Файл қосу
Жүгерінің биологиялық ерекшеліктері
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ | |БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3деңгейлі СМК құжаты |ПОӘК |ОӘКҚ 042-18.21.43/03-2013| |ПОӘК | басылым орынына | | |«Жерді қорғау және |№ | | |рекультивациялау» пәнінен | | | |арналған оқу әдістемелік | | | |материалдар | | | ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 5В080100 «Агрономия» мамандығына арналған «Жерді қорғау және рекультивациялау» ПӘНІНЕ АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР СЕМЕЙ, 2013 МАЗМҰНЫ 1. Глоссарий 2. Дәрістер 3. Тәжірибелік және зертханалық сабақтар 4. Курстық жоба және дипломдық жұмыс 5. ОСӨЖ және СӨЖ Дәріс 1 Кіріспе. Өсімдік шаруашылығы пәнінің маңызы және мәні. Жоспар: 1. Өсімдік шаруашылығының пән аралық байланысы 2. Өсімдік шаруашылығы міндеті және халық шаруашылығында алатын орыны 3. Өсімдік шаруашылығындағы зерттеу тәсілдері Өсімдік шаруашылығының маңызы және дамуы. Топырақ құнарлылығын жоғарылату және алдыңғы қатарлы өсіру технологияларын енгізу негізінде ауылшаруашылығы өнімдерін арттыру. Ауылшаруашылық дақылдарын тиімді орналастыру және аудандастыру. Бақылау сұрақтары: 1. Қазақстанның агроклиматтық аймақтары және өсімдіктердің негізгі факторлармен қамтамасыз етілуі жайлы не білесіздер? 2. Қазақстанның қай облысының аймағы шөлейтті болып табылады ? 3. Факторлардың жиынтық ( қосынды ) әсер заңы жайлы не білесіздер? 4. Танаптық тәжірибе дегеніміз не ? 5. Вегетациялық тәжірибе дегеніміз не? Дәріс 2 Күздік астықтар өсіру технологиясы. Жоспары: 1. Күздік бидай және қара бидай. Халық шаруашылығындағы маңызы 2. Күздік арпа, халық шаруашылығындағы маңызы, биологиялық ерекшелігі 3. Күздік тритикале халық шаруашылығындағы маңызы, биологиялық ерекшелігі Күздік бидай және қара бидай. Халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, өнімі. Қазіргі уақытта Қазақстанда астық өндіруді тұрақтандыру ауыл шаруашылығы ғылымдары мен өндірістің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Әсіресе бұл мәселе нарықтық экономикаға көшуге байланысты өткір қойылып отыр, бір жағынан Республикамыздың дүниежүзіндегі дамыған 50 елдің құрамына кіру мақсатында және қуатты бидай астығын артырудың, оның экономикалық әлеуетін тұрақтандырудың, әрі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамассыз етудің айтарлықтай шарты. Мұндай қосымша астық алу көздерінің бірі-Қазақстанда күздік дақылдарды өсіру. Астық дақылдарының ішінде барынша өнімдісі күздік бидай екендігі белгілі. Ол барлық астық дақылдарынан өнімі бойынша 4,0-тен 10-12 ц/га дейін асып түседі. Осыған қоса жаздық бидайға қарағанда азық –түліктік құндылығы кем болмаса да, одан бірқатар артықшылықтарымен ерекшеленеді; ол топырақтан, күзгі,қысқы, ерте көктемгі ылғалды және қореқтік заттарды жақсы пайдаланады; топырақты су және жел эрозиясынан сенімді қорғалды; арамшөптерге қарсы күресте ерекше маңызы бар; аурулармен аз залалданады және астық зиянкесі-астық сұр көбелегі жарақаттануынан «өтіп кетеді», әрі 7-10-нан 15-30 тәулікке дейін вегетатциясын ерте сақтайды. Дәнді астық дақылдары ішінде бидай өте құнды тағамдық өсімдіктердің бірі ретінде жүзінде 230 млн.га егіс алқабын алып жатыр, оның ішінде күздік бидай егістіктері 35% -ын құрайды, ал оның астық өнімі орта есеппен 25,4ц/га. Қазақстанда күздік бидай ретінде негізінен жұмсақ бидай өсіріледі. Осыған байланысты төменде аталған түрдің өсу, даму және технологиясының ерекшеліктері қарастырылады. Биологиялық ерекшеліктер. Күздік бидай биологиясы бойынша бидайдан ерекшеленеді. Жаздық бидайдан айырмашылығы-оның вегетатциялық кезегі күзде басталады да келесі жылы жазда аяталады. Тіршілік үрдісінде күздік бидай өну, көктеу, түптену, түтікке шығу, масақтану, гүлдену және пісу кезеңдерінен өтеді. Алғашқы үш кезеңдері күзде, қалғандары-келесі жылы көктемде және жазда өтеді. Осы кезеңдері бойынша оның биологиялық ерекшеліктерін қарастырайық. Тұқымның өнуі- бұл тыныштық күйінде тұқымның белсенді әрекетке көшуі, ол үшін жылу, ылғал және ауа қажет. Тұқымы өз массасының 45-50% су сігіргеннен кейін өне бастайды, топырақтың оңтайлы ылғалдылығы ТЫС-тың 60- 70 % мөлшерінде болғаны дұрыс. Күздік бидай тұқымы 0°С-да суды сіңіре алады, бірақ мұндай жағдайда тұқым бөрткенімен физиологиялық өсу үрдісі тоқтап қалады. Егін көгі (көктеу) кезеңі. Топырақ бетіне әуелі колеоптиле шығады, ол жарылады да бірінші нағыз жапырақ пайда болады, осы сәтті егін көктеді деп есептейді. Себуден өсімдіктен көктеу кезеңінің ұзақтығы температураға, ылғал ж.б. байланысты. Қостанай облысы жағдайында жақсы дайындалған ықтырмалы сүрі танабында 12-17°С жылылықта күздік бидай 6-9-тәулікте, ал куаңшылықты жылдары және сүрі танабы нашар өнделгенде-10-16-тәулікте көктеген. Ақмола облысының бұрынғы «Красный флаг» кеңшарында ылғал бойынша қолайлы 1990жылы орташа тәуліктік ауа температурасы 18,6°С және 12,8°С болғанда тиісінше күздік бидай 6 және 8- тәулікте егін береді. Түптену кезеңі. Түптену кезеңінің басын әдетте төменгі жапырақ қолтығына бірінші бүйір өркенінің пайда болуымен анықтайды. Бірінші бүйір өркенінің жапырағының өсуіне қарай негізгі өркеннің екінші жапырақ негізінде орналасқан бүршіктен екінші бүйір өркен қалыптасады. Орта есеппен 5-7 өркен түзіледі, егістік сирек болғанда олардың саны жоғары болуы мүмкін. Осы кезеңде негізгі өркендердің түзілуі және өсуімен қатар түптену түйініненекіншілік немесе түйін тамырлары қалыптаса бастайды. Күздік бидайда күзгі және көктемгі түптену кезеңдері ажыратылады. Күздік бидайға түйін тамыр жүйесі жаздық бидайға қарағанда қуатты дамиды. Түтікке шығу (сабақтану) кезеңі. Бұл кезең бірінші буынаралығының 5-6 см-ге ұзаруынан басталады. Өсімдік сабағының шапшаң өсуі мен масақтың дамуы осы кезеңнен басталады, жапырақтардың негізгі массасының түзілуі аяқталады. Масақтану кезеңі. Кезең масақтың жоғарғы жапырақ қынабы бөлігінен сыртқа шығуымен сипатталады және түтікке шыққаннан кейін 20-25 тәуліктен соң басталады, аймақ жағдайында бұл кезең мамырдын ортасы мен аяғына дәл келеді. Кезеңнің өтуі үшін оңтайлы ауа тампературасы 18-20°С. Гүлдену кезеңі. Қолайлы жағдайларда күздік бидайдың гүлдену масақтанудан соң іле-шала басталады. Оның ұзақтығы температураға, ауа мен топырақ ылғалдылығына тәуелді. Гүлдену мен тозаңдану жүретін ең төменгі температура 6-7°С, АЛ барынша қолайлы ауа температурасы-20-25°С. Оңтайлы жағдайлар гүлдену мен тозаңдану уақытында топырақ ылғалдылығы ТЫС-тің 75- 80% деңгейінде қалыптасады. Пісу кезеңі. Ұрықтанған ұрық бүршігінде эндосперм қалыптасады, ұрық өсіп-дамиды, жатын қабырғасынан қабық түзіледі де тұқыммен бірігіп өседі, соңынан дәнге айналады. Өсіруге рұқсат етілген сорттар. Мироновская 808-Украинаның В.Н.Ремесло атындағы Миронов би дай селекциясы және тұқым шаруашылығы ҒЗИ-да топтық сұрыптау тәсілімен шығарылған. Масағы әлсіз призма пішінді, ақ, қылтықсыз,орташа ұзындықта және тығыздықта. Дәндегі клейковина 28-37% аралығында өзгереді. Тыңайтқыш қолдану жүйесі. Ғылыми негізделген тыңайтқыш жүйесін қолданған күздік бидайдың заманауи сорттарының әләуеті өніміне жақын- гектарынан8,0-9,0 т өнім алуға болатыны дәлелденген дерек. Күздік бидайдың қоректік заттарды қажет ету мөлшері олардың топырақ құрамындағы мөлшеріне, өсірі жағдайына, өсімдіктің даму кезеңіне, сорттың ерекшелігіне тікелдей байланысты. Топырақ өңдеу жүйесі. Күздік бидайға топырақ дайындау алғы дақылға, өсірілетін аймақтың топырақ климат жағдайына, нақты шаруашылықтың ресурстық ерекшеліктеріне ж.б. байланысты анықталады және өңдеу жазықтілгішті немесе қайырмалы құралдармен жүргізіледі. Күздік бидайдың ерекше сипаты-оның күзден тығыз топырақта қалыпты дамуы. Тұқымды себуге дайындау және себу жұмыстары. Жоғары сапалы тұқым күздік бидайдан мол өнім алудың маңызды шарты. Осы себепті бірінші класты себу сапасына жеткізілген өткен жылғы өнімнен дайындалған күздік бидай тұқымы пайдаланылады. Өйткені жаңа жиналған астық тұқымдары себуге дейін қалған аз уақытта егін жинағаннан кейін пісіп-жетілу кезеңін-тыныштық күйін- өтіп үлгермейді, нәтижесінде олардың лабораториялық өнгіштігі 70-80% -дан аспайды. Олар кондициялық өнгіштікке 20-30 тәуліктен соң жетеді. Жаңа жиналған астықтант дайындалған тұқым кеш көктейді, танаптық өнгіштік төмен және егістік сирек болады, ал бұл астық өнімін төмендетеді.Өткен жылғы өнімнің тұқымдары тез және жаппай көктейді, өсімдіктер жақсы түптенеді, қыстайды және айтарлықтай мол қосымша өнім береді. Бұл шаруашылықта күздік бидай тұқымының ауыспалы қоры керектігін дәләлдейді. Өнімді жтинау. Күздік бидайдың піскен егінін жинау әдісін таңдап алу, оның жалпы жағдайына, ауа райының ерекшелігінге тікелей байланысты. Өсірілген өнімді жинау дәннің толық пісу кезеңіне тікелей, ал дәннің балауызданып пісуінің ортасында ылғалдылығы 30-35% болғанда, бөлектеп ору әдісімен жүргізіледі. Күздік қара бидай- маңызды азық-түліктік дәнді дақыл. Оның дәнінде толыққұнды белоктар, көмірсулар, майлар, өте бағалы айырбасқа жатпайтын амин қышқылдары (лизин, валин, триптован), сонымен қатар А, В1,В2,Е,РР дәрумендері және элементтер бар, олар адамзат тіршілігінде өте маңызды. Морфологиялық ерекшеліктері. Қара бидай қоңырбастар тұқымдасына және Secale туыстығына жатады да 12 түрді біріктіреді. Дақылда негізінен күздік қара бидай өсіріледі, ал жаздық қара бидай-төмен өнімді, Қазақстанда мүлде өсірілмейді десе де болады. Тамыр жүйесі. Күздік қара бидайдың тамыр жүйесі қуатты дамыған, шашақтық, ұрықтық және түйін тамырлардан тұрады, топырақта 1,0-1,5м дейін бойлайды, алайда негізгі массасы топырақтың беткі қабатында шоғырланады. Күздік қара бидайдың тұқымдары көбінесе 3-4 ұрықтық тамырмен өнеді, олар өсімдіктер тіршілігінің алғашқы кезеңдерінде қоректенуде үлкени рөл атқарады. Негізгі өркеннің төменгі түйінінен түйін тамырлар тарайды, олардың даму деңгейі топырақ климат ерекшеліктері мен өсіру жағдайларына байланысты өзгереді. Сабағы- сабан, іші қуыс , биіктігі 0,6-1,8 м дейін және буынаралығы төрттен жетіге дейін, оның жапырылуы сабақтың биіктігі, төменгі буынаралығының ұзындығы мен жуандығына қарай өзгереді. Жапырақтары-ланцетті, бидаймен салыстырғанда ендірек. Гүл шоғыры- күрделі масақ, ақшыл-сары, масақ бірлігі мен масақшалар бекитінтұғырдан құралған. Гүл қауыздары бес жүйкелі және бір-екі килі болады. Масақта 30-40 масақшалар дамиды. Жемісі-жіңішке ұзынша келген немесе сопақша келген дән, жасыл, сары, сұр және басқа түсті, 1000 санының массасы-18-52г. Қара бидай-айқас тозаңданатын өсімдік. Күздік арпа. Халық шаруашылығындағы маңызы. Күздік арпаны негізінен мал азықтық және жармалық дақыл ретінде өсіреді. Дәнінде ақуыздың аз болуы оны сыра қайнату өнеркәсібінің құнды шикізаты қатарына жатқызады. Дәннің құрамында 13,4% ақуыз, 2,0% -май, 54,0% -крахмал, бар. Биологиялық ерекшеліктері. Күздік арпа күздік бидаймен, әсіресе күздік қара бидаймен салыстырғанда қысқа төзімсіз. Ол үшін- 12°С-тан төмен аяздар қауіпті. Күздік бидайға қарағанда ол ерте көктемгі қолайсыз жағдайлардан көбірек зардап шегеді. Сорттары. Қазақстанда күздік арпаның мынадай сорттарын өсіруге болады. Береке 54, Роман, Росова, Циклон және Южноказакстанский43. 3.Күздік тритикале. Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері. Тритикале-ботаникалық тегі екі түрлі-бидай мен қара бидай өсімдіктері хромосомалары кешенін біріктірудің нәтижесінде синтезделген ауылшаруашылық дақылы. Тритикале-бидай+қара бидай буданы-арифидиплоидтар қатарына жатады. Тыңайтқышты қолдану. 1ц астық және соған сәйкес сабан түзу үшін тритикалеге 4-5 кг азот, 1,3-1,6 кг фосфор, 3,6-4,0кг калий қажет. Қоректік әлементтерді тритикале өсімдігі сабақтану және дәннің қалыптасуы мен толысуы кезеңінде барынша қажетсінеді. Топырақты өңдеу жүйесінде күздік бидаймен және күздік қара бидайдікінен айырмашылық жоқ, негізінде алғы дақылға және танаптың арамшөптермен ластануына байланысты. Өнімді жинау. Масақша қауыздары берік ұстайтындықтан тритикаленің дәндері піскеннен кейін шашылмайды. Тікелей және бөлектеп ору әдістері қолданылады. Тритикаленің дәндері бидайдікінен ірі болғандықтан бастырар алдында комбайнның барабаны мен барабан астының саңылауын ұлғайту керек және барабанның айналу жылдамдығын минутына 600-ге дейін азайтады. Бастырғаннан кейінгі тазарту жұмыстары қолданыстағы тұқым тазартқыш машиналармен жүргізіледі, бірақ саңылаулары үлкен електер қолданылады. Бақылау сұрақтары: 1. Дәнді астық дақылдарының биологиялық ерекшеліктері. 2. Күздік астық дақылдарының азық – түліктік маңызы. 3. Дүние жүзінде астық дақылдарын сақтау бойынша жүргізілетін негізгі іс- шаралары. 4. Тұқым сапасына экологиялық жағдайлардың әсері 5. Егістік дақылдар өнімділігін арттыруда тұқымның алатын орны 6. Тұқым шаруашылығын шоғырландыру мен мамандандыру шаралары және оны өнеркәсіптік негізге көшірудің жетістіктері 7. Тұқымның пайда болуы, толысуы және пісіп – жетілуі бойынша айырмашылықтары. 8. Тұқымның зақымдануы және оны азайтудың шаралары. 9. Тұқымның егістік өңгіштігі бойынша сараптама жүргізу жолдары қандай? ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ Негізгі әдебиет: 1. Қ. К. Әрінов, Қ.М. Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А. Серекпаев, Н.А. Шестакова, С.С. Арыстанғұлов «Өсімдік шаруашылығы» , Алматы-2011жыл 2. М.М. Жанзақов. Өсімдік шаруашылығы. Алматы, 2007 жыл 3. М.И. Кондрашкина Лабороторно-практические заниятия по растениеводству, Москва-2006 г Қосымша әдебиеттер 1. И.А. Абугалиев. Справочник агронома. Алма-Ата, Қайнар,1985 ж 2. В.Ф. Белик. Бахчевые культуры. М., Колос,1980 г. Дәріс №3 Жүгері өсірудің интенствті технологиясы. Жоспар: 1. Халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, өнімі 2. Жүгерінің биологиялық ерекшеліктері 3. Егістікті күтіп-баптау іс-шаралары. Халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, өнімі: Қонақ жүгері-азық түліктік және малазықтық дақыл. Африка, Үнді және Шығыс Азия елдерінде негізгі тағамдық дақыл болып саналады. Сондықтан, тағамдық өсімдік ретінде әлемде бидай мен күріштен кейін үшінші орын алады. Қонақ жүгері алуан түрлі мақсатта пайдаланылатын дақыл. Дәні-малдың бағалы азығы, құрама жем, крахмал, спирт және қант өнеркәсібінде шикізат. Қонақ жүгерінің 100 кг дәнінде 119 азықтық өлшем, ал көк балаусасында-23,5, сүрлемінде-22,0, пішенінде-49,2 азықтық өлшем болады. Қонақ жүгері дәнінде 15 пайызға дейін протин, лизинге бай, қантты сорттарында 10-15 пайызға дейін қант бар, одан қою шырын алынады. Перспективалы қант беруші дақылдар қатарына жатады. Қонақ жүгері отаны Африка болып есептелінеді. Біздің арамызға дейін 3 мың жыл бұрын Үнді және Қытай елдерінде өсірілген, ал Орта Азия мемлекеттерінде 2,5 мың жыл бұрын белгілі болған, Ресейге 17 ғасырда әкелінген. Дүние жүзіндегі егіс көлемі48 млн. га, дән өнімділігі-14,2 ц/га. ТМД елдерінде қонақ жүгеріні 150 мың гектарға өсіреді, орташа өнімділігі-15 ц/га. Республикадағы егіс көлемі ағын, бірақта перспективалы дақылдар қатарына жатады. Морфологиялық сипаттамасы: Қонақ жүгері дақылы Қоңырбастар тұқымдасына жатады. Көптеген түрлерінен біздің елімізде егілетіні кәдәмгі қонақ жүгері және малазығы үшін өсірілетін судан шөбі. Қонақ жүгерінің тамыр жүйесі шашақты, жақсы жетілген, топырақтың 2,5 м. Және одан да терең қабатына бойлап кетеді. Сабағының биіктігі 2 м, ал суармалы жағдайларда 3-5 м дейін, іші бос өзекшемен толтырылған. Гүл шоғыры- шашақ, ұзындығы 15-60 см, әрбір тармағының соңында екі масақша отырады, оның біреуі- қос жынысты, ал екіншісі- аталық, гүлденгеннен кейін түсіп қалады. Негізінен айқас тозаңданатын дақыл. Дәні-қабақты немесе жалаңаш, пішіні-дөңгелек, жұмыртқа тәріздес, бояуы- ақ, қоңыр, сары, бурыл. 1000 дән массасы 25-45г. Бір шашақты 1600-3500 дән болады. Жүгерінің биологиялық ерекшеліктері: Қуаңшылыққа, ыстыққа төзімді дақыл. Трансппирациялық коэффиценті 150-200. Жылу сүйгіш өсімдік. Қысқа мерзімдегі үсіктен өліп қалуы мүмкін. 30-35°С температурада жақсы өсіп дамиды, 40°С дейін ыстықты көтереді. Вегетация дәуірінде қажетті температура жиынтығы 2250-2500° С. Жарық сүйгіш және қысқа күн өсімдігі. Топырақ талғамайды, барлық топырақ типтерінді өсе береді, бірақта жоғары өнімді жақсы жылынатын, бос және ауа өткізгіштік қабілеті жоғары топырақты жерлерде қалыптастырады. Өсіру технологиясының ерекшеліктері:Ауыспалы егістіктегі орны, бірінші кезекте, өсіру бағытына байланысты. Қонақ жүгеріні далалық және малазықтық ауыспалы егісте орналастырады. Тыңайтқыштар жүйесі: Көптеген зерттеушілер қонақ жүгері егісіне органикалық және минералдық тыңайтқыштарды берудің тиімділігін көрсетеді. Топырақ өңдеу жүйесі: Қонақ жүгері дақылы ылғалы жеткіліксіз аудандарда өсірілетіндіктен, топырақ өңдеудің негізгі мақсаты-ылғалды максималды жинау, сақтау және үнемдеп пайдалануға және арамшөптерді жоюға бағытталуы тиіс. Көктемгі топырақ өңдеу жүйелерінде ерте көктемгі танапты тырмалау және тұқымды себер алдындағы культиватциялау. Себу тәсілі мен мөлшері: Қонақ жүгерінің өнімділігі әрбір өсімдіктің жеке түсімінен және өсіру жағдайына байланысты болады. Сондықтан, белгілі көлемдегі өсімдіктермен саны мен олардың орналасу тәсілін дұрыс анықтаудың іс-саналық маңызы зор. Сол себепті дақылдың қолайлы тәсілі мен оңтайлы мөлшерін анықтау өнімділік қалыптастырудың басты факторлары болып есептеледі. Егістікті күтіп-баптау: Сепкеннен кейінгі тырмалау, қатараралықты өңдеу, өсімдікті арамшөптер, аурулар мен зиянкестерден химиялық жолмен қорғау. Қонақ жүгері танаптарында кешенді тырмалау. Осы шараның әсерінен танаптағы 65-70пайыз арамшөптерді құртуға мүмкіндік туады. Дақылдың вегетация кезеңінде КРН-4,2 культиваторымен 3 рет қатараралық өңделеді: Бірінші 7-8 жапырақ пайда болғанда 8-10 см тереңдікке, екінші- одан кейін 7-10 күннен соң, 6-8 см тереңдікке, ал үшінші-түтіктену сатысының алдында 4-6 см тереңдікте жүргізіледі. Суару: Қазақстанның оңтүстігінде қонақ жүгері танабын 3-4 рет суарады. Бірінші суғару өсімдіктің қарқынды өсу кезеңінде екінші-түтіктену кезеңінде минералдық тыңайтқыпен үстеп қоректендірумен бірге, үшінші- шашақтану кезеңінде, ал төртінші-дән толысу кезеңі. Арамшөптермен, аурулар және зиянкестермен күресу үшін рұқсат етілген химиялық препараттарды толықтырады. Өнімді жинау: Биік бойлы қонақ жүгері сорттарын тұқымға СМ-2,5 комбайнымен алдымен шашағы кесіліп, бастырылады, ал содан кейін сүрлем жинаушы комбайнымен- малазықтық массасы жиналады. Бақылау сұрақтары: 1. Жүгерінің биологиялық ерекшеліктері дегеніміз не? 2. Жүгерінің халық шаруашылығында алатын орыны қандай? 3. Жүгеріні өсіру мерзімі қанша? 4. Семей аймағында қандай жүгері өсімдік түрі өседі? 5. Шығас Қазақстанда өсірілетін жүгерінің биологиялық ерекшеліктері қандай? 6. Жүгеріні күтіп баптауда қолданылатын агротехнологиялық іс-шаралар әдістерін ата. ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ Негізгі әдебиет: 4. Қ. К. Әрінов, Қ.М. Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А. Серекпаев, Н.А. Шестакова, С.С. Арыстанғұлов «Өсімдік шаруашылығы» , Алматы-2011жыл 5. М.М. Жанзақов. Өсімдік шаруашылығы. Алматы, 2007 жыл 6. М.И. Кондрашкина Лабороторно-практические заниятия по растениеводству, Москва-2006 г Қосымша әдебиеттер 3. И.А. Абугалиев. Справочник агронома. Алма-Ата, Қайнар,1985 ж 4. В.Ф. Белик. Бахчевые культуры. М., Колос,1980 г. Дәріс № 4 Жаздық астықтарды өсіру технологиясы Жоспар : 1. Жаздық бидай халық шаруашылығындағы маңызы және биологиялық ерекшелігі 2. Жаздық арпа халық шаруашылығындағы маңызы және биологиялық ерекшелігі. 3. Сұлы биологиялық ерекшелігі және халық шаруашылығындағы маңызы Оңтүстік Қазақстанда, соның ішінде Қызылорда облысында жаздық бидай негізінен суармалы жерлерде өсіріледі. Бидайды күріш ауыспалы егісіне енгізіп, мелиоритивті танаптарда өсіру бұл дақылдың өсіру технологиясын жетілдіруді, әсіресе минеральды тыңайтқыштарды қолдану жүйесін және суару режимін оптимизациялауды қажет етеді. Жаздық бидайдың агротехникалық ролі де үлкен, өйткені ауыспалы егістегі суармалы жерлер тиімділігін арттырады,суды үнемдейді, жалпы өнімі артады. Жаздық бидайдың өнімділігі көптеген факторларға, соның ішінде табиғи экологиялық және техногендік ( агроэкологиялық ) факторларға байланысты. Аймақтағы табиғи зкологиялық факторлар (жарық және температура режимдері, жауын- шашын мөлшері,оның маусымдық және әр жылдары бойынша өзгеруі т.б. ) адамзат әрекеті арқылы реттелінбейді, оған бидай дақылы, оның сорттары бейімделуі керек. ТМД елдері аймағында егіліп жүрген жаздық бидай сорттар ішінде саратов сорттары көпшілік жағдайда өнімді және қуаңшылыққа төзімді. Бидайдың жалпы сипаттамасы. Бидайдың шыққан жері – алдыңғы Азия орталығы – қазіргі Иран, Аравия аумактары. Бұдан бидайдың 18 түрі, оның ішінде жұмсақ бидай тараған. Жерорта теңізі орталығынан ( Греция, Италия ) қатты бидай шыққан. И.С. Сүлейменовтың (1973) қортындылауынша Қазақстанда Семей маңында бидай суармалы жерлерде 1834ж. өсіріле бастады. ХIХ ғасырда ол қазіргі Қостанай,Ақмола ж.б. облыстар аумақтарында себілген, ал ХХ ғасырдың басынан республикадамыздың барлық жерлерінде өсірілуде. Бидайдың дүние жүзіндегі егіс көлемі 220 млн.га. шмасында ,екпе дақылдарының ішінде ол бірінші орын алады. Бидай қатты және жұмсақ болып бөлінеді. Бидайдың морфологиялық ерекшеліктері. Тамыр жүйесі шашақты, ұрықтық және түйін тамырларынан құралған. Сабағы – сабан ( буынаралықтары 5-8 ), буынаралықтарының саны жапырақ санына сәйкес келеді. Жапырақтары- сызықты (линиялы), жапырақ тақтасы мен жапырақ қынабынан құралған, қынаптың тақтағы ауысар жерінде тілше ( түссіз пленка), ал жапырақ қынабының негізінде сабақты орап тұратын сызықты құлақша немесе мүйізшелер болады. Гүл шоғыры- масақ, ол масақ білігі мен масақшалардан тұрады. Бидай масағы бөлігінің бір тұғырында бір масақша орналасқан, бірақ ол көпгүлді /3-5 гүлден тұрады/. Агрономның міндеті- мүмкіндігінше масақтағы барлық гүлдер тозаңданып, дән қалыптастыруы. Жемісі- дән, ол үш бөліктен – қабық, эндосперм және ұрықтан-құралған. Дәннің ірілігі негізінен өсіру технологиясына байланысты өзгереді. Нақты өсірілетін жерлерге және астықты пайдалану бағытына байланысты жаздық бидай сорттары: Ақмола 2, Астана, Целинная 3С, Целинная юбелейная, Целинная 24, Эритроспермум 35, Казакстанская 19, Казакстанская 25, Ертіс 97, Павлодарская 93, Карабалыкская 90, Карагандинская раннеспелая, Саратовская 29, Алтайская 50, Иртышанка 10, Любава, Лютесценс 32, Омская 18, Омс кая 19, 20,29,30. Арпа. Астықты өсіру технологиясы. Арпаның өсіру технологиясына бидайға қарағанда аз көңіл аударылып келді. Соған қарамай, арпа көп жағдайда бидайдан жоғары астық өнімін беріп келеді. Айта кету керек, агротехника деңгейі төмен болғанда бұл « жаны берік» дақылдың өзі ылғал, қоректік заттар жетімсіздігінен, арамшөптерден қатты зардап шегеді. Ауыспалы егістегі орны. Солтүстік Қазақстан жағдайында арпа үшін жақсы алғы дақылдарға дәнді бұршақ, күздік және жаздық дәнді дақылдар, біржылдық шөптер, көпжылдық шөптер қыртысы, картоп, қант қызылшасы жатады Топырақты өңдеу. Ылғалы жинақтау мақсатында топырақты егістікте пайдасын сақтай отырып өңдеудің маңызы зор. Әсіресе Солтүстік облыстарында паясы сақталған танаптарда аудара жыртылған сүдігерге қарағанда 19-22 мм. Қысқа ылғал артық жиналады. Арпаға топырақты негізгі өңдеуде күзде, мүмкіндігінше алғы дақылды жинағаннан кейін жүргізген жөн. Оның мақсаты- топырақта ылғал қорын молайту және сақтау, танапты арамшөптерден, зиянкестерден және аурулардан тазарту, өсімдіктердің қоректену ережесін жақсарту. Сұлы. Астықты өсіру технологиясы. Ауыспалы егістіктегі орны. Тамыр жүйесінің дамуы және қоректік заттарды жақсы сіңіруіне байланысты сұлы бидай мен арпаға қарағанда топырақ құнарлылығына аздау талап қоятын дақыл деп есептеледі. Алайда сұлының астық өнімі жақсы алғы дақылдардан кейін күрт артады, сондықтан оны отамалы және дәнді бұршақ дақылдарынан кейін орналастырған дұрыс. Ол көп мөлшерде азотты (N) қажетсізденеді, осыған байланысты оған дәнді бұршақ дақылдары, әсіресе асбұршақ жақсы алғы дақыл болып табылады. Фитосанитарлық жағдайда байланысты сұлыны өзінен және арпадан кейін орналастырмаған жөн. Топыраққа аз талғамы, алғашқы кезендегі шапшаң өсуі және жоғары жапырақтылығы ауыспалы егісте сұлының соңғы дақыл ретінде орналастыруға мүкіндік береді. Бақылау сұрақтары: ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ Негізгі әдебиет: 7. Қ. К. Әрінов, Қ.М. Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А. Серекпаев, Н.А. Шестакова, С.С. Арыстанғұлов «Өсімдік шаруашылығы» , Алматы-2011жыл 8. М.М. Жанзақов. Өсімдік шаруашылығы. Алматы, 2007 жыл 9. М.И. Кондрашкина Лабороторно-практические заниятия по растениеводству, Москва-2006 г Қосымша әдебиеттер 5. И.А. Абугалиев. Справочник агронома. Алма-Ата, Қайнар,1985 ж 6. В.Ф. Белик. Бахчевые культуры. М., Колос,1980 г. Дәріс № 5 Тары, қарақұмық өсірудің интенсивті технологиялары. Жоспар: 1. Тарының биологиялық ерекшелігі және халық шаруашылығындағы маңызы 2. Қарақұмық биологиялық ерекшелігі және халық шаруашылығындағы маңызы. Тары біржылдық жаздық дақыл, өсіп - өнуі үшін біршама жылылықты қажет етеді. Аса бағалы азықтық дақыл - бидаймен қатар, тары өндірудің арттыра түсу - елімізде астық молшылығының жасаудын жолы. Ал, тары өндіруді молайтын мәселесін түбегейлі шешуде бұрынғысынша Батыс Қазақстан мен Орталық Қазақстан ерекше роль атқармақ. Қазақстанның батыс облыстарының территориясы өзінің табиғи - климаттық жағдайы жағынан өте өзгеше болып келеді. Ақтөбе және Орал облысының территориясы солтүстігінен оңтүстігіне дейін 1125 километрге, батысынан шығысына қарай 1385 километрге созыдып жатыр. Қазақстанның тары өсірумен шұғылданатын басқа аймақтармен салыстырғанда Ақтөбе және Орал облыстар территориясының өзіндік табиғи климаттық ерекшеліктері бар. Климаты өте континентальды болып келеді. Тарының алғаш кезінде ойдағыдай өніп шығуы егістік жердің үстінгі қабатының ылғалдылығына байланысты болып келеді. Ал, егістік жері тұзды аймақты осы мерзімде тарының өніп шығуына қажетті ылғал мөлшері шамамен 40 мм болуы керек. Кей жылдары ол бұдан да төмен болады. Ылғал қорының осылайша ауытқып отыруы өсімдіктің біркелкі өніп - шығуына әртүрлі әсер етеді. Қажетті ау деген ең төменгі мөлшердегі ылғалдылық 20 проценттей азайса, бір шаршы метр жерде 50 өсімдіктің әдеттегіден кем өсетіндігін зерттеулер көрсетіп отыр. Танаптың тары өркендерімен көмкеріліп, сол өркендердің одан әрі бойлап өсуі негізінен ассимиляциялық цингрим жүйесіне тікелей байланысты. Бұл жүйенің басты факторлары мыналар: өсімдіктің күн қуатын фотосинтез процесі кезінде бойына қаншалықты сіңіретіндігі, ауаның температурасы, ылғал мөлшері, топырақтың құнарлығы, т.б. Тәжірибе көрсеткеніндей , өсімдік әр кезеңде әр түрлі өсіп жетіледі. Өсуінің алғашқы вегетациялық кезеңінде тары өркені бірдей бойлап өсіп кете алмайды. Өркен үш жапырақты жағдайға жеткен кездің өзінде де оның биіктігі 5-7 сантиметрдей болып, түтіктенген кездегі салмағы 1-3 граммнан аспайды. Өсімдіктің өсіп жетілуіне ең қолайлы жағдай туғанда ғана ол 4-5 граммға , яғни түтіктену кезеңімен салыстырғанда 4-6 есе биіктейді. Қазақстанның агрометеорологиялық станцияларының көп жылдық деректерін талдау көрсеткеніндей , ауа райы қолайлы болған жылдары танаптар тары жапырағымен көмкеріліп, өсімдік бойлап өсіп, өнім молая түскен. Біздің республикамызда тары көбінесе шашақ шығарғаннан кейін 15-20 күн өтісімен өсуін мүлдем тоқтатады. Әдетте, биік өскен өнімді мол береді. Сабағының биіктігі 30 сантиметрден аспайтын тарының түсімі гектарынан көп дегенде 5 центнерден ғана айналады. Биіктігі 50 сантиметрден 90 сантиметрге дейнгі тарының әр гектарынан 10 центнерден кем өнім алынбайды. Егер тары сабағы 90 сантиметрден асса, онда сол танап гектарына 20-25 центнер немесе одан да артық өнім беруі мүмкін. Ал өсімдік биіктігі сентиметрге жетсе немесе одан да артса, онда гектар берекелілігі центнерден де жоғарылай түседі. Тары дақылы өсуімен шұғылданатын он бір облысының оңғы 30 жыл бойы алған орташа өніміне көніл аударар болсақ, түсімнің гектар басына бір центнерге артқанын аңғарамыз. Міне , осы мерзімде бидай түсімі республткамызда әр гектарға 3. 3 центнерге көбейген. Осы бір фактінің өзі-ақ бізде бидайға қарағанда тарыға онша көніл аударылмағандығын айқын аңғартса керек. Сонымен, тары өнімділігін арттыру үшін бұл дақылды ойдағыдай өсіп – өнуіне барлық мүмкіндік бар белгілі бір ауданға шоғырландырса егу керек. Ол үшін әуелі сол өңірдің климат жағдайын жете тексеріп, жақсы білген жөн. Тары ерте кезде Монғолияда, Жапонияда, Индияда және Пакистанда егілгені жайында деректер бар. Тары дәні көшпелі халықтар арқылы бірте бірте Европаға да тараған. Грекия, Франция, Швейцария жерлерінде тары қола дәуірінде, Италияда, Чехословакияда, Польшада, Румынияда темір дәуірінде егіле бастаған. Қазақстанда да тары ежелгі дақыл. Ол қазақ даласына VI-VII ғасырлардан бастап егіле бастаған. Тіпті соңғы кезге дейін тары қазақ даласының басты дақылы болып келеді. Өткен ғасырда егістік жердің 75-80 процентіне тек тары ғана себілетін. Тары ерте қазақ даласының негізгі дақылы болғандықтан халқымыз одан неше түрлі ұлттық тағамдар ( ақталған тары, жент ), сусындар (тары көжесі, боза) дайындай білген. Бұл тағамдар әлі күнге дейін халқымыздың сүйіктісі болып отыр. Өзінің қуаншылыққа, ыстыққа, аңызаққа төзімділігінің арқасында ол әлі күнге дейін өз дережесін жоғалтқан жоқ, жыл сайын мыңдаған гектар жерлерге егіледі. Бұдан басқа да тарының өзге дақылдарда жоқ жақсы қасиеттері бар. Мысалы, бұл дақыл кеш себілгенде де жақсы өнім бере алады. Тарының бұл ерекшеліктерін пайдаланып түрлі себептермен өнбей қалған күздік бидай, арпа сияқты дақылдардың орнына егуге болады. Тарының тез пісетін сорттары көп, сондықтан бұл дақылды бір жерден екі өнім алу үшін аңыздық егіске де пайдаланады. Бидай, арпа, сұлы сияқтя дақылдарға қарағанда тарының әр гектарға себілетін тұқым мөлшері 8-10 еседей кем. Тары басқа дақылдарға қарағанда зиянкестер мен ауруларға сирек шалдығады. Тары басқа дақылдардан гөрі кешірек себілетін болғандықтан көктемдегі қауырт науқанды едәуір бәсеңдетіп , адамдар мен техникаларды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Тарының мал азығы ретінде де маңызы зор, дәні құс шаруашылығында жиі қолданылады, әсіресе, балапандар үшін табылмайтын азық. Тары сабанының азықтық дәрежесі бидай сабанынан екі еседей артық, дала шөбімен қатарлас. Бір килограмм тары сабанынан 0,41 азықтық өлшем, 1 г сіңімді протеин бар. Ал 1 кг сұлы сабанынан азықтық өлшем, 0,3 г жұғымды протеин , бидай сабаны одан да төмен 0,22 азықтық өлшем 11 г протеин бар. Тары жармасының құрамында крахмал 81,0 , белок 12, май 3,5 , қант 0,15 сияқты адам организміне керек заттар бар. Тарыда ең қажетті зат белоктың мөлшері күріш, арпа, қарақұмық жармаларынан едәуір көп. Тары белогының биологиялық құндылығы жер жаңғағы, фасоль, бидай ұнымен бірдей, ал бұршақтан жоғары. Тары дәнінде кездесетін линол қышқылы атаросклероздың дамуына жол бермейді. B1 және B2 витаминдері басқа астықтардан екі есе көп болады. Тары дәнінде мырыш, йод, баом сияқты маңызды микроэлементтер де бар. Қазақстан жерінің байырғы дақылы - тары, қазір біздің республикамызда миллион гекиардай алқапқа өсіріледі. Оны өндірумен негізінен Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Семей облыстары шұғылданады. Осы тұста айрықша айта кетерлік бір жағдай, Қазақстан - тарыдан мол өнім алу жөнінде дүние жүзілік рекорд жасаған ел. Тарының ботаникалық сипаттамасы. Туыстық жақдай жүйесі. Тары астық туыстастарының ішіндегі ең көп тарағаны. Дүние жүзінде оның 71 туыстасы, олардың 1400 түрі бар. СССР- де оның 31 түрі тараған. Тары туыстасының экономикалық маңызы өте зор. Бұл туыстастың төрт жүзден астам түрі бар. Олардың бір түрі - адамға тамақ боларлықтай дән, екіншісі -мал мен құс үшін азық, ал үшіншісі - спирт береді. Қағаз өндірісі үшін жақсы материал болатын түрі де жоғары бағаланылады. Тары туыстастың барлық түрі дерлік жұғымды мал азығы болып табылады. Дегенмен олардың бірқатары мәдениеттендірілген. Тарының тау беткейлері мен құмдарды жымдастырып, біріктендіре түсуге қолданылатын түрі де бар. Қарапайым тарының сипаттамасы. Қарапайым тары біржылдық өсімдік. Оның сабағы тік, жапырағы қалың болып өседі, гүлденген кезде шашақ тастайды. Тарының тамыр жүйесі тарам-тарам шашақты болып келеді. Тары тұқымының бидай мен қарабидайдан және арпадан айырмашылығы өсіп шығатын түбірі тек біреу ғана болады. Тары тамыры бір жарым метрге дейін барып, жан жағынан бір метрден астам тарайды. Тамырының негізгі массасы шашақтанғанға дейін пайда болады. Содан түптенгенге дейін тамыры тәулігіне 2 см, түптенуден бас жарғанға дейін тәулігіне 3 см өсіп отырады. Ал гүлденген кезден бастап тарының тамыр массасы онша өспейді. Әрине , тарының жер нәрімен жақсы қоректеніп , тез өсіп жетілуіне негізгі тамырбасты роль атқарады. Дегенмен , ол жүгерінікі сияқты , сабақ буындары арқылы пайда болатын тірек тамырлары арқылы еркін қоректене алады. Ауа райы өте қуаншылық болғанда топырақтың пайда болуы баяулайды немесе мүлдем тоқтап қалады. Соның салдарынан түптелу буындары мен тамыр мойны сақинадай тірек таба алмай көбінде топырақ бетіне шығып қалып , жалғыз түбірше ілініп тұрып қалады. Мұнын өзі онын жаратылысынан ақ құрғақшылыққа бейімділігін аңғартса керек. Тарының басқа дақылдардан айырмашылығы міне осында. Тары өркені өте баяу өседі. Оған көбіне арам шөптер кедергі келтіреді. Тарының түптенуі әдетте өркендер жер бетіне еркін көктеп шыққаннан кейінгі 10-15 күннен кейін басталады. Содан сон сабақтары жетіледі. Сөз ретіне қарай айта кеткен жөн, ауыр топыраққа егілген өсімдік ылғалдың аздығынан немесе күннің суықтығынан дер кезінде түптене алмайды, ал мол құнарлы топырақта ол жылдам түптеледі. Егер температура 15-20 градус болса , түптену интенсивтілігі күшейе түседі. Тарының жасыл түсті өркені қалың түкті болып келеді. Осы белгісі арқылы оны арам шөптер өркенінен оңай айыруға болады. Тарының жапырақтары негізгі сабақтың буындарынан өседі, ал жапырақтар алақандардан және қынаптардан тұрады. Жапырақ алақандарының ұзындығы 1825 см, ені 1,24 см дейін жетеді. Жапырақ алақандары мен жапырақ қынаптарының түсі әсіресе, құрғақшылық жылдары күлгін болып келеді. Тарының бұтақты және бұтақсыз сабақтары цилиндрге , іші астаушаға ұқсайды. Әр сабақ бірінен сон бірі рет ретімен орналасқан буындардан тұрады. Жапырақ қынаптары төменгі буынаралық бөлігін жымдаса қоршап тұрады. Өсімдіктің өсу жағдайына орай оның буын сандары 4-10 дейін болады. Ал,буынаралығының ұзындығы ( төменнен жоғары қарай ) 2-5 см , ал жалпы ұзындығы 25-40 см жетеді. Сабағының биіктігі 20-30 см -ден 2 метрге дейін болады ( орташа биіктігі 60-80 см ). Қарапайым жағдайда қатарлы себілген тары түбінің 3-4 , ал сирегірек сепкенде әр түптің 15-20 сабағы бас жарып , шашақтанады. Оның дәндері 200 грамм салмақ тартады. Түптену кезінде тары өсімдігі түбі иіліп немесе қисайып немесе жартылай қисайып тұрғандай және құлап жатқандай формада болады. Тары жиі себілген және ылғал жеткілікті болған жағдайда өсімдік түбі тіп тік болып жетіледі. Тары өсімдігінің алғашқы өсіп жетілу кезеңінде ауа райы қолайлы келіп, ылғал мен қоректік зат жеткілікті болса, оның сабақ буындарының бұтақтар және бүйір жанама бұтақтары шығып , олардың көбі шашақ тастап, дән алады. Әдетте тары шашағы қалыптаса бастаған кезде кейін ғана жанама бұтақшалары пайда бола бастайды. Сол қосымша шашақтар ұзақ және дәнсіз болып келеді. Тарының гүл шоғырлы шашағының ұзындығы 10-60 см болады. Шашақтарының басына шығатындығымен сипатталады. Тары шашағының жетілуіне қарай ең бірінші гүлдеген гүлшесі ең кәрісі болып есептеледі. Одан жастауы шашақтың ортасында , ең жасы төменгі бөлігінде орналасады. Шашақтану өсімдіктің түптеуінен 20-28 күн өткеннен сон басталады. Кейбір шашақ бұтақшаларының формасы , жастыққа ұқсап, томпиып тұрады. Сөйтіп, бір өсімдікте 10-14 тіпті одан да көп бұтақша болады. Олардың әрқайсысы кейін шашақтанады. Сол кезде оның түсі ақшыл сары, қою сарғыш, кейде күлгін болып келеді. Яғни, тары шашағының түсі, бұтақшаларының негізденуі бұл дақылдың биологиялық ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Тары шашағының формасына қарап, қандай түрге жататынын классификациялауға болады. Сонымен , тарыны мынадай түр тармаққа жіктеуге болады: жайма бұтақты, есілмелі, жартылай түйіршікті. Тары масағы жалаң, жұмыртқа тәрізді, әрі домалақ. Арқасы қусырылған қылтанақсыз келеді. Ұзындығы 3-6 мм, ені 2-4 мм аспайды, сыртын қауыз қабығы жауып тұрады. Әр масақта екі екіден гүлше болады, жоғарыдағы гүлше жақсы дамығанмен, төменгісі көбінде онша жетілмей қалады. Ол тек жақсы қоректенген жағдайда ғана жеміс береді. Тарының үш, одан да көп гүлді масағы өте сирек кездеседі. 1000 дәні 4-9 грамм салмақ тартады. Ұрығының түсі ақ, ақшыл, сары, қоңыр,сарғыш қоңыр, қызыл, сұр қоңыр болады. Қауыздылығы 10-30 процент аралығында, дәнінің белгілі бір көлемінің орташа салмағы 600-780 грамм. Тары дәні гүлшелердің қабыршақтарымен тығыз көмкерілген жемістер мен тұқым қабынан, ұрпақтары мен эндоспермалардан тұрады. Анализ өсімдікте өсіп жетілген тары тұқымының ұрығы бір жапырақтан және бір түбірден ғана тұрады. Тары масағы әбден пісуге бағыт алған кезде бойындағы ылғалдан тез құтыла бастайды. Қарапайым тарының түрлерін анықтау. Қарапайым тарының әрбір тегінің өзі алуан алуан тармақтарға бөлінеді. Ол оның мынандай негізгі ерекшеліктеріне сай болып келеді: Дәннің ақталуы. Тары дәнінің көптеген түрлері гүлшелерінің қабығы қалың , әрі берік болып келеді. Содан барып ажыратып алу әрине, онай соқпайды. Сол үшінде тарының сондай түрінің дәнін арнаулы жармалағышқа әкелуге тура келеді. Осыдан біраз уақыт бұрын қарапайым тарының жұқа қауызды, тіпті дәндері бір бірімен үгіліскенде қауызы сыдырылып қалатын түрі табылады. Шашақтарының түсі. Әдетте, тары шашақтарының түсі қандай болса, оның масақ гүлшелерінің түсі де сондай болады. Тары масағы гүлшесінде антоционның болуының арқасында олардың бірқатарының түсі қара күлгін болып тұрады. Бұл түс масақтар жартылай жетілгенде анығырақ байқалады. Ал тары жетілген кезде біржола жоғалып кетеді. Алайда, тары шашағының белгілі бір өсіп жетілу кезеңінде осындай түске енуінің өзі оның жеке бір түрге жатқызуға мүмкіндік беріп отыр. Дәннің түсі. Қабығынан аршылмаған , яғни гүлшелерде тұрған тары әр түрлі түсті болып келеді. Негізінен әбден піскен тары ғана өзінің нақты түсіне ене алады, тек бұл кезде метереологиялық жағдай оны тездетуі немесе баяулатуы мүмкін. Белгілі тары формасының қай түрге жататынын анықтау үшін міндетті түрде түрлердің және бір тармақты тарылардың бір біріне өте ұқсастығы түр анықтауда қателікке ұшыратуы мүмкін. Тары сорттары. Жергілікті жерге бейім аудандастырылған сортты себу болашақ мол өнімнің кепілі. Ал, Қазақстан үшін мына сорттар өте маңызды. Саратов-583. Бұл сортты СССР дің Оңтүстік Шығыс ауыл шаруашылығы институты шығарған. Ол сонгвинеум ботаникалық түріне жатады, шашағы жинақы, дәні қызыл болып келеді. Сабағының беріктігімен , дәнінің төгілмейтіндігімен және құрғақшылыққа төзімділігімен ерекшеленеді. Тарының бұл сорты орал, Ақтөбе, Қостанай, Семей, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Шымкент облыстарына аудандастырылған. Долинск 88. Бұл сорт Қарағанды облыстық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясында шығарылған. Флявум ботаникалық түріне жатады. Дәні ақшыл сары, шашақтары иілгіш, бірақ мол өнімді болып келеді. Оның ең басты кемшілігі жығылғыштығында. Бұл Солтүстік Қазақстан, Жезқазған және Қарағанды облыстарында аудандастырылған. Омск 5. Тарының бұл сорты Сібірдің ауыл шараушылығы ғылыми зерттеу институты шығарған. Ол бізде Көкшетау облысында өсіріледі, альбум түріне жатады. Масағы ақшыл сары, кейде қоңырқай болып келеді. Дәні домалақ, ақ немесе ақшыл сары, ірі болып көрінеді. 1000 дәннің салмағы 6,6-7,3 грамм тартады. Технологиялық және тұтыну сапасы өте жақсы, қауыздылығы шамамен 15-26% , 78-80% жарма береді. 1,3-2,7% стандартты. Құрамындағы белок 13,9-16,2% . ерте пісетін сорт. Вегетациялық кезеңі 80-90 күн. Құрғақшылыққа төзімді , сабағы берік, мол өнімді. Көкшетау облысының Чкалов сорт сынау учаскісінде ( 1969-1973 жж.) жылына орта есеппен әр гектардан 13,2 центнер өнім алынған. Бұл Саратов 853 сортымен салыстырғанда әр гектардан 4 центнер өнім алынды деген сөз. Саратов 2. Бұл сорт Красное 16 және ВНИС 29 сорттарын будандастыру арқылы өмірге келген. Оны оңтүстік шығыс ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институты шығарған. Ол негізінен Павлодар оьлысында аудандастырылған. Ауреум түріне жатады. Шашағы жинақы. Дәні крем түстес, домалақ, 1000 дәнінің салмағы 7,7-8,1 грамм. Тарының азықтық, жемдік маңызы. Тары бүкіл жер шарында негізінен астық үшін өсірілген. Тары күллі Африка, сондай ақ Үндістан, Пакистан, Солтүстңк және Солтүстік Шығыс Қытай халықтары тағамдарының рационында басты роль атқарды. Тары өсімдігі негізінен Азия мен Африка елдерінде өсіріледі, ал азия елдері ішінде тарыны көп өсіретін Үндістан. Үнділіктер тары деген атпен соргоны, африка тарысын, майда және қылтанақты тарыны, қарапайым тарыны, жапон тарысын, қызыл тарыны өсірген. Қытай Халық Республикасы да тарыны көп өсіретін елдердің бірі. Мұнда тары тектес өсімдіктерден чумиза мен сорго көп егіледі. Бұлар құрғақшылыққа өте төзімді келеді. Сол себепті де, бұл өсімдіктер Қытайдың құрғақшылықты солтүстік провинцияларында өсіріледі. Тарының химиялық құрамы. Тары дәнінде химиялық заттардың болуы ең алдымен оның сортының ерекшелігіне және өсірілу жағдайына байланысты болып келеді. Көптеген зерттеулер бойынша басқа да дәнді дақылдар сияқты , тары дәнінің химиялық құрамы географиялық факторларға сай өзгеріп отырады. Тарының батыстан шығысқа немесе солтүстіктен оңтүстікке қарай жылжып қоныс аударуына байланысты оның құрамындағы белок көбейе түседі де, крахмалы біртіндеп азая бастайды. Солтүстік аудандарда өсірілген тары дәнінде суда еритін белок пен сілтіде еритін белоктың басымдылығы , ал спиртте еритін белоктың шамалылығын ғылыми зерттеулер дәлелдеген. Тары дәнінде химиялық заттардың өзгеруіне географиялық фпкторлармен бірге, метереологиялық жағдайлар, әсіресе, топырақтың тығыздылығы әсер етеді. Құрғақшылық жылдары дәнде белок тым көбейіп кетеді. Сондай- ақ , онда B1 витамині және дән крахмалындағы амилоздар молаяды да , крахмалдың өзі азаяды. Белоктар және углеводтар. Ұнтақталған және ұсақталған тарыда күріш, арпа, қарақұмық жармаларына қарағанда белок көп болады. Бұл жөнінде ол сұлы жармасына ғана жол береді. Ғылыми тұрғыдан дәлелдегендей, белоктың тағамдық қасиеті дәндегі алмастырылмайтын амин қышқылының санына байланысты анықталады. Қарапайым тары дәніндегі белокта процентпен есептегендегі алмастырылмайтын амин қышқылының мөлшері төмендегідей болып келеді: Треонин - 2,8 Трифтофан – 2,1 Валин - 5,1 Фенилаланин – 5,3 Лейцитин - 11,4 Метионин – 2,3 Изолейцин – 3,4 Гистидин – 1,8 Лизин - 1,6 Аргинин – 3,2 Энзимдер немесе ферменттер. Энзимдер немесе ферменттер организмнің және дәннің толығып жетілуі кезеңінде күшті химиялық реакция беру арқылы белок табиғатында биологиялық катализатор ролін атқарады. Тары дәнінде мынадай энзимдер болады: омилаза, мальтоз, протеолитті энзимдер, липаз, фитаз, перехсидаз, катализ. Тарының мальтозасы өзінің активтілігі жөнінен басқа астық тұқымдас дақылдардың мальтозасынан асып түседі. Мальтозасының активтілігі жөнінен бірінші -орында тары , одан кейін- сорго, үшінші орында- жүгері тұрады. Май. Майға, әсіресе, тары ұрығы бай келеді, ол онда 21-22 процентке дейін жетеді. Тары дәнін өндеген кезде , оның ұрығы қалдық ретінде ұлпамен араласып кетеді. Тары майы негізінен менольді және олеинді майлы қышқылдан тұрады, әрі ол оның жартылай құрғақ түрінде жатады. Тары майының құрамындағы линольді қышқыл атеросклероздің пайда болуын дәл анықтауға көмектеседі. Күріш, қарақұмық және сұлы дәнімен салыстырғанда бұл қышқыл тары дәнінде әлдеқайда көп болады. Минералды заттар. Тарының әбден піскен дәнінде көптеген минералды заттар болады. Тары дәніндегі минералды заттар (құрғақ және минералды заттардың проценті есебімен ). |Дән|0,33 |0,04 | | |Аудитория |Аудиториядан тыс | | |1 |Астық дақылдарының |Дәндік жүгері өсіру |Май бұршақ, ноқат өсімдіктерінің | | |бірінші және екінші|технологиялық |құрлыс ерекшеліктері, түрлері мен | | |топтарының |картасын жасау |топтарын анықтау. | | |морфологиялық және | | | | |биологиялық ажырату| | | | |белгілері. | | | |2 |Жаздық бидай өсіру |Ас бұршақ өсіру |Бадана және жасмық құрлыс | | |технологиялық |технологиялық |ерекшеліктері. Түрлнрі мен | | |картасын жасау |картасын жасау |түршелерін анықтау. | |3 |Жаздық арпа өсіру |Май бұршақ өсіру |Бөрі бұршақ құрлыс ерекшелігі. | | |технологиясы |технологиялық |Түрі мен түршелерін анықтау. | | | |картасын жасау | | |4 |Сұлы өсіру |Қонақ жүгері |Күздік бидай өсіру технологиялық | | |технологиясы |өсімдігінің құрлыс |картасын жасау | | | |ерекшелігі. Түрлері | | | | |мен топтарын анықтау.| |
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz