Файл қосу
Студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар. Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулары
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК | |УНИВЕРСИТЕТІ | |3 деңгейлі СМЖ құжаты |ПОӘК | | | ПОӘК |16.06.2014 жылғы |ПОӘК 042-18.1.02/01-2014 | |«Психологиялық |№ 2 басылым | | |диагностика негіздері» | | | |пәнінің студенттерге | | | |арналған | | | 5В010100- «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандықтарына арналған «Психологиялық диагностика негіздері» пәнінің СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ СЕМЕЙ 2014 Кіріспе 1ӘЗІРЛЕГЕН Құрастырушы: педагогикалық психология кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магиcтрі Куребаева Г.А. ____________ «25» 08. 2014 ж. 2 КЕЛІСІЛДІ 2.1 Педагогикалық психология кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды. Хаттама № 1 «03» 09. 2014 ж. Кафедра меңгерушісі _______________ псх.ғ.к. Джумажанова Г.К. 2.2 Педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді. Хаттама № 1 «05» 09. 2014 ж. Төрайымы _________________ п.ғ.к. Ахметова Т.Ш. 3 БЕКІТІЛДІ Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданып, басуға ұсынылды. Хаттама №1 «11» 09. 2014ж. ОӘК төрағасы________________ с.ғ.д., профессор Искакова Г.К. 4 «16» 06 2014ж. шыққан ПОӘК-нің № 2 БАСЫЛЫМЫ Мазмұны 1 Жалпы ережелер 2 Пәннің мазмұны және сабақтардың түрі бойынша сағаттарға бөлу 3 Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулары 4 Курс форматы 5 Курс саясаты 6 Бағалау саясаты 7 Әдебиеттер 1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәлімет Куребаева Гулнара Ахметовна педагогикалық психология кафедрасының аға оқытушысы Педагогикалық психология кафедрасы Ақпараттық қатынас – телефон- 87757569277 Сабақ өтетін орын - № 308 аудитория Пән бойынша кредит саны - 3 |Кур|Семестр |Кредит |Лекция | |с | | | | | | |Дәріс |Семи |Лаб |ОЖСӨЖ |СӨЖ | | | | | |нар | | | | | |1 |2 |3 |4 |5 |6 |7 |8 | | |Модуль 1. Кіріспе | | | | | | | |1 |Психодиагностикаға |2 |1 |- |1.5 |5 |1,3,5,7,8 | | |кіріспе | | | | | | | |2 |Психодиагностиканың |2 |1 |- |1.5 |5 |8,7,5,3 | | |ғылыми-теориялық | | | | | | | | |негізі. | | | | | | | |3 |Психодиагностиканың |2 |1 |- |1.5 |5 |8,7,5,3 | | |даму тарихы. | | | | | | | |4 |Психодиагностиканың |2 |1 |- |1.5 |5 |3,5,7,8,14 | | |қазіргі жағдайы. | | | | | | | | |Модуль 2. | | | | | | | | |Психодиагностикалық | | | | | | | | |әдістердің жалпы | | | | | | | | |сипаттамасы. | | | | | | | |5 |Психодиагностикалық |2 |1 |- |2 |5 |5,8,15,26 | | |әдістердің жалпы | | | | | | | | |сипаттамасы. | | | | | | | |6 |Тестердің сенімділігі |2 |1 |- |2 |6 |3,7,15,26 | | |мен жарамдылығы. | | | | | | | | |Модуль 3. Тұлғаның | | | | | | | | |психологиялық | | | | | | | | |қасиеттерін | | | | | | | | |диагностикалау. | | | | | | | |7 |Ақыл-ойдың |2 |1 |- |2 |6 | | | |психологиялық | | | | | | | | |диагностикасы. | | | | | | | |8 |Арнайы және жалпы |2 |1 |- |2 |6 |3,5,7,26 | | |қабілеттер. | | | | | | | |9 |Тұлғалық сапалардың |2 |1 |- |2 |6 |3,5,7,8 | | |психодиагностикасы. | | | | | | | | |Модуль 4. Жас | | | | | | | | |кезеңдерінде | | | | | | | | |психологиялық | | | | | | | | |диагностика | | | | | | | |10 |Мектеп жасына дейінгі |3 |1 |- |2 |6 |3,5,7,8 | | |балалардың | | | | | | | | |психодиагностикасы. | | | | | | | |11 |Бастауыш мектеп |3 |1 |- |2 |6 |3,5,7,8,18 | | |оқушылары | | | | | | | | |психодиагностикасы. | | | | | | | |12 |Жеткіншектер мен |3 |2 |- |1.5 |4.5 |3,5,7,8,18 | | |жасөспірім балаларды | | | | | | | | |психодиагностикалау | | | | | | | | |ерекшеліктері. | | | | | | | |13 |Кәсіби |3 |2 |- |1 |2 |3,5,7,8,18 | | |психодиагностика. | | | | | | | | |Барлығы |30 |15 |- |22,5 |67,5 |- | 3 ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ Студент аталған курс бойынша мынадай теориялық және практикалық мәселелерді игеруі керек. Оқу жоспарының көшірмесінде бөлініп берілген әр сабақ түрлері сағатқа шағылған, пәннің қысқаша мазмұны, мақсаттары мен міндеттері көрсетілген. ОӘК оқу пәнін меңгерудің барлық талаптарына сай келеді. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі бар. Оқытушылар мен студенттерге арналған жүмыс бағдарламасы берілген. Студентке арналған жүмыс бағдарламасында оқылуға тиісті тақырыптар мен жүмыс түрлерінің тізімі әдебиеттердің көрсетілуімен айқындалған. Әр дәріс сабағы бойынша қысқаша мәлімет берілген. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары және әр тақырыпта қарастырылатын мәселелер жоспар түрінде нақты көрсетілген. СӨЖ тапсырмаларын өткізудің мерзімі, тақырыптары және әдебиеттері жазылған. Студенттердің білімін бағалау әдістемесі бар. Дәрісті тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар. Мақсаты: студенттерді курс бойынша тиісті теориялық біліммен қаруландыру. Міндеттері: - әр тақырыпты меңгерту мақсатымен жүйелі білім беру; - әр тақырып бойынша негізгі түсініктермен таныстыру және меңгерту; - пәнге қызығушылығын тудыру және ары қарай өздігінен жұмыс істей білуге үйрету; - курс бойынша тиісті білімді меңгеру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету. Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларының бірі - дәріс болып табылады. Ол студенттерге олар үшін күрделі және жаңа ақпараттарды беруге тиімді. Дәріс студенттерде пәнге қызығушылық тудырады, алынған білімді практикалық міндеттерді шешуде қолдануға көмектеседі, тақырыптың және қарастырылып отырған материалдың теориялық жақтарын ашып көрсетеді. Дәріс - студенттерде өздігінен терең білім алуға ізденіс туғызады. Дәрісті тыңдау – бұл өзара бір-бірімен байланысқан танымдық үрдістердің (зейін, түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау) бірлігі. Сіздің курс бойынша жан-жақты білім алуыңыз дәріс сабақтарын толық тыңдауыңызға байланысты екенін еш ұмытпаңыз. Сондықтан бағдарлама мазмұнында берілген дәріс сабақтарын алдын-ала қарастырып жүріңіз. Сіздің білімініңізің деңгейі тек өзіңіздің жауапкершілігіңіз және өздігіңізден жұмыс жасау қабілетіңізге тікелей байланысты болады. Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық: сабаққа кешікпеңіз; дәріс дәптеріңіз және қаламыңызды ұмытпаңыз; дәріс барысында мәтінді қалмай жазып отыруға талпыныңыз, ол тәжірибелік сабақтарға, өздік жұмыстарға даярлануда негіз болады. Студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар Мақсаты: студенттердің дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдері негізінде өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру. Міндеттері: - дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдерін тереңдету; - теорияны практикамен байланыстыру; - библиографиямен жұмыс істеу іскерлігі мен дағдыларын жетілдіру; - алынған білімі негізінде мәселелік сұрақтарды өздігінен шешу; - психологиялық-педагогикалық бақылау жүргізудің практикалық дағдыларын жетілдіру; - зерттеушілік, ізденушілік іскерліктерін жетілдіру; - өздігінен жұмыс істеу іскерліктері мен дағдыларын дамыту; - ойын еркін жеткізе білуге және оны қорғай білуге үйрету. Өздігіңізден орындайтын өздік жұмысыңыз Сіздің курс бойынша меңгеретін біліміңізге және рейтинг бойынша жинайтын ұпайыңызға айтарлықтай ықпал жасайтынын ұмытпаңыз, сол себепті әрбір өздік жұмыс тапсырмасын өзіңіз дербес орындаңыз, тапсырманы орындауға мұқият қараңыз, әрі жауапты болыңыз. Өздік жұмыс тапсырмаларын орындау барысында басқадан көшіргеніңіз немесе басқаға көшірткеніңіз үшін жұмысыңыз мүлдем есептелінбеуі немесе бағасы төмендетілуі мүмкін. Өздік жұмысын орындау формалары әр түрлі: кесте, таблица құру, реферат, коллоквиум, сөзжұмбақ, пікірталас, конспект бойынша талдау, аннотация жазу және т.б. Оларды орындау үшін оқу әдістемелік кешеннің мазмұнында жалпы әдістемелік нұсқаулар берілген. Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер: 1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек. 2. Біліммен нәтижелі шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында даялануға дағдылану. 3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек. 4. Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі оқытушылардан, кітапхана қызметкерлерінен ақыл-кеңес алудың пайдасы зор. 5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн. 6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет. 7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек. Өздік жұмыс түрлері: ауызша; жазбаша; практикалық; теориялық; шығармашылық. Өздік жұмысты орындау барысында ерік қалыптасады, жұмысқа қабілет, зейін, оқу еңбегі, тәртібі тәрбиеленеді. Өздік жұмыс формалары: реферат орындау; конспектілеу; аннотация жазу; тезис орындау; ғылыми баяндамалар жазу және т.б. Конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау. Берілген тақырыпты конспектілеуге қойылатын негізгі талаптар: 1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну. 2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу. 3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет- ретімен жүйелі баяндауы қажет. 4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс. 5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау. Сілтеме – бұл белгілі бір автордың ой-пікірін өз жұмысымызда пайдалансақ, онда оған сілтеме келтіреді, яғни ол әдебиеттің тізімін пайдаланғаны бойынша ретімен жазу. Тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау. Цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап (жұмыс) аты, баспасы, шыққан жылы, беттері көрсетіледі. Аннотация - мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау. Рецензиялау - оқу материалы , кітап (жұмыс) туралы өз ойын қысқа жазу. Ғылыми баяндамалар – аудиторияда оқылатын немесе мақала ретінде жарияланатын ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік –эксперимент жұмысының мазмұнын баяндайтын ғылыми құжат. Реферат – ғылыми еңбектер, ғылыми зерттеулердің қысқаша мазмұнын сипаттайтын, жазбаша немесе басылымдық түрде берілетін жұмыс. Реферат жазуға әдістемелік нұсқау Реферат – ғылыми-ақпараттық бағытта болады, тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар, онда ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалынып, сын айтылады. Реферат ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында қолданылады. Арнаулы орта оқу орындары, жалпы білім беретін мектептер оқушыларының үйірме, клубтарда жасаған баяндамалары да реферат деп аталады. Ғылыми кандидаты және ғылым докторы дәрежесіне диссертация қорғаушының авторефераты да рефератқа жатады. Реферат жазуда не ескеріледі? 1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты кішігірім зерттеулер жасау. Ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасау. 2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал. 3. Реферат жазуда негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдылану. 4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасау. 5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін қайдан алынғанын (сілтеме), қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсету қажет. 6. Реферат аудиторияда талқыланады. Рефератты талқылау - шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-амазмұны зор әрекет жұмыс. Бұл кезде сөйлесушілер негізгі мәселеден ауытқымай,нақты тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс. Рефератты талқылап, қорытындысын шығару - маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді. Рефератмазмұны: - тақырыпқа сай реферат құрылымының деңгейі; - тақырыптың өзектілігі және ақиқаттылығы; - зерттеулердің көлемі және басқа да жаңалықтардың қайнар көзі; - мазмұнның стилі және сауаттылығы; - рефераттың өңделуінің талапқа сәйкестілігі Эссе дегеніміз - философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Эссе жазу барысында сақталынуы тиіс талаптар: • Жеке көзқарастың көрінісі; • Фактілі дәлелдер (аргументтер); • Теоретикалық негіздеме; • Цитаталарды келтіру; • Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу; • Логикалық заңдылықтың сақталынуы; • Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану; • Сауаттылыққа мән беру. Әдебиеттермен жұмыс істеу әдістемесі Кітаппен (негізгі әдебиетпен жұмыс жасағанда) жұмыс жасауда басты назар аударылады: 1.Кітаптың сыртқы мұқабасымен танысу (кітаптың аталуы, авторы, шыққан жылы, баспаның аты, кітаптың редакторы, алғы сөздің немесе кіріспе сөздің авторы); оның тұтастай көлеміне; 2. Мазмұны арқылы кітаптың жоспарымен (бөлім, тарауларымен) және қандай жүйеде жазылғанымен танысу; 3. Кітаптың алғы сөзімен, кіріспесімен мазмұнын, мақсатын түсіну үшін үстірт танысып шығу; 4. Негізгі мәтіннің құрылымымен (жеке тарауларға; мәтіннің жеке бөліктерге бөлінуіне (тақырыптарға, параграфтарға) танысу; 5. Безендірілу сипатына; 6. Қайталауға берілген сұрақтарға; 7. Қолданылған әдебиеттер тізіміне және т.б. Келесі кезекте назарды қосымша әдебиеттерге аударған дұрыс. 4 КУРС ФОРМАТЫ Семинарға дайындық кезінде студент мұғалімнің дәрісін назарға ұстай отырып, біршама ізденіс жұмыстарын жасау қажет. Ғылыми мақалалар мен монографиялар, сондай-ақ интернет желісінен алынған материалдардағы керекті деректер конспектіленіп алынады. Семинар студенттің ізденіс жұмысы болғандықтан, бір емес бірнеше дереккөздерді пайдалануға тиісті. Курс бойынша білуге тиісті терминдер мен шартты ұғымдарды оқытушы қамтып, түсіндіреді. СӨЖ тақырыптары берілген сұрақтарды қамти отырып, жазбаша және ауызша жұмыс түрінде орындалады. СӨЖ-ді конспект түрінде дәптерге жазып өткізу қажет. Сабақ барысында студенттің теориялық білімі, белсенділігі, ынтасы және шығармашылық шешім таба білу дағдысы бағаланады. 5 КУРС САЯСАТЫ Курсты оқу барысында алынған ұпай жинақталып, жалпы саны шығарылады. Жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырманы орындауы, сабаққа қатысуы, СӨЖ тапсырмаларын, тиісті жаттығу жұмыстарын орындағаны жөніндегі ұпай жиынтығы, кезеңдік, қорытынды бақылау нәтижелері т.б. түгел ескеріледі. Курсты оқу барысында алынған барлық ұпайлар жинақталып, бір-біріне қосылады. Осы курстан алған жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырама мен рейтинг бақылауынан алынған баға және емтихан бағаларының қорытындысы бойынша орташа балл есептеледі. Барлық тапсырмаларды көрсетілген уақытында өткізу қажет. Барлық тапсырмаларды қабылдап алу емтиханға 7 күн қалғанда аяқталады. Барлық тапсырманы өткізбеген студенттер емтиханға кіргізілмейді. Жұмысты кеш тапсырсаңыз: қосымша тапсырма беру арқылы жұмыс көлемін ұлғайтылады; Тапсырмалар оқытушы тағайындаған уақытта қабылданады. Емтиханға келмесеңіз: орынды себеп болса, бұрынғы орындалған жұмыстарыңыз есепке алынады; орынсыз себеп болса, тапсырманы орындауыңыз қажет және осы мәселеге қатысты университет саясаты есепке алынады. Әрбір тақырыпты қайталау және өтеу міндетті. Өтілген материалды меңгеру деңгейі тест арқылы тексеріледі. Тест алдын ала ескертілмей өткізіледі. Аудиториялық сабақтарды босатпау, кешікпеу міндетті. Себепсіз сабақтан қалсаңыз: қосымша шығармашылылық жұмыс беріледі (реферат, көркем мәтінге талдау т.б.); Сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақ босатылғанға теңгеріледі. Оқу үрдісіне белсенді түрде қатысу қажет. 6 БАҒАЛАУ САЯСАТЫ «Психологиялық диагностика негіздері» пәні бойынша ұпай бөлінісі Кесте 2 |Апта |Бақылау түрі |Ұпай жиыны |Ескерту | |1 |2 |3 |4 | | |1-8 апта бойы |30 | | | |дәріске қатысу | | | | |Семинар |30 | | |3 | | | | | |СӨЖ |20 | | | |Семинар |10 | | |4 | | | | | |ОСӨЖ |0 | | |5 |Семинар |30 | | | |СӨЖ |30 | | | |Семинар |30 | | |6 | | | | | |СӨЖ |30 | | |7 |Семинар |0 | | | |1аралық бақылау |90 | | |1-7апта бойынша барлық |300 | | |ұпай саны | | | | |9-15 апта бойы |30 | | | |дәріске қатысу | | | | |Семинар |30 | | |9 | | | | | |ОСӨЖ |20 | | | |Семинар |30 | | |11 | | | | | |ОСӨЖ |30 | | |13 |Семинар |40 | | | |ОСӨЖ |30 | | |15 |2 аралық бақылау |90 | | |9-15 апта бойынша барлық |300 | | |ұпай саны | | | |Емтихан ұпайы |400 | | |Академиялық мерзімге |1000 | | |жиынтық ұпай | | | 7 ӘДЕБИЕТТЕР 7 ӘДЕБИЕТТЕР 7.1 Негізгі әдебиеттер тізімі. 1. .1 Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. Екатеринбург, 1995. 7.1.2 Бурлачук Л.Ф.Психодиагностика личности.-Киев,2009. 7.1.3 Бурлачук Л.Ф.,Морозов С.М.Словарь-справочник по психологической диагностике.-Киев.,1989. 4. Гуреевич К.М.Психологическая диагностика.-М.,2011. 5. Гильбух Ю.З. Психодиагностика в школе.-М,.2008. 6. Общая психодиагностика./Под ред.А.А.Бодалева,В.В.Столина./-М.,1987. 7. Психологическая диагностика детей и подростков. Под. Ред. К.М.Гуревич. Е.М.Борисова.-М.,2010. 8. Шмелев А.Г .Основы психодиагностики. Р- на Дону,1996. 9. Немов Р.С.Психология.3-том.-М.,1998. 10. Рогов Е.И.Настольная книга практического психолога.1-том.-М.,1998. 7.1.11Дубровина И.В.Индивидуальные особенности школьников.-М.,2005. 7.2 Қосымша әдебиеттер тізімі 7.2.1 Айзенк Г.Проверьте свои способности.-М.,1972. 7.2.2 Анастази А. Психологическое тестирование в 2-х томах М., 1998. 7.2.3 Битянова М.Р. Организация психологической работы в школе. – М., 2006. 4. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте.- М., 1968. 5. Бурменская Г.В., Карабанова О.А., Лидерс А.Г. Возрастно- психологисеское консультирование.- МГУ, 1990. 6. Гуткмна Н.И. Психологическая готовность к школе.- М., 1996. 7. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики.-М., 1972. 8. Методики психодиагностики в учебно-воспитательном процессе/Сост.В.В.Гришин,П.В.Мушин/-М.,1990. 9. Психодиагностические материалы по изучению личности школьника.- Минск.,1989. 10. Кулагин Б.Г.Основы профессиональной психодиагностики.-Л.,1984.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz