Файл қосу

Білім беру стандарты















                        ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

                           «Білім сапасын басқару»
            мамандық үшін 6М010300 - «Педагогика және психология»



                        ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ


















                                    Семей
                                    2014
                                   Мазмұны


    1. Глоссарий
    2. Дәріс
    3. Практикалық және зертханалық сабақтар
    4. Курстық жұмысы (жоба)
    5. Білімалушылардың өздік жұмыстары






















































































1 ГЛОССАРИЙ
      Білім – теория жүзінде пəнді түсіну.
      Білу – үйренген тапсырмаларды практика жүзінде қолдану.
      Білім алудың түрлері – оқытушылар  мен  студенттердің  қарым-қатынасын
ұйымдастыру  (күндізгі,  сырттай,  топтық,  бірыңғай   лекция,   семинарлар,
практикалық сабақтар, емтихан, сынақ, практика).
      Оқып үйренудің əдісі – білім алу мақсатына жету тəсілі.
      Әдістемелік амал – тəсіл элементі, əдіске жетудегі бөлек қадам.
      Оқыту құралдары – оқу үрдісін  сабаққа  байланысты  қолдау,  кітаптар,
компьютерлер, сонымен қатар, мұғалімнің сөз шеберлігі.
      Сабақ беру əдістері –  дəріс,  əнгіме,  көрініс,  түсіндіру,  сөйлесу,
зерттеу қызметін ұйымдастыру, сонымен қатар, бақылау əдістері  –  сұрақнама,
бақылау жұмысы, сынақ, емтихан, дипломдық жəне курстық жұмыстарды тексеру.
      Білім беру əдісі – ақпартты  қабылдау,  оқулықтарды  оқу,  жаттығулар,
тəжірибелік жұмыстар, ғылыми ізденіс жұмыстары жəне т.б.
      Білім беру əдісін оқытатын қызмет  –  бұл  əдіс  арқылы  білім  алудың
жетістігіне жетесің.
      Білім беру əдісін дамытатын қызмет – бұл əдіс арқылы білім алушылардың
жоғарғы қарқында дамуына қол жеткіземіз.
      Білім беру əдісін  тəрбиелейтін  қызмет  –  бұл  əдіс  арқылы  жоғарғы
қарқындағы жетістіктерге жетіп жəне білім сапасын жоғарлатады.
      Білім беру  əдістерін  тудырушы  қызметтер  –  бұл  əдістер  танымдық,
белсенділік, кəсіби шеберлікті қалыптастырады.
      Білім беру əдісіндегі нақтықты зетушілік қызмет – бұл білімнің əр  бір
қадамын, білім процесінің қадмын қадағалайды.
      Білім алушыларды қорытынды аттестаттау: білім алушылардың тиісті білім
беру деңгейінің мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандартында  көзделген  оқу
пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім.
      Білім беру қызметі: тұлғаны оқыту, тәрбиелеу  және  дамыту  міндеттері
шешілетін мақсатты, педагогикалық негізделген,  білім  беру  субъектілерінің
бірізді өзара ықпалдасу үдерісі.
      Білім беру үдерісінің мониторингі: білім беру ұйымдарында  білім  беру
үдерісін   жүйелі   түрде   бақылау,   диагностикалау,   талдау,   жағдайын,
нәтижелердің өзгеру динамикасы мен жүзеге  асырылу  шарттарын  бағалау  және
болжау.
      Білім беру ұйымдарын  мемлекеттік  аттестаттау:  білім  беру  ұйымдары
ұсынатын білім беру  қызметінің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарттың
талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында жүргізілетін рәсім.
      Білім беру саласы: ең аз мөлшердегі және оқу  пәндерінің  функционалды
толық жиынын қамтитын және оқушылардың дене, интеллектуалдық,  адамгершілік,
құқықтық, эстетикалық, экономикалық, коммуникативтік және ақпараттық  дамуын
қамтамасыз ететін орта білім берудің базалық мазмұнының құрамдас бөлігі.
      Білім   мазмұны:   тұлғаның    жан-жақты    дамуына    және    түйінді
құзыреттіліктерінің қалыптасуына негіз  болып  табылатын  әрбір  білім  беру
деңгейі бойынша білім жүйесі (кешені).
      Жалпы білім беретін мектеп: бастауыш, негізгі  орта  және  жалпы  орта
білім   беру   оқу   бағдарламаларын,   сондай-ақ,   білім   алушылар    мен
тәрбиеленушілерге қосымша білім беру оқу бағдарламаларын іске  асыратын  оқу
орны.
      Заттық-кеңістіктік  орта:  білім  беру  үдерісін  жүзеге  асыру   үшін
қолданылатын   материалдық   талаптардың   (сыныпты   безендіру,   сыныптағы
парталарды орналастыру реті, сабақ өткізуге арналған  бөлмелердің  орналасуы
және  т.б.),  ақпараттық  және  коммуникациялық  ресурстар  мен   техникалық
құралдардың жиынтығы.
      Кәсіптік  бағдарлау:  білім   алушылардың   білім   алу   мен   кәсіби
мүмкіндігіне, кәсіби  мүддесіне,  жеке  қабілетіне  және  психофизиологиялық
ерекшеліктеріне сәйкес олардың кәсіп пен оқу орнын еркін және  саналы  түрде
таңдау салаларында құқықтарын іске асыруға ақпараттар мен кеңестерді ұсыну.
      Құзырет:  білім  беру  жүйесіне  берілетін  әлеуметтік   тапсырыстарды
құрайтын  жеке  және  қоғамдық  қажеттіліктерді  қанағаттандыру   мақсатында
нәтижелі іс-әрекеттерге  қол  жеткізу  үшін  ішкі  және  сыртқы  ресурстарды
тиімді жаңғыртуға дайындық.
      Құзыреттілік: оқу мен өмір жағдаяттарын шешу кезінде білім алушылардың
білімді, іскерлікті, дағдыны  және  қызметтің  әмбебап  тәсілдерін  меңгеруі
көрінетін білім берудің нәтижесі.
      Мемлекеттік аралық бақылау: оқыту сапасын білім беру ұйымына  тәуелсіз
бақылаудың бір түрі.
      Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (МЖБС):  білім  беру
саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізуді реттейтін,  білім  берудің
мақсаттары мен міндеттерінің  жиынтығын  айқындайтын,  білім  беру  салалары
бойынша білім, іскерлік, дағдылар және қалыптасқан  түйінді  құзыреттіліктер
түріндегі  күтілетін  білім  беру  нәтижелеріне,   білім   берудің   базалық
мазмұнының  құрылымы  мен  құрамына,  білім  алушылардың  оқу   жүктемесінің
жоғарғы  көлеміне,  білім  сапасы   мен   деңгейіне   қойылатын   талаптарды
белгілейтін және  білім  алушылардың  табысты  әлеуметтенуіне  ықпал  ететін
нормативтік құжат.
      Оқу бағдарламасы: әрбір оқу пәні бойынша  меңгерілуге  жататын  білім,
іскерлік және дағдылардың мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама.
      Оқыту бағыты: белгілі  бір  білім  беру  салаларының  пәндер  топтарын
кеңейте оқытуды қамтамасыз ететін бейіндік оқытудың ұйымдастырылу нысаны.
      Оқу жоспары (ОЖ): орта білім беру деңгейлеріне сәйкес  оқу  пәндерінің
тізімі мен көлемін, оқыту тәртібі мен бақылау түрін реттейтін құжат.
      Оқу пәнінің стандарты: білім берудің  бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы
орта деңгейлерінде нақты пәнді оқыту үдерісін реттейтін құжат.  Оқу  пәнінің
стандарты:  пәнді  оқытудың  мақсаттары   мен   міндеттерін,   жоспарланатын
нәтижелерді, оқу пәнінің базалық мазмұнын, құзыреттіліктерді  қалыптастыруға
бағытталған тапсырмалар жүйесін, оқу  пәні  бойынша  білім  беру  үдерісінің
технологияларына қойылатын  талаптарды,  білім  беру  үдерісін  материалдық-
техникалық  тұрғыдан  қамтамасыз  етуге  қойылатын  талаптарды,  білім  беру
салалары бойынша оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау жүйесін айқындайды.
      Оқытуды саралау: тұлғаның жеке  ерекшеліктері  ескерілетін  кезде  оқу
қызметін ұйымдастыру тәсілі.
      Өлшеуіштер: белгіленген бағалау өлшемдеріне сәйкес  білім  алушылардың
оқу жетістіктерінің деңгейлерінің алдын ала  берілген  көрсеткіштер  бойынша
айқындайтын оқу тапсырмалары.
      Орта білім: Қазақстан  Республикасының  Конституциясымен  кепілденген,
мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартына  сәйкес   бастауыш,
негізгі  орта  және  жалпы  орта  білім  беру  оқу   бағдарламаларын   игеру
нәтижесінде азаматтардың алатын білімі.
      Портфолио:  білім  алушының  белгілі  бір  оқу  кезеңіндегі  оқу  және
әлеуметтік маңызы бар жеке  жетістіктерін  көрсететін  тәсіл.  Бұл  тәсілдің
көмегімен білім алушының бағытталған, жүйелі және үздіксіз бағалау мен өзін-
өзі  бағалау  нысаны  ретіндегі  рефлексияға   қабілеті   белгіленеді   және
бағаланады.
      Таңдау курстары: мазмұны білім алушылардың  танымдық  қызығушылықтарын
жеке бейімі мен таңдауына сәйкес қанағаттандыруға мүмкіндік беретін,  пәндер
бойынша  білімдердің  кеңейтілуі  мен  тереңдетілуіне   ықпал   ететін   оқу
курстары. Таңдау курстарының  жиынтығы  оқу  жоспарының  вариативті  бөлігін
құрайды.
      Типтік оқу жоспары (ТОЖ): оқыту тілі мен бағытына сәйкес тиісті  білім
беру деңгейі оқу пәндерінің  тізбесін  және  көлемін  реттейтін  нормативтік
құжат.
      Тұлғаны әлеуметтендіру: адамның  қоғамдық  қатынастар  жүйесіне  енуін
және осы қатынастарды өздігінен қайта  жаңғыртуын  жорамалдайтын  әлеуметтік
нормалар мен мәдени құндылықтарды меңгеру  үдерісі.  Әлеуметтендіру  идеясын
жүзеге асыру – тұтас педагогикалық үдерісте  оқу  және  оқудан  тыс  уақытты
толыққанды пайдалануды, сондай-ақ мектептің отбасымен,  қосымша  білім  беру
ұйымдарымен тығыз ынтымақтастықта болуын талап етеді.
      Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ): орта білімнен  кейінгі  немесе  жоғары
білім беретін  білім  беру  ұйымдарына  түсу  емтихандарымен  біріктірілген,
жалпы орта білім беру ұйымдарында  білім  алушыларды  қорытынды  аттестаттау
нысандарының бірі;
      Экстернат: білім алушы  сабаққа  үнемі  қатыспай,  тиісті  білім  беру
бағдарламаларына сәйкес оқу  пәндерін  өздігінен  оқитын оқыту  нысандарының
бірі.
























































































2 ДӘРІСТЕР
      №1 дәріс. Білім беру саласындағы Нормативтік құжаттар
      Әдістемелік нұсқаулық 2014-2015
      2014-2015 оқу жылдарына қолданылатын кітаптар тізбесі.
      ҚР Білім және ғылым министрінің  2013  жылғы  17  қыркүйектегі  №  375
бұйрығы ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы  17  қыркүйектегі  №  375
бұйрығы
      № 375 бұйрығы
      Оқушылардың сауаттылығын дамытудағы әдістемелік құрал
      2013-2014  оқу  жылында  Қазақстан  Республикасының жалпы  орта  білім
беретін  ұйымдарында   ғылым негіздерін   оқытудың   ерекшеліктері   туралы.
Әдістемелік нұсқау хат.
      Бастауыш білім беру деңгейінің оқу пәндері бойынша үлгілік  тақырыптық
жоспарлары (1-4 сыныптар)  
      Негізгі  орта  білім  беру  деңгейінің  оқу  пәндері  бойынша  үлгілік
тақырыптық жоспарлары (5-9 сыныптар)
      Бастауыш білім беру (оқу бағдарламасы) 1-4 сынып
      Негізгі орта білім беру (оқу бағдарламасы) 5-9 сынып 1 бөлік, 2 бөлік
      Жалпы орта білім беру (оқу бағдарламасы) 10-11 сынып 1 бөлік, 2 бөлік
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007  жылғы  23
қазандағы № 502
      Қазақстан Республикасы Білім және  ғылым  министрінің  2013  жылғы  22
ақпандағы № 50 Бұйрығы
      Қазақстан Республикасы Білім және  ғылым  министрінің  2008  жылғы  29
қаңтардағы № 40 бұйрығы
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңы
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы  №  1400
Қаулысы
      Қазақстан Республикасы Білім және  ғылым  министрінің  2007  жылғы  29
қарашадағы № 583 Бұйрығы
      Қазақстан Республикасы Білім  және  ғылым  министрінің  2012  жылғы  7
наурыздағы № 97 Бұйрығы.
      Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  2013  жылғы  17  мамырдағы  №  499
қаулысы
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы 
      Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  27  сәуірдегі  №  536
Қаулысы
      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2012  жылғы  23  тамыздағы  №  1080
Қаулысы
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы  №  1684
Қаулысы
      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі N 416-I Заңы
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 18 ақпандағы N 31 Заңы


      №2 дәріс. Білім беру сапасының тиімді жолдары:
   1. Бағдарламаны басшылыққа алып  сабақ,  жоспарын  жасағанда  ең  негізгі
      берілетін ұғымдарды іріктеп алып, сол ұғымдарды меңгерту;
   2. Тарихқа деген қызығушылығын  терендету.  Ол  үшін  әр  елдің  тарихына
      байланысты сабақты өту кезінде сол елдің ерекшелігін көрсететін,  есте
      кала-тындай тарихи, мәдени мұралары туралы айту;
   3. Шығармашылық күш-куатын дамытуға дағдыландыру (білім сапасын  көтеруде
      септігін тигізетін қосымша элементтерді енгізу, тарихи деректерді оқып
      үйрену);
   4. Пән аралық байланыс. Өнер, кино, көркем әдебиет, тарихи  шығармалармен
      байланыстыра ету;
   5. Жаңа педагогикалық технологияларды, инновациялык  бағыттарды,  әдістер
      мен тәсілдерді енгізу;
   6. Конференция сабак (әр  елдер  бойынша  берілген  хабарлама,  баяндама,
      рефераттарды тындау, жұмыстарын қорғау);
   7. Сабақтың жүйесіне қарай жергілікті жер материалдарын пайдалану;
   8. Әр тараудан соң тест-интервью алу;
   9. Әр тоқсанның аяғында өтілген барлық материалдар бойынша зачет алу;
  10. Картаны көрсете білу сауаттылығын  қалыптастыру.  Бірін-бірі  картадан
      оқыту,  үйрету  аркылы  сол  елдер  туралы  түсінігін,   қызығушылығын
      калыптастыру;
  11. Көрнекті және техникалык құралдарды пайдалану;
  12. Мұғалімнің мәдениеті, ақыл-ой және адамгершілік бет бейнесі.
      Білім берудің негізгі тиімді жолдырының  мақсаты  –  білім  мазмұнының
жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс тәсілдерімен әртүрлі  құралдарын  қолданудың
тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты  жүзеге  асыруда  ақпараттық
технологияны  пайдалану  әдісі  зор  рөл  атқарады.  Мектеп  пәндерін  оқыту
процесінде интерактивті тақтаны пайдалану мұғалім мен  оқушы  қарым-қатынасы
жүйесін,  олардың  білімге  деген   қызығушылығының,   ізденушілікке   деген
ынтасының, сезімінің өсуіне әсер  етеді.  Сондықтан  білім  берудегі  барлық
оңды өзгерістер педагогтың жаңаша ойлау  тәсілімен,  жаңа  шығармашылық  іс-
әрекеттерімен, ізденушілігіне байланысты. Қазіргі  таңда  мемлекеттік  тілді
оқытуда жаңа  идеяларды  әр  сабақта  жан-жақты  қолданып,  жаңаша  оқытудың
тиімді жолдарын  тауып,  жүйелі  түрде  қолдану  –  заман  талабы.  Тәуелсіз
Қазақстанның ел басқарушысы Нұрсұлтан Әбішұлының  кезекті  Жолдауында  қазақ
тілінің  қолданыс  аясын  кеңейту,  дамыту  және  жетілдіру  мәселелері  сөз
болғаны баршамызға мәлім. Сондай-ақ, Елбасы: «Біз жалпы білім  беру  сапасын
жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз. Тілді  заманға  сай  үйлестіріп,  терминология
мәселесінен  консенсус  іздеу   керек.   Сонымен   қатар,   әбден   орныққан
халықаралық және шет тілінен енген сөздерді қазақ  тіліне  аудару  мәселесін
біржола  шешу  қажет.  Бұл  мәселе  оқшауланған  қайраткерлердің   ортасында
шешілмеуге тиіс. Үкімет мұны реттегені жөн» дегенді шегелеп тұрып  тапсырған
еді. Көп жайларды зерттеп, көңілге түйіп, мәселелер  төңірегінде  іздену  әр
ұстаздың міндетіне  айналды.  Сондықтан  ұстаздардың  тәжірибесінде  мынадай
проблема  тууы   мүмкін:   оқушылардың   танымдық   қабілеттерін,   танымдық
процестерін (есту,көру,қимыл  және  т.б.)  дамытуда  қолданып  жүрген  әдіс-
тәсілдердің заман талабына сай болмауы.  Осы  проблеманы  шешу  үшін  тиімді
жолдарды  қарастыру  қажет.  Қазіргі  заман  талабы  бойынша  білім  берудің
ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі – оқу  үдерісіне  мультимедиалық
технологиялар  мен  коммуникативтік  интерактивті  әдістемелердің  үйлесімді
байланысы   негізінде   жасалған,    оқыту    және    тексеру    электрондық
бағдарламаларды,   оқулықтарды   енгізу.   Интерактивті   тақтаның   келуіне
байланысты оқытудың жаңаша әдісі пайда  болды.  Мұғалімдер  өз  сабақтарында
мейлінше  интерактивті  тақтаны   пайдалана   отырып,   жан-жақты   ізденіп,
сабақтарын қызықты, әрі тартымды, нәтижелі өткізуге  тырысуда.  Интерактивті
тақтаның мүмкіншілігі шексіз.


      №3. Дәріс. Білім беру стандарты
      Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарты  (бұдан  әрі  -
Стандарт) орта білім берудің базалық мазмұнына, оқу жүктемесінің ең  жоғарғы
көлеміне, білім алушының даярлық деңгейі мен сапасына  қойылатын  талаптарды
белгілейді; білім беру салалары бойынша  білім,  іскерлік  және  дағдыларды,
түйінді құзыреттіліктер түріндегі күтілетін  нәтижелерді  нақтылайды;  білім
алушының табысты әлеуметтенуіне ықпал етеді.
      Стандарт:
      -  білім  беру  ұйымдарының  меншік  нысанына,  типіне   және   түріне
қарамастан бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы  білім
беру бағдарламаларын іске  асыратын  Қазақстан  Республикасының  білім  беру
ұйымдарына;
      - педагог кадрларды даярлауға арналған оқу  бағдарламаларын  әзірлеген
кезде орта білімнен кейінгі  білім  берудің  кәсіптік  бағдарламаларын  іске
асыратын жоғары оқу орындарына, білім беру ұйымдарына;
      - білім беру бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін
әзірлеген  кезінде  ғылыми  және  оқу  орындарына,  білім  беру  саласындағы
мамандарға;
      - педагогикалық кадрлардың біліктілігін  арттыру  және  қайта  даярлау
бағдарламаларын  әзірлеген  кезінде  білім  беру   жүйесі   қызметкерлерінің
біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттарына;
      - білім алушыларды қабылдаған кезде білімін бақылау  үшін  техникалық,
кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына;
      -  жоғары   оқу   орындарына   қабылдауға   арналған   бақылау-өлшеуіш
материалдарын әзірлеген кезінде мемлекеттік басқару органдарына;
      - білім алушының оқу сапасына  мемлекеттік  бақылауды  жүзеге  асырған
кезінде  білім  беру  саласындағы   уәкілетті   және   жергілікті   атқарушы
органдарға қолдану үшін арналған.
      Стандарт Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару  органдары  мен
ұйымдары  білім  беру   қызметін   лицензиялаған,   білім   беру   ұйымдарын
аттестаттаған, жұмыс оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын дайындаған,  осы
құжаттардың орындалуын бақылаған кезде пайдаланылады.
      Стандарт жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің  келісілген  білім  беру
мүддесі мен мүмкіндігін танытады және реттейді.
      Стандартты қолдану:
      - білім беру  саласындағы  бірыңғай  мемлекеттік  саясатты  қамтамасыз
етуді;
      -  әлемдік  үрдістерді  ескере  және   қазақстандық   мектептің   озық
дәстүрлерін сақтай отырып еліміздің білім беру жүйесін дамытуды;
      - мектептегі білім беру құрылымының жас кезеңдерімен сәйкестігін;
      - барлық балаларға тең мүмкіндік қағидаларын іске асыруды;
      -   мүмкіндіктері   шектеулі   балалардың   дамуындағы    ауытқулардың
түзетілуіне, әлеуметтік бейімделуіне,  білім  алуына  жағдай  жасай  отырып,
оларды жалпы оқу - тәрбие үдерісіне кірістіруді;
      - білім сапасын қалыптасқан түйінді  құзыреттіліктер  түріндегі  білім
берудің жаңа нәтижесі есебінен арттыруды және  білім  алушының,  педагогтың,
білім  беру  ұйымдарының  іс-әрекеттерінің   тиімділігін   бағалау   жүйесін
жасауды;
      -  орта  білім  беру  саласындағы   білім   беру   үдерісінің   барлық
субъектілерінің міндеттері мен құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуді;
      - балалардың психикалық саулығын және денсаулығын  қорғауды,  тұлғаның
жан-жақты  дамуына,  оның  ішінде  білім  алушының  қосымша  білім   алудағы
қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолайлы жағдай туғызуды қаматамасыз етуді;
      - орта білім беруді  қаржыландыруға  мемлекеттік  бюджеттен  бөлінетін
қаражатты ұтымды және тиімді пайдалануды көздейді.


      №4 дәріс. Білім сапасын басқарудың өзекті мәселелері
      Білім беру сапасының тиімді жолдары  және онда қарастырылған мәселелер
бойынша  сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей  мен
бағыттағы мемлекеттік білім  беру  стандарттары  жүйесінің,  оларды  әртүрлі
ұйымдастыру  құқықтық   формадағы,   типтегі   және   түрдегі   білім   беру
мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді  басқару
органдары  жүйесінің  жиыны.  Бiлiм  беру  сапасы  қоғамның   әлеуметтiк   –
экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады,  сондай  –  ақ  оны  әрi  қарай
айқындай  түседi.  Ал   бiлiмнiң   қалыптасып,   дамуының   жалпы   шарттары
философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа  қатынасы
тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп  аталады.  Таным  теориясының
басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы  мен
негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк  қатынастарды  қалыптастырады.
Орыс  педагогі  К.Д.Ушинский  айтқандай,  қазіргі  заман  талабына  сай,  әр
мұғалім, өз білімін  жетілдіріп,  ескі  бірсарынды  сабақтардан  гөрі,  жаңа
талапқа  сай  инновациялық  технологияларды   өз   сабақтарында   күнделікті
пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды,  тиімді  болары  сөзсіз.  Бұл
жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім  беру
жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа  технологияларын  енгізу,
білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық  желілерге
шығу» деп атап көрсеткен.  Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев  жолдауында  айқандай:
«Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына  сай
білім қажет. Қазақстанды дамыған 50  елдің  қатарына  жеткізетін,  терезесін
тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму  кезеңі  білім  беру  жүйесінің
алдында оқыту үрдісінің технологияландыру  мәселесін  қойып  отыр.  Оқытудың
әртүрлі  технологиялары  сарапталып,  жаңашыл  педагогтардың   іс-тәжірибесі
зерттеліп, мектеп өміріне енуде.  Осы  айтылғандарды  жинақтай  келіп,  жаңа
формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға  талпынған
әдіснамалық,     зерттеушілік,     дидактикалық-әдістемелік,      әлеуметтік
тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық  және  тағы  басқа  құдыреттіліктердің
жоғары деңгейімен  сипатталатын  рухани-адамгершілікті,  азаматтық  жауапты,
белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға. Нәтижеге бағытталған білім  моделі  мен
басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар  мен  нормаларды  және
тиімді  педагогикалық  технологияларды  меңгеру  үшін  педагогтардың  кәсіби
мәдениетін  дамытуға  бағытталған   оқу   қажеттіліктері   туындылап   отыр.
Біліктілік  арттыру  жүйесінде  педагогтардың   оқу   қажеттіліктері   нақты
білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке  енуге  және
жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру  мақсаттарына  байланысты  қалыптасады.
Осы  заманғы  мұғалім  оқуға  үлкен  потенциалдық  мүмкіндіктермен   келеді.
Сондықтан   олардың   функционалдық   сауаттылықтарын   кәсіби   шеберлікпен
ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған  білім  беру  үлгісінде  мақсатты  түрде
білім беретін,  қалыптастыратын,  дамытатын  андрогогикалық  процесс  қажет.
Басқаша  айтқанда  ересектерге  арналған,   жалпы   және   кәсіби   білімнің
қажеттілігін  дамыту,  ғылым,  білім  мен   мәдениет   жетістіктері   арқылы
адамдардың   жалпы   мәдениеті   мен   әлеуметтік   белсенділікті   дамытуға
бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі  білім
беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған  білімнен  «мәдениет  адамына»
бағытталған білімге көшуді көздейді.  Бұл  білім  беру  жаңаша  ұйымдастыру-
оның философиялық , психологиялық, педагогикалық  негіздерін,  теориясы  мен
тәжірибесін тереңірек қайта қарауды  қажет  етеді.  Сондықтан  бүгінгі  күні
еліміздің білім жүйесінде оқыту  үдерісін  тың  идеяларға  негізделген  жаңа
мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.    Француз қайраткері  «Адамға  оқып  –
үйрену  өмірде  болу,  өмір  сүру  үшін  қажет»  дегендей   оқыту   процесін
технологияландыру, осыған  сәйкес  оқу  бағдармаларын  жасау,  ғалымдар  мен
жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары  мұғалімдердің  үздіксіз
ізденісін  айқындайды.  Жаңа  педагогикалық  технологиялардың  негізгі  мәні
пассивті оқыту түрінен активті  оқытуға  көшу  оқу  танымын  ұйымдастырудағы
бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны  қалыптастыру.  Білім
сапасын  арттыру  және  нәтижеге  бағытталған   үлгіге   беталуы   барысында
мұғалімдер  мемлекеттік  стандарт   берілген   нәтижелерге   жетуде   кәсіби
шеберлікпен  меңгерген   зерттеу   біліктері   мен   дағдылары   нәтижесінде
проблеманың шешімін  таба  алатын,  ақпараттық  –  коммуникативті  мәдениеті
жоғары тұлғалық-дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі  заман  адамның  осы
құзыреттілікті  меңгере  отырып  тек  «кәсіби   икемділігін   оңтайландыруды
қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу  мүмкіндігін  «үнемі  оқып  –  үйрену
және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.


      №5 дәріс. Білім беруді дамытудың 2011-2020жж арналған бағдарламасы
      Қазақстандағы  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған
мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды  сапалы  біліммен
қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі  білім  көрсеткішінің  жақсаруы
мен  қазақстандық  білім  беру  жүйесінің  тартымдылығын  арттыру  үшін,  ең
алдымен,  педагог  кадрлардың  мәртебесін  арттыру,  олардың  бүкіл  қызметі
бойына  мансаптық  өсуі,  оқытылуы   және   кәсіби   біліктілігін   дамытуды
қамтамасыз ету,  сондай-ақ  педагогтердің  еңбегін  мемлекеттік  қолдау  мен
ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен  мән  берілген.  Осыған  байланысты
қазіргі таңда еліміздің  білім  беру  жүйесіндегі  реформалар  мен  сыңдарлы
саясаттар, өзгерістер  мен  жаңалықтар  әрбір  педагог  қауымының  ойлауына,
өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына,  жаңа  идеялармен
жаңа жүйелермен жұмыс жасауына  негіз  болары  анық.  Олай  болса,  білімнің
сапалы  да  саналы  түрде  берілуі  білім  беру  жүйесіндегі  педагогтердің,
зиялылар қауымының  деңгейіне  байланысты.  Дәстүрлі  білім  беру  жүйесінде
білікті мамандар  даярлаушы  кәсіби  білім  беретін  оқу  орындарының  басты
мақсаты  –  мамандықтарды  игерту  ғана  болса,  ал  қазір   әлемдік   білім
кеңестігіне ене отырып,  басекеге  қабілетті  тұлға  дайындау  үшін  адамның
құзырлылық  қабілетіне  сүйену  арқылы  нәтижеге  бағдарланған  білім   беру
жүйесін ұсыну –  қазіргі  таңда  негізгі  өзекті  мәселелердің  бірі.  Жалпы
алғанда «құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы  –
соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне  ерекше
көңіл  аудару  нәтижесінде  ендіріліп  отырған  ұғым.  Құзырлылықтың   латын
тілінен аудармасы «сомпетенс»белгілі  сала  бойынша  жан  –  жақты  хабардар
білгір деген мағынаны қамти  отырып,  қандай  да  бір  сұрақтар  төңірегінде
беделді түрде шешім шығара  алады  дегенді  білдіреді»  деп  көрсетеді.  Бұл
жайлы Б.Тұрғанбаева «... өзінің практикалық әрекеті арқылы алған  білімдерін
өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын  –  құзырлылықтар  деп  атаймыз»
деп анықтаса, Ресей  ғалымы  Н.Кузьминаның  көзқарасы  бойынша,  «Құзырлылық
дегеніміз  -  педагогтің  басқа  бір  адамның  дамуына  негіз  бола   алатын
білімділігі  мен  абыройлығы».  Латын   тіліндегі   «компетенс»сөзін   ғалым
К.Құдайбергенова «Құзырлылықты білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез-
құлқын,  ең  бастысы  тұлға  мүмкіндігін  бағалаудың  критерийі   мақсатында
қарастыру құзырлылық  маңызын  толық  аша  алады.  Олай  болса,  құзырлылық,
нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің  сапалық  критерийі  ретінде
әлеуметтік  және  өмірлік  көзқарастарды  есепке  алу  қажет»   деп   жазса,
Б.Тұрғанбаева «Құзырлылыққа бағытталған оқыту үрдісінде  тәжірибелік  жолмен
мәселені  шешу  мүмкіндігі  молаяды.  Осы  жағдай  біліктілікті  арттырудағы
екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады. Өйткені,құзырлылыққа  бағытталған
үлгіде  білім  алушылардың  өздерін  ұйымдастыру  -   басты   мақсаты»   деп
көрсетеді. Қ.Құдайбергенова «Құзырды әртүрлі кенеттен  болған  ситуацияларда
мәселелерді  шешу  үшін  қажетті  білімді  немесе  әрекетті   көрсете   білу
қабілеті,  білім  мен  өмірлік   ситуация   арасындағы   байланысты   орнату
мүмкіндігі ретінде,  ал  құзырлылықты  адамның  өзіндік  деңгейіне,  даралық
қасиеттеріне  тікелей  байланысты  тұлғалық,  теориялық,  практикалық  өлшеу
дәрежесі жоғары деңгейде кіріктірілген құрылым ретінде қарастыру  ұсынылады»
деген тоқтам жасайды.


      №6 дәріс. Білім берудегі психологиялық қызмет
      Психологиялық  қызметтің  мақсаты  –  білім  беру  ұйымдарында   білім
алушылардың   психологиялық   денсаулығын   сақтау,   қолайлы    әлеуметтік-
психологиялық  жағдай  жасау  және  білім   беру   үдерісіне   қатысушыларға
психологиялық қолдау көрсету.
      Психологиялық қызметтің міндеттері:
      1) білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-
өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
      2)  білім  алушыларға  ақпараттық  қоғамның  жылдам  дамуында  олардың
табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету;
      3) білім  алушылардың  тұлғасын  психологиялық-педагогикалық  зерделеу
негізінде әрбір білім алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету;
      4)  психологиялық  диагностиканы  жүргізу   және   білім   алушылардың
шығармашылық әлеуетін дамыту;
      5) психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу
бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
      6) психологиялық проблемаларды  шешуде  және  оқу-тәрбие  жұмыстарының
қолайлы  әдістерін  таңдауда  ата-аналар  мен  педагогтерге  консультациялық
көмек көрсету;
      7)  білім  беру  үдерісі  субъектілерінің  психологиялық-педагогикалық
құзыреттілігін көтеру.
      Психологиялық қызмет психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық-
профилактикалық,  түзету-дамытушылық  және  әлеуметтік-диспетчерлік  бағытта
жүзеге асырылады.
      Психодиагностикалық бағыттар:
      1) білім алушыларды психологиялық диагностикалау;
      2) білім алушылардың бейімделуі,  дамуы  мен  әлеуметтенуі  мақсатында
оларды кешенді психологиялық тексеру;
      3)  білім  алушылардың  қабілеттілігі,  қызығушылығы  мен  икемділігін
психологиялық диагностикалау;
      4)  психологиялық  диагностиканың  қорытындысы  бойынша  психологиялық
тұжырымдар мен ұсыныстарды дайындау.
      Консультациялық бағыттар:
      1) білім алушыларға,  ата-аналар  мен  педагогтерге  олардың  сұранысы
бойынша консультация беру;
      2)  білім  алушыларға,  ата-аналар  мен  педагогтерге  жеке  тұлғалық,
кәсіптік өзін-өзі айқындау проблемалары және қоршаған ортамен  өзара  қарым-
қатынастар бойынша жеке және топпен консультация жүргізу;
      3) күйзелістік,  жанжалдық,  қатты  эмоционалды  күйзелістік  жағдайда
болып табылатын білім алушыларға психологиялық қолдау көрсету;
      4) тұлғааралық және топаралық жанжалдарды шешуде делдалдық  жұмыстарды
ұйымдастыру.
      Ағартушылық-профилактикалық бағыттар:
      1) білім алушылар мен  педагогтердің  өзін-өзі  айқындауына,  кәсіптік
өсуіне ықпал ету;
      2) білім алушылар бейімсіздігінің психологиялық алдын алу;
      3) педагогтерді аттестаттауды әлеуметтік-психологиялық қолдау;
      4)  әдістемелік   бірлестіктер   мен   педагогикалық   кеңестің   және
медициналық-психологиялық-педагогикалық  консилиумдарының   жұмысына   ықпал
ету.
      Түзету-дамытушылық бағыттар:
      1) жеке тұлғалық өсуге арналған тренингтер өткізу;
      2) білім алушылар мен педагогтердің тұлғалық, зияткерлік, эмоционалды-
жігерлік, шығармашылық даму үйлесімділігі бойынша психологиялық түзету  және
дамыту сабақтарын ұйымдастыру;
      3) жанжалдық тұлғааралық қатынастарды түзету.
      Әлеуметтік-диспетчерлік бағыттар:
      1) педагог-психологтың және кең  көлемде  талап  етілетін  мамандардың
кәсіптік  құзыреттілігі,   функционалдық   міндеттері   шеңберінен   шығатын
проблемаларды     шешу     бойынша      (дефектологтарға,      логопедтерге,
тифлопедагогтарға т.б.) аралас-мамандармен жұмыс жүргізу;
      2)  әлеуметтік-медициналық-психологиялық  қызметтер  туралы   деректер
банкін қалыптастыру;
      3)  аралас-мамандармен  және  шұғыл  жағдайда  көмек  көрсету  бойынша
мүдделі органдармен өзара іс-қимыл нәтижелерінің мониторингін жүргізу.
      Психологиялық қызмет жеке және топтық негізде  білім  алушыларға  және
педагог қызметкерлерге жұмыстың диагоностикалық,  дамытушылық,  түзету  және
профилактикалық  түрлері  кешенін  жүргізу   үшін   жекелеген   ғимараттарға
орналасқан және қажетті  жағдайлармен  қамтамасыз  етілген  педагог-психолог
кабинеті базасында жұмыс істейді.
      Психологиялық  қызметтің  жұмысын  білім  беру  саласындағы  уәкілетті
орган, ал өңірлік деңгейде аудандық, қалалық,  облыстық  білім  басқармалары
(бөлімдерімен) үйлестіреді.
      Психологиялық  қызметтің   жұмысы   педагогикалық   және   медициналық
қызметкерлермен, оның ішінде денсаулық сақтау  жүйесімен,  қамқоршылық  және
қорғаншылық  органдарымен,  ата-аналар  қоғамымен  тығыз  байланыста  жүзеге
асырылатын болады.
      Психологиялық қызмет педагог-психологтардың әдістемелік бірлестігімен,
психологиялық  орталықтармен,  тәжірибелі   психологтар   кафедралары   және
қауымдастықтарымен,  білім  бөлімдерінің  әдістемелік  кабинеттерімен  өзара
әрекетеседі.
      Педагог-психолог өз қызметінде:
      1) осы Қағидаларды басшылыққа алады;
      2) өзінің кәсіби құзыреттілігі және біліктілік талаптары шеңберінде
шешім қабылдайды;
      3)   жалпы   психологияны,   педагогикалық   психология   мен    жалпы
педагогиканы,  жеке  тұлға  психологиясы  және  дифференциалды   психология,
балалар   және   жас   ерекшеліктік   психология,   әлеуметтік   психология,
медициналық  психологияны,  психодиагностика,   психологиялық   консультация
беруді  және  әлеуметтік,  практикалық  және  жас  ерекшеліктік   психология
саласындағы психологиялық ғылымның жаңа жетістіктерін білуі қажет;
      4)     диагностикалық,     дамытушылық,      әлеуметтік-психологиялық,
психологиялық  түзету   және   консультативтік-профилактикалық   жұмыстардың
ғылыми-негізделген әдістемелерін қолданады;
      5)   белсенді   оқыту,   әлеуметтік-психологиялық   тренинг   байланыс
әдістерін,  жеке  және  топтық  кәсіптік  консультациялар   берудің,   білім
алушылардың қалыпты дамуының диагностикасы мен түзетудің заманауи  әдістерін
біледі;
      6)   барлық   оқу   кезеңінде   білім   алушының    жеке-психологиялық
ерекшелектерінің психологиялық диагностикасын жоспарлайды;
      7)  білім  алушылардың  тұлғалық   қалыптасуындағы   және   дамуындағы
ақаулықты анықтайды;
      8) білім алушыларға, педагогтерге, ата-аналарға  жеке,  кәсіптік  және
басқа да мәселелерді шешуде психологиялық көмек және қолдау көрсетеді;
      9) күйзелістік,  жанжалдық,  қатты  эмоционалды  күйзелістік  жағдайда
болып табылатын педагогтерге,  білім  алушыларға  психологиялық  көмек  және
қолдау көрсетуді жүзеге асырады;
      10) білім алушылардың бейәлеуметтік  әрекеттерінің  алдын  алады  және
оларды уақытылы түзетуді жүзеге асырады;
      11) өзінің кәсіптік құзыреттілігін және біліктілігін арттырады;
      12) тиісті кәсіби  даярлығы  жоқ  адамдардың  білім  беру  ұйымдарында
психологиялық диагностика, психологиялық  түзету  жұмыстарын  жүргізуге  жол
бермейді;
      13) білім беру ұйымдарының әлеуметтік саласын үйлестіруді қалыптастыру
және әлеуметтік бейімсіздіктің  туындауының  алдын  алу  бойынша  жұмыстарды
жүзеге асырады;
      14)   зерттеу   жұмыстарының   материалдары   бойынша   психологиялық-
педагогикалық қорытынды жасайды;
      15) дамыту және  түзету  бағдарламаларын  жоспарлауға  және  әзірлеуге
қатысады;
      16) білім алушылар, педагогикалық қызметкерлер мен ата-аналар арасында
психологиялық мәдениетті қалыптастырады;
      17)    білім    алушылармен,    ата-аналармен    және    педагогтармен
психодиагностикалық, консултациялық,  ағартушылық-профилиактикалық,  түзету-
дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлік  жұмыстардың  нысанын  және  әдісін
таңдайды;
      18) оқу-тәрбие үдерісін  ұйымдастыру  бойынша  құжаттамалармен,  білім
алушылардың, педагогтердің жеке істерімен танысады;
      19)  түзету  және  дамытушылық  бағдарламаларын   және   психологиялық
жұмыстың жаңа әдісін жасауды талқылауға қатысады;
      20) жоғары оқу орындарының психология кафедраларымен  және  тәжірибелі
психологтар қауымдастықтарымен байланысты қолдайды;
      21) Психологиялық қызметтің жұмысын жақсарту  мәселесі  бойынша  білім
беру органдарына ұсыныспен шығады;
      22) пәндік кафедралардың және  медициналық-психологиялық-педагогикалық
консилиумның, педагогикалық және әдістемелік кеңестердің жұмысына қатысады;

      №7 дәріс. Білім сапасының мониторингі
      Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидалары
      1. Осы Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидалары  (бұдан  әрі  –
Қағидалар) "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27  шілдедегі
Заңының  4-бабының 14)  тармақшасына  сәйкес  әзірленді  және   білім   беру
мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер пайдаланылады:
      1) білім беру мониторингі – білім беру процестерін жүзеге асырудың жай-
күйін және нәтижелері  мен  шарттары  өзгеруінің  серпінін,  білім  алушылар
контингентін,  білім  беру  ұйымдары  желісін,  сондай-ақ  олардың   қызметі
жетістіктерінің рейтингілік  көрсеткіштерін  жүйелі  түрде  байқау,  талдау,
бағалау және болжау;
      2) ұлттық жинақ – әкімшілік  деректердің  мәліметтеріне  сәйкес  өткен
жылдың   қорытындылары   бойынша   іріктелген   негізгі   индикаторлар   мен
көрсеткіштер негізінде білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуын  сипаттайтын
ақпараттық статистикалық жария құжат;
      3) ұлттық баяндама – мемлекеттік статистика мен әкімшілік  деректердің
мәліметтеріне  сәйкес  өткен   жылдың   қорытындылары   бойынша   іріктелген
индикаторлар мен көрсеткіштер негізінде білім беру  жүйесінің  жай-күйі  мен
дамуын сипаттайтын талдамалық жария құжат;
      4) білім беру сапасы – білім беру жүйесін сипаттайтын және  нақты  қол
жеткізуге болатын білім  беру  нәтижелерінің,  білім  беру  жүйесінің  жұмыс
істеу  шарттарының  нормативтік   талаптарға,   әлеуметтік   және   тұлғалық
межелерге сәйкестік дәрежесін көрсететін көрсеткіштер жиынтығы;
      5) білім беру саласындағы уәкілетті орган  –  білім  беру  саласындағы
басшылықты   және   салааралық   үйлестіруді   жүзеге   асыратын   Қазақстан
Республикасының орталық атқарушы органы (бұдан әрі – уәкілетті орган).
      3. Білім беру мониторингі білім беру саясатын әзірлеу мен іске асыруды
ақпараттық   қолдау,   білім    беруді    басқару    органдарын    Қазақстан
Республикасының білім беру жүйесінің жағдайы  туралы  өзекті,  толық,  дұрыс
және үнемі жаңартылып отыратын  ақпаратпен  қамтамасыз  ету,  білім  берудің
дамуын  талдау  және  болжау  үшін  қажетті  ақпараттық  база   қалыптастыру
мақсатында жүргізіледі.
      Білім беру мониторингін жүзеге асыру тәртібі
      Білім беру мониторингі ұлттық  қауіпсіздік  органдарының  ведомстволық
білім беру жүйесінен басқа білім беру жүйесінің сапасын сырттай  және  іштей
бағалау  үшін,  оның  ішінде   халықаралық   индикаторлармен   (Экономикалық
ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), ЮНЕСКО) салыстыру  үшін  статистикалық
және талдамалық бағалау көрсеткіштері  кешені  негізінде  жүзеге  асырылады.
Бағалау  осы  Қағидаларға  қосымшада   көрсетілген   индикаторларға   сәйкес
жүргізіледі.
      Білім беру мониторингін жүргізу:
      1) мемлекеттік  статистика  материалдарының  және  уәкілетті  органның
шешімімен бекітілген және  Қазақстан  Республикасы  Статистика  агенттігімен
келісілген әкімшілік деректер нысандары;
      2) мыналардың: білім  беру  ұйымдарын  аттестаттау,  аккредиттеу  және
лицензиялау;
      педагог және басшы кадрлардың біліктілігін арттыру және аттестаттау;
      білім беру ұйымдарын саралау;
      техникалық және  кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі  білім  алушыларға
біліктілік беру;
      талдамалық және әлеуметтік зерттеулер барысында алынған  құжаттар  мен
материалдардың   негізінде   ұдайы   бақылау   мен    деректер    жинақтауды
ұйымдастыруды көздейді.
      Мониторингтің төрт деңгейлі сатылы құрылымы бар: бірінші деңгей:
      1) уәкілетті  орган  білім  беру  мониторингінің  барлық  рәсімдерінің
ұйымдастырушылық-әдістемелік   және   бағдарламалық-техникалық    қамтамасыз
етілуін салалық үйлестіруді жүзеге асырады, барынша негізделген және  жағдай
талаптарына барабар басқарушылық шешімдер  үшін  білім  беру  мониторингінің
негізгі  бағыттары  мен  қорытындыларын  жалпы  талдауды   айқындайды,   оқу
жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу тәртібін бекітеді;
      2)  Қазақстан  Республикасы  Статистика   агенттігі   жалпымемлекеттік
статистикалық байқаулардың деректерін ұсынады;
      3) ведомстволық бағынысты ұйымдар әкімшілік деректер  бойынша  қажетті
мәліметтерді ұсынады, өздерінің құзыретіне кіретін  шешімдер  қабылдау  үшін
зерттеулерге, білім беру мониторингінің нәтижелерін талдауға қатысады;
      екінші   деңгейді   облыстық,   Астана,   Алматы   қалаларының   білім
басқармалары, сондай-ақ жоғары оқу орындары, республикалық орта,  техникалық
және кәсіптік  білім  беру  ұйымдары  жүргізеді.  Облыстық,  Астана,  Алматы
қалаларының білім басқармалары өз өңірінде мониторинг жүргізу  туралы  шешім
қабылдайды;
      үшінші деңгейді аудандық (қалалық) білім бөлімдері жүзеге асырады;
      төртінші  деңгей  мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен  оқыту,  бастауыш,
негізгі  орта,  орта  (жалпы  орта,  техникалық  және  кәсіптік)  және  орта
білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының деңгейінде өткізіледі.
      Индикаторлар бойынша мәліметтер мен есептілікті уәкілетті органға  жыл
сайын:
      1) Қазақстан  Республикасы  Статистика  агенттігі  –  есепті  кезеңнен
кейінгі жылдың қаңтарында, наурызында, сәуірінде, мамырында;
      2) облыстық, Астана, Алматы қалаларының білім басқармалары, жоғары оқу
орындары және республикалық білім беру ұйымдары мен  ведомстволық  бағынысты
ұйымдар әкімшілік деректерді жинақтауға арналған  нысандар  мен  мерзімдерге
сәйкес ұсынады.
      Уәкілетті орган білім беру мониторингінің қорытындыларын шығаруды  жыл
сайын:
      1) есепті кезеңнен кейінгі  жылдың  1  наурызына  дейін  ұлттық  жинақ
түрінде;
      2)  есепті  кезеңнен  кейінгі  жылдың  1  тамызына   дейін   Қазақстан
Республикасының білім  беру  жүйесінің  жай-күйі  мен  дамуы  туралы  ұлттық
баяндама түрінде жүзеге  асырады.  Деңгейлердің  мониторингілік  жүйелерінің
жұмыс істеуінің келісімді болуы  үшін  компьютерлік  желі  түрінде  бірыңғай
ақпараттық жүйе құрылады,  ақпаратты  жинақтаудың,  берудің  және  сақтаудың
автоматтандырылған рәсімі енгізіледі.
      Бiлiм  беру  мониторингінің  субъектілері  бiлiм  беру  мониторингінің
деректерiн  қалыптастырып,  қағаз  жеткізгіште  және  электрондық   форматта
ұсынады.
Білім беру мониторингінің нәтижелерін талдауға жұмыс  берушілер,  ата-аналар
қауымдастығының өкілдері тартылады.


      №8 Дәріс. Білім сапасын бағалау жүйесі
      Білім беру сапасын бағалау бөлімінің қызметі іс-тәжірибелік түрде іске
асырылуы, жоғарғы оқу орны ішіндегі білім беру сапасын бақылау  мен  бағалау
жайлы  барлық  рәсімдерді  жүзеге   асыру   тәртібін   реттейтін   Қазақстан
Республикасының, Білім және  ғылым  министрлігінің,  Қазақстан  Республикасы
Қорғаныс  министрлігінің   және   Құрлық   әскерлері   Әскери   институтының
нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес құрылдаы.
      Білім беру сапасын бағалауға: мәліметтерді жинау жүйесі  және  алғашқы
өңдеу, білім беру сапасын талдау және бағалау, жоғарғы  оқу  орнының  барлық
субъектілерін статистикалық және талдаулық ақпаратпен қамту  жүйесі  жатады.
Қызмет әр компонент бойынша білім беру сапасын бағалауды  іске  асыру  уақыт
тәртібімен анықталады.
      Білім беру сапасын бағалау  бөлімі  қызметінің  негізгі  мақсаты:білім
беру  сапасының  ахуалы,  оның  өзгеру  үдерісі  және  оның  денгейіне  әсер
тигізетін себептері  туралы  әділ  ақпарат  алу,  және  білім  беру  сапасын
жақсарту мен әр түрлі пайдаланушы топтардың (профессорлық-оқытушылар  құрамы
мен оқушылар, әскери басқару органдары, жалпы ақпарат құрылғылары)  хабардар
және тұнық болу деңгейін жақсарту мақсатында басқару  шешімдерді  қабылдауға
арналған оқу-тәрбие үдерісінің дамуы,жоғарғы оқу орнының білім беру  үдерісі
ахуалы мен  дамуы  туралы,  қамтудың  сапасына  жету,  білім  беру  нәтижесі
(бітірушілердің біліктілігі  мен  кәсіпқойлығының)  сапасын  қамтитын,  оқу-
тәрбие үдерісін ұйымдастыру және өткізу, жоғарғы оқу  орнындағы  білім  беру
үдерісін қамтитын, оқу-әдістемелік және  құрылымдық  бөлікшелердің  бақылау-
бағалау қызметін үйлестіру болып табылады. 
      Білім беру сапасын бағалау бөлімінің негізгі міндеттері:
      1 - жоғарғы оқу  орнының  барлық  субъектілері  тарапынан  білім  беру
сапасының мемлекеттік стандартын қамту және сапалы білім  алуға  мұқтаждығын
қанағаттандыру;
      2 - жоғарғы оқу орнының білім  беру  сапасын  басқаруын  бақылау  және
талдап сүйемелдеу;
      3 - білім  беру  сапасы  мен  жоғарғы  оқу  орнының  дамуының  негізгі
үрдісінің ахуалын анықтау, сараптау, бағалау және болжау;
      4 - білім беру сапасын  жақсарту  мәселері  жайлы  басқару  шешімдерді
ақпараттық қамту;
      5  -  жоғарғы  оқу  орнындағы  білім  берудің  дамуы   туралы   сыртқы
пайдаланушыларды ақпаратпен қамту, сыртқы  пайдаланушыларды  хабардандыратын
тиісті жүйе әзірлеу.
      Білім беру сапасын бағалау бөлімінің негізгі міндеттері:
      1-  білім  беру  сапасының  өлшемдерін   және   оны    өлшеуге   деген
көзқарастарын  біріңғай түсінуді қалыптастыру;
      2- білім беру сапасын бақылаудың жоғарғы оқу  орнының  ішкі  жүйесінің
бақылау жүргізуін ақпараттық, талдаулық және сараптаулық қамтуы;
      3-  білім  беру  сапасын  бағалау   жүйесінің   біркелкі   ақпараттық-
технологиялық базасын әзірлеу;
      4- жинаған ақпараттардың  бағытын айқындау және оны басқару шешімдерді
қабылдаудағы ақпараттық негізі ретінде пайдалану технологиясын әзірлеу;
      5- білім беру дамуы ахуалын зерделеу және өзіндік  бағалау,  болжамалы
мақсатта  мемлекеттік  аттестаттау  нәтижесі  бойынша  жоғарғы  оқу  орнының
ықтимал рейтингісін айқындау;
      6- білім беру статистикасының және білім беру сапасына бақылау жүргізу
қызметінің ресурстық базасын қалыптастыру және қамту;
      7- білім беру нәтижесіне әсер ететін мәнді жайттарды табу;
      8-  қолбасшылық  және  профессорлық-оқытушылар  құрамының,   сондай-ақ
оқытушылардың жоғарғы оқу  орнын  лицензиялау  және  аттестатау  талаптарына
тиісті, оқытушыларды аттестаттау,  оқушылырдың  жеке  жетістіктер  сауалдары
бойынша біліктілігін арттыру;
      9- білім беру сапасын  бағалау  аясында  стратегиялық  шешім  қабылдау
барысында қоғамдық сараптама,  жариялылық  және  алқалылық  тетіктерді  іске
асыру;
      10- оқу және  басқа  да  құрылымдық  бөлікшелердің,  қолбасшылық  және
профессорлық-оқытушылар құрамының рейтингісін (орнын) айқындау;
      Жоғарғы оқу орнының білім беру сапасының стандарты:
      1- білім беру дамуының мемлекеттік үрдісімен;
      2- білім беру сапасының мемлекеттік стандарты және үлгісімен;
      3- білім берудің мазмұны және құрылымының мемлекеттік стандартымен;
      4- білім беру сапасын бақылау және бағалаудың  мемлекеттік  рәсімдері,
құрал-саймандары, индикаторлары, құралдарымен арасалмақта.
      Жоғарғы оқу орнының білім беру сапасының стандартына:  
      1- жоғарғы оқу орнының білім  беру  компонентінің  мақсаты,  құндылығы
және мазмұнының дәлелділігі;
      2- білім беру үдерісінің материалдық-техникалық қамтылуының сапасы;
      3- білім беру бағдарламасы мен пайдаланатын білім беру технологиясының
сапасы;
      4- әрбір оқушының  білім  беру  стандартының  мемлекеттік  компонентін
меңгеруінің сапасы;
      5-  оқушылардың  шығармашылық  және  ғылыми  жетістігінің  айқындалған
деңгейі;
      6- оқушылардың қосымша білім алуының қол жетімділігі мен сапасы;
      7-  оқушылардың  әскери  қызметінің   қауіпсіздігі   мен   денсаулығын
қамтамасыз ету;
      8-  жоғарғы  оқу  орнындағы  психологиялық  жабдықталғандық  пен   қол
жетімділікті қамтамасыз ету;
      9-  арнайы  білім  алу  қажеттілігі  бар  оқушыларға,  жекеше  қарауды
қамтамасыз ету;
      10-  қолбасшылық   және   профессорлық-оқытушылар   құрамының   жоғары
біліктілігі (аттестаттау барысында бекітілген) жатады.
      Білім беру сапасын бағалау кәзіргі қолда бар  бақылау  рәсімдер  және 
сараптамалық білім беру сапасын бағалау арқылы жүзеге асады:
      1- әр қилы оқыту сатыларындағы оқушылардың  білім  алу  жетістіктеріне
бақылау жүргізумен;
      2- оқушылардың шығармашылық жетістіктерін талдаумен;
      3- қолбасшылық және профессорлық-оқытушылар құрамын жоғарғы  оқу  орны
ішіндегі аттестаттау нәтижелерімен;
      4- жоғарғы  оқу  орнын  мемлекеттік  аттестаттау  барысындағы  өзіндік
талдау нәтижелерімен;
      5- статистикалық (Білім беру сапасын бағалау бөлімі және  жоғарғы  оқу
орнының  Ғылыми  кеңесінің  бастамасымен  өткізілген)  және   әлеуметтанулық
зерттеме нәтижелерімен;
      6- жоғарғы оқу орнының ішкі бақылау жүйесімен (құрылымдық бөлікшелерді
жанжақты, жекеше, ағымдық және қызметтік тексеру);
      7- жоғарғы оқу орнының  Білім  беру  сапасын  бағалау  бөлімі,  Ғылыми
кеңесі  мен  медициналық  қызметінің  бастамасымен  өткізілетін   оқушыларды
медициналық зерттеу жүйесімен;
      8- психологиялық жабдықталғандықты жоғарғы оқу  орнының  ішкі  бақылау
жүйесімен.
      Білім беру сапасын бағалау бөлімі білім беру сапасын бағалаудың  нақты
тұжырымдамасын құрады, білім беру  сапасын  бағалау  мен  бақылау  рәсімінің
жүзеге асыруын қамтамасыз етеді, білім беру  сапасын  бағалау  мәселелерімен
байланысты  әр  түрлі  құрылымдардың  жұмыстарын  үйлестіреді,  жоғарғы  оқу
орнының білім  беру  дамуының  ахуалы  мен  үрдісін  анықтайды,  білім  беру
сапасын жетілдіру бойынша басқарушылық шешім қабылдайды.
      Білім беру сапасын бағалау бөлімінің әдіскерлері жеке  оқытушылар  мен
курсанттар  бөлікшелерінің  командирлерін   оқушылардың   оқу   жетістігінің
сапасын  бағалауының  өздеріне  меншікті  жүйесін  қалыптастыруын   көмекпен
қамтиды, оқытушылар  мен  сабақ  жетекшілерінің  қолданысындағы  білім  беру
сапасын бағалаудың жекеше жүйесінің сараптамасын жүргізеді.
      Мақсатты талдау топтары (комиссиялар) қолбасшылық  және  профессорлық-
оқытушылар   құрамын   аттестаттау   барысында   олардың   өнімділігі    мен
кәсіпқойлығын бағалауға қатысады.
      Жоғарғы оқу  орнының  Ғылыми  кеңесі  талқылауға  қатысып  Білім  беру
сапасын бағалау бөлімінің  ұсыныстарын  іске  асырулары  бойынша  құрылымдық
бөлікшелер  бастықтарын  тыңдайды,  жоғарғы   оқу   орнының   сапалы   дамуы
бағдарламасын іске асыруда жоспарланған нәтижелері бойынша қолбасшылық  және
профессорлық-оқытушылар құрамының қызметіне  баға  береді.  Ғылыми  кеңестің
мүшелері білім беру сапасын сараптауға тартылады.


      №9 Дәріс. Білім беру жүйесіндегі реформалар
      Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен  әр
түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім  беру  стандарттары  жүйесінің,
оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі  және  түрдегі  білім
беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың,  сонымен  бірге  білім  беруді
басқару органдары жүйесінің жиыны.
      Бiлiм беру жүйесi қоғамның  әлеуметтiк-экономикалық  дамуында  жетекшi
роль  атқарады,  сондай-ақ  оны  әрi  қарай  айқындай  түседi.  Ал  бiлiмнiң
қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi  –  рухтың
материяға, сананың  болмысқа  қатынасы  тұрғысынан  зерттелетiн  iлiм  таным
теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа  ғылыми  теориялардан  түбiрлi
айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы  ұстанымдарын,
объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
      Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына  сай,  әр
мұғалім, өз білімін  жетілдіріп,  ескі  бірсарынды  сабақтардан  гөрі,  жаңа
талапқа  сай  инновациялық  технологияларды   өз   сабақтарында   күнделікті
пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды,  тиімді  болары  сөзсіз.  Бұл
жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім  беру
жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа  технологияларын  енгізу,
білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық  желілерге
шығу» деп атап көрсеткен.  Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев  жолдауында  айқандай:
«Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына  сай
білім қажет. Қазақстанды дамыған 50  елдің  қатарына  жеткізетін,  терезесін
тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму  кезеңі  білім  беру  жүйесінің
алдында оқыту үрдісінің технологияландыру  мәселесін  қойып  отыр.  Оқытудың
әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл  педагогтардың  іс  –  тәжірибесі
зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
      Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты
      Қазіргі білім  беру  жүйесінің  мақсаты  -  бәсекеге  қабілетті  маман
дайындау. Мектеп  –  үйрететін  орта,  оның  жүрегі  -  мұғалім.  Ізденімпаз
мұғалімнің  шығармашылығындағы  ерекше  тұс  -  оның  сабақты   түрлендіріп,
тұлғаның жүрегіне  жол  таба  білуі.  Ұстаз  атана  білу,  оны  қадір  тұту,
қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің  борышы.  Ол  өз  кәсібін,  өз
пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін  адам.Өзгермелі  қоғамдағы
жаңа формация  мұғалімі  –  педагогикалық  құралдардың  барлығын  меңгерген,
тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан  шығармашыл
тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы  қалыптасады,
дамиды.  Нарық  жағдайындағы  мұғалімге  қойылатын   талаптар   :   бәсекеге
қабілеттілігі,  білім  беру  сапасының  жоғары  болуы,   кәсіби   шеберлігі,
әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
      Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі-  рефлекцияға
қабілетті, өзін-өзі  жүзеге  асыруға  талпынған  әдіснамалық,  зерттеушілік,
дидактикалық   -    әдістемелік,    әлеуметтік    тұлғалы,коммуникативтілік,
ақпараттық   және   тағы   басқа   құдыреттіліктердің   жоғары    деңгейімен
сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты,  белсенді,  сауатты,
шығармашыл тұлға.
      Нәтижеге бағытталған білім  моделі  мен  басқарудың  жаңа  парадигмасы
аясында  жекелеген  ұғымдар  мен  нормаларды   және   тиімді   педагогикалық
технологияларды  меңгеру  үшін  педагогтардың  кәсіби  мәдениетін   дамытуға
бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.
      Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың  оқу  қажеттіліктері  нақты
білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке  енуге  және
жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру  мақсаттарына  байланысты  қалыптасады.
Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.
      Сондықтан олардың  функционалдық  сауаттылықтарын  кәсіби  шеберлікпен
ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған  білім  беру  үлгісінде  мақсатты  түрде
білім беретін,  қалыптастыратын,  дамытатын  андрогогикалық  процесс  қажет.
Басқаша  айтқанда  ересектерге  арналған,   жалпы   және   кәсіби   білімнің
қажеттілігін  дамыту,  ғылым,  білім  мен   мәдениет   жетістіктері   арқылы
адамдардың   жалпы   мәдениеті   мен   әлеуметтік   белсенділікті   дамытуға
бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі  білім
беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған  білімнен  «мәдениет  адамына»
бағытталған білімге көшуді көздейді.  Бұл  білім  беру  жаңаша  ұйымдастыру-
оның философиялық , психологиялық, педагогикалық  негіздерін,  теориясы  мен
тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
      Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде  оқыту  үдерісін  тың
идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
      Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір  сүру  үшін
қажет»  дегендей  оқыту  процесін  технологияландыру,  осыған   сәйкес   оқу
бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен  танысу
жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін  айқындайды.  Жаңа  педагогикалық
технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен  активті  оқытуға  көшу
оқу танымын ұйымдастырудағы  бастамашылдығына  жағдай  туғызу,  субьективтік
позицияны қалыптастыру.
      Білім  сапасын  арттыру  және  нәтижеге  бағытталған  үлгіге   беталуы
барысында  мұғалімдер  мемлекеттік  стандарт  берілген  нәтижелерге   жетуде
кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу  біліктері  мен  дағдылары  нәтижесінде
проблеманың шешімін  таба  алатын,  ақпараттық  –  коммуникативті  мәдениеті
жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның  осы
құзыреттілікті  меңгере  отырып  тек  «  кәсіби  икемділігін  оңтайландыруды
қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін «  үнемі  оқып  –  үйрену
және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.
      Қазақстандағы  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған
мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды  сапалы  біліммен
қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі  білім  көрсеткішінің  жақсаруы
мен  қазақстандық  білім  беру  жүйесінің  тартымдылығын  арттыру  үшін,  ең
алдымен,  педагог  кадрлардың  мәртебесін  арттыру,  олардың  бүкіл  қызметі
бойына  мансаптық  өсуі,  оқытылуы   және   кәсіби   біліктілігін   дамытуды
қамтамасыз ету, сондай- ақ  педагогтердің  еңбегін  мемлекеттік  қолдау  мен
ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен  мән  берілген.  Осыған  байланысты
қазіргі таңда еліміздің  білім  беру  жүйесіндегі  реформалар  мен  сыңдарлы
саясаттар, өзгерістер  мен  жаңалықтар  әрбір  педагог  қауымының  ойлауына,
өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына,  жаңа  идеялармен
жаңа жүйелермен жұмыс жасауына  негіз  болары  анық.  Олай  болса,  білімнің
сапалы  да  саналы  түрде  берілуі  білім  беру  жүйесіндегі  педагогтердің,
зиялылар қауымының  деңгейіне  байланысты.  Дәстүрлі  білім  беру  жүйесінде
білікті мамандар  даярлаушы  кәсіби  білім  беретін  оқу  орындарының  басты
мақсаты  –  мамандықтарды  игерту  ғана  болса,  ал  қазір   әлемдік   білім
кеңестігіне ене отырып,  басекеге  қабілетті  тұлға  дайындау  үшін  адамның
құзырлылық  қабілетіне  сүйену  арқылы  нәтижеге  бағдарланған  білім   беру
жүйесін ұсыну –  қазіргі  таңда  негізгі  өзекті  мәселелердің  бірі.  Жалпы
алғанда «құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы  –
соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне  ерекше
көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.
      Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «сомпетенс»белгілі сала  бойынша
жан – жақты хабардар білгір деген  мағынаны  қамти  отырып,  қандай  да  бір
сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім  шығара  алады  дегенді  білдіреді»
деп  көрсетеді.  Бұл  жайлы  Б.Тұрғанбаева  «...өзінің  практикалық  әрекеті
арқылы алған білімдерін  өз  өмірлік  мәселелерін  шешуде  қолдана  алуын  –
құзырлылықтар  деп  атаймыз  »  деп  анықтаса,  Ресей  ғалымы  Н.Кузьминаның
көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз  -  педагогтің  басқа  бір  адамның
дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы ».
      Латын тіліндегі «компетенс»сөзін ғалым К.Құдайбергенова  «Құзырлылықты
білімін,  біліктілігін,  дағдысын,  тұлға  мінез-құлқын,  ең  бастысы  тұлға
мүмкіндігін бағалаудың критерийі  мақсатында  қарастыру  құзырлылық  маңызын
толық аша алады. Олай болса, құзырлылық, нәтижеге  бағдарланған  жаңа  білім
беру  жүйесінің  сапалық   критерийі   ретінде   әлеуметтік   және   өмірлік
көзқарастарды есепке  алу  қажет»  деп  жазса,  Б.Тұрғанбаева  «Құзырлылыққа
бағытталған оқыту үрдісінде  тәжірибелік  жолмен  мәселені  шешу  мүмкіндігі
молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің  негізі
бола алады.  Өйткені,  құзырлылыққа  бағытталған  үлгіде  білім  алушылардың
өздерін ұйымдастыру - басты мақсаты » деп көрсетеді.
      Қ.Құдайбергенова  «Құзырды  әртүрлі  кенеттен   болған   ситуацияларда
мәселелерді  шешу  үшін  қажетті  білімді  немесе  әрекетті   көрсете   білу
қабілеті,  білім  мен  өмірлік   ситуация   арасындағы   байланысты   орнату
мүмкіндігі ретінде,  ал  құзырлылықты  адамның  өзіндік  деңгейіне,  даралық
қасиеттеріне  тікелей  байланысты  тұлғалық,  теориялық,  практикалық  өлшеу
дәрежесі жоғары деңгейде кіріктірілген құрылым ретінде қарастыру  ұсынылады»
деген тоқтам жасайды.


      №10 дәріс. Білім социологиясы
      Білім социологиясы- шеңберінде білім  процесі,  адамдардың  ғылым  мен
әлеуметтік  тәжірибе  барысында   жинақталған   білімдер   мен   жалпыланған
тәжірибені  меңгеру  механизмі,  осы  білімдерді  білім  беру  және   ағарту
әлеуметтік институты арқылы болашақ ұрпаққа  беруі  зерттелетін  әлеуметтану
ғылымының саласы
      Білім беру социологиясы дәстүрлі социологиялық тақырыптардың 1938 жылы
Э.Дюркгейм  қайтыс  болғаннан  кейін  Міне,  осыңдай  білім   берудің   анық
элитарлық Э.Дюркгейм өзі  Еуропа  мәдениетінің  өкілі  ретінде  ең  алдымен,
Дюркгейм білім беру жүйесінің білім беру социологиясы қазіргі заманда  білім
берудің формалды жүйесі әрине, қазіргі қоғамда білім беру жүйесі
      Социологиядагы функционалистік дәстүрді айтарлықтай дамытқан Т.Парсонс
Индивид бір  стандарттан  екінші  стандартқа  өтуге  Парсонс  білім  берудің
жүйесін  өте  дарынды  білім   беру   социологиясының   орталық   проблемасы
"интеллект  1960  жылдардың  соңында,  1970  жылдардың   бас   алайда,   бұл
көзқарасқа   мықты   қарсы   дәлелдемелер   осы   тұрғыда,   Канада   маманы
О.Клинебергтің де  әрине,  біз  америка  өндірістері  мен  орта  білім  беру
социологиясы үшін таптық және кейбір  социологтардың  айтуьпппа,  әлеуметтік
топтың ішіндегі:
      —  жұмысшы табы шартты білім алуға
      — жұмысшы табы жұмысты, жұмыс орнын
      — жұмысшылар ұжымдық әрекеттің тиімділігіне (жеке
      Әрине, мұндай әрекеттер жұмысшының нақты  күйін  бұл  бағыттың  кейбір
мәселелері  қатаң  сынға  ағылшын  социологы  Дж.Дуглас   1940-1960   жылдар
аралығанда әлеуметгік әркелкіліктің моделін білім беруде -қазір  социологтар
таным депривациясы туралы да нақты депривациялау факторы  ретінде  әр  түрлі
мәдени депривация теориясы білімге деген бірыңғай мәденидепривация  теориясы
білім беру жүйесінде бұл бағытты жақтаушылардың  құнды  дәлелдемелері  болса
білім   берудің   социологиялық   проблемаларын   шешуге    интеракционистік
интеракционистердің  пікірінше,  адам  айналасын  өзі  бақылап   бірақ   осы
тәсілдердің әлеуметтік  мәні  неде?  Оку  процесінде  педагогтар  қолданатын
әдістемелердің бірі интеракционизм  ауқымында  тағы  да  басқа  айқындамалар
қазіргі   біздегі   социологияда   әлемдік   социология   әзірлеп   біз   өз
шәкірттерінің қатарынан педагогтардың  төмендегідей  мұндай  жағдайды  қалай
түсінсе болады?  Социология   оқу  орындарының  үлкен  қалаларда  шоғырлануы
экономикалық  білім алатын жастар мен оларды
      Бүгін социологтар кез болып отырған күрделі сауда оқу орындарында және
қызмет ету кейбір деректерде көрсетілгендей бұрынғы КСРО құрамындағы
      Осылайша білім беру жүйесі қоғам деңгейінде:
      — жоғары және кәсіби білім беруде
      — әлеуметтік құрылымдағы деформацияның әсері білім
      — білім беру мекемелерінің балама түрлерін,


      №11 Дәріс. Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі
      Қазақстан Республикасында білім беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға
арналған  бағдарламасы  білім  беру  жүйесін  жаңа   әлеуметтік-экономикалық
ортаға бейімдеп, білім сапасының бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру,  әлемдік
білім беру кеңістігіне ену шарттарына сәйкес білім жүйесін  жаңартуды  талап
етеді.  Осыған  орай  Батыс  Қазақстан  облыстық  мамандандырылған   дарынды
балалар мектебінің директоры, педагогика  ғылымдарының  кандидаты,  «Құрмет»
орденінің иегері Нәсіпқали Дәулетов өз пайымдауларын былайша білдірді.
      Оның   мәлімдеуінше,   аталмыш   бағдарламада   жалпы   білім   беруде
мониторингтік  жүйені  дамыту,  білім  сапасын  бақылаудың  және  бағалаудың
ұлттық моделін жетілдіру, бейінді  білім  беруді  жаппай  жүзеге  асыру,  12
жылдық білім беруге көшу сияқты мәселелер күн тәртібіне қойылған.  
      Бағдарлама,  бірінші  кезекте,  білім   берудегі   сапа   менеджементі
жүйесіндегі, педагогикалық мониторингті жетілдіре отырып,  «барлық  деңгейде
білім  беру  сапасын  бағалаудың  ұлттық  жүйесін  енгізу»  талабын   қояды.
Мониторингтік зерттеулер: білім беру ұйымдарының қызметін жүйелі  бақылауды;
нәтижелерін өңдеп, талдаумен,  ақпараттарды  сақтау,  жинақтау  және  тарату
арқылы  білім  беру  жүйесін  дамыту  үшін  болжамдар  жасау  және   басқару
тетіктерін жетілдірумен айналысатын болады. 
      Ғалым-ұстаздың  ойынша,  бұл  -  қазіргі  жалпы  білім  беру   жүйесін
түбегейлі жаңартуда, білім сапасын көтеруде, тұңғыш ғылыми  негізде  қойылып
отырған ең көкейкесті проблема. Өйткені, бүгінгі  оқыту  үрдісіндегі,  әрбір
оқушының күнделікті білімді жүйелі терең меңгеріп  отыруын  қамтамасыз  ету,
мектеп өмірінен көріп отырғанымыздай, мектептің алдында  тұрған  ең  күрделі
де, қиын да, мүлде кешеуілдеп қалған мәселе. 
      Оқыту үрдісінің сапалық деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз етуде, ҰБТ
моделі  бағытында,  оқушыға  да,  мұғалімге  де  тәуелсіз  білім   үрдісінде
күнделікті бақылау мен бағалаудың, мектепте бірыңғай  жүйесін  жүзеге  асыру
бағытындағы  жұмыстар  жетіспейді.  Мектебімізде   жүргізілетін   мониторинг
жұмыстар,  оқушылардың  білім  алу,  мұғалімдердің  білімді  беру  үрдісінің
сапалық деңгейін күнделікті, тоқсанаралық, тоқсандық, жылдық бақылау  жүйесі
арқылы,  үнемі  тексеріп  отырудың  қажеттілігін  көрсетті.  Мектептегі  осы
бағыттағы бақылау жүйесі-оқушының да,  мұғалімнің  де  күнделікті  оқу  және
оқыту іс-әрекеттеріне тұрақты  бақылау  жасау  арқылы  оның  нәтижесін  әділ
бағалауға  жол  аштық.  Нәтижесінде,  бүгінгі  білім  сапасының  төмендігіне
қатысты мұғалімдердің бағаны көтеріп қоймауына және оқушының  күнделікті  әр
материалды   терең   меңгеруге   деген   қажеттілігін   қалыптастыруға   қол
жеткіздік. 
      Қазір мектебіміздің әрбір мұғалімі ғана емес, оқушының өзі жоғары балл
жинап, күнделікті материалды терең меңгергенде ғана сапалы білім алу  мүмкін
екендігін  жақсы  түсінеді.  Осыған  орай,  бағдарламаының   «Білім   беруді
дамытудың мониторинг жүйесі» тарауында «білім  беру  нәтижелерін  басқарудың
базасы және  даму  жолдарын  болжамдау  түрінде  білім  беру  мониторингінің
бірыңғай жүйесі енгізіледі» деп жазылуы өте орынды. 
      Педагогика  ғылымында  оқушыға  сапалы  білім  беруді  қамтамасыз  ету
күнделікті беріліп жатқан білім нәтижелерін жүйелі, тұрақты бақылап  отыруға
тәуелді деп қарайды. Өткен ғасырдың аяғында-ақ, «кеңес  мектебінде  дәстүрлі
қалыптасқан  оқушылардың  білімін  бақылау  және  бағалау  жүйесі,   олардың
білімінің  шынайы  объективтік  көрсеткіші  болудан  мүлде   қалып   барады,
мұғалімдердің бағаны көтеріп қоюы әдетке  айналды».  Бұл  оқушылардың  білім
сапасының төмендеуіне әсер  етіп  отырған  фактор  деп  арнайы  зерттеушілер
анықтап берген еді. Осы кемшіліктерден  арылу  қажеттілігі  біздің  елімізде
ХХІ ғасырдың басында білім сапасын бағалаудың  жаңа  жүйесі  -  ҰБТ  моделін
енгізуге негіз болды. 
      Бағдарламада«тәуелсіз бағалау элементтерін қамтитын, ұлттық білім беру
сапасын бағалау жүйесі - ұлттық бірыңғай тестілеу»  одан  әрі  жетілдіріледі
деп көрсетілген. 
      ҰБТ моделі аз уақыттың ішінде білімді тексерудің озық  технологияларын
енгізу  арқылы  білім  мекемелеріне  тәуелсіз,   білімді   бағалауға   «адам
факторын» қатыстырмай жүргізуді; тестілік сұрақтар  арқылы,  білім  мазмұнын
жоғары деңгейде қамтуды қамтамасыз етті.
      Дегенмен өткен жылғы республикадағы «Алтын белгі» алушылар санының бір
жылда  мың жарымнан екі мың жарымға дейін  жетуін,  125  балл  жинаушылардың
қырықтап саналуын, кейбір облыстар бір жылдағы орташа  балл  ондап  өсуін  -
білім сапасының нақты  көрсеткіші деп  айту  қиын.  Демек,  мемлекеттік  ҰБТ
жүйесінің білімдік мәнін жете пайдалануға, оны  одан  әрі  жетілдіре  түсуге
кедергі болып отырған кемшіліктер баршылық. Бұл жерде,  ҰБТ  моделін  жүзеге
асырудағы, ең басты кемшілігіміз, оқушылардың білім сапасына  тікелей  ықпал
ететін тестілік материалдың мазмұнынан  гөрі,  оны  ұйымдастыруға  жете  мән
бермейтіндігімізге байланысты.
      Тестілік сұрақтарға байланысты сын пікірлер  бастапқыда  жиі  айтылды.
Қазір   әрбір   пән   бойынша   оқушылар   жұмыстанып   жүрген   мемлекеттік
емтихандардың  сұрақтарынан,  тек   қана   сан   көбейтетін,   бағдарламалық
материалды меңгеруге көмектесе бермейтін, жеңіл сұрақтар  кездесе  бермейді.
Тестілік бақылауды ұйымдастырудағы ең басты кемшілік - ең алдымен,  ауылдағы
тесті орталықтарымен байланысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында көптен  бері
айтылып, жұртшылықты алаңдатып отырған, ауылдық тесті  орталықтарын  жабу  -
кезек   күттірмейтін   шаруа.   Жоғарыда   келтірілген,   білімнің   баллдық
көрсеткішінің сапа жағынан емес, жыл сайынғы сан жағынан өсу қарқынының  70-
80 пайызы осы ауылдық мектепті бітірушілердің үлесіне тиеді. Ауылдағы  тесті
орталықтары  түлектердің  жоғары   балл,   жасанды   «Алтын   белгі»   алуға
көмектесуді  «меңгергендерімен»  қоймай,  енді  оқушының  125  балл  жинауын
қамтамасыз етуге «мамандана» бастады.  Ауыл  мектептерінде  өз  мүмкіндігіне
лайық жеткілікті білім ала алмай жүрген қабілетті оқушылар бар. Бұрын  ондай
оқушылар облыстық,  тіпті  республикалық  арнаулы  мектептерде  білім  алуға
талпынатын еді. Қазір  ауылдық  тесті  орталықтары  олар  үшін  жоғары  балл
жинау, «Алтын белгі» алудың ең «тиімді» тәсілі болып отыр. 
      Елдің ертеңі, интеллектуалдық  байлығымыз,  қабілетті  оқушыларымыздың
сапалы  білім  алуына  біздің  елімізде  мемлекеттік  деңгейде  ерекше   мән
беріледі.  Республикада  жүзден  астам  дарынды  балалар  мектебі,  қазірдің
өзінде алты Назарбаев интеллектуалдық мектебі жұмыс  істейді.  Олардың  көбі
қазірдің өзінде элитарлық  білім  беру  дәрежесіне  дейін  көтерілді.   Оны 
облысымыздағы мамандандырылған дарынды балалар  мектебінің  білім  сапасынан
нақты көруге болады. Жыл сайынғы  елулеген  мектеп  бітірушілердің  грантпен
университеттерге оқуға түсу көрсеткіші 100 пайызға жетіп,  соңғы  бес  жылда
бітірушілердің 77-сі «Алтын  белгі»  аттестатына  ие  болса,  30-дан  астамы
«Болашақ» стипендиясы бойынша әлемнің ең таңдаулы  университеттерінде  білім
алуға қол жеткізді. ҰБТ бойынша мектеп бітірушілердің орта балы 120,7  дейін
жетіп, бір  жылғы  «Алтын  белгі»  алушылардың  саны  16-ға,  125  балға  ие
болушылардың саны сегіз оқушыға дейін көбейді.
      «Алтын  белгі»   аттестатына   үміткерлердің   әлемнің   ең   таңдаулы
университеттеріне білім алуына  кедергі  болмайтындай,  сапалы  білім  алуын
қамтамасыз ету үшін бірінші кезекте  облыс  орталықтарында  арнайы  құрылған
комиссия алдында  ашық  жағдайда  тестілік  бақылау  ұйымдастыру  жеткілікті
болар еді. Одан әрі, барған сайын «Алтын белгі»  аттестатына  үміткерлердің,
жалпы «5» бағаның балдық шекті деңгейін бірден-екі көтеру де білім  сапасына
тікелей ықпал ететін фактор. 
      Бұдан екі жыл бұрын Парламент  депутаттары  «Алтын  белгі»  аттестатын
соңғы 9,10 сыныптарды үздік аяқтап, мемлекеттік емтиханды «беске»  тапсырған
оқушыларға  беруге  рұқсат  етілсе  деген  пікір  білдірген   еді.   Жоғарғы
сыныптардағы  білім  -  оқушының  болашақ  таңдаған  мамандығына  сәйкес  өз
қызығушылықтарына қарай саналы түрде меңгеретін білім.  Бүгінгі  мемлекеттік
бағдарламаның «Бейінді білім» беруді жүзеге асыру  талабы  да  осы  мақсатты
көздейді.  Мектебіміздің  тәжірибесінде  10,  11   сыныптарда,   мемлекеттік
емтиханда үздік білімділік көрсеткен  түлектерге  «Алтын  белгі»  аттестатын
беру әділ шешім болатындығын нақты, дәлелді  көрсетуде.  Осы  орайда  «Алтын
белгі» аттестатына үміткерлерге ғана емес, жалпы тестілік бақылауға  қатысты
тағы бір мәселе - мемлекеттік емтихан кезінде  оқушы  «шпаргалкасы»  -  ұялы
телефонды пайдалануды тоқтату тестінің шынайылығын қамтамасыз етудегі  басты
шаралардың   бірі.   Мемлекеттік   тестілеу   емтиханына   мектеп   бітіруші
түлектердің толықтай қатысуы қажет. 


      №12 дәріс.  Ақпараттық  технологиялар  көмегімен  білім  беру  сапасын
көтеру тәсілдері
      Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі  –  оқу
үрдісіне электрондық оқулықтарды  пайдаланып  қана  қоймай  оны  жасау  және
пайдалану.  Сондықтан   білім   беру   жүйесінде   электрондық   оқулықтарды
пайдаланбай алға жылжу мүмкін  емес.  Соның  нәтижесінде  оқушылардың  пәнге
деген қызығушылығы артып, білім сапасының өсуіне мүмкіндік туғызады.
      АПТ-ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің
өмірлік іс - әрекетінде  дербес  компьютердің  құралдарын  қажетті  деңгейде
пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім  беруде  АПТ-ны
пайдалану  мен  оқушылардың  құзіреттілігін  қалыптастыру,   қазіргі   заман
талабына сай  АПТ-ны,  электрондық  оқулықтарды  және  Интернет  ресурстарды
пайдалану оқушының білім  беру  үрдісінде  шығармашылық  қабілетін  дамытуға
мүмкіндік береді. АПТ-ны сабақта  пайдалану  кезінде  оқушылар  бұрын  алған
білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды.  Сонымен
қатар АПТ құралдарымен жұмыс  істеу  барысында  мектеп  оқушыларының  оқуға,
білім алуға  деген  ұмтылысының  артуы  АПТ  құралдарымен  жұмыс  істей  алу
жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын  қиындық  деңгейі
бойынша  реттей  алу  мүмкіндігінен,   тапсырманың   дұрыс   нәтижесі   үшін
марапаттай алу қызметінен де  байқалады.  Заманауи  АПТ  құралдарымен  жұмыс
істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген  тапсырмалардың  нәтижелі
орындалуына, басты мәселеге назар  аудара  білуге  баулиды,  сондай-ақ,  АПТ
құралдарымен жұмыс  істеу  барысында  оқушылардың  өзінің  жеке  іс-әрекетін
дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.
      Қазіргі  заман  талабына  сай  адамдардың  мәлімет  алмасуына,  қарым-
қатынасына ақпараттық – технологиялардың көмегімен кеңінен қолданысқа  еніп,
жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды  қалыптастыру  қажетті
шартқа  айналып  отыр.  Ақпараттық  қоғамның  негізгі  талабы  –  оқушыларға
ақпараттық  білім  негіздерін   беру,   логикалық   ойлау-құрылымдық   ойлау
қабілеттерін   дамыту,   ақпараттық   технологияны   пайдалану    дағдыларын
қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен  ғасыр
ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу.
      Ақпараттық  технология  –  қазіргі  компьютерлік   техника   негізінде
ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және  тасымалдау  істерін  қамтамасыз  ететін
математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі  техникалық  құралдар
жиыны.  Коммуникация   –   ақпаратты   тасымалдап   жеткізу   әдістері   мен
механизмдерін және  оларды  жазып  жинақтап  жеткізу  құрылғыларын  қамтитын
жалпы ұғым.
      Ақпараттық-коммуникативтік   технология   жағдайындағы   жалпы   оқыту
үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық  болжамдау  және
шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.
      Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік  технологиялары
бағыттары:
      а)электронды оқулықтар;
      ә) телекоммуникациялық технологиялар;
      б) мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар;
      в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет.
      Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие  үрдісіне  енгізуде
мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады:
      Өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру,  әдістемелік
пәндік Web –сайттар ашу;
      Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану;
      Бағдарламалау    ортасында    инновациялық    әдістерді    пайдаланып,
бағдарламалық сайттар, құралдар жасау.  (мультимедиалық  және  гипермәтіндік
технологиялар).
      Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша  білім
алуды қамтамасыз ету.
      Интерактивтік  оқыту  технологиясы  –   бұл   коллективтік,   өзін-өзі
толықтыратын,  барлық  қатысушылардың  өзара  әрекетіне   негізделген,   оқу
процесіне  оқушының  қатыспай  қалуы   мүмкін   болмайтын   оқыту   процесін
ұйымдастыру.
      Интерактивтік оқыту – бұл, ең  алдымен  оқушы  мен  мұғалімнің  қарым-
қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып  табылады.  Сабақтағы
интерактивтік  әрекет  өзара  түсіністікке,  өзара   әрекетке,   қатысушының
әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып  келетін  -  ұйымдастыру  және
сұқбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады.
      Оқытудың ақпараттық-коммуникациялық және интерактивтік технологияларын
пайдалану – педагогикалық іс-әрекеттердің  мазмұны  мен  формасын  толықтыру
негізінде  оқыту  үрдісін  жетілдірудің  бірден   бір   жолы.   Компьютерлік
желілерді,  интернет  жүйесін,   электрондық   оқулықтарды,   мультимедиалық
технологияларды, қашықтан  оқыту  технологиясын  пайдалану  оқу  орындарында
ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды.
      Ақпараттық-коммуникациялық  технологияны  дамыту  білім  берудің   бір
бөлігі. Соңғы  жылдары  заман  ағымына  сай  күнделікті  сабаққа  компьютер,
электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы  нәтиже  беруде.  Білім
беру жүйесі электрондық  байланыс,  ақпарат  алмасу,  интернет,  электрондық
пошта, телеконференция, On-line сабақтар  арқылы  іске  асырылуда.   Бүгінгі
күні  инновациялық  әдістер  мен  ақпараттық  технологиялар  қолдану  арқылы
оқушының ойлау  қабілетін  арттырып,  ізденушілігін  дамытып,  қызығушылығын
тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.
      Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен  дамуда,  бұған  бірнеше
факторлар,  ең  бастысы  –  білім  беру   мекемелерінің   қуатты   компьютер
техникасымен қамтылуы, оқу пәндерінің барлық бағыттыры  бойынша  электрондық
оқулықтар құрылуы және Интернеттің дамуы мысал  бола  алады.  Бүгінгі  таңда
білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп. Оқу  процесінде
ақпараттық және телекоммуникациялық  құралдар  мүмкіндігін  комлексті  түрде
қолдануды жүзеге асыру көп  функционалды  электрондық  оқу  құралдарын  құру
және қолдану кезінде ғана мүмкін болады.
      Білім  беруді   ақпараттандыру   жағдайында   оқушылардың   ақпараттық
сауаттылығын,  ақпараттық  мәдениетін  және  ақпараттық   құзырлығы   сияқты
қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі  бүгінгі  күннің  өзекті  мәселесіне
айналып отыр.


      №13 Дәріс. Заман талабына сай білім беру сапасының қажетті факторлары
      Жаңаша білім беру - заман талабы. Қазіргі білім беру  саласында  заман
ағымына  орай  жаңаша  білім  берудің  әр   түрлі   жолдары   іздестірілуде.
"Педагогикалық құрамның сапасын көтеру, мектеп  мұғалімдерінің  біліктілігін
арттыру   талаптарын   күшейту   қажет"   деген   елбасы   жолдауына    орай
мемлекетімізде қолға  алынған  ҚР  педагог  қызметкерлерінің  үшінші  деңгей
бағдарламасы бойынша біліктілік арттыру курсын аяқтап, білім беру  саласында
бірқатар оң өзгерістерді бойыма жинақтаған едім. Бұл  оқыту  жүйесі  бойынша
жеке тұлға  бұрын  білімді  қабылдаушы,  жинақтаушы  болса,  ал  жаңа  талап
бойынша өздігінен білім алушы, үйрене білуші ретінде танылады.
      Қазіргі кезде жоғары білім беру жүйесін реформалаудың  басты  мақсаты-
білімді игеру кезінде күтілетін нәтижелерге қол жеткізу. Мұнда  басты  назар
оқытушыдан жеке тұлғаға ауысыды. Жеке адамның дамуы белгілі қоғамдық  қолдау
мен әлеуметтік қажетсінуді керек  етеді.  Бұл  бағытта  американ  ғалымы  А.
Маслоудың  идеяларына  жүгінеміз.  Адамның  өзін-өзі  өзектендіруі   жетінші
деңгейде қарастырылады. Яғни  оқушы  өз  ақылына,  сезіміне  сүйене  отырып,
шешім қабылдауға үйрену керек. Сондықтан "Абай -  қазақ  даласының  сұңқары"
атты сабағымда құзіреттілікті қалыптастыруға баса мән бердім.  Осы  мақсатта
Блум таксаномиясы арқылы сабақ құруға  болады.  Блум  танымдық  салада  алты
деңгейді бөлді, атап  айтқанда  ол  ең  төменгі  деңгей  ретінде  фактілерді
қарапайым қабылдау мен танудан бастап анағұрлым  күрделі  деңгейлерге  қарай
жылжи отырып, ең күрделісі бағалау деп жіктеді.
      Абай Құнанбайұлының өмірі  мен  шығармашылығы  туралы  осыған  дейінгі
алған білімдері болғандықтан қосымша берілетін тақырыптарды  тереңдете  түсу
көзделді. Біз ғана  емес,  бүкіл  әлем  мойындаған  Абайдың  шығармашылығына
жалпы шолу жасау мақсатында бұл сабақта Абайдың сан  қырлы  екенін  берілген
тапсырмалар  арқылы  ұғындыруымызға  болады.  Елбасымыз  Нұрсұлтан   Әбішұлы
Назарбаев  былай  деген  екен:  "Абайдың  мұрасы  -  қазақтың  ең   қасиетті
қазынасы. Заманалар ауысып,  дүние  дидары  өзгерсе  де  халқымыздың  Абайға
деген  көңілі  айнымайды,  қайта  уақыт  өткен  сайын  оның  ұлылығының  тың
қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға  түседі.  Абай  өзінің  туған  халқымен
мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қазақ  елін  жаңа  биіктерге,  асқар
асуларға  шақыра  береді.  Абайды  таныту  арқылы  біз  Қазақстанды   әлемге
танытамыз, қазақ халқын танытамыз.
      Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен  әр
түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім  беру  стандарттары  жүйесінің,
оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі  және  түрдегі  білім
беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың,  сонымен  бірге  білім  беруді
басқару органдары жүйесінің жиыны.
      Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында  жетекшi
роль атқарады, сондай – ақ  оны  әрi  қарай  айқындай  түседi.  Ал  бiлiмнiң
қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi  –  рухтың
материяға, сананың  болмысқа  қатынасы  тұрғысынан  зерттелетiн  iлiм  таным
теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа  ғылыми  теориялардан  түбiрлi
айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы  ұстанымдарын,
объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
      Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына  сай,  әр
мұғалім, өз білімін  жетілдіріп,  ескі  бірсарынды  сабақтардан  гөрі,  жаңа
талапқа  сай  инновациялық  технологияларды   өз   сабақтарында   күнделікті
пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды,  тиімді  болары  сөзсіз.  Бұл
жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім  беру
жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа  технологияларын  енгізу,
білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық  желілерге
шығу» деп атап көрсеткен.  Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев  жолдауында  айқандай:
«Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына  сай
білім қажет. Қазақстанды дамыған 50  елдің  қатарына  жеткізетін,  терезесін
тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму  кезеңі  білім  беру  жүйесінің
алдында оқыту үрдісінің технологияландыру  мәселесін  қойып  отыр.  Оқытудың
әртүрлі  технологиялары  сарапталып,  жаңашыл  педагогтардың   іс-тәжірибесі
зерттеліп, мектеп өміріне енуде.


      №14 дәріс. Білім беру академиялық сапа негіздері
      Жоғары оқу  орындары  студенттеріне  университет  жанында  академиялық
қолдау  көрсетуді  ұйымдастыру  нақты  теориялық  және  практикалық   мәселе
ретінде шетел тәжірибесін зерттеу  қажеттілігі  бүгінгі  жоғары  білім  беру
үдерісінің  басым  бағыттарына  байланысты  мамандардың   кәсіби   сапасына,
дайындығына қоғам тарапынан қойылатын  талаптарымен  түсіндіріледі.  Себебі,
Қазақстан  Республикасында  жоғары  білім  беру   жүйесінде   болып   жатқан
түбегейлі өзгерістер студенттерді  білім  алу  үдерісіне  жауапты,  субъекті
тұлға  ретінде  қалыптастыруды  маңызды,  басты  міндеттердің  бірі  ретінде
қарауды  талап  етіп  отыр.Бұл  міндеттің   жүзеге   асырылуы   жоғары   оқу
орындарындағы  білім  беру  үдерісін  жүйелі  тәсілмен   cтудент   тұлғасына
бағытталған оқыту технологиясы негізінде ұйымдастыруды көздейді.
      Осы уақытқа дейінгі отандық, ресейлік ғалымдардың,  Американың  жоғары
білім  беру  жүйесі  бойынша  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  мен  педагогикалық,
психологиялық басылымдарына жасалған талдаудар,  АҚШ-тың  университеттерінде
студенттерге   академиялық   қолдау   көрсету   орталықтары   мен    әртүрлі
бағдарламаларының  ұйымдастырылу  ерекшеліктері   жеке   зерттеу   объектісі
ретінде ғылыми-тұрғыдан негізделмегенін айқындауға  мүмкіндік  туғызды.  Бұл
мәселелер:
         – қазіргі  жоғары  білім  беру  жүйесінің  маман  даярлауға  қойып
           отырған  талаптарына  сәйкес,  студенттерге  арнайы  академиялық
           қолдау көрсетуді ұйымдастыру қажеттігі мен осы  тұрғыда  Америка
           жоғары  мектебінің  озық  тәжірибесін  қолдану  мүмкіндіктерінің
           арнайы зерттелмеуі;
         – жоғары оқу орындары студенттеріне академиялық  қолдау  көрсетуді
           ұйымдастыру қажеттілігімен оның  теориялық-әдіснамалық  тұрғыдан
           негізделмеуі;
         –  -кредиттік  оқыту  технологиясында   студенттің   бейімделуіне,
           университет   ортасына   интеграциялануына,    ішкі    ресурстық
           потенциалын  белсендіретін  білім  алушыларға  арналған   арнайы
           дамытушы оқу курстары мен бағдарламаларының,  ғылыми,  мерзімді,
           оқу және оқу-әдістемелік қорының жеткіліксіздігі;
         – білім  алушыларға  академиялық  колдау  көрсету  бағдарламаларын
           ұйымдастыруда  негіз  болатын  шетел  тәжірибесінен   зерделеніп
           жасалған,  өзіндік  қазақстандық  моделінің  қажеттігі  мен  оны
           жүзеге  асырудағы  әдістемелік  нұсқаулардың  жоқтығы   арасында
           қарама–қайшылықтардың бар екенін көрсетеді.
      АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесіндегі студенттерге академиялық  қолдау
көрсету бағытының тәжірибесін жан-жақты зерттеп, қайта  пайымдау  арқылы  ҚР
жоғары оқу  орындарында  қолдану  мүмкіндіктерін  анықтау,  кредиттік  оқыту
технологиясында   студенттерге   жаңашыл    академиялық    қолдау    көрсету
бағдарламаларымен қамтамасыз етіп, білім алушылардың жеке оқу  траекториясын
саналы  қалыптастыруға  жағдай  жасайды.   Жоғары   білім   беру   жүйесінде
студенттердің  академиялық  қолдау  көрсетудің  теориялық   негіздері   атты
бірінші бөлімде зерттеу проблемасына  жан-жақты  теориялық  талдау  жасалып,
Американың  жоғары  білім  беру  жүйесінде   студенттерге   қолдау   көрсету
қызметтерінің  тарихи  тұрғыдан  қалыптасуының  төрт  кезеңі,  қазіргі   АҚШ
саясатындағы жан-жақты тұлғаны  қалыптастыру  тұжырымдамалары,  «академиялық
қолдау көрсету» ұғымы, жоғары оқу орындарындағы академиялық  қолдау  көрсету
орталықтарының  маман  даярлаудағы   рөлі,   ұйымдастыру   моделдері,   озық
тәжірибелері анықталды.








3 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ СҰРАҚТАР


      №1 Білім беру сапасының нәтижелік тұрғыдан басқару


      №2 Білім сапасын басқарудың өзекті мәселелері
      1.  Қазақстан  Республикасында  білім   беруді   дамытудың   теориялық
тұжырымдамасы
      2. Қазақстандағы білім берудің қазіргі жайы
      3. Білім беру деңгейінің сапасы мен мазмұны


      №3 Білім беру саласы
      1. Білім беру жүйесінің басты міндеттері
      2. Жалпы білім беру


      №4 Білім беру жүйесі
      1. Арнайы құзыреттілік- өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті.

      2. Әлеуметтік құзыреттілік-кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті
      3.   Білім   беру    құзыреттілігі-педагогикалық    және    әлеуметтік
психологияның негііздерін қолдана білу қабілеті


      №5 Білім сапасын басқарудың психологиялық–педагогикалық аспектілері
      1. Тұлғаның өзін-өзі дамытудың теориялық негізі
      2. Субъекті қалыптасуының алғашқы этаптары мен тұлғаның.
      3. Жоғары оқу орындары студенттерін кәсіби тәрбиелеудің мақсаты


      №6 Білім сапасын көтеру
      1. Оқытудың әдістемелік жүйесін жаксарту
      2. Білім сапасын бағалаудың жаңа рейтингтік формасын енгізу
      3. Білім сапасына мектептің күллі қызметкерлерін жұмылдыру
      4. Білім сапасын арттыруда жаңа технологиялао қолдану
      5. Ұлттық білім беру жүйесін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру


      №7 Білім сапасын арттырудың негіздері
      1. Оқушыларды ойлау білуге және әртүрлі проблемаларды  өздігінен  шеше
білуге тәрбиелеу
      2. Гуманитарлық таным білімге негізделген сөздік қорларын көбейту
      3. Сабақ үрдісінде жаңа технологияларды қолдану
      4. Пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптар ашу
      5. Математика пәндері бойынша сағат санын көбейту


      №8 Қазіргі білім беру дамуындағы негізгі тенденциялары
      1. Білімнің негізгі қоғамдық капиталға айналуы
      2. Үздiксiз бiлiм алу  тұжырымдамасының дамуы
      3. Үйренудi бiртiндеп жекелендіру


      №9 Білім сапасы–педагогикалық кәсіби шеберлігінің негізгі кепілі
      1. Мұғалімнің сыртқы келбетінің мәдениеті
      2. Мұғалімнің өзін-өзі басқару шеберлігі
      3. Мұғалімнің кәсіби мәдениеті, әдептілігі, сөйлеу шеберлігі, шешендік
қасиеті, өзін қоғамдық орындарда ұстауы, дауыс ырғағы, өнері, жан-жақтылығы






      №10 Білім беру сапасының негізгі сатылары мен формалары
      1. Пәндік  білім  мен  оны  игеру  тәсілдері  аумағында  ғалымдар  мен
педагогтардың жетістіктерін жинақтау мен  сақтауға  мүмкіндік  беретін  ашық
дамушы әдістемелік жүйе
      2.  Оқытудық   дидактикалық   принциптеріне   сүйеніп   оқушылар   мен
студенттердің жеке потенциалдық мүмкіндіктерін  ашуға  бағытталған  оқушылар
қызметін ізгілендіру құралдары


      №11 Білім берудің негізгі компоненттері
      1. Қазақстан-2030 Стратегиясын жүзеге асыру
      2.  Өзін-өзі  жетілдіру  мен  білім  алудағы  қажеттіліктерді  арттыру
мақсатында ұмтылысты қалыптастыру
      3. Студенттерді салауатты өмір сүруге тарту, өсіп келе жатқан  ұрпаққа
белсенді азаматтық позицияны қалыптастыру


      № 12 Білім берудің инновациялық стратегиясы
      1.  Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  оқыту  және  тәрбие  үрдісінде  ойын
технологиялары
      2. Қосымша білім беру ұйымдарында оқыту және тәрбие технологиялары
      3. Ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу материалдары


      № 13 Білім беру сапасы педагогтың жауапкершілігі
      1. Жоғары білім беру
      2. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
      3. Білім алушылардың кәсіптік практикасы


      №14 Білім алушылардың кәсіптік практикасы
      1. Кәсіптік практиканың басталуынан екі ай бұрын ұйымға  бағдарламаны,
кәсіптік  практиканы  өтудің  күнтізбелік  кестелерін  және   білім   алушы-
практиканттардың санын келісу үшін ұсыну
      2 Кәсіптік практиканың басталуынан бір апта бұрын кәсіптік  практикаға
жіберілген білім алушылардың тізімін (тегі, аты-жөні) ұйымға ұсыну
      3 Білікті оқытушылардың ішінен практика жетекшілерін тағайындау
      4 Білім алушылармен еңбек тәртібін орындауын қамтамасыз ету





















4 КУРС ЖҰМЫСЫ (ЖОБА)
      Практикалық сабаққа қалай дайындалуға болады?
      Магистранттар   дәріс   материалдарына,   ұсынылған    еңбектер    мен
әдебиеттерге сүйену қажет. Жиналған  материалдарды  бір  жүйеге  келтіріңіз.
Әрбір автордың негіздемелерін зерттеп, танысыңыз. Өзіңізді  осы  авторлардың
позициясына қойып көріңіз.
      Сабақ барысы.
      Магистранттар  белгілі  бір  психологиялық   мектептердің   позициясын
көрсетуге байланысты топтарға бөлінеді. Әрбір топ  15-20  минутта  дискуссия
барысында  өздерінін  көзқарастарын  дәлелдеп   шығатын   сұрақтар   тізімін
белгілейді. Қарсылас жақты мұқият тыңдап, олардың келтірген  дәлелдемелердін
дұрыс,  бұрыстығын  анықтаңыз.  Осындай  көптеген  көзқарастардың  балаларға
білім беру  мен  оларды  тәрбиелеуде  алатын  орны  қандай?  Бір  проблемаға
байланысты бірнеше көзқарастардың болуы неліктен? т.б. сұрақтар  төңірегінде
ойланып көріңіз.
      Практикалық сабақтарды өткізуге арналған жалпы  әдістемелік нұсқау
      Сабақ бірнеше кезеңнен тұрады.
      1-кезең. 10- минут. Зерттелетін проблемаға кіріспе.
      Осы  кезеңде  тақырыптың  өзектілігі  айқындалып,  оның   күрделілігі,
практикамен теорияда шешілу  деңгейі  ашылуы  қажет  және  ағымдағы  өмірдің
түрлі аспектілерімен болашақ әрекетімен  байланысы  проблемалары  көрсетілуі
тиіс.
      2-кезең.  3- минут. Мақсат қою.
      Топ  бірнеше  шағын  топқа  бөлінеді.  Әр  топтың   тапсырма   шеңбері
анықталады (жағдаятты зерттеу. өз жауабымен шешімін нақтылау, өз  көзқарасын
публикалық қорғауға даярлану),  шешім  іздеу  және  талдау  шекарасы,  өздік
жұмыс уақыты белгіленеді.
      3-кезең.  10-15 минут. Жағдаятпен топтық жұмыс.
      Оқытушы топтың жұмысын бақылайды, туындаған сұрақтарға  жауап  береді,
нұсқаулар береді.
      4-кезең.  15-20 минут. Топтық пікірталас.
      Шағын   топтардың   өкілдері   кезек-кезек   жұмыс   нәтижесі   туралы
хабарламаларымен таныстырады, жағдай туралы  жалпы  көзқараспен  таныстырып,
қойылған сұрақтарға жауап береді, ұсынылған альтернативті шешімдерге  талдау
жасайды.
      Топ өкілдері сөздерінен кейін, жалпы пікірталас басталады. Көзқараспен
шешімді талдау, нәтижені талдауды бағалау, мәселені шешу  жолын  қарастыру,,
тиімді шешімге келу.
      5-кезең.  10 минут. Қорытынды әңгіме.
      Оқытушы жағдаятпен жұмыс барысындағы ұжым  жұмысының  жақсы  нәтижесін
ерекше көрсетеді. Дұрыс және қате шешімдерді бөліп көрсетеді.


































5 БІЛІМАЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ
      5.1. БӨЖ және БӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.
      Магистранттардың өздік жұмысы (БӨЖ) олардың индивидуалды  және  топпен
оқу әрекетінің көптеген түрлері кіреді,  бұлар  оқытушының  көмегінсіз  іске
асады (немесе жартылай көмегі, егерде өздік жұмысы аудиторияда орындалса).
      Өздік жұмысының маңыздылығы оқытыушының  көмегінсіз,  магистранттардың
міндетті түрде қатысуы мен, алынған ақпаратты білімде  қолдану  оның  қандай
да бір іс-әрекетте қолданылуынан тұрады.
      БӨЖ – өзінің білімін жетілдіру  әдісі,  оқытудағы  әртүрлі  әдістермен
дедактикалық  байланысы.  Магистрант  өздік   жұмысы   процесінде   белсенді
шығармашылық  жеке  тұлға  ретінде  көрінеді,  өзінің  мәдениетін  таратушы,
бағдарын,болашақ мамандыққа көрсетеді.
      І. Берілген тақырыпты конспектілеу.
      Негізгі талаптар:
   1.  Жазып  отырған  тақырыптан  алшақтамай,  оның  мазмұнын  нақты  ашуға
      талпыну.
   2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.
   3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын  жоспарға  сай  рет-
      ретімен жүйелі баяндауы қажет.
   4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс.
   5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.
      Магистранттардың  өздік  жұмыстарды   орындауларына   жалпы   кеңестер
(нұсқаулар)
      1. Өздігінен  білім  алу  үшін,  алдымен  сол  жұмысқа  қажетті  нақты
дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі  анықтама
әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б.) ие болу керек.
      2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті
әдебиеттер  мен   құралдардың   болуы   т.б.)   керек   етеді,   ең   дұрысы
кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
      3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық  біліп,  ол  жұмысты
белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
      4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан,  кітапханалардан
ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
      5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс  жасамай  жүргізген
жөн.
      6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып,  түсінбеген  жерлерді
қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
      7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды,  түрлі  сөздіктерді  қоса
пайдаланып отыру керек.
      Магистранттардың өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
         • Жұмыстың көлемін шамадан тыс  асырмай,  оның  сапасын  арттыруға
           көңіл аудару;
         • Магистранттардың өздік жұмысын оқу  жұмысының  басқа  түрлерімен
           дұрыс ұштастыра білу;
         •  Магистранттардың  дербестігін  арттырып,  өзіндік   білім   алу
           қабілетін жүйелі түрде дамыту;
         •  Өзіндік   жұмыстың   мазмұнына   күнделікті   өмірден   алынған
           материалдарды, хабарларды енгізу;
         • Магистранттардың табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын,
           сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды  өздігінен  талдап
           түсінуге үйрету;
         • Магистранттардың алған  білімдерін  іс  жүзінде  қолдана  білуге
           дағдыландыру;
         • Магистранттардың оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға,  әр
           уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
         •  Магистранттардың  өздігінен  дербес  жұмыс  істеу,  еңбек   ету
           дағдыларын қалыптастыру.
      5.2. БӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары
      БӨЖ тақырыптарының тізімі
      Білім беру бағдарламаларының тұжырымдары.
      Білім беру мазмұны
      Білім беретін оқу бағдарламалары
      Білім беру құрылымының бөліктері
      Қазіргі кезеңдегі білім беру мазмұны
      Білім мазмұнын анықтайтын құжаттар
      Білім беру сатылары
      Стандарт туралы ұғым
      12 жылдық білім беру жүйесі
      Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты
      Білім беру сапасының қазіргі проблемалары
      Білім беру сапасының негізгі бағыттары
      Білім сапасын бағалау
      Білім беру құзіреттілігі
      Жаңа білім беру жүйесінің негізі


                              Бақылау сұрақтары


        1. Білім беру бағдарламаларының тұжырымдары.
        2. Білім беру мазмұны
        3. Білім беретін оқу бағдарламалары
        4. Білім беру құрылымының бөліктері
        5. Қазіргі кезеңдегі білім беру мазмұны
        6. Білім мазмұнын анықтайтын құжаттар
        7. Білім беру сатылары
        8. Стандарт туралы ұғым
        9. 12 жылдық  білім беру жүйесі
       10. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты
       11. Білім беру сапасының қазіргі проблемалары
       12. Білім беру сапасының негізгі бағыттары
       13. Білім сапасын бағалау
       14. Білім беру құзіреттілігі
       15. Жаңа білім беру жүйесінің негізі
Пәндер