Файл қосу

Ұлттық спорт түрлері пәні бойынша глоссарий



               «Ұлттық спорт түрлері» пәні бойынша глоссарий.


Қысқаша сипаттамасы: Жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасының
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына негізделіп
5В010800«Дене шынықтыру және спорт» мамандығына жасалған  Ұлттық спорт және
қозғалмалы ойындар оқыту әдістемесі  пәнінен оқу сабақтары  әдістемелік,
семинар және тәжірибелік сабақ пен оқу практика түрінде жүргізіледі.
      «Ұлттық спорт және қозғалмалы ойындар оқыту әдістемесі» курсы
спорттық педагогикалық пәндердің арасында болашақ дене мәдениеті
мұғалімдері мен спорт түрлерінен жаттықтырушылар даярлауда негізгі
пәндердің қатарынан табылады.
      Дене жаттығуларының көп түрлілігі және олардың орындалу әдістері
пәнінің негізгі мазмұны болғандықтан адам ағзасына қозғалыс мүмкіндіктерін
ескере отырып ағза қызметтеріне жағымды әсер ету мүмкіндіктерін
қалыптастырады. Саяхат және гимнастика саласында қолданылатын мүмкіндіктері
мол болғандықтан «Ұлттық спорт » пәні барлық жас деңгейлеріндегі адамзат
баласына қолдануға өте тиімділігімен ерекшеленеді.

Курс мақсаты: Педагогикалық, ұйымдастырушлық жалпы білім беретін мектептер
мен орта білім беретін оқу орындарына дене мәдениеті мамандарын, сонымен
қатар спорт түрлерінен жаттықтырушылар даярлау.

Курстың міндеті:  Ұлттық спорт түрлері, гимнастика мен саяхат түрлерінен
ілім, тарих және әдістемелер саласында қажетті білімдермен қарулану. Өз
мамандығын талапқа сай меңгерген, теориялық, практикалық даярлығы бар,
жоғары мәдениетті, нақты интеллегент маман даярлау.

Студент білу керек:
    - Ұлттық спорт және қозғалмалы ойындар  теориясы мен әдістемесі..
    - Оқы-жаттығу жұмыстары сабақтарын үйымдастыру, жүргізу.
    - Спорттық шеберлікті арттыру.
    - Ұлттық спорт түрлеріне қажетті көмекші  құрал-жабдықтықтар.
    - Ұлттық күрес түрлерінің жарыс ұйымдастыру. Жарыс ережесі.
Студент орындай білу керек:
    - Дене мәдениеті және спорт саласындағы игерген білімін педагогикалық
      салада қолдана білуі қажет.
    - Оқытушылық іс-әрекетпен айналысу.
    - Педагогикалық іс-әрекеттерін дұрыс жоспарлау.
    - Денсаулықтарында ауытқулары бар балалармен тәрбие және оқу жұмыстарын
      ұйымдастыра білу.
    - Оқушылардың дене даярлығы деңгейін бағалай алуы.




Пәндер