Файл қосу

Қазақтың халықтық педагогикасының қайнар көздері




|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                       |
|ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                           |
|ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ                                                     |
|ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ                                                      |
|СМЖ 3 - деңгейдегі құжаты  |ПОӘК                     |                    |
|                           |                         |УМКД                |
|                           |                         |042-18.19-002-2014  |
|«Этнопедагогика» пәнінің   |№ 2-басылым 16.06.2014   |                    |
|оқу-әдістемелік кешені     |№1-басылым 05.09.2013    |                    |
|(оқытушылар үшін)          |орнына                   |                    |












                              «Этнопедагогика»


                           ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

                       (Барлық мамандықтарға арналған)

                         ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


















                                Cемей – 2014



1.ӘЗІРЛЕГЕН:
Құрастырушы:  ___.____.2014ж.
п.ғ.м., аға оқытушы Мухметова Раукен женисовна

2.ТАЛҚЫЛАНДЫ:
2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Педагогика
кафедрасының мәжілісінде қаралды.
Хаттама № ____.  ___.____.2014ж.
Кафедра меңгерушісі:  ______________ /Джанбубекова М.З./

2.2. Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында.
Хаттама № ____.  ___.____.2014ж.
Төрағасы: ________________ /Ахметова Т.Ш./

3. БЕКІТІЛДІ:
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік
кеңесінің отырысында мақұлданған және басып шығаруға ұсынылды.
Хаттама № ____.  ___.____.2014ж.
ОӘК төрағасы: ____________ /с.ғ.д. Искакова Г.К./

4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН (Хаттама №1, 18.09.2013ж. басылымның орнына)

























                                 МАЗМҰНЫ


1. Этнопелагогика пәні бойынша негізгі түсініктер (глоссарий).
2. Этнопелагогика пәні бойынша дәрістер кешені.
3. Этнопелагогика пәні бойынша семинар тапсырмалары.
4.  Студенттердің өздік жұмыстары.

              1. ЭТНОПЕДАГОГИКА ПӘНІ БОЙЫНША НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР
                                 (ГЛОССАРИЙ)

      Абырой- жеке адамның құндылығы туралы  түсінікті  білдіреті  моральдық
ұғым,  адамның  өз-өзіне  және  қоғамның  жеке  адамға  моральдық  қатынасын
бейнелейтін этикалық категория.
      Адамгершілік- қоғамдық өмірдің объективтік заңдылығына сәйкес, адамдар
арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негіз  болып  табылатын  талапқа  сай
белгілі бір гуманистік принциптерді білдіретін моральдық ұғым.  Адамгершілік
адамдардың мінез-құлқымен, іс-әрекеттерімен көзге түседі.
       Адамға  өзіндік  тұрғыдан  қарау-оқыту   және   тәрбиелеу   барысында
оқушыларды өздеріне тән ерекшеліктерін  есепке  алу.  Мысалы  олардың  білім
деңгейін,саяси дайындығын,мұраттарын, өмір тәжірибесін т.с.с. есепке алу.
      Адам тұласының бағыттылығы- белгілі  қоғамға  оның  мұрат-мақсаттарына
орынды немесе теріс  қатынастары  тұрғысынан  қарағандағы  жеке  адамның  ең
елеулі,шешуші сипаттамаларының бірі.  Жинақталған  түрінде  адам  тұлғасының
бағыттылығы-өз халқының, бүкіл адамзаттың асыл мұратына ұмтылуы,  оған  жету
жолындағы күресі.
      Азаматтық- адам тұлғасының жетекші сапаларының бірі. Іс-әрекет,  қарым
қатынас және қарым-қатынас тәрбие жүйесімен қалыптасады.  Азаматтықтың  мәні
адамдық міндеттерін және борыштарын санаулы, белсенді  атқару  құқын  орынды
пайдалану, қоғам белгілеген ережелерді дәл орындау болып табылады.
      Ақыл- ойлаудың таным қабілеті дамуының жоғары басқышы, жаңа  білімінің
шығармалығы,  адамның  жүріс-тұрғысында  және  бүкіл   өмірлік   іс-әрекетде
орындылықтың болуы. «ақыл» атауы ойлау қабілетінің  синониміне  ретінде  жиі
қолданылады. Ақылдың болуы, ақылды болу қарқынды және нәтижесі  ақыл-ой  іс-
әрекетіне қабілеттің болуы деген сөз.
      Ақыл-ой тұжырымы- бір немесе бірнеше пікірлерден жаңа, туынды  пікірді
алудың  логикалық  тәсілін  көрсететін  ойлаудың  түрі.Ақыл-ой  түйіні  алғы
шарттан (бастапқы пікірден), қорытындыдан (алғы шарттан  тұжырымға  көшуден)
тұруы. Білімдердің ғылымда және тәжірибеде дамуы, құбылыстардың  мәні  болып
танылуы, олардың заңдылықты ара байланыстарының айқындалуы ақыл-ой  тұжырымы
нақты   құбылыстарға   баға   беру,   теориялық   және   тәжірибелік   мәнді
ерекшеліктерді дәлелдеу барысындағы ой-пікірлердің негізін құрайды.
      Ақыл-ой тәрбиесі-  тәрбиенің  басқа  салаларымен  үздіксіз  байланысты
ойлаудың шығармалық  қабілеттерін  мақсатқа  сай  дамыту.Ойдың  жұмысы  адам
өмірінің   шарттары   мен   жағдайларында   болатын   обьективтік    қарама-
қайшылықтарды шешуге әрдайым бағытталып отырады.
      Әдіснама (методология) - (грек тіліндегі methoolos -зерттеу жэне  тану
жолдары, logos - тцсінкі,  ілім)  -теориялық  және  практикалық  жұмыстарды,
сондай-ақ осы жүйе туралы  ілімді  кұру  және  ұйымдастыру  принциптері  мен
әдістерінің жүйесі.
      Әдеп-  игі   әдетпен,   өміршең   әдет-ғұрыппен   қалыптасқан   ұлттық
мәдениеттің көрінісі,  мәдени үрдістердің, имандылықтың тірек-негізі.
      Әдептілік  -белгілі  моральдық  нормалар  мен  принциптерді  бұлжытпай
орындау. Егер моральдық нормалар мен принциптер кісінің бойына    сіңсе,  ол
адамдардың әдептілік қасиеті не әдептілік сезімі болып
саналады.
      Әдет-ғұрып-белгілі ситуациялардағы  адам  мінез-құлқының  қайталанатын
әдетті дағдылары.
      Әлеуметтік құбылыс- қоғамдық өмірдің ішкі мәнін  ашатын  нақты  сыртқы
көрінісі  ретіндегі  деректер,  оқиғалар  ,барыстар   жиынтығы.   Әлеуметтік
шындықтың теориясын,оның  зерттейтін  заңдарымен  заңдылықтарын  ұғынып  алу
танысу субьектінің құбылыстар мәніне енуі болып табылады.  Бұл  өзара  тығыз
байланысты  құбылыстар  мәніне  енуі  болып  табылады,  нақты  оқиғаларды  ,
деректерді, барыстарды талдау арқылы жүзеге асып, нәтижесінде адам  қоғамдық
дамудың  жалпы  заңдылықтары  жөнінде  қорытындағы   келеді   және    оларды
тәжірбелік іс-әрекетіне басшылыққа алу мүмкіндігіне ие болады.
      Атрибуция - адамның жүріс - тұрыс себептерімен дәлеледенген жеке
қасиеттерін, мінезін, оның іс - әрекетін кәдімгі талдау негізінде баска
адамға
тапсыру.
      Балажандылық- қазақ халқы үшін болмыстағы  баға  жетпес  байлық  -  ол
бала,  баланы  қазақ  халқы  өмірімнің   жалғасы,   ұрпағын,   ата   кәсібін
жалғастырушы деп бағалап бала тәрбиесіне көп көңіл  де  бөле  білген.  Қазақ
халқы бала туралы өз пікірлерін: "Артыңда байлық қалғанша бала қалсын",  "Ер
адамның алдында ашылатын  есігі  болсын,  әйел  адамның  алдында  тербететін
бесігі болсын" - деп орынды бере білген.
      Гуманистік- адам сүйгіштік, адам мен  қоғамдық  қасиеттерге  құрметпен
қарау
      Гетереостереотип  - басқа халықтар өкілдері туралы бағалау пікірлер
жинағы.
      Даму- өзіне тән ерекшелігі бар сапалық қозғалыстың турі. Құбылыстардың
пайда болуы мен жойылып кету дамуға байланысты.  Кез  келген  баму  уақытпен
байланысты болады. Дамудың бағытын тек уақыт анықтайды
      Дәлелдеу -әйтеуір бір  қағиданың  ақиқаттығын  осымен  байланысты  бар
басқа ақиқаттар және пайымдаулар көмегімен  тауып  алудағы  логикалық  амал.
Дәлелді пікір ғылыми ойлау өрнегінің  ажырамас  белгісі,  ғылыми  сенімдерді
қалыптастыр  кезеңі.  Сондықтан  ұстаздық  жумыста  дәлелдеу  тактикасы  мен
методологиясы маңызды орын алады .
      Дәстурлер  -ұзақуақыт  бойына  қоғамда  адамдар  арасындағы  қатынасқа
сақталып  ұрпақтан-ұрпаққа  берілетін  әлеумттік  және   мәдени   мұралардың
құрыамды болігі.
      Идеал -«Идеал – ұмтылысты қажет ететін,  бірақ  ешқашан  жеткізбейтін,
адам ақыл-ойына қажетті басшылық» (И.Кант).  Мораль  идеалы  ол:  жан-жақты,
абсолютті, ізгілік туралы елестері дұрыс, адамдар арасында  кемеліне  келген
қарым-қатынас бейнесінде, адамгершілігі мол жеке бастың жоғарғы үлгісі.
      Инициация - сол немесе басқа ұлыстарда   бар әрекеттер таптамасы осы
аркылы және адамның әлеуметтік мәртебесі ресми түрде ауысып бекітіледі.
      Мораль-   (лат.moralis-әдет-ғұрып)-әлеуметтік    шындықтың    этикалық
сапаларын  (ізеттілік,  мейірбандық,  әділеттілік,  мінез-құлық,  әдет-ғұрып
т.б.) бейнелейтін қоғамдық сананың бір түрі.
Адамдардың бір-біріне және қоғамға деген міндеттері  мен  қарым-қатынастарын
анықтайтын  қауымдық  өмір  сүру  ережелерінің,  адамдардың  мінез-құлықтары
нормаларының жиынтығы(.
      Дәстүр-   (лат.    traditio-жапсыру,    жалғастыру)-тарих    барысында
қалыптасып, ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып  отыратын  әдет-ғұрыптар,  салт-сана,
қоғамдық тәртіп, заң, мұрат пен игілік,  мінез-құлық  қалыптары  және  т.б.,
қоғамда,  ұлтта  немесе  жекелеген  әлеуметтік  топтарда  ұзақ  уақыт   бойы
сақталатын әлеуметтік-мәдени мұра элементтері.
      Дербестік-  белгілі  бір  істі,  мақсатты  орындауда   бөтен   адамның
жетегінде кетпей  өз  білімімен,  жігерлілігімен,  сенім-қабілетімен  шешуге
тырысу.
      Жомарттық - Жомарттық дегеніміз-  қандай  да  бір  игілікті  істі  шын
көңілден әрі одан да пайда  ойламай,  қайтарымсыз  істеу.  (Жолықсан  біздің
жақтың тентегіне, өмірдің қарамайды келтесіне,  қонаққа  жалғыз  атын  сойып
беріп, жүген  ұстап  қалады  ертеңіне(  деп  бір  дана  адам  айтпақшы  ата-
бабаларымыз: (Жомарт дос көбейтеді.  Сараң  мал  көбейтеді(-деп  жомарттықты
дәріптеп, сараңдықты жамандаған.
      Жауапкершілік- адам әрекетінің  оның   нәтижесінің  моральдық  нормаға
сәйкестігін және қылық салдарын сезіну.
      Негізгі тұлға - осы этностық топтың жеке тұлғамен туыстарын әрбір жеке
 тұлғада бар қасиеттер ұғымы.
      Кішіпейілділік- Кішіпейіл  болу  дегеніміз  -  кісінің  өзін  ешкімнен
жоғары ұстамауы. Адамның өз  ерекшелігін,  артықшылығын  ешкімге  білдірмей,
өзін ешбір адамнан жоғары санамай, халық  ішіндегі  жай  ғана  адам  ретінде
өмір сүру, баршаға бірдей заңдылықтармен әрекет ету.
      Бауырмашылдық-(Адамның баласы-бауырың( деп Абай атамыз айтқандай қазақ
халқына бауырмалдық тән. Кез келген қазақ жөн сұраса келе  бір-біріне  туыс,
бауыр болып шығады. Жалпы (ағайын(  деген  сөздің  өзі  туыс,  рулас,  кейде
тұқымдас мағынасында айтылады.  Ағайын  деген  сөздің  арғы  тегі  (аға-іні(
деген сөздерден шыққан сияқты, туыстық қарым-қатынас қазақта бір-біріне  қол
ұшын  беру,  көмек  көрсету  тұрғысында  да   өзінің   кең   пейілділігімен,
бауырмалдылығымен ерекшеленеді.
      Қанағатшылдық-  Қанағат  деген  ұғым  өзін-өзі  тоқтатуға   байланысты
мағынаны, яғни тойымдық, тоқмейілдік, нысапты білдіреді.
      Қауымдасу- қазақ халқына тән ерекше  моральдық  сапа  түрі.  Қауымдасу
адамдардың бір-біріне түрлі жағдайда көмек көрсету кезінде  анық  байқалады.
Мәселен, бұған қыз ұзату, келін түсіру,  енші  беру  сияқты  қуаныш  кезінде
немесе  кісісі  өлген  үйге  аза  салу,  оның  жетісі,  қырқы,  жылын  беру,
кездейсоқ апатқа  (жұт,  өрт,  т.б)  ұшырап,  мал-мүліктен  айрылған  туысқа
туыстық жақындығымен шама-шарқына қарай (қосқаным( деп көмек  көрсету  әдеті
(дәстүрі) де дәлел бола алады.
      Моральдық норма- жеке бастың мінез-құлқын  бағыттап  қана  қоймай  оны
бақылауға және бағалауға   мүмкіндік  беретін  қоғамға  қажетті  мінез-құлық
үлгісі.
      Моральдық сана -басқа да саяси,  құқықтық,  діни,  эстетикалық  сияқты
адамдардың әлеуметтік тұрмысын бейнелейтін қоғамдық  сана  формасы.Моральдық
сана  адам  әрекетін,  оның  қоғамдық  құбылысын,  оларға  өзінің   жағымды,
жағымсыз  көзқарасын  білдіреді,  оларды  қажетіне  орай  мадақтайды  немесе
талқылайды, сынға салады, демек моральдық сана адам қылығын бағалаушы.
      Моральдық сезім- моральдық  нормамен  реттелетін  жеке  бастың  өзінің
қылығына және әрекетіне деген қобалжу.
      Моральдық этикалық дәстүр- тарихи даму  барысында  көпшілік  тарапынан
қалыптасқан мораль элементтерінің (норма, құндылық,  принцип,  категориялар)
дәстүрдегі көрінісі.
      Намыс -адам қасиеттерінің арқауы. Намыс - адам өмірінің  әр  сатысында
әр түрлі байқалады. Ол - "мен, мен"  -  деген  сәби  намысы,  өзін-өзі  біле
бастаған балғын жастың жігіттік намысы, бойжеткен ару қыз намысы,  азаматтық
намыс, ұлттық намыс. Демек, намыстың ауқымы кең.  Қазақ  -  намысшыл  халық.
Оның "Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді" деген мақалы  намыстың  не
екендігін ұқтырғандай.
      Парасаттылық-  Парасат…  Адамның   адамдығын,   халықтың   халықтығын,
мемлекеттің мемлекеттігін ұстап тұрған моральдық сапа.
      Рәсімдер -  Игі іс-әрекеттің ұлттық көрінісі
      Рәміздер - Этностық (ұлттық) белгілер мен жоралғылар        (Таңба,
белгі, ту т.б)
      Салт - Ұлттық дәстүрдің берік қалыптасып, өмір заңдылығына айналуы,
этностық тіршілік
      Салт-сана - Әдептің, дәстүр мен әдет-ғұрыптың халыққа, халық санасына
сіңіп, ұлттық мәнде көрінуі
      Сенімдер - Дінге, болашаққа, игі іс-әрекеттің келешегіне сену,
көрегендікке бейімдеу
      Табандылық- қабылдаған шешімді жүзеге асыру үшін ұзақ уақыт бойы
жігерлік таныту.
      Тыйымдар - Жамандыққа қарсы жасалынатын әрекет, тәлім-тәрбиелік заңды
нұсқау, тәртіптілікке үйрету
      Ұждан- адамның өз қылығына, ойына сыни баға беруі, мұратына (идеалына)
үйлесімсіздігін сезінуі мен моральдық борышты орындай алмауы.  Ұждан  адамды
тәрбиелеу және әлеуметтендіру кезінде қалыптасады.
Ұждан эмоционалдық феномен. Ол өзін-өзі кінәлаудан,  қынжылудан,  қобалжудан
көрініс табады.
      Этика- (гр. ethos-дағды, әдет-ғұрып)-зерттеу  объектісі  мораль  болып
табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Этика құл иеленушілік  құрылыстың
қалыптасу кезеңінде пайда болып, қоғамның стихиялы-дағдылы  моральдық  сана-
сезімінен философияның негізгі құрамдас бөліктерінің бірі ретінде,  нақтылық
туралы  нағыз  теориялық  білімнен  өзгеше,  не  істеу   керекекені   туралы
(практикалық( ғылым ретінде бөлінді(. (философиялық сөздік)
      Этникалык бірігу - этникалық қауымдарды жақындату процесі.
      Этникалық контакт - түрлі ақпараттар жэне мәдени құндылыктармен
алмасу барысында нақты халақгар өкілдерінің бір - біріне ықпалын тигізетін
этносаралық әрекеттестіктердің формасы.
      Конформ этносы - жеке адамдар тобының ұлттық әдет - ғұрыптарға, жүріс
тұрысына ұлттық   ерекшеліктеріне және  стериотиптерді  ішкі  кедергісіз
меңгеру және жеткілікті мағынадан түсілу арқылы көрінетін бейімділігі.
      Кросс - мәдени этнопсихологиялық зерттеу - түрлі ұлттарға этностық
қауымдар өнімдерінің тұлға аралық байланысында және өзара әрекетінде
көрінетін көрініс.
      Ұлттық намыс -Туған елінің ар-намысын қорғау, ұлттық мұраларды
қастерлеу, ата дәстүрін аялау, адам сыйлау.
      Халықтық  психология  -  белгілі  бір  ұлтқа  жататын  жеке  тұлғаның
       психологиялық ерекше тұйық білім
      Ырымдар - Жақсылыққа құштарлық,  жақсылыққа  ниет  етумен  жасалынатын
әрекет, игі сенім
        Этнопедагогика  -  халықтың  (этностың)  тарихи  өмір  тәжірибелерін
жүйеліп    тұжырымдаған ұлттық тәлім-тәрбие туралы ғылым (Ә. Табылдиев).
      Этностық дискриминация - нәсіл  мен  ұлтына  қарап  адамның  азаматтық
құқымен мүдесіне қасақана қысым жасау.
      Этностық контакт -әртүрлі ақпараттар мен мәдени  құндылықтар    алмасу
барысында    әр     халақтың     бір     -     біріне     ықпал     жасайтын
этносаралық әрекеттестік.
      Этностық топ - тіл мен мәдениеттің, діннің маңызды ерекшеліктерін
сақтай алған халақтық окшау бөлігі.
      Этностық толеранттық- басқа этнос өкілдерінің бейтаныс өміріне мінез -
құлқына, салт - дэстүріне, сенімдеріне шыдамдылық білдіру.
      Этностық кикілжің -      көзқарастары мен мүдделерінің бір - бірімен
үйлеспеуінің нәтижесінде этностардың өзара наразылығы.
      Этномадени  бейімделу - адамның психологиялық      немесе   әлеуметтік
дағдылануы.
      Этникалык ассимиляция - бір халақтың екінші халақпен оның тілін,  әдеп
-ғұрып, ұлттық сана - сезімін жоғарлату жолымен бірігу нәтижесі.

               2. Этнопедагогика  пәні бойынша дәрістер кешені

Дәрістер

Дәріс №1. Дәрістің атауы. Этнопедагогиканың методологиялық негіздері.
(1 сағат. 1апта)
1.Халықтық педагогиканың мазмұны және негізгі қызметі
2. Этнопедагогиканың басқа ғылым салаларымен байланысы
3. Халықтық педагогикалық көзқарас және этнопедагогика.

     1.  Этнопедагогика  -  белгілі  бір  халықтың,  тайпаның   өзіне   тән
        ерекшелігі бар дүниетанымдық,  тәрбиелік  мәдени  мұрасы,  халықтық
        ғылым болып табылады.
      Этнопедагогика-халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін  қорытындылап
жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы.
      Этнопедагогика - этникалық  қауым  педагогикасының  дамуын  зерттейтін
педагогикалық білімдердің жаңа саласы.
       Педагогиканың  дамуын  халықтың  педагогикалық  дәстүрлерімен   бірге
қарастыру   тек   қызығушылық   туғызып   қана   қоймайды,сондай-ақ   тарихи
-педагогикалық зерттеулердің нәтижелірек  болуының  ,  ғылыми  педагогикалық
теориялардың  өмірге  икемділігін   оларды   келешекте   зертеудің   қажетті
екендігін тексерудің де айғағы.
      Сонымен қатар этнопедагогика өзіндік ішкі  тарихи  педагогикалық  даму
заңдылықтарына  ие.Осыған  орай  оларды  жалпы   және   даралық   тәртіптегі
элементтер  құрайтынын;   жалпы   заңдылық   этностық   тәрбиенің   қоғамдық
болмыс,өмір  саят,  қоғамдағы  өндірістік  қатынастардың  дамуы,оның   қайта
құрылуына  тәуелділігімен  анықталса;  даралық  заңдылық   этнопедагогиканың
ұлттық «адамшылық табиғаттың» адамгершілік  тұрғыдан  қорғалуын,  генефондты
сақтау және оның табиғи  дамуын  қамтамасыз  етуге  қабілеттілігінде  екенін
көрсету басты міндет болып табылады.
         Этнопедагогиканың   халыққа   білім   беру   саласында    қолданылу
жағдайларымен  байланысты  мәселелер  проблеманың  өзіне  және  оның  шешілу
жолдарына толық түсіндірме беру арқылы баяндалғаны тиімді.
      Дәл сондықтан да этнопедагогиканы алдымен оқу тәрбие процесіне кеңінен
енгізудің негізгі жолы өткен кезеңдерде қисынсыз алынып  тасталған  халықтық
және табиғатпен үйлесімділік  педагогикалық  принциптерін  жаңарту  екендігі
арнайы атап көрсетіледі. Халықтың  педагогикалық  даналығы  халықтық  тәрбие
құралдарын  толық  пайдаланған  жағдайда  дәл  осылар   педагогика   ғылымын
байытуға; халыққа білім беруді жаңартуды жүзеге асыруға; отбасы,  балабақша,
кәсіби оқу орындары тәрбие проблемаларын шешудегі  одағын  нығайтуға  елеулі
үлес қосатын бастау болып табылатындығын ескеру керек.
      Этнопедагогикадағы бала денсаулығы  мен  денесінің  жетілуі  жөніндегі
қамқорлық, ақыл ой, мен еңбекке дайындық,  саналы  адамгершілік  эстетикалық
тұрғыда бағыттау, мінез құлықты  реттеу  ,  өзін  өзі  тәрбиелеу  мен  қайта
тәрбиелеу, яғни тұлға қалыптастырудың бүкіл жетекші бағыттарын қамтитын  аса
бай фактілермен танысу болашақ мамандарды оқылатын материалға  қызығушылығын
арттырады.
      Құрылымында этнопедагогика  элементтері  бар  немесе  өзге  өлшем  мен
көрініс беретін сабақтар жобаларын  кластан  тыс  жұмыс  түрлерін  дайындап,
өткізу;    этнопедагогикалық     тақырыптарды     үйірмелер     жұмыстарының
бағдарламаларына  енгізу,  этнопедагогикалық   факультативтар   ұйымдастыру,
халық педагогтары шығармалары бойынша класс  сабақтары  циклін  ұйымдастыру,
тарихи этнопедагогикалық тақырыптамалар бойынша жоғарғы кластар үшін  кештер
дайындау, арнайы этнопедагогткалық газеттер, хабарламалар  ұйымдастыру  және
өткізу әдістемелері жайлы бірізділікпен баяндаудың студентті  этнопедагогика
материалдарымен жұмыс істеуге баулудың мәні ерекше.
      Адам баласы оу бастан өз ұрпағын өмірге,  еңбекке  икемдеп,  тәрбиелеп
келгені көпке аян. Бүгінгі қалыптасқан белгілі ғылыми теориялық заңдары  бар
педагогика ғылымы өмірге келгенше де адамзат тәрбие ісімен  айналысып  бақты
. Оның қағазға  түспеген,  бірақ  халық  жадында  мәңгі  сақталып,  ұрпақтан
ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл ақыл, өсиет  өнеге,  қағида  болып  тарап
келген  білім  білік,  тәлім  тәрбие  беру  тағлымдары  бар.   Ол   халықтық
педагогика деп аталады.
            Халықтық педагогикалық білімдері  комплексті  және  синтетикалық
сипатта  деп  бағалауға  әбден  болады.  Себебі  аса  ауқымды  педагогикалық
мәліметті қабылдап, оны жадында сақтау және келер ұрпаққа дәлме дәл  жеткізе
алу үшін ойды жинақтап айтудың тиімді жолдары мен түрлері қарастырылған.
      Халқымыз  ғасырлар  бойы  өз  ұрпағын  адамгершілікке,   елжандылыққа,
отансүйгіштікке тәрбиелеп келеді. Осы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе  жатқан
дәстүрдің өзегі, алтын діңгегі халықтық педагогика болды деуге болады.
       Халықтық педагогика салт дәстүр, жол жора, қонақ күту  рәсімдері,  ел
жұрт, ру тайпа, қала берді бүкіл халықтық қарым қатынастан берік орын  алған
тәлім тәрбиенің түрі,  адам  мінезі,  іс  әрекетін  қалыптастырудың  белгілі
нормасы болып табылады.
       Этнопедагогиканың зерттеу әдістері жиі сөз болған жекелеген  авторлар
еңбектерінде әдет ңұрыптар мен  дәстүрлер  халықтық  сенімдер,  ойындар  мен
ойыншықтар жөніндегі  этнографиялық  материалдардың  халықтық  тәлім  тәрбие
мазмұнын ашып көрсетудегі маңыздылығы атап көрсетіледі.
          Этнопедагогика   кең   теориялық   қорытындылауды   талап   ететін
проблемалармен қатар, фактілік материалдар жинақтау,  тереңдеп  зерттеу  мен
талдауды қажет ететінг жекелеген мәселелер де аз емес.Оның  алдында  шешілуі
ең қиын алдымен педагогика мен этнографияға мәнді жәрдемін тигізетін  өзекті
міндеттер тұр.
        Диалектикалық ілімге сүйене отыра этнопедагогика ұдайы мұрагер  болу
жаңару және жаңаны тудыру процесінде өмір сүретін қозіалысты жүйе деп  әбден
қарастыруға болады.Мұнымен байланысты  этнопедагогикада  жаңа  құбылыстардың
пайда болуы және алға басуы; XX ғасырдың басына дейінгі  және  одан  кейінгі
кезеңдерді этностық педагогиканың даму тенденцияларын ашып көрсетуге  елеулі
орын берілуі қажет.
      Этнопедагогика білімдерін қолдану рухсыздыққа, ұлттық жоққа  шығаруға,
тарихи  ессіздікке  нақты  тосқауыл  қояды  ғ  балалар  мен  жасөспірімдерге
халықтық құндылықтар мен дәстүрлер, ұлттық  мәдениет  мұрагерлері  ретіндегі
адамзаттық борышын жете түсінуге , оларды өзінің ата аналары, өткен ұрпақ  ,
бүтін халық ісін жалғастыруға үйретуге көмектеседі.
       Этнопедагогикалық  қарастыруда  тәрбие  қоғамдық  құбылыстың  бірінен
өзгесіне заңды ілесіп отыруы, яғни мінез  құлықтың  табиғи  формасы  ретінде
алға шығады.
      Этнопедагогика зерттеудің кең көлеміне не оның  алдында  үлкен  өзекті
міндеттер тұр. Оның қалыптасуының қазіргі  жағдайда  халықтың  педагогиканың
әрекет ету аясын анықтау оның бүгінгі тәрбие мен өзара  байланысын  айқындау
аса маңызды.
       Этнопедагогиканың  практикаға  жол  табуы  ол  қазіргі  педагогикалық
теорияны  жан  жақты  қолданғанда  ғана  мүмкін  .  Сонымен   бір   мезгілде
этнопедагогиканың  көптеген  қоғамдық  ,  гуманитарлық  және   психологиялық
ғылымдардың  өзара  ықпал  ету  шеңберіне  енуінің  принципті  мәні  бар.Бұл
этнопедагогикалық  материал  мен  бастаулары  елеулі  кеңейтеді,  оны  үлкен
тарихи тәжірибесі бар ғылымдар методтарымен қаруландырады және сонысымен  де
аса    кең    теориялық    қорытындылаулар    үшін     қолайлы     жағдайлар
туғызады.Этнопедагогикалық  ізденістерді   этносоциологиялық   зерттеулердің
құрамды бөлігі ретінде қарастыру жемісті  болып  көрінеді.Кез  келген  ғылым
секілді этнопедагогикаға да теориялық тереңдікпен ұштасатын кеңестік  керек,
мұның өзі эмпирикадан тек теориялық қорытындылауларға көшкен  жағдайда  өана
мүмкін болады.
2.Этнопедагогиканың басқа ғылым салаларымен байланысы
      Этнопедагогиканың дамуында оның басқада ғылымдармен  байланысы  ерекше
рөл атқарады.
Ол ғылымдар: 
      Философия  –  бұл  адамды  күшті  идеялық  сенімге,  айқын   түсінуге,
білушілікке тәрбиелейді.
      Психология – адамның  мінез-құлқын  қалай  тәрбиелеудің  әдістері  мен
тәсілдерін іздестіреді. 
      Адам физиологиясы – бала организміндегі жоғарғы нерв  қызметін,  тыныс
алу,  қан  және   жүрек   тамыр   жүйесінің   физиологиялық   ерекшеліктерін
қарастырады. 
      Мектеп гигиенасы –  жас  ұрпақтың  денсаулығын  сақтау,  нығайту  және
дамыту жайындағы ғылым. 
      Әлеуметтану  –  жас  ұрпақты  дамыту,  тәрбиелеу   және   қалыптастыру
проблемаларын  зерттеу  барысында  педагогика  ғылымы  әлеуметтік  орта  мен
тәрбие  жайындағы  мәліметтерді  әлеуметтану  ғылымы  негізінен  қарастырып,
шешім қабылдайды. 
      Этнография – белгілі бір халықтың экономикасын, қоғамдық  және  рухани
мәдениетін, тұрмысын зерттейді. 
      Археология - өткен ғасырдағы  ескерткіштер  арқылы  халықтардың  әдет-
ғұрып, мәдениеті, тарихын зерттейді.
      Сондай-ақ,  этнопедагогика  ғылымы  медицина,   экология,   экономика,
әдебиет, тарих және т.б. ғылымдармен тығыз байланысты болса,  этнопедагогика
өзінің  ғылыми  қалыптасып  дамуында  педагогика,  фиолософия,   психология,
анатомия мен адам физиологиясы, гигиена, математика, кибернетика  және  т.б.
ғылымдардың идеяларын пайдаланып жетілуде.
3.Халықтық педагогикалық көзқарас және этнопедагогика.
      Адам баласы әу бастан өз ұрпағын өмiрге,  еңбекке  икемдеп,  тәрбиелеп
келгенi көпке аян. Бүгiнгi қалыптасқан белгiлi ғылыми-теориялық заңдары  бар
педагогика ғылымы өмiрге келгенше де адамзат тәрбие iсiмен айналысып  бақты.
Оның қағазға жазылып түспеген, бiрақ халық жадында мәңгi сақталып, ұрпақтан-
ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл-ақыл,  өсиет-өнеге,  қағида  болып  тарап
келген  бiлiм-бiлiк,  тәлiм-тәрбие  беру   тағлымдары   бар.   Ол   халықтық
педагогика деп аталады. Халықтық педагогика салт-дәстүр, жол-жора,  ырымдар,
тағам дайындау, қонақ күту рәсiмдерi мен ауыз әдебиетi үлгiлерi, ұлттық  ою-
өрнек, өнер түрлерi, спорт ойындары  арқылы  отбасылық  тәрбиеден  басталып,
ауыл-аймақ, ел-жұрт, ру-тайпа, қала бердi  бүкiл  халықтық  қарым-қатынастан
берiк  орын  алған   тәлiм-тәрбиенiң   түрi,   адам   мiнезiн,   iс-әрекетiн
қалыптастырудың  белгiлi  нормасы  болып   табылады.   Олай   болса,   халық
педагогикасы қоғам  дамуының  (алғашқы  қауымдық  қоғамнан  бастап)  белгiлi
сатыларынан өтiп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше  ұрпақ  тәрбиесiнiң
бастау  бұлағы,  педагогикалық  құралы  болып,  тәрбие  жүйесiнiң   қызметiн
атқарып  келгенiн  байқаймыз.  Яғни,  осыдан  келiп  ғылыми  педагогика  мен
халықтық  педагогиканың  тәрбие  тәсiлдерiндегi  сабақтастығы,   принциптiк-
идеялық  үндестiгi  туындайды.  Бүгiнгi  әлемдiк  аренаға   жеткен   ғылыми-
педагогика халықтық педагогикадан бастау  алып,  оны  ғылыми  теориялар  мен
қағидалар тұрғысынан жан-жақты  зерттеп,  қарастырып,  байытты.  Сөйтiп,  өз
қажетiне   жаратты.   Осы   қажеттiлiктен   келiп,   халықтың    эмпирикалық
тәжiрибесiне   негiзделген   ұрпақ   тәрбиелеу   тағылымдары   —    халықтық
педагогиканы ой елегiнен өткiзiп  зерттеп,  тәрбие  мен  оқу  iсiнiң  өзектi
құралы  етудiң  жолдарын   және   оның   шығу,   даму   кезеңдерiн   өзiндiк
ерекшелiктерiн,  басқа  ғылымдармен  байланысын   зерттейтiн   педагогиканың
ғылыми бiр саласы этнопедагогика пайда болды.
      Өзін-өзі тексеру сұрақтары
   1. Халық педагогикасы туралы ғалымдардың көқарастарындағы айрмашылықтарды
      көрсет
   2. Халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың  қағидаларының  үндестігін
      салыстыра отырып ажыратып бер.
   3. Этнопедагогика қандай ғылым салаласынан  бөлінген?  Қандай  салалармен
      байланысты?
   4. Халықтық педагогиканың қандай негізгі қағидалары бар?
   5. Этнопедагогиканың пайда болуына қандай теория әсерін тигізді?


Дәріс №2.
Дәрістің атауы. Этнопедагогика және оның қалыптасуы мен дамуының тарихы.  (1
сағат.2 апта)
1.Халықтың  әлеуметтік  тәжірибесі  мен  халықтық  дәстүрлері  педагогикалық
ойдың дамуының негізі
2.Орта  ғасырдағы  Орта  Азия  және  Қазақстанның  жас  ұрпақ  тәрбиелеудегі
халықтық   педагогикалық   дәстүрлерінің   мәні    туралы.    Я.А.Коменский,
И.Г.Песталоции,   Ш.Уәлиханов,   А.Құнанбаев,   К.Д.Ушинский,   Ы.Алтынсарин
шығармаларындағы тәрбиенің халықтық қағидасы.

      1.Халықтың ұрпақты  әдептілікке  тәрбиелейтін  ұлағатты  ұғымдары  мен
ырым, тыйым сөздерінің мәдени-тәрбиелік мәні зор. Салауаттылық, сауап,  үнем
сияқты ұғымдарға қайшы келетін кесір, обал, ысырап  сөздерінің  мәнің  халық
жас   ұрпаққа    жастайынан   түсіндіріп,   салауаттылыққа,    үнемшілдікке,
ұқыптылыққа, яғни мәдениеттілік негіздерін білуге тәрбиелейтін.
      Мектептегі, жоғары оқу орындарындағы ұжымдық, әдептілік дәстүрлері  де
этнопедагогиканың   мәдениеттаныммен    сабақтастығын    көрсетеді.    Яғни,
этнопедагогика пәні  –  ұлттық  мәдениеттің  бейнесін  көрсететін  және  сол
ұлттық мәдениеттің мәнін  түсіндіріп,  іс-әрекетте  қолданыстарын  үйрететін
пән.
      Қазақ  халқының  ұлы  педагогы  Ыбырай  Алтынсарин  ұлттық  мәдениетті
дамытудың негізгі құралы – оқу, мектеп ашу деп, ауылдық, болыстық  мектептер
ашып, қыздар училищелерін, мұғалімдер семинариясын ұйымдастырды.
      Абай дана «ғылым таппай, баптанба, өнер таппай  мақтанба»  деп  ұлттық
мәдениетті дамытудың түп негізі – білімде,  өнерде  деп  көрсетті.  Ол  үшін
«өткірдің жүзі, кестенің бізі» сала алмаған өрнекті сөзбен өрнекетейтін  ана
тілін қадірлеу қажет екенін айтып, бес нәрседен қашық  болуды,  бес  нәрсеге
асық болуды уағыздайды.
      Қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлиханов «үш жүз жыл  бойы  бір  де  бір
ғалымның қазақ жұртында болмауы» - өнерпаз, қабілетті  халықтың  мәдениетіне
жасалған қиянат деп көрсетіп, халықтың мәдениетін өркендету  ұшін  мектептер
ашып, ұрпаққа ғылым үйретіп, білім беру қажет екендігін дәлелдеді.
      Педагогикалық  ойдың  дамуындағы  халықтық  дәстүрлері  этнопедагогика
ғылымында айқын көрінеді. Оның негізгі мақсаты –  ұлттық  мәдени  мұралардың
болмысын  айқындап  көрсетумен  қатар,  сол  ұлттық   мәдениетті   дамытудың
қозғаушы  күштерін  дәлелдеп,   оның   тәрбиелік   қолданылмалы   тәсілдерін
бағдарлап көрсете білу болып табылады.
2. Орта ғасырдағы  Орта  Азия  және  Қазақстанның  жас  ұрпақ  тәрбиелеудегі
халықтық   педагогикалық   дәстүрлерінің   мәні    туралы.    Я.А.Коменский,
И.Г.Песталоции,   Ш.Уәлиханов,   А.Құнанбаев,   К.Д.Ушинский,   Ы.Алтынсарин
шығармаларындағы тәрбиенің халықтық қағидасы.
      ХХ ғасырдың 70 жылдары этнопедагогикалық ойлардың –  тұжырымдамалардың
күшеюіне себепші болған үдеріс  кеңестік  жүйенің  басқа  ұлттарды  шеттетуі
еді. КСРО-да 1930 жылдан бастап ұлттарды  орыс  тілінде  оқыту  талап  етіле
бастады.  1959  жылдан  бастап  ұлттық  мектептер  орыс  тілді   мектептерге
көшірілді. «Этнопедагогика», «Халықтық педагогика», «Ұлттық  білім  жүйесі»,
«Ұлттық мектеп» деп келетін  атау  ұғымдар  интеграция  туғызған  ұлтсыздану
үдерісіне қарсылық. Этникалық педагогиканың мәні-ұлттық педагогикаларды бір-
бірінен негізсіз көшіртпеу.
      Ш.Уәлиханов – қазақ  топырағында  ағартушылық  идеялардың  туын  алғаш
көтерген ғалым. Ол орыс  өкіметінің  Қазақстанға  өз  заңдарын  механикаклық
түрде көшіруге қарсы шықты. Шоқан Ресейдің  өзіне  тән  жағдайлары  туғызған
қылмс түрлерінің  Қазақстанда  жоқтығын,  бірақ  орыс  заңгерлері  білмейтін
қылмыс түрлерінің бар екенін дұрыс дәлелдеді.
Шоқан Уәлиханов қазақ  халқының  жаттап  алу  қабілетін,  шешендігін  жоғары
бағалап, мұндай қабілетті  халық  сауатты  болып,  ғылым  үйрену  керектігін
анықтап айтқан. «халықтың мұңы  мен  сырын,  арманын  толғайтын  жыраулардың
жарлары – өнегелілік, бірден-бір құнды құбылыс», - дейді Ш.Уәлиханов.  қазақ
даласындағы оқу, мектеп ісін  ғылыми  негізде  құрып,  оқу-білімнің  табиғат
сырларын ашуға бағытталуын, халқының алдыңғы  қатарлы  елдерді  қуып  жетуін
аңсаған. Оның еңбектері «Білім жалпы халыққа  бірдей,  ортақ  болсын»  деген
идея басым.
      Ұлы педагог, этнограф , жазушы,  төңкеріске  дейінгі  педагоикалық  ой
дамуында  негізқгі роль атқарған Ы.Алтынсариннің шынайы патри  отизмі  туған
халқының мінезін,  әдет-ғұрыптарын,  салт-дәстүрлерін  терең  зерттеп,  оның
қабілетін,    тұрмыс-жағдайын,    ұлттоық    ерекшеліктерін,     материалдық
жағдайынбілуінен   көрінеді.    Ы.Алтынсариннің    ағартушылық-педагогикалық
қызметі  1860  жылдан  басталды.  Оның  педагогикалық  көзқарасы  мұғалімдер
әзірлеу, мектеп ашу, әлеуметтік-саяси мәселелерден тұратын 3 саладан болды.
       Мектеп-интернаттар   көшпелі   халықтың   балаларына   қолайлы   етіп
ұйымдастырылды.
      Ы.Алтынсарин  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеуде  мұғалімдердің  ролін
жоғары бағалады, сынып-сабақ жүйесін енгізу үшін көп еңбек сіңірді.
       Абай  да  жастар  тәрбиесіне  ерекше  көңіл  бөлген.   «Ата-анаға  кө
қуаныш»,  «Заманақыр  жастары»,  «Сегіз  аяқ»  деген  өлеңдерінде   жастарды
әдепті, тату болуға, сөз  қадірін  білуге,  сабырлы,  арлы,  еңбекшіл,  есте
сақтау,  көргеннен  өнеге  алу,  нәпсіні  ақылға  жеңгізу,  ұстамды   болуға
шақырады.
      Абай өзін-өзі тәрбиелеуге аса зор мән беріп, он бесінші  қара  сөзінде
адамды өзін-өзі тәрбиелеуге шақырады.
       Абай  өлең  мен  әннің  тәрбие  құралдары  ретіндегі   рөлін   жоғары
бағалаған. Абай халық педагогикасына үлкен мән беріп,  оның  озық  үлгілерін
насихаттайды.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Этнопедагогика пәні қалай қалыптасты?
2. Этнопедагогиканың маңызды қасиеттерін сипаттаңыз.
3.«Этнопедагогика» мен  «халықтық  педагогика»  ұғымдарының  өзара  қатынасы
қандай?
4.Орхон-енисей   ескерткіштеріндегі   халық   педагогикасының   көріністерін
түсіндіріңіз.
5.А.Байтұрсыновтың лингвистикалық, ағартушылық еңбектерi.
6.Ш.Құдайбердиевтiң дiни-философиялық көзқарастарына сипаттама бер.
7.Я.А.Коменский бойынша отбасылық тәрбиенің тақырыбын ашып көрсет.
8.К.Д.Ушинскийдің    педагогикалық    идеяларының    қазіргі    адамгершілік
тәрбиесінің теориясына қандай маңызы бар.

Дәріс  №3.  Дәрістің  атауы.   Этнопедагогиканың  этникалық  компоненті.  (1
сағат. 3 апта)
1.Этнос, ұлт және халық ұғымдары
2.Этностар  мәдениетін  зерттейтін  қоғамдық  ғылымдар  және  олардың  өзара
байланысы
3 Қазақ этносының пайда болу тарихы

   1.Этнос, этникалық қауымдастық - [грек, ethnos  -  тайпа,  халық]  -  бір
халықты  екіншісінен  ажыратуға  мүмкіндік  беретін  ортақ   белгілері   бар
қауымдастық.  "Этнос"  ұғымы  әлі  күнге   бірыңғай   түсіндірілмейді.   Кең
мағынада, "этнос" ұғымын көпшілік зерттеушілер барлық  дәрежедегі  этникалық
жүйелер жиынтығы ретінде  түсіндіру  қалыптасқан  (тайпа,  халық,  ұлт  және
т.б.). Алайда,  кейбіреулер  (Л.  Н.  Гумилевтан  кейін)  оны  негізгі  жүйе
ретінде қарастырады (субэтностар, суперэтностармен қатар және т.б.).
   Тар мағынада алғашқылардың бірі болып "этнос" ұғымына анықтама берген  М.
Вебер:   "Этнос   -   мүшелері   сыртқы   бейнелерінің,    әдет-ғұрыптарының
үқсастықтарына қарай немесе ортақ отаршылық не көші-қонды  басынан  өткерген
тағдырлас тарихына қарай өздерінің шығу тектерінің  бір  екендігіне  сенетін
топ".  Бүдан  кейін  де  көптеген  зерттеушілер  этносқа  аумақ,  тіл,   дін
ортақтығының  негізінде  өзінше  анықтама  беруге  тырысты.  Алайда,  Л.  Н.
Гумилевтің пікірінше, аталған белгілердің  бірде-бірі  жалпыға  бірдей,  кез
келген этносқа қолданыла бермейді, мүнымен бірқатар зерттеушілер келісті.
      Этнос ең алдымен, мәдениеттілік қауымдастық. Этностың  пайда  болуында
аумақ және әлеуметтік қарым-қатынас тілінің ортақтығы  шешуші  фактор  болып
табылады.  Саяси  кеңістіктің  ортақтығы  мен   халықтың   әлеуметтік   және
шаруашылық әдістерінің ортақтығы да маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.
      Этникалық ұйысудың басты тетігі салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрінде мұраға
қалатын мәдениет болып табылады. Этникалық қауымдастық  мағынасындағы  этнос
ретінде көбіне бірыңғай атауы, ортақ  мәдениет  элементтері  бар,  тағдарлас
тарихы бар, ерекше  географиялық  ортадағы  топтық  ынтымақтастық  танытатын
адамдар тобын атауға болады.
      Ұлт—    ортақ    тілі,    қалыптасқан мәдениеті,     біріктіруші салт-
дәстүрлері мен діні бар  адамдардың  әлеуметтік  бірлестігі.  Сонымен  бірге
көптеген ұлттардың  ортақ  аумағы,  ортақ  экономикасы,  сол  ұлт  өкілдерін
біріктіретін мемлекеті болады.  Ұлт  қалыптасуында   адамдардың   бірлігінің
бастауы болатын ортақ этногенетик те маңызды  рөл  атқарады.  Осындай  талап
тұрғысынан қарастырғанда “ұлт” және “этнос” ұғымдары біріне-бірі өте  жақын,
екіншісі   біріншісінің   туып,   қалыптасуына   негіз   болады.    Этностан
айырмашылығы  ұлттар  этностық  белгілерге  қоса  саяси,  экономикалық  және
әлеуметтік белгілерге ие болады. Дегенмен, әлі де философиялық  және  саяси-
әлеуметтік  ой-пікірде  “ұлт”,  “этнос”  категориялары  туралы  бір   арнаға
тоғысқан түсінік қалыптаспаған.
2.Этностар  мәдениетін  зерттейтін  қоғамдық  ғылымдар  және  олардың  өзара
байланысы
      Этнология (грек. ethos – тайпа, халық және logos – ғылым,  ілім,  сөз)
– қоғамдық ғылымдардың тайпалар мен халықтарды зерттейтін саласы.  Этнология
қазіргі халықтарды және ертеде өмір  сүрген  көне  этностық  топтардың  шығу
тегін, ру-тайпалық  құрамын,  қонысын,  олардың  өзіндік  ерекшеліктері  мен
бәріне  бірдей  ортақ  жайларды,  тарихи  және  мәдени   қарым-қатынастарын,
күнделікті тұрмысын, кәсібін, қоғамдық  және  отбасылық  қарым-қатынастарын,
рухани мәдениетін жан-жақты ғыл. негізде зерттейді (қ.  Тарихи  этнография).
Өткен өмір мағлұматтарын соңғы деректермен салыстыра зерттеп, этнолог  халық
тұрмысы мен мәдениетінің  тарихи  даму  үрдісін  анықтайды.  Халық  өмірінің
өткен  кезеңдерінің  ең  көне  дәуірі  палеоэтнология  деп  аталады.   Мыс.,
халықтардың  шығу  тегін  зерттеуде  Этнология  үнемі   археол.   деректерге
сүйенсе, археология  өзінің  зерттеу  жұмыстарында  археол.  ескерткіштердің
қандай  этн.  топтарға  жататындығын  анықтау  барысында  әр  дайым   этнол.
деректерді кеңінен пайдаланады. Мәдениет және өнер тарихын, халықтың көркем-
өнері мен ауыз әдебиетін зерттеу  және  халықтың  дәстүрлі  шаруашылығы  мен
кәсібін  зерттеу  Этнологияны  толықтыра  түседі.  Халықтардың  тілдеріндегі
жақындықты зерттеу лингвистика мен Этнология  мүдделерін  жақындата  түседі.
Халықтар мен табиғи  ортаның  әсерін,  қоныстану  үлгілерін  және  этникалық
картографияны  зерттеу  ісі  этнологияны  географиямен   және   дүние   жүзі
халықтарының санын есептеуге  арналған  демография  пәнімен  байланыстырады.
Сондай-ақ халықтардың шығу  тегін  және  алғашқы  қауымдық  құрылыс  тарихын
зерттеуде  антропология  ғылымы  Этнологиямен  ұштасып,  этн.   антропология
саласын қалыптастырды.  Этнология  жоғарыда  көрсетілген  ғылым  салаларымен
тығыз байланыса отырып, ғылым үшін  де,  күнделікті  тәжірибе  үшін  де  аса
маңызды көптеген сауалдарды шешеді. Мыс., жеке елдер мен  бүкіл  дүние  жүзі
халықтарының этн. құрамын және халықтың шығу тегі мен  этн.  тарихын,  артта
қалған халықтарда сақталған көне дәстүрлер қалдықтарының  негізінде  алғашқы
қауымдық құрылыстағы қоғамдық өмір мен мәдениеттің қандай болғандығына  ғыл.
талдау   жасайды.   Этнология   термині   шетелдік    тарихнамада    кеңінен
қолданылғанымен, кеңестік тарихнамада мүлдем пайдаланылмады.  Себебі,  мұнда
Этнологияға бірегейлік сипат берілмей, оны  этнография  деп  атады  да,  бұл
ғылымды   тарих   ғылымдарының   бір   саласы   ретінде   ғана    қарастырып
келді. КСРО ыдырай  бастаған  кезде  ғана  Этнология  термині   этнографияны
ығыстырып шығарды. Сөйтіп, оның  халықты  танып  білудегі  рөлі  нақтыланды.
Этнология атауы  этнос  терминіне  байланысты  қалыптасқан.  Антик.  заманда
эллиндіктер “этнос“ терминін грек  емес  халықтарға  қолданған  болатын.  Э.
термині 19 ғ-ға дейін кеңінен қолданыла қойған жоқ.  Тек  кей  жағдайлардағы
этногр. үрдістер мен  құбылыстарды  баяндау  кезінде  ғана  қолданысқа  еніп
отырды. Антропол. ғылымдардың  жалпы  классификациясын  жасап,  оның  ішінде
Этнология ны бөліп, 1830 ж.  алғаш  рет  көрсеткен  француз  ғалымы Жан  Жак
Ампер еді. Осыдан кейін еур. ғыл. жұртшылық  осы  терминді  кеңінен  қолдана
бастады.   Этнология   ғылымының   дербес   пән    ретінде    ресми    түрде
қалыптасуы Париж этнологтары  қоғамының  құрылуынан  (1839)  басталады.  Бұл
оқиға пән және оның қоғамдық ғылымдардағы орны туралы қызу ғыл.-теор. пікір-
сайыстар  туғызды.  Кейбір  мәселелерге  қатысты   сан   алуан   көзқарастар
болғанымен, қазіргі таңда Этнология ның орны,  пәні  мен  зерттеу  әдістері,
міндеттері, т.б. айқындалған.
3. Қазақ этносының пайда болу тарихы
      “Қазақ”  деген  терминнiң  шығу  тегiн,  мән-мағынасын   этимологиялық
тұрғыдан  қарастырсақ,  ...   ол   жөнiндегi   бұрын-соңғы   болжамдар   мен
тұжырымдарды мынадай үш салаға бөлуге болады:
1. Қазақ халқы арасына тараған тарихи аңыздардың айтуынша “қазақ” деген  сөз
“қаз” атауынан пайда болған деп есептейдi.
2. “Қазақ” деген  сөздiң  көне түркi  тiлiндегi   мағынасы,  яки   қолданылу
дағдысы “өз елiнен бөлiнiп шығып,  еркiн жүрушiлер”,  “ер жүрек  ерiктiлер”,
“көтерiлiс жасап, өз еркiмен кетушiлер” деген мағыналарды бiлдiредi.  Демек,
“қазақ” атауының арғы тегi “ерiктiлер” дегеннен шыққан дейдi.
3. “Қазақ” атауының арғы тегi ежелгi заманда қазақ даласын мекендеп,  қазақ 
кұрамына   енген  тайпалар  мен   халықтардың   аттарынан:    сақ,    каспи,
қазар, аз дегендерден, яки осы негiзде өзгере қалыптасқан дейдi (56, 28).
Ендi осы жорамалдардың басты-бастыларына тоқталайық. XIX ғасырдағы  қазақтың
ұлы ақыны және ойшылы Абай  Құнанбаев  өзiнiң  “Бiрер  сөз  қазақтың  қайдан
шыққаны туралы” деген әйгiлi қара сөзiнде: “Арабтар Орта Азияға жорық  жасап
(VIII ғасырда. — С. Қ.) келгенде, көшпелi халықтарды “хибай”,  “хузақи”  деп
атапты. “Хибай”— киiз шатырмен жүрушi  деген  екен.  “Хузақи”  дегенi  —  өз
жұртында “хузаги”  деген  көшпелi  халқы  бар  екен,  соған  ұқсатып  айтқан
екен... Сол уақыттың бiр ханы көшiп келе жатқанда, бұлардың  тiркеу  түйесiн
көрiп, “мiне, мыналар  шынымен  қазақ  екен”  дептi.  “Әдейi  қайтқан  қазға
ұқсайды-ақ екен” дептi. Сонымен, бұлар өзiн-өзi де, бұларды өзге жұрттар  да
“қазақ” атап кетiптi. Бұрын өздерiн “ұлыс” дейдi екен де жүре  бередi  екен”
(45, 231),— деп жазады.
      Ал фольклорист Әбубәкiр Диваев қазақ деген  сөздi  “қаз”  және  “ұзақ”
деген екi құстың атынан бiрiгiп, қазақ болып қалыптасқан дейдi. Ол тағы  бiр
пайымдауында: “қазақ сөзiнiң әсiлi еркiн жүрген адам” деген  ұғымнан  алынса
керек, оны халық  аңызынан  аңғаруға  болады”  (24,  29),—  дегендi  айтады.
Мұхамед Хайдар Дулати өзiнiң  “Рашидтiң  тарихы”  атты  еңбегiнде  Әбiлқайыр
ханға” қарсы шығып, Дештi-қыпшақ даласынан  Батыс  Жетiсуға  қоныс  аударған
қазақ тайпалары жайында айта келiп:  “Әбiлқайыр  хан  өлгеннен  кейiн  өзбек
ұлысында ырың-жырың туып, даланы мекендеушiлер өзiнiң  қауiпсiздiгi  мен  өз
басының қамына бола, Керей хан мен  Жәнiбек  ханнан  пана  сұрайды.  Сөйтiп,
олар күшейiп алады. Алғашқыда әлгi  қашқындар  өз  ұлысынан  бөлiнiп  кетiп,
бiраз уақыт мал-мүлiксiз, қаңғып жүрген адамдар  болғандықтан,  оларды  жұрт
қазақтар (қашақтар) деп атап кеткен. Сөйтiп, оларға тағылған  осы  ат  бекiп
қалды” (25, 46),—дейдi. Түркия тарихшысы Зәки Уәлиди Тоған: “қазақ  деп  бiр
саяси мақсатты көздеп, көтерiлiс жасау нәтижесiнде салт яки үй iшiмен  бiрге
өз  қауымынан  бөлiнiп  шығып,  өкiмет  билiгiн   алуға   талпыныс   жасаған
сұлтандарды айтқан. “Қазақ” сөзi  алғашқыда  сұлтандарға  ғана  тән  болған,
кейiн  оларға  қарсы  тайпалардың  және  олар   құрған   мемлекеттiң   атына
айналған”(77,. 37)”,— дейдi. Шоқан  Уәлиханов  “қазақ”  сөзi  әскери  термин
ретiнде қолданылып “ер жүрек”, “батыл”  деген  мәндi  бiлдiргенiн  баяндайды
‘(28, 75)”.
      Атақты орыс ғалымы В.В.Радлов, А.Самойловичтер  “қазақ”  деген  атауды
“тәуелсiз,  еркiн,  ерiктi  адам”  деген  мағынаға  ие  деп  жазды.   “Қазақ
шежiресiнiң” авторы Шәкәрiм Құдайбердiұлы да  жоғарыдағы  пiкiрлердi  қолдай
келе, “қазақ” дегеннiң мағынасы “өз алдына ел  болып,  еркiн  жүрген  халық”
деген сөз деп түсiндiрдi.
         “Қазақ” терминiнiң төркiнiн тым ерте заманға апарып тiреген  әйгiлi
ғалым А. Н. Бернштам болды. Ол “қазақ” сөзi жайындағы В.  В.  Радловтың,  Г.
Вамберийдiң, В. В. Бартольдтiң, А. Н. Самойловичтiң, Н.  Я.  Маррдың  т.  б.
пайымдауларын  талдай  келiп,  “қазақ”  сөзiнiң  шығу  төркiнi  мен  қазiргi
мағынасын екi дәуiрге бөле қарайды. Яғни “казақ”  деген  сөздiң  түп-төркiнi
ежелгi замандағы каспи  (ғұндар)  жөне  сақ  тайпаларының  бiрiгуiнен  пайда
болған, “қазақ” сөзiнiң қазiргi  мағынасы  (“еркiн  адам”  т.  б.  дегендер)
кейiн шыққан ұғым  деп  тұжырымдайды.  Каспи,  яки  қасып-сақтардың  көшпелi
бiрлестiгiне кiрген тайпа аты. Бұл қосар тайпа атауы  қассақ  сөзiндегi  екi
“с” дыбысының бiреуi өзара  ықпал  әсерiмен  түсiп  қалып,  қазiргi  “қазақ”
этнонимi шыққан” (56, 33),— дейдi.
      Көрнектi  әдебиетшi  ғалым  Ә.  Қоңыратбаев  өзiнiң   “Көне   мәдениет
жазбалары” атты еңбегiнде  А.  Н.  Бернштам  пiкiрiн  қостай  келе:  “қазақ”
сөзiнiң түбiрi “ғұз-сақ” (оғыз-ғақ) дейтiн екi түрлi кезеңдегi тайпа  атының
бiрлесуiнен туған (қазақ,  қыпшақ,  ғұзақ,  қосағ,  қосай  деген  атаулардың
мағынасы жақын), “қазақ” сөзi “ғыз-сақ” деген  тайпа  атауынан  туған  деген
ойды дәлелдеу үшiн, Орта  Азия,  Тұран,  Алтай,  Сiбiр,  Қазақстан  жерлерiн
мекендеген ежелгi тайпалар тарихына, атауларына  назар  аудару  қажет”  (51,
126),—деген тұжырым жасайды. “Қазақ” сөзiнiң бiрiншi сыңары  “қаз”  дегеннiң
кәдiмгi құс атынан басқа да  мағынасы  бар,  қазақтың  сөйлеу  тiлiнде  сәби
баланың ешқандай сүйемелсiз, өз еркiмен аяқ басып,  тiк  тұруын  “қаз  тұру”
дейдi. Жас  баланың  алғаш  адымдап  аяқ  басқанын  көрген  ата-аналары  мен
туыстары шаттанып: “қаз-қаз” деп айқайлап, шабыт бередi.  Бұл  “қаз”—  еркiн
әрекеттiң  алғашқы  қимылы.  “Қаз”  түбiрiнен   туындаған   “қаздаң   қағу”,
“қаздаңдау” етiстiктерi де еркiн  әрекет  жасаудың  мағынасын  бередi.  Көне
түркi   тiлiнде   жазылған   “мәңгi   тастарда”   да   (Тоныкөк,    Күлтегiн
ескерткiштерiнде)  “қазақу”,  “қазғандұқ”,  “қазғантұғын”  деген  етiстiктер
“қажырлы қайрат жұмсау”, “күресу”, “талпыну”,  “еркiндiкке  ұмтылу”,  “ерлiк
iстеу” мағыналарында қолданылған. Бұл сөздердiң түбiрi “қаз”  (“қазған-дұң”)
екенi даусыз. Осы “қаз”  түбiрiне  “ғақ”  жұрнағы  жалғанып,  “қазғақ”  сөзi
жасалып, “еркiн адамдар”, “ержүрек;  ерiктiлер”  деген  мағынаны  бiлдiретiн
терминге айналған (мысалы, қазақта “ғақ” жұрнағы жалғанып жасалатын  айғақ,,
құрғақ, тайғақ,, оңғақ, т. б. сөздер бар). Енисей өзенiнiң бiр  тарауы  ұйық
Тұран бойындағы тасқа жазылған “қазақ оғлым” деген жазу (VI  г.  ескерткiшi)
бар. Сiбiр халықтарының ескi тiлiнде “қазақ”  деген  сөз  “мықты”,  “берiк”,
“жойқын”, “алып” деген мағынада екен.  Сонда  “қазғақ  оғлұм”  деген  сөздiң
мағынасы “алып ұлым”, “батыр балам” болып  шығады.  Бұл  қазақ  сөзiнiң  көп
айтылып келе жатқан “ер жүрек, ерiктiлер”,  “батыл  адам”  деген  мағынасына
сай келеді.
      Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. «Этнос» ұғымының «халық» және «ұлт» ұғымдарымен байланысы қандай?
2. Этностың шығу тегін қалай сипаттауға болады?
3. Этнос мәдениеті қай кездерден бастап зерттеле бастады, және  оған  кімдер
   қатысты?
4. Қазақ этносының қалыптасуына үлес қосқан адамдар жайлы айтып бер.


Дәріс №4. Дәрістің атауы.  Этнопедагогика бойынша зерттеулерді талдау. (1
сағат. 4 апат)
1.Этнопедагогика әдіснамасы.
2.Интегративті этнопедагогика.
3.Этнопедагогикалық менеджмент.
4.Этнопедагогикалық антропология.

      1.Этнопедагогиканың әдістері.Этнопедагогика педагогиканың  бір  саласы
болғандықтан,   педагогиканың   әдістерімен   қоса,өзіндік   жеке   әдістері
бар.Этнопедагогиканың   ғылыми   әдістері   бұл   керекті   ақпаратты    алу
мүмкінділігі,бұл ақпарат  этнопедагогикалық  процестердің  заңдылықтары  мен
мақсаттарын айқындайды.
Этнопедагогиканың әдістері:
1.Фольклорды материалды зерттеу әдісі.
       Өзіндік  ерекшелігі  бар  және  қызықты  әдістердің  бірі.Бұл  әдісте
халықтың    мәдениеті,тұрмысы,әдет-ғұрпы    мен     салт-дәстүрі     көрініс
береді.Фольклорды  әдіс  ретінде   қолдану   қазіргі   кезде   кең   көлемде
жүргізіледі.Өйткені, В.Жирмунский,А.Кононов,В.Пропп,К.Чистов,Р.Липец  сияқты
фольклоршылар тарихи фольклорды халықтың  мәдениетін,тұрмысын  және  тарихын
зерттеуде маңыздылығын дәлелдеді.  Фольклор  ол  халықтың  киім-кешек,құрал-
жабдық,әдет-ғұрып,тұрмыс-салт,наным-сенім,сондай-ақ  түрлі   көркем   өнерін
тұтастай атау үшін қолданылады.Фольклор  әдісі  халықтың  ауызша  поэтикалық
шығармашылығын әсіресе кең мағынада зерттейді.1846 жылы ағылшын Вильям  Томе
ұсынған «фольклор» сөзі де(ағылшынша  lolk-халық,  lore-білім,даналық)  ауыз
әдебиеті  атауы  үшін  халықаралық   ғылыми   атау   ретінде   орныққан.Ауыз
әдебиетінің  шығарушысы  да,жаратушысы  да,тыңдаушысы  да-халық.Сондықтан,ол
шың мәнінде халықтың өз еншісі болып табылады.
      2.Жазбаша материалдарды зерттеу әдісі.
       Бұл  этнопедагогиканың  маңызды  әдістерінің  бірі,себебі  ақпараттың
алуан  түрлілігі  және   сенімділілігімен   бағаланады.Жазбаша   материалдар
негізінде халықтың өзі жазған тарихи  жазбаларында  немесе  ескерткіштерінде
(мысалы:  Күлтегін,Тоныкөк  т.б   ескерткіштер)   қолданылады.Алайда,жазбаша
ескерткіштерге    әлі    зерттелмеген     материалдарды     да     жатқызуға
болады.Мысалы:саяхаттанушылар мен елшілердің жазбалары.Бұл жазбаларда  құнды
мәліметтер мен деректер сақталынған.Бірақ,өкінішке орай олардың  көп  бөлігі
сақтамаған.
      3.Археологиялық материалдарды зерттеу әдісі.
      Этникалық тарихты,мәдени тарихты қайта жаңғырту үшін  этнопедагогикада
археологиялық  материалдарды  зерттеу   әдісі   қолданылады.   Археологиялық
материалдар-халықтардың ежелгі тарихына қатысты материалдардық  мәдениетінің
ескерткіштері. Оған: қалашықтар мен қалалар; ежелгі қоныстардың  қалдықтары;
обалар, қабір үстіне орнатылған ескерткіштер мен салт-дәстүрлік  құрылыстар;
адамның  еңбек  қызметін  сипаттайтын  ескерткіштер;  тасқа   және   үңгірде
қашалған жазулар; табылған жекелеген қазбалардың орындары жатады.
      4.Түздік (полевые) зерттеу әдісі.
      Бұл  әдістің  негізгі  мақсаты  зерттеушінің  ұзақ  уақытқа  этникалық
ортаға кіріп,өмір сүруі.Бұл әдіс арқылы зерттеуші  зерттеліп  отырған  халық
туралы  кең  көлемді  мәлімет  алады.Бұл  әдіс  арқылы  зерттеуші  зерттеліп
отырған халық туралы кең көлемді мәлімет алады.
      5.Тарихи-педагогикалық анализ әдісі.
       Барлық  педагогикалық  құбылыстарды  зерттеуде   қолданылады.Халықтың
білімін,мәдениетін,ғылымын зерттеуде қолданылады.
      6.Әлеуметтік зерттеу әдісі.
      Бұл барлық әдістермен  тығыз  байланысты.Халықтың  білімін  әлеуметтік
тұрғыдан бағалау,этникалық қоғамның тәрбие әдістері  мен  білім  әдістерінің
мазмұның зерттейді.
      7.Салыстыру әдісі.
       Педагогикалық  құбылыстарды  салыстыру  және  құру  арқылы,әр   түрлі
халықтың    ұлттық    тәрбие     ерекшеліктері,заңдылықтары,даму     деңгейі
айырмашылықтарын зерттеу.
      8.Педагогикалық эксперимент.
       Оқу  және  тәрбиелік  жүйеде  ғылыми  негізделген  әдіс,оның  мақсаты
қазіргі оқу тәрбиелік жүйенің этнопедагогикада қолданылуын зерттеу.
      9.Халықтық педагогикалық құбылыстарды теориялық зерттеу әдісі.
       Теорилық  анализ  негізінде   педагогикалық   құбылыстардың   жекелей
жақтарын,белгілерін,өзгешеліктерін    анықтайды.Анализ    негізінде     жеке
фактілерді топтастыру және жүйелеу арқылы,зерттеушілер  олардың  ортақ  және
ерекше ережелерді тағайындайды.
    Этностар өзінің өмір сүру кезеңінде нақтылы  тарихи  жағдайларға  (оның
ішінде қоғамдық құрылыс жағдайларына  да)  байланысты  бірнеше  рет  өзгеруі
мүмкін. Этностардың жаратылысын география мен  биология  ғылымдарымен  қоса,
тарих ғылымы да тексереді. Себебі,  этностар  тарихы  қоғам  дамуымен  тығыз
байланысты.
    Ертедегі адамдарға  жаратылыс  тұтас  құбылыс  болып  көрінді.  Олардың
табиғат  пен  тарихтың  байланысы  туралы  түсінігі  де  болмады.  XVIII-XIX
ғасырларда тың жаңалықтар ашылып, орасан көп мәліметтердің жинақталуы  ғылым
салаларының кеңейіп тармақталуына мүмкіндік туғызды.  Ұлттық  ерекшеліктерді
зерттейтін этнология, этнопсихология, этнопедагогика ғылымдары бар.
    Ұлттың  ұлт  болуы  үшін  қажетті   аумақтық,   экономикалық,   мәдени,
психологиялық  бірлікпен  бірге,  тілдік  тұтастық  басты  және  ең  негізгі
белгілердің бірі болып саналады.
    Ұлттық  тәлім-тәрбиені  (этнопедагогиканы)  іске  асыратын  ұлттық  тіл
(этнолингвистика) екені, ал оның ұлттың ішкі жан дүниесімен, сана  сезімімен
байланысты  (этнопсихологиямен)  жүргізілетіні  көпке  аян.  Этнолингвистика
тілді  этносқа  қатысы   жағынан   зерттесе,   психолингвистика   оны   адам
психологиясымен,  ал  социолингвистика  қоғам  дамуына   қатысы   тұрғысынан
қарастырады.
2.Интегративті этнопедагогика.
    Этнолингвистика диалектология, фольклористика, этнология, мәдениеттану,
мифология сияқты ғылымдармен де  байланысты.  Себебі,  бұлардың  қай-қайсысы
болсын этнос табиғатын ашуға қызмет етеді және  олардың  зерттеу  нысаны  да
ортақ.  Мысалы,  диалектология  этностың  жергілікті   сөйлеу   ерекшелігін,
этнология мен фольклористика этностың әлденеше ғасырға созылған мәдени  даму
үрдісін, заттық және рухани мәдениетін,  салт-дәстүрін  зерттесе,  мифология
этностың дүниетанымын, сенім-нанымын, өзін қоршаған ортаға деген  көзқарасын
зерттейді. Олай болса, бұлардың бәрі де тікелей  этносқа  қатысты,  бәрі  де
этностық ерекшеліктерді сипаттайды.
    Ал философия – ғылымдардың ғылымы, барлық ғылымдарды  зерттеудің  әдіс-
тәсілдерін жинақтаушы,  этностың  болмыс-бітімімен  байланысты  мәселелердің
басын біріктіріп, әдістемелік тұрғыда талдау жасайтын алтын діңгек  іспетті.
Осы ғылымдардың даму заңдылықтарымен танысып,  оны  зерттеуді  басшылыққаала
отырып, біз адамзат тарихы мен табиғат өзгерісінде  зара  байланыстылық  бар
екенін байқаймыз.
    Адамдар бірлесе еңбек етеді. Соның негізінде адамдар арасында  қоғамдық
қарым-қатынастар қалыптасады.  Адамдардың  қоғамадасып  тіршілік  етуі  үшін
материалдық  жағдайы  мен  тарихи  жағдайының  бірлігі  қажет.  Бұл   жүйені
анықтаудың басты белгісі материалдық  байлықты  өндіру  тәсілдері  мен  оның
игіліктерін  пайдалану,  яғни  меншіктің  түрлері  болып  саналады.   Осының
негізінде  адамдар  арасындағы  қоғамдық  қатынастар  қалыптасады.  Қоғамдық
құрылыс пен этностардың құрылысында тепе-теңдік болған емес, болмайды да.
3.Этнопедагогикалық менеджмент.
    Әр халықтың тарихы өзіне көрші халықпен тығыз байланысты.  Тіпті,  бір-
бірінен алыс жатқан халықтардың  да  тарихында  себеп-салдарлық  байланыстың
болуы мүмкін.
    Әр халықтың қалыптасу тарихында олардың алдыңғы қатарлы  тобы  –  зиялы
қауым шешуші рөл атқарса, ал бүкіл мемлекеттің  дамуында  этностардың  өзара
байланысы  басты  рөл  атқарады.  Этностық  зерттеулер  ескі   тарихи-мәдени
ескерткіштерді анықтаудан, белгілеуден басталады.  Ерте  дәуірдегі  этностық
тұрмыстың ерекшелігін  тас  дәуірінің  мұраларынан,  үй  құрылысы  мен  оның
әшекейлік бұйымдарынан, керамикалық ыдыстар мен  оның  ою-өрнек  үлгілерінен
байқаймыз. Этностық мәдени мұралардың ұқсастық себебін  анықтауда  салыстыра
зерттеу әдісі қажет. Мәселен, көрші этностармен сауда-саттық, мәдени  қарым-
қатынасы бір этноста бар мәдени мұраларды екінші  этностың  өзінше  өзгертіп
пайдалануына мүмкіндік туғызады. Мәдени ескерткіштерді жасаушы этностар  жер
бетінен жоғалғанымен, олар жасаған мұралар ұзақ  жылдар  бойы  өмір  сүреді.
Этногенездік мәдениеттің бірде өсіп жоғарылап, шарықтау шегіне жетіп,  бірде
құлдырап төмендеуін анықтау арқылы ұлттық мәдени мұраның  берік  қалыптасуын
байқаймыз.
4.Этнопедагогикалық антропология.
    Этностық тарих дегеніміз – жоғалған ескі мұралар тарихы да, ал мәдениет
тарихы мұражайларда сақталған мұралардың шартты  белгілерінің  жүйесін  тізу
болып шығады. Ортағасырлық қайсібір философтар  кейбір  этностарды  «тарихи»
категория  деп   көтермелеп,   абсолюттендіруге   тырысты,   сонымен   бірге
керісінше, жер бетінде тіршілік ететін «тарихи емес»  этностар  да  бар  деп
қарап, қателіктерге ұшырады.
    Ұлт мәдениетін сөз еткенде тарих,  археология,  этнология  ғылымдарымен
қоса,  этнопсихология,  этнопеддагогика  және  фольклористика   ғылымдарының
қағидаларына сүйену қажет. Ал ұлт  мәдениетінің  озық  үлгілері  арқылы  жас
ұрпақты жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу – этнопедагогиканың  өзекті
мәселесі. Тарихи-педагогикалық зерттеулерге (оның  ішінде  этнопедагогикалық
зерттеулерге де) қойылатын маңызды әдістемелік талаптардың бірі  деректердің
барлық түрін кешенді пайдалану, солар арқылы бір-бірін  тексеру,  толықтыру,
барлық  деректерді  салыстыра  отырып  жинақтау,  оларды  зерттеуде   шектес
ғылымдардың  зерттеу  әдістер  жиынтығын  кешенді  түрде  пайдалану,  сөйтіп
деректерді талдап, педагогикалық тұрғыда түсіндіру қажет.
      Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Интегративті этнопедагогика терминіне анықтама беріңіз.
2. Менеджмент терминінің этнопедагогика ғылымына байланысын көрсетіңіз.
3. Антропология мен педагогика ғылымының байланысын анықтаңыз.
4. Этнопедагогиканың басқа ғылымдарымен байланысы қандай?
5. Этностар тарихына әсер ететін факторларды ата.
6.  Этностарды   зерттеуде   тарихи-педагогикалық   зерттеулерге   қойылатын
   талаптар қандай?

Дәріс №5. Дәрістің атауы. Қазақ этнопедагогикасы. (1 сағат. 5 апта)
1.Қазақ этнопедагогикасының негіздері, қызметі, ұстанымдары, заңдылықтары.
2.Қазақтың халықтық педагогикасының қайнар көздері.
3 Қазақтың халықтық педагогикасының мазмұны.

    1.Ұшы қиырсыз жазира  дала  тұрғындары  өздерінің  сан  ғасырлар  бойғы
тарихында жас  ұрпаққа  тәрбие  берудің  бай  тәжірибесін  жинақтап,  ұлттың
өзіндік салт-сана мен әдет-ғұрып, дәстүрлерін  туғызды.  Көшпелі  халық  өзі
өмір  сүрген  қоғамның   әлеуметтік-экономикалық   жағдайына,   мәдениетіне,
тарихына орайлас жас буынға тәлім-тәрбие  берудің  айрықша  талап-тілектерін
дүниеге әкелді. Мәселен, жас адамның жұртқа танымал  моральдық-психологиялық
өлшемі белгіленді, оның  мәні  «сегіз  қырлы,  бір  сырлы»  шынайы,  отаншыл
азамат тәрбиелеу еді. Ал бұл прицип ұлттық психология мен  ұлт  мәдениетінің
сипатын айқындайтын факторлар болды.
    Әр ұлттың өзіне тән тіршілік  кәсібі,  тарихы  мен  мәдениеті  бар.  Ол
мәдениет сөйлеу тілінен, ойлау жүйесінен айқын  көрініс  табады.  Сондай-ақ,
ұлттық  мәдени  ерекшелік  сол  халықтың  өмір  сүру  тәсілінен,  діни-наным
сенімінен, әдет-ғұрпынан, салт-санасы мен дәстүрінен өзекті орын алады.
    Осы тұрғыдан қарағанда, ар мен намысты қасықтай  қаны  қалғанша  қорғай
білу, дарқан көңіл, ақжарқындылық  пен  адалдық,  досқа  деген  мейірімділік
қазақ халқының бойына туа біткен  ұлттық  психологиялық  ерекшелік  қасиеті,
философиялық ойлау жүйесінің негізі.
    Қазақ  халқының  ұлттық  даралығы  ой  толғаныс   қазынасында   (ұлттық
психологиясында) ұрпақ тәрбиелеу тәсілдері (этнопедагогика) мен  салт-дәстүр
ерекшелігінде (этнографиясында) деп білеміз.
    Қазақ халқының психологиялық ой толғаныс ерекшелігін сөз  етсек,  ол  –
тұспалдап, мақалдап, мақамдап, тақпақтап сөйлеу, жыр, терме,  толғау,  айтыс
өнері арқылы көзге көріну.
2.Қазақтың халықтық педагогикасының қайнар көздері.
    Халық педагогикасының негізгі мақсаты – өзінің бай тарихи  тәжірибесіне
сүйене отырып, келер ұрпақты еңбек сүйгіштікке, өнерге баулу, отбасы,  ауыл-
аймақ,  Отанның  ар-намысын  қорғай  білетін,  жаны  жайсаң,   арлы   азамат
тәрбиелеу. Осы мақсатты іске асыру жолында отбасы мүшелерінен  бастап,  ауыл
ақсақадары, көне көз қариялар мен ақын, жыршы, жырау, әнші,  күйші,  термеші
сияқты өнер адамдарының  бәрі  белсене  ат  салысатын  ұжымдық  тәрбие  ісін
жүргізушілер болып келгені көпке аян. Әсіресе,  ақын,  жырау,  термешілердің
өлең,  жыр,  дастан,  терме,  толғауларының  мазмұнына  ой  жүгіртсек,  онда
дидактикалық ақыл-нақыл, өсиет-өнегенің тұнып тұрғанын байқаймыз.  Ал  ақыл-
ойға,  терең  тәлімге  құрылған  поэзиялық  сөз  маржанынан   ұлттық   ойлау
ерекшелігін, мәдени мұраның өзіндік сипатын айқын танып білуге болады.
    Жыраулардың  поэзиясында  келелі  сөз  болған  мәселе  –   адамгершілік
проблемасы.
    Қазақтың  ұлттық  философиясының  тағы  бір  гносеологиялық,   танымдық
ерекшелігі – атамекен, ел-жұрт мәселесі жөніндегі көзқарасы.
    Қазақтың философиясының өзіндік үшінші ерекшелігі  –  ана  тіліне,  сөз
өнеріне ерекше  ден  қойып,  жоғары  баға  беруінде.  Оның  себебі  –  аталы
сөздердің өміршеңдігінде, халықтың тіл құдіретін бағалай білуінде жатыр.
    Ақылдың көзі логикалық дұрыс ойда жатыр. Логикалық жүйемен ойлай білу –
дұрыс жүйелеп сөйлей білуге жетектейтін  жол,  сөйлеу  мәдениетінің  алғашқы
баспалдағы. Ал қазақтың қарапайым мақал-мәтелдерінен де осы  идеялар  өзекті
орын алған. Сөзшең, өнерлі ақын, әнші азаматтарға жиын-тойларда төрден  орын
беріп, қошемет көрсеткен. Жастарды шешендікке, сөз өнеріне үйрету үшін  әке-
шешелері, аталары мен әжелері оларға мақал-мәтел,  жұмбақ,жаңылтпаш,  терме,
өлең жыр жаттатып үйреткен.
    Қазақтың ұлтық философиясының төртінші ерекшелігі  –  ұлттық  тірегінің
көшпелі  өмірмен,  мал  шаруашылығымен  тығыз  байланыстылығы.   Тіршіліктің
тұтқасы төрт түлік малда  деп  ұққан  қазақ  малды  жанмен  бірдей  санаған.
Осымен  байланысты  –  төрт  түлік  малға  арналған   мақал-мәтел,   ертегі-
әңгіме,жаңылтпаш, жұмбақтардың қазақ ауыз әдебиетінде орасан көп болуы,  мал
атаулыларының молдығы, бір жағынан, ұлттық  психологияның  тілдегі  көрінісі
болып саналса, екіншіден фольклорлық шығармалардың  этнопедагогикада  тәрбие
құралы ретінде қызмет еткенін  байқатады.
3 Қазақтың халықтық педагогикасының мазмұны.
    Халқымыздың сан ғасырлық ұрпақ  тәрбиесі  халықтық  салт-дәстүрлер  мен
ауыз әдебиеті үлгілеріне негізделгенімен, оның да өзіндік  мақсат-мүдделері,
негізгі қағидалары бар.
    Қазақ халқының ұлттық болмысы  ерекшеленіп,  тәлім-тәрбиелік  негіздері
қалыптасқандығын  айқындайтын  оның  ауыз  әдебиеті,  салт-дәстүрлері,  жазу
мәдениеті ғылыми-теориялық тұжырымдар жасауға негіз бола алады.
    Бала тәрбиесін заттың атын атап, сан үйретуден бастаған қазақтың ұлттық
тәліміндегі  ерекшеліктері,  сол  ұлттың  тұрмыс-тіршілігіне,  тарихи   және
табиғи жағдайларына байланысты.
    Ұлттық салт-сананың қалыптасуының  екі  негізі  бар:  игі  әдеттер  көп
қолданыстан әдет ғұрыпқа, яғни өмір қолданысына айналады да, ол ұлттық  әдеп
(этика, этника) болып қалыптасады.
    Қазақ этнопедагогикасының  негізгі  ерекшеліктері:  халық  педагогикасы
(ауыз   әдебиеті   мен   халықтың   салт-дәстүрлері)   жан-жақты,    қарымды
қалыптасқан, ұлттық педагогикалық ойлар тарихының материалы бай.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
   1. Қазақ этнопедагогикасының өзіндік ерекшеліктері қандай?
   2. Қазақтың халықтық педагогикасының қайнар көздерін ата.
   3. Қазақтың халықтық педагогикасының мазмұны қандай?
   4. Қазақтың халықтық педагогикасының ұстанымдары қандай?
   5. Қазақ этнопедагогикасының көздеріне не жатады?
   6. Халықтық педагогикада ұрпақтар сабақтастығы қандай рөл атқарады?
   7. Халық педагогикасының тарихи тәрбиелік мәні қандай?


Дәріс №6. Дәрістің атауы.  Этномәдениет  –  этнопедагогика  негізі  ретінде.
(1сағат. 6 апата)
1  Этникалық мәдениет және білім. Этномәдени білім туралы түсінік.  Білімнің
мәдени сәйкестілігі.
2 Қазақстанда этномәдени қызығушылықтарды жүзеге асыру.  Этномәдени  білімді
іске  асыру   ұстанымдары.   Мәдениетаралық   толеранттылық.   Полиэтникалық
білімдік орта.

        1.Этномәдени  білім  туралы  түсінік.  Қазіргі  қоғам  мен   адамзат
дамуының интенсивті  жаһандық  даму  кезеңіндегі  өзекті  мәселелердің  бірі
этномәдени тұлға тәрбиесі. Еліміз  егемендік  алған  кезеңдегі  білім-тәрбие
саласындағы қазақстандық мектеп моделін  жасау  белгісі  және  елімізге  сай
азамат тәрбиесі туралы Білім Заңында “Білім беру жүйесінің басты  міндеті  –
ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым  мен  практика  жетістіктері
негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға,  дамытуға  және   кәсіби   шыңдауға
бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау”  –  деп  жазылған.
Білімнің   құндылығы   туралы    халықтық    педагогикада,    соңғы    кезде
этнопедагогикада көп мәліметтер бар.Соның ішінде ХVII  ғасырда  өмір  сүрген
мұсылмандарың алғашқы төрт халифасының бірі Әзірет Әліге  «Білім  артық  па,
байлық артық па?» деген сұрақ  қойғанда  ,  білімнің  артықшылығы  жайлы  он
дәлелмен былай жауап қайтарған екен: 1.Білім артық, өйткені ол  Пайғамбардан
қалған мирас, байлық- бақылдардан қалған мұра.2.  .Білім  артық,,өйткені  ол
сені бағады, байлықты сен  бағасын.  3.  .Білім  досыңды  көбейтеді,  байлық
дұшпаныңды  көбейтеді.4.  Білім  іздей  берсең,  көбейеді,  оны  жұмсағанмен
азаймайды. Байлық- жұмсасаң азаяды, білімнің артық болатыны осыдан.5.  Білім
артық, оны ұрыдан сақтаудың керегі жоқ, ал жиған  дүниеңді  ұрылардан  күнде
қорғау керек.6. Білімің көп болса, сені  құрметтейді,  байлығың  көп  болса,
қызғанады, білімнің  артық  болатыны  сол.   7.  Білім  артық,  білімің  көп
болғанымен есеп-қисап жүргізбейсің, байлығыңа ұдайы  есеп  жүргізіп  отыруың
керек. 8. Білім  қанша көп  болса  да,  іріп-шіріп  бүлінбейді,  дүние-  мал
бүлінеді.Сондықтан, білім артық. 9. Білім артық, ол жаныңды  байытады.Байлық
жан-дүниеңді шектейді,өзіңді тура жолдан тайдыруы мүмкін. 10.  Білімді  адам
орнымен  сөйлейді,  мәдениеті  артады.Байлығы  мол  адам  оған  мас   болып,
мақтанады,астамшылық көрсетеді, сондықтан білім артық.
   Қазақстан Республикасы  “Этномәдени  білім  беру  тұжырымдамасында”  жас
ұрпақты ұлттық құндылықтар арқылы ұлтжанды етіп тәрбиелеу  қажеттігі  ерекше
атап көрсетілсе, “Білім туралы” Заңда “Білім  беру  мекемелерінде  тәрбиелік
бағдармалар этномәдени элементтермен толықтырылады”,- деп нақты  анықталған.
Оқушыларға этномәдени білім берудің теориялық  негіздері,  этномәдени  білім
берудің жайы мен практикасы, оларға этномәдени білім беруді жүзеге  асырудың
жолдары  Ж.Наурызбайдың  “Ұлттық  мектептің  ұлы  мұраты”  және  “Этномәдени
білім” атты еңбектерінде  көрініс тапқан.   Қазақ  мектептерінде  оқушыларға
этномәдени білім берудің мазмұнын  қазақ  этнографиясы,  қазақ  этнологиясы,
қазақ  этнофилософиясы,  қазақ  тарихы,  қазақ  этнопедагогикасы   ғылымдары
құрайды. Ал бұл ұлттық ғылымдар туралы әдебиеттер соңғы 10 шақты жылда  ғана
шыға бастады.  Мысалы,  А.Қасабеков  пен  Ж.Алтаевтың  “Қазақ  философиясы”;
Ж.Артықбаевтың  “Қазақ   этнографиясы”;   “Этнология   және   этнографиясы”;
С.Қасимановтың “Қазақ халқының қол өнері”;  Х.Арғынбаевтың  “Қазақ  отбасы”;
ал  ғалым-  педагогтарымыз  Қ.Жарықбаев  пен   С.Қалиевтің   “Қазақ   тәлім-
тәрбиесі”; С.Қалиевтің “Қазақ этнопедагогикасының  теориялық  негіздері  мен
тарихы”;    Ә.Табылдиевтың    “Қазақ     этнопедагогикасы”;     З.Әбілованың
“Этнопедагогика оқулығы”, т.б. еңбектер  жарық  көрді.  Этникалық  –  мәдени
білімнің негізгі бөлігі – оқыту.  Оқушылардың  бірнеше  тіл  үйренуге  деген
қызығушылығын арттыру бүгінгі мектептің көкейкесті  мәселесі  болып  тұр.Осы
ретте  біздің  еліміздегі  көп  тілді  тұлғаны  тәрбиелеудегі  қазақ–  түрік
лицейлерінің тәжірибесін келтіруге болады.  Шет  тілдерін  үйренудің  негізі
жетінші сыныпта қаланады. Ол үшін оқушының  тілді  тез  әрі  терең  меңгеруі
үшін  материалдық-техникалық  жағдайлар  жасалған.  Тіл  үйрету  үрдісі  тіл
дамыту, практикум, грамматикалық болып үш топқа бөлінеді.
2 Қазақстанда этномәдени қызығушылықтарды жүзеге асыру.  Этномәдени  білімді
іске  асыру   ұстанымдары.   Мәдениетаралық   толеранттылық.   Полиэтникалық
білімдік орта.
   Қазақстан  халқының  этномәдени  қызығушылын  жүзеге  асыру.   Қазақстан
Республикасы  барлық  халықтардың   мәдени   мұраларын   сақтап,   қорғайды,
мәдениеттердің  теңдігін  және  әрбір   халықтың   өз   мәдени   ерекшелігін
орнықтыру, сақтау және дамыту құқығын қамтамасыз етеді.  Кез  келген  ұлттық
мәдениеттің міндеті – байланыстарды үзбей, қайта оларды кеңістік  пен  уақыт
тұрғысынан кеңейту, өркендетіп дамуы” деп жазылған.  Осыдан  мәдениет  деген
ұғымның ауқымы, өте  кең деп айтуға  болады.  Оған  рухани  түсініктер  ғана
емес, адамзат қолымен жаратқан заттай  айғақтар  да  кіреді.  Осыдан  болар,
мәдениетті материалдық (құрал-жабдық, үй-жай, киім-кешек, көлік  т.б.)  және
рухани (таным-түсінік, әдет-ғұрып, тәрбие,  өнер,  ғылым-білім,  оқу-ағарту,
саясат, этика, эстетика, әдебиет, өнер, дін, философиялық  құқық  т.б.)  деп
жіктеу  де  орын  алып  келеді.  Қазақстанға  әр  жылдарда  800  мыңға  таяу
немістер,  18,5  мың  корей  отбасы,  102  мың   поляк,   Солтүстік   Кавказ
халықтарының  507  мың  өкілдері  зорлықпен  көшірілді.   Қырым   татарлары,
түріктер, гректер, қалмақтар мен басқа да халықтардың  өкілдері  Қазақстанға
өз еркімен келген жоқ. Халықтардың күштеп  көшірудің  салдарынан  республика
халқы 1 миллион 500 мың адамға көбейді. Соғыс кезінде  Қазақстанға  350  мың
адам көшірілді. Тыңға 1,5 миллион  адам  келді,  ал  жабық  әскери  нысандар
мұның үстіне 150 мың адамды қабылдады.  Осының  бәрі  басқа  ведомстволардың
(мекемелердің) жұмыс күшін  “ұйымдастырып  жинауы”  мен  республикамызға  өз
бетімен көшіп келгендерді есептемегеннің өзінде осындай  сипат  алды.  Соның
нәтижесінде ғасырдың басынан бері ғана Қазақстанға 5 миллион  600  мың  адам
көшіріліп қондырылды, соның ішінде  жер  аударылғандар  мен  көшірілгендерді
есептемегенде, 3,5 миллион адам соңғы  40-50  жылдың  ішінде  келді.  Екінші
жағынан   алғанда,   сталиндік   қылмысты   коллективтендірудің    қасіретті
салдарынан бір жарым миллионға таяу қазақтар қаза тапты.  1930-1932  жылдары
1,3 миллион қазақ КСРО-дан шет елдерге  оралмастан  көшіп  кетті.  Қазақстан
халықтары үшін жаппай жазалау саясатының қасіретті  сипатын  көрсететін  екі
деректі келтірейін. 1930 жылы республикада 5 миллион 873 мың  адам  тұратын.
Сонша адам осында көшірілді. Ал 1933 жылға қарай  халықтың  саны  2  миллион
493 мың адамға кеміп кетті. Бүгінгі таңда республикада бірнеше  ұлт  тілінде
газет шығарылады.  Телестудиялар  Қазақстан  халықтарының  12  тілінде  және
радиостанциялар 6 тілінде хабар береді. Мұның өзі ұлттың  өзін-өзі  көрсетуі
мен өркендеуінің  ақпараттық  кеңістігін  құру  үшін  салиқалы  негіз  болып
табылады. Сондай-ақ, ұлттық балабақшалар,  мектептер  ашылуда.  Республикада
мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерінде 7 ана тілінде 426 мың,  ал  жалпы
білім беретін мектептерде – 3 миллионнан аса  бала  оқытылып,  тәрбиеленеді.
Аз ұлт өкілдерінің 106 мың баласы өз  ана  тілін  дербес  пән  ретінде  оқып
үйренеді.  Павлодарлықтардың  ізгі  де  пайдалы  бастамасын  атап  көрсетуге
болады. Мұнда 500 оқушыға арналған ұлттық жаңғыру мектебі ашылған, онда  оқу
және тәрбие беру ісі этностық топтардың 9 тілінде жүргізіледі.  Осының  бәрі
90   жылдардың   бас   кезінде   Қазақстан    Президенті    Н.Ә.Назарбаевтың
республиканың барлық ұлттық мәдени  қозғалыстарын  бір  ұйымға  –  Қазақстан
халықтары Ассамблеясына біріктіру туралы идея айтқан  болатын.  Бұл  алдымен
алғы шарты жасалып,  кейін  Кеңес  Одағы  құлаған  қиын-қыстау  жылдар  еді.
Этномәдени  тұлғаны  тәрбиелеуді  жетілдіруде  ескеретін  мәселелер:  Ұлттық
этнопедагогикаға  негізделіп  оқу-тәрбие  моделін  құрушы  әрбір  ұжым   мен
педагогтың  тәрбие  бағдарламасының  ұстанымдарын  басшылыққа  алу.   Ұлттық
мектептерде  этномәдени  тәрбие  мазмұнының  тек  қолданбалы  білім  аясында
тұйықталып  қалмауы,  ұлттық  құндылықтарды  бойына  сіңіре   отырып   жалпы
адамзаттық құндылықтарға талпындыру, іздену мен шығармашылыққа бағыттау.
    Әрбір мәдениетті, білімді адам өзінің кәсіптік, дүниетанымдық  деңгейін
ұлттық мәдениетпен ұштастыра білуге міндетті. Мәдениетті болу  үшін  білімді
болу – міндет. Білімді болғанмен ұлттық мәдениетті  игермеген  болса,  ондай
тұлға  алдында  «мәңгүрт»,  мәдениетсіз    болып   көрінеді   де,   халықтың
наразылығына ұшырайды. Кәсіптік-мұрагерлік әдеп (мәдениет)  сақталған  жерде
дамыған дарынның мәдени жемістері көрінеді.
      Мектептегі, жоғары оқу орындарындағы ұжымдық, әдептілік дәстүрлері де
этнопедагогиканың   мәдениеттаныммен    сабақтастығын    көрсетеді.    Яғни,
этнопедагогика пәні  –  ұлттық  мәдениеттің  бейнесін  көрсететін  және  сол
ұлттық мәдениеттің мәнін  түсіндіріп,  іс-әрекетте  қолданыстарын  үйрететін
пән.
      Ұлттық (этнопедагогикалық) ойлар тарихында Қорқыт ата  (VIII-IX  ғғ.)
«өлмейтін  өмір  кілті  өнерде»  деп,  мәдениеттің  негізгі  саласын   мәңгі
дамытып, ұлттық мәдениетті арттыра беруді уағыздады.
      Әлемнің Екінші ұстазы атанған ғұлама Әл Фараби (870-950  жж.)  ұлттық
мәдениет жеке адамның мінез-құлқынан басталатынын  дәлелдеп,  мінез  әдеттен
бастау  алып  ,   «абзал   әрекет»   инабатты   (мәдениетті)   мінез-құлықты
қалыптастыратынын айтады. Білімді  адам  тәрбиелі  (мәдениетті)  болу  керек
дейді. «Тәрбиесіз»  (мәдениетсіз)  білім  адамзаттың  қас  жауына  айналады»
дейді. «Қайырымды қала» мәдениетін арттыратын негізгі  мәселелер   -  білім,
өнер, әдебиет (поэзия), музыка деп көрсетеді.
    Нағыз ұстаз аталған Жүсіп Баласағұни адам мәдениетінің негізгі екі тегі
бар: бірі – тіл, бірі – діл деп көрсетіп, тіл мәдениетінің мәні зор  екенін,
егер ол мәдениетті игере алмасаңыз «басқа  пәле  –  тілден»  деп  көрсетеді.
Отбасындағы  мәдениет  ата-ананы  сыйлаудан  басталатынын  дәлелдейді.  Елді
мәдени кемелденту үшін ұлттық  білім  беру  жұмысының  мемлекеттік  дәрежеде
жүргізілуі қажет екенін айтады.
      Қазақ халқының  ұлы  педагогы  Ыбырай  Алтынсарин  ұлттық  мәдениетті
дамытудың негізгі құралы – оқу, мектеп ашу (елге білім беру)  деп,  ауылдық,
болыстық мектептер  ашып,  қыздар  училищелерін,  мұғалімдер  семинарияларын
ұйымдастырды.
      Абай дана «ғылым таппай, баптанба, өнер таппай мақтанба» деп,  ұлттық
мәдениетті дамытудың түп негізі – білімде,  өнерде  деп  көрсетті.  Ол  үшін
«өткірдің жүзі, кестенің бізі» сала алмаған өрнекті сөзбен  өрнектейтін  ана
тілін қадірлеу қажет екенін айтып, бес нәрседен қашық  болуды,  бес  нәрсеге
асық болуды уағыздайды.
      Ұлттық мәдениеттің болмысы этнопедагогика ғылымында  айқын  көрінеді.
Этнопедагогика  пәнін  оқытудың  негізгі  бір  мақсаты   –   ұлттық   мәдени
мұралардың  болмысын  айқындап  көрсетумен  қатар,  сол  ұлттық   мәдениетті
дамытудың  қозғаушы   күштерін   дәлелдеп,   оның   тәрбиелік   қолданылмалы
тәсілдерін бағдарлап көрсете білу болып табылады.
      Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Этникалық мәдениет дегеніміз не?
2.Этномәдени білім туралы түсінік.
3.Қазақстандағы этномәдениеттің қалыптасуы.
4.Этномәдени білім ұғымының мәнін анықтаңыз.
5.Қазақстан халқының Ассамблеясының негізгі міндеттері туралы не білесіз?
6.Ғалым-зерттеуші Ж.Наурызбайдың ұлттық білім туралы көзқарасы қандай?


Дәріс №7. Дәрістің атауы.   Тұлға  қалыптастырудағы  халықтық  педагогиканың
негізгі факторлары. (1 сағат. 7 апта)
1  Тұқышқуалаушылық, орта, тәрбиеге деген халықтық көзқарас.
2 Табиғат. Қарым-қатынас. Тұрмыс.
3 Балалар ортасының уақытша топтар, артельдер,  ұжымдар.  Халықтық  ойындар,
жарыстар.

      1.Халықтық педагогикалық көзқарастарын жүзеге асыру  жұмысын  мақсатқа
сай  қамтамасыз  ету  мен  тәрбие  дәстүрлерін  бекіту,   оларды   нақтылау,
толықтыру,  жетілдіруге  көмегін  тигізетін  жеке  сынақ  әдісі  ел  арасына
кеңінен мәлім болды.
      Жеке сынақ әдісі қандай да бір жаңа заңдылықтар ашудың  емес,  ой  мен
идеяны  тексерудің  сәтті   тәжірибеден   туған   құралы,   немесе   белгілі
заңдылықтарды  нақтылаудың  тәсілі  қызметін  атқарады.  Яғни  бұл   әдістің
көмегімен  халық  педагогикасындак  бұрыннан  белгілі  сыни  тұрғыда   қайта
қаралды.
       Ал  әңгімелер  халық  педагогикасының  дамуындағы  ең  кең   таралған
бастаулары болды.  Тәрбиешілердің  бір-бірімен  әңгімелесулері,  ата-анамен,
тәрбиеленушілердің  өздерімен  әңгімелер,   педагогикалық   ойланулар   үшін
қашанда сыналуына және құнды материалдарын берді.
      Тұқым  қуалаушылық,  орта  және  тәрбие  жеке   тұлғаның   дамуы   мен
қалыптасуының негізгі объективті факторлары болып табылады.
Бұл орайда тұқым  қуалаушылыққа(биологиялық  факторға)  жалпы  адамзаттықпен
қатар тұлғалық гендік қордыда қамтиды. Іс-әрекеттің кез-келген түріне  деген
анатомиялық-физиологиялық нышандар жеке  тұлғаның  дамуы  мең  қалыптасуында
ерекше рөл атқарады.(мысалы, есту мүшелерінің құрылысы, ойлау  қабілетіндегі
ерекшеліктер, т.б.). Олар баланың  қабілеттілігі,  дарындылығы  және  дарыны
дамуының алғышарттары болып табылады. Кейбір жағдайларда  бұл  нышандар  өте
ерте (сәби  кезінде  және  мектепке  дейінгі  жасында),  кейбір  жағдайларда
кешірек, ал енді бірде, ер жеткен кезде ғана көрініс бере бастайды.
      Тәрбие мен білім беруде адамның табиғи қасиеттерін ескеру қажет,
оның  нышандары  мен  қабілеттілігін  анықтай  отырып,  олардың  ары   қарай
дамуының амал-тәсілдерін, формалары мен әдістерін айқындау керек.  Қызметтің
қандай да бір түріне деген анатомиялық-физиологиялық нышандарының  одан  ары
жемісті дамуы үшін  баланың  оған  деген  ықыласын  арттырып,  оны  сол  іс-
әрекетке араластыра отырып, сол салада  тәжірибе  жинастыруға  жағдай  жасау
қажет.
      «Жеке тұлға» деген ұғымда адамның қоғамдық  мәні  ашылады.  К.Маркстің
айтуынша, адамның мәні жеке индивидке тән абстрактілік емес,  өз  болмысында
ол барлық қоғамдық қатынастар  жиынтығы.  Сондықтан  ортаның  жеке  тұлғаның
дамуына әсері туралы сөз болғанда, ең алдымен,
кең мағынада қолданылған әлеуметтік орта деп түсіну керек,  өйткені  адамның
жеке  тұлғалық  қасиеттері  әртүрлі  орталық  қатынастар   әсерінен,   яғни,
адамдармен  және  түрлі  қоғамдық  институттармен  өзара-қатынасы  арқасында
қалыптасады.
      Ортаның адамның дамуына әсерін  қарастыра  отырып,  философиялық  және
педагогикалық ағымдардың көбісі адамның  жеке  тұлға  боп  қалыптасуы  үшін,
сөйлеу, ойлау, тік жүру секілді адамға ғана тән нышандар  дамуы  үшін  адами
қоғам, әлеуметгік орта қажет дейді.  Сәби  жасынан  жануарлар  ортасына  тап
болған  балалар  туралы  оқиғалар  олардың  бойында  осы  адами  нышандардың
дамымағаны  дәлел   бола   алады,   ол   қасиеттердің   қалыптасуына   деген
қабілеттерінің табандалып қалғаны соншалықты, олар адамдармен  қарым-қатынас
жасаудың ең қарапайым формаларын үлкен қиыншылықпен  үйреніп,  заманына  сай
адамның тұрмыс қалпын қабылдай алмады.
«Әлеуметтік орта» деген ұғым, кең мағынасында, коғамдық өмірдін  материалдық
жағдайлары,  әлеуметтік  және  мемлекеттік  құрылыс,  өндірістік,   қоғамдық
қатынастар жүйесі және олар анықтап отырған әлуметтік
жүйе сипаты мен қоғамда пайда болған  әртүрлі  мекемелер  қызметін  қамтиды.
Шынында да, жеке тұлғаның әлеуметтік бейнесі,  белгілі  бір  мөлшерде,  оның
қай мемлекетке жататыны арқылы көрінеді, адам дүниеге келгеннен  соң  қандай
да  бір  қоғамның  азаматы  болады.  Адамның  дамуына  барынша  әсер  ететін
әлеуметтік  орта,  әсіресе  қазіргі  уақытта,  ең   алдымен,   экономикадағы
өзгерістер,  идеологиянын  өзгеруі,  қала  мен  ауылдағы  өмір   жағдайлары,
миграциялық процестер (яғни, адамдардың белгілі  бір  мемлекет  территориясы
аясында  көшіп-қонуы,  сонымен  қатар,  одан  көшіп  кетуі),   демографиялық
процестер, сәбилердің дүниеге  келуіндегі,  өмір  ұзақтығындағы  өзгерістер,
т.с.с. жатады. Жеке тұлғаның қалыптасуында  географиялық  орта  белгілі  рөл
атқарады. Баланың айналасы-үйдегі ортаға көп көңіл бөлінеді.
Тәрбие – бұл тұлғаның қалыптасуына  мақсатты  бағытталған  процесс,  сонымен
қатар тәрбие туа біткен нышандарды түзетеді  және  микро-ортаны  өзгертеді..
Барлық балалар тәрбиелік-білім беру мекемелерінен өтеді,
ол мекемелер педагогикалық процесті  сауатты  құрастырып,  оқушылардың  жан-
жақты іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады, өйткені ол жеке тұлғаның  дамуының
шешуші шарты болып табылады.
2 Табиғат. Қарым-қатынас. Тұрмыс.
      Табиғат- тіршілік атаулының құтты қонысы, түлеп өсуіне  қажетті  нәрі,
жер бетіне көрік берген сәні. Табиғат, Жер Ана, Атамекен, Туған жер,  Ауылым
деген ұғымдар бір-бірімен тамырлас әрі тағдырлас.
 Табиғат- адам тәрбиешісі. Оның құрамдас бөлігі болып  саналатын  өсімдіктер
мен жануарлар әлемі, биік таулар мен сарқыраған өзендер,  кең  дала  барлығы
да адам баласына ой салып, денесіне қуат,бойына күш, көңіліне шабыт  береді.
Адам да, қоғам да-табиғаттың  төл  баласы.,  жалғасы.  Тіпті,  адам  ауасыз,
сусыз өмір сүре алмайды дейтін болсақ, сол ауа мен судың өзі  жан-жануарлар,
адамзатқа табиғаттың тарту еткен ғажайып сыйы.
      Басқаша айтқанда, табиғат барлық уақытта да  адамзаттың  өмір  сүретін
ортасы, тіршіліктің  қайнар  көзі  болған  және  солай  болып  қала  бермек.
Табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты терең  әрі  нақты  түсіну  үшін
географиялық орта деп аталатын түсінік қалыптасады.
      Адамзаттың қоршаған ортаға тәуелділігі сол табиғаттың, ен байлықтардың
қайнар көзі және өмір сүру ортасы болғандығынан. Ғұлама ойшыл Әбу Насыр  әл-
 Фараби айтқандай «Адам бойында ерекше жаралған, олар – дене  құрылысы,  жан
құмарлығы  мен  ой-парасаты»  Адам  мен  табиғаттың,  табиғат  пен  қоғамның
арасындағы  қарым-қатынас  өмір  сүрудегі  аса  қажетті   алғы   шарт   және
географиялық орта болып  саналады.  «Табиғат  біртұтас  әлем,  одан  тысқары
ештене болуы мүмкін емес», деген екен оқу  тәрбие  мәселесіне  көңіл  бөлген
жазушы, философ, психолог –  ғалым  Жүсіпбек  Аймауытов.  Табиғат  мейірімі,
табиғат көркемдігі адам баласында мейірімге  бөлек,  ар  тазалығын  сақтауға
бейімдеп отырады.
Табиғат пен адамның мінезі де ұқсас. Табиғат не  төксе,  бар  әлем  құрпылып
жүре береді. Халық өзін қоршаған  табиғаттың  мінез,  әдет-қалыптарын  өзіне
алады  және  мәңгіге  қалдырады.  Табиғаттағы  барлық  нәрсе   өзара   тығыз
байланысты. Адам да табиғаттың бір бөлшегі. Табиғаттың бірінде болып  жатқан
өзгеріс  міндетті  түрде  екінші  жерге  әсерін  тигізеді.   Соныдықтан   да
табиғаттың бір бөлшегін жою өзіне зиян келтіреді, сол арқылы адам  баласының
күн көрісіне залалын тигізеді. Табиғат сырын терең білмей оған  қалай  болса
солай шабуыл жасау үлкен апатқа әкеп соқтырады. Табиғат – халық қазынасы.
  Адам мен табиғат егіз. Табиғат  пен  адам  егіз  әлем  ретінде  бірін-бірі
күтуге, аялауға міндетті. Олар бір-біріне  сый-құрмет  жасауға  тиіс  болса,
сол сыйластықтың және бір түрі – адамның  табиғатқа  деген  пейілі.  Адам  —
табиғат перзенті. Ол суға, жерге, айға, оларды жаратқан  тәңірге  табынады.,
жалбарынады. Адамзат баласы өзінің ғана емес,  бүкіл  ғаламның  аман-саулығы
үшін жаратылыс алдында өзін борыштар сезінері хақ. Тіршілікте  төрт  құдірет
– Күн-ана, Жер-ана, ауа мен су болса, олардың біреуінсіз тіршілік  тоқтайды.
«Жері байдың – елі бай», «Туған жер – алтын бесік», «Жеміс – жерде, жеңіс  —
ерде», «Ауа – өмір тынысың», «Судың да сұрауы бар» деген мақалдар  осы  төрт
құдіретті  қадірлеуден  тараған.  «Табиғаттың  бізге  жұмбақ   сырлары   көп
танданар» деп ақын Мұхтар Шаханов айтқандай, тісімен құс  тістеген,  ақындар
мен  шешендер  бүкіл  қазына-байлықтың   қымбаттысы-табиғат   күйін   ғибрат
сөздеріне, толғау-термелеріне арқау еткен. Олар табиғат күйін адамның көңіл-
күйіне жалғастыра жырға қосқан.
Қарым-қатынас жоғарғы  дәрежедегі  динамикалық  әлеуметтік  -  психологиялық
құбылыс.
      Қарым-қатынас фактор ретінде біздің қажетімізге айналса, іс-әрекет пен
қылығымыздың  себеп  болса,  басқа  адамдармен  қатынасымыздың  мақсаты  мен
мазмұны болғанда ғана көріне алады. Ал мұндай жағдайда бұл фактор  біз  үшін
ерекше  мазмұнға  ие  болады  және  тұлғалық  құндылықтардың   мазмұны   оны
аксиологиялық қарау мен зерттеуді көздейді.
      Дегенмен, қарым-қатынас біз үшін басқа адамдарды түсіну мен тану  көзі
ретінде де құнды.
      Қарым-қатынас   адамның   бүкіл   психикалық   өмір-сүру   іс-әрекетін
түсіндіреді. Кез келген тұлға секілді, қоғам да оның сыртқы және ішкі қарым-
қатынасының өнімі, оның коммуникативті іс-әрекетінің  нәтижесі.  Бұл  пәндік
іс-әрекетке де жатады.,  яғни  әсерлі  жағдайды  туғызатын  жайлы,  қозғаушы
қарым-қатынас.
      Балалар мен жасөспірімдер ұйымдары, бірлестіктері  саяси-экономикалық,
білім және тәрбие жүйесінде өздерінің орнын тауып, жастардың мүддесіне  және
тілегіне сәйкес балалар мен жасөспірімдер  қозғалысын  дамытуға  нақты  үлес
қосулары қажет.
Ол үшін барлық мемлекеттік мекемелер, қоғамдық және  басқа  ұйымдар  балалар
мен  жасөспірімдер   қозғалысының   дамуына   барынша   жәрдемдесіп,   көмек
көрсетеді.
3 Балалар ортасының уақытша топтар, артельдер,  ұжымдар.  Халықтық  ойындар,
жарыстар.
      Балалар мен жастар  ортасында  аса  тиімді  құралдарының  келесі  бірі
–ойындар.  Халық  педагогикасы  олардың  бала  өсуі,  дамуы  мен  қалыптасуы
факторларын көрді. Оның «бала  өсірген  ата-ана  бала  болып  ойнайды,  Бала
оқытқан ұстаздар бала болып ойнайды» деді осыдан.
      Ойындар тек жұбаныш пен уақыт оздыру,  сауық-сайран  мен  баллар  үшін
қунаш  қана  емес.  Көптеген  балалар  ойындарының  дене  күштерін   дамыту,
көркемдікке және адамгершілікке баулуда маңызды мәні бар.
      Әрбір және кез-келген  халықтың  педагогикалық  мәдениетінде  жетілген
адам  идеясын  жүзеге  асыруға  бейімдеоген  өзіндік  табыстары   бар.   Бұл
табыстардың  жекелеген  кейбіреулері  тек  тұлғаның   бір   немесе   бірнеше
жақтарына қатысты болса, ал  өзгелері  кемелденудің  халықтық  идеалын  жан-
жақты ашып көрсетеді.
       Халықтық  тәрбиенің  демократиялық  мәні  оның  негізгі  идеяларының,
формаларының, құралдырының және  т.б.сабақтастығын  қамтамасыз  етеді.  Олар
өзінің дамушы табиғатына сай ұрпақтан  ұрпаққа  кеңейіп,  байып  және  түрін
өзгертіп ауысып отырады.
      Халықтық тәрбие  түрлері  халықтың   әлеуметтік  өмірінің  бүкіл  өзге
салаларымен  ,  сенім-нанымдарымен,  дәстүрлерімен,  салттрары  және   әдет-
ғұрыптарымен, шаруашылық кәсібі  түрлерімен,  қоғамдық  тәртіп  қалыптарымен
ажырамас бірлікте алға шығады. Бұл қалыптар  орнықты  әлеуметтік  қатынастар
жиынтығымен бірге ең ақырында, қоғам мүшелерінің  әдеттері  мен  тәртіптерін
белгілейді, белгілі өмір тәжірибесіне сондай-ақ ішкі мақсат пен  дағдыланған
әрекеттер тудырып, жеткіншек  тұлғасының  дамуы  мен  қалыптасуын  жобалайды
және бағыттайды.
       Балалар  өмір  сүрген  ортасына  байланысты  алған  әсерлері  олардың
шығармашылық шабытын оятумен  қатар  өзін  қоршаған  дүниені  танып  білуіне
мүмкіндіктің бәрі ойын арқылы іске асатыны даусыз мәселе.
      Ойнамайтын бала жоқ. Ойынға қызықпайтын адам  жоқ.  Көңiл  көтермейтiн
адам, сауық құрмайтын халық жоқ. Үлкен де, кiшi  де  ойнап  көңiл  көтередi,
бiр нәрсеге берiле қызығады,  әр  жетiстiктен  қанағат  табады.  Ал  қызығу,
қуану, қанағаттану  -  өмiрдi  тамашалаудың  көрiнiсi  немесе  өмiрде  сауық
құрудың нышаны. Ойын-сауыққа үлкен-кiшiнiң бәрi де  әуес.  Айтпағымыз,  өмiр
кейде ойын-сауыққа ұқсас, ойын-сауықсыз адамның өмiрiн көз  алдыңа  елестете
алмайсың. Ойынның тарихы тереңде, көне дәуiрден  басталады.  Оның  қалыптасу
кезеңдерi мен тарихы өз алдына әңгiме. Ойын  халықтың  өмiр  сүру  салтынан,
өмiр сүру үшiн күресiнен туындаған қажеттiлiктiң бiрi.  Ойын-сауық  еңбектiң
мазмұны мен құралына орай түрленген, жетiлген. Қазақ — ойын-сауықшыл  халық.
Бүгiнде қазақтың 100 ден аса  ойын  түрлерi  мәлiм.  Қазақ  “баланы  жастан”
дегенде, ойын-сауық арқылы жасөспiрiммен тәрбиелiк жұмысты ертерек және  жас
ерекшелiктерiне қарай жүргiзудi пайымдайды.  Ойынсыз  ұрпақтың  кiм  екенiн,
халықтың қандай екенiн бағалау екiталай. Адам мен ойын  түйiндес,  түбiрлес.
Ойын-сауық қазақтың әдет-ғұрпына үнемi және айқын ықпал еткен.
Ойында өмiрдiң еркiндiгi, кедергiсi мен мақсаты анықталынады.  Ойын-сауық  —
жеке адамның даму қажеттiлiгiн арттырады, қарсыласпен  татуласу  немесе  оны
жеңу жолдарын iздестiредi. Шаруашылықтағы қимыл-әрекеттi осы  биiк  мақсатқа
көтердi. Ойын — адам ойлану  және  дене  қабiлетiнiң  бәсекесi,  қарсыласпен
ашық жарыс. Оның мақсаты — жеңiске жету, ойындағы  адамның  қабiлет  күшiнiң
үстемдiгiн көрсету, дәлелдеу.  Кейде  ойындардың  аттары,  атаулары  өзгерiп
жатса да, олардың ойналу мазмұны сақталып қалған,  сөйтiп  әдептiң  түрлерiн
қалыптастыруға септiгiн тигiзген. Мысалыға,  ақсүйек  ойынының  басқа  түрiк
тiлдес елдерде орда, тоқтышақ сияқты атауы да бар немесе лек жалау  ойынының
шiлiк, қарыс ағаш,  шөлдiк  және  т.б.  түрлерi  бар.  Бұл  ойындарды  әуелi
балалар ойнаса, кейiннен оған жiгiттер мен ересектер  де  қосылған.  Таралуы
жағынан  ойындар  ересектерден  балаға   мұра   ретiнде   жиi   қалдырылған.
Мемлекеттiк құрылым қалыптасқан сайын ойындар  халықтық  мерекенiң  құрамына
енген. Ойындар халықтық той-думанның оттығына,  көпшiлiктiң  ортақ  сауығына
айналды. Кез келген жыйын-той күрессiз, ат пен жаяу жарыссыз, айтыс, ән  мен
күйсiз, аң аулаусыз өтпейтiн болған.
      Өзін-өзі тексеру сұрақтары
   1. Халықтық тәрбие құралдарына нелерді жатқызуға болады?
   2. Қазіргі тәрбие құралдары мен ертеректе қолданылған тәрбие  құралдарына
      қандай салыстырмалы талдау жасауға болады?
   3.  Халықтық  тәрбиені  зерттеген  педагог   ғалымдарды   атап,   олардың
      педагогикалық ойларын талда.
4. Хлықтық педагогикадағы «Жетілген тұлға»  дегеніміз кім?
5. Тұлға қалыптасуына әсер ететін халықтық педагогикалық факторларды ата.


Дәріс №8. Дәрістің  атауы.  Халық  идеалындағы  «жетілген  тұлға»  және  оны
тәрбиелеудің тәжірибесі. (1 сағат. 8 апта)
1  Халық ұғымындағы тұлға.
2 Балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі халық ауыз әдебиеті және оның  жанрлары,
мақал-мәтелдер адамгершілік, имандылық тәрбиесінің құралы ретінде.
3.Халық ертегілері. Этнос. Аңыздар. Балалар фольклоры.

      1.Тұлға — жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық
қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі  ретінде  жан-
жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы,  қоғамның
даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас  орнату  арқылы  жеке
адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.
      Жетілген  тұлға – халықтық тәрбиенің мақсаты. Кезінде  қазақтың  ақыны
Абай Құнанбаев та  «Адам» ұғымына   сипаттама  беріп,  оның  қалыптасу  және
даму сатыларына тоқталған болатын. Онда ақын өзінің 11- қара сөзінде  «Қашан
бір бала ғылым білімді махаббатпен көксерлік  болса,  сонда  ғана  оның  аты
адам болады» деп сипаттама береді. Сонымен  қатар  адамдық  сипаттар  немесе
қасиеттер ретінде өзі үшін емес халық  мүддесі  үшін  өмір  сүрудің  маңызын
«өзі үшін өмір сүрген адам өз бетінше оттаған  хайуанмен  тең,  ал  көпшілік
үшін тіршілік ететін адам «нағыз  адам»  дегенді  келтіреді."Адам  кемелдігі
неде? Бақытқа қалай жетуге болады? деген сұраққа әл- Фараби  білім  мен  іс-
әрекет арқылы жетуге болатындығын  айтады.  Бақытқа  жеткізетін  барлық  іс-
әрекеттер мен  қызмет әрқашан қайырымды. Әрекетшіл жанның  мақсаты  -  әдейі
көзделген ұмтылыс болуға тиіс. Оған іскерлік пен көрегендікті, яғни  дүниені
тану қабілетін бойына дарыту ұмтылысы  ұйытқы  болады.  "Адам  қайырымдылық,
сұлулық, игілік және ұлылықты басқа адамдардан емес, өзінің  жаны  мен  тәні
арасындағы барлықтан алса, ол  шынымен  де  қайырымдылық  пен  бақытқа   қол
жеткізеді". Қайырымды жан—ақыл-парасаттың, адам  бақыты  мен  бақ-дәулетінің
күрескері.Қайырымдылық - табиғи бейімділіктің іс-әрекетпен ұштасуы,  маңызды
міндет-мұрат үшін жігер мен табандылық  көрсету.  Ғалым  Б.Кiшiбеков   қазақ
халқының мінез -  құлқы  оны  қоршаған  ортаға  –  кең  далалық  кеңістікке,
географиялық  жағдайға,  баққан   малға,   оның   шаруашылығына   байланысты
қалыптасты, - деп тұжырым жасайды.
       Кемел адамның этникалық мінезі. Қай заманда болмасын  заманына қарай
жеке тұлғаның болмысын қалыптастыру туралы ойлар мен  пікірлер  көпшілікті
толғандырып келген. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы кемелділік, мінсіз  адам
бейнесі тәрбиенің ең жоғары көрсеткіші ретінде қабылданып, қоғамда  жоғары
жауапты міндеттерді  атқаруға  лайық  деп  танылған.  Бүгінгі  күнді  алып
қарасақ, елімізді өркениеттілікке  жеткізетін, ел экономикасын  дамытатын,
сондай - ақ, Қазақстан Республикасын 50 дамыған  елдер  қатарына  қосылуға
мүмкіндік  жасайтын  жастарды  тәрбиелеу  немесе  кемел  адамды  тәрбиелеу
бүгінгі күннің еншісіндегі ұлы  міндет  болып  отыр.  Осындай  қасиеттерді
бойына  жинақтаған  жеке  тұлға  елімізді,  халқымызды  бақытты  болашаққа
жетелейтін мемлекет басшысы болуға лайық.  Мұндай  пайымдаулар  мен  ой  -
тұжырымдардың бастау алар көзі сонау орта ғасырдағы  көне түрік ғұламалары
көзқарастарында туындаған болатын. Олардың өкілдері әл  -  Фараби,  Махмұт
Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Қожа  Ахмет  Йассауи,  Қорқыт  ата,  «Қабуснама»
кітабының авторы Кейкаус және т.б. мұндай  қоғам  талаптарына  жауап  бере
алатын кемел адамды қалыптастыру негізі отбасы тәрбиесінен  басталады  дей
отырып, оның  қоғам  мүдделерімен  сабақтастықтарының  жан-жақты  қырларын
ортаға салады.
    Халықтық педагогикалық көзқарастарын жүзеге асыру жұмысын мақсатқа  сай
қамтамасз ету мен тәрбие  дәстүрлерін  бекіту,  оларды  нақтылау,  толықтыру
және жетілдіруге көмегін тигізген жеке сынақ әдісі ел арасына кеңінен  мәлім
болды.
    Тәрбиешілердің  бір-бірімен  әңгімелесулері,   ата-анамен,   ата-әжемен
тәрбиеленушілердің өздерімен әңгімелер педагогикалық ойланулар үшін  қашанда
сан  алуан  және  құнды  материал  берді  және   педагогикалық   мәдениеттің
биіктеуіне  ықпал  етті.   Халық   даналары   әңгімелерді   тәрбиенің   озық
тәжірибесін  таратуда,  бақылаулары  мен  жеке   сынақтарында   және   басқа
жағдайларда пайдаланды, яғни әңгімелер халық педагогикасының  дамуына  ықпал
еткен көмекші құрал қызметін атқарушы тәріздес.
    Қалай болғанда да  әңгімелер  жинақталған  мәліметтерден  құндыны  және
пайдалыны екшеп алу,  қажет  емес  немесе  күмән  тудыратыннан  бас  тартуға
жәрдемдесті, яғни, жағымды педагогикалық мәліметтерді жинауға,  осыған  орай
халықтың педагогикалық ойының дамуына ықпал жасады.
    Халыққа сөзбен әсер етудің  сан  түрлі  тәсілдері  белгілі,  сезім  мен
санаға ықпал ету шараларының көптеген түрлері бар.
    Әрбір және кез  келген  халықтың  педагогикалық  мәдениетінде  жетілген
тұлға  идеясын  жүзеге  асыруға  бейімделген  өзіндік  табыстары  бар.   Бұл
табыстардың  жекелеген  кейбіреулері  тек  тұлғаның   бір   немесе   бірнеше
жақтарына қатысты болса, ал  өзгелері  кемелденудің  халықтық  идеалын  жан-
жақты ашып көрсетеді.
    Тұлға  қалыптастырудағы  халықтық  тәрбиенің  демократиялық  мәні  оның
негізгі  идеяларының,  формаларының,  құралдарының  және  т.б  сабақтастығын
қамтамасыз  етеді.  Олар  өзінің  дамушы  табиғатына  сай  ұрпақтан  ұрпаққа
кеңейіп, байып және түрін өзгертіп ауысып отырады.
2 Балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі халық ауыз әдебиеті және оның  жанрлары,
мақал-мәтелдер адамгершілік, имандылық тәрбиесінің құралы ретінде.
    Мақалдар – нақыл, өсиет түрінде  айтылатын  философиялық  ой-түйіндері,
сөз мәйегі. Мақалдар көбінесе өлеңдік өрнекпен, сабырлы,  салмақты  ырғақпен
айтылады, қара сөзбен, яғни шешендікпен айтылатын мақалдар  да  бар.  Мақал,
негізінен, екі бөлімнен (көбінесе екі тармақтан) құралады.  Бірінші  бөлімде
пайымдау (айтатын ойдың түп негізі), екінші бөлімде ой қортындысы  айтылады.
Жыраулар мен ақындар, ел  басылары  мен  батырлар,  зиялы  адамдар  шығарған
(авторы белгілі) мақалдар мен мәтелдер өте көп.
    Мәтелдер, негізінен, тұжырым тұспалы өлеңде сыңар тармақты, қара  сөзде
нұсқалы сөз ретінде айтылады.
    Қазақ халқы – сөз қадірін  біліп,  қасиетті  сөзді  қастерлеп,  аузынан
тастамай, өнеге ретінде  данышпандығын  өлең  өрнектерімен,  терең  мағыналы
сөздермен  зерлеп  келе  жатқан  халық.  Сөз  зергерлерінің  аузынан  шыққан
мәтелдер мен мақалдарды үздіксіз пайдаланып,  үлгі  етіп,  ұрпақ  тәрбиесіне
парықтап  пайдалану  дәстүрге  айналған.  Сондықтан  да,  әсіресе,  қариялар
мақалдап,  маңызды  сөйлеуді  борышым  деп  санайды.   Мақалсыз,   мағынасыз
сөйлеген қарт адамның сөзінің қадірі болмайды.
    Қазақтың  мақал-мәтелдерінің  көбірек  қамтитын   тақырыптары:   елдік,
ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтелдер.
    Отбасында ата-аналар бала  тәрбиесіне  лайықтап  іс-әрекет,  пікірлесу,
пікірсайыс кезінде өнеге көрсетіп, өсиет  айтып:  ана  тілін  алмасаң,  арың
кетеді; әке – тірегің, ана – жүрегің;  бірінші  байлық  –  денсаулық;  сабыр
түбі – сары алтын; еріншектің  ертеңі  таусылмайды;  көзің  ауырса,  қолыңды
тый, ішің ауырса, асыңды тый; іс істесең, ретін  тап;  ағасы  бардың  жағасы
бар, інісі бардың тынысы бар; бір үйдегі бәрің де бір-біріңе меймансың  және
т.б мақалдарды жиі айтады.
    Баланың өмір тәжірибесі аз, сондықтан оған айтатын ақыл-насихат, өнеге-
өсиет әрі әсерлі, әрі ойда қалатындай мәнді болу керек. Сол мәнді  сөздер  –
мақалдар  мен  мәтелдерді  орынды  пайдаланған  ата-ана  ой  қозғап,  ақылға
қонымды сөздер айту арқылы баланы тәрбиелейді және санасын арттырады.
    Балалар бақшасында тіл ұстарту, тіл ширату сабақтарында  балдырғандарға
мақал, мәтел туралы түсінік  беріліп,  оларды  қолданудың  қажеттілігі  тура
айтылады.
    Мектепте  ауыз  әдебиеті  туралы  бағдарламалық   материалдарды   оқыту
оқушылардың мақал-мәтел  жинап,  оқулық  пен  хрестоматиядағы  материалдарды
толықтыра түсуіне басшылық етеді.
    Қазақ халқының өз мақал-мәтелдері том-том болып жиналады,  оның  үстіне
басқа халықтардың тілінен аударылған мақал-мәтелдер  де  мол.  Осыған  қарап
мақал-мәтелдерді ұлтаралық, жалпы адамзаттық әдеби мұра деуге де болар еді.
3.Халық ертегілері. Этнос. Аңыздар. Балалар фольклоры.
    Алғашқы қауымнан бастап бала тәрбиесіне ерекше әсер ететін  ертегілерді
ойлап шығарған адамзат тарихында  ертегілердің  тәрбиелік  мәні  зор.  Қазақ
ертегілері сан алуан. Оларды:  хайуанаттар  туралы  ертегілер,  қиял-ғажайып
ертегілер, тұрмыс-салтқа байланысты ертегілер, батырлық ертегілер,  күлдіргі
ертегілер деп бірнеше топқа бөлуге болады.
    Хайуанаттар туралы ертегілер көне заманда елдің және  аңдардың,  малдың
киесі бар деген сенім қалыптасқан кезде пайда  болған  (Шек-шек  ата,  Ойсыл
қара, Зеңгі баба).
    Ертегілердің  ішіндегі  баланың  қиялын  шарықтатып,   балалық   шақтың
болашағын елестетіп,  келешекке  сеніммен  қарауға  тәрбиелейтін  ең  әсерлі
ертегілер – қиял-ғажайып ертегілері.
    Тұрмыс-салтқа  байланысты   ертегілер   халықтың   тарихи   талаптарына
байланысты   туған.   Онда   бай   баласы   мен   жарлы   баласының   таптық
айырмашылықтары  сөз  болады,  ақылды  кедей  мен  сараң   бай,   қанағатсыз
саудагер, ақымақ хан мен данышпан  шаруаның  іс-әрекеттері,  мінез-құлықтары
суреттеледі.
    Батырлық ертегілерде елін қорғап, халқын қадірлеген ерлердің таңғажайып
іс-әрекеттері баяндалады («Ер төстік»).
    Аңыз ертегілер негізінен Алдар көсе мен Жиренше шешеннің,  Қожанасырдың
есімдерімен байланысты.
    Отбасында ертегілер күнін белгілеп, ол күні әженің не атанын ертектерін
тыңдау немесе ертегі оқу, ертегі айтысу т.б тәрбиелік жұмытарды  ұйымдастыру
маңызды саналған.
    Балалар  бақшасында  ұйымдастырылатын  ертегілер  бөлмесі  әркім   әсер
алатындай әсем, мазмұнды, ғажап көріністермен безендірілуі тиіс.
    Халық өз ұрпағының ұлағатты, білгір,  батыл,  батыр,  ойшыл,  еңбекқор,
өнерпаз болып өсуі үшін, оған үлгі-өнеге етіп  аңыз  әңгімелерді  де  бардан
құрап, сары алтындай сақтап келеді.
    Аңыз әңгімелер келешек ұрпақтың наным-сенімін, арман-қиялын  арттырады.
Онда көбінесе өмірде болған нақты оқиғалар алынады да,  оған  қызық  ғажайып
сюжеттер қосылып, тыңдаушыны баурап алатындай әңгіме  жүйесі  ерекше  әсерлі
құрылады.
    Аңыз әңгімелер: 1. Аспан  әлемі,  жан-жануар,  жер,  су,  мекен  аттары
туралы. 2. Ру, тайпалардың шығу тегіне  байлансты.  3.  Діни  мистикаға.  4.
Әлеуметтік утопияға (үміт, қиял). 5. Тарихи қаһармандық туралы құрылады.
    Отбасында аңыз әңгімелердің сан салалы, алуын  түрлі  үзінділерін  айта
біліп  немесе  қызықты  аңыздарды  кітаптан  балаларына  оқытып,   тыңдатуды
ұйымдастыру – ата-ананың міндеті.
    Қанатты сөздер мен даналық сөздер – даналар мен шешендердің ел  аузында
жатталып, өсиет, өнеге, аңыз ретінде айтылатын сөздер.
    Қазақтың халық педагогикасында балаларға арнап  шығарылған  арнау-тілек
өлеңдері, сұрамақтар,  төрт  түлік  туралы  жырлар,  тақпақтар  ерекще  орын
алады.
    Халық педагогикасындағы балалардың бірден жадында  қалатын  қысқа-қысқа
тақпақтар, оларды  тақпақ  айтуға  ынталандырады,  еңбекке,  адамгершілікке,
Отанын сүюге, өнерге тәрбиелейді.
      Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Жетілген тұлға туралы түсінік бер?
2. Халықтық педагогикадағы «Жетілген тұлға» ұғымының мәнін ашыңыз.
3. Жетілген тұлға тұлғасын тәрбиелеудің негізгі міндеттері.
4. Абай Құнанбаевтың «Жетілген тұлға» туралы көзқарасы қандай?
5.Тәрбиенің халықтық жүйесінің қалыптасуына ықпал еткен жағдайлар.
6.Ауызша поэзия. Оның түрлері.
7. Халық ұғымындағы тұлғаны бейнелеңіз.
8. Халық ауыз әдебиеті және оның жанрларын атаңыз.
9.Мақал-мәтелдер  адамгершілік,   имандылық   тәрбиесінің   құралы   ретінде
қолданудың мақсаты?

Дәріс №9. Дәрістің  атауы.  Халық  педагогикасындағы  балалар  мен  жастарды
өмірге тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі халықтық педагогиканың негізі ретінде.  (1
сағат. 9 апта)
1.Отбасының әлеуметтік тарихи дамуы.
2  Халықтық педагогикадағы  отбасындағы  қыз  және  ер  балалар  тәрбиесінің
ерекшеліктері.
3  Отбасы тәрбиесінің жетекші ұлттық дәстүрлері.


   1.Этнопедагогика проблемаларының өзектілігі, ең алдымен  адам  өміріндегі
халықтық  тәрбиенің  алатын  ерекше   маңызды   рөлімен   анықталады.   Адам
әлеуметтенуінің маңызды  құралы  бола  отыра  халықтық  тәрбие  балалар  мен
жасөспірімдерді қоғамда өмір сүрудің түрліше тәртіптеріне даярлайды.
      Әрбір отбасының қалыптасқан әдет-ғұрпы,  ата-дәстүрі  болады.  Сонымен
бірге жалпы қазақ отбасында  ортақ  дәстүрлер  де  бар.  Оларды  атап  өтсек
мыналар: жасы кішілер үлкендердің атын атамай, ата, әже, әпке, аға, әке  деп
сыйлап қарым-қатынас жасауы, сондай-ақ жасы  кішілер  үлкендердің,  әсіресе,
қариялардың алдын кесіп өтпеуі, отбасы  мүшелерінің  бірін-бірі  ренжітпеуі,
үлкеннің тілін кішінің алуы, елгезек, тілалғыш,  қолғанат  болу,  ал  отбасы
үлкендерінің өзінен кішілерге қамқоршы,  ақылшы  болуы,  еңбекті  үй  ішінде
жұмыла істеп, әрқайсысының өз шама шарқынша іс атқаруы.
   Гуманизм,   табиғатпен   үйлесімділік,   халықтық   еңбекте    тәрбиелеу,
сезімталдық,  тәрбиенің  бірізділігі  мен  жүйелілігі,   талаптар   бірлігі,
балалар тұлғасына ілтипат пен құрмет –  бұлар  отбасы  тәрбиесінің  халықтық
жетекші  бастаулары  жүйесін  құрайды.  Бұл  халықтық  тәрбиенің  және  оның
құрамды бөлігі – отбасы тәрбиесінің жалпы бағытын,  оның  мақсаты,  мазмұнын
және ұйымдастыру әдістемесін анықтайды.
   Осыған  орай   еңбекте   қазақ   халқының   отбасы   тәрбиесі,   халықтың
сүйіспеншілік,  жанұя,   балалар   мен   ата-аналар   жөніндегі   ұғымдарын,
түсініктерін ашып көрсетуге үлкен орын берілген.
2  Халықтық педагогикадағы  отбасындағы  қыз  және  ер  балалар  тәрбиесінің
ерекшеліктері.
   Ата-бабамыз ұлды өздеріндей еңбек сүйгіш, малсақ, жауынгер, әнші,  күйші,
аңшы, құсбегі – бесаспап азамат  етіп  тәрбиелеуді  мақсат  еткен.  Жігіттің
бойына өнер мен еңбекті, ізгі адамгершілік қасиеттерді  қатар  сіңірген.  Ер
баланы он жасынан бастап ат жалын тартып азамат болғанға дейін мал бағу  мен
аң аулауға, отын  шабуға,  қора  салуға,  ағаштан,  теріден  түрлі  тұрмысқа
қажетті  бұйымдар  жасауға,  яғни  қолөнер  шеберлігіне  баулыған.   Әсіресе
әкелері мен аталары ұлдарға мал жаюдан  бастап,  шаруаның  алуын  тәсілдерін
үйретіп баққан.
   Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен аталардың рөлі ерекше. Әке – отбасының
басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы.
   Отбасында әкелері немесе аталары өз өнерлерін балаларына үйретіп, олардың
өзіндей  мерген,  аңшы,  құсбегі,  қолөнер  шебері  етіп  тәрбиелеуге  көңіл
бөлген. Ата өнерін баласының қуу ежелгі ел дәстүрі  болған.  Қазақ  халқының
өмірінде жеті атасына дейін мергендік,  аңшылық  немесе  ұсталық,  күйшілік,
емшілік өнерді қуып өткен адамдар жиі кездеседі.
   Аталары балалары мен  немерелеріне  ертегі,  аңыз-әңгіме,  мақал-мәтелдер
айтып беріп, шешендікке, тапқырлыққа тәрбиелеген.
   Қазақ ауылында ұл  бала  тәрбиесіне  бүкіл  ауылдың  үлкендері,  әсіресе,
қарттары араласқан.
   Өнегелі, өнерлі, «сегіз қырлы,  бір  сырлы»,  намысқор  азамат  тәрбиелеу
аталар  арманы  болған.  Ал  аталар  жолын  қуып,  өнері  мен  өнегелі  ісін
жалғастыру жастарға да үлкен сын  болып  саналған.  «Ата  көрген  оқ  жанар»
деген мақал соны меңзейді.
   Қай ата-ананы алсақ та, қызының ертең барған жерінде «балдай батып, судай
сіңіп» кетуін, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды.
   Қасиетті ана қызының  тәрбиелі  жан  болып  өсуі  үшін  жасынан-ақ  шашты
қарияның алдынан аттатпай өсіреді.
   Қазақ халқы келіннің келгенижерінде жақсы жар,  абзал  ана,  ұқыпты  әйел
болуы, біріншіден, оның өскен ортасына байланысты  десе,  екіншіден,  келген
жеріне де байланысты деп қарайды.  Жаңа түскен  жас  келінге  енелері  қонақ
күту, ас ұстау, бала күту т.б мәселелерде үнемі  ақыл-кеңес  беріп,  үйретіп
отырады.
   Әйел қандай биік дәрежелі жұмысты істемесін, қайда болмасын оның ең басты
міндеті –  өмірге  ұрпақ  әкелу,  бала  тәрбиелеу.  Көп  жағдайда  отбасының
беріктігі әйелге байланысты.
   Қыз жасынан өз денесін бағуға, киім-кешегін, орамал-дастарқан, төсек орын
жабдықтарының тазалығын сақтауға үйренуі абзал.
3  Отбасы тәрбиесінің жетекші ұлттық дәстүрлері.
   Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Үйлену өз алдына отау тігіп, түтін  түтету
ғасырдан-ғасырға жалғасып  келе  жатқан  салт,  қоғамдық  құбылыс.  Қалыңдық
таңдау, құда түсу, үйленумен  байланысты  салт-дәстүрлер  барлық  халықтарда
бар және мазмұны жағынан бір-біріне ұқсас рәсімдер.
   Қай халық болмасын балаларын кезінде үйлендіріп,  жақсы  келін  түсіруді,
келіндердің  көрікті,  ақылды,  арлы,  әдепті,  еңбексүйгіш  болуын   мақсат
тұтқан.
   Парасатты әжелердің «Келініңді қызыңдай көр, қызың да келін  болмас  па?»
деп енелерге ақыл айтуы, немесе  «Келіннің  өнегелі  болуы  –  енеден»  деуі
үлкендерге де ескерту жзасап, жауапкершілік артуды білдіруден туған.
   Қазақ халқында қалыңдыққа бес жақсы зат сатып әперу салты ертеден бар. Ол
түзу мылтық, берен сауыт, бәйне ат, жүк артатын атан түйе, қыздың басты  бес
киімі саналған.
   Үйлену тойының ең жауапты кезеңі – қыз бен жігіттің некесін  қию.  Некені
молда қияды.
   Қазақ халқында құдаласу рәсімінен кейін қыздың туыстары  жыл  бойы  қызға
жасау жинастырады.
   Үйлену тойындағы ойын-сауық, кәделер –  барлық  елдерге  ортақ  рәсімдер.
Қазақта үйлену тойы ат шаптыру, жорға жарыстыру, күрес,  аударыспақ,  көкпар
тарту, ақындар айтысымен өткізіледі.
      Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Отбасында   халықтық   педагогика   тұрғысында    тәрбиелеудің    мақсатын
түсіндіріңіз.
2.Халықтық   педагогикада  ұл  мен  қызды  болашақ  өмірге  баулу   жолдарын
анықтаңыз.
3.Халықтық  педагогикадағы  отбасындағы  қыз  және  ер  балалар  тәрбиесінің
ерекшеліктері неде?
4.Отбасы   тәрбиесі   халықтық   педагогиканың   негізі   ретінде   мақсатын
түсіндіріңіз.
5.Отбасы тәрбиесінде  ұлттық дәстүрлері қолдану жолдарын көрсетіңіз.


Дәріс №10. Дәрістің атауы.  Ақыл-ойды дамыту  халық  қамқорлығының  бастауы.
(1 сағат. 10 апат)
1.Ақыл-ой тәрбиесіне халықтық көзқарас.
2  Балаларды  білімге,  ой  өрісті  кеңейту  икемділіктері  мен  дағдыларына
таратудың халықтық құралдары.
3  Халықтық білімдер және оны күнделікті өмірде қолдану.


   1.Халықтық педагогикада бала дүниетанымын қалыптастыру  және  оның  ақыл-
ойын дамытудың бастау көзі ретінде  –  ең  алдымен  оның  қоғамға,  қоршаған
дүниеге және мұндағы адамның орнына көзқарастарды  тірек  еткен  дүниетанымы
алға шығады. Халық ұрпақты ақыл-ойды өздігінен  жетілдіруге  үндейтін  терең
және мазмұнды тұжырымдар ұсынды.  Ақылдың  адамдағы  сезім  мен  қабылдаудан
ойлау мен  қиялға  дейінгі  танымдық  процесстер  жиынтығы  екендігін  дұрыс
болжайды. Қоғамның материалдық  және  рухани  өміріндегі  білімнің  саналуын
мәнінде «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп» - деп  арнайы  көңіл
аудартады.
   Халықтық ақыл-ой тәрбиесі жүйесі оның өндірістік қызметімен тығыз астасып
жатыр. Өмір тәжірибесі қоршаған болмыстың жаңа факторлары және дамудың  жаңа
заңдарын ашу, яғни айналаны танып білу қажеттігін алға тартты.  Сонымен  бір
мезгілде әрбір келер ұрпақтың адамзат  жинақтаған  білімдер  мен  өндірістік
тәжірибені меңгеруіне қамқор болу міндеті тұрды.
   Жалпы  білімдермен  қатар,   адамдардың   өндірістік   қызметінің   нақты
салаларына, белгілі бір кәсіп түрлеріне, мәселен, жекелей  алғанда  аңшылық,
балық  аулау,  мал  өсіру,  егіншілік,   бағбаншылық,   халықтық   дидактика
жәрдемімен қамтамасыз етілген.
      Ақыл-ой тәрбиесі — балалардың ойлау қабілетін дамыту,  интеллектуалдық
ақыл-ой санасын, дүниеге ғылыми көзқарасын жетілдіру, ой  еңбегі  мәдениетін
қалыптастыруға      бағытталған      іс-әрекет.       Ақыл-ой       тәрбиесі
жеке тұлғаны қоғамның өркениетті даму бағытына  сай  жан-жақты  тәрбиелеудің
құрамды бөліктерінің бірі. Ол білім жүйесін  меңгеруге,  оқушылардың  рухани
күшінің  дамуына  ықпал  жасайды.  Ақыл-ой  тәрбиесінің  басты   міндеттері:
оқушыларды табиғат, қоғам, адам жайындағы  ғылым  негіздерімен  қаруландыру;
қоршаған ақиқат дүниеге ғылыми көзқарасын, сенімін қалыптастыру;  балалардың
ойлау қабілетін (абстрактылы ойлау, ойлау операциялары — талдау,  синтездеу,
салыстыру, жинақтау, топтау, негізгісін ажырату,  жіктеу  т.б.),  таным  іс-
әрекетін  (іскерлік,  дағды,  бақылау,  жазу  т.б.)  дамыту.  Ол  ой  еңбегі
мәдениетін меңгеруге, интелектуалдық  іс-әрекетпен  ұзақ  шұғылдана  білуге,
оқушыларды     дербес     жұмыс     істеуге     дағдыландырады.      Ақыл-ой
тәрбиесі шәкірттердің ерекшеліктеріне    қарай     дидактикалық     талаптар
(саналылық, белсенділік, өздігінен жұмыс істеуге үйрену, ұғыну т.б.)  қояды.
Бұл талаптар оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар арқылы іске асады
      Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда  жастарға  білім  берудің  негізгі  құралы
болып келеді. Білім алуға және ғылымға  ұмтылыс  халық  санасының  тереңінен
әрдайым  орын  алды.  Халық  табиғат   пен   қоғам   дамуының   заңдылықтары
бейнеленген  ғылымның  деректерін,  түсініктерін  және   заңдарын   мақсатты
игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең  білімдерді  меңгере
алатынын түсінді. Білімнің мәнін "Ақылдан қымбат байлық жоқ", "Ақылды  сатып
ала алмайсың", "Ақыл — тозбас киім, білім — сарқылмас булақ" деген  халықтың
даналық сөздерінен-ақ байқауға болады.
      Халық педагогикасында оқыту  мен  білім  берудің  принциптері  қазіргі
ғылыми педагогика тұжырымдарымен ұштасып  жатыр.  Халық  білім  мен  өмірдің
тығыз байланысты болуын талап  етті.  Халық  педагогикасы  оқытудың  көрнекі
болуын ойдан шығарған жоқ. "Көзбен көргеп, құлақпен естіген ақиқат емес  тек
қана мұқият зерттелген ақиқат".
            Халық педагогикасыңда тәрбие, оның бөліктері  туралы  ұғымдардың
анықтамаларының да ғылыми педагогиканың анықтамаларымен  сәйкес  кенетіндігі
байқалады. Халық педагогикасы  бойыиша  ақыл-ой  тәрбиесі  деп  шәкірттердің
ойлау қабілеттерін, сана-сезімін оқу және еңбек процесінде дамытуды  айтады.
Ғылыми педагогикалық анықтамасы бойынша  ақыл-ой  тәрбиесі  деп  оқушылардың
ақыл-ой  күштерін,  ойлауын  дамытудағы  және   ақыл-ой   еңбек   мәдениетін
дарытудағы тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекетін түсіндіруді айтамыз.
            Бірақ оқушы  өмірінің  іс-әрекеті  тек  тәрбиешілердің  мақсатты
ықпалымен шектелмейді. Оған қосымша оқушыны қоршаған ортаның  ықпалдары  мен
әсерлерін  еске  алу  қажет.  Бұл  кеңірек,    ақыл-ойдың   дамуы   ұғымымен
айқындалады.
            Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның  жан-жақты  дамуының  негізі.  Ақыл-ой
тәрбиесі еңбек өнімділігін арттыруга,  еңбектің  шығармашылығына  зор  ықпал
жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен  техниканың,  мәдениеттің  жедел  дамуыпың
қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн.
Ақыл-ой тәрбиесінсіз дүниеге  адамгершілікті  көзқарас,  саналы  тәртіп  пен
орынды  мінез-құлық,  еңбек  нәтижесі,  экономикалық   білімдер,   дағдылар,
тіршілік ету ортасы, табиғат және  қоғам  құбылыстарына  талғампаздық,  дене
күш-қуатын арттыру жолдарын білу, қоғам өмірінің құқықтық  негіздерін  игеру
мәселелерін  шешу мүмкін емес.
            Қорыта айтқанда, ақыл-ой тәрбиесі —  адам  зиялылығының  негізі.
Ақыл-ой тәрбиесіне екі ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл-ой күштері.
Белгілі  психологтар  мен  педагогтардың  еңбектерінде   ойлаудың   түрлері,
олардың мәні, мазмұны жеткілікті  зерттелген  мәселелердің  бірі.  Сондықтан
біз жеке-жеке ойлаудың түрлеріне тоқталамыз. Бірақ  кейбіреулерін  кейінірек
атап кеткен жөн.
2  Балаларды  білімге,  ой  өрісті  кеңейту  икемділіктері  мен  дағдыларына
таратудың халықтық құралдары.
   Халық педагогикасы білім беру мазмұнын анықтауға негізінен өмірден келді,
осыған орай мұнда спекулятивті құрылымға орын жоқ,  болуы  да  мүмкін  емес.
Өмірден алшақ  абстрактілі  білімдер  практикалық  мәнге  ие  бола  алмайды.
Сондықтан, мәселе, халық «өмірдің өзі  –  ұлы  ұстаз»  екендігін  әділ  атап
көрсетеді. Яғни, білімнің өмірмен  байланыстылығы  –  халықтың  аса  маңызды
дидактикалық талабы.
   Сонымен қатар  арнайы  ұйымдастырылған  оқыту  процесінде  ғана  игерілуі
мүмкін көлемдірек білімдер де назардан тыс қалмаған: «Әліппенің  ар  жағы  –
білім бағы», «Өнер ағып жатқан бұлақ, ғылым жанып тұрған шырақ»».
   Ал кітап халық көзқарасында адамның досы,  кеңесшісі,  білім  көзі:  «Күш
білімде, білім – кітапта».
   Халық тәрбиешілері үйрену, оқуды  адам  бүкіл  жаңаны  ерекше  қабылдағыш
балалық шақтан бастаса, мақсатқа лайықты болатындығына, алынған  білім  өмір
бойына игілікті қызмет ететініне тәжірибеде көз  жеткізді.   Олардың  «жаста
оқыған оқуың тасқа жазғанмен бірдей» - деп балалар мен  жастарды  білімдерді
игеруге үндеуі, әсіресе, ақылды дәріптеп, оның мүмкіндіктері  шектеусіздігін
ашып түсіндіруге тырысуы осыдан.
   Халықтың педагогикалық  тәжірибесі  ақыл-ой  тәрбиесінің  міндеттері  мен
мазмұнына кең мағына берілгенін көрсетеді.
   Адамның ақылы, оның сөйлеуінен көрінеді.
   Баланың ақылын тәрбиелеу оның  танымдық  қабілеттерін  жан-жақты  дамыту,
әртүрлі  түсінулердің  кеңдігі  мен  сезімталдығын,   байқағыштықты,   естің
түрлерін жаттықтыруды, ойдың елестетуін ынталандыруды талап етеді.  Мәселен,
жұмбақтар халық  педагогикасында  осы  талапты  жүзеге  асырудың  аса  құнды
дидактикалық материалы болып  табылады.  Олар  баланың  ақыл  ойын  дамытуға
ықпал  жасайды,  оларды  қоршаған  ортаның  түрлі  салаларынан  заттар   мен
құбылыстарды талдай алуға үйретеді.
   Мақалдар мен мәтелдер ақыл парасат көзі, еліктеу үлгісі, сенімді жетекші,
өткен ұрпақтың өнегелі мұрасы және  бейнелі  ойлау  мен  шешендік  сөйлеудің
үлгісі ретінде, терең ойларды сақтап, қызмет атқарады.
   Үлкендер балаларды табиғат  құбылысарын  бақылауға,  желдің  бағыты,  қар
жамылғысы, өзендердегі судың деңгейі егін дақылдарына ықпал  ететінін  ұғына
алуға үйретті.
   Математикалық білімдер ара қашықтықты, астық көлемі мен  салмағын  өлшеу,
үй құрылысы дәне т.б.сол сияқты жағдайларда алынды.
   Балаларды өткен тарихпен таныстыру  жөніндегі  халық  қамқорлығы  ерекше.
Еркіндікке, сүйіспеншілік пен рух өн  бойын  көктей  өтетін  қазақ  халқының
батырлар жырлары мақтауға тұрарлық.
   Егер  үйретудің  кешенді  әдістері  ақыл-ой  тәрбиесінің  өмірмен   тығыз
байланыстылығын қамтамасыз етсе, нақтылық пен айқындылық сол не  өзге  білім
салаларын терең үйреніп білуге ықпал жасады.
   Орнымен, жүйелі түрде, уақытында  пайдаланылатын  халықтық  педагогикалық
ескерткіштер  үлкен  білімділік  және  тәрбиелік  тиімділікке  ие  екендігін
қазіргі оқыту тәжірибесі көрсетуде.
3  Халықтық білімдер және оны күнделікті өмірде қолдану.
   Халықтық білімдерді оқулықтар мен оқу құралдарына енгізу үшін  сұрыптауда
олардың:
   - тарихи, философиялық, географиялық, биологиялық, математикалық және т.б
мазмұны, көркемдік эстетикалық бағалануы;
   - халықтың рухани байлығына құрметпен қарауға үйретудің тәрбиелік мәні;
   - халықтар арманы, ұмтылысы, тағдырлардың ортақтық  халық  даналықтарының
жалпы адамзаттық сипаты жайлы ойды кеңейтудегі рөлі;
   - оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі есепке алынуы керек.
   Халықтық білімдердің көпқырлылығы, олардың ақыл-ой тәрбиесі  мазмұнындағы
орны мәселелерінің тиісті оқу пәндерінде ашып көрсетілуі  болашақ  мамандар,
тәрбиешілермен, ата-аналарды белгілі теориялық және практикалық  білімдермен
қаруландыруға көмегін тигізері сөзсіз.
   Адам табиғатындағы аса бір асқан қасиет – ақылдылық. Оның негізгі  тұрағы
– қайырымды қоғам  болғанда  кемеңгерлік  іс-әрекеттерін  жалпы  тәлім  етіп
көрсетер әділетті орта екені  белгілі.  Ақыл  тек  осындай  жағдайға  өзінің
шырқау биігіне шығып, айналасына шапағатын  дарытады.  Сонда  оның  жарқырай
көрінетін алып  тұлғасынан  бүкіл  ақымақтық  атаулы  жаны  қалмай  қорқатын
болады.
   Шынайы білім ғана  өмірдің  астыңғы  ағындарындағы  «тас  кесек»  тәрізді
кедергілерден сақтандыра алады.
   Қазақ халқының әдет-ғұрпын да салт-санасынан өрбіген сауық кештеріндеөлең
жырмен айтысу, жаңылтпаш, жұмбақ айтысып, өзінің әріптесін  озық  ақыл-оймен
жеңіске жету үлкен шығармашылық табыс болып саналады. Мұндай өнерге  жасынан
баулу баланы тапқырлыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады.
   Қазақ халқы өзінің барлық ойын сауығында, ертелі  кеш  отбасында  жұмбақ,
ертегі, жаңылтпашсыз өткен күндері болмаған.
   Қазақ  халқы  жұмбақ  шешу  ойындарын  әрбір  құбылыстың  өзіндік  дербес
қасиетін дәл келтірумен қатар, екніші  бір  затқа  не  құбылысқа  ұқсастығын
салыстыра отыра, баланың өзін қоршаған табиғат әлеміне: аспан, жер, су, жан-
жануарлар, от пен жарық, тұрмысқа қажетті  бұйымдар  мен  жабдықтар,  өмірде
кездесетін  құбылыстар  мен   заттарға   зейін   қойып,   бақылау,   байқау,
қабілеттерін ояту мақсатында пайдаланған.
      Халықтың ғасырлар бойы  қалыптасқан   үйрету   даналығы  өзіне   халық
шеберлері,  білгірлер, ұсталар  мен диқандар,  суретшілер  мен  сәулетшілер,
  малшылардың   терең  және   сан   түрлі    білімдерін    шоғырландыратынын
байқатады. Олардың  тәжірибесі  этнодидактика  арқасында  ұрпақтан   ұрпаққа
көбейтіліп,  беріліп  отырды.
      Дидактикалық  талдауға алынған фольклор материалдары, мал  өсіру, егін
егу   және  өзге  де  кәсіп   түрлерімен   байланысты   салттар,    халықтық
астрономиялық  және  фенологиялық  қорытындылаулары  бұл міндеттерге:
       Балаларда заттар,  оқиғалар, қоршаған өмірдегі  іс  -  әрекеттер  мен
құбылыстар жайлы  дұрыс түсінік қалыптастыру.
      Олардың  сезімталдығы мен дүниені  тиімділікпен  танып  білуі процесін
 дамыту.
       Ақыл – ой қабілеті мен  ынталылықты арттыру.
        Балаларды  интеллектуалдық  дағдылар   мен   икемділіктерге    баулу
енгенін  көрсетеді. Мұның өзі  халықтық  балаларға  өмірге   қажет  білімдер
жиынтығын   игертудегі    дидактикалық    талаптары    ғылым    педагогикаға
жақындығының  белгілері.
      Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Халықтық педагогикадығы ақылайды дамыту құралдарын атаңыз.
2.Дүниетаным дегенімізді қалай түсінесіз.
3.Өмірлік дағдыларына қалыптастырудың  халықтық құралдарын атаңыз.
4.Халықтық педагогикады ақыл-ойды дамыту жолдарын анықтыңыз.
5.Халықтық  ақыл-ой тәрбиесіне анықтама беріңіз.
6.Балаларды білімдендіру, ой-өрісін кеңейтудің  халықтық құралдарын  атаңыз.

7.Халықтық білімдерді күнделікті өмірде қолдану әдістемесін көрсетіңіз.


Дәріс  №11.  Дәрістің  атауы.   Еңбек  халық   педагогикасының   өзегі.   (1
сағат.11апта)
1  Халықтық еңбек дәстүрлері және олардың педагогикалық мәні.
2   Еңбек дәстүрлі түрлерін үйрету.
3  Еңбек тәрбиесінің әдістері: түсіндіру, әрекет түрлерін көрсету,  жаттығу,
өсиет, мадақтау, тыйым т.б.

   1. Еңбек   Қазақстан   жағдайында   мал   шаруашылығымен,   егіншілікпен
байланысты болды. Еңбек адамның  ауыр  еңбегі  ұлттық  мақтанышқа  айналып,
балалардың еңбекке деген сүйіспеншілігін тәрбиеледі. Халық  еңбекті  адамға
табиғаттың берген сыйы деп қарап, оны дәріптейді: «Еңбек  –  түбі  береке»,
«Еңбексіз өмір – сөнген көмір», «Еңбегі қаттының  –  ембегі  тәтті».  Халық
даналығы адам еңбегімен ғана көрікті  болатының  ескертеді.  Халық  жалпыға
еңбек тәрбиесін беруді қуаттап, жауапты, жүйелі,  ақылға  қонымды  қоғамдық
пайдалы еңбек етуді ұсынды.
    Түрлі тәрбие әдістері арқылы  баланы  5-8  жастан  бастап  үй  еңбегіне
үйрету отбасынан басталған, оның барысында ата-аналар оларды тек  өзі  үшін
ғана емес, халық игілігі үшін еңбек етуге, еңбекке құрметпен қарауға, еңбек
үдерісінің қуаныш ләззатын сезініп, түсіне білуге үйретті. «Еңбек  етпенген
ішіп - жемейді» деген  қағиданы  басшылыққа  алған  ата-аналар  балаларының
мамандық алуына, «шебер» болуына қамқорлық жасады, еңбекке тәбиелейді.
    Ақын Мақтымқұлы XVIII ғасырда халық даналығын жинап, баланы  жастайынан
еңбекпен  шынықтырмаса,  кейін  жалқау   болатындығын   ескерткен.   Барлық
халықтарға ортақ пікір: «Қолөнер артықтық ептейді», «жігітке жетпіс өнер де
аз».
    Тарихта жас ұрпақты алуан  түрлі  еңбек  іскерліктерімен,  дағдыларымен
қаруландырудың  құнды  тәжірибесі  жинақталды.  Халық   еңбек   дағдылармен
қаруландыру көп уақытты, күш-жігерді  талап  ететін  жақсы  түсінді.  Жұмыс
істей алмаудың объективтік себептерін іздеудің қажеті жоқ. Шеберлік  бірте-
бірте табанды еңбек арқылы келеді. Еңбектің нәтижесі санада  ойластырылады.
Еңбек ету оңай шаруа емес, сондықтан  халық:  «Нәзіктікке  емес,  қиындыққа
үйрен» деп кеңес береді.
    Еңбекке байланысты кісінің соры – жаман әдет,  жат  мінез,  еріншектік,
жалқаулық.   Халық   еңбектен   жалықандары,   жалқауларды,   жеңіл   жұмыс
іздегендерді, біреудің еңбегімен күн көргендерді,  өз  еңбегінің  нәтижесін
ойламайтындарды  да  күлкі  етеді,  сынайды:  «Еріншектің  ертеңі  бітпес»,
«Жалқау күн батарда жұмысқа кіріседі», «Жалқау бір жұмысты екірет  жасайды,
тікесінен тұрып ұйқтайды , отырып жұмыс істейді», «Арам тамаұтың тамаұ ішу,
ұйқтау, керісу сияқты үш жұмысы бар».
2   Еңбек дәстүрлі түрлерін үйрету.
    Балалар үлкендерге көмектесе  және  олардың  өнегелі  істері,  шеберлік
дағдырларын  қабылдай   отырып,   үнемі   табиғат   аясыда   жүреді,   оның
әсемділігінен ләззат  алады.  Балаларды  еңбекке  ерте  араластыру  олардың
адамгершілік    қасиеттерінің    қалыптасуына,    көркемдік     эстетикалық
талғамдарының жетілуіне, дене бітімдерінің толысып дамуына,  сонымен  бірге
халықтың мәдени мұрасына аялы көзқарасын арттыруға жәрдемдеседі. Ер баламен
қыз балаға берілетін еңбек тәрбиесінің бірдей еместігі. Қазақ халқы ежелден
ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін өз ара бөлісіп алған.  Ұлды  мал  бағуға,
шөп шабуға, жинауға, отын шабуға, аң аулауға, мытық атып, мергндңк  құруға,
қол өнер шеберлігңне, мал тауып, отбасы асрауға әкелерімен аталары үйретті.
    Қыз  баланы  келіншек  ана,  бала   тәрбиешісі   отбасы   ұйтқысы   деп
түсіндірген. Еңбексүйгіш, өнегелі болып өсуіне ерекше мән берген. Қыздар 5-
6 жастан бастап үй  шруашылығымен  айналысты.  Қыз  балаларды  шаруашылыққа
апалары, шешесі, әжесі, ауылдық әйелдер үйретті.
    Балалар үлкендерге көмектесе және  олардың  өнегелі  істерін,  шеберлік
дағдыларын қабылдай отрып, сұлулығымен сусындады.
    Халықтың  тәрбиесінде   балалар   мен   жастарды   еңбек-   сүйгіштікке
тәрбиелеуге арналған әндер де, үлкендердің іс- әрекетін бейнелеп көрсететін
және балаларды болашақ еңбекке баулитын ойындарда көптеп саналады.
    Халық  тәрбиесінде  балаларды  еңбексүйгіштікке  тәрбиелеуге   арналған
үлкендердің  іс-әрекетін  көрсететін  ойындар  қолданылды.  Еңбек  –өмірдің
тұтқасы, тіршіліктің көзі. Еңбексіз өмір жоқ. Қоғамдағы байлықтың бәрі адам
еңбегімен жасалады. Осыны терең түйіп, ой топшылаған халық:  «Еңбек-адамның
екінші анасы», «Еңбек  түбі-береке»,  «Жалқау  аздырады,  еңбек  оздырады»,
т.б.мақал-мәтелдер   арқылы    жастарды    еңбексүйгіштікке    тәрбиелеудің
,мәнісін,сондай-ақ еріншектік, жалқаулық кісінің соры екендігін жас  буынға
тәптіштеп түсіндірген.  Осы  жайытты  терең  түйіп,  еңбектің  бейнеті  мен
зейнетін басынан өткізген халқымыз  баланы  еңбекке  тәрбиелеуді  отбасынан
бастаған.
3  Еңбек тәрбиесінің әдістері: түсіндіру, әрекет түрлерін көрсету,  жаттығу,
өсиет, мадақтау, тыйым т.б.
    Халық  тәрбиесінде  балаларды  еңбексүйгіштікке  тәрбиелеуге   арналған
үленгдердің  іс-ірекетін  көрсететін  ойындар  қолданады.   Еңбек   өмірдің
тұтқасы, тіршіліктің көзі. Еңбексіз өмір жоқ.Қоғамдағы байлықтың бәрі  адам
еңбегімен жасалады.Осыны терең түйіп, ой топшылаған  халық:  «Еңбек-адамның
екінші анасы», «Еңбек түбі-береке», «Жалқау аздырады, еңбек оздырады», т.б.
Мақал-мәтелдер арқылы  жастарды  еңбексүйгіштік,  жалқаулық,  кісінің  соры
екендігін  жас  буынға  тәптіштеп  түсіндірген.  Осы  жайтты  терең  түйіп,
еңбектін бейнеті мен зейнетін басынан өткізетін басынан  өткізген  халөымыз
баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынан бастаған.
    Еңбекті дәріптеу, жастарға еңбек адамын үлгі-өнеге етіп ұсыну «Аяз  би»
ертегісіндегі Кендебай, «күн астындағы Күнекей қыз» ертегісіндегі қарапайым
қойшы баланың бейнелері арқылы берілген. Мал баққан,  еңбек  сүйген,  қару-
жарақ  асынып  ел-жұртын  мергендікпен  асырап-сақтаған   қарапайым   шаруа
адамдарының адал еңбегі арқасында қйындық біткенді  женіп  шығып,  мұратына
жетуін баяндау арқылы халық «Еңбекпен ер  көгереді,  мұратына  жетеді»  деп
отырған.
    Қазақ халқы жастарды еңбекке баулығанда күнделікті  кәсібінін,  тұрмыс-
тіршілігіне байланысты төрт түлік малды бағып-қағуды, аң аулап кәсіп  етуді
ойластыруған. Аңның жүнін,  етін,  терісін  күнделікті  тұрмыста  керегінде
жаратқан.
    Балалар кәсіптік жұмысқа дәстүрлі тәжірибе арқылы үйренеді.
    Қазақ  халқы   ғасырлар   бойы   мал   күтудің   рәсімдерін   қастерлеп
қалыптастырған. Өйткені жартыдай көшпелі халықтың  тіршілігі  мал  өсірумен
тікелей байланысты болды. Мал күту әрекетімен малды сүю, оны қадырлеу, бағу
арқылы кәсіптік әдептілік қалыптасып, дәстүрге  айналған.  Түйенің  пірі  –
Ойсылқара, сиырдың пірі – Зеңгі баба, жылқының пірі – Қамбар ата  деп,  сол
пірлерді ұстанып, төрт түлікті күтуді қасиетті іс  –  әрекет  деп  таныған.
Қазақ халқы төрт түлік ішінде жылқымен түйені ерекше қастерлеген.
    Шөлге шыдамды, төзімді жүк көтергіш мал – түйе малы көшпелі халқымыздың
керуен кемесі. Інтек, бота, тайлақ, буыршың, бура, атан түйе, нар,  қоспақ,
үлек деп аталатын түйенің әрбір тегіне лайықты күтім керек. М/ы:  жас  бота
кәдімгі нәресте сияқты. Оны туған кезден бастап ауыздандырып,  аялап  өсіру
қажет. Ботаны нәрестедей сүйіп қамқорлыққа алу – отбасы мүшелерінің қасетті
борышы. Інгенді уақытында сауып шұбат ашыту – парыз. Шұбат – әрі тағам, әрі
сусын, әрі дәрі. Түйенің шудасы - ең қымбат киім тігуге ең төзімді ұлтандық
ж/е тоқымдық, т.б. қайыс жасауға пайдаланады.
    Еңбек тәрбиесінің негізгі саласы-баланы кәсіпке үйрету: мал бағу,  егін
салу, сәулет өнеріне үйрету, халық қастерлеп,  жоооары  бағаланған  ұсталық
кәсіп, зергерлік, тоқымашылық, құсбегілік.  Атакәсіп-атадан  балаға  ауысып
келе жатқан тіршілік мұрасы, мұрагер жалғастыратын дарынды  әрекет.  Өмірде
«Атадан бала туса игі» деп, халық  ата  дәстүрін  жалғастыру  ұрпақ  парызы
екенін ескереді. Егер атаның ұрпағы  кәсіптік  игі  дәстүрлерін  жалғастыра
алса, ол ата-бабаның аруағын сыйламаған нақұрыс ретінде жеккөрінішті болып,
қарғысқа ұшырайды. Егер атакәсіпті қадірлемеген болса, ондай ұрпақты  халық
« ата жолын бұзған», «жақсыдан жаман  туған  көргенсіз»  деп  іске  алғысыз
еткен.
    Жасөспірім жалындаған жігерімен кәсіп тыңдай  бастағанда-ақ,  халық  ең
әуеді  оның  атакәсіпке  бейімделген  жақсы  нышан  деп  бағалайды.  Әрине,
атакәсіпке күнкөріс әрекетінің барлығын жатқызуғак болмайды. Халық  қоғамда
ерекше пайдасы бар, елдің тән азығы мен жан азығына үлкен  қосатын  кәсіпті
«атакәсіп» дейді. Ұсталық, зергелік, саяткерлік,тігіншілік-  қыр-сыры  мол,
халық  қастерлейтін  атакәсіпкер.Халық,   әсіресе   мамандыққа   байланысты
атакәсіпті ұрпақтың одаң әрі жалғастыруын адамгершілік парыз деп есептейді.
Сондықтан  да,  ұста  ұрпағын  қаршадайынан   ұсталыққа   баулиды,   зергер
зергерікке үйретеді, сәулеткер өзінен асқан  сәулетші  ұрпағым  болса  екен
дейді.
      Өзін-өзі тексеру сұрақтары
              1. Халықтық еңбек дәстүрлері және олардың  педагогикалық  мәні
                 қандай?
              2. Еңбектің дәстүрлі түрлерін ата.
              3. Еңбек  тәрбиесінің  әдістері,  түсіндіру,  әрекет  түрлерін
                 көрсету, жаттығу өсиет, мадақтау, тиым т.б. жайлы айт.


Дәріс №12.  Дәрістің  атауы.  Халық  ұғымындағы  адамгершілік  тәрбиесі.  (1
сағат. 12 апта)
 1  Халықтық педагогикада  балаларды   адамгершілікке  тәрбиелеудің  негізгі
міндеттері.
2   Халық   ұғымындағы   адамгершілік   тәрбиесінің   мазмұны:   гуманизмді,
азаматтықты,  жағымды  адамгершілік  қасиеттерді,  ата-ана  алдындағы  парыз
сезімін, оларға деген сүйіспеншілігін. адалдығын, шыншылдығын қалыптастыру.

Адамгершілікке тәрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі
                                                           Ыбырай Алтынсарин
      1.  Жаңа  кезеңдегі  білім  берудің  өзекті  мәселесі   жас   ұрпаққа-
адамгершілік-рухани тәрбие беру.  Құнды  қасиеттерге  ие  болу,  рухани  бай
адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.
      Халықта «Ағаш түзу өсу  үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал
үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың»  деп  бекер  айтылмаған.  Сондықтан
баланың  бойына  жастайынан  ізгілік,   мейірімділік,   қайырымдылық,   яғни
адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп,  өз-өзіне  сенімділікті  тәрбиелеуде
отбасы мен педагогтар шешуші роль  атқарады.  Рухани  -адамгершілік  тәрбие-
екі жақты процесс.
      Бір жағынан ол  үлкендердің,  ата-аналардың,  педагогтардың  балаларға
белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін  қамтитын
қылықтарынан,  сезімдері  мен   қарым-қатынастарынан   көрінеді.   Сондықтан
белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың  әр  түрлі  әдістерін
пайдалана    отырып,    педагог    істелген     жұмыстардың     нәтижелерін,
тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.
      Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен  тұрады.
Олар  адамдардың  іс-қылықтарынан,  мінез-құлықтарынан  көрінеді,  моральдық
өзара  қарым-қатынастарды  басқарады.  Отанға  деген  сүйіспеншілік,   қоғам
игілігі  үшін  адам  еңбек  ету,  өзара   көмек,   сондай-ақ   қоғамға   тән
адамгершіліктің өзге де  формалары,  бұл-сананың,  сезімдердің,  мінез-құлық
пен  өзара  қарым-қатынастың   бөлінбес   элементтері,   олардың   негізінде
қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.
      Баланың  өмірге   белсенді   көзқарасының   бағыты   үлкендер   арқылы
тәрбиеленеді.  Тәрбиелеу,  білім  беру  жұмысының  мазмұны   мен   формалары
балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы  нақтыланады.  Адамгершілікке,  еңбекке
тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты  ұйымдастыру
процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.
   Әр баланың жеке басы- оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау-  бүгінгі
күннің және алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті көңіл  бөлуі
талап етіледі.
      Баланың  рухани-адамгершлік дамуы   отбасы арасындағы қарым-қатынастың
тығыздығы  артқан  сайын  ойдағыдай  жүзеге  асады.  Әрбір  бала  қандай  да
болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады.
      Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара  қарым-қатынастар,  адамгершілік
сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер  еңбегін  құрметтеу,
сондай-ақ  ұйымшылдық,  жауапкершілік,  парыздың  сезімі  сияқты  қасиеттер,
патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады.
       Балаларды   адамгершілікке  тәрбиелеудің  негізгі   міндеттері   мына
жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен  үлкендер
арасындағы саналы қарым-қатынас/ тұрмыстың  қарапайым   ережелерін  орындау/
кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау  және  т.  б./
Ұжымға тәрбиелеу,  балалардың  өзара  ұжымда  қарым-қатынасын  қалыптастыру,
Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне  қадір  тұту
және сыйлау.  Осылайша  мейірімділіктің  негізі  қаланады,  немқұрайдылықтың
пайда  болуына,  құрбыларына,  төңіректегі  үлкендерге  қалай  болса   солай
қарауға мүмкіндігі жасалмайды.
   Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана  сезімі  оянған,  рухани
ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор,  іскер,
бойында басқа  да  игі  қасиеттер  қалыптасқан  ұрпақ  тәрбиелеу.  Ертегінің
рухани тәрбиелік мәні зор. Ол  балаға  рухани  ляззат  беріп,  қиялға  қанат
бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол  қоры  бар
рухани азық, деп атап көрсеткен.
     Руханилық  жеке  тұлғаның  негізгі  сапалық   көрсеткші.   Руханилықтың
негізінде адамның мінез-құлқы  қалыптасады,  ар-ұят,  өзін-зі  бағалау  және
адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.
      Рухани-адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс  дағдылар  мен  өзін-өзі  ұстау
дағдыларының нормалары,  ұйымдағы  қарым-қатынас  мәдениетінің  тұрақтылығын
қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік  санасының  дәрежесі  оның  мінез-
құлқы мен іс әрекетін анықтайды.
   «Жақсымен  жолдас  болсаң-  жетерсің  мұратқа,  жаманмен  жолдас  болсаң-
қаларсың ұятқа...» «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» — деген  мақалдардан
көруге  болады.  Мақал-мәтелдер,   жұмбақ,   айтыс,   өлеңдер   адамгершілік
тәрбиенің арқауы. Үлкенді  сыйлау  адамгершіліктің  бір  негізі.  Адамзаттық
құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында,  әр  түрлі  ойындар,  хикаялар,
ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі.
   Адамгершілік-адамның рухани байлығы,  болашақ  ұрпақты  ізгілік  бесігіне
бөлейтін  руханиет  дәуіріне  жаңа  қадам   болып   табылады.   Адамгершілік
тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.
   Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары,  қарым-қатынастарында
қалыптасады.  Адамгершілік  қоғамдық  сананың  ең  басты  белгілерінің  бірі
болғандықтан,   адамдардың    мінез-құлқы,    іс-әрекеті,    қарым-қатынасы,
көзқарасымен сипатталады.
      Олар   адамды   құрметтеу,   оған   сену,   әдептілік,   кішіпейілдік,
қайырымдылық,  жанашарлық,  ізеттілік,  инабаттылық,  қарапайымдылық  т.  б.
Адамгершілік-ең  жоғары  құндылық  деп  қарайтын   жеке   адамның   қасиеті,
адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.
   Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес.  Жас  ұрпақтың
бойына  адамгершілік  қасиеттерді  сіңіру-  ата-ана  мен  ұстаздардың  басты
міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер.  Адамгершіліктің  қайнар
бұлағы- халқында, отбасында, олардың  өнерлерінде,  әдет-ғұрпында.  Әр  адам
адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен,  өзін  қоршаған  табиғаттан
бойына сіңіреді.
      Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын  ұлы  мұрат-міндеттерінің
ең бастысы  —өзінің  ісін,  өмірін  жалғастыратын  салауатты,  саналы  ұрпақ
тәрбиелеу.
      Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-
жақты  жетілген,  ақыл-парасаты  мол,  мәдени  —  ғылыми  өрісі  озық   етіп
тәрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
2   Халық   ұғымындағы   адамгершілік   тәрбиесінің   мазмұны:   гуманизмді,
азаматтықты,  жағымды  адамгершілік  қасиеттерді,  ата-ана  алдындағы  парыз
сезімін, оларға деген сүйіспеншілігін. адалдығын, шыншылдығын қалыптастыру.
      Адамгершілік тәрбиесінің  әрқайсысының  ерекшеліктерін  жетік  білетін
ұстаз халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді,  әдет-
ғұрыпты жан-жақты  терең  білумен  қатар,  өркениетті  өмірмен  байланыстыра
отырып, білім берудің барлық  кезеңдерінде  пайдаланғаны  дұрыс.  Ата-ананың
болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда.
   «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»дегендей, ата-ананың күн сайын
атқарып жүрген жұмысы- балаға үлкен сабақ. Жас  балалардың  үлкендер  айтса,
соны айтатынын, не  істесе  соны  істегісі  келетінін  бәріміз  де  білеміз.
Баланың үйден көргені,  етене  жақындарынан  естігені-ол  үшін  адамгершілік
тәрбиесінің  ең  үлкені,  демек   жақсылыққа   ұмтылып,   жағымды   істермен
айналысатын  адамның  айналасындағыларға  көрсетер  мен  берер  тәлімі   мол
болмақ..
   Жас  өспірім  тәлім-тәрбиені,   адамгершілік   қасиеттерді   үлкендерден,
тәрбиешілерден насихат жолымен емес,  тек  шынайы  көру,  сезім  қатынасында
ғана алады.
   Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық  құндылықтардың  қалыптасуы  осы
бағытта  жүзеге  асады,  сөйтіп  оның  өзі-өзі  тануына,  өзіндік   бағдарын
анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек.
   Жақсы  адамгершілік  қасиеттердің  түп  негізі  отбасында   қалыптасатыны
белгілі. Адамгершілік  қасиеттер  ізгілікпен  ұштастырады.  Әсіресе  еңбекке
деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде  өзін  көрсететін  балаларды
еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады.
   Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа  халықтардың  да
тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне  құрметпен  қарайтын  нағыз  мәдениетті
азамат қалыптасады.
   Қазақ  халқының  әлеуметтік  өмірінде  үлкенді  сыйлау  ұлттық   дәстүрге
айналған.  Отбасында,  балабақшада  ,  қоғамдық  орындарда  үлкенді   сыйлау
дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі.  Халқымыздың
тәлім-  тәрбиелік  мұрасына  үңілсек,  ол   адамгершілікті,   қайрымдылықты,
мейірбандықты дәріптейді.
   Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы  әдеттерге  баулыған.  «Үлкенді
сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің  мәні
өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді,  жарқын,
биязы, өзі парасатты болады.  Ондай  адамды  халық  «Иман  жүзді  кісі»  деп
құрметтеп сыйлаған.
   Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып,
мейірімділік,  қайырымдылық,  кішіпейілдік,  қамқорлық   көрсету,   адалдық,
ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы  үлкенді  сыйлауға,
кішіге ізет көрсетуге,  иманды  болуға,  адамгершілікке  баулу  адамгершілік
тәрбиесінің жемісі.
   Балаларды адамгершіліке   тәрбиелеуде  ұлттық  педагогика  қашанда  халық
тәрбиесін үлгі ұстайды. Ал, адамгершілік тәрбиелеудің  бірден-бір  жолы  осы
іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға  жасынан  бойына
сіңіре білсек,  адамгершілік  қасиеттердің  берік  ірге  тасын  қалағанымыз.
Адамгершілік- адамның рухани арқауы.
   Өйткені  адам  баласы  қоғамда  өзінің  жақсы  адамгершілік   қасиетімен,
адамдығымен, қайырымдылығымен  ардақталады.  Адам  баласының  мінез  құлқына
тәрбие  мен  тәлім  арқылы  тек  біліммен  ақылды  ұштастыра  білгенде  ғана
сіңетін, құдіретті, қасиеті мол адамшылық атаулының көрініс болып табылады.
   Халық  педагогикасы-нәрестенің  сезімін  ананың  әуенімен  оятатын  бесік
жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар,  қиял-  ғажайып
ертегілері,  ойындары,  тәрбиелеп  өсіру  негіздері  адамгершілік  ниеттерге
баулиды. Олай болса, адамгершілік тәрбие беру кілті — халық  педагогикасында
деуге болады.
   8-наурыз аналар мерекесіне арналған «Қыз сыны» сайысына ата-аналар  үлкен
жауапкершілікпен қатысты. Олар анаға байланысты мақал-мәтелдер жаттады.
   «Шеше көрген тон пішер, әке көрген оқ жонар» — демекші  қыздарымыз  түйме
тігіп, өз шеберліктерін көрсетті.
   Тәрбиешінің  алға  қойған  мақсаты,   баланың   бойына   ұлттық   саналық
қалыптасқан, халқының әдет-ғұрпын  салт-дәстүрлерін  көңіліне  тоқыған  дені
сау, шымыр да шыныққан, сымбатты, халықтың  тілін  білетін,  рухани  байлығы
мол, жан-жақты азамат тәрбиелеп өсіру.
    «Мен елімнің азаматымын» тақырыбына қосымша «7 мамыр  —  батырлыр  күні»
мерекесіне арналған «Ел қорғауға  әзірміз»  атты  көңілді  жарыс  өткізілді.
Осындай сайыстар арқылы өсіп келе  жатқан  жас  ұрпақ  ұландарымызды  Отанды
қадірлеп  қорғай  білуге   баулытамыз.   Балалар   осы   жарыста   өздерінің
шапшаңдылығымен, батылдығымен өз  Отанының  жас  ұландары  екенін  көрсетіп,
дәлелдеді.  Жарыстар  жас  жеткіншіктердің  бойында  адамгершілік   қасиетін
оятып, патриот болуға тәрбиелейді.
   Адамгершілік  тәрбиесінде  алдымен  баланы  тек  жақсылыққа-қайырымдылық,
мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса,  ұстаздың,  ата-ананың
да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиеттімді  мақтан  тұтам»,  —  депті  Ақан
сері. Олар: жалған  айтпадым,  жақсылықты  сатпадым  һәм  ешкімнен  ештеңені
қызғанбадым.
   Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде,
өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай  болса,  жеке  тұлғаны
қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне  сезіммен  қарап,  әрбір  іс-әрекетіне
мақсат  қоюға,  жоспарлауға,  оны  орындауға,  өзіне-өзі  талап  қоя  білуге
тәрбиелеу — адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты.  Мақсатқа  жету  үшін  сан
алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді  бала  бойына  жас  кезінен
бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.
      «Еліміздің күші- патшада, сәбидің  күші-  жылауында»  демекші,  біздің
күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз- адамгершілігімізде болуы  керек.  Ол  үшін
Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек-ұлы жеңіс болары анық.
      Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Қазақтарда  балаларды  оқыту  мен  адамгершілік  тәрбие  берудің  дәстүрлі
құралдарын атаңыз.
2.Жастарды этнопедагогика  құралдарымен  адамгершілікке  тәрбиелеу  жолдарын
анықтаңыз.
3. Халық ұғымындағы адамгершілік тәрбиесінің мазмұнын түсіндіріңіз.
4. Жағымды адамгершілік қасиеттер, азаматтықтық,  ата-ана  алдындағы  парыз,
оларға деген сүйіспеншілік.  адалдық,  шыншылдық  қасиеттерін  бала  бойында
қалыптастыру жолдарын анықтаңыз.
5. Қазақ халқының ғұлама педагогтарының еңбектеріндегі адамгершілік   туралы
жазған қанатты сөздерін, нақыл сөздерін айтыңыз.


Дәріс №13. Дәрістің атауы. Әсемдік халықтың идеалы. (1 сағат. 13 апта)
1  Халықтық педагогикасындағы эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары.
2. Әсемдіктің халықтық идеалы, эстетикалық талғам, ұғым, балаларды
қолданбалы өнер, музыка, халықтық әндер және билер, ертегілер, жырлар,
мерекелер, салт-дәстүрлер т.б. арқылы көркемдікке баулу.

      1.  Халық  педагогикасымен  айналысушылар   қоғам   дамуының   алғашқы
сатыларында–ақ  тәрбиеге  өзіндік   көзқарас   болғандығын,   мақсатқа   сай
тәрбиелеудің     жолдары      ойластырылғандығын      мәлімдейді.      Қазақ
этнопедагогикасының  қайнар-бұлағы  біздің  заманымызға   дейінгі   дәуірден
бастау алады. Ұлттық мәдениеттің  тегі  сол  ұлттың  ұлт  болып  қалыптаспай
тұрған кезінен бастап–ақ жеке  ұлыстардың  ұрпағын  тәрбиелеуден  туындағаны
белгілі. Балалардың жан-жақты дамуы үшін, әсіресе сұлулық пен  сымбаттылыққа
қанық болулары үшін оқу-тәрбие үрдісінде халықтық педагогиканы  қолдану  өте
маңызды.  Адамдардың  эстетикалық  сезімдері  олардың  өмірінде   зор   роль
атқарады.  Әсемдікті  көре,  түсіне,  жасай  білу  адамның   рухани   өмірін
байытады, қызғылықты етеді, оған  ең  жоғары  рухани  ләзаттануға  мүмкіндік
береді. Біз әр адамның  адамгершілікті  тұлғалық  мәнін  жан-жақты  дамытуға
ұмтыламыз,  сондықтан  әр  баланың  сезімін  нәзіктігін,  көркемдікті,  әсем
нәрсені  сүйенетіндей  етіп  дамытуымыз  керек.   Адамның   әсемдікті   және
жексұрындықты, сәулеттілік  және  ождансыздықты,  қуаныш  пен  қайғыны  т.б.
түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен  мінез  –  құлқы  айқындалады.
Осыдан келіп адамның әсемділікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы  керек
екендігі шығады. Оқушылардың жалпы  мәдениеті,  яғни  эстетикалық  тәрбиенің
маңызды  жақтары  ізеттілік,  ұқыптылық,  жылы   шырайлылық,   қайырымдылық,
тазалықты сақтау т.б. Жалпы эстетикалық мәдениет – бұл  қатынас  эстетикасы,
киім-кешек эстетикасы, үй-жағдай эстетикасы, манера, дене қимылы, т.б.  А.С.
Макаренко еңбектерінде бұл проблемаға зор мән берілген. Жеке адамның  сыртқы
мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы эстетикалық сұлулықтың  белгісі.
А.П. Чеховтың сөзімен айтқанда адамда: бет, киім, жан, ой – бәрі  сұлу  болу
керек.
    Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиенің белгілі жүйесінде  жас
буын жадына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы жолдар,  тиісті  тәсілдер  де
болған.  Мәселен,  мақал-мәтелдерде   адамгершілік,   имандылық   тәрбиесіне
байланысты әдеп-ғұрыптар насихатталса, жұмбақтар мен айтыстарда – ақыл –  ой
тәрбиесі, өлең, жыр-дастандарда - әсемдік (эстетикалық) тәрбиесінің  негізгі
принциптері,  ал  ертегілер  халықтық  тәрбиенің   сан   алуан   мәселелерін
қозғайтын  тәлімдік  материал   ретінде   пайдаланылған.   Демек,   халықтық
педагогика – тәлім-тәрбиелік ой – пікірдің  ілкі  бастауы,  халықтың  рухани
мұрасы.
    Қазақ халқының  тәлімдік  мәні  зор  ой  толғаныстары  бесік  жыры  мен
батырлық эпостарда, ертегілер  мен  аңыздарда,  шешендік  сөздер  мен  айтыс
термелерде, мақал-мәтелдерде көптеп  кездеседі.  Мұндағы  ұрпақ  тәрбиесінің
негізгі түйіні – адамгершілік-имандылық,  ақыл-ой,  еңбек,  эстетика,  дене,
отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге  келіп  тіреледі.  Қазіргі  кездегі
эстетикалық тәрбиенің міндеттерін шешу үшін  халықтың  осы  уақытқа  дейінгі
тәжірибесін меңгеру қажет. Мәдени құндылықтарды жасауда әр халықтың  өзіндік
ерекшелігі бар. Халық әрдайым  әсемдікті  іздеді,  қолдан  жасады  және  оны
өмірде, тұрмыста, еңбекте бекітуге тырысады.
    Оны халқымыз үй жиһаздарын  жасауынан  және  оны  әсемдікті  сезінудегі
тәрбие құралы ретінде пайдалануынан  көруге  болады.  Халқымыздың  тұрмысына
енген қолданбалы қолөнер бұйымдар, олардың әшекейленіп  жасалуы  эстетикалық
тәрбиеде өз алдына бір сала.
    Халықтық эстетикалық тәрбие жүйесінде лирикалық, үйелмендік, тұрмыстық,
әдет-ғұрыптық, еңбектік және т.б.  әндер  мен  өлеңдер  ерекше  орын  алады.
Бұлар да эстетикалық  тәрбие  құралдары  ретінде  қызмет  етті.  Халқымыздың
әндері, жанры және тақырыбы жағынан өте бай. Көптеген әндер би  қимылдарымен
байытылды.
    Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы - өнер. Ол  шындықты
көркем, сезімді қабылданылатын  бейнелер  арқылы  бере  отырып  және  осылар
арқылы адам сезімімен санасына әсер  етіп,  оның  көзқарасын  қалыптастыруға
жәрдем   етеді.   Қазақ   халқының    музыкалық    аспаптарының    түрлілігі
таңқаларлықтай  (домбыра,  шертер,  аса  таяқ,  шаңқобыз,   ұран,   жетіген,
үскірік, қамыс сырнай,  дабыл  т.т.).  Олар  бос  уақытта  пайдаланылып  жас
ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру ісіне қызмет етті.
    Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы өте зор болды.  Оның
мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып, жас  ұрпақ  санасын
әсемдік  сезімін,  талғамын,  қажеттілігін  билейді.  Эстетикалық  тәрбиенің
күрделі  мәселелерін  айқындауда  біз  халықтың   жинақтаған   педагогикалық
білімімен тәрбие тәжірибесіне сүйенуіміз қажет.
2 Әсемдіктің халықтық идеалы, эстетикалық талғам, ұғым, балаларды
қолданбалы өнер, музыка, халықтық әндер және билер, ертегілер, жырлар,
мерекелер, салт-дәстүрлер т.б. арқылы көркемдікке баулу.
    Тәрбие жүргізу ісінде үйрету, пайымдату, сендіру, әсерлендіру тәсілдері
қолданылады.  Ұлттық  тәрбие  үлгілерін  көрсетіп,  үйрету   үшін   сахналық
тәсілдерді қолданудың мәні зор. Сөзді жаттау, оны сахнада  мәніне  жеткізіп,
мәнерлеп  айта  білу,  өмір  құбылыстарын  әсерлендіре   көрсету,   кейіпкер
бейнесін айнытпай көрсету әрбір тәрбиеленушінің санасына  сан  қырымен  әсер
ететін құбылыс.
    Оқушы түсінігінің эстетикалық  жақтан  қалыптасуы  халықтық  педагогика
және тағы сол сияқты көптеген факторлардың  ықпал  ету  нәтижесінде  болады.
Сондықтан мектеп мұғалімдері оқушылардың  эстетикалық  талғамын  іс-жүзінде,
теория жүзінде де арттыра отырып, көрген білгендерімен сұлулықты  қабылдауға
көмектесуі керек.
    Оқушылардың эстетикалық сезімін дамыту оларға мынау  жақсы,  әдемі,  ал
мынау жаман, көріксіз деп ауызша айтуда ғана жүзеге аспайды,  сонымен  бірге
бала күнделікті тұрмыста да, мектепте де  эстетикалық  талғампаздықтың  үлгі
өнегесін күн сайын көріп отыруы керек.
    Ата-бабамыз сыртқы көрнекі сұлулық пен ішкі рухани  сұлулықты  мойындай
отырып, олардың орнын анықтауға  келгенде,  ішкі  рухани  сұлулыққа  көбірек
көңіл бөліп, мазмұн сұлулығына көбірек жан тартады.
    Балаға әдепті әсемдіктен бөліп түсіндіруге болмайды. Егер оларды  бөліп
айтуға  болатынын  мойындасақ,  онда   әдепсіз   сұлулықтың   да   болатынын
мойындауға тура  келер  еді  де,  сұлудық  өлшемдері  тек  сыртқы  белгілер,
симметрия,  пропорция,  түр-түстер  сәйкестігі,  т.б.  ғана  болып   шығады.
Орыстың атақты әдебиет сыншысы әрі эстет  В.Г.  Белинский  сұлулықты  барлық
уақытта моральмен бірге қабылдап келген қоғамдық тәжірибеге  сүйене  отырып:
«Сұлулық  шындықпен  моральмен  бір  туысқан.   Егер   шығарманы   көркемдік
құндылыққа ие десек, онда ол сөз  жоқ,  әдеп-инабаттылық  жағынан  да  құнды
болады», - дейді.
    Халқымыз дене сұлулығына, әсіресе қыз баланың  көрікті  болуына  ерекше
көңіл бөлген. Аналар «Аттың көркі – жал, қыздың көркі шаш»  деп  ұққан.  Қыз
баланың шашын жақсы өсіру  үшін  айранмен,  ірімшіктің  сары  суымен  немесе
қынамен жудырған. Шаштарын қос бұрым  немесе  бестемше  етіп  өру  бойжеткен
қыздардың көркі болған. Қыз бен жігіт айтысындағы: «Атымды әкем сүйіп  Несіп
қойған, шашымды бестемшелеп есіп қойған» деген сөз  тіркестері  осы  пікірді
дәлелдейді.
    Халық жанрларында аруларды «Шашының ұзындығы ізін басты» немесе  «Қыпша
бел, қиылған қас, қолаң шашты»  деп  сипаттаған.  Халық  даналығы  арулардың
киім киісіне де ерекше  мән  берген.  «Адам  көркі  –  шүберек,  ағаш  көркі
жапырақ», «Қыз өссе – елдің көркі»  деп  қыз  баланы  қынама  қамзол,  дүрия
бешпент, кәмшат бөрік, қос етек көйлек, биік өкше  етік  тіктіріп  кигізген.
Сырға, білезік, шолпы,  шашбау,  жүзік  сияқты  әшекей  заттарды  тақтырған.
«Қыздың көзі қызылда» деген мақал да қыз баланың әшекей  заттарға  үйірлігін
білдіреді. әзатылған қыздың ауылында айтылатын «Жар-жар», «Жұбату»,  «Сыңсу»
өлеңдерінде, келін түсіру тойларында  орындалатын  «Беташарда»  қыздың,  жас
келіннің басты – басты  киімдері,  сән-салтанаты,  сұлулық  бейнесі  мақтала
жырланған.
    Бала түсінігінің эстетикалық жақтан қалыптасуы халықтық педагогика және
тағы  сол  сияқты  көптеген  факторлардың  ықпал  ету  нәтижесінде   болады.
Сондықтан   мектеп мұғалімдері оқушылардың эстетикалық талғамын  іс-жүзінде,
теория жүзінде де арттыра отырып, көрген білгендерімен сұлулықты  қабылдауға
көмектесуі керек.
    Педагогикада   эстетикалық   көзқарасты   тәрбиелеу   тәрбиенің   басқа
салаларымен  тығыз  байланысы  қаралады.    Балалардың  ақыл-ой   тәрбиесін,
зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай  жүзеге  асыру  мүмкін  емес.  Еңбекке
тәрбиелеу – адамдардағы әсемдікті еңбек мазмұны мен процесін танымай  саналы
тәртіп  пен  мінез-құлықты  тәрбиелеу  мүмкін  емес.   Сондай-ақ   әсемдікке
көзқарасты тәрбиелеуді өмірден, белсенді іс-әрекеттен және  мұраттарға  жету
жолындағы күрестен оқшау қарауға болмайды.
    Сонымен эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі,  еңбектегі,  өмірдегі
ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық  тәрбие  адамда  дүниедегі
әдемілік  атаулыны  бағалай  білуге  үйретеді,  өнер  шығармаларын   тануға,
қастерлеуге  баулиды.  Эстетикалық  тәрбиенің  өзіне  тән  міндеттері   бар.
Олардың бірі – эстетикалық сезімді және  эстетикалық  қабылдауды  тәрбиелеу.
Өмірдегі, өнердегі әдемілікті     сезу және көру адамдарда  әртүрлі  болады.
Біреулер әдемілікке үңіле қарап, оның сырын білуге тырысады, ал  кейбіреулер
оған онша  мән  бермейді,  қалай  болса  солай  қарап  жанынан  өте  шығады.
Әдемілікті сезу үшін, оған түсіну үшін ең  алдымен  бейнелеу  өнері,  музыка
және ән саласынан әр бір адамда білім болуы керек. Білім адамды  әдеміліктің
объективтілік критерийлерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты  бағалай
біледі,  түсінеді.  Айналадағы  дүние  сезімталдық,   эстетикалық   қабылдау
қырағылығы,  ықыластылық,  қамқорлық  баланың  эстетикалық  дамуының  негізі
болады.
      Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Эстетикалық тәрбиені ұлттық педагогикамен ұштастыру жолдарын анықтаңыз.
2.Оқушылардың   эстетикалық   талғамын   қалыптастыру    жолдарын    атаңыз.
3.Оқушыларды қолданбалы өнер, музыка, халықтық әндер және билер,  ертегілер,
жырлар, салт-дәстүрлер арқылы көркемдікке баулу жолдарына анықтама беріңіз.
4.Халықтық педагогикадығы әсемдік, эстетикалық тәрбие,   эстетикалық  талғам
терминдерінің анықтамасы қандай?
5.  Халықтық  педагогикасындағы  эстетикалық  тәрбиенің  негізгі  бағыттарын
атаңыз.

Дәріс  №14.  Дәрістің  атауы.   Мектептегі   этнопедагогикалық   жұмыстардың
мазмұны. (2 сағат. 14 апта)
1  Этнопедагогикалық білімдерді мұғалімнің кәсіптік іс-әрекетінде қолдану,
этнопедагогика бойынша сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың түрлері.
2.Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріне  этнопедагогиканы  еңгізудің
қазіргі жағдайы «Атамекен»,  «Елім-ай»,  «Жұлдыз»,  «Кәусар  бұлақ»,  ұлттық
бағдарламалары, олардың  Қазақстан  Республикасыны  орта  және  жалпы  білім
беретін мектептеріндегі бағыттары және қолданылуы.

      1.Халықтық дәстүрлерді тәрбие процесінде пайдалануда бұл  дәстүрлердің
өсіп  келе  жатқан  адамға  психологиялық  әсерін  және  оларды   қолданудың
жолдарын  білу  керек.  Бұл  үшін  оларды  жан-жақты  зерттеу  және  алынған
нәтижелермен   студенттерді,   болашақ    мұғалімдер    мен    тәрбиешілерді
қаруландыру, оларға халықтық дәстүрлер мен педагогикалық  көзқарастар  жайлы
білім беру, олардың тәрбиелік мүмкіндіктерін ашу қажет.
      Тәрбие процесінің тиімділігі қандай да  бір  техникалық  жаңалықтарды,
қандай да бір ерекше айла-әдістерді енгізу жолымен емес, ал  нақты  халықтық
негіздерді балалар мен ата-аналар, кіші және  ересек  балалар,  балалар  мен
педагогтар, ата-аналар мен педагогтар және т.б. өзара байланысында  мейлінше
қайта  жаңартуда;  адамдар  арасындағы  қарым-қатынастарда  жалпы,   балалар
арасында жекелей алғанда сезгіштік, қайырымдылық, сергегтік, ақ  пейілділік,
ізгілік ахуалын туғызуда.
       Байланыстың  жақындығы   мен   қарым-қатынастың   тығыздығы   тұлғаны
қалыптастыру мен дамытудың шешуші шарттары бола алады.
      Сезімді тәрбиелеу мәселесі қазіргі педагогика үшін ой-өрісті  дамытуға
қатысты проблемаларға  қарағанда  күрделі  және  өзекті  мәселеге  айналуда.
Шынайы халықтық  негіздерді  толығырақ  енгізу  бұл  мәселені  шешуде  тірек
қызметін атқара алады.
      Оқушылардың танымдық әрекеті белсенділігін  арттыратын  және  оқытудың
тиімділігін жоғарылататын жаңаша әдістер мен  тәсілдер  неғұрлым  мол  оқыту
неғұрлым технологияландырылған болса, адамдық пен  адалдықтың,  қайырымдылық
пен мейірімділіктің халықтық дәстүрлеріне  соғұрлым  көп  көңіл  бөлу  талап
етілуі,  демек,  этникалық,  этикалық  және  психологиялық  құбылыстар   мен
мәліметтерге назар аудару мен соғұрлым көбірек  болуы  заңдылығы  оқыту  мен
тәрбиелеудің  үйлесімді  бірлігінің  ерекше  маңызды  методикалық  аспектісі
болып шығады.
       Тұлға  қалыптастырудағы  алға  жылжулар  қазіргі  бүкіл  ғылым   және
техникалық жетістіктерді оқыту процесінде тәрбиенің маңызды факторы  ретінде
барынша   қолдану   және   халықтық   пайдаланумен    байланысты.    Адамның
әлеуметтенуінде тәрбиенің халықтық дәстүрлері  Қазақстанның  тәуелсіз  алған
қазіргі жағдайында қоғамдық жаңаруы мен демократиялануы  ісіне  қызмет  етіп
тиісті орнын алуы қажет.
    Оқыту  мен  тәрбиелеу  арасындағы  үйлесімді   сәйкестік   жас   ұрпақты
қалыптастырып дамытуға жалпы халықтық  назар  аударумен  және  педагогикалық
дәстүрлердегі  бүкіл  шынайы  халықтықты   қайта   өркендетумен   қамтамасыз
етілмек.  Қоғамдық  рухани  мәдениетте  тәрбиелеудің  таусылмас  идеясы  мен
тәжірибесін  сақтаушы  халықтың  «педагогикалық  зердесі»  жасампаздық  роль
ойнауға қабілетті.
   Олай болса, халықтық педагогиканы пайдаланудың  бағдарламаларын  дайындау
қажеттігі туындайды.  Олар,  мәселен,  төмендегідей  бағыттарда  мазмұндалса
тиімді болар еді:
    ▪ Мақсат, міндеттерді  ұсыну,  оларға  жетудің  жолдары  мен  құралдарын
      анықтау (болжау бағыт);
    ▪  Халықтық  педагогика  жайлы   қажет   білімдер   және   педагогикалық
      дәстүрлердің озық мәніне түсінік беру (көпміндеттілігі,  көпұрпақтығы,
      сапалық   қасиеттерді   қалыптастырудағы   тәрбиелік    құндылықтардың
      сабақтастығы және т.б.) (хабарламалық білімдік бағыт);
    ▪  Тәлімдік  дәстүрде  негіз  қаланған  халық   даналығы   байлығы   мен
      тәжірибесіне оқушыларды тарту (практикалық бағыт).
   Халықтық тәрбие дәстүрлерін тұтас  педагогикалық  процесте  –  меңгерудің
шарттарын анықтаудың да мәні зор, яғни, олар:
    ▪  Педагогтардың  ұрпақтар  байланысын   отбасындағы   қарым-қатынастағы
      секілді әлеуметтік орта мен қатынаста балалар мен үлкендердің біріккен
      әрекеттерін ұйымдастыру жолымен қамтамасыз етуі;
    ▪   Халықтық    педагогикалық    мәдениетті    ауызша    шығармашылықтар
      туындыларымен, жазба  мұралар,  архитектуралық  ескерткіштер,  сәндік-
      қолданбалы өнер туындылары мен танысу арқылы меңгеру;
    ▪ Халықтық рухани байлығы мен тілін туғызушы  қайнар  көз  –  ана  тілін
      жетік игеру.
   Халықтық дәстүрлерді мақсатқа сай  педагогикалық  пайдаланғанда  ақыл-ой,
адамгершілік,   этикалық,   эстетикалық,   дене   және   еңбек   тәрбиесіне,
ұйымшылдықты қалыптастыруға қолайлы мүмкіндіктер туады.
   Сондықтан, балалар мен жастар тәрбиесін басқару халықтық  педагогикасының
озық идеялары  мен  тәжірибесін  қолдану  принциптерін  есепке  алып  жүзеге
асырылуы қажет (ұтытылған педагогикалық озық дәстүрлерді қазіргі  жағдайдағы
жаңадан   қалыптасып   жатқан   дәстүрлермен   ұштастыру);   қоғамдық-тарихи
тәжірибе,  халық   даналығы   берілісі   сабақтастығын   балалардың   отбасы
тәрбиесінде қамтамасыз ету; оқушыларды алдыңғы  қатардағы  дәстүрлерге  және
олардың белсенді қызметіне тарту:
 ▪  Оқушыларды  халық  педагогикасының  құралдарымен  тәрбиелеудің  мақсаты,
   міндеттерін, мазмұны мен әдістерін нақтылау және ғылыми  негіздеу  (мұның
   өзі оларды зерттеуді методологиялық жетілдіруді талап етеді).
2.Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріне  этнопедагогиканы  еңгізудің
қазіргі жағдайы «Атамекен»,  «Елім-ай»,  «Жұлдыз»,  «Кәусар  бұлақ»,  ұлттық
бағдарламалары, олардың  Қазақстан  Республикасыны  орта  және  жалпы  білім
беретін мектептеріндегі бағыттары және қолданылуы.
      Қоғамның   рухани   байлығын    арттыруға    жәрдемдесетін    халықтық
педагогиканың  озық  идеялары  мен  жағымды  тәжірибесін,  жекелей  алғанда,
дәстүрлерін (әсіресе, еңбек, қолөнер және мәдени), әдет-ғұрыптар мен  мінез-
құлық нормаларын әрі қарай зерттеу үшін  іріктеген  жөн  және  педагогтарға,
тәрбиешілерге, ата-аналарға ұсыну қажет.
       Мектептер   үшін   ата-бабалар   қол   еңбегі   мен   халықтық   өзге
жетістіктерді,  халықтық  медицина   тәжірибесі,   адамның   мінез   құлқына
талаптары және т.б. қамтып көрсететін құрал қызметін атқарушы  «Қазақ  халқы
педагогикасы» қолайлы хабар көзі даярланып, жарық көрсе пайдалы болар еді.
       Халықтың  педагогикалық  шығармашылығы  мұраларын   сабақтауда   және
сабақтан тыс жұмыстарда жүйелілікпен  пайдаланған  тиімді.  Ауызша  халықтық
шығарма,  туған  тіл  баланың  жан  дүниесіне  енеді.   Мақалдар,   мәтелдер
балаларды терең ойларды қысқа түрде, анық білдіруге үйретсе,  жұмбақтар  ой-
өрісті кеңейтеді; ойындар бала организмін жетілдіреді,  тұлғаның  моральдық-
жігерлілік және дене күші сапаларын арттырады. Басқаша айтқанда, бұлар ақыл-
ой, адамгершілік және  дене  тәрбиесі  құралдары,  әдістері  мен  тәсілдерді
қызметін атқаруы қажет.
      Халықтық  ауызша  шығармашылығын  оқып  үйрену  барысында  патриотизм,
ұйымшылдық,   халықтар    ынтымағы,    гуманизм,    үлкендерді    құрметтеу,
қарапайымдылық, сыпайылылық, адалдық және адамның  моральдық  кейпінің  өзге
де тұстарын тәрбиелеуге ерекше көңіл аударған жөн. Халықтың өткендегі  өмірі
мен  бүгінгі  жағдайы  айырмашылығын  жан-жақты  ашып  көрсетуге   мүмкіндік
беретіндіктен эпостарды оқып  үйрену  негізіне  салыстыру  мен  теңеу  әдісі
алынғаны тиімді болар еді.
      Халық  шығармашылықтарының  тәрбиелік  мүмкіндіктерін  қазіргі  тәрбие
мақсаты және міндеттерімен тығыз байланыста қарастырудың да мәні зор.
       Оқушыларда   халық   шығармашалығының   көркемдік   құндылығы   жайлы
шығармашылығының  көркем  дік  құндылығы  жайлы  түсінік  қалыптастыру  үшін
кіршіксіз  арман  мен  өмір  орнықтырушы,  көңіл  күйді  алып  беруші  болып
табылатын  кейіпкер  бейнелерін  көңілге  қонымды   пайдалана   алу;   халық
туындылары, тілі музыкасы, әні, өнерінің мәнерлілігі, әуенділігі,  көркемдік
айқындылығын көрсету қажеттігі туындайды.
        Адамгершілікке  тәрбиелеу  процесінде  озық  халықтық   дәстүрлерді,
жоғары идеялық ертегілер, мақалдар, мәтелдер,  жұмбақтарды  қолдану  тиімді.
Халық  педагогикасынан  өнегелерге  кластан  тыс   жұмыста,   газеттер   мен
журналдар беттерінде, радио мен теледидар хабарларында тиісті  орын  берілуі
керек.
       Халықтық  педагогика  мектепке  дейінгі  және  мектептен  тыс  тәрбие
мекемелерінде жүргізілетін тәрбие бойынша жұмыстарды сол  не  өзге  деңгейде
байытуы  тиіс.  Халық  педагогикасы  материалдарымен   жұмысқа   оқушылардың
өздерін қатыстырған пайдалы. Үйірмелер,  байқаулар,  тақырыптық  кештер  мен
конференциялар ұйымдастыру осы мақсатқа бағытталғаны жөн.
       Тәрбиеші оқушыға, оқушы  тәрбиешіге  әсер  ету  болған  жағдайда  екі
жақты процесс іске асады. Ортақ әрекет болуы керек. Мұғалім  оқушы  –  оқушы
мұғалім орнына тұра білуі керек. Тәрбие  іс-әрекет  болғандықтан  оқушы  мен
оқытушы орта істі шеше білу керек. Сөйтіп, нәтижеде  бүкіл  оқушылар  ұйымы,
ата-аналар тобы коллектив болып  шеше  алмаса  олардың  жұмысын  ноль  деуге
болады. Ал коллектив сыныпта қалыптаса сынып жетекшісі жоқ болса  да  өздері
атқара береді. Мұндай жағдай жеке  бастың  жан-жақты  дамуына  ықпал  етеді.
Егер осы дәрежеге жетсек тәрбие жұмысының мақсатына жеткеніміз.
          Жалпы  білім  беретін  орта  мектептің  тәрбие  жүйесі  бірін-бірі
толықтыратын, сабақтастыратын негізгі екі бөлімнен тұрады.
   1-ші бөлім: Оқу, білім беру саласындағы тәрбие.
   2-ші бөлім: Арнайы тәрбие.
       Қазіргі  кезде  жаңа  жасалып  жатқан  оқулықтар   мен   бағдарламада
ескертетін жағдай-бастауыш буыннан  бастап  білім  мазмұны,  Қазақ  халқының
өмір  тәжірибесі,  салт-дәстүрі,  шаруашылық   жүргізу   тәсілдері,   рухани
байлығы, саяси әлеуметтік, экономикалық ерекшелігін ескеру.  Сонымен  қатар,
дүниежүзілік мәдениет, ғылым, техника жетістіктерін әлем  халықтарының  озат
тәжірибесімен дәстүрлерін пайдалану.
       Бұдан былай мектептерімізде мақсатын көздеген арнайы  пәндер  болады.
Олар:
   1. Өнер және Әдеп. /6-7 кл. Арналған/.
   Ұлттық өнер мен әдеп жайында жүйелі білім беру. Өнердің  әрбір  саласының
іші мазмұнын ашу, баланың жеке қабілеті мен  дарынын  ояту,  шығармашылыққа,
іскерлікке үйрету;  халқымыздың  ізгі  қасиеттерін  баланың  бойына  сіңіріп
имандылық мінез-құлқын қалыптастыру.
   2. Қазақ халқының салт-дәстүрі. /8-9 кл. арналған/.
    Халқымыздың  ұлттық  ерекшелігін,  психологиясын,  дүниетанымын,   ойын,
тұрмыс-тіршілігін,   салт-дәстүрлерін   олардың   санасына   сіңіру   арқылы
халқымыздың ұрпақты тәрбиелеудегі, әулет жалғастырудағы  өмір  тәжірибесінен
түсінік беру.
   3. Ұлттық мәдениет тарихы. /10-11 кл. үшін/.
   Оқущылардың жас  шамасын  ескере  отырып  қазақ  халқының  бай  тарихынан
/әдебиет, сәулет, бейнелеу, қолданбалы өнерлерді,  спорт  ойындары,  ән-күй,
тәлім-тәрбие тарихы т.б./ жүйелі мәлімет беру. Ұлттық санасын  азаматтығының
негіздерін қалыптастыру.
   Мұнымен қатар білім министрлігі бекіткен «Қазақ мектептері  мен  мектепке
дейінгі  балалар  мекемелеріндегі   имандылық-эстетикалық   тәрбие   берудің
кешенді бағдарламасы бар».
   Мектептегі тәрбие жүйесінің екінші бөлімі  –  арнайы  тәрбие.  Бұл  түрлі
әдіс-тәсілдерге,  баланың  іс-әрекеті   мен   қарым-қатынасына   негізделген
оқытудағы тәрбие беру жұмысының мазмұндас жалғасы.
    ←  Халықтың,  мәдениетін,  өнерін,  ғылымының  тарихи  даму   негіздерін
      зерттеу;
    ← Отбасы және мектепке дейінгі тәлім-тәрбиені байланыстыра  отырып  жаңа
      мазмұнды «Атамекен», «Сөз зергері»,  «Қол  өнері»,  «ұлттық  ойындар»,
      «сөз  хат»,  «Шежіре»,  «Шешендік  өнер»,  т.б.   үйірмелер,   клубтар
      ұйымдастыру.
    ← Ақындар, терме-жыршылар кластарын ашу;
    ← «Әкелер», «әжелер», «енелер», «келіндер» мектептерін ұйымдастыру;
    ← Үй шаруасы сабағын ұлттық тәрбие кезіне айналдыру.
    ← Ата тарихын зерттеу, зерделеу.  Сол  арқылы  баланы  ел  тарихына,  өз
      әулетіне, тегіне үңілуге баулу;
    ←    Тарихи-этнографиялық    орындарда/ұлы    жібек     жолы,     жоңғар
      қапасы/зерттеу, мазмұны саяхаттар ұйымдастыру.
    ← Ғылым, мәдениет қайраткерлерімен,  көпті  көрген  қариялармен  кездесу
      кештері, пікір алысу.
    ← Жоғары кластарда халықтың ауыз әдебиеті үлгілері,  шежірелері  бойынша
      шығармашылық сайыстары өткізуді дәстүрге айналдыру;
    ← Киноклубтар жұмыстарын жандандыру;
    ← Ұлттық ойындар сайысын ұйымдастыру;
    ← Отбасы мен мектептің жұмысындағы бірлікті  күшейту  мақсатында  «Халық
      педагогикасы университеттерін» ұйымдастыру.
    Қазақ  мектептеріндегі  ұлттық  тәлім-тәрбие   жұмысының   бағдарламасын
айтқанда әсіресе 6-11 кластарға  арналған  «Атамекен»  бағдарламасының  ролі
ерекше. «АТАМЕКЕН» - Қазақстандағы жалпы білім  беретін  мектептердегі  оқу-
тәрбие процесінің өзіндік  ұлттық  айшық,  ерекшеліктерін  анықтайтын  қазақ
халқы  педагогикасының  тәлім-тәрбиелік  принциптеріне  негізделген  ғылыми-
педагогикалық және методикалық бағдарлама болып табылады.
    Бағдарламаның  негізгі  мақсаты  ұлттық  өзіндік  ерекшеліктерді  ескере
отырып,  оқу-тәрбие  жұмысының  жаңа   үлгісіндегі   жобасын   балалар   мен
ересектерді біріктіретін, ауылдық,  аудандық,  қалалық,  облыстық,  аймақтық
«Атамекен»  ордасын/штабын/  құру.  «Елім-ай»  атты   ұлттық   этнографиялық
іскерлік, шығармашылық /творчествалық/ -  көріністік  ойындарын  өткізу,  өз
Туын, елтаңбасы /эмблемасын/, төсбелгісін /значогін/, ұлттық  киім  формасын
және өзге рәсімдік-символдық белгілерді иелену әрбір мектепте тарихи  ұлттық
этнографиялық музейлер ашу.
    Қызметі:  «Атамекен»  негізгі  30  шығармашылық  бағыттан  тұрады.  Онда
халықтың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары,  тарихы,  этномәдениеті,  этностық
тілдері рухани игіліктерін қолдана отырып, балық  ағарту-тәрбие  процестерін
кешенді /комплексті/ түрде қарастырған.  Шығармашылық  бағыттарды  толығынан
жүзеге асыру үшін мектептерде, мектептерден тыс  мекемелерде,  педагогикалық
жоғарғы оқу орындары мен училищелерінде іс-әрекет  етуші  штабтар-«Атамекен»
ордасы құрылады. Орда төрағасы, орынбасарын, 3 бірлестіктіің жетекшілерін 1-
4   класс   «Балдырғандар   ата-баба    елінде»,    5-8    кластар-«Мұрагер»
бірлестіктерін құрып, сайлап толық шығармашылық жұмыстар жүргізіледі.
   Әрбір бірлестік өздерінің  жас  ерекшеліктеріне  қарай  және  тілектеріне
қарай  бағыттарын   белгілейді.   Олар   белгілі   бір   мерзімдер   бойынша
бірлестіктерге  тапсырылып  салтанатты  және  дәстүрлі  түрде  жалғастырылып
отырады, қоғамдық пікірлер арқылы өзгертіліп және толықтырылып отырады.
   Әрбір шығармашылық  бағыт  өзінің  ұлттық-рәсімдік  символдық  елтаңбасын
/эмблемасын/ иеленеді.







   1. Сендіру-сөзге негізделген баяндама, әңгіме, диспут, лекция – бұл ең
      жетекші әдісі. Сөйтіп бұл әдісті сендіру әдісі деп айтамыз.
   2. Практикалық  әдіс.  Жағымды  мінез-құлыққа  жаттықтыру  –  оған  түрлі
      тапсырмалар  беру.  Қоғамдық  азаматтық,  пионерлік   тапсырма   беру.
      Спортқа, түрлі үйірмелерге, экскурсияға қатыстыруға тапсырмалар  беру;
      Ойындар пәнді, әскери т.б.  жылжымалы  ойындар  арқылы  жығымды  әдет-
      ғұрыпқа тәрбиелеу.
   3. Ынталандыру – мұны Бабанский стимуляция жасау деп  атайды,  көтермелеу
      және  жазалау  бұл  педагогикада  көмекші  қосымша   әдістер   ретінде
      қарастырылады.
   4.  Өзін-өзі  тәрбиелеу  –  Сухомлинский:  «Бала   өзін-өзі   жетілдіруге
      икемделмесе оны жүз мұғалім де тәрбиелей  алмайды»,  -  дейді.  «Менің
      атым Қожа» -  Қожаның  айна  алдына  отырып  өзіне-өзі  бұйрық  беруі.
      (Абайдың қара сөздері).
      Этнопедагогика-  ғасырлар  бойы  қалыптасып,  одан  әрі  қарай  дамып,
келешекте  кемелдене  беретін  ғылым.  Оның   философиялық,   дүниетанымдық,
мәдениеттанымдық, тәрбиелік мәнін жан-жақты терең  зерттеп,  ғылыми  жүйесін
саралап,  сараптап  пайдалану  ісі  аса  жауапкершілікпен   қажырлы   ғылыми
еңбектерге байланысты. Мектептерде арнайы сабақтар, жоғары  оқу  орындарында
арнайы курстар ұйымдастыру қажеттіліктері  туындауда.  Өйткені  барлық  оқу-
тәрбие,  ғылыми  зерттеу  жұмыстары  этнопедагогикамен  байланысты   жүргізу
тиімді,  әрі  нәтижелі  болу.  Барлық  жерде  оқу  тәрбие  ісін   ұлттандыру
мақсаттарын жүзеге асыру үшін этнопедагогика пәні  негізгі  тірек,  қозғаушы
күш бола алады.
      Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Этнопедагогика бойынша сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың қандай  түрлері
бар?
2.Этнопедагогикалық білімдерді  мұғалімнің  кәсіптік  іс-әрекетінде  қолдану
жолдарына түсініктеме беріңіз.
3.«Атамекен», «Елім-ай», «Жұлдыз», «Кәусарбұлақ»,  ұлттық  бағдарламаларының
мақсатын түсіндіріңіз.
4.Қазақстан Республикасыны орта және  жалпы  білім  беретін  мектептеріндегі
ұлттық тәрбиені жүзеге асыру жолдары қандай?

























              3. Этнопедагогика пәні бойынша практикалық сабақ
                                тапсырмалары.

№1. Практикалық сабақ атауы. Этнопедагогиканың методологиялық негіздері.
1.Халықтық педагогиканың мазмұны және негізгі қызметі
2. Этнопедагогиканың басқа ғылым салаларымен байланысы
3. Халықтық педагогикалық көзқарас және этнопедагогика.
      Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Халық педагогикасы  туралы  ғалымдардың  көқарастарындағы  айрмашылықтарды
көрсет
2.Халық  педагогикасы  мен  ғылыми  педагогиканың  қағидаларының  үндестігін
салыстыра отырып ажыратып бер.
3.Этнопедагогика  қандай  ғылым  салаласынан  бөлінген?  Қандай   салалармен
байланысты?
4.Халықтық педагогиканың қандай негізгі қағидалары бар?
5. Этнопедагогиканың пайда болуына қандай теория әсерін тигізді?

№2.  Практикалық  сабақ  атауы.  Этнопедагогика  және  оның  қалыптасуы  мен
дамуының тарихы. (1 сағат.2 апта)
1.Халықтың  әлеуметтік  тәжірибесі  мен  халықтық  дәстүрлері  педагогикалық
ойдың дамуының негізі
2.Орта  ғасырдағы  Орта  Азия  және  Қазақстанның  жас  ұрпақ  тәрбиелеудегі
халықтық   педагогикалық   дәстүрлерінің   мәні    туралы.    Я.А.Коменский,
И.Г.Песталоции,   Ш.Уәлиханов,   А.Құнанбаев,   К.Д.Ушинский,   Ы.Алтынсарин
шығармаларындағы тәрбиенің халықтық қағидасы.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Этнопедагогика пәні қалай қалыптасты?
2. Этнопедагогиканың маңызды қасиеттерін сипаттаңыз.
3.«Этнопедагогика» мен  «халықтық  педагогика»  ұғымдарының  өзара  қатынасы
қандай?
4.Орхон-енисей   ескерткіштеріндегі   халық   педагогикасының   көріністерін
түсіндіріңіз.
5.А.Байтұрсыновтың лингвистикалық, ағартушылық еңбектерi.
6.Ш.Құдайбердиевтiң дiни-философиялық көзқарастарына сипаттама бер.
7.Я.А.Коменский бойынша отбасылық тәрбиенің тақырыбын ашып көрсет.
8.К.Д.Ушинскийдің    педагогикалық    идеяларының    қазіргі    адамгершілік
тәрбиесінің теориясына қандай маңызы бар.

№3.  Практикалық  сабақ  атауы.Этнопедагогиканың  этникалық  компоненті.  (1
сағат. 3 апта)
1.Этнос, ұлт және халық ұғымдары
2.Этностар  мәдениетін  зерттейтін  қоғамдық  ғылымдар  және  олардың  өзара
байланысы
3 Қазақ этносының пайда болу тарихы
      Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.«Этнос» ұғымының «халық» және «ұлт» ұғымдарымен байланысы қандай?
2.Этностың шығу тегін қалай сипаттауға болады?
3.Этнос мәдениеті қай кездерден бастап зерттеле бастады,  және  оған  кімдер
қатысты?
4.Қазақ этносының қалыптасуына үлес қосқан адамдар жайлы айтып бер.

№4. Практикалық сабақ атауы.Этнопедагогика бойынша зерттеулерді талдау. (1
сағат. 4 апат)
1.Этнопедагогика әдіснамасы.
2.Интегративті этнопедагогика.
3.Этнопедагогикалық менеджмент.
4.Этнопедагогикалық антропология.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Интегративті этнопедагогика терминіне анықтама беріңіз.
2.Менеджмент терминінің этнопедагогика ғылымына байланысын көрсетіңіз.
3.Антропология мен педагогика ғылымының байланысын анықтаңыз.
4.Этнопедагогиканың басқа ғылымдарымен байланысы қандай?
5.Этностар тарихына әсер ететін факторларды ата.
6.Этностарды зерттеуде тарихи-педагогикалық зерттеулерге қойылатын  талаптар
қандай?

№5. Практикалық сабақ атауы. Қазақ этнопедагогикасы. (1 сағат. 5 апта)
1. Қазақ этнопедагогикасының негіздері, қызметі, ұстанымдары, заңдылықтары.
2.Қазақтың халықтық педагогикасының қайнар көздері.
3 Қазақтың халықтық педагогикасының мазмұны.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Қазақ этнопедагогикасының өзіндік ерекшеліктері қандай?
2.Қазақтың халықтық педагогикасының қайнар көздерін ата.
3.Қазақтың халықтық педагогикасының мазмұны қандай?
4.Қазақтың халықтық педагогикасының ұстанымдары қандай?
5.Қазақ этнопедагогикасының көздеріне не жатады?
6.Халықтық педагогикада ұрпақтар сабақтастығы қандай рөл атқарады?
7.Халық педагогикасының тарихи тәрбиелік мәні қандай?

  №6. Практикалық сабақ атауы.Этномәдениет – этнопедагогика негізі ретінде.
1.Этникалық мәдениет және білім. Этномәдени білім туралы  түсінік.  Білімнің
мәдени сәйкестілігі.
2 Қазақстанда этномәдени қызығушылықтарды жүзеге асыру.  Этномәдени  білімді
іске  асыру   ұстанымдары.   Мәдениетаралық   толеранттылық.   Полиэтникалық
білімдік орта.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Этникалық мәдениет дегеніміз не?
2.Этномәдени білім туралы түсінік.
3.Қазақстандағы этномәдениеттің қалыптасуы.
4.Этномәдени білім ұғымының мәнін анықтаңыз.
5.Қазақстан халқының Ассамблеясының негізгі міндеттері туралы не білесіз?
6.Ғалым-зерттеуші Ж.Наурызбайдың ұлттық білім туралы көзқарасы қандай?

  №7. Практикалық сабақ атауы.Тұлға қалыптастырудағы халықтық  педагогиканың
негізгі факторлары. (1 сағат. 7 апта)
1  Тұқышқуалаушылық, орта, тәрбиеге деген халықтық көзқарас.
2 Табиғат. Қарым-қатынас. Тұрмыс.
3 Балалар ортасының уақытша топтар, артельдер,  ұжымдар.  Халықтық  ойындар,
жарыстар.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Халықтық тәрбие құралдарына нелерді жатқызуға болады?
2.Қазіргі тәрбие құралдары  мен  ертеректе  қолданылған  тәрбие  құралдарына
қандай салыстырмалы талдау жасауға болады?
3.Халықтық   тәрбиені   зерттеген   педагог   ғалымдарды    атап,    олардың
педагогикалық ойларын талда.
4.Хлықтық педагогикадағы «Жетілген тұлға»  дегеніміз кім?
5.Тұлға қалыптасуына әсер ететін халықтық педагогикалық факторларды ата.

  №8. Практикалық сабақ атауы.Халық идеалындағы «жетілген  тұлға»  және  оны
тәрбиелеудің тәжірибесі. (1 сағат. 8 апта)
1  Халық ұғымындағы тұлға.
2 Балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі халық ауыз әдебиеті және оның  жанрлары,
мақал-мәтелдер адамгершілік, имандылық тәрбиесінің құралы ретінде.
3.Халық ертегілері. Этнос. Аңыздар. Балалар фольклоры.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Жетілген тұлға туралы түсінік бер?
2. Халықтық педагогикадағы «Жетілген тұлға» ұғымының мәнін ашыңыз.
3. Жетілген тұлға тұлғасын тәрбиелеудің негізгі міндеттері.
4. Абай Құнанбаевтың «Жетілген тұлға» туралы көзқарасы қандай?
5.Тәрбиенің халықтық жүйесінің қалыптасуына ықпал еткен жағдайлар.
6.Ауызша поэзия. Оның түрлері.
7. Халық ұғымындағы тұлғаны бейнелеңіз.
8. Халық ауыз әдебиеті және оның жанрларын атаңыз.
9.Мақал-мәтелдер  адамгершілік,   имандылық   тәрбиесінің   құралы   ретінде
қолданудың мақсаты?

  №9. Практикалық сабақ атауы.Халық педагогикасындағы балалар  мен  жастарды
өмірге тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі халықтық педагогиканың негізі ретінде.  (1
сағат. 9 апта)
1.Отбасының әлеуметтік тарихи дамуы.
2  Халықтық педагогикадағы  отбасындағы  қыз  және  ер  балалар  тәрбиесінің
ерекшеліктері.
3  Отбасы тәрбиесінің жетекші ұлттық дәстүрлері.
      Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Отбасында   халықтық   педагогика   тұрғысында    тәрбиелеудің    мақсатын
түсіндіріңіз.
2.Халықтық   педагогикада  ұл  мен  қызды  болашақ  өмірге  баулу   жолдарын
анықтаңыз.
3.Халықтық  педагогикадағы  отбасындағы  қыз  және  ер  балалар  тәрбиесінің
ерекшеліктері неде?
4.Отбасы   тәрбиесі   халықтық   педагогиканың   негізі   ретінде   мақсатын
түсіндіріңіз.
5.Отбасы тәрбиесінде  ұлттық дәстүрлері қолдану жолдарын көрсетіңіз.

   №10.  Практикалық  сабақ  атауы.Ақыл-ойды  дамыту   халық   қамқорлығының
бастауы. (1 сағат. 10 апат)
1.Ақыл-ой тәрбиесіне халықтық көзқарас.
2  Балаларды  білімге,  ой  өрісті  кеңейту  икемділіктері  мен  дағдыларына
таратудың халықтық құралдары.
3  Халықтық білімдер және оны күнделікті өмірде қолдану.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Халықтық педагогикадығы ақылайды дамыту құралдарын атаңыз.
2.Дүниетаным дегенімізді қалай түсінесіз.
3.Өмірлік дағдыларына қалыптастырудың  халықтық құралдарын атаңыз.
4.Халықтық педагогикады ақыл-ойды дамыту жолдарын анықтыңыз.
5.Халықтық  ақыл-ой тәрбиесіне анықтама беріңіз.
6.Балаларды білімдендіру, ой-өрісін кеңейтудің  халықтық құралдарын  атаңыз.

7.Халықтық білімдерді күнделікті өмірде қолдану әдістемесін көрсетіңіз.

   №11.  Практикалық  сабақ  атауы.Еңбек  халық  педагогикасының  өзегі.  (1
сағат.11апта)
1  Халықтық еңбек дәстүрлері және олардың педагогикалық мәні.
2   Еңбек дәстүрлі түрлерін үйрету.
3  Еңбек тәрбиесінің әдістері: түсіндіру, әрекет түрлерін көрсету,  жаттығу,
өсиет, мадақтау, тыйым т.б.
      Өзін-өзі тексеру сұрақтары
              4. Халықтық еңбек дәстүрлері және олардың  педагогикалық  мәні
                 қандай?
              5. Еңбектің дәстүрлі түрлерін ата.
              6. Еңбек  тәрбиесінің  әдістері,  түсіндіру,  әрекет  түрлерін
                 көрсету, жаттығу өсиет, мадақтау, тиым т.б. жайлы айт.

  №12. Практикалық сабақ атауы.Халық ұғымындағы  адамгершілік  тәрбиесі.  (1
сағат. 12 апта)
1  Халықтық  педагогикада  балаларды   адамгершілікке  тәрбиелеудің  негізгі
міндеттері.
2   Халық   ұғымындағы   адамгершілік   тәрбиесінің   мазмұны:   гуманизмді,
азаматтықты,  жағымды  адамгершілік  қасиеттерді,  ата-ана  алдындағы  парыз
сезімін, оларға деген сүйіспеншілігін. адалдығын, шыншылдығын қалыптастыру.
      Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Қазақтарда  балаларды  оқыту  мен  адамгершілік  тәрбие  берудің  дәстүрлі
құралдарын атаңыз.
2.Жастарды этнопедагогика  құралдарымен  адамгершілікке  тәрбиелеу  жолдарын
анықтаңыз.
3. Халық ұғымындағы адамгершілік тәрбиесінің мазмұнын түсіндіріңіз.
4. Жағымды адамгершілік қасиеттер, азаматтықтық,  ата-ана  алдындағы  парыз,
оларға деген сүйіспеншілік.  адалдық,  шыншылдық  қасиеттерін  бала  бойында
қалыптастыру жолдарын анықтаңыз.
5. Қазақ халқының ғұлама педагогтарының еңбектеріндегі адамгершілік   туралы
жазған қанатты сөздерін, нақыл сөздерін айтыңыз.

  №13. Практикалық сабақ атауы.Әсемдік халықтың идеалы. (1 сағат. 13 апта)
1. Халықтық педагогикасындағы эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары.
2. Әсемдіктің халықтық идеалы, эстетикалық талғам, ұғым, балаларды
қолданбалы өнер, музыка, халықтық әндер және билер, ертегілер, жырлар,
мерекелер, салт-дәстүрлер т.б. арқылы көркемдікке баулу.
      Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Эстетикалық тәрбиені ұлттық педагогикамен ұштастыру жолдарын анықтаңыз.
2.Оқушылардың   эстетикалық   талғамын   қалыптастыру    жолдарын    атаңыз.
3.Оқушыларды қолданбалы өнер, музыка, халықтық әндер және билер,  ертегілер,
жырлар, салт-дәстүрлер арқылы көркемдікке баулу жолдарына анықтама беріңіз.
4.Халықтық педагогикадығы әсемдік, эстетикалық тәрбие,   эстетикалық  талғам
терминдерінің анықтамасы қандай?
5.  Халықтық  педагогикасындағы  эстетикалық  тәрбиенің  негізгі  бағыттарын
атаңыз.

  №14.  Практикалық  сабақ  атауы.Мектептегі  этнопедагогикалық  жұмыстардың
мазмұны. (2 сағат. 14-15 апта)
1  Этнопедагогикалық білімдерді мұғалімнің кәсіптік іс-әрекетінде қолдану,
этнопедагогика бойынша сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың түрлері.
2.Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріне  этнопедагогиканы  еңгізудің
қазіргі жағдайы «Атамекен»,  «Елім-ай»,  «Жұлдыз»,  «Кәусар  бұлақ»,  ұлттық
бағдарламалары, олардың  Қазақстан  Республикасыны  орта  және  жалпы  білім
беретін мектептеріндегі бағыттары және қолданылуы.
      Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Этнопедагогика бойынша сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың қандай  түрлері
бар?
2.Этнопедагогикалық білімдерді  мұғалімнің  кәсіптік  іс-әрекетінде  қолдану
жолдарына түсініктеме беріңіз.
3.«Атамекен», «Елім-ай», «Жұлдыз», «Кәусарбұлақ»,  ұлттық  бағдарламаларының
мақсатын түсіндіріңіз.
4.Қазақстан Республикасыны орта және  жалпы  білім  беретін  мектептеріндегі
ұлттық тәрбиені жүзеге асыру жолдары қандай?
                    4. Білім алушылардың өздік жұмыстары.


 |Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні                      |Ақпараттық    |
|Мақсаты: Мақал-мәтелдерді тәрбие процесінде қолдана   |жоба (топқа   |
|білу жолдарын меігерту. Мақал мәтелдердің             |бөлініп буклет|
|Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні                      |жасаңыз)      |
|Тапсырма:                                             |              |
|1.Төрт түлікке байланысты                             |              |
|2.Өнер, білім                                         |              |
|3.Батырлық, ерлік                                     |              |
|4.Елдік, ынтымақ, бірлік                              |              |
|Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар Мақсаты:       |Қанатты сөздер|
|Қанатты сөздерді педагогикалық процесте қолданудың    |(қабырға      |
|жолымен таныстыру.                                    |газетін       |
|Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар Тапсырма:      |шығарыңыз)    |
|Конспект жасап материал жинақтап қабырға газетін      |              |
|дайындаңыз                                            |              |
|Шешендік сөздердегі адамгершілік тағылымдар           |Жаднама       |
|Мақсаты: Шешендік сөздердің философиялық мазмұнын     |жасаңыз       |
|түсіндіру                                             |              |
|Бала тәрбиесіне және адамгершілікке байланысты        |              |
|айтылған шешендік сөздерді тауып конспект жасап, эссе |              |
|жазыңыз                                               |              |
|Тұрмыс-салт жырларының тәрбиелік мәні.                |Ақпараттық    |
|Мақсаты: Тұрмыс салт жырларының педагогикалық         |баяндама      |
|мазмұнымен танысу.                                    |жасаңыз       |
|Тұрмыс-салт жырларының тәрбиелік мәні                 |              |
|Тапсырма: Бақылау сұрақтары                           |              |
|1.Қазақтың тұрмыс-салт жырлары                        |              |
|2.Қазақтың тұрмыс-салт жырларының жаңаша мазмұны      |              |

                           -----------------------
Тәрбие әдісінің негізгі түрлері

Сендіру

Практикалық әдіс

Ынталандыру

Өзін-өзі тәрбиелеу


Пәндер