Файл қосу

Курсты оқыту мақсаты мен міндеттері








                5В012000  – Кәсіптік білім беру  мамандығының
                           студенттеріне арналған
           «Кәсіби педагогикадағы ғылыми зерттеулердің негіздері»
                                   пәнінің
                           ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ

                         ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР




















                                Семей - 2013

                                   Мазмұны


1 Глоссарий
2 Дәріс сабақтары
3 Тәжірибелік сабақтар
4 Студенттердің өздік жұмыстары





































                                 1 ГЛОССАРИЙ
                             Пән бойынша глоссарий
      Әдіснама – білімдердің жиынтығы ретіндегі  ілім  және  танымдық  іс  -
әрекеттің ауқымы.
      Әдіс -білім беру тәрбилеу және дамыту барысында  белгіленген  мақсатқа
жетуді қамтамассыз  етуге,  ғылыми  зерттеуді  жүзеге  асыруға  көмектесетін
тәсіл, алға  қойылған  міндеттерді  шешу  үшін  ұйымдастырылған  адамдардың,
ұжымдардың іс-әрекетінің бір жолы.
      Біз диалектикалық материялистік дүние тану әдісін башылықа  аламыз  ол
табиғат  қоғам  ойлау   дамуының   жалпы   заңдарын   қамтиды.Бұл   жағдайда
материалистік диалектикалық басқа ғылымдардың философиалық  негізгі  негізгі
тұрғысынан көрінеді
    Педагогика әдіснамасы – педагогикалық шындықты  бейнелейтін  педагогика
теориясы және құрылымы жөніндегі білімдер  жүйесі,  белгілі  тұрғыдан  қарау
принциптері және білімдерді алудың тәсілдері, осы  білімдерді  алудығы  және
бағдарламадарды,  логикасы  мен  әдістерін  негіздеудегі,  арнайы  –  ғылыми
педагогикалық зерттеулер сапасын бағалаудағы іс - әрекет жүйесі.
    Ғылым  –  шындық  жөніндегі  объективтік  заңдарды  жасап  шығару  және
теориялық  жүйеге  келтіру  жүретін  іс-   әрекет   ауқымы.   Ал,   ғылымның
ауқымындағы іс -әрекет – ғылыми зерттеу.
    Зерттеу әдісі деп – тәсілдер мен  амалдар  жиынтығында  жүзеге  асатын,
нақты  ғылыми  міндеттерді  шешуге  бағытталған   іс-әрекеттің   нормативтік
жобасын (моделін) түсінеміз.
    Эмпирикалық әдістер - педагогикалық  байқаулар  әдісі.  Құбылыстар  мен
барыстарды тұтастығында және олардың  өзгерістерінің  динамикасында  тікелей
қабылдаумен сипатталады.
    Анкеталық әдіс  –  топ  оқушыларының  оқытылғандығы  мен  тәрбиелігінің
деңгейі  және  олардың  сұраныстары,  тілектері,  жеке  пәндерге   қатынасын
зерттеу және кейбір құбылыстарды топтап бөлуге хабарлама алудың  мүмкіндігін
жасайды.
    Рейтинг және өзін өзі бағалау әдістері.  Рейтинг  –  іс-әрекеттің  жан-
жағына құзырлы сарапшылардың бағасы.
    Өзін - өзі бағалау – бағдарлама бойынша жүзеге асады. Онда белгілі  бір
іс-әрекеттегі   мұғалімнің   басынан   өтетін   қиыншылықтарының    дәрежесі
көрсетіледі.
    Педагогикалық  консилиум  әдісі.  Рейтинг   әдісінің   бір   түрі.   Ол
оқушылардың  тәрбиелілігінің  белгілі  бір   бағдарлама   бойынша   біртұтас
белгілер нәтижелерін ұжым болып талқылануын, тұлғаның жақтарын,  ұжым  болып
бағдарлауды,  тұлғаның  белгілі  бір   қасиеттерін   қалыптасуының   қалыпты
жағдайдан ауытқуын қарастырады.
    Бақылау   жұмыстарының   диагностикалық   әдісі   –   жазбаша    немесе
лабораториялық – тәжірибелік жұмыстарды талдап оқушылардың  шын  білімдерін,
оқу  еңбегінің  арнайы  біліктері  мен  дағдыларын  оқытудың   белгілі   бір
кезеңдегі олардың даярлығы жөнінде тез хабарлама алуды қамтамасыз етеді.
    Педагогикалық эксперимент әдісі – оқушылар  мен  мұғалімдердің  жоғарғы
саналы   даярлығын   қамтамасыз   ететін,   бақыланатын   және   есептелетін
жағдайларда  зерттелетін  педагогикалық  құбылыстарды   байқауға   мүмкіндік
беретін ғылыми негізде қойылған оқыту мен тәрбиелеу.
    Тәжірибелік жұмыс – бұл толыққанды педагогикалық зерттеу әдісі.  Біздің
алдын-ала тұжырымдамамыз экспериментте тексерілді немесе әйтеуір бір  жолмен
дәлелденді. Осының негізінде  педагогикалық  іс  -  әрекеттің  не  оның  бір
бөлгінің жобасы жасалады.
    Контент-талдау  әдісі. Бұл әдіс мазмұнын белгілі мағыналық  бірліктерін
және хабарламаның түрі негізінде мәселенің  күйі  жөнінде  объективті  хабар
алуға мүмкіндік жасайды.
    Педагогикалық тәжірибені  жинақтау  әдісі.  Эмпирикалық  бейнелеп  жазу
кезеңінде пайдалы. Тәжірибені жинақтау, байқау,  әңгіме,  сұрау,  құжаттарды
зерттеудің негізінде бейнелеп жазудан басталады.
    Ғылыми экспедиция – бұл педагогикада қолдануға болатын жалпы  ғылымилық
әдіс.  Бұл  әдіс  шындыққа  жұықтайтын  жағдайлардағы  көпшілік  мектептерде
оқушылармен оқу және тәрбие жұмыстарды терең  және  жан-жақты  зерттеу  үшін
хабарлама алуды мүмкін етеді.
    Монографиялық  әдіс  зерттеудің  негізгі   объектісі   ретінде   тұтас,
салыстырмалы өзбетіндік педагогикалық жүйені қарауға мүмкіндік береді.
    Сандық және сапалық әдістер.  Бұл  әдістер  осы  ауқымда  әрекет  етуші
объективтік өзара әсердің бетін қайтаруға мүмкіндік жасайды.
    Аналогия – екі объектінің  кейбір  белгілерінің  ұқсастығынан   олардың
басқа белгілері бойынша ұқсастығын пайымдау.
    Тақырыптың көкейкестілігі – белгілі бір  мәселені  (міндетті,  сұрақты)
шешу үшін дәл осы сәттегі және осы жағдайдағы оның маңыздылығы.
    Аспект – зерттеу объектісінің (пәні) белгілі  бір  көзқарас  тұрғысынан
қарастырылуы.
    Идея  –  көзқарастар,  теориялар  және  тағы  басқалардың   жүйесіндегі
айқындаушы ереже.
    Ақпараттар:
 - шолу - ғылыми құжаттардың шолуды қамтитын қайталанбалы хабарлама;
 -  реферативтік  -  алғашқы  ғылыми  құжаттар   мазмұнындағы   қайталанбалы
   хабарлама;
 -  тіректік  -  алдын-ала  хабарлау  қызметін  атқаратын   түрлі   дәрежеде
   жинақталған қайталанбалы ақпарат;
 - ғылыми-зерттеу - жаңа  ғылыми  білімдерді  жасау  процесі,  танымдық  іс-
   әрекеттің бір түрі.  Ол  шындығымен,  жаңғыртылуымен,  дәлелдігімен  және
   дәлдігімен сипатталады.
   Зерттеу тапсырмасы – орындалу мерзімі жеткілікті дәрежеде дәл белгіленген
зерттеу   әрекеттерінің   қарапайым   ойластырылған    комплексі.    Зерттеу
тапсырмасының зерттеу тақырыбының нақты шеңберінде ғана мәні болады.
   Категория – зерттелетін объектінің ішкі, елеулі жақтары  мен  қатынастары
ашылатын логикалық ойлаудың формасы.
   Тұжырымдама –  зерттеудің  мақсаты  мен  міндетін  анықтаудағы  және  оны
жүргізудің жолдарын көрсетудегі көзқарастар жүйесі, негізгі ой.
   Қысқаша  хабарлама  –  ғылыми  зерттеу  немесе  тәжірибелік,   құрылымдық
(конструкторлық) жұмыстардың  қорытындысында  алынған  нәтижелердің  қысқаша
мазмұны жөніндегі ғылыми құжат.
   Тірек сөздер – ғылыми құжаттың немесе оның білімін ең толық және  өзіндік
мазмұның ерекшелігін сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестерінің топтары.
   Зерттеу әдісі – жаңа білім алу үшін  ескі  білімді  пайдаланудың  тәсілі.
Ғылми деректерді алудың құралы болып табылады.
    Ғылыми танымның әдіснамасы – ғылыми-зерттеу іс- әрекеттің  принциптері,
формалары, тәсілдері жөніндегі ілім.
    Ғылым – шындық жөніндегі объективті білімдерді жасайтын және  теориялық
жүйеге келтіру  қызметін  атқаратын  адамның  іс-  әрекет  ауқымы,  қоғамдық
сананың бір түрі.
    Ғылыми пән –  қазіргі  кезде  игерілген  және  жоғары  мектептің  оқыту
процесіне ендірілген даму деңгейіндегі ғылымның бөлігі.
    Ғылыми тақырып – ғылыми зерттеу жүргізуде талап ететін ғылыми сипаттағы
міндет.
    Ғылыми теория – шындықты жанама емес, тікелей  бейнелейтін   түсініктер
мен қорытынды абстрактілі түсініктердің жүйесі.
    Ғылыми зерттеу – нәтижелі түсініктер,  заңдар  және  теориялар  түрінде
көрінетін мақсатқа бағытталған таным.
    Ғылыми  таным  –  жаңа  білімдерді  алу  және  тексеру   әдістері   мен
мақсаттарын сипаттайтын зерттеу.
    Ғылыми баяндама  –  баспада  жарияланған  немесе  аудиторияда  оқылған,
мазмұнында   ғылыми   зерттеу   немесе   тәжірибелік-конструкторлық    жұмыс
баяндалған ғылыми құжат.
    Ғылыми есеп – ғылыми  зерттеу  және  тәжірибелік  конструкторлық  жұмыс
қорытындысында  алынған  мазмұнында  зерттеудің   жүргізілуінің   әдістемесі
сипатталған, нәтижелері және қорытындылығы жазылған ғылыми құжат.
    Ғылыми дерек – қорытындылау және  дәлелдеу  үшін  негіз  болатын  оқиға
немесе құбылыс. Ғылыми білімнің негізін құрайтын элемент болып табылады.
    Шолу (ғылыми құжат) – мазмұнындағы ғылыми  мәліметтер  бастау  көздерін
талдау нәтижесінде  алынып,  жүйеге  келтірілген  мәліметтер  туралы  ғылыми
құжат. Ғылыми мәселенің қазіргі күйімен, оның болашағымен таныстырады.
    Зерттеу объектісі – зерттеу  үшін  таңдалып  алынған  және  проблемалық
жағдайды тудыратын процесс немесе құбылыс.
    Анықтама (дефиниция) – қарым-қатынаста, пікір  сайыста  және  зерттеуде
көмескіліктерден сақтайтын ең сенімді тәсілдердің бірі. Анықтаманың  мақсаты
– зерттелетін түсініктердің мазмұнын анықтау.
    Зерттеу  пәні  –  белгілі  бір  аспектінде  қарастырылатын   объектінің
шеңберінде жататынның бәрі.
    Түсінік – заттардың ерекше  қасиеттерін  және  олардың  өзара  қатынасы
бейнеленетін ой.
    Мәселенің қойылуы – ғылымда  шешілмеген  проблемаларды  анықтау,  табу;
талдау  мен  жалпылауды  қажет   ететін,   зерттеудің   логикалық   әдісінде
деректерді қамтитін кез  келген  зерттеу.  Ғылымда  түсіндірілмеген,  жүйеге
келтірілмеген, оның өрісімен қамтылмаған деректерді  анықтаумен  байланысты.
Оларды жалпылау мәселені қоюдың мазмұнын құрайды. Мәселені  қоюдың  логикасы
фактіден мәселені қоюға қарай жүреді.
    Принцип – әйтеуір бір теорияның, ілімнің, ғылымның бастапқы негізі.
    Проблема  –  болашақ  зерттеудің  ауқымын   қамтитын   ғылыми   түйінді
мәселелердің жалпыланған ірі жиінтығы. Оның төмендегідей түрлері бар:
    -зерттеу;
    -ғылыми кешенді;
    -ғылыми.
    Зерттеу проблемасы – бір зерттеу пәнінің және бір  пайдалану  ауқымында
жақын кешенді зерттеу тақырыпьары.
    Ғылыми-кешенді – түрлі маңызды міндеттерді шешуге бағытталған  ғылымның
түрлі ауқымындағы ғылыми зерттеу тақырыптарының өзара байланыстылығы.
    Ғылыми проблема – берілген саладағы әрі қарай ғылыми  зерттеуді  немесе
техникалық прогрессті қамтамасыз етуге бағытталған  нақты  теориялық  немесе
тәжірибелік міндеттерді  шешуді  көздейтін  бүкіл  ғылыми-  зерттеу  жұмысын
немесе оның бөлігін қамтитын тақырыптар жиынтығы.
    Пайымдау – айтеуір бір нәрсені бекітетін  немесе  жоққа  шығаратын  ой.
Теория –  идеялар  немесе  принциптер  жүйесі,  ілім.  Ғылымды  немесе  оның
бөлімнің құрайтын жалпыланған ережелер жиынтығы.
      Ой қорытындысы – бастапқы пікірмен байланысты белгілі бір  пікірлердің
ішінен жаңа пікірдің туындауы.
      Зерттеу  жұмысының  мұқабасы  деп  белгілі   бір   ережелерге   сәйкес
толтырылатын зерттеу  жұмысының 1-беті аталады.
      Жұмысқа кіріспеде тандап алынған  тақырыптың  көкейкестілігін,  мақсат
және қойылған міндеттер, мазмұны негізделеді,  зерттеу  объектісі  мен  пәні
айқындалады,  зерттеудің  таңдап  алынған  әдісі   (әдістері)   көрсетіледі,
теориялық  мәнділігі  және   алынған   нәтижелердің   қолданбалы   құндылығы
сараланады    және    қорғауға    шығарылатын    ұсыныстар      белгіленеді.
Көкейкестілігі. Кез келген зерттеу жұмысының міндетті  талаптарының  бірі  –
көкейкестілік.
      Объект дегеніміз – бұл процесс немесе құбылыс. Ол зерттеу үшін  таңдап
алынған проблема және проблемалық ситуацияны тудыратын нәрсе.
      Пәні – ол объектінің шеңберінде болатын нәрсе.
      Зерттеу  жұмысының кіріспесінің негізгі  элементі   зерттеу  әдістерін
көрсету  болып  табылады.  Зерттеу  әдістері  жұмыстағы  қойылған   мақсатқа
жетудың қажетті шарты болып табылады, құралы болып саналады.
      Кіріспеде ғылыми процестің басқа да элементтері сипатталады,  жұмыстың
қандай  нақты  материалдар  арқылы  орындарғандығы  көрсетіледі.  Бұл  жерде
хабарламаны алудың негіздері:
    - ресми (ғылыми);
    - әдебиеттік;
    - библиографиялық;
    - жүргізілген әдіснамалық.
      Ғылыми  жиналығы  –  зерттеу  жүргізу  барысында  зерттеу  нәтижелерін
сипаттауға «алғаш рет» деген ұғымды зерттеушінің  қолдануына  құқық  беретін
белгісі.  «Алғаш  рет»  деген  ғылыми  ұғым   осындай   нәтижелердің   бұрын
алынбағандығы туралы деректі білдіреді.
      Әңғімелесу   -   мектепте   оқыту   барысын   ұйымдастырудың   құрамды
бөлігі,белгілі  бір  тақырыпты  игеру  мақсатына  жетудің  жолы.  Әңгімелесу
мақсаты  оқушылардың  әдебиеттерімен   өз   беттерімен   жұмысында   қиындық
тудыратын келелі мәселелерді терең зеттеу  үшін  мұғалім  басшылығымен  ұжым
болып   талқылау.   Әңгімелесу   арқылы   ұжым   болып   талқылап    оқытуды
ұйымдастырудың  басқа  турлерінде  оқушылардың  алған  білімін   жинақтауға,
айқындай тусуге,бекітуге көмектеседі.
      Әңгімелесу  барысында  оқушылардың  білімін  тексеруге   үлкен   көңіл
бөлінеді, бірақ оның бұл бақылау қызметі білім  беру  мен  оқыту  қызметінен
басым туспеуі қажет. Мұғалімнің міндеті ұждымдық  талқылау  арқасында  әрбір
оқушының  оқу  материалын  игеуіне  қол  жеткізу  болып  табылады.   Білімді
тексеру  осы  мақсатқа   бағындырылады.   Жақсы   ұйымастырылған   әгімелесу
тақырыптық күрделі сұрақтарды түсінуіне ғана емес оқу  ісінде  бақылау  және
өзіндік өзі бақылаудың  да  құралы  бола  алады.  Сөйлеген  оқушылардың  сөз
сапасынан, олардың талқылау барысындағы  белсенділіктерінен  кімнің  өтілген
материалды қалай  игергенін,  қандай  әдебиеттерді  оқығанын  біліп,  осыған
байланысты әр оқушының  іс-әрекетіне  қандай  тузетулер  енгізуді  анықтауға
болады.
      Байымдау,  ұғынып  ойлау  -  заттардың   және   олардың   белгілерінің
арасындағы байланыстарды бекітуді  және  жоққа  шығаруды,  ақиқаттық  немесе
жалғандық түрінде ие болуды бейнелейтін ойлаудың турі.
      Танымдық қызметі жағынанан пайымдау немесе ұғынып ойлау  жаңа  хабарды
берудің логикалық құралы. Мұның грамматикалық түрі сөйлем.
      Байқау  -  іс-әрекеттің  міндетінен  шығатын  алдын  алы   белгіленген
мақсатқа  бағыты  қабылдау.  Тарихи   турғыдан   қарасақ   байқау   еңбектің
құрамдыбөлігі ретінде  дамыды  .  Әлеуметтік  шындықтың  және  еңбектің  іс-
әрекеттің  күрделенуіне  байланысты  байқау  өзалдына   салыстармалы   барыс
ретінде болініп шықты. Ғылыми байқауда қойылатын талаптар  ойластырудың  бір
мәнділігі,  обьективтілігі  ,  яғни   байқауда   бақылау   арқылы   қайталау
мүмкіндігі немесі зерттеудің  одан  да  қуаттырақ  басқа  әдістерін  әсіресе
эксперименттік  пайдалану  байқау  нәтижелерін  талқылауға   көбірек   көңіл
бөлінуі қажет.
      Байқау іштей және сырттай жүргізіледі. Байқау натижелерін мұғалім  оқу
материалын мазмұнды және қол жетерлік өтіп баяндау  үшін  пайдаланады.  Оған
қоса  мұғалім  оқушыларды   байқауға,қоршаған   шындықты   және   әлеуметтік
құрылыстарды  жүйелі,  орынды  қабылдауға  жетелейді,  байқау   қорытындысын
пайдалануға үйретеді
      Барыстарға  қойылатын  жетекші  талап(принцип)-іс-әрекеттегі  негізгі,
іргелі ой, жүріс-тұрыс ережесі. Ол жетекші  ұғым  ретінде  қаралып,  әйтеуір
бір қағиданы қарастырып отырған құбылыста жинақтау және таратуды көрсетеді
      Баяндама - нақты тақырыптың мазмұнын кеңейтіп айтып беру,  оқушылардың
өз бетімен жұмысының түрі ретінде көрінетін әдіс. Мектеп жағдайында  сабақта
сыныптан тыс жұмыстарда пайдаланады. Оқылатын материалдың негізгі  мазмұнына
сай  көкейкесті  теориялық   мәселелерге   арналды.   Баяндаманы   пайдалану
оқушылардан таңдап  алынған  тақырыпты  терең  талдау  жасауды  әдебиеттерді
білікті  пайдалануды  материалды  жүйеге  келтірді  және   жинақтауды   өмір
тәжірбесіне сүйенуді  талап  етеді.  Баяндаманың  натижесінде  нақты  жоспар
жасаудың негізгі сұрақтарды шешімі табылуға  тиісті  мәселе  ретінде  отырып
мазмұнын айтып берудің көтерілген хағидаларды сендірімді  негіздеудің  дұрыс
дәл жинақтау және  қорытындылаудың  ықпалы  зор  болады.  Жоспар  жасауға  ,
әдебиеттерді таңдап алуға мұғалім көмектеседі. Баяндамадағы ой желісін  оған
сәйкес  әдебиеттер  алдын  ала  таныстырылған  болса  баяндаманың   талқылау
оқушылардың танымдық мүддесін  кеңейтеді  және  тереңдетеді,  өз  беттерімен
көкейкесті  мәселелерді  іздеп   табу   мен   зеттеудің   берік   дағдыларын
қалыптастырады
      Болжам - құбылыстардың өмір  сүру  себептерінің  шындығын  қасиеттерін
түсіндіру мақсатында алға  қойған  негізделген  жорамалды  көрсететін  ғылым
түрі. Болжам деп  кез  келген  ойдан  туған  жорамал  немесе  қиялды  айтуға
болмайды.Обьектіге байланысты  болжам  жалпы  және  дербес  болып  бөлінеді.
Ғылымда іске  басшылық  болжамы  маңызды  орын  алады.  Зерттеудің  бастапқы
кезінде алға қойылатын  бақылау  нәтижелерін  тұңғыш  жүеге  келтіру,  бірақ
оларды түпкілікті  түсіндіру  қамтамассыз  етпейтін  шартты  долбар  болады.
Болжам арқылы дамытудың 2 кезеңі бар: олар болжамды құру, тексеру.  Болжамды
құру алғашқы белгіленгендерді табу  және  сұрыптау.  Болжамды  тексеру  одан
туындайтын нәтижелерді және оларды  нәрселердің  нақты  күйімен  салыстыруды
жалпыдан жеке қарай жүретін ой туындалын жүзеге асыру.
      Ғылыми  абстрактілеу  -  заттардың  белглі  бір   қасиеттерін   немесе
қатынастарын ойша бөлуді өз бетімен қарастыруды қамтитын танымның бір  жағы,
түрі  .  Мұның   мақсаты   мүғалімдердің   теориялық   деңгейін   білімдігін
әдістемелік дайындығын көтеру, педагогика ғылыми  жетістіктерін  насихаттау,
озат  тәрбиені  жинақтау,  оқушылармен  жұмысты  тиімді  әдістер  мен  жұмыс
түрлерін қолайлы пайдалануды өндіру.
      Ғылыми тәжірибелік  конференция-оқыту  және  тәжірибелеу  жұмыстарының
өзекті мәселелерінің тәжірибесін ұжым  болып  зерттеу  және  талқылау  түрі.
Мұның мақсаты- теорияны  басшылыққа  ала  отырып  нақты  тәрбие  мекемесінің
тәжірибесіндегі белгіленген мәселенің шешілу барысын жан- жақты талдау.
      Ғылыми педогогикалық хабар - пеодогогика ғылымы пайдаланылатын  арнайы
басылымдар, техникалық құрылымдар және басқалар арқылы таратылатын оқу  және
тәрбиелеу  теориясы  мен  тәжірибенің  барлық  салаларының  дамуы  жайындағы
мағлұматтар жүйесі.
      Дағды  -  еңбек  және  басқа  да  іс-әрекет  құралдарымен  белгіленген
дәлдікпен және шапшандықпен оқу немесе ойын міндеттерін орындауда оқыту  мен
қайталау нәтижесіндегі  білік  негізінде  жақсы  қалыптасқан  әрекет.  Оқыту
барысында, еңбек дағдыларын қалыптастыруда тек қозғалыс емес,  мақсатқа  сай
және орынды әрекеттер танымдық іс дағдыларына  ерекше  зейін  аудару  қажет.
Оқыту дағдыларына оқушылардың кітаппен және басқа түрлі  басылымдар  мен  өз
бетімен жұмыс істеу, ауызша баяндағанның және  оқығанның  мағынасын  ажырата
білу, конспекті  жазу  және  баяндау  жоспарын  құру  көпшілік  алдында  сөз
сөйлеуі жатады.
      Даму  -  өзіне  тән   ерекшелігі   бар   сапалық   қозғалыстың   түрі.
Құбылыстардың пайда болуы мен жойылып кету дамуға  байланысты.  Кез-  келген
даму уақытпен байланысты болады. Дамудың бағытын тек уақыт анықтайды .
      Дәлелдеу - әйтеуір бір қағиданың  ақиқаттығын  осымен  байланысты  бар
басқа ақиқаттар және пайымдаулар көмегімен  тауып  алудағы  логикалық  амал.
Дәлелді пікір ғылыми ойлау өрнегінің  ажырамас  белгісі,  ғылыми  сенімдерді
қалыптастыру кезеңі.  Сондықтан  ұстаздық  жұмыста  дәлелдеу  тактикасы  мен
методологиясы маңызды орын алады .

2 ДӘРІС САБАҚТАРЫ
                Дәрісті  тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар

       Мақсаты:  студенттерді  курс  бойынша   тиісті   теориялық   біліммен
қаруландыру.
      Міндеттері:
      - әр  тақырыпты меңгерту мақсатымен жүйелі білім беру;
      - әр тақырып бойынша негізгі түсініктермен таныстыру және меңгерту;
      - пәнге қызығушылығын тудыру және  ары  қарай  өздігінен  жұмыс  істей
білуге үйрету;
      - курс  бойынша  тиісті  білімді  меңгеру  үшін  қажетті  жағдайлармен
қамтамасыз ету.
      Жоғары оқу орындарында  оқытуды  ұйымдастырудың  негізгі  формаларының
бірі – дәріс болып табылады. Ол студенттерге олар  үшін  күрделі  және  жаңа
ақпараттарды беруге тиімді. Дәріс студенттерде пәнге  қызығушылық  тудырады,
алынған  білімді  практикалық  міндеттерді  шешуде  қолдануға   көмектеседі,
тақырыптың және қарастырылып отырған  материалдың  теориялық  жақтарын  ашып
көрсетеді.
      Дәріс - студенттерде өздігінен  терең білім алуға   ізденіс  туғызады.
Дәрісті тыңдау – бұл  өзара  бір–бірімен  байланысқан  танымдық  үрдістердің
(зейін, түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау)  бірлігі.
      Сіздің курс бойынша жан-жақты білім  алуыңыз  дәріс  сабақтарын  толық
тыңдауыңызға  байланысты   екенін  еш   ұмытпаңыз.    Сондықтан   бағдарлама
мазмұнында берілген дәріс сабақтарын алдын-ала  қарастырып  жүріңіз.  Сіздің
білімініңізің деңгейі  тек  өзіңіздің  жауапкершілігіңіз  және  өздігіңізден
жұмыс жасау қабілетіңізге тікелей байланысты болады.
      Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық:  сабаққа  кешікпеңіз;  дәріс
дәптеріңіз және  қаламыңызды  ұмытпаңыз;  дәріс  барысында   мәтінді  қалмай
жазып  отыруға  талпыныңыз,  ол  тәжірибелік  сабақтарға,  өздік  жұмыстарға
даярлануда негіз болады.

    Дәріс сабақтарының тақырыптары және қысқаша мазмұны


        Модуль 1. Кәсіби педагогикадағы ғылыми зерттеулер әдіснамасы
 Тақырып 1. Кіріспе. «Кәсіби педагогикадағы ғылыми зерттеу негіздері» пәні,
                                 міндеттері
      Негізгі ұғымдар: ғылым, ғылым дамуы, ғылыми  таным,  ғылыми  проблема,
ғылыми теория ғылыми зерттеу.
      Пәнге кіріспе.   Курсты  оқыту  мақсаты  мен  міндеті.  Ғылымның  даму
заңдылықтары.    Қазіргі  кәсіптік  білім  беру   мәселелері.   Теория   мен
практиканың бірлігі.
   1. Пәнге кіріспе.  Курсты оқыту мақсаты мен міндеттері.
      «Кәсіби  педагогикадағы  ғылыми  зерттеу  негіздері»  курсы   5В012000
«Кәсіптік білім» мамандарын  даярлайтын  мемлекеттік  стандартқа  және   оқу
жоспарына сәйкес жасалынған.
      Курстың негізгі мақсаты:
      -   жоғарғы  оқу  орындарында  болашақ  кәсіптік  оқыту   мұғалімдерін
дайындаудағы орындалатын ғылыми-зерттеу  бағытын  таңдау  негіздерімен  және
кәсіби педагогикадағы ғылыми зерттеулердің әдіснамасымен таныстыру.
       «Кәсіби педагогикадағы ғылыми зерттеу  негіздері»  курсының   негізгі
міндеттері:
    - Ғылыми таным мен шығармашылық негіздері туралы түсінік қалыптастыру;
    - Кәсіби педагогикадағы ғылыми зерттеу әдістерімен таныстыру;
    -  Ғылыми  ақпараттарды  іздестіру,  жинақтау  және  өңдеу  іскеліктерін
      меңгерту;
    - Кәсіби педагогикадағы ғылыми  педагогикалық  зерттеулерді  ұйымдастыру
      және ғылыми зерттеу әдістерін қолдана білу іскерліктерін қалыптастыру.
   «Кәсіптік білім (профиль бойынша)»  мамандықтарының  мемлекеттік  жалпыға
міндетті  жоғары  кәсіптік  білім  стандартына  сәйкес   студенттер   келесі
білімді игеруі тиіс:
    - Ғылыми проблеманың пайда болуын;
    - Жаңа білімнің қажеттілігін;
    - Проблеманың шешілу мәселелері жөніндегі бағыт-бағдарын;
    - Ғылым әдіснамасы жөніндегі түсінігі;
    - Теория мен практиканың практикалық бірлігі;
    - Зерттеу логикасын түзе білуі;
    - Зерттеудің жұмысшы жоспарларын түзе білуі.
Іскерлікті игеруі тиіс:
    - Педагогикалық эксперименттердің түзілімін;
    - Зерттеу аппаратын және зерттеу әдіснемесін анықтауды;
    - Социологиялық зерттеу негіздерін пайдалануды;
    - Материалдарды өңдеудің математикалық тәсілдерін игеруді;
    - Әдебиеттермен жұмыс істей білуді;
    - Зерттеу мазмұнының жазылу тәсілдерін меңгеруді.


     2.  Ғылымның даму заңдылықтары. Ғылыми зерттеу бағытын таңдау негізі.

      Ғылым –  шындық  жөніндегі  объективтік  заңдарды  жасап  шығару  және
ториялық жүйеге келтіру жүретін іс-әрекет ауқымы.
      Ғылым  –  табиғат,  қоғам  және  ойлау   заңдарын   зерделеу,   табиғи
   байлықтарды ұтымды  пайдалану  және  қоғамды  тиімді  басқару  мақсатында
   болмыс  туралы  объективті  білімді  тұжырымдау  және  теориялық  жағынан
   жүйелеу функциясы болып табылатын адам қызметінің саласы.
      Ғылымның ауқымындағы іс-әрекет –  ғылыми  зерттеу.  Ғылыми  зерттеу  -
   таным процесінің ерекше формасы. Ғылыми  зерттеу  барысында  объектілерді
   жүйелі және мақсатты  зерттеу,  онда  құралдарды  және  ғылыми  әдістерді
   пайдалану және зерттелетін объектілер жөніндегі  білімдерді  қалыптастыру
   мен қорытындылау жүргізіледі.
      Ғылыми таным: танымдық іс-әрекетті арнайы адамдар тобы жүзеге асырады.
   Жүзеге асыру  түрі  –  ғылыми  зерттеу.  Ғылым  тарихында   арнайы  таным
   құралдары, ғылыми зерттеу әдістері шығарылып, жасалады.
      Ғылыми зерттеу жүйелі және мақсатқа бағытталған болады.
      Ғылыми-зерттеу қызметі – зерделеніп отырған объектілерге, құбылыстарға
   (процестерге)  тән  ерекшеліктерді,  заңдылықтар  мен  заңдарды   анықтау
   мақсатымен қоршаған болмысты зерделеу  және  алынған  білімді  практикада
   пайдалануға байланысты қызметтің түрі.
      Іргелі ғылыми зерттеулер – табиғат, қоғам адам дамуының  және  олардың
   өзара  байланысының  негізгі  заңдылықтары  туралы   жаңа   білім   алуға
   бағытталған теориялық және тәжірибелік қызмет.
      Қолданбалы ғылыми зерттеулер –  практикалық  мақсаттарға  қол  жеткізу
   және нақты міндеттерді шешу үшін жаңа  білім  алуға  және  оны  қолдануға
   бағытталған қызмет.
      Болжам - құбылыстардың өмір  сүру  себептерінің  шындығын  қасиеттерін
түсіндіру мақсатында алға  қойған  негізделген  жорамалды  көрсететін  ғылым
түрі. Болжам деп  кез  келген  ойдан  туған  жорамал  немесе  қиялды  айтуға
болмайды.Обьектіге байланысты  болжам  жалпы  және  дербес  болып  бөлінеді.
Ғылымда іске  басшылық  болжамы  маңызды  орын  алады.  Зерттеудің  бастапқы
кезінде алға қойылатын  бақылау  нәтижелерін  тұңғыш  жүеге  келтіру,  бірақ
оларды түпкілікті  түсіндіру  қамтамассыз  етпейтін  шартты  долбар  болады.
Болжам арқылы дамытудың 2 кезеңі бар: олар болжамды құру, тексеру.  Болжамды
құру алғашқы белгіленгендерді табу  және  сұрыптау.  Болжамды  тексеру  одан
туындайтын нәтижелерді және оларды  нәрселердің  нақты  күйімен  салыстыруды
жалпыдан жеке қарай жүретін ой туындалын жүзеге асыру.
      Ғылыми  абстрактілеу  -  заттардың  белглі  бір   қасиеттерін   немесе
қатынастарын ойша бөлуді өз бетімен қарастыруды қамтитын танымның бір  жағы,
түрі  .  Мұның   мақсаты   мүғалімдердің   теориялық   деңгейін   білімдігін
әдістемелік дайындығын көтеру, педагогика ғылыми  жетістіктерін  насихаттау,
озат  тәрбиені  жинақтау,  оқушылармен  жұмысты  тиімді  әдістер  мен  жұмыс
түрлерін қолайлы пайдалануды өндіру.  Ғылыми  тәжірибелік  конференция-оқыту
және тәжірибелеу жұмыстарының өзекті мәселелерінің  тәжірибесін  ұжым  болып
зерттеу және талқылау түрі. Мұның мақсаты- теорияны  басшылыққа  ала  отырып
нақты  тәрбие  мекемесінің  тәжірибесіндегі  белгіленген  мәселенің   шешілу
барысын жан- жақты талдау.
      Ғылыми педогогикалық хабар - пеодогогика ғылымы пайдаланылатын  арнайы
басылымдар, техникалық құрылымдар және басқалар арқылы таратылатын оқу  және
тәрбиелеу  теориясы  мен  тәжірибенің  барлық  салаларының  дамуы  жайындағы
мағлұматтар жүйесі.

      3.Қазіргі кәсіптік  білім  беру  мәселелері.  Теория  мен  практиканың
бірлігі.
      Білім - адам  ойында  шындықты  дұрыс  бейнелеуі  қоғамдық  тәжірибеде
тексерілген   таным   барысының   нәтижесі.   Білім   адамдардың   қоғамдағы
материалдык және рухани іс әрекеті нәтижесі ретінде пайда болады кез  келген
шындықты бейнелеу білім  болмайды(жануарларға  байланысты  қарайтын  болсақ)
адам  өзін өмірдегі ісінен  ,  оның  обьективті  жағдайлары  мен  заттарынан
бөліп  қарайды.  Адамдар  болмысының   тәсілдерінің   өзі   олардың   әлемге
қатынастарының тәсілдерінің мақсатқа сәйкес және тек басқа адамдармен қарым-
 қатынасымен жүзеге асатын  нақты  іс.  Сондықтан  да  әрбір  жеке  адам  өз
әрекеттері мен  заттарына  сырттай  қатынасатын  сияқты.  Әрбір  құбылысының
өзіндік қасиеттері мен сапалары бар шын әлем  оған  сыртқы  обьективті  өмір
ретінде  көрінеді.  Адамның  обьективті  әлем  заттары  мен   құбылыстарының
обьективті мүмкіндіктері жөніндегі ойы оның білімдерінің алғашқы  түрі.  Тек
білімдер  ғана  іс  мақсатын  көруге  береді.  Бұл  жерде  адамның  шындыққа
қатынасы аралыққа айналды. Осы қатынас  яғни  адамдардың  шын  өмір  барысын
олардың болмысын саналы қабылданған  болмысқа  айналдырады.  Сана  дегеніміз
адамның әлемге қатынасының өзі осы әлемнің шын  қабылеті  қандай  және  оған
өзінің заттары мен күштері арқылы әсер  еткенде  не  болатынын  біле  отырып
қатынас жасау. Білім беру - жүйеге келтірілген білім,білік  және  дағдыларды
игеру барысы және нәтижесі, оқушы өмірге және  еңбекке  дайындаудың  қажетті
шарты, білім берудің негізгі жолы  мектепте  оқыту  білім  берудің  мектепке
дейінгі бастауыш, ора, жоғары тағы сол сияқты сатылары бар.
      Білім беру және оқыту теориясы - педагогика  ғылымының  саласы.  Білім
беру және оқыту теориясы жас кезеңдерінің барлық сатыларына сәйкес  оқытудың
заңдылықтарын оған қойылатын талаптарды, білім  беру  міндеттерін  мазмұнын,
оқыту мен оқу түрлерін  әдістерін оқу барысында  ынталандыру  мен  бақылауды
анықтайды. Білім беру және оқыту  теориясының  методологиялық  негізі  таным
теориясы, оқушы тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру  туралы  ілім
болып табылады. .Бұл теория білім беру және оқытуда арнайы  ұйымдастырылатын
іс  деп  қарайды.  Оқыту  барысында  оқушылардың  білім,  білік,  дағдыларды
меңгеруде мұғалім мен олардың өз бетіндік іс бірлігі айқындалады .
      Білім беру және оқыту теориясы адамның ісін  санасын,  қарым-қатынасын
зерттейтін философия. Бұл теорияның  мақсаты  оқытудың  заңдылықтарын  қоғам
қажеттігіне сай оқытудың мақсаттары мен міндеттері, әдістері,  түрлері  және
нәтижелері байланысын ашу. Заңды байланыстардың көптеген  түрлерін  жинақтай
отырып  бұл  теорис  оқытуға  қойылатын   талаптарды   қалыптастырады.   Бұл
талаптарды орындай отырып мұғалім  оқу  барысын  қолайлы  етіп  құра  алады.
Соңғы жылдары білім беру және оқыту  теориясы  оқу  жүктемесін  тиімді  және
ұтымды ету тұрғысынан оқытудың әрбір нақты  жағдайын  сапалы  және  мақсатты
ұйымдастыруға мүмкіндік беретін оқыту барысын қолайлы  ету  теориясын  жасап
шығарады. Қоғамдық қажеттілікті  есепке  ала  отырып  әрбір  тарихи  кезеңге
білім беру және оқыту  теориясын,оқыту  міндеттерін,  білім  беру   мазмұнын
таңдап алу белгілерін, оқу  жоспарларын,  бағдарламаларын,  оқулықтарды  оқу
құралдарын, дидактикалық материалдарды жасаудың негізін ашып  береді.  Білім
беру және оқыту теориясы оқыту әдістерін  зерттейді,  оларды  түрлі  негізде
топтайды,  тәжірбиелік  эксперименттік  және  педагогикалық  озат   тәжірбие
негізінде жаңа әдістер  мен  әдістемелік  жүйелерді  жасайды.  Бұған  шешімі
табылуға тиісті мәселе көтере  отырып, оқушылардың танымдық іс  жасау  күйін
туғызу, ізденіс, әдістерінің  пайда  болуы  дәлел.  Білім  беру  және  оқыту
театры   оқытуды   ұйымдастыру   түрлері   мен    құралдарын    қарастырады.
Ғғылым(наука)-мақсаты  мен  қызметі  адамның  өзі  және  оны  қоршаған  әлем
жөніндегі білімдерді жасап шығару болып  табылатын  адамзаттың  іс  шеңбері,
қоғамдық санның бір түрі. Ғылым деген атау мен  табиғат  қоғам  құбылыстарын
түсінуге және олардың дамуын алдын  ала  болжауға  мүмкіндік  беретін  бірте
кеңейіп келе жатқан теориялық білім жүйесін белгілейді. Қазіргі кезде  ғылым
тікелей өндіргіш күшке айналып отыр.
      Білім беру әдістемесі – ғылыми негізделген оқудың әдістері, ережелері,
тәсілдері, жүйесі осының арқасында оқушының дуниеге көз  карасын  қарастырып
алған  білімдерін  тәжірбие  жүйесі  осының   арқасында   оқушының   дүниеге
көзқарасын қалыптастырып алған  білімдерін  тәжірбиеде  өз  бетімен  қолдану
дағдыларымен қаруландыру.  Білім беру әдістемесі таным теориясына  суйенеді.
Педагогика, психология, логика  және  т.б  бірқатар  ғылымдар  жетістіктерін
басшылыққы алады. Білім беруде оқытуға қойылатын талаптарды  шығармашылықпен
қолдану үлкен пайда келтіреді.Психология  ғылымындағы  оқушы  зейіні,  иесі,
қабылдауы, қызығуы мәселелерін оқыту  барысында  есепке  алу  қажет.  Логика
мұғалімді   ойлау  заңдарын  білу  мен,  сендіру  әдістерімен,  алға  қойған
қағидаларды ғылыми дәлелдеу  тәсілдері   мен  қаруландыру  .Оқыту  барысының
кезеңдеріне  сәйкес   әдістемеде   мұғалімнің    сабаққа   дайындалу,   жаңа
материалдарды баяндау, оқушылардың әдебиеттермен өз  бетімен  жұмыс  істеуі,
олардың оқу және  тәжірбелік  тапсырмаларды  орындауы  қорытындылау  білімін
тексеру және бюағалау тәсілдері қарастырылады.  Білімді  бекіту  -  оқытудың
барлық кезеңдерінде жүзеге асатын  білімді  игеру  беріктігінің  міндеттерін
шешуге  мүмкіндік береді. Әдетте білімдерді бекітуге арнайы уақыт  бөлінеді.
Оқылатын материалды тусіндіру барсында оның негізгі мазмұнын  қайталау  үшін
әңгіме  ұйымдастырылады.  Білімді  бекітудің   ең   тиімді   тәсілі   оларды
тәжірбиеде қолдану болып табылады. Білімді бекіту оқытатын жаңа  материалмен
байланыстар  негізінде  бұрынғы  білімдерді  тереңдетуді,  білім  ,   білік,
дағдыларды жетілдіруді талап етеді. Білімді  бекітудің  үйреншікті  әдістері
мен түрлері бұрын оқылған материалдар бойынша әңгіме,  жинақтау  сипатындағы
сабақтар,   шолулар,   кітаппен   жұмыс,   тәжрибелі    тапсырмалар    болып
табылады.Ұмытудың алдын  алу  білімдерді  бекіту  мақсатында  оқу  жұмысының
барысында тексеру және қайталау жұмыстары  жүргізіледі.  Бұл  оқу  материалы
жуйеге  келтіруді  ,жинақтауды,  толықтыруды   және   білім   мен   біліктің
беріктігін қамтамассыз етеді. Осы  жұмысты  жүргізуге  мұғалім  болашақ  оқу
жұмысына қажетті білім қырларына баса назар аударады.  Әдістемелік  тұрғыдан
дұрыс ұйымдастырылған білімді бекіту жұмыстары түрлі  анықтама  әдебиеттерді
жұмыс орындауда,  бақылау орындауда тиімді пайдалануға оқушылардың  танымдық
қызығуы, өз беттерімен білім алу қабілеттерін дамытуға бейімдейді.
      Білімді ұғып алу - білім,  білік  дағдылады  игеруге  бағытталған  іс-
әрекет.  Зерттелетін  құбылыстарды  деректерді,  барысмтарды   талдау   және
мсұрыптау  нәтижесінде   ғылыми   ұғымдардың   негізін   қалайтын   жинақтау
қалыптасады. Білімдерді ұғып алудағы жинақтаулар  сипатын  оқушылардың  жеке
ерекшеліктерімен және қабілеттерімен  анықталады.Мұғалім  бул  ерекшелктерді
еске ала отырып оқушыларды  талдау,  сұрыптау,  жинақтау,  жалпылау,  сияқты
ақыл  адамдарын  үйретеді  мысалы,  жалпы  ұғымда  шығару  үшін   жеткілікті
деректер мен құбылыстарды талдай отырып бекітеді. Оқыту барысында тек  дайын
білімдерді беру ғана емес, оқушыларға оларды өз бетімен алу білігін  үйрету,
оның тиімді тәсілдері  мен  әрекекттеін  қалыптастыру  маңызды  нәрсе  болып
табылады.
      Кәсіби педагогика – жалпы педагогиканың бір тармағы  ретінде  кісіптік
білім беру жүйесімен қатар  қалыптасып  келе  жатқан  ғылым  саласы.  Кәсіби
педагогиканы  теориялық және қолданбалы  ғылым  ретінде  сипаттауға  болады.
Өйткені  ол,  бір  жағынан,  кәсіби   педагогикалық   құбылыстарды   баяндап
түсіндірсе,  екінші  жағынан,  кәсіптік  білім  берудің  міндеттерін  шешуге
бағытталған оқыту және тәрбиелеу жолдарын қарастырады. Ол теориялық  жағынан
дами  отырып,  кәсіптік  білім  бойынша  оқу-тәрбие  процесін    жетілдіруді
көздейді.
      Кәсіби педагогика  –  түрлі  типтегі  кәсіби  оқу  орындарында  жүзеге
асырылатын кәсіптік білімнің  орта,  жоғары  және  жоғары  білімнен  кейінгі
мәселелерін қарастырады.
      Кәсіби педагогиканың объектісі – кәсіптік білім беру жүйесі.
      Кәсіптік білім – бұл белгілі бір жүйеде кәсіп бойынша  алынған  білім,
білік және дағдылар жиынтығы  және  оны  тиісті  кәсіптік  ортада  пайдалана
білудің ережелері мен нормалары тәртібі.
      Кәсіби даму – жеке тұлғаның  кәсіби  іс-әрекеттің  субъектісі  ретінде
дамуы.
      Кәсіп –  жалпы адамзаттық мораль нормаларымен  келісілген  еңбек  түрі
және адамзат үшін материалдық игіліктер бастамасы.
      Кәсіптік оқыту – бұл болашақ  маманның  өзі  таңдаған  кәсібі  бойынша
ғылыми-техникалық   ілімді   игеруі    және    кәсіптік    білік,    дағдыны
қалыптастырудағы бірлескен іс-әрекеті.
        Білік  -  әйтеуір  бір  ережеге  және  оны  нақты  міндеттерді  шешу
барысында  лайықты  пайдалануға   негізделген   жаңа   әрекетті   меңгерудің
нәтижесі.Білікті  әрекеттің  орынды  тәсілдерін  таңдай  білуден,  тек  қана
таңдай білуден емес оларды тәжірибеге қолдану.
      Біліктің және дамуның ең тиімділігін қамтамамсыз жалпы шарттар:
      -тұжырымдалған ережені тусіну:
      -орындалатын қажет әрекет бейнесін қалыптастыру:
      -жаңа міндеттерді шешу барысында әрекетті оындаудың нәтижілігі жөнінде
хабар алып отыру:
      Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:
      1. Курстың мақсаты неге бағытталған?
      2. Курстың міндеттерін атаңыз.
      3. Ғылымның даму заңдылықтарын атаңыз.
      4. Кәсіптік білім беру мәселелерін нақтылаңыз және шешілу жолдарын
      қарастырыңыз.
      Әдебиеттер:
   1. Пошаев Д.Қ. Ғылыми-педагогикалық  зерттеу  негіздері.  Шымкент,  2003,
   112б.
   2. Загвязинский В.И. Исследовательская деятельность педагога.-М.,2008.
     3. Асқаров, Е.С.   Ғылыми зерттеулердің негіздері :оқу-әдістемелік
құрал .-Алматы,2005.
   4.ҚоянбаевМ.,Қоянбаева  Г.Р.  Педагогика  әдіснамасы  және  педагогикалық
   зерттеулетін әдістері. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2007,32б.
   5. Аканов Б., Карамзин Н.Основы научных исследований.- Алматы,1989-136с.
   6. Новые исследования в педагогических науках Вып 2.-М.,1991.
     8.Личность и профессия: психологическая поддержка и сопровождение . -
М.,2005.
    9. Общая и профессиональная педагогика/Под ред. В.Д. Симоновича.-
М.,2005.
    10. Педагогика профессионального образования/Под ред. Сластенина.-
М.,2004.
     11. Профильное обучение:спецвыпуск. - Новосибирск,2002.

             Тақырып 2. Кәсіби педагогикада ғылыми зерттеулерді
                                 ұйымдастыру
       Негізгі   ұғымдар:   ғылыми   тақырып,   тақырыптың   көкейкестілігі,
тақырыптың көкейкестілігі,  ғылыми пән,  ғылыми  дерек,  зерттеу  объектісі,
зерттеу пәні, зерттеу болжамы, ғылыми жаңалығы.
        Ғылыми  проблема.  Ғылыми  зерттеу  бағытын  таңдау  негізі.  Кәсіби
педагогикадағы ғылыми  зерттеулердің  өзіндік  ерекшеліктері.  Педагогикалық
зерттеудің ғылыми  аппаратының  мазмұны.  Тәжірибелі  эксперимент  жұмыстары
және оларды ұйымдастыру. Ғылыми зерттеу кезеңдері.
      1.Ғылыми  проблема.  Ғылыми  зерттеу  бағытын  таңдау  негізі.  Кәсіби
педагогикадағы ғылыми зерттеулердің өзіндік ерекшеліктері.
   Ғылым – адамдардың табиғат, қоғам, ойлау туралы білімдерінің жүйесі.  Осы
үш саланың әрқайсысына қатысты ғылымдардың жеке салалары және  олардың  даму
заңдылықтары бар.
      Қазіргі заманғы ғылым – жаңа білім өндіру және мақсатқа сай оны  беріп
отыру жөніндегі әлеуметтік  бағдарлы  қызмет,  қоғамдық  өндірістің  өзіндік
түрі, жиынтығында дүниенің ғылыми бейнесін  құрайтын  білімдер  жүйесі,  аса
маңызды әлеуметтік қару.
    Ғылыми проблема – берілген саладағы әрі қарай ғылыми  зерттеуді  немесе
техникалық прогрессті қамтамасыз етуге бағытталған  нақты  теориялық  немесе
тәжірибелік міндеттерді  шешуді  көздейтін  бүкіл  ғылыми-  зерттеу  жұмысын
немесе оның бөлігін қамтитын тақырыптар жиынтығы.
      Ғылыми жұмыстың мақсаты – іргелі  және  қолданбалы  міндеттерді  шешу.
Іргелі ғылым табиғат пен қоршаған әлемнің  ғалами  мәселелерін  қарастырады,
оның зерттеу пәні ретінде әлем мен бүкіл жаратылыс  құрылымының  жалпы  заңы
мен   ортақ   заңдылықтары   табылады.   Бұл   ғылымның   маңызы    ешқандай
критерийлермен өлшенбейді, одан алынған нәтижелерді  жақын  уақытта  қолдану
мәселелері қойылмайды.
      Қолданбалы ғылым іргелі ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып,  өмірге
жақын  түсінікті  міндеттерді  қарастырады.  Мұнда  ғылыми  нәтижелерді   іс
жүзінде пайдалану  негізгі  міндет  болып  саналады,  сондықтан  бұл  салаға
жататын зерттеулерді бастар алдында  «бұл  кімге  қажет  ?»  деген  сұрақтар
қойылады. Іргелі және қолданбалы  ғылымның  арасында  айқын  шекара  жүргізу
мүмкін  емес,  себебі  қолданбалы   ғылым   өзінің   даму   барысында   және
жетістіктерін қорытындылай келе  бірте  –  бірте  зерттеудің  іргелі  түріне
айналады. Ал керісінше, іргелі ғылым тапқан жаңалықтарды  пайдалана  отырып,
қолданбалы ғылым өндіріс пен шаруашылықтың ірі мәселелерін шешуге көп  ықпал
жасайды.  Жүргізіліп  отырған  жұмыстың  түріне   қарай   қолданбалы   ғылым
теориялық немесе эмпирикалық (тәжірибе) сипат алады.
      Теория сипатына ие ғылыми жұмыс жүргізу барысында соңғы нәтижеге  жету
үшін әдебиет көздерінен ақпарат жинақталады, талданып қорытылады,  өңделеді,
есептеледі, жаңа ой-пікір ұсынылып, болжау жасалады. Ғылыми жұмыстың  мұндай
сипаты дедуктивті әдіс деп  аталады.  Ғылыми  іс  -  әрекеттің  бұл  түрінде
зерттеушінің шығармашылық қабілеті, оның  ақпараттық  толықтығы,  ақпараттың
зор ағымынан тиісті қажет бөлігін дер кезінде  табу  қабілеті  аса  маңызды.

   Зерттеу тақырыпты таңдау мен проблеманы анықтаудан басталады.  Зерттеудің
неғұрлым ретті  түрде,  терең  негізделіп  және  қатаң  құрылымдалған  түрде
жүргізу оның  нәтижелі болуына мүмкіндіктер ашады.
   Алғашқы қадам пәндік саланы таңдаудан басталады. Ол үшін «блоктік»  тәсіл
қолдану тиімді.
   Бірінші блок  –  байланыс:  тақырып  –  проблема.  Жас  зерттеушіге  даяр
тақырыпты ұсыну мүлде дұрыс емес.  Зерттеуші  бірнеше  тақырыптардың  ішінен
өзін және  ұжымын  қызықтыратын,  өзіне  жақын  тақырыптың  бірін  таңдауына
болады.  Бірақ,  ең  дұрысы,  өзін  толғандырып  жүрген   тақырыпты   өзінің
ұсынғаны. Осылай еткеннің өзінде тақырыпты нақтылау, түзету,  акцент  жасау,
тұжырымдарды қарапайымдау және нақтылау қажет.
   Зерттеу тақырыбын негіздеу.
   Тақырыпты таңдау және нақтылау  –  ұзақ  уақытқа  созылатын  қиын  жұмыс.
Тақырып көздері тәжірибе немесе теория жазықтығында  болуы  мүмкін.  Алғашқы
кездерде қарама – қайшылықтар, іс жүзінде ұнамсыз  болуы  сияқты  кедергілер
болуы мүмкін.
   Тақырып – проблема: тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар:
    - Өзектілігі, көкейкестілігі (өткірлігі, шешілудің пісіп жетілуі).
    - Теория  және  тәжірибе  үшін  маңыздылығы  (аса  маңызды  ғылыми  және
      практикалық міндеттерді шешуге қолдануға болатындығы).
    - Перспективалы (болашағы) болуы (қарастырылып отырған кезең үшін өзекті
      және маңызды болуы);
    - Проблемалылығы (шешілуінің белгісіз болуы, теориядан іздеу  қажеттігі,
      тәжірибеде қиындықтарды шешу).
    - Адам мен қоғамның  даму  концепцияларымен  үндес  болуы  (ізгілікті  –
      тұлғалық немесе әлеуметтік тұлғалық бағдар).
    - Ізденушінің тәрбиесі мен мүдделі болуы (бастан кешіру, қатысы болуы).
   Аталған талаптардың бәрі де маңызды, бірақ  өзектілік,  проблемалық  және
осы заманғы тұжырымға  сәйкес  келуі  сияқты  бөліктер  айрықша  түсіндіруді
қажет етеді. Өзекті (көкейкесті) тақырыпқа «мәңгі жасмыл», «ұзаққа  кететін»
деп аталатын тақырыптар жатады. Тақырыпта проблема анық немесе  жабық  түрде
болуы  тиіс.  Оның  көздері  іс  жүзіндегі  қиындықтардан   көрінеді.   Егер
теориялық  білімде  сәйкес  түсіндірмелер  мен  шешімдер  болмаған  жағдайда
проблема туындайды. Міне, осы кезде ғылыми проблема пайда  болып  қалыптасуы
жүреді де, «білмегенді білу», «белгісіздің белгілі болуы».
   Тақырыпты шектеу және нақтылау, оған жақын тақырыптардан жігін ашу,  оның
зерттеу аясын және жағдайларын дәл көрсету де аса маңызды.
   Тәжірибенің көпқырлылығын, жұмыстың барлық бағытындағы педагог,  психолог
немесе басшы маңызды оқиғалар  мен  фактілерді  әрдайым  есте  ұстау  қажет.
Зерттеу үнемі шектеліп отыруы  тиіс,  себебі  солай  өткенде  ғана  зертеліп
отырған үрдіске терең бойлау мүмкіндігіне ие болуға,  ақырына  дейін  жетуге
болады.
    Сондықтан зерттеудің  проблемалық  алаңы  көлемі  және  шешілетін  нақты
міндеттері бойынша  шектеліп  отыруы  тиіс.  Тақырыптың  аталуы  проблеманы,
ізденіс пәнін, әсіресе бағытын,  ізденістің  жетекші  аспектісін  білдіреді.
Кейбір  жағдайларда  негізгі  тақырыптың  аталуы   қосымша   сөздер   арқылы
нақтыланып беріледі. (жақша ішінде немесе жақшасыз).
      2.Педагогикалық  зерттеудің  ғылыми   аппаратының   мазмұны.Тәжірибелі
эксперимент жұмыстары және оларды ұйымдастыру. Ғылыми зерттеу кезеңдері.
      Зерттеудің ғылыми аппаратының құрылымы:
      1. Ғылыми жұмыстың тақырыбын таңдау.
      2. Зерттеудің көкейкестілігіне негіздеме беру.
      3. Зерттеу объектісін нақтылау.
      4. Зерттеу пәнін анықтау.
      5. Зерттеу мақсаты мен міндеттерін қою.
      6. Зерттеу әдістерін таңдау.
      7. Болжам жорамалдау.
      8. Зерттеу жоспарын құру.
      9. Тәжірибеде жүзеге асыру.
      10. Болжамды тексеру.
      Зерттеу  жұмысының  мұқабасы  деп  белгілі   бір   ережелерге   сәйкес
толтырылатын зерттеу  жұмысының 1-беті аталады.
      Жұмысқа кіріспеде тандап алынған  тақырыптың  көкейкестілігін,  мақсат
және қойылған міндеттер, мазмұны негізделеді,  зерттеу  объектісі  мен  пәні
айқындалады,  зерттеудің  таңдап  алынған  әдісі   (әдістері)   көрсетіледі,
теориялық  мәнділігі  және   алынған   нәтижелердің   қолданбалы   құндылығы
сараланады    және    қорғауға    шығарылатын    ұсыныстар      белгіленеді.
Көкейкестілігі. Кез келген зерттеу жұмысының міндетті  талаптарының  бірі  –
көкейкестілік.
      Объект дегеніміз – бұл процесс немесе құбылыс. Ол зерттеу үшін  таңдап
алынған проблема және проблемалық ситуацияны тудыратын нәрсе.
      Пәні – ол объектінің шеңберінде болатын нәрсе.
      Зерттеу  жұмысының кіріспесінің негізгі  элементі   зерттеу  әдістерін
көрсету  болып  табылады.  Зерттеу  әдістері  жұмыстағы  қойылған   мақсатқа
жетудың қажетті шарты болып табылады, құралы болып саналады.
      Кіріспеде ғылыми процестің басқа да элементтері сипатталады,  жұмыстың
қандай  нақты  материалдар  арқылы  орындарғандығы  көрсетіледі.  Бұл  жерде
хабарламаны алудың негіздері:
    - ресми (ғылыми);
    - әдебиеттік;
    - библиографиялық;
    - жүргізілген әдіснамалық.
      Ғылыми  жиналығы  –  зерттеу  жүргізу  барысында  зерттеу  нәтижелерін
сипаттауға «алғаш рет» деген ұғымды зерттеушінің  қолдануына  құқық  беретін
белгісі.  «Алғаш  рет»  деген  ғылыми  ұғым   осындай   нәтижелердің   бұрын
алынбағандығы туралы деректі білдіреді.
      Зерттеу көкейкестілігін негіздеудің мәні – оқу мен тәрбиенің  теориясы
және  практикасын  бұдан  былай  да  дамыту   үшін   тиісті   проблемалардың
қажеттігін, дер кезінде зерттеліп, шешімін табудың  маңыздылығын  түсіндіру.
Көкейкесті зерттеулер белгілі кезеңдегі аса күрделі  де  қажет  мәселелердің
жауабын  береді,  педагогикалық  ғылымға   қойылатын   қоғамның   әлеуметтік
тапсырысын бейнелейді, практикада орын  алған  келелі  қайшылықтарды  ашады.
Көкейкестілік тиегі  өзгермелі,  қозғалысты,  уақыт  пен  нақты  әрі  ерекше
жағдайларға тәуелді. Жалпыланған  күйде  көкейкестілік  ғылыми  идеялар  мен
практикалық  ұсыныстарға  болатын  сұраныс  пен  дер  кезіңдегі  ғылым   мен
практиканың мүмкіндігі арасындағы айырмашылық деңгейін сипаттайды.
      Зертттеу тақырыбы шешімі  қалтқысыз  табылуы  қажет,  өте  күрделі  де
қоғамдық маңызға  ие  болған  проблемалармен  ұштасқан  әлеуметтік  тапсырыс
нақты тақырыптың негіздеме  дәйегін  талап  етеді.  Ал  бұл,  өз  кезегінде,
қойылған мәселенің ғылым аймағында зерттелу дәрежесінен туындайды.
      Егер   әлеуметтік   тапсырыс   педагогикалық   практиканы    талдаудың
нәтижесінде ұсынылатын болса, ғылыми проблеманың  өз  негізі  басқаша.  Оның
міндеті  ғылым   құрал-жабдықтарын   пайдалана   отырып,   негізгі   қарама-
қарсылықтарды  баяндап  беру.  Әдетте,  проблема  шешімі  зерттеу   мақсатын
құрайды. Мақсат – қайта түзіліп, өрнектелетін проблема.
      Проблема нақтыланып, өрнектелгеннен соң, зерттеу нысанын таңдау кезегі
келеді. Нысанға педагогикалық процесс, педагогикалық  болмыстың  бір  саласы
немесе қайшылықтарымен жүз берген қандай  да  педагогикалық  қатынас  алынуы
мүмкін. Басқаша айтсақ, өз ішінде нақты  не  әлі  де  күмәнді  қайшылықтарды
қамтып,  проблемдік  ситуацияларды  туындатқан  жағдайлардың  баршасы  нысан
есептелінеді. Танымдық процесс бағытталғанның бірі – нысан. Зерттеу  дені  –
нысан бөлшегі,  бір  тарапты,  яғни  бұл  түбегейлі  зерттеуді  қажет  еткен
нысанның теориялық не практикалық тұрғыдан өте маңызды  сапа  –  қасиеттері,
қырлары мен сырлары.
      Зерттеу  мақсаты,  объекті  және  деніне  сәйкес,   әдетте,   болжамды
(гипотезаны)   тексеру   мен   дәйектеуге   арналған   зерттеу    міндеттері
белгіленеді. Гипотеза –  бұл  шынайлылығы  әлі  дәлелденуі  қажет  теориялық
негізі бар болжамдар жиынтығы.
      Ғылыми жаңалық тиегі  аяқталған  зерттеулердің  сапасын  бағалау  үшін
қолданылады. Ол  қазіргі  кезеңде  әлі  белгісіз,  педагогикалық  әдебиеттер
тобына  енбеген  білім  заңдылықтары,  олардың  құрылымы  мен  механизмдері,
мазмұны,   принциптері   мен   технологиясын   сипаттаушы   теориялық   және
практикалық қорытындылардың мазмұнын өрнектейді.
      Зерттеу жаңалығы қаншалықты теориялық  маңызға  ие  болса,  соншалықты
практикалық    қажеттілікке    ие.    Зерттеулер    нәтижесінде     түзілген
тұжырымдамалар,   алынған   гипотезалар,   ашылған   заңдылықтар,   әдістер,
бағыттар,  көзқарастар,  проблеманы  айқындау   моделі   орындалған   ғылыми
істердің теориялық маңызын танытады. Ал зерттеудің практикалық  маңызы  жаңа
ұсыныстар, нұсқаулар және т.б. дайындауға арқау болуында.
Жаңалық тиектері, теориялық және практикалық  маңыздылық  зерттеу  типтеріне
орай бір – бірімен ауысып барады, сондай – ақ жаңа  білімдердің  пайда  болу
уақытына тәуелді келеді.
   Зерттеулердің негізгі кезеңдері (этаптары).
   Зерттеу ізденістерінің  логикасы  мен  қозғалысты  өзгермелілігі  бірнеше
сатылық – эмпирикалық, гипотетикалық,  эксперименталды  –  теориялық  немесе
теориялық, прогностикалық – жұмыстар орындауды қажет етеді.
Зерттеудің  эмпирикалық  сатысында  зерттеу   нысанының   қызметтік   бағамы
алынады, шынайы оқу – білім тәжірибесі, ғылыми білімдер деңгейі мен  құбылыс
мәнін түсіну қажеттігі арасындағы  қарама  –  қарсылықтар  көрінеді,  ғылыми
проблема өрнектеледі. Эмпирикалық  талдаудың  басты  нәтижесі  –  зерттеудің
алғашқы   тұжырымдамалары   ретінде   қабылданған,   бірақ   әлі   тұтастығы
тексеріліп,  бекуі  қажет  болжамдар  мен  шамалаулар  жүйесінен   түзілетін
зерттеу гипотезасынан көрінеді.
      Гипотетикалық сатыдағы  ізденіс  жұмыстарының  мәнін  зерттеу  объекті
жөніндегі деректік  болжамдар  мен  олардың  мәнін  айқындап  алу  қажеттігі
арасындағы  қарама  –  қарсылықтарды  шешіп  алу,   содан   соң   зерттеудің
эмпирикалық деңгейінен оның теориялық деңгейіне өтудің дайындық  жағдайларын
жасау.
      Теориялық  саты  зерттеулерінде  назарға   алынған   нысан   жөніндегі
функционалдық және гипотетикалық болжамдар мен ол туралы  жүйелі  шамалаулар
қажеттігі арасындағы қайшылықтарды үйлестіру жұмыстары орындалады.
      Теорияның белгілі  қалыпқа  келуі  прогностикалық  сатыға  жол  ашады,
осының нәтижесінде тұтастай құрылым болып танылған зерттеу нысаны  жөніндегі
соңғы алынған идеялық ақпараттар мен олардың ендігі, жаңа  жағдайларда  даму
мүмкіндіктерін  көрегендікпен  алдын  –  ала  жобалау  қажеттігі  арасындағы
текетіресті  шешу  талабы  қойылады.  Теорияның  міндеті  –  осы  сан   қилы
талаптардың объектив шешіміне негіз болу.
      Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:
      1. Проблема ұғымының мағынасын ашыңыз.
      2. Ғылыми зерттеу бағыттарын көрсетіңіз.
      3.Кәсіби педагогикадағы зерттеулердің басқа салалардағы  зерттеулерден
      ерекшелігін ашыңыз.
      4. Ғылыми аппараттың құрылымын сипаттаңыз.
      5. Тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды атаңыз.
      Әдебиеттер:
   1. Пошаев Д.Қ. Ғылыми-педагогикалық  зерттеу  негіздері.  Шымкент,  2003,
   112б.
   2. Загвязинский В.И. Исследовательская деятельность педагога.-М.,2008.
     3. Асқаров, Е.С.   Ғылыми зерттеулердің негіздері :оқу-әдістемелік
құрал .-Алматы,2005.
   4.ҚоянбаевМ.,Қоянбаева  Г.Р.  Педагогика  әдіснамасы  және  педагогикалық
   зерттеулетін әдістері. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2007,32б.
   5. Аканов Б., Карамзин Н.Основы научных исследований.- Алматы,1989-136с.
   6. Новые исследования в педагогических науках Вып 2.-М.,1991.
     7. Ержанова, А.Е.   Философия науки.-Алматы,2008.
     8. Общая и профессиональная педагогика/Под ред. В.Д. Симоновича.-
М.,2005.
    9. Педагогика профессионального образования/Под ред. Сластенина.-
М.,2004.
     12. Кринецкий Н.И.  Основы научных исследований. - Киев,1991,218с.
   14.  Пошаев  Д.Қ,  Пошаев  М.Д.  Педагогикалық  зерттеулер  және   ғылыми
   әдіснамасы.//ХХІ  ғасыр  бастауындағы  мамандықтандырудың  жалпы   кәсіби
   дайындығының проблемалары. - Алматы, РИК, 2000,  Б49-52.
      Тақырып 3. Кәсіби педагогикадағы зерттеу әдістері
      Негізгі  ұғымдар:  әдіснама,   әдіс,  педагогика  әдіснамасы,  зерттеу
әдістері,  эмпирикалық әдістер ғылыми танымның әдіснамасы.
        Кәсіби  білім  беру  педагогикасының  әдіснамасы.   Ғылыми   зерттеу
әдістерінің  мәні  және  жіктелуі:  педагогикалық  бақылау,   эксперименттік
бағалау  әдістері,  модельдеу  әдістері,   сауалнама,   анкета,   әлеуметтік
әдістер.
      Әдіснама  –  белгілі  ғылымда   қолданылатын   танымдық   құралдардың,
әдістердің, тәсілдердің жиынтығы(философиялық сөздік. Москва, 1982).
      Әдіснама – белгілі бір ғылыми зерттеу мақсатына жетудің негізгі  жолын
белгілеп, анықтайды.
      Педагогика әдіснамасы – педагогикалық шындықты бейнелейтін  педагогика
теориясы  мен  құрылымы  жөніндегі   білімдер   жүйесі,   принциптері   және
білімдерді алудың тәсілдері, осы білімдерді  алудағы  және  бағдарламаларды,
логикасы мен әдістерін негіздеудегі, арнай педагогикалық зерттеулер  сапасын
бағалаудағы іс-әрекет жүйесі.
       Педагогикалық  зерттеулерді  ұйымдастырудың  әдіснамалық   талаптары,
педагогикалық құбылыстардың ішкі заңдылықтары мен қозғаушы күштері  бірқатар
ғалымдардың   еңбектерінде    дәлелденген:    Ю.К.Бабанский,    С.А.Баранов,
М.А.Данилов, В.И.Журавлев, Н.В.Кузьмина, М.Н.Скаткин, И.Т.Огородников, т.б.
      Әдіснаманың деңгейлері:
      Бірінші деңгей – философиялық ілімдер.
       Екінші  деңгей  –  жалпы  ғылымдық  әдіснама  (жүйелік,  іс-әрекеттік
тұрғыдан  қарау,  ғылыми   зерттеулердің   түрлі   типтерінің   сипаттамасы:
зерттеудің болжамы, объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, т.б.).
      Үшінші деңгей – нақты  ғылымдық  әдіснама,  яғни  белгілі  бір  арнайы
ғылыми  пәнде  қолданылатын  әдістердің,  принциптердің  жиынтығы.   Мысалы,
педагогиканың өзінің әдіснамасы бар, т.б.
      Ғылыми-зерттеу жұмысының түрлері:
    - конспект;
    - реферат;
    - курстық жұмыс;
    - дипломдық жұмыс;
    - ғылыми баяндама, т.б.


       2. Ғылыми зерттеу әдістерінің мәні және жіктелуі: педагогикалық
  бақылау, эксперименттік бағалау әдістері, модельдеу әдістері, сауалнама,
                         анкета, әлеуметтік әдістер.
      Зерттеу  әдістері  –  объективті   дүние   құбылыстарының   заңдылықты
байланыстарын ашуға, ақиқатты танып-білуге көмектесетін зерттеу  міндеттерін
шешу амалдары, тәсілдері.
      Зерттеу әдістері:
    -  эмпирикалық  әдістер:  бақылау,  эксперименттік  бағалау,  сауалнама,
      сұхбат  (интервью),  анкета,  іс-тәжірибелерді   зерттеу,   құжаттарды
      зерделеу;
    -  теориялық  әдістер:  модельдеу  әдісі,  әдебиет   көздерін   зерттеу,
      статистикалық әдістер.
    Педагогика  ғылымында   педагогикалық  зерттеу  әдістерінің   жүйесінің
көлемі кең.  Таным  процесінде  белгілі  бір,  нақты  ғылымдарды  зерттеудің
жекелеген, арнайы әдістері бар. Нақты ғылымдардың  әдістерімен  қатар  жалпы
ғылыми  сипаттағы  әдістер  де  кездеседі,  олар  барлық  дерлік  ғылымдарда
қолданылады:  байқап-бақылау,  теңеу,  анализ  және   синтез,   эксперимент,
абстрактіден нақтыға қарай өрлеу, индукция мен дедукция; бұлардың  әрқайсысы
жеке ғылымдарда нақтылана  түседі.  Сонымен  қатар,  ғылыми  әдістер  ғылыми
танымның эмпирикалық және теориялық әдістері болып екіге бөлінеді.
    Зерттеу әдісі дегеніміз -  күрделі  таным  тәртіптері,  ал  олар  болса
зерттеудің  таным  операцияларының  іске  асуының   белгілі   бір   тәртібін
белгілейтін әр түрлі әдіс-тәсілдердің жиынтығынан тұрады.  Зерттеу  әдістері
педогогикалық  ғылым  дамуының  басты   құрамды   бөлігі   болып   табылады.
Педогогикалық ғылым мен тұтас  педогогикалық  білімнің  дамуы  педогогикалық
зерттеу әдістерінің даму деңгейіне байланысты. Ғылыми нәтижелердің  анықтығы
алғашқы  ақпараттарды  алудың   жолдары   мен   тәсілдеріне   және   зерттеу
әдістерінің  сенімділігіне  байланысты.  Кез-келген  педогогикалық   зерттеу
белгілі  бір  ғылыми  білімдерді  дәлелдеу  емес,  ол-жаңа  білімдерді  табу
процесі. Ол адамның зерттеу объектісі,  заттары  мен  құбылысытарының  мәнін
ашуға бағыталған жан-жақты танымдық іс-әрекеттің бір түрі.
    Педогогикада  зерттеудің  үш  деңгейі  бар:   эмпирикалық,   теориялық,
әдіснамалық. Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістерінің тұтас  бір  тобы
бар:
    - Бақылау;
    - Интервью;
    - педагогикалық эксперимент;
    - Сұрақ – жауап әдістері: әңгіме – сұхбат, сауалнама,
       - Мұғалімдердің, жаңашыл-педагогтардың тәжірибесін зерттеу;
          - Оқушылардың жазбаша, графикалық және шығармашылық жұмыстарын
зерттеу;
    - Педогогикалық құжаттарды зерттеу.
     Бақылау заттар мен құбылыстарды мақсатты байқау, мағлұматтарды іріктеп
жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау және санада бұл  ақпаратқа
талдау жасау; зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен  белгілері
туралы мәлімет алу. Бақылауды жүзеге асыру үшін  зерттеу объектісі, бақылап-
зерттеу  шарттары,  сондай-ақ  бақылап-зерттеу  құралдары  –  видеоаспаптар,
аспан-құралдар мен өлшеу құрал-саймандары анықталыну керек.
    Зерттеу барысындағы  бақылап-зерттеу түрлері:
     тікелей  бақылау  -  мұғалім-зерттеуші  оқу-тәрбие  жұмысының  тікелей
басшысы; сонымен қатар ол тікелей куәгер бола тұра  бейтарап  адам;  мұғалім
зерттеу  мүшесі  ретінде  зерттеушілер  тобына   кіргізілуі.   Оның   рөліне
байланысты эмпирикалық фактілерді жинақтаудың техникасы мен  әдісі  таңдалып
алынады;
    жанама бақылау -  ол  тікелей  бақылап-зерттеуді  толықтырады  және  ол
зерттеушімен бірге және оның бағдарламасы  бойынша  жұмыс  істейтін  өкілдер
арқылы жүзеге асады. Зерттеуші біреу туралы немесе бір нәрсе  туралы  жанама
деректер алады;
     жасырын немесе елеусіз бақылау - тұйық  теледидар  желісі  және  сынып
бөлмелерінде телекамералары бар  мектептерде  жүргізіледі.  Сабақты  жасырын
бақылап зерттеу  оқушылардың  танымдық  іс-әрекетінің  және  мұғаліммен  ара
қатынасы туралы мәлімет  алуға  мүмкіндік  береді.  Жасырын  бақылап-зерттеу
зерттеушіге  құнды  мәліметтер  береді,  егер   оқушылар   өздерін   бақылап
отырғанын көрсе өздерін басқаша  ұстайды.  Оқушылар  мен  мұғалімдердің  бір
бірімен оңаша кезіндегі мінез-құлқы оларды бөтен  біреулер  бақылап  отырған
кездегі мінез-құлқынан әлдеқайда өзгеше болады;
     үздіксіз бақылау оқыту процесін, екі-үш оқушыны  сабақтағы,  ойындағы,
сыныптан тыс, мектептен тыс-оқу-тәрбие процесі физикалық  қолайлы  уақыттағы
мінез-құлқын зерттеу үшін қолданылады;
    дискретті (үзік-үзік) бақылау - объектіні ұзақ уақыт  бақылайтын  кезде
қолданылады. Бақылып-зерттеу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін – жарты жыл  немесе
бір  жыл.  Бақылап-зерттеу  белгілі  бір  уақытта  үзіліп,  кейін   қайтадан
жалғастырылады;
    монографиялық бақылау - бір адамды немесе  бір  затты  бақылау  кезінде
қолданылады;
    бір бағытты бақылау -  жалпы тұтастықтан бақылап-зерттеу мақсатына  сай
бір құбылысты немесе деректі бақылау кезінде қолданылады;
     бақылау - көп деректер арасынан зерттеуші  өзіне  керек  деректер  мен
құбылыстарды іздеген кезде қолданылады. Мұндай бақылап-зерттеу үшін  біршама
уақыт пен зерттеушінің аналитикалық жұмыс жасауы қажет.
    Педагогикалық эксперимент танымның эмпирикалық деңгейіндегі  зерттеудің
негізгі  әдісі  болып  табылады,  ол  құбылыстардың  өту   барысының   нақты
тіркелген жағдайларын зерттеуге бағытталған. Эксперимент  ғылыми  зерттеудің
теориялық және эмпирикалық деңгейлері арасындағы байланыстырушы  буын  болып
табылады. Оның мақсаты ғылыми теория немесе  болжамды  растау  немесе  жоққа
шығару, сондай-ақ эмпирикалық заңдылықтардың мәніне жету мен   қалыптастыру.

    Педагогикада  эксперименттің  бірнеше  түрі  бар:  қалыпты,  оқыту  мен
тәрбиенің  күнделікті   жағдайларында   жүзеге   асады;   лабороториялық   -
оқушылардың белгілі  бір  топтарын  бөлу  арқылы  жүзеге  асады.  Сондай-ақ,
эксперименттің  белгілеп-анықтайтын  түрі  бар,  ол   зерттеу   объектісінің
педогогикалық жүйесінің бастапқы күйін белгілеп,  көрсетеді;  қалыптастырушы
түрі – зерттеу объектісін қайта құруға бағытталған.
    Эксперимент жаңа зерттеу  материалына  қол  жеткізуге  бағытталған.  Ол
тәжірибе арқылы теориялық болжамдарды тексеріп,  болжамдарды растауы  немесе
жоққа шығаруы мүмкін. Эксперименттік жұмыстың жоспары, мақсаты болуы  қажет,
эксперимент түрі таңдалып, оның мүмкін нәтижелері де ойластырылуы қажет.
    Сұрақ-жауап әдістері.  Олардың  ерекшелігі  педагогикалық  жағдайлардың
элементтерінің объективті қасиеттерімен қоса, өзара  байланысты  «субъект  –
субъект» жүйесінің қасиеттері танытып, есепке алуға мүмкіндік жасайды.
    Сұрақ-жауап әдісінің мынандай түрлері бар:
    -  интервью.  Бұл  ұйымдастырылу  мен  мазмұны  жағынан  еркін  диалог,
әңгімелесушілер  арасында  бейресми  және  еркін  қатынастар   орын   алады.
Интервью алдын-ала дайындалуы мүмкін, зерттеуші оның жоспарын  құрып,  өзіне
қажет  мәселелерді  бөліп  алады,   әңгіме-сұқбатты   тіркейтін   құралдарды
дайындайды  (бейне  таспа,  аудио  таспа,   стенография),   бұлар   көбінесе
әңгімелесушіні ашық әңгімеге тартуға  кедергі  жасауы  мүмкін.  Зерттеушінің
кәсіби білімі және үлкен сыпайылық сезімі болуы қажет, сол  арқылы  ғана  ол
әңгімелесушіні ашық әңгімеге тарта алады.
    Интервью әңгімелесушілердің әртүрлі шеңберлерінде  жүргізіледі  (мектеп
директоры, оның орынбасарлары, ата-аналар, оқушылар,  білім-берудің  әртүрлі
деңгейдегі басшылары). Олардың  білім  беру  саласының  жағдайы  мен  ондағы
өзгерістерге кәсіби баға беруі басқа  әдістер  арқылы  алынған  ақпараттарға
маңызды қосымша болып табылады.
     - сұқбат-әңгіме -сұқбаттың бір түрі. Әңгіме-сұқбаттың бұл түрі зерттеу
объектісінің өз іс-әрекеті туралы өзінің түсінігінің динамикасын  белгілеуге
көмектеседі,   ол   өзіндік   пікірмен   қоса    психологиялық-педагогикалық
анализдің    тақырыбы  болып   табылады.   Сұрақ-жауаптың   бұндай   түрінде
зерттеушінің сұрақ-жауап  мәтінінде  белгіленген  іс-әрекет  туралы  жорамал
түсінігі  зерттеу  ақпаратына  аз  ғана  әсер  етеді.  Зерттеушінің  міндеті
зерттеу  объектісінің   әңгімесін   қолдау.   Сұқбат   зерттеушінің   жоғары
кәсібилігін және тәжірибелігін қажет  етеді.  Сұқбаттың  мақсаты  –  зерттеу
объектісінің   педагогикалық   жағдайға   деген   көзқарасын   қайта   құру,
зерттеушінің сұрақ-жауап  алынғандардың  міндеттері  мен  мәселелері  арқылы
ішкі   және   сыртқы    байланыстарының   ерекшеліктерін   зерттеу.   Сұқбат
нәтижелерінің   талдауы   мен   олардың   түсіндірмесі   зерттеудің    нақты
міндеттеріне байланысты әр түрлі жүргізілуі мүмкін.
    - сауалнама. Бұл арнайы іріктелген танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін
деген  жауаптарының  нұсқаларының  қатал  логикалық   құрылысы.   Сауаланама
құрастырушы ұсынған алдын-ала белгіленген  бірнеше  мүмкін  деген  жауаптары
бар  жабық  сұрақтардан  тұрады.  Егер  анкетадаға   сұрақтардың   жауаптары
болмаса, онда ол ашық сұрақтар деп аталады. Жабық сұрақтарға қарағанда  ашық
сұрақтарға статистикалық талдау жасау қиындық туғызады.
    Сауалнама әдісі көбінесе адамдардың бір-біріне, оқиғаларға,  іс-әрекет,
пікірлерді зерттеу түрлеріне деген қатынасын анықтау үшін қолданылады.
    Мұғалімдердің,   жаңашыл-педагогтардың   тәжірибесін   зерттеу   әдісі.
Тәжірибе   дегеніміз   педагогтің   ұзақ   жылдар   бойындағы   практикалық-
педагогикалық  іс-әрекет  нәтижесінде  жинастырған  шеберлігі,  ол  практик-
мұғалімнің  тәжірибелігі.  Мұғалімнің   баяндамалары,   ғылыми   мақалалары,
әдістемелік жұмыстары,  көрнекілік  құралдары,  компьютердегі  педагогикалық
тәжірибе  мағлұматтарын   зерттеу,   сабақтарға,   педагогикалық   оқуларға,
сыныптан тыс шараларға қатысу, сынып  жетекшісімен,  ата-анамен  әңгіме  оны
зерттеудің көзі бола алады. Оған тек мектептегі  оқу-тәрбие  жұмысын  жүзеге
асыратын зерттеушінің жеке  дара  қасиеттерін  есепке  ала  отырып  сүйенуге
болады.
    Мектеп  құжаттарын  зерттеу.Бұл  әдіс  оқушының   жеке   іс-қағаздарын,
медициналық карталарын, класс журналдарын, оқушы  күнделіктерін,  жиналыстар
мен мәжілістердің протоколдарын оқып  үйрену,  талдау,  жинақтау  мақсатында
қолданылады.
    Оқушылардың жазбаша, графикалық және  шығармашылық  жұмыстарын  зерттеу
зерттеушіге    оқушылардың    интеллектуалды-даралық    ерекшеліктері    мен
қабілеттері туралы мағлұмат беретін әдістің бір түрі. Оқушылардың жеке  дара
іс-әрекетінің нәтижелерін зерттеу, олардың жазбаша,  графикалық  және  басқа
да жұмыстарына талдау жасау  зерттеушіге  оқушылардың  мотивтері,  іс-әрекет
стилі мен оларды орындаудағы жетістіктер туралы, сондай-ақ сол  іс-әрекеттің
сыныпта, сыныптан тыс және бос уақытта әр түрлі көрініс  табуы  туралы  жан-
жақты мәлімет береді.
    Оқушылардың  даралық-психологиялық  ерекшеліктеріне,  ынта-талаптарына,
мақсат-мүдделеріне,  бейімділігі  мен  қабілеттеріне  талдау  жасау  олардың
оқыту, тәрбие,  дамыту  процестеріне  деген  қатынасын  анықтауға  мүмкіндік
береді, жеке  тұлғаның  танымдық  процестері  мен  қабілеттерінің  қалыптасу
деңгейін      көрсетеді.       Оқушылардың       психологиялық-педагогикалық
мінездемелерімен,  жеке  құжаттарымен,  оқушылардың  медикалық-педагогикалық
тексерулерінің,   педагогикалық   кеңес   мәжілісінің,   әдістемелік   кеңес
хаттамаларымен танысу, сынып журналдары мен  есеп  беру  құжаттарын  зерттеу
зерттеушіге оқушылардың оқу-танымдық қызметінің даму деңгейі мен ақыл-ой іс-
әрекетінің  ерекшеліктері,  олардың  жұмысқа  жарамдылығы   туралы   пайдалы
объективті мәлімет береді.
    Педогогикалық құжаттарды зерттеу білім беру жүйесі  қызметінің  негізгі
бағыттарының жағдайы мен  даму  тенденцияларын  көрсетеді.  Оқу  жоспарлары,
бағдарламалары,  оқулықтар,  оқу-әдістемелік  оқу  құралдары,  мұғалімдердің
сабақ   жоспарлары,   жалпы   білім   беретін   мектептердің,   лицейлердің,
колледждердің оқу-тәрбие бағдарламалары мен  жоспарлары,  сынып  журналдары,
мұғалімдердің  есеп  беруі,  оқушыларды  оқыту,  тәрбиелеу   мен   дамытудың
мазмұндық компоненттері тіркелетін басқа да құжаттар зерттеудің  ең  маңызды
негіздері болып табылады.
    Ғылыми танымның екінші  деңгейі  –  теориялық  деңгей.  Ол  зерттеушіге
зерттеу   әдістері   мен   ғылыми   нәтижелер   арасындағы   себеп-салдарлық
тәуелділікті айқындауға, эмпирикалық  деректерден  теориялық  қорытындыларға
көшу  барысындағы   педагогикалық   заңдылықтарды   анықтауға   көмектеседі.
Теориялық деңгей әдістері: әдебиет  көздерін  зерттеу;  талдау  мен  синтез;
абстракциялау;  индуктивті  және  дедуктивті  әдістері;   ұқсастыру   әдісі;
модельдеу  әдісі;  болжау  әдісі;  математикалық  және  статистикалық  әдіс;
тіркеу әдісі; тізбектеу әдісі.
    Педагогикалық эксперимент  әдісі.  Зерттеу  объектісінің  педагогикалық
тиімділігін анықтай түсу мақсатына сай жұмыстың қандай  да  болсын  әдістері
мен  жолдарын  зерттеу  үшін  арнаулы  ұйымдастырылған  әдіс.  Педагогикалық
эксмерименттің мынадай түрлері бар: табиғи, лабораториялық,  іздеу  мақсатын
көздейтін эксперимент.
       Экперимент.  Нақты  жағдайды  есепке  алып,  педагогикалық   процесті
зерттейтін ғылыми тәжірибе. Педагогикалық экспериментке  сүйеніп,  зерттеуші
оқытудың және  тәрбиенің  тиімді  тәсілдері  мен  әдістерін,  формалары  мен
мазмұнын тексереді.
      Табиғи эксперимент. Сыныпты, бүкіл ұжымды оқу-тәрбие процесін  бұзбай,
педагогикалық проблемаларды зерттеу үшін әдеттегі  жағдайларда  қолданылатын
педагогикалық экперимент әдісінің түрі.
       Жасампаз  эксперимент   Тұтас   педагогикалық   процестің   мазмұнын,
ұйымдастыру формаларын, принциптері мен әдістерін жаңадан құру үшін  арнаулы
эксперимент  жүргізіледі.  Осы  педагогикалық  эксперимент  әдісінің   түрін
жасампаз эксперимент деп атайды.
      Лабораториялық  эксперимент.  Кейде  жете   бақылау   мен   тексерудің
нәтижесінде оқыту мен тәрбиенің кейбір әдістері мен  тәсілдеріне  өзгерістер
енгізуге  болады.  Бұл  жағдайда  педагогикалық  құбылыстарды   ұқыптылықпен
бақылау үшін сынып  ұжымынан  бір  топ  бала  бөлініп  алынады  да,  олармен
арнаулы эксперимент жүргізіледі.  Эксперименттің  бұл  түрін  лабораториялық
эксперимент деп атайды.

      Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:
      1. Әдіснама дегеніміз не?
      2. Әдіс дегеніміз не?
      3. Педагогика әдіснамасының мақсаты не?
      4. Ғылыми зерттеу әдістерінің топтарын нақтылаңыз.
      Әдебиеттер:
   1. Пошаев Д.Қ. Ғылыми-педагогикалық  зерттеу  негіздері.  Шымкент,  2003,
   112б.
   2. Загвязинский В.И. Исследовательская деятельность педагога.-М.,2008.
     3. Асқаров, Е.С.   Ғылыми зерттеулердің негіздері :оқу-әдістемелік
құрал .-Алматы,2005.
   4.ҚоянбаевМ.,Қоянбаева  Г.Р.  Педагогика  әдіснамасы  және  педагогикалық
   зерттеулетін әдістері. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2007,32б.
   5. Аканов Б., Карамзин Н.Основы научных исследований.- Алматы,1989-136с.
   6. Новые исследования в педагогических науках Вып 2.-М.,1991.
     7. Ержанова, А.Е.   Философия науки.-Алматы,2008.
     8. Общая и профессиональная педагогика/Под ред. В.Д. Симоновича.-
М.,2005.
    9. Педагогика профессионального образования/Под ред. Сластенина.-
М.,2004.
     12. Кринецкий Н.И.  Основы научных исследований. - Киев,1991,218с.
   14.  Пошаев  Д.Қ,  Пошаев  М.Д.  Педагогикалық  зерттеулер  және   ғылыми
   әдіснамасы.//ХХІ  ғасыр  бастауындағы  мамандықтандырудың  жалпы   кәсіби
   дайындығының проблемалары. - Алматы, РИК, 2000,  Б49-52.

    Тақырып 4. Кәсіби педагогикалық жеке проблемаларын зерттеудегі ғылыми
                            әдістердің қолданылуы
      Негізгі  ұғымдар:  зерттеу  проблемасы,   зерттеу  тапсырмасы,  ғылыми
баяндама, білім, ұғыну.
      Іс-әрекеттерді  зерттеу.  Жеке  тұлғаны  зерделеу.  Оқушының   жұмысқа
қабілеттілігін зерттеу. Кәсіби жарамдылығын бағалау.
 Оқушылардың даралық-психологиялық ерекшеліктеріне,ынта-талаптарына, мақсат-
 мүдделеріне, бейімділігі мен  қабілеттеріне  талдау  жасау  олардың  оқыту,
 тәрбие, дамыту процестеріне деген  қатынасын  анықтауға  мүмкіндік  береді,
 жеке тұлғаның танымдық процестері  мен  қабілеттерінің  қалыптасу  деңгейін
 көрсетеді.Оқушылардың  психологиялық-педагогикалық  мінездемелерімен   жеке
 құжаттарымен,    оқушылардың    медикалық-педагогикалық     тексерулерінің,
 педгогикалық кеңес мәжілісінің,  әдістемелік  кеңес  хаттамаларымен  таңысу
 сынып журналдарымен есеп беру құжаттарын  зерттеу  зерттеушіге  оқушылардың
 оқу-танымдық   қызметінің   даму   деңгейімен   ақыл-ой    іс-әрекеттерінің
 ерекшеліктері,  олардың  жұмысқа  жарамдылығы  туралы  пайдалы   объективті
 мәлімет береді, оқушылардың жеке тұлғасының дамуының  дәрежесі,  деңгейімен
 құрылысындағы сандық және сапалық өзгерістерін көрсетеді.
      Эмпирикалық әдіс ретіндегі дәрігерлік-педагогикалық тексеру медикалық-
 педагогикалық кестені жаппай дайындаумен байланысты.Ол кестелер  оқушыларға
 қатысты жеке дара қолданылады, оқушылар әртүрлі ғылыми мамандар тексеруінен
  өтеді.Тексеру барысында оқушылардың өмірбаяны, психологиялық-педагогикалық
 сипаттамасы,  олардың  үлгерімі,  жеке  тұлғалық  дамуынң  генезисі,ауырған
 ауруларының сипаты, олардың туа біткен кемшіліктері,  оқушылардың,  олардың
 ата-аналарының   денсаулығы,   таным   процесі   барысының    ерекшеліктері
 зерттеледі.
      Оқушылардың  жазбаша, графикалық және шығармашылық жұмыстарын  зерттеу
 зерттеушіге оқушылардың интеллектуалды-даралық ерекшеліктер мен қабілеттері
 туралы мағлұмат беретін әдістің бірі.Оқушылардың  жеке  дара  іс-әрекетінің
 нәтижелерін  зерттеу  олардың  жазбаша,  графикалық  және   де   басқа   да
 жұмыстарына талдау жасау зерттеушіге оқушылардың мотивтері, іс-әрекет стилі
 мен оларды орындаудағы   жетістіктер  туралы,  сондай-ақ  сол  іс-әрекеттің
 сыныпта, сыныптан тыс және басқа уақытта әр түрлі көрініс табуы туралы жан-
 жақты мәлімет береді.
       Білім  сапасы   оқушылардың   байқампаздығынан,   талдау,   жинақтау,
 абстракциялау  іскерлігінен,  оқу   материалымен   жұмыс   істеу   жолдарын
 анықтаудан, іс - әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс -  әрекетін  бақылап,
 оған керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді. Оқушылардың тәрбиелілігі
 олардың пікірлерінен, мінез-құлқынан, жүріс-тұрысынан байқалады.
      Оқушылардың жұмысын зерттеу әдісі.  Оқушылардың  жазба,  бақылау  және
графикалық  жұмыстары,  суреттері,  пәндер  бойынша  дәптерлері,  әр   түрлі
тақырыптарға жазылған баяндамалары мен рефераттары және  еңбек  сабақтарында
жасаған заттар зерттеушіні кейбір қажетті мәліметтермен қаруландырады.
      Мектеп құжаттарын зерттеу әдісі. Оқу және  тәрбие  жұмысындағы  кейбір
мәселелерді құжаттарға сүйеніп зерттеуге болады. Бұл мектеп  және  мектептен
тыс  тәрбие  мекемелеріндегі  құжаттар   мен   архив   мәліметтері.   Мектеп
құжаттарына  сынып  журналы,   оқушының   күнделігі,   сыныптың   оқу-тәрбие
жұмысының  жоспары,  үйірме  жұмысының  жоспары  мен  есебі,   педагогикалық
тақырыптарға жазылған мұғалімдердің баяндамалары мен мақалалары.
        Тестілеу  әдісі.  Бұл  әдіс  оқушылардың  білімі   мен   икемділігі,
бейімділігі, жалпы ақыл-ойының даму  дәрежесі,  не  жекелеген  қасиеттерінің
дамып, қалыптасуы жайында мағлұмат алуға мүмкіндік беретін зерттеу әдісі.
      Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:
      1. Іс-әрекет дегеніміз не?
      2. Тұлға деп кімді айтамыз?
      3. Қабілет дегеніміз не?
      4. Кәсіби жарамдылық дегенді қалай түсінесіз?
      Әдебиеттер:
   1. Пошаев Д.Қ. Ғылыми-педагогикалық  зерттеу  негіздері.  Шымкент,  2003,
   112б.
   2. Загвязинский В.И. Исследовательская деятельность педагога.-М.,2008.
     3. Асқаров, Е.С.   Ғылыми зерттеулердің негіздері :оқу-әдістемелік
құрал .-Алматы,2005.
   4.ҚоянбаевМ.,Қоянбаева  Г.Р.  Педагогика  әдіснамасы  және  педагогикалық
   зерттеулетін әдістері. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2007,32б.
   5. Аканов Б., Карамзин Н.Основы научных исследований.- Алматы,1989-136с.
   6. Новые исследования в педагогических науках Вып 2.-М.,1991.
     7. Ержанова, А.Е.   Философия науки.-Алматы,2008.
     8. Общая и профессиональная педагогика/Под ред. В.Д. Симоновича.-
М.,2005.
    9. Педагогика профессионального образования/Под ред. Сластенина.-
М.,2004.
     12. Кринецкий Н.И.  Основы научных исследований. - Киев,1991,218с.
   14.  Пошаев  Д.Қ,  Пошаев  М.Д.  Педагогикалық  зерттеулер  және   ғылыми
   әдіснамасы.//ХХІ  ғасыр  бастауындағы  мамандықтандырудың  жалпы   кәсіби
   дайындығының проблемалары. - Алматы, РИК, 2000,  Б49-52.
              Модуль 2. Ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау
      Тақырып 5. Зерттеу нәтижесінің өңделуі және мәлімет әдісі
      Негізгі ұғымдар: тәжірибелік жұмыс, ой қорытындысы, пайымдау,  теория,
 ақпараттар.
      Кәсіби педагогикалық  зерттеулерде  статистикалық  әдістерді  қолдану.
Зерттеу нәтижелерін кестеге  түсіру.  Зерттеу  нәтижелерін  графикалық  әдіс
түрінде  көрсету.  Зерттеу  нәтижелерін  салыстыру.   Әдебиеттермен   жұмыс,
ақпараттарды өңдеу және талдау.
       Математикалық және статистикалық әдіс  педагогикалық  құбылыстар  мен
олардың сапалық өзгерістері  арасындағы  сандық  тәуелділікті  анықтау  үшін
қолданылады. Бұл әдіс зерттеу жиынтығын өңдеу үшін, байланыс пен  ықпал  ету
көрсеткіштерін есепке алу  үшін,  өз  ара  тәуелділікті  айқындау  үшін,  әр
түрлілік көрсеткіштерін бөлу деңгейін  анықтау  үшін,  орташа  арифметикалық
қате мен оынң мөлшерін айқындап, осы мөлшерді  бөлу  дәрежесін  (дисперсия),
орташа квадраттық ауытқуларды, әр  түрлілік  коэффициенттерін  есептеу  үшін
қолданылады.  Педагогикалық  зерттеулерді  математикалық  әдістерді  қолдану
эксперименттік зерттеулердің сандық  деректеріне  статистикалық  өңдеу  үшін
қажет.
    Тіркеу әдісі педагогикалық зерттеулер ішіндегі  кең  тараған  әдіс,  ол
зерттеу  объектісінің   белгілі   бір   қасиеттерін   ашып,   есептеу   үшін
қолданылады. Тіркеу әдетте  белгілі бір белгісі бар  не  жоқ  бір  құбылысты
өлшеу үшін қолданылады. Бұл белгісі бар объектіні  анықтап  алып,  оның  бұл
белгісі жоқ басқа  бір  объектіден  ажырата  алу  қажет.  Сондай-ақ,  шартты
критерилер қажет, мысалы қандай  оқушыны  тәртіпті,  ал  қандайын  тәртіпсіз
деп, өзімшіл немесе көпшіл деп, үлгерімі жақсы  немесе  үлгерімі  нашар  деп
айтуға болады. Ұқсастыру әдісі заттар мен құбылыстардың жалпылығын  айқындау
үшін қолданылады.
     Модельдеу әдісі теория жүзінде  мүмкін  жағдайдың,  құбылыстың  немесе
заттың моделін жасау әдісі. Модельдеу – зерттеу  объектісі  өзімен  ұқсастық
қатынастағы басқа бір объектімен алмастырылатын зерттеу әдісі.  Модель  және
модельдеу әдісі түпнұсқаны зерттеу қиын немесе мүмкін емес  болғанда  немесе
түпнұсқаны зерттеу үлкен қаражат шығынын талап еткен  жағдайда  қолданылады.
Модель мен түп нұсқа  арасында  белгілі  бір  ұқсастық  болу  керек.  Мұндай
ұқсастық  зерттеушінің   модельді   зерттеу   кезінде   алған   ақпараттарын
түпнұсқаға көшіруге мүмкіндік береді, ал  көшіру  үшін  ұқсастықтың,  талдау
мен синтездің әртүрлі формалары қолданылады.  Модельдеу  ауызша,  логикалық,
физикалық, математикалық, заттық, белгілік сияқты түрлері болады.  Модельдің
түрін таңдау таным зерттеу объектісінің күрделігіне байланысты.
       Педагогикалық   үрдістерді   модельдеу.     Модельдеу    педагогикада
кибернетикалық  идеялар  мен   әдістерді   пайдаланумен   байланысты,   олар
негізінен  алғанда  қарапайым  деңгейде,  яғни  озат  тәжірибені   қорытуға,
қарапайым материалды жинап сипаттауға  жіне  оны  алғаш  рет  қңдеп,  жүйеге
келтіруге педагогикалық зеттеу дәрежесін көтеруге көмектеседі.
    Болжау әдісі зерттеушінің қатысынсыз педагогикалық  жүйе  немесе  білім
беру жүйесінің қозғалысын  көрсету  үшін  қолданылады.  Зерттеу  нәтижесінде
алынған  нақты  ғылыми   деректерді   сандық   көрсеткіштерге,   кестелерге,
графиктерге,  сызбаларға,  диаграммаларға,  формулаларға,   түсініктер   мен
заңдарға айналдыру зерттеушінің ойлау  абстракциясының  жоғары  деңгейі  мен
дәрежесі қажет.
     Абстракциялаудың (дерексіздендіру) екі түрі бар:  талдап  қорыту  және
жекелеп бөлу. Талдап қорыту – көптеген бірыңғай белгілерін анықтау.  Жекелеп
бөлу – бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін  зерттеушіге  қажетті
бір қасиетін бөліп алу процесі.
    Индуктивті және дедуктивті әдістері - бұл әдістің көмегімен эмпирикалық
деректер қорытындыланып,  жекеден  жалпыға  қарай  және  керісінше  жалпыдан
жекеге қарай қисынды салдарлар айқындалады.
      2. Зерттеу нәтижелерін кестеге түсіру. Зерттеу нәтижелерін  графикалық
әдіс түрінде көрсету. Зерттеу нәтижелерін  салыстыру.  Әдебиеттермен  жұмыс,
ақпараттарды өңдеу және талдау.
    Әдебиет көздерін  зерттеу  зерттеудің  бастапқы  құрамды  бөлігі  болып
табылады. Бұл  кез-келген  ғылыми  іс-әрекеттің  алғашқы  кезеңі.  Зерттеуші
ғылымның осы саласында оған  дейін  қандай  мәселелер  зерттелгенін  анықтау
үшін, зерттеу мәселесінің бұрынғы мен қазіргі жай-күйі және оған қатысы  бар
барлық мәселелерді түсіну үшін таңдап алған тақырыбы  бойынша  әдебиеттермен
танысуы.
    Ғылымның зерттеліп отырған саласының  жай-күйі  мен  дамуын  тану  үшін
зерттеуші әр түрлі педагогикалық бағыттар,  көзқарастар,  ғылыми  мектептер,
отандық және шетелдік баспалардың арасынан  өзіе  керекті  әдебиетті  таңдап
алып, көптеген авторларға ортақ және білім  беру  процесіндегі  заманға  сай
тенденцияларды анықтайтын жалпыны табуы қажет.
    Әдебиеттерді зерттеу кезінде оларға  талдау  жасау,  оларды  салыстыру,
теңестіру,  жалпыға  ортақ  ғылыми   әдістерді   анықтау   сияқты   жұмыстар
жүргізіледі. Әдебиет көздерін зерттеу  әдісі  ғылыми  танымның  белгілі  бір
кезеңіндегі зерттеудің нақты мақсаттар  мен  міндеттерімен  анықталады.  Бұл
әдістің қажетті әдебиеттерді іздеу, әдебиет материалдарына алдын-ала  талдау
жасау, оқу мен жасып алу техникасын  ескеру,  тақырыптық  белгілері  бойынша
жеке  картотеканы  құру,   әдебиеттерді   бір   жүйеге   келтіріп   қолдану,
әдебиеттерді зерттеу сияқты сатылары бар.
     Талдау мен синтез. Талдаудың эмпирикалық материалды механикалық  бөлу;
тұтастың  құрамындағы  элементтердің  өзара  қастынасы  формаларын  анықтау;
білім құрылысын ашу; зерттеу объектісінің сипаты  мен  динамикасын  айқындау
сияқты түрлері бар.  Талдау  барысында  зерттеу  нәтижелерін  бағдарламалар,
кестелер, жоспарлар, жүйелер  түрінде  жинақтауға  болады.  Таладау  кезінде
конъюгация (лат. Conjuncion – одақ, байланыс) ережесін де қолдануға  болады,
бұл ереже бойынша екі немесе одан да көп  пікірлерді  бір  күрделі  сөйлемге
біріктіруге болады. Талдау мен синтез диалектикалық түрде бір-бірімен  тығыз
байланысты, «талдау» термині  көбінесе  зерттеу  процесін  тұтастай  зерттеу
кезінде қолданылады. Сондай-ақ белгілі бір нәтижелері бар деректерге  жүйеге
кірерде және одан шығарда талдау жасап, салыстыруға болады.
      Ақпараттар:
 - шолу - ғылыми құжаттардың шолуды қамтитын қайталанбалы хабарлама;
 -  реферативтік  -  алғашқы  ғылыми  құжаттар   мазмұнындағы   қайталанбалы
   хабарлама;
 -  тіректік  -  алдын-ала  хабарлау  қызметін  атқаратын   түрлі   дәрежеде
   жинақталған қайталанбалы ақпарат;
 - ғылыми-зерттеу - жаңа  ғылыми  білімдерді  жасау  процесі,  танымдық  іс-
   әрекеттің бір түрі.  Ол  шындығымен,  жаңғыртылуымен,  дәлелдігімен  және
   дәлдігімен сипатталады.
      Зерттеулердің нәтижесін  тәжірибеге  енгізу  жолдары  –  педагогикалық
зерттеудің ең басты қорытындысы болып  есептеледі.  Зерттеулердің  нәтижесін
тәжірибеге енгізу – бұл тұтас комплексті  шаралар  жиынтығы.  Үздіксіз,  бір
ізді, мақсатты түрде жүргізілген зерттеу жұмысының  нәтижесінде  айқындалған
заңдылықты,  педагогикалық  басылымдар,  арнайы  ғылыми  баяндамалар  арқылы
медодикалық құралдар, оқулықтар  жасау  арқылы  мектептің  озат  тәрбиесімен
дәлелденіп, тиімділігі жан  жақты  айқындалған  зерттеулердің  кепілі  болуы
керек.  Педагогикалық  жаңалықтарды,   озат   тәжірибені,   ғылыми-теориялық
концепцияларды зерттеу, эксперименттік жұмыстар  арқылы  байқаудан  өткізіп,
тексеріп,  оның  нәтижелерін  шығару  тиімділігін   көрсету,   педагогикалық
ынтымақтастық  идеясын  жүзеге  асыру  –  қазіргі  мектептің,  педагогикалық
ғылымның, әрбір мұғалімнің борышы.
      Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:
      1. Статистикалық әдістерге қандай әдістер жатады?
      2. Статистикалық әдістердің ерекшеліктерін атаңыз.
      3. Графикалық әдістің қолданылу ерекшелігі қандай?
      4. Зерттеу нәтижелерін қалай салыстырамыз.
      5. Әдебиеттермен жұмысқа қойылатын талаптарды атаңыз?
      Әдебиеттер:
   1. Пошаев Д.Қ. Ғылыми-педагогикалық  зерттеу  негіздері.  Шымкент,  2003,
   112б.
   2. Бектаев  Қ.  Ықтималдықтар  теориясы  және  математикалық  статистика.
   -Алматы, Рауан, 1991, 431 б.
     3.Загвязинский В.И. Исследовательская деятельность педагога.-М.,2008.
     4. Асқаров, Е.С.   Ғылыми зерттеулердің негіздері :оқу-әдістемелік
құрал .-Алматы,2005.
   5.ҚоянбаевМ.,Қоянбаева  Г.Р.  Педагогика  әдіснамасы  және  педагогикалық
   зерттеулетін әдістері. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2007,32б.
   6. Аканов Б., Карамзин Н.Основы научных исследований.- Алматы,1989-136с.
   7. Новые исследования в педагогических науках Вып 2.-М.,1991.
     8. Ержанова, А.Е.   Философия науки.-Алматы,2008.
     9. Кринецкий Н.И.  Основы научных исследований. - Киев,1991,218с.
   10. Пашутин А.М. Восприятие и метод наблюдений. -  Москва, 1991.
   11. Полонский В.М.Оценка качества научно-педагогических  исследований.  -
   Москва, 1987.
   12.  Пошаев  Д.Қ,  Пошаев  М.Д.  Педагогикалық  зерттеулер  және   ғылыми
   әдіснамасы.//ХХІ  ғасыр  бастауындағы  мамандықтандырудың  жалпы   кәсіби
   дайындығының проблемалары. - Алматы, РИК, 2000,  Б49-52.
   Тақырып 6. Ғылыми зерттеуді дайындаудың жолдары және зерттеу нәтижесін
                                  жариялау
      Негізгі ұғымдар: ғылыми есеп, тұжырымдама, білік.
            Зерттеу  нәтижелерін  безендіру,  тарату  және  бағалау.  Ғылыми
      педагогикалық зерттеулерді безендірудегі нормативті талаптар.
   Зерттеу  жұмысының  нәтижелі  болуы  үшін  педагог  мынадай    талаптарды
орындауға міндетті:
    - ізденіс әрекетінің сипаты шығармашылық, өнімді екендігін, тек  ақпарат
      алуға бағытталмағандығын, керісінше оның мән –  мағынасын  ашуға,  оны
      жасауға өзіне ғана тән тиімді шешімдерді іздестіруге бағытталатындығын
      ұғыну;
    -  жалпы  ғылыми  және  пәндік  білгірлік,  сондай  –  ақ  жалпы  мәдени
      дүниетаным болуы;
    - тұлғалық шығармашылық әлеуеттің, стандартты есем тәсілдер мен шешімдер
      жасауға  қабілеттілік,  ерік  –  жігер  және  моральдық  психологиялық
      сапалардың: адалдық, табандылық,  барынша  беріліп  қызығушылық,  сыни
      көзқараспен қарауға қабілетті болу;
    - ғылыми ізденістің теориялық және практикалық әдіснамасын меңгеру.
      Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу,  жинақтау   және  тарату
ісі  күрделі   және   шығармашылық   мәселелердің   бірі   болып   табылады.
Педагогикалық тәжірибе – оқыту, білім беру және тәрбие  тәжірибесі,  дәлірек
айтсақ нәтижесі оқушының жеке тұлғалық сапаларынан  көрінетін,  белгілі  бір
мақсатпен  ұйымдастырылатын  педагогикалық  процесс.   Көпшілік   мұғалімнің
педагогикалық тәжірибесі – бұл педагогика ғылымының  жетістіктерін  қолданып
жұмыс істеп жатқан білім беру ұйымдарының тәжірибесі.
      Озат педагогикалық тәжірибе  сөзін  түрліше  түсінеміз.  Кең  мағынада
педагогикалық тәжірибе – мұғалімнің  шеберлігінің  жоғары  деңгейі,  тұрақты
педагогикалық нәтиже  беретін  оқыту  және  тәрбие  тәжірибиесі.  Мұғалімнің
тәжірибесінде  жаңалық  болмауы  мүмкін,  бірақ  ол  ғылымда   белгілі   бір
принциптерді, әдістерді табысты  түрде  қолданып,  басқа  мұғалімдерге  үлгі
болып, озат тәжірибесі басқа мектептерге таратылады.
      Педагогикалық озат тәжірбиенің  тар  мағынасы:  шығармашылық  ізденіс,
жаңалығы  бар  тәжірибе,  жаңашылдардың  тәжірибесі.  Мұндай   педагогикалық
тәжірибе  өте  құнды,  себебі  ол  мектеп  тәжірибесіне  жаңалық   енгізеді.
Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату  керек.
Жай шеберлік пен  жаңашылдық  арасындағы  айырмашылықты  көру  қиын,  себебі
мұғалім ғылымда  белгілі  принциптер  мен  әдістерді  қолданып,  қол  жеткен
жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді  қолданып,  немесе  ескі  әдіс  –
тәсілдерді тиімді етіп ұштастырып, бірте – бірте жаңашыл болады, олай  болса
кез келген жақсы тәжірибені мектептің тәжірибесіне  енгізуге  болады,  бірақ
жаңашыл мұғалімдердің іс-әжірибесін жан-жақты  талдап,  қорытындылап  тарату
керек. Бірінші белгісі  –  қоғам  дамуының  бағытына,  әлеуметтік  сұранысқа
сәйкестігі. Озат мұғалімдер мен білім беру  ұйымдарының  қызметкерлері  өмір
талаптарына сай жұмыс  істеп,  педагогикалық  процесті  жетілдірудің  тиімді
жолдарын табады. Озат тәжірибенің екінші белгісі –  педагогикалық  қызметтің
тұрақты,  жақсы  нәтижелері.  Педагогикалық  «өнім»  -  оқушылардың   білім,
іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелігінің деңгейі.
   Мұғалім сабақтарын дұрыс бағалап,  оқушылардың  білім  сапасын  тексеріп,
жауап  алынатын  сұрақтар:   оқушылардың   бағдарламадағы   оқу   материалын
меңгеруі;  өз  беттерімен  білім  ала  білуі;   білімдерін   шығармашылықпен
тәжірибеде қолдануы; оқушылардың жалпы дамуы.
       Білім  сапасы   оқушылардың   байқампаздығынан,   талдау,   жинақтау,
абстракциялау  іскерлігінен,   оқу   материалымен   жұмыс   істеу   жолдарын
анықтаудан, іс - әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс  -  әрекетін  бақылап,
оған керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді. Оқушылардың  тәрбиелілігі
олардың  пікірлерінен,  мінез-құлқынан,  жүріс-тұрысынан   байқалады.   Озат
тәжірибенің  үшінші  белгісі  –  оқыту,  тәрбие,   дамуда   тұрақты,   жақсы
нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың өз күштері және  құралдарын
орнымен жұмсауы.
      Жаңалық  –  озат  тәжірибенің  төртінші  белгісі.  Педагогикалық  озат
тәжірибе оқу  –  тәрбие  жұмысын  үнемі  дамытып  және  жетілдіріп  отырады.
Сондықтан, әрбір мұғалім еліміздегі  жаңашыл  ұстаздардың  бай  тәжірибесін,
белгілі педагогтар  мен  психологтардың  ғылыми  еңбектерін  терең  зерттеп,
олардың ұсынбаларын өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн.
Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір  жолдары  бар.  Олар:
мұғалімнің  өз  тәжірибесін  өзі  зерттеп  жинақтауы,  педагогикалық   еңбек
шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау; бір педагогикалық  тақырып
бойынша  бірнеше  мұғалімдердің  іс-тәжірибелерін  зерттеу  және   жинақтау,
жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибесін тарату және оны оқу-тәрбие  процесіне
енгізу, педагогикалық ғылыми-зерттеу институттарының басшылығымен  оқу  және
тәрбие салаларында орын  алып  отырған  мәселелерді  тауып,  оны  шешуге  ат
салысу.
      Оқыту мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін  табуда  мұғалімнің
өз  тәжірибесін  өзі  зерттеп,  жинақтау  ісі  -  әрі  қиын,   әрі   күрделі
мәселелердің бірі. Мұғалім оқыту мен тәрбие саласындағы  орын  алып  отырған
бір мәселені шешу  үшін  әдіс-тәсілдерді  таңдап  алып,  олардың  оқушыларға
ықпалын сабақ және тәрбиелік іс – шаралар арқылы байқалады. Мұғалім  зерттеу
арқылы түскен  материалдарды  талдап,  қорытындысын  үнемі  дәптерге  жазып,
оқушылардың ынтасы  мен  таным  қабілетін  дамыту  жолдарын  іздестіріп,  өз
жұмысындағы жетістіктер  мен  кемшіліктерді  көріп,  оларды   жоюдың  тиімді
жолдарын табу үшін педагогикалық әдебиеттермен танысады.
      Мұғалім  өз  мектебіндегі  немесе  көршілес  мектептердегі  тәжірибелі
мұғалімдердің тәрбие  жұмыстарымен  танысып,  сабақтарына  қатысып,  олардың
оқыту  мен  тәрбие   әдістерін   өзінің   әдістерімен   салыстырып,   тиісті
қорытындылар  жасап,  зерттеу  жұмысының  құжаттарын,  атап  айтсақ,   сабақ
жоспары,  күнтізбелік-тақырыптық  жоспар,   оқушылардың   жазба   жұмыстары,
дәптерлері, оқушылардың баяндамаларын жинақтайды.
      Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:
      1. Зерттеу нәтижелерін безендіру дегеніміз не?
      2. Зерттеу нәтижелерін тарату қалай жүзеге асырылады?
      3. Зерттеу нәтижесін бағалауда қандай әдіс қолданылады?
      4. Зерттеулерді өңдеуге қойылатын нормативті талаптарды атаңыз?
      Әдебиеттер:
   1. Пошаев Д.Қ. Ғылыми-педагогикалық  зерттеу  негіздері.  Шымкент,  2003,
   112б.
     3.Загвязинский В.И. Исследовательская деятельность педагога.-М.,2008.
     4. Асқаров, Е.С.   Ғылыми зерттеулердің негіздері :оқу-әдістемелік
құрал .-Алматы,2005.
   5.ҚоянбаевМ.,Қоянбаева  Г.Р.  Педагогика  әдіснамасы  және  педагогикалық
   зерттелетін әдістері. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2007,32б.
   6. Аканов Б., Карамзин Н.Основы научных исследований.- Алматы,1989-136с.
   7. Полонский В.М.Оценка качества  научно-педагогических  исследований.  -
   Москва, 1987.
   8.  Пошаев  Д.Қ,  Пошаев  М.Д.  Педагогикалық  зерттеулер   және   ғылыми
   әдіснамасы.//ХХІ  ғасыр  бастауындағы  мамандықтандырудың  жалпы   кәсіби
   дайындығының проблемалары. - Алматы, РИК, 2000,  Б49-52.

3ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРЫ
      Тәжірибелік  сабақтарына  даярлануға әдістемелік нұсқаулар
      Тәжірибелік   сабақтар   студенттердің   оқу   жұмыстарының    маңызды
формаларының бірі.
      Тәжірибелік сабақтардың мақсаты  –  білімді  бекіту,  іскерліктер  мен
дағдыларды қалыптастыру.
      Бұл сабақтардың рөлі студенттерде оқыған пәндерінен  алған  білімдерін
практикада қолдана  білу  дағдылары  мен  іскерліктерін  қалыптастыруда  өте
жоғары.
      Тәжірибелік  сабақтардың міндеттері:
      1. Дәріс материалдарын  қайталау  арқылы  білімді  бекіту,  материалды
кеңейту және нақтылау.
      2. Алынған білімді нақты әрекеттерді орындау  үшін  және  жаңа  білім,
дағдыларды алу үшін өздігінен қолдану қабілетін  дамыту.
      3. Теориялық білімді  практикада қолдана білу іскерлігін қалыптастыру.
      4. Практикада қолдану үшін ғылыми әдістер және тәсілдерімен танысу.
      5. Алғашқы тәжірибеге қажетті дағдыларды жинақтау.
      6. Ғылыми-практикалық сұрақтарды өздігінен шешу дағдыларын дамыту.
      7. Алынған білімді нақты жүйеге келтіру.
      8.  Оқу  және  ғылыми  жұмыстарға  жауапкершілікті   және  ұқыптылықты
тәрбиелеу.
      9. Пәндер арасындағы байланыс пен қатынасты дамыту.
      Тәжірибелік  сабақтарға  даярлануда  әр   тақырып   бойынша   берілген
сұрақтардың мазмұнын ашу керек. Сұрақтардың мазмұнын ашуда  нақты  мысалдар,
фактілер,  аргументтер   келтіру   қажет.   Сабаққа   даярлануда   ұсынылған
әдебиеттерден басқа  әдебиеттерді,  күнделікті  баслымдардағы  материалдарды
қолдануға болады. Тәжірибелік  сабақтарда  оқылатын  пәнге  жағымды  қатынас
қалыптасады, алған білім және іскерліктер бекиді және жетіледі.

  Тәжірибелік сабақтарының тақырыптары және қысқаша мазмұны
        Модуль 1. Кәсіби педагогикадағы ғылыми зерттеулер әдіснамасы
Тақырып 1. «Кәсіби педагогикадағы ғылыми зерттеу негіздері» пәні
      Мақсаты: курстың мақсат, міндеттерімен танысу, ғылым туралы  түсінікті
меңгеру.
      Курсты оқыту мақсаты  мен  міндеті.  Ғылым  танымның  жоғарғы  формасы
ретінде. Ғылым туралы жалпы түсінік. Ғылымның  қалыптасу және  даму  тарихы.
Ғылымның даму заңдылықтары.   Теория мен практиканың бірлігі.
      Бақылау сұрақтары:
1. Курстың негізгі міндеттері.
2. Ғылым дегеніміз не?.
3. Ғылыми таным дегеніміз не?.
4. Ғылымның пайда болу тарихы.
5. Теорияны практикамен байланыстыру.
      Әдебиеттер:
   1. Пошаев Д.Қ. Ғылыми-педагогикалық  зерттеу  негіздері.  Шымкент,  2003,
   112б.
   2. Загвязинский В.И. Исследовательская деятельность педагога.-М.,2008.
     3. Асқаров, Е.С.   Ғылыми зерттеулердің негіздері :оқу-әдістемелік
құрал .-Алматы,2005.
   4.ҚоянбаевМ.,Қоянбаева  Г.Р.  Педагогика  әдіснамасы  және  педагогикалық
   зерттеулетін әдістері. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2007,32б.
   5. Аканов Б., Карамзин Н.Основы научных исследований.- Алматы,1989-136с.
   6. Новые исследования в педагогических науках Вып 2.-М.,1991.
     8.Личность и профессия: психологическая поддержка и сопровождение . -
М.,2005.
    9. Общая и профессиональная педагогика/Под ред. В.Д. Симоновича.-
М.,2005.
    10. Педагогика профессионального образования/Под ред. Сластенина.-
М.,2004.
     11. Профильное обучение:спецвыпуск. - Новосибирск,2002.

             Тақырып 2. Кәсіби педагогикада ғылыми зерттеулерді
                                 Ұйымдастыру
         Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысу.
      Ғылыми зерттеу бағытын таңдау негізі.   Зерттеу  логикасы.  Зерттеудің
ғылыми  аппаратын  түзу.Тәжірибелі   эксперимент   жұмыстары   және   оларды
ұйымдастыру. Ғылыми зерттеу кезеңдері.
      Бақылау сұрақтары:
1. Зерттеу логикасы деген не?
2. Зерттеудің ғылыми аппаратының құрылымы.
3. Тәжірибелі эксперимент жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды
атаңыз.
Әдебиеттер:
   1. Пошаев Д.Қ. Ғылыми-педагогикалық  зерттеу  негіздері.  Шымкент,  2003,
   112б.
   2. Загвязинский В.И. Исследовательская деятельность педагога.-М.,2008.
     3. Асқаров, Е.С.   Ғылыми зерттеулердің негіздері :оқу-әдістемелік
құрал .-Алматы,2005.
   4.ҚоянбаевМ.,Қоянбаева  Г.Р.  Педагогика  әдіснамасы  және  педагогикалық
   зерттеулетін әдістері. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2007,32б.
   5. Аканов Б., Карамзин Н.Основы научных исследований.- Алматы,1989-136с.
   6. Новые исследования в педагогических науках Вып 2.-М.,1991.
     7. Ержанова, А.Е.   Философия науки.-Алматы,2008.
     8. Общая и профессиональная педагогика/Под ред. В.Д. Симоновича.-
М.,2005.
    9. Педагогика профессионального образования/Под ред. Сластенина.-
М.,2004.
     12. Кринецкий Н.И.  Основы научных исследований. - Киев,1991,218с.
   14.  Пошаев  Д.Қ,  Пошаев  М.Д.  Педагогикалық  зерттеулер  және   ғылыми
   әдіснамасы.//ХХІ  ғасыр  бастауындағы  мамандықтандырудың  жалпы   кәсіби
   дайындығының проблемалары. - Алматы, РИК, 2000,  Б49-52.
      Тақырып 3. Кәсіби педагогикадағы зерттеу әдістері
       Мақсаты: зерттеу әдістерімен танысу және қолдану іскерлігін меңгеру.
      Ғылым әдіснамасы туралы түсінік. Ғылыми зерттеу әдістерінің мәні  және
жіктелуі.  Педагогикалық  бақылауды  ұйымдастыру.   Эксперименттік   бағалау
әдістері, модельдеу әдістері, сауалнама, анкета, әлеуметтік әдістер.
      Бақылау сұрақтары:
1. Әдіснама дегеніміз не?.
2. Зерттеу әдістері дегеніміз не?.
3. Эмпирикалық әдістер.
4. Теориялық әдістер.
5. Педагогикалық бақылау түрлері.
6. Эксперимент түрлері және ұйымдастырылу ерекшеліктері.
7. Сауалнама өткізуге қойылатын тталаптар.
8. Анкета әдісінің тиімділігі және тиімсіздігі неде?.
      Әдебиеттер:
   1. Пошаев Д.Қ. Ғылыми-педагогикалық  зерттеу  негіздері.  Шымкент,  2003,
   112б.
   2. Загвязинский В.И. Исследовательская деятельность педагога.-М.,2008.
     3. Асқаров, Е.С.   Ғылыми зерттеулердің негіздері :оқу-әдістемелік
құрал .-Алматы,2005.
   4.ҚоянбаевМ.,Қоянбаева  Г.Р.  Педагогика  әдіснамасы  және  педагогикалық
   зерттеулетін әдістері. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2007,32б.
   5. Аканов Б., Карамзин Н.Основы научных исследований.- Алматы,1989-136с.
   6. Новые исследования в педагогических науках Вып 2.-М.,1991.
     7. Ержанова, А.Е.   Философия науки.-Алматы,2008.
     8. Общая и профессиональная педагогика/Под ред. В.Д. Симоновича.-
М.,2005.
    9. Педагогика профессионального образования/Под ред. Сластенина.-
М.,2004.
     12. Кринецкий Н.И.  Основы научных исследований. - Киев,1991,218с.
   14.  Пошаев  Д.Қ,  Пошаев  М.Д.  Педагогикалық  зерттеулер  және   ғылыми
   әдіснамасы.//ХХІ  ғасыр  бастауындағы  мамандықтандырудың  жалпы   кәсіби
   дайындығының проблемалары. - Алматы, РИК, 2000,  Б49-52.
    Тақырып 4. Кәсіби педагогикалық жеке проблемаларын зерттеудегі ғылыми
                            әдістердің қолданылуы
      Мақсаты: ғылыми әдістерді қолдану іскерлігін меңгеру.
      Іс-әрекеттерді  зерттеу.  Жеке  тұлғаны  зерделеу.  Оқушының   жұмысқа
қабілеттілігін зерттеу. Кәсіби жарамдылығын бағалау.
      Бақылау сұрақтары:
1. Тұлға деп кімді айтамыз?.
2. Қабілеттілік дегеніміз не?.
3. Жеке тұлғаны зерттеу әдістерін атаңыз.
4. Іс-әрекеттерді зерттеу әдістерін атаңыз.
      Әдебиеттер:
   1. Пошаев Д.Қ. Ғылыми-педагогикалық  зерттеу  негіздері.  Шымкент,  2003,
   112б.
   2. Загвязинский В.И. Исследовательская деятельность педагога.-М.,2008.
     3. Асқаров, Е.С.   Ғылыми зерттеулердің негіздері :оқу-әдістемелік
құрал .-Алматы,2005.
   4.ҚоянбаевМ.,Қоянбаева  Г.Р.  Педагогика  әдіснамасы  және  педагогикалық
   зерттеулетін әдістері. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2007,32б.
   5. Аканов Б., Карамзин Н.Основы научных исследований.- Алматы,1989-136с.
   6. Новые исследования в педагогических науках Вып 2.-М.,1991.
     7. Ержанова, А.Е.   Философия науки.-Алматы,2008.
     8. Общая и профессиональная педагогика/Под ред. В.Д. Симоновича.-
М.,2005.
    9. Педагогика профессионального образования/Под ред. Сластенина.-
М.,2004.
     12. Кринецкий Н.И.  Основы научных исследований. - Киев,1991,218с.
   14.  Пошаев  Д.Қ,  Пошаев  М.Д.  Педагогикалық  зерттеулер  және   ғылыми
   әдіснамасы.//ХХІ  ғасыр  бастауындағы  мамандықтандырудың  жалпы   кәсіби
   дайындығының проблемалары. - Алматы, РИК, 2000,  Б49-52.


              Модуль 2. Ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау
      Мақсаты: ғылыми зерттеу нәтижелерін  қорытындылау  әдістерімен  танысу
және меңгеру.
      Тақырып 5. Зерттеу нәтижесінің өңделуі және мәлімет әдісі
      Кәсіби педагогикалық  зерттеулерде  статистикалық  әдістерді  қолдану.
Зерттеу нәтижелерін кестеге  түсіру.  Зерттеу  нәтижелерін  графикалық  әдіс
түрінде көрсету. Зерттеу  нәтижелерін  салыстыру.  Каталогпен  жұмыс  жасау,
әдебиеттермен жұмыс.  Интернет  арқылы  материалдар  жинақтау.  Ақпараттарды
өңдеу, талдау.
      Бақылау сұрақтары:
      1. Статистикалық әдістер және оларды қолдану талаптарын атаңыз.
      2. Зерттеу нәтижелерін шығару жолын көрсетіңіз.
      3. Каталогпен жұмыс істеу тәртібіне қойылатын талаптарды нақтылаңыз.
      4. Ақпараттарды өңдеуге қойылатын талаптарды атаңыз.
      Әдебиеттер:
   1. Пошаев Д.Қ. Ғылыми-педагогикалық  зерттеу  негіздері.  Шымкент,  2003,
   112б.
   2. Бектаев  Қ.  Ықтималдықтар  теориясы  және  математикалық  статистика.
   -Алматы, Рауан, 1991, 431 б.
     3.Загвязинский В.И. Исследовательская деятельность педагога.-М.,2008.
     4. Асқаров, Е.С.   Ғылыми зерттеулердің негіздері :оқу-әдістемелік
құрал .-Алматы,2005.
   5.ҚоянбаевМ.,Қоянбаева  Г.Р.  Педагогика  әдіснамасы  және  педагогикалық
   зерттеулетін әдістері. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2007,32б.
   6. Аканов Б., Карамзин Н.Основы научных исследований.- Алматы,1989-136с.
   7. Новые исследования в педагогических науках Вып 2.-М.,1991.
     8. Ержанова, А.Е.   Философия науки.-Алматы,2008.
     9. Кринецкий Н.И.  Основы научных исследований. - Киев,1991,218с.
   10. Пашутин А.М. Восприятие и метод наблюдений. -  Москва, 1991.
   11. Полонский В.М.Оценка качества научно-педагогических  исследований.  -
   Москва, 1987.
   12.  Пошаев  Д.Қ,  Пошаев  М.Д.  Педагогикалық  зерттеулер  және   ғылыми
   әдіснамасы.//ХХІ  ғасыр  бастауындағы  мамандықтандырудың  жалпы   кәсіби
   дайындығының проблемалары. - Алматы, РИК, 2000,  Б49-52.

   Тақырып 6. Ғылыми зерттеуді дайындаудың жолдары және зерттеу нәтижесін
                                  жариялау
      Мақсаты: зерттеу нәтижесін шығару және тарату іскерлігін қалыптастыру.
      Зерттеу   нәтижелерін   безендіру,   тарату   және   бағалау.   Ғылыми
педагогикалық зерттеулерді  безендірудегі  нормативті  талаптар.  Аннотация,
пікір жазу.
      Бақылау сұрақтары:
1. Ғылыми есеп дегеніміз не? Даярлауға қойылатын талаптарды сипаттаңыз.
2. Зерттеу нәтижелерін қорытындылау және тарату әдістемесі.
3. Ғылыми баяндама жазуға қойылатын талаптарды атаңыз.
      Әдебиеттер:
   1. Пошаев Д.Қ. Ғылыми-педагогикалық  зерттеу  негіздері.  Шымкент,  2003,
   112б.
     3.Загвязинский В.И. Исследовательская деятельность педагога.-М.,2008.
     4. Асқаров, Е.С.   Ғылыми зерттеулердің негіздері :оқу-әдістемелік
құрал .-Алматы,2005.
   5.ҚоянбаевМ.,Қоянбаева  Г.Р.  Педагогика  әдіснамасы  және  педагогикалық
   зерттелетін әдістері. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2007,32б.
   6. Аканов Б., Карамзин Н.Основы научных исследований.- Алматы,1989-136с.
   7. Полонский В.М.Оценка качества  научно-педагогических  исследований.  -
   Москва, 1987.
   8.  Пошаев  Д.Қ,  Пошаев  М.Д.  Педагогикалық  зерттеулер   және   ғылыми
   әдіснамасы.//ХХІ  ғасыр  бастауындағы  мамандықтандырудың  жалпы   кәсіби
   дайындығының проблемалары. - Алматы, РИК, 2000,  Б49-52.

4 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ
       Оқытушы  жетекшілігімен  және  студенттердің   өздігінен   орындайтын
жұмыстарын  орындауға әдістемелік нұсқаулар

      Мақсаты:  студенттердің  дәріс  және  тәжірибелік  сабақтарында  алған
білімдері негізінде өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру.
      Міндеттері:
      - дәріс  және тәжірибелік  сабақтарында алған білімдерін тереңдету;
      - теорияны практикамен байланыстыру;
      - библиографиямен жұмыс істеу іскерлігі мен дағдыларын жетілдіру;
      - алынған білімі негізінде мәселелік сұрақтарды  өздігінен шешу;
        -   психологиялық-педагогикалық   бақылау   жүргізудің   практикалық
дағдыларын жетілдіру;
      - зерттеушілік, ізденушілік іскерліктерін жетілдіру;
      - өздігінен жұмыс істеу іскерліктері мен дағдыларын дамыту;
      - ойын еркін жеткізе білуге және оны қорғай білуге үйрету.
      Оқытушы жетекшілігімен және өздігіңізден  орындайтын  өздік  жұмысыңыз
Сіздің курс бойынша меңгеретін біліміңізге  және  рейтинг  бойынша  жинайтын
ұпайыңызға айтарлықтай ықпал жасайтынын ұмытпаңыз, сол себепті  әрбір  өздік
жұмыс тапсырмасын  өзіңіз  дербес  орындаңыз,  тапсырманы  орындауға  мұқият
қараңыз,  әрі  жауапты  болыңыз.       Өздік  жұмыс  тапсырмаларын   орындау
барысында басқадан көшіргеніңіз немесе басқаға көшірткеніңіз үшін  жұмысыңыз
мүлдем есептелінбеуі немесе бағасы төмендетілуі мүмкін.
       Өздік жұмысын  орындау  формалары  әр  түрлі:  кесте,  таблица  құру,
реферат,   коллоквиум,  сөзжұмбақ,  пікірталас,  конспект  бойынша   талдау,
аннотация жазу және  т.б.  Оларды  орындау  үшін  оқу  әдістемелік  кешеннің
мазмұнында жалпы әдістемелік нұсқаулар берілген.


     Студенттердің оқытушы жетекшілігімен  орындайтын өздік жұмыстарының
                                тапсырмалары

|№     |Тақырыптары               |Тапсырма   мазмұны        |Бақылау    |Өткізілу   |
|      |                          |                          |түрі       |уақыты және|
|      |                          |                          |           |балл       |
|1     |Ғылыми шығармашылық       |Студент өз мамандығы      |Ғылыми жоба|3 апта     |
|      |жұмыстарын жүргізу        |аясында бір ғылыми жұмыс  |тақырыбы   |10 балл    |
|      |                          |тақырыбын таңдайды        |           |           |
|2     |Тақырып бойынша теориялық |Зерттеу тақырыбы бойынша  |Библиографи|5 апта     |
|      |және практикалық          |материалдар жинау және    |ялық       |20 балл    |
|      |материалдармен жұмыс      |жүйелеу. Ғылыми аппаратты |көрсеткіш  |           |
|      |Педагогикалық зерттеу     |құру. Зерттеу жүргізу     |Ғылыми     |           |
|      |бағдарламасын құру        |                          |аппарат    |           |
|3     |Зерттеуді ұйымдастыру және|Тәжірибелі-эксперимент    |Тәжірибеліэ|8-9  апта  |
|      |жүргізу                   |жұмыстары,оларды          |кспери     |10 балл    |
|      |                          |ұйымдастыру және жүргізу  |мент жұмыс |           |
|      |                          |                          |тары       |           |
|4     |Зерттеуді  жүргізу        |Тәжірибелі-эксперимент    |Теория     |  10 апта  |
|      |                          |жұмыстарының нәтижелерін  |лық бөл    |20 балл    |
|      |                          |жүйелеу.                  |ім,зерттеу |           |
|      |                          |Теориялық бөлімді аяқтау. |нәтижесі,  |           |
|      |                          |Жұмысты аяқтау және қорғау|реферат    |           |

Студенттердің орындайтын өздік жұмыстарының тапсырмалары

|№     |Тақырыптары               |Тапсырма  мақсаты және    |Бақылау    |Өткізілу   |
|      |                          |мазмұны                   |түрі       |уақыты және|
|      |                          |                          |           |балл       |
|1     |Пән бойынша библиография, |Кітапханада жұмыс Глосарий|Библиографи|2 апта     |
|      |глоссарий құру            |құру. Негізгі ұғымдармен  |я Глоссарий|10 балл    |
|      |                          |жұмыс                     |           |           |
|2     |Тақырып бойынша теориялық |Каталогпен жұмыс,         |Библиографи|4 апта     |
|      |және практикалық          |әдебиеттер және           |ялық       |30 балл    |
|      |материалдармен жұмыс      |басылымдармен жұмыс       |көрсеткіш  |           |
|3     |Зерттеуді ұйымдастыру және|Тәжірибелі-эксперимент    |Зерттеу    |7 апта     |
|      |жүргізу                   |жұмыстары, оларды         |жұмысы     |35 балл    |
|      |                          |ұйымдастыру және жүргізу  |           |           |
|4     |Зерттеуді ұйымдастыру және|Зерттеу жұмыстары         |Зерттеу    |8 апта     |
|      |жүргізу                   |нәтижелерін дайындау      |нәтижесі   |10 балл    |
|5     |Зерттеу бойынша ғылыми    |Теориялық және практикалық|Жұмыс      | 9  апта   |
|      |есепке даярлық            |материалдарды жүйелеу,    |нұсқасы    |30 балл    |
|      |                          |әдебиеттерді ретке        |           |           |
|      |                          |келтіру, жұмысты қорғауға |           |           |
|      |                          |даярлау. Пікір әзірлеу    |           |           |
|6     |Жұмысты баспаға даярлау   |Жұмыс нәтижесі бойынша    |Ғылыми     |12 апта    |
|      |                          |ғылыми мақала даярлау     |мақала     |35 балл    |






I – Рубеждік бақылауға тапсырма


1 – ші нұсқа
1. Ғылым туралы жалпы түсінік. Теория мен практиканың бірлігі.
2. Зерттеу логикасы. Зерттеудің ғылыми аппаратын түзу.
3. Ғылым әдіснамасы туралы түсінік.
4. Педагогикалық бақылауды ұйымдастыру.

2 – ші нұсқа
1. Ғылымның  қалыптасу және даму тарихы. . Ғылымның даму заңдылықтары.
2. Тәжірибелі эксперимент жұмыстары және оларды ұйымдастыру. Ғылыми  зерттеу
кезеңдері.
3. Ғылыми зерттеу әдістерінің мәні және жіктелуі.
4. Эксперименттік бағалау әдістері.

                      II – Рубеждік бақылауға тапсырма
1 – ші нұсқа
1. Кәсіби педагогикалық жеке  проблемаларын  зерттеудегі  ғылыми  әдістердің
қолданылуы. Іс-әрекеттерді зерттеу. Жеке тұлғаны зерделеу.
2. Каталогпен жұмыс жасау, әдебиеттермен жұмыс.
3. Зерттеу нәтижесінің өңделуі және мәлімет әдісі.
4. Зерттеу нәтижелерін салыстыру.

2 – ші нұсқа
1. Оқушының жұмысқа қабілеттілігін зерттеу. Кәсіби жарамдылығын бағалау.
 2. Кәсіби педагогикалық зерттеулерде статистикалық әдістерді қолдану.
3. Ғылыми зерттеуді дайындаудың жолдары және зерттеу нәтижесін жариялау.
4. Интернет арқылы материалдар жинақтау. Ақпараттарды өңдеу, талдау.
































Пәндер