Файл қосу

Стандарттық үлгілер




|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ                                                      |
|БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                                                |
|ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                             |
|СМЖ 3-деңгейдегі құжаты   |ПОӘК                |                            |
|                          |                    |ОӘК 042-14.1.04.01.20.32/03 |
|                          |                    |- 2009                      |
|«Өндірісті метрологиялық  |№ 2- редакция       |                            |
|қамтамасыз ету» пәнінің   |30.09.2009 ж.       |                            |
|оқулық әдістемелік        |                    |                            |
|материалдары              |                    |                            |







                  «ӨНДІРІСТІ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ»

                      ПӘННІҢ  ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КОМПЛЕКСІ


            050732 – «Стандарттау, метрология және сертификаттау»


                               мамандығы үшін













































                                 Семей 2009



                                   Мазмұны



    |1.  |Лекциялар …..……………………………………………………………..                            |4   |
|2.  |Практикалық сабақтар ………………………………………………….                         |4   |
|3.  |Студенттердің өзіндік жұмыстары                                   |5   |
|    |                                                                  |    |
|    |                                                                  |    |
|    |                                                                  |    |
|    |                                                                  |    |
|    |                                                                  |    |
|    |                                                                  |    |
|    |                                                                  |    |
|    |                                                                  |    |
|    |                                                                  |    |



1 Лекциялар

       Лекция  1.  Кіріспе.  Өлшеулердің  бірегейлігін   қамтамасыз   етудің
Мемлекеттік жүйесі
      Өндірісті  тиімді  басқару,  шығарылатын  өнімнің  сапасын   жақсарту,
шикізат және  дайын  өнімді  толық  есепке  алу  қазіргі  кезде  кез  келген
кәсіпорынның негізгі міндеттері болып табылады.
      Өлшеу ақпаратының ақиқат болуы өндірісті және   бүкіл  саланы  талдау,
болжау, жоспарлау және басқарудың негізі болып табылады  және  шикізаттарды,
дайын өнімді энергетикалық шығындарды толық есепке алуға, сондай-ақ  өнімнің
сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
      Төменде   келтірілген   өлшеулердің   бірегейлігін   қамтамасыз    ету
принциптері кездеседі:
      1. Физикалық шамалардың тек қана  заңмен  рұқсат  етілген  бірліктерін
қолдану;
      2.  Физикалық  шамаларды  мемлекеттік  эталондардың  көмегімен   ұдайы
қайталау;
      3. Заңмен рұқсат етілген мемлекеттік  сынаудан  өткен  және  физикалық
шамалардың бірліктерінің мөлшерлері оларға  мемлекеттік  эталоннан  берілген
өлшеу құралдарын қолдану;
      4. Қолданылатын өлшеу  құралдарының  сипаттамаларын  бекітілген  уақыт
аралығы өткеннен кейін міндетті түрде оқтын-оқтын бақылау;
      5. Салыстырып тексеруден өткен өлшеу құралдарын және  аттестациялаудан
өткен өлшеулерді орындау әдістемелерін қолдану негізінде қажетті  дәлдігігің
қамтамасыз етілуіне кепілдіктің болуы;
      6. Өлшеу нәтижелерін тек олардың қателіктері бекітілген  ықтималдықпен
бағаланған жағдайда ғана қолдану;
      7.  Метрологиялық  ережелер  мен  нормаларының  сақталын  (орындалуын)
жүйелі түрде бақылау, өлшеу құралдарын мемлекеттік қадағалау және  бақылауға
алу.
      Бұл принциптерді жүзеге асыру үшін  ғылыми,  техникалық  және  ұйымдық
(ұйымдастыру) негіздерінің болуы қажет. Өлшеулердің бірегейлігін  қамтамасыз
етудің Мемлекеттік жүйесі аталған үш негіздің жиынтығы болып табылады.

      Лекция 2.   Метрологиялық қызметтер
      Сала кәсіпорындарының метрологиялық қызметтерінің  негізгі  мақсаты  -
өндірістің  тиімділігін  және  шығарылатын  өнімнің   сапасын   жоғарылатуға
мүмкіндік беретін ұйымдық-техникалық  іс-шараларды  атқару  болып  табылады.
Бұл мақсат уақытқа сай өлшеу құралдарын енгізу, олардың үнемі жұмысқа  дайын
болуын қамтамасыз ету және өндірісті даярлау және технологиялық  процестерді
орындау кезінде метрологиялық тәртіпті сақтау арқылы орындалады.
      Кәсіпорынның  метрологиялық  қызметінің  жұмысы   өлшеу   құралдарының
сенімділігін  тұрақты  түрде  қамтамасыз  ету,   өндірістің,   технологиялық
процестердің,  шикізаттардың,  материалдардың  және  дайын  өнімнің  сапалық
көрсеткіштерін, параметрлерін ақиқат түрде толық бақылау және  реттеу  болып
табылады.
      Басқару  органдарының  метрологиялық  қызметі   салада   метрологиялық
ережелердің, нормалар мен талаптардың  сақталуына  жауапты  болып  табылады.
Бұндай құзметтер төмендегі мақсаттарда жүзеге асырылатын  ұйымдық-техникалық
іс-шаралар жүргізуі керек:
      - сала кәсіпорындарында шығарылатын өнімдерді зерттеп дайындау, өндіру
және сынауды метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың  жүргізілуін
әдістемелік тұрғыдан бақылау, үйлестіру және атқару мақсатында;
      - сала кәсіпорындары мен  мекемелерінде  заманға  сай  келетін  өлшеу,
сынау және бақылау әдістері мен құралдарының,  сондай-ақ  тиісті  салыстырып
тексеру құралдарының енгізілуін ұйымдастыру;
      - мемлекеттік стандарттау  жоспарына  сәйкес  Мемлекеттік  өлшеулердің
бірегейлігін  қамтмамсыз  ету  жүйесінің  стандарртарын  зерттеп   дайындау,
келісу және енгізу;
      -  салада  зерттеп  дайындалатын  және  шығарылатын  өлшеу  құралдарын
мемлекеттік сынаудан өткізуді жобалау;
      - стандарттар мен техникалық шарттардың жобаларын  технологиялық  және
конструкторлық  құжаттарды  метрологиялық  сараптауданөткізу;  метрологиялық
сараптауды кәсіпорындардың және ғылыми зерттеу және жобалау  институттарының
басқа қызметтері мен  бөлімшемелері  жүргізетін  болса,  оларды  әдістемелік
жағынан басқару;
      - салада қолданылатын өлшеу құралдарының  салыстырып  тексеруден  және
жөндеуденөтуін  қамтамасыз  ету,   олардың   жай-күйін   және   қолданылуын,
кәсіпорындар  мен   мекемелерде   метрологиялық   ережелердің,   талаптардың
нормалардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      - Мемстандарт және  оның  органдарымен  метрологиялық  қамтамасыз  ету
мәселелері  бойынша  ынтымақтастық  құру;  олардың   мемлекеттік   қадағалау
бойынша атқарылатын жұмыстарына жәрдемдесу;
      -  Метрология   облысында   халықаралық   ынтымақтастықтық   жөніндегі
жұмыстарға қатысу.
      Кәсіпорынның  метрологиялық  қызметі  төмендегі  бөлімшелермен   тығыз
байланыста жұмыс істейді:
- бас механиктың қызметімен;
- бас энергетиктің қызметімен;
- бас технологтың қызметімен;
- микробиологиялық бақылау зертханасымен;
- өндірістік-ветеринарлық бақылау бөлімінің зертханасымен.
      Кәсіпорындағы өлшеу техникасы және автоматика  түгелдей  негізгі  және
көмекші цехтар бастықтарының  қарамағында  болады  және  олар  құралдар  мен
автоматиканың сақталуына және дұрыс пайдаланылуына жауапты болып табылады.
      Бас технолог  бас  метрологке  технологиялық  процестің  өзгеруі  және
осыған орай өлшеу техникасы және  автоматиканы  ауыстыру  қажеттігі  жөнінде
ақпарат береді.
      Кәсіпорынның метрологиялық қызметін материалдық-техникалық жабдықтауды
жабдықтау бөлімі жүзеге асырады.
      Жөнделуі қажетті өлшеу құралдарын және автоматтандыру құралдарын, егер
оларды технологиялық жабдықтар, агрегаттардың  жұмысын  тоқтатусыз  орныныан
алу және орнына қою мүмкін  емес  болса,  арнаулы  мекемелер  орнынан  алады
(демонтаждайды). Бұл жұмыстарға метрологиялық қызметтің мамандары  және  бас
механик пен бас энергетиктің қызметтері қатысады.
      Жөндеу-құрылыс  жұмыстарын  (оның  әшәнде  өлшегіш  техниканы  жөндеу,
салыстырып  тексеру  жүргізілетін  бөлмелердегі   жұмыстарды)   кәсіпорынның
күрделі құрылыс бөлімі жүзеге асырады.
      Компрессорларды, қысымдағы  ауа  сақталатын  ресиверлерді  және  басқа
өлшеу құралдарын және автоматиканы   қысымның  астындағы  ауамен  қамтамасыз
ететін құралдарды, сондай-ақ қысым астындағы ауа ауа магистралі бас  механик
қызметінің персоналы өз қарамағына алады.

       Лекция 3. Өндірісті дайындауы метрологиялық қамтамасыз ету
      Өндірісті  дайындауы  метрологиялық  қамтамасыз  ету  өнімнің  сапалық
көрсеткіштерін, технологиялық процестің параметрлерін және жабдықтардың жай-
күйінің көрсеткіштерін қажетті дәлдікпен анықтауды қамтамасыз  етуші  ғылыми
және ұйымдық-техникалық іс-шаралардың комплексі  болып  табылады.  Өндірісті
дайындауы метрологиялық қамтамасыз ету “Өндірісті технологиялық  дайындаудың
бірыңғай  жүйесінің”  (ЕСТПП)   бөлігі  болып  табылады  және  прогрессивтік
технологиялық процестерді қолдануға және конструкторлық құжаттардың, сондай-
ақ өндіріс  процестерін  механикаландыру  және  автоматтандыру  құралдарының
ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге бағытталған.
      Өнімнің өмірлік циклының  төмендегі  сатыларында  өндірісті  дайындауы
метрологиялық қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіледі:
      - зерттеу және жобалау сатысында  (жаңа  перспективалы  технологиялар,
технологиялық параметрлерді және сапалық көрсеткіштерді өлшеу  әдістері  мен
құралдарын зерттеп дайындау  жөніндегі  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  жүргізу;
жобалау үшін нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес жоба әзірлеу (зерттеп-
дайындау);     перспективалы     комплексті     механикаландырылған     және
автоматтандырылған  жабдықтар  шығару   бойынша   тәжірибелік-конструкторлық
жұмыстар жүргізу;
      -  шығару  сатысында  (өндірісті  дайындау;  өнімді   шығару;   өнімді
өндірістен алу);
      - айналымға  жіберу  сатысында  (өнімді  босату;  тасымалдау;  сақтау;
даналап (разничная) сату;
      -  тұтыну  сатысында   (өнімнің   тедициналық-биологиялық   құндылығы;
органолептикалық бағалру).
      Өндірісті дайындауы метрологиялық қамтамасыз ету жұмыстарына жатады:
      - өлшенетін  параметрлердің  оптималды  номенклатурасын  анықтау  және
шикізаттар, жартылай фабрикаттар мен дайын  өнімді  ақиқат  түрде  бақылауды
қамтамасыз ететін өлшеу дәлдігінің нормаларын зерттеп дайындау;
      -  өлшеудің   қажетті   дәлдігін   қамтамасыз   ететін   технологиялық
процестердің параметрлерін өлшеуді орындау әдістемелерін зерттеп дайындау;
      - өндірісті  өлшеу  құралдарымен  қамтамасыз  ету;  салалық  қолдануға
жататын арнаулы өлшеу құралдарын жобалау және жасап шығару;
      -  өлшеулердің  нормаланған  дәлдікпен   орындалуын   қамтамасыз   ету
(салыстырып тексеру және жоспар бойынша алдын ала жөндеу гоафиктерінің  және
техникалық қызмет көрсету және жөндеу базасының болуы;
      - нормативтік құжаттамада көзделген өлшеулерді орындау үшін  жағдайлар
жасау;
      - еңбек  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  және  табоғатты  қорғау  үшін
қажетті өлшеулерді орындау әдістемелерін зерттеп дайындау.


      Лекция 4. Технологиялық  процестерді метрологиялық қамтамасыз ету
      Технологиялық процестердің  өлшеуге  жататын  параметрлерінің  оңтайлы
номенклатурасын  анықтау  кезіндегі  негізгі  критерий  болып    бақыланатын
параметрлердің  санының  өндірістің   технологиялық   процестерінің   барлық
кезеңдері бойынша объективті және  ақиқат  ақпарат  алу  үшін  қажетті  және
жеткілікті болуы табылады.
      Осы негізні  принципке  негізділі  отырыа  технологиялық  процестердің
бақыланатын   параметрлері   үшін   бақыланытын   нүктелердің   нақты   саны
тағайындалуы керек. Осы ақпаратқа сүйене отырып нақты технологиялық  процесс
үшін өлшеулердің жалпы санын, яғни  осы  процесті  метрологиялық  қамтамасыз
ету бойынша жұмыстардың көлемін анықтау керек.
      Өлшенетін  параметрлердің  номенклатурасының  оңтайлығы   нормативтік-
техникалық   құжаттама,   конструкторлық   құжаттама   және    технологиялық
құжаттамаға  метрологиялық  сараптама  жүргізу  кезінде   айқындалады.   Бұл
маақсатты орындау кезінде мыналар бақыланады:
      - өлшенетін параметрлер мен сапалық көрсеткіштердің  номенклатурасының
және олардың нормаланатын мәндерінің стандарт талаптарына сәйкестігі;
      -  бұл  номенклатураның  өнімнің  немесе  технологиялық  процестің  өз
арналуына, бақылау ақиқаттығына, еңбек  қауіпсіздігіне  және  және  қоршаған
ортаны сақтау талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жеткіліктілігі;
      - параметрлер мен сапалық көрсеткіштердің нормаланатын мәндердің  және
жіберілетін технологиялық ауытқулардың негізділігі;  бұл  жерде  параметрдің
номинал мәні жіберілетін ауытқулары немесе жіберілетін  мәндер  интервалының
шектері қосылып жазылуы керек  («___  -дан  ____-ға  дейін»  түрінде).  Егер
параметрдің тек үлкен немесе  кіші  мәндері  жіберілетін  болса,  онда  оның
мәндері «... төмен емес» немесе «... артық емес» түрінде көрсетіледі;
      - таңдалған номенклатураның  бағалауға  жұмсалатың  шығындарды  азайту
тұрғысынан оңтайлығы.
      Әртүрлі  кәсіпорындарда,  әртүрлі  жағдайларда  және  әртүрлі  уақытта
бірдей технологиялық параметрлерді  бақылау  үшін  өлшеулердің  бірегейлігін
және  дұрыстығын  қамтамасыз  ету  мақсатындапараметрлерді  өлшеудің  дәлдік
нормалары тағайындалады.


      Лекция 5. Өлшеулердің жай-күйін талдау
      Өлшеулердің жай-күйін  талдау  РД  50-466-84  «Методтческие  указания.
Анализ состояния измерений в отраслях народного хозяйства и  промышленности.
Методика организации и  порядок  проведения»  құжатына  сәйкес  жүргізіледі.
Талдаудың мақсаты өлшеу құралдарының және өлшеу  әдістерінің  қазіргі  күнгі
өндіріс талаптарына  сәйкестігін анықтау  және  талдау  негізінде  өндірісті
метрологиялық қамтамасыз етуді жақсарту жөніндегі іс-шаралар қолдану.
      Өлшеулердің жай-күйін талдау объектілері болып табылады:
      - шикізат және дайын  өнімнің  сапасына  қойылатын  талаптарды  оларды
сынау әдістерін, сондай-ақ технологиялық процесті жүргізу тәртібін  реттеуші
нормативтік  техникалық  құжаттама,  оның  ішінде  мемлекеттік  стандарттар,
салалық стандарттар, техникалық  шарттар,  технологиялық  нұсқаулар.  Талдау
жүргізгенде осы құжаттарда  дәлдік  нормалары,  шикізат  пен  дайын  өнімнің
негізгі сапалық  көрсеткіштерін  өлшеу  құралдары  мен  әдістері,  сондай-ақ
технологиялық процестердің  параметрлерін  бақылау  құралдары  мен  әдістері
дұрыс көрсетілгенін анықтайды;
      - негізгі өндірістің заманға сай, процестердің  негізгі  параметрлерін
және   дайын   өнімнің   технологиялық   нұсқаулықта,   техникалық   шартта,
мемлекеттік  стандартта   тағайындалған   сапалық   көрсеткіштерін   бақылау
дәлдігін қамтамасыз  ететін  өлшеу  құралдары  және  әдістерімен  қамтамасыз
етілу дәрежесі;
      - кәсіпорында шикізатты қабылдау  және  дайын  өнімді  шығару  кезінде
есепке алу операцияларын метрологиялық қамтамасыз етудің жай-күйі;
      -  технологиялық  процестердің  метрологиялық   қамтамасыз   етілуінің
кәсіпорын қазметінің негізгі  көрсеткіштеріне:  өнімнің  сапасына,  еңбектің
тиімділігіне және т.б. ықпаоы (әсері);
      - кәсіпорында енгізілетін технологиялық процестерді автоматты  басқару
жүйелерінің метрологиялық қамтамасыз етілуінің жай-күйі;
      - ведомстволық метрологиялық қызметтің жай-күйі және  оны  ұйымдастыру
дәрежесі, олардың шығарылатын өнімнің сапасын қамтамасыз етудегі ролі;
      -  кәсіпорында  қолданыдатын  өлшеу  құралдары   және   автоматтандыру
құралдарына метрологиялық қызмет көрсетудің жай-күйі;
      - кәсіпорынның қажетті салыстырып тексеру құралдарымен,  метрологиялық
жұмыстарды  жүргізу  үшін  бөлмелермен  және  қажетті   салыстырып   тексеру
әдістері   және   құралдарымен,   нормативтік   техникалық   құжаттамалармен
қамтамасыз етілуі;
      -  кәсіпорнында  қолданылатын  өлшеу  құралдары  және   автоматтандыру
құралдарының жөндеумен қамтамасыз етілуі;
      -  кәсіпорынның  қолданылатын   өлшеу   құралдарын   жасау   сапасына,
конструкциясяна,  метрологиялық   сипаттамаларына,   сондай-ақ   осы   өлшеу
құраллның құжаттарына білдірілетін назарлықтары (претензиялары).


      Лекция 6. Метрологиялық қамтамасыз етудің техникалық негіздері

               Физикалық шама бірліктері эталондарының жүйесі

      Өлшеулердің берегейлігіне физикалық шамалардың бекітілген  бірліктерін
дәл ұдайы қайталау, сақтау және олардың мөлшерлерін  эталондар  мен  үлгілік
өлшеу құралдарының  көмегімен  барлық  өлшеу  құралдарына  беру  арқылы  қол
жеткізуге  болады.  Өлшеу  бірліктерінің  өлшемдерін  берудің  метрологиялық
тізбегінің ең  ең  жоғарғы  сатысы  болып  эталондар  табылады.  Эталондарды
зерттеп-дайындау,  сақтау  және  қолдану   тәртібі  ҚР  СТ  2.3-2001   «Шама
бірліктерінің эталондары. Негізгі ережелер.  Әзірлеу,  бекіту,  сақтау  және
қолдану тәртібі» стандартысен тағайындалған.
      Бірліктің  эталоны  –  бірліктің,  оның  мөлшерін  салыстырып  тексеру
схемасында төмен тұрған өлшеу құралдарына  беру  мақсатынды  ұдайы  қайталау
және сақтауды қамтамасыз ететін, ерекше  тапсырыс  бойынша  орындалған  және
белгілі  тәртіппен  ресми  түрде  эталон  ретінде  бекітілген  өлшеу  құралы
(немесе өлшеу құралдарының комплексі).
      Техника-экономикалық талартарға байланысты бірліктерді ұдайы  қайталау
екі әдіспен жүзеге асырылуы мүмкін.
                           Үлгілік өлшеу құралдары
      Үлгілік өлшеу  құралдары  (схеманы  қара)  жұмыстық  өлшеу  құралдарын
градуирлеу,  метрологиялық  аттестаттау  және  салыстырып  тексеру   кезінде
пайдаланылады және тамақ өнеркәсібі  кәсіпорындарында  кеңінен  қолданылады.
Үлгілік өлшеу  құралдары  өлшем,  өлшегіш  аспап  немесе  өлшегіш  өзгерткіш
түрінде кездеседі.
      Үлгілік  өлшеу   құралдарын   Мемелекеттік   метрологиялық   қызметтің
органдары   және   тамақ   өнеркәсібінде   жұмыс   істейтін    метрологиялық
қызметтердің  жұмыстық  өлшеу  құралдарын  салыстырып  тексеру  құқығына  ие
органдары сақтайды және қолданады.
      Үлгілік  өлшеу  құралдары   ретінде   қолданылатын   өлшеу   құралдары
метрологиялық аттестаттаудан өткен болуы керек және үлгілік өлшеу  құралдары
ретінде қолдануға  жарамды  деп  танылған  болуы  керек.  Әр  үлгілік  өлшеу
құралының куәлігі болуы керек.  Куәлікте  үлгілік  өлшеу  құралының  негізгі
метрологиялық  сипаттамалары,  сондай-ақ  оның  разряды  немесе  жіберілетін
қателік шегі көрсетіледі.
      Үлгілік  өлшеу   құралдары   разрядтарға   бөлінеді.   Әдетте   разряд
мемлекеттік салыстырып тексеру схемасына сәйкес беріледі.  Ерег  мемлекеттік
салыстырып тексеру схемасы болмаған  жағдайда  салада  қолданылатын  үлгілік
өлшеу  құралдарының  разрядын  ведомстволық  салыстырып  теексеру  схемасына
сәйкес көрсетуге болады.
                             Стандарттық үлгілер
      Стандарттық  үлгі   компоненттер   құрамы   немесе   жеке   қасиеттері
аттестатталған зат немесе материал түріндегі өлшну құралы болып табылады.
      Стандарттық  үлгілер  өлшеулердің  бірегейлігін  қамтамасыз  ету  үшін
арналады және өлшеулердің бірегейлігін  қамтамасыз  етуге  оларды  төмендегі
мақсаттарда қолдану арқылы қол жеткізіледі:
      - өлшеу құралдарын градуирлеу, аттестаттау және салыстырып тексеру;
      - өлшеулерді орындау әдістемелерін аттестаттау;
      -  заттар  мен  материалдардың  құрамын  және  қасиеттерін   салыстыру
әдістерімен өлшеу.
      Стандарттық  үлгілердің  өлшемдерден  айырмашылығы  –  олар   бірқатар
ерекшеліктермен сипатталады. Біріншіден құрамның стандарттық  үлгілері  олар
дайындалған  нақты  заттар  мен  материалдардың  құрамын   немесе   қасиетін
сипаттайтын физикалық шамалардың мәндерін ұдайы қайталайды.
      Әдетте  стандарттық  үлгілер  бұйым  (продукция)   болып   табылмайды.
Стандарттық үлгіні біртекті зат немесе материалдың  бөліні  немесе  порциясы
түрінде шығарады.  Стандарттық  үлгілердің  бұл  ерекшелігі  олардың  құрамы
қасиеттері бойынша бойынша біртекті болуы талартарында жазылады.
      Бекіту  және  қолдану  тәртібі  бойынша   стандарттық   үлгілер   мына
категорияларға бөлінеді:
      - мемлекеттік стандарттық үлгілер;
- салалық стандарттық үлгілер;
- кәсіпорындардың стандарттық үлгілері.
      Аттестатталатын физикалық шамаға байланысты:
- құрамның стандарттық үлгілері;
- қасиеттердің стандарттық үлгілері кездеседі.
      Стандарттық    үлгілердің    мынадай    метрологиялық    сипаттамалары
нормаланады:
- стандарттық үлгінің аттестатталған мәні;
- стандарттық үлгінің қателігі.
       Өнімдердің қасиеттері туралы стандарттық анықтамалық мәліметтер
      Қазақстан  Республикасында   стандарттық   анықтамалық   мәліметтердің
Мемлекеттік қызметі Мемстандарттың  әдістемелік  басқаруыен  жұмыс  ісьейді.
Бұл қызмет  шаруашылық  салаларын  бастапқы  шикізаттардың,  материалдардың,
жартылай  фабрикаттардың  және  дайын  өнімдердің  әртүрлі  қасиеттері  және
құрамы туралы ақиқат мәліметтермен қамтамасыз ету үшін құрылған.  мәліметтер
технологиялық параметрлердің (температура, қысым және  т.б.)  кең  диапазоны
ішінде беріледі.
      Стандарттық   анықтамалық   мәліметтердің    Мемлекеттік    қызметінің
функциялары мемлекеттік стандарттармен реттеледі. (ГОСТ 8.310  ГСИ.   ГСССД.
Основные положения;  ГОСТ  8.344  Порядок  аттестации  данных  о  физических
константах и свойствах веществ и материалов).
      Бұл    стандарттармен    мәліметтердің     төмендегі     категориялары
тағайындалған:
      - анықтамалық немесе ақпараттық мәліметтер (СД – справочные данные);
      - заттар мен материалдардың қасиеттері туралы сандық мәліметтер немесе
графикалық немесе аналитикалық  түрде  берілген  мәліметтер.  Әдетте  бұндай
мәліметтердің ақиқаттығы бағаланбайды;
      - ұсынылатын анықтамалық мәліметтер (РСД  –  рекомендуемые  СД),  олар
стандарттық анықтамалық мәліметтердің  Мемлекеттік  қызметінің  органдарымен
аттестатталады  және  олардың  дәлдігі  тұтынушыларды   қанағаттандаратындай
болады;
      - стандарттық  анықтамалық  мәліметтер  (ССД  –  стандартные  СД),  ең
маңызды заттар мен матриалдардың  физикалық  константалары  және  қасиеттері
туралы ақиқат мәліметтер болып табылады. Дәлдігі ең жоғары  деңгейде  болады
және оларды Мемстандартпен тағайындалған тәртіп бойынша бекітеді.


      Лекция 7. Өлшеу және бақылау құралдары
        Техникалық құрылғылардың параметрлерін өлшеу және бақылаудың
                                 қажеттілігі
      Осы заманғы техникалық құрылғылар көп санды комплекттеуші  бұйымдардан
құралады.  Электрондық  автоматтандырылған  басқару  жүйелердің  және   т.б.
құрамына мыңдаған  комплекттеуші  бұйымдар  кіреді.  Бұл  жерде  бір  немесе
бірнеше  бұйымның   параметрлерінің   (қасиетінің)   өзгеруі   басқа   өзара
байланыстағы бұйымдардың жұмысына әсер етеді. Кез  келген  бұйымның  ресурсы
және қызмет ету  мерзімі  шектеулі  болып  табылады.  Уақыт  барысында  оның
параметрлері біртіндеп өзгере бастайды, кейде сыртқы  факторлардың  әсерінен
тез  арада   өзгеріп   кетуі   мүмкін.   Элементтердің   арасында   байланыс
болғандықтан  бір   бірімен   қосылғанкомплексты   бұйымдардың   ортақ   бір
параметрінің өзгеруіне апарып соғады.  Тораптың  (блок,  жүйе,  комплекстің)
бір немесе бірнеше параметрінің өзгеруі оның тоқтауына апарып соғуы  мүмкін.
Техникалық құрылғының тоқтауына жол бермеу немесе  жоғалған  қасиетін  қацта
орнына келтіру үшін оны негізгі  параметрлеріне   немесе  оның  блоктарының,
тораптарының жеке  комплекттеуші  бұйымдарының  параметрлеріне  сандық  баға
беру керек.
      Кез келген техникалық құрылғының  параметрлері,  олардың  жұмыс  істеу
режимы  физикалық  шамалардың   (элементтік,   сызықтық-бұрыштық,   жылулық,
оптикалық, акустикалық және т.б.) жиынтығының  сандық  мәндерімен  беріледі.
Техникалық құрылғының жұмысының  әр  сәтінде  физикалық  шамалардың  мәндері
объективті бар, бірақ оны өлшегенге дейін белгісіз  болып  табылады.  Демек,
физикалық  шамалардың  белгісіз  мәндерін  анықтау  өлшеудің  мақсаты  болып
табылады.
      Техникалық құрылғыларды оларды зерттеп  дайындау,  жасап  шығару  және
пайдалану кезінде метрологиялық қамтамасыз ету
      Техникалық құрылғыларды  метрологиялық қамтамасыз ету  деп  техникалық
құрылғылардың жұмысында  қажетті  (паспорттық)  сипаттамаларға  қол  жеткізу
мақсатында  өлшеулердің  бірегейлігін   және   дәлдігін   қамтамасыз   етуге
бағытталған ғылыми-техникалық және ұйымдық-техникалыұ іс-шаралардың, сондай-
ақ мекемелер мен мамандардың тиісті әрекеттерінің жиынтығын айтады.  Қазіргі
кезде метрологиялық қамтамасыз етуді кең мәнінде  және  тар  мәнінде  түсіну
кездеседі.

      Лекция 8. Өлшеу құралдарын таңдау
      Өлшеу  құралдары  өнімге  және  технологиялық  процеске   нормативтік-
техникалық құжаттама зерттеп дайындағанда, сынау, технологиялық  процестерді
автоматты басқару жүйелерін жобалау  кезінде  өлшеу  құралдарын  енгізгенде,
кәсіпорынның өндірістік бақылау бөлімшесі және микробиологиялық  зертханасын
өлшеу құралдарымен жабдықтау кезінде таңдалады.  Таңдалған  өлшеу  құралдары
технологиялық процестерді, өніснің сапалық көрсеткіштерін және  жабдықтардың
жай-күйін қажетті дәлдікпен бақылауды қамтамасыз етуі керек.
      Өлшеу құралдарын жоғарыда көрсетілген  мақсаттарда  таңдаудың  негізгі
шарты  болып  таңдалған  өлшеу  құралдарықолдану  техника   және   экономика
тұрғысынан пайдалы болуы табылады.
      Техникалық пайдалылығы  өлшеу  құралының  негізгі  метрологиялық  және
пайдалану    көрсеткіштерімен     айқындалады.     Негізгі     метрологиялық
көрсеткіштерге  өлшеу  құралының  дәлдігі,  өлшеу   шектері,   көрсетулердің
диапазоны, шкала бөлігінің бағасы, өлшеу құралының тұрақтылығы,  сезгіштігі,
ал   негізгі   пайдалану   көрсеткіштеріне    –    тасмалдауға    жарамдығы,
конструкциясының  қарапайымдығы,  жеңіл  қолданылуы,  сенімділігі,  жөндеуге
жарамдығы және қауіпсіздігі жатады.
Экономикалық пайдалығы экономикалық тиімділігін есептеу  арқылы  анықталады.
Бұл жерде әртүрлі әдістемелік нұсқаулар қолданылуы мүмкін.
      Технологиялық процесті метрологиялық қамтамасыз ету  мақсатында  өлшеу
құралдарының дұрыс таңдалуын бақылау  нормативтік-техникалық  құжаттамаларды
(технологиялық нұсқауларды, техникалық  шарттарды  және  т.б.)  метологиялық
сараптамадан өткізгенде жүзеге асырылады.
      Бұл  жерде  метрологиялық  сараптаудың  негізгі  мақсаты  болып  өлшеу
құралдарына  қойылатын  талаптардың  толықтығын  және   дұрыстығын   анықтау
табылады.

       Лекция 9. Метрологиялық карталарды жасау
      Кәсіпорынның технологиялық процестерін  метрологиялық  қамтамасыз  ету
жағдайын  және  әзірленетін  номативтік-техникалық   құжаттамаларды   талдау
негізінде «Метрологиялық қамтамасыз ету картасы»  толтырылады.  Бұл  картаны
технологиялық нұсқаулардың жобаларына енгізеді (міндетті қосымша ретінде).
      Метрологиялық карта нақты номативтік-техникалық  құжаттамада  жазылған
талаптарды ауқымдайды.
      Қолында карта болған жағдайда жобалаушы маман өлшеу әдістері мен өлшеу
құралдарын оңай таңдай  алады,  яғни  өндірістің  технологиялық  процестерін
метрологиялық қамтамасыз ете алады. Екінші жағынан,  метрологиялық  картаның
болуы   технологиялық   процестердің   метрологиялық   қамтамасыз   етілуіне
ведомстволық бақылауды және шикізаттың, материалдардың, дайын өнімнің  санын
және сапасын жеңіл түрде бақылауға мүмкіндік береді.

      Лекция 10. Өлшеу құралдарын пайдалану және жөндеу жүйесі
                 Пайдалану жұмыстарының арналуы және мазмұны
      Қазіргі заманғы өлшеу құралдарының  үлкен  мүмкіншіліктері  бар.  Олар
жоғары  деңгейде  автоматтандырылған  және  комплексті  мақсаттарды   шешуге
қабілетті болып табылады. Бірақ олардың тек  техникалық  сауатты   пайдалану
кезінде ғана көруге болады.  Екінші  жағынан,  өлшеу  құралдарын  түзу  және
қолдануға   жарамды   күйінде   ұстау    едәуір    мөлшерде    еңбек    және
материалдықресурстарды  жұмсаумен  байланысты.  Себебі  –  түзу  емес  өлшеу
құралдары, әсіресе  анық  көрінбейтін  метрологиялық  тоқтаулары  бар  өлшеу
құралдары қате шешім шығарылуына апарып соғуы мүмкін.
      Өлшеу құралынан қолданудан үлкен  пайда  түсіру  (жоғары  тиімділікпен
пайдалану) өлшеу құралына техникалық  қызмет  көрсету  және  қайта  жаңғырту
жұмыстарын дұрыс  жоспарлау  және  ұйымдастыру  арқылы  қамтамасыз  етіледі.
Бұндай  жұмыстар  алдын   ала   жоспарланады   және   пайдалану   техникалық
құжаттамада жазылады.
      Өлшеу  және  бақылау  құралдарын  арналуы  бойынша  пайдалану   оларды
қалданысқа  енгізеден  кейін  басталады.  Қолданысқа  енгізу  деп   дайындық
жұмыстарын  атқару,  жасап  шығарылған   немесе   жөндеуден   түскен   өлшеу
құралдарын  бақылау  және  қабылдау,  өлшеу  құралына  қойылатын  талаптарға
сәйкестігін  тексеру  және   жауапты   адамдарды   тағайындау   жұмыстарының
комплексін  айтады.  Дайындық  жұмыстарына  жұмыс  орындары  мен  бөлмелерді
жабдықтау, тұлғаларға өлшеу  құралдарын  пайдалануды  үйрету,  метрологиялық
және диагностикалық қамтамасыз ету құралдарына, запас  саймандарға  тапсырыс
беру және оларды алу және т.б. жұмыстар кіреджі.
      Өлшеу  нәтижелерінің  бірегейлігін  қамтамасыз  ету   үшін   пайдалану
жағдайларын ескеру өте маңызды болып табылады. Өлшеу  құралының  паспортында
жазылған дәлдіктің  мәндері  “қалыпты  жағдайлар”  үшін  тағайындалған.  Бір
өлшеу құралымен бірақ  әртүрлі  жағдайларда  алынған  өлшеу  нәтижелері  бір
бірінен  едәуір  ажырасуы   мүмкін.   Сондықтан,   өлшеу   құралын   қалыпты
жағдайлардан өзге жағдайларда қолдану кезінде осы себептен  болатын  қосымша
қателіктерді  ескеру  қажет  немесе  сыртқы  факторлардың  әсерінен   қорғау
шаралары колдынылу керек.


                    Өлшеу және бақылау құралдарын қолдану
      Пайдаланудағы өлшеу және бақылау құралдарын салыстырып тексеру кезінде
тек  дүрыс  күйдегі  және  салыстырып  тексеру  таңбасы  қойылған,   олардың
салыстырып тексеруден өткендігін растайтын  куәліктері  немесе  аттестаттары
бар өлшеу және бақылау құралдары ғана пайдаланылуы керек.
Өлшеу  және   бақылау   құралдарының   шамаларын   тек   олардың   пайдалану
құжаттарында   немесе   стандартталған   (аттестацияланған)    әдістемелерде
жазылған құралдармен өлшеу қажет.
      Егер пайдалану құжаттарында немесе әдістемелерінде өлшеу және  бақылау
құралдарының  параметрлерін  өлшеу  құралдары  көрсетілмеген  болса,  оларды
қажетті  дәлдікті  және  өлшеулерді  жүргізу   жағдайларын   ескере   отырып
таңдайды. Бұл жерде өлшеу әдісін (тура, жанама, бірге  жане  жиынтық  өлшеу)
өлшеулерді  жүргізу  жағдайларын  дұрыс  таңдау  өте  маңызды   б.т.   Өлшеу
жүргізілетін жағдайларды талдау кезінде мыналарды: механикалық  жүктеулердің
(дәрәл;  соққы;  сызықтық  үдеу  және  т.б.)   деңгейі;   климаттықжағдайлар
(температура,  ылғал,  ұысым  және  т.б.)  активті  түрде   бұзушы   ортаның
(агрессивті газдар және сұйықтар, үлкен кернеулер және т.б.)  болуы;  электр
және магнит өрістерінің және т.б. жағдайлардың болуы ескеріледі.

      Лекция 11. Өлшеу құралдарын  жөндеу  және  техникалық  қызмет  көрсету
жұмыстарын ұйымдастыру
               Өлшеу құралдарына жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру
      Кәсіпорынның метрологиялық қызметінің негізгі жұмыс бағыттарының  бірі
болып өлшеу құралдарына жөндеу және техникалық қызмет көосетуді  ұйымдастыру
табылады.
      Әдетте кәсіпорында өлшеу құралдарына техникалық  қызмет  көрсету  және
күнделікті  (жеңіл)  жөндеу  жұмыстары  жүзеге  асырылады.  Ал  орташа  және
күрделі  жөндеу  жұмыстары  арнаулы  мекемелерде  келісім   шарт   негізінде
орындалады.
      Кәсіпорынның метрологиялық қызметінің ұйымдық формалары үш түрлі болуы
мүмкін: бөлім, зертхана, топ.
      Ірі, өлшеу құралдарының саны көп кәсіпорындарда  метрологиялық  қызмет
бөлімі (цехы) ұйымдастырылуы мүмкін. Штаты 25 және одан  да  көп  адам  құра
алады. Цех бірнеше бөлімшеден құралған жеке өндіріс болып табылады.
      Қажет  болған   жағдайда   өндірісті   ведомстволық   қадағалау   және
метрологиялық қамтамасыз ету тобы ұйымдастырылуы мүмкін.
      Өлшеу  құралдарын  және  автоматтандыру  құралдарын   жөндеу,   оларға
техникалық қызмет көрсету,  салыстырып  тексеру  және  қадағалау  жұмыстарын
атқарушы метрологиялық қызмет   осы  жұмыстарды  атқару  құқығына  ие  болуы
керек және бекітілген тәртіп бойынша Мемстандартта тіркелуі керек.
      Нақты кәсіпорын үшін  метрологиялық  қызметінің  құрылымы  мен  құрамы
өлшеу  және  автоматтандыру  құралдарының  сапалық  және  сендық   құрамына,
негізгі техникалық жабдықтарға, кәсіпорынның жұмыс істеу режиміне және  т.б.
байланысты анықталады.
      Кәсіпорынның метрологиялық қызметінің штаттыұ саны  бекітілген  тәртіп
бойынша  МИ   185-79   “Расчет   численности   подразделений   ведомственных
метрологических   служб”    әдістемелік    нұсқауға    сәйкес    анықталады.
Метрологиялық қызметтің штатын кәсіпорын басшысы бекітеді.

      Лекция 12. Өлшеу құралдарын метрологиялық қадағалау
      Егер   өлшеу   құралдары   заңмен   бекітілген   өлшем   бірліктерімен
градуирленген болса және олардың метрологиялық қасиеттері нормаларға  сәйкес
келетін болса – онда өлшеу құралдарының біртектігі  қамтамасыз  етілген  деп
айтамыз.
      Өлшеу  құралдарының  біртектігінің  негізі  болып  өлшенетін   шаманың
бірлігін беру жүйесі табылады. Өлшеу құралдарының  біртектігін  қадағалаудың
техникалық формасы болып өлшеу құралдарын  мемлекеттік  немесе  ведомстволық
салыстырып тексеру табылады. Салыстырып тексеру кезінде  өлшеу  құралдарының
метрологиялық дұрыстығы анықталады.
      Бірліктің  мөлшерін  метрологиялық   тізбектің   барлық   звеноларында
бастапқы  үлгілі  өлшеу  құралдарынан  жұмыстық   өлшеу   құралдарына   беру
салыстырып  тексеру  схемаларында  келтірілген  ретпен   жүзеге   асырылады.
Салыстырып тексеру  схемасы  –  тағайындалған  тәртіппен  бекітілген  құжат.
Физикалық шама бірлігінің мөлшерін  мемлекеттік  эталоннан  немесе  бастапқы
үлгілік өлшеу құралдарынан жұмыстық өлшеу  құралдарына  беретін  құралдарды,
әдістерді және дәлдікті регламенттейді.
      Мемлекеттік, ведомстволық  және  кәсіпорындық  (локальная)  салыстырып
тексеру схемалары кездеседі.
      Мемлекеттік  салыстырып  тексеру  схемасы  белгілі  физикалық   шаманы
өлшейтін мемлекеттегі барлық  өлшеу  құралдарына  таралады  (мысалы,  электр
кернеуін  өлшегіш  өлшеу  құралдарына).  Бұндай  схемалар  эталондардың  бас
орталығымен әзірленеді және  Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  стандарты
түрінде өңделеді.
      Ведомстволық салыстырып  тексеру  схемасы  ведомстволық  метрологиялық
қызметтің  органымен  зерттеп   дайындалады,   осы   физикалық   шама   үшін
мемлекеттік  салыстырып   тексеру   схемасын   әзірлейтін   бас   орталықпен
келісіледі және ведомстволық салыстырып тексеруге жататын өлшеу  құралдарына
таралады.
      Кәсіпорынның  салыстырып  тексеру  схемасы   кәсіпорынның   салыстырып
тексеру бөлімшесінде  салыстырып  тексерілетін  жұмыстық  өлшеу  құралдарына
таралады және ұйым стандарты ретінде өңделеді.
      Ведомстволық   және   кәсіпорындық   салыстырып   тексеру    схемалары
мемлекеттік салыстырып тексеру схемаларына қайшы келмеуі  керек  және  нақты
министрлік  немесе  кәсіпорынның  ерекшеліктерін,   мемлекеттік   салыстырып
тексеру схемасының талаптарын ескеруі керек.

      Лекция 13. Конструкторлық құжаттамалардың сапасын бақылау
      Өнімді  оны  жобалау  кезінде  оның  деңгейі  мен  сапасының  іргетасы
қаланады, жасау кезінде қамтамасыз етіледі  және  пайдалану  кезінде  жүзеге
асырылады. Сондықтан  өнімнің  сапасын  бақылау  жұмыстарының  негізгі  түрі
болып техникалық құжаттаманың оның ішінде конструкторлық және  технологиялық
құжаттаманың сапасын бақылау  табылады.  Конструкторлық  және  технологиялық
құжаттама өнімді  өндіріске  даярлаудан  және  өндірудің  техникалық  жағына
жатады. Осыған байланысты техникалық құжаттамаларды оларды  әзірлеу  кезінде
дұрыс құру,  өңдеу  және  бақылау,  сондац-ақ  оның  өтуін,  сақталуын  және
өзгеруін (өзгертулер енгізілуін)  дұрыс  ұйымдастыру  мәселесі  өте  маңызды
болып табылады.
      Конструкторлық құжаттамалар әзірлеу  кезінде  және  өндіріске  тапсыру
алдында техниалық, технологиялық,  метрологиялық  және  нормалық  бақылаудан
өтеді.
      Техникалық бақылау бұйымның конструкциялық шешімін, оның бөлшектерінің
өлшемдерінің бірі біріне сәйкестігін, оны жинау мүмкіншілігі бар  екендігін,
оның  техникалық  және  сапалық  сипаттамалары  туралы  толық  мәліметтердің
болуын бақылау мақсатында жүргізіледі.
      Технологиялық бақылау тағайындалған технологиялық нормалардың  бұйымды
өндіру, пайдалану және жөндеу  деңгейінің  заманға  сай  талаптар  сақталуын
бақылау мақсатында жүргізіледі.
      Нормаларды  бақылау   күшіндегі   нормативтік-техникалық   құжаттардың
талаптарының сақталуын, ЕСКД стандарттарының  сақталуын  бақылау  мақсатында
жүргізіледі.

Лекция 14. Өлшеу құралдарын әзірлеуді метрологиялық сараптау
       Өлшеу құралдарының жаңа түрлерін шығару туралы шешім  шығару  алдында
техникалық  қапсырыс  немесе  оны  алмастыратын   құжаттарды   метрологиялық
сараптаудан өткізеді. Метрологиялық сараптауды министрліктің  (ведомствоның)
өлшеу құралдарын мемлекеттік сынау жөніндегі бас ұйымдары жүргізеді.
      Техникалық тапсырысты  метрологиялық  сараптаудан  өткізгенде  мыналыр
бағаланады: техникалық  тапсырыста  көрсетілген  метрологиялық  сипаттамалар
бар өлшеу құралдарын әзірлеудің қажеттілігі,  метрологиялық  сипаттамалардың
және  оларды   нормалау   әдістерінің   нормативтик-техникалық   құжаттардың
талаптарына  сәйкестігі;  өлшеу  құралын  әзірлеу,  шығару  және   пайдалану
кезінде өлшеу құралын салыстырып тексеру әдістемелерімен қамтамасыз  етілуі;
ел  ішінде  қолдануға  рұқсат  етілген   физикалық   шамалар   бірліктерінің
(шкалаларының) дұрыс қолданылуы және стандартармен  бекітілген  терминдердің
қолданылуы; сенімділік көрсеткіштерінің  және  оларды  нормалау  әдістерінің
тағайындалған талаптарға сәйкестігін.
      Өлшеу құралын  әзірлеу  барысында  конструкторлық  және  технологиялық
құжаттамаларды метрологиялық сараптаудан өткізеді.

Лекция 15. Техникалық құжаттаманы техникалық бақылау
    Техникалық құжаттаманы техникалық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу
                                   тәртібі
      Кең мағынада  бақылау  түсінігі  сандық  және  сапалық  сипаттамаларды
анықтаудан, мысалы бұйымның сыртқы бетінің ақауларын бақылау,  мталдың  ішкі
ақауларын (трещина, раковина) бақылау және т.б.құралады.
      Конструкторлық және  технологиялық  құжаттарды  метрологиялық  бақылау
өлшенетін параметрлердің таңдалуы,  дәлдік  нормаларының  тағайындалуы  және
бұйымды дайындау, жасау, сынау, пайдалану және  жөндеу  процестерінің  өлшеу
әдістері және құралдарымен  қамтамасыз  ету  бойынша  техникалық  шешімдерді
талдау және оларға баға беру.
      Метрологиялық  бақылау  жүргізгенде  тек  қана  шешімдердің  дұрыстығы
тексеріледі, құжаттаманы әзірлеушіге ескертулер (замечания)  жұне  ұсыныстар
беріледі. Ал тиісті шешімді (не  істеу  керектігін)  құжатты  әзірлеуші  өзы
қабылдайды.
       Конструкторлық және технологиялық  құжаттарды  метрологиялық  бақылау
жалпы өндірісті  метрологиялық  қамтамасыз  ету  жұмыстар  комплексінің  бір
бөлігі болып табылады.
      Құжаттарды метрологиялық бақылау технологиялық бақылаудан  кейін  және
нормативтік бақылаудан (нормоконтроль) бұрые жүргізіледі.
      Техникалық  құжаттарды  метрологиялық  бақылауды  бас   және   базалық
метрология   жөніндегі   мекеменің   әдістемелік   басшылығымен    мекеменің
(кәсіпорынның метрологиялық қызметінің бөлімшелері жүргізеді.






              Конструкторлық құжаттаманы метрологиялық бақылау


             Бақылаудың   бұл   турінің   мағынасы   –   бақылауға   жататын
параметрлердің  дұрыс  тағайындалғандағын,  құжаттамада  көрсетілген  дәлдік
нормалары  мен  бақылау  әдістерінің  дұрыс  негіздегендігін  тексеру  болып
табылады.
             Дәлдік  нормаларын  метрологиялық   бақылау   кезінде   мыналар
тексеріледі:
      -   мөлшерлер,   поверхностьтердің   формалары   орналасуының    және
        поверхностьтердің  шороховатостінің  ауытқуына  допактердің   өзара
        байланыстырылуы (увязка);
      - бекітілген дәлдік нормаларының жеткіліктілігі,  яғни  бұйым  немесе
        бөлшектің шығысындағы параметрлерін  айқындаушы  барлық  элементтер
        үшін дәлдік нормаларының болуы;
      -  дәлдік  нормаларының  шығарушының  қолындағы  өлшеу   құралдарымен
        өлшеудің жарамдылығы.
      Бөлшек сызбасын метрологиялық бақылау кезінде мыналар тексеріледі:
      - технологиялық және  метрологиялық  және  конструкторлық  базалардың
        допусктарының өзара байланыстырылғанын;
      - бекітілген дәлдік нормаларының жеткіліктілігін;
      - дәлдік нормаларының бақылауға жарамдылығын.

             Технологиялық құжаттамаларды метрологиялық бақылау
      Технлогиялық құжаттамаларды метрологиялық бақылауды осы құжаттамаларда
көрсетілген  дәлдік  нормалардың,  әдістердің,   құралдардың,   жағдайлардың
жүргізу процедураларының  МӨЖ  стандарттарының  және  басқа  да  нормативтік
құжаттардың талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі.
      Метрологиялық бақылауға мынадай технологиялық құжаттар жатады:
      - эскиздер картасы, маршрут, операциялар, технологиялық үрдіс, типтік
        технологиялық үрдіс, типтік операциялар карталары;
      - ведомость оснастки;
      - технологиялық құжаттамалардың спецификациясы.
      Технлогиялық құжаттамаларды метрологиялық бақылаудың мағнасы –  оларда
берілгендәлдік нормалары мен бақылау әдістерін тексеру болып табылады.


         Нормативтік-техникалық құжаттамаларды метрологиялық бақылау
      Нормативтік-техникалық  құжаттың  түріне  баайланысты  (ГОСТ,  ҚР  СТ,
фирмалық стандарт және т.б.) метрологиялық бақылау кезінде тексеріледі:
      - өлшеу және сынау құралдарының дұрыс таңдалғаны;
      - тағайындалған дәлдік нормаларының жеткіліктілігі;
      - таңдалған бақылау және сынау әдістерінің тиімділігі;
      - бақылау операциясы айқын сипатталғандығы;
      - терминологияның, сондай-ақ физикалық  шамалардың  атауларының  және
        олардың бірліктерінің дұрыстығы және т.б.


      2 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР

                            Практикалық сабақ №1.



                       Метрологияның заңнамалық базасы



  Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасы «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету
  туралы» заңын оқып үйрену.




  Материалдармен қамтамасыз ету: Қазақстан Республикасы «Өлшем бірлігін
  қамтамасыз ету туралы» заңының мәтіні.




      Тапсырма.
1. Қазақстан Республикасы «Өлшем бірлігін  қамтамасыз  ету  туралы»  заңының
  тараулары мен баптарының атауларын және олардың қысқаша мазмұнын жазыңыз.
2.  Метрологиялық  қамтамасыз  етудің  негіздерін,  негізгі  мақсаттары  мен
  міндеттерін, оны жоспарлау мәселелерін, сондай-ақ оның құрылымын жазыңыз.
  Мемлекеттік метрологиялық қызметтің схемасын жасаңыз.
3. Есеп шығару.






      Бақылау сұрақтары.
     1. Метрологияның маңызын дәлелдеп беріңіз.
     2. Теоретиялық метрология нелерді зерттейді?
     3. Метрологияның басқа ғылымдардың ішіндегі орны қандай?
     4. Өлшеу  деген  не?  Күнделікті  өмірде  жиі  кездесетін  өлшеулердің
        мысалын келтіріңіз.
     5. Метрологияның маңызы неде?
     6. Теориялық метрологияның негізгі құрамдық бөліктерін  атап  беріңіз.
        Олар қандай мәселелермен шұғылданады?


































                            Практикалық сабақ №2.


               Физикалық шамалар және олардың өлшем бірліктері


      Сабақтың мақсаты:. ГОСТ 8.417-82 «ГСИ. Единицы физических величин»
стандартын оқып үйрену.
      Материалдармен қамтамасыз ету: ГОСТ 8.417-82 «ГСИ. Единицы физических
величин» стандарты.


      Тапсырма.
1. Негізгі және туынды бірліктерді, еселік және үлестік бірліктерді құру
   ережелерін және олардың атаулары және белгілерін жазыныз.SI жүйесіне
   кірмейтін бірліктерді жеке көрсетіңіз.
2. Төмендегі шамалар үшін туынды бірліктерді көрсетіңіз:
   а) механикалық шамалар – күш, қозғалыс мөлшері, қысым;
   б) жылутехникалық шамалар – жылу сиымдылығы, үлестік жылу сиымды
       лығы, энтропия;
   в) электрлік және механикалық шамалар – электр кернеуі, индуктивтік,
   магнит
       ағыны.
3. SI жүйесінің негізгі және туынды бірліктері үшін мөлшерліктерін
   көрсетіңіз .
4. Есеп шығару.

      Бақылау сұрақтары.
      1. Физикалық шаманың  анықтамасын  айтыңыз.    Физикалық  процестердің
         әртүрлі топтарына жататын шамалардың мысалын келтіріңіз.
      2. Экстенсивтік және интенсивтік  физикалық  шама  деген  не?  Олардың
         ортақ және айырықша қасиеттерін көрсетіңіз. Мысал келтіріңіз.
      3. Санау, бағалау және  өлшеу  түсініктерін  талдап  беріңіз.  Олардың
         ортақ және айырықша сипаттарын көрсетіңіз.
      4. Физикалық шаманың шкаласы деген не?  Физикалық  шамалардың  әртүрлі
         шкалаларының мысалын келтіріңіз.
      5. Физикалық шама бірлігі анықтамасын айтыңыз. Мысал келтіріңіз.
      6. Физикалық шаманың  мөлшерлілігі  деген  не?   Паскаль,  Генри,  Ом,
         Фарада и Вольт физикалық шамаларының мөлшерліктерін айтыңыз.
      7.  Физикалық  шамалар  жүйесінің  және  физикалық   шама   бірліктері
         жүйесінің  анықтамасын  беріңіз.   Негізгі  және  туынды  физикалық
         шамалар және физикалық шамалар бірліктерінің мысалын келтіріңіз.
      8.  Физикалық  шамалар   бірліктерінің   жүйелерін   құрудың   негізгі
         принциптерін айтыңыз.
      9. SI жүйесінің арнаулы атаулары бар бірліктерін атап теріңіз.
     10. SI жүйесі  бірліктерімен  қатар  қолдануға  рұқсат  етілген  жүйеге
         кірмейтін бірліктерді атап беріңіз.


                            Практикалық сабақ №3.


                   Өлшеу әдістерін жіктеу. Өлшеу әдістері

  Сабақтың мақсаты: Өлшеу әдістерін жіктеуді оқып үйрену, сондай-ақ
  өлшеулерді орындаудың негізгі кезеңдерін қарастыру.




  Материалдармен қамтамасыз ету: ГОСТ 8.563-96 «ГСИ. Методики выполнения
  измерений», МИ 2091-90 «ГСИ. Измерения физических величин. Общие
  требования».




      Тапсырма.
   1. Нормативтік құжаттардың негізгі бөлімдерін сипаттап беріңіз
   2. Өлшеу процедурасының негізгі операцияларян атаңыз
   3.  Бөлшек  диаметрін  микрометрмен  өлшеуге  қатысты  өлшеудің   негізгі
      кезеңдерін көрсетіңіз



      Бақылау сұрақтары.
     1. Өлшеу әдістері қандай сипаттары  бойынша  жіктеледі?  Қандай  өдшеу
        әдістері сізге белгілі?
     2. Өлшеу жағдайлары деген не? Олар қандай болады?
     3. Өлшеу нәтижесі деген не және ол немен сипатталады?
     4. Өлшеулер жіктелетін  сипаттарды  атап  беріңіз.  Әр  сипат  бойынша
        өлшеулерді жіктеу таралы айтып беріңіз.
     5. Тура, жанама, бірге және жиынтық  өлшеу  әдістерінің  анықтамаларын
        беріңіз. Мысал келтіріңіз.
     6. Сынау деген не және оның өлшеуден қандай айырмашылығы бар?




































                            Практикалық сабақ №4.



Қателік түсінігі. Жіктеу


    Сабақтың мақсаты:  Қателіктерді  бағалаудың  негізгі  принциптері  оқып
үйрену, сондай-ақ өлшеу нәтижесін дөңгелектендіру ережелерін игеру.


    Материалдармен қамтамасыз ету: МИ 2246-93 «ГСИ. Погрешности  измерений.
Обозначения»


      Тапсырма.
 1. Төмендегі өлшем құралдары үшін жіберілетін абсолют,  салыстырмалы  және
    келтірілген қателіктер шегін анықтаңыз:
    шекті ұзындық өлшемнің, егер ХД=100,0006 мм, ХН=100 мм;
    потенциометрдің, егер ХД=120,6  ºС, ХН=120 ºС и Хi=120,3 ºС;
    кірдің, егер ХД=200,01 кг, ХН=200,0 кг.
 2. Төмендегі өлшем құралдары үшін  жіберілетін  негізгі  қателіктің  шегін
    анықтаңыз:
    амперметр,  кл. 1,0;
    вольтметр,  кл. 2,5;
    микроманометр, кл. 0,25.


      Бақылау сұрақтары.
     1. Қателектер жіктелетін сипаттарды атап көрсетіңіз.
     2.  Өлшеу  қателіктерінің   кездейсоқ,   жүйелік   және   прогрестеуші
        бөліктерін сипаттап беріңіз.
     3. Өзіңізге мәлім әдістемелік қателіктерді айтып беріңіз.
     4. Қателіктеді бағалау принцибі деген не?
     5. Өлшеу қателіктерінің математикалық моделдірі туралы айтып беріңіз.
     6. Қателіктердің қандай сипаттамалары сізге мәлім ?
     7. Өлшеу нәтижесін дөңгелектендіру ережелерін атап беріңіз.




























                            Практикалық сабақ №5.


                             Жүйелік қателіктер



    Сабақтың мақсаты: Жүйелік қателіктердің сипаттамаларын, оларды анықтау,
болдырмау және жою әдістерін оқып үйрену


    Материалдармен қамтамасыз ету: МИ 1317-86. «Результаты и характеристики
погрешностей измерений»


      Тапсырма.
1. Төмендегі өлшем құралдары үшін жүйелік қателіктерді табыңыз:
   шкаласы 0-16 Мпа манометр үшін,  егер  Р=10  МПа  нүктесінде:  РMi=10,02;
   9,98; 10,01; 9,96; 9,91; 9,99; РBi=10,03;  10,06;  10,04;  10,04;  10,02;
   10,03; 10,04;
   шкаласы 0-600 ºС, дәлдік класы 0,1 потенциометр  үшін,  егер  t=  400  ºС
   нүктесінде: СMi=400,16; 400,2; 400,17; 400,26; 400,24;
                      ºСBi=420,12; 400,10; 400,14; 400,18;
2.  Төмендегідей  белгіленетін  өлшем  құралдары  үшін  дәлдік  класын  және
   жүйелік қателікті табыңыз:
   белгілеуі 0,5;
   белгілеуі 0,02/0,01;
   белгілеуі 1,5 и 0,5.


      Бақылау сұрақтары.
     1. Жүйелік қателік деген не? Мысал келтіріңіз.
     2. Түзетілген өлшеу нәтижесі деген не? Анықтамасын беріңіз.
     3. Жүйелік қателіктер қалай жіктеледі?
     4. Тұрақты жүйелік қателіктерді анықтау әдістерін атаңыз.
     5. Ауыспалы жүйелік қателіктерді анықтау әдістерін атаңыз.
     6. Вилкинсок критериі арқылы жүйелік қтеліктер қалай анықталады ?
































                            Практикалық сабақ №6.


                            Кездейсоқ қателіктер



  Сабақтың мақсаты: Кездейсоқ қателіктердің сипаттамаларын және олардың
  үлестірілу заңдарын оқып үйрену.




  Материалдармен қамтамасыз ету: МИ 1317-86. «Результаты и характеристики
  погрешностей измерений»




      Тапсырма.
1. Төмендегі өлшем құралдары үшін кездейсоқ қателіктерді табыңыз:
   шкаласы 0-16 Мпа манометр үшін,  егер  Р=10  Мпа  нүктесінде:  РMi=10,02;
   9,98; 10,01; 9,96; 9,91; 9,99; РBi=10,03;  10,06;  10,04;  10,04;  10,02;
   10,03; 10,04;
   шкаласы 0-600 ºС,  дәлдік  класы  0,1  потенциометр  үшін,  егер  400  ºС
   нүктесінде:
   ºСMi=400,16; 400,2; 400,17; 400,26; 400,24;
   ºСBi=420,12; 400,10; 400,14; 400,18;
2. Определить случайную погрешность для СИ, имеющих:
   обозначения 0,5;
   обозначения 0,02/0,01;
   обозначения 1,5 и 0,5.
3.  Төмендегідей  белгіленетін  өлшем  құралдары  үшін  кездейсоқ  қателікті
   табыңыз:
   белгілеуі 0,5;
   белгілеуі 0,02/0,01;
   белгілеуі 1,5 и 0,5.

      Бақылау сұрақтары.
        1.  Қандай  жағдайларда  өлшеу  қателігі  кездейсоқ   шама   ретінде
           қарастырылуы мүмкін?
        2. Кездейсоқ шаманың  интегралдық  және  дифференциалдық  үлестірілу
           функцияларының қасиеттерін атап беріңіз.
        3. Үлестірілу заңдарының сандық параметрлерін атап беріңіз.
        4. Үлестірілу орталығы қандай түрде берілуі мүмкін?



















                            Практикалық сабақ №7.


                       Өрескел қателіктерді болдырмау


  Сабақтың мақсаты: Өрескел қателіктердің сипаттамарын, сондай-ақ оларды
  жою тәсілдерін оқып үйрену.




  Материалдармен қамтамасыз ету: МИ 1317-86. «Результаты и характеристики
  погрешностей измерений»




      Тапсырма.
1. Анықтаңыз, 8-өлшеудің нәтижесінде өрескел қателік бар  ма,  егер  мыналар
   белгілі болса:
   өлшеулер саны – 10;
   өлшеу нәтижелері – 20,404 ºС және Х8=20,30 ºС,  Р=0,95,  Qa=0,033 ºС.
2.  Төмендегі  мәліметтер  үшін  өлшеу  нәтижелерінің   үлестірілу   қалыпын
   тексеріңіз:


   |интервал номері          |интервалдың орташасы     |интервалдың жиілігі      |
|1                        |8,912                    |1                        |
|2                        |8,914                    |5                        |
|3                        |8,916                    |14                       |
|4                        |8,918                    |27                       |
|5                        |8,920                    |24                       |
|6                        |8,922                    |18                       |
|7                        |8,924                    |9                        |
|8                        |8,926                    |2                        |


   А=9,9193 мм и Qa=0,0028 мм.


      Бақылау сұрақтары.


     1. Өрескел қателік деген не?  Үлестірілу  заңы  немесе  гистограмманың
        түрі  бойынша  өрескел  қателіктің  орын  алғанын  қалай  анфқтауға
        болады?
     2. Өрескел қателіктерді жою критерийлерін атап беріңіз.




















                            Практикалық сабақ №8.


                            Қателіктерді сомалау


  Сабақтың мақсаты: Қателіктерді сомалау әдістері мен тәсілдерін оқып
  үйрену.







      Тапсырма.
1. Жүйелі қателіктерді сомалау формулаларын жазып алыңыз
2. Кездейсоқ қателіктерді сомалау формулаларын жазып алыңыз
3.  Қателіктің  жүйелік  және  кездейсоқ   бөліктерін   сомалау   механизмін
   көрсетіңіз
4. Метрологиялық есептер шығару


      Бақылау сұрақтары.
        1. Қателіктерлі есеп арқылы сомалау теориясы нелерде негізделеді?
        2. Жүйелік қателіктерді сомалау ережелерін айтып беріңіз.
        3.  Кездейсоқ  және  өрескел  қателіктер   қандай   тәртәп   бойынша
           сомаланады? Бұл ережені қандай құжат реттейді?
        4. Елеусіз аз қателік критерийінің маңызы неде ?
















































                            Практикалық сабақ №9.


                           Өлшеу нәтижелерін өңдеу



      Сабақтың  мақсаты:  Әртүрлі   өлшеу   нәтижелерін   өңдеу   тәсілдерін
қарастыру.


      Материалдармен қамтамасыз ету: ГОСТ 8.207-76 «ГСИ. Прямые измерения  с
многократными  наблюдениями.  Методы   обработки   результатов   наблюдений.
Основные положения»


      Тапсырма.
1. ГОСТ 8.207 оқып мына сұрақтарға жауап беріңіз:
   стандарттың жалпы ережелері;
   өлшеу нәтижесі және оның орташа квадраттық ауытқуы;
   өлшеу нәтижесінің қездейсоқ қателігінің сенімділік шекарасы;
   өлшеу нәтижесінің жойылмаған жүйелік қателігінің сенімділік шекарасы;
   өлшеу нәтижесін жазу формалары.
2. Есеп шығару


      Бақылау сұрақтары.
     1. Тура көп мәрте өлшеу нәтижелерін өңдеу кезеңдерін атап беріңіз.
     2.  Бір  мәрте,  қателіктеріне  нақты  баға  беріп  өлшеу  нәтижелерін
        өңдеудің алгоритмын жазыңыз.
     3. Жанама өлшей нәтижелері қалай бағаланады?






























































  Практикалық сабақ №10.




                          Өлшем құралдарын жіктеу.

 Статикалық және динамикалық сипаттамалар




  Сабақтың мақсаты: Өлшем құралдарын жіктеу  принциптерімен  танысу.  Өлшем
  құралдарының статикалық және динамикалық сипаттамаларын оқып үйрену.




  Материалдарман қамтамасыз ету: Өлшем құралдары




  Тапсырма.

1. Төменде аталған өлшем  құралдары  қандай  классификациялық  топқа  жатады
  (өлшемдер, салыстыру құрылғылары, өлшегіш өзгерткіштер, өлшегіш аспаптар,
  өлшегіш құрылғылар, өлшегіш жүйелер, өлшегіш-есептегіш комплекстер)?
2. Өлшем құралдарын төмендегі тәртіп бойынша жазыңыз:
- метрологиялық;
- жұмыстық;
- автоматтандырылған;
- автоматты;
- стандартталған;
- стандартталмаған;
- негізгі;
- көмекші.



      Бақылау сұрақтары.
     1. Өлшем құралы деген не?
     2.  Өлшем  құралдарының  статикалық  сипаттамалары  мен  параметрлерін
        жазыңыз.
     3. Өлшем  құралдарының  динамикалық  сипаттамалары  мен  параметрлерін
        жазыңыз.
     4. Өлшем құралдары қалай жіктеледі?






































    Практикалық сабақ №11.



Өлшем құралдарының метрологиялық сипаттарын нормалау


      Сабақтың мақсаты: Өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларын оқып
үйрену.


      Материалдарман  қамтамасыз  ету:  ГОСТ  8.009-84   «ГСИ.   Нормируемые
метрологические характеристики средств измерений»


      Тапсырма.
1. Өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларын жазыңыз.
2. Өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларын нормалау және беру
   формаларын жазыңыз.
3. Өлшем құралының қателік сипаттамаларын бағалап беріңіз
4. Есеп шығару.

      Бақылау сұрақтары.
     1. Өлшем құралының нормаланатын  метрологиялық  сипаттамаларын  таңдау
        негізіне қойылатын негізгі себептерді атап көрсетіңіз.
     2.   Өлшем   құралының   нормаланатын   метрологиялық   сипаттамаларын
        регламенттейтін құжатты атап көрсетіңіз.
     3. Нормаланатын метрологиялық сипаттамалар қандай топтпрға бөлінеді?
     4.  Өлшеу   нәтижесін   бағалауға   арналған   сипаттамаларға   қандай
        метрологиялық сипаттамалар жатады?
     5.  Қандай  метрологиялық  сипаттамалар  өлшем   құралының   қателігін
        сипатайды? Оларды нормалай қалай жүзеге асырылады?
     6. Өлшем құралының дәлдік класы деген не?




































                           Практикалық сабақ №12.


                          Өлшем құралдарын моделдеу




Сабақтың мақсаты: Өлшем  құралдарын  математикалық  моделдеудің  мәнін  оқып
үйрену .


      Тапсырма.
1. Өлшеу тізбек және өлшеу каналын сипаттап беріңіз. Олардың қасиеттері
   және айырмашылығы .
2. Өлшем құралының құрылымдық схемасын және элементтерін талдау.
3. Өлшем құралының өлшеу каналдарын есептеу әдістемелері.

      Бақылау сұрақтары.
     1. Өлшем  құралын  модельдеу  не  үшін  жүргізіледі?  Өлшем  құралының
        математикалық  моделі  деген  не?  Модель  қандай  шамаларды  өзара
        байланыстырады?
     2. Мына түсініктердің  анықтамаларын  жазыңыз:  өлшеу  тізбегі,  өлшеу
        каналы, құрылымдық элемент және құрылымдық схема.
     3. Өлшем құралдарының өлшеу каналдарын есептеу кезеңдерін жазыңыз.













































































    Практикалық сабақ №13.



Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу және реттеу түсініктері





      Сабақтың мақсаты:: Өлшем құралдары мен эталондарға қойылатын
талаптарды оқып үйрену.


      Материалдарман қамтамасыз ету: Қазақстан Республикасының «Өлшем
бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңы, ГОСТ 8.057-80 «ГСИ. Эталоны единиц
физических величин. Основные положения».


      Тапсырма.
1. Метрологиялық қадағалау формаларын, органдары мен қызметтерін жазып
   беріңіз.
2. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру тәслдерін жазыңыз .
3. Өлшем құралына метрологиялық ревизия және сараптама жүргізу тәртібін
   жазыңыз.
4. Есеп шығару.


      Бақылау сұрақтары.
     1. Өлшем құралдарын салыстырып  тексеру  деген  не  және  ол  қаг-ндай
        тәсілдерменн жүргізіле алады?
     2. Өлшем құралын калибрлеу деген не?
     3. Метрологиялық қадағалау, ревизия және сараптаудың мақсаты




































                           Практикалық сабақ №14.



Заттар мен материалдардың құрамы және

                      қасиеттерінің стандарты үлгілері
                                      .

      Сабақтың мақсаты: Заттар мен материалдардың құрамы және  қасиеттерінің
стандарты үлгілерін оқып үйрену



      Материалдарман қамтамасыз ету: ГОСТ 8.315-97 «ГСИ. Стандартные образцы
состава и свойств веществ и материалов. Основные положения»


      Тапсырма.
1. ГОСТ 8.315 стандартын оқып мына сұрақтарға жауап беріңіз:
   стандартты үлгілердің анықтамасы, арналуы, жіктелуі және оларға қойылатын
   жалпы талаптар;
   стандартты үлгілерді әзірлеу және бекіту тәртібі;
   стандартты үлгілерді тіркеу, есепке алу және қолдану тәртібі .
2. Есеп шығару

      Бақылау сұрақтары.
     1. Стандартты үлгілер не үшін қолданылады ?
     2. Стандартты үлгілердің метрологиялық  сипаттамаларын  атеп  беріңіз.
        Стандартты үлгіліердің мысалдарын келтіріңіз.













































                            Ұсынылатын әдебиеттер


1. «Химия», рефераттар журналы
2. Патенттік бюллетендер: «Изобретения», «Өнертабыстар»
3. Патенттік журнал «Изобретения стран мира»
4. «Пищевая промышленность», журнал
5. «Молочная промышленность», журнал
6. «Мясная индустрия», журнал
7. «Перерабатывающая промышленность», журнал
8. Ковальская Л.П. Технология пищевых производств – М.: Агропромиздат,  1988
   -286 с.
9.  Технология  производства  растительных  масел.  В.М.  Копейковсий,  С.И.
   Данильчук, Г.И. Гарбузова и др. - М. Легкая  пищевая промышленность, 1982
   -415 с.
10. Технология мяса  и  мясо  продуктов.  Под  редакцией  Рогова  И.А.  –М.:
   Агропромиздат, 1988 - 576 с.
11. Шепелев А.Ф., Кожухова  О.И.,  Туров  А.С.  Товароведение  и  экспертиза
   молока и молочных продуков –  Ростов-на-Дону:Издательский  центр  «МарТ»,
   2001 -190 с.







      3 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ


      3.1 Студенттердің өзіндік жұмысың  ұйымдастыру  жөніндегі  әдістемелік
нұсқаулар
      Өзіндік  жұмысын  орындау  кезінде  студент  нақты   тақырып   бойынша
ұсынылған әдебиеттерді қалданады, материалды өз бетімен игереді,  зерделеген
материалдың қысқаша  мазмұнын  дәптерге  түсіреді.  СОӨЖ  сабағында  студент
жазбаларын оқытушыға көрсетеді, ал оқытушы оны бағалайды.
      3.2 Рефераттар  тақырыптарының  тізімі  немесе  студенттердің  білімін
бақылау үшін арналған бақылау сұрақтары және т.б.


      Рефераттар тақырыптары.
      1 Стандарттаудың заңнамалық базасы
      2 Халықаралық стандарттау
      3 Нормативтік құжат-тарды қолдану және олардың талаптары-ның сипаттары
      4 Стандарттау әдістері. Унификациялау және агрегаттау
      5 Қазақстан Республика-сындағы стандарттау-дың қазіргі жағдайы
      6 Стандарттаудың экономикалық және әлеуметтік мәселелері
      7 Сертификаттаудың заңнамалық базасы
      8 Физикалық шамалар және олардың өлшем бірліктері.  Физикалық  шамалар
шкалалары
      9 Өлшеу нәтижелерін бағалау
      10 Өлшеу қателіктерінің түрлері






Пәндер