Файл қосу

Педагогикалық тұжырымдамалардың жіктелуі



           Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


          С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті








                                Б. Х. Галиева
















                    тәрбие теориясының өзекті мәселелері


                   Психология, педагогика және  психология
    бағыты бойынша білім алатын студенттер мен магистранттарға  арналған
                                 оқу құралы






















                                  Павлодар
                                   Кереку
                                    2010


                                   Кіріспе


      Ғаламдық жаһандану жағдайындағы  қарқынды  өзгерiстер  қоғам  дамуының
қозғаушы күшi болып табылатын бiлiм жүйесiне орасан  ықпалын  тигiзiп  отыр.
Қазіргі қазақстандық қоғам жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды  бойына
сiңiрген жан-жақты дамыған тұлғаны қажет етіп  отыр,  сондықтан  білім  беру
жүйесі алдына осындай тұлғаны тәрбиелеу тәрізді үлкен талап қоюда.
      Ел Президентiнiң  «Қазақстан – 2030» бағдарламасында:  «...бiздiң  жас
мемлекетiмiз өсiп-жетiлiп кемелденедi. Бiздiң балаларымыз бен  немерелерiмiз
онымен бiрге ер жетедi. Олар өз ұрпақтарын жауапты да жiгерлi,  бiлiм  өресi
биiк, денсаулығы мықты өкiлдерi болмақ.  Олар  бабаларының  игi  дәстүрлерiн
сақтай отырып, қазiргi заманғы нарықтық экономика жағдайында  жұмыс  iстеуге
даяр болады...»,- дейді.
      Жастардың тәрбие мәселесі қоғам үшін әр уақытта өзекті  болып  келген.
Өскелең ұрпақты тәрбиелеу міндетін мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, сондай-
ақ бүкіл әлемнің де қауіпсізідігін қамтамасыз етудегі маңызды істердің  бірі
ретінде ұғыну қажет. Адамзат жаһандану мен  ақпарат  дәуіріне,  адам  өмірін
әлеуметтік және өзіндік мағынаға толтыруға  бағытталған  шақта  саналы  және
парасатты тұлғаны тәрбиелеу – қазіргі білім  берудің  негізгі  бағыты.  Оның
табысты  болуы  жеке  басының  өсу   дәрежесіне   байланысты   –   азаматтық
сәйкестендіру,  құқықтық   сауаттандыру,   жан-жақты   қасиеттерді   дамыту,
мамандық пен өнерде  өзін-өзі  табу.  Ең  бастысы  бұл  кәсіби  білім  беру,
студенттерді дамыту мен тәрбиелеуге қатысты. Студенттік жастар өз  заманының
ең дамыған  бөлігі  ретінде  ертең-ақ  қоғамның  алға  басушы  күші  болады,
олардың ішінен саяси зиялылар қалыптасады, еліміздің және  әлемнің  келешегі
соларға байланысты. Демек, педагогика ғылымының осы кезге дейiн  қалыптасқан
озық тәжiрибелерiне сүйене отырып, жаңа тәрбие идеяларын  барынша  пайдалану
– басты талаптардың негiзi болуы шарт.
      Ұсынылып отырған  оқу  құралының  басты  мақсаты  –  жаңа  әлеуметтік-
экономикалық  жағдайларда  жұмыс  істей  алатын  мамандардың  тәрбие  саласы
бойынша білімдерін кеңейту,  сөйтіп  оларды  тәрбиелеп,  дамытуға  шағын  да
болсын үлес қосу және оларды өзін-өзі тәрбиелеуге ынталандыру.








      1 Тәрбиенің теориялық-тұжырымдамалық мәселелері

      Тәрбие –  педагог  пен  білім  алушылардың,  тәрбиеленушілердің  өзара
әрекеттестігінің,  олардың  саяси,  адамгершілік,  эстетикалық  қасиеттерін,
дене  мәдениетін  қалыптастырудың,  қабілеттері  мен  рухани   күш-қуаттарын
дамытудың,  қоршаған  әлеммен  және   адамдармен   қарым-қатынас   орнатудың
мақсатты, арнайы ұйымдастырылған педагогикалық үдерісі.
      Тәрбие  –  субъектілерінің  іс-әрекетімен,   олардың   белсенділігімен
байланысты күрделі педагогикалық үдеріс.  Ол  тұлғаның  зерделік,  эмоциялық
аясын  байытып,  жетілдіруді  көздейді.   Қандай   іргелі   идеялар   тәрбие
үдерісінің негізіне салынғаны  жөн?  Тәрбие  теориясында  тәрбие  үдерісінің
тиімділігін  арттыруға  ықпал  ететін   сан   алуан   түрлі   тұжырымдамалық
негіздемелер қалыптасқан.
      Тұжырымдама  –  көзқарастар  жүйесі,   үдерістер   мен   құбылыстардың
айқындалған  түсінігі.  Тәрбие  беру   тұжырымдамасын   сипаттау   дегеніміз
тәрбиенің негізгі құрамдас бөліктерін: мақсаттарын,  мазмұнын,  қағидаларын,
әдістерін, құралдарын және түрлері мен шарттарын – аша түсуді  қажет  етеді.
Қазіргі заманғы әдебиетте  «тұжырымдама»  мағынасында  «модель»  термині  де
қолданыста жиі айналады.
      Казақстанның білім  беру  кеңістігінде  орын  алған  тұжырымдамалардың
негізгілеріне зер салайық.


      1.1   Кеңес   педагогикасындағы   тәрбие   беру   тұжырымдамасы   және
Қазақстандағы тәрбиенің қазіргі жағдайы


      Қазіргі  кезде  білім  беру  жүйесіндегі  тәрбие  сан  түрлі  тұрғыдан
қарастырылады:  дәстүрлі  ресми  тұрғыдан,  сондай-ақ  баламалы  жүйелер  де
баршылық.  Олардың  барлығы  азды-көпті   коммунистік   тәрбиені   түбегейлі
алмастыруға тырысады.
      Коммунистік  тәрбие  жүйесі  1918  жылы  В.  Ленин,  Н.  Крупская,  А.
Луначарский, А. Макаренко  және  басқаларымен  құрылған  болатын.  Ол  Кеңес
одағы кезінде 90-шы жылдардың басына дейін мемлекеттік жүйе ретінде  өрбіді.
Қазіргі кезде ол үлкен  өзгерістерді  басынан  кешіруде,  әйтсе  де  қазіргі
заманғы білім беруде оның көптеген ережелері  өз  мағынасын  сақтап  қалған.
Коммунистік  тәрбиенің  мақсаты   жан-жақты   дамыған,   ұжымшыл   азаматты,
коммунизм мұрағияттарының өз  ісіне  берілген,  саяси  белсенді,  отансүйгіш
және интернационалистік, еңбекке коммунистік  тұрғыдан  қарайтын  қасиеттері
бар социалистік көзқарастағы тұлғаны қалыптастыру еді.
      Тәрбие коммунистік бағытта және партиялыққа, коммунистік  құрылыс  пен
өмір тығыз байланыста тәрбиелеу, ұжымда және ұжым арқылы еңбекке баулу,  іс-
әрекет пен сана-сезім бірлігі, педагогикалық  басшылықтың  ынта-ықыласы  мен
оқушылардың өнерпаздығының үйлесімділігі, саналы сұранысқа сай баланың  жеке
басына деген құрмет, балалардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере  отырып,
оларға оң ықпал ету, жүйелі және өзіне тиесілі педагогикалық ықпал,  мектеп,
отбасы  және  қоғам  тарапынан  біртұтас  педагогикалық   талаптар   тәрізді
ұстанымда жүрді. Тәрбиенің осындай талаптар жүйесі  білім  беру  ошақтарында
жан-жақты жүзеге асырылды. Ол тәрбие мазмұнын  былайша  сипаттады:  идеялық-
саяси, адамгершілік, еңбек, құқықтық және т.б. Тәрбие  құралдары  мектептегі
тәрбие жұмысы, оқу және еңбек ұжымдары, ұжым болып  еңбектену  мен  қоғамдық
қызметтен құралды.
      Ұзақ  жылдар  бойы  ресми  мемлекеттік   мәртебеге   ие   болған   осы
тұжырымдаманы бағалауға келсек, оның  мынадай  ерекшеліктерін  атап  өтуіміз
керек:
      -  КОКП-ның  саяси  аппараты   тәрбие   жүйесі   арқылы   тұрғындардың
идеологиялық  бетбұрыстарын  жүзеге  асырды,   бірыңғай   ресми   көзқарасты
жүктеді;
      - ұжым тұлғаны басу құралына айналды, конформистерді қалыптастырды;
      - тәрбиенің мақсаты мен мазмұны тұлға үстінен қарауға,  яғни  тұлғаның
емес, мемлекет пен өндіріс тұсынан құрылды;
      - көбінде тәрбие ісінде авторитарлық әдістер пайдаланылды.
      Қатаң идеологиялық тәрбие  жүйесі  кеңес  заманындағы  психология  мен
педагогиканың бай тәжірибесі мен объективті жаңалықтарын аша түскен жоқ.  Л.
С. Выготскийдың мәдени-тарихи мектебі, А. Н. Леонтьевтың теориялық  қызметі,
А.  Макаренконың  ұжымдық  тәрбиесі,  В.   А.   Сухомлинскийдің   гуманистік
педагогикасы және 60-80 жылдардағы  жаңашыл  педагогтардың  озық  тәжірибесі
әлемдік ғылымға үлес қосып, қазіргі заман педагогикасында өз маңызың  сақтап
отыр.
      Тәрбиенің мемлекеттік тұжырымдамаларының негізгі элементтері Қазақстан
Республикасының Білім туралы Заңдарында және  басқа  нормативтік  құжаттарда
да байқалады. Бұл көзқарасты тұлғаға бағытталған тәрбие  негізіне  жатқызуға
болады, оның басты мақсаты тұлғаны өзін-өзі дамытуда  ынталандыру,  тұлғаның
негізгі білімін және тұлғаның мәдениеттілігін әрі қарай дамыту, өмірде өзін-
өзі билеу болып саналады. Тәрбиенің мазмұны тұлғаның  бастапқы  мәдениетімен
сипатталады, оған өмірде өзін-өзі  билеу  мәдениеті,  отбасылық  қатынастар,
қарым-қатынас   мәдениеті,   ақыл-ой    және    зияткерлік,    адамгершілік,
эстетикалық, дене, экономикалық, экологиялық, еңбек және құқықтық  мәдениеті
кіреді.  Тәрбиенің  әдістері   мен   формаларына:   клубтар,   балалар   мен
үлкендердің мүдделік бірлестіктері, оқытудың дәстүрлі  және  жаңа  формалары
және   тәрбие   жүйесіне   қатысушылардың   өзара   ықпалдастығы    (демалыс
орталықтары, қоғамдық қозғалыстар, өнерпаздық ұйымдар) жатады.
      Бұл тұжырымдаманы сипаттайтын негізгі белгісі – тәрбиенің  коммунистік
идеологияға тәуелділігін  жою;  жеке  тұлғалық  бағыт-бағдарда  тәрбиелеу  –
айқын мақсаттар қойып, мемлекет мүддесіне  емес,  оқушылардың  сұранысы  мен
мүдделеріне қарай тәрбие  мазмұны  мен  әдістерін  икемдеу,  оқытушылар  мен
оқушылардың қарым-қатынасында демократизм мен гуманизм әдістерін  пайдалану.



      1.2 Шетелдік тұжырымдамаларды талдау өзектілігі


      Қазіргі заманғы  қазақстандық  педагогика  тәрбиенің  жаңа  нышандарын
іздеуде, сондықтан да оған әлемдегі бар педагогикалық  тұжырымдамалар  үлкен
қызығушылық тудырып отыр. Ғалымдардың ойынша,  өзге  елдердің  педагогикалық
тәжірибесі мен ғылымын тану арқылы біз өзіміздің елдегі мәселелерді  шешуде,
педагогикалық жүйемізді оңтайлы құрып, саналы бағамдауда  көмегін  тигізеді.
Алайда бұл жерде ең бастысы тым шектен шығып кетпей,  қайсысы  қажет,  қайсы
бірі  керек  еместігін  анықтап  алған  жөн.  Атақты  орыс  педагогы  К.  Д.
Ушинскийдің дәлелдемесі бойынша, әр бір халықтың  өзіне  тән  ұлттық  тәрбие
әдістері бар, ол оның мәдениетіне, өмір  салтына,  сеніміне,  құндылықтарына
тікелей тәуелді. Ол оны халықтық білім беру деп  атаған және  өзге  елдердің
тәжірибесімен алмасып  пайдалану  шектеулі  түрде  қолдану  керектігін  алға
тартқан. Бір  халықтың  педагогикалық  тәжірибесін  басқа  халыққа  дәл  сол
қалпында пайдалану мүмкін емес деп санаған.  Бірақ  оның  сөзінде  ғылымның,
педагогикалық  теорияның   ұшы   қиыры   жоқ   делінген,   барлығына   ортақ
педагогикалық заңдар бар екндігі де ақиқат. Оның  сөзінде  өзгенің  үлгісіне
сүйене отырып қолдан жасалған әдістер мүмкін  емес  дегені  шындыққа  саяды.
Алайда, қазіргі заманғы ғылым бойынша, әр  түрлі   елдердің  педагогикасымен
өзара алмасуына  толық  негіз  бар  деп  саналады,  оның  ішінде:  әр  түрлі
елдердің экономикасы, білім беруі мен мәдениетіндегі  дүниежүзілік  ғаламдық
әдістері. Ғалымдар білім беру ісіндегі дағдарыс  жайында  айтады,  жастардың
әлеуметтену мәселелерін қозғайды. Өкінішке орай, бұл толығымен  қазақстандық
кеңістікте де орын алған: елдегі  әлеуметтік-экономикалық  және  әлеуметтік-
мәдени  үлкен  өзгерістер  біздің   жастарымызды,   оқушыларымызды   батысқа
еліктіріп әкетуде. Дәл осы жүйелер Америка, Жапония  жалпы  Батыс  елдерінің
педагогикасын танып-білуге деген  өзектілігін  арттырады.  Бүгінде  шетелдік
жүйе  мен  теорияны   объективті   сараптауға   толық   жағдай   туғызылған.
Шындығында, білім беру  жүйесінде  өзара  ықпалдасу  сауалын  оңтайлы  түрде
қойып, жастар Қазақстанда да, шетелдерде де білім алуы қажет,  біздің  білім
беру жүйесі өзінің беделі  мен  ерекшілігін  жоғалтпай,  озық  жүйемен  алға
басса, ал дәстүрлі қазақи  тәрбие  жүйесі  баршылық,  оны  бүгінде  шетелдік
зерттеушілер танып  отыр.  Әдебиеттер  мен  тәжірибе  талдауы  көрсеткендей,
әлеуметтік-мәдени ерекшеліктеріне қарамастан  білім  берудің  педагогикалық,
әдістемелік,  адамгершілік-психологиялық   қырлары   тұрғысынан   әр   түрлі
елдердің педагогтерінің идеялары мазмұны жағынан  бір-біріне  жақын  келеді.
Бұған мысал, АҚШтағы гуманистік педагогика және  Амонашвили  жұмыстары,  80-
жылдардағы  оқытушы-жаңашылдарының  ынтымақтасқан  педагогикалық   идеялары,
ұстанымдары, әдістері.
      Батыстың тәрбие тұғыры, жалпы айтқанда, бихевиористік  психология  мен
психоанализге  негізделеді.  Бихевиоризмге  сәйкес,  тәрбие   дұрыс,   қоғам
құптайтын  мінез-құлықты  қалыптастыру  болып   табылады.   Ал   психоанализ
бойынша, тәрбие –адамның бойындағы  қиратушы  ырықсыз  әуестіктерді  («Оны»)
«Жоғары Меннің» талаптарымен,  әлеуметтегі  өмірдің  ережелерімен  үйлестіру
үдерісі.   Америка    мектептерінде    біріккен    әлеуметтік-психологиялық-
педагогикалық қызмет  –  психологтар,  әлеуметтік  жұмыскерлер,  мұғалімдер,
тәрбиешілер топтары – жұмыс  істейді.  Олардың  міндеті  –  оқушыларға  қиын
жағдайда, сондай-ақ  өзін  және  қоршаған  ортаны  тануда,  оқуда,  мамандық
таңдауда  психологиялық-педагогикалық  кеңес  беру  және  әлеуметтік  қолдау
жасау.  Бұл  үшін  педагогтар  дәстүрлі   педагогикалық   әдістермен   қатар
психологиялық  және  психотерапиялық  әдістерді  де  қолданады:  әлеуметтік,
этикалық, психологиялық, медициналық,  кәсіби  мәселелер  бойынша  дәрістер,
баяндамалар,  әңгімелер;   топтық   пікіралмасулар   мен   рөлдік   ойындар,
тренингтер; жеке сұхбаттар, сабақтар, кеңестер.        Осының  бәріне  сабақ
кестесінде арнайы уақыт бөлінеді, сондай-ақ оқушылардың  санасы  мен  мінез-
құлықтарын қалыптастыруды көздейтін  сабақтар  топтамасынан  тұратын  арнайы
оқу  пәндері  де  жүргізіледі.  Мысалы,  дау-дамайларды   шешуге   үйрететін
курстар. Батыс  тәрбие  әдістерін  талдай  келе,  олардың  оң  жағы  ретінде
оқушыларды өзін-өзі тануға, дамытуға,  басқаруға  көп  көңіл  бөлінетіндігін
айту керек.  Алайда,  тәрбиеленушінің  өмірлік  проблемаларын  психологиялық
лаборатория шеңберінде ғана талқылау – кемшілігі тәрізді.
      Соңғы жылдары отандық педагогика Шығыстың дәстүрлі тәрбие тәжірибесіне
қызығушылық  танытуда.  Мәселен,   жапон   және   корей   елдерінің   тәрбие
жүйелеріне.
      Жапон және корей тәрбие жүйелерінен дәстүрлі  қазақ  тәрбиесіне  ұқсас
ортақ тұстарды табуға болады. Мәселен,  жапондықтарда  да,  қазақтардағыдай,
баланың барынша еркін немесе  қағажу  көрмей  өсу  кезеңі  бес  жасқа  дейін
созылады. Бұл жасқа дейін жапондықтар баласын «патшасындай» құрметтесе,  бес
жастан он бес жасқа дейінгі аралықта «құлдай» жұмсайды, ал он  бестен  асқан
соң  «теңдесіндей» араласады. Он бес жасқа келген  бала  өзінің  міндеттерін
нақты білетін  және  ережелерге  мүлтіксіз  бағынатын  ересек  адам  ретінде
саналады.  Жапон  тәрбиесінің  парадоксы  да  осында  қордаланған:   балалық
шағында барлығы рұқсат етілген баладан тәртіпті және  заңға  бағына  білетін
азамат өсіп шығады. Расында, бұл елде  кішкентай  балаларға  барлығы  рұқсат
етіледі, алайда 5-6 жасқа қарай бала әртүрлі жағдайларда қалай әрекет  етуді
белгілейтін ережелер мен шектеулерге толы қатаң жүйеге  тап  болады.  Оларға
бағынбау мүмкін емес, себебі барлығы да осылай  жасайды,  сондықтан  басқаша
жасауға ұмтылу ел  алдында  абыройдан  айрылуға  және  ортадан  аластатылуға
барабар. Жапондықтар топтық немесе тобырлық санаға бағдарланған,  мұнда  топ
мүддесі (осы тұста - отбасы) жеке бас мүддесінен жоғары қойылады.
      Жапон дүниетанымының негізгі ұстанымдарының бірі –  «бәрінің  өз  орны
бар». Жапон тілінде, қазақ тіліндегідей, бір отбасының балаларын  бір-біріне
қатысты жалпылап атайтын  атау  жоқ.  Мысалы,  орыстардың  «брат»,  «сестра»
деген атаулары сияқты. Жапондықтар «ани» («аға»),  «отоото»  («іні»),  «анэ»
(«апа», «әпке»), «имоото»  («сіңлі»)  деп  сөйлейді.  Сондықтан  үлкен-кіші,
жоғары-төмен деген түсінік баланың санасында жүреді.
      Жапондықтар  балаларына  дауыс  көтермейді,  қол  жұмсамайды.   Баланы
ертеден дамыту ойын  жапондықтар  біріншілердің  қатарында  айтқан  болатын.
Жарты ғасыр бұрын әлемге әйгілі «Сони»  фирмасының  негізін  қалаушы  Масару
Ибуканың  «Үштен  кейін  кеш»   атты   кітабы   жарық   көрді.   Бұл   жапон
педагогикасының дамуына жаңа дем бергені анық.
      Корей  қоғамында  да  балалар  мен  жастардың  тәрбиесіне  көп   көңіл
бөлінеді. Бұған, мәселен, мынадай дәйек айғақ бола  алады:  Корей  денсаулық
сақтау және әлеуметтік мәселелер институтының 2003 жылғы 4 қарашада  басылып
шыққан  деректері  бойынша,  орташа  оңтүстік  корей  отбасының   ай   сайын
жұмсайтын қаражатының  56% балаларды күтіп, тәрбиелеуге  және  оларға  білім
беруге жіберіледі. Оңтүстік Корея тұрғындарының  білім  алу  үшін  жұмсайтын
шығындары –  әлемдегі  ең  жоғарыладың  бірі,  кейбір  деректерге  сүйенсек,
Даниядан   кейінгі   екінші   көрсеткішті   көрсетеді.   Ал   жеке    меншік
репетиторлардың қызметін төлеу жағынан  корейліктерге  тең  келетін  ел  жоқ
екен.
      Жапониядағыдай, Кореяда да жеті жасқа дейінгі  бала  –  құдайдың  сыйы
болып табылады. Балаларға  отбасында  барлық  жан  ықыласы  мен  материалдық
мүмкіндіктер   жұмсалады.   Тіпті   ата-аналар   арасындағы    қарым-қатынас
бұзылғанның өзінде де, бұл балаларға ешқандай  зиянын  тигізбейді.  Мектепке
дейінгі жастағы баланы корейліктер өте еркін ұстайды. Алайда, мұндай  тәрбие
стилі бала мектепке барғаннан бастап күрт  өзгереді:  тәрбие  қатаң,  баланы
мұғалімге, жалпы үлкендерге құрметпен қарауды талап ететін стильге  ауысады.
Жалпы корей тәрбиесі Конфуцийдің іліміне сай жүзеге асырылады:  ата-аналарын
құрметтеу – адамның бойындағы ізгі қасиеттердің  жоғарғысы  болып  саналады,
сондықтан да бұл тәрбиенің негізгі міндеті деп  тұсініледі.   Осы  дәстүрдің
сақталып  келуі  әр  түрлі  әлеуметтік  ауытқуларды  болдырмауға   мүмкіндік
береді. Корей педагогикасына балаға қатаң  талап  қойып,  одан  сол  талапқа
сәйкес болуына баулу, сөзі мен жүріс-тұрысына жауап  беруге,  ерінбей  еңбек
етуге үйрету тән. Әлеуметтік өсіп-жылжудың корейлік  жүйесі  биікке  жетудің
тек бір ғана  жолын  құптайды  –  білім  арқылы.  Әрине,  корей  тәрбиесінің
осындай тұстары  үлгі  болуға  лайық.  Өкінішке  орай,  балаға  асыра  қысым
көрсетудің теріс жақтары да жоқ емес: оның адамның  бірегей  шешім  қабылдау
қабілеттілігін төмендететіні белгілі.
      Сонымен, шетел білімін  алу  үшін  өзіңді  танып-білу  және  жетілдіру
мақсатында оның тұжырымдамаларын зерделеу қажет.  Мектеп  тарихында  көбінде
білім беру мен  тәрбиенің  ортақ  тұжырымдамаларын  философтар  құрастырған.
Тәрбиенің  мақсаттары  мен  маңызы  туралы,  адамгершілік  мұрағияттар   мен
құндылықтар жайында, қоғам мен тәрбиенің ықпалымен тұлға дамуының  үрдістері
турасындағы сауалдар  - осындай  мәселелердің  барлығын  философия  қамтыды,
осының шеңберінде сонау Ежелгі Шығыс пен Ежелгі Грецияда педагогика  дамыды.
Алайда қазіргі уақытта  да  педагогика  өз  алдына  жеке  ғылым  бола  тұра,
философия  бұл   мәселелермен   айналысып   келеді,   бұған   арнайы   сала,
философиялық білімді қамтыған – тәрбие философиясы бар.
      Тәрбие философиясы  мен  педагогиканың  бір  бөлімі  ретіндегі  тәрбие
теориясының мәселелері өте жақын, негізінен, бұл  педагогиканың  әдістемелік
сұрақтары: педагогикалық шынайылықты зерттеудегі ортақ философиялық  нышанын
құрастыру, тәрбие тұжырымдамаларын әзірлеу, тәрбие  мен  білім  беруде  жаңа
тәсілдер  іздеу.   Тәрбие   философиясындағы   негізгі   мәселелер   мынадай
санаттардан көрінеді, ол тәрбие, тұлға, социализация, тәрбиенің  мақсаттары,
мұрағияттары  мен  құндылықтары.  Бұл  тұрғыдан  алғанда  классикалық   және
қазіргі заманғы тәрбиенің  шетелдік  талдауы  әдістемелік-теориялық  мүддені
алға тартады, сондай-ақ тәжірибелік: тәрбие мәселесін дұрыс  қоя  білу  және
олардың философиялық түсінігі өткенді сараптап,  болашаққа  болжам  жасауына
ықпалын тигізеді.


      1.3 Педагогикалық тұжырымдамалардың жіктелуі


      Философиялық және педагогикалық әдебиеттерде  тәрбие  мен  білім  беру
тұжырымдамалары айтарлықтай үлкен көлемде орын алған,  соның  негізінде  оқу
орындарында  жүзеге  асатын  педагогикалық  бағдарламалар,  білім  беру  мен
тәрбиенің жүйелері құрастырылған. Мынындай жағдай  есте  болу  керек:  білім
мен тәрбие жөнінде көптеген  авторлар  оқыту  мен  тәрбиені  егіз  ұғым  деп
санайды, оқу және тәрбие  мекемелерінде,  кең  әлеуметтік  мағынадағы  қатаң
емес жағдайда басқарылатын әлеуметтік ортада өрбіту керек  деп  түсіндіреді.
Сол себептен кейбіреулері әлеуметтендіру  теориясына  көңіл  аударады,  енді
біреулері оқуға, үшінші  біреулері  міндетті  түрде  тәрбиеге,  ал  барлығын
жинақтап келгенде оқу(тәрбие тұжырымдамасы шығады.
      Көптеген тұжырымдамалардың түрлерін айыру үшін олардың түрлерін  айыру
үшін олардың  ерекшеліктерін  білген  жөн.  Педагогика  теориясының  тарихын
талдау әдебиеттерінде сандаған ғасырлар бойы  адамзат  қоғамында  екі  үлкен
бағыт негізге алынған. Оқу, тәрбие түрлері: бірінші -  өктемшілдік  мектебі,
таңдаушы мектебі және екінші – гуманизм мектебі, бостандық  мектебі.  Тәрбие
түрінің  бағыттары,  білім  берудің  жалпы  бейнесін  көрсетеді,   тәрбиенің
міндеттері, формалары мен әдістері, мұғалім  мен  оқушының  қарым  қатынасы,
тәрбиешілердің мақсаттары, ұстанымдары, қағидалары.
      Көрсетілген  тәрбиенің  бұл  түрлерін  білім  беру  мен  педагогиканың
дүниежүзілік тарихынан және  қазырғы  заман  мектебінің  педагогикасынан  де
көруге болады. Білім берудің бұл модельдерін  белгілі  бір  мерзімде  мектеп
тарихында бірге жүретінін көрсетеді.  Ғасырлар  тарихына  тереңірек  үнілген
сайын авторитарлық жүйенің  басымдылығын аңғарамыз жаңа заманда, әсіресе  19
– 20 ғасырларда  еуропвлық  мектептердің  көбі  және  педагогтар  гуманистік
педагогикаға  баса  назар  аударды.  Білім  беру  жүйесінде  адамзат   қатал
құрбандықтан, дәстүрлі мектептен гуманистік жеке тәрбиеге бағыт алып отыр.
      Ежелгі Египет, Үндістан,  Қытай,  Спартаның  білім  беру  жүйесі  орта
ғасырлық Еуропа мектептеріндегідей өктемшілді болған. Бұл  жағдай  тәрбиенің
негізгі  моделі  ретінде  бүгінгі  күнге  дейін   жетіп   отыр.   Тәрбиедегі
өктемшілдік  мынадай  белгілерден  көрінеді:  оқушының  мұғалімге  қалтқысыз
бағуыны заң болып  есептелді;  тәрбиеленушілердің  өмір  салтын,  неге  және
қалай оқыту тәрбиелеу  керек  екендігін  мұғалімге  Үкімет  анықтап  береді;
оқыту мен тәрбие міндеттеуге негізделді,  түсінбей  жаттап  алу,  балалардың
ұсыныстарын ескермеу. «Баланың құлағы арқасында  өседі»  деген  педагогиканы
сынай айтқан ежелгі мысыр мақалы бар.  Екінші  жағынан  қарағанда  Платонның
оқушыларымен Афина академиясының бағындағы әңгімесі, оның  ұстазы  Сократтың
педагогикалық  қағидалары,  әл-Фарабидің   міндеттеу   емес   сыпайы   түрде
түсіндірмесі  кеңінен  талқыға  салынған.  Осындай  гуманистік   көз   қарас
Коменский,  Локк,  Песталоцци,   Дистервег,   Ушинский   және   басқаларының
еңбектерінде тәрбие мәселелері орын тапқан. Руссо  әлемге  «еркін  тәрбиені»
енгізген, оның басты қағидаларынің негізі тәрбиеде  баланың  табиғи  дамуына
кедергі жасамай тәрбиелеуге шақырады.  Баланың  оқу,  жазу,  ғылымды  тануды
міндеттеп емес осының барлығын балалар мұғалімнің көмегімен,  өз  ықыласымен
жасауға жағдай туғызу. Тәрбиенің ерекшелігі – баланың табиғи  күшінің  оянуы
және өз  шығармашылығының  дамуына  жол  ашу.  Руссоның  идеялары  19  –  20
ғасырлардағы    Еуропадағы    реформаторлар     мектептеріне,     Толстойдың
педагогикалық ойларына ұлкен әсер  етті.  19  ғасырда  дәстүрлі  классикалық
білім  беруден  ерекшелінген  тәрбие  қазіргі  заманғы   тұжырымдамасы   дәл
осылардан бастау алды. Сонымен, бірқатар тұжырымдамалардың  пайда  болғанына
жүз жылдан астам уақыт өтсе де, өзінің әдістемелік мағынасын  бүгінгі  күнге
дейін сақтап  отыр,  соның  негізінде  оқу-тәрбие  жүйесінің  бағдарламалары
құрылып отыр, олар бүгінде нақты оқу-тәрбие орындарында іске асырылуда.
      Батыс педагогикасы ғылымда көрсетілген екі  модель  шеңберінде  қандай
білім беру түрлері, тұжырымдарға баса назар аударады?
      Өктемшілдік  бағытқа,  сөзсіз,  бихевиористік  педагогиканы  жатқызуға
болады.   Бұған   шартты   көлемде   неотомизм   педагогикасын,   Парсонстың
әлеуметтендіру бағытындағы «қатаң» теориясын жатқызғанымыз да жөн.
      Гуманистік   бағытқа    неопедоцентризм,    экзистенциализм,    кейбір
неопозитивистік ағымдар жатады.
      Кейбір тұжырымдамалар ерекше қасиетке ие, олар  екі  бірдей  модельдің
қызметін   атқарады,    мәселен,    педагогикалық    технология    (оқытудың
технологиясы).  «Өктемшілдік»  сөзі   тым   өткір   қабылданады.   Дұрысырақ
айтқанда, бұл педагогика оқушыға мақсатты түрде белсенді әсер ету,  өзін-өзі
басқарып, жеке тұлғаның  дамуына  ықпал  етумен  салыстырғанда  қатал  түрде
басқаратын педагогикалық жүйеге жақын.
      Сонымен, қазіргі заманғы педагогиканың тұжырымдамасын  оқушының  дамуы
мен тәрбиесін басқару сипатына қарай екі  түрге  бөліп  қарастыруға  болады.
Тұжырымдама түрлерінің түпкі мағынасы философиялық  және  ғылыми  бағыттарға
бөлінеді, оның құрамына: прагматизм, бихевиоризм және басқалары енеді.


      1.3.1 Бихевиористік педагогика


      20-ғасырдың басында пайда  болған  психология  осы  негізде  құрылған.
Классикалық бихевиоризмнің пайымдауы  бойынша,  жеке  тұлғаның  мінез-құлқын
бақылау   кезінде   оның   ішкі   жан   дүниесін   ғылыми   әдіс-тәсілдерсіз
зерттелінбейтінін көрсетті. Демек, психология пәні  (  мінез-құлық,  адамның
белсенділігі, бихевиористердің «реакция» деп атаған және  зерттеу  барысында
табиғи-ғылыми  әдістерді   қолдануға   тырысқан,   адам   психикасы   туралы
объективті ғылыми білім болып саналады.  Жеке  тұлға,  қоздырғыш  жағдаяттар
әсеріне  байланысты  психикасын  таниды,  ол  Павлов   оқуларындағы   шартты
рефлекстерінде де көрініс тапты.  Сондықтан  да  олардың  пікірінше,  адамды
оқыту мен тәрбиелеу, әлеуметтік тұрғыда қолдауға  ие  болатын,  жігерлендіру
мақсатында  «дұрыс»  әсер  ететін,  өмірде  кездесетін   жағдайлар   ретінде
қарастыру керек.
      Кейінде жеке тұлғаның мінез-құлқын басқару күрделене  түсті.  Аса  ірі
необихевиористердің бірі Б. Ф. Скиннер  аңғарғандай,  жеке  тұлғаның  мінез-
құлқы оның ынта-жігерін ғана анықтап қоймай,  оны  қоршаған  ортаның  әсері,
сондай-ақ адамның ішкі жан дүниесі: мәселен, адамның пайымдауы  (тәжірибесі,
бағыт-бағдарына сай) «реакциясының» нәтижесі, белгілі бір жағдайлардағы  іс-
әрекеті. Жеке тұлғаның мінез-құлқын реттеп отыру үшін Скиннердің ойынша,  оң
реакция тудыруда жағымды әрі жағымсыз  қосымша  күшті  пайдалану  керек  деп
санаған.
      Адамның жағымды әсер (күш) алуы үшін және  жағымсыз  күштен  арылуы  (
құпталмай,   пікірталасу   үстінде   (   Скиннердің   айтуынша,   «оперантты
міңез(құлыққа»  жатқызады.  Өзінің   мінез(құлқындағы   рационалды   бағытты
анықтап алмайынша, адам ештеңе істей алмайды, сол арқылы қоғамның  құптайтын
іс(әрекеттеріне мойынсұнып, сынға түскен мінез(құлықтан  бойын  аулақ  ұстай
алады. Көрсетілген мұндай көзқарастан адамның мінез(құлқы оқыту  мен  тәрбие
үрдісін құруға жағдай жасайтынын аңғару қиын емес. Скиннердің  бағдарламалық
оқытуды   құрушылардың   бірі    болғандығы,    әрі    оқытудың    нәтижесін
біртіндепбақылап отыруды ұсынған ғалым екендігі  баршамызға  мәлім.  Скиннер
және  оны  жақтаушылардың   ойынша,   бұл   көзқарас   «дұрыс»   азаматтарды
қалыптастыру жолындағы мәселелердің  оң  шешімін  табуға  көмектеседі.  Олар
арнайы  мінез(құлық  туралы  «мінез(құлық  технологиясын»  құру   керек  деп
есептеген. Скиннердің тұжырымдамасына сәйкес, қоғамдық өмірді  басқару  үшін
қосымша  күшті  пайдалана  отырып  жоспарлау  керек,  жастардың   қарсылығын
тудырмай, әлеуметке зиян келтірмей, осы көрсетілген  қасиеттерге  сай  қоғам
мүшелерін  қалыптастыру.  Бұл  үрдісті  ол  «модификациялық  мінез-құлық»  (
дейді.  Жеке  тұлғаның  қалыптасуында  әлеуметтік  құпталған   мінез(құлыққа
итермелеуді көздейді. Оның ойынша, оперантты  іс(әрекет,  яғни  қосымша  күш
жүйесіне сәйкестендірілген мінез-құлық адамның  моральдік  таңдауынан  арылу
адамгершілік және рухани факторлардың барлығы мінез-құлықты  төмен  деңгейге
түсірмейді. Осылайша оперантты мінез-құлық адамның нағыз еркін  болуына  жол
ашады.  Егер  адам  қоғам  тарапынан   берілетін   жағымды   қосымша   күшті
пайдаланса, онда ол адам өзін ерікті әрі бақытты  сезінеді.  Бұдан  қоғамның
өзі кемелдене түседі. Ол бұл ойларын ғылыми әдебиеттерде ғана жариялап  қана
өоймай, «Уолден екінші» таңғажайып қияли шығармасында да дамыта түскен.
      Бихевиоризмді оқу арқылы адамның мінез-құлқын  зерттеу  ісінде  ілгері
жылжу байқалып,  педагогика,  психология  және  психотерапия  ілімдеріне  оң
әсерін тигізді. Соңынан мұғалім, әлеуметтік қызметкер,  мектеп  психологтары
туралы кепілдеме де  анықталды.  Ол  мұғалімдердің  кәсіби  мінез-құлықтарын
бихевиоризм  әдістері  негізінде  құрды:  мұғалім  өзінің   іс-тәжірибесінде
оқушыға ықпал ету әрекетін мегеріп, іс жүзінде тиімді қолдана  білуі  керек.
Негізінен жағымды  қосымша  күш  көілге  оң  әсерін  тигізеді,  себебі  олар
қанағаттану сенімі мен қол жеткен  жетістіктерді  бекіту  сезімін  тудырады.
Мұғалімдардің лексикасын өзгерту  жөнінде  ұсыныс  та  жасалды.  «Балалармен
жұмыс барысында қолданылатын жүз сөз» тізімі де жасалған еді, мысалы,  онда:
жарайсың, мен сен үшін қуаныштымын, мақтауға тұрарлық  және  басқа  сөздерді
кездестіруге  болады.  Оқушының  білімі  жоғары  бағаға  жетпеген  жағдайда,
«сыпайы»  түрдегі  жағымсыз  қосымша  күшті  пайдаланып,  баға  беруден  бас
тартып, «тағы ойлан» деген кеңес  беріледі.  Бихевиористік  педагогика  дами
келе, гуманистік педагогикаға жақындайды: қосымша күш  техникасының  болмысы
бойынша «Баланы психологтың жылы  қабылдауы  және  сезім  рефлексиясы,  яғни
аффективті-бихевиористі тұрғы ретінде қарастырылады».  Бұл  баланың  сезімін
білдіру және онымен  өзара  байланысындағы  жағдайлардың  ескеру  керектігін
білдіреді.  Тұтасымен  бихевиористік   педагогика   биоинженерлік   тәрбиеге
технологиялық  тұрғыдан  қарауды  ұсынады.  (Скиннер  өзінің  зерттеулерінде
жануарлармен  тәжірибе  жасағаны  бекер  емес).   Бихевиористік   педагогика
тәрбиені  технологиялық  тұрғысынан  ынталандыра  түсті.  Осыған  орай  жеке
тұлғаның көрсетілген қасиеттер жиынтығы, оқушының  моделі,  құралдар  жүйесі
мен әдістері, жобалары жасалды. Бұл педагогикада технократикалық  бетбұрысқа
ықпал етеді:  жеке  тұлғаны  қалыптастыруда  ғылыми-педагогикалық  әдістерді
жетілдіру арқылы қоғамды бақылауға алу.  Оқушылар  мен  үлкендер  арасындағы
психотроптық  әсері  теориясы  мен   практикасы   технократикалық   тұрғысын
көрсетеді.  Формокологиялық  препараттың  көмегімен  тәрбиелеу  ісі   барлық
адамгершілік және құқықтық нормаларға қайшы келеді.
      Скиннердің  ғылыми  ойлары  ең  алдымен  жеке  тұлғаны  өрескел  түрде
пайдаланғандығын сынға алып және сыналу  қалпында  қарастырады.  Бихевиоризм
адам өмірін биологиялық, механикалық әсеріне қарай жіктей келе,  оның  сана-
сезімін,    құндылықтарын,    адамгершілік    қағидаларын,    көзқарастарын,
түрткілерін, ерік-жігерін ( яғни, жеке  тұлғаның  мінез-құлығын  айқындайтын
барлық  ерекшеліктерін  ескермейді.  Скиннердің  қарсыластары,  оны  адамның
гуманистік қасиеттеріне қарсы болғандығын, жеке адамды  басқару  ойын  қатаң
сынға алады. Әйтсе  де  оның  «мінез-құлық  технологиясын»  жақтаушылар  жоқ
емес. (Әсіресе, АҚШта). Олардың пайымдауынша, тәрбие жүйесінде,  мектептерде
тәртіпті, тіл алғыш, қоғамда өз рөлін  бұлжытпай  орындаушы,  жауапкершілігі
мол азаматтарды тәрбиелеуді жақтайды.


      1.3.2 Гуманистік педагогика (неопедоцентризм)


      Педагогикалық тұжырымдама атауын  бір  ғана  терминмен  жеткізу  қиын,
көптеген педагогтардың күш салып, бірігіп  құрастырған  теориялық  тұтасығын
көре алмаймыз, алайда  ол  сан  ғасырлар  бойы  мамандарды  қызықтырып  келе
жатқан  ғылым  ретінде  бізге  белгілі.  Ең  бастысы  бұл   бағыт   тәрбиені
сипаттайды,  яғни  баланың  шығармашылық  дамуына   жағдай   жасауға   көңіл
аударады.
      20-ғасырдың алғашқы жартысында бұл тұжырымдама Джон  Дьюи  (1859-1952)
негізін салған педоцентризм, сондай-ақ, педагогикалық прагматизм  атауларына
ие  болды.  Ол   20-ғасырдың   басындағы   педагогикалық   ізденістерде   М.
Монтессори, Р. Штайнердің Вальдорф  педагогикасында  «еркін  тәрбиеде»  орын
алған. 20-ғасырдың екінші жартысында А. Маслоу, К. Роджерс және  басқалардың
еңбектерінде бұл тұжырымдама кеңінен өріс алды.  Олар  психология  бағытында
білім саласында кеңінен  құлаш  жайған  психологиялық  қағидалар  гуманистік
психологияда тарады. Педагогикалық  еңбектерде  бұл  гуманистік  педагогика,
неопедоцентризм деген атауға ие болды.
      Джон  Дьюи  өзінің  тәрбие   беру   теориясын   жасағанда   прагматизм
философиясын негізге алған, яғни  оның  негізгі  түсінігі  (  іс,  тәжірибе.
Мұнда  адам  өз  шығармашылығын  дамытуда  өз  тәжірибесіне  сүйенеді  деген
мағынаны  білдіреді.  Объективті  ғылыми  білім,  адамгершілік   нормалардың
заңдары  мен  ережелерінің  бірыңғай  жалпы  мағынасын  бермейді.  Олар  тек
адамның табысқа кеңелу жолындағы шешім қабылдауы  және  жағдайлардың  талдау
құралдары. Жеке табыс ( осы ғылым өлшемі, білім  мен  адамгершіліктің  рөлі,
шындық пен адамгершілік бұл нағыз табысқа әкелетін жол.  Тәжірибе,  «табиғи»
түйсіктер және баланың  қызығушылықтары,  шығармашыл  қабілеттерінің  дамуы,
шығармашылық арқылы оқыту ( бұл Дж.Дьюи  педагогикасының  басты  санаты.  Ол
дәстүрлі мектептегі мұғалімнің  догматикалық,  өктемдік  бағытын,  жады  мен
жаңғыртуға   негізделген,    оқытудың    түсініктеме(көшірмелі,    түсіндіру
әдістерін, оқушының жеке  тұлғасына  деген  көңіл  аудармаушылықты  сынайды.
Дж.Дьюи педоцентризмнің негізін қалады: педагогиканың  барлық  категориялары
(оқытудың мақсаттары, мазмұны, әдістері) баланың сұранысына,  қызығушылығына
сай анықталуы қажет. Оқу үрдісінің негізі ( бала, мектеп  пәні  мен  мұғалім
емес. Бұл педагогикада шын мәнісіндегі жаңа қадам болды.  Мұнда  үлкендердің
балалармен кенеттен  жасалған  шығармашалағын,  білім  алып,  дамуына  көмек
көрсетуін меңзейді.
      20-ғасырдың  ортасында  прагматизм  салдарынан   мектеп   оқушыларының
академиялық білім және адамгершілік даму деңгейлері онша жоғары  көрсеткіште
емес  екендігі  анықталды.  Ғылыми(техникалық   революция   білім   деңгейін
көтеруді, интеллектуалдық және адамгершілік дамуының өрлеуін  мақсат  тұтты.
и    Гуманистік    психологияның    өкілдері    оқытудың     технократикалық
тұжырымдамасын,  бихевиоризм,  оқушыны  технологиялық  үрдістің  бір  бөлігі
ретінде қарауы, мінез(құлық әрекетінің жиынтығы, айлалы әрекет  нышаны  үшін
оқыту  технологиясын  сынай  келе,   тұлға   көзқарасына   көшуді   ұйғарды.
Гуманистік   психология   жеке   тұлғаны   күрделі,   қайталанайтын   жоғары
құндылықты, қажеттілік иерархиясы қауіпсіздігіне ие,  сүйіспеншілік,  құрмет
тұтатын қасиеттері бар адамдарды түсінеді. Тұлғаның жоғары сұранысы ( ол  өз
мүмкіндіктерінің белсенді  қалыпта  іске  асырылуы.  (А.  Маслоу).  Көпшілік
адамдар ішкі жан дүниесі қалыптасып, дамыған тұлға болуды қалайды.
      К. Роджерс бойынша, «толғымен қалыптасқан адам»,  ол   (  өз  сезімін,
сұранысын,  мойындайтын,  барлық  білім  көздерін  қабылдай  алатын,  өзінің
табиғатына жауап  беретін  іс(әрекетті  тандай  алатын,  жауапкершілігі  мол
адам. Ол өзгерістерге және жеке тұлғаның  өзіндік  дамуы  мен  өсуіне  дайын
тұрады. Мұнда  Дьюидің  прагматизм  мен  педоцентризмінің  «іздерін»  көруге
болады:  тәжірибеге  сүйену,  табиғатына,  қызығушылығына   қарай   қолдану,
мектеп, қоғам тарапынан болатын теріс ықпалды қабылдамауы.
      К. Роджерс оқушылармен педогогикалық(психологиялық жұмыста  ата(аналар
мен  мұғалімдерге  психотеропевтік  көмек  көрсетудің  қағидаларын,   баланы
қолдау, оны дамытуда көмек көрсету тәсілдерін анықтайды. Басты  қағидалардің
бірі ( балаға деген қалтқысыз сүйіспеншілік, баланы сол  қалпында  қабылдау,
оған оң көзбен қарап, дұрыс қатынас жасау. Баланың  қылықтарына  қарамастан,
оны жақсы көретіндігін білуі қажет.Ол өзіне сенімді  болған  жағдайда  дұрыс
қалыптасуынанегіз бар, ал кері жағдайда,  бала  теріс  бағытта  қалыптасады.
К.Роджерстің  зерттеуі  бойынша  психолог,  гуманистік  ұстаз  екі  негізгі:
эмпатия  мен  конгруэнтты  қасиетті  және   актуалды   тұлға   болу   керек.
Конгруэнтты ( бұл оқушылармен қарым(қатынастағы шынайылық,  өзімен(өзі  бола
тұра, ынтымақтасуға да мүдделі болу. Эмпатия  (  өзгенің  жағдайын  сезініп,
түсіне білу. Бұл екі  қасиет  ұстаз(актуализатор  тұлғасының  бойында  дұрыс
педагогикалық бағытты дамыту үшін көмек беруге дайын болуы керек.
      Эмпатикалық қарым(қатынас техникасында мынандай  әдістер  қолданылған:
Мен ( ойымды жеткізуші, белсенді тыңдаушы, баланы қолдауда көз және  басқасы
арқылы   қатынас   білдіруші.    Олардың    жәрдемімен    баламен    қатынас
ұйымдастырылады, олар арқылы оның өзіндік сана(сезімдері мен өзіндік  дамуын
ынталандырады. К.Роджерс психотерапиялық  қағидалары  мен  әдістері  мектеп,
оқыту, тәрбиеге  бөледі.  Гуманистік  психологиясы  өкілдерінің  ұйғаруынша,
оқушыны  нысана  еткен,  оқытуға  барынша  ұмтылған  мұғалім   педагогикалық
қатынасудың мынандай ережелерін берік ұстанулары қажет:
      - Балалардың бойына сенімділік ұялату;
      -  топтар  мен  жеке  адам  алдына  қойған  мақсаттарды   тұжырымдауды
балаларға үйрету;
      - балалардың бойындағы оқуға деген уәжге қарай бағамдау;
      - оқушыларға барлық сұрақтар бойынша тәжірибе көзі ретінде бола білу;
      - эмпатияға ие  болу  (  оқушының  жеке  тұлғасын  түсіне  білу,  ішкі
көніл(күйін сезіну, және оны пайдалану;
      - топтық өзара қарым(қатынастарында белсенді қатысушылардың бірі болу;
      - топта өзінің ойын ашық түрде жеткізе білу, оқытудың жеке дара бояуын
келтіре білу;
      - оқушылармен жылы қарым(қатынаста еркін сөйлесе білу стилін меңгеру;
      - өз(өзіне о баға бере білу, бірқалыпты сезім  күйін  көрсету,  өмірге
деген құштарлығы мен қзіне деген сенімділігі мықты болу.
      Батыста, әсіресе  АҚШта  бұл  тұрғыда  өзін(өзі  тәрбиелеу  мақсатында
мұғалімдер   мен   ата(аналарға   арналған   құралдар    көптеп    табылады.
Педагогикалық ЖОО(да студенттерді  гуманистік  тұрғыда  оқыту,  ата(аналарға
арналған  көмек  көрсету   орталықтарында   ата(аналарды   оқыту   жұмыстары
жүргізілді.
      Гуманистік педагогиканың нысанасы, ең алдымен, баланың  ішкі(дүниесіне
көңіл бөлуіне оқыту арқылы оқушы тұлғасының дамуына бағыт  беру;  екіншіден,
бала  оқытудың  жаңа   түрлері   мен   әдістерін   іздестіру.   Алайда   бұл
жағдаяттардың қалыптан тыс ұлғаюы жетіспеушілікке әкеп  соғады.  Білім  беру
мен тәрбиені балалардың тек қана  қызығушылықтары  мен  өнерпаздығын  ескере
отырып құруға болмайды. Бұл оқушылардың білім  деңгейінің  төмендеуіне  және
үлкендердің бала тәрбиесіндегі әлеуметтік және  моральдік  тұрғысынан  қауіп
тигізуіне  әкеліп  соғады.  АҚШ  тәжірибелерінен  аңғаратын  жайт,   бірнеше
ұрпақтардың бейнесінен мінез(құлықтарындағы  моральдік  жауапкершіліктерінің
төмендегенін көрсетеді, «мысқылдап айтқанда, жеке тұлғаға  көңіл  аударғанда
дегумнизация үдерісінің күшеюіне әкеп соғады, яғни,  адамдардың  бір(бірінен
алшақтануы» дейді сол бағытты ұстанушы  көшбасшылардың  бірі.  Әрине,  бұның
көптеген әлеуметтік себептері  бар,  және  олар  біртұтас  кешенді  құрайды,
өзін(өзі  тежеудің,  өзін(өзі  тәрбиелеудің  болмауы  гуманистік  педагогика
салдарынан деп түсіндіреді.
      Талдау барысында ғалымдар бұл сұрақты шешуде жеке тұлғаны қатал  түрде
басқару керек пе, әлде еркін тәрбие тиімді ме?  деген  екі  жолды  жан(жақты
қарастырған болатын. Бірінші  жағдайда  жеке  тұлғаны  басып  тастау  қатері
төнсе, екіншіде не оқытуға, не тәрбиелеуге  мүмкіндік  жоқ.  Ғылымның  басты
ұмтылысы тәрбие беруде оңтайлы екі бағыттың да қатар жүруін қарастырды.  Осы
мәселе бойынша  70-жылдарда  симпозиум  өткен  еді,  онда  «Адам  әлеуметтік
ортада дамуы үшін, ол өзін қоршаған ортада  белсенді  ұйымдастырушы  ретінде
көрсете білуі керек» деген тезис алға тартылған болатын. Қос  ағым  да  жеке
тұлғаның мынандай  қасиеттерін  анықтайды:  эмпатия,  өзін(өзі  ұмтылу  және
басқалары. Бихевиоризм, қосымша  күшпен  бірігіп,  гуманистік  психологияның
әдістерінде  қолданылады:  сезім  рефлексиясы,  психологпен   баланың   жылы
қабылдануы. Гуманистік психология  адамдардың  өзара  қарым(қатынастарындағы
нақты операциялық  әдістерге  сүйенеді,  ол  дегеніміз  педагогикада  балаға
неғұрлымм дұрыс бағытта әсер ету.
      Мектеп тәжірибесінде оқушыларды тәрбиелеу ісінде екі  тәсіл  де  қатар
жүреді. Бұған нақты дәлел ( американдық мектептеріндегі  «Гайденс»  қызметі.
Бұл   мамандар   ұжымы   оқушыларға   оқу   ісінде,    әлеуметтік,    кәсіби
мәселелеріндегі  қиындықтарды  шешуге  көмектеседі.  Гайденс   қызметкерлері
оқушы  өзін  танып(білуге,  өзара  қарым(қатынас  жасауға  оқытады,   өмірде
кездесетін әр түрлі кикілжің мәселелердің шешімін табуына кеңес береді.  Бұл
сабақтар бұрынғы кездегі  біздің  сынып  жетекшілеріміздің  жұмыстарын  еске
салады. «Гайденс» қызметін  каунслер(маманы,  психолог,  кеңесшң  басқарады.
Мектеп каунслері психотерапевтік (тәрбие) жұмысын жүргізу барысыда әр  түрлі
тәсілдерді қолдана алады: олар директивті және директивті емес.
      Біріншісіне  сай  (бихевиоризмге  сүйене  отырып),  каунслер  байқаған
нәтижелер мен  деректерді  зерттейді,  «мінез(құлықтағы  өзгерістерге  көңіл
аударылып, соның нәтижесінде іс(әрекеттердің түрлері ұсынылады»,  яғни,  өзі
үстемдік етеді. Екіншісі «директивті  емес»  тұрғысынан  алғанда  гуманистік
психологияға сүйенеді: каунслер  тыңдайды,  сенім  ортасын  құрады,  баланың
белсенділігін оятады,  оның  мінез(құлық  таңдауындағы  өзіндік  іс(әрекетін
жігерлендіреді. Каунслер жағдайға байланысты екі тәсілді де қолданады.


      1.3.3 Неопозитивизм («жаңа гуманизм»)


      Бұл  философиялық(педагогикалық  тұжырымдама  классикалық   позитивизм
негізінен  бастау  алған,  қазіргі  жаңаша  бағыттағы  мектептерде   кеңінен
қолданылады. «Жаңа гуманизмге» тән алыпсатарлықфилософия  теориясын  теріске
шығарады, ол нақты ғылыми білімге  негіздейді.  Әлеуметтік  ғылымдар,  соның
ішінде   педагогика   да   сол   ғылыми   әдістерді,   табиғаттағы   ғылымда
көрсетілгендей,    тексерістен    өткен    тәжірибеде     қолдану     керек.
Неопозитивизмнің  ерекше  көңіл  аударатын   аймағы    (   ғылыми   білімнің
ерекшелігі,  оның  логикасы,   құрамдас   бөліктері,   дамуы.   Тәрбие   осы
ұстанымдарды талдайды. Ол ғылыми(эмпириялық,  тексеорілген  және  объективті
деректер,  жаңаша  ойлау  идеологиясына  негізделген  дүниетанымынан  босауы
қажет.
      Неопозитивистік    педагогикасы    жастардың     саяси,     әлеуметтік
индокринациясына, тәрбие идеологиясына,  адамның  айлалы  әрекеттенуі,  жеке
тұлғаға қысымдылық жасауға  қарама(қайшылықпен  қарайды.  Мектептің  міндеті
ретінде   жеке   интеллектуалдық   дамуы,   «танымдық   құрылыстың»   санада
қалыптасуын қамтиды, осының көмегімен ойлау қабілеті жетілген  адам  дамиды,
дүниедегі конфрантацияға жол ашпай, сондай(ақ еркін қалуын санайды.
      Неопозитивизмге білім мәдениеті, әлемді өзінше түсіну,  жеке  тұлғаның
интеллектуалдық дамуы жатады. Бұл Дж.Брунердің  оқытуды  талдау  үрдісіндегі
философиялық негіз  болып  табылады,  бұл  оқытуды  ақпараттық(технологиялық
ғылымилыққа тарту деп түсіндіріледі. Оның бағыты сцентизм деп  аталуы  бекер
емес. Сцентистік тұрғыда да тәрбие үрдісінің талдауы айқын  көрініс  тапқан.
Ғалымдардың айтуынша тұлғаның адамгершілік қасиеттері оның моральдік  пікірі
мен қабілетіне байланысы дамиды.  «Жаңа  гуманизмнің»  негізін  салушылардың
бірі, теоретик Л. Кольберг тұлғаның  моральдік  дамуы  туралы  ілім  жасады,
осыған байланысты тұлға өзінің адамгершілік  дамуының  үш  кезеңінен  өтеді.
Бала   моральдік   деңгейге   дейін   жазалаудан   қорыққаннан    орындайды.
Конвенциялық деңгейде  моральді  сақтау,  қоғамға,  топқа  кіруіне,  олардың
талаптарына сай өзін қорғай білу  мақсатында  игілікті  істерге  кеңелу  деп
анықталады.  Адамгершілік  дамуының  үшінші  сатысы  (  автономиялық:   адам
адамгершілік мінез(құлығын өз еркімен таңдайды,  яғни  нормаға  сәйкес  өмір
сүруді түсіну,  өзінің  ар(ожданына  сүйене  отырып,  қайырымдылық,  әділдік
қасиеттерін еркін түрде таңдайды.
      Адамның жоғары сатысына шығуы ( (Кольбергтің деректері  бойынша  бұған
көптеген  адамдар  жете  алмайды)  қабілеттер   дамуы   моральдік   пікірмен
анықталады,  моральдік  қағидалардің  құрылу  аймағы,   моральдің   мазмұны,
автордың ойынша бұл  барлық  кезеңдер  мен  қоғамда  мәңгілік  өмір  сүреді.
Былайша айтқанда, адамгершіліктің қалыптасуында моральдік тұжырымдарға  баса
назар  аударылады  және   адамгершілік   сезімі   ескерілмейді,   әлеуметтік
институттар қоғаммен бөлінбейді.  Кольбергтің  моральдік  дилеммасы  ретінде
белгілі болғандай, ол балалардың білімі мен  моральдік  деңгейін  зерттейді.
Моральдік  дилемманың  шешімі,  олардың  рөлдік  ойындары  (   неопозитивизм
педагогикасындағы  моральді  оқытудың  бір  әдіссі  ретінде   танылған,   ол
дискуссия, талдау және «мораль  тілін»  танып(білумен  қатар  жүрген,  яғни,
мораль білімінің түсінігі,  қағидасы,  мазмұны  және  құрамдас  бөліктерінен
құралған әдістері. Адамгершілік сананың  қалыптасуында  негізінен  ауыз  екі
әәдістер   қолданылды,   ол   мінез–құлықтың   санадан   алшақтауына    әкеп
итермелейді,  ақыл–парасаттылық  логикалық  қалыптан  тым  асыра  қолданылуы
(сциентизм бағытында).
      Бұл тұжырымдаманың оң көріністері ө бетінше еркін түрдегі жеке тұлғаны
қалыптастыруға ұмтылу, моральдік білім негізіне сүйене отырып,  адамгершілік
мінез–құлықты  анықтайды   (дамудың  ең  жоғарғы  сатысы);   интеллектуалдық
дамуға  бағыттау,  оқудың  жоғары  ғылыми  деңгейі  және  оқытудың   зерттеу
әдістері. Әйтсе де тәрбие  кең  ауқымда  тілдік,  көреген  пайымдаудан,  көп
жағдайда әлеуметтенуден алшақ, нағыз өмірдегі бар мәселелерден тұрады.






      1.3.4 Педагогикадағы экзистенциализм


      Классикалық  экзистенциализм  –  еуропалық  зиялы   қауымның   қайғылы
философиясы. Дегенмен оның басты ережелері тәрбиемен және  оның  теориясымен
қатар қолданылуы сирек кездессе  де,  осыған  қарамастан  ол  экзистенциалды
педагогиканың әдістемелік негізі болып саналады.
      Экзистенциализм бойынша, адам болмысы экзистенция кейпінде айқындалады
– адамның өзіндік Меніне назар аударуы.  Болмысты  экзистенцияны  танып–білу
өзінді тану, өз өмірін үшін қимылдау, уайымдау және  жауапкершілікпен  қарау
арқылы жүзеге асады. Дүние ақыл–парасатпен  емес,  сезіну  арқылы,  сезімнің
көмегімен танылады; әлем бір қалыпты  емес,  оның  объективті  заңдары  жоқ.
Тұлға бірегей келеді, және оларды әр қайсысының өз шындығы бар. Адам  өзінің
ішкі Менімен санасуы қажет, бұл  оның  тәжірибесі,  білімі,  шығармашылғының
көзі. Қоғам, әсіресе ұжым бірізділікке бағыттайды,  шынайы  өмірде  еркіндік
болмайды.  Міне,  дәл   осылар   арқылы   экзистенциализмнің   педагогикалық
ережелерін шығаруымызға болады.
      Тәрбиенің ғылыми теориясы болуы мүмкін емес, себебі  жеке  тұлға  және
оның   мінез–құлқы   қайталанбас,    бір–біріне    ұқсамайтын    даралығымен
ерекшеленеді.  Сондықтан  мектеп  жеке  тұлғаны  белгілі   бір   қасиеттерге
жіктемеуі  керек.  Мектептің  міндеті   –  оқушының  өзін–өзі  танып–білуіне
жағдай жасауы қажет,  күрделі  әлемде  өзінің  өмір  сүруінің  мағынасы  мен
тәсілінің  анықтауына,  өзінің  ешкімге  ұқсамайтын  жеке  қасиеттерін   аша
түсуіне жол ашу. Мұғалімнің міндеті  – адам этикасын түсіндіру,  экзистенция
болмысының  негізін,  моральдік  таңдаудың  өзектілігін,   өмірде   өзін–өзі
анықтап,  іздеп–табуына  ықпалдасу.   Мұғалім   дәстүрлі   мектепте   жүзеге
асатындай  тек  өз  пікірін  ортаға  салып,  оқушылардың  құндылықтары   мен
көзқарастарының дамуына міндеттеу түрде әсер етуге болмайды.
      Тәрбиенің басты әдісі – диалог, қысқа да нұсқа,  танымдық  әңгімелесу,
мұның нәтижесінде өзін–өзі талдау, өзін–өзі түсінуге деген  ұмтылысы  өрбиді
және өмірге тікелей сыни көзбен қарауға үйретеді.
      Экзистенциалды  педагогика  ұжымдық  тәрбиені  жоққа   шығарады   және
мойындамайды, себебі жеке адам  әлемде  қайталанбайды  және  әр  қайсысы  өз
тағдыры мен ар–ожданын құруда өжет келеді. Көпшілік  әрқашан  кескінсіз  әрі
сұрықсыз, ал жеке тұлғада өзіне  тән  ерекшелігі  мен  шығармашылық  бастауы
орын алады. Мұндағы мектеп міндеті –  жеке  адамның  шығармашылық  бастауына
қолдау көрсетіп, оның әрі қарай дамуына ықпал жасап,оқушының  креотивтілігін
ынталандыру түсу.
      Неміс  экзистенциалисті  О.  Ф.   Больнов   50-ші   жылдары   «жағымды
экзистенциализмін»  ұсынды    –  былайша  айтқандағ  жеке  тұлға  этикасының
оңтайлы   нұсқасы   деп   санаған.   Оның    ойынша,сондай–ақ    классикалық
экзистенциализмді жақтаған Ясперс, Сартер  және  басқалары  айтқандай,  адам
күйзеліске ұшыраған жағдайда уайымдау, кінә тағу, ашыну  арқылы  емес,  адам
(мектепте осыған  үйрету  керек)  байсалды  ақыл–парасатымен  шешіп,  өмірге
шыдамдылықпен қарап,бар қиындыққа төтеп беруге дайын болуға,  оның  тағдырын
ұлы күш анықтайды деген сеніммен алға жылжып,  өмірге,  ортасына,  тағдырына
деген бойында сенімділігі ұялап, қанағат тұтушылықпен  өмірді  сол  қалпында
қабыл  алуы.  Больновтың  ұйғаруынша  сенім,  үміт,   қанағат   –   осы   үш
адамгершілік  құндылық  классикалық  экзистенциализмде  тығырыққа   тірейтін
көзқарас. Ол негізгісін ысырып  тастамайды:  экзистенциалды  тәрбие  адамның
жеке дара бағытын айқындаған,  топқа  қарсы  тұра  алатын,  қоғамды  жоятын,
өзін–өзі  тапқан  және   өзінің   өмір   сүру   мағынасын   білетін   адамды
қалыптастырды.
      Бұған австриялық психолог-экзистенциалист В. Франкелдің  логотерапиясы
жақын  келеді.  Оның  ойынша,  адамның  өмір  сүруі  (экзистенция)  оның  өз
болмысының мағынасын табуына  тәуелді.  Бұл  оның  пікірінше,  білім  беруде
басты қағида болып саналады: «... білім берудің  негізгі  міндеті  дәстүрлер
мен  ілімнің  берілумен  қанағаттанудан  тұрмайды,   адамдардың   таңғажайып
мағыналарды ашуына мүмкіндік жасауы үшін қабілеттерінің өсіп–өрбуінде».
      Оның ойынша, экзистенциалды  кеңістік  кезінде  білім  беру  жүйесінде
«түпнұсқаға тәуелсіз шешімдер қабылдау қабілеті» дамыған. (4.295. інде
      Тәрбиенің мұндай тұрғысында көптеген тартымды, әсіресе нәзік еуропалық
зиялы қауымға:  тоталитаризм мен конформизмге қарсы тұратын  тұлғаның  терең
жеке дара  қалыптасуы.  Басқа  жағынан  алғанда,  «экзистенциалды»  тұлғаның
қызығушылығы мен іс әрекеті шеңберінде өзіндік рефлексиясы шектеулі,  өзінің
ішкі Меніне бағытталған,  шын  мәніндегі  өмірде  адамды  түрлі  жұмыстардан
белсенділігінен   айырады.   Бұл    экзистенциалды   педагогиканы   таңдаулы
педагогикаға айналдырады. Сондай  ақ  мұның  педоцентризммен  көп  ұқсастығы
табылады, және оның кейбір бөліктері білім саласының  құндылықтары  мен  шет
елдегі тәжірибеге әсер етеді.


      1.3.5 Әлеуметтену теориясы педагогикалық тұжырымдама ретінде


      Баршаға  аян,  тәрбие  оқу–тәрбие  орындары  шеңберінде  жүзге  асатын
ұйымдастырылған  үрдіс  қана  емес.  Тәрбие  –  бұл  әлеуметтік  те   қызмет
атқарады, яғни жастарды қоғамда өмір сүруге дайындайды.  Соңғы  жарты  ғасыр
уақытта әлеуметтену мәселесімен социолог,  философтардан  басқа,  педагогика
теориясының  негізін  қалаған  мамандар  да  айналысады.  Шет  елдерде  жеке
тұлғаның әлеуметтенуі бойынша бірқатар тұжырымдамалар пайда  болған.  Ондағы
қарастырылған негізгі мәселелер мынандай: мәні неден тұрады,  әлеуметтенудің
ерекшелігі,  оның  ғылыми  методологиялық  негізі   неде,   біліммен   өзара
байланысы қандай, мектептегі тәрбие мен әлеуметтенудің  қандай  институттары
мен  әсерлері  бар,  әлеуметтену  теориясының  мектептегі  тәжірибеге  әсері
қандай, меншікті педагогикалық үрдістер.
      Тұлғаны әлеуметтендіру мәселесі, әсіресе жиырмасыншы  ғасырдың  екінші
жартысында өзекті болды, себебі жас адамның қалыптасуына әсер  етуші  күштер
ықпал етті,  және  бұған  жан  жақты  қарама  қайшылықтар  әсер  етті:  ҒТР,
жаңашалану,  отбасы  дағдарысы,  жастардың  мәдениеттелігінің   төменділігі,
жалпы қоғамның ізгілендіруіне қарсы бетбұрысы, БАҚның қарсылығы және т.б.  (
мұндай тәрбие  үрдісінің  барлығы  айтарлықтай  қайғылы.  Әлеуметтенуді  кең
көлемде талқылаға  алғанда,  бұл  (  «қоғамдық  құрылымдарындағы  жеке  адам
ықпалдастығының  кешенді   үрдісі»,   бұл   адамның   қоғаммен   қабылданған
нормалары, ережелері, құндылықтары,  сондай(ақ  әр  қайсының  өмірде  алатын
әлеуметтік  рөлі.  Әлеуметтену  барысында  жеке  тұлға   өзінің   әлеуметтік
қызметтерін орындауға  ұмтылады,  сондықтан  әлеуметтенуді  «адамның  екінші
әлеуметтік(мәдени дүниеге келуі» деп атаған.
      Педагогтардың алдында жасөспірімдерді жан-жақты әр бағыттағы  қозғаушы
күштермен қоғамдық институттарды байланыстыра  отырып  тәрбиелеу  мәселелері
тұрды.
      Батыс  социологиясы  мен  педагогикасы  тәрбие   теориясында   маңызды
бетбұрыс болып есептелетін жалпы,  ортадисциплинарлық  әлеуметтеу  теориясын
салуға тырысты. Біріңғай әлеуметтеу теориясы болған жоқ. Әлеуметтеу  барысын
дәлелдеумен, оның мақсаттарын түсінумен ерекшеленетін  үш  тұжырымдама  бар:
олар әлеуметтеудің өзгертілген моделі, гуманистік модель  және  екі  алдынғы
позицияларды қоса кешенді әлеуметтеу.
      Өзгертілген  (бейімделген)  және  функционалды,   «қатаң»   әлеуметтеу
Т.Парсонстың т.б. құрылымдық функционализм  шеңберінде  әзірленген.  Қоғамда
әлеуметтік институттарда, қарым–қатынас қағидалары бар,  әлеуметтік  жүйенің
әр бір элементы өзіне тән қызмет атқаратын бір  жүйе  болып  саналады,  жүйе
біркелкі және табанды  келеді.  Табандылықты  қамтамасыз  ететін  әлеуметтеу
механизмі  болды.  Оның  маңызы  қоғам  талаптарына  сай   келетін   адамдар
тәрбиелеу. Сондықтан әлеуметтеудің  мақсаты  –  талапқа  сай  тәрбиелеу,  өз
міндет,  қызметтерін  орындайтын  және  ережелерді  меңгерген  тұлға   болып
саналды. Бұл көзқарасты қолдайтындар бейімделген тұлғаның басты  мінез–құлқы
– ыңғайлылық, әлеуметтік жағдайларды  қабылдау,  стандарттарды  орындау  деп
ойлайды. Біреулері, мұндай бейімдеу өзбетімен, басқарусыз өтеді деп  санаса,
екіншілері  әлеуметтеудің  институттарын   және   объектілерін:   мектептер,
отбасылар, БАҚ, мекен жайы бойынша тұрғындардың іс  әрекетін  үйымдастыруды,
үйлестіруді және бақылауды қажет  ететінің  айқындайды.  Мұнда  сциентистік-
позитивтік бағдар, ғылым негізінде барлық мәселелерді шешуге сенім,  қоғамда
адам дамуын басқару және бақылау жүйесін құру мүмкіндігіне сенім анықталды.
      70–жылдары функционалдық әлеуметтеу сынға түсіп, альтернатива  ретінде
«жұмсақ»   тұлғалық   әлеуметтеу   дәлелденді.   Оның   маңызы    гуманистік
педагогикада   көрсетілген.   Әлеуметтену   адамның   өздігінен   даму,   өз
мүмкіндіктерін  іздеу,  оларды  іске  асыру  болып  түсініледі.   Жасөспірім
әлеуметтеу  барысында  «педагогикалық  өзін  өзі  басқару»,  өздігінен  іске
асуында  белсенділік  танытады.  Әлеуметтенудің  міндеті   –   «тіл   алғыш»
қызметкерді емес,  сынай  білетін  автономдық  тұлғаны  қалыптастыру.  Бірақ
мұндай   көзқарас   басқа   жағдайға   әкеледі:   бірінші   модель   бойынша
конформизмнен – тұлғаға, тек өзін  ғана  сыйлайтын  тұлға,  екінші  модельге
қатысты.
      Осы екі шетке шыққан көзқарасқа байланысты екі позицияны  біріктіретін
шешіме табу қажеттілігі туады, осыдан келіп «жиынтық социализациясы»  туады.
Бұндай социализацияның мақсаты –  тұлғаны  «сыншыл  кескінмен»  қалыптастыру
деп есептейді ғалымдар. Адамнан қоғамдық ережелерді  орындай  біліп,  қызмет
атқару, сонымен бірге жеке дамуының  іштей  бостандыққа  ұмтылуы  байқалады.
Адам белсенді  және  саналы  түрде  басқалармен  қарым–қатынас  іс  әрекетте
қоршаған ортадағы шындықпен кездесуі қажет. Мұндай жалпы және  адамның  жеке
мінез құлық дилеммасы әрқашан өзекті  болғандығын  мойындай  отыра,  қазіргі
кезеңде  әсіресе  әр  түрлі  елдердегі  әлеуметтік  мәдениет,  адамгершілік,
экологиялық жағдайларының күрделі кезеңдерде өте өткір тұрса керек.
      Шетелдерде мектеп тәрбиесіне қалай қарайды? Социализациялық  теориялық
зерттеулерде білім берудің жаңа бағдарламалары,  мектеп  реформалары,  білім
мазмұнын жетілдіру, мектептегі тәрбиенің  әдістері  мен  түрлері,  сондай–ақ
мектептен тыс  шаралар  арқылы  жастарға  әсер  етуді  ұйымдастыру  жолдарын
қарастырады. Негізінен, мектептерде  арнайы  пәндер  енгізіледі,  міндеті  –
білім мен мінез  құлықты  қалыптастыру,  оқушылардың  өмірге  икемділіктерін
дамыту, мысалы: елдің саяси және әлеуметтік  жүйесін  білу,  әлемдегі  еңбек
пен жұмыс басшылық етеді. Оқушылар жеке тұлға психологиясын,  өзін–өзі  тану
мен өзін–өзі дамыту ғылымын біледі. Арнайы сабақтарда отбасы  мәдениеті  мен
жеке тұлғаның қарым–қатынасымен  танысады,  адамдармен  қарым–қатынас  жасай
білу дағдыларын қалыптастырады.  Бұл  оқу  дәстүрлі  «академиялық»  пәндерді
оқытудан  айырмашылығы  бар,  жеке  тұлғаны   қоғамдық   өмірге   әлеуметтік
бейімдеуге бағыттаумен айқындалады.
      Мұндай сабақтарда негізімен «белсенді» әдістер  қолданылады:  жағдайды
талдау, рольдік ойындар,  мінез  құлық  тренингі,  сезім.  Мұндай  әдістерді
қолдану шағын топтарда оқушылардың қоғамдық  және  жеке  басының  мәселеріне
көзқарасын, өз сезімі мен мінез–құлық дағдыларын қалыптастырады.
      Осындай мақсатта сабақтан тыс және мектептен тыс жұмыстар  оқушылармен
жүргізіледі. Оқушылар  концерт,  мерекелер,  спорттық  жарыстар,  кездесулер
ұйымдастырады;  оқушылар  мектептің  өзін–өзі  басқару  органына   айналады;
тәжірбие алады /әсіресе АҚШ да/.  «Демократия»  ойынында  оқушылар  мектепте
өзін–өзі басқару органын сайлайды, комиссия құрады, жұмыс жоспарын  жасайды,
сөйтіп, «үлкен өмірге» қадам басуға дағдыланады.
      Әлеуметтенудің  мақсатында  жастар  орталығы,  қоғамдық   қозғалыстар,
клубтарда,  консультациялар,  әр  түрлі  статусты   жұмыс   кестесі,   түрлі
сабақтардың  формалары  қолданылады.  Мұнда  да  оқушылар,  жас   өспірімдер
адамдармен қарым–қатынас жасауға, пәндер бойынша кеңестер, кикілжіңді  шешу,
т.б. туралы білім алады.
      Сонымен,   әлеуметтену    түсінігі    тәрбиеге    жақын    болғанымен,
әлеуметтенудің жалпы  теориясы  мұғалімдерге  балаларды  қалыптастыруда  бұл
мәселеге кеңірек қарауларын  ескертеді.  Әлеуметтену  жүйесінің  бір  бөлігі
мектеп деп  есептеген  көзқараста  әлеуметтену  институты  оның  шекарасының
мүмкіндктерін сезіну, тәрбие мен оқытудың  мақсаттары  барлық  әлеуметтенген
факторлармен жүзеге асуын қамтамасыз етеді.


      1.4 Қазіргі тәрбиенің әдіснамалық негіздері


      Бүгінгі таңда  тәрбие  үдерісі  жалғыз  ғана  идеологияның  шеңберінен
шығып, әр түрлі идеялардың, пікірлердің,  келіс-тұрғылардың  ықпалымен  жан-
жақты  дамуда.  2009  жылы  қабылданып,  бекітілген  Қазақстан  Республикасы
үздіксіз білім беру жүйесіндегі  тәрбие  тұжырымдамасында  қазіргі  тәрбиені
ұйымдастыруға негіз болып отырған ғылыми көзқарастардың мәні ашылады.
      Көзқарас –  бұл  білім  беретін  мекеме  ұстазының  немесе  басшысының
педагогикалық қызметтеріндегі белігілі бір өзара байланысты түсіну,  идеялар
мен тәсілдер жиынтығын қолдануға ниеттенген  іс-әрекеттерін  жүзеге  асыруда
алатын бағыты.
      Антропологиялық көзқарас тәрбиеленушілерді  бірегей  және  тұтас  жеке
тұлға ретінде қарап, адам туралы білім кешенінде кең көлемді есеп  жүргізуге
бағыттайды.   Тұлғаға   бағытталған   көзқарас   –   тәрбиеленушінің   өзара
байланыстағы түсініктер, идеялар және іс-әрекет  тәсілдерін  қамтамасыз  ету
мен өзін-өзі тану, дербестігін құру және өзін-өзі табысты көрсету  үдерістер
жүйесін қолдау, оның қайталанбас жеке тұлғалық дамыту  арқылы  педагогикалық
қызметтегі әдіснамалық байланыс.
      Тәрбиедегі  іс-әрекеттік  көзқарас  –  жеке  тұлғаның   бірлігі   оның
әрекетшілдігінде екендігі туралы көріністен  туындайды.  Бұл  бірліктің  көп
үлгілі формадағы қызметі жеке тұлғаның құрылымына тікелей және жанама  түрде
өзгеріс жасаудан байқалады; жеке тұлға өз  кезегінде  бір  мезгілде  тікелей
және жанама түрде дербес даму сұранысын өтейтін  барабар  қызметтің  түрлері
мен формаларын жүзеге асырады.
      Кешенді көзқарас – тәрбиеге кешенді көзқарастың мәні бірлікті, әртүрлі
кешендердің тұтастығын қамтамасыз  етуді  құрайды,  соңғы  нәтижеге  себепші
болатын -жеке тұлғаның жан-жақты даму үндестігі дәрежесіне ие болады.
      Аксиологиялық  көзқарас  –  санадан  «беретін»  және  адамның  әлемге,
адамдарға,  өзіне  қатысты  әмбебап  жалпы  адамзаттық  құндылықты  қамтиды;
табиғатпен, әлеуметпен, мәдениетпен барлық өтіп  жатқан  қарым-қатынасындағы
жеке тұлғалық  мәндерді  тәрбиелеуде  білім  алушы  өз  білімінің,  өмірінің
мәніне ие болуына бағытталған.
      Амбивалентті көзқараста алғашқыда екі жақтың бір-біріне  қайшылықтарын
жоятын,  оларды  есепке   алу   негізінде   педагогикалық   құбылыстар   мен
үдерістерді қарастыру көзделеді.
      Жүйелі көзқарас объектіні күрделі, оны құрайтын бөліктерді  жинақтауға
болмайтын және иерархиялық құрылым ретінде қарастыруды  көздейді  және  жүйе
жасаушы факторларды анықтауды, сыртқы байланысты талдауды мөлшерлейді.
      Синергетикалық көзқарас  тәрбиені  тура  себеп-салдарлық  тәуелділікке
негіздемей, тек, біркелкі емес  түрде  өтетін  үдеріс  ретінде  қарастырады;
маңызды  дәрежеде  өзін-өзі  ұйымдастыратын,  көптеген  ішкі   және   сыртқы
ықпалдарға  себепші  болатын:  заңдылық   пен   кездейсоқ,   болжамдық   пен
стихиялық, реттелген және ұйқы-тұйқы үдеріс.
      Орта көзқарасы тәрбиешілерді жеке  тұлғаны  дамыту  үдерісін  жағдайға
және ортаның сипаттамасына тәуелді қарастыруға бағыттайды.


      Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар


      1. «Тәрбие» ұғымына анықтама беріңіздер.
      2. Тұжырымдама деген не? Қандай тәрбие тұжырымдамаларын білесіздер?
      3.  Кеңес  педагогикасындағы  тәрбие   беру   тұжырымдамасының   мәнін
ашыңыздар.
      4. Шетелдік тұжырымдамаларды талдау өзектілігі неде?
      5.  Педагогикалық  тұжырымдамалар   қалай   жіктеледі?   Педагогикалық
тұжырымдаманың әр қайсысының ерекшеліктерін сипаттаңыздар.
      6. Қазіргі Қазақстандағы тәрбие жүйесінің теориялық негіздері қандай?










      2 Тəрбиенің  құндылықтары, мақсаты мен міндеттері мәселесі


      2.1 Тәрбиенің мәні


      Оқыту мен тәрбие мәселелері өзара тығыз байланысты,  себебі  екеуі  де
адамға тұтастай бағытталған. Іс жүзінде адам дамуына  –  оның  эмоцияларына,
еркіне, мінез-құлқына, мотивациясына, құндылықты бағдарлары  мен  ақыл-ойына
- тәрбиелік әсерлердің үзілді-кесілді ықпал  ету  сфераларын  бөліп  көрсету
қиынға соғады. Кезінде Платон былай деген: «...оқытуда ең маңыздысы  ретінде
тәрбиелеуді мойындаймыз». Алайда, оқыту  мен  тәрбиелеу  үдерістерін  ғылыми
тұрғыдан түсіну мен  ұйымдастырудың  өзіндік  ерекшеліктері  бар.  Сондықтан
біздің тараптан  осы  үдерістерді  бөлектеу  олардың  мәнін  ашып  түсіндіру
мақсатында жасалып отыр.
      Педагогикалық ойдың тарихи даму барысында тәрбиелеу  үдерісі  ғалымдар
мен іске асырушылар назарынан  тыс  қалған  емес.  Сондықтан  тіпті  қазіргі
уақытта да тәрбие педагогиканың басты категориясы болып саналады.  Осы  ұғым
турасында  айтылған  нақыл  сөздерде  де   оның   маңыздылығы   айқындалады:
«Тәрбиенің бізді бұзбауы ғана жеткіліксіз, оның  бізді  жақсылыққа  жетелеуі
шарт» (М. Монтень), «Ешкім кездейсоқ жақсы адам бола қалмайды» (Платон).
      Аталмыш құбылыстың мазмұны тәжірибенің,  педагогикалық  ғылымның  және
оның жетекші тұжырымдамасының  дамуына  орай  жаңғыртылып  отырады.  Алдыңғы
буыннан  кейінгі   буынға   әлеуметтік   тәжірибенің   берілуінің   қоғамдық
тәжірибесі оны айқындайтын терминнен әлдеқайда  бұрын  қалыптасқаны  даусыз.
Сондықтан тәрбиелеу мәні  түрлі  көзқарас  тұрғысынан  әртүрлі  айқындалады.
Қалай болғанда да, тәрбиелеудің пәні  ретінде  оның  ықпалына  түсетін  адам
қарастырылады.
      Тәрбиенің мәні тәрбиешінің тәрбиеленушіге: «адам немен және қалай адам
болуы мүмкін және қажет»  (К.  Д.  Ушинский)  деген  пиғылмен  әсер  етуінде
жатыр. Яғни тәрбие адамды немесе адамдар тобын түрлендіруге бағытталған  іс-
әрекеттердің біріне жатады. Бұл тәрбиеленушінің  психикалық  (психологиялық)
ахуалына,  дүниетанымы  мен  санасына,  білімі  мен  қайраткерлік  тәсіліне,
тұлғасына және  құндылықты  бағдарларын  өзгертуге  бағытталған   іс-жүзінде
түрлендіргіш  іс-әрекет  болып  табылады.  Тәрбиелеу   өзінің   спецификасын
тәрбиелеушінің тәрбиеленушіге  қатысты  алғанда  белгілеген  мақсаттары  мен
ұстанымдарынан табады. Сонымен  қатар  тәрбиелеуші  тәрбиеленушінің  табиғи,
генетикалық, психологиялық және әлеуметтік мәндерінің тұтастығын,  сондай-ақ
жасы мен өмір сүру жағдайын ескереді.
      Тәжірибе көрсеткендей,  тәрбиелік  әсер  қызметі  әртүрлі  деңгейлерде
түрлі тәсілдермен,  сан  алуан  мақсаттар  қойыла  жүзеге  асырылуы  мүмкін.
Мәселен, адам өзінің психологиялық ахуалын,  мінез-құлқы  мен  белсенділігін
басқара отырып, өзіне-өзі мақсатты түрде  тәрбиелік  ықпал  жасауы  ықтимал.
Мұндай жағдайда өзін-өзі тәрбиелеу  жайында  айтуға  болады.  Сонымен  қатар
адамның өзіне қатысты ұстанымына орай (бүгінгі  таңда  кім  және  ертең  кім
болғысы  келетіндігі)  тәрбиелеу  мақсаттары  мен  оларға   жету   тәсілдері
таңдалады.
      Тəрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған:
      – əлеуметтік мағынада – бұл аға буын жинақтаған тəжірибені  жас  ұрпақ
өкілдеріне өткізу. Тəжірибе дегеніміз – адамзаттың өз тарихи даму  барысында
жасаған рухани мұрасы, дəлірек айтсақ : адамдарға белгілі  болған  білімдер,
ептіліктер, ойлау тəсілдері, құқықтық, адамгершілік жəне т.б. нормалар;
      –  педагогикалық  мағынада  –  бұл  тəрбиеленушіге  ықпал  жасау  үшін
ұйымдастырылған арнайы іс-əрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған  мақсатты
үдерісс.
      Тəрбие қоғамдық талаптарға сəйкес болуы міндетті. Егер қоғам  құқықтық
демократиялық  мемлекет   құрып   жатса,   ендеше   ондағы   адам   тəрбиесі
адамгершілік, азаматтық заңдар  мен  қылық-əрекет  нормалары  рухында  жүріп
жатуы қажетті. Жалпы  адамзаттық  құндылықтар  қалыптастырудың  маңыздылығын
ескерумен бірге əлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта  да  əсер,
ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.
      Қазіргі заман тəрбиесі  гуманистік  негізге  сүйене  отырып,  тұлғаның
əлеуметтік-мəдени (өмір жəне əрекет-қылық кейпін таңдау  жəне  іске  асыру),
даралықты (тұлғаның өзіндік қалыптасуы), жауапкерлікті қатынас  (құндылықтар
таңдау)  бағыттарында  дамуына  орайласады.  Мұндай   тəрбие   технологиялық
икемшілдігіменен (адамның қабылдау жəне  психологиялық  даму  заңдылықтарына
сай   орындалады),   көңіл-күйге   сəйкестігімен   (көңіл-күй    тəжірибесін
қалыптастырады),  сұхбаттастығымен  (екінші  біреуге  ұсыну  үшін  емес,  өз
меншікті тəжірибесін құрастыру үшін), жағдайға  орай  орындалуымен  (негізгі
құралы  –  тəрбиелік  жағдай),  болашаққа  бағытталуымен  (дамудағы  тұлғаға
арналады) ерекшеленеді.
      Сонымен, тəрбие – бұл жалпы, ортақ міндеттерді  іске  асыру  барысында
мұғалім  мен  оқушының  ықпалдасты  əрекеттерін  қамтамасыз   етуші   арнайы
ұйымдастырылған тəрбиелік жүйе жағдайында мақсаты тұлға қалыптастыру  болған
əлеуметтік үдерісс.
      Берілген анықтаманың мазмұндық құрылымына зер салайық:
      - «Мақсаты тұлға қалыптастыру болған əлеуметтік үдеріс» мəні –  үдеріс
нақты мақсаты болғанда ғана тəрбие деп аталуы мүмкін;
      - «Әлеуметтік үдеріс» мəні – тəрбие əрқашан  адамды  ұнамды  өзгеріске
келтіруші көптеген қоғамдық іс-əрекеттердің арнайы түрі;
      - «Тұлға қалыптастыру» мəні – бұл тəрбиеге басқарым, оны іске  асыруға
жағдай жасау, тəрбиелік іс-əрекеттерді ұйымдастыру  (зорлау,  əкімшіл  ықпал
мүлде  болмауы   тиіс).   Қалыптастыру   екі   өзара   байланыстан   тұрады:
педагогикалық қызмет жəне тəрбиеленушінің жауап іс-əрекеті;
      - «Арнайы ұйымдастырылған тəрбиелік жүйе» мəні: неліктен жүйе?  Себебі
практикалық  іс-əрекет  үдерісінде  қандай  да  жалғыз  əдіс,  тəсіл,   жоба
қолданумен шектелуге болмайды. Бұлардың бəрі  өзара  байланыста,  бірін-бірі
толықтырып, жетілдіретін болса ғана, оқу нəтижесі тиімді болады;
      - «Тəрбиелеуші  мен  тəрбиеленушінің  ықпалдасты  əрекеттері»  мəні  –
тəрбие үдерісі кері байланысқа міндетті түрде негізделуі тиіс,  ол  болмаған
жағдайда мұғалім қызметінің нəтижесі жөнінде əңгіме болуы мүмкін емес.
      Тəрбие үдерісінде ықпалдасты  іс-əрекеттердің  арқасында  тəрбиеленуші
ұсынылған    ұйымдастырылып,    белгілі    тəжірибені    игереді.    Осыдан,
тəрбиелеушінің басты міндеті – оқушыны көргенін, оқығанын  қайталап,  оларды
өз бойына сіңіріп, өзінің меншікті əрекеті ретінде қайта жаңғырта  алатындай
оқу жұмыстарына қосудың жолдарын табу. Сонымен,  тəрбие  -  бұл  əрқилы  іс-
əрекет  түрлерін  ұйымдастыру  үдерісі.  Тəрбие  теориясында  мұндай   бағыт
тұлғалық-іс-əрекеттік  атауын  алған.  Оның  мəні:  адам  барша   əлеуметтік
тəжірибеден өзіне табиғаты жағынан жақын, əрі қызықтысын таңдайды.
      Тұлғалық–іс-əрекеттік   бағыттың    негізгі    мазмұндық    бірліктері
төмендегідей:
      - сан қилы тұлғааралық қатынастардың бəрінің негізі  –  қарым-қатынас,
ортақтасу;
      - іс-əрекет барысында тұлға дамуына басшылық жасау;
      - тұлға дамуы мен əлеуметтенуі.
      Гуманистік  педагогикада  тəрбие  –   көзделген   мақсатқа   жеткізуші
тəрбиелеуші мен тəрбиеленуші арасындағы тиімді қызметтестік үдерісі.


      2.2 Тəрбиенің  құндылықтары, мақсаты мен міндеттері


      Қазіргі заманғы тәрбиенің іргетасын құндылық туралы ілім –  аксиология
құрайды.
       Құндылық – көпшілік адамдар мақұлдайтын және  ортақтасатын  жақсылық,
әділетттілік, патриотизм  деп  бағалайтын  жеке  тұлға  үшін  қоғамдық-мәнді
әлеуметтік бірлік,  қоғам,  тұтас  материалдық,  әлеуметтік  объектілер.  Ол
барлық  адамдарға  эталон,  идеал  болып   қызмет   етеді,   оларды   құруға
педгогикалық үдеріс бағытталған.
      Қазақстан Республикасының  заңнамасында,  сондай-ақ  жоғарыда  аталған
тәрбие тұжырымдамасында төменгідей құндылықтар белгіленген.
      Адам – басты құндылық, жоғары субстанция,  «барлық  танымның  өлшемі».
Біздің мемлекетіміздің ең жоғары құндылығы – адам, оның өмірі,  құқығы  және
бостан-дығы. Қазіргі жағдайда адам  дамуы  зерттеу  объектісі  ретінде  ғана
емес, алдымен, аса маңызды мәдени  үлгілер  жасаушы  және  өзінің  ынтасымен
шығармашылыққа  ұмтылушы,  шығармашылық  және   таным   субъектісі   ретінде
ұсынылады.
      Отбасы – болашақ жеке  тұлғаның  негізі  қаланатын  қоғамның  бастауыш
құрылым бірлігі, баланың алғашқы ұжымы, оның табиғи даму ортасы.
      Отан, туған өлке – тағдыр берген, ата-бабасынан  қалған,  өз  халқының
мәдени, рухани мұрасымен, оның өткен тарихымен  байланыстыратын  әр  адамның
теңдесіз, бірегей туған жері.
      Денсаулық, салауатты өмір салты –  бақытты,  үбірлі  өмірдің  міндетті
шарты.
      Еңбек – адам болмысының негізі, «адам өмірінің мәңгілік табиғи шарты».
Рухтанған, саналы, шығармашылық еңбек – адамның табиғи қасиетінің  анағұрлым
табиғи көрінісі.
      Білім – әрбір жеке тұлғаның және әлеуметтік прогрестің дамуына қажетті
шарт. Оқудың нәтижесі – білім. Білім – мақсатқа жетудің құралы.
      Мәдени  мұра  –  барлық  адамзаттың  және  әр  халықтың  рухани   және
материалдық өмір саласындағы орасан зор байлығы. Нағыз мәдениет өзіне  мәңгі
бақи шындықты, мейрімділікті және әсемдікті біріктіреді.
      Тіл – адамдардың негізгі қарым-қатынас құралы, аса маңызды әлеуметтік-
мәдени құндылықтардың бірі.
      Достық –  өзара  сыйластық  қарым-қатынастағы  дербес,  еркін  таңдау.
Достық адалдық және өзара  көмек  беруді  ғана  емес,  сонымен  қатар,  ішкі
үйлесімділікті, ашық-жарқындықты, сенімді және махаббатты айғақтайды.
      Мақсат – адамның қол жеткізуі тиіс нəтижені саналық деңгейде алдын-ала
ниеттеуі. Тәрбиенің жалпы мақсаты, яғни мұраты,  орасан  биік  болуы  абзал.
Өмірі үлгі боларлық  қазақ  арыстарының  бірі  Мағжан  Жұмабаев  «Педагогика
(баланы тәрбие қылу жолдары)» атты бірегей оқулығында тәрбие мақсатын  былай
анықтаған: «Тәрбиеден мақсұт адамды  һәм  сол  адамның  ұлтын,  асса  барлық
адамзат дүниесін бақытты қылу. Ұлт мүшесі әрбір  адам  бақытты  болса,  ұлты
бақытты. Адамзат дүниесінің мүшесі әрбір ұлт бақытты болса, адамзат  дүниесі
бақытты. Қысқасынан айтқанда, тәрбиеден мақсұт – адам деген  атты  құр  жала
қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару» [17, 7]. Сонымен  бірге,
тәрбие мақсаты, ғалымның пікірінше, – баланы келешек  заманына  лайық  қылып
шығару. Мағжанның ойы мәңгі  өзектілігін  жоғалтпайтын  ізгі  адами  мұратты
тұйіндейді.
      Қазіргі тәрбиенің мақсатын былай тұжырымдауға болады:  үздіксіз  білім
беру жүйесінде мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  және  білім  алушылардың
Қазақстан Республикасының азаматтары  және  патриоттары  ретінде  қалыптасуы
мен өзін-өздері танытуларына, әлеуметтенуіне, болашақ мамандық  иесі  болып,
кәсіби,  интеллектуалды  және  әлеуметтік  шығармашылыққа  жетуіне   оңтайлы
жағдай жасау. Бұл мақсат Қазақстанның білім беру және тәрбиелеу  саласындағы
нормативтік құжаттарда орын алған.
      Тəрбие мұраттарын анықтауда жаңа жағдайлар мен жаңа қоғамға икемдескен
адам мұраты арқау етіледі. Тəрбие  мазмұны,  формасы,  əдістері  –  бəрі  де
мақсатқа   тəуелді.   Тəрбие   мақсатын   түсінуден   оны   іске    асырудың
технологияларын таңдауға жол ашылады. Жан-жақты əрі үйлесімді дамыған  тұлға
тəрбиелеу мақсаты ҚР «Білім туралы» Заңында бекітілген.
      Оның баптары:
      - тəрбие үдерісінің мазмұнын анықтайды;
      - тəрбие нəтижесінің шарттарын белгілейді;
      - педагог қызметінің өлшемдері ретінде қызмет етеді;
      - тəрбие жүйесін толықтай айқындайды.
      Тəрбие мақсаттары жалпы  (барша  адамдарға  арналған)  жəне  даралықты
(жеке адамға арналған) болып бөлінеді.
      Тəрбие мақсатын белгілеуде жекеленген іс-əрекеттердің ғана емес, бүкіл
оқу–тəрбие   үдерісінің   де   бірлік   элементі   ретінде    психологиялық-
педагогикалық диагностика маңызды роль атқарады. Осыдан, тұлғаны  зерттеудің
əрқилы əдістерін білу  жəне  олар  негізінде  тұлға  мен  ұжымды  зерттеудің
бағдарламаларын түзе алу қажеттіктері туындайды.
      Бір тəрбиелік жүйеде əрдайым бір тəрбие мақсаты көзделеді, ал мақсатқа
орай орындалатын міндеттер (жалпы не нақты) көптеген  болуы  мүмкін.  Тəрбие
мақсаттары  қоғамның   даму   қажеттерімен   айқындалып,   əлеуметтік   жəне
техникалық  прогреске,  қоғам,  ересектер  мен  балалардың   мүмкіндіктеріне
тəуелді келеді. Тəрбиелік іс-əрекет нəтижесінде көрініс  беретін  көкейкесті
мақсаттар: əр адамның даралықты дамуы жəне  оның  əлеуметтенуі,  ал  бұл  өз
кезегінде ақыл-ес, адамгершілік, əсемдік (эстетикалық), азаматтық,  еңбектік
жəне тəн-дене тəрбиесі міндеттерінің орындалуымен анықталады.
      Тəрбие міндеттерінің шешімі тұлға мəдениеттілігінің негізін қалайды.
      Қазақстан  Республикасы  үздіксіз  білім   беру   жүйесіндегі   тәрбие
тұжырымдамасы тәрбиенің мынадай міндеттері айқындалады:
 –  білім  беру   ұйымдарында   денсаулығы   зор,   рухани   дүниесі   бай,
   адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие
   жүйесін құру және дамыту;
 – балалар мен жастарды азаматтылыққа,  отансүйгіштікке,  зиялылыққа,  адам
   құқықтары  мен   бостандықтарын,   мемлекеттік   рәміздер   мен   ұлттық
   дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;
 – өзінің және қоғамның, болашақ  ұрпақ  алдында  әлеуметтік,  табиғи  және
   мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті  сезінуде
   гуманистік дүниетанымды қалыптастыру;
 –  мемлекеттік  тілді  және  басқа  тілдерді  үйрену  арқылы  балалар  мен
   жастардың   әлем   және   ұлттық   мәдениетті   игерулеріне,   Қазақстан
   халықтарының  дәстүрлері  мен  мәдениетін  зерттеуіне  және  қабылдауына
   жағдай жасау;
 – жеке тұлғаның өзін-өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай  дамуына  ықпал
   етуде білім беру ұйымдары  жағдайында  жастар  мен  балалардың  танымдық
   қызығушылығын,  олардың   шығармашылық   қабілеттерін,   жалпы   білімге
   икемділігін,  өзін-  өзі  тану  мен  өздігінен  білім  алу   дағдыларын,
   әлеуметтенуін барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру;
 – қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби  іс-әрекет  пен  жеке
   басының және әлеуметтік кәсіби тұрғыда үздіксіз пісіп жетілуіне  қажетті
   маңызды тұлғалық және кәсіби сапаларын қалыптастыру;
 – қоғамда орнықты қалыптасқан  дәстүрлер  негізінде  этникалық  және  діни
   толеранттылықты тәрбиелеу;
 –  балалар  мен  жастардың  бойында  Қазақстанға  сырттан  енуші  этнодіни
   экстремизм  мен  түрлі  радикалды  ағымдарға  қарсы  әрекет  ете  алатын
   дағдылар қалыптастыру;
 – отбасылық тәрбие  жүйесін  қайта  жандандыру  және  отбасын  білім  беру
   мекемелерінің тәрбие жүйесіне араластыру.
      Тәрбие  мақсаттары  мен  тәрбие  жұмысының   міндеттері   білім   беру
үдерісінде, сабақтан  тыс  уақытта  және  білім  алушылардың  бос  уақытында
жүзеге асырылады.


      2.3 Тəрбие үдерісінің ерекшеліктері


      Оқу жəне тəрбие - өзара  байланысты  екі  үдеріс.  Олардың  міндеттері
əрқилы, дегенмен, бір-бірімен ажырамас  ұштасқан  күйде  бір  уақытта  қатар
жүріп отырады, бірақ ұйымдасу əдістері жəне формалары  тұрғысынан  түбегейлі
өзгеше.
      Тəрбиелік іс-əрекет тəрбиешінің жекеленген əрекет аймағы  түрінде  (өз
мақсаттарына, міндеттеріне,  мазмұнына  ие)  немесе  оқу  үдерісіне  тікелей
енген (себебі оқу тəрбиелік сипатқа ие) қалыпта болуы мүмкін.
      Оқу мен тəрбиенің ортақ белгілері:
      - тəрбие үдерісі өз ішіне оқу элементтерін қамтиды: қандай да  ережені
орындауды талап етуден бұрын оның іске асырылу жолдарын үйрету қажет;
      - оқу үдерісі мұғалім мен  оқушы  арасындағы  ықпалдасты  іс-əрекеттің
ұйымдастырылу формасына сəйкес өтеді. Өз қызметі барысында  мұғалім  оқушыға
тəрбиелік ықпал жасайды;
      - оқу жəне тəрбие үдерістерінде бірдей əдістер  (түсіндіру,  қадағалау
жəне т.б.) пайдаланылады.
      Жалпы  педагогикалық  үдерістің  аталған  екі  қызметінің   арасындағы
қағиданык  айырмашылық:  оқу  барысында  шəкірт  əртүрлі  ғылымдар   негізін
меңгереді,   ал   тəрбие   үдерісі   оқушының   тұлғалық    сапа-қасиеттерін
қалыптастыруға бағышталады.
      Тəрбие үдерісіне тəн ерекшеліктер:
      - мақсатты бағыттылық (мақсаттың түсінікті болуы нəтиже  тиімділігінің
кепілі);
      -  мақсаттар  бірлігі   (тəрбиеші   мен   тəрбиеленушінің   арасындағы
қызметтестіктің көрсеткіші);
      - нəтиже ұзақтығы (оқу үдерісіндегідей нəтиже бірден көрінбейді);
      - көп жағдаяттылығы (тұлға көп əрі сан  қилы  ұнамды  да,  ұнамсыз  да
ықпалдарға кезігеді. Тəрбие барысында олар  реттеледі.  Тараптардың  тұлғаға
болған ықпалы өзара сəйкес келсе, тəрбие нəтижесі тиімді болады.
      -  ауыспалылығы  (тəрбиеленуші  мақсатты,  көзделген  жəне   кездейсоқ
əсерлерге бірдей кезігіп отырады);
      - үздіксіздігі (ешқандай науқанды, бір мəртелік  шара  қаншама  жарқын
болмасын, аса ыждағаттылықпен  жүйелі  дайындалған  тəрбие  істерінің  орнын
баса алмайды);
      - кешенділігі (тəрбие мақсаты мен міндеттерінің , мазмұн,  форма  жəне
əдістерінің бірлігі);
      - баламалылығы (тəрбиеленушілер даралық ерекшеліктері жəне  əлеуметтік
тəжірибесінің əр түрлілігімен ажыралады. Тəрбие үдерісінде  бұлар  ескерілуі
шарт, себебі əсері бірдей болғанның өзінде де тəрбиелік нəтиже əрқилы  болуы
ықтимал);
      - екі тараптылығы (тəрбиелік ықпалды жүргізуші – мұғалім,  ол  ықпалды
қабылдаушы - оқушы);
      - тəрбие үдерісі - өмірлік, ол қозғалмалы да ауыспалы;
      - тəрбиеші тұлғасы – тəрбие барысына ықпалды маңызды  жағдаят  (тəрбие
үдерісінің өнімді болуының кепілі – мұғалім ептілігі, шеберлігі,  құндылықты
бағыт-бағдары, қызметтестік қатынасқа түсе білу қабілеті);
      - қарама-қайшылықты болуы (қарама-қарсылықтар тəрбиенің қозғаушы  күші
ретінде қарастырылады).
      Тəрбиенің  негізгі  қайшылықтары  оқу-тəрбие   үдерісінде   кездесетін
келесідей құбылыстар арасында көрінеді: қоғамдық өмірдің жаңа  шарттары  мен
оған дайындауға арналған əдістер мен  формалардың  ескіруі;  адамның  табиғи
даму  мүмкіндіктерінің  шексіздігі  мен  бұл  дамудың  əлеуметтік  жағдайлар
бағдарламаларына тəуелді шегерілуі; адамның табиғаттан  белсенді,  əрекетшең
болуы, оның қоғамдық өмірге араласу ынта-ықыласы мен өмірлік үдеріске  нақты
қатысу үшін қажет тəжірибе, білім, ептілік пен  дағдылардың  жетіспеуі  жəне
т.б.
      Сонымен, жоғарыда аталғандарды ескерумен келесідей қорытынды  шығаруға
болады: тəрбие үдерісі оқу үдерісімен бір қатар жүріп жатса да,  ол  бірнеше
мəнді ерекшеліктерге ие, сондықтан да өз алдына дербес қарастырылады.


      Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар


      1.  Платонның  «оқытуда   ең   маңыздысы   –   тәрбие»   деген   сөзін
дәлелдеңіздер.
      2.  Өздігінен   әр   түрлі   әдеби   көздерді   зерделеп,   гуманистік
педагогикадағы тəрбиенің мазмұны мен құрылымын сипаттаңыздар.
      3.  Гуманистік  тəрбиенің   құндылықтарын,  мақсаты  мен   міндеттерін
анықтаңыздар,  оларды  кесте  (сызба,  сұлба,   сурет)   түрінде   көрсетуге
тырысыңыздар.
      4. Тәрбие үдерісінің ерекшеліктері қандай?
      5. «Бала істеген жауыздықтың жазасын  тәрбиеші  көтерсін»  деген  иран
елінің мәтелімен келісесіздер ме?
      6. «Тәрбие мақсаты  –  адамды  адам  қылу»  тақырыбына  шағын  шығарма
жазыңыздар.




      3 Тəрбиенің жалпы заңдылықтары  мен қағидалары


      Жалпы заңдылықтардың ықпал аймағы  тəрбие  үдерісінің  барша  жүйесіне
əсер  етеді  əрі  оның  аса  маңызды  бірліктері  арасындағы   байланыстарды
танытады. Бірақ тəрбие  үдерісі,  біз  білетіндей,  педагогикалық  үдерістің
құрамды бөлігі болуымен осы  үдерісс  заңдылықтарына  тəуелді  келуі  табиғи
құбылыс. Бұл үдерісте даму  жəне  қалыптасу  заңдылықтары  əрекетке  түседі.
Бұдан шығатын қорытынды - тəрбие үдерісі аса күрделі де  көп  түрлі  сипатқа
ие. Тəрбие практикасы үшін өте қажет  нəрсе:  тəрбие  үдерісінің  тиімділігі
(өнімділігі)   мен   тəрбие   сапасын   анықтайтын   оның   сипаттары   жəне
шарт–жағдайлары арасындағы байланыстардың қалай түзілетінін түбегейлі  білу.

      Тəрбие тиімділігі келесі жағдаяттарға тəуелді:  қалыптасқан  тəрбиелік
қарым-қатынастарға; балаға деген ықпал  оның  қоршаған  ортаға,  тəрбиешіге,
тəрбиелік əсерлерге қатынасына орай жасалады.  Егер  бұл  қатынастар  ұнамды
болса, проблема тумайды. Ал егер бұл қатынас керағар сипатта  болса,  тəрбие
үдерісі тежеледі,  одан  келетін  нəтиже  болымсыз  сипат  алады.  Сондықтан
келеңсіз қатынасты  əрекеттер  алдымен  жойылып,  көзделген  мақсатқа  қарай
қадам аттау орынды. Бастаудан  тəрбиеші  көзқарастары  мен  талаптарын  оңды
қабылдаған тəрбиеленуші оларға икемдесіп үйренеді əрі сенеді,  орынды  талап
кейпінде қабылдайды. Ал егер тəрбиеленуші өз тəрбиешісінің талаптарын  дұрыс
деп таппай, одан күмəнданса, үдерісс бағытының қай  арнаға  түсіп,  дамитыны
белгісіз.  Гуманистік  тəрбие  өсиеті:  жақсы  тəрбиелегіңіз  келсе,  баланы
бауырмалдықпен өзіңізге жақындатасыз.
      Сөйтсе де, тиімді тəрбиені қамтамасыз ету үшін оған қолайлы  жағдайлар
түзілуі қажет.
      1.  Мақсат  жəне  оған  жетуге  бағытталған  іс-əрекеттер   арасындағы
сəйкестікке. Егер іс-əрекет, тəрбие жұмыстарының  ұйымдасуы  алға  тартылған
мақсатқа  орайласпаса,   тəрбие   үдерісі   табысты   болмайды.   Керісінше,
ұйымдастырылған істер мақсатқа тура  келсе,  қолданылған  əдістер,  формалар
мен құрал-жабдықтар көзделген міндеттер денгейінде болса, тəрбие  үдерісінің
тиімділігі де сəтті шығады.
      2. Практика мен тəрбиелік ықпалдар сəйкестігіне. Тəрбие үдерісіне  тəн
құбылыс: тəрбиеленуші өз тəрбиешісі айтқанының  бəрін  тәжірибеде  тексеруге
құштар. Егер осыдан тәрбиеленуші өмір  мен  алған  білімінің,  сөзбен  істің
өзара сай болмағанын сезсе, түңіліске  тап  болады.  Қалыптасқан  тұрмыстық,
өмір жағдайларын əсте ақырын əрі бірізділікпен  бірте-бірте  ауыстырып  бару
жөн.  Жылтың,  мезеттік  табыс  қуалау  көп  ұзамастан   тəрбие   мен   өмір
сəйкестігін шұғыл жойып салады.
      3.  Объективті  жəне  субъективті  жағдаяттардың   бірлікті   əрекетке
түсуіне. Субъективті жағдаяттар құрамы: тəрбиешілер мен тəрбиенушілер,  олар
арасындағы ықпалдастық, қалыптасқан қарым-қатынастар,  психологиялық  климат
жəне т.б., ал объектив жағдаяттар:  тəрбиені  іске  асыруға  қажет  шаралар-
экономикалық,  материалды-техникалық,  əлеуметтік,  санитар-гигиеналық  жəне
т.б., əрқандай нақты тəрбиеге байланысты аталған жағдаяттардың өзара  ұштаса
күрделі бірігімге келуі тəрбие үдерісіне қайталанбас, өзіндік сипат  береді.

      4. Тəрбие мен өзіндік  тəрбие  қарқындылығына.  Өзіндік  тəрбие  -  өз
тұлғасын  жетілдіруге   бағытталған   оқушы   іс-əрекеті.   Өзіндік   тəрбие
үдерісінде бала өз тəрбие үдерісінің  субъекті  ретінде  танылады.  əрқандай
өзіндік тəрбие нақты оқушы өмірінің мазмұнымен, оның қызығулары жəне  жасына
сай қатынастарымен тікелей  байланысты.  Өзіндік  тəрбие  сырттай  тəрбиемен
сабақтас əрі оның нəтижесі. Тəрбиеленушінің өзін өзі бағалай  білуі,  өзінің
ұнамды қылықтары мен келеңсіздіктерін  тануы,  жеке  өмірлік  жоспарын  іске
асыруға кедергі болар жəйттерді  ерік  күшін  қосып  жеңе  білуі  –  өзіндік
тəрбиенің  табыс  кепілдері.  Ал  оқушының  өзін  жетілдіре  білуінен,  яғни
өзіндік тəрбиеден мұндай кепілдіктер дамып, ұлғая түседі.
      5. Тəрбиеге қосарлана жүретін даму мен оқу үдерістерінің тиімділігіне.
Белгілі болғандай, егер екі үдерісс  өзара  байланысты  іске  қосылса,  онда
олардың бірінің тиімділігі көтеріледі не кемиді де,  екіншісіне  өз  ықпалын
тигізеді. Осыдан тəрбие даму қарқындылығын асырып, ал даму  ұтымды  тəрбиеге
жол ашады. Егер осы байланыс бұзылса, күрделі кедергілер туындайды да,  олар
өз кезегінде тұлғаның дамуына да, оқуына да, тəрбиесіне де жайсыз  жағдайлар
жасайды.
      6.  Педагогтың  тəрбиелік  əрекеттерінің  сапасына.  Біліктілігі  кем,
көлемі  тұрғысынан  жетімсіз  не  мерзімінен  кешіктірілген  педагог  істері
тəрбие қызметінің төмен нəтижесіне себепкер болады.
      7. Тəрбиеленушінің «жан аймағына» жасалған ықпалдардың қарқындылығына.
«Жан аймағы» дегеніміз тұлғаның сеп-түрткілер,  қажеттер,  көңіл-күй,  сана-
сезім жүйесі. Тəрбие үдерісінде сыртқы ықпалдар оқушының іштей  табыстарына,
яғни сапа-қасиеттерінің ұнамды дамуына, ауысады. Ал, егер осы ықпалдар  ойға
алынғандай   күшті   болса,   бала   қажеттеріне   орайлас    келіп,    оның
белсенділігінің  көтерілуіне  жəрдем  беретін  болса,  тұлғаның  жеке   сеп-
түрткілері мен мақсаттарының  идеалды  күйден  практикалық  нəтижеге  ауысуы
анағұрлым жеңіл əрі жылдам өтеді.
      8. Педагогикалық ықпалдар мен тəрбиеленушілер мүмкіндіктері арасындағы
үйлесімге. Тəрбие үдерісінде дамудың біркелкі болмау  заңы  көрініс  береді,
себебі тəрбиеленуші мүмкіндіктері  тəрбиеші  талаптарына  əрқашан  сай  келе
бермейді. Осыдан кейбір теориялық білімдерге байланысты  мəселе,  сұрақтарды
еркін де жеңіл  шеше  білетін  оқушы  практикалық  тапсырыстарды  орындауда,
қарапайым еңбек  операцияларымен  кезіккенде,  дене  шынықтыру  жаттығуларын
көрсетуде ебедейсіздік байқатып, едəуір қиналып қалды.
      Сонымен, тəрбие заңдылықтары тəрбие үдерісінің  жағдаяттары,  шарттары
мен   нəтижелері   арасындағы   басты   байланыстарды   бейнелейді.   Тəрбие
тəжірибесінде нəтиженің қалыптасқан қатынастарға тəуелділігі, мақсат пен іс-
əрекет,  практика  мен   тəрбиелік   ықпалдар,   субъектив   жəне   объектив
жағдаяттардың байланысы, əсері,  тəрбие  жəне  өзіндік  тəрбие  қарқындылығы
жəне т.б. өз дəлелін өмір барысында тауып отыр.
      Тəрбие  үдерісінің  қағидалары  (тəрбие  қағидалары)  –   бұл   тəрбие
үдерісінің мазмұнына, əдістеріне, ұйымдастыру  жолдарына  қойылатын  негізгі
талаптарды айғақтайтын жалпы  бастау  тұжырымдары.  Олар  тəрбие  үдерісінің
анайылығын аңдатып,  педагогтарға  нақты  педагогикалық  міндеттерді  шешуде
бағыт-бағдар береді.
      Тəрбие үдерісіне арқау болар қағидалар өз алдына жүйеге бірігеді.
      Осы жүйедегі гуманистік педагогика қағидалары келесідей:
      - тұлғалық бағыт қағидасы;
      - тəрбиенің жеке тұлғалық жəне қоғамдық бағыттарының бірлігі қағидасы;

      - тəрбиенің өмір, еңбекпен байланыстылық қағидасы;
      - тəрбиеде ұнамды өнегені пайдалану қағидасы;
      - тəрбиелік ықпалдар бірлігі қағидасы.
      Тұлғалық бағыт қағидасы. Тəрбие  үдерісінде  тұлғалық  бағыт  қағидасы
тəрбиеленушілердің жас ерекшеліктері мен даралығын, əсіресе жалпы жəне  жеке
адами қасиет - сапалары мен мүмкіндіктерін ескеру негізінде іске  асырылады.
Адами  қасиет  сапалар  мəні:  тұлғаның  өмірлік   бағыт-бағдары,   тіршілік
жоспары,  құндылықты  бағамдары,  қалыптасқан  жандүниелік  ұстамдары,   іс-
əрекеті мен мінезіндегі басымды сеп-түрткілер. Тұлғаның осы аталған  жетекші
сапаларынан бөлектене қарастырылатын жас  не  даралық  ерекшеліктер  (мінез,
темперамент,  ерік  жəне.т.б.)  жоғары  дəрежелі  кісілік  қадір-қасиеттерді
қалыптастыруға бағышталған тəрбиені қамтамасыз ете  алмайды,  жас  деңгейін,
даралық ерекшеліктерді  білу  маңызды,  солай  да  болса,  жоғарыда  аталған
сапалардың жетекшілік ролін тану ғана баланың  жас  мүмкіндіктері  мен  жеке
ептіліктерін дұрыс пайдаланудың көзін ашады.
      Тұлғалық бағыт қағидасынің тəрбиеші алдына қоятын талаптары:
      -  тəрбиеленушілердің  жеке   темпераменттік   ерекшеліктерін,   мінез
бітістерін, көзқарастарын, талғамдарын,  əдеттерін  үздіксіз  зерттеп,  жете
білу;
      - тəрбие үдерісін диагностикалаумен бірге баланың ойлау қабілеті, сеп-
түрткілер, ұстанымдары, өмірлік бағыты, өмір мен  еңбекке  деген  көзқарасы,
құндылықты бағамдары, тіршілік жоспарлары секілді тұлғалық сапалардың  нақты
қалыптасу деңгейін түбегейлі тану;
      - əр оқушыны тұлғаның ілгерілей дамуын  қамтамасыз  етуші  күш-қуатына
сəйкес əрі біртіндеп күрделеніп баратын тəрбиелік істерге  ұдайы  қатыстырып
бару;
      - мақсатты іске асыруға кедергі болар себептерді өз уақытында  анықтау
əрі аластау, ал егер  бұл  мүмкін  болмаса,  жаңа  жағдайлар  мен  шарттарға
тəуелді тəрбие бағытына дер мезетінде өзгерістер енгізу;
      - барынша тұлғаның өз белсенділігін арқау ету;
      - тəрбиені тұлғаның өзіндік  тəрбиесімен  ұштастыру,  оқушыға  өзіндік
тəрбие мақсаттарын, əдістері мен формаларын таңдауға жəрдем беру;
      - оқушыда дербестік, ынталылық, өзіндік іс-əрекет қабілеттерін дамыту,
тек  басшылықпен   шектелмей,   табысқа   жеткізер   іс-əрекеттерді   ұтымды
ұйымдастыру жəне бағыттай білу.
      Осы  талаптардың  бірлікті  орындалуы  мектеп  тəжірибесінде  бұрыннан
танымал жас ерекшеліктері мен даралық  ескеру  қағидаларынің  қарабайырлығын
жояды, тəрбиешіні үдерістің үстірт белгілеріне  шегеленбей,  тереңде  жатқан
мəн-мағыналық  байланыстарға  назар  аударуға   бағыттайды,   осы   үдерісте
көрінетін  тəрбие  заңдылықтары  мен  себеп-салдарлы   қатынастарды   тануға
жетекшілік етеді.
      Тəрбиенің жеке тұлғалық жəне қоғамдық бағыттарының  бірлігі  қағидасы.
Озат  ойлы  педагогтар  тəрбиені  «өсиет  пен  өнеге,  сендіру  жəне  зорлау
жəрдемімен адамдарды нəзік шақтан іс-əрекетке  қосып,  игерілген  ережелерді
тұрмыста  қолдануға  үйретуші  қоғамдық  құрылым»  (Г.  Сент-Джон)   ретінде
таныған. əр дəуірде бұл қағида  мəні  ауысып  барған:  бірде  жеке  тұлғалық
бағыт  басымдау  болып,  кейде  қоғамдық,  мемлекеттік  бағыттар  жетекшілік
еткен. Алайда, тəрбиенің басты міндеті - адамды белсенді қоғамдық əрі  рахат
жеке өмірге дайындау - қай заманда да сақталып қала береді.
      Бұл қағида бойынша педагогтың барша қызметі  өсіп  келе  жатқан  əулет
тəрбиесін  мемлекеттің  тəрбиелік  стратегиясына   сəйкес   орындауға   жəне
əлеуметтік  үйлесімге  келген  тұлғаны   қалыптастыруға   бағытталуы   тиіс.
Мемлекет қызметіндегі тұлға ретінде тəрбиеші тəрбие саласындағы  мемлекеттік
тапсырысты орындайды. Егер  мемлекет  жəне  қоғам  мүдделері  сəйкес  келсе,
азаматтардың жеке мүдделерімен үйлесімді болса, онда  тəрбие  қағидалары  де
тəрбие мақсаттары мен міндеттерінің саласында өзіне тиісті  орын  алады.  Ал
бұл жағдай керісінше болса, қағида іске  аспай  қалады,  себебі  тəрбиешінің
тəрбие істері қорына толыққанды тəрбие үшін қажет нақты деректер түспейді.
      Бұл  қағиданы  іске  асыру   барысында   əсіре   ұрандаудан,   желікпе
үндеулерден, бөспе сөзділіктен аулақ болған абзал, себебі тəрбие ең  алдымен
құнды  əрекет-қылық  жəне  қарым-қатынас  тəжірибесін  жинақтауға  мүмкіндік
беретін пайдалы іс-əрекет, қызмет үдерісінде жүзеге  келеді.  Алайда,  оқушы
араласқан нақты іс-əрекет (ойын, еңбек, қоғамдық істер, оқу,  спорттық  жəне
т.б.) тəрбиелік мəнге ие болуы үшін, оның субъекті  -  балада  сол  əрекетке
деген қоғамдық құнды сеп-түрткілерді қалыптастыру қажет.  Егер  олар  жоғары
ізгілікті, қоғамдық  мəн-мағынасымен  елеулі  болып  келсе,  əрекет-қылықтар
нəтижесінде орындалатын қызмет те үлкен  тəрбиелік  ықпалға  ие  болады.  Əр
тұлғаның  əлеуметтік  сапаларын  орнықтыруда  оқушылардың  қоғамдық  пайдалы
еңбегі олардың  мақсатты  бағытталған  сана-сезімін  қалыптастыру  істерімен
ұштасуы қажет. Баланы қандай  да  іс-əрекетке  ойыстыруға  қолданылған  сөз,
ауызекі  нұсқау,  нақты  тұрмыстық  пайдалы  қызмет  пен  ұнамды  əлеуметтік
тəжірибеде өз бекімін табуы тиіс.
      Тəрбиенің өмір жəне еңбекпен байланыстық қағидасы. «Мектеп үшін емес –
өмір үшін» ұранымен күтіп алады екен ежелгі Рим  мектептері  өз  оқушыларын.
Адамзаттың алғашқы қадамдарының  өзінде  –ақ  адам  тəрбиесімен  шұғылданған
тұлғалар  өмір  мен  тұрмыс  практикасынан  ажыралған  тəрбиенің   мағынасыз
болатынын түсінген. Адам тұлғасын қалыптастыру оның іс-əрекетімен,  қоғамдық
жəне еңбектік қатынастарға  келуімен  тікелей  тəуелді  байланыста.  Адамның
ұнамды сапалары еңбекте ғана дамиды:  неғұрлым  ол  ауқымды,  мақсатқа  орай
болса, тұлғаның дамуы мен əлеуметтену деңгейі де жоғары  келеді.  Осыдан  да
тəрбиеленушілерді қоғамдық  өмірге,  əрқилы  пайдалы  істерге  араластырумен
оларға болған ұнамды  көзқарас  пен  қарым-қатынастарын  қалыптастырып  бару
міндетті шара. Тең құқықты мүше ретінде еңбек үдерісіне қатыса отырып,  бала
адамгершілікке  баулынады,  рухани  жəне  тəндік  дамуға  келеді,   еңбектің
қоғамдық мəнді сеп-түрткілерін ажырататын  болады,  өзінің  моральдық  сапа-
қасиеттерін бекітеді, одан əрі жетілдіреді.
      Тəрбиені  өмірмен  байланыстыру  қағидасы  педагогтардан  екі  бағытта
белсенді қызмет атқаруды талап етеді:
      - тəрбиеленушілерді адамдардың қоғамдық өмірі жəне еңбегімен қолма-қол
əрі кең таныстырып, жалпы  тұрмыста  болып  жатқан  əлеуметтік  өзгерістерді
мезетінде түсіндіріп бару;
      - тəрбиеленушілерді  шынайы  өмір  қатынастарына  тартып,  араластыру,
қоғамдық  пайдалы  іс-əрекеттердің  сан-алуан   түрлеріне   қызығулары   мен
бейімділіктеріне сəйкес қосып, оның нəтижесінен рахат сезінуге баулу.
      Аталған қағиданы іске асыру барысында педагог орындауы тиіс  міндеттер
төмендегідей:
      - қоғам мен адам өміріндегі еңбектің маңызын əр балаға жете түсіндіру;

      - материалды  жəне  рухани  дүние  өндіруші  еңбек  адамдарына  болған
құрметке баулу;
      - шаршап-жалықпай еңбектену қабілетін дамыту, қоғам  жəне  өз  мүддесі
үшін адал да шығармашылықпен іс қылу ниеттерін өрістете түсу;
      -  қазіргі  заман  өндірісінің  жалпы  негіздері  жөніндегі   ақпараты
жеткізу;
      - еңбек аясында өз басы мүдделері мен қоғамдық  міндеттерді  үйлестіре
білуге, қоғам қажеттері мен өз ниеттеріне орай кəсіп таңдауға үйрету;
      -  қоғамдық  игілік  жəне  табиғат  байлықтарына  құндылықпен  қатынас
жасауға баулу;
      - қоғамдық мүлікке байланысты ысырапшылдыққа, жауапкерсіздікке, талан-
тараждыққа, табиғат байлықтарына  болған  жыртқыштыққа  төзбеушілік  сезімін
ояту.
      Тəрбиені  өмір  жəне  еңбекпен  ұтымды  ұштастыру  мақсатында   келесі
ережелерді ұстанған жөн:
      1. Желең сөз емес, оқушылардың нақты əрі қолынан келер ісі пайдалылау.
Осыған орай тəрбиеші сабақ жəне сыныптан тыс жұмыстарға  қойылатын  талаптар
бағдарламасын түзіп, оларды бірізділік қағидасы негізінде іске асырып  баруы
шарт.
      2. Өз əрекеттерін жанұя талаптарымен  үйлестіре  отырып,  тəрбиеші  əр
оқушыға оның басты міндеті оқу екенін жете түсіндіруі лазым.  Бұған  қосымша
–үйге жəрдемдесу, əлі жететін басқа да тапсырмаларды орындау.
      3. Бала, əдетте, қандай да істі орындауға құштар; енжарлық, селқостық,
іссіздік-бала табиғатына жат құбылыстар.
      4.  Дəрістер   мен   сыныптан   тыс   тəрбие   жұмыстарында   өлкетану
материалдарын пайдаланған өте тиімді.
      5.  Ересектермен  қатар  еңбекке  араласуынан  балалар   қолға   алған
жұмыстарды жауапкершілікпен бағамдауға үйренеді, ал  бұл  олардың  азаматтық
сапаларының дамуына жəрдем береді.
      6. Бала тəрбие үдерісінде өз еңбегінің басқа адамдарға, қоғамға  қажет
əрі пайдалы екенін сезінуі тиіс.
      Тəрбиеде өнеге-үлгіні сүйеніш ету қағидасы. Егер өз  тəрбиеленушісінде
педагог  тырнақтай  да  жақсылық  нышанын  байқап,  оны  тəрбие   үдерісінде
пайдаланатын болса, оның шəкірт жанына  жол  тауып,  тезірек  табысқа  жетуі
сөзсіз. Дана педагогтар тіпті тəрбиесі жетімсіз балалар мінезінен де  ұнамды
бітістер тауып, оларды  тəрбие  мақсатына  орай  басқа  да  қасиет-сапаларды
қалыптастырып,  тұрақтандыруға  шеберлікпен  қолдана  алған.  Ұнамды   үлгі-
өнегелерді сүйеніш ету  қағидасынің  талаптары  қарапайым:  педагог  баланың
ұнамды мінез бітісін табады, оны пайдаланып,  басқа,  əлі  қалыптаспаған  не
кері кеткен мінез бітістерін дамытады,  қажетті  деңгейге  жетілдіріп,  өзге
əрекет-қылық сапаларымен үйлестіреді.
      Баланың  ұнамды  сапалары  (жануарларға  мейірім,  тума  қайырымдылық,
ықыластылық, жомарттық жəне.т.б.) келеңсіз қасиеттермен (уəдесіздік,  өтірік
айту, еріншектік жəне т. б.) бірге жүреді. Бірақ түгелдей  «бұзық»  не  тума
«сүйкімді» бала болмайды. Адамдағы  болымды  қасиеттерді  молынша  көбейтіп,
кері сапаларды мүмкіндігінше азайту – тұлғаны ізгілендіру  жолындағы  тəрбие
қолынан келер маңызды міндет.
      Тəрбиеші қызметі табысты болып, тез əрі ұнамды нəтижеге жетуі үшін, ол
келесі ережелерді ұстануы қажет:
      1 Тəрбие үдерісінде дау-дамайға, тəрбиеші мен тəрбиеленуші  арасындағы
қайшылыққа,  күш  жəне  көзқарас  тайталасына  жол  бермеу   міндетті.   Тек
қызметтестік,  ымырашылдық  пен  шыдамдылық  жəне  бала  тағдырына  мүсіркей
араласумен ғана ұнамды нəтижелерге жету мүмкін.
      2 Оқушы қылық-əрекетіндегі тек олқылықтар мен кемшіліктерге ғана назар
аудара беру қателік. Əрдайым жақсы нышандарды тауып, қолдау  шарт,  əлбетте,
келеңсіз сапаларды түзету қажет. Дегенмен, мүмкін болғанша,  алдымен  ұнамды
қасиеттерді анықтап, қажет болса қалыптастырып, одан  əрі  оларды  жетілдіре
түсу тиімді.
      3 Педагогикалық  тұрғыдан  тəрбиеленушілердің  ұнамды  қызығулары  мен
бейімділіктеріне     (танымдақ,эстетикалық,табиғат     жəне      жануарларға
қайырымдылық жəне т. б) арқа сүйеген  тиімділеу,  олар  жəрдемімен  көптеген
еңбек, имандылық, эстетикалық тəрбие міндеттерін шешуге болады. Ұнамды үлгі-
өнегені пайдалану қағидасы тəрбие  үдерісінің  табиғатына  берілген  жетекші
өзекті таба білуге байланысты. Əр нақты жағдайға орай осы  өзекті  табу-бала
тəрбиесі жолында жанпидалыққа түскен қай педагогтың да қолынан келетін іс.
      4 Ұнамды тəрбие аясын (фонын) түзу – өнеге пайдалану қағидасынің  жəне
бір шарты. Бұл ая құрамы -  тəрбиеленушілердің  тіршілік,  іс-əрекет  ауқымы
мен тəрбиелік қатынастар стилі. Байыпты, іскерлік жағдай жасалып,  əркім  өз
ісімен шұғылданып, басқаларға кедергі болмаса, еңбектену мен  тынығу  жоғары
дəрежеде ұйымдастырылса, «қабырға да көмектесіп» дегендей сергек те  сенімді
алға  ілгерілеу  болады.  Жұмыс  орнының  барша  қолайлылықтары  алдын   ала
ойластырылып, үйлесімді əрекеттер  мен  бірдің  екіншіге  болған  қамқорлығы
сезілсе, мұның бəрі қызмет бабындағы адамға ұнамды əсер етпей қоймайды.
      5 Қателіктерінен үздіксіз кері əсерге ұшыраған  бала  өзіне,  өз  күш-
қуаты мен  мүмкіндіктеріне  сенуден  қалады.  Тəжірибелі  педагогтар  ғұлама
Гомерден қалған «Мадақ бар жерде-Жаратқан  мен  сəби  жүреді»  қанатты  ойды
ұстанып, балаға деген жылы, қолдау лебізін бір де аямайды,  болашақта  қолға
кіретін жетістіктері үшін де алдын ала мақтауға жомарт келеді. Олар  баланың
жақсы қылығын күні бұрын жобалап, оның нəтижелі боларына  баланы  сендіреді,
өз шəкірттерін қызметтес жолдасына айналдырып, қателескен жерінде  қол  ұшын
береді.
      Тəрбиелік ықпалдар бірлігі қағидасы. Бұл қағидатен туындайтын  мақсат-
бала тəрбиесіне қатысты ықпалдардың баршасын (жанұя, мектеп,  мектептен  тыс
қоғамдық мекемелер, жалпы  қауым)  бірлікті  іске  қосып,  тəрбиеленушілерге
өзара үйлестіріліп, келісілген талаптар қоюды жүйелеу.  Егер  мұндай  бірлік
пен  үйлесім  болмаса,  тəрбие  үдерісінің  қатысушылары  А.  И.   Крыловтың
кейіпкерлері Шаян, Аққу жəне Шортан секілді əрекеттерін жан-жаққа  шашыратып
алмауына кім кепіл? Бұдан үлкен зиян  көретін  алдымен  тəрбиеленуші:  кімге
сеніп,  кімге  еретінін  білмей   сарсаң   болады,   өзіне   абырой   тұтқан
«пірлерінің» ішінен жөндісін  айыра  алмай,  күйзеліске  келеді.  Ал  мұндай
жүктемеден белі қатаймаған баланы құтқару үшін тəрбиелік  ықпалдардың  бəрін
бір арнаға келтіріп, тұлғаға бағытталған  күштердің  ұнамды  əсерін  көтеру-
тəрбиелік ықпалдар бірлігі қағидасынің басты талабы.
      Аталған  қағиданы  іске   асырудың   төменде   келтірілген   ережелері
тəрбиешіге өз қызметінің  барша  саласында  кезігетін  жағдайларды  ескеруге
көмектеседі:
      1 Тəрбиеленуші тұлғасы отбасы,  жолдас-достары,  төңірегіндегі  ересек
адамдар,  қоғамдық  мекемелер  мен  оқушылар  ұжымы  жəне   т.б.   ықпалында
қалыптасады. Осы сан қилы ықпалдар арасында біршама маңызды рөл сынып  ұжымы
мен  тəрбиеші  тұлғасына  тиісті  болатынын  еске  ұстай  отырып,  басқа  да
тəрбиелік əсер көздері  болатынын  ұмытпаған  жөн.  Сыныптағы  оқушылар  мен
тəрбиешіден болатын талаптардың бір-біріне қайшы келмей бір бағытта  болғаны
аса қажет.
      2 Тұлға қалыптастырудағы бас жетекші – отбасы.  Өз  баласының  даралық
ерекшеліктерін тереңнен сезіну, оның тəрбиесінде қайталанбас жол  таба  білу
мен сол тəрбиеге мейір, жүрек жылуын қосу  тек  ата-аналарға  ғана  берілген
шеберлік. Бұл тұрғыдан оларды ешқандай  тəрбиеші  –педагог  не  оның  істері
ауыстыра алмайды. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны  ілерсің»  -деп  атам  қазақ
бекерге  айтпаған.  Осыдан,  талап  –  отбасымен  қажет  байланысты  қолдап,
қуаттау, бекіте түсу, қай  тəрбиелік  мəселе  болса  да,  оны  ата-аналармен
бірлесе шешу.
      3 Тұрмыста осы тəрбиеге байланысты кейде табиғи  тəрбиелеуші  –  жанұя
ресми тəрбиеші- педагог талаптарын  ұнатпай  қалатын  да  жағдайлар  кезігіп
қалады. Көп жағдайда ата-аналар өз балаларын шектен тыс  еркелетіп,  олардың
жанаярлыққа түсуіне қолқа болады да  педагогтардың  сол  бала  тəрбиесіндегі
барша жетістіктерін демде желге  ұшырады.  Мұндай  келісімсіздіктерді  жоюда
бала тəрбиесін оңды жолға қоялық дегендердің бəрі ортақтастық табуға  ынталы
болғаны жөн.
      4 Кейде тəрбиеші ұжым,  қоғамдық  ұйымдар  пікірлерімен  келіспей,  өз
əріптестерін  сынға  алатын  жағдайлар  да   болып   қалады.   Бұл   балалар
көзқарастары мен нанымдарына əсер етпей қоймайды.  Сондықтан  бала  тəрбиесі
мекемелерінің мүшелері өзара келісімде, бірлікті қызмет жүргізгені жөн.
      5 Ұштастық пен бірізділік қағидалары  талаптарына  орайлас  дəрістерге
жəне оқудан тыс тəрбие жұмыстарын бір  жүйеде  алып  барған  орынды.  Тəрбие
жұмысында  бұрыннан  орныққан  ұнамды   қасиет   сапаларды   ескерген   жөн.
Педагогикалық  ықпалдар  мен  талаптар  біртіндеп  күрделеніп  баруы  керек.
Бірлікті талаптардың  орындалуы  жолында  отбасы  мен  ата-аналарға  тікелей
кеңесші – тəрбиеші-педагог.
      6 Тəрбиелік ықпалдары үйелестіру тəсілі – тəрбиеге қатысты адамдардың,
қызмет түрлері  мен  əлеуметтік  мекемелердің  басын  қосып  күш  біріктіру.
Осыдан  да  тəрбиеші  қоғамдық  мекемелер,  əлеуметтік  қауымдастықтар  жəне
отбасымен байланыс түзуде шаршап–шалдығу білдірмегені жөн.
      Қазақстан  Республикасы  үздіксіз  білім   беру   жүйесіндегі   тәрбие
тұжырымдамасы  тәрбие  үдерісінде  дәстүрлі  болып  қалыптасқан  қағидаларды
бірқатар заманауи принциптермен ұштастырады.
      Табиғатқа сәйкестік  қағидасы  тәрбие  табиғи  және  әлеуметтік-мәдени
үдерістердің   өзара   байланысының   ғылыми   түсінігіне   және   балаларды
тәрбиелеуде  олардың  жеке  тұлғалық  және  жас   ерекшеліктерін   ескерудің
қажеттігіне  негізделеді.  Мәдени  сәйкестілік  қағидасы   тәрбиенің   жалпы
адамзаттық құндылықтарға, сондай-ақ дәстүрлер мен ұлттық  мәдени  нормаларға
және  аймақтық  ерекшеліктерге  сәйкес  құрылуын   талап   етеді.   Мақсатқа
сәйкестік қағидасы мақсатты талаптың  айқындығын,  тәрбие  қызметінің  басты
түрлерін қоғамның сұранысына сәйкес дұрыс  таңдауды  қарастырады.  Этникалық
қағида этникалық мәдениет негізінде  азаматтық  келісім  және  үйлесімдікке,
қоғамдық  қатынаста  табысқа  жетуді  қарастырады.   Тәрбиенің   үздіксіздгі
қағидасы жеке тұлға ғұмырының  барлық  кезеңдерінде  оның  жан-жақты  дамуын
болжайды.  Әлеуметтік   өзара   іс-әрекеттер   тиімділігі   қағидасы   түрлі
ұжымдардағы білім беру жүйесінде тәрбие жүргізудің  үйлесімділігін  қамтиды.
Әлеуметтік барабар  қағидасы  тәрбие  мазмұны  мен  тәсілдерінің  әлеуметтік
ортаға  сәйкестігін  талап  етеді.  Демократияландыру  қағидасы   оқушыларды
еркіндік, жеке адамгершілік рухында тәрбиелеуді  қарастырады.  Вариативтілік
қағидасы  білім  алушының  жеке  тұлғалық  дамуының   дербес   траекториясын
анықтауды көздейді.
      Сонымен, тəрбие қағидалары – тəрбие үдерісінің мазмұнына,  əдістеріне,
ұйымдасуына   қойылатын   негізгі   талаптарды   анықтаушы   жалпы    бастау
тұжырымдары. Бүгінгі  таңдағы  гуманистік  педагогика  ұстанған  қағидалары:
тəрбиені нақты  тұлғаға  бағыттау;  жеке  жəне  қоғамдық  тəрбие  бағыттарын
үйлестіре, байланыстыру; тəрбиені өмір жəне  еңбекпен  ұштастыру;  тəрбиелік
ұнамды үлгі - өнегені арқау ету; тəрбиелік ықпалдарды біріктіре,  пайдалану.



      Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар


      1. Тәрбие заңдары мен заңдылықтары ұғымдарына анықтама беріңіздер.
      2. Тәрбиенің  қағидалары  дегеніміз  не?  Педагогикалық  әдебиеттерден
«тәрбие ережесі» ұғымының  анықтамасын  табыңыздар.  Тәрбие  қағидалары  мен
тәрбие ережелері бір-бірімен қалай байланысады?
      3. Тиімді  тəрбиені  қамтамасыз  ету  үшін  қандай  қолайлы  жағдайлар
түзілуі қажет?
      4. Қазақстан  Республикасы  үздіксіз  білім  беру  жүйесіндегі  тәрбие
тұжырымдамасымен  (2009  ж.)  танысып,   дәстүрлі   және   заманауи   тәрбие
қағидаларына сипаттама беріңіздер.
      5. Тәрбиенің үздіксіздігі және аяқталмауы қағидасын дәлелдеңіздер.




      4 Қазіргі тәрбиенің мазмұны


      Тәрбие үдерісінің құрылымы  негізгі  бөлшектердің  өзара  байланысынан
тұрады: мақсаттары  мен  мазмұны,  әдістері  мен  құралдары,  сондай-ақ  қол
жеткізілген нәтижелер.
      Тәрбие көпфакторлы үдеріс болып табылады. Оған  табиғи  орта,  өмірлік
әлем және қоғамдық  құндылықтар  иерархиясы;  отбасы,  мектпе,  жоғарғы  оқу
орны, балалар мен жастар ұйымдары; күнделікті және кәсіби қызмет,  өнер  мен
баспасөз құралдары.
      Тәрбие  факторларының  сан-алуан  түрлері  ішінен  екі  негізгі  топты
оқшалайды: объективті және субъективті.
      Объективті факторлар тобына жататындар:
генетикалық тұқымқуалаушылық және адамның денсаулығы;
оның тікелей ортасына ықпалды отбасының әлеуметтік және мәдени тиесілігі;
биографиясының жай-жапсары;
мәдени дәстүр, кәсіби және әлеуметтік мәртебе;
елдің ерекшеліктері мен тарихи эпохасы.
      Субъективті факторлар тобына жататындар:
тәрбиелеуші  мен  тәрбиеленушінің  екеуінің  де  психикалық   ерекшеліктері,
дүниетанымы, құндылықтары, ішкі қажеттіліктері мен мүдделері;
әлеуметпен қарым-қатынас жүйесі;
жекелеген адамдар, топтар, бірлестіктер мен бүкіл қоғамның тарапынан  адамға
ықпал ететін ұйымдасқан тәрбиелік әсерлер.
     Тарих барысында тәрбие үдерісін ой елегінен өткізу, оның  спецификасын
анықтау қажеттілігі туындады. Оның ішінде тәрбиелеу  мақсаттары  мен  оларды
жүзеге асыру деңгейлерін; тәрбиелеу құралдары  мен  түрлерінің  спецификасын
айқындауға қатысты.
     Тәрбие  мақсаттары  –  бұл  арнайы  дайындалған  және  жоспарлы  түрде
жүргізілген тәрбиелеу акциялары мен  әрекеттерінің  әсерімен  адамда  немесе
адамдар  тобында  күтілетін  өзгерістер.   Мұндай   мақсаттарды   тағайындау
үдерісі, әдетте, тәрбиеші (адам, адамдар тобы немесе бүкіл қоғам)  тарапынан
тәрбиеленуші тұлғасына қатысты алғанда адамгершілік  қатынасының  қордалануы
болып табылады.
     Адамның тәрбиелігін бағалау критерийлері санатына жататындар:
«жақсылық»  басқа  адамның  (топтың,  ұжымның,  тұтас  қоғамның)   игілігіне
қатысты мінез-құлқы ретінде;
«ақиқат» әрекеттер мен қимылдарды бағалауға басшылық ретінде;
«сұлулық» оның көрінісі мен жасалуының барлық формаларында.
      Адамның тәрбиелігі келесі критерийлермен анықталады: адамның  жоғарыда
аталған құндылықтар көтерілу барысындағы кеңдігі мен биіктігімен;  қоғамдағы
ережелер, мөлшерлер, идеалдар мен құндылықтарды талғай білуімен жіне  оларды
өз қимыл-әрекеттерінде басшылыққа алу шегімен, сондай-ақ  олардың  негізінде
қалыптасқан тұлғалық қасиеттерінің деңгейімен.
      Адамның тәрбиелігі жөнінде көптеген көрсеткіштерге, мәселен,  келбеті,
сөйлеу  мәнері,  жалпы  мінез-құлқы  мен  жекелеген  қылықтарына   тән   бой
ұстанымына, таңдаған құндылықтарына,  іс-әрекетке  қатынасы  мен  сұхбаттасу
стиліне қарап, пайымдауға болады.
      Тәрбиелі адамдар жөнінде А. П. Чехов былай деген екен: «Менің  ойымша,
тәрбиелі адамдар келесі шарттарды қанағаттандыруы тиіс:
      - олар адами тұлғаны құрметтейді, сондықтан әрдайым кішіпейіл, жұмсақ,
сыпайы, көнгіш... Олар жоғалған балға немесе резина үшін  бүлік  шығармайды;
біреумен өмір сүре отырып,  оны  қарыздар  етпейді,  ал  кетіп  бара  жатса:
сізбен өмір сүруге болмайды! – деп кіжінбейді! Олар шу болсын, суық  болсын,
күйіп кеткен ет болсын, ащы болсын, үй ішінде бөтендер  болсын  мейлі  бәрін
кешіреді;
      -  олар  тек  қайыршылар  мен  қаңғыбас   мысықтарға   ғана   аяушылық
танытпайды. Олар қарапайым көзге көрінбейтін нәрсеге де жанын ауыртады;
      -  олар  өзгенің  меншігін  сыйлайды,  сондықтан   салықтар   төлеуден
жалтармайды;
      - олар ақ жүректі болғандықтан өтірік атаулыдан өлердей қорқады. Түкке
тұрмайтын жағдайда да өтірік айтпайды. Өтірік тыңдаушының шамына тиеді  және
айтушының алдында оны тұқыртады.  Олар  кербезденбейді,  көшеде  де  өздерін
үйдегідей ұстайды, кіші ағайындар алдында  көз  бояушылық  танытпайды.  Олар
мылжың  емес   және   олардан   сұрамаса,   өз   бетімен   ағынан   жарылып,
ашылмайды...Өзгелердің құлағын сарсытпас үшін көбінесе үнсіз қалады;
      - олар өздерін өзгелердің аяушылық пен көмек сезімі тудыру  мақсатымен
жаншымайды. Олар жауап ретінде  өзгелердің  күрсінісі  мен  аялап  есіркеуін
тілеп, өзгелердің сезім қылын шертпейді.  Олар  мені  ешкім  түсінбейді  деп
айтпайды!;
      - олар әбігерлікке салынбайды. Оларды аты-шулылармен таныстық, Salon'e
ішіндегі  кездейсоқ  жанның  шаттығы,  портерлік  жағынан  танымалдық  сынды
жалған бриллианттар қызықтырмайды;
      -  олар  өздерінде  бар  талантты  құрметтейді.  Ол  үшін  тіпті  олар
тыныштық, әйелдер, шарап, қарбалас тіршілікті құрбан етеді;
      - олар өздерінде эстетиканы тәрбиелейді.  Олар  киімшең  ұйықтай,  лас
ауамен дем ала, түкірілген еденмен аяқ баса алмайды...».
      Кез-келген  тәрбиелік  тапсырма  тәрбиешінің  тәрбиеленушіні  белсенді
қимылдар жасауға  ынталандыру  арқылы  шешіледі.  Осындай  бастама  ретінде,
мәселен,  дене  жаттығуын  жасау  немесе  оқу  тапсырмасын  орындау,  көркем
шығарманы қабылдау  немесе  пәтерді  жиыстыру,  үрейді  жеңу  немесе  зиянды
қылықтардан арылуды қарастыруға болады.
      Тәрбиенің сәттілігі тәрбиелеу мақсаты-мазмұны (мақсатқа жету құралдары
мен тәсілдері) тұтастығы ретінде  тәрбиеленушінің  автономиялық  белсенділік
дәрежесінің  артуынан  көрінеді.  Осылайша,  біріккен-жіктелген  іс-әрекетте
«теңдестер» позициясынан «тәрбиеленушінің құқықтарының  кеңеюі»  позициясына
ауысу жүзеге асырылады. Өз бетімен (дербес) іс-әрекетті бастай және  өзіндік
жетілуге ұмтыла отырып,  тәрбиеленуші  тәрбиешінің  көмегі  мен  қолғабысына
сүйенуге мұрсаты қала береді.
      Тәрбиенің бағыты мақсаттар мен мазмұнның тұтастығымен анықталады.
      Осы санаттан  ақыл-ой,  адамгершілік,  еңбек,  дене  және  эстетикалық
тәрбиелерді  бөліп  көрсетеді.  Қазіргі  уақытта  тәрбиелеу  жұмысының  жаңа
бағыттары (азаматтық, құқықтық, экономикалық, экологиялық)  қалыптасып  келе
жатыр.
      Ақыл-ой тәрбиесі адамның интеллектуалдық қабілеттерін, қоршаған әлемді
және өзін тануға қызығушылықты дамытуға бағдарланған.
      Ол:
ерік, есте сақтау және ойлауды танымдық және білім  берушілік  үдерісстердің
негізгі шарттары ретінде дамыту;
оқу және интеллектуалдық еңбек мәдениетін қалыптастыру;
кітап және жаңа  ақпараттық  технологиялармен  жұмыс  жасауға  қызығушылықты
ояту;
тұлғалық  қасиеттерді  –  дербестік,  дүниетаным   кеңдігі,   шығармашылыққа
бейімділігі – дамыту.
     Ақыл-ой тәрбиесі міндеттері оқыту мен  білім  беру  құралдары,  арнайы
психологиялық  тренингтер  мен  жаттығулар,  әртүрлі   елдердің   ғалымдары,
мемлекет  қайраткерлері  жайында  әңгімелесу,  викторина  мен  олимпиадалар,
шығармашылық ізденіс үдерісіне тартылу, зерттеулер  мен  тәжірибелер  арқылы
шешіледі. Бір қызығы, тіпті Құраннан ақыл-ойды тәрбиелеуге пайдалы  көптеген
жақсы идеяларды алуға болады. Американдық зерттеуші Франц  Розенталь  өзінің
«Білім салтанаты» кітабында Құрандағы  «ілім» (білу) сөзінің түбірі  шамамен
750 рет кездесіп, ондағы жалпы сөз қорының 1 пайызын құрайды.  Құранда  сана
мен білімге үлкен мән берілетіндігі идеясын дәлелдеу  үшін  аяттардың  бірін
мысалға келтіруге болады: «Білетіндер  мен  білмейтіндер  теңдесе  алады  ма
екен?  (39;12)».  Бұхардағы  Ақсақ  Темір  немересі  Ұлықбек  мешітінің   ең
көрнекті жерінде мынандай жазба бар: «Білімге ұмтылу - әрбір мұсылман  еркек
пен әйелдің міндеті». Өз кезегінде  халиф  Али  ибн  Абу-Талиб  болса  былай
деген: «Ең басты байлық – білім, ең басты кедейлік - надандық».
     Адамгершілік тәрбиесінің немесе адамгершілікке тәрбиелеудің  теориялық
негізін этика құрайды.
      Жас ұрпақтың  адамгершілікке  тәрбиеленуінің  міндеттері  мен  мазмұны
қоғамның  қояр  этикалық  талаптары  арқылы  анықталады.  Адамзаттың   жазба
дәстүрінде адамның  адамгершіліктік  қылықтарының  негіізі  постулаттары  ең
алдымен Құран мен  Інжілде,  содан  кейін  ұлы  ғұламалардың  филолсофиялық-
педагогикалық трактаттарында көрсетілген.
      Адамгершілікке   тәрбиелеу   рухани   тәрбиемен   тығыз    байланысты.
Арсыздықтың  рухани  жұтаушылықтан  келетіндігі  мәлім.  Үшінші  мыңжылдықта
рухани толысқан, кемелді адамның,  басқаша  айтқанда,  адамның  адамилығының
қалыптасу мәселесі аса маңызды  міндетке  айналып  отыр.  Ұлы  Абай  бабамыз
өзінің 45 қара сөзінде былай  деген:  «Бұл  ғадаләт,  махаббат  сезім  кімде
көбірек болса, ол кісі - ғалым, сол – ғақил».  Ресей  зерттеушісі  В.  Зорин
адамзат үшін Абайдың осы ойлары тіпті бүгінде  әлемде  орын  алған  глобалды
дағдарыстан  шығудың  бағдарламасы  болуы  мүмкін   деп   санайды,   өйткені
дағдарыстың  басты  себептері  экономика  мен  саясатта  емес,  экономикалық
адамдардың рухани жұтауында-мыс. Ғалым адамдардың рухан жандануының  негізгі
әлеуметтік тетіктері мәдениет пен философия (біз  «тәрбие  философиясы»  деп
қосар едік) болып табылады деп  мейлінше  әділ  түрде  айтады  және  де  осы
тарихи миссияны тек қана еуразиялық рухани мәдениет,  кемеңгерлікке  жетудің
еуразиялық философиясы орындай алмақ. Шынайы руханилылық – бұл махаббат  пен
жақсылық,  асқақтық  пен  әдемілік,  ар  мен  альтруистіктік,   білім   және
өзгелермен бірге  бейбітшілікті  сақтауға  құмарлық,  барлық  тіріге,  жалпы
табиғатқа сүйіспеншілік сынды сезімдердің  жиынтығы.  Бір  сөзбен  айтқанда,
руханилық дегеніміз Адамшылық.
      Қазақ  философиясының  маңызды  ерекшелігі  онда  адамның  басты  орын
алатындығында,  оның  табиғатын  танып  білу  арқылы  кемшіліктерден   арылу
жолдары қарастырылатындығында. Қазақ ойшылдары  адам  мен  әлемді  түсінудің
таза рационалды бейнесін жасауға  ұмтылған  жоқ.  Олар  адамның  табиғатпен,
Тәңірімен,  Көкпен  және  қоғаммен  байланысын  тұтастай  түсінуге  ұмтылды.
Олардың қызығушылығын тудыратындар – этика мәселелері, өмірдің мәні,  рухани
көтерілу  жолдары.  Казақтардың  тәрбие  философиясындағы  басты  ұғымдардың
бірі  –  ар-ұят  немесе  ар-намыс.  Жүсіп  Баласағұнның   өзі   мораль   мен
адамгершілік мәселелері «оянған  ар-ұят  мәселесіне  ұласады»  деп  санаған.
Абай: «Жүрек – адам өмірінің патшасы, егер ол ашылса,  онда  ақиқаттың  нұры
бейнеленеді... Тек сана, ғылым,  ерік,  ар-ұят  адамды  жоғарылатады  «  деп
тұжырымдаған. Ар-ұят ғылымының негізін  қалаушы  Шәкерім  мынадай  қорытынды
жасаған: «жақсы өмір негізінде адал еңбек, ар-ұяты бар сана, шын ниет  болуы
тиіс». Осы ойлармен А. Ламартиннің «Ар-ұят - заңдардың заңы» деуі  үндеседі.
Епископ Феофан ар-ұятты «адамдардың  барлық  лайықтылықта  басшылыққа  алып,
басқан қадамдарын нұрландыру  үшін  адамдардың  жүрегінде  Құдай  белгілеген
Заң» деп атаған. Осыған байланысты еске алуға лайықты  нәрсе,  ол  «religio»
сөзінің «relegere»,  яғни  ар-ұятты,  ар-ұяттың  толқуы,  басқаша  айтқанда,
жауапкершілік сезімі дегенді, тек содан кейін ғана құдайға  табыну,  құдайға
құлшылық ету, религия, сенім іспетті ұғымдарды білдіретіндігі.
      Осындай   ақылға   қонымды   шамалы   лирикалық-философиялық   шегініс
жасағаннан кейін этикалық тәрбиелеу міндеттеріне  оралайық.  Олардың  ішінен
негізгілері ретінде төмендегілерді бөліп қарастырады:
қоғамдағы мінез-құлықтың  ережелері  жөнінде  адамгершіліктік  тәжірибе  мен
білім жинау (отбасында, көшеде, мектепте және т.б.);
адамдарға деген  ықыласты  және  қамқорлық  көзқарас;  адалдық,  шыдамдылық,
қанағатшылдық  пен  әдептілік;  жинақылық,  тәртіптілік  пен  жауапкершілік,
борыш пен намыс сезімдері, адам абыройын сыйлау, еңбек сүйгіштік  пен  еңбек
мәдениеті, ұлтық игілікке сақтық көзқарас  сынды  тұлғаға  тән  адамгершілік
қасиеттерді дамыту мен бос уақытты саналы пайдалану.
     Күнделікті өмірде адамның  моралдық-адамгершілік  қағидалардан  ауытқу
фактілері  жиі  кездеседі.  Мәселен,  Ф.  М.  Достоевскийдің   «Записки   из
подполья» шығармасының кейіпкері өзінің топас еркімен  өмір  сүргіс  келеді;
сондықтан бүкіл әлем қирап жатса да бәрібір, ол шай ішіп отыра бермек.  Оның
психологиясы арқылы Достоевский  асқынып  келе  жатқан  қоғамдық  «нигилизм»
(жалаңаштану) құбылысын әшкерелейді.
     Адамгершілікті  адамның   негізгі   критерийлері   оның   адамгершілік
ұстанымдары, моралдық қағидалары, құндылықтары, сондай-ақ жақын  және  таныс
адамдарға қатысты қылықтары болып табылады.
      Осы ретте Л. Н. Толстойдың дүниеде «зұлымдықтың»  өршуі  идеясын  еске
алған артық болмас. «Жалған купон»  әңгімесінде  гимназист  дүкеншіні  алдап
соғады; ал,  ол,  өз  кезегінде  шаруаға  әкелген  отыны  үшін  жалған  ақша
ұсынады. Оқиғаның ары қарай өрбуіне орай  шаруа  қылмыскерге  айналады.  Бұл
ретте Л. Н. Толстой  оқушының  назарын  «өзіңе  тілемегенді  өзгеге  жасама»
деген ежелгі постулаттың күнделікті тіршіліктегі орын алуына аударады.
      Адамгершілікке тәрбиелеу үдерісінде нандыра білу  мен  жеке  тәжірибе,
кеңес, тілек, қолдау пікір, қимыл мен әрекеттерді  оң  бағалау,  жетістіктер
мен артықшылықтарды қоғамдық мойындау сияқты  әдістер  кеңінен  қолданылады.
Сонымен  қатар  көркем  шығармалар  мен  практикалық   жағдайлар   үлгісінде
этикалық  сұхбаттар  мен  талқылаулар  жүргізу  дұрыс.  Осымен  бір  мезетте
адамгершілікке тәрбиелеу қоғамдық  бетке  басу,  оған  қоса  тәртіптік  және
мерзімі шегерілген жазаларды жоққа шығармайды.
      Еңбек тәрбиесінің (еңбекке тәрбиелеудің) басты  міндеттері:  сан-алуан
еңбек  іс-әрекет  түрлеріне  адал,   жауапты   және   шығармашылық   тұрғыда
қатынасуды дамыту мен дайындау,  адамның  аса  маңызды  міндеттерін  орындау
шарты ретінде кәсіби тәжірибені жинақтау.
      Аталмыш міндеттерді шешу үшін түрлі тәсілдер мен құралдар қолданылады:
тәрбиеленуші мен тәрбиешінің өзара сабақтаса жұмыс жасауын ұйымдастыру;
кейбір еңбек түрлерінің отбасы, қызметкерлер ұжымы,  жалпы  кәсіпорын,  Отан
үшін пайдалы мағынасы бар екендігін түсіндіру;
еңбек өнімділігін арттырғаны және шығармашылық  танытқаны  үшін  материалдық
және рухани көтермелеу;
отбасы, ұжым, елдің еңбек дәстүрлерімен таныстыру;
қызығушылықтарына   орай   еңбекті   ұйымдастырудың   үйірмелік    формалары
(техникалық шығармашылық, модельдеу,  театрлық  көріністер,  кулинария  және
т.б.);
нақтылы  операцияларды  орындау  кезінде   еңбек   дағдыларын   қалыптастыру
жаттығуларын жасау (оқу, есептеу, хат  жазу,  компьютерды  пайдалану;  түрлі
жөндеу жұмыстары; ағаш пен металлдан бұйымдар жасау);
шығармашылық  конкурстар  мен  жарыстар,  шығармашылық  жұмыстарды   көрмеге
шығару және олардың сапасын бағалау;
уақытша және тұрақты үй  тапсырмалары,  мектепте  сынып  бойынша  кезекшілік
атқару, еңбек бригадаларында қойылған міндеттерді орындау;
қоғамдық  пайдалы  еңбекке  жүйелі   түрде   араласу,   кәсіби   іс-әрекетін
ұйымдастырудың технологиялары мен айлаларына үйрену;
уақытты, электроэнергияны және ресурстарды үнемдеуді қадағалау;
еңбек  нәтижелерін  есепке  алу  мен  бағалау  (тапсырмалардың  орындалуының
сапасын,   мерзімін   және   дәлдігін,   үдерісті   рационализациялау   және
шығармашылық ыңғайдың болуы);
еңбек  іс-әрекетіне  арнайы  кәсіби  даярлау  (инженер,  мұғалім,   дәрігер,
оператор, архивариус, сантехник жіне т.б.).
      Эстетикалық тәрбиенің мақсаты шындыққа  деген  эстетикалық  көзқарасты
дамыту болып табылады.
      Эстетикалық көзқарас  әдемілік  пен  сұлулықты  эмоцианалдық  қабылдау
қабілетімен сипатталады. Бұл тек  табиғат  немесе  өнер  туындысына  қатысты
ғана байқалуы шарт емес. Мәселен, И. Кант  кемеңгер  адам  қолымен  жасалған
көркем  шығарманы  қарап  тұрып,  біз  «әдемілікке»  қосыламыз.  Алайда  тек
буырқанған мұхит немесе  атқылаған  вулканға  адам  қолынан  келмес  «асқақ»
ретінде түйсінеміз.
      Әдемілікті қабылдай білу қабілетіне орай адам  өзінің  жеке  бас  және
айналасындағы  адамдардың  өміріне,   яғни   күнделікті   тұрмысқа,   кәсіби
қызметіне және  әлеуметтік  ландшафтқа  эстетикалық  тәрбиені  әкелуі  тиіс.
Сонымен қатар эстетикалық тәрбие бізді «таза эстетизмнен» қорғауы қажет.
      Эстетикалық  тәрбие  үдерісінде  шығармашылық  және  әдеби   туындылар
қолданылады:  музыка,  өнер,  кино,  театр,  халық  фольклоры.  Бұл  үдерісс
көркем, музыкалық, әдеби шығармашылыққа араласуды, дәрістерді,  сұхбаттарды,
суретшілер  және   музыканттармен   кездесулер   мен   концерттік   кештерді
ұйымдастыруды, музей мен көркем  көрмелерді  аралауды,  қала  архитектурасын
зерттеуді қажетсінеді.
      Еңбекті  эстетикалық  ұйымдастырудың   тәрбиелік   мәні   бар:   сынып
бөлмелерін, аудиториялар мен  білім  беру  мекемелерін  әдемі  көріктендіру,
оқушылардың,  студенттердің  және  мұғалімдердің  киім   үлгісінен   көрініс
беретін көркемдік талғам. Мысалдардың  қатарына  кіреберістердің  тазалығын,
көшелердің көгалдандыруын,  дүкендер  мен  кеңселердің  айрықша  дизайндарын
жатқызуға болады.
      Дене  тәрбиесінің  негізгі  міндеттері   дұрыс   дене-тұрқылық   даму,
қозғалыстық  дағдылар  мен   вестибулярлық   аппаратты   шынықтыру,   ағзаны
шынықтырудың  түрлі  процедураларын  жасау,  сонымен  қатар  адамның   жұмыс
қабілетін  артыруға  бағытталған  ерік  күші  пен  мінезді  тәрбиелеу  болып
табылады.
      Дене  тәрбиесін  ұйымдастыру  үй,  мектеп,  жоғары  оқу  орны,   спорт
секциялары арқылы жүзеге асырылады. Бұл оқу сабақтарының, еңбек пен  демалыс
режимдерін  қадағалаудың  болуын  (гимнастикалар  мен   қозғалыс   ойындары,
туристік жорықтар мен спорттық жарыстар) және  өскелең  ұрпақ  сырқаттарының
дәрігерлік-медициналық профилактика арқылы алдын алуды меңзейді
      Дені сау адамды тәрбиелеу үшін күнделікті  режим  құрамдас  бөліктерін
қадағалаудың  маңызы  орасан  зор:  толыққанды  ұйқы,  калориялы  тамақтану,
әртүрлі іс-әрекет түрлерінің ойластырылған үйлесімділігі.
      Азаматтық тәрбие адамның отбасына,  өзге  адамдарға,  өзінің  халқына,
Отанына  деген  жауапкершілікті  қамтиды.   Азамат   өзінің   конституциялық
заңдарды ғана емес, сонымен бірге кәсіби  міндеттерін  тыңғылықты  орындауы,
сөйтіп елдің өркендеуіне өзінің  үлесін  қосуы  тиіс.  Сондай-ақ  ол  әскери
немесе   экологиялық   кесепаттар   қаупінен   бүкіл    планета    тағдырына
жауапкершілікті сезінуі мүмкін, әлем азаматына айналады.
      Экономикалық тәрбие — қазіргі заман адамының өз отбасы, өндіріс  орны,
елі ауқымында экономикалық ойлауын дамытуға бағытталған шаралар жүйесі.  Бұл
үдерісс іскерлік қасиеттердің, яғни үнемшілдік,  кәсіпкерлік,  есепшілдіктің
қалыптасуын  ғана  қарастырмайды,  одан  басқа  меншік,  шаруашылық  жүйесі,
экономикалық рентабелділік, салық  салымы  мәселелеріне  қатысты  білімдерді
қордалауды  қамтиды.
      Экологиялық  тәрбие  табиғат  пен  жер  бетіндегі  барлық   тірілердің
қайтпастай құндылықтар екенін түсінуге негізделген.  Ол  адамның  табиғатқа,
оның ресурстары мен  пайдалы  қазбаларына,  флорасы  мен  фаунасына  құнттап
қарауға шақырады. Бұл ретте әрбір адам экологиялық кесепатты болдырмас  үшін
өзіндік үлесін қосуға міндетті.
      Құқықтық тәрбие адамға өзінің құқықтары мен  міндеттерін  және  оларды
қадағалаудағы жауапкершілігін түйсінуді  меңзейді.  Ол  елдің  Конституциясы
мен  заңдарына,  адамның   құқықтарына   құрметпен   қарауға   және   оларды
елемегендерді сынауға тәрбиелейді.
      Тәрбие үдерісін тұтастай алғанда және  жекелеген  бағыттары  ауқымында
бірнеше деңгейде бақылауға және ұйымдастыруға болады (В.И. Гинецинский).
      Бірінші, социотарлық деңгей деп аталатыны, жалпы белгіленген  мәдениет
контекстінде қоғамның кез-келген даму  сатысында,  оның  ішінде  мәдениеттің
түлі формаларда  трансляциялануымен  байланысты  және  олардың  жас  ұрпаққа
көрінуіне қатысты  қауымдастық  яки  әлеует  (социум)  өмірінің  нақ  сондай
қырларында болсын тәрбиенің  тұрақты  функция  ретінде  қала  беретіндігімен
сипатталады. Қазақстанда осы деңгейдің тәрбиелік  мақсаттары  Конституцияда,
«Білім  беру»  заңында,  сондай-ақ  адам  құқықтары  жөніндегі   Халықаралық
Конвенцияда және саяси-мемлекеттік құжаттарда анықталған.
      Екінші, инстуционалдық деңгей нақты әлеуметтік институттар  жағдайында
тәрбие мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруды қарастырады. Бұл тұста  осы
мақсаттарға  жету  үшін  жасақталған  арнайы  институттар  болады.   Осындай
ұйымдар  қатарына  балалар  үйі   мен   мектеп-интернаттары,   балабақшалар,
мектептер мен жоғары оқу орындары, шығармашылық үйлері мен даму  орталықтары
жатады.
      Үшінші, әлеуметтік-психологиялық деңгей жекелеген  әлеуметтік  топтар,
ассоциациялар, ұжымдар шеңберінде тәрбиеленуді меңзейді. Мәселен,  кәсіпорын
ұжымы  өз   қызметкерлеріне   тәрбиелік   ықпал   етсе,   педагогтар   ұжымы
педагогтардың шығармашылық қуатын дамытуға әсер етеді.
      Төртіншіден, тұлғааралық деңгей тәрбиелеу спецификасын тәрбиеленушінің
жеке дара психологиялық және тұлғалық ерекшеліктерін ескеру арқылы  тәрбиеші
мен  тәрбиеленушінің  арасындағы  ықпалдасу  тәжірибесі  ретінде  анықтайды.
Мұндайға  мысал  бола  алатындар:  ата-ана  тәрбиесі,  әлеуметтік   психолог
жұмысы, балалар, бозбалалар және  ересектермен  жұмыс  жасау  педагогтарының
қызметі, білім беру жүйесі  ауқымында  әңгімелесуден  туындайтын  мұғалімнің
оқушыларға тәрбиелік әсері.
      Бесінші, интракісілік деңгей мәні тұрғысынан өзін-өзі тәрбиелеу  болып
табылады.  Әртүрлі  өмір  жағдайларында  адамның  өзіне-өзі  тәрбиелік  әсер
етуді жүзеге асыруды нұсқайды. Мәселен, оқу тапсырмаларын  орындау,  емтихан
немесе спорттық жарыс кездерінде болатын таңдау мен қайшылық жағдайлары.


      Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар


      1.  Адамның  тәрбиелігін  қалай  анықтауға  болады?  Тәрбиелі  адамның
бейнесін суреттеңіз.
      2. Қазіргі тәрбиенің мазмұны қандай болуы тиіс?
      3. Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты мен мазмұнын белгілеңіздер.
      4. Адамгершілікке тәрбиелеудің мәні неде?
      5. Еңбек тәрбиесінің міндеттерін атаңыздар.
      6. Эстетикалық тәрбиенің қажеттілігі неде?
      7. Дене тәрбиесінің маңыздылығын дәлелдеңіздер.
      8. Қазіргі уақытта  тәрбиелеу  жұмысының  жаңа  бағыттары  (азаматтық,
құқықтық,    экономикалық,     экологиялық)     қалыптасуының     себептерін
сипаттаңыздар.
      9. Тәрбие үдерісінің деңгелері деген не? Олардың мағынасын ашыңыздар.



      5 Ұжым – тәрбие берудің аса маңызды құралы

      Тәрбиенің мақсаты мен міндеттерінің құрылымында жалпы, жеке және нақты
мақсаттардан басқа аралық мақсаттарды анықтап алу керек. Бұны кейде  қосалқы
мақсат  деп  те   айтады.   Осындай   мақсаттардың   бірі   балалар   ұжымын
қалыптастыру. Сонымен, тәрбие тек  қана  балалар  ұжымын  қалыптастырып  қою
ғана емес.
      А. С. Макаренко тәрбиенің мемлекеттік міндеті негізінде  педагогикалық
міндет  қойып,  педагогтардың  жұмысын  бақылауға  алуға  болатындығын  атап
көрсетті. Ол «Тәрбиенің  негізгі  мақсаты  баланы  жан-жақты  дамыту»  деген
ұсынысты қолдады, В.А. Сухомлинский оны жүзеге асырды.
      К. Д. Ушинский  тәрбиенің  мақсаты  қоғамға  пайдалы,  адамшылығы  бар
адамды  тәрбиелеу  деген.   Ол   адамгершілік   тәрбиесін   ақыл-ой,   еңбек
тәрбиесімен тығыз байланыста қарастырады.
      Оқушылар ұжымын шартты түрде бірнеше ұжымдасқан әр  түрлі  құрылымдағы
бастауыш топтар (сынып ұжымы, үйірмеге  қатысушы  балалардың  ұжымдары  т.б)
құрайды.  Мектептегі  оқушылар  ұйымының   өзін-өзі   басқару   қағидаларына
негізделе  отырып  жүргізілуі  –  ұжым   мүшелерінің   ұйымшыл   болуларына,
шығармашылық-танымдық қасиеттерінің  ашылуларына  зор  ықпал  етеді.  «Ұжым»
деген ұғым кеңес педагогика ғылымымен байланысты енгізілді.  Ұжымдық  тәрбие
беруде кеңес педагогы А.С.  Макаренконың  еңбегі  зор,  негізін  салған  сол
адам. Оқушылар ұйымындағы тәрбие мәселелерінің маңызы мен әлеуметтік  мәнін,
баланы ұжымда тәрбиелеу жолдарын А. В. Луначарский, Н. К.  Крупская,  С.  Т.
Шацкий, В. Н. Сорока-Росинский, М. М. Пистрак, П. П. Блонский,  кейіннен  В.
А. Сухомлинский, Ю. К. Бабанский, Н. И. Болдырев, Т.  Е.  Конникова,  Л.  И.
Новикова, Н. Я. Скороходова, И. П. Иванова зерделеуге көп үлес қосқан.
      А.Луначарский  бала  тәрбиесіндегі  өзекті  мәселелердің  бірі  –  жас
ұрпақтың  бойына  ұжымшылдық  қасиеттерді  барынша  сіңіру  қажеттігін  атап
көрсетеді:  адамды  тәрбиелеу,  әсіресе  бүгінгі  қоғамдағы  нағыз   ұйымшыл
тұлғаны тәрбиелеу, оның өмірін жеке қызығушылығынан гөрі,  қоғамдық  пайдалы
еңбек етуге деген парасатты көзқарасының қалыптасуына арналуы керек.  Отбасы
мен қоғамдық орта негізгі әрекетін бала тәрбиесіне ден қоюды  мақсұт  тұтса,
онда аталмыш тәлімдік үрдісті  қоғамның  әлеуметтік  тәлім-тәрбие  жетістігі
деп танимыз дейді.
      Оқушылар ұйымы  арқылы  тәрбие  жұмысын  ұйымдастырудың  педагогикалық
проблемалары жайында  А.  С.  Макаренко  және  В.  А.  Сухомлинский  көлемді
еңбектер жазды. Оқушылар ұжымының даму кезеңдерін  А.  С.  Макаренко  өзінің
көп  жылғы  педагогикалық   тәжірибелеріне   сүйене   отырып,   оған   терең
педагогикалық талдау жасайды.
      Макаренко оқушылар  ұйымының  қалыптасуы  –  мектеп  практикасында  үш
сатыдан өтеді деп санаған.  Бiрiншi  сатыға  мектеп  өмiрiнде  болып  жатқан
жаңалықтарға қызықпайтын, шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыруда  белсендiлiк
танытпайтын, белсендi көсемдері (лидерлерi) шамалы ұжымды  жатқызса,  екінші
сатыға балалар ұжымының көпшiлiгi өз  жауапкершiлiктерiн  онша  сезiнбейтiн,
бiрақ араларында ұйым жұмысын қызықты iстердi ұйымдастыру арқылы  жақсартуға
тырысатын бiрен-саран санаулы ғана оқушылар  кездесетiн  ұжымды,  ал  үшінші
сатыға мектептегi қоғамдық жұмыстарға белсене  араласатын,  сынып  жетекшiсi
және басқа ұстаздардың тапсырмаларын орындауға ат  салысатын  белсендi  ұжым
мүшелерiн жатқызады.
      А. С. Макаренконың ойынша, негізгі педагогикалық мақсат – жеке  адамды
ғана тәрбиелеу емес, сонымен бірге адамдар ұйымын тәрбиелеу және осы  әрекет
ең ұтымды тәлім-тәрбиелік бағыт болмақ. Педагог  мектептегі  немесе  белгілі
бір білім-тәрбие ордаларындағы тәрбие жұмысының  негізгі  арқауы,  тек  қана
жеке адам тәрбиелеу мәселесімен ғана шектеліп қалмай, әр  адамның  жан-жақты
дамуына  зор  ықпал  ететін   ұжымдық   тәлім-тәрбие   дәстүрлерін   кеңінен
пайдаланған жөн деп санайды. Макаренконың пікірінше, оқушылар  ұйымы  арқылы
түрлі іс-шараларды  ұйымдастыру  –  тәрбие  жұмысының  жетекші  құралы  болу
керек. Оның ғылыми мазмұнын ашуда педагог-ғалым  төмендегідей  педагогикалық
шарттарды басшылыққа алған:
      Оқушылар ұйымы және оның қалыптасу кезеңдері.
      -  ұйымның  жалпы  іс-әрекеттері  және  әрекет  барысында  қалыптасқан
ұжымдық дәстүрлер;
      - ұжымдық дәстүр және тәрбие жұмыстарын жоспарлау мен ұйымдастыру;
      - мектептегі педагогикалық  қауым  мен  оқушылар  ұйымдары  арасындағы
қарым-қатынас;
      - ұжым іс-шараларының ұйымдастырылу тәртібі;
      - ұжымдық әрекет пен қоғамдық тәртіп. Өзін-өзі басқару жүйесі;
      - ұжым және қоғамдық орта;
      - ұжым ішіндегі жеке тұлға тәрбиелеу мәселелері;
      - ұжым ішіндегі микротоптар және оның көсемдері (лидерлері);
      - ұжымдық дәстүрлердің сақталуы мен салтанатты жалғасуы.
      Аталған педагогикалық  тұжырымдар  бүгінгі  таңдағы  мектеп  оқушылары
арасындағы қарым-қатынастар қайшылықтары мен  жетістіктерін  ғылыми  тұрғыда
зерттеу барысында  жиі  кездесетін  құбылыс  екені  анық.  А.  С.  Макаренко
балаларды ұжымдық тәрбие арқылы тәрбиелеудің  маңыздылығын  атап  өткенімен,
тәлім-тәрбие  үрдісінде  қатал  тәртіпті  сақтаудың  қажеттігін  талап  етіп
отырған. Оның ойынша,  педагогикалық  этикадан  тым  алшақ  кетпеген,  қатал
тәртіп жүйесін тәрбие жұмысымен байланыстыру  –  ұжым  мүшелерін  бұрынғыдан
бетер ұйымдасуларына ұйытқы болады деп санаған. Оның мұндай тұжырымға  келуі
автордың қиын оқушыларды тәрбиелейтін  Ф.  Э.  Джерзинский  атындағы  арнайы
коммуна  мектебіндегі  көп  жылғы  ұстаздық  тәжірибесі  арқау  болды  десек
қателеспейтініміз анық. Бұл жерде педагог арнайы тәрбие тәртібінің  ережесін
жасауды қолға алды. Ол  ережелер  мынадай  шарттарға  негізделуі  керек  деп
санады:
      - сыйластық пен талап қою;
      - шынайы ниеттілік пен еркін әрекет;
      - ғылыми қағидаларға сүйену (принципшілдік);
      - қамқорлық және назар аударушылық, білім негіздері;
      - жаттығулар;
      - шынығу;
      - еңбекқорлық;
      - ұжымшылдық;
      - отбасы және балалық шақ;
      - бала қуанышы мен ойындары. Баланы жақсы көру мен жазалау шараларының
шектеулігі;
      - марапаттау мен сөгіс беру мөлшері.
      В. А. Сухомлинский ұжымдық тәрбиенің маңыздылығын атай келе,  оқушылар
мен  ұстаздар  қарым-қатынасын  шынайы   үйлестірудің   гуманистік   бағытын
ұстанады. Ол әр баланың өз ұжымына қолынан келгенше жақсылық жасауына,  оның
шынайы сезімінің қалыптасып, өз досына  және  ұжымдастарына  деген  мақтаныш
сезімінің оянуына, көпшілікпен тығыз  қарым-қатынас  жасау  барысында,  адам
бойындағы ізгі қасиеттерді тануға мүмкіндік туғызуға жағдай жасау керек  деп
санаған және достық пен ізгі қарым-қатынас, әр адамның ішкі рухани  дүниесін
терең  тануға   арналған   шынайы   сезімдермен   ұштасқан   ұжымдық   ортақ
жетістіктердің қоғамдық рөлі мен салмағы зор болатынына сенген.  Ол  ұжымдық
тәлім-тәрбиенің түпкілікті мақсаты – нағыз адамды  тәрбиелеу  жұмысы  болмақ
деген.  Сондықтан   тәжiрибелi   педагог-тәрбиешiлердiң   ұжымдық   тәрбиенi
ұйымдастырудағы  басты  мақсаттарының  бiрi  –  шәкiрт   санасының   рухани-
психикалық дүниесiне басты назар аудару деп санаған.
      «Ұжым» ұғымының екі мағынасы барын  атап  кету  керек.  Бірінші:  ұжым
дегенде кез-келген ұйымды, адамдар тобын айтуға болады  (заводтағы  бригада,
мектептегі сынып, студенттер тобы, т.б.); екіншісі: ұжым  жоғары  деңгейдегі
дамыған топ. Бұл жағдайда оны анықтайтын сапалы  қасиеттерге  төмендегілерді
жатқызамыз: мақсатқа талпынушылық,  ұйымшылдық,  рухани  бірліктегі  адамдар
тобы. Әрі қарай әлеуметтік психологияда ұжым деп көрсететін  біраз  белгілер
енгізілген. Бұл салада А. В. Петровский, И.  Н.  Платонов,  Л.  И.  Уманский
еңбектері үлкен мағынаға ие болды.
      Педагогика теориясы мен әдістері негізінде ұжымдық тәрбие беру негізін
салған А. С. Макаренко. «Тәрбиенің  мақсаты» деген  мақаласында  ол  ұжымның
келесі бір белгілерін ерекшелеп көрсетеді:
қоғамдық құнды мақсаттар;
сол құндылыққа жетудегі бірлесе еңбектену;
бірлесе жауапкершілікпен қарау;
өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру;
ортақ мүддеге қызмет, іс-әрекет.
      Л. И. Уманский «ұжым»  деген  ұғымға  мынадай  өлшемдер  (критерийлер)
белгілейді:
топтың  адамгершілік  бағытының  мамұны   (мақсатының   бірлігі   ,   топтың
мүшелерінің бағдарлау құндылығы);
бірлікке ұйымдастыру;
әр түрлі іс-әрекеттерге топпен дайындық;
психологиялық бірлік (парасат, ерік, қайрат, эмоциясы).
      Сонымен,  адамдардың  ұжымдық  бірігуінің  ерекше  ұйымдық   белгілері
шығады:
өмір сүру уақыты;
қатынас саны;
билік пен қол астындағы адам байланысы;
композиция;
құндылық пен мөлшер;
жеке тұлғаның  қарым-қатынас сипаты, т.б.
      Л. И. Уманский атап көрсеткен белгілер  негізінде  топтардың  дамуының
классификациясының келесі түрлерін ұсынады:
«конгломерат-тобы» («шартты топ») – бұрыннан  бірін-бірі  білмейтін  адамдар
тобы. Жағдайға байланысты, кездейсоқ  қана  араласқан  адамдар.  Тәрбиешінің
жалпы мақсатына қарай әсер етуге мәжбүр;
«қауымдастар» тобы. Топ мүшелері алғашқы ұжым мәртебесін  қабылдаған:  өзін-
өзі басқару органы;
«кооперация тобы». Актив беделді.  Топтың  бірлігі  ұйымдасқан.  Бір-бірімен
қарым-қатынасы  іскер.  Бірақ  іс-әрекет  қызметте   тұрақты   және   жоғары
адамгершілік бағытта болады.
      Ұжым – адамдарды белгілі бір мақсатты іс-әрекет негізінде біріктірудің
және ортақ еңбекте ғана емес, сондай-ақ сол еңбекті жалпы  ұйымдастыруда  да
біріктіретін орта.
      Өзінің даму жолында ұжым төмендегідей сатылардан өтеді:
      Қалыптасу:  мақсат ұсыну, жақын және алыс болашақтың қалыптасуы, актив
(белсенділер) белгілеу; талап қоюшы мұғалім.
      Тұрақтылық:  активтің  жетекшілігімен  өзін-өзі  басқару  ,  болашаққа
жоспар; талап қоюшы актив.
      Өркендеу  :  қоғамдық  пікір  қалыптасқан,  бір-бірімен  жауапкершілік
қатынаста; талап қоюшы – барлығы.
      Жоғарғы кезең :өзін-өзі басқару толық түрде, жалпы құндылық пен қағида
(ереже) дәстүр ,талап қоюшы әрбірі.
      Ұжымның өзіндік күрделі құрылымы бар, себебі басқа  да  ұжымпен  ортақ
мақсаттарымен байланысты болуы мүмкін.
      Ұжымдағы негізгі басшы болып алғашқы ұжым есептеледі. А. С.  Макаренко
12-15 адамнан тұратын жасақты  (отрядты)  атады.  Мектеп  ісінде  бұл  сынып
оқушылары  болса,  ал  жоғарғы  оқу  орындарында  –  академиялық  топ,  яғни
студенттер тобы.
      А.  С.  Макаренко  алғашқы  ұжымға  ерекше  мән  берді,  психологиялық
тұрғыдан оны баланың  жеке  басымен  араламудың,  ықпал  етудің  құралы  деп
есептеді. Шынында да ұжымда балалар бірімен-бірі  жақын  араласады,  бірігіп
қоғамдық жұмыстар атқарады, ортақ мүддеге  көзқарастары қалыптасады.
      Ұжымның  екінші   құрылымдық  белгісі  ретінде  біріктірілген  жасақты
айтуға болады. А. С. Макаренко қоғамдық  топтардың  командирін  тәрбиелеуден
қорықты. Ол барлығы  да  басқара  білуге  және  бағына  білуге  тәрбиеленуін
қалады.  Біріктірілген  жасақ  жекелеген  істерге   құрылды.   Біріктірілген
жасақтың командирі алғашқы  ұжымның  қатардағы  мүшесінің  бірі  бола  алды.
Бұндай жағдайда шет жүретін және жинақы емес, белсенді емес балалардың  өзін
ынталандырып  тартуға  болатындығы  байқалды.  Бұндай  ұйымға  үлгі  ретінде
коммуна  жұмысы  әдістерін  жатқызуға  болады  (мысалы,  И.   П.   Ивановтың
шығармашылық топтарын).
      Ұжымның үшінші бір  құрылымдық  бірлігінің  белгісі  А.  С.  Макаренко
тәрбиеленуші  деп  есептеледі.  А.   С.   Макаренконың   педагогикалық   іс-
тәжірибесінде   әрбір   тәрбиеленушіге   оның   атқаратын   жұмысына   қарай
атақ–дәреже  берілді,  мысалы:   тәрбиеленушілер,   коммунарлар,   коммунар-
дзержиншілер.
      Төртінші  құрылымдық  бірліктің  белгісі  ұжымдағы  өзін-өзі   басқару
органдары.  Біріншіден:  бұл  жалпыға  бірдей  жиналыс.  Бірде   бір   шешім
жиналыссыз  қабылданбайды.  Күнделікті  жұмыс  барысын  командирлер   кеңесі
басқарады.
      Мектеп ұжымында әр тармақты, әр түрлі алғашқы ұжымдар болады да,  бала
әр түрлі жағдайда әр  түрлі іс-әрекеттер жасайды (мысалы: ол бірде  –  оқушы
, бірде – спортшы, бірде – артист, т.б.).
      Жеке тұлғаны қалыптастырып дамытуда  ұжым  –  бұл  белгілі  іс-әрекет,
тәрбие қызметін таратушы орта:
ізгілік тәрбиесі: балалар ұжымы адамгершілік игі қасиеттерді таратушы;
ұйымдастырушылық:  балалар  ұжымы  қоғамдық-әлеуметтік  жұмыста   басқарудың
әрекет иесі;
ынталандыру: балаларды азамат етіп  тәрбиелеу  ,  қоғамдық  пайдалы  еңбекке
әзірлеу ,  ұжым  мүшелерінің  бір–біріне  деген  қарым-қатынасы  мен  мінез-
құлықтарын қалыптастыруға  ықпал  ету;  жалпы  алғанда  бұл  қызметкерлердің
бәрін дерексіз  түрде  ғана  атауымызға  болады.  Ал  шын  мәнісінде  тәрбие
жұмысының барысында жоғарыда атап кеткен  қызметтердің  бәрі  и  де  балалар
ұжымын ұйымдастыруда тұтас жүріп жатады.
      Ұжым – балаларды тек ортақ мақсат пен ортақ еңбекте ғана емес, сондай-
ақ сол еңбекті ұйымдастыруда да біріктіреді .Ұжымда  жетекшілер  болуы  және
ұжымның әр мүшесінің белгілі міндеттері болуға тиіс.
      Бірінші    .Егер    тәрбие    жұмыстарының    мәселелері    көпшілікті
қызықтыратындай  етіп  құрылса,   онда   ұжымның   бұл   міндеттерді   сәтті
шешкендері.
      Екінші. Ұжымның іс-әрекет қызметін  таңдағанда,  міндетті  түрде  жеке
–жеке балалардың қызуғышылық әрекеттерін ескеру керек.
      Үшінші. Ұжымның жұмысы сол уақытта сәтті болады, егер әрбір  бала  тыс
қалмай , әр қайсысы белсенді қатысушы болса.
      Төртінші. Ұжымның  іс-әрекет қызметін  ұйымдастыруда  қатысуға  түрткі
болуды ескеру.
      Бесінші. Адамгершілік мінез-құлықты қалыптастыруда, балалардың бойында
адамгершілік құндылыққа түрткі болатын ,оларды  біріктіре  түсетін  нәрсе  –
ұжымдық шығармашылық ойындар.
      Бірлесе жұмыс жасау барысында мектеп оқушыларының  арасында  әр  түрлі
қарым-қатынастар қалыптасады, ұжымның күрделі ішкі өмірін құрады.
      А.  С.  Макаренконың   іс-тәжірибесі   бойынша   бұл   жауапкершілікке
тәуелділік,  немесе  іскерлік  қарым-қатынас  деп  аталады.  Ұжымда  белгілі
нәтижеге қол  жеткізу  үшін  ұйымдастырушылар  мен  орындаушылардың  алдында
атқаратын жұмыстары нақты және  дұрыс  бөлінсе:  ұжым  мүшелері  бір–бірінен
және әрқайсысы өз-өзінен ережеге бағынуды талап ете отырып мақсатқа жетеді.
      Ұжымдағы іскерлік қатынастарды төмендегіше бағалауға болады:
сайланған активтердің тапсырмалары мен ұсыныстарын қалай қабылдайды;
ұжым ұйымының шешімін қалай қабылдайды;
ұжым өмірінің ережелерінің бұзылуының жиі болу, шешім қабылдауын, т.б.
      Ұжымда  осындай  қарым-қатынастар  болмаса,  онда  олар   ұжым   болып
есептелмейді.  Егер  іскерлік  қатынастар  жоғары  дамыған   болса,   мектеп
оқушыларын  ұйымдастыруға  ғана  жұмылдырса,  онда  ұжымның  өмірге   сезімі
төмендейді, бір-бірімен қарым-қатынастары  азаяды,  ұжым  мүшелерінің  арасы
суыйды, бұгндай жағдайда  оқушы  үшін  ұжым  деген  ұғым  формальды  түрдегі
бірлестік болып шығады.
      Сондықтан баланың ұжымда  бір-бірімен  қарым-қатынасын  дамыту  қажет,
олардың адамгершілік қасиеттерін дамытуды көбірек ойластыру  қажет.  Сондай-
ақ балалар ұжымы бір-бірімен достық, жолдастық  қарым-қатынассыз,  бір-бірін
түсінбесе, ұжым болып дамымайды.
      Осындай жағдайлар қалыптасқанда ғана бала ұжымда өзін еркін, сезімтал,
өз орнын жайлы сезіне алады.
      Өз дамуында әр ұжым (оны құру  жөніндегі  жұмыстың  біртұтастығы  және
үздіксіздігі  жағдайында)  бірнеше  сатыдан   өтеді.   Біріншіден:   ұжымның
құрылуы, іс-әрекеттері, қарым-қатынастары,  екіншіден,  ат  үсті,  қайталама
қорғаушы күш, туынды іс-әрекет қатынастары - қоғамдық  көзқарас,  көңіл-күй,
хал-жайы, дәстүр, құндылық  ұжым  мүшелерінің  өмірлік  мұраты,  үлгі  тұтар
мінез-құлықтары, өзін-өзі бағалау; және соңғысы, ұжымның даму  барысын  ұжым
мүшелерінің белсенді іс-әрекет  қылықтарына  қарай  бағалау  керек.  Жаңадан
құрылған ұжымның және жеке тұлғаның іс-әрекеті  туралы  деректерді  жинақтай
көрсетсек, оның іштей күрделі  даму  үдерісінен  өткенің  байқаймыз.  Мұндай
ұжымның даму сатысындағы оң шешімдер,  күнделікті  ұжым  өмірінің  алдындағы
мақсат- міндеттерді талап етуші адамға байланысты.
      Сонымен  ұжым  құрудың  басты  міндеті  –  балалардың  болашақ  өмірге
қоғамдық құнды мақсаттар қою. Бұл жұмысты балалардың тек орындап  қана  қоюы
емес, олардың қалай өмір сүруі қарастырылады. Бұл  мақсат  балаларды  ұжымға
жұмылдыра біліп, саналы түрде олардың адамгершілік,  іскерлік  ,шығармашылық
қабілеттерін дамыту болып табылады.
      Ұжым алдына мұндай мақсат қою оңай емес. Ол үшін сол ұжымға  бірігетін
әр баланың жеке қызығушылығы , мінез-құлық болмысы, көзқарасы,  ұжым  туралы
ойы, мәдениеттілік  пен  бір-біріне  деген  қарым-қатынасын  анықтау  керек.
Болашақ ұжымның іс-әрекетін, жеке мақсаттарын шешуде мұндай мағлұматтар  өте
қажет.
      Ұжымның  өмірдегі  мақсаты  –  қоғамдық  адамгершілік   құндылықтармен
байланысты  бірінші  сатыда  –  алыста  тұрған,  келешекте  қиындықпен   қол
жеткізер ісі деп қарау.
      Бір-біріне іс-әрекет қарым-қатынастағы түрткі болатын  жеке  мақсаттар
мен қызықтыратын және міндетті істер – таяудағы және  келешектегі  жоспарлар
ерекше ой, мән береді.
      Бұндай  таяудағы  және  келекшектегі  (сенбіліктер,  саяхаттар,  т.б.)
жоспарда бірінші, балалардың өздері, ұжымның  белсенділері  арқылы  өздеріне
қызықты және қажетті деген дерін таңдауы  керек  және  әрбір  бала  міндетті
түрде сол жұмысқа қатысуы керек.
      Бірінші сатының келесі қадамы – ұжымның жоспары. Оқушылар ұжымын  құру
және топтастыру жөніндегі жұмыста  –  активті  іріктеудің  маңызы  зор.  Бұл
жағдайда ұжымдық жоспарлау кезінде  көзге  түскен  белсенді,тез  тіл  табыса
алатын балаларға   сүйену  керек.  Олар  ұжымның  алға  қойған  мақсаттарына
жетуге талпындырады. Тұрақты активтерден басқа уақытша комитет сайлап  жұмыс
жүргізілсе, белсенді оқушылар саны көбейе бастайды.
      Алғашқы сатыда тәрбиеленушілердің ұжымдық іс-әрекетте  тәжірибелерінің
болмауынан педагогикалық басшылықта біраз қиындықтар туындайды.
      Ұжым өмірінің алғашқы сатысында ұжымның тындырған ісіне  талдау  жасау
маңызды болып есептеледі.
      Бірінші саты аяқталды деуге болады, егер:
ұжымның таяудағы және  келешектегі  жоспарының  қабылдануы,  қоғамдық  ортақ
істе қызуғышылық пен белсене атқаруға тырысуы;
ұжымның үздіксіз іс-әрекеті  ,(бұған  ерекше  назар  аударған  жөн,  себебі,
ұжымның  құлықсыз,  баяу,  үзіліспен   жасаған   істерінен   қол   жеткізген
нәтижелерін жоғалтып алғаны өмір тәжірибесінде байқалады);
ұжымның көпшілік мүшелері белсенді қимыл-әрекеттер жасайды;
жауапкершілік тәуелділік қалыптасады, іскерлік  және  шығармашылық  байланыс
туындайды;
ұжымның алдыңғы бөлігінде – оның активі (ұйымдастырушылық  қабілеті  жоғары,
белсенді, қызуғушылығы басым балалар тобы);
оқушыларда ұжым өмірінің әр саласына қызығушылығы арта  түседі,  бір-бірімен
араласу, жолдастарымен белсенді жұмысқа қатысулары, жетістіктері.
      Екінші сатыда ұжым дами түседі, күрделі мәселелерді шешу жолында  алға
бағытталған қадамдар жасайды. Алдымен ұжым өзін -өзі басқаруға көшеді,  ұжым
өмірін  ұйымдастырудың  тәсілдері  күрделінеді.  Алдыңғы  қатарлы   тәжірибе
көрсеткендей , өзін-өзі  басқару  -  тек  өзін-өзі  басқару  ғана  емес,  ең
алдымен аталған ұжымның барлық мүшелерінің өмірде өз-өздерін басқара  білуге
қатысуларына жағдай жасау.
      Екінші  сатының  өзіндік  ерекшелігі  –  оқушылардың  тәжірибеде   іс-
әрекеттерінің  күрделенуі.  Енді  таяудағы  жоспарлар  орын  алады  ,  көңіл
көтеріп дем  алу,  ұжымдагі  жеке  жетістіктермен  жалғасады.  Бірақ  екінші
сатының ерекшелігі бұл  емес.  Оқушылар  өздіктерінен  жоспарлайды,  күрделі
өзіндік  тану,  саяси  және   еңбек   іс-әрекет   қызметтерін   ұйымдастырып
жүргізеді.
      Бұл  сатыда  іскерлік  қарым–қатынас  аяқталмайды,  ұжымның   мүшелері
бақылау қызметін атқаратын  басқалардан  жауапкершілікпен  орындалуын  талап
етеді. Ұжым мүшелерінің бір-біріне деген шығармашылық қызмет  көрсету;  бір-
біріне көмектесе отырып бірін-бірі үйретуінен көрінеді.
      Жан-жақты  қарқынды  жоспарланған  қатынас  барысында  екінші  сатының
жаңаша құрылымы – байсалды, мазмұнды, қоғамдық көзқарас – алғашқы сатыда  ол
қажетті барлық белгілерді меңгермеген, қалыптасу үстінде ғана болды.
      Өзгерістер актив ішінде де болады.Егер алғашқы  бірінші  сатыда  актив
құрамында белсенді, өздері бірге ат салысатын ,  ұжым  ісіне  қызуғушылықпен
қарайтын ынталы оқушылар болса, екінші сатыда олардың орнына  ұжым  өмірінің
адамгершілік құндылық тәжірибе жүзінде құратындар келеді.
      Екінші сатыны құрылды деп есептеуге болады; егер:
ұжымның барлық шығармашылық бастамасы мен адамгершілік мақсат мағынасына  ие
болған жағдайда;
ұжым өзін-өзі басқарудың белсенді  дамуын,  іс-тәжірибе  барысында  іскерлік
қарым-қатынастар қоғамдық пікірлер туралы күйзелсе;
ұжым мүшелерінің жан-жақты ұжымның жеке шығармашылық  іс-әрекеті  барысында,
тұрақты, кәсіптік қызуғушылықтары туса.
      Ұжымның  үшінші   даму   сатысындағы   ерекшелігі   -   саяси-қарқынды
адамгершілігі бар тұлға қалыптастыру, яғни, ұжымның әрбір мүшесіне  қоғамдық
құндылықтарды меңгерген, саналы  жеке  тұлға  ретінде  ұжымның  тигізер  іс-
әрекеті ерекше.
      Ұжымның үшінші даму сатысында кең мағынадағы  адамгершілік  қатынастар
келесі белгілерімен ерекшелінеді:
ұжымда жалпы тұрақты сыйластық,  бір-біріне  деген  көңіл  сыйластығы,  бір-
біріне деген жолдастық көмек;
бұндай ұжымда ерекше жекешелену, немесе  кейбір  балалардың  «жұлдыз»  болып
көрінуіне жол берілмейді;
басқа  ұжымға  қызығушылығы  артады,  бәсекелестік  жойылады,  «өзімшілдік»,
тұйықталу сияқты қасиеттер жойылады.
      Ұжымның даму сатысының бұлай ерекше жоғары атағы шығуына  адамгершілік
құндылық іс-әрекеттері түрткі болады.
      Бұл сатыдағы іс-әрекеттің  өзгеруіне  түрткі  болатын  жай  –  идеялық
жағына әуестенушілік – жеке  тұлғаның  қызық  мағналы,  мазмұнды  іс-әрекет,
қарым-қатынас байланысы  әдеттегіден  тыс  жағдайдан  босатады.  Енді  «идея
үшін» аз қызықтыратын  қиын  жұмыстар  орындалады,  бөгет  болатын  кемшілік
жағдайларды жеңу (басқа адамдардың қарсылығы,  өз  басының  кемшілігі).  Бұл
өте маңызды жаңалық – жеке тұлғаның өзін-өзі бақылауы тұрақтанады.
      Сонымен, үшінші сатыны  мынадай  жағдайларда  қалыптасып  болды  деуге
болады, егер:
іс-әрекет көпшілік балаларға қоғамдық  ,ұжымда  бір-бірімен  қарым-қатынаста
мағыналы әсер етсе;
оқушы мінезі тұрақталып,  ұжымда  өзін-өзі  ұстай  алатын,  келеңсіз  жағдай
туғызбайтындай өзгерсе;
бұған себепші  -  өзін-өзі  тәрбиелеу  үдерісі,  өзіне  үлкен   адамгершілік
міндеттерін қоя білу жатады;
ұжымның қозғалысы, өзін-өзі басқарып билеуі сапаны көрсетеді, ұжым  мүшелері
өз-өздері жеке дербес ғана емес, жалпы  адамгершілік  құнды  мақсаттарды  өз
өмірлеріне тереді.
      Ұжымның даму сатысын қарастыру барысында  мынадай  қорытынды  шығаруға
болады:
ұжым тәрбиелік ықпал жасау үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек;
балалар ұжымы олардың өмірі мен қатынастарының  жүйесі  ретінде  бір  орында
тоқырап қалмайды, даму , ілгері қозғалу - ұжым өмірінің заңы.
      Педагогикалық тұрғыдан қарағанда, жоғарыда айтылып кеткендей,  ұжымның
өзінің ерекше белгілері бар:
қоғамдық-маңызды мақсат;
қоғамдық-маңызды іс-әрекет;
ұжымдық қарым-қатынастар;
демократиялық басқару.
      Балалар ұжымын құру  және  топтастыруда  өзіндік  күрделі  әлеуметтік-
педагогикалық құрылымдық формальды құрылым деп (тәрбиешінің  ұйымдастыруымен
) екі жүйеге айырады.
      Ұжымның  дамуында  келесі  кезеңдерге  айырады.  Бірінші   кезең:  бұл
кезеңде  ұжым  іс-әрекетінде  белсенді,  ынталы  оқушыларды  тауып,  олардың
жұмыста өздерін көрсете білулеріне жағдай жасау керек. Екінші   кезең:  ұжым
өзін-өзі басқаруға, жауапкершілік қатынас  туындап,  ұжым  активі  құрылады.
Үшінші   кезең:  ұжым  іс-әрекетінің  дамуымен  сипатталады,  онда  қоғамдық
өмірдегі  деректерді,  құбылыстарда  бағалауда  қоғамдық   (ұжымдық)   пікір
пайдалынады.   Төртінші    кезең:   жаңаша   қарым-қатынастар,    бір-біріне
ілтипатты, болып, өзара жауапкершілікпен  қарайды.

      Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар


      1.  Ұжымда  тәрбиелеу  мәселесін  қандай  ғалымдар  зерттеді?  Олардың
еңбектерімен танысыңыздар.
      2.  Л.  И.  Уманский  ұсынған  топтар  дамуының   жіктемесін   сипттап
беріңіздер.
      3. А. С. Макаренко ұжымның қандай белгілерін ерекшелеп көрсетеді?
      4. Ұжымның даму сатыларын көрсетіңіздер.
      5. Ұжым дамуында қандай кезеңдерден өтеді?
      6. «Ұжым – тәрбиенің аса маңызды құралы»  деген  пікірге  қосыласыздар
ма, жоқ па? Ойларыңызды дәлелдеңіздер.



      6 Өзін-өзі тәрбиелеудің құрылымы мен мазмұны


      6.1 Өзін-өзі тәрбиелеудің мәні мен қозғаушы күштері


      Өзін-өзі  тәрбиелеу  тұлғаның  жетілуіне  ұмтылу  ретінде  әрқашан  да
адамдарға тән болды, және ол өмірлік қажеттік ретінде басқа  ұйымдастырылған
 тәрбие түрлерімен салыстырғанда анағұрлым ерте – адамзат тарихының  алғашқы
кезеңінде-ақ  пайда  болды.  Өзін-өзі  тәрбиелеудің  гносеологиялық   тамыры
алғашқы қоғам дәуірінде  жатыр.  Сол  кезде-ақ  адамдардан  өмірлік  қажетті
қасиеттерді  (батылдық, тұрақтылық,  аштыққа,  суыққа  төзімділік)  дамытуды
талап ететін салттар мен сенімдер болды.
      Қоғамның  дамуына  байланысты  өзін-өзі  тәрбиелеу  мәселесі  ертедегі
ойшылдардың  философиялық  концепцияларына  енді,   жазушы,   педагог   және
ғалымдардың назарын өзіне қаратты, педагогикалық, философиялық  әдебиеттерде
пайда болды.
      Біздегі мәліметтер  бойынша  алғаш  педагогикалық  іс-әрекетпен  терең
шұғылданған Ежелгі шығыс ойшылдары  болып  табылады.  Қытай  тарихындағы  ең
алғашқы мектептердің бірі ойшыл, педагог Конфуций  ашқан  мектеп  болды.  Ол
өзін-өзі  тәрбиелеуге  көп  көңіл  бөлген  ойшылдардың   бірі.   Конфуцийдің
еңбектерінде  педагогикалық іс-әрекеттің  мақсаты  былай  делінген:  «Көктің
бергенінің бәрі табиғат деп аталады, табиғатқа табыну   -  бұл  борыш  жолы,
осы жолды  қолдап отыру оқыту мен тәрбиелеу болып табылады, ал өз  кезегінде
оқыту мен тәрбиелеу өзін-өзі жетілдіру құралы».
      Б.э.д. II ғ. Үндінің ұлы данышпаны Панаджали  жасаған  йога  оқуы  әлі
күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Йогада адам жаны – нирвананың  ең  жоғары
дәрежеге дейін жетілуіне ерісу жолы анықталған. Йогада адамның өз  психикасы
мен психофизиологиясын  басқаруға  көпжылдық,  үздіксіз,  қайырымсыз  рухани
және физикалық жаттығулар арқылы ерісіледі.
      Йогтар жасап  шығарған  өзін-өзі  тану  тәсілдері  мен  әдістері  адам
организмі мен психикасының жасырынған ішкі  резервтерін  -  өзін-өзі  игеру,
басқару, тыныс алуды,  дене  температурасын,  ас  қорыту  қызметін   реттеу,
жүрек-қантамырлар жүйесінің  қызметін,  эмоционалдық  жағдайды,  сезімдерді,
тілектерді, рухани және  дене  қажеттіліктерін  басқаруды  әрекетке  келтіру
мүмкіндіктерін  қамтиды.  Бұл  арқылы  біз  адам   мүмкіндіктерінің   шексіз
екендігін,  өз  үстінде  тынымсыз  жұмыс  жасау  нәтижесінде  адам  көптеген
жетістіктерге жете алатындығына көз жеткіземіз.
      Өкінішке орай, кәп нәрсе адамның өзіне  байланысты  екендігін  бәріміз
бірдей аңғара бермейміз. Талантты өнертапқыш  Эдисонның  батыл  топшылауында
шындық бар екені сөзсіз: «Данышпан – бұл 1 пайыз шабыт, ал 99  пайыз  –  тер
төгу». Өзін-өзі тәрбиелеу жолымен әрбір адам үздік жетістікке  жетпегенімен,
адамның потенциалдық күшінің зор екендігі соншалық, ол  өз  мүмкіндігін  аша
білген жағдайда елеулі өзгеріс жасай алады.
      Вавилонияда,  Ассирияда,  Египетте,   Үндістанда   алғашқы   мектептер
шіркеулерде (абыздар үшін), сарайларда (ақсүйектер үшін) ашылды.
      Шығыстың жоғары дамыған мәдениетінің мұрагерлері - ежелгі гректер  оны
Еуропаға  және  бүкіл  әлемге  жеткізді.  Ежелгі  шығыс  ойшылдарының   бірі
Демокрит (б.э.д. 460-370 жж.) болды. Оның  этикалық  шығармаларында  мынадай
ой жатыр: «өмірден саналы рахаттану – жанның жарық және қалыпты  жағдайында,
табиғат пен үйлесімділікте,  борышты орындауда,  барлық  нәрсенің  өлшемінің
болуында, рухтың батылдылығы мен ойлаудың  өткірлігінде  құрылады».  Осындай
жағдайға жету, - деп есептеді Демокрит, тек қана оқу мен өзін-өзі  тәрбиелеу
арқылы жүзеге асады.
      Сократтың өзін-өзі тәрбиелеу идеясы оның философиялық жүйесінен  келіп
шығады: адам өз іс-әрекетін үйренгеннен кейін ғана ол өзін-өзі басқара  және
жетілдіре алады.
      Сократтың  шәкірттерінің  бірі  Платон   (б.э.д.   427-347   жж.)   да
философиялық еңбектерінде  өзін-өзі  тәрбиелеу  мәселесіне  назар  аударған.
Оның ойынша өзін-өзі тәрбиелеу адамның өмірдегі ұлы міндеттерге  ерісуіндегі
құрал болып табылады.
      Платонның шәкірті Аристотель (б.э.д. 384-322  жж.)  еңбектерінде  грек
философиясы жоғары деңгейге жетті. Оның адамгершілік тәрбиесі  жайлы  айтқан
пікірлері  өте  құнды  болып  есептеледі.  Аристотельдің  айтуынша,   адамды
тәрбиелеудің негізі адамда ерік күшін, белсенділікті дамыту  қажет.  Адамның
еркі мен мінез-құлқын қалыптастыру – оның өзінің ісі.  Іс-әрекет  үдерісінде
ерік ақылға аффекттер  мен  құмарлықтан  үстем  тұруға  көмек  береді.  Адам
өзінде  шыдамдылық,  адалдық,  жоғары  интеллектуалдық  сияқты   қасиеттерді
дамытуы керек.
      Ежелгі Элладаның  соңғы  көрнекті  ойшылы  Эпикур  болды.  Демокриттің
жалғасшысы ретінде ол да өзін-өзі  тәрбиелеу  мен  өз  үстінде  жұмыс  істеу
әдістемесін жасау мәселелеріне   тұрақты  қызығушылық   көрсетті.  Эпикурдың
пікірінше, кез келген жағдайда   адам  тек  қана  өзіне  сенуі  керек,  өзін
қарапайым, салауатты өмір салтына үйретуі, аз нәрсеге қанағаттануы тиіс.
       Ежелгі Римде стоицизмнің жарқын  өкілдері  –  Сенека,  Эпиктет,  Марк
Аврелий болды.Олардың өзін-өзі  тәрбиелеу  саласында  айтқан  пікірлері  өте
құнды.  XVII  ғ.  бастап  педагогикалық  үдерісс  заңдылықтары,   педагогика
ғылымының  негіздері жасалына бастады. Бұлардың қайнар көзі славян  педагогы
Я. А. Коменскийге барып тіреледі. Ол өзінің «Өмір ережелері», «Жастық  шаққа
арналған  адамгершілік  жайлы  пікірлер»  еңбектерінде  өзін-өзі   тәрбиелеу
мәселесіне тоқталып өткен. Осы кезеңнің көрнекті өкілдері Джонн Локк,  Ж.  -
Ж. Руссо, Монтескье, Гельвеций, Дидро т.б. еңбектерінде  жастар  тәрбиесіне,
өзін-өзі тәрбиелеуге қатысты мәселелер көтерілген.
      Америка қоғамында ірі қоғам  қайраткері  Вениамин  Франклиннің  (1706-
1790) «Автобиография» атты кітабы ерекше маңызға ие болды. Онда  Франклиннің
өз үстіндегі жұмысы бейнеленеді.  Ол  қоғамда  жаппай  өзін-өзі  тәрбиелеуді
ұйымдастыруды армандады.
      Ресей  ғалымдары  мен  педагогтарының  ішінен  М.В.Ломоносов,  А.   Н.
Радищев,  А.  И.  Герцен,  В.  Г.  Белинский,  Н.  А.  Добролюбов,   Н.   Г.
Чернышевский, т.б. атап өтуге болады.
      Біздің еліміздің көпұлтты мәдениетінің тарихында қазақ ағартушылары Ы.
Алтынсарин (1841-1889) мен А. Құнанбаев (1845-1904)  маңызды  орын  иелейді.
Олар өз халқының мүмкіндіктері мен қабілеттеріне,  сарқылмас  күшіне  сенді,
мәдениет пен ағартушылыққа өздерінің күш-жігерлерін  жұмсады.
      Ы. Алтынсариннің ойынша адам тек еңбек тек еңбек арқылы  ғана  бақытқа
еріседі. Еңбекке деген сүйіспеншілік оның адамгершілігін нығайтады.
      Өз халқының еркіндігі мен мәдениеті үшін А.  Құнанбаев  жалынды  күрес
жүргізді. Оның шығармашылық мұраларында біз оның «Қара сөздер» философиялық-
этикалық пікірлерін табамыз. Оның ойынша, өмірдегі  басты  мақсат  –  рухани
қасиеттер, тірі жанмен мейірімді жүрек, адамның қайғысына ортақ болу.
      Келтірілген  адамзат  тарихының  барлық  кезеңдеріндегі  ойшылдар  мен
ағартушы-ғалымдар, педагогтар,  ақын-жазушылар  мен  қоғам  қайраткерлерінің
зерттеулері мен ой-пікірлері өзін-өзі тәрбиелеудің адамның жеке тұлға  болып
қалыптасуында,  жалпы  оның   өмірлік   іс-әрекетінде   өте   маңызды   орын
иелейтіндігі мәлім болды.
      Өзін-өзі тәрбиелеуге бағытталған жеке тұлғаның белсенділігін қарастыра
отырып,   өзін-өзі   тәрбиелеу   туралы   айтылған   біршама   философиялық-
педагогикалық тұжырымдарды кездестіруге болады.
      Өзін-өзі тәрбиелеудің әрекетті болуы жеке тұлғаның  жан-жақты  дамуына
септігін тигізеді. Адам өз  алдына  өзімді-өзім  тәрбиелеймін  деген  мақсат
қоймаған  күннің  өзінде  де,  өзіне  тән  жеке  дара  қасиеттерін  қоршаған
ортасындағы адамдармен өзара қарым-қатынасқа түсуі  барысында,  не  болмаса,
мәдениеттің, тағы да басқа факторлардың әсерінен өзгертуі мүмкін.  Сондықтан
өзін-өзі тәрбиелеу жеке тұлғаны өзгертуге әкеп соқса да,  кез  келген  өзін-
өзі өзгертуді өзін-өзі тәрбиелеу дей беруге болмайды.
      Өзін-өзі  тәрбиелеу  түсінігін  анықтау  үшін  алдымен  осы  үдерістің
мақсатқа бағытталған  сипатын  ескеру  керек.  Мақсат  адам  іс-әрекетіндегі
қажетті жағдайларлардың  бірі  болғандықтан,  бұнда  негізгі  рөл  атқарады.
Яғни,  «мақсат  қана  адам  іс-әрекетінің  әдісі  мен  сипатын  заң  секілді
анықтайды да, өзіне ерікті бағындырады.
      Өзін-өзі  тәрбиелеудегі  мақсатқа   бағытталған   жұмыстарға   әсіресе
психологтар мен педагогтардың зерттеулерінде үнемі назар аударыла  бермейді.
Кейде бұл түсінікті адамның шын көңілмен қандай да бір шығармашылық  еңбекке
ниет қылуы, яғни өзіндік іс-әрекет деп санайды. Мәселен,  А.  И.  Кочетовтың
пайымдауынша,  жасөспірімдер  «қажырлылық  пен  еңбекқорлық  таныта  отырып,
тоқуды, тігуді тамақ дайындауды арамен ағаш кесуді, өрнек  салуды  үйренгісі
келеді, ал бұл өзін-өзі еңбекпен тәрбиелеу болып табылады». Ю.  А.  Самарин,
В. А. Немировская және т.б. да дәл осындай  көзқарасты  құптайды.  Бірақ  та
ықыластың өзі  өзін-өзі  тәрбиелеудегі  мақсат  әсерінен  туындамаған  болуы
керек.
      Осы тұрғыда айта кететін бір жәйт, өзін-өзі тәрбиелеу мен  өз  бетімен
жұмыс істеу түсініктерін салыстыра қарау әдепкіде  қисынды  көрінеді.  Бірақ
адам іс-әрекет барысында өз тұлғасын өзгертеді, өзін-өзі тәрбиелейді, ал  өз
бетімен жұмыс істеу әрдайым өзін-өзі тәрбиелеуге бағыттала бермейді және  өз
бетінше күш-жігерін  билеуі  арқылы  өзгертілген  тұлға  өзін-өзі  тәрбиелеу
болып саналмайды. Неше түрлі бағытқа  бағытталған  адамның  іс-әрекеті  өзін
тәрбиелеуге адам ұмтыла  ма,  жоқ  па,  оған  қарамай-ақ  оның  тұлғалығында
көрініс беріп отырады.
      А. Г. Ковалев өзін-өзі тәрбиелеу түсінігін басқаша түсіндіреді: «Өзін-
өзі тәрбиелеу  дегеніміз  –  жеке  тұлғаның  қазіргі  және  болашақтағы  іс-
әрекетінің жемісті болуы үшін өз  бойындағы  жаңа  қасиеттерді  қалыптастыру
мен жетілдіру  мақсатында  өзімаен  жүйелі,  жоспарлы,  саналы  түрде  жұмыс
істеуі». Бұл анықтамасында ол  өзін-өзі  тәрбиелеудің  мақсатқа  бағытталған
сипатын осы үдерістің негізін  дұрыс  бейнелеу  үшін,  әрине,  орынды  түрде
берген,  бірақ  А.  Г.  Ковалев  өзін-өзі   тәрбиелеу   түсінігіне,   біздің
пайымдауымызша,   болмашы   көрсеткіштерді,    атап    айтқанда,    өзін-өзі
тәрбиелеудің құрамына жүйелі және жоспарлы түрде өз  бетімен  жұмыс  істеуін
қосқан. Сондықтан да оның берген анықтамасы әлі де жеткіліксіз, нақты  түрде
берілген деп айта алмаймыз. Себебі  өзін-өзі  тәрбиелеу  әрқашан  да  жүйелі
және  алдын-ала  құрылған  жоспармен  іске  аса  бермейді.   Бұның   біршама
себептері бар.  Біріншіден,  адамның  әлдебір  қасиеттерін  тәрбиелеуге,  не
болмаса, кейбір кемшіліктерін  жөндеуге  жұмсаған  іс-әрекеті  оны  қоршаған
жағдайларға байланысты. Мысалы,  бір  адамды  оның  қылығын  әшкерелеу  үшін
жиналысқа салды делік. Сөйтіп оның өз  мінез-құлқына  тән  жауапкершілігінің
аздығын сынға алды. Ал әлгі адам бұл кемшілігін түсінеді де,   оны  жөндеуге
күш жұмсайды. Бірқатар уақыт өткен соң  ол  өз  кемшілігін  жойып,  өзін-өзі
тәрбиелеуін  тоқтатады.  Тек  жаңа   қылыққа   ие   болғаннан   кейін   және
жолдастарының сынынан өткен соң ғана ол өзін қайта тәрбиелеумен  айналысады.
Міне, осылайша, тәрбие жағдай өзгерсе, өзін-өзі тәрбиелеу  үдерісі де  үзік-
үзік  өтеді.  Екіншіден,  өзін-өзі  тәрбиелеу  адамның  ішкі  жан  дүниесіне
байланысты. Мысалы, адам  ерік-жігерінің  жасық  болуы  салдарынан  өзін-өзі
тәрбиелеумен жүйелі және жоспарлы  түрде  айналыса  алмайды.  Оның  өзін-өзі
тәрбиелеуге  жұмсаған  іс-әрекеті  біресе  белсенді   күйге   еніп,   біресе
әлсірейді. Үшіншіден,  өзін-өзі  тәрбиелеу  оның  міндетіне  де  байланысты.
Мәселен,  қандай  да  бір  жағымсыз  дағдыға  айналып  кеткен  қылықты   түп
тамырымен өзгертуге немесе қандай да бір  өте  маңызды  жағымды  қасиеттерді
қалыптастырғанда әдетте ұзақ та күнделікті бақылау мен күш-жігер  қажет.  Ал
егер қандай да бір кішкентай кемшілікті жөндеу керек болса, онда  соншалықты
аса көп күш-қайрат  жұмсалмайды.  Сонымен  қоса,  егер  өзімен  жүйелі  және
жоспарлы  жұмыс  істеуді  өзін-өзі  тәрбиелеудің  басты  ерекшеліктері   деп
санасақ, онда көптеген сыртқы  әсерлерді  және  барлық  өмірлік  жағдайларға
жауап беру қабілетін ескермей кетуге болмайды.
      Осы  айтылғандардан  мынадай  қорытынды  шығаруға   болады:   өзін-өзі
тәрбиелеу дегеніміз – адамның өзін-өзі  жетілдіруге  жұмсаған  мақсатты  іс-
әрекеті.
      Кейбір авторлар өзін-өзі тәрбиелеу түсінігін адамның  санасында  дұрыс
бағаның болуы деп  санайды.  Мәселен,  А.  Я.  Ареттің  пікірінше,  өзін-өзі
тәрбиелеу дегеніміз бұл адамның өзі  немесе  ұжымның  көмегі  арқылы  өзінің
жағымды қасиеттерін дамытуы және де  жағымсыз  қасиеттерін  өзгертуі.  Бірақ
өзін-өзі  бағалау   шынайы   қалыптасып   жатқан   қасиеттердің   объективті
маңыздылығымен ұдайы сәйкес  келе  бермейді.  Тіпті  кейде  сол  қасиеттерді
басқа  адамдар  жағымсыз  деп  тануы   мүмкін.   Негізінен,   А.И.Кочетовтың
тұжырымына сенсек, өзін-өзі тәрбиелеудің жағымсыз мотивтері  болмайды,  егер
өзін-өзі  дамытудың  жағымсыз  сипаты  болса,  онда  бұл  тұлғаның  өзін-өзі
тәрбиелеуі емес, жоғалтуы, бұзуы.
      Олай болса,  өзін-өзі  тәрбиелеу  дегеніміз  –  адамның  өз  бойындағы
жағымсыз қасиеттерін  жеңіп,  жағымды  қасиеттерін  жетілдіру  және  дағдыға
айналдыру жолындағы жүйелі де саналы іс-әрекеті.
      Тұлғаның өз бетімен қабылдаған шешімдерін тұрақты орындауы, күнделікті
іс-әрекетіндегі кездескен қиыншылықтарды жеңуі, өзіне  көп  не  аз  мөлшерде
болсын талап қоюы өзін-өзі тәрбиелеуге  итермелейді.  Өзін-өзі  тәрбиелеудің
алғашқа элементтері мектеп  жасына  дейінгі  сәбилер  мен  естияр  балаларда
байқалады. Бұл кезеңде  баланың  өз  қылығына  қоршаған  ортасындағы  ересек
адамдар негативті реакция берген жағдайда ғана оны өзгертуге деген  талпыныс
пайда  болады. Бұл уақыттағы үдерістің басты  ерекшелігі  сол,  бала  мінез-
құлықтың  нақты  формасын,  яғни  тұлғалық  қасиеттерін  емес,  тек   сыртқы
көріністерін өзгертуге ниеттенеді. Себебі психологтардың  пайымдауынша  сәби
өз бойындағы тұлғалық қасиеттерін саналы түрде  сезіне  бермейді.  Сондықтан
өзін-өзі тәрбиелеуді тудыратын түрткілерді – олардың  іс-әрекетіндегі,  яғни
ойын  ойнау  барысындағы  еріктерін,  өзін-өзі  ұстай  алуын  дамыту  керек.
Сонымен қоса сәбилерді өздігімен жұмыс істей алуға  қолайлы  формада  үйрету
керек.   Себебі   мінездік   қалыптар   жеткілікті   деңгейде    қалыптасқан
жасөспірімдік кезеңде ол қажетіне жарайды.
      Жасөспірімдік  кезеңнің  басты  ерекшелігі  тұлға   ересек   адамдарға
еліктеп, өз қылықтарын түсінуге, өз ісінің дұрыстығын  дәлелдеуге  ұмтылады,
яғни  жеке   қылықтары   арқылы   қасиетін   танытады.   Осылайша   өзін-өзі
тәрбиелеудің алғашқы міндеттері алдынан шығады.
      Балаң жастағы бала үшін өзін-өзі тәрбиелеудің негізгі мотиві  «өзіңді-
өзің жаса», әлеуметтік  және  кәсіптік  қарым-қатынасты  толық  өзін  жүзеге
асыруға қажеттілігін қамтамасыз ету болып табылады. Осы  кезеңдегі  тұлғаның
өзін-өзі  тәрбиелеуге  деген  қызығушылығын  педагог   қолдай   отырып,   өз
тәрбиеленушілерінің құлықтық тәрбиеге деген сенімін бекітеді.
      Тәрбиеленуші үшін өмірлік міндеттерді шешуге реализмнің  көп  мөлшерде
болуы оларды іске  асырудағы  сәттілік  пен  сәтсіздік  басты  фактор  болып
саналады.  Сонымен  қоса  тұлғалық   қасиеттерді   қалыптастыруда   өзін-өзі
тәрбиелеу мен ұжымдық іс-әрекетті ұштастыра  отырып,  біршама  жетістіктерге
жетуге болады. Себебі әрбір индивидтің  өз  қабілеттерін  жан-жақты  дамытуы
осы жерден басталады.
      Студенттердің  өзін-өзі кәсіби тәрбиелеуінің қозғаушы күштері  сыртқы,
әлеуметтік талаптар және сұраныстарда ғана емес, сонымен бірге  оның  өзінің
осы  талаптар  мен  сұраныстарға  деген  қатынасында   анықталады.  Осы  екі
фактордың арасында пайда  болатын  қарама-қайшылықтарды  жеңіп  шығудың  өзі
студенттің өзін-өзі  дамыту,  өзін-өзі  тәрбиелеу  үдерісі  болып  табылады.
Бірақ берілген жағдайда тұлғаның ұстанымы, оның  жас  ерекшелік  сипаттамасы
оның кәсіби бағыттылығының сипаттамасымен толықтырылады.
      Өзін-өзі тәрбиелеу теориясының дамуында оның қозғаушы күштерін анықтау
үлкен маңызға  ие  болды.  Классик  психологтар  мен  философтардың  адамның
әлеуметтік  табиғаты  және  оның  санасы  мен  іс-әрекетінің   дамуы   жайлы
зерттеулеріне сүйене отыра, Л. И. Рувинский  өзін-өзі  тәрбиелеудің  жетекші
факторларын  атап  өтті:  «Өзін-өзі  тәрбиелеу  құбылысының  даму  негізінде
адамның сыртқы ортамен өзара іс-әрекеттестікте өз позицияларын өзгерту  және
өз тұлғасын тануының өзара байланысты үдерістерінің қалыптасуы  мен  өзгеруі
жатыр. Әрбір жасқа сыртқы ортамен іс-әрекеттестіктегі өз позициясын  өзгерту
және өз тұлғасын  танудың  белгілі  мүмкіндіктері  және  өзін-өзі  тәрбиелеу
ерекшеліктері тән.   Өзін-өзі  тәрбиелеу  қоғамдық  жағдайлармен,  тәрбиемен
әрекеттесе отыра,  өз  дамуында  тікелей  сыртқы  ықпалдармен  салыстырғанда
тұрақты болып қалыптасады».
      Өзін-өзі  тәрбиелеуді  іс-әрекет  және  тұлға  белсенділігінің  жоғары
формасы  ретінде  қарастыра  отырып,  бұл  іс-әрекеттің  өзіндік  әлеуметтік
тәжірибе екендігін, және бұл тәжірибе басынан ешкімге берілмейтіндігін,  оны
игеру қажеттігін есте сақтау қажет. Кез келген ұрпақ  өзін-өзі  тәрбиелеумен
өз заманының талаптарына сәйкес  айналысады.
      Өзін-өзі тәрбиелеу үдерісі қоғамдық тәрбиенің жалғасы мен табыс  шарты
болып табылатындағы сияқты, өзін-өзі кәсіби тәрбиелеу  де  студентті  кәсіби
тәрбиелеудің жалғасы болып табылады.
      Адамның өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттіліктің пайда болуының  жалпы
және алғашқы шарты – бұл оның бала, яғни  тәрбие  алушы  позициясынан  («Мен
оқушымын (студентпін), мені оқытсын және тәрбиелесін»)  ересек  адам,  маман
позициясына («Мен ержеттім. Мен  өзімнің  ісіме  жауаптымын»,  «Мен  болашақ
мұғаліммін. Мен өзімді осы жоғары қызметке дайындаймын») өтуі. Бірақ  осымен
бірге, ол өзінің  білімі  мен  икемділіктерін  байыту,  өз  тұлғасын  дамыту
бойынша дербес жұмыс жасау тәжірибесіне ие болуы тиіс.
      Өзін-өзі кәсіби тәрбиелеуге итермелейтін қарапайым  мысал  келтірейік.
Мәселен өзіне деген  сенімділік  мұғалімнің  маңызды  кәсіби  қасиеті  болып
есептеледі.  Ол   мұғалімге   іс-әрекетінің   тұрақтылығы   мен   нақтылығын
қамтамасыз етеді. Әдетте, студенттер,  тіпті  жас  мұғалімдер  бұл  қасиетке
қажетті мөлшерде  ие емес.  Сенімділіктің  жеткіліксіз  екендігін  сезінудің
өзі-ақ өзін жақсы жаққа өзгертуге түрткі болуы мүмкін.
      Кемшілікті тану факттерді талдауды,  себепті  анықтау  мен  оны  жоюды
талап етеді. Сенімділіктің жеткіліксіз болу себептерінің ішінен  істі  толық
білмеу, компетенттіліктің төмен дәрежесі жиі кездеседі.
      Кез келген кемшілікті жою үшін мынадай өзін-өзі  тәрбиелеу  әрекетінің
бірізділігін қолдануға болады:
      1. Өз іс-әрекетіндегі немесе  мінез-құлқындағы  кемшілікті  табу  және
себептерін анықтау.
      2. Осы кемшілікке деген эмоциялық қатынас, оны жағымсыз қасиет ретінде
сезіну.
      3. Келесі әрекет - өзін-өзі өзгерту ұстанымдарын анықтау.
      4. Кемшілікті жою тәсілдерін анықтау.
      Солардың ішінде үлгі-өнеге  маңызды  болып  табылады.  Мысалы  студент
өзіне  мынадай  сұрақ  қояды:  «Менің  орнымда  идеал-педагог  қалай  әрекет
жасаушы  еді?»  және   қиялдағы  іс-әрекет  үлгісі  бойынша   әрекет   жасай
бастайды. Немесе  мынадай ұстаным қабылдау тиімді: мен не істеу  және  қалай
істеу қажет  екендігін  білемін.  Қолымнан  келгенше  әрекет  жасаймын,  бар
назарымды іске аударамын.
      Әрине, нақты өмірлік жағдайларда өзін-өзі тәрбиелеу  үдерісі  осылайша
бірізді және тұтас бола бермейді. Ол әрқашан ойдағы нәтижені  бере  алмайды.
Оған күтпеген қиындықтар, құралдар мен тәсілдерді дұрыс  таңдай  алмау  т.б.
кедергі болуы мүмкін. Дегенмен келтірілген өзін-өзі тәрбиелеу үдерісі  жайлы
түсінік өзін-өзі тану және өз-өзіне  ықпал  жасау  процедурасының  логикасын
анықтайтын өзіндік қағиданык нұсқа  ретінде қала береді.
      Қорытындылай  келе,  өзін-өзі  кәсіби  тәрбиелеу  үдерісінің  қозғаушы
күштеріне ең алдымен қоғамдық талаптар мен сұраныстар,  адамның  жеке  тұлға
болып қалыптасу әрекеті, сонымен бірге заман  талаптарына  сай  маман  болып
қалыптасуындағы  адамның  өз  бойындағы  кемшіліктерді  жойып,   білім   мен
икемділіктерді  жетілдіру  үдерісіндегі   қайшылықтар   жататындығын   айтып
өткіміз келеді.
      Сонымен бірге болашақ мұғалімнің өз арманындағы идеалға ұмтылуы,  өзін
басқалармен салыстыруы, келешекте білгір  де  білікті,  бәсекеге  қабілетті,
іскер маман болып қалыптасу ниеті оның өзін-өзі  кәсіби  тәрбиелеуіне,  өзін
үнемі жетілдіруіне өз әсерін тигізеді.
      Студенттердің  осы  қайшылықтарды  жеңіп,  өзін-өзі  кәсіби  тәрбиелеу
үдерісінде қажетті нәтижеге жетуінде жоғары  оқу  орнының  берері  мол.  Бұл
үшін  ең  алдымен  студенттерді  бірінші  курстан  бастап  өзін-өзі   кәсіби
тәрбиелеу  теориясымен таныстырып,  әдістемелік  ұсыныстар  беріп,  бағыттап
отыру қажет.
      Осы мақсатты  арнайы курстар,  дәріс  сабақтарын  ұйымдастыру  арқылы,
немесе студенттердің өз үстінде дербес жұмыс жасауына  педагогикалық  қолдау
көрсету арқылы амалға асыруға болады.


      6.2 Өзін-өзі тәрбиелеудің құрылымдық компоненттері


      Дене тәрбиесі. Әрбір  адам  кем  дегенде  өз  ағзасының  құрылымы  мен
функцияларын,  тамақтану,  еңбек  пен   демалу    тәртібін,   жеке   гигиена
ережелерін орындау, салауатты өмір салтын ұстану және балалық шақтан  бастап
өз денсаулығын күте алуы керек. Бұл әсіресе ақыл-ой  еңбегімен  шұғылданатын
адамдарға, солардың ішінде болашақ мұғалімдерге қатысты.
      Өмір қарқынының өсуі және жүйке-психикалық  ауыртпалықтары  жағдайында
денсаулықты сақтаудың басты шарты – адамның  қозғалыс  механизмдерін  дамыту
болып табылады. Қозғалыс - өмір, ал  тыныштық  -  өмірдің  аяқталуы.  Ежелгі
Элладада блылай айтылған: «Егер күшті болғың келсе  –  жүгір,  әдемі  болғың
келсе – жүгір, ақылды болғың келсе – жүгір».
      Дене жаттығулары тек ағзаны ғана емес, психиканы да дамытады: ерік пен
мақсатқа блағыттылықтың  қалыптасуын,  жақсы  көңіл-күйге,  рухтың  сергуіне
мүмкіндік  береді,  ойлау  мен  қабылдауды,  ес  пен  қиялды   жаттықтыруды,
эстетикалық мәдениеттің жоғарылауына әсер етеді.
      Өкінішке  орай,  көп  адамдарда,  соның   ішінде   студенттерде   дене
шынықтырумен жүйелі түрде айналысуға ерік күштері  жетпейді.  Әрбір  студент
дене белсенділігінің емдік күші бар екендігін білуі қажет.
      «...Денсаулық  үшін  күрес,  аурудың  алдын  алу  –   бұл   тек   қана
дәрігерлердің ғана емес, әрбір адамның міндеті. Осы міндетті  орындау  -  өз
денсаулығының жағдайы туралы толық мәліметке ие болу,  кемшіліктерді  түзету
жолдары мен әдістерін анықтау болып есептеледі. Әсіресе, кәсіби  маңызы  бар
мүшелер мен функцияларға ерекше көңіл бөлу керек.
      Психикалық   үдерістердің    ерекшеліктері    және    оларды    дамыту
мүмкіндіктері. Адам  табиғаттан  психикалық  үдерістерді  өз  қабілеттерінің
негізі ретінде қалыптастыру мүмкіндігін  алады.  Олардың  табиғи  жүруі  тек
қана үйреншікті жағдайда іс-әрекет жасау барысында жүзеге асады.  Ал  ерекше
жағдайларда алдыңғы  тәжірибе  жеткіліксіз,  тіпті  кейбір  жағдайда  өнімді
еңбек жасауға кедергі жасайды. Бұл психикалық  үдерістерді  бақылауды,  оған
қажетті түзетулерді енгізуді, оларды басқаруды талап етеді.
      Сабаққа  дайындалу,  ғылыми  мәселелерді  шешу,  материалдық  мәдениет
өнімдерін  жарату  –  біздің  психикалық  дайындығымыздың  жағдайы  бірқатар
ерекшеліктермен: эмоциялық қозу деңгейімен,  интеллектуалды  белсенділікпен,
т.б. сипатталады. Бұл жағдайларды басқару – адамның өз қолында.
      Болашақ мұғалім үшін өзін-өзі психикалық реттеуді игеру  оның  болашақ
кәсіби іс-әрекетінің табыстылығының  алғышарты  болып  табылады.  Күнделікті
еңбекте мұғалімге үнемі өзін-өзі реттеу қажеттілігі туындап отырады.
      Мұғалім еңбегі үшін жүйке-психикалық ауыртпалыққа ие, кейде ол мұғалім
денсаулығын   бұзатын,   оның   еңбекке   қабілеттілігі   мен   шығармашылық
потенциалының  төмендеуіне  алып  келетін  стрестердің  пайда  болуына  әсер
етеді.
      Бұдан  мұғалімнің  өзі   де,   оқу-тәрбие   үдерісі   де,   мұғалімнің
айналасындағы адамдар да зиян шегеді.
      Мұғалімнің психикалық мәдениетінің жоғарылауы -  өте  қажетті  іс,  ал
студенттік жылдар осы мәдениетті қалыптастыру үшін қолайлы уақыт.
      Өзін-өзі тәрбиелеу және ойлау мәдениетінің дамуы.
      Ересек адам  өзінің  ақыл-ой  мүмкіндіктеріне   ықпал  ете  алатындығы
ғылымда дәлелденген. Ақыл-ой  қабілеттері  адамға  дайын  түрде  берілмейді.
Әрине,  белгілі  ақыл-ой  қабілеттеріне  бейімділік  болады.  Бірақ  негізгі
қабілеттер – байқағыштық, түсінгіштік, естің мобильділігі және  т.б.  қарым-
қатынас үдерісінде, оқу мен практикалық іс-әрекет барысында қалыптасады.
      Ал студенттердің өзін-өзі тәрбиелеу  объектісі  болып  ақылдың  қандай
қасиеттері табылуы керек? Бұл сұраққа жауап беру өте қиын.
      Дегенмен, мұғалім кейбір ақыл-ой қабілетінсіз жұмыс жасай алмайды.  Ең
алдымен ол талдай және жалпылай алу қабілеті. Мұғалімнің педагогикалық  мәні
бар фактілерді құбылыстардан ажырата алуы,  фактілерді  жалпылай  алуы  және
олардың арасындағы байланыстарды анықтай алуы қажет.
      Педагогикалық  факт  дегеніміз  не?   Бұл   оқыту   немесе   тәрбиелеу
мәселесіне қатысты кез келген құбылыс немесе оқиға.
      Ойлау үдерісін  құрайтын  негізгі  операциялар  –  бұл  жалпылау  және
талдау. Жалпылау педагогикалық  өмірдегі  фактілердің  жалпы  белгілері  мен
қасиеттерін  анықтауға  мүмкіндік  береді,   ал   талдау   керісінше   тұтас
нәрсенің бөліктерге бөлінуін анықтайды.
      Қалай жалпылауға және талдауға үйренуге  болады.?  Формалды  логиканың
болуы, әрине бұл үшін маңызға ие. Дегенмен, шешуші  фактор  білімділік  және
тұлғаның  өмірлік   тәжірибесі   болып   есептеледі.   Жалпылаулар   адамның
практикалық іс-әрекетінде пайда болады және  оның  дүниетанымымен,  теорияны
білуімен, тәжірибесімен анықталады.
      Шартты түрде жалпылау үдерісінің негізгі  үш  кезеңін  бөлуге  болады:
факттерді үйрену мен жинау, талдау және синтез (қорытынды, жалпылау).
      Педагогтың ойлауына субъективті жағдайлар да  әсерін  тигізеді.  Бұлар
жеке ерекшеліктер, құндылықтар болуы мүмкін. Адам  неғұрлым  дамыған  болса,
ол  соғұрлым  талдай  және  жалпылай  алады,  өз   санасына   фактілер   мен
құбылыстардың өзін емес, ал олардың мәнін қабылдай алады.
      Өзінің интеллектуалдық қабілетін жетілдіруде қабылдауды дамыту маңызды
болып табылады.  Ол  зейін  мен  қиялдың  дамуына  тікелей  байланысты.  Бұл
қабілеттерді дамытуға арналған  арнайы  жаттығулар,  белгілі  интеллектуалды
шынығулар бар. Олмен шұғылдана отырып, келесілерді есте сақтау керек.
      1. Психика іс-әрекетте дамиды.
      2. Ойлауды, есті шынықтыру үшін нақты проблеманы, нақты  педагогикалық
жағдайларды қолдану қажет.
      3. Өз  интеллектісін жетілдіру бойынша жұмыс жасай отыра, өзінің  жеке
дара ерекшелігін, мысалы,  естің түрін, көлемін, дайындығын білу қажет.
      4.  Өзінің  ерекшеліктерін  анықтағаннан  кейін,  өзін-өзі   тәрбиелеу
тәртібін қалыптастыруы керек.
      Бұл жалпы мәліметтерден басқа,  студенттерге  өзін-өзі  интеллектуалды
тәрбиелеуі үшін қарапайым, бірақ  тәжірибеде  дәлелденген   ақыл-ой  еңбегін
ұйымдастыру тәсілдері көмек бере алады.
      Бұл жазба мәліметтер жүргізу,  кестелер  құру,  каталогтар  жасау,  өз
жұмыс  орнында  тәртіпті  сақтау,  ойлау   объектілерін   -   есте   сақтау,
жалпылаудың маңызын бағалау арқылы өзінің жадының іс-әрекетін жеңілдету.
      Дене  шынықтыру  денсаулықты  сақтаудың  маңызды  болғандығы  секілді,
психикалық  шынығу  да  ақыл-ой  қабілетін   дамыту   үшін   маңызды   болып
есептеледі.  Орталық  жүйке  жүйесін  күнделікті  5-10  минуттық   шынықтыру
әдеттегі іс ретінде қалыптасуы керек.
      Өзінің психикалық  жағдайын  реттеу  не  үшін  қажет?  Өйткені  біздің
психикалық үдерістеріміз сыртқы ортаға әсер етеді.  Сондықтан  олар  қалыпты
жүре алады немесе нашар, паталогиялық ауру  жағдайларына  жеткен  стрестерге
толы болуы мүмкін. Өзінің ерекшелігі мен  мүмкіндігін  білу,  оларды  реттей
алу –  еңбектің  өнімділігін  арттыруда  да,  денсаулықты  сақтауда  да  аса
қажетті болып есептеледі.
      Негізгі танымдық икемділіктерді тәрбиелеу.  Танымдық  икемділіктер  өз
ішіне оқушыларды бақылау және  түсіну,  оқу  ақпараттарында  бағыттала  алу,
өзінің физикалық және психикалық жағдайын тани және бақылай алу,  өз  мінез-
құлқын реттеуді қамтиды.
      Бұл икемділіктер мен қабілеттер өздігінен  іс-әрекет  үдерісінде  дами
алады, бірақ оларды саналы дамыту нәтижелі болып есептеледі.  Байқағыштық  -
қабылдау, ойлау, ес  және зейінге негізделеді. Қарау мен  көру,  тыңдау  мен
есту бірдей емес.
      Байқағыштық – бұл күрделі қасиет. Бұл тек «тыңдау»  мен  «қарау»  ғана
емес,  ал   қызығушылықпен   қабылдау,   ақыл-ойдың   белсенді   іс-әрекеті.
Педагогикалық  байқағыштықтың  қалыптасуын  ақыл-ой  іс-әрекетінің   бірізді
қалыптастасу  теориясы  тұрғысынан  түсінуге  болады.  Бұл  үдерісс   келесі
негізгі өтпелі  жағдайлардан  өтеді:  сыртқы  белгілер  тұлғаның  эмоциялық,
интеллектуалдық және еріктік үдерістері: мимика,  ым-ишара,  интуиция,  т.б.
туралы білім  қалыптасады.  Байқаудың  бағыттылық  негізі  осылай  құрылады.
Келесі кезеңде бақылау  тәжірибесі  және  басқа  адамды  қарым-қатынас  және
еңбек үдерісінде тану.
      Коммуникативті икемділіктерге өзін-өзі тәрбиелеу.
      Коммуникативті икемділіктер тәрбие икемділіктері  сияқты  жалпыадамдық
икемділіктерге жатады. Дегенмен  педагог  үшін  бұлар  оның  кәсіби  қабілет
болып табылады.
      Болашақ мұғалімге  қарым-қатынас  түрлері  мен  мәдениетін  білу  және
меңгеру қажет.  Әр  түрлі  әлеуметтік,  кәсіби  және  тұрмыстық  жағдайларда
қарым-қатынас әр түрлі формаға ие. Өзара  қарым-қатынас  ең  негізгі  типтік
түрлері    келесілер    болып    есептеледі:    анонимдік,     функционалды-
рөлдік(іскерлік), формалды емес және интимдік-отбасылық қарым-қатынас.
      Қарым-қатынастың бұл түрлерінің әр қайсысының өз  қызметі,  ерекшелігі
бар.  Біз  оқушы  мен  мұғалімнің  арасындағы   қарым-қатынас   ерекшелігіне
тоқталамыз.  Қарым-қатынастың  бұл  түрі  оқыту  мен  тәрбиелеу,  әлеуметтік
ақпаратты  хабарлау,  өзара  қарым-қатынас  орнату  және  т.б.   қызметтерді
атқарады. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті сөйлеу  және  тыңдай  алуды,
басқа адамның тұлғасын қабылдау және түсінуді талап етеді. Мұғалімнің қарым-
қатынас қабілетінің  тағы  бір  маңызды  көрсеткіші  оның  өзін  ойша  басқа
адамның орнына қоя  білу,  өз   әрекеттерінің  түрткісін  білу,  яғни  басқа
біреудің  ойын,  эмоцияларын  және  іс-әрекетінің  түрткісін   түсіну.   Осы
мәселеде бірнеше кеңестер:
      1. Оқушының іс-әрекетіне жауап қайтарғанда мобильді болу.
      2. Өзін-өзі бақылауды жүзеге асыру және өзін-өзі сынау.
      3. Тәжірибелі мұғалімдердің жұмысын бақылай алу, олардан қарым-қатынас
жасау, мақсатқа сәйкес  өзара қарым-қатынас орнатуға үйрену.
      4. Өзінің мінез-құлқын дұрыс  педагогикалық  қарым-қатынастың  негізгі
көрсеткіштері бойынша талдай алу: өзара  әрекеттестік  үдерісінде  балаларға
көңіл бөлу жеткілікті ме;  сіздің  талаптарыңыз  бен  бағаларыңыз  әділ  ме;
сізді оқушылар түсіне ме?
      Бірақ осының бәрін үйрену  үшін  жаттығулар,  белгілі  бір  тренингтер
қажет. Сонымен қатар, алда тұрған оқу  және  тәрбие  жұмыстарын  ұйымдастыру
тактикасы мен стратегиясын жасауға үйрену керек.
      Мұғалімге педагогикалық техниканы толық меңгеруі үлкен  көмек  береді.
Екпін, ишара, зейін, т.б. табиғи болып көрінгенмен,  бұлардың  бәрін  үйрену
керек. Және қателіктер мен сынаулар әдісімен емес, ал  педагогикалық  қарым-
қатынас теориясы саласындағы білім негізінде  үйрену  қажет.  Танымал  кеңес
психологы   Б.Ф.Ломов   былай   деп   есептейді:   «Қарым-қатынас    субьект
белсенділігінің  дербес  ерекше  түрі  болып  есептеледі»;   оның   нәтижесі
қайтадан жасалған зат емес, ал басқа адамдармен  қарым-қатынас  дағдыларының
дамуына  күнделікті  өмірдегі   қарым-қатынас   тәжірибесі    үлкен   әсерін
тигізеді,  әсіресе,  егер  ол  саналы  және  өзін-өзі  тәрбиелеу  мақсатымен
қолданылатын болса. Бірақ арнайы жаттығуларды белсенді қолдану қажет.
      Қарым-қатынас үдерісі өзінің логикасына ие: алдымен  бағытталу  жүзеге
асады, одан  кейін  байланысқа  ену,  психологиялық  барлау,  бұнда  ақпарат
алмасуға  үнсіз  келісім  беріледі,  тек  осылардан  кейін  ғана  –   қарым-
қатынастың өзі амалға асады. Қарым-қатынастың осы кезеңдерін  үйрену  қажет.
Қарым-қатынас жасау икемділігін қалыптастырудың 3 әдістемесі бар:
      1. Педагогикалық қарым-қатынасты модельдеу (педагогикалық ойындар).
      2. Микрооқыту; әрбір педагогикалық тәсілді меңгеруде сынамалы сабақтар
жүргізіледі; бұл сабақтар кіші топтарда өткізіледі, және  соңында  талданады
және талқыланады (бейнетаспа болса тіпті жақсы).
      3. Басқалардың тәжірибесін қолдану.
      Бұл әдістемелердің әрқайсысы өзінің күшті  және  әлсіз  жақтарына  ие.
Педагогикалық қарым-қатынас құралдарын игеру үдерісінде бірқатар  кезеңдерді
атап өтуге болады.  Бірінші  кезеңде  рефлексияға  өз  мінез-құлқын  санадан
өткізуге, қарым-қатынас мазмұны мен техникасын, тұлғаның  ішкі  жағдайы  мен
сыртқы бейнесін ажыратуға икемділік дамиды.
      Өзін-өзі  реттеу,  коммуникативті  тәсілдерді  игеруде  бейнетаспалар,
диктофон немесе қарапайым айнаны қолдану тиімді болып есептеледі. Өз  қарым-
қатынасын тыңдау мен көру, талдау - өзін-өзі  тану,  бағалау  және  өзін  өз
үстінде жұмыс істеуге оятудың қажетті жағдайлары.
      Екінші кезең – оқушылардың интеллектуалдық,  эмоциялық  және  екріктік
жағдайларын түсіну икемдігін меңгеру,оқушылардың белсенділігін қолдай  алуды
үйрену.  Басқа  адамды  түсіну  қабілетін  асыру    мен   білімді   байытуға
телекөрсетулерді, кинокадрларды көру  және  нақты  адамдарды  бақылау  көмек
береді.
      Үшінші кезең – байланыстарды қабылдау мен орнату икемділіктерін дамыту
ғана  емес,  сонымен  бірге  оқушыларға   міндетті   түрде   және   белсенді
педагогикалық ықпал жасау, осы ықпалдар тәсілдерін меңгеруді сипаттайды.
      Қарым-қатынастың нәтижелілігі көбіне  педагогикалық  этика  нормаларын
сақтауға, педагогтың тұлғалық қасиеттеріне тәуелді болады.
      Ақпараттық икемділіктерге өзін-өзі тәрбиелеу. Кез  келген  практикалық
іс-әрекет   негізгі   3   функционалды   бөлімдерден   тұрады:   бағыттаушы,
орындаушы, және бақылаушы. Мұнда бақылаушы қызмет  дербес  емес,  бағыттаушы
мен орындаушы бөлімдермен бірге қызмет көрсетеді. Осылайша, болашақ  мұғалім
өзін-өзі  тәрбиелеу  үдерісінде   педагогикалық   іс-әрекеттің   бағыттаушы,
орындаушы және бақылаушы қызметтері бейнеленетін  ақпараттық  икемділіктерін
кәсіби дәрежеде   меңгеруі қажет. Ақпарат таратудың  негізгі  құралы  сөйлеу
болып табылады. Маңызды ақпараттық жүктемені  мұғалімнің  мимикасы  мен  ым-
ишарасы, сонымен бірге  көрнекі  және  техникалық  құралдар  артады.  Оларды
дербес меңгеру – ақпараттық икемділіктерді игеруге өзін-өзі тәрбиелеу  болып
табылады.    Сөйлеудің    бағыттаушы    қызметі     оқушылардың     танымдық
қызығушылықтарын қалыптастыруға әсерін тигізеді.
      Өзінің кәсіби сөйлеу ерекшеліктерін тану, өзінің үстінде  жұмыс  істеу
бағдарламасын жасау және осы  жұмыстың  нәтижелерін  есептеуді  ойша  немесе
жазба түрде жүргізуге болады.  Студентерге  арнайы  құрылған  жеке  сөйлеуді
дамыту жоспары тиімді болып саналады.
      Жоспарды шамамен келесі формада құруға болады:

|Сөйлеуді дамыту        |Өз сөйлеуін жетілдіру  |Нәтижелер              |
|міндеттері             |жолдары мен құралдары  |                       |
|1. Сөйлеудің шектен тыс|Қалыпты сөйлеуге үйрену|                       |
|қарқындылығын          |жаттығуларын жасау,    |                       |
|бәсеңдету.             |екпінді, үзілісті      |                       |
|                       |қадағалау              |                       |
|2. Кейбір дыбыстарды   |Өзінің сөзін үнтаспаға |                       |
|айтуды түзету.         |жазып алып қорытынды   |                       |
|                       |жасау, жаттығулар      |                       |
|                       |жүргізу                |                       |
|3. Сөз бен буындарды   |1. Тыңдаушылардан қай  |                       |
|анық айту.             |сөздерді қиындықпен    |                       |
|                       |айтатынын сұрау.       |                       |
|                       |2. Анық айтуға жаттығу.|                       |
|4. Мәнерлеп оқу мен өз |Осы мәселе бойынша     |                       |
|сөйлеу эмоциясының     |әдебиетті қарастыру,   |                       |
|дағдыларын жақсарту.   |тәжірибелі адам-дардың |                       |
|                       |кеңестерін қолдану     |                       |


      Өзін-өзі ұйымдастырушылық қабілеттерге тәрбиелеу. Студенттердің  өзін-
өзі ұйымдастырушылық қабілеттерге дамытуы көбіне  педагогикалық  практиканың
өту  барысында  жүзеге  асады.   Бұны   педагогикалық   үдерістің   мақсатын
нақтылаудан бастау керек. Студент практиканың оқу-тәрбиенің жалғасы  ретінде
не үшін ұйымдастырылатындығын  білуі  керек.  Практиканың  мазмұнын  болашақ
мұғалімді кәсіби дайындаудың мақсаты ретінде емес, тек құралы  ретінде  ғана
қарастыруы керек.
      Болашақ мұғалімнің ұйымдастырушылық икемдіктеріне тапсырыс  бере  алу,
берілген тапсырманы орындау барысын бақылау,  іс-әрекет  нәтижесін  бағалау,
оған түзетулер енгізу жатады. Бұл икемділіктерді  қалыптастыру  үшін  арнайы
құралдар мен тәсілдер болуы керек.
      Ұйымдастырушылық икемділіктерді  игеру  үдерісінде  студенттер  келесі
деңгейге ерісе алады:
      1. Репродуктивті: студент мұғалімдердің  немесе  басқа  да  адамдардың
ұйымдастырушылық іс-әрекетін қайталайды.
      2.  Бейімделуші:  студент  алдыңғы   тәжірибені   жаңа   бірақ   ұқсас
жағдайларда қолдануды жүзеге асырады.
      3. Модельдеуші: студент педагогтардың тапсырмасы  бойынша  оқушылардың
ұжымдық іс-әрекетін орындауын қамтамасыз  ететін  әрекеттерді  саналы  түрде
жоспарлайды және жүзеге асырады.
      4. Шығармашылық: студент жеткілікті дербестікті танытады,  оқушылардың
өмірін  педагогикалық   ұйымдастырады,   мақсат-міндеттер   қояды,   олардың
орындалуын ұйымдастырады, нәтижесін бағалайды.
      Әрине,  студенттердің  барлығы  бірдей  ұйымдастырушылық   икемділікті
шығармашылық  деңгейде  игере  алмайды.   Дегенмен,   қоғамдық-педагогикалық
жұмыстарда белсенділік танытқан студенттер мақсатқа жете алады.
      Болашақ  мұғалімдердің  әлеуметтік  қасиеттерге  өзін-өзі  тәрбиелеуі.
Педагог  қоғамның  ең  маңызды  тапсырысын  –  жаңа  адамды   қалыптастыруды
орындаушы болып есептеледі. Нағыз мұғалім болу үшін  әлеуметтік  тұлға  болу
қажет. Сөз мұғалім тұлғасының жетекші қасиеттері жайлы жүреді.  Осы  кезекте
К. К. Платоновтың  пікіріне  құлақ  түрейік:  «Бірінші  құрылым  бағыттылық,
қарым-қатынас және тұлғаның моральдық қасиеттерін біріктіреді.  Бұл  құрылым
тәрбие жолымен қалыптасады. Ол  әлеуметтік  шартталған.  Оны  қысқаша  тұлға
бағыттылығының құрылымы деп атауға болады».
      Тұлға бағыттылығы өзін-өзі кәсіби тәрбиелеу үдерісінде ең  басты  орын
иелейді. Себебі ол тұлғаның қайда «бара жатқанын», оның  қай  бағытта  дамып
жатқанын анықтайды. Ал қозғалыс бағытын біле отырып, біз  бұл  тұлға  қандай
дәрежеге жетеді, одан не күтуге болады деген сұрақтарға шамамен  жауап  бере
аламыз.
      Тұлға  бағыттылығының   негізгі  үш  түрі   болады:   тұлғаның   өзіне
бағытталуы, ұжымға бағытталуы және іске бағытталуы. Бұл бағыттылықтарды  біз
әрбір адамда  кездестіре  аламыз.  Дегенмен,  әрбір  адамда  осылардың  бірі
үстем болады.
      Егер тұлға өзіне бағытталған болса, ол тек өзіне  ғана  пайда  келтіре
алады. Оны басқалардың пікірі, қызығушылықтары қызықтырмайды,  ол  тек  өзін
ғана ойлайды. Ал егер тұлға ұжымға бағытталған  болса,  онда  ол  ұжым  үшін
өзін құрбан етеді, өзінің қызығушылықтарынан бас тартады.
      Іске бағытталған  тұлға  сол  істі  дамытуға,  жетілдіруге  бар  күшін
жұмсайды, осының барысында ол өзі жайлы ұмытып  та  кетуі  мүмкін.  Яғни  іс
үшін өзін құрбан етеді. Осы жерде мынадай түсінік пайда болуы мүмкін:  тұлға
қаншалықты  өзіне  бағытталған  болса,  ол  соншалықты  жеке  тұлға  ретінде
қарқынды, жан-жақты дамиды.
      Осылайша пайымдау логикалық жақтан дұрыс  сияқты  болып  түйіледі,  ал
нақты өмірде бұл  жағдай  керісінше  болып  келеді:  адам  неғұрлым   өзінің
қызығушылықтары мен пайдасы жайлы көп ойласа,   ол  соғұрлым  оларға  аз  ие
болады. Және керісінше,  адам  өз  пайдасы  жайлы  неғұрлым  аз  ойласа,  ол
соғұрлым интеллектуалдық, рухани және психологиялық бай болады.
      Бұған мысал  ретінде  ұлы  және  атақты  адамдардың  өмірін  келтіруге
болады. Олар қаншалықты іске, шығармашылыққа  берілген  сайын,  олар  өздері
жайлы  ұмыта  бастады  және  соншалықты  табысқа,   шығармашылықтың   жоғары
деңгейіне  ерісті.  Әрбір  адам  өзінде  қандай   бағыттылықтың   үстемшілік
ететіндігін, өз іс-әрекетінің доминантасын анықтай алуы керек.
      Жалпы дүниетанымдық көзқарастардың ішінде педагогтың танымы үшін  оның
кәсіби  іс-әрекеті  саласындағы  көзқарастары  мен  сенімдері  ерекше  болып
табылады.
      Сенімдер тұлғаның санасы мен өзін-өзі тануының маңызды элементі.  Олар
адамның өзінің білімі, көзқарастары, қағидалары   шынайы және  оның  өмірлік
мақсаттары мен ұмтылыстарына сәйкес болуымен сипатталады. Басқаша  айтқанда,
сенімдерде білім, осы білімге деген қарым-қатынас, сонымен бірге  білім  мен
ниетке сәйкес әрекет жасауға дайындық. Сондықтан сенімдер адамның өзін  және
оның практикалық әрекетін, қылықтарын басқаратын идеяларды ұсынады.
      Студенттерде дұрыс қалыптасқан сенімдер олардың болашақ практикалық іс-
әрекетінде оптимистік, өзіне талап қоюшылық,  қағиданылік  сияқты  қасиеттер
де пайда болады.
      Өкінішке орай, жоғары  оқу  орындарында  педагогикалық  этика  бойынша
жүйелі білім берілмейді. Мұғалімнің  маңызды  адамгершілік  қасиеті  ретінде
педагогикалық тактті өз  бойында  тәрбиелеуге  ерекше  тоқталу  қажет.  Оның
міндеті ішкі адамгершілік мәдениетінің шынайы дәрежесіне (өзінің  адамдарға,
оқушыларға  деген  қарым-қатынасы)  және  сыртқы  адекваттық  мінез-құлықтың
жоғары мәдениетіне жету.
      Болашақ мұғалімнің өзін-өзі эстетикалық тәрбиелеуі. Эстетикалық қарым-
қатынастар адам өмірінің барлық салаларында – тұрмыс пен еңбекте, спорт  пен
ғылымда, адамдарға және табиғатқа  қатынасында,  өнер  мен  техникаға  деген
көзқарасында, т.б. көрінеді. Адамға қай жерде болмасын ғажайып,  ұлы  немесе
керісінше  төмен,  трагикалық  сезімдер   серік   болады.   Адамдар   қарым-
қатынасының сұлулығы – бұл эстетикалық сезімнің шыңы.
      Болашақ мұғалімнің эстетикалық өзін-өзі тәрбиелеуінің  пәні  не  болып
есептеледі?  Егер  қысқаша  айтсақ  –  эстетикалық  сана.  Эстетикалық  сана
мазмұнына жалпы эстетикалық бастаулар (эстетикалық көзқарастар,  түсініктер,
сенімдер, эстетикалық тәжірибе т.б.). Құрылымды түрде 3  негізгі  компонетті
бөліп айтуға болады:  эстетикалық идеал, тұлғаның құндылықты бағыттары  және
эстетикалық талғам.
      Эстетикалық идеал өз ішіне адамның қалыптасуы,  дамуы,  жеке  тұлғаның
жан-жақты дамуына қолайлы болатын  өмір  салты  туралы,  тек  қана  мақсатқа
бағытталған, пайда көздеген қағида  бойынша  емес,  сонымен  бірге,  сұлулық
заңы бойынша өмір  сүретін   түсініктерді  қамтиды.  Құндылықты  эстетикалық
бағыт мұғалімде өмір сүру мен еңбек етуге лайықты  болатын  тұлғалық  маңызы
бар  құндылық  сияқты   қабылданатын   өз   еңбегінің   нәтижелеріне   ерісу
ұстанымдарының болуын қамтамасыз етеді. Мыс., тәрбиеленушілерді  рухани  бай
етіп тәрбиелеу, олардың икемділіктері мен қабілеттерін  дамыту,  оларды  аға
буынның лайықты орынбасары ретінде даярлау. Бірақ педагогикалық  эстетикалық
құндылықтардан басқа құндылықтарға да, әсіресе, әдеби  құндылықтарға  мұқтаж
болады. Мұғалімнің  эстетикалық  талғамы  қай  нәрседе  де  кездеседі:  оның
сыртқы бейнесінде де, оның қылықтарында,  жүріс-тұрысында,  жұмыс  орны  мен
тұрғын  үйін  орналастыруында,  қоршаған  ортаға,  өзінің   еңбегіне   деген
қатынасында, тіпті оны  не  қуантады,  не  күйзелтеді  –  осындай  кезде  де
көрінеді.
      Эстетикалық сана элементтері белгілі иерархияны  қалыптастырады.  Оның
жоғарысында эстетикалық идеал тұрады, соның негізінде  эстетикалық  сенімдер
пайда болады. Идеалдың сапасы мен қалыптасу деңгейіне  эстетикалық  бағыттар
тәуелді болады. Олар белгілі бағытқа ие  болуы,  адамды  ізденуге,  және  өз
тәжірибесінде эстетикалық құндылықтарды бекітуіне итермелеуі  мүмкін,  бірақ
егер эстетикалық идеал қалыптаспаса, онда құндылықты  бағыт  та  анық  емес,
тұрақсыз болады. Бұл өз кезегінде эстетикалық талғамдарда да көрінеді.  Олар
да тұрақсыз, нақты болмайды.
      Өзін-өзі  эстетикалық  тәрбиелеудің   мақсаты  мен    пәнін   анықтау,
сонымен бірге осыны жүзеге асырудағы нақты міндеттерді  анықтау  өте  қажет.
Өзін-өзі  эстетикалық  дамыту  міндеттерін  жүзеге  асыру  тұлғаның   сәйкес
эстетикалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етуі тиіс. Тұлғаның кез  келген
қасиеті  –  адамның  барлық  психикалық  үдерістерін   қамтитын   (танымдық,
эмоциялық және еріктік)  ерекше  психикалық  құрылым  екендігіне  байланысты
өзін-өзі  эстетикалық  тәрбиелеу  үдерісі  студенттердің   алдында   мынадай
міндеттерді қояды:
      Өзінің эстетикалық  түсініктері мен көзқарастар шеңберін  байыту.  Бұл
өз кезегінде сәйкес  танымдық  қабілеттерді:  эстетикалық  қабылдау,  ойлау,
қиял, т.б. дамытуды талап етеді, себебі адам қабылдай және  түсіне  алмайтын
нәрсені эстетикалық қабылдай алмайды. Оларсыз  адам  формалардың,  түстердің
көрінетін әдемілігін және  дыбыстардың,  олардың  үйлесімділігінің  естілуші
әдемілігін сезіне алмайды.
      Тұлғаның өзін эстетикалық жетілдіруі, өзінде  эстетикалық  қасиеттерді
тәрбиелеу құралдары мен мүмкіндіктері жайлы білімдерді жатқызуға болады.
      Келесі міндет – сезімдер  мен  сезінулерді  тәрбиелеу.  Бұл  міндеттің
маңыздылығы ең алдымен эстетикалық  түсініктерде  алдыңғы  орында  эмоциялық
жауап қайтару қабілеттері мен қажеттіліктерін қалыптастыруда жатқызылады.
Үшінші міндет – бұл өз  бойында  эстетикалық  икемділіктер  мен  дағдыларды,
эстетикалық  іс-әрекет  жасауға  дайындықты  қалыптастыру.  Бұл  ең  алдымен
таңдалған мамандық пен  кәсібіндегі  шығармашылық  бейімділіктерді  дамытуға
және педагогикалық іс-әрекет тәжірибесін жинақтау.
      Студент эстетикалық дамымау тұлғаның жалпы кедейленуіне алып келетінін
есте сақтауы қажет. Мысалы, Ч.  Дарвин  өмірінің  соңында  оның  эстетикалық
сезімдері  мен  талғамының  нашарлағанын,  егер  ол   өз   өмірін   қайталау
мүмкіндігіне ие болса, ол мидың эстетикалық  сезіміне  қатысты  бөліктерінің
белсенділігін  сақтау үшін барлық нәрсені істеуге дайын екендігін  өкінішпен
айтқан.
      Өзінің қоғамдағы  орнына  байланысты  мұғалім  эстетикалық  мәдениетке
жоғары  дәрежеде  ие  болуы  қажет.  Оған  тек  қана  эстетикалық   мәдениет
деңгейінің  дамуы ғана емес, сонымен қатар, жаратушы деңгей де  жеткіліксіз,
ол басқа адамдардың эстетикалық  мәдениетін  мақсатқа  сәйкес  қалыптастыруы
және оны өз бойында үнемі дамытуы қажет.
      Студенттің эстетикалық мәдениетінің дамуында әдебиет  пен  өнер  үлкен
рөл иелейді. Себебі заманауи адамның эстетикалық мәдениетінің өзегі  өнердің
ықпалымен қалыптасады және көркемдік мәдениет ретінде көрінеді.
      Эстетикалық  мәдениетті  игерудің  маңызды  құралы  болып   студенттің
көркемдік дербес іс-әрекеті мен  әдеби  шығармашылыққа  қатысуы  есептеледі.
Педагогикалық   мамандықты   таңдау   арқылы    өзіне    үлкен    әлеуметтік
жауапкершілікті таныған студент өзінде сұлулық  заңы  бойынша  әрекет  жасау
қабілетін қалыптастыра алуы қажет.
      6.3 Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері


      Өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі бойынша көптеген ғалымдар (С. Б.  Елканов,
Б. Н. Зязин, О. А. Абдуллина, Н. Б. Крылова) т.б. еңбектер жазған. Тек  қана
аталып өтілген ғалымдар емес, кез келген ағартушы-педагог,  зерттеушілер  өз
еңбектерінде өзін-өзі кәсіби тәрбиелеу мәселесіне көңіл  бөлген.
      Студенттердің  өзін-өзі  тәрбиелеуіне  көмек  ретінде  С.  Б.  Елканов
жасаған өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін ұсынуға болады. Ол  өзін-өзі  тәрбиелеу
әдістерін бірізділікте, яғни оның өту барысының  логикасына  сәйкес,  ондағы
қажеттіліктің пайда болуынан бастап, белгілі  бір  нәтижеге   жетуіне  дейін
қарастырған:
      1. Өзін-өзі тану және өзін-өзі бағалау. Өз тұлғасын белсенді  дамытушы
болу үшін студент өзіне сырттай сыни көзбен, болашақ мамандығының  талаптары
тұрғысынан қарай білу керек.
      Өзін-өзі тану – бір мезетті емес, күрделі үдеріс. Ол басқа  адамдармен
өзара әрекеттестік жағдайында жүзеге асады.  Өзін-өзі  тану  өзін-өзі  сынау
нәтижесінде пайда болады.
      Өзін-өзі тануды өзін-өзі бақылаудан, өз өмірінің фактілерін  талдаудан
бастау керек. Студент үнемі өзін-өзі саналы өмірмен жасауы  қажет:  ол  өзін
дербес қоғамдық, кәсіби және жеке өмірге  дайындап  жатқанын,  өз  бойындағы
қайсы  қасиеттердің  келешекте  қажеттігін,  немесе   керісінше,    өз   іс-
әрекетінің қай тұстары бекер өтіп жатқанын байқай алуы керек.
       Өзін-өзі талдау - өзін-өзі танудың екінші тәсілі. Бұл  үдеріс  -  өте
күрделі,  ол  фактілердің  сыни  бағалануын,  оның  белгілі   құндылықтармен
сәйкестілігін талап етеді.
      Өзін-өзі талдаудың жиі кездесетін түрі - адамның өзін идеалмен, немесе
достарымен, не өткендегі  немесе  келешектегі  өзінің  бейнесімен  салыстыру
тәсілі. Бұл тәсіл студентке өзін даму қозғалысында, үнемі өзгеру  үдерісінде
көруге мүмкіндік береді.
      Өзін-өзі танудың белсенді тәсілі өзін-өзі сынау  болып  табылады.  Бұл
тәсілді қоғамдық ұйымдастыру жұмыстарында, ұжымдық қарым-қатынас  жасағанда,
 құрылыс жасақтары сияқты қоғамдық жұмыстарда жүзеге асыруға болады.
      2. Өзін-өзі ынталандыру. Өзінің кемшіліктері  мен  жетістіктерін  білу
олармен күресу қажеттілігін тудыруға жеткіліксіз екендігі жақсы белгілі.  Ол
үшін мақсатқа ұмтылушылық, ерік күші, т.б. тұлғалық қасиеттер  қажет.  Өзін-
өзі   сынаудың   ынталандырушы   әсері   болады.   Алдымен,   тұлға   өзінің
кемшіліктерін анықтап, шеше білуі қажет. Екіншіден, өз өміріне  белгілі  бір
мақсат қоя білуі керек.  Әрине,   мақсатты  өз  мүмкіндіктеріне  қарай  қоюы
тиіс.  Сонымен  өзін-өзі  сынау  мен  өмірлік  мақсатының   болуы   өзін-өзі
тәрбиелеудің ынталандырушы факторы болып табылады.
      3. Өзін-өзі бағдарламалау немесе өзін-өзі тәрбиелеу жоспары  әр  түрлі
формада жүзеге асуы  мүмкін:  жазбаша  түрде  немесе  саналы  мақсаттар  мен
міндеттер қойып  ойша  жоспарлау.  Бірінші  курс  студентіне  жазба  түрдегі
жоспарлау қолайлы болып табылады. Кейінірек, өзін-өзі тәрбиелеу  процедурасы
меңгерілгеннен кейін, жазба нұсқаның қажеті болмайды.
      Өзін-өзі тәрбиелеу жоспарын жасамастан бұрын, студент өз тұлғасы жайлы
нақты  ақпаратқа  ие  болуы  керек.  Бастапқы  бағыттарда  қателіктерге  жол
қойылса, өзін-өзі тәрбиелеу амалға аспауы мүмкін.
      Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеудің бағдарламасы мен  жоспарлау  түсініктерін
ажырата білу керек. Өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасы  тұлғаның  толық  өзгеру
мүмкіндігін анықтауды болжайды. Ал жоспарлау  –  нақты  адам  үшін  жасалған
өзін-өзі  тәрбиелеудің  нақты  әдістері  мен  құралдары,   міндеттері   және
қолданылатын іс-шаралар.
      Өзін-өзі тәрбиелеу  жоспарын  студенттердің  өздері  де  жасай  алады.
Дегенмен,  оларға  мұғалімнің  көмегі  немесе  атақты  адамдардың   өзін-өзі
тәрбиелеу жоспарларының үлгісімен танысу тиімді. Мысалы К. Д.  Ушинский  жас
кезінде мынадай жоспар құрған:
      1. Байсалдылық, кем дегенде сыртқы байсалдылық.
      2. Сөз бен іс-әрекеттегі турашылдық.
      3. Іс-әрекеттің саналылығы.
      4. Шешімді тез қабылдаушылық.
      5. Егер қажет болмаса өзі туралы бір сөз де айтпау.
      6. Уақытты саналы өткізу.
      7. Әр күні кеште өз іс-әрекеттеріне есеп беру.
      8. Ешқашан болған нәрсеге немесе болатын нәрсеге мақтанбау».
      4. Өзіне-өзі ықпал етудің әдістері мен тәсілдері. Өз  тұлғасына  ықпал
ету әдістері мен тәсілдері жүйесінің шегі  болмайды,  мұнда  әркімнің   жеке
шығармашылығына    байланысты   әдіс-тәсілдер   әр   қилы   болуы    мүмкін.
Әдебиеттерде көп кездесетін өз  тұлғасына  ықпал  етудің  келесі  тәсілдерін
атап өтейік:
      1. Өзін-өзі бағалау мен өзі өзіне есеп беру. Жұмыс үдерісінде  студент
өз  қылықтарына   сырт   көзбен   қарауға   үйренеді.   Өзін-өзі   байқаумен
салыстырғанда,  өзін-өзі бақылау тек қана болған оқиғаны тізімге  алып  және
талдауға фактілерді дайындап қана  қоймай,  осы  шақ  пен  келешекте  жүзеге
асатын ой мен іс-әрекетке серік болады. Оның негізгі функциялары:  тек  қана
қабылдау, көру, оқиғаны тізімге алу ғана емес, ал оған баға беру,  түзетулер
енгізу.
      Өзін-өзі бақылау сыртқы әлемдегі құбылыстарды бақылаудан келіп шығады.
Игерілгеннен  кейін  өзін-өзі  бақылау  әрекеттері  адамның   өзі   жасайтын
қылықтар мен әрекеттерге айналады.  Ең   жоғары  дәрежеде  өзін-өзі  бақылау
өзін-өзі тәрбиелеудің құралы мен тәсілі ретінде  қолданылады  және  тұлғаның
өзіне бағытталған  іс-әрекетінің,  қасиеттерінің   тұрақталу,  бақылау  және
түзету  қызметтерін  атқарады.  Өзін-өзі  тәрбиелеу  үдерісіндегі   өзін-өзі
бақылау мотивация  және   іс-әрекет  тәсілдерінің  сипатына  тәуелді   болып
табылады.
      Егер өзін-өзі бақылау өзін-өзі  тәрбиелеу  мен  практикалық  іс-әрекет
үдерісінде өз-өзіне  есеп  берумен  толықтырылса,   онда  оның  нәтижелілігі
жоғарылайды. Өз қылықтары жайлы  өз-өзіне  есеп  беру  –  бұл  өз  әрекетіне
түзету енгізу, оны қажетті бағытта тұрақтандыру және осы арқылы өз  тұлғасын
өз санасының және еркінің объектісі ретінде қалыптастыру деген сөз.
      2. Өзін-өзі сендіру. Өз өмірінің факттерін талдау негізінде және қатал
логикалық нәтижелер көмегімен студент саналы  ұстаным  -  өзінің  әрі  қарай
дамуына әрекет жасауды қалыптастыра алады. Өзін-өзі сендіру арқылы  өзін-өзі
тануды, өмірдің әр түрлі құбылыстарына деген қатынасты және осының  нәтижесі
ретінде, - өз мінез-құлқын өзгерте алады. Өзін-өзі сендіру  белсенді,  кейде
ауыр ойлау жұмысын талап етеді. Студент  өзін-өзі  сендіру  үшін  өзін  неге
сендіру  қажеттігі  туралы  ақпаратқа,  сонымен  бірге  талдау,   салыстыру,
жалпылау және т.б. икемділіктерге, яғни, ойлау үдерістеріне ие болуы  керек.
Өзін-өзі сендірудің  бір  түрі  өзін-өзі  жақтау  болып  табылады.  Өзін-өзі
жақтау негізделген болуы керек.
      Әрине есептен өзін-өзі жұбату тәсілінің маңызын  алып  тастамау  тиіс.
Өйткені  ешкім  сәтсіздік  пен  күйзелістерден,   үміттерінің   ақталмауынан
кепілденбеген. Тұлға өзін-өзі сендіру үдерісінде өз  іс-әрекеті  мен  дамуын
басқарушы шындыққа ие болған кезде шешім қабылдайды:  былайша  әрекет  жасау
керек. Бұндай шешім өзіне бұйрық жасау формасында жүзеге асуы мүмкін.
      3. Өзін-өзі күштеу. Кейбір зерттеушілер (мысалы, А. Я. Арет)  өзін-өзі
күштеуді  өзін-өзі  тәрбиелеудің  адамның  өз  бойында  қажетті  қасиеттерді
қалыптастыруға көмек беретін ең басты әдісі деп есептейді.  Олардың  ойынша,
өзін-өзі күштеу  арқылы  адам  белгілі  бір  іс-әрекетке  еріседі,  өзін-өзі
жеңеді.
      Өзіне-өзі бағыну өзін-өзі күштеудің бір түрі болып есептеледі.  Өзіне-
өзі бағыну -  өзін-өзі  тәртіпке  тәрбиелеудің,  міндеттерді  адал  орындау,
ұжымның, басқарушының, қоғамның еркіне бағынудың мәні мен мазмұны.
      Өзін-өзі күштеу  қабілеті  ешкімге  туғаннан  берілмейді,  ол  өмірлік
тәжірибенің жинақталу үдерісінде  қалыптасады.  Студенттік  шаққа  дейін  ол
жеткілікті толық және тұрақты қалыптасуы керек.   Бұл қабілеттің  қалыптасуы
борыш пен жауапкершілік сезімінің қалыптасуымен сәйкес келеді.
      Өзін-өзі күштеудің тағы бір түрі өзін-өзі меңгеру. Өзін-өзі күштеу мен
өзін-өзі меңгеру  өзін-өзі  тәрбиелеудің  құралдары  мен  тәсілдері  ретінде
нақты тәсілдерде жүзеге асады. Олардың  жіктелуін  бұл  құбылыстардың  тұлға
қасиеттері ретіндегі психикалық мазмұнының логикасы бойынша  құруға  болады.
Біріншіден, интеллектке бағытталған тәсілдерді бөлуге  болады:  адам  өзінің
мінез-құлқын  реттейтін  жеке  қағидалар  мен   ұрандар,   ескертулер   т.б.
екіншіден –  сезімдерге  бағытталған  тәсілдер:  өзін-өзі  құптау,  өзін-өзі
мадақтау, өзін-өзі жұбату, өзін-өзі сынау және өзін-өзі  жазалау  және  т.б.
Үшіншіден – ерікке және іс-әрекет тәжірибесіне бағытталған тәсілдер:  өзіне-
өзі уәде беру, ниеттелу, өзін-өзі міндеттеу, ант  ішу,  өзіне-өзі  қадағалау
және т.б.
      4. Өзін-өзі иландыру. Өзін-өзі иландыру – бұл сөздік  ықпал  құралдары
арқылы өзінің психикалық жағдайларын өзін-өзі реттеу тәсілі.
      Өзін-өзі иландыру ауру немесе түзелудің, кейде адам өлімінің себепшісі
болуы мүмкін. Оған істің бастамасы да, барысы да, табысы да, адамның  қарым-
қатынас сипаты да тәуелді болады.
      Адам шынымен де егер өзінің әлі жүзеге аспаған  мүмкіндіктеріне  сенсе
күштірек болады, ал өмір қиындықтарын жеңе алмаймын деп  ойлап  қол  қусырып
отырса, керісінше әлсіреп қалады.
      Өзін-өзі  иландыруды  тұлғаның  өзін-өзі  кез  келген  қасиеттер   мен
қабілеттерге  тәрбиелеу  үдерісінде,  соның  ішінде  педагогикалық  шеберлік
негіздерін игеруде  қолдануға болады. Дегенмен,  өзін-өзі  иландыру  болашақ
мұғалімге эмоциялық-еріктік жағдайларын реттеуде сезілерлі нәтиже береді.
      Өзін-өзі тәрбиелеудің барлық тәсілдері мен  әдістерінің  негізінде  өз
еркімен  өткізілетін,  тұлғаның  өзіне  бағытталған   жаттығулар   жатыр.Осы
жаттығулар адамның өзіндік «Менінің»  тілектерін  мінез  бітістерінің  нақты
қасиеттеріне айналдыруды қамтамасыз етеді.
      Адам әрқашан да нақты істегі  көрсететін  мүмкіндігінен   артық  істей
алады.  Үнемі  алда  жүзеге  асырылмаған  резервтер  болады.   Педагогикалық
міндеттерді   шешу,   оқу-педагогикалық   ойындарға   қатысу,    әлеуметтік-
психологиялық  тренинг  –   студент   пен   болашақ   мұғалімнің   өздерінің
педагогикалық құзіреттілігін арттыру,  педагогикалық  икемділіктерін  дамыту
мақсатымен жүргізетін жұмыстарының құралдары мен әдістері болып табылады.


      Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар


      1. Өзін-өзі тәрбиелеудің қажеттілігі мен мәні неде?
      2. Өзін-өзі тәрбиелеудің қозғаушы күштері қандай?
      3. Сіздер өзін-өзі тәрбиелеу туралы ойланасыздар ма?
      4. Сіздер өздеріңізді қай тұрғыдан жақсы жаққа өзгерткіңіз келеді?
      5. Өзін-өзі тәрбиелеу үдерісінде көмекке мұқтажсыз ба?
      6.   Өзін-өзі     тәрбиелеуді     ұйымдастыру     бойынша    өзіңіздің
жолдастарыңызға кеңес бере аласыздар ма?
      7.  Сіздер    өзін-өзі       тәрбиелеуге          түрткі        болған
кітаптар     немесе   нақыл  сөздер оқыдыңыздар ма?
      8. Өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін атаңыздар.
      9.  Өздеріңізді   тәрбиелеу   бағдаламасын   жасап   көріңіздер.   Осы
бағдарламаны жүзеге асыруға тырысыңыздар.  Көмекші  құрал  ретінде  күнделік
жүргізген ыңғайлы.
















































































                                    Түйін
       
      Тарих барысында  және  педагогика  ғылымының  өзінің  даму  үдерісінде
тәрбие теориясы мен  тәжірибесін  түсіну  елеулі  өзгерістерге  ұшырады.  Ең
әуелі, тәрбие феноменін  әлеуметтік  функция  тұрғысынан  зерттеу  басталды,
тіпті оны әлеуметтендірумен ұштастырды, бұл - қисынсыз.
      Сонымен, қазіргі кезде тәрбиені былай деп түсінеді:
әлеуметтің тәжірибені және әлемдік мәдениетті жеткізу;
адамға, адамдар тобына немесе ұжымға (тікелей  және  жанама,  аралық  түрде)
тәрбиелік ықпал ету;
тәрбиеленушінің өмір сүру тұрпаты мен іс-әрекетін ұйымдастыру;
тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара ықпал етуі;
тәрбиеленуші тұлғасының дамуы үшін  жағдайлар  жасау,  яғни  оған  отбасылық
ауыртпалықтар, оқуда қиындықтар, кәсіби қызметі  немесе  біреулермен  қарым-
қатынасында мәселелер туындағанда жәрдемдесу.
      Тәрбиенің мәнін  ашуда  болмаса  анықтауда  алуан-түрлі  көзқарас  пен
пікірлердің болуы осы құбылыстың санқырлылығын байқатады.
      Жалпы алғанда тәрбие негізгі құрамдас бөліктері тәрбиеші (тәрбиешіліер
тобы) мен тәрбмеленуші (тәрбиеленушілер тобы), жоғарыда көрсетілген  үдерісс
және оның жүргізілу шарттары саналатын тәрбиелік акт болып табылады.
      Тәрбие үдерісінің құрылымы қойылған мақсаттар, мазмұны  және  нәтижеге
жету тәсілдерінің тұтастығымен ашылады.
      Тәрбие үдерісін ұйымдастыру мен оның мақсаттарын жүзеге асыру  отбасы,
мектеп, жоғары оқу орны, музей, партия фракциясы,  көше  ортасы,  кәсіпорын,
қамау орындары және т.б. жағдайларда орындалуы мүмкін.
      Тәрбиелеуде, көпфакторлы үдерісс ретінде, объективті және  субъективті
шарттар айрықша маңызды.  Мұның себебі аталмыш үдерісстің  «адам  мен  адам»
қатынасы жүйесінде іске асатындығында  ғана  емес,  сондай-ақ  тәрбиеші  мен
тәрбиеленушінің арасындағы  субъективті  өзара  тәуелділіктің  үлес  салмағы
басым келетіндігінде.  Сондықтан тәрбиенің  заңдылықтарын  белгілеу  барынша
қиынға соғады.
      Тарихи  және  дүниежүзілік  тәжірибе  көрсеткендей,  тәрбиенің   басты
мақсаты  бүгінгі  қоғамда  дербес  өмір  сүруге  қабілетті,  келешекте   осы
қоғамның құндылықтарын бөлісіп, арттыра  білуге  қабілетті,  жан-жақты  және
үйлесімді дамыған адамды қалыптастыру.
      Адамның   үйлесімді   және   жан-жақты   дамуы   мақсатында   ақыл-ой,
адамгершілік, еңбек,  эстетикалық,  дене,  құқықтық,  азаматтық,  азаматтық,
экономикалық, экологиялық тәрбиелерді жүзеге асырады.
      Тәрбиенің  нәтижелері  ретінде  өмір  сүру  тұрпаты  мен   мінез-құлық
стартегиясын айқындауды, заманауи мәдениет тілінен  хабардар  болуын  мүмкін
ететін  дүниетаным  мен  құндылықтар  арақатынасы   жүйесін   түйсіну   және
өзгертумен байланысты тұлғалық жаңғырулар пайда болады. Бұл адамзаттық  және
әлеуметтік  кеңістікте   «жақсылық-зұлымдық»,   «ақиқат-жалған»,   «сұлулық-
келбетсіздік»,  «адалдық-бұлтақтық»,  «махаббат-жеккөрініштілік»,   «достық-
сатқындық», «құқықтар мен  міндеттер»  әрқашан  адаммен  бірге  қалатындығын
білдіреді.
      Тәрбие социотарлық, әлеуметтік-психологиялық, тұлғааралық  және  интра
кісілік деңгейлерде жүргізілуі мүмкін.
















































                                 Әдебиеттер
        1. Абдуллина О. А. Общепедагогическая подготовка учителя в  системе
           высшего педагогического образования: для пед.спец.  вузов.-  2-е
           изд. – М.: Просвещение, 1990. – 141 с.
        2. Аймауытов Ж. Бес  томдық  шығармалар  жинағы.  Төртінші  том.  –
           Алматы. 1998 . – 285 б.
        3. Ахметова Г. Ұстаз даярлаудың  өзекті  мәселері.  Алматы:  Ғылым,
           1998. - 154 б.
        4. Ақылдың кені. /Құраст. Қ.Жарықбаев.- Алматы: Қазақстан, 1991.  -
           256 б.
        5. Алдамұратов А. Жалпы психология - Алматы,1996. – 300 бет
        6. Алтынсарин И. Собрание сочинений: В 3-х т.  А.:  Мектеп,  1976.-
           423 с.
        7. Амонашвили  Ш. А. Как живете дети? Кн. для учителя – 2-е изд.  –
           М.: Просвещение, 1991- 175 с.
        8. Амонашвили Ш. А. Здравствуйте, дети! – М.: Политиздат,  1984.  –
           285 с.
        9. Арет А. Я. Очерки по теории самовоспитания. - Фрунзе, 1961.
       10. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. - Алматы. 2004.  -
           460 бет.
       11. Даналардан шыққан сөз: Нақылдар жинағы.  /Жинап,  құраст.,  ауд.
           Ұ.Асылов. – Алматы: Мектеп, 1987. - 383 б.
       12. Детская практическая психология. / Под редакцией Т. Д.
           Марцинковской. - М.: Гардарики, 2003. – 350 с.
       13. Донцов И. А. Самовоспитание личности: Фил.-этич. проблемы –  М.:
           Политиздат, 1984. – 285 с.
       14. Елканов С. Б. Основы профессионального  самовоспитания  будущего
           учителя. – М.: Просвещение, 1989. - 189 с.
       15. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002.-250 бет
       16. Жеке тұлғаның  өзін-өзі  тәрбиелеу  түсінігінің  мәні  //Саясат-
           Policy, 2003, №10.- 28 б.
       17. Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Рауан. – 1992. – 112 б.
       18. Зимняя И. А. Педагогикалық психология. Оқулық. Алматы, 2005. -
           359 бет
       19. Зязин Б. Н. Профессиональное  самовоспитание  педагога.  -   М.,
           1988. -  208 с.
       20. Ковалев С. М. Воспитание и савоспитание. - М.: Мысль, 1986. -287
           с.
       21. Ковалев А. Г. Личность  воспитывает  себя.  -  М.:  Просвещение,
           1991. - 175 с.
       22. Колесников Л. Ф. Резервы эффективного  педагогического  труда  –
           Новосибирск: Наука, 1985. – 263 с.
       23. Кон И. С. В поисках  себя:  Личность  и  ее  самосознание.-  М.:
           Политиздат, 1984. - 335 с.
       24. Крылова Н. Б. Формирование  культуры будущего специалиста.-  М.:
           Просвещение, 1980.
       25. Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. – Алматы, 2002. - 369 бет.
       26. Құрсабаев М. Қ. Тәуелсіз Қазақстандағы балалар ұйымдарының
           тарихы һәм ұлттық тәрбие:  Ғылыми-әдістемелік құрал. – Көкшетау,
           2006. - 77 б.
       27. Львова Ю. Л. Творческая лабаротория учителя: Из опыта работы.  -
           М.: Просвещение, 1985. – 158 с.
       28. Макаренко А. С.  О  воспитании. – М., 1990.
       29. Немов Р. С. Путь  к  коллективу.  –М., 1988.
       30. Новикова Л. И. Педагогика детского коллектива . - М., 1978.
       31. Намазбаева Ж. И. Психология : оқулық. – Алматы, 2005. - 430 бет.
       32. Основы психологии: Практикум  /  Ред.-сост.  Л.  Д.  Столяренко.
           Издание 2-е, доп. и перераб. - Ростов н/Д: «Феникс», 2001. – 704
           с.
       33. Педагогика және психология сөздігі. - Алматы, 2002. - 254 бет.
       34. Педагогикалық психология. -Алматы, 1995. - 350 бет.
       35. Педагогический процесс как  объект  профессиональной  подготовки
           учителей. А.:М.,1984.
       36. Педагогическое наследие: Сборник: (Коменский  Я.  А.,  Локк  Д.,
           Руссо Ж. Ж., Песталоцци И. Г.). Сост.  В.  М.  Кларин  и  А.  Н.
           Джуринский.-М.: Педагогика, 1987.- 416 с.
       37. Пискунов А. И. Хрестоматия по истории зарубежной педагогики: Уч.
           пособие для студ-в  пед.  инст-в.  2-е  издание,  перераб.-  М.:
           Просвещение, 1981.- 528 с.
       38.   Психология   самовоспитания:    Уч.пос-е    для    пед.инс-в.-
           М.:Просвещение, 1982. - 143 с.
       39. Раченко И. П. научн. орг-я пед. труда. – М.:Просвещение,  1989.-
           238 с.
       40. Рогов Е. И. Наст. Книга прак-го психолога: Уч.  пособие:  В  2-х
           кн. – М.: Издательство Владос-пресс,2002.-Кн.2: Работа психолога
           со взрослыми. - 480 с.
       41. Рувинский Л. И., Хохлов С. И. Как воспитать волю и  характер.  –
           М.: Просвещение, 1988. -160 с.
       42. Рувинский Л. И., Соловьева А. Е. Психология самовоспитания.  Уч.
           пособие для пед.инст.- М.: Просвещение, 1982.- 143 с.
       43. Скульский Р. П. Учиться быть учителем. –  М.:Педагогика,  1986.-
           143 с.
       44. Сухомлинский В. А. О воспитании. – М.: Политиздат, 1985.  –  270
           с.
       45. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993. – 300 бет.
       46. Учителю о педагогической  технике  [Ю.И.Турчанинова,  В.А.  Кан-
           Калик, В.П.Чихаев]. Под ред. Л.И.Рувинского  –  М.:  Педагогика,
           1987.-157 с.
       47. Шварцман  К.  А.  Философия  и  воспитание:  Критический  анализ
           немарксист. концепций. – М.: Политиздат, 1989. – 208 с.
       48. Чехов А.П. Собрание сочинений: В 12 томах. Т.11. М., 1956. - 83-
           84 б.








































































                                   Қосымша

 Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы



      Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырым-
дамасы Білім және ғылым Министрінің 16 қараша 2009 жылғы  №  521  бұйрығымен
бекітіліп, Республиканың үздіксіз білім беру ұйымдарына ұсынылады.

      Кіріспе

      Қазіргі заманғы қоғамда  адамнан  тек  политехникалық  білімді  болуын
талап етіп қана қоймай, жоғары деңгейдегі мәдениет пен ғылым мен  техниканың
түрлі салаларында терең мамандануын ғана емес қоғамда  өмір  сүріп  тіршілік
ете білуді талап етеді. Баланың тұлғалық дамуының негізгі параметрлері  оның
жалпы    адамзаттық    құндылықтарға    бағытталуы,    ізгілік,    зиялылық,
креативтілік,белсенділік,   жеке   басының   намыс   сезімі,    ой-пікірдегі
тәуелсіздік  болып  табылады.  Осы  қасиеттердің   даму   деңгейі   тұлғаның
әлеуметтік  қалыптасу  мен  әлеуметтік  біліктілігінің   көрсеткіштері   деп
қарастыруға болады.
      Білім беру жүйесінің басты міндеті – жеке тұлғаның ұлттық  және  жалпы
адамзат-тық құндылықтар негізінде қалыптасуы  мен  дамуы  және  оның  кәсіби
жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау; баланың  тәрбиелену,  білім  алу  және
жан-жақты  қалыптасу,   ана   тілін,   ұлттық   салт   дәстүрлерді   сақтау,
ақпараттану,  ден-саулығын  нығайту  сияқты  құқықтарын  іске  асыру   болып
табылады. Осы сияқты қасиеттерді білім алушылардың бойында қалыптастыру  мен
дамыту Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің маңызды  міндеті  ретінде
қарастырылады.
      Қазақстан Республикасының азаматы ретінде білім алушыларды тәрбилеудің
тұтастығы жөніндегі мемлекет  саясатының  бағыты  Қазақстан  Республикасында
этномәдени   білім   беру   тұжырымдамасында,   Қазақстан    Республикасында
оқушыларға құқықтық білім беру тұжырымдамасында,  Қазақстан  Республикасында
білім  беру  саласындағы  мемлекеттік   жастар   саясаты   тұжырымдамасында,
Қазақстан     Республикасында     адамгершілік-жыныстық     тәрбие      беру
тұжырымдамасында,  Қазақстан  Республи  касында  гуманитарлық   білім   беру
тұжырымдамасында,  Қазақстан  Республикасының   білім   беру   үйымдарындағы
тәрбиенің  кешенді  бағдарламасында,  Қазақстан   Республикасы   азаматтарын
патриотизмге тәрбиелеу бағдарламасында атап көрсетілген.
      Қазақстан  Республикасы  үздіксіз  білім   беру   жүйесіндегі   Тәрбие
тұжырымдамасы  (бұдан  былай  Тұжырымдама)  тәрбие  саласындағы  мемлекеттік
жалпы  стратегиялық  саясаттың  мақсаты  мен  міндетін,  тәрбие   мазмұнының
негізгі бағыттарын және оларды іске асыру шарттарын айқындайтын құжат  болып
табылады.

      Тәрбиенің қазіргі жағдайы: аналитикалық шолу


      Білім беру ұйымдарындағы тәрбиелік іс әрекетке осы заманғы көзқарастың
ерекшелігі  тәрбие  үрдісіндегі  жүйелілік  және  сол  жұмыстың  тиімділігін
қамтамасыз  ететін  факторлар  мен  шарттардың   біртұтас   жиынтығы   болып
табылады.
      Нормативті-құқықтық  базаға  жасалған  талдау  «жеке  тұлғаның   еркін
дамуы», «адам құқы», «жеке тұлғаның мүддесі» және т.б. ұғымдардың  жан-жақты
қолданылатындығын көрсетті. Осылайша  тұжырымдап  айту  алдымен  білім  беру
ұйымдарының бастапқы деңгейін демократия-ландыруға мүмкіндік  береді.  Басым
құндылықтар ретінде дербес даму,  өзін-өзі  табысты  көрсету  және  өзін-өзі
анықтау ерекшеленеді.Білім берудің жаңа үлгісінде іскерлік  сипат  байқалып,
өз бетінше үздіксіз білім алуға  ұмтылуды  қалыптастыруға  және  шығармашыық
қабілетті дамытуға бағытталған.  Соның  негізінде  балаларды  және  жастарды
мектеп жасына дейінгі,  орта  білім  беретін,  орта  кәсіби,  жоғары  кәсіби
білім, қосымша  білім  берудің  түрлі  деңгейлерін  қамтитын  тәрбие  жүйесі
құрылуда.
      Тәрбие  үдерісі  ғылыми-әдістемелермен  қамтамасыз  етіліп,  Қазақстан
Республика-сының   білім   беру   ұйымдарында   2006-2011жылдарға   арналған
республикалық  тәрбиенің  кешенді  бағдарламасы,   сондай-ақ,   білім   беру
ұйымдарының  аймақтық   деңгейінде   тәрбие   беру   бағдарламасы   жасалып,
енгізілді;   авторлық   бағдарламалар   дайындалуда;    тәрбие    үдерісінің
тиімділігін  бағалу  мен  жеке  тұлғаның  тәрбиелік   деңгейінің   өлшемдері
жасалды.
      Тәрбие үдерісін кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі  жұмыс  жүргізіліп
келеді. Мектептердің, кәсіптік мектептер пен колледждің  директордың  тәрбие
жұмысы жөніндегі орынбасарлары, жоғары оқу орындарының тәрбие ісі  жөніндегі
проректорлары,   сынып   жетекшілері,    педагогтар-ұйымдастырушылар,    аға
вожатыйлар, әлеуметтік педагогтар, педагог-психологтар,  еңбек  ақылы  сынып
тәрбиешілері,  қосымша  білім   беру   педагогтары   мен   әдіскерлер   штат
бірліктеріне енгізілді.
      Қазақстан  Республикасының  бірқатар  білім  беру  ұйымдарында   нақты
әлеуметтік-педагогикалық   жағдайларды   ескеретін   педагогтар   мен   ата-
аналардың, оқушылардың сұрыныстарына бағытталған тәрбие беру жүйесі  құрылды
және ол табысты қызмет  көрсетіп  келеді.  Соның  нәтижесінде  жеке  тұлғаға
тәрбиелік ықпал жасаудың диапозоны кеңейді. Алайда, Республика  аймақтарында
тәрбие беру  ісінде  шешімі  табылмаған  көптеген  проблемалар  бар,  оларға
мыналар кіреді:
      - тұлғаға қоғамдағы әлеуметтік жағдайлардан жаңа талаптар жүйесі
туындауы;
      -  тәрбиенің  мақсатын  және  басым  бағыттарын  белгілеуге  мүмкіндік
беретін нақты идеологиялық бағдар жеткіліксіздігі;
      - қоғамның әлеуметтік жіктелуі, қоғамның кірістер бойынша күрт қарама-
қайшылануы;  халықтың  кейбір  бөлігінің  еңбек  етпей  табылған  молшылықты
дәріптеуі зияндық, әлеуметтік әділеттікке сенбеушілік сезімдерін тудыруы;
      - оқыту рөлінің  жоғары  бағаланып  және  қазақстандық  жаңа  ұрпақтың
қалыптасуындағы тәрбие рөлінің толық бағаланбауы;
      - педагогтардың жалпы адамзаттық және жалпы мемлекеттік  құндылықтарға
жауапкершілікпен  қарауды  қалыпқа  келтіру  әрекеттері  үнемі  тиімді  бола
бермеуі;
      - әлеуметтік институт ретінде отбасының тәрбиелік рөлінің әлсіреуі;
      - адам өмірін аса маңызды құндылық ретінде бағаламау,  салауатты  өмір
салтын қалыптастыру дағдыларының толық қалыптаспауы;
      - бұқаралық ақпараттар құралдарының жеке тұлғаны қалыптастырудағы кері
ықпал етуі;
      - тәрбиенің жаңа парадигмасын ғылыми-әдістемелік  жағынан  жеткіліксіз
қамтамасыз етілуі;
      -  педагогтардың  осы  заманғы  тәрбие   технологияларын   жеткіліксіз
меңгеруі;
      - балалар мен  жастардың  қоғамдық  ұйымдарының  тәрбиелік  потенциалы
тиімділігінің төмендігі;
      - еңбек тәрбиесі мен кәсіби бағдар беру жүйесінің жоғалуы;
      -  балалар   мен   жастар   қызығушылықтары   бірлестіктер   жүйесінің
шектеулілігі  (клубтар,үйірмелер,   секциялар   т.б.)   және   олардың   іс-
әрекеттерінің жеткіліксіздігі.
      Жоғарыда көрсетілген проблемаларға сүйеніп, жас ұрпақтың тәрбиесі  осы
заманғы  қоғамды  дамытудың  және   еліміз   қауіпсіздігінің   негізін   мен
мемлекеттік саясатын құрай-тын басты стратегиялық міндеттер ретінде  қаралуы
тиіс.
      Бүгінгі  күні  үздіксіз  білім  беру  жүйесінде   тәрбие   мәселесінің
жағдайына сай келетін  білім  алушыларды  тәрбиелеудің  жаңа  тұжырымдамасын
жасау қажеттілігі туып отыр.  Тұжырымдама  Қазақстандағы  тәрбие  саясатының
Қазақстан   Республикасының   Конституциясы,    Қазақстан    Республикасының
Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы  балалар  құқықтары»,  Қазақстан
Республикасының «Білім» туралы Заңы, Қазақстан Республикасының  «Діни  сенім
бостандығы және діни бірлестіктер туралы», Қазақстан  Республикасының  «Неке
және  отбасы»  Заңы,  Қазақстан   Республикасының   «Кәмелетке   толмағандар
арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және бақылаусыздық  пен  панасыздықтың
алдын алу»  Заңы,  Қазақстан  Республикасының  «Отбасы  үлгiсiндегi  балалар
ауылы және жасөспiрiмдер  үйлерi  «туралы  Заңы,  Қазақстан  Республикасының
Азаматтардың  денсаулығын  сақтау  туралы  Заңы,  Қазақстан  Республикасының
«АҚТҚ ЖҚТБ - ның алдын алу « туралы Заңы, Қазақстан  Республикасының  Темекi
шегушiлiктiң  алдын   алу   және   оны   шектеу   туралы   Заңы,   Қазақстан
Республикасының Заңы Азаматтардың  денсаулығын  сақтау  туралы  ,  Қазақстан
Республикасы дамуының 2010 жылға арналған Стратегиялық жоспары,  2015  жылға
арналған  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді   дамыту   Тұжырымдамасы
анықтаған негізгі  қағидаларын  дамытады  және  т.б.  Тұжырымдама  тәрбиенің
жалпыұлттық  басымдылық  екендігін  айқындайды.  Ұсынылып   отырған   тәрбие
Тұжырымдамасы   білім   беру   ұйымдарын    біріңғай    жүйелі    басқарудың
құрамдыжүйесінің элементі болады.Осы дайындалған  Тұжырымдамаға  сәйкес  оны
іске асыру жоспары әзірленеді.
      Тұжырымдама құрылымы:
      1. Кіріспе.
      2 Тәрбиенің қазіргі жағдайы: Аналитикалық шолу.
      3. Тәрбие құндылықтары.
      4. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері.
      5. Тәрбие үдерісін ұйымдастыру ұстанымдары және методологиялық негізі
      6. Тәрбиенің мақсаты, міндеттері, мазмұны.
      7. Тұжырымдаманы іске асыру шарттары.
      8. Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелер.
      9. Сөздік.

      Тәрбие құндылықтары

      Құндылық – көпшілік адамдар мақұлдайтын  және  ортақтасатын  жақсылық,
әділетттілік, патриотизм  деп  бағалайтын  жеке  тұлға  үшін  қоғамдық-мәнді
әлеуметтік бірлік,  қоғам,  тұтас  материалдық,  әлеуметтік  объектілер.  Ол
барлық  адамдарға  эталон,  идеал  болып   қызмет   етеді,   оларды   құруға
педгогикалық үдеріс бағытталған.
      Адам  –  абсолютті  құндылық,  жоғары  субстанция,  «барлық   танымның
өлшемі». Біздің мемлекетіміздің ең жоғары  құндылығы  –  адам,  оның  өмірі,
құқығы және  бостан-дығы.  Қазргі  жағдайда  адам  дамуы  зерттеу  объектісі
ретінде ғана емес, алдымен, аса маңызды мәдени үлгілер жасаушы  және  өзінің
ынтасымен  шығармашылыққа  ұмтылушы,  шығармашылық  және  таным   субъектісі
ретінде ұсынылады.
      Отбасы – болашақ жеке  тұлғаның  негізі  қаланатын  қоғамның  бастауыш
құрылым бірлігі,  баланың  алғашқы  ұжымы,  оның  табиғи  даму  ортасы.  Екі
адамның некелесуіне қарап отбасы құрылды деп қарау қате пікір, бала  дүниеге
келген күннен бастап отбасы құрылады.
      Отан, туған өлке – тағдыр берген, ата-бабасынан  қалған,  өз  халқының
мәдени, рухани мұрасымен, оның өткен тарихымен  байланыстыратын  әр  адамның
теңдесіз, бірегей туған жері.
      Денсаулық, салауатты өмір салты –  бақытты,  үбірлі  өмірдің  міндетті
шарты;  өзінің  денсаулығына  жауапкершілікпен  қарау  адамның  ішкі  табиғи
қажеттілігі болуы тиіс.  Елбасының  «Қазақстан  –  2030»  Қазақстан  халқына
Жолдауында – денсаулық республиканың  стратегиялық  дамуының  ұзақ  мерзімді
басымдықтарының бірі болып танылады.
      Еңбек – адам болмысының негізі, «адам өмірінің мәңгілік табиғи шарты».
Рухтанған, саналы, шығармашылық еңбек – адамның табиғи қасиетінің  анағұрлым
табиғи көрінісі.
      Білім – әрбір жеке тұлғаның және әлеуметтік прогрестің дамуына қажетті
шарт. Оқудың нәтижесі – білім. Білімнің тәрбиелік мәні жеке  бастың  қамында
емес, мақсатқа жетудің құралы.
      Мәдени  мұра  –  барлық  адамзаттың  және  әр  халықтың  рухани   және
материалдық өмір саласындағы орасан зор байлығы. Нағыз мәдениет өзіне  мәңгі
бақи шындықты, мейрімділікті және әсемдікті біріктіреді.
      Тіл – адамдардың негізгі қарым-қатынас құралы, аса маңызды әлеуметтік-
мәдени құндылықтардың бірі.
      Достық –  өзара  сыйластық  қарым-қатынастағы  дербес,  еркін  таңдау.
Достық адалдық және өзара  көмек  беруді  ғана  емес,  сонымен  қатар,  ішкі
үйлесімділікті, ашық-жарқындықты, сенімді және  махаббатты  айғақтайды.  Біз
досымызды alter ego (басқаша Мен) деп атауымыздың мәні бекер емес.

      Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері


      Мақсат –  жас  ұрпақтың  тәрбиесіне  біріңғай  көзқарас  қалыптастыру,
Қазақстан Республикасында  балалар  мен  жастарға  тәрбие  беру  міндеттерін
шешудегі тәрбие үдерістеріне барлық субъектілердің  іс-қимылдарын  келістіру
және сабақтастықты қамтамасыз ету.
      Міндеттер:
      - жас ұрпақты тәрбиелеудің әлеуметтік маңызы  мен  болашағын  қоғамның
түсінуін актуалдандыру;
      - тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда интеллектуалдық, ұйымдастыру-шылық-
педагогикалық, кадрлық, экономикалық,  әдісте-мелік  және  т.б.  ресурстарды
шоғырландыру;
      - балалар  мен  жас  өспірімдердің  және  жастардың  түрлі  әлеуметтік
топтармен өзара қарым-қатынасты реттеуінде  жауапты  шешім  қабылдай  алатын
және өзіне жетекшілік рөл  ала  білетін,  дербес  жеке  тұлға  ретінде  ашық
ақпараттық,  білікті,  іскерлік  және  коммуникативтік  әлеуметтік  кеңістік
құруды ұйымдастыру;
      - жас ұрпақтың өзінің рухани - адамгершілік,  инттеллектуалдық,  өмірі
мен өз денсаулықтары мен  аман-есендігі  үшін  әлеуметтік  құзыреттілік  пен
жауапкершілігін көтеруді ұйымдастыруға жағдай жасау;
      - жас қазақстандықтарды  толераттылық  құндылықтар,  келісімділік  пен
ұлтаралық қатынас мәдениеті негізінде тәрбиелеу;
      - балалар мен жастардың қоршаған ортаға, қоғамға,  табиғатқа  оң  көз-
қарасын қалыптастыруға  мүмкіндік  туғызу,  әлеуметтік-педагогикалық  жағдай
жасау;
      - өмір бойы білімін  арттыруына,  кәсіби  қалыптасуына  және  өзін-өзі
табысты көрсетуіне қажетті жағдай жасау.

           Тәрбиелеу үдерісін ұйымдастырудың әдіснамалық негіздері


      Көзқарас – ол білім  беретін  мекемелер  ұстазының  немесе  басшысының
педаго-гикалық  қызметтеріндегі  белігілі  бір  өзара   байланысты   түсіну,
идеялар мен тәсілдер жиынтығын қолдануға  ниеттенген  іс-әрекеттерін  жүзеге
асыруда алатын бағыты.
      Антропологиялық көзқарас тәрбиеленушілерді  бірегей  және  тұтас  жеке
тұлға ретінде қарап, адам туралы білім кешенінде кең көлемді есеп  жүргізуге
бағыттайды.
      Тұлғаға бағытталған көзқарасы  –  тәрбиеленушінің  өзара  байланыстағы
түсініктер, идеялар және іс-әрекет тәсілдерін қамтамасыз  ету  мен  өзін-өзі
тану, дербестігін құру  және  өзін-өзі  табысты  көрсету  үдерістер  жүйесін
қолдау,  оның  қайталанбас  жеке  тұлғалық   дамыту   арқылы   педагогикалық
қызметтегі әдіснамалық байланыс.
      Тәрбиедегі  әрекетшіл  көзқарас   –   жеке   тұлғаның   бірлігі   оның
әрекетшілдігінде екендігі туралы көріністен  туындайды.  Бұл  бірліктің  көп
үлгілі формадағы қызметі жеке тұлғаның құрылымына тікелей және жанама  түрде
өзгеріс жасаудан байқалады; жеке тұлға өз  кезегінде  бір  мезгілде  тікелей
және жанама түрде дербес даму сұранысын өтейтін  барабар  қызметтің  түрлері
мен формаларын жүзеге асырады.
      Кешенді көзқарас – тәрбиеге кешенді көзқарастың мәні бірлікті, әртүрлі
кешендердің тұтастығын қамтамасыз  етуді  құрайды,  соңғы  нәтижеге  себепші
болатын -жеке тұлғаның жан-жақты даму үндестігі дәрежесіне ие болады.
      Аксиологиялық  көзқарас  –  санадан  «беретін»  және  адамның  әлемге,
адамдарға,  өзіне  қатысты  әмбебап  жалпы  адамзаттық  құндылықты  қамтиды;
табиғатпен, әлеуметпен, мәдениетпен барлық өтіп  жатқан  қарым-қатынасындағы
жеке тұлғалық  мәндерді  тәрбиелеуде  білім  алушы  өз  білімінің,  өмірінің
мәніне ие болуына бағытталған.
      Амбивалентті көзқараста алғашқыда екі жақтың бір-біріне  қайшылықтарын
жоятын,  оларды  есепке   алу   негізінде   педагогикалық   құбылыстар   мен
үдерістерді қарастыру көзделеді.
      Жүйелі көзқарас объектіні күрделі, оны құрайтын бөліктерді  жинақтауға
болмайтын және иерархиялық құрылым ретінде қарастыруды  көздейді  және  жүйе
жасаушы факторларды анықтауды, сыртқы байланысты талдауды мөлшерлейді.
      Синергетикалық көзқарас  тәрбиені  тура  себеп-салдарлық  тәуелділікке
негіздемей, тек, біркелкі емес  түрде  өтетін  үдеріс  ретінде  қарастырады;
маңызды  дәрежеде  өзін-өзі  ұйымдастыратын,  көптеген  ішкі   және   сыртқы
ықпалдарға  себепші  болатын:  заңдылық   пен   кездейсоқ,   болжамдық   пен
стихиялық, реттелген және ұйқы-тұйқы үдеріс.
      Орта көзқарасы тәрбиешілерді жеке  тұлғаны  дамыту  үдерісін  жағдайға
және ортаның сипаттамасына тәуелді қарастыруға бағыттайды.


      Тәрбие үдерісін ұйымдастырудың қағидалары


      Тәрбие қағидасы  –  тәрбиешілер  міндетті  түрде  сақтайтын,  тәрбиені
ұйымдастырудың аса маңызды ережелері, бастапқы ережесі.
      Табиғилылық қағидасы тәрбие табиғи және әлеуметтік-мәдени үдерістердің
өзара байланысының ғылыми  түсінігіне  және  балаларды  тәрбиелеуде  олардың
жеке тұлғалық және жас ерекшеліктерін ескерудің қажеттігіне негізделеді.
      Мәдени сәйкестілік  қағидасы  тәрбие  жалпы  адамзаттық  құндылықтарға
негізделетіндігін, жалпы адамзаттық құндылықтарға сай дәстүрлер  мен  ұлттық
мәдени нормаларға және аймақтық ерекшеліктерге сәйкес құрылады.
      Мақстаттылық қағидасы мақсатты талаптың айқындығын, ұжымдық  сұранысқа
нақты  есеп  жасауды,  тәрбие  қызметінің  басты  түрлерін  дұрыс   таңдауды
қарастырады.
      Гуманистік бағыт қағидасы әрбір жеке тұлғаға құрметпен қарайтын,  оның
бостандығын  және  әлеуметтік  құқын  мойындайтын  гуманистік  идеяны   және
бағытты   бірінші   орынға   қояды;   педагогтың   білім   алушыларға   және
тәрбиешілерге  өздерін-өздері  дамытуға  жауапкершілікті  субъекті   ретінде
қарауын, сондай-ақ, субъектінің-субъектіге көңіл бөледі.
      Этникалық қағида этникалық мәдениет негізінде жалпы ұлттық мәдениеттің
гүлденуіне ықпал жасайтын мәдниет жасаушы ортаны  қалыптастыруды,  азаматтық
келісім және үйлесімдікке, қоғамдық қатынаста табысқа жетуді қарастырады.
      Бiрлiк  талабы   мен   сабақтастықты   қамтамасыз   ету   қағидасы   –
мұғалiмдердiң мектеппен, мектептен тыс мекемелермен,  отбасымен  достастығын
құру, тұлға дамуының барлық сатыларында тәрбие сапасын көтеру.
      Тәрбиенің   үздіксіздік   қағидасы   жеке   тұлға   ғұмырының   барлық
кезеңдерінде оның жан-жақты дамуын болжайды:  оның  шығармашылық  әлеуетінің
үдемелі  баюын  және  күш-қуаты  мен  қабілетін  толық  пайдаланып,   кәсіби
шеберлігі мен мәдени өсуін мөлшерлейді.
Әлеуметтік өзара іс-әрекеттер тиімділігі қағидасы  түрлі  ұжымдардағы  білім
беру жүйесінде тәрбие  жүргізуді  болжайды  және  білім  алушылардың  қарым-
қатынас сферасын  кеңейтуге,  әлеуметтік-мәдени  конструкциялық  үдерістерді
дербес  анықтауға,  барабар  коммуникация  жасауға  жағдай  туғызып,   жалпы
әлеуметтік бейімделуін, өзін-өзі көрсете білуін қалыптастырады.
      Әлеуметтік  барабар  қағидасы   ұйымдастырылатын   тәрбие   үдерісінің
әлеуметтік ортаға тәрбие мазмұны мен тәсілдерінің сәйкестігін  талап  етеді.
Тәрбиенің міндеттері нақты  әлеуметтік-экономкалық  жағдайларға  бағытталады
және балалардың әртүрлі  әлеуметтік  міндеттерді  жүзеге  асыруға  болжамдық
дайындығын қалыптастыруды мөлшерлейді.
      Демократияландыру қағидасы  тәрбиеші  мен  тәрбиеленушінің  өзара  іс-
әрекеттеріне,  педагогикалық  бірлестікте,  ынтымақтастыққа  және  бірлескен
авторлыққа  негізделген  жүйені  шамалайды.  Ол   сондай-ақ,   педагогикалық
басшылық, өзін-өзі басқару, бірлесіп  басқару  және  жеке  реттеу  жүйесінің
құрылымына кіретін өзара байланысты, өзара  келісуді  болжайды.  Бұл  қағида
оқушыларды еркіндік, жеке адамгершілік рухында тәрбиелеуді қарастырады.
      Вариативтілік қағидасы білім беру мекемелерінде жүзеге асырылатын  кең
таралымды, көп үлгідегі тәрбие бағдарламаларын мөлшерлейді,  білім  алушының
жеке тұлғалық дамуының дербес траекториясын анықтауды көздейді.


      Тәрбиенің мақсаты, міндеттері, мазмұны


      Тәрбиенің мақсаты  –  үздіксіз  білім  беру  жүйесінде  мектеп  жасына
дейінгі  балалардың,  және  білім  алушылардың   Қазақстан   Республикасының
азаматтары   және   патриоттары   ретінде   қалыптасуы    мен    өзін-өздері
танытуларына,  әлеуметтенуіне,  болашақ   мамандық   иесі   болып,   кәсіби,
интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай  жасау.

      Тәрбиенің міндеттері:
      -  білім  беру  ұйымдарында  денсаулығы  зор,  рухани   дүниесі   бай,
адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны  қалыптастыруға  ықпал  ететін  тәрбие
жүйесін құру және дамыту;
      - балалар мен  жастарды  азаматтылыққа,  отансүйгіштікке,  зиялылыққа,
адам  құқықтары  мен  бостандықтарын,  мемлекеттік   рәміздер   мен   ұлттық
дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;
      - өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи  және
мәдени ортадағы өз  іс-әрекетінің  нәтижесі  үшін  жауапкершілікті  сезінуде
гумманистік дүниетанымды қалыптастыру;
      - мемлекеттік тілді және басқа  тілдерді  үйрену  арқылы  балалар  мен
жастардың әлем және ұлттық мәдениетті  игерулеріне,  Қазақстан  халықтарының
дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау;
      - жеке тұлғаның өзін -өзі іс жүзінде көрсетуі мен  ары  қарай  дамуына
ықпал етуде білім беру ұйымдары жағдайында жастар  мен  балалардың  танымдық
қызығушылығын,   олардың   шығармашылық    қабілеттерін,    жалпы    білімге
икемділігін,  өзін-  өзі  тану   мен   өздігінен   білім   алу   дағдыларын,
әлеуметтенуін барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру;
      - қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және  тиімді  кәсіби  іс-әрекет  пен
жеке  басының  және  әлеуметтік  кәсіби  тұрғыда  үздіксіз  пісіп  жетілуіне
қажетті маңызды тұлғалық және кәсіби сапаларын қалыптастыру;
      - қоғамда орнықты қалыптасқан дәстүрлер негізінде этникалық және  діни
толеранттылықты тәрбиелеу;
      - балалар мен жастардың бойында  Қазақстанға  сырттан  енуші  этнодіни
экстремизм мен түрлі радикалды ағымдарға қарсы әрекет  ете  алатын  дағдылар
қалыптастыру;
      - отбасылық тәрбие жүйесін қайта жандандыру және  отбасын  білім  беру
мекемелерінің тәрбие жүйесіне араластыру.
      Тәрбие  мақсаттары  мен  тәрбие  жұмысының   міндеттері   білім   беру
үдерісінде, сабақтан  тыс  уақытта  және  білім  алушылардың  бос  уақытында
жүзеге асырылады.

      Тәрбиенің мазмұны


      Білім берудің жаңа моделіне өту жағдайында және тәрбиенің  білім  беру
үдерісіндегі рөлінің өсуіне  байланысыты  тәрбие  мазмұнын  қайта  бағдарлау
даму заңдылығы болып табылады. Қазір білім  беру  үдерісінде  жеке  тұлғаның
рухани-адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай,  адамгершілікке
тәрбиелеу мен рухани  жағынан  қалыптасуы  барлық  тәрбие  үдерісінің  өзегі
болып отыр.
      Тәрбиенің мазмұны оның мақсатттары мен  міндеттері  арқылы  анықталады
және ол қоғамдық дамудың бағыты мен мазмұнына заңды тұрғыда тәуелді  болады.
Тәрбие  мазмұны  адам  тұлғасының  гуманистік  құндылықтар   жүйесін   игеру
негізінде қалыптасуын,  оның  барлық  мәндік  сферасының  дамуын  қамтамасыз
етуге жұмылдырады.
      Сонымен бірге, тәрбиеге  әлеуметтік-рөлдік  көзқарас  тұрғысында  адам
көптеген әлеуметтік жүйенің компоненті болып саналады: отбасы, ұжым,  кәсіби
топ, этнос, қоғам  және  т.б.  Сондықтан,  тәрбие  мазмұны  құндылық  қарым-
қатынас  жүйесімен:  өзіне,  өзінің  отбасына,  мектепке,  қоршаған  ортаға,
Отанына, Жер әлеміне, сондай-ақ, әлеуметтік рөл жүйесімен  де  сәйкестенеді:
адам, дос, ұл (қыз), құқық қорғаушы, аға (қарындас) патриот, немере  (немере
қыз),  азамат,  туыс,  қорғаушы,  оқушы,  ұлттық  мәдениетті  қорғаушы  және
жасаушы, ұжым, топ мүшесі, көш басшы, еңбекші, иегер, әлем азаматы,  қалалық
(ауылдық), бейбітшілік орнықтырушы,  көрші,  эколог,  бірлестіктің,  топтың,
этнос мүшесі.


      Тәрбиенің басым бағыттары


      Тәрбиенің қойған мақсатынан және одан  туындайтын  міндеттерге  сүйене
отырып тәрбие жұмысының мынадай бағыттары айқындалады:
      -   Азаматтық-патриоттық,   құқықтық   және   полимәдениеттік   тәрбие
гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін  сүю  және  құрметтеуге,
оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және  оны  дамытуға,  Қазақстанның  басқа
халықтарының  мәдениетін  зерттеу   және   игеруге   негізделген   азаматтық
ұстанымды және патриоттық сананы, құқықтық және полимәдениетті,  қалыптасқан
ұлттық өзіндік сананы, ұлт аралық мәдени  қарым-қатынасты,  әлеуметтік  және
діни төзімділікті қалыптастыруы тиіс. Қазіргі  жағдайда  тәрбиеленуші-лердің
құқықтық санасын, олардың балалар мен  жастар  ортасында  құқық  бұзушыларға
қарсы  тұруға  дайындығын  қалыптастыру  аса  маңызды  мәселе.  Балалар  мен
жастардың азаматтық патриоттық, құқықтық мәдениетінің әлеуметтік  мәртебесін
көтеру әрі азаматтық патриоттық, құқықтық тәрбие бойынша ғылыми  негізделген
саясат  жүргізу;  білім  беру  ұйымдарында  азаматтық  құқықтық,  патриоттық
тәрбие беруде мазмұны мен әдіс тәсілдер мен оқу тәрбие құрылымының өзара  іс
әрекеттестік негізінде деңгейін көтеру;
      - рухани-адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды,
жеке  тұлғаның  әдеп  ұстанымын,   оның   қоғам   өмірінің   нормалары   мен
дәстүрлерімен  келістірілетін   моральдік   қасиеттерін   және   бағдарларын
қалыптастыруды болжайды. Рухани адамгершілік құндылықтар мен  білім  жүйесін
дамытып  қалыптастыру;  Кәсіптік  және  адамгершілік  әдептерге   байланысты
білімдерді оқу, өндірістік және қоғамдық іс әрекеттерде іске асыру;
      -отбасы тәрбиесі адамдар арасындағы оңтайлы және эмоцияналды көңіл-күй
қарым-қатынасы арқылы адамгершілік, рухани және  гуманитарлық  құндылықтарға
басымдық беруде әлеуметтік-тарихи тәжірибені  таратудың  анықтаушы  құрамдас
бөлігі болып саналады.  Қазақстандық  қоғамның  жалпы  сұранысы  және  халық
дәстүрлері, әлемдік және ұлттық  мәдениет  негізінде  құрылған  балалар  мен
жастарды  жалпы  адамзаттық  және  ұлттық  құндылықтарға  бағдарлау  бірінші
қатарға  қойылады.  Тәрбиеленушілердің  санасында   дәстүрлі   ұлттық   және
моралдық құндылықтар жандандыру отбасы негізінде қалыптастыруды ұялату;
      - өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін  қалыптастыру.  Өзін-
өзі тану жастарға қоршаған ортаны түсінуге, оған өзінің қатыстылығын  саналы
сезінуге,  қоршаған  ортаға  өзінің  көзқарасын  жалпы  адамзаттық  құндылық
ұстанымында жүйелеу, өзінің өмірлік  ұстанымын  анықтауға  көмек  беру  үшін
қажет. Өз өзін-өзі тану өзін дамытудың,  жеке  тұлғаның  дербес  белсенділік
көрсетуінің, өзінің қабілеті мен әлеуеттік мүмкіндігін ашудың қажетті  шарты
болып табылады. Адам – адам, адам - қоғам, адам - техника,  адам  -  табиғат
жүйесіне терең білім қалыптастыру; Өзін-өзі  тану  нәтижесінде  адам  өзінің
дербес  өсу  және  өзін-өзі  жетілу  қабілетіне  ие  болады.  Сөйтіп,   адам
толысуын, өмір рахаты мен оның мәнін жете түсінеді;
      - әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру тұлғалық  қасиет
(әлеуметтік  бейімділік,  әлеуметтік  белсенділік,  әлеуметтік   тұрақтылық)
әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде өзіне тән тәртіп стилі, шығармашылық  пен
дербестікті дамытуға, қоғамдағы  өзгерістерден  дереу  және  тең  әсер  алу,
белсенді өмір ұстанымында болуға ықпал жасайды;
      - коммуникативті мәдениетті қалыптастыру тәртіп  қағидасын  анықтайды,
құндылықтар жүйесін, иделдарды,  нормаларды  айшық-тайды  және  шығармашылық
қызметте  өзінің  дербестігін   көрсетуде   қарым-қатынасты   ұйымдастыруға,
байланысты орнатуға, оларды  дамытуға,  келісуге,  тәртіпке  келтіруге  және
түзетуге көмек береді;
      - экологиялық тәрбие адамның бойына табиғатқа әдепті көзқарас-тың және
оған қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуын, табиғи  ресурстардың  жағдайына
жеке жауапкершілік сезімін және адамдардың олармен  парасатты  іс-әркеттерін
болжайды.  Экологиялық  тәрбиенің  негізі  алдымен,  қоршаған  ортаны   және
халықтың денсаулығын қорғауды, елімізде экологиялық  жағдай  туралы  халықты
ақпаратпен қамтамасыз етуді көздейді;
      -эстетикалық  тәрбие  рухани  -  адамгершілік  құндылықтарды   әсемдік
арқылы,  көркем  мәдениет  арқылы,  халықтар  мен  дәуірдің  әлемдік  көркем
құндылықтары арқылы, ұлттық және  жалпы  адамзаттық  құндылықтарын  зерделеу
арқылы қалыптастыруды көздейді. Адам бойында қазіргі кезең дамуының  маңызды
міндеттері болып саналатын өнер  құралдары  арқылы  анағұрлым  жоғары  сана-
сезім, тұжырымдамалы ойлауға қабілет, әлемді тұтас бағамдай білетін,  өзінің
дербес шығармашылық қызметімен  әлемдік  құндылықтар  туралы  танымын  толық
іске  асыратын,  ұжымда  жұмыс  істеуге  бейімді,  мәдениет  әлемінде   және
адамдармен қарым-қатынаста қалыптастыру;
      - дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын және денсаулық қорғаушы орта
қалыптастыру жастардың бойына психикалық  тұрақтылықты  және  тиімді  кәсіби
қызмет қажеттілігін қамтамасыз ететін салауатты өмір салтын дарыту мен  жеке
тұлғалық  сапаны  қалыптастыру  мақсатын  қояды.  Оны  іске  асыруға   алдын
алушылық білімі кіреді. Салауатты өмір салтын  қалыптастыру  адам  ағзасының
мүмкіндіктерін, оның қызметінің ерекшеліктерін  болжау,  адамның  физикалық,
психикалық және рухани саулығының өзара  байланысы,  сондай-ақ,  тәрбиелену-
шілерді саналуан спорт түрлеріне тікелей қатыстыру жолымен ағартушылық  және
ақпараттық түсіндіруші жұмыс барысында жүзеге асырылады;
      - еңбек және экономикалық тәрбие балалардың, жас  өспірімдердің,  және
жастардың  өзіне-өзі  қызмет  көрсету  шеберлігін  және  дағдыларын,   еңбек
қызметінің    саналуан    түрлеріне    адалдықпен,     шығармашылық     және
жауапкершілікпен  қарап,  ұжымда,   топта   жұмыс   істей   білу   икемдігін
қалыптастырады; адамның жеке шеберлік, белсенді және болмысымен беріліп  іс-
әрекет жасау, қажетті ресурстарды жұмылдырып, істің мәнісін  дұрыс  бағалап,
өз  іс-әрекетінің  қажетсіз  қалмауына   мән   беріп,   олардың   түпкілікті
тиімділігін тиянақтап жаңа өндіріс және қоғам  жасауды  көздейді.  Жастардың
бойында еңбектің ең бірінші өмірлік қажеттілік, өмірлік  табыстарға  жетудің
басты тәсілі мен жоғары құндылық ретінде қалыптастыру;
      - кәсіби-шығармашылық тәрбие кәсіби  және  жеке  құзыреттілік  көзінің
мәнін  қалыптастыруды   (арнайы,   профилды,   коммуникативті,   әлеуметтік,
интеллектуалды, ақпараттық, дербес) және  т.б.  қосымшаларын  білуін,  білім
алушылардың дәстүрді және кәсіби қауымдастық құндылықтарын игеруін,  ұжымдық
мәдениет пен кәсіби әдеп нормаларын сақтауын болжайды;
      - интеллектуальді мәдениетті дамыту білім алушылардың  белсенді  ойлау
қызметінің  дамуын,  негізгі   құндылықтарды   және   осы   заманғы   ғылыми
дүниетанымды  қалыптастыру;  олардың  сана-сезімінің  сенімді  және  қажетті
біліммен толығуын, ақыл-ой қабілеті мен білімге құмарлығын дамыту.


      Тұжырымдаманың жүзеге асырылу шарттары


      Тұжырымдаманы жүзеге  асырудың  негізгі  шарттары  төмендегідей  болып
табылады:
      - балалар мен жастар  тәрбиесінің  болашағын,  саяси  және  әлеуметтік
маңыздылығын өзектілендіру;
      -   интелектуалдық,   педагогикалық   ұйымдастырушылық,   экономикалық
әдістемелік және кадрлар және  тағы  басқа  ресурстарды  тәрбие  міндеттерін
жүзеге асыруда шоғырландыру;
      -  ашық  ақпараттық,  білім  беру,  коммуникативтік,  әлеуметтік  және
тұлғалық кеңістікті құру, балалар  мен  жастардың  жауапкершілікті  және  өз
бетінше болу қажеттілігі үшін тәрбие ортасын қалыптастыру;
      - тәрбиеленушілердің рухани, интелектуалдық  және  өз  денсаулығы  мен
өмірі,    әлеуметтік    біліктілігі    мен     жауапкершілігін     көтерудің
ұйымдастырушылық жағдайларын жасау;
      - балалар  мен  жастардың  әлем  және  ұлттық  мәдениетті  игерулеріне
толеранттылық,  келісім  және  ұлтаралық  мәдениет   пен   қарым   қатынасты
тәрбиелеу;
      -   қоғамға,   қоршаған   ортаға,   табиғатқа    позитивті    көзқарас
қалыптастыруға ықпал ететін әлеуметтік педагогикалық жағдай жасау;
      - кәсіби бағдар мен тұлғаның өзін өзі іске асыруына  және  өз  білімін
үздіксіз жетілдіру қажеттілігіне жағдай жасау.
      Тұжырымдаманы жүзеге асырудың негізгі ресурстары:
      Нормативтік-құқықтық   қамтамасыз   ету   тәрбие   үдерісі   Қазақстан
Республика-сының  білім  беру  саласының  нормативтік-құқықтық   құжаттарына
толық сәйкес  келуі  және  онда  туындайтын  проблемаларды  шешу  мақсатында
қайтарымды байланыс қамтылады.
      Ақпараттық қамтамасыз ету – заманауи ақпараттық  және  коммуникациялық
технологияларды қолдану, мектеп және жоғары  оқу  орындары  ішілік  БАҚ-тар,
тәрбие мәселелері бойынша баспа қызметін пайдалану және т.б.
      Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету ғылыми-әдістемелік кешендерді жасау,
вариативті бағдарламалар, тәрбиелік және ақпараттық технологияларды  енгізу,
педагогикалық  кадрлардың  кәсіби  шеберлігін  көтеру  және  қайта   даярлау
жұмыстары  жүзеге  асырылады.  Тәрбие   үдерісін   ұйымдастырудың   таңдаулы
тәжірибелерін кең  тарату,  зерттеу  және  анықтау;  тәрбие  жұмысында  және
оларды ұйымдастыруда да жаңа технологияларды игеру; адамның рухани  әлемінің
қалыптасуын   қамтамасыз   етуге   қызмет   көрсететін   тәрбиенің    мәдени
сәйкестілігіне бірізді бағдар алу қамтылады.
      Ұйымдастырушылық-басқарушылықты қамтамасыз ету білім беру  ұйымдарында
және олардың құрылымдарында тәрбие жұмыстарын  қолайлы  жоспарлау  негізінде
тиімді тәрбие жұмысын  ұйымдастыруға  және  олардың  жұмыстарын  үйлестіруге
жағдай жасау;  негізгі  және  қосымша  білім  беру  мазмұнын  интеграциялау,
толассыз  зерттеу,  тиімді  жұмыстарды  қорыту  және  кең   тарату,   тәрбие
үдерісіне мониторинг жасау.
      Матриалдық-техникалық   қамтамасыз   ету   тәрбие   жұмысына   қажетті
материалдық, техникалық жағдай жасау,  тәрбие  жұмысын  респуб-ликалық  және
жергілікті бюджеттен қаржыландыру,  тәрбие  үдерісіне  қатысушыларды  икемді
ынталандыру жүйесін тиімді пайдалану қарастырылады.
      Психологиялық-педагогикалық қолдау  психикалық-педагогикалық  түзетуді
дамытуды қажетсінетін әртүрлі категорияларға қатысты балалар  мен  жастармен
жүргізілетін жұмыстарды арттыруды (дарынды, тәуекелшіл  топтардың  өкілдері,
шектелген мүмкіндіктегі балалар мен жастар) қамтиды.
      Кадрлық қамтамасыз  ету  «әлеуметтік  педагог»,  «қосымша  білім  беру
педагогі»,  «балалар  бос  уақытын  ұйымдастырушы  менеджер»   мамандықтарын
классификаторға   енгізуді;    тәрбие    жұмысымен    шұғылданатын    барлық
категориядағы педагогикалық қызметкерлердің мамандықтарын көтеру және  қайта
даярлауды қамтамасыз  етуді;  сынып  жетекшілерінің,  кураторлардың,  мектеп
психологтары-ның,  әлеуметтік   педагогтардің   («қиын»   балалармен   жұмыс
жөніндегі, және т.б.)  қызметтік  міндеттерін  нақты  бөлуді;  педагогикалық
жоғарғы  оқу  орындары  мен  кәсіптік  техникалық  оқу  орындарында  «Тәрбие
жұмысының   теориясы   мен   әдістемесі»   кафедраларын   жандандыру    және
педагогикалық колледждер оқушыларының, жоғары  оқу  орындары  студенттерінің
жазғы  демалыстарын  ұйымдастыруда  педагогикалық  практикадан  өтуін  қайта
жаңғыртуды мөлшерлейді.
      Барлық білім беру ұйымдарында (мектептерде,  кәсіптік  колледждер  мен
жоғары оқу орындарында) директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,  тәрбие
ісі жөніндегі проректор, топ кураторлары, сынып жетекшілер қызметтік  міндет
ендіріліп  және  олардың  іс-әрекетін   балалар   мен   жастардың   қоғамдық
ұйымдарының жұмысымен өзара іс-әрекет қимылын ұйымдастыруды қамтамасыз ету

      Тұжырымдаманы орындаудан күтілетін нәтижелер


      Қазақстан Респубикасында тәрбие Тұжырымдамасын жүзеге асыру:
      - тәрбиенің басымдығы мен маңызын қоғамның  сезінуін,  оның  қоғамдағы
мәртебесін нақты бекітеді;
      - білім беру жүйесінің барлық деңгейінде тәрбиенің үздіксіздігін  және
сабақтас-тығын қамтамасыз етеді;
      - балалардың, жас өспірімдердің және  жастардың  тәрбиелілігін  жоғары
деңгейіне жеткізеді;
      - салауатты өмір салтын норма ретінде бекітеді;
      - қоғамның рухани және адамгершілік деңгейі жоғарылайды;
      -  барлық  деңгейлі  білім  беру  ұйымдарында  қолданыстағы   өзін-өзі
дамытушы тәрбие жүйелерін қамтамасыз етеді.
      Тұжырымдаманы  іске  асыру  барысында  жалпыадамзаттық   және   ұлттық
құндылықтар негізінде тиімді жүзеге асатын  тәрбиенің  қахзақстандық  үлгісі
құрылады.


      Сөздік


      Тәрбие  –  қойылған  мақсатқа  жетуге  бағытталған   тәрбиешілер   мен
тәрбиеленушілердің өзара тиімді іс-әрекеттері (достастық).
      Тәрбиелік үдеріс – ол өзіндік даму, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі  іске
асыруға бағыттау мақсатында .педагогтар мен балалардың өзара іс-әрекеттері.
      Тәрбие жұмысы – ол анағұрлым толық өзіндік дамуы мен өзін-өзі  табысты
көрсету мақсатында ересектер мен балалардың бірлескен  тіршілік  әрекеттерін
ұйымдастыру жөнінде мақсатты бағытталған қызмет.
      Тәрбиелік жүйе –  1)  тәрбиенің  негізгі  компоненттерінің  өзара  іс-
қимылдары үдерісінде туындайтын (мақсаттар,  субъектілер,  олардың  қызметі,
пікірлесу,  қарым-қатынас,  материалдық  база)  және  ұжымдық  өмір  бейнесі
ретінде интегративті сипаттамалар мен оның психологиялық  жағдайы  қамтылған
тұтас әлеуметтік организм; 2) өзінің басты қызметі – тәрбиеге қатысты  ретке
келтірілген ашық әлеуметтік-педагогикалық  және  психологиялық-педагогикалық
жүйе.
      Қосымша  білім  беру  –  білім  алушылардың   білім   алу   үдерісінде
сұраныстарын жан-жақты қанағаттандыру мақсатында  жүзеге  асырылатын  тәрбие
және оқу үдерісі Қосымша білім беруді  ұйымдастыру  тұлғаның  жеке  дамуына,
кәсіби шеберлігін анықтауына, балалардың шығармашылық еңбекке  бейімделуіне,
олардың  қабілеттерін  көрсете  білуіне,   қоғамдық   өмірге   бейімделуіне,
азаматтық өзіндік санасын қалыптастыруына барлық жағдайды жасайды.
      Қазіргі  заманғы  тәрбиеші  –  ол  саясаттың,  нарықтық   педагогикаға
үстемдік етуіне  жол  бермеу  үшін  тәрбиенің  жаңа  әлеуметтік-экономикалық
шартын  педагогикалық  негізде  ойлай  білуге,  нарықтық   қатынастың   келу
салдарын,  жаңа  үрдістерді  педагоги-калық  мақсат  ұстанымында  бағалауға,
педагогикалық  іс-әрекеттің  баламаларын  салыстыруға,  олардың   ықтимал-ды
мүмкіндіктерін болжауға қабілетті, талдау мен  өзін-өзі  бақылау  тәсілдерін
меңгерген кәсіби шебер.
      Тәрбие қағидасы  –  тәрбиешілер  міндетті  түрде  сақтайтын,  тәрбиені
ұйымдасытру-дың аса маңызды ережелері, бастапқы ережесі.
      Өзін-өзі тәрбиелеу – субъективтік мақсатта жеке  тұлғаның  мүдде-сінде
мақсатты түрде құрылатын және оның қасиеті  мен  қабілетінің  дамуын  саналы
басқаратын үдеріс.
      Өзін-өзі  басқару  –  оқушылардың  және   студенттердің   шығармашылық
потенциалын ашуға, олардың  өзін-өзі  табысты  көрсетуге  мүмкіндік  беретін
өзін-өзі ұйымдастырудың тәсілі.
















                                   Мазмұны


      |     |Кіріспе                                                    |3  |
|     |...........................................................|   |
|     |.............................                              |   |
|1    |Тәрбиенің теориялық-тұжырымдамалық                         |   |
|     |мәселелері.................................................|4  |
|     |......................................                     |   |
|1.1  |Кеңес педагогикасындағы тәрбие беру тұжырымдамасы.. және   |   |
|     |Қазақстандағы тәрбиенің қазіргі                            |   |
|     |жағдайы....................................................|4  |
|     |......................................                     |   |
|1.2  |Шетелдік тұжырымдамаларды талдау                           |   |
|     |өзектілігі.................................................|6  |
|     |.........................................                  |   |
|1.3  |Педагогикалық тұжырымдамалардың жіктелуі                   |9  |
|     |.........................                                  |   |
|1.3.1|Бихевиористік                                              |11 |
|     |педагогика.................................................|   |
|     |............                                               |   |
|1.3.2|Гуманистік педагогика (неопедоцентризм)                    |13 |
|     |................................                           |   |
|1.3.3|Неопозитивизм («жаңа гуманизм»)                            |17 |
|     |.............................................              |   |
|1.3.4|Педагогикадағы экзистенциализм                             |19 |
|     |...............................................            |   |
|1.3.5|Әлеуметтену теориясы педагогикалық тұжырымдама             |   |
|     |ретінде....................................................|20 |
|     |.........................................                  |   |
|1.4  |Қазіргі тәрбиенің әдіснамалық                              |   |
|     |негіздері..................................................|23 |
|     |........................................                   |   |
|2    |Тəрбиенің  құндылықтары, мақсаты мен міндеттері мәселесі.. |25 |
|2.1  |Тәрбиенің мәні                                             |25 |
|     |...........................................................|   |
|     |...................                                        |   |
|2.2  |Тəрбиенің  құндылықтары, мақсаты мен міндеттері            |27 |
|     |.................                                          |   |
|2.3  |Тəрбие үдерісінің ерекшеліктері                            |30 |
|     |.................................................          |   |
|3    |Тəрбиенің жалпы заңдылықтары  мен қағидалары               |32 |
|     |...................                                        |   |
|4    |Қазіргі тәрбиенің мазмұны                                  |41 |
|     |...........................................................|   |
|5    |Ұжым – тәрбие берудің аса маңызды құралы                   |50 |
|     |............................                               |   |
|6    |Өзін-өзі тәрбиелеудің құрылымы мен мазмұны                 |60 |
|     |........................                                   |   |
|6.1  |Өзін-өзі тәрбиелеудің мәні мен қозғаушы                    |60 |
|     |күштері....................                                |   |
|6.2  |Өзін-өзі тәрбиелеудің құрылымдық                           |67 |
|     |компоненттері..................                            |   |
|6.3  |Өзін-өзі тәрбиелеу                                         |77 |
|     |әдістері...................................................|   |
|     |........                                                   |   |
|     |Түйін......................................................|82 |
|     |..........................................                 |   |
|     |Әдебиеттер                                                 |84 |
|     |...........................................................|   |
|     |..........................                                 |   |
|     |Қосымша                                                    |87 |
|     |...........................................................|   |
|     |.............................                              |   |
|     |                                                           |   |



Пәндер