Файл қосу
Аудитор ақпараты
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ | |БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ | |МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3 деңгейдегі СМЖ құжаты |ПОӘК | | | | | | | | | | | | |ПОӘК 042-18-9.1.41/03-2014 | |ПОӘК |18.09.2013 ж. | | |«Ұйымның өзін-өзі бағалауы |№ 1 басылымның | | |және сапа аудиті» пәнінен |орнына 11.09.2014 | | |оқу-әдістемелік материалдар |ж. | | | |№ 2 басылым | | ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 6М073200 «Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)» мамандығы бойынша «Ұйымның өзін-өзі бағалауы және сапа аудиті» пәнінен ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей 2014 Мазмұны |1 |Дәрістер |3 | |2 |Тәжірибелік сабақтар |20 | |3 |Білім алушының өздік жұмысы |22 | 1 ДӘРІСТЕР № 1 дәріс Тақырыбы: Кіріспе Дәріс жоспары: 1 Курстың мақсаттары мен қарастыратын мәселелері 2 Сапа, сапаны басқару, сапа аудиті жөнінде мәліметтер 1 «Сапа аудиті» курсы сапаны басқару бойынша мамандарды дайындауға арналған. Бұл оқу пәні сапа менеджмент немесе экологиялық менеджмент жүйелеріне ішкі және сыртқы аудит жасауда негізгі ережелерін түсінуді қалыптастыруға арналған арнайы курс ретінде оқу бағдарламасына кіреді. ИСО 19011-2003 стандартына сай сапа менеджмент жүйесінен ауытқуларды табу әдісі болып аудит табылады. Сапа аудиті жүйелі және тәуелсіз зерттеу түрінде жүреді, яғни сапа саласында әрбір қызмет жоспарланған талаптарға сай және осы талаптар қойылған мақсаттарға жету үшін тиімді қолдану жарамдылығы тексеріледі. «Сапа аудиті» пәнін оқытудың мақсаттары болып келесілер табылады: • сапа менеджмент және экологиялық менеджмент жүйелеріне аудитті жүргізуде принциптерін түсіну және олар бойынша студенттерде теориялық білімдер қалыптастыру; • аудит бағдарламаларын, сапа менеджмент және экологиялық менеджмент жүйелеріне ішкі, сыртқы аудиттерді жүргізуді ұйымдастыру; • аудиторлардың құзыреттілігін бағалауды үйрену; • аудиттерді жүргізген кезде сапа менеджмент құжаттамаларының талдауына дағдыларды қалыптастыру; • 9000 сериялы ИСО стандарттарын және сапа менеджмент мәселелері бойынша арнайы әдебиеттерді меңгеруді үйрену. Қарастырылатын курс менеджмент теориясының негізгі ережелерінің логикалық жалғасы болып табылады. Сапаға қатысты терминдер: Сапа – бағытталуына сай белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыруға жарамдылығын себептейтін өнім қасиеттерінің жиынтығы. Талап – орнатылған немесе міндетті болып саналатын қажеттілік. Сапаны басқару – сапа бойынша талаптарды орындауға бағытталған сапа менеджментінің бөлігі. Сапаны жақсарту - сапаға қатысты талаптарды орындауға қабілеттілікті көбейтуге бағытталған сапа менеджментінің бөлігі. Сапаны қамтамасыз ету – сапаға қойылатын талаптар орындалады дегенге сенім туғызатын сапа менеджментінің бөлігі. 2 Сонымен аудит саласында келесі түсініктер кездеседі: • аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйым – аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың өзін-өзін реттейтін бірлестігі болып табылатын коммерциялық емес ұйым; • аккредиттеу – уәкілетті органның «Аудиторлық қызмет туралы» ҚР заңында көзделген кәсіби аудиторлық ұйымдардың құқықтылығын ресми тануы; • аудит – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептелік жасау және өзге де ақпарат туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатымен тексеру; • аудитор – Біліктілік комиссиясы аттестатталған, «аудитор» біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігін алған жеке тұлға; • аудиторлық есеп – жүргізілген аудиттің нәтижесі болып табылатын жазбаша ресми құжат; • аудиторлық қазмет – қаржылық есептілігі мен басқа да ақпараттың аудитін жүргізу және қызмет бейіні бойынша өзге де қызметтер ұсыну жөніндегі кәсіпкерлік қызмет; • аудиторлық ұйым – аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық ұйым; • аудиттелетін субъект – қаржылық есептілігі және өзге де ақпараты бойынша аудит жүзеге асырылатын заңды тұлға; • аттестаттау – Аудиторларға кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясының кандидаттардың біліктілік деңгейін анықтауы; • Әдеп кодексі – аудиторлардың кәсіби қызметінің әдеп ережелері жиынтығы; • көрінеу дұрыс емес аудиторлық есеп – аудит жүргізілмей жасалған немесе пайдаланушыларды қасақана шатастыратын пікір жазылған аудиторлық есеп; • серіктес – аудиторлық ұйымның аудиторлық жобаға басшылық жасайтын және оның нәтижелеріне дербес жауапты болатын өкілі; • ұйымдардың стандарттары – аудиторлық ұйымның аудит жүргізу тәртібіне бірыңғай талаптар белгілейтін ішкі құжаттары; • уәкілетті мемлекеттік орган – аудиторлық қызмет саласында реттеу мен аудиторлық және кәсіби ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1. Курстың мақсаты неде? 2. Сапа дегеніміз не? 3. Талап дегенді қалай түсінесіз? 4. Сапаны басқару дегеніміз не? 5. Сапаны қамтамасыз ету дегеніміз не? 6. Аудит деген не? 7. Аудитор дегеніміз не? 8. Аудиттелетін субъект дегеніміз не? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. «Аудиторлық қызмет туралы» ҚР заңы (1998 жылдың 20 қарашасынан). 2. ИСО 19011-2003 Сапа менеджменті жүйелерін және қоршаған ортаны қорғаудың басқару жүйелеріне аудитті жүргізу бойынша басшылық нұсқаулары № 2 дәріс Тақырыбы: Аудиторлық қызмет туралы ҚР заңы Дәріс жоспары: 1. Аудитті жүргізу принциптері 2. Үкімет пен аудит саласындағы уәкілетті органның құзыреттілігі 3. Аудиторлық ұйымдар «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңы 1998 жылдың 20 қарашасында басылып шықты. Бұл заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар, аудиторлар, аудиторлық ұйымдар және кәсіби аудиторлық ұйымдар арасында туындайтын қатынастарды реттейді. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конситуциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Егер Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасындағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттардың ережелері қолданылады. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар аудиторлық ұйымдар аудиторлық қызметпен айналысу құқығына ие болады. Аудиторлық ұйымдар аудиттен басқа, өз қызметінің бейіні бойынша мынадай қызметтерді де көрсете алады: 1. аудит стандарттарына сәйкес өз қызметінің бейіні бойынша ілеспе қызметтер; 2. бухгалтерлік есепті қалпына келтіру және жүргізу, қаржылық есептілікті жасау; 3. ішкі аудит; 4. салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі заңнаманы қолдану және салық есебін жүргізу мәселелері бойынша кеңес беру; 5. ұйымның статистикалық есептілігін жасау; 6. қаржы-шаруашылық қызметті талдау және қаржылық жоспарлау, экономикалық, қаржылық және басқарушылық кеңес беру; 7. бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау мәселелері бойынша кеңес беру; 8. бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау, салық салу, аудит және қаржы-шаруашылық қызметті талдау мен қаржылық жоспарлау бойынша оқыту; 9. бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды автоматтандыру жөнінде ұсынымдар беру, бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасауды автоматтандыруға үйрету; 10. бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау, аудит, қаржы-шаруашылық қызметті талдау және қаржылық жоспарлау жөнінде, аудит стандарттарына сәйкес өз қызметінің бейіні бойынша ілеспе қызметтерді көрсету жөнінде әдістемелік құралдар мен ұсынымдар әзірлеу; 11. аудиторлық қызметке байланысты заң қызметтерін көрсету; 12. Бухгалтерлердің халықаралық федерациясы данындағы Халықаралық аудиторлық практика жөніндегі комитеттің Қазақстан Республикасынң заңнамасына қайшы келмейтін ұсынымдарына сәйкес жүзеге асырылатын қаржылық есептілік аудитіне ілеспе өзге де қызмет түрлері. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы тармақта көзделген өз қызметінің бейініи бойынша жекелеген қызмет түрлерін көрсету тиісті лицензия алуды талап етсе, аудиторлық ұйымдар осындай лицензиясыз бұл қызметтерді көрсетуге құқылы емес. Аудиторлық ұйымдарға өз қызметінің бейініне жатпайтын кәсіпкерлік қызметтің өзге түрлерімен айналысуға тыйым салынады. Аудиторлық қызметтің негізгі принциптері мыналар: • тәуелсіздік; • объективтілік; • кәсіби құзыреттілік; • құпиялылық; • адалдық; • ұйымдардың стандарттарын және Әдеп кодексін сақтау; • аудиторлық қызметтің халықаралық аудиторлық практикаға сәйкес айқындалатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де принциптері. Аудит осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, Қазақстан Республикасында оларды ресми жариялауға Бухгалтерлердің халықаралық федерациясы жанындағы Халықаралық аудиторлық практика жөніндегі комитеттің жазбаша рұқсаты бар ұйымдар мемлекеттік тілде және орыс тілінде жарияланған халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. 2 Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1. аудиторлық қызмет саласында мемлекеттік рететуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органды айқындайды; 2. егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, аудит міндетті болып табылатын мемлекет қатысатын ұйымдарды айқындайды. Аудиторлық қызмет саласындағы уәкілетті орган: 1. міндетті аудит жүргізуге жіберілетін аудиторлық қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді, ал қаржылық ұйымдардың міндетті аудитіне қатысты біліктілік талаптарын – қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша бекітеді; 2. кәсіби ұйымдарды аккредиттеу тәртібін бекітеді; 3. кәсіби ұйымдарды аккредиттейді және олардың тізілімін жүргізеді; 4. аудиторлық қызметті лицензиялау ережесін бекітеді; 5. аудиторлық қызметті лицензиялауды және аудиторлық ұйымдардың тізілімін жүргізуді жүзеге асырады; 6. аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, оны кері қайтарып алу, қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату туралы мәліметтерді мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды; 7. аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу тәртібін бекітеді; 8. Біліктілік комиссиясы қызметін қалыптастыру және жүзеге асыру ережесін бекітеді; 9. аудит стандарттарын тарату үшін жағдай жасалуын қамтамасыз етеді; 10. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кәсіби ұйымдардыңқызметін тексеруді жүзеге асырады; 11. кәсіби ұйымдарды тексеруді жүзеге асырудың тәртібін айқындайды; 12. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасы сақталмаған жағдайларда кәсіби ұйымдарға ескерту жасайды; 13. кәсіби ұйымдардың есептілік тізбесін, нысанын және оны табыс ету мерзімділігін айқындайды; 14. басқа мемлекеттік органдармен, кәсіби ұйымдармен және өзге де ұйымдармен аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды. Аудитор аудиторлық қызметті бір аудиторлық ұйымның құрамында ғана жүзеге асырады. Аудитор бір аудиторлық ұйымға ғана қатысушы бола алады. Аудиторлық ұйым жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық- құқықтық нысанында құрылады. Шетелдік ұйым, егер оның мәртебесі Бухгалтерлердің халықаралық федерациясының мүшесі болып табылатын кәсіби ұйымға мүшелігімен расталса немесе оның мәртебесін өзі резиденті болып табылатын мемелкеттің құзыретті органы растаса, аудиторлық ұйым деп танылады. Шетелдік аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті тиісті аудиторлық ұйымдарды – Қазақстан Республикасының резиденттерін құрған жағдайда ғана жүзеге асыра алады. Аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторлардың саны үш адамнан кем болмауға тиіс. Аудиторлық ұйымның жарғылық капиталында аудиторларға және шетелдік аудиторлық ұйымдарға тиесілі үлес жүз пайыз болуға тиіс. Аудиторлық ұйым басшысының «аудитор» деген біліктілік куәлігі болуы міндетті. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензиясы кері қайтарып алынған аудиторлық ұйымға жетекшілік еткен аудитор лицензиясын кері қайтарып алу туралы шешім шығарылған күннен бастап үш жыл бойы аудиторлық ұйымның басшысы бола алмайды. Қазақстан Республикасының аумағында аудиторлық қызметті жүзеге асыратын аудиторлық ұйым басқа аудиторлық ұйымның – Қазақстан Республикасы резидентінің қатысушысы бола алмайды. Қазақстан Республикасының аумағында филиал құрған жағдайда, филиал басшысының «аудитор» деген біліктілік куәлігі болуы міндетті. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1. Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесінде қатынастарды қандай заң реттейді? 2. Заңның құрылымы мен мазмұнына қысқаша сипаттама беріңіз? 3. Аудитті жүргізудің принциптерін атаңыз. 4. Аудиторлық қызмет саласында ҚР Үкіметінің құзыреттілігін атаңыз. 5. Аудиторлық қызмет саласында уәкілетті органның құзыреттілігін атаңыз. 6. Аудиторлық қызметті лицензиялау дегенді қалай түсінесіз. 7. Лицензияны қайтаруға негіз болып не табылады? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. «Аудиторлық қызмет туралы» ҚР заңы (1998 жылдың 20 қарашасынан). 2. ИСО 19011-2003 Сапа менеджменті жүйелерін және қоршаған ортаны қорғаудың басқару жүйелеріне аудитті жүргізу бойынша басшылық нұсқаулары № 3 дәріс Тақырыбы: Аудиттің негізгі құрамдары мен принциптері Дәріс жоспары: 1 Аудиттің түсінігі 2 Аудиттің негізгі құрамдары 3 Аудиттің негізгі принциптері 1 Аудит туралы шыққан басылымдарда «аудит» - деген түінікке әр түрлі анықтамарлар берілген. Әрбір автор өзінің анықтамасын өз тарабынан аңықтаған. К. Ш. Дюсембаев «Теория аудита» деген кітабында әр автордың 13 түрлі анықтамасын келтірген. Біз соның төрт түрлісін келтірейік те мазмұнын қарастырып талдайық. СНГ авторларының «аудитке» берген анықтамалары: Осы келтірілген анықтамалардың мазмұнын талдап қарастыратын болсақ әр түрлі мазмұнда құралғанын көреміз. Соған қарамастан осы анықтамаларға бір ғана мақсат қойылады, ол аудиттің мағынасын, негізін анықтау. Солай бола тұрса да ешбір анықтамада аудиттің негізгі мақсаты ашылмай қалып отыр. Ол Аудиторлық қорытынды туралы. Себебі, қандай да бір аудиторлық қортынды жасау. Екіншіден, аудиторлық тексерудің объектісі туралы ешқандай автор еске де алмайды. Біздіңше ол үлкен кемшілік. Олай дейтініміз, аудиторлық тексеру тапсырушының келісім-шартта көрсеткен объектісіне ғана жүргізіледі, ол бірден-бір аудит жұмысының негізгі принципі. Олай дейтініміз, тапсырушы өз субъектісінің шаруашылық көрсеткішін толық немесе бір бөлімін аудиттік тексертуге құқылы. Кәсіпорын шаруашылығының жеке бір бөлігін немесе түгелдей шаруашылығын қамтитын аудит болса да «алғашқы құжаттарды» тексеру немесе «алғашқы есепті» тексеру міндетті түрде жүргізіледі. Аудит процесі одан әрі қарай бухгалтерлік есептің жүргізілуімен оның құрылымын-ұйымдастырылуын тексерумен жалғасатыны объективті жұмыс. Ондай болмаған жағдайда аудиттік тексеруді тиянақты, дұрыс жүргізілді деуге болмайды. Кейбір авторлардың анықтамаларында осы ойлар орынды айтылған деуге болады. Көптеген авторлар «шаруашылық-табыстылық көрсеткіштері» деген сөз құрамын көп келтірген. Біздің ойымызша бұл түсініктеме орынды айтылған деуге болады. Себебі, объектісі келісім-шарт негізінде мазмұн-талабына сәйкес анықталады. Кәсіпорын шаруашылығына толық немесе бір бөліміне жүргізілсе де оған жасаған аудиторлық қорытындыда, кәсіпорынның «шаруашылық-табыстылық көрсеткішімен» байланыстылығы көрсетілмесе, ондай жағдайда аудиттің негізгі мақсаты орындалмағаны. Нақты, әр елдердегі аудит туралы анықтама берген авторларды қарастыратын болсақ, Англия ғалымы Рой Додж өзінің “Краткое руководство по по стандартам и нормами аудита” кітабында “аудит – тәуелсіз, дербес тексеру және табыстылық ақпарат туралы өз пікірін айту”, - деп анықтама берген. Басқа бір Англиядағы белгілі бухгалтерлік есеп, аудит маманы Роджер Адамс “Аудит негізінде кәсіпкерлік ретінде қызмет көрсету, қоғам үшін өте қажет мәліметтердің дұрыстығын анықтаумен, кәсіпорынның табыстылық ақпаратын тексеріп, басылымға шыққан міліметтердің шындығын анықтау” – деп анықтама берген. Америкалық профессор Джек Робертсон өзінің монографиясынды “Аудит – ол кәсіпорын ақпаратындағы мәліметтердің, пайдаланушылар үшін табыстылық ақпарат көрсеткіштеріндегі мәліметтік күдікті барынша азайту” – деп анықтама береді. Осы аты аталған үш автордың ойын қорытындылайтын болсақ, англиялық аудит және есеп маманы Роджер Адамс өз анықтамасында аудиттің мағынасына қоғамдық тұрғыдан қарайтынын көрсетеді. Бұл ойдың мемлекеттер үшін, әр елдің экономикасының дамуына аудит жұмысының атқаратын рөлін өте жоғары деп бағалау. Себебі, аудит кәсіпорын шаруашылығының тиянақты дамуына кепілдік беретіні анық. Яғни, кәсіпорындардың тиянақты дамуы қамтамасыз етілген жағдайда ол елдің экономикасы даму жолында болады деген сөз. Белгілі, АҚШ-тың аудит теориясын және аудит жұмысының даму жолына көп еңбек сіңірген профессор Джек Робертсон екі анықтама береді. Оның біреуінде жоғарыда айтылған “мәліметтік күдік” – деген түсініктің мазмұнын бухгалтерлік есеп, аудит тұрғысынан қарастыратын болсақ, ол бухгалтерлік есеп жасауда жіберілген қателердің салдарынан мәлімет пайдаланушылардың кәсіпкелігіне зиян келтіру әсерін айтады. Яғни, аудитордың міндеті сол “Мәліметтік күдікті” бар мүмкіншілігінше азайтып, кәсіпкерлердің сенімділігін арттыру. Барлық саладағы кәсіпкерлер өздерінің экономикалық мәселелерін шешу барысында басылымға шыққан мәліметтерді күдіксіз падалануына аудит кепілдік беруі қажет. Осы өзінің ойын қорытындылай келе профессор Джек Робертсон аудиттің ең негізгі міндетінің бірі осы деп атап көрсеткен. Осындай ойын одан әрі жалғастыра отырып профессор “кәсіпкерлік күдік” – деген түсінік қосады. Бұл түсінікті кәсіпкершілік шаруашылығындағы күдіктенушілік, сенімсіздік немесе кәсіпкерлердің экономикалық даму жолындағы кауіптілігі деп түсінуге болады. Оған себеп: инфляцияның күшеюі, салық төлемінің толқымалығы немесе көбеюі, сату процесіндегі бәсекелестіктің күшеюі, жұмысшылардың ереуіл жасауы мен тағы басқа көптеген себептерден болады. Осы аталған себептерден туындайтын “кәсіпкерлік күдіктің” мөлшерін немесе зияндылығын кәсіпкер есептеп шығарып, өз шаруашылығын жүргізу үшін тиімді шешім қабылдай алады. “Кәсіпкерлік күдік” аудит жұмысына ешқандай әсерін тигізбейді. АҚШ-тың аудит мамандары Э:А. Аренс және Дж. К. Лобск өздерінің жазған оқулықтарында мынадай анықтама береді: “Аудит ол процесс, арнайы мамандар арқылы дербес тәуелсіздіқ жолымен кәсіпорын шаруашылық операцияларының дұрыстығына тексеру жүргізіп, сол мәліметтер белгіленген нормативтік үлгіге сай екенін анықтап, өзінің аудиторлық қорытындысын беру”. Шетел мамандарының аудит мазмұнына берген анықтамаларын қорытындылайтын болсақ, осы сонғы анықтама басқаларына карағанда біздің ойымызша аудитті толық қарастырған сияқты К.Ш. Дюсембаев аудит мазмұны туралы мынадай анықтама береді: “аудит – дербес сараптау және қаржы есебімен қоса шаруашылық субъектілерінің барлық жағын қамтитын мәліметтерге экономикалық талдау жасайды, ішкі бақылау жұмысын тексеріп, бухгалтерлік есептің заңдылығын және нормативтік құжаттар талабына сәйкестігін анықтап, тапсырушылар талабына жауап ретінде түсініктеме қызметін атқару ” – деген. Автордың ойынша осы анықтамада аудит эволюциясы ескерілген, екіншіден – тәуелсіз дербестігі көрсетілген, үшіншіден – аудит процесіндегі талдаудың алатын орны ерекше делінген. Себебі, талдау арқылы кәсіпорынның қатшылық жағдайы анықталып, даму жолына сәйкес ұсыныстар берледі, төртіншіден – аудиттің консалтингтік қызмет көрсету жағы айтылған. Біздің ойымызша, «аудит дегеніміз – дербес, тәуелсіз аудит мамандарының кәсіпкер ретінде келісім-шарт бойынша тапсырушылардың шаруашылық-табыстылық есебін, бухгалтерлік есеп көрсеткіштерін тексеру арқылы анықтап, экономикалық талдау жасап, қажет болған жағдайда сараптау жүргізіп, аудиторлық қорытынды жасау және әртүрлі түсініктеме қызметін көрсету» - деп ойлаймыз. Себебі, аудит жұмысының көлемі – объектісі, шаруашылық субъектінің қалауында толық немесе бір бөлімін аудиттік тексеруді тапсыру тапсырушының еркінде. Екіншіден, қандай есебі болмасын оның мәлеметтерінің дұрыстығы, қатесіздігі тек қана бухгалтерлік есеп көрсеткіштері арқылы анықталады. Үшіншіден, аудиттің негізгі мақсаты – аудиторлық қорытынды жасау. Тапсырушының өз тарапынан төлем жасап, аудит жасатудағы бірден-бір мақсаты – аудит қорытындысын алу. Себібі, тек аудит қорытындысын алған шаруашылық субъектілерінің есебі басылымға шығады. Яғни, ол шаруашылық жүргізуіне кепілдік алады деген сөз. Барлық сыбайластарымен кедергісіз қарым-қатынаста болады. Аудиттің мазмұнын анықтамалар арқылы қарастырғаннан кейін оның негізгі түсінікті болған сияқты. 2. Аудиттің негізгі құрамдары. Аудиттің мазмұнына қарастыру қарастыру барысында оның нақты құрамы айту қажет. Олар мыналар : 1. шаруашылықтағы субъект; 2. мәлімет; 3. аудитордың мамандығы ; 4. фактілерді жинау және бақылау; 5. аудит стандарты; 6. аудитор ақпараты, есебі; Осы көрсетілген аудит элементтерін жеке-жеке қарастыру қажет . 1. Шаруашылықтығы субъект. Аудит жұмысын орындау үшін міндетті түрде сол субектінің шаруашылық бағытын, көлемін анықтау қажет. Оны сол субъектінің шаруашылық параметірлері құрайды.Оған аудит барысында нақты болжам жасау үшін аудит қамтитын объектілердің көлемі , мақсатты қарастырылыуы қажет. Мысалы, заң субектілері немесе эканомикалық объектіге қосылмайтын мәлімет жүйесі. 2. Мәлімет. Аудит жұмысы барысында тапсырушылар берген мәлімет қарастырады. Аудитор олардың дұрыстығын дәлелдеп, өзінің жаңа мәліметтерін құрайды. Сол жұмыс барысында олардан кемшілік табуы немесе дұрыс еместігін анықтауы мүмкін. Ол негізінде екі түрлі себептен болуы мүмкін; 1) ақпаратта кейбір мәліметтердің жетіспеушілігінен; 2) ақпарат дұрыс жасалмағандықтан . 3. Аудитордың мамандығы. Аудит жүргшізуші жоғары дәрежедегі, өз мамандығын жақсы меңгерген, сарапшы, білгір адам болуы қажет. Аудит барысында ол өзіне қажет фактілерді жинап талдау жасайды, бір тұжырымға келтіріп, қортынды жасауына пайдалана алатын болуы қажет. 4. Фактілерді жинау және бақылау. Аудитордың негізгі мақсаты ол - фактіні жинау. Себебі сол фактілер арқылы ол өзінің аудиторлық ақпаратын жасайды. 5. Аудит стандарты. Жиналған фактілер, мәліметтер өз кезегінде бір жүйеге келтірілуі қажет. Оған негіз аудит стандарты. Стандарт дегеніміз мәліметті бір жүйеге келтіру әдісі немесе нормативтік ереже-нұсқау талабына сәйкес бір қалыпқа келтіру. 6. Аудитор ақпараты. Аудитор өз жұмысының қорытындысын тексеру барысында анықталған кемшіліктердің мазмұнын, өзінің аудиторлық қортындысын ақпаратында көрсетеді. Қорыта келгенде, жоғарыда келтірілген аудиттің міндетті құрамын қарастырмай, нақты аудит жүргізу мүмкін емес. Аудиттің міндеті мен мақсаты толық орындау үшін оның принціптерін білу қажет. 3. Аудиттің негізгі принциптері Аудит жұмысы нақты принциптерді сақтау арқылы жүргізледі. 1. Ғылыми негізделігі. Аудиттің ғылыми негізгі оның методалогиасының диалектиалық әдісімен дамиды. Эканомика теориасындағы объективтік шындықты негізге алу болып табылады. Аудит жұмысының барлық мәліметі, тұжырымы ғылыми жолмен анықталған, дәлденген болуы қажет. Аудит қызметінің ғылыми даму барысы оның көптеген нақты факторларын талдау арқылы ол өзінің теориясын құрайды. Аудит жұмысы барысында ғылыми зерттеу әдісі қолданылады. Мысалы, аудитте эканомикалық талдау қолданылады, ол яғни фактілерді зерттеп қортынды жасау. Сондықтан да аудит фирмалардың басшылығы зерттеу жұмысын, тәжирибесін игерген ғалымдар. 2.Объективтілік. Бұл қағида ойлану, тек қана фактіге сүйену арқылы ғана тұжырым жасау. Аудитор шыншыл, бұрмалаушылыққа бармайтын, тазалық ұстайтын маман болу керек. Ол өзінің аудиторлық қортындысына кәсіпорыннның табыстылық ақпаратын шыншылдықпен тексеріп, объективті көрсеткіштерін анықтауға міндетті. Оның қортындысы ешқандай күндіктенбеушілікке немесе сенбеушілік жол бермейтін дәлелді болу қажет. 3. Дербестілік. Қоғам тану жолында аудитордың статусы өз бетінше дербес деп танылған. Оған себеп ол бірінші ден, тапсырушыға тәуелді емес, өйткені ол төлем алуына алдын тапсырушыға тәуелді емес, өйткені ол онда төлем алуына алдын ала келісіп қояды, екіншіден, оның жұмысын мемлекеттік аудит заңы мойындайды, үшіншіден, тапсырушы мен аудитордың түпкі мақсаты бір. Олардың өзара келісім -шарт бойынша анықтайтыны тек қана шындық. Аудитордың дербестігін қорғау үшін арнайы шаралар қолданылады: аудиторларды ротациялау, аудитор соты, мемлекеттік аудитор тағайындау, мемлекеттік аудитор департаментін, аудитор комитетін құру. Қорыта келгенде, аудит стратегиясын кеңейту тұрғысына арнайы институттар ашу қажет, аудитті жүргізу жұмысын жетілдіру қажет. Біздің ойымызша сондай жұмыстарды іске асыру үшін Мемлекеттік Қаржы Министірлігі, аудит платасы, бухгалтерлер ассоциациясы көмектесуі қажет. 4. Кәсіби біліктілік. Аудит жұмысын өте жоғары деңгейдегі мамандар жүргізуі қажет, ол теориялық және практикалық жағынан өте білімді маман болуы және арнайы аудит әдістерін жақсы біліуі қажет. Ол тексеру жұмысына машықтанған болуы керек. Аудитор өз жұмысына қажетті ереже нұсқауларын өте жақсы біліп іс жүзінде қолдана білуі қажет. Аудитор өз жұмысына анализ жасауда, сараптау жүргізуде, компьютермен жұмыс істеуде, әбден машықтанған болуы қажет. Ол барлық тексерушіге сене бермеуі керек, тек өзі тексеріп көзі жетпеиінше ешқандай қорытынды жасамауы керек. 5. Сенімділік, сөзге берік болуы (конфиденциальность) Аудитор өз жұмысының комиссиялық құпиалығын сақтауға міндетті. Үшінші жаққа өз мәліметін ерекше жағдайда ғана хабарландыруға, тапсырушымен жазбаша келісім жасау арқылы беруге құқылы. 6. Тез-жеделдік принципі. Аудитордың жеделдігі ол өз жұмысының тез, тианақты орындаудан тапсырушыға аудит материалын уақытымен тапсыру. Аудиттің тез, жедел жүргізілуіне екі түрлі себеп бар. Бірінші, аудит жүргізу уақыты нақты белгіленбегендіктен, екіншіден, аудит үшін төлем сол жұмыс уақытымен есептелінеді. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Аудитке әртүрлі авторлар қандай анықтама берген? 2 Аудиттің құрамдарына не жатады? 3 Аудиттің негізгі принциптерін атап шығып, оларға сипаттама беріңіз. Ұсынылатын әдебиеттер: 1 «Аудиторлық қызмет туралы» ҚР заңы (1998 жылдың 20 қарашасынан). 2 ИСО 19011-2003 Сапа менеджменті жүйелерін және қоршаған ортаны қорғаудың басқару жүйелеріне аудитті жүргізу бойынша басшылық нұсқаулары 3 Сәтмырзаев Асан Абдасбекұлы, Уқашев Бақыт Еркінбекұлы. Аудит теориясы; оқу құралы – Алматы Р.Б.К 2000ж 4 Сәтмырзаев Асан Абдасбекұлы, Уқашев Бақыт Еркінбекұлы. Аудит теориясы; оқу құралы Ұлағат университеті Алматы 1998ж № 4 дәріс Тақырыбы: Кәсіби ұйымдардың аккредиттелуі Дәріс жоспары: 1 Кәсіби ұйымдар 2 Кәсiби ұйымдардың құқықтары мен мiндеттерi 3 Аккредиттеу туралы куәлiктен айыру 1 Кәсiби ұйымның аккредиттелуi уәкiлеттi орган бекiткен нысандағы аккредиттеу туралы куәлiкпен расталады. Аккредиттеу туралы куәлiктiң Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында күшi бар. Кәсiби ұйымдар коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және өз мүшелерiнiң жалпы жиналысында қабылданған жарғының негiзiнде жұмыс iстейдi. Кәсiби ұйымдардың құрылымы мен жұмыс органдары олардың жарғыларымен айқындалады. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар ғана кәсiптiк ұйымдардың құрылтайшылары және қатысушылары бола алады. Кәсiби ұйымдардың саны аккредиттеуге өтiнiш берерден үш ай бұрын аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар аудиторлар жалпы санының кемiнде бестен бiрiн және аудиторлық ұйымдар жалпы санының кемiнде бестен бiрiн құрауға тиiс. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар бiр ғана кәсiби ұйымның мүшесi бола алады. Аудиторлардың - кәсiби ұйымдар мүшелерiнiң ұйымның басқару органына сайлауға және сайлануға құқығы бар. Аудитор немесе аудиторлық ұйым кәсiби ұйымның құрамынан шығарылған жағдайда, мұндай аудитордың немесе аудиторлық ұйымның кәсiби ұйымның шешiмiмен белгiленген мерзiмде, бiрақ шығарылған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзiм iшiнде кәсiби ұйымға кiруге құқығы жоқ. 2 Кәсiби ұйымдар: 1) аудиттiң дамуына, оның тиiмдiлiгiн арттыруға, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қызметiн ұйымдастыруға және үйлестiруге ықпал етуге; 2) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит стандарттары талаптарын, Әдеп кодексiн сақтауын қамтамасыз етуге; 3) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жұмыс тәжiрибесiн талдауға, қорытуға және таратуға; 4) мемлекеттiк, қоғамдық, шетелдiк және халықаралық ұйымдарда аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың мүддесiн бiлдiруге; 5) өздерiнiң қатысушылары болып табылатын аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға байланысты дауларын қарауға; 6) аудиторлық ұйымдардың рейтингiн өткiзуге және оларды мерзiмдi баспа басылымдарында жариялауға; 7) бухгалтерлiк есеп және аудит бойынша халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуға; 8) аудиторлық қызмет саласында оқулық әдебиеттердi, әдiстемелiк ұсынымдар мен мерзiмдi баспа басылымдарын әзiрлеуге, шығаруға және таратуға; 9) аудит стандарттары және аудиторлық қызметтiң өзге де мәселелерi бойынша ұсынымдар беруге; 10) сапаға жүргiзiлген сыртқы бақылау қорытындысы бойынша аудит стандарттары мен Әдеп кодексiн бұзуға жол берген тұлғаларды кәсiби ұйымнан шығаруға құқылы. Кәсiби ұйымдар: 1) аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын, аудит стандарттарын, Әдеп кодексiн сақтауға; 2) аккредиттеудi алған сәттен бастап үш ай iшiнде Бiлiктiлiк комиссиясының құрамына өз өкiлдерiн жiберуге; 3) өз мүшелерiн Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiмен қамтамасыз етуге; 4) Әдеп кодексiн әзiрлеуге және оны қабылдауға; 5) аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылауды жүзеге асыруға; 6) аудиторлардың бiлiктiлiгiн арттырудың оқу бағдарламаларын әзiрлеуге және оны бекiтуге; 7) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен аудиторлардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiнде курстар өткiзуге, курстан өткенi туралы сертификаттар беруге; 8) мүшелер қабылдаған (шығып кеткен, шығарылған), сондай-ақ басқару жұмыс органының дербес құрамы өзгерген жағдайда, осы өзгерiстер туралы уәкiлеттi органға хабарлауға; 9) Бiлiктiлiк комиссиясына "аудитор" бiлiктiлiк куәлiгiнiң күшiн жою туралы ұсыныс енгiзуге; 10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органға өз қызметi туралы ақпарат беруге мiндеттi. 3 Кәсiби ұйым, егер: 1) өз мүшелерiнiң сапасын сыртқы бақылауға мiндеттi тексеру жүргiзбесе; 2) өз өкiлдерiн белгiленген мерзiм iшiнде Бiлiктiлiк комиссиясының құрамына жiбермесе; 3) кәсiби ұйым тарапынан өтiнiш жасалмай бiр жыл iшiнде кәсiби ұйымға мүше он аудиторлық ұйым аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензиясынан айырылса; 4) соңғы үш жыл iшiнде Аккредиттеу ережесiн жүйелi түрде (қатарынан екi реттен артық) бұзса; 5) уәкiлеттi органға өзi және өз қызметi туралы көрiнеу жалған ақпарат берсе; 6) уәкiлеттi органның ескерту жасаған себебi үш ай iшiнде жойылмаса, аккредиттеу туралы куәлiгiнен айырылады. Кәсiби ұйымдар уәкiлеттi органның шешiмiне сот тәртiбiмен шағым жасауға құқылы. № 5 дәріс Тақырыбы: «Аудитор» бiлiктiлiгiн беруге кандидаттарды аттестаттау Дәріс жоспары: 1 "Аудитор" бiлiктiлiгiн беруге кандидаттарды аттестаттау 2 Бiлiктiлiк комиссиясы 3 "Аудитор" бiлiктiлiк куәлiгiнiң күшiн жою 1 Жоғары бiлiмi бар және соңғы бес жыл еңбек стажының кемiнде үш жылында экономика, қаржы, бақылау-тексеру немесе құқық салаларында немесе жоғары оқу орындарында бухгалтерлiк есеп және аудит бойынша ғылыми- оқытушылық қызмет саласында iстеген адамдар аттестаттауға жiберiледi. Аттестаттаудан өткен адамдар "аудитор" бiлiктiлiгi берiлгенi туралы бiлiктiлiк куәлiгiн және бiлiктiлiк куәлiгiнiң нөмiрi, тегi, өз аты, сондай- ақ өзiнiң қалауымен - әкесiнiң аты көрсетiлген аудитордың жеке мөрiн алады. "Аудитор" бiлiктiлiгiн беру туралы шешiм Бiлiктiлiк комиссиясы айқындайтын мерзiмдiк баспасөз басылымдарында мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жарияланады. Аттестаттаудан өтпеген адамдар одан қайтадан өтуге Бiлiктiлiк комиссиясы белгiлеген тәртiппен жiберiледi. 2 Бiлiктiлiк комиссиясын оның құрылтайшылары болып табылатын кәсiби ұйымдар құрады және ол ереже негiзiнде жұмыс iстейдi. Бiлiктiлiк комиссиясы ұйымдық-құқықтық мекеме нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады. Бiлiктiлiк комиссиясының құрамы кәсiби ұйымдардың өкiлдерiн тең жiберу арқылы алқалы басқару органдарының шешiмiмен олардан айыру құқығымен құрылады. Бiлiктiлiк комиссиясының құрамына уәкiлеттi органның және уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша басқа да мүдделi мемлекеттiк органдардың өкiлдерi байқаушылар ретiнде кiре алады. Бiлiктiлiк комиссиясының төрағасы болып кәсiби ұйымдардың алқалы басқару органдарының ұсынуы бойынша комиссия мүшелерiнiң арасынан аудиторлық қызметпен айналысатын аудитор төрт жыл мерзiмге кезекпен сайланады. Бiлiктiлiк комиссиясының қызметiн қаржыландыруды және материалдық- техникалық қамтамасыз етудi кәсiби ұйымдар тең көлемде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен жүзеге асырады. Бiлiктiлiк комиссиясы аудиторлар тiзiлiмiн жүргiзедi. Бiлiктiлiк комиссиясы шешiм қабылданған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға "аудитор" бiлiктiлiгi берiлген не "аудитор" бiлiктiлiк куәлiгiнiң күшi жойылған адамдар туралы ақпаратты табыс етуге мiндеттi. 3 "Аудитор" бiлiктiлiк куәлiгiнiң күшiн Бiлiктiлiк комиссиясы: 1)дербес: - "аудитор" бiлiктiлiгiн беруге кандидаттарды аттестаттауға жiберу үшiн берiлген мәлiметтердiң дұрыс еместiгi анықталған; - сот тәртiбiмен аудитор әрекетке қабiлетсiз немесе оның әрекетке қабiлетi шектеулi деп танылған; үш ай iшiнде кәсiби ұйымға кiрмеген; - сот клиентке көрiнеу дұрыс емес аудиторлық есеп бердi деп таныған; аудиторлық қызметпен айналысуға сот тыйым салған жағдайда жояды; - кәсiби ұйымның ұсынысы бойынша: Бiлiктiлiк комиссиясы өзiне қатысты тексеру жүргiзу туралы шешiм қабылдаған аудитор тексерудiң сапалы жүзеге асырылуы үшiн барлық қажеттi құжаттарды бермеген; - аудит стандарттары мен Әдеп кодексiнiң талаптары сақталмаған жағдайда; Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын бұзған жағдайда уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша жояды. "Аудитор" бiлiктiлiк куәлiгiнiң күшiн жою туралы шешiм кәсiби ұйымдарға хабарланады және Бiлiктiлiк комиссиясы айқындайтын мерзiмдi баспа басылымында мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жарияланады. "Аудитор" бiлiктiлiк куәлiгiнiң күшi жойылған адамдар қайта аттестаттауға кем дегенде үш жыл өткеннен кейiн жiберiледi. Бiлiктiлiк комиссиясының "аудитор" бiлiктiлiк куәлiгiнiң күшiн жою туралы шешiмiне аудитор сот тәртiбiмен шағым жасауға құқылы. № 6-7 дәріс Тақырыбы: Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтары мен міндеттері Дәріс жоспары: 1 Аудиторлардың құқықтары мен міндеттері. 2 Аудиторлық ұйымдардың құқықтары мен мiндеттерi 3 Аудиттелетiн субъектiнiң құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі 4 Аудиторлық қызметті сақтандыру 1 Аудиторлар: 1) аудиттелетiн субъектiнiң аудит жүргiзуге арналған шарттың талаптарын орындау үшiн қажеттi бухгалтерлiк және өзге де қаржы-шаруашылық құжаттамасын алуға және тексеруге; 2) аудиттелетiн субъектiнiң лауазымды адамдарынан аудит барысында туындаған мәселелер бойынша ауызша және жазбаша нысандарда түсiндiрме алуға; 3) кәсiби ұйымдардың шешiмiне сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы. Аудиторлар: 1) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын, аудит стандарттарын, Әдеп кодексiн сақтауға; 2) үш жылда кемiнде бiр рет кәсiби ұйымдарда бiлiктiлiгiн арттыру курсынан өтуге; 3) бухгалтерлiк есеп жүргiзу мен қаржылық есептiлiк жасауда анықталған елеулi кемшiлiктер туралы ақпаратты аудиттелетiн субъектiге беруге; 4) "аудитор" бiлiктiлiк куәлiгiн алғаннан кейiн үш ай iшiнде кәсiби ұйымға кiруге және өзiнiң кiргенi туралы Бiлiктiлiк комиссиясына хабарлауға мiндеттi. 2 Аудиторлық ұйымдар: 1) аудит жүргiзу әдiстерiн дербес анықтауға; 2) аудит жүргiзуге арналған шарттың талаптарын орындау үшiн қажеттi бухгалтерлiк және өзге де қаржы-шаруашылық құжаттамаларын сұратып алуға және тексеруге; 3) Аудиторлық қызмет туралы заңның 24-бабында көрсетiлген тұлғаларды қоспағанда, әр түрлi бейiндегi мамандарды аудит жүргiзуге қатысуға шарттық негiзде тартуға; 4) аудиттелетiн субъект аудит жүргiзуге арналған шарттың талаптарын бұзған жағдайда аудит жүргiзуден не аудиторлық есептi беруден бас тартуға; 5) аудиттелетiн субъектiнiң қаржы-шаруашылық қызметтерiне байланысты құжаттамаларды толық көлемде, сондай-ақ осы құжаттамада есепке алынған мүлiктiң нақты бар-жоғын тексеруге құқылы. Аудиторлық ұйымдар: 1) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын, аудит стандарттарын, Әдеп кодексiн сақтауға; 2) сапаны сыртқы бақылауды жүргiзу үшiн жағдайлар жасауға, сондай-ақ аудиторлық ұйымның аудиторына, аудиторлық ұйымның қызметкерлерiне қатысты тағайындалған тексеру кезiнде жәрдемдесуге; 3) мемлекеттiк тiркелуден кейiн үш ай iшiнде кәсiби ұйымға кiруге; 4) кәсiби ұйымнан ерiктi түрде шыққаннан кейiн бiр ай iшiнде басқа кәсiби ұйымға кiруге; 5) Аудиторлық қызмет туралы заңның 24-бабында көрсетiлген мән- жайлардың салдарынан аудит жүргiзудiң мүмкiн еместiгi туралы хабарлауға; 6) бухгалтерлiк есеп жүргiзу мен қаржылық есептiлiк жасауда анықталған елеулi кемшiлiктер туралы ақпаратты аудиттелетiн субъектiге беруге; 7) өздерi мүшесi болып табылатын кәсiби ұйымды аккредиттеуден айырған кезде үш ай iшiнде басқа кәсiби ұйымға кiруге; 8) аудит жүргiзу мiндеттi болып табылатын қаржылық ұйымдарға аудит жүргiзу нәтижесiнде айқындалған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы аудиттелетiн субъектiлердi хабардар ете отырып, қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға хабарлауға; 9) Лицензиялау ережесiне сәйкес уәкiлеттi органға есептiлiктi, сондай- ақ уәкiлеттi орган бекiткен нысан бойынша өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру жөнiндегi ақпаратты беруге мiндеттi. Мемлекеттiк органдардың, аудиттелетiн субъектiлердiң және кез келген үшiншi тұлғалардың аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қызметiне заңсыз араласуына жол берiлмейдi. 3 Аудиттелетiн субъект: - аудиторлық ұйымнан аудит жүргiзуге қатысты заңнаманың талаптары туралы қажеттi ақпарат алуға; - аудиторлық ұйымның ескертпелерi мен қорытындыларына негiз болған нормативтiк құқықтық актiлермен танысуға; - аудиторлық ұйымнан қаржылық есептiлiктiң, басқа да ақпарат пен өзге де құжаттардың заңнамаға сәйкес келмейтiнi анықталғаны туралы ақпарат алуға; - аудиторлық ұйым шарт талаптарын бұзған жағдайда оның көрсететiн қызметiнен бас тартуға құқылы. Аудиттелетiн субъект: - аудиторлық ұйымға уақтылы және сапалы аудит жүргiзуi үшiн жағдай жасауға, қажеттi құжаттамаларды табыс етуге, ауызша немесе жазбаша нысанда түсiндiрме және түсiнiк беруге; - егер шартта өзгеше көзделмесе, аудитке тиiстi мәселелер ауқымын шектеу мақсатында аудиторлық ұйымның қызметiне араласпауға; - аудиторлық ұйымның талап етуi бойынша қажеттi ақпарат алу үшiн үшiншi тұлғалардың атына өз атынан жазбаша сауал жолдауға мiндеттi. Аудиторлық ұйымның шарт бойынша мiндеттемелерден туындайтын талаптарын орындау аудиттелетiн субъект үшiн мiндеттi. Аудиттелетiн субъект аудиторлық ұйымға аудит жүргiзу үшiн берген қаржылық есептiлiк пен өзге де ақпараттың толымдылығы мен дұрыстығы үшiн жауапты болады. Мiндеттi аудит жүргiзуден жалтарған не оны жүргiзуге кедергi жасаған, не оны жүргiзудi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қамтамасыз етпеген заңды тұлғаның басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. Аудит жүргiзу аудиттелетiн субъектiнi табыс етiлген қаржылық есептiлiктiң және өзге де құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмегенi үшiн жауаптылықтан босатпайды. 4 Аудиторлық ұйымдар аудиттi жүзеге асыру кезiнде мүлiктiк зиян келтiрудiң салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру шартын жасасуға мiндеттi. Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. № 8 дәріс Тақырыбы: Аудиттің мамандық этикасы Дәріс жоспары: 1 Кәсіби аудиторларға қойылатын талаптар Кәсіби аудиторларға этикалық тұрғыдан өзін-өзі ұстау мәнері аса маңызды болып табылады. Бизнес саласында екі әдептілік аспект бар – жалпы әдеп (рухани аспект) және кәсіби әдеп (іс-тәжірибелік аспекті). Әдеп кең мағынада өнегелік принциптері мен нормаларының жүйесі, жеке тұлға, қандай да бір қоғамның немесе кәсіби топтағы адамдардың өзін өзі ұстау әдепі ретінде баяналады. Іс жүзінде әр түрлі әдептілік нормалары мен ережелердің түрлері, оның ішінде аудиторлардың, дәрігерлердің, заңгерлердің, әскерилердің және т.б. кәсіби кодекстері бар. Кәсіби бухгалтерлердің халықаралық Федерациясының (КБХФ) “Кәсіби аудиторлардың этикалық кодексінен” бірқатар үзінділерді келтірейік. Мақсаттары. Аталмыш кодекске сәйкес аудитордың кәсібі төмендегі мақсаттарды көздейді: - ең жоғары стандарттардың талаптарына сай жұмыс істеу; - қоғамның мүддесі соны талап ететіндіктен, ең жоғары кәсіби деңгейге жету. Кодекстің негізгі принциптері: Сенімділік – қоғамға дұрыс ақпараттар және сенімді ақпараттық жүйелер қажет. Кәсіптенгендік – қоғамда клиенттер, жұмыс берушілер және басқа да мүдделі жақтар бухгалтерлік есеп саласында кәсіптенген маман ретінде көрсете алатын тұлғаларға деген қажеттілік бар. Қызметтердің сапасы – аудиторлар көрсететін барлық қызметтердің ең жоғары стандарттарға сай келетіндігіне кепілдік қажет. Нанымдылық (көз жеткізгендік) – аудиторлардың кәсіби қызметін пайдаланушылар көрсетілген аудиторлық қызметтерді реттейтін кәсіби этиканың тұжырымдамалық негізі бар екендігіне көз жеткізген болуға тиіс. Негіз болатын принциптер. Бухгалтерлік кәсіптің мақсаттарына қол жеткізу үшін кәсіби аудиторлар бірқатар ұйғарымдарды немесе негіз болатын принциптерді сақтауға тиіс. Оларға төмендегілер жатады: Адалдық – кәсіби аудитор өзінің кәсіби қызметін адал атқаруға тиісті. Әділдік (объективтілік) – кәсіби аудитор әділ болуға және қате түсініктерді немесе қате қарым-қатынастарды, мүдде қақтығыстарына немесе әділдікті ескермеуге бағытталған қандай да бір әсер етуші факторларды болдырмауға тиісті. Кәсіби жетік білімділік және тиісті ұқыптылық – кәсіби аудитор өзінің кәсіби қызметтерін тиісті ұқыптылықпен, жетік біліммен және зор зейінмен көрсетуге, сонымен бірге ол клиентке немес жұмыс берушіге өзінің кәсіби білімін іс-тәжірибенің, заңнамалардың, әдіснамалардың соңғы жетістіктеріне негізделген, жетік білімді кәсіби қызмет көрсетуді кепілдендіретін деңгейге дейін тұрақты түрде көтеріп отыруға міндетті. Ақпараттардың құпиялығын сақтау – кәсіби аудитор өзінің кәсіби қызметін көрсету кезінде алынған ақпараттардың құпиялығына құрметпен қарауға тиісті және кез-келген ондай ақпараттарды (заңдық немесе кәсіби құқық не болмаса міндет ондадай ақпараттарды жариялауды талап есетін жағдайларды қоспағанда) тиісті арнайы рұқсатсыз пайдаланбауға және жария етпеуге тиісті. Кәсіби мінез құлық – кәсіби аудитор өз кәсібінің беделін түсіретін мінез-құлықтардан аулақ болуға тиісті, яғни оның мінез-құлқы осы кәсіптің беделіне сай іс-әрекеттер мен әдістерге сәйкес болуға тиісті. Бухгалтерлердің халықаралық федерациясына қатысушы ұйымдардан этикалық принциптерді жасау (құру) кезінде кәсіби аудитордың өз клиентерінің, үшінші жақтардың, аудиторлық кәсіптің басқа мүшелерінің, персоналдың, жұмыс берушілердің және қоғамның алдындағы жауапкершіліктерінің мөлшерін қарастыру талап етіледі. Техникалық стандарттар – кәсіби аудитор техникалық және кәсіптік стандарттарға сәйкес кәсіби қызмет көрсетуге тиісті. Кәсіби аудиторлар клиенттердің немесе жұмыс берушілердің нұсқауларын тиісті ұқыптылықпен және шеберлікпен орындауға міндетті. Одан басқа аудиторлар кәсіби бухгалтерлердің халықаралық федерациясы жасап ұсынған (мысалы, халықаралық аудит стандарттары), бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары жөніндегі комитет, басқа да реттеуші органдар жасаған, тиісті заңдарға сәйкес жасалынған техникалық және кәсіптік стандарттардың талаптарын сақтауға тиісті. № 9 дәріс Тақырыбы: Аудиторлық дәлелдеулер және оның түрлері Дәріс жоспары: 1 Аудиторлық дәлелдеудің түсінігі және түрлері 2 Аудиторлық процедуралар және олардың сипаттамасы 3 Аудиторлық дәлелдеулерді алу көздері 1 Тексеріс кезінде алынған аудиторлық дәлелдеулері тура және жанама болып екі түрге бөлінеді. Тура дәлелдеулер – алғашқы құжаттармен және есеп тіркемелерімен расталған куәлік. Жанама дәлелдеулерге осы мәселе бойынша фактілерге тікелей қатысы жоқ куәліктер жатады. Мысалы тексерілген ұйымның қаржылық есептілігінде мәнді қателіктердің болмауы ішкі аудит жүйесінің сенімділігінің жанама куәлігі. Аудиторлық дәлелдеулер сыртқы, ішкі және аралас болады. Ішкі аудиторлық дәлелдеулерді клиенттен алады. Үшінші жақтан және басқа ұйымдардан алынған болса ақпарат сыртқы дәлелдеу болып саналады. Клиенттен алынған сыртқы ақпарат көзімен дәлелденген ақпарат аралас дәлелдеулерге жатады. Сыртқы дәлелдеулер анағұрлым құнды және сенімді болып табылады (мысалы, клиенттің банктік шотынан алынған үзінділер). Одан кейін аралас дәлелдеулерді, ең соңында ішкі дәлелдеулерді атауға болады. Аудиторлық дәлелдеулердің сапасы оларды алу көзіне тәуелді болады. Олар құжаттардан, клиенттің қызметкерлері мен үшінші тұлғаларды ауызша сұрау арқылы және кәсіпорында есептік және басқа да операциялардың орындалу барысын тікелей аудитордың қадағалау арқылы алынуы мүмкін. Сенімділігі мен шынайылығы жағынан аудитордың өзі алған ақпарат құнды болып келеді. Құжаттық дәлелдеулер мен клиенттің жазбаша түсініктемесі ауызша алынған дәлелдеулерден сенімдірек болады. Егер де аудитор әр түрлі көздерден алынған дәлелделерді жұмыс барысында қолданса, онда аудиттің дұрыс шешім қабылдамау тәуекелділігі азаяды. Егер де бір ақпарат көзінен алынған дәлел екінші ақпарат көзінен алынған дәлелге қарама-қайшы келсе, онда аудитор ақпарат жинаудың тереңдетілген процедураларын пайдалануы керек, сөйтіп, жиналған дәлелдеулердің шынайылығына және қабылдаған шешімінің негізділігіне сенімді болады. Егер аудитор аудиторлық дәлелдеулерді жеткілікті түрде жинай алмайтын болса, онда ол бұл фактіні өзінің есебі мен қорытындысында көрсетуі керек. 2 Аудитор тексеріс кезінде аудитор қаржылық есептілік ұйымның шынайы қаржылық жағдайын дұрыс бейнелейтіндігіне кепілдеме алу үшін белгілі бір процедуралар орындайды. Аудиторлық процедуралар деп аудиттің әрбір сатысында қандай да бір куәлік түрлерін жинау ерекшеліктерінің нақты нұсқаулықтарын айтады. Дәлелдеулер жинау барысында аудитор келесі процедураларды қолдануы керек: • нақты тексеріс, • растау, • құжаттық тексеріс, • қадағалау, сұрау, • механикалық дәлдікті тексеру, • талдау тестілері, • сканерлеу, • зерттеу, • арнайы тексеру, • сараптау, • қарсы тексеру және басқалары. Жинақталған аудиторлық дәлелдеулер аудитордың жұмыс құжаттарында бейнеленеді. 3 Аудиторлық дәлелдеулерді алу көздеріне мыналар жатады: 1) қаржылық есептілік; 2) бухгалтерлік тіркелімдер (есептік және бақылау); 3) экономикалық субъектінің және үшінші жақтардың алғашқы құжаттары; 4) статистикалық есептілік; 5) салық салу бойынша есеп беру; 6) жарғылық құжаттар, келісім-шарттар, бұйрықтар мен басқа да әкімшілік құжаттар; 7) қаржылық- шаруашылық қызметтің нәтижелерін талдау; 8) субъекті қызметкерлерінің және үшінші тұлғалардың ауызша берген деректері; 9) субъектінің құжаттарын бір-бірімен салыстыру, және де ұшінші тұлғалардың құжаттарымен салыстыру; 10) түгендеу нәтижелері; 11) басқармаға жазбаша және ауызша түрде түсініктеме беруі туралы сұрау жазу. Сонымен, аудиторлық қорытынды жасауға негіз болатын аудитордың қорытынды пікірлерін тұжырымдау процессінде пайдалануға алатын ақпараттары, яғни аудиторлық дәлелдеулері жеткілікті, толық, анық және сенімді болуы қажет. Аудиторлық дәлелдеулердің сапасы, сенімділігі оларды алу көздеріне және ақпараттың сипатына байланысты. № 10 дәріс Тақырыбы: Аудиторлық мәнділік Дәріс жоспары: 1. Мәнділік туралы түсінік және мәнділік деңгейін анықтау 2. Қателіктердің мәнділігін бағалау және оның аудиттегі маңызы 1 Мәнділік деңгейі деп бухгалтерлік есептілікте кездесетін, білікті пайдаланушыны дұрыс қорытынды жасау және дұрыс экономикалық шешім қабылдау мүмкіндігінен жоғары ықтималдықпен айыратын қателіктің шекті шамасын айтады. Мәнділік деңгейінің абсолютті мәнін анықтағанда аудитор субъектінің есептілігінің шынайылығын сипаттайтын неғұрлым маңызды көрсеткіштерін негізге алуы керек. Олар бухгалтерлік есептіліктің базалық көрсеткіштері деп аталады. Кәсіпорын қызметінің салалық ерекшеліктеріне қарай базалық көрсеткіштер жиынтығы әр түрлі болып келеді. Аудиторлық ұйым базалық көрсеткіштерден ауытқу пайызын, яғни жіберілетін үлесін бекітеді (неғұрлым мәнділеріне – екі пайыз, мәнділігі аздарға – бес пайыз). Базалық көрсеткіштер жүйесі мен мәнділік деңгейін анықтау тәртібі құжатта көрініс тауып, тұрақты қабылданады. Кейбір жағдайларда олар өзгеріске ұшырауы мүмкін. Нақты тексеріс үшін мәнділік деңгейінің жалпы бір көрсеткішін, сонымен бірге, әрқайсысы бухгалтерлік есептің, баланс баптарының немесе есептілік көрсеткіштерінің белгілі бір тобын бағалауға арналған мәнділік деңгейінің әр түрлі мәндер жиынтығын есептеп шығаруға болады. Аудиторлық тексеріс жүргізу барысында аудитор қателіктерді анықтап, олардың қандай-да бір базалық көрсеткіштер шамасының сомасын анықтайды және бұл шаманы мәнділік деңгейінің тиісті көрсеткіштерімен салыстырып, табылған қателіктердің қаржылық еесптілікке әсері туралы қорытынды жасайды. Аудиторлық ұйымдар тексеріс жүргізу барысында есептіліктің шынайылығын абсолютті нақтылықпен анықтауға міндетті емес, алайда барлық маңызды жағдайларда олардың шынайылығын міндетті түрде анықтауы тиіс. Аудитор мәнділіктің сапалық және сандық жағына назар аударуы керек. 2 Сапалық жағынан аудитор өзінің кәсіби пікірін тексеріс барысында айқындалған экономикалық субъект жүзеге асырған қаржылық және шаруашылық операцияларын орындау тәртібінің Қазақстан Республикасының нормативті актілерінің талаптарынан ауытқуы мәнді немесе мәнді емес екендігін анықтауға бағыттауы тиіс. Сандық жағынан аудитор табылған ауытқулардың әрқайсысы және олардың сомасы сандық өлшемнен-мәнділік деңгейінен басым түсуіне баға беруі қажет. Мәнділік деңгейін бекіту үшін аудитор бірнеше қадамдық процедураларды жүзеге асырады: 1 қадам. Мәнділік туралы алдын-ала пайымдау 2 қадам. Мәнділік туралы алдын-ала пайымдауды сегменттер бойынша қолдану 3 қадам. Сегменттегі жалпы қателіктерді бағалау 4 қадам. Сомалық қателіктерді бағалау 5 қадам. Сомалық бағаны мәнділік туралы алдын-ала пайымдаумен салыстыру. Егер де бір уақытта біріншіден, аудит барысында белгіленген және болжанған қателердің жалпы сомасы мәнділік деңгейінен біршама аз болса және екіншіден, аудитордың кәсіби пайымдауы бойынша субъектінің есеп жүргізу және есептілік әзірлеу тәртібінің тиісті нормативті құжаттардың талаптарынан ауытқуларының сапалық айырмашылықтары елеусіз болса, онда аудитор тексерілетін субъектінің есептілігі барылық маңыздылығы жағынан шынайы болып табылады деген шешімге келе алады. Алайда жоғарыда аталған жағдайлардың тым болмаса біреуі орындалмаса, онда субъектінің қаржылық есептілігі сенімді болып табыла алмайды. Аудит барысында мынандай жағдайлар да туындауы мүмкін: 1. қаржылық есептілікте анықталған және болжанған қателердің жалпы сомасы мәнділік деңгейінен басым немесе азырақ, бірақ жалпы алғанда мәнділік деңгейінің шамасына жақын болады. 2. субъектінің есеп жүргізу және есептілік әзірлеу тәртібі мен тиісті нормативті құжаттардың талаптары арасында айырмашылықтар болса да, анықталған айырмашылықтар мәнді боп табылмайды. Мұндай жағдайда аудитор өзінің кәсіби пікіріне сүйене отырып, осы жағдай бойынша тексерілген қаржылық есептілікте мәнді заң бұзушылықтардың болуы туралы шешім қабылдау немесе қабылдамау жауапкершілігін алуға немесе аудиторлық есепке тиісті ескертулерді кіргізу туралы қорытынды жасауға міндетті. Бұл ретте оқиғаны дәл анықтау үшін қосымша аудиторлық процедуралар жүргізу қажет болуы мүмкін. № 11 дәріс Тақырыбы: Аудиторлық тәуекелдік Дәріс жоспары: 1. Аудиторлық тәуекелдік және оның компоненттері 2. Маңыздылық деңгейі мен аудиторлық тәуекелділік арасындағы өзара байланыс 1 Аудиторлық тәуекелділік және оның компоненттері Аудиттің мақсаты мен міндеттерін анықтағаннан кейін аудиторлық тәуекелділік деңгейін анықтау қажет. Аудиторлық тәуекелділік - бұл аудит аяқталғаннан кейін және оң аудиторлық қорытынды берілгеннен кейін аудитордың өз жауапкершілігіне алатын, қаржылық есептілікте мәнді қателіктер шығып қалу тәуекелділігінің субъективті түрде бекітілген деңгейі. Аудиторлық тәуекелділік субъектінің қаржылық есептілігінде оның шынайылығын растағаннан кейін анықталмай қалған мәнді қателіктердің болу ықтималдығын немесе іс жүзінде мұндай қателіктер болмаса да, есептілікте қателік бар деп тануды білдіреді. Аудитор жұмыс барысында осы тәуекелділіктерді максималды түрде анықтап, бағалауы тиіс және бағалау нәтижелерін құжатқа түсіруі керек. Тәуекелділікті бағалағанда аудитор тәуекелділіктің келесі шектерін пайдалана алады: а) жоғарғы; ә) орта; б) төменгі. Аудиторлық ұйымдар өз қызметінде тәуекелділіктерді бағалау барысында шектеулердің жоғарыда аталған түрлерінен басқа да көптеген шектеулерді қолдану туралы шешім қабылдауы мүмкін. Немесе тәуекелділіктерді бағалауға сандық көрсеткіштерді (пайыздар немесе бірлік үлестерін) пайдалана алады. Яғни аудиторлық тәуекелділік приоритеттер шектері бойынша өлшенуі не болмаса, 0-ден 1-ге дейін ықтималдықты есептеп шығарылуы мүмкін. Аудиттің шетелдік тәжірибесі бойынша бұл тәуекелділік минималды болуы керек және 0,01 немесе 1 пайыз болуы тиіс. Аудитор тексеріс барысында аудиторлық тәуекелділікті минималды деңгейіне дейін жеткізуге ұмтылуы керек және ол үшін тиісті шаралар қолданады. Тексеру процесінде аудитор клиент туралы қосымша ақпарат алып, аудиторлық тәуекелдік деңгейін бағалау жөніндегі ойын өзгерте алады. № 400 «Тәуекелдікті бағалау және ішкі бақылау» ХАС- ында тәуекелдікке анықтама берілген(2). «Аудиторлық тәуекелдік- қаржылық есеп беру елеулі бұрмаланған жағдайда, аудитор сай келмейтін аудиторлық қорытынды береді дегенді білдіреді». Аудиторлық тәуекелділіктің үш компоненті бар: а) бөлінбейтін немесе ішкі шаруашылық тәуекелділік; б) бақылау құралы тәуекелділігі; в) айқындамау тәуекелділігі. Ішкі шаруашылық тәуекелділігі Ішкі шаруашылық тәуекелділік – бұл ішкі шаруашылық аудит іске асырылмайды деген ұйғарыммен қаржылық есептіліктің мәнді қателіктерге бейім болуы. Егер де аудитор ішкі шаруашлық аудит факторын ескермей жоғарғы ықтималдықпен қателердің болуы туралы қорытынды жасаса, онда ол дәл солай жоғарғы ықтималдықта ішкі шаруашылық тәуекелділігі бар деген қорытындыға келеді. Ішкі шаруашылық тәуекелділік деңгейін бекіту кезінде ішкі шаруашылық аудитке назар аударылмайды. Өйткені, ол аудиторлық тәуекелділіктің моделіне бақылау тәуекелділігі деп аталатын жеке элемент ретінде кіреді. Бақылау тәуекелділігі Бақылау тәуекелдігі- бухгалтерлік есеп процесінде клиент байқамаған қателердің болу ықтималдығын білдіреді. Себебі бақылаудың ешбір құрылымы 100 %- ға тиімді бола алмайды. Сондықтан, әдетте белгілі бір тәуекелді бақылаудың кез келген құрылымымен байланыстырады: тиімді құрылымдар салыстырмалы түрде төмен тәуекелге, тиімділігі аздаулар салыстырмалы түрде төмен тәуекелге, тиімділігі аздаулар салыстырмалы жоғары тәуекелге ие болады. Бақылау құралдарының тәуекелділігі кәсіпорынның бухгалтерлік есебі мен ішкі бақылау жүйелерінің сенімділік дәрежесін сипаттайды. Бақылау құралдарының сенімділігі мен бақылау құралдарының тәуекелдігі өзара толықтырушы категориялар болып табылады: • Сенімділіктің жоғары дәрежесіне төмен тәуекелдік сай келеді; • Сенімділіктің орта дәрежесіне орта тәуекелділік сай болады; • Сенімділіктің төмен дәрежесіне жоғары тәуекелділік сай болады. Аудитор бақылаудың белгілі бір құралдары жөніндегі өз пікірін дайындау кезінде үлкен сенімділік дәрежесіне сүйенуге қаншалықты ұмтылса., аудитор олардың сенімділігі мен тиімділігін соншалықты мұқият дайындауы керек. Айқындамау тәуекелдігі Айқындамау (қателерді) тәуекелдігі- бұл жиынтығында дәл емес немесе дұрыс емес мәліметтердің елеулі көлемде жиналуы және оларды аудитор талдамалық рәсімдер кезінде де, мән бойынша жан- жақты тексеру кезінде де байқамай қалуы мүмкін деген болжам. Олар бір- бірін толықтыратындықтан, олардың бірінің нәтижесінде туындаған сенімділік, аудитордың басқа тексеру нәтижесінде алатын кепілдемесінің қажеттілігін пропорционалды азайтады. Аудиторлық тәуекелдік пен айқындамау тәуекелдігі арасында тікелей тәуекелдік, сонымен бірге аудиторлық тәуекелдік пен жинақталуы қажет дәлелдердің жоспарланған саны арасында кері тәуекелділік бар. Аудиторлық тәуекелдікті төмендету үшін келесідей пікір әрекет етеді: аудитор толық зерттеуге арналған элементтері қанша көбірек тексерсе, іріктеме көлемі сонша көп болады. Мысалы, егер аудитор талдамалық рәсімдерді тексеру мен елеулі элементтерді толық тексеруге акцент жасағысы келсе, іріктеме көлемі төмен болады және керісінше. Кез келген аудиторлық тексерудің басты міндеті- аудитті аяқтаған кезде жиынтық аудиторлық тәуекелдік минималды төмен деңгейге жеткізілетіндей немесе керісінше, сенімділік деңгейі аудиторға қаржылық есептеме нақтылығы бойынша пікір білдіру үшін жоғары болатындай сенімділік деңгейіне дейін жететіндей етіп жекелеген шоттар немесе шаруашылық операциялар бойынша аудиторлық тәуекелділікті шектеу. 2 Маңыздылық деңгейі мен аудиторлық тәуекелділік арасындағы өзара байланыс Маңыздылық пен аудиторлық тәуекелділік деңгейі арасында кері өзара байланыс бар. Маңыздылық деңгейі жоғары болған сайын, аудиторлық тәуекелділік төмен болады және керісінше. Егер, мысалы, маңыздылық деңгейі төмен болса, аудиторлық тәуекелділік деңгейі өседі және аудитор, бақылау тәуекелдігі деңгейін төмендету мақсатында (бақылау рәсімдерінің жеткіліксіздігі тәуекелі) не қосымша бақылау тестерін жүргізу, не мән бойынша тексеру рәсімін өсіру арықлы бұның орнын толтыра алады. Бизнес тәуекелі осы клиентке ұсынылған аудиторлық қорытынды әділ болғанына қарамастан аудитордың клиентпен ара қатынасы сәтсіз болуы мүмкіндігінде болып отыр. Аудит практикасында аудиторлық тәуекелділігі бағалаудың екі негізгі әдісі қолданылады: • Сезгіштік • Сандық Сезгіштік әдіс аудитор тәжірибе мен клиент бизнесін білу негізінде қаржылық есеп беру немесе шаруашылық операциялар бойынша жалпы аудиторлық тәуекелділікті жоғары, орташа, төмен деп анықтауда болады. • Төмен тәуекелділік - ішкі бақылау жүйесін аудиторлық фирма тиімді ретінде бағалаған, бірақ аудитор мүмкін қателерді табуға қажетті сай процедураларды жоспарлай отырып, оған толық сенбеген жағдайда болады; • Орта тәуекелділік - ішкі бақылау жүйесін аудиторлық фирма тиімсіз деп бағалаған кезде болады және аудитор жан- жақты рәсімді жоспарлады; • Жоғары тәуекелділік- клиенттің ішкі бақылау жүйесі жоқ кезде негізінен біртұтас тексеру жоспарланады. Сандық әдіс аудиторлық тәуекелділік моделі негізінде есеп айырысуды көздейді. Халықаралық тәжірибеде пайдаланылатын ең кең тараған модель келесі формуламен есептеледі: АТ= БТ*БқТ*АқТ Мұндағы АТ- аудиторлық тәуекелдік БТ- бөлінбейтін тәуекелділік БқТ- бақылау тәуекелдігі АқТ- айқындамау тәуекелдігі Мысалы, аудитор бөлінбейтін тәуекелділікті 80 пайыз, бақылау тәуекеділігін 50 пайыз, айқындамау тәсілін 10 пайыз деп бағалайды. Осы шамалар негізінде аудитор аудиторлық тәуекелділіктің 4 пайыздық шамасын ала алады. Айқындамау тәуекелділігі көп дәрежеде аудитор кәсіпқойлығын сипаттайтындықтан, оған аудиторлық тәуекелділік моделінен осы тәуекелділікті анықтау дұрыс болады: АқТ= АТ/ БТ*БқТ Аудитор аудиторлық тәуекелділікті 5 пайыз, бөлінбес тәуекелділікті 80 пайыз, бақылау тәуекелділігін 50 пайыз деңгейлерінде қойды делік. Сонымен айқындамау тәуекелділігі 12,5 пайызды құрайды. Аудиторлық дәлелдемелердің қажетті саны айқындамау тәуекелдігі деңгейіне кері пропорционалды болады. Айқындамау тәуекелділік моделін зерттеудің ең жалпы тәсілі аудиторлық тәуекелділік комопненттері мен аудиторлық тәуекелділік деңгейі, қажетті аудиторлық дәлелдемелердің саны мен сапасы арасындағы өзара байланысты бақылауда болып табылады. Аудиторлық тәуекелділік моделін қолдану аудитордан осы өзара байланыстар мен аудит жүргізілетін субьектіге тән қасиеттерді ескере отырып, тәуекелділік компоненттерінің әрқайсысының мазмұнына терең түсінуді талап етеді. Сонымен, аудиттегі мәнділік және аудиторлық тәуекелділік аудиторлық қызметтің маңызды аспектілерінің бірі. Мәнділік деңгейі деп бухгалтерлік есептілікте кездесетін, білікті пайдаланушыны дұрыс қорытынды жасау және дұрыс экономикалық шешім қабылдау мүмкіндігінен жоғары ықтималдықпен айыратын қателіктің шекті шамасын айтады. Ал аудиторлық тәуекелділік оң аудиторлық қорытынды жасалғаннан кейін қателіктердің шығып қалу ықтималдылығы. Аудиторлық тәуекелділіктің болуы аудиторлық фирмалардың кәсіби жауапкершілігін сақтандыру мәселесін туындатады. № 12-13 дәрістер Тақырыбы: Экологиялық аудит Экологиялық аудитормен немесе экологиялық аудиторлық үйыммен экологиялық аудит жүргізуге шарт жасасқан жеке немесе заңды түлға аудиттелетін субъект болып табылады. Экологиялық аудит аудиттелетін субъектілердің қоршаған ортаға әсер ету туралы есептілігіне талдау жасау жолымен жүргізіледі. Экологиялық аудитті жүргізу кезінде: қоршаған ортаға әсер туралы үсынылған есептіліктің дүрыстығын тексеру; өндірістік мониторинг пен бақылау жүйесінің экологиялык талаптарға сәйкес келуін бағалау; қызметкерлердің біліктілік деңгейін бағалау мақсатында арнайы зерттеулер мен өлшемдер жасалуы мүмкін. Экологиялық аудиторлар, экологиялық аудиторлық үйымдар жэне аудиттелетін субъектілер арасындағы қарым- қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сэйкес экологиялық аудит жүргізуге арналған шарттың негізінде туындайды. Экологиялық аудит түрлері жэне оны жүргізу үшін негіздер Міндетті аудит жэне бастамашылық аудит экологиялық аудиттің түрлері болып табылады. Жеке жэне заңды түлғаларға қатысты міндетті экологиялық аудит жүргізуге: 1) жеке жэне заңды түлғалардың шаруашылық жэне өзге де қызметінен қоршаган ортаға келтірілген, қүжат бойынша расталған елеулі залал; 2) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын табиғат пайдаланушыны заңды түлганы қосу, бөлу жэне бөліп шығару түрінде қайта үйымдастыру; 3) шаруашылық жэне өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын табиғат пайдаланушы - заңды түлғалардың банкроттыққа үшырауы негіз болып табылады. Бастамашылық экологиялық аудит бастамашының жэне экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық үйымның арасындагы экологиялық аудитті жүргізуге арналған шартта көзделген экологиялық аудиттің нақты міндеттері, мерзімдері мен көлемі ескеріле отырып, аудиттелетін субъектінің не оған қатысушының бастамасы бойынша жүргізіледі. Мүдделі жеке және (немесе) заңды түлғалар, сақтандыру үйымдары, инвесторлар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жэне өзге де мемлекеттік органдар экологиялық аудитке тапсырыс берушілер болуы мүмкін. Экологиялық аудитгі жүргізу Экологиялық аудит экологиялық аудитті жүргізу жоспарына сәйкес жүргізіледі, оны экологиялық аудитор осы баптың 2-тармағының талаптарын ескере отырып жасайды жэне ол тапсырыс берушімен жэне аудиттелетін субъектімен келісіледі. Экологиялық аудит жүргізуді жоспарлау кезінде тараптар экологиялық аудиторлар палатасы бекіткен, үсынымдық сипатта болатын экологиялық аудитті жүргізу жоспарының үлгілік нысанын басшылыққа алады. Экологиялық аудитті жүргізудің сатылары мыналар: 1) аудиттелетін субъектімен алдын ала танысу; 2) аудит жүргізу жоспарын әзірлеу; 3) қажетті ақпаратты жинау жэне жүйелеу; 4) аудиттелетін субъектіні қарап тексеру жэне оның қызметкерлеріне сауал жүргізу; 5) арнайы зерттеулер көлемін айқындау; 6) арнайы зерттеулер жүргізу; 7) экологиялық тэуекелдерді айқындау; 8) экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру жөнінде үсыныстар эзірлеу; 9) экологиялық аудиторлық есеп жасау болып табылады. Экологиялық аудит жүргізудің жоспарын эзірлеу үшін экологиялык аудитор аудиттелетін субъектінің ерекшеліктерімен алдын ала танысады. Қажетті ақпаратгы жинау мен жүйелеу аудиттелетін субъектіде жэне өзге де үйымдарда жүргізіледі. Ақпарат қүрамына: 1) қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі нормативтік қүқықтық актілердің аудиттелетін субъектінің қызметіне қатысты талаптары; 2) аудиттелетін субъект орналасқан ауданның картасы жэне карта-схемасы; 3) егер бар болса, аэрофотосуреттердің нэтижелері; 4) аудиттелетін субъектіні баскарудың әкімшілік қүрылымы; 5) егер бар болса, аудиттелетін субъектідегі қоршаған ортаны қорғау қызметі туралы ереже; 6) экологиялық рүксат; 7) аудиттелетін субъектінің коршаған ортаны қорғау бойынша соңғы бес жылдағы есебі; 8) өндірістік экологиялық бақылауды жүргізу жөніндегі есептілік; 9) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уэкілетті органның соңғы үш жылда тексерулер жүргізуі туралы хаттамалардың көшірмелері; 10) егер бар болса, аудиттелетін субъектінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы бағдарламасы; 11) апатты жағдайлардың алдын алу жэне олардың зардаптарын жою жөніндегі іс-шаралар жоспары; 12) қабылданган толықтырулармен қоса, аудиттелетін субъектінің қоршаған ортаға эсер етуін бағалау; 13) шығарындыларды, төгінділерді түгендеу жөніндегі ағымдағы кезеңдегі есеп; 14) жол берілетін шекті шығарындылар мен төгінділердің, қалдықтарды орналастырудың ағымдағы кезеңде қолданыста болатын нормативтерінің жобалары; 15) субъект қызметінің экологиялық-экономикалық аспектілері туралы деректер; 16) бүган дейінгі экологиялық аудиторлық есептердің көшірмелері; 17) аудиттелетін субъектінің эсері болатын аудандағы мемлекеттік экологиялык мониторингтің деректері; 18) аудиттелетін субъектінің қызметіне байланысты азаматтардың жэне қогамдық бірлестіктердің өтініштері туралы мәліметтер кіреді. Аудиттелетін субъектіні қарап тексеру жэне оның қызметкерлеріне сауал жүргізу қүжаттаманың аудиттелетін субъектінің нақты жай-күйіне сэйкес келуін бағалау, аудиттелетін субъект мамандарының біліктілігін айқындау, аудиттелетін субъект қызметінің тиімділігін жақсарту үшін үсыныстар эзірлеу мақсатында жүргізіледі. Қарап тексеру барысында: 1) аудиттелетін субъектінің жоспар-схемаға жэне жалпы технологиялық сипаттамаға сәйкес келуі; 2) аудиттелетін субъектінің қүжаттамасында қоршаған ортаға әсер ету көздері көрсетілуінің толымдылығы; 3) аудиттелетін субъектінің ықтимал эсер ету аумағының жай-күйі; 4) қоршаған ортаға ықтимал эсер ету туралы қүжаттамаға енгізілмеген мэн-жайлардың болуы; 5) өндірістік объектілерде есепке алу жэне өзге де кажетті қүжаттаманың болуы мен толымдылығы; 6) объектіні пайдалану процесінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі техникалық талаптардың сақталуы; 7) өндірістік экологиялық бақылауды жүргізуге қойылатын талаптардың сақталуы анықталуға тиіс. 7. Аудиттелетін субъектінің қызметкерлеріне сауал қою барысында: 1) қоршаған ортаны қорғау үшін мәні бар мэселелер бойынша қызметкерлердің біліктілік деңгейі; 2) есептілік құжаттаманы жүргізудің объективті болуын растау үшін кажетті ақпарат; 3) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нормативтік қүқықтық актілер талаптарының бүзылу жағдайлары жэне оларды болдырмау жөніндегі шаралар туралы мэліметтер; 4) аудиттелетін субъектінің болашақта шаруашылық жэне өзге де қызметті одан эрі жүзеге асыруы кезінде экологиялық талаптардың бүзылу ықтималдығы; 5) қоршаған ортаны қорғауды жетілдіру жөніндегі инженерлік бастамалардың болуы анықталуға тиіс. 8. Арнайы зерттеулерді экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық үйымдар мынадай жағдайда: 1) өндірістік экологиялық бақылауды жүргізу жөніндегі есептілікті растау қажет болғанда; 2) қоршаған ортаға әсердің қүжаттамаға енгізілмеген көздері анықталғанда; 3) аудиттелетін субъекті қызметінің қоршаған ортаға жэне халықтың денсаулық жағдайына теріс эсер ету салдарлары туралы мэн-жайлар болғанда жүргізеді. 9. Қажет болғанда, зерттеулер: 1) шығарындылар (төгінділер) көздерінде жүргізілетін өлшеулерді, қалдықтар үлгілерін зерттеуді; 2) аудиттелетін субъектінің ықпалды әсер ету аймағында қоршаған ортаның ластануын өлшеулерді; 3) аудиттелетін субъектінің ықпалды эсер ету аймағында өсімдіктердің, жануарлар дүниесінің, экожүйелердің жэне халық денсаулығының жай-күйін зерделеуді қамтиды. 10. Арнайы зерттеулерді жүргізу үшін қоршаған ортаның жай-күйін айқындайтын аккредиттелген зертханалар тартылуға тиіс. 11. Аудиттелетін субъектінің экологиялық тэуекелдерін айқындау: 1) қүжаттама мен есептердің байқалатын ағымдағы жай-күйге сэйкестігін талдау; 2) аудиттелетін субъект қызметінің өсімдіктерге, жануарлар дүниесіне, экожүйелерге және халық денсаулығының жай-күйіне ықтимал салдарларын бағалау, соның ішінде қоршаған орта сапасының бүзылуынан туындаған аурулар мен өлім-жітім жағдайларын талдау; 3) қоршаған орта үшін теріс салдарларға экеп соғуы мүмкін аудиттелетін субъектідегі авариялық жағдайлардың ықтималдылығын немесе технологиялық регламенттен өзге де ауытқуларды айқындау жолымен жүргізіледі. 12. Аудиттелетін субъектінің экологиялық қауіпсіздігі деңгейін арггыру жөніндегі ұсыныстарды эзірлеу: 1) осы сияқты объектілер үшін пайдаланылатын ең үздік қолжетімді техно л огия л ар д ы; 2) қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесін жақсарту жөніндегі ықтимал шараларды; 3) өндірістік экологиялық бақылауды жетілдіру тәсілдерін; 4) экологиялық нормативтер мен талаптарды өзгерту жөніндегі үсыныстарды зерделеу негізінде жүргізіледі. Міндетті экологиялық аудитті жүргізу туралы шешім 1. Міндетті экологиялық аудитті жүргізу туралы шешімді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уэкілетті орган осы Кодекстің 81-бабының 2- тармағында көзделген мэн-жайлар белгіленген кезден бастап бір ай мерзім ішінде қабылдайды. 2. Міндетті аудит жүргізу туралы шешім міндетті экологиялық аудит туралы қорытынды түрінде ресімделеді. 3. Міндетті экологиялық аудит туралы қорытындының нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уэкілетті орган бекітеді. 4. Қорытындыда: 1) аудиттелетін субъектінің тегі, аты, экесінің аты немесе толық атауы; 2) аудиттелетін субъектінің орналасқан жері; 3) аудиттелетін субъектінің шаруашылық жэне өзге де қызметімен байланысты қоршаған орта үшін ықтимал тэуекелдердің сипаты; 4) міндетті экологиялық аудитті жүргізуге негіз; 5) міндетті экологиялық аудиттің қорытындысын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табыс ету мерзімі көрсетілуге тиіс. 5. Міндетті экологиялык аудит туралы қорытынды аудиттелетін субъектінің басшысына жолданады. Міндетті экологиялық аудитті жүргізудің ерекшеліктері 1. Міндетті экологиялық аудит аудиттелетін субъект міндетті экологиялық аудит туралы қорытындыны алған кезден бастап алты айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі. 2. Экологиялық аудитор немесе экологиялық аудиторлық үйым аудит жүргізудің жоспарын әзірлеу үшін міндетті экологиялық аудит туралы қорытындымен, аудитті жүргізу негіздемесімен, аудиттелетін субъектіге тән экологиялық проблемалармен жэне өзге де аспектілермен танысады. Экологиялық аудиторлық есептерге қойылатын талаптар 1. Экологиялық аудиторлық есеп міндетті экологиялық аудиттің нэтижелері бойынша: 1) экологиялық аудитордың жэне экологиялық аудиторлық үйымның қүқықтылығын растайтын мэліметтерді; 2) аудиттелетін субъект туралы жалпы ақпаратты; 3) экологиялық аудитті жүргізу негіздемесін; 4) экологиялық аудитті жүргізудің жоспарын; 5) жинақталған ақпарат тізбесін және оған шолуды; 6) аудиттелетін субъектіні қарап тексеру және оның қызметкерлеріне сауал қою нэтижелерін; 7) арнайы зерттеулердің нэтижелерін; 8) экологиялық тэуекелдерді бағалауды (сандық жэне сапалық түрғыдан); 9) экологиялық қауіпсіздікті арттыру жөніндегі үсынымдар тізбесін; 10) аудиттелетін субъектінің қоршаған орта үшін қауіпсіздік дэрежесі, анықталған жолсыздықтар, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қүжаттама мен есептілікті жүргізудің дүрыстығы туралы түжырымдарды қамтуға тиіс. 2. Бастамашылық экологиялық аудит есебінің нысаны экологиялық аудитті жүргізуге арналған шартта белгіленеді. 3. Бастамашылық экологиялық аудиттің есебі қүпия болып табылады. Бастамашыл экологиялық аудиттің есебіндегі мэліметтерді жария ету қүқығына аудиттелетін субъект ғана ие болады. Міндетті экологиялық аудит есебін қарау тэртібі Міндетті экологиялық аудиттің нэтижелері бойынша экологиялық аудиторлық есепті экологиялық аудитор немесе экологиялық аудиторлық үйым бір мезгілде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уэкілетті органға жэне аудиттелетін субъектінің басшысына жібереді. Міндетті экологиялық аудиттің нәтижелерін аудиттелетін субъект Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын сақтау, қоршаған ортаға қызметтің теріс салдарларын азайту және қоршаған ортаға залал келтірудің алдын алу, экологиялық есептіліктің дүрыстығын қамтамасыз ету жөніыдегі шараларды қабылдау үшін пайдаланады. Міндетті экологиялық аудит барысында аудиттелетін субъектілердің экологиялық есептілігінде дүрыс емес фактілер анықталған жағдайда, аудиттелетін субъект экологиялық аудиторлық есепті алған күннен бастап бір айдан кешіктірмей өзінің есептілігін экологиялық аудит үсынымдарына сэйкес келтіруге, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтау жөніндегі өзге де шараларды қолдануға жэне бүл туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды хабардар етуге тиіс. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уэкілетті орган міндетті экологиялық аудиттің нәтижелері бойынша экологиялық аудиторлық есепті алған күннен бастап бір ай мерзімде оны қарауға міндетті. Міндетті экологиялық аудиттің нәтижелерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уэкілетті орган аудиттелетін субъектінің экологиялық талаптарды жэне қоршаған орта сапасының нормативтерін сақтауы туралы дұрыс ақпарат алу үшін пайдаланады. Міндетті экологиялық аудиттің экологиялық аудиторлық есебін қараудың нэтижелері бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган: 1) аудиттелетін субъектінің қызметін тоқтата тұру туралы талап қою арқылы сотқа жүгінуге; 2) экологиялық рұқсат талаптарына өзгерістер енгізуге немесе табиғи ресурстарды пайдалану және алып қою шарттарының (келісімшарттардың) жэне табиғат пайдалануға өзге де рұқсаттардың талаптарын өзгерту туралы ұсыныспен арнайы уэкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуге; 3) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасына өзгерістер енгізу ұсынымдарын беруге құқылы. Міндетті экологиялық аудиттің экологиялық аудиторлық есебі бойынша туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тэртіппен шешіледі. Экологиялық аудитор Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға жэне қызметтер көрсетуге лицензия алған жеке тұлға экологиялық аудитор болып табылады. Экологиялық аудитор экологиялық аудиторлық қызметті дара кэсіпкер немесе экологиялық аудиторлық ұйымның қызметкері ретінде жүзеге асыруға құқылы. Экологиялық аудиторлық ұйым Экологиялық аудиторлық ұйым - жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-кұқықтық нысанында кұрылган жэне қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға жэне қызметтер көрсетуге лицензия алған коммерциялық ұйым. Шетелдік экологиялық аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасында экологиялық аудиторлық қызметті тиісті экологиялық аудиторлық ұйымдарды - Қазақстан Республикасының резиденттерін күрған кезде ғана жүзеге асыра алады. Экологиялық аудиторлық ұйымның қүрамындағы экологиялық аудиторлардың саны үш адамнан кем болмауға тиіс. Экологиялық аудиторлар палатасы Экологиялық аудиторлар палатасы экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық үйымдардың қүқықтарын қорғау және мемлекеттік органдарда олардың заңды мүдделерін білдіру үшін күрылады. Экологиялық аудиторлар палатасы өз мүшелерінің жалпы жиналысында бекітілген жарғының негізінде жүмыс істейтін жэне мүшелік жарналар мен Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылатын коммерциялық емес, тэуелсіз, кэсіби жэне өзін- өзі басқаратын ұйым болып табылады. Экологиялық аудиторлар палатасы экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдардың қызметін реттейді, халықаралық тэжірибе негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сэйкес экологиялық аудит стандарттарын әзірлейді. Экологиялық аудиторлардың және экологиялық аудиторлық үйымдардың қүқықтары Экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық үйымдар: 1) экологиялық аудитті жүргізудің эдістерін дербес айқындауға; 2) экологиялық аудитті жүргізуге арналған шарттың талаптарын орындау үшін қажетті қүжаттаманы алуға жэне тексеруге; 3) экологиялық аудитті жүргізуге қатысуға осы Кодекстің 92-бабында көрсетілген адамдардан басқа әртүрлі кэсіп мамандарын шарттық негізде тартуға; 4) аудиттелетін субъект экологиялық аудитті жүргізуге арналған шарттың талаптарын бүзған жағдайда, экологиялық аудитті жүргізуден не экологиялық аудиторлық есепті беруден бас тартуға қүқылы. Экологиялық аудиторлардың және экологиялық аудиторлық үйымдардың міндеттері Аудиттелетін субъект: 1) экологиялық аудиторды немесе экологиялық аудиторлық үйымды таңдау туралы шешімді дербес қабылдауға; 2) экологиялық аудитордан немесе экологиялық аудиторлық үйымнан экологиялық аудитті жүргізуге қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары туралы егжей-тегжейлі ақпарат алуға; 3) экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық үйымның ескертпелері мен қорытындыларына негіз болған нормативтік қүқықтық актілермен танысуға; 4) экологиялық аудитордан немесе экологиялық аудиторлық үйымнан экологиялық есептіліктің жэне өзге де қүжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сэйкессіздігі анықталған жайлар туралы үсыныстар, ақпарат алуға; 5) экологиялық аудитор немесе экологиялық аудиторлық үйым экологиялық аудитті жүргізу шартының талаптарын бүзған жағдайда олардың қызмет көрсетуінен бас тартуға қүқылы. Аудиттелетін субъект: 1) міндетті экологиялық аудиттің жүргізілуін үйымдастыруға; 2) экологиялық аудитті уақтылы эрі сапалы жүргізу үшін экологиялық аудиторға немесе экологиялық аудиторлық үйымға жағдай жасауға; 3) экологиялық аудитті жүргізу үшін экологиялық аудиторға немесе экологиялық аудиторлық үйымға қажетті толық эрі дүрыс қүжаттаманы жэне өзге де ақпаратты үсынуға, ауызша немесе жазбаша түрде түсініктемелер беруге; 4) қоршаған ортаға эсер ету туралы дүрыс есептілікті жэне экологиялық аудитті жүргізуге қажетті өзге де қүжапарды табыс етуге; 5) егер экологиялық аудитті жүргізу шартында өзгеше көзделмесе, экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық үйымның қызметін шектемеуге; 6) экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық үйымның талабы бойынша қажетті ақпарат алу үшін өз атынан үшінші түлғаларға жазбаша сауал жіберуге; 7) экологиялық аудиторлардың немесе экологиялық аудиторлық үйымның қызметтер көрсетуіне ақы төленуін қамтамасыз етуге; 8) экологиялық аудитті жүргізу шарты бойынша міндеттемелерден туындайтын өзге де талаптарды орындауға міндетті. Экологиялық менеджмент жүйелерінің аудиті Экологиялық менеджмент жүйелерінің аудиті бастамашылық аудит болып табылады. Экологиялық аудитормен немесе экологиялық аудиторлық үйыммен экологиялық аудит жүргізуге шарт жасасқан жеке немесе заңды түлға аудиттелетін субъект болып табылады. Экологиялық аудит аудиттелетін субъектілердің қоршаған ортаға әсер ету туралы есептілігіне талдау жасау жолымен жүргізіледі. Экологиялық аудитті жүргізу кезінде: қоршаған ортаға әсер туралы үсынылған есептіліктің дүрыстығын тексеру; өндірістік мониторинг пен бақылау жүйесінің экологиялык талаптарға сәйкес келуін бағалау; қызметкерлердің біліктілік деңгейін бағалау мақсатында арнайы зерттеулер мен өлшемдер жасалуы мүмкін. Экологиялық аудиторлар, экологиялық аудиторлық үйымдар жэне аудиттелетін субъектілер арасындағы қарым- қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сэйкес экологиялық аудит жүргізуге арналған шарттың негізінде туындайды. Экологиялық аудит түрлері жэне оны жүргізу үшін негіздер Міндетті аудит жэне бастамашылық аудит экологиялық аудиттің түрлері болып табылады. Жеке жэне заңды түлғаларға қатысты міндетті экологиялық аудит жүргізуге: 1) жеке жэне заңды түлғалардың шаруашылық жэне өзге де қызметінен қоршаган ортаға келтірілген, қүжат бойынша расталған елеулі залал; 2) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын табиғат пайдаланушыны заңды түлганы қосу, бөлу жэне бөліп шығару түрінде қайта үйымдастыру; 3) шаруашылық жэне өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын табиғат пайдаланушы - заңды түлғалардың банкроттыққа үшырауы негіз болып табылады. Бастамашылық экологиялық аудит бастамашының жэне экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық үйымның арасындагы экологиялық аудитті жүргізуге арналған шартта көзделген экологиялық аудиттің нақты міндеттері, мерзімдері мен көлемі ескеріле отырып, аудиттелетін субъектінің не оған қатысушының бастамасы бойынша жүргізіледі. Мүдделі жеке және (немесе) заңды түлғалар, сақтандыру үйымдары, инвесторлар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жэне өзге де мемлекеттік органдар экологиялық аудитке тапсырыс берушілер болуы мүмкін. Экологиялық аудитгі жүргізу Экологиялық аудит экологиялық аудитті жүргізу жоспарына сәйкес жүргізіледі, оны экологиялық аудитор осы баптың 2-тармағының талаптарын ескере отырып жасайды жэне ол тапсырыс берушімен жэне аудиттелетін субъектімен келісіледі. Экологиялық аудит жүргізуді жоспарлау кезінде тараптар экологиялық аудиторлар палатасы бекіткен, үсынымдық сипатта болатын экологиялық аудитті жүргізу жоспарының үлгілік нысанын басшылыққа алады. Экологиялық аудитті жүргізудің сатылары мыналар: 1) аудиттелетін субъектімен алдын ала танысу; 2) аудит жүргізу жоспарын әзірлеу; 3) қажетті ақпаратты жинау жэне жүйелеу; 4) аудиттелетін субъектіні қарап тексеру жэне оның қызметкерлеріне сауал жүргізу; 5) арнайы зерттеулер көлемін айқындау; 6) арнайы зерттеулер жүргізу; 7) экологиялық тэуекелдерді айқындау; 8) экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру жөнінде үсыныстар эзірлеу; 9) экологиялық аудиторлық есеп жасау болып табылады. Экологиялық аудит жүргізудің жоспарын эзірлеу үшін экологиялык аудитор аудиттелетін субъектінің ерекшеліктерімен алдын ала танысады. Қажетті ақпаратгы жинау мен жүйелеу аудиттелетін субъектіде жэне өзге де үйымдарда жүргізіледі. Ақпарат қүрамына: 1) қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі нормативтік қүқықтық актілердің аудиттелетін субъектінің қызметіне қатысты талаптары; 2) аудиттелетін субъект орналасқан ауданның картасы жэне карта-схемасы; 3) егер бар болса, аэрофотосуреттердің нэтижелері; 4) аудиттелетін субъектіні баскарудың әкімшілік қүрылымы; 5) егер бар болса, аудиттелетін субъектідегі қоршаған ортаны қорғау қызметі туралы ереже; 6) экологиялық рүксат; 7) аудиттелетін субъектінің коршаған ортаны қорғау бойынша соңғы бес жылдағы есебі; 8) өндірістік экологиялық бақылауды жүргізу жөніндегі есептілік; 9) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уэкілетті органның соңғы үш жылда тексерулер жүргізуі туралы хаттамалардың көшірмелері; 10) егер бар болса, аудиттелетін субъектінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы бағдарламасы; 11) апатты жағдайлардың алдын алу жэне олардың зардаптарын жою жөніндегі іс-шаралар жоспары; 12) қабылданган толықтырулармен қоса, аудиттелетін субъектінің қоршаған ортаға эсер етуін бағалау; 13) шығарындыларды, төгінділерді түгендеу жөніндегі ағымдағы кезеңдегі есеп; 14) жол берілетін шекті шығарындылар мен төгінділердің, қалдықтарды орналастырудың ағымдағы кезеңде қолданыста болатын нормативтерінің жобалары; 15) субъект қызметінің экологиялық-экономикалық аспектілері туралы деректер; 16) бүган дейінгі экологиялық аудиторлық есептердің көшірмелері; 17) аудиттелетін субъектінің эсері болатын аудандағы мемлекеттік экологиялык мониторингтің деректері; 18) аудиттелетін субъектінің қызметіне байланысты азаматтардың жэне қогамдық бірлестіктердің өтініштері туралы мәліметтер кіреді. Аудиттелетін субъектіні қарап тексеру жэне оның қызметкерлеріне сауал жүргізу қүжаттаманың аудиттелетін субъектінің нақты жай-күйіне сэйкес келуін бағалау, аудиттелетін субъект мамандарының біліктілігін айқындау, аудиттелетін субъект қызметінің тиімділігін жақсарту үшін үсыныстар эзірлеу мақсатында жүргізіледі. Қарап тексеру барысында: 1) аудиттелетін субъектінің жоспар-схемаға жэне жалпы технологиялық сипаттамаға сәйкес келуі; 2) аудиттелетін субъектінің қүжаттамасында қоршаған ортаға әсер ету көздері көрсетілуінің толымдылығы; 3) аудиттелетін субъектінің ықтимал эсер ету аумағының жай-күйі; 4) қоршаған ортаға ықтимал эсер ету туралы қүжаттамаға енгізілмеген мэн-жайлардың болуы; 5) өндірістік объектілерде есепке алу жэне өзге де кажетті қүжаттаманың болуы мен толымдылығы; 6) объектіні пайдалану процесінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі техникалық талаптардың сақталуы; 7) өндірістік экологиялық бақылауды жүргізуге қойылатын талаптардың сақталуы анықталуға тиіс. 7. Аудиттелетін субъектінің қызметкерлеріне сауал қою барысында: 1) қоршаған ортаны қорғау үшін мәні бар мэселелер бойынша қызметкерлердің біліктілік деңгейі; 2) есептілік құжаттаманы жүргізудің объективті болуын растау үшін кажетті ақпарат; 3) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нормативтік қүқықтық актілер талаптарының бүзылу жағдайлары жэне оларды болдырмау жөніндегі шаралар туралы мэліметтер; 4) аудиттелетін субъектінің болашақта шаруашылық жэне өзге де қызметті одан эрі жүзеге асыруы кезінде экологиялық талаптардың бүзылу ықтималдығы; 5) қоршаған ортаны қорғауды жетілдіру жөніндегі инженерлік бастамалардың болуы анықталуға тиіс. 8. Арнайы зерттеулерді экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық үйымдар мынадай жағдайда: 1) өндірістік экологиялық бақылауды жүргізу жөніндегі есептілікті растау қажет болғанда; 2) қоршаған ортаға әсердің қүжаттамаға енгізілмеген көздері анықталғанда; 3) аудиттелетін субъекті қызметінің қоршаған ортаға жэне халықтың денсаулық жағдайына теріс эсер ету салдарлары туралы мэн-жайлар болғанда жүргізеді. 9. Қажет болғанда, зерттеулер: 1) шығарындылар (төгінділер) көздерінде жүргізілетін өлшеулерді, қалдықтар үлгілерін зерттеуді; 2) аудиттелетін субъектінің ықпалды әсер ету аймағында қоршаған ортаның ластануын өлшеулерді; 3) аудиттелетін субъектінің ықпалды эсер ету аймағында өсімдіктердің, жануарлар дүниесінің, экожүйелердің жэне халық денсаулығының жай-күйін зерделеуді қамтиды. 10. Арнайы зерттеулерді жүргізу үшін қоршаған ортаның жай-күйін айқындайтын аккредиттелген зертханалар тартылуға тиіс. 11. Аудиттелетін субъектінің экологиялық тэуекелдерін айқындау: 1) қүжаттама мен есептердің байқалатын ағымдағы жай-күйге сэйкестігін талдау; 2) аудиттелетін субъект қызметінің өсімдіктерге, жануарлар дүниесіне, экожүйелерге және халық денсаулығының жай-күйіне ықтимал салдарларын бағалау, соның ішінде қоршаған орта сапасының бүзылуынан туындаған аурулар мен өлім-жітім жағдайларын талдау; 3) қоршаған орта үшін теріс салдарларға экеп соғуы мүмкін аудиттелетін субъектідегі авариялық жағдайлардың ықтималдылығын немесе технологиялық регламенттен өзге де ауытқуларды айқындау жолымен жүргізіледі. 12. Аудиттелетін субъектінің экологиялық қауіпсіздігі деңгейін арггыру жөніндегі ұсыныстарды эзірлеу: 1) осы сияқты объектілер үшін пайдаланылатын ең үздік қолжетімді техно л огия л ар д ы; 2) қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесін жақсарту жөніндегі ықтимал шараларды; 3) өндірістік экологиялық бақылауды жетілдіру тәсілдерін; 4) экологиялық нормативтер мен талаптарды өзгерту жөніндегі үсыныстарды зерделеу негізінде жүргізіледі. Міндетті экологиялық аудитті жүргізу туралы шешім 1. Міндетті экологиялық аудитті жүргізу туралы шешімді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уэкілетті орган осы Кодекстің 81-бабының 2- тармағында көзделген мэн-жайлар белгіленген кезден бастап бір ай мерзім ішінде қабылдайды. 2. Міндетті аудит жүргізу туралы шешім міндетті экологиялық аудит туралы қорытынды түрінде ресімделеді. 3. Міндетті экологиялық аудит туралы қорытындының нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уэкілетті орган бекітеді. 4. Қорытындыда: 1) аудиттелетін субъектінің тегі, аты, экесінің аты немесе толық атауы; 2) аудиттелетін субъектінің орналасқан жері; 3) аудиттелетін субъектінің шаруашылық жэне өзге де қызметімен байланысты қоршаған орта үшін ықтимал тэуекелдердің сипаты; 4) міндетті экологиялық аудитті жүргізуге негіз; 5) міндетті экологиялық аудиттің қорытындысын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табыс ету мерзімі көрсетілуге тиіс. 5. Міндетті экологиялык аудит туралы қорытынды аудиттелетін субъектінің басшысына жолданады. Міндетті экологиялық аудитті жүргізудің ерекшеліктері 1. Міндетті экологиялық аудит аудиттелетін субъект міндетті экологиялық аудит туралы қорытындыны алған кезден бастап алты айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі. 2. Экологиялық аудитор немесе экологиялық аудиторлық үйым аудит жүргізудің жоспарын әзірлеу үшін міндетті экологиялық аудит туралы қорытындымен, аудитті жүргізу негіздемесімен, аудиттелетін субъектіге тән экологиялық проблемалармен жэне өзге де аспектілермен танысады. Экологиялық аудиторлық есептерге қойылатын талаптар 1. Экологиялық аудиторлық есеп міндетті экологиялық аудиттің нэтижелері бойынша: 1) экологиялық аудитордың жэне экологиялық аудиторлық үйымның қүқықтылығын растайтын мэліметтерді; 2) аудиттелетін субъект туралы жалпы ақпаратты; 3) экологиялық аудитті жүргізу негіздемесін; 4) экологиялық аудитті жүргізудің жоспарын; 5) жинақталған ақпарат тізбесін және оған шолуды; 6) аудиттелетін субъектіні қарап тексеру және оның қызметкерлеріне сауал қою нэтижелерін; 7) арнайы зерттеулердің нэтижелерін; 8) экологиялық тэуекелдерді бағалауды (сандық жэне сапалық түрғыдан); 9) экологиялық қауіпсіздікті арттыру жөніндегі үсынымдар тізбесін; 10) аудиттелетін субъектінің қоршаған орта үшін қауіпсіздік дэрежесі, анықталған жолсыздықтар, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қүжаттама мен есептілікті жүргізудің дүрыстығы туралы түжырымдарды қамтуға тиіс. 2. Бастамашылық экологиялық аудит есебінің нысаны экологиялық аудитті жүргізуге арналған шартта белгіленеді. 3. Бастамашылық экологиялық аудиттің есебі қүпия болып табылады. Бастамашыл экологиялық аудиттің есебіндегі мэліметтерді жария ету қүқығына аудиттелетін субъект ғана ие болады. Міндетті экологиялық аудит есебін қарау тэртібі Міндетті экологиялық аудиттің нэтижелері бойынша экологиялық аудиторлық есепті экологиялық аудитор немесе экологиялық аудиторлық үйым бір мезгілде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уэкілетті органға жэне аудиттелетін субъектінің басшысына жібереді. Міндетті экологиялық аудиттің нәтижелерін аудиттелетін субъект Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарын сақтау, қоршаған ортаға қызметтің теріс салдарларын азайту және қоршаған ортаға залал келтірудің алдын алу, экологиялық есептіліктің дүрыстығын қамтамасыз ету жөніыдегі шараларды қабылдау үшін пайдаланады. Міндетті экологиялық аудит барысында аудиттелетін субъектілердің экологиялық есептілігінде дүрыс емес фактілер анықталған жағдайда, аудиттелетін субъект экологиялық аудиторлық есепті алған күннен бастап бір айдан кешіктірмей өзінің есептілігін экологиялық аудит үсынымдарына сэйкес келтіруге, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтау жөніндегі өзге де шараларды қолдануға жэне бүл туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды хабардар етуге тиіс. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уэкілетті орган міндетті экологиялық аудиттің нәтижелері бойынша экологиялық аудиторлық есепті алған күннен бастап бір ай мерзімде оны қарауға міндетті. Міндетті экологиялық аудиттің нәтижелерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уэкілетті орган аудиттелетін субъектінің экологиялық талаптарды жэне қоршаған орта сапасының нормативтерін сақтауы туралы дұрыс ақпарат алу үшін пайдаланады. Міндетті экологиялық аудиттің экологиялық аудиторлық есебін қараудың нэтижелері бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган: 1) аудиттелетін субъектінің қызметін тоқтата тұру туралы талап қою арқылы сотқа жүгінуге; 2) экологиялық рұқсат талаптарына өзгерістер енгізуге немесе табиғи ресурстарды пайдалану және алып қою шарттарының (келісімшарттардың) жэне табиғат пайдалануға өзге де рұқсаттардың талаптарын өзгерту туралы ұсыныспен арнайы уэкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуге; 3) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасына өзгерістер енгізу ұсынымдарын беруге құқылы. Міндетті экологиялық аудиттің экологиялық аудиторлық есебі бойынша туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тэртіппен шешіледі. Экологиялық аудитор Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға жэне қызметтер көрсетуге лицензия алған жеке тұлға экологиялық аудитор болып табылады. Экологиялық аудитор экологиялық аудиторлық қызметті дара кэсіпкер немесе экологиялық аудиторлық ұйымның қызметкері ретінде жүзеге асыруға құқылы. Экологиялық аудиторлық ұйым Экологиялық аудиторлық ұйым - жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-кұқықтық нысанында кұрылган жэне қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға жэне қызметтер көрсетуге лицензия алған коммерциялық ұйым. Шетелдік экологиялық аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасында экологиялық аудиторлық қызметті тиісті экологиялық аудиторлық ұйымдарды - Қазақстан Республикасының резиденттерін күрған кезде ғана жүзеге асыра алады. Экологиялық аудиторлық ұйымның қүрамындағы экологиялық аудиторлардың саны үш адамнан кем болмауға тиіс. Экологиялық аудиторлар палатасы Экологиялық аудиторлар палатасы экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық үйымдардың қүқықтарын қорғау және мемлекеттік органдарда олардың заңды мүдделерін білдіру үшін күрылады. Экологиялық аудиторлар палатасы өз мүшелерінің жалпы жиналысында бекітілген жарғының негізінде жүмыс істейтін жэне мүшелік жарналар мен Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылатын коммерциялық емес, тэуелсіз, кэсіби жэне өзін- өзі басқаратын ұйым болып табылады. Экологиялық аудиторлар палатасы экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдардың қызметін реттейді, халықаралық тэжірибе негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сэйкес экологиялық аудит стандарттарын әзірлейді. Экологиялық аудиторлардың және экологиялық аудиторлық үйымдардың қүқықтары Экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық үйымдар: 1) экологиялық аудитті жүргізудің эдістерін дербес айқындауға; 2) экологиялық аудитті жүргізуге арналған шарттың талаптарын орындау үшін қажетті қүжаттаманы алуға жэне тексеруге; 3) экологиялық аудитті жүргізуге қатысуға осы Кодекстің 92-бабында көрсетілген адамдардан басқа әртүрлі кэсіп мамандарын шарттық негізде тартуға; 4) аудиттелетін субъект экологиялық аудитті жүргізуге арналған шарттың талаптарын бүзған жағдайда, экологиялық аудитті жүргізуден не экологиялық аудиторлық есепті беруден бас тартуға қүқылы. Экологиялық аудиторлардың және экологиялық аудиторлық үйымдардың міндеттері Аудиттелетін субъект: 1) экологиялық аудиторды немесе экологиялық аудиторлық үйымды таңдау туралы шешімді дербес қабылдауға; 2) экологиялық аудитордан немесе экологиялық аудиторлық үйымнан экологиялық аудитті жүргізуге қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары туралы егжей-тегжейлі ақпарат алуға; 3) экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық үйымның ескертпелері мен қорытындыларына негіз болған нормативтік қүқықтық актілермен танысуға; 4) экологиялық аудитордан немесе экологиялық аудиторлық үйымнан экологиялық есептіліктің жэне өзге де қүжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сэйкессіздігі анықталған жайлар туралы үсыныстар, ақпарат алуға; 5) экологиялық аудитор немесе экологиялық аудиторлық үйым экологиялық аудитті жүргізу шартының талаптарын бүзған жағдайда олардың қызмет көрсетуінен бас тартуға қүқылы. Аудиттелетін субъект: 1) міндетті экологиялық аудиттің жүргізілуін үйымдастыруға; 2) экологиялық аудитті уақтылы эрі сапалы жүргізу үшін экологиялық аудиторға немесе экологиялық аудиторлық үйымға жағдай жасауға; 3) экологиялық аудитті жүргізу үшін экологиялық аудиторға немесе экологиялық аудиторлық үйымға қажетті толық эрі дүрыс қүжаттаманы жэне өзге де ақпаратты үсынуға, ауызша немесе жазбаша түрде түсініктемелер беруге; 4) қоршаған ортаға эсер ету туралы дүрыс есептілікті жэне экологиялық аудитті жүргізуге қажетті өзге де қүжапарды табыс етуге; 5) егер экологиялық аудитті жүргізу шартында өзгеше көзделмесе, экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық үйымның қызметін шектемеуге; 6) экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық үйымның талабы бойынша қажетті ақпарат алу үшін өз атынан үшінші түлғаларға жазбаша сауал жіберуге; 7) экологиялық аудиторлардың немесе экологиялық аудиторлық үйымның қызметтер көрсетуіне ақы төленуін қамтамасыз етуге; 8) экологиялық аудитті жүргізу шарты бойынша міндеттемелерден туындайтын өзге де талаптарды орындауға міндетті. Экологиялық менеджмент жүйелерінің аудиті Экологиялық менеджмент жүйелерінің аудиті бастамашылық аудит болып табылады. № 14-15 дәрістер Тақырыбы: Міндетті түрде экологиялық аудиттеу мәселелері Экологиялық аудитті жүзеге асырудың құқықтық жэне ұйымдастырушылық негіздерін айқындау заң жобасында көрсетілген. Бүгінгі күнге дейін заңнамалық актілерде тиісті нормалардың болмауы салдарынан, экологиялық аудит кеңінен таралмай келген. Аудиторлық ұйымдардың іс-қызметі мен экологиялық тексерістердің қажет болатын жағдайлары реттелмеген. Осыған орай заң жобасында экологиялық аудит ұғымы нақтыланған. Кэсіпорындардың ауа қабатына келтіріп отырған зиян көлемін анықтау үшін экологиялық тексеріс қажет. Экологиялық аудитті өткізу кезінде сертификаттау объектісінің өндірушілердің техникалық регламенттері, стандарттары, техникалық шарттары немесе басқа техникалық немесе нормативтік қүжаттарында бекітілген экологиялық қауіпсіздігі мен табиғи ортаны қорғау нормаларың талаптарына сэйкестігі расталады. Қазіргі кезде экологиялық аудиттеу экологиялық қауіпсіздік жөніндегі ортақ техникалық регламент талаптарына сай екендігі расталғанда ғана ҚР заңнамасына сэйкес талаптармен іске асырылады. Ортақ техникалық регламент талаптары өндіріс, пайдалану, сақтау, тасымалдау, іске асыру жэне тазарту, өндіріс процесстерінің барлық түріне міндетті болып табылады. Бүрында экологиялық аудиттеу объектісіне қорғаныс саласының өндірірістері де жататын. Экологиялық аудиттің Қазақстанда үлкен мэселеге айналағаны барлығына аян. Бүл дегеніміз көптеген адамдардың қоршаған ортаға зиянды заттардың эсерін төмендету үшін өз тіршілік эрееттерін бақылау керектігін түсінуінен. Экологиялық аудит ерікті және бастамашылық болатынын білеміз. Ерікті экологиялық аудит жүргізу дешеніміз бэріне де түсінікті деп ойлаймын. Ал бастамашылық экологиялық аудит көптеген мэселелердің тууына себеп болып отыр. Өйткені енгізілген көрсеткіштер жэне нормативтар негізінде іске асырылады. Мысалы, кейбір өнімді түске бояғыштар экологиялық көрсеткіш болып табылмайды, алайда жаман үсталатын бояғыш зат өнімнің түрін ғана емес қоршаған ортаны да өзгертетіні барлығына белгілі. Бүдан басқа МЕСТке енгізілмеген біршама экологиялық көрсеткіштер бар. Бұлар,негізінен, тыйым салынған аминдер, көптеген ауыр металдар, иіс шығаратын, ұшқыш заттар, пестицидтер негізінде жасалған азобояғыштары. Осы мэселенің шешімі болып, мысалы, тоқыма өнеркэсібінде халықаралық ОЕКО-ТЕХ 100 стандартын қолдану дұрыс. Бұл стандартты көптеген Еуропа мемлекеттерінде қолданады. Сонымен қоса, оның талаптары мен нормалары қазіргі экологиялық жағдайға байланысты өзгерте алынады. Жеке экологиялық көрсеткіш пен бастамашылық экологиялық аудит жүргізілетін өнім нормаларында екіұштылық бар. Қазіргі кезде Қазақстандағы тоқыма өнеркэсібі мен жеңіл өнеркэсіп өнімдерінің қайсысы экологиялық аудитқа жататыны номенклатурамен белгіленген. Экологиялық аудит жүргізудегі келесі мэселе оны атқаратын органдардың арасында туып отыр. Мысалы, тоқыма өнеркэсібіндегі қолданылатын формальдегидтің қатынасын анықтау санэпид бақылаудың жұмысы болып табылады. Ал аудиторлар кейбір жағдайларда келіспеушілік танытады. Жоғарыда аталған мэселелердің бэрі өнімді бастамашылық экологиялық аудиттауды енгізуге кедергі болып табылады. Осыған қарамастан экологиялық аудит өткізетін аудиторлық ұйымдарды көбейте беру керек. Бұны келесі себептер үшін жасау керек: 1)Тұтынушының алдында өндірушілердің жауапкершілігінің жоғарылатуы. Өндірісшілерге бүл өзіндік қүны жоғарылайтыны себептен артық шығын болып көрінетіні бэрімізге мэлім. 2)Өнімнің бэсекеге түсе алатындығын жоғарылату. Отандық өнім шетелде өндірушінің тек қана оның «экологиялық» екендігін дэлелдей алмауы қабілетсіздіктігінен сүранысқа ие болмай отыр. 3)Шетелден экелінетін экологиялық қауіпті өнімнің пайда болуынан сақтау. Мысалы, оңтүстік-шығыс Азияда шығарылатын өнімдердің төмен бағасын көбіміз байқадық. Алайда бүл өнім адам денсаулығы мен табиғат үшін өте қауіпті екенін біле бермейміз. Мысалы – диоксин жұғылған мақтадан тоқылған іш киімдер, құрамына біздің елде тыйым салынған бояғыштар қосылған өнімдер. 4)Тұтынушының кепілдік өнімнің экологиялық екендігіне кепілдік алу мүмкіндігі. Осымен, бізде елдегі бастамашылық экологиялық аудиттің ағымдағы күйін талдай келек экологиялық көрсеткіштер бойынша қосымша бақылауды ендірумен өнімді өндіруші үшін, тұтынушы үшін маңызды пайдаға қол жеткізуге болатынын сенімділікпен айтуға болады. Экологиялық аудит аудиттелетін субъектілердің қоршаған ортаға эсері туралы есептілігін талдау жолымен жүргізіледі. Экологиялық аудит жүргізілген кезде: — қоршаған ортаға эсері туралы тапсырылған есептіліктің дүрыстығын тексеру; — өндірістік-технологиялық процестің экологиялық талаптарға сэйкестігін бағалау; — өндірістік мониторинг пен бақылау жүйесінің экологиялық талаптарға сэйкестігін багалау; — персоналдың біліктілік деңгейін багалау мақсатымен арнайы зерттеулер мен өлшемдер орындалуы мүмкін. Экологиялық аудиторлар, экологиялық аудиторлық үйымдар мен аудиттелетін субъектілер арасындағы қарым-қатынас экологиялық аудит жүргізуге арналған шарт негізінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сэйкес жүзеге асырылады. Міндетті экологиялық аудит жэне бастамашылық экологиялық аудит экологиялық аудит түрлері болып табылады. Бастамашылық экологиялық аудит аудиттелетін субъектінің не оған қатысушының бастамасы бойынша, бастамашы мен экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық үйымның арасында экологиялық аудит жүргізуге жасалған шартта көзделген экологиялық аудиттің нақты міндеттері, мерзімдері жэне көлемдері ескеріле отырып жүргізіледі. Экологиялық аудит экологиялық аудитор жасап, тапсырыс берушімен жэне аудиттелетін субъектімен келісілетін экологиялық аудит жүргізу жоспарына сэйкес жүргізіледі. Экологиялық аудит жүргізуді жоспарлаған кезде тараптар экологиялық аудиторлар палатасы бекіткен экологиялық аудит жүргізу жоспарының үсыным сипатындағы үлгі нысанын басшылыққа алады. Экологиялық аудиторлық есеп болып ресімделетін міндетті экологиялық аудит нэтижелері қоршаған ортаны қорғау саласындағы уэкілетті органға табыс етіледі. Экологиялық аудиторлық есеп жергілікті өкілді жэне атқарушы органдарға, сақтандыру үйымдарына табыс етілуі мүмкін. Бүл орайда экологиялық аудиторлық есептегі мэліметтерді жария етуге аудиттелетін субъектінің келісімімен жол беріледі. Бастамашылық экологиялық аудиттің нэтижелері экологиялық аудиторлық есеп болып ресімделеді, оның нысаны экологиялық аудит жүргізуге жасалған шартта ескертіліп көрсетіледі. Бастамашылық экологиялық аудиттің нэтижелері қүлия болып табылады. Бастамашылық экологиялық аудиттің нэтижелері туралы мэліметтерді жария ету қүқығына аудиттелетін субъект гана ие болады. Экологиялық аудит жүргізу тэртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Экологиялық аудиторлық қызмет - экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық үйымдардың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сэйкес берілетін лицензия негізінде жүзеге асыратын экологиялық аудит жүргізу жөніндегі кэсіпкерлік қызметі. Экологиялық аудиторлық қызметті жүзеге асыруға аттестациядан өткен жэне Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тэртіппен лицензия алған жеке түлға экологиялық аудитор болып табылады. Экологиялық аудитор жеке кэсіпкер ретінде не экологиялық аудиторлық үйымның қызметкері ретінде экологиялық аудиторлық қызметті жүзеге асыруға қүқылы. Экологиялық аудиторлық үйым - экологиялық аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін, өндірістік кооператив пен мемлекеттік кэсіпорыннан басқа, кез келген үйымдық-қүқықтық нысанда қүрылған коммерциялық үйым.Шетелдік экологиялық аудиторлық үйымдар Қазақстан Республикасында тиісті экологиялық аудиторлық үйымдар - Қазақстан Республикасының резиденттері қүрылған жағдайда ғана экологиялық аудиторлық қызметті жүзеге асыра алады. Экологиялық аудиторлық үйымның қүрамындағы экологиялық аудиторлардың саны кемінде екі адам болуға тиіс. Экологиялық аудиторларды аттестациялау: 1) Экологиялық аудит жүргізуге қажетті біліктілікті растау жөнінде мезгіл-мезгіл жүргізілетін рэсім экологиялық аудиторларды аттестациялау болып табылады. 2) Экологиялық аудиторларды аттестациялауды біліктілік комиссиясы жүргізеді[4]. Өнімді аудиттеу жүйелері Экологиялық аудит жүргізуге қажетті біліктілікті растау жөнінде мезгіл- мезгіл жүргізілетін рэсім экологиялық аудиторларды аттестациялау болып табылады. Экологиялық аудиторларды аттестациялауды біліктілік комиссиясы жүргізеді. Аудиттеуді жүргізу тэртібіне мыналар жатады: - аудиттеуге мэлімдемелер беруді; - мэлімдеме бойынша шешім қабылдау; - шаруашылық келісім шартының ресімдеуі; - нормативтік қойылған нақты көрсеткіштерінің сэйкестігінің тексеруі; - өнімнің экологиялық тазалығының сапасының (есептеу ) багасы; - аудитті беруі туралы шешім қабылдау; - ресімдеу, тіркеуді жэне аудиттің беруін; - сэйкестік белгісінің қолдану қүқығының аудиттің үстаушысына беру; - ипспекциялық бақылауды жүзеге асыру; - түзететін шаралардың өңдеуге араласуы қойылған талаптардың бүзушылығында жэне олардың орындауына бақылау. Мэлімдеуші сертификацияға мэлімдемемен тіркелгенаудиттеу жөніндегі органға барады. Мэлімдеуші аудиттеу бойынша бірнеше органдар болған жағдайда кез келген органға мэлімдемені бағыттауға күқықты. Аудиттеу жөнінде мэлімдеме алған орган оны 2 жүма аралығында қарастырып, келісілген жағдайда келісімшарт қүжаттарын жібереді. Аудиттеу жөніндегі органның қолы қойылған келісім шартын мэлімдеуші алғаннан кейін экологиялық аудиттеу іске асырылады. Мэлімдеуші мэлімдеме бойынша теріс шешім қабыдаған жағдайда дэлелді ақауды көрсетіп, кері бағыттайды. Аудиттелетін субъект: 1) міндетті экологиялық аудит жүргізуді ұйымдастыруға; 2) экологиялық аудитті уақтылы жэне сапалы жүргізу үшін экологиялық аудитор мен экологиялық аудиторлық үйымға жағдай жасауға; 3) экологиялық аудиторға немесе экологиялық аудиторлық үйымға экологиялық аудит жүргізу үшін қажетті толық жэне дүрыс қүжаттаманы, өзге де ақпаратты табыс етуге, ауызша немесе жазбаша нысанда түсінік беруге; 4) қоршаған ортаға эсер ету туралы дүрыс есептілікті жэне экологиялық аудит жүргізу үшін қажетті өзге де қүжаттарды табыс етуге; 5) егер экологиялық аудит жүргізуге арналған шартта өзгеше көзделмесе, экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық үйымның қызметін шектемеуге; 6) экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық үйымның талап етуі бойынша қажетті ақпарат алу үшін үшінші түлғалардың атына өз атынан жазбаша сауал жіберуге; 7) экологиялық аудиторлардың немесе экологиялық аудиторлық үйымның көрсететін қызметтеріне ақы төлеуді қамтамасыз етуге; 8) экологиялық аудит жүргізуге арналған шарттың міндеттемелерінен туындайтын өзге де талаптарды орындауға міндетті [7]. Инспекциялық бақылауды өндірісте келісімшарт негізінде аудит жүргізген аудиторлық үйым жасайды. Мемлекеттік бақылаудың органдары, қоғамдық үйымдар, тағы басқа үйымдардың кінэ тағулары туралы сенімді мэліметтің түсуін жағдайда инспекциялық бақылау жүргізіледі. Әдеттегідей ипспекциялық бақылау жүмыстардың келесі түрлерінде болады: - куэлік берілген өнім туралы түсетін мэліметтің талдауы; - инспекциялық бақылау өткізу үшін комиссияның қүрылуы; 2) - өндірістердің тексеруін өткізу; - бақылаудың нэтижелері жэне шешім қабылдау ресімдеу. Ипспекциялық бақылауды өткізуде жэне кінэ тағуларда кінэ тағуларда мэні мен ауқымдылығын есепке алуға керек. Ипспекциялық бақылаудың нэтижелері акттермен бекітіледі. Оның негізінде аудит талаптарына нақты факторлардың сэйкестігінің бағасы қойылған бүрын берілген сертификаттың эсерінің сақтауының мүмкіндігі туралы шешімқабылданады. Аудиттеу актісі аудиттау жөніндегі органда сақталады, оның көшірмесі аудит өткізушіге бағытталады. Ипспекциялық бақылаудың нэтижелері берілген аудиттің актісінде көрсетіледі. Ипспекциялық бақылаудың нэтижелері бойынша келесі шешімдерден бір қабылдана алады: - аудиттің эсерін сақтау; -аудиттің әсерін тоқтаттыру; -аудиттің эсерін бүзу. Инспекциялық бақылау нэтижелері бойынша, егер қойылған бір айдың ішінде шеттете алынатын аудит талаптарынан ауытқу орын алса, аудит тоқтатыла түрады. Кэсіпорын аудиторлармен бірге табылған бүзушылыүтарды жою үшін шаралар даындайды. Осы шараларды өткізгеннен кейін аудиторлық үйым аудит қызметін ары қарай созады. Аудит қызметін жою мына жағдайларда болады: шаралар бір немесе екі ай ішінде толық атқарылмаса, өндірістегі технологиялық порцесс өзгерген жағдайда. Бүрынғы аудит күші жойылса, жаңа аудит жүргізілуі тиіс. Экологиялық аудиторлық үйымның қүрылтайшылары, қатысушылары, кредиторлары болып табылатын не осы экологиялық аудиторлық үйым қүрылтайшысы, қатысушысы, кредиторы болып табылатын тапсырыс берушілерге экологиялық аудиторлық үйымның экологиялық аудит жүргізуіне тыйым салынады. Егер экологиялық аудиторлар: аудиттелетін субъект басшысының, сондай-ақ құрылтайшысының немесе аудиттелетін субъект жарғылық капиталының он проценттен астамын иеленетін қатысушының жақын туыстары немесе жекжаттары болған; аудиттелетін субъектінің қызметкерлері, қатысушылары, лауазымды түлғалары болган немесе онда жеке мүліктік мүдделері бар болган жагдайларда, олардың экологиялық аудит жүргізуіне тыйым салынады. Экологиялық аудиторлардың - жеке кэсіпкерлердің, мынадай жағдайларда, егер: аудиттелетін субъект балансы активтерінің сомасы жылына орташа есеппен алғанда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 40000 еселенген мөлшерінен асатын заңды түлға болса; аудиттелетін субъектінің қызметі міндетті экологиялық аудит жүргізілуге жататын болса, экологиялық аудит жүргізуіне тыйым салынады [8]. 2 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР №1 практикалық сабақ. Тақырыбы: Аудитке кіріспе. Жұмыс мақсаты: Жұмыстың негізгі мақсаты ИСО 19011:2002 халықаралық стандартының мазмұнымен танысу. Бақылау сұрақтары 1. Аудит дегеніміз не? 2. ИСО 19011 стандартының құрылымы және бағыты. 3. Аудит мақсаттары. 4. Аудит жүргізудің ерекшеліктері 5. Аудит себептері 6. Аудит не үшін жүргізіледі? 7. Шұғыл мәселелердің шығуы неге байланысты? №2 практикалық сабақ. Тақырыбы: Аудит категориялары. Жұмыс мақсаты: Аудит категориялары мен оның элементтерін оқу. Бақылау сұрақтары 1. Аудит категориялары қандай? 2. Бірінші және екінші жақ аудиттері нені білдіреді? 3. Үшінші жақ аудиті нені білдіреді? 4. Аудит жүргізу кезіндегі біліктілік маңыздылығы қандай? 5. Сапа менеджменті жүйесінің маңызы қандай? 6. Менеджмент жүйесі дегеніміз не? 7. Сапа менеджменті жүйесі деген не? 8. Сапа менеджменті деген не? №3 практикалық сабақ. Тақырыбы: Аудит типтері. Жұмыс мақсаты: Аудит типтерін оқу. Бақылау сұрақтары 1. Аудит адекваттылығы және оның типтері. 2. Аудит адекваттылығының негізгі мақсаты неде? 3. Аудит адекваттылығы қалай жүзеге асырылады? 4. Неге мұқият жүргізілген аудит тиімді болып саналады? 5. Сәйкестік аудитінің міндеттері. 6. Жоба, үрдіс, өнім аудиттері. 7. Көлбеу және сыртқы аудит. 8. Ішкі аудит. 9. Аудит үрдісінің стандарттарының талаптарында не жазылуы керек? №4 практикалық сабақ. Тақырыбы: Сертификатталған аудит типтері. Жұмыс мақсаты: Сертификатталған аудит типтерін оқу. Бақылау сұрақтары 1. Алғашқы реттік аудит нені қарастырады? 2. Қадағалау аудиті қалай жүргізіледі, оның мақсаты қандай? 3. Ре-сертификатталған аудит неге байланысты? 4. Сапа аудитін жүргізу бойынша жетекшілік? 5. ИСО 19011:2002 стандартының бөлімдерін атап көрсету. 6. «Аудит бойынша шаралардың» пункт бөлімдерін атап көрсет. 7. «Аудиторларды бағалау және құзіреттілігі» пункт бөлімдерін атап көрсет. №5 практикалық сабақ. Тақырыбы: Реттеуші әрекеттердің орындалуы. Жұмыс мақсаты: Реттеуші әрекеттердің орындалуын оқу. Бақылау сұрақтары 1. Сәйкессіздік деген не? 2. Сәйкессіздік тәсілдемесінің позитивті маңыздылығы қандай? 3. Сәйкессіздіктер туралы есептер маңыздылығы қандай? 4. Сәйкессіздіктерді тіркеу формалары қандай сәттерді қарастырады? 5. Сәйкессіздік бөлімдерін толтыру кезінде аудиторлар не істеу керек? 6. Объективті куәлік болып не табылады? 7. Сәйкессіздік формасын толтыру кезінде түсіндірмені қосу не үшін қажет? 8. Сәйкессіздік сыныптауыштары. |Реттеуші әрекеттерді жүргізуге сұраныс | |Компания: |Күні: |Реттеуші әрекеттердің | | | |сұраныс номері: | |Аудитор: |Тексерілетін жақ: | |Стандарт және пункт: |Елеулі: | |Елеусіз | | |Аудитордың есебі: | |(сәйкессіздік) | | | |Қолы: | |Күні: | |Ұсынылған реттеуші әрекеттер және себептері: | | | | | | | |Қорытындылаудың ұсынылған күні: | | | |Қолы: | |Күні: | |Реттеуші әрекеттерді талдау: | | | | | |Қолы: | |Күні: | №6 практикалық сабақ. Тақырыбы: Реттеуші әрекеттердің орындалуы (жалғасы). Жұмыс мақсаты: Реттеуші әрекеттердің орындалуын оқу. Бақылау сұрақтары 1. Жалпы ескертулер неге байланысты? 2. Реттеуші әрекеттерді жүргізу кезіндегі аудиторлар мақсаттары неге байланысты? 3. Аудитор не істемеу керек? 4. Сәйкессіздіктің идентификациясына қатысты аудитор нені естен шығармауы керек? 5. Жұмыс үрдісінде есептерді құру үшін ұсынылатын принциптерді ата. 6. Сәйкессіздіктің матрицалық талдауы неге негізделеді? |Матрицалық анализ (тек оқу мақсаттары үшін) | |ИСО 9001:2000 стандартының бөлімдері |Департаменттер/СМЖ үрдістері | | | | | | | |Ескету | | | | | |Аты-жөні,тегі Қолы | |Күні | №7 практикалық сабақ. Тақырыбы: Ішкі аудит. Жұмыс мақсаты: Ішкі аудит жетекшілігін оқып, зерттеу. Бақылау сұрақтары 1. Аудит жетекшілігінің маңыздылығы қандай? 2. Аудит бағдарламасы? 3. Ішкі аудит бағдарламасын әзірлеу әдістемелері? 4. Аудит бағдарламасының басшысының міндеттеріне не жатады? 5. Жоспарлау кезінде аудит бағдарламасын құру мақсаттары? 6. Аудит бағдарламасын жоспарлау кезінде ұйым нені ескеруі керек? №8 практикалық сабақ. Тақырыбы: Аудит этаптары. Жұмыс мақсаты: Ішкі аудит жетекшілігін оқып, зерттеу. Бақылау сұрақтары 1. Аудит жетекшілігінің маңыздылығы қандай? 2. Аудит бағдарламасы? 3. Ішкі аудит бағдарламасын әзірлеу әдістемелері? 4. Аудит бағдарламасының басшысының міндеттеріне не жатады? 5. Жоспарлау кезінде аудит бағдарламасын құру мақсаттары? 6. Аудит бағдарламасын жоспарлау кезінде ұйым нені ескеруі керек? №9 практикалық сабақ. Тақырыбы: Аудит этаптары(жалғасы). Жұмыс мақсаты: Аудит этаптарын оқып үйрену. Бақылау сұрақтары 1. Туынды кеңестің негізгі мақсаты? 2. Аудитор қандай жоспарланған сауалдарды қарастыруы керек? 3. Топтардың бірлескен кеңестері? 4. Қорытынды кеңес 5. Кеңесте не қарастырылады? 6. Аудит тобының мүшелерінің жауапкершілігі қандай? 7. Реттеуші әрекеттердің орындалуын тексеру. №10 практикалық сабақ. Тақырыбы: Бақылау парақтары. Жұмыс мақсаты: Бақылау парақтарымен танысу. Бақылау сұрақтары 1. Бақылау парағын қолдану мақсаты? 2. Бақылау парақтарын қолдану артықшылықтары? 3. Құжаттандырылмаған сапаны басқару жүйесін тексеру кезінде қолданылатын бақылау парақтары? 4. Бақылау парақтарын әзірлеу? 5. Тиімді бақылау парақтарын құрудың әдістемесінің маңызы? 6. Бақылау парақтарында не қарастырылуы керек? 7. Бақылау парақтарының екінші мақсаты. |Компания: |Бөлім/қызметі: |Есеп №: | |ЛТД мысалы. |Қойма | | |№ |ИСО |Процеду|Тапсырма |Аудито|Уақы| |б/п|9001 |ра | |рдың |ты | | |бөлім| | |ескерт| | | |і | | |уі | | |1 |4.2.3|Р.05 |Келесі процедуралардың бар екендігін және | |15 | | |(а) | |жағдайларын тексеру: | |мин | | | | |Р.10.1 Өнімді бақылау және қабылдап алу | | | | | | |Р.13 Ақауды есептеу және талдау | | | | | | |Р.15.1 Өнімді түсіру | | | | | | |Р.15.2 Сақтау және консервілеу | | | | | | |Р.15.3 Жеткізуді бақылау және аяқтау | | | |2 |7.5.4|Р.10.1 |Өнімді қабылдап алу. | |15 | | | | |Өнімді қабылдап алуға рұқсат. | |мин | |3 |7.4.3|Р.10.1 |Өнімді қабылдау - ----------- бақылау. | |15 | | | | |Бақылауды жүргізу туралы белгілеуді тексеру.| |мин | |4 |7.5.2|Р.10.1 |1. Өнімді буып-түюдегі бақылауды жүргізу | |10 | | | |Р.15.3 |туралы белгілеуді тексеру. | |мин | | | | |2. Жеткізілетін тауармен бірге жүретін | | | | | | |буып-түю парағындағы бақылауды жүргізу | | | | | | |туралы белгілеуді тексеру. | | | |5 |7.5.4|Р.15.2 |Компьютерлік ақпаратқа сәйкес қоймадағы | |15 | | | | |өнімдердің орналасуын тексеру. | |мин | |6 |7.5.4|Р.15.2 |1. Өнімнің сақталу мерзімін таңдамалы | | | | | | |тексеру. | | | | | | |2. Арнайы қоймадағы ылғалдылық пен | | | | | | |температураны тексеру. | | | | | | |3. Термометр калибрі мен ылғалдылық | | | | | | |көрсеткішінің барысын тексеру. | | | |7 |8.3 |Р.13 |1. Карантин аумағын тексеру. | |15 | | | | |2. Аумақты белгілеу. | |мин | | | | |3. Инспекция үрдісіндегі өнім. | | | | | | |Ауытқу туралы күнделікті есеп. | | | |8 |6.3 |Р.9 |Техникалық қызмет көрсетуді апта сайын және | |15 | | | | |ай сайын тіркеудің автотиеудің құжаттамасын | |мин | | | | |тексеру. | | | |9 |7.5.4|Р.15.3 |PS/99 буып-түю сұлбасына сәйкес | | | |10 |7.5.4|Р.15.3 | | | | |11 |6.2.2|жоқ | | | | | |(d) | | | | | №11 практикалық сабақ. Тақырыбы: Аудиторлардың қызметі. Жұмыс мақсаты: Аудиторлардың іс-әрекетімен танысу. Бақылау сұрақтары 1. Аудитті жүргізудің негізін қалаушы принциптің маңызы 2. Аудитордың негізгі мақсаты қандай? 3. Аудитті орындау кезінде аудитордың жауапкершілігі? 4. Бас аудитордың қосымша міндеттері. №12 практикалық сабақ. Тақырыбы: Аудиторлардың қызметі(жалғасы). Жұмыс мақсаты: Аудиторлардың іс-әрекетімен танысу. Бақылау сұрақтары 1. Жүйені тексеру кезінде аудитордың атқару ролі 2. Бас аудитордың берген ұсыныстардың атқаратын ролі? 3. Аудиторларды даярлау деңгейі? 4. Аудитордың жеке басының ерекшелігінің атқаратын ролі. 5. Аудитордың жағымды жақтары. 6. Аудиторлардың жағымсыз ерекшеліктері. №13 практикалық сабақ. Тақырыбы: Аудитті орындау. Жұмыс мақсаты: Аудитті орындауды оқып үйрену. Бақылау сұрақтары 1. Аудит мазмұны. 2. Аудит барысында ақпарат жинақтау әдістері қандай? 3. Дәл ақиқаттың маңызы? 4. Құжаттарды сараптауға не жатады? 5.Құжаттандырылған процедура дегеніміз не. №14 практикалық сабақ. Тақырыбы: Аудитті орындау(жалғасы). Жұмыс мақсаты: Аудиттің орындалуымен танысу. Бақылау сұрақтары 1. Аудит барысындағы бақылаулардың маңыздылығы қандай 2. Аудит барысында үрдіске бейімділіктің маңыздылығы қандай? 3. Аудит бағыттары 4. Үрдістер аудиті және олардың өзара байланысы? 5. СМЖ-н аудиттеу қандай сауалдрға жауап береді? 6.Нақты үрдісті аудиттеуге даярлық кезінде аудитор не істеуі керек №15 практикалық сабақ. Тақырыбы: Ішкі аудиторды тіркеуге алу. Жұмыс мақсаты: Ішкі аудиторды тіркеуге алумен танысу. Бақылау сұрақтары 1. Сертификатталған аудитордың Халықаралық Регистрі. 2. Сертификатталған аудиторлардың Халықаралық Регистрі қандай бөлімдерден құралған? 3. Аудиторларға және бас аудиторларға ұсынылатын іс-әрекеттер қандай? 4. Аудиторларды тіркеуге қандай сұлбаларды білесіз? 5. Тіркеуге алу критерийлері? 6. Қайталап тіркеуге алу. 3 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ 3.1 Курс бойынша өзіндік жұмысты келесі тәртіпте жүргізіп тұруы қажет. Курстың әрбір тақырыбы бойынша ұсынылатын әдебиетті оқып, теориясына көп тоқталмай, оқылатын сұрақтардың мәніне ғана тоқталып, түсініксіз жерлерін белгілеу керек. Содан кейін материалды мұқиятты түрде игеру қажет, яғни теориялық ережелерді, керекті негізгі мәліметтерді арнайы дәптерге жазып тұрады. Курсты оқу барысында студент СӨЖО мен СӨЖ реферат немесе үй тапсырмасы түрінде орындайды, оның басты мақсаты өткен тақырыпты толық меңгеру үшін. Студенттердің өзіндік жұмысы тақырыптарының тізімі: 1 Аудитке тәсілдеме. 2 Ішкі аудитке арналған бақылау парақтары. 3 Аудит кезіндегі есеп беру. 4 Процестердің сапасына әсер ететін факторларды және олардың деңгейін талдау 5 Кәсіпорынның сапа саясатын дайындау 6 Тұтынушының қауіп-қатерлерін төмендететін техникалық шараларды дайындау 7 Тұтынушының қауіп-қатерлерін төмендететін ұйымдастырушылық шараларын дайындау 5.2 Студенттердің білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары: 5.3 Оқу - әдістемелік әдебиеттердің тізімі: 1. Негізгі әдебиет 2. ИСО 10005:2005 «Сапа менеджменті – Сапа жоспарын жасау бойынша жетекші нұсқаулықтар». 3. ИСО 10013:2001 «Сапа басқару жүйесінің құжаттамалары бойынша жетекші нұсқаулықтары». 4. МС ИСО 9001-2000 «Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» 5. ИСО 19011 :2002 «Сапа жүйесін және/немесе қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесін аудиттеу бойынша жетекші нұсқаулықтар». 6. Лифиц И. М. Основы стандартизации, метрологии и сертификации: Учебник. - М.: Юрайт, 2000. - 285с. 7. Крылова Г. Д. Основы стандартизации, сертификации и метрологии: Учебник для вузов. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ- ДАНА, 1999. - 711с.; 8. Шишкин И.Ф. Основы метрологии, стандартизации и управления качеством / Учебное пособие для вузов по редакцией акад. Н.с.Соломенко. -М.: Изд. Стандартов;
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz