды?
A) 1950-60
B) 1940-50
C) 1970-80
D) 1960-70
E) 1950-55

20. 1990 жылы 19 қыркүйекте кеңес одағының домені құрылды. Ол қалай
аталады?
A) Ru
B) Kaz
C) Orс
D) Com
|E) Su      |           |           |           |
|Тест кілті |           |           |           |
|1          |A          |11         |A          |
|2          |B          |12         |B          |
|3          |C          |13         |C          |
|4          |D          |14         |D          |
|5          |E          |15         |E          |
|6          |A          |16         |A          |
|7          |B          |17         |B          |
|8          |C          |18         |C          |
|9          |D          |19         |D          |
|10         |E          |20         |E          |

2.8 Курс бойынша емтихан сұрақтары
1. Бұқаралық коммуникация: XXI ғасыр. Жаңа медианы зерттеу
2. Қазақ тіліндегі блогтар: «Ӛрімтал», «Арсенал 777»
3. Жаңа медианы зерттеу әдістері.
4. БАҚ және және бұқаралық коммуникация ұқсастықтары мен ерекшеліктері
5. Компьютерлік коммуникация: теориялық негіздемелер
6. Masa. сайты
7. Бұқаралық коммуникацияның қазіргі замандағының ағымдары: Жаһандану
8. lyakhov.kz сайты
9. Бұқаралық коммуникацияның қазіргі заманғы ағымдары: Бұқарашылдыққа
қарсылық
10. Navi.kz сайты
11. Бұқаралық коммуникацияның қазіргі заманғы ағымдары: Конгломерация
12. Мінбер интернет газеті.
13. Бұқаралық коммуикацияның қазіргі заманғы ағымдары: Конвергенция
14. Интернет және журналистика
15. «Интерактивті қоғам» концепциясы
16. Кӛп арналы медиа ортаның ерекшеліктері
17. Интернет журналистиканың қызметі
18. Журналистика және жаңа медиа
19. Интернет журналистикадағы этика мәселелері
20. On-line журналистиканың қазіргі жағдайы, келешегі
21. Интернет журналистиканың құқықтық қыры
22. Блогингтік журалистика
23. Қазақстандық орталық басылымдардың интернет нұсқасы
24. Интернет журалистиканың «ағартушылық» қызметі
25. Интернет телевизия
26. БАҚ интернет сайты
27. Интернет радио
28. Қазіргі таңдағы интернет журналистиканың қызметі
29. Интернет газеттер. «Мәссаған.соm»
30. Қазіргі қазақ тіліндегі блогтар
31. Халықаралық «Азаттық радиосы»
32. Интернеттегі видео, аудио блогтар
33. «Қазинформ» сайты

Пәндер