Файл қосу
Халықаралық сауда
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | | |3 деңгейлі СМЖ құжаты |ОӘК |ОӘК | | | |042-18-20.1.24/03-2014 | |«Халықаралық сауда |№1 басылым | | |құқығы» пәнінің |11.09.2014 ж. | | |оқу-әдістемелік кешені | | | «Халықаралық сауда құқығы» пәні бойынша «5В030400»- кеден ісі мамандығына арналған ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ СЕМЕЙ 2014 Мазмұны 1. Глоссарий 2. Дәрістер 3. Практикалық сабақтар 4. Студенттердің өздік жұмысы 1. Глоссарий |№ |Терминдік ұғым сөз |Ұғымдық мазмұны | |1 |Тұрғын үй |тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын,| | | |белгіленген техникалық, санитарлы және басқада | | | |міндеттерге сай келетін және тұрғын үй (жеке-дара | | | |тұрғын үй, пәтер, жатақанадағы бөлме) | |2 |Дара (бөлек) меншік |тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрамындағы үй-жайға | | | |азаматтардың, заңды тұлғалардың немесе мемлекеттің| | | |меншігі | |3 |Тұрғын жай |тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын,| | | |белгіленген техникалық, санитариялық және басқа да| | | |міндетті талаптарға сай келетін жеке тұрғын үй | | | |бірлігі (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы | | | |бөлме). | |4 |Тұрғын үй-жай (пәтер) |тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын,| | | |тұрғын жайдың тұрғын алаңын да, тұрғын емес алаңын| | | |да қамтитын жеке үй-жай | |5 |Үй-жай |тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) жеке ішкі | | | |кеңістік. Үй-жай қабырғасының, еденінің және | | | |төбесінің (қабатаралық жабынның) ішкі әрленбеген | | | |беті, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында | | | |немесе меншік иелері арасындағы келісімде өзгеше | | | |көзделмесе, әрбір үй-жайдың шекарасы болып | | | |табылады | |6 |Жеке тұрғын үй қоры |жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға және| | | |олардың бірлестіктеріне меншік құқығымен тиесілі | | | |тұрғын жай | |7 |Жалға берілетін үй |жеке және (немесе) заңды тұлғаға меншік құқығымен | | | |тиесілі, жалдауға беруге арналған тұрғын үй | | | |(тұрғын ғимарат), тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) | |8 |Қосымша жалдаушы |тұрғын жайды қосымша жалдау шартындағы тұрғын | | | |жайды немесе оның бір бөлігін жалдаушыдан (жалға | | | |алушыдан) тұрақты немесе уақытша иеленуге және | | | |пайдалануға алатын тарап | |9 |Тұрғын үйді жалдау | жалдаушыға (жалға алушыға) тұрғын үйді немесе | | |(жалға беру) |оның бір бөлігін ақы төлеттіріп тұрақты немесе | | | |уақытша иеленуге және пайдалануға беру | |10 |Жалға беруші |тұрғын үйді жалдау шартындағы тұрғын үйді | | | |меншіктенуші немесе меншік иесі атынан іс-қимыл | | | |жасаушы болып табылатын тарап. | |11 |Кондоминиум |үй-жай азаматтардың, заңды тұлғалардың, | | | |мемлекеттің дара (бөлек) меншігінде болатын, ал | | | |ортақ мүлік оларға ортақ үлестік меншік құқығымен | | | |тиесілі болатын жағдайда, жылжымайтын мүлікке | | | |меншіктің нысаны | |12 |Кондоминиум объектісі |жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара | | | |(бөлек) меншігіндегі тұрғын және тұрғын емес | | | |үй-жайлардан және оларға ортақ үлестік меншік | | | |құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас | | | |мүліктік кешен | |13 |Тұрғын үй кооперативі |азаматтардың тұрғын үйді сатып алу (салу) және | | | |пайдалану мақсатындағы комерциялық емес | | | |бірлестігі, онда тұрғын үйді меншіктену құқығы | | | |кооперативке тиесілі болады, иелену және пайдалану| | | |құқығына ие болады және тұрғын үйді күтіп ұстау | | | |шығынына қатысады | |14 |Табысы аздар |мемлекеттік тұрғын-үй қорынан тұрғын үй беруді | | | |сұрар алдындағы соңғы он екі айда отбасының әрбір | | | |мүшесіне шаққандағы жиынтық айлық табысы заңдарда | | | |осы мақсаттар үшін белгіленген ең төменгі күнкөріс| | | |денгейіне жетпейтін адамдар | |15 |Репатрианттар |Қазақстан Республикасында тұрақты тұру үшін басқа | | | |мемлекеттерден тарихи отанына қайтып оралушы | | | |адамдар | |16 |Тұрғын үйді |төтенше оқиғалар жағдайында мемлекеттік | | |реквизициалау |органдардың шешімі бойынша меншік иесінен тұрғын | | | |үйді заң актілерінде белгіленген тәртіппен мәжбүр | | | |етіп алып, алынған тұрғын үйдің құнын, не | | | |Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы | | | |келмеитін өзгеде өтем түрлерін төлеу | |17 |Тұрғын үйді |азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қоры | | |жекешелендіру |үйлеріндегі өздері тұратын үй-жайларды меншігіне | | | |сатып алуы, олзаңдарға сәйкес жүзеге асырылады | 2. Дәрістер Дәріс сабағының құрылымы Тақырып 1. Халықаралық сауда құқығының (ХСҚ) ұғымы 1. ХСҚ түсінігі мен қайнар көздері. 2. ХСҚ субъектілері. 3. ХСҚ объектілері. 4. Бағалы қағаздар жіктелуі және олардың ХСҚ- мен реттелуі. 5. Интеллектік қызмет және оның құқықтық реттелуі. 6. ХСҚ тарихы. 1. ХСҚ - дегеніміз халықаралық сауда процесінде пайда болатын, жеке қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығын айтамыз. ХСҚ қайнар көздері: - Халықаралық заңнама. Экономика және ғылыми-техникалық саланы реттеу үшін мемлекеттер нормалар қабылдайды. Халықаралық заңнама екі нысанда болады: а) Халықаралық шарттар; б) Халықаралық ұйымдардың шешімдері, мысалы, Еуропалық Одақ мемлекеттеріне қатысты Еуропалық Одақ шешімдері. - Жергілікті халықаралық заңнама: а) Конвенциялар; б) Еуропалық Одақ органдарының қабылданған актілері. Бұл актілердің келесі түрлері бар: 1. Ережелер - барлық мемлекет территориясына таратылды. 2. директивтер - нормаларды қалыптастыру қызметін атқарады. 3. Мысалы, қандай да бір әрекет жасауға тыйым салу туралы шешімдер т.б. - ТМД көлеміндегі шарттар. ТМД көлемінде Парламентаралық Ассамблея әртүрлі актілер қабылдайды. Олар ТМД мемлекеттеріне міндетті. Осы актілерге негізден мемлекеттер ұлттық заңды қабылдайды. ТМД көлеміндегі негізгі құқықтық акт- Үлгілі Азаматтық Кодекс. ХСҚ-ң әртүрлі құқықтық актілері бар, олар әртүрлі саланы реттейді. 1. Шаруашылық қызметті реттейтін ТМД актілері. Оларға: «Трансұлттық корпорациялар туралы» Конвенция 1998 ж., «Өндірістік, коммерциялық, несие- қаржылық, сақтандыру, аралас бірлестіктерді құру және дамыту жөніндегі көмек туралы Келісім» 1994 ж. Бұл келісімге сәйкес трансұлттық бірлестіктер мемлекеттің ұлттық заңымен көрсетілген түрде бола алады (қоғамдастықтар, бірлескен 2-ші сатыдағы банктер т.б.), олар үкіметаралық келісім немесе шаруашылық субъектілердің тікелей қатысуымен шарт негізінде қызмет етеді. «Трансұлттық корпорация туралы» Конвенция осы корпорациялар қызметін, пайда болуын, мемлекеттік қолдау мәселелерін тікелей шешті. 2. Сауда саласын реттейтін ТМД актілері. Бұған «ТМД мемлекеттерінің, ұйымдарының арасындағы тауарларды жеткізу жөніндегі жалпы шарттар туралы» Келісім 1992 ж. Киев қаласы жатады. Осында шартқа қалай отыру, өзгерту және бұзу тәртібі белгіленген. 3. ТМД көлемінде өндірістік кооперация саласында: «ТМД салалары мен кәсіпорындарының өндірістік кооперациясы жөніндегі жалпы шарттар туралы» Келісім 1993 жыл. Бұл келісімде өндірістік кооперация сұрақтары, яғни жобалау, жөндеу жұмыстарымен технологиялық қызмет көрсету жағдайлары реттелген. 4. Тасымалдау саласында: «Қауіпті және басқа да қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды бақылау туралы» Келісім; «Қалааралық автомобильді тасымалдау» туралы Конвенция 1997 ж. 5. Бағалы қағаздарға байланысты: «Мемлекетаралық бағалы қағаздар рыногын реттеу туралы» Келісім. 6. Интеллекттуалдық меншік саласында: «Өндірістік меншікті қорғау шаралары мен өндірістік меншікті қорғау сұрақтары бойынша Мемлекетаралық кеңес құру туралы» Келісім 1993 ж. 7. Мемлекет арасындағы бәсекелестік саласында: «Антимонополиялық саясатты келісу туралы» Келісім 1993 ж. 8. Шаруашылық даларды шешу саласында: «Шаруашылық қызметпен байланысты, дауларды шешу тәртібі туралы» Келісім 20.03.1992 ж. Мысалы: Жеке меншікке байланысты сұрақтар меншік орналасқан мемлекеттің сотына арыз беру арқылы шешіледі. 2. ХСҚ субъектілері ұлттық заңға сәйкес шарттарға отырады. Әділет министрлігі мемлекеттің ұлттық заңына сәйкес кәсіпкерлік қызметтің субъектілерін тіркейді. Реестрдің мақсаттары: - сауда серіктестіктерін тіркеу; - қызмет түрлерін тіркеу; - барлық субъектілерге тіркелгендігі туралы мағлұмат береді. Сауда реестріне тағы прокуристер жөнінде мағлұматтар кіргізіледі. Прокуристтер ешқандай қосымша өкілеттіктерсіз реестрге кіргізілген тұлға атынан шартқа отыра алатын тұлға. Субъектілердің түрлері: 1. Жеке кәсіпкерлер - кәсіпкерлік саласындағы лицензияланатын қызметті іске асыратын тұлға. 2. Толық серіктестіктер - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін құрылған жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар бірлестігі. Ол көбінесе, құрылыста, инвестициялық жобалауды несиелеу кезінде қолданылады. 3. Коммерциялық серіктестік – жеке фирма түрінде бірнеше коммандиттер (салымшылар) салған салым көлемінде жауап берсе, бірнеше толық серіктер барлық салымдармен және мүлікпен жауап береді. 4. Акционерлік қоғам; 5. ЖШС; ХСҚ басқа да субъектілер түрлері бар: I. Еуропалық бірлестік - экономикалық қызмет саласындағы жеке және заңды тұлғалар арасындағы белгілі бір уақытқа ғана құрылатын ұйым. Заңды адресі (мекен-жайы) бар жерде тіркеледі. II.Трансұлттық бірлестіктер - кәсіперлік заңды тұлғалардың тобы. Бірнеше түрлері бар: 1. Холдинг (ағылшын-амер. жүйеде көп қолданылады) әрбір мүшесінің тікелей қызметіне араласпайды, бірақ бір топ қатысушыларға әсер ете алады. Бұл топтағы заңды тұлғалар өзбетінше қызметті іске асырады. 2. Концерн жеке субъектілер бірлестігі, мұнда орталық барлық істерді жүзеге асырады, шаруашылық қызметті жүргізеді. 3. Қаржылық-өндірістік топ – заңды тұлғалар жиынтығы, олар белгілі бір қызметке өз мүліктерін біріктіреді. III. Мемлекеттер басқа субъектілермен теңдей қатынаста болады. Ол келесі қатынастарға қатысады: - мемлекеттік заемдерге байланысты; - мемлекет субъектілеріне заемге деген кепілдік беру кезінде; - инвестициялық шарттар бойынша; - өкілетті органдары арқылы мемлекеттік халықаралық сатып-алу сату шарттары бойынша. IV. Унитарлы кәсіпорындар ҚР Үкіметі мен әкімшілік-территориялық бірліктер құрған шаруашылық жүргізу құқығына негізделген заңды тұлғалар. V. Қазыналық кәсіпорындар ҚР құрады және оралымды басқару құқығы болады. VI. Бизнестраст - қозғалмайтын мүлікке байланысты сұрақтарды шешу үшін АҚШ- ң штаттарында құрылған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым. 3. ХСҚ объектілері ретінде халықаралық сауда айналымынан алынбаған азаматтық құқықтың объектілері табылады. ХСҚ объектілері: 1. Тауар - материалдық дүние заттары. Белгілері: салмағы, сапасы, бағасы белгілі болады; 2. Ақша; 3. Бағалы қағаздар - мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат. ХСҚ келесі бағалы қағаздар бар: - Облигация - міндеттеме (қарыздың) бар екендігін бекітеді және оны шығарған тұлға оның қайтарылуын белгілі бір мерзімнен кейін көрсетеді. - Вексель – вексельұстаушыға онда көрсетілген мерзімде вексельберушінің ақша көлемін куәландаратын құжат. - Чек - банкінің чекте көрсетілген мерзімде чек ұстаушыға төлейтін міндеттемені сақтайды. - Коносамент - теңіздегі, өзендегі құнды қағаз, тасымалдау жүгінің берілуін бекітеді. - Акция - АҚ қатысушы құқығын бекітеді. - Варрант - қоймада орналасқан тауарға кепілдеме құқығын куәландырады. - деливери-ордер – яғни ордерден тұлғаға тауардан партиясын беруді көрсетеді. 4. ХСҚ бағалы қағаздар келесі түрлерге бөлінеді: - ақшалай бағалы қағаздар (облигациялар, чектер т.б.) оларда ақша сомасын талап ету құқығы бекітілген. - қатысушы бағалы қағаздар (акция) мұнда АҚ-ға қатысушы ретінде болуы белгіленген. - тауарлы бағалы қағаз - тауарға деген құқықты бекітеді. Ағылшын-американдық жүйеде бұл жағдай өзгеше: - инвестициялық қағаздар (акциялар мен облигациялар) АҚ қатысушы екенін көрсетеді немесе заем қатынастарын бекітеді (заем берушімен заем алушы); - саудалық қағаздар – айналымды құжаттар болып табылады (вексель); - тауарлы-өкімдік құжаттар – айналмалы құжат тауарлық бағалы қағаз белгілі бір белгілері бойынша ұқсас құжат. Көзделген құқықтарға байланысты бағалы қағаздар келесі түрге бөлінеді: - ұсынбалы (кез-келген тұлға ұсынған кезде ол бойынша көрсеткен тұлға құқық иесі болып табылады). - ордерлік бағалы қағаз көрсетілген тұлға құқықтарды индоссамент арқылы береді. - атаулы (аты- жөні) жазылған тұлға оның иесі болып табылады. Көп мемлекеттердің құқықтық жүйелері акциялармен мен облигацияларды келесі түрлерге бөледі: - жай акциялар - дивиденттерге құқықты куәләндыратын бағалы қағаз. - артықшылығы бар акция жай акция иелерінен қарағанда ерте алу құқығын бекітеді. - жай облигациялар иелері онда көрсетілген пайызды немесе барлық сомасын алу құқығын бекітеді. - дисконттық облигациялар – номиналды сомасынан төмен эмитенттермен сатылатын облигация, брақ толық көлемде ол соманы қайтаруға міндеттеме алады. - конфертивтік облигациялар – (АҚШ) акционерлік қоғамдардың иелері акцияға ауыстыра алатын жай облигациялармен дисконттық облигациялар. Бағалы қағаздар келесі нысанда шығады: - құжатты – материалды түрдегі құжат ретінде болады. - құжатсыз - акция немесе облигация өзі берілмейді, бірақ шотқа жазылады. Бағалы қағаздың құқықтық реттелуі: - Женеваның Вексельдік Конвенциясы 1930, 1931ж. - БҰҰ-ң халықаралық аудармалы және халықаралық жай вексельдер туралы Конвенциясы 9.12.1998ж. 5. Интеллектуалдық қызмет нәтижелерін қолдану оның иесімен ғана рұқсат етілді. Интеллектуалдық қызмет объектілері – ғылыми, өнер шығармалары, пайдалы модельдер т.б. Лицензияның шарт пәні ретінде екі объект табылды: - Авторлық құқық объектілері; - Өндірістік меншік объектілері; Авторлық құқық объектілері: әдеби шығармалары, музыкалық шығармалар; Өндірістік меншік объектілері: пайдалы модельдер селекциялық жетістіктер, фирмалық атаулар т.б. Интеллектуалдық қызмет келесі халықаралық актілермен реттеледі: - Өндірістік меншікті қорғау туралы Париж конвенциясы 1883 ж. - Тауарлық және фабрикалық белгілерді халықаралық тіркеу туралы. Мадрид Конвенциясы 1891 ж.; - Дүниежүзілік авторлық құқық туралы. Конвенция 1952 ж.; - Патенттік кооперация туралы шарт 1970 ж. 6. Ежелгі Римде Б.э.д. III ғ ұлттық азамат кодекспен бірге сауда қатынасын реттейтін құқықтық актілер пайда болған. Феодализм уақытында алғашқы саудагерлер өз қызметін атқара бастады. Алғашқы әдет-ғұрыптар жинақтары пайда болды. Мысалы XII-XIII ғ.ғ. Франция мен Англияда осындай жинақ болып «Висбиялық теңіз құқығы» табылады. ХСҚ Еуропамен бірге дамып басқа территорияларға ауыса бастады. XVII ғ. Жак Савари күшімен алғашқы Сауда ОРДОНАНСЫ қабылданды. 1663ж. одан кейін 8 жылдан кейін 1681 жылы Францияда алғашқы кодификациялық акт Теңіздік сауда туралы ОРДОНАНСЫ қабылданды. Осы екі акті алғашқы сауда құқығының негізін қалады. Францияда революциядан кейін, 1808 жылы Францияның Сауда кодексі қабылданды. Қазіргі ХСҚ XIX ғ. бастап дами бастады. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1.ХСҚ түсінігі мен қайнар көздері. 2.ХСҚ субъектілері. 1. ХСҚ объектілері. Ұсынылатын әдебиет 1.Богусловский М.М. Иностранные инвестиции: правовое регулирование. - М., 1996. 2.Велъятинов Г.М. Основы международного экономического права. - М., 1994. 3.Комаров А.С. Правовые вопросы товарообменных сделок.М.,1994. 4.Лукашук И.И. Стороны в международных договорах. - М., 1996. 5. Розенберг М.Г. Заключение договоров международной купли-продажи товаров. М., 1991. Тақырып 2 Халықаралық саудалық мәмілелер (ХСМ). ХСҚ мерзімдер. 1. ХСМ-ң нысандары және отыру тәртібі. 2. ХСМ бойынша жауапкершілік негіздері мен түрлері. 3. Халықаралық сауда міндеттемелері бойынша жауапкершіліктен босату. 4. ХСҚ мерзімдер ұғымы және түрлері. 5. Талап мерзімі. 1. ХСМ ретінде мемлекеттер арасындағы байланысты бекітетін кез келген сауда саласындағы келісімдер. Осы жерде мемлекеттер мәмілеге қолданылатын құқықты таңдайды. Осыдан кез келген мәміле екі тараптың кез келгенінің келісімі бойынша сол мемлекеттің заңымен реттеледі. 1964 жылы қабылданған «Халықаралық сатып алу-сату туралы» ГААГтік біркелкі заңдары келесі жағдайларды қарастырады: - шарт бір мемлекет территориясынан екінші мемлекет территориясына тасымалданатын немесе тасымалдаған заттарға байланысты; - акцепт және оферта болып табылатын іс-әрекеттер әр түрлі мемлекеттер территориясында жүзеге асу керек; - мүлік беру, акцент және офертаға байланысты іс-әрекеттер жасалған мемлекеттерден басқа мемлекет территориясына берілуі тиіс. Осы ГААГ заңдарында «субъект критерий» деген ұғым белгіленген. Оның негізі: тараптарға қойылатын талап ретінде олардың міндетті түрде кәсіпорны болу керек немесе басқа мемлекетте орналасу жері болуы тиіс. ХСМ келесі тәсілдердің бірімен жасалу тиіс (отыру тәртібі): - оферта негізінде және оның акцептісі негізінде; - тараптардың келіссөздері нәтижесінде. Оферта кез келген тұлғаға бағытталған ұсыныс. Оның мерзімі көрсетілмесе онда өту мерзімі ұлттық заңда көрсетілген мерзіммен алмасуы тиіс. 1980 ж. Вен Ковенциясы осыған байланысты оферта мерзімі ішінде оферент оны қайтарып алуға құқы жоқ, және егер акцептент жауап берсе шарт жасалған болып табылады. Оферта келесі негіздерге байланысты тоқтатылады. - оны қайтарған кезде, егер ұлттық заң ондай жағдайды бекітсе; - оферент қайтыс болса; Офертаны қабылдаған акцепт оның барлық шарттарын қабылдаған болып есептеледі. Халықаралық заңнамаға сәйкес акцепт дегеніміз шартқа отыруды білдіретін кез келген іс-әрекеттер. Тек қана акцептант еркі пассивті болмауы керек, өйткені Вена Конвенциясына сәйкес пассивті тәртіп - үндемеу акцепт болып табылмайды. Оферта мерзімі өткеннен кейін жасалған акцепт жаңа оферта деп аталады. Вена Конвенциясында мерзімі өткеннен кейін, офертаға жауап берумен офертаны кеш қабылдауды айыру керек. Біріншісі жаңа оферта болса, екіншісі оферент келісім білдірсе шарт жасалған болып есептелінеді. Енді халықаралық мәмілелердің биржаларда, аукциондарда, халықаралық жәрмеңкелерде және конкурс тәртібінде жасалуын қарастырамыз: - Биржалар - саудалық ұйымдардың бірлестігі, заңды тұлға болып табылады және мемлекеттің бақылауында болады. Тауарлық биржалар пәні тауарлар, мұнай, мақта, кофе т.б. заттар табылады. - Аукционың биржадан айырмашылығы ретінде ондағы тауардың акциондық кәсіпорынның дүкендерінде орналасуы табылады. Яғни, сатып алушылар тауар сапасымен оның жағдайымен таныса алады. Аукциондардағы тауарлар жария түрде сатылды. Тауар аукционнан бірден сатылғаннан кейін берілуі тиіс. - Халықаралық жәрмеңкелер мұнда экспортқа шығатын тауарлардың үлгілері көрсетіледі. - Тендер (конкурс) ұйымдастырушы жинаған оферталары бойынша жүзеге асырылады. Оферта ұйымдастырушы тауарға қойған талаптарға сәйкес келуі тиіс. Тендер ашық түрде болады, егер барлық субъектілер қатыса алса; егер шақырылым бойынша болса, онда ол жабық түрде болады. Саудалық келіссөздер - шартқа отыру негізі болып келеді, бұл жерде кейбір шарт тараулары өзгертілді, басқа тауарлар қабылдау жүзеге асады. Келіссөздер тікелей немесе жанама түрде бола алады. Саудалық келіссөздерге қатысу мақсаты - міндетті түрде шартқа отыру керек. Келіссөздерді халықаралық заңнамаға сәйкес созуға болмайды. Мұнда болса, онда зиян орнын толтыруы тиіс. Халықаралық мәмленің түрін таңдаға бостандық берілген, егер ұлттық заң міндетті түрде басқа жағдайды белгілемесе. Халықаралық заңнама белгілі шарттарды міндетті деп табады. Солай, Вена Конвенциясының 11-бабына сәйкес жазбаша да, ауызша да болады. Тараптар шарт сөздерін дұрыс түсіну керек, өйткені шарттың бір данасы басқа тілде болады ғой. Сондықтан түсінік беруде «Сатып алу-сату туралы» Вена Конвенциясы 1980 ж. ережелері қолданылады. Түсінік беру мақсаты – даулардың тууына әкелетін негіздерді жою. Сондықтан Конвенцияға сәйкес, егер белгілі бір сөз, пункт дұрыс түсіндірілмесе, онда шарт жарамсыз деп есептелінеді. Шарт мәтінінде коллизиялар болса, онда Вена Конвенциясына сәйкес келесі ережелер белгіленеді: - негізгі мәтін мағынасы, қалған шарттардың мағынасынан жоғары; - тараптардың ақырғы еркі; бұрын болғандарды жарамсыз қылады. Тараптар еркі келесі түрлерде (шарттарда) болады: - шартта көрсетілген шарт мақсатында; - тараптардың қатынастарындағы іс-тәжірибеде; - халықаралық саудалық әдет-ғұрып; - келіссөздер жүргізу; - тараптардың тәртібі. 2. Халықаралық заңнама ХСМ бойынша жауаптық негіздері мен түрлерін бекітеді. Негізгі және қосымша міндеттерді орындаудан пайда болады, яғни міндеттемені орындамау немесе тиісінше орындамау. Халықаралық заңнама міндеттемені орындамаудың және толық орындамаудың түрлерін бекітеді: - шарттан бас тарту, яғни шарттың орындау мерзімі басталғанына дейін, борышқордың шарттан бас тартуы. - міндеттемелерді толық орындамау, яғни борышқор шартты белгілі бір жағдайға байланысты орындай алмайды немесе мерзімін өткізіп алған. Борышқор шартты орындамауға құқы бар, егер белгілі бір құқықтық жағдайлар болса, (мысалы заңсыз түрде контрабанда арқылы шартты орындау мүмкіншілігі болса;). Ал егер борышқор шартты орындамауға өзі себеп болса, онда ол айырылып қалған пайданы қайтаруға міндетті. - міндеттемені шарттың уақытын өткізіп алып толық орындамау. Несие беруші нұқсан орнын толтыруды талап етуге құқылы және ескерту жасап орындауға мерзім береді, келесі рет сөйтсе бас тартуы жөнінде ескертеді. Алдын ала орындауда оның толық орындамауы болып есептеледі, сондықтан несие беруші оны қабылдап алуға құқылы немесе қабылдамауға құқылы, екі жағдайда да нұқсан орын толтырады. - міндеттемені шарттағы тауар санын сақтамай толық орындамау. Бұл жерде сатып алушы артық әкелген тауар санынан бас тартатындығын айтып кету керек; егер айтпаса, онда тауар қабылданған болып есептеледі. - міндеттемені тауар сапасының сақталмауына байланысты толық орындамауы, яғни тауар сапасы шарттағы тауар сапасына сәйкес келмеуі. - белгіленген орында шартты толық орындамау. Халықаралық заңнамаға сәйкес шартты толық орындамаған кезде немесе мүлде орындамаған кезде несие беруші борышқордан нұқсан орын толтыруға талап етуге немесе айыппұл төлеуді талап етуге құқылы. Міндеттемені орындамаған немесе толық орындамаған кезде борышқормен төленетін ақша сомасы айыппұл деп аталады. Айыппұл түрлері: - сынақтық (зачетная) – борышқор (должник), яғни толтырылмаған айыппұл үстінен айыппұлмен жабылмаған нұқсан орнын толтыруға талап етуге құқылы. - альтернативті – борышқор таңдауы бойынша нұқсан орнын толтыруға немесе айыппұлды төлетуді талап етуге құқылы. - айыптық (штрафная) - несие беруші айыппұлды талап етуге және нұқсан орнын толтыруды қоса талап етуге құқылы. - ерекшелік (исключительная) - яғни несие беруші тек қана айыппұлды талап етеді, нұқсан орнын толтыру алынып тасталады. 3. Халықаралық заңнама жауаптан босату негіздерін бекітеді: Дүлей (бой бермейтін) күшке байланысты мән-жайлар оларға келесілер жатады: 1. табиғи апаттар - су тасқындары, даулар, жер сілкіністері; 2. әскери әрекеттер - соғыс жариялау, төңкерістер, ұлт- азат қозғалыстар. 3. өндірістік кәсіпорындардағы жазатайым оқиғалар; 4. көлік қиыншылықтары, бұл негіз болады, егер сатушы тауар өзінде болғанын дәлелдей алса және көлікке байланысты жеткізе алмағанын көрсетеді; 5. мемлекеттік орган актілері, белгілі бір қызметке тыйым салу ретінде болады, мысалы: экспортқа; 6. ереуілдер (забастовки); Халықаралық заңнама жауапкершіліктен босатудың шарттары ретінде келесіні көрсетеді: 1. дүлей күш мән-жайы фактісі болған кезде; 2. осы фактімен шартты орындамау арасындағы себепті байланыс; 3. Борышқор тікелей өзі себептік байланысты дәлелдеуі тиіс, яғни ол бірнеше рет орындамақшы болғанын дәлелдемелер арқылы дәлелдеуі керек. 4. міндеттемені орындауға қабілетсіз болу. 4. ХСҚ мерзім дегеніміз заңдылық салдарға байланысты сәт немесе шектелуі кезең деп түсіндіріледі. Мерзімдерді есептеу тәртібі ХСҚ-да ҚР Азамат Кодексіндегі сияқты. Мерзім күнтізбелік күнмен немесе сөзсіз болуға тиісті оқиғамен байланыстырылады. Мерзімдер тағайындау жолдарын көрсетілген, атап айтсақ, бұл сол сәтте көрсестетін уақыт (күнтізбелік күн), белгілі уақыт кезеңі (жылдар, айлар, күндер, сағаттар). Осы мерзімдер ішінде барлық халықаралық мәмілелер бойынша міндеттемелер орындалуы тиіс. ХСҚ мерзімінің аяқталуы былай тұжырымдалады: 1) Жылдармен шектелетін мерзім – мерзімнің соңғы жылының тиісті айы мен күнінде бітеді. 2) Жыл тоқсандармен есептелетін мерзіміне айлармен есептелетін мерзім ережелері қолданады. 3) Айлар мен есептелетін мерзім – мерзімнің соңғы айының тиісті күнінде бітеді. 4) Апталармен есептелсе - мерзімнің соңғы аптасына тиісті күнінде бітеді. ХСҚ-дағы мерзім түрлері: - кепілдік мерзімі; - кінәрәт мерзімі; - азаматтық- құқықтық (халықаралық сауда) міндеттемелерді орындау мерзімі; - талап мерзімі. Кепілдік мерзімі – сатып алушының ұзақ бойы сақтауға немесе кейде сатуға арналған өнімдердің кемшілігін анықтап алуына берілетін мерзім. Кінәрәт мерзімі - өз бетінше тауарды сатушы міндеттемелерін орындауға берілетін мерзім. Міндеттемелерді орындау мерзімі - шартта екі тараптың келісіммен тағайындалды. ХСҚ мерзімдер мағынасы келесіде, яғни мерзімдер уақтылы орындалса, онда ешқандай қосымша міндеттер жүктелмейді. 5. Талап қою мерзімдері халықаралық заңнамаға сәйкес материалдық құқық нормаларымен немесе сот заңы нормаларымен реттеледі. 1974 жылы Нью-Йоркта «Халықаралық сатып алу-сату тауарларындағы талап мерзімі туралы» Конвенцияға қол қойылған, ол келесі қатынастарды реттейді: - қолдану саласын; - талап қою мерзімінің өтуін; - талап қою мерзімінің өтуіндегі үзілісті және оны ұзартуды; - тараптармен талап мерзімдерін өзгертуді; - талап мерзіміне жалпы шектеу қоюды; - талап мерзімінің өтіп кетуінің салдарын; - мерзімдердің есептелуін; - халықаралық іс- әрекеттерді. Осы Конвенцияға сәйкес талап мерзімі – сатып алушы сатушыға қарсы талап беруге және талап етуге берілетін мерзім. Бұл мерзім өткеннан кейін тараптар талап ету құқығынан айырылады. Осы Конвенцияның 8-бабына сәйкес талап қою мерзімі 4 жыл, басталу мерзімі талап ету құқығы пайда болған күннен басталады, оған екінші жақты бұл туралы айтуда, арбитраждық келісім (яғни, шешім шыққанан кейін ғана есептеле бастайды) деген негіздер де әсер етеді. Конвенцияның 10-бабына сәйкес талап ету құқығы шарт бойынша орындамаушылық пайда болған кезде пайда болады. Тауар деффектісіне немесе сапасының сәйкес келмеуі кезінде талап ету құқығы тауарды берген күннен басталады. Шарт алдаумен жүзеге асса, талап ету құқығы осындай алдауды сатып алушы білген күннен басталады. Нью-Йорк Конвенциясы жеке тауар жеткізілімі шарты мен тауарларды бөліп- бөліп сату мәселелерін шешкен. Мысалы, егер тарап осындай шарт бойынша одан бас тартса, онда талап мерзімі осындай хабарландыру жасаған күннен басталады. Талап мерзімі 4 жыл өткеннен кейін, ақырғы күннің 24 сағатында бітеді. Ал егер айдың ішінде осындай күн көрсетілмесе, онда сол айдың ақырғы күнінде талап мерзімі аяқталады. Конвенция ұлттық заң спицификасына қарап келесі қатынастарды реттейді: - талап қою мерзімінің өтуіндегі үзіліс; - талап қою мерзімінің басынан бастап есептеледі; - талап қою мерзімінің өтуін тоқтата тұру. Конвенцияға қарамастан жалпы мерзім - 10 жыл болып есептеледі. Конвенцияның 27-бабы сәйкес талап мерзімі негізгі қарыз бойынша өтіп кеткен болса, онда міндеттеме бойынша пайыздар төлеу де өтіп кеткен болып есептеледі. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. ХСМ бойынша жауапкершілік негіздері мен түрлері. 2. Халықаралық сауда міндеттемелері бойынша жауапкершіліктен босату. 3. ХСҚ мерзімдер ұғымы және түрлері. 4. Талап мерзімі. Ұсынылатын әдебиет 1.Богусловский М.М. Иностранные инвестиции: правовое регулирование. - М., 1996. 2.Велъятинов Г.М. Основы международного экономического права. - М., 1994. 3.Комаров А.С. Правовые вопросы товарообменных сделок.М.,1994. 4.Лукашук И.И. Стороны в международных договорах. - М., 1996. 5. Розенберг М.Г. Заключение договоров международной купли-продажи товаров. М., 1991. Тақырып 3 Халықаралық тауарларды сатып алу-сату. 1. Халықаралық тауарларды сатып алу-сату туралы Вена Конвенциясына түсініктеме. 2. Халықаралық сатып алу-сату шарты бойынша тараптардың құқықтарымен міндеттері. Сатып алу-сату шартын орындамаған уақытта құқықтық қорғау жағдайлары. 1. Халықаралық сатып алу-сату шарты мағынасы ретінде бір тарап екінші тарапқа меншікке сатып алудың пәнін беруге міндеттеледі, ал сатып алушы екінші тарапқа берілген сатып алу пәнінің орнына белгіленген соманы төлейді. 1966 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы жанынан БҰҰ халықаралық сауда құқығы туралы Комиссиясы құрылды. Бұл комиссия мақсаты осы саладағы конвенциялар мен шарттарды біріктіру және халықаралық сауда құқығын унификациялау табылады. Осы қызмет нәтижесінде 1980 жылы «Тауарларды халықаралық сатып алу-сату шарттары туралы» Конвенция пайда болды. Осы Конвенция ұлттық жүйелерді біріктіріп сауда қатынастарын реттеді. Осы Вена Конвенциясы халықаралық саудалық қарым-қатынастарды дамытты. Бұл Конвенция екі жүйені: кеңестік және капиталистік жүйелерді біріктірді. Бұл Конвенция екі мемлекет арасындағы саудалық қатынастарды реттейді, бірақ бұл мемлекеттердің саудалық қызметі басқа мемлекеттерде орналасу керек, немесе: - екі мемлекет келісу тараптары болуы тиіс; - немесе ХДҚ нормалары келісуші-мемлекеттердің құқығына көрсетеді. Бұл ережелер мемлекет соттарына міндетті, егер олар басқа мемлекет заңын таңдап алмаса. Соттар бұл конвенцияны қабылдаған мемлекеттердің құқықтық жүйесінің бөлігі болып табылады. Вена Конвенциясы сатып алу-сату шарттары мен мердігерлік шарттарын (қызмет көрсету) айырып біледі. Тауар жеткізілімі шартында тауар жеткізушіге тауарды жеткізуден басқа қызмет көрсету және жұмыс орындау міндеттері жүктелсе, онда ол Вена Конвенциясымен реттелмейді. Конвенция 2-бабында сатып алу-сату шартына кіргізілмеген түрлері бекітілген (аукционда сату немесе орындау іс жүргізумен) немесе сатып алу- сату пәніне байланысты (акциялар, облигациялар, бағалы қағаздар). Осындай сатып алу-сату мемлекеттік арнайы органдар актілерімен реттеледі. Бұл Конвенция шартты жасаумен ғана шектеледі, тараптар құқықтарымен міндеттерін бекітеді. Конвенция мерзімдер мәселесін, тауарға деген меншік құқығын және тараптар жауапкершілігін реттемейді. Конвенция көбінесе түсінік беру мәселелерін, яғни құқық унификациясын (түсінік) бекітеді, ол шарт жасасу мәселелерін тез шешеді. Бірақ Конвенцияда көрсетілмеген мәселелер осы Конвенцияның жалпы принциптерімен шешіледі. Ал егер мұндай принциптер болмаса, онда мемлекетішілік заңдар реттейді. Вена Конвенциясының 9-бабы әдет, қатынастар тәжірибесі екі тарапқа олар келіскеннен кейін міндетті болып табылады. Бұл ережеге байланысты әдет, күші болады, егер келесі шарттар орындалса: - тараптар осындай әдетті білсе немесе білу керек болса; - халықаралық саудадағы әдетті жалпы бәрі білсе; - сауда саласында тараптардың барлығы осындай әдет қолданса. Әдет ретінде Конвенцияға сәйкес, халықаралық әдет, жергілікті әдет- ғұрып, ұлттық әдет-ғұрыптар жатады. Конвенция шарт нысанына байланысты ешқандай талап жоқ, ол көрсетпелер арқылы да дәлелдене алады. Ал егер шарт нысаны жазбаша болса, онда алдағы өзгерту, тоқтатылу да жазбаша болуға тиіс. Конвенцияның 13-бабына сәйкес жазбаша нысан болып телеграф және талетайп арқылы жіберу табылады. Вена Конвенциясы оферта мен акцент сұрақтарын да реттейді. Конвенцияның 14-бабына сәйкес оферта ретінде тараптардың келесі белгілерімен сипатталған еркі табылады: - белгілеу бар - ұсыныс адресаты анықталған; - анықталған болып табылады, яғни шарттың толық және нақты негізгі шарттарын бекітеді. - категориялық (ерекше) болып табылады, тұлғаның ықтиярын көрсетеді. Конвенцияға сәйкес акцепт адресатын хабарландыру түрінде немесе басқа кез- келген түрмен жауап қайтарылады. Пассивті іс-әрекеттер жауап болып табылмайды. Конвенцияның 14-бабы 2-тармағы жария офертасын реттейді. Жария оферта барлық субъектілерге жасалған ұсыныс. Офертаны адресат алса, сол күні күшіне енеді. Оферта Конвенцияға сәйкес келесі уақытта нақты болады: - ұсыныс жіберу; - ұсыныс мазмұнымен танысу; - адресат ұсынысымен келісу. Офертаны қайтарып алу оған жауап бергенге дейін жүзеге асырылу керек. Шарт жасалған болып есептеледі, егер акцепт күшіне енсе. Конвенцияның 29- бабына сәйкес шарт өзгертіліп, тоқталады, қарапайым келісім арқылы, егер тараптар шартта басқа жағдайды қарастырмаса. 2. Конвенцияның 25-бабына сәйкес, шартты елеулі бұзу, осы бойынша екінші тарапқа ол өзі аламын деген табыстан айырылуын айтамыз. Нұқсан шартты елеулі бұзу мен себепті байланыста болуға тиіс. Сатушының негізгі міндеті Конвенцияға сәйкес тауарларды барлық құжаттарымен, буып-түйіп т.б. жағдайларға сәйкес жеткізіп беру табылады. Яғни, (Конвенцияның 35-бабына сәйкес) сатушы тауарды шартқа сәйкес көрсетілген сапада, түрде, жиынтықта және жиынтықтылықта жеткізіп беруге міндетті. Сатушы Конвенцияның 36-бабына сәйкес тауардың кез–келген сәйкес кемшілігіне тауар берілгеннен кейін де жауапты. Мысалы, сатушы тауардың мақсатқа қолдануға келетініне толық кепілдік береді. Конвенцияға сәйкес сатып алушының міндеттері: - тауар бағасын төлеу; - таурға төлегеннен кейін оны қабылдап алу. Конвенцияның 49-бабының 1-тармағына сәйкес сатып алушы келесі жағдайда шартты бұзу туралы хабарлай алады: - сатушы қандай да бір міндеттемені орындамағаны үшін; - егер қисынды мерзім берілген жағдайда сатушы шарт бойынша тауарды жеткізбесе. Вен Конвенцияна сәйкес құқықтық қорғау тәсілі ретінде шарт бұзғаны үшін залалдарды өтеу табылады. Оның көлемі шығын көлемінде болады және жоғалтылған табыс төленеді. 75-бабқа сәйкес залалды талап етуші тұлға шарт бағасымен ауыстырылатын мәміле арасындағы соманы алуға құқылы. Конвенцияның 79-бабы жауапкершіліктен босату мәселесін шешкен. Кінәлі болса ғана жауапты болады. Конвенция таурдың жойылу қауіпінің тәуекелі мәселелерін де шешкен. Мысалы, егер тасымалдау сатып алу-сату шартымен көрсетілсе, тауардың берілуі белгілі жерде көрсетілмесе, тасымалдаушыға тауар берілгеннен бастап сатып алушы осындай қауіп алады. Егер тауардың берілу жері белгіленсе, тауар тасымалдаушыға берілгеннен кейін ғана сол жерде оның қаупі сатып алушыға ауысады. Конвенцияның 72-бабына сәйкес егер сатушы шартты орындағанға дейін оның елеулі шарттарын орындамайтындығы анықталса, онда сатып алушы шарттан бас тартуға құқылы. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1.Халықаралық тауарларды сатып алу-сату туралы Вена Конвенциясына түсініктеме. 2.Халықаралық сатып алу-сату шарты бойынша тараптардың құқықтарымен міндеттері. Сатып алу-сату шартын орындамаған уақытта құқықтық қорғау жағдайлары. Ұсынылатын әдебиет 1.Богусловский М.М. Иностранные инвестиции: правовое регулирование. - М., 1996. 2.Велъятинов Г.М. Основы международного экономического права. - М., 1994. 3.Комаров А.С. Правовые вопросы товарообменных сделок.М.,1994. 4.Лукашук И.И. Стороны в международных договорах. - М., 1996. 5. Розенберг М.Г. Заключение договоров международной купли-продажи товаров. М., 1991. Тақырып 4 ХСҚ делдалдық. 1. ХС делдалдық және оның құқықтық реттелуі. 2. ХС өкілдік. 3. Сауда өкілінің жауапкершілігі. 1.ХС делдалдық ХСҚ үш аспектіде қаралады: - сауда өкілі өз қызметін тапсырмаға сәйкес белгілеген ақыға жүзеге асырады; - дистрибьютерлер (коммерциялық концессиялар) тауар шығарушылар (экспортерлер) арасындағы шартқа сәйкес өз аттарынан, өз ақысына алып тауарларды сатады, сондықтан дистрибьютерліктің өз ерекшеліктері бар: 1. күрделі шарт болып келеді: өйткені, бір жағынан мұнда мердігерлік болса, екінші жағынан интеллектуалдық меншік объектілеріне құқық беріледі. 2. дистрибьютерлік шарт созылмалық шарт, яғни осы шарт құрамында сатып алу-сату шарттары жасалады. 3. дистрибьютер өз қызметін тауар шығарушыға байланыссыз жүзеге асырады; 4. дистрибьютер шартқа сәйкес тауарларға деген меншік құқығын алады; 5. дистрибьютер тауарын шығаруын алдында тауар сатылмаса да жауапты, яғни ол тауарын шығарушыдан бұл тауарды сатып алады. 6. дистрибьютер қызметі эксклюзивті белгілі бір территорияда жүзеге асырылады. - маклерлер қызметі; олар іс-әрекеттері мәмілеге отыруға әкеледі. Ағылшын- американдық жүйеде оларды делдалдар (брокерлер) деп атайды. Негізгі мақсаты өзі өкіл болып табылған жақты шартқа отырғызу. ХС делдалдық құқықтың реттелуі: - халықаралық сатып алу-сатудағы өкілдік туралы 1983 жылғы Женева Конвенциясы. Бұл Конвенция саудалық өкілдік шарттарын, сауда өкілінің өкілетін, принципал үшін жасаған мәмілелердің құқықтық салдарын реттейді. Принципал - делдал өкілі болып табылатын тұлға. - Құқық туралы ГААГа Конвенциясы 1978 жылғы саудалық делдалдықта болатын коллизиялық сұрақтарын реттейді; - Еуропалық Қоғамдастық директивтері 1986 жылғы, коммерциялық агент қызметін реттейді. - Эксклюзивті дистрибьютерлік туралы Еуропалық қоғамдастық директивтері 1983 жылғы. 2. Халықаралық сауда өкілділіктің мағынасы келесі белгілермен айқындалады: - сауда өкілі өз қызметін принципал берген тапсырма бойынша ғана жүзеге асырады; - ол тауардың жойылу қауіпіне жауапты емес; - өз қызметін анықталған табыс үшін жүзеге асырады; - сауда өкілі принципалға есеп беру керек. Халықаралық өкілдік шарттың негізі берілген сауда өкіліне тапсырма, онда барлық іс-әрекеттер көлемі көрсетіледі: - тар өкілеттігі бар сауда өкілі (шартқа отыру кезінде принципалмен шарттың барлық жағдайларын келіседі). - кең өкілеттігі бар сауда өкілі (3-ші тұлғамен мәміле жағдайларын өзі анықтай алады). Халықаралық саудалық өкілдік шартының пәні тек қана заңды тапсырмалардан тұруы керек, яғни ол ұлттық және халықаралық заңға сәйкес болуы тиіс. Тапсырмаға сәйкес өкіл қызметін атқара отырып, сауда әдет-ғұрыпын сақтауға тиіс. Егер принципал тапсырмаларынан өкіл асып кетсе, онда ол бұл туралы хабарлауы керек. Егер оның іс-әрекеттерін принципал қабылдамаса, онда бұл (өкіл) жасаған іс-әрекеттер принципалға міндетті болмайды. Принципал берген тапсырмадан өкіл асып кетсе, онда ол оған жауап болады (принципал мен 3- тұлғаға залалды өтейді). Сауда өкілі принципал есебінен және оған табыс табу мақсатымен өз қызметін іске асырады. Женева Конвенциясына сәйкес агент іс-әрекеті принципалмен 3-ші тұлғаны біріктіреді. Принципал өзі де агент пен 3-ші тұлға арасына араласа алады және 3-ші тұлғамен қарым қатынасқа түсуге құқылы. Меншікке деген мәселелі сұрақтарды қарастырайық. Сауда өкілі екі тараптың іс-әрекетін жүзеге асырады, бірақ оған ешқандай мүлік берілмейді. Мұндағы қатынастар – принципал – 3-ші тұлға және 3-ші тұлға – принципал. Сауда өкілі бұл қатынаста делдал ғана. Халықаралық сауда тәжірибесінде көбінесе принципал сауда өкіліне белгілі территорияда артықшылық құқықтар береді. Бұл құқықтар мағынасы сауда өкілі жасалған шарттардан пайыз көлемінде пайда ала алады. Тағы бір ерекшелігі, шартқа отыру кезінде халықаралық сауда өкілі принципалмен тауар сатуға байланысты бәсекелістікке сол территорияда түсуге құқы жоқ. Халықаралық заңнама және ұлттық заң халықаралық өкілділікті ауыстыруға рұқсат етеді (субагент, субкомиссионер), егер принципал мұндай өкілеттік берсе немесе ауыр жағдайларға байланысты өкіл өзі бұл іс-әрекеттерді жүзеге асыра алмаса. 3.Сауда өкілінің жауапкершілігі екі аспектіде болады: - сауда өкілінің өз әрекеттері үшін жауапкершілігі; - сауда өкілінің 3-ші тұлғаның іс әрекеттері үшін жауапкершілігі. Сауда өкілі өзінің заңсыз іс-әрекеттері үшін жауапты (Мысалы, принципал берген іс-әрекеттерден асып кетсе және егер ол біліктілік қасиеттерін іске асыра алмаса); Тағы бір жайт, сауда өкілі оның қолында орналасқан тауардың қауіпті жойылуына және бұзылуына жауапты емес, егер оны ол өзі жүзеге асырмаса. Сауда өкілі тапсырма бойынша орындалған барлық мәміледен түскен қаражаттарды принципалға беруге тиіс. Егер шартқа сәйкес сауда өкілі принципалға қандай да бір мүлік алса, онда ол принципалды тауар жеткізушімен таныстырып, тауарды принципалға беруге тиіс. Егер шарт белгіленген мерзімнен ерте тоқтатылса, онда сауда өкілі принципал тапсырмасы бойынша барлық шартқа сәйкес іс әрекеттерді 3-ші тұлғамен жүзеге асыруы тиіс. Сауда өкілі шартқа сәйкес принципалға тауармен бірге сенімхатын қайтаруға міндетті. Тағы бір ерекшелік, сауда өкілі принципалға тиесілі мүлікті өзінде ұстауға құқылы, егер принципиал сауда өкілі алдында өз талаптарын орындамаса. Принципал тапсырма орындалғаннан кейін, тауарды қабылдап алуға міндетті және өз міндеттерін сауда өкілінің алдында орындауға міндетті болып табылады. Орындамаса, онда жауаптылыққа тартылады. Сауда өкілінің есеп беруі туралы шартта көзделмесе, онда сауда өкілі өз есебінде келесі шарттарды көздейді: - тапсырманы орындау тәртібі және сатылары; - тапсырманы орындағанын бекітетін құжаттар; - сауда өкілінің тапсырманы орындауға кеткен шығындары және оны дәлелдейтін құжаттар. Халықаралық саудалық заңнамаға сәйкес сауда өкілінің есебі өзінің қызметімен қоса сатып алушылармен рынок туралы ақпаратты құрауы тиіс. Сонымен бірге сауда өкілі басқа қайнар көздерден алған ақпаратты беруге тиіс, принципал объективті салыстырып білу үшін. Тапсырманы толық орындаған сауда өкіліне принципал сауда өкілі шығарған барлық шығындарды және сыйақы шартқа сәйкес төлеуге міндетті. Мұндай шығындарға келесі шығындар жатады: - сақтандыруда; - тасымалдауда; - экспедицияда; - буып түюде; - сот процестеріне қатысқан сауда өкілінің шығындары. Халықаралық заңнама сауда өкіліне сыйақы есептеудің келесі амалдарын бекітеді: - өткізілген тауардан пайыз; - принципал тауарға орнатқан бағамен сатылған жоғары баға арасындағы айырма; - қатаң баға. Халықаралық сауда өкілдік шарттары келесі жағдайларда тоқталады: - егер шарт белгілі мерзіммен жасалса, онда ол біржақтың еркімен тоқтатылмайды; - егер шарт мерзімсіз болса, онда екінші жақты хабардар етіп оны тоқтатуға болады. Егер принципал шарт күшін жойса, онда ол сауда өкіліне тапсырма бойынша орындалған қызмет шығындарын төлеуге және сол жасалған жұмысқа байланысты сыйақысында төлеуге міндетті. Егер сауда өкілі шартты тоқтатса, онда ол орындалмаған тапсырма бойынша шығындарды талап етуге құқығы жоқ. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1.ХС өкілдік. 2.Сауда өкілінің жауапкершілігі. Ұсынылатын әдебиет 1. Комаров А.С. Правовые вопросы товарообменных сделок.М.,1994. 2. Лукашук И.И. Стороны в международных договорах. - М., 1996. 3. Розенберг М.Г. Заключение договоров международной купли-продажи товаров. М., 1991. 4. Садиков О.Н., Краснова Н.Л. Исковая давность в МЧП/ Российский ежегодник международного права.1992. 5. Шатров В.П. Международное экономическое право. - М., 1990. 6. Шмитхофф К. Экспорт: право и практика международной торговли.М.,1993 Тақырып 5 Халықаралық есептер және халықаралық несиелік аудармалар 1. Есептер. 2. Халықаралық несиелік аудармалар. 1. Халықаралық есептер негізінде --- несиеберушілік алдында ақшалай міндеттемесін әкелінген тауар, көрсетілген қызмет үшін орындауы жатыр. Халықаралық заңнама келесі қома- қолсыз есептер амалдарын бөледі: - көрсетілген шотқа несиелік адарма арқылы төлеу; - төлеу; - инкассаға төлеу. Есептерді жүзеге асыру шарттары жеке болып атбылады; олар төлемдік міндеттермелерді орындаудан ерекшеленеді: Тағы бір айтатын жәйт, халықаралық есептер есептер табиғаты тапсырма қатынастарына негізделеді, олар мағынасы: бір тұлға екінші тұлға атынан және оның қаражатына заңды іс әрекеттер жасайды. Бұл қатынастар тапсырма шарттары (агенттік шарттар) арқылы жүзеге асады, яғни олар банктермен басқа тұлғалар арасында және банктер арасында болады. Банктер мен төлеуші арасындағы қатынастар тек қана төлеуді жүзеге асыру тапсырмасымен ғана міндеттеледі, олардың елеметтері бар: несиелеу немесе қандайда бір кепілдіктер беру. Халықаралық есептер (төлемдер) құқықтық реттелуі әртүрлі көпжақты халықаралық шарттармен реттеледі. 2. Халықаралық несиелік аудармалар туралы айтсақ, ол есептердің нысаны болып табылады. Халықаралық несиелік аудармалар шарты бойынша бір тарапқа банк (банк адармасын беруші) сыйақы үшін тапсырма беруші тұлға атынан, оның шоты осы банкіде орналасса, басқа банкіге (банк бенефициарға) тапсырмада белгіленген тұлға апйдасына (бенефициарға) ақша қаражаттарын аударады. Несиелік аудармаларға сәйкес бенефициар төлеуді жүзеге асыруға, аударатын банкіден немесе басқа банкіден талап етуге құқы жоқ және мұндай құқықты ала алмайды. Мұнда іс әрекеттерді банкілер тек қана төлеуші тапсырмасы арқылы жасайды. Осындай қатынастар ЮНСИТРАЛдық типтік заңымен реттеледі, осы заңға сәйкес халықаралық несиелік аудармалар опирацияларының қатысушы ретінде: - аударма беруші- несиелік аударма процесінде бірінші төлемдік тапсырманы беретін тұлға; - аударма беруші банкісі- аударма беруші шоты бар және одан төлемдер жасайтын банк; - бенефициар- несиелік аударма нәтижесінде қаражаттарды алатын және төлемдік тапсырмада белгіленген тұлға; - бенефициар банкісі- бенефициар шоты бар және оған төлемдер жасайтын банк; - жіберуші- төлемдік тапсырмасын беретін тұлға; - қабылдаушы банкі- төлемдік тапсырманы қабылдайтын банк; - делдал банк- адарма ұстаушы да, бенефийиардың банкісі болып табылатын кез келген қабылдаушы банк. Халықаралық заңнамаға сәйкес халықаралық несиелік аудармалар адарма беруші жіберуші банкіне тапсырма беруден басталады. Тапсырмаға акцент берілгеннен бастап аударма беруші банкі осы қабылдаған болып есептеледі. Типтік заңның 7 бабына сәйкес банктің акцентісі ретінде: - аударма беруші банк пен аударма беруші келісілген жаңдайда, банк оның төлемдік тапсырмаларын осы қабылдағаннан кейін орындайды деген тапсырманы алғанда шарт болса; - аударма беруші банкі төлемдік тапсырманы акцент еткені туралы хабарлама жіберсе; - төлемдік тапсырманы орындауға --- банкіге адарма беруші банкі төлемдік тапсырмасын берген болса; - төлемдік тапсырма бойынша төлемді осы банкіде аударма беруші шотын дебиттеу; - Офертадан бас тарту туралы мерзімінің өтіп кетуі және егер хабарлама осы мерзімде жіберілмесе; Типтік заңға сәйкес осы этап аударма беруші банк делдал- банкіге немесе бенефициар- банкіге төлемдік тапсырманы бергеннен кейін аяұқталған болып есптеледі. Осыдан кейін, аударма беруші- банк аударма берушіден тапсырма алғаннан кейін, тікелей корреспонденттік қатынастар банк бенефициармен болмаса ол тапсырмасы делдал – банкі арқылы жүзеге асырады. Типтік заңға сәйкес делдал- банкімен төлемдік тапсырмаға қабылданған болып есептелінеді келесі жағдайларда: - делдал- банкімен аударма беруші банк арасында төлемдік тапсырманы қабылдағаннан кеін оны орындайды деген шарт болса, онда делдал- банк сенімхатты қабылдағаннан кейін жүзеге асады; - делдал- банкі төлемдік тапсырмасы, алынған төлемдік тапсырмасын жүзеге асыру үшін береді; - делдал- банкі аударма беруші банкіде төлемдік тапсырмасын төлем арқылы жүзеге асыру үшін аударма беруші банкінің шотын дебиттейді; - төлемдік тапсырмадан бас тарту туралы мерзім өтіп кетсе, және егер хабарлама бас тарту туралы жіберілмесе. Типтік заң делдал- банкінің акцентіден бас тарту жағдайларын қарастырған: - аударма беруші банктік шотында қажетті қаражаттар болмаса; - төлемді жүзеге асырған кезде, егер басқа әдіспен төлем қабылданбаса; - аударма беруші банкіні анықтау үшін ақпарат аз болса. Одан кейін, делдал- банк тапсырманы қабылдағаннан кейін, банк- бенефициарға немесе басқа делдал- банкіге аударма беруді банктің шарттарын орындай отырып, тапсырма беруге тиіс. Бұл халықаралық несиелік аударма этапы төлемдік тапсырмасын банк- бенефициарға бергеннен бастап аяқталады. Халықаралық заңнамаға сәйкес аударма беруші банк немесе делдал- банк банк- бенефициармен корреспонденттік қатынастар болған кезде аударма берушішің тапсырмасын орындайды. Типтік заңның 9 бабына сәйкес беенфициар- банкі төлемдік тапсырмасын келесі жағдайларда қабылдаған болып есептеледі: - бенефициар банкі төлемдік тапсырманы орындайды, егер жіберушімен бенефициар банкі осы қабылдағаннан кейін орындайды деген келісімде болса; - бенефициар банкі төлемдік тапсырманы акцент --------- жөнінде хабарлама жіберсе; - бенефициар банкі жіберушінің шотын төлемдік тапсырманы орындау үшін дебиттейді; - бенефициар банкі беенфициардың шотын төлемдік тапсырманы орындау үшін, немесе басқа заңмен қажетті бенефициарға беру үшін несиелейді; Типтік заңның 10 бабына сәйкес бенефициар банкі төлемдік тапсырманы акцентілегеннен кейін, қаражаттың барлығын бенефициарға беруге міндетті немесе осы қаражатты екі тарап келісіміне байланысты қолдануға міндетті. Типтік заңда несиелік аударма аяқталғанда бенефициар банкі акцентілеген төлемдік тапсырма мөлшерінде --------- бенефициарға айналады деп белгіленген. Міндеттеме орындалған болып табылады, егер банк бенефициар төлемдік тапсырманы акцентілегеннен бастап. Типтік заңның 11 бабын қабылдаушы банкі төлемдік тапсырманы қабылдағаннан кейін, бір банктік күн ішінде орындайды деп белгілейді. Заңда тағы төлемдік тапсырманы өзгерту және --------- алу мәселелері белгіленген, яғни оны орындағанға дейін бұл іс әрекеттерді жасауға болады. Енді аударма беруші мен бенефициардың халықаралық несиелік аудармалар кезінде қауіптерін, сатушы көтеретін қауіптер түрлерін қарастарған жөн: - сатып алушы тауарға меншік құқығын ала отырып, төлемеу немесе дәрменсіз болу нәтижесінде қаражаттар адармалары болмайтын сатып алушының төлемеу қаупі; Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Есептер. 2.Халықаралық несиелік аудармалар. Ұсынылатын әдебиет 1. Комаров А.С. Правовые вопросы товарообменных сделок.М.,1994. 2. Лукашук И.И. Стороны в международных договорах. - М., 1996. 3. Розенберг М.Г. Заключение договоров международной купли-продажи товаров. М., 1991. 4. Садиков О.Н., Краснова Н.Л. Исковая давность в МЧП/ Российский ежегодник международного права.1992. 5. Шатров В.П. Международное экономическое право. - М., 1990. 6. Шмитхофф К. Экспорт: право и практика международной торговли.М.,1993 6.Гражданское право: Общая часть / Под ред. Диденко А.Г. – А., 2003 Тақырып 6 Халықаралық саудадағы аккредитив 1 Халықаралық саудадағы банктік кепілдік ұғымы, белгілері. 2 Халықаралық саудадағы банктік кепілдік түрлері. 2. Халықаралық заңнамаға сәйкес банктік кепілдік дегеніміз - банктің үшінші тұлға жағынан міндеттемесін толық немесе тиісінше орындамаған кездегі бенефициарға берілетін кепілдігі және міндеттемеде көрсетілген ақша сомасын төлеуге байланысты банк міндеттемесі. Банктік кепілдіктің субъектілері: - принципал – осы тұлғаның ұсынысы (өтініші) бойынша банктік кепілдік беріледі; - банк- кепілдік- кепілдік беретін банкі; - бенефициар - банк кепілдігінде көрсетілетін тұлға және оның талабы бойынша және оның пайдасына банк-кепілдік төлем жасайды. 1978 жылы Халықаралық сауда палатасы Шарттық (гарантиялар) кепілдіктер үшін Унификациялық ережелер қабылдаған, оның жаңа басылымы 1990 жылы қабылданған. 1991 жылы Бірінші талап бойынша кепілдіктер бойынша Унификацияланған ережелер көбінесе кепілдікті міндеттемелер кепілдігі, облигациялар және басқа да міндеттемелерге қолданылады. 1995 жылы Резервті аккредетивтер және тәуелсіз кепілдіктер туралы Конвенция жобасы қабылданып, 1995 жылы мамырда Вена қаласында қабылданды. Банктік кепілдік негізі – төлем жасау міндеттемесі. Кепіл (гарант) бенефициардың бірінші талабы бойынша немесе қажетті құжаттар берілгеннен кейін, не кепілдіктің басқа шарттарына сәйкес төлем жасауға міндетті. Кепіл бенефициарға төлем жасаса оны принципалдан талап етіп алуға құқылы. Банк тек қана принципал өз міндеттемелерін орындамағанда ғана төлемдер жасайды. Сондықтан, банктік кепілдік мағынасы ретінде оның борышқор (принципал) міндеттемелерін өз мойнына алуда емес, ол орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде ғана кепіл ретінде төлем жасауы табылады. Кепіл тек қана шарттағы жағдайларға сәйкес қана жауапты болады. Бенифициардың кепілдікке байланысты құқықтары шартта көзделмесе, онда олар басқа тұлғаға ауыстырылмайды. 3. Халықаралық заңнамаға сәйкес банктік кепілдіктер онң пәніне байланысты келесі түрлерге бөлінеді: - Тендерлік (конкурстық) кепілдік - офертадағы соманың 2-5% көлемінде болады, ол тендер өткізетін ұйымның шығындарын, оның қатысушысы одан бас тартса, өтеу үшін керек. - Орындау кепілдігі- - жиынтықтылықты таурларды жеткізу кезінде қолданылады және импортер мүдделерін қорғау жағдайларында 10% көлемінде барлық шарт сомасынан беріледі. - Төлемді қайтару кепілдігі - кешенді тауар жеткізу кезінде қолданылады және ұзақ мерзімді жұмыстар мен қызметтерде болады. - Төлем кепілдігі - банк вексельдік сенімге кепілдік береді немесе құжаттық аккредетивтің ашылуына кепіл болады. - Кедендік кепілдік - кепілдік төлемдердерді қамтамасыз ету үшін қолданады және тауарларды кепілдік режимде кіргізу немесе транзитпен өту кезінде тауарды басқа мемлекет территориясына жеткізу кезінде пайдаланады. - Сот кепілдігі - сотта тараптарды немесе процесті қамтамасыз ету үшін қолданады. - Талапты қамтамасыз ету кепілдігі - тауарларды тәркілеген кезде қолданылады. - Коносамент кепілдігі – жүк тасымалдаушының міндеттемелерін, тауарларды коносаментсіз беру кезінде орындауын қамтамасыз етеді. - Қарсыкепілдік - бенефициардың кепілдік банкісі ондай кепілдікті бермейді, контрагент мемлекетіндегі жаңа банк контрагентке береді. - Талап бойынша кепілдік - бенефициардың бірінші жазбаша талабы бойынша (гарант) төлем жасауға тиіс. - Шартты кепілдік - бенефициар куәландыратын құжаттар көрсеткен кезде ғана кепіл (гарант) кепіл төлемдер жасайды. - Консорциумды кепілдік – консорциум қатысушылары осы топтық міндеттемелерін қамтамасыз етеді, ол үшін консорциумның бас кепілі қажетті топтан банктік кепілдіктер алады. Халықаралық заңнамаға сәйкес кепілдік шарттары көбінесе арнайы формуляларға байланысты жасалады, оның нысаны - кепілділік хат түрінде болады. Осы шартқа байланысты банк белгілі бір оқиға болған жағдайда өзіне басқа тұлғаның (бенефициардың) пайдасына ақшалай төлем жасайды. Егер мән- жәй шынында болмаған болса, онда бенефициар заңсыз алған сомаларды банкіге қайтарып беруге тиіс. Кепілдік-банк кепілдікке байланысты сыйлықақыларды алуға құқылы. Банктік негіздік ол орындалғаннан кейін тоқтатылады және құжат кепілге қайтарылып берілуі тиіс. Тақырып 7. Халықаралық саудадағы инкассо 1. Халықаралық саудадағы инкассо 2. Халықаралық саудадағы инкассоның маңызы Банктердiң қолма-қолсыз есеп айырысу операцияларың түрлеріне : инкассо, аудару және акредитив болып табылады. а) Инкассалық есеп айырысу. Инкассо - әр түрлi құжаттарды пайдаланып, клиенттердің тапсырысы бойынша және олардың шотына банктердiң ақша түcipy операциясы. Инкассоға чектер, вексельдер, бағалы қағаздар және т.б. құжаттар қабылданады. 1996 жылдан Халықаралық сауда палатасы шығарған инкассо бойынша Үйлестірілген бiріңғай Ерже қолданылады. Онда инкассоның мәні және түрлері анықталған; вексельдерді, чектерді, инкассолық тапсырыстарды инкассалау тәртібі; шарт бойынша халықаралық төлемде инкассо түріндегі есеп айырысу тәртібі қарастырылған. Инкассалық операцияның екі түрі бар . Жай инкассо – клиенттің банк арқылы коммерциялық құжатсыз қойған төлем талабы негізінде банктің үшінші жақтан ақша алуға міндеттенген операциясы. Жай инкассо тауарсыз есеп айырысуды қолданылады. Құжатты инкассо – үшінші жаққа клиенттен алған құжатты (негізінен тауарды реттеуші ) көрсету және оны тек төлемді қолма-қол алғанда немесе акцепт алғанда ғана беру нәтижесінде банктің жүргізетін операциясы. Аудару операцияларында клиент банкіне өз шотынан белгілі бір соманы көрсетілген жаққа аудару жөнінде тапсырма береді. Бұндай операцияны жүргізгені үшін банк коммиссиялық ақы алады. в) Аккредитивтік есеп айырысу. Аккредитив (латын сөзi- "ceнeмiн") - бiр банктiң екiншi банкке аккредитивте көрсетiлген шарттарды орындағанда белгiлi бiр соманы жеке немесе занды тұлғаға төлеу жөнiнде берген жазбаша тапсырмасы. Аккредитивтердің келесі түрлері бар: 1. орны толтырылған аккредитивтер банк эмитент төлеушінің өз құралдарын немесе оған берілетін несиені банк жеткізушіге аударады; 2. орны толтырылмаған аккредитивтер- екі банк бір-біріне корреспонденттік шот ашқан кезде қолданылады. Осы кезде аккредитив атқарушы банкте осы банкке банк эмитенттің шотынан аккредитив сомасын есептеген шығару құқығын беру жолымен ашылады. 3. кері шақырып алу аккретитив-банк эмитентінің шақырып алуға құқығы бар аккредитиві; 4. жауапсыз аккредитив-келісімнің барлық шарттарын орындағанмен банк- әлимент қайтарып алу құқұғына не бола алмайтын аккредитив. Есептеу қарым қатынастарында құжатталған аккредитив деген түсінігі де бар. Құжатталған аккредитив – сатып алушының нұсқауы бойынша банк құжаттар көрсетілген бойда сатушыға белгілі бір соманы төлеуге міндеттелетін коммерцилық аккредиттің пішімі. Осындай есептеу пішімдерінің артықшылығы құралдарды алушы (тауар беруші) өз ақшасын тауар жіберілген күні де алатынынасенім білдіреді. Аккредитивтiң негiзгi түрлерi: ақшалы және құжатты. Ақшалы аккредитив - атаулы ақшалы құжат. Онда белгiленген мерзiм iшiнде аккредитивте көрсетiлген соманы түгел немесе бөлiп-бөлiп оны иемденушiге төлеу жөнiнде корреспондент банкке берген тапсырма жазылған. Құжатты аккредитив – көлемі, ол бойынша эмитент-банк клиенттiң нұсқауымен және оның өтiнiшi бойынша үшiншi жаққа төлемдi жүргiзу немесе оның үкімі бойынша төлеуi немесе ол берген аударым вексельдi акцептеуi, құжаттарды есептеуi немесе сатып алуы керек. Эмитент-банк көрсетiлген операциялардың кез-келгенiн жүргiзу өкiлдiгiн басқа банкке (орындайтын) беруiне болады.[11.236,] Электронды техниканық жетiстiктерiнің, банк операцияларын автоматтандыруды дамыту мен жетілдірудің нәтижесiнде ХХ ғасырдың 70- жылдарының екiншi жартысында электрондық төлем жүйесiн колдануға мүмкiндiк туды. Электронды төлем жүйесi - ол қағазсыз тасымалдаушы, электронды сигнал жiберу арқылы ақша сомасын аудару, банктiк шоттардың жағдайын бақылау, несиелiк және есеп айырысу операцияларын жүргiзу үшiн қолданылады. Банк клиенттерiне қызмет көpceтeтiн электрондық төлем жүйесiне: – автоматтандырылған есеп айырысу палатасы; – банктiк автоматтар; – сауда ұйымдарындағы терминалдар; – үйде банктiк қызмет көрсетулер жатады. Автоматтандырылған есеnтесу палатасы (АЕП) қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды автоматтандырылған тәртiппен жүргiзедi және төлемдер жөнiнде барлық хабарлар электронды есептегiш машиналаpға енгiзу үшiн, магниттiк лентаға немесе терминалдық құрылғыға түcipeтiн формада болады. Алғашқыда АЕП 1972 ж. AҚШ-тa жұмыс iстей бастаса, қазiргi кезде оны Жапония, Ұлыбритания және Батыстың өнеркәсiбi дамыған мемлекеттерi қолдануда. Банктiк автоматтар (БА) - ол клиентке банк қызметкерлерiнсiз банктiк электронды есептегiш машиналарға қосылып өз бетiмен операциялар жүргiзуге мүмкіндiк беретiн құрылғы. Алғашқыда БА банк ғимаратында орналастырылып, тек қолма-қол ақша беруге қолданылды. Біртiндеп БА қолдану масштабы өзгерiп, ол жүргiзетiн операциялардың шеңберi кеңiдi. Қазiр олар халыққа үнeмi және көп қызмет көpceтeтiн жерлерде қонақ үйлерде, вокзалдарда, аэропорттарда және т.б. орнатылуда. Әмбебап (көп қызмет түрлерiн aтқаpaтын) БА қолма-қол ақша берумен қатар, ақшаны бiр шоттан басқасына аудару, мерзiмдiк төлемдерді aтқару, лимит шегiнде борыш беру, хабар анықтама беру, шетел валютасын ұлттық валютаға айырбастау және т.с.с. көптеген операциялар жүргiзедi. БА-тың тeтiгi - пластикалық дебеттiк карточка. Ол - банктiк шот иесiнiң мағлұматтары (реквизиты) және жүргiзетiн операциялар түpi жазылған арнаулы магниттi жолақ (полоса). Терминалдар - сауда орындарында, ресторандарда және т.б. сауда ұйымдарындағы есеп айыратын қызметкерлер банк жүйеciнe төлем операциялары туралы хабар беруге және оны ол жүйеге қосуға, сонымен қaтap сатып алушының төлем қаблеттілігі туралы хабарды кepi алуға мүмкiндiк беретiн құрылғы. Терминалдарды енгiзудiң мақсаты - қолма-қол ақша айналысын қысқарту. Үйде банктiк қызмет көрсету - ол электронды есептегіш техниканы пайдалану негiзiнде халыққа банктiк қызмет көрсету, яғни телефон аппараттары мен жеке компьютердің қазiргi үлгiсiн пайдаланумен жүзеге асады. Оның ең жай түрі - телефонмен тiкелей байланысу арқылы – жеке клиенттерге шот ашуға, несие алуға, есеп айырысуға мүмкіндік бередi. Ал жеке компютердi немесе монитордың (телидидардың) экранын пайдаланып, клиент банктiк компютерге қосылып, кең коммерциялық хабар алуға; өзiнiң ағымдағы шотын, салымын басқаруға; ағымдағы күнге шотына түскен және одан төленген соманы бiлуге; банк жұмысы туралы ереже және нұсқаулармен тaнысуға; бағалы қағаздармен операция жүргiзуге, салық төлеуге және с.с. операцияларды жүргiзуге мүмкiндiгi бар. «Қазақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі» туралы ҚР Ұлттық банк Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірде бекіткен № 179 қаулысына сәйкес, заңды тұлғалар арасындағы 4000 айлық есеп көрсеткішінен асатын, яғни 3488000 = (4000 X 872) теңге сомасынан жоғары мөлшерде есеп айырысулар тек қана қолма-қолсыз тәртіпте жүзеге асырылуға тиіс. Осы ережеге сәйкес қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылатын төлем құжаттарының түрлеріне мыналар жатады: - төлем тапсырмасы; - төлем талабы-тапсырмасы; - инкассалық үкім; - чекпен есеп айырысу; - вексельмен есеп айырысу. Аталған төлем құжаттарының мынадай өзіне тән көрсеткіштері болуға тиіс: 1) төлем құжатының атауы; 2) төлем құжатының номері, толтырылған күні, айы, жылы; 3)ақшаны аударушының (төлеушінің) толық аты-жөні және жеке идентификациондық коды; 4)ақшаны аударушы банктің толық аты-жөні және банктік идентификациондық коды; 5)бенефициардың (ақшаны алушының) толың аты-жөні және жеке идентификациондық коды; 6)бенефициар банктің толық аты-жөні және банктік идентификациондық коды; 7) төлемнің тағайындалу коды; 8) санмен және жазбаша түрде берілген төлем сомасы; 9) төлемді немесе ақшалай аударымды жасайтын тұлғаның қолдары мен мөрлері (егер құжат қағаз түрінде толтырылған болса); 10) бенефициардың және ақшаны аударушының салықты төлеуші ретіндегі тіркеу номері (СТН). Төлем құжаттары қағаз және электрондық жолмен толтырылуы мүмкін. Төлем құжаттарының дұрыс толтырылуына үлкен мән беріледі. Әсіресе, ондағы төлемнің тағайындалу коды 1999 жылғы 15 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік классификаторы - төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторын пайдалану ережесі туралы» ҚР Ұлттық банктің Басқармасы бекіткен № 388 қаулысына сәйкес болуға тиіс. Төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторы Қазақстан Республикасындағы ақша-несие және валюта саясаты, сыртқы қарыз, төлем балансының параметрлерін, банк жүйесінің жағдайын шұғыл түрде талдау, жоспарлау және бақылау, сондай-ақ ақша ағымын талдауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін қалыптастыруға арналған. Резиденттік белгісі ҚР-ның валюталық заңдылықтарына сәйкес анықталады және былай белгіленеді: «1» - резидент; «2» - бейрезидент. Экономиканың секторының коды мынадай: 0 - Халықаралық, ұйымдар; 1 - Орталық Үкімет; 2 - Аймақтық және жергілікті басқару органдары; 3 - Орталық (ұлттың) банктер; 4 - Басқа депозиттік ұйымдар; 5 - Басқа қаржылық ұйымдар; 6 - Мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар; 7 - Мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар; 8 - Үй шаруашылығына қызмет көрсететін, коммерциялық емес ұйымдар; 9 - Үй шаруашылықтары. Төлемнің тағайындалу коды операцияның түрін анықтайтын 10 санаттан тұрады: 0 - Зейнет ақы және жәрдем ақы; 1 - Қолма-қол ақшамен операциялар (спецификалық аударымдар); 2 - Шетел валютасы және бағалы металдармен операциялар; 3 - Депозиттер; 4 - Займдар; 5 - Қазақстан Республикасының бейрезиденттерінің шығарған бағалы қағаздары, вексельдер және депозиттік сертификаттары және шетел капиталына инвестициялар; 6 - Қазақстан Республикасының резиденттерінің шығарған бағалы қағаздары және вексельдері, Қазақстан капиталына инвестициялар; 7 - Тауарлар мен материалдық емес активтер; 8 - Көрсетілетін қызметтер; 9 - Бюджетке төлемдер мен бюджеттен төлемдер. Төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторы толтырылатын-дарға мынадай төлем құжаттары жатады: - төлем тапсырмасы; - төлем талабы-тапсырмасы; - салық (кеден) органдарының инкассалық үкімі; - аударуға берген өтініш; Төлем тапсырмасымен есеп айырысу. Бұл қазіргі кезде кеңінен қолданылатын есеп айырысу формасы. Төлем тапсырмасы - ақшаны аударушының (төлеушінің) аталған тапсырмада көрсетілген ақша сомасын бенефициарға аудару туралы қызмет көрсетуші банкке берген тапсырмасы. Төлем тапсырмасымен есеп айырысу кең көлемді төлемдерді жүзеге асыру үшін қолданылады: алынған тауарлары мен көрсеткен қызметтері үшің тауарлы емес операциялар (зейнетақы және сақтандыру қорына төлемдер, салықтық төлемдер, банкке комиссиондық және т.б. төлемдер) бойынша, жабдықтаушылар мен мердігерлерге тауары және көрсетілген қызметтері үшін алдын ала төлеуге, аванстық төлемдер бойынша. Төлем тапсырмасы оны толтырған күннен бастап (оны толтырған күн есепке алынбайды) он күнге жарайды және төлеушінің шотында қаражат болған жағдайда ғана іске асырылады. Екі жақтың келісуі бойынша төлем тапсырмасы мерзімді, мерзімінен бүрын және кешіктірілген болуы мүмкін. Мерзімді төлем - бұл тауарды жөнелткенге дейін; тауарды жөнелткеннен кейің яғни тікелей келісім беру жолымен; немесе ірі мәмілелер барысында бөліп төлеу арқылы жүргізіледі. Мерзімінен бұрын және кешіктіріп төлеу бұл жақтың қаржылық жағдайына зиян келмеуі үшін жасалған келісім негізінде төленуі мүмкін. Төлеуге кепіл болуы мақсатында төлеуші мәміленің шартында төлем тапсырмасына акцепт беруі мүмкін. Бұл жағдайда банк тапсырмадағы соманы төлеу үшін тиісті қаражатты жеке бір шотқа аударып қояды. Төлем тапсырмасы арқылы есеп айырысудың кемшілігіне қаражат айналымының біршама қиындығы мен ұзақтығы және клиенттің шаруашылық айналымынан белгілі бір қаражат бөлігінің шығып қалуы жатады. Төлем тапсырмасымен есеп айырысудың артықшылығы, оның әмбебап есеп айырысу формасы ретінде ішкі банкаралық есеп айырысуларда және мемлекетаралық жабдықтауларға байланысты, тауарлы және тауарлы емес операциялар бойынша, сатып алған тауарын төлеу және алдын ала төлеу, аванс арқылы төлеуде қолданылумен сипатталады. Төлем талап-тапсырмасы. Бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың жаңа формасы, біздің тәжірибеге 1990 жылы енгізілген болатын. Мұнда төлем талабы және төлем тапсырмасының элементтері қатар қамтылған. Төлем талап-тапсырмасы - бенефициардың төлеушіге оған қызмет көрсетуші банкке бағытталған жөнелтілген өнім, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызмет құнын жіберілген есеп айырысу құжаттары негізінде төлеу талабы. Төлем талаптапсырмасын бенефициар толтырады да, оны коммерциялық құжаттармен бірге бірден аударушының банкіне жібереді. Аударушының банкі төлем талап-тапсырмасын төлеушіге береді. Ал аударушы банкке келіп түскеннен бастап, үш күн ішінде төлем туралы банкке келісімін беруге тиіс. Төлем талап-тапсырмасы банктегі аударушының шотында ақша болған жағдайда ғана қабылданады. Төленбеген төлем талап-тапсырмасы 1 күннен 30 күн аралығында № 1 картотекаға орналастырылуы мүмкін. Төлем талап-тапсырмасы бойынша төлеуден бас тартатын болса, оны осы үш күн ішінде банкке хабарлайды. Сөйтіп төлем талап-тапсырмасы жөнелту құжаттарымен және төлеуден бас тартуын хабарлайтын құжатпен бірге тікелей бенефициарға қайтарылады. Төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысудың мынадай артықшылықтары бар: келісімшарт тәртібінің нығаюына мүмкіндік береді және құжат айналымын жылдамдатады. Инкассалық өкім - заң актілерінде көзделген жағдайда ақшаны жөнелтушінің келісімінсіз, оның банктік шотынан ақшаны алу үшін пайдаланылатын төлем құжаты. Инкассалық өкім салық және кеден органдарына төленбеген төлемдерді, сондай-ақ соттың шешімі бойынша басқа да төлемдерді талап ету жағдайында қолданылады. Мұндағы салық және кеден органдарының инкассалық өкімінен басқасы міндетті түрде соттың шешімдері, бұйрығы, қарары және қаулысы бойынша берілетін орындау парағымен бірге жүреді. Инкассалық өкімде төлемнің тағайындалуы ақшаны аударушының банктік шотынан, оның келісімінсіз ақшаны алуға құқық беретін заңдық актіге сілтеме көрсетіледі. Салық және кеден органдарынан келіп түскен инкассалық өкім сомасы аударушының шотындағы қаражат көлемінде төленуі мүмкін, яғни қаражат көлемі толық жетпеген жағдайда, сол құжаттың келесі бетіне «жартылай төленді» деген белгі қойылуға тиіс. Қалған сома қаражаттың шотқа, түсуіне қарай төленеді. Тек қана соттың шешімімен келетін инкассалық өкімдер шотта қаражат сомасы жеткілікті болған жағдайда төленеді, керісінше жағдайда ол шоттағы қаражат қозғалысына тыйым салынады. Мұндай төлем құжаттары басқа құжаттарға қарағанда кезектен тыс төленуге тиіс. Чекпен есеп айырысу. Чекті есеп айырысу барысында төлем құралы ретінде заңды және жеке тұлғалар пайдалана алады. Чек арқылы есеп айырысудың қолайлылығы мынада: - егер де төлеуші тауарды алғанға дейін төлегісі келмей, ал жабдықтаушы төлеуге кепіл бергенше тауарын жібергісі келмеген жағдайда; - сатушы белгісіз болған жағдайда. Еліміздегі чекті пайдалану барысы 1998 жылғы 5 желтоқсандағы ҚР Ұлттың банкі Басқармасы бекіткен № 266 қаулыға сәйкес жүзеге асады. Аталған ережеге сәйкес чектер мынадай түрлерге бөлінеді: - Кепілденген чек - чек берушінің банкіндегі шотындағы қаражаттың көлеміне байланыссыз чекте көрсетілген соманы төлеуге қызмет көрсетуші банктің беретін кепілін көрсететін чек. - Кепілдендірілмеген чек - чек беруші банктің кепілдігі көрсетілмеген чек; - Қамтамасыз етілген чек - банкке алдын ала салған депозитпен қамтамасыз етілген чек; - Қамтамасыз етілмеген чек - депозитпен қамтамасыз етілмеген чек. Ережеге сәйкес, чек - бұл чек берушінің чекті қабылдаушы банкке, өзара жасалған келісімшарт негізінде чекте көрсетілген соманы чекті ұстаушыға төлеу туралы бұйрығы. - Чектің өзіне тән мынадай көрсеткіштері болады: 1) «Чек» деген атауы; 2) Чек номері мен сериясы; 3) Чектің қызмет ету мерзімі; 4) Чек берушінің аты-жөні; 5) Чек берушінің СТН; 6) Санмен және жазбаша түрде көрсетілген сомасы, күні, айы, жылы, чек берген жері және чек берушінің қолы мен мөрі; 7) Чек ұстаушының аты-жөні; 8) Чек ұстаушының СТН; 9) Чекті төлеуге міндетті чек беруші банктің атауы; 10) Чек беруші банктің жеке банктік коды; 11) «Бұйрық бойынша төлеңіз» кестесі; 12) «Төлемнің тағайындалу» кестесі; 13) Чекті төлем ретінде қабылдағаны туралы чек ұстаушының белгі соғатын орны. Чектер қолма-қолсыз төлемдерді жүзеге асыру және қолма-қол ақша алу үшін пайдаланылады. ҚР-да чекпен есеп айырысу тек қана ұлттық валютамен жүзеге асады. Банктен қолма-қол ақшалар алуға арналған чектің түріне ақшалай чек жатады. Мұндай чектің түрін Ұлттың банктің бекітілген формасында 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін екінші деңгейдегі банктер өздерінің клиенттеріне беріп келсе, бүгінгі күні кез келген коммерциялық банк өзінің формасында чекті шығарып отыр. Чекті пайдалану банктен алатын чектік кітапша негізінде іске асады. Чек алу үшін шот иесі банкке чектік кітапша алуға өтінішін жасайды. Аккредитивтік есеп айырысу формасы. Аккредитивпен есеп айырысу жиі қолданылмайды, бірақ та ол нарық жағдайында біршама тұрақты есеп айырысу формасы. Аккредитив - бұл сатып алушының тапсырмасы бойынша сатып алушының (аккредитив ашушының) банкісінің жабдықтаушының банкісіне аккредитивте көрсетілген құжаттарды жабдықтаушы бергеннен соң және аккредитивтік басқа да шарттарын орындаған жағдайда төлемді төлеуге берген шартты ақшалай міндеттемесі. Егер де аккредитивті ашатын банк, клиенттің тапсырмасы бойынша қаражатты жабдықтаушының банкіне аударып қойса, онда аккредитивте көрсетілген барлық шарттардың орындалуы барысында төлемді жүзеге асыру үшін жабдықтаушының банкінде «Аккредитив» жеке баланстың шоты ашылады. Аккредитивтің мынадай түрлері болады: - өтелген және өтелмеген; - қайтарылатын және қайтарылмайтын. Өтелген (қаражат аударылған) - бұл эмитент банктің міндеттемесінің іс- әрекетінің барлың мерзімі ішінде төлеушінің меншікті қаражаты немесе несиеге клиентіне берген қаражаты есебінен аударылған жабдықтаушының банкісінде ашқан аккредитиві (7-суретте берілген). Өтелмеген (кепілденген) - бұл банктердің өзара корреспонденттік қатынастар орнатуы негізінде жабдықтаушының банкіне сатып алушының банкісінің шотынан қаражатты шегеруге құқық беру арқылы ашқан аккредитивін сипаттайды. Әрбір аккредитив қайтарылатын немесе қайтарылмайтын болуға тиіс. Ондай анықтауыш белгі болмаған жағдайда, ол аккредитив қайтарылатын болып табылады. Қайтарылатын аккредитив жабдықтаушының келісімінсіз эмитент банктің әмірімен өзгертілуі немесе күшін жойы мүмкін. Бұл аккредитив сатып алушының мүддесін көздейді. Қайтарылмайтын аккредитив жабдықтаушының келісімінсіз өзгере немесе күшін жоя алмайды. Себебі, мұндай аккредитив жабдықтаушының пайдасына ашылған болып табылады. Аккредитив формасын пайдалану арқылы есеп айырысуда қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың барлық негізгі ережелері сақталады: өнім жөнелтілгеннен кейін барып төлем жүргізіледі; төлем төлеушінің келісімімен жүзеге асырылады, яғни оған аккредитивтің ашылуы дәлел болады; келісімшарттағы жағдайлардың бұзылуына байланысты төлеушіге төлемнен бас тартуға құқық беріледі; аккредитив төлеушінің қаражаты есебінен немесе банктің несиесі есебінен ашылады, егер де төлеушінің аккредитив ашуға құқығы болса. Аккредитивтің басты артықшылығы, оның төлеуге кепіл болуымен сипатталады. Сонымен қатар, бұл есеп айырысу формасында бірқатар кемшіліктер де бар: сатып алушының қаражаты аккредитивтің қызмет ету мерзімінің ішінде оның шаруашылық айналымынан шығарылып қалады; тауар айналымы бәсеңдейді, яғни жабдықтаушы аккредитивтің ашылғаны туралы хабар алғанша, өзінің дайын өнімін жөнелте алмайды және оның сақталуы да қосымша шығындарды қажет етеді. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Халықаралық саудадағы инкассо түсінігі 2. Халықаралық саудадағы инкассоның маңызы қандай Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Комаров А.С. Правовые вопросы товарообменных сделок.М.,1994. 2. Лукашук И.И. Стороны в международных договорах. - М., 1996. 3. Розенберг М.Г. Заключение договоров международной купли-продажи товаров. М., 1991. 4. Садиков О.Н., Краснова Н.Л. Исковая давность в МЧП/ Российский ежегодник международного права.1992. 5. Шатров В.П. Международное экономическое право. - М., 1990. 6. Шмитхофф К. Экспорт: право и практика международной торговли.М.,1993 Тақырып 8. Халықаралық саудадағы банктік кепілдік. 1. Халықаралық саудадағы банктік кепілдік түсінігі 2. Халықаралық саудадағы банктік кепілдік маңызы. Компаниялар сатып алу – сату (жұмыстар /қызмет көрсету) шарттарын бекіткенде контрагенттердің тарапынан міндеттемелерді тиісті түрде орындау мәселесімен жиі кездеседі. Саудада іскер серіктестердің екеуіне де ұқсас мәселе жиі пайда болады: - сатушыға сатып алушының төлем қабілеттілігіне баға беру қиынға соғады; - сатып алушыға жеткізушінің міндеттемелерді орындау дайындығын, сондай- ақ оның кәсіптік және қаржы мүмкіндіктерін бағалау оңай болмайды.Міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету мәселесіне тараптардың назар аударуы, тараптар шарттардың талаптарын бұзғанның нәтижесінде пайда болуы мүмкін жағымсыз салдарды болдырмаудың мүдделілігімен байланысты.Осылайша Банктік кепілдік бола алатын, міндеттемелерді тиісті түрде орындауды растау /кепілдік беру қажеттігі пайда болады. Жұмысты орындауды қамтамасыз ету ретінде Банктік кепілдік қаншалықты әрекет етеді?Банктік кепілдік Аппликанттың кепілдік бойынша жұмысын орындау мүмкіндігінің куәлігі болып табылады, өйткені Банк өз кепілдігімен егер ол өз клиентін техникалық және экономикалық жағынан мұқият тексерген жағдайда ғана төлем жүргізудің шақырылмайтын міндеттемесін өзіне алады. Банктік кепілдік Аппликант үшін шарттың міндеттемелерін орындауда, бұл мәмілеге Аппликанттың мүддесі әлсіресе де күшті ынталандырма болып табылады. Егер Аппликант кепілдік бойынша өз міндеттемелерін бұзса, Бенефициар кепіл сомасын төлеуді талап етуге құқылы. Осылайша ол шарттың бұзылуының қаржылық салдарын толығымен немесе ішінара орнын толтыра алады. Банктік кепілдік - бұл Банк үшінші тұлғаға (Бенефициарға) өнімді /тауарларды жеткізу, жұмыстарды /қызмет көрсетуді орындау, аванстық төлемді немесе заемдарды /кредиттерді қайтару шарттары бойынша төлем жүргізуге кепілдік беру міндеттемесі. Банктік кепілдіктің мақсаты – негізгі борышкер (сатып алушы) шарттың міндеттемелерін орындамаған жағдайда Банктің қаржылық орын толтыруға кепілдік берумен қол жеткізілетін мәмілелердің жүргізілуінің қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету. Банктік құрал сияқы құралды пайдаланғанда мынадай терминдер пайдаланылады және қолданылады: SWIFT (society for worldwide interbank financial telecommunications) – дүниежүзілік банк аралық қаржылық телекоммуникациялар қоғамы, хабарламаларды, оның ішінде кепілдікті /контр кепілдікті бір банктен екіншіге беру арнасы. Кепілдіктерге /кепілдіктер өзгерістеріне авизо жасау – авизо жасаушы Банктің кепілдік /кепілдікке өзгерістер мәтінін кепілдіктің /кепілдікке өзгерістің шынайылығын растай отырып Бенефициарға беруі. Авизо жасаушы Банк авизо жасауға қатысты қандай болмасын қаржылық міндеттеме арқаламайды. Авизо жасаушы банк – авизо жасаушы Банк тарапынан шынайылығын растаудан басқа қандай болмасын міндеттемесіз, авизо жасауға /Бенефициарға кепілдікті және /немесе оған енгізілетін өзгерістерді беруге Эмитент-банк уәкілеттілік берген Банк. Аппликант – Эмитент-банкке кепілдік /контркепілдік шығаруға тапсырма беруші клиент. Аутентификацияланған SWIFT-хабарлама – халықаралық банк аралық ақпарат жіберу және SWIFT төлемдер жүргізу жүйесі бойынша коды бар арнамен жіберілген/алынған хабарлама, бұл оның шынайылығын (ақиқаттығын) қамтамасыз етеді. Банктік кепілдік (кепілдік, кепілдік міндеттеме) – Кепілгер-банктің (кепілдік шығаратын Банк) кепілдік талаптарына сәйкес төлем талабы берілгеннен кейін кепілдік сомасымен шектелген соманы Бенефициарға төлеуі бойынша кері шақырып алусыз міндеттемесі. Эмитент-банк (шығарушы Банк) – Аппликанттың кепілдік беру жөніндегі өтінішінің негізінде /тапсырмасы бойынша кепілдік шығаратын және кепілдіктің шарттарына сәйкес кепілдік бойынша талаптарды орындау немесе Бенефициардың алғашқы жазбаша талабы бойынша төлеу міндеттемесін өзіне жүктеп алған Банк. Кепілдіктің кері шақырып алынбайтындығы Кепілгер-банктің кепілдіктің әрекет ету мерзімі өткенге дейін күшін жоюға, кепілдіктің сомасын немесе әрекет ету мерзімін азайтуға немесе кепілдіктің талаптарына Бенефициардың мұндай өзгеріс енгізуге берген келісімінсіз оның құқықтарын шектейтін қандайбір өзгеріс енгізуге құқығы жоқтығымен айқындалады. Бенефициар – оның пайдасына кепілдік шығарылатын заңды немесе жеке тұлға. Кепілдік беру туралы шарт – Банк пен Аппликант арасында Аппликанттың өтініші негізінде бекітілетін, кепілдік беру талаптары мен тәртібі көрсетілетін шарт. Құжаттамалық операциялар – Банк тауарлармен, қызметтермен немесе міндеттемелерді орындаудың құжаттарға қатысы бар басқа да түрлерімен емес, тек құжаттармен ғана жұмыс жүргізетін операциялар. Құжаттамалық операцияларға аккредитивтер, банктік кепілдіктер, инкассо бойынша операциялар жатады. Заемшы – Банк заем беру туралы шарт бекіткен жеке кәсіпкер /заңды тұлға. Клиент – Банкте шоты бар және Банкке қаржылық құрал алу жөніндегі өтнішпен жүгінген немесе осындай әлеуетті мүмкіндігі /ниеті бар заңды тұлға, жеке кәсіпкер, оның ішінде шаруа (фермерлік) қожалығы мүддесіне сай әрекет етуші тұлға. Кепілдіктер /аккредитивтер /инкассо шығару және қызмет көрсету үшін алынатын комиссиялар – Банк тарифтерінің «Құжаттамалық операциялар және Банктік кепілдіктер» бөлігіне сәйкес Банк алатын операциялық комиссиялар. Келісім-шарт – тауар, жұмыстар немесе қызметтерді сатып алушы мен жеткізушінің арасында бекітілген тауар, жұмыстар немесе қызметтерді сатып алу-сату туралы шарт немесе келісім. Кредит желісі – Банк пен Заемшы арасындағы келісім, оның шеңберінде белгіленген лимит және мерзім аясында келісімде белгіленген талаптармен қаржы құралдары (банктік заемдар, кепілдіктер, аккредитивтер) беріледі. Валюталық бақылаушының белгісі – экспорттық-импорттық валюталық бақылаудың жүргізілуін және мәміле паспортын (қажет болғанда) Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес ресімделуін растайтын ОПЕРУ валюталық бақылау бөлімі /секторы қызметкерінің белгісі. Бұл белгі Банк бейрезиденттің пайдасына және /немесе бейрезиденттің тапсырмасы бойынша кепілдік шығарған кезде клиенттің өтінішінде /хатында міндетті түрде болуға тиіс. Қол мен мөрдің сәйкестігі туралы белгі – клиенттің өтінішіндегі /хатындағы қолдар мен мөрдің Банктегі қолдар мен мөрлердің үлгілеріне сәйкестігін дәлелдейтін ОПЕРУ /Кредит беру қызметінің белгісі. Растаушы Банк – Бенефициардың алғашқы жазбаша талабы бойынша Эмитент- банктің төлемді жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелеріне қосымша міндеттемені өзіне алатын Банк. Бенефициардың талабы – Бенефициар Банктің клиенті болған жағдайда, қол мен мөрдің сәйкестігі туралы белгісі бар кепілдіктің талаптарына сәйкес ресімделген кепілдік бойынша төлем жүргізу жөнінде Бенефициардың жазбаша талабы. Бенефициар Банктің клиенті болып табылмаған жағдайда, талап Бенефициардың мөр бедері мен қойылған қол үлгілері бар нотариалды куәландырылған құжатпен сүйемелденуі тиіс немесе талаптың түпнұсқалылығын сәйкестендірілген SWIFT немесе телексті хабарлама беру арқылы Бенефициардың Банкі растауы тиіс. Ақшалай соманы төлеу негізіне қарай кепілдіктер мынадай болады: Шартты – Бенефициардың талабы Аппликанттың келісім-шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған фактісін растайтын құжаттармен сүйемелдену тиіс болғанда. Олар төленбеген инвойстардың көшірмелері, Аппликанттың мекен-жайына тиелу фактісін растайтын көлік құжаттарының көшірмелері, тауарларды қабылдау-өткізу актілерінің көшірмелері және т.б. болуы мүмкін. Шартсыз – Бенефициардың талабы Аппликанттың келісім-шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған фактісін растайтын қандай болмасын құжаттарды беру қажеттілігінсіз кепілгер қанағаттандыруға жататын болғанда. Кепілдіктер импорттық және экспорттық болып бөлінуі мүмкін. Импорттық кепілдік – Банк клиентінің /Банктің өзінің тапсырмасы бойынша үшінші тұлғаның пайдасына (Бенефициардың) Банк шығарған кепілдік. Бұл жағдайда Банк клиенті /Банк кепілдік бойынша Аппликант болып табылады. Экспорттық кепілдік – Банк клиентінің /Банктің пайдасына Банк алған кепілдік. Бұл жағдайда Банк клиенті /Банк кепілдік бойынша Бенефициар болып табылады. Қамтамасыз ету өлшемдері бойынша кепілдіктер мынадай түрлерге бөлінеді: • өтелген – тиісті бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілген ақша түріндегі 100 % ақшалай өтеммен қамтамасыз етілген кепілдіктер • өтелмеген – ақшадан басқа өтеммен қамтамасыз етілген кепілдіктер • бланктік – қандай болмасын қамтамасыз етусіз өтелмеген кепілдіктер Өзін өзі бақылау сұрақтары: 1. Халықаралық саудадағы банктік кепілдік түсінігі 2.Халықаралық саудадағы банктік кепілдік маңызы Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: 1. Комаров А.С. Правовые вопросы товарообменных сделок.М.,1994. 2. Лукашук И.И. Стороны в международных договорах. - М., 1996. 3. Розенберг М.Г. Заключение договоров международной купли-продажи товаров. М., 1991. 4. Садиков О.Н., Краснова Н.Л. Исковая давность в МЧП/ Российский ежегодник международного права.1992. 5. Шатров В.П. Международное экономическое право. - М., 1990. 6. Шмитхофф К. Экспорт: право и практика международной торговли.М.,1993 Тақырып 9. Халықаралық факторинг. 1. Халықаралық факторинг түсінігі. 2 Халықаралық факторинг маңызы және түрлері. Факторинг АҚШ-та шамамен 1890 жылы пайда болды. Экономикалық тұрғыда бұл борышты саудалау, есептік операциялардың бір түрі. Факторинг – банктің тауарлар жеткізуден және қызмет көрсетуден, берілген несиені қайтаруды талап ету құқығын қоса алғанда басқа шарттардан туындайтын төлем талаптарын сатып алуы. Мұндай мәміленің нәтижесінде банк өз клиентінің талабын қайта қаржыландырып қана қоймай, сонымен қатар төлемеу ықтималы тәуекелін өзіне қабылдайды. Өндіруші осының арқасында айналым капиталын алады. Факторингпен айналысатын адам фактор деп аталады. Ақысы төленетін (төлеу сатып алушының ақшасын алуына қарай жүргізіледі) факторинг және төленетін және қаржыландырылатын (соманың 90 пайызын бір уақытта төлеу тауарды өндіруші жеткізгеннен кейін және келесі ақы төлеу – барлық ақша алынғаннан кейін жүргізіледі) факторинг деп бөлінеді. Соңғы түрі қымбаттау, себебі үлкен тәуекелділік бар. Бірақ борышкерді таңдау құқығы факторға: банк немесе сауда үйіне қалдырылады. Ұлыбританияда факторинг нарығының 60 пайызынан артығы факторинг фирмалары арқылы жұмыс істейтін коммерциялық банктерге жатады. «Факторинг» термині ағылшын тілінен алынған – делдал, агент. Факторинг – коммерциялық банктер (олардың еншілес фактор - фирмалары) ұсақ және орта фирмаларға – олардың клиенттерге көрсететін қаржылық қызметтердің түрі. Факторинг мәні фактор – фирма немесе банктің клиенттен берешектерін өндіртіп алу құқына ие болуы және өз клиенттерінің борышкерлеріне талапты жарым-жарты төлеуі, яғни борышкердің төлейтін мерзімі басталғанға дейін берешектерін пайыздық мөлшерде қайтаруы. Борыштың қалған бөлігі мүддесі шегерілген соң борышкер өз берешегін өтегеннен кейін клиенттерге қайтарылады. Нәтижесінде клиент берешектерін жылдам қайтару мүмкіншілігіне ие болады, бұл үшін фактор – фирмаға немесе банкке белгілі бір сыйақы төлейді. Факторинг жүзеге асырылғанда клиент борышкерден берешектерді алу құқығын фактор-фирмаға немесе банкке тапсырады. Факторинг сауда операциялары сияқты пайда болды, одан кейін несие беру нысанасы ие болған. Банктердің факторинг операциялары мыналар: ішкі операциялары, мұнда жабдықтаушы және клиент (сатып алу, сату шарты бойынша тараптар), сонымен қатар факторинг компаниясы белгілі бір елде болады немесе халықаралық, ашық операциялар, борышкер факторинг компаниясының мәмілесіне қатысу туралы хабардар етілсе немесе жабық (жасырын) операциялар. Борышкер факторинг компаниясы не банк пайда болатын борыш бойынша құқықтық мирасқор болып табылатынын және төлеу оның пайдасына жүзеге асырылуы тиіс екендігін; жабдықтаушыға регресс құқығымен – кері талап құқығымен немесе құқықсыз төленген соманы; немесе белгілі бір күнге алдын ала ақы төлеу немесе талаптарға ақы төлеу нысанында жабдықтаушыға несие беру талабымен өтелетінін растайтын шотта фактураға тиісті жазу жазылу жолымен хабардар етіледі. Қазақстанда факторинг операцияларымен банктер, шарттық және ақылы негізде тауарлар және қызмет көрсету үшін есеп-қисаптарды тезірек аяқтаумен байланысты несие-есеп айырысу операцияларын жүзеге асырып, 1988-1989 жылдары айналыса бастады. КСРО Мемлекеттік банкінің келді 1989 жылғы 12 желтоқсандағы «Жабдықтаушылардың банкке жеткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін төлем талаптары бойынша төлем алуға құқықты беру бойынша операцияларды жүзеге асырудың тәртібі туралы» нұсқаулық хаты құқықтық негіз болады. Факторинг үшін ақы төлеу сатып алушыға қатысты құжаттар картотекаға енгізілсе төлемдер кезінде жасалмайтын кездері несие қаражатының сомасымен және оларды пайдалану мерзімдерімен және тұрақсыздық айыппұлмен анықталады. Факторинг ерекшелігі сол: ол тек қана мәміленің негізінде іске асады; қаржыландыру талап құқығымен; мәміленің ақылы болуы; ақшалай және кәсіпкерлік сипаты ғана бар және болашақта талап құқығы мүмкіншілігі болады. Сондықтан факторинг міндеттемелердің дербес түрі болып табылады. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңның 30 бабына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы бар кезде банктердің факторинг операцияларын жүзеге асыруға: тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан төлемсіз тәуекел етіп қабылдай отырып, төлем төлеуді талап ету құқығына ие болуға құқылы екенін көздейді. Қазіргі таңда ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг) шарты Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 729-738 баптарымен реттеледі. Факторинг бойынша қаржы агенті ақшаны клиент билігіне береді немесе беруге міндеттенеді, ал клиент қаржы агентіне клиенттің осы үшінші тұлғамен (борышкермен) қатынастарынан туындайтын өзінің ақшалай талабын қаржы агентіне береді немесе беруге міндеттенеді не борышкерге ақшалай талабын клиент қаржы агентіне сонымен бірге клиенттің қаржы агенті алдындағы міндеттемелерін атқаруын қамтамасыз ету мақсатында беруі мүмкін. Бұл ретте факторинг шарты бойынша қаржы агентінің міндеттемелері клиент үшін бухгалтерлік есеп жүргізуді және берудің нысанасы болып табылатын ақшалай талаптарға (ақшалай талаптар бойынша шоттар ашу) қатысты құжаттар ұсынуды, сондай-ақ клиентке осы талаптарға байланысты өзге де қаржылық қызмет көрсетуді қамтуы мүмкін. Бұл ретте факторинг операциялары банк операциялары болып табылмайды, бірақ олар халықаралық саудада кең қолданылады. Халықаралық қатынастарда банктер 1988 жылы «Халықаралық факторинг туралы» Оттава УНИДРУА конвенциясын басшылыққа алады. Ақшалай талапты беріп қаржыландыру азаматтық-құқықтық міндеттеменің жаңа түрі, оның құқықтық реттелуі Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне алғашқы рет енгізілген. Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты (факторинг), жалпы ереже бойынша, ақылы және өзара шарт болып табылады, нақты шарттың талаптарына қарай ол нақты, келісімді шарт болуы мүмкін. Коммерциялық кәсіпорындардың мамандандырылған банк ұйымдарын несиесіне негізделген ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты сауда несиесін өзгертеді. Ақша қаражатының қайтарымдылық, мерзімділік және төлемділік талаптарымен берілуі тән банктік заем шартынан айырмашылығы сол, талап құқығын беріп қаржыландыру шартына банктің алушының талабы құқығын, үшінші тұлғамен (борышкермен) қандай да болмасын шарт бойынша қаражатты беруі талабымен беруі тән ақшаларды осылайша беру, әдеттегідей, мерзімділігі және қайтарымдылығымен сипатталмайды. Талапты құқығын беріп қаржыландыру шартының өзара байланысқан талаптары болып табылады. Талапты беру шартта, әдеттегідей, талап құқығын ақылы беру, ал ақшалай талап құқығы тек қана объектісі (нысанасы) болып келеді. Факторинг қаржы нарығының пайдалы құралы болып табылады және несие тәуекелдерін сақтандырудың дамығандығын және дебиторлық берешек әкімшілігін жүргізуді болжайды. Осы талаптарда осы қызметтегі банктер үшін клиенттерді және пайданы көбейтуге және тәуелдікті азайтуға мүмкіндік беретін қорландыратын институттарды тарту бойынша агенттің рөлі анықтаушы бағытқа айналады. 2. Факторинг операцияларының түрлері Факторинг қызметінің мақсаты – төлеушінің төлем қабілетіне байланыссыз факторингтік келісім-шартта көрсетілген мерзімде тез арада қаражатты алу болып табылады. Нарық экономикасы дамыған елдердегі факторингтік компаниялардың көбіне еншілес фирмалары ірі банктермен бірігіп жұмыс жасайды. Факторинг операцияларына үш тарап қатысады: 1. Факторингтік компания - өздерінің клиенттерінен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме. 2. Клиент (тауарларды жабдықтаушы, несие беруші) – факторинг компаниялармен келісім-шарт жасасушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы. 3. Кәспорын (қарыз алушы) – тауарларды сатып алушы фирма. Факторинг мәмілесін жүзеге асырудан бұрын талдау жұмысы жүргізіледі. Кәсіпорыннан тапсырыс алғаннан соң факторинг компания немесе банктің фактор бөлімі 1-2 апта ішінде клиенттің экономикалық және қаржылық жағдайын зерттейді. Факторинг операцияларының жүзеге асырылу негізінде факторинг туралы келісім-шарт жатады. Онда факторинг операцияларының мынадай жасалу шарттары көзделеді: төлем талабының мәліметтері факторинг операциясы бойынша сомадан төлейтін сома, өтеу сыйақысының мөлшері, факторинг келісім-шартын бұзу және тараптардың ойлары бойынша басқа да шарттар. Факторингтің 2 түрі болады: - Ауқымды (конвенционды); - Шектеулі (конфиденциалды). Қазіргі жағдайда бұл – бухгалтерлік есеп жабдықтаулар және сатып алушылармен есеп айырысу, несиені сақтандыру және т.б. қамтитын клиенттерге қаржылық қызмет көрсетушіліктің әмбебап жүйесін сипаттайды. Соңғы жылдары шектеулі факторинг те біршама дамып келеді. Шектеулі факторинг бірнеше операциялардың орындалуымен байланысты: ақша алуға құқығын беру, қарызды төлеу және т.б. Факторинг операциясы бүгінгі таңда отындық ақша нарығында дами алмай отыр. Факторингті енгізу сынағы негізінен 1988 жылы КСРО өнеркәсіп құрылыс банкімен жүзеге асырылып, кейіннен өзге де коммерциялық банктер факторинг операцияларын орындай бастады. Сөйтіп, 1990ж басындағы төлем дағдарысы факторинг қызметінің банктер үшін тиімсіздігін айқындап нәтижесінде отандық банктеріміз күні бүгінге дейін бұл операцияға салғырттық танытуда. Факторингтің бірегей құқықтық негізін құру үшін 1988 ж халықаралық факторинг туралы кез келген келісім-шарт төменде берілгендердің кемінде екеуін қамтуға тиіс: 1. Аванс және несие беру жолымен жабдықтаушыны қаржыландыру; 2. Төлем талаптарына жататын жабдықтаушының шоттарын бухгалтерлік жағынан өңдеу; 3. Борышқорлардан ақшалай қаражат алу; 4. Жабдықтаушыларды олардың борышқорларының төлем қабілетсіздігі жағдайынан қорғау. Факторинг операциялары банктер және арнайы ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін банктерде арнайы бөлімдер ашылуы тиіс. Факторингтік операциялардың мыналар бойынша жасалмайтынын ескеру қажет: - Жеке тұлғалардың қарыздық міндеттері бойынша; - Бюджеттік мекемелердің қоятын талаптары бойынша; - Банктердің несиеден алынып тастаған немесе төлем қабілетінсіз деп танылған кәсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелері бойынша; - Кәсіпорындардың филиалдары немесе бөлімшелердің міндеттемелері бойынша; Факторингтің ашық және жабық түрлері болады. 3.Әлемдік нарықтағы факторинг Әлемдік тәжірибеде факторинг қызметінің мұны мынадай екі элементтен тұрады: оған берілген құжаттарды мерзімінен бұрын төлеу барысында алынатын комиссия және пайыз. Комиссия шот-фактура сомасынан белгілі мөлшерде (әдетте, 1,5- 2,5 /о) деңгейінде белгіленеді. Мәміленің көлеміне қарай комиссия сомасы да өсіп отырады. Факторинг ережесі бойынша несие үшін төленетін пайыз мөлшерлемесі ақша нарығындағы (қысқа мерзімді несиелер нарығындағы) мөлшерлемеден 1-2 %-дай жоғары болып келеді. Қазіргі күні отандық кәсіпорындарға қаржылық қызмет көрсету нарығында көңіл аударарлық жаңа тиімді қаржы құралы факторинг кеңінен таралуда. Факторинг өзінің кәсіпорынның қызметін дамытатын құрал ретінде танылып, қазір Қазақстанда да көптеген екінші деңгейдегі банктер онымен жұмыс жасап, факторингтік қызмет көрсетуде, сонымен бірге олармен бірқатарда фактор-компаниялар да пайда бола бастады. Факторингтік операцияларды қолданудың нәтижесінде кәспорындар өз қызметін үздіксіз жүргізе алады, яғни ол мынаны білдіреді: көптеген кәсіпорындар өз қызметінің барысында кейде қаражат тапшылығына кезігеді, әрине айналымда қаржы жетіспеушілігі, тұтынушылардың өз қарыздарын дер кезінде өтемеуі деген сияқты мәмелелер болады. Бұл мәмелелерді шешу үшін кәсіпорын банктік несиеден бұрын осы факторингті қолданғаны өте тиімді. Факторингтің қай жағынан тиімді екенін түсінуіміз үшін алдымен оңай пайда болуы мен дамуына, жұмыс істеу механизміне сипаттама берейік. Алғашқыда факторинг 16-17 ғ.ғ, пайда болған, оны саудагерлер өз тәжірибесіне алғаш енгізілген. Соңына қарай онымен сауда банктері айналыса бастаған. Басында олар тауар өндірушілерге өз тауарларын өткізуге, сатуға ықпал жасап отырған, содан соң олар тауарды өндіруші кәсіпорындардың жіберген тауарлары үшін ақшасын төлеп, тауарлы несие беруге көшкен, әрі қарай кейбір сауда делдалдары өз саудасын тастап, өз клиенттерімен қаржылық қарым-қатынасқа көшкен, яғни тауарды өндірушілерден шот-фактураларды сатып алып, ондағы қарыздық міндеттемені талап ету құқығына ие болды. Міне осылай факторингтік компаниялар пайда болған. Бірақ алғашында оларды тек қана банктік несиені алуға мүмкіндік болмаған жағдайда ғана қолданған. Ал қазіргі банктік қызметтің деңгейінің жоғары дамуы, сонымен қатар арнайы мамандандырылған несие мекемелерінің пайда болуы клиенттерге жоғары деңгейдегі, жан-жақты қаржылық қызмет көрсетуді дамытып отыр. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1) Халықаралық саудадағы факторинг түсінігі 2)Халықаралық саудадағы факторинг маңызы қандай 3) Әлемдік нарықтағы факторинг Ұсынылатын әдебиет тер: 1. Комаров А.С. Правовые вопросы товарообменных сделок.М.,1994. 2. Лукашук И.И. Стороны в международных договорах. - М., 1996. 3. Розенберг М.Г. Заключение договоров международной купли-продажи товаров. М., 1991. 4. Садиков О.Н., Краснова Н.Л. Исковая давность в МЧП/ Российский ежегодник международного права.1992. 5. Шатров В.П. Международное экономическое право. - М., 1990. 6. Шмитхофф К. Экспорт: право и практика международной торговли.М.,1993 Тақырып 10. Халықаралық қаржылық лизинг. 1. Лизинг ұғымы мен түрлері 2. Халықаралық қаржылық лизинг түсінігі, маңызы Лизинг сөзі «to lease» ағылшын етістігінен аударғанда “жалға беру” беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал лизингте үш қатысушы:лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады. Лизинг – бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал- жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда- саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты. Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады. Тарихта лизингке ұқсас операцияның б.э.2000 жылдай бұрын ертедегі Вавильонда жасалғандығы белгілі болғанмен, шетелдік зерттеушілер лизинг операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы «Белл Телефон Компани» деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына жалға бергендігін тілге тиек етеді. «Юнайтед Стейтс лизин корп.» атты алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан Францискода (АҚШ) құрылған.Европада 1962 жылы «Дойче лизинг ГМ6Х» деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфта (Германия) пайда болыпты.1972 жылдан бері еуропа лизинг нарығы дамып келеді. 1.2.Лизингтің негізгі түрлері Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер. 1. Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды. 2. Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін- өзі өтеуімен байланысты сипатталады. Осы лизингтердің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар: Ішкі лизинг – бұл өзінің қатынасушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады. Халықаралық лизинг – бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды. Банктердің лизингтік операциясы несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады. Қаржылық лизинг – бұл мүліктің толық құнын төлеп алатын мүліктің түрін жалға беру, онда уақытша пайдалануға берілген мүліктің мерзімі шамамен мүліктің амортизацияланатын және пайдаланатын мерзіміне жақын болады. Лизингтік мәміленің тараптары: - лизинг беруші(жалға беруші); - лизинг алушылар(жалға алушылар) болып табылады. Басқаша сөзбен айтқанда, қаржылық лизинг – бұл инвестициялық қызметтің бір түрі; онда: - лизинг беруші сатып алушыдан лизинг бұйымын лизинг келісім шарты бойынша өз меншігіне алуды, сосын оны лизинг алушыға белгілі бір ақыға, белгілі бір мерзімге, белгілі бір уақытта иелік ету жағдайына және кәсіпкерлік мақсаты үшін пайдалануына беруді міндетіне алады. Бұл кезде лизинг бұйымы лизинг алушыға берілгенде, оның мерзімі амортизацияланатын мерзіммен шамалас немесе оның 80% бөлігіне сәйкес келуі тиіс; - лизинг алушы келісімшартқа сәйкес төленуге жататын төлемдерді кезеңімен тиянақты түрде төлеп тұруды өз міндетіне алады. Келісімшарттың мерзімі өткен соң, лизинг бұйымылизинг алушының меншігіне өтуі мүмкін, егер бұндай жағдай шартта қарастырылған болса. Лизинг бұйымдарына: ғимараттар, қондырғылар, машиналар, құрал- жабдықтар, транспорт құралдары, жер телімі т.б. мүліктер жатады. Лизинг бұйымына бағалы қағаздар, табиғи ресурстар жатпайды. Лизинг лизингтік мәмілеге қатысушылардың қарастырған жағдайына байланысты және олар әрқилы болып бөлінеді: - қайтарылатын лизинг – лизингтің бұл түрі, онда сатушы осы бұйымды кері қайтарыпала алатын болса ғана лизинг алушыға лизинг ретінде сатады; - банк лизингі – лизингтің бір түрі, онда лизингті беруші ролін банк атқарады; - толық лизинг – лизингтің бір түрі, онда лизинг беруші ағымдағы жөндеу және оның лизинг бұйымына техникалық қызмет көрсету жұмысын атқарады; - таза лизинг – лизингтің бір түрі, онда лизинг алушы ағымдағы жөндеу және оның лизинг бұйымына техникалық қызмет көрсету жұмысын атқарады. Лизинг өз нысаны бойынша ішкі және халықаралық болып бөлінуі мүмкін. Ішкі лизингте лизинг беруші де, лизинг алушы да және сатушы да Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады. Халықаралық лизингті, негізінен Қазақстан Республикасының резидентті емес тұлғалары жүзеге асырады. Лизинг берушінің де, лизинг алушының да және сатушының да жауапкершілігі лизинг келісімшартымен, сатып алу-сату келісімшартымен және Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленеді. Лизинг келісімшарты мынадай міндетті мәнді жағдайлардан тұруы тиіс, онсыз ол келісілген деп саналмайды, келісімшарт жасалатын нәрсесі; лизинг нәрсесін сатушының аты-жөні және сатушыны таңдауды кім жүзеге асырғаны көрсетіледі; лизинг нәрсесін лизингті алушыға берудің мерзімі мен жағдайы;лизинг төлемінің мерзімділігі мен мөлшері;лизинг нәрсесінің құны; келісімшарттың әрекет мерзімі; лизинг нәрсесінің лизинг алушының меншігіне өту жағдайы; лизинг ету нәрсесін суреттеу; лизинг нәрсесін ұстау және жөндеу тәртібі; сақтандыру; лизинг берушінің атына лизинго нәрсесін мемлекеттік тіркеуден өткізуін екі жақтың біріне жүктеу; лизинг келісімшарты бойынша лизинг алушының міндеттемесін орындауын бақылау үшін лизинг берушінің жүзеге асыратын шаралары; тараптардың жауапкершілігі. Қозғалмайтын мүліктер бойынша жасалатын келісім- шарттар міндетті түрде, заң актілерімен анықталған тәртіпте мемлекеттік тіркеуден өтеді. Қозғалыстағы мүліктер қойылған кепілдік ретінде міндетті түрде мемлекеттік тіркеуге жатады. Лизинг нәрсесін сатушы тікелей лизинг алушының алдында сатып алу-сату келісімшарты бойынша жауапты болады. Егер де сатушы лизинг алушының қойған талабымен келіссе, онда лизинг алушыға берілетін лизинг нәрсесінің шартын өзгерту үшін, міндетті түрде лизинг берушімен келісуі тиіс. Лизинг алушының да лизинг берушінің де сатушымен қарым-қатынасы ынтымақтасқан кредиторлар ретінде жүреді. Лизинг бойынша марапаттау өз кезегінде екі әдісте пайдаланады: не өсіп отыратын пайыздық мөлшерлемесін, немесе алдын-ала қарастырылған пайыздық мөлшерлемесін. Бухгалтерлік есепте қаржылық лизинг бойынша жасалатын операциялар онда қарастырылған келісім-шарттың жағдайына байланысты көрініс табады. Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері. Лизингтің кеңінен таралуының басты себебі – оның қарапайым несиелерден мынадай артықшылықтарының болуына байланысты: Лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады. Бұл былай: лизингтік мәміле жасалған мерзім бойынша лизинг объектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды (нақтырақ айтқанда, несиелік тәуекел бұл сол құрал-жабдықты жалға алуды жалғастыратын басқа кәсіпорын іздестіруге кетеді). Лизинг 100%-ға дейін несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып,өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді. Кәсіпорынға мүлікті несиеге сатып алғаннан, лизинг бойынша алған қолайлы, себебі, бұл жерде ол мүлік кепіл ретінде болады. Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады. Несие берушінің көзқарасымен қарағанда,несиенің мақсатты пайдалануына ешқандай да қадағалау болмайды. Лизинг операцияларына тән кемшіліктер мыналар: - жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарылауынан(әсіресе инфляциядан) ештеңе ұтпайды; - ұйымдастырудың күрделілігі; - лизинг құны несиеге қарағанда жоғары, бірақ та ескірген құрал- жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің барысында болатынын ұмытпау қажет, сондықтан да ол осындай шығынның орнын толтыру үшін комиссияны көбірек алуға тырысады. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1) Лизинг түсінігі 2)Халықаралық саудадағы қаржылық лизингтің маңызы қандай Ұсынылатын әдебиет тер: 1. Комаров А.С. Правовые вопросы товарообменных сделок.М.,1994. 2. Лукашук И.И. Стороны в международных договорах. - М., 1996. 3. Розенберг М.Г. Заключение договоров международной купли-продажи товаров. М., 1991. 4. Садиков О.Н., Краснова Н.Л. Исковая давность в МЧП/ Российский ежегодник международного права.1992. 5. Шатров В.П. Международное экономическое право. - М., 1990. 6. Шмитхофф К. Экспорт: право и практика международной торговли.М.,1993 Тақырып 11. Халықаралық сауда айналымындағы мердігерлік және халықаралық тасымалдау 1. Халықаралық сауда айналымындағы мердігерлік және халықаралық тасымалдау түсінігі 2. Халықаралық сауда айналымындағы мердігерлік және халықаралық тасымалдау маңызы 1. Халықаралық тасымалдау бойынша мынадай қызмет көрсетулердi iске асыру жөнiндегi айналымға: 1) Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның iшiнде почтаны тасымалдауға; 2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзит жүктерiн тасымалдауға; 3) халықаралық қатынаста жолаушылар мен багаж тасымалдауға нөлдiк ставкамен салық салынады. Қазіргі кезде ДСҰ шеңберінде қолданылып отырған дауларды шешу тетігі — халықаралық сауда жүйесінің маңызды элементі болып табылады. Ұйымның өз бағасы бойынша, ол әлемдік экономикада тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосатын үлесі зор .Тарифтер мен сауда бойынша Бас келісім Уругвай раундының нәтижесінде құрылған бұл ұйым мүше-мемлекеттерінің саяси ықпалы мен экономикалық қуаттылығына қарамастан барлық қатысушылар үшін бірегей ережелерге негізделеді. Мұндай тәсіл кішігірім елдер үшін айтарлықтай қуатты мемлекетпен туындаған дауды екіжақты негізде шешу кезінде тиімдірек жағдайды иеленуіне жол ашуы едәуір маңыздылыққа ие. ДСҰ құрылу кезінен бері мемлекеттер бұл тетікке жиі жүгінеді. 2000 жылға дейін кеңесу өткізуге 180 үндеу, істерді қарау нәтижелері бойынша аралық соттардың 31 есебі, Аппеляциялық органның 26 баяндамасы тіркелген болатын. 2007 жылдың қыркүйегінің аяғында ДСҰ-да 369 дау тіркеліп, 2007 жылдың шілдесінде аралық сот пен Аппеляциялық органның 103 баяндамасы қабылданып, 25 аралық сот әрекет етіп, кеңесу өткізу жөнінде сұранымдар 600-ден асып кеткен болатын . ДСҰ өмір сүруінің бүкіл мерзімінде АҚШ, Канада және Еуропалық Одақ ең белсенді қатысушылар болып есептеледі. Дегенмен, дамушы мемлекеттер де бұл механизмге жиі сүйенетін болған.Дүниежүзілік сауда ұйымының іргесін қалаушы болған 1947 ж. ГАТТ кезінде, осы келісімнің ХХІІІ бабында сауда дауларын шешу мүмкіндігінің негізі қаланған. Ол бойынша, келісуші тараптардың біреуінің жүзеге асырып жатқан іс-шаралары келесісінің нарыққа ену жағдайының нашарлануына әсерін тигізуіне байланысты дауларды өз бетінше шеше алатындығы туралы айтылған . Сонымен қатар, тараптар өз шағымдарын жұмысшы топтарға (кейіннен аралық топтарға) жібере алған. Олар даулар қалайша шешілуі керектігі жайында ұсыныстар беріп отырды. Ақырында бұл қатысушылар мен аралық топтардың өздері сүйене отырып әрекет етуге міндеттейтін ережелер мен рәсімдердің құрылуына, яғни дауларды шешудің нақты үрдісінің қалыптасуына алып келді. Аралық топтар тараптар өз міндеттемелеріне сәйкес әрекет етуін, нарыққа ену жағдайының нашарлауы орын алған, алмағандығын анықтауы тиіс болды. ХХ ғасырдың 70-80 жылдары барысында ГАТТ жүйесінде айтарлықтай алға баса бастады. Аралық топтар құзыреттері кеңейіп, олар енді ГАТТ ережелерін интерпретациялауға (түсіндіру) қатыса бастады. Жаңа қағидалар Токио Раундының (1973-1979 жж.) Уағдаластығында бекітілді.Дауларды шешу тетігінің маңызды қадамына аралық соттарға қолдау көрсететін ГАТТ хатшылығында заң бөлімінің құрылуы болды. Аралық сот мүшелері «ad hoc» қағидасы бойынша құрылатын болғандықтан, ГАТТ хатшылық заңгерлері орын басушылық пен «инстуитуциалды жадыны» қамтамасыз етті. Осындай тәжірибені оң құбылыс ретінде қарастыра отырып, заңгерлердің аралық сот баяндамаларын дайындауға көмектесуі соңғыларының ұстанымдарына әсер етуіне алып келе алды. Одан басқа, шешім қабылдау кезіндегі күрделі мәселеге тоқталу керек. Мәселен, істің түрлі кезеңдерде ұзақ уақытқа созылып кетуі, нақтырақ айтқанда, аралық топты құру шағым түскен мемлекет тарапынан қабылданбауы бөгет болуы мүмкін. Аралық топ мүшелерін тағайындау кейде ұзақ уақытқа (бірнеше айға) созылып, шешім қабылдау — айтарлықтай үлкен мерзімді (екі жалдан көп) талап ететін. Тараптар аппеляцияға жүгіну мүмкіндігіне ие болмай, аралық соттардың баяндамалары оны бекітуге қатысқан мемлекеттер арасында консенсуске қол жеткізілген кезде ғана қабылданатын болған. Басқаша айтқанда, ұтылған мемлекет ол үшін тиімсіз болып табылатын шешімге вето құқығын сала алды. Баяндамалар қабылдануына қатысты белгісіздік бұл жүйенің үлкен кемшілігі болды. Сондықтан, мемлекеттер ГАТТ аралық топтарына өте сирек жүгінетін. ГАТТ өмір сүруі кезінде аралық топтың тек қана 101 баяндамасы мақұлданған. Осылайша, дауларды шешу механизмін алдағы реформалау қажеттілігі барлық Келісуші Тараптар үшін анық байқалды. Нәтижесінде бұл Уругвай раундында көпжақты сауда келіссөзерінің басты мәселесіне айналды. ГАТТ тетігімен салыстыра отырып, қазіргі кездегі дауларды шешу тетігіне шолу жасайтын болсақ, ГАТТ жүйесінде орын алған көптеген кемшіліктер жаңа жүйеде толығымен жойылды деп сенімді айтуға болады. ГАТТ рәсімімен салыстырғанда, ДСҰ шеңберінде дауларды шешу тетігіндегі жаңа сипаттарының қатарына, ең алдымен, ДСҰ шеңберінде жасалған көпжақты келісімдерден туындайтын мемлекеттер міндеттемелеріне қатысты дауларды шешу ережелер бірегей құжатқа біріктірілгендігін айтса болады. Жоғарыда көрсетіліп кеткендей, ГАТТ жүйесінде көптеген келісімдерде дауларды шешудің өз жүйелері болса, ДСҰ-да ол ережелер ерекше құжат — Дауларды шешу ережелері мен рәсімдері туралы уағдаластығында (Уағдаластық немесе ДШУ) бекітілген. Оның міндеттемелері ДСҰ-ға мүше-мемлекеттердің барлығына бірдей міндетті болып табылады. ДШУ «аралық топтарды құруға, олардың және Аппеляциялық орган баяндамаларын қабылдауға сондай-ақ, шешімдері мен ұсыныстардың орындалуын қадағалауға, «қамтылған келісімдерден» туындайтын басқа да міндеттемелерді тоқтатуға рұқсат беруге құзыретті болып табылатын Дауларды шешу бойынша Органды бекітеді. Былайша айтқанда, ДШУ ДСҰ құру туралы Келісімге 1 және 2 Қосымшаларында орын алған барлық келісімдер-«қамтылған келісімдерге» қатысты қолданылады. ДШУ әрекет ету аясы келісімге келген тараптармен бекітілген болса да, «шектелген қатысушылармен жасалған келісімдерге» де тарайды (ДШУ-ға 1 Қосымша). ДСҰ-ның аталмыш келісімшарттары үшін «Дауларды шешу ережелері мен рәсімдері туралы уағдаластығы» ортақ құжат болғанына қарамастан, «қамтылған келісімдердің» көбісі нақты келісімшарттарға байланысты дауларды шешу тәртібі туралы жеке ережелерге ие. Мысал ретінде, Субсидиялар мен қарсы шаралар туралы келісімді, Санитарлы және фитосанитарлы шаралар қолдану туралы келісімді, Қызмет саудасы туралы Бас келісімді және басқаларын келтірсе болады. Мәселен, Субсидиялар мен қарсы шаралар туралы келісімнің 4.6 бабы ДШУ-мен салыстырғада, рәсімдерге қысқа мерзімдер белгілеген. Ол арнайы және қосымша нормалар тізімі ДШУ 2 Қосымшасында бар. Дауларды шешуді реттейтін ДШУ ережелері мен «қамтылған келісімдер» нормаларының арасында қайшылық орын алған жағдайда, соңғысының ережелері қолданылады (ДШУ, 1(2) б.). Бұл қағида арнайы норма жалпы нормаға қарағанда артықшылыққа ие болатындығына негізделетіндіктен дұрыс болып табылады. Әр түрлі «қамтылған келісімдердегі» дауларды шешу үрдісін реттеуші екі норма арасында коллизия туындаған жағдай күрделі болып табылады. Бұндай жағдайда, тараптар өзара уағдаластық арқылы мәселені шешуге құқылы. Келісілген шешімге қол жеткізілмесе, Дауларды шешу бойынша Орган (ДШО) шешеді. Ол мүмкін жерлерде арнайы нормаларды қолданып, ал қақтығысты болдырмау қажет болғанда – Уағдаластық нормаларын қолдануы тиіс. Осыдан келесідей сұрақ туындайтыны анық: «қамтылған келісімдерде» арнайы нормалардың болуы ДШУ бекіткен дауларды шешу тетігіне кері әсерін тигізбейді ме? Бұл арнайы нормалар ДСҰ-ның қызмет етуінің нақты саласының ерекшеліктерін ескереді және «Уағдаластықта қамтылған тетікті ауыстырмай, керісінше толықтыра отырып, дауларды қарастыру рәсімнің тиімділігін арттыруға өзінің септігін тигізеді. Мұны Guatemala-Anti Dumping Investigation regarding Portland Cement from Mexico ісіндегі Аппеляциялық Орган ұстанымынан байқауға болады. Мұнда «арнайы және қосымша ереже бір ереже басқа ереженің бұзылуына, яғни олардың арасындағы қайшылық кезінде ғана ДШУ ережесінен басым болады. Бұл ұйымның «қамтылған келісімдер» ережелеріне Уағдаластықты қолдану «қамтылған келісімдердің» айқын бұзылуы болған жағдайда ғана жүгініп, «Уағдаластық» нормаларын барынша кең қолдану ниетін көрсетеді. Дауларды шешу ережелері мен рәсімдері туралы уағдаластығының өзі туралы айтқанда, ол мүлдем жаңа құжат еместігін, жетілдірілген және модификацияланған ГАТТ тәжірибесінің жалғасы екендігін ескеру қажет. Тарифтер мен сауда туралы бас келісімнің шеңберінде жасалған құжаттардың көбісі ДСҰ жүйесінде де үлкен қажеттілікте екендігін тағы да атап өткен жөн. ДСҰ Бас келісім тәжірибесін басшылыққа алуы қажет деген жалпы нұсқаулардан басқа ДСҰ мүшелері 1947 жылғы Бас келісімнің ХХІІ және ХХІІІ баптарына сәйкес дауларды шешу қағидаларын ұстануы тиіс деп бекітілген. Одан басқа, «Уағдаластықта» ДСҰ құрылғанға дейінгі құжаттар аталып өтілген. Осылайша, ДШУ 26 бабы 1989 жылы 12 сәуірде ГАТТ шешіміне сүйенеді (BISD 36s/61-67). Басқа мысал ретінде ДШУ 3,12 бабын келітрсе болады. Ол бойынша, жауапкер мемлекет дамыған мемлекет болса, ал талапкер мемлекет дамушы болса, ондай жағдайда соңғысы кеңесулер, ізгі көмек, ымыраласу, делдалдық жасау, дауларды шешу бойынша топ құру арқылы және топтың дауды қарастыру рәсімі бойынша ДШУ стандартты ережелерін қолданбай, 1966 жылғы 5 сәуірдегі Келісуші Тараптардың тиісті тәртіптерін қолдана алады. Жоғарыда аталып өтілген ДШУ жетістіктерінің жалпы сипатынан, яғни ГАТТ-тың сәйкес ережелерінің жүйелілігі мен солардың негізінде дауларды шешу тетігі бойынша барлығына бірыңғай қамтылған келісімдер құрылуымен қатар, Уағдаластықта ДСҰ тетігі мен ГАТТ жүйесінен мүлде жаңа бірқатар ережелері бар. Бұл тұрғыда алғашқы назарды Дауларды шешу бойынша Уағадаластықта қарастырылған, Дауларды шешу бойынша орган құзыретіндегі бірқатар негізгі рәсімдік шешімдер қабылдауға байланысты ережелерге (мәселен, топ құру мәселелеріне, топ есебін бекіту т.б.) аударса болады. ДШУ ережелеріне сәйкес, осы шешімдерді қабылдауға қарсы консенсус болмау талап етіледі. Ондай консенсус әдебиетте «негативті консенсус» немесе «кері консенсус» (negative consensus or inverted consensus) деп белгіленген ретінде белгілі. Теория жүзінде, ондай консенсус бар. Дегенмен, мәселе өз пайдасына шешілген қатысушы мемлекет, сол шешімнің бекітілуіне қарсы дауыс береуі екіталай. Мұнсыз «кері консенсуске» қол жеткізу мүмкін еместігі айқын. Осылайша, бұл қағида бүкіл дауларды шешу тетігіне автоматизм сипатын береді. Осының нәтижесінде, ДСҰ шеңберінде дауларды шешу тетігінің негізі болып табылатын «кері консенсус» қағидасы бұл салада мамандардың жоғарғы бағасын ақтады . Келесі ерекшелік аппеляциялық шағым беру болып табылады. Осы тұста, профессор Петерсманның осы сатыны енгізу мемлекеттердің «кері консенсус» қағидасына өтуге келісімін алуға өз үлесін қосты деген пікіріне қосылуға әбден болады. ГАТТ-та топтардың қате шешімдеріне қарсы кепіл ретінде топтардың есептерін бекіту үшін мүшелерінің консенсусы қажет ГАТТ Кеңесі болса, Дүниежүзілік сауда ұйымында есепті қабылдамау мүмкіндігі өте аз. Дегенмен, шағым дауласушы тарапынан түсетін болса, дауларды шешу бойынша топ қорытындыларын Аппеляциялық орган тексереді. ДСҰ шеңберінде дауларды шешу тетігіндегі үшінші жаңа элемент ретінде істерді қарастырудың түрлі кезеңдері үшін міндетті мерзімдердің бектілуін атап өтсе болады. Бұл өз кезегінде, дауларды шешу барысында шешімдер шығарудың созылып кетпеуіне ықпал етеді, яғни дауларды шешуде айтарлықтай нақты жетістіктерге жетуге көмектеседі (ДШУ, 20 б.). Мысалы үшін, кеңесулердің басталу сәтінен Аппеляциялық орган есебінің бекітілуі 15 ай аралығында жүзеге асырылуы тиіс. ДСҰ шеңберінде дауларды шешу мерзімдерінің ұзақтығын барлығы бірдей жағымды қабылдамайды. К.В. Ремчуков оларды едәуір ұзақ деп, олардың тиімділігіне күдік келтіреді.Мұндай пікірмен келісе де алмаймыз. Дауларды қарастыру мерзімдері айтарлықтай ұзақ болып көрінуі мүмкін, алайда, ұйымда күрделі мемлекетаралық даулар қарастырылады. Олар үшін 12-15 ай тым ұзақ уақыт болып көрінбейді. Істерді қарастырудың мұндай мерзімдері, тіпті, ұлттық сот жүргізуде де кездеседі. Неміс заңгері Х.Хомани ДСҰ дауларды қарастыру мерзімдеріне жоғары баға бере отырып, Германияда Әкімшілік сотта іс 15 ай көлемінде қарастырылуына рұқсат етілетіні туралы атап өткен. Халықаралық деңгейде, ұлттық сот ісіне тән мерзімдердің болуы ДСҰ шеңберінде дауларды шешу үрдісінің жоғарғы тиімділігінің белгісі екені анық. Осылайша, Уағдаластық — Дауларды шешу бойынша органымен шешім қабылдауына автоматизм енгізетін рәсімдердің нақты мерзімдері туралы ережелері бар және аппеляциялық шағым жасау кезеңін ескерген дауларды шешу ережелерінің нысандандылырған жинағы деген қорытындыға келуге болады. ДСҰ аясында дауларды шешу тетігінің ерекше қырларына келетін болсақ, жеке тұлғалар мен компаниялар дауларды шешу механизміне тікелей қатысуға мүмкіндігі жоқ. Дауларға мүше-мемлекеттер қатысады, ал даулар ұлттық компаниялар тарапынан туындайды. Халықаралық сауда даулары отандық саланың ұлттық үкіметтегі арнайы құзырлы органдарына шетелдік мемлекеттің сауда режимінің өзгеруі салдарынан, бизнес үшін жағдайдың нашарлауы жайлы шағымдарынан басталады. Біріншіден, дауды бастау туралы түбегейлі шешім мемлекет тарапынан болуы тиіс. Оған дейін, мемлекет жеңіс немесе жеңілістен соң орын алатын жағдайды түсінуі керек. ДСҰ келісімдеріне қарама-қайшы болып табылатын мемлекет шараларына шағымданып, тергеуді бастаған мемлекет, істе жеңіске жете отырып, ұқсас дауда жауапкер мемлекет болу қауіпін төндіреді. Екіншіден, үкімет мәселе күш-жігер жұмсауды қажет етпейді. Үшіншіден, ДШУ ережелері бойынша, сот рәсімін бастамас бұрын, талапкер мемлекет ДСҰ ережелерін бұзушы мемлкетпен кеңесу өткізуге міндетті. Шиеленіскен мәселелер осы кезеңде де шешілуі мүмкін. Бұл ірі қаржы және адам ресурстарын жұмсамауға мүмкіндік береді. Егер тараптар келіссөздер арқылы бір шешімге келе алмаса, олар Уағдаластықта тұжырымдалған дауларды шешу бойынша тетікке жүгінеді. Дүниежүзілік сауда ұйымының дауларды шешу тетігін толық түсіну үшін, ұйым тәжірибесінде орын алған Америка Құрама Штаттары мен Еуропалық Одақ арасындағы американдық компаниялармен ЕО-ға банан импортына қатысты ұзақ уақытқа созылған, кейін «банан соғысы» деп аталып кеткен дауды талдайық. Аталмыш шиеленіс бірнеше американдық компаниялардың Еуропа мемлекеттеріне Эквадор, Гватемала, Гондурастан, яғни бұрынғы ағылшын және француздық отарларынан банан жеткізіп отыру ұмтылысынан басталды. Бірақ, ЕО банан жеткізіліміне қатысты өзінің және еуропалық компаниялар мүдделерін қорғау мақсатында америкалық компаниялардың еуропалық нарыққа өтуіне белсенді түрде бөгет жасады. ЕО мен АҚШ арасындағы сауда соғысына АҚШ әкімдігінің Еуропалық Одақ Латын америкасы елдерінен банан импортына еуропалық шекараларды ашатын болса, ЕО- дан алып келінетін кейбір өнім түрлеріне салық салынбайтыны жөніндегі мәлімдемесі түрткі болды. Бұл дау ДСҰ Шағымдар мен наразылықтарды талдау бойынша Комиссиясында қарастырылғаннан кейін, 1998 жылы іс Дауларды шешу бойынша орган қарауына берілді. Комиссия шешіміне сәйкес, ДСҰ Еуропалық одақты 1999 жылдың 11 қаңтарына дейін өзінің банан импорты режимін өзгертуге міндеттеді. Нәтижесінде, ЕО АҚШ қысымымен баж салығын 100 пайызға көтере отырып, экпорттық өнімге тарифтік шектеулер енгізді. Бұл шығын сомасынан үш есеге асып кетуіне алып келді. 1999 жылдың сәуір айында ДСҰ Дауларды қарастыру органы АҚШ ұстанымын қолдады. Ол бойынша, ЕО банан импорты кезінде «халықаралық сауда қағидаларын бұзды». Осылайша, американдық өнім жеткізуші шығындарын өтеу үшін ЕО-дан импортталатын бірқатар тауарларынан қосымша салық жинау жайында 1999 жылы 3 наурызда АҚШ жариялаған мәлімдемесінің жүзеге асуына жол ашты. Орган банан импортын реттейтін ЕО бекіткен ережелер АҚШ-тың сауда фирмаларын кемсітеді, банан импорттау саласында ЕО саясаты Дүниежүзілік сауда ұйымы қабылдаған ережелерге сейкес келмейді деп мойындады. 2001 жылдың сәуірінде ЕО мен АҚШ арасындағы дау шешімін тапты. Вашингтон мен Брюссель арасындағы ұзақ келіссөздерден кейін, тараптар келісімге келді. Американдық компания еуропалық нарыққа рұқсат алып, ал Вашингтон еуропалық тауарларға салынған, сомасы жылына 190 млн.доллар құрайтын санкцияны алып тастады. Қазіргі кездегі Бас кеңес төрағасы Йонов Фредерик Аганың (Нигерия) 2010 жылдың 19 наурызынан 2011 жылдың 24 ақпанына дейін Дауларлы шешу бойынша органның төрағасы болды. Ол 2011 жылы ДСҰ дауларды шешу жүйесінің жетістіктері туралы айтқанда, құрылғанынан бері 400-ден астам дауды қарастырып, халықаралық дауларды шешу жүйелерінің ең жемістісі деп белгіледі. Шын мәнінде, Халықаралық сот 65 жыл қызмет етуі кезінде барлығы 150 дауды қарастырды. Теңіз құқығы бойынша, Халықаралық трибунал 1996 жылы құрылып, 15 іс қарады. Экологиялық мәселелер бойынша палата 1993 жылдан 2006 жылға дейін жұмыс істеп, бір де бір іс қарастырмаған. Осындай мысалдарды талқылай отырып, Дүниежүзілік сауда ұйымының Дауларды шешу бойынша жүйесінің қаншалықты тиімді және нәтижелі екендігін айқын аңғаруға болатыны сөзсіз. Ойымызды түйіндейтін болсақ, жалпы алғанда, ДСҰ-ң дауларды шешу тетігі ГАТТ жүйесімен салыстырғанда едәуір жетістіктерге жетті және тиімді рәсімдері бар дауларды шешуші құрал болып табылады. Сондай-ақ, Дауларды шешу органымен мәселелерді қарастырудың нақты мерзімдері бекітілгендігін аңғардық. Бұл дауларды қарастырғанда оның тиімділігін арттыруға септігін тигізеді. Дегенмен, И.Т.Бдоян пікірінше, шектеулі уақыт мерзімі еленбеуі мүмкін. Себебі, мерзімге сай әрекет етілмеген жағдайда, ешқандай санкциялар енгізілбегендігін белгілейді [11, 56-59б.]. Әрине, бұл пікірге де қосылуға болады. Кез келген дауды шешіп, оның шешімдері нақты орындалуы үшін белгілі бір міндеттемелердің қажеттілігі зор. Қарапайым қоғамдық қатынастар да құқық пен тәртіп қағидалары арқылы реттелуде. Ал жүздеген мемлекеттер мүдделерін жүйелендіру үшін, даулардың оңтайлы шешілуі үшін құқық бұзушы мүше-мемлекеттерге санкциялар қолданылуы керек. Сонымен қатар, ДСҰ аясында институционалды мүдделерді келісімге келтірудің кең қолданылған жүйесінің болуына қарамастан, мүше-мемлекеттердің саяси және экономикалық мүдделерінің әр түрлілігімен байланысты белгілі бір «проблемалық зоналардың» бар екендігін белгілеген жөн. Мәселен, ДСҰ мағұлматтарына сүйенетін болсақ, 2009 жылдың басында антидемпингтік тергеулер 2008 жылмен салыстырғанда 40 пайызға артты. ДСҰ Бас директоры Паскаль Ламидің баяндамасы бойынша, 2009 жылы әлемдік сауда көлемі 2,1 пайызға қысқарды. ДСҰ шеңберінде дауларды шешудегі күрделі аспектісі — Аппеляциялық орган мен арнайы комитеттердің шешімдеріне заңдылық күшін беріп, мүше-мемлекеттер мен оның азаматтарының ол шешімдерге көнетінін кепілдік беру болып табылады [12]. Бұл елеулі ресуртарды, кәсіби деңгейдің жоғарылауын және жалпы әлемдік қауымдастықтың ашықтығын қажет ететіні айқын деп есептейміз. Осылайша, 1997 жылы пайда болған ГАТТ-тың дауларды шешу тетігіне Уругвай раундымен енгізілген өзгерістер, яғни, алдыңғы жүйе «soft law» ережелеріне сүйенсе, енді қарама-қайшылықтарды реттеу жүйесі «hard law» ережелеріне негізделетіні айқын көрінеді. Қорыта келе, ДСҰ дауларды шешу жүйесінің әлемнің 155 мемлекетінің сауда-экономикалық қатынастарын реттеп қана қоймай, Дауларды шешу бойынша органы арқылы сол мемлекеттер арасында туындап отыратын әр түрлі даулардың оңтайлы шешілуін қамтамасыз етіп отырғанын аңғардық. Мемлекетаралық келіспеушіліктерді халықаралық құқық нормаларына сүйене отырып және барлық істерді тең дәрежеде қарастыратыны бұл тетіктің әділдігіне, әрі тиімділігіне дәлел. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Халықаралық сауда айналымындағы мердігерлік және халықаралық тасымалдау түсінігі 2. Халықаралық сауда айналымындағы мердігерлік және халықаралық тасымалдау маңызы Ұсынылатын әдебиет 1. Комаров А.С. Правовые вопросы товарообменных сделок.М.,1994. 2. Лукашук И.И. Стороны в международных договорах. - М., 1996. 3. Розенберг М.Г. Заключение договоров международной купли-продажи товаров. М., 1991. 4. Садиков О.Н., Краснова Н.Л. Исковая давность в МЧП/ Российский ежегодник международного права.1992. 5. Шатров В.П. Международное экономическое право. - М., 1990. 6. Шмитхофф К. Экспорт: право и практика международной торговли.М.,1993 Тақырып 12. Халықаралық лицензиялық және сонымен байланысты шарттар. Франчайзинг 1. Франчайзинг ұғымы 2. Франчайзинг түрлері 3. Қазіргі франчайзингтің даму ерекшеліктері Өріс алушы нарықта франчайзинг – кәсіпкелерді пайдалы , табысты бизнесті жүргізуде қажетті іс-тәжірибелік стандарттарға үйретудің, оқытудың ең жылдам тәсілі болып саналады. Барлық франчайзингтік мәмлелер обьектілері бойынша үш негізгі түрге бөлінеді: 1. Тауарлық франчайзинг 2. Өндірістік франчайзинг 3. Іскерлік франчайзинг Франчайзи жетекші компаниядан өз тауарларын сол компанияның тауарлық белгісін қолдана отырып сату құқығын сатып алу арқылы бизнес жүргізу тәсілі тауарлық франчайзинг деп аталады. Франчайзер өзінің өнімін негізінен франчайзиға сатады, ал ол өз ретінде тек қана оның өнімін ғана сатып, осы тауарға ұқсас бәсекелестер өнімін сатпауы керек. Тауарлық франчайзинг барлық жерлерде жағар-май, автомобильдік тауарлар, гигиена құралдарын, сусындаржәне тағы басқа өнімдерді өткізуде қолданылады. Мысалы: «TEXACO», « Chevron», « Procter&Gamble», «Coca- Cola». Франчайзер франчайзиге тауарларды өзі (франчайзер, бас компания) жеткізетін немесе онымен келісу арқылы жеткізілетін шикізатты, материялдарды технологиялар мен жабдықтарды пайдалана отырып, өзінің тауарлық белгісімен өндіру мен өткізу құқығын сатуды өндірістік франчайзинг дейміз. Франчайзердің франчайзиді құрал-жабдықтар, тауардбелгілерді пайдалану құқығы менрецептурасы және де өндіріс пен өнімді өткізу кезінде жалпы жарнамалық қормен жабдықталуы. Мысалы: «Дока-Пицца», «Довгань» компаниялары. Іскерлік франчайзинг — жағдайында франчайзер кәсіпорын құрады және оны лицензиялық кешенмен қоса франчайзиге береді. Яғни, танымал фирманың қызмет түрі мен атауын ала отырып шағын кәсіпорынды ұйымдастыру құқығын сату. Яғни, франчайзер тауарлар мен қызмет сауда — саттығын сәйкесінше қамтамасыз ету жолымен (ноу-хоу) тауарлық белгілерді және қызмет көрсету белгілерін қолдану құқығына лицензия береді.Мысалы: «Mac Donald s» рестораны, «Алматы Құс» АҚ, Okan Inter – Continental мейрамханалық желілері жатады. Әлемдік тәжірбиеде франчайзингтің мынадай типтері қалыптасты: 1. 1. Өндіруші мен бөлшек саудагер арасындағы франчайзинг. Мысалы, «Форд» және оның делдары арасындағы келісімдік қатынастар. «Аdidas» компаниясы Шығыс Еуропада франчайзингтік дүкендер жүйесін ұйымдастырды. 2. Өндіруші мен көтерме саудагер арасындағы франчайзинг. Мысалы, «Coca — cola» және «Pepsi» компаниялары өз концентраттарын , сусындарды өндіріп, бөтелкелерге құятын және бөлшек сауда орындарында сататын зауыттарға сатады. 3. Көтерме және бөлшек саудагерлер арасындағы франчайзинг. Мысалы, ойншықтар сататын «Христиансенс» дүкендері. 4. Дистрбьютор және қызмет көрсету фирмасы арасындағы франчайзинг. Әлемнің көптеген елдерінде қызмет ететін «Mac Donald s» және оның кәсіпорындары франчайзинг жағдайындағы тиімді серіктестікті жүргізудің нақты мысалы бола алады. Франчайзингтің ерекшеліктері Франчайзингбизнесиендерге кең мүмкіншіліктер береді. Ешқандайда тәжірбиені иемдебей, кішігірім капиталды игере отырып, ол бастау алған жерден тез арада қарқынды өріс ала алады. Бірақ, бизнесті жүргізудің кез келген түрі сияқты, франчайзингтің де өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Франчайзингтің тез дамуы мен кең таралу феномені мыналармен анықталады: 1. Франчайзерге, сонымен қатар мыналар бойынша франчайзи үшін де өзара табысты болып саналады. 2. Салық салыну базасының қысқаруы. Франчайзер үшін артықшылықтар: — өткізу нарығының жылдам кеңеюі, сату көлемінің ұлғаюы мен бизнестің ауқымдық түрде таралуы; — шұғыл басқару қажеттілігін босатылуы; — меншіктік капитал салымдарының төмен деңгейі; — лицензияны сатудан түскен табыс; — франчайзи төлемі есебінен қосымша табыстарды иемдену; — меншіктік сауда желісі арқылы өткізубойынша шығындарды қысқарту; — жалданбалы жұмысшыларға қарағанда тәуелсіз бизнесмендер сәттілікке күштірек ынталандырылған. Франчайзер үшін кемшіліктер: — өзінің кәсіпорнына қарағанда франчайзидан алатын пайда деңгейінің төмен болуы; — франчайзи біреулерінің лайықты дәрежеде репутациясына сай келмеуі, сапаны лайықты бақылаудың болмау есебінен франчайзер өзінің репутациясына кесірін тигізуі мүмкін; — франчайзи қаржылық есеп беруінің шынайылығын бақылау қиыншылығы; — франчайзи бизнесі негізін жеткілікті жерде таңдау қиыншылығы — франчайзиді оқыта, үйрете отырып, франчайзер өзіне болашақта болуы мүмкін бәсекелесті даярлауы ықтимал; — жүйе ережесіне бағынбайтын франчайзимен қарым-қатынасты доғару мүмкіншілігінің болмауы; — коммерциялық құпияның сақталу қиыншылықтары; Франчайзи артықшылықтары: — шағын бастапқы капиталмен меншіктік істі бастау мүмкіншілігі; — дайын «қуыс», франчайзи франчайзермен жан-жақты сыналған, дайынбизнесті сатып ала алады; - материалдар, шикізаттар, құрал-жабдықтар, жабдықтаушылар, өткізу жүйесі, жалпы жұмыс жүргізу әдістері мен тәсілдері турасында мазмұнды ақпаратты иемденетіннақты нұсқаулардың толық жинағын меңгеру; - бизнес пен менеджментті жүргізу технологиясындағы франчайзер көмегі. Франчайзиде келесі кемшіліктерді қарастыруға болады: — қызмет ету бостандығының шектелінуі; — сервистік төлем; — қызмет етуде икемділіктің жетіспеушілігі; — франчайзер компаняға қатысты жағымсыз сипаттамалардың франчайзи- кәсіпорын үшін де тән болуы; — франшизаны иемденгенде құрылған жоспарлар ойдағыдай іс жүзіне аса бермейді. Жоғарыда аталған себептерге байланысты қорытынды жасайтын болсам, елімізде франчайзингтің дамып, кең етек алуы келесі жетістіктерге жетелейді: — инвестицияның ішкі және сыртқы ағымын күшейтеді; — жаңа технологиялардың, құралдардың, бағалы ноу-хаулардыңпайда болуына септік етеді; — бар өндірістерді дамытып, және жаңа өндірістерді қалыптастыру, ол сәйкесінше, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әсер етеді; — шағын және орта кәсіпкерлік аясының кеңеюі мен бекітілуілуіне тұғыр болады; — жұмыс күшінің біліктілігін жетілдіреді; — елімізді сапалы тауарлар мен қызметтерге қанықтыруды жылдамдатады; — қазақстандық өнімді жаңа нарықтарға өткізуге мүмкіндік береді. Франчайзингтің дамуына, экономикадағы рөліне экономикалық талдау Франчайзингтің дамуына экономикалық талдау Қазіргі кезде франчайзинг жүйесі арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту АҚШ-та, Еуропада жоғары дәрежеде дамуда. Халықаралық франчайзинг ассоциациясының деректеріне сүйенсек, қазіргі уақытта франчайзинг АҚШ-та ұдайы даму үстінде. АҚШ-та 1500 франчайзерлік жүйеде 350000 франчайзилік шағын және орташа сауда орындары дамуда. Ондағы франчайзингтік жүйе арқылы жылдық сатудың көлемі 1,5 трлн долларды құрайды. Саудада жұмыс істейтін кәсіпорындардың 40% -тен астамы франчайзингтік жүйемен жұмыс істейді (болжам бойынша, 2010 жылы олардың саны 50%-ке деін жетуі тиіс ). Саудадағы франчайзинг жүйесі АҚШ-тың Жалпы Ішкі Өнімінің 15%- тін береді. Жалпы Ұлттық Өнімнің 60% астамын шағын және орта кәсіпорындары береді, олардың 50% астамы франчайзингтік жүйемен жұмыс істейді. Басқа мемлекеттерде де, франчайзинг айтарлықтай дамыған, мысалға Еуропалық Одақ мемлекеттерінде 4000-нан астам франчайзилік жүйелер бар, ол жерде 1,5 млн- нан астам адам жұмыс атқарады, ал жылдық айналымы 120 млрд. доллардан асады. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Франчайзинг ұғымы 2. Франчайзинг түрлері 3. Қазіргі франчайзингтің даму ерекшеліктері. Ұсынылатын әдебиет 1. Комаров А.С. Правовые вопросы товарообменных сделок.М.,1994. 2. Лукашук И.И. Стороны в международных договорах. - М., 1996. 3. Розенберг М.Г. Заключение договоров международной купли-продажи товаров. М., 1991. 4. Садиков О.Н., Краснова Н.Л. Исковая давность в МЧП/ Российский ежегодник международного права.1992. 5. Шатров В.П. Международное экономическое право. - М., 1990. 6. Шмитхофф К. Экспорт: право и практика международной торговли.М.,1993 Тақырып 13. Халықаралық инвестициялар. 1. Халықаралық инвестициялар. 2. Инвестициялық портфель Инвестициялық портфель деп – шетел компаниясына бақылау орнатуға мүмкіндік бермейтін,акциялар,облигациялар және капитал салымдарының басқадай түрлерін айтамыз. Инвесторлар пайданы тек бағалы қағаздар ережелеріне сәйкес ала алады. Инвестициялық портфель – ірі корпорация,орталық және жеке меншік банктер шығаратын қарыз облигацияларын, шетел капиталын тарту арқылы қаржыландырудың маңызды көзі. Шетелдік портфельді инвестицияларды жүзеге асыруда делдалдық қызметті ірі инвестициялық банктер жүргізеді. Инвестициялық портфель қозғалысына жекелеген елдердегі облигацияға төленетін пайыз мөлшерлемесінің нормасындағы айырмашылық қатты әсер етеді.Инвестициялық портфельдің тікелей инвестициялардан негізгі айырмашылығы – портфельді инвестор өзі қаржыландыратын кәсіпорынға бақылау орнатуға ұмтылмайды. Кейбір халықаралық компаниялар жарғыларында оның өзі қаржы салатын кәсіпорында директорлар кеңесіне сайлануына және басқаруына қатысуға тыйым салынған. Бұл басқаруға қатысу жаңа мамандар штаттан қажет етіп, бас компанияның инвестициялық саясатындағы икемділігін азайтар еді. Инвестициялық портфельдің экономикалық мағынасындағы анықтамасында оны «тірі және затталған еңбектің өндіісін қуаттарды жасақтап, оның көмегімен өндіріс үрдісіне тірі еңбек тұтынуына қарағанда қосымша құнды өндіруге бағытталған салымдар үрдісі». М.И.Кулагин инвестиция дегенде ұлттық экономиканың өндіріс,көлік,ауыл шаруашылығы мен басқа салаларға,ұзақ мерзімді,пайда алу мақсатында салынған қаржыларды түсінуді ұсынады. Дж.М.Кейнс пікірінше инвестиция дегеніміз, капиталды мүліктің осы кезеңдегі өндіріс әрекеті нәтижесіндегі құндылықтардың өсімі немесе ұлттық табыстың тұтынылмаған бөлігі. Жобалық талдаудың міндеттеріне инвестициялық жобаның іске асырылуын бағалау, жобаның нәтиелілігін бағалау, жобаның тиімділігін бағалау және жобаны оптимизациялау жатады. Инвестициялық қаржы жағынан анықтамалығы – бұл табыс табу мақсатында шаруашылық қызметіне жұмсалатын активтердің барлық түрлері. Ал экономикалық жағынан экономикалық анықтамалығы – ол құруға,кеңейтуге,қайта құруға,негізгі капиталды техникамен жарақтандыруға, сол сияқты айналмалы капитал осымен байланысты емес өзгерістерге көпшілігінде негізгі капиталға жұмсалатын қозғалысын түсіндіреді. Нарықтық экономикада инвестиция кез келген формада қаржы процесі ретінде табыс табуға немесе қандай да болмасын басқа да нәтижеге жетуге тығыз байланысты. Инвестиция – бұл ресурс, оны жұмсай отырып, болжанған нәтижеге жетуге болады. Сонымен, инвестицияның мәні инвестициялық қызметтің кері жағын өзіне ұштастырады: ресурс шығындары және нәтижелік,яғни инвестициялар өз нәтижелерін бермесе, онда олар пайдасыз болғаны. Инвестициялар қаржы ресурстарын пайдалануды қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді күрделі қаржылар формасында жүзеге асырылады. Капитал орталықтануының бірден-бір түрі болған акционерлік қоғамның құрылуы болып табылады. Капиталдың шоғырлану мен орталықтануы өндірістің шоғырлануына жағдай жасайды. Өндірістің шоғырлануы дегеніміз ірі кәсіпорында барынша өндіріс құрал-жабдығын, жұмыс күшін және өнімді шығаруды бір қолға жұмылдыруды айтамыз. Практикада қорлану күрделі қаржыны (инвестиция) тартумен жүзеге асады. Күрделі қаржы (инвестиция) – бұл жаңа құрылысқа,жабдықтауға,жұмыс жасап тұрған кәсіпорынды ұлғайтумен техникалық қайта жабдықтауға,тұрғын-үй,мәдени тұрмыстық құрылысқа кеткен шығындар. «Инвестиция» немістің «» деген сөзі және бұл кәсіпорынға пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін көрсетеді. Осы тұрғыдан «инвестициялау» күрделі қаржыға қарағанда кең мағына білдіреді. Батыс елдері экономикалық теория мектептері инвестициялау процесін былай түсінген: кез келген қаржыны жұмсаудың мақсаты табыс, пайда немесе пайдалық табу. Бұған акция,облигация,жинақ сертификаттары,сақтық және зейнеткерлік қорға және басқаларға жұмсалған шығындар да жатады. Инвестиция қайнар көзіне өнеркәсіп кәсіпорынның көптеген пайдасы, ірі банктердің еркін ақшалай қоры, тұрғындардың жиналған ақшалары, мемлкеттік ақшалай қаржылары, яғни мемлекеттің табыстары (салық, кеден салығы және т.б.) жатады. Одан барлық шығындарын алып тасталынады. Тұтынуға кетпеген барлық ресурстар – жинақталған ресурстар болады. Олар инвестиция ретінде жаңа кәсіпорынды салуға, жол құрылысына, денсаулық сақтау, оқу-ағарту, мәдени объектілеріне бағытталады, яғни капиталдың қорлануына жұмсалады. Қорлану теориясын К.Маркс «Капиталдың» бірінші томында қарастырады, онда капиталдың қорлануының мәні мен механизмін ашады, ол өз кезінде ның органикалық құрылымын өзгереді және жұмыссыздықты тудырады. Инвестиция теориясын ағылшын экономисі Дж.Кейнс өзінің «Еңбекпен қамту,пайыз және ақшаның жалпы теориясы» еңбегінде қарастырады,онда ол инвестицияны өндіріске жан бітіретін және тиімді сұранымның басты факторы ретінде анықтайды. Инвестицияның өсуі ұлттық табыстың ұлғаюына, өндіріске қосымша жұмыскерлерді тартуға ықпал етеді, яғни жұмыссыздықты жояды.Инвестицияның тиімділігін анықтау үшін оларды қол жеткен нәтижелермен салыстыру керек. Күрделі қаржыны тікелей нәтижесі болып негізгі қорды іске қосу болды. Ал, инвестицияның түпкі нәтижесі ұлттық табыстың өсуі болмақ.Инвестиция тиімділігінің артуы дегеніміз ең аз инвестиция мөлшерімен нәтижесі бір өнімге деген инвестицияның жеке үлесінің азаюына қоғам қажетті прогрессивті өнімді шығарудыайтамыз. Инвестиция тиімділігін арттыруға былай қол жеткізіледі: — инвестицияның техникалық құрамын жақсарту, бұл жабдықтарға шығындар оның жеке үлесінің артуын көрсетеді; — жұмыс жасап тұрған кәсіпорында техникалық қаруландыру мен реконструкциялауға және жаңа құрылыстың салынбауында күрделі қаржының жеке үлесінің артуы; — жаңа объектілерін салу мерзімін қысқарту. Инвестициялық портфель тиімділігін арттырудың басты құралы техникалық прогресс болып табылады. Жаңа техниканы ендіру оның экономикалық тиімділігін анықтау қажеттілігін қарастырады және оның пайдалы тиімділігінің ескісімен салыстырғанда мына көрсеткіштермен айқындалмақ: машина,станоктың қуаты мен өнімділігі, ондағы детальдарды дәл өңдеу және т.б. Сондай-ақ, пайдалы тиімділігінің басты элементі еңбек қауіпсіздігі, қызмет жасаудың ыңғайлығы, еңбек тиімділігін арттыру және оны жеңілдету болып табылады. Инвестициялар ЖҰӨ-нің ең маңызды және ең өзгермелі компоненттерінің бірі болып табылады. Қашанда болмасын құлдырау кезінде тауарлар мен қызметтерге деген шығын қысқарады, бұл қысқарудың үлкен бөлігі инвестициялық шығындар көлемінің құлдырауына қатысады. Инвестициялық шығындардың үш типі ерекшеленеді. Кәсіпорынның негізгі қорларына инвестициялар болып: кәсіпорынның өздерінің өндірістік қызметтеріне пайдаланулары үшін алған ғимарат,құрылыс және құрал-жабдықтар саналады. Тұрғын-үйлер құрылысы инвестициялары тұру үшін алынған үйлерге, сондай-ақ жалға беру үшін алынған үйлерге шыққан шығындарды қамтиды.Сақтық қор инвестициясы – фирмалардың сақтауға қалдырған тауарларын,оның ішінде шикізаттар мен материалдарды, бітпеген өндіріс пен дайын өнімдерді қамтиды.Қазақстан Республикасының «шетелдік инвестиция туралы» Заңында: «Портфельді инвестициялар дегеніміз – мүліктік құндылықтардың барлық түрлері және оларға деген құқық, сондай-ақ пайда алу мақсатында инвесторлардың кәсіпкерлік қызмет нысандарына жұмсаған интеллектуалдық меншікке құқық».Бұның өзі «Портфельді инвестиция» деген терминді спецификалық функционалды жүктемесінен айырып, оны «капитал жұмсау» деген жалпы ұғымға айналдырады. Өйткені инвестицияларды құқықтық көзқарас тұрғысынан анықтау маңызды, сол арқылы өндірісті ұдайы дамыту негізі ретінде инвестициялаудың бастау көздері мен тетігі және экономикадағы өмірлік қажетті заңды процесс жайында көрнекті түсінік беруге болады.Сөйте тұра «инвестициялар» санатына деген европалық және американдық методологиялық тәсілдің мазмұны инвестицияны «капитал жұмсаудан» айырып қарайды, оларды салыстырмалы түрде біріктіреді. Қазақстан Республикасы Президентінің, «Бухгалтер есебі туралы» заң күші бар Жарлығында жалпы инвестициясының қандай да бір анықтамасы берілмеген, ол ҚР «Статистика туралы», «Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» Заңдарында да берілмеген. Қазақстандық салықтың Заңнамасы өзінің «активінде» тек «капитал жұмсау» терминін пайдаланып, «инвестициялар» санатын толықтай илемеуі, инвестициялық қызметті дамытудағы салықтық ынталандыру жолына тосқауыл туғызады. Ал оның солай болуы бір жағынан «капитал жұмсау» терминінің жалпы және арнайы заңнамада әртүрлі түсіндірілуінде болып тұр. Екінші жағынан, кәсіпорынның ұзақ мерзімді мүлік түрлерінің тізімі, бухгалтерлік есептің халықаралық стандартқа өтілуіне байланысты, бұрынырақта күрделі шығындар құрамында саналған: жер учаскелері, табиғат пайдалану объектілері, материалдық емес активтер сияқты негізгі қаражаттар есебіне жататын ұзақ мерзімді активтермен салыстырғанда кеңейе түседі. Сонымен, ұзақ мерзімді капитал жұмсаудың қазіргі экономикалық мазмұны дәстүрлі «капитал» жұмсау ұғымының аясына енді сыймайды. «Инвестициялар» санатының заңдық түрде айқын жазылған анықтамасының болмауы инвестициялық реттеуді ұлттық экономиканың айрықша мемлекеттік реттеу сферасы етіп бөлуге, оның нысаны – инвестициялық қызметтің заңды болуына күмән келтіреді. «Капитал жұмсау» және «инвестициялар» деген терминдер экономиканы дамыту туралы ресми статистикалық материалдардың басылымдарында бірін-бірі ауыстыратын синоним- сөздер секілді түсіндірмесіз қолданылады. Сөйткенімен, халықаралық практикада инвестиция деп капиталды екі бағытта пайдалануын айту қабылданған: — нақтылы инвестиция – материалдық активтерге қаржы жұмсау; — қаржылық инвестиция – құнды қағаздарға қаржы жұмсау. Инвестицияның бірыыңғай анықтамасының жоқтығынан бүгінгі күні көптеген инвесторлар қорлық көруде, мұның өзінде нақты қаржылық тұрғыда зардап шегуде. Әр түрлі ой-талғамдарға жол бермейтіндей «инвестицияның» базалық анықтамасы жасалынса, онда қазақстандық Заңнаманың барлық салаларында және инвестициялық барша қызметтің қатысушыларына бұл норативтік актінің реттеуші болуына жағдай туар еді. Белгілі болып отырғандай, кәсіпкерлік инвестициялаудың екі негізгі формасы айқындалады: тікелей инвестициялар және портфельдік. Тікелей инвестиция: тікелей өндірістік кәсіпорындарға жасалынған инвестициялауды сипаттайды. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Халықаралық инвестиция 2.Инвестициялық портфель ұғымы Ұсынылатын әдебиет 1. Комаров А.С. Правовые вопросы товарообменных сделок.М.,1994. 2. Лукашук И.И. Стороны в международных договорах. - М., 1996. 3. Розенберг М.Г. Заключение договоров международной купли-продажи товаров. М., 1991. 4. Садиков О.Н., Краснова Н.Л. Исковая давность в МЧП/ Российский ежегодник международного права.1992. 5. Шатров В.П. Международное экономическое право. - М., 1990. 6. Шмитхофф К. Экспорт: право и практика международной торговли.М.,1993 Тақырып 14. Халықаралық сауда дауларын шешу тәртібі. 1.Халықаралық сауда дауларының ұғымы 2.халықаралық сауда дауларын шешу жолдары 3.ДСҰ түсінігі 4. ЮНСИТРАЛ халықаралық сауда төрелігі Қазіргі кезде ДСҰ шеңберінде қолданылып отырған дауларды шешу тетігі — халықаралық сауда жүйесінің маңызды элементі болып табылады. Ұйымның өз бағасы бойынша, ол әлемдік экономикада тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосатын үлесі зор . Тарифтер мен сауда бойынша Бас келісім Уругвай раундының нәтижесінде құрылған бұл ұйым мүше-мемлекеттерінің саяси ықпалы мен экономикалық қуаттылығына қарамастан барлық қатысушылар үшін бірегей ережелерге негізделеді. Мұндай тәсіл кішігірім елдер үшін айтарлықтай қуатты мемлекетпен туындаған дауды екіжақты негізде шешу кезінде тиімдірек жағдайды иеленуіне жол ашуы едәуір маңыздылыққа ие. ДСҰ құрылу кезінен бері мемлекеттер бұл тетікке жиі жүгінеді. 2000 жылға дейін кеңесу өткізуге 180 үндеу, істерді қарау нәтижелері бойынша аралық соттардың 31 есебі, Аппеляциялық органның 26 баяндамасы тіркелген болатын. 2007 жылдың қыркүйегінің аяғында ДСҰ-да 369 дау тіркеліп, 2007 жылдың шілдесінде аралық сот пен Аппеляциялық органның 103 баяндамасы қабылданып, 25 аралық сот әрекет етіп, кеңесу өткізу жөнінде сұранымдар 600-ден асып кеткен болатын.ДСҰ өмір сүруінің бүкіл мерзімінде АҚШ, Канада және Еуропалық Одақ ең белсенді қатысушылар болып есептеледі. Дегенмен, дамушы мемлекеттер де бұл механизмге жиі сүйенетін болған.Дүниежүзілік сауда ұйымының іргесін қалаушы болған 1947 ж. ГАТТ кезінде, осы келісімнің ХХІІІ бабында сауда дауларын шешу мүмкіндігінің негізі қаланған. Ол бойынша, келісуші тараптардың біреуінің жүзеге асырып жатқан іс-шаралары келесісінің нарыққа ену жағдайының нашарлануына әсерін тигізуіне байланысты дауларды өз бетінше шеше алатындығы туралы айтылған. Сонымен қатар, тараптар өз шағымдарын жұмысшы топтарға (кейіннен аралық топтарға) жібере алған. Олар даулар қалайша шешілуі керектігі жайында ұсыныстар беріп отырды. Ақырында бұл қатысушылар мен аралық топтардың өздері сүйене отырып әрекет етуге міндеттейтін ережелер мен рәсімдердің құрылуына, яғни дауларды шешудің нақты үрдісінің қалыптасуына алып келді. Аралық топтар тараптар өз міндеттемелеріне сәйкес әрекет етуін, нарыққа ену жағдайының нашарлауы орын алған, алмағандығын анықтауы тиіс болды. ХХ ғасырдың 70-80 жылдары барысында ГАТТ жүйесінде айтарлықтай алға баса бастады. Аралық топтар құзыреттері кеңейіп, олар енді ГАТТ ережелерін интерпретациялауға (түсіндіру) қатыса бастады. Жаңа қағидалар Токио Раундының (1973-1979 жж.) Уағдаластығында бекітілді.Дауларды шешу тетігінің маңызды қадамына аралық соттарға қолдау көрсететін ГАТТ хатшылығында заң бөлімінің құрылуы болды. Аралық сот мүшелері «ad hoc» қағидасы бойынша құрылатын болғандықтан, ГАТТ хатшылық заңгерлері орын басушылық пен «инстуитуциалды жадыны» қамтамасыз етті. Осындай тәжірибені оң құбылыс ретінде қарастыра отырып, заңгерлердің аралық сот баяндамаларын дайындауға көмектесуі соңғыларының ұстанымдарына әсер етуіне алып келе алды. Одан басқа, шешім қабылдау кезіндегі күрделі мәселеге тоқталу керек. Мәселен, істің түрлі кезеңдерде ұзақ уақытқа созылып кетуі, нақтырақ айтқанда, аралық топты құру шағым түскен мемлекет тарапынан қабылданбауы бөгет болуы мүмкін. Аралық топ мүшелерін тағайындау кейде ұзақ уақытқа (бірнеше айға) созылып, шешім қабылдау — айтарлықтай үлкен мерзімді (екі жалдан көп) талап ететін. Тараптар аппеляцияға жүгіну мүмкіндігіне ие болмай, аралық соттардың баяндамалары оны бекітуге қатысқан мемлекеттер арасында консенсуске қол жеткізілген кезде ғана қабылданатын болған. Басқаша айтқанда, ұтылған мемлекет ол үшін тиімсіз болып табылатын шешімге вето құқығын сала алды . Баяндамалар қабылдануына қатысты белгісіздік бұл жүйенің үлкен кемшілігі болды. Сондықтан, мемлекеттер ГАТТ аралық топтарына өте сирек жүгінетін. ГАТТ өмір сүруі кезінде аралық топтың тек қана 101 баяндамасы мақұлданған.Осылайша, дауларды шешу механизмін алдағы реформалау қажеттілігі барлық Келісуші Тараптар үшін анық байқалды. Нәтижесінде бұл Уругвай раундында көпжақты сауда келіссөзерінің басты мәселесіне айналды. ГАТТ тетігімен салыстыра отырып, қазіргі кездегі дауларды шешу тетігіне шолу жасайтын болсақ, ГАТТ жүйесінде орын алған көптеген кемшіліктер жаңа жүйеде толығымен жойылды деп сенімді айтуға болады. ГАТТ рәсімімен салыстырғанда, ДСҰ шеңберінде дауларды шешу тетігіндегі жаңа сипаттарының қатарына, ең алдымен, ДСҰ шеңберінде жасалған көпжақты келісімдерден туындайтын мемлекеттер міндеттемелеріне қатысты дауларды шешу ережелер бірегей құжатқа біріктірілгендігін айтса болады. Жоғарыда көрсетіліп кеткендей, ГАТТ жүйесінде көптеген келісімдерде дауларды шешудің өз жүйелері болса, ДСҰ-да ол ережелер ерекше құжат — Дауларды шешу ережелері мен рәсімдері туралы уағдаластығында (Уағдаластық немесе ДШУ) бекітілген. Оның міндеттемелері ДСҰ-ға мүше-мемлекеттердің барлығына бірдей міндетті болып табылады.ДШУ «аралық топтарды құруға, олардың және Аппеляциялық орган баяндамаларын қабылдауға сондай-ақ, шешімдері мен ұсыныстардың орындалуын қадағалауға, «қамтылған келісімдерден» туындайтын басқа да міндеттемелерді тоқтатуға рұқсат беруге құзыретті болып табылатын Дауларды шешу бойынша Органды бекітеді.Былайша айтқанда, ДШУ ДСҰ құру туралы Келісімге 1 және 2 Қосымшаларында орын алған барлық келісімдер- «қамтылған келісімдерге» қатысты қолданылады. ДШУ әрекет ету аясы келісімге келген тараптармен бекітілген болса да, «шектелген қатысушылармен жасалған келісімдерге» де тарайды (ДШУ-ға 1 Қосымша). ДСҰ-ның аталмыш келісімшарттары үшін «Дауларды шешу ережелері мен рәсімдері туралы уағдаластығы» ортақ құжат болғанына қарамастан, «қамтылған келісімдердің» көбісі нақты келісімшарттарға байланысты дауларды шешу тәртібі туралы жеке ережелерге ие. Мысал ретінде, Субсидиялар мен қарсы шаралар туралы келісімді, Санитарлы және фитосанитарлы шаралар қолдану туралы келісімді, Қызмет саудасы туралы Бас келісімді және басқаларын келтірсе болады. Мәселен, Субсидиялар мен қарсы шаралар туралы келісімнің 4.6 бабы ДШУ-мен салыстырғада, рәсімдерге қысқа мерзімдер белгілеген. Ол арнайы және қосымша нормалар тізімі ДШУ 2 Қосымшасында бар.Дауларды шешуді реттейтін ДШУ ережелері мен «қамтылған келісімдер» нормаларының арасында қайшылық орын алған жағдайда, соңғысының ережелері қолданылады (ДШУ, 1(2) б.). Бұл қағида арнайы норма жалпы нормаға қарағанда артықшылыққа ие болатындығына негізделетіндіктен дұрыс болып табылады. Әр түрлі «қамтылған келісімдердегі» дауларды шешу үрдісін реттеуші екі норма арасында коллизия туындаған жағдай күрделі болып табылады. Бұндай жағдайда, тараптар өзара уағдаластық арқылы мәселені шешуге құқылы. Келісілген шешімге қол жеткізілмесе, Дауларды шешу бойынша Орган (ДШО) шешеді. Ол мүмкін жерлерде арнайы нормаларды қолданып, ал қақтығысты болдырмау қажет болғанда – Уағдаластық нормаларын қолдануы тиіс.Осыдан келесідей сұрақ туындайтыны анық: «қамтылған келісімдерде» арнайы нормалардың болуы ДШУ бекіткен дауларды шешу тетігіне кері әсерін тигізбейді ме? Бұл арнайы нормалар ДСҰ- ның қызмет етуінің нақты саласының ерекшеліктерін ескереді және «Уағдаластықта қамтылған тетікті ауыстырмай, керісінше толықтыра отырып, дауларды қарастыру рәсімнің тиімділігін арттыруға өзінің септігін тигізеді. Мұны Guatemala-Anti Dumping Investigation regarding Portland Cement from Mexico ісіндегі Аппеляциялық Орган ұстанымынан байқауға болады. Мұнда «арнайы және қосымша ереже бір ереже басқа ереженің бұзылуына, яғни олардың арасындағы қайшылық кезінде ғана ДШУ ережесінен басым болады. Бұл ұйымның «қамтылған келісімдер» ережелеріне Уағдаластықты қолдану «қамтылған келісімдердің» айқын бұзылуы болған жағдайда ғана жүгініп, «Уағдаластық» нормаларын барынша кең қолдану ниетін көрсетеді. Дауларды шешу ережелері мен рәсімдері туралы уағдаластығының өзі туралы айтқанда, ол мүлдем жаңа құжат еместігін, жетілдірілген және модификацияланған ГАТТ тәжірибесінің жалғасы екендігін ескеру қажет. Тарифтер мен сауда туралы бас келісімнің шеңберінде жасалған құжаттардың көбісі ДСҰ жүйесінде де үлкен қажеттілікте екендігін тағы да атап өткен жөн. ДСҰ Бас келісім тәжірибесін басшылыққа алуы қажет деген жалпы нұсқаулардан басқа ДСҰ мүшелері 1947 жылғы Бас келісімнің ХХІІ және ХХІІІ баптарына сәйкес дауларды шешу қағидаларын ұстануы тиіс деп бекітілген.Одан басқа, «Уағдаластықта» ДСҰ құрылғанға дейінгі құжаттар аталып өтілген. Осылайша, ДШУ 26 бабы 1989 жылы 12 сәуірде ГАТТ шешіміне сүйенеді (BISD 36s/61-67). Басқа мысал ретінде ДШУ 3,12 бабын келітрсе болады. Ол бойынша, жауапкер мемлекет дамыған мемлекет болса, ал талапкер мемлекет дамушы болса, ондай жағдайда соңғысы кеңесулер, ізгі көмек, ымыраласу, делдалдық жасау, дауларды шешу бойынша топ құру арқылы және топтың дауды қарастыру рәсімі бойынша ДШУ стандартты ережелерін қолданбай, 1966 жылғы 5 сәуірдегі Келісуші Тараптардың тиісті тәртіптерін қолдана алады. Жоғарыда аталып өтілген ДШУ жетістіктерінің жалпы сипатынан, яғни ГАТТ-тың сәйкес ережелерінің жүйелілігі мен солардың негізінде дауларды шешу тетігі бойынша барлығына бірыңғай қамтылған келісімдер құрылуымен қатар, Уағдаластықта ДСҰ тетігі мен ГАТТ жүйесінен мүлде жаңа бірқатар ережелері бар.Бұл тұрғыда алғашқы назарды Дауларды шешу бойынша Уағадаластықта қарастырылған, Дауларды шешу бойынша орган құзыретіндегі бірқатар негізгі рәсімдік шешімдер қабылдауға байланысты ережелерге (мәселен, топ құру мәселелеріне, топ есебін бекіту т.б.) аударса болады. ДШУ ережелеріне сәйкес, осы шешімдерді қабылдауға қарсы консенсус болмау талап етіледі. Ондай консенсус әдебиетте «негативті консенсус» немесе «кері консенсус» (negative consensus or inverted consensus) деп белгіленген ретінде белгілі. Теория жүзінде, ондай консенсус бар. Дегенмен, мәселе өз пайдасына шешілген қатысушы мемлекет, сол шешімнің бекітілуіне қарсы дауыс береуі екіталай. Мұнсыз «кері консенсуске» қол жеткізу мүмкін еместігі айқын. Осылайша, бұл қағида бүкіл дауларды шешу тетігіне автоматизм сипатын береді. Осының нәтижесінде, ДСҰ шеңберінде дауларды шешу тетігінің негізі болып табылатын «кері консенсус» қағидасы бұл салада мамандардың жоғарғы бағасын ақтады . Келесі ерекшелік аппеляциялық шағым беру болып табылады. Осы тұста, профессор Петерсманның осы сатыны енгізу мемлекеттердің «кері консенсус» қағидасына өтуге келісімін алуға өз үлесін қосты деген пікіріне қосылуға әбден болады . ГАТТ-та топтардың қате шешімдеріне қарсы кепіл ретінде топтардың есептерін бекіту үшін мүшелерінің консенсусы қажет ГАТТ Кеңесі болса, Дүниежүзілік сауда ұйымында есепті қабылдамау мүмкіндігі өте аз. Дегенмен, шағым дауласушы тарапынан түсетін болса, дауларды шешу бойынша топ қорытындыларын Аппеляциялық орган тексереді. ДСҰ шеңберінде дауларды шешу тетігіндегі үшінші жаңа элемент ретінде істерді қарастырудың түрлі кезеңдері үшін міндетті мерзімдердің бектілуін атап өтсе болады. Бұл өз кезегінде, дауларды шешу барысында шешімдер шығарудың созылып кетпеуіне ықпал етеді, яғни дауларды шешуде айтарлықтай нақты жетістіктерге жетуге көмектеседі (ДШУ, 20 б.). Мысалы үшін, кеңесулердің басталу сәтінен Аппеляциялық орган есебінің бекітілуі 15 ай аралығында жүзеге асырылуы тиіс.ДСҰ шеңберінде дауларды шешу мерзімдерінің ұзақтығын барлығы бірдей жағымды қабылдамайды. К.В. Ремчуков оларды едәуір ұзақ деп, олардың тиімділігіне күдік келтіреді . Мұндай пікірмен келісе де алмаймыз. Дауларды қарастыру мерзімдері айтарлықтай ұзақ болып көрінуі мүмкін, алайда, ұйымда күрделі мемлекетаралық даулар қарастырылады. Олар үшін 12-15 ай тым ұзақ уақыт болып көрінбейді. Істерді қарастырудың мұндай мерзімдері, тіпті, ұлттық сот жүргізуде де кездеседі. Неміс заңгері Х.Хомани ДСҰ дауларды қарастыру мерзімдеріне жоғары баға бере отырып, Германияда Әкімшілік сотта іс 15 ай көлемінде қарастырылуына рұқсат етілетіні туралы атап өткен . Халықаралық деңгейде, ұлттық сот ісіне тән мерзімдердің болуы ДСҰ шеңберінде дауларды шешу үрдісінің жоғарғы тиімділігінің белгісі екені анық.Осылайша, Уағдаластық — Дауларды шешу бойынша органымен шешім қабылдауына автоматизм енгізетін рәсімдердің нақты мерзімдері туралы ережелері бар және аппеляциялық шағым жасау кезеңін ескерген дауларды шешу ережелерінің нысандандылырған жинағы деген қорытындыға келуге болады.ДСҰ аясында дауларды шешу тетігінің ерекше қырларына келетін болсақ, жеке тұлғалар мен компаниялар дауларды шешу механизміне тікелей қатысуға мүмкіндігі жоқ. Дауларға мүше-мемлекеттер қатысады, ал даулар ұлттық компаниялар тарапынан туындайды. Халықаралық сауда даулары отандық саланың ұлттық үкіметтегі арнайы құзырлы органдарына шетелдік мемлекеттің сауда режимінің өзгеруі салдарынан, бизнес үшін жағдайдың нашарлауы жайлы шағымдарынан басталады. Біріншіден, дауды бастау туралы түбегейлі шешім мемлекет тарапынан болуы тиіс. Оған дейін, мемлекет жеңіс немесе жеңілістен соң орын алатын жағдайды түсінуі керек. ДСҰ келісімдеріне қарама-қайшы болып табылатын мемлекет шараларына шағымданып, тергеуді бастаған мемлекет, істе жеңіске жете отырып, ұқсас дауда жауапкер мемлекет болу қауіпін төндіреді. Екіншіден, үкімет мәселе күш-жігер жұмсауды қажет етпейді. Үшіншіден, ДШУ ережелері бойынша, сот рәсімін бастамас бұрын, талапкер мемлекет ДСҰ ережелерін бұзушы мемлкетпен кеңесу өткізуге міндетті. Шиеленіскен мәселелер осы кезеңде де шешілуі мүмкін. Бұл ірі қаржы және адам ресурстарын жұмсамауға мүмкіндік береді. Егер тараптар келіссөздер арқылы бір шешімге келе алмаса, олар Уағдаластықта тұжырымдалған дауларды шешу бойынша тетікке жүгінеді. Дүниежүзілік сауда ұйымының дауларды шешу тетігін толық түсіну үшін, ұйым тәжірибесінде орын алған Америка Құрама Штаттары мен Еуропалық Одақ арасындағы американдық компаниялармен ЕО-ға банан импортына қатысты ұзақ уақытқа созылған, кейін «банан соғысы» деп аталып кеткен дауды талдайық.Аталмыш шиеленіс бірнеше американдық компаниялардың Еуропа мемлекеттеріне Эквадор, Гватемала, Гондурастан, яғни бұрынғы ағылшын және француздық отарларынан банан жеткізіп отыру ұмтылысынан басталды. Бірақ, ЕО банан жеткізіліміне қатысты өзінің және еуропалық компаниялар мүдделерін қорғау мақсатында америкалық компаниялардың еуропалық нарыққа өтуіне белсенді түрде бөгет жасады. ЕО мен АҚШ арасындағы сауда соғысына АҚШ әкімдігінің Еуропалық Одақ Латын америкасы елдерінен банан импортына еуропалық шекараларды ашатын болса, ЕО-дан алып келінетін кейбір өнім түрлеріне салық салынбайтыны жөніндегі мәлімдемесі түрткі болды.Бұл дау ДСҰ Шағымдар мен наразылықтарды талдау бойынша Комиссиясында қарастырылғаннан кейін, 1998 жылы іс Дауларды шешу бойынша орган қарауына берілді. Комиссия шешіміне сәйкес, ДСҰ Еуропалық одақты 1999 жылдың 11 қаңтарына дейін өзінің банан импорты режимін өзгертуге міндеттеді. Нәтижесінде, ЕО АҚШ қысымымен баж салығын 100 пайызға көтере отырып, экпорттық өнімге тарифтік шектеулер енгізді. Бұл шығын сомасынан үш есеге асып кетуіне алып келді. 1999 жылдың сәуір айында ДСҰ Дауларды қарастыру органы АҚШ ұстанымын қолдады. Ол бойынша, ЕО банан импорты кезінде «халықаралық сауда қағидаларын бұзды». Осылайша, американдық өнім жеткізуші шығындарын өтеу үшін ЕО-дан импортталатын бірқатар тауарларынан қосымша салық жинау жайында 1999 жылы 3 наурызда АҚШ жариялаған мәлімдемесінің жүзеге асуына жол ашты. Орган банан импортын реттейтін ЕО бекіткен ережелер АҚШ-тың сауда фирмаларын кемсітеді, банан импорттау саласында ЕО саясаты Дүниежүзілік сауда ұйымы қабылдаған ережелерге сейкес келмейді деп мойындады.2001 жылдың сәуірінде ЕО мен АҚШ арасындағы дау шешімін тапты. Вашингтон мен Брюссель арасындағы ұзақ келіссөздерден кейін, тараптар келісімге келді. Американдық компания еуропалық нарыққа рұқсат алып, ал Вашингтон еуропалық тауарларға салынған, сомасы жылына 190 млн.доллар құрайтын санкцияны алып тастады.Қазіргі кездегі Бас кеңес төрағасы Йонов Фредерик Аганың (Нигерия) 2010 жылдың 19 наурызынан 2011 жылдың 24 ақпанына дейін Дауларлы шешу бойынша органның төрағасы болды. Ол 2011 жылы ДСҰ дауларды шешу жүйесінің жетістіктері туралы айтқанда, құрылғанынан бері 400-ден астам дауды қарастырып, халықаралық дауларды шешу жүйелерінің ең жемістісі деп белгіледі. Шын мәнінде, Халықаралық сот 65 жыл қызмет етуі кезінде барлығы 150 дауды қарастырды. Теңіз құқығы бойынша, Халықаралық трибунал 1996 жылы құрылып, 15 іс қарады. Экологиялық мәселелер бойынша палата 1993 жылдан 2006 жылға дейін жұмыс істеп, бір де бір іс қарастырмаған. Осындай мысалдарды талқылай отырып, Дүниежүзілік сауда ұйымының Дауларды шешу бойынша жүйесінің қаншалықты тиімді және нәтижелі екендігін айқын аңғаруға болатыны сөзсіз. Ойымызды түйіндейтін болсақ, жалпы алғанда, ДСҰ-ң дауларды шешу тетігі ГАТТ жүйесімен салыстырғанда едәуір жетістіктерге жетті және тиімді рәсімдері бар дауларды шешуші құрал болып табылады. Сондай-ақ, Дауларды шешу органымен мәселелерді қарастырудың нақты мерзімдері бекітілгендігін аңғардық. Бұл дауларды қарастырғанда оның тиімділігін арттыруға септігін тигізеді. Дегенмен, И.Т.Бдоян пікірінше, шектеулі уақыт мерзімі еленбеуі мүмкін. Себебі, мерзімге сай әрекет етілмеген жағдайда, ешқандай санкциялар енгізілбегендігін белгілейді . Әрине, бұл пікірге де қосылуға болады. Кез келген дауды шешіп, оның шешімдері нақты орындалуы үшін белгілі бір міндеттемелердің қажеттілігі зор. Қарапайым қоғамдық қатынастар да құқық пен тәртіп қағидалары арқылы реттелуде. Ал жүздеген мемлекеттер мүдделерін жүйелендіру үшін, даулардың оңтайлы шешілуі үшін құқық бұзушы мүше- мемлекеттерге санкциялар қолданылуы керек.Сонымен қатар, ДСҰ аясында институционалды мүдделерді келісімге келтірудің кең қолданылған жүйесінің болуына қарамастан, мүше-мемлекеттердің саяси және экономикалық мүдделерінің әр түрлілігімен байланысты белгілі бір «проблемалық зоналардың» бар екендігін белгілеген жөн. Мәселен, ДСҰ мағұлматтарына сүйенетін болсақ, 2009 жылдың басында антидемпингтік тергеулер 2008 жылмен салыстырғанда 40 пайызға артты. ДСҰ Бас директоры Паскаль Ламидің баяндамасы бойынша, 2009 жылы әлемдік сауда көлемі 2,1 пайызға қысқарды. ДСҰ шеңберінде дауларды шешудегі күрделі аспектісі — Аппеляциялық орган мен арнайы комитеттердің шешімдеріне заңдылық күшін беріп, мүше-мемлекеттер мен оның азаматтарының ол шешімдерге көнетінін кепілдік беру болып табылады . Бұл елеулі ресуртарды, кәсіби деңгейдің жоғарылауын және жалпы әлемдік қауымдастықтың ашықтығын қажет ететіні айқын деп есептейміз. Осылайша, 1997 жылы пайда болған ГАТТ-тың дауларды шешу тетігіне Уругвай раундымен енгізілген өзгерістер, яғни, алдыңғы жүйе «soft law» ережелеріне сүйенсе, енді қарама-қайшылықтарды реттеу жүйесі «hard law» ережелеріне негізделетіні айқын көрінеді.Қорыта келе, ДСҰ дауларды шешу жүйесінің әлемнің 155 мемлекетінің сауда-экономикалық қатынастарын реттеп қана қоймай, Дауларды шешу бойынша органы арқылы сол мемлекеттер арасында туындап отыратын әр түрлі даулардың оңтайлы шешілуін қамтамасыз етіп отырғанын аңғардық. Мемлекетаралық келіспеушіліктерді халықаралық құқық нормаларына сүйене отырып және барлық істерді тең дәрежеде қарастыратыны бұл тетіктің әділдігіне, әрі тиімділігіне дәлел.Шет елдердің қазіргі азаматтық құқығында төрелік сот даудың пәнін құрайтын, нақты мәселені соңғышешуші болып табылатын, төрелік соттың шешім шығаруымен аяқталатын квазисоттық (яғни соттыққа ұқсас) ресім сияқты қарастырылады. Төрелік талқылау басында еркін сияқты ойластырылған. Оның еркін сипаты мынадай төрт жадайда көрінеді: а) тараптар дауды төрелік соттың қарауына өзінің қалауымен береді. Бұл үшін олар өз арасында болашақта туындайтын немесе туындаған экономикалық дауды төрелік талқылауда қол жеткізілген келісушіліктенөз көрінісін тапқанжәне мұндай дауларды қарастыруға қатысты сот тәртібін қолданбау туралы төрелік келісімге жасасады; б) төрешілерді таңдау тараптар арасындағы келісілген әдіс бойынша жүргізіледі; в) істі төрелікте қарау тәртібі тараптар белгілеген, бірақ қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін, ережелер бойынша жүргізіледі; г) тараптар төрелік шешімді орындауға міндетті және соңғы деп таниды. Бүгінде төрелік талқылаудың әлемдік тәжірибесін дамытудағы үстем үдерістер түбегейлі іс жүргізудегі тәртіп бұзушылықтардың болуына сот бақылауы болып табылады. Төрелік шешімдерді негізгі сияқты алмастыру (recourse) туралы өтініштерді қарастыру, сот бақылауының көбінесе - Швецария, Германия, Австрия, Нидерландия және көптеген елдерде таралған бірден бір әдісі. Төрелік шешімдерге аппеляция жасалатын (толық және сол сияқты шектеулі) елдерде ол жоққа шығарылмайды. Әлемдік тәжрибеде төрелік саласында сот бақылауының бірнеше үлгілерін бөліп көрсетеді: 1) шешімдерді мәні бойынша тексеру (материалдық және іс жүргізу құқығы нормаларын қолданудың дұрыстығы мәніне және іс үшін түбегейлі маңызы бар, сондай ақ іс жүргізуде бұзушылықтардың болуына) т.с. шешімдерге нақты шағымдану; 2) төрелік құрамдардың құзіреттері болу мәніне және іс жүргізудегі бұзушылықтардың болуына шешімдерді тексеру ; 3) қандай да бір сот тексеруінің жоқтығы. Одан өзге аралас үлгілер әрекет ететін елдер бар. Әдетте олардың қатарына шет елде Ұлыбритания мен Швейцария кіреді. Ұлыбританияда егер тараптар өз келісімімен (жазбаша түрде) мұндай мүмкіндіктерді жоққа шығармаған жағдайларда, соттар апелляциялық тәртіпте құқық мәселесі бойынша төрелік шешімдерді тексереді. Сонымен бірге төрешілер (төрелік соттар) егер бұл төрелік шешімдерде қарастырылса, төрешілер аталған жағдайларды ақылға қонымды және дұрыс деп санаса, соған сәйкес шешім шығаруға міндетті. Ұлыбританияның 1996 жылғы Төрелік актісінің 33- бабының 1 - тармағына сәйкес төрешілердің негізгі міндеті екі тарапқа қатысты адал әрекет етуі қажеттігінен және барлық төрелік өндіріс кезінде олар бір тарапқа екінші тараптан гөрі көп басымдық беруге жол бермеу қажеттігінен тұрады. 1996 жылғы Төрелік сот актісінің 34-бабына сәйкес тараптар белгілі бір дәлелдемелерді аралық талқылауда пайдаланбайтын болса және егер тек осы белгілілік Ұлыбританияның бұқаралық тәртібіне қайшы келмейтін болса, мұндай белгіліліктің заңдық күші бар болады. Қазіргі уақытта мемлекеттік сотпен толық көлемде апелляциялық тәртіпте Францияда ішкі төрелік шешімі қайта қарастырылуы мүмкін, мұндай жағдайлардан басқа «достық делдалдар»- төрелік келісімде жақтар келісе алмаған шешім арбитрлармен шығарылады. Жалпы қағидадан алып тастау тәртібінде Францияның Жаңа Азаматтың процессуалдық кодексінің 1474 бабындағы (ЖАПК), осыған тиісті арбитрлардың шешімдері құқықтың тиісті нормаларына сәйкес шығарылу қажет, әлемдік (достық) делдалдар ретінде әрекет етуге арбитрларды өкілеттендіруге тараптар құқылы.Осындай жағдайда арбитрлар тек қана материалдық құқықтың нормаларымен ғана емес сот өндірісінің ережелерімен байланысты емес. Осы жағдайда тараптар арнайы төрелік келісімде қарастырмаса шығарылған төрелік шешім апелляциялық тәртіпте шағымдануға жатпайды.Сонымен қоса достық делдалдар Францияның жария тәртібінің талаптарын бұза алмайды, сақтамаған жағдайда арбитрлардың шешімдерінің күшін жоюға алып келеді. Сонымен қоса Францияда азаматтық соттың төрағасы қаулы шығару барысында төрелік шешіміне атқару күшін беру туралы, төрелік шешім «адал ниеті мен жария тәртібіне» қайшы келмейтіндігіне көзі жететіндігін атап өткен жөн.Германияда аралық өндіріс тәртібі төрелік келісімінде немесе басқа келісімде қарастырылмаған болса, аралық өндірістің немесе осы өндіріс уақытының бастамасына дейін тараптармен жасалынған, төрелікте қарастырылған істер олардың қарастыруы бойынша, тәртіп бойынша Германияның АІЖК 1034 тарауының екінші тармағына сәйкес арбитрлармен анықталған.Осыған орай арбитрлармен қойылған тәртіптер өздерімен де өзгертіле алады, бірақта олар адал ниетпен жария тәртібіне қарама қайшы келе алмайды, неміс құқығының негізгі қағидаларының бұзылуымен шығарылған Германияның АІК 2 §т 1041 және 2 § 1044а т күшіне сәйкес төрелік шешім күшін жояды және де адал ниетпен жария тәртібіне міндеттеп орындауға жатпайды. Португалияда 1986 жылғы төрелік туралы Заңның 29 бабына сәйкес мемлекеттік соттың бірінші инстанциясында төрелік шешімге апелляцияға жол беріледі. Төрелік шешімнің апелляцияның толық нормаларын Тунис және Перу, (Онтарио) Канаданың құқығында кездестіруге болады. Құқық мәселесі бойынша кейбір мемлекеттерде жалпы құқыққа төрелік шешімнің шектелген апелляциясына жол беріледі.Осындай көзқарас жүргізіліп жатқан реформаларға қарамастан дәйектілікпен Англияда іске асырылады, төрелік шешімдердің сот апелляция мүмкіндігі сақталады. Сәйкес ережелер Гонконг және Сингапур, Канада, Австралияның заңнамаларында бар. Швейцарияда, жалпы тәртіп бойынша жүргізілетін түбегейлі іс жүргізудегі бұзушылықтардың жалпы пәнінің болуы тәртібіне және төрелік шешімнің соттық тексеруін тараптар толықтай алып тастауы мүмкін. Жоғарыда аталғанды басшылыққа ала отырып төрелік шешімдерді мәні бойынша тексеру тараптар өз қатынастарын бағындырған құқықтық нормаларға негізделмеген актілерді қабылдау тәуекелін төмендететіндігін атап кеткен орынды. Сонымен қоса азаматтық айналымның қатысушыларының ұйымдастырушылық және қаржылық уақыттық шығындарын ұлғайтады, дауларды шешу әдісі ретінде төреліктің тартымдылық және тиімділігін төмендетеді. Алғаш рет соттың төрелік шешімнің күшін жоюын болғызбауға жол беретін нормалар Бельгияда, Швецияда және Швейцарияда пайда болды. 1985 жылы Бельгия заңнамасына халықаралық коммерциялық төреліктер қызметіне соттардың араласуын едәуір шектейтін түзетулер енгізілді. Бұдан былай мемлекеттік соттар бельгиялық тараптың қатысуымен болған даулар бойынша шығарылған төрелік шешімдердің күшін жою туралы істерді ғана қарайтын болды. 1998 жылы Бельгияның Сот кодексінің 1747 (4) бабы өзгертіліп, бүгінгі таңда төрелік шешімді соттың тексеруі тараптардың келісімі бойынша ғана алып тасталуы мүмкін. Швейцарияда 1969 жылғы Кантонаралық конвенцияға сәйкес Кантондардың жоғары соттары төрешілерді тағайындайды, тараптардың бірінің төрешісі даулаған жағдайда түпкілікті шешімдер қабылдайды, төрешілер өкілеттіктерінің мерзімдерін ұзартады. Швеция мен Финляндияда сөзсіз атқарушылық күші бар төрелік шешім оның мәжбүрлі түрде орындалуын талап етпейді. Италияда төрелік туралы ереже Азаматтық іс жүргізу кодексіне енгізілген, ол төрелік шешімге апелляциялық тәртіппен шағым беруге жол бермейді. АҚШ-та төрелік келісімдердің және экономикалық даулардың төрелік іс қарауы туралы келісімдердің заңды күшін қамтамасыз ететін тиісті заңдарды қабылдау ең алдымен штаттар деңгейінде жүргізілген. 1920 жылы алғаш рет Нью-Йорк штатында төрелік заң қабылданды. Кейіннен ол принципті маңызы жоқ кейбір өзгерістерімен қазір қолданылып отырған азаматтық іс жүргізу заңына енгізілді, онда төрелік туралы қаулылар 84-бөлімде жазылған. Туындаған да, болашақта туындауы да мүмкін даулардың төрелік іс қарауы туралы келісімдердің заңды күші бар екені, олар орындалуға тиіс екені және кері қайтарып алынбайтыны жөніндегі сілтеме осы қаулылардың негізгі ережесіне айналды. АҚШ-та төрелік келісімдер мынадай іс жүргізу құралдары арқылы іс жүзінде жүзеге асырылады. Біріншіден, тараптардың бірі төреліктен жалтарғысы келгенде оның төрелікке қатысуын тиісті сот бұйрығы арқылы міндеттеуге болады, оны төрелік келісімнің жарамдылығы тексерілгеннен кейін және мүдделі тарап өз түсініктемелерін бергеннен кейін сот береді. Екіншіден, жауап беруші төрешінің белгілеулерінен бас тартқанда оны сот белгілей алады. Үшіншіден, төрелік келісімге қарсы келіп, сот ісін жүргізуді тоқтата тұру жолымен сот талабын қойған тарапқа ықпал ету көзделеді. Төрелік туралы қаулылар төрелік шешімде оны негіздейтін дәлелдердің қамтылуын талап етпейді. Бұл төрелік шешімнің заңдық негізділігінің сот тексерісіне жатпайтындығымен байланысты. Алайда, заңда көрсетілген жағдайларда соттың төрелік шешімнің күшін жою мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Сотқа төрелік шешімнің күшін жою құқығы ғана емес, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда сот бұйрығы арқылы осы шешімге өзгертулер немесе түзетулер енгізу құқығы берілген. Бұл ретте мұндай өзгертулердің немесе түзетулердің төрелік шешімге сай болуы және тараптардың өзара қарым- қатынасында әділ сот мақсаттарына қызмет етуі тиіс екені жөнінде айтылып отыр. Ресей Федерациясында, шетелдердің көпшілігіндегі сияқты, соттар тарапынан аралық соттардың және халықаралық коммерциялық төреліктердің шешімдерін бақылау оларды тексеру болып табылмайды. Мемлекеттік соттар жоғары тұрған инстанция болып табылмайды, істі мәнісі бойынша қайта қарамайды және төрелік шешімдердің заңдылығы мен негізділігіне бақылау жасамайды. Мемлекет және даулы құқықтық қатынас тараптары берген дауды қарау мен шешу, құқық қолдану актісін шығару жөніндегі өкілеттіктерді төрешілердің асыра сілтеуін бақылау жөнінде ғана айтылады. Осылайша, Германияның, Францияның, Швецияның, АҚШ-тың, Ресейдің заңнамаларында аралық соттың мейірбандық пен әділдік қағидаттарына («ex aequo et bono» - лат.) сүйене отырып немесе адал ниетті делдал («amiable compositeur») ретінде шешімдер шығару мүмкіндігі, яғни құқық тұрғысынан дәлелді емес шешімдер шығару мүмкіндігі бекітілген. Аралық соттардың осы түрінің нақты жұмыс істеу тетігі, ең алдымен әділ сот шешіміне тараптар кепілі қосымша ой елегінен өткізу мен талқылауға жатады. Аралық соттың нақты іс бойынша жұмысының нәтижесі заңдылық қағидаты тұрғысынан тексерілетін жағдайда мұндай тәжірибені елімізде қолданудың орынсыз екені айқын. «Адал ниетті делдал» шығарған шешім бұл ретте құқықтық емес, этикалық (жалпы әлеуметтік) реттеуіштер рөлін атқаратын теңдік, адалдық, қисындылық, әділдік, жеке ісіне (жеке өміріне) араласпау қағидаттарымен және басқа да негізгі қағидалармен салыстырғанда, оның негізділігі тұрғысынан ғана тексерілуі мүмкін. Қазақстандық аралық соттар мен төреліктердің іс жүргізу мүмкіндіктеріне тоқталатын болсақ, олар шетелдік төреліктердің мүмкіндіктерімен салыстырғанда шектеулі. Соңғылары жеке тұлғалардың және жариялы-құқықтық ұйымдардың, оның ішінде Қазақстанның юрисдикциясындағылардың қатысуымен кез келген жеке құқықтық – шарттық және шарттан тыс дауларды қарауға құқылы (қараңыз, мысалы, Сыртқы сауда төрелігі туралы Еуропа Конвенциясының I бабы, II бабының 1-тармағы, ЮНСИТРАЛ халықаралық сауда төрелігі туралы Үлгілік Заңның 1-бабының 1-тармағы, ЮНСИТРАЛ Төрелік регламентінің 1-бабының 1-тармағы, 2002 жылғы 24 шілдедегі «Ресей Федерациясындағы аралық соттар туралы» Ресей Федерациясы Федералдық Заңының 1-бабының 2-тармағы, 1993 жылғы 7 шілдедегі «Халықаралық коммерциялық төрелік туралы» Ресей Федерациясы Заңының 1-бабының 2-тармағы, «Төрелік туралы» Швеция Заңының 1- бабы [Швеция заңдарының жинағы, 1999:116], Германияның іс жүргізу жинағының оныншы кітабының § 1029-параграфы – 1997 жылғы 22 желтоқсандағы Төрелік туралы заңнаманы жаңаша реттеу жөніндегі заңның 1-бабының 7-бөлімі [Федералдық заңдар жаршысы, 1997, I бөлім, 3224-п]). Басқа дамыған құқық тәртіптеріне мәлім, бұл қағидадан ерекшеліктер де бар. Мәселен, Францияның Жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексінің (АІЖК) 2060-бабына сәйкес мүліктік емес құқықтар саласы көбіне жариялы тәртіппен байланысты, бұл төреліктің құзырын толық жоққа шығарады. Адамдардың жеке мәртебесі мен іс-әрекетке қабілеттігі мәселелері, некені бұзуға қатысты мәселелер төрелікте қаралмайтын болып табылады, олар мемлекеттік соттардың құзырына жатады. Сонымен бірге, барлық өзге де мүліктік емес даулар (бәсекелестік құқығы, зияткерлік меншік құқығы, конкурстық құқық) Францияның Жаңа АІЖК-ке сәйкес төреліктің (аралық соттың) құзырына берілуі мүмкін. Ресейдің төрелік соттары өздеріне бағынысты істерді қараған кезде сот билігін азаматтық және әкімшілік сот өндірісі арқылы жүргізеді. Төрелік соттар туралы заңнама олардың ведомстволық бағыныстылығына экономикалық даулар бойынша істерді және жалпы ереже бойынша сол және басқа жаққа заңды тұлғалар мен кәсіпкер-азаматтар қатысатын кәсіпкерлік және өзге экономикалық қызметті жүзеге асырумен байланысты басқа істерді жатқызған. Олар азаматтық, әкімшілік және өзге құқықтық қатынастардан туындайды және дауға қатысушылар қатарында кәсіпкер мәртебесі берілмеген азаматтың пайда болуы кезінде жалпы заңдық құзырдағы ведомстволық бағыныстағы соттарға айналады. Осындай жағдайларда қолданыстағы азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес олар азаматтық істер ретінде азаматтық сот өндірісі тәртібінде қаралады. АҚШ-та төрелік банкроттық туралы істерді ғана емес, сондай-ақ монополияға қарсы заңнамадан, бағалы қағаздар, патенттер туралы заңнамадан, рэкет және жұмыстағы жемқорлық, кемсіту туралы заңнамадан туындайтын дауларды қарауға құқылы. Украинада «Төрелік соттар туралы» заңға сәйкес аралық соттардың төрелілігінен отбасылық және еңбек мәселелеріне қатысты даулар алып тасталған (неке және еңбек келісімшарттардан туындайтын дауларды қоспағанда). Осылайша, Украина заңнамасы аралық судьялардың тиісті келісімшарттардан туындайтын дауларды қарауына тікелей жол береді. Польшаның АІЖК 5-бөлімінде тараптар кез келген мүліктік дауды, сондай- ақ соттық реттелу мәні бола алатын мүліктік дауды төрелікке бере алады деп белгіленген, осыдан тараптар олар бойынша әрекет ету бостандығына ие кез келген мәселелерді және соттағы бітімгершілік келісім арқылы реттелуі мүмкін дауларды төреліктің қарауына беруі мүмкін екені туындайды. Австрияда Азаматтық іс жүргізу кодексінің § 577 сәйкес тараптар бітімгершілік келісімді жасай алатын кез келген даулар төрелік қараудың мәні болуы мүмкін. Осы қағида Швецияның 1999 жылғы Төрелік туралы заңында бекітілген. Үнемі әрекет ететін төрелік мекемелердің кейбіреулері тиісті елдің қолданыстағы заңнамасына сәйкес төрелік тәртіпте шешілуі мүмкін кез келген дауларды қарау үшін ашық (мысалы Цюрих сауда палатасының төрелік соты). Ал басқалары шаруашылық қызметтің белгілі саласындағы, мысалы биржалық және банктік, халықаралық сауда мен көлік саласындағы дауларды шешу үшін арналған (Антверпен Каучук бойынша, химиялық, минералдық және фармацевтикалық тауарлар бойынша төрелік және бітістіру палаталары). Ірі қаржылық-өнеркәсіптік бірлестіктердің жанында құрылған төреліктің тұрақты органдары бар (мысалы, «Нестле» концерн жанындағы төрелік). Олар төрелік тәртіпте осындай бірлестіктің құрамына кіретін фирмалар арасындағы дауларды қарайды. Осы төрелік органдардың сипаты жасырын және олардың қызметтеріне осы қаржылық-өнеркәсіптік бірлестіктің құрамына кірмейтін дауласушылар жүгіне алмайды. Осылайша, шетелде қалыптасқан төрелік қарау мен заңнама жүйесінің мықты жақтары болып экономикалық дауларды қараудағы икемділік, оларды қараудағы жеделділік, тартысатын тараптар мүдделерінің қорғалуына барынша сәйкестік және әрине, кәсіпкерлер арасында дауларды шешудің нарықтық экономика жағдайларында жұмыс жасаудың кем дегенде үш ғасыр бойы жиналған үлкен тәжірибесі табылады. Осы жүйенің әлсіз жағына оның толымсыздығын (оның әрекеті атап айтқанда, жеке кәсіпкерлер мен мемлекет арасындағы экономикалық дауларды шешуге қолданылмайды) және төрелікті және мемлекеттік соттарды қолдану салаларының ара жігін нақты айырудың жеткіліксіздігін жатқызу қажет, нәтижесінде соңғылары төрелікті осыдан туындайтын салдармен бірге бәсекелес ретінде есептейді. Осындай салдардың бірі, төрелік қарау кез келген сәтте тоқтатыла тұруы мүмкін және сот қаулысымен тоқтатылуы, ал төрелік шешім заңсыз деп танылуы және жойылуы Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Халықаралық даулар ұғымы, пайда болу себептері 2.Халықаралық дауларды шешу жолдары 3.Дүниежүзілік сауда ұйымының ұғымы. Ұсынылатын әдебиет 1. Комаров А.С. Правовые вопросы товарообменных сделок.М.,1994. 2. Лукашук И.И. Стороны в международных договорах. - М., 1996. 3. Розенберг М.Г. Заключение договоров международной купли-продажи товаров. М., 1991. 4. Садиков О.Н., Краснова Н.Л. Исковая давность в МЧП/ Российский ежегодник международного права.1992. 5. Шатров В.П. Международное экономическое право. - М., 1990. 6. Шмитхофф К. Экспорт: право и практика международной торговли.М.,1993 6.Гражданское право: Общая часть / Под ред. Диденко А.Г. – А., 2003 Тақырып 15. Арбитраждық келісім. 1. Арбитраждық келісім. 2. Арбитраждық келісім мақсаты 3. Арбитраждық келісім түрлері Арбитраж ең бастысы реттеуге арналған осы келісім шеңберіндегі құқықтар туралы дауларды реттеуге – мұндай тәжірибе Америка Құрама Штаттары мен Канадада кең таралған – немесе мүдделер туралы дауларды реттеу үшін (кейде басқа елдерде қолданылатын) ұжымдық шартта көзделуі мүмкін. Арбитраж сипаттамасы әдетте екі аспектіде: оны сотта істі қараумен салыстыруда және дауларды реттеудің басқа баламалы құралдарымен салыстыруда беріледі. Бұл ретте арбитраж өзінің табиғатында соттық емес нысандардан гөрі, дауларды сотта қарау рәсімдеріне жақынырақ екендігі атап көрсетіледі. Сотта істі қараумен ұқсастығы арбитраж негізінде тараптарды сайыстыру қағидаты жатыр, ал арбитр квази-сот функцияларын орындайды – дәлелдерді зерттейді, фактілерді анықтайды, заңдық күші жағынан мемлекеттік сот шешіміне тең келетін шешім шығаратындығынан байқалады. Бітімге келу жағдайындағыдай, дауды арбитражға беру ерікті және мәжбүрлі түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Арбитраждық рәсімдер тараптардың уағдаластығы бойынша басталғанда ғана арбитраж ерікті болып есептеледі. Керісінше, тараптардың бірі арбитраждық рәсімдерді өз бастамасымен бастаса, арбитраж мәжбүрлі болып есептеледі. Егер мәжбүрлі арбитражда қоғам үшін өмірлік маңызы бар жұмыстар өндіретін тараптар қатыспаса, онда мүдделер туралы дауларды шешу үшін сирек қолданылады. Арбитраж әрбір нақты дауды жеке арбитр немесе арбитраждық комиссия арнайы қарауы үшін аса жиі ұйымдастырылады. Арбитраждық комиссиялар, әдетте, қызметкерлер тәрізді, жұмыс берушілер өкілдерінен де тұрады. Бұл ретте, дауды шешуде – жеке арбитрлар ме немесе арбитраждық комиссиялар кім қатысатындығынан тәуелсіз – арнайы ұйымдастырылған арбитраж нақты дауларды олардың туындауына қарай шешуге сай келетін арбитрларды таңдап алуды талап етеді. Ерікті арбитраж Ерікті арбитраж тәжірибесін таратудың бірнеше тәсілдері бар: • тараптар үшін арбитраждық шешімдердің заңдық тұрғыдан міндеттілігі; • арбитраж үшін механизмдері мен талаптарын әзірлеу; • бітімге келтіру рәсімдерінің сәтсіз жағдайларында, делдалдың дауды арбитражға беруге тараптарды иландыру міндетін белгілеу; • тараптардың келісімімен арбитраждық шешім шығару өкілеттігін беру арқылы. Бірқатар елдерде заңнама делдал немесе өзге органнан дауды арбитраждық шешім шығаруға беруді талап етеді (осылайша, істі қозғау кезеңінде арбитражды мәжбүрлі етеді), алайда тараптар қаулыны немесе шешімді ол шығарылғаннан кейінгі көрсетілген мерзімде қайтару құқығын өзіне қалдырады, ол қаулы немесе шешімнің міндеттілігіне еріктілік сипат қосады. Еркін арбитражды көздейтін заңнама дауларды арбитраждық органның қарауына беру мүмкіндігі туралы ережені қамтуы мүмкін: • тараптардың бірлескен өтініші бойынша, немесе • тараптардың келісімімен немесе сұратуымен делдалдық орган арқылы, немесе • делдалдық орган немесе тараптардың шешім шығарылған соң өзге мекеме арқылы одан бас тарту құқығы болуы. Мәжбүрлі арбитраж Егер дау оған қатысатын тараптардың уағдаластығынсыз немесе келісуінсіз арбитражға берілсе (кімнің – тараптардың бірінің, мемлекеттің немесе тәуелсіз органның бастамасымен болғанына қарамастан) және егер дауды реттеу тараптар үшін міндетті шешім негізінде болса арбитраж мәжбүрлі болып есептеледі. Мүдделер туралы дауларды шешуде мәжбүрлі арбитражды пайдалану даулы болып табылады: әдетте ол ереуілге шығу құқығын шектеумен байланыстырылады және тараптардың ұжымдық келіссөздерге деген құқықтарын шектейді. Бұдан басқа, мәжбүрлі арбитраж ұжымдық келіссөздер бостандығын жойып, тиімді ұжымдық келіссөздер үшін қажетті тараптардың мәмілеге келудегі өз талаптары мен ұстанымдарына қатысты дайындығын төмендетеді деп саналады. Ерікті арбитраж жағдайында, дауды арбитражға беруге тараптардың келісім талабы бар. Делдал ретіндегі адам немесе басқа орган дауды арбитражға бере алады немесе беруге тиіс, дегенмен, бұл ретте тараптар арбитраждық шешімді қайтаруға құқылы; көрсетілген мерзімде мұндай қайтару болмаса, арбитраждық шешім орындалуға міндетті болады. Арбитраждық органдарға тергеу жүргізу өкілеттіктерін беру көзделіп, ол мыналарды қамтуы мүмкін: • айғақты жазбаша түрде беруді талап ету өкілеттігі; • айғақ беру мақсаттарындағы отырыстарға куәгерлерді қатысуға мәжбүрлеу өкілеттігі; • бухгалтерлік кітаптар мен есептілікті көрсетуді талап ету өкілеттігі; • қаржы және басқа мәселелер бойынша сарапшылар қызметтеріне жүгіну өкілеттігін арбитраждық органдарға тергеу жүргізу өкілеттіктерін беру көзделеді. Бұл өкілеттіктер тәжірибеде тараптардың бірінің өтініші бойынша пайдаланылуы мүмкін, дегенмен олар арбитраждық органның бастамасымен де пайдаланылуы мүмкін. Арбитраждық органнан шығарылған шешімнің негізділігін талап етудің де қажет болуы мүмкін. Егер шешім орындалуға міндетті болып табылса, оның негізділігі дау тараптарының оны қабылдауына жәрдемдеседі, сондай-ақ дауды реттеудің аса қанағаттанарлық негізін қамтамасыз етеді. Арбитражды, оның ішінде мәжбүрлі арбитражды пайдаланудың басты себептерінің бірі – заңдық рәсімдермен байланысты кедергілер, атап айтқанда, арбитраждық шешімге шағым жасау мүмкіндіктерінен сақтану. Осыдан сақ болу үшін көптеген елдерде мүдделер туралы даулар бойынша шығарылған арбитраждық шешімдер түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды. Еңбек арбитражының төрағасын тараптар арбитраж мүшелері қатарынан сайлайды. Еңбек арбитражы ұжымдық еңбек дауын ұжымдық еңбек дауы тараптары өкілдерінің міндетті түрде қатысуымен, ал қажет болғанда басқа да мүдделі адамдар өкілдерінің де қатысуымен қарайды. Дауды қарау рәсімін еңбек арбитражы белгілейді және ұжымдық еңбек дауы тараптарының назарына жеткізеді. Еңбек арбитражының шешімі құрылған күнінен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірілмей арбитраж мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Еңбек арбитражы мүшелерінің дауыстары тең бөлінген кезде төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Шешім дәлелді әрі жазбаша түрде болуға және оған арбитраж мүшелерінің барлығы қол қоюға тиіс. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары : 1. Арбитраждық келісім. 2. Арбитраждық келісім мақсаты 3. Арбитраждық келісім түрлері Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: 1. Комаров А.С. Правовые вопросы товарообменных сделок.М.,1994. 2. Лукашук И.И. Стороны в международных договорах. - М., 1996. 3. Розенберг М.Г. Заключение договоров международной купли-продажи товаров. М., 1991. 4. Садиков О.Н., Краснова Н.Л. Исковая давность в МЧП/ Российский ежегодник международного права.1992. 5. Шатров В.П. Международное экономическое право. - М., 1990. 6. Шмитхофф К. Экспорт: право и практика международной торговли.М.,1993 3.Практикалық сабақтың құрылымы Тақырып 1. Халықаралық сауда құқығының (ХСҚ) ұғымы 1.ХСҚ түсінігі мен қайнар көздері. 2.ХСҚ субъектілері. 4. ХСҚ объектілері. 5. Бағалы қағаздар жіктелуі және олардың ХСҚ- мен реттелуі. 6. Интеллектік қызмет және оның құқықтық реттелуі. 7. ХСҚ тарихы. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Тұрғын ұй құқығының әдісі, нысаны. 2. Тұрғын ұй құқығының жүйесі 3. Тұрғын ұй құқығымен реттелетін қатынастар. Ұсынылатын әдебиет 1.Басин Ю.Г. Вопросы жилищного права. –Алма-Ата,- 1963. 2. Басин Ю.Г., Попов И.Т. О жилищных правоотношениях советских граждан- АлмАта: Казахстан, 1966. 3. Басин Ю.Г. Право на жилище-новое конституционное право советского человека. Алма-Ата, 1980. 4. Басин Ю.Г. Вещные права участников кондоминиума и членов жилищных кооперативов// Научные труды «Әділет». 1998.-№2(4). –С. 21-52. Тақырып 2. Халықаралық саудалық мәмілелер (ХСМ). ХСҚ мерзімдер. 1.ХСМ-ң нысандары және отыру тәртібі. 2.ХСМ бойынша жауапкершілік негіздері мен түрлері. 3.Халықаралық сауда міндеттемелері бойынша жауапкершіліктен босату. 4.ХСҚ мерзімдер ұғымы және түрлері. 5.Талап мерзімі. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. ХСМ бойынша жауапкершілік негіздері мен түрлері. 2. Халықаралық сауда міндеттемелері бойынша жауапкершіліктен босату. 3. ХСҚ мерзімдер ұғымы және түрлері. 4. Талап мерзімі. Ұсынылатын әдебиет 1.Богусловский М.М. Иностранные инвестиции: правовое регулирование. - М., 1996. 2.Велъятинов Г.М. Основы международного экономического права. - М., 1994. 3.Комаров А.С. Правовые вопросы товарообменных сделок.М.,1994. 4.Лукашук И.И. Стороны в международных договорах. - М., 1996. 5. Розенберг М.Г. Заключение договоров международной купли- продажи товаров. М., 1991. Тақырып 3. Халықаралық тауарларды сатып алу-сату. 1.Халықаралық тауарларды сатып алу-сату туралы Вена Конвенциясына түсініктеме. 2.Халықаралық сатып алу-сату шарты бойынша тараптардың құқықтарымен міндеттері. Сатып алу-сату шартын орындамаған уақытта құқықтық қорғау жағдайлары. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1.Халықаралық тауарларды сатып алу-сату туралы Вена Конвенциясына түсініктеме. 2.Халықаралық сатып алу-сату шарты бойынша тараптардың құқықтарымен міндеттері. Сатып алу-сату шартын орындамаған уақытта құқықтық қорғау жағдайлары. Ұсынылатын әдебиет 1.Богусловский М.М. Иностранные инвестиции: правовое регулирование. - М., 1996. 2.Велъятинов Г.М. Основы международного экономического права. - М., 1994. 3.Комаров А.С. Правовые вопросы товарообменных сделок.М.,1994. 4.Лукашук И.И. Стороны в международных договорах. - М., 1996. 5. Розенберг М.Г. Заключение договоров международной купли-продажи товаров. М., 1991. Тақырып 4. ХСҚ делдалдық. 1.ХС делдалдық және оның құқықтық реттелуі. 2.ХС өкілдік. 3.Сауда өкілінің жауапкершілігі. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1.ХС өкілдік. 2.Сауда өкілінің жауапкершілігі. Ұсынылатын әдебиет 1. Комаров А.С. Правовые вопросы товарообменных сделок.М.,1994. 2. Лукашук И.И. Стороны в международных договорах. - М., 1996. 3. Розенберг М.Г. Заключение договоров международной купли-продажи товаров. М., 1991. 4. Садиков О.Н., Краснова Н.Л. Исковая давность в МЧП/ Российский ежегодник международного права.1992. 5. Шатров В.П. Международное экономическое право. - М., 1990. 6. Шмитхофф К. Экспорт: право и практика международной торговли.М.,1993 Тақырып 5. Халықаралық есептер және халықаралық несиелік аудармалар 1. Есептер. 2. Халықаралық несиелік аудармалар. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1.Есептер. 2.Халықаралық несиелік аудармалар. Ұсынылатын әдебиет 1. Комаров А.С. Правовые вопросы товарообменных сделок.М.,1994. 2. Лукашук И.И. Стороны в международных договорах. - М., 1996. 3. Розенберг М.Г. Заключение договоров международной купли- продажи товаров. М., 1991. 4. Садиков О.Н., Краснова Н.Л. Исковая давность в МЧП/ Российский ежегодник международного права.1992. 5. Шатров В.П. Международное экономическое право. - М., 1990. 6. Шмитхофф К. Экспорт: право и практика международной торговли.М.,1993 Тақырып 6. Халықаралық саудадағы аккредитив 1 Халықаралық саудадағы банктік кепілдік ұғымы, белгілері. 2 Халықаралық саудадағы банктік кепілдік түрлері. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1 Халықаралық саудадағы банктік кепілдік ұғымы, белгілері. 2 Халықаралық саудадағы банктік кепілдік түрлері. Ұсынылатын әдебиет 1. Комаров А.С. Правовые вопросы товарообменных сделок.М.,1994. 2. Лукашук И.И. Стороны в международных договорах. - М., 1996. 3. Розенберг М.Г. Заключение договоров международной купли-продажи товаров. М., 1991. 4. Садиков О.Н., Краснова Н.Л. Исковая давность в МЧП/ Российский ежегодник международного права.1992. 5. Шатров В.П. Международное экономическое право. - М., 1990. 6. Шмитхофф К. Экспорт: право и практика международной торговли.М.,1993 6.Гражданское право: Общая часть / Под ред. Диденко А.Г. – А., 2003 Тақырып 7. Халықаралық саудадағы инкассо. 1. Халықаралық саудадағы инкассо 2. Халықаралық саудадағы инкассоның маңызы Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Халықаралық саудадағы инкассо түсінігі 2. Халықаралық саудадағы инкассоның маңызы қандай Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Комаров А.С. Правовые вопросы товарообменных сделок.М.,1994. 2. Лукашук И.И. Стороны в международных договорах. - М., 1996. 3. Розенберг М.Г. Заключение договоров международной купли-продажи товаров. М., 1991. 4. Садиков О.Н., Краснова Н.Л. Исковая давность в МЧП/ Российский ежегодник международного права.1992. 5. Шатров В.П. Международное экономическое право. - М., 1990. 6. Шмитхофф К. Экспорт: право и практика международной торговли.М.,1993 Тақырып 8. Халықаралық саудадағы банктік кепілдік. 1. Халықаралық саудадағы банктік кепілдік түсінігі 2. Халықаралық саудадағы банктік кепілдік маңызы. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Халықаралық саудадағы банктік кепілдік түсінігі 2.Халықаралық саудадағы банктік кепілдік маңызы Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: 1. Комаров А.С. Правовые вопросы товарообменных сделок.М.,1994. 2. Лукашук И.И. Стороны в международных договорах. - М., 1996. 3. Розенберг М.Г. Заключение договоров международной купли-продажи товаров. М., 1991. 4. Садиков О.Н., Краснова Н.Л. Исковая давность в МЧП/ Российский ежегодник международного права.1992. 5. Шатров В.П. Международное экономическое право. - М., 1990. 6. Шмитхофф К. Экспорт: право и практика международной торговли.М.,1993 Тақырып 9. Халықаралық факторинг. 1. Халықаралық факторинг түсінігі. 2 Халықаралық факторинг маңызы және түрлері. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1) Халықаралық саудадағы факторинг түсінігі 2)Халықаралық саудадағы факторинг маңызы қандай 3) Әлемдік нарықтағы факторинг Ұсынылатын әдебиет тер: 1. Комаров А.С. Правовые вопросы товарообменных сделок.М.,1994. 2. Лукашук И.И. Стороны в международных договорах. - М., 1996. 3. Розенберг М.Г. Заключение договоров международной купли-продажи товаров. М., 1991. 4. Садиков О.Н., Краснова Н.Л. Исковая давность в МЧП/ Российский ежегодник международного права.1992. 5. Шатров В.П. Международное экономическое право. - М., 1990. 6. Шмитхофф К. Экспорт: право и практика международной торговли.М.,1993 Тақырып 10. Халықаралық қаржылық лизинг. 1. Лизинг ұғымы мен түрлері 2. Халықаралық қаржылық лизинг түсінігі, маңызы Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1) Лизинг түсінігі 2)Халықаралық саудадағы қаржылық лизингтің маңызы қандай Ұсынылатын әдебиет тер: 1. Комаров А.С. Правовые вопросы товарообменных сделок.М.,1994. 2. Лукашук И.И. Стороны в международных договорах. - М., 1996. 3. Розенберг М.Г. Заключение договоров международной купли-продажи товаров. М., 1991. 4. Садиков О.Н., Краснова Н.Л. Исковая давность в МЧП/ Российский ежегодник международного права.1992. 5. Шатров В.П. Международное экономическое право. - М., 1990. 6. Шмитхофф К. Экспорт: право и практика международной торговли.М.,1993 Тақырып 11. Халықаралық сауда айналымындағы мердігерлік және халықаралық тасымалдау. 1. Халықаралық сауда айналымындағы мердігерлік және халықаралық тасымалдау түсінігі 2. Халықаралық сауда айналымындағы мердігерлік және халықаралық тасымалдау маңызы Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Халықаралық сауда айналымындағы мердігерлік және халықаралық тасымалдау түсінігі 2. Халықаралық сауда айналымындағы мердігерлік және халықаралық тасымалдау маңызы Ұсынылатын әдебиет 1. Гражданское право / Ред. Тулеугалиев Г. - А., 1999 2.Граждангское право / Ред. Гришаев С. – М., 1998 3.Гражданское право : Уч. Т.1,2,3,/ Ред. Сергеев А.П. – М., 2000 4.Гражданское право: Общая часть / Под ред. Диденко А.Г. – А., 2003 5.Гражданское право. Ч.ІІ :Конспект лекций /Авт.-сост. Р.Беленков .- М.:ПРИОР,2000 Тақырып 12. Халықаралық лицезиялық және сонымен байланысты шарттар. Франчайзинг. 1. Франчайзинг ұғымы 2. Франчайзинг түрлері 3. Қазіргі франчайзингтің даму ерекшеліктері Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Франчайзинг ұғымы 2.Франчайзинг түрлері 3.Қазіргі франчайзингтің даму ерекшеліктері. Ұсынылатын әдебиет 1. Комаров А.С. Правовые вопросы товарообменных сделок.М.,1994. 2. Лукашук И.И. Стороны в международных договорах. - М., 1996. 3. Розенберг М.Г. Заключение договоров международной купли-продажи товаров. М., 1991. 4. Садиков О.Н., Краснова Н.Л. Исковая давность в МЧП/ Российский ежегодник международного права.1992. 5. Шатров В.П. Международное экономическое право. - М., 1990. 6. Шмитхофф К. Экспорт: право и практика международной торговли.М.,1993 Тақырып 13. Халықаралық инвестициялар. 1. Халықаралық инвестициялар. 2. Инвестициялық портфель Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Халықаралық инвестиция 2.Инвестициялық портфель ұғымы Ұсынылатын әдебиет 1. Комаров А.С. Правовые вопросы товарообменных сделок.М.,1994. 2. Лукашук И.И. Стороны в международных договорах. - М., 1996. 3. Розенберг М.Г. Заключение договоров международной купли-продажи товаров. М., 1991. 4. Садиков О.Н., Краснова Н.Л. Исковая давность в МЧП/ Российский ежегодник международного права.1992. 5. Шатров В.П. Международное экономическое право. - М., 1990. 6. Шмитхофф К. Экспорт: право и практика международной торговли.М.,1993 Тақырып 14. Халықаралық сауда дауларын шешу тәртібі. 1.Халықаралық сауда дауларының ұғымы 2.халықаралық сауда дауларын шешу жолдары 3.ДСҰ түсінігі 4. ЮНСИТРАЛ халықаралық сауда төрелігі Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Халықаралық даулар ұғымы, пайда болу себептері 2.Халықаралық дауларды шешу жолдары 3.Дүниежүзілік сауда ұйымының ұғымы. Ұсынылатын әдебиет 1. Комаров А.С. Правовые вопросы товарообменных сделок.М.,1994. 2. Лукашук И.И. Стороны в международных договорах. - М., 1996. 3. Розенберг М.Г. Заключение договоров международной купли-продажи товаров. М., 1991. 4. Садиков О.Н., Краснова Н.Л. Исковая давность в МЧП/ Российский ежегодник международного права.1992. 5. Шатров В.П. Международное экономическое право. - М., 1990. 6. Шмитхофф К. Экспорт: право и практика международной торговли.М.,1993 6.Гражданское право: Общая часть / Под ред. Диденко А.Г. – А., 2003 Тақырып 15. Арбитраждық келісім. 1. Арбитраждық келісім. 2. Арбитраждық келісім мақсаты 3. Арбитраждық келісім түрлері Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Арбитраждық келісім. 2. Арбитраждық келісім мақсаты 3. Арбитраждық келісім түрлері Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: 1. Комаров А.С. Правовые вопросы товарообменных сделок.М.,1994. 2. Лукашук И.И. Стороны в международных договорах. - М., 1996. 3. Розенберг М.Г. Заключение договоров международной купли-продажи товаров. М., 1991. 4. Садиков О.Н., Краснова Н.Л. Исковая давность в МЧП/ Российский ежегодник международного права.1992. 5. Шатров В.П. Международное экономическое право. - М., 1990. 6. Шмитхофф К. Экспорт: право и практика международной торговли.М.,1993 4. Студенттердің өздік жұмысы 4.1.Студенттердің өздік жұмысын орындаудағы әдістемелік нұсқаулар Өздік жұмысының кең таралған және маңызды түрлерінің бірі – ол тәжірибелік сабақтарға және ғылыми конференцияларға студенттермен әзірленетін рефераттар болып саналады. Бұл өздік жұмыстың түрі өте қызықты және маңызды, өйткені ол студентті ғылыми зерттеулерге баулиды. Рефератты дайындау студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының элементі ретінде оларды аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік береді. Осының бәрі, студенттердің рефераттық жұмыстарын басқаруын ұйымдастыруға үлкен жауапкершілік артады. Рефераттың тақырыбын таңдап алу өте маңызды орын алады, өйткені студенттің өздік жұмысқа деген қызығушылығы, алынған тақырыпқа байланысты болады. Сондықтан, оқытушыға студенттің тақырыпты дұрыс таңдап алуына көмек жасап, рефератты әзірлеу барысында оған жалпы басқаруды қамтамасыз ету қажет. Рефератты әзірлеуінің бірінші кезеңі - әдебиетті дұрыс таңдау, ол үшін кітапханадағы каталогтарды және басқада библиографиялық нұсқауларды қолданған жөн. Студентті анықтамалық әдебиеттермен, термин – аудармалармен, әдістемелік нұсқаулармен, ғылыми журналдармен қолдануға үйрету қажет. Екінші кезең – танысу, мәліметті топтастыру және талдау. Ең алдымен тақырып бойынша негізгі құжаттарды оқып, оларды зерттеуден бастау керек. Осы жұмыс барысында тақырыптың негізгі сұрақтары біліне бастайды, олардың реттілігі және бастапқы жоспары. Сонан кейін, жоспардың сұрақтары арқылы барлық зерттелген әдебиет бойынша мәліметті топтастыру қажет. Барлық мәлімет жиналғаннан кейін, жоспарды ретке келтіріп, рефератты құрастыруға және жазуға кірісуге болады. Бұл реферат әзірлеуінің үшінші соңғы кезеңі болмақ. Ақырында пайдаланған әдебиет тізімін келтіру қажет. Оқытушыға студенттерді қатал бақылауының қажеті жоқ, керісінше олардың ынтасын марапаттау қажет. Реферат толығымен әзірленбей тұрып, оқытушы студенттің дайындаған жоспарын қарап шығу қажет. Рефератты ресімдеу сұрақтары бойынша арнайы кеңес берген жөн. Рефераттың титулды бетіне университеттің және факультеттің атауын, мамандығын, тақырыбын, өзінің аты – жөнін, жазылған жылын көрсету қажет. Келесі бетте, цифрлармен белгіленген рефераттың жоспары көрсетіледі. Жоспардағы сұрақтардың жауабын жаңа беттен бастаған жөн. Рефератты жазу барысында беттерді нөмірлеп, сол жақтан (3 см) жолдарды қалтыру керек. Ақырғы бетте пайдаланған әдебиеттің тізімі көрсетіледі, олардың жазылуын алдын ала оқытушы студенттерді таныстырады. Реферат жұмысы аяқталғаннан кейін, оны студент тексеруге оқытушыға тапсырады, сонан кейін барып ол жұмысқа : «сыналды», «сыналған жоқ» немесе «қанағаттандырылған», «жақсы», «өте жақсы» деген баға беріледі. Рефераттық жұмыстардың есепке алуының жеке журналы болғаны немесе рефераттарды болашақ оқу жұмыстарында пайдалану үшін оқу залында сақтаған жөн.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz