Файл қосу
Оқыту үдерісі
« Педагогика және психология » мамандықтарына арналған «Педагогиканы оқыту әдістемесі» пәнінің ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР СЕМЕЙ-2013 Мазмұны 1 Глоссарий................................................................... ....................................... 2 Дәрістер.................................................................... ......................................... 3 Тәжірбиелік сабақтар.................................................................... ................ 4 Курстық жұмыстар мен дипломдық жоба............................................... 5 Студенттердің өздік жұмысы...................................................................... .. 1 ГЛОССАРИЙ 1.1 Ақпараттандыру – ғылымның дамуына байланысты пайда болатын, ақпараттық технологиялар мен жаңа телекоммуникация құралдарын педагогиканы оқыту үдерісі кезінде қолдану, педагогикалық білім беру мазмұнын жаңа ақпараттармен толықтыру. Әдіс (грек. «methodos» - шындыққа жетудің жолы) ретке келтірілген іс- әрекеттің белгілі бір тұрғыда мақсатқа жету жолын білдіреді. Бейнелік көрнекілік – сабақта заттар, құбылыстар мен үдерістер бейнесін, олар туралы теориялық білімдерді көрсету. Бейнелеу көрнекілігінің өзі үш түрлі болады: көркем бейнелеу, символдық бейнелеу және мәтіндік бейнелеу. Бекіту – екінші қайтара ұғу және оқылған материалды бірнеше рет еске түсіру үдерісінен тұрады. Білімнің беріктігі, пәрменділігі практика жүзінде тексеріледі. Білім беру – білім алушылардың білімдер жүйесін қалыптастырудағы білім, іскерлік пен дағдыларын меңгертудің үдерісі, олардың негізінде дүниетанымдық, адамгершілік және т.б. тұлға қасиеттері, адамға тән көзқарастардың қалыптасуы, шығармашылық күш пен қабілеттерінің дамуы. Білім берудің жаһандануы – білім берудің ашықтығына бағытталған, яғни білім алудың жалпыға қол жетімділігі, оны игерудің мол мүмкіндіктерінің болуы. Вариативті компонент – аймақтық және жергілікті әлеуметтік мәдениеттің ерекшеліктері мен дәстүрлерін ескеретін, білім алушылардың бейімділігі мен қызығушылығына байланысты жеке даму қасиеттерін қамтамасыз ететін типтік оқу жоспарының бөлігі. Жинақтау – заттың немесе құбылыстың нақтылы ортақ белгілерін анықтау және жүйелеу, нақтылыдан абстрактіліге өту, пікірлер, ойлар қалыптастыру, өзіндік қорытындылар мен дәлелдеулерге өту үдерісі. Заттық көрнекілік – нақтылы заттарды, құбылыстар мен үдерістерді демонстрациялау. Оқытушының басты міндеті – көрнекілік арқылы педагогиканы оқыту барысында арнайы феномендерді, заңдылықтарды көрсету. Бұл жақсы түсіну мен есте сақтауға негіз болады. Осы орайда «жүз рет естігенше, бір рет көрген артық» деген белгілі мәтел қолданылса керек. Инвариантты компонент – білім алушылардың жалпы адамзаттық идеалдар мен мәдени дәстүрге сәйкес тұлғалық қасиетінің қалыптасуын қамтасыз ететін және мемлекет аумағында білім берудің біртұтас кеңістігін құрайтын типтік оқу жоспарының түйіні. Көркем бейнелік көрнекілік - бейнеленуші нысанды немесе жағдайды бөлшігесіне дейін қалдырмай бейнелейді. Бұған фотосуреттерді көрсету, суреттер, кино және бейнефильмдерді демонстрациялау жатады. Басқа жағдайларда сурет өнері мен суреттер де қолданылуы мүмкін. Фильмдердің өзін ғылыми-көпшілік және көркем фильмдер деп екі типке бөлеміз. Мамандандыру – еңбек пәні мен нақты іс-әрекетін ескере отырып жасалған, педагогикалық мамандықтардың шегінде педагогты нақты іс-әрекет түріне дайындауға бағытталған педагогикалық пәндерді іріктеу. Мысалы, педагогика пәнің оқытушысы, әлеуметтік педагог, педагог-дефектолог және т.б. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты – түлектерді кәсіби даярлаудағы міндетті түрдегі талаптар деңгейін анықтайтын және осы талаптарға сай оқыту мен бақылаудың мазмұнын, әдістерін, формаларын, құралдарын белгілейтін нормативті құжат. Жалпы педагогикалық білім беруді стандарттау түлектерді педагогикалық дайындаудың деңгейіне деген негізгі талаптарды анықтайды және сонымен қатар «норма», «үлгі» ретінде де қызмет атқарады. Оқулық – қазіргі заманғы ғылым мен мәдениеттің жетістіктері деңгейінде белгілі бір жастағылар мен әлеуметтік топтарды оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін, белгілі бір салада жүйелі түрде баяндалатын білім негіздері туралы кітап. Оқыту – арнайы ұйымдастырылған, мақсатты бағытталған үдеріс, оның жүргізілу барысында білім алушылар белгілі бір көлемде білім, іскерлік пен дағдылар жүйесін игеріп, табиғи қабілеттері дамиды, әлеуметтік және тұлғалық мәнге ие қасиеттердің қалыптасуы жүзеге асады. Оқыту әдісі дегеніміз оқытушы мен білім алушылардың ретке келтірілген өзара байланысты іс-әрекеттерінің оқу үдерісіндегі білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерді шешуге бағытталған іс-әрекет түрі.Оқыту әдістері – оқу-тәрбие үдерісінде үйретуші, дамытушы, тәрбиелеуші, ынталандырушы (мотивациялық) және бақылау-түзетушілік қызметтерді атқарады. Оқыту құралдары (педагогикалық құралдар) – оқытушының оқу үдерісіне ықпал етуде қолданатын барлық материалдар жиынтығы. Оқыту құралдарына педагогикалық міндеттерді шешуде қолданылатын рухани және материалдық мәдениет заттары жатады. Оқытудың белсенді әдістері – оқу материалын меңгеру үдерісіндегі студенттердің танымдық іс-әрекетін арттыруға негіз болатын оқыту тәсілдері. Оқытудың жекеленген жүйе әдісі – білім алушылар өздігінен, жекелей оқу материалын оқу әдебиеттері, бейнефильмдер, юниталар, слайд-дәрістер, курстық кейстер арқылы меңгеретін оқыту тәсілі. Пәнаралық интеграция – болашақ педагог даярлығының барлық кезеңіндегі білімдер мен практикалық іс-әрекеттер бірлігі. Педагогика – педагогикалық үдерістің мақсатын, заңдылықтарын, принциптерін, әдістері мен құралдарын, формаларын, мазмұны мен технологиясын адам дамуының құралы мен факторы ретінде зерттейтін ғылым. Педагогикалық пәндер интеграциясы – педагогикалық білімдер жүйесін бір тұтас бірлік ретінде меңгеруге әкелетін, педагогикалық дайындық жүйесі аясында өтетін үдеріс. Принциптер – оқыту үдерісін ұйымдастыру мен өткізуге жетекшілік жасайтын нормативтік талаптар Пікірталас әдісі – оқу материалының дау тудыратын тақырыбын қарастыруға, талдауға бағытталған және білім алушылардың әр түрлі ұстанымдарын бір арнаға тоғыстыратын оқыту тәсілі. Іскерлік ойындар әдісі – оқу-кәсіби міндеттердің ережелер бойынша ойын формасында шешілетін оқыту тәсілі. Білім алушылар кәсіби іс-әрекеттің үзінділерінен көрініс қоя отырып, түрлі рөлдер мен кәсіби іс-әрекет түрлерін орындайды. Семинар (лат. seminarium – көшет), студенттердің оқу-танымдық іс- әрекеттерін ұйымдастыру формасы, ол бекітуге арналған, сонымен қатар өз бетімен алған білімдерді тексеру мен бағалау тәсілі. Символдық (сызбалық) көрнекілік – заттардың немесе құбылыстардың белгісін, сипатын, байланысын көрсететін бейнелер. Оған кестелер, сызбалар, диаграммалар, графиктер жатады. Оларда теориялық ойлар беріп, құбылыстар құрылымы туралы білімдер жүйесі, белгілі бір параметрлер байланысы көрсетіледі. Символдық көрнекілік мәтіндік көрнекілікпен жақсы үйлесім табады. Тәрбие – тұлғаның дамуына және қалыптасуына негізгі жағдайларды жасауға бағытталған мақсатты үдеріс. Типтік оқу бағдарламасы – педагогика оқу пәні бойынша студенттер меңгеруге тиіс негізгі білім, іскерлік, дағды мен құзыреттіліктің шегі анықталатын және педагогиканы оқытудың ерекшеліктеріне тән әдістер, тәсілдер мен оқытудың құралдарының тізімдері көрсетілген әдістемелік сипаттағы нұсқаулықтары бар нормативті құжат. Типтік оқу жоспары – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бекітілген нормативтік құжат. Онда оқытылатын пәндердің тізімінен және оларды оқу семестрлеріне бөлетін және пәндерді әр оқыту сатысындағы оқыту көлемін анықтайтын, оқу сабақтарының формалары (дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар, өзіндік жұмыстар және т.б.), аралық және қорытынды бақылау түрлері (емтихан, курстық, дипломдық жұмыс) көрсетілген.Типтік оқу жоспарының құрылымындағы инвариантты және вариативті компоненттерді ерекшелеуге болады. Түсіну – оқылатын пәннің (құбылыстың, үдерістің) арасындағы байланыс пен қарым-қатынастың алғашқы мәнін ашу, оның құрамын, қызмет ету себептері мен көздерін анықтайтын үдеріс. Ұғыну – оқылатын ақпаратты талдау және жинақтау, салыстыру және салғастыру, топтау және жүйелеу үдерісі. Ұйымдастырушылық-әдістемелік принциптер – педагогиканы оқыту үдерісінің ұйымдастырушы формалары мен әдістерін анықтайтын ережелер. Шеберлік – ол өте көп мағынада қолданылады. Мысалы: іскерлік, өнерпаз, іскер, ұста, білімпаз т.б. Шебердің қолы ортақ деуге болады. Іскерлік ойын - әр түрлі жағдайларда берілген немесе қатысушылардың өздері бекіткен ережелер бойынша басқаратын шешімдер қабылдауының еліктеушілік әдісі (имитация). 2 ДӘРІСТЕР 1-модуль. Педагогиканы оқыту әдістемесінің пәні мен міндеттері Дәріс 1 Дәріс тақырыбы: Педагогиканы оқыту әдістемесінің пәні мен міндеттері ( 3 сағат) Дәріс мазмұны: 1. Педагогика оқу пәні ретінде 2. Оқу пәні ретінде педагогика дамуының негізгі кезеңдері. Педагогикалық білім беру мекемелерінде педагогиканы оқу пәні ретінде құру. 1.2 Педагогика оқу пәні ретінде Ғылымның биіктігін бағындыру оның негізін зерттеуден басталатындығы барлығымызға аян. Бұл негіздер оқу пәнінде жинақталған. Ғылым мен оқу пәні бір-бірімен тығыз байланысты. Әдебиеттерде оқу пәні төмендегідей ретпен анықталады: -білім жүйесі; білімді меңгерудегі оқу-танымдық іс-әрекет түрлерінің жүйесі; ғылымның негізін дидактикалық жүйелі түрде мазмұндау [2, 347-бет]; -білім жүйесіндегі белгілі сатының модулі, оның ішіне мақсаттылық, мазмұндық, қисындық-әдістемелік (технологиялық), нәтиже-бағалаушылық компоненттері енеді; өзіне сәйкес ғылым негізінде әлеуметтік тәжірибе әсерінен қалыптасатын модуль [11, 17-бет]. Оқу пәні – ғылымның «фотосуреті». Оқу пәні жаңа білімдерді ашпайды, ол ғылымның дайын болған қорытындысын пайдаланады. «Ғылым» және «оқу пәні» ұғымдарының мазмұндық талдауы олардың бір нүктеде түйісетінін көрсетті, бұл – білімнің жүйелілігі. Оқу пәні оқыту міндеттерін, білім алушылардың дайындығы мен жас ерекшелігін арнайы есепке алатын ғылымның негізінен тұрады. Оның негізгі қызметі – білім беру. Оқу пәні міндетті түрде ғылым құрылымының нақты көшірмесі емес. Оқу пәнін құрастырған кезде ғылыми түсініктер мен жағдайды анықтау, жүйелеу, нақтылау болады. Ғылыми түсініктер, категориялар оқу пәнінде қайта өңделгеннен кейін ғылыми қолданыста жаңа, нақтыланған түрде қолданыла алады. Жоғары оқу орындарындағы оқу пәнінің ерекшелігі ғылымның құрылымына жақын болғандықтан, онда ғылым теориясымен анықталған мәліметтер мен оларды танып білудің әр түрлі жолдары ашып көрсетілген. Педагогика оқу пәні ретінде келесі компоненттерден тұрады: 1) білім беру, оқыту, тәрбие жайлы білім жүйесі; 2) білім, іскерлік, дағдылар мен құзыреттіліктерді меңгеруге бағытталған оқу-танымдық іс-әрекет жүйесі. Оқу пәнінің құрылысын жасау кезінде бірнеше факторлар ескеріледі. Оларды қарастырайық. 1. Егер ғылыми білімдер жеткілікті түрде жүйеленген және оны оқытудың әдістемелік аспектілері болса, сонда ғана олар оқу пәніне енеді. 2. Сәйкес саладағы студенттердің біліміне байланысты оқытушы оқу пәнін жобалай алады. Сонымен бірге, білім алушылардың қабілеттілігі, жас және жеке психологиялық ерекшеліктеріне тән оқу пәні әрқалай оқытылады. 3. Оқу пәні дәрістер, семинарлар, тәжірибелік және зертханалық сабақтар көмегімен оқытылады. 4. Кез-келген оқу пәні дидактикалық материалдар қорымен (нақты тапсырмалар, көрнекілік материалдар, бақылау сұрақтары, әдістемелік нұсқаулар) бекітіледі. 5. Оқу пәнінде белгілі теория, концепциялармен қоса оқытушының әдіснамалық көзқарасы да орын алады. Педагогиканың оқу пәні ретіндегі педагогикалық ғылым және әлеуметтік тәжірибемен өзара қатынасы маңызды сұрақтардың бірі болып саналады. Бұны өзара байланысты мақсаттық және қорытынды-бағалық компоненттер мысалында байқауға болады. Педагогиканың мақсаттылық компоненті ғылым пәнін ескере отырып, әлеуметтік факторлар әсерімен өзгеріп, қалыптасады. Мысалы, жуырда 2000- жылдың басында педагогиканы оқудың мақсаты – педагогикалық үдерістің типтік міндеттерін шешу үшін педагогикалық білімді, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру болды. Ал қазіргі кездері педагогиканың оқу пәні ретіндегі мақсаты – әлемге деген этикалық қатынасының, дамыған дүниетанымдық көзқарасының мәдениеті мен инновациялық ойлау типіндегі кәсіби педагогты қалыптастыру [12, 5-бет]. Педагогогиканың қорытынды-бағалық компоненті де әлеуметтік практика әсерімен қалыптасады. Сонымен қатар, педагогикалық білім әлеуметтік практиканы ғылыми тұрғыдан түсіндіріп, болжалдап, жобалап отырады. Егер педагогикалық білім базалық ғылымның негізгі қызметтерін орындай алса, сонда ол сапалы болып саналады. Оқу пәні өз кезегінде, педагогикалық ғылымға әсер етеді. Мысалы, педагогикада ғылым ретінде «инновация» секілді ұғымның жаңартылған түсіндірмесі ашылады. Әсіресе педагогикалық практика педагогиканы зерттеу саласында маңызды бағыттарды нұсқап, ғылыми концепциялардың қалыптасуына әсер етеді. Оқу пәнінің мазмұны зерттелетін ғылым теорияларының үйлесімділігімен, оқу орындарының дәстүрлі, инновациялық тәжірибелерімен, оқытылатын ғылым саласындағы оқытушылардың және студенттердің жеке тәжірибелерімен анықталады. Тарихи педагогикалық әдебиетке сүйенсек, танымал педагогтар педагогикалық пәндерді оқыту үшін арнайы кафедралар құру керек екендігін айтқан. К.Д. Ушинский: «Егер университеттерде медициналық, тіпті камералық факультеттер бар болып, бірақ педагогикалық факультеттер жоқ болса, онда бұл адамның әлі күнге дейін өзінің адамгершілік тұлғасы, үлгілі тәрбиесі жөнінде ойламай, тек денсаулығы мен қалтасының қалыңдығын, келешек ұрпағының бай болуын ойлайтындығын көрсетеді» [9, 55-бет]. Педагогикалық оқу орындарында педагогика оқу пәні ретінде кеңес мектептерінің құрылу шартымен рәсімделген. Мысалы, В.И. Лениннің қолы қойылған халық комиссарлар Кеңесінің оқулықтар шығару тәртібі туралы (1921 ж.) қаулысы маңызды рөл атқарды. 1922-1924 жж. аралығында П.П. Блонскийдің «Педагогика» (1922 ж.), А.Г. Калашниковтың «Опыт построения индустриально-трудовой школы ближайшего будущего» (1922 ж.), С.И. Гессеннің «Основы педагогики» (1923 ж.), А.П. Пинкевичтің «Педагогика» (1924 ж.) атты кітаптары жарық көрді. С.И. Гессеннің «Основы педагогики» кітабы өткен ғасырдағы педагогиканың ең танымал кітабы болды. Ол Петроградтағы көтеріліске дейін, көтерілістен кейінгі бастапқы жылдары Томскде дайындалып, автордың эмиграцияда жүрген кездерінде бітіп, жарыққа шықты. Ол кітапта әлемдік педагогиканың бірнеше ғасырлық тәжірибесі мен Ресейдің ең жақсы дәстүрлері қорытылып, ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдегі, Еуропадағы, АҚШ-тағы басты педагогикалық ойлар бағытына сараптама беріліп, педагогика идеяларының даму мүмкіндігі негізделді. Жалпы алғанда, еңбектерде өткеннің педагогикалық идеялары түбегейлі баяндалып, еңбек мектептеріне және еңбек тәрбиесіне басты назар аударылды. Сонымен қоса кітаптардың құрылымы мен мазмұны оқу міндеттерінің іске асуына көмек көрсете алмады, педагогикалық идеялар дидактикалық жақтан баяндалмай, жалпылама жақтан баяндалып, автордың бір партияға, ғылыми мектепке тәуелділігімен анықталды. Педагогиканың оқу пәні ретіндегі дамуына 1927-1930 жж. өткен педагогикалық пікірталастар үлес қосты. Пікірталастар барысында оқу пәні ретіндегі педагогиканың мазмұны анықталып, мақсатты түрде бағытталған, арнайы ұйымдасқан және басқарылатын үдеріс ретіндегі тәрбиенің негізі нақтыланды. Бұл кезеңдері В.Н. Попов, А.У. Зеленко, А.Г. Вальнерлердің «Учебник педагогики: для краткосрочной подготовки педагогических кадров» (1931 ж.), А. Африканов пен П. Груздевтің «Педагогика: учебник для педагогических техникумов» (1931 ж.) және тағы да бірнеше кітаптар жарық көрді. Ең бірінші педагогика бағдарламасы 1931 ж. жазылып шықты. Бағдарламада педагогиканың жүйесін оқу пәні мен болашақ мұғалімді кәсіби даярлау негізі ретіндегі педагогиканың жалпы курсын жасау талабы болды. Алайда бұл жылдары жарық көрген кітаптар мен бағдарламалардың сараптамасы педагогика курсының әдіснамалық негізі, мазмұны мен құрылымы біртекті болмағанын, 20-30 жылдардағы педагогикаға қатысты қателіктер мен адасушылықтардың бар екендігін көрсетті. 1933 ж. педагогика бағдарламасы бойынша педагогикалық жоғары оқу орындары мен педтехникумдарға арналған екінші бағдарлама мен оқулықтар сериясы шықты, олар: «Педагогика: учебник для высших педагогических учебных заведений», авторы М.М. Пистрак (1934-1935 жж.); «Педагогика: учебник для педтехникумов», авторы П.Н. Шимбирев (1934 ж.). Оқулықтар анық құрылымда болып, оқу үшін арналған материалдарға түпкілікті таңдау жүргізіліп, педагогиканың негізгі жағдайы баяндалып, мазмұны бағдарламаға сәйкестендірілді. Педагогика бойынша бағдарламалар келесі тараулардан тұрды: 1. Кеңес педагогикасының мақсаты, маңызы, негізі. 2. Халықтық білімнің жүйесі. 3. Оқу жоспары және бағдарламасы. 4. Политехникалық мектептегі оқытудың әдісі. 5. Мектептегі білім берудің ұйымдастырушылық формалары. 6. Оқулықтар. 7. Тәртіп. 8. Балалардың коммунистік қозғалысы. 9. Мектептен тыс жұмыс. 10. Оқытушы. 11. Мектептің ұйымдастырушылық-педагогикалық сұрақтары. Бағдарламаны құру кезінде авторлар Коммунистік партияның Орталық Комитетінің үкімін басшылыққа алғанын көрсетеді. Бағдарламада Коммунистік партияның педагогиканы жаңа, социалистік өмірдің әсер етуімен пайда болған өзгерістермен қоса оқу талабы көрініс тапты. Осылайша, басты назар халықты оқыту жүйесіне, политехникалық мектепте оқуға, балалардың коммунистік қозғалысына аударылды. Педагогика курсы анық саяси бағытқа ие болып, марксизм-ленинизм қағидасына сүйеніп, социалистік құрылыс есептерімен санасты. 30-жылдардың ортасында бағдарламаға деген теориялық талаптар жасалды. Бағдарламаны жасауда авторлар мынандай жайттарды ескерулері керек еді: -диалектикалық материализмнің қағидаларын бағдарламаларда шығармашылық түрде қолдануды; -болашақ мұғалімдерді социалистік тәрбиеге бағыттауды; -бағдарламаларда политехникалық білім беру идеяларын көрсетуді; -жүйелілік принципін сақтауды. Осы жылдары оқулықтарға да нақты және қатан талаптар анықталды: -педагогика мазмұның түпкілікті іріктеу; -педагогика мен педагогикалық фактілердің маңызды жағдайларын баяндау; -тарихпен байланыс жасау; -педагогика мазмұның бағдарламаға сәйкестіру. 1939 жылдан бастап 1940 жылдарға дейін жоғары және орта педагогикалық оқу орындарына арналып жаңадан үш кітап жарық көрді. Жоғары оқу орындарына арналған оқулықтардың құрылымы қатаң қисынымен ерекшеленіп, мазмұнында тарихи-педагогикалық материалдар үлкен орын алып, оқулықтардың көлемі кеңейді. Педагогикалық училищелердің оқулығы 15 тараудан тұрды. 1-5 тарауларда коммунистік тәрбиенің негіздері: мақсаты, міндеттері, мазмұны, мектепке дейінгі балалардың тәрбиесі, халық білімінің жүйесі, кеңес мұғаліміне тән қасиеттері айтылды. Дидактиканың басты сұрақтарына 6-9 тараулар арналды. 10- 15 тарауларда пионер, оқушы, комсомол ұйымдарының іс-әрекеті, сыныптан тыс жұмыс және отбасы мен мектептің өзара қатынасы, мектеп мүлкі мен мектепке деген педагогикалық талап, мектеп басшылығы мен басқару сұрақтары қарастырылды. Жалпы айтқанда, оқулық мазмұнында түпкілікті педагогиканың әдіснамалық сұрақтары баяндалып, жеке бөлім ретінде әлі танылмаса да, дидактика бөлімі жеткілікті түрде көрсетілді. Сонымен қатар тәрбиенің теориясы жеке дара бөлім ретінде рәсімделмей, оқулықта кеңес мектебіндегі тәрбиенің кейбір сұрақтары және мектеп ісін жүргізу мәселелері қарастырылды. 1924-1940 жылдары құрастырылған педагогика оқулықтары педагогика курсы жүйесінің берік негізін қалады. Соғыстан кейінгі жылдары Б.П. Есипов пен Н.К. Гончаровтың «Педагогика: учебник для учащихся педагогических училищ» (1948 ж.); авторы П.Н. Шимбирев болып табылатын «Педагогика: учебник для студентов педагогических институтов» (1954 ж.), И.А. Каировтың «Педагогика: учебник для студентов педагогических институтов» (1956 ж.) үш оқулықтары жарық көрді. Бұл оқулықтардың құрылымы мен мазмұны «Жалпы педагогика негіздері», «Дидактика», «Тәрбие теориясы», «Мектептану» сияқты бөлімдерді оқытудың қисынымен және бірізділігімен ерекшеленді. Осындай оқулықтардың құрылымы қазіргі кезге дейін сақталған. Педагогика бойынша жаңа оқулықтар шығаруға жоғары мектепке арналған кітаптар белгілі бір көлемде ықпалын тигізді. Мысалы, С.М. Василевскийдің «Лекционное преподавание в высшей школе: краткие исторические очерки, его психолого-педагогические основы и общие методики» (1959 ж.), М.В. Остроградский, А. Блюмнің «Размышления о преподавании» (1955 ж.) және т.б. 70-жылдардың басында педагогикалық жоғары оқу орындарына жаңадан психология-педагогикалық пәндердің және педагогикалық тәжірибенің жүйелері енгізілді. Педагогика курсы «Педагогиканың жалпы негіздері», «Дидактика» және «Тәрбие теориясы» деп аталатын үш бөліктен тұрды. Курстың осындай құрылымында өзіндік құндылығы мен жетіспейтін жақтары болды. Құндылықтар қатарына студенттерді алдын-ала педагогиканың кейбір мәселелерімен таныстыра алу мүмкіндігі, педагогиканы оқу-тәрбие тәжірибесіне жақындату жатқызылды. Тұтас педагогика курсын жоғарыда аталған үш бөліммен алмастыру, оқытушының педагогикалық дайындығының әлсіреуіне әкеп соқты. Бұл жағдай педагогикалық жоғары оқу орындарында тұтас педагогика курсын оқытуға мәжбүр етті. Педагогикалық училищелер педагогиканың тұтас курсын сақтап қалды. Кеңес билігі кезінде педагогиканың оқу пәні ретінде дамуы педагогиканың мазмұны және құрылымын дамыту үшін көптеген жұмыстар жүргізілгенін көрсетеді. Осылайша келесі жылдары да педагогиканың жаңа оқулықтарында педагогика мен педагогикалық мектептер арасындағы жалпы сұрақтарының біріктірілуі қарастырылды. Педагогика бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын жасау кезінде тек қана оқу пәнінің мазмұны ғана емес, педагогиканы ғылым ретіндегі танытатын көптеген сұрақтар бойынша кең пікірталас пайда болды. Оларды талқыға салу педагогиканың әлсіз жақтарын анықтап, педагогикалық зерттеудің әдістемесі мен әдіснамалық негіздеріне ден қоюға мүмкіндік берді. 1960-1980 жылдары жоғары оқу орындарындағы оқыту мен тәрбиенің теориялық мәселелеріне, атап айтсақ, педагогика бойынша бағдарламалардың дидактикалық негізіне, педагогика курсына арналған оқу материалдарын таңдау принциптеріне, оларды оқу жылдарына бөлуге басты назар аударылды. Жоғары мектеп педагогикасында маңызды ғылыми жұмыстар пайда болды. Олар С.И. Зиновьевтің «Учебный процесс в советской высшей школе» (1975 ж.), С.И. Архангельскийдің «Учебный процесс в высшей школе, его закономерные основы и методы» (1980 ж.) және т.б. еңбектері шықты. Бұл жылдары сапалы оқулықтарды жасауға ден қойылды. 1969 жылғы 11 тамыздағы КСРО министрлер Кеңесінің «Жоғары, арнайы орта және орта оқу орындарына арналған оқулық шығарушыларға төрт КСРО Мемлекеттік сыйлығын тағайындау» туралы үкімі осындай оқулықтардың дайындалуына көмегін тигізді. Осы кездері Б.П. Есиповтың «Основы дидактики» (1967 ж.), Ф.Ф. Королевтің, В.Е. Гмурманның «Общие основы педагогики» (1967 ж.), В.А. Сластениннің, И.В. Исаевтің, Е.Н. Шияновтың «Основы педагогики» (1974 ж.), Т.А. Ильинаның «Педагогика» (1977 ж.) еңбектері жарық көрді. Бұл кезеңде педагогикалық ғылымдар Академиясында педагогикадан оқулықтар мен оқу құралдары, сонымен қатар «Советская педагогика», «Школа и семья», «Народное образование», «Воспитание школьников» журналдары басылып шығарылды. 80-жылдары педагогикалық институттардың студенттеріне арналған М.Н. Скаткиннің (1982 ж.), Т.А. Ильинаның (1984 ж.), Ю.К. Бабанскийдің (1988 ж.) оқулықтары мен оқу құралдары жарық көрді. Оқулықтардың құрылымы «Жалпы педагогика негіздері», «Дидактика», «Тәрбие теориясы», «Мектептану» деген төрт тараудан тұрды. Мұндай құрылым негізделген және қисынды түрде зерттелген еді. 90-жылдар педагогика ғылымының әдіснамалық негіздерін белсенді зерттеумен ерекшеленді. Оның қорытындысы И.Ф. Харламовтың «Педагогика» (1990 ж.), И.П. Подласыйдың «Педагогика» (1996 ж.), И.П. Пидкасистыйдың «Педагогика» (1996 ж.), Б.Т. Лихачевтің «Педагогика: курс лекций» (1997 ж.), В.И. Сластениннің, И.Ф. Исаевтің, Е.Н. Мищенконың «Педагогика» (1997ж.), Б.З. Вульфовтың, В.Д. Ивановтың «Основы педагогики в лекциях, ситуациях, первоисточниках» (1997 ж.), Т.А. Стефановскаяның «Педагогика: наука и искусство» (1998 ж.) деген еңбектерінен көрініс тапты. ХХІ ғасыр «Жаңа ғасыр оқулығы» атты оқулықтар сериясының пайда болуының бастамасы еді. Бұл серияның басты мақсаты педагогикалық жоғары оқу орындарының және педагогикалық колледждердің студенттерін жаңа шағын және жоғарғы ақпараттық оқулықтармен қамтамасыз ету болды. Бұл серияға келесі авторлардың басылымдары кірді: Н.В. Бордовская, А.А. Реан «Педагогика» (2001 ж.), А.В. Хуторской «Современная дидактика» (2001 ж), С.Д. Смирнов «Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к личности» (2003 ж.), В.В. Краевский «Общие основы педагогики» (2003 ж.), В.И. Сластенин, И.Ф. Исаев, Е.Н. Мищенко «Педагогика» (2006 ж.), А.М. Столяренко «Общая педагогика» (2006 ж.), И.П. Пидкасистый «Педагогика» (2008 ж.), В.И. Загвязинский «Общая педагогика» (2008 ж.), В.Г. Виненко «Общие основы педагогики» (2009 ж.), О.Ю. Ефремов «Педагогика» (2010 ж.) және т.б. Аталған оқулықтар базалық педагогикалық білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес дайындалып, жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынылды. Қазақстанда шығарылған педагогика саласындағы оқулықтар мен оқу құралдарын екі топқа бөлуге болады: бірінші топ – кеңес заманында шығарылған оқулықтар және оқу құралдары, екінші топ – кеңес заманынан кейін шығарылған оқулықтар мен оқу құралдары. Бұл оқулықтар мен оқу құралдарының мазмұны қоғамның нақты бір кезеңінің идеологиялық ұстамдары мен әлеуметтік қажеттіліктеріне негізделгендігін айта кеткен жөн. Бірінші топқа Т.Т. Тәжібаевтің «Абай Құнанбаевтың педагогикалық, психологиялық, философиялық көзқарастары» (1957 ж.), «ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстандағы ағартушылық-педагогикалық ойлардың дамуы» (1958 ж.), Р.Г. Лембергтің «Дидактические очерки» (1960 ж.), Ә. Сембаевтің «Қазақ совет мектебінің тарихы» (1967 ж.), Н. Көшекбаевтің «Оқыту теориясы» (1967 ж.), М.М. Мұқановтың «Ақыл-ой өрісі» (1980 ж.), К.Б. Жарықбаевтың «Аталар сөзі-ақылдың көзі» (1980 ж.), К.Б. Бержановтың, С.М. Мусиннің «Педагогика тарихы» (1984 ж.) және т.б. авторлардың еңбектері кірді. 1990 жылдары Ж.Б. Қоянбаевтың «Педагогика» (1992 ж.), М. Жұмабаевтың «Педагогика» (1993 ж.), К.Б. Жарықбаев пен С. Қалиевтың «Қазақ тәлім- тәрбиесі» (1995 ж.) кітаптары жарық көрді. Бұл кітаптар педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналып, көптеген жылдар бойы негізгі оқу құралдарының қатарында болды. Екінші топқа профессор Н.Д. Хмельдің редакциялауымен «Педагогика» (2003 ж.), Ж. Әбиевтің «Педагогика» (2004 ж.), Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаевтың «Педагогика» (2004 ж.) оқулықтар мен оқу құралдары кірді. Педагогика ғылымдарының докторы, ресейлік ғалым П.И. Пидкасистыйдың «Педагогика» атты оқулығы отандық ғалымдар Г.К. Ахметова, Ш.Т. Таубаевамен қазақ тіліне аударылып (2006 ж.), Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігімен педагогикалық жоғары оқу орындарына және педагогикалық колледждерде оқылатын оқулық ретінде ұсынылды. Жалпы алғанда, оқулықтар мен оқу құралдары құрылымы мен мазмұны бойынша педагогикалық білімнің мемлекеттік базалық стандартына сәйкестендірілген. Бұл оқулықтар мен оқу құралдарында педагогиканың тарихи және әдіснамалық мәселелеріне, мектеп мұғалімінің педагогикалық іс-әрекетіне көп көңіл аударылған. Сонымен қатар оқыту теориясы мен тәрбие теориясының басты сұрақтарын толық ашып көрсеткен. Оқулықтар мен оқу құралдарының жақсы жағы – бағдарламалық материал құрылымдық-қисындық сұлбалармен бекітіліп, педагогикалық тәжірибеден мысалдар келтіріліп, жаттығулар, шығармашылық тапсырмалар, тестер берілгендігі. Осының барлығы студенттерге педагогика пәні бойынша білімді меңгеріп, тәжірибеде жетік қолдана алуына септігін тигізеді. Айтылғандардың негізінде мынандай қорытынды жасауымызға болады: педагогика ғылым ретінде зерттеушілерге бағдарланған болса, ал оқу пәні ретінде білім алушыларға арналған. Өзіндік жеке мақсаттары, жеке ерекшеліктері, өзіне тән қорытындылары болса да, ғылым мен оқу пәні диалектикалық түрде өзара байланысты болады. Осылайша, жаңа білімдерді ашу – ғылымның міндеті, ал білімді жүйелендіру мен меңгеруге ұсыну – оқу пәнінің міндеті болып табылады. Негізгі ұғымдар: даму жолдары, жалпы сипаты Бақылау сұрақтары: 1)педагогиканың оқыту әдістемесі пәні нені зерттейді? 2)Педагогиканы оқыту әдістемесінің жалпы және дербес бөліктері дегеніміз не? 3)Педагогиканы оқыту әдістемесі оқу пәні ретіндегі міндеттері Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Савин И.В.Методика преподавания педагогики Москва. Просвещение, 1987 2. Бұзаубақова Қ.Ж.Педагогикалық тренинг жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде Алматы, 2006 3. Бабанский Ю.К.,Ильина Т.А.,Жантекеева З.У. Педагогика высшей школы. Алматы ,1989 Дәріс 2 Дәріс тақырыбы: Педагогика курсының құрылымы мен мазмұны Дәріс мазмұны: 1. Педагогиканың мазмұны ғылымның бейнесі ретінде 2. Педагогика курсы мазмұнының жалпы сипаты 2.1 Педагогиканың мазмұны ғылымның бейнесі ретінде «Мазмұн» деген ұғымның түсінігі ежелгі грек ойшылдары Аристотель және Платонмен ашылды. Аристотельдің ойы бойынша, мазмұн – ол бүтін бөліктерінің жиынтығы [1, 137-бет]. Кейіннен бұл ұғым Гегельмен толықтырылды: «Барлық заттар материалды емес, бірақ барлық заттардың мазмұны болады» [2, 29-бет]. «Білім берудің мазмұны» деген ұғымның педагогикалық түсінігі П.Ф. Каптеревпен анықталып, жүйелі білім ретінде түсіндірілді [3, 207-бет]. В.В. Краевский мен И.Я. Лернер білім берудің мазмұнын әлеуметтік тәжірибе ретінде қарастырып, мазмұн келесі өзара байланысты құрамдас бөліктерден тұратындығын айтады: 1) табиғат, қоғам, техника, адам, іс-әрекет құралдары туралы білім; 2) дағды және іскерлікпен танылған іс-әрекеттің белгілі тәсілдерін жүзеге асыру тәжірибесі; 3) интеллектуалдық рәсімге айналған, әдеттегі іс-әрекет шегінен асатын шығармашылық іс-әрекетінің тәжірибесі; 4) іс-әрекеттің құралы немесе нысаны болған болмысқа деген эмоционалды- құндылық қатынас тәжірибесі [4, 27-бет]. Әрбір компонентті жеке қарастырайық. Бірінші компонент – білім, ол адамзатпен жинақталған әлем туралы объективті ақпарат. Білімнің бірнеше түрлері бар: 1. негізгі терминдер мен ұғымдар, оларсыз не бір пікірді, не бір мәтінді түсінуге мүмкін болмайды; 2. ғылымның заңдылығын түсінуге, дүниетанымды қалыптастыруға, ғылымның басты заңдарын, нысан мен болмыс арасындағы құбылыстар қатынасы мен байланысын ашып көрсетуге көмектесетін ғылыми фактілер мен ұғымдар; 3. түсіндіру нысандары мен әдістерінің өзара үйлесімділігі туралы ғылыми білімдер жүйесін құрайтын теориялар мен нақты бір пән саласындағы құбылыс болжаулары; 4. білім алудың тарихы, таным әдістері, іс-әрекет тәсілдері туралы білім; 5. өмірдің әр түрлі құбылыстарына деген қатынастар мен нормалар, сыни баға беруші білім. Екінші компонент – іс-әрекеттің белгілі тәсілдерін жүзеге асыру тәжірибесі, яғни берілген алгоритмге сәйкес іскерлік мен дағдыларды қолдана отырып, репродуктивті деңгейде орындалатын нақты бір іс-әрекеттің түрі. Үшінші компонент – шығармашылық іс-әрекеттің тәжірибесі, яғни шектеулі білім мен үлгі бойынша игерілген іскерліктер адамның шығармашылық мүмкіндігімен жиынтықта көрініс береді. Шығармашылық іс-әрекет продуктивті деңгейде орындалғаны көрінеді. Төртінші компонент – болмысқа деген эмоционалды-құндылық қатынас, яғни адамның қажеттіліктері оның белгілі бір нысанға деген эмоцияларын білдіреді, олар құндылықтар жүйесіне қосылып, мәнін ашып көрсетеді. Ғалымдар білім беру мазмұнын педагогикалық мақсаттармен байланысты деңгейлік сипаттамаға ие деген идеяны алға тартты. Сол деңгейлерді қарастырайық. 1. Жалпы теориялық түсініктің деңгейі: мазмұнның құрамы (элементтер) мен құрылымы (элементтер арасындағы байланыс) жинақталған жүйелі түсінік ретінде көрсетілген. 2. Оқу пәнінің деңгейі: мазмұнның құрамы (элементтер) мен құрылымы (элементтер арасындағы байланыс) жалпы теориялық түсінікке жататын оқу пәнінің ерекшелігін анықтайды. 3. Оқу материалының деңгейі: мазмұнның құрамы нақты бір пәнді оқыту курсына енетін оқулықтар мен оқу құралдарында бекітілген мазмұнның құрамдық элементтерімен (білім, іскерлік, дағды, құзыреттілік) берілген [4, 28-бет]. Сонымен, білім берудің мазмұны – дидактикада оқытудың мазмұндық жағын құрайтын, әлеуметтік тапсырыстың көп деңгейлік педагогикалық моделі. Ғылымның, техниканың дамуына, ақпарат көлемінің көбеюіне байланысты «білім беру мазмұны» деген ұғымның негізі қайтадан қарастырылды. В.С. Ледневтің ұстанымына байланысты, білім берудің мазмұны іс-әрекеттің бір түрін дербес орындауға қажет білім мен іскерліктер жүйесі деп анықталады [5, 27-бет]. Зерттеушілер В.А. Попков пен А.В. Коржуев білім берудің мазмұнын педагогикалық концепциялар, ойлар және принциптік амалдармен көрсетілген педагогикалық шындықтың үзіндісі ретінде қарастырады [6, 53-бет]. Келтірілген анықтамалардың қысқаша көрінісі келесі қорытындыны жасауға көмектеседі. Біріншіден, «білім берудің мазмұны» ұғымы – әр түрлі мағыналық толықтыруларға ие болатын көп аспектілі түсінік. Екіншіден, білім берудің мазмұны – қоғамның, адамның мәдениетке және білім алуға деген қажеттіліктерінің көрінісі. Бұл көріністің мәнді сипаттамасы әлем мен ондағы адам бүтіндігінде. Білім берудің бұл контекстінде басты құраушылардың жиынтығы деп «білім», «іскерлік», «дағды», «іс-әрекет тәжірибесі», «өзіне және өз іс-әрекетіне деген эмоционалды-құндылық қатынасты» санауға болады, олардың барлығы тұлғаға өзінің кәсіби іс- әрекетінде және жеке өмірінде өз-өзін жетілдіруге көмектеседі. Үшіншіден, білім беру мазмұнын анықтайтын амалдар ортақ болып табылады және олар педагогиканың оқу пәні ретіндегі мазмұнын анықтауда қолданылуы мүмкін. Педагогикада білім берудің мазмұнын қалыптастыратын бірнеше концепциялар мен теориялар бар. Кең мағынада, теория дегеніміз қандай да болсын бүтін құбылыстарды немесе олардың элементтерінің, қызметтерінің жиынтығын сипаттайтын негізгі ойлар, принциптер, заңдар, категориялар, түсініктер мен тұжырымдардың жүйесі [7, 227-бет.]. Концепция – түсінудің нақты жолы, негізгі көзқарас, басқарушы ой дегенді білдіреді [7, 108-бет]. Педагогиканың мазмұнын қалыптастырудың негізі болып келетін теориялар дидактиканың жалпы қағидаларына сүйенетінін айта кеткен жөн. Мысалы, Я.А. Коменскийдің «Ұлы дидактикасы» осы теорияларды жасауға негіз болды. ХVIII ғасырдың аяғы мен ХIX ғасырдың басында педагогикада дидактикалық материализм (энциклопедизм), дидактикалық формализм, дидактикалық утилитаризм теориялары, ХIX ғасырдың екінші жартысында – бүтін дидактикалық жүйе теориясы (К.Д. Ушинский) қалыптасты. Қазіргі заманғы педагогикалық ғылымда педагогика мазмұнын қалыптастыратын бірнеше концепциялар (парадигмалар) қатарын ерекшелеуге болады (1-кесте). 1-кесте. Педагогика мазмұнын қалыптастыру концепцияларының (парадигмаларының) басты ойлары |Гуманистік парадигма |Іс-әрекеттік концепция |Тұлғалы-бағдарлық | | | |концепция | |1. Педагогика мазмұны -|Педагогика мазмұны - |Педагогика мазмұны - | |білім, іскерлік, |білім мен іскерліктер |басты құзыреттіліктердің | |дағдылардың нақты |жүйесі, олар оқытушыға |жиынтығы, олар | |белгіленген көлемі, |педагогикалық, |білімділік, іскерлік, | |олар білім алушылардың |инновациялық, ұжымдық |интеллектуалдық сияқты | |жан-жақты дамуына және |өзін-өзі басқару және |құрамдарды интегративті | |диалектикалық |өзін-өзі дамыту сияқты |сипатта біріктіріп, | |дүниетанымдарын |төрт түрлі іс-әрекеттің|педагогтың тұлға ретінде | |қалыптастыруға негіз |субъектісі болуға |дамуына бағытталады [11, | |болады [8, 23-бет] |мүмкіндік береді [10, |44-бет] | |2. Педагогика мазмұны -|30-бет] | | |адамның табиғатпен, | | | |мәдениетпен, қоғаммен, | | | |мемлекетпен өзара | | | |байланыс заңдылықтары | | | |туралы, тұлғаның | | | |қалыптасу үдерісі, | | | |өзіне және басқаға | | | |деген әлемде дамып | | | |жатқан құндылықтар | | | |жайлы жүйелі білім. | | | |Олардың жиынтығы | | | |педагогтың тұлғалық | | | |және кәсіби мәдениетін | | | |қалыптастырады. | | | |Мәдениет педагогтың | | | |педагогикалық | | | |іс-әрекетінің жеке | | | |шығармашылық күшін | | | |жұмсаудағы тәсілі болып| | | |табылады [9, 234-бет] | | | Педагогика мазмұнын қалыптастыру концепцияларының (парадигмаларының) басты ойларына қысқаша шолу жасай отырып, біз гуманистік парадигмада педагогикалық білім мен іскерліктің рөлі жоғары екендігін көреміз. Оларды меңгеру адамға нақты бір іс-әрекет саласында жұмыс істеуге көмектеседі. Бұл амалда педагогтың жеке тұлғалық қасиетін, шығармашылыққа деген икемділігін, таңдау еркіндігін іске асыру іскерлігін, табиғи мүмкіндіктерін және т.б. дамыта алуына көп назар аударылады. Іс-әрекеттік концепцияда педагогты әр түрлі іс-әрекет түрлерінің субъектісі деген ой ерекше көрсетіледі. Іс-әрекетті орындай отыра педагогтың жеке мүмкіндіктері, қызығушылықтары, кәсіби-педагогикалық құндылықтары мен маңызды әлеуметтік тұлғалық қасиеттері дами түседі. Тұлғалы-бағдарлық (құзыреттілік) концепцияларында негізгі (жалпы ғылыми), базалық (әлеуметтік-тұлғалық) және арнайы (кәсіби) құзыреттерді дамытуға маңызды орын бөлінген. Бұл құзыреттер педагог тұлғасының күшін дамытуға және әлеуметтік пен кәсіби ортаға сәйкес өмір сүруге көмектеседі. Осылайша, оқу пәні ретінде педагогиканың заманауи мазмұны келтірілген концепциялардың негізгі ойлары арқылы қалыптасады. Осыдан педагогиканың мазмұны - педагогикалық білім, іскерлік, дағды мен құзыреттердің жүйесі. Оларды меңгеру нәтижелі практикалық іс-әрекет үшін қолайлы мүмкіндіктер туғызады және педагогқа кәсіби маман және тұлға ретінде өзін-өзі жетілдіруге әсер етеді. Кез-келген оқу пәнінің мазмұны динамикалық құбылыс болып табылады. Оған қазіргі заманғы ғылымның жағдайын және қоғамның қажеттіліктерін көрсететін жаңа ақпараттар мен өзгерістер енгізіледі. Мысалы, қазіргі кезде педагогиканың мазмұны гуманизация, демократизация, ақпараттандыру, жалпы орта білім берудің бейімденуі жайлы ақпараттармен толықтырылған. Педагогиканың мазмұны келесі қызметтерді атқарады: -ақпараттық, яғни педагогика ғылымы мен педагогикалық іс-әрекет жайлы оқу ақпараттарын ұсынады; -әдіснамалық, яғни педагогты педагогикалық ғылым және педагогикалық іс- әрекет туралы әдіснамамен қаруландырады; -оқытушылық, яғни педагогты педагогикалық үдерісті жобалау, ұйымдастыру, басқару туралы педагогикалық білім, іскерлік, дағды жүйелерімен таныстырады; -дамытушылық, яғни тұлғаның интеллектуалды, эмоционалды-еріктілік, шығармашылық және т.б. қасиеттерін дамытады; -тәрбиелілік, яғни педагогикалық іс-әрекетке деген тұлғаның көзқарастарын, пікірлерін, қасиеттері мен құндылықтарын қалыптастырады. Педагогиканың мазмұны Мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандарты, оқу жоспары, оқу бағдарламасы, оқу әдебиеттері сияқты нормативті құжаттарда бекітілген. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты – түлектерді кәсіби даярлаудағы міндетті түрдегі талаптар деңгейін анықтайтын және осы талаптарға сай оқыту мен бақылаудың мазмұнын, әдістерін, формаларын, құралдарын белгілейтін нормативті құжат. Жалпы педагогикалық білім беруді стандарттау түлектерді педагогикалық дайындаудың деңгейіне деген негізгі талаптарды анықтайды және сонымен қатар «норма», «үлгі» ретінде де қызмет атқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде типтік оқу жоспары, типтік оқу бағдарламалары және оқулықтар жасалуда. Типтік оқу жоспары – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бекітілген нормативтік құжат. Онда оқытылатын пәндердің тізімінен және оларды оқу семестрлеріне бөлетін және пәндерді әр оқыту сатысындағы оқыту көлемін анықтайтын, оқу сабақтарының формалары (дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар, өзіндік жұмыстар және т.б.), аралық және қорытынды бақылау түрлері (емтихан, курстық, дипломдық жұмыс) көрсетілген. Типтік оқу жоспарының құрылымындағы инвариантты және вариативті компоненттерді ерекшелеуге болады. Инвариантты компонент – білім алушылардың жалпы адамзаттық идеалдар мен мәдени дәстүрге сәйкес тұлғалық қасиетінің қалыптасуын қамтасыз ететін және мемлекет аумағында білім берудің біртұтас кеңістігін құрайтын типтік оқу жоспарының түйіні. Вариативті компонент – аймақтық және жергілікті әлеуметтік мәдениеттің ерекшеліктері мен дәстүрлерін ескеретін, білім алушылардың бейімділігі мен қызығушылығына байланысты жеке даму қасиеттерін қамтамасыз ететін типтік оқу жоспарының бөлігі [12, 84-бет]. Басқаша айтқанда, инвариант дегеніміз білім беру мазмұнын құрайтын компонент, ол педагогикалық үдерісте өзгерістер болса да сол қалпында қала береді. Вариатив – ол да білім беру мазмұнын құрайтын компонент, ол керісінше, педагогикалық үдеріске түзетулер енгізген жағдайда, өзгеріске түсіп отырады. Осылайша, инвариантты компонентке кіретін пәндер білім алушы студенттердің оқуына міндетті болып табылады. Мысалы, «Педагогика және психология» мамандығы бойынша «Педагогиканы оқытудың әдістемесі» инвариантты компонент пәндері ішіндегі кәсіптендіру пәні болып табылады. Вариативті компоненттің пәндері мамандыққа, студенттердің білім алудағы қызығушылығына және жұмыс берушілердің талаптарына байланысты анықталады. Мысалы, «Педагогика және психология» мамандығы бойынша «Экологиялық педагогика» вариативті компоненттің пәні болып табылады. Типтік оқу жоспары типтік оқу бағдарламасын жасаудың негізі болып табылады. Типтік оқу бағдарламасы – педагогика оқу пәні бойынша студенттер меңгеруге тиіс негізгі білім, іскерлік, дағды мен құзыреттіліктің шегі анықталатын және педагогиканы оқытудың ерекшеліктеріне тән әдістер, тәсілдер мен оқытудың құралдарының тізімдері көрсетілген әдістемелік сипаттағы нұсқаулықтары бар нормативті құжат. Типтік бағдарлама негізінде оқуға берілген тақырыптардың мазмұны толық сипатталатын, педагогиканы оқыту үдерісін мүмкіндігіне қарай әдістемелік, техникалық, ақпараттық жағынан қамтамасыз ететін жұмыс оқу бағдарламасы құрылады. Педагогика бойынша оқу бағдарлама құрудың үш тәсілі бар: сызықты, шоғырлас, шиыршықты. Бағдарламаны сызықты тәсілмен құруда оқу материалдарының жеке бөліктері өзара байланысты буындардың үздіксіз тізбегінен тұрады. Әрбір бөлік тек бір рет қана оқылады. Жаңа мазмұн танымал материалдардың негізінде және олармен тығыз байланыста құрылады. 4-суретте бағдарламаны құрудың сызықтық тәсілінің іс-әрекеттік механизмі көрсетілген. 4-сурет. Оқу бағдарламаны құрудың сызықтық тәсілі Сызықтық тәсілдің өзіндік кемшіліктері мен артықшылықтары бар. Оның артықшылығы уақытты үнемдеуден, оқу материалдарын қайталаудың болмауынан білінеді. Сызықтық тәсілдің кемшілігі – қиын әрі күрделі оқу материалдарын студенттің бірінші реттен тез меңгере алмауынан көрініс береді. Бағдарлама құрудың шоғырлану тәсілі бір тақырыпты бірнеше рет, біртіндеп қиындату және жаңа байланыстар мен тәуелділіктер есебінен білім берудің мазмұнын кеңейту арқылы оқуға көмектеседі. Осыдан бастапқы мәселеге қайта оралу бірнеше ұзақ уақыттан кейін ғана жүзеге асады. 5-суретте бағдарламаны құрудың шоғырлану тәсілінің іс-әрекеттік механизмі көрсетілген. 5-сурет. Оқу бағдарламаны құрудың шоғырлану тәсілі Бұл тәсілдің артықшылығы оқу материалдарын бірнеше рет қайталап, терең оқытылудан тұрады. Оқыту жылдамдығының баяу өтуі, оқу уақытының көп жұмсалуы, ерекше жағдайда материалдардың қайталануы бағдарлама құрудың шоғырлану тәсілінің кемшілігі болып табылады. Бағдарламаны құрудың шиыршық тәрізді тәсілі оқу материалын дәйекті және циклді құрылымдауға көмектеседі. 6-суретте бағдарлама құрудың шиыршық тәрізді тәсілінің іс-әрекеттік механизмі берілген. 6-сурет. Оқу бағдарлама құрудың шиыршық тәрізді тәсілі Студенттердің ағымдағы мәселені көз алдынан жібермей, біртіндеп онымен байланысты білім шеңберін кеңейте бастауы тәсілдің артықшылығын көрсетеді. Оқу материалдарының қайталану ықтималдығы оның кемшілігі болып табылады. Педагогикада оқу бағдарламасын құрудың ең тиімді тәсілі болып шиыршық тәрізді тәсіл саналады, себебі онда сызықтық және шоғырланған тәсілдерге тән бір реттілік пен үзіліс жоқ. Типтік оқу бағдарламалары негізінде оқулықтар және оқу құралдары түріндегі оқу әдебиеттері жасалуда. Оқулық – қазіргі заманғы ғылым мен мәдениеттің жетістіктері деңгейінде белгілі бір жастағылар мен әлеуметтік топтарды оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін, белгілі бір салада жүйелі түрде баяндалатын білім негіздері туралы кітап. Жоғары мектептердің оқулығы орта білім беретін мектептердегі оқулықтардан ерекшеленеді, өйткені ол ғылымның өзін баяндайды. Ғылымның дифференциалдануы, ондағы жаңа бағыттардың пайда болуы жоғары оқу орындардағы мамандық бойынша оқулықтардың тез ескіруіне әкеп соғады. Оларға қосымша ретінде әр түрлі оқу басылымдары шығарылады (оқу құралдары, ғылыми тақырып бойынша таңдап алынған тараулар және т.б.). Оқу құралы – автордың ғылыми көзқарасы мен амалдарына байланысты түсіндірілетін, нақты бір ғылымның негіздері ашылып көрсетілетін кітап. Оқу құралдарында өзіндік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар, қысқаша сөздіктер, анықтамалық мәліметтер, жаттығулар және т.б. болады. Қорытындылай келе, оқулықтар мен оқу құралдары – білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың және білімнің көзі болып табылатын оқытудың дидактикалық құралдары. Оқулықтар мен оқу құралдары келесі дидактикалық критерилерге сәйкес болуы керек: -педагогикалық білімдердің жүйеленген және жинақталған баяндауы; -баяндаулардың нақтылығы және фактілік материалдардың қажеттілігі мен жеткілікті көлемде болуы; -баяндаулардың нақтылығы және түйінделуі; -баяндаулардың қолжетімділігі; -әдістемелік аппараттың болуы (өзіндік жұмысқа қатысты тапсырмалар, бекітуге арналған сұрақтар, ұсынылатын әдебиеттер және т.б.); -әр түрлі көрнекіліктерді қолдану (көркемдік, сызбалық, графикалық, символдық және т.б.). Педагогикада мазмұны жағынан ғылыми әдебиетке, монографияларға, ғылыми мақалаларға және т.б. жүгінуді талап ететін тақырыптар бар. Монография – теориялық-әдіснамалық немесе теориялық-эксперименттік, тарихи-педагогикалық зерттеулердің нәтижелері баяндалатын арнайы бір ғылыми сұраққа немесе тақырыпқа арналған ғылыми басылым. Ғылыми мақала – зерттеушінің қарастырған мәселесі бойынша мақсат, міндеттерінің, әдістемесінің, нәтижелері мен қорытындыларының қысқаша түйінді баяндауы. Оқулықтар мен оқу құралдарына қарағанда ғылыми әдебиеттердің мазмұны арнайы пәндік-бағдарлық болғандықтан, олардың негізгі міндеті қандай да бір тақырып немесе мәселе бойынша ғылыми ақпаратты беруді көздейді. Ғылыми әдебиеттің мазмұны күрделі болып келеді, сол себепті студенттер қарастырып жатқан мәселелерді меңгеру барысында қиындықтарға тап болады. Сондықтан оларға ғылыми әдебиеттерді оқуға және талдауға әдістемелік нұсқаулар беру керек. 2.2 Педагогика курсы мазмұнының жалпы сипаты Педагогика мазмұнын құрылымдау – бұл оқу пәнінің мазмұнын жобалау рәсімі, яғни мақсатын тұжырымдау, курстың құрылымы мен мазмұнын анықтау, білім алушылардың іс-әрекетін ұйғарым мен шектеулердің шегінде жоспарлау, бұлардың барлығы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, типтік бағдарлама, оқу және әдістемелік әдебиеттер секілді нормативтік құжаттармен реттеледі. Педагогиканың тәжірибесінде педагогиканың мазмұнын құрылымдаудың екі амалы қалыптасты: білімдік-бағдарлық (дәстүрлі) және құзіреттіліктік (инновациялық). Біріншісі – білімдік-бағдарлық амал өткен ғасырда қалыптасқан және педагогиканың мазмұнын беруге бағытталған амал. Бұл амал негізгі талаптарды тек қана педагогикалық білімнің қалыптасуына қойды, ал болашақ педагогтың іскерлігі, дағдысы және құзыреттілігінің қалыптастыруын практикаға жүктеді. Екінші – құзіреттіліктік амал, бертін келе 2000-жылдардың басында қалыптасып, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көрсетілген тізімдердегі басты құзыреттіліктер мен педагогикалық бейімделген білім мен іскерлік жүйесін студенттердің меңгеруін білдірді. Қазіргі кезде екінші амал жетекші болып табылады. Педагогика курсының мазмұнын құрылымдау келесі принциптерге сүйенеді: -мақсатқа бағыттылық, болашақ педагогті кәсіби іс-әрекетке даярлаудағы мақсат пен міндеттерге педагогика мазмұнының сәйкес келуі; -ғылымилық, педагогика курсы мазмұнының қазіргі заманғы педагогикалық ғылым жетістіктеріне сәйкес болуы; -негізділік (фундаменталдық), педагогиканың әдіснамасын күшейту; -тұтастылық, оқылып отырған пәннің теориялық және практикалық жақтарының біркелкілігін сақтау; -интеграция, педагогикалық үдерістен (құбылыстан) тұтас көрініс беретін көптеген пәнаралық және ішкі пәндік байланыстар санын мүмкіндігінше көп бекіту; -модульдік, педагогиканың мазмұның инвариантты (міндетті) және вариативті (таңдау бойынша) компонеттерін модуль түрінде беру; -іс-әрекеттік-модельдеуші, болашақ педагогикалық іс-әрекеттің үзінділерін модельдеу, оның барысында кәсіби нормаларды меңгеру; -жекешелендіру, мазмұнның вариативтілігі және оны меңгеру тәсілдері білім алушылардың негізгі дайындық деңгейіне және кәсіптік ерекшеліктеріне байланысты білім мен іскерліктер жүйесін меңгеруді қамтамасыз ету; -прескриптивтілік (нормалық), педагогика мазмұнының болашақ педагогтың біліктілік талаптарына сай болуы. Педагогика курсының мазмұнын құрылымдау арнайы құжаттарға байланысты. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (ҚР МЖМБС 6.08.013-2009) «Педагогика және психология» 5В010300 бакалавриат мамандығы бойынша қарастырайық [13]. Кәсіптік білім беру бағдарламасының құрылымында үш өзара байланысты блок бар, олар жалпы білім беру пәндері, базалық пәндер, кәсіптендіру пәндері деп аталады. Әрбір блок инвариантты (міндетті) және вариативті (таңдамалы) пәндерден тұрады. Базалық педагогикалық білім беру бағдарламасының құрылымы 2-кестеде берілген. 2-кесте. Базалық педагогикалық білім беру бағдарламасының құрылымы |Жалпы білім беру |Базалық пәндер |Кәсіптендіру пәндері | |пәндері | | | |Міндетті компонент - |Міндетті компонент - |Міндетті компонент - | |25% |50%-70% |40%-60% | |Таңдамалы компонент - |Таңдамалы компонент - |Таңдамалы компонент - | |30%-40% |30%-40% |30%-50% | Жалпы білім беру пәндерінің блогын оқытудың негізгі мақсаты интеллектуалды, жеке және әлеуметтік түрде дамыған педагог-маманды дайындау болып табылады. Жалпы білім беру пәндері блогының құрамы кәсіптік білім беру бағдарламасының 25% құрайды немесе 30-32 кредиттен тұрады. Олардың 40% немесе 12-13 кредиті таңдау компоненттеріне бөлінеді. Базалық пәндер блогын оқытудың мақсаты – педагогика және психологиялық ғылымдардың, болашақ мамандықтың, өзін-өзі реттеудің, басқа адамдар мен топтарды басқарудың практикалық дағдыларының ғылыми-теориялық негіздерін қалыптастыру; онтогенездегі жеке тұлғаның ерекшеліктері жөніндегі психология-педагогикалық біліммен қаруландыру; этнопсихология, психология тарихы, тұлғалық-бағдарлық білім берудің психологиялық негіздері, этнопедагогика, педагогика тарихы, педагогика саласындағы зерттеулермен танысу. Мысалы, «Педагогика» пәні міндетті компоненттердің базалық пәндер блогына кіреді және оны оқытуға 6 кредит (270 сағат) бөлінген. Педагогиканың мазмұны студенттерді педагогиканың әдіснамалық және аксиологиялық негіздерімен, педагогикадағы мақсат қоюшылық, Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесімен, әлемдік жаһандану тенденциясының маңыздылығымен таныстырып, тәрбие және оқыту (дидактика) теориясы жайлы білім жүйесін қалыптастырады. Базалық пәндер блогының көлемі жалпы бағдарламаның 50%, яғни 60-64 кредитіне тең. Олардың 50% - 70% міндетті пәндер компонентіне, 30% - 40% таңдамалы пәндер компоненттеріне бөлінеді. Кәсіптендіру пәндерін оқыту блогының мақсаты ғылыми-педагогикалық эксперименттік зерттеулерді ұйымдастырудағы, психология-педагогикалық диагностикалаудағы іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру; ғылыми-әдіснамалық дүниетанымды және болашақ педагог-психологтың тұлғалық бағыттылығын дамыту; педагогика, психологияны оқыту әдістемесі, педагогика, психологияны оқу пәні ретінде құрылымдау принциптері, педагогикалық және психологиялық пәндер мазмұнын меңгеруді ұйымдастыру тәсілдері туралы түсініктерін қалыптастыру. Мысалы, «Педагогиканы оқыту әдістемесі» пәні кәсіптендіру пәндер блогының міндетті компонентіне енеді және оны оқыту үшін 2 кредит (90 сағат) берілген. Пәннің мазмұны студенттердегі педагогиканы оқытудың теориясы мен әдістемелік негіздері; педагогика курсын оқу пәні ретінде құрылымдау; педагогиканы оқытудың әдістері, құралдары, формалары; педагогиканы оқытуды заманауи технологиялары; педагогиканы оқыту үдерісіндегі бақылау мен диагностика; педагогиканың негізгі бөлімдеріне әдістемелік сипаттама беру туралы білімді қалыптастыруға бағытталған. Кәсіптендіру пәндер блогының көлемі кәсіптік білім беру бағдарламасынан 25% немесе 30-32 кредитті алады. Олардың 40%-60% міндетті пәндер компонентіне, 30%-50% таңдамалы пәндер компонентіне тиесілі. Базалық пәндер мен кәсіптендіру пәндер блогы бойынша міндетті пәндер компоненті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының типтік оқу жоспарымен бекітілген, ал аймақтың және жұмыс берушілердің қажеттіліктерін, ғылыми мектептердің және жоғары оқу орындарының дәстүрлерін ескере отырып, таңдамалы пәндер компонентін жоғары оқу орнының өзі дербес түрде анықтайды. Мемлекеттік стандарттың құрылымы біліктілік сипаттарды анықтайды, ол педагог-психологтың негізгі және кәсіптік құзыреттіліктеріне арналған талаптардан тұрады. Осылайша, педагог бойында мынандай басты құзыреттіліктер болуы керек: -педагогикалық үдерістің даму заңы туралы түсініктің болуы; -ҚР Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медико-педагогикалық көмек көрсету туралы», «Қазақстан Республикасындағы балалардың құқығы туралы» Заңдарын, педагогика мен психологияның негіздерін білуі; -практикалық кәсіптік іс-әрекетте педагогика мен психологияның теориялық қағидаларын қолдана білуі; -білім беру сапасын жақсартуда және тиімді етуде, психологиялық- педагогикалық мәселелерді шешуде құзіретті болу. Педагог-психологтың келесідей кәсіби құзыреттіліктері болуы керек: -өзінің педагогикалық іс-әрекетті, педагогикалық қарым-қатынас пен белгілі бір педагогикалық сана мен идеалдардың, құндылықтардың иесі ретіндегі тұлғалық қасиеттерінің қалыптасқандығын анықтайтын пәндік, психология-педагогикалық, әдістемелік білім, білік, дағдылар жүйесін меңгеруі; -адамдармен қажетті қарым-қатынас орната білу; -өзінің даму мүмкіндіктерін анықтау, өзін дене, рухани және интеллектуалдық жағынан дамыту, өзінің көңіл-күйін реттеу және өзін-өзі қолдау амалдарын меңгеруі; -өзінің жұмыс нәтижелерін жақсартуға, жекелік-тұлғалық ерекшеліктері мен кәсіби психологиялық мүмкіндіктерін пайдалану негізінде еңбек тиімділігін көтеруге даярлығының болуы; -оқыту бейінділігіне байланысты білім беру мазмұнын таңдай білуі, оқыту бейінділігіне байланысты оқу үдерісін жобалай және ұйымдастыра білуі; -қазіргі заманғы әдістемелер негізінде бейіналды және бейінді сынып оқушыларының өзбетімен және өзін-өзі жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыру, дамыту, түзету бағдарламаларын жасау және жобалау, инновациялық әдістерді бейімдеу және модификациялау, таңдау туралы білімдерді меңгеруі қажет [13, 8-9б.]. Сонымен, біз педагогика мен психология бакалаврларының біліктілік сипаттамасын қарастырдық. Ол педагогика курсының мазмұнын құрылымдау кезіндегі бағдар болып табылады. Педагогика мазмұнын құрылымдау кезінде бағдар болып табылатын тағы бір құжат – педагогикалық білім берудің концепциясы [14]. Бұл концепцияның негізгі идеясы бойынша жоғары оқу орнындағы барлық оқу- тәрбиелік іс-әрекетінің жүйесі болашақ педагог маманның белсенді- шығармашылық, тұлғалық ұстанымын қамтамасыз ететін жағдайлар құруға бағдарлануы тиіс. Сонымен қатар, концепция 2015 жылы 12 жылдық білім беру жүйесіне көшетін қазіргі заманғы қазақстандық мектептер мен қоғамның талаптарына жауап бере алатын педагогты даярлауға бағытталған. Болашақ педагогтың қалыптасуы қисындық түрде үш аспектіден өтеді – тұлғалық, мазмұндық, іс-әрекеттік. Тұлғалық аспект педагогикалық іс- әрекеттке сәйкес келетін тұлғалық қасиеттердің, құндылық ұстанымдардың дамытуына бағытталады. Мазмұндық аспект педагогикалық білім жүйесін меңгеріп алуға бағытталған. Іс-әрекет аспектісі – педагогикалық іс-әрекет тәсілдері мен өзін-өзі реттеу тәсілдеріне оқыту. Концепцияда педагогикалық жоғары білімі бар маманды даярлаудың негізгі жүйесі берілген: -педагог тәрбие мен оқытудың міндеттері шешілетін, оқу және оқудан тыс іс-әрекетте танылатын тұтас педагогикалық үдерісті өз іс-әрекетінің нысаны ретінде түсінуі керек; -педагогикалық тұтас үдеріс іс-әрекет субъектілері (педагог пен білім алушылар) өзара әрекеттескенде немесе келісімге келгенде тиімді болады; -педагог педагогикалық білім мен іскерлік жүйесімен, педагогикалық бағытымен сипатталатын іс-әрекетке дайын болуы керек; -педагог шығармашылық іс-әрекетке дайын болуы тиіс. Осы ерекшеленген жүйе бойынша педагогикалық білім берудің принциптері анықталды: -педагогикалық білім берудің үздіксіздігі; -кәсіптік іс-әрекет нысаны ретінде педагогикалық тұтас үдерістің теориясын білу, яғни, теориялылығы; -теорияның және практиканың біртұтастылығы; -бірінші курстан бітіруші курсқа дейінгі біртіндеп теориялық білімді арттыруды болжайтын педагогикалық білім берудің сабақтастығы және бірізділігі; -модельдеу, яғни теориялық білімді практикалық іскерлікке ауыстыруды үйрету (педагогикалық технологияны меңгеру); -стандартты және стандартты емес кәсіби міндеттерді шешу тәсілдерін үйрету; -педагогикалық үдерістің диагностикалық зерттеуіне үйрету [14, 4-10- беттер]. Концепция педагогикалық пәндер кешенімен берілген. Педагогикалық мамандықтардың бакалавриаты студенттерімен оқылатын педагогикалық пәндердің қысқаша сипаттамасы мен құрылымы 3-кестеде берілген. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық білім берудің концепциясы негіздерінде педагогика пәнінің мазмұны Типтік оқу бағдарламасында нақтыланады [15]. Типтік оқу бағдарламасын түсінік хат ашады. Онда педагогиканы оқыту жайындағы негізгі міндеттер, білім алушылардың меңгеруге тиіс білім, білік, дағдылар жүйесі көрсетіліп, педагогикалық білім мазмұны сипатталады, сонымен қатар оқытушыға әдістемелік нұсқаулар ұсынылады. Типтік оқу бағдарламаның негізінде педагогиканы оқыту пәнінің мазмұнын құрылымдау жұмыс оқу бағдарламасында жалғасын табады. Жұмыс оқу бағдарламасы – білім алушылардың меңгеруіне тиісті негізгі педагогикалық білім, іскерлік пен дағдының, құзыреттіліктің шеңберін белгілейтін нормативті құжат. Жұмыс оқу бағдарламасына келесі міндетті құрылымдық элементтер кіруі тиіс: -курстың мақсаты мен міндеттері, педагогиканың басқа пәндер арасындағы орны; -бастапқы даярлықтың деңгейіне деген талаптардың сипаттамасы, мемлекеттік білім беру стандартқа сәйкес білім алушылардың меңгеруге тиіс білім, іскерлік және құзыреттіліктер тізбегі; -курстың пререквизиттері және постреквизитттері; -курстың оқу-тақырыптық жоспары, мазмұны; -жұмыс түрлері мен ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған тапсырма түрлері, өзіндік жеке тапсырмалар, оларды орындауға байланысты әдістемелік нұсқаулар; -әдебиеттердің тізімі (міндетті-2-3-тен кем емес базалық оқулықтар мен оқу құралдары, қосымша – 10-15 дереккөздер көп емес, сонымен қатар интернет- көздері). 3-кесте. Педагогикалық білім беру пәндерінің кешені |Курс |Пәннің атауы |Пәннің мәні | |1 |Педагогика мамандығына |Қазіргі замандағы білім берудің | | |кіріспе |әлеуметтік-экономикалық | | | |маңыздылығын ашып көрсету. Педагог| | | |мамандығын меңгеруде жағымды уәж | | | |туғызу. Болашақ педагогикалық | | | |іс-әрекеттің шығармашылық сипатын | | | |түсіну | |1 |Адамзат тарихындағы |Студенттердің қазіргі заманғы | | |мектептің және педагогикалық|мектептердің даму сабақтастығын, | | |ойлардың дамуы |тарихи, жаңа әдіснамалық | | | |арақатынасын түсінуі. Педагогика | | | |тарихы саласындағы білімді | | | |меңгеру, ғалымдар мен | | | |ағартушылардың шығармашылық | | | |зертханасымен таныстыру | |2 |Педагогика |Болашақ педагогтарда тұтас | | | |педагогикалық үдеріс (ТПҮ) жайлы | | | |теориялық-әдіснамалық білімді | | | |қалыптастыру және нақты ТПҮ | | | |негізінде білімді тәжірибелік | | | |әрекетке ауыстыру шеберлігін | | | |дамыту | |3 |Салыстырмалы педагогика |Теориялық ойлауды, шетелдік білім | | | |беру жүйесін талдай алу | | | |іскерлігін, іс-әрекеттегі ойларды | | | |негізді қолдана алуды | | | |қалыптастыру. | |3 |Этнопедагогика |Халық педагогикасының | | | |педагогикалық мұрасына құндылық | | | |қатынасты, ТПҮ-да қолданатын | | | |практикалық іскерлік пен | | | |дағдыларды қалыптастыру | |3 |Бейінді білім беру |Студенттерді Қазақстан | | |педагогикасы |Республикасындағы білім беру | | | |жүйесінің жаңашаландыруларымен | | | |және бейінді білім берудің | | | |концептуалды негіздерімен | | | |таныстыру. Бейіндік білім берудің | | | |теориялық негіздері: маңызы, | | | |қағидалары, ұйымдастырудың басты | | | |формалары, бейінді білім берудің | | | |педагогикалық әдістері туралы | | | |білім жүйесін қалыптастыру | |3,4 |Элективті пәндер: |Болашақ педагогты білім беру | | |Педагогикалық менеджмент |саласындағы менеджер қызметіне | | | |даярлау | | |Педагогикалық еңбектің | | | |ғылыми ұйымдастыруы |Болашақ педагогты педагогикалық | | | |еңбекті ұйымдастыру жүйесіне | | |Педагогикалық шеберлік |даярлау | | | | | | | |Педагогикалық шеберлік негізін | | |Педагогикалық технология |қалыптастыру | | | | | | | |Технологиялық мәдениет негізін | | | |қалыптастыру | Жұмыс оқу бағдарламасында типтік бағдарламадан уақыт факторы мен өткізілетін орны және шарты ескереле отырып 10%-ға дейін өзгерістер болатынын айта кеткеніміз жөн (өзгерістер міндетті түрде бағдарламаның түсінік хатында айтылып, негізделуі тиіс). Педагогика курсын құрылымдау кезінде жұмыс оқу бағдарламасы іске асыратын негізгі қызметтерді білген жөн: -мақсат қою қызметі: курстың басты компоненті – мақсат, ол басқа компоненттерді, яғни оқу міндеттерді, мазмұнды, тәсілдер мен құралдарды анықтайды; -жедел өзгерту қызметі: курсқа байланысты тұтастықты бұзбай оқыту үдерісіне өзгерістер енгізу; -ақпараттық қызмет: жұмыс оқу бағдарламасы курс жайлы жалпы сипаттағы ақпаратты береді; -ұйымдастыру-әдістемелік қызмет: жұмыс оқу бағдарламасы оқу үдерісінің және сабақты оқыту әдістемесінің ерекшеліктерінің басты ұйымдастырушылық формалары жайлы ақпараттан, студенттердің өзіндік жұмыстары мен оқытушының басқаруымен студенттердің өзіндік жұмысы тапсырмаларының әр түрлерін орындауға арналған нұсқаулықтардан тұрады; -бақылау-бағалау қызмет: педагогика бойынша оқу материалдарын меңгеру деңгейін және бағалар шәкілін тексеретін құралдардан тұрады. Құрылымдау рәсімі бірнеше кезеңнен тұрады: 1-кезең – мамандықтың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын оқу, педагогика курсының пререквизиттері мен постреквизиттерін анықтау; 2-кезең – педагогиканың типтік бағдарламасын оқу, нақты бір мамандыққа қатысты бағдарламадағы басты негіздерді белгілеу, курс бойынша оқу- әдістемелік әдебиеттерді таңдап алу, библиографиямен жұмыс жүргізу; 3-кезең – жобалау принциптері мен әдістемелік нұсқаулықтарды ескере отырып оқу жұмыс бағдарламасын жасау; 4-кезең – дәрістер конспектін жазу, дидактикалық материалдар мен белсенді үлестірмелі материалдарды, студенттердің өзіндік жұмыстары үшін бақылау-бағалау тапсырмаларын, оларды орындау, бағалау талаптары көрсетілген қысқаша нұсқаулықтарды, ағымдық, аралық және қорытынды тапсырмаларды әзірлеу, презентация дайындау. Осылайша педагогика мазмұнын құрастыру – зор еңбек, сонымен қатар шығармашылық үдеріс. Құрылымдаудың сапасы көп жағдайда педагогика пәні оқытушысының педагогикалық білімдер, аналитикалық, жобалаушылық, құрылымдау, гностикалық іскерліктері мен дағдыларының қалыптасу деңгейіне байланысты болады. Қоғамдық үдеріс адамзат іс-әрекетінің барлық саласы бойынша жинақталған білімдерімен қатар жүреді. Білім беру саласы да шет қалмайды. Жаңа білімнің өсу шамасына, ғылыми ойларды нақты өмірге енгізу аясының үлкеюіне байланысты педагогика салалары кеңейе түсті. Теориялық және қолданбалы мәліметтердің жаңа салалары, педагогиканың, білім берудің, тәрбиенің жаңа салаларындағы заңдылықтар туралы ойлар пайда болады, олар қалыптасып, білім берудің жаңа салалалары ретінде танылады. Педагогиканың ішінде «ең жас» саласы «Педагогикалық менеджмент» дегенді айта кеткен жөн. Ал тәрбие туралы ғылым салаларының көптеген ғасырлық тарихы бар. Мұндай педагогиканың даму қарқыны оны педагогика ғылымдарының дамушы жүйесі ретінде тануға әкелді. Педагогиканың құрылымына кіретін ғылыми пәндердің қатары қазіргі кезде көптен-көп. Жалпы бұл құрылым келесідей көрініске ие. Ясли педагогикасы балаларды сәби жасынан тәрбиелеу шарттары мен заңдылықтарын зерттейді. Бұл педагогиканың ең жас саласы. Дегенмен баланың ми, денсаулық, эмоционалды, әлеуметтік салаларын ерекше зерттеп, ол педагогикалық практикағада көп үлесін қосады. Ясли педагогикасының негізгі ерекшелігі оның басқа білім салаларымен, атап айтқанда психология, физиология, медицинамен өзара әрекеттесуі. Мектепке дейінгі педагогика – мектепке дейінгі жастағы балалардың тұлғасын қалыптастыру, дамыту заңдылықтары жайлы ғылым. Қазіргі кезде мектепке дейінгі білім беру дидактикасының салалалары, мектепке дейінгілерді тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі, мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім беру бойынша мамандарды даярлау теориясы мен практикасы секілді ғылым салалары бар. Мектепке дейінгілерді мемлекеттік, жеке, мемлекеттік емес оқу-тәрбие орындарында және бір, екі, көпбалалы, толық және толық емес отбасында тәрбиелеудің технологиялары мен теориялық негіздері жасалуда. Мектеп педагогикасы тәрбие туралы ғылымның ең бай және дамыған саласына жатады. Мыңдаған жылдар бойы бұл педагогиканың өмір сүруі әр түрлі әлеуметтік-экономикалық жағдайда өскелең ұрпақтың қалыптасуы мен дамуын басқару арқылы құнды тәжірибе жинақтауға көмектесті. Әр түрлі өркениеттердің, мемлекеттердің, идеологиялардың, саяси құрылымдардың білім беру моделін зерттеу мектеп ісінде, әлеуметтік үдерісте үлгілі сабақ болды. Мектеп педагогикасы ғылым ретінде жоғары оқу орны педагогикасы құрылуының базасы және оқытушылық пен мұғалімдік құзіреттіліктің қалыптасу негізі болып табылады. Мектеп педагогикасы ғылыми білімнің дамыған саласы ретінде тәрбие жайлы басқа ғылым тармақтарын құнарландыратын көз болып табылады дегенді көпшілік мойындап отыр. Кәсіптік-техникалық білім берудің педагогикасы – жоғарғы білікті мамандарды дайындау заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы. Жоғары мектеп педагогикасы – педагогика ғылымдарының ішінде орны ерекше. Оның дамуы бірнеше факторларға байланысты. Олардың ішіндегі факторлардың бірі – ғылыми әлеует. Болашақ мамандарды жоғары білікті өз салаларындағы маманданған ғылым докторлары, профессорлар, академиктар, ғылыми теориялардың авторлары, концепцияларды жасаушылар, инновациялық технологиялардың авторлары мен өкілдері оқытады. Олардың көбісі жоғары білім берудегі жаңа дидактикалық құрылымдарды жасауға, студенттерді оқытудың ерекше әдістемелерін ойлап табуға қатыстырды. Жоғары мектеп педагогикасының тағы бір ерекшелігі ол мектеп педагогикасымен сабақтасып келеді. Материалды және рухани өндірістердің, қызмет көрсетудің әр саласындағы болашақ мамандарды оқыту мен тәрбиелеудің теориялық ережелері жалпы және кәсіби білім берудің сабақтастық заңдылықтарын қамтып көрсетеді. Осылайша, педагогиканың оқу пәні ретіндегі құрылымы мен мазмұны педагогикалық ғылымның айнасы болып келеді, ал педагогиканың мазмұнын құрылымдау оқу пәні ретінде дидактиканың жалпы қағидаларына сүйенеді. Бақылау сұрақтары: 1. Педагогиканың мазмұны ғылымның бейнесі ретінде 2. Педагогика курсы мазмұнының жалпы сипаты Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Стефановская Т.А.Система и методика преподавания педагогических дисциплин в вузе. Москва ,2000 2. Садыков Т.С., Әбілқасымова А.Е.Жоғарғы мектепте білім берудің дидактикалық негіздері.Алматы,2003 3.Өстеміров К.,АйтбаеваА.,қазіргі білім беру технологиялары. Алматы, 2006 Дәріс 3 Дәріс тақырыбы: Педагогиканы оқытудағы технологиялар Дәріс мазмұны: 1. Оқыту тұтас педагогикалық үдерістің бөлшегі ретінде 2. Педагогиканы оқытудың заңдылықтары мен принциптері 3.Педагогиканы оқытуда дидактикалық принциптерді пайдалану Негізгі ұғымдар: 3.1 Оқыту тұтас педагогикалық үдерістің бөлшегі ретінде Тұтас педагогикалық үдеріс екі өзара байланысты оқыту және тәрбие үдерістерінен тұратыны бәрімізге белгілі. Оқыту – алдын ала жоспарланған мақсатты түрде бағытталған іс-әрекет, оны орындау барысында білім алушылардың білім алуы, тәрбиеленуі және дамуы жүзеге асады, сонымен қатар адамзаттың, іс-әрекеттің және қарым-қатынастың жекелеген қырларының тәжірибесі меңгеріледі. Оқытудың негізгі сипаттары: -екіжақтылық, ол субъектілердің өзара байланысына негізделеді; -қызметтің мазмұндық және іс-әрекеттік жақтарының бірлігі; -танымның ерекше үдерісі; -тұлғаның жан-жақты дамуына бағыттылығы; -басқарушылық. Бұл сипаттамалар жалпылама қасиетке ие және педагогиканы оқыту үдерісіне қатысты. Оқыту үдерісінің құрылымы екі басты субъектілердің, яғни оқытушы мен студенттердің өзара бірлескен іс-әрекетімен танылған. Біріншісінің іс- әрекеті – білім беру, оқыту, ал екіншісінің іс-әрекеті – оқу. 7-суретте оқыту үдерісінің құрылымы берілген. Оқыту үдерісі Субъект (лер) Субъект(лер) (оқытушы (лар)) (студент (тер)) Оқыту Оқу Бірлескен іс- әрекет Өзара әрекеттесу 7-сурет. Оқыту үдерісінің құрылымы Оқыту – білім алушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқаратын, ұйымдастыратын оқытушының мақсатты түрде бағытталған, арнайы ұйымдастырылған ісі. Оқытудың мақсаты – әрбір студенттердің білім алуын тиімді етіп ұйымдастыру. Оқу – бұл мақсатты түрде бағытталған, арнайы ұйымдастырылған студенттердің танымдық іс-әрекеті, оның орындалу барысында білім, іскерлік, дағды жүйесі меңгеріледі және жеке тұлғалық қасиеттері дамиды. Оқудың мақсаты болып таным, қоршаған орта жайлы ақпараттарды жинақтап өңдеу табылады. Оқудың қорытындылары жалпы оқушының дамуынан, қарым-қатынас жүйесінен, білімінен, іскерлік, дағдысынан көрініс табады. Оқыту үдерісі өзара байланысты мынандай компоненттермен танылады: мақсат, міндеттер, мазмұн, субъектілердің қызметі, әдістер, тәсілдер, құралдар және оқытудың нәтижесі. Жүйені қалыптастырушы компонент болып табылатын мақсат оқыту үдерісінің қалған барлық компоненттерін өз қарамағына жинастырады. Олардың барлығы біркелкілік пен бүтіндікті қалыптастырып, алдыға қойылған мақсатқа жетуге септігін тигізеді. Оқыту үдерістері компоненттерінің өзара әрекеттесуін кесте түрінде көрсетуге болады (8-сурет). 8-сурет. Оқыту үдерістері компоненттерінің өзара әрекеттестігі Оқыту үдерісінің әдіснамалық негізі болып гносеология саналады. Гносеологияның негізгі қағидаларына сәйкес, таным үдерісі нақтылы пайымдау, абстрактілік ойлау мен практика бірлігінен тұрады. Оқыту үдерісінің қозғалтқыш күші қарама-қайшылық болып табылады. Ол қорытылып талданған түрінде былайша түсіндіріледі: оқытудың арнайы мақсатына жету қажеттілігі мен мақсатқа жетуге деген тәсілдері мен құралдардың жетіспеушілігі арасындағы келіспеушілік; нормативтік талаптар, педагогтың педагогикалық әсер етуі мен білім алушылардың оқу мазмұнын нақты белгіленген уақытта, белгілі деңгейде меңгеру мүмкіндіктері арасындағы келіспеушілік және т.б. Оқыту үдерісінің субъектілері (педагог пен білім алушы) мынаны түсінгені маңызды: олар оқу барысында жалғаса беретін қарама-қайшылықтарды бірігіп шешіп, келесі пайда болатын жаңа қарама-қайшылықтарды шешуге дайын болуы керек. Оқыту кезінде үш қызмет жүзеге асады: білім берушілік, дамытушылық және тәрбиелік. Бұл қызметтер туралы 1.3 тарауында айтылған. Жалпы алғанда барлық қызмет өзара байланысты және өзара жанамаланған, сонда да бұл жүйеде басымдылық білім беру қызметінен табылады. Практика жүзінде қызметтердің іске асуы кешенді міндеттердің шешімін табуымен, педагог пен білім алушы іс- әрекетінің мазмұнымен, оқыту әдістері мен формаларының үйлесімділігімен байланысты. Осылайша, педагогиканы оқыту үдерісі дидактикада құрастырылған жалпы ережелерге негізделеді оны педагогиканы оқыту үдерісін ұйымдастыру кезінде оқытушы ескеруі тиіс. 3.2 Педагогиканы оқытудың заңдылықтары мен принциптері Оқу үдерісін ұйымдастырудың жалпы нормалары оқытудың заңдылықтарымен, принциптерімен байланысты. Заңдылық бүтіннің құраушы бөліктері арасындағы өзара қайталанатын, тұрақты, негіздік, объективті байланыстарынан көрініс табады [1, 24-бет]. Оқыту заңдылықтары дегеніміз бұл оқыту үдерісінің құрамдық бөліктерінің арасындағы объективті, мәнді, тұрақты, қайталанатын байланыстар [2, 104- бет]. Педагогиканы оқыту заңдылықтары оқыту үдерісінің компоненттері арасындағы байланысты көрсетеді. Заңдылықтардың жалпы және жеке, ішкі және сыртқы, дидактикалық және оқу-танымдық, психологиялық және ұйымдастырушылық түрлері болады. Заңдылықтардың мысалдарын қарастырайық. Педагогиканы оқытудың мақсаты мен мазмұны қоғамның тұлғаның білім алу деңгейіне деген талабына байланысты болса, ол – жалпы заңдылық. Педагогиканы оқытудың нәтижелілігі оқушының саналы түрдегі іс-әрекетіне байланысты болса, бұл – жеке заңдылық. Педагогиканы оқытудағы оқу үдерісінің тиімділігі білім беру орындарының материалды-техникалық жағдайына байланысты, бұл сыртқы заңдылық. Педагогика бойынша оқу материалын меңгеру тереңдігі мен беріктігі оқушының белсенділігі мен дербестігіне байланысты, бұл ішкі заңдылықтың мысалы. Педагогиканы оқыту қорытындылары білім алушылардың оқытудың мақсатын түсіну мен қабылдауға тура пропорционалды деңгейде болса, бұл дидактикалық заңдылық. Оқу материалын меңгерудің табысты болуы оқытудың проблемалық деңгейіне байланысты, бұл оқу-танымдық заңдылық мысалы. Білім алушының дамуы басқа адамдардың, яғни өзара тура және жанама байланыстағы адамдардың дамуына байланысты болса, бұл - әлеуметтік-психологиялық заңдылық. Оқыту үдерісінің тиімділігі оқытушының ұйымдастыруына және басқаруына байланысты болса, бұл - ұйымдастырушылық заңдылық. Сондықтан да, педагогика оқытушысы бірігіп істеген іс-әрекеттің (оның және студенттің) нәтижесі заңдылықтардың әр түрлі типтеріне байланысты екенін анық түсінген жөн. Заңдылықтар педагогиканы оқыту принциптерін анықтайды. Оқыту принциптері әрдайым оқытуда тұрған оқу үдерісінің обьективті заңдылықтары мен мақсаттарын бейнелейді. Принциптер – оқыту үдерісін ұйымдастыру мен өткізуге жетекшілік жасайтын нормативтік талаптар [2, 247-бет]. Оқытудың барлық принциптері өзара байланысты, сондықтан оларды жүйе түрінде қарастырған жөн. Бұл жүйе жалпы дидактикалық және ұйымдастырушылық-әдістемелік принциптерден тұрады. Дидактикада көрсетілген оқыту принциптерінің педагогиканы оқыту принциптеріне де тікелей қатысы бар екенін айта кеткен жөн. Енді сол принциптерге тоқталайық. Жалпы дидактикалық принциптер – оқу мазмұнын жалпы мақсаттар мен заңдылықтарға сәйкес анықтайтын педагогикалық теорияның, концепциялардың негіздері [3, 348-бет]. Олар мынандай принциптер: -білім берушілік, дамытушылық және тәрбиелеу принциптерінің бірлігі педагогикалық білім мен іскерліктер жүйесінің қалыптасуына, жеке тұлғалық қасиеттердің, мінез-құлықтың ерекшеліктерінің дамуына, аса кәсіби-мәнді құндылықтарды тәрбиелеуге мүмкіндік береді; -оқу үдерісінің мазмұны мен әдістерінің ғылымилық принципі ғылыми педагогикалық білім мен педагогикалық практика байланыстылығын анықтайды; -оқытудың практикамен байланыстылығы принципі білім алушылардың шынайы педагогикалық үдеріс кезінде педагогикалық білімді қолдануын қарастырады; -жүйелілік пен бірізділік принципі оқыту мен оқуды белгіленген бір тәртіппен жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл принцип педагогиканы оқыту үдерісінің және мазмұнының қисындық құрылуын талап етеді. Мысалы, педагогиканы оқытуда алдымен «Педагогиканың жалпы негіздері» бөлімін, одан кейін «Тәрбие теориясы», «Дидактика» бөлімдерін жалғастырып, «Мектептану» бөлімімен аяқтаған жөн; -көрнекілік принципі білім алушыларға педагогика бойынша оқу материалын терең әрі саналы түрде өңдеу үшін оқылатын педагогикалық құбылыстар мен нысандарды ұсынады; -саналылық пен белсенділік принципі білім алушылардың оқу мақсаттарын айқындап, өз жұмыстарын жоспарлап, оқу міндеттерін шешудің тәсілдерін өз бетімен анықтайды, меңгерген білімдерінің мәнін түсінеді. Оқытудағы белсенділік дегеніміз оқудағы жедел ақыл-ойлық және практикалық жақтары мен педагогика бойынша білім, іскерлік, дағдыларының саналы меңгеру шарты мен нәтижесі болып саналады; -беріктілік принципі білімнің білім алушылар санасында берік болып қалыптасқанын талап етеді, ол үшін студенттер танымдық белсенділіктерін танытып, оқығандарын практикада жиі қайталап, еске түсіріп отырулары керек; -бағыттылық принципі педагогикалық білім беру мазмұнының болашақ педагог тұлғасын дамытуға әрекет етеді; -сәйкестілік принципі педагогикалық білім беру мазмұнының педагогикалық ғылымдардың даму тенденциясына және кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттердің ұсынған талаптарына педагогтарды даярлау нәтижелерінің сәйкестігін қамтамасыз етеді. Ұйымдастырушылық-әдістемелік принциптер – педагогиканы оқыту үдерісінің ұйымдастырушы формалары мен әдістерін анықтайтын ережелер [3, 349-бет]. Енді оларды қарастырайық: -педагогиканы оқыту үдерісінің тұтастығы мен бірлігі принципі педагог пен білім алушының іс әрекеттерінің бірлігі мен өзара байланысын көрсетеді; -оқу жұмыстарының топтық және жекелік формалары мен оқу жұмысының тәсілдерін тең үйлестіру принципі педагогика мазмұнын меңгертудің тиімділігін арттырады, ол үшін білім алушыларды ұжымдық, топтық, жеке жұмыстардың түрлеріне тарта білу керек. Сонымен қатар білім алушыларды үйірме, клубтар және т.б. жұмыстарына қатыстыру қажет; -оқуға деген жағымды қатынасты қалыптастыру принципі ғылымның әр түрлі салаларының мәліметтерін пайдалануды көздейді, педагогикалық білімдердің өмірдегі практикалық мәнін түсіндіреді. Әр принцип белгілі бір ережелерден тұрады. Ереже дегеніміз оқытудың жекелеген аспектілерін ашып көрсету, принциптерді нақтылау. Олар педагогқа белгілі бір педагогикалық жағдаяттар туындағанда не істеу қажеттігіне нақтылы нұсқаулар береді. Мысал ретінде 1950 жылдары жарық көрген оқытудың саналылық пен белсенділік принциптерінен шығатын оқыту ережелерін қарастырып көрелік: 1. Оқу материалын жеңілдетпей түсіндір, оқы, анық әрі нақты, толық әңгімеле. 2. Білім алушыларды сұрақтармен қатты қызықтыра біл, олар сені тыңдай отыра ассоциация құрсын, жаңаны өткенмен байланыстыра білсін. 3. Сабақты жүргізе отырып, оқушылардың іс-әрекеттеріне, ойларына бақылау жасай біл, сұрақтар мен туындаған қиындықтарды анықтай білуге үйрен. 4. Өмірден, практикадан көптеген мысалдар келтір. 5. Өткенге сүйеніп түсіндір, білім алушының білімін, ұғымдарын пайдалана отырып әңгімеле. 6. Сұрақ-жауап кезінде білім алушыға жауабының ойластырылған, қисынды, дәлелденген болуын талап ет. 7. Әрқашан білім алушыға құбылыстың себебін және салдарын табуға үйрет [4, 94-бет]. Осылайша, заманауи дидактикада оқыту принциптері педагогикалық іс- әрекеттің және оқыту үдерісінің нәтижелілігіне бағытталған оқыту үдерісінің заңдылықтарына сүйенген жалпы ережелер, ұсыныстар ретінде қарастырылады. Жалпы алғанда оқыту принциптері бір-бірімен тығыз байланысты, олар өзара тәуелді және бірін-бірі толықтырып отырады, оқыту тәрізді бұл екі жақты мақсатты үдеріс және оның кезеңдері бір-бірімен тығыз байланысты. Педагог принциптер жүйесіне сүйену қажет, сол арқылы оқытудың мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, құралдарын таңдауға дәлелді түрде келеді. Педагогика мазмұнын, оқыту технологияларын өндірудің концептуалдық ойы ретінде педагогикалық пәндер интеграциясы табылады. Интеграция (лат. іnteger – тұтас) – тұтастыққа біріктіру, элементтер бірлігі; бірліктерді қалпына келтіру дегенді білдіреді [1, 33-бет]. Интеграция педагогикалық категория ретінде педагогикалық шынайылықтың жалпы қасиеттері мен байланыстарын көрсететін ғылыми ұғым болып табылады, ол бір жағынан педагогикалық құбылыстар мен фактілердің белгілі бір тобын көрсетсе, екінші жағынан педагогика пәнін анықтайды. Педагогикалық пәндер интеграциясы – педагогикалық білімдер жүйесін бір тұтас бірлік ретінде меңгеруге әкелетін, педагогикалық дайындық жүйесі аясында өтетін үдеріс. Педагогикаға қатысты пәнаралық интеграция кең көрініс тапты. Пәнаралық интеграция – болашақ педагог даярлығының барлық кезеңіндегі білімдер мен практикалық іс-әрекеттер бірлігі. Интеграцияның бірнеше модельдері ажыратылады: 1-модель – білім берудің бір саласына қатысты бірнеше пәндерді біріктіретін курс құру. Бұл арада әр түрлі пәндердің мазмұнының салмақ үлесі бірдей, ал олардың өзара араласуы мазмұнды сапалы жаңа деңгейге шығарады. 2-модель – оқу пәндерін білім берудің бір саласы немесе бір пәннің негізінде блогке біріктіру. 3-модель – әр түрлі, бірақ тең дәрежедегі, сонымен қатар біреуі өз ерекшелігін сақтайтын, ал қалғандары көмекші негізде болатын өзара жақын білім беру салалары пәндерінің сәйкестігі негізінде топтастыру. 4-модель – оқу үдерісінің вариативті бөлігі алыстатылған білім беру салаларының пәндері біріктірілетін интеграцияланған курстарды құруды жорамалдайды. 5-модель – өткен тақырып пен жаңа тақырыптың интеграциялануы. Интеграция педагогикалық үдерістің кез келген кезеңінде жүзеге асады: -педагогикалық мақсаттар деңгейіндегі интеграция (белсенділік, дербестік, креативтілік секілді тұлғаның интеграциялық қасиеттері мен сипатына бағдарлану); -мазмұн деңгейіндегі интеграция (интеграциялық бағдарламалар, интеграциялық оқу курстары); -технология деңгейіндегі интеграция (интеграциялық формалар мен педагогикалық әрекеттестік әдістерінің вариативтілігі) [5]. Педагогикалық пәндер интеграциясының нұсқалары әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, педагогика – педагогика тарихы; педагогика – әдістеме, педагогика (немесе әдістеме) – педагогикалық шеберлік негіздері және т.б. Осындай жақындасудың тиімді нұсқасын біз сұрақ тарихы – оның теориясы – теорияны жүзеге асыру әдістемесі деген парадигма негізінде көре аламыз. Педагогикалық пәндерді осындай қисында оқыту қайталаудың болмауынан сақтандырады, теория мен практика байланысын іс жүзінде жүзеге асыруға, тәжірибенің ондаған жыл бойы жинақталуын күтпестен, кәсіби іскерлік білімдерін іс-әрекетте белсендендіру мүмкіндігін туғызады. Педагогикалық пәндер интеграциясы білім алушылардың танымдық іс- әрекетін белсендендіру туралы сұрақтың педагогикалық шешімін іздестірудің бір бағыты болып саналады. Ол студенттердің тұтас, жүйелі білімдерінің қажеттіліктері мен оқу үдерісінің пәндік құрылымы арасындағы қарама- қайшылықтар мәселесін шешуге көмектеседі. Интеграция педагогиканы оқыту үдерісінің интенсификациялау тәсілі болып табылады және студенттерді педагогикалық шынайылықты тануға, себеп-салдарлық байланыстарды ұғыну мен анықтауға, педагогикалық ойлауды дамытуға бағыттайды. Сонымен қатар, педагогика сабақтарында тарихи, экологиялық, өлкетанулық және т.б. материалдарды қолдану білім алушылардың оқу іс- әрекетіне деген қызығушылықтарының артуына, оқылып жатқан бөлім мазмұнының практикалық бағыттылығын ұғынуына және педагогикалық ойлауын қалыптастыруына негіз болады. Сондықтан, интенсификация тәсілінің бірі болып пәнаралық интеграция саналады. Педагогиканың басқа оқу пәндерімен пәнаралық интеграциясының бір нұсқасы 4-кестеде берілген. 4-кесте. Педагогиканың басқа оқу пәндерімен интеграциясы |Интеграцияланатын пән |Білім беру мазмұнының түйісу нүктесі | |Философия |«Индивид», «субьект», «тұлға», «даму», «қалыптасу»,| | |«үдеріс», «қарама-қайшылық», «іс-әрекет», | | |«қарым-қатынас» және т.б. ұғымдарының философиялық | | |аспектісі | |Тарих |Білім беру жүйесін қалыптастырудағы тарихи тұлға | | |рөлі | |Психология |«Индивид», «субьект», «тұлға», «даму», «қалыптасу»,| | |«үдеріс», «қарама-қайшылық», «іс-әрекет», | | |«қарым-қатынас» және т.б. ұғымдарының психологиялық| | |аспектісі. Білім алушылардың танымдық іс-әрекетінің| | |ерекшеліктері: мәні, құрылымы, қозғаушы күштері, | | |уәжі, қызығушылықтары және қажеттіліктері | |Әлеуметтану |Білім беру жүйесінің қоғамның даму үрдістері мен | | |байланысы | |Экономика |12-жылдық білім беру жүйесіне көшудің экономикалық | | |алғышарттары | Осылайша, педагогикалық интеграцияны мақсат, принциптер, білім беру мазмұны бірлігі және оқу пәндерінің өзара байланысы негізіндегі ірілендірілген педагогикалық бірліктерді құру ретінде қарастырған жөн. Педагогикалық интеграция ұйымдасқан және мақсатты бағытталған педагогиканы оқыту үдерісін құруға қажетті өзара байланысқан компоненттер (субьектілер, үдерістер, мазмұны, әдістері, құралдары және т.б.) үйлесімділігін көрсетеді. Бақылау сұрақтары: 1.Оқыту тұтас педагогикалық үдерістің бөлшегін атаңыз? 2. Педагогиканы оқытудың заңдылықтары мен принциптеріне сипаттама беріңіз? 3.Педагогиканы оқытуда дидактикалық принциптерді пайдаланудың ерекшеліктерін сипаттаңыз? Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Рыжов В.Н. Дидактика .Москва,2004 2.Құлшанова С.Мектеп педагогикасы. Алматы 2005 3.Хмель Н.Д.Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы мен технологиясы Алматы, 2005 Дәріс 4 Дәріс тақырыбы: Колледждерде, жоғары оқу орнында педагогиканы оқытудың формалары мен әдістері Дәріс мазмұны: 1.Форма, оқыту формасы, әдіс, оқыту әдісі, тәсіл, ұғымдар. 2. Аудиториялық және аудиториядан тыс сабақ түрлері 3. Сынып – сабақтық оқыту жүйесі Негізгі ұғымдар: Лабораториялық әдіс. Жұмыс жасауда білік және дағдыны игеру, практикалық білігін қалыптастыруға жағдай жасайды. Өлшеу және есептеу, нәтижесін салыстырып және шығарып, зерттеу жұмыстарының жаңа жолдарын іздеу, белгілі жолдармен тексеру. Проблемалы лабораториялық зерттеу әдісі. Мұнда зерттеу гипотезасы ұсынылып, оны дәлелдеу жолдары қарастырылады. Оқушылар қажетті приборлар мен материалдарды өздері таңдап алады. Лабораториялық әдіс арнайы құралдарды талап етеді, сонымен қатар мұғалім мен оқушының дайындықта болғанын қажет етеді. Ол уақыт пен педагогикалық күш- қуатты көп қажет етпейді. Практикалық әдіс. Бес кезеңге бөлінеді. Мұнда оқушылардың танымдық іс- әрекеті тәжірибие сабақтарырда тексеріледі. а)мұғалімнің түсіндіруі, жұмысты теориялық кезеңдермен үйрету; ә)көрсету (инструктаж); б)жұмысты жасап көру(екі-үш оқушының жұмыс жасауы, егер қате жіберілсе, қалған оқушылар бақылау жасап, мұғаліммен бірге қатесін түзетуі; в)жұмысты әркімнің өзі орындауы; г)бақылау-оқушылардың жұмысы тексеріліп, бағаланады. Орындалу себебі ескертіледі уақытты,материалдарды үнемдеуі,жұмыстыдұрыс,әрі жылдам жасауы (Е.Я.Голант) Практикалық әдіс,оқушылардың тапсырманы жауапкершілікпен орындауы, экономикалық ойлауы шаруаға бейімделуі. Оқушылардың еңбек процесіндегіжан- жақтыдағдылары қалыптасады. Орындалатын жұмыстың мақсаты, міндеттерін талдау және оның шешімін табу, жұмыстың жоспарын, кестесін құру, материалдар мен құрылғыларды дайындау, жұмыстың сапасын бақылау, қортындыны талдау. Танымдық ойындар. Танымдық (дидактикалық) ойындар оқушылардың өздері шешімін табатын, модельдейтін, арнайы жағдаяттарды құру. Оның негізгі мәні- танымдық қызметті ынталандыру.Оқушылар ойынға белсенді түрде қатысады. Ойындарға тоқталатын болсақ, математикалық,лингвистикалық ойындар, саяхат ойыны,электронды викторина түрінде, тақырыптық терілімдер мен ойындар «Конструктор», «Шеберлер», «Жас маман», т,б. Кейінгі кезде ынталандыратын ойындарға түрлі әдістерді, пікірді күрделендіру, ойындар арқылы оқушылар мәселені жан-жақты талқылауға кіріседі. Мысалы, парламент отырысынан көріністе, өздерінің ісі мен депутаттың қортынды ісін салыстыру. Инстизация әдісі-түрлі формада, мысалы, алдын ала дайындалған диолог, нақты тақырыпқа арналған дискуссия, театрланған көрініс формасы. Генерациялау «идея әдісі»-ми қызметі арқылы (мозговая атака) қатысушылар қиын мәселеге көңіл аударып, өздерінің идеяларын айтып, оның шешілу жолдарын қарастырады. Программалық оқыту әдісі. Программалық оқытуда ақпарат машинасыз немесе машиналық тәсілде ұйымдастырылады. Алғашқы тәсілде оқу материалдары программаланған оқулық кітаптарында беріледі,екіншіден, дисплей экранға шығарылады. Оқу материалдарын программалап оқытудың үш жүйесі бар; бір бағытты материал кішкене порцияларға бөлінеді (доза), содан кейін біртіндеп игеруге бағытталды. Оқушылар қателескен немесе жауап бере алмаған жағдайда, тармақталған бағдарламаға қосымша түсініктемелер беріледі. Аралас бағдарлама да тармақталған комбинацияда құрылған. Программаланған оқытуда тапсырмалар мен жаттығулардың орындалуы, өзіндік ерекшелікте берілген. Мұндай тапсырмалар оқыту материалдарының әр позицисынан игергеннен кейін беріледі. Үш мақсатта тренажды берген білімді қабылдау және бақылау жаттығулары тапсырмалардың ұйымдастырылу тәсілі, машинамен және машинасыз орындалады. Машиналы тәсілде жаттығулар мен бақылау тапсырмалары диспей экранында орындалады. Оқушылар өздерінің жауаптарының дұрыстығын бірден көреді. Сондықтан, программалап оқыту тиімді деуге болады. Ең кең тарағаны- бақылауды ұйымдастыру әдісі. Программалап оқытуда ұқсас жауаптардан дұрыс жауап табу. Қазіргі компютерлер құрылған жауаптарды өздігінен талдап, ұсыныс түрінде, сөз, формула, түрлі бірлікте ендіре алады. Білімді беруді бақылау. Фронтальды және жеке-дара жолдармен сұрақ қойып ауызша бақылау, дұрыс жауап мұғаліммен бірге анықталады. Жазбаша бақылау- аз не көп уақыт аралығында орындалып, соныменқатар-кең диагностикалық анықтамасымен ерекшелінеді. Лабораториялық бақылау- сабақ барысында пайдаланатын оқушылардың құралдармен жұмыс жасай білу. Бұл іс-тәжірибелер өткізуде, экспериментальді жұмыстың шешімін шығаруда, биологиялық-географиялық және жазба жұмыстарында өтеді. Машиналы бақылау- барлық оқыту пәндерін кезеңдер бойынша игеру барысында бағдарлама жасалынып, электронды-есептеу машинасы қолданылады. Мәтіндік бақылау- машинамен не машинасыз өтіледі. Өзіндік бақылау- жіберген қателерді өз бетімен тауып, қате екендігін, оны жою тәсілдерін іздестіру бірлігін қалыптастырады. Ситуациялық әдіс- барлық әдістердің әдістердің комбинациясын қолдануды шектеумен ерекшелінеді. Бұл әдісті педагог-психологтар мақсатқа жетудің жылдам орындалуын жекелеген әдіс төңірегінде шеше алмаған жағдайда қолданады. Демек, бұл шығармшылық, стандартталмаған әдіс болып саналады. Бұл әдіспен педагогтың бәрі клісе бермейді. Әдіс ситуациялауға байланысты стандартты емес шешімді, дәстүрлі емес жолдарды қолдануды талап етеді. Педагог осы шешімнен шығатын, себеп-салдарды алдын ала болжап білуі тиіс. Берілген әдіс, педагогтың өзіндік шығармашылық жұмысы болып есептеледі. Ұстаздың шығармашылық қолтаңбасы оның көргендігімен, әрі педагогикалық процесті меңгерумен анықталады. Оқыту әдісін таңдау. Әдістер өте көп, неше түрлі, әрі шексіз болып келеді. Осыдан келіп оқушылардың оқыту-танымдық белсенділігін қалыптастыруда, әдісті таңдап алу күрделі, индикативті қолданылуда байқалады. Мұғалім оқыту әдісін таңдап алуда басшылыққа, оқушылардың өздерінен білімді игеру мен оқу практикалық даярлығын қалыптастыруға бағыттаса, оқушы жеке тұлғалық ерекшелігін ашық шығармашылығын дамытатын әлеуетті оқу-танымдық ерекше қасиетін, зерттеушілік іздемпаз іс-әрекетке бағыттайды. Ғылымды берудің спицификалық таным әдістерін таныстыру, жеке- дара психологиялық даму ерекшелігін, оның табиғи жеке әлеуметтік өндірістік ортасын, мектепке арналған оқыту құралдармен жабдықтаудың, кәсіби даярлық деңгейін өмірлік іс-тәжірибесін, мұғалімнің жеке басы мен шығармашылық ерекшелігін, оның әдістемелік, педагогикалық шеберлігін алуы керек. Мұғалімнің таңдап алған әдістері, жұмысындағы дидактикалық шеберлігі- оқу- танымдық стилімен ерекшеленеді. Стандартты емес оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыруды оның жеке дара, әрі инновациялық- шығармашылық танымдылығын, қоғамдағы жаңаша белсенді өзгерістерге гуманистік және демократиялық көзқарасын жетілдіретіндігін байқатады. Мұғалімнің оқыту әдістері басқа да дидактикалық қызығушылығы, оларға оқыту формасы мен принциптерге оқушының білім алуға деген қызығушылығы, оқу тақырыбының күрделілігіне, техникалық оқу құралдары мен жабдықталуы,сынып оқушыларының санына әсер етеді. Олардың дене тәрбиесі, психикалық және ақыл-ойы, денсаулық деңгейі, оқу сабақтарының құрылымы, өзара қарым- қатынас ерекшелігі, мұғалімнің әлеуметтік- кәсіби жеке басының даярлығы болуы керек. Сонымен қатар басқада өлшемдер, көрсеткіш талаптпрмен қоса, жаңаша технология, оқу- танымдық іс-әрекетте қызмет ету және оқушының жеке тұлғасының шығармашылыққа дамуыны байланысты. Бақылау сұрақтары: 1.Аудиториялық және аудиториядан тыс сабақ түрлерін атаңыз? 2.Оқыту формалары мен әдіс, тәсілдерін атаңыз? Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Губайдуллина Г.Н. Педагогиканы оқыту әдістемесі Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2012. – 244 бет. 2. Сластенин В.А. Избранные труды /В.А Сластенин. – М.: Магистр-пресс, 2000. 3. Дәріс 5 Дәріс тақырыбы: Педагогика мамандығына кіріспе Дәріс мазмұны: 1.Педагогиканың жалпы негіздері 2. Педагогика мамандығына кіріспе курсының мақсат, міндеттері 3.Болашақ педагогтарды даярлаудағы курстың маңызы Еліміз егемендігін алып, мәртебеміздің жоғарлануға бағытталған шағында жас ұрпақ тәрбиесіне барынша аландау, білім беру сапасын жоғарлату қазіргі өмір талабы болып отыр. Осыған орай педагогикалық парадигмалардың жаңару жағдайында болашақ педагоктарды даярлау саласына көптеген өзгешеліктер енгізуде. Жоғарғы білім беру стандарттарының мазмұны қайта қарастырылып, үздіксіз білім беру бағытында «Қазақстан Республикасының жаңа формациялы педагогына үздіксіз білім беру тұжырымдасы», «Қазақстан республикасының жоғарығы педагогикалық білім беру тұжырымдасы» жасалған. Орта білім беру саласындағыдай кәсіптік білім беру саласында да жаңа буын оқулықтары, оқу құралдары, оқу бағдарламалары жазылуда. Ақпараттық заманның тез өзгеруіне байланысты жоғарғы оқу орындарындағы оқулықтардың да мазмұндарың жиі жаңартуда қажет етеді. Болашақ мұғалімдерді даярлауда арнайы пәндермен қатар әлеуметтік – гуманитарлық пәндердің де алатын орны ерекше. Ал тікелей ұстаздыққа байланысты білімдермен қаруландырытын және прпктика жүзінде іскерлік пен дағдыларын қалыптастыратын педагогикалық пәндердің маңызы зор. «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» курсының мақсаты- болашақ мұғалімдерді педагог қызметінің әлеуметтік жауапкершілігімен, гуманитарлық маңыздығымен таныстыру және олардың бойында педагогикалық қызметке қажетті педагогикалық бақыттылықты, кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру болып табылады. Бұл пәннің негізгі міндеттері: - қазіргі дүниежүзілік білім беру кесенесінде білім берудің әлеуметтік- эканомикалық мәнін ашып көрсету; - мұғалімдік кәсіпті меңгеруге деген жағымды ынтаны қалыптастыру; - студенттердің болашақ кәсіби іс-әрекеттерінің шығармашылық сипатына саналы түрде мүмкіндік туғызу; - әр студенттің мұғалімдік сапасын дербес қалыптастыруға, өздерін өздері шыңдап іске асыруға жағдай жасау. Педагогикалық мамандыққа даярлауда студеттердің жеке тұлға ретінде өсуі, жан-жақты дамуы байқалады, себебі олар басқаларға тәрбие беру үшін ең алдымен өздері тәрбиелі болуға тиісті. «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» сабақтарында студенттерге теориялық білімдерді меңгерумен қатар түрлі треинингтер мен саулнамалар арқылы өздерін болашақ маман ретінде зерттеуге үйрету көзделеді. Педагог кәсібімен айналысатын адам үнемі бақылау үстінде болатыны анық. Мұғалімдікті тандаған адам басқаларға үнемі үлгі -өнеге көрсете алу керек, себебі бұрыннан бері халық арасында ұстаз беделі, ұстаз абыройы жоғары бағаланған. Оның білімімен,ақылдылығымен қатар сөйлеген сөзі, киінген киімі, жүріс –тұрысы,айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы барынша үйлесімді,жарасымды болуы шарт. Осыдан талаптарға сай даярланған болашақ ұстаздар тұлғасы жаңа сапалы деңгейлерге көтеріліп, жылдан жылға дамып,бәсекеге барынша қабілетті,қоғам болашағына елеулі үлестерін қоса алатын,кәсіби құзіретті болуы өте маңызды. Болашақ мұғалімдерді даярлау барысында қарастырылып отырған пән негізінде білім берудің әлеуметтік сипаты, мұғалім еңбегінің қоғамдық мәні, жас мамандардың қоғам болашағы алдындағы жауапкершіліктері қарастырылады. Қазіргі нарықтың эканомика жағдайында қоғамдық,өндірістік қатынастардың сипаттары өзгеріп,жаңа тұрпатты мұғалім даярлауда оның бәсекеге қабілеттілігі,шығармашылығы заман талабына айналуда. Бәсекеге қабілетті ұстаз- жаңа ғылыми білімдерді іздеуге,меңгеруге дейін, тез және дұрыс шешім қабылдап алатын, өзінің кәсіби қабілеттілігіне сенімді,шығармашыл, кәсіби құзіретті тұлға ретінде сипатталады. 2004 жылы қабылданған және бекітілген «Қазақстан Республикасының жоғарғы кәсіби білім берудің (бакалавриат) Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты» маманның құзіреттілік модулі негізделген. Бұл стандарт бойынша жоғарғы оқу орның бітірушілер тұлғасына қойылатын негізгі талаптар анықталған. Болашақ мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі оның өзін іске асыра алу біліктілігіне, өзін жетілдіріп дамыта алу іскерлігіне байланысты болады. Тек осыдан қабілеттілікті қалыптастыру арқылы ғана мұғалім табысты нәтижеге жетіп, педагогикалық еңбектің шыңына қол жеткізе алады. Негізгі ұғымдар: мұғалімдік кәсіп, мамандық, кәсіпті таңдау, кәсіпті таңдау мотивтері. Дәріс 6 Дәріс тақырыбы: «Педагогиканың жалпы негіздері » бөлімінің әдістемелік ерекшеліктері Дәріс мазмұны: 1.Курстың мақсат, міндеттері. 2.Пән бойынша университеттерге арналған типтік және оқу –жұмыс бағдарламалары Педагогика бөлімдерінің әдістемелік сипаттамасы «Педагогиканы оқыту әдістемесі» курсы бойынша Типтік оқу бағдарламаға негізделеніп беріледі [1]. «Педагогиканың жалпы негіздері» бөлімінің құрылымы бірден қалыптаса қойған жоқ. Педагогиканы оқытудың жалпы негіздері педагогика бойынша 20-30 жылдарда XX ғ. жарық көрген типтік бағдарламаларға, оқулықтарға, оқу құралдарына назар аударғанда «Педагогикаға кіріспе» курсының аясында өткенін көрсетті. Бұлай оқыту «Дидактика» және «Тәрбие теориясы» деп аталатын екі үлкен бөлімнің ортақ негіздерімен байланыспай, әрқайсысының жеке оқытылуына әкеп соқты, сол себепті мұғалімдерді педагогикалық даярлаудың тұтастығы бұзылды. Бұл кемшілік 50-жылдары түзетіліп, П.Н. Шимбирев (1954 ж.) және И.А. Каировтардың (1956 ж.) авторлық етуімен педагогика институттары студенттері үшін жарық көрген «Педагогика» оқулығында жойылды. Осы кезеңнен бастап «Педагогика» курсы өзара байланысқан «Педагогиканың жалпы негіздері», «Тәрбие теориясы», «Дидактика» және «Мектептану» деп аталатын төрт бөлімнен тұрды. «Педагогиканың жалпы негіздері» деп аталатын бөлім «Педагогика ғылым және өнер ретінде» деген тақырыптан басталады. Бұл бірінші тақырып болғандықтан педагогиканы оқыту жүйесінде үлкен мәнге ие, өйткені бірінші сабақта студенттердің мұғалімдік мамандыққа, педагогикаға, балалармен жұмыс істеуге қызығушылықтарын оятуға себеп болатын кәсіптік-педагогикалық бағыттың негіздері қалыптасады. Сонымен қоса бірінші тақырып ғылыми педагогикалық білімдер жүйесін қалыптастыратын іргетас ретінде негізін қалаушы болады десек артық айтпаймыз. Мақсаты: педагогикалық ғылымдар туралы білімдер жүйесін қалыптастыру, педагогиканы ғылым және өнер ретінде меңгеруге студенттердің қызығушылықтарын арттыру. Осы тақырып аясында педагогика ғылым және өнер ретінде екі аспектіде қаралады. Бұл амал студенттерге ғылым мен өнердің өзара байланыстылығын байқауға мүмкіндік береді, материалды «құрғақ» беруден сақтап, пәнді шығармашылық тұрғыдан игеруге септігін тигізеді. Тақырыпты қарастырудың келесідей нұсқалары бар: 1) педагогика – ғылым: оның нысаны, пәні, қызметі, категориялық аппараты, құрылымы, басқа ғылымдармен байланысы; 2) педагогика – өнер: өткен дәуірлер педагогтарының ретроспективасы, педагогикалық шеберлік педагогикалық өнердің негізі ретінде, педагогикалық қарым-қатынас – педагогикалық өнерді жүзеге асыру шарты. Аталған тақырыпты меңгеру барысында кіріспе-дәріс, визуалдау-дәрісі және т.б. дәріс типтерін қолдануға болады. Семинар сабағы сұрақ-жауап, семинар-пікірталас, тақырыптық семинар түрінде ұйымдастырылады. Семинар типін таңдау 4.2 бөлімде қаралған факторларға байланысты. Тақырып бойынша СӨЖ орындау қарастырылған. «Кітаптан түскен бетбелгі...» жеке тапсырмасы ретінде П.Ф. Каптеревтің «Педагогика – ғылым немесе өнер», К.Д. Ушинскийдің «Адам тәрбие нысаны ретінде» кітаптарын оқып, сол бойынша студенттік топтарда конференцияға қатысу мақсатында беруге болады. 2-тақырып «Тұтас педагогикалық үдеріс: мәні, құрылымы, қарама- қайшылықтары, қозғаушы күштері, негізгі сипаттамалары, қызметтері, заңдылықтары мен принциптері». Мақсаты – тұтас педагогикалық үдеріс теориясының білімдерін қалыптастыру. Аталған тақырып меңгеруге өте күрделі болғандықтан, жекелеген ережелерін түсіндіріп, талдау қажет. Дәріс басында педагогикалық үдеріс, қарама-қайшылық, қызмет, заңдылық, принцип деген негізгі ұғымдарды ажыратып алған жөн. Философиялық мәні бар ұғымдарды толық өңдеу педагогикалық үдеріс тиімділігінің мәнін, құрылымын, негізгі сипатын, заңдылықтарын, принциптері мен критерийлерін қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл тақырыпты меңгеруде тұтас педагогикалық теория негіздерін ашуға ерекше көңіл бөлінеді. Оның авторы Қазақстандағы атақты ғалым Н.Д. Хмель (1928-2007жж.). Профессор Н.Д. Хмельдің тұтас педагогикалық үдеріс (ТПҮ) оқытушы іс-әрекетінің нысаны деген ойын өзектендіру қажет. Осыдан келіп педагог тек өз пәнін, тұлғаны оқыту мен тәрбиелеу үдерістерін жақсы ұйымдастыруы және басқаруы ғана емес, ТПҮ теориясын да білуі керек. Аталған тақырыпты дәрістің дәстүрлі типі ақпараттық-дәрісті визуалды оқыту құралдарымен бірге (мультимедиялық презентация және т.б.) өткізуге болады. Семинар сабақтарын «дөңгелек үстел» формасында ұйымдастырылып, белгілі бір теориялық сұрақтарды негізгі баяндамалар бойынша хабарламалар мен өз сөздері арқылы талдауға болады. Студенттерге тақырып бойынша хабарлама жасап, сөз сөйлеуді «жинақталған түрде» жүзеге асыруға нұсқау беріледі, олар стендтік баяндамалар, сызбалар, суреттер және т.б. жасайды. Хабарламаны осылай безендіру академиялық уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді және негізгі ойды сақтай отырып «ақпаратты жиыстыруға» («свертывание информации») үйретеді. СӨЖ үшін студенттердің өзіндік жеке көзқарасын танытатын өз ойларын еркін жеткізіп, оларды дәлелдей алатын эссе жазу ұсынылады. Бұл тапсырмаларды студенттер асқан ыждахаттылықпен орындайтындығын тәжірибе көрсетіп отыр. Олардың пікірлері мен пайымдаулары қате және нақты болуы мүмкін. Осындай жағдайда педагогика оқытушысының міндеті қаралып отырған педагогикалық құбылыстың шынайы мәнін ашып түсіндіру болып табылады. 3-тақырып «Тұлғаның қалыптасуы, тәрбиесі, әлеуметтенуі және дамуы». Бұл тақырып бірнеше пәндердің (философия, әлеуметтану, психология, физиология және т.б.) тоғысында оқылатын болғандықтан студенттердің қабылдауына қиындықтар туғызады. Осындай пәнаралық амал айқындалған, өйткені тұлғаның даму эволюциясын биологиялық, психикалық және әлеуметтік қырынан қарастыруға болады. Бұның барлығы студенттерге тұлға – тұтас құбылыс, оны барлық құраушылардың бірлігінде қарастыру керек деген тақырыптың негізгі идеясын түсінуге мүмкіндік береді. Мақсаты – тұлғаны қалыптастыру және әлеуметтендіру, дамыту туралы пәнаралық білімдер жүйесін қалыптастыру. Дәріс ұғымдар аппаратымен жұмыс істеуден басталады: адам, индивид, объект, субъект, тұлға; даму, әлеуметтену, тәрбие; фактор, тұқым қуалаушылық, орта, өзін-өзі тәрбиелеу; іс-әрекет, қарым-қатынас; концепция, парадигма. Жаңа ұғымдарды енгізу барысында әр түрлі әдебиеттерден алынған анықтамаларды салыстырып қолдану студенттердің аналитикалық іскерліктерін дамытуға септігін тигізеді. Дәрістің негізгі бөлімі әрбір фактордың (тұқым қуалаушылық, орта және тәрбие) тұлғаны қалыптастыру мен дамытудағы рөлін және мәнін ашып көрсетуге бағытталады. Әрбір фактордың ықпалы туралы атақты философтар (Демосфен, Платон, Аристотель, Конфуций және т.б.), жазушылар (А.С. Пушкин, Ф.М. Достоевский, А. Құнанбаев және т.б.), композиторлар (А. Моцарт, И. Бах және т.б.), ғалымдар (М.В. Ломоносов, Д.И. Менделеев, Ш. Уәлиханов және т.б.), сонымен қатар әдебиет және кинофильм кейіпкерлерінің өмірі мен қызметін мысалға ала отырып көрсетуге болады. Педагогикалық ойлардың даму тарихында адамның тұлға ретінде дамуы туралы ілгерінді ойлар тәрбиелеу проблемаларымен байланыстырылды. Осылайша тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудың бірлігі туралы ойларды педагогтар Я.А. Коменский, Д. Локк, Ж.Ж. Руссо, И.Г. Песталоцци айтқан. Тәрбиелеудің рационалды идеялары XVIII ғасырдағы француз материалистерінің К.А. Гельвеций және Д. Дидро, социалист-утописттер Р. Оуэн, К.А. Сен-Симон және Ф.М.Ш. Фурье және т.б. педагогикалық жүйелерінде кездеседі. Алайда, табиғат пен қоғамға деген идеалистік немесе метафизикалық көзқарастары әсерінен бұл педагогтарға тұлғаны тәрбиелеудің объективті заңдарын ашудың мүмкіндіктері тумады. Адамның тұлға ретінде дамуы мен қалыптасуы оның адамзат өмірінің барлық саласына толық іс-әрекеттік кірісуі арқылы жүзеге асады. Осыдан келіп дәріс мазмұнында іс-әрекет, оның өзара байланысқан түрлері және оның тұлғаның дамуына кешенді түрде ықпал етуі туралы мәселе ерекше орын алады. Студенттер еңбектің адам өміріндегі ең басты шарт екендігін түсінулері қажет. Диалектикалық материализм өкілдері адамзат тұлғасын қалыптастырудағы шешуші мәнге ие болатын адамдардың еңбек іс-әрекеті үдерісіне деген қарым- қатынасынан туындайды деген. Еңбек, кәсіби іс-әрекет және осылардың негізінде пайда болған қоғамдық қарым-қатынастар – бұл адам дамуының факторлары. Оның физикалық және рухани дамуының механизмдері. Олай болса адамның жеке дамуы, оның тұлға ретінде қалыптасуы іс-әрекет аясында туындайтын шарттар мен қатынастарға тікелей тәуелді. Студенттерге тұлғаның даму механизмдерін адамның өз табиғаты мен негізінен іздеу қажеттігі ұғындырылу керек. Адам – белгілі бір өндірістік, ұлттық, құқықтық, қоғамдық және басқа да қарым-қатынастар жүйесінде өмір сүретін, әрекет ететін биоәлеуметтік тіршілік иесі. Тақырыпты оқу барысында жүйелілік-құрылымдық талдау принципін қолдану мақсатқа лайық. Осы арада В.Н. Сагатовскийдің айтқан пікірінің маңызы зор: «Адам – бұл басқа жүйелер (табиғаттың, қоғамның) элементі, бөлігі, қоғам мен табиғат оның құрамдас бөлігі ретінде көрініс беретін ерекше тұтастық және ол өзіндік қарама- қайшылық негізінде дамиды» [2, 22-бет]. Л.И. Божовичтің пікірі де назар аударарлық: «Тұлғаны жекелеген қасиеттер мен сапалардың үйлесімділігі деп қарастыру қате. Әрбір жекелеген сапаны тұлға аспектісінде тұтасымен қарастыру қажет» [3, 63-бет]. Аталған аспектіні жүйелілік-құрылымдық талдау принципі бойынша қарастыруға болады (12-сурет). [pic] 12-сурет. Тұлға құрылымының моделі Суретке қарай отыра тұлғаның құрылымы оның «Мен» биологиялық, физикалық, психологиялық және әлеуметтік негіздерімен көрсетілгенін байқаймыз. Биологиялық негіз адам қалыптасуының іргетасы. Ал физиологиялық және физикалық даму адамның физикалық денсаулық деңгейін, дене бітімінің дамуын көрсетеді. Олай болса биологиялық «Мен» физиологиялық және физикалық «Менін» анықтайды. Психикалық негіз – көңіл-күй, сезім, ақыл-ой, қажеттілік дамуына септігін тигізетін және адам психикасының дамуын бейнелейтін үдерістер. Психологиялық «Мен» қажеттіліктер, уәж арқылы іс-әрекет түрін анықтайды және оның нәтижелі болуына әсерін тигізеді. Биологиялық негіз әлеуметтік факторлар ықпалымен әлеуметтік сапалармен толығады. Адам өзінің әлеуметтік мәнін анықтайды, яғни оның қоғамның бір мүшесі ретінде әлеуметтенуі біртіндеп жүзеге асады. Әлеуметтік «Мен» әлеуметтік рөлдер (оқушы, жұмысшы, азамат және т.б.) жүйесі тәрізді қоғамдық қатынастарды білдіреді. Осылайша төрт «Мен» элементтерінің өзара байланысы тұлға құрылымын құрайды. Тұлға даму үдерісі арқылы қарастырылады. Қарама-қайшылық – тұлға дамуының жүйеқұраушылық факторы. Тұлғаның даму проблемасы философия, психология, әлеуметтану, саясаттану, педагогика саласының зерттеу пәні болған. Тұлғаның дамуындағы қарама-қайшылықтың рөлі туралы материалдарды жинақтай отыра мынандай қорытындылар жасауға болады: тұлға ішкі және сыртқы қарама-қайшылықтарды шешу арқылы жетіледі. Олар оның қалыптасуының барлық кезеңдерінде туындайды; қарама-қайшылықтар жаңадан туындаған қажеттіліктер, сұраныстар мен оларды қанағаттандыру жолдарын меңгеру арасында, жаңадан туындаған жағдай мен бұрынғы тәжірибе арасында, тұлғаның өз мүмкіндіктері мен әлеуметтік шынайылық талаптары арасында, адамның белсенді қызметтік негізі мен өмірлік жағдайының арасында туындайды. Философияда, әлеуметтануда, психология мен педагогикада тұлға дамуының бірнеше парадигмасы қалыптасқан: әлеуметтік даму парадигмасы (П. Бурдье, Ж. Капель, Ж. Фурастье және т.б.), биопсихологиялық парадигма (А. Медичи, К. Роджерс, А. Фабр, А. Маслоу және т.б.) және диалектикалық парадигма (К. Маркс, Ф. Энгельс, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский және т.б.). Парадигмалар мазмұнын дәріс кезінде шолу түрінде таныстыру жеткілікті. Өйткені әрбір парадигма толықтай жекелеген пәндерді оқытуда түсіндіріледі. Аталған тақырып аясында тұлғаның жеке және жас ерекшеліктері мәселелеріне қысқаша шолу жасауға болады. Бұл сұрақты толығымен семинар сабақтарында қарастыру қажет. Тақырыпты оқыту барысында проблемалық, визуалдау, бинарлық дәрістер типтерін пайдалануға болады. Семинар сабағын іскерлік ойындар элементтерін қатыстыруымен «пікірталас алаңы» формасында ұйымдастыруға болады. Бұл сұрақтарды ұжыммен шығармашылық тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік береді, психологтың, дәрігердің, ата- аналардың мұғалімнің нақты ұсыныстарымен проблеманы нақты шешу жолдарын табуға көмектеседі. СӨЖ үшін дереккөздер мен жұмыс істеуді және «Өткен ғасырлар мен қазіргі кезеңдегі педагогтар еңбегіндегі табиғи және мәдени сәйкестіктер ойларының даму динамикасы» деген кестесін толтыруды, «Тұлғаның даму факторларының өзара байланысы» атты сызбасын құрастыру секілді тапсырмаларды беруге болады. 4-тақырып «Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемесі». Бұл тақырып студенттердің зерттеу мәдениеті негіздерін қалыптастыруға көмек береді. Мақсаты – әдіснама мәні, қызметі, деңгейлері туралы білімдер жүйесін қалыптастыру; педагогиканың философиялық негіздерімен (экзистенциализм, неопозитивизм, прагматизм, диалектикалық материализм және т.б.), сонымен қатар педагогиканы зерттеу әдістемесімен таныстыру. Жаңа ұғымдар жаңа материалды түсіндіру барысында енгізіліп отырады, олар: әдіснама, амал, әдіснамалық амал, теориялық амал және концептуалдық амал. Әдіснама ұғымы амал ұғымымен және педагогикалық зерттеу әдістемесімен тығыз байланысты. Ғылыми және анықтамалық әдебиеттерден аталған ұғым туралы бірнеше анықтамаларды алуға болады: -амал – зерттеудің принциптік әдіснамалық бағыты [4, 147-бет]; -амал – істі жүргізуде, бір нәрсені оқуда кімге болсын әсер ететін тәсілдер үйлесімділігі [5, 54-бет]; -амал – негізгі ойды құрайтын, әлеуметтік жүйені көрсететін немесе ғылыми-ізденіс іс-әрекетіне бағытталған теорияның, концепцияның, парадигманың ерекше негізі [6, 144-бет]; -амал – педагогикалық үдеріс тиімділігін арттыру мақсатында ізделіп отырған сапаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық іс-әрекеттің ғылыми- негізделген тәсілі [7, 10-бет]. Студенттер амал ұғымы мағынасын көпмағыналылық деп ғалымдардың түрлі көзқарастары мен зерттеу пәніне байланысты түсінуі керек. Амал ұғымының мәнін нақтылап алған соң, әдіснамалық амал ұғымының анықтамасын беруге болады. Әдіснамалық амал – философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық теориялардың негізгі жүйесі, олардың үйлесімділігі ғылыми зерттеу бағытын анықтайды. Педагогикалық зерттеулер туралы айтқанда онтологиялық, гносеологиялық, аксиологиялық, антропологиялық, тарихи-философиялық, әлеуметтік- философиялық, құрылымдық, функционалдық, жүйелілік, құрылымдық-жүйелілік, синергетикалық, интеграциялық, пәнаралық және т.б. амалдар туралы айту керек. Педагогикалық зерттеулерде әдіснамалық амалдардан басқа теориялық амалдар ерекше орын алады. Теориялық амал дегеніміз былайша сипатталады: -теорияларға негізделген, теорияға қатысты сұрақтардың ережелері [4, 79- бет]; -табиғат, қоғам мен ойлаудың заңдылықтарын бейнелейтін, практикалық тәжірибені жинақтайтын ғылыми принциптер, ойлар жүйесі [5, 170-бет]; -кез келген бір ғылымның бөлімін бейнелейтін жинақталған ережелер үйлесімділігі [8, 64-бет]; -практикалық іс-әрекеттің негізін құрайтын және шынайылықтың әр қырын түсіндіруге бағытталған білімдер жүйесі [9, 104-бет]. Зерттеушілер теориялық амал мен концептуалдық амалды өзара синонимдес деп есептейді. Терең зерттеулер барысында олардың айырмашылықтары анықталып отыр. Сонымен, концептуалдық амал дегеніміз: -көзқарастар жүйесі; құбылыстар мен үдерістерді әр түрлі ұғыну [4, 294- бет]; -зат немесе құбылысқа деген көзқарас, негізгі ой; әр түрлі іс-әрекет түрлеріндегі құрылымдаушы принцип [8, 67-бет]. Теориялық амал мен концептуалды амал ұғымдарының негізгі айырмашылықтарын түрлі философиялық негізден іздеу керек, бірін «базис», екіншісін «қондырғы» түрінде алып қарастырайық. Теориялық амал зерттеудің тірек бөлігі, олай болса базис – ғылыми принциптер, ойлар, практикалық тәжірибені жинақтайтын және қоғам заңдылықтарын бейнелейтін жүйе. Теориялық амал мәнінің сипаты зерттеліп жатқан нысанға (құбылысқа, үдеріске) басқа альтернативтік амалдың болмайтынын, білім мен практиканың тұрақты түрде интеграциялануын көрсетуінде жатыр. Теориялық амал – жаңа теориялық қағиданы құрудың негізі. Концептуалдық амал – базис қондырғысы. Оның мағыналық мәні «негізгі идея», «негізгі көзқарас», «жетекші ой» сөздерімен ерекшеленеді. Осылардың барлығы кез келген бір құбылысты не үдерісті басқа альтернативтік амалмен қарап, автор мен авторлардың көзқарастары тұрғысынан зерттелініп отырған пәнге (үдеріске, затқа) өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Концептуалды амалдар ғылымдағы заманауи талаптарға және қоғам мен практиканың сұраныстарына байланысты болады. Теориялық және концептуалды амалдар әр түрлі мағынаны білдіреді, сонымен қатар өзара байланыстысты болғандықтан зерттеудің бағыты бола алады. Педагогикалық зерттеулерде бір-бірімен үйлесімді болып келетін теориялық амалдарды пайдалану керек, олар бір-бірін толықтыра отырып, зерттеу үдерісін ұйымдастыруда және оның пәнін зерттеуде бағыттылық қызметін атқарады. Педагогикалық құбылыстарға әдіснамалық амалдардың үйлесімділігін пайдалану мүмкіндігі мына ойдан туындаған: «Түрлі табиғи және әлеуметтік нысандар теориялық және практикалық мәселелерді шешуде кешенді түрде қарастыруды қажет етеді, өйткені оны өмір қоғамдық үдерістер интеграциясының жоғары деңгейімен басқарады, бұл жерде «барлығы барлығымен байланысты», яғни бір мәселені шешу басқа да көптеген мәселелерді шешуге тәуелді, онда мәселелердің өзі жүйелі кешенді сипатқа ие болады» [10, 109- бет]. Теориялық амалдарға іс-әрекеттік, тұлғалық, субьектілі-дамытушылық, полисубьектілі, мәдениеттанушылық, этнопедагогикалық, контекстік, гуманистік, феноменологиялық, модельдеуші, мәндік, профессиографиялық, біліктілік, құзіреттілік, технологиялық және т.б. жатады. Бұлардың барлығы әмбебап сипатқа ие, өзара байланысты және зерттеу міндеттерін тиімді шешуге мүмкіндік береді. Тақырыпты оқытуды «Педагогикалық мәселелерді зерттеу үдерісі» блок- сызбасы бойынша жалғастыруға болады (13-сурет). Ғылыми аппаратты (мәселе, нысан, пән, мақсат, міндеттер, болжау, зерттеу базасы мен әдістері, теориялық және практикалық мәні), толығымен қарастыру, сонымен қатар зерттеу қисыны мен үдерісімен танысу студенттерге ғылыми зерттеудің тұтас бейнесін ұғынуларына мүмкіндік береді 13-сурет. Педагогикалық мәселелерді зерттеу үдерісі Студенттердің әдіснаманы ғылыми теориядан айыра білулері, зерттеу нысаны мен пәнін анықтаулары, болжауды қалыптастырулары, педагогикалық жобалар мен бағдарламалардың тиімділігін бағалай білуге үйренулері аса маңызды. Аталған тақырып бойынша тірек сызбалар мен кестелер түріндегі белсенді үлестірмелі материалдар көмегімен ақпарат-дәрісті таңдап алуға болады. Семинар сабағын студенттердің курстық және диплом жұмыстарының, диссертация авторефераттарының теориялық сұрақтарын қарастырып, талдау жасауы бойынша «аралас» түрде өткізуге болады. СӨЖ үшін білім беру мекемелерінің нақтылы педагогикалық үдерісінің мәселелерімен танысу ұсынылады. Бұл арада үздіксіз педагогикалық іс- тәжірибе мүмкіндіктерін пайдаланған жөн. Мысалы, мектептердің материалды- техникалық базаларымен танысу; мектеп әкімшілігі өкілдерімен оқыту және тәрбиелеу үдерісіндегі өзекті мәселелер туралы әңгіме өткізу; әр түрлі пән мұғалімдерінің 2-3 сабағына қатысып, сабақты талдау жаднамасы бойынша талдау жасау; оқушының оқу жұмысын жақсартуға байланысты мұғалімнің сабақтағы іс-әрекетіне бақылау жасау; мектеп оқушылары арасында «Сенің ермегің» және т.б. тақырыптар бойынша сауалнама ұйымдастырып өткізу. Алынған мәліметтерді педагогикалық күнделіктерге жазып, семинар сабағына даярлық кезінде, педагогика бойынша курстық жұмыстарды жазуда пайдалануға болады. 5-тақырып «Педагогиканың аксиологиялық негіздері» деп аталады. Ол педагогика курсы бойынша жаңа тақырыптардың бірі. Бұл тақырыптың пайда болуына себеп болып отырған жайт бүгінгі таңдағы педагогикалық ғылымның гуманистік бағытталған білім беру философиясына сүйене бастауы болып отыр. Мақсаты – педагогика ғылымы мен педагогикалық іс-әрекеттің аксиологиялық негіздері туралы білімдер жүйесін қалыптастыру. Студенттерді құндылық, құндылық бағыттар, аксиология, аксиологиялық амал деген ұғымдармен таныстыру керек. Студенттердің материалдық және рухани құндылықтардан басқа да педагогикалық құндылықтар бар екендігін түсінгендері абзал. Ол – педагогикалық іс-әрекетті ретке келтіретін нормалар, білім беру саласындағы қоғамдық көзқарас пен педагог іс-әрекетін байланыстырушы компонент болып табылады. Өзінің мәні мен пәндік мазмұны жағынан педагогикалық құндылықтар әлеуметтік-педагогикалық, педагогикалық, тұлғалық-педагогикалық, іс-әрекеттер құндылықтары, құндылық-қатынастар, құндылық-сапалар деген топтарға бөлінеді. Аталған тақырыпты оқу барысында ақпарат-дәрісінің маңызы зор, өйткені оқу материалы философиялық ұғымдарға, педагогикалық құбылыстар мен үдерістерді түсінудің жаңа амалдары көп болғандықтан игеруге қиынырақ болады. Тақырып мазмұнының күрделілігі мен абстрактілігін ескере отырып, дәріс кезінде глоссарий түрінде белсенді үлестірмелі материалдарды қолданған жөн. Семинар сабағын «Педагогикалық қонақ бөлме» түрінде ұйымдастырып, жеке іс-әрекет стилі бар, өзінің педагогикалық құндылықтар «шәкілін» құрған мол тәжірибесі бар мұғалім-практикті шақыруға болады. СӨЖ үздіксіз педагогикалық іс-тәжірибе тапсырмаларымен байланысты болуы мүмкін. Мысалы, жаңашыл ұстаздардың «Жылдың үздік мұғалімі» «Ең үздік сынып жетекшісі» және т.б. сайыстарының жеңімпаз ұстаздарының педагогикалық іс- әрекетінің тәжірибесімен танысу. 6-тақырып «Педагогикадағы мақсат құру» басқа тақырыптар ішінде маңызды болып табылады, өйткені көп жылдар бойы педагогикада білім беру мақсаты «тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуы» деген сөзбен ұғындырылды. Қазіргі таңда қоғам сұранысы бойынша алдын ала жоспарланған сапаға ие тұлғаны қалыптастыру тәрбиенің мақсаты ретінде қарастырылмайды. Бүгінде білім беру жүйесінің мақсаты білім алушының табиғи нышандарын дамытып, тұлға ретінде қалыптасуының алғышарттарын жасау, тиімді жағдайлар құру болып саналады. Білім беру жүйесі мақсатының өзгеруі өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттарын қайта қарауға әкеліп соғады. Осыдан келіп мақсатты құру педагогикалық іс-әрекеттің маңызды қызметі болып табылады. Жалпы түсініктегі мақсатты құру дегеніміз мақсаттарды мемлекеттің білім беру саясатының ресми түрде бекіту, оған заңнамалық немесе нормативтік құжаттық мәртебе беру. Мақсатты құру рәсімі кезеңдерді қамтиды: -ақпаратпен танысу, талдау, жинақтау; -аса маңызды ақпаратты ажырату; -мақсатты құру; -мақсатқа жету туралы шешімдер қабылдау. Осы тақырыпты меңгеру барысында студенттер мақсатты құру педагогикалық іс-әрекеттегі күрделі әрі негізгі қызмет екенін түсінуі тиіс. Болашақ педагог мақсатты құру мәні мен білім беру мақсаттары туралы Б. Блум ұсынған таксономия теориясын меңгеру керек. Мультимедиялық презентациялар немесе белсенді үлестірмелі материалдар көмегімен ақпарат-дәріс түрінде бұл тақырыптың мазмұнын ашуға болады. Семинар сабағын жоспар негізіндегі әңгіме түрінде өткізу ұсынылады. СӨЖ нақты оқу сабағының практикалық мақсатын құру үшін берілген тапсырмаларды орындаумен байланысты. 7-тақырып «Жаһандану және Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі». Қазіргі әлемнің негізгі сипаты жаһандану болып табылады. Оның мәні мынада: жекелеген мемлекет көлемінде шешуге келмейтін ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мәселелер бар, олай болса, құбылыстар, үдерістер, іс-әрекет түрлері арасында жаһандық байланыстар бар екендігін мойындау керек. Осыдан келіп жаһандану туындайды, яғни жаһандану адамның өмірлік іс-әрекетінің барлық саласына жалпыға бірдей заңдар мен заңдылықтарды таратады. Мақсаты – студенттерді «жаһандану» феноменімен, оның еліміздің білім беру жүйесіндегі орнымен таныстыру. Жаһандану үдерісі білім беру саласына да енеді. Адамның өз іс- әрекеттерінен туындаған қоғамдық тұрмыс өзгерістерінен заманауи адам құзіреттілігінің даму қарқынының қалыс қалуы білім беру саласын ұйымдастыруға қоғам мойындаған жаңа амалдарды талап етеді. Мысалы, Болон декларациясы білім беру үдерісіндегі жаһандану үдерісінің дамуын дәлелдейді және білім беру саласы ұйымдастырушыларының іс-әрекетін оның дамуының жалпыға ортақ заңдылықтарына сәйкес үйлестіру амалы болып табылады. Білім беруді жаһандандыру – жалпыға ортақ заңдардың білім беру қызметінің саласына әрекет етуінің обьективті үдерісі [10, 73-бет]. Аталған тақырыпты оқу білім берудің отандық жүйесінің дамуын заманауи халықаралық тенденциялар контекстінде қарастырудың обьективті қажеттілігімен анықталады. Өзекті, жаһандық мәселе ретінде үздіксіз, қашықтықтық, тұлғалық-бағдарлық білім беру, үлкендердің білім алуы (образование взрослых) және т.б. танылады. Аталған тақырыпты меңгертуде жұптасқан дәріс типін қолдануға болады, өйткені тақырып пәнаралық сипатқа ие бола тұра саяси, идеологиялық, экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық, этникалық, ұлттық, діни аспектілік қырынан танылады. Семинарды «дөңгелек үстел» түрінде ұйымдастыруға болады, жаһандану үдерісі мәселесінің көпаспектілілігін, сол арқылы мәселенің ауқымдылығын, білім беру саласын дамытудың жалпыға бірдей заңдылықтарын ұғынуға мүмкіндік береді. Студенттердің өзіндік жұмыстары оқытылып жатқан тақырып бойынша дереккөздердің аңдатпалық тізімін жасау мақсатында Internet арқылы жұмыс істеуге бағытталады. Жеке тапсырма ретінде студенттерге «Қазіргі заманда мұғалімге қандай педагогика қажет?» деген тақырыпта эссе жазуды, топтық тапсырма ретінде тест шешуді ұсынуға болады. Осылайша, «Педагогиканың жалпы негіздері» бөлімін оқи отыра студенттер қарастырылған тақырыптар кәсіби педагогикалық іс-әрекетке педагогикалық дайындықтың негіздерін қалайтынын білулері керек. Бақылау сұрақтары: 1.Курстың мақсат, міндеттерін айтыңыз? 2.Пән бойынша университеттерге арналған типтік және оқу –жұмыс бағдарламалары дегеніміз не? Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Рыжов В.Н. Дидактика .Москва,2004 2.Құлшанова С.Мектеп педагогикасы. Алматы 2005 3.Хмель Н.Д.Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы мен технологиясы Алматы, 2005 Дәріс 7 Дәріс тақырыбы: «Дидактика» бөліміне әдістемелік сипаттама Дәріс мазмұны: 1.Болашақ мұғалімдерді жалпы педагогикалық дайындаудағы бөлімнің маңызы. 2.Бөлімнің мақсат, міндеттері Оқу жəне білімдену проблемалары педагогиканың дидактика деп аталатын бөлімінде зерттеледі. «Дидактика» термині грек тілінен енген, аудармасы «үйретуші» дегенді білдіреді. Алғашқы рет бұл сөз неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданылып, оқыту өнері мəнін аңдатқан. Дидактика өз пəні аймағында іске қосылатын заңдылықтарды зерттейді, оқу процесінің барысы мен нəтижесіне негіз болар тəуелділіктерді талдайды, жоспарланған мақсаттар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуші əдістер, ұйымдастыру формалары мен құрал-жабдықтарын белгілейді. Осының арқасында ол екі басты функцияны атқарады: 1) теориялық (диагностика жəне болжастыру); 2) практикалық (қалыпты іс-əрекет, құралдар дайындау). Оқу теориясының негізгі құрылым бірліктері – бұл ғылым тарапынан анықталған заңдар мен заңдылықтар. Заңдар мен заңдылықтар құбылыстар, процестер мен олардың нəтижелері арасындағы жалпы, объектив, тұрақты жəне қайталанып келетін байланыстар мен тəуелділіктердің мəнін ашады. Дидактикалық процестің негізін құрайтын аса маңызды жəне негізгі заңдылықтар мен заңдар оқу принциптері немесе дидактикалық принциптер деп аталады. Бұл принциптер арқасында оқу процесіне қатысы бар көптеген заңдылықтардың мəн-мағынасы ашылады, мұғалімдер мен оқушылардың қызметтері реттеледі, барлық оқу пəндерін өтуде жəне оқудың барша кезеңдерінде олар өздерінің жалпы мəнін сақтайды. Принциптер дидактикалық процестің біртұтас концепциясын құрай отырып, табиғи бірлікте əрекетке келеді. Қазіргі кезеңдегі оқу жүйесінің ірге тасын Я.А. Коменский қалаған. Ғұлама- педагог пікірінше, оқудың негізі – табиғи сəйкестік принципі, ал барша қалған принциптер осы табиғи сəйкестікке сай бірізді іске асырылып барады. Қазіргі заман гуманистік дидактикасында оқу принциптері табиғи сəйкестік басты принципінің төңірегінде жүйелі біріккен. Бұл жүйедегі дидактикалық принциптер төмендегідей: 1) саналылық жəне белсенділік; көрнекілік; жүйелілік жəне бірізділік; беріктік; түсіністік; ғылымилық; көңіл-күй; теория мен практиканың байланысы. Оқудың əрқилы заңдылықтарын реттестіріп, жинақтауға орай, оларды жалпы жəне жеке (нақты) заңдылықтар деп бөлу қабылданған. Жалпы заңдылықтар қалаған білім беру процесіне тəн болып, оқудың бүкіл жүйесін қамтиды. Олардың арасында аса көп еленетіндері: - оқу мақсаттары. Оқу мақсаты қоғам дамуының деңгейі мен қарқынына, оның қажеттері мен мүмкіндіктеріне, педагогика ғылымы мен практикасының даму деңгейі мен жетістіктеріне байланысты; - оқу мазмұны. Оқу мазмұны қоғамдық қажеттер мен оқу мақсаттарына, ғылыми- техникалық жəне əлеуметтік процестің қарқынына, оқушылардың жас мүмкіндіктеріне, оқу теориясы мен практикасының даму деңгейіне, оқу мекемелерінің материалды- техникалық жəне экономикалық жағдайларына тəуелді келеді; - оқу сапасы. Оқу сапасы өткен кезеңдегі оқу процестерінің нəтижелілігіне, оқу материалының сипаты мен көлеміне, мұғалімнің ұйымдастыру – педагогикалық шеберлігіне, оқушының оқып-үйренуге болған қабілетіне, оқу уақытына байланысты; - оқу əдістері. Дидактикалық əдістер тиімділігі əдістерді білу мен қолдану ептілігіне, оқу-мақсаттарына, мазмұнына, оқушылардың жеке деңгейі мен оқуды меңгеру қабілетіне, материалдық-техникалық қамсыздығына, оқу процесінің ұйымдасуына тəуелді; - оқуды басқару. Оқудың нəтижелі болуы оқу жүйесіндегі кері байланыстың жеделдік сипатына, реттеу-түзету ықпалдарының орынды келуіне орайласады; - оқуға ынталандыру. Оқу нəтижесі шəкірттің білім игеруге деген іштей ынта-ықыласы мен оқу əрекеттерінің өзіне тəн тартымына (внутренние стимулы); оқу əрекетіне мүмкіндік жасаушы сыртқы жағдайлар (қоғамдық, экономикалық, педагогикалық). Білімдену процесінің табысты болуы көбіне қолданылатын оқу əдістеріне тəуелді. Оқу əдісі – білім игеру мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған оқытушы мен оқушының бірлікті іс -əрекеттік қимыл - тəсілдері. Оқу мақсаты жолындағы ұстаздың оқыту жұмысы мен шəкірттің оқып- үйрену əрекеттерінің өзара байланыстылығы жəне анайылығы осы оқу əдісінен көрінеді. Оқу тəсілдері- оқу əдісінің құрамды бөлігі немесе бір қыры, яғни жалпы “əдіс” түсінігіне байланысты жалқы ұғым. Бұл екі ұғымды өз алдына шектеп болмайды, олардың ара қатынасы ауыспалы, өзгермелі. Кей жағдайларда əдіс педагогикалық міндетті шешудің дербес жолы есептелсе жəне бір ықшам оқу- тəрбие мəселесіне орай- тəсіл болуы мүмкін. Мысалы, егер мұғалім жаңа білімдерді сөздік, ауызша əдіспен (түсіндіру, əңгімелеу, сұхбат) ұсыну барысында көрнекі құралдарды пайдаланса, онда бұл көрнекілік –тəсіл ретінде қабылданады. Егер де көрнекіліктер білім игертудің негізгі құралы болып, солар негізінде оқушылар жаңа білім ақпараттарын қабылдаса, онда көрнекілік - əдіс, ал мұғалімнің қалған оқу іс-əрекеттерінің бəрі тəсіл болып есептеледі. Сонымен, əдіс көптеген тəсілдерден құралады, бірақ олардың жəй жиынтығын білдірмейді. Тəсілдер арқылы оқытушы мен оқушының оқу жұмыстарын орындаудағы өзіндік ерекшелігі көрініп, оқу субъекттері іс-əрекеттеріне даралық сипат береді. Оқу ережелері (дидиактикалық ережелер) – оқу процесінің қалыпты педагогикалық жағдайларында қандай жəне қайтіп əрекет жасау қажеттігін көрсететін нақты ұсыныс. Оқу əдістерін топтастыру Қазіргі күнде педагогикада əдістерді топтастырудың үш жолы кең танылған. 1. Оқу əдістерін дидактикалық мақсаттарға орай топтастыру. Мұндай топтастыруға байланысты əдістерді бөлу ең алдымен оқу мақсатын назарға алады. Бұл жағдайда оқу мақсатына қол жеткізуге бағытталған мұғалім əрекетіне көп көңіл бөлінеді. Мақсатты көздеген əдістер тобына енетіндер: - білім жинақтау əдісі; - ептілік жəне дағды қалыптастыру əдісі; - білімді қолдану, пайдалану əдісі; - білім, ептілік, дағдыларды бекіту мен тексеру (бақылау) əдістері. 2. Оқу əдістерін білім көзі бойынша топтастыру. Тəжірибеде негізгі үш білім көзі нақты танылған: сөз, көрнекілік, іс- əрекеттік (практика). Осыған орай ажырататынымыз: сөздік əдістер (білім көзі ретінде ауызша не жазба сөз қызмет етеді); көрнекі əдістер (білім көзі- бақылауға түскен заттар, құбылыстар, көрнекі құралдар) жəне іс-əрекеттік əдістер (білім жəне ептіліктер ойын, оқу, қарапайым еңбектік істер процесінде қалыптасады). Оқу əдістері жүйесінде басты орын сөздік əдістерге беріледі. Олар- əңгімелеу, түсіндіру, сұхбат, сөз-жарыс, пікір-талас, дəрісбаян (лекция), кітаппен жұмыс. Əңгімелеу – оқу материалын тыңдарманға сипаттама не баян формасында монологты, бірізді сөйлеп жеткізу. Түсіндіру – бұл игеруге қажет обьект, құбылыс, кейбір ұғымдар заңдылықтары мен мəнді қасиеттерін талқы, талдау, мысал келтіру жолымен дəлелдеп, оқушы санасына енгізу. Сұхбат – оқудың диалогтық əдісі: педагог бірізді сұрақтар қоя отырып, оқушыны жаңа материалды түсіну, ұғу деңгейіне көтереді не ұсынылған материалдың қаншалықты меңгерілгенін тексереді. Дəрісбаян (лекция) - көлемді материалды монологтық жолмен баяндау. Дəрісбаянның басқа сөздік əдістерден өзгешелігі – қатаң құрылымды, мол ақпаратты, баяндалуы қисынды, білім мəнін ашу жүйелікке негізделеді. Дəрісбаян ғылыми-көпшілік жəне академиялық болып ажыралады. Өткен материалды қорытындылауға, қайталауға шолу дəрісбаяндары қолданылады. Қазіргі кезеңде дəрісбаян əдісін қолданудың көкейкестілігі ірі бөлімдер мен жеке тақырыптарды игеруде оқу материалын топтап ұсыну (блок) тəсілін пайдалану қажетттігінен туындап отыр. Оқу сөз-жарысы (дискуссия) əдіс ретінде нақты проблема бойынша пікір алмасуға, жекеленген көзқарастар білдіруге негізделеді. Сөз-жарыс барысындағы оқушының ой-пікірі өзінің меншікті шешімі не басқа тұлғалардың ғылыми –теориялық ұсыныстары болуы мүмкін. Оқу сөз –жарысының басты қызметі –шəкірттердің танымдық ұмтылыстарына дем беру. Сөз жарыс жəрдемімен оған қатысушылар жаңа білімдерді игереді, өз пікірлерінің дұрыстығына не қателігіне көзін жеткізеді, өз көзқарастарын қорғап қалуға үйренеді, басқалар ой топшылауларымен есептесу қажеттігін түсінеді. Кітаппен (оқулықпен) жұмыс – кітап оқу сөздік əдісінің аса маңызды түрлерінің бірі. Бұл əдістің тиімділігі –оқушы өзіне қолайлы жағдайда, өз түсініміне орай оқу материалын қалауынша қайталап игеруге мүмкіндік алады. Баспа көздерімен оқу жұмысын атқарудың бірнеше жолы бар: - конспектілеу - оқылған ақпараттың қысқаша жазбасы не баяны. Конспектілеу түрлері- түгелдей көшіру, іріктеумен таңдап жазу, толық не қысқа конспект түзу. Оқушы конспектіні үшінші тұлғаның атынан емес, өз атынан жасағаны жөн, осы жағдайда оның дербес ойлау қабілеті дамиды; - тезистер түзу - негізгі идеяларды белгілі бірізділікпен қысқаша баяндау; - реферат құрастыру – тақырып бойынша бірнеше ақпарат көздеріне шолу беріп, олардың мазмұны мен формасына өз бағасын беру; - мəтін жоспарын жасау - мəтінді бөлімдерге келтіріп, əрқайсысына атама беру; жоспар жай не күрделі болуы мүмкін; - сілтемелер беру (цитирование)- мəтіннен өзгертілместен бөліп алынған көшірме. Сілтемеге байланысты қойылатын талаптар: əдептілік болуы, мағынаның өзгеріске түспеуі, сілтеме алынған еңбектің авторын, атамасын, баспа орыны мен атын, жария жылын, бетін дəл келтіру; - түсініктеме беру (аннотация)- оқылғанның мəнді тараптарын жойып алмастан, қысқа, ықшам баяндау (ауызша не жазба); - пікір беру (рецензирование)- оқылған жөнінде өз ойын білдіруге арналған қысқаша ауызша не жазба баян. - анықтама (справка) түзу –ізденіс нəтижесінде жинақталған ақпарат бойынша мəлімет. Анықтамалар түрі - өмірнамалық дерек, сандық- статистикалық, жағрапиялық, терминологиялық жəне т.б. - формальды –қисынды модель жасау - оқылғанды сөз-сүлбе (схема) күйінде жеткізу; - тақырыптық тезаурус құрастыру - тақырып, бөлім не түгелдей пəн бойынша тірек ұғымдардың реттелген жиынтық тізімін жасау; - идеялар матрицасын жасау - біртекті заттар, құбылыстар жөнінде келтірілген түрлі авторлар еңбектеріндегі салыстырмалы сипаттамаларда кесте формасына келтіру; - пиктографиялық жазба –сөзсіз бейнелеу. Оқудың практикалық əдістері - оқушының іс-əрекетіне, оқу қызметтеріне негізделеді. Бұлардың басты міндеті –тəжірибелік ептіліктер мен дағдылар қалыптастыру. Мұндай топтастыруда жаттығу, лабораториялық жəне тəжірибелік əдістері бірігеді. Жаттығулар – материалды игеру не игерілгеннің сапасын көтеру мақсатында оқу əрекеттерін (ақыл не қызметтік) көп мəрте қайталаумен орындау. Жаттығулар ауызша, жазба, графикалық жəне оқу-еңбектік болып ажыралады. Ауызша жаттығулар оқушылардың сөйлеу мəдениетінің, қисынды ойлау, ес, зейін, таным мүмкіндіктерінің дамуына ықпал жасайды. Жазба жаттығулардың басты міндеті игерілген білімді бекіту жəне олар бойынша қажетті ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырып, қолдануға бейімдеу. Оқу-еңбектік жаттығулар ерекше əдістер тобын құрайды. Бұларды пайдалану нəтижесінде оқушылар теориялық біліктерін еңбек іс-əрекеттерінде қолдануға үйреніп, еңбек құрал-саймандарымен, лабораториялық жабдықтармен қатынас жасауға дағдыланады, құрастырушылық-техникалық ептіліктерін дамытады. Оқушылардың өзіндік əрекеті мен дербес жұмыс істеуіне байланысты қалаған жаттығу қайта жасау, дағдылану, шығармашылдық сипатына ие. Оқу процесінің белсенділігін көтеру, оқу тапсырмаларының сапалы орындалуына түсіндірмелі жаттығулардың тиімділігі орасан. Бұлардың мəні – оқушы орындап жатқан əрекетіне сипаттама береді, осыдан жаттығу ісі мен білімі көтеріңкі саналылықпен меңгеріледі. Лабораториялық жұмыстар əдіс ретінде оқушылардың өз бетінше арнайы приборлар мен құралдарды пайдалана отырып, тəжірибе не эксперимент жүргізуіне негізделген. Жұмыс дара не топта жүргізіледі. Бұл əдісті қолдану барысында оқушылар жоғары белсенділік жəне дербестікпен қатысып, зерттеу істеріне етене араласуға мүмкіндік алады. 3. Оқу əдістерін шəкірттердің танымдық əрекеттеріне орай топтастыру Танымдық іс-əрекет сипаты оқушының ойлау белсенділігінің деңгейінен көрінеді. Мұндай топтастыру тұрғысынан келесі əдістер түрі ажыралады: түсіндірме – көрнекілі (ақпаратты – рецептивті, іштей түсіну), қайталай жасау (репрадуктивті), проблемді баяндау, бөлшектеп ізденіс (эвристикалы) жəне зерттеу. Түсіндірме – көрнекілі əдістің мəні – оқытушы əрқилы құрал-жабдықтар көмегімен дайын ақпаратты хабарлайды, ал оқушылар оны қабылдайды, түсінеді жəне есте қалдырады. Оқушылардың танымдық іс-əрекеті дайын білімдерді есте қалдыруымен еленеді, бірақ бұл бейсаналық деңгейде де болып, ақыл-ой белсенділігіне ешқандайда əсер етпеуі ықтимал. Осыдан түсіндірме, яғни ақпаратты- іштей түсіну əдісі əрдайым тиімді бола бермейді. Қайта жасау (репродуктивті) əдісте оқытушы ақпаратты дайын күйінде хабарлап, түсіндіреді, ал оқушылар оны меңгеріп, ұстаз тапсырмасымен сол күйінде қайталап айтып береді. Білім өзгеріске түспейді, оқушыдан шығармашыл белсенділік талап етілмейді. Қайта жасау əдісінің, ақпараттық іштей түйсіну əдісіндегідей басты тиімділігі- уақыт, күш қуат үнемділігі. Бұл əдіс қысқа уақытта, көп күш жұмсамай ауқымды көлемдегі білім қоры мен ептіліктерді түсіндіріп жеткізуге мүмкіндік береді. Сабақ барысындағы көп қайталаудан білім бекімі бірқанша жоғары болады. Бірақ бұл əдіс те оқушылардың ой белсенділігін көтеруде өзінің тиімсіздігімен байқалады. Проблемді оқу əдісі - оқу процесіндегі орындаушылық қызметтен шығармашыл іс-əрекетке өту құралы ретінде танылады. Бұл əдістің мəні – оқытушы мəселе ұсына отырып, оның шешімін береді, таным процесіндегі ой өрісінің даму жолын көрсетеді. Оқушылар дайын білімдерді, қорытындыларды тек қана түсініп, есте қалдырумен шектеліп қалмай, дəлелдер қисынына, ой пайымдау тəсіліне бақылау қояды. Мұндай əдісті қолдану барысында оқушылар таным процесінің тікелей қатысушысы болмағанымен, мұғалімнің ой топшылауларына зер сала отырып, өздеріде проблема шешуге үйреніп барады. Танымдық процестің біршама жоғары деңгейде танылғаны - бұл бөлшектеп ізденіс (эвристикалық) əдісі. Бұл əдіске байланысты оқушылар күрделі оқу проблемасын толықтай бастан-аяқ шешпестен, проблеманы бөлшектерге келтіріп, оларды бірінің ізімен екіншісіне жауап тауып отырады. Оқудың зерттеу əдісі – оқушының білім игерудегі шығармашылдық ізденісіне басты назар аударады. Бұл əдісті қолданудағы басты мақсат- оқушының білім игерудегі саналылығын көтеру, құбылыстар мен оқиғаларды нақты күйінде қабылдамай, олардың мəн-мағынасына тереңдей ұғынуға үйрету, қорытындылар жасауға баулып, игерген білім, ептілік жəне дағдыларын тұрмыста қолдануға жаттықтыру. Бақылау сұрақтары: Болашақ мұғалімдерді жалпы педагогикалық дайындаудағы бөлімнің маңызын айтыңыз? 2.Бөлімнің мақсат, міндеттеріне сипаттама беріңіз? Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Бабаев С.Б, Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика» Алматы 2006. 2.С.Ш. Әбенбаев, А.М. Құдиярова, Ж.Ә. Әбиев «Педагогика» Астана 2003. 3.Ж. Әбиев, А.М. Құдиярова, С. Бабаев «Педагогика» Алматы 2004. 4.Бержанов К.Б., Мусин С.М., Педагогика тарихы. Алматы-2004. 5.Дүсембекова Ш.Д. Педагогика. Семей 2004 ж. Дәріс 8 Дәріс тақырыбы: «Тәрбие теориясы» бөліміне әдістемелік сипаттама Дәріс мазмұны: Мақсаты: Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері жөнінде түсінік беру, тәрбие жұмысының түрлерімен таныстыру. Жоспар: Жеке тұлғаны дамыту мен қалыптастыруда тәрбиенің бірлігі. Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері. Тәрбие жұмысының түрлері. Тәрбие құралдары. Тәрбие принциптері. Тәрбие теориясының жалпы сұрақтары студенттердің меңгеруі үшін күрделі болатынын тәжірибе көрсетіп отыр. Сондықтан да студенттерге оқылатын сұрақтар тізімін бірізділікпен айқын ажыратып алған дұрыс. Аталған бөлімнің тақырыптары мемлекеттік саясатпен және қоғамдық демократиялық идеялармен байланысты болғандықтан, жаңа сұрақтармен толықтырылып отырады. 1-тақырып «Тәрбиенің теориялық негіздері» деп аталады, ол төмендегі сұрақтарды қамтиды: тәрбие тарихи-қоғамдық, педагогикалық және әлеуметтік құбылыс ретінде; тәрбие мәні, қазіргі таңдағы тәрбиенің ерекшеліктері; тәрбие үдерісінің негізгі заңдылықтары мен принциптері; тәрбиенің құрылымдық компоненттері (мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдістері, тәсілдері, формалары, тәрбие нәтижесі); «балалықтың экологиясы» саласының ерекшелігі. Тәрбиелеуші орта, «тәрбиелеуші кеңістік» және ортаны педагогтандыру туралы сұрақ маңызды орын алады. Студенттер бұл құбылыстардың тәрбиелеудің заманауи жағдайларында өзекті болып табылатынын білулері керек. Осыдан келіп мақсаты – тәрбиенің теориялық негіздері туралы білімдер жүйесін қалыптастыру туындайды. Аталған тақырып аясында тәрбиенің үдерісін ұйымдастырудағы әдіснамалық бағыттары ретінде жүйелі, тұлғалық-бағытталушы, философиялық- антропологиялық, синергетикалық, этномәдени секілді заманға лайық амалдарын қарастыру мақсатқа сай болып келеді. Даулы мәселенің бірі ретінде жалпы принциптер, соның ішінде тәрбие принциптері туралы сұрақтар анықталған. Бүгінгі таңда мынандай сұрақтар нақты өз шешімін таппаған болып саналады: «Принцип» деген сөз нені білдіреді?», «Принциптің неше түрі бар?», «Принциптердің қандай типтері мен түрлері кездеседі?», «Принциптердің құрылымы мен мазмұны қандай?». Студенттерге принциптердің саны, түрі, типтері ғылыми амалдардан (жүйелілік, іс-әрекеттік және т.б.), қолданылу аясынан (жоғары білім жүйесі, ғылыми және практикалық іс-әрекет саласы), принципті алу тәсілінен (контент-анализ, тәжірибені оқу, жинақтау және т.б.) туындайтынын түсіндіру керек. Барлық принциптер өзара тығыз байланысты. Принциптерден ережелер туындайды. Ережелер практикада принциптерді жүзеге асырудың алғы шарттары ретінде болады. Аталған тақырыпты оқу барысында ақпарат-дәрісі, визуалдау-дәрісі типтерін қолданған жөн. Семинар сабақтарын пресс-конференция, семинар-пікірталас, жоспар негізінде кеңейтілген әңгіме және т.б. түрінде өткізуге болады. СӨЖ үшін тапсырманы жазбаша сұрақтар түрінде беру ұсынылады: 1) Тәрбие үдерісінің диалектілігі неден көрінеді? Тәрбие үдерісінің қозғаушы күштері нелер? 2) «Тәрбие принциптерінің байланыстылығы» деген сызба сызу. Олардың тәрбиені ұйымдастыру барысында сақтау (сақталмау) салдарын мысалдар арқылы көрсету. 3) «Балалықтың экологиясының» мәні неде? 2-тақырып «Тәрбиенің мақсаты, міндеттері, мазмұны». Бұл тақырып «Тәрбие теориясы» бөлімінде маңызды болып саналады. Өйткені студенттердің тәрбие тиімділігі айқын мақсатты ұстанымдардан тұрады деген сенімдері оларға одан кейінгі кезеңде тәрбиенің әдістемелік негіздерін дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. Мақсаты – тәрбие үдерісінің теориялық негіздері туралы білімдер жүйесін қалыптастыру. Дәріс басталғанға дейін мақсат, идеал, міндеттер, мазмұн; амал, концепция, парадигма деген ұғымдардың философиялық түсінігін қарастырып алу керек, одан кейін барып дәріс барысында осы ұғымдардың педагогикалық мәнін ашып көрсеткен жөн. Түсініктілік аппаратымен осындай жұмыс жүргізу студенттерге ғылымаралық ұғымдарды жақсы түсініп, бірыңғай қабылдаулары үшін қажет. Бұл тақырып студенттердің мына жайттарды түсінулеріне бағытталған: тәрбиенің жүйеқұраушы компоненті мақсат болып табылады; тәрбие мақсаты болашақтың (адамның, топтың, ұжымның, қоғамның, адамзаттың, цивилизацияның) пір тұтар бейнесіндей қарастырылады; тәрбие мақсатының әлеуметтік (қоғамдық) және тұлғалық (өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру) деп аталатын екі деңгейі бар. Тәрбие мақсаты тәрбиелеу үдерісінде тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасау болып табылады. Жан-жақты даму адамды әр түрлі іс-әрекетті атқаруға икемдейді, мысалы: ақыл-ой-танымдық, еңбек, қоғамдық-пайдалы, көркем, спорттық, ойындық және т.б. Аталған тақырып аясында тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің қисындық байланысын анық байқауға болады, оларды дұрыс таңдай білгенде заңды түрде адамның қоғамдық, кәсіби және жеке өміріндегі өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі таныта білуіне жол ашады. Студенттерге мақсат ұғымы диалектикалық мәнге ие екенін және оның тарихи сипаты барын түсіндіру керек. Мақсатты қоя білу оны нақтылауды талап етеді, яғни тәрбиенің стратегиялық және тактикалық міндеттерін айқындау. Стратегиялық міндеттер тәрбиенің барысымен анықталады, оны орындау ұзақ мерзімді сипатқа ие, ал тактикалық міндеттер жақын арадағы істерді шешуге бағытталған (мысалы, ата- аналар жиналысын жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу). Мақсат пен міндеттер тәрбие мазмұнын айқындайды. Тәрбиенің қазіргі таңдағы мазмұны бірден қалыптасқан жоқ. Ол көне грек философтарының (Аристотель) еңбектерінен бастап қалыптасу мен дамудың ұзақ кезең бастан кешірді, қайта өрлеу дәуірінің (Ф. Рабле, М. Монтень) гуманистік идеяларымен, диалектикалық материализм өкілдерінің (К. Маркс, Ф. Энгельс) материалистік көзқарастарымен, коммунистік тәрбие идеяларымен (В.И. Ленин) толықтырылса, қайта құру кезінде тәрбиені демократияландыру белең алды. Студенттер тәрбие мазмұны ерікті әрі стихиялы түрде қалыптаспайтынын, керісінше, тұтасымен әрі толықтай тәрбие мақсаты мен міндеттеріне, қоғам дамуының нақты кезеңдерінің мазмұнына тәуелді болатынын білуі керек. Тәрбие мазмұны дене бітімдік, ақыл-ой танымдық, еңбек, адамгершілік, эстетикалық, азаматтық-құқықтық, экологиялық, экономикалық бағыттарда көрініс беруі шарт. Әрбір бағыттың өзінің нақтылы міндеттері мен жүзеге асу механизмі бар. Басқаша айтқанда, тәрбие мақсаты біреу, ал тәрбие міндеттері көп; тәрбиенің мақсаты мен міндеттері тәрбиенің мазмұнын айқындайды, және осы қисындық байланысты келесі сызбадан көруге болады: Арнайы қарастыруды қажет ететін маңызды сұрақтардың бірі тәрбиенің заманауи концепциялары мен парадигмалары. Студенттерді тәрбиенің заманауи концепцияларының негізгі идеяларымен таныстыру қажет: тәрбие үдерісін жүйелі құру (В.А. Караковский Л.И. Новикова, Н.Л. Селиванова); бала тұлғасын қалыптастырудың жүйелі-рөлдік теориясы (Н.М. Таланчук); тәрбие баланы әлеуметтендірудің педагогикалық компоненті ретінде (М.И. Рожков, Л.В Байбородова, О.С. Гребенюк); ұжымдық-шығармашылық іс-әрекетте тәрбиелеу (И.П. Иванов); адамға лайық өмір салтын қалыптастыру (Н.Е. Щуркова); баланы мәдениет адамындай етіп тәрбиелеу (Е.В. Бондаревская); мектеп оқушыларының гуманистік тәрбиесі (В.Т. Кабуш); тәрбиелеушілік түсінік (Л.М. Лузина); балаға және оның дамуына педагогикалық көмек көрсету (О.С. Газман); жеке тұлғалық тәрбиелеу (Е.Н. Степанова); оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуі (Г.К. Селевко); адам қажеттілігі негізінде тәрбиелеу (В.П. Созонов) және т.б. Әр бағыт өкілдері қалыптастырған тәрбиенің әр түрлі концепциялары мен парадигмалары түрлі амалдарға сүйенетінін және бұл демократиялау мен плюрализация жағдайында өзекті болып саналатынын студенттерге түсіндіру абзал. Бұл тақырыпты оқыту үшін дәрістің ақпараттық-проблемалық дәріс, визуалдау-дәрісі типтерін пайдаланған жөн, семинар сабақтарын семинар- пікірталас, жоспар негізіндегі әңгіме және т.б. формасында өткізуге болады. СӨЖ үшін топтық тапсырмалар беруге болады. Студенттердің 1-тобы тәрбие мақсаты туралы педагогикалық дәйексөздерді іріктейді, кейін оны семинар сабағында талдайды. Студенттердің 2-тобы тарихи-педагогикалық әдебиеттермен танысып, жан-жақты дамуының идеясын салыстырмалы талдамасын жасау нәтижесінде мультимедиялық презентация әзірлейді. Студенттердің 3-тобы «Әрбір сыныптағы тәрбие мазмұны қалай анықталады? Педагог тәрбие мазмұнын таңдауда қаншалықты ерікті?» деген сұрақтарымен мұғалімдермен, сынып жетекшілерімен өткен бейнеинтервьюдің жазбасын жүргізеді. 3-тақырып «Тәрбие әдістерінің жүйесі». Мақсаты – студенттер тәрбие компоненттерінің арасындағы байланысты айқын аңғарулары және де тәрбие әдістері, оларды таңдау тәрбиенің мақсат, міндеттерімен, мазмұнымен анықталғанын сезініп, сонымен қатар тәрбие әдістері мен принциптерінің арасында диалектикалық байланыстың бар екенін білулері керек. Тақырыпты оқу барысында студенттер философиялық және педагогикалық аспектілері бар әдіс, тәсіл, құрал, жүйе деген ұғымдармен танысады. Тәрбие әдісінің мәндік сипаты, оның басты ерекшелігі педагог пен тәрбиеленушінің өзара әрекеттестігінде жатыр деген ой басты болып табылады. Осы тақырып аясында қаралатын сұрақтар: тәрбие әдістерінің жіктелуі, олардың мазмұндық сипаты; тәрбие тәсілдері мен құралдары; тәрбие әдістерін, тәсілдерін, құралдарын таңдау критерийлері. Бұл тақырыпты өту барысында бинарлы (интеграцияланған) дәріс типін таңдап алуға болады, дәріскерлердің бірі болып сынып жетекшісі, арнайы шақырылған мұғалім болуы мүмкін. Олардың міндеті – оқытушының дәріс материалының мазмұны бойынша өз жұмысының тәжірибесін нақтылы мысалдар көрсету арқылы толықтырып отыру. Осы тақырып бойынша семинар сабағы семинар-пікірталас, жоспар негізіндегі әңгіме, проблемалық семинар формаларында өткізуге болады. Сабақты «Мұғалімнің педагогикалық тактісі» тақырыбындағы педагогикалық техниканы жетілдіруге байланысты тренинг элементтерімен де толықтыруға мүмкіндік бар. СӨЖ тапсырмалары студенттер оқу қызығушылықтарымен байланысты дифференциалды болуы дурыс: 1) «Тәрбие әдістерінің жүйесі» деген сызбасын құру. 2) «Тәрбиенің әдістері, тәсілдері, құралдары» атты сөзжұмбақ құрастыру. 3) «Тәрбие әдістері» тақырыбында аңдатпалық әдебиет тізімін құру (ең азы 5-7 дереккөздер болуы шарт). 4-тақырып «Тәрбиенің ұйымдастыру формалары». Мақсаты – тәрбиені ұйымдастыру формалары, олар тәрбиенің мазмұны, әдістері, тәсілдері және құралдарымен байланысы туралы білімдер жүйесін қалыптастыру. Тақырып тәрбие жұмысының формалары ұғымының мәні, тәрбиелік іс-шара, тәрбиелік іс; тәрбие үдерісі формаларының көптүрлілігі; тәрбиені ұйымдастыру формаларының критерийлері деген сұрақтарды қарастырады. Бұл тақырып студенттердің қабылдауына еш қиындық туғызбайтынын айта кеткен жөн, сол себепті тәрбие жұмысының кез келген түрін жоспарлау және ұйымдастыру алгоритмі, сынып сағаты тәрбие үдерісінің негізгі формасы ретінде, тәрбие жұмысының картотекасы деген кейбір жекелеген сұрақтарды студенттердің өз бетімен қарауларына беріп кейін семинар сабағында бірлесіп талдауға болады. Оқытушы ақпарат-дәрісті визуалдау элементтерімен қолдана алады. Семинар сабағын мұғалім-практикті шақыруымен тақырыптық семинар түрінде өткізуге болады. СӨЖ ұйымдастыру үшін үздіксіз педагогикалық іс-тәжірибе мүмкіндіктерін пайдаланған жөн. Студенттерге мынандай топтық тапсырма беріледі: бір тәрбиелік іс-шараға қатысып, талдау жасап, талқылауға ұсыну керек, сонымен қатар студенттер тәрбие жұмыстарының бірнеше формаларын көрсете алулары керек, мысалы, ауызша журнал, «Не?» «Қайда?» «Қашан?» викторинасы, байқаулар, тақырыптық сынып сағаттары, «Көңілді старттар» атты спорттық жарыстары және т.б. 5-тақырып «Тәрбиелеуші орта және оның дамуы». Мақсаты – студенттердің отбасы, оқушы ұжымы, балалар мен жастар қозғалысы, бірлестіктер мен ұйымдар әлеуметтік ортаны құрып, тұлға дамуының негізгі факторлары болып табылатынын түсінуі керек. Дәріс барысында ұғым аппаратымен жұмыс жүргізу керек: тәрбиелеуші орта, тәрбие кеңістігі, әлеуметтік орта, әлеуметтік кеңістік; әлеуметтік бейімделу және персонизациялау, ортаны педагогтандыру. Одан кейін отбасы тұлғаны дамыту мен тәрбиелеу факторы ретінде, қазіргі отбасылардың ерекшелігі, отбасының тәрбиелік әлеуеті; оқушылар ұжымы тұлғаны тәрбиелеу факторы ретінде, ұжым белгілері, оның құрылуы мен дамуы, оқушы ұжымындағы тұлға төзімділігін тәрбиелеу; балалар мен жасөспірімдер қозғалысы, бірлестіктер мен ұйымдар балалар мен жасөспірімдік жастағы дамудың факторы ретінде, олардың мәртебесі мен қызметі, балалар мен жасөспірімдер бірлестіктері мен ұйымдары қызметінің мазмұны мен ұйымдастырушылық-әдістемелік негіздері деген сұрақтар жинақталып қарастырылады. Оқу материалын осылайша беру семинар сабағында қаралатын негізгі сұрақтар қатарын арттырады. Бұл тақырыпты оқу барысында ақпарат-дәріс, белсенді үлестірмелі материалдарды қолданған жинақтаушы-қорытындылау дәрісі типтерін қолдануға болады. Семинар сабағын пікірталас немесе «Ата-ана мәртебесінің түрлері», «Ата- аналар мен балалардың өзара қарым-қатынасының стилі» және т.б. тақырып бойынша рөлдік ойын элементтері бар «дөңгелек үстел» формасында өткізілуі тиіс. СӨЖ тапсырмалары ретінде мыналарды ұсынуға болады: 1) Үздіксіз педагогикалық іс-тәжірибе кезінде бөлініп берілген оқушылар ұжымының жағдайы туралы хабарлама әзірлеу. 2) Ата-аналар жиналысының жоспарын дайындау. 3) Сабақ үлгерімі мен тәртібі нашар оқушының ата-анасымен жеке әңгіме жүргізудің жоспарын құру. 4) Бекітіліп берілген сынып оқушыларымен «Өз-өздеріңді игере аласыңдар ма?» деген тест өткізу, оның қорытындысын талдап, диаграмма жасау. 6-тақырып «Сынып жетекшісінің жұмысы». Мақсаты – сынып жетекшісі іс- әрекетінің мақсаты, қызметі, құрылымы мен мазмұны туралы білімдер жүйесін қалыптастыру. Қазақстанда әр түрлі типтегі жалпы білім беретін мектептер (лицей, гимназия, жеке және интеллектуалдық мектептер т.б.) көп екендігін ескере отырып, кураторлар жұмысының ерекшеліктерін де қарастыра кеткен жөн. Семинар сабағында тәрбие жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыру әдістемесін практикум элементтерімен толық қарастыру керек. Осы тақырыпты меңгерту барысында ақпарат-дәріс, визуалдау-дәрісін қолданған орынды. Семинар сабақтарын практикум элементтерімен байланыстыру орынды, себебі қарастырылатын сұрақтардың көп бөлігі сынып жетекшісінің практикалық іс-әрекетімен тығыз байланысты, ал ол үшін оқушылардың түрлі іс- әрекеттерін ұйымдастыру, тәрбие жұмыстарын жоспарлау іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру қажет. СӨЖ мынандай тапсырмалардан тұрады: 1) Тәрбие жұмыстарының құрылымдық моделін құрастыру. 2) Сыныптың тәрбие жұмысының перспективті-күнтізбелік жоспарын құру (сыныпты студент өзі таңдап алады). 3) Ұжымдық шығармашылық қызметті қолдана отырып, бір тәрбиелік іс- шараны өткізу конспектісін әзірлеу. 7-тақырып «Педагогикалық мониторинг». Мақсаты – мониторинг мәні, оның принциптері мен қызметтері туралы білімдер жүйесін қалыптастыру; оқушыларды диагностикалау әдісімен, оқушының (сыныптың) тәрбие және білімділік деңгейін бағалау критерийлерімен танысу; педагогикалық мониторинг орнын педагогикалық үдеріс қисынында көрсету. Аталған тақырыпты меңгеруде студенттер педагогикалық мониторинг педагогикалық диагностикалаумен тығыз байланысты екенін ұғынулары керек. Ол жеке тұлғаның немесе ұжымның қабілеттілігін, педагогикалық үдеріске қатысушылардың жағдайы мен ерекшеліктерін педагогикалық мақсатқа және сол үдерістің нәтижелілігіне қол жеткізуге бағытталғандығын анықтап, есепке алатын танымдық-қайта құрылымдық іс-әрекет түрі болып табылады. Педагогикалық диагностика педагогикалық үдеріс кезеңдерінде белгілі бір бағдарлама бойынша жүйелі жүргізіледі және осы үдерістің қатысушылары, шарттары, мазмұны мен нәтижесі туралы нақты ақпарат алуды көздейді. Тақырыпты меңгеру педагогикалық мониторинг, педагогикалық диагностика, педагогикалық болжалдау, педагогикалық мониторинг әдістемесі, педагогикалық диагностика әдістемесі, білім алушылардың білімі мен тәрбиесі педагогикалық үдерістің нәтижелі көрсеткіштері ретінде деген жаңа ұғымдарды қараудан басталады. Дәріс сабағының аясында педагогикалық мониторинг, педагогикалық диагностика, олардың мақсаты, негізгі міндеттері, қызметтері, нысандары мен әдістері туралы ақпарат беріледі. Дәріс кезінде педагогикалық мониторинг әдістемесінің әрбір әдісі мен жекелеген кезеңдеріне тоқталу мүмкін емес болғандықтан, бұл сұрақтарды семинар-практикум аясында қарастырған жөн. Бұл тақырыпты меңгеру барысында белсенді үлестірмелі материалдарды қолданумен өткен ақпарат-дәрісті пайдалануға болады. Семинар мен практикум сабақтарын бір сабақ аясында үйлесімді етіп өткізу педагогикалық мониторинг әдістемесін оқыту кезінде орынды болып табылады. Сабақтың осындай ерекшелігі нақтылы бір әдістің мәні, құрылымы, мазмұнын меңгеруде, курс жұмысын жазу барысында мониторинг нәтижелерін қолданудан тұрады. СӨЖ үшін үздіксіз педагогикалық іс-тәжірибе кезінде бекітіліп берілген сынып оқушыларына айқын бір әдістемені қолдана отырып диагностика жүргізу туралы жеке немесе топтық тапсырмалар беріледі. Топтық тапсырма түрлері: 1) Сынып оқушыларының іс-әрекеті мен мінез-құлқына тікелей бақылау жүргізу, бақылау нәтижелерін тіркеп, мәліметтер бойынша қорытындылар жасау. 2) Сынып оқушыларымен диагностикалық әңгіме ұйымдастырып, өткізу, оның нәтижесін талдау, қорытынды жасау. 3) Сынып оқушыларының жеке істерімен танысу, сынып журналы, оқушылардың «өнімдерімен» (реферат, шығарма, эссе, модель, сурет және т.б.) танысу, алынған мәліметтерді жүйелеу, қорытындыларын шығару. 4) Сынып жетекшісінің педагогикалық іс-әрекетіне тікелей бақылау жүргізіп, оқушылар тұлғасының дамуына педагогикалық ықпал етудің тиімділігін зерттеу, алынған қорытындылар бойынша жүйелі талдаулар жасау. Осылайша, біз «Тәрбие теориясы» бөлімінің тақырыптарын қарастырып шықтық. Педагогика бойынша сабақты ұйымдастыру мен өткізуге байланысты берілген ұсыныстар нұсқаулық сипатқа ие, сондықтан әр оқытушы «Тәрбие теориясы» бөлімінің тақырыптарын өзінің әдістемелік ерекшелігімен жандандырып өткізуіне болады. Бақылау сұрақтары: 1) Тəрбиелік істер жүйесінде өзіндік тəрбиенің орны қандай? 2) Қайта тəрбиелеу не үшін қажет? 3) Тəрбиенің негізгі заңдылықтарына түсінік беріңіз. 4) Гуманистік тəрбие принциптерін атаңыз. 5) Гуманистік тəрбие принциптерінің негізгі салаларын атаңыз. 6) Педагогикалық қызметтегі тəрбие принциптері мен ережелерінің маңызын ашып беріңіз. Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Бабаев С.Б, Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика» Алматы 2006. 2.С.Ш. Әбенбаев, А.М. Құдиярова, Ж.Ә. Әбиев «Педагогика» Астана 2003. 3.Ж. Әбиев, А.М. Құдиярова, С. Бабаев «Педагогика» Алматы 2004. 4.Бержанов К.Б., Мусин С.М., Педагогика тарихы. Алматы-2004. 5.Дүсембекова Ш.Д. Педагогика. Семей 2004 ж. 3 ТӘЖІРБИЕЛІК САБАҚТАР Тәжірибелік сабақтарындағы студенттердің танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыруға байланысты нұсқаулар 1) Талқылауға ұсынылатын семинар тақырыбы мен сұрақтарын ұғу, әдістемелік нұсқаулықтармен танысу. 2) Тақырыбы бойынша дәріс конспектісін оқу, қажетті әдебиет пен материал іздестіру, ақпараттың ең маңыздысын ғана таңдап алу және бастысын жанамаларынан айыра білу, мәтінді лексикалық, синтаксистік тұрғыдан өңдеу, оқыған материалды құрылымдау, жүйелеу, оқыған материал бойынша қорытындылар шығару, түсінуге қиындық пен қарама-қайшылық туғызған сұрақтарды арнайы жекелеп көрсету. 3) Семинардың типіне байланысты әр түрлі тапсырмалар орындалады: конспект жазу (тезистік, дәйексөздік, сызбалық, сұрақ-жауаптық, тақырыптық, шолу-тақырыптық және т.б.), жоспар құру (қарапайым немесе күрделі), реферат, эссе жазу, педагогикалық есептерді шешу және т.б. 4) Мынандай ортақ талаптарға сүйене отырып логикалық бірізді әрі айқын сөз даярлау: сөз сөйлеу, бір бөліктен екінші бөлікке байланыса ауысу, аргументтер келтіру, қорытындылар жасау. 5) Сөйлеген сөз мағына жағынан айқын, грамматикалық дұрыс болуы керек. 6) Сөйлеген сөз эмоционалды тұрғысынан жақсы болуы керек (қолды сермеп сөйлеу мен мимиканы көп қолданудың қажеті жоқ). 7) Сөз мәнерлі, дикция айқын болу керек. 8) Сөз сөйлегенде тыңдаушылармен тығыз байланыс орнатып, олардың көңілдерін назардан шығармау керек. 9) Көрнекілік материал қолдану. 10) Сөз сөйлегенде уақыт регламентін сақтау. Семинардың маңызды бір кезеңі әңгіме және пікірталас жүргізудің ережелерін сақтау: 1) талдауға ұсынылатын сұрақты ұғу, талқылаудың пәнін және әңгіме қатысушылардың көзқарастарын айқындау; 2) нақты дәлелді аргументтерді келтіре отырып өз пікірінің дұрыс екенін дәлелдеу; 3) пікірталасқа қатысушыларды мұқият тыңдау; 4) әңгімеге дер кезінде араласа білу; 5) басқалардың пікірін сынға алмау, туындаған шиеленісті бәсеңдету үшін әзіл-оспақты орынды қолдана білу. 1- тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Педагогиканы оқыту әдістемесінің пәні мен міндеттері Сабақтың мазмұны: 1.Педагогикалық білімдерді меңгерудің ерекшеліктері 2.Педагогиканы оқыту әдістемесі теория мен практиканың жиынтығы ретінде 3.Педагогиканы оқыту әдістемесінің жалпы және дербес бөліктері Сабақтың мақсаты: педагогикалық ғылымдар туралы білімдер жүйесін қалыптастыру, педагогиканы ғылым және өнер ретінде меңгеруге студенттердің қызығушылықтарын арттыру. Бақылау сұрақтары: 1.Педагогиканы оқыту әдістемесі оқу пәні ретіндегі сипаты жайлы баяндаңыз 1.Педагогикалық білімдерді меңгерудің ерекшеліктеріне анықтама беріңіз? 2.Педагогиканы оқыту әдістемесі теория мен практиканың жиынтығын атаңыз? Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Савин И.В.Методика преподавания педагогики Москва. Просвещение, 1987 2. Бұзаубақова Қ.Ж.Педагогикалық тренинг жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде Алматы, 2006 3. Бабанский Ю.К.,Ильина Т.А.,Жантекеева З.У. Педагогика высшей школы. Алматы ,1989 2- тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Педагогика курсының мазмұнына жалпы сипаттама Сабақтың мазмұны: 1. Педагогиканың мазмұны ғылымның бейнесі ретінде 2. Педагогика курсы мазмұнының жалпы сипаты Сабақтың мақсаты: Педагогикалық ғылымдар туралы білімдер жүйесін қалыптастыру, педагогиканы ғылым және өнер ретінде меңгеруге студенттердің қызығушылықтарын арттыру. Бақылау сұрақтары: 1. 1. Педагогиканың мазмұны ғылымның бейнесіне сипаттама беріңіз? 2. Педагогика курсы мазмұнының жалпы сипатына анықтама беріңіз? Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Савин И.В.Методика преподавания педагогики Москва. Просвещение, 1987 2. Бұзаубақова Қ.Ж.Педагогикалық тренинг жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде Алматы, 2006 3. Бабанский Ю.К.,Ильина Т.А.,Жантекеева З.У. Педагогика высшей школы. Алматы ,1989 3- тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Педагогиканы оқытудағы технологиялар, оның компоненттері Сабақтың мазмұны: 1. Оқыту тұтас педагогикалық үдерістің бөлшегі ретінде 2. Педагогиканы оқытудың заңдылықтары мен принциптері 3. Педагогиканы оқыту үдерісінің ерекшеліктері Сабақтың мақсаты: Педагогикалық білімді меңгеру деңгейлерінің сипаттамасымен таныстыру Бақылау сұрақтары: 1.Педагогиканы оқыту заңдылықтары оқыту үдерісінің компоненттері арасындағы байланысты көрсетіңіз 2. Оқыту үдерісі өзара байланысты қандай компоненттерден тұрады? Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Савин И.В.Методика преподавания педагогики Москва. Просвещение, 1987 2. Бұзаубақова Қ.Ж.Педагогикалық тренинг жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде Алматы, 2006 3. Бабанский Ю.К.,Ильина Т.А.,Жантекеева З.У. Педагогика высшей школы. Алматы ,1989 4- тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Іскер ойын педагогикадағы белсенді оқыту әдісі ретінде Сабақтың мазмұны: 1. Іскерлік ойындар әдісі туралы жалпы түсінік Сабақтың мақсаты: аналитикалық, жобалау, жоспарлау, құрылымдау, ұйымдастырушылық, коммуникативтік, рефлексивтік іскерлік, дағдыларын және құзіреттіліктерін қалыптастыру. Бақылау сұрақтары: 1. Іскерлік ойынның міндетті бөліктерін атаңыз 2. Іскер ойын әдісі дегеніміз не? Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Савин И.В.Методика преподавания педагогики Москва. Просвещение, 1987 2. Бұзаубақова Қ.Ж.Педагогикалық тренинг жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде Алматы, 2006 3. Бабанский Ю.К.,Ильина Т.А.,Жантекеева З.У. Педагогика высшей школы. Алматы ,1989 5- тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Модульдік оқыту Сабақтың мазмұны: 1.Модульдік оқытудың негізі 2. Модульдік оқытудың ерекшелігі Сабақтың мақсаты: Модульдік оқытудың ерекшелігімен студенттерді танысу. Бақылау сұрақтары: 1. Модульдік оқытудың негізіне анықтама беріңіз? 2. Модульдік оқытудың ерекшелігін атаңыз? Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Савин И.В.Методика преподавания педагогики Москва. Просвещение, 1987 2. Бұзаубақова Қ.Ж.Педагогикалық тренинг жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде Алматы, 2006 3. Бабанский Ю.К.,Ильина Т.А.,Жантекеева З.У. Педагогика высшей школы. Алматы ,1989 6- тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Педагогика бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын талдау Сабақтың мазмұны: 1. 2. Сабақтың мақсаты: Бақылау сұрақтары: 1. Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Савин И.В.Методика преподавания педагогики Москва. Просвещение, 1987 2. Бұзаубақова Қ.Ж.Педагогикалық тренинг жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде Алматы, 2006 3. Бабанский Ю.К.,Ильина Т.А.,Жантекеева З.У. Педагогика высшей школы. Алматы ,1989 7- тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Педагогикадағы оқытудың көрнекі құралдары Сабақтың мазмұны: 1. Оқытудың көрнекілік құралдары студенттің оқу материалын жақсы меңгеруінің негізі 2. Кабинет – әдістемелік орталық. Сабақтың мақсаты: 1. Оқытудың көрнекілік құралдары студенттің оқу материалын жақсы меңгеруінің негізін қалыптастыру Бақылау сұрақтары: 1. 1. Оқытудың көрнекілік құралдары дегеніміз не? 2. Кабинет – әдістемелік орталық қандай талаптарға жауап беруі керек? Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Савин И.В.Методика преподавания педагогики Москва. Просвещение, 1987 2. Бұзаубақова Қ.Ж.Педагогикалық тренинг жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде Алматы, 2006 3. Бабанский Ю.К.,Ильина Т.А.,Жантекеева З.У. Педагогика высшей школы. Алматы ,1989 8- тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Педагогика бойынша лекцияларды дайындау мен өткізудің әдістемесі Сабақтың мазмұны: 1.Педагогика бойынша оқу сабағының классикалық формасы 2. Дәрістердің негізгі дидактикалық қызметі 3. Дәрісті оқу кезеңдеріне дайындық Сабақтың мақсаты: тұлғаны қалыптастыру және әлеуметтендіру, дамыту туралы, студенттердің оқу материалын ары қарай игеруі үшін бағыт-бағдар беру. Бақылау сұрақтары: 1 Педагогика бойынша оқу сабағының классикалық формасына мысал келтіріңіз? 2. Дәрістердің негізгі дидактикалық қызметі қандай? 3. Дәрісті оқу кезеңдеріне дайындық қалай жүргізіледі? Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Савин И.В.Методика преподавания педагогики Москва. Просвещение, 1987 2. Бұзаубақова Қ.Ж.Педагогикалық тренинг жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде Алматы, 2006 3. Бабанский Ю.К.,Ильина Т.А.,Жантекеева З.У. Педагогика высшей школы. Алматы ,1989 9- тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Педагогика бойынша семинар сабақтарын дайындау мен өткізудің әдістемесі Сабақтың мазмұны: 1. Педагогика бойынша оқу сабағының классикалық формасы 2.Семинар сабақтың негізгі дидактикалық қызметі 3.Семинарға дайындалудың кезеңдері Сабақтың мақсаты: тұлғаны қалыптастыру және әлеуметтендіру, дамыту туралы пәнаралық білімдер жүйесін қалыптастыру Бақылау сұрақтары: 1.Семинар сабағын іскерлік ойындар элементтерін қатыстыруымен қандай формада өткізуге болады? Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Савин И.В.Методика преподавания педагогики Москва. Просвещение, 1987 2. Бұзаубақова Қ.Ж.Педагогикалық тренинг жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде Алматы, 2006 3. Бабанский Ю.К.,Ильина Т.А.,Жантекеева З.У. Педагогика высшей школы. Алматы ,1989 10- тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Педагогика бойынша практикалық сабақтарды дайындау мен өткізудің әдістемесі Сабақтың мазмұны: 1. 1. Педагогика бойынша оқу сабағының классикалық формасы 2. Практикалық сабақтың негізгі дидактикалық қызметі 3. Практикалық сабаққа дайындалудың кезеңдері Сабақтың мақсаты: тұлғаны қалыптастыру және әлеуметтендіру, дамыту туралы пәнаралық білімдер жүйесін қалыптастыру Бақылау сұрақтары: 1. Педагогика бойынша оқу сабағының классикалық формасы 2. Практикалық сабақтың негізгі дидактикалық қызметі 3. Практикалық сабаққа дайындалудың кезеңдерін атаңыз Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Савин И.В.Методика преподавания педагогики Москва. Просвещение, 1987 2. Бұзаубақова Қ.Ж.Педагогикалық тренинг жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде Алматы, 2006 3. Бабанский Ю.К.,Ильина Т.А.,Жантекеева З.У. Педагогика высшей школы. Алматы ,1989 11- тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Тесттік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу Сабақтың мазмұны: 1. Тесттік бақылауды ұйымдастыру ерекшеліктері 2. Қазіргі кезде дидактикада тест тапсырмаларының негізгі түрлері Сабақтың мақсаты: бақылау сапасын арттыру және оқу үдерісінің тиімділігін бағалау құралы ретінде ұғым қалыптастыру Бақылау сұрақтары: 1.Тест тапсырмасы қандай талаптарға сай болу керек? Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Савин И.В.Методика преподавания педагогики Москва. Просвещение, 1987 2. Бұзаубақова Қ.Ж.Педагогикалық тренинг жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде Алматы, 2006 3. Бабанский Ю.К.,Ильина Т.А.,Жантекеева З.У. Педагогика высшей школы. Алматы ,1989 12- тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: «Педагогиканың жалпы негіздері» бөлімін оқытудың әдістемесі Сабақтың мазмұны: 1.Педагогика ғылым және өнер ретінде 2.Тұтас педагогикалық үдеріс: мәні, құрылымы, қарама-қайшылықтары, қозғаушы күштері, негізгі сипаттамалары, қызметтері, заңдылықтары мен принциптері. Сабақтың мақсаты: тұлғаны қалыптастыру және әлеуметтендіру, дамыту туралы пәнаралық білімдер жүйесін қалыптастыру. Бақылау сұрақтары: 1 Педагогика ғылым ретінде 2.Тұтас педагогикалық үдеріс: мәні, құрылымы, қарама-қайшылықтары, қозғаушы күштері, негізгі сипаттамалары, қызметтері, заңдылықтары мен принциптеріне сипаттама беріңіз? Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Савин И.В.Методика преподавания педагогики Москва. Просвещение, 1987 2. Бұзаубақова Қ.Ж.Педагогикалық тренинг жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде Алматы, 2006 3. Бабанский Ю.К.,Ильина Т.А.,Жантекеева З.У. Педагогика высшей школы. Алматы ,1989 13- тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: «Дидактика» бөлімін оқыту әдістемесі Сабақтың мазмұны: 1 Дидактика оқытудың педагогикалық теориясы ретінде. 2 Оқыту үдерісі тұтас жүйе ретінде. 3 Оқытудың заңдылықтары мен принциптері. 4 Жалпы білім беру мазмұны. 5 Оқытудың әдістері мен құралдары. Сабақтың мақсаты: «Дидактика» бөлімін оқыту әдістемесі бөлімінде студенттің іскерлік дағыдыларын, оқытудың түрлі технологияларын қолданудың ерекшеліктерімен таныстыру. Бақылау сұрақтары: 1.Оқу əдістерін білім көзі бойынша топтастырыңыз? 2.Оқу әдістерін дидактикалық әдіс бойынша таптасытырңыз? 3.Әдіс, тәсіл, оқыту әдісі дегеніміз не? Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Савин И.В.Методика преподавания педагогики Москва. Просвещение, 1987 2. Бұзаубақова Қ.Ж.Педагогикалық тренинг жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде Алматы, 2006 3. Бабанский Ю.К.,Ильина Т.А.,Жантекеева З.У. Педагогика высшей школы. Алматы ,1989 14- тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: «Тәрбие теориясы» бөлімін оқытудың әдістемесі Сабақтың мазмұны: 1.Тәрбиенің теориялық негіздері 2. Тәрбиенің мақсаты, міндеттері, мазмұны 3. Тәрбие әдістерінің жүйесі Сабақтың мақсаты: «Тәрбие теориясы» бөлімін оқыту әдістемесі бөлімінде студенттің іскерлік дағыдыларын, оқытудың түрлі технологияларын қолданудың ерекшеліктерімен таныстыру. Бақылау сұрақтары: 1. Тәрбиенің теориялық негіздерін атаңыз? 2. Тәрбиенің мақсаты, міндеттері, мазмұнына сипаттама беріңіз? 3. Тәрбие әдістерінің жүйесін атаңыз? Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Савин И.В.Методика преподавания педагогики Москва. Просвещение, 1987 2. Бұзаубақова Қ.Ж.Педагогикалық тренинг жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде Алматы, 2006 3. Бабанский Ю.К.,Ильина Т.А.,Жантекеева З.У. Педагогика высшей школы. Алматы ,1989 15- тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Педагогика курсында білім беру жүйесін басқару мәселелерін зерттеу әдістемесі Сабақтың мазмұны: Педагогика курсында білім беру жүйесін басқару мәселелерін зерттеу әдістемесін қолданудың ерекшеліктерімен таныстыру. Сабақтың мақсаты: әдіснама мәні, қызметі, деңгейлері туралы білімдер жүйесін қалыптастыру; педагогиканың философиялық негіздерімен (экзистенциализм, неопозитивизм, прагматизм, диалектикалық материализм және т.б.), сонымен қатар педагогиканы зерттеу әдістемесімен таныстыру. Бақылау сұрақтары: 1. Педагогика курсында білім беру жүйесін басқару мәселелерін зерттеу әдістемесіне анықтама беріңіз? Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Савин И.В.Методика преподавания педагогики Москва. Просвещение, 1987 2. Бұзаубақова Қ.Ж.Педагогикалық тренинг жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде Алматы, 2006 3. Бабанский Ю.К.,Ильина Т.А.,Жантекеева З.У. Педагогика высшей школы. Алматы ,1989 5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ 5.1 Студенттердің өздік жұмыстарының ұйымдастырылуына әдістемелік нұсқаулық Педагогика пәні бойынша өзіндік жұмыстың әр түрлі тапсырмаларын орындау үшін студенттерге ұсынылатын нұсқаулар 1. Ақпараттық хабарлама әзірлеу – семинар, практикалық сабақтарда баяндау үшін әзірленген, көлемі жағынан шағын болып келетін өзіндік жұмыстың түрі. Хабарлама мақсаты – оқу материалын белгілі бір тақырып бойынша жинақтау. Хабарлама қысқа болғанымен, фактілік, статистикалық ақпараттармен толықтырылады. Жазбаша рәсімделіп, көрнекілік элементтерін қамтуы мүмкін. Хабарламаға сапалы дайындалу үшін мына ұсыныстарды орындау керек: -мәселе бойынша әдебиеттерді оқу; -хабарлама жоспарын құру (оқу материалының күрделілігіне қарай жай (қарапайым) немесе күрделі жоспар құруға болады); -негізгі түсініктерін таңдап, анықтама беру; -қарастырылып отырған құбылыстың (үдерістің, нысанның т.б.) себеп- салдарлық байланысын көрсету; -оқу нысанын жан-жақты сипаттайтын қосымша мәліметтерді қолдану; -томендегі берілген үлгі бойынша хабарлама мәтінін дайындау: Тақырып (мәселе) атауы: «Педагогикалық зерттеу әдістері» 1. Түсініктің мәні: 2. Зерттеу әдістерінің классификациясы 3. Зерттеу әдістерінің сипаттамасы 4. Зерттеу әдістерін таңдау жолдары 5. Хабарлама бойынша қорытындылар Ақпараттық хабарламаны бағалау критерилері: -мазмұнның тақырыпқа сай келуі; -материалды өңдеудің негізі мен тереңдігі; -оқуға міндетті (негізгі) әрі қосымша әдебиеттерді пайдалану; -көрнекілікті қолдану; -хабарлама жасауға бөлінген уақыт регламентін сақтау (5 минут). 2. Глоссарий (сөздік) құрастыру – педагогика тақырыбы бойынша кездескен терминдерді жинақтау мен жүйелеуден тұратын өзіндік жұмыс түрі. Глоссарийді құру мақсаты – басты терминдер мен олардың анықтамаларын көрсету. Терминдер мен олардың анықтамалары жазбаша рәсімделіп, әліпби тәртібімен беріледі. Студент келесі нұсқауларды ұстануына болады: -тақырып бойынша материалды оқу; -басты терминдерді таңдау; -негізгі анықтамаларды жазу; -анықтамаларды талдау, ең нақты және қысқа анықтаманы шығару; -төмендегі үлгіні пайдалана отырып, глоссарий құрастыру: |№ |Терминдер |Анықтамасы |Алынған жері | |1. |Анализ (талдау) |Құбылыстардың жекелеген |Философиялық-энциклопе| | | |жақтарын, белгілері мен |диялық сөздік - М.: | | | |қасиеттерін анықтап |Инфра-М., 1997. – | | | |қарастыру |376с. | Глоссарийді бағалау критерилері: -терминдердің тақырыпқа сәйкестігі; -терминдердің көп аспектілігі және оларды оқылып отырған пәннің ерекшелігіне сай ықшамдаудың нақтылығы; -талапқа сай рәсімдеудің сәйкестігі; -жұмыстың көрсетілген мерзімінде тапсырылуы. 3. Алғашқы дереккөздерден конспекті жазу (мақалалар, оқулықтар, монографиялар және т.б.) – ақпаратты қысқаша үлгіде конспектілеуге бағытталған өзіндік жұмыстың бір түрі. Жұмыстың бұл түрінің мақсаты деректемелердің негізгі ережелерін анықтау, автор теорияға қандай жаңалық енгізгеніне талдау жасау. Жұмыс жазбаша рәсімделеді. Тапсырманы орындауға арналған нұсқаулар: -деректеменің оқу матералын оқып шығуы, бастысын, жаднамасын анықтау; -жоспар құру; -тақырып бөлімдерінің арасында байланыс орнату; -басты түсініктер, сөздерді, ұғымдарды айқындау; -күрделі сөйлемдерді жай, қарапайым, қысқа сөйлемдерге ауыстыру; -шартты қысқартулар жүйесін әзірлеу және қолдану; -төмендегі үлгіні пайдалана отырып, конспект жазу: Дереккөздерді конспектілеуді бағалау критерилері: -мазмұн жоспарға сай келуі; -автор жұмысының нәтижелерін, негізгі ережелерін дәлелді беруі; -негізгі жайттарды бірізділік пен нақтылық арқылы беруі; -ерекше мәнге ие ақпаратты белгілеп көрсету үшін графикалық және басқа да шартты таңбаларды қолдану; -баяндаудың сауаттылығы; -талаптарына сай рәсімделуі; -конспектіні мерзімінде тапсыруы. 4. Эссе жазу – тақырыбы субьективті түрде ғана ашылған өзекті тақырыпқа еркін түрде шағын көлемді шығарма жазудағы өзіндік жұмыстың бір түрі. Эссе мақсаты – мәселенің мәнін ашу, логикалық ойлаудың нәтижесінде өз пікірін жазбаша түрінде беру және әр түрлі көзқарасты ұстану. Тапсырманы орындауға келесі нұсқаулар беріледі: -эссе тақырыбын мұқият оқып, ондағы мәселені анықтап алу; -эссе тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысып, іріктеп алу; -эссе жоспарын құру; -мәселенің мазмұнын және оны шешу жолдарын қысқа, тұжырымды етіп көрсету; -төмендегі үлгіні пайдалана отырып, эссені рәсімдеу: Эссе тақырыбы мен мақсаты________________________________________ Эссе мазмұны: -тақырыптың теория мен практика үшін өзектілігі; -мәселені шешу үшін дәл келетін жолдарды талдау («артықшылықтары», «кемшіліктері»); -мәселені шешудің өзіндік жолын ұсыну; -ұсынылған жолдың шынайылыққа айналдыру (жоспары, ресурстары және т.б.); -ұсынылған жолдың, тәсілдің «күшті» және «әлсіз» жақтарын көрсету. Эссені бағалау критерилері: -мазмұн эссе тақырыбына сәйкес келуі; -мәселенің қазіргі жағдайын нақтылы бағалау; -ұсынылған идеяның тиімділігі мен мәні; -мәселені шешудегі ерекше жолдың, амалдың бар болуы; -баяндаудың айшықтығы, бейнелілігі; -баяндау сауттылығы. 5. Рецензия (сын пікір) жазу – рефератқа, кітапқа, мақалаға, шығармаға және т.б. пікір жазатын өзіндік жұмыстың бір түрі. Рецензияны жазудағы мақсат – жұмысқа талдау жасау: оның мазмұны, «артықшылықтары» мен «кемшіліктері», зерттелініп отырған мәселеге автордың қосқан үлесі, амалдардың өзіндік ерекшелігі. Тапсырманы орындауға арналған ұсыныстар: -рецензияланатын дереккөзді мұқият оқып шығу; -рецензия жоспарын құру; -рецензияланатын дереккөздің «артықшылықтары» мен «кемшіліктерін» айқындау; -жұмысқа баға беру; -төмендегі үлгіні пайдалана отырып, рецензияны рәсімдеу: Рецензияны бағалау критерилері: -рецензияланатын жұмыстың толық талдауы; -рецензияланатын дереккөздің «артықшылықтары» мен «кемшіліктерін» айқындау; -студенттің рецензияланатын дереккөзге өзінің жеке пікірін білдіру; -рәсімдеу талаптарына сәйкестігі; -мазмұндаудың сауаттылығы; -көрсетілген мерзімде өткізілуі. 6. Аннотация жазу – кітаптың, мақаланың қысқаша мазмұнын көрсететін өзіндік жұмыстың түрі. Аннотацияны жазудың мақсаты – жұмыстың негізгі мазмұнын сипаттау және оның қандай оқырмандарға арналғаны туралы мәлімет беру. Тапсырманы орындауға байланысты ұсыныстар: -аннотацияланатын дереккөзді мұқият оқып шығу; -аннотация жоспарын құру; -негізгі ой, мәселені көрсету, автордың пікірін, оның қорытындыларын анықтау; -үлгі бойынша аннотацияны рәсімдеу: Аннотацияны бағалаудың критерилері: -аннотацияның мазмұндылығы; -аннотацияланатын дереккөздің негізгі ережелерін баяндау; -рәсімдеудің талаптарға сәйкестігі; -мазмұндау сауаттылығы; -жұмысты көрсетілген мерзімде өткізу. 7. Тақырып бойынша жинақталған кесте құру – үлкен ақпарат көлемін жүйелеу мен жинақтау арқылы кестеде көрсететін өзіндік жұмыстың бір түрі. Кестені құру мақсаты – ақпараттың мол көлемін құрылымдау, оны дұрыс түсіну және есте сақтау үшін кестеге енгізу. Тапсырманы орындауға байланысты нұсқаулар: -тақырып бойынша ақпаратпен танысу; -жұмыстың мақсатын айқындау; -ақпаратты құрылымдау, оны қысқаша түрде көрсетіп, осы мәліметтермен кестенің негізгі графаларын толтыру; -үлгі бойынша кесте толтыру: -кестені үлгі бойынша толтыру Жинақталған кестені бағалау критерилері: -мазмұны тақырып пен мақсатқа сай келуі; -кесте құрылымының қисындылығы; -ақпараттың құрылымдылығы, жүйелілігі; -кестені талаптарға сай рәсімдеу; -кестені уақытында өткізу. 8. Фактілік сызбаларды құру – ешбір өлшемсіз, шартты белгілердің көмегімен ақпаратты беруді құрайтын өзіндік жұмыс түрі. Фактілік сызбалардың мақсаты – ойлардың, түсініктердің көлемдік және көрнекілік тұрғыда берілуін, олардың өзара байланыстылығы және өзара тәуелділігін көрсету. Тапсырманы орындауға берілетін ұсыныстар: -тақырып бойынша ақпаратпен танысу; -басты элементтерді анықтап, олардың арасындағы өзара байланысты және өзара шарттасу белгілерін анықтау; -ақпаратты жүйелеу; -фактілік сызбалар құру. Сызбаны бағалау критерилері: -мазмұнның тақырыпқа сай келуі; -ақпараттың жүйелілігі; -ақпараттың басты элементтерінің арасындағы кисындық байланыс; -тапсырманы орындауға шығармашылық тұрғыдан қарау; -жұмысты орындаудағы мұқияттылық; -жұмысты уақытында өткізу. 9. Тақырып бойынша сөзжұмбақтар құрастыру – ақпараттың графикалық түрде бейнелейтін өзіндік жұмыс түрі. Сөзжұмбақтарды құрастыру мақсаты – ақпаратты жүйелеу, білім алушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Сонымен қатар сөзжұмбақты құрастыру өзін-өзі бақылау және өзара бақылау әдісі ретінде қолдануға болады. Тапсырманы орындауға арналған нұсқаулар: -тақырып бойынша оқу материалымен танысу; -оларға сұрақтар мен жауаптар құрастыру; -графикалық сызба сызу. Сөзжұмбақты бағалау критерилері: -мазмұнның тақырыпқа сәйкестігі; -сұрақтарды дұрыс құрастыра білу; -сөзжұмбақтың көлемі (10 сөзден кем емес); -жұмысты уақытында тапсыру. 10. Реферат жазу – белгілі бір тақырыптағы жұмыстың немесе мақаланың, кітаптың мазмұнын қысқа да нұсқа үлгіде алу мақсатында ақпаратты жинақтау, жүйелеуге бағытталған өзіндік жұмыс түрі. Реферат жазу мақсаты – оқылатын тақырыпқа жаңашылдық элементтерін енгізе отырып, толықтыру. Тапсырманы орындауға байланысты нұсқаулар: -автор шешімін табуы тиіс мәселелер мен негізігі сұрақтарды айқындау; -автор дәлелдейтін негізгі ережелерді ерекшелеп көрсету, ол қандай тәсілдермен дәлелденетіндігін (теориялық немесе экспериментік жол) көрсету, негізгі қорытындыларды, жаңалықтарды айқындап, көзқарастарды салыстыру және авторлар пікірінің тоғысатын, алшақтайтын жерлерін көрсету; -тақырыпқа жеке көзқарасты қысқаша түрде көрсетіп, оның теориялық және практикалық мәнін бағалау; -рефераттың жоспарын құру. Реферат құрылымы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және әдебиет тізімінен тұруы керек. Реферат кіріспесінде тақырып таңдалуы, өзектілігі және қаралатын мәселенің тереңдігі баяндалады. Ал рефераттың негізгі бөлімінде қаралатын мәселе және оның кейбір кемшіліктерін ашуда қолданылатын концепциялар, әр түрлі авторлар теориясы көрсетілуі керек. Сонымен қатар автор өз зерттеулерінің нәтижелерін де қолдана алады. Рефератты рәсімдеу талаптарын қарастырайық. СОӨЖ тапсырмасының кестесі. |№ |Тапсырма мазмұны |Формасы | Өткізу |балл | | | | |мерзімі(апта)|саны | |1 |Ғылым және оқу пәні, олардың |конспект |2 |10 | | |өзара байланыстары мен | | | | | |ерекшеліктері. | | | | |2 |Педагогикалық білім беру |Реферат |4 |10 | | |мекемелерінде педагогика оқу | | | | | |пәні ретінде. | | | | |3 |Педагогика педагогикалық |Реферат |6 |10 | | |ғылымдардың кең жүйесі | | | | | |ретінде | | | | |4 |Педагогикадағы оқыту |Реферат |10 |10 | | |принциптері, олардың | | | | | |сипаттамасы. | | | | |5 |«Оқыту әдісі» және «оқыту |конспект |12 |10 | | |тәсілдері» ұғымдары. | | | | |6 |Оқыту тәсілдері оқыту |конспект |14 |10 | | |әдістерінің құрамдас бөлігі | | | | | |ретінде. | | | | СӨЖ тапсырмасының кестесі. |№ |Тапсырма мазмұны |Формасы |Өткізу |балл | | | | |мерзімі |саны | | | | |(апта) | | |1 |Глоссарий (сөздік) құрастыру| |3 |25 | | |– педагогика тақырыбы |Глоссарий (сөздік) | | | | |бойынша кездескен |құрастыру– басты | | | | |терминдерді жинақтау мен |терминдер мен | | | | |жүйелеу |олардың | | | | | |анықтамаларын | | | | | |көрсету | | | |2 |Педагогика кітапқа, |Рецензия (сын |5 |25 | | |мақалаға рецензия (сын |пікір) жазу | | | | |пікір) жазу | | | | |3 |Жоғары оқу орындарындағы ПОҚ|Кесте құру |7 |25 | | |профессиограммасы | | | | |4 |Оқытуды диагностикалаудың |Эссе |11 |25 | | |тұлғаға бағытталған сипаты. | | | | |5 |Тақырып (мәселе) атауы: | |13 |25 | | |«Педагогикалық зерттеу |Мәселе талдау | | | | |әдістері» | | | | | | | | | | |6 |Алғашқы дереккөздерден | |15 |25 | | |конспекті жазу (мақалалар, |конспекті жазу | | | | |оқулықтар, монографиялар | | | | | |және т.б.) – ақпаратты | | | | | |қысқаша үлгіде | | | | | |конспектілеуге | | | | І –рубеждік бақылау сұрақтары 1.Педагогика – ғылым ретінде 2. Педагогиканың ғылым ретіндегі бейнесі 3.Педагогика курсының мазмұнын құрылымдау 4.педагогиканы оқытудың әдістері мен тәсілдері 5.Педагогика оқытудың әдістемесі,нысаны, пәні және міндеттері 6. педагогика курсының мазмұнын жетілдіру 7. Педагогика оқытудың үдерісінің ерекшеліктері 8.Педагогика оқытудың құралдары ІІ-рубеждік бақылау сұрақтары 1. «Оқытудың ұйымдастыру формалары» деген түсініктің мәнін ашыңыз. 2. Оқытудың ұйымдастырушылық формасы қандай қызмет атқарады? 3. Педагогика бойынша дәріс типтеріне сипаттама беріңіз. 4. Дәрістерге қойылатын негізгі талаптарды атаңыз. 5. Семинар сабақтарына қойылатын негізгі талаптарды атаңыз. 6. Практикалық және зертханалық сабақтарға қойылатын негізгі талаптарды атаңыз. 7. Семинар түрлеріне сипаттама беріңіз. 8. Педагогиканы оқу барысындағы студенттердің өзіндік жұмыстарының рөлі қандай? 9. Студенттің жеке жұмысы мен өзіндік жұмысының арасындағы ерекшелік неде? 10. Оқытудың көмекші формаларына сипаттама беріңіз. 5.2 Студенттердің өздік жұмыс тақырыптары 5.2.1Ғылым және оқу пәні, олардың өзара байланыстары мен ерекшеліктері 5.2.2Педагогикалық білім беру мекемелерінде педагогика оқу пәні ретінде 5.2.3 Педагогика педагогикалық ғылымдардың кең жүйесі ретінде 5.2.4 Педагогикадағы оқыту принциптері, олардың сипаттамасы 5.2.5 «Оқыту әдісі» және «оқыту тәсілдері» ұғымдары 5.2.6 оқыту тәсілдері оқыту әдістерінің құрамдас бөлігі ретінде 5.2.7 Педагогика кабинеті 5.2.8 Педагогика бойынша студенттердің ғылыми – зерттеу жұмысы 5.2.9 Педагогикалық үйірме 5.2.10 Оқытуды диагностикалаудың тұлғаға бағытталған сипаты 5.2.11«Педагогикада мақсат қою» тақырыбының әдістемелік сипаты. 5.2.12 Қазіргі педагогикалық технологиялар. ----------------------- №1 №2 №3 №n №1-1 № 1 №1-1 №1 Білім алушы іс-әрекеті Міндеттер Мазмұн Әдістер Құралдар Формалар Нәтиже Мақсат Оқытушы іс-әрекеті Өзара әрекеттестік, бірлескен іс-әрекет Физикалық, физиологиялық «Мен» Адамның физикалық дене бітімі және ағзасындағы физиологиялық үдерістер оның әлеуметтік мінез-құлқына әсер етеді Әлеуметтік «Мен» Әлеуметтік қызметтер сыртқы ортамен байланысты болады, қоғамның іс- әрекетімен де араласады Биологиялық «Мен» Ген комбинациясы дамудың жалпы бағдарламасын және әлеуметтік мінез-құлықты тудырады Психологиялық «Мен» Психикалық қасиеттер мен психикалық жағдайлар әлеуметтік іс-әрекетке импульстер береді және керісінше «МЕН» Тақырыпты анықтау Практикалық эксперименттік жұмысты ұйымдастыру Алынған мәліметтерді талдау, қорытындылар шығару Педагогикалық зерттеу қисыны мен үдерісі Таным саласын анықтау ғылым бөлім бағыт Зерттеу кезеңдері Эмпирикалық Модельдеуші Түзетуші Әдебиеттерді оқу, тәжірибемен танысу және оларды талдау Жұмыс болжауын құру, зерттеу әдістемесін анықтау Практикаға түзетулер мен нақтылауларды енгізу Теориясын құру Тәрбие мақсаты Тәрбие міндеттері Тәрбие мазмұны Әдіс - Зерттеу әдістері - Теориялық Эмпирикалық Бақылау - Модельдеу - 1. Зерттеу мақсаты 2. Зерттеу міндеттері 3. Гипотеза 4. Әдіснамалық және теориялық жолдар 5. Осылайша, 1. Дереккөздер конспектісі (оқулық, монография тарауы) ______________________________________________________________________ 2. Автордың толық аты-жөні, жұмыстың толық атауы, басылып шыққан уақыты______________________________________________________________________ 3.Жоспары 1.______________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ 1. ____________________________________________________________________ 2. ____________________________________________________________________ 2. ______________________________________________________________________ 2.1_____________________________________________________________________ 2.2_____________________________________________________________________ 4. Жоспардың әр сұрағын толығымен ашып көрсету Дереккөзге (реферат, мақала және т.б.) Рецензия (Сын пікір) Автордың аты-жөні, жұмыс атауы, басылған жылы Жоспары: 1. Автор туралы қысқаша мәлімет 2. Басылым түрі (реферат, мақала, кітап және т.б.) 3. Басылымның мақсаты мен міндеттері 4. Басылым құрылымы және жұмыстың қысқаша мазмұны 5. Аталған басылымның осыған ұқсас басылымдардан ерекшелігі 6. Басылымның артықшылықтары мен кемшіліктері 7. Басылымның практикалық мәні 8. Баяндау стилі (қол жетімділігі, анықтылығы, бейнелілігі, көрнекілік және т.б.). 9. Басылымның жалпы бағасы Дереккөзге (кітапқа, оқулыққа, монографияға, мақалаға және т.б.) Аннотация Автордың аты-жөні, жұмыс атауы, басылған жылы Жоспары: 1. Автор туралы қысқаша мәлімет 2. Басылым түрі (реферат, мақала, кітап және т.б.) 3. Басылымның мақсаты мен міндеттері 4. Басылым құрылымы және жұмыстың қысқаша мазмұны 5. Автордың көрсеткен негізгі, мәселері, пікірлері 6. Көрсетілген мәселелерді шешудегі автордың берген ұсыныстары мен қорытындылары Аннотация авторы «Жоғары оқу орындарындағы профессорлық-оқытушылық құрамының (ПОҚ) қызмет мазмұнын айқындайтын нормативтік құжаттар» тақырыбындағы жинақталған кесте Жоғары оқу орындарындағы ПОҚ профессиограммасы Тұлға мен оның іс-әрекетінің сипаты |Мазмұны | |1. ЖОО ПОҚ кәсіби педагогикалық іс-әрекетінің қоғамдық-әлеуметтік және кәсіби сипаттамасы |1.1 Мамандық атауы 1.2 ЖОО ПОҚ қойылатын жалпы талаптар (лауазымдық міндеттерге сипаттама) | | 2. Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің мазмұны |2.1 ЖОО ПОҚ іс-әрекетінің саласы 2.2 Іс-әрекеттің мақсаты 2.3 ЖОО ПОҚ іс-әрекетінің мазмұны, пәні, құралдары 2.4 Іс-әрекеттің объектілері, субъектілері 2.5 ЖОО ПОҚ іс-әрекетінің құралдары 2.6 Іс-әрекетінің нәтижесі 2.7 ЖОО ПОҚ шешетін мәселелері мен міндеттері 2.8 Іс-әрекеттің түрлері мен деңгейлері 2.9 Іс-әрекеттің қызметтері және бірліктері | |3. Білім, іскерлік және құзыреттілік |3.1. Кәсіби педагогикалық білім, іскерлік және құзыреттілік | |4. Кәсіби маңызды қасиеттер |4.1 Интеллектуалдық қасиеттер және қабілеттер 4.2 Кәсіби педагогикалық өзіндік сананың қасиеттері 4.3 Адамгершілік қасиеттер 4.4 Жеке психологиялық ерекшеліктер | |
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz