Файл қосу
Завод транспорты және жүк айналымы
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |Семей қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3-деңгейлі СМЖ құжаты |ПОӘК | | | | | | | | |ПОӘК 042-14-1- 02.1. | | | |20.177/02 - 2014 | |ПОӘК | | | |Пәннің жұмыс бағдарламасы |№1 басылым | | |«Механикалық құрастыру | | | |цехын жобалау » | | | |студенттерге арналған | | | ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «Механикалық құрастыру цехын жобалау» пәнінен 5В071200 - Машина жасау мамандығына арналған ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей 2014 | М А З М Ұ Н Ы | | | |1. |Глоссарий ......... ………………………………………………………........ | | |2. |Дәрістер | | | |.....................................................................| | | |………………........ | | |3. |Практикалық және зертханалық жұмыстар | | | |.……..................................... | | |4. |Студенттердің өздік жұмыстары | | | |.................................................................. | | | | | | | | | | | | | | | | | | 1-дәріс. ЗАВОД ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАС ЖОСПАРЫ Заводтың құрамы мен бас жоспары. Завод құрамы мен өндірістік құрылымы. Транспорт және жүк айналымы. Темір жолдар мен автомобиль жолдары және территорияны абаттандыру. Дәріс жоспары: 1. Завод құрамы және өндірістік құрылымы. 2. Бас жоспарды жасаудың негізгі тәртібі. 3. Завод транспорты және жүк айналымы. Бас жоспар дегеніміз таңдап алынған алаңдағы заводтың барлық ғимараттары мен құрлыстарын, рельсті және рельссіз жолдары, сонымен бірге кәсіпорын территориясының абаттандырылуы мен рельефі ескеріліп жасалған инженерлік желілердің орналастырылу жобасы. Бас жоспар құрамы кәсіпорын жұмысының тиімділігін қамтамасыз ететін өндірістік процестерді ұйымдастыруға сәйкес болуы керек. Бас жоспар бойынша территорияны әзірлеуге, ондағы жолдарды, инженерлік коммуникацияны жасауға және территорияны абаттандыруға байланысты капитал шығындары өндірістік құрлыстың жалпы құнының 10-18 –ін құрайды. Бас жоспарды жасау үшін заводтың құрамы мен өндірістік құрылымын, әрбір құрылымдық бөлімшелердің ауданын және бас жоспарда олардың өзара орналасуын анықтайтын технологиялық байланыстарын білу керек. Завод құрамы және өндірістік құрылымы. Машина жасау заводтарының негізгі төрт типі болады. Дайын машиналарды шығаруға арналған толық өндірістік циклмен жұмыс істейтін құрамында барлық цехтар кешені бар заводтар. Кешенді дайындама цехтары (құю, ұста-престеу), өңдеу цехтары, құрастыру цехтары және оларға қызмет көрсететін қосалқы бөлімшелер құрайды. Құрамында тек дайындама цехтары және оларға қызмет көрсететін қосалқы цехтары (модельдер, штамптар жасайтын және жөндейтін цехтар) бар дайындамаларды (отливкалар, поковкалар) өндіретін заводтар. Құрастыру заводтары, олардың құрамында тек құрастыру цехтары болады және оларда басқа кәсіпорындардан алынған агрегаттардан машиналар құрастырылады. Бұл заводтарда кейбір бөлшектер жасалуы мүмкін, онда сәйкес өңдеуші цехтары болады. Мамандандырылған заводтар, мұнда құрастыру заводтарына жөнелту үшін машина бөлшектері мен агрегаттары жасалады. Толық өндірістік циклмен жұмыс істейтін заводтар құрамына аталған цехтардан басқа қоймалар, энергетикалық, транспорттық, санитарлық- техникалық және жалпы заводтық құрлыстар кіреді. Д а й ы н д а м а ц е х т а р ы: болаттан, сұр және соғылғыш шойыннан отливкалар жасайтын және металл сынықтарына, қалып материалдарына және отынға арналған қоймалары бар болат және шойын құю цехтары; түсті металдардан отливкалар жасайтын құю цехтары; дайындама бөлімшесі мен металл қоймалары бар ұста-штамптау цехтары. Өңдеу цехтары: қаңылтырлардан бөлшектер жасауға арналған және металл қоймалары бар суық штамптау цехтары; механикалық және механикалық- құрастыру цехтары; сынау, бояу, дайын қнімді тапсыру бөлімшелері бар құрастыру цехтары; бөлшектерді декоративті және коррозияға қарсы қаптамалауға арналған және өндірістік суларды тазартатын арнаулы станциялары бар металкаптамалау цехтары; машина бөлшектерін термиялық өңдеуге арналған термиялық цехтар; машиналардың кузовын жасауға және бояуға арналған кузов цехтары; машиналардың ағаш бұйымдарын әзірлеуге арналған ағаш өңдеу және тара цехтары. К ө м е к ш і ц е х т а р : кесу және өлшеу аспаптарының, штамптардың, прессформалардың, бейімделген құралдардың, модельдердің бөлімшелері құрайтын аспаптық цех; механикалық, құрастыру және сынау бөлімшелері бар қондырғыларды жөндеу мен модернизациялауға арналған ремонттық механикалық цехтар; электр қондырғыларын жөндеуге арналған электрожөндеу цехы; ғимараттар мен құрлыстарды жөндеуге арналған ремонттыққұрлыс цехтары; жаңа және модернизацияланған өнімдерді сынау мен жетілдіруге арналған эксперимент цехы; Ж а л п ы з а в о д т ы қ қ о й м а л а р : металл қоймасы; дайындамалар мен жартылай фабрикаттар қоймасы (кешенді заводтарда бұл қоймалар тиісті дайындама цехтарына болады); аспаптарды сақтауға арналған орталық аспап қоймасы; орталық абразивтер қоймасы; шихта және қалып материалдары қоймасы; дайын өнімдер қоймасы; негізгі өндірістің қосалқы бөлшектеріннің қоймасы; отын қоймасы; жанармай, жағармай және химиялық материалдар қоймасы; ағаш қоймасы; құю немесе модельдер цехтарындағы модельдер қоймасы; Э н е р г е т и к а л ы қ қ ұ р ы л ғ ы л а р : ірі заводтардағы ТЭЦ немесе жылу қазандықтары; заводтың барлық цехтарына сығымдалған ауа өндіретін компрессорлық цех; газ құбыры магистралінен газды қабылдап алуға және оны тұтынушыларға таратуға арналған газогенераторлық және газ тарату станциялары; электр, газ, бу, ауа және жылу құбырлары желілері; Т р а н с п о р т қ ұ р ы л ғ ы л а р ы : темір жол желісі, депо және темір жол құрылғыларымен бірге; автомобиль жолдары, машиналарға арналған гараждарымен бірге; электрокар транспорты, гаражымен және зарядтау стснциясымен бірге; аспалы жолдар мен үздіксіз конвейер транспортына арналған эстакадалар; С а н и т а р л ы қ - т е х н и к а л ы қ қ ұ р ы л ғ ы л а р : жылыту, желдету, сумен қамту және канализация жүйелері; бұл жүйелерге арналған насос станциялары, су қоймасы, су айдайтын мұнаралар, лас суларды тазалау құрылғылары; Ж а л п ы з а в о д т ы қ қ ұ р ы л ғ ы л а р : орталық лаборатория және оның филиалдары; жаңа технологиялық процесстерді жасау мен зерттеуге арналған технологиялық лабораториялар; орталық өлшеу лабораториясы; дирекцияны, техникалық және әкімшілік-техникалық басқарманы, сонымен бірге қоғамдық ұйымдарды орналастыруға арналған ғимарат; есептеу орталығы; өту пункті; өртке қарсы депо және оның қызметкерлеріне арналған орын; заводтың оқыту орталығы; медицина пункті, поликлиника; телефон станциясы мен радио торабы. Құрлыстың құнын азайту және транспорт шығындарын қысқарту үшін завод құрамындағы жекелеген цехтарды технологиялық белгілері мен өндірістік байланыстары бойынша топтастырып бір ірі корпусқа орналастырады. Бас жоспарды жасаудың негізгі тәртібі. Цехтар мен ғимараттарды салуға қажетті ауданды ұқсас алдыңғы қатарлы (прогрессивті) өндірістің техникалық-экономикалық көрсеткіштері бойынша есептейді. Оларға: шығарылған дайын өнімнің жылдық көлемі; бір өндірістік жұмысшыға келетін шығарылу көлемі, бір негізгі қондырғыға немесе бір өндірістік жұмысшыға келетін меншікті аудан. Барлық цехтар мен ғимараттардың ауданы есептелгеннен кейін өндірістік процесске сәйкес негізгі өндірістік алаң мен қоймалар орналастырылып габариттік өлшемдері мен конфигурациясы белгіленеді. Бас жоспардағы объектілерді қабылданған өндіріс жүрісінің технологиялық схемасы бойынша орналастырады. Бұл схема өндіріс процесінде материалдар, жартылай фабрикаттар мен бұйымдардың қозғалыс ретін көрсетеді (1.1-сурет). Өндіріс түріне, сонымен бірге өндіріс алаңына байланысты жүк қоғалысының негізгі бағытының бойлық, көлденең және құрама схемалары болады (1.2-сурет). Бойлық схемада жүк бір бағытта, әдетте өндіріс жүрісінің технологиялық схемасына сәйкес цех ғимаратын бойлай қозғалады. Бұл схема ауыр машина жасау заводтарына қолданылады. Себебі мұнда ішкі жүк тасымалы темір жол транспортымен атқарылады. [pic] Сурет 1.1 – Кешенді машинажасау заводының өндіріс жүрісінің типтік технологиялық схемасы: I – қоймалар; II – дайындама цехтары; III – өңдеуші және құрастырушы цехтар; IV – көмекші цехтар; V – энергетикалық қондырғылар; 1 – ағаш материалдары қоймасы; 2 – шихталар және қалыптау материалдары қоймасы; 3 – металл сынықтары қоймасы мен скрапораз-делочная база; 4 – металлопрокат қоймасы; 5 – аспаптық болаттар қоймасы; 6 – жартылай фабрикаттар мен сатылып алынатын (покупные) бұйымдар қоймасы; 7 – жанар-жағармай қоймасы; 8 – химикаттар қоймасы; 9 – отын қоймасы; 10 – кептіру шаруашылығы; 11 – құю цехы; 12 – ұста цехы; 13 – листоштамповочный цех; 14 – модельный цех; 15 – ремонтно-механический цех; 16 – штамповочный цех; 17 – ТЭЦ или котельная; 18 – газогенераторная или газораспределительная станция; 19 – деревообрабатывающий цех; 20 – механические и механосборочные цехи; 21 – инструментальный цех; 22 – ремонтно-строительный цех; 23 – сборочные и испытательные цехи; 24 – тарный цех; 25 –склад готовой продукции, консервации и упаковки; 26 – склад отвалов Сурет 1.2 – Жүк қоғалысы Көлденең схема автомобиль және трактор заводтарында кеңінен қолданылады. Бұл жағдайда цехтар арасында жүк тасымалына рельссіз транспорт және үздіксіз конвейерлер қолданылады. Құрама схемаларда жүк тасымалы бойлық және көлденең бағытта іске асырылады. Жобалау кезінде бас жоспардың бірнеше варианттары жасалып, ішінен техникалық және экономикалық жағынан ең тиімдісі қабылданады. Машина жасау кәсіпорынының бас жоспарын жасауда мынадай негізгі талаптар есепке алынуы керек. Кәсіпорын территориясы өндіріс тораптарына, тұрғын үйлер ауданы мен көршілес кәсіпорындарға, сонымен бірге сумен және электрмен қамтамасыз ету көздеріне, қалдық суларды төгу орындарына, темір жол мен автомобиль магистральдарына және су транспортына жақын орналасуы керек. Өндіріс цехтары мен қоймаларды өндіріс жүрісінің технологиялық схемасына сәйкес орналастыру керек, яғни тұрақты технологиялық транспорт жолдары неғұрлым қысқа болуы керек, ал кері немесе қарама-қарсы қозғалыс болмауы керек. Өндіріс сипаты мен санитарлық-гигиеналық жағдайлары бойынша ұқсас цехтар мен құрылғыларды мүмкіндігінше, өндіріс жүрісінің технологиялық схемасын бұзбай жеке зоналарға біріктіруге болады. Цехтар мен құрылғыларды мына зоналарға топтайды: ыстықтай өңдеу және дайындама цехтары; өңдеуші және дайындама цехтары; көмекші цехтар; энергетикалық құрылғылар, жалпы заводтық құрылғылар (әкімшілік, қоғамдық, оқу және медициналық ғимараттарды орналастыруға арналған, фасады қалаға немесе тұрғындар поселкасына қарауы керек); бұл зона завод территориясына кіретін негізгі орында орналасуы керек. Завод басқармасы, поликлиника, қоғамдық орындар мен өрт сөндіру депосы қоршалған завод территориясының сыртына немесе заводтың алдындағы сырттан кіруге болатын алаңға орналасады. Қойма шаруашылығының объектілерін, егер олар өрт қауіпсіздігі талаптарына қарсы болмаса қызметтік және өндірістік объектілерге жақын орналастырады. Тасымалдау саны мен жалпы транспорттық-қойма жұмыстарын қысқарту мақсатында, көп мөлшерде пайдаланылатын материалдарды, дайындамаларды және жартылай фабрикаттарды қабылдап алу, түсіру және сақтау шараларын тікелей тұтынатын цехтардағы (ұста, престеу, механоқұрастыру т.б.) қоймаларда қарастырады. Атмосфераға газ, түтін, шаң және жағымсыз иіс бөлетін қондырғылары бар дайындама цехтары мен энергетикалық құрылғылар зонасын завод территориясының желдетілетін жағына, сонымен бірге, бұл зоналардың материалдар мен отынды көп мөлшерде қажет ететінін ескеріп завод территориясындағы теміржол желісінің кіретін жеріне орналастырған жөн. Бас жоспардың экономикалық тиімділігі цехтарды ірі корпустарға блок түрінде жинап орналастырғанда жоғарылайды. Бұл жағдайда жеке тұрған ғимараттар саны азайып, завод территориясы және транспорт жолдары мен инженерлік желілердің ұзындығы қысқарады. Ғимараттар мен құрлыс объектілерін табиғи жарықтандыру мен желдетілуге қолайлы болу үшін желдің бағыты мен күн сәулесінің түсуіне байланысты орналастырады. Завод транспорты және жүк айналымы. Бас жоспардың тиімділігіне өндіріс жүрісінің технологиялық схемасы мен участоктың формасына байланысты болатын жүк ағындарының бағыты мен транспорт құралдарын дұрыс таңдау әсер етеді. Міндеті мен өндіріс алаңындағы қозғалысына байланысты завод транспортын сыртқы және завод ішіндегі транспорт деп бөледі. Завод ішіндегі транспорт цехтар арасындағы және цехтың ішіндегі болып бөлінеді. Сыртқы тасымал теміржолмен, автомобильмен және су транспортымен іске асырылады. Цехтар арасында дайындамалар, жартылай фабрикаттар және өзге бұйымдар автопоездар, авто- және элекрокарлар, погрузчиктер және әртүрлі аспалы конвейерлер арқылы тасымалданады. Тиеп-түсіру және қойма жұмыстарын кешенді механизациялауды іске асыру үшін, әрі сыртқы және ішкі транспорт шығындарын қысқарту мақсатында контейнерлік және пакетті тасымалдау кеңінен қолданылады. Кесте 1.1 – Бір тәуліктегі жүк айналымы, тонна |Пункт |Пункты прибытия | | |отправления | | | | |Вне |Склад |Склад |Механичес|Сборочн|Склад|Всего| | |завода |проката с|полуфабри|кий цех |ый цех |отход| | | | |отрезным |катов и | | |ов | | | | |отделение|покупных | | | | | | | |м |изделий | | | | | |Вне завода |- |150 |50 |90 |10 |- |300 | |Склад проката с |- |- |- |140 |- |10 |150 | |отрезным | | | | | | | | |отделением |- |- |- |- |50 |- |50 | |Склад | | | | | | | | |полуфабрикатов и|- |- |- |- |200 |30 |230 | |покупных изделий|255 |- |- |- |- |5 |260 | |Механический цех|45 |- |- |- |- |- |45 | |Сборочный цех | | | | | | | | |Склад отходов | | | | | | | | |Итого |300 |150 |50 |230 |260 |45 |1035 | Транспорт құралдарын таңдау мен есептеу жүктің сипатына, тасымалдау қашықтығы мен заводтың жүк айналымына байланысты жүргізіледі. Заводтың жүк айналымы бір тәуліктегі, бір айдағы және бір жылдағы барлық транспорт түрлерімен цехтар мен қоймалар арасындағы тасымалданатын жүктің мөлшерімен анықталады. [pic] Сурет 1.3 – Схема грузопотоков завода двигателей (числа обозначают годовой грузопоток в тоннах): / – грузопоток деталей смежных производств; // – грузопоток деталей на сборку; III – грузопоток деталей в термический и гальванический цехи; IV – грузопоток деталей из цехов механической обработки на склад перед сборкой; V – грузопоток заготовок в цехи механической обработки со склада заготовок; 1 и 3 – склады отдела смежних производств; 2 – отделение расконсервации; 4 – склад перед сборкой; 5 – цех сборки двигателей; 6 – цех сборки двигатели с коробкой передач; 7 – отделение окраски; 8 – арматурный цех; 9 – склад отдела смежных производств; 10 – цех доукомплектовки двигателя; 11 – транспортировка деталей смежников в механические и арматурный цехи; 12 – сборка коробки передач; 13 – цехи механической обработки деталей двигателя; 14 – цехи механической обработки деталей коробки передач: 15 – грузопоток деталей в термический цех и обратно Бір тәуліктегі жүк айналымы арнайы формада тоннамен көрсетіледі (1.1- кесте). Кестені негізге алып завод территориясы бойынша жүк қозғалысының бағыты мен таралуын көрсететін заводтың жүк ағындарының схемасы жасалады. Бұл үшін бас жоспардың схемасында арнайы шартты белгілермен жүк ағындары көрсетіледі. Теміржол желілері, автомобиль жолдпры және территорияны абаттандыру. Кәсіпорынға шикізаттарды, металды, жартылай фабрикаттарды жеткізу үшін завод территориясына теміржол желісі кіріп, ары қарай завод ішіндегі жолдар болып таралуы керек. Машинажасау заводтарындағы қолданылатын теміржолдардың бірнеше типтік схемалары болады: тұйық схема – цехтарға жеткен немесе кірген барлық жолдар тұйықталады; тік сызықты – завод территориясынан өтетін барлық жолдар тік сызықты; бұл схема тік төртбұрышты ауданға орналасқан ірі заводтарға тиімді; сақиналы схема – цехтар мен қоймаларға жеткен барлық жолдар тқйықталған сақина тәрізді болады; ішкі тұйықталған жерлері бар сақиналы схема – сақиналы және тұйық схемалардың біріккен түрі. [pic] Сурет 1.4 – Теміржол желілерінің орналасу схемасы: а – тұйық (тупиковая) схема; б – тік сызықты (прямолинейная или сквозная) схема; в – сақиналы (кольцевая) схема; г – ішкі тұйықталған жерлері бар сақиналы (кольцевая схема с внутренними тупиками) Ішкі автомобиль жолдары міндетіне байланысты магистраль және өндірістік жолдар болып бөлінеді. Магистралді жолдар территорияны зоналар мен заводтың өндірістік және көмекші объектілері орналасатын панелдерге бөледі. Өндірістік жолдар заводтың объектілерінің өндірістік байланыстарын қамтамасыз етеді және оларды магистраль жолдармен жалғайды. Машинажасау заводтарындағы ішкі автомобиль жолдары да теміржолдар сияқты тұйық, тік сызықты және сақиналы схемалармен жобаланады. Б а қ ы л а у с ұ р а қ т а р ы : 1. Заводтардың әртүрлі типтерінің құрамы мен құрылымданының ерекшеліктерін атаңыздар? 2. Жобаның техникалық және техникалық- экономикалық негіздеме кезеңінде бас жоспарды жасауда завод объектлерінің ауданын қалай анықтауға болады? 3. Өндіріс жүрісінің қандай технологиялық схемаларын білесіздер? 4. Завод цехтары мен құрылғыларын зоналарға біріктіру мен блоктарға жинаудың мәні қандай? 5. Жүк айналымының есептелуі мен жүк ағындарының схемасы қалай жүргізіледі? 6. Өндірістік алаңда автомобиль жолдары мен темір жол желілерін орналастырудың талаптары және олардың орналасу схемасы қандай? 7. Өндіріс алаңын абаттандырудың маңызы неде? 8. Бас жоспардың техникалық жобасына не кіреді? 9. Бас жоспардың негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерін атаңыздар. Құрлыс тығыздығы коэффициеті дегеніміз не? Ә д е б и е т т е р : Проектирование заводов и механосборочных цехов. Андерс А. А., Потопов П. М., Шулешкин А. В. М.: Машиностроение, 1982. 271 бет – 30 (47 беттер; 8.2.1. Мамаев В.С., Осипов Е.Г. Основы проектирования машиностроительных заводов. – М.: Машиностроение, 1990; 8.2.2. Мельников Г.Н., Вороненко В.П. Проектирование механо-сборочных цехов. – М.: Машиностроение, 1990; 8.2.3. Проектирование машиностроительных заводов.Справочник в 6-ти томахю/ Под ред. Ямпольского. – М.: Машиностроение, 1990; 2. ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ Өндірісті ұйымдастырудың технологиялық негіздемесі. Өндіріс түрі. Өндіріс типі. Өндірісті ұйымдастыру формасы. Дара, сериялы және массалық өндіріс. Бөлшек конструкциясының технологиялықтығы. Дайындамаларды таңдау. Өндірісті ұйымдастыру формасын таңдау. Дәріс жоспары: 2.1. Өндірісті топтастыру. 2.2. Бөлшек конструкциясының технологиялықтығы. 2.3. Дайындамаларды таңдау. 2.4. Өндірісті ұйымдастыру формасын таңдау. Машина жасау заводтарының цехтары оның негізгі бөлімшесі болып табылады. Өндірістің тиімділігі олардың жұмысына байланысты анықталады. Цехты жобалау кезінде жобаланатын өндірістің технологиялық процесі мен оның технологиялық жабдықтары негізге алынады. Технологиялық жабдықтарды дұрыс таңдап алу үшін өндірістің технологиялық және ұйымдастырылу жолдарын және қазіргі заманғы қондырғылар мен жабдықтардың технологиялық мүмкіндіктерін білу керек. 2.1. Өндірісті топтастыру Машина жасауда өндірістің үш негізгі классификациялық категориясы бар (МЕСТ 14.004 – 74). Олар: өндіріс түрі, өндіріс типі және өндірісті ұйымдастыру формасы. Өндіріс түрі бұйымды жасауға қолданылатын тәсіл бойынша сипатталады. Мысалы құю өндірісі, механикалық-құрастыру өндірісі, пісіру өндірісі т.с.с. Өндіріс типі шығарылатын бұйымның көлемі, номенклатурасы, тұрақтылығы және біркелкілігі бойынша анықталады. Өндіріс типі бірлік, сериялық және массалық болып ажыратылады. Өндірісті ұйымдастыру формасы жұмыс орындарының мамандандырылу деңгейі мен қондырғылардың орналастырылу принципі ойынша сипатталады. Ол тасқынды (поточная) немесе конвейерлі және тасқынсыз (непоточная) болып бөлінеді. Тасқынды өндірісте өңделетін бөлшектер өңдеу процесі кезінде бір операциядан келесі операцияға орындалу кезектілігі ойынша үздіксіз жылжып отырады. Көптеген номенклатурамен аз мөлшерде бұйымдар шығаратын өндіріс түрі бірлік өндіріс деп аталады. Өндірістің бұл типі ірі және аса ірі станоктар мен стандартсыз қондырғылар шығаратын ауыр машинажасауда, сонымен бірге сериялық және массалық өндіріс типіндегі машинажасау заводтарының эксперименталдық және аспаптық цехтарында арнаулы жабдықтар (штамптар, бейімделген құралдар) мен машина үлгілерін жасауда кеңінен таралған. Сериялық өндірісте шектеулі номенклатурадағы бұйымдар периодты түрде қайталанып отыратын партиямен көп мөлшерде шығарылады. Серия бір сызба бойынша белгілі бір уақыт бойы шығарылатын өнім түрімен сипатталады, партия – өндіріске бір мезгілде шығарылатын бір бөлшектің саны. Бір жұмыс орнында бір айда орындалатын технологиялық операциялардың орташа санына байланысты ұсақ, орташа және ірі сериялы өндіріс болып ажылатылады. Участокта бір ай бойы орындалатын барлық технологиялық операциялар санының оларды орындауға арналған жұмыс орындарының жалпы санына қатынасын операцияны бекіту коэффициенті деп атайды. Бұл коэффициент өндіріс типінің негізгі сипаттамасы, ол оның сериялығын анықтайды [pic] N – участокта бір айда орындалатын бөлшек-операция саны; np – участоктағы жұмыс орнының саны. Массалық өндіріс дегеніміз санаулы номенклатурадағы бұйымдарды ұзақ уақыт бойы көп мөлшерде үздіксіз шығаратын және бір станокта немесе жұмыс орнында бір технологиялық операция бекітілетін өндіріс. 2.2. Бөлшек конструкциясының технологиялығы Бұйым конструкциясының технологиялығы ұғымына белгі эксплуатациялық сапасын қамтамасыз ететін және ең аз материал, уақыт және еңбек шығындарымен жасауға мүмкіндік беретін қасиеттері кіреді Белгілі эксплуатациялық сапасын қамтамасыз ететін және ең аз материал, уақыт және еңбек шығындарымен жасауға мүмкіндік беретін бұйымның қасиеттері конструкциясының технологиялығы деп аталады. Ең аз материал, уақыт және еңбек шығындарымен жасауға мүмкіндік беретін және белгілі эксплуатациялық сапасын қамтамасыз ететін бұйымның қасиеттері конструкциясының технологиялығы деп аталады. Конструкцияның технологиялығы бұйым массасын төмендету, конструктивті элементтері мен материалдар номенклатурасын шектеу және конструкцияның кейбір элементтерін унификациялау мен стандарттау арқылы жоғарылатылуы мүмкін. Бұл өнім көлемін арттыруға, өндірісте жолға қойылған конструкция элементтерін пайдалануға мүмкіндік береді. Конструкцияны технологиялық жетілдірудің жобаланатын өндіріс тиімділігі мен шығарылатын өнім сапасын арттыруға белгілі бір әсері бар. Сондықтан конструкцияға технологиялық сараптама жасау және технологиялық көрсеткіштерін жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу жобалау мекемелерінің міндетіне кіреді. Әсіресе ірі сериялы және массалық өндірісті жобалау кезінде конструкцияның технологиялығына жоғары талаптар қойылады. Себебі өнімнің ең төмен өзіндік құны мен еңбек шығынын қамтамасыз ететін өнімділігі жоғары технологиялық процестер шығарылу көлемі үлкен өндірістер үшін максимал экономикалық тиімділік береді. 2.3. Дайындамаларды таңдау Бөлшектерді механикалық өңдеудің технологиялық процесін таңдау оны әзірлеуге арналған дайындаманы таңдауға тікелей байланысты. Дайындама сипаттамалары оны өңдеудің технологиялық процесіне айтарлықтай әсер етеді және керісінше, механикалық өңдеудің көптеген прогрессивті технологиялық процестері дайындама сапасына, өлшемдері мен геометриялық формаларының дәлдігіне, қаттылығы мен беріктілік қасиеттеріне жоғары талаптар қояды. Машинажасауда кеңінен қолданылатын дайындамадар: қара және түсті металл қорытпаларының құйылмалары, поковкалар, штамповкалар және әртүрлі прокат материалдардың дайындамалары. Өлшемі мен формасы бойынша дайын бөлшекке жақындау дәрежесіне байланысты әртүрлі тәсілдермен алынған дайындамалар қалыпты дәлдіктегі және дәл дайындамар болып бөлінеді. Бөлшекті әзірлеудің өзіндік құны мынаған тең [pic] М – дайындаманың өзіндік құны; Р – өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы; Н – еңбекақының проценттік үлесімен алынатын қосалқы шығындар. Технологиялық процестерге сәйкес әртүрлі дайындамаларды пайдалану кезіндегі бөлшектің өзіндік құнын есептеп, С минимал болатын технологиялық процесс таңдалып алынады. 2.4. Өндірісті ұйымдастыру формасын таңдау Өндірісті ұйымдасыру формасын таңдау шығару көлемі мен өңделетін бұйымның сипатына байланысты болады. Әрбір типті өлшемдегі бұйымдарды аздаған көлеммен шығаратын көп номенклатуралы бағдарламасы бар цехтар үшін тасқынсыз өндіріс тиімді болады. Өндірісті ұйымдастырудың бұл формасы бірлік және ұсақ сериялы өндіріске тән. Мұндай өндіріс цехтарының алғашқы құрылымдық буыны участоктар болып табылады. Оларға бір немесе бірнеше технологиялық топтардың жабдықтарды біріктірілген. Мысалы токарь, бұрғылау, фрезерлеу станоктары. Бөлшектерді параллель-кезектілікпен өңдейтін тұйықталған участоктары бар цехтар тасқынды және тасқынсыз өндірістердің аралық формасы болып табылады. Тұйықталған участоктары бар цехтарда өлшемдері мен өңделу сипаты бойынша ұқсас бөлшектерді бір топқа жинап, оларды толық өңдеуге қажет станоктарды бір участокқа орналастырады. Өндірісті ұйымдастырудың тасқынды формасында бөлшекті әзірлеу мен бұйымды құрастырудың конвейерлі желісі алғашқы құрылымдық буын болып табылады. Тасқынды желінің негізгі параметрлері: оның өнімділігін сипаттайтын желінің жұмыс тактысы және орналастырылған жабдықтардың жүктелу коэффициенті. Тапсырма бойынша жұмыс тактысы жабдықтың бір жылдағы нақты жұмыс уақыты қорының Фд (сағ) берілген жылдық бағдарламаға N қатынасымен анықталады [pic] Тасқынды желінің жұмыс тактысы желідегі операцияның орындалу уақытына байланысты [pic] мұнда tш – операцияның даналық уақыты; S – операциядағы станоктар саны. Желінің бір сағаттағы өнімділігі Qл тасқынды желінің жұмыс тактысына кері шама: [pic] Жабдықтың жүктелі коэффициерті [pic] мұнда tш – операцияның даналық уақыты; пл – желідегі станоктар саны; τ – тапсырма бойынша жұмыс тактысы. Ә д е б и е т т е р : Проектирование заводов и механосборочных цехов. Андерс А. А., Потопов П. М., Шулешкин А. В. М.: Машиностроение, 1982. 271 бет – 30 (47 беттер; 3-дәріс. ЦЕХТЫ ЖОБАЛАУДЫҢ ЖАЛПЫ СҰРАҚТАРЫ Цехты жобалаудың жалпы сұрақтары. Өндірістік және технологиялық процестер. Механикалық-құрастыру цехының құрамы және оны жобалау кезінде шешілетін міндеттер. Жобалау тапсырмалары және жобалауға қажетті мәліметтер. Дәл және шартты өндірістік бағдарлама. Жұмыс режимі мен уақыт қоры. Дәріс жоспары: 3.1. Өндірістік және технологиялық процестер. 3.2. Механикалық-құрастыру цехының құрамы және оны жобалау кезінде шешілетін міндеттер. 3.3. Жобалау тапсырмалары және жобалауға қажетті мәліметтер. Машина жасау заводтарының механикалық-құрастыру өндірісі механикалық өңдеу мен құрастыру бөлімшелерінен (участоктарынан) тұратын дербес механикалық цехтар мен құрастыру цехтары немесе біріктірілген механикалық- құрастыру цехтары арқылы ұйымдастырылады. Завод құрамындағы бірнеше механикалық және құрастыру цехтары белгілі бір бұйымды, торапты немесе бөлшекті шығаруға мамандандырылады. Механикалық цехтарды мамандандыру заттық немесе технологиялық принцип бойынша іске асырылады. Заттық мамандандырылған цехтарға мысал ретінде двигательдер цехын, беріліс қорабы цехын және агрегаттық цехтарды келтіруге болады. Технологиялық мамандандырылған цехтарға автоматтық цехтар, шестернялар мен біліктер цехы және т.б. жатқызылады. 2.1. Өндірістік және технологиялық процестер Қазіргі заманғы машина жасау заводтарында бірмезгілде әртүрлі процестер іске асырылады. Олар: материалдар мен жартылай дайын өнімдерді (полуфабрикаттар) алу, оларды тасымалдау мен сақтау, материалдар мен жартылай дайын өнімдерді әртүрлі жолдармен өңдеу, жинау, консервациялау, дайын өнімдерді жөнелту, аспаптарды әзіллеу және қайрау, қондырғылады жөндеу және қызмет көрсету, электр энергиясын өндіру және трансформациялау, технологиялық бу мен сығымдалған ауаны өндіру, жоңқа мен басқа қалдықтарды жинау мен қайта өңдеу, өндірісті жоспарлау және есеп жүргізу, жабдықтауды ұйымдастыру мен дайын өнімді өткізу, кадрларды қабылдау мен әзірлеу. Технологиялық құжаттамалардың біртұтас жүйесінің (ЕСТД) белгіленген стандартында өндірістік процесс шығарылатын бұйымды әзірлеуге немесе жөндеуге арналған кәсіпорындағы өндірістік қару мен адамдардың барлық іс- қимылдарының жиынтығы ретінде анықталады. Демек, өндірістік процеске тек қана бөлшектерді өңдеу, сапасын бақылау, құрастыру және сынақтан өткізу ғана емес, өңделетін бөлшектерді операция арасындағы тасымалдау, бөлшектерді цех ішінде бір участоктан екінші участокқа беру, бөлшектерді өңдеу мен құрастыру участоктарында және қоймаларда сақтау, жұмыс орындарына қызмет көрсету, аспаптарды қайрау, қондырғылар мен жабдықтарды жөндеуден өткізу, негізгі және қосымша материалдармен және энергияның барлық түрлерімен жабдықтау, өндіріске есеп жүргізу және басқару кіреді. Өндірістік процестің негізгі құраушысы технологиялық процес болып табылады. Өңделетін материалдардың, жартылай дайын өнімдердің немесе бөлшектердің өлшемдері мен формасын немесе физика-механикалық қасиеттерін өзгертуге, олардан бұйымдар құрастырып шығаруға, сонымен бірге берілген техникалық талаптарға сәйкес тексеруден өткізуге тікелей байланысты әрекеттерді технологиялық процесс деп атайды. Цехта атқарылатын қалған қосымша процестер негізгі технологиялық процестің тоқтаусыз орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. 3.2. Механикалық-құрастыру цехының құрамы және оны жобалау кезінде шешілетін міндеттер Механикалық-құрастыру цехының жобасында онда жүргізілетін барлық процестерді (өндірістік процесс) орындау үшін қажетті негізгі және көмекші технологиялық қондырғылар, көтеру-тасымалдау қондырғылары мен қоймаға арналған қондырғылар және басқа қондырғылар, оларды орналастыруға қажетті алаңдар және тиісті өндірістік, көмекші және әкімшілік-техникалық персонал қарастырылуы керек. Жобалау практикасында негізгі міндеттер мынадай кезектілікпен шешіледі. 1. Жобалауға арналған бастапқы мәліметтерді зерттеу және нақтылау. Берілген номенклатура объектілерін өндірістік участоктарға бөлу және бекіту және жобаланатын әрбір участоктардың өндірісті ұйымдастыру формасын алдын ала таңдау алу. 2. Дайындама түрлерін таңдап алу және дайындамалар сырт жақтан алынатын болса, онда жеткізуші-заводтармен немесе цехтармен оларды әзірлеудің техникалық шарттары келісіліп алынуы керек. дайындама цехтарын, қоймаларды, цехтар арасындағы транспорт құрылғыларын жобалауға арналған мәліметтерді нақтылап алу мақсатында дайындамалар, жартылай дайын өнімдер және материалдар түрлері бойынша бір жылдық қажеттілікті анықтау. 3. Бөлшектерді әзірлеудің технологиялық процесін жобалау, оларды нормалау және номенклатураны, толық цехқа және оның өндірістік участоктарына арналған өндірісті ұйымдастыру формасы мен типін соңғы рет анықтап алу. 4. Қабылданған технологиялық процесс бойынша негізгі өндіріс участоктарындағы қондырғылар санын есептеу. Арнаулы және стандартты емес қондырғыларды жобалау бойынша тапсырмаларды жасау. 5. Цехтың көмекші қызметтері мен участоктарының құрамын (қоймалар, жоңқаны қайта өңдеу жүйелері, майэмульсия шаруашылығы, транспорт) анықтау; негізгі өндірістің ұқсас участоктарын (термиялық цехтар немесе бөлімшелер, қорғағыш қаптамалар участогы және т.б.) жобалауға тапсырма беру. 6. Типажды таңдап алу және өндірістің көмекші участоктарындағы қондырғылар санын есептеу. 7. Транспорт құралдары мен жүк көтеру-тасымалдау құрылғыларының типі мен қажетті санын анықтау. 8. Жұмыс істейтіндер санын есептеу. 9. Қажетті өндірістік, көмекші және қызмет-тұрмыстық алаңдарды анықтау. 10. Цехтың компоновкалық планын құру және жобаның арнаулы бөлімдері (архитектура-құрлыс, энергетика, санитарлық-техникалық және т.б. бөлімдер) мен жобаның сметалық бөлімін жасауға тапсырма беру. 11. Жобаның арнаулы бөлімдері бойынша шешімдер қабылдау және құрлыс подоснов жасау. 12. Өндірістік және көмекші участоктарға қондырғылар мен жұмыс орындарын орналастыру жобасын және тапсырыс беру спецификациясын жасау. 13. Өндіріс (цех, участоу) бойынша техникалық-экономикалық көрсеткіштерін анықтау. 3.3. Жобалау тапсырмалары және жобалауға қажетті мәліметтер Цех жобасының технологиялық бөлімін жобалауға арналған жобалау тапсырмалары және жобалауға қажетті мәліметтерді заводтың бас инженері береді. Механикалық-құрастыру цехтарын жобалауға арналған жобалау тапсырмалары мен жобалауға қажетті мәліметтер жоба жасауға қажетті және жеткілікті барлық мәліметтерді қамтуы тиіс. Жобалауға қажетті мәліметтерде мыналар көрсетілуі тиіс: әзірленетін және құрастырылатын бұйымдардың, тораптардың және бөлшектердің номенклатурасы (цех тізімі); цех тізіміне енгізілген бұйымдар мен бөлшектердің әрбір түрі бойынша шығарудың жылдық бағдарламасы; шығарылуға тиіс қосалқы бөлшектер саны көрсетілген тізім немесе оны есептеуге арналған мәліметтер; цехтың жұмыс режимі; өңделетін бөлшектер мен цехта құрастырылатын тораптардың завод цехтары бойынша жүріп өту кезектілігі (қай цехтан немесе қоймадан келіп түседі және өңделгеннен немесе құрастырылғаннан кейін қайда жөнелтіледі) мен дайындаманың сипатын анықтайтын заводтың технологиялық маршруты; цехтың жобаланатын заводтың транспорт магистралі мен басқа объектілеріне байланысты орналасу жағдайын анықтайтын заводтың бас жоспарының схемасы. Тапсырмада цехта құрастырылатын барлық тораптар мен бұйымдардың сызбалары және ондағы барлық бөлшектердің жұмыс сызбалары және оларды құрастыру мен сынақтан өткізуге арналған техникалық талаптар болуы керек. Б а қ ы л а у с ұ р а қ т а р ы : 1. Заводтардың әртүрлі типтерінің құрамы мен құрылымданының ерекшеліктерін атаңыздар? 2. Жобаның техникалық және техникалық- экономикалық негіздеме кезеңінде бас жоспарды жасауда завод объектлерінің ауданын қалай анықтауға болады? 3. Өндіріс жүрісінің қандай технологиялық схемаларын білесіздер? 4. Завод цехтары мен құрылғыларын зоналарға біріктіру мен блоктарға жинаудың мәні қандай? 5. Жүк айналымының есептелуі мен жүк ағындарының схемасы қалай жүргізіледі? 6. Өндірістік алаңда автомобиль жолдары мен темір жол желілерін орналастырудың талаптары және олардың орналасу схемасы қандай? 7. Өндіріс алаңын абаттандырудың маңызы неде? 8. Бас жоспардың техникалық жобасына не кіреді? 9. Бас жоспардың негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерін атаңыздар. Құрлыс тығыздығы коэффициеті дегеніміз не? Ә д е б и е т т е р : Проектирование заводов и механосборочных цехов. Андерс А. А., Потопов П. М., Шулешкин А. В. М.: Машиностроение, 1982. 271 бет – 30 (47 беттер;
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz