Файл қосу
Жарнама мәтінінің лингвистикасы
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |СМК құжатының 3-деңгейі |ОӘК |ОӘК 042-33.1.105/03-2014 | |ОӘК |№1 басылым | | |«Профильдік дизайн |10.01.2014 | | |объектілерін жобалау 5» | | | |пәнінен оқу - методикалық | | | |материалдар | | | ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН «Профильдік дизайн объектілерін жобалау 5» 5В042100 – «Дизайн» мамандығына ОҚУ-МЕТОДИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР Семей 2014 Мазмұны |1 Глоссарий |3 | |2 Дәріс |4 | |3 Тәжірибелі сабақ | | |4 Курстық жоба | | |5 Студенттердің өздік жұмыстары | | 1 ГЛОССАРИЙ Анықтамалықтағы жарнама – қандай да бір тауарды қалай сатып алуға немесе қажетті қызмет түрін қайдан табуға болатындығын білгісі келетіндерге арналады. Әлеуметтік жарнама белгілі бір жағымды, оң іс-әрекетті насихаттауға бағытталады. Жекелеген сауда жарнамасы - жергілікті сипатқа ие және әртүрлі өнімдер сатылып, белгілі бір қызмет түрі ұсынылатын нақты бір сауда нүктесіне немесе қызмет ету саласындағы мекемеге бағытталады. Институционалды жарнаманы корпоративті деп те атайды. Интерактивті жарнама – компьютермен қамтылған және нтернетке шығу мүмкіндігі бар дара тұтынушыға жеткізіледі. Насихаттық жарнама – фирманың алдында таңдамалы сұранысты қалыптастыру міндеті тұрғанда үлкен маңызға ие болады. Сауда маркасының жарнамасында - марканың ұзақ уақыт есте сақталуын қамтамасыз етуге баса назар аударылады. Саяси жарнама – соңғы уақытта мұндай жарнамалар депутаттыққа, президенттікке үміткерлер арасындағы таласты сұрақтардан гөрі, саясаткердің оң имиджін қалыптастыруға ыңғайластырылып жасалып жүр. Тікелей үн қататын жарнама кез келген жарнамалық ортаны, оның ішінде пошта арқылы жөнелтуді пайдалана алады. Сатып алушы тек телефон немесе пошта арқылы тапсырыс берсе болады, тауар белгіленген уақытта қолайлы тәсілмен жеткізіледі. Іскерлік жарнамаға жекелеген саудагерлерге, көтерме сауда жасайтындарға және дистрибюторларға, сонымен қатар, өнеркәсіп мекемелеріндегі сатып алушылар мен кәсіпқой мамандарға (мысалы, адвокат пен дәрігерлерге) арналған хабарламалар жатады. 2 ДӘРІС 1- дәріс Тақырып: Жарнама туралы түсінік Кез келген ақылы жарнама презентация формасы мен тауардың, қызметтің, ойдың алға жылжуын айтамыз. Ол латын тілінен «reclamare», немесе француз тілінен «reclame» аударғанда «қатты айғайлау» немесе «жарнамалау» деген мағынаны білдіреді. Біздің жарнама дегенде білеріміз – бір топтың немесе бір фирма өнімінің жақсы жағын насихаттап, мақтайды деген үстірт түсінік. Алайда жарнама құрылымының сипаттамасына тереңірек зер салып, үңіле түссек, бұл құрылымның бастауында оның қалыптасу тарихы мен өзіндік кезеңдері бар екенін аңғарамыз. Ал, сонымен жарнама дегеніміз не? Осыған тоқталсақ. «Жарнама – спектакль, концерт, дәріс немесе көрермендерге арналған басқа да мәдени шаралар, спорттық жарыстар, ойын-сауықтар туралы хабарландырудың бір түрі». Немесе: «Жарнама дегеніміз – белгілі бір фирма, тауар немесе қызмет түрі жайлы мағлұматтардың бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялануы»,- деген жалпыға ортақ анықтама бере отырып, таралуына қарай жарнама ақылы және жанама болып бөлінеді. Газет бетін сатып алып, жарнамалау ақылы деп аталады. Ал өнімді ұсынушы адамның немесе фирманың көпшілік қауым мен бұқаралық ақпарат құралы арасында болатын әртүрлі байланыстар жанама жарнамаға тән. Оның тиімді тәсілі мектепте, қарттар үйінде, тағы басқа мекемелерде фирманың өз өнімдерін тегін таратуы. Жанама жарнаманың басты үш қызметі бар. Олар: - нарық кеңістігінде әйгілі болу; - фирманың беделін арттыру; - тығырыққа тірелген кезде өз беделін сақтап қалу мақсатында жарнамалауды жүзеге асыру. Жарнаманың жеке адамдарға арналған хабарландыру, құлақтандыру, сақтандыру секілді түрлері де болады. Мәселен: жекелеген адамдардың жоғалған, ұрланған құнды заттарын, құжаттарын жарнамалайды. Бұл дегеніміз жарнаманың сақтандыру немесе құжаттандыру түрі болып табылады. Бүгінгі таңда белгілі бір кәсіпорынның өнімін жарнамалау кеңінен тарап кетті. Мұндай бағыттағы жарнаманы жүзеге асыру үшін мейлінше өнімнің жақсы қасиеттерін көрсетуге тырысады. Яғни, бұл ақпараттық сипаттағы жарнамаға жатады. Құрылымдық жағынан жарнама суреттер арқылы безендірілетін және тек сөздерден тұратын жарнама болып бөлінеді. Жарнама БАҚ-тың барлық түрінде кездеседі. Жарнамаға әйгілі маркетолог Филип Коттлер былай анықтама береді: «Жарнама – нақты қаржыландырудың қайнар көзі көрсетілген, ақпаратты таратудың ақылы құралдары көмегімен жүзеге асатын коммуникацияның өзіндік нысаны». Ал Американдық маркетинг ассоциациясының берген анықтамасы бойынша: «Жарнама - бұл тапсырыс берушінің нақтылы төлемімен тауарларды және қызмет көрсетудің кез-келген формасы және ол тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып тұтынушыларға қызмет көрсететін және маркетингтің құрамдас бөлігі болып табылады»,- деп тұжырымдайды. 1996 жылы шыққан «Сауда туралы жарнама» кітабының авторлары В.Беклешев және С.Вороновтың жарнамаға берген анықтамасы АҚШ-тағы «Эдвертайзинг Эйдж» журналында өткізілген конкурс барысында мақұлдауын алғаны белгілі. Бұл жерде жарнамаға жалпы сипаттама бере келе, «Жарнама – ол жарнама беруші қарамағынан шығатын бұқараның мақұлдауын, дауыстарын алуы, тұтынушылар мен тұтынушылар санын көбейту және табысты көбейту мақсатында алдын-ала ақысы төленген тауар, қызмет, қоғамдық қозғалыс немесе тұлға туралы баспа, қолмен жазылған, ауызша немесе бейнелік хабарлама»,- деп нақтылы тұжырымға келген. Ұраншылар институты мемлекеттік билік орнатудағы ежелгілерінің бірі болып саналғандықтан, мұндай қызмет барлық ежелгі мемлекеттерде тіркелген. Еуропа территориясында ұраншылар хабарландырулары б.з.б. ХІҮ ғ. жатқан Крит- Микендік мәдениетінің орталықтарында қазба жұмыстары кезінде табылды. Ұраншылар ежелгі ірі қалаларда адамдардың көп шоғырланған жерлерде күнделікті ақпарат беру үшін қызмет еткен. Негізінен бұл ақпарат мемлекеттік бұйрық түрінде саяси мәнде болған, бірақ көп жағдайда ұраншылар тұрғылықты халыққа жалпылай маңызды ақпаратты беріп отырды. Әйгілі қолбасшыларды ұрандау, елшілердің келуі туралы алдын-ала айту, нан тарату немесе жақында цирктің көрсетілуі туралы хабарды тарату түрлері ертеде жиі кездесіп отырған. Мәдениеттанушылардың пікірінше, ежелгі және ортағасыр заманында қоғамдық-рухани өмір салты ауызша формада көрініс тауып, жалғасып отырған. Мұны жарнамалық мәтіндердің ауызша нұсқалары дәлелдейді. Саудагерлердің айқайлары жарнаманың ерекше жанрын қалыптастырды, бұл жарнамалар: • тауар мен қызмет көрсетуді ұсыну түрінде; • жаяу қолөнершілердің делдалдарының шақырулары; • жарнама құралдары кешені (ауызша - сөз түрінде, әртүрлі бейнелік элементтер, мимика мен ым (жест) түрінде ұсынылып отырған. Сол кездің өзінде жарнаманы өткізетін ыңғайлы уақыт пен орын таңдауды ұйымдастыру аса маңызды болған. Ал бейнелік жарнаманың бастаулары адамзаттың ою-өрнек, сурет пен мүсіндерді игеруімен тығыз байланысты. Ежелгі Грекияда көркемөнер мен қолөнершілердің жасаған бұйымдарын фирмалық таңбамен белгілеу дәстүрі қалыптасқан. Осылайша қазір жарнаманың әдіс-тәсілдері болып табылатын таңбалық құралдар меңгерілуі ежелден бастау алған. Мәдениет дамуының бастапқы кезеңдерінде-ақ жарнама жазбаша мәтін түрінде шыға бастады. Әрине, бұл жазудың пайда болуымен сипатталады. Антика кезеңіндегі жазбаша жарнама өмірдің барлық салаларын қамтыды. «Фаустин табыстарына монша өзінің барлық қызметтерін ұсынады» -деп Рим азаматтарының сүйікті антикалық моншалары жарнамаланған. Осындай сипатқа ие болған жарнама антикалық қалаларда адамдардың көбірек шоғырланған аудандарында арнайы бөлінген орындарда жүзеге асып отырды. Жарнамалық мәтіндер бүгінгі заманның өнертабысы емес, олардың бастаулары ежелгі замандардан көрінеді, яғни, антикалық заманда жарнамалық қызмет қалыптаса бастады деп тарихи жәдігерлерге көз жүгірте отырып нақты айта аламыз. Демек, афиша, плакат, сауда маркасы, жарнамалық акция сияқты құбылыстардың бастапқы түрлері антика заманында қалыптасты деуге толық негіз бар. 2-дәріс Тақырып: Батыс Еуропадағы ортағасырлық жарнама Ортағасырлар дәуірі 476 жылдан, яғни, Ұлы империяның күйреуіне себеп болған Рим варварларының жаулап алуынан басталып, Қайта өрлеу дәуіріне дейін созылғаны белгілі. Мәдениет сахнасында рухани дүниетаным, христиандық идеология, шіркеу институттары қалыптасты. Осының арқасында халық көбінесе уағыздау, рухани насихаттау мен ілімдердің рухани әсерін қабылдауға қабілетті болды. Осындай мәтіндердің әрқайсысы діни жарнама сипатында болған. Қауымға ауызша түрде шіркеу қызметкерлері ғана емес, сонымен бірге әкімшілік өкілдері мен саудагерлер де ықпал етіп отырған. Ұраншылар институты антикалық заманнан ортағасырлық мәдениетке өткен. Жарнамаға деген сұраныстың артуы Х-ХІ ғғ. ортағасырлық қалалардың өсуімен байланыстырылады. Урбанизация бұқаралық ақпараттандырудың, оның ішінде жарнаманың көп түрлерінің пайда болуына себеп болды. Ұраншылар әртүрлі сауда гильдияларын өткізу үшін қызмет еткен. Ағымдық әкімшілік бұйрықтарды хабарлайтын патшалық және рыцарлық геральд-ұраншылары және қалалық ұраншылар болған. Ұраншылар тарататын ақпарат «жоғарыдан төменге» бағытталған түрде ғана болған жоқ. Кейбір ұраншылар халыққа қажетті нәрселерді сату, сатып алу туралы хабарламалар жинаған. Гильом де Вильнев құрастырған «Париж ұрандары» жинағы ХІІІ ғасырда жазылғандығын ескерсек, бұл жинақта жарнамалар бұқаралық байланыстың ерекше түрі және қызметі ретінде бағаланған. 1608 жылы жарық көрген «Лондон ұрандары» кітабында алғашқы ауызша жарнаманың мысалдары келтірілді. Бұл жерде: «Әйелдер мен еркектердің назарына! 24 жастағы келіншек жөнінде хабарыңыз болса, ұраншыға хабарлаңыз, Сізге еңбегіңіз үшін көп алғыс айтамыз...» деп жазылған. Мұның өзі ауызша жарнаманың мазмұнды әрі айқын түрі. Ортағасырлық жарнама әлемі ауызша мәтіндермен ғана шектелген жоқ. Суретшілер, мүсіншілер шеберлігі жарнамалық қызметтің белсенді жұмыс атқарылуына әрқашан көмектесіп отырды. ХІ-ХІІ ғғ. геральдика – таңбалар жүйесі қалыптасты. Партолло де Сассоферрато «Белгілер мен елтаңбалар жөнінде» трактатында суреттерді дұрыс қолданудың ережелері мен принциптері туралы жазған. Көріп отырғанымыздай, жарнама әсер етудің жаңа түрлерін уақыт өте келе өзіне сіңіріп отырды. Күнделікті болып жатқан оқиғалар туралы ақпаратты қоғамның үнемі талап етуі жаңа мамандарды қалыптастырды. Англияда олар «newsmen», Францияда – «нувелисттер», Италияда – «новелланти», яғни «жаңалықтарды жинаушылар мен таратушылар» деп аталды. Олар кездесу орындары мен ақпараттың қайнар көздерін іздестіре отырып, осының негізінде кейінірек ақпараттық бюро қалыптастырады. Жарнаманың әрі қарай дамуына Иоганн Гуттенберг ойлап тапқан баспа станогының пайда болуы көп себтігін тигізді. Бұл кезден бастап-ақ жарнама сипатында болған парақшалар таралымы мың данаға дейін өскен. ХV ғасырдан бастап Батыс Еуропада ірі баспа нарығы қалыптаса келе, әртүрлі баспалардың бәсекесі туындағаны тарихтан мәлім. XVIII ғасырдың өзінде жарнамалық ақпарат газеттердің едәуір көп бөлігінде жарияланып отырған. Кейін журналистиканың дамуымен газеттердің сыртқы келбеті мен жарнама беру әдісі біршама өзгеріске ұшырады. Нарықтағы жарнама жасаушылар осы өнім адамдардың талғамына әсер ету мүмкіндігіне ие болды. Жарнама зеттеушісі Бил Бернбах «Жарнама бұл ғылым емес, бұл сендіру. Ал сендіре білудің өзі үлкен өнер» деп баға берген екен. Келесі бір анықтамаға сүйенсек, «жарнама» сөзі ағылшынша «эдвертисмент», яғни «коммерциялық хабарландыру» деген мағынаны береді. Демек, жарнама дегеніміз өзін танытуды және айналымын көздеген фирма, тауар немесе қызмет көрсету түрлері туралы мәліметтердің ақылы түрде БАҚ-тан орын алуы деп тұжырымдасақ та орынды секілді. Кез келген ұғымның анықтамасын белгілеп алғаннан кейін міндетті түрде құбылыс ретінде қарап оның қалыптасу тарихына көз жүгіртпей болмайды. Жарнаманың алғашқы қадамы сонау ертеден, Греция мемлекетінен басталады. Билеушілердің аты мен оларды мадақтайтын жазбалар ойылып, ірі құрылыстар нысандарын безіндіру үшін қолданылған. Бұл жарнаманың ең алғашқы белгілері болып табылады. Қыш құмыраларға салған шебердің белгісі бүгінгі тауар белгісімен сай. Жарнамалық жазуларға, сол кездегі үкім, бұйрық, ресми мәліметтер және жекелеген хабарлар жатқан, олар тасқа қашалып, ағаш пен сүйектерге салынған, сондай-ақ шығыс елдеріндегі таңертең ерте «Тыңдаңыздар! ...» деген ұранын жарнаманың алғашқы белгісіне жатқызуға болады. Ағартушылық, мәдениет, ғылыми білімнің ілгерілеуіне ықпал еткен 1448 жылы Иогон Гутенбергтің ойлап тапқан баспа станогы жаңа қадамдар жасағаны белгілі. Бұл жаңалық баспа жарнамасының пайда болып, ілгерілеуіне оң ықпал тигізді. Ең алғашқы баспа жарнамалары Англияда Гутенберг жаңалығынан кейін 30 жыл өткен соң пайда болды. Ал Францияда жарнама 1612 жылдан бастап дамыды. Сан ғасырға созылған жарнама құрылымының жетілуі ақыр-соңында теледидардың, радионың пайда болуына байланысты бұл салаға да сіңісіп кетті. Алғашқы радиожарнама 1920 жылы Питтсбургте радиотаратудың іске қосылуымен эфирде берілді. Тележарнамалар АҚШ-та 1941 жылы экранға шықты. Осылайша қоғамның дамуымен бірге жарнаманың берілу стилі, ауқымы кеңейе түсті. Жарнама жасау үшін жоғары білім мен біліктілік қажеттілігін уақыттың өзі дәлелдеп отыр. ХІХ ғасыр бойы Ресейдегі жарнама эволюциясы Батыс Еуропада дамыған формада қалыптасты. ХІХ ғасырдың 40-ыншы жылдарынан бастап еуропалық мемлекеттерде түрлі-түсті плакаттар арқылы басылымдарда табысты бәсекені көрсете алды. ХХ ғасыр басында бейнелік жарнама түрлері: пошталық, ашық хаттар, әдемі безендірілген мәзірлер және театрлық репертуар, этикеткалар мен орауыш материалдары пайда болды. Ал кино мен теледидардың пайда болуы жарнамаға жаңа мүмкіндіктер алып келді. Сонымен, жарнама бүгінгі күннің жарқын құбылысы болса да ол ежелде пайда болған байланыс құралдарының талай ғасырлық эволюциясы болып табылады. 3 – дәріс Тақырып: Кеңестік кезеңдегі жарнама Тарихи оқулықтар беттерінде 1917 жылдың қазан айынан 1918 наурыз айына дейін Кеңес өкіметі Қазақстанның елді мекендерінде орнап бітті деп жазылған. Одан кейін Қазақстан Азамат соғысы жылдарын, ауыл мен селолардағы жаңа экономикалық саясат жылдарын ұжымдастыру жылдарын және 1920-1940 жылдардағы индустриялық даму кезеңін бастан өткерді. Одан қалса, Ұлы Отан соғысы жылдары. Міне, осы тарихи кезеңдердің барлығы да қазақ мерзімді баспасөзіне өз әсерін тигізбей қоймады. Одан бергідегі – ғылыми-техникалық даму және 1965 жылғы шаруашылық реформасы да қазақ баспасөзіндегі жанрлардың өзгеріске ұшырауына себеп болды. Бұл кезеңдерде газет біріншіден, өкіметтің насихатшы-үгітші құралына айналды. Жарнаманы мемлекет өз бақылауына алды. Жарнама құны мемлекет тарапынан белгіленіп отырды. Бір жарнама беру үшін бірнеше сатыдан тұратын комиссия алдынан өту керек болды. Ол жарнаманың қандай пайдасы бар деген сауал бірінші кезекте тұрды. Не нәрсені жарнамалау қажет дегенде азаматтардың рухани жан-дүниесін көтеретін мәдени іс-шараларды жарнамалауға болады деген талаптар қойылды. Сол кездің жарнамаларының басым көпшілігі «Біздің анықтама бөліміміз» атты айдарда үнемі театрлардың, өнер қайраткерлерінің гастрольге шыққандығы турасында жарияланып тұрды. Мәселен, «Социалистік Қазақстан» газетінде (қазіргі «Егемен Қазақстан») «Семей облыстық Абай атындағы музыкалық драма театрының гастролі 20-29 май аралығында М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының үйінде өнер көрсетеді. Касса күн сайын сағат 10-нан 20-ға дейін ашық. Барлық спектакльдер орысшаға аударылады» - деп телефон нөмірлерін жазған. Осы тақылеттес жарнамалар аталмыш газеттің кез-келген санында кездеседі. Бұл газет «Электроника» орталық сауда мекемесінің теледидарларын жарнамалаған. «Басқа бөлмеге, ас үйге апарып қоюға, саябаққа және басқа жерге барғанда алып жүруге оңай тасымал телевизор «Электроника Ц-430» немесе: «Электроника Ц-432» қара-ақ, сол сияқты түрлі-түсті көрсету бағдарламасын қабылдайды. Салмағы (8,7 кг.) мен габариті (37х24х27 см) шағын қиғашынан алғанда экраны 25см»,- деп жазылған жарнамадан өзіңе ең керекті деген ақпаратты ала аласың. Алайда, осы жарнамада стильдік қатеге жол берілгендігі байқалады. Оған қарағанда «Актюбрентген» өндірістік бірлестігі шығарған балалар ойыншықтарын жарнамалаған мәтін әлдеқайда тартымды шыққан. «Балалардың гаражында осы автомобильдер пайда болса, олардың ойындары бұрынғыдан да қызықты болар еді. Қуатты «самосвалды» жүк тасуға таулы жерлерде жүретін машинамен жүрексінбей ең қиын рейске шығуға болады. Ал, санитарлық машина тіпті керек. Себебі, қуыршақтар жиі ауырады ғой...» («Социалистік Қазақстан» 1985 ж. 4-мамыр, 4-бет). Сондай-ақ, «Луч» маркалы әйелдер сағатын, «Харьков» электр ұстарасын жарнамалаған. Тіпті электрлі ұстараны тұтынушыға «... тіпті көз жұмып қырынуға болады. Олар берік, басты зақымдамай таза қырады және теріні тітіркендірмейді. Бағасы қабына және безендірілуіне қарай 15-23 сом тұрады» деген мәтіндермен жарнамаланған. Белгілі маусымдарға арналған жарнама осы кеңестік кезеңнің баспасөзінде көп кездеседі. Мысалы: жоғарғы оқу орындарына студенттер қабылдау кезінде «Студенттерді қабылдайды» деген айдармен жарнама көптеп жарық көргені белгілі. Және басылымдарға жазылу мерзімі жақындаған тұста әр басылым өз басылымдарын «Жаздырып алуға асығыңыздар, бұл сіздердің жансеріктеріңіз» дегендей, әсерлі сөздермен жарнамалап тұрған екен. Бұл үрдіс әлі күнге дейін өз кезегінде жалғасып келеді. 4 – дәріс Тақырып: Жарнаманың зерттелуі Біз, күн сайын ақпараттың үлкен ағынымен кезігеміз. Оның белгілі бір бөлігін қабылдаймыз және соған сәйкес өзіміздің іс-әрекетімізді ойластырамыз, ал қалған бөлігін, керісінше, мүлде қабылдамаймыз. Жарнама да солай. Ол біздің күнделікті тіршілігімізде үнемі кездесіп отырады, әрі бізге көптеген эмоция, сезім, ақпарат легін бағыттайды. Тұтынушылар жарнаманың кейбіреуіне қызығушылық танытып жатса, енді бірі көп көңіл бөлмеуге тырысады. Біздің жарнама дегенде бар білеріміз – ол бір топтың немесе бір фирманың өнімінің жақсы жағын насихаттап, мақтайды деген үстірт түсінік қана. Егер тереңірек зер салып, үңіле түссек, жарнама тарихының да өзіндік кезеңдері мен түрлері бар екеніне куә боламыз. Жарнамаға берілген көптеген анықтамалар бар. Біріншіден, жарнама – коммуникацияның ақылы түрі. Алайда жарнаманың кейбір түрлері, мысалы, әлеуметтік жарнама бұқаралық ақпарат құралдарында тегін жарияланады. Екіншіден, жарнамада берілетін хабарламаға ақыны демеуші төлеп қана қоймай, оны теңдестіреді. Үшіншіден, көп жағдайда жарнама сатып алушыны бір нәрсеге иландыруға немесе оның таңдау жасауына әсер етуге тырысады, алайда, кейде жарнама тұтынушыны тауар немесе қызмет түрімен таныстыруға бағытталады. Төртіншіден, жарнамалық хабарлама болашақ сатып алушылар аудиториясын кеңейту мақсатында әр түрлі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асырылады. Жоғарыда аталған сипаттамаларды ескермей, жарнамаға толық анықтама беру мүмкін емес. Жалпы, жарнамаға берген ғалым-зерттеушілердің анықтамасы екі мыңға жуық пікірі бар. В.В. Маяковский «Үгіт және жарнама» мақаласында жарнама туралы өз ойын былай түйіндейді: «Жарнама – бұл зат атауы. Жарнама кез келген, тіпті, таңғажайып нәрсе туралы үнемі еске салуы керек». Жарнама саласындағы атақты маман Фэрфакс Коун жарнаманы әр тұтынушымен жеке талқылауға шама келмегенде қолданылатын тәсіл деп анықтайды. Жарнама зерттеушісі Бил Бернбах: «Жарнама – бұл ғылым емес. Бұл сендіру. Ал сендіре білудің өзі үлкен өнер», – деген екен. Осы саланы зерттеп жүрген ғалым В.Г.Артеменконың жарнамаға берген анықтамасында: «Жарнама – жарнама беруші қарамағынан шығатын бұқаралық мақұлдауын, дауыстарын алуы, тұтынушылар мен клиенттер санын көбейту және шығынды көбейту мақсатында алдын-ала ақысы төленген тауар, қызмет, қоғамдық қозғалыс немесе тұлға туралы баспа, қолмен жазылған, ауызша немесе бейнелік хабарлама», -дейді. Сонымен қатар, сатылатын тауардың кірісін қамтамасыз ету мақсатында сатушының тұтынушыға бағыттайтын ақпараты, әлеуметтік-демографиялық негізде таңдалған мақсатты аудитория мен осы қызметтегі субъект арасындағы ерекше байланысты жиілететін коммуникация саласындағы мақсатты және дәйекті қызмет – жарнаманың анықтамасы болып табылады. Кеңестік кездегі жарнамаға келетін болсақ, бұл кезеңде жарнама деп тауар, қызмет түрі немесе мекемелер туралы шағын түрде көркемделіп жасалған ақпаратты тұтынушыға жеткізуге бағытталған іс-шаралар жүйесі деп танылды. Егер Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсанда қабылданған «Жарнама туралы» Заңына жүгінетін болсақ, онда жарнамаға мынадай анықтама берілген: «Жарнама - адамдардың беймәлiм тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге жәрдемдесетiн кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегiмен таратылатын және орналастырылатын ақпарат. Сонымен, жарнамаға берілген осы анықтамаларды қорыта отырып, мынадай қорытынды жасауға болады. Жарнама – теңдестірілген (идентифицированным) демеушімен жүзеге асатын және аудиторияны бір нәрсеге көндіру, сендіру немесе оған әсер ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланатын ақылы, жеке коммуникация түрі. Жарнама – өзін танытуды және айналымды өсіруді көздеген фирма, тауар немесе қызмет көрсету түрлері туралы мәліметтердің ақылы түрде бұқаралық ақпарат құралдарынан орын алуына жатқызамыз. Кез келген ұғымның анықтамасын белгілеп алғаннан кейін оның қалыптасу тарихына да көз жүгіртіп өттік. Сол себепті жарнаманың даму эволюциясына қатысты қызық мәліметтер беру артық болмайды. Телевизия мен радионың пайда болуы жарнама ісін одан әрі кеңейте түсті. Ең алғашқы радиожарнамалар 1920 жылы Питтсбургте радиотаратудың пайда болуымен байланысты эфирде берілді. Алғаш тележарнамалар Америкада 1941 жылы экранға шықты. Жарнама күрделі ақпарат болып табылады. Себебі, бір біріне ұқсамайтын көптеген жарнама берушілер бір уақытта әр түрлі аудиторияға өз өнімін немесе қызмет түрін ұсынуға тырысып бағады. Жарнаманың негізгі тоғыз типі бар, оларға қысқаша тоқталып өтейік: 1. Сауда маркасының жарнамасында - марканың ұзақ уақыт есте сақталуын қамтамасыз етуге баса назар аударылады. Бұл жарнама түріне «Билайн» ұялы байланысының жарнамаларын мысалға келтіруге болады. 2. Жекелеген сауда жарнамасы - жергілікті сипатқа ие және әртүрлі өнімдер сатылып, белгілі бір қызмет түрі ұсынылатын нақты бір сауда нүктесіне немесе қызмет ету саласындағы мекемеге бағытталады. 3. Саяси жарнама – соңғы уақытта мұндай жарнамалар депутаттыққа, президенттікке үміткерлер арасындағы таласты сұрақтардан гөрі, саясаткердің оң имиджін қалыптастыруға ыңғайластырылып жасалып жүр. Саяси жарнамаға халық көбіне Президент сайлауы, депуттатарды сайлау қарсаңында куә болады. 4. Анықтамалықтағы жарнама – қандай да бір тауарды қалай сатып алуға немесе қажетті қызмет түрін қайдан табуға болатындығын білгісі келетіндерге арналады. 5. Тікелей үн қататын жарнама кез келген жарнамалық ортаны, оның ішінде пошта арқылы жөнелтуді пайдалана алады. Сатып алушы тек телефон немесе пошта арқылы тапсырыс берсе болады, тауар белгіленген уақытта қолайлы тәсілмен жеткізіледі. 6. Іскерлік жарнамаға жекелеген саудагерлерге, көтерме сауда жасайтындарға және дистрибюторларға, сонымен қатар, өнеркәсіп мекемелеріндегі сатып алушылар мен кәсіпқой мамандарға (мысалы, адвокат пен дәрігерлерге) арналған хабарламалар жатады. 7. Институционалды жарнаманы корпоративті деп те атайды. Мұндай жарнама мекеменің танымалдылығын арттыруға немесе ұйымның қызметіне қоғамның көңілін аудартуға бағытталады. Мысалы «Нұрбанктің» жарнамасы осы түрге жатады. 8. Әлеуметтік жарнама белгілі бір жағымды, оң іс-әрекетті насихаттауға бағытталады. Мысалы, көлік жүргізу кезінде спирттік ішімдіктен бас тартуға немесе кішкентай балаларға жақсы күтім жасауға шақыру. 9. Интерактивті жарнама – компьютермен қамтылған және нтернетке шығу мүмкіндігі бар дара тұтынушыға жеткізіледі. Жарнама Wed-беттерде, баннерде т.б. орналастырылады. Бұл жағдайда тұтынушы жарнамаға көңіл аударып, оны толықтай ашып, түрлендіре алады немесе керісінше, оған ден қоймауы да мүмкін. Алайда тауар мен қызметтің пайдалану кезеңіне байланысты жарнама түрлері де бар: ақпараттық жарнамаға тауарды нарыққа шығару кезінде баса назар аударылады. Себебі, бұл кезеңдегі негізгі міндет – алғашқы сұранысқа ие болу. Мысалы, йогурт немесе басқа да сүтті тағамдарды жарнамалағанда, кәсіпкер, ең алдымен, өнімнің денсаулыққа пайдалы ерекшеліктері туралы тұтынушыны хабардар етуі тиіс. Насихаттық жарнама – фирманың алдында таңдамалы сұранысты қалыптастыру міндеті тұрғанда үлкен маңызға ие болады. Тұтынушыға күнделікті өте көп көлемде жарнама бағытталатынын ескерсек, жарнама үнемі тауар маркасының атауын, оның ерекшеліктері мен бағасын еске салып отыруы тиіс. Хабарламаны жариялау тәсілдері (арналар, құралдар, медиатасушылар т.б.) әр түрлі, ал жарнамада оның классикалық жарнама хабарламасы мен плакаттардан бастап, салпыншақ (брелок), заттанба (этикетка) және жапсырмалы ленталар секілді ондаған, тіпті, жүздеген түрлері кездеседі. Сондықтан осы құралдарды топтастырып, жүйелеу, әдетте, біраз қиыншылықтарға әкеп соқтырады. Жарнама құралдарын жүйелеудің алғашқы әрекеттері ХХ ғасырдың басында жасалды. Алайда, бүгінгі күнге дейін жарнама құралдарының бірыңғай жүйесі жоқ. Әдебиеттерде жүйелеудің бірнеше түрлері кездеседі, олар жарнама құралдарын үлкен және шағын топтарға, түрлерге бөлетін негізгі белгілер (критерий) бойынша жіктейді. Сонымен, жарнамаға қойылатын негізгі талаптарға тоқталайық: Біріншіден, демеуші мен коммуникация субъектіне байланысты жарнаманы өнім шығарушы, сауда делдалдары, жеке тұлға, үкімет және басқа да қоғамдық институттардың атынан ерекшелеп қарастыруға болады. Өнім шығарушылар мен сауда делдалдарының атынан шығатын жарнама көп жағдайда коммерциялық сипатқа ие және ортақ мақсатқа жету үшін бірлесе немесе өз алдына жеке түрде жүзеге асырады. Жеке тұлғалардан түсетін жарнама маңызды оқиғалар немесе сату-сатып алу туралы хабарлама түрінде беріледі. Қоғамдық институттардың жарнамасы коммерциялық емес. Ол қоғамдық өмір саласында белгілі мақсатқа жетуге, сонымен қатар, белгілі бір саяси идеяны, қызметті, партияны т.б. насихаттауға мүмкіндік туғызады. Екіншіден, техникалық белгілері бойынша жарнамалық құралдар бірнеше топқа бөлінеді: - баспа (плакаттар, құлақтандыру, афиша), каталогтар, хабарландырулар, газеттер мен журналдардағы мақала, буып-түйілетін материалдар және басқалары; - радиожарнама (радиодан берілетін жарнамалық бағдарламалар); - кино, бейне және тележарнама (қысқаметражды жарнамалық фильмдер), жарықтандырылған (световая) жарнама (жарықтанған көрсеткіштер, көрсеткіш тақта, сауда компаниясының жарықтанған маңдайшалары және т.б.); - көркем-графикалық құралдар (панно, плакаттар, көше транспаранттары, көрсеткіштер, дүкендердегі маңдайшалар және т.б.); Үшіншіден, қолданылу аясына байланысты жарнамалық құралдар дүкен ішіндегі (көрсеткіштер, бағалар, жадынама, тауарлар қыстырмасы, ауызша жарнама) және ішкі (газеттер мен журналдардағы хабарландырулар мен мақалалар, көше транспаранттары, дүкендегі маңдайшалар және .т.б). Төртіншіден, адресатқа әсер ету сипаты бойынша жарнамалық құралдар жекеше (газеттегі қыстырма, каталогтардың кейбір түрлері, кітапша т.б.) және жалпы (хабарландыру, парақшалар, телефильмдер және т.б.) болуы мүмкін. Бесіншіден, жарнамалық қызметтің қамту аясына байланысты: жергілікті жарнама (нақты сатылым орнынан бастап, жеке тұрғылықты елді-мекен аумағына дейін); аймақтық жарнама (елдің белгілі бір бөлігін қамтиды), жалпыұлттық жарнама (мемлекет масштабы көлемінде) және халықаралық жарнама болып бөлінеді. Алтыншыдан, жарнаманың нысанына байланысты тауар (қызмет) жарнамасы және кәсіпорын жарнамасы деп бөлінеді. Тәжірибеде бір уақытта тауар, қызмет және тауар белгісі немесе фирма таңбасы жарнамаланады. Жетіншіден, жарнама құралдарын жарнама компаниясы кезіндегі міндеттеріне байланысты сұранысты ынталандыратын жарнамалық құрал және тауарға немесе қызметке сұранысты құрайтын жарнамалық құрал деп бөлуге болады. Бұл жүйелеу шартты түрде ғана. Сондықтан жарнамалық компаниясын жоспарлау кезінде жарнама құралдарын таңдағанда алға қойылған мақсаттарды басшылыққа алған жөн. Егер жарнама компаниясының міндеті фирманың, тауар немесе қызметтің оң сипатын, тұтынушы мен іскер әріптестері тарапынан тілектес қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталса, онда мұндай жарнаманың міндеті тұтынушыны тауар немесе қызмет түрімен, олардың сипаттарымен таныстыруға негізделеді. Жарнаманың мұндай түрі болашақтағы нәтижеге бағытталып, көпшіліктің санасында тауар немесе фирманың оң сипатын орнықтыруға мүмкіндік береді. Имиджді қалыптастыру үшін телевизия мен кинолардағы жарнамалық роликтер, мерзімді басылымдағы, көліктегі жарнамалар пайдаланылуы мүмкін. Сегізіншіден, компания тұтынушыға белгілі бір тауар немесе қызмет түрі жөнінде мәліметті жеткізіп, дәл сол тауарды сатып алуға итермелесе немесе тауар айналымының көлемін көбейтуді көздесе, онда бұл міндеттер жұртшылықтың қызығушылығын туғызатын құралдар арқылы жүзеге асады. Ынталандыру жарнамасы имидж-жарнаманың құрама бөлігі болып табылады. Ынталандыру жарнамасының тиімділігін қамтамасыз ететін жарнама құралы ретінде теле және радиожарнама, мерзімді басылымдардағы жарнама, тікелей пошта арқылы таратылатын жарнама және т.б. пайдаланылады. Егер фирма жарнама құралдарының көмегімен тауарды өткізуде тұрақтылықты сақтауды мақсат етсе, онда бұл үшін әріптестерге фирманың жылдық қызметі туралы есепті тікелей пошта қызметі арқылы жіберу, көрме ұйымдастыру, тауар және фирма қызметі туралы баспасөзде мақала түріндегі жасырын жарнама қолданылады. Жарнаманы тарату түрін таңдағанда, жаңа ақпаратты қабылдау талаптарын да ескерген жөн. 5- дәріс Тақырып: Жарнаманың мақсаты мен функциясы Жарнама материалдары көптеген мақсатта қолданылады. Жарнама тек бір мақсатты ғана көздейтін сияқты болып көрінуі мүмкін, бірақ шын мәнінде олай емес. Жарнаманың негізгі мақсаттары мыналардан құралады: - сатып алушының көңілін аудару; - сатып алушыға тауар (қызмет) сатып алудың пайдасын көрсету; - сатып алушыға тауарды қосымша зерттеу мүмкіндігін ұсыну; - тұтынушыда тауар немесе қызмет туралы білімнің белгілі бір деңгейін қалыптастыру; - өндіруші фирманың немесе сатып алушының жақсы бейнесін (имидж) жасау, сонымен қатар тұтынушылардың және іскер серіктестердің сауда немесе өндіріс маркасын жасау; - осы тауар мен қызметке қажеттілік қалыптастыру; - фирмада жағымды қатынас қалыптастыру; - сатып алушыға бәсекелес фирмадан емес осы фирманың жарнамаланған тауарын сатып алуын ояту; - тауар, қызмет сатылымы белсендігін арттыру; - тауар айналымын жеделдетуге әсер ету; - бір тұтынушыны тауарды үнемі сатып алушы ету немесе осы фирманың тұрақты клиенті ету; - басқа фирмаларға сенімді серіктес бейнесін қалыптастыру; - тұтынушыға фирма туралы және оның тауары туралы ескеру. Іс жүзінде жарнама бір ғана мақсатты көздемейді, тәртіп бойынша бір жарнамалық өнеркәсіпте жарнамалар байланысып жатады. Жарнаманың мәні төмендегілермен байланысады: - тұтынушылар үшін тауар мен қызметтің жаңа жарнамасы; - тауар және қызмет жарнамасы клиентке таныс, демеуші жарнама ретінде; - белгілі бір тұлғаның жарнамасы (мысалы, банк президенті); - бәсекелестіктен алшақтату; - жарнамашының іскерлігін әшкерелеу. Жарнама функциясы оның мәні мен мақсаты арқылы анықталады. Олардың көп түрлілігіне төмендегілерді меңзеуге болады: - тауарды және оның өндірушісін немесе сатушысын идентификациялау; - тауарды, қызметті және идеяны алға жіберу; - сатып алушыларға таныстыру немесе ақпараттандыру; - сұраным қалыптастыру және т.б. Жарнама осы жағдайларда тауардың бар екенін, оның құнын, ерекшелігін ақпараттандыруы керектігі туындайды. Әрине, жарнаманың функциясын ескере оотырып, ең алдымен жарнаманы сатып алуды ұйымдастыру керек. Міне, жарнаманың негізгі міндеті, басты функциясы осында. Жарнаманы - тауарды нарықта қозғалтудың оңтайлы тәсілі екендігін экономиканың бүгінгі тынысы дәлелдеп отыр. Жарнаманың шығыны сатылған тауарлар мен істелген қызметтерден ақталғанда ғана мәні бар. Егер шарттасқан жарнамалық агенттік жақсы жарнамалық фильм, баспада хабарландыру, көшедегі ілме жарнама жасаса, оның бәрі нәтиже бермейді, яғни тауарлар мен қызметтердің сатылуының санын көбейтпейді. Мұндай жағдайда агенттік өз мүмкіндігін клиент арқылы жарнамалайды. «Сникерстің» бейне ролигі шығады»,- деп «Жарнама әлемі» журналы хабарлайды. Жарнама айналмасына үлкен ақша шығындаған. Егер ол шығындар тауардың сатылуы 10-15 есеге өсу арқылы өтелмесе оның мәні болмайды. (Жарнама әлемі. 1996. №9-10.С.27.) Жарнама өзінің негізгі міндетін орындау үшін сатып алушылардың назарын аударуға, жүрегін жаулауға, жол табуға тырысады. Содан кейін оларды еліктіреді. Ақырында тауар алуға мәжбүр етеді. Тың тәсілдерді іздеу ғасырдан ғасырға жалғасып келіп, қазіргі кездегі формаға әкелді. Жарнама шындыққа сәйкес және сенімді, қазіргі өмір талабына сай және сауатты, түсінікті және нақты болуы тиіс. Әдемі және ұсқынсыз, надан және есті жарнамалар тез есте қалады. Бұлыңғыр және қарапайым жарнамалар есте қалмайды. Жарнама белсенді және эмоционалды болғаны дұрыс. Тек сонда ғана ол тұтынушының ойлау инерциясын жаулап алады. Жарнама жоқ нәрседен құрастырылмайды, ол бар нәрсені көрсетуге, көпшілікке таратуға бағытталады. Жарнама ісіндегі бірнеше мамандар былай деп ескертеді: әр жарнамалық хабарламалар тұтынушының қоғамдық құрылымындағы жағдайын қозғайды. Басқаша айтқанда, жарнама тұтынушыға қосымша ләззат береді немесе бағыт-бағдарын жолғалтқан адамға ұқсас мазасыз күйге түсіреді. Жарнамалық хабарландырулар, сырт көзбен қарағанда клиенттің тұлғасын, оның бүтіндей қоғамдағы әлеуметтік мәдениетінің бейімделуін көрсете алатын құрал деген көзқарас қалыптасқан. Жарнамалық әрекет өндіруші мен сатып алушының арасында тікелей жеке байланыс орнатады және оны шынайы және нақты қолданады. Жарнама мынадай жағдайларда қажет: - жаңа, ешкімге таныс емес фирма пайда болғанда; - сатып алушыға таныс емес тауар ұсынылған кезде; - нарықта бір типті тауарлар көбейгенде, сатушы өз тауарына назар аударту үшін; - сату көлемі төмендегенде; - сатушы сату көлемін кеңейтуді жоспарлаған кезде, нарықтық жаңа территорияны «жаулап алғанда», жаңа клиенттерді өзіне тарту үшін; Жарнама мынандай жағдайларда ақшаны текке шығындаған болып есептеледі: - нарықта монополист-тауар пайда болғанда; - тауар өздігінен өтімді болса, басқаша айтқанда дефицит немесе сұранымның көптігі; - сату көлемін басқа, жарнамалық емес жолмен қарқындатқанда немесе барынша арзан әдіспен; - жарнаманы қажет етпейтін кірісі төмен тұрғындар үшін жасалған жағдайда шыққан шығын текке кетеді. 6- дәріс Тақырып: Жарнаманың түрлері Жарнама хабарламаларының типтерінде төмендегідей айырмашылықтар бар: - сатып алушыға әсер ету тәсілі бойынша; - көрсету тәсілі бойынша; - негізгі мақсаты мен мәні жағынан; - жарнаманы тұтынушымен болатын кері байланысы жағынан. Жарнама хабарламаларды көрсету тәсілі бойынша екіге бөлінеді: - рационалды; - эмоционалды. Рационалды (заттық) жарнама - сатып алушының ой-санасына бағытталып жасалады. Ол сатып алушыны сендіру үшін, айтылған сөздерден алған әсерін күшейту үшін аргументтерді мысалға келтіре отырып, өз пікірін сызба немесе сурет арқылы сөз түрінде жеткізеді. Эмоционалды (ассоциативті) жарнама - бір нәрсені еске түсіру арқылы жасалады. Ол терең ойды қозғауы тиіс. Санаға, сезімге, эмоцияға көңіл бөледі. Оның ең әсерлісі – сурет, өңі, түсі және аз деңгейдегі әуені. Кейбір жарнамалар тек рационалды немесе тек эмоционалды болып келеді. Бірақ, жарнама хабарламаларының көпшілігінде, көп жағдайда екі түрлі комбинациядан құралатын жарнамалар кездеседі. Жарнама қойылымы жағынан «қатты» және «жұмсақ» деп екі түрге бөлінеді. «Қатты» жарнама өз рухы жағынан өткізуге жігер беруге жақын. Мұндай жарнамалардың аз мерзімді мақсаты бар. Олар: хабарландырудың сыртқы бейнесіне әр беретін, сатып алушы объектіге дауыстап айғайлау арқылы тезірек сатылуына ықпал етеді. «Жұмсақ» жарнаманың мақсаты тауар туралы және оның маркасы туралы хабарлап қана қоймай, осы тауардың маңайында қолайлы орта тудырады. Әдетте бұлар терең мотивтегі символкада ойнайтын эмоциялы жарнама. Ол ақырындап тұрақты сатып алушының тауарға деген ынтасын жоғарлатады. Оның ішкі сатып алу қызығушылығын арттырады. Жарнама негізгі мақсаты мен мәні жағынан келесі түрлерге бөлінуі мүмкін: - өнеркәсіптің қоғамдағы мүддесін, беделін көтеру мақсатындағы жарнама немесе «имидж-жарнама» деп аталады; - жігерлендіретін жарнама; - тұрақтылық жарнамасы; - фирма ішіндегі жарнама; - өнімді өткізуді көбейту мақсатындағы жарнама; - жадыда сақталатын жарнама; - салыстырмалы жарнама; - есте қалатын жарнама; - бекітетін немесе үстеме жарнама; - хабарлау жарнамасы; - превентивті жарнама. Имидж (бейне) жарнама - негізінен фирманың және тауардың партнерлар мен сатып алушыларға жағымды бейне қалыптастыруына бағытталады. Онда сенімділік, жұмыстың нәтижелілігі, клиенттерге деген жақсы ниет, тұрақтылық басым болып келеді. Жігерлендіретін жарнама - атаулы фирманың өнімін сатып алушылар сатып алу үшін құмарландыруға бағытталады. Мұнда осы фирма өнімдерінің негізгі жағымды жақтарын, басқа тауар және қызметпен салыстырғандағы жақсы сапасын айтуға үлкен мән беріледі. Тұрақты жарнама - партнерлар мен сатып алушыларға фирма қызметінің тұрақтылығын, оның нарықтағы сенімді тұғырын хабарлауға бағытталады. Фирма ішіндегі жарнама - әріптестердің өзінің өнеркәсібіне деген сенімін оятуға, өз тағдырымен тығыз байланыста екенін сезіндіруге бағытталған. Егер өнеркәсіптің әр қызметкері өз жұмысына қажетті шешім қабылдай алса, оған жауапкершілікпен қараса, онда қызметкерлер фирма жұмысын қанағат тұтып және осы фирманың жарнамасын қоғамға жеткізуші болып есептеледі. Фирма ішіндегі жарнаманың құралы: - фирма газеті; - басшылар мен қызметкерлер арасындағы жақсы қарым-қатынас; - қызметкерлер үшін көптеген әлеуметтік жеңілдіктер. Өнім өткізуді көбейту мақсатындағы жарнама – жарнама қызметінің негізгі саласы. Жадыда сақталатын жарнама – жарнаманың барынша агрессивті түрі. Негізгі мәселесі сатып алушыны бәсекелестердің тауары, қызметі емес, өздерінің тауары мен қызметін сатып алуға көндіру. Салыстырмалы жарнама – бұл жадыда сақталатын жарнаманың бір түрі. Ол жаранамаланатын тауар және қызметті бәсекелсетердің тауар және қызметімен салыстыруға негізделген. Бәрімізге белгілі көптеген өркениетті елдерде бәсекелес таураларды немесе оларды өндірушілерді тікелей сынауға тыйм салынған заң бар, бірақ мұндай жарнамалар әлі күнге дейін өмір сүріп келеді. Есте қалатын жарнама – тұрақты сатып алушыға нарықтағы атаулы тауарды немесе фирманы және оның мінездемесін есіне салып отыруға арналған жарнама. Бекітетін немесе үстеме жарнама – есте қалатын жарнаманың бір түрі. Тауарды сатып алған тұтынушыны қолдауға, олардың таңдауының дұрыстығына сенім білдіруге бағытталған жарнама. Ол тұтынушыны тұрақтандырады. Превентивті жарнама - өзіне қажетті шығыннан көп мөлшердегі қаржы жұмасайтын жарнама. Мұндай жарнама компаниялардың мақсаты – жарнама қызметіне көп мөлшерде сома жұмсауға жағдайы жоқ бәсекелестердің тұғырын бұзу. Қандай жарнама болмасын бір мезгілде жарнаманың бірнеше түрінен құралатыны түсінікті. Жарнама хабарламасының кең көлемін жарнама тұтынушымен болатын кері байланысы жағынан екі түрге бөлуге болады. Олар жарнама хабарламасының нақты тасымалдаушысымен төмендегі жағдайда байланысып отырады: - жарнама құралымен кері байланыс; - жарнама құралымен кері емес байланыс. Жарнама құралымен кері байланыстағылар – жиі персонифицияланған жарнама жіберушілерді және олардың мүмкін болатын реакцияларын тікелей болжайтын жарнаманың бір түрі. Жарнаманың бұл түрлері оқулықта жеке қарастырылған. Кері емес байланыстағы жарнама құралдары ол – жалпы ақпарат құралдары, оның ішінде электронды және сыртқы жарнамалардың барлық түрлері деп айтуға болады. 7 – дәріс Тақырып: Жарнама технологиясы Жарнаманың жасалып, бұқара арасында таралуы барысында оған негізгі төрт тарап қатысады: - жарнама беруші; - жарнама агенттіктері; - жарнама таратушы; - жарнаманы тұтынушы. Жарнама агенттіктері анықтамасының бірінде: «...өздерінің тауар және қызметін өткізуге сатып алушылар іздеп жүрген клиенттердің тапсырмасы бойынша ақпараттық құралдарға жарнаманы жасайтын, өңдейтін және жіберетін шығармашылық еңбек пен іскер адамдардан тұратын тәуелсіз іскер кәсіпорын»,- делінген. Барлық жарнама агенттіктерін негізгі жіктеу бойынша үш түрге бөлінеді: - мамандандырылған және ұсынылатын жарнамалық қызмет; - жеке өнеркәсіптік базаның болмауы немесе болуы; - жарнама арнасының болуы немесе болмауы. Жарнама агенттіктерінің қызметі негізгі төрт бағыттан тұрады: - тапсырыс берушілер мен ұйымдардың менеджметтермен қарым қатынасын жақсарту; - жарнама өнімдерін жасау және өңдеу: суретшілердің, сценаристердің, фотографтардың, режиссерлердің шығармашылығы; - жарнама өнімінің өндірісі: полиграфия, таралым саны; - жарнаманы газетте, журналда, эфирде немесе көшеде орналастыру. Жарнама қызметінің психологиялық құрылымында алты элемент бар: мақсатты, эмоционалды, себепті, символикалық, эстетикалық, персонифициялық. Олардың гармониялық үйлесімділігі кез келген жарнаманың ұтымды шығуына түрткі болады. Алайда, тәжірибе жүзінде осы аталғандардың бір-екі элементтері болса, қалғандары да байқалып тұрады. Кері байланыссыз жарнама технологиясы Жарнаманы байқау және оны есте қалдыру үшін терең ой, мазмұнды идея қажет. Онсыз жарнама елеусіз қалады. Жарқ етер идея тек жүздеген жарнамалардың біреуінде ғана болады. Кәсіпқой мамандар жарнамашыға идеяның құндылығын түсінуі үшін мынадай мәтінге жауап беруді ұсынады. - іске асқан идеяны алғаш көргенде таң қалдым ба? - осыны мен ойлап таппағаныма өкінемін бе? - ол 30 күн бойы өміршең бола ала ма? - идеяның өзі ерекше ме? Психологтар жарнамалық идеяны таңдаудың дұрыс болуы үшін мынадай нақты қадамдар ұсынады. Бірінші қадам «бірінші заңдылық, яғни тауарға деген махаббат» жолымен басталады. Өндіруші үшін өз тауарының әдеттегі күші мен қызметін, тұтынушының назарын аударатын қасиетін және негізгі жарнама компаниясы болуды естен шығарып алады. Сондықтан бірінші қадам - өндіруші тұтынушыға ұсынатын барлық тауарлардың тізімін жасап алуы қажет. Екінші қадам - тізім жасалғаннан кейін пайдалы немесе түрткі болатын, тұтынушыны тауар сатып алуға итермелейтін, дәлелді талдау жасау қажет. Үшінші қадам - дәлелді талдау жасалғаннан кейін, нарық талабы тарапынан сатып алушы себебі мен фирманың артықшылығын бағалау керек. Осы үш қадам - жарнамалық-коммерциялық тақырыптың қалыптасуына мүмкіндік береді. Соның өзінде қатаң түрде «тауарға деген сүйіспеншілік заңын» сақтау қажет. Егер өндіруші тұрақты өз тауарымен бірге және оның әрбір ерекшелігіне масаттанатын болса, онда орта әлеуетті тұтынушы осы тауардың жағымды жағын сезінбеуі мүмкін. Осы заңға сүйене отырып, тұтынушы тауардың атауын және тауардың басты сапасымен байланыстыра және сатып алу үшін негізі себебін есінде сақтау қажет. Негізгі коммерциялық жарнама тақырыбын қалыптастыра отырып, жарнаманың басты екі қағидасын есте ұстау қажет. Тұрақтылық қағидасы. Жарнама компаниясы ағымында негізгі тақырыбын, ұранын және келбетін ауыстыруға болмайды; Қайталаушылық. Жарнама қаншалықты көп қайталанса, соғұрлым есте қалады және мақсатқа жетеді; Кейде жарнама хабарламаларында түсініксіз тұстар көп кездеседі. Негізінен бұл жарнама мәтінін қабылдауға кедергі келтіреді. Мәтінде нақты түсініктеме болуы шарт. Өнім не үшін қажет? Ол тұтынушыға не үшін қажет пе? Тауарды қайдан сатып алға болады? Бағасы қанша? ( бөлшек бағасы, егер мүмкін болса, безендіру, шрифтің көлемі, ерекше элементтер жиынтығы арқылы «тұспалдау» керек). 8-дәріс Тақырып: Жарнама мәтінінің графикасы Мамандар жарнама мәтінінің графикалық безендірілуіне қатысты белгіленген заңдылықтарды былай анықтайды: макетті дайындау кезінде бүгілу орынды жасыратынын, безендіру мен мәтінді бұрмалайтынын ескерген жөн. Мәтін міндетті түрде көрерменнің, оқырманның назарын аударуы қажет. Көз шұбалаңқы азат жолсыз жазылған, анық көрсетілмеген атаусыз мәтінді оқырмен бір-ақ қабылдай алмайды. Жарнама шрифті күнделікті баспа бетіндегі материалдардың шрифтінен кіші болмауы керек. Негізінен газет шрифті өте кіші. Оқырманға жарнаманы оқуды жеңілдету қажет. Бас әріптермен басылған мәтін, бір көлемдегі әріптермен жазылған мәтінге қарағанда тез қабылданады. Баса жазылған шрифт ауыр сөз, қомақты ойды, тауарға деген сенімділікті, ал нәзік жазулар, дәлділік пен нәзіктікті білдіреді. Шрифтің «сабақтастығын» сақтап, бірдей безендірулерді үш реттен артық қолданбаған жөн. Түрлі-түсті бояулармен жазылған мәтіндер тез қабылданады. Жарнаманың көлемі де басты мәселе болып табылады. Кейбіреулердің көзқарасымен көрнекі әрі бүтіндей бет өте жақсы болып көрінуі мүмкін. Жарнаманың мақсаты - адамды сатып алуға немесе қызметті пайдалануға итермелеу. Жарнама қағаз бетінде міндетті түрдетүлі-түсті болуы шарт емес. Бар болғаны оқырманды қызықтырып, жарнама берушінің тілегін орындауға итермелейтіндей болуы қажет. Жарнаманың тиімділігі көлемінің кішілігіне қарамастан, мысалы жиегінің қуаты мен ерекшелігіне байланысты болуы мүмкін. Көлденең жолақты әріптер ауырлықты білдіреді, қиғаш жолақтар қозғалысқа әкеледі. Рамкаға орнатылған мәтін рамкасыз мәтінге қарағанда көңіл аударады. Шаршы немесе шеңберге (тұрақты симметрия) орналасқан мәтін сенімділік шақырады. Эллипс шығармашылық ізденісті тұрақтандырады. Үш бұрыштың бір бұрышына рамкада орнатылған мәтін қозғалысты тұрақтандырады. Кертілген таңбалық шрифт жақсы оқылатын және оны тақырыпқа емес жақсысы жарнамалық мәтінге пайдаланған дұрыс. Нағыз жақсы оқылатын аралығы екі интервалдан алынған 10-12 шрифт. Негізінен бағанда 40 белгіден артық қолданбаған жөн. Ұзақ қатарлы мәтінде келесі қатарды табу қиын. Сондай- ақ ол беттердің бүгілуін қиындатады, жарнамалық хабарламаның боз және ашық түсті элементтерін жоғары, қара және ауыр түсті бөлігін төменге орналастырған жөн. Егер жарнама бір беттен аз болса онда тік орналастырған жөн. Дизайнды дайындау кезінде пайдаланатын сызық түрлері: қиғаш сызықтар - тартымды қозғалыс жасау үшін, жылдамдық пен қуат; - тік сызықтар - үстемдік, ұлылық пен күшқуат; - көлденең сызықтар – тыныштықты және байсалдылықты сенімділік және жайлылықты сезіну үшін; - оқырман үшін табиғи «Маршрут» көзқарасын белгілеу пайдалы. Мысалы безендіру тақырыбынан өтіп, тауардың ерекшелігіне немесе атауына, содан соң төмен жағына жарнама мәтінін және соңына логотип немесе тауар белгісін орналастыру қажет; - тиімді жарнама барлық бетті, жолақпен қоса «жиектеу» көрнекті болып есептеледі. Егер оны орындау қиын болса жарнаманың айналасына жіңішке рамка жасау керек, ол элементтердің өзара әрекетіне септігін тигізеді және жұмыстың аяқталғандығын білдіреді. - «жиектеу» жарнамасында мәтін беттің шетіне дейін жетпеуі керек: ол бүгілу мен «кесілуі» мүмкін. Мәтін мен ішкі жиек арасында 1см қалдыру керек. Логотипті ортаның төменгі немесе оң жақтың төменгі жағына орналастырған жөн. Ол көзге түсетіндей көлемді болуы керек - Жарнама мәтінінде төмендегі жағдайлар болмағаны жөн: - тақырып бөлшектеніп немесе бас әріптермен жазылу; - кері шрифт; - курсив немесе шрифтің сәндік түрлері; - суреттің үстіне түскен мәтін немесе тақырып; - әріптер мен сөздердің өте алшақ арақашықтығы; бәрі жинақы болуы керек; - элементтердің қатаң орналасуы қабылдауды қиындатады, элементтердің өзара жеңіл асимметриясы; - мәтін пайдалануда сүйір кескін - оқуды төмендетеді, мәтіннің сол жағы тегіс болуы керек. Айтылған ұсыныстар мен талаптарды жүзеге асыру үшін, шрифтің көлемі мен басқа көркем элементтер және олардың ара қашықтығын білу керек. Анық көрсетілген жақсы оқылатын болуы шарт. | Қашықтықтан оқу |Ұсынылатын | | |шрифт көлемі | |1 |7 мм | |м.....................| | |........... | | |3 |15 мм | |м.....................| | |.......... | | |5 |25 мм | |м.....................| | |.......... | | |10 |40 мм | |м.....................| | |....... | | |15 |70 мм | |м.....................| | |......... | | Мамандар жарнаманы қабылдаудың композициялық – графикалық әдістерін ұсынады. «Нәтижелі» тәсіл - жарнама беруші фирманың қол жеткізген нәтижелерін графика түрінде көрнекі көрсетуде қолданылады. Осы мақсатта: - жарнама материалында тауар іс-әрекетте көрсетіледі; - тауардың белгілі сипатының бір бөлігі немесе тұтынушы жағымды жағын көрсетеді; - нәтиже салыстыру түрінде көрсетіледі «Болғаны - болады», «Оларда – Сізде» , «Бәсекелестерде - бізде». Көбіне артықшылық жөнінде қысқа әрі нұсқа түсіндірме жасалады Тұтынушыны жаңа ұстанымға бағыттау тәсілі - белсенді жеңімпаз кейіпкер немесе тауар, қызмет көрсетіліп, қасында болу кезінде «бізге қосылыңдар» деген ұрандар айтылады. Кейде осындай кейіпкер немесе тауар, қызмет тікелей мағынада шектен шығып кетеді. - Тұтынушы графика құралдары арқылы белсенді қызметкер, қожайын ретінде көрсетеді; - әрбір адам қолға үйреткен жануар, жануарлардың сүп- сүйкімді , мамық төлдері, бала қатысатын жарнама материалдарында әрбір жөні түзу адам автоматты түрде өзін «қожайын», «ата- ана» ретінде психологиялық ұтымды жағынан қарайды. 9 – дәріс Тақырып: Жарнаманы безендіру технологиясы Әсіресе жарнамалық хабарламада мына талаптарға сай келетін безендіру ерекше рөл атқарады. Мәселен: - жарнамадағы өнімге белгілі қызығушылық танытатын және оқырманның назар аударатын; - тауардың артықшылығын көрсетіп, оны қолданудағы нәтижелері немесе әрекеттерді көзбен шолып көрсету; - бірнеше ұсақ безендіруден гөрі, бір ғана көлемді безендіру пайдаланған жөн; - мүмкіндікке қарай суреттер емес фотосуреттер пайдаланған дұрыс. Көркемсурет жәй суретке қарағанда оқырмандардың назарын аударады. Көркесуретке фотосурет, қолмен салынған карикатуралық сурет, компьютермен құрастырылған суреттер ж.т.б бейне көріністерді жатқызуға болады. Осылардың ішінде фотосурет шынайы көрінеді, адамның көңілінде сенім ұялатады. Бірақ фотосурет адамды тауар артықшылығын назарын «тартпауы» керек. Бір жарнамадағы сурет немесе фотосуретті бірге қолданбаған жөн. Жарнама мәтінінің тақырыбы және ұрандар Слоган – жарнаманың ұраны. Ұран жасау «мен нақты нұсқауды талап ететін адаммын» дегендей әрекетті оятады. Жарнама материалындағы слоган жасау – іс-әрекетті оятып назарды тартады. Слогандарды байқайтын адамдарды санайтын болсақ, олар барлық жарнаманы оқитын адамдардан 4- 5 есе көп. Слоган - сауда ұсынысының күшті әрекет ететін түрі, әрбір слоганда ұсыныс болуы керек. Жарнама ұранын ойлап табу кезінде мына талаптарды ескерілетін болу керек: - жалпы жарнама тақырыбына сөзсіз сәйкес келуі; - қарапайымдылық: «Ортекс» фирмасының ескі слоганы- «Ортек - не ждет рынка, он формирует, делая ваши рубли свабодно конвертируемымы сегодня!». Фирманың жаңа слоганы (олар екеу)- «Ортекс: сөз - іс! және «Үміт пен сапа - біздің стиль». - Лозунгты есте сақтау үшін ерекше сөздер ойыны жолымен іске асады. - «Пермавиа - акция с вериталным взлетем!» «Пермавиа» фирмасының атауын еске түсіреді. - Жарнамалық хабарламада басты рөл оның тақырыбы болып табылады. Тақырыпсыз жарнамалық хабарлама өте тиімсіз. Орта есеппен мәтінге қарағанда тақырыпты бес есе көп оқиды. Тақырыбында 80 пайыз тауар туралы айтылмаған мәтін берілді делік, онда әлеуетті тұтынушылар шынайы бола алмайды. Тақырыптың тұтынушы оқып үлгеретін сөз болатынын ескерген дұрыс. - Тақырыпқа қарап тұтынушы жарнаманы елестету арқылы және тауарды қолданудан түсетін нақты пайда туралы түсінік беретіндей анық болу керек. - Тақырып – жарнаманың мәтіннің мазмұны және оны елестетіп суреттеу арқылы қызғушылықты арттырады. Бұл көпір іспеттес. Мамандар тақырыпты дұрыс қолданудың бірнеше жолдарын көрсеткен. Ол мына талаптарды қанағаттандыра алу керек: 1. Қысқа әрі нұсқа да болуы. Оннан көп сөзден құралған тақырып қысқа тақырыпқа қарағанда нашар есте қалады. 2. Мүмкіндік болған жағдайда «тырнақша» ішінде болса оның ұтымдылығы 28 пайызға өседі. 3. Қызмет немесе тауар артықшылығына нұсқау жасау әуесқойлықты оятады. 4. Белгілі нарыққа, тұтынушының белгілі бір түрінде сәйкестік болу керек. 5. Жеке қызығушылықты ояту. 6. Өнімнің артықшылығына адресаттың бірден назар аударуы. 7.Тұтынушының қызығушылығын жарнаманың шығармашылық жағына емес, өнім сапасына аударып бағыттау. 8. Жарнамаланатын өнімнің жалпы кейпін көрсету. 9. Ескі өнімдерді жаңа әдістермен пайдалану туралы айтатын жаңалық стилімен тарту. 10. Қажет болмаған жағдайда тақырыпты қисайтуға, егер тақырып бір қатарға сыймаған жағдайда тақырыпты екінші сөйлемнің ортасынан бөлмеген дұрыс. Жарнама мәтінінің лингвистикасы Жарнама мәтіндерін зерттеу нәтижелерінде жарнаманы қабылдауға кері әсер ететін қателер анықталып жатады. Мамандар жарнамалық хабарламаларда мәтіндегі лингвистиканы жетілдіру үшін бұқаралық ақпарат құралдарында бірнеше ұсыныстар жасап отыр: - ойды жүйелеу және жеңілдету. Қарапайым және тіке айту. Күнделікті сөздер мен қысқа сөйлемдерді пайдалану. Оның мағынасын кез келген адам бірден түсіну керек. Техникалық және басқа да жаргон түрлерін пайдаланбау; - хабарламаны шабытты және еліктіретіндей етіп көрсету. Егер ол әуесқойлықты оятса, тіпті қызығушылық тудырса одан да жақсы болар еді. Түрі ұзақ созылыңқы түсіндірмелерден, сондай-ақ мақұлдаулардан аулақ болу қажет; - Тұтынушыны осы тауар мен қызметтен түсетін пайдаға бағдарлауы керек; - Нақты және түрткі болатындай етіп айту қажет. Сұраулы сөйлемдерден гөрі келісу сөйлемдерін «Сізге неге біздің дүкенге кірмеске?» деген сияқты сөйлемнің орнына «дәл қазір біздің дүкендегі тауарды көріңіз» сөйлемін пайдаланған дұрыс; - Адал да шыншыл болу. Тауарды өтірік насихаттау дұрыс емес, мұндай жағдайда қателіктің орнын толтыру өте қиынға соғады; - Мұнтаздай болу. Безендіру арқылы назар аудару - нәтижелі іс емес. Оны қолданған көрермен мен оқырман тауар немесе жарнама тартымсыздығын жарнама берушінің соңғы үміті деп болжайды. - Ойша бейне тудыратын сөйлемдер мен сөздерді пайдалану; - Сенімді болу, көрерменге, оқырманға әсіресе тікелей сатып алу кезінде қалай, қайтіп тауарды сату-сатып алуға болатынын айту керек. 10- дәріс Тақырып: Баспасөздегі жарнама Бүгінде баспасөз бүкіл әлемде ұсынылатын қызмет түрлері бойынша басқа жарнама тасушылармен қарқынды бәсекелесуде. Баспасөз арсеналында ірі немесе шағын, ұлттық немесе жергілікті, талғампаз немесе талғампаз емес кез келген жарнама беруші үшін қажетті ыңғайлы қызмет түрі болып табылады. Әрбір қызмет түрі басылым аудиториясына маркетингтік мақсатқа, стратегияға, жарнама берушінің қаражатына сай жауап беретін жарнамалық ықпал етудің жолдары мен түрлі дәрежелерін білдіреді. Газет пен журналда жарнама берушілер модульді және жолма-жол хабарландыруларды жариялап, айдарлы, көп бетті, демеушілік, салымдық, аймақтық, визуалды емес, электронды жарнама түрлерін пайдаланып, түпнұсқа- макет және әртүрлі жарнамалық мәтіндерді дайындап, маркетингтік зерттеулер өткізіп, поштамен таратуды жүзеге асыра алады. Жарнама безендірілуіне байланысты мынадай болып бөлінеді: ақ-қара, көп түсті, мәтіндік, фото иллюстрациялармен безендірілген, стандартты емес. Қазіргі таңда газеттегі жарнаманың орналасу аумағына байланысты 70%- модульді, 30% - айдарға топтастырылған. Жарнама беруші газетке жарнама жариялау кезінде мынадай факторларды ескеруі қажет: - мақсатты аудиторияны анықтау; - баспасөзді зерттеу; - жарнама орналасатын орынның құнын білу; - жарнаманың жарияланатын орнын белгілеу; - жарнаманың түрін, түсін, көлемін т.б анықтау. Баспасөзге жарнаманы жариялау кезіндегі ең маңызды мәселелердің бірі – қызықты, ерекше идея ойлап табу. Көп жағдайларда жарнаманың ұтымды, тартымды шығуына оның жаңа идеялылығы көп мүмкіндік береді. Басты жарнамалық-коммерциялық тақырыпты дұрыс жеткізу – келешектегі қомақты табыстың кепілі. Жарнама оқырманның көңілін бірден өзіне аударып алуы қажет. Бұл үшін көптеген амал-тәсілдер қолданылады. Баспасөздегі жарнаманың оқырманға әсер ету психологиясын қарастыратын арнаулы зерттеулер бар. Соларға сүйенсек, жарнаманы газет бетінің жоғарғы және соңғы жолдарында жариялау тиімдірек болады. Егер жарнама беттің жоғарғы оң жағында орналасса, онда оған назар аудару коэффициенті төменгі сол жақ тұста жарияланатын жарнамадан екі есе жоғары болмақ. Баспасөздегі жарнаманың ең басты аспектісі – дұрыс, сәтті жазылған мәтін. Сонымен қатар жарнама мәтінінің стилін анықтап, ұрандарды, иллюстрацияларды орынды пайдалана білу өте маңызды. Бүгінгі таңда газет пен журналдар көбіне модульді жарнамаларды жариялау қызметін пайдаланады. Бұл біздің түсінігіміздегі дәстүрлі жарнама – хабарлама, белгілі стандартты орынды алып тұратын – модуль. Модульді жарнама бір мезетте тауардың барлық қажетті сипаттамасын - техникалық деректерін, ұтымды тұстарын, кіріс бағасын және т.б келтіре отырып көрсетуге мүмкіндік береді. Ол оқырмандар үшін дағдылы және пайдалы ақпараттың түрі болып табылады, басылым оның белгілі бір дәрежеде сапасына кепілдік бере алады. Кейде модульді жарнамамен қатар газет пен журналдар бір жолдық хабарландырулар бере алады. Бұл – тек сөздерден құралып, бір жолға орналастырылатын жарнама. Әдетте редакциялық материалдан бағана енінің ұзындығымен және арнайы қаріптермен ерекшелінеді. Әртүрлі басылымдарда таңба, сөз және жол санына байланысты түрлі төлеммен қабылданады. Модульді жарнамалар көбіне жарнама берушінің тапсырысына орай газеттегі жарнама агентінің келісімімен белгілі бір бетке орналастырылады. Жарнаманың бұл түрін біз кез-келген газеттен кездестіре аламыз. Мәселен, «Астана ақшамы» газетінің бірінші не соңғы беттерінде беріліп тұратын «Темірбанктің» жарнамасы үнемі белгілі бір орында, яғни, беттің төменгі оң жақ бұрышында жарияланады. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, жарнамада ұран, иллюстрация дұрыс таңдалуы керек. Сөз етіп отырған «Темірбанктің» жарнамасына зер салсақ, бірден «Көлік мінгіңіз келе ме – жинаған ақшаңызды әкеліңіз!» деген жарнама ұраны көзге түседі. Ұран жарнама тақырыбына сай ойластырылған. Себебі, жарнама берушілер оқырман назарын «Бәйге» акциясына аударуды көздейді. Сонымен қатар, қолында қамшысы бар көлік үстінде отырған қыздың суреті де жарнама мәтінінің мәнін аша түсетіндей етіп ұтымды берілген. Келесі бір мысалды «Ана тілі» газетінен келтірейік. Бұл газетте жарнама көп беріле қоймайды. Содан да болар, соңғы бетінде тұрақты түрде жарияланып келген «Квартал» үй кешеніннің жарнамасы бірден көзге түседі. Нақтырақ айтсақ, үй кешенінің түрлі-түсті сипаттағы макеті. Себебі, жарнама мәтіні өте қысқа, әрі, майда шрифтермен терілген. Сондықтан оқырман бұл жарнамада тек суретке көз салып, мәтінге мүлдем назар аудармауы әбден мүмкін. Айдарға топтастырылған жарнамалар қарапайым жарнамадағыдай аудиторияның назарын аударатын арнайы жаңалықтар немесе түрлі көңіл көтеруге арналған материалдардың қасында орналастыруды қажет етпейді. Оқырмандар сатып алуда, сатуда, тауар ауыстыруда өзінің сұранысын қанағаттандыру үшін арнайы айдарлы жарнамаларды іздейді. Жарнаманың бұл түрі жарнама берушілер үшін ақпаратты оң сипатта қабылдауға дайын бірнеше адамдармен қатынас жасауға мүмкіндік беретіндігімен құнды. Оқырмандар белгілі бір айдарға көңіл бөліп, сол айдар аясында орналасқан барлық ақпараттарды бар ынтасымен қабылдауға ниетті болады. Бұл жарнаманың түріне еліміздің әдебиет, мәдениет және өнер туралы толымды жазатын газеті «Қазақ әдебиетінің» екінші бетінде дәстүрлі түрде «Құлаққағыс» айдарымен берілетін жарнамаларды жатқызуға болады. Мұндағы айдарлы жарнама газет бетінің төменгі оң жақ бөлігінде орналастырылған. Жарнама мәтіндерінен мысал келтіре кетейік. «Ән кешіне келіңіз» деген тақырыппен мынадай жарнама берілген: «28-ші сәуір күні сағат 18:00-де Республика сарайында Ресейдің халық артисі Валентина Толкунованың ән кеші өтеді. Концертте әншінің әйгілі әндері орындалады. Билеттер Республика сарайында және «Қазақконцерт» кассасында сатылады. Тел: 2-91-55-23, 2-79-14-26. Келіңіздер, ән әлеміндегі қонағымыздың әуезді де әуенді ән шашуын көріңіздер!» Мәтіннің жанында әншінің шағын суреті қоса жарияланған. Бұл жарнаманың төменгі жағында «Жүрегімді тербедің...» деген тақырыпта келесі жарнама берілген: «Сәуірдің 25-і күні «Қазақконцертте» Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Айжан Нұрмағанбетованың «Жүрегімді тербедің» атты концерті өтеді. Кешке Сембек Жұмағалиев, Фархат Ескенеев, Сымбат Рақышев және «Гүлдер» жастар би ансамблі қатысады. Басталуы 19:00- де». Келесі бір басылымға назар аударайық. «Ана тілі» газетінің соңғы беттерінде хабарландыру түріндегі жарнамаларды кездестіруге болады. Мәселен, 2002 жылғы №16 санында «Бәйге» айдарымен екі түрлі байқаудың шарттары берілген. Жарнама стандартты түрде басылған. Шрифті де мақалалардың шрифт көлемдерімен бірдей. Айдарлы жарнаманың танымалдығы және оқылуы бірнеше дәлелге байланысты. Бірінші кезекте – дұрыс айдар атауы берілуінде. Басылым айдарлы жарнамаға кейде жолақтың бір бөлігін ғана емес, бірнеше бетті беруі мүмкін, бұл жарнама түріне оқырмандар қызығушылығының соншалықты зор екендігін танытады. Жоғарыда біздер модульді және айдарға топтастырылған жарнама түрлеріне мысал келтірдік. Енді қазақ баспасөзіндегі жарнаманың басқа да сипаттарына тоқталып өтейік. Кей газеттер жарнамаға арнаулы бет ұйымдастырады. Мәселен, «Астана ақшамы» газеті осы әдісті қолданады. Жарнамалар берілетін беттің аты «Жарнама» тақырыбымен беріледі. Мұнда да мемлекет, қала тарапынан болып жатқан іс-шаралар туралы жарнамалар, көбіне-көп Астана әкімшілігінің тарапынан берілетін жарнамалар кездеседі. Келесі кезекте «Мырза» басылымын қарастырайық. Бұл газетте жарнамалар бір бетке топтастырылады. Жарнамалардың орналасу тәртібі стандартты, яғни, «кірпіш» түрінде беріледі. Бірақ өзге басылымдарға қарағанда, бұл басылымның ерекшелігі оның жарнама мәтіндерін түрлі-түсті бояумен беруінде. Жарнама түріне келетін болсақ, көбіне модульді жарнама беріледі. Мысалы: «Ән, күй әуендерін нотаға түсіремін және компьютерде теремін. Астана қаласы, «Ақ орда» ансамблінің әртісі Әсет Даненов. Байланыс тел: 87004021227». «Алтын Орда» газетінде де жарнама орналастырудың осындай әдісі қолданылады. Мәселен, газет көп ретте 8-ші және 25-ші беттерін толықтай жарнамаға арнайды. Жарнамалар түрлі-түсті бояумен, ірі шрифтпен, суретпен, иллюстрациямен беріліп отырады. Мұндай тартымдылық оқырман назарынан тыс қалмасы анық. Десек те, газеттегі жарнамаларды қарап отырып, бірден байқағанымыз, бұл беттерде орналасқан алты түрлі жарнаманың алтауы да орыс тілінде жарияланған. Жарнама тақырыптары да бірден көзге түседі. Мысалы: «Быстрые автокредиты», «Вкусный кредит», «Кредитная линия «Любимая», «Жилой комплекс «GRAND – Атырау», «Парад машин от Цеснабанка». Қазақ тілді аудиторияға негезділген қазақша басылымда осы жарнамаларды дәл сондай түрлі-түсті сипатында қазақ тілінде жарияласа, оқырманның түсінері айдан анық. Бұл газеттегі жарнама агенттерінің қателіктері болса керек. Алайда, бұл «Алтын Орда» газетінің тек орыс тіліндегі жарнамаларды жариялайды деген сөз емес. Мәселен, газет тұрақты түрде «Атырау-ақпарат» баспаханасын, «Жайық-ақпарат» баспасөз клубын жарнамалап отырады. Бұл жарнамалардың берілу сипаты, сапасы түрлі түсті орыс жарнамаларынан сәл төмендеу болғанымен, көлемі жағынан ұтымды болып келеді. Себебі, әрбір жарнама газеттің түгел бір бетіне жарияланады. Жалпы, қазіргі таңда толық бір бетті бір ғана жарнаманың алып тұруы газеттерде жиі кездесуде. Мысалы, «Нұр -Астана» газетінің бір санында А-2 форматтағы бір бетінде «Астана» телеарнасында болатын «Lost» сериалының премьерасын жарнамалаған. Жарнамада басты рөлдегі үш кейіпкердің суретімен бірге мынадай мәтін берілген: «Теледидарда бұрын-соңды сенің қиялыңды баурап алардай бұған ұқсас ештеңе болған емес – әлемдік іргелі басылымдары, киносыншыларының «Lost» сериалына жазған пікірлерінің көпшілігі тура осы сөздермен басталады. Жақын арада Қазақстан телекөрермендері осы мақала тақырыбының ақиқаттылығына көз жеткізе алады. Бір қарағанда сериал сюжеті, былайша, қарапайым, бірақ сценаристер қиялына кең қанат жайдырады». Жалпы, бұл жарнама «екі қоянды бір оқпен атуды» көздесе керек. Бір жағынан газетке қаржылай пайда әкелсе, екінші жағынан телеарнаның аудиториясын кеңейтпек. Үлкен көлемді жарнамаларды «Қазақстан-ZAMAN» газетінен де кездестіруге болады. Мысалы, біздер газеттің екі жыл бұрын жарық көрген 2008 жылғы №50 санында мынадай жарнамаға тап болдық. Газеттің жиырмасыншы бетінде түгелімен қара фонда әр түрлі техникалық заттардың суреті бар жарнама жарияланған. Суреттердің арасында «Құрбандықтарыңыз қабыл болсын!», «Тәуелсіздік мерекесімен, қадірлі ағайын!» деген құттықтау сөздер бар. Бір көргеннен не жарнамаланып тұрғаны түсініксіздеу болды. Кейін беттің төменгі оң жақ бұрышында майда шрифтімен «aksa power generation» деген шет тіліндегі жазуды көрдік. Сөйтсек, бұл генераторлар сатумен айналысатын компанияның өнімдері екен. Бұдан басқа орыс және ағылшын тілінде жазылған мекен-жай беріліпті. Жалпы, бұл басылымның халықаралық қоғамдық-саяси газет екендігі белгілі. Сондықтан мақалалар ғана емес, жарнамалардың дені түрік тілінде жарық көреді. Әрі бұл басылымды көп көлемде жарнама жарияланатын газеттердің қатарына жатқызуға болады. Тіпті, жарнама жариялау жағынан көшбасшы десек қателеспейтін болармыз. Сөзіміздің дәлелді болу үшін, біз газеттің 2009 жылғы №37 санында 36 түрлі жарнаманы кездестірдік. Ал №11 санында бірінші беттен бастап 38 жарнаманың жарияланғанын санап шықтық. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, жарнамалардың көпшілігі түрік тілінде, әрі түрік елінің өнімдері. Алайда, қазақ және орыс тіліндегі жарнамалар да баршылық. Көп ретте біздің қазақ басылымдары алғашқы бетке жарнама орналастыра қоймайды. Ал бұл газеттің бір ерекшелігі сол, бірінші бетінде- ақ әр түрлі көлемдегі, көп дегенде, бес түрлі жарнама жарияланады. Әлбетте, жарнаманың осындай түрі жарнама берушінің тапсырысы бойынша жасалады. Мұндай жарнамалардың газетке қомақты қаржы әкелетіні сөзсіз. Қазіргі қазақ басылымдарында әртүрлі көрмелерге «шақыру билеті» түріндегі жарнамаларды кездестіруге болады. Әсіресе, мұндай әдіс «Айқын» газетінде жиі қолданылады. Оқырман газеттен шақыру қағазын қиып алып, сол арқылы көрмеге кіре алады. Мұндай тапқырлық жарнама беруші мен жарнама таратушыға тиімді. Бүгінгі таңда кейбір басылымдар сол газетке жарнама орналастыруға шақыратын «ішінара» жарнаманы қолданады. Мысалы, «Нұр - Астана» газеті соңғы бетінде «Жарнама – табысқа бастар жол» деген тақырыппен өз басылымын жариялайды. Мәтіннен үзінді келтірейік: «Егер бізге жарнама немесе хабарландыру беретін болсаңыз, онда сіздің бизнесіңіз туралы не шығарып жатқан өніміңіз жайында ай сайын 120000 мың адам оқып-біліп, құлағдар болады. Бұл – үлкен аудитория. Бұл жақсы мүмкіндікті ұтымды пайдаланған еселеп ұтады. Бұған көзіміз әбден жетіп отыр. Біздің басылымды мыңдаған мұнайшы мен мемлекеттік қызметкерлер, мыңдаған мұғалім мен дәрігер, сан мың кәсіпкер мен іскер адам, көптеген құрылысшы мен теміржолшы, жүздеген банкир мен қаржыгер және тағы да басқа мамандық иелері оқиды, жаздыртып алады, танысады. Бізбен байланыс – бизнесіңізге үлкен айналыс! Бізбен байланыс – кәсібіңізге тұрақты ұмтылыс!». Мұндай тәсіл газетке жарнама берушілерді көптеп тартуға әсерін тигізеді. Тауарлар мен қызметті өткізуге ынталандыруда, сонымен қатар барынша тиімділікке жету үшін жарнама берушілер арнайы жарнаманың түрі – көп бетті жарнамаға жүгінеді. Бұл жарнаманың айқын көрінісін біздер «Егемен Қазақстан» газетінен көре аламыз. Газетте көбіне мемлекет тарапынан қаржыландырылатын аукцион, тендер туралы жариялауға бағытталған жарнамалар басылады. Басылымдағы жарнамалардың дені, тіпті, барлығы десек те болады, ортаңғы беттерден бастап соңғы бетке дейін орналастырылып келеді. Көп жағдайда көп бетті жарнаманы жылтыр журналға («глянц») жариялайды. Әдетте, көп бетті жарнама дәстүрлі жарнамаға қарағанда қымбатқа түседі, бірақ жарнама әсерлілігі жоғары болады. Көп бетті жарнама өзінің мазмұнымен бейресми байланыста болады. Жалпы отандық бұқаралық-медиа саласының қазіргі жай-күйі туралы ақпаратқа жүгінсек, бүгінгі күні Қазақстан Республикасында 7092 бұқаралық ақпарат құралы (2466 баспасөз БАҚ белсенді қызмет етуде), 212 электрондық бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген, шет мемлекеттердің 2392 бұқаралық ақпарат құралдары таратылады, сондай-ақ 2005 жылы KZ доменінде 8556 домендер аты тіркелген. БАҚ-тың тақырыптық жіктелуі – Қазақстанның ақпараттық нарығын дамытудың оңтайлы үрдістерінің бірі. Республикада қоғамдық-саяси басылымдармен қатар ақпараттық, жарнамалық, ғылыми, әйелдерге арналған, балаларға арналған, жастарға арналған, діни, кәсіби мамандандырылған және басқа басылымдар кеңінен тараған. Республикалық БАҚ нарығында тұрақты түрде 2243 мерзімді басылым шығарылады, олардың 1593 газет және 650 журнал. Барлық басылымдардың 50%-ын ақпараттық БАҚ, қоғамдық-саяси басылымдар – 16%-ды, ғылым басылымдар – 9 %- ды, жарнамалық басылымдар – 10,5%-ға, балаларға, жастарға, әйелдерге арналған және діни басылымдар – әрқайсысы 2%-ды құрайды. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы жағдай бойынша республикадағы мемлекеттік және мемлекеттік емес БАҚ-ның ара қатынасы өзгерген жоқ. Мысалы, жұмыс істейтін бұқаралық-медиа кәсіпорындарындағы жалпы санының 80%- ын үкіметтік емес БАҚ құрайды. Ақпараттық салада мемлекеттік сектор негізінен ведомстволық БАҚ (орталық және жергілікті билік органдары, оқу орындары) арқылы көрініс тапқан. Өңірлер бойынша мерзімді басылымдарының таралымы 1000- 3600 дана аралығында өзгеріп отырады. Бүгiнде Қазақстанның ақпараттық кеңiстiгiндегi басылымдар өзiне қажеттi қаржының көп бөлігiн жарнама арқылы тауып отыр. Алайда, табатын табыстарына қызыға ма, әлде жауапкершiлiк жоқ па, бүгiнгi жарнамалардың көпшiлiгiнiң сапасы сын көтермейдi. Қазіргі таңда біздің газеттердегі жарнамаларда шығармашылық идея жоқ десе де болады. Жарнаманың мазмұны мен композициялық формасы неғұрлым стандартты емес, қалыптан тыс, ерекше болса, соғұрлым оның оқырманға әсер ету тиімділігі артатындығы белгілі. Ал, біздің басылымдарда кездесетін жарнамалық мәтіндердің композициялық құрылымында түрлену аз. Қазақ басылымдарының жарнама нарығында бірде-бір қазақ тілінде жарық көретін жарнамалық газет жоқ. Жарнамалық газеттердің арасында көш бастап келе жатқан «Плюс», «Из рук в руки», «Инфо-Цес» басылымдары халық арасында үлкен сұранысқа ие болып отырған жайы бар. Осыған байланысты олардың көретін пайдасы қазақ басылымдарына қарағанда едәуір көп болып отырғаны белгілі. Бүгінгі таңда жарнаманың жаңа түрлері пайда болуда. Олар қазақ басылымдарында көп кездесе қоймайды. Солардың бірі – адветориал (advertorial). Ол - жарнаманың редакциялық мақаламен қосарлануы, қоғамдық өмірдің даулы мәселесі жөніндегі жарнамалық хабарлама. Жарнамалық бөлімдер жиегінен шыға отырып, адветориал мынадай артықшылықтарымен ерекшелінеді: - жарнамалық материалды көптеген жарнамалардың ішінен бөліп тұрады; - ол ақпараттық жарнаманы ұсынылатын тауар көмегімен белгілі бір проблеманы талқыға салуға болатын жерге орналастырылады; - бұрын-соңды қандай да бір себеппен жарнама бермегендерге, немесе тұтынушы ол туралы аз білетін немесе тіпті мүлде білмейтін жарнама берушілерге қолайлы сәт туғызады; - жарнама маңызды тақырыпқа арналғандықтан, «ғұмыры» ұзақ болады және оқырманға пайдалы ақпаратты сақтауға тырысады. Адветориалды жарнаманың өзіндік шектеулері болады. Ол белгілі бір тұтынушылар үшін немесе белгілі аймаққа арналып, тұтастай қоғам игілігі үшін шешімі бар мәселе болған жағдайда ғана жарнамаланады. Ұсынылатын тауар сол проблеманы шешуге мүмкіндік береді. Адветориал әдеттегі мақала секілді басталады, онда белгілі бір мәселе көтеріліп, оның себеп-салдары талданады. Кейін бұл мәселе қалай, кім арқылы шешілді және қорытындысы қандай болғандығы туралы тұтынушыны ақпараттандырады. Қыстырмалы жарнама (вкладываемая) – газет пен журналдардың ішіне қоса салынатын жарнамалық парақтар, жарнама түріндегі анықтамалық басылым, буклеттер, плакаттар, сонымен қатар, тауарлардың нұсқасы мен нобайлары. Қыстырмалы жарнама екі түрде болады. 1. Шығарылымның жолағындағы ілеспелі хабарландырумен және ілеспесіз хабарландырулармен қатар қыстырылған. Дұрыс пайдаланылған жағдайда жарнаманың бұл түрі өте тиімді. Егер қыстырмалы жарнама тапсырыс берушінің көздеген мақсатты аудиториясына дәл жетсе, онда ол нақты директ-мейлдің –тиімділігіне сәйкес келеді. 2. Тиімділігі бойынша қызықтысы сол, нөмірде берілетін жарнаманың қасында орналасқан буклет өз жарнамасының аудиториясын көбейте түсуі мүмкін. Себебі, буклет екі беттің ішінде оқырмандардың көзін ұзаққа кідірте түседі. Тауардың көлемді моделін қыстыру да тиімді. Оқырман, басылымнан (қатырма қағаз) тегіс қалыпты алып, (видео-аудиотехника, көлікке т.б. қатысты) оны модельге оңай айналдыра алады. Сонымен қатар, жарнамаға жапсырылып берілетін – сусабын, кремдер, әтірлер, сағыздар, т.б. тауарлардың үлгілері жарнаманы қабылдаудың тиімділігін арттырады. Үлгілер тұтынушыға едәуір маңызды әсер қалдырады. Бекітілмеген жарнамалар көбіне газетте кездеседі. Ал, техникалық себептерге сай жапсырылған жарнаманы журналдарда қолданады. Өкініштісі, қазақ журналдарында мұндай әдісті қолдану мүлде кездеспейді. Журналда қыстырмалы жарнама әдетте қымбат тауарлар – парфюмерия және косметикалық заттардың, ал газетте күнделікті тауарлардың сатылуына септігін тигізеді. Бірақ басылымның бетіне еш көрнекіліксіз орналасқан жарнамалар тұтынушыға ықпал етуі мүмкін. Оған типографиялық бояуға арнайы қоспалар қосу арқылы жасалатын хош иісті жарнамаларды жатқызуға болады. Мұндай жарнамалық хабарландырулар өзінің мазмұнына сай орман, кофе, цитруспен т.б. иістеніп тұрады. Әуенді жарнамалар да болады. Мәселен, жарнама орналасқан бетті келесі бетке аударғанда жарнама мазмұнына сәйкес музыкалық әуеннен үзінді ойналуы мүмкін. Әлбетте, басқа сезімдерге әсер ету жарнаманың тиімділігін арттырады. Алайда мұндай жарнамалар қымбатқа түседі, сондықтан кез келген жарнама беруішінің қалтасы көтермейді және барлық басылымдар оның техникалық орындалуын қамтамасыз ете алмайды. Осыған орай жарнаманың бұл түрлері тек біздің елімізде ғана емес, көршілес мемлекеттер мен дамыған елдердің өзінде көп тарала қоймаған. Жарнама берушілер жарнама материалдарын өз мүмкіндіктерімен қатар, жарнама агенттіктерінің күшімен де дайындай алады. Кейде түпнұсқа-макетті, үндеулерді, арнайы шығарылымдарды, басылымның техникалық базасындағы жарнамалық қызметтің көмегімен ойластыру және әзірлеу тиімді. Себебі, суретке түсірушілер мен редакторлар, терімшілер мен корректорлар, макетшілер, газет пен журнал қызметкерлерінің жанынан табылады. Сонымен қатар олар өздерінің басылымында орналастырылатын жарнама мәтінінің техникалық талаптарын жақсы біледі. Яғни, жарнаманы жариялауда қателік болмайды. Демек, қосымша шығын және қайта түзетуге уақыт кетпейді. Басылым базасында жарнамалық мәтіндерді дайындауда жарнама қызметінің қызметкерлері газет және журналға жарнаманы орналастыруда қосымша жеңілдік беретіні маңызды. Көп жағдайда басылым таралу аумағына орай оқырмандар аудиториясын, нарық жағдайын анықтауда өз күшімен зерттеулер жүргізеді. Бұл іске жарнама агенттері мен телефон операторлары тартылып, басылымның жеке базасы қарастырылады. Газет пен журналдағы жарнаманы қызмет деңгейіне тәуелді емес жарнама берушілер пайдаланады. Жарнама беруші баспасөздің көмегімен әртүрлі тапсырманы орындауға, жарнаманы әдеттегідей ұсыныс, имидждік беделін көтеру, салыстыру, әшкерелеу, өзгерту, ауыстыру түрінде орналастыра алады. Газет-журналдардың қызметін жарнама берушілердің 90%-ын пайдаланады. «Теледидар, радио, сыртқы жарнама, директ-маркетинг т.б. жарнама тасушылардың түрлеріне басымдық беретін жарнама берушілер, бизнестің негізгі мәселелерін (тауарлар мен қызметті сатып алу, сату) болмаса да, қызметкерлерді қабылдау, серіктестік іздеу, ескірген жабдықтарды сату, акционерлік жиналыс туралы хабарлама, ресми тұлғаларға ашық хат т.б. сияқты жарнама сұрақтарды шешу үшін кейде баспасөз жарнамасына иек артады». Бүгінде Қазақстандағы баспасөз ұсынатын жарнамалық қызметтің саны мен сапасы дамыған елдермен салыстырғанда деңгейі төмен. Бұл бір жағынан баспасөз қызметкерлерінің жарнаманың қыр-сырынан хабарсыздығынан және газет- журналдардың техникалық базасының артта қалғанынан болып отыр. Газет- журналдар қандай қызметті ықтималды түрде көрсете алады, бірақ оны істемейді. Өйткені, ол туралы баспасөздің қызметкерлері, жарнама берушілер біле бермейді. Бүгінде газет пен журнал саласындағы қызметтердің көпшілігі жарнама берушілер тарапынан барынша қолданылмайды. Бүгінде қазақ тіліндегі басылымдар таралымының аздығынан жарнамадан қағылуда. Бұл табыс табудың үлкен мүмкіндігінен айырылу деген сөз. Алдағы уақытта осы қалыппен жүре беретін болсақ, қазақ басылымдарын қаржы жоқшылығынан құтқара алмасымыз айдан анық. Газет редакцияларындағы жарнамалық қызметтің жайы қандай болу керек деген сауалға тоқталып өтейік. Әрбір жарнама берушіде өзіндік мақсат-мүддесі мен көкейкесті проблемасы болады. Жарнамаға жауаптанған қызметкер өз газетінің артық тұстарын дұрыс түсіндіріп, сенім туғыза білетін болуы керек. АҚШ-тың белді газеттерінің жарнама жауаптанушылардың мынадай қасиетті табысқа жетудің кілті деп есептейді. Біріншіден, шын ниетпен беріліп жұмыс істейтін намысқойлық. Екіншіден, ерік, күш-жігер бәрінен өзекті. Жарнама табуды басқа күнделікті күйбіңмен ешқашан айырбастамау керек. Үшіншіден, жауаптанған ісіне деген адалдық пен шын пейіл болуы шарт. Тәжірибелі мамандар жарнамадан мол табыс табуы үшін мынадай сұраныстарды ұстанады: - өз газетін және оның нарқын жетік біледі; - клиенттерді, олардың мақсатын, ізденіс-сұраныстарынан толық хабардар болады; - өз бәсекелестерін жетік біледі; - қызметін дәйекті жоспарлайды; - қажетті адамдармен тұрақты хабарласып, ақпарат алып тұрады; - жұмысы үшін жалықпай жүгіре алатын біртоға адамдарды жинау; - клиенттерден жарнама мен хабарландыруларды алдын ала қабылдап әдеттенуі; - клиенттердің тілегі бойынша әртүрлі қосымша қызметтер көрсете алу, уәдеде тұру. АҚШ мен Канада газеттерінің жарнамадан табатын таза пайдасының үштен бірі ұсақ хабарландырулардан түседі екен. Сонымен қатар, мұндай «ұсақ- түйектер» газет таралымын ұлғайтуға игі ықпал ететін негізгі фактор. Үнемі хабарландыру оқитын адамдар үшін қажетті ақпараттарды жедел табуыға, жарнама берушілер үшін қарым-қатынастарын кеңейтуге мүмкіндік береді. Ұсақ хабарландыруларды және жалпы жарнаманы жүйелеп, дұрыс ұйымдастырудың нәтижесінде өзімізде «Караван», жергілікті аумақ бойынша «Авиатрек» апталығы бүгінгі таңда алға шықты. Жарнамалық материалдардың саны көп, әртүрлі тақырыптарға, яғни, мазмұндық шеңбері кең болған сайын оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктерін өтеуге тигізер көмегі зор. Сондықтан оларды іздеген адам тұрақты бір бағанадан, арнайы беттен тез таба аларлықтай етіп макет жасауды газеттің жауапты хатшылары ұмытпағаны абзал. Жалпы редакцияларда жарнамалық насихатқа жауаптанған дербес бөлім жұмыс істеуі қажет. Бұл уақыт талабы. Қазір әрбір қазақ газет редакцияларында «жарнама, коммерция бөлімі» деген бар. Бірақ, олардың іс қызметі талапқа сай келмейді. Енді осы бөлімдер қалай жұмыс істеуі керек, атқаратын міндеттердің негізгі бағыты қандай деген сауал туындайды. Ірі фирмалар, компаниялар, шетел инвесторларымен қарым-қатынас жасау арқылы олардан жарнама, хабарландырулар алып, табыс көзін ашуға болады. Олардың төлемақылары ірі сомада болары сөзсіз. Баспасөздегі жарнаманың қаражат бойынша айналымы тележарнамамен салыстыруға әбден лайық десек те, агенттіктер басылымға материал көп бере бермейді. Сондықтан, бұл нарықта айқын көшбасшылар, дәлірек айтсақ, клиенттеріне жарнама берудің ең тиімді жағдайын ұсына алатын компаниялар жоқ. Бір-екі, ең көп дегенде, он шақты операторларға өзара бөлінген сыртқы жарнама мен тележарнама нарығына қарағанда, баспасөзге жарнама жариялаудан бес-он пайыздық пайда көрсе де, көпшілік оған тапсырыс беріп жатады. Бүгінгі таңда жарнама агенттігі мен жарнама берушілер үшін баспасөздегі жарнама радиоға қарағанда, сәл ғана артық қызығушылықты тудыруда. Бұл баспасөзде қазіргі кезде белсенді түрде жарнамаланатын ұзақ пайдалануға жарамды тауарлар, яғни, автокөліктер, тұрмыстық және кеңсе тауарлары, сондай-ақ, сақтандыру, банк ұсыныстары секілді қызмет түрлері туралы жарнамалардың тиімділігімен байланысты. Неғұрлым тауар күрделі, ал бағытталған аудитория аз болса, соғұрлым тауар жарнамасы үшін баспасөзді пайдалану ыңғайлы болады. «Кейбір зерттеулерде білімі мен қаржы кірісі орташа деңгейден асатын 30 бен 45 жас аралығындағы адамдар үшін тауарды баспасөзде жарнамалау қажет деген мағлұматтар келтіріледі. Ал қалған тұтынушылар көңілін тарту үшін телеарнаны таңдаған ыңғайлы»,- дейді зерттеуші Т.Плотникова. Жалпы алғанда, газет-журналдағы жарнаманың беделі өзге бірде-бір жарнама құралынан асып түсе алмайды. Соңғы онжылдықта баспасөздегі жарнама шығынының жалпы үлесі біршама төмендеген. Жарнама таратушының бұл түрі жарнама берушілердің арасында әлі де үлкен танымалдылыққа ие болып, теледидармен тең дәрежеде жарнама нарығының көшбасшы болып қала беретіні сөзсіз. 11 – дәріс Тақырып: Радиодағы жарнама Хабар таратуды әуе толқынында жүзеге асыратын саланың бірі радио десек, біз бүгін әңгімемізге арқау етіп, өз хабар тарату деңгейінің жоғарылығымен аз уақыт ішінде бәсекелестерін басып озған "Радио 7" радиосына тоқталуды жөн көрдім. Хабарларының жан-жақтылығымен көзге түсіп келе жатқан, тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейтін осы "Радио 7" студиясында жарнама жанры өзінше өріс тапқан. Мұнда таратылар жарнамалар бірінші тарауда сөз етілген радиожарнамалардың типіне негізделген, бірақ басқаша аталған. Оларды теориямен салыстырар болсақ, "тікелей жарнама" түріне "Радио 7" радиосындағы "музыкаға текст оқу" әдісі сәйкес келсе, "ақпаратты-музыкалық" роликке "музыкалық қойылым" түрі сай келеді. Ал жергілікті радиодағы "өзіндік әсер-ерекшеліктері бар күрделі ролик" өз негізіне радиожарнаманың барлық түрлерінің сипаттарын жинаған. Жалпы, "Радио 7" радиосы 106,9 FM желісі бойынша 24 сағат бойы тыңдарман қауымға қызмет етеді. Осындай таралу мерзімінде әр сағаттың 15,45 минуты сайын жарнама үзбей беріліп тұрады. Әр жарнаманың уақытына келер болсақ, ең ұзағы 1 минут, ал жалпы бірнеше жарнамалар берілген уақыт 3 минуттан аспауы қажет. "Радио 7" радиосының студиясында аталмыш іспенен айналыстын жарнамалық бөлім қызмет істейді. Бөлімнің міндеті - жарнама берушілерді тарта білу, ол үшін үгіт-насихатты жиі жүргізіп, эфирге шығып жүрген жарнамалар сапасын жақсарту, жарнама қызметін реттеу болып табылады. Сонымен қатар, олар жарнамалық роликтерді және жарнамалық мәтіндерді дайындау жұмыстарымен айналысады. Әрбір адам, әрбір ұйым өз қызметі мен еңбегі үшін сол деңгейге сай бағаланып, ақысы төленгенін бағалайды. "Радио 7" радиосының жарнама жасаушы қызметкерлері өз өнімдерін әрқалай бағалайды. Мұндағы жарнама роликтерін әзірлеу бағасы жарнаманың түріне байланысты мөлшерленеді. Мысалға, жарнаманың ең қарапайым түрі - жай мәтінді оқудың 60 секунды 35 доллар, ал орташа күрделі ақпаратты -музыкалық роликтің осындай уақыты 90 доллар тұрса, үшінші әдісі - күрделі құралдарды пайдаланған роликтер 150 долларға жетеді. Жарнаманы эфирге беру мерзімі басты рөл атқарады. Себебі, жарнама беруші тапсырыстың неғұрлым ұзақ мерзімге жариялауды сұраса, бұл редакция қорына түсімнен басқа залал келтірмейді. Мұндай шаралардың іске асуы үшін алдымен жарнамалық менеджер тапсырыс берушілермен келісім-шартқа отырады. Егер жарнамаға төленер қаржы мөлшері 1000 доллардан асса, редакция ұжымы 30 пайызға дейін жеңілдіктер жасайды. Тиімді және тұрақты тұтынушыны жоғалтып алмауды көздеген осы негіздес жеңілдіктер жасау барлық табыс көзін іздеушілерге тән. Ендігі кезекте "Радио 7" радиосында берілер жарнамалардың мазмұндық сипатына мән берейік. Ол үшін бүгінгі таңда қазақ қоғамының айықпас дертіне айналған орыс тілінің бірінші орынға шығу мәселесі қарастырылып отырған радиода қалай етек жайғандығын ашып алу қажет. Өкінішті, бұл бұқаралық ақпарат құралында осы мәселені көтерудің өзі ұялтады. Себебі 18 жарнаманың тек біреуі ғана мемлекеттік тілде таратылады. Ол мынадай мазмұнда: «Ақнұр» фирмасы Польша, Прибалтика, Италия елдеріндегі ең мықты өндірушілердің офистік және жұмысқа қажетті жиһаздарын ұсынады». «Мерлени» фирмасының техникасы, «Аристон», «Индезит» сауда маркасының тоңазытқыш, газ плиталарын және кір жуғыш машиналарын ұсынады. Бұл 2000 жылдардағы жарнама үлгілері. Бүгінгі таңда да жарнама беруде мұндай олқылықтар кездесіп тұрады. Эфирге шығар жарнамалардың барлығы тек орыс тілінде ғана жарнамалануда. Сондықтан жарнаманың әр түріне мысалды өзгертпей, сол орысша қалпында береміз. Ең алдымен қарапайым жарнамаға: "Гуманитарный университет имени Кунаева представляет столичные филиалы. Улица Строительная, 16». Бұл жарнаманы, тіпті хабарландыру десе де болады. Айырмашылығы музыкалық үзінділермен әрлендірілгендігінде. Келесі музыкалық - ақпаратты роликтің берілу әдісі төмендегідей негізде. "(Музыка). Жүргізуші: Дом творчества "Огонек" - казахская национальная академия музыки расположена в живописном месте в курорте Боровое, рад пригласить вас на летний отдых на берег озера "Котырколь" (музыка)" ("Астана радиосы", 2000ж., 7 мамыр. сағ.18:45). Берілген жарнаманың формасы күрделі емес. Бірақ айырмашылығы мәтінінде, өйткені жарнама құрғақ ақпаратпен шектелмей, мекеменің мәртебелі, жақсы сипаттары көрініс тапқан. Сонымен қатар, бұл жарнаманың тағы бір ерекшелігі диктордың дауыс ырғағын өзгерте, құбылта сөйлеуінде болып тұр. Аталып жатқан белгілердің барлығы жарнама түрінің қалай берілуіне байланысты. Бірақ егер жарнама мәтінін зер сала тыңдасаңыздар мәтін құрастырушылардың ұтымды фактіні пайдаланғандығын байқайсыз. Ол демалыстың "Қотыркөл" атты көлдің бойында өтетінін айтқандығы болып саналады. Неге? Өйткені бәрімізге белгілі кез келген ақпаратты естігенде тыңдарман аудиториясы елең еткізер оқиғаны күтуде болады. Сондай-ақ жарнамада әрбір ұсақ бөлшек, әсіресе, айтылған сөздің маңызы зор. Сол себепті берілген жарнамадағы "Қотыркөл" деген аттың өзі тыңдарманның назарын аударып, тіпті езуін тартқызуы да мүмкін. Диктордың бұл объектіні мәтіннің сонында айтуына осындай себептер ықпалын тигізген. “Радио 7” радиосының қолданып жүрген ең күрделі әдісіне мына бір жарнаманы дәлел етіп алайық. “(В.Меладзенің әні): Красиво ты вошла в мою грешную жизнь, Красиво ты ушла из нее. Диктор №1 – Выйти красиво из любой ситуации? (күлкі) Диктор №2 - Даже не вопрос. Салон красоты “Ару”. Только в “Ару” все виды косметологических услуг, наращивание ногтей и скромный маникюр, педикюр, химическая завивка и наращивание ресниц, безоперационная подтяжка лица, пермаментный макияж, лимфа тринаж и коррекция фигуры, парикмахер универсал. И это еще не все. Сходи и убедись. Сейфуллина,45. Салон красоты “Ару”. Тел. 32-00-35. (музыка)”. Жарнаманың құрылу әдісі ерекше. Сонымен қатар бұл жердегі ұтымды қолданыс жарнамаланушы мекеме немесе тауардың атын қайтара бірнеше рет айту берілген. Яғни, “Ару” сән салонының атын аз да болса үш қайтара айтудың өзі тыңдаушының жадында жатталып қалуына жол ашады. Бұл сияқты жарнамаға тән ерекше өзіндік құралдарды, терминмен айтсақ, арнайы эффектілерді қолданудың екі жаққа пайдасы мол. “Радио 7” радиосындағы жарнамалардың берілуіндегі тіл мәселесінен басқа, тағы бір жеткіліксіз жағын ескеріп кетсек, ұлттық сипаттағы жарнамалардың бой көрсетпеуі. Мұндай негізгі сын айтуға “Қазақ” радиосымен салыстырмалы түрде қарау ықпал етті. Жарнама мәселесін қарастырғанда қорғаныс қызметін атқаратын тауар белгісінің маңызы зор. Имиджді қалыптастыруда бұл құрал басты рөл атқарады. “Радио 7” радиосының өзіндік бет-бейнесін қалыптастыруда музыкамен үйлестірілген “Радио 7. Сто шесть и девять, ты направь свой приемник на радио 7”,-деген сөйлемнің мәні ерекше. Оны тауар белгісі ұғымына сай деп қарастыруға толық болады. Сонымен талдау объектісі ретінде алынып отырған “Радио 7” радиосында жарнаманы берудің кейбір кемшіліктеріне қарамастан, өзіндік жолы қалыптаса бастаған жайы бар екенін айқын байқауға болады. Бұқаралық ақпарат құралдарының бір саласы – радионың басты ерекшелігі – тыңдарманға өз ісімен айналасуын тоқтатпай, қажетті ақпаратпен қамтамасыз етілу мүмкіндігін туғызып отырғанын ескерсек, бұл ақпарат құралында жарнаманы берудің тиімділігі жоғары деп тұжырым жасай аламыз. Радиожарнамада дыбысты кең көлемде қолдану мүмкіндігі берілген. Радиодағы жарнама оны берушілерді арзандылығымен қызықтырса, тыңдармандарды өз жұмысын жалғастыра отырып, өзіне қажетті ақпаратты алуға икемділігімен тартады. Өзге бұқаралық ақпарат құралдарындағыдай радиода берілетін жарнаманың да түрлері бар. Радиожарнаманы өз ішінен төрт түрге: музыкалық қойылым, жанрлық көрініс, тікелей жарнама және шынайы қойылым деп бөлуге болады. Музыкалық қойылым. Радиожарнаманың бұл түрі ең мықты, әрі қатар ең нашар үлгісі. Себебі, егер музыкалық қойылым жақсы жасалса, онда жарнама мол пайда түсіреді. Керісінше, жарнама сәтсіз шықса, онда осы жарнамаға жұмсалған қаржы далаға шашылғанмен тең. Музыкалық қойылымдар түрлі жолдармен беріледі. Кейде жарнамалық ақпарат тегіс әнмен айтылса, кейде музыкалық фразалар жарнама мәтінінің кейбір тұстарында ғана келтіріледі. Кейде хор мен оркестрдің орындаушылығын қолдануы мүмкін. Жарнама берушілер ән шығармасының иесінен авторлық құқықты сатып алып, не халық әндері үлгілерінен, не бір сазгерге арнайы тапсырыс беру арқылы қажетті музыканы тауып радиожарнамада қолданады. Жанрлық көрініс. Бұл тележарнаманың түріне ұқсас. Бұл жерде өте жақсы дайындалған сценарий ғана ойдағыдай нәтиже бере алады. Ал оның бір элементі - сценарий жасау барысында әрқашан жарнамадағы оқиға мен обьектінің тығыз байланысын үзбеу негізгі қағида. Тікелей жарнама - ақпаратты насихаттаудың ең қарапайым түрі. Мұнда негізгі міндет жарнама мәтінін оқу дикторға жүктеледі. Мұнда түрлі музыкалық қосымша әдістер қолданылмайды. Музыка тек кідірістерді толықтырушы қызметін атқарады. Бұл әдіс әсіресе, қазақ радиосында кең тараған. Шынайы ерекше қойылым. Радиожаранамадағы осы әдісті іске асыруда ешбір арнайы дайындықсыз бір адамнан ұсынылып отырған тауар жайлы көзқарасын, ой- пікірін білдіру талап етіледі. Мүмкін ол сын болуы ықтимал. Бірақ ешбір шындықтың өзі сол жарнамаға көңіл аудартып, ол арқылы тауарға деген қызығушылық туғызбайды. 12 – дәріс Тақырып: Теледидардағы жарнама Тележарнама өмірдегі шынайы оқиғалар көрсетілген шағын сахналық қойылымды елестетеді. Кейіпкерлер көріністің басында қарапайым адамдар болса, ал соңында пайда болған қиыншылықтың шешушісіне айналды. Осы әдіспен жасалған жарнаманың жақсы шығуының кілті -қарапайымдылық. Жарнама белгілі бір тауарды жариялауға бағыттап, оны көрермен есінде қалатындай етіп берілуі тиіс. Әрбір эпизодтың нанымды шығуын қамтамасыз ету және жақсы идея қажет. Ал осы идеяның ойдағыдай жүзеге асуы, жарнаманың сәтті шығуы көрініске қатысушы тұлғаның актерлік шеберлігінің жоғарылығына байланысты. Өз күшіне сенімді жарнама жасаушылар әртүрлі жанрлық көрініс түрін қолданады. «Өмір бейнесі» - бұл жарнама түрі тауарды емес, осы тауар тұтынушысын көрсетуді басты мақсатқа арнайды. Өздеріне арналған тауарды жарнамалық роликке түсуші өмірдің түрлі жағдайларында қолдануын көрсету арқылы ұсынылып отырған тауар тұтынушының қандай тобына өте қажетті екендігін түсіндіруге ұмтылады. Анимация. Қолдан салынған сурет, қуыршақ арқылы жасалған және бейне көріністер, көп ақпарат беретін және балаларға арналған жарнамаларда қолданылады. Қазіргі техниканың жетістігі компьютерлік сызбаның көмегімен кез келген жарнамаға жан бітіру мүмкіндігін туғызып отыр. Өте қымбат ақы алынып отырған мұндай жарнаманы қолға алу өте жауапты. Телеарна жарнамалары осындай негізгі түрлерге бөлінеді. Нарықтағы жарнама уақытын сату Біздің экономикалық өсуіміз телеарна, телестанциялардың табыстарын үлкен нәтижеге жеткізді. Оның өзінде жергілікті телеарналар кабельдік және спутниктік телеарналар арасындағы қатаң бәсекелестік жағдайда өмір сүреді. Басқа салаларға қарағанда, телеарналар өз өндірісін әрдайым өсіре алмайды. Телеарна басқа арнаның аудиториясын жаулап ала алады, бірақ өз тауарын басқа нарыққа «экспорттай» алмайды. Сондықтан бүкіл табысты эфирлік уақыттың бағасын көтеру арқылы табады. Мысалы, 2005 жылы республиканың барлық телерадио арналары президенттік сайлау кезінде көп табысқа кенелді. Эфирлік уақыт барлық кандидаттар арасында тең бөлінгенімен, мұнда қаржы аспектісі үлкен рөл атқарды. Бөлінген бюджеттен басқа, кандидат өз қалтасынан жарнаманы қаржыландырып отырды. Осы кезде әр кандидаттың жарнамалық компаниясы ұйымдастырылып, жарнамалық роликтерді экранға шығарып, бұл әрекеттер тек кандидат пайдаланған телеарнаның пайдасына шешіліп отырды. Жарнаманың тиімділігі және сапасы көптеген аспектілерге тәуелді. Жарнаманың бізге белгілі түрлері мен бағасы әртүрлі. Жарнаманың бағасы оның тасымалдаушы құралымен байланысты болады. Жарнаманы тасымалдаушы құралдар мен арналарды таңдау жұмысы ерекше рөл атқарады. Бұл қандай құралдар болатынын анықтау қажет. Баспа жарнамасы: - листовка: кішкентай форматты, қымбат емес басылым; - даңғыл: көпбетті, жақсы суреттелген басылым, бағасы графикасына байланысты; - каталог: формасы бойынша даңғыл сияқты, бірақ мазмұнымен ерекшеленеді: оған тауардың, қызмет жайында тек маңызды мағлұматтар кіреді. Әрине, оның бағасы қалыңдығына және суреттер санына байланысты. (1 данасының орташа бағасы 500 теңгеден басталады); - буклет: бір немесе бірнеше рет бүктелген, екі немесе көптүсті, жақсы суреттелген басылым, оның бағасы қағаз сапасына байланысты болады; - плакат: бүктелмеген, үлкен форматты көптүсті басылым. Ол белгілі бір тауар немесе фирмаға арналып жасалады. Жарнамалық ақпаратты таратады және көзге тез түседі, оның бағасы сапасына тәуелді, қазіргі кезде ең тиімді және ең қымбат глянцты қағаздан жасалған плакат болып саналады (орташа 1 данасының бағасы 150 теңгеден бастап). Баспа басылымдардағы жарнама: - орталық, жергілікті газеттерде, мұндай жарнаманың бағасы мәтіндегі сөздердің санына байланысты (жеке және заңды тұлға). - жалпы тағайындалған, ғылыми, салалық, фирмалық журналдарда басылады. Мұндағы жарнама қымбат және көрнекті болуы тиіс (бағасы 20 мың теңгеден асуы мүмкін); - арнаулы анықтама кітаптарында; - кітаптар мен оқулықтарда; - радио мен телеарна жарнамасында; - теледидарда немесе видеомагнитофон арқылы көрсетілетін клиптер мен спорттық бағдарламалар беріледі. Ол ең қымбат жарнама түрлерінің бірі. Мұнда атақты адамдар шақырылуы немесе арнайы эффект қосылуы мүмкін және бұл тұста эфирлік уақыттың ұзақтығына байланысты (бағасы 1,5 – 2000 $ - дан бастап болады). - слайдфильм (түсті және ақ-қара) әдейі жасалған көрмелерде, конференцияларда немесе экрандарда көрсетіледі. Сыртқы жарнама: - планшеттер мен щиттер; - жарық экрандарда, яғни оны «жүгіртпе жолдар» деп атайды ол телеарналарда немесе көшелерде, қоғамдық көлікте; - көшеге ілінетін тақтайшалар (вывеска); - көліктердегі жарнама (поездъ, автобус, кеме); - әуе көліктерінің көмегімен жасалатын жарнама (шарлар, дирижабль, вертолёттар арқылы жарнамалық құжаттарды аспанға көтеру). Сату орындағы жарнама: - дүкендердің тауарымен әшекейленген әйнектер; - баннерлер: тікбұрышты және ұшбұрышты планшеттер (мата, қағаз, пластмасса), жарнамалық мәтіні бар; - тауардың сыртындағы қаптамасы; - бағасы бар қағаздар (ценник); Сувенирлі жарнама: - өндірістің жарнамасы (брелоктар, қаламдар, сөмкелер, белгілеуіштер); - күнтізбе, ашықхаттарда. Жарнаманың тиімділігі сатылым көлеміне, тұтынушылардың ақпараттандырылу сапасына байланысты. Сондықтан жарнамаланатын тауарды және ең бастысы аудиторияны зерттеп, дұрыс таңдау жасай білу қажет. Республикалық телеарналардағы көрсетілетін жарнамадан түсетін табыс көзі қомақты. 1999 – 2000 жылдары жарнаманың көлемінің азаюын байқауға болады. Мысалы, 1999 жылы «ОРТ – Еуразия» телеарнасындағы көрсетілген «Во имя любви» бразилиялық телесериалындағы жарнаманың бір минуты 8 мың доллар болған екен. Ал 2000-шы жылғы «31 телеарнадағы» оның қайталамасы 4 есе аз қаржы (2 мың доллар) әкеліпті. Бақылауларға қарағанда ол шығу уақытының өзгеруіне, алған рейтингтердің қысқаруына байланысты екен. 2000 жылдан бастап өзіміздің және ресейлік телесериалдар көрсетіле бастады, осы сериалдардың телеарналарға көп табыс әкелгені белгілі болып отыр. Демек, бір минут жарнамадан табыс көрсеткіші бойынша «Хабар» телеарнасында «Перекресток», ал «НТК» телеарнасында «Улицы разбитых фонарей» телесериалы озық боп шықты. «ОРТ – Еуразия» телеарнасындағы ресейлік телесериалдардағы бір минут жарнамадан түсетін табыс көлемі орташа алғанда есеппен алғанды латынамерикандық сериалдармен («Нежный яд») (400$) тең болған. Жарнаманың бағасы, рейтинг пунктының бағасы жарнама беруші мен медиатасушылар арасындағы келісімдер арқасында жасалады. Осыдан барып телесериалдың табыс деңгейін көре аламыз. Сарапшылардың пікірінше, бразилиялық «Во имя любви» телесериалының «ОРТ – Еуразия» телеарнасындағы бір эпизодын көрсету құқығының бағасы – 1,5 мың долларға тең, ал бір эпизодта орналастырылған жарнамадан табыс – 8 мың долларға тең. Одан қымбаттырақ «ОРТ – Еуразияда» көрсетілген «Секретные материалы» телесериалын сарапшылар есептеуінше, бір эпизоды – 6 мың доллорға тең болған, жарнамадан табыс – 18 мың долларға дейін табыс түскен көрінеді. 2001 жылы көрсетілген өзіміздің «Саранча» атты телесериалымыздың рейтингі «Перекрестокқа» қарағанда әлдеқайда төмен болып шыққан. Алғашқыда бір эпизодтағы жарнаманың табысы – 800 доллар, кейін – 450 долларға дейін түсіп кеткен. Ол көрермендер аудиториясының қысқарғанының көрсеткіші. Көптеген сарапшылардың айтуы бойынша ол фильмнің сапасына, шақырылған актерлердің құрамына және сценарийіне байланысты екен. Бірақ осы бағалар кейде сол телесериалдың өндіру бағасымен сәйкес келмейді, былайша айтқанда шығынды болады. Сол кезде шығарушы компания жарнама құралы ретінде, осы телесериалдың кадрлары бар күнтізбе, қалам, плакат, постерлерді және т.б. заттарды шығара бастайды. Оған қоса толықтырушы табыс көздері бар – видеотаспаны нарыққа шығарады. Жалпы алғанда телесериалдардың табыс әкелетін ең аз мерзімі – 2 жыл. Мысалы, 2000 жылы «КТК» телеарнасы «Бандитский Петербург» телесериалын көрсету құқығын сатып алды. Фильм көрсетілген мерзімде тек жарнаманың арқасында осындай тағы 3 сериал сатып алатындай табыс әкелген. Бірақ осы көрсеткіштер табыс әкелудің шыңы емес. Есімізге түсірсек, 2004 жылы көгілдір экранға шыққан Ресейлік «Бригада» телесериалы барлық рекордтарды жарып шықты. Сол жылдың күзінде әр жанұяның мүшелері кішісінен үлкеніне дейін барлық жұмыстарын тезірек аяқтап, кешке көгілдір экранның қасына жиналуға тырысты. Оны трансляциялау құқығы ең алғаш Қазақстанда «31 телеарна» сатып алды. Не бары 15-ақ эпизод, бірақ әрбір эпизодтағы жарнаманың табысы – 38 мың доллар табыс тапты. Қазақстан үшін ол өте биік көрсеткіш. Қазіргі күнде Қазақстан телесериалдарды шығаруды тоқтатты, неге екені белгісіз. Сондықтан өзіміздің «НТК», «КТК», «Хабар», «Ел арна», «31 телеарна», «Қазақстан» телеарнасында бразилиялық және ресейлік телесериалды көрсетіп, өзіміздің жарнаманы жарыққа шығарып жүр. Бүгінгі күнде жарнамамыздың қоры көп, бағасы сапасына сай. Бір кемшілігі - әрбір телеарнаның мүмкіндіктері әртүрлі. Мысалға алсақ, «НТК» телеарнасы өзі шығаратын жарнамалық роликтерін тек декорация мен арнайы эффектің көмегімен өз бөлмелерінде түсірсе, «Хабар» телеарнасы Мәскеуде, ресейлік жарнамашыларды шақырып түсіреді. Телеарна арқылы насихатталған жарнамалардың нәтижесінде көлемді пайдаға кенелу тәжірибесі бар. Еліміздегі ең ірі телевизия ошағы болып саналатын «Хабар» телеарнасындағы жарнаманың берілу мәнісін, олардың сипаты мен дәрежесін тек жарнамалардың нақты өзіне тоқталу арқылы ғана аша аламыз. Бүгінгі бұқаралық ақпарат құралдарында беріліп жүрген жарнамаларға еш цензура, бақылау қойылмағандықтан олардың көбі мағынасыз, мардымсыз, кей жағдайда қисынсыз болып келеді. Мәселен, «Тараз» («Хабар арнасы», 2000ж., 18сәуір, сағ.15.30) арағының жарнамасын көрсеңіз кілең қазақтың қариялары отырып алып, арақты мақтайды. Сонда ата-бабаларымыз ішімдікке құмар болғаны ма? Әлде олардың ұрпақтарына «арақ ішіңдер» дегеннен басқа айтар ақыл-кеңестері қалмаған ба? Бұл жарнамадан біздің түсінгеніміз «Тараз» жақсы арақ, ішсеңдер тек соны ішіңдер деп бабаларымыз бізге аманат етіп кеткендей әсер етеді. Жалпы тек «Тараз» емес, қасиетті жерлер, ұлы адамдардың атын арақ- шарапқа қоюы жаман үрдіске айналған. Американ, ағылшын немесе орыстарға ол мүмкін жарасар, ал мұсылман халқы үшін бұл күнә. Қанша дегенмен құдіреті асқандар мен ақылы тасығандарды қастерлей өскен халықпыз. Сондықтан да ақша үшін асылдарымыздың аруағын қорламағанымыз жөн болар. Қазір қисыны жоқ, тіптен ұлттық намысқа тиетін жарнамалар көптен беріліп жүр. Мысалы, «Банк Центр Кредиттің» («Хабар арнасы», 2000ж., 25мамыр, сағ.10.45) жарнамасы соның дәлелі. Атасы – қазақ, кемпірі-орыс, келіні – татар, немерелері – қазақ. Шынын айту керек, бұл жарнама емес, әзіл-ысқақ сияқты. Қазір шай, май, азық-түлікті жарнамалауға елдегі белгілі адамдар көптеп тартыла бастады. Бірақ мардымсыз ақшаға бола сапасы нашар өнімдерді жарнамалағандарға қарның ашады. Шет мемлекеттерде өз-өзін сыйлайтын тұлға еш уақытта сапасыз затты жарнамаламайды. Бұл жайтты олар беделіне нұқсан келтіреді деп түсінеді. Ал бізде ше? Ақша берсең тіптен ішкі киімдерді де мақтау, мадақтаудан тайынбайды. Сондай-ақ, қазіргі таңдағы телеарналарда жарнаманың көп тірлігінің белең алғандығы ақиқат екендігіне көзіміз әбден жеткен тұс осы уақыт. Дегенмен, телевизияның адам өмірінен алатын мән-маңызын ескерер болсақ, қалың бұқараға рухани азық алар, өзін-өзі тәрбиелер бірден-бір орталығы. Жарнаманың жоғарыда келтірілген мысалдарынан басқа да, күнделікті өмір қажеттілігінен туындайтын өзге тұтынатын заттар насихатталғандығы анық. Осы тұста біз назар аударарлығы «Хабар» сияқты Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарының алғы шебіндегі агенттіктің ірілі-ұсақты өмірге қажетті заттарды жарнамалауындағы қарадүрсіндікке жол беруі. Аталмыш агенттікте әйел затының өзіне ғана мәлім құпия сырларын айдай әлемге паш етіп, әйел бойындағы қажеттілікті өтейтін заттарды насихаттайтын жарнамалардың бейне көрінісінде де, мәтінінде де қарабайырлық көп кездесетін тәрізді. Сөзіміз дәлелді болу үшін, «Хабарда» сәт сайын шығып, жұртты ығыр қылған «Олвейс» («Хабар арнасы», 2000ж., 29 қаңтар,сағ.18.05) сынды өнімдердің сапасының жоғарлығын, бағасының арзандығын, оның әйел ағзасына тиімділігін жарқырата жариялай берудің не жөні бар? Көпшілік кәдесіне жарайтын өнім ешқашан насихаттауды қажет етпесе керек. Неге десеңіз ол өнімнің қаншалықты дәрежеде жоғары деңгейдегі сұранымєа ие болып жатқандығына күнделікті өмірде көзіміз аз жетіп жүрмеген сыңайлы. Дей тұрғанымен де, жоғарыда аталған әйел өнімдері өз қажеттілігінің құнын еш төмендетпейді. Сондықтан, алдағы уақытта олар жөніндегі жарнамалардың мәтіні астарлы ой негізінде құрылып, бейне суретті белгілі бір этикетті сақтап түсіріліп, содан кейін ғана барып көпшілік назарына ұсынылса, екі жақ үшін де пайдалы болар еді. «Хабардағы» отандық өнімдер әңгіме желісіне арқау ете бастағанда-ақ, ең алдымен назарға ілігері қазақстандық шай өнімдері. Бұл жерде біздің баса айтқымыз келіп отырғаны, сол шай өнімдерінің шын мәнісіндегі сапасы мен жарнамадағы айтылар ойдың бір-бірімен сәйкес келмейтіндігі. Яғни, өнімнің іс жүзіндегі нәтижесі мен оның жарнамалануындағы ара-алшақтығы осы қарқынмен кете берсе, мүмкін алдағы уақытта «Хабар» агенттігі өз көрерменінен айырылып қалуы да ғажап емес. Мысалы, қазақстандық өнімдердің шырқау шегінде тұрған «Дастархан» шайын алып қарайық. Жарнамада белгілі бір дәрежеде ұлттық нақыштардың болғаны көңіл қуантарлық жайт. Ұлттық киіммен дөңгелек үстел басында үлкен-кішінің «тонның ішкі бауындай» араластығы, жарасымды жанұя тірлігі көпшіліктің жүрек түкпіріндегі сезімді оятары анық. Ал қазақтың ұлттық музыкалық аспабы домбыра шанағынан төгілген ән мен оған қосыла шырқаған қоңыр дауыс қазақтығымызды дәлелдей түсетіні тәрізді. Расында да төмендегі өлең жолына құлақ түріп көрсек. «Шәй ішсек жиылып, Дастархан басында. Бірлік пен береке, Әрдайым қасыңда» ( 2000ж.) Қысқа ғана уақыт ішінде бейнелі көріністің ажарын ашар осы бір ән қарапайым болғанымен қарабайыр емес. Айтылар ойы анық, негізгі мәтін мен жағымды саз, әуен астарласып жатыр. Дегенмен, әр жақсы істің жетімсіз, осал тұстарының бар екендігіне иланар болсақ, «Дастархан» шайын жарнамалаудағы отбасы үстеліне дала қыраны бүркіттің қонақтауының ақылға сыйымсыздығын экран бетінен көргенде көңілге жағымсыз әсер сыйлайтын сәттері де жоқ емес. Себебі, бүркіт еркін өскен әуе тоғысы, ол өз тұғырына қонақтауы мүмкін, бірақ шаңырақ астына келіп, адамдармен бірге тамақтануы мүмкін емес жағдай. Қалай десек те, «Дастархан» шайының насихатталуы, өзінің ұлттық бояуының қомақтығымен, көпшілік көңілінен шыға білген жарнама қатарына қосуға болады. Отандық тауарлардың бірі «Аламан» («Хабар» арнасы, 2000ж., 1маусым. 2000ж.) шайы мен «Алматы» («Хабар» арнасы, 2000ж. 1маусым, сағ.18: 30) шайларыны сапасының төмен екеннін дәлелдеудің қажеттілігі шамалы. Бірақ телеэкранда оны жарнамалаушылардың бәрінің дербес қазақ киносының жұлдыздары, тіпті қазақ ән өнерінің атасы деуге тұрарлық Ермек Серкебаевтай ағамыздың кездесуі жұрттың жағасын ұстатқандай жай. Жарнамаға жұрт көңіліне жағар жақсы келбет таптырмауы мүмкін, бірақ әйгілі классикалық туынды "Қыз Жібектегі" бас қаһарман Меруертіміздің сол асыл Жібек күйінде қалмай, "Аламан" шайын насихаттап, жасы жеткен бәйбішені сомдауына не түрткі болды екен деп ойламай қалу, тіпті мүмкін емес қой. Ал "Алматы" шайын насихаттауда жұма сайын жүздесер "Тоғысқан тағдырлар" әртістерін көру олардың кино әлеміндегі беделдерінің төмендеуіне әкеліп соқтырмасына кім кепілдік бере алады? Мүмкін Қазақстандағы әртістердің жалақысы күн көрістеріне жетпейтін болар. Бұл жоғарыда қозғалған мәселенің барлығын өзіміздің отандық өнімдерге қатысты болса, ендігі айтар сөзімізді шетелдік өнімдердің жарнамалануына байланысты өрбіткенді жөн көрдік. Шетел Қазақстан үшін әр саладан үйретері көп үлгілі мемлекеттер болып келді. Ал "Хабар" агенттігінен көрсетілер сол шетелдік жарнамалардың берілу сапасы біздің елдегіден әлдеқайда жоғары екендігінде дау жоқ. Олардың насихаттауындағы жанрлық көріністің жоғары деңгейі мен құрылған сюжеттің тартымдылығы әлі күнге біздің елімізде жүзеге аспай жатыр. Сол шетелдік жарнамалардың кез келгенін алып қарайықшы. Мысалы, "Фанта", ("Хабар арнасы", 2000 ж., 16 мамыр.сағ. 23.00.), "Кока-Кола" ("Хабар" арнасы", 2000ж., 26 мамыр, сағ.22.35.), "Сникерс"("Хабар арнасы", 2000ж., 26 мамыр, сағ. 18.55.) сияқты тағы да басқа толып жатқан жарнамалардың қай-қайсысын алсақ та олардың бейне көрінісінде көрерменін тартар бір түсініксіз тылсым күштің бар екендігіне көз жеткіземіз. Жалпы жарнаманың астарында шындық болу керек екендігін әрқашан ескерсек, шетелдердің насихаттауындағы, мәтінге алдарқату, көңіл аулай салуға жол бермегендіктерімен көз жеткізуге болады. Жоғарыда біз сөз еткен жарнама түрлерінен басқа телевизия саласында "Айдарлы" жарнамалар да болады. Олардың құрамына "Базар" сондай-ақ, жасөспірімдер арасында қаулап бара жатқан нашақорлыққа қарсы бағытталған, салауатты өмір салтына сай өмір сүруге насихаттайтын, тағдырды мағынасыз мастыққа емес, жарасымды жастыққа бастайтын бейне көріністі тілектерді жатқызуға болады. Кейінгі кезде "Хабар" агенттігіндегі телехикаялар барысында жиі-жиі көрсетіліп жүрген "Банк Центр Кредиттің" депозит "Солнышко" ("Хабар арнасы", 2000ж. 30мамыр. сағ.11.15.) жарнамасының телеэкранда берілуінің өзге жарнамалардан өзгешелігі байқалады. Ол анимация тәсілімен ерекшеленеді. Сондай-ақ "Тайд" кір жуатын құралының жарнамасы демонстрациялық сипатта көрсетілді. Жарнама әлемінде бұл тәсілдер көрермен жүрегінен жол табудың тиімді бір көрінісі. Дегенмен, жарнама мәтініндегі кейбір өрескелдіктер, оған біржақтылықпен қарағандықтан туындаған да шығар. Жалпы, "Хабар" телеарнасындағы жарнамалардың берілуі жоғары деңгейде емес сияқты. «Табиғи бейне және осы заманғы дыбыс технологиясы – бұл Golden Eye! Бұл оны көргендегі жанашыр сезім. Бірегей SPS аудио жүйесі сізді дыбыс әлеміне бөлейді, ал Natural Algoritm Eye сенсоры бөлмедегі жарықтықты ескеріп, ұтымды контрасты, түсті, айшықты табады. Natural Algoritm Eye бөлмедегі жарықтылыққа талдау жүргізіледі және ғажайып бейне жасайды». Жарнаманың мәтіні фирма мәртебесін одан әрі арттыра түсуге ұмтылған. Жарнаманың айырмашылығы – «LG»-дің мақсаты өз өнімін насихаттау болып, тауар жарнамасы, ал «Exxon» өз имиджін қалыптастыруды көздеген. Бұл мәртебелі жарнама түріне жатады. Бұл жіктеуге жарнамадағы суреттер дәлел бола алады. Бұлай дейтін себебіміздің бірі өз тауарының суретін берсе, ал енді бірде компанияның өзіндік белгісі болатын жолбарыс бейнесін берген. «Алматы облысы, Қарасай ауданындағы «Нұралы» фирмасы бүгінде үнді елімен тығыз байланыс орнатып, сауда-саттықпен айналысады. Әсіресе, кез келген адамның сүйіп ішетін сусыны шайды мол өндіруді қолға алған. Жауапкершілігі мол бұл істе ерекше ыждаһаттылық пен мұққияттылық қажет. Сондықтан жеткізілетін шай жапырақтарының сапасын бақылау, кептіру, әртүрлі қораптарға салу жақсы жолға қойылған. Тұтынушылар болса шай өнімдерінің әртүрлі сорттарын жақсы біледі. Содан да болса керек, онда шығарылатын «Сергек» шайы әрі арзан, әрі өте шығымды». Жарнаманың сипаты – отандық. Мақсаты да айқын. Ол «Сергек» шайын жарнамалау. Бірақ, мәтін құрылысында мақала жанрына тән элементтер молымен байқалады. Сондықтан бұл жерде мәселе тудырып тұрған жанрлық жағдай екі жақты пікірді қалыптастырып, ойланарлық күмәнді жайға қалдырып отыр. Жарнама ісінде біз сөз етпей кеткен саяси жарнама ұғымы бар. Бірақ қарастырып отырған «Егемен Қазақстан» газетінде саяси жарнама деп арнайы тоқталатын мысалдар жоқтың қасы. Алайда сипатты мақала болса да, жарнаманы ерекшелеп тұратын қасиет – белгілі бір тұлғаны ұсыну ерекшелігі байқалатын мысалды келтіруге болады. Бұл сипаттағы жарнама мақалалар, әсіресе, сайлау қарсаңында партия, депутатқа, президентке, кандидат тұлғалардың үндеу сөздері және солар туралы портреттік жарияланымдар жатады. «Егемен Қазақстан» газетінде «Республика Парламентіне сайлануға бекінген Ғалымжанның таңдаған мамандығының өзі еліміздің заң шығарушы органында қызмет жасауына толық мүмкіндік беретіндей. Оның бұған дейінгі қызметі барысында жинаған тәжірибесі де мол. Ғалымжан Сұраған депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсетін сайлау округінің сайлаушыларын алдына қойған мақсаты жолында табандылықпен тер төгетін, қиындықтардан қаймықпайтын Ғалымжан үшін дауыс беруге шақырамын. Осындай тандау жасағандар қателеспейді» деген сипаттағы жарнама жарияланған. Газет мақалаларын талдау барысында тағы бір мәселе ол орыс тіліндегі жарнамалардың орын алуы. «Компания Трилис: работать приятно, это хорошо! А работать вкусно, это еще лучше». Бұл мысал тірлік нормалардың белден басылып, мемлекеттік тіл туралы заңға қайшы келіп жатқан сыңайлы. Оның себебі бүгінгі таңдаған шарт мемлекеттік тілдің ауқымын кеңейту. Бірақ, жарнама мәселесінде мәтінге жарнама редакциясы жауап бермейді, өйткені олардың мақсаты жарнама берушінің талабын орындау. Сондықтан бұл мәселені шешу Тіл департаменті мен осы сынды істермен айналысатын құзырлы мекемелердің үлесіне қалдырған жөн болар. «Арқа ажары» газеті таралуы ауқымына қарай облыстық газет мәртебесіне ие. Осыған байланысты бұл газетте жарияланар жарнамалар облыс көлеміне, яғни белгілі бір аудиторияға бағытталған. Газетте жарық көретін жарнамалар «барлық республика халқына» деген айдармен ешқашан бере алмайды. Аталмыш газетте Қазақстандағы басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жаңадан құрылып жатқан жарнама бөлімі қызмет істейді. Бөлімде жетекшілік ететін жарнама менеджері барлық жарнама ісіне байланысты міндеттемелермен айналысады. Жарнама менеджерінен алған мәліметке сүйене отырып облыстық газет бетінде жарияланар жарнамалардың құнын былайша белгілейміз: 1 см2 50 теңгеге сай келеді. Бірақ жарнама бөлімі тапсырыс берушілермен келісім- шартқа отырған кезде бірқатар жеңілдіктер болады. Осындай жеңілдікке ие газеттің тұрақты жарнама берушісі «Халық банкі» болып табылады. Оның жарнамалары экономикалық сипатта берілген. Мысалы «Құрметті Қазақстан Халық банкі салымшылары! 1998 жылдың 31 қаңтарына дейін ғана сіздің аукционға қатысу тапсырысын беріп, Қазақстанның аса ірі банкінің иесі болу мүмкіндігіңіз бар!». Қазақстан Халық банкінің акциялары – бұл сіздің нақты табысыңыз, ол банктің бүкіл қызметімен қамтамасыз етіледі». Әрі қарай газет жарнамаларын талдау барысында жоғарыда аталған газетке тән мемлекеттік және коммерциялық жарнамалар кездескен еді. Мемлекеттік жарнамаларға нелер енетінін, сол сияқты коммерциялық жарнама қатарына қандай жарнамалар жататыны алдыңғы талдаудан белгілі. Бірақ мемлекеттік жарнамаға жататын аукцион мен тендерді беруде айырмашылық бар. Ол айырмашылық газеттің таралу аумағына байланысты болып отыр. Облыстық «Арқа ажары» газетіндегі аукцион мен тендерлер «Іскер адамдар назарына» айдарымен беріліп, ал мәтін басында «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ақмола облысы бойынша жекешелендіру жөніндегі аумақтық комитеті...» деп беріледі. Бұл газетте жарнама берушілердің қатарында «Темірбанк» ААҚ, қалалық телекоммуникация орталығы «Қазақтелеком», «Тұран Әлем Банкі» тұрақты болып табылады. Ал шетелдік компаниялардың жарнамаларын жариялаушы «Шеврон», «Филип Моррис» және «Эксон» компаниялары. Енді осылардың жарнаманы беруіне тоқталайық. «Шеврон есеп-айырылысу пластикалық карточкасы сізге өте тиімді де өте қажет. Әсіресе қолма-қол ақшамен немесе ақша аудару арқылы есеп- айырылысуға». - Машинадан түспей-ақ жанармай құйып алуға; - Сіздің есеп-шотыңыз бойынша ай сайын есеп алуға; - Сіздің қаржыңыздың қалай жұмсалғандығын қатал бақылауға; - Сіздің қалауыңыз бойынша карточкаңызды программалауға; - «ТЕКРОН» қосылған бензин бізде ғана бар. - Сапасына назар аударыңыздар!». «Филип Моррис» компаниясының бір беттік жарнамасы осы газеттен де орын алған. Бұл жарнама мерекелік мәнге ие. Үлкен қаріппен терілген «Компанияның Қазақстандағы қарқынды қызметінің 5 жылдық мерейтойы» деген сөйлемнің берілу әдісі де ерекше. Ал жарнама мәтіні компанияның Қазақстандағы атқарған қызметі жайлы және оның жетістіктерін сөз етеді. Сондай елеулі қызметтердің бірі ең маңызды салаға демеушілік жасауы. Оған айғақ: «Қазақстандағы әлеуметтік, мәдени және білім салаларындағы демеушілік бағдарламаларына белсенді ат саласып қолдау көрсетті. Тағы да біз мақтан ететін талай істер бар»,- деген жарнамадан үзіндіні алуымызға болады. Сонымен қатар бұл газетте де орыс тіліндегі жарнамаларды жариялау бой көрсетеді. Сөзіміз дәлелді болу үшін мына жарнамадан үзінді келтірейік. «Все виды юридических услуг: печати, штампы, визитки, полноцветные фирменные бланки, приглашение на торжества, бейджи, благодарственные письма, этикетки, бизнес-планы, буклеты». Келесі ретте отандық жарнамалардың қатарына енетін медицина саласы бойынша мынадай жарнама газет бетіне жарияланған. «Ақмола теміржолының ауруханасы» Сіздерге меншіктің қандай түріне жататындықтарыңызға қарамастан, сақтандыру полистеріңізге сәйкес медициналық көмектің барлық түрлері бойынша жәрдем көрсететінін естеріңізге салады. Сондай-ақ заңды тұлғалармен бір күннің ішінде медициналық байқаудан өту жөнінде келісім-шарт жасауларыңызға болады. Жүргізушілер куәлігі үшін де медициналық байқау жүргізіледі. Сіздер мұнда кәсіби білім дәрежесі жоғары дәрігерлерден ақыл-кеңес аласыздар. Тарифтері қалалық, облыстық, нарықтық деңгейден едәуір төмен». Бұл жарнамадан қызмет көрсету жарнамасының элементтері байқалады. Бүгінде астаналықтардың төл ақпарат құралына айналып отырған «Астана хабары» газетінің өзіндік қалыптасу кезеңі бар. Бұл тұста «Астана хабары» (ол кезде «Астана ақшамы» деп аталған) қамтылған шектеулі мерзім аралығында газет 1998 жылдың 26 наурызына дейін «Ақмола ақиқаты» аталып келді. Ал осы жылдың 18 мамырында «Ақмола ақшамы» аты қаламыздың «Астана» деп аталуына байланысты «Астана ақшамы» деп өзгерді. Бұл жайға мән беріп отырғанымыз аталмыш өзгерістер газет ішіндегі жарияланымдарға елеулі әсерін тигізіп отырған. Сол жарияланымдардың бірі – бүгінгі таңда газеттерден орын алып жүрген – жарнамалар. «Астана ақшамы» газетіндегі жарнамалардың берілуі 1998 жылдың бірінші жартысында жоғары сапада болмады. Нақтылай бұл істің қолға алынып, арнайы орын бөлуі 1998 жылдың сәуір айындағы редакцияның жарнама хабарландыруымен байланысты. «Құрметті ақмолалықтар!» «Ақмола ақшамы» газетінің жарнама бетін пайдаланыңыздар. Бір шаршы сантиметрі 150 теңге, екінші, үшінші беттері 100 теңге, төртінші беті 50 теңге, жұма күні (ТВ бағдарламасы бетіне) 200 теңге – газеттің толық бір беті 180 мың теңге. Келісім-шарт арқылы жұмыс жасаймыз» («Ақмола ақшамы», 1998ж., 29 сәуір). Бұл жарнамадан сондай-ақ, газет жарнамасының құны туралы хабардар болдық. Дегенмен, қазіргі жарнама құны біршама төмендеген. Ол мынадай көрсеткішке ие: 1 см² 50 теңге бірінші бетте – 100 теңге, ал бағдарламамен бірге берілсе 70 теңге тұрады. Жалпы «Астана ақшамы» газетіндегі жарнамалар қала тұрғындарына арналып осы негізге сай мазмұнмен беріледі. Бұл газет «Астананың апталық газеті» мәртебесіне ие. Әрі қарай газет жарнамаларына жекелеп тоқталатын болсақ, ең алғашқы жарнама «Эксклюзив» айдарымен беріліп, онда қызмет орындарын ұсыну туралы Ақмола қалалық еңбекпен қамту орталығының хабарламалары. «Мынадай жұмысшы және қызмет орындарының ваканцияларын ұсынады. Тұрақты жұмысқа мынадай мамандар қажет: «Кәсіпорынға програмисттер. Байланыс жөніңдегі техник және инженер. Тәжірибелі, мамандандырылған 35 жасқа дейінгі, әскер қатарында қызмет атқарғандар, еңбек ақысы 10 мың теңге. Бас бухалтер орта арнаулы білімді, жаңа есеп-шотын меңгерген еңбекақысы 30 мың теңге. Инженер электроншы. Программист жұмыс тәжірибесі бар... Жүргізуші «Волга» автомобиліне I-II класты...». Бұл мысалдан біздің пайымдағанымыз берілген осы жарнаманы тақырыпшалармен берілу сипатына сәйкес айдарлы жарнама түріне жатқызуға болады. Сөз болып отырған жарнама түрі «Астана ақшамы» газеті бетінен 1998 жылы «Эксклюзив», ал 1999 жылдан «Екі қолға – бір жұмыс» деп өзгеріп үзбей беріліп келеді. Ал ендігі жарнамалар легі екі жылда да жарнаманың мазмұны бойынша жіктелген шолу, мәртебелі және тауар жарнамалары қалыптасқан, барлық басылымдарға тән әдіспен беріліп жүр. Бұлай берілуді А.Н Назайкиннің ұйғаруымен модельді жарнамаға жатқызамыз. Мұндай жарнамалардың ең қарапайым түрі иллюстрациясыз, жай ғана қалалық мекеме ұйымдарының хабарландырулары, оқу орындарының талапкерлерге арналған хабарландыру жарнамалары болып келеді. 13- дәріс Тақырып: Маркетингтік коммуникациядағы жарнаманың функциясы Сату көлемін ұлғайту және пайда табу үшін сапалы тауарлар мен қызметтерді иелену жеткіліксіз, ол үшін тұтынушылардың осы тауарлардан алатын пайдасын олардың санасына жеткізе білу керек. Бәсекенің күшеюі мен нарықтың тауарлармен толығуына байланысты қазіргі кезде маркетингтік коммуникацияның (МК) рөлі мен маңызы өсуде. Маркетингтік коммуникация - тұтынушыларға ықпал ету мақсатында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге сұранысты қалыптастыру мен ынталандыруға бағытталған шаралар жүйесі. Экономикалық әдебиеттерде маркетингтік коммуникация ұғымының «тауарды жылжыту» деген синонимі жиі кездеседі. Маркетингтік коммуникацияның мынадай түрлері бар: ▪ жарнама; ▪ өткізуді ынталандыру; ▪ жеке ( дербес, персональные) сату; ▪ қоғаммен байланыс - (РR). Кейбір авторлар коммуникация түрлеріне тікелей маркетингті, сонымен қатар көрмелер мен жәрмеңкелерді жатқызады. Қазіргі жағдайда тікелей маркетинг тауарларды тарату арнасы ретінде жеке мағынаға ие боп отыр. Тауардың сырт пішіні, оның түрі, түсі, буып-түюі, орауы да коммуникациялық қызмет атқаруы мүмкін. Коммуникациялардың жеке және жеке емес арналары бар. Жеке коммуникация арнасы (немесе дақпырт арнасы) – бұл адамдардың жүзбе-жүз, телефон және хат алысу арқылы өзара қатынасуы. Мұндай арнадағы қатынастар кеңес берушілер, достар, әріптестер, көршілер арқылы жүреді. Қымбат тауарларды сатып алу кезінде осындай арнаның маңызы зор. Жеке емес коммуникация арнасына БАҚ арқылы таратылатын хабарлар және арнайы шаралар ( баспасөз- конференциясы, таныстыру рәсімі және т.б.) жатады. Осы екі кезеңдік коммуникация процесінде лидердің пікірі маңызды рөл атқарады. Сондықтан жарнаманы соларға бағыттау керек. Тиімді маркетингтік коммуникацияны құру үшін мақсатты аудиторияны, сонымен қатар тұтынушылардың біліктілігі мен тәжірибесін білу қажет. Мамандар қандай аудиторияны қызықтыру қажеттілігін және ондағы тұтынушылардың реакциясын біліп отыруы керек. Тауарды нарықта жылжытуға бөлінген қаражат анықталғаннан кейін фирма оны жылжыту нысандарына қалай бөлу керектігін шешіп, кешенді бағдарлама жасауы тиіс. Тұтыну тауарларын жылжытудың ең тиімді түрі – жарнама болып табылады. Содан кейін өткізуді ынталандыру, дербес сату, паблик рилейшнз орын алады. Ал өндіріс тауарлары үшін ең маңыздысы – дербес сату, содан соң өткізуді ынталандыру, жарнама, паблик рилейшнз. Жылжыту бағдарламасының стратегиясы компанияның алға қозғау (Push strategy) және тұтынушыларды тарту стратегияларын таңдауымен байланысты. Алға қозғау стратегиясы – тауарларды өткізу арналары мен түпкі тұтынушыларға жеткізуге бағытталған. Тұтынушыларды үйіру стратегиясы түпкі тұтынушыларды ақпаратпен қамтамасыз етуді, ынталандыру және үйіруді мақсат етеді. Тұтынушылардың тауар туралы мағлұматы мен білімін арттыруда жарнама мен паблик рилейшнз ең басты рөл атқарады. Ал олардың талғамдары мен иланымдарына жеке сату мен өткізуді ынталандыру ықпалын көбірек тигізеді. Тауарды нарыққа шығару кезеніңдегі жылжытудың ең тиімді құралдары - жарнама мен PR, екі нысан да өсу кезінде маңыздылығын жоғалтпайды. ТӨЦ – тің кемелденген кезінде өткізуді ынталандыруға көп мән беріліп, ал жарнама тауар туралы ойды еске салатындай болуы керек. ТӨЦ – тің құлдырау кезінде жарнамаға кететін шығындар төмендеп, фирма өнімді өткізу үшін тұтынушыларды ынталандыру шараларына жүгінеді. Соңғы жылдары коммуникацияның дамуында көптеген өзгерістер болып өтті. Қазіргі таңда маркетологтар жаппай сатып алушыларға бейімделуін тоқтатып, жеке сегменттер мен тұтынушылар топтарына бағытталған тар көлемді, бір жақты маркетингтік бағдарламалар жасауда. Жаппай маркетингтен оның мамандандырылған түріне ауысуы бұқаралық ақпарат құралдарындағы жаңа буынның – Web – парақтар және Интернет сияқты компьютерлік қызмет көрсетудің туындауына алып келді. Қазіргі тұтынушы компаниялар туралы мол ақпаратпен қамтамасыз етілген. Әртүрлі арналардан келіп түсетін ақпараттар бір-біріне қарама-қайшылық болмауы керек, өйткені ол тұтынушының көңілінде күдік тудыруы мүмкін. Сондықтан маркетологтар өз арналарының қызметін үйлестіре білуі қажет. Қазіргі таңда нитегралданған маркетингтік коммуникация (ИМС) тұжырымдамасын қабылдаған компаниялар көбеюде. ИМС- компания мен оның тауарлары туралы тұтынушылардың сенімді түсінігін қалыптастыру мақсатында жүргізілетін коммуникация арналарының ( жарнама өткізуді ынталандыру, дербес сату, PR) жұмысын жуйелі түрде үйлестіруге бағытталған тұжырымдама. ИМС коммуникация құралдарын оңтайлы іріктеп алуға және бірыңғай жылжыту стратегиясын жасауға мүмкіндік береді. Кейбір елдердің заңдары бойынша сатушылар тұтынушыларды алалауға немесе арнайы тұтынушылар деп бөлежара қарауға тыйым салынған. Жеңілдіктер барлық делдалдар үшін бірыңғай болуы тиіс. Тауарды нарыққа жылжыту жүйесіндегі маркетингтің классикалық тұжырымдамасында жарнаманы ең бірінші орынға қояды. Ол болашақ сатып алушылардың санасы мен назарына тауарлар мен қызметтер туралы маңызды фактілер мен мәліметтерді жеткізу үшін көркем көрсетілген нысанда қысқа және нұсқа түрінде ұсынылады. Жарнаманың мәні оның қоғамдағы алатын әлеуметтік, экономикалық, маркетингтік және коммуникациялық рөліне байланысты. Жарнаманың әлеуметтік рөлі оның адамдардың санасы, көзқарасы, пікірлері мен мінез-құлқының қалыптасуында әсерін тигізеде. Сәннің (мода), стильдің және дизайнның беталысын (тенденциясын) көрсету арқылы жарнама адамның эстетикалық қажеттілігіне әсер етеді. Жарнама сұраныс пен ұсыныс жасауға, бәсекенің пайда болуына, инвестиция үйіруге, өткізу нарығының кеңеюімен, сайып келгенде, жалпы экономиканың және оның әртүрлі саласының дамуына септігін тигізеді. Бұл жарнаманың экономикалық рөлін ерекшелейді. Жарнама тек өнім туралы ақпарат беріп қана қоймай,оның тұтынушы санасында әлдебір бейне ретінде қалыптасуына әсер етеді.Осыдан жарнаманың коммуникациялық рөлін байқауға болады. Жарнама тауар сұранысының, өткізу көлемінің және фирма пайдасының өсуіне әсер етеді. Бұл оның маркетингтік рөлін көрсетеді. Бастапқыда жарнаманың даму орталығы Ұлыбритания болды, кейіннен әлемдегі жарнама шығындарының жартысынан көбі АҚШ- қа ауысты. «Халықаралық жарнама ассоциациясының көптеген елде жүргізген зерттеулері бойынша қазіргі қоғам экономикасы дамуындағы жарнаманың маңыздылығын Батыс Еуропа респонденттерінің 75%-ы, Азия Тынық мұхит аймағының 76%-ы, Балтық жағалауы мемлекеттерінің 71%-ы атап өтті. Осы аталған мемлекеттер респонденттерінің 70%-ға жуығы жарнаманың тауарлар мен қызметтер сапасын жақсартуға әсері бар екенін айтты»[9,43-б] . Жарнама экономика, мәдениет, өнердің бір бөлігі болып табылады. Журналистика, кинематография, графика, көркем сурет тәсілдерін және түс, көлем мен кеңістікті қолдануда композициялық шешімдерді пайдалана отырып, жарнаманың әр түрлі өзіндік идеялары мен жанрларын жасайды. Жоғары кәсіптік деңгейде орындалған жарнама адамның жақсы талғамын қалыптастырады, рухани және сезім әлеміне әсерін тигізеді, адамның нанымы мен құндылықтарына ықпал етеді. Жарнамалық үндеудің ең үздігі қолданбалы өнердің туындылары болып табылады. Пішіні, идеясы, көркемдігі, сәтті сценарийі, стилі тұрғысынан үйлесімді жарнама адамға ерекше психологиялық және эмоциялық жағынан әсер етеді. Жарнама - көптеген білім шеңберлерін қамтитын қоғамның күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылысы. Оны жасау үшін креаторлар, суретшілер, дизайнерлер, редакторлар, мәтін жазушылар, психологтар, операторлар және т.б. жұмыс істейді. Жарнама дегеніміз – қаржыландыру көзі анық көрсетілген, БАҚ арқылы жүзеге асатын, жеке көрсетілмейтін, тауар мен қызметті жылжыту нысаны. Жарнама аудиторияға екі тәсілмен беріледі: - жарнама беруші жарнаманы өзі дайындап, содан кейін оны басып, БАҚ-қа ұсынады; - жарнама беруші жарнама мақсатын атап көрсетіп, жарнама агенттіктеріне және агенттеріне тапсырыс береді. «Gallup Media Asia» компаниясының деректері бойынша, 2008 жылы қазақтандық жарнама бюджетінің жалпы көлемі ЖҰӨ-нің 0,34%-ын құрады. Бұл көрсеткіштерді батыс елдерінің деңгейімен салыстырсақ , АҚШ-та жарнама шығыны ЖҰӨ-нің 2,1- 2,2%, Францияда- 1%, ал Ресейде - 0,65% құрады. Әлемнің ең ірі жарнама берушілерінің тізімінде «Procter & Gamble» компаниясы бірінші орында. Оның жарнама шығындары 2003 жылы 3,6 млрд. доллар немесе компанияның сату көлемінің 15,5%-на жуық болған екен. Жергілікті өндірушілердің көбі ақшалай қаражаттың жетіспеушілігіне байланысты жарнама агенттіктеріне жүгінбей, жұмысты өздері істегенді қалайды. Мысалы, «Фуд Мастер», «Беккер және К», «Рахат» тікелей БАҚ-тың жарнама бөлімдерімен тікелей өзара әрекет жасап, жарнамаларын орналыстырады. Ал «Филип Моррис», «PRG Botllers», «Қант орталығы», «Бахус», сияқты компаниялар жарнама агенттіктерімен тікелей байланысып, жарнамаға тапсырыс береді. Олар «Oqilvy & Mather», «Mc Cann- Erikson», «Stix/Leo Burnett», «D' Arcy», «Initative», «Panda» ірі ағылшын саксондық- американдық концерндерінің желілі агенттіктерімен жұмыс істеуді қалайды. Қазақстан нарығында да жергілікті жарнама агенттіктері дамуда, олардың ішіндегі «Proba», «Pro- Metia Counsel», «Das-Marketinq» сияқты жетекші агенттіктер клиенттерге барлық ақпараттық – жарнаманың түрлері бойынша қызмет етеді. Жарнама берушілер - бұлар өндірушілер, бөлшек- көтерме саудагерлер, мемлекеттік емес ұйымдар және т.б. Қазақстан нарығында негізгі жарнама берушілер – шетелдік компаниялар. Мәселен, «Proctek & Gamble» компаниясының 2002 жылғы жарнамалық бюджеті 3,8 млн. доллар, «Unilever»-дікі – 2,8 млн. доллар, «LG Electronics», «Coca-Cola» компанияларынікі- 1,9 млн. доллар болады. Отандық жарнама берушілер бюджет бойынша шетелдік компаниялармен бәсекеге түсе алмайды. Осыған қарамастан «Қант орталығы», «Terra Incoqnito» деп аталған брэндін жасап шығарған жарнама компаниясына кеткен шығындары бойынша Қазақстанда екінші орынды иеленді. Жарнама агенттіктері - жарнама қызметін ұсынатын делдалдар. Олардың көбі бұқаралық ақпарат құралдарын таңдау, жарнама орнын немесе уақытын сатып алу, жарнама науқанын шығармашылық (шығармашылық) өңдеу және жарнаманы жасау сияқты қызметтерді ұсынады. Жарнама беруші оны шығаруға байланысты кейбір қызмет түрлерін өзі жасай алады. Бұл агенттіктерді таңдаған кезде қызмет бағасын, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін, қызметінің сапасын таңдау керек. Көрсетілетін қызмет көлеміне байланысты жарнама агенттіктері әмбебап және мамандандырылған болып бөлінеді. Әмбебап жарнама агенттігі ақпарат және жарнама қызметінің барлық аумағындағы қызметін ұсынады. Осындай агенттіктерге «Стикс», «Юлия», «Триумф», «Бизнес Магазин», «Алина», және басқалар жатады. Мамандандырылған жарнама агенттігі жарнама қызметінің белгілі бір түрін ұсынады. Оларға шығармашылық шеберханалар, жарнама уақытына ие болатын фирмалар жатады. Шығармашылық шеберханалар жарнаманың ерекше көркем тұжырымдамаларын жасап, ол туралы материалдарды дайындайды. Бірақ жарнаманы өткізуде, ұйымдастыруда толық ауқымды қызметтер көрсетпейді. Мәселен, «Герона», «Гридан», «Киік» агенттіктері кең өрісті полиграфиялық қызметтерді, визуалды жарнама жасайтын жаңа технологияларды ұсынады. Жарнама уақытына ие болушы фирмалар алдын ала үлкен көлемде БАҚ-тан орын сатып алады. Содан кейін оны жарнама берушілерге және жарнама агенттіктеріне сатады. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша жарнама қызметінің нарығында 788 жарнама агенттіктері тіркелген, ал оның саны Жапонияда 4000-ға жетеді. Жарнама агенттіктердің барлық түрлері өздерінің пайдасын бұқаралық ақпарат құралдарынан түсетін комиссиялық алым немесе көрсетілген қызметтері үшін үстеме баға қою арқылы тауып отырады. Жарнама құралдары – жарнама таратушылардың жиынтығы. Бес түрлі бұқаралық ақпарат құралдары бар, оларға: газет, журнал, теледидар, радио, кино жатады. Қазіргі қоғамда жарнама туралы адамдарда әртүрлі пікірлер қалыптасқан. Жарнаманы сынаушылар оны адам санасын улайтын, тауарға қосымша құндылық дарытып, жалған қажеттіліктерді туғызатын айлалы әрекет деп жағымсыз жақтарын ғана көрсетеді. 1960 жылдары Америка кинотеатрларында мынадай тәжірибе жүргізілген екен. Кино көрсетілімі кезінде әрбір 24 кадрдан кейін, экранда «Поп-корн жеңіздер», «Coca-Cola ішіңіздер» деген сөздер жарқ етіп шығып тұрды. Өте қысқа уақытта көрсетілгеніне қарамастан (5 секунд сайын оның 1/3000 бөлігіндей жылдамдықпен ), бұл ақпарат адам түйсігіне жетіп, содан кейін санасына әсер етіп, өз кезегінде тауардың сатып алу көлемінің ұлғаюына әкелген. Бұл эксперимент кейіннен «25-кадр тиімділігі» деп аталды. Нәтижесінде мұндай жарнама түйсікке әсер ететін, визуалды, адам құқықтарын бұзатын жарнама деп танылып, оған тыйым салынды. Бірақ ғылыми түрде оның адамға тигізетін кері әсерін ешкім дәлелдеген жоқ. Жарнаманы жақтаушылар оның бәсекені дамытатынын, сұранысты арттыратынын, тұтынушыларды пайдалы ақпаратпен қамтамасыз ететінін, осылар арқылы жаппай өндірістің қалыптасуына байланысты тауардың өзіндік құнының азаюына ықпалын атап көрсетеді. Кейбір жекелеген фирмалар жарнама науқанын жүргізгенде, заттың шынайы жағдайын бұрмалап, жалған хабар таратуы мүмкін. Тауар қасиеттерінің жағымды жағын арттырып, сатып алушыны алдау, тауар сапасында қатысты жалған ақпарат беруді теріс ниетті жарнама деп атайды. Мұндай жарнама заң бойынша қудаланады. Қазақстанда «Теріс пиғылды бәсекелестік туралы» Заңы тұтынушыларды теріс ниетті жарнамадан қорғауға бағытталған. Әлемде мұндай әрекет мемлекеттік заңдар және тұтынушылар құқықтарын қорғайтын қоғамдық ұйымдар қозғалыстары сияқты екі бағытта жүргізіледі. Қазақстандағы жарнама қызметі «Жарнама туралы» Заңмен реттеледі. Жарнаманы жоспарлау үрдісі мынадай кезеңдерден тұрады: ▪ мақсатты аудиторияны таңдау; ▪ жарнама мақсатын анықтау; ▪ хабарлаудың стратегиясы мен тактикасын әзірлеу; ▪ жарнама құралдарын таңдау; ▪ жарнама тиімділігін бағалау. Кең аудиторияға арналған жарнама әрқашан тиімді бола бермейді, сондықтан мақсатты аудитория анықталады. Бұл – жарнама бағытталған тұтынушылардың нақты тобы. Тұтынушылардың мінез-құлқын анықтаған соң, жарнама науқанына кірісуге болады. Жарнама мақсаты - мақсатты аудиторияға бағытталған ақпараттың нәтижесінде шешілуі тиіс нақты міндет. Жарнаманың мақсаты тауар туралы ақпараттандыру, еске салып тұру немесе сол тауарға тұтынушылардың сенімін арттыру болып табылады. Мақсаттарына қарай жарнаманы ақпараттандырушы, сендіруші, еске салушы деп бөлуге болады. Ақпараттандырушы жарнама жаңа тауарды нарыққа енгізу барысында алғашқы сұранысты туғызу үшін қолданылады. Оның жиі қолданылатын мақсаттары – жаңа тауардың пайда болуын хабарлау, тұтынушылардың санасында фирма бейнесін қалыптастыру және т.б. Сендіруші жарнаманың маңызы таңдаулы сұраныс үшін болатын бәсекелестік күрестің күшеюіне байланысты артады. Мұндай жарнама кейде салыстырушы жарнама сипатына ие. Оның мақсаты – қызметтер мен нақты маркаларға деген талғамды қалыптастыру, өткізуді ынталандыру, тұтынушыларды сатып алуға жетелеу. Кейбір Еуропалық мемелекеттерде салыстыру жарнамасына тыйым салынған. Бельгия мен Германияда оны қолдану теріс ниетті бәсекені пайдаланғанмен тең. Еске салушы жарнама тұтынушы тауарды есінен шығармауы үшін қолданылады. Мысалы, «Coca-Cola» компаниясы өз сусындарын еске түсіру үшін жарнаманың осы түрін қолданады. Еске салушы жарнаманың негізгі мақсаты – тауарды тұтынушының есіне салып, хабардар болуын қаладағалайды. Жарнама берушілер жарнаманың мақсаты тауардың немесе қызметтің сату көлемін ұлғайту деп ұғады. Алайда сатуға әсер ететін басқа факторлар арасында таза жарнаманың тиімділігін атап көрсету өте қиын. Жарнама стратегиясы - жарнама үндеуін жасау мен тарату құралдарын таңдауға қатысты жасалады. Жарнама стратегиясының мақсаты жарнама науқанын ары қарай жалғастыру арқылы марканың нарықтағы позициясын сақтау немесе оның имиджін ауыстыру. Жарнамалық хабар - компанияның өз хабарларында не айтылатындығын жоспарлауы. Жарнамалық хабарламаны өңдеген кезде оның мазмұнын, түрін және стилін таңдап алу керек. Жарнамалық хабарламаны жасау шығармашылық тұжырымдама мен идеядан шығып, мақсатты аудиторияның ерекшеліктерін ескеруі керек. Шығармашылық тұжырымдама бейне, сөз тіркесі немесе олардың жиынтығы түрінде болуы мүмкін. Тұтынушылардың назарынан тыс қалмайтын тауардың қасиеттерін анықтай отырып, олармен сұрау жүргізу арқылы талдау жасап, мотивтерін бағалау керек. Содан кейін сөз мәнері (слоган) түрінде айтылатын жарнама тақырыбы анықталады. Жарнамалық сөз мәнері (слоган), (жарнамалық ұран) - тауар сапасын, фирманың тура немесе абстрактылы түрдегі бейнесін көрсететін қысқа лозунг немесе ұран. Сөз мәнері (слоган) жарнама тақырыбына сәйкес, қысқа және оңай айтылатын болуы керек. Жарнама тақырыбы тек сөз мәнері (слоган) арқылы ғана емес, сонымен қатар жарнама үлгісі ретінде де көрсетуге болады. Мысалы, «Marlboro» темекісін жарнамалайтын «ковбой» - ер мінезділікті сипаттайды. «Рахат» ААҚ-ның барлық визуалды жарнама құралдарына «Бізбен дәмдірек» («С нами вкуснее») логотипі мен сөз мәнері (слоган) қолданылады. Жарнаманы тұтынушылар жақсы түсінуі үшін ол мынадай талаптарға сай болуы керек. Біріншіден, жарнама науқаны кезінде жарнама тақырыбы мен сөз мәнерін (слоган) өзгертуге болмайды. Жиі болатын түзетулер тұтынушыларды жаңылыстырады және үлкен шығындарға әкеледі. Сондықтан жарнамаға жасайтын өзгертулер елеусіз және бір тақырып шеңберінде болуы қажет; Екіншіден, жарнама жиі қайталанса, тез жатталады және есте жақсы сақталады. Жарнаманың ең маңызды мақсаттарының бірі – оның есте сақталуы. Оған жетудің әртүрлі жолдары бар. Психологтар пікірінше, адам бір нәрсені кем дегенде үш рет көріп, естісе, ол оны қабылдап, жадында сақтайды. Жарнама мақсаттарына жетуде жарнама мәтінінің (сценарий), ұсыну түрі мазмұнын баяндау, стилі мен жарнаманың түсі туралы шешімдердің маңызы зор. Жарнама мәтінінің мазмұны (AIDA) (attention-назар, interest-қызығу, desire-тілек, action-әрекет) формуласына сәйкес жасалады. Адамдардың назарын аударып, қызықтыру үшін тауардың артықшылығы мен тигізетін пайдасын атап көрсеткен жөн. Сатып алушының ықыласын тудыру үшін оны белгілі бір әрекеттерге апаратын жарнама обьектісін сенімді дәлелдермен көрсету керек. Үндеулерді таратуға бағытталған шығармашылық тәсілдер: 1. Сауда маркасының нарықтағы позициясына шоғырлану. Мысалы, «Philips» компаниясының: «Өмірді жақсартайық» деген үндеуін келтіруге болады. 2. Жарнамалық үндеу сатып алушының талғамына әсер ететін мотивациялық ыңғайға негізделеді. 3. Тауарды қолданудың жаңа саласы мен мүмкіндіктері. «Reebok» компаниясының жарнамаларында өзінің аяқ киімдерінің тек спортпен шұғылданғанда ғана емес, күнделікті өмірде пайдалануға болатындығын көрсетеді. 4. Жарнамаланатын тауар мен бәсекелестердің тауарлары арасындағы айырмашылықтар да шығармашылық тәсіл қатарына жатады. «Burqer Kinq» компаниясы өзінің бургелерін майға қуырмай, отқа қақталатынын хабарлайды. 5. Үндеу идеясы тұтынушыларды бақылау негізінде және олардан пікір сұрау жүргізгенде пайда болуы мүмкін. Жарнама үндеуі тауар артықшылығын атап көрсеті де, шынайы болуы да, жарнамаланған тауардың бәсекелестер тауарынан несімен ерекшеленетінін атап көрсетуі керек. Бұл талаптарға қол жеткізу өте қиын. Жарнамаланған тауарлардың немесе қызметтердің жақсы жақтарын асырып айтудың нәтижесінде қазіргі кезде көптеген тұтынушылар жалпы жарнаманың шынайылығына күмән келтіреді. Жарнаманың тигізетін әсері оның артықшылықтарымен қатар, тұтынушылардың сана-сезіміне жеткізілуіне байланысты. Сондықтан жарнаманы жасау кезінде оның мазмұнын, стилін және қолданылатын сөздерді дұрыс таңдау қажет. Жарнама үндеуінің стилі - жарнама мәтінің көркемдеп айту тәсілі, мәнері және оны баяндау үні, сарыны. Үндеу стилін таңдау жарнама мақсаты мен аудиторияның ерекшелігіне байланысты. Жарнама үндеуін жасау стильдері: Натураға қарап жасау. Мысалы: Әдеттегі екі әйелдің тауар туралы әңгімесі ( Мысалы, « Астера» тіс пастасының жарнамасы). Фантазия ( қиял) – тауар туралы әр түрлі қиял пайда болады. Көңіл-күй бейне. Тауар айналасында белгілі бір әсемдік, махаббат бейнесі қалыптасады. Мысал ретінде, киноактриса Ольга Кабоның қатысуымен «Черный жемчуг» кремінің жарнамасын келтіруге болады. Тұтынушылар мен лидерлер пікірі. Лидерлерге атақты адамдарды жатқызуға болады. Мысалы, «Рама» майы республикалық теледидарда клиеттер пікірі түрінде жарнамаланады, Олимпиаданың үш дүркін жеңімпазы Александр Карелин «Чемпион» шырынын жарнамалайды. Тауарларды жариялау. Тауарды қолдану реті мен ерекшеліктері көрсетіледі. Мысалы, «Колдрекс», «Панадол» және т.б. дәрігерлік препаратардың әсерін көрсететін жарнамалық роликтер. Әзіл-оспақ пайдалану. Әзіл жағымды сезімдерді тудырады және жарнаманың есте сақталуына көмектеседі. Мысалы, «КТК» арнасындағы «Кириешки» атты кептірілген нандар жарнамасын айтуға болады. Символикалық кейіпкерлер. Тауарды бейнелеп көрсететін кейіпкер жасалады. Мұндай жарнаманың тартымдылығы адам эмоциясына және оны есте сақтап қалуына ықпалын тигізеді. Кейіпкер мультипликациялық немесе шынайы түрде («Nike» кроссовкасын жарнамалайтын Майкл Джордан) болуы мүмкін. Мультипликациялық бейне тауардың нақты жағдайдағы жұмысын пленкаға түсіре алмайтын кездерде қолданылады. Мысалы, «Nesquik» какаосы туралы балаларға арналған жарнамадағы қоян бейнесіндегі кейіпкер. Тарихи әңгіме ретіндегі жарнама жанры. «Империал» банкі жарнамасы пайда болғаннан кейін өмірге енді. Юлий Цезарь, А. Македонский, А.Суворов, Темірлан, Наполеон сияқты ірі тұлғалардың өмірінде болған шын оқиғалар негізінде жасалған қызықты сценарийлер банкке миллиондаған табыс әкелді. «Империал» банкі жарнамасы жарнама өнерінің аса көрнекті үлгісі болып табылады. Музыка. Тауарды ән айту арқылы жарнамалау. Мысалы, «Coca-Cola» сусынының жарнамасы. Ғылыми дәлелдер. Тіс пастасының танымал сауда маркаларының жарнамасы ғылыми дәлеудеуге негізделген. Жарнама мазмұны кәсіптік, ресми, әдеби, ауызекі сарынды деп бөлінеді. Егер жарнаманың позитивті мотивтері жақсы эмоция туғызса тиімді. Жағымсыз әсерлер жарнаманы көруден бас тартқызады. Түс туралы шешім де жарнаманың тиімділігіне тікелей әсер етеді. Түс адам сезіміне әсер етеді, оны жұбатады, алыстатып, жақындатады, құштарландырып, қобалжытады. Мысалы, көк және күлгін-көк түстен суық ескендей болады, қызғыл және қызғылт – сары түс жылы пайда деп есептеледі. Көк түс бірқалыпты көңіл-күй сыйласа, күлгін-көк беймаза әсерге түсіреді. Баспасөз беттеріндегі жарнаманың иллюстрациясы, тақырыбы және негізгі мәтіні үлкен рөл атқарады. Жарнамаға жасалған иллюстрация адам назарын баурап, ал тақырыбы жарнама үндеуінің мәтін қысқа, нанымды болуы шарт. Тұтынушыға жарнама әртүрлі құралдар арқылы жетеді. Жарнама түрлерін былайша жіктеуге болады: Мақсаттық белгілеуіне қарай: ▪ тауарлар мен қызметтер жарнамасы; ▪ идея- ойлар жарнамасы; ▪ пайда алу үшін бағытталған коммерциялық жарнама; ▪ пайда алуды көздемейтін коммерциялық емес жарнама (қайырымдылық қоры, діни және саяси ұйымдардың жарнамасы). Мақсатты бағытқа сәйкес жарнама типтері. 1) Марка жарнамасы тұтынушылардың тауар маркасы туралы хабардар болуына және фирманың нарықтағы үлесін арттыруға бағытталған. Оның мақсаты - бәсекелес марканың сатып алушыларын үйіру арқылы таңдамалы сұранысты ынталандыру. 2)Тауар жарнамасының мақсаты - жалпы тауар категориясына алғашқы сұранысты ынталандыру. Мұндай жарнаманың тұтынуын өсіруге бағытталған болса, марка жарнамасы осы өткізу көлемінен өзі үлесін бөліп алуға арналған. 3) Корпорация немесе компания жарнамасы олардың бейнесін жасауға бағытталған. 4) Бірлескен жарнамада өндіруші бөлшек саудагерлердің тауарды жарнамалауға кеткен шығындарының орнын толтырады. Имидж жарнаманың негізгі мақсаты - адамдар санасында тауардың немесе фирманың жағымды бейнесін жасау болып табылады. Ал ынталандырушы жарнаманың мақсаты – тауарлар мен қызметтердің өткізілуін ынталандырады. Практикалық мақсаттар үшін ең ыңғайлысы - өткізу арналары арқылы жарнаманы жіктеу. Баспа жарнамасы – ол тек көріп, қабылдауға арналған жарнамалық- каталогтық басылымдар (каталог, проспект, буклет, плакат, парақшылар) және жарнамалық – сыйлықтық басылымдар (үстелге қоятын және қабырғаға ілінетін фирмалық күнтізбелер, іс күнделіктері, жазу кітапшалары, қалта күнтізбелері, т.б. жатады). Баспа жарнамасының мақсаты – болашақ сатып алушыларды жарнамаланған фирма тауарларымен толық таныстыру. Баспасөздегі жарнама. Бұл - хабарландыру және шолу. Жарнама жарияланымдары сипатында баспасөзде жарияланған әртүрлі жарнамалық материалдар (мақалалар, репортаж, шолу т.б). Басылымның маңыздылығы оның кезеңділігіне, жарнаманың осы басылымдағы алған орнына және көлеміне байланысты болады. Радиожарнама. Негізгі түрлері – радиохабарландырулар, радиожурналдар, радиорепортаждар, радиороликтер. Тележарнама. Ең танымал түрлері: телеролик, телехабарландыру, жарнамалық бағдарламалар, бағдарлама арасындағы телезаставкалар. Аудивизуалды жарнама. Бұл жарнамалық роликтер, жарнамалық- техникалық фильмдер, жарнамалық беделді фильмдер, бейне фильмдер және слайдтар. Сыртқы жарнама. Бұл көру сезімі арқылы қабылданатын жарнама. Негізінен бұл жарнама тұтыну тауарлары үшін қолданылады. Қалың көпшілікке арналған. Оның түрлері: жарнамалық тақталар, афишалар, транспараттар, түрлі- түсті жазбалар, электронды табло, экрандар, дүкендер сөресі, фирмалық жазулар. Көлікті жарнама. Бұл - автобус, троллейбус және тағы басқа көлік түріне орналастырылатын жарнамалық мәліметтер, хабарландырулар. Тікелей пошталық жарнама – жарнамалық хабарларды тұтынушы мекен – жайына жарнама хаттар немесе хабарландыру – ақпараттық материалдардың басылымдары ретінде жіберу. Жарнама сувенирлері – фирма қызметін таныту үшін қолданылатын фирмалық сувенирлер, сериялық сувенирлік заттар, сыйлықтар, фирмалық орамалар. Компьютерлендірілген жарнама. Жарнаманың бұл түрі шетелде жақсы дамыған. Ол компьютерлендірілген ақпарат және кабельді теледидар арқылы жүргізілетін жарнама (телебейне каталогтар бойынша сауда). Интернет арқылы берілетін жарнама. Өзінің жеделдігіне, қайталануына және таратылуының ауқымдылығына байланысты баспасөздегі жарнаманың ең тиімді құралы болып табылады. Жалпылама сұраныстағы тауарлар мен қызметтер үшін радио және тележарнама тиімді болып табылады. Тележарнама жарнаманың ең қымбат түрі және оның бағасы әр кезде өсіп отырады. Жарнама тәсілінің ең қарапайым түрі – жарнама хабарларын поштамен тарату болып табылады. 14- дәріс Тақырып: Қазақстандық компаниялардың жарнама шығындары Жұмсалған шығындарының көп бөлігі - жарнамаға, ал жарнамалық бюджеттен теледидарға кететіні көрсетілген. Жарнама құралдарын таңдау процесі мынадай бірнеше кезеңдерден тұрады: - жарнама құралдарын қамту ауқымын анықтау; - жарнаманың қайталану жиілігі және әсер ету күші туралы шешім қабылдау; - оны тарату құралдарын таңдау; - жарнама жеткізушілерін таңдау; - құралдарды қолдану графигі туралы шешім қабылдау. Қамту ауқымы - берілген уақыт аралығында жарнама науқанымен таныстыратын мақсатты аудиториядағы адамдардың белгілі бір пайызы. Қайталану жиілігі - мақсатты аудиторияның өкіліне арналған хабарландыру әсерінің қайталану саны. Жарнаманың әсерін жиынтық бағалау балын (ЖББ) анықтау арқылы өлшеуге болады. Мысалы, «Лиза» журналы мақсатты топтың 30 пайызын қамтиды деп ұйғарайық. Ал косметикалық компания бір жыл ішінде осы журналға сегіз хабарландыру беруді жоспарласа, оның 50 %-на оқушылар көңіл аударса, жиынтық бағалау балы ( 30/қамту/4/ жиілік/) 120 балға тең. ЖЖБ-ны басқа журналдармен салыстыру негізінде олардың ішіндегі ең тиімдісін, яғни шығындары азын және көп мақсатты топты қамтамасыз ететінін таңдап алу керек. Жарнаманың әсер ету күші - жарнаманың тұтынушыға әсер ету дәрежесімен айқындалады. Жарнама маманы жарнама құралының ең тиімдісін таңдап алуы қажет. Жарнама құралдарын таңдауға әсер ететін негізгі факторлар: аудитория көлемі мен құрамы, мақсатты аудиторияның жарнама құралына көзқарасы , тауар мен үндеу түрі және жарнама бағасы. Аудитория көлемі мынадай жолдармен анықталады: а) БАҚ бойынша қамтылатын адамдар саны; ә) жарнама құралдары мен тұтынушылардың байланыс саны; б) тиімді аудитория - жарнама құралдарымен байланыста болған әлуетті клиенттердің саны. Егер мақсатты аудитория жасөспірімдер болса, онда теледидар мен радио тиімді жарнама құралы болуы мүмкін. Сәнді киімдерді журнал беттерінде, теледидар арқылы жарнамалау тиімді болып саналады. Хабардың көп бөлігі техникалық ақпараттан тұратын болса, онда жарнаманы арнайы басылымдарда немесе интернетте орналастырған ыңғайлы. Жарнама бағасын анықтау үшін әр түрлі БАҚ-тағы жарнама бағаларын салыстырып алу қажет. Жарнама бағасы Бж (мың адамға) мына жолмен есептеледі: Бж =[pic] мұндағы : Ш ж = жарнамаға кеткен жалпы шығындар; А – басылым таралымы немесе бақылау аудиториясы, мың адам. “ Астана” журналында жарияланған әртүрлі хабарландырудың бір беті 5 мың $ болса, ал оны оқушыларының саны 500000 мың адамнан тұрса, онда мың адамға шаққандағы жарналық бағасы 10$ болады. Жарнама бағасын есептеген кезде пайдасыз аудиторияны есепке алу керек, ол – фирманың мақсатты нарығына жатпайтын аудитория. Республикалық радио мен телеарналарда жарнама бағасын есептеуде секундтар қолданылады. Теледидардағы жарнама бағасы жыл мезгіліне, бағдарлама уақытына, хабардың әйгіліне қарай ауытқиды. Теледидар жарнамасы үшін ең тиімді уақыт – көрсетілетін хабардың басы мен ортасы болып табылады. Сондықтан жарнама берушілер оны көрсетілу аралығында беруге ұмтылады. “Евразия - 1”, “КТК ”, “Рахат”, “31 канал” телеарналары сұранысты қанағаттандыру мақсатында көңіл көтеретін және ақпараттық бағдарламаларды жиі көрсету арқылы көрермендердің ықыласына бөленуде. Бірақ “ Евразия -1” арнасына тек қана ірі фирмалар жарнама бере алады. Өйткені бір минуттық роликтің құны 1000-нан 35000-ға $ дейін жетеді. АҚШ-та бір минут телероликтің құны 250 мың $-ға дейін жетеді. “КТК” 1 минуттық роликтің құны – 500-ден 1100 доллар, “Қазақстан” арнасында – 250-ден 750 долларға дейінгі аралықта белгіленген. Ең жақсы уақытта (Рrime time) шығатын бағдарламалар халыққа әйгілі болды. Республикадағы үздік радиоарналар – “Радио 31”, “Шахар”, “Европа плюс”, “ Караван”, “НС”, “Сити - радио”, ”Қазақстан - 1”. Олардың ішіндегі алға шыққандары – “НС”, “Радио 31”, “Европа плюс” радиоларының жарнамалық уақыты 230 долларға дейін жетті. Жарнама жеткізушілер - бұл жарнаманың әр түрін тарататын нақты құралдар. Бұған журналдар, телешоу және радиобағдарламалар жатады. Телеарнаға жарнама орналастыруға болатын көптеген хабарлар мен бағдарламалар бар. Ыңғайлы уақытта жарыққа шығатын бағдарламалар арнайы сұранысқа ие және бағасы өте жоғары болады. Басылымда орналастырғанда таралымына, орнынның бағасына, басылым жиілігіне, беделіне (престиж), мақсаттты аудиториясына, басылым сапасына аса көңіл аудару керек. Егер ақпарат бизнесмендерге арналған болса, онда экономикалық басылымдарда басу қажет. Егер “Маркетинг товаров и услуг” журналының толық бір бетіне орналасқан төрт түсті жарнама бағасы 70000 теңге, ал таралымының көлемі 10000 болса, онда мың адамды қамту бағасы 70000 мың теңге құрайды. Басылымның әртүрлі беттеріндегі жарнама бағасы елеулі түрде өзгереді, мұны ескерген жөн. Жарнаманың өтуі аудиторияның құрамына және басылым сапасына тікелей байланысты. Мысалы, косметикалық бұйымдарды арнайы журналдарда жарнамалаған жөн. Жарнаманың әсер ету күші мен құнына ықпал ететін факторлар арасынан жол таба білуі керек. БАҚ-тағы жарнама тарату кестесі. Ол үш түрге бөлінеді. Біріншісі – жарнаманы жыл бойы қалай тарату керектігін анықтау. Жарнаманы жыл бойы немесе маусым бойынша беріп отыруға болады. Екіншісі – жарнаманы таратудың жиілігін таңдау. Үшіншіден – белгілі бір кезеңде жарнаманы әркелкі етіп тарату. Мысалы, жарнаманы бір жылда бір рет беруге болады немесе бірнеше рет екпіндетіп жариялауға болады. Маркетинг бюджеті - маркетиннг жоспарының табыс, шығын және пайданың жоспары мөлшерін көрсететін бөлімі. Оны есептеу үшін жалпы маркетинг бюджетін есептеуде қолданылатын әдістер пайдаланылады. Бұл әдістердің бір де біреуі түпкілікті жетілген емес. Республикамыздың жарнама агенттіктері өз қызметінде кәсіпкерлердің қаржылық мүмкіндіктері мен жарнама құралдарының бағасын ескере отырып, маркетингтік бюджетті бағалайды. Шетелдерде жарнама бюджеті әдетте, тауар айналымының 1- 3 пайызын құрайды. Жарнаманың нақты бюджеті жарнама берушінің мақсаттары мен қаржылық мүмкіндіктері бойынша бағаланады. Тәжірибеде маркетингтік бюджетті анықтаудың түрлі әдістері пайдаланылады. Бірақ олардың барлығы әмбебап деуге болмайды. 1. Мүмкіндіктерге орай әдіс (қолда бар қаражаттарға байланысты). Біріншіден, өндіріске қажетті қаражаттар бөлінеді, содан қалғаны жылжыту мақсаттарына жоспарланады. Бұл әдістердің кемшіліктері: а)тауарды нарықта жылжытуға жеткілікті назар аудармайды; ә) фирманың мақсаттары мен шығындары арасында байланыстың жоқтығы; б) жылжыту мақсаттарына қаражаттың жетпей қалу қаупі бар. 2. Өсім әдісі. Бюджет алдыңғы өткен мезгілдердегі келіп түскен түсімнің көбею немесе азаю пайыздарын есепке ала отырып, бекітіледі. Бұл әдістің артықшылықтары: а) өсімді анықтау жеңілдігі; ә) бұрын болған жетістіктерді және келешекте болатын даму беталыстарын (тенденцияларын) ескеруі. Осы әдістің кемшіліктері: а) бюджет мөлшері мақсатпен байланыстырылмайды; ә) оны анықтауда интуицияның ролі зор. 3. Бәсекелестермен теңдестік (паритет) әдісі. Бұл әдіс бәсекелестердің маркетинг шығындарын ескеруді талап етеді. Оны қолданудың қиындығы – мүддесі мен нарықтағы позициясы жақын бәсекелесті табу. Бюджет көлемі бәсекелестердің әрекеттеріне қарай көбейеді немесе азаяды. Әдістің артықшылықтары: а) бұл нарыққа бейімделген әдіс; ә) жылжыту шығындардың нақты шектерін анықтайды. Кемшіліктері: а) бәсекелестің ізін басу әдісі; ә) бәсекелестердің маркетинг шығындарын анықтаудың қиындығы; б) салыстыруға алынған бәсекелестер болмауы. 4. “Сатудан түсетін үлес” әдісі. Ең танымал әдіс. Маркетинг бюджеті өткізуден түсетін түсіммен байланысты болады. Смета сату көлемінің белгілі бір үлесі ретінде бекітіледі. Бюджет көлемі өткен жылғы немесе келешекте болатын өткізу көлемінің белгілі бір пайызы арқылы анықталады. Кәсіпорын үшін пайыздың көлемі дәстүрлі болып табылады немесе маркетологтардың ой- сезімі (интуитивті) бойынша бекітіледі. Артықшылықтары: а) қарапайымдылығы; ә) өткізу көлемі мен жылжытудың өзара байланыста болуы. Кемшіліктері: а) мақсаттардың байланыстың болмауы; ә) өткізу көлемі азайған жағдайда маркетингке кететін шығындар еріксіз төмендейді және өткізу көлемі ұлғайған мезгілде шығын жоғарылайды. 5. “ Мақсаттар мен міндеттер” әдісі - нақты қалыптасқан мақсаттар мен міндеттер жүйесін анықтауды және оларды жүзеге асыратын ресурстарды есептеуді қажет етеді. Бұл – басқалардан әлдеқайда артықшылығы бар прогрессивті әдіс. Мысалы, компанияның маркетингтік мақсаттары – тұтынушылардың ақпараттануын – 70%-ға, ал тұрақты тұтынушылар санын – 20%- ға өсіру болып табылады. Әдістің артықшылықтары: а) шығындардың мақсат пен міндетке сәйкес жоспарлануы; ә) кәсіпорынның табысты немесе шығынды бағалау мүмкіндігі. Кемшіліктері: а) мақсаттарды белгілеу қиындығы; ә) есептеуді жүзеге асырудағы еңбек сыйымдылығы және уақыт шығынының көптігі. 6. Инвестиция қайтарымдылық әдісі. Маркетингтің әр түрлі шараларына шығындарының пайдасы есептеледі. Мұнда шығындарды қай бағытта қолданған тиімді болады: жаңа тауарды енгізуге ме, жарнама шығындарына ма, өткізуді ынталандыруға ма, дербес сауда жүргізуге ме, осыны анықтау қажет. Маркетинг қызметтерінің пайдалы бағытына сәйкес қаражаттардың мол жұмсалуы жоспарланады. Тәжірибеде осы көрсетілген әдістің біреуі ғана қолдануы мүмкін. Әдістерді интегралдап пайдалану маркетинг бюджетіне оңтайлы болады. Мысалы, “мақсаттар мен міндеттер” және бәсекелестермен тепе-тең (паритет)” әдістерінің комбинациясы негізінде фирма өз қаражаттарын ескеріп, жүзеге асыруына болады. Жарнама бюджетін жоспарлауда мынадай факторлар ескеріледі: - ТӨЦ-тің кезеңі. Танымал тауарлармен салыстырғанда жаңа тауарды жарнамалау үшін үлкен жарнама бюджеті қажет. - Сату көлемі жоғары үлесті қамтитын сауда маркалары , үлес салмағы қарағанда көп қаражатты талап етеді. Мұндай жағдайда “сатудан түсетін үлес” әдісі қолданылады. - Жарнама және кедергілер. Бәсекелестік жоғары нарықта бәсекелестерден озып шығу үшін тауар өндіруші өзінің маркасын “естірте” айқайлап, жарнамалауға тура келеді. - Тауардың біртектілігі. Өзінің тауарлық категориясында маркалар ұқсас (сыра, сусын, кір жуатын заттар) жағдайда, басқалардан ерекшелену үшін үдемелі жарнаманы қолданады. - Компанияның тұрақты тұтынушылары болған жағдайда жарнаманы жиі қайталаудың қажеті жоқ. - Бюджеттің мөлшері көп болғанымен, ол кейде жарнама науқанының тиімді болуына кепілдік бермеуі мүмкін. Жарнама өте тартымды, қонымды және тұтынушыға түсінікті болса, ол тиімді болады. АҚШ, Ұлыбритания, ФРГ кәсіпкерлерінің 80 пайызы “сатудан түсетін үлес” әдісін пайдаланады. Осы елдердің фирмаларының 15 пайызы “ мүмкіндіктерге” орай әдісін, 5 пайызы модельдерге негізделген әдістерді пайдаланады. Көптеген фирмаларға сату көлемінің 1-3% -ынан тұратын жарнамалық бюджетінің әртүрлі экономикалық көрсеткіштерге тигізетін әсерін сипаттайтын көптеген талдамалы үлгілері бар. Мысалы, Вайнберг моделі регрессиялық талдау көмегімен кеткен үлесіне байланысты фирма оның нарықтағы үлесінің қалай өзгеретінін анықтауға мүмкіндік береді. Жарнама науқанын өткізбей тұрып және өткізгеннен кейін, оның тұтынушыға әсерін анықтау қажет. Жарнаманың тиімділігін бағалаудың әдістері коммуникативтік психологиялық, коммерциялық (сандық) болып бөлінеді. Жарнаманы тиімді бағалаудың коммуникативтік әдісінің түрлері: 1. Тікелей бағалау. Бір топ тұтынушыларға жарнаманың балама нұсқалары ұсынылып, олардың әрқайсысына беру арқылы сұралады. 2. Қоржынды тексеру. Жарнама хабарларын тыңдайды, содан соң олардан жарнама мазмұнын айтып беруін сұрайды. Есте қалған жарнама хабары тиімді болып есептеледі. 3. Зертханалық тексеру. Арнайы құралдарды пайдалану арқылы жарнаманың тартымдылығы өлшенеді ( жүрек қағысы, көзқарасы т.б.). 4. Нарықты тестілеу. Нарықты арнайы тестілеу арқылы жарнаманың өткізу көлемінің өсуіне ықпал еткендігі анықталады. Бұл әдіс қымбатқа түсетіндіктен сирек қолданылады. Есте сақталуын және оңай танылуын тест жүргізу арқылы анықтайды. Жарнаманың есте сақталу және танылу деңгейі арнайы құралдарға сүйене отырып немесе оқырмандар мен көрермендерден пікір сұрау жүргізу арқылы (театрлық тест жүргізу) анықталуы мүмкін. Мысалы, теледидар бойынша жарнаманы көргендерден компания немесе жарнамада көрсетілген тауарлар туралы еске түскендерін айтып беруді сұрайды. Жарнаманың оңай танылуын тексеру кезінде журнал оқырмандарынан осы жарнаманы бұрынырақ көргені туралы сұрау жүргізеді. Алғашқы екі әдіс жарнама жасау алдында жиі қолданылады. 1. Жарнаманың психологиялық тұрғыдан тиімділігі нарық үлесі (Үн), жүрек үлесі (Ү ж), дауыс үлесі (Ү д) және маркаға оң көзқарасы (L) арқылы анықталады: Т ж = Үн * Ү ж* L; 2. Жарнаманың коммерциялық тиімділігін бағалау әдістері сандық әдістер деп аталады. Жарнама шараларына дейінгі және одан кейінгі сату көлемдерін салыстыру. Мұнда жедел мәліметтер мен бухгалтерлік есептер колданылады. Оны бақылау жарнама өткенен кейін ғана өткізу көлемі бірден ұлғайса мүмкін болады. Тәжірибелік әдісті қолдану үшін бірнеше сынақ нарықтары алынады, олардағы фирманың сату көлемі бірдей болуы керек. Нарық үш бөлікке бөлініп, олардағы фирманың сату көлемі бірдей болу керек. Нарық үш бөлікке бөлініп, біріншісінде – жарнама шығындары белгілі бір пайызға азайтылады, екіншісінде – тура сондай пайызға көбейтіледі, үшіншісінде – жаранама шығындары өзгеріссіз қалдырылады ( бұл бақылаушы көрсеткіш). Сату көлемдерінің өзгеру нәтижелері жарнама тиімділігі болып табылады. I. Жарнама тиімділігін мынадай сандық тұрғыдан бағалауға болады: Т ж = А1 А2 Мұндағы : А2 – жарнама шыққаннан кейінгі тауар айналымы; А1 – жарнама жүргізгендегі тауар айналымы. Жарнама науқанының тиімділігін зерттеу өте қиын. Жарнамадан басқа сату көлеміне тауар сапасы, оған қол жететіндігі, имиджі әсер етеді. Өткізуді ынталандыру - тауарлар мен қызметтерді сатуды ынталандыратын шаралардың кешені. Олар тауар сомасын, купондарды, сыйақы беру, тауар бағасын арзандату, байқаулар, таныстыру рәсімдерін өткізу, лотерея, сыйлықтар және тағы басқаларды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Жарнамаға қарағанда, өткізуді ынталандыру - қысқа мерзімді әсер ету шарасы. Басқа жылжыту түрлерімен салыстырғанда оның нәтижелері тез байқалады. Тауар өткізуді ынталандыру шарасын бастаудан бұрын оның жоспары құрылып, тұжырымдамасы, түрі, шарты, өткізу мерзімі, ұзақтығы анықталады, бюджеті есептелініп, өткізу арналары таңдалады. Экономикалық оқулықтарда оның синонимі ретінде өткізуді қолдау, «сейлз промоушн» сияқты түсініктер қолданылады. Өткізуді ынталандыру әдістеріне мыналар жатады: - өзінің сауда қызметкерлерін ынталандыру; - делдалдарды ынталандыру; - тұтынушыларды ынталандыру. Сауда қызметкерлерін ынталандыру олардың жұмыс сапасын және кәсіпкерлік шеберлігін көтеруге бағытталған. Ол үшін ақшалай сыйақылар, сыйлықтар, байқаулар, сауда қызметкерлерін оқыту, оларға қосымша демалыс беруде пайдаланады. Делдалдарды ынталандыру мыналардан тұрады: а) тауарларды тегін беру; ә) арнайы жеңілдіктер; б) өткізуді ұйымдастыру бойынша байқаулар; в) бірлесіп жарнама жүргізу. Тауарды өткізуде түпкі тұтынушыларды ынталандыру маңызды орын алады, оны мынадай құралдармен жүзеге асыруға болады. Сыйақылар – бұл тұтынушыға белгілі бір тауарды сатып алғанда ақысыз немесе төмен бағамен ұсынылатын сыйлықтар. Көбінесе “Кодак” компаниясы ұтымды түрде пайдаланады. Купондар – тауарларды сатып алған кезде берілетін жеңілдіктер мен шегерім сертификаттары. Газет, журнал, тауар орамасы, өткізу мамандары арқылы таратылады. Купондарды “Coca-Cola” ,“Procter & Gamble” және т.б. компаниялар өз тәжірибесінде пайдаланады. АҚШ – та тұтынушыларды ынталандыру шығындарының 76 пайызы купондарға кетеді. Жеңілдіктер – тұрақты клиенттердің тауарды қайтадан сатып алуын және жаңа клиенттердің жаңа тауарларын сатып алуын ұлғайтуды ынталандыру мақсатындағы бағаның төмендетілуі. Байқаулар – сыйлық таратуды көздейді, жастар немесе аға ұрпақ өкілі бар сегменттерге әсері мол. Несие – тауар сатып алушыға несие беріледі. Ол тауар құнын белгілі бір уақыт бойы бөліп төлейді. Несие ұзақ мерзімде пайдаланылатын және қымбат тауарлардың сату көлемін ұлғайтуды ынталандырады. Тауарды таныстыру рәсімі(презентация) – тауарларды пайдаланудың нұсқауларын беретін іскерлік сұхбаттасумен қатар, салтанатты және мәдени бағдарламалардан тұратын көпшілікке ұсыну рәсімі. Таныстыру рәсімі кезінде қызықтыратын әртүрлі құралдар қолданылады. Ақшаны қайтару кепілдігі. Тауар сапасына тұтынушылардың көңілі толмаса, оны қайтарып береді. Мұндағы негізгі шарт – тауар сақталған қалпында қайтарылуы керек. Тауар орамасы – сатып алғаннан кейін басқа мақсаттарға пайдаланатын буып-түю заттары беріледі. Мысалы, конфеттің шыны, пластмаст қалбыры. Лотереялар мен сыйлықтар. “Coca-Cola” сусындарының бөтелке қақпақтарында сыйлықтар ұтып алуға белгілер жасалған. “Fanta”- ның қақпақтарында жазылған киллометр арқылы “Шапшаң команда” девизімен туристік жолдаманы ұтып алуға болатын акция ұйымдастырған. Тегін үлгілер. Тұтынушыны қызықтыру үшін ақысыз ұсынылатын жаңа тауарлар. Ынталандыру науқанын бастар алдында оның жоспары құрылады. Ол жоспарда тұжырымдамасы, ынталандыру нысаны, бюджеті, шарттары, мерзімдері, өткізілу ұзақтығы анықталуы керек. Өткізу ынталандырудың тұжырымдамасы өзінің сауда қызметкерлерінің, саласының және тұтынушылардың мақсаты мен бағытына байланысты құрылады. Өткізуді ынталандыру шарттары - бұл делдалға немесе сатып алушыға қойылатын талаптар. Мысалы, дистрибьютер тауарды сақтауы және жарнамалауы керек. Ынталандыру шарттары орындалмаған жағдайда оның мақсаты жүзеге аспайды. Өткізуді ынталандырудың мерзімі жиі немесе қысқа болады, кейде ол маусым кезде өткізіледі, сондықтан оның өткізу мерзімін дұрыс таңдау аса маңызды. Өткізуді ынталандыру саудагерлер өндірушімен бірлесіп жүргізсе, оның шығындарын бірігіп төлегендіктен азаяды. Жүргізілген ынталандыру түрінің тиімділігін бағалау өте маңызды. Ол үшін ынталандыруды өткізгенге дейінгі және оны өткізгеннен кейінгі сату көлемі мен өткізу шараларын ұйымдастыруға кеткен шығындарды талдау керек. Мысалы, купондарды пайдалану кезінде сату көлемінің қаншалықты өскенін және купондардың өтелу дәрежесі талданады. Жеке сату - тауарды сату мақсатында тұтынушылармен жеке-дара байланыстың орнатылуы. Жеке сату – бұл тұтынушылармен кездесіп әңгімелесу барысында тауарды қолдану туралы кеңес беріп, оны ауызша ұсыну. Ол коммуникация түрлерінің ең тиімдісі, бірақ оны ұйымдастыру шығындары басқалармен салыстырғанда жоғары. Ол - сауда қызметкерлерінің, агенттердің сатып алушылармен жұмысы және тауарлардың нақты жағдайда жарияланып көрсетілуі. Бұл коммуникация түрінің басты артықшылығы – сауда қызметкері әрбір сатып алушымен жеке жұмыс істейді. Клиент тауар бағасы, берілетін кепілдігі, қызмет көрсету және тауарды жеткізу шарттары туралы кеңес алады. Сондықтан жеке сату - тұтынушы талаптарына бейімделетін маркетингтік коммуникацияның ең икемді түрі. Сауда қызметкерлері сатып алушыға тікелей ықпал етіп, тапсырыс алады. Ал жарнама ықпалы біршама уақыт өткен соң ғана білінеді. Осы тұрғыда жеке сату жарнамадан да тиімді. Бірақ жеке сатудың бір тұтынушыға келетін шығындары жарнама шығындарынан асып түседі. Олар әсіресе өндірістік мақсатқа арналған тауарлар нарығында өте жоғары. Сонымен қатар, оның жалған мәліметтер пайдалану, тұтынушыларды шешім қабылдауға итермелеп, қысым жасайтын әдістерді пайдалану сияқты кемшіліктері бар. Тауарларды сату процесі мынадай кезеңдерден тұрады: • қалталы клиенттерді іздеу; • оларды жіктеу; • тауарды таныстыру рәсімін өткізу; • сату; • сатудан кейінгі шаралар. Клиенттерді іздеу – жаңа клиенттерді көбейтудің толассыз процесі. Іздеу поцесінде анықтамалар, жарнама хабарландырулары, компьтерлік мәліметтер базасындағы барлық ақпараттар жиналады. Клиенттерді жіктеудің мәні үлкен, өйткені келешегі жоқ клиенттер екшеленеді. Жіктеу – бұл тауарларды болашақта сатып алатын немесе сатып алғысы келетін топтарын айқындау. Таныстыру өткізу - сату процесінің шарықтау шегі. Мұнда әлеуетті клиентпен жұмыс жүргізіліп, тауарлар сатылып, келісім-шартқа қол қойылуы үшін барынша күш жұмсалады. Сатудан кейінгі қызмет – бұл сервис, кепілдік және тағы басқалары. Сауда қызметкерлері мынадай міндеттерді атқарады: • әлеуетті клиенттерді айқындау, олардың қажеттілігін зерттеу, тауарларды сату шарттарын қарастыру және мәміле жасау, • клиенттерге қызмет көрсету, тауарды пайдалану туралы кеңес беру, сатудан кейінгі қызмет көрсету; • фирма үшін тұтынушы қажеттіліктері мен талғамдары, бәсекелестердің қызметі туралы ақпараттарды жинау. Осы міндетті атқара отырып, сауда қызметкері фирманың маркетингтік ақпарат жүйесінің маңызды мүшесі болады. Сауда өкілдері қажеттіліктерін жақсы біліп, оларға өзара ұтымды жағдайда тауарларды ұсынғанда ғана жеке сатудың тиімділігі және нәтижесі айқындалады. Сауда өкілдерінің мынадай түрлері бар: Сатушы – кеңесші. Олардың инженерлік-техникалық білімі болуы қажет. Өзінің кәсіптік дайындығына байланысты бұл өкілдердің баға тағайындауға, өнімнің өзіндік ерекшелігін жасауға және жабдықтау мерзімін белгілеуге құқығы бар. Тапсырыс алушылар. Мұндай мамандар фирма өніміне бейімделіп, оны жетік білгендіктен, тұтынушыны тауарды сатып алуға жетелейді. Тапсырыс алушыларға киім дүкендерінің сатушылары, тасымалдап сататын және өндірістік мақсаттағы сатушылар жатады. Тапсырыс қабылдаушылар. Олардың міндеті – тұтынушы қажеттілігін айқындап, тапсырысты дайындау. Көптеген азық-түлік және фармацевтикалық компанияларының осындай сатушылары бар. Тапсырыс қабылдаушылар дүкендерді аралап, олардың қорларын компания тауарымен толықтырады. Ірі компанияларға арналған маркетинг бригадасы. Бұл өкілдердің міндеті – ірі сатып алушылардың қажеттіліктерін және оларды қанағаттандыратын әдістерді анықтау. Олар өз сатып алушыларының бизнесін мұқият зерттейді. Телемаркетинг. Көптеген өнеркәсіптік фирмалар өзінің сауда жасайтын құрамының жұмысын ірі мәмілелерге бағыттап, ұсақ тұтынушыларға өнімін сату үшін телемаркетингті қолданады. Кейбір фирмалар жеке кездесуге кететін шығындарын үнемдеу үшін сату туралы мәмілені телефон арқылы жүргізеді. Жеке сатуға сонымен қатар желілі маркетинг деп аталатын көп деңгейлі сатуды жатқызады. Бұл тәсіл қазақстандық нарықта косметика, медициналық дәрі-дәрмектер сатуда кең қолданыс тапқан. Желілі маркетинг дәстүрлі өткізу арналарын бақылаушы фирмалар тарапынан болатын кедергілерден айналып өтуге мүмкіндік береді. Сондықтан ол тауарды нарыққа жылжытудың тиімді түрі болып табылады. Паблик релейшнз (PR) - ұйым мен қоғам арасындағы өзара ұғысу, оң қарым- қатынасты құру және оны қолдануға бағытталған, жоспарланатын шаралар. Қысқаша айтқанда, ол – фирманың жағымды бейнесін құру мақсатында жасалған көпшілікпен байланыс жүйесі. Паблик релейшнз қызметтеріне мыналар жатады: - көпшілікке өзі туралы жағымды ақпарат тарату және оған нандыру; - адамның ой-пікіріне ықпал ету; - ұйымның жақсы бет-бейнесін құру, беделін көтеру; - ұйым жұмысына қызметкерлердің жауапкершілігін қалыптастыру. Паблик релейшнз түрлері: • паблисити (үгіт-насихат); • демеушілік; • фирмалық стиль. Паблик релейшнз әдістері. • БАҚ-пен байланыс. Баспасөздерде мақалалар жариялау, радио, телеарналардан материалдар беру; • Баспасөз конференцияларын ұйымдастыру. Баспасөз конференциясы – жағымды көзқарасты жария ету, мәлімдеу мен компания пікірлерін елге жариялау мақсатымен БАҚ өкілдерін шақыру; • Баспа өнімдерін шығаруға ықпал ету; • Кино және фотоқұралдар (деректі фильмдер, клиптер, фотосуреттер); • Сөз сөйлеу. Ресми жиналыстарда, кездесулерде, мәжілістерде, конференцияларда шығып сөйлеу, адамдармен араласа білу, сену, түсіндіру – ізгі атмосфера туғызу; • Жарнама. Жақсы жарнаманың фирма бейнесіне ықпал етуі; • Тауарды таныстыру рәсімін өткізу; • Демеушілік жасау; • Мүдделерді алға жылжыту. Фирмалардың кәсіпкерлік қызметіне байланысты шешімдерді қабылдауға жағымды әсер туғызу мақсатында мемлекеттік билік және басқару органдарымен қарым-қатынас орнату; • Фирмалық стиль қалыптастыру. Демеушілік – бұл маркетингтік коммуникациялық мақсаттарды жүзеге асыру үшін мәдениет, білім беру, спорт саласында жұмыс істейтін тұлғаларға немесе ұйымдарға, көмек көрсету. Демеушіліктің көздейтін мақсаты: - кәсіпорынның нарықта танылуы және әйгілі болуы; - кәсіпорын және оның тауарларының беделін жақсарту; - демеушінің нарыққа ұсынған тауарына сұраныстың өсуі. Фирмалық стиль - ол тек фирма мен оның тауарларына ғана тән бейне. Фирмалық стиль мынадай элементтерден тұрады: • Тауар белгісі. Мысалы, “ Marlboro” сауда маркасының құны 10 млрд. доллардан тұрып, компанияның нарықтық соммасының 1/3 бөлігін құраған екен. • Логотип – фирманың ерекше жазылған және арнайы дайындалған толық немесе қысқаша аты; • Фирмалық ұран, сөз мәнері – бұл фирма ұраны; • Фирмалық блок – белгі мен логотиптің композициялық бірігуі; • Бірыңғай стиль; • Фирмалық түс немесе түстер жиынтығы; • Шрифттердің фирмалық жиынтығы; • Фирмалық константалар (формат, мәтін версткасы); • Бірыңғай музыка. Сонымен қатар фирмалық стиль қызметкерлердің ерекше жұмыс киімін де қамтиды. Фирмалық стильдің басты мақстаты – фирма тауарларының тез өтуін және бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату. Брендинг – бәсекелес тауарлар арасындағы белгілі бір тауар маркасына деген тұтынушының талғамын ұзақ мерзімге қалыптастыру өнері. Ол АҚШ –та 30-шы жылдары пайда болған ұғым. Кез келген тауар белгісі деп атала алмайды, ол үшін тауар өзінің жоғары сапасымен тұтынушы сенімін ақтап, нарықта әйгілі болу керек. Паблик релейшнз маманының қызметтеріне мыналар жатады: • Фирманың жауапты қызметкерлерінің имиджін жасау. • Басшылардың сөйлейтін сөздері мен баяндамаларын әзірлеу және түзету. • Баспасөз хабарламасын жазу, оларды БАҚ-та жариялау. • Газет, журнал және телеарна тілшілерімен байланыста болу. • Саяхат, таныстыру рәсімдерін, көрмелерді дайындау. • Қайырымдылық шараларын және қонақтарды күтуді ұйымдастыру. • Паблик релейшнз компаниясының жоспарын жасау. • Қоғамдық пікірді, әлеуметті зерттеуді ұйымдастыру. Баспасөз хатшысы немесе баспасөз атташесі БАҚ-пен байланыста болады. Баспасөз-хабарламасы (пресс-релиз) – көрмелерде, презентацияларда, қайырымдылық акцияларында баспасөз өкілдеріне және тілшілерге таратуға арналған фирма жөніндегі, оның өнімі туралы, даму болашағы жайындағы қысқаша таныстыру мәліметтері. Паблик релейшнзтің болашақта даму бағыттары – компания беделін, ұлттық брендті жасау, ЮАҚ пен қарым-қатынас тетігін жетілдіру, клиенттерге қызмет көрсету мен сервистің деңгейін көтеру, фирманың мәдениеті мен стилін қалыптастыру, дағдарысқа қарсы басқару әрекеттерін жасау. Бедел (репутация) – компания табыстарының өсуіне тікелей әсер ететін компанияның баға жетпес капиталы. Британдық “Интербрэнд” компаниясының есептеуі бойынша кейбір фирмалардың материалдық емес активтерінен беделі жоғары екен. Мысалы, “Coca-Cola” компаниясының материалдық активтері үлесі олардың барлық сомасының 4 % -ын құраса, “IMB” компаниясыныкі – 17%-ын құрайды. Теріс ниетті паблик релейшнз деп – фирма тауары туралы сипаттаманың берілуін айтамыз. Осыған орай, паблик релейшнз мамандарының спиндоктор деп аталатын жаңа түрлері пайда болды. Спиндоктор – теріс ниетті паблик релейшнз салдарынан туған жағдайды, ПР құралдары мен әдістерінің кешенді жүйелерін қолдана отырып, емдейді. Коммуникация түрлеріне жәрмеңкелер мен көрмелерді жатқызады. Жәрмеңкенің басты мақсаты – көрсетілген тауарды сату. Көрмелер – тауарды халық алдында көрсету, оған деген сұранысты зерттеу, жаңа мәмілелер жасап, әлеуетті тұтынушыларды айқындау құралы. Көрмелер тауарларды сату келісімдерін жасауға және олармен ұзақ мерзімді серіктестікті орнатуға мүмкіндік береді. Тауардың көрмеде пайда болуын ықтимал клиенттердің назарын аудару үшін баспасөздегі жарнамамен тікелей пошта жарнамасымен, мерзімді басылымдағы, радиодағы, телеарналардағы хабарландырулармен қуаттап қою пайдалы. Өнім түрлеріне қарай жәрмеңкелер мен көрмелер әмбебап және арнайы болып бөлінеді. Әмбебап көрмелерде тұтыну және өндірістік тауарлар, ал арнайы көрмелерде бір саланың немесе ұқсас салалардың тауарлары көрсетіледі. Қамту ауқымына қарай көрмелер ұлттық және аймақтық болып бөлінеді. Ұлттық көрмелерде мемлекеттің әртүрлі саладағы жетістіктері көрсетіледі. Аймақтық көрмелер жергілікті нарық деңгейінде қызмет етеді. Өндірушінің (экспоненттің) мынадай мақсатымен қатысуы мүмкін: • жаңа нарықпен танысу; • тауардың бәсекеге қабілеттілігін тексеру; • тәжірибе алмасу; • бәсекелестермен танысу; • өткізуді ұлғайту; • экспорт мүмкіндігі туралы мәлімет алу. Көрмеге қатысушы маманның мақсаты: • нарықты шолу, оның конъюктурасы мен даму болашағын бағалау; • қажетті тауарларды іздеу; • баға мен баға белгілеу шарттарын салыстыру; • жаңа тауарларды қолдану мүмкіндіктерін бағалау; • іскерлік байланыстарды кеңейту және белгілеу; • келісім-шарт жасау. Өндіріске арналған тауарлардың арнайы көрмесінде тұтынушы тауарларға қарағанда, тауарларды өткізуге онша мән бермейді, өйткені мұнда негізінен келісім жасау, келіссөздер өткізу, күрделі техникалық сұрақтарды шешуге көп назар аударылады. Онда өтетін келіссөздерге тек шешім қабылдай алатын тұлғалар ғана қатысады. Қазақстанда “Атакент” қазақстандық іскерлік тобы жанында “Атакент - Экспо” сауда-өнеркәсіптік палатасының жанындағы “КазЭкспо” және біріккен қазақстандық-ресейлік “КазЭкспо Сервис” атты үш көрме компаниясы бар. Қазақстанның көрме бизнесінде “ ITE” , немістің “Fairtrade” және “Danzas”, түріктің “SenExpo”, арабтың “New Fields” деген әйгілі фирмалары қызмет көрсетеді. “КазЭкспо” Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен жұмыс істейді және үкіметтік ірі шараларға маманданған, ұлттық көрмелерді өткізеді. Көрме қызметінің даму динамикасы қазақстандық қатысушылар санын өскенін көрсетеді. Егер нарыққа өту кезеңінің басында “Атакент - Экспода” тек шетелді көрмелер ғана өткізілген болса, қазір онда жергілікті компаниялардың үлес салмағы 70-80 %-ға жетеді. 15- дәріс Тақырып: Жарнама агенттігі және оның рөлі Жарнама агенттіктері дегеніміз - жарнамалық қызметтерді орындауға маманданған (жарнама зерттеулерін жүргізу, жарнамалық қызмет жоспарын жасау, жарнама компанияларынның жұмысын жүргізу және өткізу, сондай-ақ жарнамалық арналар даярлау, орнату және т.б.) тәуелсіз фирма. Жарнамалық агенттіктер бұл жұмысты өз тұтынушылары атынан және солардың қаржысымен жасайды. Жеке жарнамалық қызметтері бар ірі жарнама беруші фирмалар жарнама агенттігіне жүгінеді. Ол төмендегідей себептерге байланысты: Жарнама агенттіктері күн сайын аудитория мүдделерін, өзіндік тәжірибелерін, компитенттілігін түсінуге көмектесетін маркетингтік жағдайларды кең спекторымен ұштастырады. Өз кезегінде бұл жарнаманың сапасын мен тиімділігін анықтайды; Агенттік тәуелсіз ұйым болып табылады, бұл жарнама берушінің проблемаларына «сырт көзбен қарауға», яғни әлдеқайда обьективті қарауға мүмкіндік береді; Жарнама агенттіктері бұқаралық ақпарат құралдарымен жақсы қарым-қатынаста болады, жарнаманы беру үшін уақыт пен орынды тұрақты және алдын ала сатып алады. Жарнама берушілердің жарнама агенттіктерімен істес болуы оларға өз мәселелерін жедел шешуге және қаражат пен уақытты үнемдеуге көмектеседі; Жарнама агенттіктеріне (әсіресе, жарнама қызметінің толық кешенімен толық қамтамасыз ететіндер) жарнамада жүйелік әдісті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, жарнаманың тиімділігін әлдеқайда жоғарылатады. Жарнама агенттіктерін таңдау кезінде жарнама беруші оның қызметінің келесі аспектілеріне назар аударғаны жөн: - агенттіктің құрылған уақыты, жұмыс тәжірибесі; - ұсынылатын жарнамалық қызметтер тізімі; - қажетті мамандар болуы; - кәсіби мамандардың (орындалатын қызметтер, жарнамаланатын тауарлар, мақсатты аудитория типтері, т.б. бойынша) болуы; - қызметтер төлемінің реті мен құны. Агенттік ұсынатын қызметтер саны ұйымдағы жарнамалық қызметке қарағанда әлдеқайда жоғары және олардың түрлері әлдеқайда кең. Кең спекторлы қызметі бар жарнамалық агенттік әдетте жұмысқа жоғары шығармашылық қабілеті бар қызметкерлерді тартады. Халықаралық деңгейде жұмыс істейтіндерінің шетелдерде коммерциялық агенттіктері болады. Агенттіктер болашақ клиенттерге әр түрлі мамандар қызметін, соның ішінде мәтіншілер, суретшілер, продюсерлер, жарнама құрылымдары бойынша мамандар, әлеуметтанушылар, психологтар, ПР қызметкерлер т.б. ұсынады. Жарнама агенттіктері жарнама берушілер тапсырмасы бойынша қызметтердің кең спекторын атқарады. 1. Жарнаманы жасауға байланысты (жарнама материалдарын, фирмалық стиль, брендтер жасау) шығармашылық және орындаушылық қызметтер атқарады. 2. Өндірістік базалармен (типография, студиялар), басқа жарнамалық және баспалық фирмалармен (соның ішінде шетелдік фирмалар) қарым-қатынас жасайды. 3. Жарнама таратушы құралдармен, оның ішінде БАҚ-пен қарым-қатынас орнатады. 4. Тапсырыс орындалуының барысы мен сапасына бақылау жасайды. 5. Қаржылық есептеулер жүргізеді. 6. Тауарлар, нарық, тұтынушыларды жарналық компанияны негіздеу және жарнамалық идеяларды жасауға қажетті көлемде зерттейді. 7. Жарнамалық түпнұсқаларды даярлап, оны БАҚ-та жариялайды. 8. Көрмелер, жәрмеңкелер сияқты жарнамалық іс-шаралар ұйымдастырады. 9. Жарнамалық-техникалық семинарлар және баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, оларды өткізеді. 10. Сыртқы жарнама құралдарының техникалық жұмыстарын жасап, оларды іске асырады. 11. Телерадиоға бейнежазбалар, бейнеклиптер түсіреді. 12. Сауда залдары және витриналар интерьерлерін жасайды. Жарнамалық агенттіктер жарнама берушінің өкілі ретінде қызмет істейді және бұқаралық ақпараттар құралдарымен олардың атынан және олардың тапсырысы бойынша қарым-қатынас жасайды. Жарнамалық агенттік мекеме немесе фирмаға коммуникацияның әлдеқайда қолайлы құралын ұсына алады, жарнамалық хабарламаның баспа басылымдарында орнын, ол қанша рет шығуы керек екендігін көрсете алады және жарнама роликтерінің эфирге шығу жағдайы туралы келісім жасауға мүмкіндігі бар. Жарнама агенттіктігінің қызмет түрлері Жарнама агенттіктері әдетте үот ұсынылатын қызметтер көлемі бойынша және өздері маманданатын бизнес бағыты бойынша классификацияланады. Агенттік қызметтері, әмбебап және маманданған болып бөлінеді. Мамандану бағыты тұтынушы немесе өндірістік секторда тандалуы мүмкін. Толық циклды қызметті агенттік (немесе әмбебап). Жарнамалық бизнесте толық секторлы қызметті агенттік - бұл клиентпен жұмыс, шығармашылық қызметтер, медиа жоспарлау және тапсырысты орындау үшін зерттеулер жасауды өз міндетіне алатын ұйым. Мұндай агенттіктің әдетте клиенттер мен жұмыс бойынша жеке қызметі, тапсырыстардың өтуін бақылау бөлімі, кең таралымды және баспа өнімдерін өңдеуге арналған бөлімшелері және кадрлар бөлімі болады. Маманданған агенттіктер. Белгілі бір қызметтерде (мысалы, шығармашылық) немесе белгілі бір аудиторияда (ұлттық топтар, жастар) немесе салаларда (мысалы, денсаулық сақтау, компьютерлер, ауылшаруашылығы, т.б.) маманданады. Сондай-ақ маркетингтің әр түрлі салаларында (мысалы, тікелей маркетинг, өтімділікті ынталандыру, қоғаммен байланыс, қоғамдық және спорттық маркетинг, қаптама дизайны, корпоративті символика дизайны, т.б.) маманданған агенттіктер бар. Қазіргі заманғы әмбебап агенттік клиенттерге ақпараттық және жарнамалық қызметтің барлық салаларында қызмет көрсетуге бағытталған. Оның қызметтері шартты түрде екі категорияға бөлінеді - жарнамалық және жарнамалық емес. Жарнамалық қызметтерге мыналар кіреді: жарнама материалдарын жоспарлау, өндіру және жасап шығару, сондай-ақ зерттеулер жүргізу бойынша және бұқаралық ақпарат құралдарын таңдау қызметтері. Жарнамалық емес қызметтерге қаттаудан бұқарамен байланыс (паблик рилейшнз) және жарнамалық бұйымдарды жасау, жылдық есептер, көрмелік үлгілер және коммерциялық персоналды оқыту бойынша материалдар даярлауға дейінгі қызметтер кіреді. Жарнамалық бизнесте әмбебап агенттіктердің екі негізгі түрі болады, олар тұтынушылық жарнама агенттігі және өндірістік жарнама агенттігі. Тұтынушылық жарнама агенттігі - бұл өз қызметін тұтынушылық жарнама, яғни ең бастысы тұтынушылар сатып алатын тауарларды, мысалы, сабын, жармалар, автомобильдер, үй жануарлары үшін жем шығаратын компаниялар бағдарламаларында шоғырландыратын агенттік. Тұтынушылық жарнама агенттіктерінде жасалатын жарнамалардың көп бөлігі БАҚ-та жарияланады. Олар агенттіктерге комиссиондық төлем төлейді. Нәтижесінде тұтынушылық жарнама агенттіктерінің өз кірістерінің үлкен бөлігі дәстүрлі түрде бұқаралық ақпарат құралдары төлейтін комиссиондық төлем түседі. Өндірістік жарнама агенттіктері басқа мекемелермен жүзеге асыратын өнім шығаратын фирмалар мүддесін қорғайды. Мұндай тауарларға ЭЕМ-нің бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз етуі, локомотивтер және ақпараттық есептегіштер мысал бола алады. Іскерлік және өндірістік жарнама - жарнамалық қызметтің кең техникалық білімдерді дәл және көз жеткізерлік ақпараттық материалдарға айналдыру қабілеттілігін талап ететін маңызды саласы болып табылады. Өндірістік жарнаманың көп бөлігі арнайы маманданған журналдарда және басқа да іскерлік басылымдарда жарық көреді. Мұндай ақпарат құралдары жарнама агенттіктеріне комиссиондық төлем төлейді, алайда олардың таралымы аз болғандықтан, жарнамалық орын үшін төлем көлемі жалпы ақпараттық құралдарға қарағанда әлдеқайда төмен болып келеді. Нәтижесінде комиссиондық төлем жарнама агенттігінің қызметінің құнын жабуға жетпей қалады. Көбінесе тұтынушылардан жасалған қызмет үшін қосымша төлем алынады. Жарнама агенттігінің қызметкерлері Жарнама агенттіктігінің мақсаты - жарнама берушінің өнімі мен қызметінің артықшылықтарын аудиторияға жеткізу. Жарнама қызметтерін атқаратын ірі жарнама агенттіктері әртүрлі мамандарды бөлімдерге біріктіру арқылы өз жұмысын жүргізеді. Бес негізгі функционалдық бөлімдерді атауға болады: 1. Шығармашылық немесе көркем өнер бөлім. 2. Тапсырыстарды орындау бөлім. 3. Өндірістік бөлім. 4. Маркетинг бөлім. 5. Қаржылық-шаруашылық бөлім. Шығармашылық бөлім мәтіншілерді, суретшілерді, график-мамандар, режиссерлер, редакторлар және басқа шығармашылық жұмыс істейтін қызметкерлерді біріктіреді. Олар жарнаманың идеялық мазмұнын орайластырады. Жарнамада психологиялық факторлардың рөлі үлкен. Жарнаманың өнерге белгілі бір жақындығына байланысты бұл бөлімнің рөлі өте жоғары. Агенттіктің көркем өнер бөлімі суретшілер мен дизайнерлерден тұрады. Олардың негізгі жұмысы жарнаманың компоновкасын өндіру, жарнама хабарламаларын әртүрлі элементтері қалай көрінетінін искиздеріне иллюстрация жасау болып табылады. Суретшілер теле роликтерді жасау тапсырмасын алған кезде олар сценарийді дайындайды. Ірі агенттіктердің жеке көркем бөлімдері болады. Басқалары келісімшарт бойынша жеке жұмыс істейтін тәуелсіз студиялар немесе штаттық емес суретші - дизайнерлердің ақылы қызметтерін ұсынады. Жарнаманың түпнұсқасының макеті дайын болып, оны клиент бекіткеннен кейін ол өндірістік бөлімге келіп түседі. Бұл бөлім жарнама жасалуын барлық жағынан үйлестіреді, жұмыстың сапасы мен мерзімін бақылап, барлық жарнамалық материалға қойған шекті мерзімге дейін ақпараттық құралдарға берілуін қадағалайды. Мұнда агенттің баспа жарнамасын өндіру бойынша менеджерлер немесе эфирлік жарнаманың продюсерлері мен режесерлері жұмыс істейді. Өндірістік бөлім баспа жарнамасы үшін шрифттер, фотосуреттер және аяқталған көркем материалдарға қажетті басқа құрамаларды сатып алады. Бөлім персоналы фотокеще, рең беру элементтері және басқа ақпарат құралдарына беруге қажетті материалдарды жасайтын мамандармен қарым-қатынаста болады. Тапсырыстарды орындаушы бөлімі басшымен бірге жұмысшы топтардың жетекшілерін біріктіреді. Кейде жобаның жауапты орындаушысы немесе байланыстырушы деп атайтын жұмысшы топтары жетекшілері тапсырысты орындаудың барлық процестерінде орталық фигура болып табылады. Ол агенттіктерге тапсырыс берушінің мүдделерін таныстырады, агенттіктің тапсырыс берушімен өзара байланысының өкілі болып табылады. Жұмысшы топтың жетекшісі тапсырыстың басынан, жүзеге асуына дейінгі жұмыстарының орындалуын, барлық процестерді агенттік ішінде үйлестіреді. Маркетинг бөлімі қызметкерлері маркетингтік зерттеулерді жүзеге асырады, жарнамаланатын тауарлар нарығы жеке жарнамалық қызметтер нарығының талдауын жүргізеді, фирма - клиент және оның тауарлары жайлы ақпарат жинауды ұйымдастырады. Жарнама компанияларының тиімділігін бақылайды. Кейбір жағдайларда бөлім қызметтеріне жарнама орналастыру үшін орын мен эфирлік уақытты сатып алу да кіреді. Өзіндік жарнамалық қызметтерді іске асырудан басқа жарнамалық агенттік өзінің қаржылық-шаруашылық қызметін тиімді жүргізуі, оның деңгейіне сәйкес келетін материалдық-техникалық жабдықталуы қажет. Бұл мәселелерді шешумен қаржылық-шаруашылық бөлім айналысады. Шетелдерде (соңғы жылдары Ресейде де) жарнамалық агенттік персоналы әдетте көптеген мамандардың басын біріктіреді. Олар: негізгі клиенттермен жұмыс жүргізу бойынша тағайындалған директор (account direktor) клиенттермен жұмыс жүргізуші менеджер (account executive) маркетинг бойынша менеджер (marketing manager) суретші-безендіруші (layout artist) медиабайер (media buyer) жарнамалық мәтіндер авторы, компирайтер (copywriter) арт-директор (art director) визуализатор (visualiser) баспа бойынша маман телепродюссер өндіріс бойынша менеджер (production manager). Жарнама агенттіктерінің халық шаруашылығындағы орны мен экономикадағы рөлі оның мамандануымен анықталады. Ол сауда мен өндіріс арасындағы маманданған үйлестіруші рөлін атқарады. Жарнама агенттігіне жүгіну арқылы жарнама беруші өз бұйымдары немесе қызметтерін жүзеге асыруға мүмкін боларлық максималдық пайда табуды мақсат тұтады. Жарнама агенттігін таңдау арқылы жарнама беруші нарықта орын алатын проблемелардың болмауын, жарнамалық қызметтің тиімділігін арттыруды, оптимизациялау бойынша негізделген ұсыныстарды, жаңа шығармашылық идеялардың жүзеге асуын қадағалайды. Қазіргі жағдайда болашағы бар тапсырыс берушіні өзіне қарату үшін жарнама агенттігі жарнама қызметінің өнімін жорспарлап, жасап және іске асыратын техникалық, шығармашылық және концептуалдық ортаға бейімдеп, жарнама компанияларына бақылаушылық рөл атқаруы да мүмкін. 3 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР № 1 тәжірибелік сабақ Тақырып: Жарнама сценариін ойлап табу Керекті материалдар: графикалық бағдарламалар Corel Draw, Photoshop Тапсырма: Осы тапсырманы жасау үшін (кішіметражды ролик немесе теледидар бағдарлама) тақырыпты таңдап соған байланысты сценарийді жасау керек 1. Сценарий жазу № 2 тәжірибелік сабақ Тақырып: Батыс Еуропадағы ортағасырлық жарнамамен танысу. Керекті материалдар: графикалық бағдарламалар Corel Draw, Photoshop Тапсырма: Тандаған тақырыпқа сценарий бойынша кейіпкерді іздеу 1. Кейіпкерлерді іздеу № 3 тәжірибелік сабақ Тақырып: Кеңестік кезеңдегі жарнамамен танысу Керекті материалдар: графикалық бағдарламалар Corel Draw, Photoshop Тапсырма: Кейіпкерлердін образын ойлап табу № 4 тәжірибелік сабақ Тақырып: Жарнаманың зерттеулерді өткізу Керекті материалдар: графикалық бағдарламалар Corel Draw, Photoshop Тапсырма: Студенттер арасындағы анкета арқылы зерттеулерді өткізу. 1. Тұтынушылар жарнаманың қай түрін көбінесе есте сақтайды. № 5 тәжірибелік сабақ Тақырып: Жарнаманың мақсатын және жоспарын жазу Керекті материалдар: MS Word, графикалық бағдарламалар Corel Draw, Photoshop Тапсырма: Жарнама кішіметражды роликтін немесе теледидар бағдарламасының мақсатын және жоспарын жазу. № 6 тәжірибелік сабақ Тақырып: Сыртқы жарнаманы жасау Керекті материалдар: графикалық бағдарламалар Corel Draw, Photoshop. Тапсырма: Өз тақырыпқа байланысты қаланың ең үлкен көшелерінде сыртқы жарнаманы жасап орналастыру 1. Сыртқы жарнама жасау № 7 тәжірибелік сабақ Тақырып: Кішіметражды немесе теледидар бағдарламаны жасау технологиясы Керекті материалдар: Flash Тапсырма: 1. Кішіметражды немесе теледидар бағдарламаны жасау технологиясы № 8 тәжірибелік сабақ Тақырып: Жарнама мәтін графикасы Керекті материалдар: графикалық бағдарламалар Corel Draw, Photoshop Тапсырма: 1. Кішіметражды немесе теледидар бағдарламасын жасаған кезде жарнама мәтінін жүргізу № 9 тәжірибелік сабақ Тақырып: Жарнаманы безендіру технологиясы Керекті материалдар: түсті қарандаш, графикалық бағдарламалар Corel Draw, Photoshop. Тапсырма; Кішіметражды немесе теледидар бағдарламаны түсірген кезде бағдарлама туралы слоганды қосу, спонсорлар туралы айтып кету № 10 тәжірибелік сабақ Тақырып: Баспасөзге жарнаманы орналастыру Керекті материалдар: графикалық бағдарламалар Corel Draw, Photoshop. Тапсырма: 1. Баспасөз жарнамасын жасау № 11 тәжірибелік сабақ Тақырып: Радиодағы жарнаманы жасау Керекті материалдар: графикалық бағдарламалар Corel Draw, Photoshop. Тапсырма: Кішіметражды немесе теледидар бағдарламаны радио толқын арқылы жеткізу № 12 тәжірибелік сабақ Тақырып: Кішіметражды немесе теледидар бағдарламаны түсіру Керекті материалдар: бейне камера, шам, маталар, студия Тапсырма: 1. Кішіметражды немесе теледидар бағдарламаны түсіру № 13 тәжірибелік сабақ Тақырып: Маркетинг жоспарын құру Керекті материалдар: графикалық бағдарламалар Corel Draw, Photoshop. Тапсырма: 1. Кішіметражды немесе теледидар бағдарламанының маркетинг жоспарын құру № 14 тәжірибелік сабақ Тақырып: Кішіметражды немесе теледидар бағдарламаны түсіру кезіндегі жарнама шағындарын санау Керекті материалдар: калькулятор, дәптер Тапсырма: Кішіметражды немесе теледидар бағдарламаны түсіру кезіндегі жарнама шағындарын санау № 15 тәжірибелік сабақ Тақырып: Жарнама агенттік және оның ролі Керекті материалдар: дәптер Тапсырма: 1. Жарнама агенттік және оның ролі 4 КУРСТЫҚ ЖОБА 1. Жиһаз дүкенінің веб-сайттын жобалау 2. Ағылшын тілін оқытатын мектептің веб-сайттының дизайнның жобалау 3. Hand May веб-сайттының дизайнның жобалау 5 СТУДЕНТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ 1 кесте Өздік жұмыстарды орындауға тапсырма |№ |СӨЖ |Сағат |СОӨЖ |Сағат | | | |саны | |саны | |1 |Жарнама дегеніміз не? |1,5 |Хабарландыру, |1,5 | | | | |құлақтандыру, сақтандыру | | |2 |Батыс Еуропадағы |1,5 |ХІХ ғ. Ресейдегі жарнама |1,5 | | |ортағасырлық жарнама | | | | |3 |1917 ж. жарнама |1,5 |Кеңестік кезеңдегі |1,5 | | | | |жарнама | | |4 |Жарнаманың зерттелуі |1,5 |Жарнама күрделі ақпарат |1,5 | |5 |Жарнаманың негізгі |1,5 |Жарнаманың функциясы |1,5 | | |мақсаты | | | | |6 |Жарнаманың түсрлері |1,5 |Рационалды жарнама, |1,5 | | | | |Эмоционалды жарнама | | |7 |Кері байланыссыз |1,5 |Жарнама технологиясы |1,5 | | |жарнама технологиясы | | | | |8 |Жарнама мәтінінің |1,5 |Мәтін міндетті |1,5 | | |графикасы | | | | |9 |Жарнама безендіру |1,5 |Жарнама мәтінінің |1,5 | | |технологиясы | |тақырыбы және ұрандар | | |10 |Баспасөздегі жарнама |1,5 |Газет пен журналдағы |1,5 | | | | |жарнама | | |11 |Музыкалық қойылым |1,5 |Радиодағы жарнама |1,5 | |12 |Теледидардағы жарнама |1,5 |Анимация |1,5 | |13 |Маркетингтік |1,5 |Маркетингтік |1,5 | | |коммуникация | |коммуникацияның мынадай | | | | | |түрлері | | |14 |Паблик релейшнз |1,5 |Баспасөз-хабарламасы |1,5 | | |маманының қызметтері | |(пресс-релиз) | | |15 |Жарнама агенттіктері |1,5 |Жарнама агенттіктердін |1,5 | | | | |ролі | | Өзін тексеруге арналған сұрақтар 1. 1. Жарнама дегеніміз не? 2. Ақылы жарнама 3. Жанама жарнама 4. Жарнама функциясы 5. Жарнаманың түрлері 6. Жарнама хабарламаларды көрсету тәсілі бойынша нешеге бөлінеді? 7. Рационалды (заттық) жарнама 8. Эмоционалды (ассоциативті) жарнама 9. «Қатты» жарнама 10. «Жұмсақ» жарнама 11. Жарнама негізгі мақсаты мен мәні 12. Имидж (бейне) жарнама 13. Жігерлендіретін жарнама 14. Тұрақты жарнама 15. Фирма ішіндегі жарнама 16. Өнім өткізуді көбейту мақсатындағы жарнама 17. Жадыда сақталатын жарнама 18. Салыстырмалы жарнама 19. Есте қалатын жарнама 20. Бекітетін немесе үстеме жарнама 21. Превентивті жарнама 22. Жарнаманы жасау технологиясы 23. Жарнама агенттіктер 24. Жарнаманы безендіру 25. Слоган 26. Газеттегі жарнама 27. Баспасөздегі жарнаманың қандай кемшіліктері бар? 28. Жарнаманы жоспарлау үрдісі қандай кезеңдерден тұрады? 29. Жарнама мақсаты 30. Баспа жарнамасы 31. Радиожарнама 32. Тележарнама 33. Аудивизуалды жарнама 34. Сыртқы жарнама 35. Көлікті жарнама 36. Жарнама сувенирлері 37. Жарнаманы тиімді бағалаудың коммуникативтік әдісінің түрлері 38. Тауарларды сату процесі қандай кезеңдерден тұрады? 39. Жарнама компания және оның мақсаты 40. Жарнама агенттігі және оның рөлі 41. Жеке жарнамалық қызметтері 42. Фирмалық стиль 43. Визуалды-коммуникациялар 44. «Ашық формалы» принципі 45. Жүйелі жобалаудың теориясы 46. Дизайн – бағдарламалар әдісі 47. Көркем – конструкторлық шешім 48. Өнеркәсіптік үлгідегі мәндік белгілер 49. Жалғыз өнеркәсіп үлгілер 50. Көп объектілі өнеркәсіптік үлгілер 51. Плакаттың мақсаты 52. Плакат дегеніміз не? 53. Плакат түрлері 54. Плакаттың жалпы композициясы 55. Шрифттік композиция 56. Фон элементтері 57. Шрифт түрлері 58. Түс ерекшеліктері 59. Колористика 60. Кітапша 61. Үндеухат 62. Көрме 63. Жәрмеңке 64. Визитка 65. Бланк 66. Графикалық дизайнның ерекшеліктері 67. Маркетингтік коммуникация 68. Маркетингтік коммуникацияның қандай тұрлері бар? 69. Жарнама аудиторияға қандай екі тәсілмен беріледі? 70. Жарнама құралдары
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz