Файл қосу

Республикасының әкімшілік құқығы



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                       |
|СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ               |
| 3 деңгейлі СМЖ құжаты   |ПОӘК                   |                        |
|                         |                       |ПОӘК                    |
|                         |                       |042-18-20.1.18/02-2013  |
|«Қазақстан               |№1 басылым             |                        |
|Республикасының Әкімшілік|18.09.2013ж.           |                        |
|құқығы»                  |                       |                        |




































                      ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


                «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқығы»






                   СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ПӘНДЕР БАҒДАРЛАМАСЫ





            «Құқық және экономика негіздері» мамандығына арналған































                                    Семей


                                     2013





1 ӘЗІРЛЕНДІ
Құрастырушы:
«Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы Н.С. Газизова


2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 «Құқықтану» кафедрасы мәжілісінде

№1 Хаттама 02.09.2013ж.
Кафедра меңгерушісі _________    С.Х. Елеманов

2.2  Гуманитарлық-заң факультетінің оқу- әдістемелік бюро мәжілісінде

                                                                №1 Хаттама
17.09.2013ж.
Төрайым_____________Ш.С. Кеңесбаева


3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің Оқу- әдістемелік кеңесі мәжілісінде мақұлданып, ұсынылды
№1 Хаттама 18.09.2013ж.
ОӘК төрайымы_________ Г.К.Искакова




АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ  №1






































                                   Мазмұны



      |1   |Жалпы ережелер                                                 |    |
|2   |Пәннің мазмұны және сабақ түрлеріне байланысты сағаттар        |    |
|3   |Пәнді оқып үйренуге арналған әдістемелік нұсқаулар             |    |
|4   |Курстың форматы                                                |    |
|5   | Курстың саясаты                                               |    |
|6   |Бағалау саясаты                                                |    |
|7   |Әдебиеттер                                                     |    |
|    |                                                               |    |





























































      1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
      Оқытушы және пән туралы жалпы мәлімет: Газизова Назигул Слямболовна.
      Кафедра:  «Юриспруденция»
      Байланыс ақпараты – тел.: 36-02-23,  №1 оқу ғимараты, кабинет №604
      Сабақтың өткізілу орны – №2 оқу ғимараты, 426 дәрісхана.
      Кредит саны – 3
        Курстың қысқаша мазмұны:

      ҚР әкімшілік құқығы құқықтық пәндердің ішінде аса  маңызды  пәндердің
бірі болып табылады. Себебі әкімшілік құқық атқарушы  органдарының  қызметін
ұйымдастырумен  байланысты   қатынастарды   реттейді,   олардың   құрылымын,
өкілетіктері мен құзыретін,  сонымен  бірге  олардың  арасындағы  өзара  іс-
қимылдарын  анықтайды.  Әкімшілік  құқықпен  сондай-ақ   мемлекеттік   билік
органдарының азаматтармен және өздерінің  құзыреттеріне  сәйкес  мемлекеттік
емес ұйымдармен  өзара  іс-қимыл  жасауы  барысында  туындаған  қатынастары,
сондай-ақ әкімшілік құқық бұзшылықпен байланысты қатынастар реттеледі.
    ҚР әкімшілік құқығы курсы екі – жалпы және ерекше бөлімнен тұрады.
    Курстын жалпы бөлімінде мынадай  жалпы  мәселелер  қарастырылады:  оқып
зерттеу үшін жалпы ұгымдардың мәнісі ашылады; мемлекеттік  басқарудың  жалпы
сипаттамасы, пәні, жүйесі және әдістері, сонымен қатар оның  қайнар  көздері
мен  басқа  құқық  саласымен  ара-қатынасы  беріледі;  басқарудын   түрлері,
мемлекеттік басқарудын нысандары мен әдістерінің  мәнісі  ашып  көрсетіледі.
Сондай  –  ақ   курстын   жалпы   бөлімінде   әкімшілік   құқықтың   негізгі
институттары, нақты саланын маңызы мен ролі, оның атқару билік  органдарының
мәртебесін  анықтауға  ықпалы;  ҚР  заңдарын  орындауға  байланысты  олардың
ұйымдастырушылық  қызметі;  мемлекеттік  қызметті  жүзеге   асыру   мәселесі
қарастырылады.
    Курстын   ерекше    бөлімінде    әкімшілік    құқықтың    институттарын
байланыстыратын  нормалар  және  мемлекеттік  өмірдін  әртүрлі   салаларында
қолданылатын нормалар зерттелінеді.
    Курстың негізгі міндеті -  студенттерге  мемлекеттік  басқарудың  жалпы
ұғымы мен мазмұнының сипаттамасымен байланысты  ой  шеңберін  кеңейту  болып
табылады. Әкімшілік құқықтың негізгі  маңызы  шынайы  нақтылықта  туындайтын
әкімшілік – құқықтық қатынастарды зерттеп  қана  қоймай,  сонымен  қатар  ҚР
Конституциясында   баянды   етілген   адам   мен   азаматтардың   абсолюттік
құқықтарын,  билік  пен  басқа  да  тенденциялардың  бөлінуі  мен  қолданылу
мәселесін зерттейді.
1.Пәнді оқып-үйрену  барысында  студенттің  төмендегідей  мәселелер  бойынша
түсінігі болуы керек.
1.1   Әкімшілік  құқықтың   субъектілері,   объектілері,   принциптері   мен
талаптары туралы;
1.2. Әкімшілік құқықтың қорғалуы туралы;
1.3. Әкімшілік  құқықтық рәсімдеу тәртібі туралы;
1.4. Әкімшілік  құқықты жүзеге асыруда кездесетін мәселелер туралы;
1.5. Әкімшілік құқықтарының жүзеге асырылуының құқықтық тәртібі туралы;
1.6. Әкімшілік құқық бұзушылықтың себебі туралы;
1.7 Әкімшілік құқық  бұзушылықтың алдын алу шаралары туралы.
2. Студент білуі керек:
2.1. Әкімшілік  құқықтың заңдылықтары  мен курстың құрылымын;
2.2.  курсқа   қатысты   негізгі    ұғымдарды,   категорияларды,   заңдарды,
принциптерді;
2.3. Әкімшілік  құқықтың қалыптасу, даму  заңдылықтарын  және  оның  қазіргі
бағыттарын;
2.4. курстың зерттелу әдістерін;
2.5. қоғамдық  экономикалық  қатынастардың  қалыптасу  жағдайында  әкімшілік
құқықтың алатын орнын;
2.6.  Әкімшілік   құқықтың  әрекет  ету  принциптерін,  механизмдерін   және
заңдылықтарын;
2.7.Әкімшілік құқықтың даму заңдылықтары мен өзіндік ерекшеліктерін;
3. Студенттің төмендегідей мәселелерді игеруге қабілеті  мен  дағдысы  болуы
қажет:
3.1. Әкімшілік құқықтың құқықтық - ғылыми негіздерін жан-жақты игеруге;
3.2. курсты  зерттеу әдістерін іс жүзінде қолдана білуге;
3.3. экономикалық  өмірде  әртүрлі  құбылыстар  мен  процестердің  орын  алу
мүмкіндігін есепке ала отырып, олардың алдын ала  білуге  және  дұрыс  шешім
қабылдауға.
      3.5 Курстың пререквизиттері:
    - мемлекет және құқық теориясы;
    - конституциялық құқық;
    - құқық негіздері;
    - ҚР Азаматтық құқығы (Жалпы  бөлім).

         2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТ БӨЛІНІСІ
                                                                    №1 Кесте
|№  |Тақырып атауы      |Сағаттар                      |Әдебиеттер        |
|   |                   |ДС  |СС  |ЛС  |СОБӨЖ    |СӨЖ   |                  |
|1  |2                  |3   |4   |5   |6        |7     |8                 |
|1  |Әкімшілік құқық:   |2   |1   |жоқ |1        |20    |Таранов           |
|   |жалпы ұғымы.       |    |    |    |         |      |А.А.Қазақстан     |
|   |Әкімшілік құқық –  |    |    |    |         |      |Республикасының   |
|   |құқық саласы, оқу  |    |    |    |         |      |әкімшілік құқығы. |
|   |пәні, ғылым ретінде|    |    |    |         |      |Академиялық курс. |
|   |                   |    |    |    |         |      |Алматы, «КазГУ    |
|   |                   |    |    |    |         |      |Баспа үйі»        |
|   |                   |    |    |    |         |      |ЖШС,-2003,-284бет.|
|2  |Әкімшілік –        |2   |1   |жоқ |1        |      |Әкімшілік         |
|   |құқықтық нормалар  |    |    |    |         |      |құқықбұзушылық    |
|   |мен қатынастар     |    |    |    |         |      |туралы кодекс.    |
|   |                   |    |    |    |         |      |Алматы, 2012ж.    |
|3  |Әкімшілік –        |2   |1   |жоқ |2        |      |Таранов           |
|   |құқықтық нормалар  |    |    |    |         |      |А.А.Қазақстан     |
|   |мен қатынастар     |    |    |    |         |      |Республикасының   |
|   |                   |    |    |    |         |      |әкімшілік құқығы. |
|   |                   |    |    |    |         |      |Академиялық курс. |
|   |                   |    |    |    |         |      |Алматы, «КазГУ    |
|   |                   |    |    |    |         |      |Баспа үйі»        |
|   |                   |    |    |    |         |      |ЖШС,-2003,-284бет.|
|4  |Әкімшілік құқықтың |2   |1   |жоқ |1        |      |Әкімшілік         |
|   |субъектілері       |    |    |    |         |      |құқықбұзушылық    |
|   |                   |    |    |    |         |      |туралы кодекс.    |
|   |                   |    |    |    |         |      |Алматы, 2012ж.    |
|5  |Әкімшілік          |2   |1   |жоқ |2        |      |Әкімшілік         |
|   |жауапкершілік      |    |    |    |         |      |құқықбұзушылық    |
|   |                   |    |    |    |         |      |туралы кодекс.    |
|   |                   |    |    |    |         |      |Алматы, 2012ж.    |
|6  |  Әкімшілік іс     |2   |1   |жоқ |2        |      |Таранов           |
|   |жүргізу            |    |    |    |         |      |А.А.Қазақстан     |
|   |                   |    |    |    |         |      |Республикасының   |
|   |                   |    |    |    |         |      |әкімшілік құқығы. |
|   |                   |    |    |    |         |      |Академиялық курс. |
|   |                   |    |    |    |         |      |Алматы, «КазГУ    |
|   |                   |    |    |    |         |      |Баспа үйі»        |
|   |                   |    |    |    |         |      |ЖШС,-2003,-284бет.|
|7  |Әкімшілік –        |2   |1   |жоқ |1        |      |Таранов           |
|   |құқықтық режимдер  |    |    |    |         |      |А.А.Қазақстан     |
|   |                   |    |    |    |         |      |Республикасының   |
|   |                   |    |    |    |         |      |әкімшілік құқығы. |
|   |                   |    |    |    |         |      |Академиялық курс. |
|   |                   |    |    |    |         |      |Алматы, «КазГУ    |
|   |                   |    |    |    |         |      |Баспа үйі»        |
|   |                   |    |    |    |         |      |ЖШС,-2003,-284бет.|
|8  |Әкімшілік жазалар  |2   |1   |жоқ |2        |25    |Әкімшілік         |
|   |                   |    |    |    |         |      |құқықбұзушылық    |
|   |                   |    |    |    |         |      |туралы кодекс.    |
|   |                   |    |    |    |         |      |Алматы, 2012ж.    |
|9  |Әкімшілік          |2   |1   |жоқ |2        |      |Әкімшілік         |
|   |бұлтартпау шаралары|    |    |    |         |      |құқықбұзушылық    |
|   |                   |    |    |    |         |      |туралы кодекс.    |
|   |                   |    |    |    |         |      |Алматы, 2012ж.    |
|10 |Әкімшілік құқық    |2   |1   |жоқ |1        |45    |Таранов           |
|   |бұзүшылық          |    |    |    |         |      |А.А.Қазақстан     |
|   |                   |    |    |    |         |      |Республикасының   |
|   |                   |    |    |    |         |      |әкімшілік құқығы. |
|   |                   |    |    |    |         |      |Академиялық курс. |
|   |                   |    |    |    |         |      |Алматы, «КазГУ    |
|   |                   |    |    |    |         |      |Баспа үйі»        |
|   |                   |    |    |    |         |      |ЖШС,-2003,-284бет.|
|11 |Әкімшілік құқықтағы|2   |1   |жоқ |         |      |Таранов           |
|   |заңдылық           |    |    |    |         |      |А.А.Қазақстан     |
|   |                   |    |    |    |         |      |Республикасының   |
|   |                   |    |    |    |         |      |әкімшілік құқығы. |
|   |                   |    |    |    |         |      |Академиялық курс. |
|   |                   |    |    |    |         |      |Алматы, «КазГУ    |
|   |                   |    |    |    |         |      |Баспа үйі»        |
|   |                   |    |    |    |         |      |ЖШС,-2003,-284бет.|
|12 |Мемлекеттік қызмет |2   |1   |жоқ |         |      |Таранов           |
|   |                   |    |    |    |         |      |А.А.Қазақстан     |
|   |                   |    |    |    |         |      |Республикасының   |
|   |                   |    |    |    |         |      |әкімшілік құқығы. |
|   |                   |    |    |    |         |      |Академиялық курс. |
|   |                   |    |    |    |         |      |Алматы, «КазГУ    |
|   |                   |    |    |    |         |      |Баспа үйі»        |
|   |                   |    |    |    |         |      |ЖШС,-2003,-284бет.|
|13 |Басқарудың құқықтық|2   |1   |жоқ |         |      |Таранов           |
|   |актілері           |    |    |    |         |      |А.А.Қазақстан     |
|   |                   |    |    |    |         |      |Республикасының   |
|   |                   |    |    |    |         |      |әкімшілік құқығы. |
|   |                   |    |    |    |         |      |Академиялық курс. |
|   |                   |    |    |    |         |      |Алматы, «КазГУ    |
|   |                   |    |    |    |         |      |Баспа үйі»        |
|   |                   |    |    |    |         |      |ЖШС,-2003,-284бет.|
|14 |Антимонополиялық   |2   |1   |жоқ |         |      |. Әкімшілік       |
|   |қызметті басқару   |    |    |    |         |      |құқықбұзушылық    |
|   |                   |    |    |    |         |      |туралы кодекс.    |
|   |                   |    |    |    |         |      |Алматы, 2012ж.    |
|15 |Көлік және         |2   |1   |жоқ |         |      |Әкімшілік         |
|   |коммуникацияны     |    |    |    |         |      |құқықбұзушылық    |
|   |басқару            |    |    |    |         |      |туралы кодекс.    |
|   |                   |    |    |    |         |      |Алматы, 2012ж.    |


      3 ПӘНДІ ОҚЫП ҮЙРЕНУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
           Семинар сабақтарын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау
      «Қазақстан Республикасының Әкімшілік  құқығы»  пәні   бойынша  семинар
сабақтары  құқықтық  білімді  нығайтудың   негізгі   жолы  болып   табылады.
Семинар сабағында студент тақырып бойынша берілген  сұрақтарға  жауап  тауып
қана қоймай оны  қорытып   дұрыс  жеткізе  білуі  қажет.  Семинар  сабағында
студент  өзінің  дәріс  сабағында   алған    білім   деңгейін   тереңдетуге,
талқыланып отырған тақырыпқа қатысты өзінің көзқарасын  білдіруге  мүмкіндік
алады. Семинар  сабағына  дайындалу  барысында   жаңа  термин  сөздерге  мән
беріп, оны есте сақтауға тырысу керек.
      Студент  семинар сабағына  дайындалуға ұсынылған әдебиеттерді   мұқият
саралауы  керек  және  ол  ұсынылған  әдебиеттермен  шектеліп  қана  қоймай,
сонымен бірге  өз  тарапынан  ізденіп   баспа  материалдарын  да  қарастыруы
қажет.
      Құқықтық білім  адам  өмірінің  барлық  кезеңдеріне  қажет,  сондықтан
аталмыш пәнге деген  қызығушылықтың  болуы  студенттің  құқықтық  мәдениетін
арттыруға септігін  тигізеді.  Семинар  сабағының  басты  кеңесшісі  ол  пән
оқытушысы. Сол себепті түсініксіз сұрақтарға оқытушыдан кеңес  алып  отырған
жөн.  Семинар  сабағында  тақырыпқа  қатысты  мәселе  көтеріліп,  әр   түрлі
әдістердің   қолдануымен   шешіледі.  Әдістер:   ахуалдық    есептер   шешу,
баяндау, пікір  таластыру,  ойын  және  т.б.  Есептер  дегеніміз  күнделікті
өмірімізде  туындап жатқан құқықтық  мән  –  жайлар,  мәне  соларға  жауапты
іздеу барысында студент  қажетті  нормативті  құжатты дұрыс  тауып,  талдауы
керек.  Жауапты  баяндау  барысында  арнайы  деректерге  сүйене  отырып,  өз
сөздеріне дәлелдемелер келтіріп отыруы керек. Жауап беру барысында   баяндап
тұрған мәселеге тұжырым жасай алуы қажет.

       ЭССЕ ЖАЗУҒА, ПРЕЗЕНТАЦИЯ ДАЯРЛАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
      Эссе  француз  тілінен  "essai",  ағылшын  тілінен  "essay",  "assay"-
талпыныс, жазушылық сынама, очерк; латын тілінен "exagium" – ойлау.
Эссе  философияның,  эстетиканың,  әдеби  сынның,  публицистиканың,   көркем
әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап,  өзінше
толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек,  тың  болжамдар  мен
түйіндеулерге құрылатын жанры. Әдебиеттегі Эссе –  соны  пікірлерге  көбірек
мән беріліп, оқырманды ой теңізінде  жүздіретін  таңдай  қақтыратын,  өзінше
ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани  әлеміңе  азық
сыйлайтын,  дүние  құбылыстарын  өткір  қабылдауымен  ерекшеленетін   көркем
туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының  айрықша  салтанатына,
әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер  туындысында  эссеші
интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын,  тапқыр  ойлылығын,  өмір
саяхатындағы көрген-білетін, сезінген-түйгенін,  тәжірибелерін  жомарттықпен
жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға  батыл  болжамдар  мен  өткір
ұсыныстар,  пікір  жарыстырулар  мен  талас  тудыратын  жорамалдар,   ойлар,
көкейге қо-нымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық  байламдар  тән.
Бұл шағын көлемді ой бөлісу, қандай болса мәселені еркін баян  ету,  дәлелді
зиятты ізденіс.  Эссе  бір  мәселе  немесе  сұрақ  бойынша  жеке  көзқарасты
білдіріп,  алдын  ала   немесе   мәселені   қанағаттанарлықтай   баяндалуына
үміттенбейді. Әдетте, эссе бір нәрсе туралы жаңа,  субъективті  рең  беретін
сөзді және философиялық, тарихи -  биографиялық,  публицистикалық,  әдеби  -
сын, ғылыми-көпшілік, баллетристикалық сипатта болуы мүмкін.
      Презентация — жаңа  бір  нәрсені,  жаңа  ғана  пайда  болған,  жаңадан
құрылған жағдайды  қоғамдық елестету. Ақпаратты  елестетудің,  берудің  жаңа
тәсілі, жаңа формасы. Презентацияның түрлерінің  бірі  мультимедиялық,  яғни
бір файлда жинақталған слайдтар  жинағы.  Презентация  жоба  туралы  қысқаша
немесе шағын әңгіме түрінде де болады. Студент презентация  арқылы  берілген
ұғымды топтап,  шағын  түрде  жеткізуі  керек.  Презентация  арқылы  студент
өзінің фантазиясы, креативті ойы,  терең  білім  деңгейі  арқылы  көзқарасын
ортаға салады.
      4 КУРСТЫҢ ФОРМАТЫ
      Курс   дәріс,  семинар  сабақтарынан,  студенттің  өздік  жұмыстарынан
тұрады. Пәнді  толық  игеру  мақсатында  студентке  оқытушыдан  кеңес  алуға
арнайы сағаттар бөлінген. Шентік бақылау  студенттің  білімін  аттестациялау
үшін беріледі. Шептік бақылау нысаны тест түрінде болуы мүмкін.
      5 ПӘННІҢ САЯСАТЫ:
• Сабақтарға уақытында келу;
    • сабақ үстінде басқа істермен шұғылданбау, ұялы телефонды өшіріп қою;
    • себепсіз сабақтан қалмау, ауырған жағдайда  дәрігерләк анықтама әкелу;
    • босатқан сабақтарды оқытушы белгілеген уақытта келіп тапсыру;
    • тапсырманы орындамаған жағдайда, қорытынды  баға төмендейді;
    • оқу процессіне белсенді қатысу;
    • күнделікті сабаққа қатысу;
    • шыдамды, жауапты болу керек, курстастарымен және  оқытушылармен  жақсы
      қарым – қатынас орнату.
Талаптар: сабақ барысындағы жұмыстарға белсенді қатысу  үшін,  студенттердің
құқық  негіздері  пәніне  деген  қызығушылығы  қажет.  Барлық  тапсырмаларды
уақытында орындау керек. Сабақта материалды  талдау  үшін,  сұрақтар  қойып,
сын көзқарас білдіру үшін, мәселені көтеру үшін алдын  ала  дайындалып  келу
керек.



            6 БАҒАЛАУ САЯСАТЫ
      1-7  апта  аралығында  студент  барлығы  300  балл  жинақтайды,   8-15
аралығында 300 балл жинақтауы керек. Жалпы балл -600. Емтихан- 400 балл.


      7 ӘДЕБИЕТТЕР


   1. ҚР Конституциясы  30.08.95 ж.
   2. Конституциялық заң «ҚР Үкіметі туралы»  18.1295ж.
   3. ҚР Президентінің жарлығы «Об очередных мерах по реформированию системы
      госорганов РК»  4.03.97 ж.
   4. ҚР Заңы « Нормативтік – құқықтық актілері туралы» 24.03.98 ж.
   5. ҚР Азаматтық кодексі
   6. Конституциялық заңы «ҚР Президенті туралы»  26.12.95ж.
   7. ҚР Президентінің  жарлығы  «Шетел  азаматтарының  құқықтық  жағдайлары
      туралы» 9.06.95 ж.
   8. ҚР Заңы «Акционеклік қоғам туралы»
   9. ҚР Президентінің жарлығы «Заңды тұлғаларды  мемлекеттік  регистрациясы
      туралы»  17.04.95 ж.
  10. «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы.
  11. Бахрах Д.Н. Административное право. М., 2000 ж
  12. Бахрах Д.Н. Административное право. М., 1996 ж
  13. Таранов А.А. Административное право. Ерекще бөлімі. Алматы, 1998 ж.
  14. Таранов А.А. Административная ответственность. Алматы, 2000 ж.




Пәндер